БАЗАР ЖЫРАУ ОҢДАСҰЛЫ
Базар қазіргі Қызылорда облысының Қазалы ауданының 6-ауылында туылып-өскен. Оның жастық шағы жетімдікте, жоқшылықта өтеді. Сыр бойында туып, өсе келе Науаи облысы, Тамды ауданында болған. Бейіті сондағы Жалпақтау деген жерде.
Базардың ата-тегі кіші жүздің Шөмекей тайпасы, Балқы ру. Өз руының атымен Балқы Базар атанып кеткен.
Базар өлеңдері алуан салалы. «Халық үшін туған қайратты ер», «Жігіттік», «Жиырма бес», «Назекеңе», «Ғашық жарым», «Дүние» т.б. өлеңдерінің мәні ерекше.
Ақын атаулы соқпай өтпеген атақты «Жиырма бес» туралы Базар да өзінше толғайды. «Жігіттер» деген өлеңінде ақын жастықшақты табиғаттың долы күшіне қара дауыл, нөсер жауынға ұқсата жырлайды. Елінің керегіне жарар азамат болуды әрбір жігітпін деген жастардан күтеді.
Жырау атағы әйгілі батырларды ардақтап жыр толғайды.
Базардың кейбір арнаулары өзінің жеке адамдарға деген көңіл-күйін танытады. «Сүйген жарыма», «Нарманға», «Бақа биге» толғаулары осындай арнау өлеңдер.
Базардың әлеуметтік мәселелерді көтерген «Әр кемелге –бір зауал», «Сұм дүние» сияқты философиялық толғауларында «Алғыр қыран», «Қамал бұзар батыр, жел жатпес жүйрік», «Күн тимес сұлу» бәрі де дүниеден өтеді. Оларға бақ, дәулет, дүние ара-тұра алмайтындығын көрсетеді.
Ақынның жеке адамдарға арнап айтқан өлең-толғаулары көлем жағынан мол, көркемдігі күшті Отан: «Қаражанға», «Көнек Жалғасбайдығ ел жұртымен бақылдасуы», «Пішанның Төребайына көңіл айтуы», «Бақаға», және «Қалжан ақынға» сияқты толғаулары жатады. «Маутанға» , «Назарға» деген сияқты арнау өлеңдерінде ел билеген бай, әкімдердің әділетсіздігін әшкерелеп, сараңдығын бетіне басады.
Базар айшықты, нақыл сөздерге толы өлеғ- толғауларынан басқа кең тынысты эпикалық жырлар да шығарған ақын. Жыраудың творчествосын айқындай түсетін негізгі дастандары «Әмина қыз», «Айна тарақ» және «Мақпал-сегіз».
Пайдаланылатын әдебиеттер
1. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 1997, 670-677-беттер.
2. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 1994, 176-184-беттер.
3. Алдашев Ш. Базар жырау. Алматы, 1986.
4. Қазақтар. Тарихи тұлғалар. II том. Алматы, 1998, 121-122-беттер.
5. Оспанов С. Балқы базар. « Парасат» журналы, №8, 1991.
Жарияланған-2015-09-15 20:40:00 Қаралды-5476
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану