UF

Тақырып. Аймақтардың әлеуметтiк-экономикалық дамуын реттеудiң ұйымдастырушылық-құқықытық негiздерi

 

1.      Аймақтардың әлеуметтiк-шаруашылық дамуын басқарудың конституциялық негiздерi.

2.      Жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдардың құзiреттерi мен олардың iс-әрекетiн ұйымдастыру тәртiбi.

3.      Жергiлiктi өзiн-өзi басқару проблемасы және оның шешiлуiнiң конституциялық-құқықтық аспеткiлерi.

4.      Заң шығару негiздерiн құру және жергiлiктi өзiн-өзi басқару жүйесiнiң тиiмдiлiгi.

 

1. Нарық қатынастарына процестердi басқарудың тексерiлмеген механизмдерiмен кең ауқымды көшуi, Қазақстанның әрбiр облысының жаңа жағдайларға бейiмделе отырып, экономикалық iс-әрекеттерiнiң жеке үлгiлерiн жасап шығаруды қажетсiндi. Мұның негiзiнде бiр мақсат бар едi – кез-келген жолмен әлеуметтiк мәселелердi шешу және өндiрiстiң құлдырауын тежеу. Нарыққа көшудiң бұл жолы тиiмдi болуы мүмкiн емес едi. Басқарудың аймақтық органдарының назарынан стратегиялық мәселелердi шешу тыс қалатын. Аймақтардың әлеуметтiк-экономикалық дамуын басқарудың бiрқатар мәселелерiн түбiрiмен қайтадан қарау қажеттiлiгi туды. Ол аймақтық шаруашылық жүргiзудiң жаңа принциптерiне негiзделудi қажет еттi:

· табыстар мен шығыстарды теңдестiру, шаруашылық қызметтiң нәтижелерiнен алынатын өзiндiк табыстар есебiнен шығыстардың орнын жабу (қайтымдылық);

· табыстардың шығыстардан артуы (өзiн-өзi қаржыландыруды қамтамасыз ету);

· шаруашылық қызметтiң нәтижелерi үшiн материалдық және моральдық жауапкершiлiк және қызығушылық;

· аймақта алынатын табыс есебiнен аймақ iшiндегi экономикалық және әлеуметтiк мәселелердi шешу.

Жоғарыда аталған принциптердi қадағалау Қазақстан экономикасын реформалаудың жетiстiгi, оның аймақтарда қандай өтетiндiгiне байланысты деген ережеден келiп шығады. Басқаша айтқанда, нарыққа көшу және экономиканы тұрақтандыруға қол жеткiзуде басты қозғаушы күш болып аймақтық мүдделер көрiнедi. Бұл мүдделер ақыр соңында ел үшiн жалпы мақсатты – экономикалық күйзелiстi жеңу және ең аз әлеуметтiк-экономикалық жоғалтулармен нарықтық қатынастарға көшудi көздедi.

Нарықтық экономика, бәрiмiзге белгiлi, өзiнiң дамуын iшкi ресурстар мен қорлар есебiнен сауыққан әлеуметтiк экономикалық және экологиялық негiзден қарастырады. Бұл тек аймақтық және республикалық деңгейлерде бөлiстiру қарым-қатынастарының және өндiрiс процесiн экономикалық және ұйымдастырушылық, құқықтық реттеудiң нақты механизмдерi бар болғанда ғана мүмкiн.

Дүние жүзiнiң аймақтар экономикасының дамуы негiзделетiн басты принциптердiң бiрi бұл – «тапқан қаражаттар бойынша өмiр сүру». Ол ең алдымен сәйкес территорияларда ағып отырған экономикалық пропорциялардың пайда болуына бақылау орнатуды қарастырады. Қазiргi кезде бұл принцип тек макродеңгейде – ел деңгейiнде ғана жүзеге асырылуда. Ал жергiлiктi деңгейге қатысты, онда өнеркәсiп салаларының әр түрлi функционалды топтар арасындағы материалдық өндiрiс пропорцияларына, ЖIӨ және Ұлттық табысты (облыс деңгейiндегi таза өнiмдi) бөлiстiрудегi құрылымдық пропорцияларына, сондай-ақ бөлiстiру қарым-қатынастары саласында (ең алдымен ресурстарды қалыптастырудың маңызды қайнар көзi ретiнде өнiмнiң енгiзiлуi мен шығарылуының ара-қатынасы) бақылау жеткiлiктi деңгейде жұргiзiлмедi. Алғашқыда Қазақстан Республикасының Статистика және талдау бойынша мемлекеттiк комитет деңгейiнде облыстар бойынша салалық пропорциялар балансын жасауды тырысты, бiрақ бұл өмiршең болмады. Жеке облыстар бойынша (Қарағанды, Павлодар және т.б.) өнiмдi бөлiстiрудiң және өндiрiстiң салааралық баланстарын жасаудың мүмкiндiктерi қаралды. Олар басқаруды жергiлiктi органдарына аймақтың экономикасындағы бар диспропорциялар мен аймақ шегетiн жоғалтулар турасында сан-алуан мәлiметтердi ұсынды. Бiрақ мұндай баланстарды жасауға оқтын-оқтын (немесе эпизодикалық) сипат тән болды, ол негiзiнен ғылыми мақсаттар үшiн жүргiзiлдi, өйткенi осы жасандылар нәтижелерi бойынша ұсыныстар мен нұсқаулар керектi орындарда iс жұзiнде қолданылмады.

Осы және басқа да пропорцияларды басқаруды аймақтық деңгейде ұстап тұрудың қажеттiлiгi нарықтық қарым-қатынастарды қалыптастыруын нығайтуды объективтi негiздейдi, сонымен қатар жоғары деңгейде бiрқатар мәселелердiң шешiлуiн қарастырады. Осылайша, аймақ экономикасының дамуының жалпылама көрсеткiштерi болып оның салаларында өндiрiлген ЖIӨ және Ұлттық табыс (ҰТ) табылады. ЖIӨ есебiнен және өнiмнiң кiрiсi мен шығысының қалдығынан облыстың жиынтық ресурстары қалыптасады, оның табыстарының қалыптасуының жалғыз қайнар көзi болып таза өнiм есептеледi. Облыстың өзiнiң ресурстық негiзiнде әлеуметтiк-экономикалық дамуы объективтi негiзде оның экономика салаларындағы таза өнiм мен iшкi жиынтық өнiмнiң физикалық көлемдерiн арттыру резервтерiн iздестiру, сонымен қатар өндiрiс және бөлiстiру қарым-қатынастары саласындағы пропорцияларды жетiлдiру мәселесiн қояды. Жағдайды бақылап отыру ұшiн жеткiлiктi ақпарат қажет және оны жедел қолдана бiлу керек.

 

2. Басқарудың жергiлiктi органдарын аймақтардағы ұдайы өндiрiс процестерiн талдау ұшiн қажеттi мәлiметтермен қамтамасыз ету мәселесi толық шешiлудi талап етедi. Кез-келген аймақтыңөндiрiстiк потенциалы бiрдей жағдайларда, шаруашылық жүргiзудiң объективтi факторларымен, өндiрiстiк күштердiң дамуының орын алған деңгеймен (әсiресе, аймақтың өндiрiстiк ресурстарын және шикiзат-табиғи ресурстарын тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз ететiн бөлiгi), ауданаралық еңбек бөлiнiсiне қатысу және маманданудың бағытымен, демографиялық процестердiң сипатымен және т.б. шартталатыны бәрiмiзге белгiлi. Осыған байланысты облыстардың экономикалық потенциалы бойынша едәуiр сан тұрлiлiгi байқалады. Озат аймақтардың жұмыс жағдайы дұрысырақ. Павлодар облысында адам басына шаққанда ЖIӨ 2,2 есе артық өндiрiледi, ақшалай табыстарды 2,3 есе көп, баланстық пайданың өндiрiсiнде облыс 2 орын алады. Қарағанды облысында сәйкесiнше 1,5 есе және 2,1 есе, 3 орын. Осы көрсеткiштер бойынша жағдайы салыстырмалы түрде жақсыларға, сондай-ақ Маңғыстау, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстары жатады. Әрине, экономикалық дамудың төмен көрсеткiштерi бар аймақтарда тiкелей қарама-қарсы әлеуметтiк және одан келiп шығатын түрлi процестер қалыптасады.

Әдетте, экономикалық дамудың салыстырмалы төмен көрсеткiштерi бар аймақтарда тұрғындардың табиғи ұдайы өндiрiсiнде кейбiр жағдайларда олардың тұрақты санын қамтамасыз етпейтiн керi тенденциялар байқалады.

Аймақтық басқарудың мәселелерiн түбiрiмен қайтадан қарауға жетелейтiн тағы бiр себебi, бұл Қазақстанның облыстары, калалары және аудандарының әлеуметтiк-экономикалық дамуының деңгейлерi кұрт ерекшеленетiндiгiнде.

Аймақтардың әлеуметтiк-экономикалық дамуының бастапқы деңгейлерiнiң әр тұрлiлiгi бiр жағынан аграрлық реформаның бiрдей емес қарқынын, нарықтық инфрақұрылымның, сыртқы экономикалық қызметтiң және шетел инвестицияларын тартудың деңгейiн, сонымен қатар индустриалды және ауыл аймақтарының тұрғындарының нарықтық менталитетi мен iскерлiктерiнде елеулi айырмашылықтарын алдын ала анықтап бердi. Сондықтан басқарудың жергiлiктi органдарымен маңызды халық шаруашылық пропорциялары, жоспарланатын iс-шаралар және облыстың халық шаруашылығының шығындары мен жергiлiктi бюджеттердiң табыстары арасындағы балансты қамтамасыз ету бақылана алатын болуы керек. Iс келесiде, егер де жеке аймақтармен кез келген дотациялар және гуманитарлық көмектердi пайдалану мүмкiндiктерiнен абстракцияланатын болсақ, онда аймақтың табыстарының жалғыз қайнар көзi болып осы аумақта өндiрiлген ҰТ табылады. Жаңадан жасалынған құнның қажеттi және қосымша өнiмдерге қалыпты экономикалық жағдайларда бөлiстiрудегi қатынасы ұдайы кеңейтiлген өндiрiс талаптары мен мәселелерiне жауап беруi тиiс, сөйте тұрып өмiр сұру деңгейi қамтамасыз етiлуi қажет.

Берiлген бөлiстiру процесiн реттейтiн қосымша өнiм нормасының көрсеткiшi индикативтi жоспарларда әрбiр аймақтың экономикалық дамуының нақты жағдайларын ескерiп түрлiше анықталуы қажет. Осының барлығы республиканың экономикасын аймақтық ерекшелiктердi ескере отырып реформалау процестерiн басқару тетiктерiн жасауда дифференциалды ыңғайдың қажеттiлiгiн тудырады.

 

3. Экономиканы реформалау механизмдерiн нақтылау және аумақтық ерекшелiктердi есепке ала отырып, жалпы мемлекеттiк аймақтық саясаттың дифференциалды жүзеге асырылуы үшiн, шаруашылық жүргiзудiң объективтi жағдайларымен, өндiрiстiк-ресурстық потенциалмен, еңбек бөлiсiнiң республика iшiндегi мәселелерiн шешу сипатымен өзгешеленетiн аймақтардың 4 тобының бөлiнуi негiзделдi.

Бiрiншi – жоғары ғылыми-өндiрiстiк потенциалы, ауыр индустрия салаларындағы айқын көрiнетiн мамандануы, жоғары технологиялық ғылыми сiңiргiштiк өндiрiстердi құру ұшiн жеткiлiктi жағымды экономикалық жағдайлары, негiзiнен қаржылық ресурстармен өзiн-өзi қамтамасыз ететiн (олар республика бюджетiнiң табыс бөлiгiн қалыптастырудағы донорлар болып табылады), бiрақ негiзгi қорлар тозуының жоғары деңгейi мен дағдарысты экологиялық жағдайы бар аймақтар. Бұл аймақтар тұрақтандыру және техникалық-технологиялық ұмтылыста тiрек болуы қажет – Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Солтүстiк Қазақстан, яғни әлеуметтiк-экономикалық дамуының ең жоғары бастапқы деңгейi бар облыстар.

Екiншi – стратегиялық сипаттағы қайталанбас минералды ресурстар қорларын және республиканың дұние жұзiлiк шаруашылыққа жылдам қарқынмен интеграциялауға қабiлеттi, ғылыми-өндiрiстiң интенсивтi дамуындағы жоғары импульсiн иемденетiн облыстар. Аймақтардың бұл тобында халық шаруашылығының салалық құрылымы тиiмдi емес қалыптасқан (минералды шикiзатты өндiретiн салалар басым), ауыл мен селолардың экономикалық және әлеуметтiк артта қалуы және қауiптi экологиялық жағдай, ал жеке аудандарда өмiрсүру ортасының кұрт бұзылуы орын алатын аймақтар – Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, жарым жартылай Қызылорда, Жамбыл облыстары.

Үшiншi – республиканың сауда саттық (азық түлiк) қорын қалыптастырудағы агроөнеркәсiп кешендерi алдыңғы болып саналатын облыстар (Солтүстiк Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Жамбыл, Оңтүстiк Қазақстан, Батыс Қазақстан, Алматы облыстарының АӨК).

Төртiншi – экономикалық маневрлердi қатаң шектейтiн экстремалды Әлеуметтiк-экономикалық және техникалық-технологиялық жағдайлары бар, салалық құрылымы тиiмсiз қалыптасқан депрессивтi облыстар, сондай-ақ экологиялық дағдарысты аудандар. Бұл аймақтарда орын алған шаруашылық байланыстардың бұзылуынан экономикалық және әлеуметтiк дағдарыс орын алуда, олар бұдан өз күштерiмен шыға алмайды, ол үшiн мемлекеттiк реттеудiң қатал iс-шараларын қажет етедi – Қызылорда, Атырау, Маңғыстау, Оңтүстiк Қазақстан, Шығыс  Қазақстан (Семей аймағы), Қостанай (Торғай аймағы) облыстарының ауыл аудандары.

Қазiргi уақытта нарықтық экономиканың дамуы кезiнде әлеуметiк-экономикалық жүйе дамуының белгiлерiне басқа бағалаулар қалыптасып жатқаны анық. Егер де алдыңғы шет елдерiнiң экономикалық қуатының машиналар, құрылғылар, металдардың әр түрлерiнiң өндiрiсi сияқты бағалау белгiлерi, ал сонан соң әлеуметтiк дамудың деңгейiн сипаттайтын көрсеткiштер шығарылса, онда қазiр осы жүйенiң жақсы жақтарын ашатын маңызды белгiлер ретiнде халық өмiрiнiң сапасын, экономикадағы iлгермелi дамудың орын алуын, елдiң дүниежүзiлiк қауымдастықпен экономикалық интеграция деңгейiн сипаттайтын кешендi түрде кем дегенде көрсеткiштердiң 3 тобын қарастыру қажет.мұндай етiп қарастыру жеке аймақтардың және жалпы республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуының басымдықтарын анықтауда және деңгейiн бағалауда басты болуы керек.

4. Халық өмiрiнiң сапасын анықтайтын барлық жағдайлардыңдамуы (тұрғын-ұй, денсаулық сақтау, бiлiм беру, басқаша айтқанда, «қоғамдық капитал» деп аталатын саланың объектiлерi, сумен қамту және канализация жүйелерi, жол тораптары, қоғамдық саябақтар мен демалыс аймақтар және т.б.) Қазақстанның барлық аймақтарында халықаралық стандарттардыңталаптарына сай бола бастады, бiрақ нейбiр мәселелер бойынша мұдделi жауап бермейдi.

Әлеуметтiк-экономикалық жүйенiң тағы бiр жақсы жағын сипаттайтын белгi-бұл экономикадағы iлгермелi дамудың потенциалы. Бұл белгiнiң негiзi оның әрбiр аймақтың Ұдайы өндiрiс процесiн жаңа техникалық-технологиялық негiзде нақты материалдық базаны ашып көрсететiндiгiнде. Дегенмен, Қазақстан экономикасының жалпы бұл критерийдi есепке алмай дамығандығын атап өту керек. Нәтижесiнде, тiптi бiрiншi топ аймақтарында ол жеткiлiктi төмен мөлшерде болып отыр. Осылайша, мысалы Павлодар облысында көмiрдi, электр жарығын, ферросплавты, глиноземды, тракторларды және де басқа халық шаруашылығына қажеттi өнiмдердi өндiру бойынша iрi қуаттардың болғанымен, ол өте аз көрсеткіш болып отыр. Соңғы өнiмнiң жалпы көлемдегi ұлес салмағы 17,1%, ал ғылым сiнiргiштiгi 0,1% құрайды. Бұл әлеуметтiк-экономикалық дамудың салыстырмалы жоғары бастапқы деңгейдегi бiрiншi топқа жататын аймақтың техникалық-технологиялық Ұмтылысты жұзеге асыруға тек алғышарттары бар екендiгiн көрсетедi.мұндай ұмтылыстың өндiрiстiк потенциалы, яғни материалды-техникалық базасы әлi өте төмен. Осылайша, аймақтың алдынғы қатарлы салаларында, мысалы көмiр шаруашылығында көмiрдi байыту бойынша қуаттар, оны сұйық көмiрсутектерге терең қайтадан өңдеудiң технологиялық сызбалар, құнды минералды компоненттердiң көп санынан өңдеуге қуаттар жоқ. Облыстың түстi металлургиясы – жартылай өнiм глиноземды өндiрумен келтiрiлген, мұнда сондай-ақ соңғы өнiм – алюминий және оның өнiмдерiн (прокат, құбырлар және т.б.) шығару бойынша қуаттар жоқтың қасы.

Республиканың машина-құрылыс кешенiне жалпы өндiрiстiң iшкi республикалық монополияның жоғары деңгейi, достастық елдерiмен тыс экспорттық тасымалдауларға айтарлықсыз үлестiк қатысулар тән. Сала республиканың халық шаруашылығы кешенiнiң мамандануы мен қажеттiлiктерiне жеткiлiксiз бағытталған.

Ермаков ферробалқыту зауытының ферросилицийi Лондон биржасында сапа эталлоны деп танылды. Бiрақ электр жарығына тарифтердiң күрт көтерiлуi республиканың мемлекеттiк бюджетiне валюта алып келетiн кәсiпорын қызметiнiң ауыр қаржылық нәтижелерiн болжап бердi. Зауыт банкрот болды. Республика Үкiметi мен облыс әкiмшiлiгiмен қабылданып отырған шаралар бұл алыпқа дағдарыстан шығуға, осылайша аймақтың iлгерлемелi экономикалық дамуын қамтамасыз ететiн потенциалды бекiтуге көмектеседi. Аталып өткен салалардан басқа аймақта электрондық өнiмдердi, дәрi-дәрмен заттарын, күрделi үй техникалары мен басқа да өнiмдердi шығару бойынша қуаттар ендi құрыла бастады. Дегенмен, жоғарыда көрсетiлгендей бұл өнiм жалпы көлемде әзiрге әлi елеусiз ұлес  салмағын алып отыр.

Павлодар облысының мысалынан көрiп отырғынымыздай, әлеуметтiк-экономикалық дамуының жоғары деңгейi бар аймақтар тек техникалық-технологиялық ұмтылыс жасауға алғышарттар мен жағдайларды иемденiп отыр. Ал оларды iлгерiлемелi дамудың нақты потенциалы төмен дәрежеде. Бар жағдайларды әрекетке келтiру үшiн дамудың басымдықтарын таңдау, сонымен қатар осы процестi мемлекет тарапынан басқаруды қамтамасыз ететiн, сәйкес ынтыландырулар мен реттегiштер қажет.

Қазақстан жақын орналасқан мемлекеттермен тиiмдi және болашақ байланыстардың дамуы бiздiң мемлекетiмiздiң әлеуметтiк-экономикалық жүйесiнiң сапасына жағымды ықпал етедi. Бiрiншiден, бұл экономиканың қайтымсыз құлдырауына жол бермейдi, ең алдымен озат-аймақтардың, өйткенi ол жарты ғасырдан астам барысында Сiбiр, Орта Азия, Оралдың индустриалды орталықтарымен бiрге кең кооперацияда құраған. Екiншiден, республикадағы орын алған экономикалық байланыстардың тиiмдiлiгi көлiк шығындарындағы елеулi үнеммен шартталады.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2016-01-12 16:38:47     Қаралды-3429

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »