UF

Тақырыбы: Археологиялық барлау

 

1 Археологиялық барлаудың мақсаттары және оны ұйымдастыру

 

1. Археологиялық барлаудың мақсаттары

2. Барлаудың жоспары мен бағыты

3. Археологиялық    барлауға    керекті    жабдықтар

 

Кез-келген археологиялық ескерткіштер белгілі бір уақыт аралығында өмір сүрген адамдардың еңбек әрекетінде жасалған, сол дәуірдің жәдігері болып табылады. Археологиялық ескерткіштерді зерттеу барлау жұмыстары-нан басталады. Археологиялық барлаудың негізгі мақсаты жергілікті жердің, облыстың, елдің археологиялық картасын жасау. Жүргізілген барлау жұмыстары кезінде әртүрлі ескерткіштер ашылып, олардың орналасқан жері, таралу аймағы анықталады, ескерткіштердің тарихи-топографиялық құрылымы, ерекшеліктері байқалып, оларға қатысты деректер жиналады.

Зерттеушілердін, алдына қойған мақсаттарына байланысты барлау жұмыстары әртүрлі бағытта жүргізіліп, нақтылы ғылыми мәселелерді қамтуы мүмкін. Мәселен, белгілі бір археологиялық ескерткіштердің тарихи-топографиялық құрылымын, олардың таралу аймақтарын анықтау; жекелеген ауданның, облыстың, немесе тарихи-географиялық аймақтың археологиялық картасын жасау, ескерткіштердің жинағын дайындау; жаңа құрылыстар, суландыру жүйелері салынатын, газ-мұнай өндіріп жатқан  жерлерде барлау жүргізіп ескерткіштерін анықтау, т.б.

 Археологиялық барлау - іздеу және барлау жұмыстары болып екіге бөлінеді.

Іздеу кезінде бұрын ғылымға белгісіз болып келген ескерткіштер    ашылып,    олардың   тарихи-топографиялық  құрылымы сырттай зерттеліп, ескерткіштің үстінде (жердің бетінде) жатқан заттар жиналады. Іздеу кезінде ешқандай қазба жұмыстарына рұқсат етілмейді. Барлаушыға берілген рұқсат қағазында (лицензияда) іздеу кезіндегі оның құқы мен міндеттері көрсетілген.

Барлау кезінде зерттеуші бұрын іздеу жүргізілген аудандағы жұмыстарды одан әрі жалғастыра отырып жекелеген ескерткіштер, не ескерткіштер тобына қатысты жан-жақты деректер жинап, олардың тарихи-топографиялық құрылымын толықтырып, болашақта қазба жүргізілетін бөліктерін анықтап, олардың көлемін белгілейді. Барлау кезінде шағын көлемді қазба жүргізуге рұқсат етіледі. Сонымен қатар, барлау барысында жаңа аудандар зерттеліп, сол аймақтың археологиялық картасы толықтырылуы мүмкін, не ескерткіштердің жинағына керекті деректер алынады. Барлау жұмыстары рұқсат қағазы (лицензия) бойынша жүргізіледі.

Археологиялық іздеу және барлау жұмыстары барысында алынған деректерге сүйене отырып ескерткіштер туралы қорытынды пікір айтуға болмайды. Археологиялық ескерткіштер туралы жан-жақты негізделген тұжырымдарды оларда жүргізілген қазба жұмыстары барысында алынған деректерге сүйене отырып жасауға болады.

Ескерткіштерде барлау жүргізген кезде іске асырылатын жұмыстардың бірі олардың жобасы мен кесіндісін түсіру. Жобада ескерткіштің тарихи-топографиялық құрылымы, оның жекелеген бөліктерінің қазіргі сақталу деңгейі, бұзылған жердің көрінісі, көлемі, ескерткіштің жекелеген бөліктерінде орналасқан үлкенді-кішілі құрылыстар, олардың көлемдері көрсетіледі.

Барлауға даярлық. Болашақта жүргізілетін барлаудың нәтижелі болуы оған даярлық кезінде іске асырылатын жұмыстардың сапалы әрі тыңғылықты орындалуына байланысты екенін әрқашан есте сақтаған жөн. Барлауға дайындық кезінде атқарылатын жұмыстардың ауқымы кен және олардың кез-келгеніне үлкен жауапкершілікпен қарап, дер кезінде орындалуын қадағалап отыру керек. Барлауға даярлык жұмыстарын жүйелі түрде әрі бір-бірімен  байланыстыра отырып  іске асыру керек, олар:  біріншіден, барлау жүргізілетін жердің және оған іргелес орналасқан аудандардың ескі және жаңа үлгідегі карталарын    іздестіруден    бастау    керек,    карталардың масштабы 1:50 000;   1:100 000, 1:200 000; 1:500 000, 1:1 000 000   болғаны   дұрыс,   жақсы   карта   жұмыстың   табысты болуының кепілі; екіншіден, барлау жүргізілетін ауданда бұрын    зерттеу   жүргізген    археологиялық,    геологиялық  экспедициялар   мен   өлкетанулық   жұмыстардың   ғылыми есептерімен танысып, қоймаларда және музейлерде сақталған заттарды көріп, ашылған ескерткіштердің орнын картаға белгілеу керек; үшіншіден, аудандық, облыстық, республикалық  музейлерде,   ескерткіштерді   корғау  қоғамдарында (мекемелерінде) бар деректерді пайдалана отырып есепке алынған, ғылымға белгілі ескерткіштердің картасын жасау керек; төртіншіден, барлау жүргізілетін жерде орналасқаны (бұрын есепке алынған, ғылымға белгілі) ескерткіштердің тарихи-топографиялық    құрылымы,    ерекшеліктері,    одан табылған   заттар   туралы   деректерді   жинастыру   керек, бесіншіден,    барлау    жүргізілетін    жер   туралы   тарихи; өлкетану, географиялық әдебиеттермен танысып, олардан: тарихи оқиғалар болған жерлер, киелі орындар, көмбелер, ежелгі   суландыру   жүйелері,   егістіктер,   су   қоймалары,  кұдықтар, кәріздер, өткелдер, асулар, үңгірлер, қалқа мен апандар, кен орындары, керуен жолдары туралы мәліметтер жинастыру    керек;    алтыншыдан,    барлау    жүргізілетін аудандарға қатысты тарихи жазба деректерінің мәліметтерін жинап, оларда аты аталған жерлерді, ескерткіштерді картаға белгілеу керек; жетіншіден, барлау жүргізілетін аудан, облыс, не тарихи-географиялық ауданда калыптасып, өмір сүрген археологиялық мәдениеттер туралы әдебиет-термен танысып, олардың таралу аймағын, өзіндік ерекшеліктерін ажырата білу керек.

Барлаудың жоспары мен бағыты. Барлау жүргізілетін жердің зерттелу тарихымен, тарихи, өлкетану, географиялық әдебиеттермен танысып, ескерткіштер туралы мәліметтерді жинап, олардың орналасқан жерін картаға белгілегеннен кейін зерттеуші болашақта жүргізілетін археологиялық барлаудың жоспарын жасап, оның бағыттарын белгілейді. Барлаудың жоспары зерттеушінің алдында тұрған міндеттеріне байланысты болады.

Археологиялық    барлауға    керекті    жабдықтар.  Барлауға даярлық кезінде жүргізілетін жауапты жұмыстардың   бірі   -   барлауға   керекті   жабдықтарды   алу   болып табылады.  Көпшілік жағдайда барлау жұмыстары қазіргі елді  мекендерден  алыста және климат жағдайы әртүрлі жерлерде (далалық, таулы, шөлді, т.б.) жүргізілетінін ескере  отырып, барлауға керекті жабдықтардың барлық түрлерін алдын-ала анықтап, оларды дер кезінде алуды ойластырған дұрыс. Барлауға керекті жабдықтарды олардың атқаратын  қызметтеріне,   пайдалану   орнына   қарай   бірнеше   топқа бөлуге болады, олар: біріншіден, бағытты дұрыс анықтап  бақылауға    керекті    техникалық    жабдықтар:    жергілікті  жердің үлкен масштабтағы (1:50 000; 1:100 000 не 1:200 000)   картасы;   Андрианов   (не   басқа  үлгідегі)   компасы, буссоль    нивелир,    дүрбі,    навигациялық GPS аспабы, теңгергіш; екіншіден, археологиялық ескерткіштердің көлемін анықтап, жобасын түсіріп, сызуға керекті жабдықтар: ұзындықтары   0,5; 1; 3 м сызғыштар, әртүрлі ұзындықтағы мата рулеткалар, шағын планшет, готовальник, визирлі сызғыш, миллиметровка, калька, торкөз қалың дәптер (сырты су өтпейтін етіп қапталған), калам, өшіргіш, пышақ (қалтаға салып жүретін шаппа), жіп (шпагат), курвиметр, фотоаппараттар (ақ-кара, түрлі-түсті және слаиды түсіруге арналған); үшіншіден, топырақ үлгісін алуға, табылған затттарды бекітуге, салуға, тасымалдауға керекті заттар: далалық бұрғы, зонд, күрек, балта-шот (балға-балта), әртүрлі көлемдегі қорапшалар, мақта, қағаз (заттарды орауға керекті), гипс, желім (әртүрлі), тазартуға арналған құралдар; төртіншіден, жедел жәрдем көрсетуге керекті заттар: иод, спирт, бинт, дәрі-дәрмек, су құйылған жанторсық; бесіншіден, барлаушының жеке куәлігі (паспорты), іс-сапар парағы, барлауға құқық беретін лицензия (оның үлгісі қосымшада керсетілген).

 

2. Археологиялық барлау түрлері

 

1. Авиабарлау.

2. Аэросуртке түсіру.

3. Электробарлау және магнитобарлау.

4. Суасты барлауы.

 

 Авиабарлау. Археологиялық ескерткіштерді ұшақпен іздеп, суретке түсіру жұмыстары Еуропада XIX ғ. басталды, ал Қазақстандағы алғашқы авиабарлау жұмыстарын 1946 ж. С.П.Толстов   басқарған   Хорезм   археологогиялық-этнографиялық экспедициясы жүргізді. Осы экспедицияның ұшақ тобы Қуаңдария, Жаңадария, Икандария өзендері алқабында барлау жұмыстарын жүргізіп, қола, ерте темір ғасырлары мен ортағасырлар кезінен сақталған жүздеген археологиялық ескерткіштерді ашып, ғылыми айналымға енгізді (4-сурет).

XX ғ. екінші жартысында Қазақстанда орналаскан бірқатар археологиялық ескерткіштерде аэробарлау жұмыстары жүргізіліп, ұшақтан суреттері түсірілді. Соңғы жылдарда ауадан жүргізілетін барлау жұмыстарына ұшақтармен қатар әртүрлі ұшу аппараттары мен ауа толтырылған шарлар пайдалануда. 2002-2005 жылдар аралығында дельтапланның көмегімен Отырар, Түркістан оазисіндегі ортағасырлық елді мекендер, қалалар мен олардың суландыру жүйелері суретке түсіріліп, Қаратаудың оңтүстік-батыс беткейіндегі тауалды жазығында орналасқан ортағасырлық кәріздер жүйесі ашылды.

Авиабарлау    кезінде    жергілікті   жердің    бедеріне, өсімдік қабатына және топырағына көңіл аударылады.

Жердін  бедерін  зерттеу  оған  түскен  күн   сәулесіне  негізделген.   Көлбеу  түскен  күн  сәулесі  арқылы  жердің бетінде орналасқан археологиялық ескерткіштерді көлеңкесіне қарап анықтайды Мысалы, жүргізілгені далалық    жұмыстар    кезінде    зерттеуші    ортағасырлық қаланың жақсы сақталған орталық бөлігін ғана көріп, оның тарихи   бедері   бұзылып   кеткен   шаруашылық   аймағын байқамауы мүмкін, ал ұшақпен жүргізілген барлау кезінде ортағасырлық қаланың, бұзылып кеткен шаруашылық аймағының алып жатқан аумағын, ол арқылы қазылған канал, арық-атыздарды, егістік алқаптарын, қорғаныс жүйесін, оған келетін жолдарды және онымен байланысып жатқан  басқа да елді  мекендерді  көріп,  суретке түсіре алады.

Өсімдік қабатын зерттеу жер бедерінің бұзылған не бұзылмағанына, оның үстіне өскен өсімдіктердің биік не аласа, қалың не сирек болуына негізделген. Мысалы, астында құрылыс калдығы бар жерге өсімдік аз өседі және олар аласа болып келеді.

Топырақты зерттеу жер бетіндегі түрлі-түсті өзгерістерді байқауға негізделген (6-сурет). Топырақты зерттеу арқылы обаларды, қазылған арық, канал, кәріздерді және т.б. анықтауға болады.

Авиабарлау кезінде ашылған археологиялық ескерткіштер ұшақ (ұшу аппараттары) арқылы суретке түсіріледі.

Даладағы танымдық белгілердің арасындағы қашықтықтар әр түрлі болады, мысалы,  1:5000 масштабтағы карта үшін - 3,5 км-ден 22 км-ге дейін; 1:10 000 масштабтағы карта үшін - 1,5 км-ден 9 км-ге дейін.

Аэрофотосуреттерді дешифрлеу. Аэрофотосуреттерді дешифрлеу оларда бейнеленген объектілерді және жергілікті жердің контурын картаға түсіру үшін танып, айыра білуден тұрады. Өйткені, аэросуреттерде қажетсіз ұсақ-түйектер және картаға түсірілуге тиісті көптеген маңызды объектілер: өткелдер, көпірлер, құдықтар, байланыс желілері және т.б. көрінбей қалуы мүмкін. Оның үстіне, аэросуреттер бойынша ағаш түрлерін, жолдарды, батпақтың өтуге болатын тұстарын, құрылыстардың сипатын және т.б. анықтау тікелей қосымша зерттеуді қажет етеді.

Электробарлау.   Барлаудың   бұл  түрі   заттардың  ток өткізгіштік   қасиетіне   негізделген.   Табиғатта   кездесетін заттардың токқа қарсы үлестік   кедергісі   әртүрлі (кесте). Электробарлау  жұмыстарын     археологтың  бақылауымен маман геодезист жүргізеді.  Ол үшін барлау жүргізілетін жерге қағылған электродтардың арасына ток жіберіледі, сол жердің токқа қарсы үлестік кедергісі өлшенеді. Егер электродтардың арасындағы жердің топырағы біркелкі болса, онда оның    үлестік     кедергісі     сол    топырақтың үлестік     кедергісіне     тең болады. Мысалы, гранит болса 109-1011, ал ылғал әктас болса- 4 ×104 0 м/см-ге тең.

Электробарлау кезінде тұрақты және ауыспалы токты пайдаланады. Тұрақты токты пайдалану арқылы зерттеу жүргізіліп отырған жермен оның қойнауында жатқан құрылыстың, заттың токқа қарсы үлестік кедергісін салыстыра отырып, олардың қандай құрылыс материалынан (тас, күйдірілген кесек және т.б.) салынғанын      немесе қандай зат екенін анықтайды.

Ауыспалы  токты пайдалану кезінде, оның жер койнауына таралуы және   соның   әсерінен пайда болатын электро-магниттік өріс есепке алынған. Электромагниттік өріс көмегімен жердің астында жатқан объектілерді анықтауға болады.

Электробарлаудың нәтижелі  болуы, барлау жүргізілетін жерді     дұрыс таңдай білуге байланысты. Электробарлау арқылы жер астында жатқан әртүрлі құрылыстарды, жерлеу орындарын анықтауға болады.

Магнитобарлау.   Магнитобарлау   кезінде   қолданылатын   аспаптардың   көмегімен   жердің   магнит   өрісінің кернеулігін   өлшейді.   Магнитобарлауға   арналған   аспаптардың көмегімен магнит өрісінің кернеуі күшті (жоғары) археологиялық   ескерткіштерді,   заттарды  табуға   болады. Магнитобарлау аспаптарының көмегімен жердің қойнауында  жатқан  қыш,  ыдыс  күйдіретін  құмдандарды,  металл балқытуға арналған пештерді, жердің, еденнің от шалған бөліктерін,   қабырғаны,   еденді,   қазылған   ор,   шұңқырды және темір заттарды табуға болады.

Электробарлау мен магнитобарлау жүргізудің техникасы бір-біріне ұқсас. Осы екі барлаудың кез келген түрі жүргізілетін жер көлемі 0,5x0,5 не 1x1 м келетін шаршыларға бөлінеді де, шаршылардың қиылысқан нүктесінде анықтау жұмыстары жүргізіледі.

Суасты барлауы. Суасты барлауы мұхиттар мен теңіздердің деңгейі көтерілуіне байланысты су астында қалған қалаларды, елді мекендерді, жерлеу орындарын, көмбелерді, қасиетті орындарды, көлдердің астында қалған ескерткіштерді, теңізі өзен шайып кеткен ескерткіштердің орнын анықтау және қолдан салынған су коймаларының астында қалған ескерткіштерді зерттеу үшін қолданылады. Қазақстаңда су асты барлау жұмыстарын Каспий, Арал, Балқаш, Алакөл көлдерінде, Шардара, Шүлбі, Тасөткел, Қапшағай су қоймаларында жүргізуге болады. Сырдария өзенінің жағасындағы су шайып кеткен ортағасырлық қалалардың орнын суасты барлауының көмегімен табуға болады.

Суасты   барлауын   жүргізу   үшін   акваланг   (Эмиль Галиян   мен   Жак Ив Кусто   жасаған),   аквалангке   ұқсас кальян не наргиле, резеңке, ласт, компас, пышақ, сағат, тереңдік өлшеуіш, су өтпейтін корпусты фотоаппарат, скафандр, батисфера, эхолот және т.б. жабдықтар керек. Жеңіл жабдықтардың көмегімен саяз суда, түбінде шөгіндісі аз көлдерде, теңіз жағасында, жасанды су қоймаларында, жұмыс істеуге болады, ал үлкен тереңдіктегі (45 м-ге дейінгі) суасты барлау жұмыстары арнайы жабдықтардың көмегімен жүргізіледі.  Аквалангшы жабдықтары: ауа топтырылған баллон, костюм, пышақ, салмағы бар белдік, тереңдік өлшеуіші, сағат, маска, регулятор, ласты, жазу тақтасы және графитталған қалам. Тордың жанындағы жәшікке кронциркуль, балға, жиналмалы метр, сызғыш, теңгергіш және объекті белгісі салынған.

Барлауға   даярлық   жұмыстары    кезінде    зерттеуші суасты    барлауы    жүргізілетін    жерге    қатысты    аңыз-әңгімелерді  жинап,  тарихи-географиялық  әдебиеттермен, сол   ауданның  ұшақтан   түсірілген   суретімен   танысады. Ұшақтан   түсірілген   суретте   жағалауда  не   оған   іргелес жатқан судың саяз бөлігінен құрылыс қалдықтары байқалса, олардың алып жатқан көлемін анықтап, шегарасын белгілеу керек. Сонымен қатар, суасты барлауы жүргізілетін судың жағасынан, судан табылған археологиялық заттарға көңіл аудару қажет.

 

3. Археологиялық ескерткіш туралы мәліметті тіркеу (фиксация).

  

          1. Археологиялық ескерткіштерді іздеу және бағалау

2. Археологиялық тексеру

3. Ескерткіш туралы мәліметті тіркеу.

 

Археологтар қазба жұмысының археологиялық ескерткіштерді іздеу және бағалау әдістеріне көңіл бөліп келеді. Археологиялық зерттеулерге жаңа ұстаным, ескерткіштерді қашықтан табудың жаңа әдістері, әсіресе, ескерткішті сақтаудың және мәліметті тіркеу мәселесінің өткірлігі (өзектілігі) археологиялық зерттеулердің жаңа негізін салды. Археологиялық ескерткіштің таралуы мен орналасауы, археологиялық материалдың бағалануы туралы мәліметтер көптеген мәселелер шешімін табуға қолдануға болады. Ежелгі сауда құрылымының өзгерістерінен темір өндірісінің технологиясының пайда болуына дейінгі мәселелерді қамтуға болады. Кейбір жағдайларда ақпараттар археологиялық ресурстарды бақылау мен қорғау үшін жиналады. Археологиялық ескерткіштерге әсер ететін құрылыстарды бағалауға көп уақыт жіберіледі. Қазіргі кезде құрама штаттарда мемлекеттік қаржы негізінде құрылыс не өзге нысандардың басталуы алдында археологиялық зерттеулер жүргізуге мемлекеттік және федералдық заңдар мүмкіндік береді. Көптеген қалаларда кездейсоқ табылған ескерткіштердің бұзылуының алдын алатын заңдар қабылданған. Осыған байланысты ескерткіштерді зерттеу, қорғау мәселесі шешіледі. Далалық археологиялық мәліметтер интерпретациясына мына өзара байланысты процестер кіреді:

1. Археологиялық іздеу – жердегі археологиялық ескерткіштердің таралуын тіркеу, сәйкестендіру және жүйелі түрде іздеу жұмыстары болып табылады.

2. Ескерткішті бағалау - әрбір археологиялық ескерткіштің археологиялық мазмұндығын, маңыздылығын анықтайды. Бағалау кезінде ескерткіштің орналасуы және жоғары қабаттан алынған мәліметтер, кейбір жағдайларда электронды түрде жоғары қабаттан алынған мәліметтер есепке алынады. Археологиялық зерттеудің бұл ұстанымдары археологиялық ескерткішті бүлдірмейді.

Археологиялық ескерткіштер әртүрлі түрде айқындалады. Олардың кейбірі тіпті анық байқалады, мәселен, тұрмыстық қалдықтардан тұратын қолдан жасалған төбелер. Басқа ескерткіштерді қираған үйінділерден, қоқыс қалдықтарынан байқауға болады. Көптеген ескерткіштерді табу оңай емес, жоғары қабаттарда кейде ешқандай із де байқалмайды, оны кейінгі қабаттарды аршу жолымен табуға болады. Археологиялық ескерткіштердің негізгі индикаторларын қарастырайық:

  • ескеткіштердің айқын белгілері – жер үйлердің, тас үйінділердің немесе т.б. жердің жоғарғы қабатындағы белгілер. Мысал ретінде Жаңа Зеландиядағы қорғаныстың жер үйінділері немесе Эвбюридегі мегаметтік құрылыстарды жатқызуға болады. Азияның оңтүстік-батысындағы Телли қонысын ежелгі саяхатшылар аңғарған. Американың археологиялық ескерткіштерін, мәселен, Теотиуаканды алғашқы конкистадорлар жазып қалдырған. Майя ескерткіштерін Д. Стефенсон және Ф. Казерьуд ХІХ ғ. суреттеп, жазып қалдырған.
  • жердің жоғарғы қабатынан табылған артефакт, сүйек, керамика және өзге де материалдар археологиялық ескерткішке бағдар болуы мүмкін. Көптеген жағдайлар, өсімдіктер дүниесі, жердің жыртылуы, жер қыртысының жел не су эрозиясы, артефактінің өзіндік ерекшелігі «жоғарғы қабаттағы» материалдардың айырмашылығына әсер етеді. Бұндай қалдықтар артефактілердің шығарылып тасталуынан туындауы мүмкін, кейбір жағдайларда жел эрозиясы артефактілерді қоршаған жапырақты, не жер қыртысын араластыруы мүмкін, нәтижесінде артефактілер жер бетіне шығып қалады. Енді паналайтын жануарларда артефактілерді сыртқа шығарып тастауы әбден мүмкін.
  • Өсімдіктер де пайдалы мәліметтер бере алады. Жер қыртысындағы азот құрамы жоғары болса, өсімдік көп өседі. Және керісінше, көптеген калифорниялық шұнғылша үйінділерінде (раковина) өсімдіктер сирек өседі. Кейде ағаш не бұталардың кейбір түрлерін археологиялық ескерткіштермен байланыстыруға болады. Майялардың нан ағашын не рамонды жатқызуға болады. Бұл ағаштар ежелгі қоныстар маңында өсетін кәдімгі қарапайым өсімдіктер, оларды көптеген археологиялық ескерткіштерінің орналасуын анықтауға пайдаануға болады.
  • Жер қыртысының түсінің өзгеруі археологиялық ескерткіштің белгісі ретінде пайдалануға болады.

Ауыл шаруашылығы, өндірістік құрылыс, қалалардың өсуі т.б. қиратушылық іс-әрекеттер көптеген археологиялық ескерткіштерді ашты. Техникалық прогресс өткен тарих ескерткіштерінің қас жауы болса да, осы іс-әрекеттің нәтижесінде маңызды археологиялық ашылулар жасады. Көптеген археологиялық ескерткіштер кездейсоқ ашылған болатын.

Далалық тексеру немесе космостық түсіру жолымен археологиялық ескерткіш анықталып, оның орналасуы, детальдары және көлемі мұқият тіркеледі. Тіркелген мәліметтер зерттеу мәселелерінде қолданылады. Археологиялық объектілердің дәл орналасуын анықтаудың ғылыми маңызы зор.

Ескерткіш туралы мәліметті әртүрлі жолмен тіркеуге болады. Ескерткіштің картадағы орнын, оның көлемі, белгіленген жасын тіркеу жеткіліксіз. Ескерткіштің орналасуы туралы мәлімет арнай карточкаға жазылады, ескерткіш жоғарғы қабатының сипаттамасы, жер иесі туралы мәлімет, ескерткішке төнген қауіптер туралы мәліметтер келтірілуі тиіс. Құрама штаттардағы әрбір ескерткішке ат қойылады және нөмір беріледі. Мәселен, Калифорниядағы Санта-Барбара графтығындағы ескерткіш Са-Sba(номер) деп белгіленеді. Солтүстік Америкада археологиялық ескерткіш туралы компьютерлік мәліметтер қоры қызмет жасайды, онда ескерткіштің таралуы мен сипаттамасы туралы жан-жақты мәліметтер сақталады.

Карта көптеген археологиялық мәліметтерді сақтаудың тиімді әдісі болып саналады. Картографтар мәліметті тіркеудің және оны графикалық түрде бейнелеуде көптеген әдістерді, құрылғыларды қолданады, олар археологиялық есеп беруде өте пайдалы. Ескерткіштер көлемі мен орналасуына байланысты түрлі масштабтағы карталарға тіркеледі. Жол жүйесі, ірі қоныстар секілі үлкен ескеркіштерді космостық, аэрофотосурет көмегімен ірі масштабтағы картаға тіркеу тиімді. Өте ұсақ объектілерді толық егжей-тегжейлі карталардан табу мүмкін емес. Карта әдетте қолдан жасалады, бірақ қазіргі кезде мәліметті тіркеуде және сақтауда компьютерлік картографиялық бағдарламалар жиі қолданылады.

Археологиялық ескерткіштердің орналасуын әдетте топографиялық картаға енгізеді. Онда ежелгі қоныстар төбе, аңғар, тау, өзен маңына орналастырылады. Топографиялық картада төбе, биік аңғарлар шоғырлы сызықтармен көрсетіледі, бұл тәжірибелі зерттеушіге жергілікті жер туралы оның мәлімет бере алады. Бұл картаға өсімдіктер қабаты, қабат типтері, ескерткіштің таралу туралы мәліметтерді шартты белгілермен көрсетуге болады.

Соңғы жылдардағы археологиялық мәліметтерді картаға тіркеудегі жетістік – спутник көмегімен объектінің орналасуын белгілеудің жаһандыө бағдарлау жүйесін (GPS) жасау болды. GPS портативтік құрылғыларын кез-келген ортада қолдануға болады және объектінің орналасуын өте дәлдікпен (метрге дейін) анықтауға мүмкіндік береді. Оның артықшылығы қолайсыз аймақтарда қолдануға ыңғайлы.

Археологияда жалпы картаның 3 түрі қолданылады. Археологтармен арнайы жасалатын ескерткіш жоспарында артефактілер, азық қалдықтары көрсетіледі.

 

4. Археологиялық тексерудің әдістері

 

1. Барлаушылық тексеру жұмыстары

2. Интенсивті тексеру

 

Тексеру жүргізу әртүрлі болуы мүмкін. Бірақ мақсат барлық жағдайда біркелкі: зерттеу аймағындағы ежелгі қоныстардың ізін ашу, анықтау.

Көптеген мамандар тексеру жүргізу типтерінің түпкілікті ерекшелігін айырып көрсетеді.

1. Барлық мақсатындағы тексеру – негізгі ескерткіштерді сәйкестендіру және ескерткіштің орналасуын жобалау үшін зерттеу аймағын алдын-ала қарап шығуды қамтиды. Барлаушылық тексеру жұмыстарына сонымен бірге егер тарихи мәліметтер болатын болса архив жұмыстары, жер иесімен келісім жасау және қоршаған орта туралы ақпарат жинау жұмыстары кіреді.

2. Интенсивті тексеру бүтіндей аймақты қамтитын жүйелі, детальды зерттеу болып табылады. Сонымен бірге жоғарғы қабатты тесттілеу енеді.

Көптеген тексеру жұмыстары барлауға жатады. Археологиялық элементтерді локализациялауды әртүрлі жүргізуге болады. Нысаналы аймақты көлікпен не жаяу аралап, барлауға болады. Көбіне аэрофототүсіру және қашықтан ажырату әдістері қолданылады.

Кез келген аймақтың барлық археологиялық ресурсын анықтау, сәйкестендіру мәселесін шешуге талпыныс жасалуда. Уильям Сэндерс Мехико бассейнде ұзақ мерзімді археологиялық тексеру жұмыстарын жүргізді. Олар аймақтағы барлық археологиялық ескерткіштерді анықтау үшін бірқатар қазба жұмыстарын жүргізген болатын жазба нәтижесінде тексеру әдістерінің тиімділігі тұжырымдалды. Аймақтағы археологиялық ескерткіштердің орналасуын нақты көрсетіп берді. Бұл ұстаным көбіне егер уақыт және қаржы мәселесі шешімін тапса тиімді.

Археологтар үлгілерді сұрыптауға (отбор проб) және ескерткіштерді ашу мен сәйкестендірудің жаңа әдістеріне көп көңіл бөледі. Тексеру жүргізудің толықтығына басқа жағдайлар да әсер етеді. Олардың көбі халық тығыз қоныстанған аймақтарда жүргізіледі. Ескерткіштерге тексеру жүргізу шөп қалың кезінде, егістік уақытысында және су тасқыны кезінде қиындайды. Мексика, Африка, Калифорнияда тексеру жүргізудің қолайлы кезі - құрғақшылықтың соңғы кезеңі, шөптің қураған уақтысы болып табылады. Американың оңтүстігінде климатқа байланысты зерттеу жүргізу жылдың көп уақытысында мүмкін емес. Тек шурфтық қазбалар мен ескерткіштің жоғары қабатынан мәліметтер жинастыруға болады. Осындай жағдайларда тек айқын ескерткіштерді табуға болады, мәселен, қорғандар.

Жердің жоғарғы қабатындағы тексеру жұмыстары толық емес сипатта болады. Археологиялық тексеру жұмыстары кездейсоқ  сипатта болып келді. Қазіргі заманғы археологиялық тексеру жұмыстары жүйелі мазмұнды болып келеді. Белгіленген аймақтың барлық бөліктерін зерттеуге кепілдік беретін әдістерге негізделеді.

Жоғарғы қабатты интенсивті тексерудің негізгі төрт түрі бар:

  1. Айқын және қолжетімді ескерткіштер жоғарғы қабатты тексеруде анықталады. Катервуд және Стефанс Юкатандағы майя ескерткішін зерттеуде осы әдістермен жұмыс жасады. Зерттеуші тек көрінетін, айқын әрі оңай ескерткіштерді зерттейді.
  2. Ақпарат берушілер көмегімен тексеру жүргізіледі. (жер иеленушілер сияқты) Бұндай қадам 1930 жылдары Миссисипи аймағында көп қолданылады. Бұл тексеру жұмыстары нәтижелі болғанымен, аймақтың археологиялық ескерткіштеріне жартыкеш көзқарас қалыптастырады.
  3. Шектеулі аймақтағы тексеру жұмыстары ескерткіш туралы мәліметтерді сұрастыруды қамтиды. Тексеру жүргізудің бұл түрі верификация жүйесімен толық мәлімет беруі мүмкін.
  4. Интенсивті жаяу тексеру. Археологиялық экспедиция мүшелері белгілі арақашықтықта аймақты аралайды. П.Мартин және Ф.Плог осы әдіспен Хей Холлоу қыратын (шығ.Аризона) 13,5 квадрат километр аймақты аралып, 250 ескерткішті тіркеді. Алайда аймақтың барлық ескерткішін тіркей алмады.

Аймақтың барлық ескерткішін тіркеу кез-келген археологиялық тексеруде мүмкін емес. Дегенмен аймақты интенсивті тексеру жолымен жүргізу тиімді. Аймақ ескерткіштерін толық қамту қашықтан анықтау мен жоғағы қабаттарды зерттеу арқылы жүзеге асады.

Жүйелі әрі мұқият бақылаудағы археологиялық мәліметтерді сұрыптау өте қажет. Қоршаған ортаға бейімделу процесін зерттеуде әртүрлі табиғи зоналардағы ескерткіштердің үлгілері жүйелі топтамасын қолдануға болады.

Үлгілерді сұрыптаудың статистикалық әдісі археологиялық зерттеуде маңызды рөл атқарады. Археологиялық ізденудің нәтижелі жолы зерттеуді жоспарлау мен үлгілерді жинаудың дәл әдістеріне байланысты. Әдетте археологтар кездейсоқ таңдау (случайный выборка) әдісін қолданады. Ықтимал статистиканы мәліметтерді сараптауда қолданады. Бұл әдістің классикалық үлгісі ретінде қоғамдық пікірді сұрау болып табылады.

Үлгілерді сұрыптау зерттеушілерге археологиялық мәліметтердің статистикалық қиықтарын (диаграмма) жасауға, талдауға мүмкіндік береді.

Археологиялық тексеруде және қазба жұмысына әдетте кездейсоқ таңдауда 3 негізгі схема бойынша жүргізіледі.

  1. Жүйелі сұрыптау. Алдымен кез-келген бір элемент таңдалып, сонымен бір жазықтықта өзге элементтер таңдалады. Бұл әдіс ескерткіштің жоғарғы қабатында артефактілердің таралуын зерттеуде маңызды.
  2. Кездейсоқ сұрыптау. Тексерілетін ескерткіш аймағына сетка орнатылады. Оның ұяшықтары нөмірленіп, ұяшықтардағы сұрыптау таблицаның ықтимал сандарымен анықталады. Жинақтау нүктелерінің қашықтықтары бірдей болмайды. Бұл сұрыптау жолымен алынған мәліметтер археологиялық ресурстардың барлық саласындағы ізденістерді бағалауда қолданылады. Әсіресе белгісіз ескерткіштерді тексеруде кеңінен қолданылады.
  3. Стратегиялық сұрыптау. Сала шеңберіндегі таңдалынған элементтер әртүрлі болған жағдайда қолданылады. Оларды жеке топтарға бөледі. Олар әртүрлі экологиялық аймақ, әртүрлі шаруашылық салалары, артефакт классификациялары т.б.

Кәдімгі кездейсоқ сұрыптау тексеру жүргізу және қазба жұмыстарында қолданылатын қарапайым әдістердің бірі болып табылады. Далалық тексеру жұмыстарындағы көптеген кедергілерге қарамастан мәліметтерді дәл сұрыптауды қамтамасыз ететін әдістер мен жұмыс жасау қажет.

 

           5. Археологиялық қазба жұмысын ұйымдастыру

 

           1. Қазба жұмысын жоспарлау

           2. Қазба жұмыстарының негізгі ережелері.

 

Қазіргі заманғы археологиялық экспедиция жетекшісінің бойында көптеген қасиеттер болуы тиіс. Экспедиция жетекшісі есепші әрі саясаткер, дәрігер және механик, тұлғаны басқару менеджері қызметтерін атқара білуі тиіс. Жоба жетекшісі мәдени ресурстарды басқару саласындағы құқықтық-юрисдикциялық біліммен қарулануы қажет. Ірі қазба жұмыстарында жоба жетекшісі тікелей белсенді еңбекке араласпаса да, экспедицияны материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз ету мәселесі туындауы мүмкін. Оның жетекшілігімен ескерткіш ісін басқарушы, суретші-фотографтар тобы және арнайы мамандар жұмыс жасайды. Сонымен бірге далалық қазба жұмыстары бойынша арнайы мамандар болуы міндетті.

Қазіргі заманғы археологияда қазба жұмыстарына қатысты жобада археологтардан, биолог, геолог, зоолог т.б. мамандардан тұратын көпқұрамды топтың өзара байланысты таза зерттеушілік жұмыстарын талап етеді. Адам мәдениеті мен экожүйе арасындағы қарым-қатынасын зерттеу мәселесінде топтық жұмыс пайдалы әрі өте қажет. Көп құрамды зерттеу тобы интеграциялық жобаға негізделеді, онда мамандар тобы бір-бірімен тығыз байланыста болып, барлық мамандар ұсынған мәліметтер талқыланып, жүйеленді. Көпқұрамды топ ескерткіштің әрқырынан бағалануына әсер етеді.

Қазіргі кезде көптеген қазба жұмыстары салыстырмалы түрде үлкен емес. Әдетте бұл студенттер тобы не бір-екі көмекшісі бар жолдамалы жұмысшыларды басқаратын жетекшіден тұрады. Жетекші экспедицияның басқару және зерттеу жұмыстарының басшысы болып қана қоймай, траншея қазу жұмысын жеке қадағалайды. Сонымен бірге омырылғыш сипаттағы жерлеу орындарымен немесе қиын объектілермен жұмыс жасайды және де қазба жұмысының күнделігін, табылған затты журналға тіркеу жұмысын атқаруға міндетті. Артефактыны сақтаумен және маркировкалаумен, лаораторияға тасымалдауды жүзеге асыруы тиіс.

Қазушы жұмысына тиіс қарым-қабілет әртүрлі. Маманның кәсіби даярлығы қазба жұмысының әдістемесін меңгеру, ескерткішті зерттеу процесінде шыңдалады. Жақсы ұйымдастырылған, студенттік қазбаға ыңғайластырылуы, достық қарым-қатынас – археологияның ең құнды ерекшелігі  болып табылады.

Қазба жұмысын жоспарлау.Қазба жұмысы археологиялық ескерткішті зерттеудің шешуші сәті болып табылады. Қазба жұмысы негізінде өзге жолмен алынуы мүмкін емес мәліметтерге қол жетеді. Археологиялық ескерткіштің қазба қабаты өзіндік құжат болып табылады.

Қазба жұмысы – қирату, бүлдіру процесі екендігін ұмытпау қажет. Қазба жұмысы негізінде археологиялық қабат бүлінеді, оның құрамы араласып кетеді. Археологияның жаратылыстану және тарих ғылымдарынан басты айырмашылығы осы оқымысты тәжірибе жүргізеді, тарихшы архивтегі материал арқылы тарихи оқиғаны қайта жаңғыртады. Қазба жұмысынан кейін тек қана траншея арқылы табылған ескерткіштің бір бөлігі, фотосуреттер, қазба жұмысы ескертпелері қалады. Сондықтан дәл тіркеу және бақылау археолог жұмысының өмірлік маңызды ұстанымы  ғана емес, бұл жағдай археологиялық ақпарат архивы негізін қалайды. Археологиялық ескерткіштер қайта қалпына келмейтін ресурстар қатарына жатады. Сондықтан мақсатсыз,  бағытсыз қазба жұмысы нәтижесіз. Кез-келген қазба жұмысы нақты мәселені шешетін зерттеу жобасына негізделуі тиіс.

Археологиялық қазба жұмысы әрдайым шығармашылық ойлауды қажет ететін процесс. Археологиялық қазба жұмысының жалпы әдістемесі бар, сондықтан ескерткішке және қазба жұмысының кезеңдеріне байланысты таңдалады. Қазба жұмыстары кейде келіссөз процестерімен ұласады, онда археолог және әлеуметтік не коммерциялық топтармен компромистік келісім жасалады. Қазба жұмысының барлық кезеңдерімен жағдайларын есепке алатын арнайы жобалар қажет. Мәселен, Англиядағы Дейнбюри қыратындағы қазба жұмысы көптеген жылдарға созылды және оның жобасы үнемі өзгертіліп тұрды.

Қазба жұмыстарының бағасы қымбат, сондықтан мәселелік – нысаналы қазба жұмыстары жүргізіледі. Лабораториялық жұмыстар зерттеу жұмысының құрамдас бөлігі. Табылған зеттар және жоспар – жоба зерттеуші стратегиясының негізі, олар болашақ далалық жұмыстар жоспарына әсерін тигізеді және зерттеу мақсатын қайта бағалаудың тұрақты негізі. Нақты, дәлдікпен жоспарлаудың қажеттілігі археологиядағы экологиялық зерттеулерде анық байқалады, онда археологтар адам мәдениетінің табиғи жүйелерде өзгеруін анықтағысы келеді. Көптеген жағдайларда зерттеу жобасы бизнес-жоспарды еске түсіреді. Бұл зерттеудің жалпы бағдарламасы Иллинойстегі Костер ескерткішінің қазба жұмысын мысалға алуға болады. Бұл Солтүстік Америкадағы ең үлкен және қиындау академиялық қазба жұмысы болды.

70 жылдардан бастап компьютерлік технологияның дамуы, Интернет және портативті компьютерлер археолог жұмысын жеңілдетті.

Қазба жұмыстарының типтері. Жаппай қазба жұмыстарының жетістігі олар детальды ақпарат береді. Әдетте жаппай қазба жұмыстары егер ескерткішке қауіп төнген жағдайда жүргізіледі. Оның құны қымбат және жаппай қазба жұмысынан кейін егер жетілдірілген әдістер болмаса, ескерткішке кейінгі қазбалар жүргізу мүмкін емес.

Таңдаулы (выборочные) қазба жұмыстары стратиграфиялық және хронологиялық мәлімет алу үшін, сонымен бірге керамика үлгілерін, тас құралдарды, жануар сүйектерін алуда қолданылады. Осындай дәйектерді ала отырып кейінгі қазба жұмыстарының бүтіндігі мәселесінде шешім қабылданады. Таңдаулы қазба жұмыстары траншеяны салыстырмалы тексеру т.б. әдістер арқылы жүзеге асырылады. Вертикалды қазба жұмыстары әрдайым таңдамалы болып табылады. Ескерткіштің шектеулі аймағында жүргізіліп, спецификалық ақпарат алу мақсаты қойылады. Көптеген вертикалды қазба жұмыстары археологиялық қабаттардың тереңдігін барлау, ескерткіштің хронологиялық біріздігін анықтауды жүзеге асырады.

Горизонталды қазба жұмыстары үлкен аумақтағы бірыңғай уақытқа жататын елді-мекендерді ашу мақсатында жүргізіледі. Барлық қазба жұмыстарының стратегиясы қазба жұмыстары және зерттеу жобасын іске асыруда қабылданған шешімдерге негізделеді. Қазба жұмысы кезінде археолог вертикалдық қазбадан горизонталды қазба жұмысына және керісінше ауысып, тіпті қысқа мерзімді жұмыстарда да жүзеге асырылады.

 

6. Қазба жұмыстарының типтері.

 

1. Вертикалды қазба жұмысы.

2. Горизонталды қазба жұмыстары

 

Вертикалды қазба жұмысы. Вертикалды қазба жұмысы тіпті әрдайым стратиграфиялық бірізділікті анықтау үшін жүргізіледі. Әсіресе территориясы, аумағы шектеулі ескерткіштерде, мәселен, кішкентай ғана үңгірлерде жүзеге асады. Хронологиялық мәселелерді шешуде траншеялар қазылады. Кейбір траншеялар көлемі өте ұзын, не үлкен. Алайда бұл қазбалар ірі көлемдегі жұмыстарға жатпайды. Шурф, кейде французша Sondages деп атайды. Ол кішкентай траншеялардан тұрады. Бұл ескерткіштің төменгі қабаттарына енуге арналған және археологиялық қабаттың шегін анықтайды. Шурф төменгі қабаттағы артефакт үлгілерін алу үшін қолданылады. Бұл әдісті бұрғылау жолымен жетілдіруге болады. Шурф арқылы алынатын ақпарат шектеулі. Кейбір археологтар негізгі ескерткіш аумағынан тыс жерден қазба жұмысын жүргізеді. Рационалды орналастырылған шурфтар стратиграфия және ескерткіш мазмұны жөнінде құнды ақпарат береді. Сонымен бірге шурф ескерткіштің әр аймағынан үлгі алу үшін және артефакт көп орналасқан, табылатын қабатты анықтауда қолданылады.

Вертикалды траншеялар оңтүстік батыс Азиядағы ежелгі ескерткіштердегі қазба жұмыстарында кеңінен қолданылды. Бұндай қазба жұмыстарымен алынған мәліметтің құндылығы шектеулі.

Горизонталды қазба жұмыстары жиі жүргізіледі. Горизонталды қазба жұмысы тарихи ескерткіштердің, үлкен бүтіндей елді-мекендердің құрылыс жоспарын қалпына келтіруді жүзеге асырады. Аңшылардың тұрақтары, қорғандарда толық қазба жұмыстары жүргізіледі. Горизонталды қазба жұмысына Флоридадағы Сейнт-Августин негізін испандық конкистадор Педро Менедес де Авил 1565 жылы Флориданың шығыс жағалауында салған болатын. XVI ғ. Қаланы су шайып, өрт болды, ал 1586 жылы Фрэнсис Дрейк оны тонаған болатын. 1702 жылы ағылшындар Сейнт Августинге шабуыл жасады. Қала тұрғындары Сан-Маркос бекінісін паналады. Ағылшындар ағаштан жасалған ғимараттарды өртеді, 6 аптадан соң шегінді. Қираған ғимараттар орнында үйлер салынып, қала XVII ғ. бірінші жартысына дейін өркендеді.

Кэтлин Диган археологтар тобымен аталмыш қаланы зерттеді. Қаланы зерттеу қазба жұмыстары көптеген себептерге байланысты қиын болды. 3 ғасырлық тарихы бар қаланың археологиялық қабаты 0,9 метр және едәуір бүлінген. Археологтар ондаған құдықтарды тапты, тазалап, тіркеді. Олар горизонталды қазба жұмысын жүргізіп, XVIII ғ. ғимараттарының фундаментін ашты. Фундамент саз бетоннан, әк және құмнан жасалынған. Ғимараттың айналасындағы қабаттар бұзылған. Фундамент және пол артефактісі өте қажет болғандықтан, оны ашуда таңдамалы горизонталды қазба жұмысы ең жақсы, нәтижелі әдіс болды.

Горизонталды қазба жұмыстарының мәселесі стратиграфиялық бақылау және мұқият есептеу. Горизонталды қазба жұмыстарында үлкен ашық жер телімінің қабатын бірнеше ондаған сантиметр тереңге ашып қояды. Дуалдардың жүйелі жалғасы зерттеу аумағында орналасуы мүмкін. Өте дәлдікпен өлшеу және белгілеу тік төртбұрышты торлама қазба жүйесімен іске асады. Бұл жүйе үлкен аумақтардың статиграфиялық бақылауын жүзеге асырады. Ірі көлемдегі торламалық қазба жұмысының құны жоғары, көп уақыт қажет және тегіс емес аумақта іске асыру өте қиын. Дегенмен көптеген ескерткіштерді зерттеу барысында торламалы қазба жұмысы өз нәтижесін берді: ғимараттар, қала, бекініс жоспары ашылды.

Электронды зерттеу әдістері үлкен горизонталды қазбаларда фиксацияның көптеген мәселесін шешті (белгілеу), дегенмен стратиграфиялық бақылаудың қажеттілігі мәселесі әрдайым туындайды.

Археологиялық мәні жоқ жоғарғы қабаттарды аршу – ірі көлемдегі қазба жұмыстарының бір типіне жатады. Жоғарғы қабаттарды алу ескерткіш жақын қабатта болатын болса және құрылыс іздері сақталған жағдайда пайдалы. Бұл жұмыстар көбіне техника күшімен атқарылады.

Горизонталды қазба дәл стратиграфиялық бақылауға байланысты. Индиана Джонстың археологиялық бригадасы күрекпен «қаруланған» болатын. Қазіргі кезде археологтар әртүрлі құрал-жабдықтарды пайдаланады.

Үлкен көлемдегі қазба жұмыстары жер қазушы техника міндетті түрде қажет. Әсіресе ескерткішке бүліну қаупі төнгенде не қазба жұмысына аз уақыт берілгенде техника қолданылады. Бұл жағдайда археолог жұмыс барысын бақылауы тиіс. Жүргізушінің тәжірибиелілігі де маңызды рөл атқарады.

Археологтың дәстүрлі символы штык күрегі болып табылады. Ол көбіне дуалды аршуда қолданылады. Жалпақ күрек траншеяны топырақтан тазалауда қолданады, және бұл көптеген жұмыстарда өте қажет құрал. Жүйелі түрде қазу археологиялық қабатты аршудың ең тиімді жолы.

Қабатты қопсыту құралдары кетпен, қайла, бесақа болып табылады. Егер бұл құралдарды мұқият қолданатын болса, олар қабаттың сезімтал индикаторы болады, жерорталық дәстүрлі қазба жұмыстарында мамандандырылған топтар болды, мәселен, қатысушылар, топырақты тасушылар, тазалап аршушылар т.б.

Өте кең таралған археологиялық құралдардың бірі – ромб тәріздес күректер. Оның тік жағалауы мен жоғарғы бөлігі көп мақсаттарға қолданылады: морт, осал заттан қабатты аршу, оның жағалауы мен объектіні тазалауға, аршуға болады. Бұндай күреп жұмыс барысында жиі қолданылады.

Кисть құрғақ ескерткіштермен жұмыста көмегі зор. Көбіне шаруашылық мақсаттағы кисттер қолданылады, оның щеткалары айтарлықтай қаттылау. Оның көмегімен объект жақсы тазаланады. Жұмсақ, жіңішке объектілерді тазалауда өзге кист қолданылады. Жіңішке сүйек, бус, омырылғыш темір заттарды тазалауда суретшілердің кисті пайдаланады.

Ескерткішті тазалау барысында әртүрлі кішілеу құралдар қолданылады. Өткірленген 6 дюмдық шегемен сүйекті, омырылғыш морт заттарды тазалауға қолдануға болады. Инемен қанқаның майда бөліктерін топырақтан тазалайды. Археологтың ең пайдалы құралы әртүрлі формадағы тіс-тазалағыш щеткасы маңызды қызметтер атқарады.

Қазба жұмыстарына елеуіш қажет. Көптеген заттар-монета, раковина, шеге, шыны моншақтар - өте майда. Өте майда артефакт кездесетін қабатты майда елеуішпен елейді. Сонымен бірге флотация әдісі кең пайдаланады.

Іздеу-барлау жұмыстарында рулетка, қорғасын тіктеуіш, арқан, сызба планшеті және оның жабдықтары мен зула, уровень, камзас қолданылады. Бұның бәрі археологиялық архивке ескерткіш жоспарын дәл тіркеу үшін қажет.

Далалық зерттеушілер көбіне компьютерлік технологияны қолданады. Кез-келген қазба жұмысында табылған заттарды сақтау және тасымалдау үшін контейнерлер қолданылады. Керамиканы, жануар сүйегін және майда заттарды қаптау үшін пластикалық қапшықтар қолданылады. Табылған заттарды сақтау үшін картон қорабы, пакет және темірбөшкелер қолданылады.

Археологиялық қазба процесі. Археологиялық қазба жұмысы дәл әрі бояу іске асатын процесс. Археологтың мақсаты әр қабаттың және объектінің пайда болуын түсіндіру. Тек қана қазып, ескерткішті жай ғана суреттеу жеткіліксіз, оның қалай қалыптасқандығын анықтау қажет. Бұл ескерткіште жанасқан қабаттарды аршу және белгілеу жолымен мүмкін болады. Кез-келген ескерткіште қазба жұмысын жүргізгенде негізгі екі әдіс басшылыққа алынады.

 

7. Археологиялық материалдарды сипаттау және зерттеп сұрыптау 

 

1. Археологиялық заттарды сипаттау.

2. Археологиялық заттарды классификациялау.

 

Археологияда мәліметтерді есепке алу 3 топқа бөлінеді: жазба материалдар, фотосуреттер және сандық бейнелер, ескерткіш сызбасы. Компьютерлік файлдар есепті жүргізудің маңызды бөлігі.

Жазба материалдар. Қазба жұмысы кезінде археологтың жұмыс блокноты, ескерткіш күнделіктері толтырылады. Ескерткіш күнделігі – ескерткішті қазу жұмыстарындағы барлық оқиғаларды жазып отырады: атқарылған жұмыс көлемі, жұмыс режимі, қазба жұмысының тобындағы адамдар саны және өзге де жұмыс мәселелерін қарастырады. Барлық өлшемдер мен өзге де мәліметтер тіркеледі. Күнделікті қазба жұмысындағы барлық оқиғалар мен іс-әрекеттер тіркеледі. Бұл құжат кейінгі зерттеушілерге көмек береді және алғашқы табылған археологиялық заттарды толықтыруы мүмкін. Сондықтан ескерткіш туралы есепті сандық түрде, ал егер жазба түрде болатын болса архивте сақталуға жарамды қағазға жазу қажет.

Бақылау мен интерпретация арасындағы айырмашылықты нақты ажырату қажет. Кез келген интерпретация тіпті ол жарамсыз болса да күнделікке тіркелуі қажет. Маңызды табылған заттар мен стратиграфиялық детальдар мұқият тіркеледі. Елеусіз мәліметтердің өзі лабораторияда құнды болып шығуы мүмкін.

Ескерткіш жобасы. Ескерткіш жоспары қарапайым контурлық түрден басталады. Ол бүтіндей қаланың не күрделі құрылыстардың комплексті жоспарына ұласады. Өте дәлдікпен жасалған жоспарлар маңызды, онда тек ескерткіш объектісі тіркеліп қана қоймай, траншеяның жалпы схемасын орнатуға қажетті өлшеуіш торлама жүйесі де есепке алынады. Карта құрастыратын компьютерлік бағдарламалар өте дәлдікпен жасалатын карта жұмысын жеңілдетті. Мәселен Autocad бағдарламасы көмегімен Дуглас Гэнн Уинслоу қаласындағы (Аризона штаты) пуэбло Хомольови ескерткішінің үш өлшемді картасын құрастырады. Онда 150 бөлмелі тұрақтың анық реконструкциясы көрсетілген. Компьютерлік анимация, тіпті ескерткіштен хабары жоқ адамға, ескерткіштің шын мәнінде қандай болғандығынан көрініс бере алады.

Стратиграфиялық сызбалар вертикалды жазықтықта немесе осьті қолдана отырып, аксонометриялық түрде жүргізілуі мүмкін. Кез-келген стратиграфиялық сызбалар өте күрделі, ол үшін сызу қабілетімен қоса оны түсіне білу қажет. Күрделі фиксация ескерткіштің күрделілігіне және стратиграфиялық шарттарына байланысты. Стратиграфиялық қималарда әртүрлі тіршілік қабаттары не геологиялық құбылыстар нақты белгіленеді. Кейбір ескерткіштерде қабаттар күрделі әрі айқын емес, әсіресе құрғақ климаттық жағдайларда қабаттың түсі оңып кетеді. Кейбір археологтар қиманы фиксациялауда таңдамалы құралдарды пайдаланады, бұл көбіне үлкен қималарда, қалалық үйінділерде қолданылады.

Үш өлшемді фиксация артефактілерге және кеңістіктегі құбылыстарға байланысты. Археологиялық жәдігерлердің орналасқан жері көбіне оның торламасымен (сетка) анықталады. Үш өлшемді фиксация электрондық қондырғылар арқылы жүргізіледі.

Ескерткіш артефактілерінің алғашқы қалпын фиксациялауда аса қажет немесе ғимарат құрылымының жекелеген кезеңдері таңдап алынады. Жаңа технологиялар үш өлшемді фиксацияны дәл жасауға көмектеседі. Теодолитті лазерлік сәулемен қолдану фиксация уақытын үнемдейді. Контурлық жоспарға сандық фиксация енгізу немесе репрезентация үшін бағдарламалық құрылғылар пайдаланады.

Фиксация процесінің негізінде торлама, бірліктер, форма және этикетка жатады. Ескерткіш торламасы әдетте боялған қазықтар мен арқан көмегімен бөлініп, траншеядан тартылады.

Хилари Дикон Оңтүстік Африкада Боомплаас үңгірінде кішкене артефактілер, объектілер фиксациясын үңгір шатырынан торлама түсіріледі. Лазерлік фиксация бұл әдісті біртіндеп ығыстырып шығара бастады. Торламадағы әр квадрат нөмірленеді. Олар табылған заттың жайын сәйкестендіруге мүмкіндік береді.

Археологиялық қазба жұмысы табылған жәдігерлерді тасымалдау және лабораториялық құжатты толтырумен аяқталады. Іс жүзінде қазба жұмысы мәселелері біткен жоқ. Табылған заттарды сараптау, гипотезалық жобаны тексеру қажет. Сараптама аяқталған соң ескерткіш интерпретациясы мәселесі қолға алынады.

Қазіргі кезде баспа жұмысының құны жоғары, тіпті орташа ескерткіш туралы толық мәліметті жариялаудың өзі қиындау. CD - дискілерінде, не микрофильм түрінде сақтауға мүмкіндік бар. Әдетте ақпарат интернетте орналастырылады, алайда киберархивтың қызметінің тұрақтылығы мәселесі өткір күйінде. Материалды жарияламастан бұрын археологтың мынандай маңызды шаруаны еске ұстауы қажет: Біріншіден, табылған жәдігерлерді және құжаттарды қауіпсіз жерге сақтау және кейінгі ұрпақтарға қолжетімділігін қамтамасыз ету, екіншіден, зерттеу нәтижесі кәсіби-археологтарға және барлық оқырмандарға қолжетерлік болуы қажет.

 

8. Ескерткіштердің жасын анықтау.

 

1. Ескерткіштердің жасын анықтаудың әдістері

2. Абсолютті және салыстырмалы хронология

 

Археология- тарихи ғылымдардың бір шама жас саласы. Ол XIX ғасырдың екінші жартысында, ал Қазақстан археологиясы одан да кешірек қалыптасқан. Оның негізгі принциптерінің және  бағыттарының анық болмағандығына байланысты  жақынға дейін оны білімдердің әртүрлі салаларына, соның ішінде биологиялық ғылымдарға, өнертануға жатқызған. Бірақ археологияның жылдам табыстары оның қоғамдық ғылымдар арасындағы орынын анықтап берді. Көне тарихтың біртұтас бөлімдері археологиялық мәліметтердің негізінде жаратылған.

Ескерткіштердің жасын анықтаудың әдістері.  Археологияның   ең  маңызды  міңдеттерінің  бірін  ескерткіштің  жасын  анықтау құрайды. Әдетте  белгілі  бір  ескерткіштің, қатпардың  немесе  заттың  жасы  анықталады. Жасы  анықталған ескерткіштерді, қатпарларды  және  бұйымдарды өзара  салыстыру  қажет болған  жағдайда  синхрондастыру  міндеті  пайда болады. Синхрондастыру  сол  жердің  немесе  басқа  аймақтың әртүрлі ескерткіштерінің  уақыттық  қатынасын  орнатады.

Археология  жасты  анықтаудың  әр  алуан  деректері  және  әдістеріне  ие. Оларға  ежелгі  тарихи  шығармалар, бұйымдардың  бетіндегі  жазбалар, теңгелер, бұйымдар  мен суреттердің  көркемдік ерекшеліктері, стратиграфия, типологиялық  қатарлар, ежелгі  өсімдіктердің  қалдықтарын  анализ  жасау, ежелгі  сүйектердегі  фтор  және  уранды  анықтау  арқылы, сақталып  қалған  ағаш  немесе  бөршелердің  жылдың  сақиналарына  қарап, күйдірілген  лайдан  жасалған  бұйымдардың  магниттік  қасиеті  негізінде  калий, аргон, радиактивтік  изотоптары  бойынша  уақытын  анықтаулар  кіреді. Бұл  деректер  және  әдістердің  әрқайсысының  өзіндік  маңызы  және  кемшіліктері, мүмкіндіктерінің  шектері  және  табысты  пайдалану  шарттары  бар. Аталған  әдістердің  ешқайсысы  бірі – бірінен  бөлек  қолданылмайды.

    Археологиялық  нысандардың  жасын  анықтау  әдістерін  үш  топқа  бөлуге  болады: тарихи – филологиялық, археологиялық  және  табиғи – ғылыми. Біріншісіне  тарихи  шығармалардың  куәліктері  жәрдемінде, ежелгі  жазулар, монеталар, бұйымдар  және  сурет  бейнелердің  көркемдік  ерекшеліктері  бойынша  мерзімдей  жатады. Екіншісіне – стратиграфиялық  және  типологиялық  әдістер, ал  үшіншісіне – археомогнетизм, термолюминесценция, радиоизотоптар  және  т.б.

    Бұл  әдістердің  әрқайсысы  кәсіптік  білімдерді  және  тәжірибені  талап  қылады. Жазба  деректерден  табысты  пайдалану  үшін ежелгі  тілдерді  білуі  керек.

    Монеталар  бойынша  жасты  анықтау  мүмкін  емес. Нумизматикалық  білімдерді  білместен  өнертанулық  әдістерді  меңгерместен  ежелгі  көркем  бұйымдардың  жасын  білу  қиын. Радиоуглерод  немесе  термолюминесценция  бойынша  тек  арнаулы  лабораторияда  жасты  анықтау  мүмкін. Ғылымның  соншалық    әр  түрлі  салаларында  маман  болу  мүмкін  емес.

     Аналогия  бойынша  мерзімді  анықтау.  Біз  қазір  мәдени  айырбас  деп  атайтын  құбылыс  барлық  кезде  болған. Ежелгі  ұжымда  ерікті  немесе  еріксіз  түрде  әрдайым  заттармен,  идеялар,  тәжірибелер,  дәстүрлермен  айырбастау  жүргізген. Бұл  әртүрлі: алғашқы  айырбас,  сауда,  тонау,  ұсталарды  тұтқындап  алып  кету,  ең  жақсы  үлгілерге  еліктеу  және т.б.  жолдар  арқылы  жүзеге  асқан.  Нәтижеде  бір  жерде  жасалған  заттар,  кейбір  кезде  бірнеше км  ұзақ  жерлерде  табылып  қалады.  Бұл  жағдайда  кейбір  ерекшеліктердің  жасын  анықтауға  болады.  Бірақ  «тікелей»  мерзімдерді  сөзсіз  анық  деп  айтуға  болады. Сол  себепті  археологтар  көп  сатылы салыстырулардан  пайдаланғанды  жөн  көрді.  Бұндай  әдісті  неміс  археологы  Г.Эгерс «домино»  әдісі  деп  атайды. Онда  бірдей  заттарға  немесе  әрбір  қос  комплекс үшін ұзын  тізбек  жасалады.

     Қарама-қайшы  мерзімдеу  әдісі  біраз  сенімдірек  нәтижелер  береді.  Бұл  әдіс  бойынша  комплекстер  бір-біріне  қарама-қарсы  бағытта  тізбектеледі.Бірақ  ежелгі  өндірісте  бір  ұстаның  қолынан  екі  бірдей  зат  шығуы  өте  сирек.  Әдетте  ескеркіштерден  ұқсас  заттарды  табады.  Мұны аналогия  бойынша  мерзімдеу  әдісі  деп  атайды.

         Абсолютті және салыстырмалы хронология. Археологияда  жас  анықтаудың  2  жүйесі  пайдаланылады: абсолюттік  және  салыстырмалы. Абсолюттік  мерзім  қашан  деген  сұраққа  жауапты календарлық  көрсеткіште  беріледі. Мысалы: б.з.д.ІІ м.ж, 1267  ж  23  майы, т.б.

    Табиғи – ғылыми  әдістер  ежелгі  заттардың  «физикалық  уақыттағы»  абсолюттік  жасын  анықтайды. Мысалы  б.ғ.д.  3807-90 ж  - энеолит  Кавказ. Бұндай  жас  жылды  емес, ал  180  жыл  ұзақтағы  аралықты  көрсетеді. Ескерткіштің  нағыз  жасы  осы  аралықта  жатыр  деген  сөз.

    Археологиялық  әдістермен  анықталған  кейбір  уақыт  мерзімдері  де  осындай  болуы  мүмкін. Мысалы, мазардан  табылған  заттар  б.з.д.  І  ғасырдан  ерте  емес  және  эрамыздың  V ғ. кем  емес  дәуірге  тиісті  деп  есептеледі. Бұл  осы  мазар  500-600 ж  барысында  қолданылған  дегенді  білдірмейді. Ол  50  немесе  100  жыл  істеп  тұрған  болуы  мүмкін.

    Салыстырмалы  мерзімдер  «неге  дейін  немесе  неден соң»  деген  сұраққа  жауап  береді. Олар қабаттардың,  қабірлердің,  құрылыстардың  уақыт  ішіндегі  ізбе-ізділігін  көрсетеді.Алғашқы  археологияда  салыстырмалы  мерзімдер  жақынға  дейін  басымырақ  еді.

     ХІХ  ғ.  аяғы - ХХғ.б.  жаратылған  палеолит,  неолит,  қола  дәуірлерінің  кезеңдестіру  кестесі  толығымен  салыстырмалы  хронология  әдістеріне  негізделген.Олардың  негіздері  өзгерген  жоқ,  бірақ  қазір  көп  санды  абсолюттік  мерзімдерді  анықтау  мүмкіндіктеріне  ие  болды.

     Археологияда  кәсіптік  тілде  «төменгі  мерзім», «жоғарғы  мерзім»  деген  терминдер  пайдаланылады.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-09-19 23:13:03     Қаралды-10693

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »