UF

Тақырып. Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың құрылымы

 

1.Болжамдау мен жоспарлауды ұйымдастыру

2.Жоспарлаудың салалық және аймақтық органдары

3.ҚР-ң экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, оның құрылымы мен негізгі функциялары.

4. Мемлекеттік жоспарды бекіту мен өңдеудің кезеңдері.

 

1. Болжамдау және жоспарлауды ұйымдастыру халық шаруашылығын басқарудың барлық деңгейінде жоспарлау жүйесінің органдарын, олардын функцияларын, болжам және жоспарларды жасау тәртібін орнату, орындаушыларға негізгі көрсеткіштерді жеткізу және олардың орындалуын қамтамасыз ету.

Болжамдау және жоспарлауды ұйымдастырудың ғылыми негіздері  принциптер, яғни талаптар, негізгі қағидалар болады.

Жоспарлау органдар жүйесі дегенде жоспарлауды ұйымдастыратын мемлекеттік, аймақтық, салалық және фирмаішілік жоспарлау органдар жиынтығы түсініледі.

Жоспарлауды ұйымдастыру а) мемлекет деңгейінде (мемлекет, аймақ, сала) және б) фирмаішілік деп бөлінеді.

Мемлекет деңгейіндегі жоспарлау экономикалық ойдың кеңес одағы мектебінің әдет ғұрыптарың және шетел тәжірибесін қамтып көрсетеді, оның қалыптасуы мен дамуы кәсіпорын деңгейдегі жоспарлау тәжірибесіне сүйенеді.

Жоспарлауды ұйымдастыруда оның құрамдас элементтері болып келесілер есептелінеді:

- жоспарлауды әзірлеудің тәртібі және реті;

- ақпарат жүйесі;

- орындаушылар.

2. Мемлекеттік басқару және жоспарлау органдары кез келген меншік түріндегі барлық кәсіпорандарға олардың тиімді кызмет жүргізулері үшін жағдай жасап, экспорт жасаушыларды және экономиканың басымды салалары кәсіпорындарын қолдап-қуаттауы керек.

Басқарудың және жоспарлаудың барлық деңгейлерінде экономикалық және әлеуметтік дамуға әсер ететін жағдайлар мен факторларға, олардың тенденцияларын анықтау үшін, ерекше мән беріледі. Жоспарлау және болжамдау органдарының құрылымы, олардың функциялары қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық даму жағдайларына сай болулары керек.

Макродеңгейде мемлекеттік жоспарлау органдары ағымдағы экономикалық жағдайды талдау,  экономика дамуының маңызды пропорциялары мен қарқындарын болжамдаумен, басынқыларды негіздеумен, экономика құрылымын қалыптастырумен, материалды және қаржылық теңгерілімді қамтамасыз етумен айналысады. Елдің экономикалық және әлеуметтік дамуының стратегиясын және тактикасын әзірлеуге, экономиканың негізгі реттегіштерінің сандық өлшемдерін анықтауға ерекше көңіл аударылады.

Мезодеңгейдегі  болжамдау және жоспарлау органдары рынокты кешенді зерттеп, ұсыныс және сұраныстың божамын, уақыттық аспектте сайкес аймақтар және салалар дамуы болжамы мен жоспарын, маңызды мәселелерді шешу жөнінде мақсаттық бағдарламалар әзірлеулері қажет , экономикалық реттегіштер параметрлерін қалыптастыруда қатысады.,

Микродеңгейдегі жоспарлау органдары басқарудың басқа органдарымен бірлесіп мақсатты анықтаулары, оларға жету үшін болжам  және жоспарларды (бизнес-жоспарларды) әзірлеулері, жоспарлардың орындалуын қйымдастырулары қажет.

3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау Министрлігі - миссиясы стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым міндеттерін іске асыруға бағдарланған мемлекеттік жоспарлаудың біртұтас және тиімді жүйесін қалыптастыру болып табылатын мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді салааралық және өңіраралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган. 

Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады: 

1) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттарын және басымдықтарын, негізгі бағыттарын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; 

2) мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарымен және ақша-кредит саясатымен өзара іс-қимылда мемлекеттік фискалдық, инвестициялық, өңірлік (аумақтық) саясаттың, сондай-ақ халықаралық экономикалық және қаржылық қатынастар, экономиканың секторларында мемлекеттік активтерді басқару, жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау, мемлекеттік басқару саласындағы саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеу. 

 

Тақырып. Қоғамның әлеуметтік дамуының стратегиялық жоспарлау

 

1.Мемлекеттің әлеуметтік саясаты қоғамның әлеуметтік проблемаларын реттеудің басты құралы

      2.Халықтың өмір сүрү деңгейін стратегиялық жоспарлау

      3.Өмір сүру деңгейін болжауда қолданылатын көрсеткіш жүйесі.

4.Халықтың кірістері мен шығындарының баланстық схемасы.

5. Халықтың күн көру минимумың есептеудің әдістері

 

1. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты – бұл халықтың материалдық жағдайын жақсартуға, оларды рухані және дене тәрбиесін дамытуға, мүгедектер мен аз қамсыздырылған азаматтарға көмек көрсетуге бағытталған ұйымдастырушылық, экономикалық және басқада іс-шаралар кешені.

Әлеуметтік саясатты (оның тұжырымдалуынан келіп шығып) келесі бөлімдерге бөлсе болады:

- халық табыстарының саясаты;

- азаматтарды әлеуметтік қорғау;

- ден-саулықты сақтау, білім беру, мәдениет салаларын дамыту, тауарлармен, қызметтер мен, тұрмыс жағдайларымен қамсыздандыру;

- жастар саясаты.

Мемлекеттің әлеуметтік саясатында ерекше орынды халықтың табысы қалыптасуының ең тиімді механизмің жарату және оны қолдану алады. Оның мазмұны тұрғындардың экономикалық белсенді бөліміне табыс табуларына қолайлы жағдай жасау болады. Ол табыстардың мөлшері алатын еңбек ақы сомасынан, мүлік иелігі табысынан, қоғамдық тұтыну қорлары төлемдерінен және т.б. тұрады.

Тұрғындарды әлеуметтік қорғау өзіне әлеуметтік қорғауды қажет ететін тұрғындар топтарына (зейнеткерлер, мүгедектер, жұмыссыздар, көп балалы жанұяларға т.б.) материалдық және басқада көмектер көрсетуді еңдеріде.

Әлеуметтік қорғау саласында ерекше орын халықтың жұмысбастылығына беріледі.

Денсаулықты сақтау, білім беру, мәдениет, товарлармен, қызметтермен және тұрмыс жағдайлары мен қамтамасыздандыру салаларындағы әлеуметтік саясат өзінде оларды әрі қарай дамуы үшін әр түрлі іс-шараларды көздейді, солар қатарында:

- денсаулықты сақтау – мемлекеттік денсаулықты сақтау мекемелерінде орнатылған көлемдегі медициналық жәрдемді кепілді түрді көрсету, алғашқы медициналық жәрдемді көрсетудің экономикалық дамуына қарай қосымша қаржыландыру көздерін қолдану, медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайту, дәрі-дәрмендер мен қамтамасыздандыруды жақсарту;

- білім беру – экономика, ғылым және мәдениетті дамытуға белсенді әсерін тигізе алатын ұлттың интеллектуалдық потенциалын қалыптастыру, оқыту-тәрбиелеу мекемелердің тиімді жүйесін құру, материалды-техникалық базасын кеңейту және жаңарту, кәсіптік білім берудің көп варианттық жүйесін дамыту т.б.

- мәдениет – мәдениет және өнер мекемелері көрсететін қызметтің сапасы мен деңгейін көтеру, материалды-техникалық базасын жаңарту және нығайту.

Осындай іс шаралар сауда, үй құрылысы, көлік, байланыс, қызмет көрсету, экология және халықтың тұрмыс жағдайлары мен байланысты салаларында қарастырылады.

Жастар саясаты 30 жасға дейінгі жігіт және қыздардың білім алу, кәсіптік даярлығы, тәрбие, жұмысбастылық, тұрмыстық жағдайларын жақсарту, студенттердің, оқушылардың, таланты бар жастарды қолдау, т.б. мәселелерді өзіне қамтиды.

Табыс, басқа игеліктер мен қызметтер көлемі, оларды халық топтары арасында бөлінуі көп жағдайда тұрмыс деңгейді анықтайды. Тұрмыс деңгейі – бұл халықтың өмір сүруге қажетті материалды және рухани игеликтермен қамтамасыз ету деңгейі.

2. Тұрмыс деңгейі – елдің жеткен экономикалық даму деңгейіне сәйкес халықтың өмір сүру жағдайын (еңбек, тұрмыс, бос уақты) жиынтығы. Халықтың экономикалық жағдайын сипаттайтын жалпылама көрсеткіш болып табылады.

Тұрмыс деңгейінің жекелеген көрсеткіштері: жалақының және еңбек табысының басқада түрлерінің деңгейі мен серпіні; дивиденттерді, салым бойынша паіздарды қосқандағы түрлі қаржы активтерінен түсетін табыс серпіні; салық деңгейі; тұтынушылық тауарлар мен қызметтер бағасының бөлшек сауда индексі; тұрмыс құнының индексі; ұлттық табыстағы тұтыну қорының үлес салмағы; халықтың тұтынушылық шығыстарының деңгейі; серпіні, құрылымы, жан басына шаққандағы азық-түлікті тұтыну; жұмыс аптасының ұзақтығы; жалпы еңбек шығынындағы механикаландырылған еңбек үлесі; мемлекеттің білімге, медициналық қызмет көрсетуге, әлеуметтік қамсыздандыруға және әлеуметтік сақтандыруға жұмсалатын шығыстары.

Халықтың тұрмыс деңгейін қолдауға және аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік қорғаун қамтамасыз етуге бағытталған белсемді әлеуметтік саясатты жүргізу қажеттілігі болжауда және жоспарлауда кең көлемді әлеуметтік нормативтерді қолдануды қарастырады. Олар көмегімен адамдардың қажеттіліктерін толық қанағаттандыратын тұлғаның жаң жақты дамуына жағдайларын қамтамасыз ететін өте маңызды мәселелердің тиімді шешілу масштабы анықталады.

Нормативтер тұтыну ресурстарын тиімді бөлу, табыс, баға, тұтыну, және халықтың табыстарын индексациялауда критерий болып есептелінеді. Олар тұрмыс деңгейін жоғарылату үшін іс-шараларды негіздеуде және территория бойынша оны теңестіру, өндірістік емес құрылысқа қажетті құралдарды ажырату, әр-түрлі товар және қызмет өндіру масштабын анықтауда база ретінде қолданылады.

Әлеуметтік нормативтер ғылыми негізделген нышан ретінде болып, әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін шешуде олраға жетуге ұмтылу қажет.

Сандық және сапалық талаптардан келіп шығып үш түрдегі әлеуметтік нормативтер жасалады: кейбір еңбек және қоршаған орта жағдайларына минималды қажетті; тиімді және максималды рұқсат етілген.

Тұтыну ерекшеліктеріне байланысты әлеуметтік нормативтер жеке және ұжымды болады. Біріншісі бір адамға есептелінеді. Оған товар және қызмет тұтынудың нормалары, тұрар жайымен қамтамасыздандыру т.б. жатады. Екіншілері өмір сүру игіліктерін бірге тұтынуға байланысты – мәдени – тұрмыстық және шаруашылық заттарымен байланысты. Әлеуметтік нормативтер өндіргіш күштердің дамуы, жалпы тұрмыс деігейін өзгеруіне халықтың қажеттіліктеріне, баға және басқа факторлардың әсерінен өзгереді.

Әлеуметтік нормативтердің көбісі және олардың ерекшелігі оларды анықтаудың өзіндік әдістерінг қолдауды талап етеді. Солар қатарында бағдарламалы – мақсаттық, сәйкес критерийлерді анықтау, нормативтерге әсер ететін факторларды анықтау, оларды сандық бағалау, эксперттік бағалауды өткізу, тұрғындардың арасында сұраунама өткізу, қажет болса – ерекше экспертизаларды өткізу сияқты жалпы талаптар ескеріледі.

Әлеуметтік нормативтер елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және халықтың тұрмыс деңгейінің болжамдық және жоспарлық есептерін орындауға негізін құрайды. Әлеуметтік нормативтердің негізгілерінің бірі болып минималды тұтыну бюджеті есептелінеді.

Минималды тұтыну бюджеті – бұл ғылыми негізделген норма және нормативтер бойынша азық-түлік пен, азықтық болмаған негізгі товарлары мен және көлемді қызметтермен адам өмірін материалды қамтамасыз ету бағасы.

Минималды тұтыну бюджеті минималды физиологиялық норма деңгейіндегі қажеттіліктерді қанағаттандыратын, организмнің энергетикалық шығындарын толтыратын, ересек адамның, баланың дамуы мен өсуіне, қарт адамның денсаулығын сақтауға, кийімге, санитария және гигиена, мәдениет, тұрмыстық – комуналдық қызмет және көлік төлемдеріне жеткілікті табыс көлемін сипаттайды.

Бюджет жеке адамға және отбасыларға – отбасының сандық және жасы бойынша немесе типті отпасына, халықтың әр түрлі әлеуметтік топтарына – жұмысшы, қызметкер, зейнеткер, қол еңбегі немесе ой енбегі жұмыскерлерге есептелінеді. Осындай диференциалданған тәсіл табыстарды, қаражаттар мен тұтынуды қалыптастыратын барлық факторларды есепке алуға мүмкіндік береді. Сонымен, еңбек ақының, зейнет ақының, пособиялардың, стипендиялардың минималды мөлшері негізделіп анықталады.

Минималды тұтыну бюджетін қалыптастыруда және болжамдық есептер жасағанда, екеуі ересек адам екеуі әр түрлі жынстағы бала, төрт адамнан тұратын отбасына есептелген нормативті тұтыну қоржыны қолданылады.

Тұтыну қоржынына киретін азық-түлік жиынтығы, өмір сүру жағдайлардың өзгеруіне және басқа факторлардың әсеріне байланысты қайта қарастырылып тұрылады. Бұл кезде товар және қызметтерге баға деңгейін дұрыс анықтау қажет. Олар осы категориядағы адамдардың өмір сүру жағдайларын айқындаулары керек, яғни азық-түлікті сатып алуға және басқа қаражаттардың нақты мүмкіншілігін көрсету керек.

Кейбір кезде елдің экономикалық мүмкіндіктерін есепке ала отырып басқа - өмір сүру минимумы деген әлеуметтік норматив еңгізіледі. Ол минималды тұтыну бюджетімен азық түлік, товар және қызметтерді нақты тұтынушыларына қатаң талаптарымен ерекшелінеді.

Жалпы алғанда бұл норматив залықтың кедейшілік деңгейін анықтауда критерий болып табылады. Минималды тұтыну бюджеті минималды еңбек ақы, зейнет ақы және стипендияны анықтауда әлеуметтік норматив ретінде қолданылады.

Минималды еңбек ақының арнау - өмір сүру минимумы немесе минималды тұтыну бюджетіне кем болмаған жұмысшының табысын немесе жәрдем талап ететін әлеуметтік топтарға компенсациялық төлемдер деңгейін қамтамасыз ету.

Өмір сүру минимумы – бұл минималды тұтыну қоржының бағасына тен, бір адамға қажетті минималды ақшалай табыс. Минималды тұтыну қоржыны - материалды және бағалы көріністегі адам өміріне қажетті азық-түлік, товар және қызметтердің минималды жиынтығы. Ол азық түлік қоржынынан және азықтық емес товар мен төлемдік қызметтер қаражаттарынын өлшемдік бөлігінен тұрады.

Азық-түліктік қоржын мемлекеттік орган тарапынан ден саулықты сақтау органдары бекіткен азық-түлікті тұтынудың ғылыми негізделген физиологиялық нормалары негізінде есептелінеді. Азық-түліктік қоржынға 43 түрдегі азық-түлік енеді: ет, балық, сүт, нан, көкөніс, қант, шай т.б.

Минималды тұтыну қоржының бағасы халықтың әр түрлі жинстағы және әлеуметтік демографиялық топтарының азық-түлікті тұтынудың минималды нормаларын бөлшектеп сату объектеріндегі орта бағаларына көбейту арқылы анықталады.

Өмір сүру минимумын есептеу үшін минималды қажетті азықтық емес және қызмет қаражаттары үлесі минималды тұтыну қоржыны бағасының 40 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

 

Тақырып.  Бағдарламалар әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарлардың құрамдас бөлігі ретінде

 

1.Орта мерзімді жоспарлардың құрамындағы бағдарламалар туралы түсінік         2.Маңыздылығы мен статусына қарай бағдарламалардың жіктелуі

 3.Аймақтық, салалық (секторлы), мемлекеттік бағдарламаларға қойылатын негізгі талаптар

4.Бағдарламалардың негізгі бөлімдері

 

1. Көпшілік мемлекеттік проблемаларды шешудің инструменті болып бағдарламалар есептелінеді. Олар тағыда мақсаттық деп аталады, себебі маңызды қоғамдық мақсатқа жетуді қамтамасыз етеді. Мемлекеттік деңгейіндегі мақсаттық бағдарламаларды негіздеу процесі – бағдарламалау деп аталады.

Мақсаттық бағдарлама жүйелік тәсілдің инструменті болып, оның мәні аймақаралық және салааралық сипатында. Мемлекет деңгейінде мақсатқа жету барша Министрлік және ведомстволар кәсіпорындарының үйлесімді жұмысын талап етеді. Мақсатқа жету барысында әр түрдегі фирмалар, солар қатарында әр түрлі мүдделеріне ие, жеке меншік фирмаларда. Сол себепті мақсаттық бағдарламаны негіздеу қатысушылардың бар болған байланыстарын, қарым-қатынастарын, үйымдардың және экономика салаларына интеграциясын, орындаушылар әрекеттері бағыттарын, орындау мерзімдерін және қойылған мақсатқа жетудің қаржыландыру көздерін есепке алады.

Мақсаттық бағдарлама – бұл кеңістікте, уақыт арасында, мазмұны, ресурстар, орындаушылар бойыша қоғамның маңызды проблемаларын шешу барысында мақсатқа жетуге қаратылған іс әрекеттер бағытының жиынтығы.

Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы – қоғам дамуының мақсаттық ориентирлерін және мәмлекет тарапынан жоспарланған сол мақсаттарға жетудің тиімді жолдары мен құралдарының кешендік жүйесін құрайды.

Бағдарламалық табыспен шешілетін мәселелер экономикалық бір бірімен байланысқан. Бұл өзінің негізінде мемлекеттік деңгейдегі бағдарламалардың негізгі арнауын құрайды. Сол үшін, мемлекеттік бағдарламаларды жасаушылардан проблемаларды білу, оларды талдай алу, қоғам дамуының приоритеттерін түсіну, бар болған ресурстардың тиімді қолдану арқылы мүмкін болатын шешімдерді көре білу талап етіледі.

Мақсаттық бағдарламалар тез арада шешілуі керек сипатқа ие және тар шеңбердегі проблемаларды шешуге тиіс. Мемлекет сол проблемаларды шешуде қаражаттар бөледі.

Бағдарламалардың жоспардан айырмашылығы, бағдарламалар әдетте бағдарламалы мақсатқа жету бағыттары терміндерімен тұжырымдалады, орындаушылар үшін нақтылы «әрекет аланын» білдіріп жоспар блоктарынан тұрады.

Казіргі замаңғы мақсаттық бағдарламаны мемлекеттің, императивті сипатқа ие (талап бұйрық) глобалды стратегиялық жоспар түрінде қарастырса болады. Бағдарламалық іс-шаралар жүйесі; актуалды проблема өз уақында шешілуі үшін не, қашан, қалай, кім орындау керек, қандай құралдарымен дегендерді анықтау керек. Бұл үшін бағдарлама ұйымдастырушылық іс-әрекеттердің үйлестірілген бағыттарын қарастырады.

Мемлекеттік бағдарламалау – елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы стратегиясын амалға асыру механизмі болып, шектелген бюджеттік құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруға қаратылады.

Мақсаттық бағдарламаларды жасауда келесілер есепке алынады:

1. Саяси, әлеуметтік, құқықтық, экономикалық және әкімшілік құрастырушылар;

2. Бағдарламаны орындаудың тиімділігі (бастапқы жағдайымен салыстырғанда);

3. Уақыт аралары бойынша мақсатқа жетуді бақылау үшін ориентірлер жасау;

4. Қаражаттар сметасын жасау;

5. Бағдарламаларды орындау барысында табыстар және қаражаттарға түзетулер енгізу;

6. Форс-мажорды жағдайлар

2. Мемлекеттік мақсаттық бағдарламалар келесідей жіктеледі:

1. Даму бағыты бойынша – заттық, ақпараттық және аралас;

2. Сыртқы байланыстар деңгейі бойынша – сыртқы, ішкі;

3. Территориальды бөліну деңгейі бойынша – мемлекеттік, жергілікті;

4. Өндірістік – шаруашылық сипаты бойынша – жалпы, салалық, аймақтық;

5. Ұзақтығы бойынша – ұзақ, орта, қасқа;

6. Мақсаттарды қамту бойынша – бір мақсатты, көп мақсатты.

 

3. Мақсаттық бағдарлама «мақсат – жолдар – құралдар» схема бойынша жасалады. Оның құрылымы келесі негізгі бағыттарды қамтиды:

- мақсаттық (мақсаттар жүйесін және  мақсаттық мәселелерді анықтау);

- орындаушылық (іс-шаралар бағыттары жүйесін жасау);

- ресурстық (қажетті ресурстар және олардың көздерін анықтау);

- ұйымдастырушылық (бағдарламаларды жасауды және орындауды ұйымдастыру).

 

 

Тақырып.  Бағдарламалардың әзірлеу, бекіту, іске асыру, мониторингі жасау және бағалау тәртібі

 

1.Бағдарламаларды әзірлеудің және бекітудің негізгі кезеңдері

2. Бағдарламалардың орындалуын және орындалуды бақылаудың негізгі кезеңдері.

3.Экономика субъектісі ретінде ұлттық компаниялардың маңызы және рөлі.

4. Ұлттық компаниялардың жоспарларын әзірлеу және бекіту тәртібі.

 

1. Мақсаттық бағдарламаларды жасау келесі кезеңдерден тұрады:

1. Проблеманы талдау және оны бағдарламалары құралдармен шешудің қажеттілігін негіздеу;

2. Бас бағытты және бағдарлама  бөлімшелерінің сипаттамасын көрсете тұрып мақсат және мәселелерді анықтау;

3. Белгілі бағдарлама бөлімшелерінің іс шараларын, оларды орындау мерзімін, мазмұнын, орындаушыларын негіздеу;

4. Ресурстарға қажеттілікті есептеу, оларды алу әдістерін және көздерін, қаржыландыруды негіздеу;

5. Бағдарламаларды жасау және оны орындауын бақылауды басқаруын ұйымдастыру формаларын таңдау. Оны орындау жоспар – графигын жасау;

6. Жалпы бағдарламаның, оның бөлімшелерінің және ірі іс-шаралардың тиімділігін бағалау;

7. Бағдарламаның жыйнақ көрсеткіштерін, индикаторларын қорыту.

Әр түрлі бағдарламаларда бұл кезеңдер бағдарламалар түрі, масштабы орындау уақыты бойынша әр түрлі болуы мүмкін.

Мақсаттық бағдарламаға паспорт жасалады, ол өзіне мыналарды қамтиды:

- бағдарлама аталуы;

- оны жасауды негіздеу;

- тапсырушының аталуы;

- бағдарламаның негізгі жасаушысы;

- орындаушылар және қатысушылар;

- оны орындаудың мақсаты мен мәселелері;

- амалға асыру мерзімі;

- қаржыландыру көлемі мен көздері;

- күтілетін нәтижелер;

- бақылауды ұйымдастыру жүйесі.

2. Индикативтік жоспар жасауды, оның ішінде ұлттық бағдарлама жасаудағы жұмыстың жалпы үйлесімділігін республиканың Экономика және бюджеттік жоспарлау Министрлігі жүзеге асырады. Стратегиялық жоспар берілген мерзімге – жоспар жасауға екі жыл қалғанда анықталады.

Бірінші жылы Экономика және бюджеттік жоспарлау Министрлігі республикалық экономикалық басқару органдары мен, Ұлттық ғылым академиясы, басқада ғылыми мекемелермен бірлесе отырып, экономикалық және әлеуметтік дамудың келесі 15 жылға арналған, бірақ жақын 5 жылға нақтылынған жоспарының вариантты болжамын жасайды. Мұнда экономиканы дамытудың мақсаты мен басымдықтары, кеңейтілген қайта өндіру пропорциясы, құрылымдық және инвестицилялық саясаттың, ғылыми-техникалық прогресстің бағыттары, әлеуметтік даму мен республика дамуының басқа да шешуші мәселелері көзделеді, ұлттық бағдарламалар және оны ресурспен қамтамасыз ету мүмкіндігі айқындалады.

Жобалауда әлеуметтік-экономикалық даму процесстерінің жоспарланған мерзімдегі объективті жай-куйі алдын ала белгіленеді. Онда экономикалық саясатпен оны іске асырудың тұжырымдамалық жолдары анықталады. Ол экономика мен әлеуметтік саланы мемлекеттік реттеу саясатың жүзеге асыруда, әлеуметтік-экономикалық мақсаттарды орындауда аймақтық экономикалық органдардың негізі болып табылады, мемлекеттік экономикалық саясаттың тиімді механизмің анықтайды және қабылданған экономикалық шешімдердің нәтижесіне баға береді.

Бул жобалауда әлеуметтік-экономикалық дамудың болжау кезеңінде келесі басты факторлар мен тенденциялар анықталады:

  • саланың құрылымдық тұрғыдан прогрессивті алға жылжуы және техникалық дамуы;
  • жұмыспен қамтамасыз етілетіндер санының өзгеруі, жұмыс күшін бөлу және олардың біліктілігін арттыру;
  • ресурстық және өндірістік потенциалды өзгерту, оның ішінде орталықтанған көздер мен кәсіпорындар қаржысы есебінен қажетті мөлшерде капитал жұмсау;
  • нарық коньюктурасындағы тенденциялар және өнім өткізудегі өзгерістер;
  • өндірісаралық және республикааралық байланыстар саласы тауар айналымындағы өзгерістер;
  • сыртқы факторларды пайдалану дәрежесінің өсуі, халқаралық еңбек бөлісу жүйесін қоса есептегенде процессті интенсивтендіру;
  • экономикадағы институционалдық өзгерістер және шаруашылықты басқару жүйесін жетілдіру.   

Материалдар Республика Үкіметінде қаралып, толықтырылғаннаң кейін жоспарлаңған мерзімге дейінгі бір жарым жылдан кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Одан кейінгі бір жарым жыл ішінде ұлттық бағдарлама жасалып, сараптан өткізіліп, бекітіледі.

Ұлттық бағдарламалар жасаудың негізгі кезеңдері:

  • бағдарлама тізбесін қалыптастыру. Ұлттық бағдарлама тізбесі республиканың әлеуметтік-экономикалық дамудың ұзақ мерзімге арналған тұжырымдамалары мен мақсаттары, басым бағыттарына байланысты анықталады, оны ҚР Президенті бекітеді;
  • бағдарлама тұжырымдамаларын, оның мақсатың оған жетудің кезеңдері мен әдістерін белгілеу, ресурспен қамтамасыз ету, олардың әр кезеңіндегі сандық және сапалық параметрлер жөнінде сарапшылар бағасын дайындау;
  • бағдарламаның варианттарын алдын ала қалыптастыру. Онда ғылыми-техникалық ресурспен қамту және халық шаруашылығы салаларының кешенді дамуы бойынша ұсыныстар көрсетіледі;
  • бағдарламаларды сараптау;
  • кеңейтілген бағдарламалардың ең соңғы варианттарын толық көлемде қалыптастыру. Оған тапсырмалар мен оны орындау кезеңдері енгізіледі.     

Ұлттық бағдарламалардың жасалу тәртібі және нақты мерзімі К.Р.Министрлер Кабинетінің (Үкіметінің) арнайы қаулысы бойынша анықталады.

3. Ұлттық компаниялар –  қандай болсада ерекше статус берілмеген, сол елдің әрекеттегі заңдар нормаларына сай тіркелген дағдылы компания.

Ұлттық компания тиісті корпоративтік заңдар немесе азаматтық құқық рұқсат ететін кез келген түрде құрылады. Ұлттық компания рұқсат етілген кез келген қызмет түрімен айналасып елдің ішінде және шет елдерде табыс алуы мүмкін.

Ұлттық компаниялар өздерінің даму жоспарларын әр жылы жылжып бару негізінде үш жылға жасайды. Олар келесі бөлімдердің тұрады:

  1. Ұлттық компанияның жағдайы және даму перспективалары жайлы баяндама.
  2. Ұлттық компанияның инвестициялық даму жоспары.
  3. Дамудың негізгі көрсеткіштерінің болжамы.

Ұлттық компаниялық жоспарлары бөлімдерінің құрылымы, түрі, көрсеткіштерінің тізімі Министрлік бұйрығы мен бекітіледі.

4. Ұлттық компаниялардың жоспарларын жасау және бекіту келесі тәртіпте жүргізіледі:

1. Жоспарлы жылдан алдындағы қантар айында акционерлік компанияның директорлар кеңесі (республикалық мемлекеттік кәсіпорындар үшін – уәкілді органдар) ұлттық компанияның жоспар жобасын жасауды ұйымдастыруын қамтамасыз етеді.

2. Жоспарлы жылдан алдындағы 20 ақпандан кешіктірмей салалық мемлекеттік органдар қарастырғаннан соң, ұлттық компанияның жоспар жобасы Министрлікке ұсынылады.

3. Жоспарлы жылдан алдыңғы мамыр-мауысымда жоспарлау кезеңге бюджеттік комиссия шешімдерін және экономика дамуының негізгі көрсеткіштерінің болжамын есепке ала отырып ұлттық компанияның жоспар жобалары анықталады.

4. Жоспарлы жылдан алдынғы тамызда, мүдделі мемлекеттік органдармен, солар қатарында ҚР мемлекеттік табыстар Министрлігі, бәсекелесті қорғау және шағын бизнесті қолдау Агенствосымен (табиғи монополия субъекті және Қазақстан нарығында үстем орындарға ие болған ұйымдар үшін) ұлттық компаниялардың жоспар жобалары келісіледі.

5. Ұлттық компаниялардың Республикалық индикативтік жоспарлары бекітілгеннең кейін 15 күннең кешіктірмей оны ҚР үкіметіне бекітілуге ұсынылады. Бұл кезде жоспарлау кезеннің бірінші жылғы негізгі көрсеткіштері ҚР үкіметінің қауылысымен жеке қосымшасымен бекітіледі.

 

Тақырып.  Әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарлары бюджеттік жоспарлаудың негізі ретінде

 

1.Мемлекеттік және жергілікті бюджеттерді әзірлеудің кезеңдері және негізгі мазмұны

2.Республикалық және жергілікті бюджеттердің жобалардың әзірлеу үшін негізгі көрсеткіштермен басымдылықтарды анықтау

3. Жергілікті бюджеттердің жобасын мақұлдау.

 

1. Жоспарлаудың негізгі құралына бюджет жатады. Бюджет жалпы түрде кірістер мен шығыстардың жоспарын жасау арқылы анықталынады. Бюджет ақшалай және натуралды шанамен есептеледі. Бюджет жоспардың жалпы статъяларын және компанияның толық жұмысын қамтиды. Келесі сызбада жалпы бюджеттің бір бөлігі көрсетілген.

Бюджеттің беріктілігі бюджет мезгілінің аяғындағы жоспарланған және нәтижелі көрсеткіштеді салыстыру мүмкіндігімен анықталады. Бюджет көрсеткіштері және оның орындалуы бюджет мезгілінде қайта-қайта толықтырылып отырады. Кейде бюджетті жаңа ситуацияларға байланысты өзгертіп отыруға болады. Бюджеттің негізгі екі түрі бар:

  1. күрделі қаржы бюджеті;
  2. ағымдағы операциялар бюджеті.

Күрделі қаржы бюджеті ұзақ уақыттық жоспарларды орындауда көп қаржылар қажет етілетін болса қолданылады.

Жалпы бюджеттің құрамдас бөліктері. Табыс табу жөніндегі тапсырма және болашақта табатын табыстың шамасын анықтау.

Ағымдағы операциялар бюджеті күнделікті өндірістік және өнім өткізуді бақылау және жоспарлау кезінде қажетті қаржылардың қолданылуын айтады. Бұл бюджет уақыттың қысқа мезгіліне – 1 жылға, жарты жылға, кварталға, айға, аптаға жасалады. Бюджет мерзімінің ұзақтығы жоспарлаудың мазмұнына сәйкес өзгеріп отырады. Кәсіпорындардың жұмысын жоспарлауда үздіксіз бюджет құрау әдісі қолданылады. Мысалы, айталық, сіз кварталға үздіксіз бюджет жасауыңыз керек. Бұл үшін қантар айынан наурыз айына дейін бюджет жасалады. Қантардың соңында бюджет қайта қарастырылады.

2. Салалық және аймақтық стратегиялық жоспарлар мен мемлекеттік бюджет көрсеткіштерінің өзара байланысы.

Нарықтық экономикада қаржылар бүкіл аймақтық шаруашылықтың қызмет етуін ретке келтіретін негізгі шарт болып табылады. Сондықтан аймақтың қаржылық ресурстарын тиімді басқару мәселесін шешу пәрменді аймақтық саясаттың жүзеге асырылуын көздейді. Аймақтың қаржылық ресурстары кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың қаржыларынан, бюджеттік және несиелік ресурстардан құралады.

Аймақтың экономикалық әлеуетінің жағдайы мен деңгейі қаржылық ресурстарды қалыптастыру мен басқарудың қажетті алғыштары болып табылады. Аймақтың экономикалық әлеуетінің негізі болып табылатын өнеркәсіп саласының даму барысы оқу құралының алдыңғы тарауында қаржылық ресурстарының маңызды бөлігі ретіндегі жергілікті бюджеттердің қалыптасу барысын қарастырамыз.

Кез келген реформаны, оның ішінде экономикалық реформаларды жүргізу экономикаға, әлеуметтік салаға және инфрақұрылымды дамытуға орасан зор қаржы ресурстарын салуды талап ететіні белгілі. Осы мақсатта, әсіресе, аймақтардың дамуында жергілікті бюджеттердің атқарар рөлі аса маңызды. Аймақтарда қалыптасатын қаржылық қатынастар негізінен жергілікті бюджеттердің қалыптасуы мен орындалуы арқылы жүзеге асырылады. Жергілікті бюджеттер елдің бюджет жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.

Ал бюджет жүйесі ең алдымен, мемлекеттің құрылымымен анықталады. Унитарлық мемлекеттердің бюджет жүйесі екі буынды қамтиды: республикалық және көптеген жергілікті бюджеттер. Ал федеративті мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан – федералды бюджет немесе орталық үкіметтің бюджетінен, федарация мүшелерінің бюджетінен (АҚШ-тағы штаттардың, Германиядағы жерлердің, Кананадағы провинциялардың, Ресейдегі Федерация субъектілерінің), жергілікті бюджеттерден құралады.

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі экономикалық қатынастар мен сәйкес құқықтық нормаларға негізделген әр түрлі деңгейдегі бюджеттерді қамтиды. Бюджеттің әр түрлі деңгейлері жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын республикалық және жергілікті бюджеттердің болуын көздейді.

Республикада келесі деңгейлердің бюджеті бекітіледі, орындалады және бербес болып табылады:

  • республикалық бюджет;
  • облыстық бюджет, республикалын маңыздағы қала, астана бюджеті;
  • ауданның бюджеті (облыстық маңыздағы қала бюджеті).

 

 

 

 

 

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-10-21 20:13:57     Қаралды-6655

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »