UF

Тақырыбы. Тұлғаның әлеуметтануылық сипаттары.

Жоспары.

1.     Тұлға, жеке адам, адам ұғымының ерекшеліктері. Тұлғаның қалыптасуын зерттеудегі бағыттар.

2.     Тұлғаның әлеуметтануы.

3.     Тұлға типтері және оның әлеуметтік сипаттары.

 

Жеке адамды оқып, білу социологиялық негізгі мәселесі болып табылады, соңдықтан да әрбір социолог қоғамдық құбылыстардың мәнін, адамдардың қоғамдығы өзара қарым-қатынасын білу үшін, әрбір нақты адамның іс - әркестімен қозғалатын түсінуге міндетті. Сөйтіп жеке мінез – құлық бүкіл қоғамды немесе қоғамдық топтарды танудың негізі екендігін көрсетеді.

Социологияның психологиядан ерешелігі сол, ал жеке адамның қоғамдық мінез – құлқын, әр алуан қоғамдық байланыстардағы орын корсетеді. Осыған байланысты жеке адамды оқып, білуде біз мыналарды білуге тиістіміз: жеке адамның қоғамдық ортада қалыптасуын, қоғамдық кеңістіктегі орнын, қоғамдық топтарға енуін, мәдениет нормаларын қабылдауын, осы мәдениет нормаларынан   ауытқуын.  Берілген бөлімде осы мәселелерді ашуға, түсіндіруге тырысамыз.

         Тұлға әлеуметтік өзара қимыл-әрекеттер мен қатынастардың бірінші өкілі. Ал тұлға  дегеннің  кім  екенін анықтау үшін әуелі «адам», «индивид», «индивидуалдық» деген ұғымдарды түсініп алу керек Адам ұғымы  һоmо sаріеns  тің  бөлініп  шыққанынан бастап қолданыла бастаған мейлінше жалпылама , атаулық  ұғым  болып  саналады.

 Адам дегеніміз жер бетіндегі тірі организмдер дамуының жоғарғы сатысы , әлеуметтік-тарихи        қызмет мен  мәдениеттің  субьектісі .

 Адамзаттың  жекелеген  өкілдерінің  өмір сүруі «индивид» деген ұғыммен байланысты. «Индивид» дегеніміз халық, қоғам, тап, әлеуметтік топ сияқты әлеуметтік  қауымдастықтардың,  жалпы  адамзаттың жеке өкілі ретінде, нақты  адам  ретінде  түсіндіріледі. Әлеуметтануда «индивид»  ұғымы  әлеуметтік  қатынастардың  жеке-дара алғандағы өкілі қарастырылған  жағдайда қолданылады.  Индивидтер қызметінің бірігуі нәтижесінде әлеуметтік қатынастардың жүйесі қалыптасады. Тұлға ұғымы адамның және индивидтің табиғи емес мағынасын айқын көрсету үшін еңгізілген,  яғни  бұл  ұғым оның әлеуметтік бастауларын айқындайды.

Тұлға   дегеніміз — индивид  дамуының қорытындысы және мұнда барлық адамдық  сапалар неғұрлым толық көрініс табады. Әлеуметтік өмірде адамдардың бір-бірімен әр түрлі салада тығыз    қарым-қатынасының, өздерінің  белсенді, саналы  іс-әрекеттері арқасында   индивид   әлеуметтендіріліп,  бірте-бірте  тұлғаға  айналуы керек.

Жеке адамның дамыуның негізі факторлары.  Біреулер әрбір жеке адам өз тума қасиеті мен қабілетіне сай қалыптасып дамиды, ал қоғамдық қоршаған ортаның рөлі аз деген көзқарас білдіреді. Ал енді біреулер жеке адамның ішкі ерекшелігі мен қабілетін жоққа шығарады, жеке адам қоғамдық тәжірибе барысында қалыптасады деген пікір айтады. Сірә, бұл жеке адамның қалыптасу процесіндегі соңғы көзқарастар болар. Тәжірибе көрсеткендей жеке адам қалыптасуында қоғамдық факторлардың салмағы басымдау.

Жеке адамның ерекшеліктерінің пайда болуы мен дамуын талдауда әсер ететін факторларды мынадай түрлерге бөлеміз:

1.    биологиялық тұқым қуалаушылық;

2.    физикалық орта;

3.    мәдениет;

4.    топтың тәжірибе;

5.    бірегей жеке тәжірибе.

Биологиялық тұқым қулаушылық. Кірпіштен соғылатын ұйді тастан немесе бамбуктен соғуға болмайды, ал бірақ әр түрлі әдіспен көптеген кірпіштен соғуға болады. Әр адамның биологиялық тұқымы шикізат жеткізіп тұрады, олар одан әрі әр түрлі әдістерімен дербес адамды, жеке адамды, индивидті жасайды.

Басқа жан – жануарларға қарағанда адамның ерекшелігі жылдың бар мезгілінде, нәтижесінде бала туылады. Бала туылғанда дәрменсіз болады және бір жасқа толғанша солай қалады. Осындай биологиялық факторлар адамның қоғамдық өмірінің негізін салады. Биологиялық тұқым қуалаушылық адам организмінің туа қажет ететін ауа, тамақ, су, ұйқы, қауіпсіздік, аурудың жоқ болуымен толықтырылады. Қоғамық тәжірибе адамдағы сәйкес келетін, ортақ ерекшеліктермен түсіндірсе, ал биологиялық тұқым  қуалаушылық жеке адамның жеке өзін, оның қоғамдық басқа мүшелерінен ерекшелігімен түсіндіреді. Сонымен бірге топтық айырмашылықтарды биологиялық тұқым қуалаушылықпен түсіндіруге болмайды. Сондықтан биологиялық тұқым  қуалаушылық толығымен жеке адамды жасай алмайды, себебі мәдениет те, қоғамдық тәжірибе дегенмен берілмейді. Алайда биоголиялық фактор қоғамдық бірлікке шектеу туғызады (баланың дәрменсіздігі, су астында ұзақ бола алмауы, биологиялық қажет етулердің бар болуы т.б.),екіншіден биологиялық фактордың арқасында темпераменттердің шексіз әртүрлілігі жасалынады, мінез – құлықтар, қабілеттер жасалынады. Осылардың бәрі әрбір жеке адамнан жеке адамды, қайталанбас, бірегей жандыжасайды.

Физикалық қоршалған орта Бірқатар зерттеушілер жеке адамның дамуында физикалық қоршаған ортаға шешуші маңыз беріп келеді. Физикалық және географиялық сәйкес жағдайларда жеке адамның әр түрлі типтері қалыптасады, керісінше жеке адамның топтың ұқсас белгілері қоршаған ортаның әр түрлі жағдайларында дами береді.

Осыған байланысты физикалық қоршаған орта қоғамдық топтың мәдени ерекшеліктеріне әсер етуі мүмкін деуге болады, бірақ ол жеке адамның қалыптасуына әсер етпейді.

Мәдениет.  Анықталған мәдени тәжірибенің бүкіл адамзатқа ортақ екендігін және ол қоғам дамуының қай сатысында тұрғандығына тәуелді еместігін атап өту керек. Сонымен, бала жасына қарай үлкендерден қоректенеді, тіл арқылы қарым – қатынас жасауға үйренеді, жазалау мен марапаттауды үйренеді, сол сияқты басқа да бірқатар ортақ мәдени ұлгелерді меңгереді. Әр қоғам өз мүшесіне кейбір ерекшеліктерді береді, ерекше мәдени тәжірибелерді, оны басқа қоғам бере алмайды. Өмір сүріп отырған қоғамда оның барлық мүшесіне тән ерекше жеке адамдың конфигурация пайда болады. Мысалы, мұсылман мәдениеті шарттарымен қалыптасқан жеке адам христиан елінде тәрбиеленсе де басқаша ерекшелікке ие болады.

Біздің қоғамда қоғам қуаттайтын жеке адамның түрі, типі қандай болуы мүмкін? Сірә, бұл жеке адам қоғамға бейім болуы мүмкін, яғни қоғамдық қатынасқа еркін араласа алатын, ынтымақтастыққа дайын, өзіне - өзі жауап бере алатындай дәрежеде. Көптеген мұндай ерекшеліктер біздің ішімізде жасырып дамиды, егер бұлар болмаса біз өзімізді ыңғайсыз санаймыз. Сондықтан да біз өз балаларымызға үлкендерге «рахмет» «тәңір жарылқасын» деген сияқты әдепті сөздер айтуға, үлкендерден қысылып, ұялмауға, өзіне-өзі жауап беруге үйретеміз.

Дегенмен құрамы күрделі қоғамда көпшілік мақұлдаған ерекшклікті жеке адамды табу қиын. Біздің қоғам көптеген (құрылымды) структуралы бөлдерімен сипатталады: аймақ, ұлттық, қызмет түрі, жас категориялары т.б. Осы бөлімдердың әрқайсысының өз тенденциялары болады. Осы үлгілер жеке адам үлгілері мен араласып, аралас жеке адам типтері пайда болады. Әр түрлі субкультурадағы жеке адам типтерін оқып-үйрену үшін, әрбір структураны жеке-жеке білу керек, содан кейін мәдениеті басып жеке адам үлгілерінің әсерін ескерту керек.

Сонымен жеке адамның қалыптасуына белгілі мөлшерде биологиялық факторда, физикалық қоршаған орта факторы да әсер етеді. Жеке адамның қалыптасуында ең нігізгі фактор болып топтық, субъективті, бірегей жеке адамдыңтәжірибе есептеледі. Бұл факторлар толығымен жеке адамды социализациялау процесінде айқындалады.

 Жеке адамды социализациялау. Нәресте өмірге биологиялық организм сияқты келеді және оның осы сәттегі негізгі шаруасы өзінің физикалық жабдықтары болады. Біраз уақыт откеннен соң бала жақсы және жек көретін, мақсаты мен ой - ниеті бар, мінез- кұлық үлгісі мен жауапкершілігі бар, сол сияқты өзіне ғана тән әлемді көру қасиеті бар адамға айналады. Осы процесс барысында индивид жеке адамға айналады.

Социализация - өзгеру, даму, сол арқылы индивидке оның өз тобының молшерін өзінің жеке Менін қалыптастыру арқылы өзінің жеке адам ретіндегі бірегейлігін көрсете отырып сіңіреді.

Топтық тәжірибе. Адам алғаш өмір сүре бастаған кезінде өзіндік жеке Мені болмайды. Ол тек анасының денесінің бір бөлігі сияқты эмбрионның өмірін сүреді. Өзінің денесінің физикалық шекарасын қоршаған әлемнен айырудың өзі ұзақ үйретулерді керек етеді. Балаға өзін қоршаған ортаны айналадағы шу мен қозғалыстардың басқа әлемге, яғни оның өзінің саусақтары сияқты өзінікі емес, тән екендігі түсіндіру қажет.

Жеке адамды әуелі физикалық әлемнен содан соң қоғамдық қажеттіліктер  – күрделі процесс, ол өмір бойы жалғаса береді. Бала адамдарды  есімдері арқылы ажыратуды үйренеді. Ол еркектің - әке, әйелдің – шеше екендігін түсінеді. Осылайша оның ой - өрісі, дәрежесін көрсететін есімдерден (мысалы еркек дәредесін) бөлек-бөлек индивидтердің ерекше есімдері, өзінікін қоса дамиды. Бала бір жарым жасқа келгенде Мен деген ұғымды түсінеді, осыны түсіне отырып ол жеке адам болып қалыптасады. Қоғамдық тәжірибе жинақтай отырып, бала әр түрлі жеке адамның бейнесін, оның ішінде өзінің жеке Менін жасайды. Адамның одан әрі жеке адам болып қалыптасуы – оның жеке Менін өзін басқа жеке адамдармен ұнемі салыстыра отырып  құруы. Осылайша жеке адамның бірегей ішкі қасиеттерімен жаралуы қалыптасады.

Жеке адам жай ғана табиғаттың таланттарын  автоматты тұрде ғана ашумен дамымай, адам индивидінің қоғамдық ерекшеленетінін де тәжірибе көрсетеді, Баланың жас кезінде адамдар ортасынан адасып, жануарлармен бірге тәрбиеленген оқиғаларын білеміз. Мұндай жағдайдағы индивидтердің жеке өмір иесі ретінде қоршаған әлемде жеке Мені болмайды, жеке өзін өзі сияқты өмір иелерінен ерекшелеп көрсете алмайды. Мұндай индивидтер өздерінің ерекшеліктерін, сәйкестіктерін біле бермейді. Бұл жағдайдағы адам жеке жеке адам болып есептелмейді.

Адамның жеке өзінің Менін түсінуді бейнелеп көрсететін және жеке адамды социализациялаудың денгейін көрсететін екі термин – ол ұқсастық пен өзін - өзі сыйлау. Ұқсастықтан біз басқа индивидтен ерекше бірегей индивидтің бар екендігін  түсінеміз. Мысалы, белгілі бір ұлт өкілі өз ұлтының үлгілі мәдениетіне басқа ұлт мәдениетінің үлгілерін салыстыра отырып  ұмтылатынын білеміз. Индивидте осындай белгілердің болуы осы жеке адамға қатысты адамның мәртебесінің төмен не жоғарылығын білдіреді.

Тарихта мынадай жағдайлар байқалады, кейде индивидтер өздерін басқа индивидтерге ұқсату үшін ауыр да, пайдасыз нәрселер істейді және өз іс - әрекетімен олардың қолдауына қызмет етеді, өз мұддесін, мәртебесін көтереді. Өзін - өзі сыйлау сезімі де шартталған. Жеке адам өзін - өзі туралары басқалардың пікірінің маңызы болса сол кезде сыйлайды.  Егер бұл тұйсік жағымды болса, онда адамда өзін - өзі сыйлау сезімі дамиды. Олай болмаған кұнде ол өзін қабілетсіз, лайықты  емес сезінеді.

Бірегей жеке тәжірибе. Неліктен бір отбасыда өскен балалар бір-бірінен ерекшеленеді? Себебі олар толығымен ұқсас топтың  тәжірибе болған жоқ, олардың тәжірибесі бір жағынан ұқсас, ал бір жағынан ерекшелігі болады. Әр бала отбасыда әр түрлі структура құрылымда тәрбиенеледі. Ол отбасыда жалғыз болып мүмкін, әйтпесе ағасы, әпкесі болуы мүмкін, солармен қарым- қатынас жасай отырып оның жеке басына жаңа ерекше қасиеттер алады. Одан басқа, балалар әр түрлі топ өкілдерімен қарым-қатынас жасайды, әр түрлі адамдардың ролін қабылдайды. Тіпті бір ұрықтан жаралған егіздер де әрқашан  әр түрлі тәрбиеленеді, себебі олар ұнемі бір ғана адаммен кездеспейді, ата – аналарынан үнемі бір ғана сөз естімейді, бірдей қайғырып, қуанбайды. Осыған байланысты әрбір жеке адамның тәжірибесі өзінше бірегей, себебі оны ешкім қайталай алмайды деуге болады. Жеке тәжірибенің күрделілеуін былайша көрсетуге болады, оны жеке жеткізеді. Әрбір адам өз басынан өткен оқиғалар мен  қатыныстарды қабырғаға қалаған кірпіш сияқты қаттап қоймай, оны өз тәжірибесі, ата-ана, жақын- туыстарының тәжірибелері арқылы өзгертіп отырады. Әлеуметтануда  әлеуметтік қатынастардың обьектісі ретіндегі тұлға әзара байланысты екі процестің бірлігінде қаралады. Олардың бірін социализация ( әлеуметтендіру ), екіншісін идентификация ( ұқсастыру) деп атайды .

Тұлғаның  обьект  ретінде  әлеуметтендірілуі  дегеніміз, мәдениеттің және әлеуметтік ережелер мен құндылықтардың элементтерін оның игеруі арқылы, әрі осылардың негізінде тұлғаның әлеуметтік мәнді белгілері қалыптасып, қоғаммен, әлеуметтік қатынастардың әр түрлерімен бірігетін процесі .

Әлеуметтік қатынастардың обьектісі ретінде тұлға дамуының екінші процесі идентификацияны сөз етсек, әрбір индивидтің,  тұлғаның     өзін-өзі басқа адамдармен, топпен, ұжыммен  ұқсастырудың психологиялық процесі.

Әлеуметтік қатынастардың    обьектісі   ретінде   тұлғаның өзін ұқсастыру процесінің әдетте уш түрі бар:

1.Ойдан  шығарылған  адамға  өзін  ұқсату ;

2. Өзін  белгілі  бір  бағалы  әлеуметтік  топқа кіргізу (жас шамалық, ұлттық , жыныстық);

3.Нақтылы  бір  әлеуметтік  топқа, ұжымга,  шағын топқа жатамын деген  сезіммен  өзін соларға қосу;

Бір жағынан алып қарағанда, адам қоғамнан тыс жерде өзінің индивидуалдығын, әлеуметтік сапалары мен қасиеттерін қалыптастыра алмайды. Екінші жағынан, адам мәдениеттің үлгілеріне автоматты тұрде бейнелейтін  болса, онда ол индивидуалдығын сақтай да,  дамыта да алмайды.

       Тақырыптың мазмұнын қорыта келе, жеке адамды социализациялау процесі негізінен топтық тәжірибенің әсерінен өтетіндігін айту керек. Сонымен жеке адам өзінің Менін басқа адамдардың өзі туралы ойы мен бағалауы түйсігі негізінде қалыптастырады. Осы тұйсіктің нәтижесі болуы үшін жеке адам өзін басқалардың орнына қойып солардың көзімен өз мінез – құлықына, өз ішкі әлеміне қарауы керек. Өзінің жеке Менін қалыптастыра отырып жеке адам социализация

 

Негізгі әдебиеттер:

1. Әбсаттаров Р. М. Дәкенов. Әлеуметтану. Оқулық. Алматы. 2004., 2007ж.

2.Әлемдік әлеуметтану антлогиясы. Алматы. Қазақстан. 10 томдық. 2006ж.

3.Икенов А.И. Әлеуметтану негіздері. Алматы. Экономика. 2004ж.

4.Қарабаев Ш. Әлеуметтану негіздері. Алматы. 2008ж.

5.Ғабдуллина Қ. Құқық әлеуметтануы. Алматы. 2005ж.

6.Рахметов К.Ж., Болатова А.Н. Социология. Алматы. 2005ж.

7.Оданова Р.К. Жалпы әлеуметтану. Лекциялар курсы. Шымкент. 2004ж.

8.Айбеков Б.Ө., Абенов К.К. Әлеуметтану. Оқу құралы. Шымкент. 2003ж.

9.Смелзер Н. Социология. М., 1994. Гл. 9.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-11-04 17:43:16     Қаралды-6386

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »