UF

Тақырып. Баланың және жас өспірімнің балалық кіші мәдениеті және әлеуметтік мәдени әлемі

 

Баланың дамуы мен қалыптасуына, белгілі бір мөлшерде, табиғи немесе географиялық орта (климат) табиғат жағдайлары әсер етеді. Сонымен, тұқым қуалаушылық, орта және тәрбие боланың дамуы мен қалыптасуы мен негізгі обективті факторлары болып табылады. Бұл орайда тұқымқуалаушылыққа жалпы адамзаттықпен қатар жеке адамға тән қасиеттер жатады. Іс- әрекеттер кез келген түріне деген анотомикалық – физиологиялық бейімділіктер баланың дамуы мен қалыптасуына ерекше орын алады.(мысалы,есту мүшелерінің құрылысы,ойлау қабілетіндегі ерешеліктер,т.б).Олар баланың қабілеттілігі,дарындылығы және дарыны дамуының алғышарттары болып табылады. Кейбір жағдайларда бұл бейімділіктер өте ерте(сәби кезінде және мектепке дейінгі жасында)кейбір жағдайларда кішірек ал енді бірде,ер жеткен кезде ғана көрініс бере бастайды.  Биологиялық бейімділіктер мен қасиеттердің дамуы адамның функционалды жетілу мен қалыптасу поцесі арқылы сипатталады,содан кейін оның сүйектері,бұлшық еттері,сонымен қатар,ішкі мүшелері мен жүйкелері дамиды.

Тәрбие- кез-келген қоғамның аса маңызды қызметі, бұл әлеуметтік процесс болып табыла отырып, адамның мінез-құлқы мен қызметіне қоғамдағы барлық институттар, қоршаған орта және осы процесстің субьектісі ретінде жеке тұлғаның өзінің белсенділігі арқылы мақсатты түрде әсер етуі.

Әлеуметтік микроорта бір жағынан, жеке тұлғаның өзін-өзі тарату процесін жеделдететін немесе баяулататын аса маңызды факторлардың бірі, екінші жағынан, осы процестің табысты дамуына қажетті жағдай болып табылады.

Әлеуметтендіру – қоғамдық қатынастар  жүйесіне қосылуды ұсынатын жеке тұлғаның әлеуметтік  тәжірибесін жетілдіру процесі .

Әлеуметтендіру әр түрлі әлеуметтік, әлеуметтік психологиялық, психологиялық-педагогикалық және психологиялық факторлармен шарттасады. Олардың  арасынан қоғамның мақсатты бағытталған күштері мен жеке тұлғаны қалыптастыратын әр түрлі әлеуметтік институттарды ажырата білген жөн.

Әлеуметтік даму мен жеке тұлға ретіндегі адамның жекеше құрылу кезеңі үшін жас ерекшілік спецификасы тән.

Әлеуметтік тәрбие жүйесі үздіксіз, педагогикалық тәрбие процесінің мақсатты ұйымын көрсетеді, бұл орайда жеке тұлға дамуының әлеуметтік ситуациясы мен адамның әр түрлі жастағы кезеңдеріндегі психологиялық ұстанымы (балалық шақтағы, мектепке дейінгі, кіші топ жасындағы мектеп оқушысы, жасөспірім кезіндегі),  әртүрлі микрорта саласындағы (жанұя, балабақша, сынып, мектеп, үй, квартал, клуб, әуесқой бірлестік, биресми топ т.б) ұстанымы ескеріледі.

Әлеуметтік тәрбие үшін ерекше жағдайлар мен мүмкіндіктер балаларды ресми, мемлекеттік тәрбие институтарынан тыс қоршаған ортада жасалған, әсіресе, оларға жақын  жанұялы- тұрмыстық микроортада тұрақты жасалған. Бұл мүмкіндіктер жасалған орталарда қатаң құрылымдар болмайды, онда керісінше, қарым-қатынастардың, араласу жүйелерінің, ата-аналар мен әр түрлі жастағы балалармен қатынастардың еркіндігі қалыптасқан.

Әлеуметтену кезеңдері адамның өмірінің жасына байланысты кезеңдеріне қатысты. А.В. Мудрик ұсынған кезең шартты түрде, бірақ әлеуметтік-педагогикалық көзқараспен алғанда ыңғайлы: нәрестелік-туылғаннан 1 жасқа дейін; ерте балалық (сәбилік) 1-3 жас; мектепке дейінгі 3-6 жас; кіші  оқушылық кезең 6-10 жас; кіші жеткіншектік 10-12 жас; ерте жасөспірімдік 15-17 жас; бозбалалық жастық шақ 23-30 жас; ерте есею 30-40 жас; кемелдену 40-55 жас; қартая бастау 55-65 жас; кәрілік 65-75 жас; ұзақ өмір сүру кезеңі 75 жастан асқан жас.

Әлеуметтендіру балалардың, жасөспірімдердің, жастардың дамуына әсер ететін шарттардың өзара әрекетінің көптеген санына қарай өрбиді. Бұларды факторлар деп атауға болады, факторларға төмендегілерді жатқызуға болады: мегафакторлар- космос, планета, әлем; макрофакторлар –ел, этнос, қоғам, мемлекет; мезофакторлар –аймақ, тұрғындық тип, бұқаралық коммуникация құралдары, субмәдениет; микрофакторлар жанұя, құрдастық топтар, тәрбиелеу ұйымдары, конфессиялар, микросоциум.

Жастық кезеңдердегі әлеуметтендірудің  міндеттері.

Әлеуметтендендіру кезеңдерінде және әрбір жастық кезеңдерде адам шеше алатын міндеттердің үш тобын шартты түрде бөліп көрсетуге болады.

Жаратылыстық-мәдени міндеттер-физикалық және сексуалды дамудың белгілі бір деңгейіне қол жеткізу.

Әрбір жастық кезеңде адамға қажет болатындар: адам өмір сүріп отырған немесе бастан өткізіп отырған мәдениетке тән дене құрылыстық канонды танудың белгілі дәрежесіне қол жеткізу; этикеттің, символиканың (рәміздің) кинестік тілдің (сермеудің, құрылымның, мимиканың, пантомимиканың) элементтерін жетілдіру; физикалық және сексуалдық міндеттерді таратуды дамыту; жыныс пен жасқа тән салауатты өмір салтын жүргізу (гигиена, режим, тамақтану, денсаулықты сақтау мен ағзаны, физикалық өзіндік дамуды сауықтыру, өзінің психофизикалық ахуалын басқару); өмірге қатынасын, жыныстық және жеке бас мүмкіндіктеріне сәйкес өмірдегі стилін қайта құру.

Әлеуметтік мәдени міндеттер- танымдық моральды – адамгершілікті, құнды-мәнді- бұлар әрбір жастық кезең үшін нақты социумдағы белгілі бір кезеңде ерекше болмақ.

Бұл міндеттерді қоғам бүтіндей объектті түрде айқындайды, сондай-ақ адамды жақын қоршаған ортаның этноаймақтық ерекшеліктері анықтайды.

Ерекше әлеуметтік – мәдени міндеттер қоғам өміріндегі процестердің әрбір кезеңінде адамзат алдында тұрады.

Әрбір жастық кезеңде адам алдында олардың жанұялық, өндірістік, экономикалық қызметтерге қатысуына байланысты міндеттер тұрады.

Әлеуметтік-мәдени қатардағы міндеттер екі  қатпарға ие. Бір жағынан, бұл міндеттерді адам баласына қоғам мен мемлекет институттарды вербальды түрде ұсынады. Екінші жағынан, қоғаммен қабылданатын тәжірибелік, ғұрыптық, адамгершілік, психологиялық стереотиптер алдындағы міндеттер. Негізінен бұл екі қатпар бір-бірімен үндеспейді, керісінше кейде қарама-қайшыланады.

Әлеуметтік – психологиялық міндеттер – бұл жеке тұлғаның өзіндік санасының құрылуы, оның өмірде және болашақта өзін-өзі айқындауы, өзін-өзі таратуы мен бекітуі, бұлар әрбір жасқа байланысты кезеңде ерекше мазмұнға және оларды шешу тәсілдеріне ие болады.

Жеке тұлғаның өзіндік санасын оның әрбір жасындағы өзін тануының белгілі ірі жетістігі ретінде және Мен-ге қатысты тұжырымының, өзін-өзі сыйлауы мен қабылдау мөлшерінің жетістігі ретінде қарастыруға болады. Сонымен, жас жеткіншектің алдында өзінің «Мен»-дігінің компоненттерін танып-білу міндеті тұрады, олардың «мен»-і басқа адамдармен байланысты, ал бозбаланың алдында өзінің дүниедегі, әлемдегі алатын орнына, көзқарасына байланысты. «Мен»-ді анықтау міндеті тұрады.

Жеке тұлғаның өзін-өзі анықтауы, оның өмірдегі әртүрлі салада белгілі бір ұстанымды табуын болжайды. Кіші мектеп жасында бала жаңа әлеуметтік ситуацияны- яғни мектепке бару ситауциясын  табуы қажет.  Ол ересектермен, өз құрдастарымен қатынасты анықтауы қажет. Жеткіншектік жаста өз жынысындағы құрдастарының арасында өз ұстанымын іздеу ерекше орын алады.

Жеке тұлғаның өзін-өзі таратуы өмірдегі қызметтердің әртүрлі саласында өзіне маңызда белсенділікті адамның қанағаттана таратуы болып табылады. Бұл орайда тарату болуы үшін оның белсенділігін басқалар қолдап отыруы тиіс. Өзін-өзі тарату әртүрлі болып келуі мүмкін. Олар әлеуметтік тұрғыдан құнды, пайдалы, қолданбалы, сондай-ақ асоциалды және антисоциалды болады.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-10-22 18:09:25     Қаралды-6973

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »