UF

Тақырып. Семья - тұлғаны тәрбиелеу мен дамытудың әлеуметтік мәдени ортасы

 

Жанұя, барлық уақытта да, өсiп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесi мәселелерiн шешуде үлкен мүмкiндiктерге ие болған. қазiргi заманғы жанұяның өсiп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесi мәселелерiн шешудегi ерекшелiгi - ата-ананың бiлiм және жалпы мәдени деңгейiнiң жоғары болуы.

Балалардын, жанұядағы тәрбиесi - белгiлi бiр тұрақты әлеуметтiк институт ретiнде анықталады, ол жанұя мүшелерi арасындағы өзара қатынастардың қалыптасуы мен дамуына септiгiн тигiзетiн адамдардың жақындығы, туыстық қатынастар, өзара үйелмендiк тұрмыстықөмiр. Жанұя тәрбиесiнiң артықшылығы да осы қатынастарда, оны тәрбиенiң ешқандай да түрi алмастыра алмайды.

Жанұя-болашақ азаматтың әлеуметтiк жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы адам. Ол балаға моральдiк қалпы туралы алғашқы түсiнiк бередi, оны еңбекке баулап, өз-өзiне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады. Ата-ананың iс-әрекетi мен мiнез-құлқы, өмiр сүру арқылы балаға дүниетанымдық, адамгершiлiк, әлеуметтiк-саяси құндылықтар берiледi.

Жанұя тәрбиесiнiң қоғамдық және мемлекетiк тәрбиеге қарағанда артықшылығы басым. Алайда, қоғамдық өмiрде болып жатқан әлеуметтiк, экономикалық және демографиялық өзгерiстер отбасыға белгiлi бiр қиыншылықтар туғызады.

Нарық қатынастарының дамуы нәтижесiнде отбасыда айтарлықтай адамгершiлiк тұрғыдан ересектердiң де, балалардың да жана құндылық бағытарын қалыптастырып, жанұя өмiрiне елеулi өзгерiстер әкелдi. Ата-ана мен мұғалiмдердiң мiндетi- қоғамдық қатынастардың жаңа жүйесiн ұсынып, отырған әлеуметтiк мүмкiншiлiктi дұрыс пайдалану. Мектеп пен іс-шаралар, кiтап оқу-күнделiктi және жиi болып тұратын құбылыстар. Ата-ана баланы дұрыс педагогикалық мәдениетке бағыттап оқыту мен тәрбиелеу мәселесiне әлеуметтiк - жауапкершiлiгiн түсiнедi. Ата-аналар, жанұя айтарлықтай түзетулердi керек етпейдi. Олар оның мәнiн және өздерiнiң баланың өмiрiн ұйымдастырудағы алатын орнын түсiнедi.

Орташа деңгейде жанұяның педагогикалық процесi, жалпы алғанда, қанағаттанарлық күйде, алайда кейбiр элементтерi, белгiлi бiр мөлшерде, түзетудi қажет етедi. Ата-ана бала тәрбиесiне жауапкершiлiкпен қараса да , олардың педагогикалық мәдениетi жеткiлiксiз: олар көбiнесе тәрбиеде аз әдiстерiн қолданады. Жанұя сипатындағы орта нәрсе - педагогикалық процестi ұйымдастыруда әр түрлi қиыншылықтардың болуы.

Ата-ана баланың оқу iс-әрекетiне көңiл бөлгенiмен, олардың тиiстi педагогикалық мәдениетi жоқ. Оқудың маңыздылығын мойындай отырып, олар баланы күштеу және қатал бақылау арқылы оқуға мәжбүрлеугө тырысады. Баланың оқуға деген қызығушылығын дамыту, балаға көмек көрсету ата-ана үшiн қиындық туғызады.

Төмен деңгейлі жанұяның iс-әрекетi ала ауыздықпен, ата-ананың нашар педагогикалық мәдениетi мен бала тәрбиесiне деген жауапсыздықпен, педагогикалық сауатсыздығымен сипатталады. Балаларлың үлгерiмi төмен, олар үшiн жанұяны қызығы жоқ, балаларды әуестiктерi кездейсоқтық сипатқа ие, жасөспiрiмдер ортасының оларға керi әсерi өте үлкен. Ата-аналар өз мiндеттерiн тек қана оқушыны қаржы жағынан қамтамасыз ету және бақылаудың жалпы қызметтерiн атқару деп түсiнедi. Олар мектеппен жүйелi түрде байланыс жасамайды, педагогтар кеңесiн ескермейдi. Мұндай ата-аналардың тиiстi педагогикалық мәденитi жоқ және ең бастысы педагогикалық шараларға қатысуға ынтасы жоқ.

Жанұяның тәрбие жұмысын зерттеудi ұйымдасытыру өте маңызды. Ол мектеп құжаттарын зерттеу мен талдаудан басталады.

Жанұя жайлы алғашқы мәлiметтер «Менiң жанұям», «Бiздiң жанұядағы демалыс күн», «Оқушының жанұядағы бiр күнi» атты шығармаларды жаздыру арқылы алуға болады. Шығармалар арқылы ата-аналардың азаматтық көзқарасы, жанұяның рухани өмiрi, оның мүшелерiн өзара қатынасы, балаларға деген қатынасы туралы бiлуге болады.

Жанұя - iштей тұрақты, тұйық ұжым. Содықтан оны зерттеуде белгiлi бiр қиыншылықтар ұшырасады. Жанұяның сипаттамасы туралы мәлiметтер алу мақсатында жанұяға барған уақыттаға бақылаулар мен әңгiме жүргiзу әдiстерi қолданылады.

Жанұя бос уақыттағы бiрлескен iс-әрекетiнiң оқушы үшiн маңызы өте зор. Жанұя мүшелерiнiң өзара әрекеттестiгi ретiнде, түсiнiсу, сезiм әсерлерi негiзiндегi бiр бiрiне ықпал етуi. қарым-қатынас кезiнде iс-әрекетпен, тәжiрибемен, сезiм әсерлерi қатар жүредi. Ата-ана мен баланың ара қатынасы жанұя өмiрiнiң айқын көрiнiсi, оның микроклиматын қалыптастырып, жанұяның даму мүмкiндiлiктерi. Педагогикалық мәдениетi төмен жанүяларда бос уақыттың педагогикалық мәнi болмайды, ол тек көңiл көтеру мақсатында ғана пайдаланыланады.

Ата-ана арасындағы, ата-ана мен бала арасындағы, балаларының арасындағы өзара қатынас педагогикалық процестiң тәрбиелiк механизмдерi болып табылады. Олар жеке тұлғалық мән берiп, көзқарастардың дамуына, балалардың мiнез-құлығына, олардың адамдарға деген қатысына әсер етедi. Жанұядағы өзара қатынас сипаты әдет ғұрыптармен, ата-ананың өзiнiң бұрынғы жанұясынан алған тәрбие нұсқауларымен, темперамент ерекшелiктерiмен, ерлi-зайыптылардың эмоционалдық деңгейiмен, олардың адамгершiлiк және педагогикалық мәдениетiмен анықталады, Осының бәрi ата-ананың балаға деген қатынасында орын алады.

Жанұяның тәрбиесiне негiзгi сипаттама. Жанұядағы бала тәрбиесінiң жетiлуi әлеуметтiк-педогогикалық және материалдық сипаттағы көптеген жағдайларға байланысты.

Педагогикалық процестiң сипаттамалары жанұяның тәрбие мүмкiндiктерiнде жатыр. Оларға байланысты жанұядағы педагогикалық процестiң тәрбиелiк мүмкiндiктерiнiң деңгейiн айқындауға болады.

Жоғары деңгей - барлық негiзгi көрсеткiштер толығымен көрiнiс тапқан жанұялар. Ата-ананың әлеуметтiк жауапкершiлiгi мен педагогикалық мәдениетi дамыған, олардың педагогикалық ынта ықыластары бар.

Балалар белсендi, дамыған, ұйымдасқан, алдында белгiлi бiр мақсаттары бар. Жанұяда оқушының күн тәртiбi сақталады, оның өмiрi әртүрлi iс-әрекетке толы. Жанұядағы ара қатынас демократиялық тұрғыда негiзделген. Бұндай жанұяларда өзара түсiнiстiк жәнеқамқорлық рухы басым; балалардың әкесi мен анасының қызметi жайлы хабары бар, олардың қиыншылықтары мен жетiстiктерiн де бiледi; баланың мектептегi жағдайы да жанұяда еркiн талқыланады; ата-ана баланы жүйелi оқу iс-әрекетiне үйретедi, күн тәртiбiн дұрысқұруға үйретедi, оқуда қиыншылықтар туған кезде көмек көрсетедi; әкесi мен анасы баланың сабақтан тыс уақытына көңiл бөледi; баланың бос уақытын ұйымдастыруына қатысып, оған мақсаттылық пен тиiмдiлiк элементтерiн енгiзедi. Жанұяларда бiрiгiп iстелiнген еңбек, табиғатқа саясат, спорттық құқық өкiлдерi балаларға өмiр сүру мен бiлiм алу үшiн салауатты және қауiпсiз жағдайлар жасау керек, бала жеке тұлғасының интеллектуалды, дене-күш және адамгершiлiк қасиеттерiнiң дамуын қамтамасыз етулерi керек. Жалпы алғанда,қазақстан Республикасында елдегi бiлiм беру тәрбие процесiн жүзеге асыратын дамыған, қызмет етiп тұрған құқықтық негiз бар, жанұяның дамуына кепiл беретiн және жанұя өмiрiнiң, жанұя ұжымындағы өзара байланыстың терең демократиялы қамтамасыз ететiнқұқықтық нормалардың жүйесi жетiлген.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-10-22 18:08:45     Қаралды-3866

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »