Тақырыбы: ЖОО – дағы тәрбие жұмыстарының психологиялық мәселелері және білім беру мазмұны жоғары мектеп мәселесі ретінде
1. XXI ғасыр жоғары мектебі: Білікті маман даярлаудың - бүгінгі күнгі өзектілігі мен Қазақстандағы жоғары білім беру мәселелері
- Қазақстан Республикасында білімді дамыту стратегиясы.
- Жоғары білімді дамыту стратегиясының міндеттері мен мақсаттары.
- Бүгінгі күндегі отандық білім беру жүйесіндегі көкей тесті мәселелер.
- Білікті маман даярлаудың әлеуметтік – экономикалық орны мен рөлі.
- Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесі және білім беру саясатының негізгі принциптері.
- Практикалық, демократияландыру сабақтастық прициптері.
- Қазақстан Республикасында білімді дамыту стратегиясы.
Бүгінде Қазақстандағы жоғары білім елдің Президентіні Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» стратегиясында анықтап бергендей, басты ұлттық басымдықтардың бірі ретінде жауапты міндет атқарады. Нақ жоғары білім ғана мәдениет түзуші, интеграциялаушы міндет арқылы, білімнің сапасы, аумақтығы мен гумандығы арқылы Қазақстанның өмір сүруін, ұлттық қауіпсіздігі мен гүлденуін қамтамасыз етуі тиіс.
Қазақстандағы жоғары білімді дамыту стратегиясы оны орнықты дамыту, білімді аумақтандыру,үздіксіз білім беру, реформалар процессіндегі үздіксіздігі,әлуметтік даму барысын болжау мүмкіндіктері, мәдениетті, тұрмыс салтынының өзгешеліктері мен құндылықтарды сақтау , бейбітшілік ісіне, адамның бостандығы, құқығына үлес қосу, әлуметтік және этикалық ынтымақтастық концепсиялары негізінде құрылады. Мұнда теңдіке, әділдікке негізделген бейбітшілікті нығайтуға, басты назар аударылады.
Қазақстандағы жоғары білімнің міндеті бұұ – на мүше елдердің, Лиссобон Конвенсиясына қолқойған 47 мемлекеттің білімге көзқарастарына, XXI ғасырға арналған Бүкіл дүниежүзілік Жоғары білім декларациясына үйелеседі екен, ол ол жоғары білімнің мынандай басты мақсаттары мен құндылықтарын жариялайды:
2.Ол адам құқықтарын, демократияны, бейбітшілікті нығайту мақсатында барлық азаматтарыдыңбүкіл өмір бойы жеке дамуы мен әлуметтік әрекетіне қажетті мүмкіндіктерді қамтамасыз етуі керек.
3.Ғылым мен технологияны дамыту жолымен қоғамның мәдени, әлуметтік және эканомикалық дамуына жәрдемдесу.
4.Жоғары білікті мамандарды, бірмезгілде өзі үшін және елдің болашағы үшін жауап бере алатын азаматтарды даярлауды жүзеге асыру.
5.Ұлттық және аймақтық мәдениетті сақтауға, көтеруге және таратуға көмектесу, мәдениет арқылы ұлттық тұрақтылық пен топтасқандыққа , өзара түсінікпен бейбіт ынтымақтастық мақсатында аймақтық интеграцияға жәрдемдесу.
6.Қоғамдық құндылықтарды қорғауға және таратуға, маралдық және этикалық проблемаларды шешуге көмектесу.
7.Тұтас алғанда қоғамның оның ішінде осы қоғамның дамуы мен жақсаруына көмектесу.
- Бүгінгі күндегі отандық білім беру жүйесіндегі көкей тесті мәселелер
Қазіргі кезде отандық білім жоғары білім жүйесі үшін мынандай жағдайлар көкейтесті мәселеле болып отыр:
1.қаржыландыру;
2.жоғары білімнің заң және норматиптік базасын жетілдіру;
3.жоғары оқу орындарының желісін оңтайландыру механизімін жасау;
4.мектеп жасына дейінгі білімнен жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білімге дейінгі білім жүйесінің бір тұтас басқару құрылымын жетілдіру;
5.білімнің сапасы мен оны бағалаудың көрсеткіштерінің бір тұтас стандартталған жүйесін құру;
6.жоғары білім жүйесінде мемлекеттік тілдің толыққанды қызмет етуімен дамуы үшін жағдай жасау;
7.профессор – оқытушы құрамның күрт «қартаюу» және орта есеппен алғанда жоғары оқу орындарында ғылыми атақтары бар оқытушылар санының аздығы;оқытудың ғылыми зерттеулермен біріктіру, жоғары оқу орындарында ғылыми ізденулерді өрістету;
8.жоғары оқу орындарында материялдық техникалық базасын нығайту, оқыту және ғылыми – зерттеу процессін одан әрі кампютерлендіру;
9.жоғары – оқу орындарында оқу - әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз ету;
10.жоғары оқу орындарын оқу - әдістемелік әдебиеттермен қамсыздандыру;
11.студенттердің өндірістік практикадан өтетін базаларын құру;
12.оқытушылар ұжымдарының білім сапасы үшін жауапкершілігін арттырe;
- Жоғары білімді дамыту стратегиясының міндеттері мен мақсаттары.
XXI ғасырға арналған Бүкіл дүние жүзілік жоғары білім декларациясында оның этикалық рөлі атап көрсетілген, жоғары оқу орындарының міндеттеріне мыналар енуі тиіс:
1.өзінің бүкіл әрекетінде, оның ішінде ғылыми әрекетінде этикалық нормаларға сүйене отырып, шындық пен әділдікке ұмтылу арқылы басты қызметін дамыту;
2.әмбебап қабылданған құндылықьарды қорғау және белсене тарту үшін интеллектуалдық қабілет пен маральдық беделді пайдалану;
3.қоғам алдында мамандарды даярлау үшін жауап беретін жоғары оқу орындарын сақтау және оларға толық академиялық мүмкіндік беру;
Сонымен, Қазақстандағы жоғары білімге қоғамдық прогреспен гүлденудің қозғаушы күші болудың жауапты әрі ізгі міндеті жүктелген. Осынау биік міндеттің мынандай мақсаттары бар:
4.алдын ала игерген икемділіктерді тіркеупрйнцпі бойынша барлық азаматтардың жоғары білім алудағы тең құқығы;
5.кәсіпкерлік дағдылар бастамаларды дамыту жоғары оқу орындарын бітірушілерді еңбекке орналастыруды жолындағы жоғары білімнің басты қамқорлығы болуы тиіс;
6.оқыту мен жетілдіру процессінің өмірлік көзі – жоғары білім мекемелерінің қоғамның талаптарына сай болуы тиіс;
7.сынай ойлану шығармашылық жоғары білімге иновациялық тұрғыданм қорғаудың мәні;
8.педагогикалық дағдыларды жетілдіру және жақсарту, оқу жоспарында және пәндерді оқыту әдістемесінде тұрақты иновацияға талпынуды ынталандыру мақсатында жоғары білім мекемелерінің қажетті элементі ретіндем педагогикалық кадырлардың кәсіби өсуі;
Қазақстан Республкасында жоғары білімді дамыту стратегиясы Республика Концституциясының қағидаларына ел Президентінің халыққа арнаған «Қазақстан 2030» жолдаында , ЮНЕСКО – ның халқаралық білім саясатының материялдарына және т.с.с. негізделеді. Аталған құжаттарға сәикес Қазақстан Республикасындағы жоғары білім мемлекеттің ұзақ мерзімдік басымдықтары арасында ерекше орын алады және ол шын мәнінде ұлттық қауіпсіздік проблемасы болып саналады.
- Білікті маман даярлаудың әлеуметтік – экономикалық орны мен рөлі.
Қоғамда жеке әлеуметтік өмірде болып жатқан елеулі өзгерістер жоғары оқу орындарының алдына көптеген жаңа міндеттер қойып отыр. Әсіресе, білім бсру жүйссінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар, түрліше кәсіптік бағдарларға негізделген жаңа оқу орындарының пайда болуы, болашақ мұғалімдер даярлайтын жоғары оқу орындарындағы мамандарды кәсіпке даярлау ісіне жаңаша талаптар қоюда.
Казіргі кезде қалыптасқан қоғамдық практиканы қайта бағалау жалпы білім беру жүйесіне, мамандарға қойылатын талаптарды өзгертуде. Көптеген елдерде білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік - экономикалық дамуының жетекші рөлін атқарады, сондай - ақ оны ары қарай айқындай түседі. Қазіргі мамандар алған білімдерін жадында сақтап қана қоймай, сонымен бірге шығармашылық қызметке де, кеңінен ойлауға да қабілетті болуы тиіс. Сондықтан жоғары мектептегі оқу процесі жастардың шығармашылық потенциалын дамытуына жол ашуы жөн.
Студент ақпаратты, іс-әрекет тәсілдерімен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және жеке адам игерген ұжымдық тәжірибенің фрагменті жөнінде оқытушының беретін білімімен шектеліп қана қоймай, оны ары қарай өз бетінше жеке практикасында белсенді, нысаналы танымдық іс - әрекеті нәтижесінде игеруі тиіс. Осыдан келіп, студенттердің танымдық ізденім паздығын дамытуды арнайы ұйымдастыру - оқу процесін ойдағыдай ұйымдастырудың негізгі шарты болып табылады. Оны жүзеге асыру жоғары оқу орындарында студенттердің танымдық белсенділігі мен іскерлігін ынталандыруға септігін тигізетін оқу процесін және педагогикалық, өндірістік және т. б. Іс - тәжірибелерді ұйымдастырудың тәсілдерін, әдістері мен нысандарын іздестіруге өзекті сипат береді.
- Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесі және білім беру саясатының негізгі принциптері.
Педагогикалық талдау арқылы әр елде, аймақта және дүние жүзінде білім беру саясатының жалпы негізгі принциптерін анықтау міндеті алға қойылған.
Мемлекеттік принцип — білім беру жүйесінде мемлекеттік мақсат пен міндеттср бірінші орында, болуы қажет. Мемлекеттік оқу орындарында міндетті тегін білім беру, студенттер мен оқушыларға степендия беру жәнс жеңілдіктер берілуі керек.
Еркін таңдау принципі — оқушылардың қай тілде, қай оқу орнында (мемлекеттік, жеке меншік) оқуына ерік беру. Оқулық, оқу нысаны мен әр түрлі болуы ескеріледі.
Сабақтастық приципі — оқу орындарының барлық түріңде оқуға, оқудың төменгі басқышынан жоғарғы басқышына өтуге еркіндік болуы.
Қоғамда орнын табуға көмектесу принципі оқу мен тәрбиелеудің бірлігі, оқу-тәрбие мекемелері мен отбасы, қоғамдык ұйымдар мен еңбек ұжымдарының балалар мен жастарды тәрбиелеуде ынтымақтасу.
Білім беруде қоғамдасу принципі — кең мағынада алғанда, білім беруде дүниежүзілік коғамдасу, оның мысалы Батыс Еуропа елдеріндегі қоғамдастық жәнс ЮНЕСКО ұйымдастырған білім берудің аймақтық 4 бағдарламасы: Латын Америкасы. Африка. Азия және Қазақстандағы білім беру жүйесі (ҚР-нын Білім туралы заңы негізінде 1999 жыл)
- Практикалық, демократияландыру, сабақтастық прициптері
Практикалық бағыттылық принципі — оқыту мен тәрбиелеудін өмірімен, тәжірибемен, қоғамдық пайдалы өнімді еңбекпен байланысы.
Демократияландыру приципі — Әлеуметтік саясаттың дүние жүзінің көп елдеріндегі негізгі принципінің бірі білім беруді демократияландыру деп жарияланған. Бірақ, бұл үғымның мазмұны өзгермсй тұрмайды. Бұрынырақ мемлекеттік өкіметтер білім беруді демократияландыруды көбінесе құқықтық жағынан қарастырып, толық орта және жоғары білімге жастарды көбірек тартуды оның басты көрсеткіші деп есептеп кследі. Қазір демократияландыру кең ауқымда түсініледі. Білім беру жөніндегі жаңа заңдар жәнс педагогикалық құжаттар білім берудің әр түрлі барлық сатыларының қатаң сабақтастығы орнатылуын, оқуға мүмкіндік болуын көздейді. Оқу орындарының барлық түрлерінде оқу сапасын көтсрудің, білім берудің мазмұнын өмірімен байланыстырудың, оқушыларды жоғары азаматтык, моральдық жәнс эстетикалық мұраттарға тәрбиелеудің аса маңыздылығын атап көрсетіледі. Бұл міндеттерді орындау ең дамыған елдердің өзіндс де толық жүзеге асырылмай жатыр. Барлық елдерде шешілмеген мәселелер орны алуда.
2. Жоғары мектеп психологиясының міндеттері
1. Жоғары мектеп психологиясы, психология ғылымының арнайы бөлімі ретінде
2. Жоғары мектеп педагогикасы мен психологиясы комплексті ғылыми пән ретінде
3. Жоғары білім беру психологиясының методологиялық негіздері
4. Жоғары мектеп психологиясының концепсиялары мен принциптері
5. Ақыл – ой әрекеттерін сатылы қалыптастыру концепсиясы
6. Іс - әрекет және іс- әрекет пен сананың бірлігі принципі
1. Жоғары мектеп психологиясы, психология ғылымының арнайы бөлімі ретінде
Жоғары мектеп психологиясы психология ғылымының бір саласы ретінде. Жоғары мектеп психологиясының міндеттері. Жоғары мектеп психологиясының методологиялық негіздері. Жоғары мектеп психологиясының ЖОО – дағы оқу процессін жетілдірудегі орыны.
Жоғары мектеп психологиясы психология ғылымының бір саласы болып табылады. Жоғары психология ғылымы негізінен жоғары мектептегі оқу – тәрбие процессінің барысының психологиялық заңдылықтарын қарастырады. Жоғары мектеп психологиясының негізгі міндеті жоғары оқу орынындағы студенттердің таным процестерінің (қабылдау, естесақтау, дағды, іскерлік, ойлау т.б.) қалыптасуын, оқу – тәрбие процессінің жүруін басқарудың психологиялық аспектілерін қарастыру, оқу процессінің нәтижесінің негізгі көрсеткіштерін анықтау, педагогикалық процесстің барысындағы студенпен оқытушының қарым – қатынасындағы психо – педагогикалық мәселелерді қарастыру.
Жоғары мектеп психологиясы студенттердің таным процестерін зертей отырып, педагогикалық әдістердің нәтижелілігін анықтауға мүмкіндік береді. Жоғары мектеп психологиясын зерттеу жұмыстарының дамуы психология ғылымына қарағанда аздап кешеуілдеп дамыды. Салыстырып қарайтын болсазқы жоғары мектеп психологиясы мәселелерін зерттеу жұмыстары 60 – шы жылдарды жүйелі түрде дами бастады. (С. И. Архангельский, С. И. Зиновьев, Т.В. Кудряцев, А.М. Матюшкин ж.б.) жоғарыда көрсетілген осы оқымыстылардың еңбектерінде жоғары мектеп психологиясы және жоғары мектепкке қатысты мәселелер талқыланды. Бір айта кетерлік мәселе шешуін таппаған сұрақтардың қатары аз емес. Кезкелген еңбек саласында интеллекьтудық факторлардың көлемі артып келеді. Осы ған орай білім беру саласында да көптген жаңалықтар енде. Осы себепті қазіргі уақытта интеллектуалдық қабілеті жоғары дамыған, шығармашылықпен ойлай білетін, белсенді тұлғаны қалыптстыру міндеті тұр.
2. Жоғары мектеп педагогикасы мен психологиясы комплексті ғылыми пән ретінде
Ертеректе жоғары оқу орындары мен мектептердегі дәстүрлі міндеттердің бірі бұл қатысушыларды біліммен қамсыздандыру болатын. Қазіргі уақытта бұл міндет есепке алынбайды. Алайда бүгінгі күнгі ғылыми – техникалық даму әрбір жеке тұлғадан оқу іс - әрекетін дұрыс ұйымдастыра алуды, білім алуды, шығармашылық іскерлігін дамытудың тиімді формаларын игеруді, қысқа уақыттың ішінде көлемді ақпарат алуды талап етеді. Осы себепті бұл мәселені шешуде психологияның көмегі зор болсақ.
Көптеген жылдар бойы оқу процессіндегі психологияның рөлі мойндалмай келді. Педагогика мен психологияның өзара байланысын жай сыртқы форма ретінде қарастырды. Педагогиканың өзі бірнеше догмалық ой – пікірлердің жетегінде жүрді. Ал қәзіргі кезде жаңа психологиялық зерттеулер бұл ғылым саласынның мүмкіндігінежаңаша түсінік берді. Оның оқу – тәрбие барысындағы рөлінің маңыздылығын көрсетті.
3. Жоғары білім беру психологиясының методологиялық негіздері
Жоғары білім беру саласының методологиялық негізізі материялистік - диялектикалық таным теориясы болып табылады. Бұл теория таным процестерінің жүру барысын диялектикалық – материялистік тұрғыдан кеңінен түсіндіреді.
Жоғары мектептегі оқыту мен тәрбиелеу процессінің барлығы мемлекеттік саясат пен ұстанымдарға негізделуі керек. Оқытушыныңжұмыс мазмұны, жүргізу формасы әдіс - тәсілдері студенттің бойында мемлекеттік бастамаа қолдауды, мемлекет алдындаы жауапкершілік және оны қорғауға деген сезімін қалыптастыруа негізделуі керек.
Жоғары оқу орыны оқытушысының ең негізгі міндеті +- болашақ жас мамандардың дүниеге көзқарастарын диялектикалық – материялистік тұрғыдан қалыптастыру болып табылады. Болашық өз мамандыы бойынша диялектикалық – материялистік білімғана алып қоймай сонымен қатар з ісімен мемлекет жұмысының тығыз қарым – қатынасын ұғынуы керек.
4. Жоғары мектеп психологиясының концепсиялары мен принциптері
Білім алу барысындағы міндеттерді шешуде студенттердің іс - әрекеті аса жоғары белсенділікті қажет етеді. Л.С. Выготскидің концепсиясы бойынша адам қоғамның толыққанды мүшесі болуы үшін. Жеке адам тарихи материялдық және рухани құндылықтар негізінде белгіленген адамдамдардың алдыңғы іс – тәжірибесін меңгеруі қажет. Сонда ғана жеке адам қоғамның толық мүшесі юолып есептелінеді. А.Н. Лентев бұл ойды жалғастыра отырып былай деді. «бұл процесс адамның жеке функциялары мен қабілеттерінің тарихи қалыптасуынан көрінді».
Бұл ой – пікірлерді адамның психикалық дамуы әлуметтік іс – тәжірибенің негізінде қаланады деп қорытуымызға болады. Бұл айтылған мәселелер тек оқыту психологиясынағана емес сонымен қатар тәрбие психологиясына да қатысы бар. Себебі жастардың жеке тұлғасының қалыптасуының барысы автоматты түрде емес оның ішкі жан дүниесінің өзгеруінің негізінде жүреді. Оның ішкі ұстанымы сыртқы іс - әрекетінің бағыттаушы болып табылады.
Тұлғаның жеке ұстанымдары, мативтерінің жиынтығы, оның өміріндегі идиял тұлғалары сыртқы дүниеге деген көзқарасы, өзін - өзі бағалауы жеке адамды сырқы әсерлердің ықпалына түсіп кетуден сақтайды.
5. Ақыл – ой әрекеттерін сатылы қалыптастыру концепсиясы
Осындай канцепсиялардың бірі ақыл – ой іс - әрекетінің сатылық қалыптасуы. Бұл жайында 50 – ші жылдарда П.Я. Гальфериннің еңбегінде кеңінен баяндалады. Ондағы қортынды пікір білім қатысушылардың жүйелі іс - әрекеттерінің негізінде қалыптасады делінген. Адам ойлай алу іс - әрекетін табиғаттан алмайды. Ол ойлауды жүре бара үйренді. Мұндағы педагогтың рөлі осы процестің жүруін қадағалау жән дұрыс бағытта ұйымдастыра білу.
6. Іс - әрекет және іс- әрекет пен сананың бірлігі принципі
Жоғары мектеп психологиясының іс - әрекетпен сананың бірлігі деген принципіне негізделе отырып белгілі психологтар П.Я. Гальферин мен Н.Ф. Талызина және олардың әріптестері білімді игеру процессін белгілі бір іс - әрекетті орындау және меңгеру негізінде жүзеге асады деп белгіледі. Бұл көзқарас тұрғысынан алатын болсақ психикалық іс - әрекет қоршаған ортаның сыртқы материялдық шынайы ба\ейнесі. Ішкі жаңа психикалық, ойлау әркеттерінің әдістері материялдық не материялға айналдырылған әрекеттерсіз өтуі мүмкін емес. Бұл ой әрбір әрекет нақты заттар негізінде жүреді дегенді білдіреді. Келесі кезектегі дыбыстап сөйлеунегізінде жүзеге асады, іс - әрекеттің барысы баяндалады. Келесі кезекте іс - әрекет сыртқы формадан ішкі әрекетке айналады. Педагог қатысушылардың әрбір іс - әрекетін бақылап берілген білімді меңгеруін қадағалауына болады.
Таным іс - әрекеттерінің бағдарламалық бөлімінің сапалы меңгеру мына төменжегі анықтамамен анықталады – қатысушылардың белгілі бір іс - әрекетті орындауының барысындағы объективті жағдайдың жиынтығы. Ақыл - ой іс - әрекеттерін сатылы меңгеру теориясына сәикес – бұл ойлау әрекетінің маңызды бөлімдерін меңгеру бағдарламаны меңгеру негізінде ғана қалыптасатындығын көрсетеді. Ал қалғандары сол көрсетілген маңызды бөлікті құраушы ған болып қалабереді.
Совет психологтарының бір қатар еңбектерінде (Н.А. Менчински., Г.С. Костюка.) қатысушылардың материялдарды меңгеруі өзкезегінде оқу іс - әрекеттерінің әдісін анықтайтын таным процестерінің орналасу құрылымына қарай жүреді делінген. Сонымен қатар қатысыушылардың сабақты меңгеруі оқылатын материялдардың мазмұнына, және әдістеріне байланысты болады депте көрсетіледі. Қатысушылар педагогтың басқаруында болған жағдайдың өзінде олардың әрекеттерінен жаңа типтегі міндеттерді шешудегі өзіндік әрекеттер де байқалған. Осы жағдайда білім беру процессінде дамытушылық эфект пайда болады.
Таным мәселелерін өзінің жеке әрекеттерімен шешу арқылы қатысушылардың ойлау қабілеттері қалыптасадыма пробълемалық жағдайдан жолтауып шыға аладыма?, деген сұрақты Д. Б. Эльконин мен В.В. Давыдов өзалдыларына сұрақ етіп қойған болатын және мына төмендегі болжам ұсынылған болатын. – Қатысушы ойлау процессін өздігінен жеткілікті деңгейде жүргізе алмаса оқу процессіның барысында білім алудың өнімділігі төмен әдісі қолданылады. Оқу процессін басқаша ұйымдастыра отырып, соған сәикес нәтижеге жетуге болады.
Іс - әрекет қағидасы. Бұл қағида тұлғаның белсенді әрекет етуге итермелей отырып, солбелсенділіктің негізінде оның дамуының негізін көрсетеді.
Бұл аталмыш қағиданың негізі адамның ителектуалдық дамуын көрсетпейді, сонымен қатар тұлға ретіндегі дамуында көрсетеді.
Кеңес психологтарынның осындай зертттеулері (Д. Б. Эльконин, П.Я. Гальперин., Н.Ф. Талызин т.б.) оқу процессіне «іс - әрекеттік жұғысу» қағйдасын алып келген болатын.бұл қағйда жоғары оқу орындарындағы оқу процстерін ұйымдастырудағы секілді білімді игеру барсында да жоғары өнімділік әкелді.
II. ЖОО – ДАҒЫ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
3. Студенттік шақтың психологиялық ерекшеліктері
1. Студенттер әлуметтік топ ретінде
2. Студенттік жас кезеңінің психологиялық ерекшеліктері.
3. Студенттердің жоғары оқу орынындағы оқу процесіне бейімделуі.
4. Әлуметтік – психологиялық бейімделу.
5. Студенттердің жоғары оқу орынына бейімделуінің ерекшеліктері.
1. Студенттер әлуметтік топ ретінде
Студенттік топ — материалдық және рухани өмірде жоғары кәсіби және әлеуметтік рөлдерді орындау үшін белгілі бір бағдарламамен іс-әрекеттері ұйымдастырылатын әлеуметтік топ.
Студенттік жасқа әлеуметтік тұрғыдан жетілу кезеңі сәйкес келеді. Бұл кезеңнің белгісі білім алудың аяқталу кезеңі, еңбекке деген белсенділік, қоғамдық жұмыстар, заң алдындағы жауапкершілік, жанұя құру, бала тәрбиесі болып келеді. Қазіргі кезде студенттік топ қоғамдағы сан жағынан алғанда алдыңғы орындардың бірінде. Оған әркімнің де көзі жетеді. Соңғы жылдардағы білім беру, оның ішінде жоғары білім беру жүйесінде болып жатқан елеулі өзгерістерге байланысты арнаулы орта білім, жоғары білім, жоғары білімнен кейінгі екінші жоғары білім, магистратура, аспирантураларда білім алып жатқан жастардың саны арта түсуде.
Студенттер - қоғамның ірі интеллектуалдық потенциалы. Студенттердің әлеуметтік құрылымы негізінен біздің қоғамымызды әлеуметтік құрылымын айқындайды.
Студент ұғымына педагогика және психология ғылымдары нақты түсінік бермейді. Ал ғылыми өдебиеттерде берілетін анықтамлар әртүрлі болып келеді.
Психологияда 17—18, 25—26 жас аралықтарындағы үлкендер, ересектер қатарына енген шақ деп сипатталады. Студснт үшін бұл кезсңдер жеке тұлға ретінде қалыптасуымен жоғары білікті маман бөлу кезеңдеріне жатады.
Белгілі Кеңес Одағының психологы Б.Г. Ананьев студенттік кезең, жеке адам тұрғысынан алғанда, адамгершіліктік және эстетикалық сезімдердің белсенді түрде даму кезеңі, ересек адам ретінде азаматтық, саяси - қоғамдық және кәсіби мамандық міндеттерінің тұрақталу, толысу кезеңі деп көрсетеді.
Студенттік кезең қарым-қатынастың нағыз кең көлемде жүретін шағы.
Студенттік жас — ақыл - ой мен қабілеттіліктің дамуының маңызды кезеңі.
Жоғары мектепте оқитын кезең жастық шақтың екінші кезеңімен немесе ақыл тоқтатудың алғашқы кезеңімен сай келеді (Б.Г.Ананьев, И.С.Кон, А.В.Дмитриев т.б.). Бұл кезеңнің ерекше белгілерінің бірі мінез - құлықтың саналы жақтарының молаюы. Жоғары класта жеткіліксіз деңгейде болған мақсатқа ұмтылушылық, шешім қабылдай білу, өзіндік пікір, өзін-өзі ұстай білу, бастамашылдық сияқты қасиеттердің айқын көрініс беруі, адамгершілік моральдық тұрғысына мақсат, өмір сүру стилі, парыз, адалдық, махаббат сезімі сияқты мәселелерге ынта-ықылас артады.
Жастық шақ өзіне-өзі баға беру мен өз ісіне талдау жасау кезеңі.
Жоғары оқу орнында оқу жастың (жас адамның) өз күніне деген сенім мен қабілеттілігін, өмірге деген құлшынысын арттырады. Оқудың екінші, үшінші курстарында оқу орны мен мамандық таңдауының дұрыс не бұрыстығы жайлы ойланады, өз іс-әрекетіне талдау жасайды, бағыт береді. Өмірлік серік іздеу, жар таңдау, әсіресе жоғары курстарда үлкен рөл атқарады.
Студенттердің жас және дара ерекшеліктерін айта отырып, олардың жеке тұлғаның өзегі (стержиі) оның мақсаттылығы мен бағыттылығы, оның ішінде ең алдымен болашақ маманның кәсіби сапасын анықтайтын қоғамның саяси, экономикалық және әлеуметтік құрылымы екендігін естен шығармау керек.
Жоғары оқу орнында білім алудың алғашқы кезеңдерінде студент оқу-тәрбие процесінің объектісі ретінде көбірек әрекет етеді. Бой үйрету барысында ол жаңа шарттар мен міндеттерді игеруі шарт. Іздемпаздық жұмыс көлемі мен мәнінің артуы, жаңарту сипатынддағы оқу танымдық қызметтен оның жемісті түрлеріне көшу, ынта ықыластың пайда болуы және оқу зерттеу қызметіне қатысу студенттің оқу-тәрбие процесінің субъектісі екендігінің айғағы.
Қазіргі педагогика және психология ғылымында «студенттік топ» деген ұғымға нақты анықтама жоқ. Белгілі психологтар еңбектерінде студенттік топқа 17-23, 18-25, 17-30 жас аралығындағы жоғары оқу орындарында оқып жүрген жастарды жатқызады. Социолог Л.Я.Рубина студенттік топ ұғымына мынадай анықтама береді: «Студенттік топ – интелегенциялық топтарды қайнар көзі, қоғамдық пайдалы қызметтерге белсенді араласатын үлкен қоғамдық топ». Батыс Европа елдерінде студенттер арнайы қалашық – кэмпустарда тұрады. Олардың академиялық үлгерімі мен демалыс уақытын «Үлкен колледждер» қадағалап тұрады. Осы жәйт олардың студенттік өмірін өздеріне қолайлы етеді.
Студенттердің білім алудағы мақсаттарының ортақ болуы, еңбек ету, оқу, өмір сүру сипаттарының бірдей болуы, оқу орнындағы тіпті елдегі қоғамдық істерге араласуы – студентік топтың ұйымшылдық, достық көрсеткішінің жоғары деңгейіне алып келеді. Студенттер әр түрлі топтардың өкілдерімен танысудың мүмкінділігіне ие болады.
Студенттік шақ – адамның жеке тұлға, қоғамның белсенді мүшесі болып қалыптасудағы маңызды кезең.
2. Студенттік жас кезеңінің психологиялық ерекшеліктері
17-18 бен 25-26 жас аралығын психологияда екінші жастық шақ деп атайды, ересек адамдардың әлеміне кіру шағы. Студент үшін бұл шақ – тұлға әрі жоғары маман иесі болып қалыптасу кезеңі. Психолог Б.Г.Ананьев студенттік жасты былай сипаттайды: Бұл жаста ахлақтық және эстетикалық сезімдер белсенді дамиды, ересек адамға тән азаматтық, қоғамдық-саяси, кәсіби-еңбектік функциялардың пайда болып, нығаюы байқалады, мектеп жасынан студенттік жасқа өту уақытында интелектуалды, физикалық күштердің дамып жетілуіне байланысты студенттің сұранысы артады. Бірақ, осы сұраныстарын жүзеге асыру жолында уақыттың, әрі экономикалық мүмкіндіктердің жетіспеуі қайшылықтарды туғызады. Студенттің дербес іс-әрекеті жатақханаға орналасқан және қаржы қорын жаратып, жұмсағанда, өз уақытын дұрыс пайдалануда көрініс табады. Студенттік шақта жастар осы жасқа тән өздеріне деген сенімділігі мен албырттықпен көптеген қоғам қабылдаған құндылықтарды, қатып қалған ережелерді, өмір сүру қағидаларын сынай бастайды. Бұрын күдік туғызбаған мәселелрдің бәрін қайтадан, басынан сын көзбсн қарастыру - студенттерге тән ерекшеліктердің бірі болып табылады. Студенттердің осы бір сын көзбен қарау іс-әрекеті кейде көрініс болса, көп жағдайда негізсіз болып табылады. Себебі, болып жатқан құбылыстарды бағалауға өмір тәжірибесінің жетіспеуінің нәтижесінде ақылсыз, негізсіз сынға әкеледі.
Атақты орыс педагогы К.Д. Ушинский осы кезеңнің жауаптылығы мен маңыздылығына ерекше коңіл аударып, былай жазған: "16—23 жас аралығын біз адам өміріндегі ең шешуші кезсң деп санаймыз. Осы уақытта көптегсн ой-тұжырымдырдың қалыптасу уақыты аяқталады. Ой-тұжырым, көзқарастардың бір бөлігі бір буынды құрайды, және бұл буын адам мінезі мен ойлау жүйесінде басқа бағыттардан салмақтырақ болады".
Бұл кезеңде шындыкқа, идеалға деген құштарлық жоғары болады. Студснттің білімін терендететіи ақпарттың көптігі және бұл ақпаратты игеруге уақыттың жетіспеуі — өз өмірін ұйымдастырудағы қателіктерге білім мен ойлау ісіндегі үстірттілікке әкеледі.
Студенттік шақ ақыл-ой қабілетінің дамуы мен теориялық ойдың қалыптасуындағы маңызды уақыт. Жалпы адам интеллектісінің қарқынды даму кездері 19, 22, 24—26 жасында белгіленген. Интеллектің дамуы шығармашылық қабілеттің дамуымен тығыз байланысты. Шығармашылық қабілет оқу барысында максималды пайдаланылуы тиіс. Міне, осы мақсатты жүзеге асыруда төмендегі педагогикалық мәселе шешілу керек, яғни барлық студеттерді ғылыми-зерттеу жұмысына жұмылдыру.
Студенттік шақ бұл — адамдардыц бір-бірімен қарым-қатынас жасауыныц кең өріс алған кезеңі. Алайда осы кезде аға буын мен жастар арасында қайшылықтар орын алады. Себебі студент үлкен болса да, бала да, ересек те емес, ересек, бірақ әлі өте жас. Осы кезде үлкендермен қарым-қатынастарда жаңа көріністер пайда болады.
Студенттердің білім алудағы мақсаттарының ортақ болуы, еңбек ету, оқу, өмір сүру сипаттарының бірдей болуы, оқу орнындағы тіпті елдегі қоғамдық істерге араласуы – студентік топтың ұйымшылдық, достық көрсеткішінің жоғары деңгейіне алып келеді. Студенттер әр түрлі топтардың өкілдерімен танысудың мүмкінділігіне ие болады.
Студенттік кезең адамның өзін-өзі тұлға ретінде қалыптастырудағы үлкен жұмыс істеуімең орындаумен сипатталады. Студснттің өзіндік "менің сыртқы көрінісімнен" басталып, мінезін анықтайды. Психолог Ю.А. Самариннің пікірі мынадай: "Осы уақытта мінезді қалыптастыру дүниетанымды қалыптастырумен тығыз байланысты. Саяси, моральдық мәселелер қайта қарастырылады".
Студентті тәрбиелеу мәселесі міндетті түрде студенттің өзін-өзі тәрбиелеу процесімен үйлесу керек. Студенттік жас тұлғаның физикалық жетілуінің уақыты, достық пен махаббат мәселесі ақырында өз жанұясының құрылуымен шешіледі. Есте сақтау қабілеті өте жоғары болады. Зейіннің тұрақтылығы 22 жаста күшейіп, 34 жаста шегіне жетеді. 18-20 жаста зейін салу деңгейі артады.
- Студенттердің жоғары оқу орынындағы оқу процесіне бейімделуі
Ортаға беймделу – бұл қоршаған ортаның ауыспалы жағдайына қарамастан организмнің өмір сүруіне мүмкіндік беретін динамикалық процесс. Нақты осы ортаға беймделу процессі организмнің үнемі ауыспалы ортада өмір сүруіне мүмкіндік беріп келген ұзақ эвалюсиялық дамудың негізінде қалыптасқан процесс.
Осы ортаға беймделу процессінің негізінде гемостаздың сақалуына қол жеткізіледі. Бұл байланыстың нәтижесінде ортаға бейімделу процессі организмнің қызмет етуін ғана сақтап қоймайды, сонымен қатар «органим – орта» жүйесінің теңдігін сақатап қалады. Оортаға беймделу процессі «организм – орта» жүйесінде елеулі өзгерістер болған сайын үнемі өзін - өзі жүзеге асырып отырады. «Организм - орта» жүйесінде елеулі өзгерістер болған жағдайда ортаға беймделу процессі организмді жақсы физиологиялық қызмет атқарнуға және іс - әрекеттік жауап қайтаруға мүмкіндік беретін жаңа гемосттатйкалық күйге алап келеді. Организ мен орта қаншалықты статстикалық емес динамикалық күйде тұрса олардың ара – қатынасы үнемі өзгерісте болады, сонымен қатар ортаға беймделу процессі үнемі жұріп отырады.
Жоғары айтылғандар кез – келген организмге оның ішінде жануарлар мен қатар адамдарға да тән процесс. Адамның мұндағы бар ерекшклігі «индивид - орта» жүйесіндегі оның адекватты қатынасы, мұнда психикалық ортаға бейделу процессінің орыны ерекше.
Психофизиологиялық процесс өз құрамына психикалық беймделу процессін қосқан толық процесс. Бұл процесс өзіне мына екі аспектіні біріктіреді:
- Индивиттің қоршаған ортамен қатынасын жетілдіріп отыру.
- Психикалық және физиологиялық ерекшеліктердің ара қатынасындағы адекватты сәйкестілікті қалыптастыру.
Қоршаған ортаға беймделу - бұл процесс организмнің өзн - өзі жүзеге асыруының барысында олардың қызмет етуінің ең жоғары дәреже де ұстап тұруына мүмкіндік береді.
І-курста студенттердің оқуға, келешек мамаңдығына, «өзін-өзі» табуға деген белсенді қатынасы қалыптасады. Жоғары оқу орнында студенттер қатар екі бейімделу процесін өткізеді: оқу процесі мен әлеуметтік-психологиялық процесті.
Оқу процесініц шарттарына, ұйымдастырылуына, құрамы мен сипатына үйрену.
Академиялық топқа, ішінарлық қарым-қатынасқа жеке өзіндік стильді және жолдастармен қарым-қатынасты қалыптастыру деген сөз.
I курс студснттерінің оқу өміріне деген дайындығы әртүрлі болады. Көп студенттер өз бетінше жұмыс жасау саласында қиындықтар шегеді. Лекцияларды конспектілей алмау, берілген фактіні өз көз-қарастарының тұрғысынан түсінбеу. Осы жерде тәлімгер рөлінің маңыздылығы айқын көрінеді. Тәлімгер топты, ұжымды «жасау» керек, студенттердің өз бетінше жұмыс істеуі деген жаңаша әдістерді үйрету, студенттердің оқу жұмысын бақылауы керек.
4. Әлуметтік – психологиялық бейімделу
Бірінші курыс Студенттердің бейімделуі II семестрдің соңы мен III семестрдің басында аяқталады. Жалпы студенттердің оқу барысындағы бейімделуін психологтар былай сипаттайды: 1 - ші курста 3 бейімделу процесі журеді.
2 -ші курстан — 3 - ші курсқа қарағанда оқу жұмысының «қайнауы».
3 - курста — мамандану процесімен байланысты ғылыми жұмысқа деген қызығушылықтың тереңдеуі, түрлі қызығушылықтардың азаюы, кемуі.
4 курста — өз мамандығымен оқу өндірістік іс - тәжирібеде тәжірибе жүзінде танысуы. Студенттер көптеген өмірлік құндылықтарды қайта қарастырады. Әрі рухани, мәдени қарым- қатынасы өзгереді.
5 курста — жоғары оқу орнын жақын арада бітіруінің мүмкіндігі, келешек кәсіби мамандығына тожірибесінің қалыптасуы, студенттік өмірдің ұжымдық формаларыиан алшақтауы.
Студенттік тұлғаны психологиялық - педагогикалық тұрғыдан сипаттағанда әлеуметтік - мәдени ортаның деңгейін назарға алу керек, студент оқып жүрген кездегі тарихи кезеңді, сол ұрпақтың ерекшелігін, жыныс ерекшелігін ұлттық салт - дәстүр, өмір сүру деңгейін ескеру қажет. Осының бәрі бүгінгі таңда актуалды мәселе болып табылатын жастар туралы арнайы
әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық проблема ретінде айтуға мүмкіндік береді.
Студенттердің жас және дара ерекшеліктерін айта отырып, олардың жеке тұлғаның өзегі (стержи) оның мақсаттылығы мен бағыттылығы, оның ішінде ең алдымен болашақ маманның кәсіби сапасын анықтайтын қоғамның саяси, экономикалық және әлеуметтік құрылымы екендігін естен шығармау керек.
Жоғары оқу орнында білім алудың алғашқы кезеңдерінде студент оқу -тәрбие процесінің объектісі ретінде көбірек әрекет етеді. Бой үйрету барысында ол жаңа шарттар мен міндеттерді игеруі шарт. Іздемпаздық жұмыс көлемі мен мәнінің артуы, жаңарту сипатынддағы оқу танымдық қызметтен оның жемісті түрлеріне көшу, ынта ықыластың пайда болуы және оқу зерттеу қызметіне қатысу студенттің оқу-тәрбие процесінің субъектісі екендігінің айғағы.

5. Студенттердің жоғары оқу орынына бейімделуінің ерекшеліктері
Әрбір студенттің жоары оқу орынынына бейімделуі әрқалай жүреді. Мысалыға келтірер болсақ жұмыс өтілі бар жас азаматтар мен азаматшалар жоғары оқу орынындағы оқу процесіне жылдам бейімделсе, мектепті жаңа бітірген студенттердің бұл жадайға бейімделуі баяу жүреді. Жалпы студент қауымының алдында тұрған негізгі міндет оқу процесіне қатысушыларды іс - әрекеттң жаңа түріне бейімдеп өзара тиімді және нәтижелі іс - әрекетке қол жеткізу.
Барлық жоары оқу орындарында бірінші курыс студенттерін ЖОО бейімдеу мақсатында бір қатар іс – шаралар жүйесі іске асырылады. Бұларға: «Студенттік ағарту», «мамандцыққа кіріспе», алдыңғы қатарлы оқытушылардың баяндамасы, оқу орынынның тарихымен танысу, жатақханаларда мәдениет, кеңес беру орталықтарын ұйымдастыру тағыда басқалар жатады. Студенттердің ЖОО бейімделуін жүйелі мәселе ретінде қарастыру керек, мұнда студенттер тобының ұжым ретінде қалыптасуына оқу орынындағы әрбір ұйымдар мен топтардың ықпалы зор.
3. Студенттерді тәрбиелеу
1. Студенттерді тәрбиелеудің мәні мен мазмұны.
2. Іс - әрекет тұлғаның қалыптасу мен дамуының алғы шарты ретінде.
3. Студенттердің барлық әрекеттерін кәсіби бағытта жұмылдыру.
4. Студенттердің өзін - өзі тәрбиелеуі.
5. Студенттердің өзін - өзі тәрбиелеу құралдары мен жолдары.
1. Студенттерді тәрбиелеудің мәні мен мазмұны.
Мемлекетік маманды қалыптастыру үшін және оны қалыптастыру барысындағы процесті тиімді басқару үшін бұл процтің табиатын толық қанды білімуіміз қажет. Таңдап алынған обьектіні жан – жақты білудің негізінде ғана тәрбие жұмысының тиімді жоспарын жасауға, процес барысында дұрыс ықпал жасауға, қажетті ыықпалдар жүйесін ыңғайлы ұйымдастыруға ықпал етеді.
Студенттің тұлғасын қалыптастыру ісіне қоғамның барлық мүшіесі қатысады. Адам адама тән қасиеттерді тек қоамда мірсүрудің негізінде ғана алады. Өзінің қоғамда алған тәжірибесін адам өз міріннің барысында қолданысқа енгізеді. Алайда адамның алатын тәжірибесінің барлығыда жеке тәрбиеннің негізінде ғана тиімді іске асқан.
Адамзат тарихының барлық кезеңінің барысында тәрбие іс - әрекеттің негізгі түрі ретінде адмзат тағдырын құтқарып келді.бұл қоғамның барлық кезеңінде болып келді және осылай борлып қала да береді, себебі әр бір қоғамның, әрбір кезеңінде сол қаоғамға қажетті адамды, сол адамның көзқарасы мен дүние танымын қалаптастыру қажет болады. Міне осы себепті қоғамның мір сүру брысының барлық кезеңінде тәрбие адамдар үшін қажет.
Педагогика және психологияда тәрбие ұғымының көп кездесетіндігіне қарамастын қазіргі уқытқа дейін тәрбие ұғымының ортақ анықтамасы жоқ. Тәрбие ұғымына екі жақты анықтама беруге болады біріншісі кең мағынада, екіншісі тар мағынада. Бірінші ұғым бойынша адамды тәрбиелейтін қоршаған орта, қоғам, тәрбие деп қарастырылса, екінші ұғым бойынша адамда тәрбиелейтін тәрбие деп қарастырылған.
Тәрбие процесі түрлі іс - әрекеттердің – оқу, қоғоғамдық – саяси, еңбек негзінде ғана іске асуна байланысты белгілі бір мақсаттар ұстанылуы қажет. Тәрбие мақсаты қоғамдық дамудың жолымен бірге өсіп - өркендеп отырмақ.
Тәрбие – бұл толыққанды жүретін процес. Адам жеке бөлшектерге бөлініп тәрбиеленбейді толық тұлға ретінде, жүиелі ықпалдардың негізінде тәрбиеленеді.
2. Іс - әрекет тұлғаның қалыптасу мен дамуының алғы шарты ретінде.
Іс - әрекет адамның қалыптасуна ықпал ететін негізгі факторлардың бірі. Қоғамға қажетті тұлғаны қалыптастыру ісі осы іс - әрекеттің негізінде ғана іске асады. Адамның жеке тұлғалық қасиеті оның ең маңызды іс - әректіне байланысты: кез келген іс - әрекет адамның жеке басының ерекшілігін қалыптастырмайды, адамның дүниеге көзқарасын қалаптастырып, оның санасының қалаптасуна ықпал етеді.көп қырлы іс - әрекет мтудентерді әр жақты тәрбиелеуге бастама жасайды. Егерде студенттәің іс - әрекет жеке бағытта ғана мысалығак айтар болсақ интеллектуалдық бағытта ғана жүретін болса онда келесідей дене тәрбиесі, адамгершілік тәрбиесі кенжелеп қалуы әбден мүмкін.
ЖОО тәрбие процесінің барлығы студенттің өзін - өзі тәрбиелеу ісімен жалғасын табады. Нақты педагогикалық процестің барысында студент іс - әрекеттсіз қалуы мүмкін емес. Тәрбие процессінің барысында студент өзінің іс - әрекетін тәрбие процесіне қосымша түзету ретінде ғана көрсетеді. Себебі тәрбиеленушінің қалауына байланысты да жүргізілуі керек.
Студенттік ұжымды дұрыс басқара білсек студенттік ұжымның әрбір мүшесі объекті ғана емес сонымен қатар субъекті қызметін атқарады. Жоғары оқу орынындағы студенттің өзін - өзі тәрбиелеу процесі тұлғаның әлуметтік жеке қасиеттерді қалаптастыруға бағытталған іс - әрекеті. Өзін - өзі тәрбиелеу қажеттілігі өмірлік қажеттілік ретінде тәрбие процесінде тиісді пайдалануға болады.
3. Студенттердің барлық әрекеттерін кәсіби бағытта жұмылдыру.
Жоғарғы оқу орынында студенттерді болашақ мамандығына кәсіби дайындамасақ ЖОО өз міндетін атқармады деп есептесекте болады. Мамандыққа дайындау ісі мелекеттік жоғары маңыздылыққа ие.
Студенттердің кәсіби қалаптастыру – бұл болашақ мамандарды өз кәсібіне деген дұрыс қатынасын, қызығушылығын, бейімділігін, қалыптасырып, өзін кәсіби жетілдіру арқылы, рухани, материялдық қажеттерін қанағаттандыруға тәрбиелеу.
Сиуденттің мамандықты таңдаудағы құндылықтар ұстанымы мативациясына байланысты бірнеше типке бөліп қарастыруымызға болады.
Бірінші тип – бұндай студенттер өз болашақ кәсібіне оң көзқараспен қарайтындар бұлар оқу соңына дейін өз мамандықтары бойынша кәсібін игеріп шығады.
Екінші тип - өз мамандықтарын толық анықтамаған студенттер, бұлардың өзмамандықтары жөнінде толық ақпараттары жоқ.
Үшінші тип - өз мамандықтарына теріс көзқарастағы студенттер.
өз мамандығына деген оң көзқарас бірнеше іс - әрекеттердің дамып қалыптасуынан тұратын кәсіби қызығушылықтан басталады.
ЖОО кәсіби қызығушыылықты қалаптастыру бұл мамандықтың негізгі мақсатын, міндетін және адамдар үшін тигізетін пайдасы жөінде ақпаратты беріп, сендіре білуден басталады. Бұл кәсіпті меңгергеннен кейінгі студенттердің кәсіби қабілеттерін, ол кәсіптің өндірістік мүмкіндігін көрсетіп, бұл мамандықтың эстетикалық, шығармашылық жақтарына сипаттама беру, мамандықтың болашағы бар екендініне сендіру қажет.
Жоғары оқу орынына тапсырғаннан соң жас адамдар үшін мамандық таңдау аяқталғанмен тең болып көрінетіндігі мәлім. Курыстан курыфсқа өткен сайын өз ойына толықтырулар енгізетіндігі сөзсіз. Бірінші курысты аяқтағаннан соң өз мамандығына деген қажеттіліктің төмендеуі мүмкін.
4. Студенттердің өзін - өзі тәрбиелеуі.
Студенттік жас кезеңінде студенттердің өзін - өзі тәрбиелеуі оның қоғамдық талаптарға сәйкестенуі үшін жасайтын әрекеті екендігі белгілі.
Өзін - өзі тәрбиелеу адамның жеке басын жетілдіруге бағытталған әрекеті. Студенттің өзін - өзі тәрбиелеуі жеке тұлғаның әлуметтік маңызы бар қасиеттерді бойына сіңіруге бағытталған белсенділігі.
Студенттік жылдарда адам өзіне қажетті сапалар жүйесін анықтап негізгі объекті ретінде өзін - өзі тәрбиелеуді алып, кең талғамды жұмыс жасай бастайды. Өзінің өмір тәжірибесін ескере отырып жастар өздерінің кемшілік тұстарын толықтыруға күш салады. Студенттердің дүниеге деген көзқарасы, саяси танымы, құндылықтары мен ұстанымдары мақсатты түрде өздерінің тәрбиесімен қай бағытта айналысу керектігі жөнінде бағыт бағдар береді.
Студенттік жылдардың тағы бір ерекшелігі, студенттер бұл кезеңде тек өзін+ - өзі тәрбиелеумен ғана айналыспайды сонымен қатар өзінше әрекет етуге де көшеді: бұл кезеңде олар өмірде кездесетін түрлі жағдайларда өзінше шешім қабылдайды және бірінші болып бұл әрекет кәсіби болмақ. Міне осы себепті студенттердің өзін - өзі тәрбиелеуі үшін кәсіби идеалдар, қызығушылықтар, кәсіби қызметті мінсіз атқару үшін жеке тұлғалық қасиеттердің нақты анықталған қатары қажет ақ.
Студенттердің өз мамандықтарына байланысты өзін - өзі тәрбиелеу ісінде жан – жақтан ағылып жататын ақпараттар көптеп қызмет атқарады. Бұл мақсатта ЖОО ең алдымен «Мамандыққа кіріспе» курысы жүргізіледі. Бұл курыста студент болашақ өз мамандығы жөнінде ақпарат алады. ал оқытушылар оларды өз мамандықтарына психологиялық тұрғыдан дайындайды.
Тұлғаның өзін - өзі тәрбиелеуі өзін - өзі бекітумен тең. Себебі студенттің өзін - өзі тәрбиелеуі оның көзқарасының толық қалыптасып қалғандығын көрсетеді.
Тұлғаның өзін - өзі тәрбиелеу мазмұны тұлғаның әр жақты дамуынан көрініс береді мысалыға саяси – идеялық, кәсіби, құқықтық, бұлардың барлығыда тұлғаның дамуына ықпалы бар мазмұнға ие. Өін - өзі тәрбиелеудің өзі де басқа әрекеттерсекілді белгілі бір мотивьердің жүйесіне ие ішкі жан дүниенің қажеттілігін терең түіну, өз өзімен жұмыс жасау осы жерде орын алады. көптеген зерттеулер жастардың өзін - өзі тәрбиелеудегі мативтердіңнегізін айқындап берді. Оларға жалпы қоғамдық құндылықтар тән. Алайда бір айта кетерлігі жастардың белгілі басым бөлігі мативті толық сезіне білмейді осы себеті өзін - өзі тәрбиелеу белсенді жүрмейді.
Қоғамдық түрақты талаптар студенттердің өз өздарімен жұмысының санын үнемі өсіріп отыруға итермелейді.
Мұндағы бірінші кезеңдегі педагогтардың міндеті студенттердің өзін - өзі тәрбиелеу идеясына тұрақты көзқаратарын қалаптастыру. Олардың алдына үнемі мақсат қойып переспектипті жұмыс жасау.
Өзін - өзі тәрбиелеудің екінші кезеңі практикалық іс - әрекетпен тыңғыз байланысты болады. Бұл кезеңде студенттерге айналысып жатқан істері жөнінде ғылыми мағұлымат берген тиімді болмақ.
Үшінш кезең студенттердің өз қажеттерін толықтырументығыз байланысты. өзін - өзі тәрбиелеуді белсендіру үшін өзін - өзі міндеттеу, өзін - өзіне есепберу маңызды
Студенттің өзін - өзі тәрбиелеуге қатынас оның тәрбиелік деңгеін анықтайды.
5. Студенттердің өзін - өзі тәрбиелеу құралдары мен жолдары.
өзін - өзі тәрбиелеу түрлі құралдар мен әдістердің негізінде ғана іске асады. Олардың кең тараған түрлеріне өзін - өзі міндеттеу, өзін - өзіне талдау жасау, өз - өзінеесеп беру, өзін - өзі бағалау, бақылау жатады.
өзін - өзі міндеттеу — өзіне қажетті деген қабілеттері қатарын анықтап болғаннан кейін өзін - өзі жетілдіру мақсатында тұлғаның өз - өзіне жүк артып, міндет қойуы. өзін - өзі міндеттеудің негізінде өз өміріннің барлық кезеңін соның негінде ұйымдастырады.
Өз - өзіне есеп беру - өз өткереген өміріне сыни көзбен қарау.
өзін - өзі талдау – студенттің өзінің жетістігімен сәтсіздіктерінің себебін анықтайтын студенттің өз өзіне есепберу іс - әрееті.
өзін - өзі бақылау - өз мақсатынан тысқары қажетсір әрекетке бармас үшін өз жағдайын үнемі бақылауда ұстау.
III Бөлім. БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ ЖОҒАРЫ МЕКТЕП МӘСЕЛЕСІ РЕТІНДЕ
4. Білім беру мазмұнын және оқу іс - әрекетін жүйелі ұйымдастыру жайы
1. Іс - әрекет жоғары мектептегі білім берудің мазмұнын белгілеудің, белгілі бір мақсаттар мен міндеттерді іске асырудың алғы шарты ретінде.
2. Студент іс - әрекеті.
3. Оқытушы іс - әрекеті.
4. Оқу іс - әрекетінің категориялары.
5. Білім берудің мазмұнын қалыптастырудың деңгейлері.
6. Жоғары мектептегі білім берудің мазмұнын қалыптастырудың принциптері, квалификациялық мінездемесі.
1. Іс - әрекет жоғары мектептегі білім берудің мазмұнын белгілеудің, белгілі бір мақсаттар мен міндеттерді іске асырудың алғы шарты ретінде.
Іс - әрекет жоғары мектептегі білім берудің мазмұнын белгілеудің, белгілі бір мақсаттар мен міндеттерді іске асырудың алғы шарты ЖОО – көптеген қиындықтар әліде болсын болашақ мамандарды дайындаудығы оқытудың мазмұнының толқ еместігінен және нақты оқу жоспарының болмауынан туындап жатады. Осыындай туындап отыратын қиындақтардың келесі бір себебі оқытушылардың стеориотипті ойлауы себеп болады. Мұндағы стеортиптердің бірі оқытушылырдың нақты аталмыш ғылым саласындағы жаңа мазмұнмен, ғылыми - техникалық жаңалықтарға қырын қарауы.
Көптеген оқытушылар үшін білім берудің мазмұны – бұл стденттердің меңгеруі қажет, кәсіби іс - әрекеттің негізінде нәтижесі. Көптеген оқытушылардағы осы көзқарастың сақталып қалуы оқытушының педагогикалық іс - әрекетінің барысын алдын – ала анықталуына әкеліп соғып, педагогикалық процестің жүруін талдап зерттеудің сиректеуне, студенттердің іс - әрекетін дұрыс ұйымдастырмауға бой алдырады.
2. Студент іс - әрекеті
Білім берудің барлық деңгейінде болашақ маманды кәсіби қалаптастыру мазмұны ЖОО кәсби дайындаудың нақтылануы керек, ал сол білімнің толық мазмұны жүйелі меңгеру оқу процесін ұйымдастыруға байланысты. Міне осындай жолмен әлуметік іс- тәжірибенің мазмұны маманды дайындау жүйесінен тыс орналасып түрліше сипат алады: оқытушының іс - әрекеті белгілі бір ережелерге сәйкес оқу жоспарында, бағдарламасында және оқу материялдарында көрініс береді.
Мұндағы студенттің іс - әрекеті оқу іс - әрекетінің барысында пайда болатын психологиялық жаңа бейнелердің мазмұны. Міне осыған байланысты білім берудің мазмұнын анықтауда іс - әрекет жөнінде екі жақтыңда пікірін ескерген дұрыс. Мұндағы екі жақты ұстанымдағы бірғана сәйкес келмейтін дүние маманды қалаптатыруға ықпал ететін, кәсіби іскерлік меңгеруге жол салатын оқыту мен оқу процесі. Міне нақ осы кәсіби іс - әрекет кешегі студентті толық қанды маман етуге алап келетін психикалық қасиеттердің жинағы – оның мазмұны болмақ. Осымен қатар студенттердің белснді іс - әрекетін де ескерген дұрыс
3. Оқытушы іс - әрекеті
Педагогикалық процестегі оқытушының әрекеті студенттердің іс - әрекетін басқарушы және ұйымдастырушы ретінде жүреді. Педагогтың басқарумен жүретін педагогикалық процесте студенттер педагогикалық процестің объектісі ретінде қарастырылады, бірақ студент белсенді әрекет еткенде таным процесінің субектісін атақарады.
Жоғары Мектеп оқытушысының атқаратын функциялары
1. Оқыту, білім беру фупкциясы студенттерге білім беру, танымдық қызмет үшін дағды мен қабілеттілікті қалыптастыру.
1. Тәрбиелеу функциясы студенттсрдің жеке тұлғасын қалыптастыру.
2. Ұйымдастыру - студенттердің аудиторияда жәнс аудигориядан тыс жұмыстарын ұйымдастырып, белсенділіктерін қалыптастыру.
3. Ғылыми жұмыстар саласында — студенттерді зерттеу жұмыстарын жүргізе білуге үйрету, ғылыми-техникалық тұрғыдан шығармашылықпен жұмыс істей білуге дағдыландыру .
Жоғары мектепте оқытуда және тәрбиелсуде оқытушының жұмыс мазмұнын анықтайтын элементтің бірі — оқытушының кәсіптік қызметінің негізін құрайтын, педагогикалық қарым - қатынас. Бұл қарым - қатынастың мәні, мазмұны ақпараттармен алмасу, әртүрлі коммуникативтік әдістер арқылы солардың көмегімен оқытуда студснттермен байланысын ұйымдастыру болып табылады. Сабақ өту процесі барысында қарым - қатынас талапқа сай ұйымдастырылса, сол сабақтың дидактикалық және тәрбиелік міндеттері жүзеге асады.
Себебі, қарым - қатынас арқылы оқытушы білім берудің міндетін, мәселесін шешеді.
Қарым - қатынас әлеуметтік, психологиялық жүйе болып табылады, ал ол жүйе тәрбие жұмысын жүзеге асырудың маңызды құралы.
Оқыту мен тәрбие жұмысының тиімділігін арттыруда, ұйымдастыруда жәнс шығармашылықпен жұмыс істеуде қарым-қатынас маңызды орын алады.
Адамгершілік пен ізгі ниеттілік, өзіне және студенттсрге жоғары талап қоя білу, әріптестерімен қарым-катынас жасау және жауапкершіліктік сезімін білу.
4. Оқу іс - әрекетінің категориялары
Оқу ұғымы бүгінгі жоғары мектеп педагогикасы мен психологиясын бөліп қарастырушы болып табылады. Мұнда нақты пәнді оқып меңгерудің негізінде жүйелі шешуді қажет ететін нақты пәндерді оқытудағы қарама – қайшылықтар жатады.
Оқу - өзін - өзі шыныңда да саналы түрде басқаруының нәтижесінде жүзеге асатын адамның арнайы іс - әрекеті. Оқу іс – ірекеті дегеніміз не? Оған берілетін жауаптардың бірі қарапайымғана. Кез – келген іс - әрекет бірнеше физикалық бірнеше іс - әрекеттердің жиынтығы, іс – тәжірибелік не тілдік қарым – қатынас. Жоғары да айтылып кеткендей оқу іс - әрекеті адамның түрлі іс- әрекеттерді орындауының негізінде жүзеге асады. Олар іс - әрекет, хат жазу, сөйлесу т.б. өмірлік тәжірибе және жеке іс – тәжірибелер көрсеткендей оқу іс - әрекеті жағдайында денелік қимыл – қозғалысты іске асыру міндетті түрде қажет емес. Кейбір жағдайларда денелік қимыл – қозғалыс маңызды рөл атқаруы мүкін мысалыға қимыл – қозғалыс дағдыларын меңгерудің барысында, жүзу, сөйлеу, суретсалу, машинаны жүргізу) ал басқа жағдайлада маңызды қызмет атқармайды мысалы текстер мен сөздік мәтіндерді есте сақтау, матиматикалық тапсырмалардың шешімін табу, заттар ды табу және ерекшеліктерін айыру т.б. Егер оқу іс - әрекет болатын болса ішкі және сыртқы формаларсыз өмір сүре аладыма? Көпетген зерттеулеер көрсеткендей адам жай іс - әрекеттен басқа таным іс - әрекеттерін де жүргізуі керек. Ондағы мақсат қоршаған ортаны танып білу. Таным іс - әрекеті практикалық іс - әрекет секілді затты және сыртқы болуымүмкін мысалыға жинау және шашу, өлшеу, заттардың құрамын анықтап білу үшін өзара олардың араласуын жатқызамыз. Бұл сонымен қатар перцептипті түрде де жүзеге асады. Мысалы қарапшығу, тыңдау бақылау т.б. не болмаса симболикалық түрде де суреттер, сипатттау, айтып беру т.б.
5. Білім берудің мазмұнын қалыптастырудың деңгейлері
Педагогикалық процестің жүру ерекшелігін ескере отырып білім берудің мазмұнынының үш негізгі деңгейін анықтауға болады.
1. Жалпы теориялық түсінік деңгейі – бұның негзінгде студен алғалы жатқан білімінің жалпы мазмұымен таныс болады, және оның қоғамдағы орыны мен рөлінен хабардар болады.
2. Оқу пәні деңгейі мұнда жұмыс жеке элементтер бойынша жүреді, мазмұны анықталып, жекелеген мақсаттары белгіленеді. Мұнда педагогикалық процесте жүзеге асырылатын жұмыстың мазмұны анықталып, нақтыланады. Құжаттар қатар көрсетіліп бекітіледі.
3. Оқу материялы деңгейі мұнда оқылатын пәннің мазмұны, пәннің өзі өңделеді.
6. Жоғары мектептегі білім берудің мазмұнын қалыптастырудың принциптері, квалификациялық мінездемесі.
Мамандардың тұлғалық модельі – оқу тәрбие процесінің арысында қалаптасатын мамандардың сапалық деңгейін көрсетеді. Жоғары мектеп психологиясының тәжірибесінде оқу тәрбие процесінің бағдарын анықтап білген дұрыс.
Кәсіби іс әрекеттің психо педагогикалық мінездемесі маман тұлғасын қалаптастырудың модельін анықтауда маңызды құралы болмақ, не болмаса болашақ маманың идеал тұлғасының қалаптасуына ықпал етпек.
Мамандардың модельік қалаптасуна ықпал жасайтын оқытудың мазмұны болады. Маманның бойындағы жеке қасиеттері іс әрекеттің мазмұнын анықтайтын нармативтік анықтамасы болмақ.
Жоғары метеп бұл оқу тәрбие процесінің барысындағы оқытушылар мен студенттердің өзара қарам қатынасы. Мұнда студенттердің жан жақты дамуы жүреді.
5. Жоғары оқу орынындағы лекция сабағы
- Жоғары оқу орынындағы лекцияның орыны мен рөлі.
- Лекцияға қойылатын талаптар.
- Лекцияның құрылымы.
- Лекцияның сапасын бағалау.
- Лекция оқу формасы ретінде жоғары оқу орынындағы даму көрінісі.
- Проблемалық лекция. Визуализациялық - лекция. Жұптық - лекция. Пресс – конференция түріндегі лекция.
- Жоғары оқу орынындағы лекцияның орыны мен рөлі
Жоғары мектепте оқытуды ұйымдастырудың бірнеше формалары бар. Негізгі формасы — лекция. Лекция латынның ( — оқу) деген мағынаны білдіретін сөзінен шыққан. Алғашқы лекциялар ертедегі Грецияда пайда болып, Римде одан әрі дамыды. Ресейде алғашқы лекцияларды өзі ірге тасын қалаған Ресей Университетінде Ломоносов оқыды. Ол лекцияға лекция әдемі сөйеуді, әдемі сөздерді айтуды, тілі байлығын жетілдірудің және оны жүйелі түрде үйренудің қажеттілігі үшін маңызды нәрсе, қажетті сөздер мен ережелерді жаттауды қажетсінбейді" — деп, баға берді. Лекцияның негізгі дидактикалық мақсаты - студенттердің оқу материалын меңгеруіне қажетті бағыттаушы нсгізді қалыптастыру. Жақсы дидактикалық масаттарға сай ұйымдастырған лекция лектордың аудиториямен шығармашылықтық тұрғыдан жасайтын қарым-қатынасы, оның танымдық эмоционалдық тұрғыдан тиімділігі жоғары болады. Егер студенттің ойлау қабілеті белсенді болса, онда жаңа материал оңай, әрі тез оқылады, сондықтан, лекцияда тыңдаушылардың белсенділігі мен ойлау қабілетін тудыру қажет. Лекциялар мазмұны, құрылымы, сипатына қарай әртүрлі болып келеді. Бірақ, жалпы басшылыққа алатын әдістсмелік ереже, қағидалар ортақ болады.
- Лекцияға қойылатын талаптар
Лецияның нәтижесі: ақпаратты құндылығы, тәрбиелік әсері, дидактикалық мақсатқа жетуі.
Сабақтың эмоциялық - интеллектуалдық қуатын арттыру
Сабақтың эмоциялы әсерлі, интеллектуалды қуатты болуы - сабақты тиісті мәнде ұйымдастырып, түрлендіре білуге байланысты. Ол үшін сабақты айнала өмірімен байланыстырып, белсенді әсерлігін арттыру, эмоциялық сезім туғызарлықтай, күш-қуатын арттыру керек.
Оны мынадай жолдармен жүзеге асыруға болады: Біріншіден, оқитын материалды қызықты-тартымды етіп хабарлау, қызықты мысалдар келтіру, мысалы, кейбір тәжірибелі мұғалімнің тарих сабағын түсіндіргенде келтірген
Екіншіден, сабақты ғылыми-жаңалық ашушы ғылымдардың өміріне байланысты қызықты-тартымды материалдар беру, олардың жаңалық ашудағы шығармашылдық қасиеттері оның ақыл-ой парасаттылығына сай келетіндігін мысалдармен әсерлеп айту.
Үшіншіден, сабақ үстінде оқушылардың шығармашылық ісіне түрткі боларлықтай материал беріп, проблемалар туғызып, ынталарын соған аудара білу. Мысалы, Күн Жерді тез жылыта тау басын тез жылыта ма?
Төртіншіден, мұғалімнің оқу материалын хабарлап-баяндаған уақытта образды-бейнелі түрін баяндап эмоция-сезімін жандандыра білуі.
Бесіншіден, сабақтық эмоциялық-инттелектуалдық қуатының артуына мұғалімнің жеке бас ерекшелігінің де әсері болады. Кейбір мұүғалімдер қызықты юморлық мысалдары сабаққа байланысты қолдана отырып, бір жағы оқушылардың тыныс дем алу мүмкіндігіне де пайда тигізеді. Сол сияқты физкультуралық минут, коллективтің көңілді минуттарында ұйымдастыра білу керек.
Алтыншыдан, мұғалім сабақтың интеллектуалдық-эмоциялық сапасын жетілдіру үшін еңбек мәдениетін дұрыс ұйымдастырады. Тәртіп сапасы, сабақ желісі, шамагершілдік, бәрін есепке алып, бір-бірімен үйлестіре білуі керек.
Мұғалімнің, әсіресе жас мұғалімдердің күнделікті өзіне-өзі бақылау жасап отыруы, оның кемшіліктерден тез арылып, педагогикалық шеберлігінің жетілуіне мүмкіндік береді.
Ол үшін мұғалім өзіне-өзі талаптар қойып, мынадай принциптерді жүзеге асыруы керек:
- сабақты қандай әдіспен қандай мәнде өткізу керек еді, ол ңақты қалай жүзеге асырылады?
- оқушылардың алдыға қойған сабак, нәтижесіне сай оқушылардың ілгірлеушілігі болды ма, болмаса жетістік, кемшілігі қандай дәрежеде?
- оқушылардың сабақ үстінде сабаққа деген ынтасы қандай дәрежеде?... т.б.
3. Лекцияның құрылымы
Лекцияның мазмұны Оған:
а) ғылымилығы — қазіргі кездегі ғылымның дамуына,
жетістігіне сәйкестілігі;
о) саяси бағыттылығы — дүниетанымдық идеяларды бөліп алу, жекелеу, әдіснамалық сұрақтарды ажырата біліп, оларды түсіндіру;
б) ойлаудың белсенділігі — проблемалық сұрақтар қою
және пән аралық байланыстарды анықтау;
Оқытудың әдісі — лекцияның құрылымы, логикасы, жоспары, әдебиеттер, қосымшалар, жаңа терминдер, дәлелділігі мен дәйектілігі, негізгі ойлар мен қорытындылар, оларды ажырата білу, көрнекілік кұралдар, жекеленген жазбалар, тірек конспектілерді қолдану.
Студенттер жумысына басшылық - лекция, конспектілерді жазу, сұрақ-сауал, дискуссия ұйымдастыру.
Лекторға қойылатын талаптар: пәнді жетік білу, идеялық сенімділік, көңіл - күй, дауыс ырғағы, сөз құрамының дұрыстығы мен нақтылығы, демалысы, сырт көрінісі, өзін-өзі аудиторияда ұстай білуі, аудиторияны "көре" және "сезе" білуі, аудиториямен байланыста болуы.
4. Лекцияның сапасын бағалау
Сабақ сапасының жаңа өлшемі, сабаққа қойылатын дидактикалық талап, немесе жаңа сабақ проблемасы мынадай шаралар жүргізу арқылы шешіледі:
1. Сабақтын мақсатының айқын болуы.
2. Сабақты мүмкіншілігінше оқытудың дидактикалық принциптерін басшылыққа алу.
3. Сабақтық көрнектілігін арттыру, техникалық құралдарды мүмкіндігінше пайдалана білу.
4. Сабақта өтілетін негізгі тақырыпты, өмірмен, күнделік жаңалықтармен байланыстыра білу.
5. Пәнаралық байланысты нығайта түсу.
6. Сабақтың білім берумен бірге, тәрбие берерлік міндеттерін шеше білу.
5. Лекция оқу формасы ретінде жоғары оқу орынындағы даму көрінісі
Бүгінгі күнгі білім отандық беру жүйесіндегі жеке адамға деген бағыттылық және гуманистік ұстанымдар және жеке адамның шығармашылылық қабілеттерін жүзеге асыра білуге тәрбиелеу лекцияның мынандай жаңа формаларының пайда болуына ықпал етуде: проблемалық лекция, жұптық лекция, лекция баян, пресс-конференциялық - лекция, бұл аталғандардың қатарын ақпараттық лекция толықтыра түспек, мұнан басқа лекцияның авторлық деп бөліп қарастырсақта болады.
6. Проблемалық лекция.
Пробьемалық лекция дегенде біз бұл жөніндегі мәліметті оқытудың белсенді әдістерімен байланысиырып баяндаймыз. Ал қазір біз бұл жөнінде процестік ерекшеліктер жөніндеғана баян етеміз. Мұнда ақпараттық лекциядан айырмашылығы мұнда ақпарат жайғана беріліп қойылмайды. Мұндағы оқытушының міндеті мәселелік жағдайды ұйымдастыру арқылы студенттерді мақсатқа жетуге деген, мәселені шешуге деген қажеттіліктері мен қызығушылықтарын оятып соның негізінде белсенділіктерін арттыру. Бұл үшін жаңа теориялық материял мәселелік жағдай формасына енді.
Мәселені шешудің негізінде студент оқытушымен әріптестікте болып қажетті білімді игереді. Міне осындай жолмен студенттің іс әрекеті зерттеушілік іс әрекетке ауысады.
Лекция баян көрнекілік принципін жүзеге асырудың жаңа жолдарын іздеудің негізінде пайда боды. Психо педагогикалық зерттеулер көрсеткендей материялды жеңіл қабылдауға ғана әсер етпейді , сонымен қатар оқу материялын есте сақтауғада ықпалы зор.
Лекция баян ауызша ақпаратты ұсынады. Бұлардың қатарына видиоқатар мұнымен қатар демонстратипті атерялдар да болады.
Бұл лекция ТҚ көмегімен іске асырылады. (слайдтар, пленки, планшетер, сызбалар, суреттер, схемалар ж.т.б).
Бұл материял өздігінен баяндалатын материялды қамтиды. Лекция баян келесі талаптарға жауап беруі керек:
• бар білім ді жүйелі баяндау;
• жаңа материялда меңгеруді қамтамасыз ету;
• мәселелік жағдайларды жасау және шешу жолын ұсыну;
• лекция баянның түрлі әдістерін ұсыну.
Оқу материялына сәйкес көрнекі құралардың әр түрі қолданылады:
• табиғи (минералдар, реактивті, машина бөлшектері);
• шығармашылық (слайдтар, сутерттер, фото);
• символикалық (схемалар, таблицалар).
Пресс – конференция түріндегі лекция.
Тақырыпты осылай атай отырып оқытушы студентке келесі дей тапсырма береді. Студенттерге тақырыпқа сай өздірінің сұрақтарын параққа жаза отырып оқытушыға үш төрт минуттың ішінде береді. Оқытушы мұнда сұрақтарды жүйеге сала отырып біртіндеп жауап беруге тырысады.
Мұндай лекцияны былай етіп ұйымдастыруға болады
бірінші тақырыпты анықтамас бұрын ортаның қызығушылықтары мен қажеттерін анықтап алған дұрыс;
орта шеніне келгенде студенттердің қызығушылықтары оянғанда білімдердің мазмұнын жүйеге келтіру қажет.
Алған білімді дамыту үшін белгілі бір переспективаларды жасау.
6. Жоғары оқу орынындағы семинар және практика сабағы
- Жоғары оқу орынындағы практикалық сабақ.
- Практика сабағының құрылымы.
- Семинар сабағы. Семинар сабағының мақсаты.
- Семинар сабағының типтері.
- Семинар сабағының формалары.
- Семинар сабағын бағалаудың критерилері.
- Жоғары оқу орынындағы практикалық сабақ.
Жоғары мектепте оқыту процесті жүзеге асыру практикалық жұмыстар арқылы жүзеге асады. Олар пәнді тереңдете меңгертуге бағытталған. Олардың формалар түрліше болып келеді.
Практикалық сабақ студенттердің білімді алу ісінде маңызды рөл атқарады. Кіші курыстарда практикалылқ сабақтарды екі үш лекциядан соң жүргізген дұрыс.
Практикалық сабақтың мақсаты алған білімді тереңдетуге, кеңітуге, білімді бөлшектеп меңгеруге, кәсіби іскерлікті меңгеруде ықпалы зор.
Практикалық сабақтың жоспары лекция курысының идеясына бағытына сәйкестеніп келеді. Бұл барлық оқытушылар үшін бір және кафедра мәжілісінде талқыланады.
Практикалық сабақтың әдіс тәсілі автордың өзінің қалауы мен мүмкіндіктеріне байланысты ұйымдастырылады.
- Практика сабағының құрылымы.
Сабақты түрліше ағымда жүргізуі практикалық сабақтың барысында іске асады. Бұл рефератты талқылау, пікір талас, тапсырмалар қатарын шешу, баяндамалар т.б. болуы мүмкін.
Сабақтың мақсаты тек оқытушыға ғана емес қатысушыларға түсінікті болуы шарт.
Практикалық сабақты студенттер үнемі тапсырмалардың біртіндепе күрделеніп жатқандыығын сезінетіндей етіп ұйымдастыру керек. өздерінің оқу процесінің барысында қол жеткізген табыстарына қуана білуін, үнемі шығармашылық жұмыспен айналысуын, дұрыс, оң шешім қабылдауға үйренуін қадағалау қажет. Шығармашылық педагогикалық қарым қатынаста жеке тұлғалық ұстанымдар маңыздырақ болмақ. Оқу процесіне қатысушы өзінің қабілеттерін ашып көрсетуіне мүмкіндңк жасалынуы керек. Осы себепті сабақты жоспарлауда, оның мазмұнын жасауда әрбір студенттің дайындық деңгейін, қызығушылықтарын ескеру керек.
Практикалық сабақты жүргізуде қайталауды маңызды рөл атқаратындығын ескерген жөн. Бірақ бұл процес біртекті, қызықсыз емес тұрлі вариянтта жүргізілгені дұрыс.
- Семинар сабағы. Семинар сабағының мақсаты.
Семинар сабақтары, негізінен, жоғары мектепте гуманитарлық пәндерді оқытуды ұйымдастырудың формасы болып табылады.
Студент семинар сабағына дайындалу барысында өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеп, дайындалады (талдау жасау, рефераттар жазу, баяндамаларға дайындалу, т.с.с.)
Семинар сабақтары - студенттердің шығармашылық іс-әрекетін дамытудың бірден-бір жолы.
Семинар латыныц «Seminarium» деген сөзінсн шыққан. Семинар ертедегі грек, рим мектептерінде диспут, комментарий, қорытынды түрінде өтілген.
Семинар сабақтарының маман даярлауда маңызы зор, себебі әртүрлі, күрделі міндеттерді шешуге мүмкіндік туғызады, студенттердің шығармашылықпен жұмыс істеу қабілетін дамытады. Семинар сабағында студенттер ғылыми ақпаратты меңгереді, ғылыми жұмыстарды жазу, өндеу дағдысы мен іскерлігін дамытады, материалды ауызша немесе жазбаша түрде айтып, жазып беру өнерің игереді.
Семинар сабағының бірден-бір мақсаты лекцияда алған білімді терең үғыну, проблемаларды шешу, проблемалық ситуациялар мен есептерді ойластырып, талдау, өз позицияларын айқындап, анықтау.
Семинар сабағына дайындықтың бастауы — әдебиетпен жұмыс істеу, талқыланатын мәселелер мен сұрақтарға дайындалу. Семинар сабағы өзінің әдістемесі мен ерекшеленеді, яғни әдістемесінің әртүрлі, көп қырлығымен.
Семинардың жоспары, қарастырылатын сұрақтар алдын-ала белгілі болады, онымен студенттер алдына-ала танысады. Сол бойынша барлығы дайындалады. Келесі бір әдісі — белгілі бір тақырыптарға, белгілі бір студенттер арнайы дайындалады. Бұл жағдайда оқытушы студент баяндамасының өз бетінше шығармашылықпен, жауапкершілікпен жұмыс істеу деңгейін бағалайды. Қалған студенттер тек тыңдаушылық ғана рөлін орындамау үшін топтың белсенділігін (сабақ үстіндегі) арттыру үшін оқытушы тақырыпқа байланысты, мүмкіндігінше, көптеген қосымша сұрақтар дайындауы керек.
Жоғары курстарда жүргізілетін арнаулы семинарлар және оларға қойылатын талаптар мен қағидалар.
Семинарға дайындалу үшін оқытушы негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімін береді.
Семинар арнаулы семинар, жеке семинар, ағымдағы семинар болып бөлінеді. Жоғары курстарда арнаулы семинарлар жүргізілсді. Семинар сабақтарының сапалылығын анықтайтын критериилер:
- Семинар сабағының типтері
Бүгінгі ЖОО семинар сабағының белгілі үш типі кең етек алған.
- Кіріспе семинар
- Семинардың өзі
- Мамани семинары
Кіріспе семинар семинар сабағына дайындық сабағы, бірінші курыстарға жүргізіледі. Мақсаты студенттерді студенттердің өзіндік жұмысының ерекшеліктерімен, әдебиеттермен, олармен жұмыс жасаудың жолдары мен таныстыру. Тәжірибе көрсеткендей бірнеше ақпарат көздерімен бірмезгілде жұмыс жасай алмайды, қажетті ақпараттарды қалай өңдеп алудың жолдарын білмейді. Осы себепті студенттерді әдебиетпен жұмыс жасауға үйрету қажет.
ЖОО семинардың үш типі тәжірибеде жүр:
- белгілі бір курысты тереңдетіп меңгеруге және тақырыптары сонымен тығыз байланысты семинар.
- белгілі бір тақырыпты не курыстың методологиялық қатынасын анықтауға бағытталған семинар.
- белгілі бір тақырыптар мен бөлімдерді зерттеушілік жұмыстарға бағытталған семинар.
- Семинар сабағының формалары. Семинар сабағының формалары
а) алдын ала жоспарланған жұмыс бойынша өңделген әңгіме; б)семинарға қатысушы студенттердің кішігірім баяндамасы. Бұл формаларды бір біріне қарама қарсы қойуға болмайды олар бір бірін толықтырып тұрады.
Семинар бұл студенттермен үнемі қарым қатынас, сенімді қарым қатынастың орнауы, шығармашылық педагогикалық қарым қатынас осы жерде жүзеге асуы мүмкін. Семинар сабақтары өмір бойы есте сақаталып қалуыда әбден мүкін, оған ондағы өзара түсіністік, жлдастық қарым қатынас, шығармашылық бірлестік т.б. жатады.
Мандыққа дайындау семинарлары. Жоғары курыстарда жүргізілетін семинар сабақтары. Мұндағы жетістік ұйымдастырушының жеке тәжірибесіне тығыз байланысты. Мамандыққа дайындау семинар сабағын аталмыш мамандыққа байланысты бай тәжірибесі бар, белгілі ғылыми мектептен өткен оқытушының басқарғаны дұрыс.
- Семинар сабағын бағалаудың критерилері.
- мақсатқа бағыттылығы теориялық материалды
болашақ кәсіби іс-әрекетте, материалды нақты іс жүзінде
қолданумен байланыстыру;
- жоспарлау - басты мәселелерді бөліп алу;
- ұйымдастыру — пікірталас, пікіралысуды қолдау, студенттсрдің жауаптарына талдау жасау;
- Семинарды жүргізу стилі — белсенді;
- Оқытушының студенттермен қарым-қатынасы, талап қоя отырып, құрметтей білу немесе бейтараптық;
- Студенттердің оқытушыға қарым-қатынасы — сыйластық, өзара сын;
- Топты басқару - оқытушының топта өзін-өзі еркін ұстауы, сснімділік, әдіддік немесе керісінше көп ескертулер жасауы, дауысын көтеру, топта тек бірнеше студентпен ғана жұмыс істеуі, т.б.
- Оқытушынын қорытындысы — кәсіби шеберлікпен, сенімділікпен немесе керісінше;
- Студенттердің жазба жұмыстарын үнемі, жүйелі түрде жүргізу немесе керсінше.
Көптеген жағдайларда семинар сабақтарында іскерлік ойындар ұйымдастырылады (мамандыққа байланысты).
Семинар сабағын өткізгенде оқытудың дидактикалық қағидалары орындалуы тиіс. Атап айтқанда:
Оқытудың тәрбиелігі, яғни болашақ мамандыққа деген қызығушылығын дамыту, арттыру өзін-өзі тәрбиелеу, кәсіби тұрғыдан тәрбиелеу;
Оқытудың ғылымилығы — ғылымның соңғы жаңалықтары, жаңашыл мұғалімдер тәжірибесі оқытудың жаңа технологиялары, педагогикалық инноватикалар, педагогикалық терминдер, студенттердің ғылыми көзқарасы мен педагогикалық тұрғыдан ойлай білу қабілеттерін қалыптастыру;
Оқытудағы саналылық — қағидалар мен зандылықтарды саналы түрде ұғыну, оларды іс-жүзінде пайдалы білу;
Теорияның практикамен байланысы — теориялық материалдарды бекіту, байқаумсн байланысы, т.б. қорытындылап, тұжырымдауды, нақты іскерліктерді қалыптастыру, т.б.
7. Оқыту процесіне ықпал ететін психологиялық факторлар
1. Оқыту және қабылдау.
2. Дағдылануға үйрету.
3. Ойлау әрекетіне дағдыландыру және үйрету.
4. Ойлау әрекеттеріне дағдыландыру жолдары.
5. Оқу іс - әрекеттеріне ықпал етуші факторлар.
6. Зейін аудару және бекіту. Білім алу іс - әрекетін ұйымдастыру.
1. Оқыту және қабылдау.
Оқу процессінің барлық түрлерінде оқыту канцепсиялары, оқыту процесттері, оқыту түрлері, мативтер , оқыту көздері барлығы да бір мақсатта жұмыс атқарады. Олардың соңғы міндеттері - қатысушылардың іс - әрекетін оқу процессіне бағыттау. Егер оқу процессіне бағытталған күшке мақсат серік болмаса оқудың өзі де болмайды.
Педагогтың оқу процессін тиімді жүргізуі үшін қатысушылардың материялды қабылдаудағы, есте қалдыру, есте қалған дүниелерді қолдана білу мүмкіндіктеріне назар аударуы керек. К.Д. Ушински былай деп жазған «егер педагог адамды барлық жағынан тәрбиелегісі келсе, оны барлық жағынан білуі керек». Неге оқытсақта, қалай оқытсақта біз ең алдымен қатысушылардың сезім мүшелеріне ықпал етеміз. Бұл жөнінде сенсуализмнің өкілі Джон Лок кеңінен айтып кетті. Ол былай деді: «интеллектіде сезім органдарынсыз өткен ешбір дүние жоқ». Студент лекцияны тыңдап отырма жоқ әлде экспериментатордың іс - әрекетін жайғана бақылап отырма барлық кезде ең алдымен адамның сезім мүшелері іске қосылып яғни сезініп кейіннен қабылдап және сонан кейін ғана есте сақтау, байланыстардың қалыптасуы, ойлау, шығармашылық ойлау процестері жүреді. Соңғы кездердегі материялистік филосфия адамның сезім мүшелері білім алуындағы ең негізгі орган деп санайды. «сезім органдарысыз біз ешқандай заттардың формасын ешбір қимыл қозғалыстың формасын анықтап біле алмаймыз». Егер педагог қатысушылардың таным іс - әрекеттеріне ықпал еткісі келсе (бұл егер де оқыту процессі болса), ол ең алдымен оның сезім мүшелеріне ықпал етеді. Мұнда барлық сезім органдары жұмыс жасайды. Оның ішінде көру, есту органдары ерекше рөл атқарады себебі адам осы сезім органдары арқылы ақпарат көздерінің үлкен бөлігін қамтып алады. Психологтар сезіну деп организмнің сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жекелеген жақтары мен қасиеттерінің бейнеленуі деп санайды. Сезіну негізінде қабылдау процессі жүреді. Бұл процесс адамнның қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды толық қабылдауымен ерекшеленеді. Қабылдау арқылы объектінің түрлі жақтарын жан – жақты қыбылдай отырып толық жүйе ретінде ықпал етеді.
Лектор лекция оқу барысында ол қандайда бір жағдай жөнінде, құбылыс жөнінде, қандай да бір заңдылық жөнінде ақпаратты жеткізгісі келеді. Дыбыс апараттары ауанның әсерімен жұмыс істейді. Ауынын бұл әсері тыңдаушыларға жеткізген лектордың ақпараты болып табылады. Осы секілді ақпараттар сигналдардың басқа жүйесінде тіркелуі мүмкін мысалыға қағаз бетіне жазылған әріптер. Сигналдар бұл – белгілі бір кодтармен анықталатын, сақталатын, физикалық тасмалданатын ақпараттар.
Ақпараттың қабылдануы үшін азда болса сезім мүшелеріне ыңғайлы жағдай жасауы керек. Бір айта кетерлігі көптеген оқытушылар мұны ескере бермейді. Көбінесе акустиканың қатысуынсыз не болмаса көрнекі құраларын пайдаланғанда аудиторияның соңына қарай отырған студенттердің көздерінің көру ерекшеліктерін ескермей лекция оқйтын кездеріміз аз болмайды.
Көздің өткірлігі көздің талдағыштарының өте үлкен деңгейдегі марфологиялық құрылымы болып табылады. Кейбір жағдайларда көздің өткір әрекет етуі педагогтың қолында болады. Көздің өткірлігінің неге байланысты екенін зерттей мақсатында ұйымдастырылған зерттеулер жарықтың жақсы деңгейде болуынан көздің өткірлігінің арттатындығын көрсетті.көрсетілетін көрнекі құралының жарығы төмен болса көздің өткірлігі төмендейді.
Адам көзінің өткірлігінінің төмен болуына байланысты үлкен айдиторияларда лекция оқу кезінде кестелерді пайдалану тиімсіз. Себебі ондағы таңбалар өте кішкене.
Ғылыми ақпараттардың қатары өсіп келе жатыр ал уақыт ақпараттарды беруге түгеліменнен жетпей жатқаны баршамызға мәлім. Педагогтың лекция сабағында студенттерге көбірек ақпарат бергісі келетіндігі мәлім. Біріақ қатысушылар лекция сабағының барысында қанша материялды меңгеруі мүмкін. Фисихофизиологиялық зерттеулер көрсеткендей жарықты көбейту арқылы оның қабылдау процессінде дамытуға болады. Бірақ жарықты ұлғайту негізінде жақсарған қабылдау процессі бірдей деңгейде жүрмейді, сонымен қатар жарықтың мөлшері азайған жағдайда қабылдау процессінің жылдам төмендеп оны қайта өз деңгейіне әкелген кезеде айтарлықтай дәрежеге жеткен жоқ. Осындай жолмен экрандағы жарықты ұлғайтудың қажетінің жоқтығын білеміз.
Бірақ сезім мүшелерінің физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып жұмыс жасау пайдалы.
Егерде жақсы жарықтандырылған бөлмеде тақтаға ақ қағаз іліп оның ортасынан қағаздың ақ бетімен бірдей етіп қара сызық түсірсе, ақ сызық үлкен секілді болып көрінеді. Егерде лекцияның барысында студенттерге салыстыруы керек екі алаң ұсынылса онда олардың бірін ақ екіншісін қара етіп бояу мақсат емес. Кей жағдайларда илюзияның себебінен ілінген көрнекіліктер теріс қабылдануы мүмкін. Студенттің есінде дұрыс емес бейне сақталынып қалады. Мысалыға түзу алаңдар қисық секілденіп тұрады. Көру процессіндегі илюзиялардың себебінен ұзындықты өлшеуде,бұрышты өлшеуде т.б. жағдайларда қателітер кетеді.
Педагог үшін текқана көру процессін есепке алу міндет емес сонымен қатар көрнекілікьердің санында есепке алған дұрыс. әрбір лекцияның барысында педагог сол тақырыптың психо – педагогикалық міндетін мақсатты түрде шешуі керек.
Педагогтың лекцияны жүргізу барысындағы ұсынған көрнекілігімен сабақтың мақсаты мүлдем екі басқа болуы мүмкін. Кейкездерде пеагогтар көрнекіліктерді студенттердің есінде жақсы сақталсын деген мақсатпен қойуыда мүмкін. Мұндағы мақсат ұсынылып отырған ақпаратты студенттердің санасына жеткізудің тағы бір жолы арқылы беру болып табылады. Оқу материялының студенттердің есінде жақсы сақталынуы қабылдау органдарының саныменде тығыз байланысты екені баршамызға мәлім. Егерде мақсат ең негізгісін бөліп алу болса ондай жағдайда мақсатты түрде бірден бірнеше көрнекіліктерді пайдалану мүмкіндігі төмендейді. Мұнда нақты өңделген бірғана көрнекілікті пайдалану үлкен пайда әкеледі. Лекциядағы ақпараттарды студенттердің есінде жақсылап қалдыру үшін қолданылатын қандайда бір жағдайларға байланысты, психо – педагогикалық мақсаттарға байланысты әржақты пайдаланылып отырылады.
Оқу материялдарын меңгеруде төмендеу байқалса, сенсорлық функциялар әлсірегендігі. Мұндай жағдайлар ұзақ уақы жұмыс жасаудың барысында байқалады. Мұны оқу процессінде теледидарды не басқада техникалық құраалдарды пайдаланғанда ескерген жөн.
Қабылдау – бұл гипотезамен бірге жүретін жүретін процесс. әртүрлі адамдар бірғана объектіге көңіл аудара отырып оның әр жағынан қарастыруы мүмкін. Адам нені көрсе болмаса естісе сол зат оларға көрсетілген нем айтылған болып есептелінеді. Адамның болжап күтіп отырған ойы процесстер мен құбылыстардың не түрлі заттардың арасынан соны танып білуге күшті ықпал етеді. Ол объектіні текқана көріп қоймайды сонымен қатар оны қарап шығады. Ал қарап шығу үшін уақыт керек. Қарап шыққанан кейінгісі есте қалғаны адамның қабылдауы үшін маңызды болған бөлігі болып саналады.
Лекцияның барысында қатысушылар көрнекіліктердеге ақпараттардың барлығын бірден қабылдай аламауы мүмкін бұған көбірек уақыт кетіп қалуы мүмкін. Осы себепті қатысушылар аз уақытта қарап шығып игеретін материялдарды бергені дұрыс.
Зерттеулер көрсеткендей сабақты жүргзу барысында көрнекіліктерді салыстыра отырып мына жағдайды анықталды. Ақпараттарды графикалық тұрғыдан белгілегенде сандық белгілеулерге қарағанда аз уақытты алады. Мұның маңыздылығы педагог үшін аз емес, сонымен қатар қатысушылардың ақпаратты қандай түрде қабылдауға деген даярлығы да рөл ойнайды.
Мысалыға аэровакзалдың шулы, түпкірде орналасқан залында самлеттың келуін күтіп тұрды. Осы кезде самалеттың келетңн рейс мен уақытын айтты. Мұнда ең маңызды сөз дұрыс естілмегендей болды. Бұл хабарламаның анық айтылғанында дау жоқ. Мұндағы себеп адамның бұл хабарламаны естуге деген дайындығы мен естегеннен кейінгі сенімсіздігі болып отыр. Лектордың лекция оқу процессінен мысал келтірейік мұнда лектор мәнерлі түде лекция оқып жатыр делік, оның барысында белгісіз атттар мен фамилиялар және белгісіз терминдер кездеседі осы кезде аудиторияда абыр – сабыр болған студенттердің бірі оны әріптеп айтуды сұранса бірі тақтаға жазуды келесілері қайталауын өтінеді – сабақтың барысында белгісіз кедергі пайда болады. Ең қиын деген жағдайда студенттер үнсіз қалып олардың дәптерлерінде қателіктер пайда болады.
Адамның сөздік ақпаратты қабылдаунда және есте сақтауында оны естуғана маңызды емес сонымен қатар ол сөздің кең мағынасын түсінуде маңызды.
Қорыта айтқанда педагог қандайда бір ақпаратты жеткізуде не көрнекіліктерді пайдалануда студенттердің нені күтіп отырғандығын, олар үшін ненің маңызды екендігін анықтаған жөн. Осыларға байланысты олардың да қабылдауы түрліше болмақ, сонымен бірге оқытушының сөйлеу мәнері де, дауыс ырғағы да маңызды роль атқарады.
2. Дағдылануға үйрету.
Іс - әрекет адамда саналы және санасыз түрде іске асады. Адамның барлық іс - әрекеті автоматтандырылған түрде жүргізілмейді себебі соңғы нәтижесінде кез келген іс әрекет саналы мақсатты тұтынады. Алайда адам барлық іс әрекеттерін саналы түрде басқармайды мұнда автоматты дағдылану маңызды рөл атқарады. Іс - әрекеттің белгілі бөліктері автоматталуы оның құрылымын жетілдіре түседі.
Дағдыға іс - әрекеттіорындау дағы әдіс тәсілдердің орындалуының сәттілігі жатады. Іс - әрекеттің автоматталуы сананы ақыл ой операцияларынан босауына мүмкіндік береді. бірақ жартылай саналы іс әрекеттің орындалуы бәрібір сақталып қойылады.
Адамдағы дағды автоматтандырылған саналы іс - әрекет ретінде сананы артық бақылау, жүргізіу жұмыстарынан босатады.
Психикалық және практикалық әрекеттердің құрылымы, жаттығудың және қайталаудың негізінде іске аспақ: біріншірет орындағанда нәтиже сол күйінде қала бермек, алайда қайталаудың негізінде іс өз нәтижесін көрсетеді. Жаңаша мүмкіндік алған сана іс әрекеттің жылдам орындалуына ықпал етіп түрлі өзгерістерге беймделуіне ықпал етеді.
Оқытуға дағдыландырудың екі негізгі жолын атап көрсетуге болады: егерде негізді сенсорлы даралау арқылы қарастырар болсақ, олай болса ең алдымен қатысушылардың қабылдау әрекеттеріне дағдыландыру қажет. Сонымен оқытуға үйретуде әріптердің негізгі элементтеріне назар аударту керек. әрбір әріп бір – бірінен ерекше («и», «н» — ың бір сызығы орта шенінде; т.б.). негізгі жаттығулар мен қатар қосымша жаттығулар да болуы қажет, мысалы текстерді оқу, әріптердің айырмашылығын табу.
Егер дағдылындыруға үйретудің негізінде моторлы даралау жатса аталмыш объектіге қатысты іс - әрекеттің барлық бөліктерін нақтылап өңдеу керек. Мұндай жағдайда оқу әрекетінің өзі ерекше ұйымдастырылуы керек. Сөздердің қатары толық қойылып меңгерілгеннен соң келесісіне өту жүргізіледі.
3. Ойлау әрекетіне дағдыландыру және үйрету
Ойлау – бұл сыртқы дүниедегі құбылыстар мен процестердің жоғары жүйке жүйесінде толық түрде бейнеленуі. Оқу практикасының ақыл – ой әрекетінің алдына оқу әрекеті міндет ретінде қойылады.
Ойлау іс - әрекетіне дағдылану мынандай жол арқылы іске асады:
1) қатысушылардың онымен танысуы, 2) жаттығу – ақыл – ой әрекеттерінің қажетті әдіс – тәсілдерді қолдану, 3) ұзарту - әдіс тәсілдерді жаңа міндеттерді шешуде қолдану. Міне осындай жолмен ақыл – ой әрекеттерін қалыптастырып дамыту мынандай жолмен жүреді: әдіс – тәсілдердің мазмұнын меңгеру, өзінше оны қолдану, жаңа жағдайда қолданысқа енгізу.
Ақыл – ой әрекетін меңгеру жолары түрліше жүзеге асуы мүмкін үйренушінің үйренудің әдіс – тәсілдерінің мазмұнына байланысты.
4. Оқу іс - әрекеттеріне ықпал етуші факторлар.
Кез – келген оқ әрекетінің жан – жақты компоненттері: білім алушының іс - әрекетінің жиынтығы. Оқу әрекетіне барушының әрекетіне ықпал ететін бірінеше факторлар бар.
1. оқу материялының мазмұны;
2. оқу материялының формасы:
3. оқу материялының құрамы;
4. оқу материялының маңыздылығы
5. матерялдың құрылымы;
6. оқу материялының көлемі;
5. Зейін аудару және бекіту. Білім алу іс - әрекетін ұйымдастыру.
Зейін – бұл психикалық іс-әрекеттің бағытталуы мен шоғырлануы. Осы әрекеттің таңдамалылығы мен сақталуы оның бағыттылығын танытса, ал сол әрекетті тереңдей танумен басқаларын елемеу – зейіннің шоғырлылығын білдіреді. Бұл анықтамадан болатын қорытынды - зейін өз өніміне ие емес, ол тек басқа психикалық үдерістердің нәтижелілігін көтеру қызметін атқарады.Зейін сана қызметінің іске асуын қамтамасыз ете отырып, сыртқы әсерлерді бөлшектейді, нақты сәттегі мәнді ықпал бірліктерін ажыратады және оларға аса жоғары аналитик-синтетикалық күштерді шоғырландырады. Осыдан сана айқын да анық деңгейге көтеріліп, қажетті бағыт-бағдар алады.
8. Студенттердің іс - әрекеттерінің белсендігін арттыру жоғары мектеп психологиясының мақсаты мен міндеті ретінде
Студенттердің оқу іс - әрекеттерінің белсендігін арттыру ұғымы. Оқу – тәрбие әрекеттерінің белсенділігін арттыру мәселелері.
Оқу жұмыстарының топтық формасы оқу іс - әрекетін белсендіруші фактор ретінде. Белсенді оқу әрекеттерінің әлуметтік – пихологиялық қағидалары.
6. Студенттер әлуметтік топ ретінде
Студенттік топ — материалдық және рухани өмірде жоғары кәсіби және әлеуметтік рөлдерді орындау үшін белгілі бір бағдарламамен іс-әрекеттері ұйымдастырылатын әлеуметтік топ.
Студенттік жасқа әлеуметтік тұрғыдан жетілу кезеңі сәйкес келеді. Бұл кезеңнің белгісі білім алудың аяқталу кезеңі, еңбекке деген белсенділік, қоғамдық жұмыстар, заң алдындағы жауапкершілік, жанұя құру, бала тәрбиесі болып келеді. Қазіргі кезде студенттік топ қоғамдағы сан жағынан алғанда алдыңғы орындардың бірінде. Оған әркімнің де көзі жетеді. Соңғы жылдардағы білім беру, оның ішінде жоғары білім беру жүйесінде болып жатқан елеулі өзгерістерге байланысты арнаулы орта білім, жоғары білім, жоғары білімнен кейінгі екінші жоғары білім, магистратура, аспирантураларда білім алып жатқан жастардың саны арта түсуде.
Студенттер - қоғамның ірі интеллектуалдық потенциалы. Студенттердің әлеуметтік құрылымы негізінен біздің қоғамымызды әлеуметтік құрылымын айқындайды.
Студент ұғымына педагогика және психология ғылымдары нақты түсінік бермейді. Ал ғылыми өдебиеттерде берілетін анықтамлар әртүрлі болып келеді.
Психологияда 17—18, 25—26 жас аралықтарындағы үлкендер, ересектер қатарына енген шақ деп сипатталады. Студснт үшін бұл кезсңдер жеке тұлға ретінде қалыптасуымен жоғары білікті маман бөлу кезеңдеріне жатады.
Белгілі Кеңес Одағының психологы Б.Г. Ананьев студенттік кезең, жеке адам тұрғысынан алғанда, адамгершіліктік және эстетикалық сезімдердің белсенді түрде даму кезеңі, ересек адам ретінде азаматтық, саяси - қоғамдық және кәсіби мамандық міндеттерінің тұрақталу, толысу кезеңі деп көрсетеді.
Студенттік кезең қарым-қатынастың нағыз кең көлемде жүретін шағы.
Студенттік жас — ақыл - ой мен қабілеттіліктің дамуының маңызды кезеңі.
Жоғары мектепте оқитын кезең жастық шақтың екінші кезеңімен немесе ақыл тоқтатудың алғашқы кезеңімен сай келеді (Б.Г.Ананьев, И.С.Кон, А.В.Дмитриев т.б.). Бұл кезеңнің ерекше белгілерінің бірі мінез - құлықтың саналы жақтарының молаюы. Жоғары класта жеткіліксіз деңгейде болған мақсатқа ұмтылушылық, шешім қабылдай білу, өзіндік пікір, өзін-өзі ұстай білу, бастамашылдық сияқты қасиеттердің айқын көрініс беруі, адамгершілік моральдық тұрғысына мақсат, өмір сүру стилі, парыз, адалдық, махаббат сезімі сияқты мәселелерге ынта-ықылас артады.
Жастық шақ өзіне-өзі баға беру мен өз ісіне талдау жасау кезеңі.
Жоғары оқу орнында оқу жастың (жас адамның) өз күніне деген сенім мен қабілеттілігін, өмірге деген құлшынысын арттырады. Оқудың екінші, үшінші курстарында оқу орны мен мамандық таңдауының дұрыс не бұрыстығы жайлы ойланады, өз іс-әрекетіне талдау жасайды, бағыт береді. Өмірлік серік іздеу, жар таңдау, әсіресе жоғары курстарда үлкен рөл атқарады.
Студенттердің жас және дара ерекшеліктерін айта отырып, олардың жеке тұлғаның өзегі (стержиі) оның мақсаттылығы мен бағыттылығы, оның ішінде ең алдымен болашақ маманның кәсіби сапасын анықтайтын қоғамның саяси, экономикалық және әлеуметтік құрылымы екендігін естен шығармау керек.
Жоғары оқу орнында білім алудың алғашқы кезеңдерінде студент оқу-тәрбие процесінің объектісі ретінде көбірек әрекет етеді. Бой үйрету барысында ол жаңа шарттар мен міндеттерді игеруі шарт. Іздемпаздық жұмыс көлемі мен мәнінің артуы, жаңарту сипатынддағы оқу танымдық қызметтен оның жемісті түрлеріне көшу, ынта ықыластың пайда болуы және оқу зерттеу қызметіне қатысу студенттің оқу-тәрбие процесінің субъектісі екендігінің айғағы.
Қазіргі педагогика және психология ғылымында «студенттік топ» деген ұғымға нақты анықтама жоқ. Белгілі психологтар еңбектерінде студенттік топқа 17-23, 18-25, 17-30 жас аралығындағы жоғары оқу орындарында оқып жүрген жастарды жатқызады. Социолог Л.Я.Рубина студенттік топ ұғымына мынадай анықтама береді: «Студенттік топ – интелегенциялық топтарды қайнар көзі, қоғамдық пайдалы қызметтерге белсенді араласатын үлкен қоғамдық топ». Батыс Европа елдерінде студенттер арнайы қалашық – кэмпустарда тұрады. Олардың академиялық үлгерімі мен демалыс уақытын «Үлкен колледждер» қадағалап тұрады. Осы жәйт олардың студенттік өмірін өздеріне қолайлы етеді.
Студенттердің білім алудағы мақсаттарының ортақ болуы, еңбек ету, оқу, өмір сүру сипаттарының бірдей болуы, оқу орнындағы тіпті елдегі қоғамдық істерге араласуы – студентік топтың ұйымшылдық, достық көрсеткішінің жоғары деңгейіне алып келеді. Студенттер әр түрлі топтардың өкілдерімен танысудың мүмкінділігіне ие болады.
Студенттік шақ – адамның жеке тұлға, қоғамның белсенді мүшесі болып қалыптасудағы маңызды кезең.
7. Студенттік жас кезеңінің психологиялық ерекшеліктері
17-18 бен 25-26 жас аралығын психологияда екінші жастық шақ деп атайды, ересек адамдардың әлеміне кіру шағы. Студент үшін бұл шақ – тұлға әрі жоғары маман иесі болып қалыптасу кезеңі. Психолог Б.Г.Ананьев студенттік жасты былай сипаттайды: Бұл жаста ахлақтық және эстетикалық сезімдер белсенді дамиды, ересек адамға тән азаматтық, қоғамдық-саяси, кәсіби-еңбектік функциялардың пайда болып, нығаюы байқалады, мектеп жасынан студенттік жасқа өту уақытында интелектуалды, физикалық күштердің дамып жетілуіне байланысты студенттің сұранысы артады. Бірақ, осы сұраныстарын жүзеге асыру жолында уақыттың, әрі экономикалық мүмкіндіктердің жетіспеуі қайшылықтарды туғызады. Студенттің дербес іс-әрекеті жатақханаға орналасқан және қаржы қорын жаратып, жұмсағанда, өз уақытын дұрыс пайдалануда көрініс табады. Студенттік шақта жастар осы жасқа тән өздеріне деген сенімділігі мен албырттықпен көптеген қоғам қабылдаған құндылықтарды, қатып қалған ережелерді, өмір сүру қағидаларын сынай бастайды. Бұрын күдік туғызбаған мәселелрдің бәрін қайтадан, басынан сын көзбсн қарастыру - студенттерге тән ерекшеліктердің бірі болып табылады. Студенттердің осы бір сын көзбен қарау іс-әрекеті кейде көрініс болса, көп жағдайда негізсіз болып табылады. Себебі, болып жатқан құбылыстарды бағалауға өмір тәжірибесінің жетіспеуінің нәтижесінде ақылсыз, негізсіз сынға әкеледі.
Атақты орыс педагогы К.Д. Ушинский осы кезеңнің жауаптылығы мен маңыздылығына ерекше коңіл аударып, былай жазған: "16—23 жас аралығын біз адам өміріндегі ең шешуші кезсң деп санаймыз. Осы уақытта көптегсн ой-тұжырымдырдың қалыптасу уақыты аяқталады. Ой-тұжырым, көзқарастардың бір бөлігі бір буынды құрайды, және бұл буын адам мінезі мен ойлау жүйесінде басқа бағыттардан салмақтырақ болады".
Бұл кезеңде шындыкқа, идеалға деген құштарлық жоғары болады. Студснттің білімін терендететіи ақпарттың көптігі және бұл ақпаратты игеруге уақыттың жетіспеуі — өз өмірін ұйымдастырудағы қателіктерге білім мен ойлау ісіндегі үстірттілікке әкеледі.
Студенттік шақ ақыл-ой қабілетінің дамуы мен теориялық ойдың қалыптасуындағы маңызды уақыт. Жалпы адам интеллектісінің қарқынды даму кездері 19, 22, 24—26 жасында белгіленген. Интеллектің дамуы шығармашылық қабілеттің дамуымен тығыз байланысты. Шығармашылық қабілет оқу барысында максималды пайдаланылуы тиіс. Міне, осы мақсатты жүзеге асыруда төмендегі педагогикалық мәселе шешілу керек, яғни барлық студеттерді ғылыми-зерттеу жұмысына жұмылдыру.
Студенттік шақ бұл — адамдардыц бір-бірімен қарым-қатынас жасауыныц кең өріс алған кезеңі. Алайда осы кезде аға буын мен жастар арасында қайшылықтар орын алады. Себебі студент үлкен болса да, бала да, ересек те емес, ересек, бірақ әлі өте жас. Осы кезде үлкендермен қарым-қатынастарда жаңа көріністер пайда болады.
Студенттердің білім алудағы мақсаттарының ортақ болуы, еңбек ету, оқу, өмір сүру сипаттарының бірдей болуы, оқу орнындағы тіпті елдегі қоғамдық істерге араласуы – студентік топтың ұйымшылдық, достық көрсеткішінің жоғары деңгейіне алып келеді. Студенттер әр түрлі топтардың өкілдерімен танысудың мүмкінділігіне ие болады.
Студенттік кезең адамның өзін-өзі тұлға ретінде қалыптастырудағы үлкен жұмыс істеуімең орындаумен сипатталады. Студснттің өзіндік "менің сыртқы көрінісімнен" басталып, мінезін анықтайды. Психолог Ю.А. Самариннің пікірі мынадай: "Осы уақытта мінезді қалыптастыру дүниетанымды қалыптастырумен тығыз байланысты. Саяси, моральдық мәселелер қайта қарастырылады".
Студентті тәрбиелеу мәселесі міндетті түрде студенттің өзін-өзі тәрбиелеу процесімен үйлесу керек. Студенттік жас тұлғаның физикалық жетілуінің уақыты, достық пен махаббат мәселесі ақырында өз жанұясының құрылуымен шешіледі. Есте сақтау қабілеті өте жоғары болады. Зейіннің тұрақтылығы 22 жаста күшейіп, 34 жаста шегіне жетеді. 18-20 жаста зейін салу деңгейі артады.
- Студенттердің жоғары оқу орынындағы оқу процесіне бейімделуі
Ортаға беймделу – бұл қоршаған ортаның ауыспалы жағдайына қарамастан организмнің өмір сүруіне мүмкіндік беретін динамикалық процесс. Нақты осы ортаға беймделу процессі организмнің үнемі ауыспалы ортада өмір сүруіне мүмкіндік беріп келген ұзақ эвалюсиялық дамудың негізінде қалыптасқан процесс.
Осы ортаға беймделу процессінің негізінде гемостаздың сақалуына қол жеткізіледі. Бұл байланыстың нәтижесінде ортаға бейімделу процессі организмнің қызмет етуін ғана сақтап қоймайды, сонымен қатар «органим – орта» жүйесінің теңдігін сақатап қалады. Оортаға беймделу процессі «организм – орта» жүйесінде елеулі өзгерістер болған сайын үнемі өзін - өзі жүзеге асырып отырады. «Организм - орта» жүйесінде елеулі өзгерістер болған жағдайда ортаға беймделу процессі организмді жақсы физиологиялық қызмет атқарнуға және іс - әрекеттік жауап қайтаруға мүмкіндік беретін жаңа гемосттатйкалық күйге алап келеді. Организ мен орта қаншалықты статстикалық емес динамикалық күйде тұрса олардың ара – қатынасы үнемі өзгерісте болады, сонымен қатар ортаға беймделу процессі үнемі жұріп отырады.
Жоғары айтылғандар кез – келген организмге оның ішінде жануарлар мен қатар адамдарға да тән процесс. Адамның мұндағы бар ерекшклігі «индивид - орта» жүйесіндегі оның адекватты қатынасы, мұнда психикалық ортаға бейделу процессінің орыны ерекше.
Психофизиологиялық процесс өз құрамына психикалық беймделу процессін қосқан толық процесс. Бұл процесс өзіне мына екі аспектіні біріктіреді:
- Индивиттің қоршаған ортамен қатынасын жетілдіріп отыру.
- Психикалық және физиологиялық ерекшеліктердің ара қатынасындағы адекватты сәйкестілікті қалыптастыру.
Қоршаған ортаға беймделу - бұл процесс организмнің өзн - өзі жүзеге асыруының барысында олардың қызмет етуінің ең жоғары дәреже де ұстап тұруына мүмкіндік береді.
І-курста студенттердің оқуға, келешек мамаңдығына, «өзін-өзі» табуға деген белсенді қатынасы қалыптасады. Жоғары оқу орнында студенттер қатар екі бейімделу процесін өткізеді: оқу процесі мен әлеуметтік-психологиялық процесті.
Оқу процесініц шарттарына, ұйымдастырылуына, құрамы мен сипатына үйрену.
Академиялық топқа, ішінарлық қарым-қатынасқа жеке өзіндік стильді және жолдастармен қарым-қатынасты қалыптастыру деген сөз.
I курс студснттерінің оқу өміріне деген дайындығы әртүрлі болады. Көп студенттер өз бетінше жұмыс жасау саласында қиындықтар шегеді. Лекцияларды конспектілей алмау, берілген фактіні өз көз-қарастарының тұрғысынан түсінбеу. Осы жерде тәлімгер рөлінің маңыздылығы айқын көрінеді. Тәлімгер топты, ұжымды «жасау» керек, студенттердің өз бетінше жұмыс істеуі деген жаңаша әдістерді үйрету, студенттердің оқу жұмысын бақылауы керек.
9. Әлуметтік – психологиялық бейімделу
Бірінші курыс Студенттердің бейімделуі II семестрдің соңы мен III семестрдің басында аяқталады. Жалпы студенттердің оқу барысындағы бейімделуін психологтар былай сипаттайды: 1 - ші курста 3 бейімделу процесі журеді.
2 -ші курстан — 3 - ші курсқа қарағанда оқу жұмысының «қайнауы».
3 - курста — мамандану процесімен байланысты ғылыми жұмысқа деген қызығушылықтың тереңдеуі, түрлі қызығушылықтардың азаюы, кемуі.
4 курста — өз мамандығымен оқу өндірістік іс - тәжирібеде тәжірибе жүзінде танысуы. Студенттер көптеген өмірлік құндылықтарды қайта қарастырады. Әрі рухани, мәдени қарым- қатынасы өзгереді.
5 курста — жоғары оқу орнын жақын арада бітіруінің мүмкіндігі, келешек кәсіби мамандығына тожірибесінің қалыптасуы, студенттік өмірдің ұжымдық формаларыиан алшақтауы.
Студенттік тұлғаны психологиялық - педагогикалық тұрғыдан сипаттағанда әлеуметтік - мәдени ортаның деңгейін назарға алу керек, студент оқып жүрген кездегі тарихи кезеңді, сол ұрпақтың ерекшелігін, жыныс ерекшелігін ұлттық салт - дәстүр, өмір сүру деңгейін ескеру қажет. Осының бәрі бүгінгі таңда актуалды мәселе болып табылатын жастар туралы арнайы
әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық проблема ретінде айтуға мүмкіндік береді.
Студенттердің жас және дара ерекшеліктерін айта отырып, олардың жеке тұлғаның өзегі (стержи) оның мақсаттылығы мен бағыттылығы, оның ішінде ең алдымен болашақ маманның кәсіби сапасын анықтайтын қоғамның саяси, экономикалық және әлеуметтік құрылымы екендігін естен шығармау керек.
Жоғары оқу орнында білім алудың алғашқы кезеңдерінде студент оқу -тәрбие процесінің объектісі ретінде көбірек әрекет етеді. Бой үйрету барысында ол жаңа шарттар мен міндеттерді игеруі шарт. Іздемпаздық жұмыс көлемі мен мәнінің артуы, жаңарту сипатынддағы оқу танымдық қызметтен оның жемісті түрлеріне көшу, ынта ықыластың пайда болуы және оқу зерттеу қызметіне қатысу студенттің оқу-тәрбие процесінің субъектісі екендігінің айғағы.
17-18 бен 25-26 жас аралығын психологияда екінші жастық шақ деп атайды, ересек адамдардың әлеміне кіру шағы. Студент үшін бұл шақ – тұлға әрі жоғары маман иесі болып қалыптасу кезеңі. Психолог Б.Г.Ананьев студенттік жасты былай сипаттайды: Бұл жаста ахлақтық және эстетикалық сезімдер белсенді дамиды, ересек адамға тән азаматтық, қоғамдық-саяси, кәсіби-еңбектік функциялардың пайда болып, нығаюы байқалады, мектеп жасынан студенттік жасқа өту уақытында интелектуалды, физикалық күштердің дамып жетілуіне байланысты студенттің сұранысы артады. Бірақ, осы сұраныстарын жүзеге асыру жолында уақыттың, әрі экономикалық мүмкіндіктердің жетіспеуі қайшылықтарды туғызады. Студенттің дербес іс-әрекеті жатақханаға орналасқан және қаржы қорын жаратып, жұмсағанда, өз уақытын дұрыс пайдалануда көрініс табады. Студенттік шақта жастар осы жасқа тән өздеріне деген сенімділігі мен албырттықпен көптеген қоғам қабылдаған құндылықтарды, қатып қалған ережелерді, өмір сүру қағидаларын сынай бастайды. Бұрын күдік туғызбаған мәселелрдің бәрін қайтадан, басынан сын көзбсн қарастыру - студенттерге тән ерекшеліктердің бірі болып табылады. Студенттердің осы бір сын көзбен қарау іс-әрекеті кейде көрініс болса, көп жағдайда негізсіз болып табылады. Себебі, болып жатқан құбылыстарды бағалауға өмір тәжірибесінің жетіспеуінің нәтижесінде ақылсыз, негізсіз сынға әкеледі.
10. Студенттердің жоғары оқу орынына бейімделуінің ерекшеліктері
Әрбір студенттің жоары оқу орынынына бейімделуі әрқалай жүреді. Мысалыға келтірер болсақ жұмыс өтілі бар жас азаматтар мен азаматшалар жоғары оқу орынындағы оқу процесіне жылдам бейімделсе, мектепті жаңа бітірген студенттердің бұл жадайға бейімделуі баяу жүреді. Жалпы студент қауымының алдында тұрған негізгі міндет оқу процесіне қатысушыларды іс - әрекеттң жаңа түріне бейімдеп өзара тиімді және нәтижелі іс - әрекетке қол жеткізу.
Барлық жоары оқу орындарында бірінші курыс студенттерін ЖОО бейімдеу мақсатында бір қатар іс – шаралар жүйесі іске асырылады. Бұларға: «Студенттік ағарту», «мамандцыққа кіріспе», алдыңғы қатарлы оқытушылардың баяндамасы, оқу орынынның тарихымен танысу, жатақханаларда мәдениет, кеңес беру орталықтарын ұйымдастыру тағыда басқалар жатады. Студенттердің ЖОО бейімделуін жүйелі мәселе ретінде қарастыру керек, мұнда студенттер тобының ұжым ретінде қалыптасуына оқу орынындағы әрбір ұйымдар мен топтардың ықпалы зор.
Ұсынылған әдебиеттер тізімі
1 Абылкасымова А.Е., Рахимбек Х.М. О стратегии развития вясшего образования в РК. //Вестник высшей школы Казахстана. – 1998. - №5. – с. 18 – 27.
2 Көшербаев Қ.Е., Ахметов Ә.І. , Әбілхасымова А.Е., Рахымбеков Х.М. Қазақстан Республикасындағы жоғары білімді дамыту стратегиясы. – Алматы: «Білім» баспасы, 1998.
3 Педагогика и психология высшей школы: Учебное пособие. – Ростов: Феникс, 2002. – 554с.
4 Абдулина О.А. Личность студента в процессе профессиональной подготовки // Выс. обр в Россий. 1993. № 3.
5 Ананьев Б.Г. Извранные психологические труды: В 2 т. / под ред Ананьева Б.Г. Мос. 2004 г.
6 Основы педагогики и психологии высшей школы. Под редакцией академика АПН ССР А.В. Петровского7 м 1986 г.
7 Әбілхасымова Ә.Е. Студенттердің танымдық ізденімпаздығын қалаптастыру. Монаграфия. – Алматы: Білім 1994 – 199 б.
8 Педагогика и психология высшей школы: Учебное пособие. – Ростов: Феникс, 2002. – 554с.
9 Бодалев А.А. Психология о личности. М.,1988
10 Брунер Д.С. Психология познания: за пределами непосредственной информации. М.,1977
11 Выготский Л.С. Собрание сочинений: В 6 т., Т.1. М., 2006
12 Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. Курс лекций. М.,2004
13 Лентьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. М.,2002
14 Лурия А.Р. Общая психология. М.,2002
15 Немов Р.С. Психология. Т. 3. М.,2000
16 Римская Р. Практическая психология в тестах. М.,2000
Жарияланған-2015-10-16 16:33:03 Қаралды-16862
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Қазақстан тарихы
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Тіл ғылымы, Филология
- Философия
- Физика, Химия
- Кітапханалық іс
- Спорт
- Автоматтандыру
- Аудит
- Ауыл шаруашылығы
- Биотехнология
- Бухгалтерлік есеп
- Журналистика
- Кедендік іс
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару, Метрология және стандарттау
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Туризм
- Халықаралық қатынастар
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- Жаратылыстану
- Медицина