UF

Тақырыбы: «Спорттық күрес және жекпе-жектер»

 

  1. Спорттық күресте жақттықтырушы оқытушының алатын орны.

 

Жаттықтырушы-оқытушы және тәрбиеші.

 

Жаттықтырушы-оқытушы және тәрбиеші – бұл жарыста және белдесуде жеңіске жетуге мақсат қойып, техникалық, дене дайындығы және жігерлікті, қарсыласыңның ерекшеліктерін шебер пайдалану, жаттықтырушылар және спортшылардың іскерлік қызметі арқасында спорттық күрес тактикасы үздіксіз дамыпжәне байытылады.

Тактикалық шеберлік техникалық дене дайындығы және жігерлік дайындығымен жақын байланысты. Негізгі тактикалық міндеттің шешуіне керекті жағдай техниканың дайындық болады.

Балуанның тактикалық ықтималы көбінесе оның дене қабілеттілігімен анықталады. Жеңіске жетудің аса керекті  жолдарын жоғары дамыған жылдамдық күш, ептілік, шыдамдылығын спортшыға таңдауға рұқсат етіледі.

Балуанның тактикалық ықтималы көбенесе оның психологиялық дайындығына тәуелді болады. Балуанның батырлығы және белсенділігі белдесу барысында өзінің жағдайын қарсыласына қабілеттілігін байлау анықтайды.

Алдын-ала көру тактикалық ойлаудың іске асуының маңызды ерекшелігі. Алдын-ала көру, яғни ойлап алды болжау, жалпы жарыстың және белдесудің нәтижесі неден тәуелді болатынын сөз алдына келтіру. Әркез бір тактиканы қайта-қайта қолдану жақсы нәтижеге жетуге бөгет болады, себебі қарсыластарын қарсы қимыл жасауға ықтимал алады.

Тактикалық дайындықты әртүрлі тәсілдерді қолдану белдесу барысында жағдайды шебер пайдалану, техникалық керекті әрекет жасаудың тактикасы болып табылады.

Қорқыту – бұл тактикалық дайындықтың тәсілі балуан нәтижесінде белсенді қимыл (әдістер, қарсы әдістер және ұстасу) жасап, қорқытуды туғызып қарсыласын амалсыздан қорғанысқа көшуге мәжбүр етіп, шабуылшыға әдіс, қарсы әдіс жасауға жағдай туғызады.

Байлау – тактикалық дайындық тәсілі. Қарсыласын еркіндік әрекеттен ажырату және оның қорғанысқа көнуге мәжбүр ету, сөйтіп оған әдістер жасауға жағдай жасау.

Шақыру -  тактикалық дайындықтың тәсілі, балуан соның арқасында қарсыласын белсенділік әрекет істеуге шақырып, оған алдын-ала дайындаған әдістерді, қарсы әдістерді жасауға жағдай туғызады.

Екі рет алдау – тактикалық дайындық тәсілінің маңызы сонда балуан белгіленген әдісті жасауды алдамшы әдіс ретінде көрсетеді. Сондықтан қарсыласы жасалған әдіске қарсы әдіс жасау дайындығы төмендейді.

Тактиканың негізгі түрлері: шабуылдау, қарсы шабуылдау, қорғану және жанжақты.  

Шабуылдау тактикасы балуанның жоғарғы белсенділігі болып есептелінеді. Ол белдесуде қарсыласын қорықпай, шешімді шабуылдайды. Бұл тактика үшін мінездемесі: тіке тұру қалпында, күресте еркін жүру, комбинациялық әрекеттер жасау, өзінің сүйікті әдістерін, қарсы әдістерін жасау.

Балуанның шабуыл тактикасы өте жақсы дене және психологиялық дайындығы әртүрлі техникалық әрекеттердің қолдануын талап етеді. Олар: үздіксіз шабуылдау тактикасы және кей кездегі шабуыл тактикасы болып бөлінеді.

Қарсы шабуылдау тактикасы – балуан белдесуді қарсы және жауапты қарсы шабуылда қолданады, қарсыласы жағынан кейбір уақыттарды белсенділік әрекеттерді пайдалану арқылы, қарсы шабуыл тактикасы қарсыласына қарсы ерекше әсер етеді, егер қарсыласы жылдамдығы жағынан төмен болса.

Қорғану тактикасы (күту) мінезделеді, егер балуан өзінің барлық көңілін қорғануға тоғыстайды, белдесуде белсенділік көрсетпейді және қарсыласына шабуылды жасайды, егер ол қате ғана жібергенде.

 

Белдесуде тактикалық жоспарды жүргізуді құру

 

Егер өзінің техникалық, дене дайындығы және қуаттылық қасиеттерін толық көрсетсе, өзінің дайындығының әлсіз жерлерін жасырса және соның нәтижесінде белдесуде жақсы көрсеткішке жету үшін балуанға ертерек өзінің әрекеттерін болашақ кездесуде жоспарлап қою керек.

Белдесудің тактикалық жоспары – бұл оймен жеңіске жетудің жолы. Тактикалық жоспарда белдесудің мақсатын, оған жетудің әдістемелері, құралы, уақыты және шешуші әрекет орындары белгіленеді. Балуан керекті жағдайда тұрысын, арақашықтықты белгілейді.

 

Белдесудің мақсатын белгілеу

 

Кілемге шығар алдында балуан өзіне белдесудің соңғы мақсатын болжау қажет. Белдесудің мақсатын анықтағанда әруақытта өзінің мүмкіндігіңді және осы белдесуге дайындығыңды тағы да қарсыласыңның қабілеттілігін есептеу қажет.

Әлсіз қарсыласын өзінің мақсатына жету үшін таза жеңіске, ал күштісіне мүмкін ұпай сонымен ұтуға шектейді. Белдесудің тактикалық жоспарын анықтауда, балуан дайындығын сондай-ақ техникалық әрекеттерді және соған дайындық тәсілдерді, алға қойған мақсатқа дәл келетін әрекеттерді іздейді. Әдістерді және оның варианттарын қарсыласының қорғаныста нашар жағын есептеп бұрын тағдайды.

Белдесуде шешуші әрекеттердің орынын және уақыт жоспарлауда балуан бірінші болып ұтыс ұпайларын алған болса, онда ол дұрыс жағдайда болатынын көру қажет.

Егер балуан өзінің төзімділігінің басымдылығын пайдаланғысы келсе, ол белдесудің бастапқы кезінен қарсыласып алдамшы шабуылымен шаршатып, сонан соң шешуші әрекеттерге көшеді. Белдесудің бас жағында қысып ұстасуды керек ететін шешуші әрекеттерді жоспарлаған дұрыс.

Белдесуді жоғарғы қарқынмен өткізуді жоспарлау керек. Егер жақсы дайындалған төзімділігі нашарлау және күш, техника жағынан басым емес балуанмен кездескенде төзімділігі озық қарсыласымен кездескенде, өзіңнің қуатыңды шағындап жұмсау қажет.

Қарсыласының сүйікті әдістерінен қорғану қолдану, дұрыс тұрысын табу, шабуыл жасауға аз әсерін тигізбейді. Сондықтан да өзіңе керекті тұрысты пайдалануды жасыру мақсатымен, қарсыласыңды адастырып және оны күтпеген мезгілді шабуылдау қажет екенін ұмытпай керек.

Белдесудегі табыс дұрыс жасалған жоспар мен жүргізуге байланысты болады. Бірақта өте дәл, жақсы жоспар ештеңе әпермейді, егер балуан оны шебер орындауға жарамаса. Тактикалық жоспар әрекеттерін іске асыру – бұл деген қарсыласыңды өзіңнің еркіңе бағындыру.

Әрине белдесуде екі спортшы да алдана жеңісті мақсат етіп қояды, жекпе-жек барысында біреуі жақсы жағдайда қалуы мүмкін, өзгеге қарағанда. Белдесудің кейбір кезеңдерінде ұтыс жағдайына жеткенде белдесудің қорытындысы шешімді деуге ешуақытта болмайды. Төрешінің мәрелік ысқырығына дейін балуан жинақты, ықыласты әртүрлі кездейсоқтыққа дайын болуға міндетті.

Егер балуан белдесуде ұтылып жатса, онда ең соңғы секундтарға дейін ол барлық шара қолданып, жағдайды өзгертуі керек.

 

  1. Ұжымды басқарудың түрлері.

 

Жаттықтырушының педагогикалық білімі.

 

Әр спорттық жыл жаттығудың дайындық, жарыстың (негізгі) және өтпелі кезеңі болып бөлінеді.

Спорттық жаттығудың кезеңдері мен этаптары спорттық форманың заңдылық дамуымен анықталады, балуандардың жеке ерекшеліктермен және жарыстың календарын есепке алумен.

Спорттық форманың даму заңдылығы үш фаздың үзіліссіз ауысуымен аяқталады: оны алу, сақтау және уақытша жоғалту. Онан соң осы фазалар биік және беріктік негізінде қайталанады.

  1. Жаттығудың дайындық кезеңі. Ол 80 күнге жақын құрастырылады және біртіндеп белсенділік демалыстан қарқынды спецификалық жұмысқа қамтамасыз етуге бағытталады, онан әрі дене қасиеттерін дамытуға, күрес техникасын және тактикасын меңгеруге және шыңдауға.

Дайындық кезеңінің негізгі мақсатына кіреді: организмнің қызметінің мүмкіндігін жоғарылатады, оның жұмыс қабілеттілігін, дене дайындығының жоғарылатады және балуанның керекті дене қасиеттерінің дамуына; әдістерді меңгеруге, қарсы әдіс және қорғану және бұрын меңгерген техникалық және тактикалық қимылдардың жаңа варианттарын; әрі қарай жақын көретін техникалық және тактикалық қимылдарды шыңдауға және оларды өткізгенде қателерін дұрыстау; белдесуді жүргізуден тактикасында білімін, білгірлігін және дағдылануын кеңіту және жарысқа қатысудың тактикасын; зерделік және қуаттылық қасиеттерін тәрбиелеу; спорттық жаттығудың теориялық білімін кеңейту.

Күрес сабағының негізгі түрлерінің бұл уақытта оқу-жаттығу сабағы болады. Бір немесе екі рет аптасына дене дайындығы жаттығуы ұйымдастырылады. Дайындық кезеңінде, спортшылардан қатысуға арнайы дайындықты талап етпейтін үлкен емес жарыс өткізуге болады. Жұмыс қабілеттілігін арттыру біртіндеп жаттығу жүктемесінің қарқынын және көлемін қамтамасыз ету.

Бұл кезеңде жүктеменің қарқыны – бәсеңдеу, ал көлемі – үлкен. Бұл кезеңде жаттығудың негізгі құралы болып жалпы дамыту жаттығулары, арнайы жаттығулар, үйрену және үйрену-жаттығу белдеулері жатады.

Дайындық кезеңінің екінші жартысында арнайы жаттығулар және белдеудің жүктеме салмағы көбейеді.

 

Дайындық кезеңінің жаттығуының апталық циклының жоспарының мысалдық варианты

 

Дүйсенбі – күрестен оқыту (үйрету) – жаттығу сабағы, техниканы және тактиканы үйрену және шыңдауға бағытталған, жылдамдықты және ептілікті дамыту. Жүктеме орташа.

Сейсенбі – Дене дайындығы жаттығуы. Жүктеме кішкене.

Сәрсенбі – күрестен оқу-жаттығу сабағы, техника және тактиканы үйренуге және шыңдауға бағытталған, жылдамдықты және күшті дамыту. Жүктеме орташа.

Бейсенбі – Дене дайындығының жаттығуы. Жүктеме кішкене.

Жұма – күрестен оқу-жаттығу сабағы, техника және тактиканы үйрену және шыңдауға бағытталған, күшті және төзімділікті дамыту. Жүктеме үлкен.

Сенбі – баня, массаж. Жүктеме кішкене.

Жексенбі – белсенділік демалыс.

Дайындық кезеңінің тапсырмасын орындау барысын бақылау. Екі рет орындаған дұрыс. – Кезеңнің ортасында және соңында. Ол үшін әр балуанның техникасының, тактикасының және дене дайындығының деңгейін анықтау үшін жаттығу көрсеткіштерін орындайды. Осы мақсат үшін де дайындық бөлімін екінші жартысында жарыс өткізуді жоспарлауға болады.

ІІ. Жаттығудың жарыс (негізгі) кезеңі. Бұл жаттығу кезеңі жарысқа дайындық және ойдағыдай қатысуға бағытталады. Оның ұзақтығы 8 айға жақын. Балуан негізгі жарыстарға (ондайлар 3 болуы мүмкін) жақсы дайындықта болуы керек.

Жарыс кезеңінің негізгі мақсаты болып табылады: жоғарғы дайындық деңгейіне жету; техниканы және тактиканы шыңдау және жаңа варианттарын меңгеру, белдесудің тактикасын жүргізудің және жарысқа қатысудың кеңіту және білімін және білгірлігін бекіту, күресте қажет болатын дене дайындығы, зерделік және қуаттылық қасиеттерінің деңгейін жоғары дамытуға жеткізу, теориялық білімін кеңейту (ұлғайту).

Жаттығудың жарыс кезеңі жарыстың санына байланысты жарысқа алдын-ала дайындық этапы, әдейі дайындығы, жарысқа қатысу және  біткен соң белсенділік демаласына бөлінеді:

  1. Алдын-ала дайындық этапы (кезеңі) сол уақытта жоспарланады. Егер жақын арадағы арнайы бағытталған жарнаның дайындыққа дейін көп уақыт болса, бұл жағдайда алдын-ала дайындық этапының ұзақтығы 2 апта болады.

Алдын-ала дайындық этапының негізгі мақсаты техникалық және тактилкалық қимылдардың (әрекеттер) жаза варианттарын меңгеру, сүйікті әдістерді және тактиканы әрі қарай шыңдау (пысықтау) болып табылады; өткен жарыстың жіберген қателерін жібермеу, дене дайындығын әрі қарай дамыту, зерделік және қуаттылық қасиеттерін бекіту.

Бұл этаптың жаттығуының негізгі құралы болып жататындар: жалпы дайындық гимнастикалық жаттығулар және қосымша спорт түрлері (спорттық ойын, штанга жаттығулары, жүзу, қысқа қашықтаққа жүгіру, кросс лақтыру), әртүрлі арнайы имитациялық жаттығулар снарядтармен, снарядтарсыз, серігімен жаттығу.

Бұл кезеңде негізгі назар оқу-жатығу белдеулеріне аударылады. Жаттығудың қарқыны орташа болу керек, көлемі – орташадан жоғары. Жарысқа жаттығудың алдын-ала дайындық этапының апталық циклының мысалдық варианты.

 

Жарысқа жаттығудың алдын-ала дайындық этапының апталық циклының мысалдық варианты

 

Дүйсенбі – Күрестен оқу-жаттығу сабағы. Бағыты: техниканы және тактиканы үйрену және шыңдау, жылдамдықты және ептілікті дамыту. Жүктемесі орташа.

Сейсенбі – Күрестен оқу-жаттығу сабағы. Бағыты: техника және тактиканы үйрену және шыңдау, жылдамдықты және күшті дамыту. Жүктеме орташа.

Сәрсенбі – Дене дайындығы сабағы. Жүктеме кішкене (аздау)

Бейсенбі – Сол дүйсенбідегі жүктеме. Жүктеме орташа.

Жұма – Күрестен жаттығу сабағы. Бағыты: белдесуде техникалық және тактикалық шеберлікті шыңдау, күшті және төзімділікті дамыту. Жүктемесі үлкен.

Сенбі – монша, массаж. Жүктеме кішкене.

Жексенбі – белсенді демалыс.

  1. Арнайы дайындық этапы (кезеңі) балуандарды жарысқа қатысуға ойдағыдай жақындату (келтіру).

Оның ұзақтығы балуандардың жеке ерекшеліктеріне, жарыстың үлкендігіне (өлшеміне) және оны өткізудің жағдайына, балуандардың алға қойған мақсаты байланысты. Арнайы дайындықтың ұзақтығы орташа 20-30 күн.

Бұл этаптың негізгі шешімі: жоғарғы арнайы жұмысқа қабілеттілігіне жету, белдеуді жүргізудің шеберлігін шыңдау, әрі қарай сүйікті техникасын және тактикасын бекітіп және шыңдау, жарыстық жағдайын және негізгі қарсыластарының дайындығының ерекшеліктерін есептеу; салмақ категориясына – салмағын мөлшерге келтіру; болатын жарыстың ерекшеліктерін және болашақ қарсыластарының шеберлігін үйрену.

Жаттығу белдеулер негізгі құрамы болады және серігімен арнайы жаттығулар жасау.

Жарысқа толық дайындық үшін жаттығу керек, жүктемені жоспарлау және құрамның  методын тауып, дайындықтың жағдайы жарысқа жақынырақ келтіру. Арнайы дайындыө этапының басында жұмыстың көлемі және қарқыны өсу керек. Соңғы 12-15 күндерде көлемі кішкене төмендейді, ал қарқын сол бұрынңы күйінде қалады, немесе ұлғайтылуы жалғасады. Жүктеменің біртіндеп ұлғаюы біріншіден арнайы жаттығуға және жаттығу белдесулерін орындауға уақыттың өсуінен болады.

Этаптың бірінші жартысында кейбір белдесудің ұзақтыңы ережесінде көрсетілгеннен жоғарылайды.

Жарыстық белдесулерді жоғарғы қарқында жүргізу – кәзіргі күрестің мінездемесінің бір жағы. Сондықтан балуанның жылдамдық – төзімділігінің тәрбиесіне ерекше назар аудару керек.

Балуанға жақын жылдамдық-төзімділігін алғаннан соң, ол барлық белдесуді жоғарғы қарқында өткізуге тапсырма беру керек, әсіресе әр кезеңнің соңғы минутында және соңғы кезеңде. Бұл жылдамдық-төзімділік дамуына жағдай туғызады және әртүрлі тактикалық есептердің шешімін дайындайды.

Арнайы дайындық этапында спортшының организмінің қалпына келуін қамқорлыққа және ерекше қатаң режим ұстау керек. Организмнің тез, толық қалпына келтіру, жүктеме алып болған соң булық монша, массаж және витаминдер әсерін тигізеді.

Жарысқа дайындықтың алдында болашақ қарсыластарының шеберлігін талдауды ұсынады.

Белгісіз қарсыласымен кездесу дайындығында белдеуді әртүрлі тактикалық схемамен өткізуді шыңдау қажет. Сол үшін оқу-жаттығу және жаттығу белдеулерін әртүрлі тактикалық схемамен, ал балуандар әртүрлі даннысы бар деректерімен (партерами) кездесуі өткізілуі керек. Жарыстың басталуына 12-15 күн қалғанда бақылау белдеулері белгіленеді. Олардың саны балуандардың қандай жарысқа дайындалып жатқанына байланысты болады.

Бұл белдесулерді өткізген соң міндетті түрде оларды таңдау керек, қалған уақытта қандай қателерді және кемшіліктерді  құтылу керек.

Бақылау сабақтарынан кейінгі күндері, белдеу жаттығуларын регламент бойынша жарыстың ережесі қарастырылған, өткізіледі.

Жарыс алдында балуан көп уақытын далада өткізу керек. Паркте, орманда қыдыру өте пайдалы.

Салмағын қуып жүрген балуандарға соңғы 2-3 жаттығуды, салмағы жарыста қатысатын балуандарға жақындау келетіндермен өткізген жөн. Соңғы 2-3 жаттығуды, жарыста шығатын костюммен өткізуін ұсынады.

  1. Жарысқа қатысу этапы. Бұл жерде балуанның шеберлігін әрі қарай шыңдайды. Бұл этаптың бірінші мақсаты жарысқа ойдағыдай қатысып және биік спорттық нәтиже көрсету.

Балуанның жарыста ойдағыдай қатысуы оның мінезінішң дұрыс анықталуында. Жарыста күшін үнемдеп жұмсау керек, артық қобалжудан құтылу, энергиясын қалпына келтіруде әрбір мүмкіндікті пайдалану. Бұл кезеңде күн тәртібі кәдімгіден айырмашылығы болмау керек. Өзін жақсы сезіну үшін кешке қалдыру және ұзартылған ұйқы (8-9 сағат) үлкен роль атқарады.

  1. Жарыстан кейінгі этап. Жарысқа қатысып болғаннан соң организмді қалпына келтіру үшін және спорттық форманы сақтау үшін аз уақытта белсенділік демалысын жоспарлайды (2 күннен 7 күнге дейін). Белсенділік демалысының ұзақтыүғы балуанның жарыста алған жүктемесіне байланысты болады және оның көңіл-күйіне. Кездесуден кейін ертеңіне моншаға түсуді және массаж жасауды ұсынады. Келесі күндері дене жүктемесін азанғы жаттығумен қысқартып және қосымша спорт түрлерімен: аңшылық, жүзу, спорт ойындары, қыдыру, т.б. керек. Басқа спорт түрлерімен айналысу организмді қалпына келтіру процесін жақсартады. Мүмкіншілігінше, жаттығу ашық ауада өткізілген дұрыс.

ІІІ. Жаттығудың өтпелі кезеңі (белсенділік демалыс). Өтпелі кезең біржылдық жаттығудың бөлігі болып есептелінеді.

Өтпелі кезең жаттығу жүктеменің төмендеуіне бағытталады және организмнің белсенді демалысына қызмет етеді. Мұндағы шешімнің мақсаты жалпы дене дайындығына, денсаулығын нығайтуға және организмнің шынығуына бағытталады. Өтпелі кезеңнің ұзақтығы мысалыға 25-30 күнге созылады және ол балуанның жеке ерекшеліктеріне байланысты. Бұл кезеңді кезекті отпускінен немесе каникулмен бірге қосқан жөн. Бұл уақытта жүктеме аз болу қажет, басқа жаттығуға қарағанда өтпелі кезеңде балуан үнемі ертеңгі зарядканы жалғастырады, жалпы дамыту жаттығуларын басқа спорт түрлерінен кең қолданады; жазда – жұғу, спорт ойындары, гребля, туристік жүріс, аңшылық. Мұнда жүктеме аздау болғаны қажет. Егер балуанның жарақаты болса, сол уақытта оны емдеуге пайдалану керек. Өтпелі кезеңді дұрыс пайдалану балуанның арнайы дайындығын, организмнің қызметінің мүмкіндігінің өсуіне жағдай туғызады.

 

3.  Балуанның спорттық дайындығына сараптама жасау.

 

Балуанның спорттық дайындығының ілімдік біліміне баға беру.

 

Спортта жігерлік қасиеттің маңызы сонша әйгілі «спортшы» деген түсінік «күшті жігерлі адам» деген түсінікті білдіреді.

Спортшының негізгі жігерлік қасиетінің ішінен көрінетіні мыналар: мақсаттылық, белсенділік, батылдық, өзін-өзі ұстамдылық, қайсарлық, тұрақтылық.

Бұл қасиеттер және басқа, адамдардың психологиялық мінездемелеріне тікелей баға беруге берілмейді, оларды әртүрлі спорттың түрлеріне қатаң бөлу өте қиын. Сонда да тәжірибелерге сүйенсек, спортшының спорттық қызметіне байланыссыз жәгерлік қасиеттерінің барлық дамуының қосындысы керек-ақ, сондақтан да оларды  жан-жақты тәрбиелеу спортшының дайынлығының негізгі мазмұнына кіреді.

Жігерлік қасиеті, спорттық қызметінің ерекшеліктерімен бірге дамуы және спортшының жеке түрі (черта) болуы, «спорттық мінездемесінен» анықталады. Жеңіске деген жігерлігіне, тиянақтылық қабілетіне және сенімділігіне, эмоциялық және жалпы психологиялық тұрақтылығына. Спортшының мынадай мінездемелерімен осы қасиеттер бірігіп тәрбиеленеді: тәртіптілігімен, міндеттілігімен, спорттық еңбек сүйгіштігімен, жігерлік қасиеттерді тәрбиелеуде спортшының қызметінің негізгі мақсаты болып, біртіндеп қиындықтан өту болады.

Жігерлік қиындықтардан өтумен тәрбиеленетіні шындық, бірақ ол кейбір жағдайларда ғана жаттығу жүктемесіне байланысты, егер ол қиындықтан үздіксіз өтіп отырса.

Спорттық жаттығуда жігерлік дайындығының негізгі тәжірибелік әдістемесі мыналар:

  • жаттығу бағдарламасын және жарыстың шарттарын міндетті түрде орындауға үнемі үйрету;
  • қосымша қиыншылықтарды жүйелі түрде енгізу;
  • жарыстық бастаманы және арақатысын пайдалану.
  • өзбетінше тәрбиелеу қызметін біртіндеп ұлғайту.
    1. Спортшы спорттық шыңға жетуге жеңіл жол жоқ екеніне терең сенімді болу керек және бұл биіктік жақынырақ болады егер оған жетуге арналған жігерің, күшің жоғары болса.
    2. Психикалық жүктемені жаттығу процесінде әруақытта жоғарылату, спортшының бағытталған жігерлік қасиетін дамытып, жігерлігін ашатын міндеттейтін қосымша қиыншылықтарды туғызу;
    3. Жігерлікті тәрбиелеу өзінше болашағын ойлауын, сезінуін, қимылдарын, істерін белсенді және алға ұмтылуын (целеустремленный) басқару.

Жігерлікті өзін-өзі тәрбиелеуде тәжірибелік құралы және тәсілдері болып оның қиыншылықтардан өтуінің белсенділіктерінің барлық формалары есептелінеді.

Олардың ішінде: спорттық қызметінің міндеттерімен сәйкес ұйымдастырылған жалпы өмірлік күнтәртібін шегінбей сақтау; жаттығу бағдарламасын және жарыстық мақсаттарды бұлжытпай орындауда өзін-өзі сендіру, өзін-өзі көнуге мәжбүр ету. Осылар жаттығу процесінде өзін-өзі тәрбиелеуде орталық сызығы болып табылады.

Кейбір өте жауапты жарыстар, ұзақ және күрделі мінезін тәрбиелеу  процесінде әлі ешнәрсе шеше алмайды. Тек календарлық жарыстарға үнемі қатысу және жаттығу сабақтарын ұйымдастырғанда, жарыстың бастаманы үздіксіз пайдалану (белдеу т.б.).

Ішкі қиыншылықтардан өтудің ерекше маңызы бар – психикалық кедергілерден, бұрынғы қалыптасқан теріс тәжірибелерден ішкі күштерді жинақтау, қиын мақсатқа жетуге мынадай әдістер көмектеседі: борыштық сезімнің жолдарына арнап, өзіңнің беделдігіңе, намыссүйгіштігіңе және намысқойлығыңа, өзің-өзіңе бұйрық беруіңе, ерекше қиын тапсырмаларды орындауда белсенділікті өзіңе алуыңа т.б.

Спортшының «психологиялық дайындығы» жалпы айтқанда оның психикасына барлық әрекеттердің қосындысының әсер етуі, психикалық дайындығының жетістігінің қалыптасуына қамтамасыз ету.

Спортшының «арнайы психологиялық дайындығы» түсінігі дәл оның ойын білдіреді. Ол спортшының дайындығының басты бейнесін қамтиды, сайысқа дайындығын және өте қиын жаттығу тапсырмаларын орындауын.

Спорттағы көптеген сәттер, әсіресе, жауапты жарыстардың, алдында спортшы оған кездескенге дейін психикалық қобалжуы жоғарылауы мүмкін, кеңірек айтқанда, психикалыө «стресс»ке ұқсас.

Мұндай жағдайлардың көбірек белгілері – сөре алдындағы жағдайы «сөрелік діріл» (лихорадка) және «сөрелік немқұрайлығы» (апатия). Психикалық қобалжу жағдайын орнына келтірудің мақсатын ажырату жарыстың мінездемесіне байланысты: «сөрелік немқұрайлықта» және оған ұқсас жажғдайда жинақтылық дайындығын қамтамасыз ету, сенімділігін және бәрі дұрыс болатынын көңіліне енгізу; ал егер шектеп тыс қобалжығанда – оның мөлшерін азайту, бірақ эмоциялық биіктеуіне кесірін тигізбейді.

Спортшының психикалық жағдайын есептеп үнемдеу және эмоциялық тұрақтылығын қамтамасыз ету сайыс барысында және қуатты жаттығуларда кіргізіледі.

Педагогикалық тұрғысы жағынан алып қарағанда жалпы мынадай факторлар және кейбір құралдар, әдістемелер және жағдайлар, спортшының психикалық жағдайына дұрыс әсерін тигізеді:

  • жаттықтырушының әсері және оның шәкіртімен әруақыттағы жақын арақатынасы;
  • спорттық ұжымдағы достық арақатынасы, сеніміне, мақсаттылығына және іскерлігіне;
  • жігерлік қасиетін үнемі тәрбиелеу және өзбетінше тәрбиелеу.
  1. Сөрелік алдындағы жағдайын үнемдеу (регулировать) процесінде мұндай көрініс білінеді. Көбінесе арнайы денені қыздыруда әртүрлі варианттарды қолдану: белсендіретін (мысалыға әдістерді қысқа уақытта қайталау (имитация), жұбататын (қарқынсыз, созып жасайтын жаттығулар), сондай-ақ «босататын», «назар аударатын», «дәл орындайтын» және арнайы демалу жаттығулары жолын қобалжуын төмендетуге бағытталған.
  2. Жарыс жағдайына және психикалық қуатын жарыстық жүктемеде үнемдеуге бейімделу. Жаттығудың әр үлкен циклінде жарыстық жүктемеге және сол жағдайға бейімделуіне шешетіндей дайындық және өзіндік спорттық сайыстар саны жетерліктей болу керек.
  3. Психикалық үнемдеу және өзінше үнемдеудің арнайы әдістемелері.
  4. Кәдімгі орта жағдайы, гигиеналық және басқа орталық факторлар, психологиялық жағдайына әсерін тигізетін (саунаға түсу, су процедурасы, жарыс өтетін жердің әр түрлі-түсті көріністері, арнайы іріктелген музыкалық жетекшілігі, т.б.)

 

4. Әдіс-техникалық дайындығы.

 

Жекелеген әдістерді жеке орындау

 

Спортшының «техникалық дайындығы» деп оны негізгі техникалық қимылға үйрету, жарыста қолданылатын немесе жаттығу құрамында игерілетін және таңдап алған спорт түрінің техникасын шыңдауы.

Балуанның техникалық дайындығы - әдейі арналған жаттығулардың техникалық қалыптасу процесі, әдістерді және күресте қолданылатын әртүрлі комбинацияларды.

Спорттық – техникалық дайындықтың бастапқы мақсаты – спорттық айқаста техникалық қимылдарды қолдануды қалыптастыру және көп жылдар бойы спортпен айналысып спорттық шеберлігін шыңдау болып табылады.

Спорттық күресте жалпы және арнайы техникалық дайындық деп бөлі керек.

Жалпы техникалық дайындық деп әртүрлі қимылдарды білу және қалыптастыру, әртүрлі техникалық варианттардың шешімін қамту, жаттығулардың барлық дайындықтарын толық игеру.

Жалпы дене дайындығының қалыптасуы жаттығулардың үлкен қимыл-әрекеттерімен дайындығына атап айтқанда түгіру, секіру, жүзу, әртүрлі спорт ойындарына қатысу сияқты т.б. Жалпы техникалық дайындық тек спорттық жетістікке жетуге арналмаған, мақсаты үлкен техникалық қимылдарды үйрену, күрестегі керекті қимылдардың әртүрлі бағытта қалыптасып дағдылануының т.б. мінездемелеріне арналады.

Жалпы техникалық дайындық сол спортшының оқу-жаттығу жұмысының бірінші 2-3 жыл күреспен айналысқан деңгейінің мінездемесі болып табылады.

Арнайы техникалық дайындық – бұл әр жаттығушының әртүрлі жағдайдағы спорттық кезеңдерінің техникалық қимылдарының дағдыларының қалыптасуы болып табылады.

Арнайы техникалық дайындық жоғарғы спорттық жетістікке жетуге бағытталған және тактикалық дайындықпен тұтасады. Әр жаттығушыға ұзақ оқу-жаттығу жұмысы бойынша негізгі техниканы таңдау кейде кездейсоқ болады.

Жаттықтырушылар сол әдістерге ерекше мән береді, егерде оны оңай істелінсе және басқа әдістермен араласып қолданылса (комбинация).

Кейбір әдістерді қайта-қайта қолдану арқылы қимылдардың дағдылануының баюына әкеледі. Күрес практикасында мұндай әдістерді таңдаулы (коронный) деп атайды. Сол таудаулы әдістердің техникалық істелінуі сол бұлшық еттерінің қатысатын тобы өте жоғары жетілгендіктен болып саналады.

Жаттықтырушы сол таңдап алған техниканың шыңдалуын бұлшық еттер тобының жетілдіруі себепкер болады. Сол уақытта да техниканың қолданылуы дененің жетілдіру бғытына жағдай туғызады. Сондықтан да балуандардың техникасымен дене дайындығы қасиеттерінің бір-бірімен байланысты екенін қорытындылайды.

Күрес әдістерін қолданғанда әртүрлі қимылдың мінездемелері, үлкен қорғану қимылының комплексінің, әртүрлі бұлшық еттер тобының жиырлуы жалпы дене даярлығының жетілдіруіне жағдай туғызады.

Балуандардың техникалық даярлығы жаттықтырушының басқаруымен, қателерді жөндуге керекті нұсқаулар берумен қалыптасады.

Күресте әдісті қолданатын сәттер қайталануы сирек кездеседі, сондықтан да жаттықтырушылар керекті кезде күресті тоқтатады немесе жаттықтыру белдесуінен бөлек керекті жағдай туғызады.

Спортшының техникалық дайындықтың негізгі практикалық құрамына – дайындық жаттығулары, құрылысы жарыстық қимылдарға сәйкес келетін, жарыстағы жаттығулардың жаттығу кезіндегі формалары және өзіндік жарыс жаттығулары жатады және қосымша жалпы дайындық жаттығулары.

Жарыстың қимыл іс-әрекет техникасын үйрену барысында, көптеген әртүрлі жаттығулардың әдістемелері бекітіліп және шыңдалып, дағдыланып қалыптасуына, таңдап алған спорттың ерекшеліктері және техникалық дайындық этаптары орын алады.

Техникалық дайындықтың этаптары. Көпжылдық спортшының техникалық дайындық процесін 2 негізгі сатыға бөлуге болады:

  1. «базалық» техникалық дайындық сатысы
  2. спорттық-техникалық шеберліктің шыңына жетуге және техникалық шыңдаудың шегінің сатысы.

І сатыда спорттық техниканың бастапқы үйренуі қолданылады және атап айтсақ керекті құрастырылған спорттық дайындықты, негізгі бай спорт – техниканы білуге және дағдылануға, әрі қарай таңдап алған спорт түрінің техникасын шегіне дейін шыңдауға жеткізіледі.

ІІ сатыда үйрену техникалық дайындықтылң құрылысы І сатыға қарағанда әлдеқайда үлкен, жаттығу процесінің кезеңдерінің шыңдауына бағынады.

Әр спортшының кем дегенде 3 техникалық дайындық этапы бар.

І-этап. Ол негізінен үлкен жаттығу циклінің дайындық кезеңінің бірінші жартысына сәйкес келеді, спортшының барлық дайындығы керекті «спорттық формаға» кіруге бағытталады.

ІІ-этап. Бұл этапта техникалық дайындық бүтіндежй жарыстағы іс-әрекеттердің шегіне дейін үйреніп және бекітіледі, спорттық форманың бір бөлімі ретінде. Ол үлкен жаттығу циклінің дайындық кезеңінің екінші жартысыны қамтиды. (арнайы дайындық этапы).

ІІІ-этап. Бұл этапта техникалық дайындық, жарыс алдындағы дайындық уақытында құрылып, үйреншікті дағдылану шыңдауына бағытталады.

Бұл этап әдетте дайындық жаттығу кезеңінің аяқталу бөлімінде басталып және жаттығудың жарыс кезеңіне таралады.

Спортшының техникалық дайындығының мазмұны және формасы оның алдын-ала дайындығының мөлшеріне, спорттық шеберлігінің құрылуына, жекелей ерекшелігіне, таңдап алған спорт түрінің ерекшелігіне, жалпы техникалық циклдің құрылысына және басқа факторларға әсер етеді.  

                                   

5.Балуанның тәсілдік дайындығы: жиі таңдап алынатын тәсіл түрлері, белдесулерді жүргізудегі дайындық түрлері.

 

Жиі таңдап алынатын тәсіл түрлері

 

Күреспен жарыс өткізудің мақсаты күшті балуандарды (күшті команданы) анықтау, спорттық ұжымның және жаттықтырушылардың оқу-жаттығу және тәрбиелік жұмыстардың қорытындысын байқау және балуандардың әрі қарай спорттық шыңдауына жағдай жасау және де күрестік кеңінен тарауына әсерін тигізуі.

Біріншілік (первенство) жарысы оқулық топтарында, секция арасында, дене тәрбиесі ұжымдарында өткізіледі.

Районның, қаланың, облыстың, аймақтың, республиканың, Азияның, Европаның, дүниежүзілік біріншілігі өткізіледі. Бұл жарыстарда күшті балуандарды, команданы, ұжымдарды, республиканы және елдерді анықтайды.

Дәстүрлі (традиционный) жарысқа спорттың және қоғамдық ұжымдардың жүлдесі және хкубогы үшін қатысады. Бұл жарыстар мейрамдарға, мемлекеттік қайраткерлерін еске түсіруіне, Совет Одағының батырларына және әйгілі спортшыларға арналады.

Біздің елімізде осындай жарыс жылда әр күрестің түрлерінен өткізіледі. Мысалыға Шымкентте еркін күрестен Сабыр Рахимов атында, грек-рим күресінен Мардан Сапарбаев атында, Семейде Дәулет Турлыханов атында, Қарағандыда Ш.Харисов атында, Жамбылда Жақсылық Үшкемопиров атында, қазақша күрестен Қажымұқан Мұңайтпасов атында (Шымкентте) өткізіледі.

Іріктеу жарыстары еліміздің, спорттық қоғамына құрама командаларын құрастыру үшін ең күшті балуандардың арасында өткізіледі.

Жарыстар көлемі жағынан аймақтық, халықаралық болып бөлінеді.

Аймақтық жарысты ұйымдастырудың мақсаты қалада, районда, облыста, республикада күрестің кәзіргі жағдайын тексеру үшін ұйымдастырылады. Бұл жарысқа сол аймақта тұратын спортшыларды қатыстырады.

Халықаралық жарыс әртүрлі масштабта өтуі мүмкін: Олимпиада ойыны, дүниежүзінішң біріншілігі, Европаның, Азияның, Африканың, Американың ересектер және жастар арасында, дүниежүзілік универсиада, Европа біріншілігінің кубогі, турнирлер, т.б. Бұл жарыстарды ұйымдастыратын халықаралық әуесқой күрес федерациясы (ФИЛА).

Қойылған мақсатқа байланысты жарыс жеке командалық және жеке-командалық болып бөлінеді.

Жеке жарыста әр қатысушының командалардың орыны анықталады. Жеке-командалық жарыста әр қатысушылардың жеке орынын және командалық есептегі орынын анықтайды. Жарыстың агитациялық маңызы болып саналады, олар қызық спорттық көрініс ретінде көрсетіледі және үлкен көп көрермендерді шақырады.

Халықаралық жарысты жақсы деңгейде өткізу, сол елдер үшін үлкен намыс (престиж) болады. Сондықтан да Европаның және басқа жарыстардың біріншілігін өткізу, әртүрлі елдерде мемлекет (правительство) деңгейінде – ұйымдастырушы ретінде шешіледі.

Спорттық күрес жарысы өте қажетті оқулық-спорттық және тәрбиелік есептерді шешеді. Жарыс спортшылар мен жаттықтырушылардың тәжірибиесін алмасуының жақсы құралы. Жаттықтырушы өзінің шәкірттерінің қимылының күшінің шегіне дейін тырысқан жағдайда, оларға өзінің қасиеттерін көрсетуге мүмкіншілік берілгенде бақылауына мүмкіншілік алады. Жарыста ерекше орын алатыны жастармен жұмыс. Іс-тәжірибеде көрсеткендей І-жылдың екінші жартысында топтың ішінде жарыс өткізуге ұсынады. Жеңісті ең көп әдісті қолданғанда анықтау қажет. Жарысқа сол балаларды жіберу керек, оқулық-жаттығу сабақтарына жүйелі қатысқандарды. Жарыс барлық қатысушылардың салтанатты парадқа шығуымен ашылады.

Жарыстың тәрбиелік маңызы бекітіледі, сонда, көрермендердің қатысуы, спорттық күрестің жағдайының қиындығы спортшыларға өзінің қимылдарына үлкен жауапкершілікпен қарап, тек кілемде ғана емес, кілемнен тыс уақытта да, жинақтылықты, тәртіптілікті керек етеді.

Жарыс балуандардың мынадай қажетті мінездерін тәрбиелеуде әсерін тигізеді: қайсарлығын, жеңіске деген жигерлігін, батылдығын, ұстамдылығын, достық сезімін, жолдастықты және өзінің қарсыластарына деген сыйластығын. Олар зергерлік-қуаттылық дайындығының емтиханы болып табылады.

Спорттық күрестен жарыс мынадай жүйемен өткізіледі: айналмалы, шығару және топтыққа бөліп.

Айналмалы жүйесінде әр балуан бір-бірімен кездеседі.

Шығару жүйесінде балуан жарыстан 1 немесе 2 жеңіліс алған соң шығарылады.   

Топтық жүйесінде әр салмақта 3 балуан топ құрады. Сол топтан айналмалы тәсілмен І орын алғаны жарысты ары қарай жалғастырады.

Барлық дайындық жұмыстарын бірнеше этапқа бөлгені дұрыс.

І этап. Жарысқа дайындықты, сол ұжым жарыстың шартын бекіткен соң бастау керек. Жарыстың шартында көрсетілуі керек: жарыстың аты, мақсаты, өтетін жері және уақыты; жарысты басқарушы (кім ұйымдастырады және өткізеді); қатысушы ұжымдар және қатысушылар; талап хатты ұсынудың уақыты, жарыстың талабы, жеңімпаздарды анықтау және марапаттау.

ІІ этап. Жарыс шартын бекітіп болған соң бірінші төрешілер алқасын бекітеді, ұжымнышң атынан жауапты кісіні қояды, жарысты өткізуші, шығынның есебін құрады, соның негізінен жарыс өткізуші ұжым ақшалай және материалдық қымбат заттарды алады. Шығын есебін (смета) құрастырғанда жарыстың атын көрсетеді, уақытын және өтетін жерін, төрешілер алқасының санын, қатысушыларды және тамақтануға кететін шығынды, орналасуға, баруына т.б. жарыс өтетін жерді талдауға да шығынып қарастырылады, көркемдік жабдықтарына, көлік шығынына және де жұмысшы қызметшілерге, дәрігерлерге төлеуін.

Екінші жарысқа дайындық кезеңінде ең күрделі және жауапкершілігіне жарыс өтетін жерді таңдау және жабдықтау, жарыстың бағдарламасын және графигін құрастыру, жарнамалар, плакаттар дайындау болып табылады.

Кілемнің төселуіне ерекше назар аудару керек, көрермендерге, қатысушыларға, жаттықтырушыларға және төрешілерге ыңғайлы болуын. Сәтсіздік жағдай болмас үшін кілемнің сыртынан 2 м бос жер қалдырылады.

Кілемнің күрес өтетін бөлімінің диаметрі, республикалық және халықаралық жарыстарда 9 м болу қажет. Әр кілемнің жанына табло құрады, балуандардың техникалық қимылдарының балдарын көрсетіп тұратын, ең керегі уақтылы керекті төрешілік сигналдарды, афишаларды, рекламалық щиттерді, дипломдарды, жетондарды, сыйлықтарды, вымпелдерді дайындау.

Жарысқа дайындықтың ІІІ этапында, жарысқа қатысушылардың қабылдауын және орналастыруын ұйымдастыру, мандаттық комиссия құжаттарын тексереді, қатысушыларға, жаттықтырушыларға, төрешілерге және команда өкілдеріне жалпы жиналыс өткізіледі.

Онан кейінгі жұмыс жарысты өткізу болып саналады.

 

Жарыстың бағдарламасы:

І күн – салмақтарын өлшеу.

ІІ күн – алдын-ала белдесулері.

ІІІ күн – оқтық белдесулер.

 

Төрешілер алқасын жарыстың бас төреші басқарады. Ол жарыстың барысын басқарады, қатысушылардың жарыстың ережелерін және шартын сақтауын қадағалайды.

Бас төреші жұмыстың дайындық этапында жарыстың шартын оқиды, график пен бағдарлама құрастырады, жарыс өтетін жерді жабдықтауына тапсырма береді, төрешілер алқасын жинауға қатысады. Жарысқа дейін бас төреші ұйымдастыру комитетінің өкілі мен мүшелері және дәрігермен жарыс өтетін жерді көреді және кілемнің үстіне жабығын, жабдықтарын, спорттық инвесторларын, таразыны тексереді.

Жарыстың алдын ала бас төреші төрешілермен жиналыс өткізеді, жарыс шартымен таныстырады. Салмақты өлшеу үшін комиссия және төрешілер бригадасын тағайындайды.   

Жарыс уақыты кезінде бас төреші белдесулердің барысын қадағалайды. Бас төрешіден ережені өте жақсы білуін және нақтылы сәттерде қатесіз қолдануының білгірлігі талап етіледі. Егер наразылық берілсе, бас төреші оны команда өкілінің қатысуымен төрешілер бригадасының жедел жиналысында талқылайды.

Кілем басқарушы төрешілер бригадасының жұмысын ұйымдастырады және жарысты жоғары спорттық деңгейде өтуіне жауап береді. Ол төрешілерді белдесуге бөледі, бригаданың жіберген қателерін түзейді және тоқтатады, балуандарды жарыстан шығарып тастауына қатысады.

Арбитр белдесу уақытысында жауапты қызмет атқарады. Арбитрдің жұмысы ол балуандарды мұқият қадағалап отырады, олардың қимыл әрекеттерін есептейді және ереженің бұзылуына жол бермейді. Кілем үстіндегі төреші ұстамды болу және күрестің шиелініскен сәттерде жайбарақаттылықты сақтауды білу және сенімді болу керек, көрермендердің және команда өкілдерінің әсеріне түспеу қажет.

Белдесу уақытысында арбитр сондай жерде тұру керек, ол балуандардың қимылын және жасалған әдістердің ұпайын жақсы көретін.

Ол жестті қолданады: 1 балл – үлкен саусақты көрсетеді, 2 балл – үлкен саусақпен – көрсететін саусақ, 3 балл – үлкен, көрсететін және орта саусақты, 5 балл – барлық саусақты ашып.

Кілемде жүргенде, ең жақсылы балуандардан 3-4 м қашықтықта және кілемнің шетінде жүру.

Жанама төреші – балуандардың техникалық қимылдарын есептейді, арбитрге ереженің бұзылғанын анықтауға көмектеседі және жеңімпазды анықтайды. Ол тез арада техникалық қимылдың орындалғанын есептеу керек.

                                            

 

Әдебиетттер

  1. Матушак  П.Ф.  100 уроков вольной борьбы Алматы 1990
  2. Свищев И.Д. Чуманов Е.Д. Спортивная борьба Москва 1975
  3. Алимханов Е. балуанның дене-күш қабілетін арттыру. Алматы, «КазАСТ» 2004.-85 стр.
  4. Турманян Г.С. Спортивная борьба: отбор и планирование.-М.: ФиС 1984.-134 стр.
  5. Зациорский  В.М. Физические качества спортсмена  Москва 1970
  6. Айберов М. Мусаев С.А Күреспен айналысушы студенттердің өз бетінше жаттығу. 1999.-55стр.
  7. Матушак П. Спортсмены Казахстана на вершине Олимпа.-Алматы, «Рауан», 1997.
  8. Тілешов С.А. Методика обучения и тренировки борца. (уч. пособие).-Алматы,2003.-75стр.
  9. Қобланов  Ж.Н. Спорттық күрес әдістемесінің негіздері.  Шымкент 1992ж
  10. Алимжанов Е Самбо күресін үйрету негіздері Алматы 1992ж
  11. Купцов А.П. Спортивная  борьба 1978г
  12. Чуманов Е.Д. Спортивная  борьба 1970г
  13. Матушак П.Ф. Батыры на ковре.- Алматы «Рауан».
  14. Купцов А.П. Овосновах единый классификаций, систематическиитерминалогий технических действий  Москва 1976.
  15. Айберов М., Мусаев С.А. Күреспен айналысушы студенттердің өз бетінше  дайындығына  әдістемелік ұсыныс  Шымекент 2005.
Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-12-08 14:12:56     Қаралды-14635

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »