UF

Тақырып. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕЖЕЛГІ КЕЗДЕГІ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАНДА СӘУЛЕТ ТАРИХЫ

                                       

                                                     М А З М Ұ Н Ы

 

 Кіріспе

 Ерте дәуірдің архитектурасы.............................................................................

 Бұғылы, Беғазы, Ақсу-Аюлы  кешендері,

 негізгі құрылыс материалдары мен құрылымдары.................................................... 

 Сақ, үйсін және қаңлы кезеңдердегі Қазақстан сәулеті .................................

Түрік қанағаты мен Қараханид мемлекеті кезеңіндегі Қазақстан

Сәулеті.................................................................................................................

Қазақстан сәулеті   (Х-Х11)ғғ............................................................................

 Оңтүстік Қазақстан ескі қала құрылмы

 (Отрар, Исфиджаб, Кедер,Весидж және т.б.)....................................................

 Қазақстан сәулеті мен қыстақтары....................................................................

 Х1Х- ХХғғ. Басындағы Қазақстан сәулеті........................................................

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

                                                                

 

К І Р І С П Е

 

Қазіргі Қазақстанның кең байтақ территориясы сонау ертедегі өткен шақта елдің мәдени-экономикалық жағдайына өзінің  әсерін тигізген қоғамдық ірі қозғалыстардың арнасы болды.Қазақстанның териториясында қазақ халқының  және осы территорияда оның алдында жасаған тайпалардың, әр түрлі тарихи кезеңдеріне жататын  монументал архитектураның бірталай ескерткіштері  сақталған. Сонымен қатар бұл тарихта көп ғасырлар  ішінде қалыптсақан құрылыс істерінің тәжірибесі нәтижесінде сәулет өнерінің өзгеше үлгілерін жасап, онда құрылыс тәсілдерін, архитектуралық көркемдік тәсілдерін  және дербес  келесі үш мақаланы құрайды.

Бірінші мақала Қазақстанның ерте дәуірдегі құрлыс мәдениетіне арналған.

Екінші мақала  ҮІІ-ХІІ ғасырлардағы Қазақстанның архитектурасы туралы ұғым береді. Үшінші  ХІХ ғасырдағы  және  ХХ ғасырдың  бас  кезіндегі Қазақстаның архитектурасы болп табылан мақала.

Бұл мақалаларда , бұрын жарияланған еңбектермен қатар, қазақ халқының архитектуралық мұрасы туралы түсінігімізді едәуір кеңейте түсетін мүлде жаңа деректер кездеседі.Бұған ең алдымен мазмұны ертедегі дәуірдің құрылыс мәдениеті және ХІХ ғасырдағы және ХХ ғасырдың бас кезіндегі  құрылыс ісінің бас кезін сипаттайды.

 

1.  Ерте дәуірдің архитектурасы

         

Ерте дәуірдің архитектурасы. Қәзіргі Қазақстан терриоториясындағы құрылыс ісінің мыңдаған жылдық тарихы бар.Бұл өнер Қазақстанның таулары мен жазықтықтарын ертедегі адам бірте -бірте игеріп, бұлар алғашқы қоғамның өндіргіш күштерін дамыту үшін негіз болған заманда болатын.Бұл адам жетілуінің ұзақ жолын басынан өткерген ,адамзат мәдениетінің ірнгесі жасалып, құрылыс техникасының негізі қаланған бір ұзақ дәуір еді. Ертедегі материалдық өндірістің бізге келіп жеткен ескерткіштерінің көрсетуі бойынша, алғашқы адам ұзақ уақыт бойы орныға алмай, өзіне азды-көпті қолайлы тұрақ таба алмаған, өйткені ол тіршілік ету қиыншылығымен, табиғатпен күресу қиыншылығымен жаншылып келген еді.  Өзінің еңбек ету дәрежесінің алғашқы шағында адам жауын-шашыннан, жыртқыштардың шабуылынан қорғану үшін тек табиғи паналарды ғана пайдаланды. Археологиялық зерттеу соңында Қазақстан мен Оңтүстік Орал жерінде бұрын адам тұрақ етіп ізін қалдырған бірнеше үнгірлер ашылды. Бұлардың ең белгілері: Қазғұрт, Қаратау, Баянауыл, Қархаралы, Ұлытау үңгірлері. Ұлытау ауданындағы үңгірлердің біреуі Айдахарлы деп аталады. Өйткені бұл үңгірлердің көпшілігі адам паналауға қолайлы әрә кең, оған едәуір адам сиятын болған.қархаралы қаласына таяу тұрған осы үңгірлердің бірінің түрітұрғын үйге жақын болғандықтан, «шатыр» деген ат тағылған.

Ежелгі кездегі Қазақстан сәулті және табиғи-климаттық жағдайы және   ланшафтың ерекшіліктері. Ғалым геологтар мен археологтар ертедегі Қазақстанның территориясында палеолит   даму үшін өте қолайлы жағдайлар болды,-деп пікір айтады; бұл сілем қазір республиканың оңтүстік және оңтүстік шығысында жолығатын жұмсақ топырақты (лэсс) пейзаждан көрінеді,не болмаса орталық, солтүстік және солтүстік- батыс облыстарында кездесетін лэсс тәрізді сары топырақтардың болуымен сипатталады. Ғалымдар  жер алабын мұз қауырт басқан дәуірде Қазақстан териеториясы мұз  басудан тысқары болғанын атап көрсетеді. Жеке мұз тілімдері тек Батыс Сибирь ойпатына жапсарласа  жатқан Солтүстік Қазақстанның шетіне ғана жеткен. Рисс−вюрем дәуірінде мұнда құрғақ қыр –даланың климат режимі болған,ертедегі Қазақстанның аллювиаль жазығында көптеген ірі хаиуанаттар жайылатын еді,оның ішінде моманттар, шудалы носороготтар,  бизондар, жылқылар, солтүстік бұғылары ,тағы бассқалар бар.    

Бұл жануарлардың сүйегі қазір Торғай, Есіл, Сарысу, Жетісу өлкесінде және Қаратауда жиі кездеседі.Бұл сүйектердің  жойқын түрі Қазақстан музейлерінде сақталып тұр.Бұл жануарлар  палеолит дәуіріндегі адамның негізгі аулайтын аңдары болған. Ертедегі материалдық өндірістің бізге келіп жеткен ескерткіштердің көрсетуі бойынша, алғашқы адам ұзақ уақыт бойы орныға алмай, өзіне азды-көпті тұрақ ала алмаған. Өйткені ол тіршілік ету қиыншылығымен жаншылық еткен. Өзінің еңбек ету әрекетінің шағында адам жауын-шашыннан, жыртқыштардың шабуылынан қорғану үшін  тек табиғи паналарды ғана пайдаланды.

Археологиялық зертеулерде  адамдардың паналаған  үңгірлердің бір ерекшілігі, олардың аузы күн шығысқа қараған.Үңгірлердің бұлай орналасуы күз және қыс айларында  күн көзі көп түсіп, жылу берілуіне мүмкіндік тудырады.

Бұғылы, Беғазы, Ақсу-Аюлы  кешендері, негізгі құрылыс материалдары мен құрылымдары.  Орталық Қазақстанда қола дәуірінен қалған құрылыстардың алуан түрі кездесіп, олардың айқын сызылған жобаларының болғандығы құрылысты ұйымдастырудың алғашқы жарқын көрінісі екенін дәлелдейді. Қола дәуіріндегі тұрғын үй құрылыстарының конструкциясы туралы ашық түсінік беретін әсіресе Атасу, Ақбауыр, Бұғылы (Шопа), Шортанды, Тағыбай (Баянауыл) және Қарқаралы қыстақтарындағы тұрғын үйлер. Қостанай қаласының оңтүстік жағында 40 километр жердегі Тобыл өзенінің басында ертедегі өзен табанында қоныстаған андрон қыстақ орындарын (Алексеев және Садчиков қоныстарын) зерттегенде, тұрғын үй, конструкциясын ашатын  көптеген материалдар алынды.

Атасу, Бұғылы және Ақбауыр қыстақтарының тұрғын үйлері өте әсем. Әулие-қызыл таудағы Тағыбай бұлақ (Баянауыл ауданы) тұрғын үйлері де конструкциясы жағынан бұдан кем түспейді.

Бұғылы қыстағындағы тұрғын үйлер конструкция жағынан Атасу тұрғын үйлерімен бүтіндей ұқсас. Бұлардың да қабырғалары тегіс тас тақталармен қапталған  іргелес үйлерді жалғастыратын жер коридоры бар.  Бірақ Бұғылы үйлері көлем жағынан сәл ірірек, тас қабырғалары аумақты және құры-лыстың жобалауында бірталай өзгешелік бар. Бұғылы қыстағындағы тұрғын үйлердің (№ 1, № 2) жобасы өте анық, олардың шаршы не тік бұрышты формасы жазық жер бетінен жақсы көрінеді. Бұғылы тұрғын үйлерінің екінші бір ерекшелігі, мұнда бір жобамен тұтастырған көп бөлмелі үйлер басымырақ, тіпті олардың төбесі де бір шатырмен біріктірілуі ғажап емес. Жалпы бір төбемен жабылған үйлердің саны екіден беске дейін. Тұрғын үйлердің маңында шаруашылық құрылыстар, малға арналған үлкен арандар, мастерліктер орналасқан. Ең үлкен үйлердің көлемі 500 шаршы метр шамасындай.

Бұғылы қыстағы (№1) Қарағанды облысы, Шет ауданы, Бұғылы тауының шығыс бөктерінен ағатын Шопа өзенінің кең аңғарын алып жатыр.  Құрылыстың осы көрсетілген түрлерінен басқа бұл кезде үлкен тас құрылыстар да пайда болады, оларды сол замандағы құрылыстардың негізгі түрлері деп айтуға болады. Бұл айтқандар жер астына көмілген не үстіне зәулім оба орнатқан белгілі қабырханалар.

Бұлардың ішінде құрылыс конструкциясы жағынан ең ірісі және қызықтырағы Ақсу-Аюлы құрылысы. Ол Қарағанды облысы, Шет ауданының орталығында 1952 жылы ашылды. Дәл осындай бір құрылыс 1933 жылы Нұра өзені бойындағы Дәндібай аулында ашылып зерттелген еді. Мұнда қола мәдениетінің бірталай қызықты ескерткіштері ашылған соң ол ғылымда мәлім бола бастады .

Ақсу-Аюлы кешені ертедегі сирек құрылыстардың бірі. Бұл аумақты құрылыстың тұрғызылған уақыты қола дәуірінің өркендеген кезіне жатады (біздің заманымызға дейінгі XII-XI ғасыр). Бұл құрылыс жер астында, диаметрі 30 метр, биіктігі 1,8 метр үлкен жер обаның астында болған, топырақ астында  келген; оның бүтін тұрған детальдары сол заманғы тас конструкцияны айқын бейнелейді.

Өзінің көлем композициясы бойынша Ақсу-Аюлы кешені бұрыштары дөңгелене жасалған тік бұрышты үй. Бұл екі тас қабырғадан тұрғызылған бір ғана үй, Қабырғалардың арасындағы кеңістік айналып өтетін коридор түрінде салынған (30-сурет).Дәндібай аулындағы құрылыс сияқты Ақсу-Аюлы кешенінің төбесі сатылап шығарған бөренемен жабылып, ұзынша осі батыстан шығысқа қаратылған. Бірінші (ішкі) қабырғаның көлемі 2,5X3,4 метр, сыртқы (екінші) қабырғанікі 8X7,4 метр. Ішкі үйдің дәл ортасында үлкен тас жәшік немесе тас қабыр (Саркофаг) орнатылған. Оның аумағы 2,5X1,45 метр, биіктігі 1,6 метр жерден қазып шығарған. Ішкі қабырғасы ортадағы жәшік қабірдан 1-1,2 метр қашық келсе, сыртқы қабырға одан 3,5 метр алшақ салынған. Айналып өтетін коридордың (екі қабырға арасындағы кеңістіктің) ені 1,8 метр.

Қабырғаның екеуі де жерге тік көміп үлкен гранит тастардан тұрғызған сыртқы шеңберлі дуалмен қоршалған. Шығыр дуал үйілген топырақ іргесін жағалай орнатылған, оның диаметрі 24,5 метр, тік тұрған тастардың биіктігі 1,2-1,6 метр. Қапқа тастар тұп-тура тікесінен емес, бас жағы алаңның ішіне қарай біраз еңіс қойылған. Бұл негізінде жабатын төбенің екі арасын қысқарту мақсатымен қолданған өзгеше тәсіл. Алайда бүкіл комплексте тек екі орталық үйдің ғана төбесі жабылған.

Тас кешендердің осы айтылған конструкциясы Орталық Қазақстанда соңғы жылдарда ашылған көптеген ескерткіштеден жақсы мәлім болып отыр.

Қабырғаны мықты етіп қалау үшін оған ерекше беріктік және тұтастық беретін өте ірі тақта тастар пайдаланған. Тастар тік бұрышты, шаршы және параллелипипед түрінде өңделген, бұлардың көлемі 40X35X5 сантиметрден 120X80X7 сантиметрге дейін болады.

Сақталған қабырғаларды тік жарып зерттеу ең ірі тақта тастар төменгі қатарларды қалау үшін қолданылғанын көрсетті. Қабырғалардың жоғары көтерілуіне қарай тас тақталар бірте-бірте кішірейе береді, жоғарғы қатарда олардың көлемі 45X35X6 сантиметрден аспайды.

 Алаңның ірге негізі балшықтың, қиыршық тастың, құмқайырдың және ұсақ тастардың қоспасымен құйылған. Бұлардың қосындысы қалау мен  бутовканың берік әрі цементтелген ірге негізін жасаған. Қалыңдығы 50 сантиметрдей бутовка құрылыс алаңының орталығын тегіс қаптап, тірек қабырғаға тура жал-ғасады, сөйтіп ол шын мәнінде контрфорс ролін атқарады. Бұл техника сатылы төбе жабу салмағын көтеріп тұратын қабырға мен басқа да тіректердің беріктігін сақтау үшін қолданылған.

Қабырғаны қалау техникасы ерекше болып келеді. Олардың төменгі жағы екі қатар етіліп тура жер бетіне қаланған үлкен қапқа тастан құралған. Екінші қабырғаны оның қалыңдығын тегіс қабатын ұзын жалпақ тастармен екі ұшын шығара көлденеңінен қалаған.

 

2. Сақ, үйсін және қаңлы кезеңдердегі Қазақстан сәулеті (2 мың  жылдықтың басы)

 

Антик тарихшыларымен археологиялық материалдардың деректеріне қарағанда, сақтар өзінің дамуында едәуір дәрежеге жетіп ірі қыстақтары болды: бұл қыстақтардың кейбіреулері тайпа одақтарының топтасқан жері болып, сақ тайпа шонжарларының ордаларына айналды. Б.з.б V-Ivғасырларда Сырдария бойында отырықшы қоныстардың көпшілігі сақ тайпалары болған, сонымен қатар Талас және Шу өзендерінің бойында отырықшы мәдениетінің қалдықтары сақталған. Жарты көшпелі сақтардың қыстақ қалдықтары Қаратау, Жетісу оның ішінде Алматы тауларының солтүстік баурайындағы сайларында кездеседі. Б.з.б IIIғасырда сақ тайпалар одағынан Қытай шежірелерінде үйсін және қаңғы (қаңлы) деген атпен мәлім болған, экономикалық жағынан бірталай күшті тайпалар бөлініп шығады. Үйсіндер Жетісу мен Тянь-Шань тауының Сырдария мен Талас, Сарысу Қаратау төңірегін мекендеген. Қаңғы мен үйсіндердің шаруашылық тіршілігінде мал шаруашылығы қой, сиыр және әсіресе жылқы өсірді. Үйсін мен қаңғылардың мәдениет ерекшеліктері өте көп деуге болады ең көп тараған өнерінің бірі өрнек. Ал тұрғын үйлерге келетін болсақ ол үлкен патриархат жеке шаруашылық топтарына бөлініп салынған үйлердің құрылысы кепіл бола алады.

Қазақстан территориясында ертедегі құрлыстардың едәуір сораптары сақталған, бұлардың, көпшілігі сақтардың, үйсіндердің, қаңлылардың, қыпшақтардың тағы басқа тайпалардың тарихымен байланысты. Өзінің негізгі қола дәуірінің құрылыс дәуіріне жататын ірі қорғандар Қазақстанның оған іргелес Оңтүстік Сибирь, Орал және Орта Азияның облыстарының бүкіл территориясына кең тараған.өзінің негізгі сипаттары жағынан алғанда қорған ескерткіштер ру коллективінің өлген мүшелерін еске түсіруге арналған бейіттер болып келеді.

Мемориалдық ғимарат пен қорғандар. Қола дәуірінің соңы кезеңінде жасалған ең ірі ме,мориалдық құрылыстардың бірі Беғазы тас кешені (Тақта-тас) қорғаны болады. Бұл-Қазақстандағы мегалит құрылыстардың онан әрі дамуіы негізінде болған ескерткіштердің ерекше бір тобы.Беғазы монолиттері ертедегі ең қызық және сирек кездесетін құрылыстар қатарына жатады.Беғазы монолиттері шаршы жоба мен бір бірін енгізе орнатқан екі қабырғалы құрылыс,олар бір немесе бөлмеден және бұйірі төрт құбылаға қараған. Бұлардаң басқа қорғандар қоғамның қандай жігіне жататындығына қарай, қорғандар көлемі жағынан әртүрлі болады. Мысалға Тайпа көсемдерінің қорған табытханалары өте үлкен. Бұлардың диаметрі 40 метрден 150 метрге дейін, биіктігі 18-20 метрге (бес шатыр) дейін жетеді. Қорған ішіндегі жер камераға не тас табытқа тайпа көсемінің сұйегі қойылған, оның өзіне тән қаруларымен және тірі кезінде пайдаланған заттары өзімен бірге көмілген. Кейбір қорғандарда мінген атты қоса көметін арнаулы камералар болған. Ал қоғамның жай мүшелерінің қорғаны бұған керісінше барынша қарапайым болып келеді. Архитектура тарихы үшін қорғандардың әсіресе төрт түрінің үлкен маңызы бар.

  1. «Мұрттары» яки ұзын жалдары бар қорғандар (Орталық Қазақстан), бұлардың болуы қоршау керегелерінің салына бастағандығын аңғартады. Өзінің жобасы жағынан алғанда «мұртты» қорғандар тауетегіндегі үлкен алаңды алып жатқан әдеттегі тас құрлыстардың ерекше ансаблін құрайды.
  2. Жерге тіке қадалған үлкен гранит тақталардан қаланып айнала қоршалған зор тас қорғандар – бұл тәсіл қола дәуіріндегі мегалит құрылыстарының дәстүрімен жалғасады (Іле өзенінің аңғарындағы бес шатыр).
  3. Қорғаныс құрылыстарының жобасы сияқты концентр жүйесінде қаланған тас қорғандар (Берікқара, Қаратау жағы).
  4. Жоғарыда көрсетілген қорған типтерінің ансаблінен тұрғызылғван тас қорғандар (Орталық Қазақстан, Қанаттас)     

 

3. Түрік қанағаты мен Қараханид мемлекеті кезеңіндегі Қазақстан сәулеті

 

Түрік қанағаты  мен  Қараханид  мемлекеті  кезеңі. Революцияға дейінгі Қазақстандағы құрылыс ісі мен архитектураның даму тарихында және техника мен мәдениетінің осы саласында ұлттық дәстүрдің қалыптасуы  тарихында VII-XII ғасыр басты орын алады.арихи себептердің салдарынан бұрынғы кезде тоқтап қалған қала құрылысының өсе бастауы, дала мен қалаларда құрылыстардың жаңа түрлерінің жайылуы, кейіннен қалыптасып дәстүрлі ұлттық тәсіл болып алған архитектурадағы формалардың орнығуы осы дәуірмен байланысты.Біздің заманымыздың VI ғасырында таптық қатынастардың даму процесінде Қазақстан территориясында ертедегі феодалдық мемлекет – Түрік қағанаты туғаны мәлім. Бұл Түрік қағанаты біздің заманымыздың VIII ғасырына дейін өмір сүріп, кейіннен шаруалардың бектерге қарсы күресі мен руаралық соғыстардың нәтижесінен құлап, батыс және шығыс қағанаттарға бөлінген.л кезде Қазақстан халқының негізгі шаруашылығы көшпелі мал шаруашылығы болса да, екінші жағынан Жем, Жайық, Сырдария, Талас, Шу, Іле, Торғай, Сарысу өзендерінің аңғарында; Қаратау, Алатау баурайларында және басқа жерлерде егіншілік болады. Шеберлік ісі ел қоныстанған қалаларда өркендеді, соның бірі батыс қағанаттың астанасы болған Суяб қаласы еді. Мұны сол заманғы қалалардың орнын қазумен ашқан археологиялық заттар дәлелдейді. Шаруалардың (қара будундардың) көтерілісі мен руаралық соғыстардың нәтижесінде түрік қағанаты ажырап, VIII-X ғасырларда жеке түрік тайпалары – түргештермен қарлұқтардың үстемдік етуіне ауысты. Түргеш – қарлук үстемдік еткен дәірде Қазақстанда феодалдық қарым-қатынастар түбегейлі қалыптасады: сауда өркендейді, әсіресе  Қазақстанның оңтүстік аудандарында халықтың отырықшылыққа ауысуы бұрынғыдан да күшейе түседі. Һалалардың және олардағы құрылыс ісінің қауырт өсуі қоғам өміріндегі осы құбылыстармен байланысты болады. Осы кезде арабтар арқылы Қазақстанға енген ислам діні баяу тарады, ол мәдениет пен шаруашылықтың жалпы дамуында реакциялық роль атқарып, ат төбеліндей феодалдардың көзқарасы болып қала берді. Сурет салу өнері саласынан жан-жануарлардың бейне суретін салу бірте-бірте шығып қала береді. Сөйтіп, ескі кісітастар уақыттың өтуіне қарай құлпы тастарға айналады. Жан-жануарлардың бейне суреттерін өрнек суреттерге қосуға тиым салынуына байланысты шеберлік-ою өнерінде схематизацияға артықша орын беріледі. Бұл алғашқы мәнді және бейнені жоғалтуға әкеп соғады.

Қазақстан сәулеті   (Х-Х11 ғғ.).  Келесі қарақандық дәуірі  (Х-ХІІ ғасырлар) ең алдымен жаңа қалалардың пайда болуымен емес, бұрынғы қалалардың қауырт өсуімен, едәуір дәрежеде олардың сеауда- кәсіп  кварталдары есебімен ұлғаюмен сипатталады.Қарақандық дәуірдегі қалалар  барынша алуан түлі типті құрылыстар арқылы(сардобалар) салоынды.Ислам діні үстемдігі тарауына дейін  сақталып  қалған  христан  шіркеулері мешіт  етіліп қайта жасалды. Мысалы, Ертедегі таразда бас шіркеу мешітке айналдырған  (б.заманымыздың 893-94 жылдары) .Қалаларда құрылыс жұмыстары аумағының артумен,оларды көркейтумен, монументальды құрылыс типтерінің алуан түрлілігімен қатар, құрылыстың ұзаққа шыдауын, мықтылығын қамтамасыз ету жөнінен де  белгілі дәрежеде қамқорлық туады.Бұл жөнінде арша мен қараағаштардан жасалған ағаш байлам элементтерін қолдану және жадағай кірпіштерді (30х30х5 және 26х26х5) пакйдалану,сайып келгенде құрылыс материалдар ы саласында жалпы алға басудан көрінетін антисептикалық шаралар кепілд бола алды.Қарақандықтар  дәуірнде  қалыптасқан монументалды құрылыстар формасы мен архитектура құрылыс тәсілдерінің негізгі дәстүріне айлады: ашық қарапайым жоба (шаршы), орталық – порталды құрылыстардың төбелері не порталды күмбез, не конус түрінде жасалуы.Бұлар архитектура шығармасывна ислам дінінің реакциялық идеялогисы дәріптеп көрсететін таптық сипатына қарамастан  халықтың суәулет өнері мен дәстүрі , декоратив-жапсырма өнері бұлардың архитектуралық көркемдік бейнесінің негізі болып табылады.

Оңтүстік Қазақстан ескі қала құрылмы (Отрар, Исфиджаб, Кедер,Весидж және т.б.). Қазақстан территориясында феодалдық қарым-қатынас қалыптасуының ең бастапқы кезеңінің өзінде-ақ жаңа отарықшы егіншілік қоныстары пайда болды. Осы жаңа қоныстар сонымен қатар ертеден қоныс тепкен қыстақтардың едәуір бөлігі (қалалармен ауыл шаруашылық тұрақтары), сондай-ақ феодалға айналған шонжарлардың астана орындары өсіп әртүрлі типтегі феодалдық астаналарға айналды.  Орда – қалалардан тарихқа белгілі болғандары – Чегу (үйсін ханының ордасы), Суяб (түрік қағандарының орда астанасы), Баласағұн (қарахандылықтардың бірінші астанасы), Қойлық (карлук хандарының астанасы), Янгикент (оғыздардың ордасы) және басқалар: керуен жолдарының үстіндегі және бұлардың түйіскен жеріндегі қалалар – Исфиджаб (Сайрам), Талас (қазіргі Жамбыл), Атлах, Хамукет, Құлан (Луговой станциясы), Мерке фараб (Отрар) және басқалар: ішкі сауда қалалары – Құмкент, Созақ, Алмалық (Хоргос), Сығанақ және басқалар: бекініс қорғандар – Тасақыр, Тасатөбе, Баба-ата,  Ақсүмбе және басқалар.Алайда бұлай деп жіктеу белгілі бір дәрежеде шартты түрде алынғанын, қандай да болсын қаланың алғашқы негізгі құралуының басым белгілеріне ғана сай келетіндігін атап өткен жөн. Шынына келгенде осы белгілердің барлығы немесе кейбіреулері бір қаланың өзінде-ақ жалғасып ұштасып келе береді. Мысалы, Баласағұн, Суяб және осыларға ұқсас басқа да қала – ордалар керуен жолы үстіндегі негізгі пункттер де болып есептеледі: Тараз, Исфиджаб, Отрар және кейбір басқа қалалар ішкі саудада маңызды рөл атқарады. Демек, отырықшы және көшпелі халықтардың байланысын тереңдете түсті: Сығанақ, Алмалық және сол сияқты қалалар кейінде керуен жолдарының түйіскен жерлері болды. Басқа қалалар жайында да осыларды айтуға болады.     

 

4. Қазақстан сәулеті мен қыстақтары

 

Андрон қыстақтары өздерінің негізгі сипаттары.  Тұрғын үйлердің жобасы мен конструкциясын айыруда Атасу (Жаңа Арқа ауданы), Бұғылы (1, 2, 3), Ақбауыр, Шортанды-бұлақ, Сенкебай (Шет ауданы) және Тағыбай (Баянауыл ауданы) қоныстарының маңызы аса зор.

Ақмола, Қөкшетау және Павлодар облыстарында (Бестөбе, Степняк, Бозшакөл), Жоғарғы Ертіс ауданында (Қанай, Кіші Қызылжар) бірталай қыстақтар зерттелді.

Руда шығарып, металл қорыту ісімен  байланысты көзге ерекше түсетін мекендер ертедегі руда қазушылардың тұрақтары, олардың ішінде Жезқазған, Милықұдық, Үлытау, Жанғабыл, Қарқаралы № 1 және №2 қоныстарға ерекше көңіл аударуға болады. Бұл қоныстарды ашып зерттеу Қазақстанның кең байтақ даласында және онымен іргелес Оңтүстік-Шығыс Орал маңы мен Оңтүстік Сибирь аудандарында қола дәуірінде кең таралған тұрғын үйлердің конструкциясы мен формасын анықтауға мүмкіндік туғызады.

Бұл қоныстарда  Қазақстанның ең ертедегі бақташы-малшылары мен  кен қазушылары тіршілік жасап, оларға совет ғылымында «андрондар» деген шартты ат берілген, ал олардың қоныстары «андрон мекені» деп аталды, демек, қола дәуірінің ескерткіштері алғашқы рет Абакан облысының Андроновка селосы ау-данында табылды. Осыдан Андрон қонысы, Андрон мәдениеті деген атаулар шықты.

Андрон қыстақтары өздерінің негізгі сипаттары бойынша өзара өте үқсас болып келеді. Жергілікті ландшафтың ерекшеліктеріне қарай  олардың бірінен бірінің айырмашылығы шамалы ғана.

Қазылып табылған материалдарға қарағанда, қола дәуіріндегі тұрғын үй құрылысының ерекшелігі шаруашылықтың коллектив түрі мен және ру-руға үйымдасу принципімен анықталатыны байқалады. Бұл уақытта өсіп өрбіген патриархат семьялар жалпы төбесі бір,  қазан-ошағы  ортақ қауымдық үйлерде тұрған. Өндіріс құралдарына ортақ меншікшіліктің болуы жалпы шаруашылық құрылыстарының, қоғамдық қоймалар мен жалпы; мал қоралардың да меншіктес болуына жағдай жасады.

Қола дәуірінің қыстақтары оннан қырыққа дейінгі мөлшерде кездесетін жер үйлер тобынан құралған. 2-3,5 гектар жерді алып жататын бұдан гөрі де ірі қыстақтардың орны кездеседі, мұндай қоныстардағы тұрғын үйлердің саны бірінеше ондап саналады (Бұғылы, Шортанды бұлақ).

Андрон қыстақ орындарының айқын жоба схемасы жоқ. Ол көбінесе ретсіз, қалай болса солай салынған үйлер тобы. Бұлардың орналасуы көбінесе жергілікті топографияға байланысты болған. Алайда жобасы қоғамдық малды сақтау ісіне бағындырылған қыстақ орындары да аз жолықпайды.

Тұрғын және шаруашылық құрылыстардың тобы орталық алаңы ашық, алқа-қотан түрде орналасқан болып келеді. Орталығы ашық алаң ілал жусату үшін керек болған. Мүндай жоба Атасу, Шортанды бұлақ және Жабай-Қарасу қоныстарында  айқын көрінеді Қыстақтардың іргесін салғанда ертедегі құрылысшылар қолайлы орындарды (таулы жердің сайлары, өзен аңғарын, су қоймаларын сағалап) акылмен ойластырып пайдаланған. Кейінгі кездердегі қазақтың қыстаулары сияқты қола дәуірінің қоныстары да таудың ық жақ бауырын ала орналасқан; ал ашық жазықтарда қыстың суық боранынан  біраз тыныштық алу үшін қораның сыртқы жағын дуалмен қоршаған. Даланың дауыл боранынан тұрғын үйді қорғаған дуалдар Атасу, Ақбауыр, Алексеев және Садчиков сияқты бірқатар қоныстарда сақталған. Боранға қарсы дуал жасау казақ халқының  құрылыс практикасында кеңінен өріс алды. Қыстауларды қар басып кетпеу үшін, оны долы бораннан қоршау үшін қыстаулардың боран соғатын жағынан тұрғызатың қоршаудың бұл бір түрі. Бұл дуалды қазақтар тұрақты етіп шымнан, тастан, кірпіш: тен, ал уақытша болса  қардан қалайтын (аққала). Андрон қыстақ орындарында дуал қоршаулардың кездесуі әрине, адамдар дүлей жаратылыспен күресе отырып, сол қола дәуірінің өзінде-ақ өздерінің үйлерін қысқы  бораннан сақтау үшін арнаулы дуал салу керак екенін білген.

Атасу тұрғын үйінің сәулеті. Қазақстанның климат жағдайлары  үйлерді қалай қаратып салуда да жаралас  алынған:  қола  дәуіріндегі тұрғын үйлердің ұзын тұрғысы көбінесе батыстан не солтүстік батыстан шығысқа не оңтүстік шығысқа қарай қаратылған  демек, Солтүстік пен Орталық Қазақстанда жиі болатын жел өтінің бағытына қарай жасаған. Екінші түрде айтқанда тұрғын үйлердің қысқа қабырғасы көбінсе суық желдің бағытына  қаратылған.Атасу қыстағындағы тұрғын үйлердің жобасы не шаршы, не тік бұрышты ұзын болып келеді. Олардың бұл айтылған жобасын анықтау 1955 жылы жүргізілген қазулар арқылы мүмкін болды. Олардың конструкциясындағы ерекшелік, олардың қабырғалары жерге тіке қазылып көмілген үлкен гранит тақта тастармен қапталған. Жер қабырғаларды қаптау үшін ұзындығы 150 сантиметрден 180 сантиметрге дейінгі тақта тастар қолданылған, бұлардың түбі жерге 30 - 40 сантиметрге дейін қазылып көмілген Атасу тұрғын үйінің едені жер, оған қалыңдығы 30 сантиметрге дейін топырақ пен құм араластырып төсеп, үстін таптап қойған. Сондықтан, өзінің құрылысы бойынша, ол балшықтан жасалған сәкіге ұқсайды.Бағаналардың қалған орнына қарағанда, тұрғын үйдің іші шарбақпен екі жаққа бөлініп,  оның бірінде адамдар тұрып, екінші жартысында мал қораланған. Малға арналған қора бөлігінің едені мүлде басқаша, ол тұрғын үйдің едені деңгейінен 40-50 сантиметр төменіректе жатыр. Бұдан мал қиының көпірленуінен құралған органикалық қалдықтардың қалың қабаты табылды. Үлкен тас ошақ үйдің солтүстік-шығыс бұрышында болған. Есік шығыс жақтан шығарылған. Жалғас үймен жер коридор арқылы қатынасатын екінші есік үйдің, солтүстік-батыс бұрышынан жасалған. Кірер есік екі жақтарына тік қойылған үлкен гранит тастармен жақсы айшықталып белгіленген .

 

5. Х1Х- ХХғғ. Басындағы Қазақстан сәулеті

 

Қазақстан архитектурасының ХІХ  ғасырдың бас кезіндегі сипаты. БҰЛ алынып отырған дәуір бүкіл XIX ғасырды және XX ғасырдың алғашқы 15жылын   қамтиды. Осы   уақыттың ішінде қазақ халқының әлеуметтік экономикалық өмірінде үлкен өзгерістер болды.

XVIII ғасырдың 30 жылдарында басталған Қазақстанның Россияға өз еркімен қосылу процесі XIX ғасырдың 60 жылдарында аяқталды. Қазақстанның Россиямен саяси экономикалық байланысын бірте-бірте күшейте түсуге себеп болған осы тарихи уақиға қазақ халқының бұдан арғы дағдырын белгілеп, оны Жонғария мен Орта Азия хандықтары тарапынан құлдану қаупінен азат етіп, еңбекші қазақтардың орыс халқының озат мәдениетімен араласуы үшін нақтылы жағдайлар жасады.

Алайда Қазақстанның Россияға қосылу кезінен басталған алға басу жағдайына қарамастан, ол XIX ғасырдың басында мешеу ел болып қала берді. Мүнда патриархалдық-феодалдық қарым-қатынастар үстемдік етті. В.И. Ленин өзінің «Россиядағы капитализмнің дамуы» деген еңбегінде көрсеткен шаруашылықтың феодалдық тәсілдерінің барлық белгілері, белгілі дәрежеде, XIX ғасырдың басындағы Қазақстан экономикасына тән еді1.

Көптеген қазақтардың шаруашылығының негізгі саласы ру арасындағы барымта-тартыстардың, немесе ауық-ауық шөп шықпай қалып, жүт болудың арқасында жиі-жиі құлдырап, кері кетіп отыратын көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы болып келді. Егіншілік солғын дамыды. Егіншілік техникасы өте төмен болды. Жерді дөрекі соқамен жыртты немесе кетпенмен шапты. Қазақстанда товарды ақша қарым-қатынасының 'дамымағандығының ерекше белгісі айырбас саудасы болды.

Қазақстанның саяси құрылысындағы өзгерістер — Кіші жүз бен Орта жүзде хандық өкметінің жойылуы еді. Бұлардың иеленген жерлері кейін жеке аймақтарға бөлініп, не дуан-дуанға жіктеліп, оларды Аға-сүлтан басқа-

ратын болды. Кіші жүздің біраз бөлігі мен Ұлы жүз түгелдей Орта Азияның Хиуа және Қокан хандықтарының қол астыңда болды, Бұл бытыраңқылық XIX ғасырдың 60 жылдарында қазақ жерінің Россияға толық қосылып болуына дейін созылып келді.

Орыс патша өкіметінің, Орта Азия хандық-тарының және ат төбеліндей жергілікті феодалдардың ең жақсы жерлерді басып алуы салдарынан туған мал жайылымдарының жетіспеуі өзара соғысуды жиілетіп, еңбекші бұқараның экономикалық жағдайының нашарлауына әкеліп соқты. Осының салдарынан патриархалдық ,феодалдық тұрмыс салты бұзылып, қазақ аулында таптық күрес шиеленісе түсті. Қайыршыланып жүдеп-жадаған халық бұқарасы өкі жақтан бірідей езуге қарсы күресті. Сөйтіп өзіінің ауыр жағдайын жеңілдетуді көксеп, Россиямен жақындасуға тырысты. Феодалдық, бытыраңқы болған Қазақстан ол кезде саяси-экономикалық жағынан Россиямен де, Орга Азия хандықтарымен де байланысты еді. Осы байланыстың қайсысы болса да Қазақстанда архитектура мен қала салу ісінің өкендеуіне өзінің ерекше ізін қалдырды.

Мысалы, бұрын қолөнершілікті сауда және саяси, діни орталықтары болып келген Оңтүстік Қазақстанның ескі қалалары Әулие-ата, Шымкент, Түркстан, Созақ, Сайрам тағы басқаларын алсақ, олар әлденеше рет жоңғар шабуылына, өзара соғыс әрекетіне ұшырап, әлденеше рет талқандалды, Орта Азия хандықтарының да 'қоластына түсті, сойтіп күйреп құлдырау халіне жетті.

Осы кезде Оңтүстік Қазақстан жерімен жүріп өтқен орыс жолаушылары кілең, қаңырап бос қалудың белгілерін атап көрсетеді. Мысалы, 1800 жылы, сол жерлерде болған Поспелов пен Бурнашев Түркстан қаласы туралы былай деп жазады: «Ертеде бірталай даңқты болған бұл қаланың қаңырап қалғаны. сондай, мұнан кәзір 300 үйді де санап шығуға болмайды, қаланың бұрынғы кең аумағы тек құлап жатқан үйлерден ғана көрінеді»2,.

 Бұрын сауда орталығы болып келген айырбас сарайлары XIX ғасырдың алғашқы ширегінде. өзінің маңызын жоғалтады, олардық орнын үлкен товар. айналымдары бар көптеген жәрменкелер басады. Одардың ішін-дегі ең ірірегі Орал, Орынбор, Орск, Тройцк, Атбасар, Ақмола, Семей және Қоянды жәрмен-келері болды.

Қазақстан архитектурасының XIX ғасырдың екінші жартысы. XIX ғасырдың екінші жартысында сауданың өркендеуімен байланысты мал шаруашылығының товарлылығы да тез өседі. Егіншілік өріс алады. Байлардың көптеген шаруашылықтарында плугтер, сеялкалар, ат тырмалары; шөп машиналары, молотилкалар және басқа да ауыл шаруашылық құралдары пайда болады. Қолөнері өндірісі товарларының базарда көбірек сатыла бастауы қолөнері кәсібін кеңейтуге себеп болады.

Былғары өндірісі барынша жақсы дамыған қол өнерінің бірі болды. Теріден алуан түрлі аяқ киім, ыдыс, ат тұрмандары, киім-кешек заттары—белдік, шалбар және басқалар жасалатын болды. Теріні өңдеу және етік тігу ісімен арнаулы шебер етікшілер шұғылданды. Терінің өзі сияқты одан істелгең бұйымдар сапасыіда жақсы болды. XIX ғасырдың 70 жылдарының бастапқы кезіне жататын документтердің: бірінде қазақ етікшілерінің шеберлігі жөнінде былай делінген: «Кәзіргі кезде Баянауыл жәие Көкшетау округтерінің қазіақтары етік шеберлігіне өте ұста, олардың тіккен мәсілері, кебістері үқыптылығы мен мықтылығы жөнінен Бұхар мен Ташкент шеберлерінен аспаса ешбір кем түапейді».

Қазақ ұсталары мылтық, қылыш, қанжар, балта, қайшы, кетпен, балта шот, күрек, ат-тұрман, қой қырқатын қырықтық, ұстара, ше-ге, құлып және тағы басқаларды жасады.

Қазақтарда зергерлік өнерінің дамуы жоғары дәрежеде болды. Қазақ зергерлері жұқа мыстан ер-тоқымға, жүгенге және мылтыққа алуан түрлі өрнектер қиып орнатты. Күміс жә-не алтын іаіқшіасыяан 'әйелдерге білезік, сақина,. жүзік, сырға, алқа, қалыңдыққа арнап сәукеле жасайтын еді. Сондай-ақ жоғарыда ікелтірілген документте «Қырғыздардағы бүл шеберлік (зергерлік ісі) барынша дерлік жетілдірілген және өзіне тән жолмен' өокен» делінген.

Қазақстанның орманға бай солтүстік аудан-дарында тұрған қазақтар ағаш ұсталығы өнерімен шұғылданады. Ағаш ұсталарының артелі немесе жекелеген шеберлер тұрғын үи салып,,. үйге керекті мебельдер мен басқа да заттарды: кереует, кебеже, сандық, дөңгелек стол, алуан түрлі жүкаяқтар, үй керегелерін, уықтарды,, шаңырақтарды және басқаларды жаоап щыға-ратын болды. Ағаштан қырнап жасаған, сүйек-тен ойып безеген не көз тартатын, ашьік түсті бояумен түрленген үй ішінің заттары зор көр-кемдік қасиетте болды. 

Жоғарыда іаталып өткен-дей бұрынғы әскери бекіністер болған Орал, Гурьев, Оренбург, Орск, Тройцк, Петропавл, Павлодар, Семей, Өокемен, Верный және бас-қалар оған Қазақстаиның кейбір ауданддры келіп қосылған мәдени-экономиюалық жаңа ор-талықтарға айналды. Егер XIX ғасырдың ба-сыкда Қазақстандағы қалалардың саны 10 нан аспаоа, енді, 90 жылдарда олардың саны 16 тен асады.

 

     ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Маргулан А.Х. Мендикулов М.М. Басенов Т.К. Архитектура Казахстана. Алма-Ата,1959.
  2. Мендикулов М.М. Памятники народного зодчества Западного Казахстана. Алма-Ата, 1987.
  3. Всеобщая истроия архитектуры Т.8. – М, 1969
  4. Герасимов Г.Г. Памятники архетектуры долины реки Кара-Кенгир в Центральном Казахстане. – Алма-Ата, 1957
  5. Глаудинов Б.А. История архитектуры Казахстана. – Алматы, 1999
  6. Пугаченкова Г.А., Ремнель Л.И. История искусств Узбекистана с древнейших времен до XIX в. – Ташкент, 1965
  7. Ажигалиев С.Е. Генезис погребольно культовой архитектуры Западного Казахстана. – Алматы, 1994
  8. Глаудинов Б., Сейдалин М., Карпыков А. Архитектура Советского Казахстана. – М. 1987
    1. Мендикулов М.М. Памятники архитектуры полуострова Мангышлак и  Западного Устюрта – Алма-Ата, 1956

10.   Памятники архитектуры Туркмениста. – Ленинград, 1974

11.   Бернигтам А.Н. Памятники Таласской долины. – Алма-Ата, 1941

  1. Глаудинов Б.А., Сейдалин М.Г., Карпыков А.С. Архитектура Советского Казахстана. – Москва, 1987
  2. История и культура народов Средней Азии. – М, 1976
  3. Федоров – Давыдов Г.А. Искусство качевников и Золотой Орды. – М, 1977
  4. Глаудинов Б. Архитектура Советского Казахстана. – М. 1974
Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-09-08 23:12:32     Қаралды-54188

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »