Тақырыбы. Отбасы әлеуметтануы.
Жоспары.
1. Отбасы ұғымы, отбасы құрылымы.
2. Отбасы түрлері және оның қызметтері.
Отбасы - белгілі бір әлеуметтік нормалар, санкциялар, мінез-құлық, ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастарды реттеушілікпен сипатталатын әлеуметтік институт болып табылады.
Сонымен қатар отбасы - некеге немесе қаны бір туыстыққа негізделген, ал оның мүшелері тұрмыстың ортақтығымен, өзара жауапкершілікпен және өзара көмек көрсетумен байланысқан шағын топ. Неке отбасындағы қатынастарды қалыптастырушы болып саналады.
Некенің маңызды принциптері бар. Олардың қатарына жар таңдау еркіндігі, сұйіспеншілік , өзара сыйластық жатады. Ал оның негiзгi белгiлерi:
а) некелiк немесе оның барлық мүшелерiнiң қандық туыстық байланысы;
б) бiр жердегi бiрге өмiр сүруi;
в) ортақ отбасылық бюджет (қазына).
Бұл жерде заңдық жақтары мiндеттi емес. Басқа да белгiлерi нақты емес: бiрге өмiр сүру қашанға дейiн созылады бiр апта әйтпесе бiрнеше жыл; бұкiл отбасы бюджетiнiң қанша бөлiгiне әрбiр мүше кiредi т.б. Мұндай белгiлер объективтiлеу боп көрiнер едi.
Ұлгiлi отбасы-адамның бақытының маңызды, жақсы бiр бөлiгi. Қоғам сондай мықты, жақсы отбасыға назар аударады. Отбасының құрылуы, некеге тұруы заңмен реттелсе де жетекшi рол атқаратын мораль (адамгершiлiк). Мынаны атап айту керек, некенiң көптеген жақтары оған отыратын адамдардың арымен бақыланады. Ойланып, ақылменен отырған неке-сәттi, жақсы болады, ал ойланбай отырған неке-елiктiргiш болады.
Неке-бұл тарихи келiсiлген, қоғамдық рұқсат етiлген және реттелген әйел мен еркек арасындағы қатынастар, олардың құқығын бiр-бiрiне мiндетiн, балаларына, өз ұрпақтарына, ата-аналарына қатынастарын орнатады. Басқаша айтсақ, неке-ол отбасының дәстұрлi құрылу құралы, оны қоғамдық бақылау қоғамның өзiн өзi сақтауы мен дамуының бiрден бiр қаруы, жолы.
Адамгершiлiкпен некеге тұру реттелiп отырса, айырылысу яғни ажырасу да адамгершiлiкпен жұргiзiледi. Егер ерлi-зайыптылар арасындағы сыйластық, достық, татулық, сұйiспеншiлiк жойылса, отбасы емес, онда некенiңбұзылуы адамгершiлiк боп есептеледi.
Отбасы көптеген қоғамдық ғылымдардың: әлеуметтанудың, құқықтанудың, этнографияның психологияның, демографияның зерттеу обьектісі болып саналады.
Отбасы әлеуметтануы екі бағытта дамып келеді. Оның бірінші бағыты бойынша отбасының тарихы зерттеледі, екінші бағыт әлеуметтік институт ретіндегі қазіргі отбасының қалпын және шағын әлеуметтік топ ретіндегі жағдайын зерттейді .
Әлеуметтану отбасының функцияларына, отбасы саласындағы келеңсіз құбылыстарға (ажырасу санының артуы, жалғыз бастылардың санының өсуі) талдау жасауға да үлкен көңіл аударады.
Отбасының локалдануы - бұл тек туыстық қарым-қатынастармен шектеліп қалмай туыстардың бірлесе өмір сүретіндігін де мойындайды, сондықтан олардың тұрмысында ортақ элементтердің болуы, отбасымүшелерінің экономикалық өзара көмек көрсетуі ұнемі ұшырасып тұрады.
Отбасының құрылымы - бұл оның негізгі элементтерінің тұтастығын қамтамасыз ету тәсілі болып саналады.
2. Отбасындағы билікті бөлу, яғни билікке, лидерлікке ие болу және ондағы міндеттерді бөлу сипатына қарай отбасының екі типі сақталған. Оның біріншісі —дәстүрлі немесе авторитарлық отбасы. Дәстүрлі отбасында мынандай сипаттар тән:
· Ер адам негізгі мәселелер бойынша шешім қабылдаушы болып саналады, оның қожайындығы басым;
· әйелдің ер адамға экономикалық жағынан тәуелділігі;
· отбасындағы міндеттерді бөліп, ер адамның және әйелдің міндеттерінің бекітілуі.
Отбасындағы билікті бөлуге орай қалыптасқан отбасының екінші түрі - згалитарлық немесе демократиялық отбасы. Бұл отбасында:
· ұй шаруасына қатысты міндеттердің отбасы мүшелері арасында тең, әділ бөлінуі;
· ерлі - зайыптылардың тұрмыстық мәселелер бойынша бірлесіп шешім қабылдауы;
· демалыстарын бірге өткізуі, балалар тәрбиесіне бірдей қатысуы тән.
Ерлі-зайыптылардың немесе олардың ата-аналарының, туыстарының алатын орнына қарай отбасылар гемогенді және гетерогенді болады, Гемогенді отбасында ерлі-зайыптылар бірдей әлеуметтік жіктен шыққандар болса, ал гетерогенді отбасында олар әртүрлі әлеуметтік топтардан, касталарлдан, таптардан тарайтындар. Отбасы мен некені әлеуметтік және демографиялық белгілерінің ерекшеліктеріне қарап гомогамдық отбасы және гетерогамдық отбасы деп бөлу әдісі де қолданылады. Гомогамдық отбасы мүшелерінің ұлты, жас мөлшері, кәсібі, білімі біртектес болса, ал гетерогамдық отбасында бұл көрсеткіштер керісінше әр түрлі болып келеді. Отбасы кеңістік-аумақтық, яғни тұрған мекег-жайына қарап патрилокалды және матрилокалды болып бөлінеді. Патрилокалды отбасында жас жұбайлар кұйеуінің әкесінің ұйінде тұрады, матрилокалды отбасында келіншек пен кұйеу жігіт әйелдің ата-анасының ұйінбірге мекендейді. Жас жұбайлар ата-аналарынан мұлдем бөлек тұратын болса, онда оны неолокалды отбасы дейді .
Әрбір қоғам некеге отырар жастарға таңдау берерде отау тігушілердің өздеріне қандас шағын топқа жатпайтын, бөтен жердегі адамға ұйленуіне ғана рұқсат етеді, бұл құбылысты экзогамия деп атайды.
Некеге отырар кезде тек өз тобының ішінен ғана жұбай тандауды талап ететіндер де бар, мұндай мәдени үлгі эндогамия деп аталады. Экзогамиялық және эндогамиялық некелермен қатар некенің моногамия және полигамия деген түрлері де бар. Моногамияда бір ер адам бір ғана әйелмен некеде тұрады. Полигамияда бір жұбайлардың бірінің, яғни бір әйелдің бірнеше ер адамдармен немесе бір ер адамның бірнеше әйелмен некеде болуы.
Отбасының қызметi функциясы (мiндетi)-оның белсендiлiгiн көрсету құралы. Барлық қоғамда отбасы өз мiндетiн орындайды: халық санын ұдайы өсiру, бұған физикалық (бала туу) және адамның отбасыда рухани-адамгершiлiктi ұдайы өндiру; Шаруашылық–тұрмыстық. Отбасының шаруашылық-тұрмыстық мiндетi жеке қосалқы шаруашылығымен, бау-бақшасымен, отбасы мүшелерiнiң өз-өзiне қызмет етуiмен, тұрғын жайдағы санитарлық-гигиеналық тазалық, отбасы бюджетiн сақтаумен көрсетiледi; Тәрбие. Отбасының әлеуметтiк тәрбиелiк мiндетi ата-аналардың балаларға рухани – адамгершiлiк, саяси, әдептi тәрбие берумен айқындалады; Бос уақытты пайдалану мен ұйымдастыру. Оның мақсаты - отбасы мүшелерiнiң таланттарын, мұмкiндiктерiн жемiстi ету, рухани байлықтарын белсендi демалуға пайдалану.
Халықты ұдайы өсiруде биологиялық аспектi мен бiрге баланы оқыту мен тәрбиелеуде отбасыны ешқандай да қоғамдық мекемемен ауыстыруға болмайды. Бала тек қана отбасыда ең бiрiншi нәтижелi өзiн қалыптастырады. Қазiргi жағдайда қоғам, әлеуметтiк институттар (мектеп, лицей, жоғарғы оқу орны т.б.) беретiн тәрбиенi қандай отбасы бере алады. Бiрақ балаға отбасы берген адамгершiлiк-психологиялық тәрбие оның бойында ұзақ сақталады, мұмкiн өмiр бойы сақталар. Бала отбасыда өмiрдiң әлiппесiн танып бiледi.
Отбасының тиiмдi және экономикалық iс-әрекетi қоғам өмiрiмен тығыз байланысты, сондықтан да мемлекет немқұрайлы қарап отырмайды. Егер ұзақ уақыт бала тәрбиесiне мемлекет онша қатысты болмаса, қазiр ол мемлекеттiк және отбасылық iс боп саналады. Отбасы балаға адамдар арасында өмiр сүруге үйретедi, оған белгiлi саяси-идеялық көзқарастарды, әлемдi танушылықты, адамгершiлiк нормалар мен ережелердi егедi. Бала отбасыда адамгершiлiк нормаларымен танысады, үйренедi. Осында балада мiнез-құлық қалыптасады, жеке адамгершiлiк-психологиялық жақтары қалыптасады.
Тәрбие-ұлы iс: онда адам тағдыры шешiледi.
Тәрбие кұнделiктi отбасы мүшелерiмен, туысқандармен басқа да отбасы мүшелерi араласатын адамдармен баланың қатынасуы, араласуымен iске асырылады. Бала мектепте, техникум, лицейде, жоғарғы оқу орнында, өндiрiсте еңбекте болса да отбасының тәрбиелiк мiндетi жойылмайды, тәрбиелiк әсер жасөспiрiмдiк кезде, ержеткенде де тоқталмайды. Жақсы ортада өнегелi отбасыда өскен бала өз iс әрекетiнде қоғамдық немесе өз коллективiнiң мүшелерiнiң пiкiрлерiн басшылыққа алып қана қоймады, өз туыстарының, жақындарының пiкiрлерi маңыздырақ болады. Туылған кезде бойымызда жоқ, бiрақ бiзге өмiрде керек нәрселердiң бәрi тәрбиемен берiледi. Барлық жеке адам өздерiн қоғамдық пайдалы еңбекпен қалыптастырады.
Әр жылы еңбек еткен адам кезектi еңбек демалысына шығады, сәтi келгендерi еңбек демалысына шығады, сәтi келгендерi демалыс ұйлерiнде, санаторийлерде демалады, тынығады. Сонда да болса ең жақсы демалып тынығатын, физикалық кұш жинайтын, моральдық, психологиялық жәрдем алатын жерiмiз отбасы, отбасы боп табылады. Бiрақ отбасыда қатынастар әр тұрлi қалыптасады: Ұнамды, жағымды және жағымсыз, терiс, бұлар адамға әр тұрлi әсер етедi. Мiне, осы жерде отбасының коммуникативтi функциясы-адамдарды қатынасуда, бiрiгуде қанағаттанарлық қажеттiлiгi маңызды роль атқарады.
Социологтар неке мен отбасының рухани-адамгершiлiк негiзi махаббат пен парыздық, жауапкершiлiк пен мiндеттiң бiрлiгi деп атап көрсетедi.
Махаббат дегенiмiз не? Махаббат адамның кұрделi, сырлас қатынастарының бiрi, әйел мен еркектiң табиғи және әлеуметтiк байланысының бiрлiгi, яғни табиғи – биологиялық қажеттiлiгi мен адамгершiлiк-әдеп, физикалық және психологиялық қатынастары.
Отбасылық қатынастардың ерекшелiгi адамгершiлiк нормаларының, принциптерiнiң ерекшелiгiн анықтайды. Бiрiншi орында ата-ана махаббат, достық пен өзара қамқорлық, ерлi-зайыптылық, ата-аналық, қыздың, ұлдың парызы және өзара қамқорлығы, еркектiк және әйелдiк абырой, бiр-бiрiнiң мақтанышы, ерлi-зайыптылық тазалық, берiлгендiк, өзара сыйластық, рухани және идеялық бiрлiк т.б. алады. Ерлi-зайыптылардың арасындағы әйел мен еркектiң өз аттарына сай болуы.
Әйелге тән қандай қасиеттер? Әйелдiк қасиеттерге мейiрiмдiлiк, жұмсақтық, сезiмнiң әсемдiгi мен нәзiктiгi, аналық қамқорлығы, балаға ғана емес үлкендерге де, оқығандығы-тәрбиелiлiгi, берiлгендiгi, ұнемi ерiн моральдық жағынан демеп отыруға дайын болуы, ерiнiң бойына өзiне деген сенiмiн арттыру, өзiнiң және ерiнiң қасиетiне мәпелеп қарау.
Қандай қасиеттер ерлерге тән? Ерлерге тән қасиеттер деп мыналар болып танылады: оқығандығы-тәрбиелiлiгi, әйелге (қызына, қарындас-аналарына) көмекке әрдайым дайын болуы, оларға физикалық және моральдық жағынан кеңпейiлмен көмек көрсету, жинақылық, салауаттылық, тұрақтылық, парасатты ой, өзiне сенiмдiлiк, мақсатқа ұмтылушылық т.б.
Өмiрге оптимистiк көзқарасы, кездескен қиындықтармен тапқыр да жiгерлi кресе бiлу, сергектiк, жарқын, әзiл тұсiнетiн, физикалық, рухани кұшке ие, сезiмтал және жақындарына ынталы назар сап отыру, отбасысына, балаларына қамқор болу осылардың – бәрi ерлерге тән қасиеттер. Еркек нәзiк, ақылды сезiнуге, ойлауға, бейiм болған сайын өзiне әйелдердi көбiрек тарта тұседi. Ерлердiң ұй шаруасында әйелге көмектесуiн оның қасиетiн төмендеткенi деп тұсiнедi, бұл дұрыс емес.
Отбасы - ұш махаббаттың: ерлi-зайыптылардың, ата-ананың, баланың махаббаттарының қорытпасы. Ол парыздан, берiлгендiктен, мақсат-мұдделердiң бiрлiгiнен ажырамайды.
Қазiргi кезде отбасыны әлеуметтiк-таптық белгiсiне – жұмысшы отбасыны, ауыл-шаруашылық қызметкерлерiнiң (фермер, кооператор, арендатор) отбасысы; екiншiден, қалалық, ауылдық (орналасу тұрiне қарай); ұшiншiден бiр ұлтты, ұлтаралық (ұлттық белгiсiне), төртiншiден, өмiр сүру кезеңiнде (жас отбасы, бала кұтiп отырған отбасы, орта жастағылар отбасысы, үлкен жастағылар отбасысы, қарттық жастағылар отбасысы т.б.); отбасы мүшелерiнiң санына қарай (баласыз отбасы, аз балалы, көп балалы отбасы т.б.) сипатталады.
Егер отбасының ұш тұрiнiң (әлеуметтiк-таптық белгiсiне, орналасу тұрiне, ұлттық белгiсiне) сипаты қарапайым болса, өмiр сүру кезеңi мен сандық құрамына байланысты түрлерi көп айырмашылыққа ие.
Жас жұбайлар отбасы. Бұл ендi ғана пайда болған отбасы.
Жас отбасы. Бұл көтпеген кедергiлерде (отбасылық) жұбайлық өмiрде кездестiрген олардың әрқайсысы өмiрде тек бiр махаббаттың аз екендiгiн тұсiнген отбасы.
Бала кұтiп отырған отбасы. Бұл кезеңде әйелдiң өзгеруi байқалады, болашақ әке де өзгерiстер болады. Бiр-бiрiне шектен тыс қамқорлық пайда болады. Мұндай қатынас болашақ ана мен балаға екi есе керек.
Жұбайлық өмiрдiң орта жасындағы отбасы (ұш жылдан он жылға дейiнгi бiрге өмiр сүргендер). Бұл кезең бұл отбасылар ұшiн жауапты да қиын кезең. Нелiктен? өйткенi тап осы кезеңде жұбайлық өмiрiне пыстырады, өзара қатынастағы бiрқалыптылық жалағастырады. Дау-жанжалдар туа бастайды, осы кезеңге отбасының ажырауы, бұзылуы тап келедi. Жұбайлық өмiрдiң үлкен жасындағы отбасы (он-жиырма жылдық бiрге өмiр сүргендер). Мұндай отбасылардағы ерлi - зайыптылардың моральды - психологиялық ахуалының сәттi болуы – көбiне олардың адамгершiлiк қасиеттерiнiң байлығына, өзара көнбiстiгiне, қажеттiлiктерi мен мұдделерiнiң сай келуiне байланысты.
Жұбайлық өмiрдiң қарттық жасындағы отбасы. Бұлар бiрнеше он жылдар бiрге өмiр сүргендер. Уақыттың екi қанаты бар: бiрi-қуанышыңды әкетедi, екiншiсi-көз жасыңда сүртедi, құрғатады. Мұндай жағдай олардың балалары некеге тұрып, немерелерiнiң пайда болуымен пайда болады. Ерлi-зайыптылар өмiрдiң жаңа кезеңiн бастайды, бiрi-ата, екiншiсi-әже болады, отбасыда жаңа мiндеттер қалыптасады.
Отбасының белгiлi бiр бөлiгi баласыз, аз балалы, көп балалы отбасыны құрайды.
Баласыз отбасы-мұнда он жылға дейiн бiрге тұрып бала болмағандар жатады. Мұндай отбасылардың әрбiр ұшiншiсi ерлер тарапының талабымен ажырасады.
1. Бiр балалы отбасы. Мұндай отбасылар қалады 53,6%, ал ауылдың жерде 39-40% құрайды. Мұндай отбасының әрбiр екiншiсi ажырасады. Бұдан бала санының аздығына байланысты отбасы ажырасады деп қарамау керек, ерлi-зайыптылар осылайша ұзақ уақыт бiрге тұра алмайтындықтан келесi баланы өмiрге әкелуге тәуекел етпейдi. Мұндай отбасыдан шыққан балалардың жан-жақты дамыған, моральды-психологиялық жақсы қалыптасқан адам болуы екiталай. Көптеген психологтар мен социологтар мұндай адамдарда жауапкершiлiктiң болмауы, еңбек сұйгiш еместiгi, жеке басып ойлаушылық, адамдармен қалыпты қатынас жасау алмауын көрсетедi.
2. Аз балалы отбасы (бiр, екi балалы). Социологтар мен политологтардың бақылауы бойынша екiншi баланың туылуы бiр балалы отбасыға қарағанда отбасының тұрақтылығын 3 есеге артады екен. Бұл отбасылардың әрбiр алтыншы, жетiншi жұбы ғана ажырасады.
3. Көп балалы отбасы-ұш баладан көп балалы отбасы. Бұл отбасыларда ажырасу сирек болады, болған жағдайда да ол ерiнiң кұнәсiнен болуы мұмкiн. Бұл жерде ананың еңбегi зор, сондықтан да қазiргi кезде әйелдердiң көпбалалыболуға ұмтылуы кем.
4. Толық емес отбасы. Мұндай отбасыда ата-ананың бiреуi ғана болады (көбiне жалғыз басты ана). Мұның себебi-ерлi-зайыптының бiреуiнiң қайтыс болуы, ажырасу немесе некесiз туылған бала, жалғыз басты әйелдiң бiреудiңбаласын асырап алуы т.б. Мұндай типтегi отбасы әлеуметтiк сапасыз, тиiмсiз. Мұндай отбасыдағы балалар көп уақыттарын ұйден тыс өткiзедi, себебi аналары жұмыста болады. 50% заң бұзушылар осындай отбасылардан шыққандар.
5. Жеке, қарапайым отбасы. Мұндай отбасыны балалы, баласыз ерлi-зайыптылар құрайды. Олар ата-аналарынан, туыстарынан бөлек, өздерiнше өмiр сүредi. Сондықтан да олар өз өмiрлерiн қалай құрғылары келсе солай жасайды.
Демографиялық саясат дегенiмiз - қоғамға қажеттi жете тұсiнiлген демографиялық iс - әрекеттi құруға бағытталған әлеуметтiк шаралар жүйесi. Демографиялық саясат тууды, барлық категориядағы жастарға қамқорлықты реттеу шаралар жүйесiн болжайды.
Қазiргi кезде қоғамның әлеуметтiк институты сияқты отбасы дағдарысы да айқынырақ бола тұсуде, одан шығатын жол әзiр анық емес. Дағдарыс отбасы өз мiндетiн дұрыс жұргiзбегендiктен көрiнедi: ерлi-зайыптылық өмiрдiұйымдастыру, бала туу мен тәрбиелеу, халықты ұдайы өсiрiп отыру, жұмыс кұшiн көбейту. Қазiргi демографиялық жағдай неке-отбасылық қатынастарының дамуының мақсатты бағдарламасын талап етедi. Мұндай бағдарлама жастардың отбасылық өмiрге дайындығын, отбасы беделiн, оның тұрғын ұй және экономикалық жағдайларын, әр тұрлi функциядағы адамдармен отбасыда, қоғамда оптимальдi ұйлесуiн қамтиды.
Отбасыны құрып, қалыптасуы-оңай iс емес. Отбасы да басқа барлық қоршаған шындық сияқты объективтi және субъективтi қайшылықтарды жеңе отырып дамиды. Қайшылықтардың iшiнде мыналарды табуға болады: туудыңазаюы және халық санының өсуiнiң төмендеуi, әйелдердiң ерлерге қарағанда санының өсуi, отбасының орташа санының кемiп, өлiмнiң көбеюi, еңбек өнiмдiлiгiнiң азаюы, отбасы қажетiнiң өсiп, оны қанағаттандыру мұмкiншiлiгiнiңазаюы т.б. отбасыға, некеге жеңiл мiнездiк пен қарау, абыройды ұмыту, арсыздық пен маскұнемдiк, тәртiпсiздiк пен азғындық, ажырасу т.б.
Мынадай көтпеген жағдай болады. Үлкен қалалардағы халық санының өсуiн бала туудың төмендеуi баяулатып отыр. Мигранттарды жұмысқа қабылдамау ұшiн жасалған қатаң шешiмдердiң өзiн бұзып, жұмыс кұшi жетiспегендiктен оларды жұмысқа алуға мәжбұр боп отыр. Осы миграцияның әсерiнен үлкен қалалардағы туу ұрпақтардың орнын басатындай шамаға жетпейдi.
Болашақта осы сияқтылардың салдарынан жаппай аз балалы отбасылар пайда болады. Әзiр оны ешкiм зерттеп жатырған жоқ.
Осы заманғы отбасы адамдардың мұдделерiнiң қалыптасуын, саяси идеяларының пайда болатын ортасы боп табылады. Отбасыда және сол арқылы балада, жасөсiпiрiмде алғашқы әлеуметтiк қатынастар, бағалы бағыт-бағдарларқалыптасады. Отбасының жақын адамдармен қатынастардың негiзiн, адамдардың еңбекке, қоғамдық – саяси iс-әрекетке бағытын қалыптастыратынын ұмытпау керек. Ересек адамдарды мәдени, адамгершiлiкке тәрбиелеу қиынырақ, себебi ата-аналары қалыптасып келе жатқан жас баланы тәрбиелеуде тиiмдi. Сондықтан да отбасыда мақсатты, белсендi тәрбие мен бiлiм аз болады, ата-аналар негiзгi уақыты мен кұш-жiгерiн материалдық жағын қамтамасыз етуге жiбередi. Социологтардың зерттеуi бойынша жұмыс iстейтiн әйел бала тәрбиесiне 16 мин. жексенбi кұндерi 30 мин. уақыт бөледi екен. Отбасыда баламен рухани қатынас жасау тек қана олардың мектептегi сабағын тексерумен, алған бағаларын бiлумен шектеледi.
Отбасыдағы берiлетiн жағымсыз тәрбиенiң себептерi көп. Ол ең бiрiншiден экономикалық даму деңгейiнiң төмендiгi, ата-ана уақытының басым көп бөлiгiн кұн көрiс табуға жiбередi, мәдени өмiрдiң төмендiгi, қоғамның халықты құрғақ сөзбен алдауы, екi жақты мораль.
ТМД елдерiнде әйелдер туралы мәселенi ерлермен бiрдей етiп шешедi: олар заң жұзiнде өндiрiсте, тұрмыста еркекпен тең құқылы. Ал, шындығына келсек әйелдер екi есе ауыртпалықпен өмiр сүредi - жұмыс iстейдi, отбасысынақарайды. Отбасының бала тәрбиесiн жақсарту мiндетiндегi маңызды бақыт - әйел мен еркек арасындағы отбасыдағы қатынасты жаңадан құру керек. Зерттеу мынаны көрсетедi: қалада тұратын әйелдiң қарапайым отбасыда баламенөтетiн уақыты аптасына 77 сағат, оның iшiнде ұйде-36 сағат. Басқаша айтқанда әйел-ананың орташа еңбек кұнi жексенбiнi қосқанда 11 сағат болады екен. Тұрмыстағы әйел мен еркектiң теңсiздiгi осы заманғы жас отбасылардың берiк болмауын арттырады.
Жастарды отбасылық өмiрге дайындауда мектептiң ролi айрықша. Мектепте “Қоғам және адам” курсымен қосып “Отбасылық өмiрдiң этикасы мен психологиясы” деген курсты жұргiзсе болады. Бұл сабақты көбiне өз маманы емес тарихшы, әдебиетшiлер жұргiзедi. Сондықтан да жоғарғы сынып оқушыларымен өткiзген сабақ балабақшадағыдай боп көрiнедi. Жастарға ең керегi, маңыздысы отбасыны жоспарлау әдiсi мен техникасы жетiспейдi. Осы жетiспеушiлiктiң әсерiнен көптеген келеңсiз жәйттер-мезгiлсiз екi қабат болу, бала алдыру, қажетсiз балалардың дұниеге келуi пайда болады.
Жасөспiрiмдер отбасыда ата-аналармен, өзiнен кiшiлермен жиi дау-жанжалға келiп қалады. Сондықтан да оларға ең маңызды бiлiм-ол отбасыдағы дау-жанжалды қалай шешу керектiгi. Жасөспiрiмдерге сенбеушiлiктiң әсерi-45% жасөспiрiм ата-аналарына мектепте отбасының этикасы мен психологиясы туралы оқитындықтарын айтпайды екен. Отбасыда мұндай нәрселер аз сөз болады.
Мемлекеттiң отбасыны дамытудағы басты мiндетi мен функциясы: отбасыны қорғау, оның iсiне негiзсiз араласуды қорғайды.
Қазiргi кезде отбасыны қорғау мемлекеттiк саясатқа енгiзiледi. Бұл жерде мынаны атап өту керек, жас отбасының еңбек потенциалын тиiмдi пайдалану мемлекеттiң әлеуметтiк саясатының қазiргi кезеңдегi маңызды жолы.
Бiрiншiден, өсiп келе жатырған ұрпақ - мемлекеттiң жұмыс кұшiн толтыратын жалғыз көзi.
Екiншiден, өндiрiс технологиясының өсуiмен, ғылым мен техника жаңалықтарын өмiрге ендiруде кұрделi мамандықтар мен мамандықты керек ететiн еңбек, терең бiлiмдi мамандар қажет болады. Жастар әлеуметтiк-психологиялық жас ерекшелiгiмен жаңа типтегi жұмысшыға керектi қасиеттерге ие болады.
Ұшiншiден, отбасыны сақтаудың маңызды бағыты мемлекеттiк шарада бар. Мемлекеттiң демографиялық саясатында тууды ғана қамтамасыз ету емес, ана мен баланы қорғау, отбасы саулығын қорғау да қамтылған.
Төртiншiден, демографиялық саясатының маңызды объектiсi жастар, оның iшiнде студенттер. Жастардың негiзгi әлеуметтiк мәселесi бiлiм алумен, еңбек жолын бастаумен, отбасы құрумен, мамандығын жетiлдiрумен сипатталады. Физиологиялық жетiлудiң сәйкес келмеуiндегi, ерте некенiң көбеюiндегi, рынок қатынастарындағы қиындықтарды жеңудегi т.б. мәселелердi тиiмдi шешудi талап етедi.
Демографиялық саясаттың мақсаты отбасының осы сатыдағы қалыптасуында отбасыдағы баланың тууылуы, ата-ананың өмiрi пропорционалды ұйлесуi керек. Адамдардың денiнiң саулығы, белсендi өмiрдi ұлғайту мемлекеттiңдемографиялық саясатының басты назарында болуы керек.
Негізгі әдебиеттер:
1. Әбсаттаров Р. М. Дәкенов. Әлеуметтану. Оқулық. Алматы. 2004., 2007ж.
2.Әлемдік әлеуметтану антлогиясы. Алматы. Қазақстан. 10 томдық. 2006ж.
3.Икенов А.И. Әлеуметтану негіздері. Алматы. Экономика. 2004ж.
4.Қарабаев Ш. Әлеуметтану негіздері. Алматы. 2008ж.
5.Ғабдуллина Қ. Құқық әлеуметтануы. Алматы. 2005ж.
6.Рахметов К.Ж., Болатова А.Н. Социология. Алматы. 2005ж.
7.Оданова Р.К. Жалпы әлеуметтану. Лекциялар курсы. Шымкент. 2004ж.
8.Айбеков Б.Ө., Абенов К.К. Әлеуметтану. Оқу құралы. Шымкент. 2003ж.
9.Смелзер Н. Социология. М., 1994. Гл. 9.
Жарияланған-2015-11-04 17:33:56 Қаралды-77678
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану