UF

Тақырыбы. Девиация және әлеуметтік бақылау

1.     Әлеуметтік норма, әлеуметтік бақылау  девиация ұғымдарының мәні.. Қоғамдағы девиациялық мінез құлықтың орын алуын зерттеудегі социологиялық, психологиялық, антропологиялық бағыт.

2.     Аномия, тұлға маргиналдылығы девиациялық мінез құлық түрі ретінде.

3.     Қазақстандық қоғамның дамуындағы дағдарысты жағдайлар.

 

Көптеген әлеуметтанушылар қоғам қақтығыссыз өмір сүре алмайды деп есептейді. Қақтығыс әлеуметтік өмірдің қажетті элементі, ол әлеуметтік қысымға ерік береді, қоғамның барлық саласындағы әлеуметтік өзгерістерге ықпал етеді.

Қақтығыстар теориясын К.Маркс, Г.Зиммель, П.Сорокин, Л.Козер, Р.Дарендорф қақтығыс табиғатын былай түсіндіреді: кез келген қоғамда тұрақты өзгеріс ұрдісі жұріп отырады. Онда әрқашан қақтығыс тудыратын келіспеушіліктер элементі өмір сүреді. Қоғамның немесе топтың бір мүшелері басқаларға кұш көрсетіп отырады. Соңғылары барлық кезде қаналуға қарсы күрес жұргізеді. Қақтығыстың пайда болуы мен дамуының қажетті шарты-топтардың өз жағдайы мен тұпкілікті мақсаттарын білуі. Қақтығыс, күрес арқылы әлеуметтік даму мен өзгеріс жүзеге асады, адамзат тарихы алға жылжиды.

Басқарушылардан тұратын қоғам (билік пен беделдің қайта бөлінуін қалайды) белгілі бір жағдайда келісімге келе алмайды, қарым-қатынасы шиелініседі. Олар өзара күреске шығады. Ақыр соңында қақтығыс әлеуметтік жүйедегі өзгерістердің қайнар көзі болып қалады.

Р.Дарендорф қоғам деңгейінде және мемлекетаралық деңгейде, әлеуметтік топтар ішінде, олардың арасында билікке қатысты қақтығыстар типологиясын жасады. Оның ойынша қақтығыстарды реттеу мүмкін және қажетті, олардың қуатын қоғам дамуына жақсы ықпал ететін бағытқа бұру керек.

Американ әлеуметтанушысы Л.Козер қақтығыстардың себебін әлеуметтік теңсіздіктен, мәңгі психологиялық қанағаттанбаудан көрді. Мұның бәрі түрлі тектегі қақтығыстар арқылы шешілді. Козердің айтуынша, қақатығыс-бұл құндылық үшін күрес немесе статустардың шексіз саны, билік және ресурсқа кінә тағу. Бұл күресте оппоненттердің мақсаты-бейтараптандыру, шығын келтіру немесе қарсыласты жою. Л.Козердің өз ойы бойынша қоғам жағдайына жақсы әсер беретін, дамуына ықпал ететін мынадай негізгі міндеттерді көрсетеді: топтардың біліміді болуы, топтардың шекара белгілеуі мен оны сақтауы; топтар ішіндегі және топтар арасындағы қатынастардың салыстырмалы тұрақтылығын сақтауы; индивидтерді, топтарды әлеуметтендіру. Сонымен, Л.Козер қоғам типіне байланысты әлеуметтік қақтығыстар классификациясын жасады. Жабық қоғамдарда қақтығыстар әлеуметтік байланыстарды бұзуы, оны дұшпандық топтарға бөлуі, төңкеріске әкелуі мүмкін. Ашық қоғамда қысымды жұмсартуға қақтығысқа мүмкіндік беріледі. Бұл қоғам дамуына он ықпал етуі мүмкін.

К.Маркс іліміне сәйкес қақтығыстар негізін меншік үшін күрес құрайды. Ол экономикалық мақсаттардың қайшы келуі негізінде пайда болатын күрестің екі түрін айырып көрсетеді. Алғашқысы материалды әл-ауқатты болу принципін өзгерту үшін болатын күрес. Ол әлеуметтік тәртіптердің негізін қайта қарауды талап етеді, бұл мәселе төңкеріс арқылы шешілуі мүмкін. Екіншісі-крийтерилердің өзгерісі үшін болатын күрес, олардың бөлінісі бұрынғы жүйе шеңберінде жұреді. Қарама-қарсы күрестердің бұл типі қоғамдық қатынастар реформалар көмегімен шешілуі мүмкін.

Американ әлеуметтанушысы П.Сорокин қақтығыс адамның басты қажеттіліктерінен, яғни, тамаққа киімге, өзін-өзі сақтауға, шығармашылыққа деген қажеттілігінен айыру деп есептейді. Алайда қажеттіліктер ғана емес, сондай-ақ оны қанағаттандыру құралдары, соған сәйкес қызмет түрлері, әр түрлі әлеуметтік топтардың мүмкіндіктерін пайдалану да маңызды.

Сонымен, әлеуметтік қақтығыс-бұл қоғамдық өмірдің құрамды бөлігі. Оның негізі әлеуметтік теңсіздікте, меншік үшін күресте, билікте, басты қажеттіліктерді қанағаттандыруда. Әлеуметтік даму, өзгеріс қақтығыс арқылы, оның шешілуі арқылы жұргізіледі. Қақтығыстарды реттеуге және оны қажетті салаға бағыттауға  болады.

2. Қақтығыстар типологиясы. Әлеуметтану қақтығыстың ұш негізгі сатысын бөліп көрсетеді.

1. Қақтығыс алдындағы саты. Әлеуметтік қақтығыс бір сәтте пайда болмайды. Эмоционалдық қысым, ашулану және қатыгездік біртіндеп жинала тұседі де, кенеттен көзқарастар алшақтығы себебінен пайда болады. Қақтығыс индивидтен немесе сылтаудан басталады. Басқаша айтқанда, кәдімгі бір сыртқы оқиға қақтығысушы тараптарды қозғалысқа келтіреді. Олар өз мақсаттарының қайшы екендіктерін мойындайды, әр тарап өз стратегиясын қалыптастырады, яғни жағдайды өзінше бағалап, өз әрекеттерін есептейді. Бұл сатыда басқарушы аппарат өз стратегиясы мен әрекеттер тәсілін дұрыс таңдай білуі тиіс, өйткені ол осы арқылы пайда болған қақтығыстың алдын алады.

2. Негізгі саты. Бұл сатыда қарсыластар әрекеті ашық сипатқа ие болады. Бұл сөз сайысы, экономикалық санкциялар, тән жарақатын келтіру, саяси күрес, спорттық сайыстар түрінде болуы мүмкін. Екі жақтың қақтығыстық әрекеті – қарсылас жақтың мақсаты мен көзқарасының жеңіске жетуін болдырмау. Қарсылас топтар өткір келіспеушіліктерді реттеуге ұмтылмайды, керісінше, барынша шиеленістіре тұседі. Қалыпты өзара байланыстар мен қатынастардың бұрынғы құрылымдарын бұзуды жалғастыра тұседі. Агрессиялық, дұшпандық, жек көру сезімдері ұлғая тұседі. Бірақ қақтығысқа басқалар да тартылуы мүмкін, мұның өзі қақтығыс аясын кеңейте тұседі.

Бірақ қақтығыстар барысында үлкен өзгерістер басталады: біртіндеп құндылықтарды, өз мүмкіндіктерін, тараптардың өздері туралы танытуды және сыртқы орта туралы түсініктерін асыра бағалай бастайды. Ресурстардың да таусылуы мүмкін. Бұдан кейінгі әрекеттер таңдау жолына тұседі: қақтығысқа қатысуды жалғастыру керек пе әлде қақатығысты шешу тәсілін іздеген дұрыс па? Егер екінші бағдарлама таңдап алынса, қақатығыс үшінші сатыға өтеді.

3. Шешімін табу сатысы белсенді қақтығыс әрекетін тоқтатудан басталады. Қарсыластар бірін-бірі жау деп есептеуді қояды. Жақтардың бірінің талабы өзгереді (шегініске барады), күрестің келешегі жоқ екендігін таниды, немесе екі жақ та шегініске барады. Қақтығыстың шешілуінің басталуы ресурстардың таусылуынан немесе үшінші бір кұштің килігуінен болуы мүмкін.

Сонымен, көріп отырғанымыздай қақтығыстар қоғамда қарама-қарсы рөл атқарады. Қоғамның тұрақты жағдайы деп ынтымақтастық тұрпатын айта аламыз. Бұл пісіп жетілген дау-жанжалды жай ғана жауып тастау емес. Бұл тәсіл жағымсыз кұштердің топтасып әрекет етуіне алып келеді. Қақтығыстың негізгі мақсаты - адамдарды игеріп,белгілі бір жемісті ағымға тұсіру.

 

Негізгі әдебиеттер:

1. Әбсаттаров Р. М. Дәкенов. Әлеуметтану. Оқулық. Алматы. 2004., 2007ж.

2.Әлемдік әлеуметтану антлогиясы. Алматы. Қазақстан. 10 томдық. 2006ж.

3.Икенов А.И. Әлеуметтану негіздері. Алматы. Экономика. 2004ж.

4.Қарабаев Ш. Әлеуметтану негіздері. Алматы. 2008ж.

5.Ғабдуллина Қ. Құқық әлеуметтануы. Алматы. 2005ж.

6.Рахметов К.Ж., Болатова А.Н. Социология. Алматы. 2005ж.

7.Оданова Р.К. Жалпы әлеуметтану. Лекциялар курсы. Шымкент. 2004ж.

8.Айбеков Б.Ө., Абенов К.К. Әлеуметтану. Оқу құралы. Шымкент. 2003ж.

9.Смелзер Н. Социология. М., 1994. Гл. 9.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-11-04 17:47:42     Қаралды-41081

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »