UF

МАХАМБЕТ ӨТЕМІСҰЛЫНЫҢ ӨМІРІ  МЕН АҚЫНДЫҚ ҚЫЗМЕТІ

 

1803 жылы қазіргі Атырау мен Батыс Қазақстан облыстарына қарасты Нарын құмында дүниеге келген. Махамбет  халық қозғалысы тұсында өсіп, күрес-тартысқа шынығып, әдебиет майданына келген өршіл идеяның алып күшті, өрен ақыны.

ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихында Махамбет пен Абай шығармашылығы өзінше бөлек үлкен бір бел  саналады.   

 Махамбет-жауынгер күрескер ақын.

Махамбет-суырып салма төкпе ақын. Оның кейбір өлеңдерінің ауыз әдебиеті шеңберінен жоғары,жазба әдебиетке бір табан жақын тұрғандығын көреміз. Махамбет өлеңдерібаспа бетін кейінірек көрген. 1908жылы Қазанда басылып шыққан «Мұрат ақынның Ғұмар қажыға айтқаны» деген жинақтаМахамбеттің жүз жолдан астам екі толғауы жарияланған.

Махамбеттің заман шындығын бірден-бір дұрыс қорытынды жасай білген реалист ақын болған. Ақын тәуелсіз отар елдің шын сырын батыл да анық ашып берген. «Соғыс» өлеңінде Бекетай құмына ту тіккен көтерілісшілердің  дүбірлі жорықтарын жырлаған. «Баймағамбет сұлтанға» деген толғауында өзінің шын сыры реалистікпен суреттеледі.

«Мінкен ер», «Тарланым», «Тайманның ұлы Исатай», «Біз неткен ер», «Ұл туса», «Туған ұлдан не пайда», «Исатай деген ағам бар», «Еңселігі екі елі», «Атғымақтың баласы»,т.б. өлеңдерінде ақын Исатайдың ерлік тұлғасын бейнелеп, халықтың қаһармандығын толық таныта алды.

«Мұнар күн», «Күн болған» өлеңдерінде шыншылдық пен оптимизм қатар жүретіндігін байқаймыз. «Пыр-пырлай ұшқан қасқалдақ» немесе  «Аспандағы бозторғай» өлеңдерінде ел қайғысы, арманы зарлана тоғанады. «Ұлы арман», «Әрайна», «Мұңайма», «Нарын» өлеңдерінде көтеріліс туын қайта көтеріп, жаудан кек алуды алға қояды.

Ақынның «Жалған дүние», «Шашылу», «Қайда бар», «Қаршыға деген бір құс бар», «Тілек», «Жалғыздық», «Тар қамау», «Адыра қалған Нарында», «Шегініс» өлеңдетінде өзінің өксігі, кейбір күйректігі бейнеленеді. Солай болса да, бұлар шығармаларының реалистік сипатын әлсірете алмайды.Ақынның Исатайды суреттеген толғаулатында неше алуан теңеу, эпитет, метафоралар қолданылған («Мұнар күн», «Тайманның ұлы Исатай», «Тарланым», «Мінкен ер», «Ей, Махамбет жолдасым»).

Махамбет өлеңдерінің ұйқас ерекшеліктері.Ақынның өлеңдері өзіндік әуен-сарыны бар ырғақты да екпінді өлеңдер.

Ақын өзінің біраз өлеңдерін арнау түрінде жазған. Батырға, ханға, ел-жұртқа, өзіне арнай, қарата, сұрау қоя сөйлейтіндігі («Қайда бар», «Жалған дүние», «Әр айна», «Күн қайда» байқалады.

Махамбет поэзиясы ХIХ ғасыр әдебиеті қорына өзіндік  жаңа  идея қосқан жаңашыл өлеңдер.

 

Пайдаланылатын әдебиеттер

1.      Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 1994, 66-87-беттер.

2.      Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 1997, 468-500-беттер.

3.      Қазақтар. Тарихи тұлғалар. ІІ том, Алматы, 1998, 102-103-беттер.

4.      Махамбет. Ереуіл атқа ер салмай. Алматы, 1988.

5.      ХІХ ғасырдағы қазақ ақындары. А., 1988

6.      Сүйіншәлиев Х. ХІХ ғасыр әдебиеті. А., 1992

7.      Жұмалиев Қ. ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті. А., 1967

8.      Бес ғасыр жырлайды. Т. 1. А., 1989.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-09-15 20:37:33     Қаралды-9682

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »