UF

АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ

(1845-1904)

 

Абай – қазақтың XIX ғасырдағы көрнекті ақын, жазба әдебиетінің негізін салушы, ойшылы әрі қоғам қайраткері.

Абай 1845 жылы тамыздың 10-ныда Қазақстанның Семей облысына қарасты Абай ауданындағы Шыңғыс тауында туған. Руы тобықты. Әкесінің аты Құнанбай, шешесінің есімі – Ұлжан. Абай 10 жасында «Кісі екен десем түйе қуған» деген өлеңін жазған. Әкесі жас Абайды 1857 жылы Семейдегі Ахмет Риза медресесіне оқуға береді. Абай медреседе сабақтан тыс араб, парсы тілдерін және ескі түрік тілдерін өздігінен үйренеді.  Низами, Фирдауси, Науаи сияқты шығыс ғұламаларының әсем жырларынан сусындайды. Оның шәкірттік шағындағы өлеңдері араб, парсы поэзиясының ықпалымен жазылды. Семейде Абай орыс бастауыш мектебінде де оқиды. Ол Пушкин Лермонтов, Крылов, Тургеневтердің шығармаларымен танысады. Европаның Байрон, Гете сияқты ақындарының шығармаларын таниды. Бұл Абайдың халықтық әдебиетті дүниежүзілік әдебиет деңгейіне көтеруіне себепші болды.

 

 Абайдың лирикасы

 

Абайдың заман бейнесін, елдің тіршілік болмысын халықтың мінез-құлқын аз сөзбен бір жерге шоғырландырып, мейлінше ширыға жазған шымыр шығармасы-«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым». Бұл өлең бір ойдың өзегіне өріліп, ақынның еліне қарап айтқан арнау сәлемін түгел жеткізіп тұрған.

Абайдың халық өмірін суреттейтін шығармаларының ішінде, тақырып жағынан бір-біріне ұқсас, жазылу мерзімі де қатарлас егіздей жұп өлеңі бар. Олар – «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек» пен «Қартайдық, қайрат қайтты, ұлғайды арман» деп басталатын туындылары.

Ақынның «Адасқанның алды-жөн, арты-соқпақ» атты көпке танымал өлеңінде аяғын алшақ басқан сырбаздың айқын бойында түк қасиеті жоқтарды көз алдыңа ап-айқын алып келуі.

Болыс атты болымсыздықтың барлық түрін бір жерге жиынтықтап суреттейтін шығармасы – Күлембайға арнап жазған «Болыс болдым мінеки» деп басталатын өлеңі. «Қан сонарда» дейтін өлеңінде Абайдың тұрмыстағы саятшылық салтты соншалықты сүйсіне толғайтыны көпке аян екендігі.

«Жазғытұры», «Жаз», «Күз», «Қыс», «Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай» өлеңдері табиғатқа арналған. Олардың қазақтың қоғамдық-әлеуметтік өмірі және тұрмыс-салтымен байланысты.

Ақынның шынайы адамгершілікке шақырған шығармаларының ішіндегі бағдарламалық мәні, жинақтау сипаты бар кең тынысты шығармасы- «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» деп басталатын өлеңі. Ақын «Білімдіден шыққан сөз» дейтін өлеңінде білімді адамның жүрегі айна, көңілі ояу деген қорытындыға келуі. «Әсемпаз болма әрнеге» деген өлеңі жалпы дүниелік ғаламдық тіршілікке көз тастағанын білдіреді.

«Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр» өлеңдерінің мәні.

Ақынның Әбдірахмен өлімі туралы топтама өлеңдерінен «Арғы атасы Қажы еді» деп басталатын алғашқы өлеңін тұтас поэманың кіріспе тарауы деп қарауға болатындығы. Бұдан кейінгі «Жиырма жеті жасымда», «Талаптың мініп тұлпарын», «Орынсызды айтпаған» деп басталатын шығармаларды ақын Әбдірахманның қысқа ғұмырында ел – жұртқа үлгі боларлық үлкен-үлкен істер тындырғандығын жеткізген.

Пушкин мен Лермонтовты одақтас еткен Абай Крыловтың мысалдарын аударуы: «Емен мен шілік», «Қазаға ұшыраған қара шекпен», «Жарлы бай», «Есек пен бұлбұл», «Қарға мен бүркіт», «Шегіртке мен құмырсқа», «Ала қойлар», «Қарға мен түлкі».

 

Абайдың поэмалары

 

Ақын творчествосынан елеулі орын алатын шығармаларының бір саласы – оның поэмалары. Олар «Ескендір», «Масғұт» және «Әзім әңгімесі», «Ескендір» поэмасында Александр Македонскийдің озбырлығын, соғысқұмарлығын, дүниеқорлығын әшкерелеуі.

Абайдың «Масғұт» поэмасы да жаңа идеяға негізделген шығарма екендігі. Оқиғасы романтикалық аңыздау арқылы суреттелсе де ақынның гуманистік идеясын танытады.

Абайдың аяқталмай қалған Әзімнің әңгімесінің сюжеті бізге араб ертегісінен «Мың бір түн» қаһарманы Шаһризада хикаяларының бәрінен мәлім Хасан зергердің әңгімесіне ұқсайды.

Абай – музыкалық шығарма жазған композитор. Абайдың бізге жеткен көптеген әсем әндері бар. Қазір ақынның екі күйі де табылып отыр. Олар: «Май» және «Тор жорға» күйлері.

1995 жылы Абайдың туғанына 150 жыл толды. Бұл мерейтой жер жүзілік көлемде, бұрын-соңды еш болмаған ұлы мереке дәрежесінде өтті.

Ақынның шығармашылық қыр-сырлары ашыла түсті. Отыз шақты тілдерде ақын шығармалары басылды. Түгел өркениет елдер әдебиеті қорына қосылды.

 

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 1994, 147-167-беттер.

2. Мырзахметов М. Абайдың адамгершілік мұраттары. Алматы, 1993, 179 бет.

3. Оразалин Қ. Абай ауылына саяхат. Алматы, 1994, 286 бет.

4. Мырзахметов М. Абайтану тарихы. Алматы, 1994, 192 бет.

5. Мырзахмеұлы М. Абай және шығыс. Алматы, 1994, 208 бет.

6. Машанов А. Әл-Фараби және Абай. Алматы, 1994, 192 бет.

7. Мұхаметханұлы Қ. Абайдың ақын шәкірттері. Алматы, 1995, 320 бет.

8. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. Алматы, 1995, 272 бет.

9. Ысмағұлов Ж. Абайдың ақындық тағылымы. Алматы, 1995, 280 бет.

10. Абайдың таңдамалы шығармалары. Анкара, 1995.

11. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 1997, 866-922-беттер.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-09-15 20:44:43     Қаралды-6856

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »