UF

Тақырып. Әлемдік банк жүйесі және олардың қызметтері

 

1.  Банк жүйесі және оның даму кезеңдері

 

1.1. Банк жүйесінің маңызды элементі. Банк ісінің қалыптасуы мен дамуы.

1.2. Банк жүйесінің    белгілері. Банк жүйесінің түрлері.

1.3. Нарықтық экономикадағы банктердің ролі

 

Банк жүйесі кредит жүйесінің негізгі буыны, нарықтық экономиканың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Кредит және қаржы опирацияларының негізгі бөлігін шоғырландырады. 

     Кез келген жүйе барлық керекті элементтерді қажетті пропоцияларда жинақтауы қажет, онда олар біріне-бірі өзара әсер етіп, толықтыруы қажет, әдетте, бір жүйе өзге, неғұрлым кең жүйенің ішіне кіреді.

     Осыдан келіп, бұл принциптер мен талаптар банк жүйесіне тікелей қатысты болып шығады. Мәселен, кез келген елдің банк жүйесінде банк жүйесінің элементтері жеткілікті мөлшерде болады: түрлі типтегі банктер, банктік емес мекемелер, банктік құрылымдар, банк бірлестіктері және т.б.

  Құрамдас бөлік ретінде банк жүйесі үлкен жүйеге – елдің кредит жүйесіне енеді. Ал кредит жүйесі – елдің экономикалық жүйесіне кіреді. Мұның өзі банктердің қызметі мен дамуын қоғамның қайталама өндіріс процесімен тығыз бірлікте қарау қажет екендігін білдіреді. Өзінің практикалық қызметінде банктер мен банк жүйесі бюджет-салық және басқа жүйелермен тығыз бірлесе отырып, экономикалық өмірді реттеу мен басқарудың ортақ тетігіне жымдаса кірігеді.

Банк ақша шаруашылығы дамуының несие, ақша және есеп айырысу операциялары біріге келіп, бір орталыққа шоғырланатын сатысы болып табылады. Мұндай мекемелер Италияның солтүстік қалаларында ХVII ғасырда пайда болды. 1619 жылы Венецияда қоғамдық серіктестік Жиоробанк деп аталды (лат- айналым). Металл монеталармен және оларды алмастырған серіктестік қағаздарымен төлем жасау олардың басты операциялары болды. Банк ісінің нағыз мәні  мемлекеттер арасындағы сауда байланыстарының даму процесінде айқын көрінді. Банк ісін жүргізудің Италияндық тәжірибесі жеке банктерді құрудың ынталандырушы факторы ғана болып қалды. Амстердамда айырбас банкі құрылып, ол депозиттік және жиробанкке, соңында ссуда банкіне айналды. Германияда итальян сауда үйлерінің негізінде неміс сауда үйлері пайда болып, олардан алғашқы неміс банктері бөлініп шықты. Францияда да солай болды, сонымен ХVII ғасырда Еуропаның барлық елдеріндебанктер пайда болды.

ХVII ғасырдың 40 жылдарынан бастап Англияда банктер эмиссия операцияларын орындауға кіріседі және ХІХ ғасырдың басында оған елдің орталық эмиссиялық банк мәртебесі берілді.

Эмиссия – мемлекеттің банкноттар, монеталар мен бағалы қағаздар шығаруы.

Германияда 1846 жылы жерлердің 33 эмиссиялық банктерін біріктірген орталық банк ретінде Прусс банкі құрылды.

Рессейде банк ісі мемлекеттік тұрғыда дамыды және эмиссиялық банктер болған жоқ. ХІХ ғасырдың соңына қарай (1894 жылы) эмиссиялық банк ретінде Госбанк пайда болды.

Қазақстанның ХХ ғасырдың  90 жылдарына дейін өз банктері болмады. 1990 жылдың 25 қазанында ҚазССР өзінің тәуелсіздігін жариялағаннан кейін республика нарықтық экономиканың талаптарына сәйкес келетін, өзінің банк жүйесін құруға кірісті.

Банк жүйесі нарықтық экономиканың аса маңызды және ажырамас құрылымдырының бірі болып табылады. Банктердің және тауар ақша қатынастарының даму тарихы бір-бірімен байланысты. Банктер халық шаруашылығының барлық басқару деңгейлерінің тыныс тіршілігімен тікелей әрі күнделікті байланыста болды. Банктер нарықтық экономикадағы маңызды қаржы делдалдары болып табылады. Өз қызметі процесінде олар ақша нарығында тауарға айналатын жаңа талаптар мен міндеттемелер туғызады. Мәселен, клиенттердің салымдары қабылдай отырып, банк жаңа міндеттеме – депозит жасайды, қарыз бере отырып қарызшыға жаңа талаптар қояды Нарықтық экономикада  банктер монополистерге айналып, барлық қаржы капиталына иелік жасайды.

Банк жүйесінде қоғамның барлық ақша қорлары: мемлекеттің қаржысы, шаруашылық буындарының қаражаты, халықтың жиған тергені шоғырланған. Банктер осы қорларды қалыптастыруға белсенді түрде ат салысып, олардың пайлалануына бақылау жасайды, ақша айналымын реттейді және қайталама өндіріс процесінің барысына әсер етеді.

 

2. АҚШ және Канаданың банк жүйесі

 

1.           АҚШ банк жүйесі және оның қалыптасуы.  АҚШ банк жүйесінің құрылымы. Федеральды резервтік банктердің атқаратын қызметтері.

2.           Канаданың банк жүйесінің пайда болуы. Канада ақша бірлігі және ақша айналысы. Коммерциялық банктердің операциялары.

Канада елінің несие жүйесі күрделі институтционалды құрылымда болды. Оны жасауда АҚШ пен Ұлыбритания елдерінің несие жүйесі күшті ықпал етті. Бұл елдер ұлттық қаржыларын меңгеру арқылы Канадада өз позициясын нығайтуға ұмтылды. Отарлық кезеңде пайда болған несие институттары да банкирлердің функцияларын сауда компаниялары орындады. Канадада шетел несие институтарының әртүрлі бөлімдері жұмыс істеді.

Канадада алғаш 1817 жылы Комерциялық банк «Бэнк оф Монрсал» пайда  болды (сақтандыру компания, ипотекалық компания, транстортық компания және басқада компаниялар). Бірінші дүние жүзілік соғыс банкілердің күшеиуіне күшті әсер етті және банкілік институттар емес компаниялар жылдам дами бастады: сатуларды қаржыландыру  мерзімі ұзартылды және тұтыну несиесі, сақтандыру, транс компаниялары 1930 жылдары дүниежүзілік дағдарыс сонымен қатар несие институттар сауда банкілеріне жағымсыз әсер етті. Осы кезеңде Канада несие жүйесі құрылды, несие жүйеге мемлекет тарапынан қол сұғу күшейді, пәтер –  үйлерін құрылысқа несие беру, мамандандырылған мемлекет институттарының  қызметіне және ауыл шаруашылығына несие берілді. Несие жүйесін толық  жетілдіру 2 дүниежүзілік соғыс кезінде одан кейінде жалғасып жатты. Жаңа үлгідегі мамандандырылған несие институттары, лизинг, мемлекетті сақтандыру, зейнетақыны қамтамассыз ету компаниялары дүниеге келді. Канада несие жүйесіне: орталық эмиссиялық банкі, сауда банкілері және мамандандырылған мекемелер кіреді. Орталық эмиссялық банкі – Канада банкі, біртұтас сауда банкілерінің саны аз; повинцияның аумағында провинция деңгейіндегі несие мекемлері қызмет етеді. Канада елінің несие жүйесі негізгі қаржы институттары, сауда, транстор (сенім) ипотекалық, сақтандыру компаниялардан құрылады. Олар: жеке сауда, жүк тасушы (чартерный) банкілер, сауда қызметінде толығымен еркін жұмыс істей алады. Ол парламент партиялары (ретінде) регламентирсутся Чартерлік (жүк та сушы) банкінің міндетіне мемлекеттің экономика секторына, өнеркәсібіне, саудаға қызмет ету болып табылады. Олар депозиттік операцияны әртүрлі несиелерді бере алды және валюталық операциялармен айналыса алды. Канада банкирлер қауымдығының жоғарғы органы «Атқару кеңесі» болып табылады. Оны басқарушы «Канада клиринг жүйесі» болды. Банкі аралық есеп – қисапты осы клиринг және ақпарат орталық комитеті басқарып отырды. Канада клиринг жүйесімен ақпарат орталық комитетінің ұйымдастырылған 10  аймақтық палатасы болды, оны «есеп – қисап» деп атады. Аймақтық «есеп – қисап орталығы»  мына жерлерде орналасты «Оттава, Калгари, Голифакс, Моноралие, Квебеке, Реджайн, Сент –Джон, Торонто, Ванкувер және Виннипекте». Олардың қызметін жергілікті клиринг ассоциацы басқарып отырды, әрине Канада банкирлер ассоциасының берген мандаты мен несие жүйесінде басқада институттар болды. Олар банкісіз қаражат делдалдар деп атады. Оларда банкілік операцияларды жүйеге асырды немес несие одақтар және коперативтік қаржы ұйымдардың оның ішінде французртілдес елді мекенге қызмет етті. Оларға дербес банкілер, сауда банкілердің сенім бөлімі қызмет етті, басқа капиталистік ел сияқты Канада елінде сақтандыру ісі дамыды. Елді сақтандыру қоры ана құрлым жоғары болды. Жергілікті сақтандыру базарында американдық сақтандыру компаниясы жеткілікті берк оын алды. Канададағы 172 шетелдік фирманың 134 АҚШ –тың фирмасы болды. АҚШ – тың фирмалары Канада сақтандыру фирмаларының сыртқа кеңінен таралуына зор ықпалын тигізді. Канада сақтандыру фирмасының 71 АҚШ –та, 7  Ұлыбританияда, 6 Гонконгта, барлығы 100 кеңсесі болды. Дүние жүзі елдеріндегі басқада кішігірім бөлімшелерін есептемегенде. АҚШ, Ұлыбритания елдері Канада компанияларының алға жылжыуына мүмкіндік жасап отырды. «Лайф–Сайф –Лайф »  Британдық сақтандыру компаниясын  1986  жылы «Нью–Хемпшер» Ағылшын фирмасын өзіне біріктіріп алды. Канада сақтандыру компаниясы 2|3  пайыз дабысын АҚШ та істелген операциялардан табады. Канада сақтандыру компаниясының капиталы Филипинде, Гонконгте, Индонезияда, Сингапурда үлкен рөл ойнайды.

Канада Орталық Банкі.

Канада банкі  – елдің эмиссиялық банкі. Ол акциялық мекеме болып құрылды, бірақ оның акциясына сауда банкі және оның қызметкерлері, шетелдік азаматтар қожалық етпейді. 1935 – 1938  жылдар аралығында банк акциясын иеленуші жеке адамдардан Канада үкіметі сатып алып, оны Канада Орталық Банкі етіп бекітті. Оның қызметін федералды үкімет анықтап, оған деректорлар кеңесін тағайындап отырды. Деректорлар кеңеңсінің құрамына қаржы министірінің орын басары кіреді. Орталық Канада банкі өзінің жұмысы жайында парламент алдында жүйелі түрде есеп беріп отырады. Орталық Канада Банкісінің негізгі атқратын функциясы:

  1. Ақша айналымын және несиені реттеп отыру.
  2. Басқа валюталар мен салыстыра отырып өз валютасына қолдау көрсету.
  3. Баға деңгейін және кәсіпорын сауда деңгейін реттеп отыру.
  4. Банкнот шығару және оның айналымын реттеу.
  5. Сауда банкілеріне аванс беру және кассадағы қорын басқару.
  6. Банкімен клирингтің арасындағы есепті реттеу.
  7.  Мемлекеттің алтын қорын реттеумен айналысады.

 

3. Жапония және Қытай банк жүйесі

 

1. Жапония банк жүйесінің дамуы. Жапония банк жүйесінің құрылымы мен ерекшеліктері. Жапония ақша бірлігі.

2. Қытай банк жүйесінің қалыптасуы. Ақша айналысы және ақша жүйесі. Банктің басқару құрылымы.

 

Жапония ең жас банкілік заңнамаға ие, ол американдық образбен құрылған. Ол тек Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ғана қарқынды түрде дамыды. Қазіргі заманға лайықты, «Халықтық банкілер» сияқты жеке ең бірінші банктер 1872ж. пайда болды. омерциялық ретінде олар барлық мемлекетте филиалдарға ие болды және ақша шығару банкроттық құқыққа ие болды.

Екінші дүниежүзік соғыс аяқталғаннан соң, конъюнктураның төмен жағдайына байланысты және апонияның ірі бюджеттік дефицитіне байланысты Жапонияда гиперинфляция басталды.

Ақша облысында төтенше жағдайларға шаралар қолданылған болатын: халықтардың жинақ қорлары мен банктің бағалы қағаздары оқшауланды. Несиелендіру облысында «өндірісті  дамыту курсы» жүзеге асырыла бастады, оған сәйкес ретінде несиелендіру артықшылықтары анықталған болатын, ал басқа салаларға қарыз несиелер бағытты түрде шектелген.  Соғыс кезеңінен кейін  банктердің құрылу курстары алынған болатын, яғни өзінің мемлекетінде әсер ететін, сонымен қатар  жергілікті банктерді құру принципі бойынша: «бір префектура – бір банк» болған.

Осы банктердің екі түрі барлық мемлекет пен аудандарда  қаржыландыруын жүзеге асыруы керек.

 Жұмыссыздықты болдырмау үшін, орта және кіші кәсіпорындарды сақтап қалу үшін несиелік кооперация және сенім қорлары құрылған болатын.

Жапоняиның банктік жүйесін дамыту ерекшеліктері соғыс кезеңінен кейін – қаржылық- кәсіпорын топтары құралған болатын. Олардың әр бірінің басында ірі жеке коммерциялық банктер тұр, ал оның жандарында кәсіпорындық компаниялар топталады. Тек банктер ғана Жапонияның қаржыландыру бойынша индустриялдық дамуына үлкен септігін тигізді.

Жапонияның Орталық банкі (Жапонияның Банкі)

Жапонияда алты негізгі қаржы - өнеркәсіп топтары бар, олардың ең ірі қалалық банктері – «Мицуи», «Мицубиси», «Сумитомо», «Фудзи», «Дайити Канте», «Санва». Жапоняиның банктік жүйесі жалпы халықтық банктерді, несиелік ссоциацияларды, үкіметтік қаржылық институттарды, сонымен қатар шет ел банктерінің филиалдарын қосады.

Жоғарғы жүйеде  Орталық банк - Жапония банкі тұр, оның 55% акциясы мемлекетке тәуелді. Жеке акционерлер банктің басқаруына қатыспайды. Жапонияның жарғылық капиталы 100 млн иенді құрайды. Жапонияның негізгі функцияларына, ақшалық эмиссиядан басқа (бұл оның монопольді құқығы) экономиканың ақша- несиелік реттеуі жатады, сонымен қатар халықаралық шоттарды жасау, нарықтық валютада операцияларды жасау, сонымен қатар кассалық  қазынашылық қызмет жасау.

 Қытайда жекеменшік банктер құруға тыйым салынған, барлық банктер мемлекеттік немесе акционерлік болып табылады. Банктер атқаратын қызметіне байланысты үш түрге бөлінеді: орталық банк, өрлеу (дамушы) банктері және коммерциялық банктер.

Қытай халық банкі (НБК) немесе орталық банк басқа дамушы банктер секілді тікелей мемлекеттік кеңеске бағынады. Қытай халық банкі 1948 ж.

1 желтоқсанында Бэйхай, Хуабэй банктері мен Сибэй фермерлік банкінің бірігуі кезінде құрылды. 1983 ж. қыркүйегінде орталық банк функциясын халық банкіне беру жөнінде шешім қабылданды. 2003 ж. Халық банкіне ақша саясатындағы шешуші сөз, финанстық жүйелерді бақылау және финанстық ахуалдың қалыпты болуын қолдау құқығы берілді.

Халық банкінің функцияларына мемлекеттің қаржы саясатын жүзеге асыру, яғни юань эмиссиясын жүзеге асыру, қаржы жүйелерін басқа ру мен бақылау: мемлекеттік валюта қоры мен алтын фондын басқару; мемлекетік қазынаны иелеу; қаржылық бақылаудың мемлекеттік басшылығын басқару жатады.

Дамушы банктер.

Кейбір жағдайларда, жеке салалар мен объектілердің дамуын жеделдету үшін мемлекет салалық банктер арқылы нақты қаржы бөледі. Қазіргі таңда қытайда үш дамушы банк бар.

Қытай дамушы банкі. 1994 ж. наурызда құрылып, тікелей мемлекет кеңесіне бағынады. Қаржы қоры 50 млрд юань. Бұл өте үлкен дамушы банк; негізі фүнкциясына өндірістің базалық салаларын қолдау; жеке территоряның даму саясатын қолдау; халықаралық қаржылық мекемелердің кредит жөніндегі міндеттерін орындау жатады. 2008 ж. қасарлы активтері 3,8 трлн юаньды құрады. 2010 ж тамызында дамушы Банктің қытай жерінде 33  бөлімшелері және Гангонг пен Тибетте де банктері бар.

Қытай экспорт-импорт банкі 1994 ж 26 сәуірде құрылған және мемлекеттік кеңеске тікелей бағынады. Банк негізінен электроника немесе маңызды құрылғылар экспортын жүзеге асыру үшін кредит пен камтамасыз етеді. Сондай-ақ шет мемлекеттер кредитін жүзеге асырушы негізгі банк болып табылады, шетелге льготалы кредит беруші жалғыз банк. Штаб-квавртирасы Пекинде орналасқан.

 

4.  Ұлыбритания банк жүйесі

 

1. Ұлыбритания банк жүйесі және оның қалыптасуы.  Ұлыбритания банк жүйесінің құрылымы. Ұлыбритания ақша бірлігі. Коммерциялық банктердің атқаратын қызметтері.

 

Ұлыбританиядағы ақша бірліктері Ұлыбританияның ақша бірліктері ондық жүйеге, яғни 1 фунт стерлинг (GBP) 100 пенске (р) негізделеді. 50, 20, 10 және 5 фунттық банкноттар шығарылады. 1 фунттық шотландиялық банкноттар Шотландияда қазіргі кезге дейін айналымда қолданылуда. Нормандия аралдары мен Мэн аралында Ұлыбританияның ақшасы мен тиынынан ерекшеленетін ақшалар мен тиындар қолданылады, дегенмен ақша жүйесі бірдей. 2 және 1 фунт, 50p, 20p, 10p, 5p, 2p, және 1p тиындар шығарылады.

«Еуро» еуропалық валюта зонасы. Бүгінгі таңда Еуропалық Одақта (ЕО) ақша жүйесі бар. Ол Еуропаның 24 дамыған елі кіретін еуропалық ұжымдық «евро» ақша бірлігінде негізделген. ЕО – ның еуропалық ақша жүйесі 2001 жылы құрылды және евроның ақша бірлігі алдымен қолма – қол ақшасыз айналымының есеп айырысу бірлігі ретінде енгізілді, ал 2003 жылы қолма – қол ақша айналымына банкноттар мен монеталар түрінде қағаз ақшалар шығалылды.
Алғашқыда алтын монометаллизм ақша жүйесі ретінде ХYІІІ ғ. аяғында Ұлыбританияда қалыптасып, ол 1816ж. Алтын жүзінде бекітілді. Ал басқа мемлекеттердің көпшілігінде ХІХ ғ. үштігінде: яғни Германияда 1871 – 1873 жж., Скандинавия мемлекеттерінде (Швеция, Норвегия, Дания) 1873ж., Австрияда – 1892 және Жапонияда – 1897 ж., АҚШ – та 1900ж. енгізілді.
Құн белгілерінің алтынға айырбасталу ерекшеліктеріне байланысты алтын монометаллизмнің үш түрі болады.

Алтын монеталы стандарт оған негізгі төмендегі белгілер тән:
• Елдің ішкі айналымында алтын монеталар жүреді не ол ақшаның барлық қызметтерін тақарады;

• Алтын монеталарды еркін соғу рұқсат етілген;
• Айналымдағы несие ақшалары (банкнота, майда металл монеталар) көрсетілген құнымен еркін және шектеусіз алтын монеталар айырбасталады;
• Алтынды, шетел валютасы елден еркін алып шығып және елге әкелуге, сондай ақ алтын нарығының екін жұмыс істеуіне рұқсат берілген.
Алтын монеталы стандарт капитализмнің алғашқы сатысы – еркін бәсеке кезінде пайда болып, өндірістің, несие жүйесінің, әлемдік сауданың өркендеуіне және капитализм шетелге шығаруға жол ашты. Алтын елдің ішінде сыртқы саудада да еркін жүруі үшін мемлекеттің эмиссиялық банкінде алтынның сақтаудағы қоры болуы шарт.

Бірінші дүниежүзілік соғыс бюджеттің тапшылығын арттырды. Оны жабу мақсатында айналысқа шығарған ақша массасы эмиссиялық банктің сақтаудағы қорынан асып кетті. Сондықтан кембағалы ақшаларды алтын монетаға еркін айырбастау мүмкіндігі жойылды. Осы кезде алтын монеталы ақша стандарт соғысқа қатынасқан елдердің барлығында және басқа да көптеген мемлекеттерде жойылды.Банкнотаны алтынға айырбастау тоқталып, алтынды шетелге шығаруға тиым салынды. Алтын монета айналыстан шығару қор жинау және байлық құру құралына айналды. Алтын монеталы стандарттың орнына алтын құймалы стандарт айналымға түсті.

Алтын құймалы стандарт – оның алтын монеталы стандарттан айырмашылығы бұнда алтын монета айналымы құймайды және оны еркін соғу жойылды. Алтын құймалы стандартта банкнотаның белгілі бір сомасы алтын массасының белгілі бір салмағына айырбасталды.

Алтын девизді стандарт - ол девиздерге (яғни, белгілі бір шетел валютасына) айырбасталатын ақша жүйесі. Бұл жүйе Австрияда, Германияда, Данияда, Норвегияда және басқа да елдерде жүрді. Осы кезде алтын монетаның еркін соғылуы жойылып, ол айналыстан да алынып тасталды. Міне тек осындай қосалқы алтын девизді ақша жүретін елдердең алтынмен айналысы сақталды. Ұлттық валютаның тұрақтылығын сақтау девиздік саясат әдісімен, яғни нарықта валютаның курсының төмендеуіне немесе сату арқылы жүзеге асырылды. Сөйтіп, алтын девизді стандарт кезінде бір елдің валютасы басқа елдердің валютасына байланысты болды.

 

5.  Франция және Италия банк жүйесі

 

1.                          Франция банк жүйесінің дамуы. Франция банк жүйесінің құрылымы мен ерекшеліктері. Франция ақша бірлігі.

2.                          Италия банк жүйесінің қалыптасуы. Ақша айналысы және ақша жүйесі. Италия орталық банкінің басқару құрылымы.

        

  Францияның негізгі банк жүйесін құрайтындар: 1) Франция Банкісі. 2) Депозиттік банктер. 3) Инвестициялық немесе іскерлік банктер. 4) Ұзақ және орта мерзімді банктердің несиесі.

Франция Банкісі (Bank de France) орталық эмиссиялық банктің ролін атқарды. Ол 1800 жылы құрылған, ашық акционерлік компания ретінде, 30 млн франк капиталымен. 1803 жылы банкноттың эмиссиясы Парижде шығару үшін монопольді құқық алды, ал 1848 жылы бүкіл Францияда өзінің филилдарын 9 эмиссиялық банктерге құрды. Баста Франция Банкісін «Регенттер кеңесі» басқарды, құрамына 15 регент (директор) олар өте бай акционерлер құрамынан сайланып отырды. 1936 заң бойынша Регенттер кеңесі, «Бас кеңес» деп ауыстырылды, оның құрамына 20 директорлар кірді, бұл жерде көбінесе директорларды үкімет тағайындап отырды.

ІІ дүние жүзілік соғыс аяқталғаннан кейін 1945 жылы 2 желтоқсанда заң бойынша Франция Банкісі мемлекеттендірілді және оның бұрынғы иелері өте үлкен компенсация алды: акцияларды өте үлкен бағамен, оларды 3% мемлекеттік облигацияларға айырбастады. Банктің акционерлік капиталы 250 млн франк толығымен мемлекеттің қолында. Банкті басқарушы және оның 2 орынбасары министрлер кеңесімен тағайындалды, ал бас кеңес басқарушылары өтіп 12 мүшесінің 7-н қаржы министрлігі тағайындап отырды. 4 директорының қызметі мемлекеттік қаржы институттарының президенттері тағайындалып отырды.

Мемлекеттік жалғыз эмиссиялық банк ретінде Франция Банкісі айналысқа банкноттарды шығарды, 1939 жылы банкты эмиссиясы шексіз Франция Банкі алтын валюта резервтерін сақтайтын жер болып табылады. Бұл банк мемлекет ретіндегі функцияларды атқарады. Банктің мемлекетті тікелей несиелеуі банктің басқарушыларының және экономика және қаржы министрлігімен арасындағы келіспеушілікпен байланысты. Франция Банкісі және де мемлекеттік бағалы қағаздарын сатып алып оны ссуда ретінде айқындайды. Қазыналық бос ақша қаражаттары оның банктегі ағымдағы счетына тұрады. Банктің негізгі қызметі болып валютаны бақылау, несиелерді реттеу, пайыздық ставкаларды көтеру арқылы.

 

Франция Банкісінің 258 конторы бар, «Банктердің банкі» ретінде қызмет етеді. Мұнда көптеген банктердің резервтері сақталып тұрады және басқа банктерге несие беріп отырады. 1967 жылы 9 қаңтардағы декрет бойынша банк резервісінің міндетті жүйесі пайда болды, онда: банктер өзгеріліп счетында Франция Банкісінің 4 ½ % жалпы соммасының 2% жедел депозиттерін.

 

6.  Германияның банк жүйесі

 

  1. Германияның банк жүйесі және оның қалыптасуы мен дамуы.  Германияның банк жүйесінің құрылымы. Банк түрлері мен олардың атқаратын қызметтері.
  2. Германияның әмбебап коммерциялық банктерінің қазіргі жағдайы. Германияның орталық банкі.

            

Германияның бүгінгі банк жүйесінің құрылымы бірден қалыптасқан жоқ. 1875 жылы наурыз айында Прусск банкісінің  негізінде Райхсбанк құрылып, оған рейхсканслер, банк президенті және банк басқармасы жетекшілік жасаған. 1924 жылықабылданған заңға сәйкес, Райхсбанк Үкіметтен бөлініп шықты.

1933 жылы Үкіметке ұлтшыл – социалиаттердің келуімен Германияда Орталық банктің Үкіметке бағынуы біртіндеп  қайта қалпына келтірілген.

1939 жылы қабылданған «Райхсбанк туралы» арнайы заң банкті рейхсканслерге  толық бағынышты етті. Райхсбанк және оның еншілес институттарын фашистер ешқандай да материалды қамтамасыз етілмеген басқыншылық маркаларды өздерінің аумақтарында шығару үшін пайдаланды.

«Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін кеңес басқыншылығының аймағында  1945ж. Райхсбанктің қызметі тоқтатылыды, ал батыс аумақтарда екі сатылы банктік жүйе енгізілді.»(№2 519-б.)

Германияның әр жерлерінде бұрынғы Райхсбанк бөлімшелері негізінде орталық банктер құрылып, олардың қызметі 1948 жылы ақпан айынан бастап, Немістің жер банкілерінің тәжірибелеріне сүйене отырып жүзеге асырылды.

1957 жылы қабылданған Немістің федералды банкі (Бундесбанк) туралы заң негізінде орталақ банктер Бундесбанктің бас басқарламалары бола отырып, бірқатар ұйымдастырылу дербестігіне қол жеткізді.

Іс жүзінде Бундесбанк Үкіметтің экономикалық саясатын жүргізгенімен де, ол заңды тұлға болып саналады. Несиелік мекемелер үшін ол «соңғы сатыдағы қайта қаржыландыру көзі» немесе басқаша айтқанда «банктердің банкі» болып табылды. «Будесбанктің қызметтері келесідей:

  1. Айналымдағы банкноттардың эмиссиясы
  2. Төлем балансын және валюталық курс төлемдерін реттеу
  3. Үкімет кассасы
  4. Банктердің банкі
  5. Мемлекеттің есеп айырысу орталыыМемлекет экономикасының ақша-несиетік реттеу субъектісі»(№2 519-б.)

Германиядағы банктік жүйенің басты буынын коммерциялық банктер құрайды. Оларды, ең бастысы, үлкен бір әмбебаптық дәрежелері  ажыратып тұрады. Іс жүзінде олар айналыспайтын банктік операциялар жоқтың қасы десе де болады. Олардың үлесіне Германияның   несиелік институттары жүзеге асырытын операциялардың жалпы көлемінің ¾ бөлігі тиеді.

Бүгінгі таңда, Германияда жоғарғы деңгейде бақылау ұйымдастыру жүйесі қалыптасқан. XIX ғасырдың соңына қарай ірі банктер үшін арнайы есепке алу еңгізілді. Бақылау бойынша банк заңдылықтарының жетілдіруіне  экономикалық дағдарыстар қатты ықпал етті. 1929 -33 жж. дүниежүзілік дағдарыстан соң  Германия банктік аяға қойылатын бақылауды  күшейтті. Алғашқы мемлекеттік бақылау  ұйымдары құрылды. 1961 жылы қабылданған Несие жүйесі туралы жаңа заң несиелік жүйеге  бақылау жасайтын арнайы құрылған Федералдық ведомствоға бақылауды жүзеге асыруды жүктеді.

Германия банктік жүйесінің өнеркәсібі жағынан дамыған басқа елдердегі банк жүйелерімен салыстырғандағы ерекшклігі оның құрылымында жұмыс істейтін әмбебап несиелік мекемелердің басым болуынан көрінеді. Германияның банк жүйесінің құрылымы 2-сызбада берілген.

 Германиядағы 4000-ға жуық жұмыс жасайтын несиелік мекемелер, олардың қызметінің түрлеріне қарай әмбебап және мамандандырылған банктерге немесе оларды құқықтық формаларына байланысты жеке қоғамдық - құқықтық несиелік мекемелерге бөлінеді.

Үш ірі банк:Дойче банк, Дрезднербанк, Коммерцбанк (1875 жылы империя тұсында ірге тасы қаланды) немістің белгілі және ірі несиелік мекемелерін құрайды. Осы уш банк те акционерлік қоғам ретінде құрылған. Әр банктің 20000-нан 300000-дейін акционерлері бар.

Германияның  коммерциялық банктері инвестициялық банктердің қызметін атқарады, бағалы қағаздарды  және ұзақ мерзімді несиелерді орналастырумен айналысады.

«Бұл банктер кең көлемде қызмет көрсететін әмбебап банктер болып саналады. Жан – жақты қызмет көрсетуде бұл  үш банк өздерінің барлық Германияны жаулап алған, саны 4000-нан астын филиалдарына арқа сүйейді. Соның негізінде, оларға «көп филиалдары бар банктер» деген атақ берген.

 

7.  Ресей Федерациясының банк жүйесі

 

1.             Ресей Федерациясының банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуы.  Ресей Федерациясының банк жүйесінің құрылымы.

2.             Ресей Федерациясының ақша бірлігі. Ресей Федерациясының орталық банкі мен коммерциялық банктері

 

Ресей банк жүйесі екі деңгейлі жүйеде жұмыс жасайды,Ресей Федерациясының Орталық Банкі, коммерциялық банктер және олардың бөлімшелері және де басқа несиелік мекемелер. Мемлекеттің эмиссиялық құқығын тек бір ғана банк иеленеді,ақша эмиссиясын бар банкке берсе бұл ақша айналымын бұзар еді.Эмиссиялық банк ең ірі қаражатпен жұмыс істейді,басқа банктерде ондай құқық жоқ, себебі оның пассиві – бұл бюджет  қаржысы және айналымдағы нақты ақшалар айналымы.Бұл жағдай оған басқа банктерге қолдау көрсетіп олардың қызметін басқаруға мүмкіндік береді. Эмиссиялық банк елдегі банктік істерді ұйымдастырудың  орталығы болып саналады, оның айналысына басқа бар бантер және несиелік мекемелер топтасады. Мұндай операциялар Орталық банкке жүктеледі. Орталық Банктің ұйымдастырылу құрылымы оның негізгі басқару ұйымына жүктелген, және қызметі мен бөлімшелері, олардың әрқайсысы өзіне сай өкілдігі мен қатал түрде нақты бір функциясын орындайды. Банк жүйесінің төменгі звеносы өзіндік банктік мекемелер жүйесінен тұрады, коммерциялық принципте  несие – есептесу қызметінің функциясын орындайды. Оның негізгі құрамын коммерциялық (көп салалы) банктер құрайды, олардың қызметі бар көлемді қамтиды. Олар несиенің бар түрімен , есептесу және қаржылық операциялар өздерінің клиенттерінің шаруашылық қызметіне қызмет көрсету үшін міне осылармен айналысады. Ресми түрде олардың ең керекті функциясы ол :

  • уақытша бос ақша қаражатын аккумуляциялау, сақтау және жинақтау.
  • механизмдік есептесу – төлеу, халықшаруашылығында есептесуді ұйымдастыру және жүзеге асыру, төлем айналымын ұйымдастыру ;
  • жеке шаруашылық бірліктерді несиелеу, заңды тұлғалар және жеке тұлғаларды, шаруашылықтың ішкі және сыртқы айналымына несиелік – қаржылық қызмет көрсету;
  • вексельді есепке алу және олардың операциялары;
  • қаржылық және материалдық бағалы заттарды сақтау;
  • клиенттердің мүлкіне сенімді басқару (трасттық операциялар)

Біздің елде  капиталдың шартты қалыптасу әдісіне байланысты  коммерциялық банктер 2 топқа бөлінеді:

  • Акционерлік
  • Үлестік
Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-10-03 12:32:15     Қаралды-9144

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »