Тақырыбы: Әлеуметтік топтағы жеке адамның ролі
1. Жеке адам туралы түсінік
2. Әлеуметтену процесіндегі жеке адамның ролі
Жеке адамның әлеуметтенуі және оның әлеуметтік ұстанымы – жеке тұлға әлеуметтік контексттегі өмір сүруін, оның әлеуметтік тәжірибе мен оны іске асыруын ашып көрсетеді. Енді осы көрсетілген 2 жақты анализдеп, топтағы адамның басқа адамдармен қарым-қатынасы негізінде оның шынайы мінез-құлқын анықтап алу керек. Әлеуметтік-психологиялық зерттеу негізінсіз жеке тұлғаны жан-жақты зерттеу мүмкін емес. Мұнда жеке адамды іс-әрекет немесе қарым-қатынас процесінде алып, қарастыруға болады. В.А.Петровский жеке адамды зерттеудің 3 аспектісін бөліп көрсетті. Мұнда жеке адам: 1) субъект өмірінің жекелік қасиеті ретінде; 2) кеңістікте өмір сүруші жеке адам аралық қасиет ретінде; 3) жекелік даму кеңістігінен бөлек қасиет ретінде қарастырылады.
Әлеуметтік жеке адамды әсер етуші субъект ретінде қарастырады. Әлеуметтену процесінде ие болған жекелік қасиеті, әлеуметтік бағдары бір орында тұрып, қатып қалған жоқ, бірақ жеке адам нақты топта, шынайы әлеуметтік ортада үнемі түзетулерге ұшырайды.Шынайы, нақты топтың ролі өте күшті, маңызды орын алады.
Жеке адамның жалпы объективтік қасиеттерінің негізі – қоғамдық қатынас болып табылады. Дәлірек, нақтылап айтсақ, оның әр түрлі әлеуметтік қоғамдық қатынастарға енуі және де осы қоғамдық қатынастардың әр түрлі деңгейінің реализациялануы. Мұндай мәселені талқылау әдістерінің бірі «топтағы жеке адам» немесе «жеке адам және топ» болып табылады. Ғылыми сипаттама бойынша топ мәселесі жеке тұлға жағынан қарастырылуы керек деп көрсетті. Мұндағы жеке адам топпен теңеседі ме?, мұнда қандай механизмдер көрінеді?, топта жеке адам нені игереді және де ол осы топты немен толықтырады? Бұл сұрақтарға жауапты тек ғана жеке адамның топта өмір сүруін, қалыптасуын бөлшектеп, жекелеп зерттеу нәтижесінде ғана алуға болады.
Жеке адам болып туылмайды, жеке адам болып қалыптасады деген принципті нақтылай келе: жеке адам болып қалыптасады, сондықтан да жеке тұлғаның қандай топта қалыптасуы, басқа жеке тұлғалармен әсерлесуі, т.б. бәрібір емес. Егер де мұнда лангитюдті зерттеуді іске асыра алсақ, жеке адамның бүкіл өмірін зерттей алсақ, онда бұл сұраққа нақтылы жауап табылар еді. Сол зерттеу нәтижелерде жеке адам үшін топтың маңызын, оның өмірінде алатын орнын жан-жақты айтуға болар еді.
Фундаментальді зерттеуде бұл мәселе былай сипатталады: әлеуметтену процесі жүретін топтарда адамның кейбір қасиеттерінің қалыптасуы мен топта кейбір қасиеттері қалыптасуы арасында қандай айырмашылық немесе ұқсастық бар?
Жеке адам сапаларын зерттеудің жалпы және әлеуметтік өзіндік дәстүрі бар. Жеке адамның әр түрлі сапасының құрылымен сипаттаудан әлеуметтік жеке адам сапалары жүйесін құру керек деген қорытындыға келді. Бірақ та мұндай жүйе құру принципі әлі де құрастырылған жоқ.
Топ жеке адам қасиеттерін толықтыратындығы туралы дәлел келтіруге болады: жеке адам белсенділігі, оның іс-әрекетінің өнімі топта қалыптасады. Жалпы бірлескен іс-әрекет негізінде адам басқа топ мүшелерімен бәсекеге түсіп, олармен бағаланады.
Тұлғааралық бағалаудың 3 процесін бөліп көрсетуге болады:
1) интериоризация
2) әлеуметтік салыстыру
3) өзіндік атрибуция
Осы көрсетілген процесс топты сипаттауда қалыптасады. Әрбір топ мүшесі өзін-өзі бағалауы топтық көзқарас, пікірге байланысты.
Адам баласының мінез-құлықтық айналасындағы адамдарының тұрмыс қалпы, іс-әрекет, қылықтарының көрінісі болып табылады. Өйткені қоғамда өмір сүрген индивид қай уақытта болса да физикалық жағынан басқа адамдармен қатынаста болады. Сол адамдар арасындағы қатынас уақыт пен кеңістік аралығында күрделі немесе көп қырлы болып келеді.
Әлеуметтендірудің тағы бір нәтижесі – адамдардың әр түрлі мәртебеге жетуі, қоғамда нақты орны болуы. Әлеуметтік мәртебе бұл индивидтің қоғамдағы жас шамасы, шығу тегі, меншікке қатынасы, білім дәрежесі, т.б.
Адамдар қандай да болмасын, әлеуметтік мәртебеге ие индивидтен өзіне тиісті міндет пен нақты мінез-құлықты күтеді. Мысалы: мұғалім мәртебесі – оған дәрісті жақсы ұйымдастыру, өз пәнін жақсы білуді, тындаушыларына сұрақ қоя отырып қызықтыруды, жастар үшін тәрбиенің үлгісі болуын, жоғарғы мәдениеттілікті , т.б. талап етеді.
Әлеуметтік рөл – индивидтің өзіне сәйкес әлеуметтік мәртебесін адамның қоғамдығы іс-әрекетінде нақты ұйымдастаруды айтады. Сонымен, егер мәртебе адам қоғамындағы жай-күйін анықтаса, ал әлеуметтік рөл – сол бағыттағы атқаратын қызметі болып табылады.. Бұл қызметтер қоғамға жалпы танылған ережелермен анықталып, көбіне әр түрлі құжаттарда бекітіледі.
Әлеуметтануда әлеуметтік қатынасының объектісі ретінде тұлға өзара байланысты 2 процестің бірлігінде қаралады. Олардың бірі әлеуметтендіру, екіншісі идентификация.
Әлеуметтік қатынасының объекті ретінде тұлға дамуының 2-ші процесі идентификацияны сөз етсек, мұның мәні мынада: басқа адамдармен, топпен, ұжыммен қарастыру процесі. Бұл процесс оған әлеуметтік қызметінің әр түрлерін меңгеруге, әлеуметтік ережелер мен құндылықтарды өзіне сіңіріп, әлеуметтік міндеттерді қабылдауға көмектеседі.
Әлеуметтік қатынасының объектісі ретінде тұлғаның өзін ұқсастыру процесінің 3 түрі бар:
1) Ойдан шығарылған адамға өзін ұқсату;
2) Өзін белгілі бір әлеуметтік топқа ендіру;
3) Нақтылы әлеуметтік топқа, ұжымға жатамын деген сезіммен өзін соларға қосу.
Әрбір тұлға қоғамда белгілі бір орынды иеленеді және нақты міндеттерді атқарады, ол үшін соған сәйкес оның құқықтары мен міндеттері, яғни, белгілі бір әлеуметтік мәртебесі болады. Әлеуметтік рөл адамның үлкен топтың өкілі ретінде қоғамдағы орны. Жеке мәртебе индивидтің шағын топтағы орнын айтады, бұл индивидті осы топ мүшелерінің бағалауы мен қабылдауына байланысты болады.
Индивидтің қоғамдағы немесе топтағы сыртқы жағдайы әрдайым
үйлесімді бола бермейді. Мұны мәртебелердің сәйкессіздігі деп атайды. Индивид көптеген әлеуметтік топтарға жатады, ал олардың қоғамдағы беделі бірдей емес.
Ешбір құжатта тіркелмеген, бірақ қоғамдық пікірде қалыптасып, ауыздан-ауызға беріліп, мойындалған мәртебелер мен топтардың иерархиясы бар. Бұл иерархия бойынша біреулерді басқаға қарағанда көбірек құрметтеу мен бағалау орын алған. Ол жоғары, ортаңғы, төменгі болып бөлінеді.
Адам жеке адам болып тек қоғамда, топта ғана қалыптасады. Жаңа туылған сәби индивид болып табылады. Ал, оның адам, жеке адам болып қалыптасуы кейін жүретін процесс. Алғашқы балалық шақтың өзінде индивид әр түрлі қоғамдық жүйелерге енеді. Болашақ өмірлік әрекетіне байланысты ол қалыптасып, оның жеке адам ретінде қалыптасуына септігін тигізеді. Жеке тұлғаның терең негіздері қарым -қатынас негізінде іске асады. Жеке адам қарым -қатынасқа түсе отырып, өзі өмірлік маңызды бағдарын анықтап, айналадағы күтілетін жағдайдан өз мінез-құлқын, көзқарастарын, сезімдерін, талаптарын салыстырады. Жеке адам белсенділігі оның өмірлік бағыт-бағдарынан көрінеді. Қайталанып келетін өмірлік жағдай жеке адамның әр түрлі формадағы белсенділігін көрсетеді. Топта жеке адам өз «Менін» басқа адамдармен салыстырып, өз-өзін бақылайды. Мысалы, топта Ерлан өзін-өзі тани отырып, Бауыржанға,оның жекелік сапаларына, әрекеттеріне мән бере отырады. Бұл оның өзін-өзі бағалау жағдайына еніп, топтағы оның хал-жағдайын анықтайды.
Әрине, мұнда жеке адам өзін-өзі салыстыратын, өзін-өзі бағалайтын, өзі құндылық-бағдарын, идеалын таразылайтын тек бір Бауыржан ғана емес , басқа адамдар да осыған қарап бағдарланады. Әрбір адамда өзіне тән тобы болады. Ол осы топқа қарап, әрқашан бағдарланып отырады. Бұл әрине, бір ғана топта емес , бірнеше топ – жұмыста, жолдастық ұжымда, отбасында және т.б. жүзеге асады.
Топтағы жеке адам хал-жағдайы ұғымының мәнінде оның жалпы жағдайы, эмоциональді және адамгершілік бағдары, т.б. ұғынылады.
Диада және триада микротоптағы өзара қарым -қатынас динамикасын анализдей отырып, даму деңгейі жағынан әр түрлі шағын топтар, топ мүшелері арасындағы қарым -қатынасқа әр түрлі әсер етеді. Мұнда адамдар бір-біріне оңды, терісті немесе немқұрайлы қатынаста болуы мүмкін. Бұл дегеніміз топтағы орныққан климат жеке адамның сапасын жақсы жағынан, жаман жағынан да көрсетуі мүмкін.
Енді топтың топ мүшелерінің эмоциональді хал-жағдайына, соның ішінде топтық сенімсіздік пен қорқыныш сезіміне әсері қандай екендігі туралы қарастырайық.
Мұндағы адамдар арасындағы конфликтінің шығу себебі бір адам басқа адамға заңсыз, әділетсіз, сенімсіз т.б. қатынаста болады. Мұнда жалған сенімді жою басқа адамның сенімін ақтап, әділетті, заңды қасиеттерді иегерумен байланысты.
Топтық қарым -қатынастағы жалған сенімді жоюдың бірнеше жолдары бар:
1) Адамдар беделі жағынан бірін-бірі тең деп қабылдайтындай жағдай құру;
2) Өзара қарым -қатынас кезінде әрбір топ мүшелерін дұрыс қабылдау және бағалау;
3) Бір-біріне деген сенімсіздік сезімдері бар адамдарға стимулдар нәтижесінде бір-бірімен қарым -қатынасқа түсуге дұрыс жол көрсету ;
4) Өзінің жекелік тәжірибесі негізінде ол басқа адамдардың жалған сенімі сезімін бақылау.
Санының аздығына қарамастан адамдардың бір-бірімен әсерлесуі ең алдымен олардың функциясын анықтап алудан басталады. Мұнсыз топтың біртұтас болып өмір сүруі мүмкін емес. Топ тек жеке адам арқылы ғана ұғынылуы мүмкін, яғни топты құрудың негізі осы жеке адам болып табылады. А.В. Петровский топтарды жіктегенде олардың даму деңгейін, ондағы өзара қарым-қатынас ерекшеліктерін, топтың құндылықтарды (белгілі бір мақсаттарының сай келуі, т,б) анықтап алу керектігін ұсынды. Осы күнге дейін біз топ өзінің алдына максималды жақындық пен таңдауда, шешім қабылдауда көзқарастардың сай болуы туралы айтып келдік. Бірақ та бұл айтылған болжамдардың тек тең жартысы ғана дұрыс. Ал шындығында, егер де өзгеріс керек болса онда керісінше белгілі бір ой, көзқараста қысымның көрінуі немесе екеуінің бір-біріне сай келмеуі жиі көрініс береді. Адамның көптеген әлеуметтік бағдарлары бір немесе бірнеше әлеуметтік топтарға қатысты немесе солармен байланысты. Бұл байланыстың сипаты бір жағынан, адамның бағыт-бағдары оның сол топқа қатысты және сол топта көрініп отыратын әлеуметтік бағыт-бағдарымен байланысты. Ал, екінші жағынан топ лидерлерінің пікірлері өзгеруі, сыртқы басқа топтардың әсері көрсеткендей, әлеуметтік бағдар топқа мүше емес адамдармен жиі байланыста болатындығы көрсетілді.
Көрсетілді: топ өзінің даму барысында коллективке жақындаса, онда топ мүшелерінің де жақсы жақтарын көрсетіп, оларға қолайлы жағдай туғызады. Керісінше, топ даму барысында ұжымдық сипаттан алыстаса (корпорацияға жақын болса) алға ұмтылыстардың жойылып, жеке адамның теріс жақтары көріне бастайды.
Әр түрлі сатыдағы топтардың топтағы жеке адамның мінез-құлқына, дамуына әсері:
- қарым-қатынасқа, жеке адамдарға оңды әсер
- қарым-қатынастың, жеке адамға теріс әсер
- қарым-қатынастағы кез-келген бағыттағы бұрылыс (поворот)
- қарым-қатынас
Бұл қарым-қатынастар көбіне микротоптарда да жиі кездеседі.
Топ мүшелерінің санының өсуі көп жағдайда оның мүшелерінің мінез-құлқына әсерін тигізеді. Алынған мәліметтер бойынша бес немесе алты адамнан тұратын үлкен топтар диада және триада топтарына қарағанда продуктивті (өнімді) екендігі анықталды. Үлкен топтардың мүшелері кіші топтың мүшелеріне қарағанда құнды ұсыныстар, мәселелі жағдайларды жиі ұсынып, оны шешу жолдарын іздестіреді. Сонымен қатар үлкен топтарда өзара келісушілік және кернеуі (напряжения) аз болады. Бұл айырмашылық үлкен топтардағы ұйымдық (организациялық) мәселелердің шешімінің қажеттілігімен байланысты болуы мүмкін. Мұндай топтың мүшелерінің мінез-құлқы белгілі бір мақсатқа бағытталған болуы мүмкін. Өйткені олар өз іс-әрекетін бағдарлап отыру үшін күш-жігерін салып күш жұмсауы тиіс. Үлкен топтар өз топ мүшелеріне күшті қысым түсіреді. Мұндай топтарда топ мүшелері арасында теңсіздік жиі байқалады: әрбір адам белгілі бір мәселені талқылауда басқа адамдармен бірге қосылып шешім қабылдауға ұмтылуда қиын жағдайға кездеседі және де үлкен топтардың мүшелері кіші топтарға қарағанда пікірталас кезінде өзінің ролімен қанағаттанбайды.
Кейбір мәліметтер бойынша, жұптық санды мүшелері бар топтар тақтық саны бар топтардан ерекшеленеді. Біріншісінде, екіншісіне қарағанда топта өзара келісушілік, тұрақтылық байқалды. Кейбір зерттеулердің көзқарасы бойынша бес саны аса маңызға ие. Бес адамнан тұратын топ көбіне жоғарыда атап кетілген мәселелерге ұшырамайды екен. Сонымен қатар оның мүшелерінде диада және триада топтарына тән қысымдық, келіспеушілік сияқты жағдайлар кездеспейді. Бес адамнан тұратын топта әрбір адам өзінің ролімен қанағаттанады, ал шиеленіс жағдайында бұл топ шашырап, жан-жаққа тарап кетпейді. Егер де топқа бес адамнан артық адам кіретін болса, онда оның кейбір мүшелері өзін оқшауланып сезінуі мүмкін. Топтарды анализдей отырып, ең алдымен адамдар не үшін топтарға түседі осы мәслені анықтап алу керек. Адамның ресми емес топтарға түсуінің негізгі себептерін басқару саласындағы атақты американдық специалистер М.Х. Мексон, М. Альберт, Ф. Хдоури анықтап көрсетті:
1). Көмекке деген қажеттілік
2). Қорғаныс қажеттілігі.
3). Ақпарат алуға деген қажеттілік.
4) Жақын немесе өзара қарым-қатынасқа (симпатия) деген қажеттілік.
Адамдар көбіне өзіне жақын адамдармен немесе симпатия тудыратын, ұнайтын адамдармен жақын қарым-қатынас орнатуға бейім келеді. Индивидке басқа адамның психологиялық мәселесін қарым-қатынас пен толық әсерлесу негізінде қарастыру керек. Психологиялық ғылымда психлогиялық әсер және әсерлесу мәселесінің зерттеулері кең таралған. Олар бір мезетте теориялық әрі қолданбалы болып табылады. В.Н. Куликов көрсеткендей, бұл мәселеде толық ғылымның қоғамдық практикасы мен қажеттіліктерінің сұраныстарының негізі жатыр. Топтық әсер және әсерлесу мәселесі - бұл психиканы толық және оның жеке бөліктерін өздігінен басқару әдістері психологиялық ғылым өзектілігінің бірі. Психология даму теориясы психиканың бейнелеу формасынан басқа психикалық қалыпына, функциялануы мен дамуына тән білімдер мен әдістерді қамтуы керек. Жеке адам және топ теориясы бұл аталған феномендердің негізін ғана емес, сонымен қатар олардың сөздік және сөздік емес әдістерін және оларды басқару мен өзіндік басқару түрлерін ендірді.
Жарияланған-2015-10-19 18:24:04 Қаралды-15918
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану