UF

1: Қылмыстық қудалаудың жалпы ережелері

 

  1. Қылмыстық қудалаудың ұғымы, нысаны және жалпы ережелері.
  2. Қылмыстық қудалауды болдырмайтын мән-жайлар  

 

Қылмыстық қудалау дегеніміз – қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекет пен оны жасаған адамды анықтау және соңғының қылмыс жасаудағы кінәлілігін анықтау, сондай-ақ осындай адамдарға жаза немесе басқа да қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын қамтамасыз ету үшін айыптау тарабы жүзеге асыратын іс жүргізу қызметін айтады.

Қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын оарганға мыналар жатады: 1) прокурор, 2) тергеуші, 3) анықтау органы. Сот қылмысты қудалау органына жатпайды. ҚР Конституциясының 83 бабында былай жазылған, прокуратура заңмен белгіленген жағдайда, тәртіпте және шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.

Прокурор қылмыстық қудалауды және қылмыстық істі тергеудің заңдылығына қадағалауды жүзеге асыра отырып, төмендегідей құқықтарды пайдаланады:

1) тергеу және тексеру әрекетіне қатысуға, қылмыстық істі қозғау туралы мәселені шешу үшін басқа да әрекетті жүзеге асыруға;

2) қылмыстық істі қозғауға немесе оны қозғаудан бас тартуға, тергеу әрекетін жүргізу жөнінде жазбаша нұсқаулар беруге;

3) қылмыстық қудалаудан иммунитеті бар адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тартуға келісім алу үшін ұсыныс енгізуге;

4) қылмыстық істі сотқа жолдай отырып, айыпкерді сотқа беруге, сондай-ақ заңда көрсетілген басқа да әрекеттерді жүргізуге;

заңда көзделген өзге де шараларды жүзеге асыруға құқығы бар.

         Тергеуші қылмыстық қудалауды мынадай жолмен жүзеге асырады:

  1. қылмыстық істі қозғау;
  2. адамды айыпкер ретінде жауапқа тартуға;
  3. қылмыстық іс жүргізушілік мәжбүрлеу шараларын қолдану;
  4. айыптау қорытындысын жасау т.б.

Қылмыстық қудалау келесі нысанда жүзеге асырылады:

  1. жеке айыптау тәртібі бойынша;
  2. жеке-жариялы айыптау тәртібі бойынша;
  3. жариялы айыптау тәртібі бойынша

Жоғарыда көрсетілген нысанға бөліну жасалған қылмыстың ауырлығына және сипатына байланысты жүргізіледі.

Жеке айыптаудың ісі жәбірленушінің шағымы бойынша ғана қозғалады және оның айыпкермен келісімге келу тәртібімен қысқартылады. ҚІЖК-нің 33 бабында көрсетілген қылмыстар туралы жеке айыптау тәртібі бойынша іс қозғалады. Бұл ҚР ҚК-де келесі баптарында қарастырылған қылмыстар бойынша жүзеге асырылады: 105,111(денсаулыққа абайсызда зиян келтіру),129(жала жабу), 130(қорлау), 136(алимент төлеуден жалтару), 140, 142,144б.1,2б.145б.1б.,188б. т.б.

  Жеке-жариялы айыптау тәртібімен тергелетін істер жәбірленуші шағымы бойынша ғана қозғалады және жәбірленушінің айыпкермен келісімге келу үшін ҚР ҚК-тің 67 бабында көрсетілген талап бойынша жүргізіледі.

Жеке-жариялы айыптау тәртібімен ҚІЖК-нің 34 бабында көрсетілген қылмыстар бойынша тергеу жүргізіледі. ҚР ҚК-нің 103,1б., 104б.1б., 117б.1,2б.(заңсыз аборт жасау), 120.1б., 135б., 139б., 144б.3б.(дәрігер құпиясын жария ету),176б.1,2б., 184б.1б.(жеке меншік құқықты бұзу),187б.1б.(бөт.мүл. қас.бүлд.және жою), 296б.1б., 327б.1б. (өзінше билік ету) т.б. қылмыстар бойынша айыптау жүзеге асырылады.

ҚІЖК-нің 33,34 баптарына сәйкес істерді жәбірленушінің шағымы жоқ болса да, егер әрекет етуге дәрменсіз, өзіне тиесілі құқықтарды өз бетінше пайдалануға қабілетсіз адамдардың немесе басқа да жағдайға тәуелді адамның мүддесіне ықпал ететін, не басқа адамдардың, қоғамның немесе мемлекеттің мүддесіне елеулі зиян келтірсе прокурор іс қозғай алады.

Жоғарыда көрсетілген қылмыстардан басқасы жариялы айыптау тәртібімен тергеу жүргізіледі.

Мұндай істер бойынша қылмыстық қудалау жәбірленушінің шағымына байланыссыз жүзеге асырылады. Негізінен қылмыстық сот тергеуі жәбірленушінің арызына тәуелсіз жариялы айыптау тәртібімен жүзеге асырылады және де бұл тәртіп қылмыстар туралы барлық істерге таралады.

Жариялы тәртіп әрбір қылмыс белгілерін тапқан жағдайда, қылмыстық істі қозғау, ашу, тергеу және қылмыс туралы істі соттың талқылау ережесі ретінде болжайды.

Егер ҚР ҚК-нің 8 тарауында көзделген әрекет мемлекеттік кәсіпорын болып табылмайтын тек қана коммерциялық немесе өзге ұйымның мүдделеріне зиян келтірсе қылмыстық жауапқа тарту осы ұйымның немесе уәкілетті орган басышысының арызы не олардың келісімі бойынша жүзеге асырылады.

Қылмыстық қудалауды жүзеге асырудың  жалпы талаптары заң қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерін орындау мақсатында тергеу органдары өз құзыреті шегінде әрбір анықталған қылмыс белгілері үшін заңмен қарастырылған барлық шараларды қолдану міндетін жүктейді.

Қылмыстық іс жүргізуді жүзеге асырудың талаптары жәбірленушіге сот әділдігіне қол жеткізуін қамтамасыз етуге және қылмыспен келтірлген зиянның орнын толтыру шарасын қабылдау қылмысты қудалау органдарының міндеті болып табылады.

Қылмысты қудалау органдары өз қызметін қандайда бір органдардың немесе лауазымды адамдардан тәуелсіз жүзеге асырады. Қылмысты қудалау органдарының заңға сәйкес талаптары барлық субъектілерге міндетті. Аталған міндетті орындамау заңда белгіленген жауаптылыққа тартылады.

Қылмыстық қудалауды болдырмайтын мән-жайлар.

Істердің қозғалуы мүмкін емес және қозғалған істер қысқартылуға жататындығы туралы мән-жайлар заңда көрсетілген.

Мұндай мән-жайлар қылмыстық істі қозғау туралы немесе олар жүргізудің кейінгі сатыларында анықталуы мүмкін.

Бұл мән-жайлардың бірі қылмыстық қудалауға негіз жоқ деп куәландырса, ал келесісі қылмыс жасаған адамның жауапкершілігін болдырмайды. (мыс., амнистия)

Қылмыстық іс қозғауға болмайтын, ал қозғалған іс қысқартылуға тиіс, оған мыналар жатады:

1. Қылмыс оқиғасы болмауы. Ол бірінші іс материалдарын қарау барысында сол құқық бұзушылықтың шын мәнінде жоқ және болмағандығымен түсіндіріледі. (Мыс., полицияға ұрлық туралы хабарлама келіп түсті, бірақ тексеру барысында оның шындығында болмағандығы анықталды).

2. Әрекетінде қылмыс құрамының болмауы. Түскен арыз туарлы әрекет немесе әрекетсіздік түрі орын алған, бірақ ол өзінде қылмыс құрамының белгілері жоқ болуы мүмкін. (Мыс., фактілік қате, қажетті қорғану).

3. Егер ол жасаған әрекет үшін жаза қолдануды жойса, рақымшылық ету актісінің салдары. Рақымшылық белгілі қылмыс түрлері бойынша қылмыстық жауаптылықтан толық немесе ішінара босатуды көрсетеді. Жоғары мемлекеттік билік органдарының жарлығымен жүргізілген акті. Рақымшылық актісі бойынша  іс қозғалуына және қысқартылуына айыпкер қарсы болса, іс сотқа дейін жүргізілуге тиіс.

4. Мерзімнің ескіруіне байланысты. ҚР ҚК-тің 69 бабына сәйкес «Егер қылмыс жасалған күннен бастап мынадай мерзімдер өтсе, адам қылмыстық жауаптан босатылады:

1) жеңіл қылмыс жасалғаннан кейін 2 жыл өтсе

2) орташа ауырлықтағы қылмыс жасалғаннан кейін 5 жыл өтсе

3) ауыр қылмыс жасалғаннан кейін 10 жыл өтсе

4) аса ауыр қылмыс жасалғаннан 20 жыл өтсе»

Мерзімнің ескіруі қылмыс жасалған күннен бастап және сот үкімінің заңды күшіне енген кезіне дейін есептеледі. Мерзімнің ескіруі, егер қылмыс жасаған адам тергеуден немесе соттан бой тасалап қашып кетсе, онда тоқтатылады. Осыған байланысты адам, егер қылмыс жасалған  кезден 25 жыл өтсе және ескіру тоқтатылмаса адам қылмыстық жауапкершілікке тартылмауы тиіс.

Мерзімнің ескіруі үзіледі, егер ол адам жаңа қасақана қылмыс жасаса. Жасалған қылмысы үшін өлім жазасы тағайындалуы мүмкін адамға ескіру мерзімін қолдану мәселесін сот шешеді. Бейбітшілік пен адамзаттың  қауіпсіздігіне қарсы қлмыс жасаған адамға ескіру мерзімі қолданылмайды.

5. Қылмыс туралы іс бойынша жәбірленушінің шағымы болмаса, қылмыстық қудалау жеке, жеке-жариялы тәртіпте жүргізілсе, мұндай жағдайда қылмыстық іс қозғалуы және көрсетілген қылмыс санаты бойынша жәбірленушінің шағымы жоқ болғанда қылмыстық қудалау болмайды.

6. ҚР ҚІЖК-нің 33 бабының 1 бөлігінде көзделген және жеке тәртіпте қаралатын қылмыстар туарлы істер бойынша жеке айыптаудан бас тартқанда.

7. Егер ол іс бойынша заңды күшіне енген соттың үкімі болса, екінші рет ол іс бойынша іс қозғалмайды. (ол үкім бұзылмайынша қозғалмайды) Қылмыстық қудалаудың мүмкін еместігін белгілейтін соттың күшін жоймаған қаулсы бар адамға қатысты қохзғалмайды.

8.Адамға қатысты қылмысты қудалау органының қылмысты қудаладан бас тарту туралы қаулының күші жойылмаған болса, қылмыстық іс қозғалмайды.

9. Істі қозғауға медициналық мәжбүрлеу шараларын қолдану қажет ететін адамнан басқа, есі дұрыс емес күйде жасаған адамға іс қозғалмайды.

10. Қылмыс жасаған кезде белгілі жасқа толмаған адамға іс қозғалмайды. Оларға соттан тыс тәрбиелеу шаралары қолданылады.

11. Өлген адамға қатысты іс қозғалмайды. Кейде өлген адамды ақтау үшін немесе істі басқа адамға қатысты тергеу үшін іс қозғалады, өлген адамға қатысты іс қысқартылады.

12. ҚР ҚК-нің ережелеріне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жататын адамға қатысты іс қозғалмайды. (65-68 баптар) Жеңіл және орташа ауырлықтағы қылмыс бойынша кінәсін мойындап келсе, қылмысты ашуға көмектессе, келтірілген шығынды өтесе, іс қозғалмайды. Сондай-ақ ұйымдасқан топпен және қылмыстық сыбайластықпен жасалған қылмыстың алдын алу және ашуға көмектескен үшін.  

Қылмыстық іс оқиғаның болмауына және қылмыс құрамының болмауына байланысты негіздер бойынша дәлелдеу кезіндегі қылмыс оқиғасының және құрамының болмауына байланысты ретінде, не олардың болуы егер қосымша дәлелдерді жинау үшін барлық мүмкіншіліктер жойылса дәлелденбеген ретінде де қысқартылады.

 

2. Алдын ала тергеу органдарымен қылмыстық іс қозғау

 

1. Қылмыстық іс қозғау сатысының ұғымы, маңызы және мақсаты.

2. Қылмыстық іс қозғауға құқығы бар органдар мен лауазымды адамдар.

3. Қылмыстық іс қозғауға негіздер мен себептер

 

Қылмыстық істі қозғау сатысының ұғымы, маңызы және мақсаты.

Қылмыстық іс жүргізу заңының «Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу» 6 бөлімінің «Қылмыстық іс қозғау» туралы 23 тарауында жеке қарастырылған.

ҚІЖК-нің 7 бабының 27 тармағына сәйкес «іс бойынша іс жүргізу» - қозғау, сотқа дейінгі дайындау, сотта талқылау және соттың үкімін (қаулысын) орындау барысында нақты қылмыстық іс бойынша жүзеге асырылатын іс жүргізу әрекеттері мен шешімдерінің жиынтығы айтылған. Сондай-ақ осы баптың 28 тармағында «қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу» - қылмыстық іс қозғалған кезден бастап оны мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданғанға дейін қылмыстық іс бойынша іс жүргізу (анықтау және алдын ала тергеу), материалдар дайындауы айтылған. Көрсетілген ережелер мынадай пікірлерді қолдайды:

- қылмыстық іс  қозғау және сотқа дейінгі дайындау өзара бір бөлігі және толық ретінде бірігеді;

- сотқа дейінгі дайындау қылмыстық іс қозғау түріндегі бастапқы кезеңсіз орын алмайды;

- қылмыстық іс қозғау сатысының болмауы қылмыстық іс жүргізушілік құқықтық қатынастардың болмағандығы туралы  куәландырады.

Осыған байланысты, қылмыстық іс қозғау – бұл қылмыстық іс жүргізудің  бірінші және міндетті сатысы, ол бойынша мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстар туралы алынған мәлімет бойынша қылмыстық қудалау қызметін жүзеге асырады және  қылмыстық іс қозғау туралы шешімді қабылдау үшін шарттың барлығын анықтайды. 

Қылмыстық іс қозғау фактісі қылмыстық қудалаумен тең мағынада еместігін ұғыну қажет. Белгілі болғандай қылмыстық қудалау адамды қылмыстық жауапкершілікке тартылған кезде басталады, яғни қылмыстық іс қозғаудан іс жүргізу шешімінің уақыты және сатылы бойынша қалып қояды. Қылмыстық қудалау қызметі қылмыстық іс қозғаумен іс жүргізушілік байланыста болады, бұл мән бойынша соңғысыз аталған қызмет іс жүзіне асырылуы мүмкін емес. Қылмыстық іс қозғаудың қылмыстық қудалаудан басты айырмашылығы соңғысы әрқашан нақты адамға қарсы бағытталатындығымен, оның жасалған қылмысқа қатыстылығы уәкілетті органдармен сотқа дейінгі процесте дәлелденуімен, және бұл адам құқық субъектісінің барлық белгілеріне ие болуын анықтаумен ерекшеленеді. Қылмыс жасаған адам туралы мәлімет жоқ болған жағдайда, бірақ әрекетінде қылмыстың сипатын көрсететін белгілері бар болған кезіндегі қылмыстық істі қозғау туралы шешім қабылдау тәжірибеде «факті бойынша қылмыстық іс қозғалу» деп аталады. Егер адам қылмысты жасауы мүмкін деген тұжырымда болса, қылмыстық істі қозғау сатысында анықталады, онда аталған адамға қатысты қылмысты істі қозғау туралы шешім қабылданады.

Уәкілетті лауазымды адамдар қылмыстық істі қозғау шешімін қабылдау кезінде жасалған қылмыстың мән-жайын, оны жасаған адамды, кінәлінің қылмыстық қудалау негіздерін анықтау сияқты мақсаттарға жету үшін ҚІЖК-де көзделген кез келген іс жүргізушілік әрекеттерді жүргізуге құқылы.

Біз қылмыстық іс қозғау анықтамасын бергенде бұл бөлімді қылмыстық процестің жеке сатысы деп атадық. Бұл осы этапта пайда болған құқықтық қатынастар басқа іс жүргізу сатысынан және этаптарынан айыратын арнайы белгілерімен түсіндіріледі:

- біріншіден, мақсаты мен міндеттерінің мазмұнымен;

- екіншіден, іс жүргізу құралдарының құрылымы және сипатымен анықталады.

Осыған байланысты қылмыстық істі қозғау сатысының маңызы келесі жағдайлардан көрінеді:

1. Уәкілетті органмен қылмыстық іс жүргізу мүддесін білдіретін әрекет қылмыстық жазалаушылық туралы растайтын белгілерінің негізінде бағаланады;

2. Қылмыстық істі қозғау туралы шешімді қабылдау қылмысты тез ашу, жасалған қылмыстың мән-жайын толық және объективті зерттеу, қылмыс жасаған адамның кінәлілігін дәлелдеу үшін іс жүргізу жағдайларын жасауға бағытталған; 

3. ҚІЖК-нің талаптарына сәйкес қылмыстық іс жүргізу туралы шешімді қабылдау сотқа дейінгі әрекет кезінде пайда болатын барлық басқа құқықтық қатынастарды жүзеге асыру үшін жіберілетін іс жүргізуші-құқықтық негіз болып табылады;

4. Уәкілетті органмен қылмыстық істі қозғау туралы процессуалды дұрыс шығарған шешім сотқа дейінгі әрекеттің  басталуындағы заңдылықтың арнайы кепілі болып табылады.

         Қылмыстық істі қозғау сатысының мақсаты:

  • қылмысты тергеуді уақытылы бастауды қамтамасыз ету;
  • аталған қылмыстың тергеуге жатуы бойынша органды анықтау;
  • екінші мақсатпен өзара байланысы – осы сатыдағы сотқа дейінгі әрекетке тартылған уәкілетті орган мен лауазымды адамдардың тобын, сондай-ақ олардың өкілеттілік тобын анықтау.

Заң қылмыстың алдын алу мен жоюға шара қабылдау үшін мемлекеттік органдар мен лауазымды адамадрдың міндетті іс-қиымылын қарастырады.

Қылмыстық істі қозғау сатысының міндеті  жасалған қылмысқа уақытылы іс-қимыл жасауға, оны тез және толық ашуға, соңынан әділ сот талқылауын жүргізу үшін  бағытталған ҚІЖК-нің 8 бабында қарастырылған қылмыстық іс жүргізудің жалпы міндетімен тікелей түсіндіріледі.

Осы сатыдағы міндеттің дұрыс шешімі кейінгі алдын ала тергеу амалдарын табысты жүзеге асыруға жол береді. Уақытылы қозғалмаған қылмыстық іс дәлелдемелерді жоғалтуға, қылмысты жасыруға алып келеді, нәтижесінде негізгі қылмыстық процестің мақсаты қылмыстық іс бойынша шындықты анықтауға мүмкіндік болмайды.

Сонымен бірге, А.П.Рыжаковтың анықтамасы бойынша, қаралып жатқан сатыда екі бірыңғай міндет бар. Бір жағынан, жасалған қылмыстың әр фактісін қарау, яғни қылмыс құрамының объективтік жағын құрайтын кез келген арызды дереу тіркеу. Екінші жағынан, қылмыстық процесстің келесі этаптарын түзу, соның ішінде алдын ала тергеу сатысында қарастырып отырған фактілерден:

  1. шындығында болмаған фактілер;
  2. сөзсіз қылмыс болып табылмайтындар, яғни қылмыс құрамының объектівтік жағының біреу де болса міндетті белгісі жоқ фактілер, соның ішінде маңызы шамалы (әкімшілік, тәртіптік, және басқа әрекеттер);

Қылмыстық істі қозғау үшін жеткілікті деректерді анықтай отырып, қылмысты жасаған кінәлі туралы мәліметтің барлығын болжайтын немесе оны іс бойынша айыптау үкімі шығарылуға негіз беретін сот перспективасын басшылыққа алуға болмайды.  Ол қылмыстық істі қозғаудан заңсыз бас тартуға алып келуі мүмкін. (бірінші қылмыс туралы құжаттарды тексеру шегінің ұзаруы)

Қылмыстық істі қозғауға құқығы бар органдар мен лауазымды адамдар.

ҚР-ның ҚІЖК қылмыстық процесті бастауға және қылмыстық істі қозғауға құқығы бар органдар мен  лауазымды адамдардың тізімін белгілейді. Оларға: анықтаушы, анықтау органы, тергеу  бөлімінің бастығы, тергеуші, прокурор (ҚР ҚІЖК 185-186 баптар) жатады.  Барлық көрсетілген органдар мен лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде қылмыстық істі қозғау туралы мәселені шешеді.

Аталған тізім кеңейтілген талқылауға жатпайды және белгілгенген, өзгертілмейтін болып табылады. ҚІЖК-нің 7 бабының 14 тармағына сәйкес қылмыстық ізге түсу органдарының тізіміне тергеу бөлімінің бастығын қоспағанда қылмыстық іс қозғауға құқығы бар барлық органдар мен  лауазымды адамдар кіреді. Осы мән-жайды талқылауда атап өтетін жайт, тергеу бөлім бастығының әрекеті шектелген және айыпты таққанға дейінгі кезеңде аяқталады. ҚІЖК-нің 63 бабының 2 бөлімінде Тергеу бөлімінің бастығы қылмыстық іс қозғауға, қылмыстық істі өзінің іс жүргізуіне алуға және бұл орайда тергеушінің өкілеттігін пайдалан отырып, жеке-дара алдыл ала тергеу жүргізуге құқылы.

Г.В.Дроздовтың айтуы бойынша, қылмыстық істі қозғау сатысының мазмұнына өкілетті органдар мен  лауазымды адамдардың  әрекеті кіреді, атап айтқанда:

- олармен қылмыстар туралы хабарламаны қабылдау, оны тиісті тіркеу және хаттау;

- осы хабарламалады қарау, қажет болған жағдайда қылмыс болғандығы туралы фактілік деректерді жою үшін тексерулер жүргізу;

- іс бойынша өндірістің басталғаны туралы, қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы немесе қылмыс туралы арызды тергелуіне жатуына байланысты немесе соттылығына жатуына байланысты жолдау туралы заңға сәйкес шешім қабылдау. Аталған әрекеттер – бұл өз кезеңіндегі этаптары болып саналады, онда қылмыстық істі қозғауда өз құқығын жүзеге асыратын анықтаушының, анықтау органының, тергеу бөлімі бастығының, тергеушінің, прокурордың әрекетінен тұрады.

Қылмыстық іс қозғауға құқық берілген субъектілерге қатысты әр түрлі мәртебелері бар. Егер қылмыстық істі қозғауға құқығы бар нақты органның немесе уәкілетті адамның құзыретінде  белгіленген тергелуінен тыс қылмыстық істерді қозғау кірмесе, онда қылмыс туралы арыздар мен хабарламалар бойынша қылмыстық істі қозғау туралы  шешім қабылдау үшін тергелуі жататыны бойынша құзырлы органдарға беріледі.

Осыған байланысты, қылмыстық істі қозғау құқығы және тиісті уәкілетті органдар мен лауазымды адамдардың құзырының көлемі толық сәйкес келмейді.

Қаралып отырған сатыдағы ең кең өкілеттік прокурорға берілген. (ҚІЖК 62б.6,7б.б., 190, 192 баптары) Прокурор ешбір тергелуге жататындығына қарамастан қылмыстық істі өзі қозғауға құқығы бар. Прокурор өкілеттігінің кеңдігі тек жариялы айптауға ғана емес, сондай-ақ  жеке және жеке-жариялы айыптауға да жүреді.

Осыған байланысты прокурор қылмыстық істі қозғауға құқықтары мыналар:

  • барлық жариялы айыптау бойынша (ҚІЖК 62, 190 б.);

- егер әрекет дәрменсіз немесе басқаға тәуелді жағдайдағы не басқа да себептер бойынша өзіне тиесілі құқықтарды өз бетінше пайдалануға қабілетсіз адамдардың мүдделерін қозғайтын болса, прокурор жеке айыптау ісі бойынша жәбірленушінің шағымы болмаған кезде де іс қозғауға құқылы;

- егер әрекет дәрменсіз немесе басқаға тәуелді жағдайдағы не басқа да себептер бойынша өзіне тиесілі құқықтарды өз бетінше пайдалануға қабілетсіз адамдардың мүдделерін қозғайтын не басқа адамдардың, қоғамның немесе мемлекеттің елеулі мүдделерін қозғайтын болса, прокурор жеке-жариялы айыптау ісі бойынша жәбірленушінің шағымы болмаған кезде де қозғауға құқылы;

- коммерциялық және басқа ұйымдардың қызметінің мүдделеріне қарсы жасалған әрекет бойынша, мемлекеттік кәсіпорын болып табылмайтын тек қана коммерциялық немесе өзге ұйымның мүдделеріне зиян келтірсе және басқа ұйымдардың мүдделеріне, сондай-ақ азаматтардың, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне зиян келтірмесе, қылмыстық жауапқа тарту осы ұйым немесе уәкілетті орган басшысының арызы немесе олардың келісімі бойынша жүзеге асырылады.

Келесі өз кұзыреті шегінде қылмыстық істі қозғауға құқығы бар адам тергеуші болып табылады. 

Бұл санаттағы уәкілетті адамдарға мыналар жатады: ішкі істер бөліміндегі тергеуші, ҰҚК тергеушісі, қаржы полициясының тергеушісі (ҚІЖК 64 бабы 1 бөлігі).

Уәкілетті органдардың тергеуге жату көлемі бойынша келесі тәртіпте орналасады (ҚІЖК 192 б.):

  1. ІІО тергеушілері ҚК-тің  177 түрлі бабы бойынша қылмыстық іс қозғауға құқылы;
  2. ҰҚК тергеушілері ҚК-тің 38 түрлі бабы  қылмыстық іс қозғауға құқылы;
  3. Қаржы полициясының тергеушілері ҚК-тің 36 түрлі бабы  қылмыстық іс қозғауға құқылы;

Жалпы ереже бойынша тергелуге жатуымен өзара байланысты тергеуші өкілеттігінің дифференциациясы мынаны білдіреді:

- оған тергелуге жату шегіне қарай тергеуші сол фактілік негіздер бойынша қылмыстық іс қозғауға құқылы;

- егер әрекеттің белгілері тергелуге жататын тізімнің оның құрамына тура келмесе, тергеуші өзі қылмыстық істі қозғауға құқығы бар және оны тергелуіне қарай жолдауға, немесе істей қозғамай-ақ қылмыс туралы арыздар мен хабарламаларды тергелуі бойынша жолдауға құқығы бар (ҚІЖК188 бап).

Қылмыстық істі қозғауға құқықберілген келесі орган анықташы және анықтау органы (ҚІЖК 186б.1б.)

Белгілі қылмыстық өндіріс шегінде анықтау органы бастығының іс жүргізу ережелері өзіне бағынышты анықтаушыларға қатысты, тергеу бөлім бастығының тергеушілерге қатысты өкілеттік ережелеріне ұқсас болып келеді.

Анықтаушы, анықтау органы бастығы, анықтау органының қылмыстық іс тобына қылмыстық істі қозғау құқығы келесі жағдайда анықталады:

- біріншіден, олардың ведомоствалық бағыныстылығы бойынша (65 бапта белгіленген);

- екіншіден, құзырет көлемі шектелген;

Қылмыстық істі қозғау туралы шешімді қабылдау барысында анықтаушының өзіндік билігі (сомастоятельность) шектелген сипатта болады: анықтаушының қылмыстық істі қозғау туралы қаулысы тек анықтау орган бастығының бекітуімен іс жүргізішілік мазмұнға ие болады.

Егер алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес болса, онда анықтаушы қылмыстық істі қозғайды, анықтау органының бастығымен бекітіледі және сотқа дейінгі өкілеттігін ары қарай жүзеге асырады. Егер алдын ала тергеу міндетті болса, онда анықтаушы іс бойынша кідіртіуге болмайтын жағдайларда анықтау органы бастығының тапсырмасы бойынша қылмыстық іс қозғауға өкілетті болып табылады.  Басқа уақыттарда қылмыстық істі қозғау туралы шешімді құзырлы тергеуші қабылдайды.

 

3. Тергеу әрекеттерін жүргізу

 

1. Тергеу әрекеттерін жүргізудің жалпы ережесі.

2. Алдын ала тергеудің басталуы және аяқталуы. Алдын ала тергеудің мерзімі.

3. Алдын ала тергеу өндірісінің ұйымдастырушылық нысаны.

 

Алдын ала тергеу кезінде барлық тергеу амалдары жүргізілуге тиісті. Сонымен қатар сезікті адамды, айыптаушының және де басқа қылмыстық процеске қатысушыларды ажырата білуіміз қажет және олардың әрқайсына байланысты тергеу амалдары жүргізіледі.

Тергеу әрекеттері: жауап алу, тергеу қарауы, куәландыру, оқиға болған жерді қарау, беттестіру, тінту және алу, эксгумация, тергеу эксперименті, жауапты оқиға болған тексеру, сараптама тағайындау т.б. жатады.

Қазіргі кезеңде қылмыстық істер бойынша дәлелдемелердің 80 % -ке жуығы куәлардың, жәбірленушілердің, сонымен қатар сезіктілердің де жауаптарына негізделіп отыр. Сондықтан да жауап алу сияқты тергеу әрекеттерінің маңыздылығына көп көңіл аударылуы қажет. Біз б±л тергеу әрекетін екінші тарауда толыќраќ ќарастырамыз.

Жауап алушы тұлға, яғни анықтаушы, тергеуші, прокурор жауап алудағы өзінің ерекше орнын сезініп жоғарғы денгейдегі кәсіби және адамгершілік қасиеттерін таныта білуі тиіс.

Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 69-бабында айыпталушы туралы анықтама берілген. Бұл анықтама бойынша -«Өзіне қатысты айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулы шаққан адам, не өзіне қатысты сотта жеке айыптайтын қылмыстық іс қозғалған адам, сондай-ақ оған қатысты анықтау органының бастығы айыптау хаттамасын жасаған және бекіткен адам айыпталушы болып танылады. Іс бойынша басты соттың талқылауы тағайындалған айыпталушы - сотталушы деп, өзіне қатысты айыптау үкімі шығарылған айыпталушы - сотталған адам деп, өзіне қатысты ақтау үкімі шыққан айыпталушы - ақталушы адам деп аталады» - деп көрсетілген.

Тергеу іс - әрекеттерін мынадай екі әдіспен анықтауға болады: 1) заңның тікелей нұсқауларын негізге алу арқылы; 2) қисынды жіктеу жолымен.

       Бірінші әдісті қолдану төмендегі іс жүргізу әрекеттерін тергеу іс-әрекеттеріне жатқызуға мүмкіндік береді:

  • қарап тексеру , тінту, алу, куәландыру, сезіктілерді ұстау, жауап алу, (ҚІЖК-нің 200-бабының 1-бөлігі);
  • адамның мәйітін тану, қарап тексеру, сараптамалық зерттеулер үшін үлгілер алу, мәйітті жерленген жерінен қазып (эксгумация) алу (ҚІЖК-нің 225-бабы);
  • сөйлесуерді тыңдау мен жазу (ҚІЖК-нің 237-бабының 3-бөлігі).

         Іс жүргізу тәртібін реттейтін нормалар ҚІЖК-нің тергеу іс-әрекеттерін жүргізудің жалпы ережелерін баянды ететін баптарына сілтеме жасайтын жағдайларда екінші әдіс қолданылуы мүмкін. ҚІЖК-нің 201 және 203-баптары ) тергеу іс-әрекеттерін жүргізудің жалпы ережелері туралы, тиісінше тергеу әрекеттерінің хаттамасы туралы) осындай реттерде қолданылыды.

         ҚІЖК-нің 201 және 203-баптарына сілтеме жасау арқылы төмендегідей  іс жүргізу әрекеттері реттелген:

  • жауап алу (ҚІЖК-нің 218-бабының 1-бөлігі)
  • беттестіру (ҚІЖК-нің 220-бабының 7-бөлігі)
  • қарап тексеру, куәландыру, мәйітті жерленген жерінен қазып алу (ҚІЖК-нің 227-бабының 1-бөлігі);
  • тану үшін көрсету (ҚІЖК-нің 229-бабының 13-бөлігі);
  • тінту, алу (ҚІЖК-нің 234-бабының  1-бөлігі);
  • оқиға болған жерде айғақтарды тексеру және нақтылау (ҚІЖК-нің 238-бабының 8-бөлігі),
  • тергеу эксперименті (ҚІЖК-нің 239-бабының 6-бөлігі);
  • сарапшылық зерттеу үшін үлгілер алу (ҚІЖК-нің 264-бабының 2-бөлігі).

         Экстраполяция (ерекше мұқият өңдеу) секілді қисынды тәсілде осы әдіске жатады. Оны осы мәселеге қатысты қолдану мәні мынада: «куәгер» секілді институт тергеу іс-әрекеттерін жүргізу фактісін, оның барысы мен нәтижелерін куәландыруға арналған (ҚІЖК-нің 86-бабының 1-бөлігі). Куәгердің қатысуы талғамалы сипатта болады және ең алдымен заң шығарушының қылмыстық процеске тартылған азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қажетті кепілдіктермен қамтамасыз ету туралы қамқорлығына байланысты. Куәгер осы әрекетке қатысушының еркін шектеуге байланысты аса күрделі тергеу іс-әрекеттерін жүргізу кезінде қажет болады. Осыны негізге ала отырып, куәгерлер қатысытын іс жүргізу әркеттері, сөз жоқ, тергеу әрекеттеріне жатады есептеуге мүмкіндік бар. Мұндай іс жүргізу әрекеттеріне мыналар жатады:

  • тану үшін көрсету  (ҚІЖК-нің 229-бабының 10-бөлігі);
  • тінту, алу (ҚІЖК-нің 232-бабының 4-бөлігі);
  • ұсталған пошта-телеграф жөнелтілімдерін қарап тексеру, алу және көшірмесін түсіру (ҚІЖК-нің 235-бабы 4-бөлігі),
  • сөйлесулерді тыңдау мен жазу (ҚІЖК-нің 237-бабының 5-бөлігі);
  • оқиға болған жерде айғақтарды тексеру және айқындау (ҚІЖК-нің 238-бабы 3-бөлігі);
  • тергеу эксперименті (ҚІЖК-нің 239-бабының 2-бөлігі)
  • сарапшылық зерттеулер үшін үлгілер алу (ҚІЖК-нің 264-бабының 2-бөлігі).

Одан әрі, іс жүргізу әрекетін тергеу әрекеті деп тану үшін оның айқын мақсаты секілді мән-жайды ескеру маңызды, айталық, дәлелдемелерді тексеру және тиянақтау.

Қылмыстық іс жүргізу нормалары анықталған мерзімдермен, яғни арызды қарау уақыты және қылмыс туралы хабарлау, тергеу өндірісі, тергеушінің жекелеген процесуалдық әрекеттерін шектейді. Көрсетілген заң нормаларын сақтау.

Қылмыстық істі өз уақытында қозғау, дәлелдемелер жинауда тергеуші әрекетінің белсенділігі,қылмыскерді іздестіру жеке ұстау,олардың қоғамға қарсы жаңа әрекеттер жасауына жол бермеу басты табыс болып табылады. Қылмыстық іс жүргізушілік мерзімнің  қатаң  заңдылық регламенті азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғаудың маңызды кепілдігі болып табылады.

Заң азаматтарды ұстаудың, жасалған қылмысқа сезіктілердің шекті мерзімін,сезіктіге бұлтартпау шарасын қолдануда ең жоғарғы уақыт мерзімін анықтайды, қамауға алу мерзімін қатаң сақтайды.

ҚР ҚІЖК-ң 54-бабына мерзімдерді есептеу түсінігі көрсетілген: «процесуалдық мерзімдер сағаттармен, тәуліктермен, айлармен және жылдармен есептеледі».

ҚР ҚІЖК-ң 196-бабында тергеу мерзімі анықталған. Қылмыстық істер жөніндегі алдын ала тергеу өндірісі қылмыстық іс қозғалған күннен бастап екі ай мерзімнен кешіктірмей аяқталуға тиіс және айыптау қорытындысын жазу немесе іс бойынша тоқтата тұру және қысқарту қаулысымен бітеді.

Қылмыстық істің күрделілігіне байланысты тергеу мерзімі аудандық және оған теңестірілген прокурормен  үш айға дейін, қылмыстық істің аса күрделі болуына байланысты облыс прокуроры және оған теңестірілген прокурор мен оның орынбасарлары алты айға дейін ұзартуы мүмкін. Алдын ала тергеу мерзімін одан әрі ұзартуға тек айрықша жағдайларда істің күрделілігі ескеріле отырып жол беріледі және ҚР-ның Бас прокуроры, оның орынбасарлары, Бас әскери проркурор жүзеге асыра алады.

Алдын ала тергеудің мерзімін ұзарту туралы қаулыны тергеуші ауданның облыстың прокурорына және оларға теңестірілген прокурорларға тергеу мерзімі өтпестен бұрын – бес тәуліктен кешіктірмей, Бас прокурорға, оның орынбасарларына, Бас әскери прокурорға он тәуліктен кешіктірмей ұсынуға міндетті.

Қосымша тергеу мерзімі, тергеуге қадағалауды жүзеге асыратын прокурормен іс өндіріске алынған кезеңнен бастап, бір ай көлемінде мерзім тағайындайды. Мерзімді одан әрі ұзарту жалпы негізде жүргізіледі.

Тергеу практикасын оқу көрсеткендей, тергеудің ұзаққа созылуының негізгі себептері іс бойынша тергеуші жұмысты нашар ұйымдастыруы, төменгі сапалы тергеушінің қателіктері. Сонда да кей кезеңдерде екі айлық мерзімнің асып кетуі, тергеу органдары қызметінің бұзылуы ретінде қаралуы мүмкін.

Ол өте ауыр іс нәтижесінде байланысты кең жұмыс көлемі және басқа да объективтік себептер мен мән-жайлар, яғни тергеуді екі ай мерзімде бітірудің мүмкін болмауы.

Мерзімнің бұзылуы тікелей тергеу саласына байланысты яғни, қылмыстық процесуалдық заңның бұзылуы, айыптың дұрыс тағылмауы,тергеудің толық жүрмеуі және де тергеушінің жіберген басқа да қателіктері. Қылмыстық іс бойынша тергеудің созылмалы болуының таратылған себептерінің бірі,тергеу практикасы көрсеткендей, сараптама өндірісінің кешігуі болып табылады.Осыған байланысты тергеу қызметінде заңдылыққа қадағалауды жүзеге асырушы прокурор сараптаманың уақытында тағайындалуына, мәліметтердің іске тігілуіне көңіл бөлуі қажет, яғни ол қамауға алуың және тергеу мерзімінің қысқаруына маңызды роль атқарады.Тергеу мерзімін ұзартуға өтінішпен келіп түскен қылмыстық істі прокурор оқып,танысады. Бұндай ұзартудың мақсатқа сәйкестігін, прокурор тергеу мерзімін ұзарту қаулысын бекітеді. Егер іспен танысу барысында тергеу мерзімін бұзу санасыз тергеу нәтижесінде болғаны байқалса, тергеушіге тәртіптік шаралар қолданады. 


4. Қылмыстық істі тоқтата тұру  және қысқатру

 

1. Іс бойынша өндірісті тоқтату ұғымы және тәртібі.

2. Қылмыстық істі қысқарту және қылмыстық қудалауды болдырмайтын мән-жайлар.

 

Қылмыстық істің тергеуін аяқтауға мүмкіндік бермейтін көрсетілген объективті анықталған мән-жайларға қатысты заңдармен алдын-ала тергеуді тоқтата тұру институты бекітілген. Бұл институтпен алдын-ала тергеудің тоқтатылуының  негіздерін, тәртібін және мерзімін реттейтін, айыпкерді іздеу шаралары және айыпкер ретінде тартылатын адамдарды айыптау, алдын-ала тергеуді жаңғыртуды реттеу сияқты бірқатар процесуалдық нормалар қамтылады.

Заң тергеушіге алдын-ала тергеуді тоқтатуға оның аяқталуына мән-жайлардың толық болмау негіздері болғанда ғана құқық береді. Бұл мән-жайлар тергеуді тоқтата тұрудың негіздері болып саналады. Қылмыстық істі тергеу барысында тергеуші қызметінде алдын-ала тергеуді дер кезінде аяқтауға кесірін тигізетін көптеген мән-жайлардың кездесетіндігін атап өткен жөн. «Алайда олардың әрбір істі тоқтата тұрудың негізі болып есептеле бермейді,тек Заңда ашық көрсетілгендері ғана». Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңы бұл негіздердің ашу тізбесін көрсетеді.

ҚР  ҚІЖК-ң  50-бабына сәйкес алдын-ала тергеу тоқтатылады, атап айтқанда: айыпталушы ретінде жауапқа тартуға жататын адамның анықталмауы, айыпталушы тергеуден немесе соттан жасырынып қалған не оның тұратын жері басқа себептермен анықталмаса т.б.. тоқтатыла тұруы мүмкін.

Заңмен айыпкер ретінде жауапталуда адамның ұзақ мерзімде жол сапарда болуы немесе оның демалыста болуы,жәбірленушінің немесе маңызды басты куәгерді науқасы, сараптау жүргізу т.б. істің алдын-ала тергелуін тоқтатудың негізі ретінде болып саналмайтындығы көрсетілген.

Қылмыс жасаушы адамдар анықталмауына байланысты тергеуі тоқтатылған қылмыстық істерді тексеріп-оқу барысында прокурор мыналарды анықтауға міндетті: іс заң негізінде қорғалған ба; қылмыс оқиғасы дәлелін тапқан ба; белгісіз адам әрекеті қылмыс құрамын құрай ма,уақиға мән-жайыда барлық версиялар тексерілді ме, айғақты заттар өз дәрежесінде пайдаланылды ма, тергеуші белгісіздерді анықтау мақсатында тапсырмалар берілген бе және бұл шұғыл іздестіру шаралары тиісті дәрежеде жүргізілген бе? Бұл мәселелерді алдымен анықтау,бұларға кері жауаптар бола қалған кезде прокурормен тергеушінің алдын-ала тергеуді тоқтатудың заңсыз қаулысын бұзу үшін қажетті.

Тергеуді тоқтатудың заңдылығы және негізділігінің жалпы шарты тергеушімен шешім қабылдағанға дейін мүмкін болар барлық тергеу әрекеттерін орындау болып табылады.

Егер тергеуші алдын ала тергеуді тоқтату туралы қаулы шығарса, ал іс бойынша айыпкерсіз-заң анықтауға болатын жайлар тексерілмеген маңызды мән жайлар зерттелмесе, мұндай шешім заңсыз болып табылады және бұзылуға жатады. Бұл шарттар орындаулар айыпталушыны тапқан кезде, не айыпкерді іздеу және оның түзелген жағдайда (ауырған жағдайда) арасында көптеген дәлелдемелерді қол жеткізе алмауға соқтырады.

Айыпкердің тергеуден бой тасалауына байланысты қысқартылған және тергеуі тоқтатылған іздерді қуу барысында прокурор тергеудің саналылығы мен толықтылығына, тергеуші және анықтама органының өзара қатынасына, анықтама органы мен тергеушінің айыпкерді іздеп табу барысында қолданған шараларына басты көңіл бөлу қажет. Тергеуден бой тасалаған айыпкерді қарқында іздестіру жазадан құтқармаудың, жаңа қылмыс жасамауының алдын алу қағидасын қамтамасыз етудің бір әдісі болып табылады.

Қылмыстық істі қысқарту–тергеушінің прокурордың заңда көрсетілген тәртіппен жүзеге асыратын қылмыстық іс жүргізу жұмыстары. Бұл жұмыс дәлелдер жинап, фактілерді анықтаумен аяқталады. Іс қысқартылған соң қысқартудың заңдылығы мен негізділігіне қадағалау жұмыстары жүргізілуі мүмкін. Бұл арада іс жүргізуді қысқарту қорытындысының дұрыстығы ғана тексеріледі.

         Қылмыстық іс жүргізу заңдарына сәйкес тергеу жүргізетін органдар алдын ала тергеу жүргізген кезде мына мәселелердің шешімін табуға міндетті: қылмыстық оқиға болды ма, әрекеттің қылмыстық құрамы бар ма, бұл әрекетті белгілі адам жасаған ба, жасалған қылмысқа осы адам кінәлі ме?. Аталған сұрақтардың шешілу тәртібі былай – алдыңғы сұраққа жауап керісінше берілсе, келесі сұрақты шешудің қажеті жоқ.         

         Алдын ала тергеуге қадағалау жүргізе отырып, прокурор қылмыс жасаған адамдардың жауапқа тартылуына, бірде-бір қылмыс ашылмай қалмауына және бірде-бір қылмыскер жауапкершіліктен бой тасалап кетпеуіне қол жеткізуі қажет. Осы міндеттерді орындай отырып, прокурор алдын ала тергеудің негізсіз, заңсыз қысқаруына жол бермеуін  қадағалайды. 

         Қылмыстық істің өндірісін қысқарту:  1) ҚІЖК 37 бабында көрсетілген негіздер бойынша (қылмыс оқиғасының болмауы; әрекетте қылмыс құрамының болмауы; егер ол жасаған әрекет үшін жаза қолдануды жойса, рақымшылық ету актісінің салдары; мерзімнің ескіруіне байланысты т.б. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ережелеріне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жататын адамға қатысты) жүргізіледі.

2) 269-бабында көрсетілген белгілер бойынша (қылмыс істегені дәлелденбесе, дәлелденген жағдайда да еріксіз емдеу шарасын қолдануға негіз болатын мән-жайлар анықталса) жүргізіледі;

      Істі қысқарту жүргізілгенде заңда мұндай талап көзделмесе де тергеуші прокурордың келісімін алады. Істі қысқартқанда дәлелдемелердің толықтығына, заң талаптарына қайшы келмеуіне, қысқартуға негіздің дұрыстығына назар аударылады. Мысалы, істі қысқартып,кінәліні қоғамдық түзетуге берген жағдайда айыпкердің қатыстылығын дәлелдеумен қоса, төмендегідей талаптардың сақталуы қажет: а)қылмыс пен оны жасаушы адамның қоғамға қауіптілігінің болмауы; б)шын жүректен өкіну; в)бұрын қасақана қылмыстар үшін сотталмауы т.б.. Жоғарыдағы талаптардың бірінің орындалмауы істі қысқартып кінәліні қоғамдық түзеуге берудің заңға қайшылығын көрсетеді.

       Қысқартылған істерді тексеру барысында төмендегідей мәселелерді шешеді:

         -қылмыстық оқиғасы не құрамының болмауы жоққа шығаратын мәліметтер болса іс қысқартылама?;

        -істі қысқарту жөніндегі тұжырымға күмән келмеген жағдайда,тергеу барысында заң талаптары сақталған ба?;

        -егер іс жәбірленушінің жауабының өзгеруіне байланысты қысқартылса, онда жауапты өзгертуге не себеп болғаны, жәбірленушінің жауабын өзгертуіне тергеуші не анықтама жүргізуші қысым жасау арқылы ықпал етпеуі, қажет жағдайда прокурордың жәбірленушіден жауабын өзгерту ниетін анықтау мақсатында өзі жауап алу арқылы тексереді;

       -егер қылмыстық іс әдейі жалған хабар беру арқылы қозғалса,кінәліні жауапқа тарту мәселесінің шешілуі;

       -қылмыстық істі қысқартумен ілесе жүргізілетін әрекеттердің атқарылуы;

       -істі қысқарту туралы қаулының көшірмесі прокурорға жөнелтілуі қылмыстық істі қысқарту және оның негіздері туралы айыпкерге,сезіктіге, мүдделі адамдар мен ұйымдар мекемелерге жазбаша хабарламалардың жөнелтілуі, қабылданған шешімге шағымданудың тәртібін түсіндіру, бұлтартпау шарасын, почта-телеграф алымдарына тоқтам салуды алып тастау, материалдық шығындардың орнын толтыру тәртібін түсіндіру.

 

5. Қылмыстық алдын ала тергеу амалдарының аяқталуы

 

1. Алдын ала тергеу амалдарының аяқталуының процессуалдық тәртібі.

2. Айыптау қорытындысы.

 

Тергеу айыптау қорытындысын жазумен немесе дәрігерлік сипаттағы мәжбүрлеу шараларды қолдану мәселесін қарауға сотқа қаулысымен бітеді.

         Тергеуді аяқтауда қадағалауды жүзеге асыруда әрбір тергеу  қызметкерлерінің іскерлік санасының, олардың білімдерінің «жоғары» және «әлсіз» жақтарына негізделген прокурорлық мақсатқа сай жеке әрекет етеді. Ұйымда жеке іскерлік сапалықты есепке алу және қадағалауды жүзеге асыруды нақтыландыру, әр қылмыстық іс бойынша жетіспеушілікті жедел түрде анықтау, тергеуде мақсатқа байланысты процессуалдық басшылықты жүзеге асыру. Айыптау қорытындысымен келіп түскен істердің барлығын да прокурор толық көлемде оқып танысады.

         Тергеуді аяқтаудың күнделікті нысаны – айытау қорытындысын жазу заң бойынша тергеудің аяқталуына негіз болып айыптау қорытындысында істер бойынша, тергеу барысында туындайтын мәселелерді шешуге жеткілікті болуы саналады. Бұл үшін прокурор тергеу органдарының жасаған тұжырымдамасының, қабылдаған шешімдерінің заңдылығын тексереді. Прокурор мұндай жағдайда заңға және істегі жинақталған дәлелдемелерді бағалаудан туатын ішкі сенімнен тергеушінің дәлелдемелер жинаудағы әрекеттерінің заңдылығына, олардың іске қатысты маңыздылығын айыптау қорытындысында дұрыс көрсете білуіне қадағалау жүргізеді.

         ҚР ҚІЖК-нің 281 бабында айыптау қорытындысымен келіп түскен іс бойынша прокурордың анықтайтын мәселелерін көрсетеді. Іспен танысу барысында прокурор немесе оның орынбасары тергеушінің қылмыстық іс жүргізу заңдарының талаптары толық сақталғанын, төмендегідей мәселелердің шешімін тапқанын:

айыпталушыға таңылып отырған әрекеттің жасалғанын және бұл әрекетте қылмыс құрамының бар-жоғын;

істе оны тоқтатуға әкелетін мән-жайлардың бар-жоғын;

тағылған айыптың негізді-негізсіз екенін, оның істе бар дәлелдемелермен расталатынын;

айыпталушыға іс бойынша барлық барлық анықталған және дәлелденген қылмыстық әрекеттері бойынша айып тағылғанын-тағылмағанын;

қылмыс жаслғаны туралы іс бойынша дәлелдер табылған барлық адамның айыптаушылар ретінде жауапқа тартылғанын тартылмағанын;

айыпталушының әрекеті дұрыс сараланғанын-саралабағанын;

бұлтартпау шарасының дұрыс таңдалғанын-таңдалмағанын және істе оны өзгертуге не алып тастауға негіздердің бар-жоғын;

азаматтық талапты қамтамасыз ету және мүлікті ықтимал тәркілеу шараларының қабалданған-қабылданбағанын;

айыптау қорытындысының осы Кодекстің талаптарына сәйкес жасалғанын-жасалмағанын;

алдын ала тергеу жүргізуде қылмыстық іс жүргізу заңын елеулі бұзушылыққа жол берілгені-берілмегенін тексереді.

Баяндалған талаптардың орындалуын тексеріп, прокурор не оның орынбасары төмендегідей шешімдердің бірін қабылдайды:

өзінің қарарымен айыптау қорытындысымен келісетінін білдіреді және айыпталушыны сотқа береді;

өзінің қаулысымен айыптаудың жекелеген тармақтарын жоққа шығарады не айыпталушының әрекетін жеңілірек қылмыс туралы заңды қолдана отырып, қайта саралайды;

 қылмыстық істі толық көлемінде немесе жекелеген айыпталушыларға қатысты тоқтатады;

қосымша тергеу жүргізу немесе айыптау қорытындысын қайта жасау үшін өзінің жазбаша нұсқаулармен бірге істі тергеушіге қайтарады;

жаңа айыптау қорытындысын жасайды;

қорғау куәларының тізімін қоспағанда, сотқа шақырылуға тиісті адамдардың тізімін толықтырады немесе қысқартады.

Прокурор не оның орынбасарының өз қаулысымен айыптау қорытындысының жекелеген тармақтарын алып тастауға, аурлылығы төмен қылмыс жөніндегі қажеттілігіне қарай жаңа айыптау қорытындысы жасалады.

         Егер айыпты неғұрлым ауыр тағуға не түбірімен өзгеше айып тағауға өзгерту қажеттілігі көрінсе, онда прокурор істі анықтама және тергеу органына жаңа айып тағуға қайтарады. ҚР ҚІЖК-нің 282 бабына сәйкес прокурор сотқа шақырылатындардың тізімін өзгертуге бұлтартпау шарасын өзгерту, егер ол қолданылмаса бұлтартпау шарасын тағайындауға құқылы.

         Қоғамдық қауіпті әрекет жасағанымен интеллектуалдық немесе еркітілік қабілетіне қарай өз әрекетіне есеп бере алмайтындарға еріксіз түрде медициналық емдеу шарасы қолданылады. Қылмыстық іс жүргізу заңдылығына сәйкес тергеу жүргізу кезінде немесе сот-психикалық сараптау нәтижесінде айыпкер ретінде жауапқа тартылатын адам қоғамға қауіпті әрекетті есі дұрыс емес күйінде жасаса немесе қылмыс жасағаннан кейін жан ауруымен ауырса, тергеуші істі тергеуді жүргізе береді. Тергеуді аяқтауға қажет болатын процессуалдық әрекет айыпкер ретінде жауапқа тарту мен жауап алудан басқа істің ақиқатын ашуға мүмкіндік беретін тергеу әрекеттерінің барлығы жасалады.

         Мұндай адамдарға қатысты қылмыстық істі сотқа жібергенде тергеуші қаулы түріндегі шешім қабылдайды. Қаулыда тергеу барысында анықталған мән-жайлар мазмұндалып, еріксіз емдеуге негіз болатын мән-жайлар көрсетіледі. Мұндай қаулымен келіп түскен істерді тексеру барысында прокурор төмендегілерді анықтайды:

  • әрекеттің қоғамға қауіптілігі;
  • еріксіз емдеуге негіз болатын жағдайлардың болуы.

    Қаулыда дәлелдемелерді талдауы бойынша айыптау қорытындысына қойылатын талаптарға сәйкес болуы керек. Сонымен қатар, прокурор қаулыда сол кезеңде қоғамға қауіпті әрекет жасаған адамға емделудің қажеттілігін, оның қандай сипатта болуы керек екендігін көрсетілуін тексереді. Істі прокурор тергеу барысында қылмыстық іс жүргізу заңдарының талаптарын сақтау тұрғысымен тексереді.

         Жан ауруымен ауыратыны анықталған кезден бастап қорғаушының іске қатыстырылуының міндеттілігі, қорғаушының істің барлық құжаттарымен танысуы, оның әрекеттері тиісті хаттамаға түсірілуі, айыпталушының заңды өкілінің мүдделерінің сақталуы сияқты маңызды процессуалдық әрекеттердің орындалуы тексеріледі.

Тергеу бөлімі бастығының процессуалдық бақылау қызметіне мыналар жатады:

—қылмыстық істі қозғаудың уақытында болуын әрі негізділігін тексеру;

—алғашқы тергеу іс-қимылдарып жүргізудің нәтижелілігін және олардың қылмысты ашу мен тергеудегі маңызьш анықтау;

—күдік тудырушыны ұстаудың заңдылығы мен негізділігін тандап алынған бұл тартаау шараларының оларды қолданудың процессуалдық шарттарына сәйкестігін анықтау;

—айыпталушы ретінде адамды жауапқа тартудың зандылығы мен негізділігін тексеру;

—алдын ала тергеуге қатысушылардың процессуалдык кұқыктарын қамтамасыз етуді талдау, заң бұзушылықтарды жою;

—қажет болған жағдайда істі тергеудід жан-жақтылық, толықтылык және объективтілік талаптарын орындау жөніндегі шараларды қабыддау;

—қылмыс келтірген материалдык зиянның орнын толтыруды қамтамасыз ету мақсатында тергеуші кабылдаған шаралардың сәйкестігін аныктау;

—іс жургізуді тоқтата туру туралы немесе қысқарту туралы тергеуші каулысының зандылығы мен негізділігін тексеру.

Біркатар зерттеушілер (И. Гуткіш, Ф. Лопушанский, А. Чувилев, Ю. Белозеров) тергеу бөлімінің бастығының тікелей өкілеттіктері ретінде көрсетілмесе де, оның процессуалдық жағдайының мәнінен туындайтындай тергеушінің басқару жөніндегі біркатар процессуалдық іс-әрекеттер орындайтындығын атап өтеді. Олар осындай іс-әрекеттер қатарына, мәселен, тергеушінің анықтау органдарымен өзара іс-қимылы туралы, кьшмыстың жасалуына себепші болған себептер мен жағдайларды зерттеу туралы, қылмысты ашуға жұртшылықты тарту туралы нүсқауларды беруін жаткызады9.

Заң тергеу бөлімі бастығының өз өкілеттіктерін жузеге асыру нысанын белгілеііді. Кылмыстық іс бойынша барлық нүсқаулар жазбаша түрде беріледі.

Тергеу бөлімі бастығының процессуалды өкілеттілігін екі топқа бөлуге болады. Бірінші топты накты қылмыстық істі тергеудегі процессуалдық бақылау тәсілдері қүрайды. Екінші топқа оған бағынышты тергеушілерді процессуадды басқаруға бағытталған тәсілдері жатады. Э. И. Воронин ұсынған осы саралау занның каралып отырған бөлігіндегі ережелеріне анағүрлым толықжауап береді10.

Тергеушінің өкілеттіктері оның алдын ала тергеу жүргізу функцияларынан ажыратылмайды, оның үстіне, олар тергеу бөлімі бастығының процессуалдық жағдайымен өзара байланыста қаралуға тиіс.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 64-бабының 1-бөлігіне сәйкес тергеуші — өз күзыреті шегінде (ішкі істер органдарының тергеушісі, үлттық кауіпсіздік органдарының тергеушісі және салық полициясы органдарының тергеушісі) қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеуді жүзеге асыруға өкілетті кызмет адамы.

Кылмыстық іс жүргізу кодексінін 7-бабының 14-бөлігіндегі қылмыстық ізге түсу органдары — бүл прокурор (мемлекеттік айыптаушы), тергеуші, анықтау органы, аныктаушы деген сөздерді талдау тергеушінің процессуалдық жағдайын қылмыстық ізге түсу органының үғымымен байланыстыру кажет екендігін қуәландырады. Осы жағдай алдын ала тергеу органын сипаттайтың атап айтқанда, тергеушіні қылмыстық іс жүргізу қүкықтық қатынастарының катысушысы ретінде қарауға термелейді.

Тергеушінің негізгі максаты — істі тергеу болып табылады. Заң әдебиеттерінде "істі тергеу" үғымы "анықтау", "қарау", "зерттеу" ұғымжарымен үндес, бірақ тергеушіге қатысты "айыптау", "қорғау" үғым жоқ және болуы да мүмкін емес. Тергеуші өз жүмысын айыптауға немесе қорғауға емес, шыңдықты анықтауға бағыттайды.

Тергеушінің процессуалдық жағдайы оның қылмыстық сот ісін жүргізудегі функцияларымен байланысты, соңғысының сипатында мыналар көрінеді:

1)қылмыстар туралы арыздар мен хабарларды қарау (КДЖК-нің, 183,184-баптары)8;

2)істің жай-күйін зерттеу (ҚІЖК-нін 24,124-баптары);

3)айыпталушы регінде адамды жауапқа тарту (КДЖК-нің 206-бабы);

4)қылмыс жасады деп негізсіз айып тағудан кінәсіздерді қорғау (ҚІЖК-нің 24, 210-баптары);

5)қылмыстан келген материалдық зиянның орнын толтыруды және мүлікті тәркілеуге қатысты үкімнің орындалуын қамтамасыз ету (ҚІЖК-нің 162—171 -баптары);

6)қылмыстың жолын кесу және қылмыс жасауға жәрдемдесетін жағдайларды жою үшін шаралар қабылдау (ҚІЖК-нің 8,36,204-баптары);

7)түрып жатқан жері белгісіз айыпталушыларды іздестіру (КІЖК-нің267-бабы);

8)сотқа дейінгі кезендерде тоқтатуға занды негіздер болған жағдайда қылмыстық істерді шешу (ҚІЖК-нің 269-бабы).

Тергеушінің аталған функциялар жиынтығын жүзеге асыруында мынадай ерекшеліктер бар.

І.Функциялардың бәрі де өзара байланысты. Бір функцияларды орындаудың нәтижелері келесі функцияларды жүзеге асырудың сипатына ықпал етеді. Мәселен, кылмыс туралы өтініштер мен хабарларды қарау екі

2. Нысанда жүзеге асырылуы мүмкін: а) қылмыстық іс козғау; ә) қылмыстык іс козғаудан бас тарту. Егер қылмыстык іс козғау орын алған болса, онда әрі қарай істің мән-жайын зерттеудің келесі функцияны жүзеге асырудың кажеттілігі туындайды және т.т.

З.Функцияларды жүзеге асыру тергеушінің өзге де процеске қатысушылармен езара іс-кимылы жағдайында ғана орын алуы мүмкін. Өзара іс-кимылдың сипаты күкыктық қатынастарға қатысушының мәртебесіне байланысты. Мәселен, істің мән-жайын зерттеу кылмыстың іздерін сараптамалық бағалауды талап етуі мүмкін, мүның өзі мәртебесі қатаң түрде заңменен белгіленген сарашпыны қатысушылар тобына қосуды білдіреді. Тергеуші мен сарапшының процессуалдық күқықтағы өзара іс- қимылының сипаты, айталық тергеуші мен маманның өзара іс-қимылынан ерекшеленеді.

4.Процеске қатысушылардың бәрін де қүқықтарымен қамтамасыз ету және оларға міндеттер жүктеу тергеушінің өз функцияларын орындауының алғышарттары болып табылады.

5. Тергеушінің заңды талаптарын кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардын, лауазымды адамдардын және азаматтардың орындауының міндеттілігі заңда кезделген.

Тергеушінің кызметі негізінен жалпы іс жүргізушілік принциптерге сәйкес келетін тереңдетілген принципті негізде қүрылады. Сонымен біргетергеуші қызметінің принциптер жүйесінің өзіне тән ерекшеліктері болады, ол ерекшеліктер әлгі принциптерді қамтамасыз етудін өзгешелігінен ғана емес, сондай-ақ сол принциптерді түжырымдаудың өзіне тән сипатынан да көрінеді.

Қылмыстық сот ісі қатынастарына қатысушы ретінде тергеушінің түлғасын түсіну ушін анағурлым маңызды принциптер мыналар болып табылады: заңдылық; жариялылық; азаматтардың тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, нәсілдік және үлттық болмысына, діни сеніміне қарамастан заң аддында теңдігі; тергеудің үлттық тілде өтуі; тулғаға, түрғын үйге, жеке өміріне, хат-хабар алмасудың, телефонмен болатын әнгімелердің және телеграфтық хабарлардың қүшшсына қол сүқшушылық, істің мән-жайын зерттеудің жан-жақтылығы, толыктығы және объективтілігі; алдын ала тергеуге катысушылардың заңды қүқықтары мен мудделерін қамтамасыз ету; процеске катысушылар мен өзге де адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ұш шаралар қабылдау; кінәсіздік презумпциясы; алдын ала тергеу ісін жеделдетіп жүргізу; тергеушінің іс жүргізушілік дербестігі және жауапкершілігі; қылмыстарды ашу мен тергеуге қатысуға жүртшылықты тарту.

Тергеуші қызметінің кейбір принциптерінің ғана мазмүнын қарап көрелік.

Тергеушінің қылмыстық сот ісін жүргізудегі дербестігі және жауапкершілігі принципіт. Бүл принциптің мәні мыналардан көрінеді:

—тергеудің бағыты және тергеу ісін жүргізу туралы барлық шешімді тергеуші дербес түрде қабылдайды, буған занда көзделген прокурордың санкциясын алу жағдайлары кірмейді (ҚІЖК-нің 64, 200-баптары);

—тергеу ісін жүргізу туралы кабылданған шешімдердін заңдылығы мен дер кезділігі үшін тергеуші толық жауапты болады;

—тергеуші дәлелдерді өзінің көзқарас сенімі бойынша бағалайды, ал көзқарас сенімі істің барлық мән-жайын олардың жиынтығында жан-жақты, толық және объективті карауға негізделеді.

Тергеуші дербестігінін абсолюттік сипаты болмайды (мәселен: тергеу белімінің бастығы мен прокурордың заңға сәйкес берген нұсқаулары тергеуші үшін міңдетті болып табылады).

Процеске қатысушылар мен өзге де адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету принципі. Бүл принциптің мазмүнына мыналар жатады:

—жеткілікті мәліметтер болған жағдайда жәбірленушінің, куәгердің және іске катысушы баска да адамдардын, сондай-ақ олардын, отбасы мүшелері мен жақын туысқандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндей шаралар қабылдау;

—процеске қатысушылардың өміріне, денсаулығына, абыройына, әр-ожданына және мүліктерінің сақталуына қауіп төндірген кінәлі адамдарды анықтау, оларды занда көзделген жауапкершілікке тарту.

 

6. Алдын ала тергеу.

 

         1. Алдын ала тергеудің жалпы шарттары және алдын ала тергеу сатысының маңызы.

         3. Алдын ала тергеудің нысандары түрлері.

 

         Алдын ала тергеудің жалпы шарттары ҚІЖК-нің 24 тарауының (195-205бап) ережелерімен реттеледі және қылмыстық сот ісін жүргізудің дербес сатысы – алдын ала тергеу сатысының мазмұнын анықтайтын қызметті реттеу болып табылады.

         ҚІЖК-нде көрсетілген ортақ шарттар – «оларда барлық қылмыстық ізге түсу органдары үшін бірыңғай және міндетті тәртіпті реттейтін, істің әділ жүргізілуінің кепілдігін және азаматтардың заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ететін талаптар болып табылады».

         Жалпы шарттарға қарастырылатын сатыда туындайтын құыққ қатынастарының мынадай жақтарын реттеу жатады:

         1) тергеушілері қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеу жүргізуге құқылы қылмыстық ізге түсу органдары: ҰҚК, ІІО, Қаржы полициясы органдары тізбесін белгілеу;

          2) қылмыстық ізге түсу жеке тәртіппен жүзеге асырылатын істерді, сондай-ақ алдын ала тергеу ісін жүргізу міндетті болып табылмайтын істерді қоспағанда, барлық қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеу ісін жүргізудің міндеттілігі; (191б.1,2б.)

         3) ҚІЖК-нде белгіленген тергелу ретін сақтау;

         4) алдын ала тергеу жүргізілетін жер;

         5) алдын ала тергеу ісін жүргізудің басталуы және аяқталуы;

         6) алдын ала тергеу жүргізудің барысына іс жүргізу және ведомстволық бақылау жасау;

         7) алдын ала тергеу мерзімі;

8) алдын ала тергеу ісін жүргізудің ұйымдық нысандары;

         9) анықтау органдарының алдын ала тергеу процесіндегі қызметі;

         10) тергеу іс-әрекеттерін жүргізудің жалпы ережелері және олардың хаттамасы;

         11) алдын ала тергеу жүргізудің құпиясы.

         Алдын ала тергеу жүргізудің жалпы шарттарының маңызы мынада:

  • оларда сотқа дейінгі қызметтің бүкіл кезеңі бойында күшінде  болатын іс

жүргізу ережелері бар, олар алдын ала тергеу сатысында жүргізілетін барлық іс-әрекеттерге қолданылады;

  • белгіленген ережелердің бұзылуы іс бойынша қылмыстық сот ісін

жүргізудің нақты барысына теріс әсер ете алатаны әр түрлі құқықтық зардаптар тұғыуы мүмкін;

  • қылмыстық сот ісін жүргізу принциптерін сақтауды қамтамасыз етететін өзіндік кепілдіктер болып табылады;
  • алдын ала тергеу сатысының іс жүргізу шекараларын анықтайды;
  • жалпы шарттар ретінде көзделген ережелерді сақтау, сотта істі дұрыс

шешудің негізі болып табылады.

         Алдын ала тергеу ісін жүргізу сатысының маңызы:

         - бұл саты қылмыстық іс қозғау сатысының қисынды жалғасы болып табылады және істің мәнін түбегейлі қарау және шешу жөніндегі сот қызметінің алдында жүргізіледі;

         - дербес саты ретінде өзіне тән ерекше міндеттері бар, олар іс жүргізу әдістері мен құралдарының қатаң белгіленген жиынтығымен шешіледі;

         - істі сотта шешудің заңдылығы мен дер кезінде алдын ала тергеу ісін жүргізуді жүзеге асырудың сапасына байланысты болады;

         - алдын ала тергеу жүргізу сатысына көшу қылмыстық іс қозғаудың заңдылығын білдіре алады;

         алдын ала тергеу ісін жүргізбейінгше, істі сотта қарауға болмайды.

         Алдын ала тергеу сатысының маыңыздылығы мынадай негізгі міндеттерден байқалады:

  1. қылмыстардың тез әрі толық ашылуы;
  2. қылмыс жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауапқа тарту;
  3. адамдарды негізсіз айыптаудан және айыптаушылар ретінде жауапқа тартудан қорғауды қамтамасыз ету;
  4. қылмыс жасаудың мән-жайларын анықтау, айғақтарды іс жүргізу барысында баянды ету;
  5. қылмыстан шеккен зиянның орнын толтыруды қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдау;
  6. кінәлі адамның одан әрі құқыққа қарсы іс-әрекет жасауының жолын кесу;
  7. қылмыс жасауға итермелеген себептер мен жағдайларды анықтау, оларды жою жөнінде заңда көзделген шараларды қабылдау.

 

2. Алдын ала тергеудің нысандары мен түрлері

         ҚІЖК –нің 1 бабының 16 тармағына сәйкес «алдын ала тергеу» - бұл уәкілетті органдардың осы Кодекспен белгіленген өкілеттік шегінде істің мән-жайының жиынтығын анықтау, белгілеу, тиянақтау және қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту жөніндегі сотқа дейінгі қызметінің іс жүргізу нысаны.

         ҚІЖК-нің 1 бабының 15 тармағына сәйкес «анықтау» - бұл анықтау органдарының осы Кодекспен белгіленген өкілеттік шегінде істің мән-жайының жиынтығын анықтау, белгілеу, тиянақтау және қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту жөніндегі сотқа дейінгі қызметінің іс жүргізу нысаны.

         Жасалған қылмыстық әрекеттердің қоғамға қауіптілік дәрежесіне, қылмыс субъектісінің ерекшеліктеріне қарай заң шығарушы алдын ала тергеудің екі нысанын көрсеткен:

  1. алдын ала теру (алдын ала іздестіру)
  2. анықтау.

Алдын ала тергеу органдарына: ҰҚК, ІІО, Қаржы полициясы, Әскери тергеу бөлімі т.б. жатады.

         Анықтау органдарына: қаржы полиция анықтаушысы, ІІО анықтаушысы, Кеден орган анықтаушысы, Әскери полиция орган анықтаушысы, Әділет органдар анықтаушысы, Шекара қызметі органдарының анықтаушысы, Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының анықтаушысы жатады.

         Анықтау органдарының алдын ала тергеу ісін жүргізуі үшін мынадай негіздер болады: қылмыс жасады деген сезік туған адамның анықталмауы, жалпы ереже бойынша оған қатысты алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес, кәмелетке толмағандардың немесе дене, психикалық кемістіктеріне байланысты өздерінің қорғану құқықтарын жүзеге асыра алмайтын адамдардың қылмыстар жасауы. 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-10-05 17:19:34     Қаралды-27210

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »