UF

Тақырып. Аймақтардың дамуын мемлекеттiк реттеу механизмдерiнiң жүйесi

 

1.      Аймақтардың экономикасы мен әлеуметтiк сфераларының даму жоспарларын жасақтау.

2.      Қазақстан Республикасындағы қаржы-бюджет қатынастарының аймақтық аспектiлерi.

3.      Жергiлiктi қаржы ресурстарын болжау, жоспарлау және бағдарламалау ұтымды пайдалану көздерi мен шаралары.

4.      Салық жүйесiнiң аймақтардағы жұмысы экономиканы және әлеуметтiк процестердi салықтық реттеудiң аймақтық механизмдерi.

 

1. Республика экономикасын тұрақтандыру және техника-технологиялық деңгейде тұбегейлi өзгiрiстердi жұзеге асырудағы әлеуметтiк-экономикалық жүйенiң сапасын қажеттi бағытта өзгерте алатын облыстардың бiрiншi тобының ерекше ролi алғашқы кезектегiмәселелердiңбелгiлерiн анықтайды. Осылардың iшiнде едәуiр маңыздылар қатарына iрi өндiрiстiк потенциалдың жедел қайтадан жаңғыруын, соңғы ғылыми сiңiргiштiк өнiмдi, қазiргi машиналар мен бұйымдарды шығару бойынша жаңа жоғарғы технологиялар базасында ұйымдастырылуын жатқызуға болады. Бұл жерде Павлодар, Қарағанды облыстарындағы автомобиль құрылысы, электрон құралдарының өндiрiсiн, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарындағы өтгiзгiштiн қабiлетi жоғары, аса таза, композиттiк жаңа материалдардың өндiрiсiн, Солтүстiк Қазақстан облысындағы лазерлiк технологияларды, өндiрiстi басқарудың автоматизацияланған жүйелерiнiң және аспаптарының шығаруын айтамыз. Бұлардың шешiлуi мұнда болашаққа ұдайы өндiрiстiң интенсивтi түрiнiң негiзi ретiнде республика экономикасында ғылыми сiңiргiштiк өнiм бойынша экспорттық потенциалды, техника-технологиялық ұмтылыстың тiрек базасын құруды қамтамасыз етедi.

Талдау көрсеткендей, облыстардың бiрiншi тобындағы өндiрiстiк инфрақұрылымның аумақтық ұйымдастырылуының деңгейi нарықтық қатынастардыңдамуына әсерiн тигiзiп отыр. Нарықтық қатынастардыңқалыптасқан кезiнде маңыздылардың бiрi өндiрiстiк инфрақұрылымның (көлiк, байланыс, жөндеу өндiрiстерi), әртүрлi салалардын, сонымен қатар мамандану салаларына қызмет көрсететiн өндiрiстердiң модернизациясы және жылдам дамыту мәселесi болып табылады. Экономикасы дамыған облыстарда өндiргiш кұштер қоршаған ортаны қорғау бойынша iс-шаралармен әлдеқайда ұштасып жұргiзiлу керек, себебi бұл өз кезегiнде жеке аймақтар аумағында экологиялық күйзелiстерге алып келуi мүмкін. Мысалы, Республиканың қазiргi уақытта ауа бассейнiне бөлiнiп жатқан әр түрлi қауiптiқоспалардың (4 млн. т) жалпы санының 43% Шығыс Қазақстанға және 36% Орталық Қазақстанға тиесiлi.

2. Осылайша, жергiлiктi деңгейде басымдылықтармен қатар мынадай өзара байланысқан мәселелердi шешу керек: өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның аумақтық ұйымдастырылуының едәуiр тиiмдi деңгейiн қалыптастыру, қоршаған ортаны сауықтыру, сондай-ақ тұтыну нарығының теңдестiрiлуiн қамтамасыз ету. Бұлардың шешiлуi экономикаға шетел инвесторларының тартылуына жағымды, жағдай жасайтын бiрiншi топ аймақтарының жалпы ахуалын қалыптастырады.

Екiншi топ облыстарының табиғи ауа райы жағдайларының экстремалдығы шикiзаттың стратегиялық түрлерiнiң, бай кен орындарын игерудiң акционерлiк сипаты, олардағы экономиканың сипаты өсiмiне бағытталған алдынғы кезектегi мәселелердi шешуге негiздейдi.

Республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуындағы Батыс Қазақстанның ролiн қайта бағалау қиын. Мұнайдың болжамдалған қорлары бойынша бұл аймақ бұрынғы Одақта Тенiз көмiрсутек – мұнай газ, Қарашығанақ мұнай конденсат iрi кен байыту орындарының арқасында Батыс Сiбiрден соң екiншi орынға шықты. Тенiз кен байыту орны өзiнiң қорлары бойынша дүниежүзiнiң көмiрсутек iрi кен байыту орындарының бестiгiне кiрдi. Бұл аймақ, ТМД-да хром рудасының қорларымен өндiруi (90%) бойынша тағы да iрi болып табылады, мұнда калий тұздары мен бараттардың (Индер рудниктерi), никель, кобальттардың iрi ресурстары бар. Аймақ Ресей, Орта Азияның өнеркәсiптiк дамыған орталықтарына шығу мұмкiндiгi мен шетел елдерiне теңiзбен шығуға лайықты тиiмдi географиялық-экономикалық орналасулары бар. Аномальды жоғары қысым жағдайында мұнай-газ ресурстарын игеру жаңа бұрылғы техниканы, сәйкесiнше шаруашылық айналымға инвестициялардың iрi мөлшерiн қосу проблемасын алып келдi. Сондықтан, мұнда алдынғы кезектегiлер санына көмiрсутек шикiзаттарын өндiру және кешендi қайтадан өңдеудiң жаңа технологияларын енгiзу, осы мақсаттар үшiн жарыстыру негiзде шетел инвестицияларының кеңiнен тарту проблемасы шығады.

Екiншi топ облыстарына дүниежүзiлiк нарыққа инвесторлар көзқарасы мен аймақтың тартымдығын, iскерлiк ахуалын анықтайтын, дүниежүзiлiк стандарттарға жауап беретiн жоғары дамыған нарық инфрақұрылымын құруға iрi инвестицияларсыз шығуы мүмкiн болмас. 

3. Халықаралық порттардын, аэропорттардын, автожолдар және темiржол көлiгiн соғу тұрасында көп әнгiме болып отыр. Сонымен қатар бүгiнгi өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымды түбiрiмен жаңарту, еркiн кәсiпкерлiк зоналарын дамыту керек.

Үшiншi топ облыстары үшiн қазiргi кезеңдегi негiзгi мәселелерi экономика салалардың бiрi – агроөнеркәсiп кешенiн дамыту, олардың аумағында республиканың азық-тұлiк ресурстарын негiзгi көлемiн қалыптастыру, аграрлық реформаның жақсы жүргiзу қажеттiлiгi, ауылдағы өндiрiстiк қарым-қатынастарды реформалау, ауылды жаңғырту мазмұнымен негiзделедi. Облыстардың осы тобы үшiн алдынғы кезектiлер санына өндiрiстiк процесiне меншiктiң әр тұрлi формаларын дамуымен байланысты жаңа техника мен технологияларды енгiзу және пайдалану (соның iшiнде, шетелден көптен сатып алу жолымен) бойынша проблемалары жатады. Ауыл шаруашылығы мамандануы аудандарында олардың ғылыми-техникалық потенциалын есепке ала отырып (Солтүстiк Қазақстан, Ақмола, Оңтүстiк Қазақстан, Жамбыл) биотехнология және ген инженериясын дамытуы қажет. Республиканың тұрақты азық-тұлiк кешенiнiң қалыптастырылуы Солтүстiк Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Жамбыл, Көкшетау, Оңтұстiк Қазақстан, Батыс Қазақстан, Алматы облыстарындағы ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайтадан өңдеу бойынша, сонымен қатар ауыл шаруашылығы шикiзаты мен азығын сақтау бойынша үлкен емес кәсiпорындардың кең жүйесiн ұйымдастыруды қарастырады.

 Төртiншi топтың облыстарында экономиканы тұрақтандыру экологиялық күйзелiстiң жайылмауын болдырмау, мұнда тұратын тұрғындардың дәстүрлерi мен тәжiрибелерiн, жергiлiктi ресурстардың пайдалануын есепке алып, халық шаруашылығы кешенiн түбiрiмен жаңғырту, сонымен қатар тұрғындардың өмiр сапасының және деңгейiнiң жоғары стандартын қамтамасыз ету үшiн материалдық негiздi құру бойынша кейiнге қалдырылмайтын iс-шараларды қабылдау қажеттiлiгiн қарастырады.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2016-01-12 16:41:52     Қаралды-2539

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »