Тақырыбы: Бастауыш мектеп оқушыларын еңбекке баулу әдістері
1: Педагогика ғылымы ретінде еңбекке баулу әдістемесінің зерттеу объектісі, міндеттері мен әдістері.
1. Бастауыш сыныптардағы еңбекке баулу бойынша бағдарламалардың құрылымы.
2. Еңбекке баулу пәнінің ерекшелігі.
3. Пәннің басқа оқу пәндерімен байланысы (пәнаралық байланыс)
4. Бастауыш мектеп оқушыларын еңбекке баулу әдістері
5. Ұйымдастыру формалары мен құралдары
1. Оқуға сапалы қатынасты азамат болып қалыптастыруды жеке тұлғаның және интелектуалды дамуын дара білімнің даму тәрбиесі.
2. Еңбек сүйгіштікке, еңбектегі қажеттілігін, еңбек адамына құрметпен қарауға, табиғаттың байлығын ұқыпты қарауын тәрбиелеу.
3. Еңбек дағдыларын және техникалық, техникалық конструкторлық және экономикалық білімдерін қалыптастыру.
4. Поли техникалық көзқарастарын кеңейту.
5. Еңбек түріне байланысты жұмыста мамандарды қалыптастыру.
Жалпы білім беретін орта мектептердің оқу-тәрбие жұмыстарыныда еңбекке баулу сабағы Қазақстан Республикасының бастауыш білімінің мемлекеттік стандартына сүйеніп құралатын оқу бағдарламасы бойынша өтіледі. Еңбекке баулу сабағының мазмұнының құрылымы мынандай. Негізгі 4 блок бойынша оқытылады.
І Өзіне - өзі қызмет ету.
ІІ Ауылшаруашылық еңбек.
ІІІ Техникалық еңбек.
ІV Көркем еңбек.
Бұл блоктың бөлімдер мынандай еңбек түрлерінен қамтылған.
І. Өзіне - өзі қызмет ету
1. Киімді күту, жөндеу (жамау)
2. Бөлмені, сыныпты тазалау.
ІІ. Ауылшаруашылық еңбек.
1. Сыныпта атқарылатын жұмыстар.
2. Тәжірибе үлесімінде атқарылатын жұмыстар.
3. Тірі табиғат бұрышында атқарылатын жұмыстар.
4. Мектеп фермасында өткізілетін жұмыстар
ІІІ. Техникалық еңбек
1. Қағаз және қатырма қағазбен жұмыс.
2. Құрастыру, техникалық үлгілеу.
3. Ағашпен жұмыс.
4. Металлмен жұмыс.
ІҮ. Көркем еңбек
1. Ермексаз және сазбалшықпен жұмыс.
2. Матамен жұмыс.
3. Қолданбалы қолөнер.
Оқушылар 4 жыл ішінде бейнелеу пәнімен байланысты архитектура (сәулет өнері) мүсін, графика, техника, сәндік қолданбалы қолөнер шығармасымен танысады. Дизайндық білім негіздерімен танысады.
Өзіне-өзі қызмет ету еңбегі барысында оқушылар күнделікті тұрмыста кездесетін жұмыстарды атқаруды үйренеді.
Мысалы: Кластағы жұмыс орнын (парта үстін) таза ұстау, кітаптары мен дәптерлерін қанттай ұқыпты ұстай білу, киімдерін таза ұстау, тазарта білу, жамау, түйме қадау ілгек түрін қадай білуге үйренеді.
Ауылшаруашылық еңбегі қала және ауылдық мекендерде екі бағытта жүргізіледі.
Ауылшаруашылық жұмыстары көбінесе жергілікті жердің жағдайымен мектептің мүмкіндіктеріне қарай жоспарлануы тиіс.
Күнтізбелік тақырыптың оқу жоспарын тізген кезде бастауыш класс мұғалімдері өзгеріс, қосымша материалдар енгізе алады.
2002 жылы оқу жылынан бастап Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы жалпы бастауыш білімінің “Еңбекке баулу” пәні бойынша (І-ІҮ кластар үшін) 1998 жылы қабылданған білім стандартын қайта қарап еңбек бөлімдері қайтадан өзгертілді.
Жаңа нұсқада “Еңбекке баулу” пәнінің мақсаты – білім беру мәнінің жаңа бағытына сәйкес еңбек іс-әрекеті негізінде оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру деп айқындалды. Осыған орай “Еңбекке баулу” пәнінің міндеттерінің желісі түзілді:
- оқушының жеке тұлғасын мотивтік саналарын дамыту.
- оқушының шығармашылық қабілетін дамыту.
- оқушының қарапайым құралдармен және әртүрлі материал-дармен жұмыс жасау біліктілігін қалыптастыру.
- пәндік практиканың дағдыларын қалыптастыру.
Стандартта “Еңбекке баулу” пәні оқушының технологиялық даярлығын жүзеге асыратын оқу пәні ретінде жаңа сипаттамаға ие болды:
- еңбек мәдениеті туралы алғашқы түсініктер.
- өмірдің әртүрлі саласында қолданылатын жалпы еңбек дағдылары.
- түрлі материалдармен және басқалармен ерекшеленеді.
- техникалық еңбек негіздері.
- көркем еңбек негіздері.
- тұрмыстық еңбек негіздері.
- дизайн негіздері.
Еңбекке баулу пәнінің базалық бағдарламасы мына бөлімдермен қамтылды:
1. Техникалық еңбек.
2. Көркем еңбек.
3. Дизайн.
4. Тұрмыстық еңбек.
Барлық оқу жүктемесінің көлемі 272 сағат көлемінде сақталды.
Ауылшаруашылық еңбек бөлімі “Дизайн” бөлімімен өзіне-өзі қызмет ету бөлімі тұрмыстық еңбек, еңбек бөлімімен өзгертілді.
Дизайн бөлімінің мазмұны бұйымдарды көркемдеп өңдеу, оларды эстетикалық жүйеде безендіруге машықтандыру.
2. Еңбекке баулу ерекшелігі
Мектеп оқушыларын еңбекке баулудың басты міндеттерінің бірі-балаларды негізінен еңбекке тәрбиелеу, қоғам игілігі үшін еңбек жасату, оқушылардың еңбекке деген көзқарастарын шығармашылық қатынаста тәрбиелеу. Еңбекке баулу сабағында баланың ой-өрісінің дамуына түсініктерінің кеңейюіне, ғылым мен техника туралы білімнің негіделуіне әсерін тигізу үшін біріншіден еңбекке баулу пәнінің мұғалімдерінің өзінің саяси сауаттылығымен бірге техникалық сауаттылығы қатар болып, білім аясы терең әрі жан-жақты болуы шарт. Екіншіден, өз бойындағы білімін мектептің бастауыш сатысында білім алып жатқан жас жеткіншектерге жеткізіп, асқан шеберлікпен меңгерте білу. Еңбекке баулу пәнінің міндеті-осы мақсаттарды шешуді көздейді. Пәннің негізгі мақсаты, жалпы білім беретін орта мектептердегі оқу-тәрбие үрдісі барысында өтілетін еңбекке баулу сабағын оқытудың әдісі мен оқытудың әдіс-тәсілдерін ,формаларын игеру. Пәнге берілген жалпы сағат саны көп болмағанымен оқу материалының ауқымы көлемді. Жалпы білім беретін орта мектептерде өтілетін еңбекке баулу сабағы жасөспірім оқушылардың еңбекке ынтасын, сабаққа ықыласын арттыруда, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуда орасан зор негіз болып табылады. Адамдардың ең бірінші өмірлік қажеттілігі-еңбек екені, сол арқылы өз бойындағы еңбек қабілеттерін дамытып отыратыны, үлкейе келе өзінің бойындағы асыл қасиеттерінен өмірлік нәр алатындығын мектеп табалдырығын аттаған жасөспірімдердің бойына ерте бастан дарыта білу керек. Педагогика ғылымының негізгі ұстанымдары бойынша бастауыш сыныптарда өтілетін барлық пәндердің ара салмағы бірдей болып саналатындығы белгілі екенін ескерсек те дегенмен әрбір пәннің өзіндік ерекшеліктері, мүмкіндіктері әркелкі болып келеді. Еңбек сабағы - мектеп оқушыларына жай ғана білім беріп қана қоймай, ең бастысы оқушыларды іздені паздылыққа, еңбекқорлыққа баулитын тәлім сабағы болып келеді. Еңбекке баулу сабақтары арқылы баланың бойында еңбек қабілеттері, дүниетанымдары кеңейе түсіп, олардың бәрін жинақтау қабілеттері, техникалық сауаттылықтары арта түседі. Еңбек сабақтары арқылы баланың бойында еңбексүйгіштік қабілеттері дами түсіп адамгершілік қасиеттері қалыптасады және еңбек адамдары туралы түсініктері кеңейе түседі. Бастауыш сыныптарда өтілетін еңбекке баулу сабақтарында оқушылардың орныдайтын жұмыстары қаншалықты қарапайым әрі оңай болғанымен еңбек жөніндегі тәжірибесі аз балаға оны орындап шығу қиынға соғады. Бұл жұмыстар алғашқы күннен бастап мұғалімнің көмегімен жүзеге асырылып отырады. Сондықтан алғашқы сабақтан бастап түрлі жұмыстарды жүйелі түрде орындай білуге оқушыларды дағдыландырсақ, іске төселдірсек олардың қандай істі болса да атқара алатындығына сенімдері арта түседі. Ондай кездерде оқушы бойында еңбекке деген құштарлықтары, сабаққа ынтасы, ықыласы да арта түседі. Бастауыш сынып мұғалімдері жаңа оқу жылы бас кезінде әрбір жекелеген сыныптар үшін бөлінген сағат сандары бойынша бағдарлама талаптарына сәйкес атқаратын тапсырмаларды енгізе білуі тиіс. Еңбек сабағының блоктық бөлімдеріндегі жұмыс түрлерін, тапсырмаларды орындауға ыңғайлы оқу кезеңдерінің жыл мезгілдеріне байланысты рет-ретімен жоспарлай білуі тиіс. Біріншіден, бастауыш сынып мұғалімдері еңбекке баулу сабағының тақырыптарының негізгі оқу мақсатын, сабаққа қойылатын негізгі талаптарды орындай білуі керек. Екіншіден, күнделікті өтілетін әрбір сабақты сапалы әрі жауапты түрде өткізе білуі тиіс. Аталған еңбек сабағының негізгі талаптарын орындай білуін мұғалім өз-өзінен және оқушылардан талап ете білуі шарт. Сабақтың жемісті болуы мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді. "Сабақ мұғалім, күнбе-күн оқушыларға білім, тәрбие беретін және жан-жақты дамытатын оқу-тәрбие прлцесінің негізгі саласы", деген Сухомлинский. Сабақта мұғалімнің жеке басының үлгісі оқушылар үшін маңызды екені белгілі. Бұл туралы Сухомминский былай деп жазған : "Сабақ мұғалімнің жалпы педагогикалық мәдениетінің бет-бейнесі, оның зияттық байлығының өлшемі, оның ой-өрісінің , білімдарлығының көрсеткіші".
3. Пәннің басқа оқу пәндерімен байланысы (пәнаралық байланыс)
Пәнаралық байланыс – түрлі оқу пәндерінің арасындағы өзара байланысын айқындау шарты және білім беру мен оқыту талаптарының бірі екендігі жоғарыда айтылды. Пәнаралық байланыстың қажеттігі дүниенің бірлігін бейнелейтін ғылыми білімдер мен сенімдер жүйесін қалыптастыру міндеттерінен туындайды. Ол оқу пәндерінің топтары деңгейінде табиғаттың, қоғамның, адамдардың өзара әрекеті жөніндегі жетекші және жалпылама қағидаларды қамтиды. Оқу пәндерінде қарастырылатын аталмыш қағидалар оларды білім беру мазмұнының біртұтас жүйесіне біріктіреді. Бұл жерде пәнаралық байланыстың дүниетанымдық қызметі маңызды рөл атқарады.
Пәнаралық байланыс негізінде білімдер жүйеге келтіріледі, олардың беріктігі қамтамасыз етіледі. Пәнаралық байланыс бірқатар оқу пәндеріне ортақ негізгі қағидалар, ұғымдар, деректер, ғылыми таным әдістері арасындағы өзара байланысты қамтамасыз етеді.
Пәнаралық байланысты жүзеге асыру барысында оқу материалының қайталанбауы, тиімді орналасуы, мұғалімдердің бірлесе жұмыс істеуі сияқты бірқатар педагогикалық ұйымдастыру мәселелері шешіледі.
Бастауыш мектепте еңбекке баулу пәнін оқытудағы пәнаралық байланыс, негізінен, бес пәннің байланысын қажет етеді. Ол пәндерге музыка, бейнелеу өнері, ана тілі, математика және дүниетану жатады. Бірақ сонымен бірге, алдыға қойылған мақсат-міндеттерге және оқушылардың ықылас, белсенділігіне қарай география, тарих, ботаника т. б. Пәндердің қарапайым элементтері қолданылып, байланыстырылу жолдары да кездеседі.
Еңбекке баулу пәні негізінен оқушыларға эстетикалық тәрбие беруге бағытталады. Мектептерде еңбекке баулу мен музыка пәндерін, өнер саласының элементтерін пәнаралық байланыста оқыту оқу пәндерінің эстетикалық бағыттылығын жүзеге асыруға негізделеді.
Бұдан шығатын қорытынды - бастауыш сыныптарда еңбекке баулу сабақтарын музыка пәнімен мейлінше көбірек қабыстыру қажет. Әр сабақ сайын өтілетін тақырыпқа байланысты, сабақтың мақсатына қарай музыкалық шығармаларды молынан қолданған жөн. Бастауыш сыныптардың барлығында өтілетін еңбекке баулу пәнінің халықтық-сәндік қолөнер тақырыбындағы сабақтардың өтілу желісін қазақтың күйлерімен байланыстыру көп пайдасын тигізіп, оқу нәтижесінің жоғары болуына мол ықпал жасайды. Ұлттық күйлер әсіресе бастауыш сынып оқушыларының қабылдау ерекшеліктеріне байланысты сезіміне зор әсер етіп, қиялы мен ойлауына позитивті түрде ықпал етеді. Тек ескеретін жайт - күйді ырғағына қарай таңдап алып, дыбысын қатты етпей, сабаққа кедергі жасамайтындай етіп пайдалану.
Пәнаралық байланыстың құрылымын іске асыру барысында педагогика ғылымындағы көптеген қозғаушы факторларды ескеру керек. Оқыту процесінде пәнаралық байланысты іске асырудың құрылымдық белгілері мынадай:
-пәнаралық байланысты анықтау мақсаты;
-өзара байланысқа түсетін оқу пәндерін саралап, іріктеп алу;
-байланыс компоненті немесе бөлігі болған оқу пәндерінің әрқайсысының ерекшелігі;
-пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру жолдары.
Сабақ беруде пәнаралық байлынысқа мән бермеу - оқу пәндері материалдарының бірін-бірі қайталауға, оқушылардың көптеген ұғымдар мен заңдылықтарды тар шеңберде түсінулеріне әкеп соғады. Білім мазмұнын меңгеру пәнаралық байланысты ескермейінше мүмкін емес. Өйткені ол - өзара жақын пәндердің бағдарламасындағы оқу материалын үйлестірудің және іріктеудің маңызды көрсеткіштерінің бірі.
4. Бастауыш мектеп оқушыларын еңбекке баулу әдістері
Оқыту әдістері педагогикалық әдебиеттерде оқушыларға білім беру, тәрбиелеу және дамыту мақсатына жетуге бағытталған, оқытушы мен оқушы қызметінің өзара байланыс тәсілі ретінде қарастырылады. Педагогика ғылымы мен мектептегі оқыту практикасында бай оқыту әдістері жинақталған. Оқыту әдістерінің әр түрлі классификациясы өмір сүреді.
Еңбекке және кәсіпке баулу үшін оқыту мен беруші қызметінің тәсілдері бойынша әдістерді жіктеу едеуір шешілді. Еңбекке және кәсіпке баулуда өз ара байланыс екі жақсы процесс оқытудың өз бетінше практикалық қызметі мен оқытудың басқару қызметі орын алады. Сондықтанеңбекке баулу әдістерін өз ара тығыз екі топқа бөлуге болады.
1. Оқытудың басшылығын оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау әдістері.
2. Оқыту әдістері.
Еңбекке және кәсіпке баулуда төмендегідей оқу әдістері кеңінен тараған.
1. Жаттығу (ақыл-ой қозғалыс, аралас)
2. Оқу эксперименті (лабораториялық, практикалық жұмыстар, ауылшаруашылық тәжірибе)
3. Оқу өндірістік жұмыстар.
4. Тапсырмаларды шешу. (техникалық, технологиялық, экономикалық)
5. Техникалық құжаттармен жұмыс жасау (оқу, схемалар сызбаларды, технологиялық карталарды оқу, құру, т.б)
6. Ғылыми техникалық әдебиеттермен жұмыс жасау.
5. Ұйымдастыру формалары мен құралдары
Оқушылардың құралымен оқушылар іс-әрекеті қажеттілігімен және оларды мұғалім тарапынан басқару тәсілдерімен анықталады. Еңбекке және кәсіпке баулудағы негізгі ұйымдастыру формалары болып 1. Сабақ немесе оқу. 2. Практикум. 3. Экскурция. 4. Өндірістік жағдайларға ұйымдастырылған еңбек практикасы.
1. Оқу материалдарын түсіндіруде, ауызша мазмұндауда төмендегідей талаптар қойылады: дидактикалық принциптерде біркелкі және өз ара байланыста ұдайы сақтау.
2. Тірек білімдерді қолдану және нақтылау жолымен жаңа оқу материалдарымен меңгеру мен қабылдауға оқушыларды дайындау.
3. Тақырыпта немесе проблеманы, мақсат пен міндетті хабарлау.
4. Хабарланатын білім мен ептіліктер есебін оқу материалдарының мазмұнын іріктеу.
5. Логикалық ретіліктті сақтау.
6. Аргументтілігі, делелдеушілікті сақтау.
7. Оқу материалдарын меңгеруді ұдайы басшылыққа алу.
8. Оқу материалдарын жалпылау, қорытындылау, жүйелеу, қорытындыны жүргізу, игеруді түзету.
Оқу материалдарын ауызша баяндау және түсіндіру әдістерін қоданудың тиімділігі әдсітемелік тәсілдерді дұрыс пайдалануға байланысты.
Әдістемелік тәсілдер оқу тәрбие мақсатына жетуде бағаланған мұғалім мен оқушылардың жекеленген іс-әрекеті немесе әдістемелік құраушы элементтері мұғалімнің жұмыс істеу әдістерінде әр түрлі әдістемелік тәсілдер өмір сүреді немесе көрінеді.
Логикалық тәсілдер, оқушылардың ойлау қызметін қалыптастыру, тәсілдері, оған жататындар басты сын, маңызды сын бөлу, салыстыру, талдау, жинақтап қорыту және т.б. Техникалық тәсілдер мұғалім мен оқушы қызметінлегі құралдарды әр түрлі жабдықтарды, материалдарды, бейімдеу құралдарын, тиімді оқу құралдарын, техникалық оқу құралдарын тиімді пайдаланып қарастырады.
Дүниеге келген сәбидің адам болып, жеке тұлға ретінде дамуына себепкер - еңбек. Демек, еңбек тәрбиесі адам өмірі үшін ең қажет маңызды тәрбие. Сондықтан бала өміріне қажет тәрбиені және тәрбиеге қатысты маңызды мәселелерді бір ғана мақсатпен шешу мүмкін емес.
Оқушыларды еңбекке оқыту мен тәрбиелеу дің мақсаттары:
- баланың еңбекке қабілеттілігін дамытып, жетілдіру, еңбекті сүюге баулу.
- Баланы еңбекке машықтандыру арқылы әске икемділігін, іскерлік пен шеберлік дағдыларын қалыптастыру.
- Еңбекті шығармашылықпен, қызығушылықпен орындауға, ерікті түрде еңбек етуге үйрету.
- Баланың ынта- ықыласын, икемділігін, талантын бағдарлап оны дамыту.
- Баланың өзін-өзі тану қабілетін жетілдіру және оған ықпал жасау.
- Баланың ұлтық санасын қалыптастыру, адамгершілікке тәрбиелеу.
- Білім және тәжірибе негізінде еңбекті сапалы, өнімді етіп жасауға және кәсіби еңбек түрі мен өнертануға баулу.
- Ата мұраны қалыптастыру және дамыту.
- Баланың білім деңгейін, іскерлік дағдыны игеру дәрежесін жақсарту, оқыту жүйесін жәтілдіру.
- Балаға білім алуға оңтайлы жағдай жасау, жалқаулықтан сақтандыру.
- Бала еңбегін талдау, ынталандыру, насихаттау, мұғалім мен оқушының ара қатынасында түсіністік пен сенім орнату.
- Еңбектің нәтижелілігін арттыру.
- Жұмыс орнының гигениялық тазалығыны сақтау.
2. Сабақ - еңбекке баулу бойынша оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы негізгі форма.
1.Сабаққа қойылатын талаптар.
2. Еңбекке баулу бойынша сабақтарды жоспарлау, дайындалу және өткізу.
3. Сабақты әдістемелік талдау.
4. Әртүрлі еңбек түрі бойынша сабақтардың үзіндісін әзірлеу.
1. Сабаққа қойылатын талаптар.
Сабаққа дайындық оған қойылатын талаптарды іске асырады. Қазіргі педагогикалық еңбекті ғылыми негізде ұйымдастыру позициясына сай ол талаптар мыналар:
1. Сабақ динамикасы – бүтін, біртұтас жүйе. Жеке логикалық байланысты элементтерден құралады.
2. Әр бөлік оқу-танымдық, тәрбиелік міндетті іскеасырады.
3. Әр сабақ - сабақтар жүйесінің арнайы бөлігі.
4. Әр сабақ басқа пәндермен, тақырыптармен, өмірмен және практикамен байланысты.
2. Еңбекке баулу бойынша сабақтарды жоспарлау, дайындалу және өткізу.
Бастауыш мектеп жасындағы балалардың іс-әрекетінің бір түрі – еңбек. Еңбек әрекеттерінің мазмүны мен оған қойылатын талаптар балалардың жас шамасына қарай күрделене түседі. Ол жоғарыда бағдарламада айтылған. Мәселен, бастауыштың жоғары сыныптарындағы балаларға тәрбие беруде балалар еңбегін ұйымдастыруға төмендегідей міндеттер қойылады:
- үлкендер еңбегіне ынта-ықылас қойып қарау, анасының үйдегі, әкесінің даладағы еңбек нәтижелерінің әсемдігінен эстетикалық ләззат алу (техникалық қол еңбегіне, ауыл шаруашылық және гүл өсіру, өзіне-өзі қызмет көрсету еңбегі бойынша);
- асқа, шайға өздігінен дастархан әзірлеп, оның таза, ұқыпты болуына көңіл аудару (аспаздық жұмыстардың түрлері бойынша);
- қол еңбегі кабинетін, еңбек құралдарын, заттарын, тазалықта сақтау, заттарды, еңбек құралдарын үйлесімді, әдемі орналастыра білуге дағдылану;
- жеке басының тазалығы мен ұқыптылығына көңіл аудару, мәдени-гигиеналық дағдыларды бойында қалыптастыру.
Бастауыш мектеп жасындағы оқушылар еңбегін ұйымдастыруға қойылатын бағдарламалық талаптар.
- үлкендер еңбегімен бірге, ұжымдық еңбектің нәтижелеріне қуана білуге және оны бағалауға үйрету;
- аспаздық жұмыстар бойынша өздігінен дастархан әзірлеуге, оны жинауға, тазалық сақтауға дағдыландыру;
- қоғам пайдалы еңбекте мұғалімнің немесе үлкен сыныптың оқушылары көмегімен мектеп ауласын жинастырып, тазалауға қатысу, өз еңбегінің нәтижесін көріп қуануға, еңбекке қызығушылыққа тәрбиелеу.
Б.П.Есипов, Н.И.Болдырев, Г.И.Щукина, В.А.Онищук т.б. жасаған сабақ-тар жіктеуі мектептерде жиі қолданылуда. Ол негізгі дидактикалық міндеттер бойынша жасалған. Бұл жіктеуге сабақтардың әр түрлі типтері кіреді:
- оқушылардың жаңа білімді игеру сабақтары;
- іскерлік пен дағдыны қалыптастыру және жетілдіру сабақтары;
- қайталау, бекіту, яғни білімді, іскерлікті және дағдыны кешенді қолдану сабақтары;
- білімді, іскерлікті және дағдыны бақылау – тексеру сабақтары;
- аралас сабақтар – мұнда бірнеше дидактикалық міндеттер шешіледі.
Әдетте, мұғалім аралас сабақ типін мына үлгі бойынша жоспарлайды:
а) Ұйымдастыру кезеңі;
ә) үйге берілген тапсырманы сұрау;
б) жаңа материалды мұғалімнің баяндауы;
в) жаңа материалды бекіту;
д) үйге тапсырма беру.
Оқушылардың жаңа білімді игеру сабағының құрылымы: жаңа мате-риалды баяндау, алғашқы бекіту, үй тапсырмасы. Мұндай сабақты әр түрлі вариантта өткізуге болады.
1. Мұғалім барлық оқу материалын баяндайды, оны оқушылар сыныпта ұғады және бекітеді.
- Мұғалім тек қана кейбір басты мәселелерді баяндайды, ал оқушылар
барлық оқу материалын өз бетімен игеріп қабылдайды.
- Жаңа материалды оқып білу үшін мұғалім оқушылардың өз бетімен
орындауын ұйымдастырады және бағыт береді.
Қазіргі кезде сабақ құрылымы мынандай элементтерге де бөлінеді:
а) танымдық міндеттерді қою (не оқылуы керек);
ә) мотивация (нені оқу және білу керек);
б) таңдау және оқып білудің бір ізділігі;
в) тәсілдерді және құралдарды қолдану (бақылау, өзін-өзі тексеру, білімді, іскерлікті пайдалана отырып, қалай және ненің көмегімен нәтижеге жету керек).
Сабақтың мұндай жүйесі оны вариативті құруға мүмкіндік береді, балалар алдына оқу міндеттерін қояды, оларды проблемалық ситуациямен таныстырады, жауап іздеуге кіріседі.
Бірсыпыра зерттеушілердің айтуы бойынша жіктеу негізіне сабақтың ұйымдастыру мақсатын қою, ал, типтерін, оқыту әдістерін іске асыру формалары негізінде түрлерге бөлу. Мысалы: әңгіме – сабағы, өзбетінше жұмыс істеу – сабағы т.б.
Осыған сәйкес сабақтарды былай бөлуге болады:
1.Жаңа білім беру сабағы (лекция сабағы, әңгіме сабағы, киносабақ, ЭВМ және басқа техникалық қралдарды қолдану сабағы).
2.Білімді, іскерлікті және дағдыны жетілдіру сабақтары (өзбетінше жмыс сабағы, лабораториялық және практикалық жмыстар, семинар т.б.).
3.Жинақтау және жүйелеу сабақтары (әңгіме сабағы, семинар сабағы т.б.).
4.Аралас сабақ барлық типтер функциясын орындайды. Бл сабақта танымдық іс-әрекетінің барлық кезеңдері жүзеге асырылады.
5.Бақылау сабағы (барлық бақылау, срау-қайталау, сынақ, өзара және өзін-өзі бақылау жмыстары т.б.).
Соңғы жылдары, әсіресе 1990 жылдан бастап қазақ мектептерінде көптеген сабақтың жаңа түрлерін тәжірибелі мұғалімдер қолданып келеді. Қазіргі сабақ түрлері сан алуан. Олар: интегралдық және ойын сабақтары, конференция және лекция сабақтары, сайыс және семинар сабақтары, индекс және жарыс сабақтары, лабораториялық зерттеу сабағы, жарнама сабағы т.б.
Әрине, әр түрлі сабақты ғылыми-әдістемелік негізде қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін, мәдениеті мен тарихын және шаруашылық салаларын еске алып, тиімді өткізудің танымдық және тәрбиелік маңызы өте зор.
3. Сабақты әдістемелік талдау.
Сабақты талдау пәнін, сыныбын, сабақ тақырыбын, сабақ мақсатын т.б. көңіл аударады. Сабақты талдау кезінде мынадай мәселелер есепке алынады.
1. Сабақтың типі, құрылымы, тақырыбы, мақсаты, оқыту әдістері, тәсілдеріне байланыстылығы.
2. Сабақтың мазмұны – оқу материалының сапасы, ғылымилығы, актуальдылығы, нақтылығы, тәрбиелік мәні, дамыту, білім беру функциялары т.б.
3. Оқыту әдісінің сабақтың мақсаты мен мазмұнына сәйкестігі, көрнекі, техникалық құралдарды пайдалануы, мұғалімнің білімділігін, іскерлігін, дағдысын қалыптастыру, бағалануын бақылау т.б.
4. Сабақты ұйымдастыру, уақытты дұрыс пайдалануын, оқушылардың танымдық процестеріне басшылық жасау.
5. Мұғалімге мінездеме беру – теориялық дағдысы, методикалық шеберлігі; педагогикалық әдептілігі /әділ, кішіпейіл, ілтипатты, талапшылдығы т.б./ анық, айқын сөйлеуі.
6. Сабақ нәтижесін анықтау, оқушылардың білімді игеру, дәрежесі, қызығушылығы мен белсенділігіне аудару.
Талдау соңында пікір айту, ұсыныстар жасалады. Тексеру жариялылық жағдайда өту керек.
Мектеп педагогикалық кеңесі – конференция шешімдерін орындау барысын ұйымдастырады, мектепті дамыту, жетілдіру жоспарлайды, мектеп директорымен бірлесе отырып, бүкіл ұжымның мүддесін жақтайды; методикалық кеңестің ұсынысы бойынша мектептегі оқу-тәрбие жұмысының мазмұнын, әдісін, құралын, ұйымдастыру түрін анықтайды. Оқушыларды тәрбиелеу ол мемлекеттік талапқа стандартқа сай болу керек /білім беру стандартына/, мектептің жұмыс /режимін/ тәртібін белгілейді, кадрды іріктеп, орналастыруға бақылау жасайды, педагогикалық кадрларға аттестация жүргізу, олардың классификациясын анықтап беруді оқу орындарының алдына қояды, оқу тәрбие жұмысының сапасын жақсарту оқу орындарының алдына қояды, оқу тәрбие жұмысының сапасын жақсарту жөніндегі талаптарды қолдайды, мектеп қаржысының тиімді, дұрыс жұмсалуына бақылау жасайды, әртүрлі мұғалімдердің есебін т.б. тыңдайды, мектеп қызметкерлерін, администрациясын, олардың мамандық негізіне, қызмет бабына ретсіз араласудан сақтайды.
Сабаққа оқу жылының басында қатынасу - ұжымға қосылған жас мұғалімге бағыт беру мақсатын көздейді. Ол сабаққа ғылыми-әдістемелік сабақтың сапалық негізін көтеруге септігін тигізуге мүмкіншілік береді.
Тақырыптық тексеру – белгілі бір тарауды өткенде мұғалімнің сабағына басынан – аяғына дейін қатынасу оны жан-жақты білуге, білім көлемін анықтауға, ұйымдастыру жүйесін жете білуге мүмкіншілік береді. Оқыту әдісін, көрнекті құралдарды, техникалық оқу құралдарын пайдалану тәсілдерін зерттейді.
Бүкіл оқу күні барысында бір ғана сыныпқа қатынасу.
Мақсат:
1) Әр мұғалімнің сабақ беру әдістерін, оқыту жүйесін бақылап салыстыру;
2) Үй тапсырмаларының көлемін, мазмұнын анықтау;
3) Әр мұғалімнің сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін, тәртібін зерттеу.
Мектеп директорының, оқу ісі меңгерушілерінің методикалық кеңестің және пән әдіс бірлестіктері жетекшілерінің мұғалімдердің, сабақтарына бірігіп қатынасуы. Бұл біріңғай методикалық талаптар қою үшін қажет. Бұл ала ауыздыққа келіспеушілікке тосқауыл қояды.
Бұрын білімді диагностикалау іс-жүзінде болмаған, тәжірибеде қолданылмаған. Ертеректе атақты педагогтар, оның ішінде Ресейде Н.А.Корф өзі оқытып шығарған 300 оқушының оқу бітіргеннен кейінгі өмірі, олардың мектепте алған білімін қалай тәжірибеде пайдаланып жүргізуін зерттеген. Бұл білімді диагностикалаудың алғашқы тәжірибелерінің бір түрі еді. Одан кейін Ресейде білім беруді ұйымдастырушылар Н.В.Шелгунов, А.Ф.Бубнов, К.П.Яновскийлер мектеп бітірушілердің алған білімін қалай пайдаланып іске асыратынын зерттеуге көңіл бөлген. Кеңес дәуірінде мектеп бітірушілерді келешекке бағдарлаумен П.П.Блонский, А.С.Макаренко айналысты. Кейін А.С. Макаренко біздің жұмсымыздың мақсаты – адамдардың нақты санасына, біздің педагогикалық қолымыздан қандай санадағы адамдардың шығатындығына байланысты – деп жазды.
Алдын болжай білу, - деп жазды В.А.Сухомлинский – ол ең алдымен жүріп өткен жолға көз жіберу, одан бүгінгі жетістіктің нышанын көре білу.
Диагностика деген ұғымға оқу-тәрбие барысында жетістік пен кемшіліктерді көре білу, соларды дер кезінде алдын алып болдырмау, жетістікті жетілдіре отырып ақырғы қортындыны көздеу. Мектептен кейін оқушының алған білімін тәжірибеде қолданып іске асыруын қадағалау, өзіне де, қоғамға да пайдалы адамды тәрбиелеп шығару.
Диагностика деген – оқушының ақыл-ой мүмкіншілігін, адамгершілігін, дене дамуын бағалай білу, олардың жеке басының психологиялық ерекшелігін көре білу, адамдармен тіл табысу қабілетін зерттеу, өзін оқушылар ортасында қалай ұстап, мұғалімдермен, үлкендермен қатынасын анықтауды белгілеу.
4. Әртүрлі еңбек түрі бойынша сабақтардың үзіндісін әзірлеу.
Еңбек бөлімі: Техникалық еңбек
Еңбек түрі: Қағазбен жұмыс
Сабақтың уақыты: 45 минут
Сабақтың тақырыбы: Қағаздан желкенді қайық дайындау
Сабақтың мақсаты: А) Білімділік: Оқушыларға желкенді қайықтың, ескекті қайықтан айырмашылығы туралы айтып беру. Модел үлгісін көрсете отырып немесе тақтаға жазып көрсету арқылы жасау жолын үйрету.
Ә) Тәрбиелік: Оқушыларға сызғышты дұрыс пайдалану сызғышпен өлшеудің, қағазды түзу, дәл бүктеуді және қағаздан ойыншық жасау тәсілдерін меңгерту.
Б) Дамытушылық: Оқушылардың құрал- сайманмен еңбек жасау және де олардың ойлау,түсіну сияқты қабілеттерін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Желкенді қайықтың үлгісі және суреті.
Қолданылатын материал: Түрлі түсті қағаз, қызыл шүберек қиындысы.
Құрал-сайман: қалам, қайшы, сызғыш, өшіргіш, қылқалам.
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, түсіндіру.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Барлығымызда сабаққа керек құрал жабдықтарымызды алып партаның үстіне қоямыз.
- Балалар біз өткен сабақта қандай тапсырма орындап үйрендік ?
- Қағаздан қорап жасап үйрендік.
- Қағаздан қарап жасау неше жолмен жасалды екен?
- Төрт жолмен жасалады.
- Дұрыс айттыңдар, балалар.
2. Жаңа сабақ материалын түсіндіру.
Ал, балалар біз бүгін қағаздан желкенді қайықты жасауды үйренеміз. Қағазға сызғышпен өлшеп өзімізге қажетті және үлгідегі өлшеммен бірдей етіп қиып алуымыз керек. Қиып алынған қайық бөліктерін басқа қағаз бетіне қиыстырып орналастырамыз.
- Ал енді балалар.
- Қағаз ұзындығын өлшегенде қай саннан бастап өлшейміз?
- Сызғышпен ұзындықты өлшегенде әрқашан 0-ден бастап өлшеу керек.
- Дұрыс айтасыңдар балалар.
- Ал, енді қылқалам не үшін керек?
- Қылқаламмен желім жағамыз.
- Дұрыс айтасыңдар балалар. Енді біз осы ережелерді есімізге сақтай отырып, “Желкенді қайықты” жасауға кірісейік.
3. Практикалық жұмыстың орындалу реттігі:
Желкенді қайықтың жасалу үлгісінің суретін тақтаға іліп қою. Оқуцшылар дәптерлеріне желкенді қайықтың үлгісін салып алады. Ал, енді балалар қолымыз шаршап қалмау үшін “Сергіту сәтін” ұйымдастырып жіберейік.
Бала, бала балақан,
Қане қайсы алақан.
Саусақтарың айбат
Былай-былай ойнат.
Аяқты топ-топ басайық
Жалаудан гүл жасайық
Жаса-жаса алтын күн
Жаса- жаса жарқын күн.
Балалар осы өлеңді айтып тұрып қимыл жасап, қолдарын саусақтарын жаттықтырады.
4. Практикалық жұмыс.
Енді балалар, үлгіге қарап отырып барлығымыз да жұмыс жасауға кірісеміз. Алдымен қалай жабыстырып алуды, қалай орналастыру керектігін тыңдап, түсініп алайық. Желкенді қайық пішінін бір парақ қағазға (жапсырмалау). Қатырма қағаздың пішінін 2х8 см өлшемде тілкем тіліп алып, оның екі жағын тең етіп ортасынан бүктейміз де, суреттегідей үшбұрыштап, бір ұшын қоямыз. Бұл қайықтың негізгі (бөлігі) оны бір парақ қағаздан төменгі жағына желімдеп жабыстырамыз. Пішіні 6х2 5 см тігінен алып, одан суреттегідей желкен қиямыз. Тік бұрышты үшбұрыш формалы желкен пішінін қайық корпусының дәл ортасында үшбұрыш тіреп әрі желкенді желімдейміз. Енді қызыл түсті қағаздан жалауша жасап, оны желкеннің ұшына жаймен жабыстырамыз.
Парақ бетінде желкенді қайықтың бейнесі пайда болады.
Қорытындылау кезеңі:
Балалардың жасаған жұмыстарын тексеріп олардың жасаған жерінде кемшілік кетсе, оны айтып жақсы жасалған оқушыны мақтап мадақтау арқылы оқушыларды бағалау.
Сабақтың тақырыбы: Табиғи материалдар мен жұмыс жасау. (Күріштен әртүрлі бейнелерді жапсырмалау тәсілі мен жасау)
Сабақтың мақсаты. 1. Оқушыларға табиғи материалдармен
жұмыс жасаудың әдіс- тәсілдерін үйрету.
2. Табиғи материалдардың қасиеттерімен таныстыру.
3. Күріштен құсты, гүлді жасауды үйрету арқылы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың өтілу әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, жаттығу.
Сабақтың түрі: сарамандық сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Табиғи материалдармен жұмыс істеудің әдіс- тәсілдерінің суреттері, күріштен құсты, гүлді жасаудың бейнеленген суреті.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: Күріш, кілей, гуашь, қатырма қағаз және т.б.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру. Жаңа сабаққа көңіл аударту.
2. Жаңа сабақ материалын түсіндіру.
Сабақтың мазмұны: Бастауыш кластарда табиғи материалдармен жұмыс жасауда пайдаланатын заттардың біріне күріш жатады. Бұл материалдармен жұмысты жыл мезгілдерінің ең қолайлы кезеңі, көктемде орындатқан жөн. Табиғи материалдар мен жұмыстар орындау оқушылар үшін қызықты әрі ыңғайлы болып келеді. Табиғи материалдармен жұмыс орындау басқа материалдарға қарағанда оңай әрі тазалау жұмыс түрі болып келеді. Алдыменен табиғи материалдардың қасиеттері, құрамы туралы айта келіп саусақтарымен, жұмыстар орындауға жаттықтыру керек.
Табиғи материалдар мен жұмыс істегенде жұмыс столының тазалығын, қолдарының, киімдерінің тазалығын сақтай отырып, ептілікпен жұмыс істеуге қалыптастыру қажет. Табиғи материалдармен жұмыстар орындар алдында қажетті құрал-жабдықтарды кесу құралы, жағу, үгу құралдары тақтайшалар болғаны дұрыс.
Табиғи материалдардың негізгі қасиеттеріне, мысалы күріштің қаттылығы, жабыстыруға ыңғайлығы, формасын сақтағыштығы жатады.
Кез-келген жұмысты табиғи материалдан орындау үшін бұйымның заттың, жануар, құс аңдардың түр түсі, пішіні, бір-бірінен ерекшелігі, мінез құлықтары әңгіме түрінде түсіндіріліп берілуі қажет. Күріштен гүлді дайындау үшін алдыменен гүлдің суретін қаламмен салып алымыз, салынған суреттің ішіне желім жағып, үстінен күрішті жапсырамыз. Гүлдің түсіне сәйкес (қызыл, сары, көк, жасыл) етіп гуашьпен немесе акварель бояуымен күрішті бояймыз.
Мысалы, биылғы жыл сиыр жылы болғандықтан біз енді осы сиырдың бейнесін күріштен жапсырмалау тәсілімен жасап көрейік. Алдымен сиыр туралы түсіндіріп өтемін. Сиырдың адам баласына тигізетін пайдасы қандай? Оны адамдар не үшін асырайды? Сиырдың түсі, пішіні, сиырдың етінің, сүтінің құрамында қандай адам денсаулығына пайдалы дәрумендер бар екендігі туралы әңгімелеп түсіндіріледі.
Енді сиырдың суретін алдымен қатырма қағаз бетіне қарандашпен салып аламыз, содан соң оған желім жағып, салынған суреттігі бейнені күрішпен толтырып аламыз. Содан соң оның түр түсін, құйрығының түрлерін гуашьпен немесе акварель бояуымен бояп шығамыз. Дайын болған жұмысты кепкенше жоғарылау жерге қоямыз.
Жұмыс кезінде орындай алмай қиналып жатқан оқушыларға көмек көрсетілуі тиіс.
Сабақты қорытындылау. Үйге тапсырма. Жұмысты аяқтап келу. Оқушыларды жасаған жұмыстарына қарай, кемшіліктерін ескертіп, салыстыра отырып бағалау.
3: Материалдар мен еңбек әрекетіне сипаттама, бұйымдар жасау технологиясы
1. Еңбекке баулудың сыныптан тыс сабақтарында оқушылар әрекетін ұйымдастыру
2. Ермексаз бен сазбалшық және табиғи материалдардың қасиеттері, түрлері, қолданылуы
3. Металдың ерекшеліктері мен қолданылуы
4 Ағашты өңдеу тәсілдері мен жұмыс істеу жолдары.
1. Еңбекке баулудың сыныптан тыс сабақтарында оқушылар әрекетін ұйымдастыру
Сыныптан тыс үйірме және жаппай жұмыстың еңбек тәрбиесін іске асыруда тәрбиелік мүмкіндігі өте зор. "Жас натуралистер", "Жас техниктер", "Жас тәжірибешілер" және пән үйірмелеріндегі сабақтар оқушыларды еңбекке баулиды, олардың шығармашылық ойларының дамуына мүмкіндік туғызады. Әрбір оқушының үйіпме сабақтарында еңбекке шығармашылық қатынасы байқалады, олар еңбегін ұйымдастыру тәсілдерін іздестіреді, ғылыми зерттеу дағдыларына (әдебиеттермен жұмыс істеу, жазып алу, мәліметтерді жинақтай білу т.б.) төселеді. Мектепті өндіріске жақындату мақсатымен техникалық үйірмелер саны көбейіп келеді. Мысалы: село мектептерінде "Жас механизаторлар", "Жас малшылар", "Жас өсімдік өсірушілер" т.б. үйірмелер құрылған. Бұл үйірмелер келешек мамандықты таңдап алуда оқушыларға ой салады. Олар әр мамандықтың болымды, болымсыз жақтарымен танысады, зерттейді, сөйтіп, өзінше тиісті шешім қабылдайды. Осыған орай мұғалімдермен ата-аналар оқушыларға үнемі, бір ізді педагогикалық пікір айтып кеңес беріп отырса, олардың мамандық таңдауда бірте-бірте шабыты, қызығушылығы арта түседі. Үйірме жұмыстарын жаппай жұмыстар толықтырады. Оқушылар қызғылықты, үлкен тәрбиелік мәні бар көптеген шараларға белсенді қатысады және оларды тікелей ұйымдастырады. Мұндай жаппай жұмыстарға "Құстар күні," "Орман күні", "Бақ аптасы", "Еңбек мерекесі" т.б. жатады.
Сыныптан тыс уақытта мектеп оқушыларының негізгі шұғылданыстарының бірі үйірме болып табылады. Ол таңдаған салада практикалық іс-әрекетпен шұғылдануға ұмтылатын ерікті оқушыларды біріктіреді.
Үйірме – бұл тек қана оқушылардың күштерін және шығармашылық ойлауды дамыту, бейімділік пен қабілеттілікті сынау орны ғана емес, болашақ өндірістің жаңашылдарын, ұтымды ұсынысшыларын және өнертабысшыларын, ғалымдарды және инженерлерді ұжымда тәрбиелейтін орын. Әрбір үйірмедегі сабақтарда реттілік, ұзақтық мерзімі және белгілі профиль жұмыстары сипатталады.
Мектеп және мектептен тыс балалардың мекемелерінде іс-әре-кетінің практикасында қазіргі уақытқа дейін төмендегідей оқушылар шұғылданыс жасайтын үйірмелерінің түрлері қалыптасқан:
1. Дайындық техникалық үйірмесі (бұл бастауыш мектептің оқушылары үшін). Мұндай үйірмелер оқушылардың тұрғын орны бойынша мектептерде (ұзартылған күн тәртібі топтарында) және көптеген мектептен тыс балалардың мекемелерінде құрылады. Мұнда мектептің бастауыш сынып оқушылары шамасы келетін формада техника элементтерімен және қарапайым технологиялық процестермен танысады, қағаздармен, қаңылтырмен жұмыс жасайды, еңбек сабақтарында алған алғашқы ептіліктерін ағашты, пластмассаларды, металды және т. б. материалдарды өңдеу бойынша дамытады. Оқушылар техникалық ойыншықтарды, машиналар мен механизмдерді күрделі емес моделдері, қарапайым автоматты құрылғыларды, оқу-көрнекі құралдарды, мектеп және үйге керекті заттарды дайындайды. Бұл типтегі үйірменің іс-әрекетіндегі мәнді орынды қарапайым ойыншықтар мен моделдерден тұрғызылған ойын және жарыстар алады. Соңғы уақыттарда осында үйірмелердің жетекшілері оқушыларды қарапайым электротехника және электроника саласындағы жұмыстарға тартуда. Дайындық техникалық үйірме жұмыстарында сабақтардың тәжірибелері болашақтағы барлық формалар үшін мектеп оқушыларының орта және жоғары сыныптарындағы жас техниктеріне бастама болуда. Бастауыш мектеп оқушылары үшін бәрінен бұрын бастауыш техникалық модельдеу үйірмелері, механикалық ойыншықтар үйірмелері, көркем конструкциялау элементтерімен бастауыш техникалық модельдеу үйірмелері ұйымдастырылады.
2. Заттық (ғылыми-техникалық) үйірме. Бұл үйірмелер мектептерде, кәсіптік-техникалық мектептерде, оқу-өндірістік комби-наттардың мектеп оқушыларының орта және жоғары жастағылары үшін оқу кабинеттері мен шеберханаларының базасында құрылады. Мектептерде физика-техникалық, химия-технологиялық, агрохимиялық, астрономиялық үйірмелер, ауылшаруа-шылық машиналары үйірмелері; кәсіптік-техникалық мектептерде (училищелерде) – электро- және радиотехникалық, автоматика, электроника және есептеу техникасы, токарлық және құрылыс және т.б. үйірмелер. Мұндай үйірмелердің мақсаттары – оқу жоспарындағы әртүрлі пәндер бойынша оқушылардың білімдерін кеңейту және тереңдету, практикалық ептіліктерін бекіту. Үйірмеде шұғылданумен оның мүшелері ғылым мен техниканың тарихы және жеткен жаңа жетістіктері бойына баяндамалар және рефераттар дайындайды, ғылыми-техникалық бюллетендер шығарады, тәжірибелер жүргізеді, міндетті оқу бағдарламаларынан тыс есептер шығарады. Осымен қатар көрнекі құралдарды, приборларды және т.б. жөндеу, конструкциялау және дайындау бойынша практикалық жұмыстарға үлкен рөл бөлінеді.
3. Спорттық-техникалық үйірмелер. Бұл үйірмелер әртүрлі мектептен тыс мекемелерде, сондай-ақ кәсіптік-техникалық мектептерде құрылады. Оларды көбіне “жалпытехникалық” немесе “қызығушылық” деп те атайды. Бұл үйірмеге жататындар: авиамоделдеу, ракеталық-космостық модельдеу, авто- және кемемоделистер, теміржол моделдеу, радиобасқару, су-моторлы спорт және т.б. Оларда спорттық модельдеуге, спорттық техникалық түріне қызығатын ІV-ХІ сыныптың оқушылары шұғылданады. Спорттық-техникалық үйірмелерде оқушылар арнайы технологияны оқып-үйренеді, ұшатын аппараттардың, автомобильдің, кеме, локоматив және т.б. спорттық жарыстарға немесе көрмелерде демонстрациялайтын көлік құралдарының қабырғалық және функциональдық моделдерін конструкциялайды және дайындайды. Бұл жұмыстарды ерекшелігі жарыс үшін дайындалатын модельдер. Бірыңғай бүкілодақтың классификацияның талаптарына сәйкестікте болып табылады. Екінші-үшінші оқу жылындағы сабақтарда оқушылардың белгілі спорттық нәтижелерге жеткені, модельдің жеке бөлшектері үшін жаңа конструкциялық материалдарды таңдаумен байланысты экспериментті-іздеу жұмыстарына, оларды дайындау үшін жабдықтарды жетілдіруге қатыстырылады. Моделмен жұмыс кезінде, олардың жүрістерін дайындауда және жарысқа қатынасуда мектеп оқушылары техниканың сәйкес саласының тарихымен, жетістіктерімен және олардың одан әрі даму перспективасының даму тарихымен танысады.
4. Өндірістік-техникалық үйірмелер қажетті материалдық құралдары бар кәсіптік-техникалық мектептерде, оқу-өндірістік комбинаттарда және мәдени-ағарту мекемелерінде және мектептің оқу шеберханаларында құрылады, нәтижелі жұмыс жасайды. Бұл үйірмелер техниканың және өндірістің белігілі саласына қызығатын мектептің орта және жоғары сынып оқушыларын біріктіреді. Кеңінен таралған үйірмелерге жас дизаинерлер, столяр конструкторлар, металлистер, технологтар-рационализаторлар, электрондық автоматика, техникалық кибернетика, роботты техника, кіші өлшемді ауылшаруашылық техникаларын конструкциялау, прибор құрылысы және өлшеу техникалары үйірмелері болды. Ірі өнеркәсіп мекемелерінің базаларында өнеркәсіптің саласының профилі бойынша мамандандырылған үйірмелер жұмыс жасауы мүмкін болды. Өндірістік-техникалық үйірмелердің жұмыстары нық басты сипаты – бұл сәйкес машиналарды, агрегаттарды, өнеркәсіптік қондырғаларды модельдеу, сондай-ақ таңдаған ғылым, техника және өндіріс саласындағы шығармашылық конструкторлық және тиімді ұсыныстар іс-әрекеттері.
Өндірістік-техникалық үйірмелердің ерекше категориясын мектеп оқушыларының төмендегідей бірлестіктері түзеді, олар кеңінен қолданатын машиналар, аппаратттар, немесе басқа да техникалық объектілердің (автомобильдер, мотоциклдер, комбайндар, киноаппа-раттар, және т. с. с.). Оқушылар мұнда олардың құрылысымен және жұмысымен танысумен шұғылданады, оларды басқарудағы, күтім жасаудағы және қызмет көрсетудегі ептіліктерді игереді. Мұндай үйірмелер кейде оқу-техникалық деп аталады және жеке топтар бөледі. Олар негізінен оқу сипатында болып табылып, тікелей шығармашылық конструкторлық және ұтымды ұсыныс жұмыстарымен байланыста болмайды. Оқушылар осындай үйірмеде оқу курсынан өтіп онық арнайы бағдарламасын орындайды, фактілі түрде нақты кәсіпті: жүргізуші, комбайнер, киномеханик, т.с.с игеруге оңай белігілі білімдер мен ептіліктерді (және соған сәйкес арнайы құжат-удостоверение) алады. Мұндай үйірмелердегі сабақтар мамандар дайындауға жауапты ведомостылар бекіткен бағдарламалар бойынша жұмыс жүргізіледі.
5. Көркем-қолданбалы шығармашылық үйірмесі. Бұл үйірмелер мектептерде, кәсіптік-техникалық мектептерде (үйірмелерде), оқушылардың барлық жастары үшін әртүрлі мектептен тыс балалардың мекемелерінде құрылуы мүмкін. Бұлар ағашты (ағашты ою бойынша), металды (шекімелеу, бедерлеу) көркем өңдеу, инкрустация, макраме, ілмекпен тоқу, мозаика және т.б. Оларда мектеп оқушыларының эстетикалық талғамы қалыптасады, көркем-қолданбалы шығармашылыққа жеке-дара қызығушылығы дамиды.
Мектептегі, кәсіптік-техникалық мектептердегі, оқу-өндірістік комбинаттардағы немесе мектептен тыс балалардың мекемелеріндегі техникалық үйірмелер жүйесінде даму, олардың белсенділігінің өсуі ғылыми және техникалық шығармашылық үшін үйірмелерді оқушыларға беруі мүмкін. Өнертабыстар мен тиімді ұсыныс-шылардың алғашқы ұйымы, оқушылардың шығармашылық бірлестіктері: конструкторлық бюро, топтар және бригадалар, жастардың тиімді ұсынысшылар мектебі, оқушылардың ғылыми қоғамы пайда болуы туындайды.
Сыныптан тыс жұмыстардың тәрбиелік құндылығы, олардың тиімділігі көбіне бірқатар талаптарды сақтауға байланысты.
Ең алдымен олардың қазіргі заман нысаналылығы мен саяси бағыттылығын қамтамасыз етудің маңызы зор. Бұл талапты сыныптан тыс жұмыстың формалары мен әдістерін таңдаған кезде, оны жоспарлау және ұйымдастыру процесінде, қорытынды шығарған кезде сақтау қажет.
Үйірме жұмыстарына қойылатын талаптардың ең маңыздыларының бірі - оның өмірмен тығыз байланыстылығы. Кез келген үйірменің, ғылыми қоғамының жұмысы айнала қоршаған өмірмен танысуға және оны гүлдендіруге белсене қатысуға себепші болуы тиіс.
Үйірме жұмыстарының мазмұны мен ұйымдастырылуын мектептің оқу-тәрбие міндеттеріне бағындыру қажет. Үйірмелік және бұқаралық сыныптан тыс жұмыс үшін жалпы білімді және политехникалық дүниетанымды кеңейтуге, адамгершілік және еңбек тәрбиесін беруге, саяси сананы, эстетикалық талғамды және дене қуатын дамытуға септігін тигізетін материал іріктеудің маңызы үлкен.
Үйірме жұмыстарының тиімділігі, егер олар анда-санда емес, жүйелі, үнемі өткізілетін жағдайда едәуір артады. Бұған тыңғылықты жоспарлаудың және нәтижелерді есепке алудың көмегімен қол жетеді. Мектептерде оқылатын ғана емес, сыныптан тыс сабақтардың кестесі болуы пайдалы. Онда үйірмелік және басқа сабақтан тыс жұмыстың күндері және сағаттары көрсетіледі.
2. Ермексаз бен сазбалшық және табиғи материалдардың қасиеттері, түрлері, қолданылуы
Ермексаз-жұмсақ, илеуге, созуға қолайлы зат. Сондықтан ермексаздан әртүрлі көлемдегі заттарды мүсіндеуге болады. Ермексазбен жұмыс істеу үшін керекті құрал-жабдықтар: 1. Тақтайша, 2. Қырғыштар, 3. Бояулар, қылқалам, 4. Сүрткіш пен ыдыс.
Жұмыс істер алдында ермексазды алақанға салып, мыжып, уқалап жұмсартамыз.
Феодескин, Полех мастері шеберлердің шағын ғана қол өнер жұмыстары дүние жүзіне әйгілі болды. Өте нәзік әр түрлі формалы құтшылар, шақша, ине салғыш мойыншақ салғыш, қол өнер бұйымдар көпшілікті қуантып келді. Осы халықтың құрметіне айналған бұйымдар, папье-машеден жасалып, қара лакпен жасалғанын бәрі біле бермейді.
Папье-маше, француз тілінде, аударғанда “Шайналған қағаз” –деген мағынаны білдіреді. Сонымен папье-маше қағаз массасынан жасалған қатты әрі шымыр зат. Қағаздың қиындыларынан 5-7 қабаттап желімдеп кілейлеп арнайы бір формаға келтіру тәсілі оның шыққан тегі орта ғасырдағы Иран, Европа, Ирак шеберлерінің жасаған бұйымдарымен ХYІ-ғасырда танысты. Иран қорабшалары мен құтшылары бірнеше қабаттап желімделіп біріккен қағазға жасалып, үстінен желіммен бор араласқан қоймалжыңды жағып, кептіріп бояп, сурет салып өрнектеген, бояу сіңген соң үстін лакпен жапқан. Бірақ осы әдемі қорапшалар мен құтшылар өте нәзік болады. Коробовтың шаруа көпестері Россияда алғаш шақшаны папье-машеден жасады. Олар пірестеліп кілейленген картонды зығыр майында қайнатты. Осы заттан жасалған бұйымды ошаққа салып кептірді. Қазіргі папье-машені әр түрлі көрнекі құрал үшін пайдаланады мысалы: макет, рельевті карта жасау үшін. Сондай-ақ жаңа жылдық ойыншықтарын, маскаларын жасайды. Папье-машені жасағанда тегі үшін балшықты немесе пластелиннің қолдануды кей жағдайда дайын бір форманы алуға болады. 1-ші сыныпта оқушылар балшықтың қасиетімен танысып жеңіл тәсілдер өткізеді. Практикалық жұмыс оңай заттарды жабыстырудан басталады. Мысалы: жемістерді немесе қозықұйрықты жабыстыру жұмыстары қиындай түседі. Ал оқушы геометриялық денелердің формасын жасайды. Шар, конус, целиндір, пирамиданы кейін осы геометриалық негізде отырып, шыны аяқ, шәйнек, рамка, кесе т.б. жасайды. Жануарлардың адамның денесін балшықты жабыстыруды хал ойыншықтарын үлгі ете отырып жабыстыру сабағынан аяқтайды. Жабыстыру үшін кез келген майлы балшық жарайды. Балшықты жаз айында кептіріп, ұнтақтап, елеп, сүзіп дайындап қояды. Егер балшыққа кішкене өсімдік майын қосса ол қолға жұқпайтын болады. Кішкентай бұйымдар дайындау үшін кей жағдайда қағаз қиқымдарын балшыққа араластырып қосуға болады, қазіргі кезде балшықтың орынына пластелинді пайдаланады. Пластелиннің құрамында балауыз, балшық, бояу, басқа да қоспалар бар. Пластелинді жұмыстың алдында жылытып илеп қою керек.
Папье-машеден бұйым жасаудың 2 түрі бар. 1-ші түрі алдын ала балшықтан немесе пластелиннен дайындау формаға қағаз қиындыларын бірнеше қабаттап желімдеп жабыстырып үстін жабады. 2-ші түрі бұйымды қағазды массасынан формалап жасайды. Қағаз талшықтары оншалықты иілмейтін болғандықтан кептіру кезінде жасалған бұйым кедір-будр болып серпінділік қалпына түседі. Сондықтан дене форманы сақтап қалу үшін оның құрамына мына заттарды қосу керек: бор, балшық, ағаш күлін және т.б. осы заттардың басын біріктіру үшін храхмал, ұн, столярный және декоративный желімін пайдаланады.
2. Табиғи материалдармен жұмыс.
Табиғи материалдармен жұмыс жасау – балалардың қиялын дамытуға, шығармашылықпен еңбек етуге ықпалын тигізеді. Ол үшін мұғалім табиғи материалдарды алдын-ала жинақтап, сұрыптап, кептіріп, баланың іс-әрекетіне пайдалануға дайындап қояды. Табиғи материалдармен жұмыс істеу ұқыптылықты, зейінділікті талап етеді. Жұмыс үш кезеңнен тұрады.
Бірінші кезеңде табиғи материалдарды таңдау, талдау жасау (бұтақтар, кепкен жапырақтар, шырша бүрлері, ағаш қабықтары, т.б.) артық бөліктерін алып тастап, белгілі бір бейнеге ұқсату жолдарын ойластырады.
Екінші кезеңде табиғи материалдарды қолданып, негізгі алға қойған міндеттерді шешуде заттың жеке бөліктерін, негізгі бөліктеріне біріктіру, бейнені нақты бере білуге талпынады. Табиғи материалдардың сапасына, беріктігіне назар аударады.
Үшінші кезеңде баланың жұмыс істеп отырған тақырыбына сәйкес мазмұн бере әсерлеп безендіру, ой-қиялын дамыту, шығармашылық белсенділігін арттыру, еңбек нәтижесінің сапалы болуына көңіл бөлінеді.
Табиғи материалдармен жұмыс істеуде, сабақ кезінде және арнайы мақсатты серуендер мен топсеруендерге (экскурсия) апарғанда, жұмыс істеуге қолданылатын материалдардың сапасын анықтап (қатты, жұмсақ, тегіс немесе тікенекті, мамық-үлпілдек, т.б.) өзі дайындайтын затқа лайықтап таңдап алады.
Табиғи материалдармен жұмыс істеудегі негізгі міндеттер:
- болашақта өзі дайындайтын затқа сәйкес табиғи материалды таңдап алу іскерлік дағдыларын қалыптастыру;
- негізгі әдіс-тәсілдерді қолдану дағдыларын қалыптастыру (артық бөлшектерден тазалау, құрастыру, кеңістікте орналастыру, бір-біріне біріктіру, беріктігін сақтай білу, т.б.);
- заттың бейнесін тұтас бере білу дағдысын қалыптастыру;
- баланың өз ойынан мазмұн бере бейнені әсерлей білуі, табиғи материалдардың өзіндік ерекшелігін сезініп, дұрыс қолдана білуге жаттығуы.
Балалардың табиғи материалдардан дайындаған заттары: алуан түрлі
икэбаналар, сабаннан жасалған адам, жәндіктер, т.б. кейіпкерлер бір-біріне сыйлық етіп ұсыгуғ, мерекелерде ата-аналарына, достарына сыйға тартуға, топ бөлмелерін безендіруге қолайлы. Әрі мұндай жұмыстардың тәрбиелік мәніде зор.
Табиғи материалдарға талдың қабығы, бұтақтар, тал түбірі, құм, жапырақ, гүл күлтелері, кепкен жемістер, сабан және т.б. заттар жатады.
Мұндай материал түрлерінен панно, коллаж, икебано, ойыншықтар, қораптар, сурет жақтаушаларын, себеттер жасайды. Әр түрлі бұйымдарды жасамас бұрын оған материалдарды дайындап алу қажет. Ол үшін қолданылатын табиғи материалдарды тазалап кептіріп алады. Кептіру жолдары да әр түрлі. Мысалы, “икебано” жасау үшін өсімдіктерді сол қалпында түбін жіппен байлап іліп қояды.
Жапсырмалау технологиясымен панно орындайтын болса, әр өсімдікті қағаз арасына салып, ауыр затпен бастырып кептіреді.
Сабаннан бұйым дайындағанда оның ұзындығын бірдей қылып кесіп алады. Ыстық су құйылған ыдысқа сабанды біраз уақыт салып қояды. Өткір қайшымен немесе пышақтың ұшымен екіге жара кесіп, тақтайдың үстіне салып үтіктейді. Үтіктің қызулығына байланысты әр түсті сабан алуға болады. Панно сызбасын дайындап, сабанды желімдеп қиып алады. Қиылған бөлшектерді сурет бойынша құрастырып жапсырмалайды. Бетіне түссіз лак жағады. Ал сабанды өру не тоқу үшін керісінше оны салқын суға салып қояды.
Бастауыш сыныптардағы еңбекке баулу сабақтары барысында қолданылатын табиғи материалдардың түрлері.
Республикамыздың кең-байтақ аймақтарында өмір сүретін әрбір адам өзі тұрған өлкесінің табиғат байлығын меңгереді. Бірі−диқан, екіншісі−қолөнерші, үшіншісі−тігінші, төртіншісі−құрылысшы. Өсімдіктердің қалай өсетінін бақылап,қағаздан,матадан және табиғи материалдардан бұйым құрастыруды үйренесіңдер. Табиғат таң қаларлықтай бай. Табиғи материалдар түрлі. Ол−адамның ой-қиялының қайнар көзі! Егер құрғақ жапырақтан, гүлдерден, ұлу қабыршағынан, жаңғақтан түрлі сувенирлер, ойыншықтар, басқа да бұйымдар жасағың келсе, онда бай табиғат шеберханасы сенің көз алдыңда!
Әсемді бұйымдар жасау үшін, ең алдымен табиғат яғни, табиғи материалдардың қасиеттері және олармен жұмыс істеу оқушылардың қиялын, ақыл-есін дамытатын және де белсенділігін арттырудың бірден-бір әдіс болып табылады. Бастауыш мектепте еңбек сабағында табиғи материалдардың әр алуан түрлерімен жұмыс жасауды оқушылар үйренеді. Оның қасиеттерін үйрену және оны ескерту мұғалімнің басты міндеттерінің бірі.
3. Металдың ерекшеліктері мен қолданылуы
Адамдар ерте кезден – ақ темір, мыс т.б алтын, күміс,қорғасын, қалайы, сынап сияқты металды өндіре бастаған. Сондықтан адамдар көне заманнан бері игерілген алғашқы материалдардың бірі темір материлдары болып саналады. Алтын табиғатта таза күйінде кездескендіктен ол ерте кезден – ақ құмды шаю арқылы өңделген қорғасынды алғашқы кезде күміс қоспасыннан алған. Қазірге кезде халық шаруашылығында әртүрлі салаларда металдармен метал құймалары кеңінен қолданып келеді.
Материалдар электр тогын, жылуды жақсы өткізген жылтыр пластикалық қасиеті жоғары болған бағалы зат болып саналады. Темірден жасалған қорытпалар мыс,болаттардың әр түрлі сорттары қазіргі техниканық негізгі материалдары.
Металдар 2 – топқа бөлінеді.
1. Қара металдар оларға: темір металдары мен құймалары. (болат , шойын)
2. Түсті металдар оларға алюмин, магнит, цинк, мыс қымбат бағалы металдарға алтын , күміс, платина жатады.
Жеңіл металдарға алюмин, ртуть, олово, жатады. Аз кездесетңн металдарға вольфрам.
Радиоактивті металдарға Уран, Торий жатады.
Металдар өндіретін заводтарда әр түрлі құймалар көбінесе жазық түрде( мыс) рельс түрінде, трудо түрінде шығарылады.
Метал өндірумен айналысатын саланы металлургия саласы деп атайды.Металлургия грек сөзінен шыққан рудо- өндірілген, металл - өңдеймін, metalla – рудник, металл, epgon-жұмыс. Ғылми технологиялық жолдармен өндіретін, өңдеу жұмысымен айналысатын сала.
Металлоконструкциялар - әртүрлі металдан болаттардан жасалған курстық конструкциялар.
Металлоконструкциялар берік болумен қатар әрі жеңіл болып келеді. Мыс, алюмин қорытындысынан дайындалған конструкциялар құрылыс саласында , өндіріс саласында кеңінен қолданылады.
Бұлардың басты артықшылығы жеңіл әрі коррозияға төзімді және оңай өңделеді. Сол себептен ұшақ жасау, зымыран жасау саласымен машина жасау , электроника саласында , құрылыс саласында мұнаралар тұрғызу үшін кеңінен қолданылады.
Металлдар сыртқы ортаның әсерінен тотығып бүлінеді. Бұндай процесті металдар коррозиясы деп аталады. Корозия салдарынан Х\Ш саласында орасан зор зиян келеді. Жыл сайын барлық өндірілген металдардың 25% - тен тотығудан бүлінеді.
Металдар коррозияға ұшырамау үшін темір қоспасына мырыш қоспасын қосады. Бұл деген металдың коррозия тұрақтылығын арттырып қоспалар қосындысы кезеңінен өткзеді.
Металдардан көп қолданылатын түрлеріне сымдармен және жұқа қаңылтырлар жатады. Бұл саладағы еңбекке баулу себептерін сарамандық жұмыстарында алюмин, мыс, сияқты жұмсақ сымдармен жұқа қаңылтырлар қолданылады. Алюмин мыс сымдар қырқуға , ал жұмсақ жұқа қаңылтырлар қиюға, майыстыруға, дайындауға қолайлы болып келеді. Алюмин мыс сымдар электротехника саласында радио, телевизор жасау саласында және байланыс жүйесі ретінде сымдар кеңінен қолданылады. Болат сымдарды машиналардың қақпасы ретінде қолданады, жүк көтерген крандардың тросы ретінде кеңінен қолданылады.
Жұқа металл қаңылтырларға темір, болат қаңылтырлар, фольга, жатады. Жұқа қаңылтырлар өндіріс орындарында , жеңіл өнеркәсіп, электротехникалық, радиотехника саласында кең қолданылады. Қара, ацинкаланған, болат, темір қаңылтырлар көбінесе үйлердің, құрылыс объектерінде шатыры ретінде, су ағатын трубалар ретнде , терезе астындағы су ағар ретінде т.б түрлі шаруашылық ыдыстар есебінде қолданылады.
Фольга қаңылтырдың қалыңдығы 0,2 мм болып келеді, радиоэлектроника саласында, сүт , айран, қаймақ сияқты ағарғандардың қақпағы ретінде және шоколадтарды орауға қолданылады.
Станиоль жұқа қаңылтыр түрінде шығарылады. Электроника, радиотехника саласында дайындау ешқандай сұйық заттарды ұшып кетпеуі үшін қолданылады. Еңбекке баулу сабағында бұл жұқа қаңылтырлардан ойыншық түрлерін дайындаумен бірге, жапсырмалау жұмыстарында қолданылады. Жұмсақ сымдардан аңдардың, құстардың, жануарлар қаңқасын жұқа сыммен бедерлеп пішінін дайындауға және жұмсақ сыммен ойыншықтармен, қуыршақтарды дайындауға үйретеді.
4 Ағашты өңдеу тәсілдері мен жұмыс істеу жолдары.
Әрлеу тәсілдері және әрлеу материалдары. Жарықтың, ылғалдың, температураның және басқа да факторлардың әсерінен сырты қапталмаған бұйымдар тез бұзылады: жарылады, деформацияға ұшырайды (пішінін өзгертеді), иіліп майысады, табиғи түсін жоғалтады және т. б. Бұйымның сыртқы бетін сақтау үшін әрлеу (отделка) жұмыстарын орындайды.
Әрлеу дегеніміз - бұл бұйым бетіне берік, сәндік қорғағыш қабатпен қаптау. Қорғағыш қабат (пленка) бұйымды, заттарды сыртқы атмосфера жағдайынан және механикалық заттардан сақтайды. Сондай-ақ, жылтыраматын, мөлдір емес материал қабатымен бұйымның сыртқы бетінің ақауын жасыруға болады. Әрлеудің басқа түрлерімен бұйымның сыртқы түріне жақсы өң беруге, табиғи түсін және қымбат ағаш породасының текстурасын сақтауға болады.
Бұйымның қайда тұруына, оған қойылатын талаптарға байланысты ағаш породасына және пайдалану шартына қарай әрлеу қайта әрлеу жұмысы мынадай болып бөлінеді: текстураны қаптау арқылы, текстураны сақтау арқылы боямалау, арнайы және сәндік-көркем.
Текстураны қаптау арқылы әрлеу дегеніміз - бұл бұйымның бетін көрінбейтін берік , сәндік қабатпен, табиғи текстураны немесе ағаштың породасын жабуды айтады. Бұл әрлеу жұмысы ағаштың қымбат емес породасынан жасалған бұйымға немесе текстурасы нашар сыртқы ортада тұратын бұйымға жүргізіледі.
Текстураны сақтау арқылы әрлеу қымбат породалы ағаштан бұйым дайындауда қолданылады.
Боямалау арқылы әрлеу (әшекейлеу) қымбат емес породалы (түсі нашар) ағаштан жасалған бұйымның бетін қымбат, түсті ағаш породасына – (талшықтарды бояу арқылы) келтіру мақсаты үшін жүргізіледі.
Арнайы әрлеу негізінен фанералауда, яғни бұйымның көрінетін бетін қымбат ағаш породасының түсті текстура шпонымен қаптау. Сондай-ақ мұндай өңдеуге ағашты текстура қағазымен, синтетикалық шпонмен және пленкамен қаптау жұмысы жатады.
Сәндік-көркем әрлеу жұмысы негізінен эстетикалық мақсатта жүргізіледі. Бұл кесу арқылы оюлау, қысым арқылы оюлау, күйдіру, мозайка, металдау және т.б. жұмыстарды қамтиды.
Әрлейтін материалдар негізінен дайын лак, бояу түрінде болады. Оларға лактар және политур (смолалы зат қосылған спиртті лак), бояу және эмаль грунт (бояу қабаты жатады).
Негізгі көркем-сәндік өңдеу. Қазіргі кезде ағаш ұстасы бұйымдарын, мебельдерді, үй жиһаздарын арнайы сәндік-көркем өңдейді. Көркем өңдеудің мынадай түрлері бар: ағашты металдау, ағашты оюлау, жабыстыру, мозайка, күйдіру, бояу, кесілген әшекейлермен безендіру.
Металдау деп - ағашты жұқа металл немесе қорытпаларымен (алтын, күміс, қола) әртүрлі тәсілмен қаптауды айтады. Қарапайым және көп тараған металдау түріне алтын тәрізді ұнтақ қола қабатын ағаш бюетіне жағу болып табылады. Бұйымның беті бояу алдындағыдай дайын болуы керек.
Бронзалаудың екі тәсілі бар:
Біріншісі, бұйымды майлы бояумен бояп, кебу барысында бронза ұнтағын үрлейді (себеді). Кейде бояуды кептіріп, содан соң лакқа бронзалайды да, түссіз лакпен лактайды.
Екіншісі, бүйымның дайын болған бетіне арнайы лакпен ара-ластырған бронза лакты жағады.
Кесу (ою) - ағаш бұйымдарын (әшекейлеудің) әдемілеудің көне тәсілдердің бірі. Кесудің (оюдың) төрт түрі бар: оюлап кесу (сызықты, геометриялық ою), жазық ою, рельефті және скульптура (мүсін өнері).
Оюлап кесу (өрнектеп ою)- бұл ағаштың бетіндегі суреттің негізгі сызықтарын жұқа тереңдікте сызық түрінде кесу.
Жазық ою - бірнеше миллеметр фоннан (негізгі түстен) төмен орындалады. Кейбір жағдайларда сурет оюланады, ал беткі қабат фон қызмет атқарады.
Рельефті ою - фоннан едәуір төмен тереңдікте орындалады. Егерде кесілген сурет беткі қабаттан айтарлықтай шығыңқы болса, онда оны горельеф дейді, одан төмен дөңестіктегісі - барельеф деп аталады.
Мүсін оюдың айырмашылығы сурет фоннан бөлек болады, көбіне дене кесіліп алынып, бұйымға желіммен немесе жасырын шабақпен желім арқылы біріктіріледі.
Сурет түрінің сипатына байланысты ою геометриялық, сызықты, шұқыр және т.б. болып бөлінеді. Ою алдын-ала белгі түсіруді талап етеді. Көбіне сурет ағашқа көшіру қағаз арқылы көшіріледі. Күрделі мүсінді ою үлгі немесе модель бойынша орындалады.
Кесу үшін жөке (липа) ағашы көбіне жарамды болып табылады. Ол жұмсақ, біртүсті, құрылысы біріңғай, аз жарылады және лакты жақсы алады. Сондай-ақ ольха, қайың, кедір, терек, үйеңкі, бук және т.б. қолдануға болады. Кейбір қылқан жапырақты ағаш түрлері кесіп оюлау үшін жарамсыз, себебі, құрылысы біріңғай емес.
Ағаш бетіне түскен оюды көбіне түссіз лактайды. Біріңғай түсті алу үшін ағаш бетін сумен сүртеді. Бояуды көбіне үрлеу әдісімен лактаған жақсы.
Кесуді (оюды) келесі тәртіппен жүргізеді: белгі салу және суретті көшіру; суреттің сыртқы сызығын кесу; негізгі түсті (фонды) кесу; суреттің бөлшектерін кесу; соңғы түзету және оюды тазалау.
Кесу жұмысы үшін әртүрлі формадағы болат кескіштерді, қа-шауларды, рашпильді, егеулерді қолдануға болады. Әрбір кескіш өткір қайралған болуы қажет. Кескішті түзету мен өткірлеу сәл доғаланған уақытта қайталанады. Кесуді ілгеріде көбіне кесуші қолмен атқаратын. Соңғы уақытта арнайы мүсін жону және көшіру-жону станоктары пайда болды, олардың ерекшелігі айналу жылдамдығы жоғары. Станоктар әртүрлі кесуші аспаптар жиынтығымен қамтамасыз етілген.
Оюлау (өрнектеу-гравирования) ағаш бетіне қысыммен өрнек салу (тиснение) және кислотамен сығымдау арқылы орындалуы мүмкін.
Қысыммен өрнек салу арнайы көп плиталы қыздыру престерінде немесе прокаттау вальциде орындалуы мүмкін. Ағашты плита немесе вальцимен сығымдау арқылы алынған бедер берік және анық болып келеді.
Ағашты кислота арқылы сығымдау адам денсаулығына зиянды болуына байланысты аз қолданылады.
Ағаштан мозайка (құрақ) - бұйымды әйнекпен, сүйекпен, мрамормен, ағаштың қымбат породасымен әшекейлеу. Ағаштан мозайка түрлері - инкрустация (бастырма), интарсия, маркетри болады.
Инкрустация - ағаштың бетін сүйек, металл және т.б. материалдардың жұқа қабатымен (пластинкасымен) әшекейлеу.
Интарсия - ағаштың жұқа пластина қабатын басқа ағаштың басқа породасынан жасалған бұйымның кесіліп алынған орнына желімдеу.
Маркетри - бұйымның бетіне шпоннан алынған суреттерді желімдеу.
Ағашты күйдіріп өрнектеу - ағаштың бетіне ыстық штамптың, қызған электр біздің, қыздырылған металл вальци арасымен прокаттау арқылы сурет түсіру.
Қыздырылған штамппен күйдіріп өрнектеу электр тогының көмегімен қыздырылып, өңделіп алынған бетке қойылады. Бұл тәсілмен үлкен емес суреттер түсіріледі.
Қыздырылған электр бізбен күйдіріп өрнектеу пирографией деп аталады. Электр бізбен жұмыс жасау ағаш бетіне түсірілген сурет немесе көшіру қағазы арқылы жүзеге асады. Электр бізбен күйдіріп өрнектеу үшін көбіне бір түсті жұмсақ ағаш породасын пайдаланады.
Суретті қыздырылған вальци арасында прокаттау арқылы күйдіріп өрнектеу - пиротипия деп аталып, жазық беттерді әшекейлеу (өңдеу) үшін қолданылады. Алдымен вальци ағаштың түгін күйдіріп, бетін қызылды-қоңыр түске келтіреді, содан кейін үстіңгі вальци көмегімен оюланған сурет күйдіріледі.
Майлау (сырлау) және текстура қағаздарын жапсыру.
Майлау (сырлау) жұмыстары үй құрылысындағы, жиһаз дайын-даудағы ең соңғы жұмыстың бірі. Бұған үйдің ішкі-сыртқы жақтарындағы әр түрлі бөліктерді бояу жатады. Бөлменің ішіндегі бояу-дың түрлері адамның көңіл күйіне әр қилы әсер етеді. Сондықтан олардың түсі мен түрін таңдау негізгі жұмыстардың бірі болады. Бояулардың түрін анықтағанда бөлменің ауданы мен биіктігін, түсе-тін жарық пен бөлменің орналасу қалпын еске алу керек. Бөлменің терістікке қарап тұрған қабырғасын ақшыл түспен, оңтүстікке қара-ғанын күңгірттеу түспен бояған жөн. Бөлмеде табиғи жарық көп болған жағдайда барлық қабырғаларды күңгірт бояумен бояйды. Тұратын бөлме биіктеу болғанда қабырғаны төбеге 6-10 см қалғанша бір түсті бояумен, ал жоғарғы жағын төбені бояйтын бояумен бояйды. Орындалу сапасына қарай майлау жұмыстары жәй, орташа және жоғары сапалы болып бөлінеді. майлау жұмысында қолданылатын бояғыш заттар жабыстыру мен еріткіштік қасиеті бойынша сулы және сусыз болып келеді. Сулығы желімді, әкті, силикатты және ірімшікті құрам жатады.
Желімді құрамы бар бояумен кебу бөлменің ішін, оның жиһаздарын бояйды. Бөлменің ішінде ағаш беттерін бояйды. Майлы бояу құрылымдарды жауын-шашанның әсерінен қорғап, тазалықты қамтамасыз етеді. Майлы бояу жағылған бетті жалтырату үшін лак жағу керек.
Текстура қағаздарын жапсыру жұмыстарына ағаш бұйымдарына жапсыру жатады. Текстура қағаздары сапасы бойынша жәй, орташа және жоғары сапалы болып бөлінеді. Желімдеу бойынша желім жағатын және өздігінен желімделетін болады. Бетінде түсірілген таңбалары бар қалың текстура қағазын жоғары сапалы деп атайды Кейбір текстура қағаздарында синтетикалық смола болады. Олар ылғалға төзімді болып келеді және бетін жууға болады. Бет құрылысын жәй жылтыр және суретті етіп шығарады.
Бұл өздігінен желімделетін текстура қағаздармен ағаштан, металдан, т.б. дайындалған бұйымның бетін, ағаш талшық плиткаларды және фанерамен қапталған қабырғаларды өрнектейді. Одан басқа жұмыстардың барлығы текстура қағазын желімдеуге дейін жасалады.
Текстура қағазын жапсыратын ағаш беттің ылғалдығы 10 проценттен, басқа беттердің ылғалдылығы 8 проценттен аспауы керек. Ағаштан және одан алынатын өнімдерден дайындалған бұйымдарды желімдеу қосымшада көрсетілген.
Текстура қағаздарымен, синтетикалық шпонмен қаптау. Үйдің қабырғасы мен төбесін кейбір кезде текстура, синтетикалық шпонмен, өрнек салынған қағазбен қаптайды. Бұлар үйдің ішіне сән берумен қатар жылу ұстайды. Текстура, өрнек салынған қағаздар әр түрлі болады. Оның бір орамының ұзындығы 7-12 м, ені 60-75 см және 1 м2 бөлігінің салмағы 70-200 грамм болады келеді. Текстура және өрнек салынған қағазды бөлменің мөлшеріне, онда қойылатын заттардың түріне қарай таңдап алады. Ашық түсті қағаздар бөлмені жарық, үлкен етіп көрсетсе, күңгірт түсті қағаздар бөлмені қараңғы, кішкене етіп көрсетеді. Оқу бөлмесіндегі текстура және өрнек салын-ған қағаздар басқа бөлмедегілерден ашықтау болуы керек.
Текстура қағазын жабыстырудан бұрын бұйымның, бөлшектің жазықтық бетін жөндеп, кептіреді. Жазықтыққа жұқа қағаз бен газет жапсырып, ол кепкен соң үстіне клейстрмен жай текстура қағазын немесе өздігінен желімделетін текстура қағазын жапсырады. Өзігінен желімделетін қағазды өте кебу сылаққа, бетонға т.б. жабыстыруға болады. Ылғалды бетке жабыстырылған текстура қағазы көтеріледі. Қатырма мен фанераның үстінен текстура қағазын жапсырғанда олардың қиылысқан жапсарларын бітеп және ол кепкен кезде үстін тегістеу керек. Кейбір жағдайда бітелген жапсардың үстінен бірнеше қабат қағаз жапсыруға болады. Олардың жоғарғысының ені төменгі-інің енінен 1 см кем болады. Қағаз кепкен кезде үстінен пемзаны (өте жеңіл, кеуек тау жынысы, түсі ақшыл, жылу өткізбейді) үйкелеуге болады. Текстура қағазын желімдеп болған соң оны лакпен қаптаса, оның сапасы жақсарады.
Өздігінен желімделетін қағазды жапсыру жұмысы бөлмедегі тем-пература +80С -тен артық болғанда жүргізіледі. Әрбір қағазға клейстр жағып, таза шүберекпен бастыра жапсырады. Жабыстырылған қағаздардың астында ауа қалмауы қажет. Қағаздардың астыңғы және үстіңгі жақтарын жақсылап желімдеп, үстіне жіңішке қағаз жүргізеді. Жазық бетке жапсырылған жәй қағаз бен текстура қағазды сапалы желімдеу үшін беттің шаңын, майын кетіру қажет.
Дайын желіммен текстура қағазын желімдейді. Өздігінен желім-делетін текстура қағазын үйдің қабырғасының биіктігіне лайықтап кеседі. Оның ұзындығы керекті ұзындықтан 5-10 см артық болу керек. Жұмысты бастаудан бұрын жай текстура қағаздардың бет жағын қаратып жазып жинайды. Жай текстура қағазына желім жағып, желімдеуді орындайды. Оның кебу тез болуы үшін кейде үтіктейді. Өздігінен желімделетін текстура қағазын желімдеу үшін оның ішкі қабатын алып, бірден желімдеуді орындайды.
Желімдеу жұмыстары жазық беттің сыртқы бұрышынан басталады. Өздігінен желімделетін текстура қағазын, жай текстура қағазын үстінен төмен қарай жабыстырады және таза шүберекпен басып, қағаздың ортасын, содан соң шеттерін тегістейді. Оны жабыстырған кезде суреттерін бір-бірімен дәл үйлестіреді.
Текстура қағазын желімдеу ұқыпсыз жүргізілсе, қағаз тез кірлейді. БҮйымдағы текстура қағазы уақыт өткен сайын және әр нәрсенің тиюінен кірлейді. Оны кетіру үшін тіс жууға пайдаланылатын ақ ұнтақты қоюлап араластырып кірдің үстіне жағып, бір күндей қоя тұрады. Содан соң жағылған ұнтақты шөткемен тазалап, пышақпен тырналап кетіреді.
4: Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнері, оның түрлері
1. Дизайндық білім, дизайн негіздері
2. Бастауыш мектепте тұрмыстық еңбектің мәні мен мазмұны, ұйымдастырылуы.
3 Еңбекке баулудың сыныптан тыс сабақтарында оқушылар әрекетін ұйымдастыру технологиясы
1. Дизайндық білім, дизайн негіздері
Бастауыш сынып оқушылары өзінің сезімдік күшімен дизайндық талаптардаң философиялық жіне психологиялық табиғатын терең сезінеді. Бұны оқу курсын құрастырғанда негізге алу керек. Дизайнның субъективтік ережелерін оқушылар осы кезеңде меңгереді.
Екінші сыныптан бастап, оқушыларға көптеген ахуалдар ұсынуға болады. Мұнда олар заттық ортаның ақпараттары туралы ойлайды. Мысалы, сәнді құмыраның аппликациясын орындаудың алдында көптеген құмыралардың бейнелерін көрсетіп, мына сөздермен оқушылардың назарын аударуға болады: “Мына барлық құмыралар гүлдер үшін жасалған, әр құмыраның пішініне қарай сәйкес букет салынып, сәйкес бөлмеге қойылу керек. Солай емес пе? Суреттерге қарап айтыңдар, осы құмыралардың қайсысына раушан гүлді салған жөн болады, ал қайсысына-қызғалдақты? Неге? Тағы қандай гүлдер қалған басқа құмыраларға сәйкес келеді?”
Басқа сабақтарда оқушылар заттық ортаның күрделі проблемаларын шешуге ойланады. Мысалы, “Біздің ұйымдарымыз не туралы айтады” циклінде. Ыдыс-аяқ жасаудың алдында мына сұрақтарға тоқталамыз: “Бұйымдар сөйлесе ала ма? Иә, әсіресе біз туралы. Өйткені олар өзіміз сияқты: байсалды және ұстамды немесе айғайшыл, тиышсыз; көңілді немесе көңілсіз; таза немесе онша емес….. “ Мысалы, кеселер, олар неге әртүрлі? Өйткені, біздің өміріміз дағдылы және мерекелерден, бақытты және бақытсыз күндерден тұрады, біз де әртүрліміз-сондықтан әр түрлі кеселерді таңдаймыз. Әр түрлі пішінді, түсті, суретті! Сенің де жақсы көретін кесең бар ма? Ол қандай? Айтып кетейік, білімділік мағынасында әсіресе сабақта осы ақпарат негізгі болып табылады, ал апликация – “заттық нәтиже” емес. Келесі әрекет былай беріледі, берілген ақпаратқа оқушылардың зейінін аударып, оны белсенді және жете меңгеріп практикалық жұмыста қолдануды жалғастырамыз. Заттық ортаны адам өзі құрайтындықтан және табиғаттың ішінде өмір сүретіндіктен, барлық дизайнерлік жұмыс проблемалары осы жағдайды ескере отырып шешілуі қажет. Гармониялы қолөнер табиғатпен үйлеспеуі мүмкін емес. Сондықтан біз дизайнерлік білім беру жүйесінде табиғаттың орасан зор тәрбиелік әсерін қолдану мүмкіндігіне ие боламыз.
Бүгінгі таңда біз оқушылардың табиғатқа деген ойды, ынталы көзқарастарын қалыптастыратын жаңа жолдар іздестіру қажеттігін түсініп отырамыз. Осы әр бір оқу пәндері қандай үлес қоса алады? Осы орайда еңбек сабағы басқа пәндер атқара алмайтын қандай міндеттерді өзіне алуы мүмкін? Соны байқайық. Мысалы, дизайндық білім беру табиғат саласынан қамтып қарастырады. Ол соңғы онжылдықты табиғат заңдарымен ондағы адамның алатын орны жайлы жаңа ұғымдар қалыптастыруына байланысты; қолдан жасалған өмір сүру ортасын құру кезінде табиғат заңдарын толық ескермеу оған кері әсер ете бастады. Сонымен қатар дидактика мен педагогикалық-психалогияның қазіргі жағдайы еңбекке баулу әдістемесінде қалыптасқан кейбір әдістерді қайта қарауға мәжбүр етті.
Еңбекке баулу сабақтары, дизаиндық білім беруді ең маңызды екі мәселені ашатындай етіп құру керек:
А) табиғи нысандардың коструктивтік идеялары;
Б) олардың образдарының ерекшелігі, әдемілігі және үйлесімділігі.
Бір жағынан, бұл ілімдер ерекшеленді (яғни, көркем құрастыру саласына жатады). Ал екіншіден, олар әмбебап және балаларға адамның тұрып жатқан ортасы және оның жаңалық күйде оның алатын орны жайлы түсінігін қалыптастырады.
Еңбек сабағында осы екі жақтың бір-бірімен байланысты екендігін байқауға болады: жетілдіретін конструкция өзгелерге қарағанда әдемілеу.
Табиғат нысандарында элементтерді ұйымдастырудың басқа да бірнеше қағидаларын қарастыруға болады, бірақ ортақ идея мынада: табиғаттың өзіне тән бұлжымас тәртібі бар; оны математикалық есептер арқылы тексеруге болады, ал сырттай ол ерекше үйлесім мен сұлулық сияқты қабылданады.
Сөйтіп біз табиғаттан жасампаздықты және оны бере білуді үйренеміз:
- конструкцияның мейлінше ақылға қонымдылығын, сыртқы қоршаған ортаға бейімделуін;
- ұйымдасқандық, көріктілік және тәртіп;
- симметриялық жіне ассимметриялық;
- ритм және конструкциялармен табиғат образдарындағы басқа да идеялар.
Табиғат өзін сұлу және үйлесімді ету үшін белгілі бір әдістерді қолданады. Дизайндық білім беру аясында осы сабақтарда орынды қолданылатын және оларды сендіретін, тәрбиелік әңгімелесуді балалармен жұмыс істеу кезінде қолдануға болады.
Дизайнерлік білім берудің барлық танымдық аспектілерін оқушылар “жалпыдан жалқыға” қағидасы бойынша игерілуі керек. Ол сабақтан сабаққа тиісті фактілерді жинақтау ғана емес, оларды бірден ой елегінен өткізіп отыру деген сөз. Бастапқы сабақтан бастап оқушылардың бір ойлау қабілетін, бағытын қалыптастырып, сол арқылы алдағы уақытта өз бетімен таңдап, қажетті ақпаратты интерпретациялау мүмкіндіктерін дамыту қажет. Мысалы, бірінші сынып оқушылары қағаз гүлдер мен мазақтаудың декоративтік композициясын аппликация техникасында орындау кезінде, табиғат жасаған үйлесімділікті өз жұмыстарында көрсетуге тырысады. Ол үшін сабақта міндетті түрде оқушыларға өздерінің декоративтік образдар табиғаттарымен салыстыруға мүмкіндік беретін көрнекі құралдар қажет: мақсаттың құрылысы, гүлдің талшықтары, балықтың денесіндегі қабығы қалай орналасқан, түрі-түсі қандай, саны қанша? Көбелектің қанаты қандай, қалай орналасқан және т.б. Әрине, өз жұмыстарында оқушылар табиғатты дәл көшірмейді, тек олардың негізінде көркем образдар жасап, белгілі бір әдістерді қолданады.
Ғылыми деректер бойынша дизайнерлік ойлау қабілеті мынадай көрсеткіштерден тұрады:
-конструктивтік;
-ақылға қонымдылық;
-өзгермелі икемділік;
-стиль мен стильдік үйлесімді сезе білу.
2. Бастауыш мектепте тұрмыстық еңбектің мәні мен мазмұны, ұйымдастырылуы.
Мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру қоғамның бүгінгі таңдағы өзекті мәселесі және басты талаптарының бірі. Қоғамдағы әр азаматтың өмірде өз орнында толық күш-жігерін жұмсап, қоғам байлығын еселей түсуге еңбек үлесін қосуы, еңбекке адал қатынасуы, қоғамның алғы шарттарының бірі болып табылады. Ол үшін адам еңбекке лайықты тәрбиеленуі керек. Осы заманғы ғылыми біліммен қаруланған белсенді және қоғамдық іс-әрекетке жан-жақты даярланған еңбек адамын қалыптастыру әлеуметтік тәрбие шарттарының негізгі-жалпы орта білім беретңн мектеп. Еңбекке тәрбиелеу мектепте тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамды бөлігі. Адамның жан-жақты жіне үйлесімді дамуында еңбек шешуші факторлардың бірі.
Еңбек ету арқылы адамның дүниеге көзқарасы оң бағытта өзгеріп, этика, этикалық түсіну сезімдері артады.
Жалпы орта білім беретін мектептердің бастауыш сыныптарда жүретін «Еңбекке баулу» пінінің тиімділігімен балаларды еңбекке тәрбиелеудегі маңызын арттыруда, егемен елімізде көптеген оң өрістер жүргізілуде. Мәселен халыққа білім беру заңы мен тұжырымдамасында жалпы адами құндылықтар капиталын бойына сіңірген, еңбекке жарамды және икемді тұлға қалыптастыру мәселесінің өзектілігі айтылған.
Жалпы бастауыш мектеп тәрбие мен білім беруде ең алғашқы және шешуші қоғам. Сондықтан да, бастауыш мектеп өқушыларына дұрыс еңбек тәрбиесін бере білу бүгінгі таңның кезек күттірмес мәселесі.
Жалпы білім беретін орта мектептерде өтілетін еңбекке баулу сабағы жасөспірім оқушылардың еңбекке ынтасын, сабаққа ықыласын арттыруда, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуда орасан зор негіз болып табылады. Осыған орай, оқушыларға берілетін білім мазмұнды, жүйелік, тәрбиелік мәні зор процесс болуы шарт. Осыған байланысты білім беру саласында «Еңбекке баулу» пәні бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының бұрынғымен салыстырғанда жетілдірілген нұсқасы 2002жылы Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы мемтеп және мектепке дейінгі білім институтының бастауыш білім беру лабараториясында жарық көрген.
Бұл жаңа стандарт алдыңғы жарияланған білім стандартымен салыстырғанда «Еңбекке баулу» пәнінің базалық білім мазмұнының негіздері сақталғанымен елеулі өзгерістері арқылы ерекшеленеді.
Бұл білім стандарты құрылымында «Еңбекке баулу» пәнінде бастауыш сынып оқушылары еңбектің бастапқы әліппесімен танысып, олардың байқағыштығы, ой-өрісі, шығармашылық белсенділіктері артады және жас кезінен бастап жүйелі түрде еңбек тапсырмаларын орындауға, отбасындағы қажеттілікке көңіл бөлуге, төзімділікке үйренеді.
Стандартта «Еңбекке баулу» пәнінің базалық бағдарламасы бойынша мынадай бөлімдер қамтылған.
-техникалық еңбек;
-көркем еңбек;
-дизайн.
-тұрмыстық еңбек;
«Еңбекке баулу» пәнінің базалық білім мазмұнын жетілдіруде 1998 жылғы стандарт нұсқасындағы «Ауылшаруашылық еңбегі» бөлімі «Дизайн» бөлімімен ауыстырылса, бұрынғы «Өзіне өзі қызмет ету» бөлімі «Тұрмыстық еңбек» болып өзгертілген. Ол бүгінгі ауыл мектептерімен экономикалық-әлеуметтік жағдайын ескеруді, заман талабына сай еңбек түрлеріне баулуды көздейді. оқушылар;
-Техникалық еңбек бөлімінде түрлі материалдардың қасиеттері мен ерекшеліктерін біледі. Қарапайым бұйымдарды жасау технологиясын үйренеді.
-Көркем еңбек бөлімінде қолданбалы қолөнер негізінде түрлі ойыншық, тұрмыс бұйымдарын жасап, безендіреді. Бұйымдарды көркемдеп безендіру үшін ою-өрнек үлгілерін қолдана отырып, әшекейлеуді үйренеді.
Дизайн бөлімінің мазмұны бұйымдарды көркемдеп, оларды эстетикалық жүйеде безендіруге машықтанады.
-Тұрмыстық еңбек бөлімінде өзіне-өзі қызмет етудің іс-әрекеттерін біледі.
Бөлме өсімдіктерін күтіп-баптауды үйренеді.
Мектеп, сынып, жанұяда түрлі көмек көрсету бағытында ұйымдастырылатын іс-шараларға қатысады. Бұл жаңа стандартқа сай бағдарлама мазмұнында бастауыш сынып оқушыларын халқымыздың ұлттық қол-өнеріне бейімдеу, тәрбиелеу мен бірге, әрбір ұлттық қолөнер үлгілері ұлттық нақышта дайындалуымен қатар оқушылардың өнерге деген қызығушылықтарын арттыру көзделген.
Елімізде бекітілген жаңа білім стандартының мазмұны бойынша «Еңбекке баулу» пәніне өту барысында әрбір сабақта бастауыш мектепте өтілетін кез-келген пәндермен байланыстырып өтуге болады. Бұндай процес «пән аралық байланыс» деп аталады. Бұл байланыстың мәні берілетін білім мазмұнын толық ашуға, оқушыларды сол білім мазмұнымен толық таныстыруға жіне логикалық ойлау қабілеттерін арттыруда өте зор.
3 Еңбекке баулудың сыныптан тыс сабақтарында оқушылар әрекетін ұйымдастыру технологиясы
Мектеп оқушыларын жеке тұлға ретінде қалыптастыру мектепте, кәсіптік-техникалық училищеде орын алады. Сондай-ақ, мектеп оқу пәндері бойынша сыныптан тыс өткізілетін жұмыстар жатады. Олар: үйірме факультатив клубтар, кооперативтер, өндірістік бригадалар оқу-тәжірибе учаскесі, көпшілікпен өткізілетін шаралар әр пән бойынша олимпиадалар. Оған сондай-ақ еңбек тәрбиесінің жүйесіде кіреді. Олар: оқу барысындағы еңбек; сыныптан тыс үйірме және жаппай жұмыстар; өзіне-өзі қызмет ету; қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек.
Еңбек сабақтарының процесін жетілдіру оқушылардың еңбекке зерттеу және шығармашылық қатынасын қалыптастырады Оқушылардың өндірістік бригада базасында, оқушылардың еңбек және демалыс лагерлерінде ұйымдастырылған еңбек сабақтары туралы жағымды мысалдар аз емес. Оқушылар мектепте алған білімдерін пайдаланып, әр түрлі өсімдіктерді өсіреді, кейбір мамандықтардың түрлерін меңгереді. Шығармашылық жұмыстың барысында химия, биология және өндіріс негіздері пәндері бойынша оқушылардың білімі байиды, тереңдейді, ғылыми-зерттеу ісіне машықтанады, ауыл шаруашылық және өнеркәсіп еңбек дағдыларына ие болады, олардың кәсіптік бағдары тәрбиеленеді. Еңбек сабақтарының педагогикалық тиімділігі, олардың білім және тәрбие беру мәнділігінде.
Сыныптан тыс үйірме және жаппай жұмыстың оқушы тәрбесіне, оның ішінде еңбек тәрбиесін іске асыруда тәрбиелік мүкіндігі өте зор.
“Жас натуралистер“ және пән үйірмелеріндегі сабақтар оқушыларды еңбекке баулиды, олардың шығармашылық ойларының дамуына мүмкіндік туғызады. Әрбір оқушының үйірме сабақтарында еңбекке шығармашылық ойларының дамуына мүмкіндік туғызады. Әрбір оқушының үйірме сабақтарында еңбекке шығармашылық қатынасы байқалады, олар еңбегін ұйымдастыру тәсілдерін іздестіреді, ғылыми зерттеу дағдыларына (әдебиеттермен жұмыс істеу, жазып алу, мәліметтерді жинақтай білу т. б.) төселеді.
Мектепті өндіріске жақындату мақсатымен техникалық үйірмелер саны кеңес одағы кезінде көбейгені белгілі. Мысалы, село мектептерінде “Жас механизаторлар“, “Жас малшылар“, “Жас өсімдік өсірушілер“ т. б. үйірмелері құрылған. Бұл үйірмелер келешек мамандықты таңдап алуда оқушыларға ой салады. Олар әр мамандықтың болымды, болымсыз жақтарымен танысады, зерттейді, сөйтіп өзінше тиісті шешім қабылдайды. Осыған орай, мұғалімдер мен ата-аналар оқушыларға үнемі, бірізді педагогикалық пікір айтып, кеңес беріп отырса, олардың мамандықты таңдауда бірте-бірте шабыты, қызығушылығы арта түседі.
Педагогикалық және баспа материалдарын зерделеу оқушылардың қызғылықты, үлкен тәрбиелік мәні бар көптеген шараларға белсенді қатысатын болғандығы және оларды тікелей ұйымдастырғанда ғана белгілі болып отыр. Мұндай жаппай жұмыстарға “Құстар күні“, “Орман күні“, “Бақ аптасы“, “Еңбек мерекесі“, т. б. жатады.
Оқушылармен сабақтан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстары көбіне сабақтан тыс немесе сыныптан тыс жұмыс деп аталады. Бұл жұмыс мұғалім сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие жұмысын толықтыра және тереңдете отырып, ең алдымен балалардың таланттары мен қабілеттерін неғұрлым толық ашудың олардың белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын оятудың құралы ретінде қызмет атқарады; ол оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың формасы болып табылады және олардың адамгершілік мінез-құлыққа жаттығуын ұйымдастырудың, адамгершілік мінез-құлық тәжірибесін қалыптастырудың негізі ретінде қызмет атқарады. Оның оралымдылығы, мазмұнын түрлендіру және белгілі бір істерді орындау үшін балаларды әртүрлі орналастыру мүмкіндіктері оқушыларға жеке дара қатынас жасауға өте үлкен мүмкіндіктер ашады. Тәрбие жұмысы бірнеше бағыттар бойынша жүргізіледі. Мұғалім өз пәні бойынша ұйымдастыратын үйірме жұмысын бөліп қарауға болады. Мысалы тарих, әдебиет, математика бойынша пәндік үйірмелерге бірнеше паралллель (немесе аралас) сыныптардың оқушылары тартылады; драма, би, ағашты ою, өрнек жасау, фото, радио және т.б. үйірмелерге әдетте мектеп әдейілеп шақыратын оқытушылар немесе оқушылардың ата-аналарының бірі басшылық жасайды. Жұмыстың бұл саласы өз мамандығына тіпті де байланысты емес, бірақ бос уақыттағы сүйікті ісі болған жағдайда мұндай үйірмелерді мектеп мұғалімдері де жүргізеді.
Сабақ біткен соң және үй тапсырмаларын орындап болған соң, көптеген оқушылар спорт мектептеріндегі жаттығуларға, жасұландар мен сарайларындағы үйірмелерге, секциялар мен студияларға, жас натуралистер немесе жас техниктер станцияларына және басқа да мектептен тысқары балалар мекемелеріне барады.
Оқушылармен мектеп өткізетін жұмыстан айырмасы – бұл тәрбие жұмысы мектептен тыс жұмыс деп аталады. Ол да сабақтан тыс уақытта өткізіледі, бірақ оны мектепке оқушылардың бос уақытын ұйымдастыруға, олардың қабілетін анықтауға және дамытуға, әрнәрсеге қызығушылығын арттыруға, көп нәрсе білуге құштарлығын оятуға көмектесетін, балаларды тәрбиелейтін арнаулы мекемелер өткізеді.
Біздің елімізде әрқилы мектептен тыс мекемелердің аса үлкен және алуан түрлі жүйесі құрылған. Олар өзқатарына көптеген аса жас техниктер станциялары мен жас натуралистер станцияларын, балалардың экскурсиялық-туристік станцияларын, көптеген балалар парктерін, балалар театрларын және де басқа да балалардың бірқатар тәрбие мекемелерін (жас теңізшілер, автомобильшілер, өзеншілер және поляршылар клубтарын, балалар темір жолдарын және т. б.) біріктіреді.
Мектептен тыс мекемелердің барлығы мектептермен тығыз байланыста. Олар әдетте оқушыларды мектептердің жолдама қағаздары бойынша қабылдайды, олардың сабақ үлгерімін қадағалап отырады. Оқушылар сабақ үлгерімі төмендеп кеткен жағдайда бұл мекемелердегі сабақтарға қатысу құқынан айырылады.
Бұл мектептен тыс мекемелер жүйесінің үкендігіне қарамастан, олар әліде болса тілек білдірушілердің барлығын қамти алмайды және әзірге көбіне мектептің өзінде-ақ әлдеқандай арнаулы саладағы сабақтарға ынтасы мен қабілетін танытқан оқушылармен жұмыс жүргізеді. Мектеп үшінде олар өз профиліне сәйкес мектептен тыс жұмыстар саласындағы әдістемелік және кеңестік орталықтар болып табылады.
Жарияланған-2015-10-13 19:15:13 Қаралды-65981
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Қазақстан тарихы
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Тіл ғылымы, Филология
- Философия
- Физика, Химия
- Кітапханалық іс
- Спорт
- Автоматтандыру
- Аудит
- Ауыл шаруашылығы
- Биотехнология
- Бухгалтерлік есеп
- Журналистика
- Кедендік іс
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару, Метрология және стандарттау
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Туризм
- Халықаралық қатынастар
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- Жаратылыстану
- Медицина