ӘСЕТ НАЙМАНБАЙҰЛЫ
(1867-1923)
Әсеттің есімі оқырман жұртқа, негізінде «Әсет пен Рысжан», яғни айтыс ақыны ретінде таныс. Алайда Әсеттің айтыстарымен бірге «Пушкин», «Салиха – Сәмен», «Ағаш ат», «Үш жетім қыз» т.б. поэма дастандар жазған эпик ақын. «Адамның бұлбұлы» атанған әнші композитор. Оның өзі шығарған «Әсет», «Қаракөз», «Інжу-маржан» секілді ондаған әндері бар.
Әсет Найманбайұлы 1867 жылы Қарқаралы уезі, Темірші болысы сегізінші ауылда туған. Әсет – руы Арғын, Қаракесек ішінде майлық деген белгісіздеу атадан шыққан.
Әсет жас кезінде ескіше білім алған, әкесі оны 7-8 жасында Көктума қаласындағы Зейнулла деген имамның медресесінде оқытады.Медреседе оқып жүріп, өзінің зеректігін танытып, өлең мен домбыраға, гармонға да құмарлығын білдіреді.
Әсет 14-15 жасқа келгенде әкесі өледі де оқуды тастап, Көктал болысы Байжігіт деген елдегі нағашысының қолына барады. Онда Әсет ән салып, өлең айтумен көзге түседі. Әсет осы жерде үйленеді де, өз еліндегі үй ішін көшіртіп алып, туған еліне бұдан кейін қайтып оралмайды.
Әсет 1923 жылы Құлжа қаласында қайтыс болған. Әсеттің бала шағасы қазіргі Семей облысы Мақаншы ауданы Бахты селосында тұрады.
Соңғы кезде Жақыпбаев Бозтайжолдас Қ. Әділбекұлынан жазып алған Әсеттің жеті әнінің ішінен: «Мәлике қыздың әні», «Майда қоңыр», «Зұлқия әні», «Мақпал әні», «Кәрілік туралы ән» т.б. сияқты әндері халықтың сүйікті әніне айналған.
Әсет өз заманындағы қисса жазушы ақындар сияқты әр түрлі тақырапта қисалар да жазған. Бұл дастанның үш-төрт варианты Қазақ Ұлттық Ғылым академиясының тіл мен әдебиет институтында қолжазба түрінде сақтаулы. Бұл дастан «Ағаш ат» деп аталады.
Дастан он бір буынды қара өлең ұйқасымен жазылған, тілі көркем, оқуға жеңіл, оқиғасы ертегі негізінде құрылған тартымды. Әсеттің күрделі шығармасының бірі – «Салиха-Сәмен» атты романтикалық поэмасы. Әсеттің бұл поэмасында Алтай тауын мекендеген Ясукай деген ханның сұлу қызы Салиха мен сол ханның қол астындағы Сәмен деген өжет жігіттің бас бостандыңтары үшін махаббат жолында қайырымсыз, хандардың орнатқан әділтсіз заңына әдет-ғұрпына қарсы тұрып, армандарына жете алмай, қатал заңның құрбандығы болғандығы жайлы сөз етеді.
Әсеттің ендігі бір қисса дастандарының бірі «Үш жетім қыз» атты шығармасы.
Әсет орыс әдебиетіне де бой ұрған. Орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкин «Евгений Онегин» романын аударған. Әсет өзін Абай шәкірттерінің бірі санап, қазақтың ұлы ақынын қадірлеп, ұстаз тұтқан адам.
Сайып келгенде Әсет Найманбайұлы – сегіз қырлы, бір сырлы ақын, әрі әнші-композитор. Оның өлең-жырлары, айтыстары мен дастандары және музыкалық шығармалары халқымыздың әншілік дарынын, даналыған танытқандай, ұрпақтар ғибрат алғандай асыл мұра, әдеби қазына.
Пайданылатын әдебиеттер:
1. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 1997, 709-719-беттер.
2. Әсет. Өлеңдер, әуендер, айтыстар, дастандар, хикаялар, естелітер. Алматы, 1968
3. Исмайлов Е. Ақындар. Алматы, 1956
4. Жұбанов А. Замана бұлбұлдары. Алматы, 1975
5. Бес ғасыр жырлайды. II том, Алматы, 1989, 337-345-беттер
Жарияланған-2015-09-15 20:42:24 Қаралды-5859
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану