СҮЙІНБАЙ АРОНҰЛЫНЫҢ ӨМІРІ МЕН АҚЫНДЫҒЫ
Сүйінбай Аронұлы белгілі қазақ ақындарының бірі. Ол 1822 жылы шілде айында Алматы облысы, Жамбыл ауданы Майтөбе жайлауында дүниеге келген. Ол кедей отбасынан шыққан. Сондықтан да балалық шағы жоқтық азабында өтеді. Шешесі ерте дүниеден өтеді.
Болашақ талант иесі өз бетімен ізденді. Оңтүстік, Шығыс, Орталық Қазақстан жерін түгел аралайды. Өзіне тұстас Майлықожа, Майкөт, Қаңтарбай, Тезекбай, Бақтыбай, Қатаған сияқтылармен кездескен,кейбірімен айтысқан.
Жетісу елінің ақындары Сүйінбайды ұстаз санаған. Заманымыздың алып ақыны Жамбыл оны ұстаз тұтып, оның таланты алдында бас иген. Сүйінбай қайтыс болғанда Үмбетәлі және бір топ ақын жоқтау өлеңдерін шығарған.
Ақынның қолда бар шығармалары негізгі үш салаға жатқызуға болады. Олар: толғаулар, арнаулар, айтыстар.
Бірінші саласына ақынның жиырма шақты толғау жырлары жатады. Бұларда қазақ батырларының ерліктерін жырлау, өмір сырлары, дүние әлем, бақ дәулет, талап талғам өзгерістерін талғау.
Ақын ерлікті, жауға мейітімсіздікті әр тұста жырлап, жастарды батырлар үлгісінде тәрбиелейді.
Ақын адам өмірінің әрбір кезеңдерін көрегендікпен бейнелейді.
Сүйінбайдың айтыстары мен арнау өлеңдерінде сын, сықақ ретінде келетін мысқыл басым.
Пайдаланылатын әдебиеттер
1.Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 1997,575-598-беттер.
2.Сүйінбай Аронұлы. Алматы, 1990
3.Қазақтар. Тарихи тұлғалар. Алматы, 1998, 103-104-беттер.
4.Исмайлов Е. Ақындар. Алматы, 1956.
5.Сүйіншәлиев Х. ХIХ ғасыр әдебиеті. Алматы, 1992.
6.ХIХ ғасырдағы қазақ ақындары. Алматы, 1988.
7.Елтұтқа. Ел тарихының әйгілі тұлғалары. Алматы, 2001.
8.Бес ғасыр жырлайды. I том, 1989, 312-322-беттер.
Жарияланған-2015-09-15 20:38:24 Қаралды-13099
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану