Тақырыбы: Әр түрлі дәуірінде кезендерде халықтық киім мәдениетті
Антикалық костюм
Ежелгі грек костюмі
Мемлекетке жалпы сипаттама
Балқан түбегінің оңтүстік бөлігінде адамзаттық өркениеттің бір тамаша дәуірі – көне Грекия мәдениеті дүниеден өтті. Итальяндықтар Ежелгі мәдениет ретінде грек-рим мәдениетін атаған. Мұнда Антика (халқының antiguus – ежелгі деген сөзінен шыққан) дүниесінің тарихын мынадай кезеңдерге бөлу дәстүрге айналды:
- Ежелгі кезең – эгейлік мәдениет: б.э.д. 3 мың жылдықтан ХІ ғасырға дейін.
- Гомерлік және архаикалық кезең: б.э.д. ҮІІ-ҮІ ғ.ғ.
- Архаикалық кезең: б.э.д. ҮІІ-ҮІ ғ.ғ.
- Классикалық кезең: б.э.д. Ү-ІҮ ғ.ғ.
- Элиндік кезең: б.э.д. ІҮ ғасыр 1/3 І ғасырға дейін.
Сол сияқты Италия тайпаларының даму кезеңі:
- Этрус мәдениеті – б.э.д. ҮІІІ-ІІ ғ.ғ.;
- Ежелгі Римнің патшалық дәуірі – б.э.д. ҮІІІ-ҮІ ғ.ғ.;
- Ежелгі Римнің Республикалық дәуірі – б.э.д. Ү-І ғ.ғ.;
- Ежелгі Римнің Императорлық дәуірінің І-Ү ғ.ғ.
Грекияның табиғаты жылы, жұмсақ климатты, егістік пен жайылымға қолайлы, жері жазықты. Пайдалы кен қазбаларына бай ежелгі гректер мал, егін шаруашылығымен шұғылданды. Сонымен қатар, грек қолөнерінің сұлулық туралы түсініктері басқа да өнерлері сияқты көп жерде әлі күнге дейін үлгі болып отыр.
Гректер көптеген елдермен сауда-саттық жасап, Қара теңіз жағалауында үлкен колонналар салды.
Б.э.д. Ү ғасырда мәдениеттің гүлденген кезеңі «алтын ғасыр» деп аталды, оған себеп грек-персия соғысының гректер үшін жемісті болуы. Осы кезеңде Афинада үлкен құрылыс жұмыстары жүргізіліп, жаңа храмдар, стадиондар, гимназиялар, булевтерилер салынды. Сонымен қатар, әдебиет пен бейнелеу өнері де өркендей түсті. Атап айтсақ, әйгілі мүсіншілер Мирон, Поликет үлкен архитектуралық ансамбльдер құрастырса, Эсхил, Софокл Еврипид трагедиясын жазды. Гретер күшті әрі әдемі сұңғақ бойлы адамды – «колос агатос» - деді. Грек костюмі қарапайым пішімдегі архайка кезеңіндегі киімнен күрделі де әсем формалы еді. Эллинизм киімдері әсерлі болды. Шаршаулар грек костюмінің антикалық негізі болып саналды. Ол архитектурадағы антикалық храмның колоннасы ретінде жасалынды. Киім тігуде негізінен жүн маталарын пайдаланды. Мата тоқу жұмыстарымен үйдегі құлдар, сонымен қатар бай әйелдер айналысты. Гректер жүн өңдеумен қатар кенеп талшықтарынан мата тоқып шығарды. Ал жібек және мақта маталарын Шығыс елдеріне алдырды.
Гректер мата шетіне қарапайым оюлар салды, кейде бір түсті матаға аппликация тікті. Грек ою-өрнектерінің ішінде ең көп тараған – «пальмета», «моншақ», «меандр», «толқын», «ионик» т.б. өрнек композициясы кеңінен қолданылды. Бұл ою-өрнектер халықтың тұрмыс жағдайына, қоршаған ортаға байланысты пайда болды. Мысалы, теңіздің толқындары ритімді қайталанып отырған бітпес оюларға ұласып отырса, теңіздің иірілімді жағалаулары – күрделі меандр өрнектері, пальма ағашының қабығына ұқсатып палмета ою-өрнектері жасалды. Киім түсіне қарай гректер ақ түсті сән үшін пайдаланды, ал шетіне ашық кеңінен пайдаланды. Көбіне матаны сары мен сарғыш реңкті түстерге, көк, қызыл, ашық-жасыл, қызғыш күлгін түстерге бояды. Қызғыш түсті бояуды (пурпур) теңіз молюскаларынан алды, сондықтан мұндай түсті маталар өте қымбат болды.
Ерлер костюмі
Ерлер киімі негізінен екі бөлектен тұрды, олар – хитон, гиматия.
Хитон – іш киім, сондықтан ерлер бұл киімнен сыртқа шықпайтын.
Хитонды тұтас жүн, шұға маталарынан жасады. Матаны екіге бүктеп, жоғарғы иық жағын қаусырма – фибуламен (сәнді түйреуішпен) біріктіріп, киімді шаршаулап, сәндеп киді. Кейде хитонның сол матадан шығарылған жеңі болды. Оның ұзындығы түрліше дайындалды. Мысалы, жастар мен балықшылр, құлдарқұлдар қысқа – экзомий киімін киді. Ол мықыннан сәл ғана бекітіліп тұрды, ол қолдың қимыл-қозғалысына кедергі жасамады, сондықтан оны әскери адамдар мен түрлі кәсіп иелері, құлдар киді. Ал жасы үлкен кісілердің хитоны ұзын болды.
Гректердің сырт киімдерінің бірі гиматий – сулығы. Ол тік бұрышты жүн матадан (өлшемі 1,7х4 м ) әзірленіп, адам денесін түрлі шаршаулармен қымтап орады.
Бұл киімді орау үшін алғаш гиматиді денеге орап шығып, матаны сол иықтан белге дейін түсіріп, өңір тұсында дөңгелектей шаршаулап сол иықтан жота бөлігіне қарай жіберіп иық пен сол қолды жауып тұратындай етіп жасады.
Жастар оваль, тік бұрышты силуэті – хламис киімдерін киді. Ол бір иықты жауып, екінші иық үстінде фмбула тоғасымен бекітілді.
Аяқ киімі ретінде гректер сандал-иподомати, крепида, етік ретінде эндромина киді. Кедей кісілер теріден тігілген жұмсақ туфли-постоланы киді.
Гректер ақ түсті қысқа шашты өте сәнді деп санады. Сән-салтанатқа арналған шаш түрі – цикада деп аталды. Шаштарын көбіне бұйралап жүрді.
Бас киімі тек суықтарда қолданылды олар – петас, кюнэ, пилей. Бұл бас киімдерді киізден, сабаннан, матадан жасады.
Әскери адамдар қысқа хитон және оның сыртынан денеге қынамалы-торакс киімін киді.
Әйелдер киімі
Грек әйелдері ер кісілердің эстетикалық принциптеріне бағынды. Бірақ әйелдердің киімі жабық әрі ұзын пішімде болды. Әйел киімдері пішілмеген. Олар тұтас матаны екіге бүктеп иық тұсында шаршаулау арқылы әщекейлеп киді. Хитон ішкі киім болып саналатын. Ол жүннен тоқылған және бөзден тоқылған маталардан тоқылды. Көбіне, хитон сары, қызыл түсті болып бір иық тұсында фибулалармен бекітілетін. Кең хитонды – дөрекілік, ал тар хитонды көпшілік киімі ретінде саналған.
Әйел хитонының жоғарғы жағында қысқа кофта ретінде жеңсіз алды ашылатын қысқа көйлек киген.
Кейбір кездерде хитоннның бел жағында кеңейтілген жері – колпос болған, яғни ұзын хитонды белінен байлап, хитонды жоғары тартып көтеріп қойған. Әдетте қыздар белбеуді белінен, ал әйелдер көкірек тұсынан байлайтын болған.
Әйелдер колпостпен дипладияны бірге киген. Хитонға өрнекті жиектер тігіп, әшекейлеген. Кейде бүкіл хитон матасына ою - өрнек салынатын болған. Әдемі көріну үшін грек әйелдері көкірегін арнайы мата – страфонмен байлаған.
Қаншалықты хитонды әсемдегенімен ол үй киімі ретінде пайдаланылды.
Сырт киім пеплос формасы бүрмеленгенімен хитонға ұқсас еді. Бірақ хитонмен салыстырғанда бүрме санымен және ұзындығымен ерекшеленеді. Пеплосқа 1,5м ені және 3-4м ұзындықтағы мата кететін болған. Пеплос – ақ түсті және басқа түрлі – түсті матадан дайындалды. Көбінесе ашық сары мен қоңыр түстегі пеплостар да киілді. Ең қымбат сәнді пеплос көк, күлгін түске боялатын. Пеплос бүрмелі болып, сәнді көріну үшін етегіне қорғасын тігілген.
Хитон мен пеплос үстіне төрт бұрышты сулық киілді. Әйел сулығының пішімі кіші болғанымен ою - өрнектер көбірек қолданылды. Костюмде әр түрлі – түсті араластырып кию ерекше сәнді деп саналды. Ауа райы бұзылғанда сулықты басқа жамыла салатын, өйткені әйелдер арнайы бас киім кимеген. Пеплостың үстінен мөлдір матадан калитра шарф таққан.
Аяқ киім ретінде сандаль және туфли, суық кезде қысқа етік киген. Әйелдер етігі бұзау терісінен тігіліп, ашық және алтын түстерге боялған, оны темір және басқа металдармен көркемдеген. Немесе аяқ киім үстін кестелермен әшекейлеген. Көбінесе аяқ киімді өкшесіз киген.
Грек әйелінің бейнесін әсем шаш үлгісін толықтырады. Олар ұзын шашты қалады. Гомер гректері әйелдің шашы «алтын түсті» болғанын сұлу деп есептеп, оған әртүрлі форма беріп отырған. Грецияда шаш қою сәнінің бірнеше түрі болған. Оның «классикалық түрі» - грек түйіні – ‘каримбос. Бұл үлгіде ұзын шаш артқа қарай таралып түйілген, шашты бұйралап, маңдайға төмен түсіріп тараған. өйткені сол кездегі түсінік бойынша қысқа маңдай әдемілік белгісі ретінде саналған. Қас пен шаш арасы екі елі болған деп санады. Әрі қарай шаш бетке жақындатылып,артқа таралып, шүйдеге түйілген түйінді шпилька түйрегішпен, әртүрлі ленталармен бекіткен. Кей кездерде шашты алтын жіппен тоқылған тормен түйген. Оны «ете - фону» деп аталған және ол тәжге ұқсатылып істелінген. Грек әйелінің бейнесін, бетті әрлейтін заттарсыз көзге елестету қиын. Дене бітімі әдемі әйел қолына қалайыдан айна ұстап, бетін қызартыңқырап, ернін, қасын, қабағын, кірпігін бояп, иіс су жаққан. Иіс суды арнайы керамикалық флаконда сақтаған. Грек әйелдері қолшатырды күн сәулесінен қорғану үшін қолданған. Олар әртүрлі болды. Бірақ оның жиі қолданатыны төрт бұрышты болған. Грек костюмін зергерлік бұйымдар толықтырады: алтын сырға, алқа, диадема тәж, моншақ, сақина жүзік, білезік.
Әсіресе жылан сияқты иірілген білезік көбірек тағылды т.б. Білезікті білекке, балтырдан төмен тұста таққан.
Қаншама зергерлік бұйымдармен көркемделсе де грек костюмі қарапайымдылықты сақтады.
Құлдар әртүрлі киімдер киді. Оның ұлттық ерекшеліктерін білдіретін сәндік белгілері болған, көбінесе ірі тоқылған қарапайым матаны тікелей иығында біріктіре салатын. Әдетте қожайын құлға бұл киімді жылына екі рет беріп отырған.
Грек елінің саяси жағдайы басқа елдерге қарағанда ерекше еді. Оның негізі – демократия және құлдық құрылым.
Грек мәдениеті мен өнері реалистік тұрғыда құрылды. Адамның жеке басының әсемдігі мен оның құндылығы жоғары бағаланды. Өнер тілінен түсініктілік пен қарапайымдылық талап етілді. Күнделікті өмірді шынайы бейнелеу грек өнерін кейінгі батыс өнеріне үлгі етті. Грек тұрмысы қоғамдық негізде болды. Жиналыстар өлең, би, спорт ойындарымен жалғасып отыратын. Бұл екінші жағынан адамдардың көңіл – күйі мен мүмкіншіліктерін мемлекеттік тексеруден өткізу деп саналатын. Бұл гректердің тұрмыстық және өнердегі эстетикалық көз қарасында және олардың киімінде де береді. Бүгінгі күнге дейін грек өнері әсемдік жағынан идеал ретінде үлгі болып отыр. Алғаш рет адамзат тарихында әсемдік негізде ішкі жан дүние мен тұлға әсемдігінің гармониясы саналды. Отан сүйгіштік пен жоғары азаматтық сезім дамыған әрі терең ақыл – ой мен дене бітімінің сұлулығы, тұлға пропорциясы ақындар мен суретшілердің жасаған образдары қатты таңдаңдырады.
Азамат – атлет идеалын грек суретшісі «днифор» қалайы мүсінінде көрсеткен. Поликпен бұл өнерінен басқа «канон» атты теориялық трактат жазып, онда адамның дене бітімі жайлы көз қарасын білдіреді. Өлшеу мөлшері ретінде адам денесінің жеке бөліктері негізге алынады. Адамның 1/7 бөлігін бас, бет, қол 1/10, өкше 1/6 бөліктерін алды. Қаншалықты грек қоғамында әйел құқықсыз болғанымен, әйелдер образдарына өнерде де ерекше көңіл бөлінді, олар жан – жақты дамыған, денсаулығы мықты, толыққанды жетілген адам образдарын бейнелейді.
Грек костюм үлгілері бізге өнерге өлмейтін көп ғасырлар бойы жер қойнауында жатып, аман жеткен үлгілері арқылы келді. Грек костюмі жайында ақпаратты біз ыдыстарға, шіркеулер мен храмдар қабырғаларына салынған суреттерінен көреміз. Жоғарыда айтқандай, грек өнері өзінен кейінгі дамыған елдердің, әсіресе, Батыс елдерінің өнеріне тікелей үлгі болып, ол өнердің жан – жақты дамуына, оның қайталанбас үпгілерінің шығуына әсер беріп, өнер тарихына және жалпы тарихта өшпес із қалдырды.
Көне дәуірде гректер киіміне азиялықтардың ықпалы өте зор әсер еткен. Крит арлында қазба жұмыстарын жүргізгенде, домикен дәуіріндегі грек киімдері египеттіктерді еске түсірген. Сол кездегі әйелдер кеудесінен төмен ұзын матаны карсет ретінде қатты қынап ораған, беліне көптеген қатпары бар белшалғы болған. Киіннен гректердің эстетикалық сезімінің дамуына байланысты, олардың костюмдері де өзгерді. Эллиндер өздерінің «құдайларын» өте идеалды, дұрыс дене құрылысы ретінде елестетеді. Киімдегі қатпарлар арқылы эллиндер адамның сұлу мүсінін айқындап көрсеткісі келді, не кемістігін жауып отырды.
Алғашқы уақытта грек киімі тігілмейтін еді. Олар матаны өзінің қалауы бойынша бір – біріне түйрегішті, доғалар арқылы бүрмелеп, түйреп біріктірген. Оңтүстік Италиядағы Гректердің колонистерінің арқасында эллиндіктердің киімдері Аппенин түбегіне дейін жетті. Эллиндердің киімдері мен Итальяндық этрускалардың киімдерінің қосылу нәтижесінде Римдік костюм пайда болды.
Этрустар мен Римдіктер
Этрустар Италияның өте көне тұрғындары болды. Бізге көптеген шығармашылығын қалдырған Racinet [ Le consume historique ] еңбегінде этрус халқы азиаттықтардан шыққан дейді. Ал өздері Лидии тегіміз деп есептейді.
Этрустардың мәдениеті мен өнері грек жәнне эллиндердің өнері өнері мен мәдениетіне ықпалын тигізді. Этрустардың және Италияның көне тұрғындарының киімдері жейде сияқты кафтоннан және сулықтардан тұрды. Этрустар италияндықтарға қарағанда жеңіл де бай киінді. Ер кісілері гректер киген киімді киді, ал әйелдер киімі кіші азиялық киімдерін еске түсіреді. Этрустар гректерге қарағанда киімдеріне тігіс түсірген. Әйелдері жүн матаның жеңіл түрінен, ал еркектер ауырлау түрінен киген. Кейінгі уақытта этрустар киімдері өте бай, қымбат маталардан тігіле бастады. Олар жұқа биязы және нәзік өрнектермен кестеленді. Ммұндай маталарды сол кездегі Туска қаласында дайындады. Осындай киімдерді римдіктер де киді. Әйелдер кеуде жағы жіңішке, етегі кең, ұзын келген, қысқа жеңді, өте бай жиектелген жейделер киді. Жейденің үстіңгі жағынан бір жағы тікбұрыш немесе дөңгелек болып келген сулық киген, мұндай сулықты грек еркектері де киді. Сулық иығы мен басын орап денесінің бәрін жауып тұрған. Бұл сулықты әр түрлі формада бүрмелеп қатпарлаған. Грек бишілері өте нәзік, жұқа сулықтарды пайдаланды. Қарапайым әйелдер алдына алжапқыштар байлады. Әйел бас киімдерінің формасы әр түрлі пішімде болды. Мысалы, бірінің ұшы үшкір биік болса, ал екіншісі басқа жабысып тұратын құлақ және желке тұсында жапқышы болған, оны лента арқылы байлаған. Аяғына сандал және аласа башмактар киген. Бүгінгі күнге дейін этрустардың көптеген металдан жасалған сәнді бұйымдары сақталған. Ер кісілері де әйелдер сияқты алтыннан жасалған алқалар тақты. Римдіктер этрустардың әшекей бұйымдарын пайдаланған. Этрустардың әскери киімдері кіші азияттықтардың киімдеріне ұқсас болған.
Аз уақыт аралығында римдіктер өз елін үлкен державаға айналдырып, көптеген елді басқарды. Ал республие\ка кезеңінде Рим Грецияны басып алды. Сол уақыттан бері Рим сәулет өнері Грек өнеріне өте ұқсас болды. Римдіктердің образын көзімізге физиологиялық жағынан өте күшті, шыдамды адамдар ретінде бейнелеп, сол уақыттағы олардың дене тұлғасы мен күш иесінің идеалы ретінде санағанын байқаймыз. Рим әйелдері көнне грек әйелдеріне қарағанда қоғамда өте сыйлы да құрметті болатын. Мына суретте шаршауланған палла көйлегін киіп тұрған рим әйелінің байсалды, сымбатты тұлғасын байқауға болады.
Рим өнері. Римдіктер костюмдерді дәстүрге байланысты пайдаланды. Римдіктердің киімдері Гректерге қарағанда едәуір басқаша болды. Империя кезеңінде Римде матаны қолдан жасады. Негізгі мата: жүн және зығыр талшықтарынан жасалды. Осы кезеңде Шығыстан әдемі жібек маталар әкелінді. Римдік костюм түстері негізінен ашық түстердің үйлесімділігінен құралды. Дегенмен, қоңыр, сары, қызғылт түстерді де кеңінен қолданды.
Римдіктердің киімдері ішкі және сырт киімдер болып 2 бөлінеді. Ішкі киімдерді жалаңаш денеге кисе, сырт киімдерді ішкі киімдердің үстіннен киді. Олар ішкі киімдерін туника деп атаған. Римдік туника гректердің хитондарына ұқса келеді. Туникалар әртүрлі болған. Ала жолақ туникаларды жоғары лауазымды адамдар киген. Киімнің оорта тұсынан жоғарыдан төмен орналасқан жалпақ пурпур (қызғылт) түсті жолақты, туникаларды сенаторлар киген. Әйелдер тунигі ерлер тунигіне өте ұқсас болған. Туника сыртынан киетін көйлегін столла деп атаған. Егер де туниканың жеңі болса, столла жеңсіз болып, ол кеуденің көкірек астынан белдікпен байланған. Әйел киіміндегі түстердің үйлесімділігі қоңыр сарғыш, алтынды немесе жасыл болды. Киімді сәндеуде ннегізінен кесте, шашақтар, қымбат тастар қолданылды.
Римдіктердің ең басты сыртқы киімі тога көйлегі. Мұндай көйлекті төртбұрышты ұзын, екі бөлік материалды қосып, эллипс түрінде тіккен. Оның ұзындығы 15фут, ені 10фут болды. Тога былай киілді: ең бірінші ұзыннан екі бүктелген, сосын ұшы сол иықтан алға қарай жерге түскен, ал басқа бөлігі денені жауып, екінші ұшы сол қолтығы арқылы тобыққа жеткен. Тоганы тек қана римдіктер киген. Римдіктер тоганы көпшілік ортада киіп жүруі өте қажет болды. Римдік балалар мен қыздар пурпур түсті тоганы киген. Олар жасөспірім жасқа жеткенде, қыздар тұрмысқа шыққанда пурпур түсті киімдерін ақ түске алмастырды. Пурпур түсті киген адамдар жоғарғы қызметте жұмыс істеді. Римдіктердің сулықтарын лацерна, сагум, палудаментум деп атаған. Лацерна – жұқа матадан жасалынған, кейде әдемі әшекейленген, ұзындау болып келген төртбұрышты, алдыңғы жағы ашық белдікпен жиырылған, капюшоны бар, ол киімге ілмектер арқылы немесе тігіс арқылы жалғанған. Капюшонды сагумға да тіккен. Сагум – солдаттар киген сулық, лацернадан қысқа және матасы қалың болған.
Палудаментумды ең алғаш солдаттар, кейіннен армия басшылары киген. Оны жұқалау матаны ақ немесе пурпур түсінен көптеген қатпарлары бар етіп жасаған. Римдіктер ауа райына байланысты түстері де әр түрлі киімдер киді. Заң бойынша римдіктердің тогасы ақ түсте болды. Тек қана қара жамылғандардың тогасы қара түсте болды. Сонымен қатар қара түсті құлдар мен қарапайым адамдар киді. Алқызыл, жасыл, ашық, жасыл, сары, көгілдір, пурпур сияқты өте қымбат сия көк түстерді пайдаланды. Римдіктердің киімдерінде тек қана жолақ сызықтар ғана емес, сондай-ақ тор көзді кестелер, кестелеп тігілген немесе тоқылған гүлдердің, жұлдызшалардың суреттерімен әсемделді. Римдіктердің Галерус бас киімдері ит терісінен жасалған. Бұл бас киімнің формасы жарты шар және жикеексіз болып келген. Дегенмен, Рим елінің әр аймақтары өздерінің бас киімдерінің формасы әртүрлі болған. Фригия шапкасы түнде ұйықтатпайтын бас киімге ұқсаған жоғарғы жиегі алға қарай иілген, лентасымен иектің астына қарай байланған. Персидмитра бас киімі, бұл қазіргі Шығыс елдерінде киетін сәлде сияқты бас киімге ұқсайды, бірақ оның формасы күрделі болған. Оны оорағанда бастың желке тұсы мен мойнын жауып ораған. Римдіктердің шашы адамның сұлу да әсем бөлігі деп есептеген. Олар өздерінің құдайларының шашын қалың бұйра, ұзын ақсары түрінде елестеткен. Сол себепті римдіктер шаштарын бұйралап жүретін болған. Олар жалаң аяқ жүрмеген, бұлар да қарапайым өкшелі аяқ киім және туфлиді пайдаланған. Тога киген кезде балтырына дейін жететін теріден жасалған аяқ киімді киген. Бұл аяқ киімнің қызыл, сиякөк түсті жоғарғы лауазымды адамдар киген. Ол мурмус деп аталған. Екінші орында сенатор башмагы. Оның формасының айырмашылығы алдынан айқастырып балтырына дейін байланған қара түсті болған. Аяқ киімнің көтеріңкі тұсын алдында күміс аймен безендірілген. Ең дөрекі башмак перо деп аталған. Оның формасы етікке ұқсады әрі ол өңделмеген теріден жасалған. Оларды солдаттар, аңшылар киетін болған. Табанын шегемен қаққан. Кедейлері ағаштан жасалынған аяқ киімді пайдаланған. Әйелдер башмактары ақ, қызыл, сары, қою жасыл түсті, жұмсақ терден жасалған және әр түрлі асыл тастармен әшекейленген.
Римдіктер әр түрлі әшекей бұйымдарын пайдалаып отырды. Олар бастарына гүлден немесе жапырақтан жасалынған гүл тәжілер киді. Олар алғашында көзі жоқ әшекейленбеген сақиналарды төртінші саусаққа киді. Этрустардың салты бойынша римдіктер жай темірден жасалынған сақина таққан, оны тек қолтаңба ретінде пайдаланған. Ал алтын сақина тек сенаторларға, салт аттыларға киюге рұқсат етілген. Бағалы тастарды мына жүйеде бағалаған: алмаз, смарогдт бернил, опал, сорданикс. Әйелдер киім кигенде этрус салтымен шұқымаланған төртбұрышты, мыс пен қалайы қосындысынан әзірленген айнаны пайдаланды. Кейіннен үлкен айна қолданыла бастады.
Сәнқойлар әсемдік үшін бояғыш заттарды пайдаланды. Қастарын қара күйемен бояды немесе сүрмені пайдаланған. Нард, роза, мафрон май, оран деп аталатын хош иісті заттарды пайдаланған. Олар өте қымбат болды. Римдіктер күннің ыстығынан және жаңбырдан қорғанатын қолшатыр пайдаланды. Бұларды өздері немесе құлдары ұстпа иесін күн сәулесінен, жаңбырдан қорғап жүрген.
Қорыта айтқанда, Ежелгі дүние костюмінің пішімі қарапайымдылығымен, табиғи маталардың сан алуан түрлілігімен, ою - өрнектерінің өздеріне тән ерекшеліктерімен айқындала түсті.
Қайта өрлеу дәуіріндегі Батыс Еуропалық костюм үлгілері
Жаңару дәуірі (ХҮ – ХҮІ ғғ.) тұсында ортағасырлық феодалдық қоғамнан буржуазиялық қоғамға өту кезеңі болды. Дворяндық жойылып, ірі ұлттық монархилы, соның ішінде жаңа еуропалық ұлт пайда болып, әлемдік сауда негізі қаланды. Жеке кәсіптер мануфактураларға, одан ірі өндіріс орындары ретінде қаланды. Дәуірдің әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктері ретінде ұлттық мемлекеттердің пайда болуы және экономикалық буржуазиялық өндіріс тәсілдерін атауға болады. Бұл дәуірде барлық қоғамдық мәдениет пен өнердің жан-жақты гүлденуі байқалады
ХҮ – ХҮІ ғ. аралығындағы кезең интеллектуалдық гүлдену кезеңі деп есептеледі. Бұл – Леонардо да Винчи мен италяндық қайта өрлеу дәуірі. Феодализм мен абсолютизмге қарсы батыл күрес заманы басталды.
Жаңару діуіріне сипаттама берсек , мұнда адамға қызығушылық табиғатқа деген махаббат, сұлулыққа , білімге құштарлығы жаңалықтар ашуы ( жер жүзін шарлап шығып Магелан мен Колумбтың Американы ашуы), жаратылыстану ғылымдарының, өнердің, әдебиеттің дамуы, гүлденуі, өнер саласында жаңа реалистік әдістің қалыптасуы мен дамуы осы жаңару дәуіріне тән құбылыстар.
Жаңару дәуірінде негізінен өнер мен мәдениеттің басты идеясы гуманизм болды. Гуманизм еркін адамның жан-жақты дамуының жаңа көрінісін бейнелейді. Жаңару дәурінде тән мен жанның бірлігін айта отырып, рухани және дене күші бірлігі негізгі идея болды. Сұлулық- денсаулық пен күш секілді басты жақсылық, ізгілік ретінде саналды. Ол жайында гумандық философтар және суретшілер Лоренцо Вали, Луки Пачоли, Аньоло Фиренцуллы және т.б өз еңбектеріне арқау еткен. Адамның дене бітімінің сұлулығын, оның пластикасын, формасын, адам тұлғасының сымбатты жөніндегі теория туралы атақты суретшілер өз еңбектеріне арқау етті. Олар:Леонардо да Винчи, Тициан, Дюрер, т.б.
Бұл кезеңде мата тоқу орталығы Италия болды. Мұнда – Генуе, Милан, Флоренция, Венеция қалаларында жібек өрнек басылған маталар кеңінен шығарылды. Итальяндық алтын, күміс жіппен тоқылған немесе барқыт жібек маталар бір түсті немесе түрлі түсті кестелеп сурет салынған, өрнектеп басылған, бедерленген, тіпті екі жағы да бедерленген түрлі маталар шығрылды.Мата бетінде гранат (анар) өрнегі мен павлин қауырсыны бейнеленді.
Киім матасын асыл тастармен маржандап кестелеу арқылы оның салмағын арттырды.Мысалы, осындай тоқыма матасынан тігілген бір киімнің салмағы 25-40 кг жетті. ХҮғ. Батыстың сырт киімдері барқыт пен парша тығыз жібек матасынан тігілді. ХҮ ғасырдан бастап тоқыма баулар пайда болды, оны алғашында алтын жіптермен ілмектеп тоқыды. Тоқыма баулардың среті арнайы журналдарда басып шығарылып, Еуропа елдеріне таратылды.
Итальян костюмі
Жаңару дәуіріндегі Италия костюмі жөніндегі мәліметтерді атау үшін негізіненбіз Флоренциялық модаға ерекше тоқталуымыз қажет.
ХҮ ғ. Мода орталығы Флоренция, ал xv ғ.- Венеция саналды. ХҮ ғ. Флоренциялықтар киімінде әлі готика стілінің басымдылығын байқауға болады. Дегенмен Италияда оның ішінде Флоренцияда киім үлгілерін дайындауда жаңа бағытқа бет бұрды. 15ғ костюм тарихы екі бағытта байқалады: 1-Готика стилінің жоғары деңгейі бургундік мода, 2-алғашқы жаңару дәуіріндегі Флоренция костюмі, бұл костюм үлгілері орта ғасырлық дәстүрлерден мүлде бөлек бағытты басшылыққа алды. Флоренциялық киім үлгісі пішімі мен формасы қарапайым әрі табиғи адам тұлғасының пропорциясын өзгертпей, аса көп әшекейлерден, үлкен көлемді формалардан бас тартты. Сонымен қатар киім өзінің ыңғайлылығымен, функционалдылығымен, жарасымдылығымен, түрлі пішімдегі шешімділігімен ерекшеленеді. Флоренциялық костюмдердің құнды жақтарына мыналар жатады: пішімнің қарапйымдылығы, айқындылығы, адамның табиғи жаратылысы мен сұлулығын ерекшелеуі . Бұрынғыға қарағанда киім бөліктерінің формасы жетіле түсті, мойын ойындысы қарапайым әрі айқын пішімде, көйлектің бел сызығында тігіс түсіп, кеуде денеге қыналып, енсіз жең конструкциясы қимыл- қозғалысқа икемді болды. Жалпы Флоренциялық костюм пішімі жан-жақты шешімділігімен таңдандырады.
Ерлер киімі
Ерлердің негізгі киімі:түрлі түсті гүлді матадан тігілген қынамалы көйлек; шамалы тік жағасы бар қынамалы желетка; қысқа тар шалбары мен шұлық шалбары ол желетка бау арқылы байланды. Сырт киім ретінде кең қоңырау секілді жеңі бар - догалине сырт киімін киді, оның етегімен жең ұшы жиектерін үлпекпен әшекелейді. ХҮ ғ Флоренциялық ерлер киімінде ашық, контрасты түстер үйлесімі мен кестелері, үлпекті жиекті, шаршаулар кеңінен қолданылды.
Ерлер мен әйелдер киімінде жұқа ақ кенептен тоқылған ұзын жолақтар пайда болды. Ол жолақтың екі шетін әдіптеп тікті. Венециялық сәнді костюмі өзінің колористік шашімділігімен, формасының тамаша әшекейленуімен ( жеңі буфамен кестеленіп, қайырмалы үлпек жағалар қондырылуымен ) қатпарлардыңтүстік шешімі мен зергерлік – алқа, жүзік тағумен ерекшеленді. ХҮ – ХҮІ ғасырдағы Италиян жігітерінің бай, тамаша сәнқойлығын байқатты.
Бұл уақытта алғаш тоқыма машинаоары өндіріске еніп, онда жібек шұлықтар тоқыла бастады.
Әйелдер костюмі
ХҮ ғ. флоренциялық әйел костюмі табиғи пропорцияны айқындап, киім тұлғаға қынамалы түрде тігілді.Кейде киімнің өңір бөлігі шамалы бел сызығын жоғары орналастырды. Италияндық әйелдер іш киім ретінде котт және сырт киім ретінде симару киді.
Котт пішімі – бел тұсында тігіс түсіріліп, белшалғысында ірі қатпарлар тігілді. Кеуденің жоғарғы бөлігі - декольте пішіміне ие болды. Киімнің өңірінде төрт бұрышты, ал жота бөлігінде терең ойық түсірілді. Котт көйлегінің конструктивті сызықтары денеге қонымды келеді. Мысалы; кеуденінің жоғарғы бөлігі және юбкасы денені шалқақ әрі бел тұсын айқын көрсетуге бағытталып вертикальді сызықтан ауытқып түседі; көһйлектің тұтас пішілген алдыңғы бөлігі ішті шығыңқы етіп көрсетеді. Көйлек юбкасының бүйір тұсында жұмсақ қатпарлар түсіру үшін, бүйір тұсына жоғарғы шегі дөңгелене келген қиық қосылып тігіледі. Екі бірдей бөліктен пішілген жең, алдыңғы және шынтақ қиықтарыменсырып тігіледі. Жең киімге түрлі тәсілдермен қондырылды. Жеңнің төменгі жырығы толығымен ашық қалдырылды, кейде бірнеше жерінен іліп қойды. Көйлектің пішімі, сызықтары дененің табиғи пластикалық пішіміне сай келді.
Симара үш бөліктен тұрды: ол мойын ойындысында қатпарланып келген ұзын жато бөлігінен, өңір тұсы қысқалау етіп тігілді. Симараның бүйір тұсы тігілмей тек белі белдікпен бекітілді.
ХҮІ ғ. Венеция әйелдері костюмінің композициялық шешімінде ауытқу байқалды. Көйлектің төменгі бөлігінде қалың қатпарлардың әсерінен киімнің жоғарғы бөлігін жеңілдетіп көрсетеді. Киім силуэті төртбұрышты. Киім жеңінің жоғарғы бөлігінде буфа түсірілді. Көлемді форма шығару нәтижесінде көбіне қызыл, жасыл, көк жібек матасы мен алтын жіппен зерленген парша матасы киім үйлесімін тапқан.
Венециялық бикештердің үлкен пішімді киім формасына биік ағаш өкшелі «цокколи» аяқ киімі өз жарасымын тапты. Италия әйелдері бас киім ретінде – чепцы, жұмсақ шляпалар, тюрбанды қолданды.
Шаш пішімдері – бір сыдырығы жатық, төмен пішімде болып, оны шайы ленталарымен, маржан тастармен әшекелейді. Киімнің жеке бөліктерін сәндеуде, әшекейлеуде тоқыма баулар пайдаланды.
Киімге қосымша ретінде түрлі шашақ, лента, моншақтар, әшекей жібек, үлпекті муфта қолданылды.
Француз киімі
Француз әйелдерінің киімі итальяндық және испан әйелдері киімдерінің өзгеше болды. Олардың киген котт көйлегінің бел сызығы алдына қарай үшкірленіп, киімнің мойын ойығы, декольте тереңдеу болып, тік пішімді желпуішке ұқсаған қатты тоқыма жағалар қондырылды. Ал көйлектің етегі каркасты әрі кең пішімде тігілді. Оның сыртынан паршадан тігілген, алды ашық сырт көйлек роб киілді. Оған буфы кестесімен сәнделген қысқа жең қондырылды.
XҮІ ғасырдың ішінде Францияда абсолютизмнің қалыптасуы мен нығаюы процесі жүріп жатты. Франция экономикасы дамып, бұл кезеңдегі күшті Еуропалық державалардың біріне айналды. Испаниямен соғыста жолы болмаған Франция біраз уақытқа дейін Испанияға тәуелді болды. Бірақ сондай күшті Испанияның өзі Францияның мәдениеті мен костюмін бағындыра алмады. XV ғ. соңында-ақ Францияға біртіндеп гуманистикалық бүкіл әлемдік көзқарас ене бастады. Жазушы Рабле атақты суретші Клуенің шығармаларынан алынған шыншылдық бағыттар Францияның әдебиеті мен өнеріне енгізіле бастады.
Ерлер костюмі
Испан киіміне ұқсас болғанымен Франция кимінде француздардың мінезі мен көзқарасын білдіріп тұратын ерекшеліктері болды. Француз киімі еш уақытта тұйық болмаған, қайта одан жеңілдік және жұмсақтық байқалып тұрды. Француз костюмі дене қозғалысын еркін және етіп көрсетті. Ол ашық және көтеріңкі көңілді елестетті. Себебі бұл кезде көбіне модада ауыр маталар қолданылды. Мысалы: барқыт, жібек, парша, сукно және с.с. Осы және одан да қымбат маталар алтын және күміс салпыншақтарымен және майда моншақтармен әшекейленді. Әр адамда этикет бойынша ол кезде 30 костюм болуы керек екен. Айдың әр күніне байланысты осы 30 костюмді ауыстырып киген. Модада ақ көйлектер, комзол, трико және қысқа дөңгелек панталондар – «бричес» - пайда болды. Олардың пішімі испандықтар киіміне қарғанда жұмсақтау келді. Сыртқы киімі ретінде – «кафтан» - пайдаланылды, оның алды ашық және белі қынамалы етіп тігіліді.
Ғасырдың ортасына қарай модаға қысқа сулықтар, қайырма кішкене жағалы сулықтар енді. Аяқ киімдерінің бас жағы домалақ етіп тігіліді оны «аю табан» деп атады. ХҮІ ғасырдың ортасына қарай француз костюмдері испандікіне ұқсас болды. Бұған мысал болатын испандық қара костюм киетін Францияның жаңа королі Генрих ІІ еді.
Қамзолдарды алынатын қысқа жеңдері бар костюмдерге айналды. Манжеттері костюмдерге айналды. Манжеттері кеңейе түсті. Сулық ретінде олар теріден олар теріден жасалған қысқа, тік жағалы сулықтарды пайдаланады.
Жүзжылдықтың үшінші бөлігінде франциялық мода испан үлгісінен біржолата бөлініп шығып, өзінің ерекше пішінін қалыптастырды. Ерлер костюмі әйелдердікіне ұқсас келді. Кең қабылған жеңі мен манжеті болды. Триконың сыртынан тар келюта-шалбар, оның үстіне буфон киді. Костюмдер ашық қызғыш, көгілдір т.с.с. түсті маталардан тігілді. Ер кісілер шаштарын бояды және кішкентай сақал-мұрттары болды. Ерлер құлақтарына сырға тағып, бастарына құстың қауырсыны тағылған «ток» бас киімін киді. Ерлер киімінің фреза жағалары өте үлкен болды. Осы кезеңдерде Францияда маскалар пайда болды, онымен көшеге шыққанда бетін жауып жүруді дәстүрге айналдырды.
ХҮІ ғ. соңы мен ХҮІІ ғ. басында король генрих ІҮ-шінің нұсқауы бойынша Француздар киіміндегі түсті азайтып, қаралау бірақ қымбат бағалы киімдер кию қажет деп санады. Кюлет еркін пішімді әрі қондырма жағамен қоса фреза жаға қондырылды. Шолақ шалбардың ұзындығы тізеге дейін жетті. Аяқтарына өкшесі бар туфли киді. Сулық ұзарып оны тек бір иығына ғана асып қойып жүрді. Олардың шашы да өзгерді. Ұзын және артына қарай қайырылған шаш модаға айналды. Ал, мбастарына жиегі үлкен ақ түйеқұс қауырсынымен әшекейлен әсем де сәнді шляпа киді.
ХҮІ ғ. екінші жартысында қаралы күндері киетін киімдер қалыптасты. Ол киімдер қара түсті матадан тігілді.
Әйел костюмі
Ерлер костюміне қарғанда әйел костюмі испаиялық үлгіні аз қабылдады. Ауыр және қолайсыз киімдерді француз әйелдері өзіне ұнағандай етіп өзгертуге тырысты. Мысалы: олар киімінің мойнын ашық қалдырып, киімге ерекше сән берді.
ХҮІ ғ. бас кезінде ең әдемі әрі сәнді силуэт конус пішінді киім болды. Сыртқы және ішкі киімдері қынамалы болып, көйлек етегі алдына жырық түсіріледі. Кейбір кезде осы жырықты жауып жүрді. Жеңдері иық тұсында жіңішке қынамалы болып, ал төмен қарай кеңейе түсті. Сыртқы киімнің жеңінің қиығынан астыңғы киімнің жеңі көрініп тұрды.
Ғасырдың ортасына таман әйел киімі ерлер киімі сияқты испандық үлгілеріне ұқсай бастады. Көйлектің пішімі өзгерді. Сыртқы киім жеңі қысқарып астынан қиықталып кесілген ішкі киімнің жеңі иық тұсында тұрған қанатқа ұқсады. Ал, аяқ киімдерінің өкшесі пәс болды. Әйелдер шаштарын екі дөңкелек пішінді етіп жинады. Оны әр түрлі тағыншақтармен және гүлдернмен әшекейленеді. Ал бас киімнің ең сәндісі модад-берет болып табылады.
ХҮІ ғ. соңында әйел костюмнің пішімі өзгерді. Әсіресе, өзгеріске юбкалар түсті, олар алғашқыда кең болса, кейінірек дөңгелек пішінде болып оның астынан темір каркастар пайдаланылды. Жағалары өзгерді.
Франция әйелдерінің шаштары екі типті пішімде сәнделді. Шаштарын толқын сияқты жайып қойып, артқа қарай тарап жүрді. Кей кезде шаштарын екі типті пішімде сәнделді. Шаштарын толқын сияқты жайып қойып, артқа қарай тарап жүрді. Кей кезде шаштарын биік етіп көтеріп, оны темірмен бекітіп түйді. Ал, бет маскалар тәртіптілікті білдірді. Модада сәндік үшін қолғаптар, моншақтар, биік өкшелі аяқ киімдер, айналар, жинамалы желпуіштер мен ілмелі сағаттар қолданды.
ХҮІ ғ. дейін ақшыл түсті қара киімдер басымырақ пайдаланылса, ХҮІ ғ. бастап қара түс орын алды қара киімге қосымша ретінде бастарына ақ түсті орамал, жаулық киді. Сәндік үшін мата қиқтары пайдаланыла бастады.
Ағылшын киімі
Ерлердің кең таралған костюмі – дублет /куртка түрі/ көпшіліктің ұнамды киіміне айналды. Ол қысқа қайырмалы жағасы, кең жеңімен болды. Бұтына тізеге дейін жететін шалбар, аяғына шұлық, жабық белдігі бар аяқ киім, басына төбесі аласа, кең жиекті шляпа киді. Әйелдердің сырт киімі өте кең пішілді. Әйелдер киімі қондырма жағалы, кеудесі жабық болды. Әйелдердің сүйікті бас киімі – чепец болды.
Чепец – турэ, сарайдағы әйелдердің сәндік бас киімі ретінде пайдаланылды. Киімде испандық фреза жағасын мейлінше түрлендіріп қолданды. Ғасырдың соңына қарай қондырмалы қайырма жағалар пайда болды. Англияда 70-жылдары сонан соң Францияда «вертугадэн» немесе «фартингал» киім үлгілері пайдаланылды. Бұл киім юбкасының астына қабылған сақина тәріздес форма қойылып, оның үстінде фреза секілді көйлек матасы жиырылып белге киілді. Мұндай юбкаға енсіз корсетті көкірек бөлігі терең бұрышты, биік жағалы, буфалы жең қондырылған.
Киімді тігу үшін жун және жартылай жүн материалдарды пайдаланды.
Жаңару дәуіріндегі костюмнің конструкциясының шешімі үлкен формалар шығару мен кеуде бөлігін қынамалау мақсатында бірнеше қиынды бөліктерге бөлінді.
Итальяндық котт-көйлегінің кеуде бөлігіне юбканың ортаңғы бөлігіне қарай үшкірленіп тереңделе қондырылып, дөңгелене жиылып етегіне қарай кеңейе түседі. Көкірек пішімін шығару үшін сол тұсты дөңестеу етіп көкірек сызығынан өтіп, бел сызығының ортаңғы сызығына түйіседі. Жота бөлігі шалқақтау пішіліп, ортаңғы тігісі бел сызығынан жолғары орналасу әсерінен кеуде тұсы қынамалы болды. Бел сызығын көтеру нәтижесінде кеуде қысқарып, етек бөлігі ұзарып көрінді.
Жең ойындысының түбі дөңгелек етіп пішілді. Уақытша қондырылыатын жең, баумен байланатын. Сәндік үшін жең түрлерін қондыру үшін жең иіндісінің сай келуін ескермейді. Себебі жең ойындысындағы ашық кеңістік сәндік құралдар шешім табу үшін де қажет болды.
XVIII ҒАСЫР ЕУРОПА КОСТЮМІ
XVIII ғасыр - феодализмнің дамуының ең соңғы кезеңі болып саналады. Феодализмнен капитализмге өте бастаған кезеңінде буржуазиялық төңкерістердің туындауына себепші болды. 1789 жылы француздың буржуазиллық революциясының идеологтары: Дидро, Вольтер, Руссолар тарих сахнасына шықты. XVIII ғасыр бүкіл адамзат мәдениетінің бірлігі, білімді адамдардың молаюы, ұлттық интеллигенцияның қалыптасу ретінде танылды. XVIII ғасырдағы классикалық ел деп Францияны айта аламыз. Франция өнері көптеген Еуропа өнеріне жол көрсетуші болды, Француз тілі бүкіл халықтардың өзара түсінісу тіліне айналды. Франщія модалары Еуропа киімдеріңде кеңінен тарады.
XVIII ҒАСЫРДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ КОСТЮМ
Эстетикалық көзқарастың дамуы бірқатар кезендерден өтті. Жүзжылдықтың бірінші жартысындағы көркемдік бағыттың мақсаты аристократия мәдениетін дамыту болды. Яғни мұнда барокко стилінің рококо стиліндегі көрінісі байқалды, бұл көрініс барокко стилін ары қарай дамыта түсті. Барокко стилі аристократиялық абсолютизмнің нағыз батып бара жатқандағы кезеңін көрсетеді.
XVIII ғасырда Францияны басқарған дарын Людовик ХV және оны қоршаған фавориттер аристократияның ертеңгі күніне сенімсіздік білдірді.
Рококо - сәндік стильді құрады. Ол өте нәзік, әрі өсерлі сипатқа ие болды. Түстер нәзіктігімен мебельде ғана көрініс таппай, интерьерде де әсем өрнек танытты. Рококо стилі қатаң, бұрыш пен түзу сызықтарға қарсы келді. Интерьерде — көк, қызғылт, ақ, сия көк, әрі жеңіл ашық түстер қолданды.
Интерьердегі, жиһаздардағы жеңіл сызықтарға костюм сипаты да ұқсас болды. Франция киімдері XVII ғасырда бүкіл Еуропада жоғары сұранысқа ие болды. XVIII ғасырда Еуропаның барлық елдерінде Франция модасы қабылданды. XVIII ғасыр-аристократия модасының ең соңғы өмір сүрген кезеңі болды. Бұл кезде сезімталдық пен нәзіктік бірінші орында тұрды. Әйелдер әдемі көріну үшін, беттерін бояды, ағарған шаштарын байқатпау үшін талпынып, бәрі жас көрінгісі келді.
Костюмде мынадай силуэттер байқалды: тар енсіз иық, өте нәзік бел, домаланған бөксе сызықтары, қарапайым шаш пішімі, бәрі де адам денесіне жеңілдік тудырды. Ер кісілер костюмікің силуэті де әйелдің костюміне ұксас болды. Ер кісілерде әйелдер секілді иіс сулар себетін болды. Аристократтың костюмі бағалы тастармен сәндедді. Түйме орнына да қымбат тастарды пайдаланды. Дегенмен, ең қымбат киіңдер бір рет қана киілетін болды.
Ер кісілер костюмі
Ер кісілердің тұрақты киімі ақ көйлек, манжеггі, шілтерден тігілді. Көкірегіңдегі қиықтар кружевалармен сәнделді. Олар жабо деп аталды. Көйлек сыртынан қамзол, ал оның сыртынан кафтан киді.
Қамзолды өте ашық түсті жібек маталардан тікті және оларды сәнді тігістермен безендірді.
Кафтанды-барқыттан немесе қатты жүн матадан тікті. Ол түймеленбеген, бірақ мойындарына галстук таққан. Кафтан қара түсті немесе қызыл түсті матадан тігілді. Тар панталон (кюлот) тізеге дейін келіп, бүйір тұсында тізеден түймеленді.
Дворяндар ақ жібек шұлық киді, буржуаздық ортада шұлық түрлі түсті болуы мүмкін еді. Аяқтарына өкшесі биік емес, темір тағыншақтармен сәнделген башмақ киді. Суық кездерде Англиядан келген гедры киген.
XVII ғасырдың бас кезінде үлкен кимешаш (парик) пайдаланды. Рококо стилінде шаш ұлгісі аса үлкен емес еді. Шашын түйіл не артқа қарай тарап, кейде қара лентамен байлап немесе қара қапша-көшелікке салып жинап қоятын еді. Осы кезде опа жағып кимешаштар кию модаға енді. Ең сәнді бас киім ретінде треуголканы пайдаланды, ол қауырсындармен әшекейленді. Басты иген кезде шляпаны шешіп, қолына ұстап жүрген.
Әйел костюмі
XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы киім үлгілері нәзік талғамда болды. Әйелдер киім пішімі де иықты, тар, жіңішке бел, жұмсақ бөксе сызығы байқалды. Әйелдер корсет және іштен киетін юбканы пайдаланды. Фрепон — ішкі көйлек етегіне дейін сәнделді.
Ішкі көйлектің тар болып, оның астынан корсет киілген. Жоғарғы кейлек кеудесі бантпен немесе баумен сәнделген. Бұл да бір жаңалық еді. Сәнді көйлек түрінің бірі —контуш немесе «Ватто қатпарлары» атты көйлек болды. XVIII ғасыр ортасында контушты қысқартып, үйде киетін жакет ретінде пайдаланды. XVIII ғасырда әйел көйлектерінің бәрі банттарға, гүл жиынтығы мен сонді тігістерге бай болды. Костюмді толыктыратын көлемі, кішілеу кимешаш пішімі еді. Олар шаштарын ленталармен, гүлдермен алтын жіптермен сәндеп жинақтады. Кимешаш опаланатыи еді. Үйде чепчик киді. Аяқтарына биік өкшелі туфли киді. Ол атластан немесе түсті теріден жасалынған еді. Модада бұл кезде білезіктер, жүзіктер, алтын сағаттар пайда болды. Бұл заттар костюмді толықтырып, салтанатты етті.
Халық костюмінде матасы арзан сұр, қаралау түстер пайдаланады. Формасы жағынан сәнді силуэт секілді болғанымен қарапайымдылық танытты.
XVIII ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ КОСТЮМ
XVIII ғасырдың екінші жартысында өнерде классицизм стилі енді. Ол Француз революциясына дайындық кезеңіндегі буржуазияны сипаттайтын стиль болды. I ғасыр. б.э. дейін жойылған Ежелгі Римнің Геркуланума мен Помпей қалаларын ашуына байланысты 1748 жылы өнер саласында көне заманғы ою-өрнек үлгілерін пайдаланды. Интерьер ішін ашық түстермен бояды. XVIII ғасыр ортасында рококо стилі костюмдерін киюді жалғастырды. Оны «соңғы рококо» стилі деп атады. Киім тігуде — жібек, жартылай жібек, барқыт сукно-маталарының ашық, жолақ түстерін қолданды.
XVIII ғасырдың 70-ші жылдары ағылшын модасына үлкен мән берді. Бұл костюмдердің формасы мен түсі қатаңдау келіп, сол аймақта кеңінен қолданылып, үлкен сұранысқа ие болды.
Ерлер киімі
Француздың жібек кофтасын ағылшынның сукнодан тігілген фрак ығыстыра отырып 70-ші жылдары ол модаға енеді. Ағылшынша фрак француздарға қарағанда қатаңдау, қанықтау түстерден тігілді. Францияда фракты жібек маталардан тігіп, кестелермен әшекейледі. Бұл жылдары француз кафтанның пішімі де фрак пішіміне ұқсас пішілді.
Ағылшыннын алғашында ат үстінде жүру мақсатында қолданылатын редингот сырт киімі аса сәнді деп саналды. Оның өңірлері тік түсіп, шәлі жағалы етіп пішілді. Ол модаға 1770 жылы енді, формасы сюртук пен пальто пішілді ұқсас болды.
Кюлот — өзінің пішімін өзгертпейді, ол бұрынғысынша қынамалы әрі ұзын тізеге дейін түсті.
Көйлектің пішімі сол бұрынғыдай болды. Шұлықтары ақ немесе жолақты етіп (жолақтары тігінен кедді), аяқ киімдерінде үлкен темір қаусырма қолданды. Ботфорт — етігін атқа мінгенде серуенде киіп жүрді. Шаштарының пішімі тіпті өзгермейді. Олар басына парик (кимешаш) немесе өз шаштарын артқа қайырып, бұйралап, қара лента таққанды қалайтын.
Ерлер модаға енген рединготпен бірге бастарына цилиндрлі ағылшын шляпасын киді.
Әйелдер костюмі
XVIII ғасыр ортасындағы әйелдер костюмі рококо стиліндегі сарайдағылар костюмдерінің түріне сай келді. Костюмге қосымша тағылатын әшекейі мен силуэті бұрынғыға қарағанда күрделене түсті.
Эллипс тәрізді бүйір тұсы тартыңқы, үлкен қондырмалы алдыңғы жағы түсіңкі, ал арқа бөлігі шынтақты панье тәрізді юбка силуэті ерекше болды. Юбканың бүйір тұсы өте үлкен шар тәріздес болғандықтан, бұл көйлекті киген бикештін жанында ковалерлер қолын ұстап жүру өте ыңғайсыз болды. Әйеддер қатарынан екі юбка киді. Төменгі юбканың етегін айналдыра желбезектер тігілді. Ал жоғарғы бөлігіндегі юбканың етегі ашық болып, көйлектің кеудесімен қоса тігіледі. Кейде ұзын юбка орнына қысқа каркасты —фижманы қолданды. Көйлектің өңірі қысқа әрі жағасы ашық (ойык) болды, оның айналасы желбіректермен әшекейленді. Жеңі қынамалы болып, төменгі жағында үш қатпарлы етіп тігілді.
Кейде әйелдер бұрынғысынша полонез сырт киімін киді. Оның алды ашық болып, жарты дөңгелек секілді көрініс тапты. Сондай-ақ контуш киімінің бірі кең, алды ашық қынамасыз левит - көйлегін киді.
Жаңа киімдердің пішімі өте үлкен болғандықтан, оны тек сән-салтанаттарда ғана киді, ал басқа күндері жүріп-тұруға өте ыңғайлы төменгі жағына қатты юбканы немесе фижманы пайдаланатын болған. Көйлек сыртынан шілтермен сәнделген орамалдарды иықтарына жамылып жүрді.
Бұл киімдер әйел денесінің пропорциясына қарама-қарсы келді. Көйлекті шілтері бант, гүл шоғы, гриляндалармен, жасанды немесе табиғи гүлдермен және қауырсындармен сәндеді.
Шұлықтарының түстері ашық түсті болды. Аяқ киімдерінің өкшесін биік етіп, оны парша, атлас, барқыт сияқты түрлі материалдардан әзірледі.
70-ші жылдарда әйелдер шашының пішімі маңдайдан жоғары қарай кейде 60 см-ге дейін көтерілді. Суретте әйел шашының пішімі көрсетілген. Бұл шашты кешкі мерекелерге арнайы арнал жасатылған. Шашты сәндеуде түрлі — (куафюра) — (158— 159) бағалы тастарды, материалдарды пайдаланып, тамаша, әшекейлі шаш үлгілерін жасады. XVIII ғасырдың 80-шы жылдары костюмге қосымша ретінде қолғап, қолшатыр, трост және лорнет пайдаланды.
Франция королевасы Мария Антуанетта биіктігі 1,5 м-ге жететіндей түрлі қолайсыз, бірақ өте әсем шаш үлгілерін жасатып көпшілікті таң қалдырумен болды. Тіпті әр апта сайын жасаған жаңа үлгідегі шаш түрлері, куафер Леонар Болярдың шығармашылық туындылары еді. Осы кезде түрлі шаш үлгілерінің суретін көпшілікке жария ету мақсатында 1770 жылы Парижден шыққан «Курер де ля мод» журналында жарияланып отырды. Бір жылдың ішінде шыққан гравюралар саны 3744-ке жеткен Бұл сол кездегі шаштараз өнерінің жоғары деңгейге жеткендігін білдіреді.
80-шы жылдары әйел костюмдеріне ағылшын модасы әсер еткендігін байқауға болады. Онда қарапайымдылық пен табиғатқа жақындылық мәдениеті сезіледі. Алғашында ағылшын модасы ірі буржуа мен дворяңдардың, жастар ортасында байқалса, соңынан ол сарай костюміне әсер етті. Мұңдай әйел киімдеріне жұмсақ сызықтар колданды, сондықтан қаркасты киімдер сәнге айнала бастады.
Юбка-көйлектердің тек арткы бөлігіңде ғана шаршылар пайда болып, турнюр «Сиl de Pares» пішімін қалыптастырды. Көйлекті жеңіл, жұқа маталардың ашық түстерінен тікті. Бел тұсынан сәл ғана жоғары белдік тағылып, ол арқа тұсында байланады. Юбка етегі майда шаршаулармен сәнделіп, белдің артқы бөлігіне қарай шәлі-шлейф жұмсақ шаршаулар түседі. Кеуде бөлігінде дөңгелек мойын ойындысы жұмсақ сызық әйелге тән сипат берді. Тар жеңі иық сызығын айқындай түсті.
Шаштарын алғашында опалап, жоғары қарай түйсе, кейінірек шаш пішімдерін қарапайымдылау етіп бұйралап локон жастты.
Бас киім ретінде ағылшынның кең жиекті жібектен, барқыттан тігілген шляпаларын пайдаланды. Әйелдер атқа мінгенде киетін, қысқа жакет, (ерлер фраг секілді) амозонка көйлегін киді. Сонымен Ұлы Француз революциясы қарсаңында костюмдер таптық қатынасқа сай әр түрлі пішімде болды.
ҰЛЫ ФРАНЦУЗ РЕВОЛЮЦИЯСЫ КЕЗІНДЕГІ КИІМІ
1789 жылы француздың ұлы буржуазиялық революциясы жеңісінен соң, саяси үстемділікті қолға алу мақсатында, буржуазия революциясын басқарған негізгі күш қала мен деревняның еңбекшілері болды. Ғасырлар бойы қалыптасқан феодалдық құрылым мен салт-дәстүрлер үстем таптың киім киюге деген ерекшелігін айрықша жойды. Француз революциясы феодализмді жойып, капимализмнің дамуьша жол ашты. Революция әсерінен костюмнің формасын өзгеріске ұшыратты. Киім матасы қарапайым болып, пішімі қимыл-қозғалысқа икемделді. Франдуз революционерлері киімінде өте қарапайымдылық пен ыңғайлылық байқалды. Ерлер костюмі «кормоноло» - атты қысқа күртеше мен ұзын көкшіл ланталондар болды. Олар қызыл таспа баулармен жиектелді. Ұлттық стильде тігілген қызыл қалпақтарды киді. Куртеше ішінен қысқа жеңсіз жейде киіп, мойындарына қызыл түсті галстук-мойын орағыш байлады.
Суық күндері қалың қоныр, күлгін түсті сукнодан тігілген упелянд сулығын киді.
Әйелдер киімі - негізінен іштен киетін жейде мен сыртқы екі түймелік көкшіл түсті сукнодан тігілген күртешеден және бел тұсында бүрмеленіп жиырылған белшалғысы корсетсіз көйлек киді. Ал бастарына дөңгелек шляпа киді, оған қауырсындар мен коқарданы тағып жүрді. Киім тігуде көбіне қызыл, көк, ақ түстер пайдаланылды. Бұл костюмдер революция кезеңінде ыңғайлы болды.
Суретте 1791 ж. мода журналында бейнеленген гравюрада бірнеше жағасы бар «А-ля Левит редингот» киген жігіт және 1790 ж. мода журналының гравюрасында әйел костюмі көрсетілген, бұл киім өзінін киюге ыңғайлылығьшен, әсемділігімен ерекшеленеді.
Ежелгі дүние костюмі
Ежелгі дәуір қоғамында киім дайындауда түрлі материалдарды пайдаланды. Қай кезеңде болмасын, киім формасы климаттық жағдайға және материалдың сапасына байланысты түрлі пішімде, құрылымда, сол қоғам талаптарына лайықты деңгейде тігілді. Киімнің матасына, салт-дәстүрге байланысты оны денеге түрліше орап жамылғы етті, яғни: денені шаршаулап орау, денсні айналдыра орау, мойын ойындысын ою арқылы орау. Дегенімен, Ежелгі дүние костюмінің пішімін мынадай үні түрге жіктеуге болады:
1) тітілмеген (пішілмеген) киім - тұтас матаны денеге орау арқылы дайындалған Ежелгі Грек, Рим, египеттіктердің шаршаулы киім үлгілері;
2) мойын ойындысы қиылған тұтас матадан дайындалған Вавилон мен ассириялықтардың киім үлгілері;
3) пішілген әрі тігілген киім үлгілері (екіге бүктелген матаның мойын ойындысын ойып, қолтық ойындысын тікпей, тек бүйір тұстарын біріктіріп тіккен туника секілді тұтас киім үлгілері. Бұл киімнің негізін салушылар ассирияльгқтардың - канди көйлегі, Ежелгі Египетте жаңа патшалық тұсындағы калазирис, Ежелгі Римдегі туника киімдері.
Ежелгі Шығыс халықтары өте жұқа, әрі әдемі маталар шығаруды меңгерді. Әсіресе Ежелгі египеттіктердің кенеп талшығынан дайындалған маталары өте сапалы тоқылып, жоғары сұранысқа ие болды. Зығырдың дүмбіл піспеген талшықтары, иілгіш әрі жылтыр, ұзын, иіруге икемді келді.Сондықтан олардан жіңішке әрі мықты жіптер алып, мата тоқыды. Ірі шаруашылықтардың барлығында (храмда, фараоның немесе ірі байдың шаруашылығында) міндетті түрде тоқыма шеберханалары жұмыс істеді. Онда киімге, жамылғыға, перделерге арналған түрлі ендегі маталар тоқылды. Ежелгі Египегте горизонтальді тоқыма станоктары кеңінен пайдаланылады. Шеберлер өте жұқа маталар тоқуға қол жеткізді. Дайындалған маталарды стандарт өлшемдегі арнайы столға көріп, мата өлшемі бақыланып отырды. Ерекше маталарды тоқығаны үшін шсберлер марапаттадды. Тоқымашылар сырға, мата бөлігі немесе деңгелек жамылғы - ускх (күн - секілді пішімде) матасын тоқыды.
Ежелгі дүние өзіндік көркем өнерімен, сәулет өнерімен, әдебиетімен, дінімен және философияларымен күні бүгінге дейін әлемді таң қалдырып келеді.
Байырғы Шығыс елі адамзатты алғашқы қауым мифтеріпен тербеп шығарған ұлы мәдениеттің отаны болып саналды. Шығыстың алғашқы қауымдастығы артқа тастағанымен адамның дүниеге қатынасының мифтік тәсілінен құтыла алмады. Мәңгілік табиғаттың көне құдайлары енді мемлекеттің алғашқы құрылысшылары мен қамқоршылары кейпінде алға шықты, оларды құдай орнатқан, жоғарғы деңгейдегі тәртіптіліктің жалғасы деп білді.
Сол дәуірдегі қолайсыз географиялық жағдайда адамдардың ұжымдық жолмен біріге отырып, аман қалудың бірден-бір жолы еді.
Ал, Батыста жеке тұлғалардың дараланып шығуы, олардың билік пен жекеменшікке құштарлығы салдарынан мемлекет пайда болды. Нәтижесінде қоғамға үстемдік жасайтын өкіметтін қажет екендігі айқындала бастады.
Шығыстың Жоғарғы әміршісі, ортағасырлық Еуропадағыдай өзінің ерлігімен немесе күш-қуатымен дәріптелмеді. Ол өзінің құдай "ұлылығына",'""құдіретіне бөленген, мемлекеттің ең жоғарғы қызметін атқаруды деп есептелді. Ертедегі египеттіктңрдің айтуынша, егер фараон- өмір жүргізуші, түрлі себептермен ел алдында беделінен айрылса, оның "ұлылығы" ғайып болды деп жариялап, "ұлылыққа " басқа біреуді отырғызған. Мемлекетті басқарудың мұндай типтік сипаттары Шумер, Үнді, Қытай сияқты Ежелгі Шығыс елдеріне тән нәрсе болды.
Шумер мәдениеті
Шумерлер мен аккадтықтардың мәдениеті байырғы Месопотамиядағы (Тигр мен Ефрат өзендерінің арасы) өркениет ошағы, әлемдік мәдениеттердің бірі болып саналады. Атап айтқанда, дәл осы IV мыңжылдықта қалалық типтегі Шумер б.д.д. жазба мәдениеті алғашқы қауым мәдениетін тұрақты түрде ығыстыра бастады.
Өнер саласында көркемдік әсерге қол жеткізу үшін қағидаға айналған үлгілердің түріне а.з ғана өзгеріс енгізуге ұмтылып отырды. Месопотамияда практикалық кажеттіліктің нәтижесінде математика мен астрономия сияқты бүгін көне саналатын ғылымдар дүниеге келді.
Есепшілер жәй ғана арифметикалық амалдармен және геометриялық құрылымдармен тамақ пен тауардың салмағын, жұмыс орнының санын, ғимараттардың көлемін анықтады, егіндік жердің ауданын есептеп шығарды. Біз білетін 6 жене 10 цифрлары мен олардың көбейтіндісі 60 болатын есептеу жүйесі көне заманнан бастау алады. Бүл есеп жүйелерінің жаңғырығы, жылды 360 күнге бөлу, шеңберді 360° -қа бөлу осы күнге дейін сақталынып келеді. Шумерлердің математикалық жазбаларында санды дәрежеге шығару, түбір астынан квадратты, кубты шығару және көлемді есептеу жиі кездеседі.
Көне Месопотамияда білім саласындағы деңгейі осындай жетістіктер болды. Дегенмен, осы бір ғылымдағы алғашқы бастамалар меи қадамдардың өзі онды мәдени факторлар бола отырып, бертін келе антикалық мәдениеттің қалыптасуына ықпал жасады.
Египет мәдениеті
Египет елі әлі күнге іргелес жатқан мәдениетті елдерді аса қызықтырумен келеді. Египст халықының мәдени жетістігінің шыңы болып саналатын көне заманда пайда болған суретке ұқсаған ироглифтік ( қасиетті жазба) жазу. Алдымен суреттер арқылы жеке ұғымдар белгіленді. Өте қарапайым жолмен құдайдың құдіреті деп көрсеткен кейбір сиқырлы заттармен (тастар, таяқтар, құстың қауырсындары, мүйіздер, тістер, оқтар, гаршундар және т.б.) қатар табиғатқа табынудың ескінің жұрнағы іспеттес көне қауымдастықтарда ұзақ уақыт, сақталған дерекі түрі пайда бола бастады.
Шар бетін белгілейтін ежелгі математикалық терминдер, белгісіз шама (икс) және санды квадратқа дәрежелеу пайда болды. Ежелгі египеттіктер, шамамен "пи" (3, 14) санын және бір белгісізі бар теңдеуді шеше білген. Сонымен қатар медицина мен ветеринария пайда болды.
Египет бізге Шығыс мәдениетінің қалыптасуының жарқын мысалын бере алады. Біздің дәуірімізге дейінгі IV ғасырда Египет Эллин мәдениетінің ықпалына енді. Аталмыш даму сатысы тек Египетке ғана тән нәрсе емес, бұл бүкіл ежелгі мәдениеттің қалыптасуына тән міндетгі саты болды. Мұның мәнін Гегель былай сипаттайды: Сфинксті Египет рухының символы деп айтуға
болады. Табиғаттың үстінен, Хауа денесінен шығып, алға ұмтылын тұрған адамның басы бір рухты бейнелейді. Египет өнері мен мәдениетінің даму тарихына сай киім тарихының да өзіндік ерекшелігі болды. Олардың өзара байланысын қарастырып көрелік.
ЕЖЕЛГІ ЕГИПЕТ КОСТЮМІ
Египет елі Солтүстік шығыс Африка жерінің ұшы қиырсыз шөл даласында орналасқан. Мұнда қызғылт сары құм, қаһарлы бейнедегі жартастармен алма кезек алмасып отыратын табиғат құбылыстарымен ерекшеленеді. Осы елкені әлемдегі ең ұзын өзен Ніл басып өтеді. Өзен аңғары жап-жасыл. Жағалауында құрма, пальмалары, иісі. жұпар аңқыған қарағандар мен биік папирус қамыстары өсіп тұрады. Ніл аңғарының топырағы жұмсақ, майлы келеді. Халық егін егіп, қолонермен, малшылықпен айналысты. Ежелгі Египет тарихына көз жүгіртсек, оны негізінен төрт кезеңге бөлуге болады:
Ежелгі патшалық (б.д.д 3000-2400 ж.ж..)
Орта патшалық (б.д.д 2400-1710 ж.ж.)
Жаңа патшалық (б.д.д 1580-1090 ж.ж.)
Соңғы кезең (б.д.д 1090-1332 ж.ж.)
Күллі Египетті түгел қамтитын мемлекеттер бірден қалыптаса қойған жоқ. Алғашында қырыққа жуық патшалық болса, кейінірек біріккен екі мемлекет: Солтүстік Египет пен Оңтүсік Египет мемлекеті пайда болды. Оңтүсік Египет елінің патшасы басына биік дулығаға ұқсайтын ақ тәжі киді. Солтүстік Египет патишсының тәжі қызыл түсті болды. Әрі артқы жағы биіктеу жасалды. Шамамен б.д.д. 3000 ж. Оңтүсік Егиïåт патшасы Солтүстік Египет патшалығын біржолата бағыíдырып, екі елді біріктірді. Сөйтіп, басына бірінің үстіне бірін қойғандай қосарлы тәжі киді. Египет әміршілсрі перғаундар (фараондар) деп аталды. Египет мемлекетінің алғашқы астанасы Мемфис қаласы болды. Онда елді перғауындар - ақсүйек шонжарлар, патшаның кеңесшілері, әскер басшылары басқарды. Египет дінінің өзіндік ерекшелігі болды: олар күн, ай, жер және үй мен жабайы жануарларды (крокодил, арыстан, шибері, сиыр, мысық, сұңқар, жылан) құдайлар деп сенді. Сонымен қатар, өнерде де дінге сенушілік байқалды. Мысалы, Лотос гүлі - мәңгілік пен өмір, жемістілік символы деп санаса. Адам денесін бейнелеу шартты, схемалы сипатқа ие болды. Бейнеленген адамның тұрысы және қимылы капонды және әлеуметті тұлғасы шартты тұрғыда бейнеленді. Ежелгі Египет фараондарының мүсіндерін бейнелеуде статикалық әрі мәңгілік сипатқа тән жасалды. Адам тұлғасының масштабы әлеуметтік шартты тұрғыда суреттеліп, қимыл-қозғалысы белгілі бір мағынаны білдірді.
Әсемдікке құштарлыгы
Ежелгі Египет мүсіндері мен фрескаларының рельефіне қарай адамдардың әсемдікке құштарлығы мен олардың киім үлгілерінің негізгі түрлерін байқаймыз.
Ранэфера статуясында ежелгі
египеттердің әсемдікке құшатарлығын, бейнелеу тәсілінен байқауға болады: адам тұлғасы сұңғақ, жауырыны кең, белімен мықынын жіңішке әрі бст әлпеті көрікті.Сонымен қатар, қазіргі заманғы сұлулық ұғымындай әйел бейнесі сұңғақ тұлғасымен, пропорциялық шешімімен, әрі нәзік те әсем келбеіті, миндальді көз пішімімен ерекшеленді. Мұндай бейнені біз Раннан мүсінінен көруімізге болады.
Киім түсі мен матасы
Египет, тарихының мәліметтеріне қарағанда, ол кенеп матаның шыққан жері болып саналады. Міл өзені арнасында осы талшықты өсімдікті өсіру аса қолайлы болды.
Тоқыма өнерінде Египет тоқымашылары өте жоғары шеберлікке қол жеткізді. Олар матаның 1см2 не 84 негізгі, 60 арқау жіп өткізіп тоқыды. 240 м жұқа жіп салмағы 1 гр. ғана ие болды. Тоқымашы өзінің аса сезімталдылығымен осы мата талшығын кезімен емес қолымен ұстап байқап, онан өте жұқа кенеп маталарын тоқыды. Сондықтан Египет кенеп матасы таза жібек матасынан кем түспеді. Осы кенеп матасының жұқалығы соншалықты оның 5 қабатынан адам денесі айқын көрініп тұрды.
Әсіресе жаңа патшалық тұсында тор секілді немесе жылтыр моншақтармен, кестемен зерленген маталар шығара бастады.
Мата бетіне негізінен геометриялық ою-өрнектер жиектеліп салынатын болды. Мата қызыл, көк, жасыл түсті табиғи материалдармен боялды. Кейінірек сары, қоңыр, көкшілтім түстердің түрлі реңктеріне бояды. Киім әзірлеуде кенси, мақта, тері, үлпек секілді материалдар пайдаланылды.
Киімнің негізгі турлері мен формасы
Ежелгі патшалық тұсында ер кісілер киім ретінде кенептен немесе теріден әзірленген алжапқышты (схенти) белдеріне байлады: оны Ранэфера мүсінінен байқауға болады. Схентидің бүйір тұсында майда қатпарлар түсірілген.
Бұл киім түрі фараондар мсн ақсүйектерді қарапайым халықтан ерекшелеп көрсетеді (1а).
Әйелдер денесін орап тұратын көкірек тұсынан тобыққа дейін жететін, иығында баумен бекітілген киім түрлерін пайдаланды.
Бұл киім үлгісі "калазирис" деп аталды. Киім пішімі барлығына бірдей болып, таптық ерекшеліктері тек киім матасының сапасына байланысты ажыратылды (I б).
Орта патшалық тұсында египеттіктердің киім формасы күрделеніп, көлемі үлғая түседі, бір киім үстінен бірнеше киім киюді дәстүрге айналдырды.Киім силуләті етегіне қарай кеңейе түседі де пирамида бейнесіне ұқсайды. Катиарларды көбірек пайдаланылатын болды.
Әйелдер киімі айтарлықтай өзгерген жоқ, олар тек тығыншақтарды көбірек қолданды. Киім композациясыи дөңгелек пішімді сәнделген жұқа қоңдырмалы жаға (ол шыны моншақ тастармен әсемделген) толықтырды (1 в,г).
Жаңа патшалық тұсына ақсүйектер тегі өз киімдерінде түрлі-түсті маталар мен жұқа, қымбат материалдарды, алтын және эмалды тағыншатармен әшекейленген, қатпарлармен сәнделген киім үлгілерін пайдаланды. Қатпарлар киімнің жеке бөліктеріне
қадалып тұрды. Бұл дәуірде киім тігу үшін шеберлер ман екен байқауға болады. Тутанхамон фараоны табыты
ішінен ман екен табылғаны соның дәлелі.
Сирия елін жаулап алған соң Египеттіктер киімінде өзгерістер ене бастады: екіге бүктелген матаның
жоғарғы жағында мойын ойындысын ойып, бұйір түсына қоса тігілген ерлер мен әйелдер калазисін қолданады. Оның
үстінен бір немесе бірнеше қатпарлы юбка киді. Иығына жамылғы жамылды,қатпарлар киімге сымбат пен ырғақты
айқын форма берді.
Киім мықын түсында шаршауланып, алдына қарай
қайтарылады. Әскер басшылары ежелгі киім үлгілерін: схенти үшбұрышты алжапқыш пен бір иыққа салатын қобылан терісін пайдаланды. Әскерлер алжапқыш, көкіректеріне тері байлады.Қарапайым шаруалар киімдеріне айтарлықтай өзгерістер болған жоқ.
Әшекей түрлері, бас киімдері мен шаш пішімдері
Ежелгі Египет патшалығы тұсында киімге қосымша сән беретін, адам өңіне өр беретін әртүрлі құпия мағынасы бар тағыншақтар,тұмарлар пайда болды.Күн секілді шеңберді мойынға тағатын алқы- түсті шынылы моншықтармен, қымбат тастармен, алтын жіппен зерленіп, кестеленді.Аяққа ,білектер кең қолданылады.Күн пішінді алтын алқаны египеттіктер әлемді және санады.Фараондардың бас киімі екі қабатты «атев тәжі» болды, онда үрей- жыланы мен «лашын» символы үстемдік белгісі ретінде саналады, сонымен қатар фараондар бас киім ретінде көбіне «клафт» жолақты мата пайдаланады.
Фараон әйелі басына лашын бейнесі мен лотос гүлін тақты.Әскер басшылары ойын-сауық уақытында ,сұңқар,өгіз маскаларын бастарына киді.
Фараон алтын әрі үшбұрышты немесе куб пішінді сақалы оның ерекше күш құдіретін көрсетеді деп санады.
Египеттіктер аяқтарына палма жапырағы мен папирус терімен жасалған сандал киді.Оның пішіні өте қарапайым әрі ыңғайлы келді.Шешонка ІІ фараоны жерленген жерден алтын сандал табылған.Қазіргі Каир мұражайында Тутанхамен фараонының салмағы 10 кг келетін алтын маскасы табылған (5) бұл бейнеден оның басына киген «клафт» орамалы сары және көк түсті жолақты матадан жасалғанын көреміз, орамал өте ұқыптылықпен әсемдеп басына оралған.Клафит орамалы түсіне қарай оны қолданған адамның қоғамдағы орнын білдіретін болған.Мысалы, сары жолақты-ақсүйектер киді, қызыл жолақты-әскер басшылары, көк түс пен сары жолақты орамалдарды фараондар кигені белгілі.
АССИРИО-ВАВИЛОН КОСТЮМІ
Мемлекетке жалпы сипаттама
Ежелгі Ассирио-Вавилония Ефрат пен Тигр өзенінің арасында орналасқан.Тұрғындар негізінен жер игерумен мал шарушылығымен, қолөнер, жүн маталарын шығару және сауда саттықпен айналысты. Ассирио-Вавилония өнерінің гүлденген дәуірі ІХ-ҮІІ ғ. б.д.д. болып саналады. Мұнда сәулет, сұңғат және мүсіндеу өнері өте жақсы дамыды.
Ассирия-Вавилионияда 1 мыңжыддықта (б.д.д.) тауар өндірісі қарқынды дамыды. Бұл өнермен әйелдермен қатар ер кісілер де айналысты. Вавилонда түгел бір көшелер бойына тоқыма өндірісімен айналысты. Олар көлденең және вертикальды станоктарда ені 1....4 м. келетін маталар тоқыды.
Феодалдық Шығыс елдерінің киім үлгілері
АРАБ ЕЛДЕРІНІҢ КОСТЮМДЕРІ
VI ғ. соңында Араб түбегінде көшпелі және тұрақты халықтар арасында рулық қауым ыдырап, феодалдық қатынас орналаса бастады. VII ғ. басында қауымдастықтар бірігіп мемлекет құрды., орталығы Мекке қаласы болды. Бірнеше 10 жылдықтар ағымында арабтар өздерінің үлкен территориясын : Индия жазығымен Атлант мұхитына дейін, Сырдариядан Ніл жағалауына дейінгі жерлерді жаулап алған. Арабтардың қол астында: Сирия, Палестина, Египет, Судан, Тунис, Марокко, Испания, Рис, Турция қалды. Міне, осылай ІХ-Х ғ. дейін өмір сүрген араб халифаты құрылған. Мемлекеттің астанасы Сириядағы Дамаск қаласы болды.
Араб халифаты өмір сүрген кезде оның мәдениетінің өсіп дамығанымен, мемлекет құрамына енген елдердің ежелгі мәдениетімен қатар дамыды. Ал өнердің ішінен ерекше дамығандары архитектура мен көркем өнер: шұқымалау, фили-грань, көзешілік, әрлеу, мата тоқу, кілем тоқу. т.б.
Өте ертеде арабтарды бейнелеу ассириялық және египеттік рельефсуреттерінен көруге болады. Мұсылман дінін қабылдауға тыйым салынады. Сондықтанда да адамдардың шын бейнесін емес өздері идеал тұтқан бейнесін суреттерде, кітап жазу, мұра қалдыру кезінде бейнелеп отырған. Арабтар мұсылман дінін өте қадірлеп, қастерлеп, дінді өте қатты сақтаған. Тек әйелдері ғана емес, ер кісілері де содан аса инабатты, сыпайы болды.
Сұлулыққа құштарлығы
Орта ғасырлық арабтардың өмірі өте бір тамаша ескерткіш-ертегілер жинағы «Мың бір түн» кітабы адамзатқа қалдырылған тамаша мәдени мұра. Бұлкітап арабтардың нағыз эстетикалық сұлулық идеалдығының жинағы немесе, басқаша айтқанда өмірінің энциклопедиясы деп атасада болады. Икемді, әсем бұрым, аппақ тегіс бет «он төтінші түндегі ай секілді; ұзын қара және қалың қастың астында қарақат көз, бетінде қалы бар өте бір әдемі образды, ертегі бейнесін Шаһаризада біздің көзімізге елестетіп көрсетеді.
К. Маркс маврлар туралы өте бір қызық суреттемені Алжирден қызы Женниге жазған хатында береді:
« Олар орташа француздан бойлары ұзын, беттері сопақтау келген, мұрны құстұмсықты, көздері үлкен және жайнап тұрады, шашы мен сақалдары қара, ал өңдері әр түрлі. Ақшылтым түстен қап-қара түске дейін табылады. Ал, олардың киімі, тіпті ең кедей дегеніңнің өзі әдемі және сұлу көрінеді. Қысқа шалбар, немесе сулық (капюшонымен), басты бүркеу үшін (қолайсыз ауа-райында, өте қатты ыстықта, т.б.) тюрбан қолданады немесе ақ муслиннің кішкене бөлігін беліне буып, белді етіп байлайды. Әдетте, олар жалаң аяқ жүреді. Тек суық кездері сары немесе қызыл софьяннан тігілген туфлилер киеді. Ең кедей мавр « киімді шаршаулау өнерінде» кез-келген европалық актерден басып озады. Сонымен қатар, ол өзін-өзі өте әдемі, сыпайы, жомарт, жаратылысынан хақ екенін көрсетумен ерекшеленеді». Мұнан біз арабтардың ислам дінін мақұлдап осы дінге сай киім кию, өзін-өзі ортада ұстап, құдайға құлшылық жасауда да олардың сұлулыққа, әсемдікке деген эстетикалық талпынысын байқаймыз.
Мата түсі мен өрнектері
Ертеде араб елді мекенінің өсімдікке тапшы болуынан киім тігіп, қолдануына мал шикізатын-тері, жүн, түйе және қойдың үлпек немесе түбітін пайдалануға тура келді. Тек кейбір оңтүстік өңірлерінде ғана мақта өсетін жерлерде өсімдік талшығынан мата дайындады. Ортағасырлық дәуір өзінің өте жоғары мәдениетінің дамуымен ерекшеленеді. Оған мата тоқып өндіру, талшықтардың түрлілігін, түс үйлесімділігін және өрнектелуін айтуға болады. Кең көлемде жібек, жоғары сапалы жүн, кенеп, мақта маталарын пайдаланды. Салт-дәстүрі негізінде ежелгі көркем өнер мәдениетін сақтай отырып, әлемдік деңгейге көтерілді. Өте ерте кезде маталарды қиялдан шыққан өрнектермен безендіріп, құс, аңдардың бейнелерімен әшекейлеп, бояды. Бірақ сол кездегі тиымына байланысты атап айтқанда тірі жан-жануар, адамдарды бейнелеуге болмайтындықтан, ою-өрнектер түріне өзгерді. Жаңадан жұқа геометриялық немесе өсімдік тектес өте жіңішке сымға тартылғандай жолақ тектес, араб жазулары жазылған халифатты насихаттап, мадақтайтын сөйлемдерді мата бетіне түсіретін өрнектер шықты. Оны матаға түсіру өте күрделі гобельендік техниканы немесе тігіс жапсыруды керек етті. Ал, тегістеліп боялған маталар өздерінің түс үйлесімділігімен көздің жауын алды. Олар түстерді тартымды көріну үшін әр түрлі реңкте қолданып, жарқырата бояды. Мысалы: қызыл, алтынды-жасыл мен ауа көк жасылмен, сарымен , қарамен, ақпен, немесе шымқай ақтың таза өзін де қолданды.
Ерлер киімі
Ертедегі құм тұрғындар-бедуиндер жеңсіз көйлек немесе жеңі бар, ұзын, кең, тобыққа жететін екі бөліктен тұратын және де тек иық тұсы тігілетін, бүйір жағы ашық болып келетін көйлек киді. Көйлекті бел тұсынан белдіктеп, баумен байлап жүрді. Сыртқы киім ретінде аббас-сулығы қолналыды. Ол дөрекі қой не түйе жүнінен, әдетте сары-қара не сары ауа көк жолақтар ретінде болды. Жамылғы Аббас (15 а,б) алдынан тілінген және ашық беті төмен қараған, бас шығу үшін ойындысы бар мойын және қол шығу үшін жең ойындысыбар өте кең қап сияқты киім. Қысып байланған бас орамал және ағаш не тері қалыпты сандал киім үлгісін толықтырады. Құрғақ және қапырық климат арабиялық шөлдің өте ертеде-ақ кісілердің және әйелдердің осылай киінуіне мәжбүр етілген. Сыртқы түріне ол төртбұрышты мата (ақ не көгілдір түстес), жан жағынан бахрамамен тігілген. Таспа бауы бар жамылғыны маңдайға жабыстырып, қалған бөлігін иықтан асырып, артқа тастап, арқаны жауып тұрды. Кей жағдайда бүкіг денені де жауып жүрді.
Әйелдер киімі
Әйел киімінің ассортиментіне кең, ұзын, көйлек, шалбар, бас жамылғылары, орамал, халат, белдік-шарфтар және әр түрлі зергерлік сәндік бұйымдар кірді. Араб әйелдерінің киім үлгісі өте әдемі болып ақ, түрлі түсті матадан тігілді, шалбар өте кең әрі жұқа жібек немесе мақта матадан тігіліп, балақ тізеге байланып тобыққа дейін түсетіндей етіп тігілген. Көйлек ұзындығы тізеге дейін жететін. Сыртынан алды ашылатын кафтан, көкірек және бүйір тігістері әсемделіп, екі жанынан тілік түскен. Ал, бел тұсында шәлі белдікпен буылған. Ерлердің киіміндегідей сыртқы киім ретінде халат киген. Әйел жамылғылары өте әдемі: ақ, қызғылт, қара, жалтырақпен сәнделген, кестеленген, алтынданған. Қазіргі кездегі араб киімі тарихи үлгілерін сақтап қалған. Мысал ретінде, Сирия әйел костюмін алуға болады. Әйел киімі кең және ұзын қатпарлы юбкадан және көкірекке қымталып жабысқан кеуде бөлігінен тұрады. Юбканың етек жағына ақ немесе түрлі-түсті алжапқыш тігілген. Ал, басына чепчик тәрізді бас киімді жібек, алтын және күміс жіптермен кестелеп тіккен, кейде алтын тиындармен сәндеп, әшекейленген. Чепчик үстінен түрлі-түсті не ақ орамал беттің төменгі жағын жауып тұратын.
Хама әйелдері нығыздап торланған қызыл, сары, қоңыр түсті матадан көйлектер киді. Юбкасы кең, атқа мініп жүруге ыңғайлы (15в). Бел тұсы қатты жалпақ полотналық белдікпен буылады. Ол әрі дорба, қалта рөлін атқарады. Ал, басына ұлттық салт-дәстүрге сай орамалдарды бастарына тартты.
Салт-дәстүрін көрсететін ұлттық киімінің негізгі түрі болып көрінетін әйел киімі – хауран әйелдерінің киімдерін айтуға болады. Ол табиғаттың қатаң жағдайларына бейімделу барысына байланысты қолданылды. Кең, ұзын көйлек-жейде, қара не көк түсті, тюрбан секілді бас киім астынан арқаға және көкірекке төмен жамылғы жамылды. Ол егістік алқаптарда жұмыс істегенде шаңнан қорғайды. Мойындағы ұзын алқа өте ертедегі тиындардан тұратын. Білектерінде күміс және алтын білезіктер киді, сол аяғында 2 қоңыраулы білезік, басына күміс тиындармен, маңдайға түсіп тұратын әшекейлер тақты (14д).
ҮНДІ ХАЛҚЫНЫҢ КОСТЮМІ
Үнді елі – Гималай тауының солтүстігінде орналасқан мемлекеттердің бірі. Индия табиғаты өте әсем тропикалық аймақтардың бірі болып табылады. Бұл мемлекетте ешқашан қар жаумайды. Халықтар табиғаттың осындай қолайлығының нәтижесінде, ол басқа мемлекеттерден алдыңғы қатарда. Мұнда джуд өсімдігінің талшықтарынан қатты маталар, арқан жасалады. Сондай-ақ, мақта өсіруден де жақсы нәтижеге жетті. Дүние жүзіндегі елдердің ішінде Үнді мемлекеті мақта өсіруден үшінші орында.
Табиғи және географиялық жағдайға байлаысты мұнда түрлі мәдени дәстүрлер қалыптасқан. Солтүстік Индия халықтары қысқы салқын ауа райына байланысты жүн және тері аяқ-киімдерді пайдаланды. Ал, тропикалық аймақ тұрғындары көбіне жібек және мақта маталарын қолданды. Қазіргі уақытта Индияда бірнеше ондаған миллион халық (маратха, бенгальдықьар, меннага гуджараттықтар, нага, бхилдер және т.б.) тұрады.
Әрбір халықтың дүниеге өзіндік көз қарасы мен өмір сүру ерекшеліктері байқалады. Мысалыға, Тамил халқының әйелдері сари, меннага халқының әйелдері бастарына тағатын қауырсынды диадемасы, үнді аралының тұрғындарының белшалғылары, Раджастхан штатындағы сәнді киім үлгілерінің барлығында да халықтың қанық, ашық, контрастты және сәндік әшекейлерге деген құштарлығын байқаймыз.
Үнді халқының киім пішіміне қарай 2 түрге бөлуге болады. Қолжазбаларға қарағанда жаңа дәуірде үнді әйелдері мен ерлері денесіне тұтас маталарды шаршаулау арқылы аяқтарын бүркеп, костюм формасын шығарған. Біздің дәуіріміздің ІҮ ғ. бастап әйелдер мен ерлер киімінде айырмашылықтар пайда болды.
Үнді мемлекетінде ежелден бастап-ақ қолөнер жақсы дамыды, атап айтсақ: сурет, көзешілік, зергерлік өнерлері. Аталған барлық өнер түрлері дәуір өткен сайын өзінің бастапқы қалпынан әлдеқайда өзгеріп, айтарлықтай жетістіктерге жетіп отырды. Әсіресе, көзешілік, бейнелеу өнері жақсы дамыды. Бұл өнер түрлері бүгінгі күнде де дүние жүзі сауда аренасында жоғары бағаға ие. Киім үлгілеріне де бұл өнердің көп көмегі тиді.
Бейнелеу өнерінің киім үлгісіндегі орны ерекше байқалады. Ашық түсті маталарға гүл түсірді немесе жануарлардың суреттерін өте әсем бейнеледі, сонымен бірге, бұл өрнектер өзіндік мағынаға да ие болды.
Біздің д.д. І ғ. орта Азияны шак және кушан тайпаларының басып алуына байланысты Үнді халықтарында тігілген киім үлгісі пайда болды. Олар жамылғы мен енсіз штан, ұзын жеңді көйлек және камзолдар, ал ҮІІ ғ. бастап Үнді еліне мұсылмандар ене бастайды. әсіресе елдің солтүстік бөлігіндегі халықтың мәдениетіне, тұрмыс салтна, киім үлгілеріне едәуір өзгерістер жасайды. Бұл процес ХҮІ ғ. дейін созылып, елдегі екінші діни бағыттардың бірі болып саналады.
Алғашында ктімнің қалыптасуына этникалық қағидалар әсер етсе, мұсылмандар келген соң, киімнің қалыптасуына діни көзқарастар әсер етті. Мысалыға, үндістер бұрынғысынша тігілмеген дхоти және сариді пайдаланса, ислам дінін қабылдағандары тігілген костюмдерді пайдаланды. Ерлер мен әйелдердің арасындағы көп тараған киімдердің бірі болып мақта матасынан жасалынған, сәнді, ұзын жеңді, еркін пішінді көйлек – күртеше саналды. Сондай-ақ ерлердің шалбары әйелдердің шалбарына ұқсас болды. Оны «шутхна» не «чуридара» (чури-білезік) деп аталды. Үнді еліне тері аяқ киімді мұсылмандар енгізді. Бірақ олардың аяқ киімдері өкшесіз, сіресіз тігілді.
Сұлулыққа құштарлығы
Үнді елі әйелдері көбінесе сәнді, әсем киінуге, әрі киім әзірлеуге арналған мата түрлерін бояуға ерекше көңіл бөлген. Олар әсіресе ашық түсті киім үлгілерін әзірлеуде ерекше жетістікке жетті. Әйелдері беттерін, қолдарын, тырнақтарын бояуға ерекше көңіл бөлсе, ерлер сақалдарын бояуды (ақ, жасыл, көк, күлгін түстерге) модаға айналдырған. Бояну барысында олар күлгін, көк түсті, ашық жасыл, ақ жасыл түске бояуды көбірек пайдаланды. Б.д.д. ІІ ғ. бастап үнді елі мақта маталарын пайдалануда ерекше жетістіктерге жетті. А. Македонский заманында Үнді елі шеберлерінің тоқыған мата шеттеріндегі көк немесе қызыл-сары жолақты мата – «ағынды су» , «түнгі туман» деген сияқты мағына білдірді.
Үнді мемлекеті мата шығаруда ең алғаш рет қол жеткізген мемлекеттердің бірі болып саналды. 1290 ж Венецуолалық саудагер Марко Поло өзінің естелігінде былай дейді: « Индия мемлекеті – мата шығаруда ерекше көзге түскен елдердің бірі. Олар матаны бояуда киім әзрлеуде оны сәндеуге ерекше көңіл бөледі. Олардың киімінің түсіне қарап байлығын дәулетін ажыратуға болады. Киім киюге ерекше назар аударылды. Олардың киім киюіне қарап барлығын да король деп ойлап қалу ғажап емес».
Әйелдер костюмі
Әйелдер киімі де ерлер киімі тәрізді біәрнеше киім түрлерінен тұрды. Әйелдер костюмі өзгерістерге ене отырып, уақыт өткен сайын олардың әсемдікке құштарлығы арта түскендігі байқалды. Үнді елі әйелдерінің киімі сари. Ол жаулы есебінде бас бөлігін тұтас жауып тұрды, ерлер киіміндегі дхоти сияқты кеуде бөлігін айналдыра отырып бір иыққа дейін жететіндей етіп әзірледі. Сари әзірлеу барысында оған түс беруге ерекше көңіл бөлген. Алғашында сариді бір түсті матадан дайындады, әдетте оның өлшемі 5,5 х 1,15 м етіп алынды. Ал, Гуджарат штатында сариді 4м дейін қысқарса, керісінше Матхья – Прадеж штатында сари матасының ұзындығы 9м дейін ұзарды, Махараштра штатында ол 10м жеткізді. Себебі бұл елдің әйелдері ат үстінде жүріп соғысқа қатысты. Бай әйелдер қымбат әрі ауыр паршадан не өте жеңіл әрі жұқа газ матасынан киім киді. Тұрмысы орта әйел гордиробында 80-100 сари болды. Дегенмен, екі бірдей бір-біріне ұқсас сари киген Үнді әйелдерін кездестіру қиын. Сонымен бірге саридің түсіне қарап, оның тұрмыс жағдайын білуге болады. Сариді жібек не мақта маталардан әзірледі. Олардың түстері жасыл, көгілдір, сары, көк болды. Сариге майда өрнектермен сурет салды. Саримен бірге әйелдер киімінде холи кофтасы болды. Ол қысқа жеңді, арқасынан түйреліп қоятын кофта, ол айтарлықтай ұзын болмады. Холи киімі сари тәрізді ашық түсті маталардан әзірленеді. Үнді әйелдері өте әсемдікке құштар жандар болып саналады. Әсіресе олар үнемі бет әлпетін бояулармен бояп, әдемілікке талпынды. Олар түрлі тастардан, гүлдерден әшекейлеуге көңіл бөлді.
Орта ғ. Үнді елі киіміне көптеген өзгерістер енді. Киімді асыл тастармен, қымбат, бағалы заттармен әшекейледі.
ХҮІІ-ХІХ ғ. ашық тү.сті құс суреттерімен әшекейлеуге ерекше назар аударды. Оларды мехтан және тибет ешкілерінің түбітінен тоқыды. Құс суретін әзірлеумен бірге түрлі гүлдерді салып мата тоқу дәстүрге айналды.
Қалыңдықтың киімін қалыңдық денесіне салынған түрлі әшекей суреттері мен тағыншақтары толықтырып тұрды. Қалыңдықтың маңдайына «тика» не «тилак», «менду», «потту» белгісін салды. Сондай-ақ қалыңдықтың қолы мен аяғын хнамен өрнектейді. Бұл күрделі символдық ою-өрнектер қызды түрлі нәрселерден сақтайды және бақыт әкеледі деп санаған. Мұрындарына сақина тақты, солтүстік елді мекенінде бұл сырғаны мұрынның сол жағына тағып жүрді. А оңтүстіктегілер оны түрліше етіп тақты. Сондай-ақ үнді қалыңдығы қолы мен аяғына білезіктер мен сақиналар, белдеріне белдіетер, мойындарына моншақтар тақты. Таққан алқаның өзі түрліше мәнге ие болды. Мысалы, мангус және тирумангальям тағыншақтарын тұрмысқа шыққан әйелдер тақты. Бұл тағыншақтарды ерекше қорғап, жанұяда бақыт әкеледі деп санаған. Сондықтан да, үнді әйелі бұл тағыншақты тек өлгенде ғана шешкен. Сонымен қатар, бүкіл дүние жүзі елдеріне мұнда жұқа шәлі, шалбар, газ жамылғысын алтынмен, күміспен кестеленген парша матасын шығарып отырды.
Ерлер костюмі
Ерлер костюміне келер болсақ, олар жоғары жағына дхоти, яғни көйлегін киді. Дегенімен ертеде Үнді елі ерлері жоғарғы жағына еш нәрсе кимеген. Ал, төменгі жағына дхоти орамалын орап жүрді. Ерлер чалма және рупан сулығын пайдаланды (16а). Чалма матадан әзірленіп, бірнеше рет басқа орап, біздің сәлдеміз сияқты етіп, бас киім ретінде пайдаланды. Ал, рупан кеуде тұсын жасырып тұратындай етіп әзірленген қынамалы желет. Ерлер мойындарына алқа, қолдарына, аяқтарына білезіктер тағып, үстіне кафтан, бұттарына штан, аяқтарына сандал киді.
Қоғамның даму сатысына байланысты ерлер киіміне өзгерістер еніп отырды. Дхотидің ұзындығы 5см жетті, оның жоғарғы бөлігіне ұзын көйлек және қысқа күртеше киді, бастарына көгілдір не сары, қызыл, ашық түсті чалма пайдаланды. Аяқтарына түрлі тастардан жасалған сәндік бұйымдарды тағуды дәстүрге айналдырды. Сулық көбінесе драп маталардан дайындалды.
Жарияланған-2015-12-08 17:30:51 Қаралды-14320
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Қазақстан тарихы
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Тіл ғылымы, Филология
- Философия
- Физика, Химия
- Кітапханалық іс
- Спорт
- Автоматтандыру
- Аудит
- Ауыл шаруашылығы
- Биотехнология
- Бухгалтерлік есеп
- Журналистика
- Кедендік іс
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару, Метрология және стандарттау
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Туризм
- Халықаралық қатынастар
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- Жаратылыстану
- Медицина