Тақырыбы. Дене тәрбие
1. Іс-тәжірибе мақсаты мен міндеті
1.1. Пәннің міндеттерін жүйелей оқыту. Іс-тәжірибенің негізгі ұғымдарын ашу.
Дене тәрбиесі жүйесі-өзара қарым-қатынастағы жеке дене тәрбиесі жүйесі және әртүрлі қоғамдық топ өкілдерінің ерекшеліктеріне қарай сипатталады (балалар дене тәрбиесі жүйесі, мектеп оқушылары дене тәрбиесі жүйесі т.б.) Балалар дене тәрбиесі жүйесі-әртүрлі жастағы топтардың денсаулығына жан-жақты бағытта қызмет жасайтын қоғамдық ұйым. Дене тәрбиесінің әр жуйесі дене тәрбиесіне тиянақты-тарихи түрін бейнелейтіндіктен қойылған мақсаттқа жету үшін осы немесе басқа ұйымдардан құралады. Жүйе айқын салалар құрылымымен олардың қызметі басқа да жүйелерінің қарым-қатынас ерекшеліктерімен айқындалады. Жүйенің ең басты қызметі — адамдардың дене мәдениетін жоғары сатыға көтеру үшін барлық осыған тікелей қатысты құрылады. Дене тәрбиесі жүйесінің басты талаптары: 1.дене тәрбиесі негізі мен әдісі сауықтыру жағдайында тек заңды негізге сүйену керек. 2.дене жүктемелері оқушылардың мүмкіншіліктеріне байланысты берілуі керек. З.дәрігерлік педагогикалық бақылау мұғалімнің кез-келген оқу-тәрбие жұмысында болуы міндетті. 4.Санитарлық-гигиеналық қалыпты, күнді, ауа мен суды пайдалану-барлығы әрбір дене жаттығулары кезінде қолданылуы кажет.
Дене тәрбиесі,спорт ілімі мен әдістемесі жеке пән бола отырып жекелей ұғымдары бар. Олар бір-бірімен өте тығыз байланыста, мақсаттары оқу жүйесін жүйелеу, ағзаны шынықтыру, қоғамға дене сапалары жан-жақты тұлға дайындау.
Дене тәрбиесі - жеке тұлғаны жан-жақты және үйлесімді дамытуға, оның денсаулығын нығайтуға, еңбек ету мен әскери қызметті атқаруға даярлауға бағытталған қоғам мен жалпы мәдениетінің бір бөлігі.
Қызметі дене дамуын оңтайландыру, білімдік, ақыл-ой және қызметтің өзге де түрлерімен өзара бірге әрекет ету, таңдап алған мамандықты меңгеруге себепкер болу, тәрбиелік, жалпы мәдени, эстетикалық, адамгершілікті, әлеуметтік-экономикалық салауатты өмір салтын қалыптастыратын дене дайындығы.
Дене шынықтыру- дене жаттығуларын, табиғаттың сыртқы күштнерін (күн, ауа, су) пайдалана отырып ағзаны шынықтыру. Яғни мәдениеттің ажырамас бөлігі адамның дене бітімін дамыту, оның денсаулығын нығайту, рухани және материалдық құндылықтар жиынтығы болып табылатын әлеуметтік кызмет саласы.
Қызметі қозғалыс қажеттілігін канағаттандыру, фукнкционалды рахаттану, бос уақытты оңтайды пайдалану. қызметі төмендеген дене мүшелерін қалыпқа келтіру, жолы, яғни дене дамуына әсер етуші факторлар; тұқым қуалаушылық, өсксн орта, спорт түрі.
Дене дамуы - ағзаның табиғи морфофункционалдық ерекшеліктерін өзгерту жолы, яғни дене дамуына әсер етуші факторлар; тұқым қуалаушылық, өскен орта, спорт түрі.
Қызметі жеке тұлғаның даму ерекшелігі, айырмашылығы және әсер етуші факторлардың нәтижесінде дене мүшелерінің өзеріске ұшырау қалпы.
Дене тәрбиесінің мәдениеті-жалпы қоғам мәдениетінің бір бөлігі. Қоғамдағы адамдардың дене сапасының жан-жақты дайындығы мен өмірде әртүрлі жағдайда еңбек ету бағытында жасалатын күрделі жұмыстың бір түрі.
Қызметі білім беруді, ғылым мен әдебиетті, техникалық құрал тәсілдерін, әдістерін пайдаланып дене дайындығына жан-жақты жағдай жасау.
Спорт дегеніміз – түрлі жақтан арнайы мамандандырылған және алдағы істерде жарысу арқылы өз мүмкіндіктерін жоғары дәрежеде көрсете білуге жан дүниесін дайындауды дене тәрбиесі ойындарында пайдалануға құрылатын материалдық, әрі рухани байлық.
Яғни спорт дегеніміз - әрбір жеке тұлғаның тандаған спорт түрінен жоғарғы нәтижеге жеткізу саласы. Яғни жарыс әрекетінің, спортшыларды жарыстарға қатысуға даярлаудың ерекше нысаны болып табылатын дене шынықтырудың бір түрі.
Қызмет - спорттық әрекет. жарыстырушылык. интернационалдық. жүйкені реттсйтін. комуникативтік. ақпараттық, жалпы мәдениеттік. денені жетілдіру, эвристикалық бейбітшілік кызметі. ойын-сауықтық іс-әрекет..
Бұқаралық спорт- тұрмыс пен еңбек қызметіне керек дене қасиеттері мен қозғалыс дағдыларын дамытып. жетілдіруге және бір қалыпта ұстауға көмектесетін, тұрғындардың әртүрлі әлеуметтік демографиялық тобының мұқтаждығын қанағаттаңдыратын спорт түрі болып табылады.
Жоғарғы жетістіктер спорты-жеке тұлғаның спорттағы мақсаты жоғарғы спорттық нәтижелерге қол жеткізуді рекорттар жасауды қамтамасыз ететін спорт саласы. Жоғарғы жетістікке жету жолы спартакияда, универсиада, чепионат және олимпиадалық ойындар.
Әуесқойлық спорт- азаматтардың дене тәрбиесінің жалпы жүйесіндегі өзінің спорт шеберлігін жетілдіруге және спорттың әр түрінде жоғарғы нәтижелерге жетуге мүмкіндік беретін сан қилы спорт қозғалысы.
Кәсіпқойлық спорт-спорттық ойын-сауық шараларын ұйымдастыру және оларға қатысу арқылы пайда табу болып саналатын спорттық кәсіпкерлік қызметтің бір түрі.
1.2. Пәннің объектілері мен оның оқу және ғылыми пән ретіндегі құрылымы.
Дене тәрбиесінің барлық сабақтар бағытына қарай мынадай міндеттерді жүзеге асыруы тиіс. Олар: тәрбие, білім, сауықтыру.
а) Білім беру міндетінің мақсаты - оқушылардың білімін шыңдай түсу. Жаттығуларды ептілікпен және дағдымен орындату. Оларды өмірде қолдана алуға үйрету.
б) Сауықтыру міндеттерінің мақсаты - дене тәрбиесі жаттығуларының сабақ кезінде ағзаға сауықтыру әсерін тигізуіне тиімді жағдай жасау.
в) Тәрбиелеу міндеттерінің мақсаты – сабақ жүргізу жүйесінде оқушының адамгершілік қасиеттерін арттыру.
Дене тәрбиесі сабағында төмендегідей міндеттер жүзеге асырылуы керек.
Қойылған міндеттерді орындау жолдарын таңдау. Әдістемелік ұйымдастыру шараларын белгілеу. Мұнда мұғалім оқушылардың әрекеттерін тиімді ұйымдастыру түрлері мен әдістерін таңдайды. Олардың тұратын, отыратын орындарын қозғалыс жолдарын анықтайды Снарядтарды жинау жолдарын көрсетеді. Қимыл-қозғалыс дайындығын мұғалім мектеп бағдарламасында кездесетін барлық жаттығуларды көрсете алуы керек. Сондықтан да мұғалім сабақта үйренетін жаттығуды қайталап өз мүмкіншілігін әрдайым тексеріп отыруы қажет. Теориялық жәнс сөйлеу дайындығы мұғалім өтілетін сабақты жақсы білумен қатар-шешен сөйлей алуы да керек. (әңгімені дұрыс жүргізу, баяндау команда беру, таңдау жасау т.б.) Сабақты материалдық жағынан қамтамасыз ету. (керек құрал жабдықтарды дайындау және спорттық снарядтарды табу т.б.).
Дене тәрбиесі мен еңбек байланысының мақсаты.
Жеткіншектерді енбекке тәбиелеу дене тәрбиесі мақсаттарының бірі болып табылады. Дене тәрбиесі еңбекке ерікті түрде тәрбиелеудің негізін қалайды. Денені шынықтыру тұрақты дағды тәртібін, ерік-жігерді, қалыптасқан мінез-құлықты талап етеді. Еріншектікке жол бермейді. Өйткені, күнде таңертеңгі гимнастикалық, спорттық жаттығулармен айналысатын оқушының еңбекке деген ынтасы оянады. Еңбекке деген адамгершілік көзқарастарын қалыптастыруда дене тәрбиесі пәнінің мүмкіндіктері ете көп. Мысалы, «Өзің үшін, өз мақсатың үшін еңбек еткенің жаксы. Ал өзгелер үшін еңбск етуге калай қарайсың?» деген сұрақты қоя отырып, жаттығу жұмыстарын жүргізудің тәрбиелік маңызына назар аудару
Дене тәрбиесіндегі эстетикалық білімнің мақсаты.
Дене тәрбиесі сабағындағы эстетикалық тәрбиенің маңызы өте зор. Адамның жан дүниесі қандай сұлу, таза болса, дене мүшесі де сондай сымбатты болуы керек. Бұл ретте окушыларға берілген тапсырманы мәнерлеп түсіндіру, әдеп сақтауға үйрету, музыкалық сүйемелдеу кезінде әуенге сай үйлесімді қимылдауға дағдыландыру игі нәтижеге жеткізеді. Мысалы, әдетте жаттығу барысында «жаксы», «дұрыс емес» деген сөздер жиі айтылады. Ал «Жарайсың, міне қандай әдемі!» деген жылы лебізді сирек естисің. Окушылардың қозғалыс қимылдарын орындау техникасына назар сала отырып, оның ынта-ықыласын сол жаттығулардың таза әрі үйлесімді, сұлу орындалуына аудара білген жөн. Жан сұлулығы мен тән сұлулығын кимыл-жаттығу кезіндегі іс-қимылдың әсемдігіне ұштастыруды басты мақсат етіп алу қажет. Ұстамдылық, қандай жағдайда да өз еркін билей алу, өзгелердің жүйкесіне кері әсер етпеу, кашанда көмекке дайын тұру, бәсекелесіне құрметпен карау, төзімділік сияқты ізгі касиеттер эстетикалық тәрбиелеудің нәтижесінде жүзеге асатын адамгершілік сипаттар болып табылады.
1.3. Іс-тәжірибе теориясындағы ғылыми зерттеу әдістері мен әдіснамалық негіздері.
Спорт ілімі мен дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесі қатар жургізіліп. сабақ құрылымы әртүрлі болғанымен қолданылатын жаттығу, ойын, жарыс түрлері бірдей болып келеді. Дене тәрбиесі пәнінде сабақ құрылымы 45 минуттан тұрса, спорт сабақтарында 90 минуттан тұрады. Құрылымы жағынан ұксас пәндер мектепке дейінгі дене тәрбиесі, мектеп дене тәрбиесі, орта жонс жоғарғы оқу орын дене тәрбиесі пәндерімен тығыз байланысты. Білім мен тәрбие беру мақсатында спорт медицина, спорт физиологиясы, спорт психологиясы, спорт педагогикасымен тығыз байланысты.
Дене дайындығы түрлері. Қоғамдағы адамзаттың тұлғасын шынықтыруда дене дайындығы 3-ке бөлінеді. Олар: 1.Жалпы дене дайындығы-негізгі бағыты денсаулықты күшейтіп мүмкіндігінше дағдылы қозғалыстарға ие болып, алдағы уақытта арнайы дайындыққа негіз болатын керекті қозғалыс сапаларын дамьпу. Қызметі дене жаттығулары, табиғаттың сыртқы күштері, гигиеналық факторларды пайдалана отырып, мектептегі және бұқаралық дене тәрбиесінің жұмысын үлкен табыстарға жеткізу.
2. Кәсіби-қолданбалы дене дайындығы-бұл адамды белгілі бір еңбек қызметі мен әскери қызметке дайындауға бағытталған дене тәрбиесінің әдістері мен құралдарының жиынтығы. Қызметі кәсіби-дене, әсксеи-қолданбалы, кәсіби еңбектің өнімділігін арттыру, экономикалық, білімдік-колданбалы дене жаттығуларымен айналысу жұмысын ұйымдастыру.
З. Спорттық дайындық - адамның өзі таңдап алған спорттың бір түрінен жоғарғы көрсеткіштеріне жетуіне бағытталады. Денедегі іш-құрылыс жұмысының қабілетін жоғарлату адамдардың спорттық дайыңдығын арттыру. Қьзметі мамандандырылған еңбекті арттыру жаттығу түрлерін игеру өте жоғарғы дәрежелі нәтижеге жету, спорттық дайындығын арттарып дағдыландыру.
2. Жүрек соғысын есептеу әдістемесі
2.1. Сабақ құрылымында жүрек соғысын есептеу.
Жаттығулардың орындалуын бағалау және сабақтың жалпы тығыздығы туралы ой-пікір.
Жаттығуларды орындау кезінде қан қысымыиың өзгеруіне қарай оқушылардың бұлшық етеріне түскен күш анықталып, бағаланады.
Сабақтың дұрыс ұйымдастырылу қарқыны және жүктеменің дұрыс бөлінуін анықтау үшін бір немесе екі оқушының қан қысымын өлшеу керек.
Қан қысымы сабақтың алдында, /10 сек. Соғуы"Х" Імин. Нәтижесі / дайныдық бөлімінен, жалпы дамыту жаттығуларынан, негізігі қозғалыстардан, қозғалмалы ойындардан кейін және сабақтың соңында көрсеткіштері жазылынып алынады.
Жүктеменің динамикалық көлемін анықтайтын қан тамыр соғуының графикалық кескіні-физиологиялық қисық деп аталады.
Даладағы 2-3 мин, жүгірістен кеин жүректің соғу қысымы 140-150 ретке дейін көтеріледі, бұл көрсеткіш бастапқы 90-100 рет соғудың 40-60 ретке тең.
Сабақтың негізгі бөлімінде, орташа жылдамдықтағы жүгірісте және қозғалмалы ойындар кезінде жүректің соғуы 140-180 ретке дейін көтерілсе, жүректің соғуы жалпы дамыту жаттығулар мен негізгі қозғалыстар кезінде 135-150 рет шамасында болады.
Сабақтың қорытынды бөлімінде жүректің соғуы 130-120 ретке дейін түседі.
Сөйтіп жалпы дамыту жаттығуларын орындаған кезде жүрек соғуы 35-45 % болса, негізгі жаттығуларды орындағанда 50-60% дейін көтеріледі, ал сабақтың қорытынды бөлімінде 20-30 % дейін төмендейді.
Сөйтіп сабақта жүректің соғуы орта есеппен 140-160 рет шамасында болуы керек.
Жүрек соғуы оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты 5 мин, уақытта бастапқы қалыпқа келеді.
Дене тәрбиесі мұғаліміне қажетті құжаттар:
-бұйрықтар журналы;
І-ХІ сынып оқушыларының дене тәрбиесі сабағының бағдарламасы;
-арнайы дәрігерлік топтағы оқушылардың бағдарламасы;
-мектеп оқушылары дене тәрбиесінің ережесі;
-әдістемелік оқу құралдары;
-дене тәрбиесі пәніне қажетті күнделікті шығатын баспа материалдары;
-оқыту жоспары мен жылдық сабақ кестесі;
-спорт үйірме жұмыстарының журналы;
-уақытша дене тәрбиесі сабағынан босатылған және денсаулығына байланысты арнайы дәрігерлік топтағы оқушылардың тізімі;
-БЖСМ -де спортпен шұғылданатын оқушылардың тізімі;
-қауіпсіздікті сақтау туралы;
-оқушыларды қауіпсіздікті сақтау ережесін өткендігі туралы қол қойған журналы;
-мектеп спартакиадасының ережесі;
-спорт шараларын ұйымдастыратын белсенді оқушылардың тізімі;
-3 жылға статистикалық есеп баяндамасы;
-денсаулық күнін өткізудің жоспары .
Ж.С.=10/15*100%=66,66
Ж.С. =11/15*100%=73,33
Ж.С. =13/15*100%=86,66
Ж.С.=15/15*100%=100
Ж.С.=20/15*100%=133,33
Ж.С.=19/15*100%=126,66
Ж.С.=16/15*100%=106,66
Ж.С.=19/15*100%126,66
Ж.С=22/15*100%=146,66
Ж.С. =25/15*100%=166,66
Ж.С.=20/15*100%=133,33
Ж.С.=18/15*100%=120
Ж.С.=16/15*100%=106,66
Ж.С. =15/15*100%=100
Ж.С.=11/15*100%=73,33
Орта жүрек соғысы:
250/15=(16м) 16х6= 96
Орта ж.с. =96(1м)
Сабақ құрылымында оқушының жүктеме алуын есепке алу методикасы жүрек соғысын есептеу. Оқушылардың жалпы және арнайы дайындықтарының байланысы. Жаттығу үрдісінің үзілмей жалғасып отыруы. Жаттығу жүктемесінің біртіндеп өсуі мен оның ең жоғары шеңберін анықтаудың байланысы. Жүктеме динамикасының бір келкі емес толық болуы. Жаттығу үрдісіндегі циклдық және толқын тәріздік қағидалары. Спорттық қалыпқа тұрудағы негізгі әдістемелердің негіздері. Хаттама түзу, есепке алу, қорытынды шығару әдістерін оқыту.
2.2. Оқушылардың жалпы және арнайы дайындықтарының байланысы.
Оқушылардың дайындық деңгейін аныңтау.
Тест ағылшын тілінде "Анықтау, бақылау, зерттеу"- деген мағана береді.
Оқушылардың даму деңгейін анықтау үшін және дене тәрбиесі сабағының тиімділігін арттыру мақсатында олардың "даму деңгейін анықтау"/тест/ жұмыстары жүргізіледі. Оқушылардың шынығуы деңгейін анықтау үшін жылына 2 рет 30-30 м жүгіру, орында тұрып ұзындыққа және биіктікке секіру, кермеде тартылу /ұлдар/, доп лақтыру, арқанға өрмелеу, шалқадан жатып денені көтеру /қыздар/, т.б. бақылау мөлшерінің нәтижесін қабылдау жұмысы жүргізіліп, арнайы дәптерге жазылады. Бұл нәтижелер жыл сайын ісінің қаншалықты өскені немесе кемігені анықталып, ата-аналар жиналысында және мұғалімдер кеңесінде талқыланады.
Мектепте әскерге дейінгі жасөспірімдерге дене шынығу дайындығына, көп көңіл аударылады. Бұл жұмыстың ойдағыдай жүргізілуіне барлық мектеп қызметкерлері, ата-аналар және әскери комиссиариаттар бірлесіп қадағалайды.
Оқушылардың дене шынығу дайындығын жақсарту мақсатында ІХ-ХІ сынып оқушыларының дене тәрбиесі бағдарламасынан сынақ қабылдау жұмысы енгізіледі.
Үйрету мен машықтандыруға мұғалім дене тәрбиесінде қолданылатьш мынадай жалпы дидактикалық қағидаларды басшылыққа алады: үйретудегі саналылық, белсенділік, көрнекілік, реттілік жөне жүйелілік, тиянақты меңгеру және үйретуге жеке тұрғыдан келу (жеке жұмыс жүргізу). Дене жаттығуларына үйретуде саналылық окушының үйрету мен машықтану процесін түсінуінен, үйрету мен машықтанудың барлық кезеңдерінің маңызы мен мәнін тани білуінен көрінеді. Біз байқағанымыздай, әрбір жаттығу бас ми қабатының қатысуымен өтеді. Оқушылар санасына осы не басқа әдістің техникасының маңызды екенін оқушылардың санасына жеткізу қажет.
Үйрету мен машықтану процесіне оқушының саналы түрде қызығушылығын ояту арқылы қол жеткізуге болады, Белсенділік оқушы тарапынан білімді, біліктілікті және дағдыларды меңгеруге ұмтылысынан байқалады. Үйретудің көрнекілігі мұғалімнің жаттығуды үлгі түрінде көрсетуі, жаттығу техникасын немесе тактикалық әдісті бақылай және қорытындылай білуі негізінде жүзеге асырылады. Үйретудегі реттілік пен жүйелілік таныс жаттығулардан таныс емеске, қарапайым жаттығулардан күрделі жаттығуларға біртіндеп ауысудан тұрады. Осы ауысулар барлық уақытта оқушылар орындауға болатындай жаттығу-ларға көбірек күш салуды талап етеді. Жүйелілік бағдарламалардан, сабақтар мақсатының мазмұнынан, күрделірек,: бірақ оқушылардан талап етуге болатындай спорттық жұмыстардың жүйесін көрсететін сабақтарды, машықтану мен жарыстарды дәл ұйымдастырудан көрінеді. Меңгерудің тиянақтылығына (орнықтылығына) жаттығуды меңгерудегі оқушының саналы түрдегі жұмысымен, жаттығуды қайталау санымен, белсенділігімен, тексеруді пайдалана білуімен, жетістіктерді бағалай білуімен және жарыс әдістерімен қол жеткізуге болады.
Үйрету мен машықтануға жеке тұрғыдан келу әрбір оқушының жеке ерекшелігін, жас және жыныс ерекшелігін, денсаулық жағдайын, дене даярлығын, оқушы мінез-құлқының ерекшелігін есепке алудан тұрады. Осы тұрғыдан келу үйрету тиімділігін арттырады. Оқыту мен машықтануды жоспарлау.
Мектеп ұжымындағы секциялардың оқу-спорт жұмыстарының бағдарламалары жыл бойы жұмыс жүргізуді қарастырады. Онда машықтанудың дайындық, негізгі және өтпелі кезеңдері де қарастырылған.
Дайындық кезеңінің міндеттері: оқушының жан-жақты дене дайындығы бойынша жұмыс, таңдап алған спорт түрі бойынша техниканы үйрену. Президент сынамаларының нормативтерін тапсыру, біртіндеп өсетін карқындылық пен жүктеме арқылы оқушыны сабаққа тарту, өмір мен спортқа қажетті ерікті, табандылықты, тәртіпті, ұжымшылдық пен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.
Негізгі кезеңнің міндеттері: машықтанушылардың жан-жақты дене дайындығы мен моральдық ерік қасиеттерін қалыптастыру жұмыстарын одан әрі жалғастыру, сол спорт түрінің техникасы мен тактикасын меңгеруді жетілдіру. Машықтану сабақтарының қарқындылығын арттыру жарыстарға даярлану және оған қатысу, Президент сынамаларын тапсыру. Негізгі кезеңнен кейін 1-2 ай демалу мәселесі қарастырылады.
Өтпелі кезеңнің міндеттері: денеге түскен ауырлықты (жүктемені) біртіндеп азайту, жан-жақты дене дайындығы бойынша жұмыс, спорттың техникасын жетілдіру, Президент сынамаларын тапсыру.
Кей жағдайда нақты өтпелі кезең болмайды да: секция бүкіл жыл бойы жұмыс жүргізбейді, маусымның аякқалуына байланысты жаттығу жұмыстары кейбір секцияларда тоқтатылады (шаңғы, коньки, хоккей жазда ойналмайды, жеңіл атлетика, жүзу қыста өткізілмейді). Кейбір мектептерде, мысалы, шаңғы спорты көктемде жеңіл атлетикалық секцияға ауысады, ал конькимен сырғанау велосипед спорты секциясына, хоккей футболға және т. б. ауысады. Сөйтіп, өтпелі кезең жоқ болады да, жыл ішінде екі дайындық, екі негізгі кезең қалады. Оқушыларға артық күш түсетін қауіпті болдырмау үшін бұл ретте спорттың бір түрін жетекші, ал екінші түрін қосалқы деп есептеу ұсынылады. Спорттың осы қосалқы түрінде оқушылар алдына спорттың негізгі түріндей күш-қуат жұмсауды талап ететін міндеттер қойылмайды.
Машықтану әдістері. Спорттық әдебиеттерде мектеп дене тәрбиесі секцияларында спорттың жекелеген түрлері бойынша қолдануға тиісті әдістер әзірленген.
Мысалы, жеңіл атлетикада жүгіруге үйрету мен машықтану кездерінде қайталанып отыратын ауыспалы және аралық әдістер қолданылады.
Қайталанып отыратын әдіс барлық қашықтықты спринтерлік (шапшаң) жүгіруден немесе орта жөне алыс қашықтыққа жүгіруде оның жеке бөліктерін белгілеген шапшаңдықпен жүгіруден көрінеді. Жүгірулер арасында демалыс беріледі.
Шаңғы спортына машықтануда үш әдіс: ауыспалы, қайталау және бақылау әдістері қолданылады.
Ауыспалы әдіспен машықтану кезінде жалпы төзімділікті қалыптастыруда және қозғалыс техникасы бойынша жұмыс жүргізу жағдайында шаңғымен машықтануға бел-гіленген уақыт (1-1,5 сағат) ішінде оқушыларға қысқа мерзімді (5-10-15 минут) үдемелі жүріс белгіленеді. Үдемелі жүрістін ұзақтығы мен саны біртіндеп арта береді.
Қайталау әдісімен машықтану кезінде қашықтықтың жекелеген бөліктерін (1-2 км) барлық бөліктерді жүгіріп өту кезіндегі шаңғышы төзіп бере алатындай ең жоғары шапшандықпен жүріп өтеді. Осы бөліктердің аралығында шаңғышы қозғалыс шапшаңдығын азайта отырып демалады. Жоғары шапшаңдықпен жүріп етілетін бөліктер біртіндеп көбейтіледі, біртіндеп біріктіріледі, ал демалудың салыстырмалы ұзақтығы азайтылады. Ал бақылау әдісімен машықтану белгіленген барлық қашықтықты уақытпен жү-ріп өту кезіндегі байқауда немесе алдын ала өткізілетін (ішкі) жарыстарда қолданылады.
Спорттық ойындар бойынша машықтану процесінде машықтану сабақтарын машықтанудың негізгі кезеңіндегі жолдастық және күнтізбелік ойындармен байланыстыру-дың ерекше маңызы бар. Машықтану сабақтарындағы техниканы қайталау мен жетілдіру жарыстарда байқалған техникадағы кемшіліктерді түзетумен жөне техниканы үйретудегі күшейтілген жұмыспен байланыстырылады.
Машықтану кезінде мұғалімнің алдында сол спорт түрінің техникасын үйренумен бірге таңдап алынған спорт түрінде жетістіктерге жету үшін қажетті күш, шапшандық, икемділік және төзімділік қабілеттерін қалыптастыру міндеттері тұрады. Осы қабілеттерді қалыптастыру әдетте кешенді түрде, бірге жүргізіледі. Бірақ мүғалім өткізетін сабағында сол қабілеттердің осы не басқа бір түрін қалыптастыруға баса назар аударуы мүмкін. Мысалы, 1000 м-ге жүгіруде оқушыда шапшаңдық жетіспейтінін байқағаннан кейін жылдамдықты немесе беріліп отырған шапшаңдыққа төзуді қалыптастыру мақсатында кейбір сабақтарды қайта құруы қажет. Бұл үшін ол кейбір дайындық жаттығуларын (сөреден шығу, шапшаңдықты үдете жүгіріп өту), жаттығудың аралық әдісін, жеңіске (ылдиға) қарай жүгіруге жағдай туғызатын бұлшық еттер жүйесі мен органдардың қызмет дайындығын, дағдыларды, түсініктерді қалыптастыру үшін басқа да әдіс-тәсілдерді пайдаланады.
Машықтанудың барлық әдістерінде мұғалім оқушылардың жас мөлшерін есепке алуы керек. Жеткіншектер мен жасөспірімдерді машықтандыруға белгіленген әдістерді орындау кезінде жаттығуларды орындау үдемелілігі мен денеге түсетін жүктеменің қайталануы кезінде аса мұқият болуы қажет. Сабақтарда оқушыларды жиі-жиі демалдыру керек. Күшті арттыратын жаттығуларды жылдамдық пен икемділікті арттыратын жаттығулармен, төзімділікті қалыптастыратын жаттығуларды демалу кезеңдерімен, қалыпты ойындармен, теориялық білімдерді хабарлаумен ыңғайын тауып алмастырып отыру қажет.
2.3. Спорттық қалыпқа тұрудағы негізгі әдістемелердің негіздері.
Дене тәрбиесі ұжымының секцияларында дене жаттығулары мен спорттық машықтануға үйрету процесі ұйымдастырылады. Егер оқушы спорттың сол түрінің техникасын үйренуге алғаш кіріссе, онда спорттық жаттығуларға үйрету процесі анық байқалады. Сөйте тұра, секцияға мүше болған оқушы сол спорт түрінің негізімен бұрыннан таныс болғанның өзінде де спорт жаттығуларына үйрету жалғаса береді. Үйрету дегеніміз - мұғалім әр түрлі әдістер мен үйрету тәсілдерін пайдалана отырып, оқушыларға дене тәрбиесі саласындағы білімдерді хабарлау және оларға бұрыннан ойластырылған қоғамдық маңызы бар білімдер мен дағдыларды сіңіру. Бұл білім, білік, дағдылардың аумағы мен тереңдігі мектеп дене тәрбиесі ұжымының секциясына арналған сол спорт түрінін бағдарламасымен анықталады. Дене жаттығуларына үйрету оқушылардың дербестігі мен қызығушылығы, белсенділігі, үйретудің мазмұны мен әдістері, мұғалімнің жеке басы мен беретін тәрбиесі бір-бірімен өзара үйлесіп жататын ете күрделі педагогикалық процесті қарастырады. Үйрету ешбір жағдайда да дене жаттығуларының шағын келемін оқушының орындауында «үстірт үйренуге» әкелмеуі керек, қайта, арнайы жаттығулардағы жетістіктерді арттыру үшін қажетті негіз есебінде оқушылардың жан-жақты дене дайындығын қалыптастыруды мақсат етуге тиіс.
Үйрету тәрбиелеушілік сипатта болуы қажет, яғни оқушыларды патриоттық жөне Отанға берілгендік рухында тәрбиелеуге идеялық жағынан бағытталуы керек.
Жекелеген спорттың жаттығулардың түрінде «үстірттіктен» қаша отырып, мұғалім оқыту мен машықтандырудың педагогикалық процесін қалыптастыру және оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, оларды бірінші кезекте спортпен айналысудың қоғамдық-тәрбиелік маңызы алға шығатындай, ұйымшыл ұжым құратындай және адамгершілікке тәрбиелейтіндей етіп ұйымдастыруға міндетті. Осы бір күрделі тәрбие жұмысы спортпен айналысудың техникалық жағымен тығыз байланыста болуы керек.
Үйретудің тәрбиелік сипатына дене жаттығуларына үйретудің дұрыс әдістері арқылы жетуге болады. Оқушыларды дене жаттығуларына үйрете отырып, мұғалім олардың дене жөніндегі білімін арттырады, организмін жан-жақты жетілдіре отырып дамытады және оқушыларды отан сүйгіштік рухта тәрбиелейді.
Спорттық жаттығуларға және машықтануға үйрету педагогикалық процесс бола отырып, адамның жоғары нерв қызметі туралы И. П. Павлов адам организмін жекелеген органдар мен органдар жүйесінің механикалық жиынтығы емес, нерв жүйесімен басқарылатын және барлық органдардың кызметі өзара бірігетін тұтас организм түрінде қарастырады.
Сыртқы күштердің кез келген тітіркенулері, сонымен бірге ішкі органда орналасқан сезімтал соңғы нүктелерден алынатын тітіркеністер өткізгіш нерв жолдары арқылы бас миының үлкен жарты шарының қабығына беріледі. Адамның бас миының қабығында қабылданған тітіркеністі түйсіну (кабылдау) және онын бойға тарау процесі (жоғары нерв қызметі жөніндегі Павлов заңдары бойынша: қозу және тежелу, әсер ету көлемінің үлкеюі және жинақталуы, өзара ықпал етуі жөне т. б.) жүреді. Ми қабығының қозған орталығынан алынған тітіркеністерге организмнің қайсыбір реакциясын туғызатын импульстер нерв жолдары арқылы шетке шығарылады. Осы процесті И. П. Павлов былай деп жазады: «Қайсыбір дайындайтын нерв аспабына сыртқы дүниеден немесе организмнің ішкі дүниесінен белгі беріледі. Бұл белгі нерв процесіне, жүйке қозу құбылысына ауысады. Қозу нерв талшықтары арқылы (сымның бойы секілді) орталық нерв жүйесіне жетеді және адам белгіленген байланыс жүйесі арқылы өзге жүйелермен жұмыс органына келеді де, өз кезегінде осы органның клеткасындағы ерекше процеске айналады. Сөйтіп, сол немесе екінші бір белгі нәтиженің себебі есебінде организмнің сондай немесе екінші біраз қызметімен байланыс жасайды». И. П. Павлов үлкен жартышар қабығының қызметі негізінде шартты рефлекс жатқандығын, қабықтардың жеке орталықтар арасында уақытша байланыс орнайтынын дәлелдеп берді.
Дене жаттығулары мен машықтануға үйрету кезінде қозғаушы рефлекстің қалыптасуын, жоқ болып кетуін, күйзеліске ұшырауын басқаратын заңдылықтарды есепке алу қажет. Қайсыбір қозғалыс дағдысын қалыптастыру сол жаттығуды жеткілікті қайталауды қажет етеді.
Жаттығуды қайталауда бас миының қабығындағы қозғаушы мен басқа орталықтардың арасында байланыс орнайды, осы орталықтардың қозуы мен тежелуінің арасында дұрыс қатынас орнығады және жаттығуды орындау техникасы динамикалык көшірмеге (стереотипке) айналады. Динамикалық стереотип берік орныққан жағдайда дене жаттығуы тұтас, түйінді сипатка ие болады. Жаттығудың жеке бөліктері немқұрайдылықпен өзінен-өзі (автоматты түрде) орындалуы мүмкін, дегенмен, ол мидың үлкен жарты шарының бақылауында болады. Мысалы, жүгіріп келіп ұзындыққа секіруді үйренгенде, үйретудің басында жаңадан үйренуші үшін бұл жаттығудың әрбір бөлігі барынша зейін коюды және бақылауды қажет етеді: жүгіру, тақтайшадан серпілу, әуеде ұшу және жерге түсу бір-бірімен онша байланыссыз және тұтастығы жеткіліксіз күйде орындалады. Ұзақ уақыт қайталау арқылы секіруді тұтастай орындау және оның жеке бөліктерін қайталау нәтижесінде тиісті байланыс, дәлдік, жылдамдық, қозғалыс күші орталық нерв жүйесінде «даңғыл жол» принципімен тұтастық ізін қалдырады. Барлық жаттығулар жалпы біртас функционалды құрылым түріне енеді және әрбір келесі қимыл алдыңғы қимылдың дұрыс орындалуымен анықталатын тұтас бірыңғай жаттығатын қимыл есебінде қарастырыла бастайды. Қимылдың автоматтандырылған элементтері пайда болады. Белгіленген автоматтануды немесе секіру техникасының жеке бөліктерін азғантай болса да бұзу сол бойда яғни берілген қателерді түзету жөнінде үлкен жарты шар қабығына белгі беріледі.
Жаттығу техникасын орындау кезінде қателер көрініс берсе, оқушы мұғалімнің көмегімен өз қатесінің мәнін міндетті түрде түсінуі қажет. Осыдан кейін мұғалім қимыл техникасының берілген бөліктерінің дұрыс құрылымын оқушыға түсіндіріп көрсетеді және осы жаттығуды көп қайтара саналы түрде қайталауды ұсынады. Және де дұрыс жасалмаған қимылдың тежелуіне, оның орнына дұрыс қимыл құрылымының орнығуына қол жеткізуі керек.
Кез келген жаттығудын техникасын үйренуде оқушы әр уақытта таныс, өзіне белгілі қозғалыс дағдылары мен үйлесімді қимылдарды пайдаланады. Мысалы, жоғарыда біз айтып өткен ұзындыққа секіру үшін жүгіру кезінде оқушы шапшаң жүгірудің өзінде бұрыннан бар дағдыларды міндетті түрде пайдаланады. Жүгіру кезінде жүгіру дәл қалыптасқан кең адыммен екпіндей жүгіру арқылы орындалады. Егер оқушыда дұрыс үйретілмеу салдарынан қысқа, қалыпты емес адыммен баяу жүгіру түрі қалыптасса, мұғалімнің алдында екпін алу элементтерін (адымның онтайлы ұзындығын, жүгіру жылдамдығын т. б. қалыптастыру) үйретуді ұйымдастыру мен дұрыс емес екпін техникасын түзету (тежеу) мақсатында арнайы жұмыс жүргізу міндеті туындайды. Осының өзінен жаттығуды бұрыс техникамен оқушылардын орындауындағы, әсіресе сол берілген спорт түріндегі жаттығуларда шешуші болып табылатын негізгі қозғалыс үйлесімділігіндегі барлық кемшілік түсінікті болуы керек, мысалы, жеңіл атлеттер үшін ол спорттық жүзудің негізгі тәсілдерінде, қимылды орындау техникасыны және т. б. кездеседі.
Нерв жүйесінің жетекшілік маңызы үйрету мен жаттығу барысында ішкі органдардың қызметі мен қимылдарының арасындағы функционалды байланыстың орнығуын да әсер етеді. Стартқа тұрғанның өзінде, спортшы тыныс алу, қан тамыры соғысының жиілегенін және маңызды ішкі органдардың қызметі жағдайында басқа да өзгерістер болғандығын сезеді. Жаттығуды орындау кезінде қозғалыс пен ішкі органдар қызметінін; арасында белгілі бір байланыс болуы қажет. Бұлардан түйіндейтініміз, дене жаттығуларына үйрету оқушы организмінің ішкі органдарының қызметін осы жұмысқа дағдыландырумен тығыз байланысты болып келеді.
3. Дене тәрбиесі сабағының құрылымын тығыздығын есепке алу жолдары
3.1. Спорттық жаттығу заңдылықтарының мәні.
Қазіргі заманғы спорт туралы ғылым – спорттық қозғалыс, спорттық дайындық, спорттық жаттығу және спорттық жарыстар саласындағы көп жылдық әрекеттер нәтижесі. Мұның барлығы спорт саласындағы білім жүйесінің ілімдік мазмұнын, ұғымын, қағидасын және заңдылықтарын айқындайды. Ал спорт ілімінің шынайлығы немесе дәлдігі спорттық әрекет тәжірбиесінде дәлелденеді.
Спорт ілімінің нысанасы - әлеуметтік құбылыс ретінде адам әрекетінің мүмкіндіктерін айқындайды. Ал оған жарыстарды ұйымдастыру және өткізу жүйесі, оқыту – жаттығу сабақтары енді және ол адам денсаулығының шыңдау, жалпы дене дамуын қамтамасыз етумен қатар, жоғарғы спорттық жетістіктерге жеуді мақсат етіп қояды.
Спорт ілімінің қарастыратын пәні – көп салалы қоғамдық құбылыс,жастар жүйесі және соған байланысты дайындық жүйесі ретіндегі спорттың әр түрлі салалары.
Спорт ілімінің «Дене шынықтыру және спорт ілімі мен әдістемесі» атты ең басты ұғымдары \категориялары\ бар, олар шартты түрде үш топа бөлінеді: бастапқы,функционалды және қорытынды.
Бастапқы ұғымдарға – спорт және спорттық жарыстар енеді.
Спорт \ағылшын тілінде – «ойын», «көңіл көтеру»\ -шынықтыру жаттығуларын қолдануға негізделген, әлеуметтік мәні бар тәрбиелік, ойындық, жарыстық әрекет.Басқаша сөзбен айтқанда, спорт дегеніміз өзіндік – жарыстық әрекет, оған арнайы дайындық, сонымен бірге осы әрекеттер негізінде қалыптасатын адамдар арасындағы ерекше қатынастар, мінез – құлық нормалары қажет.
Спорттық жарыс – спорттық жетістіктердің көрсету, салыстыру және бағалау, спорт саласындағы бәсекені белгілі бір түрде реттеп отыру. Спорттық жарыстардың мақсаты үздіксіз спортшылар мен топтарды анықтау, жалпы спорттық шеберлікті жетілдіру, дене шынықтыру мен спорттық насихаттау.
Бастапқы ұғымдардан келіп спорттық қозғалыс және әрекет ұғымдары туындайды.
Спорттық қозғалыс - әлеуметтік қозғалыстың ерекше бір түрі – спорт түрлерін құрау, дамыту, сақтау, алмасу және тұтыну жүйелерінің тарихи қозғалысы жеке адамды қалыптастыру құралдарының бірі. Тарихи спорттық қозғалыстар спорттың төмендегідей көпшілік \халықтық\, резервтегі \негізгі\, жоғарғы жетістіктер \үлкен\,әуесқой және кәсіпқой түрлерін дүниеге әкелді.
Спорттық қызмет – адам әрекетінің көп қырлы белсенді жүйесі ретіндегі қимыл – қозғалыс дамуының ең жоғарғы түрі. Осы жерде айта кетукерек,жарыстық әрекет спортшының жарыс ережесі мен амалдарына сәйкес спорттың барлық түрлерінде өз мүмкіндіктерін көрсетуін және бағалауын қарастырады.
Функционады ұғымдарға спорттық дайындық, спорттық машықтану жүйесі жатады.
Спорттық дайындық – спортшының машықтануы, оның жарысқа қатысуын қамтитын, машықтану және жарыс жүйесін ғылыми әдстемелік және материалдық тәсілдік жағынан қамтамасыз ететін, оқу мен спортты, жарыс пен демалысты үйлестіру үшін қажетті жағдайлар жасаитын көп жақты жүйе. Бұл ұғыммен келіп спорттық дайындық жүйесі және мектебі ұғымдары туындайды.
Спорттық дайындық жүйесі – спортшының спорттық жетістікке жету жолындағы дайындық дәрежесін қамтамасыз ететін, білімі, жабдығы әдісі ұғымдық формалары мен жағдайының жиынтығы.
Спорт мектебі –мамандар тобының күшімен дамытылған шығармашылық қағидаға негізделген спортшы дайындығының біріңғай жүйесі.
Спорттық машықтану – спорттық дайындықтың негізгі бөлігі және дене жаттығуларын спортшының өзі таңдаған спортында барынша жоғарғы көрсеткіштерге жетуіне ықпал ететін қасиеттер мен қабілеттерді дамыту әрі жетілдіру мақсатында дене жаттығуларын қолдануға негізделген дене тәрбиесін мамандығының арнайы жүйесі.
Спорттық машықтану жүйесі деп білім, қағидалар, әдістер және спорттық жетістіктер жиынтығы, сонымен бірге машықтану процестерін ұйымдастыру және басқару әрекеттерін айтады.
Қорытынды немесе соңы ұғымдарға спорттық жетістіктер, спорттық нәтижеге және спорттық мамандану жатады.
Спорттық жетістіктер – белгілі бір нәтижеге спортшының шеберлігі мен қабілетінің көрсеткіші.
Спорттық нәтиже – спорттағы көрсеткіштердің сандық және сапалық деңгейі. Спорт түрінің ерекшелігіне байланысты ол жалпыға белгілі өлшемдермен \кг, м, с. Немесе балл, ұпай және т.б.\ немесе басқа да салыстырмалы амалдармен өлшенеді.
Спорттық машықтану – белгілі бір мерзім аралығындағы спортшы көрсеткіштерін қорытындылайтын, оған берілетін тұрақты мінездеме.
Спорт белгілерінің пайда бола бастауы адамзат қоғамының ең ерте кезеңдеріне жатады. Шынықтыру жаттығуларының пайда болуының алғы шарты адам еңбегі, оның ішінде,белгілі дәрежеде қимыл – қозғалыс дағдылары мен барлық дене қасиеттерін талап ететін аң аулау болды. Қазіргі заманғы спорт түрлерінде ертедегі адамның машықтанушылық белсенділігінің негізгі түрлеріне ұқсас белгілер \мысалы: жүгіру, лақтыру және т.б. \айқын байқалып отырады.
Сөйтіп, спорт адамзат қоғамының тарихи дамуы барысында адамның еңбек және әскери әрекеті негізінде пайда болып,адамның дене тәрбиесі еңбекке, әскери істерге дайындығының маңызды жолдары мен әдістерінің бірі, сонымен бірге денсаулық шындау мен демалысты ұйымдастырудың жолы болып қалыптасады.
Ежелгі Грецияда спорттың ең жоғарғы белеске көтерілуі \олимпиадалық ойындар\, бүкіл мәдениет дамуын тежеп тастаған. Орта ғасыр дәуірінен кейін қазіргі заманғы спорт Англияда, кейін басқа елдерде дами бастады.
Спорт түрлерінің топтастыру. Бүгінгі күндері халықаралық кең сипат алған спорттың қазіргі заманғы түрлерін спортшылардың жарыс әрекеттері мен машықтану ерекшеліктеріне байланысты төмендегідей топтарға топтастыруға болады.
Бірінші – жоғары белсенді әрекетті қажет ететін атлеттік спорт түрлері \жеңіл және ауыр атлетика, сайыс және т.б.\.
Екінші – спортшының қимыл -әрекеті қозғалыс құралдарын басқаратын спорт түрлері \ авто, самалет және т.б.
Үшінші – арнайы спорттық қарау қолданылатын спорт түрлері \садақ, мылтық және т.б.\
Төртінші – конструкторлық әрекет нәтижелерін салыстыруға негізделген спорт түрлері \авиа, кеме құрастыру және т.б.\.
Бесінші - ауыстыруға байланысты спорт түрлері \саяхан, тауға өрмелеу және т.б.\.
Алтыншы – спортшыдан абстракты – түйінді ойлауды қажет ететін спорт түрлері \тоғызқұмалақ, шахмат және т.б.\.
Жазғы және қысқы олимпиадалық ойындар бағдарламасының мазмұнын құрайтын спорт түрлерін: жылдамдық – күштілік, күрделі үйлестірілген сайыс бойынша ойындар және көпсайыс жиынтықтарына бөлу қалыптасқан.
Жарыс – спорт ерекшелігінің негізі. Спорттық мәдениеттің ерекше формасы және адамның дене және психикалық қасиеттерінің дамуы мен жетілуіне әсер ететін жарыстық мәні бар.Жарыс - әлеуметтік құбылыс, ол жоқ жерде спорт болуы мүмкін емес. Үлгі ретінде алсақ, спорттық сайыс төмендегідей белгілерден тұрады: сайыс құралы, төрешілік, қатысушылар, жанкүйерлер мен көрермендер. Жарыстың негізгі жемісі – алған орын, жеңіс және т.б. Бәсекелестік қатынастар спорттық жарыстардың ажырамас айырмашылығы болып есептеледі.
Спорттық сайыстарда бәсеке мен талас сияқты қайшылықтармен қатар, спортшыларды біріктіретін, дайындық тәжірбиелер мен алмасу мүмкіндіктері бар.
Спорттық жетістіктердің өсу тенденциялары мен себептері.
Спорттық әрекетті әдетте спортшының ерекше жай – күйімен байланыстарды, ал ол өз қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін салыстыру нәтижесінде қалыптасады. Ал бұл спортшы алдына мақсат қоюға және оны орындауға негіз болды. Мақсат-барынша жоғары жетістікке жету.
Спорттық жетістіктер спорт дамуына ерекше орындалады. Ол олимпиадалық және жалпы үлкен спорттық жоғары қоғамдық мәртебесі бар және көпшілік \халықтық\ спортын дамытуға ынталандырады. Спорт белгілі бір ел мәдениеті жетістіктерінің бірі ретінде қарастырылады. Спорт адам мүмкіндіктерін зерттеп білудің алғы шартын жасайды.
Спорттық жетістік көп факторлы болып есептеледі. Қоғамда спорттық жетістіктердің өсіп отыруына әсер ететін негізгі факторлар мен жағдайларға мыналарды жатқызуға болады: жеке дарындылық және жетістікке жету жолындағы дайындық деңгейі: спорттық дайындық жүйесінің тиімділігі, оның мазмұны, ұйымдастыру және заттай – тәсілдік жағынана қамтамасыз ету: спорттық жетістіктің таралу өрісі және оны қоғамда дамытудың жалпы әлеуметтік жағдайлары.
Жалпы алғанда, спорттық жетістіктер ешқашан елде жоқ амалдарды қолданбай – ақ өсіп отырады.
Спорттың әлеуметтік қызметі. Спорт – күрделі көп қызметті құбылыс. Оларды төмендегідей жүйемен бөлуге болады: 1\жарыстық; 2\ сауықтыру - реактивті; ақпаратты – болжалды; 4\ адамгершілік; 5\ бағдарламалы – мөлшерлі және ұйымдастырушы. Әрқайсысын бөліп алып қарастырайық.
Спорттық жарыстың қызметі. Бұл спорттың негізгі белгісі мен ерекшеліктерін көрсетеді және спорттық жарыс категорияларымен, спорттық дайындықпен және спорттық машықтандырумен тығыз байланысты. Бұдан келіп спорттық мөлшері, гедонистикалық және тартымдылық қызметтерді туындайды.
Мөлшерлі қызметі. Спортта ең басты тұлға – спортшы. Оған қоса мұндай құндылықтар ұйымдастыру – басқару жұмыстары, спортшылар мен мамандар дайындау жүйесі тағы басқалары жатады.
Диагностикалық қызметі. Спорт ойнымен айналасудан ләззат алудың жолы ретінде қолданылатындықтан көрсетеді.
Тартымдылық қызметі. Спорттың адамдарды тәрбиелеуге және білім беруге, демалыста, спорт және дене мәдениетімен белсенді айналысуға тарту мақсатымен айқындалады.
Сауықтыру реактивті қызметі. Спорт ағзаны шыңдап қана қоймайды, сонымен бірге машықтанушыны қалыптастыру қызметін де атқарады. Адамның дене күйінің бірқалыпты болуы, оның толыққанды өмір сүру әрекетін қалыптастырады. Мұның өзі спорттық сауықтыру – реактивті қызметінің ерекше маңыздылығын көрсетеді. Бұл қызметтен келіп сауықтыру және дайындық қызметі туындайды.
Сауықтыру қызметі спортты сауықтырудың, ғылыми – техникалық жүйесінің кері әсерлерінен \ гиподинамия және т.б.\ қорғанудың тиімді құралы ретінде қолдануға байланысты, яғни бұл жерде сауықтыру қызметі қорғаушы сипатына ие болды.
Дайындық қызметі адамды өмірге дене жағынан дайындайды және қызметті дене дамуына жеткізуді мақсат етеді.
Ақпаратты – болжамды қызметі. Бұл қызмет өзінен туындайтын ақпаратты, танымдылық, ағартушылық, болжамды – эвристикалы және парасаттылық қызметтерінен көрінеді.
Спорттың ақпаратты қызметі, спорттық қозғалыс бүгінгі дүниеде спорттың алатын орны мен атқаратын қызметі, спорттық дайындық пен жарысты ұйымдастыру мен әдістеме туралы хабардар етіп отыратындығымен айқындалады.
Танымдық қызметі спорттың бірқатар әлеуметтік мәселелерді, әсіресе, денсаулықты шыңдау халықтың еңбек ету мүмкіндігін көтеру мәселелерін шешуші құралы ретінде пайдалану заңдылықтарын танып білуге байланысты.
Спорттық дайындық жүйесінің өзі бірқатар әлеуметтік, биологиялық, психологиялық және педагогикалық заңдылықтарды, спортық шеберлікті қалыптастыруды танып – білуді қажет етеді. Спорт әрқашан да спортшы бойында парасаттылықты тәрбиелеп, дамытып отырады.
Ағртушылық қызметі тұрғындар мен спортшылар үгіт – насихат, басқа да шаралар өткізіп отыру жолымен іске асады.
Болжалды – эвристикалық қызметі спортты адамның жан – жақты дамуы мен рухани дамуын зерттеу жолы ретінде пайдаланумен анықталады, адамның қабілеттері, оның қосымша мүмкіндіктері ашылады.
Спортты парасаттандыру қызметі ғылыми – техникалық және спорттың даму жолдарымен анықталады. Қазіргі заманғы спорттық машықтану жүйесі және оны басқару ғылым асуы мүмкін емес.
Адамгершілік қызметі. Бұл ең негізгі қызмет ең алдымен адамгершілік туралы ілімнің жалпы категорияларымен байланысты.
Спорттық сауықтырушылық бағытының адамгершілік сипаты бар, бірақ онымен бірге біз спортты ең алдымен адамдар арасындағы шынайы адамгершілік қатынастар орнату құралы ретінде қарастырамыз. Бұл жерде төменгідей қосымша қызметтерді бөліп қарастыруға болады: идеологиялық, саяси, әлеуметтендіру, адамгершілік – тәрбиелік, пайдалы және интернационалды – интегративті.
Идеологиялық қызметі спортта өзі өмір сүріп отырған қоғамдық көзқарас байқалып отыратындығымен анықталады.
Спорттың саяси қызметі интернационализмнің, бибітшілік, жалпы даму және халықтар арасындағы достықтың маңызды факторы болып есептелетіндігінен көрінеді.
Әлеуметтендіру қызметі тағы да сол адамды жан – жақты дамыту және жалпы тәрбие мәселелерін әлеуметтендіруге байланысты.
Адамгершілік – тәрбие қызметі спорттың адам және мәдениеттің жоғарғы тиімді құралы екендігінен көрінеді.
Пайдалылық \сәнділік\ қызметі спорт пен спорттық жетістіктер сипатының өсуіне көмектеседі.
Интернационалды – интегративті қызметті спорт саласындағы халқаралық байлныстың жоғарғы дәрежеде өсіп, жүйелілік пен тұрақтылық, бейбіт қатар өмір сүрудың ең маңызды формаларының бірі болып қалыптасқандығынан және халқаралық қысымның төмендігінен байқалады. Ал бұл олимпиадалық қозғалыста өте айқын көрінеді. Спорттағы интеграция әр халықтың ұлттық ерекшеліктерін ескеріп отыратын бірқатар елдердің спорт дамуын бір мақсат етіп қойып отырғандығы. Спорт интеграциялау нәтижесінде көпшілік және қосымша спортты дамытуда, жетістіктерді көтеруде, ғылымда және т.б. салаларда бірігіп шешер міндеттер пайда болады.
Спорттың бағдарламалы мөлшері және ұйымдастыру негіздері.
Дене мәдениетінің күрделі құрылымында спорт айрықша орын алады, себебі оның өзіне ғана тән сипаты бар. Спорт ұйымдастыру нысанасы ретінде негізгі деңгейде көріне алады: көпшілік спорт, қосымша спорт: жоғарғы жетістіктер спорты.
Көпшілік спортты қимыл – қозғалыс белсенділігінің қажетті деңгейін қамтамасыз етеді. Оның бағдарламалы – мөлшері негіздерін қорғану және белсенді демалыс мәселелерін шешуге бағытталады.
Қосымша спорт балаларды сапалы түрде таңдап алуға арналған. Ол машықтанудың тиімді формалары мен дамушы әдістемесін меңгеруге бағытталады. Олардың негізгілері мыналар: арнайы БЖСМ\ ДЮСШ\, спорттық сыныптар және т.б.
Жоғарғы жетістіктер спорты. Қосымша спорт пен жоғарғы жетістіктер спортының аралығына кейде шек қоюға да болмайды. Дегенмен, оның соңғысы спортшы қабілетін барынша дамытуға барлық жағдай жасалатын нәтижелі спорт жүйесінің қызметін атқарады. Оның ұйымдық объектілері: АБЖОРМ \СДЮШОР\, ЦОП, ЖСШМ, ШВСМ\ және құрама топтар
3.2. Жаттығу үрдісінің үзілмес қағидасы.
Жаттығу барысында тәсілдік даярлықтьң әдістемесі.
Спортшының тәсілдік дайындығы негізгі құралдар кызметін мыналар атқарады: 1) жарыстық әрекеттермен даңызды құрылымдык байланысы бар даярлық жаттығулары; 2) жарыс жаттығуларының машықтандыру формалары; 3) жарыс жаттығуларының эсері: жалпы даярлық жаттығулары косымша күралдар болып табылады.
Жарыс әрекеттерінің тәсілін жаттап алу, қалыптасқан дағдыларды бекіту және жетілдіру барысында жаттығулардың көптеген өзге түрлі әдістері /бөліктері таңдап бөлшектелетін бөлшекті-қүрамалы және тұтас жатығулардың әдістері, стандартты-қайталама және өзгермелі нұсқалы жаттығулар және т.б./ колданылады, олар спорттың таңдаулы түрінің тәсілдік ерекшеліктеріне және тәсілдік даярлыктың кезендеріне байланысты белгілі тәртіпке сай келеді. Спортшының осы заманғы тәсіддік әдістемесінде ауызша және көрнекі оқытудың дәстүрлі құралдары мен әдістері жылма-жыл жаңадан толықтырылуда /арнаулы аппаратуралық құрылғыларды пайдалану және т.б./.
Тәсілдік даярлықгың кезеңдері. Тәсілдік даярлықтьгң көп жылғы барысын екі кезеңге бөлуге болады: 1) тәсілдік даярлықтьщ "базалық" сатысы; 2) тәсілдік жетілдіруді тереңдету және спорттық-тәсілдік биіктікті меңгеру сатысы.
Оқыту сөздің тура мағынасында бірінші сатыда көрінеді. Алайда, екінші сатыда да оқыту спорттық даярлықтың негізгі жақтарының бірі болудан қальштаспайды. Тек оның ныктылы мазмұны мен формасы ауысады.
Оқытудың екінші сатысында біріншісінде қарағавда тәсілдік даярлықты құрау машықтандыру барысын айқын ксзеңделген қиындастыруға әлдеқайда жоғары дәрежеде бағынышты болады. Демек, тәсілдің жаңа формалары мен өзгермелі нұсқаларын игеру, бекіту және жетілдіру машыктандырудың үлкен айналымынын өрісінде спорттық форманың сақталып, одан әрі даму заңдылықтарын игеруге байланыстылығын анықгау арқылы етеді. Тәсілдік даярлық кезеңдері алға ұмтылушы спортшының әрқайсысында кезегіне қарай аз дегенде үш кезеңге бөлінеді.
Бірінше кезең, негізінде спортшының бүкіл даярлык кезі спорттық форманың пайда болуына алғышарт жасаау қажеттілігіне бағынышты болатын даярлық кезеңінің бірінші жартысына сай келеді. Тәсіддік даярлықта жарыс әрекеттерінін жаңа тәсілдік үлгілерін "конструкциялайтын" бұл кезең тәсілдік алғышартын жақсартып, жеке қимылдарды жалпы үйлесімді негізде қалыптастырады және оларды жаттап алуды іс жүзінде меңгеруге жәрдемдеседі.
Екінші кезең, былай сипатталады: мүнда тәсілдік даярлык спорттық форманын күрамдас бөлігі ретінде жарыс әрекеттерінің түтас дағдыларын тереңірек теңгеруге және оны бекітуге болады. Ол негізгі даярлык кезінің екінші жартысындагы едәуір бөлікті камтиды.
Үшінші кезеңнің айырмашылыгы мынада: мүнда тәсілдік даярлық тікелей жарыс алдындағы даярлық шеңберінде қүрылып, жүре пайда болған дағдыларды жетіпдіруге, олардың негізгі жарыстардың шарттарына қолдануға келтін дүрыс өзгермелі нүсқалары мен "сенімділік" дәрежесінің өрісін арітыруға бағытталады. Бүл кезеңнің аяққы бөлігінен басталып, жарыс кезеңіне таралады.
Іс жүзінде жаттап алу жолдары. Спортшы тәсілдік даярлығының 1-кезеңінде жарыс әрекеттерінің жаңа тәсілі қалыптасқан кезде бөлшектеп-конструщияланатын жаттығудың әдістері басым болады. Спортшының тәсілдік даярлығын қолдануға болатын қимыл-әрекеттерін жаттап алдуың жалпы ережелерін айқындау үшін мына ережелердің маңызы зор.
1. "Бөліктер" бойынша жарыс әрекеттерін қалыптастыруға бағытталған жаттығ}шар негізігі күрылымдық белгілері бойынша жарыс жаттығуларының көшірілетін "бөлімдерден "ерекше" өзгешелігі болмауы қажет.
Спорттық тәсілдік сенімділік қалыптасқан дағдыларды бәсекелердің өзгерістегі шарттарына сәйкес өзгерту мүмкіндігіне де демек бағыттардың өзгермелі нүсқалар өрісіне де байланысты. Жарыс әрекеті техникасының мақсатқа сай өзгермелі нүсқаны дәлелденген өзгергішпен сипатталады, ол жарыс шарттарына бара-бар. Өзгермелі нүсқалық жеке сипаттардың, фазалардың және жаттығулар формаларының, сондай-ақ олардың орындалуының сыртқы жағдайларыиың да бағытталған өзгермелі нүсқалары жолымен табысқа жетеді.
Жарыстардағы спортшы әрекетінің сенімділігі - ішкі және сыртқы бөгелулердің пайда болуына қарамастан, әрекеттің жоғары нәтижелілігіне кепілдік беретін қабілеттіліктер мен спортшы дағдыларының жетілдірілген жиынтық нәтижесі. Бөгелу түрақтылығын арттырудың негізгі жолдары мен шарттары мыналар болып табылады: 1) мамандандыру кезінде дене сапасының шектеулі көрініс беру жағдайларында дағдылардың үйрену; 2) психикалық шиеленіскен жағдайларды модельдеу және қосымша қиындықтар енгізу; 3) жарыс тәжірибесі.
4. Дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстар
4.1. Сыныптан тыс жұмыстардың міндеттері мен маңызы, ұйымдастыру түрлері.
Секцияны ұйымдастыру жолдары.Мектеп ұжымында секциялар ұйымдастыру үшін дайындық жұмыстарын жүргізу қажет. Дайындық жұмыстарының мазмұнына енетін мәселелер: секцияны ұйымдастыру туралы мәселені ұжым кеңесінде қарау; дайындық жұмыстарын жүргізу үшін уақытша бюро немесе жауапты оқушыларды, кеңес мүшелерін және мектеп белсенділерінің өкілдерін белгілеп, бөлу; жаттығатын орынмен гимнастикалық залмен, алаңдармен, шаңғы базасымен, жүзу станцияларымен және т. б. қамтамасыз ету; бірінші кезекте белсенділердің күшімен осы базаларды жөндеуден өткізу, егер қажет болса қайта жабдықтау; қажетті спорт жабдықтары (доптар, коньки, шаңғы және т. б.) мен киімдерін алу; оқушылар арасында түсінік жұмыстарын жүргізу (мұғалімнің әңгімесі, сыныптардағы ауызша хабарлау және хабарландырулар ілу, мектептің қабырға газетін пайдалану, спорттың сол түрі бойынша спорт шеберлерімен кездесу, спорттық кинофильмдерді көрсету); мектеп сыныптарында секция мүшелерін бейнетаспаға жазу; мұғалімнің нұсқауымен жаттығудың өткізу кестесін жасау; секцияны ұйымдастыру жиналысын өткізу және секция төрағасын сайлау; секцияға жазылғандарды дәрігерлік бақылаудан өткізуді ұйымдастыру, секция жұмыстарының қажетті құжаттарын дайындау (қатысушылар тізімі, сабақ журналы).
Секция мүшелері топтар мен командаларға бөлінеді. Топтарда жетекшілер, ал командаларда капитандар сайланады. Бұлар өздерінің топтары мен командаларындағы тәртіп, ұйымдастыру жұмыстарына, тәртіп пен реттілікке жауап береді. Топ жетекшілігі мен капитандық орындарға неғұрлым беделді және тәртіпті оқушыларды ұсыну керек.
Дене тәрбиесі мұғалімінің сыныптан тыс жұмыстардағы рөлі өте зор. Жұмыстың табысты болуы оның кәсіби біліктілігіне, жұмысқа берілгендігіне тікелей тәуелді. Өз пәнін теориялық және практикалық жағынан жақсы білу мен педагогикалық шеберлік - дене тәрбиесі мұғаліміне қойылатын міндетті талаптар осылар.
Мектепте сьшыптан тыс спорт жұмыстарын әдістемелі жағынан дұрыс және қызғылықты етіп ұйымдастыра алатын кәсіби білікті дене тәрбиесінің маман мұғалімі жұмыс істеуі қажет. Арнаулы білімі жоқ, бірақ өзін жұмыста жақсы көрсете білген дене тәрбиесінің мұғалімін білім жетілдіру курсына жіберу немесе сырттай дене тәрбиесінен білім алу үшін оқып алуына мүмкіндік жасау керек. Ұжым секцияларындағы оқыту ісіне өзге ұйымдардан оқытушыларды (спорт шеберлерін, ерікті спорт қоғамдарынан жаттықтырушыларды, әскери бөлімдерден нұсқаушыларды және т. б.) жұмысқа тартқан жағдайда оқушылармен жұмыс жүргізуге лайықты, яғни балалармен жұмыс істеген педагогикалық тәжірибесі бар адамдарды іріктеп алу керек. Секциядағы жаттықтырушылық жұмысқа адамдар тек директордың рұқсатымен ғана қабылданады.
Дене тәрбиесінің мұғалімі директордың алдында мектептегі дене тәрбиесінің барлық бөлімдері үшін, оның ішінде сыныптан тыс жұмыстар үшін де жауап береді. Дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстарды жүргізетін барлық адамдар өздерінің жасаған барлық құжаттарын бекітіп отыратын дене тәрбиесінің мұғаліміне тікелей бағынады.
Мұғалім ұжым кеңесімен бірлесе отырып дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстардың жоспарын жасайды және директордың бекітуіне ұсынады.
Секция жұмысының мазмұны. Секция мұғалімнің және дене тәрбиесі кеңесі мен мұғалімдердің басшылығымен өз бетінше жұмыс істейтін оқушылардың қоғамдық ұжымы болып табылады. Секцияның барлық ұйымдастыру және ішкі жұмыстарын мұғалімнің басшылық етуімен негізінен оқушылар күшімен шешілетіндей етіп ұйымдастыру керек. Секцияның бюросы төмендегідей жұмыстарды жүргізеді: секциялардағы топтар мен командалардың жүйелі сабақтарын кесте бойынша дәл уақытында өтуін бақылай отырып және сабақ кезінде қажетті тәртіп пен реттілік сақталатындай етіп ұйымдастырады. Секция ұжым кеңесінің және мұғалімнің басшылығымен секция мүшелерін жарыстарға тиянақты түрде даярлауды қамтамасыз ете отырып, мектепішілік және мектептен тыс жарыстарға топтар мен командалардын қатысуын ұйымдастырады; оқушылардың, секция мүшелерінің спортқа деген қызығушылығын, жауапкершілік, жолдастық сезімдерін және мектеп дене тәрбиесі ұжымына деген мақтаныш сезімін қалыптастыра отырып, олармен тәрбие жұмыстарын жүргізеді.
Секция спорттың сол түрімен айналысатын оқушыларды Президент сынамаларының нормативтерін тапсыруға дайындайды, Президент сынамаларын тапсыру барысының есебін жүргізеді және бұл жұмысты барлық жағынан қолдап, насихаттайды. Секция жаттығушылардың спорттағы жетістіктерін есепке алып отырады және осы есепті әрбір оқушыға жеткізеді. Ол үшін спорттың сол түрі бойынша секцияның және мектептің рекордтары кестеге түсіріліп, көрнекі орынға ілінеді. Секция мектеп дирекциясы және дене тәрбиесі кеңесі өткізетін көпшіліктік шараларға қатысады, оқушылар өз өнерлерін көрсетуді, ашық сабақтарды, секциядағы спорт түрі бойынша барлық оқушыларға арналған тиісті жұмыстарды ұйымдастырады. Секция спорттың сол түрінен Президенттік сынамаларды тапсыру және оған дайындалуға білдірген оқушылардан арнайы топтар ұйымдастырады. Бұл топқа қатысқысы келген оқушылардың барлығы да қабылданып, оларға сабақ өткізетін қоғамдық нұсқаушыларды белгілеп, бөледі. Дәл осылай етіп жеңіл атлетика секциясы секіру, лақтыру және жүгіруден Президенттік сынамаларды тапсыруға тілек білдірген топтар ұйымдастырылады. Мұндай топтарды тікелей сыныптар бойынша ұйымдастырған тіпті қолайлы.
Мектептің жоғары сыныптары түгелге дерлік жарыс (жолына шығатын шаңғы және жеңіл атлетикалық жаяу жарысқа (кросқа) даярлық кезеңіндегі секция жұмысының ) мәні ерекше. Секция оқушыларды мүшелікке тарту жөнінде үздіксіз жұмыс жүргізуі қажет. Секцияларда өзге оқушыларға спорттың сол түрімен басқа оушылардың айналысуына мүмкіндік бермейтін жабық топтар болмауын кадағалап отыруы керек. Жаңадан катыса бастағандар спорттың сол түрінің техникасын меңгеріп алғанша оларға ерекше көңіл бөлінуі қажет. Көп жағдайда секцияға жаңа келген оқушы секция басшылығы тарапынан колдау таба алмай, жаттығуға қатысуды тоқтатып, секцияны тастап кетеді. Жаңадан қатысқандар үшін кейде арнайы топтар мен сабақтар ұйымдастырылады. Жаңадан қатысушылармен жаттығулар өткізуге мұғалімге көмектесу үшін жоғары сынып оқушылары арасынан белсенділер тартылады.
Ұжым секцияларында кейде құрамның тұрақсыздығы байқалады, осы мәселеде көп жұмыстар атқарылуы керек. Мұндай тұрақсыздыққа оқушылардың өз уақыттарын дұрыс жоспарлай алмауы, оқу жүктемесінің өте көп болуы, жаттығып жүрген спорт түріне оқушының тиянақты қызығушылығының болмауы, спортты жаңа бастағандарға дұрыс көңіл бөлінбеуі, секцияда өткізілген сабақтардың іш пыстыруы, спортпен айналысудың болашағын түсінбеу және білмеу оқушыларға дене тәрбиесі мұғалімі тарапынан дұрыс қолдау көрсетілмеу, секция сабақтары кестесінің қолайсыз жасалуы және басқалар себеп болады.
Тұрақсыздықтың себептерін мұқият түрде зерттеп білу және әрбір нақты жағдайда оның алдын алу шараларын жүргізу қажет.
Озат мұғалімдердің іс-тәжірибесінен дене тәрбиесі ұжымының табысты болуына оқу озаттары мен дене тәрбиесі белсенділеріне сүйенетін мұғалімнің тиянақты ұйымдастыру жұмыстары жол салатындығын көреміз.
4.2. Сыныптан тыс спорттық секциялардың жұмыс жоспары.
Мұғалімнің міндетіне жұмыс бағдарламасын, оқу жоспарын, Президент сынамаларын тапсырудың графиктерін, жарыс календарларын жасау және ұжым секцияларындағы жүйелі және өз мәніндегі сапалы оқу-жаттығу сабақтарын ұйымдастыру жұмыстары кіреді. Ол ұжым кеңесімен бірлесе отырып мектептегі дене тәрбиесі белсенділерін: сыныптардағы дене тәрбиесін ұйымдастырушыларды, жекелеген секцияларда мұғалімге көмек беретін қоғамдық нұсқаушыларды, спорттың жекелеген түрлері бойынша бақылаушылар мен төрешілерді, команда капитандарын, топ жетекшілерін, жалпы мектептік көпшіліктік шараларды жүргізетін ойын бастаушыларды даярлауды ұйымдастырады. Дене тәрбиесінің мұғалімі педагогикалық кеңесте және ата-аналар жиналыстарында мектептегі дене тәрбиесінің жағдайы мен кезекті міндеттер туралы баяндамалар жасайды, сынып жетекшілерін нұсқаумен таныстырады, ұжым кеңесімен бірлесе отырып сыныптардағы көпшіліктік спорт жұмыстарын ұйымдастыруда оларға көмекке келеді, ұжым секцияларындағы спорттық жұмыстарға белсенді түрде қатысуға мектеп белсенділерін даярлайды, сыныптан тыс жұмыстардың есеп және Президент сынамаларын тапсыру мен мектеп оқушыларының спорттағы жақсы жетістіктерін арнайы есепке алады.
Сыныптан тыс жұмыстар мұғалімнен ынта-ықыласты, көп күш пен уақыт жұмсауды талап етеді. Мектептегі дене тәрбиесін жақсарту мақсатында есепке алынатындай спорттық-көпшіліктік жұмыстардың мұғалім білмейтіндей бірде-бір мәселесі болмайды.
Секция — дене тәрбиесі ұжымының аса маңызды бөлімі. Дене тәрбиесі ұжымының барлық оқу-спорттық жұмысы спорттың жеке түрлері бойынша түзілген секцияларда құрылады. Секция белсенділері мүғалімнің және мектеп кеңесінің (оқушылардың) көмегімен және басшылығымен спорттың сол түрінен көпшіліктік жұмыстар жүргізеді.
Оқушылардың секциялардағы спорттың қай түріне қызығшылығы болуы негізінде оқу және тәрбие жұмыстары жүйелі түрде жүргізіледі.
Секция дене тәрбиесі оқу сабақтары бағдарламасының материалдарын оқушылардың жақсы және тиянақты меңгеруіне көмектеседі. Секцияларда дене тәрбиесінің мұғаліміне көмектесе алатын дене тәрбиесі белсенділері даярланады. Сондай-ақ Президенттік сынамалар бойынша жұмыстар ұйымдастырылады. Секция мектеп дене тәрбиесі ұжымының аса маңызды ұйымдастырушысы және оқытып-үйрету буыны болып табылады.
Дене тәрбиесі ұжымында қандай секциялар ұйымдастырылады? Мектеп дене тәрбиесі ұжымында бірінші кезекте қандай секцияларды ұйымдастыруға болады? Мектептер тәрбиесіне сүйенсек, жеңіл атлетика, гимнастика, волейбол, баскетбол, футбол, теннис, велосипед спорты, коньки, шаңғы тебу, ату спорты, жүзу, өлкетану бойынша секциялар жетекші орында болуы керек. Гимнастикалық залы жоқ ауыл-селолық мектептерде шаңғы спортының, жеңіл атлетиканың, спорттық ойындардың, жүзудің, коньки тебудің және велосипед спортының дамуына ерекше мән беру керек.
Мектептегі дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстардың жүзеге әлі толық аспай келе жатқан маңызды кұралы өлкетану жұмыстары болып табылады. Осы айтылғандардан қандай секцияларды ұйымдастыруға болады деген мәселені әр мектеп өз мүмкіндік жағдайына қарай шешеді.
Секцияны ұйымдастырғанда мектепте оның жұмыс істеуі үшін жағдай жасалынған ба, жоқ па, осыны анықтап алу керек. Мұндай қажетті жағдайларға жататындар: спорттың сол түріне қызығатын оқушылардың жеткілікті тобының болуы, сабақ өткізілетін орынның және қажетті спорт жабдықтардың болуы, сабақтардың әдістемелік басшылықпен қамтамасыз етілуі. Секциялар мектеп орналасқан жердің климаттық және географиялық жағдайын еске ала отырып ұйымдастырылады.
Спортты меңгерген оқушы өз жолдастарынан көш ілгері озып кетсе және мектеп секциясы оның одан әрі өсуін қамтамасыз ете алмаса, онда оны мүмкіндігіне қарай жас-өспірімдердің спорт мектебіне жіберген тиімді. Бірақ мұндай жағдайдың өзінде де оқушы өз мектебінен байланысын үзбей, оның атынан жарыстарға қатысып, қоғамдық-нұсқаушы міндетін атқарып, ұжым кеңесінің жұмысына көмектесе отырып, мектептің дене тәрбиесі ұжымымен және жалпы мектеппен байланыста болуға тиіс.
4.3. Спорттық жарыстар, спорттық жаттығу түрлерін секция жұмысының жоспарына енгізу.
Спорт жарыстар өткізу мен жарыс жоспарын құру. Секцияның әр мүшесі өзі таңдап алған спорт түрі бойынша жарыстарға қатысу міндетті болып есептеледі және секциядағы оқушы оқыған әр жылдың сынақ талаптарының; құрамына енеді. Секцияның оқу жоспарында оқу-спорт жұмыстарының белгілі бір кезеңін қорытындылайтын жарыстар да қарастырылады.
Барлық секциялар бойынша өткізілетін жарыстардың күні мен оларды өткізетін орын, қатысушылар мен өткізуге жауапты адамдар көрсетілген жарыстар тізімі спорт жарыс тарының кунтізбесі деп аталады. Жарыс күнтізбесін құрастыратын мұғалім оны мұқият ойластырып жасауы қажет. Олар бүкіл ұжымның және секциянын оқу жоспарынан туындағаны әрі мектептің сыныптан тыс жұмыстарының күнтізбесімен байланысты болғаны аса маңызды. Жарыстардың саны секциялардағы сабақтардың қалыпты өтуін бұзбайтындай және оқушыларға көп күш түсірмейтіндей болуы қажет. Оқу жылы ішінде секцияда 3-5 жарыс өткізілсе, онда ол қалыпты деп есептеледі.
Спорттық жарыстардың күнтізбесі негізіне мектепке белгілі болған аудандық, қалалық оқу бөлімдерінің спорттық жарыстарының күнтізбесі мен мектептің сыныптан тыс жұмыстарының күнтізбесі алынады. Жарыстарды жоспарлаудағы елеулі кемшіліктердің бірі - басқарушы органдардың өз күнтізбелерін мектептердің назарына уақтылы жеткізбеуінде. Осының салдарынан мектептер өздеріндегі жарыстардың күнтізбесін бұзуға мәжбүр болады және жарыстың белгіленген мерзімін өзгертеді. Кейбір жағдайларда күнтізбені құрастыруға жоғарыдағы органдардан қажетті нұсқауларды уақтылы алуға жеткілікті белсенділік танытпайтын мұғалімдердің өздері де кінәлы болады.
Жеңіл атлетика
Мектепішілік біріншілік Маусым
Аудандық, қалалық жарыстар Шілде-қыркүйек
Жүзу
Мектепішілік біршшілік Маусым
Аудандық, қалалык жарыстар Шілде
Волейбол
Мектепішілік біріншілік Сәуір
Аудандық біріншілік Қыркүйек
Баскетбол
Мектепішілік біріншілік Қыркуйек
Аудандық біріншілік Қазан
Коньки спорты
Мектепішілік біріншілік Қаңтар
Аудандық жарыс Ақпан
Ату спорты
Мектепішілік біріншілік Сәуір
Аудандық, қалалық жарыстар Сәуір
Кешенді жарыстар
Қысқы спорттық мейрам
(спартакиада) Қаңтар-ақпан
Жоғары сыныптардағы дене
дайындығының байқауы Сәуір
Облыстық спартакиядаға қатысу Шілде
Жазғы спорттық мейрам Қыркүйек
Жарыстың мектепішілік күнтізбесінің үлгілік материалы.
Шаңғы спорты |
|
Мектепішілік біріншілік |
Желтоқсан |
Аудандық, қалалык жарыстарға қатысу |
Қаңтар |
Шаңғы жарыстарына қатысу |
Ақпан |
Гимнастика |
|
Мектепішілік сырттай жарыстар |
Қазан |
Мектепішілік біріншілік |
Қараша |
Аудандық, қалалық жарыстарға қатысу |
Қаңтар-наурыз |
Жарыстар жөніндегі ереже.
Алдын ала, бәрінен бұрын жарыс күнтізбесін жасаумен бір мезгілде «Жарыстар жөніндегі ереже» жасалуы керек. «Ережені» сол жарысты өткізуге жауапты ұйым жасайды, мысалы: облыстық деңгейдегі жарыстар жөніндегі ережені облыстық білім департаменттері, аудандық оқушылар жарыстары жөніндегі ережені аудандық оқу бөлімдері, ал мектепішілік жарыстар жөніндегі ережені дене тәрбиесінің мұғалімі жасап, мектеп директоры бекітеді.
Кез келген «Жарыс жөніндегі ереже» мынадай бөлімдерді қамтуы керек: жарыстың міндеттері, жарысқа даярлық пен оны өткізуге басшылық, жарыстың өткізілетін уақыты мен орны, командалар мен қатысушылардың құрамы, жарыс бағдарламасы, бағалау жүйесі және бағдарламаның әрбір түрі мен тәсілі, бағдарламаның нөмірлері мен спорт түрлері бойынша жеке қатысушы жеңімпаздар мен Жеңімпаз командаларға сыйлық беру мен мадақтау реттері, тапсырыс (заявка) беру мерзімдері.
«Ереже» сыныптарға, мектептерге, аудандарға, облыстарға сол жарысты өткізуден екі ай бұрын хабарлануы қажет.
Басшылық жасау. Кубокты жеңіп алу жарысын даярлау, ұйымдастыру және өткізу дене тәрбиесінің мұғалімі мен дене төрбиесі ұжымының кеңесіне жүктеледі. Баскетболдан кубокты жеңіп алу жарыстарына төрешілік ету дене тәрбиесі мұғалімі басшылық ететін терешілер алқасына жүктеледі.
Өткізілу уақыты мен орны. Кубокты жеңіп алу ойыны (уақыт аралығында) мектептің спорт залы мен алаңында өткізіледі.
Қатысушы. Кубокты ұтып алу ойындарының қатысушылары дәрігер рұқсат еткен және қанағаттанғысыз бағасы жоқ 8-11-сынып оқушылары бола алады.
Өткізілу жагдайы, Кубокты жеңіп алу ойынынан шығып қалу (ұтылған команда бәсекеден шығады) жүйесі арқылы түзілген график бойынша өткізіледі.
Әр сынып жарысқа бір ғана команда шығаруға құқылы.
Мадақтау. Финалда бірінші орын алған команда кубокпен және грамотамен, ал екінші орын алған команда грамотамен мадақталады.
Тапсырыстар (Заявки). Тапсырыстар дене тәрбиесі пәнінің мұғаліміне дейін тапсырылады. Тапсырыста командадағы қатысушылардың тізімдік құрамы көрсетіледі. Тапсырысқа сынып жетекшісі, команда капитаны және дәрігер қол қояды. Команда өкілдерінің отырысы (уақыты) өтеді.
Жарыстың багдарламасы. Жарыс бағдарламасында тек ең маңызды жене қойылған міндеттерді шешуге қажетті деген нәрселер ғана болуы қажет. Бағдарламада жас ерекшелігі топтарына бөлінген спорттық жаттығулар түрі мен спорттың түрі атап айтылады және осы түрлер сынақ түрі жағынан командалық па, жекелей ме немесе жекелей командалық па, осылар көрсетіледі. Спорттық жаттығулардың түрлері оқушылардың жас ерекшелігше сәйкес келуі керек. Кептеген мектептің жасөспірімдері жарыстарының негізіне жоғарыда тұрған ұйымдардың ұсынатын бағдарламалары мен спорттың жеке түрлері бойынша жасалған ережелер алынып жүр.
Бағдарламада жұмыс шектен тыс болмауы қажет, себебі мұның өзі жарыстың ұзақтығын созып жібереді және қатысушыларды шаршатады. Бағдарламаның көлемі мен мазмұны маусымға, оқушылардың жас ерекшеліктері мен даярлық деңгейіне сәйкес келуі керек. Дене тәрбиесі ұжымының жұмыс жоспары арқылы қарастырылған жарыс әрқашан да оқушыларды оқыту мен жаттықтыру ісіндегі атқарылған жұмыстардың қорытындысы болып табылады. Жарыс бағдарламасын құрастыра отырып, мұғалім осы жағдайларды есепке алып, бағдарламаға жетекші дене жаттығуларының негізгі түрлерін енгізеді. Бұл жаттығулар оқу бағдарламасының және Президент сынамаларының нормативтерінің орындалуымен байланысты болады. Мүмкіндігінше, жарыстар екі сағаттан аспағаны жөн. Бұған бағдарламаны біліктілікпен құрастыру арқылы ғана емес, сондай-ақ жарыстың өзін дұрыс ұйымдастыру арқылы (орындардың даяр болуы, құжаттар, бөлектенген сөрелер, төрешілер мен көмекшілер санының жеткілікті болуы, команданы дұрыс ұйымдастыру, жарыс алаңындағы тәртіп т. б.) кол жеткізіледі.
5. Оқушылардың дене тәрбиесі пәні бойынша мектептен тыс жұмыстар
5.1. Мектептен тыс жұмыстардың міндеттері мен маңызы.
Мектептегі спорттық жарыстардың мәні. Спорттық жарыстар мектептегі спорт бойынша оку-тәрбие жұмыстарында тиянақты орын алады. Спорттық жарыстардың мәні жан-жақты.
Біріншіден, жарыс белгілі бір уақыт ішіндегі оқу-спорт жұмысының қорытындысын шығару формасының бірі есебінде қарастырылуы керек. Осыған байланысты жарыс оқушылардың оқу-спорттық даярлығын тексерудің бір түрі болып табылады.
Екіншіден, спорттық жарыстардың патриоттық ,ұжымшылдық, өз мектебінің намысын қорғауға дайын болушылық, спортты сүю, қайсарлық, ерлік, ұстамдылық, жауапкершілік, тәртіптілік, жолдастық және т. б. тәрізді маңызды моральдық-ерік және адамгершілік сияқты сапаларын тәрбиелеу мақсатындағы оқушылардың ұжымдық тәрбие құралы болып табылады. Жарысқа даярлану барысында осы қасиеттер мен мінез-құлық белгілері арнайы дайындықтан; өтеді, ал жарыс кезінде олар тексеруден өтіп, болашақтағы шыңдалуға бағыт алады.
Үшіншіден, спорттық жарыстар оқу-машықтану процесінің жалғасы болып табылады, өйткені жарыс барысында жалпы және арнайы спорттық-техникалық даярлықтың жетілдірілуі іске асады, жарысушылардың техникасы мен тактикасы байытылады, мектеп ұжымы бірлесе жұмыс істейді, тәжірибе алмасу ісі жолға қойылады және спорттың жекелеген түрлерінің алдынғы қатарлы техникасы көрнекі түрде көрсетіледі.
Төртіншіден, жоспарлы және жүйелі түрде өткізілетін спорттық жарыстар спорт ұжымының оку-машықтану жұмысында тиісті «болашақ бағытын» (А.С.Макаренко түсінігі бойынша) айқындап береді. Оку-тәрбие жұмысының кез-келген кезеңінің анық әрі айқын міндеттері сабаққа деген саналы көзқарасты қалыптастырады, тәртіпті нығайтып, оған оқушылардың қызығушылығын арттырады.
Бесіншіден, спорттық жарыстардың үлкен үгіт-насихаттық мәні бар. Жарыс тудырған жағымды көңіл-күй қатысушылардың спортқа және спорттық жаттығулармен айналысуға қызығушылықтарын арттырады және жас көрермендердің спортқа белсенді түрде қатысуына септігін тиігізеді. Ең ақырында, алтыншыдан, спорттық жарыстар арнайы ұйымдастырылған шара болып табылады. Өйткені жоғарыда айтылған барлық жарысқа тән ерекшеліктерді терең ұштастыра қолдану арқылы оқушылар жеңіске жету мен рекордтар жасауы үшін өздерінің күшін толық көрсетуге мүмкіндік алады.
Мұғалім спорттық жарыстардың осы бір бай тәрбиелік мазмұны оқушылар ұжымымен жүргізілетін оқу-машықтану жұмыстарында біліктілікпен пайдалануы керек.
Жарыстың жалпы мақсаттары мен міндеттері мынадай:
а) өскелең ұрпақты Отанға деген сүйіспеншілікпен берілгендік рухында тәрбиелеу;
ә) спортты жас спортшылар арасында кең тарату;
б) оқу-спорт жұмыстарының қорытындысын шығару және күшті командалар мен жеке
қатысушыларды анықтау;
в) жастардың денсаулығын нығайтуға жөне осы негізде спорттық-техникалық
нәтижелердің өсуіне жағдай туғызу;
Ұжым алдында туындайтын жекелеген оқу-тәрбие міндеттері мынадай: секция жұмысы жөнінде қоғамдық есеп беру, мектеп рекордтарын белгілеу, командадағы тәртіпті нығайту және арттыру, спорттың жекелеген түрлерін насихаттау, секцияға жаңа мүшелер тарту және т. б. Бұлар жоғарыда көрсетілген жарыстың жалпы міндеттерімен байланыстырылуы керек.
Мектептегі сабақтан тыс дене тәрбиесінің
жылдамдық жоспары (үлгі)
Жұмыстың мазмұны |
Орында лу мерзімі |
Жауапты адамдар |
Бақылаушы |
І.Ұйымдастыру жұмыстары |
|||
1.Денешынықтыру-сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру |
|
мектеп оқу директоры |
Оқу ісінің меңгерушісі |
2.Ұзартылған күн топтарын құру
|
|
|
|
3. Арнайы дәрігерлік топта құру |
|
дәрігер, дене тәрбиесі мұғалімі. |
директор |
II. Оқу жұмысы
|
|||
І.Оқу ісінің техникалық құралдарын дайындау.
|
|
дене тәрбиесі |
оқу ісінің және еңбек пәнінің мұғалімдері |
2.Оқу ісінің дидактикалық заттарын дайындау
|
|
дене тәрбиесі ж/е сызу пәні мұғалімі |
оқу ісінің меңгер. |
З.Сабақ өтетін аландарды ережеге сай дайындау. /аландарды сызу құрал-жабдықтарды жөндеут.б./ |
|
дене тәрбиесі мұғалімі. |
директор |
4.Жылдық күнпарақ жос-парын, денешынықтыру бұрышын т.б.,үгіт насихат жұмыстарына қажетті құжаттарды дайындау |
|
дене тәрбиесі мұғалімі. |
директор |
III. Дене шынықтыру сауықтыру жұмыстары |
|||
1.Сабаққа дейінгі гимнастика жаттығуларының топтамасын құрастыру. |
|
дене тәрбиесі мұғалімі. |
мектеп директор |
2.Сабаққа дейінгі -гимнастика жаттығулар ының топтамасын дене тәрбиесі сабағында үйрету |
айын 1 рет |
дене тәрбиесі мұғалімі. |
директор |
З.Сабаққа дейін гимнастикалық жаттығуларын жасату |
күн сайын |
1 сабақ мұғалімі |
директор |
4.Сабақтағы сергіту сәті |
күн сайын |
сабақ өткізетін мұғалім |
оқу ісінің меңгерушісі |
5.Қозғалмалы үзілістер.
|
күн сайын |
кезекші мұғалім |
тәрбие жұмыстары |
6.Ұзартылған күн топ-тарындағы істелетін жұмыстары |
күн сайын |
дене тәрбиесі, тәрбиешілер |
бастауыш сынып оқу ісінің меңгерушісі |
7.Радио хабарландыру-ларын ұйымдастыру
|
күн сайын |
лаборант |
Тәрбие жұмыстарының меңгерушісі |
IV . Сабақтан тыс өткізілетін жұмыстар |
|||
1.1-ІҮ сыньштарда дене шынықтыру үйірмелерін ұйымдастыру және өткізу |
жетісіне 2-3 рет |
дене тәрбие- сінің мұғалімдері |
тәрбие жұмыстарының меңгерушісі |
2. Спорт түрлерінен спорттық секция-ларды ұйымдастыру |
аптасына 3-4 |
дене тәрбиесінің мұғалімідері, инструкторлар |
|
3. Денешынықтыру күнін өткізуге дай-ындық. |
жоспар бойыншы |
дене тәрбиесі мұғалімдері |
мектеп директоры |
V. Мектептегі бұқаралық денешынықтыру-сауықтыру шаралары |
|||
1 .Мектепте өткізіле-тін спорт жарыстары.
|
күнпарақ жоспары бойынша |
Спорт белсенділері, дене тәрбиесі мұғалімдері |
директор, тәрбие жұмыстарының меңгерушісі |
2 .Денсаулық және спорт кұндері |
айына 1 рет |
Сынып жетекшілері, дене тәрбиесі мұғалімдері |
директор |
З.Жаяу және шаңғы жорықтары
|
жылына 3-4 рет |
---,--- |
|
4.Әскери-спорттық ойындарды ұйымдастыру,өткізу
|
күнпарақ жоспары бойынша |
Әскери дайындық пәнінің мұғалімі |
---,--- |
5.Әскери-спорттық сауықтыру Лагерін ұйымдастыру. |
маусым |
---,--- |
---,--- |
6. Аудандық /қалалық/ облыстық т.б.жарыстарға қатысуды ұйымдастыру |
кесете бойынша |
дене тәрбиесі мұғалімі |
директор |
7. Денешынықтыру сауықтыру және спорт шараларының қорытындысын шығару насихаттау. |
маусым |
дене тәрбиесі мұғалімі |
директор |
VI. Сынақтар өткізу |
|||
1. Сынақтар қабылдаудың бұйрығын шығару |
қазан мамыр |
директор, оқу бөлімі |
аудандық |
2.Сынақтар қабылдау комиссиясының құрамын бекіту.
|
қыркүйек |
дене тәрбиесі мұғалімі, жаттықтырушы |
директор |
VII. Дәрігерлік бақылаудан өткізу |
|||
1 .Оқушыларды дәрігерлік жылына дәрігер бақылаудан өткізу |
жылына 1 рет |
дәрігер |
директор |
2.Дене тәрбиесі сабағын бақылау |
ай сайын |
дене тәрбиесі мұғалімі |
директор |
3. Арнайы дәрігерлік топ- а) Жалпы денешынықтыру дайындығы б) Емханада дене шынықтырумен емдеу |
Жетісіне 2 рет |
дене тәрбиесі мұғалімі, жаттықтырушы |
директор |
4. Жарысқа қатысатын оқушыларды дәрігерлік бақылаудан өткізу |
жарыс алдында |
дене тәрбиесі мұғалімі, жаттықтырушы |
дәрігер |
5.Алғашқы дәрігерлік көмек көрсету/жорық, үйірме,саяхат, секция,жарыс кезінде |
жыл бойында |
дене тәрбиесі мұғалімі, жаттықтырушы |
директор |
VIII. Шаруашылық жұмыстары |
|||
1 .Спорттық құрал- жыл жабдықтарды қалпына бойы келтіру және жетіспейтін құрал жабдықтарды сатып алу |
жыл бойында |
дене тәрбиесі мұғалімі, жаттықтырушы |
директор |
2.Спорт алаңын,залды т.б. сабақ және жарыс өткізілетін орындарды жөндеп қайта қалпына келтіру |
|
дене тәрбиесі және әскери дайындық пәндерінің мұғалімі. |
директор |
З.Жорыққа және шаңғы жарыстарын еткізуге керекті құрал-жабдықтарды,спорттық киімдер-ді дер кезінде дайындау |
|
дене тәрбиесі мұғалімі, жаттықтырушы |
директор |
IX. Үгіт насихат жұмыстары |
|||
І. Дене шынықтыру және жыл спорт бұрышын толықтыру |
жыл бойы |
дене тәрбиесі мұғалімі |
директор |
2.Жарыс жетістіктерін жарыстан радио және хабарландырулар арқылы оқушыларға және ата-аналарға мұғалідерге жеткізу |
жарыстан кейін |
дене тәрбиесі мұғалімі, жаттықтырушы |
директор |
X. Ата-аналармен қарым-қатынас жұмысы
|
|||
1.Дене тәрбиесі және спортжылына жөнінде ата-аналар 4 рет арасында жиналыстар өткізу |
жылына 4 рет |
дене тәрбиесі мұғалімі, жаттықтырушы |
Оқу ісінііің меңгерушісі |
2.Үйірмелерге, сабақтарға --'-- секцияларды өткізуге ата-аналарды тарту |
жылына 4 рет |
дене тәрбиесі мұғалімі, жаттықтырушы |
директор |
5.2. Спортпен айналысу көп жылдық үрдіс.
Мектептік жарыстарға қойылатын педагогикалық талаптар. Мектепте өткізілетін жарыстарға қойылатын жалпы талаптар мынадай: а) жоспарлылық; ә) барлық қатысушылар үшін міндетті және қатаң түрде шектелген ережелердің тұтастығы; б) жарыстар үшін арнайы жабдықталған алаңның және орынның болуы; в) төрешілер және жарыстын өтуі кезінде қатысушыларды бақылаудың болуы. г) стандартты құрал-жабдықтардың болуы; ғ) қатысушыларды жынысы, жасы және техникалық жетістігі бойынша топтарға дәл бөлу; д) қатысушыларды дәрігерлік бақылаудан өткізу; е) жоғары тұрған орындардың (білім беру бөлімдері, дене шынықтыру және спорт комитеттері) жарыс қорытындысын бекітуі.
Жарыс секциясындағы оқу-педагогикалық процеспен табиғи байланыста болуы үшін, ол мынадай негізгі талаптарды қанағаттандыруы қажет:
1. Кез келген спорттық жарыс оқу-машықтану жұмысының қорытындысы болуы керек. Осы жарыстың қатысушыларын алдын ала даярламай жарыс өткізуге болмайды.
Сондықтан да спорттық жарыстар оқу-спорт жұмыстарының жоспарында қарастырылуы керек. Барлық уақытта да жоспардан тыс кенеттен болатын жарыстардан аулақ болған жөн.
2. Спорттық жарыстар, осы жарыстың ережелерімен; бағдарламалары қатысушыларға күні бұрын белгілі болсағана өткізілуі керек.
3. Спорттық жарыстардың бағдарламасы сол секция немесе сыныптық оқу-спорт бағдарламасынан алынуы қажет, ал өзінің көлемі мен мазмұны жөнінен оқушылардың жасы мен жынысына сәйкестендіріліп алынуы керек.
4. Кез келген жарыста мынадай негізгі жағдайлар жүзеге асырылуы керек жарыстың педагогикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылуы және оның саяси бағыттылығы, қатысушылардың бағдарламаны орындауға шамасы келуі; бағдарламаның қатысушыларға арналған мақсаты көпшілікті қамтуы, ұжымшылдығы командалардың, топтардың, ұжымдардың қатысуы және осыған байланысты жекелеген қатысушылардың жеке жетістіктерін бір мезгілде анықтай отырып ұжымдық сынақ алу, сол жарыстың Президент сынамаларының нормативтерін және спорттық разряд нормасын тапсырумен байланысы, маманданған төрешілік етумен қамтылуы және жарысқа даярлық барысында насихат жұмыстарын тиісті деңгейде ұйымдастыру, жарысты өткізу және қорытындысын бекіту, жарыстың барлық кезеңінде дәрігерлік-педагогикалық бақылаудың болуы.
Жұмыстың түрлері. Ресми ережелер бойынша мектеп жарыстарының мынадай түрлері белгіленген: мектепішілік, мектепаралық (жолдастық кездесулер), барынша көп аудандық, қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық жарыстардың бұл аталған түрлерінің әрқайсысы жарысқа қатысушылардың даярлығына көптеген талаптар қоятын баспалдақ болып есептеледі.
Мектепішілік жарыстар секция ішіндегі, сыныптар арасындағы, қосарланған және аралас сыныптар (7-8, 9-10) арасындағы жарыстарға, Президент сынамалары бойынша жарыстарға бөлінуі мүмкін. Әдетте, жоғары сыныптарда өткізілетін «Дене даярлығының байқауы» ерекше орын алады. Сынақтық сипатына қарай бұл аталған жарыстар командалық, жекелей-командалық, жекелей және классификациялық түрде болуы мүмкін.
Мектептегі спорттық жарыстарды өткізу тәсілдері бойынша қатысушылардың бәрі бірге, бір уақытта, бір алаңда қатысатын жүзбе-жүз өткізілетін жарыстарға, жарысқа қатысушылар әр басқа жерде, бірақ сол жарыстың «Ережесі» бойынша қатысатын сырттай өткізілетін жарыстарға бөлінеді. Секция мен сынып ішілік жарыстарға мұғалімдер байқау, жолдастық матчтар мен кездесулер, секция мүшелерінің арасындағы жабық жарыстар, іріктеу жарыстары секілді жарыс түрлерін қолданады.
Секциядағы сабақты өткізу барысында мұғалім ойын, эстафета, жарыстың қарапайым элементтері бар ойындар («Кім биікке секіреді?», «Кім шапшаң?», «Кім дәл көздеп лақтырады») бойынша жарысуды кең түрде пайдаланады. Тіпті кіші топтардың өзіне спорттың сол түрімен таныстыруға мұғалім бұрын үйретілген спорттық жаттығуларды жақсы орындау сапасын анықтау мақсатында жарыс элементтерін: аз қадам жасап 10-15 м-ді жүгіріп өтуді, таудан шаңғымен түсіп, таяқпен жасалынған қақпаға енуді, орындау сапасы бағаланатын дайындық жаттығуларынан немесе қосалқы гимнастикалық жаттығулар жиынтығынан сынақ тапсыруды, белгілі бір әрекеттер жасап шығыршыққа доп лақтыру және т. б. енгізе алады.
Жарыстардың әр түрлілігінің өзі олардың әдеттен тыс көп екендігін көрсетеді, нәтижесінде барынша көп түрлі ұжыммен және барынша көп жағдайларда жарыс әдістерін пайдалану нәтижесінде қолма-қол жүзеге асырылатын үлкен мүмкіндіктерге қол жеткізіледі. Сонымен бірге жарыстардың әдістері ең төменгі жастағы оқушыларға да қолданылатындығы өзінен-өзі түсінікті: барлығы да жарыстар қалай ұйымдастырылды, онда нелер қолданылды — бәрін көріп-білетін болады.
Спортты үйрену немесе меңгерудің үш сатысын қарастырсақ, онда осы сатылардың әрқайсысына сәйкес келетін жарыстарды өткізу түрлерін (жолдарын) табуға болады. Бірінші кезең үшін бұл — тапсырма түріндегі жаттығулар, ол - алғашқы үйренген қимылды бар мүмкіндігінше күрделендіру түріндегі жарыс элементтері. Бұдан әрі осы спорттың жаттығулардың меңгерілген техникасын орындау сапасын анықтау мақсатындағы жарыстар, белгіленген нормалар мен сынақтық. талаптарды және басқаларды тапсыру жарыстары жалғасады. Ақырында, Қазақстан Республикасы Спорт және туризм агенттігі жасөспірімдер жа-рыстары үшін белгілеген ережелер бойынша өткізілетін жарыстар басталады.
5.3. Оқыту қозғалыс шеберлігін қалыптастыру үрдісі ретінде
Қозғалыс шеберлігін қалыптастыру үрдісі. Қозғалтқыш шеберліктерді қалыптастыру жүйесі сәйкес заңдылықтарға сүйене отырып, дене тәрбиесін берудің басты міндеттерінің бірі болып табылады. Оларды танып-білу, оқыту жағдайларын өзгерту мүмкіндіктері мен қозғалтқыш әрекеттерді меңгерудің тең дәрежелі еместгін дұрыс бағалауға мүмкіндік береді; жүргізілетін жаттығулар мен сабақ жүйесін сауатты құруға дағдыларды ауыстыру нәтижесін қолдану кезінде мүмкіндік береді; қозғалтқыш әрекетке жаттықтырудың әр кезеңінде барынша ұтымды мазмұнын анықтауға көмек береді.
Бұл тарауда оқытудың тек білім берушілік қызметі, яғни оқушыда шеберлік пен білім жүйесін қалыптастыруда мақұлданғандары ғана қабылданатын болады.
Дене тәрбиесін беруде оқушылардың белсенді қозғалтқыш әрекеттілігі басты нысана болып табылады. Осы арқылы баланың дене және психикалық қабілеттіліктерін жетілдіру алып барылады. Сонымен бірге мұндай органикалық тұтастықта балалар дене тәрбиесі жөнінде де арнайы білім алады.
Дене тәрбиесі бойынша білім беру адамның дене және психикалық жетілуіне бағытталған қозғалтқыш әрекеттер мен арнайы білімдер жүйесін меңгеру үдедісін ұйымдастыру.
Дене тәрбиесіне оқыту нәтижесі физикалық білім болып табылады.
Қозғалтқыш әрекеттерге оқыту (немесе дене жаттығуларына, егер олар нақты әрекет ретінде түсінілетін болса) - бұл да сол, мақсатты көздейі, бірақ аясы тар міндеттерді шешу үшін жүзеге асырылатын педагогикалық үрдіс. Мектеп бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде алып қарағанда, "дене тәрбиесіне оқыту" термині, ал осы бағдарлама саласының бірінің материалын игеру жөнінде алып қарағанда "қозғалтқыш әрекеттерге оқыту термині" қолданылады. Бұл кезде арнайы білімнің тек үйретілетін әрекетпен тікелей байланысқан жүйесі ғана меңгерілуі тиістілігі ұғынылады.
"Қозғалтқыш әрекетке оқыту" термині (немесе дене жаттығуына) тек бір әрекет және оған жалғаспалы теориялық мағлұматтар бар болған жағдайда ғана қолданылады, өйткені әрекет оған кіретін қозғалыстардың құрылымын көрсететін болса, онда "әрекетке оқыту" деген әр алуан мағынадағы терминді қолдануға болады.
Әр алуан терминдерді қолдану назарды қазіргі кезеңдегі басты педагогикалық міндеттерге шоғырландыруға мүмкіндік береді. Әрекетті оқыту - білімді бірмезгілде игеру, қозғалтқыш шеберлікті қалыптастыру, сонымен бірге дене қасиеттерін тәрбиелеу үрдісі. Бұлардың бәрі бір-біріне тығыз байланысты, бірақ өз құралы мен әдістері жағынан бір емес. Сондықтан педагогикалық үрдісте сол не басқа міндеттерді шешуге жиі барады.
Әрбір әрекетке оқыту бұрыннан бар немесе оқушы жаңадан иеленген білімге сүйенеді.
Дене тәрбиесі жайлы білім - дұрыс үйымдастырылған дене тәрбиесі негізінде жататын ұғымдар мен заңдылықтардың, дәлелдердің белгілі жүйесі. Білім көлемін кеңейту мен сапасын жоғарлату оқытуда танымдылық ұстанымын жүзеге асырудың жолы, баланың танымдық белсенділігін тәрбиелеудің маңызды тәсілдерінің бірі (қараңыз: "Дене тәрбиесін беру үрдісінде білім қалыптастыру"). Үйретілетін қозғалтқыш әрекетті игерудің үш деңгейі шартты белгіленеді. Олардың әрбірі олардың жеке атауларын беруге мүмкіндік беретін белгілі сипаттамаларға ие (бұл жайында оқыту кезеңдерін сипаттау кезінде егжей-тегжей айтылады):
бірінші деңгей - элементарлы шеберлік;
екінші деңгей - дағды;
үшінші деңгей - автаматтанған дағды (немесе жоғары реттегі шеберлік).
Деңгейлер айырмаларында айқын шекараларға ие емес. Бұл барлық деңгейлердің негізінде дағдыларды қалыптастырудың тұтас психофизиологиялық заңдылықтары жататындығымен түсіндіріледі. Мәні жағынан элементарлы шеберлік - бұл әлі толығымен қалыптаспаған дағды, ал автаматтанған дағды - бұл қалыптастырылып қойылған дағдыны меңгерудің жоғары деңгейі.
Қозғалтқыш дағды - бұл назарды жекеленген қозғалыстарға емес, әрекет нәтижесіне және жағдайларға шоғырландыра отырып, әрекетті орындау қабілеттілігі.
Егер де дағды - психофизиологиялық категория болатынболса, онда шеберлік педагогикалық категория ("ақыл"сөзінің түбірі) және қозғалтқыш әрекетті меңгерудің барлық деңгейін де "жасай аламын"," жақсы жасай аламын", "өте жақсы жасай аламын ", деген сөздермен жеткізуге болады.
Әрекетті орындау қабілеттілігі, адамның өз білімі мен қозғалтқыш тәжирбесін қолдану нәтижесінде туындайды. Бұдан басқа, мұндай қабілеттілік кенеттен емес, тек берілген әрекетті қайталаудың белгілі мөлшерінен кейін ғана пайда болады. Мәселен, жекешелендіру қағидасын оқыту үшін баланың психофизиологиялық қызметіне жағымсыз ықпал етпейтін осындай қозғалтқыш әрекеттерді таңдауға мүмкіндік береді.
Дене тәрбиесін берудің жүйесі қағидаларынан басқа тек педагогикалық үрдістің заңдылықтарын сипаттайтын қағидалар да өмір сүреді. Дене тәрбиесінің теориясында олар "дене тәрбиесін беру қағидалары" (кейде "әдістемелік ұстанымдар "деп те аталады).
Дене тәрбиесін педагогикалық үрдіс ретінде сипаттайтын заңдылықтардың әралуандылығымен байланысты, оның қағидалары үш өзара байланысқан салаға бөлінеді; оқыту қағидалары, яғни арнайы білімдер мен қозғалтқыш шеберліктерді қалыптастыру заңдылықтарын сипаттайтын қағидалар; дене сапаларын тәрбиелеу қағидалары, яғни күшті жылдамдықты дамыту заңдылықтарын бейнелейтін қағидалар; дене жаттығулары сабағы кезінде баланы жеке тұлға ретінде тәрбиелеу қағидалары. Педагогиканың арнайы тармағы болып табыла отырып, дене тәрбиесінің теориясы жалпы педагогикалық қағидаларды қолданады, бірақ оларды оқу материалының ерекшеліктерін ескере отырып өңдейді. Бұл тарауда тек оқыту ұстанымдары ғана қарастырылатын болады.
Оқыту негізіне жататын заңдылықтар өзінің қызмет ету мүмкіндіктері жағынан біртектес емес, осыған сәйкес оқыту қағидаларын мақсатқа сәйкес төрт өзара байланысқан салаға бөлуге болады: қатынас ұстанымы, бағалау ұстанымы үйлестіру ұстанымы, құру ұстанымы қағидалар тобының атаулары және олардың әрбірі біршама дәрежеде шартты, бірақ мұғалімді олар педагогикалық міндеттерді шешу кезінде иемденетін ұстанымдардың қызмет ету мүмкіндіктерін қолдануға бағыттауда туындаған. Бұдан басқа қағидалардың әрбірінің атау педагогика мен дене тәрбиесі теориясында қабылданған терминологияға қарама-қайшы келмейді.
Балаларда оқытуға танымдық белсенді қарым-қатынаеты калыптастыру қажеттілігі саналық пен белсенділік қағидаларымен ұштастырылады. Қызмет ету мүмкіндіктерінің тұтастығы негізінде оларды қатынас ұстанымы тобына біріктіруге болады.
Оқыту үрдісінің нәтижелілігін обьективті бағалау қажеттілігі ғылыми және беріктілік қағидаларымен ұштастылылады. Қызмет ету мүмкіндіктерінің тұтастығы негізінде олар бағалау ұстанымы тобына біріктіріледі.
Оқытуда баланың жас, жыныс және жеке ерекшеліктеріне сәйкес жүргізу қажеттілігі жеке туындайды. Берілген қызмет ету мүмкіндіктерінің тұтастығы негізінде оларды мақсатқа сәйкес үйлестіру,сабақты дұрыс ұйымдастыру, жүргізу тәсілдері, қолданылатын қағидалар жиынтығы баллығы талапқа сай болғанда ғана жүйелі жұмыс жүргізіледі.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Ю. Тілеуғалиев Дене тәрбиесі оқыту әдістемесі А «Атамұра» 2003ж
2. Ю. Тілеуғалиев., Қ. Адамбеков., С. Қасымбекова Дене тәрбиесі 7 сынып. А. «Атамұра» 2003
3. С. Қасымбекова., Д. Мырзахмед. Дене тәрбиесі сыныптан тыс жұмыстар. А. «Атамұра» 2001
4. Э. Тлеулов «Дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесі». Шымкент 2003.
5. С. Тайжанов А. Кулназаров. «Дене тәрбиесі» » Алматы, Атамұра 2002ж.
6. Введение в теорию физической культуры: Учебное пособие для институтов Физ.культ./ Под.ред. Л.П.Матвеева- М.: ФиС,1983
7. Теория спорта/ Под.ред.В.Н.Платонова-К.Вища шк.,1987
8. Филин В.П. Теория и методика юношеского спорта: Учебное пособие.М.:ФиС,1987
9. Теория и методика физической культуры / Под.ред. В.М.Шиянна-М.: Просвещение,1988
10. Теория и методика физического воспитания. Учебник для студентов фак.физ.культ. / Под.ред. Б.А.Ашмарина.-М.: Просвещение,1990
11. С. Дошаков, С Каргин. «Алғашкы әскери дайындық негіздері: Оқу құралы. Қарағанды КазМУ 2002
12. Т. Базартегі. С. Тайжанов «Дене тәрбиесі» Алматы, Атамұра 2001ж
13. С. Қасымбекова, Д. Мырзамед «Дене тәрбиесі сыныптан тыс жұмыстар» Алматы, Атамұра 2001 ж
14. Б. Тотенаев «Қазақтың ұлттық ойындары» Алматы, Қайнар 1994ж
15. Э. Тлеулов.. Б. Асубаев «Спорт құрылыстары» Шымкент 2003ж.
Жарияланған-2015-09-25 15:45:37 Қаралды-170003
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Қазақстан тарихы
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Тіл ғылымы, Филология
- Философия
- Физика, Химия
- Кітапханалық іс
- Спорт
- Автоматтандыру
- Аудит
- Ауыл шаруашылығы
- Биотехнология
- Бухгалтерлік есеп
- Журналистика
- Кедендік іс
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару, Метрология және стандарттау
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Туризм
- Халықаралық қатынастар
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- Жаратылыстану
- Медицина