БІРЖАН ҚОЖАҒҰЛҰЛЫ
(1834-1897)
Біржан-әрі композитор, әрі ақын және асқан әнші. Ол-ән жанрын байытқан, атап айтқанда әуен мен тексті қатар дамытқан және ән салудың жаңа стиліндегі шебер үлгісін қалыптастырған, сол сенімді айтыс өнерін ақындықтың шыңына жеткізген, кезінде теңдесі жоқ ұлы талант иесі болған.
Біржан творчествосының негізгі белгісі тақырыпқа арналған әндерден тұрады. Ол өзіне дейінгі халық әндері мен халық өлеңдерінің бай қазынасынан үйреніп, көлемі кең, жаңа ырғақты, құрылысы күрделі, терең мазмұнды, лирикалық әндер тудырды.
Біржанның «Тентек», «Жаймашуақ», «Айтбай», «Ләйлім шырақ», «Бурылтай», т.б. әндері автордың өміріне байланысты туындаған. «Айтбай», «Қаламқас», «Алтын балдақ», «Ақсеркеш», «Керкекіл», «Бірлән», «Ғашығым», «Ғашық жар», «Мақпал», «Айжан қызға», «Орынтай», «Қалқама», «Ақжорғажан» т.б. арнау өлеңдерінде ақын жалындаған жастықты, достықты, махаббатты жырлаған.
Біржанның әдеби мұрасының ішінде көркемдік дәрежесі аса жоғары шығармаларының бірі-Сарамен айтысы. Бұл айтыс творчествосында ғана емес, төңкеріске дейінгі айтыс жанрының дамуында ерекше орын алды.
Біржан-Сара айтысы, айтыс жанрының дамуы тұрғысынан алғанда, ақындар айтысына жатады. Екі ақын да бір-бірінің атағын сырттай естін, айтысуға құштар болып жүреді. Біржан:
Көкшетау дуанына даңқың барған,
Мен Біржан аты тудай айқындалған
Есіткелі Сара, сені үш жыл болды
Сері едім төңірекке Құлаш салған,-десе Сара Біржанға:
Біржан сал, ажал айдап өзің келдің
Іздерге ойланып ем өткен жылы,-дейді.
Міне, екі атақты ақын, өз өнерлерін айтыс үстінде осылай көрсетеді.
Біржан-Сара айтысында бірнеше мәселелер қозғалады. Әйтсе де айтыстағы негізгі тақырып, басты сарын-әйелдің бас бостандығы.
Екі ақынның екеуі де әйелдің бас бостандығын айтыстың тақырыбы еткен, тек оны бірін-бірі сынау мәселесі ғана етіп тынбайды, сол кездегі заман трагедиясы есебінде, қоғамдық дәрежеде көтереді және оған өздері арашашы болады.
Біржан-әрі ақын, әрі асқан әнші. Ол әуенмен текстіні қатар дамыта отырып , ән жанрын байытып, қалыптастырады, сөйтіп еншілікті творчестволық салтқа айналдырып, Арқада алғаш әншілік дәстүрін қалдырды. Мұнымен қатар әншілікте өзіндік жаңа стиль тауып, шығармаларын халық тілегімен ұштастырып, оптимизмді-тіршілік қызығын жырлады. Айтыс жанрының дамуындағы ең биік жоғарғы көркемдік тегі болып есептелінетін айтыс түрін алғаш қалыптастырады, қазақтың айтыс ақындарының ішінде бірінші болып әйелдің бас бостандығын жыр етті. «Біржан- Сара » операсының либероттосының негізгі желі болуы да айтыстың идеялық саз мұңы мен көркемдік құндылығы.
Пайдаланылатын әдебиеттер
1.Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы,1997, 719-761-беттер.
2.Біржан сал Қожағұлұлы. Өлеғдер. Алматы, 1967.
3Сүйіншәлиев Х. ХIХ ғасыр әдебиеті. Алматы, 1992.
4.Исмайлов Е. Ақындар. Алматы, 1956.
5.Жұбанов А. Замана бұлбұлдары. Алматы, 1975.
6.Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. Алматы,1973.
Жарияланған-2015-09-15 20:40:46 Қаралды-5790
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану