ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ ӨМІРІ, АҒАРТУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ САЯСИ - ӘЛЕУМЕТТІК КӨЗҚАРАСЫ
Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Қостанай облысы, Затабол ауданында дүниеге келді. Атасы Балғожа бидің қолында тәрбиеленеді. Алғаш мұсылманша оқып сауатын ашады (2-3 жылдай). 1850 жылы Орынбордағы қазақ балаларына арналып ашылған мектепке оқуға түседі.
Орынбордағы 7 жылдық мектепті бітіріп шығып, кеңсе қызметінде істейді. Ғалым В.Григорьевпен жақын араласып, оның бай кітапханасынан пайдаланады.
1861 жылы Торғайдан мектеп ашуға рұхсат алып жолға шығады. Бұл мектеп – 1861 жылы ашылады. Ыбырай – оқытушылық ағартушылық жұмыстың қоғамдық мәнін тереңнен түсінген адам. Соның ішінде жаңа үлгідегі мектептер ашады. Балаларды тәрбиелеу ісіне ерекше мән беруі. Торғай облыстық мектептерінің испекторы болады (1879). Мектептің шаруашылық жағдайына аса көңіл бөледі. Жақсы мұғалімді дүниедегі ең қымбат адам санайды. Оқу құралы – «Қазақ хрестоматиясын» жазып, 1879 жылы Орынборда баспадан шығарады. Оның қазақ мәдениеті тарихындағы орны ерекше болды.
Балаларды оқыту әдістері жағынан Ыбырай-белгілі өзіндік жүйе-әдісі бар педагог. Ол қазақтың тұңғыш прогресшіл педагогикасын, халықтың мектептерін негіздеуші. Ыбырай Алтынсарин өзіне Ян Амос Коменский, Ушинский, Толстой, Бунаков, Паульсон сияқты данқты педагогтарды ұстаз тұтады.
Ыбырай – көрнекті ақын, таланты жазушы. Ақынның «Араз бол кедей болсаң ұрлықпенен» деген өлеңі еңбек салтанатын, адалдықты, шындықты үйретеді. «Әй, достарым?» деген өлеңінде Ыбырай «Қолыңнан келсе қыл, қайыр» деп, қайырымды, кең, адал азамат болуға шақырады.
Ыбырай – жаңашыл жазушы. Ол – ең алдымен қазақ әдебиетіне жаңа идеямен тың тақырыптар әкелуімен жаңашыл. Қазақ ақындарына оқу, тәлім-тәрбие, мәдениет мәселелерін Ыбырайдай арнайы сөз еткен ешкім болған жоқ. Ақынның шығармаларында өнер, еңбек, кәсіп, адамгершілік идея, отырықшылыққа байланысты тұрмыс жаңалықтары көтерілді. «Жаз», «Өзен» деген өлеңдері де кезінде қазақ әдебиетіне жаңалық болып қосылды.
Еңбек тақырыбындағы «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», «Бай мен жарлы баласы», «Байлық», «Асыл шөп», «Қыпшақ Сейітқұл» т.б. әңгімелері аса тартымды, мәнді, көркем шығармалар.
Ыбырайдың адамгершілік мәселесіне «Шеше мен бала», «Бір уыс мақта», «Мейірімді бала», «Ауырудан аяған күштірек», «Әдеп», «Таза бұлақ» әңгімелерін жазып, аудармалар жасады.
Ыбырай Алтынсарин – нағыз халықшыл жазушы, ағартушы, ақын, өмір шындығын озық идея тұрғысынан таныта білген кемеңгер сереткер, аса қажырлы қоғам қайраткері, заманының ең маңызды мәселесін көтеріп жыр төккен азамат ақын, жаңашыл жазушы, сол жаңаның тынымсыз жаршысы.
Жарияланған-2015-09-15 20:44:00 Қаралды-24133
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану