Тақырыбы: Жер асты суларын тиімді пайдалану және оларды қорғау
1.Жер асты суларының пайда болуы
2.Жер асты суларының пайдаланылатын қорлары
3.Жер асты суларын қорғау
1. Жер асты суларының пайда болуын түсіндіруге бірінші болып талаптанғандар көне грек философтары – Платон мен Аристотель. Платон (біздің заманымыздан бұрынғы 427-347 жылдар) жер асты суларының теңіздің тұзды суларының есесінен түзіледі деп болжады. Оның топшылауына тау жыныстарының қуыстарын бойлай қозғалған теңіз суы өзінің тұзынан арылып тазарады да жер бетіне тұщы бұлақтар түрінде шығады. Аристотель (біздің заманымыздан бұрынғы 384-322 жылдар) жер асты сулары тау жыныстарының қуыстарындағы суық ауаның қоюланкы нәтижесінде пайда болады деп санады.
Римдік Марк Витрувий Полий (біздің заманымызға дейінгі І ғасыр) жер асты сулары жаңбыр мен қар суларының топыраққа сіңуі есесінен түзіледі деп болжады. Кейінірек жер асты сулары су буларының аса үлкен тереңдікте қоюлануынан (Агрикола,ХVІ ғасыр ) немесе жер бетіндегі сулардың тау жыныстарына сіңіп төмен қозғалуынан пайда болғанығы (М.В.Ломоносов) жөніндегі түсініктер басымырақ айтылып жүрді. 1902 жылы австралиялық геолог Э.Зюсс жер суларының магмалық жолмен жараланғаны жөніндегі терияны ұсынды. Э.Зюсс тереңдегі осы суларының ювенил сулары, атмосферадан түсетін жер қыртысындағы қыдырма суларды вадоз сулары деп атады.
Қазіргі жаралу тегіне қарай жер асты сулары инфильтрация) есесінен жиылады. Жер асты суларының басым көпшілігі осы жолмен қалыптасады. Сіңетін судың шамасы көптеген факторларға байланысты. Мұндай факторларға климат, рельеф, өсімдік, тау жыныстарынның құрамы мен олардың су сіңіргіштігі, адамның еңбек әрекеті еңбек әрекеті жатады.
Конденснциялық сулар серпімділік айырмасының әсерінен атмосферадан жер қыртысына қарай, ал тау жыныстарында бір горизонттан екінші горнизонтқа қарай орын ауыстырылып қозғалатын су буларының қоюлнуы (конденсациясы) әсерінен қалыптасады. Әйтсе де осы жолмен жиылатын жер асты суларының шамасы оның жалпы қорының аз ғана бөлігін құрай алады.
Тұнбалық (седиментациялық) немесе жұрнақ су шөгінді жыныстарға сіңіп жиылған және қазірге дейін сақталып келе жатқан көне алаптардағы қалдық су болып табылады. Осы көмілген сулар гидрогеологиялық және мұнайлы-газды жабық құрылымдары терең бөліктерінді сақталап қалады. Өзінің жоғарғы минералдылығының ерекшеленетін осы сулар химия өндірісінің шикізаты болып табылады, емдік мақсаттар үшін де пайдаланылады (Н.И.Андрусов, В.И.Вернадский, Г.Н.Қалменский).
Ювенил (кіршіксіз) немесе тереңде пайда болатын сулар жердің терең қойнауларынан (магмалық және метаморфикалық зоналардан) жоғары көтеріліп ыстық будың суынып қоюлануы есесінен жиналады. Жер дамуының қазіргі сатысныда бұл сулардың айтарлықтай мәні жоқ. (Э.Зюсс). Әдетте табиғаттағы жер асты аралас жолмен қалыптасады. Мұны осы сулардың химиялық және газдық құрамы, режимі, пьезометриялық арындардың деректері делелдеп отыр. Аралас жолмен тараған сулар өзге сулардың бәрәнен де көбірек тараған.
2. Гидрогеологияда жер асты суларының есептік сипаттамасы үшін жер асты суларының қорлары жөніндегі түсінікті пайдаланады. Жер асты суларының қорлары – сулы пластан орын алған гравитациялық судың есебі (көлемі). Халық шаруашылығында пайдалануға жарамды жер асты сулары ең бағалы пайдалы қазындыларға жатады. Қатты пайдалы қазындылармен салыстырғанда су үнемі қозғалыста болады және дүркін-дүркін жаңарып отырады. Жер асты суларының қорына баға берудің сумен қамтамасыз етудегі алатын мәні өте зор. Жер асты суларының қорын алдын ала есептемейінше бірде-бір су қабылдағышты тұрғызып, пайдалануға болмайды. Су қабылдаушы ғимараттардың типі, олардың орналасу варианттары, үйлесімді жұмыс режимі, сумен қамтамасыз ету үшін жер асты суларының есептелген қорларының негізінде шешіледі. Қазір зерттеушілердің көбі жер асты суларының қорларын табиғи және пайдаланылатын деп бөліп жүр.
Жер асты суларының табиғи қорлары – табиғи жағдайларда (статикалық немесе қозғалыстағы күйде) сулы пластарда орналасқан гравитациялық судың көлемі. Табиғи қорлар статикалық, серпімді және динамикалық қорлардан құралады.
Жер асты ағынының модулі сулы горизонттың аудан бірлігінен уақыт бірлігінің ішінде ағын келіп өзенге құйылатын шамасы. Оның шамасы түрлі аудандары үшін сулы горнизонттың 1 км2 алаңның бір литрдің ондық бөлшектерінен 15 л/с-ке дейін не одан да астам мөлшерге жетеді.
3. Тұщы жер асты суларын қорғау мақсаттарында оларды ауыз суы мен шаруашылық мұқтаждығынан басқа мақсаттарға пайдалануға (ерекше жағдайды қоспағанда) тыйым салынады. Сумен қамтамасыз ету үшін жер асты суларын іздеу және барлау, сонымен бірге суды алу үшін жеке пайдалану скважиналарын бұрғылау территориялық геологиялық басқармалардың (бірлестіктердің) рұқсатымен және санитарлық бақылау орындарымен келісу арқылы ғана жіргізіледі. Қазір жер асты суларын қорғаудың негізгі шараларына жер асты суларының сарқылуын және жер асты суларын ластанудан қорғау жатады.
Жер асты суларын сарқылудан қорғау. Алынған судың орнының толмауы жер асты сулары қорының сарқылуы болып табылады. Ірі суқабылдағыш жұмыс істеп тұрған ауданда әдетте белгілі бір шамаға дейін жер асты суының деңгейі төмендейді. Әйтсе де су деңгейінің кез келген төмендеуі сулы горизонт сарқылуының белгісі бола бермейді. Алынған жер асты суы жұмыс істеп тұрған су қабылданғыш үшін пайдаланылатын қордың белгіленген шамасынан асып түскен жағдайларда сарқылу қаупі төнеді. Сондықтан сарқылуды болғызбас үшін дәл гидрогеологиялық зерттеулер мен жер асты суларының қорын бағалау негізінде жер асты суларын пайдалануды жобалау қажет. Алынатын су шамасы пайдаланылатын қордың шамасынан артпауы тиіс. Жер беті суларының жетіспеуі суармалы дақылдардың мүлде қурап қалуы мен түсімінің күрт төмендеуіне қауіп төндіретін қауырт құрғақшылық жылдары ғана төтенше шаралар қолданылуы мүмкін. Мұндай кездерде дәлелденген негіздерге сүйене және алынған судың кейін есесі толатынын ескере отырып, сулы горизонттың табиғи (сыйымдылық) қорларын уақытша пайдалануға болады. Жер асты суының шығыны болмас үшін фонтандаушы скважиналарға шүмек, жаппа, т.б. судың өздігінен құйылып, орынсыз ысырап болуын тежейтін қондырғылар орнатылуы қажет.
Жер асты суларын ластанудан қорғау. Жеке құрамды бөліктер шамасының мүмкін деп табылған шектен асып түсуінен және жалпы минералданудың жоғарылауынан пайда болған сапалық өзгерістер нәтижесінен жер асты суларының пайдалануға жарамсыз болуы, оның ластануы болып табылады. Жер асты сулары ластануының төмендегідей түрлері болады:
Бактериялық ластануы патогендік бактериялар тудырады. Бактериялық ластану эпидемиялық аурулардың тарауына себепші болады.
Химиялық ластану жиі ұшырайды және одан тазарту да қиын. Химиялық ластануға тұрмыста және өндірісте қолданылып ағызылатын сулар, минералдық тыңайтқыштар, улы улы химикаттар себепші болады.
Механикалық ластану аз тараған. Өйткені карст суларынан өзге сулар механикалық қоспалардан жылдам тазарады.
Радиоактивтік ластану атом қондырғыларының жұмысы нәтижесінде уран кендері және пайдаланылатын аудандарда пайда болды. Радиоактивті қоспалар тау жыныстарына молынан сіңеді, сондықтан жер асты суының тасқынымен баяу тарайды.
Әдебиеттер:
1.Сапарбаев К. «Геология және гидрогеология» - Алматы «Ана тілі» 1991
2.Оспанова Г.С., БозшатаеваГ.Т. Экология. Оқулық – Алматы: Экономика,2002
3.Қазақстан Республикасының заңы “Қоршаған ортаны қорғау туралы” // Қаз. 05.08.1997ж.
Жарияланған-2015-10-09 15:56:47 Қаралды-18764
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану