Тақырыбы: Этнопсихология
«Этнопсихология және оның ғылыми жүйесіндегі орны»
Этнопсихология - әрбір халықтың рухани әрекетінің ( миф, фольклор, тіл, дәстүр, салт, әдет-ғұрып, дін, т.б. ) жемісін сол халықтың психологиясын, сана-сезімін көрсететін негізгі өлшемдерін, әртүрлі этникалық қауымдастыққа жататын адамдардың психологиялық өзіндік бейнеленуі туралы ғылым. Этнопсихология жеке ғылым ретінде XIX ғасырдың орта шенінде Ресейде, кейінрек Батыс Еуропа елдерінде ( Лацариус, Штейнталь, Вундт т.б.) пайда болды.
«Этнос» гректің – etnos – тайпа, халық деген сөзінен шыққан. Ғылымда «халық» терминінің орнына «этнос» термині орынды қолданыла бастады. Бұл термин этностың негізгі тарихи түрі – «тайпа», «ұлыс» (народность), «ұлт» ұғымын түгел қамтиды.
Этнопсихологияның объектісі этностық бірлік, сонымен бірге қоғамдық сананың бір формасы ретіндегі қоғамдық психологияны зерттеу болып табылады. Қоғамдық психология психикалық процестер, психикалық қасиеттер және психикалық күйлерді анықтайтын этностық бірліктің реттелген жиынтығын көрсетеді.
Этнопсихологияның зерттеу әдістері: этнопсихологиялық және психологиялық әдебиеттерді талдау; тұлғаның жекелік-этностық бітістерін зерттеуге бағытталған әдістер; халықтар өмір бейнесі мен мәдениеттерінің объективті элементтерін зерттеуге бағытталған әдістер; ұжымдық мінез-құлық пен қарым-қатынасын зерттеуге бағытталған әдістер.
Этнопсихология ғылым ретінде «ұзақ өткен тарихы мен өте қысқа тарихы бар». Ол өзінің даму жолын ежелгі өркениеттегі жазу ескерткіштерінен, антикалық ойшылдардың пікірлерінен, 17, 18, 19 ғ. басындағы ағартушылардың географиялық детерминизм теориясы, ұлттық мінез-құлықты зерттеуден бастады.
19 ғ. екінші жартысында этнопсихологиялық ойлардың дамуында ұлттық этнопсихология мәселелерінің тарихы мен әдіснамасының жаңа өңделуіне байланысты жаңа өзгерісті кезең басталды. Осы кезеңнен бастап, этнопсихология өзінің объектісін, зерттеу пәнін, міндеттерін, әдіснамасын анықтайтын дербес ғылыми пән статусын алды.
19 ғасырдың 90 жылдары этнопсихологияда сол заманғы шетел этнопсихологиясының негізіндегі «Боасаның тарихи мектебі» және «Мәдениет және тұлға» жаңа бағыттары қалыптасты.
Қазіргі уақыттағы шетел этнопсихологиясы – дербес ғылым, ол үш тармақтың дамуына детерминацияланған – психологиялық антропология, кросс-мәдени психология және этносаралық қатынас психологиясы.
Ресей этнопсихологиясы өзінің дамуын 1848 ж. «психикалық этнографияның» құрылуынан бастайды. Оның дамуындағы өзгерісті кезеңі соңғы славиянофильдер мен орыс философтарының зерттеулері болып табылады. Этнопсихология дамуының кеңестік кезеңі «типтік ұжымдық әсерлену» мен мәдени-тарихи теориялық түсініктерімен анықталады.
Қазіргі кездегі даму кезеңінде «қоғамдық ұлттық мәселелерге қызығушылықтар туған кезде», ресейлік этнопсихология – алдына міндет қойған бірден бір ғылым болып табылады. Қазіргі уақытта Ресейде күрделі этносаралық қатынастар өзінің дамуын «Этносаралық қатынастар психологиясынан» алады.
Қазақ этнопсихологиясының ғылым ретінде дамуы алғашқы қазақ ғалымдары мен ағартушыларының есімімен байланысты. Ұлттық психология мәселелері ХХ ғасырдың басындағы қазақ ойшылдары мен қайраткерлерінің шығармаларында қарастырылған. Қазіргі кездегі қазақ этнопсихологиясының дамуы ұлттық психология, этнопсихология дамуының тарихи-этностық аспектілерінің зерттеуімен байланысты.
Этнопсихологияның мақсаты мен міндеттері
Қазіргі кезде этнопсихологиялық құбылыстарды ұғынуда тұтастық жақ және терминалогиялық жағынан шатасулар бар. Дегенмен мұндай жайттарға қарамастан, этнопсихологияның дербес бағыттарын бөліп көрсетуге болады.
- Психофизиологиялық процестердің этникалық ерекшеліктерін салыстырмалы зерттеу.Атап айтсақ (ойлау, ес, эмоция, сөйлеу т.б.). Бұл бағыт жалпы және әлеуметтік психологияға сүйену.
- Түрлі этникалық қауымдастықтың мәдени ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған мәдени зерттеу (культурологические исл). Бұл бағыт мәдениеттану мен этнологияның мәліметтерін негізге алады.
- Этносаралық, топаралық қатынастардың этникалық сана мен өзіндік сана сезімін зерттеу. Бұл бағыт әлеуметтік психология мен әлеуметтік философияны тірек етіп алады.
- Отбасы-некелесу мен бала тәрбиесі мәселелерінің этнопсихологиялық аспектілерін зерттеу. Бұл бағыт педагогика ғылымы мен байланысты.
Негізгі көңіл бөліп, ден қоятын басты мәселе – этникалық дау-дамайдың психологиялық себеп-салдарлары мен оның пайда болуы оны болдырмаудың, алдын-алудың тиімді жолдарын іздестіру және шешу. Сонымен қатар ұлттың өзіндік сана-сезімінің даму мәселесінде назардан тыс қалдырмайды.
Этнопсихологияның негізгі мақсаты ғылым ретінде белгілі бір этнос өкілдерінің психологиялық ерекшеліктерін зерттеу және нақты этностық топқа, жеке тұлғаға қатысты мәселелерді қалыптастырады. Зерттеу мақсаты мәселелерді талдаудың екі аспектісін: теориялық және қолданбалы жағын қарастырады. Қазіргі кезеңде этнопсихологияның дамуының теориялық міндеттерін:
- Этнопсихологияның негізгі және нақты түсініктерін таңдау. Олар оның негізгі қасиеттері мен қарым-қатынастарын кескіндеуге бейімделеген.
- Халықтың этнопсихологиялық ерекшеліктерін құру көздерін негізгі факторларын теориялық танып білу және меңгеру.
- Индивидуалды – тұлғалық және топтық дәрежеде ұлттық сана-сезімнің проблемалар өзектілігі.
- Этностың идентификациясының мен жеке тұлғалық топтық дәрежеде құрылу және даму ерекшеліктерін танып білу.
- Этностар арасындағы қабылдау, этностар арасындағы ынталарды этностар арасындағы келісім дамуының әлеуметтік – психологиялық мәселелерін теориялық танып білу.
Этнопсихологияның қолданбалы міндеттері
- Ұклттық психология және психологиялық мінездемелерді құруын анықтау мақсатымен әртүрлі халықтардың этнопсихологиялық ерекшеліктерін салыстырмалы танып білу.
- Олардың тұрмыс-тіршілігінің әлеуметтік-психологиялық шарттарын салыстырмалы зерттеу қалыптасқан ұлтаралық қарым-қатынас спецификасы, сонымен қатар ұлттар арасындағы экономикалық, әлеуметтік және саяси қызметтесудің әртүрлі формалары.
- Этностар арасындағы өзара әрекеттесудің әлеуметтік-психологиялық мәселелерін эмпирикалық танып білу. Сонымен қатар этностар арасындағы қабылдау ерекшеліктерін және этноцентризм және этностық интолеранттылық көріністерін зерттеу.
- Практикалық нұсқамаларды құру. Олар этностар арасындағы өзара әрекеттесуді іске асыру және тереңдетуді қабілеттендіреді, ұлттар арасындағы экономикалық мәдени, саяси қызметтесуінің әртүрлі формаларын дамытуға бағытталған.
- Этностар арасындағы сәтті өзара әрекеттесудің психологиялық тренингі бағдарламасын құру және тұлғаның этнопсихологиялық түзету әдістерін жүргізу.
- Әлеуметтік-саяси, ұлттық және ұлтаралық прцестердің әрі қарай дамуының психологиялық болжануы.
Әрине, этнопсихологиялық негізгі теориялық және қолданбалы міндеттерінің шеңбері тек жоғарыда көрсетілгенмен ғана шектелмейді.
Этнопсихология принциптері
Ғылыми әдебиеттерде – принциптер астарында нәтижелі теориялық ережелер жатыр. Олар нақты әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық және этнопсихологиялық зерттеулер жүргізгенде әдіснамалық функциялар атқарады.
Этнопсихологияда принциптер барлық психикалық процестер, қасиеттер, этностық ұйымның күйлерін түсіндіруге жалпы әдіс-амалдарды анықтайды.
Олар функциялану, заңдылығын ашуға, қоғамдық психологияның құрылу және даму заңдылықтарын ашуға бағытталған. Этнопсихологиялық зерттеу принциптері мәселелерін өңдеуде Б.Ф. Поршнев үлкен үлес қосты. Ол «Әлеуметтік-этностық психология» атты еңбегінде негізгі принциптерді анықтады. Ол психологияның барлық негізгі принциптері, сана сезім және іс-әрекетке байланысты принциптер, даму принципі, бірігу принциптері бүтіндей аппаратқа және этностық психологияға кіру керек.
Принциптердің ішіндегі ең негізі – детерминизм принципі. Онда әр әрекетте өзара әрекеттесу бар «сыртқы себептер ішкі шарттар салдары арқылы әсер етеді».
Ол этнопсихологиялық көріністердің әлеуметтік және басқа да факторлармен негіздену себебін ашып көрсетеді. Бұл дегеніміз біріншіден этностық ұйымның құрылуы өмірлік бейнелердің атап айтар, экономиканың, мәдениеттің ғылыми-техникалық прогресстің, халықтың саяси және идеологиялық өмірі әсерінен жүреді.
Екіншісі – ғылым психологияда этностың ұйым өміріне жату бейнесі және өмір бейнесіне соңғысының әсері, қажеттіліктер мен қондырғылар арқылы іске асады. Сондықтан, нақты этнопсихологиялық көріністі зерттеу үшін, біріншіден олардың пайда болуының ұлттық психологиялық себептері мен шарттарын түсіну қажет.
Сана-сезім мен іс-әрекет бірігу принципі. Ол этнопсихологияны іс-әрекет түрі заңдылығына байланысты этнопсихологиялық феномендердің көріну заңдылығын дұрыс түсіндірумен қаруландырады.
Поршнева Б.Ф. пікірі бойынша тарихи принцип этнопсихологияның тап-түбір принципімен танылған. Ол психикалық прцесстердің ғылыми психологияның этностың ұйым күйінің терең өзгермілілігін білдіреді. Берілген пікірлерді көптеген зерттеулер ұстанады. Тарихи принцип ғылыми психологияның этностық ұйымы генезисіне енуге көмектеседі және оның даму заңдылығын ашуға және оның өзгеру тенденциясын көруге мүмкіндік береді.
Тарихи және онтогенездік принцип бірлігі ол сөйлеу, вербаольді қарым-қатынас негізінде іске асынылады.
Тұлға тұрғысынан қарау принципі біріншіден нақты тұлға, екіншіден этностық ұйымның нақты өкілі, оларға сезіну, ойлау, бағалы бағыт алу тән. Бұл принцип әр адам психологиясында тұлғаның және ұлттық ерекшелік байқалады.
Этнопсихология білімдердің пәнаралық саласы ретінде
Этнопсихология ең тығыз бейнеде этнологиямен және этнографиямен байланысты. Этнология – халық туралы ғылым, американдық ғылымда осылай атау қабылданған. (грек. Этнос – халық, графо – жазамын ).
Этнография – халықтар туралы сипаттайтын ғылым. СССР де «этнография» термині қабылданған. Ол эмперикалық сияқты, халықтар туралы ғылымның теоретикалық бір бөлігі ретінде енгізілген. Этнология этнопсихологияның бір саласы болып табылады. Бұл ғылымдардың ұқсастығы сонша көп авторлар этнопсихологияны этнологияның бір бөлімі деп есептейді. Бұл ғылымдарға ортақ болып зерттеу объектісі – халықтар олардың генезисі, дамуы, өзара әсері т.б. табылады. Алайда: этнопсихологияның өзінің ерекше зерттеу пәні бар: бұл – халықтардың психологиялық ерекшеліктері – олардың психологиялық қоймасы, мінез-құлқы, өзіндік санасы, және басқа құбылыстардың бірқатары. Сондықтан да этнопсихология өзінің этнологиямен тығыз байланысына қарамастан, ерекше психологиялық ғылым болып табылады. Ол өз табиғатында білімнің пәнаралық аумағы, жалпы және әлеуметтік психологияға, антропологияға, лингвистикаға, тарихқа және т.б. ғылымдарға сүйенеді.
Әлеуметтік психологияның негізін қалаушылар Лацарус пен Штейнталь өздерінің алғашқы «Халықтар психологиясы және тіл білімі» журналында жарияланған мақалаларында – ақ этнопсихологиялық мәселелерді қамтыды.
Этнопсихологиялық сұрақтар атақты англиялық психолог Фредерико Бартлеттің жұмыстарында да қарастырылған.
1960ж. Бастап тарихи және мәдени контекстегі психологиялық мәселелерді қарастыру тенденцмясы күшейе түсті.
Антропология – этнопсихологияның осы ғылым базасында қарастырылған негізгі негізгі ғылым болып табылады. Бұл ғылым екі үлкен бөлімге бөлінеді: физикалық және мәдени антропология.
1960 ж. Бастап этнопсихологияның басқа пәндермен байланысы «Обозрение психологии народов» журналында кең талқыланды.
Ұлттық психология этнопсихологияның феномен ретінде
Ұлттық мінез-құлықты қалыптастырудың өміршең мәселелері
Бұл мақалада қысқаша болса да, қазақ халқының ұлттық мінез-құлқын (психологиясын), алдымен Ресейдің отарлау саясаты, одан кейін Кеңес үкіметі кезіндегі жалғасын тауып қалай өзгертіп отырғанын талдай келе, сол құрсаудағы психология бұғауынан шығып ұлттық психологияны сақтап қалу мақсатында ой өрбіткенді жөн көрдік,
Қазақтың көне тарихына зейін қойып қараңыз, қазақ халқы ежелден парасатты, зерек, жан-жақты дамыған, өмірге тез бейімделетін, жасы үлкенді (бір жас үлкен болса да) «Ит көйлекті бұрын тоздырған» деп оны аға тұтып сыйлаған, ынтымағы жарасқан ел болғанын білесіз.
Сондықтанда шығар, сонша кең байтақ жер суды иеленіп отырған қазақ елінің арасында бірде-бір түрме салмаған, есігінде құлып болмаған екен. Бұл жағдайды терең зерттеген патшалық Ресей, қазақ халқын рухани аздырып, мәңгілік бұғауда ұстау үшін халықтың ұлттық қасиетін сақтайтын мінез-құлқынан ажыратуды жоспарлы түрде, кешенді зымиандық саясатпен жүргізіп отырған. Ол Кеңес үкіметі кезінде де тоқталмаған.
Біріншіден, қазақ халқы ұлт дәрежесіне көтерілмес үшін, оларды зердесіздікке ұрындыру мақсатында қазақтың оқуы болмаған, білімсіз, дарынсыз, өнерсіз көшпенді жұрт деген үгітті үздіксіз жүргізді. Оны жүзеге асыру үшін, қазақтар қолданып келген көне араб әліпбиін әуелі латын графикасына көшіріп, одан кейін кириллицамен ауыстырды. Нәтижеде сан ғасырлық тарихымыздан, ұрпаққа беретін өсиетінен тәлім-тәрбиелік, өмірлік мәні зор. Көптеген ғылыми-тәжірибелік кітаптарымыздан айырылып шыға келдік.
Мұндай қорлыққа шыдай алмайтын өжет халықты әбден есеңгіретіп тастау үшін, оларды ашаршылыққа душар етіп, зиялыларын «халық жауы» қылып қырып тастағанын енді біліп отырмыз. Осылайша «жабайы», «білімсіз», «тарихы жоқ», «көшпенді, шұбырынды» болдықта қалдық емес пе?
Халықты халық етіп, ұлттық мінез-құлықты қалыптастыратын біздің ақсақалдарымызбен молдалар және халықтың ынтымағы, сөзге – мәнге тұру, мәрттік, туыстық-намыстық сезім еді. Бұндай ұлттық дәстүрлерді жою мақсатында отаршыл саясатпен – байды байға, кедейді байға, туысты туысқа азғырып жікке бөліп, айдап салып елдің берекесін қашырып отырды. Ұлттық әдет-ғұрып салт – дәстүрлерді елдің тұрмыс-тіршілігінен алыстатып қажет болған жерде қызында қазаққа берді. Өйткені анасы орыс болса бала, қыздары да сол ықпалда болатыны даусыз нәрсе. Әулеттік жақындықты білдіретін атаулармен жер су аттарына дейін өзгертуді түпкілікті мақсат етті.
«Әкені-папа», «Шешені (апаны)-мама» деп атап орыс дәстүрін елеусіз кіргіздіде, оны бір жола орнықтырды. Егер балаларымыз «әке», «шеше(апа) деп атаса, әке шешесі несі?» - деп шошитын күйге жеттік қой. Нәтижеде, үлкенді сыйлау сияқты керемет дәстүріміз жойылып, мейірімділік, имандылық тозды. Әсіресе Санжар Аспандияров ағамыз айтқандай ұлттық қасиетпен намыс өше бастады, яғни өзі қазақ бола тұрып, қазақты жек көріп менсінбейтін болып қалдық.
Халықтық ұлттық ерекшелігін аңғартатын белгілердің бірі оның бет бинесімен сыртқы келбеті екен. Оданда мақұрым ету мақсатында 1920 ж. қазақтың ұлттық киімдерін ескінің қалдығы деп кидірмеу туралы құжатта қабылданған. Сол сияқты тазалықты сақтау қажет деген сылтаумен мектепке келген қыздарын еңіретіп отырып бұрымынан шаштарын міндетті түрде қырыққан екен. Осындай іс-әрекеттердің нәтижесінде ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық киімдер құбыжық болып шыға келді де, аруларымыз тұлдаған аттай «жал құйрықсыз» жүдеу тартты.
Ауыл молдаларымен дін иелерін келемежге айналдыру арқылы көне оқу мен имандылықтан мақұрым болдық. Жан-жақты ойластырған осындай зымиан әрекеттер тоқтаусыз жүріп келді.
Қазақтың ұлттық бинесін мінез-құлқын сақтап, оны өз тілінде, әдет-ғұрпында тәрбиелеп баулитын ең үлкен тірек - әрбір елдің аналары (әйелдер). Зымиандық саясат – қазақ қыздарын қалай да орысша оқуға күш-жігерін жұмсап, тынымсыз үгіт насихат жүргізді. Себебі орысша оқып тәрбие алған қыз – ертеңгі ана өзінің күйеуінде, балаларында орыс рухында тәрбиелейтіні түсінікті. Оның үстіне әйелдерді от басынан суытып, уақытының көбін өз шаңырағынан сыртта өткізетін етіп жоспарлау, балалардың қараусыз қалып, тәрбие жұмысының әлсіреуіне әкеліп соқты. Бұл бағыттағы зымиандық пиғылдар (әдейі жасасада, білмей жасасада) түгелдей іске асқанына бәріміз куәміз.
Кез келген халықтық көркейіп өсуі олардың салауаттылығына тікелей қатысты. Отаршылдық саясат қазақтарға арақ ішуді үйрету арқылы оларды болашағынан айыруды көздеді. Мұндай азғындаған халықты ешқандай күш-қару жұмсамай-ақ, бұғауда ұстап отыру қиынға соқпас еді.
Бұл жоспарға өзіміздің де «жақсы көмек көрсеткендігіміз» сонша, бұл күндері той-тамашамыздың ешқайсысы да арақ-шарапсыз өтпейтін болды. Ең сорақысы сол – қазақтың сыйлы қонағына бас тартатын салты ескерілмей, оның орнына алакөз арақтың шайтан азғырған шөлмегі келіп жатады...
Халқымыз сан жағынан да, сапа жағынан да өз дәрежесіне көтеріліп, есін жинап, гүлденіп-жайқалып еркін дамуы үшін осы айтылған келеісіз мінез-құлықты емдеп, зымияндық пиғылдағы саясатқа саналы түрде тойтарыс беру - әрбір намысы бар қазақтың ұл қыздарының перзенттік парызы.
Қазақ халқы ежелден зерделі болған дедік. Қыз алыспайтын рудың қалыптасуы, яғни жеті атаға дейін қыз алыспайтын көне салттың өзі көп нәрсені пайымдатады. Демек, бұл саясаттың қалыптасып қазірге дейін сақталуы қазақтардың тұқым қуалау заңын – жалпы текнаманы (генетиканы) зерттеп, мал шарушылығында және медицина текнамасын өз тіршілік-тұрмысында пайдаланғанын көрсетеді. Сондықтан тұқым қуалау заңының оқуы – текнама (генетика) ғылымы Г. Мендельден (чек ғалымы) бұрын қазақтарда болған деп айтуға да болады.
Тарихи дерекке қарағанда қазақ халқында жалпы білім беру жүйесі болған. Өйткені қазақ баласын тоғыз жасынан ауыл молдасына беріп, сауат ашатын. Алғашқы жылы олар «Әліпби», «Әбжәд», «Әдеп» және «Әркен» дейтін төрт пәпді игерген. «Әліпби» (қазір әліппе) - әріптерді тану. «Әбжәд» (қазіргі арифметика) – есеп сабағы. Бұл пәнде төрт амалдан басқа прценттеу, жобалау, жорамалдау тәсілдері және үй шаруашылығын жүргізу үшін қажетті есептеулер үйретілген. «Әдеп» сабағында өмірдегі, тұрмыстағы негізгі ережелер, қағидалар, адамгершіліктің негіздері, сый-құрмет, қарым-қатынас, т.б. дәрістер оқылатын. Ата –ананы, үлкендерді сыйлау, кішіге қамқорлық көрсету қайырымдылық, шапағат, мейірімділік туралы сабақ өткізілетін. Ал «Әркен» сабағы негізінен, әсемдік өнерін қамтыған. Бұл сабақта балалардың әсемдік талғамын қалыптастырып, сырт келбетін қалай ұстауын, сөйлеу мәдениетін, шешендік өнерді игеруін қадағалаған. Бұлармен қатар киім-кешек, ыдыс-аяқ, ер-тұрман секілді тұрмыстық бұйымдар мен шаруашылық құралдарының жасалу және қолданылуы үйретілген.
Келесі жылы оқудың келесі кезеңі басталады. Мұнда бірінші жылғы пәндер кеңейтіліп оқылады да, «Әбтиек» (Құранның қысқа сүрелерінің жинағы) сабағы беріледі. «Әйтиек»ті оқығанда араб тілі қоса үйретіледі. Бұдан соң «Құранға» түседі.
Оқудың үшінші көркем шығармалар, яғни әдебиет сабағы оқытылған. Сонымен қоса «Мүнәжжім» - «астрономия» ғылымы негіздерін (аспан шырақтарына қарап арасындағы сөз баланың балиғатқа тола бастағандығын ғана емес, тұрмыстық білімі бар екендігін де бейнелейтін. Ауыл молдасының алдын көрген балалар бұдан ары қарай тұрмысы көтеріліп, оқуға ынтасы болса медресе, жоғары оқуға түсетін болған.
Соңғы кездерде қазіргі қалыптасқан жалпы орта білім беру жүйесін түбегейлі өзгертіп, ұлттық мінез-құлқымызға, дәстүрімізге сай келетін жаңа оқу жүйесін жасау керектігі сөз бола бастады. Біз сөз етіп отырған көне оқу жүйесі жайындағы әңгіме осы орайда қызмет жасап жатқан ағайындарға ойтүрткі үшін айтылып отыр. Әлемдік ғылымның дамуына үлес қосқан Шығыс ғұламалары осы үлгіде тәлім-тәрбие алған жоқ па? Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған ұлы бабамыз Әбунасыр әл-Фараби, кешегі өткен аталарымыз Ш. Уәлиханов, А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, Х. Досмұхамедов, Санжар Аспандияровтың т.б. да осындай тәлім-тәрбие алған дала перзерттері еді ғой.
Мақаланы қорыта келіп айтарымыз бабаларымыз қазақ халқы өсіп-өніп дамуы үшін бабаларының ұлттық дәстүрге білім алуына, олардың салауатты хәм бауырмал болуына көп мән берген. Біз де осы үрдісті жалғастыра отырып, өмірге, тұрмысқа жақын тәлім-тәрбие мектебін қалыптастыруға ат салысайық демекпіз.
Этносаралық қарым-қатынастың психологиясы. Қарым-қатынастың этнопсихологиялық аспектілері
Этнопсихологиялық қатынас аспектілері
Қазіргі заманда қарым-қатынас әлеуметтік-психологиялық феномен деңгейінде қарастырылады, адамдар арасындағы күрделі детерминизм ( детерминизм – адамның еркі мен мінезінің өзара байланыстылығының себептерін, себептестігінің заңдылығын зерттейтін ілім) және қалыптасудың жан-жақты процесі және адамдар арасындағы байланыстың дамуы, ақпарат алмасуды енгізетін, сондай-ақ қарым-қатынас стратегиясын тудыратын, өзгені қабылдау мен түсінетін процесс.
Қ – қ вербальды және вербальды емес құралдардың, әртүрлі сигналдық белгілерді пайдалану арқылы іске асады.
Вербальды қ-қ тек адамға ғана тән және тілде түрлі белгілер жүйесін қолдану, фонетикалық белгілерді пайдалану ретінде туындайды. Сондықтан вербальды қ-қ тілді үйрену арқылы іске асады. Бұл сөйлеу қ-қ-ның мәдени дамуына, өз оның дәл жеткізуге, ойын түсінікті тілмен жеткізуге, уақытылы әріптестің реакциясына әсер етуге, оның көзін бір нәрсеге жеткізуге әсер етеді.
Мәдени тілдік қ-қ тілдің барлық құралдары мен мүмкіндіктерін тиімді пайдалану болып табылады. Ол лексикалық, грамматикалық, фонетикалық мәдениеттен тұрады. Сондықтан вербальды қ-қ – бұл ойды сөзбен және сөйлеммен жеткізу, барабар сөздерді талдау, олардан сөйлем құрастыру, сөйлесу, әріптесті тыңдау, оның ойын анықтау және т.б.
А.А.Потебня өзінің «Мысль и язык», «Язык и потребность» еңбектерінде тіл әр халықтың өмір сүруін дәлелдейтін құрал деп көрсеткен. Сонымен қатар халық өз тілінде сөйлей білуі қарастырылады. Ол әлемдік тілдердің екі түрлі қасиетін көрсетті : «дыбыстық бөлінуін және барлық тілдер символдық белгілерден тұрады. А.А.Потебня тілді дайын ойды білдіретін құрал ретінде емес, оның алғашқы туындауының элементтері ретінде қарастырады. Сонымен тілді әр халық өзінің ұлттық ерекшеліктеріне қарай қалыптастырады. Потебняның ойынша тілін жоғалтқан халықтың өзі де жойылып кетеді.
Тіл – халықтың тарихи дамуының нәтижесі, оның ұлттық мінезінің қалыптасуы, оның ұлттық ерекшелігі, ойлау деңгейі, логикасы.
Этноп- да тіл мен ауа райының арасындағы тығыз байланыс бар деген көз-қарас қарастырылады. Бұл көзқарасқа сай, күн дауысты дыбыстарды тудырады, ал солтүстік дауыссыз дыбыстарды (мұздар мен мұздықтар сияқты) тудырады делінген. Дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстар арасындағы тепе-теңдікті біркелкі климат тудырады.
Үлкен айырмашылықтар әр түрлі халықтарда қ-қ тың ерекшелігіне байланысты болады. Кейбір елдерде көбіне мән ойдың айтылуына беріледі, қалай айтылғанына байланысты. Сондықтан бұл жерде ақпарат алмасудың когнетивтік стилі қолданылған. Ең біріншіден ойдың жүрдектігі, ұғымды дәл қолдану, айтылған ойдың қонымдылығы көрсетіледі. Мұндай мәдениетті төменгі контекст деп айтуға болады. Кейбір елдерде, назар көбіне сөйлесу контекстіне бөлінеді, қандай интонациямен және қ-қты жасырын оймен жеткізуге бөлінеді. Бұл жерде вербальды қ-қ ең алдымен сыпайы сөйлесуге, сөйлеудің нақты оймен жеткізілмеуін қарастырады. Көбіне «мүмкін», «бәлкім» және т.б. сөздер қолданылады. Мұндай елдер жоғары контекстік мәдениетті көрсетеді.
Мысалы, жапондықтарға сыйластықты сақтауға сөйлем соңында етістіктің келуі көмектеседі.
Орыс мәдениетін зерттеуде оның тілінің жоғары контекстін екені айқындалды. Басқа тілдерге қарағанда белгісіздік аймағы бұл тілде көптеп кездеседі. Орыс тілінде белгісіздік есімдіктері көп қолданылады: «что-нибудь, что-то, как-бы, некто және т.б.» Т.Стефаненко қазіргі таңда орыс тілінде арам шөптей «как-бы» сөзі қолданысқа енгенін атап көрсетеді. Бұл сөз лингвистика алаңында бекер қолданысқа енген жоқ, өйткені Ресей қазіргі таңда әлеуметтік тұрақсыздық жағдайын бастан кешіруде. Орыс тіліне тән тағы бір ерекшелік оның жоғарғы эмоционалдығында. А.В.Выпебицкая көрсеткендей эмоционалдық сөздер «көп жағдайда сөйлеушінің минуттық көңіл-күйінен және ерекше қ-қ-нан, яғни сол кезеңдегі көңілін білдіреді.
Қазақ тілінде жоғарғы контексттік мәдениетке жатқызуға болады, бұл жерде ең алдымен назар хабарламаның контекстіне аударылады, не айтылғанына емес, қалай айтылғанына бағаланады. Хабарламаның формасы маңызды болып табылады. Қазақ тілінің ерекшелігі – оның ерекше бейнелілігінде, көп мағыналылығында. Қазақ халқында ертеде сұлу және бейнелі сөйлеу мен ән айтқан, ақын – импровизаторлар тегін құрметпен мақтауға ие болмаған. Үлкен тойларда ақындар айтысқа қатысып өздерінің шешендік өнерлерін көрсетіп, ойлау стилін, өздерінің сезімдерін жеткізген. Айтыс ұлттық әлемді қабылдау және әлемді тану болып табылған.
Вербальды қ-қ-тың ең маңызды мінездемесі тура немесе жанама қатынас стилі, адамның ішкі сезімін білдіреді. Қазақ тілінде қ-қ- тың жанама стилі көп қолданылады. Мыс, қазақ мақалы «Қызым, саған айтам, келінім сен тыңда» («Доченька, тебя я говорю, а ты, невестка слушай»)
Отбасында үйлесімділікті сақтау үшін, бір-бірінің арасындағы қ-қ-ты қиындатпау үшін, келінің қателіктерін, қызына айту арқылы түзетіп отыруға тырысады. Бұл айтуға үш кезең негіге алынады: келіннің мінез-құлқын сынмен қабылдау, бұл сынды сөзбен жеткізу, іс-әрекет. Олар өз нәтижесі бойынша парадоксалды болып келеді: келіннің теріс қылықтарын ойлау, бұл ойларды келіннің көңіліне тигізбей қызына айту. Қазақ әйелдері келінді тәрбиелей отырып қызын да тәрбиелеген.
Н. Лебедеваның айтуынша тікелей емес стиль әлеуметтік қарым-қатынасты ғана емес, әлеуметтік әрекетті сақтайды.
Қазақ тілінде «көк» сөзі екі мағынаны білдіреді – көк және жасыл. Аспан-«көк», ал «көк» - бұл жасыл түсті; көк шөпті де білдіреді. Көк аспан – шексіздіктің символы, жасыл шөп – бұл адамның жасы – шектеудің белгісі. Бұл бір сөздің амбиваленттік мағынасын білдіреді. Ж. Каракузова көрсеткендей «Амбиваленттік тек түр-түспен анықталмайды, көк-жоғарыны, жасыл – төменді ғана көрсетпейді, көшпелі халық бұл түстерді бір-бірімен байланыстырады. Бұл мысал мифологияны еске түсіреді, «аспан» мен «жер» бір-біріне алшақ болған деген ұғымды келтіреді.
Екі жақты немесе амбиваленттік мағынаның психологиялық ойлауымен, психологиялық мінез-құлқын көруге болады.
Сол себептен вербальды қарым-қатынас тек қарым-қатынас функциясын ғана білдірмейді. Бұл қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түсудің бір түрі; сонымен бірге сөйлесу арқылы сезімнің барлық эмоциясы білінеді; адамдардың арасындағы халықтың мәдениеті; даму, ойлау сатысын және т.б. білуге болады. Бұл адамның қоршаған ортамен этнопсихологиясын білдіреді.
Вербальды этникалық қарым-қатынас ауызша емес коммуникативтік құралдарға сүйенеді; сондықтан психологияда келесі түрлер мен формаларды бөліп көрсетуге болады.
- опитика – кинетикалық – бұл басқа адамның қозғалысын көзбен қабылдау (тест, мимика, пантамимика, көзбен қарым-қатынас жасау)
- паралингвистикалық, ритмика-интоноциялық сөйлеу (дауыс ырғағы, диапазоны, тембрі, екпіннің күші);
- адамның экстралингвистикалық, физиологиялық қ-қ (үзіліс, күлкі, жылау, сөйлеу темпі, жөтел);
- кеңістік-уақыттық қ-қ элементтері (дистанция, уақыт);
- әріптеспен динамикалық қ-қ жасау (қол қысу, қол соғу, құшақтасу, сүйісу т.б.)
- ольфакторлық, иіспен байланысты.
Сөйлеу каналдары арқылы таза ақпарат берілсе, вербальдық емес жолдармен әріптеске қ-қ-тың қимылдық бағалауы бойынша вербальдық қ-қ жүйесі негізгі массаның басшысы және әріптестің тура бейнесін бере алады. Вербальды емес байланыс құралдары зерттеуші А.Мейерабин 93 % ақпарат вербальдық емес қатынас каналдары арқылы беріледі десе, оның 55 %- мимика, жест арқылы, 38 %- тембр, дауыс ырғағы арқылы беріледі делінген.
Вербальды емес қатынас 700000 мимикалық жетістік, кейіптік қимылдардан тұрады деп көрсеткен.
И.Альтман және М. Говейн вервальды емес коммуникациялық екі стильді бөліп көрсетеді; жеке бағыттың стиль, жеке мәдени және жалпы-бағыттық, ұжымдық мәдениетке тән.
Қарама-қарсы әрекеттерге сай адамдар 4 негізгі вервальды емес қарым-қатынасты қарастырады:
- Жеке – ашық стиль, вервальды емес әрекетке тән, жекешелікті көрсетеді. Бұл стильге экспрессивті вервальды емес стиль жатады.
- Жеке-тұйық стиль, бұған пассивті тесттер жатады.
- Жалпы –ашық стиль топтық норманы белгілейді.
- Жалпы – тұйық стиль топтық норманы қарым-қатынас негізінде жұмсақтық пен ара қашықтықты сақтайды.
Оптика – кинетикалық байланыс құралдарына адамның көзбен көруі, тест арқылы сөйлесуі жатады, мимика – адамның бетінің бұяшық етеді арқылы ішкі жан-дүниесін білдіруі, пантомимика – сөйлеу кезіндегі адамның тұрысындағы кейпі, көзбен жасау-әріптеспен көз арқылы қатынас жасауы. Тілдік қатынас болмаған жағдайда оптика-кинетикалық құралдар негізгі қатынас құралдарына жатады. Сондықтан ақылгөйлердің айтуынша тест дене қозғалысы емес, жан қозғалысы.
Г. Триандис мынадай тарихи мысал келтіреді, 1991 ж. Ирактың сыртқы істер министрі Азиз бен АҚШ-тың мемлекеттік секретары Бейкердің кезінде олар белгілі бір келісімге келуге тырысады. Бейкер егер Ирак Кувейттен кетпесе АҚШ Иракқа қарсы әскери күшін жұмсайды деп ашық және айқын айтқан. Хусейннің ағасы Бейкердің қимылы емес сөзіне ғана көңіл бөлген. Сондықтан ол ағасын американдықтар шабуыл жасамайды деп тыныштандырған. Олар тек қорқытады деген. Алты күннен кейін «Буря в пустыне» операциясы басталады. Сол себептен бұл қателіктің кесірінен Ирак мыңдаған адамдарын жоғалтты.
Этникалық қарым-қатынас кезінде вервальды ғана емес, вервальды емес әрекеттер де бастапқы болып табылады. Этникалық қарым-қатынас кезінде қандай да бір жест әр елде әр түрлі түсінікке ие. Сол себептен түсініксіз жағдайлар туып жатады.
В. Сухаревтің айтуынша біздің шақыру жестіміз Жапондықтарда қоштасуды білдіреді. Сұқ саусақты сілтеу американдықтарда қайыр сұрауды білдіреді. Сондықтан американдықтар жапон портьелерін түсінбей қонақ үйлерде үнемі шағым түсіреді.
Егер сіз Голандияда саусағыңызды самайыңызға қойып, қандайда бір ақмақтықтың белгісін білдірсеңіз, олар әлде біреудің ақылмен айтқан ойына тәнті болдыңыз деп түсінеді. Африканың кейбір елдерінде күлкі – бұл таңқалудың немесе мидың ауысуының белгісі.
АҚШ-та үлкен бас бармақпен «нөл» белгісін көрсету барлығы «жақсы», «Керемет», «ОК» дегенді білдіреді.
Америка президенті Никсон Бразилияда болған кезде осы жесті көрсеткенде, оны дұрыс түсінбеген, өйткені Бразилияда бұл жест әдепсіздік белгісі. Ал Жапонияда бұл ақшаның белгісі. Партугалия және де бірқатар басқа елдерде әдепсіздікті білдіреді.
Этникалық халықтар арасындағы дистанцияны зерттеу жұмыстары Қазақстанда да жүргізілген. Этникалық халықтар арасында корей халқы басқа елдерге қарағанда өздерін алшақ ұстайды. Бұған тарихи және әлеуметтік жағдай қатты әсерін тигізген. Қазақ және орыс халқының корей халқын жылы қарсы алып, оларға көмек беруінің арқасында олар осы екі ұлт өкілдерімен жақсы қарым-қатынаста.
Қазақ халқы ашық қ-қ қа түсуге бейім. Олар бір-бірінен 60см ара қашықтықта сөйлесіп, әріптесін әңгімеге тартуға тырысады. Қ-қ танысудың деңгейіне, жағдайға байланысты туындайды. Жағымды жағдайдағы сөйлесулер бір-біріне жақын ара қашықтықта туындайды, ал негативтік жағдайда ара қашықтық алыстайды. Ерлерге қарағанда, әйелдер жақын ара қашықтықта сөйлеседі.
Қазақ тілде сөйлесетін қазақтар бір-бірімен жақын ара қашықтықта әңгімелеседі, ал орыс тілінде сөйлесетін қазақтар өз ортасына тек орыс тілді адаидарды жібереді. Орыс тілді қазақтар қазақ тілді қазақтармен көп қатынасқа түспейді, себебі қазақ тілін таза сөйлей алмағандықтан өз ойларын жеткізе алмайды, сондықтан олар өздерін жайсыз сезінеді.
А.И.Донцова, Т.Г.Стефаненко, Ж.Т.Уталиева жүргізген зерттеулерден мынадай жағдайды көре аламыз. Екі қазақтың қазақша сөйлесуі орыс тілді қазақтың ашуын туғызады. Жартысынан көбін екі тілді жақсы білетіндер ашуландырады. Студенттер арасында қазақ тілінде сөйлесуден гөрі, орыс тілінде сөйлесу басым.
Этникалық халықтар арасында кеңістікті қабылдау түсінігі кездеседі. В.А.Сухарев өте қызықты зерттеу жүргізген, американдықтар мен неміс халқының қабылдау түсінігін тексерген. Мыс, американдықтар үлкен ғимараттарда есікті ашып жұмыс істеуге, әдеттенсе, неміс халқы үшін ашық есік тәртіптің жоқтығының белгісі. Сол үшін әр бөлме жақсы есікпен жабдықталуы тиіс.
Егер АҚШ-та биік үйлер шыныдан тұрғызылған, бұл барлығымыз бір істі атқарып, бірге жұмыс жүргізіп жатырмыз дегенді білдірсе, бұл немістер үшін тек түсінбестікті туғызады. Американдықтарда бір ғимаратта бірге отырған адаммен сөйлесуден бас тарту оған деген кері қ-қ білдірсе, ағылшындар үшін бұл қалыпты жағдай.
Психологияда адамдар арасындағы тактильдік қарым-қатынасты зерттеу қолға алынған (тактильді – дене арқылы түйсіну, сезіну). Бұл жағдайда әріптестік тактильді қатынасы эмоционалды жақындықты білдіреді. Тактильді қатынасқа жынысы, жасы, әлеуметтік жағдайы, қарым-қатынас кезінде ара қашықтық әсер етеді. Тактильді қатынас әр этникалық топта өзінің әртүрлі мағынасына ие. Тактильді қатынас арабтар, латынамерикандықтар, Оңтүстік Еуропа елдерінің арасында көптеп кездеседі. Латынамерикандықтардың түсінігінше әріптеске тактильді қатынас жасамау өзін салқын ұстаудың белгісі. Итальяндықтардың ойынша тактильді қатынасқа түспеу жаратпағанның белгісі. Жапондықтардың ойынша әңгімелесушіге дене арқылы түйісу бұл агрессияға ұшыраған немесе өзін-өзі басқара алмайтын адамның іс-әрекеті. Егер сіз жапондықтармен әңгімелескенде арқасынан қақсаңыз, сіз оларды ренжітіп алуыңыз мүмкін.
Қазақ халқында әйелдерге қарағанда, ерлер тактильді қатынасқа бейім. Мұсылман халықтарына тән бір-бірін құшып амандасу салты қазақ ерлерінің арасында да сақталған. Зерттеулер барысында амандасудың мұндай түрі Қазақстанда тұратын басқа ұлттарға да әсерін тигізген. Бұл жест бір-біріне деген сенім мен түсінушілікті білдіреді.
Ольфакторлық байланысқа иіскеу, яғни вербальды емес қатынас жатады. А.Алмани мен А.Алвананың зерттеуінше Таяу Шығыс елдерінде құда түсуге келген адамдар қалыңдықты иіскеуге рұқсат алады.
Ал қазақ халқында иіскеу кейде сүюдің орнына қолданылатын қатынас құралы. Олар кішкентай баланы, сүйікті әйелін, аға-інісін, сіңлі-қарындастарын иіскейді. Бұл махаббаттың белгісі.
Вербальды емес қатынас түрлері түрлі этносаралық халықтар арасында әлі де толық зерттелмеген. Қазақ халқында ертеден қонақ сыйлау, әдет-ғұрып сақталған. Әр қонақтан олар жақсы жаңалықтар күткен. Қазақ халқының тіл үйренуге деген талабы жоғары болған. Қазақстан мен Ресей елдері біріккенде орыс тілі негізгі қатынас құралына айналып, еуропа мәдениетін тануға септігін тигізген. Ы.Алтынсариннің бастауымен қазақ даласында орыс-қазақ мектептері ашылған. Алғашқы интеллигенцияның пайда болуынан бастап, қазақ халқы өз тілін ұмытып, орыс тілінде сөйлеу басталған. Бұл қазақ мектептерінің жабылуына әкеп соқтырған. Тәуелсіздік алғаннан бері бұл мәселеде шешіле бастады.
Қазіргі таңда көп ұлтты Қазақстанның халқы өзін қандай ортада болсын еркін сезіне алады. Ауған соғысының жауынгерлерінің айтуы бойынша, бұрынғы Кеңес Одағының басқа ұлттарына қарағанда Қазақстан халқы жергілікті ауған халқымен тіл табыса білген. Мұның себебін жауынгерлер өз Отанындағы көп ұлтпен араласудың нәтижесі деп түсіндіреді. Өз еліндегі көп ұлтты халықтың арасында өскен аламдар өздерін басқа елде, басқа ұлттардың арасында өздерін еркін сезінеді. Бұл Қазақстанға тән жағдай.
Ю.С.Крижанскийдің сөзімен айтқанда: «Қарым-қатынас бұл әдемілік емес, бұл басты құрал. Бұл қандай да бір іс жасамасақта алғашқы және басты нәрсе, бұл бір-бірімізді түсіну, бұл ең керекті және маңызды элемент».
Қазіргі заманғы этносаралық қатынастардың психологиясы
Ұлттық таптаурындарды зерттеудің ұзақ тарихы бар, ең алғашқы жұмыстардың бірі, американдық тарихшы және социолог В.Дю Буаның жұмыстары (1899). Батыста этностық таптаурындар көп зерттелді Әлеуметтік таптаурындар ұлттық таптаурындар негізінде зерттелді. Ең негізгісі – «стереотип» пен «нанымдар» түсініктерінің арақатынасы. Этностық нанымдарды психологиялық түсіндіру 20-ғ «фрустарция – агрессия» (Д.Доллард), авторитарлы тұлға (Т.Адорно) теориясымен байланысты. Ұлттық таптаурындар ұлттық салт-дәстүрлерде жасалады. Әлеуметтік тәжірибелерді беру формасын этностық таптаурын дейміз. Таптаурындарда адамның этнос жайлы теориялық және практикалық білімдері болады. Этнотаптаурындарды ұлттық дәстүрлермен, мифтермен, ритуалдармен, салттармен жиі ұқсастырса да, олардың психологиялық негіздерінде айырмашылық болады. Этностық сана басқа этностық топты тек тіркеп қана қоймайды, оларға эмоциялық – аффективті қатынасты көздейді. Өзінің этностық тобын қалау мәселесінде этноцентризм мәнді рөл атқарады. Бұр терминді алғаш У.Самнер кіргізген (1906). Оның пікірінше, этноцентризм интоптардың позитивті этномәдени сипаттамаларының гипертрофиясымен байланысты.
Психологиялық тұрғыдан этноцентризм топтық сана, этностық топтың тікелей тәжірибесі негізінде қалыптасады және қоғамдық болмысты бейнелейді. Интопқа (автостереотип) және ауттопқа (гетеростереотип) деген қатынасты абстракциялы түрде бөлек қараймыз, ал шынайы жағдайда олар бір-бірінен бөлінбейтін тұтастық құрайды. Ұлттық ерекшеліктерге этностық сипат, этностық сана-сезімдер, әдеттер, салт-дәстүрлер, мәдениет және этностық стереотиптер жатады.
Стереотипті сипаттамалар адамның ойлауындағы тенденцияларды көрсетеді. Адам алдымен анықтайды, содан соң көреді немесе керісінше.
Этностық таптаурындар - әлеуметтік таптаурынның бір түрі, бағыты – поляризациялы, этносаралық өзара әрекетпен детерминацияланады, болмыспен байланысты, орнықты, алайда әлеуметтік және психологиялық факторлардың әсерінен өзгереді. Этностық таптаурындар этномәдени әлеуметтену процесінің нәтижесі. Этностық әлеуметтенуде индивидте этностық топқа тән мінез-құлық, аттитюдтар, қабылдау, құндылықтар қалыптасады, ол өзіне және басқаларға сол топтың мүшесі ретінде қарайды.
Алайда, этнотаптаурындарға жеке бір индивидтердің өзгерген пікірлері жайлы зерттеулер өте жеткіліксіз. Этностық таптаурындардың қалыптасуына әр түрлі этностықтан тыс факторлар, ең алдымен этностың әлеуметтік құрылымы әсер етеді. Этностық таптаурындар ұрпақтан-ұрпаққа ауысуда тұрақты болғанымен, әр түрлі ситуациялардың әсерінен өзгере береді. Этностық таптаурындардың жұмыс жасау механизмдерін білу этносаралық қатынастардағы мәселелерді реттеуде өзіндік рөл атқарады. Онтенезде этностық сана-сезімдерді және оның компоненті – этностық таптаурындарды қалыптастыру әлеуметтенумен, аккультурациямен байланысты.
Этностық стереотиптің когнитивті (мазмұны) және аффективті (нанымдар) деп аталатын екі жағы бар. Ішкі бағдарлану стереотиптің когнитивті элементіне мазмұн береді, бағыттылық оның интенсивтілігін анықтайды. Адамда алдымен ішкі бағдарлану қалыптасады, содан кейін ол ішкі бағдарлануға сәйкес мазмұнда стереотиптің толықтырылатыны жайлы пікірлер эксперименттік зерттеулерде дәлелденді.
Этностық сана – сезімдердегі этномәдени феномендердің репрезентациясы, әлеуметтік – психологиялық құрылуларда ішкі орнықтылықты қамтамасыз ете отырып, этностық бірліктің, әлеуметтік мінез-құлықтың реттеуші негізгі механизмдеріне айналады. Этносаралық өзара әрекетте этностық таптаурынның когнитивті мазмұны дамиды, эмоциялық компоненті өзгереді, этностық топ позитивті өркендейді. Этностық түсініктер адамды этностық топтың мұшесі деп қана қабылдамайды, әрі этностың қоғамдық санасында қалыптасқан тұрмысын, мәдениетін, салт-дәстүрлерін де қабылдайды. Этностық тұсініктердің негізінде, этносаралық қатынастардың тарихи практикасында қалыптасқан орнықтылық, этнос топ мүшелерінің қабылдауы мен мінез-құлқын реттейтін этностық таптаурындар қалыптасады.
Этностық стереотип қандай-да бір адамның тұлға туралы көзқарасының қалыптасу кезінде туады. Кез келген адамның қатынас тәжірибесі этносымен, қоғамдағы қай топқа жататындығымен, жынысымен, жас ерекшелігімен, кәсібімен түсіндіріледі.
Жалпы зерттеулерге сүйене отырып, мынандай түйін жасаған жөн: этникалық стереотиптер әлеуметтік стереотиптердің ең жиі кездесетін түріне жатады, олар әлдебір этникалық топтар бейнесінің қалыптасу үрдісіне де ықпал етеді. Сондай-ақ, этностереотиптер кез келген адамның әлденені ұғынуына да керемет ықпалы болады. Өзге қоғамның бейнесін анықтайтын детерминант: объектілердің ұлттық ерекшеліктерінен бастап, топаралық өзара әрекетке дейін, бүгінгі күннің себебінен бастап, мәдени-тарихи тәртіптің латенттік факторларына дейін, жеке тәжірибеден бастап, көпшілік сананың көзқарасына дейін болады.
Этностық сәйкестілік және оның транформациялық мәселесі
Қазіргі ұлттық көңі-күйде өз «тамырларына» қызығумен байланысты психологиялық өзгерістер жүруде. Этнос ұғымы мәдениетпен байланысты зерттеледі, этнопсихология термині әлемдік ғылымда әлі қабылданған жоқ, «халықтар психологиясы», «психологиялық антропология», «салыстырмалы-мәдени (кросс) психология» деп айтылады.
Қазіргі этностың дәстүрлі мәдениетін зерттеу – маңызды сұрақтардың бірі. Басқа елден алғашқы келген зерттеушілер экзотикалық мәдениет деп суреттеме қалдырған. Еуропалық білім алған алғашқы қазақтардың жұмыстарында өзінің туған мәдениетіне деген «іштей көзқарас» тұрғысындағы мәнді мәліметтерді көреміз (Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, Х.Қостанаев, И.Ибраимова және т.б). қазақтардың дәстүрлі өмірі, тұрмысы, мәдениеті жайлы құнды пікірлерді неміс этнографы Рихард Карутц, француз этнографы Жозеф Кастанье жұмыстарынан табамыз, олар қазақтардың мәдениетіне, әсіресе шамандыққа қатты назар аударған. Көшпенді өмірлік салт тән қазақ этносы күрделі дамыған ішкі этностық құрылымға ие.Әр халықтың өзіне тән этномәдени ерекшеліктері, мазмұнды халық творчествасы, дәстүрлерді сақтау тенденциясы болады.
Психологиялық антропология, психология, этнография және лингвистика ғылымдарының аясында қалыптасты. «Этнопсихология» термині антропологиялық психологиямен тең мағынада қолданады, ол М.Мидтің «антропология және этностық» деген бағдарламасында көрініс тапты. Алайда тіл мен этностық сәйкестік әлеуметтік-психологиялық аспектілері, өзара байланысы зерттелмеген. Тіл мен этностық ішкі құрлымдық және функциялық аспектіде бөлек зерттелінді. Тіл мен этностық сәйкестіктің байланысы мойындалмады.
Шетелдік әдебиеттерде «этностық сәйкестік» ұғымы индивидуалды және топтық құбылыстармен ара қатысты қолданылады. Ағылшын тілді әдебиеттерде «этностық сәйкестік» топтық сананы (нәсілдік, діни, ұлттық) белгілейтін «этностық сана-сезімдер» түсінігін ығыстырады.
Қазіргі жұмыстарда «этностық сана-сезімдер» ұғымы этностық топпен сәйкестік және топтың басқа этностық бірлестіктермен өзара әрекеті деп түсіндіріледі. Этноқұрушы факторлардың біртіндеп, күрделі өтіп жатқын трансформациясына қарамастан, дәстүрлі мәдениет ұлттық салт-дәстүрлерде, мейрамдарда жүзеге асып, сақталып келе жатыр.
Этностық сәйкетік статисттикалық құрылу емес, ол әр түрлі факторлардың әсерінен трансформацияланады. Этностық стереотиптердің ерекшеліктері этностық сәйкестіктің ерекшелігімен, оның қалыптасу дәрежесінің өзгерістерімен шарттанады. Тұлғаның ішкі құрлымын құрайтын компаненттердің бірі – этностық сана-сезімдер. Этностық сана-сезімдер өзінің психологиялық құрлымына ие, психологияның, этнопсихологияның, этнологияның, философияның, социологияның зерттеу пәні (А.Х. Гаджиев, А.Ф. Дашдамиров, Г.В. Старовойтова және басқалар). Н.М.Лебедева бұрынғы кеңестік кеңістіктегі әлеуметтік және этностық сәйкестіктің трансформацияларын этнопсихологиялық қарастырған зерттеу нәтижелерін талдады.
Индивидуалды деңгейде құндылықтар мотивтердің негізі ретінде қарастырылады. Мәдени деңгейде құндылықтар қоғамда кездесетін негізгі мәселелерді белгілейді. Кеңестік этнопсихологияда орыс зерттеушілері құндылыққа бағдарланулар жайлы зерттеулер өткізді (К.Касьянкова, 1994; Л.Почебут, 1997; В.Знаков, 1997; Н.Лебедева және Е.Павленко, 1998 және басқалар). Бұл зерттеулерді талдау, жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайлар индивидтің құндылықтарға бағдарлануының өзгеруіне әкеледі. Алайда ұрпақтан-ұрпаққа келе жатқан мотивтер мен детерминациясының бұрынғы әлеуметтік механизмдері мен тұлғаның сапалары қоғамның ең терең түпкі құрлымдарында сақталады.
Индивидте құндылықтарға бағдарлану халықтың рухани құндылықтарының бірі – халық эпостары арқылы жүзеге асады. Көптеген зерттеулерді талдау барысында (В.Вундт, Г.Вернер, Л.С.Выгодский, К.Юнг) халықтың эпостар арқылы тұлғаны творчествалық дамытудың психологиялық терең мазмұнын көруге болады. Халық эпостарын, ұлттық салт-дәстүрлерді интериоризациялау индивидтің мінез-құлқын реттейді, соның негізінде әлемге, басқа адамдарға, өзіне, халық творчествасына деген қатынасы өзгерелі.
Интелектінің, стереотиптердің және рфлексияның этнопсихологиялық ерекшеліктеріне тоқталсақ, этнопсихологиядағы ойлау жайлы жұмыстар М.Мидтің Жаңа Гвинеядағы Папуадағы манус тайпаларының балаларының ойлауын зерттеген класикалық жұмыстарынан басталады. Ең маңыздысы, манус пен ағылшын тілінің арасындағы айырмашылықты зерттеуде М.Мид, Э.Сэпир, Б.Уорфтың лингвистикалық салыстырмалық болжамына сүйенді.
Американдық антрополог және этнолингвист Б.Уорвтың адам объективті болмысты тілдік категориялардың субъективті призмасы арқылы қабылдайды деген пікірі қатты сынға ұшырығаны белгілі. (М.Мұқановтың «Б.Уофтың лингвистикалық салыстырмалық гипотезасы және этнопсихология» деген еңбегінде де айтылған). М.Мұқанов Бенжамен Ли Уорфтың лингвистикалық салыстырмалық гипотезасын талдай отырып, этнопсихологияның пәні тек ұлттық сипат қана емес деді.
Ш.Уәлиханов көрсеткендей, бір ғана ой әр түрлі тілде түрлі лексикалық және грамматикалық құралдармен айтылады Б.Уофтың гипотезасы бойынша, тіл ойлауды, қабылдауды, көзқарастарды анықтайды, тіл – ұлтқа, ал ойлау жалпы адамзатқа тән. Тілдің ойлауға қатынасын анықтауда ойлаудың функционалды және символикалық жоспарын анықтау керек. Психологиялық мәліметтерге сүйенсек, ойлау процесс ретінде белгілі бір өлшемде тілмен байланысты емес. Психологиялық зерттеулер интеллект пен тіл семантикасын дифференциялауға көмектеседі.
Творчествалық іс-әрекеттің интеллект компаненті жайлы өте ертеде де айтылған. Этнопсихология перцептивті процестермен қатар интеллект сапаларын өлшеу мәселесін де қарастырады. А. Бине және Т. Симон баланың мектепке дайындығын өлшеу үшін интеллект тестісін жасады. АҚШ-та әр түрлі мәдениетке жататын адамдарды тесттен өткізу тек ғылыми ғана емес, саяси сипатқа да ие болды. 1913 жылы АҚШ-қа келген венгрлерді, итальяндықтарды, еврейлерді тесттен өткізіп, олардың ақыл-ойы артта қалған деді. Олар үшін тілі, мәдениеті өзгеше болды. Қазір IQ интеллект коэффициентіндегі мәдениетаралық айырмашылықты этнопсихология былай түсіндіреді: біріншіден, әр түрлі мәдениетте интеллект және интеллекті адам деген түсінік әрқалай.
Жарты ғасырдан астам уақыт бойы интеллект диагностикасы тек индивидтер ғана емес, бүкіл нәсілдердің интеллектік айырмашылықтарын зерттеді. Алайда бұл үлкен қателік, яғни интеллектілік айырмашылықтарды ақыл-ой дамуының деңгейіне көтеру интеллект туа берілетін жалпы қабілет деп қарастырумен байланысты болды. Сонымен А. Р. Лурияның «артта қалған халықтар» деген пікірі «дамушы» халықтардың психология мәселесі дегенмен ауыстырылды. Шынында да, А. Р. Лурияның 1931-1932 жылдары Өзбекстанның алыс аудандарында жүргізген эксперименттік зерттеулерінен кейін көптеген жылдар өтсе де, кеңестік психология сол кездердің лабораториялық зерттеулеріне қайта оралды, жарты ғасырдан кейін Эстонияда А. Р. Лурияның шәкірті П. Тульвистенің «Вербальді ойлаудың мәдени-тарихи дамуы» деген монографиясы (Таллин, 1988) шықты. Бұл зерттеу әр түрлі этностық тпотардың психологиясы бірдей деген мифке қауіп төндірді. Бұл еңбек «этностық психологиясыз» деген идеологияға соққы болды.
П. Тульвистеннің зерттеулері сол кезде үнсіз қалды. 20 ғасырда аяқтай отырып, Л.С.Выготскийдің мәдени-тарихи концепциясының метедологиялық негізінде дамыған жаңа зерттеулер пайда болды.
Американдық психометристердің қателігі, олар зерттеу бағдарламасын вербальді тапсырмаларға дейін немесе басқа тесттерді алыстатумен оның мәнін тарылтып жіберді. Ал шындығында, міндет басқаша қойылуы керек, этностың өзіндік ерекшеліктерімен қатар танымдық процестердің бірлігін де ескеру керек. Көптеген зерттеулер барысында танымдық процестер, атап айтқанда, ойлау іс-әрекеті және түсіну этностың практикалық тәжірибесімен, тіршілік әрекетімен, этносаралық байланыстармен,біріккен ойлау іс-әрекетімен тығыз байланысты.
Қазақстандағы психология ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан белгілі ғалым ұстаз М. М. Мұқановтың зерттеулерінің негізі, ақыл-ой мәселелерін тарихи-этностық аспектіде қарастырған деген еңбегінде тайпа адамдарында ақыл-ойы таяз болады деген шетелдік зерттеулердің дұрыс еместігін көрсетіп, барлық халықтардың ақыл-ойы біркелкі, бір-бірінен артықшылығы, кемдігі жоқ екенін ғылыми зерттеулермен дәлелдеді.
Атап айтқанда, адамның ақыл-ойын зерттеу тарихына байланысты антрополог Л. Леви-Брюль (1857-1939) зерттеулерін сынап, соған байланысты шаман діні жайындағы Ш. Уәлихановтың зерттеулерін талдайды. Леви Брюльдің адам ақылын орта билейді, қоғамдық орта қандай болса, интеллектісі де сондай болады деген пікірлерін жақтаған біраз ғалымдар Орта Азияға (Өзбекстан) экспедиция ұйымдастырып, зерттеу жүргізгені белгілі. Сананы орта билейді деген түсінік интеллектіге байланысты айтылмауы керек. Адам интеллектісі қоршаған ортаға байланысты десек, онда тұрмыстық жағдай қандай болса, интеллект, ой өрісі де солай болады деген пікір туындайды. Негізгі қателік – сана ұғымын интеллект ұғымымен шатыстыру. Осының өзі Леви Брюль теориясының басты кемшілігін көрсетеді. А. Лурия жүргізген зерттеу барысы негізінен дұрыс болғанымен, одан шығатын қорытындыларға толығымен келісуге болмайды. (М. М. Мұқанов).
Ш. Уәлиханов халық ауыз әдебиеті ерекшеліктерін «ұлт» ұғымының бір белгісі деп қарастырды. Ауыз әдебиетінің творчествасының бір түрі – мақалдар ойлау актісінде интеллект іс-әрекетінің логикалық компонент функциясын орындайды, тыңдаушы мақалды қабылдаса, онда ол талдау мен бағалаудың пәні болады. Қазақтардың қарым-қатынасында мақалдарды кең қолдану жағдайы метофорлық ойлау деп айтуға болады (М. М. Мұқанов). Мұнда мақалдардың тек логикалық компонент функцисян ғана емес, мақалдан туындайтын ойдың нақтылығын, бейнелілігін де айту керек. Мақалдар ойлау әрекетінің өтуіне әсер ете отырып, таңдау мен шешім қабылдау жайлы белгілі бір білімдерді ұйғарады. Қазақ мақалдары, сондай-ақ басқа мәдениеттерде де орнықты сипатқа ие және стереотипті шығарылады. Адам оны меңгереді, бірақ өзгерте алмайды, себебі оларды қолдануға дағдылынып кеткен.
М. Ғабдулиннің пікірінше, мақалдар қанатты сөздер ретінде ақындардың ауызша сөз сайыстарында қолданылған, яғни нақты авторлары болған, алайда ол авторлар соның салдарынан ұмытылып, халық мақалдарды тәуелсіз пікір, ойын жеткізу құралына айналып кеткен. Бізге ең маңыздысы мақалдар, адам басқаға әсер етеді, олардың біріккен іс-әрекеттерінің координациясы үшін туындайды. Мақалдар орындау функциясы бойынша логикалық ойлаумен байланысты болса, айтыс өнері ойлаудың заңдылықтарын психологиялық тұрғыдан түсінуге мүмкіндік береді.
Интеллект мәселесінің этнопсихологиялық аспектісін талдауда рефлексия мен этностық стереотиптерді қарастырмау мүмкін емес. Рефлексия ұғымының анықтамасын қарасақ, ол териялық іс-әрекеттің формасы дейді А. Б. Огурцов. Ендеше ол тек теориялық әректте ғана көрінеді, ал дәстүрлі мәдениетте кездеспейді деген ұғымға әкеледі. Ол теориялық іс-әрекет терминін түсінуге байланысты.
Адамдар не теориялық, не практикалық қана ойлайтын адамдар деп бөлінбейді ғой. Мұнда С. Л. Рубинштейннің пікіріне негізделеміз, яғни теориялық іс-әрекет практикалық іс-әрекеттен өндіріледі. Адамның өмір сүруінің екі тәсілі бар, бірі – тікелей байланыстардан шықпау (әкесі, шешесі т.б), екіншісі рефлексияның туындауымен байланысты, бұрынғы процесті тоқтатып, үзіп, ойша оның шегінен шығу. Рефлексияны былайша түсіндіру реалды өмірден алынады (жеке адамның өнегелі қалыптасуы). Және ол рефлексияның сипатын архаистік (көне) ақыл контексінде қарастыруға итермелейді. «Тікелейліктің шегінен шығу мәселесін ғылыми ұғымдарға өту деп тар мағынада түсінбей, кең мағынада өмірді өзгерту нәтижесі деп түсіну керек. Міне, осы жағдай архаистік (көне) мәдениет өкілдерінде рефлексияны эксперименттік зерттеуге әкелді».
Ұлттық стереотиптерді зерттеудің ұзақ тарихы бар, ең алғашқы жұмыстардың бірі, американдық тарихшы және социолог В. Дю Буанын жұмыстары (1899). Батыста этностық стереотиптер көп зерттелді. Әлеуметтік стереотиптер ұлттық стереотиптер негізінде зерттелді. Ең негізгісі – «стереотип» пен «нанымдар» түсініктерінің ара қатынасы. Этностық нанымдарды психологиялық сөйлеу 20 ғасырдағы «фрустрация-агрессия» (Д. Доллард), авториторлы тұлға (Т. Адорно) теориясымен байланысты. Бұл зерттеулерде социомәдени факторлар ескерілмеді, этностық нанымдар облысындағы когнитивті бағыт оларды қатты сынады. Шетелде «стереотип» пен «нанымдар» түсінігін ұқсастырады, синонимдер ретінде интерпритациялайды.
Ұлттық стереотиптер ұлттық салт-дәстүрлерде жасалады. Әлеуметтік тәжірибелерді беру формасын этностық стереотип дейміз. Стереотиптерде адамның этнос жайлы теориялық және практикалық білімдері болады. Этнос стереотиптерді ұлттық дәстүрлермен, мифтермен, ритуалдармен, салттармен жиі ұқсастырса да, олардың психологиялық негіздерінде айырмашылық болады. Этностық сана бөтен этностық топты тек тіркеп ғана қоймайды, оларға эмоциялық-аффективті қатынасты көздейді. Өзінің этностық тобын қалау мәселесінде этноцентризм мәнді рөль атқарады. Бұл терминді алғаш У. Самнер кіргізген (1906). Оның пікірінше, этноцентризм интоптардың позитивті этномәдени сипаттамаларының гипертрофиясымен байланысты.
Г. У. Кцоева этностық санаөсезімдерді әлеуметтік топтардың этномәдени болмысқа белгілі бір қатынасы, әлемді қабылдаудың ерекше тәсілі ретінде қарастырады. Этномәдени бағыттағы зерттеулер позитивті этностық және мәдени идентификацияның қалыптасуының психологиялық механизмдерін анықтайды. Этномәдениетті түсінуге деген алғашқы ықпал социосфера парадигмасында этностық процестерді зерттеумен байланысты. Ол парадигма этностық әлеуметтік құбылыс қоғамның даму заңдарына бағынады деген алғышартты негіздейді.
3. Этносаралық конфликттердің психологиясы
Ресей-Америка социологы П.Сорокинаның санауы бойынша 24ғ. ішінде бір жылы кикілжің, соғыс революция болып келеді. ХХғ. Кикілжіңі 300 млн. адамның қаза болуына себепкер болды.
Қазіргі таңда этностық кикілжіңдердің проблемасымен айналысатын 11 ғылым бар. Сол ғылымдардың ішінде лидерлері, психология, әлеуметтану, саясаттану ғылымдары болып табылады.
А.Я.Анцупов этностық кикілжіңді әлеуметтік топ арасындағы әртүрлі этностық кикілжің деп суреттеген. Ал Стефаненко бойынша этностық кикілжің топ арасындағы кез-келген бәсекелестік болып табылады.
Этностық кикілжіңдерді зерттеу нәтижесінде олардың бірнеше аспектілері анықталды.
- Этнопсихологиялық аспект. Кикілжің жағдайда ұлттық қызығушылықтарды қорғау нәтижесінде көрінеді.
- Әлеуметтік-мәдениетті аспектісі. Бұл аспект әлеуметтік-мәдениетті бірегейлік ретінде этностық дезинтеграциясына қауіп төнген жағдайда көрінеді.
- Әлеуметтік-экономикалық теңсіздікті немесе шағын топтың экономикалық қызығушылығы.
- Саясатты аспект. Шағын дәрежеде автономияда үлкен саясатты билікке қол жеткізетін жаңа саясатты лидерлердің пайда болуы мен сипатталады.
Осыған байланысты этностық кикілжің дереу аяқ астынан пайда болмайды, олардың ұзақ уақыт бойы туындайтынын айтуға болады. Осыған мысал ретінде 1986 ж. «Желтоқсан оқиғасын» алуға болады. Жастарды қарсы шығуға интермелеген әлеуметті-экономикалық себеп – бұл ауылдан шыққан жастар өздерінің әлеуметті-экономикалық құқықтарының жойылғандығын сезінді. Бұл ережеге сай студенттер және жас жұмыскерлер 10-15 жас завод, фабрикаларда істеген болатын.
Осылайша этностық кикілжіңдердің негізгі себептері болған жағдайда қанағатсыздану, билік басындағыларға деген сенімнің жоғалуы т.б.
Кикілжіңнің себептерін анықтайтын психологиялық концепциялар.
- Топ арасындағы кикілжің адамның мінез-құлқының әсіресе агрессивті болып келетін мінез-құлық болып табылады. В.Макдугалл агрессивтілік бұл қоздырудың әсерінен туындамайды, бұл адам ағзасында болатын күш деп айтқан. З.Фрейд және К.Лоренц адамдардың агрессивті мінез-құлқының себебі биологиялық әсерден туындайды деп айтқан.
- Фрустрация-агрессия. Н.Миллер, Д.Доллард, Л.Берковица пікірлері бойынша агрессивті мінез-құлық адам немесе топ фрустрацияға ұшыраған кезде туындайды.
- Авторитарлы тұлға Т.Адорна пікірінше басқа топтарға деген қарым-қатынас отбасында қалыптасқан эмоционалды қарым-қатынаспен анықталады. Егер бала тәртібі қатал отбасында тәрбиеленген болса, онда ол агрессияның бір бөлігін адам өзін теңестірмейтіндерге шығарады.
- Реалды кикілжің теориясы. М.Шериф пікірі бойынша топ арасындағы кикілжіңдер, топ арасындағы қызығушылықтардың сай келмеуінен нәтижесі б.т.
- Әлеуметтік бірегейлік теориясы А.Тешфел топ арасындағы дұшпандықтың пайда болу үшін бір-біріне сай келмейтін қызығушылықтар мен мақсаттар болу міндет емес, кейде ол үшін өзінің топқа деген қажетінің бар болуын сезінуде жеткілікті.
Кикілжіңді шешетін 5 әдіс.
- геттоизация бұл адам өзгелердің мәдениетінен қашып өз мәдениетін құру кезінде жүзеге асады.
- ассимиляция индивид өз мәдениетінен мүлдем бас тартып өзге біреудің мәдениетін меңгеру.
- аралық-мәдени айырбас және бірігіп әрекет етуден тұрады.
- бөлшекті ассимиляция – индивид басқа мәдениет пайдасы үшін өз мәдениетін қияды.
Осылайша этникалық кикілжіңдерді болдырмау үшін, халық проблемаларын шешу үшін мемлекет тарапынан арнайы жоспарлар құрылуы тиіс.
Жарияланған-2016-01-11 13:24:27 Қаралды-22171
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану