Тақырыбы: «Әлемдік библиография»
Мазмұны
1. Шетел Ұлттық библиографиясының даму тарихы
2. АҚШ – тың библиографиясы
3. Болгария Халық Республикасының библиографиясы
4. Венгер Халық Республикасының библиографиясы
5. Франция библиографиясы
6. Румынияның ұлттық библиографиясы
7. Германияның ұлттық библиографиясы
8. Ұлыбританияның ұлттық библиографиясы
9. Польшаның ұлттық библиографиясы
10. Чехия және Словакияның ұлттық библиографиясы
11. Югославия Республикасының библиографиясы
12. Ұлыбританияның ұлттық библиографиясы
13. АҚШ-тың ұлттық библиографиясы
14. Халықаралық бағдарламалар
15. Шетел Ұлттық библиографиясының даму тарихы
16. Мектепке дейінгі балалардың сипаттамасы және оларды оқырман ретінде тәрбиелеу
1. Шетел Ұлттық библиографиясының даму тарихы
Ұлттық библиография дегеніміздің өзі белгілі бір елдің баспа басылымдарының есебін жүргізетін библиография. Оның өзі бірқатар себептерге байланысты пайда болды. Маңыздылары ұлттың қалыптасуы, буржуазиялық мемлекеттердің пайда болуы, ұлттық сана сезімнің қалыптасуы және осы жерден келіп шығатын ұлттық мәдени жетістіктері болып саналады. Кітаптар негізінен халық тілінде (немісше, французша, ағылшынша т.б.) және ортағасырдағы халықаралық тіл – латын тілдерінде жарық көрді. Кітап басу ісі қарқынды дамыды және маңызды роль атқарды.
Ұлттық библиографияның өткенді шолатын хабарларды XVI ғ. басынан басталады. Олардың алғашқысы болып 1548 жылы шыққан ағылшын Джон Бейлдың библиографиялық еңбегі есептеледі. Ол 1550 ж Венецияда «Фронентиялық Донидың кітапханасы» атты (публицист әрі типогроф Антонио Фронческо Дони) итальян жазушыларының тізімі көрсетілген әрі итальян тілінде әдебиет есебі берілген алғашқы тәжірибелік еңбек жарық көрді. Ширек ғасырдан соң 1584 ж және 1585 жж. Францияда француз тілінде екі кітап көрсеткіші, бірі – Ф. Дю Мэннің, екіншісі А.Дю Дердьенің құрастыруымен шықты.
XVI ғасырда бұл және басқа да жұмыстар Еуропада, содан соң бүкіл әлемде ұлттық библиографияда өткенді шолатын хабарлардың кең түрде тарауының негізі болды.
XVI-XVIII ғғ. өткенді шолатын (ретроспективті) ұлттық библиография басылымдары ережедегідей тек кітаптарды есепке алды. Бұл әрине толық емес, себебі әлі ағымдағы әдебиет есебі де жоқ еді. Құрастырушылар әрбір жеке жағдайда арнайы жарық көрген шығармалар туралы мәліметтер жинау үшін баспалар мен кітапхана каталогтарын пайдалдануға мәжбүр болды. Өткенді шолатын хабарлар ол кезде жеке адамдардың немесе библиографтың жеке бастамасымен жасалатын.
Ғылым мен мәдениеттің ары қарай дамуы үшін, кітап басу ісінің алға басуы және кітап сату ісінің қажеттілігі, жаңа әдебиеттің жылдам әрі тиімді жүйелі есебін жүргізуді, олар туралы уақтылы ақпараттар беріп отыруды іске асыру қажет. Мұндай есепті көбінесе жаңа шыққан басылымдарға жарнама жасау үшін кітап тасушы ұйымдар жасайтын.
Бірқатар жағдайларда баспа шығармаларының тіркеуі мұның жалпы мәдени маңызын жақсы түсінетіндердің, қоғам қайраткерлерінің, ағартушылардың күш салуымен жасалатын. Жекелеген елдерде мұндай тіркеу үкімет көмегімен жүргізілетін.
Ағымдағы ұлттық библиография ХІХ ғасырдан бастау алады. Алғашқы ұйымы 1811 ж Францияда пайда болды. 1825 ж неміс кітаптары туралы, 1829 ж – швед, 1833 ж-голланд кітаптары туралы ағымдағы ақпараттар пайда бола бастады. 1835 ж Италияда, 1837ж-Россия мен Англияда, 1843ж-Данияда әдебиеттерді тізімге алу басталды. 1871 ж Швейцарияда, 1872 ж-Ақш-та, 1875 ж Бельгияда, 1872 ж Польшада, 1897 ж Болгарияда ағымдағы ұлттық библиография қалыптасты. ХХ ғ. ағымдағы ұлттық библиография кең түрде дамыды, алдыңғы қатарлы маңызға ие болды.
«Ұлттық библиография» деген ұғым XVIII ғ. алғында пайда болды. Оны француз библиографтары Г.Ф.Дебюр мен Ж.Ш.Брюне латын және грек авторларының шығармаларының тізімінде, библиографиялық сөздіктердің, көрсеткіштердің мәнін түсіндіруінде қолданды. «Ұлттық библиография» ұғымы ХІХ ғасырда болған халықаралық библиографиялық конгресстерде кеңінен сөз болатын, әйтсе де белгілі бір түсінік берілген жоқ. Алғашқылардың бірі болып бұны Француз тарихшысы әрі библиографы Ш.В. Ланглуа жасамақ болды.
ХХ ғ. алғашқы жартысына дейін «ұлттық библиография» термині мен ұғымы жайлы жұмыс алға жылжыған жоқ. Ағылшын библиографтары Р. Педди мен Э. Коултердің бұлыңғыр болжамдарын есептемегенде, шетел авторлары негізінен Ланглуаның пайымдауларын қайталады деуге болады.
Көптеген елдерде, тіпті көп елде ұлттық библиографияның пайда болуы ағымдағы немесе ретроспективті библиография секілді өзінен аймақтық принциппен құрылып, өз мемлекетінің әдеби өнімдерін көрсете білді. Россия да, Америка құрама штаттарында да және көптеген елдерде де осылай болды.
Жалпы алғанда «Ұлттық библиография» термині туралы айтқанда әдебиеттерді есепке алудың әртүрлі қалыптасқан мына формаларын келтіруге болады:
1. Аймақтық принцип бойынша есеп (бір мемлекет көлемінде әртүрлі тілде жарық көрген шығармалар).
2. Тілдік принцип бойынша есеп (басылым орнына қарамастан, белгілі бір тілде жарық көрген).
3. Авторымен, маңызымен, тілімен. Осы мемлекетпен байланысты барлық материалдардың есебі.
«Ұлттық библиография» ұғымына (НБ) ағымдағы Ұлттық библиография (ТНБ) және өткенді шолушы ұлттық библиография (РНБ) кіреді.
Өткенді шолушы ұлттық библиография ұзақ жылдардағы ұлттық баспа жұмыстарын көрсете отырып, ұлттық рухани және материалдық мұрагерліктің құжаттық нұсқасын жасап шығарады. Ретроспективті ұлттық библиография (РНБ) ағымдағы ұлттық библиографияға (ТНБ) қарағанда бұрынырақ қалыптасты. Оның қолайлы түрін (РНБ) табу мақсатымен 1957 ж Варшавада конференция шақырылды. Оған Болгария, Венгрия, ГДР, Польша, Румыния, Чехославакия және Югославиядан өкілдер қатысты.
Ретроспективті ұлттық библиографияның бір тұрпатты үлгісін құру мүмкін болмады, себебі әр мемлекеттің тағдыры әртүрлі еді. Делагация ой бөлісіп, өзара пікір алмасқанмен әрқайсысы өз пікірлерінде қалған еді. РҰБ қандай болу керек дегенді анықтай алмады.
Ағымдағы ұлттық библиографияның атқараатын қызметтерін былай көрсетуге болады: жеткілікті түрде жылдам, толық және баспа шығармалары туралы толық ақпарат беретін, ғылым, мәдениет, өнеркәсіп пен қоғамдық өмірдегі жетістіктер көрініс тапқан құжатты форма (түр).
АҰБ (ТНБ) ұлттық баспа өкілдерінің статистикасы үшін жалғыз сенімді ақпарат көзі, әрі еліміздегі библиографияның басқа да түрлерінің пайда болуы үшін қажет базаны қалыптастырады.
1897 жылы халықаралық библиографиялық конгресте ұлттық библиографиялық институттар құрудың қажеттілігі айтылды. 1900 ж ұлттық библиографияны дайындау үшін, міндетті дананы орынды пайдалану керектігі де көрсетілді. Бірақ сол кезде бұл идея іске аспады, тіпті ұмыт қалды десе де болады.
1948 ж. Біріккен библиографиялық топ (Юнеско) және конгресс кітапханалары әр елдегі библиографиялық жұмыстың жағдайын анықтауға кірісті. Зерттеудің алғашқы кезеңі 1949 ж аяқталды. Талқылау барысында бұл процестің дәл әрі толық емес екендігі анықталды. Сондықтан да ЮНЕСКО сол жылы АҰБ (ТНБ) жағдайын жақсарту үшін қандай шаралар қолдану керек деген сұрақпен библиографиялық басылымдары бар елдерге анкета жіберді. Англия, Дания, Египет, Индия, ФРГ, Швеция, Югославия және басқа мемлекеттердің жауаптары 1950 жылы кітапханалық журналдардың беттерінде, соңынан тіпті жеке баспа болып жарияланды. 1950 ж ЮНЕСКО библиографиялық қызметті жақсарту үшін конференция өткізді. Мұнда АҰБ (ТНБ) басылымдарының, әрбір мемлекет жасауға ұмтылуы тиіс тамаша нұсқасы ұсынылды.
1. «Елде шыққан барлық брошюралар мен кітаптардың, үкіметтік басылымдардың, сатуға түскен кітаптардың тіліне қарамастан мүмкіндігінше жарияланған диссертациялардың жалпы ұлттық көрсеткіші.
2. Сатылымға түспеген кітаптар мен брошюралардың (кітапшалардың) көрсеткіштері.
3. Газеттердегі, журналдардағы ең маңызды мақалалар.
4. Карталар мен атластардың көрсеткіштері.
5. Ноталар көрсеткіштері.
6. Аудиовизуалды материалдар тізімі.
7. Жарияланбаған зерттеу жұмыстарының көрсеткіші.
8. Үкімет басылымдарының көрсеткіші.
9. Газеттер мен журналдар бойынша анықтама.
10. Баспагерлер мен кітап сатушылар туралы анықтама.
11. Ғылыми қоғамдар, институттар, кітапханалар және басқа да ұйымдар жөнінде анықтама».
Тек аймақтық (территориялық) принцип бойынша құрылған АҰБ (ТНБ) ғана елдегі ұлттық баспа мен библиография түрлерінің дамуы туралы ресми сынақ үшін сенімді материал бола алады.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында ағымдағы ұлттық библиографияның объектісі кітап болды. Біртіндеп жекелеген елдерде кезеңдік басылымдар және баспа өнімдерінің басқа да түрлері, сол сияқты мезгілді басылымдардағы мақалалар да қосыла бастады.
АҰБ (ТНБ) концепцияларының дамуында кітапханалар ассоциациясы халықаралық федерациясының 39сессиясы маңызды роль атқарды. Ол 1973 ж Гренобольде болып өтті.
1974 ж Лейпцигте, 1975 ж Варшавада өткен библиографтар жиылысының барлығында да ағымдағы ұлттық библиография мәселелері қаралды.
Ұлттық библиография саласындағы зерттеулер мен тәжірибелік жұмыстар ағымдағы ұлттық библиографияның қазіргі замаңғы моделін айқындап берді.
АҰБ-ның объекті болып баспа өнімдерінің барлық түрлері ғана емес, аудиовизуальды материалдар да – фильмдер, таспалар, микроформалар да саналуы тиіс.
Құжат есебі ұйымдардың көп аспектілі көмегінің арқасында жүргізілді. Оларға: кітаптар мен кітапшалардың, мерзімді басылымдардың, нота, карта, ресми басылымдардың, диссертациялардың, стандарттардың, патенттердің, грампластинкалардың, газеттер мен журналдардағы мақалалардың, рецензиялардың, библиографиялық материалдардың көрсеткіштері жатады.
Ағымдағы ұлттық библиографияның барлық органы үйлесімді, ғылыми өңделген методикамен дайындалады.
2. АҚШ – тың библиографиясы
АҚШ – тың мерзімді басылымдары жайлы ағымдық библиографиялық ақпаратты ұзақ жылдар бойы Эйер фирмасы жүргізеді. Бұл фирма «Эйер мерзімдік басылымдар анықтамалығы» жылнамасын шығарады. «Эйер мерзімдік басылымдар анықтамалығы» АҚШ-тың мерзімдік басылымдары жайлы мәлімет қана емес, сонымен қоса АҚШ байланысы бар басқа да елдер және территориялары жайлы мәлімет берілген. Сондықтан мұнда материал территориялық белгісіне қарай орналасқан.
Бұл анықтамалықта әртүрлі көмекші көрсеткіштер бар (күнделікті газет көрсеткіші, пәндік- жүйелік көрсеткіш, атаулардың алфавиттік көрсеткіші және т.б.).
«Эйер мерзімдік басылымдар анықтамалығы» АҚШ-тың мерзімдік басылымдарын толық қамтымайды. Сондықтан 1964 жылы Оксбридж фирмасы Америка мерзімдік басылымдарға байланысты – «Мерзімдік басылымдардың стандартты анықтамалығы» атты жаңа анықтамалық басылымды шығара бастады. Ол тұрақты шықпайды, бірақ та АҚШ-тың және Канаданың барлық білім салалары бойынша мерзімді басылымдарды көрсетеді. Анықтамалықтың негізгі пәндік көрсеткіш алады. Осы библиографиялық құралдың мерзімдік басылымдардың көмекші алфавиттік көрсеткіші бар.
Мақалалар мен рецензиялардың ағымдық есебін 1900 жылдан бастап Уилсон фирмасы жүргізеді. Ол айына екі рет «Путеводитель читателя по периодической литературе» шығарады. Кварталды және жылдық кумуляциялар бар. «Путеводитель читателя по периодической литературе» 180-ге жуық Америка журналдар атауларын таңдап жазады. Бұл уилсондық басылым ғылыми мағынаға ие емес. Рецензиялар жайлы ақпаратты Уилсон фирмасы арнайы басылым – «Обзор рецензии» береді. Бұл ай сайын (ақпан және шілдеден басқа) кварталды және жылдық кумуляциямен шығады. Ағылшын тілінде шыққан кітаптарға рецензиялар бибилографияланады. «Обзор рецензии» жинағының ерекшелігі болып онда рецензияланатын кітаптардың және рецензиялардың сипаттамасы ғана беріліп қоймайды, сонымен қоса рецензия мәтінінен үзінділер келтірілген.
Детройтта Гейл Рисерч фирмасы шығаратын «Рецензиялар көрсеткішінде» рецензия толық қарастырылған. (онда 200-ге жуық американдық журналдар, негізінен гуманитарлық жазылады.)
Соған қарай АҚШ-та кітаптардың толық есебі жоқ, сонымен қоса басқа да құжаттар: баспа графикасы, ноталар, карталар, аудиовизуальды материалдар ескерілмейді.
Жоғарыда келтірілген АҚШ ағымдық библиографиялық ақпараттың көздері елдің баспа өнімдерін толық шығарады. Бұларды жеке фирмалар шығарады және міндетті данаға сүйенбейді. АҚШ-та ағымдық ұлттық библиографияны құру өз шешімін күтуде.
АҚШ – алдыңғы қатарлы капиталистік мемлекет. Ұлттық библиография саласында көптеген европалық мемлекеттерден қалып отыр, алдымен, Ұлыбританиядан.
АҚШ ағымды ұлттық библиографиясы ХІХ ғасыр ортасында пайда болды. Міндетті дана туралы заңның болмауы оның дамуына кедергі келтіруде. (авторлық құқықты қорғау заңы американ мамандарының өздері мойындағандай).
Оның орнына жекеменшік фирмалар шығаратын ағымды бибилографиялық басылымдар қолданылуда.
Сатуға түскен АҚШ кітапханалары жайлы ағымдық ақпаратты үш жерден алуға болады: «Апталық мәлімет», «Американ кітапбаспа мәліметі», «Кітапханалардың кумулятивті көрсеткіші». АҚШ территориясында басылып шыққан кітаптар жайлы оперативті (тез) ақпарат Баукер фирмасы шығаратын «Апталық мәлімет» журналында беріледі. Мұнда АҚШ-та басылып шыққан және сатуға түскен жаңа кітаптардың алфавиттік тізімі басылады. Сонымен қоса әдеби жазбалары бар грампластинка жайлы мәлімет беріледі. Бұл тізімдер Конгресс кітапханаларының карточка базасы негізінде құрылады. 1960 жылы осы фирмадан басқа ағымдық көрсеткіш «Американ кітапбаспа мәліметі» шығады.
Үшінші қайнар көзі болып Америка кітап өнімі жайлы ақпарат беретін Уилсон фирмасының «Кітаптардың кумулятивті көрсеткіші» болып табылады. Бұл бибилографиялық құралмен танысу керек, оның үш ерекшелігіне назар аудару қажет: кумуляция және материалдың сөздік түрінде орналасуы. Кумуляциямен студент «Британ ұлттық библиографиясын» қараған кезде-ақ танысқан. Бірақ та «Кітаптардың кумулятивті көрсеткіші» және «Британ ұлттық библиографиясының» кумулятивті әдістері әртүрлі.
«Кітаптардың кумулятивті көрсеткіші» ай сайын шығады. Ішкі жылдық кумуляция және жылдық сводка бар. Жылдың ішінде ай сайынғы және кварталдық шығарылымдар кездеседі.
«Кітаптардың кумулятивті көрсеткішінде» кітаптар таңдауда өзіндік шектеулері бар. Бұл көрсеткіштің тақырыпшасында ағылшын тілінде шыққан «Әлемдік кітаптар тізімі» деп айтылғанымен, мұнда барлық елдің кітап өнімі көрсетілмеген. Совет Одағында және Социалистік Еворпа елдерінде шыққан кітаптар жартылай келтірілген. АҚШ-та, Ұлыбританияда, Канадада ағылшын тілінде шыққан кітаптар толық келтірілген.
Материал сөздік реттікте келтірілген (авторлар, атаулар және тақырыптық рубрикалардың тұтас алфавиті).
3. Болгария Халық Республикасының библиографиясы
Болгарияда ағымдық ұлттық библиография 1897 жылы пайда болды.
Болгарияда ұлттық библиография орталығы Кирилл және Мефодий атындағы Ұлттық кітапхана. Ол Софииде орналасқан. Қазіргі кезде ағымдағы ұлттық библиография басылымдарының дамыған жүйесі ұйымдастырылған «Болгария Халық Республикасының библиографиясы» деген жалпы атымен, ол сегіз серияда шығады, басылымдардың барлық түрін қамтиды. Ұлттық ақпараттық библиографияның басты баспасы «Болгарская библиография», ол Бусеевте орналасқан.
Ағымдағы ұлттық библиографияның негізгі органы болып «Болгар библиографиясы» болып саналады. Ол екі серияда шығады.
«Болгар библиографиясының» бірінші сериясында (аптасына бір рет шығады) кітаптар, брошьралар, ноталар, баспа графикасы, карталар, жаңа мерзімді басылымдар туралы мәлімет беріледі. «Болгар библиографиясының» екінші сериясында (ай сайын шығады) инструктивті, бағдарлама - әдістемелік, ақпараттық, соқырларға арналған кітаптар, диссертациялар тіркеледі.
«Болгар библиографиясының» бірінші сериясы бес тараудан тұрады. 1.Кітаптар; 2. Ноталық басылымдар; 3. Баспа графикасы; 4.Картографиялық басылымдар; 5. Мерзімді басылымдар. «Кітаптар» тарауының ішінде материал жүйелі түрде орналасқан. Оның негізіне Бүкілодақтық кітап палатасының схемасы қойылған.
1970 жылдан бастап «Болгар библиографиясы. Жылдық көрсеткіш» жылнамасы шыға бастады. Жылнама «Болгар библиографиясының» бірінші серия негізінде құрастырылған, бірақ оған мерзімді басылымдар кіргізілмеген. Жылнамада анықтама аппараты бар, оған он көмекші көрсеткіштер енгізілген: атаулы, ұжымдық авторлар, шет тіліндегі географиялық, пәндік басылымдар. 1967 жылдан бастап «Болгар мерзімді басылымы» жылнамасы шыға бастады. Оның ішінде мемлекетте шығатын барлық мерзімді басылымдар туралы толық ақпарат берілген. Жылнамада материал төрт негізгі тарауда орналасқан: газеттер, журналдар, бюллетендер, жалғастырылған басылымдар. Раздел ішінде материал атаулар алфавиті бойынша орналасқан. Бұл жылнамада көмекші көрсеткіштер бар: алфавиттік, жүйелік.
«Болгар жинақтар мен журналдардағы мақалалар летописінде» екі аптада бір рет шығатын журналдардан, жалғастырылған басылымдардан және тақырыптық жинақтардан рецензиялар мен мақалалар есепке алынады. Газет мақалалары ай сайын шығатын «Болгар газеттерінің мақалалар шежіресінде» көрініс алады. Екі шежіреде көмекші атаулы және географиялық көрсеткіштер орналасқан.
Болгарияда грампластинкалар, диссертациялар, библиографиялық материалдардың ағымдық есебі бар. Болгарияда басылымдардың барлық түрін есептейтін ағымдағы ұлттық библиография басылымдарының тармақталған жүйесі ұйымдастырылған.
Сондай-ақ Болгарияда Ағымды Ұлттық библиографияның (АҰБ) жанжақты жүйесі құрылған. Ағымды ұлттық библиографияның көрсеткіштерінде Болгарияда барлық баспа шығармаларының түрлері тіркелінеді.
4. Венгер Халық Республикасының библиографиясы
Венгрияда ағымдағы есеп 1878 жылы пайда болды. Ұлттық библиографияның орталығы – Будапешттегі Сечени атындағы Мемлекеттік кітапхана 1946 жылдан бастап «Венгр ұлттық библиографиясын» шығарады.
«Венгр ұлттық библиографиясы. Кітаптар» айына екі рет шығады және кітаптар, брошюра, нота, карталар және грампластинкалар туралы мәлімет береді. «Венгр кітап жылнамасы» жылдық мәлімет береді. Алфавиттік көмекші көрсеткіштер орналасқан: атаулар, авторсыз шығармалар, географиялық атаулар, сериялар бойынша Венгрияда мемлекетте шығатын мерзімді басылымдар туралы толық ақпарат ұйымдастырылған. Бірнеше жылда бір рет «Венгр газет пен журналдар тізімі» шығады. «Венгр ұлттық библиографиясы. Мерзімді басылымдар мазмұнының көрсеткіші» орталық газеттерде және журналдарда орналасқан мақалалар есепке алынады (айына екі рет шығады).
Әрқайсысының санында авторлар, алфавиттік көрсеткіші бар және мерзімді басылымдар тізімі орналасқан.
«Венгр ұлттық библиографиясы. Музыкалық шығармалар библиографиясы» музыкалық дискілер және ноталардың ағымдағы есебін жүргізеді. Ол тоқсан сайын шығады. «Венгр библиографиясының библиографиясы» екі жылда немесе бір жылда бір рет шығады, библиографиялық жұмыстарды есепке алады. Көмекші көрсеткіштер орналасқан (атаулы және пәндік) Венгрия ағымдық ұлттық библиографиясы баспа басылымдарын толық қамтиды.
Материалды топтау үшін әмбебап ондық жіктеу пайдаланылады. 1980 жылдан бастап электрондық технологиясы, компьютерлер пайдаланылады.
5. Франция библиографиясы
Әлемде бірінші болып ағымды ұлттық библиография Францияда пайда болды. 1811 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Франция библиографиясы» шығады. Ол екі бөлімнен тұрады: Франция библиографиясы, анықтамалық библиография.
Францияның ағымды ұлттық библиографиясының негізгі органы болып «Франция библиографиясының» бірінші бөлімі – «Арнайы библиография» болып табылады. Ол апта сайын жеке басылым болып шығады және Ұлттық кітапханаға міндетті дана ретінде келіп түскен кітаптар жайлы ақпарат береді.
«Арнайы библиографияның» төрт библиографциясы бар:
- Мерзімді басылым (жылына 2 рет шығады)
- Арнайы басылым (жылына 6 рет шығады)
- Ноталар (жылына 4 рет шығады)
- Атластар, карталар, пландар (жылына 3 рет шығады)
1975 жылы «Арнайы библиография» ЭВМ-нің көмегімен дайындалып, шығарылады. Онда МСБО ережесі қолданылады.
1979 жылының қыркүйегінен бастап «Франция библиографиясының» екінші бөлімі ретінде «Апта кітаптары» библиографиясы шықты.
Жаңа педагогикалық басылымдар жайлы ақпарат «Арнайы библиография» приложениесінде беріледі. Францияның периодикалық басылымдары жайлы толық мәлімет «Француздың пресса және мерзімді басылымдар репертуары» деген көрсеткішінде беріледі. Ол 1958 жылдын жылына 3-4 рет шығады. Францияның Ұлттық кітапханасы міндетті дана болып түскен газеттер мен журналдарды тіркейді. Мерзімді басылымдар жүйелі тәртіп бойынша орналастырылған. (ірі бөлімдерге, ал бөлімдер ішінен алфавиттік атаулар бойынша).
Көмекші көрсеткіштері бар: атаулар, есімдер, коллективтердің алфавиттік және пәндік көрсеткіші.
Сонымен, міндетті дана заңы негізінде құрылған Францияның ТНБ (ағымды ұлттық библиографиясы) басылым жүйесінде барлық баспа өнімдерінің әр түрлері (мақалалар және баспа графикасынан басқа) толық ескерілген және тіркелген.
6. Румынияның ұлттық библиографиясы
Румынияда ағымдағы ұлттық библиография орталығы – Бухаресттегі Мемлекеттік орталық кітапхана. Ұлттық библиографияның үш органы бар.
«Румыния библиографиясы. Кітаптар, альбомдар, карталар» 1952 жылдан бастап шығады, айына екі рет шығады. Әр санында көмекші көрсеткіштер бар: атаулар және ұжым бойынша, авторсыз кітаптардың аты бойынша «Румыния библиографиясы. Жалғастырылған және Мерзімді басылымдардан мақалалар» айына екі рет шығады, журналдардан, газеттерден жалғастырылған басылымдардан мақалаларды және рецензияларды есепке алады. Әр санында көмекші – атаулы көрсеткеш және мерзімді басылымдар тізімі орналасқан.
1969 жылдан бастап «Румыния библиографиясы. Ноталар. Грампластинкалар» шыға бастады. Бұл көрсеткіш тоқсан сайын шығады. Материалдардың орналасуы жүйелі. Румынияда дегенмен библиографиялық ақпарат тарату ісі және периодикалық баспалардың жұмысы толық дамымаған.
Румынияда мерзімді басылымдар, баспа графикасы, техникалық әдебиеттің арнаулы түрлері (стандарттар, патенттер) туралы библиографиялық ақпараттар ұйымдастырылмаған.
Мемлекеттік ұлттық кітапханада автоматтандырылған жүйе ұйымдастырылған.
7. Германияның ұлттық библиографиясы
ГДР ұлттық библиографиясы байырғы герман ұлттық библиографиясымен тығыз байланысты. Социолистикалық мемлекеттердегі ұлттық библиографиясының арасында 1825 жылы дамуымен ерекше орын алады.
ГДР-де ағымды ұлттық библиографияның орталығы болып Лейпцигтегі неміс кітапханасы болып табылады. Германияда ұлттық библиографияның құрылуында маңызды роль атқарады. Бұл мекеме ұлттық библиографияның үш органын шығарады: «Неміс ұлттық библиографиясы», «Баспалық өнімнің жылнамалық тізімі», «Кітаптардың немісше тізімі». Неміс ұлттық библиографиясында ГДР және ФРГ территориясында шыққан кітаптардың барлығы қарастырылады. ФРГ кітаптары баспалармен бірге Лейпцигке неміс кітапханасына жіберілді.
Неміс ұлттық библиографиясының үш сериясымен міндетті түрде танысуымыз керек. «А», «В» және «С» әр түрлі мерзімді басылымдар шығарады.
«А» сериясында апта сайын шығатын кітаптар қарастырылады, журналдардың алғашқы номерлері, карталар, текстік аудиожазбалар, микробасылымдар, кітап саудасына түскен басылымдар.
«В» сериясы кітап нарығына түспейтін, кітап туралы мәлімет беретін айына 2 рет шығатын басылымдар (ресми басылымдар, ғылыми қоғамның жариялануы, басқа да басылымдар).
«С» сериясында ай сайын шығатын басылымдар жоғарғы мектептерде сабақ жүргізілетін құқығы бар диссертациялар мен жұмыстар библиографияланады.
«Неміс ұлттық библиографиясы» ГДР-дағы ағымды ұлттық библиография кітаптарының алғашқы сатысы болып табылады. Келесі есептің сатылары – ол біріктітірілу (сводный) жайлы көрсеткіштер: «Баспалық өнімнің жылнамалық тізімі». «Баспалық өнімнің жылнамалық тізімі» және «Кітаптардың немісше тізімі» неміс ұлттық библиографиясынан айырмашылығы материалдардың орналасуымен ерекшеленеді. Басқа да басылым түрлері ГДР-де арнайыбасылымдарда библиографияланады. Оны неміс кітапханасы шығарады және дайындайды. «Неміс музыкалық библиографиясы» ай сайын шығады. ГДР-де, ФРГ-де және басқа мемлекеттерде шығатын әдебиет жайында, музыка жайында, нота жайында мәлімет береді.
«Көркем парақтар библиографиясы» квартал сайын шығады. Материал басылым түрі бойынша орналасқан оригиналды графика, репродукциялар, оқу құралдары тіркеледі. Әр шығуында көмекші көрсеткіштер кездеседі (суретшілер, атаулар, баспалар жайлы).
«Библиографияның библиографиясы» ай сайын шығады. Онда жеке библиографиялық құралдар, сонымен қатар Германияда неміс тілінде шығатын ішкі кітап тізімдері қарастырылады. Соңғы жылдары ГДР-де ағымды ұлттық библиографиясы көптеген жетістіктерге жетті. Ағымды ұлттық библиографиясының көрсеткіштерінде құжаттардың көп түрлері қарастырылады: кітаптар, мақалалар, баспа графикасы, ноталар, диссертациялар, аудиобасылымдар, микробасылымдар. Мерзімді баспалардың мазмұны «Журнал әдебиетінің халықаралық библиографиясында» толығынан көрініс табады.
8. Ұлыбританияның ұлттық библиографиясы
Ұлыбританияның ағымдық ұлттық библиографиясы 1837 жылы құрылды. Британияның АҰБ-сының орталығы Лондондағы Британдығ кітапханасы. Бұл жерде АҰБ-ның негізгі библиографиялық көрсеткіші «Британияның ұлттық библиографиясы» 1950 жылдан бастап шығарылады. Осы көрсеткіште Британияның территориясында шығарылған кітаптардың, брошюралардың, журналдардың, конгресс материалдарының, арнайы баспалардың, стандарттардың ақпараттары көрсетіліп тұрады. «Британияның ұлттық библиографиясы» көрсеткішінің айлық және апталық шығармалары әр түрлі қаптамамен шығарылады.
Британияның кітапханасы «Британияның музыкалық нотасы» деген көрсеткішті квартал сайын шығарады. Онда ноталар мен музыка туралы кітаптар тіркеледі.
Мерзімді басылымдардың ағымды библиографиясын жеке фирмалар мен ұйымдар шығарады. «Газеттердің анықтамасы» (Справочник по газетам) деген библиографиялық жылдық көрсеткішті Бенның фирмасы шығарады. Уиллингтың фирмасы «Уиллингтің прессадағы жолкөрсеткіші» деген библиографиялық көрсеткіш шығарады.
1962 жылдан бастап «Британиядағы мерзімді басылымдардың жолкөрсеткіші», 1970 жылы «Британиядағы журналдардың жолкөрсеткіші» деген библографиялық көрсеткіштерді Британияның кітапханалық ассоциациясы шығаратын болды.
9. Польшаның ұлттық библиографиясы
Поьшаның ұлттық библиографиясының орталығы болып Варшавада орналасқан ұлттық кітапхана болып табылады. Бұнда ұлттық ағымдық библиография дайындалады. 1946 жылдан бастап «Баспа шығармаларының арнайы көрсеткішінің библиографиялық жолкөрсеткіші» деген атпен библиографиялық көрсеткіш шығады. Ол апта сайын шығып отырады. Польшаның түрлі баспаларынан шығып отыратын кітаптар туралы ақпараттар, нота, карта, баспа графикасы, газеттер, журналдар туралы ақпараттар береді. Сонымен қатар «Жалғастырылған және мерзімді баспалардың бибилографиясы» деген атпен жылнама шығарып отырады. Бірнеше периодикалық баспалар, жеке баспалар бар. Осындай көптеген айтылып өткен баспаларда ақпараттық мавтериалдар алфавитті ретпен орналасқан. Сонымен қатар пәндік көмекші көрсеткіштер, мақалалар, журналдар шежіресі шығады.
Польшада «Библиографияның библиографиясы», «Кітаптар жайлы ғылым» деген атпен жылына бір рет шығып отыратын библографиялық көрсеткіш бар. Бұл библиографиялық көрсеткіштен кітапхана саласына байланысты кітаптану, кітапханатану, кітапхана жұмыстарын ұйымдастыру, кітап сату, тағы сол сияқты библиография саласына байланысты құнды ақпараттар табуға болады. Польшаның кітап өнімі аса құнды әрі бай. Сондықтан библиография саласы мықты дамыған.
10. Чехия және Словакияның ұлттық библиографиясы
Чехословакияда ағымдағы ұлттық библиография 1922 жылы «Библиографиялық каталог» көрсеткіші түрінде пайда болды. Чехословакия ұлттық библиографиясы екі ағымда дамиды: Чехия баспа өнімінің библиографиясы жіне Словакия баспа өнімінің библиографиясы. Ұлттық библиографияның екі орталығы бар: Прагадағы Мемлекеттік кітапхана және Мартинадағы словак матицасы. Прага мен Мартинада шығатын ұлттық библиографияның барлық басылымдар жалпы атпен шығады – «Библиографиялық каталог».
Кітаптарды есепке алу. «Чех кітаптары» 1949 жылдан бастап ай сайын шығады. Кітаптар есепке алынады. Әр жылдың соңғы санында стандарттар туралы ақпарат беріледі. Екіжартыжылдық көмекші көрсеткіштер бар: авторлық, атаулар бойынша. Серия А «Кітаптар» 1949 жылдан бастап ай сайын шығады. Атаулы көрсеткіш бар. Жыл сайын келесі көмекші көрсеткіштер шығарылады: атаулы аты бойынша, аудармалар, пәндік рубрикалар.
Мерзімді басылымдарды есепке алу. «Чех газет – журналдары» 1951 жылдан бері екі жылда бір рет шығып тұрады. Материал атаулардың алфавиті бойынша орналасқан көмекші көрсеткіштері бар: жүйелік, географиялық.
Серия Д «Словакияда шығатын газеттер мен журналдар библиографиясы». Материал алфавит бойынша орналасқан. Көмекші көрсеткіштер бар: географиялық, жүйелік, атаулы.
Ноталар мен грампластинкаларды есепке алу. «Чех ноталары мен грампластинкалары» кврарталда 1 рет шығады. Ноталар мен грампластинкалардан басқа музыка туралы кітаптар есепке алынады. Екі бөлімнен тұрады: музыка туралы кітаптар мен ноталар және грампластинкалар. Материалдың орналасуы музыкалық шығармалардың жанры бойынша болады. Әр бөлімде жылдық көмекші көрсеткіштер бар: композиторлар, мәтін авторлары атауы бойынша.
Словакияда Серия Д «Ноталар және дискілер» жылына екі рет шығады. Чех басылымындағыдай ноталар, дискілер, музыка туралы кітаптар тіркеледі, есепке алынады, материал да солай орналасқан. Көмекші көрсеткіштер де бар: композиторлар, мәтін авторлары, атауы, пәндер бойынша.
Бейнелеу өнерінің баспа шығармаларын, кварталды есепке алу. «Чех графикасы мен карталары» жылына бір рет шығады. Журнал мен газет мақалаларды, рецензияларды есепке алады.
«Чех мерзімдік басылымдардағы мақалалар» айына бір рет шығады. Чех журналдарының, газеттерінің және жинақтарының мақалалар мен рецензиялар есепке алынады. Көмекші көрсеткіштер де бар: авторлық, персоналдық, географиялық. Жылына бір рет жинақ көрсеткіштер шығады.
Серия С «Мақалалар» айына бір рет шығады, словак журналдарынан, газеттерінен және жинақтардан мақалалар мен рецензиялар есепке алынады. Көмекші көрсеткіштер де бар: пәндік, рецензияланған басылымдар.
Библиографиялық материалдарды есепке алу. «Чех библигорафиясының тізімі» жылына бір рет шығады, библиографиялық құралдар есепке алынады. Көмекші атаулы көрсеткіштер де бар. «Словак библиографиясының библиографиясы» жылына бір рет шығады. Библиографиялық құралдар есепке алынады. Көмекші атаулы көрсеткіштері бар. 1965 жылы «Чехословак диссертациялары» шықты, жылына бір рет шығып отырады.
Чех ағымдық ұлттық библиографиясында Бүкілодақтық кітап палатасының жіктеу схемасы пайдаланылады, словак басылымдарында - әмбебап ондық жіктеу.
11. Югославия Республикасының библиографиясы
Ағымдық ұлттық библиография Югославияда 1950 жылы пайда болды. Ұлттық бибилографияның жалпы мемелекеттік орталығы – Белградтағы библиографиялық институт қазіргі кезде Югославия библиорафия институты деп аталады. Бұл институт мемелекеттің баспа өнімінің ағымдық есебін жүргізеді.
«Югославия библиографиясы. Кітаптар, брошюралар және ноталар» 1950 жылдан бастап айына екі рет шығады. Жылдық көмекші көрсеткіштер бар (атаулы және пәндік).
«Югославия библиографиясы. Сериялық басылымдар» жылына төрт рет шығады, газет, журналдарды және жалғастырылған басылымдарды есепке алады. Жылдық көмекші көрсеткіштер бар: алфавиттік, жүйелік.
«Югославия библиографиясы. Мақалалар және сериялық басылымдардың қосымшалары» айына екі рет шығады. Бұл көрсеткіште журналдар, газеттер және жинақтар үш салалық серияларда орналасқан. Серия «А» - қоғамдық ғылымдар мақалаларын есепке алады. Серия «В» - жаратылыстану қолданбалы ғылымдар, техникалар бойынша, Серия «С» - филология, өнер, спорт, кітаптану. Әр санында атаулы және пәндік көмекші көрсеткіштер бар.
Арнаулы жылнамада диссертациялар есепке алынады (Белград университетінің кітапханасы шығарады). Әмбебап ондық жіктеу пайдаланылады. Баспа графикасының, карталардың, библиографиялық материалдардың және дискілердің ағымдық есебі ұйымдастырылған.
12. Ұлыбританияның ұлттық библиографиясы
Жалпы ұлттық библиография алғаш Батыс Еуропа мемлекеттерде пайда болды. Оның ішінде Ұлыбританияның ұлттық библиографиясы өте ерте дамыды. 1476 жылы алғашқы кітап баспасы дүниеге келсе, 1621 жылы Англияда газет, 1665 жылы журналдар жарық көре бастады. 1663 жылы король кітапханасына, Бодман кітапханасына және Кембридж университетінің кітапханаларына кітаптардың міндетті даналары берілуі қажеттілігі жайлы заң шықты.
Расында ағылшын баспасының табыстарын көрсететін алғашқы еңбек деп 1595 ж шыққан Э. Монселлдің «Ағылшын баспасы кітаптарының каталогын» айтуға болады. (Maunsell A. Catalogue of English printed books). «Каталог...» библиографиялық құралдарды құрастыру әдісіндегі маңызды қадам болып табылады. Автор материалдарды жүйелі түрде топтап, оны дәл әрі толық сипаттаған.
XVII-XIX ғасырларда назар аударарлық көрсеткіштер легі – «Клевелл каталогы», «Бент каталогы», «Ағылшын кітаптарының каталогы» шықты.
«Клевелл каталогтары» - кітаптасушы Клевелл құрастырған жәрмеңкелік каталогтар. Кітап жәрмеңкелері Англияда жылына 4 рет ұйымдастырылатын, сондықтан да каталогтар тоқсан сайын шығып тұрды.
1776 жылы әйгілі «Бент каталогтары» жарық көре бастады. Бұл Лондондық кітаптасушы Бенттердің жұмысы еді. Әрбір каталогтағы материал белгілі бір уақыт аралығын көрсетіп отырды. Хронологиялық жағынан бір-бірін толықтырып, барлығы қосыла келіп, 1700-1855 жылдар аралығын қамтыды. Каталогтың аты жиі өзгеріп отырғанмен онда «Лондон» деген сөз сақталып қалатын.
Сэмпсон Лоу баспагер әрі кітаптасушы ағымдағы ағылшын кітаптарының есебінде көпбасшы болды. Ол өзі редакторлық еткен журналында елдің жаңа шыққан кітап өнімдерін жариялап отыратын.
1858 ж қаңтарда кітаптасушы әрі баспагер Джозеф Уайтекер (Whitaker, Zoseph, 1820-1895) «Кітаптасушы» атты журнал шығарды. Мұнда да «Аптадағы кітаптар» деген тарау бар болатын. 1874 жылы Уайтекер алғаш «Ағымдағы әдебиеттердің анықтама каталогын» басып шығарды. Каталогта Ұлыбританияда басылып шыққан кітаптар мен шыққан жылына қарамастан дәл сол кездегі сатылымдағы кітаптар бар еді. 1965 ж каталог «Британ кітаптары сатылымда» деген атаумен шықты. 1909 ж фирма «Ағымдағы әдебиет» журналын шығарды.
Жекелеген баспагер фирмалар күшімен ХІХ ғасырда мерзімді басылымдар есебі де іске аса бастады. 1846 жылы Митчелл фирмасы алғашқы – «Газеттер бойынша анықтама және жарнама берушілерге жолсілтегіш» атты жылнама жариялады.
1874 ж бәсекелес Уиллинг фирмасы «Уилингтің баспасөз бойынша жолсілтегіші» атты жылнамасын шығарды. Алғашында тек британ баспасөзі, 1876 жылдан басқа елдердің де баспасөзі көріне бастады.
ХХ ғасырда Англияда ҰБ (НБ) саласында айтарлықтай жаңалықтар болды. Ағымдағы жарық көрген еңбектерден әсіресе, А.У.Поллард пен Д.Р.Редгрейфтің «Англия, Шотландия, Ирландияда басылып шыққан, сол сияқты 1475-1640 жж. шет елде басылып шыққан ағылшын кітаптарының қысқаша атауы» атты еңбегін ерекше айтуға болады. (Poollard A.W., Redgrave G.R. A. short-title catalogue of books printed in England …) Бұл еңбекті 1926 ж Лондон библиографиялық қоғамы шығарды.
Осы жұмысты ары қарай американдық Дональд Уингом жалғастырды. 1945-1951 жж Нью-Йорктің Колумбиялық университетінде үш томдық көрсеткіші жарық көрді. Онда 1641-1700 жылдары басылып шыққан 50 мыңға жуық кітаптар қамтылды.
Екінші дүние жүзілік соғыс кезінде кітапханалық ассоциация «журналдарға пәндік көрсеткіш» шығарды. (Suljict indexto pericolicals). Жылнамада үш жүз елудей ғана мезгілдік басылымдар болды. Бірнеше жылдардан соң бұған шетел баспасы туралы мәліметтер ене бастады. Кітапханалық ассоциация көрсеткіш құрастыру әдісіне біраз түзетулер енгізгісі келгенмен, 1961 ж ол өз жұмысын тоқтатып, орнына Ассоциация екі салалық көрсеткіш шығарды.
Баспадан 1950 жылы «Британ ұлттық библиографиясы» атты алғашқы шығарылым жарық көргенде жағдай күрт өзгерді.
Оның тарихы әріден басталады. Елдің кітапханашылары орталықтандырылған каталогизация болуы керектігін бірнеше рет айтқан еді. 1930 ж Британ кітапханасы музейінде жаңа публикацияға баспа карточкаларын дайындайтын арнайы бөлім ұйымдастырылды. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін кітапхана ассоциациясының зерттеу комитеті орталықтандырылған каталогизация мәселесін ұлттық баспа өнімдерін толық қамтып, Ұлыбританияда тез арада көрсеткіш шығару мәселесімен байланыстырады. Британ музейі өкілдері, кітапханалық ассоциация, кітаптасушылар ассоциациясы, баспагерлер ассоциациясы, Ұлттық кітап лигасы, ақпараттық бюро және арнайы кітапханалар ассоциациясы (АСЛИБ), Ұлттық орталық кітапхана мен ЮНЕСКО өкілдерінің қатысуымен Британ ұлттық библиографиясының кеңесі құрылды. Кеңестің арнайы комиссиямен жылдар бойы көптеген елдердің тәжірибелерін оқып-үйреніп, жаңа басылым дайындау әдістерін шығарып отырды.
Нәтижесінде АҰБ (ТНБ) органы пайда болды. Ол алғаш рет Ұлыбритания тарихында авторлық құқық бюросына Британ музейі кітапханасынан түскен міндетті данаға сүйенді.
BNB пайда болғаннан кейін елде тәуелсіз, бір-біріне ұқсас міндеттерді орындайтын библиографиялық үш жүйе қалыптасты.
1959 ж «Баспагер циркуляры» журналы өз есімін өзгертіп, ал 1969 ж өз жұмысын тоқтатты. Сол жылы «Ағылшын кітаптары каталогының» соңғы томы шықты. Сөйтіп, баспагерлер ассоциациясы 130 жылдық дәстүрлі салтты бұзып, кітап есебін жасаудан бас тартты.
1953 ж BNB құрылған соң үш жылдан кейін ақпараттық бюро мен арнайы кітапханалар ассоциациясы (АСЛИБ) Ұлыбритания университетінде қорғалған диссертацияларды жылына бір рет жариялаумен айналыса бастады. Лондон университеті кітапханасының директоры Д.Паффорд бірінші томының алғы сөзінде бұл еңбекті ұлттық библиографияның жаңа басылымы деп атап кетті. 1957 ж Британ Ұлттық библиографиясының кеңесі тоқсан сайын «Британ музыкалық каталогын» шығара бастады.
1963 ж Англияда фильмдер секілді дәстүрлі емес құжаттар жүйелі түрде тіркеле бастады. Каталог тоқсан сайын шығып тұрды. Онда материал әмбебап ондық классификация (УДК) бойынша жіктелді. Әрі ережеге сай сипатталды.
1971 ж қаңтарынан бастап «Британ ұлттық библиографиясы» компьютер көмегімен шығарылды.
BNB-дың құрылуы мен автоматтандыру ел ішіндегі және басқа елдердегі магнитті лентадағы жаңа баспа басылымдары туралы ақпарат алмасуға мүмкіндік берді.
Елдегі кітапханалық жағдайды түбірімен өзгерткен біртұтас Британ кітапханасы өмірге келді.
Британ музейінің кітапханасы 200 жылдан астам уақыт елдегі басты әрі ескі ұлттық кітапхана болды. Кітапхана заңдары бойынша 1972 ж барлық кітапханалар, тіпті Британ ұлттық библиографиясының Кеңесі де бір ұтымға Британ кітапханасына қосылды. Британ кітапханасының абонементтік анықтамалық және библиографиялық қызмет бөлімдері жетекші роль атқарады.
13. АҚШ-тың ұлттық библиографиясы
АҚШ салыстырмалы түрде алғанда жас мемлекет. Американ мәдениеті де батыс Европа елдеріне қарағанда әлдеқайда жаңа құбылыс. Оны алғашқы кітап АҚШ –та 1639 ж басылып шыққанынан көруге болады. Газет – 1704 жылы, ал журнал 1741 жылдан шыға бастады.
Мәдениеті XVIII ғ ортасынан, яғни (1775-1783) Англия құрсауынан босап, тәуелсіз ел болғаннан бастап көтеріле бастады. Бірақ кітап басу ісі ХІХ ғасырға дейін балу дамыды.
Алғашқы библиографиялық жұмыс АҚШ-та тек 1804 жылы, кітаптасушылардың Америкалық одағы «АҚШ-та басылып шыққан барлық кітаптардың каталогын» жариялаған соң шықты.
Азамат соғысынан кейінгі саяси, экономикалық және мәдени жағдайдың жақсаруы әрине баспа ісіне де әсер етті. Бұл жылдары библиографияға да көңіл бөліміне бастады. 4 томдық Орвил Рурбахтың «Американ кітапханасы» (1852-1864), АҚШ-та 1820-1860 жж жарық көрген кітап өнімдерін қамтыды. Оны «Джеймс Келлидің 2 томдық «Американ каталогы» (1866-1871) жалғастырды. Бұл еңбекте 1861-1870 жылдар шыққан кітаптар қамтылды.
Ұзақ үзілістен кейін ретроспективті ұлттық библиографияға деген қызығушылық ХХ ғ басында тағы жандана түсті. Дәл сол кезде аса көрнекті американ библиографы Чарльз Эванстың монументальды еңбегінің бірінші томы (1835-1935) шықты.
Бұл жай көрсеткіш емес, тарихи-кітаптану зерттеу еді. Мұнда американдық баспа өнімдерінің даму тенденциялары ашып көрсетілген. Ч.Эванс көзі тірісінде 12 томын және 1799 жылға дейінгі аралықты қамтып, N әрпіне дейін ғана жеткізе алды.
Эванстың аяқталмай қалған жұмыстарын американ библиографтары тек екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ғана назар аудара бастады. 1955 ж Американ антикварлық қоғамы соңғы 13-ші томды шығарды. 1959 жылы Американ библиографиялық қоғамы барлық басылымдарға көрсеткіш шығарды.
Гольф Шоу мен Ричард Шумейкер 1801-1819 ж американ баспасының көрсеткішін шығарды. Содан кейін Р. Шумейкер 1820-1829 жылдардағы американ баспасының тізбесін шығарды. Ал 1972 жылдан Г. Купер осы тақырыппен келесі жылдарға көрсеткіш шығарды.
ХІХ ғ ортасында АҚШ-та ретроспективті есеппен қатар, бірте-бірте ағымдағы баспа өнімдері де дами бастады. Оның тарихы Баукер мен Уилсонның кітаптасушы екі фирманың тарихымен тығыз байланысты.
1847 ж бастап жаңа кітаптар жөнінде ақпарат беретін тұрақты бөлім пайда болды. Журналдардың ішінен өміршең әрі табандысы 1872 ж бүгінге дейін шыққан «Баспа апталығы» болып шықты.
Бұл еңбек Американ кітапханалық ассоциациясының кәсіпқой алғашқы баспа өнімі «Кітапхана журналының» негізін қалаушы Фридрик Лейпольд есімімен тығыз байланысты.
Жоғарыдағы жарияланымдардың барлығы Ф.Лейпольд және Г.Хольдтың 1866 ж құрылған фирмасының библиографиялық қозғалыстарының негізін қалады. Олардың құрамына – Ричард Баукер де қосылды. Сөйтіп, 1911 жылы аты берілген осы фирманың иесі болды.
Уильсон фирмасы арнаға ХІХ ғасыр аяғында шықты. 1898 жылы ол өзінің алғашқы журналы «Кумулятивті кітаптар» көрсеткішін шығара бастады. Сәтті шыққан соң ол 1901 жылы екінші, 1905 ж үшінші басылымды қолға алды. 1913 ж Уилсон фирмасы Нью-Иоркке көшіп, өз жұмысын жалғастырды. Онда 1914 жылы «фирмалық» ай сайын шығатын «Уилсондық кітапханалық бюлетенін» жариялады. Уилсон кәсіби құралдардың қажеттілігін өте жақсы аңғаратын. Фирма рецензия көрсеткіштерін, диссертациялар, биографиялық және библиографиялық материалдармен қоса әдістерді зерттеумен де айналысты. Әдістердің негізгі компоненті болып материалдарды сөздік топтау саналады. Ол тәжірибесіз, тіпті аз білетін кітапханашыларға да қажет сұранымын көп күш жұмсамай, аз уақыт ішінде тауып алуға көмектесті. Уилсон фирмасының күш салуымен библиографиялық құралдар бұқаралық кітапханаларға енді – бұл оның зор еңбегі еді.
Фирма халықаралық кең аренаға шығып, ондаған жылдар ішінде өте жоғары абыройда. Ал оның сөздіктері тіпті Францияда да үлгі болып есептелді. Бірақ екінші дүние жүзілік соғыстан кейін библиография саласындағы моральдық салмағы біртіндеп төмендей берді.
Соғыстан кейінгі жылдары Баукер мен Уилсон фирмаларына бәсекелестер пайда болды. Өздерінің торқалы тойларын (1972 ж Баукер фирмасының 100 жыл, 1973 жылы Уилсон фирмасына 75 жылдығы аталып өтті) олар әртүрлі қарсы алды.
Баукер фирмасы жүз жылдан астам уақыт ішінде талай жолды басып өтті.
Ол ақпаратты библиографиялық кәсіби басылымдар шығаруда бірден -бір абыройлы фирма болды. Оның Лондонда бөлімшесі, Ұлыбритания, ФРГ, Италия, Австралия және басқа да мемлекеттерде агенствасы болды. Фирма өнімдеріне негізінен типтік каталогтар, көрсеткіштер, анықтамалар, терминологиялық және биографиялық сөздіктер, оқу құралдары және кітапхана ісі саласындағы зерттеу жұмыстары кіреді. Оның тұңғыш шыққан – «Баспа апталығы» жүз жылдан астам өмір сүріп қана қоймай, ұлттық кітаптардың есебін жүргізуді қалпына келтірді. Міндетті дана туралы заңның жоқтығы есепті бұрыңғыша толық әрі сенімді жасауға мүмкіндік бермеді. Алайда Баукер фирмасының негізінде АҚШ-та бұл сала бойынша көптеген табыстарға қол жетті.
1960 ж «Американ кітапбаспасының летописі» жарық көрді. Бұл ай сайын шығатын журнал тек библиографиялық журнал болып есептеледі. Материалдарды жүйелі топтау, толық әрі жеке сипаттау, барлық сөздіктер, сондай-ақ жылдық бесжылдық кумуляция осы басылымның үлкен ақпараттық және анықтамалық құндылығын көрсетеді.
Баукер мен Уилсон фирмасынан басқа баспа басылымдарының ағымдағы есебін жүргізуге басқа да ұйымдар қатысты.
1880 ж Эйер мен балалары «Американ газеттері бойынша анықтамалық пен жылнаманың 1-ші томын шығарды. 1869 жылы Нью-Иоркте Роуэл фирмасының осыған ұқсас еңбегі шықты. Біраз уақыт екі фирма бәсекелес болды. Олар тек кітап ғана емес, газеттер мен журналдар туралы мәліметтер де беріп отырды.
Эйер фирмасы бәсекеге қабілетті екендігін көрсетті. Ол мықты жарнамалар жасау арқылы өз жылнамаларын едәуір арзан бағада сата бастады.
1930 ж жылнама аты «Газеттер мен журналдар бойынша анықтамалық» болып өзгерді. Содан соң тағы бірнеше рет өзгертілді. Соңғысы Оксбридж фирмасының шығаруымен 50 мыңнан аса газет-журналдар есепке алды.
ХІХ ғасырдың соңында «Құрама штаттар үкіметі басылымдарының айлық каталогы» пайда болды. Бұл елдегі ең ірі еңбек болды. Жеке аймақтар мен штаттардың арнайы басылымдары 1910 жылдан көріне бастады.
Конгресс кітапханасы әрқашан үлкен библиографиялық жұмыс жүргізді. Оның қол жеткізген ең үлкен жетістігі - өз қорының баспа каталогы, содан соң Ұлттық жиынтық каталогының құрылуы болды. Ол әртүрлі салалық, тақырыптық, өлкетану әдебиеттерінің көрсеткіштерінен тұратын. Әсіресе, үкімет орындарының және ведомстволардың тапсырысы бойынша анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсететін.
Бірақ барлық жағдайда да ең бірінші мәселе шетел баспа басылымдары туралы болатын: Отандық әдебиет саласындағы библиографиялық шаралар әрқашан екінші орында тұратын.
1891 ж Кітапханада ерекше бөлім ретінде авторлық құқық бюросы құрылды. Оның міндеттері таза заңдық тұрғыда - әдеби, драмалық, музыкалық, көркем және басқа шығармалардың авторларының құқығын қорғау болды.
Бюро өзіне жіберілген шығармаларды тіркеп, тіркелеу туралы куәлік беріп, 1891 жылдан бастап, «Авторлық құқыққа куәлік» каталогын шығара бастады. Соңғысы барлық баспа өнімдерінің түрлерін қамтыды, сондай-ақ аудиовизуальды материалдарды да.
«Каталог...» библиографиялық және кітапханалық қажеттіліктерді ғана емес, таза заңды сауалдарды қанағаттандырды.
Кітаптарды сипаттауда, мысалы автордың фирмасы, тақырыбы және баспа орыны ғана көрсетілетін. Қалған мәліметтер жоқтың қасы еді, керісінше авторлық құқықтың тіркелуі жайлы кәсіби ақпараттар өте көп берілетін. Бұның бәрі «Авторлық құқыққа куәлік» каталогын АҰБ (ТНБ) органы ретінде емес, жалпы толыққанды библиографиялық басылым ретінде қарастыруға келмейді.
Соңғы он жылдықта конгресс кітапханасы өз жұмыстарының әдістерін күшейте түсті, қазіргі заманның талаптарына сай.
1965 ж Конгресс кітапханасы «машина оқитын каталогизация» бағдарламасын ендіре бастады. «MARC». Бағдарламаның алғашқы тапсырмасы жаңа түскен кітаптардың сауатты каталогизациясымен қамтамасыз ету болды. Әсіресе, американ кітапханаларындағы шетел басылымдарымен. Себебі, басқа мемлекеттердің де АҰБ (ТНБ) пайдалану қажеттілігіне байланысты. Бірте-бірте MARC бағдарламасы тұрақты жұмыс іздейтін іздеуші жүйеге айналды. Алдымен MARC бағдарламасы тек ағылшын кітаптарын қамтыды, содан кейін басқа құжат түрлерін (мерзімді басылымдар, фильмдер, карталар, қолжазбалар, ноталар) және басқа тілдерде (француз, неміс, испан, португал, голланд, румын, итальян т.б. тілдерде). Сөйтіп бағдарламаның дамуы жалғаса берді.
Конгресс кітапханасы халықааралық библиографиялық орталық болуға тырысты. MARC бағдарламасы қолда бар мәліметтермен халықаралық ағымдағы есеп ұйымына талапкер болды. Ағымдағы баспа басылымдарының есебімен Уилсон, Баукер, Эйер, Оксбридж, Гейл Рисерч, Юниверсити микрофилед фирмалары айналысты. Мемлекеттік мекемелерден тек Үкіметтік баспа кеңсесі ғана қатысып, федералдық үкіметтің жарияланымдарын тіркеді. Бұл жағдайда баспа графикасы, ноталар, карталар, аудиовизуалды материалдар сияқты құжаттар түрі есептен тыс қалады.
Ұлттық библиография мәселелерін зерттеуші, 1950 ж Париждегі дайындық конференциясына қатысушы, Кэтрин О. Мурра 1950-1959 жж/дағы АҚШ-тағы библиографияның дамуын қорытындылай келе, әділетті түрде баға берді.
Джон Разер – конгресс кітапханасының қызметкері 1973 ж ИФЛА-ның 39-шы сессиясында К.О. Мурр заманынан кейін жағдай айтарлықтай өзгерген жоқ деді. Сөйтіп, «Ұлттық библиографияны құрайтын үзінді үлгілері айтарлықтай өзгерген жоқ» деген пікірге тоқтады.
Соңғы жылдары американ басылымдарында елдегі АҰБ (ТНБ) жағдайларына, конгресс кітапханаларының ұстанған ұстанымдарына (позицияларына) көңіл толмаушылық сияқты пікірлер пайда бола бастады. «АҚШ-та жарияланған материалдарға нағыз библиографиялық бақылау – жаңа арман емес: оның өмір сүруі – ескі сұмдық», - деп жазды кітапханашы У.Локке.
1974 ж Вашингтонда «Ұлттық библиографияны бақылауға» арналған конференция болып өтті.
АҰБ (ТНБ) оңтайландыруға кедергі болып отырған ол АҚШ-та міндетті дана туралы заңның жоқтығы болды.
АҚШ-тағы АҰБ органдарының жүйесі басылымдар жиынтығын былай көрсетуге болады:
1. Апта аралығындағы мәліметтер. (1872)
2. Американ кітап баспасының жылнамасы.
3. Кумулятивті кітаптар көрсеткіші.
4. Мерзімді басылымдар бойынша Эйер анықтамалығы.
5. Мерзімді басылымдарға арналған қалыпқа сәйкес анықтамалық.
6. Құрама штаттар үкіметінің басылымдарының ай сайын шығатын каталогы.
7. Штат жарияланымдарының ай сайынғы тізімі.
8. Американдық докторлық диссертациялар.
9. Мерзімді басылымдар бойынша оқырмандарға арналған қысқартылған жолкөрсеткіш.
10. Мерзімді әдебиеттер бойынша оқырмандарға арналған жолкөрсеткіш.
11. Ой-пікірлерге шолу. (1905)
12. Ой-пікірлер көрсеткіші. (1965)
14. Халықаралық бағдарламалар.
Компьютерленген қазіргі ғасыр барлық қатынасушы мемлекеттер арасындағы әлемдік ақпараттық ағымға еркін қол жетерлікпен, ақпараттық кеңістік интеграциясымен сипатталады.
Халықаралық библиографиялық бағдарламалар әлемдік ақпарат жүйесінің ұйымдастырылуы, орталықтандырылмаған принципін талап етуі, компьютерлік технологияларды пайдалана отырып, өзара байланысқан еркін ынтымақтастық негізінде ұлттық және халықаралық ақпарат жүйесін құру жолымен жүзеге асады.
НАТИС бағдарламасы.
1974 жылы халықаралық мекемелер ЮНЕСКО, ИФЛА, ФИТ, МСА Парижде (межгосударственную) үкімет аралық конференция өткізген ұлттық құжаттар, кітапханалар және архивтердің инфроқұрылымын жоспарлау бойынша құжаттық, кітапханалық және архивтік қызметтердің дамуы мен жоспарлауға мүмкіншілік беру мақсатымен ұлттық ақпараттық құрылымдардың ажырамас бөлігі ретінде Конференция бұл үш қызмет бір – бірін толықтырады деген қорытындыға келді.Ақпарат тұтынушыларға қызмет ету жұмысында қайталауды болдырмау үшін олардың қызметін ұлттық деңгейде үйлестіру керек,яғни «ұлттық ақпараттық жүйе» құрастыру – НАТИС.
Мемлекеттердің көпшілігінде өздерінің ақпараттық қызметі және кітапханалар жүйесі ертеден пайда болған.Олар әр мемлекеттің даму деңгейімен, оның тарихымен, саясаттық, экономикалық, әлеуметтік және мәдениет даму деңгейімен анықталған.Сондықтан НАТИС құрылымы екі мемлекетте қавйталанбайды.Әр мемлекет жалпы ережелер бойынша өзінің ұлттық ақпараттық жүйесін ұйымдастыру туралы шешім қабылдайды.
Бір жағынан ұлттық инфроқұрылымның кейбір бөліктерінің дамуы халықаралық ақпараттық бағдарламалардың жүзеге асырылуына көмек көрсетеді: ұлттық библиография УБУ бағдарламасын жүзеге асыру үшін, салалық ұлттық ақпараттық жүйелер ЮНИСИСТ бағдарламасының қарамағындағы салалық халықаралық жүйелерді құрастыру үшін қолданылады.
Екінші жағынан ақпараттық жүйелердің пайда болуы құжаттарды өңдеумен айналысатын мекемелер кешенін ұйымдастыруды көздейді.Яғни қазіргі кездегі әдістерді және ақпаратты жинақтау, өңдеу, іздеу, хабарлау жаңа құралдарын пайдалана отырып, интегралды ақпаратты жүйелерді ұйымдастыруға көмектеседі.
УБУ бағдарламасы
Әмбебап библиографиялық есеп (УБУ) – ИФЛА дайындаған бағдарлама.1970 жылы Москвада ИФЛА-ның 36-шы сесиясында УБУ (әмбебап библиографиялық есеп) бағдарламысының проектісін таныстыру Бавар мемлекеттік кітапханасының директоры Ф.Г. Кальтвасеруға тапсырылған еді.УБУ-ға қатысты сұрақтар ИФЛА-ның барлық сессияларында қарастырылады.1974 жылы УБУ бойынша ИФЛА-ның халықаралық орталығы құрылған.
УБУ бағдарламасының мақсаттары:
- Библиографиялық ақпаратты ауыстырудағы бүкіл әлемдік жүйені дамыту
- Ағымды ұлттық библиографиядағы кері әсер жүйесінің жұмыстарын координациялау
- Қажетті зерттеулер ұйымдастыруында басқаруды қамтамасыз ету
- Библиографиялық ақпараттың халықаралық алмасуына дамыған мемлекеттердің осыған қосылуына көмектесу
УБУ- дың негізгі принциптері:
- Ұлттық библиография базасында мөрлік өнім жайында ақпараттардың орталықтандырылмай өңделуі
- Машина оқитын форма түрінде мемлекет арасында библиографиялық ақпараттардың алмасуы
- Библиографиялық процестер мен техникалық құралдардың ақпаратты тасымалдануында максимальды стандартты
УБУ-дың негізі болып, бүкіл мемлекеттердің ағымды ұлттық билиографиясы саналады.
СЭВ мүшесі және Варшавадағы ұлттық кітапхананың директорының орынбасары Р.Цибульскийдің дайындаған типологиясы мынадай:мемлекеттердің көбісі құжаттардың барлық түрлерінің есебін жүзеге асыратын мүмкіндігі жоқ деп, ұлттық библиографияның басылымдағы құжаттардың тек үш түрін міндетті есеп ретінде санады, кітаптар, мерзімді басылымдардың алғашқылары, сонымен қатар ресми басылымдар.Бұл құжаттардың тобы бірінші міндетті деңгейді құрады. Әрбір мемлекет өздерінің мүмкіндігінше басқада құжаттарды ескере алады.ИФЛА-ның 46-шы сессиясында (1980 жылы) құжаттардың басқа да түрлерінің есебі үшін I –ші және Ш –ші деңгейі қарастырылған. II деңгейге кіретіндер:диссертациялар, картаграфиялық материалдар, ноталық басылымдар, стандарттар,ғылыми конференциядағы баяндамалар,ғылыми зерттеу жұмыстарының есебі. Ш –ші деңгейге кіретіндер: сериалды басылымдардан мақалалар, басылымнан тыс фирмалық әдебиеттерді, грампластинкалар, дыбыстық касеталар, видео пластинкалар, кино фильмдер, көзі көрмейтіндерге арналған басылымдар, микрофильмдер, ақпараттың машина оқитын электрондық тасушылары, компьютерлер т.б.
ЮНИСИСТ бағдарламасы
Ғылыми – техникалық ақпарат әмбебап жүйесінің ұзақ мерзімді бағдарламасы 1971 жылы құрылды.Бұл бағдарлама ғылыми – техникалық ақпарат органымен байланысты.Ол Юнеско және МСНС ықыласы бойынша жасалды.Оған МФД белсене қатысады.Бұл бағдарлама елдер елдер арасында ақпараттарды, білім салалары бойынша құжаттарды айырбастауды қамтамасыз еткенді болжамдайды және оны жасалатын жүйелер, компьютерлік жүйе, интернет жүйесі орталығына енгізуді болжамдайды.
ЮНИСИСТ бағдарламасының негізінде ақпаратты өңдеуді жинаудың децентралданған принципі жатыр.
Децентрализация – жергілікті мекемелерге орталық мекемелердің кейбір басқару міндетін тапсыру системасы.
Ол қызметтің ұлттық жүйесіне сүйенеді.Өңдеудің бастапқы сатыларында бағдарлама жаратылыс – техника ғылымында таралды.1974 жылдан бастап осы бағдарламаға әлеуметтік-гуманитарлық ғылымды қосу ЮНИСИСТ-ің бас конференциясында шешілді. Бұл бағдарлама шеңберінде сериямен шығатын басылымдар жайлы халықаралық мәліметтер жүйесі терминология бойынша халықаралық ақпарат орталығы құрылды.Сонымен қатар ЮНИСИСТ –ке салалы ақпарат жүйелері, ядролық энергия бойынша халықаралық ақпараттық жүйе, ғылыми саясат саласында ауылшаруашылыққа байланысты МНС және т.б. кіреді. ЮНИСИСТ бағдарламасына қатысушылар елдерінде сол елдің, мүшелердің тікелей қатысуымен ақпарат басылымдарының шығарылуы, жүйе базасында ретроспективті мәліметтерді іздеу, кітапхана қорынан құжаттар көшірмесін беру және сақтау іске асырылады.ЮНИСИСТ бағдарламасын жүзеге асыру, ұлттық жүйелердің өзара байланысын қамтамасыз етеді.Олардың дамуы, сонымен қатар, әсіресе нашар дамыған елднрге әдістемелік, қаржылық көмек көрсетілуін қарастырады.
15. Шетел Ұлттық библиографиясының даму тарихы
Ұлттық библиография дегеніміздің өзі белгілі бір елдің баспа басылымдарының есебін жүргізетін библиография. Оның өзі бірқатар себептерге байланысты пайда болды. Маңыздылары ұлттың қалыптасуы, буржуазиялық мемлекеттердің пайда болуы, ұлттық сана сезімнің қалыптасуы және осы жерден келіп шығатын ұлттық мәдени жетістіктері болып саналады. Кітаптар негізінен халық тілінде (немісше, французша, ағылшынша т.б.) және ортағасырдағы халықаралық тіл – латын тілдерінде жарық көрді. Кітап басу ісі қарқынды дамыды және маңызды роль атқарды.
Ұлттық библиографияның өткенді шолатын хабарларды XVI ғ. басынан басталады. Олардың алғашқысы болып 1548 жылы шыққан ағылшын Джон Бейлдың библиографиялық еңбегі есептеледі. Ол 1550 ж Венецияда «Фронентиялық Донидың кітапханасы» атты (публицист әрі типогроф Антонио Фронческо Дони) итальян жазушыларының тізімі көрсетілген әрі итальян тілінде әдебиет есебі берілген алғашқы тәжірибелік еңбек жарық көрді. Ширек ғасырдан соң 1584 ж және 1585 жж. Францияда француз тілінде екі кітап көрсеткіші, бірі – Ф. Дю Мэннің, екіншісі А.Дю Дердьенің құрастыруымен шықты.
XVI ғасырда бұл және басқа да жұмыстар Еуропада, содан соң бүкіл әлемде ұлттық библиографияда өткенді шолатын хабарлардың кең түрде тарауының негізі болды.
XVI-XVIII ғғ. өткенді шолатын (ретроспективті) ұлттық библиография басылымдары ережедегідей тек кітаптарды есепке алды. Бұл әрине толық емес, себебі әлі ағымдағы әдебиет есебі де жоқ еді. Құрастырушылар әрбір жеке жағдайда арнайы жарық көрген шығармалар туралы мәліметтер жинау үшін баспалар мен кітапхана каталогтарын пайдалдануға мәжбүр болды. Өткенді шолатын хабарлар ол кезде жеке адамдардың немесе библиографтың жеке бастамасымен жасалатын.
Ғылым мен мәдениеттің ары қарай дамуы үшін, кітап басу ісінің алға басуы және кітап сату ісінің қажеттілігі, жаңа әдебиеттің жылдам әрі тиімді жүйелі есебін жүргізуді, олар туралы уақтылы ақпараттар беріп отыруды іске асыру қажет. Мұндай есепті көбінесе жаңа шыққан басылымдарға жарнама жасау үшін кітап тасушы ұйымдар жасайтын.
Бірқатар жағдайларда баспа шығармаларының тіркеуі мұның жалпы мәдени маңызын жақсы түсінетіндердің, қоғам қайраткерлерінің, ағартушылардың күш салуымен жасалатын. Жекелеген елдерде мұндай тіркеу үкімет көмегімен жүргізілетін.
Ағымдағы ұлттық библиография ХІХ ғасырдан бастау алады. Алғашқы ұйымы 1811 ж Францияда пайда болды. 1825 ж неміс кітаптары туралы, 1829 ж – швед, 1833 ж-голланд кітаптары туралы ағымдағы ақпараттар пайда бола бастады. 1835 ж Италияда, 1837ж-Россия мен Англияда, 1843ж-Данияда әдебиеттерді тізімге алу басталды. 1871 ж Швейцарияда, 1872 ж-Ақш-та, 1875 ж Бельгияда, 1872 ж Польшада, 1897 ж Болгарияда ағымдағы ұлттық библиография қалыптасты. ХХ ғ. ағымдағы ұлттық библиография кең түрде дамыды, алдыңғы қатарлы маңызға ие болды.
«Ұлттық библиография» деген ұғым XVIII ғ. алғында пайда болды. Оны француз библиографтары Г.Ф.Дебюр мен Ж.Ш.Брюне латын және грек авторларының шығармаларының тізімінде, библиографиялық сөздіктердің, көрсеткіштердің мәнін түсіндіруінде қолданды. «Ұлттық библиография» ұғымы ХІХ ғасырда болған халықаралық библиографиялық конгресстерде кеңінен сөз болатын, әйтсе де белгілі бір түсінік берілген жоқ. Алғашқылардың бірі болып бұны Француз тарихшысы әрі библиографы Ш.В. Ланглуа жасамақ болды.
ХХ ғ. алғашқы жартысына дейін «ұлттық библиография» термині мен ұғымы жайлы жұмыс алға жылжыған жоқ. Ағылшын библиографтары Р. Педди мен Э. Коултердің бұлыңғыр болжамдарын есептемегенде, шетел авторлары негізінен Ланглуаның пайымдауларын қайталады деуге болады.
Көптеген елдерде, тіпті көп елде ұлттық библиографияның пайда болуы ағымдағы немесе ретроспективті библиография секілді өзінен аймақтық принциппен құрылып, өз мемлекетінің әдеби өнімдерін көрсете білді. Россия да, Америка құрама штаттарында да және көптеген елдерде де осылай болды.
Жалпы алғанда «Ұлттық библиография» термині туралы айтқанда әдебиеттерді есепке алудың әртүрлі қалыптасқан мына формаларын келтіруге болады:
1. Аймақтық принцип бойынша есеп (бір мемлекет көлемінде әртүрлі тілде жарық көрген шығармалар).
2. Тілдік принцип бойынша есеп (басылым орнына қарамастан, белгілі бір тілде жарық көрген).
3. Авторымен, маңызымен, тілімен. Осы мемлекетпен байланысты барлық материалдардың есебі.
«Ұлттық библиография» ұғымына (НБ) ағымдағы Ұлттық библиография (ТНБ) және өткенді шолушы ұлттық библиография (РНБ) кіреді.
Өткенді шолушы ұлттық библиография ұзақ жылдардағы ұлттық баспа жұмыстарын көрсете отырып, ұлттық рухани және материалдық мұрагерліктің құжаттық нұсқасын жасап шығарады. Ретроспективті ұлттық библиография (РНБ) ағымдағы ұлттық библиографияға (ТНБ) қарағанда бұрынырақ қалыптасты. Оның қолайлы түрін (РНБ) табу мақсатымен 1957 ж Варшавада конференция шақырылды. Оған Болгария, Венгрия, ГДР, Польша, Румыния, Чехославакия және Югославиядан өкілдер қатысты.
Ретроспективті ұлттық библиографияның бір тұрпатты үлгісін құру мүмкін болмады, себебі әр мемлекеттің тағдыры әртүрлі еді. Делагация ой бөлісіп, өзара пікір алмасқанмен әрқайсысы өз пікірлерінде қалған еді. РҰБ қандай болу керек дегенді анықтай алмады.
Ағымдағы ұлттық библиографияның атқараатын қызметтерін былай көрсетуге болады: жеткілікті түрде жылдам, толық және баспа шығармалары туралы толық ақпарат беретін, ғылым, мәдениет, өнеркәсіп пен қоғамдық өмірдегі жетістіктер көрініс тапқан құжатты форма (түр).
АҰБ (ТНБ) ұлттық баспа өкілдерінің статистикасы үшін жалғыз сенімді ақпарат көзі, әрі еліміздегі библиографияның басқа да түрлерінің пайда болуы үшін қажет базаны қалыптастырады.
1897 жылы халықаралық библиографиялық конгресте ұлттық библиографиялық институттар құрудың қажеттілігі айтылды. 1900 ж ұлттық библиографияны дайындау үшін, міндетті дананы орынды пайдалану керектігі де көрсетілді. Бірақ сол кезде бұл идея іске аспады, тіпті ұмыт қалды десе де болады.
1948 ж. Біріккен библиографиялық топ (Юнеско) және конгресс кітапханалары әр елдегі библиографиялық жұмыстың жағдайын анықтауға кірісті. Зерттеудің алғашқы кезеңі 1949 ж аяқталды. Талқылау барысында бұл процестің дәл әрі толық емес екендігі анықталды. Сондықтан да ЮНЕСКО сол жылы АҰБ (ТНБ) жағдайын жақсарту үшін қандай шаралар қолдану керек деген сұрақпен библиографиялық басылымдары бар елдерге анкета жіберді. Англия, Дания, Египет, Индия, ФРГ, Швеция, Югославия және басқа мемлекеттердің жауаптары 1950 жылы кітапханалық журналдардың беттерінде, соңынан тіпті жеке баспа болып жарияланды. 1950 ж ЮНЕСКО библиографиялық қызметті жақсарту үшін конференция өткізді. Мұнда АҰБ (ТНБ) басылымдарының, әрбір мемлекет жасауға ұмтылуы тиіс тамаша нұсқасы ұсынылды.
1. «Елде шыққан барлық брошюралар мен кітаптардың, үкіметтік басылымдардың, сатуға түскен кітаптардың тіліне қарамастан мүмкіндігінше жарияланған диссертациялардың жалпы ұлттық көрсеткіші.
2. Сатылымға түспеген кітаптар мен брошюралардың (кітапшалардың) көрсеткіштері.
3. Газеттердегі, журналдардағы ең маңызды мақалалар.
4. Карталар мен атластардың көрсеткіштері.
5. Ноталар көрсеткіштері.
6. Аудиовизуалды материалдар тізімі.
7. Жарияланбаған зерттеу жұмыстарының көрсеткіші.
8. Үкімет басылымдарының көрсеткіші.
9. Газеттер мен журналдар бойынша анықтама.
10. Баспагерлер мен кітап сатушылар туралы анықтама.
11. Ғылыми қоғамдар, институттар, кітапханалар және басқа да ұйымдар жөнінде анықтама».
Тек аймақтық (территориялық) принцип бойынша құрылған АҰБ (ТНБ) ғана елдегі ұлттық баспа мен библиография түрлерінің дамуы туралы ресми сынақ үшін сенімді материал бола алады.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында ағымдағы ұлттық библиографияның объектісі кітап болды. Біртіндеп жекелеген елдерде кезеңдік басылымдар және баспа өнімдерінің басқа да түрлері, сол сияқты мезгілді басылымдардағы мақалалар да қосыла бастады.
АҰБ (ТНБ) концепцияларының дамуында кітапханалар ассоциациясы халықаралық федерациясының 39сессиясы маңызды роль атқарды. Ол 1973 ж Гренобольде болып өтті.
1974 ж Лейпцигте, 1975 ж Варшавада өткен библиографтар жиылысының барлығында да ағымдағы ұлттық библиография мәселелері қаралды.
Ұлттық библиография саласындағы зерттеулер мен тәжірибелік жұмыстар ағымдағы ұлттық библиографияның қазіргі замаңғы моделін айқындап берді.
АҰБ-ның объекті болып баспа өнімдерінің барлық түрлері ғана емес, аудиовизуальды материалдар да – фильмдер, таспалар, микроформалар да саналуы тиіс.
Құжат есебі ұйымдардың көп аспектілі көмегінің арқасында жүргізілді. Оларға: кітаптар мен кітапшалардың, мерзімді басылымдардың, нота, карта, ресми басылымдардың, диссертациялардың, стандарттардың, патенттердің, грампластинкалардың, газеттер мен журналдардағы мақалалардың, рецензиялардың, библиографиялық материалдардың көрсеткіштері жатады.
Ағымдағы ұлттық библиографияның барлық органы үйлесімді, ғылыми өңделген методикамен дайындалады.
16. Мектепке дейінгі балалардың сипаттамасы және оларды оқырман ретінде тәрбиелеу
1. Мектепке дейінгі балалардың сипаттамасы
2. Мектепке дейінгі балаларды оқырман ретінде тәрбиелеу
Оқу – баланың жеке ерекшеліктерінің, қызығушылықтарының дамуымен байланысты процесс. Кішкене оқырмандарда әр түрлі оқу біліктіліктері болады. Сондықтан кітапханашылар тек мектеп бағдарламаларын ғана ескеріп қоймай, әрбір оқырманның және ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескеру қажет. Абонементте немесе оқу залында кітап беру кезінде кітапханашы баланың кітапты қабылдауы мен оқу ерекшелігін білуге талпынады.
Кітапханашының бала оқуына әсер ету мүмкіндігі тек оқырманның оны үлкен жолдас, қараулы кеңесші ретінде қараса ғана жүзеге асырылады.
Балалардың көз алдында тек кітапты жақсы білетін, ол туралы қызықты қылып айтып бере алатын кітапханашы болуы мүмкін.
Оқырман мен кітапты білу – оқуды басқарудың табысты болуына қажетті шарт болып табылады. Кітапханашының тәрбиелік жұмысының табысы көбіне оның болашақ оқырманмен бірінші кездесуіне байланысты. Кішкентай оқырман үшін кітапханаға келу және жазылу маңызды болады. Ол тек кітапханашы мен оның ережелерімен танысып қоймай, жеке оқырман болады. Жазылу кезінде оған жеке көңіл бөлінеді, ол өзіне ұнаған кітапты сұрауы мүмкін және кітапхананың ережелерін ескеріп алған кітаптары үшін өзі жауап береді. Мұның бәрі оның өзін оқырман ретінде сезінуіне мүмкіндік береді.
Кітапханаға алғаш келу – бұл көп жылдық кітапханамен байланыстың басталуы, оқырмандық жолдың басталуы. Кітапханаға баланың бірінші келуінде онда өте жақсы әсер қалуы керек.
Баламен бірінші әңгімелесу кезінде кітапханашы оған жақсы безендірілген кітаптарды көрсетеді, кітапханашы оған жақсы безендірілген кітаптарды көрсетеді, оның мазмұнын айтады, баланың кітапханаға келіп кітап алуға, оқуға деген қызығушылығын арттырады. Кітапханаға жазылу кезіндегі әңгімелесу барысында оқырманның сұранысын анықтауға болады, ол кітаптарды қайдан алады, оның ішінде кітаптар бар ма, т.б. Алдын-ала алынған бұл мәліметтер оқырман формулярына жазылады және кітапханашыға бала өміріндегі кітап пен оқудың қандай орын алатынын түсінуге көмектеседі.
Мектепке дейінгі балаларды кітапханашымен жақындата түсетін тағы бір жағдай, баланың қызығуы мен оқыған кітаптары жайлы әңгімелесу. Сүйікті әдебиеттер және кейіпкерлер жайлы әңгіме кітапханашыға баланың ішкі дүниесін көрсетеді, қарым-қатынасқа орнатуға көмектеседі. Ол келесі сәтті жұмыс істеуге қажет. Мұндай әңгіменің нәтижесі формулярда өз көрінісін табады.
Мектепке дейінгі балаларды кітапханаға жазуда, олардың оқу дәрежесін міндетті түрде тексеру қажет. Бұл 1-ші кезекте баланың нені оқу керектігін анықтайды. Сонымен, кітапханашы жас оқырман қалай және қандай кітаптарды оқуы туралы есеп жүргізеді. Оқуға жеке басшылық жасау үшін анық мәлімет болуға тиіс, яғни бала не оқыды, оның оқуы қалай өзгерді. Формулярдағы жазбалар – баланың оқуының қалай өзгергенін, не оқығанын, табыстар мен кемшіліктерді көрсетеді. Формулярдағы жазбаларды жүйелі түрде анализ жасау қажет. Осындай анализ кітапханашыға баланың оқуын ғана емес, сонымен бірге оқуға басшылық жасаудағы, алдын-ала оқыған кітаптарға назар аудартуды және қайталап оқуды жан-жақты дамуды жоғарылататын құрал ретінде пайдалануға болады.
Кітапханашы оқуға жеке басшылық жасағанда кітаппен алмасу процесі жүреді. Кітаппен алмасу кезіндегі оқырманмен әңгіме жүргізу кітапханашыға оқырманның оқылған кітапқа деген қатынасын, кітапты дұрыс таңдауға мүмкіндік береді.
Оқырманмен кездесуге дайындалғанда кітапханашы дұрыс әдебиетті таңдауы қажет. Ол оқырмандар сұранысын басшылыққа алады. Балалардың сұрайтын әдебиеттері: біреулері ертегі, басқалары мектеп оқушылары арасындағы достық, үшіншілері – Ұлы Отан соғыс жылдары әдебиеттерді сұрайды. Сонымен бірге жануарлар, машиналар жайлы әдебиеттерді сұрайтындар да бар. Мектептің балалар оқуына әсері күшті. Мектеп бағдарламасында өтілетін бағдарламалар негізінде сәйкес әдебиеттерді сұрайды.
Пайдаланған әдебиет тізімі:
- Манифест ЮНЕСКО о публичных библиотеках. // Билиотека.-1995. № 6.-с.6
- Андерсон Д. Универсальный библиографический учет: история, современное состояние, перспективы развития // Билиотековедения и библиография за рубежом.-1984. –Вып. 97.с.38-
- Основные программы ИФЛА// Билиотека.-1995.-№ 9-Вкл.-с.4-7.
- Лиховид Т.Ф. Текущая национальная библиография: прошлые достижения или будущие проблемы. /Теоретико-методологические проблемы истории библиографии.-М., 1994.-с.140-157
- Гениева Е. Правовые аспекты деятельности отечественных билиотек и международная практика. // Билиотека.-1996. № 9.-с.23-26
- Данченко Т. Н. Вопросы автоматизации библиотечно-билиографических процессов на страницах профессиональной печати капиталистических стран. // Билиотековедения и библиография за рубежом.-1981. –Вып. 83.с.83-94
- Бахман М.П. Автоматизация и международное сотрудничество в области национальной библиографий. // Билиотековедения и библиография за рубежом.-1981. –Вып. 82.с.14-19
- Гвишиани Л.А., Багрова И.Ю., Фартунин Ю.И. Международный конгресс по национальной библиографии. Сов. Библиогр.-М., 1978.-с.96-107
- Основные программы ИФЛА// Билиотека.-1995.-№ 9-Вкл.-с.4-7.
- Лиховид Т.Ф. Текущая национальная библиография: прошлые достижения или будущие проблемы. /Теоретико-методологические проблемы истории библиографии.-М., 1994.-с.140-157
- Веревкина А.Н., Симонова Е.Г. Всемирные информационно-библиографические системы: Лекция.- М.,1986.-35с.
- Библиотеки и библиотечное дело в США.- М.,1992.-392с.
- Гульчинский В.И. Современные библиографические службы мира. //Библиотековедение и билиография за рубежом.-1981.-Вып.82.-с.77-84.
- Гудовщикова И.В., Лютова К.В. Общая иностранная библиография: Учебник.-М., 1978.-824 с.
- Кричевский Г.Г. Общие библиографии зарубежных стран.-М.,1962.-137с.
- Симон К.Р. История иностранной библиографии.- М.,1963.-435с.
Жарияланған-2015-10-03 12:00:03 Қаралды-11175
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Қазақстан тарихы
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Тіл ғылымы, Филология
- Философия
- Физика, Химия
- Кітапханалық іс
- Спорт
- Автоматтандыру
- Аудит
- Ауыл шаруашылығы
- Биотехнология
- Бухгалтерлік есеп
- Журналистика
- Кедендік іс
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару, Метрология және стандарттау
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Туризм
- Халықаралық қатынастар
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- Жаратылыстану
- Медицина