Тақырыбы: «Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету»
Мазмұны
Кіріспе
1. Өндірістің тиімділігін арттыруда және өнім сапасын басқаруда метрологиялық қамтамасыз етудің мәні..
2. Метрологиялық қамтамасыз етудің негізгі міндеттері мен құқықтары.
3. Метрология саласындағы қызметкердің біліктілігі..
4. Метрология саласындағы қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары..
5. Өндірісті дайындаудың метрологиялық қамтамасыз етілуі..
6. Метрологиялық қамтамасыз етудің ұйымдастырушы негіздері..
7. Уақыт пен жиіліктің мемлекеттік қызметі (әрі қарай УЖМҚ) және заттар мен матиериалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілерінің мемлекеттік қызметі (СҮМҚ)..
8. Заттар мен материалдардың физикалық константталары мен қасиеттері туралы стандартты анықтамалы деректердің мемлекеттік қызметі (САДМҚ) және өлшем бірлігін қамтамасыз етудің басқа да
мемлекеттік қызметтері.
9. Метрологиялық қамтамасыз етудің техникалық және нормативті-құқықтық негіздері...
10. Өндірістің метрологиялық жұмыстарының нормативті құжаттары өндірісті метрологиялық қамтамасыз етудің заңды негізі.....
11. Метрологиялық қызметтер. Кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің және РМК „Метрология“ метрологиялық қызметтерінің негізгі бағыттары.
12. Жеке тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің негізгі бағыттары..
13. Стандарттардың, техникалық шарттардың метрологиялық ережелер мен нормалар талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібі..
14. Өнім өндіруді және оны шығаруды технологиялық дайындау сатысында МҚЕ талдау..
15. Стандартты емес өлшеу құралдарын метрологиялық аттестаттаудан өткізу..
16. Өлшем құралдарына метрологиялық аттестаттау жүргізу тәртібін қадағалау.
18. Мемлекеттiк метрологиялық қадағалау түрлерi....
19. Өлшеу құралына тексеру жүргізудің ұйымдастырылуы және тәртібі..
20. Өлшеу құралын тексеру.
21. Калибрлеу, реттеу және градуирлеу туралы ұғымдар..
22. Тексеру схемалары.....
23. Тексеру схемаларының мазмұны және құрылуы
24. ӨҚ-ын мемлекеттік сынау. Мемлекеттік қабылдап және бақылап сынау.
25. Сынау жабдығын аттестаттау
26. Техникалық құжаттаманы МС және МӨ жайлы ұғымдар..
27. МС-ге және МӨ-ге жататын ӨҚ-ына конструкторлық құжаттама..
28. Конструкторлық құжаттаманы метрологиялық бақылау.
29. Технологиялық құжаттаманы метрологиялық бақылау..
30. Метрологиялық бақылау жүргізетін тұлғалардың міндеттері мен құқықтары
Ұсынылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе
Практикалық қызмет етуді бірде бір саласы жоқ, қай жерде өлшеусіз өтуге болатын, қайда өлшеуші шамамен бұл шаманың өлшеуші бірлігінің арасында байланыс бар жерде әртүрлі талдауда, болжауларда, жоспарлауда, бақылауда, реттеуде шикізаттың дайын өнімнің сапасы және барлық өндіріс циклының технологиялық операциялар жайлы анық ақпарат қажет.
Бұл ақпаратты әртүрлі физикалық шамаларды, көрсеткіштерді және параметрлерді көп рет өлшеу жолымен алады. Анық, қажетті дәлтікпен алынған өлшеуші ақпарат дұрыс қабылданатын шешімді қамтамасыз етеді. Анық емес ақпарат өнім сапасының төмендеуіне, аппараттарға, ғылыми зерттеулерден жалған қорытындыларға, пайдалы қазбалардың қорын қате бағалауға әкелуі мүмкін.
Өлшеулерге бірыңғай әдіс – амал өзара – түсінушілікті, ақпартты айырбастауға, өлшеу құралдарың және әдістерін стандарттауға мүмкіншілікке, халықаралық тауарайналым жүйесінде өнімді сынай және өлшеу нәтижелерін өзара мойындауға кепілдік береді. Барлығы, құм өлшейтін (техникалық құралдарды қолдану арқылы тәжірибелі жолмен өлшенетін шаманың мәнін табады) мамандарндырылған метрологтар алынған өлшеу нәтижелеріне сенгілері келеді. Алынған өлшеу нәтижелеріне тек сенім жақтар қайта өлшеуге басқа лабораторияларды, басқа мамандарды тартуға мәжбүр етеді. Көбінесе көп мәселелерді тек әртүрлі орындарда, әртүрлі уақытта, әртүрлі өлшеу құралдарын қолдануымен алынған көп санды өлшеу нәтижелер негізінде шешуге болады. Мұндай нәтижелерді тек оларды салғастыру шарттарымен қолдануға болады. Өндірісті автоматтандыруы дәлдікті жоғарлатуға, анық және салғастыру өлшеулерге мәжбүрлейді. Мәселе қиындаған сайын, метрология үлкен мәнге ие болады.
1. Өндірістің тиімділігін арттыруда және өнім сапасын басқаруда метрологиялық қамтамасыз етудің мәні
- Өндірістің тиімділігін арттыруда және өнім сапасын басқаруда метрологиялық қамтамасыз етудің мәні
- Метрологиялық қамтамасыз етудің қарастыратын мәселелері
Қызмет етудің барлық түрлері өлшеусіз ойсыз. Кәсіпорынның көп саласында өлшеуге байланысты шығын көлемі – жылдық капитал кірісінің 30%-дан астам құрайды. Материалдың, энергетикалық және де басқа ресурстарды үнемдеу мәселесін шешуде метрологиялық қамтамысз ету үлкен мәнде ие болады, өйткені сандық есептеу материалдың құндылықтарды, электрлік және отын энергиясын, мұнай және мұнай өнімдерін, газды, су ресуртарын жоғалтуды азайту және үнемдеу негізі бойынша табылады.
Метрологиялық қызметтің болмауы, өлшеу бірліктерін қамтамасыз ету бойынша жағдайлардың және ережелердің бұзылуы – өнім сапасын бақылаудың жүргізу өлшеулері кезінде, технологиялық процестерді реттеу кезінде, ауру-сырқаттарды емдеу және анықтау кезінде үлкеншығынға алып келеді.
Өнімді өндіру кезінде дайын өнімнің сапасын бағалауда тек өлшеу жағдайын емес және де белсенді бақылау көмегімен технологиялық процестегі сапа көрсеткіштерін бақылау мүмкіншілігіне және өлшеу жағдайына назар аудару қажет. Жаңа бұйымда ойлап табу алдында және әрбір технологиялық процесті шығаруда шығарылған және аттестатталған өлшеу және сынау құралдарын және әдістерін қолдана отырып, өндірістің метрологиялық дайындығы туралы сұрақтарды шешіп алу қажет.
Өлшеу кезіндегі қолданылатын әдістемелер метрологиялық аттестталған және тіркеуден өту керек. Аттестталған әдістеменің талабын қатаң қадағалай отырып, оператор, яғни ол алған өлшем нәтижесі, қателігі берілген шегінен шықпағаны туралы сенімді болу керек.
Қызмет берудің барлық бағыттарындағы объектілерінде метрология заңнамысының жағдайы білетін, теоретика метрология жасаудың негізін және практикада іс-жүзіне асыра білетін мамандар қажет (өлшеу жағдайына жауапты бас метрологтар, өлшеуді жүргізетін операторлар).
Метрология саласында мамандарды дайындау төрт тіректі модульдерге негізделеді: инженерлі дайындықта, экономды басқару дайындықта, ақпаратты технология саласында дайындықта, сапаны қамтамасыз ету дайындықта. Оқу процесі кезінде анық өлшеуші ақпараттар алу, түрлендіру, өңдеу және беру әдістерін оқиды. Өндірісті метрологиялық қамаамысыз ету және метрология саласындағы саясатты анықтайтын, халықаралық құқық және ұйымдар талабына сәйкес метрология бойынша жұмыстарды өткізу және ұйымның тәртібін оқиды.
Жалпы өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету келесілерді қамтиды:
- Өлшеу жағдайын талдау;
- Өлшеу шамаларының рационалды номенклатураларын онату және дәлдікке сәйкес жұмысшы немесе эталондық өлшеу құралдарын калибрлеу;
- Бақылау жүргізу және өлшеу құралдарын калибрлеу;
- Орнатылған дәлдік нормаларымен қамтамасыз ету үшін өлшеуді жүргізу әдістемесін жүргізу;
- Конструкторлық және технологиялық құжаттамаларға метрологиялық сараптама жүргізу;
- Қажетті нормативті құжаттарды ендіру;
- Техникалық біліктілікке аккредиттеу жүргізу;
- Метрологиялық бақылауды жүргізу.
Метрологиялық қамтамасыз етуді дайындау кезінде процестердің өзара байланыстылығын қамтитын жүйелік үйлесімділікті қолдану керек.
Метрологиялық қызметтердің құрылымы мен қызметін, өндірісті метрологиялық қамтамасыз етудің техникалық базасын, өлшеу бірлігі мен дәлдігін қамтамасыз ету әдістерін, метрологиялық дайындау және тексеру жұмыстарын орындау, олардың нәтижелерін өңдеу мен рәсімдеу ережелерін білу.
Сонымен қатар, студенттер метрологиялық қамтамасыз ету жағдайын талдауды, өлшеу және бақылау құралдарын метрологиялық жарамды күйде қолдануды, өлшеу, сынау және бақылау процесстерін жоспарлауды және орындауды, нәтижелерді өңдей алу.
Өлшеу, өлшеу құралдарын метрологиялық сынақтан өткізу, аттестаттау, бойынша жұмыстарды ұйымдастырудың нақты жағдайларында қетеліктердің сипаттамаларын есептеу дағдыларын игеру.
2. Метрологиялық қамтамасыз етудің негізгі міндеттері мен құқықтары
1. Метрологиялық қамтамасыз етудің негізгі міндеттері
2. Метрологиялық қамтамасыз етудің негізгі құқықтары
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында жұмыстарды іске асыру үшін (салыстырып тексеру, калибрлеу, өндіріс, жөндеу, сынақтар, өлшемді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттау, метрологиялық тексеру және басқалар) мемлекеттік басқарма органдары, жеке және заңды тұлғалар метрологиялық қызметтерді құрайды.
Өз әрекетінде метрологиялық қызметтер:
- Қазақстан Республикасының «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңын;
- Қазақстан Республикасының заңды және нормативті құжаттарын, соның ішінде өлшем бірлігін қамтамсыз ету бойынша;
- стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша уәкілетті мемлекеттік орган (әрі қарай уәкілетті мемлекеттік орган) бұйрықтарын;
- осы ұсыныстар негізінде дайындалған метрологиялық қызмет туралы Ережені;
- мемлекеттік басқарма органы және заңды тұлға бұйрықтарын және жарлықтарын басшылыққа алады.
Метрологиялық қызметтер, олардың бағынушылығына және меншік түрлеріне тәуелсіз, ереже бойынша, құрылымдық ішкі бөлімшелер түрінде пайда болады және басшы метрологтармен басқарылады. Негізгі міндеттері қызметтер және құқықтарды анықтау үшін метрологиялық қызметтер мемлекеттік басқарма органы, құрамында жеке және заңды тұлғалар туралы ақпаратты деректер болуы қажет және метрологилық қызметтердің құрылымын, міндеттерін, қызметтерін және құқықтарын анықтайтын метрологиялық қызмет туралы ереже дайындайды
Метрологиялық қызметтер әрекеттерінің мемлекеттік метрологиялық қадағалауын ҚР СТ 2.2 және ҚР ЕР 50.2.24 белгіленген тәртіп бойынша уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қадағалауы бойынша аумақтық ішкі бөлімшелер іске асырады.
Метрологиялық қызметтердің негізгі міндеттеріне:
– өлшемнің талап етілетін дәлдігін және бірлігін қамтамасыз ету;
– ғылыми зерттеулердің, өндіріс тиімділігінің, өнімдердің, жұмыс және қызмет көрсетудің техникалық деңгейін және сапасын көтеруге бағытталған өлшем құралдарын және қазіргі заманғы әдістерді практикаға енгізу;
– әрекеттің негізгі бағыттарын анықтауды, және зерттеулерді, дайындауларды, өндірісті, сынақтарнды, өнімді пайдалануды және басқа әрекет салаларын метрологилық қамтамасыз ету бойынша жұмыстар орындау;
– әрекеттегі заң бойынша белгіленген метрологиялық ережелерді сақтау және өз уақытында енгізу;
– ҚР СТ 2.15 талаптарына сәйкес метрологиялық бақылаудың іске асуы жатады.
– метеорологиялық қамтамасыздандыруды дамытудағы негізгі бағыттар мен осы облыстағы ғылыми және техникалық жетістіктерді барынша эффективті пайдалану жолдарын анықтау;
– метеорологиялық қамтамасыздандырудың ғылыми-әдістемелік техника-экономикалық, құқықтық және ұйымдық негіздерін халықтық шаруашылықты басқарудың барлық сатысында жасап шығару;
– физикалық константа мәндерін анықтау мен өлшемнің жоғары дәлдігін құру мақсатында жаңа физикалық эффектерді пайдалану және іргелі ғылыми-зерттеулерді жүргізу және ұйымдастыру;
– елде өлшем бірлігін қамтамасыз ету, метеорологиялық қамтамасыздандырудың негізгі шарттары, ережелері, талаптары мен нормаларын стандартизациялау, ГСН-ді дамыту;
– физикалық өлшем бірліктерін пайдалануда жіберілуі мүмкін қателіктерді құру;
– физикалық өлшем бірліктерінің мемлекеттер эталондарының жүйесін құру, бекіту және сақтау;
– физикалық өлшем бірліктерінің мемлекеттік эталондардан өлшеудің барлық түріне бір ретті жіберілуін құру;
– метеорологиялық қамтамасыздандырудың салааралық бағдарламасын жасап шығару және олардың жүзеге асырылуы бойынша жұмыстар ұйымдастыру;
– ауыл шаруашылығы салаларында метеорологиялық қамтамасыздандырудың кешенді бағдарламаларын жасаудың ғылыми-әдістемелік басқармасы;
– жоғары дәлдіктегі өлшеудің үлгілі заттарын және жұмысшы эталондарын құру және жүзеге асыру, кешенді тексеру құрылғылары мен зертханаларды жасап шығаруда жоспарлау және координациялау;
– өлшем заттарының метеорологиялық сипаттамаларына бірлік талаптарын құру;
– өлшемдердің сериялық және массалық өндіріске және олардың партиялар мен шекарадан енгізуге арналған мемлекеттік сынамаларының реті;
– жоспарлануы және жүргізілуі;
– құрылғыларының мемлекеттік тексерілуі;
– заттар мен материалдардың қасиеттері мен құралының стандарттық үлгісінің жалпы талаптарын құру;
– стандарттық анықтамалық мәліметтердің, заттар мен материалдардың стандартты үлгілерінің, уақыт пен жиіліктің мемлекеттік қызметтің басқаруды жүзеге асыру және олардың дамуына қолдау көрсету;
– өлшем құралдарының өндірісі, жағдайы, қолдануға және жөндеуіне және метрологиялық ережелері талаптар мен нормалардың сақталуына, сондай-ақ ведомствалық метрологиялық қызметтің іс-әрекеттеріне мемлекеттік бақылау жүргізу;
– ерекше дәл өлшемдерді ұйымдастыру және орындау;
– метрология облысында кадрларды дайындауды және квалификациясын жоғарылатуды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
– метрология облысында халықаралық әріптестік бойынша жұмыстар ұйымдастыру халықаралық сауда, ғылыми-техникалық және экономикалық әріптестіктер үшін қажетті өлшемдердің бірлігі мен талап етілген дәлдігін қамтамасыз ету;
– метеорологиялық қамтамасыздандыру жұмыстарын ел қорғанысының қажеттіліктерімен байланыстыру;
– метрологиялық қамтамасыздандыру облысында ғылыми-техникалық ақпараттарды ұйымдастыру және жүзеге асыру және сериялық немесе массалық өндіріспен шекарадан партиялар мен шығаруға арналған өлшем құралдарын тұрақты көрмелерде экспонирлеу.
Метрологиялық облыстарда негізгі мәселелерді шешуді салалық дәрежеде министрлік жүзеге асырады:
Осы мәселе арасында екі топты бөлуге болады; өлшем бірліктерін қамтамасыз ету мәселелері және метеорологиялық қамтамасыз ету бойынша келесі төмендегілер жататын қосымша, арнайы мәселелері:
– өлшеу, сынау және бақылау кезіндегі бағалауға жататын материалдар, бұйымдар және процестер параметрлерінің номенклатураларын таңдау;
– өлшеу, сынау және бақылау нәтижелерінің дәлдік көрсеткішінің сандық мәні мен номенклатурасын, мәселенің оптималді шешімін қамтамасыз етіп олардың көрсету формасын таңдау;
– екі жоғарыдағы мәселелерінің шешімдерінің дұрыстығын тексеру мақсатындағы консултивті және технологиялық құжаттардың метеорологиялық экспертизациялау;
– өлшеу, сынау және бақылау процестерінің жоспарлау, өлшеу, сынау және бақылау әдістемелерін жасап шығару;
– өлшеу, сынау және бақылау процестерін техникалық құралдарға сәйкестендіріп қамтамасыз ету;
– техникалық құралдарға метеорологиялық түзу жағдайда ұстау;
– өлшеу, сынау және бақылау процестерін орындау нәтижелерін өңдеу (қажет болған жағдайда);
Өлшеу бірліктерін қамтамасыздандыру мәселелерінен басқа жағдайларды метрологиялық қызмет органдарында мамандар, өндірістік бөлімшелердің, колективтердің түрлі категориялары шешеді: Олар төмендегілерді қамтиды;
– өлшенетін шамалардың рационалды номенклатурасын, конструкторлардың параметрлерін, жаңа материалдар, бұйымдар мен процестер олардың қасиеттерін моделдеу және үйрену негізінде жасап шығаратындарды таңдау;
– өлшеу ақпараттарын «тұтынушыларды» - дәлдік нормасын таңдау яғни жаңа заттарды, бұйым немесе процестерді кімге арналған, кім жүргізеді, айналымға кім түсіреді (сауда кезінде);
– конструкторлар, технологтар және метрологиялық қызметтің ведомствалық мамандарынан тұратын эксперттердің профессионалды дайындалған топтары – метрологиялық экспертиза;
– өлшемдер, сынақтар және бақылау жүргізу және жоспарлайтын, материалдар мен бұйымдады дайындаудағы технологиялық процестерді жасап шығарушы және жүзеге асырушы – ғылыми – техникалық персонал;
– өлшеу, сынау және бақылау процестерін техникалық құралдармен , осы құралдарды жасап шығарушыларболып табылатын министрліктің орталықтанған тәртібі мен қамтамасыз ету;
– техникалық құралдарды бүтін түрінде ұстайтын - өлшеу, сынау және бақылау құралдарның ремонтын жүзеге асырушы ұйымдар мен кәсіпорындар.
Метрологиялық қызметтердің құқықтары
– ведомстволық кәсіпорындардың метрологиялық қызметтеріне (мемлекеттік басқарма органдары үшін) және құрылымдық ішкі бөлімшелерге (заңды тұлғалар үшін) метрологиялық еределерді және нормаларды бұзуды жоюға бағытталған міндетті нұсқаулар беруге;
– метрологиялық қызмет ету саласында әрекеттегі заңдылыққа, метрологиялық ережелер мен нормаларға қарама қайшы нормативті құжаттарды, бұйрықтарды, жарлықтарды және нұсқауларды жою туралы ұсыныстар енгізуге;
– метрологиялық ғылыми орталықпен, мемлекеттік басқарма органдарымен, жеке және заңды тұлғалармен ұсынылған нормативті құжаттарды метрологилық сараптау өткізуге;
– жобалық, конструкторлық, технологилық құжаттарға метрологилық сараптау жүргізу, аналитикалық, сынақтық және өлшемдік зертханаларда өлшем жағдайын бағалау кезінде тәуелсіз сарапшыларды тарту туралы ұсыныстарды енгізуге;
– техникалық талаптарға жауап бермейтін өлшем құралдарын, типін бекіту мақсатында сынақтан өтпеген өлшем құралдарын, пайдаланылатын құжаттар талабына сәйкес келмейтін шарттарда және тағайындау бойынша пайдаланылмаған, метрологиялық аттестаттаудың мерзімі аяқталған салыстырып тексеруді айналымнан алуға;
– метрология сүраұтары бойынша нормативті құжаттар жобалары бойынша қорытынды дайындауға;
– метрологиялық бақылауды іске асыр тәртібінде тексеружүргізу үшін қажетті материалдарды метрологилық бақылауға тарлыған құрылымдық ішкі бөлімшелерден алуға құқылы.
Мемлекеттік басқарма органдарының метрологиялық қызметтері сондай-ақ бұзуларды жойғанға дейін сапа бойынша белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өнімдерді шығаруға (сондай-ақ жөндеуден де) немесе жүзеге асыруға әкелген метрологиялық ережелердің бұзылуы жағдайында өнімді өндірісте тоқтату туралы басшылықты ұсынуды енгізуге құқылы.
Сонымен метрологиялық қамтамасыз етудің осы мәселелер тобын шешуде өлшеу ақпараттарының «шығарылуы және тұтынушылармен» байланысты ведомствалық органдар мен техникалық қызметтер қатысуы керек.
Өлшеу нәтижелерінің дәлдік көрсеткіштерінің сандық мәндері мен номенклатурасын таңдауға кеңінен тоқталамыз. Осыған байланысты оның техника-экономикалық суреттемелерге сәйкес өлшеу мәселелерінің дәл класы үшін таңдалатын өнімнің оптималді дәлдігі туралы түсінікті қарастырамыз.
Мысалы, нәтижесі өнімнің сапасын бақылау кезінде пайдаланатын өлшем дәлдіктерінің нормасын таңдау, бақылаудың брак болу ықтималды жіберілуі мүмкін мәндермен сипатталады. Өлшеу дәлдігі қаншалықты жоғары болса, бақылаудың брак болу ықтималдығы да аз және дефекті бұйымдарды эксплуатациялайтын жылдық қайта бақылауға қатысты экономикалық жоғалтуларда азаяды. Бірақ өлшемдердің дәлдігін арттыру материалдық шығынды қажет етеді. Осы жағдайда өлшем дәлдігінің оптималді бақылауды жүргізуге кеткен қаражат көлемі және мүмкін болатын брактан экономикалық жоғалтуы минималды болады.
Осыған орай, метрологиялық қамтамасыздандыру бойынша кез келген ғылыми, техникалық және әлеуметтік мәселелер оның дәрежесін, эффективтілігі мен осы мәселелерді шешу сапасына әсер ететінжалпы критерийлерін сипаттайтын белгілі технико-экономикалық көрсеткіштер базасында құртуы керек.
Метрологиялық қамтамасыз етудің соңғы мақсаты, жоғарыдағыларды қорыта келгенде – шикізат, материалдар, бұйымдар және процестерді өлшеу, сынау және бақылау нәтижелері бойынша қате шешімдердің қабылдану мүмкіндігін рационалды минимумға алып келу екені көрінеді.
Осы мақсатқа жету үшін метрологиялық қамтамасыздандырудың барлық мәселелерін кешенді шешу қажет.
3. Метрология саласындағы қызметкердің біліктілігі
1. Метрология саласындағы мамандарға берілетін біліктілік
2. Метрология саласындағы мамандардың құзіреттілігі
Метрология саласындағы мамандарға мынадай біліктілік беріледі:
- шама бірлігінің мемлекеттік эталондарын сақтаушы – ғылым (бұдан әрі – сақтаушы -ғылым):
- өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы – аудитор (бұдан әрі сарапшы аудитор);
- өлшем құралдарын салыстырып тексеруші;
- басқа біліктілік, қажет болғанда техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілеттік, қажет болғанда техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен қабылданған (бұдан әрі – мемлекеттік орган).
Метрология саласындағы маманның өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында сәйкес дайындағы және математика, физика, химия, өнеркәсіптік технология, электроника автоматтық басқару және бақылау органдары саласында да жалпы техникалық білімі (сататистиканы қоса) болуы және мына мәселелерде құзіретті болуы тиіс;
- өлшемнің түрлі салаларындағы негізгі қағидаттарында және өлшеу деректерін алу әдістерінде;
- өлшемнің негізгі құралдарында, ұқсас және сигналдарды сандық өңдеу көрсеткіштерінде және жүйелерінде (өлшеуіш тізбелер);
- бастапқы қағидаттарды және өлшеу нәтижелерін өңдеу әдістерінде, қателікті және белгісіздікті бағалау мақсаттарында есептеуіш техникаларды пайдалану;
- өлшеуіш эксеперименттерді жоспарлау әдістерінде және өлшеуге қажетті құралдарды таңдауды үйлестіру әдістерінде;
- әсер етуші факторлардың әсеріне өлшеуіш құралдарды сынау әдістерінде;
- өлшем құралдарының динамикалық сипаттамаларын талдау әдістерінде;
- стандарттар талаптарында, құжаттарды рәсімдеуде;
- ұйымдастыру және салыстырып тексеру (калибрлеу) нәтижелерінде салыстырулар жүргізу тәсілдерінде;
- ұйымдастыру және техникалық құжаттамаға метрологиялық сараптама жүргізу тәсілдерінде;
- еңбекті ұйымдастыру және сапаны басқару негізінде;
- метрология саласындағы маманның жұмысына қатысты ұлттық заңнаманың, халықаралық және мемлекетаралық стандарттардың негізгі талаптарында.
Метрологиялық саласындағы маман мынадай жұмыстар атқаруы тиіс:
- қолданыстағы стандарттарды, нормативтік құқықтық актілерді және өзінің қызметін іске асыру кезінде өлшеуіш техникамен жұмыстың тиімділігін арттыруға арналған басқа да құжаттаманы пайдалану;
- өндірісте өлшеудің қазіргі заманғы әдістерін әзірлеу, енгізу және өлшемнің осы саласындағы техникалық параметрлерін бақылау;
- өлшемдердің растығын қамтамасыз ету, өндірістік процестегі олардың қалыпты жұмыс істеуін қаматамасыз ететін өлшеуіш аспаптарды реттеуді орындау;
- өлшем қателіктерін талдау, олардың шығу көздерін белгілеу және өлшеу нәтижелерін дұрыс рәсімдеу;
- қолданылатын өлшем құралдарының жай-күйін бағалауды, сондай-ақ өлшеу құралдарын, қолданылатын эталондарды салыстырып тексеруді (калибрлеуді) ұйымдастыру.
Метрология саласында базалық мамандандырылған білімі бар мамандар өлшемнің сәйкес түрі немесе метрологиялық жұмыс түрі бойынша сынақтан өткеннен кейін біліктілік алады.
Метрология саласында базалық мамандандырылған білімі жоқ мамандар мамандандырылған біліктілік курсынан және өлшемнің сәйкес түрі немесе метрологиялық жұмыс түрі бойынша сынақтан өткеннен кейін біліктілік алады.
Сынақтан сәйкес біліктіліктен өту туралы сертификаты бар маманнан өтеді.
4. Метрология саласындағы қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары
1. Метрология саласындағы қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары
2. Метрология саласында біліктілікті беру тәртібі
Сақтаушы – ғалым шама эталонымен жаңғыртылған және (немесе) сақталған бірлік мөлшерінің өзгеруімен қамтамасыз ету және шама бірліктері эталондарының құрамының немесе қасиеттерінің барша ықтимал өзгерулерін есепке алу және зерттеуге бағытталған шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын сақтау және жетілдіру бойынша қызметті басшылыққа алып іске асырады.
«Сақтаушы-ғалым» біліктілігі метрология саласындағы маманға қолданыстағы немесе жаңадан құралатын шама бірлігінің мемелекеттік эталонымен жұмыс жүргізу кезінде беріледі.
«Сақтаушы-ғалым» біліктілігін алуға үміткердің жоғары білімі және метрология саласында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі болуы тиіс, сондай-ақ, сынақтан және арнайы біліктілік курсынан өтуі тиіс.
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы жұмыстарды іске асыру үшін, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларды аккредиттеу кезінде аттестатталған жеке тұлғалар сарапшы-аудиторлар бола алады. Сарапшы-аудиторларға қойылатын біліктілік талаптары ережесінде белгіленген.
Өлшем құралдарын салыстырып тексеруші - өлшем құралдарын салыстырып тексеру құқығына ие метрологиялық қызметтің маманы бола алады. Салыстырып тексерушілерге қойылатын біліктілік талаптары ережесінде белгіленген.
Метрология саласында біліктілікті беру тәртібі
Метрология саласындағы мамандарға біліктілік 3 жылғы мерзімге аттестаттау жүргізу жолымен беріледі.
Сақатушы ғалым біліктілігін беру тәртібі
Сақтаушы ғалым біліктілігін алу үшін, маман кітаршаланған және нөмірлеген түрде мынадай құжаттар жинағын ұсынады:
- маманның өтінентін біліктілігі, мемелекеттік эталонның атауы көрсетілген, еркін пішіндегі өтініш;
- біліктілікке үміткердің жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;
- білімі туралы құжаттың көшірмесі;
- біліктілік курсын өткенін куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- сынақ ісі өткен жерден мінездеме;
- метрология саласындағы жұмыс өтілін растайтын құжаттың көшірмесі;
- жұмыс орнынан мінездеме;
- қосымша оқулар, өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарға қатысқаны (бар болса) туралы құжаттардың көшірмесі.
Сақтаушы – ғалым біліктілігін алуға құжаттар техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган ұсынылады.
Құжаттардың көшірмесі нотариалды немесе осы құжаттарды берген ұйыммен расталған болуы қажет.
Қажет болған жағдайда уәкілетті органның талабы бойынша қосымша құжаттар ұсынылады.
Сақтаушы – ғалым біліктілігі уәкілетті органның үнемі іс-әрекеттегі біліктілік комиссиясы шешімінің негізінде беріледі.
Біліктілікті беру туралы шешім құжаттар жинағымен өтінішті берген күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде қабылданады.
Біліктілік комиссиясының оң шешімінде біліктілікті беру туралы сертификат рәсімделеді.
Біліктілікті беру туралы сертификат уәкілетті органмен бекітілген ережелерге сәйкес Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемелекеттік жүйесінің тізілімінде (бұдан әрі-ҚР МӨЖ тізілімі) міндетті түрде тіркелуге тиіс.
Уәкілетті органның шешімі бойынша шет елдердің «сақтаушы-ғалым» біліктілігін беру туралы сертификаты жарамды деп танылуы мүмкін, бұл кезде уәкілетті органның бекітілген ережелерге сәйкес ҚР МӨЖ тізілімінде оны тіркей отырып, көрсетілген нысан бойынша сертификат беріледі.
Біліктілік комиссиясының теріс шешімі болған жағдайда біліктілікті алуға үміткерге жазбаша түрдегі ынталандыратын бас тарту қағазы жолданады.
Бас тартуға мыналар негіздеме болуы мүмкін:
- біліктілік талаптарына үміткердің білімі сәйкес келмеуі;
- талап етілетін құжаттарды ұсынбауы.
Үміткер біліктілік беруден бас тарту қағазымен келіспеген жағдайында, ол бас тарту қағазын алған күннен бастап 30 күнтүзбелік күн ішінде уәкілетті органның шағымдану комиссиясына қабылданған шешімге шағым түсіруіне болады.
Уәкілетті органның шағымдану комиссиясы үміткердің шағымын қарайды және арыз түскен күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде жазбаша түрде ынталандыратын жауап береді.
Сақтаушы-ғалым біліктілігі бар мамандар біліктілікті арттыру туралы мәліметтерді (оқылатын курстар, сынақтан өту, тәжірибемен алмасу) және мемлекеттік эталонда сақтаушы-ғалыммен бірге жүргізген жұмыстры туралы мәліметтерді жыл сайын уәкілетті органға ұсынады.
Жоғарыда аталған мәліметтер ұсынылмаған жағдйда уәкілетті органның үнемі іс-әрекеттегі комиссиясы сақтаушы-ғалым біліктілігін беру туралы сертификатты жою туралы мәселені қарайды.
Метрология саласындағы мамандарды қайта аттестаттау белгіленген тәртіп бойынша жүзеге асырылады.
Сарапшы-аудиторларды және салыстырып тексерушілерді аттестаттау, сертификаттарды беру және жою тәртібі уәкілетті органмен бекітілген ережелерде белгіленген.
5. Өндірісті дайындаудың метрологиялық қамтамасыз етілуі
1. Өндірісті дайындаудың метрологиялық қамтамасыз етілуі
2. Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуде орындалатын жұмыстар
Өндірісті әзірлеуді метрологиялық қамтамасыз ету деп өндірістің қажетті бұйымдармен, материалдар, шикізаттар және құрал жабдықтармен, технологиялық процесті ұйымдастыру-технологиялық шаралардың кешенімен қамтамасыз етілуін айтады.
Мұндай қамтамасыз етудің нормативтік негізі болып мемлекеттік және салалық стандарттар, кәсіпорындардың ғылыми техникалық, ұйымдастыру әдістемелік және жеке жағдайларға арналған нұсқау өндірістік құжаттар саналады.
Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету жұмыстары кәсіпорынның конструкторлық технологиялық және метрологиялық қызметтері өнім өндіру туралы алғашқы құжаттарды алған мерзімнен бастап жүргізіледі. Бұл жұмыстың ұйымдастырылуы мен басталуы туралы құжаттарды салалық стандарттар белгілейді. Метрологиялық қамтамасыз ету процесіне мемлекеттік және ведомствалық метрологиялық қызмет органдары басшылық етеді.
Өндірісті әзірлеуді метрологиялық қамтамасыз етудің жоспарын кәсіпорынның метрологиялық қызметі немесе метрологиялық қызметпен келісе отырып, өндірістің технологиясын жоспарлайтын бөлімшесі жасайды. Бұл жоспар өндірісті техникалық әзірлеудің жалпы жоспарына кіреді.
Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуде мынадай шаралар орындалады:
1. өнімнің сапасын анықтау үшін қолданылатын өлшемдердің нормалары мен дәлдік параметрлерін және технологиялық процесс пен құрал жабдықтардың тиімді номенклатураларын белгілеу.
2. өлшеу жүргізуді өлшем дәлдігін сақтайтын, жетілдірілген әдістемелермен қамтамасыз ету.
3. өлшеу құралдары мен өлшеу әдістерінің дұрыс түрлерін қолдану туралы ұсыныстар жасау. Өндірісті стандартталған немесе қажет болған жағдайда стандартталмаған өлшеу құралдары мен өлшеу нәтижелерін дайындау және өңдеу тәсілдерімен қамтамасыз ету.
4. өлшеу құралдарын стандарттау.
5. өлшеу жүргізудің нормативтік техникалық құжаттарға сай болуын қамтамасыз ету.
6. өндіріс қызметкерлері мен жұмысшыларын өлшеу жүргізуге өлшеу құралдарының дәлдігін анықтап жөндеуге үйрету.
6. Метрологиялық қамтамасыз етудің ұйымдастырушы негіздері
1. Метрологиялық қамтамасыз етуді басқару
2. Мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық ( МҒМО) негізгі қызметтері
МҚЕ жұмыстарын мемлекеттік басқаруды, Қазақстан Республикасының метрологиялық қызметнің қызметін үйлестіруді, мемлекеттк бақарма органдарымен, жергілікті басқару органдарымен, өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша қоғамдық мекемелермен, басқа жеке және заңды тұлғалармен өзара әрекеттесуді уәкілетті орган жүзеге асырады.
ҚР МӨЖ:
- техникалық реттеуді мемлекеттік жүйесімен;
- нормативтік құжаттарды әзірлеу және жетілдіру бойынша жұмыстарды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау жүйесімен;
- сертификатталатын өнімдердің, процесстердің және қызмет көрсетулердің сапасын және қауіпсіздігін бағалау бойынша жұмыстарды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесімен;
- заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің метрологиялық жұмыстарды жүзеге асыру құқығына аккредиттеу кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік аккредиттеу жүйесімен;
- нормативтік құжаттарды үйлестіру және шамалар бірліктерінің мемлекеттік эталондарын салыстыру кезінде басқа елдердің ұлттық жүйелерімен өзара әрекетте болады.
Уәкілетті орган өз қызметін тікелей немесе оған бағынышты кәсіпорындар мен бөлімшелер арқылы жүзеге асырады.
Уәкілетті органың негізгі қызметтеріне мыналар жатады:
- өлшем бірлігін қаматамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты әзірлеуді және жүзеге асыруды ұйымдастыру;
- Қазақстан Республикасының метрологиялық қызметінің қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жіберілген шамаларды анықтау;
- метрология саласында ғылыми зерттеулерді жүргізуді ұйымдастыру;
- өлшем бірлігін қамтамасыз ету ойынша нормативтік құжаттарды әзірлеу тәртібін анықтау;
- өлшем құралдарын қолдану, өндіру және жөндеу тәртібін анықтау, өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу нәтижелерін салыстыруды ұйымдастыру;
- өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында кадрларды қайта дайындау және біліктілігін жоғарылатуды ұйымдастыру;
- өлшембірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімін жүргізуді ұйымдастыру;
- мемлекеттік метрологилық қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу;
- Қазақстан Республикасын метрология бойынша халықаралық және аймақтық мекемелерде таныстыру.
МҒМО негізгі қызметтері мынадай:
- өлшем бірліктері эталондарын дайындау, құру, сақтау және метрологиялық аттестаттау;
- шама бірліктерінің эталондық базасын құру және жетілдірудің мемлекеттік бағдарламасын дайындау және жүзеге асыруды іске асыру;
- метрология саласында қолданбалы ғылыми зерттеулердің бағдарламасын дайындау және жүзеге асыруды іске асыру;
- шама бірліктерінің жаңа эталондарын, жоғары дәлдіктегі өлшем құралдарын құру бойынша ғылыми зерттеулерді, оларды дайындау және өндіру бойынша тәжірибелі – конструкторлық жұмыстарды жүргізу;
- заттар мен материалдардың құрамы мен қасиетінің стандартты үлгілерін дайындау және өндіру бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу;
- мемлекетаралықжәне халықаралық деңгейлерде жүргізілетін Қазақстан Республикасы шама бірліктері эталондарының айналмалы салыстыруында қатысу;
- республика төңірегінде шама бірліктері эталондарын айналмалы және радиалды салыстыруды ұйымдастыру және қатысу;
- уақыт пен жиіліктің мемлекеттік қызметі, заттар мен материалдардың құрамы мен қасиетінің стандартты үлгілері, заттар мен материалдардың қасиеті және физикалық константалары туралы стандартты анықтамалы деректер жұмысын ұйымдастырады және қамтамасыз ету;
- метрология саласында заңды, нормативті және құқықты дайындау және іске асыруға қатысу;
- өлшем бірілігін қаматамсыз ету саласында нормативті құжаттарды дайындауды, оларды мемлекетаралық және халықаралық нормалар және ережелермен үйлестіруді іске асырады;
- метрология саласында мемлекеттік стандарттарды, ұсыныстарды және де басқа нормативті құжаттарды, соның ішінде салыстырып тексеру әдістемелерін, өлшемнің әдістемелік орындалуын метрологиялық сараптау жүргізу;
- өлшем құралдарын сынау, қлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау, өлшемнің әдістемелік орындалуы бойынша жұмыстар жүргізу;
- өлшем құралдарын өндіру, салыстырып тексеру, калибрлеу және жөндеу кезінде қойылатын квалификациялық талаптарға заңды және жеке тұлғалардың сәйкестігіне тәуелсіз экспертті бағалау және техникалық тексеру жүргізу;
- МҒМО қызметіне тиісті өлшем бірлігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ақпараттық қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жүргізу.
Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік қызметтерінің қызметі уәкілетті орган бекітетін Ережелердің негізінде жүзеге асырылады.
7. Уақыт пен жиіліктің мемлекеттік қызметі (әрі қарай УЖМҚ) және заттар мен матиериалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілерінің мемлекеттік қызметі (СҮМҚ)
1. УЖМҚ негізгіқызметтері
2. СҮМҚ негізі қызметтері
УЖМҚ негізгі қызметтері мыналар болып табылады:
- техникалық құралдарды және УЖМҚ жүйелерін дамытуды және үздіксіз қызмет етуді қамтамасыз ету бойынша ғылыми-техникалық қызөметті жүзеге асыру;
- уақыт пен жиілік бірліктерінің мөлшерлерін, УЖМҚ пайдаланылатын эталондардың негізінде Қазақстан Республикасындағы уақыттың ұлттық шкаласын жаңғырту және сақтау;
- Жердің айналу параметрлерін бақылау пунктерінде алынған ақпарат негізінде бүкіләлемдік уақыт пен Жер полюстерінің координаттарын анықтау және болжау;
- елдің уақыт пен жиіліктің эталондық дабылдарына, сондай-ақ байланыстың келісілген арналары бойынша жердің айналу параметрлері туралы ақпаратқа деген сұраныстарын радио және теледидар арналары, спутниктің навигациялық жүйелері, Инетернет басты желісі бойынша үздіксіз қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасының аумағында техникалық құралдар және жүйелер арқылы берілетін уақыт пен жиіліктің эталондық дабылдарын метрологиялық бақылау;
- тұтынушыларды УЖМҚ ақпараттық деректерімен қамтамасыз ету;
- эталондық базаны, жердің айналу параметрлерін анықтаудың техникалық құралдарын және уақыт пен жиіліктің эталондық дабылдарын беру және қабылдау жүйесін жетілдіру бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелі конструкторлық жұмыстарды жүргізу;
- уақыттың Мемлекеттік қызметінен берілетін уақыт пен жиіліктің эталондық дабылдарының, жердің айналу параметрлерінің сипаттамаларына қойлатын талаптарды және болжау;
- УЖМҚ мәселелері бойынша халықаралық ынтамақтастыққа қатысу;
- уақыттың, жиіліктің және жердің айналу параметрлерінің техникалық құралдарының түрін бекіту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;
- қазақсатн Республикасының аумағында уақытты санаудың белгіленген тәртібін сақтауды бақылау.
СҮМҚ негізі қызметтері мыналар болып табылады:
- стандартты үлгілерді жасау және қолдану негізінде заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің бірлігін және талап етілетін дәлдігін қамтамасыз ету;
- СҮМҚ қызмет етуін және дамытуын қамтамасыз ету бойынша ғылыми-техникалық және практикалық қызметті жүзеге асыру;
- стандартты үлгілерді жасау және қолдану бойынша аймақ аралық және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
- экономиканың стандартты үлгілерге деген сұранысын анықтау және болжау;
- тұтынушылар заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерін анықтау дәлдігіне қоятын талаптарын талдау және болжау жүргізу;
- стандартты үлгілерді жасауды, өндіруді, жүзеге асыруды және қолдануды регламенттейтін нормаларды және техникалық талаптарды белгілеу;
- стандарты үлгілердің түрлерін бекіту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;
- «Заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарты үлгілернің бекітілген түрлері» бөлімі бойынша өлшем бірлігін қаматамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің тізілімін жүргізу (әрі қарай – түрі бекітілген стандартты үлгілердің Мемлекеттік тізілімі);
- тұтынушыларды СҮМҚ анықтама ақпаратымен қамтамасыз ету,
- стандартты үлгілерді жасау, стандартты үлгілерді аттестаттау құралдарын жетілдіру бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелі-конструкторлық жұмыстарды жүргізу;
- СҮМҚ мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастыққа қатысу.
8. Заттар мен материалдардың физикалық константталары мен қасиеттері туралы стандартты анықтамалы деректердің мемлекеттік қызметі (САДМҚ) және өлшем бірлігін қамтамасыз етудің басқа да мемлекеттік қызметтері
1. Заттар мен материалдардың физикалық константталары мен қасиеттері туралы стандартты анықтамалы деректердің мемлекеттік қызметі (САДМҚ)
2. Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің басқа да мемлекеттік қызметтері
САДМҚ негізгі қызметтері мыналар болып табылады:
- стандартты анықтамалы деректерді ғылымда, өндірісте және білім беруде олардың негізінде өлшем бірлігін қаматамасыз етумақсатында әзірлеу және қолдану бойынша аймақаралық және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
- анық стандартты анықтамалы деректерді өнеркәсіптік өндірісте, ғылыми-техникалық қызметте, метрологияда, стандарттауда, өнімнің сәйкестігін бағалауда, коммерциялық қызметте, басқармада, адамдардың және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызметте қолдануды қамтамасыз ететін нормаларды, ережелерді және талаптарды әзірлеу;
- стандартты анықтамалы деректерге деген сұраныстарды анықтау және болжау;
- стандарты анықтамалы деректерді жасаудың бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыру;
- стандартты анықтамалы деректер мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастыққа қатысу;
- стандарты анықтамалы деректермен өнеркәсіптік, ғылыми мекемелерді және де басқа ұраныстарды қамтамасыз ету.
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды орындау және метрологиялық бақылауды жүзеге асыру үшін мемлекеттік басқарма органдары, жеке және заңды тұлғалар метрологиялық қызметтер құрады.
Мемлекеттік басқарма органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері мемлекеттік басқарма органдарының, жеке және заңды тұлғалардың басшылары бекітетін Ережелердің негізінде жасалады.
Мемлекеттік басқарма органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің негізгі қызметтері болып мыналар табылады:
- қызметті тексерілетін аясында өлшемдердің бірлігін және талап етілетін дәлдікті қаматамасыз ету ету;
- процесстер мен қызмет көрсетулерді зерттеу, әзірлеу, өндіру, сынау, пайдалануды метрологиялық қаматамсыз ету бойынша қызметтік негізгібағыттарын анықтау және жұмыстарды орындау;
- заңнамалықпен белгіленген метрологиялық нормалар мен ережелерді өз уақытында енгізу және сақтау;
- қолданылатын өлшем құралдарын салыстырып тексеру, калибрлеу және жөндеудіұйымдастыру және жүргізу;
- өлшемдерді орындау әдістемелерін әзірлеу;
- нормативтік және техникалық құжаттаманы метрологиялық сараптау;
- метрологиялық бақылауды жүзеге асыру.
Өлшем бірлігін қамтамасыз етусаласындағы сарапшы-аудиторлар қызметтің мынабағыттары бойынша жұмыстарды жүзеге асырады:
- лицензилау кезінде біліктілік талаптарына сәйкестікке жеке және заңды тұлғаларға тәуелсіз сараптама бағалау жүргізу;
- заңды тұлғалардың метрологилық қызметтерін өлшем құралдарын салыстырып тексеру (калибрлеу) құқығына аккредиттеу кезінде техникалық зерттеу жүргізу;
- заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерін өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттау құқығына аккредиттеу кезінде техникалық зерттеу жүргізу;
- өлшеу, аналитикалық зертханаларды аккредиттеу кезінде техникалық зерттеу жүргізу;
- өлшем құралдарына сынақтар жүргізу;
- сынау жабдығына аттестаттау жүргізу;
- өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттау;
- техникалық құжаттаманы метрологиялық сараптау жүргізу;
- аналитикалық, сынау, өлшеу зертханаларында жағдайын бақылауды жүргізу.
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында сарапшы-аудитор ҚР СТ 2.45 сәйке біліктілік талаптарына сәйкес келуі қажет.
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы қызмет, өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша нормативтік құқықтық актілерге және нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырылуы қажет.
9. Метрологиялық қамтамасыз етудің техникалық және нормативті-құқықтық негіздері
1. Метрологиялық қамтамасыз етудің техникалық және нормативті-құқықтық негіздері
2. Метрологиялық қамтамасыз етудің нормативті-құқықтық негіздері
МҚЕ техникалық негізін мыналар құрайды:
- құрылуын және ұстауын мемлекет жүзеге асыратын шамалар бірліктерінің мемлекеттік эталондарының жиынтығы;
- республика аумағында қолданылатын шамалар бірліктерінің эталондарының, өлшем құралдарының, сондай-ақ заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілерінің жиынтығы;
- заттар мен материалдардың физикалық константалары мен қасиеттері туралы стандартты анықтамалы деректерінің жиынтығы.
ҚР МӨЖ нормативтік негізі Қазақстан Республикасында өлшемдердің бірлігін және талап етілетін дәлдігін қамтамасыз ету және бағалау бойынша жұмыстарға қойылатын талаптарды және жүргізу тәртібін анықтайтын, бірыңғай ережелер мен нормаларды белгілейтін нормативтік құқықтық актілердің және нормативтік құжаттардың кешенінен тұрады.
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша нормативтік құжаттарға мыналар жатады:
1) халықаралық стандарттар;
2) метрология бойынша аймақтық стандарттар, ережелер мен нұсқаулар;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары;
4) мекемелер стандарттары;
5) Қазақстан Республикасының метрология бойынша нұсқаулары;
6) басқа елдердің метрология бойынша ержелері, нормалары және нұсқаулары, мекеме стандарттары.
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша нормативтік құжаттар мыналарды регламенттейді:
- шамалар бірліктері;
- шамалар бірліктерінің мемлекеттік эталондары және мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбалары;
- өлешм құралдарын салыстырып тексерудің және калибрлеудің әдістері мен құралдары;
- өлшем құралдарына және нормаланатын метрологилық сипаттамаларға қойылатын талаптар;
- өлшемдердің дәлдік нормалары;
- өлшемдер нәтижелерінің және өлшемдердің дәлдігін көрсеткішиердің баяндалу тәсілдері және ұсыну нысандары;
- өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелері, өлшемдерді орындау әдістемелері;
- заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілеріне, заттар мен материалдардың физикалық константалары мен қасиеттері туралы стандартты анықтамалы деректеріне қойылатын талаптар;
- өлшем құралдарын сынауды, метрологилық аттестаттауды, салыстырып тексеруді және калибрлеуді және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы басқа да жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі;
- өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы терминдер мен анықтамалар.
МҚЕ нормативтік құжаттары:
- негізг, жалпы талаптарды, ережелерді, нормаларды белгілейтін және ҚР МӨЖ ұйымдастырушылық-әдістемелік ережелері;
- өнімді, қызмет көрсетулерді, процесстерді бақылау талаптарын және әдістерін белгілейтін болып бөлінеді.
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құжаттар қолданылады.
10. Өндірістің метрологиялық жұмыстарының нормативті құжаттары өндірісті метрологиялық қамтамасыз етудің заңды негізі
1. Өндірістің метрологиялық жұмыстарының нормативті құжаттары
2. Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етудің заңды негізі
Елдегі министрліктер, мекемелер, кәсіпорындар мен ұйымдардың деңгейінде метрологиялық қамтамасыз етуді басқарудың бірден-бір үлгісі ережелерді, принциптерді, нормаларды тәртіпке келтіру және де нақты өлшегіш ақпараттардың талабының сәйкестігін қамтамасыз етуді толық және сапалы орындау. Сондықтан, ережелер, принциптер мен нормалар, яғни, тапсырманаң ұйымдық және әдістемелік негізін анықтайтын өлшем бірлігін қамтамасыз ету жалпы сипаттамаға ие және МӨЖ мемлекеттік стандарттарымен салааралық деңгейде тәртіпке келтіріледі. Метрологиялық қамтамасыз етудің қосымша топтарының ұйымдық-әдістемелік принциптерінің шешімі-объектте,ғылыми технологиялық, өнірістік немесе әлеуметтік тапсырмаларды шешу санаттарына, мекемелік бағыттарына, іс жүргізу әдістеріне тәуелді болды. Сонымен бірге, ұйымға қойылған талаптар мен жұмысты орындау тәртібі метрологиялық қамтамасыз етудің тапсырмалық топтарына бағытталған шешімі-салалық нормативтік құжаттармен регламенттелуі тиіс.
Практика жүзінде көрсетілгендей, өндірістің метрологиялық жұмыстарының нормативті құжаттарының негізгі объектілері мыналар:
- Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету. Бұл стандарт метрологиялық қамтамасыз ету бойынша жұмыстың мазмұнын, мақсатын, міндетін және де олардың бөлімшелермен қызметтерге таралуы, метрологиялық қамтамасыз ету бойынша жұмыстың бақылануын, сұрақтардың жоспарлануын, өндірістің өзіндік объектілерін тәртәпке келтіруі тиіс.
- Саларарлық стандарт жобалары немесе кәсіпорын, техникалық тапсырмалар, конструктоорлық және технологиялық құжаттардың ұйымдастырылуымен метрологиялық экспертизаның жүргізілу реті. Бұл стандарт метрологиялық экспертизаға жататын құжаттардың номенклатурасын, әр құжаттың экспертизаасының мазмұнын, метрологиялық экспертиза бойынша жұмыстрдың ұйымдастырылуын және оның нәтижелерінің өңделуін, мемлекеттік және салааралық стандарттардың тізбесін тәртіпке келтіруі тиіс.
- Стандартталмаған өлшеу құралдарын өңдеу, жасаау және метрологиялық аттестаттау. Бұл стандарт ұйымдағы барлық этаптардың өңделуінің жасалу ережелерін, мазмұнын, бірізділігін және де кәсіпорында қолданылатын стандартталмаған өлшеу құралдарын дайындау және аттестатталуын тәртіпке келтіруі тиіс.
- Өлшеуді орындаудағы типтік әдістер. Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету бойынша нормативтік- техникалық құжаттардың жиыны-өндірістің технологиялық дайындық жүйесі немесе өнімнің сапасын басқару жүйесінің стандарттық жиынының құрылымдық бөлігі ретінде өңделуі мүмкін.
Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етудің заңды негізі болып ҚР
Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы заңы табылады. Заң Қазақстан Республикасында өлшем бірлігін қамтамасыз етудің құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерін белгілейді, мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың арасындағы метрологиялық қызмет саласындағы қатынастарын реттейді және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін, әрі Қазақстан Республикасының экономикасын өлшемнің теріс нәтижелері салдарынан қорғауға бағытталған.
Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы заң Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi.
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленген болса онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Заңның күшi Қазақстан Республикасының аумағында өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етуге байланысты қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк басқару органдарына, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
11. Метрологиялық қызметтер. Кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің және РМК „Метрология“ метрологиялық қызметтерінің негізгі бағыттары
1. Мемлекеттік басқарма органдары метрологиялық қызметтерінің негізгі бағыттары
2. Заңды тұлғалардың немесе олардың ішкі бөлімшелерінің метрологиялық қызметтерінің негізгі бағыттары
Мемлекеттік басқарма органдары метрологиялық қызметтерінің негізгі бағыттары болып табылатындар:
- біркелкі техникалық саясат жүргізу және өлшемнің талап етілетін дәлдігін және бірлігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың жалпы басшылығын іске асыру;
- метрологиялық тексеруді іске асыру;
- метрологиялық қамтамасыз етуді жетілдіру негізінде өндірістің, жұмыс және қызмет көрсетудің тиімділігін көтеру;
- өлшем бірліктерін қаматамсыз ету сұрақтары бойынша ведомствалық ішкі бөлімшелер мен уәкілетті мемлекеттік органның өзара әрекетін іске асыру;
- ведомстваның метрологиялық қамтамасыз етуін дамытудың негізгі бағыттарын анықтау;
- өлшем жағдайын, тексеруді және зерттеулерді талдау бойынша жұмыстарды координациялау және ұйымдастыру;
- ведомствалық ішкі бөлімшелер және ведомстваны метрологиялық қамтамасыз ету бағдарламаларының орындалуы және қалыптасуы бойынша жұмыстарды басшылыққа алу;
- ведомствалық ішкі бөлімшелер дайындаған нормативті құжаттарды метрологиялық сараптау;
- өлшем орындалуы әдістемелерін дайындау бойынша жұмыстар ұйымдастыру;
- өлшем құралдарына арналған салыстырып тексеру сұлбасын енгізу және дайындау бойынша жұмыстар ұйымдастыру;
- өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеуге құқықты салыстырып тексеру және калибрлеу зертханаларының аккредиттеуге қатысуы;
- ҚР Ұ 50.2.2 сәйкес аналитикалық, сынақтық және өлшеуіш зертханалардағы өлшем жағдайын бағалауғақатысу және жұмыстарды ұйымдастыру;
- метрология саласында кадрлердің мамандығын көтеруді және дайындауды, қайта дайындауды ұйымдастыру және ұсыныс енгізу;
- өлшем бірлігін қамтамасыз ету сұрақтары бойынша ведомствалық ішкі бөлімшелермен уәкілетті мемлекеттік органның өзара әрекетін іске асыру; уәкілетті мемлекеттік органның метрологилық қадағалауы бойынша аумақтық ішкі бөлімшелерінің мемлекеттік метрологиялық қадағалауын іске асыруына көмек көрсету;
- метрология саоасында халықаралық жұмыс бойынша жұмыстарға қатысу;
- ведомстваны метрологиялық қамтамасыз ету сұрақтары бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар, көрмелер ұйымдастыру;
- метрологиялық қамтамасыз етусұрақтары бойынша салааралық, аймақтық, және халықаралық кеңестерге, семинарларға, конференцияларға, және көрмелерге қатысу болып табылады.
Заңды тұлғалардың немесе олардың ішкі бөлімшелерінің метрологиялық қызметтерінің негізгі бағыттары болып табылатындар:
- метрологилық қамтамасыз етуді жетілдіру мақсатында дайында укезеңінде және өнімдердің, жұмыстар мен қызмет етудің барлық түрін өндіруде өлшем жағдайын талдауды өткізу;
- метрологиялық қамтамасыз етуді жетілдіру негізінде өндірістің, жұмыстар мен қызмет етудің тиімділігін әрі қарай көтеру бойынша ісшаралар жоспарын дайындау;
- өлшенетін параметрлер, өлшемдердің дәлдік нормалары, өлшемдердің орындалу әдістемелері, қолданылатын өлшем қүұралдарын, шама бірлігі эталондары атау тізімдерінің дайын өнімдердің, жұмыстардың, қызмет көрсетудің, шикізаттардың, материалдардың сапа көрсеткіштерінің өлшемдерінің дәлдік нормаларына және талаптарына сәйкес болуын және технологиялық жабдықтың дәлдігі және өнімділігінің сипаттамалары бақылауының минималды еңбек сыйымдылығы және тапсырылған ақиқаттығы сәйкес болуын белгілеу бойынша жұмыстар өткізу;
- өнімдердің, қызмет етудің және жүйелердің сапасын сертификаттауды дайындауға қатысу;
- өнімдердің, жұмыстардың, қызмет етудің және технологиялық процестердің жаңа түрлерін дайындауға технологиялық жабдықтардың белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеруге қатысу;
- метрологиялық қызметтің және оның әрекетінің жағдайын сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің есебі;
- метрологилық қамтамасыз ету саласында жұмыстардың экономикалық тиімділігін бағалау;
- өлшем және сынақ құралдарына, шама бірлі эталондарына, заттар мен материалдардың қасиеттерінің және құрамының стандартты үлгілеріне сұранысты зерттеу; оларды дайындау және алу бойынша ұсыныстарды дайындау; өлшем құралдарын және басқа жабдықтарды алуға өтінімдерді келістіру және қалыптастыру;
- техникалық шарттарды дайындау, оларды енгізуге және тіркеуге қатысу;
- уәкілетті мемлекеттік органбелгілеген тәртіп бойынша өлшем құралдарын және әдістерән дайындауға және оларды енгізуге қатысу;
- өлшем құралдарын дайындаудың техникалық тапсырмаларын анықтауға, өлшем құралдарына сынақ өткізуге, өлшем құралдарының салыстырып тексеру аралық ауқымын анықтау бойынша жұмыстар жүргізуге қатысу;
- шама бірлігі эталондарын және жасалып және шығарылып жатқан өлшем құралдарын жасауға, оларды қызығушылық танытушы мемлекеттік басқарма органдарысен, жеке және заңды тұлғалармен дайындау және шығару бойынша ұсыныстарды келістіруге қатысу;
- өлшем құралдары типін бекіту мақсатында өлшем құралдарын сынауға өз уақытында ұсынуды бақылау;
- өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттауға ұсынуды бақылау;
- бастапқы және бағынышты эталондардың өлшем құралдарының салыстырып тексеруін және какалиьрлеуін ұйымдастыру кезіндегі анықтау;
- өлшем құралдарын импортқа шығаруға өтінімдерді келістіруге қатысу және материалдарды дайындау;
- өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу, өлшем құралдарын салыстырып тексеруге өз уақытында ұсынуды қамтамасыз ету;
- өлшем құралдарын салыстыруды және салыстырып тексеру және калибрлеу сапасын ішкі бақылауды ұйымдастыру және өткізу;
- пайдалануда болған өлшем құралдарын жөндеуді ұйымдастыру және өткізу;
- шама бірлігі эталондарының, өлшем құраладарының есебін жүргізу, өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу графиктерін сақтау, белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өлшем құралдарын өз уақытында есептен шығару;
- нормативті және техникалық құжаттар талаптарына сәйкес келетін өлшем құралдарын пайдаланудың шарттарын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізу;
- заттар мен материалдардың қасиеттері және құрамының стандартты үлгілерін дайындауды ұйымдастыру және дайындау (дайындауға қатысу), зертханааралық зерттеулерге қатысу;
- өлшемдерді орындау әдістемелерін аттестаттау және дайындау бойынша жұмыстар жүргізу;
- өлшенетін параметрлердің, өнімдердің жұмыстардың және қызмет етудің сапасының көрсеткіштерін талдау кезінде өлшемдердің дәлдігінің оптималды нормасының рационалды атау тізімін белгілеуге қатысу;
- өндірісті, жұмыстарды және қызмет етуді дайындауды метрологиялық қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізу;
- өлшемдер процесстерін автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізу;
- сынақтарды метрологиялық қамтамасыз ету және өнімдерді сертификаттау бойынша жұмыстар жүргізу;
- өлшем құралдарын салыстырып тексеруге және калибрлеуге құқықты салыстырып тексеру және калибрлеу зертханаларын аккредиттеуге және өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аккредиттегу қатысу;
- сертификатталған сынақтар жүргізу бойынша сынақтық, аналитикалық зертханалардың аккредиттеуге қатысуы;
- аналитикалық, сынақтық және өлщеуіш зертханаларында өлшем жағдайын бағалау үшін жұмыстар ұйымдастыру және қатысу;
- жергіліктенген салыстырып тексеру сұлбасын дайындау және оларды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықпен келістіру;
- салыстырып тексеру және калибрлеу құралдарын, шама бірлігі эталондарын қажетті деңгейде сақтау және ұстау;
- метрологиялық қамтамасыз ету сұрақтарын регламенттейтін нормативті құжаттарды дайындау және енгізу, өлшем құралдарын қамтамасыз ету саласында нормативті негізді жетілдіру бойынша жұмыстарға қатысу;
- техникалық тапсырмаларды, жобалық, конструкторлық және технологиялық құжаттарды, нормативті құжаттар жобаларын метрологиялық сараптауды ұйымдастыру және өткізу;
- метрологиялық бақылауды іске асыру;
- метрологиялық қызмет арқылы белгіленген өлшем бірлігін қамтамасыз етудегі кемшіліктерді жоюды бақылауды іске асыру;
- өлшем бірлігін қамтамасыз ету сұрақтары бойынша ведомстволық ішкі бөлімшелермен уәкілетті мемлекеттік органның өзара әрекетін уске асыру; уәкілетті мемлекеттік қадағалауы бойынша аумақтық ішкі бөлімшелердің мемлекеттік метрологиялық қадағалауын іске асыруына көмек көрсету;
- метрологиялық салада халықаралық жұмыстар бойынша жұмыстарға қатысу;
- метролоигялық салада кадрлерді дайындауды, қайта дайындауды, мамандығын жоғарылатуды және аттестаттауды ұйымдастыру;
- метрологиялық қамтамасыз етудегі кемшіліктер көзқарасы бойынша өнімнің сапасына қойылатын наразылық талдауын өткізуге қатысулар жатады.
12. Жеке тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің негізгі бағыттары
1. Жеке тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің негізгі бағыттары
Жеке тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің негізгі бағыттары болып келесілер табылады:
- метрологиялық қамтамасыз етуді жетілдіру мақсатында дайындау кезеңінде және өнімдердің, жұмыстар және қызмет етудің барлық түрін өндіруде өлшем жағдайын талдауды өткізу;
- өнімдерді, қызмет етуді және сапа жүйелерін ертификаттауға дайындауға қатысу;
- өнімдердің, жұмыстардың, қызмет етудің және технологиялық процесстердің жаңа түрлерін дайындауға, технологиялық жабдықтардың белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеруге қатысу;
- метрологиялық қызметтің және оның әрекетінің жағдайын сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің есебі;
- метрологиялық қамтамасыз ету саласында жұмыстардың экономикалық тиімділігін бағалау;
- өлшем құралдарының типін бекіту мақсатында өлшем құралдарын сынаққа өз уақытында көрсету;
- өлшем құралдарын мемлекеттік аттестаттауға өз уақытында көрсету;
- өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеуге өз уақытында көрсетуді қамтамасыз ету;
- пайдалануда болған өлшем құралдарын жөндеуді ұйымдастыру және өткізу;
- нормативті және техникалық құжаттар талаптарына сәйкес келетін өлшем құралдарын пайдаланудың шарттарын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізу;
- өлшем құралдарын қолданудың шарттарын қамтамасыз ету және есебін жүргізу, өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу графиктерін сақтау және келістіру, белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өлшем құралдарын қазіргі заманға сай есеппен шығару;
- заттар мен материалдардың қасиеттерінің және құрамының стандартты үлгілерін дайындауды ұйымдастыру және дайындау (дайындауға қатысу);
- өлшем орындау әдістемелерін дайындау;
- өлшенетін параметрлердің, өнімдердің, жұмыстардың және қызмет етудің сапасының көрсеткіштерін талдау кезінде өлшемдердің дәлдігінің, оптималды нормасының райионалды атау тізімін қалыптастыруға қатысу;
- өлшемдер процесстерін автоматтандырубойынша жұмыстар жүргізу;
- метрологиялық бақылауды іске асыру;
- өлшем бірліктерін қамтамасыз етудің сұрақтары бойынша уәкілетті орган және оның ведомстволық ішкі органдардың өзара әрекетін іске асыру; уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қадағалауы бойынша олардың мемлекеттік метрологиялық қадағалауын іске асыру кезінде аумақтық ішкі бөлімшелерге көмек көрсетуі;
- мемлекеттік метрологиялық қадағалауды іске асырукезінде анықталған ескертулерді жою жатады.
13. Стандарттардың, техникалық шарттардың метрологиялық ережелер мен нормалар талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібі
1. Метрологиялық бақылаудың объектілері
2. Шамалар бірліктерінің эталондарын метрологиялық бақылау
3. Өлшем құралдарын метрологиялық бақылау
4. Өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық бақылау
Метрологиялық бақылау – метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын тексеру мақсатында мемлекеттік басқарма органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері жүзеге асыратын қызмет.
Метрологиялық бақылау кезінде тексеруді мемлекеттік басқарма органдарының, жеке немесе заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің мамандары жүзеге асырады.
Метрологиялық бақылаудың объектілері;
- шамалар бірліктерінің мөлшерімен беруге арналған жеке немесе заңды тұлға пайдаланылатын шамалар бірліктерінің эталондары;
- жеке немесе заңды тұлға өз қызметінде пайдаланатын өлшем құралдары (соның ішінде заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандартты үлгілері, аттестатталған қоспалар);
- жеке немесе заңды тұлға пайдаланатын өлшемдерді орындау әдістемелері;
- өлшем құралдарын салыстырып тексеру, калибрлеуді, өндіруді, жөндеуді және юстирлеуді жүзеге асыратын қызметкерлер;
- метрологиялық талаптар қойылатын қызметтің басқа объектілері және түрлері.
Шамалар бірліктерінің эталондарын метрологиялық бақылауды жүзеге асыру кезінде Шамалар бірліктерінің эталондары ҚР СТ 2.3 белгілеген тәртіпте бекітілуі қажет, пайдалану және сақтау шарттары эталондардың құжаттарына сәйкес келуі қажет талаптарына сәйкестіктен басқа мыналар тексеріледі;
- шамалар бірліктерінің эталондарын өз уақытында тексеруге және эталон ретінде бекітуге ұсыну;
- салыстырып тексеру туралы қолданыстағы сертификаттың және/немесе таңбаларының басылуының болуы;
- мемлекеттік метрологиялық қызметтің аккредиттелген бөлімшелерімен немесе заңды тұлғалардың аккредиттелген метрологиялық қызметтерімен бастапқы эталондарды тексеруге келісімнің болуы;
- эталондарды сақтау және пайдалану шарттары.
Өлшем құралдарын метрологиялық бақылауды жүзеге асыру кезінде ҚР СТ 2.7 сәйкес Қазақстан Республикасы өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізіліміне енгізілуі, өлшем құралдарының типтері ҚР СТ 2.21 сәйкес бекітілуі немесе ҚР СТ 2.30 сәйкес оларды метрологиялық аттестаттау жүргізілуі қажет талаптарына сәйкестіктен басқа, мыналар тексеріледі:
- техникалық құралдардың мемлекеттік метрологиялық қадағалауға және салыстырып тексеруге жататын өлшем құралдарына жатуын анықтаудың дұрыстығы;
- осы заңды немесе жеке тұлға пайдаланатын, өндіретін импортқа шығаратын және жөндейтін өлшем құралдарын өз уақтында салыстырып тексеруге, калибрлеуге типін бекіту мақсатында және бекітілген типке сәйкестігіне сынауға ұсыну;
- осы жеке немесе заңды тұлға жүзеге асыратын өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу процедураларының нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестігі;
- салыстырып тексеру таңбаларының басылуларының және салыстырып тексеру туралы туралы сертификаттардың болуы;
- калибрлеу белгілерінің және калибрленген өлшем құралдары үшін калибрлеу туралы сертификаттардың болуы.
Өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық бақылауды жүзеге асыру кезінде олардың Мемлекеттік метрологиялық қадағалауды жүзеге асыру аясында қолданылатын өлшемдерді орындау әдістемелері ГОСТ 8.010 талаптарына сәйкес келуі, ҚР СТ 2.18 сәйкес аттестатталған және ҚР МӨЖ тізіліміне енгізілген талаптарына сәйкестігін тексереді.
Өлшем құралдарын салыстырып тексеруді, калибрлеуді, өндіруді, жөндеуді және юстирлеуді жүргізетін қызметкерлерді метрологиялық бақылауды жүзеге асыру кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестік тексеріледі.
Метрологиялық талаптар қойылатын қызметтің басқа объектілері мен түрлері мыналар бола алады:
- өлшем бірлігін қамтамасыз ету бойынша нормативтік құжаттар, соның ішінде оларды актуалды қамтамасыз ету;
- өлшем құралдарын өндіру және жөндеу процесстері;
- шамалар бірліктерін, олардың атауларын және белгіленулерін пайдалану;
- өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамаларын нормалау және оларды жазудың дұрыстығы;
- өлшемдерді орындау әдістемелерін қолдану;
- өлшемдерді жүргізуге арналған құралдарын таңдау.
Метрологиялық бақылауды жүзеге асыратын тұлғалардың міндеттерін, құқықтарын және жауапкершілігін, сондай-ақ метрологиялық бақылау нәтижелерін рәсімдеу тәртібін және тәртіп бұзушылық кезінде қолданылатын шараларды мемлекеттік басқарма органдарының, заңды және жеке тұлғалардың метрологиялық қызметтері қолданыстағы заңнамалыққа сәйкес белгілейді.
14. Өнім өндіруді және оны шығаруды технологиялық дайындау сатысында МҚЕ талдау
1. Талдауды жүргізу қажеттілігі
2. Талдауды жүргізу бағыттары
Өлшем жағдайларын талдау жұмыстары халық шаруашылығының әртүрлі саласында пайдаланатын өлшем құралдары мен өлшем әдістерінің қазіргі өндірістің метрологиялық қамтамасыз етілуін жетілдіру мақсатында жүргізіледі.
Талдау жұмыстары кемшіліктері үшін кәсіпорындарға жазалау шараларын қолдану мақсатын көздемейді, талдау нәтижесінде метрологиялық қамтамасыз етудің жолдары белгіленіп, оларды іске асырудың нақты мезгілдері тағайындалады. Талдау жұмыстарының жүргізілуін бақылайтын органдар салалық метрологиялық ұйымдар болып табылады.
Салалық кәсіпорындарды метрологиялық қамтамасыз етуді талдауды министрлікте тағайындалған арнайы комиссия жүргізеді. Комиссияның құрамына министрліктің, метрология және стандарттау мекемелерінің, талданатын кәсіпорынның және мемлекеттік қадағалаудың метрологиялық институттары мен аумақтық органдарының өкілдері кіреді.
Комиссия талдау жұмыстарын мына бағыттарда жүргізеді:
1. Өндірілетін өнімнің нормативтік техникалық құжаттарын, өнімді сынау, тексеру әдістерін талдау;
2. Өндірістің технологиялық процеске қажетті өлшем құралдарымен, өлшем әдістемелерімен қамтамасыз етілуін талдау : ведомствалық метрологиялық қызметтің жұмыстарының ұйымдастырылуы мен тиімділігін, өнеркәсіпте қолданылуын өлшем құралдарының метрологиялық қамтамасыз етілуін талдау.
Өлшем жағдайын талдауың нәтижелері бойынша түсінік хаттар дайындалады. Онда өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету жұмыстарын жақсарту туралы ұсыныстар беріледі.
Түсінік хаттың бес данасы дайындалып өндіріс саласының жоғарғы метрологиялық ұйымына, мемлекеттік стандарттаудың метрологиялық ұйымына, талдау жүргізілген кәсіпорынға тапсырылады. Сөйтіп халық шаруашылығы салаларындағы өлшем жұмыстарының жағдайын талдау нәтижесінде мемлекеттік стандарттың метрологиялық институттары министрліктердің базалық ұйымдарымен біріге отырып өлшеу жұмыстарын метрологиялық қамтамасыз етудің кешенді бағдарламасын жасайды.
Өлшеу жағдайын талдау кезінде, кәсіпорынның салаларында орнатылады:
Кәсіпорын салаларындағы негізгі көрсеткіш қызметтеріне өлшеу
жағдайына әсер етуі - сапа, есеп және шығарылатын өнімнің мерзімі, еңбек өнімділігі, қауіпсіздік ережесін сақтау, шикізатты және материалдарды үнемдеу;
Кәсіпорын саласында негізгі ережелеріне мемлекеттік стандарттармен регламенттелген өлшеу бірліктерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесін енгізу;
Кәсіпорын саласын өлшеу құралдарымен жабдықтау, сынау және бақылау, технологиялық процестерді қажетті оптималды қамтамасыздандыру, шикізат және материал сапасын обьективті бақылау, бұйым комплектін және дайын бұйымды, бағалы материалдардың есебі, техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау;
Автоматтандырылған саладағы технологиялық процестердің басқару жүйесіне енгізілген метрологиялық қамтамасыз ету жағдайы;
Кәсіпорын салаларында нормативті-техникалық құжаттардың, жабдықтарға регламенттелген талаптар және өндіру процесінде шығарылатын өнімнің өлшеу параметрлерінің әдістері, дәлдік нормаларына құжаттық талаптардың көріну ережесі және өнімнің негізгі параметрлеріне өлшеулердің орындалу әдістерінің (немесе технологиялық процестердің) нақтылығы;
Жобалық-құрылымдық немесе технологиялық құжаттарға метрологиялық сараптама жүргізу кезіндегі жұмыстың пайдалылығы;
Ұйым іс-әрекеттерінің ведомствалық метрологиялық қызметі, және оның шығарылып жатқан өнім сапасының қызметіндегі ролі.
15. Стандартты емес өлшеу құралдарын метрологиялық аттестаттаудан өткізу
1. Стандартты емес өлшеу құралдарын метрологиялық аттестаттаудан өткізу
2. Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау сатылары
Мемлекеттік сынақтан өткізілмейтін өлшем құралдары метрологиялық аттестаттаудан өтеді. Олар: өлшем құралдарының жалғыз даналары, өте сирек түрлері, сериялы өндіріске арналмаған түрлері, шетелден сатып алынған бірнеше данасы. Мұндай құралдар, олардың техникалық және метрологиялық сипаттамалары стандарттауға жатпайды. Сондықтан мұндай өлшем құралдарын стандартталмаған деп атайды. Оларды әсіресе ғылыми-зерттеу институттарында көптеп жасап қолданады. Өлшемнің бірегейлігі мен сенімділігі осы құралдарға байланысты болған жағдайда оларды сөзсіз аттестаттау қажет.
Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттауға мемлекеттік басқару органдары, өлшем құралдарын өндіретін, пайдаланатын, жабдықтайтын жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі - өтінушілер) ұсынады.
Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттауды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық (бұдан әрі - МҒМО) іске асырады.
Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау мынадай сатылардан тұрады:
- метрологиялық аттестаттауға ұсынылатын техникалық құжаттарды қарау;
- өлшем құралдарын эксперименттік зерттеу;
- өлшем құралдарының салыстырып тексеру әдістемелерін байқау;
- өлшем құралдарының метрологиялық аттестатау нәтижелерін рәсімдеу.
Қажет болған жағдайда эксперименттік деректер бірнеше сатыларда жүргізілуі мүмкін.
Қажет болған жағдайда өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау басқа заңды тұлғалардың базасында олардың мамандарымен жүргізілуі мүмкін.
Метрологиялық аттестаттау нәтижелерін тану Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық келісімдерге (шарттарға) және олардың дамуына нормативтік құжаттарға сәйкс іске асырылады. өлшем құралдарының нәтижелерін тану жөніндегі шешімді техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) қабылдайды.
Метрологиялық аттестаттаудан өткен өлшем құралдары пайдалану процесінде және өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификатта көрсетілген салыстырып тексеру әдістемесіне сәйкес жөндеуден кейін салыстырып тексеруге жатады.
Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау жөніндегі жұмыстар немесе оның жеке сатылары кетісім-шарт негізінде іске асырылады.
Метрологиялық аттестаттаудың оң нәтижелері бойынша эталаондар, өлшем құралдары, салыстырып тексеру әдістемелері Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесі тізілімінің сәйкес тарауларында тіркеледі.
16. Өлшем құралдарына метрологиялық аттестаттау жүргізу тәртібі
1. Өлшем құралдарына метрологиялық аттестаттау жүргізу тәртібі
2. Өлшем құралдарына метрологиялық аттестаттауғаға ұсынылатын құжаттар
Өлшем құралдары метрологиялық аттестаттаувға МҒМО-ға мынадай құжаттар жинағымен ұсынылады:
- өлшем құралдарына метрологиялық аттестаттау жүргізуге өтініш;
- өлшем құралдарын әзірлеуге техникалық тапсырма немесе оны алмастыратын өлшем құралына талаптары бар құжат және техникалық шарттар (егер оларды әзірлеу құрастырылған болса);
- пайдалану құжаттары (техникалық тапсырмамен қарастырылған көлемде);
- өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау бағдарламасынын жобасы;
- өлшем құралдарын (салыстырып тексеру әдістемесінің пайдалану құжатттарында жоқ кезінде);
- әзірлеушімен алдын-ала жүргізілген зерттеулердің (сынаулардың) хаттамасы, егер олар техникалық тапсырмамен қарастырылған болса.
Автоматты басқару және басқа да жүйелерге (кешендер) кіретін өлшеуіш каналдар үшін қосымша ұсынылады;
- жүйеге техникалық құжаттар (кешендер);
- метрологиялық аттестаттауға жататын өлшеуіш каналдардың тізімі, метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттау немесе өлшеуіш каналдың құрауыш элементтері болып табылатын өлшем құралдарын с алыстырыптексеру немесе метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттар ұсынылады.
Эталондар метрологиялық аттестаттау жүргізуге арналған құжаттар жинағында қосымша ҚР СТ 2.3 талаптары есебімен құжаттар болуы тиіс. Мемлекеттік эталондар үшін салыстырып тексеру әдістемелерінің орнына салыстырулар әдістемесі ұсынылады.
Жеке дана енгізілген өлшем құралдарына құжаттар метрологиялық аттестаттауға мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен ұсынылады.
Метрологиялық аттестаттау бағдарламасы және салыстырып тексеру әдістемесі өлшем құралдарын әзірлеушімен немесе оны тұтынушымен (жабдықтаушымен) әзірленеді және МҒМОмен бекітіледі. Метрологиялық аттестаттау бағдарламасын және өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемесін келісім-шарт негізінде МҒМОның әзірленуіне, өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемесі жобасының орнына аттестаттауға ұсынылған өлшем құралдары үшін шет елдермен әзірленген салыстырып тексеру әдістемесін ұсынуға болады.
Эксперименттік зерттеулер кезінде қолданылатын жұмыс эталондары, өлшем құралдары, стандарттық үлгілер (эталондық ерітінделір) және аттестатталған үлгілер Қазақстан Республикасында қолданысқа жіберілуі тиіс, қолданыстағы сертификатты және (немесе) оларды салыстырып тексеруді (аттестаттауды), бекітуді растайтын таңбалар оттискілері болуы тиіс.
Әрбір метрологиялық сипаттауды анықтау кезінде орнатылатын аттестатталатын өлшем құралдарын эксперименттік зерттеу нәтижелерін В қосымшасының пішіні бойынша эксперименттік зерттеулер хаттамасына енгізеді.
Өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемесін немесе қолданыстағы құжатты шет елдердің салыстырып тексері бойынша байқау кезінде МҒМОмен анықталған кемшіліктер аттестаттау жүргізу кезеңінде өтінушімен шеттелуі тиіс.
Метрологиялық аттестаттаудың оң нәтижесінде МҒМО белгіленген пішін бойынша метрологиялық аттестаттау туралы сертификатты ресімдейді және өлшем құралын және салыстырып тексеру әдістемесін Қазақстан республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде (бұдан әрі – ҚР МӘЖ тізілімі) тіркеуді іске асырады.
Метрологиялық аттестаттау нәтижелерін тану үшін өтінуші мынадай құжаттар жинағаын ұсынуы тиіс:
- метрологиялық аттестаттау нәтижелерін тану процедурасын жүргізуге өтінім;
- метрологиялық аттестаттау туралы сертификат немесе куәлік түпнұсқасы;
- өлшем құралынапайдалану құжаттары;
- өлшем құралын салыстырып тексеру әдістемесі;
- метрологиялық аттестаттау хаттамалары.
Метрологиялық аттестаттау нәтижелерін тану кезінде техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган өлшем құралын және салыстырып тексеру әдістемесін сәйкес ҚР МӨЖ тізілімінде тіркеуді іске асырады. Өтінім берушіге ҚР МӨЖ тізіліміне өлшем құралын енгізу туралы белгімен 5.9 сәйкес ұсынылған метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттаң (куәліктің) түпнұсқасы қайтарылады.
17. Өлшеуді, ӨҚ–ның күйін, және қолданылуын метрологиялық қадағалау
1. Мемлекеттiк метрологиялық қадағалаудың мақсаты
2. Мемлекеттiк метрологиялық қадағалау объектiлерi
3. Мемлекеттiк метрологиялық қадағалау аясы
Мемлекеттiк метрологиялық қадағалауды Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасының Заңы, өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттардың және нормативтік құжаттардың талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын тексеру мақсатында стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган және оның аумақтық бөлiмшелерi жүзеге асырады.
Мемлекеттiк метрологиялық қадағалау объектiлерi
Мемлекеттiк метрологиялық қадағалау объектiлерi мыналар болып табылады:
1) шама бiрлiктерiнiң эталондары;
2) Өлшем құралдары;
3) Өлшемдердi орындау әдiстемелерi;
4) жеке және заңды тұлғалардың Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметi;
5) Өлшеп орау, сату және импорттау кезiндегi оралған тауарлардың саны.
Мемлекеттiк метрологиялық қадағалау аясы
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасының Заңында 22-бабында аталған объектiлерге қатысты мемлекеттiк метрологиялық қадағалау нәтижелерi:
1) азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету жӨніндегі жұмыстар;
2) Өнiмнiң және көрсетiлетiн қызметтер сапасының нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарына сәйкестігiн сынау мен бақылау;
3) қоршаған ортаның жай-күйiн бақылау;
4) еңбек жағдайларының қауiпсiздiгiн бақылау;
5) сатып алушы (тұтынушы) және сатушы (өнiм берушi, өндiрушi, орындаушы) арасындағы, соның iшiнде тұрмыстық және коммуналдық қызметтер көрсету мен байланыс қызметтерiн көрсету салаларындағы сауда-коммерциялық операциялар мен есеп айырысулар;
6) мемлекеттiк есеп операциялары;
7) бұйымдардағы, құймалардағы, жартылай фабрикаттардағы, дәнекерлемелер мен қалдықтардағы бағалы металдардың мөлшерiн анықтауға байланысты операциялар;
8) қару-жарақ, әскери және арнайы техника, арнайы Өнiмнiң басқа да түрлерiн өндiру;
9) геодезиялық, геологиялық және гидрометеорологиялық жұмыстар;
10) салық, банк, кеден және почта операциялары;
11) энергетикалық ресурстардың барлық түрлерiн шығару, өндiру, ұқсату, тасымалдау, сақтау және тұтыну;
12) құрылыс салу;
13) мемлекеттiк басқару органдарының, соттың және құқық қорғау органдарының тапсырмасы бойынша орындалатын жұмыстар;
14) ұлттық және халықаралық спорт рекордтарын тiркеу;
15) Өлшем құралдарын сынау, метрологиялық аттестаттау, салыстырып тексеру, калибрлеу;
16) ғылыми зерттеулер жүргiзу;
17) қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
18) ойын автоматтарын шығару және қолдану кезiнде пайдаланылатын өлшемдерге қолданылады.
18. Мемлекеттiк метрологиялық қадағалау түрлерi
1. Өлшем құралдарының шығарылуын, жай-күйiн және қолданылуын, өлшемдердi орындау әдiстемелерiнiң қолданылуын, шама бiрлiктерiнiң эталондарын, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын мемлекеттiк метрологиялық қадағалау
2. Сауда операцияларын жасау кезiнде иелiктен шығарылатын тауарлардың санын мемлекеттiк метрологиялық қадағалау
3. Кез келген түрдегi бума тауарларды ашу, сатужәне импорттан алу кезiнде олардың санын мемлекеттiк метрологиялық қадағалау
Мемлекеттiк метрологиялық қадағалау түрлері келесідегідей:
1) Өлшем құралдарының шығарылуын, олардың жай-күйiн және қолданылуын, Өлшемдердi орындау әдiстемелерiнiң қолданылуын, шамалар бiрлiктерiнiң эталондарын, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын қадағалауды;
2) сауда операцияларын жасау кезiнде иелiктен шығарылатын тауарлардың санын қадағалауды;
3) бума тауарларды ашқан, сатқан және импорттан алған кезде олардың санын қадағалауды қамтиды.
Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк бақылау жылына бiр реттен жиi болмайтын жоспарлы тексеру;
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша, сондай-ақ бұрын анықталған бұзушылықтарды жою нысанасындағы жоспардан тыс тексеру түрiнде жүзеге асырылады.
Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк бақылау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қарсы, рейдтiк тексерулер түрiнде де жүзеге асырылады.
Өлшем құралдарының шығарылуын, жай-күйiн және қолданылуын, өлшемдердi орындау әдiстемелерiнiң қолданылуын, шама бiрлiктерiнiң эталондарын, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын мемлекеттiк метрологиялық қадағалау
Өлшем құралдарының (соның iшiнде заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерiнiң стандарттық үлгiлерiнiң) шығарылуын, жай-күйiн және қолданылуын, өлшемдердi орындау әдiстемелерiнiң қолданылуын, шамалар бiрлiктерiнiң эталондарын, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын мемлекеттiк метрологиялық қадағалау белгiленген метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын тексеру мақсатында жүзеге асырылады.
Сауда операцияларын жасау кезiнде иелiктен шығарылатын тауарлардың санын мемлекеттiк метрологиялық қадағалау
Сауда операцияларын жасау кезiнде иеліктен шығарылатын тауарлар санын мемлекеттік метрологиялық қағидалау осы тауарлардың санын сипаттайтын салмақты, көлемді, шығысты немесе басқа шамаларды анықтаудың дұрыстығын тексеру мақсатында жүзеге асырылады.
Кез келген түрдегi бума тауарларды ашу, сатужәне импорттан алу кезiнде олардың санын мемлекеттiк метрологиялық қадағалау
Кез келген түрдегi бума тауарларды ашу, сату және импорттан алу кезiнде олардың санын мемлекеттiк метрологиялық қадағалау бума iшiндегi тауар санының буманың бетiнде белгiленген шамаға сәйкестiгiн тексеру мақсатында жүзеге асырылады.
19. Өлшеу құралына тексеру жүргізудің ұйымдастырылуы және тәртібі
1. Өлшеу құралына тексеру жүргізудің ұйымдастырылуы және тәртібі
Өлшем құралдарын салыстырып тексеруді өлшем құралдарын белгіленген техникалық талаптарға сәйкестігін анықтау және растау және де олардың қолдануға жарамдылығын бекіту мақсатында жүргізеді.
Салыстырып тексеру аралық интервалының ішінде өлшем құралдарының қолдануға жарамды екендігі, салыстырып тексерудегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес жасалғандығы, берілген өлшем құралдарының метрологиялық және техникалық талаптарға сәйкестігі расталып, салыстырып тексерулері жарамды деп танылады.
Салыстырып тексеру кезінде салыстырып тексеруге қолданылатын эталондар Қазақстан Республикасының шама бірлігінің эталондарына бағынышты болуы керек.
Ескерту –кейбір өлшем түрлеріне мемлекеттік эталондар болмаған жағдайда, республикадағы шама бірлігін ең жоғарғы дәлдікпен қайталайтын, бастапқы эталондармен өлшенген салыстырып тексеру құралдарына шама бірлігінің өлшемін беруге болады немесе олардың салыстырып тексеруі (2), ҚРСТ 2.40 сәйкес жүргізілуі тиіс.
Слыстырып тексеруге мемлекеттік метрологиялық қадағалау саласында қолданылатын, өндірістен немесе жөндеуден шыққан, типі бекітілгеннен кейін пайдаланылатын және шеттен әкелінетін немесе метрологиялық аттаестатталған және Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде (Бұдан әрі –ҚРМӨЖ) тіркелген өлшем құралдары кіреді.
Ескерту –Қазақстан Республикасының аймағында 1998 жылғы 31 желтоқсанға дейін өндірілген немесе енгізілген және бекітілген салыстырып тексеру әдістемесі бар өлшем құралдары бар сынаулар, метрологиялық аттестаттаулар және ҚР МӨЖ тізіліміне енгізу бойынша қосымша шараларсыз Қазақстан Республикасының аймағында салыстырып тексереді.
Өлшем құралдарының тізімі мен салыстырып тексеру кезеңділігі, сондай –ақ, оны жүргізу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
Салыстырып тексеруге жатпайтын өлшем құралдары калибрленеді.
Шама бірліктеріндегі физикалық шама мәндерін бағалауға арналмаған, тек өзгеруін бақылау үшін нормаланған дәлдікпен қолданылатын техникалық құралдар индикаторларға жатады және салыстырып тексеруге жатпайды.
Индикаторларға өткізу тәртібі және олардың дұрыстығын бақылау ҚР СТ 2.8 сәйкес жүргізіледі.
Индикатор ретінде қолданылатын өлшем құралдарына анық түрде басылған «И» белгісі басылады.
Оқу (көрсету) мақсатындағы өлшем құралдары салыстырып тексеруге жатпайды.
Оқу (көрсету) мақсатындағы өлшем құралдарының дұрыстығын бақылау, оқу процесіндегі бекітілген пайдалану ережелеріне, талаптарына сәйкес жүргізіледі. Оқу (көрсету) мақсатындағы өлшем құралдарына анық түрде бастырылған «У»белгісі басылады.
Салыстырып тексеруге жатпайтын өлшем құралдары иесінің өтініші бойынша салыстырылып тексерілуі мүмкін.
Өлшем құралдарын салыстырып тексеру мемлекеттік метрологиялық қызметпен іске асырылады, сондай –ақ, ҚР СТ ИСО\МЭК 17025 талаптарына сәйкес акккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметімен іске асырылады.
Өлшем құралдарын салыстырып тексеруді мемлекеттік метрологиялық қызметтің салыстырып тексерушілері немесе ҚР СТ 2.63сәйкес әзірленген өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемесіне сәйкес аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері жүргізеді.
Салыстырып тексерушілерді аттестаттау белгіленген тәртіпте жүргізіледі.
Өтініш берушінің өтініші бойынша салыстырып тексеру нәтижелері талаптарына сәйкес келісім –шарт негізінде өлшемдердің белгісіздік бағасымен ұсынылады.
Салыстырып тексеруді рәсімдеу тәртібі салыстырып тексеру әдістемесіне сәйкес іске асырылады.
Салыстырып тексерудің оң нәтижелері өлшем құралдарына және \немесе пайдалану құжаттамаларына басылатын салыстырып тексеру таңбасымен және \немесе нысан бойынша салыстырып тексеру туралы сертификатпен расталады.
Егер өлшем құралдары салыстырып тексеру нәтижесі бойынша қолдануға жарамсыз болып танылса, онда қолданыстағы салыстырып тексерудің басылған таңбасы өшіріледі және (немесе) сәйкес қолдануға жарамсыздығы туралы хабарлама жазылып беріледі.
Салыстырып тексеру туралы сертификатты, уәкілетті органмен бекітілген тәртіп бойынша, мамандандырылған бағдарламалық қамсыздандыру арқылы толтырылады.
Ескерту –егер нақты өлшем құралдарына салыстырып тексеру әдістемелерімен салыстырып тексеру туралы сертификат беру қарастырылмаса, онда мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыздандыру арқылы осы өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттың электронды түрі рәсімделуге тиісті.
Өлшем құралдарын салыстырып тексеру бойынша жұмыстарға төлем жүргізу келісім –шарт негізінде жүргізіледі.
Өлшем құралдарын салыстырып тексеру жұмыстарының бағасын белгілеу кезінде ҚР ст 2.48 сәйкес талаптар мен нормалар қолданылуы мүмкін.
Өлшем құралдарын салыстырып тексеру құқығын алу үшін аккредиттелген заңды тұлғалар салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректерге электронды есеп жүргізуді және оларды (3) белгіленген тәртіпте мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа беруді жүзеге асырады.
20. Өлшеу құралын тексеру
1. Салыстырып тексеру түрлері
2. Салыстырып тексеруді жүргізу тәртібі
Өлшем құралдарына бастапқы, мерзімдік, кезектен тыс, инспекциялық және сараптамалық салыстырып тексерулер жүргізіледі.
Бастапқы салыстырып тексеру
Бастапқы салыстырып тексеруге Қазақстан Республикасының аймағында өндірілетін немесе Қазақстан Республикасының аймағына әкелінетін, ҚР СТ 2.21 сәйкес типті бекіту мақсатында және бекітілген типке сәйкестікке сынаудан немесе ҚР СТ 2.30 сәйкес метрологиялық аттестаттаудан өткен және ҚР МӨЖ тізіліміне енгізілген, сондай –ақ, жөндеуден шығарылған өлшем құралдары жатады.
Қазақстан Республикасының аймағына әкелінетін өлшем құралдары Қазақстан Республикасында бастапқы салыстырып тексеруден өтуге тиістіемес. Егер басқа елдерде жүргізілген салыстырып тексеру нәтижелері, ҚР СТ 2.40 халықаралық келісімдерді іске асыру мақсатында әзірленген нормативтік құжаттарда белгіленген тәртіп бойынша халықаралық келісімдерге сәйкес уәкілетті органмен танылады.
Өлшем құралдарының әр бірлігі бастапқы салыстырып тексеруден өтуге тиіс.
Кейбір жағдайларда, салыстырып тексерудің әдістемесінде көрсетілген өлшем құралын таңдап алып салыстырып тексеруге болады. Таңдап салыстырып тексеру ГОСТ 18242 және ГОСТ 20736 талаптарының нұсқауы бойынша жүргізілуі керек.
Таңдап салыстырып тексерудің оң нәтижесі салыстырылып тексерілетін партияның барлық бірлігіне таралады.
Бастапқы салыстырып тексеруді мына жағдайларда жүргізеді:
-өлшем құралдарын дайындау орнында;
-Өлшем құралдарына жөндеу жүргізу орнында;
-өлшем құралдарын пайдалану орнында;
-өлшем құралдарын өндіру орнында біршама және жартылай өлшем құралдарын қолдану орнында біршама.
Салыстырыптексеру орнын салыстырып тексеруді жүргізетін мемлекеттік метрологиялық қызметтің бөлімшесі және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері бекітеді.
Өндірістен және жөндеуден шыққан өлшем құралдарын бастапқы салыстырып тексеруден өткізу үшін, олар алдымен техникалық бақылау міндеті жүктелген бөлімшенің қабылдауында болуы керек.
Ескерту –жылжымалы бригада өлшем құралына жөндеу жүргізу кезінде өлшем құралын алғашқы салыстырып тексерудіңтехникалық міндеті жүктелген бөлімшенің алдын –ала қабылдауынсыз –ақ, өлшем құралына жөндеу жүргізген тұлға салыстырып тексеруге жіберуіне болады.
Бастапқы салыстырып тексеруді өлшем құралын өндіретін және заңды тұлғалардың ұйымдастыруы бойынша бақылау –салыстырып тексеру пунктінде (БСП) жүргізуге болады.
Мерзімдік салыстырып тексеру
Мерзімдік салыстырып тексеруге қолданыстағы және сақтауда тұрған өлшем құралдары жатады, олар белгілі бір салыстырып тексерудің аралық интервалдары арқылы жүргізіледі және салыстырып тексерудің аралық кезеңінде қолдануға жарамдылығын қамтамасыз етуді есепке ала отырыпбекітіледі.
Ұзақ сақтауда тұрған өлшем құралдарының сақталған мерзімі салыстырып тексеру аралық интервал мерзімінен асатын болса, онда оларды мерзімдік салыстырып тексеру жүргізбеуге болады.
Өлшем құралдарын ұзақ мерзімге сақтауға беру, өлшем құралының бумаланған, консервіленген түрі және оларды сақтау жағдайы мен соңғы салыстырып тексеру мерзімі көрсетілген акт бойынша құжат толтыру керек.
Мұндай өлшем құралдарын салыстырып тексеруден өткізу оларды пайдалану алдында жүргізіледі.
Өлшем құралдарын салыстырып тексерудің күнтізбелік мерзімін белгілейтін, осы стандарттың В қосымшасында көрсетілген нысан бойынша өлшем құралдарын салыстырып тексеру кестесіне сәйкес жүргізілуі мүмкін.
Өлшем құралдарын салыстырып тексеру кестесін құру және келісу тәртібін мемлекеттік метрологиялық қызметтің бөлімшесі немесе салыстырып тексеруді іске асыратын аккредиттелген заңды тұлғаның метрологиялық қызметі белгілейді.
Өлшем құралдарын салыстырып тексеруге, консервілеуден шыққан, шаң –тозаңнан тазартылған , қажетті жағдайда, төлқұжат, техникалық сипаттау, пайдалану нұсқауы, соңғы салыстырып тексеружөніндегі сертификатты және салыстырып тексеру әдістемесі мен қажетті жинақтаушы қондырғылары мен қоса берілуі тиіс.
Егер өлшем құралы бірнеше физикалық шамаларды өлшеуге (қайталауға ) арналған болса немесе өлшемнің бірнеше ауқымын өлшейтін болса, алайда физикалық шаманың ең кіші санын тұрақты өлшеуге немесе өлшем ауқымының ең кіші санын өлшеуге арналған болса, онда иегердің талаптары бойынша мерзімдік салыстырып тексеру шарасын, салыстырып тексерудің нормативтік құжаттарына сәйкес тексеруге болады. Сонымен қатар, өлшемнің қолданыстағы ауқымы мен өлшем құралының жарамдылығын анықтайтын физикалық шаманың санын анықтайды.
Мұндай жағдайларда өлшем құралдарына қолдану саласын көрсететін анық жазу немесе шартты белгілеулер басылуы тиіс. Сәйкес жазулар пайдалану құжаттарында және салыстырып тексеру туралы сертификаттарда да болуы тиіс.
Өлшем құралдарын күрделі салыстырып тексеру барысында (мысалы, өлшем жүйесін салыстырып тексеруде ) салыстырып тексеру мемлекеттік метрологиялық қызметтің бөлімшесінде немесе заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері шектеулі түрде ғана жасалған болса(салыстырып тексеру нормативтік құжаттарының барлық талаптарына сай келмесе), онда салыстырып тексеруді тізбектеп толық түрде жүргізуге болады: алдымен бір мемлекеттік метрологиялық бөлімшемен немесе бір аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметімен , содан кейін басқа аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерімен немесе басқа мемлекеттік метрологиялық қызметтің бөлімшесімен тексеріледі. Бұл жағдайда салыстырып тексеру нәтижесін рәсімдеуді мемлекеттік метрологиялық қызметтің бөлімшесі жүргізеді, ал мемлекеттік метрологиялық қызметтің қатысуынсыз жүргізілген болса, онда салыстырып тексерудің соңғы бөлігін жүргізген аккредиттелінген заңды тұлға рәсімдейді.
Кезектен тыс салыстырып тексеру
Кезектен тыс салыстырып тексеруді өлшем құралын пайдалануда (сақтауда) салыстырып тексерудің аралық интервалы аяқталғанға дейін жүргізеді.
Кезектен тыс салыстырып тексеру мына жағдайларда жүргізіледі:
-салыстырып тексерудің аралық интервалын реттеу қажеттілігі болғанда;
-өлшем құралын қолдануға жарамдылығын растау қажеттілігі болғанда;
-салыстырып тексеру таңбасының, өзі жабысатын лейблдің, пластикалық пломбаның зақымдануын, сондай –ақ, өлшем құралдарының бастапқы және мерзімдік салыстырып тексеруден өткенін, олардың сақталуын растайтын құжаттың жоғалу кезінде;
-сақтаудан кейінгі өлшем құралдарын қолданысқа енгізу кезінде өлшем құралын консервациялау немесе өлшем құралдары бар бұйымдарға қойылатын талаптарға байланысты сол сақтау мерзімі ішінде өлшем құралдарына мерзімдік салыстырып тексеру жүргізілмеген болса;
-өлшем құралдарын, өлшем құралдары қолданылатын бұйымдар жинағын қайта консервациялау барысында;
-өлшем құралдарын салыстырып тексерудің аралық интервалының жартысы өткеннен ұзақ сақтауға берген жағдайда;
-өлшем құралдарын салыстырып тексеру аралық интервалының жартылай ғана аяқталуына орай, әзірлеуші айналымға түсіріп үлгермеген өлшем құралын тұтынушыға жіберген жағдайда.
Ескерту –сақтау және тасымалдау шараларынан кейін қоймадан алынған өлшеу құралын қолданысқа енгізбей тұрып салыстырып тексеруден өткізуге кеңес беріледі.
Инспекциялық салыстырып тексеру
Мемлекеттік қадағалау және метрологиялық бақылау жүргізген кезде олардың жарамдылығын, дұрыстығын, қабылданған салыстырып тексерудің аралық интервал дәлдігін және өлшем құралын пайдаланудың дұрыстығын бекітуде инспекциялық салыстырып тексеру жүргізіледі.
Инспекциялық салыстырып тексерудің нәтижесі актіде еркін түрде келтіріледі.
Ескерту –егер инспекциялық салыстырып тексеру мемлекеттік метрологиялық бақылау шеңберінде жүргізілсе, онда салыстырып тексерудің нәтижесі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен нысан бойынша актіде көрсетіледі.
Инспекциялық салыстырып тексеру өлшем құралдары иегері өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі.
Сараптық салыстырып тексеру
Сараптық салыстырып тексеруді өлшем құралдарының бұзылғаны, қолдануға жарамсыздығы туралы тиісті метрологиялық сипаттардың мәселесіне келіспеушіліктер туындаған жағдайларда жүргізеді.
Сараптық салыстырып тексеруді өлшем құралдарының бұзылғаны, қолдануға жарамсыздығы туралы тиісті метрологиялық сипаттардың дұрыстығына, өлшем құралдарының қлодануға жарамдылығына және өлшем құралдарын пайдаланудың дұрыстығына келіспеушілік туындаған жағдайда мемлекеттік органдардың жазбаша түрдегі талабы(арызы), жеке және заңды тұлғалардың жазбаша түрдегі арызы бойынша жүргізіледі.
Өлшем құралдарын салыстырып тексеру шарасына өтініш берушілер, сондай –ақ мүдделі талаптардың өкілдері қатыса алады.
Сараптық салыстырып тексеру нәтижелері бойынша үш дана қорытынды құжат жасалады, оны мемлекеттік метрологиялық қызмет бөлімшесінің басшысы немесе аккредиттелген заңды тұлғаның метрологиялық қызметі бекітеді. Қорытындының бір данасы сараптық салыстырып тексеру жүргізген мемлекеттік метрологиялық қызметтің бөлімшесінде немесе аккредиттелген заңды тұлғаның метрологиялық қызметінде сақталуы тиіс, екінші данасы –өтініш берушіге жолданады, үшінші данасы –өлшем құралын сараптық салыстырып тексеруге ұсынған тұлғаға беріледі.
Ескерту –мемлекеттік органдардың талаптары (өтініш) бойынша жүргізілген сараптық салыстырып тексеру кезінде қорытынды осы органдардың талаптарына сәйкес рәсімделеді.
Заңды және жеке тұлғалардың өтініші бойынша сараптық салыстырып тексеруді жүргізу үшін төлемді өтініш беруші жүргізеді.
соттың және құқық қорғау органдарының талабы (өтініші) бойынша сараптық салыстырып тексеру жүргізу кезінде, салыстырып тексеру үшін төлем жүргізетін тараптысараптық салыстырып тексеруге өтініш берген орган белгілейді.
21. Калибрлеу, реттеу және градуирлеу туралы ұғымдар
1. Өлшем құралдарына калибрлеу жүргізу тәртібі
2. Өлшем құралдарына калибрлеу жүргізуді ұйымдастыру
Калибрлеуден мемлекетттік метрологиялық қадағалауға және салыстырып тексеруге жатпайтын өлшеу құралдары өтеді.
Өлшеу құралдарын калибрлеу ҚР СТ ИСО/ХЭК 17025 талаптарына сәйкес аттестатталған заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерімен белгіленген тәртіпте жүргізілідеі.
Калибрлеу зертханаларында:
- сапаны басқару процедуралары болуы тиіс;
-калибрлеудің барлық типтеріндегі өлшеу белгісіздігін бағалау процедуралары болуы және қолдануы тиіс;
- калибрлеу және өлшеу нәтижелерінің бірізділігін қамтамасыз ету;
- өлшем құралдарын және өлшеу нәтижелерін салыстыруға қатысу.
Өлшем құралдарын калибрлеу кезінде мынадай міндеттер іске асырылады:
- кадибрленетін өлшем құралдарына талаптар орнатылады (метрологиялық сипаттамаларға);
- калибрлеу құралдары және әдістері белгіленеді;
- калибрленетін өлшем құралдарының Қазқстан Республикасының мемлкеттік эталондарына байланысты іске асырылады;
- калибрлеу нәтиделері бойынша өлшем құралдарын пайдалану мүмкіндігі туралы шешім қабылданады.
Өндірістен шығару екзіндегі калибрленген өлшем құралдарын қолдануға және жай-күйіне жауапкершілік дайындауға жүктеледі, пайдалану кезінде – осы өлшем құралдарын пайдаланушыларға жүктеледі.
Калибрлеуге жататын өлшем құралдар тізімі сәйкес оларды қолдану саласындағы өлшем құралдарын пайдаланушылармен немесе ұйым-дайындаушылармен анықталады.
Өлшем құралдары калибрлегу заңды тұлғалар бөлімшелерінен метрологиялық қызмеьпен калибрлеу кестесімен белгіленген мерзімде қабылданады. Калиьрлеу кестесі заңды тұлғалардың метрологиялық қызметімен әзірленеді, өлшем құралдарының иелерімен және пайдаланушыларымен келісіледі және заңды тұлғаның басшысымен бекітіледі.
Басқа заңды және жеке тұлғаларға жататын өлшем құралдары калибрлеуге, калибрлеу жұмыстарын жүргізуге келісім шартта көрсетілген мерзімде қабылданады.
Өлшем құралдарын калибрлеу аралығының интервалы метрологиялық сипаттамалар, қолдану саласы, өлшем құралдарын пайдалану мерзімі шарттарының тұрақтылығына байланысты өлшем құралдарын пайдаланушыларының келісімі бойынша калибрлеу зертханасымен белгіленеді.
Өлшем құралдарын калибрлеу кезінде шеттен келген заңды және жеке тұлғалар үшін өлшем құралдарын келесі калибрлеу мерзімі осы калибрлеуді орындайтын калибрлеу зертханаларымен белгіленеді.
Калибрлеу туралы қолданыстағы сертификаты бар өлшем құралдары пайдаланушының қарауы бойынша қайтара калибрлеуден өткізуге болады.
Калибрлеу зертханаларындағы өлшем құралдарын калибрлеуді сәйкес курстарды бітіргені туралы құжаттармен расталған кәсіби дайындығы бар тұлғалармен жүргізіледі.
Өлшем құралдарын калибрлеу Бірліктерінің халықаралық жүйесіндегі шама бірліктерін жаңғыртатын эталондарға теңдес байланысқан мемлекеттік эталондардың жоқ кезінде немесе шама бірліктерінің шама бірліктерінің мемлкеттік эталондарына теңдес байланысқан калибрлеу құралдарын пайдаланумен және калибрлеу әдістемелеріне сәйкес жүргізіледі.
Калибрлеу әдістемесі заңды тұлғалардың метрологиялық қызметімен – осы өлшем құралдарына дайындаушылармен немесе пайдаланушылармен немесе олардың тапсырысы бойынша басқа заңды тұлғалардың метрологилық қызметімен әзірленеді. Тапсырыс бойынша дайындалған әдістемелер тапсырыс берушімен келісіледі және әзірлеуді дайындаушы – заңды тұлғаның басшысымен бекітіледі.
Заңды тұдғалардың метрологиялық қызметімен – осы өлшем құралдарын дайындаушымен немесе пайдаланушымен әзірленетін калибрлеу әдістемесі заңды тұлғамен белгіленген басшысымен. Бекітіледі.
Калибрлеу әдістемесінде мынадай ақпараттар болуы тиіс:
- Теңестіру;
- Тарату саласы;
- Калибрлеуге жататын өлшем құралдарын сипаттау;
- Параметрлер және сандық көрсеткіштер және анықтауға жататын сипаттаулар шегі;
- Калибрлеу кезінде қолданылатын метрологиялық және техникалық сипаттамаларға қойылатын талаптарды қоса, эталондық, өлшеу және қосымша жабдықтар;
- Қоршаған ортаға қажетті шарттар және қажетті тұрақтандыру кезеңі;
- Процедураларды сипаттау, включая: айналым, тасымалдау, өлшем құралдарын сақтау және дайындау, калибреу әдістері, даярлау жұмыстары, дұрыс істеуін тексеру, бақылауды және өлшеу нәтижелерін тіркеу әдісі, қауіпсіздік шаралары;
- Эталон байланысын сипаттау (қажет болған жағдайда сұлбамен көрсету);
- Сәйкестікті бекітуде бекітуге/қабыл алмауға арналған өлшем құралдарына критерийлер және/немесе талаптар;
- Тіркелетін деректер, талдау әдіс және ұсыну пішіні;
- Өлшем белгісіздігін бағалау процедурасы;
- Калибрлеуді іске асыратын тұлғаларға талаптар;
- Калибрлеу нәтижелерін рәсімдеу.
Бірнеше физикалық шамаларды өлшеуге арналған немесе өлшеуді бірнеше ауқымы бар өлшем құралдырын калибрлеуді толық емес көлемде жүргізу керек, демек тек қана физикалық шамалардың қолданылатынсанына немесе өлшеу ауқымына немесе шектеулі ауқымға.
Бұл жағдайларда өлшем құралдарында қолдану саласын көрсететін анық жазу немесе шартты белгілеулер болуы тиіс.
Калибрлеу нәтижелері бойынша қажет болған жағдайда калибрлеу хаттамасы рәсімделеді, оған калибрлеуді орындаушы қолын қояды.
Калибрлеу хаттамаларының мазмұны ҚР СТ ИСО/ХЭК 17025 талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Егер калибрлеу нәтижелері бойынша өлшем құралдары қолданысқа жарамды болып табылса, онда өлшем құралдарына 3.2.1 т. Сәйкес калибрлеу белгісі қойылады және ҚР СТ ИСО/ХЭК 17025 талаптарынасәйкес калибрлеу туралы сертификат рәсімделеді.
Шеттен келген заңды және жеке тұлғалармен калибрленетін өлшем құралдарына калибрлеу сертификатын рәсімдеу міндетті.
Калибрлеу нәтижелері бойынша қолданысқа жарамсыз өлшем құралдарын, оларды қайта қалпына келтіру немесе есептен шығару іс-шараларын жүргізу үшін айналымнан алып тастау керек.
Шеттен келеген заңды және жеке тұлғаларға калибрлеуге ұсынылған өлшем құралдарының жарамсыздығы белгіленген жағдайда, тапсырыс беруші міндетті түрде калибрлеу туралы хаттамалар беріледі, оларға орындаушыдан басқа қосымша калибрлеу зертханасының басшысы қол қояды.
22. Тексеру схемалары
1. Тексеру схемаларының түрлері
2. Мемлекекттік тексеру схемалары
3. Жергілікті тексеру схемалары
Салыстырып тексеру сұлбаларын таралу салаларына байланысты келесі түрлерге бөледі:
- мемлекетаралық салыстырып тексеру сұлбалары;
- мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбалары.
-жергілікті салыстырып тексеру сұлбалары.
Мемлекеттаралық салыстырып тексеру сұлбалары.
Мемлекетаралық салыстырып тексеру сұлбалары мемлекет-қатымушылармен тура немесе мемлекеттаралық салыстырып тексеру сұлбалары құжатына қарама-қайшы келмейтін елдің нормативтік құжатын дайындау жолымен қолданылады.
Мемлекеттаралық салыстырып тексеру сұлбалары стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық Кенес белгіленген тәртіпте дайындалады.
Мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбалары.
Мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбалары Қазақстан Республикасында салыстырып тексерілетін берілген шамадағы өлшем құралдарына таралады.
Мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты түрінде рәсімделеді.
Өлшем құралдарына арналған мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбалары мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбаларын дайындауға орындаушы ретінде занды тұлғалардың метрологиялық қызметтерін тарта алада.
Мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбалары меммлекетаралық салыстырып тексеру сұлбаларына қарама қайшы келмеуі тиіс.
Мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбасын белгілейтін мемлекеттік стандарттар салыстырып тексеру сұлбасын белгілетін мемлекеттік стандарттар салыстырып тексеру сұлбасының сызбаларын және сызбаға түсініктеме беретін мәтіндік бөлімнен тұруы қажет.
Жергілікті салыстырып тексеру сұлбалары
Жергілікті салыстырып тексеру сұлбасы заңды тұлғалардың метрологиялық кызметтерімен салыстырып тексерілетін өлшем құралдарына таралады.
Жергілікті салыстырып тексеру сұлбалары мемлекеттік немесе мемлекеттік болмаған жағдайда мемлекеттікаралық сол шамаларды өлшем құралдарына арналған салыстырып тексеру сұлбаларына қарама қайшы келмеу тиіс. Жергілікті салыстырып тексеру сұлбалары мемлекеттік және мемлекеттікаралық салыстырып тексеру сұлбалары болмаған жағдайда құрыла алады.
Жергілікті салыстырып тексеру сұлбасын заңды тұлғаның нормативтік құжатты ретінде дайындайды және хабарында шама бірлігінің мемлекеттік эталондары бар мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықпен келістіріледі.
Жергілікті салыстырып тексеру сұлбаларын өлшем құралдарын салыстырып тексеруді іске асыратын занды тұлғалардың метрологиялық қызметтерді дайындайды.
Жергілікті салыстырып тексеру сұлбасын сызба түрінде рәсімдейды. Сызбаны мәтіндік бөліммен толықтыруға болады.
23. Тексеру схемаларының мазмұны және құрылуы
1. Тексеру схемаларының мазмұны
2. Тексеру схемаларының құрылуы
Салыстырып тексеру сұлбасы сызбасында:
- өлшем құралдарының және салыстырып тексеру әдістерінің атаулары;
- шама мәнінің аумағы немесе номиналды мәні;
- өлшем құралдары қателіктерінің мүмкіндік мәні;
- салыстырып тексеру әдістері қателіктерінің мүмкіндік мәні көрсетілуі қажет.
Жергілікті салыстырып тексеру сұлбаларында өлшем құралдарының дәл белгілеулерін көрсету мүмкін.
Салыстырып тексеру сұлбасы бір бірінің астына орналасқан және штрихті линиялармен бөлінген алаңдардан тұруы қажет.
Алаңдар:
- «Мемлекеттік эталон(дар)»;
- «і санатындағы жұмысшы эталондар» (мұнда «-0 ден h-ге дейін, әр санат үшін – жеке алаң);
- «»»Жұмысшы өлшем құралдары» атауларынан тұруы қажет.
Ескерту
1. Мемлекеттік эталон ретінде қабылданған 0 санатындағы жұмысшы эталон мемлекеттік эталон алаңында орналастырылады.
2. Өз дәлдігіне байланысты басқа мемлекеттерден алынған жұмысшы эталондар дәлдіккесәйкес келетін эталонның алаңында орналастырылады.
Жергілікті салыстырып тексеру сұлбасы сызбасының жоғарғы алаңының атауы «Бастапқы жұмысшы эталондар» болуы қажет.
Алаңдар саны салыстырып тексеру сұлбасының құрылымына байланысты.
Алаңдар атауын вертикалды тұтас линиямен бөлінген сызбаның сол жағында, бағынушылық тәртібінде эталондардың атауы көрсетіледі.
Жергілікті салыстырып тексеру сұлбасы сызбасының жоғарғы алаңында, бағынушылық тәртібінде эталондардың атауы көрсетіледі.
Бірліктерін жанама өлшеу әдісімен жаңғыртатын туынды шамалардағы өлшем құралдарына арналған салыстырып тексеру сұлбасы сызбасының жоғарғы алаңында басқа мемлекеттерден немесе мемлекетаралық салыстырып тексеру сұлбаларынан алынған берілген бірлікті жаңғырту үшін қолданылатын эталондар атаулары көрсетіледі.
Бұл эталондар атауларын сәйкес келетін салыстырып тексеру сұлбаларына сілтемелермен алып жүреді.
Эталондар атауларын астында шама мәнінің номиналды мәні немесе аумағы және олардың қателіктерінің мәні көрсетіледі.
Эталондар аландарының астына 0 санаттағы жұмысшы эталондардан аланы (егер мемлекеттік немесе мемлекетаралық сұлбаларды қайта қарау кезінде 1 санаттағы эталондарға бірлік мөлшелерін берудің қосымша сатысын алдын-ала ескеру қажет болса), 1 санаттағы және әрі қарай келесі санаттардағы жұмысшы эталондар алаңдары орналастырылады.
Жергілікті салыстырып тексеру сұлбаларында көрсетілетін жұмысшы эталондар санаттары мемлекеттік немесе мемлекетаралық салыстырып тексеру сұлбаларында осы құралдарға берілген санаттарға сәйкес келуі қажет.
Жұмысшы эталондардың атауларының астында өлшем аумақтары және қателіктер мәні көрсетіледі.
Төменгі санаттағы жұмысшы эталондардың астына жұмысшы өлшем құралдарының алаңы орналастырылады. Онда мүмкіндігі барынша солдан оңға қарай бір атаудағы жұмысшы эталондар бойынша салыстырып тексерілетін жұмысшы өлшем құралдары топтарының қателік шамаларын ұлғаю тәртібінде орналастырады. әр топ үшін өлшемдердің түрін, аумағын және өлшем құралдарының қателіктер мәнін көрсетеді.
Салыстырып тексеру сұлбасында көрсетілетін өлшем құралдары қателіктерінің сипаттамалары келесі талаптарды қанағаттандаруы қажет.
Алғашқы эталондар үшін ГОСТ 8.381 сәйкес:
- Эталонның жойылмаған жүйелік қателігінің 0 (00) шекарасы (белгі көрсетуінсіз);
- h тәуелсіз өлшем санын көрсетумен бірлікті жаңарту кезінде S (S0) өлшем нәтижесінің орташа шаршылық ауытұуы (немесе бірлікті жаңғырту және оның мөлшерін беру кезінде);
- Т уақыттың белгілі аралығы ішінде v (v0) эталоны тұрақсыздығы көрсетіледі.
Мемлекетаралық салыстырып тексеру сұлбасы бойынша екінші немесе жұмысшы эталондардың деңгей дәлдігі бойынша сәйкс келетін эталонды қолдану кезінде алғашқы эталон ретінде 5.9.2 сәйкес қателіктер сипаттамаларын көрсету мүмкін.
Ескерту – Осында және әрі қарай «0» индекссіз символ абсолюттік қателіктің сипаттамасын, «0» индексті салыстырмалы қателіктің сипаттамасын білдіреді.
Екінші эталондар үшін ГОСТ 8.381 сәйкес олардың жалпы қателігінің сипаттамасыкөрсетіледі - h тәуелсіз өлшемдердің санын көрсетумен екінші эталонды біріншімен салыстыру кезінде Så (Så0) өлшем нәтижесінің орташа шаршылық ауытқуы мүмкін мәнінің шектігі, немесе 0,99 сенімді ықтималдық кезінде då (då0) өлшем нәтижесі қателігінің сенімді шекараларының мүмкіндік мәнінің шектігі.
Екінші эталонның жойылмаған жүйелік қателігінің сипаттамасын және (немесе) оның тұрақсыздығының алғашқы эталон үшін қабылданған салыстырып тексеру арасындағы аралық үшін бөлек көрсету мүмкін.
Жұмысшы эталондарының және жұмысшы өлшем құралдары қателіктерінің сипаттамаларын оларды салыстырып тексеру кезінде шама өлшемдерін беру әдісіне байланысты көрсетіледі.
Өлшем құралдарының қолдануға жарамдылығын анықтайтын салыстырып тексеру кезінде, салыстырып тексеру сұлбасында Δ (Δ 0) өлшем құралдарының қателігінің мүмкіндік шегі көрсетіледі.
Ақиқат мәндерді белгілейтін немесе салыстырып тексеруге түскен (соның ішінде түзетулер енгізу жолымен) барлық өлшем құралдарын градустейтін салыстырып тексеру кезінде, салыстырып тексеру сұлбасында d (d0) өлшем құралдарының қателігінің сенімді шекарасының мүмкіндік мәнінің шегін сәйкес келетін сенімді ықтималдықта көрсетеді.
Өошем құралдарының тұрақтылық нормалары бойынша қолдануға жарамдылығын анықтайтын ақиқат мәні немесе градустейтін сипаттамасы өзгеруі салыстырып тексеру арасындағы аралықта берілген типтегі өлшем құралдары үшін белгіленген мүмкіндік тұрақсыздық шегінен артатын өлшем құралдарын жарамдылықтан шығарумен және ақиқат мәндерді белгілейтін немесе қалған өлшем құралдарын градустейтін салыстырып тексеру кезінде, салыстырып тексеру сұлбасында:
- сәйкес келетін сенімді ықтималдық кезінде d (d0) өлшем құралдарының градустеу қателігінің сенімді шекарасының мүмкіндік мәнінің шегін және Δ (Δ 0) салыстырып тексеру арасындағы аралықта өлшем құралдарының мүмкіндік тұрақсыздығының шегін;
- немесе сәйкес келетін сенімді ықтималдылық кезінде då (då0) өлшем құралдары қателігінің сенімді шекарасының мүмкіндік мәнінің шегі (салыстырып тексеру арасындағы аралықтағы тұрақсыздық есебімен);
- немесе Δ (Δ 0) өлшем құралдары қателігінің мүмкіндік шегін көрсетеді.
Жарияланған-2015-09-22 18:38:22 Қаралды-16757
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Қазақстан тарихы
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Тіл ғылымы, Филология
- Философия
- Физика, Химия
- Кітапханалық іс
- Спорт
- Автоматтандыру
- Аудит
- Ауыл шаруашылығы
- Биотехнология
- Бухгалтерлік есеп
- Журналистика
- Кедендік іс
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару, Метрология және стандарттау
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Туризм
- Халықаралық қатынастар
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- Жаратылыстану
- Медицина