Тақырып. Қазақстан Республикасының ежелгі дәуірден бастап қазіргі кездегі тарихының деректеметану
МАЗМҰНЫ
1. Қазақстанның ежелгі және ортағасырлар дәуір деректері
2. Ортағасырлық авторлар түркі тайпалары мен Оңтүстік-Шығыс халықтары туралы
3. ХҮІІ-ХХ ғасырлардағы Қазақстан тарихы бойныша заң құжаттары
4. Қазақстан тарихына байланысты статистикалық деректер
5. Мерзімді басылым және мерзімді басылымды зерттеудің ерекшеліктері
6. Кеңестік кезендегі Қазақстан тарихының дерек көздері
7. Қазақстан тарихының дерек көздері (1991-2008жж.)
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Қазақстанның ежелгі және ортағасырлар дәуір деректері
Қазақстанның ежелгі және ортағасырлар дәуірі деректеріне жалпы шолу және сипаттама. Қазақстанның өткен тарихы отандық және шетелдік ғалымдардың көптен бері назарын аударып келді. Өлкенің ортағасырлық тарихын жазу жөнінде Евразия тарихнамасындағы алғашқы тәжірибелер XVII ғасырда жасалды. Жалайыр тайпасынан шыққан түрік тарихшысы Қадырәлі бек 1602 жылы ауызша айтылып келген тарихи аңыздар мен Рашид ад-Диннің (XVI ғ.) тарихи жинағы негізінде «Оқиғалар жинағы» деген еңбек кұрастырған, онда монғол шапқыншылығынан кейінгі қыпшақ даласында болған оқиғалар суреттеледі. Алдыңғы ортағасырлық кезең үшін бірқатар түрік тайпаларының (қыпшақтардың, қарлұктардың, қаңлылардың, ұйғырлардың), оғыз тайпасының негізін қалаушы Оғыз ханның тарихымен тікелей байланысты аталуының маңызы зор. Хиуа ханы Әбілғазы (XVII ғ.) тарихи екі шығарма: «Түріктер шежіресі» және «Түрікмендер шежіресі» жазған, олардың беттерінде оғыздардың, кьшшактардың, қаңлылардың алдыңғы және кейінгі орта ғасырларға кдтысты тарихына едәуір көңіл бөлініп, түрік этнонимдерінің этимологиясы келтіріледі, сондай-ақ Казақстанның тарихи географиясы жөніндегі мәселе козғалады.
Нақ сол ғасырда түрік тарихшысы Мунеджджим-башы өзінің елеулі шығармасында УІІІ-ХІІІ ғасырларда Қазақстан жерінде мекендеген көпте-ген түрік тайпаларының тарихы мен этнографиясына ден қояды. Орталық Азияның мемлекеттері мен әулеттері, атап айтқанда, қарахандар, салжұқтар, хорезмшахтар және басқалар туралы маңызды мәліметтер келтіріледі. Мунеджджим-башы өзінің алдындағы мұсылман шежірешілерінің көптеген шығармаларын пайдаланған.
50-жылдардын басында ежелгі парсы жазбаларының мейлінше толық басылымы жүзеге асырылды (Р. Кент). Ескерткіштерді деректеметану-текстологиялық жағынан зерттеу ісі кенейтілді; Орта Азия халықтарының тарихындағы тұңғыш рет дәл белгіленген мерзім - массагеттердің Кир әскерін талкандауы (б. з. б. 530 ж.) анықталып; ежелгі парсы жазбаларын антик авторларының деректерімен теңеп салғастыру жұмысы жүргізілді. Алайда ежелгі парсы және антик деректемелердегі тайпаларды Қазақстан мен Орта Азияның казіргі картасына орналастыруы туралы мәселе шешіл-меді. Сақ-скиф тайпаларының орналасу географиясы жөнінде әр түрлі кезкарас айтылды (К. В. Тревер, В. В. Струве, В. И. Абаев, С. И. Руденко, М. А. Дандамаев, С. С. Черников, И. В. Пьянков, Б. А. Литвинский, К. А. Акышев, М. Қ. Қадырбаев және баскалар).
Қазақстанның ортағасырлық, тарихы мәселелерін қамтитын алғашқы жарияланымдар XVII ғасырдың аяғында пайда болады. Ориенталист д'Эрбело мұсылман тобының оғыздар мен кимектер туралы бірқатар жазбаша ескерткіштерінің мәліметтерін тарихи айналымға енгізген. XVII ғасырда қытай жылнамалары мен арабтардың құрастырған азын-аулақ шығармалары негізінде Ж. Дегинь түрік және монғол тайпаларының тарихына жалпы шолу жасауға тұңғыш рет әрекет етті. Шығыстың нарративтік деректемелері бойынша монғолдар тарихын жазған арабист д'Оссон ән-Нувайри (XIV ғ.) бойынша кыпшақ тайпаларының тізбесін біразын берік сактап калып отыр. Онын екі бөлімнен тұратын, авторға лайыкты дүниежүзілік даңқ әперген «Түркістан монғол шапкыншылығы дәуірінде» деген іргелі еңбегі «Очерктермен» тығыз байланысты.
XX ғасырдың бірінші ширегіндегі көрнекті шығыстанушы И. Маркварт танымының кең және жан-жакты болуымен ерекшеленеді, жиналған мәліметтерінің байлығы және алуан түрлілігі жөнінен ол мамандардың толық көңіл бәлуіне лайык. И. Маркварт Шығыс Европа елдерікде мүсылман мәліметтерін және олардың ортағасырлық байланыстарын талдауға әрекет жасалуына байланысты түрік тайпалары тарихының сюжеттеріне бірінші болып жүгінеді. Проблеманы жол-жөнекей зерттеумен шектелмей, ғалымның пікірінше, өте ерекше этнос кыпшактарға (командарға) арнаулы монография арнап, онда сюжеті жөнінен әр алуан сипатты және тілі жөнінен алуан түрлі жазбаша деректемелер негізінде Евразияның далалық өңірінің халықтары мен тайпаларының тарихы жөніндегі мәселелерді кең көлемде козғады.
Қазан революциясынан кейін В. В. Бартольд қазақ такырыбын түрік халықтарының тарихы жөніндегі жұмыстардын кең көлемді проблемалық және хронологиялық диапозонына енгізеді. Бұған ұлттық тарихпен ұлттық мәдени дәстүрлерге деген зор ықыластың Қазақстан мен Орта Азияда революциялық окиғалар кезеңінде оянып, 1924 жылғы ұлттык межелену кезінде ерекше күшейе түсуі себепші болды.
Қазақтың жоғары педагогикалық институтында болған кезінде В. В. Бартольд «Түрік-монғол халықтарының тарихы» (1927) деген лекция окыды. Ол Махмуд Қашғаридің материалдары негізінде халықтар мен тайпалардың Қазақстан жерінде орналасу көрінісін жеткілікті дәрежеде тәптіштеп көрсетіп, кейіннен казақ халкының калыптасуында негізгі компонент болған кыпшақтар тілінің лингвистикалық ерекшеліктерін сипаттап берді.
1926 жылы В. В. Бартольд түркі тілдес халықтардың тарихын күрделі процесс ретінде корытуға, тілі бойынша туыс, бірак экономикалық тұрмысы жөнінен әр түрлі халықтардың кем дегенде екі мыңжылдық бойында жүріп өткен дербес әлеуметтік, саяси және мәдени даму жолын көрсетуге тұңғыш рет ғылыми негізделген әрекет жасайды. Зерттеулерінің бұл бағыты ең алдымен оның «Орта Азияның түрік халықтарының тарихы жөніндегі он екі лекция» деген еңбегінде көрініс тапты, бұл еңбегінде ол өзінің «Шығыс тарихын Европаның тарихы сиякты ғылыми әдістерді колдану жолымен ғана түсіндіруге болады» деген тезисін мейлінше дәл әрі айкын ұстанады".
В. В. Бартольдтің орта ғасырлардағы Қазақстан мен Орта Азия тарихын бір жүйеге келтіріп белгілеген кезендері тарих ғылымына қосқан сөзсіз үлесі болып табылады, ол негізгі белгілері жағынан Шығыстың тарихнамасынан берік орын алды. В. В. Бартольдтің енбектері Қазақстан тарихын зерттеуде көп жағынан негізге алынады.
Қазақстанның ортағасырлық, тарихы саласында В. В. Бартольдтің ісін тікелей жалғастырушылардын бірі, кең аукымдағы зерттеуші, күрделі теориялық проблемалардың шешімін карастырған А. Н. Бернштам болды. Оның археолог, этнограф және тарихшы ретінде жан-жақты кызметінің қазақ, халқы тарихының алдынғы кезенін, соның ішінде үсундер, ғұндар тарихының көптеген белімдерін зерттеудегі маңызы зор. Жазбаша (көне түрік және қытай) деректемелеріне жүгіне отырып, А. Н. Бернштам ежелгі түрік мемлекетінің әлеуметтік құрылымын зерттеп, әскери-демократиялық қоғамның ерте феодалдық катынастар жүйесіне ұласуын айқындады. Ол сондай-ақ V-VIIғасырлардағы соғды коныстанушылығынын рөлі мен маңызын және оның Түрік кағанатымен өзара катынасын аныктады, Жетісудағы карлұк кезеңі туралы мәселені нақтылады. А. Н. Бернштам соғыска дейінгі ке-зенде Жетісу мен Тянь-Шанның ертедегі және орта ғасырлардағы тарихы дамуының негізгі нобайларын белгіледі.
А.Ю.Якубовский жазбаша мұсылман деректемелерін тамаша білетіндігімен ерекше көзге тусті. Оның жазбаша ескерткіштерден алынған мәлімеггерге егжей-тегжейлі талдау жасап, Оңтүстік Қазақстанның ортағ-асырлық каласы Сығанақты суреттеуге арналған макаласы осы кезге дейін белгілі бір объектіге археологиялық зерттеу жүргізуге дайындаудың үлгісі бола алады. А. Ю. Якубовский VIII ғасырдан XV ғасырға дейінгі турікмендер тарихы жәнінде үлкен еңбек жазды. Онда оғыздар, олардың алдыңғы орта ғасырлардағы рулық-тайпалық күрылымы, шаруашылық өмірі және әлеуметтік-экономикалық қатынастары туралы аукымды материал жуйеге түсірілген. А. Ю. Якубовскийдін Алтын Орданың тарихы жөніндегі зерт-теуі ғылымдағы ірі жетістік болып табылады, ол шын мәнінде осы мемлекет туралы алғашкы іргелі енбектің пайда болуымен аяқталды. Оның XI—XIII ғасырлардағы монғолдар тарихына шолуы теориялық турғыдан алғанда мо-нғолдардын ғана емес, сонымен катар монғолдармен тарихи жағынан мейлінше тығыз байланысты көшпелі түрік халықтарының да әлеуметтік-экономикалық тарихын зерттеу үшін манызды. Ол VI—XV ғасырлардағы Орта Азияны кезендерге бәлуді де белгіледі. Орта Азия мен Қазақстанның тарихшылары сол кезендерге бөлудін көптеген кағидаларын қабылдады.
С. П. Толстовтың ғылыми кызметі де нак сол 40—50-жылдарға жатады, Қазақстанның тарих ғылымының дамуына ол да елеуі үлес косты. Хорезмнің археологиясы мен этнографиясын түрлі бағыттарда тереңдете зерттеуге байланысты оның еңбектерінде ежелгі дәуір мен орта ғасырлардағы Батыс және Онтүстік Қазақстан халкының қоғамдық құрылысы мен мәдени-тұрмыстық укладына терен талдау жасалған. С. П. Толстовтың этнографияяың түрлі қырлары бойьігіша, атап айтканда, әдістемелік проблемалар бойынша зерттеулері этнографияның дамуындағы маңызды кезең болып табылды.
С. П. Толстов Сырдария оғыздары туралы үлкен тарихи-археологиялық материалды ғылыми айналымға енгізудің абыройына бөленді. Бұл орайда ол Сырдария атырауындағы оғыз коныстарының сипатын анықтауға, X ғасыр мен XIғасырдын басындағы оғыздардың шығу тегіне өзінің кезкарасын белгілеуге әрекет жасады. Онын енбектері Қазақстан мен Орта Азия халықтары мәдениетінің ертедегі және ерекше бастауларын анықтауға мүмкіндік берді.
В. Ф. Минорскийдің іргелі еңбектері зор манызға ие болды. Оның парсының географиялық анонимі «Худуд әл-аламды» зерттеу еңбегі тарихи-деректеметану турғысынан сәтті орындалған. Туріктің ягма, карлұк, жікіл, тухси, оғыз, печенег, кыпшак тайпаларының мекендері салаларына каты-сты аукымды түсіндірмелердің дербес манызы бар. Араб тілді автор әл-Марвазидің (XII ғ.) еңбегі В. Ф. Минорский түріктер, Қытай және Үндістан туралы тарауды ағылшын тіліне аудармасын косып, егжей-тегжейлі түсінікте-мелер беріп жарияланғаннан кейін ғана ғылымда колданыла бастады. Бұл шығарма түрік тайпалары туралы бірегей этнографиялық мәліметтерінін аркасында тарихи жағынан өте құнды болып табылады. Түрік тайпаларының Батыс бағытында орасан зор көшіп-конуының тізбегін туғызып, тайпалардың Ішкі Азиядан коныс аударуы туралы мәліметтер ерекше маңызды. Оның Тамим ибн Бахрдың (IX ғ.) Ішкі Азияға саяхаты туралы мақаласының әдістемелік жағынан маңызы зор.
Қазақстанның ежелгі және ортағасырлар тарихының деректік базасының жалпы жағдайы Қазақстандағы тарихи-шығыстанушылық зерттеулердің бастапкы кезеңі А. П. Чулошниковтың, С. Ж. Асфендияровтың есімдерімен байланысты. А. П.Чулошниковтың ғылыми ізденістері жаңа деректемелер тартуға, казақтардың және оларды кұрайтын этникалық компоненттердің тарихын баска да түрік халықтарының тағдырларымен байланыстыруға әрекет жасауға бағытталды. С. Ж. Асфендияров тарихтың және мәдениет тарихының көптегей түбегейлі проблемаларын — қазақтардың этногенезін, қазақ эпосын зерттеді, Қазақстан аумағында феодалдық кұрылыс қалыптасуының күрделі және сонымен бірге әлі де аз зерттелген үрдісін ой елегінен өткізіп, корытуға елеулі әрекет жасады". Ру тарихын тану бұрынғысынша көкейтесті проблема болып қала берді. М. Тынышбаев қазақтардың негізгі тайпалары мен руларының генеалогиясын кысқаша баяндап, тарихи түсініктемелер жасады".
Б. Я. Владимирцовтың кітабы тарих білімінің дамуындағы маңызды қадам болды. Онда монғолдардың ХІ-ХҮІІІ ғасырлар бойындағы қоғамдық катынастарының сипатына ауқымды нақтылы материалдар негізінде талдау жасалады. Б. Я. Владимирцовтың монографиясы монғолтанудың үдемелі қарқынмен ілгерілеуінде ғана емес, сонымен қатар түрік халықтарының тарихнамасында да зор рөл аткарды. Осыған байланысты белгілі салжүқтанушы В. А. Гордлевскийдің мына ескертпесін көрсете кеткен жөн: «Түрік халықтарының тарихын дұрыс түсіну үшін монғолдарды зерттеу кажет; ол. түріктердің рулық кұрылысы мен олардың әлеуметтік-экономикалық жағынан ұйымдасуын да түсіндіруге тиіс». Сондықтан Б. Я. Владимирцовтың кешпелі мал шаруашылығына негізделген монғолдар қоғамына арналған еңбегінің көшпелі және жартылай көшпелі түрік халықтарының тарихын зерттеумен шүғылданушы көптеген зерттеушілерге ыкпал жасауы кездей-соқ емес. 30-жылдары Шығыс қоғамдарының әлеуметтік-экономикалық жаратылысы мен азиаттық өндіріс әдісі туралы өрістетілген пікірсайыстар тарихи танымның әрістеуі үшін көп нәрсе берді.
Бұл жылдарда да жазбаша ескерткіштердің материалдарын анықтау және нарративтік деректемелердің жинақтарын басып шығару женіндегі манызды жаңа кезең байкдлады. Мәселен, Қазақстан тарихы бойынша «Қазақстанның өткені деректемелер мен материалдарда» деген жинақ жарыққа шықты (Алматы, 1935—1936, т. 1—2), онда түрі мен мазмұны жөнінен әртүрлі ертедегі және ортағасырлық: көне грек, латын, византия, кытай, араб-парсы жазбаша ескерткіштерінін кешені болды. «Түрікмендер мен Түрікменстан тарихы жөніндегі материалдар» деген жинақтың шығарылуы елеулі деректемелік базаға айналды, оның негізгі мазмұны араб, парсы және түрік тілдерінде жазылған, VIIғасырдан XIX ғасырға дейінгі кезенді камтитын шығармалардан алынған үзінділердің аудармаларынан кұралды"! Жинақ ортағасырлық Казақстан тарихын зерттеушілерге орта және төменгі Сырдария бойында, Арал еңірінде мекендеген оғыздар туралы көлемді де жан-жақты деректер береді.
Сонымен бірге, 30-жылдары «Авестаны» зерттеу жұмысы жандана түсті (Э. Бенвенист, X. Нюберг, Э. Херцфельд). Осы бір ежелгі ескерткішті одан әрі талдау барысында С. П. Толстов, В. И. Абаев, Г. Виденгрен, И. М. Дья-конов, В. А. Лившиц деректеметанушылық талдау мен текстерді түсіндіруге елеулі үлес қосты. «Авеста» әр түрлі уаісытта жасалған, бәлкім, түрлі аймақтарда жасалған да болар, сондықтан оны нақты тарихи зерттеулерге пайдаланғанда белгілі бір дәрежеде сақтық жасалады.
40 және 50-жылдарда Қазақстан жерінде мемлекеттіліктің пайда болу және даму тарихының проблемалары зерттелді. Қазақстан жерінде мемлекеттіліктің біршама кейініректе пайда болғаны туралы бұрын жалпы жұрт қабылдаған көзқарас қайта қаралды. Тарихшылардың зерттеулері Жетісу мен Қазақстаннын оңтүстігінін сонау ертедегі тұрғындары - усундер мен кангюйлердің біздің заманымыздың шебіндегі саяси кұрылысының сипаты және мемлекеттік элементтердің пайда болуы туралы мәселе қоюға мүмкіндік берді.
Қазақ КСР-інің ежелгі заманнан 2-ші дүниежүзілік соғыска дейінгі тарихы жөніндегі 1949 жылы шыккан бірегей ұжымдық еңбек Қазақстан тарихы жөніндегі оның алдындағы барлық еңбектерден принципті түрде ерекше болды. Сонымен бірге мұндай еңбектің жасалуы түйінді тарихи проблемалар бойынша монографиялар шыққанға дейін жүзеге асырылды.
Соғыстан кейінгі жылдардың өзінде-ақ шығыстанушылардың Мәскеу мен Ленинградтың ғылыми мектептерінде калыптаскан ұлттык қазақ кадрлары бірқатар ғылыми зерттеулерді жүзеге асырды. Ә. X. Марғұлан солардың катарына жататын. Ә. X. Марғұланның еңбектеріне тақырыптардың алуан түрлі және зерттелетін ескерткіштердің хронологиялық аукымының кең болуы тән. Көшпелілер мен егіншілердің өзара іс-қимылы, отырықшы қоныстары мен калалардың калыптасуындағы кешпелілердің рөлі, ертедегі және орта ғасырлардағы тайпалардың орналасу мәселелерін аныктау, ежелгі керуен жолдарын зерттеу сияқты проблемаларды талдау табысты болып шықты. Кеп жылдық еңбектің корытындысы - «Орталық Қазақстанның ертедегі мәдениеті» деген монография Орталық Қазақстанның ежелгі заманын зерттеудегі маңызды кезең болып табылады.
50-жылдардын басында ежелгі парсы жазбаларының мейлінше толық басылымы жүзеге асырылды (Р. Кент). Ескерткіштерді деректеметану-текстологиялық жағынан зерттеу ісі кенейтілді; Орта Азия халықтарының тарихындағы тұңғыш рет дәл белгіленген мерзім - массагеттердің Кир әскерін талкандауы (б. з. б. 530 ж.) анықталып; ежелгі парсы жазбаларын антик авторларының деректерімен теңеп салғастыру жұмысы жүргізілді. Алайда ежелгі парсы және антик деректемелердегі тайпаларды Қазақстан мен Орта Азияның казіргі картасына орналастыруы туралы мәселе шешіл-меді. Сақ-скиф тайпаларының орналасу географиясы жөнінде әр түрлі кезкарас айтылды (К. В. Тревер, В. В. Струве, В. И. Абаев, С. И. Руденко, М. А. Дандамаев, С. С. Черников, И. В. Пьянков, Б. А. Литвинский, К. А. Акышев, М. Қ. Қадырбаев және баскалар).
50-жылдар мен 60-жылдардың басында ертедегі және ортағасырлық Қазақстанның этно-саяси тарихынын проблемалары бойынша зерттеулер неғұрлым кең өрістетілді. Олар негізгі екі бағытта, Шығыс деректемелерінің аудармаларын жариялау және манызды тарихнамалық проблемаларды зерттеу бағыттарында жүргізілді.
2. Ортағасырлық авторлар түркі тайпалары мен Оңтүстік-Шығыс халықтары туралы
IX—XVII ғасырлардағы араб деректерінің Қазақстанның орта ғасырлардағы тарихы бойынша маңыздылығы мен сипаты. Деректеметануда IX—XVII ғасырлардағы араб, парсы және түрік әдебиеті ерекше орын алады, онда Қазақстанның орта ғасырлардағы тарихы бойынша маңыздылығы мен сипаты жөнінен едәуір құнды материалдар бар.
Араб халифаты дәуірінде арабтардың Шығысты жаулап алуы, синкретикалық мұсылман мәдениеті мен ислам дінінің ықпал өрісін кеңейту ісіндегі белсенділігі, мұсылман дүниесінің саяси шекарасынан тыс жаткан алыс аймақтармен сауданың дамуы арабтарды Шығыс Европа мен Орталық Азияның көршілес елдерімен және алыстағы халықтар мен тайпалар туралы акпарат жинауға құлшындырды. Арабтардың орта ғасырларындағы тарихнамасының Қазақстан аймағына ерекше ден қоюы олардың Орта Азиядағы жаулап алған жерлерін нығайту және Қазақстанның жауынгер көшпелі тайпа-ларынан сыртқы қауіпсіздікті камтамасыз ету кажеттігімен де байланысты бодды.
Қазақстан тұрғындары туралы ең ертедегі мәліметтер арабтардың классикалық тарихи шығармаларында кездеседі. Мәселен, әл-Балазур (IX ғ.) мен ат-Табаридін (IX ғ.) туындыларында VII-VIII ғасырлардың орта шенінде араб шапқыншылығына қарсы күресте Орта Азия халықтарына елеулі көмек көрсеткен Жетісу мен Онтүстік Қазақстанның түркі халықтары туралы маңызды мәліметтер бар. Оңтүстік Қазақстанның жекелеген аудандарына арабтардың басқыншылық жорықтары туралы деректер келтірілген. Арабтың аса ірі тарихшысы, парсы текті әл-Балазур Орталық Азия тарихы жөніндегі кұнды деректемелердің бірі «Елдерді жаулап алу Кітабы» (Китаб футух әл-булдан) деген шығарманың авторы болып табылады, «Пайғамбар мен патшалар тарихы» (Тарих әр-русул уә-л- мулук) деген елеулі еңбек жазған ат-Табари да парсылық, болатын. Ат-Табари халифаттьщ әр түрлі қалаларын аралап, көп саяхат жасады, сонан соң Бағдатқа орын тепті де, өмірінің ақырына дейін сонда тұрып, өз өмірін ғылымға арнады. Оның бізге қысқартылған редакциясында жеткен еңбегінде арабтардың алдында болған халықтар туралы мәліметтер келтіріліп, халифат тарихы жылнама ретінде баяндалады. Ат-Табаридің замандасы, Бағдатта туған, энциклопедиялық білімі бар адам - әл-Жахиз (IX ғ.) «Түріктердің қасиеттері» (Манакиб әл трак) деген кітабында Қазақстанның көшпелі түрік тайпаларын тұңғыш рет этно-графиялық тұрғыдан суреттеп берді. Әл-Жахиз Аббас халифтары үланы-ның түрік гулямдарымен жакын таныс араб окырмандарына оның әр түрлі себептермен ерекше қызықты болған тақырыптарды іріктеп алған. Ол түріктердің әскери касиеттерін, олардың калада тұратын арабтың көзіне әдеттен тыс ерекшелігімен айрықша көрінген немесе халифтардың саяси теңірегіндегілерге маңызды болған әдет-ғұрпын суреттейді, өйткені Аббас халифатының уәзірлеріне «түрік істерімен» едәуір жиі кездесуіне тура келетін еді.
Араб Тамим ибн Бахрдың солтүстік-шығыс Қазақстандағы Ертіс анға-рында жатқан кимектер елі арқылы Тоғыз-ғұз кағанының астанасына уақыты жағынан алғандағы алғашқы саясаты IX ғасырдың бірінші жартысына жатады. Тамим ибн Бахр саясатының сипаты белгісіз, оның сапары әлдебір дипломатиялық тапсырмаларға байланысты болуы мүмкін. Тамим ибн Бахр кимектердің орналасуы, шаруашылығы туралы мәліметтер келтіреді, Тараздан (казіргі Жамбыл) кимектер патшасының ордасына барған жолын да айтып өтеді. Нак сол IX ғасырда араб тілді географиялық. шығармаларда да Қазақстан аумағында мекендеген тайпалар туралы хабарлар пайда болады. Байла-ныс және хабар беру кызметінің бастығы Ибн Хордадбехтің «Жолдар мен мемлекеттер кітабы» (Китаб әлмасалик уә-л- мамалик) деген әкімшілік географиялық анықтамалығы сақталып калған әлгіндей шығармалардын ен ертедегісі болып табылады. Ол сауда жолдарын сипаттап, әр түрлі елді мекендер арасындағы кашықтықты көрсеткен, Онтустік Қазақстан мен Жетісу аркылы өтетін Ұлы жол бойында орналасқан қалалар мен қоныстарды тізіп келтірген. Ибн Хордадбехтің еңбегі көп жағынан халифаттың байланыс, почта қызметінің архивтеріне негізделген. Сірә, оның түріктер туралы айқын мәліметтерінің көбі, соның ішінде түрік тайпаларының жиі-жиі дәйексөз келтірілетін тізімі де (тоғыз-ғұздар, оғыздар, карлұктар, кимектер, кыпшақтар, азкиштер, түргештер және басқалары) VIII ғасырға жататын болса керек. Әл-Якуби (IX ғ.) мен Кудама ибн Жафардың (X ғ.) шығармалары жанры жағынан Ибн Хордадбехтің еңбегіне жақын.
Тарихшы әрі географ Әл-Якубидің «Елдер кітабы» (Китаб әл-бұлдан) деген географиялық шығармасында Қазақстан түріктері туралы аукымды тарихи-этнографиялық материал бар. Онын кең хабардарлығы мен хабарларының дәлдігі біршама жоғары екенін атап өткен жөн. Әл-Якубидің оғыз-дар, карлұктар, кимектер, тоғыз-ғұздар мемлекеттілігі туралы мәліметтері ерекше маңызды. Араб географы және филологы Кудама ибн Жафар «Харадж және хатшы әнері туралы кітап» (Китаб әл-харадж уә санъат әл-кита-ба) деген географиялық-әкімшілік шығарма жазған. Ол арамей болатын, Басрада тұрып, почта бастығынын жоғары кызметін аткарған. Ол өз шығармасын жазған кезде өзі колына түсіре алған ресми күжаттарды кеңінен пай-даланған. Онда халифаттың әкімшілік бөлінісі, аса маңызды калалар,таулар, әзендер, жеті климат (белдеу) туралы мәліметтер бар. Байланыс жол-дарына және жерге орналасуы мен алынатын салықтар туралы деректер келтіріледі, провинцияларды суреттеуге едәуір көніл бөлген. Онда мұсылман елдерімен кәршілес жерлер туралы да кұнды мәліметтер келтірілген; мәселен, түрік тайпалары: қарлұктар, кимектер, оғыздар, Оңтүстік Қазақ-стан мен Жетісу шегіндегі сауда жолдары туралы, маршруттар, калалар, коныстар және олардын аракашықтығы туралы нақтылы материал бар.
Қарастырылып отырған деректемелер кешені арасында араб географы Ибн әл-Факихтін (IX ғасырдың аяғы — X ғасырдың басы) «Елдер туралы әңгімелер кітабын» (Китаб ахбар әл-бұлдан) да атап еткен жөн. Ол өз кітабын кебінесе өзінен бұрынғы авторлардың (әл- Жахиз, Ибн Хордадбех, әл-Жейхани) шығармаларын негізге ала отырып, 903 жылдар шамасында құрастырған. Онда Азия мен Шығыс Европаның көптеген елдері туралы тарихи-географиялық материалдар жеткілікті. Түріктер туралы тарау ерекше назар аударарлық, онда түрік тайпалары (карлұқтар, кимектер, қыпшактар, оғыздар, тоғыз-ғұздар және баскалар) туралы, олардың елдері, калалары, сауда жолдары, орналасуы, шаруашылық және мәдени қызметі туралы кұнды мәліметтер келтіріледі. Ибн Русте көп томды энциклопедиялық шығарма-сын Ибн әл-Факихпен бір мезгідде жазды деуге болады. Бұл еңбектен климат тарихи-географиялық тұрғыдан суреттелетін бір томы ғана сақталған. Ибн Рустенің «Қымбат тұратын алқа туралы кітап» (Китаб әл-алак ән-на-сифа) деген шығармасы түгелдей кітап деректемелеріне негізделген. Автор түрлі саяхатшылар мен географтардың туындыларынан құнды фактілерді
Орыс жылнамаларынан мәліметтері. Қазақстанның ортағасырлық тарихын зерттеуде Н.А.Аристовтың түркі тайпалары мен халықтары туралы кеңінен мәлім еңбектері ерекше орын алады. Н. А. Аристов арнаулы білімі бар шығыстанушы болған жок, бірак оның «... Этникалық күрамы туралы заметкалары», аса көрнекті ғалым В. В. Бартольдтін сөзімен айткан-да, «біздің шығыстану жөніндегі әдебиетіміздегі ең куанышты күбылыста-рдың бірі» болып табылады. Н. А. Аристовтың ғылыми еңбектерінің лайыкты жағы мынада: олар зерттеліп отырған такырып бойынша кең көлемді деректемелер мен әдебиет негізінде жазылған. Сонын нәтижесінде ол түрік тайпалары мен халықтарынын этникалық құрамы туралы материалдардың мейлінше толық жинағын жасай білді. Ол казак халқын бәрінен де толык карастырды, өйткені казактар «түрік халыктарының бәрінен гөрі мал шару-ашылық және көшпелі емір салты мен рулық тұрмысты көбірек сақтап калған, сондықтан рулык және тайпалық беліністер мен олардын есімдерін олар барынша күшті және айкын үстанады». Қазақтың үш жүзінің этникалык күрамын анықтаған ол ежелгі түрік тайпаларының атауларын өз заманындағы рулар мен тайпалардың атауларымен салыстырады; батыс түріктердің дулу тайпалық бірлестігін Ұлы жүздін дулаттарымен байланыстырады; казактардың кұрылуына каңлылар мен қыпшақтар барынша көп қатысқан деп атап көрсетеді; ғұндар империясын ежелгі түрік мемлекеті ретінде қарастырады, мүның езі жалпы алғанда ғүн федерациясының ішінде ежелгі түрік тілдерінде сөйлесетін тайпалардың басым болғандығы туралы қазіргі ғылыми әдебиетте орныккан пікірмен үйлеседі.
Тарих ғылымының Орталык Азия халыктарынын, өткенін қатан ғылыми түрғыда зерттеуді көбінесе Ресейдегі ғылым өкілдерінен күтуге күкығы бар еді, өйткені олар үшін Қазақстан мен Орта Азия тарихынын барысын анық-таудың таза теориялық мәні болып кана койған жок. Петербургте аймақтың тарихы жөніндегі колжазба деректемелердің аса бай жинағының шоғырландырылуы кездейсок емес еді. Алайда, В. В. Бартольдтің бағалауынша, Қазақстан мен Орта Азияның ертедегі тарихы мен алдыңғы орта ғасырлары женінен ғылыми талаптарды қанағатгандыратын монографиялар XIX ғасырдың аяғына дейін болған жоқ. В. В. Бартольдтің езіне осы елеулі кемшіліктің орнын толтыруға тура келді.
В. В. Бартольдтің ортағасырлық Казакстанныңтарихы жөніндегі зерттеулерінін тендесі жоқ ғылыми маңызы бар. Оның еңбектері отандык және дүниежүзілік шығыстануда тарих түпнұсқа деректемелер бойынша тарихи сынның катаңталаптарынасәйкес зерттелген алғашқы еңбектер болды.
Ол кимектер, кыпшактар, карлүқуар, оғыздар туралы аса маңызды деректеме — Гардизидің «Зайн әл-ахбар» деген еңбегінің түріктер туралы тарауларының түсініктеме берілген аудармасын да жариялауға еңбек сіңіріп, алдынғы ортағасырлық Қазақстанның тарихы үшін маңызды «Худуд әл-алам» сияқты деректемені түсінікті етті, сондай-ақ Орталык Азия тарихы жөніндегі аса бағалы деректеме — Махмуд Қашғари шығармасының географиялык, этнографиялық және тарихи деректерін мүкият пайдаланды.
В. В. Бартольд Қазакстан тақырыбына тамаша ескерткіш — оғыздардың «Китаб дәдәм Қоркуд» батырлық эпосын аударуға байланысты ынта койған еді. Оғыздардың эпикалык аңызын тарихи және фольклорлык түрғыдан түсіндіру барысында В. В. Бартольд Сырдарияның алдыңғы ортағасырлык түркі тіддес халкынан мүра етіп алған Қоркыт туралы оғыз (түрікмен) және қазак аңыздарының ортақ кезі туралы елеулі тұжырым жасады.
Оның 1898 жылы Верныйда (казіргі Алматы) бірінші рет жарияланған «Жетісу тарихының очерктері» деген кітабы Казақстан тарихын зерттеуге косылған бағалы ғылыми үлес болды
3. ХҮІІ-ХХ ғасырлардағы Қазақстан тарихы бойныша заң құжаттары
Қазақ Ордасының ең алғашқы Заң жинағы – Қасым ханның «Қасқа жолы» қабылданды. 1511 жылдаршамасы жаңа Заң жүйесі Есім ханның «Ескі жолы» орнықтырды. Қазақ Ордасының Астанасы Түркістанға көшірілді (1599 ж.). Жаңа құқықтық жүйе «Жеті Жарғы» төрелер өкілерінің құқықтары шектелді. Басқару істер билерге жүк салынды (ХҮІІІ ғ. аяғы). «Жеті Жарғының» өмірге келуінің бір қатар себептері болды: бүліне бастаған қоғамдық құрылысты заңдылық реттеуге ұмтылу.
ХҮІІІ ғасырларда Қзақастанның хандық билік жүйесіне Ресей империясы саяси құрылым институттарының әсері біліне бастады. Басқарудың орта және төменгі түйіні ұмымдастырылып, сұлтандар мен басқармалардың жаңа құқықтық институттары құрылды. Одан басқа болыстық басқармалар мен ауылдық институттары құрылды.
Қазақ даласының көсемі Ш.Уәлиханов қазақтардың материалдық тұрмысын көтеруге жағдай жасайтын түбейгейлі реформа жасау жағында болды, әр ол халықтың өзін-өзі басқару арқылы әкімшілік басқару жүйесін ұсынды.
Әкімшілік басқару өте әскери сипатта болып, қазақ даласындағы әкімшілік құрылымының тұтастай принциптері жаңа реформа бойынша әскери және әкімшілік биліктің бірігуі принципі болды.
ХІХ ғасырдың негізгі заңдылық құжаттар:
1. 1822 ж. – Сібір қазақтарын басқару Ережесі – «Сібір қырғыздарының Жарғысы» Орта жүзде хан билігін жойылды. Қазақтардың саяси тәуелсіздігінің жоюға бағытталған патша саясаты. Территориялық-әкімшілік реформа, округтерді құру.
2. 1824 ж. – Орынбор қазақтарын басқару Ережесі – кіші жүзге хан билігін жойды.
ХІХ ғасырдың 60-90 жылдарындағы Қазқстандағы әкімшілік реформалар: «Далалық облыстарды басқару туралы уақытша Ереже (1868 ж.)». йТүркістан өлкесі басқару туралы Ереже (1 маусым 1886 ж.)». Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстары басқару туралы Ереже, шаруаларды көшіру туралы «Уақытша Ереже». (Болыста 10-11 ауыл болуы қажет, олар округтерге біріккен) округте жалпы 15-20-ға дейін болыс болады.
Солар арқылы ХХ ғ. басына шейін Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы және территориялық-әкімшілік құрылысындағы өзгерістер жүріп отырды.
«Есім ханның ескі жолы» - өзіндік Конституция Қасым хан кодексіне қосымша ретінде қабылданды. Бұл құқықтық актіде ханның, билердің, батырлардың өкілеттіліктері және өзара міндеттері мен құқықтары анықталды.
Бұрынғысынша жоғары заңды билік ретінде маслихат қала берді. Оның құрамына қазақ қоғамының барлық өкілдері мен ықпалды сұлтандар кірді. Маслихаттың әр мәжілісін мол халық жиналды, сондықтан оны деректемелер кейде халық жиналысы деп атайды, ол өте дұрыс емес. Маслихат жылына бір рет, көбінесе күзде Ұлытауда, Түркістанда немесе Ташкент түбінде өткен.
Маслихат өкілеттілігіне ең маңызды мәселелерді шешу кірген, соғыс немесе бейбітшілік мәселелерін шешу, жайлау мен суаттарды бөлу, хан сайлау секілді.
ХҮІІ ғасырдың басындағы реформа нәтижесінде хан өкілеттілігі біраз қысқартылған. Ол бас қолбасшы әр жоғары судья болып қала бергенімен, бірқатар құқықтардан айырылған. Бейбітшілік немесе соғыс жариялау, елшілік жіберуді ол тек маслихат келісімен іске асырған. Әр ханның өлім жазасын кесуге құқығы болмаған.
Саяси жүйеде ханның ролінің әлсіреуі ханды сайлау принципінің өзгеруіне әкеліп соқты. Бірақ, меритократия принципі ресми күшінде қалғанымен, іс жүзінде қазақтар хан атағына мүрагерлікке ХҮІІІ ғасырдың басына дейін көшкен.
Әкімшілік құрылыстың өзгеруіне байланысты хан бүкіл территорияға жарлық беру құқығын жоғалтып, олар билерге көшті.
ХҮІІ ғасырдың басында ұлыстық жүйе орнына жүздік ендірілді, онда бүкіл қазақтар жері үшеу арасында шаруашылық-территориялық бірлестіктер – жүздерге бөлінді. Жүздің басында күшті және саны көп қоғамдық топтың жетекшілері билер тұрды. Іс жүзінде барлық билік жүздер билерінің қолдарында болды. Олар хан билігін шектейтін, билер кеңесін құрды. Билер билігі тек жеке беделге байланысты болып, соларға тәуелді хан ана немесе мына биді орнынан қозғауға ықпал ете алмады.
Сұлтандар іс жүзінде мемлекетті басқарудан толық шеттетілген және оның үстіне хан орнына талас сайлапуына қатысу мүмкіндіктерінен айырылған, тек мәртебелік жағдайлары жасалған, билер соты оларға жүрмей, барлық міндеттерден (жауынгерліктен басқа) босатылған.
Ғылыми әдебиетте Заң «Жеті Жарғы» «Тауке ханның Ережесі» немесе «Тауке ханның Заңдары» деп аталады. Деректемелерде «Ереженің» авторы кім болғаны жөніңде мәліметтер жоқ. Тарихи аңыздарға қарағанда, оны жасаушы Тауке хан делінеді. Ол Күлтөбе деген жерде үш жүздің басты билерінің басын қосқан, сөйтіп олар «Қасым мен Есім хандардың ескі әдет-ғұрыптарын» Жеті Жарғы деп аталатын нормаға біріктірген деседі.
Жеті Жарғыға әкімшілік, қылмысты істер, азаматтық, құқық нормалары, сондай-ақ, салықтар, діни көзқарастар туралы ережелер еңгізілген, яғни онда қазақ қоғамы өмірінің барлық жақтары қамтылған.
«Жеті Жарғының» әрбір бабы қазақ халқының әлеуметтік практикасының жемісі, ұлтты қорғау үшін , көшпелі қоғамдық қатынастарды тиімді реттеуге қабылданған және талқылау барысында идеялық пікірталас, билердің данагөйлігінің қорытындысы.
«Жеті Жарғыны» тұнғыш болып зерттеген шығыстанушы ғалым Н.Өсеров оны 1680 жылы қабылдады деген пікір айтады (Нуралы Усеров. Исследование правового памятника «Жеті Жарғы». Автореферат диссертации кандидата юридических наук.Алматы,1976. с.16)
Әз Тәукенің «Жеті Жарғысына» теориялық-ғылыми тұғырдан қарасақ, онын әрбір бабы, талаптары мен реттеу функциялары сол заманның тарихи жағдайларына дәлме-дәл сәйкес келетінін байқаймыз.Бұл құқықтық құжат қазақ халқының ұлттық бірлігін нығайтуға, рулар арасында алауыздықты,тежеуге,жонғар шапқыншылығына қарсы елді бір тудың астына топтастыруда өлшеусіз роль атқарды.
4. Қазақстан тарихына байланысты статистикалық деректер
«Статистика» ұғымы ХVIII ғасырдың екінші жартысында пайда болып, алғаш рет Германия университетінде пән ретінде қолданылады. Ол кездерде статистика мемлекеттің жетістіктерін, ерекшеліктерін көрсететін таным ретінде бағаланған еді. Жалпы «статистика» ұғымы латын тілінің «Status» деген сөзінен шығып, белгілі бір заттардың жағдайы, күйі дегенді білдіреді.
Қазіргі ғылымда оған мынадай анықтама берілген: Статистика дегеніміз – қоғамдық өзгермелі құбылыстардың сандық жағын (сапасымен байланыстыра отырып) арнайы тәсілдерді Қолдану арқылы зерттеп, олардың сандық жағын бейнелейтін, сандық жағынжағы заңдылықтарды ашатын ғылым саласы.
Келтіріліп отынған анықтамадан статистиканы қарапайым және күрделі мағыналарда түсінуге болады. Қарапайым немесе тар мағынада статистика – қоғамға кең таралған қоғамдық құбылыстардың сандық жағын зерртейтін таным түрі. Ал күрделі немесе кең мағынада статистика – кез келген салаға жататын қоғамдық құбылыстарды бір жиынтыққа жатқызып, арнайы белгіленген әдістерді қолдана отырып, олардың сандық заңдылықтарын ашатын таным немесе ғылым саласы.
Статистика – қоғамның, қоғамдық құбылыыстардың бет-бейнесі, айнасы ғана емес, қоғамдағы кейбір заңдылықтарды ашуға тәсіл көрсете алатын құрал немесе таным түрі. Оның әдістері арқылы өзге ғылымдар өз міндеттерін тиімді іске асыра алады. Статистика – қоғамдағы құбылыстарды нақты бір уақытқа және кеңістікке қарай сандық жағын зерттейтін ғылым саласы. Оның басты мақсаты – сол құбылыс туралы сандық мәліметтерді шығарып, қоғамдық осы тұрғыдағы қажеттілігін қамтамассыз ету. Яғни, мемлекетті статистикалық мәліметтермен қамтамасыз ету және ол құбылыстардың сандық жағынан дұрыстығын, заңдылығын ашып беру. Демек, статистика сапа мен санды қатар қолданады. Ол өзінің міндетін математикада дайындалған, сонда пайдаланатын есептеу тәсілдерін қолдану арқылы жүзеге асырады. Нәтижесінде математиканы емес, қоғамдық құбылыстардың белгілі бір уақыттағы және кеңістіктегі сандық мәліметін жариялайды, оның өзге құбылыстармен қатыстылық деңгейін анықтайды.
Кез келген мемлекет өз аумағындағы барлық салаға есеп жүргізеді және сол есептің көрсеткіштеріне қарай ол салаларға байланысты алдағы міндеттерін анықтап, сол құбылыстардың нәтижесі туралы саясатын белгілейді. Яғни, статистика – қажеттілікпен пайда болған, барлық ғылымдарға ортақ сала.
Жалпы, «статистика» сөзі көп мағыналы. Деректану ғылымының өзінде ол үшін мағынада кездеседі, оларды нақты айыра білу қажет. Біріншіден, статистика деп (статистикалық ақпарат) – статистикалық өңдеуге ұшыраған кез келген қайталанатын мәліметтерді айтады. Екіншіден, түрлі ғылымдда, сандық зерттеулерде қолданылатын математикалық әдістің ғылыми түрін атайды. Үшіншіден, ол – тарихи дерекктің бір түрі.
Бұл тарихи деректің есепке алынатын, тіркелетін құжаттардан айырмашылығы, статистикалық мәліметтер кез келген басқарманың шешімі үшін, кез келген аймақтағы ұзақ уақытқа жоспарланған саясаттың шешімі үшін де, қоғамдық процестердың даму үрдістерін анықтау үшін де маңызы зор. Ол мәліметтер ең алдымен өзіндік әдіс-тәсілдермен жинақталады,и кейінен арнайы маман статистиктер арқылы өңдеуден өткізіледі де кез кедген салада нақты шешім қабылдауға көмектеседі. Өйткені, осы деректер арқылы кез келге аймақтағы түрлі саланың (ауыл шаруашылығы, демография, әлеуметтік-экономикалық) сандық дамуы айқындалып, оның жағдайы төмен, орташа немесе жоғары екендігні анықталып, соған сай шешімдер мқабылданады.
Статистикалық деректердің басты құндылығы – олар зерттеушіге кең көлемде (массовый) мәлімет береді. Оларды әр салада дұрыс пайдалана білу зерттеушіге тарихи құбылыстардың бірегейлігін, сабақтастығын ерекшелігін оларға тән тарих ғылымының дамуындағы заңдылықтарды анықтауға көмектеседі.
Статистикалық деректерге статистикалық зерттеудің барлық сатысында пайда болған мұрағат деректері мен жарияланған материалдар жатқызылады.
Мұндай материалданға тек қана жариялданған статистикалық еңбектер мен алғашқы өңделмеген статистикалық мәліметтер ғана емес, оған сол статистикалық зерттеудің арнайы зерттеу бағдарламасы, зерттеуге қатысты нұсқеулар (инструкция) мен ағымдағы тіркеуге байланысты құжаттар, алғашқы тіркеу құжаттары (оған тіркеу карточкасы, бланкілер, анкета, формулярлар, ведомосттер, түрлі есептер мен бухгелтерлық есептер, схемалар және т.б. құжаттар жатқызылады). Статистикалық зерттеудің мақсатын және мәлімети алу әдіс-тәсілін анықтайтын бағдарламалар, арнайы нұсқаулар және т.б. құжаттар стртистикалық зерттеудің дерегі бола алады. Өйткені, барлық статистикалық зерттеулердің мақсат-мінтерттері, нәтижелері мен соңғы қорытыдысы, басылып, жарияланған статистикалық жинақтардың сапасы осы құжаттардың мазмұнына тікелей тәуелді болады.
Статистикалық зерттеулер алдын ала ұйымдастырылады. Оның ең алдымен арнайы бағдларламасы қабылданады. Бұл бағдарламада зерттеудің мақсаты мен міндеті, зерттеуге қажет обьектілер нақты мәселе нетіндеқойылады. Осы бағдарламаға негізделіп арнайы сауалнамалар, анкеталар, карточкалар жасалды. Зерттеу жұмысына қатысатын топтың құрамы анықталып, схета бойынша олардың жалақылары бекітіледі. Осы жұмыстардан кейін арнайы топ статистикалық мәліметтерді жинақтап, өңдеп, жариялап, қажетінше пайдалаып отырады. Міне, осы статистикалық зерттеулердің негізінде статистикалық деректер пайда болады. Әрине, бұл деректердің мазмұны, белгілерген мақсат-мүддесі, міндеті де әртүрлі болатыны хақ.
Ресей империясының статистикалық негізі ХVIII-ХIХ ғ. I-жартысында қаланды. Бірақ ол кездердегі статистиканың өрісі тар еді, өйткені, мемлекеттік басқармалар тек мемлекеттің мүддесіне қажетті дегн құбыластарды ғана зерттеу нысаны етіп алды. Тек 1860 жылдан бастап Орталық статистикалық комитеттің құрылуы, статистиканың жаңа сатыға көтерілуіне жағдай жасады. Осыдан кейін халық санағы, өнеркәсіп, ауылшаруашылық санақтар жүргізіліп, онда жинақталған ақпараттар баспадан жарық көріп отырды. Статистикамен тек қана мемлекеттік мекемелер мен земство ған емес, неді онымен акционерлық қоғамдар мен кәсіпорын ұйымдары айналысты.
Ресейдің мемлекеттік статистикасының құрылысы кең болды. Тиісті материалдарды жинақтап өңдейтін әр мекеменің статистикалық бюросы болды. Ішкі істер министрлігінде орталық комитет жұмыс істеді, провинциядағы ұйымдарға губерниялық, облыстық статистикалық комитеттер қызмет етті. Белгілі статистик маман А.А.Кауфман осы кезеңдегі статистиканы 3 түрге бөлді: мемлекеттік, жеке және земстоволық. Оның ішінде мемлекеттік статистика халық санағын жүргізді. Жеке статистика жеке бір адамның ұйымдастырған мтатистикалық зерттеуіән құрады. Мұндай статистиканың ерекшелігі терең зерттеу жұмыстарынжүргізе алғанымен, кең аумақты аудандарға немесе әлеуметтік көпшілікке өз қызметін көрсете алмайды. Алземстволық статистикада осы екеуінің зерттеу әдісін белгілерін өз бойында сақтап, мемлекеттік статистика сияқты нақты зерттеулер жүргізе алды.
Статистикалық ақпараттарды жинау ме өңдеу жұмыстарын ұйымдастыру тәсіліне қарай статистиканы 4 топқа бөлуге болады: бөлек ведомсвалармен жинақталатын статистика: Орталық статистикалық комиттетің статистикасы: земство статистикасы; ғылыми мекемелердің ғылыми мақсатта жинайтын статистикасы:
1864 жылы земство реформасы жүргізілді, осыдан бастап жергілікті өзін өзі басқару органдары – земстволар құрыла бастады. Олардың басты міндеті шаруалардың экономикалық жағдайын терең зерттеу болды. 1871 жылдан бастап земствода статистикалық мекемелер дерлік статистикалық органдар құрырды. Земстволық статистиканың ең маңызды міндеті – жылжымайтын мүлікті бағалау және ең алдымен жерді бағалау болды. Әрбір земстволық статистикалық мекеме кішігірім ауданды зерттреу нысаны ретінде алғанымен, ол бүкіл Ресей бойынша материалдар бере алды.
ХIХ ғ-дың 70-жылдарыда земстволық статистика 2-ге бөлінді: негізгі және ағымдағы. Негізгі статистикалық зерттеулер белгілі бір уақытта жүргізілді. Ал ағымдағы статистикалық зерттеу күнделікті жүргізілді. Неігзгі статистикалық зерттеулер экспедиция әдісімен жүзеге асырылды. Ал ағымдағы зерттеу анкеталар мен сауалнамаларды жан- жақа жітеру арқылы мәліметтер жинақтады. Әрине, бұл ретте мәліметтердің сапасы, шынайылығы жағынан негізгі статистикалық зерттеу жұмысының маңызы зор еді. Өйткені, олар арнайы экспедиция арқылы, сол зерттеленетін аймақта болып, жұмыстың бюасынан соңына дейін сонда мәлімет жинаумен айналысады. Және ол зерттеулерді арнайы топогарфтан, статистиктер, ауылшаруашылық жұмыстармен шұғылданатын адамдар. тілмаштар, тіркеушілер бірлесе отырып зерттеу жүргізеді.
Земстволық статистиканың материалдары - ХIХ ғ-дың II жартысы мен ХХ ғ-дың басында тарихтың көптеген мәселелері үшін құнды дерек көзі болып табылады. Оларға әлеуметтік-экономикалық және мәдени тарихқа байланысты құнды мәліметтер баршылық. Олардың құндылығы да сапасы да жоғары. Жарты ғасырдың ішінде земстволық статистикалық органдар 100-ден аса түрлі зерттеулер жүргізіп, 1000- нан аса зерттеу материалдарын жариялады. Бірақ бұл бай материалдар әлі күнге дейін мұрағат сөрелерінде, жарияланған кітаптарда шаң-тозаңда құрып жатыр. Әрине, бұл келеңсіздік осындай көпкөлемді мәліметтермен жұмыс істеудің қиындығынан туындап отырғандығы сөзсіз. Сондықтан да мұндай деректердің ерекшелігінен шыға отырып, арнайы зерттеу әдіс-тәсілі мен оларды тарихизерттрулерде пайдалау әдісін жасау қажет.
Статистиканың әдістері дегеніміз - әлеуметтік –қоғамдық құбылыстардың сандық жағы туралы қорытылған, қойылған мақсатқа сәйкес сандық көрсеткіштерді алу үшін, міндетті түрде жүргізілетін осы саладағы ерекше қызмет жүйесі. Ол 3 түрлі кезеңнен тұрады:
1. Жаппай бақылау;
2. Мәліметтерді жинақтау және тортастыру;
3. Топтастырылған немесе өңделген мәліметтердің көрсеткіштеріне талдау жасау;
ХIХ ғ. II жартысы мен ХХ ғ. басында патшалық Ресей империясының тарапынан көптеген санақтар мен стптистикалық зерттеулер жүргізілді. Бұл зерттнулердің нәтижесінде сол кезеңдегі қоғамдық өмірдің сан қырына байланысты көлемді статистикалық мәліметтер жинақталды. Олар арнайы өңделіп, біразы жинақ ретінде басылып шығарылды. Мәселен, Жер және мемлекеттік мүлік министрлігі тарапынан 1896-1903 ж. Қазақстанның Далалық 3 облысына Ф.А. Щербина бастаған. 1907-1909 ж. Ақмола облысына В. Кузнецов бастаған. 1906-1913 жж. Сыр-Дария болыстарына В. С. Скрыплев бастаған. 1904 жылы ТОрғай-Орал обдлыстарына П. Хворостанский бастаған зерттну экспедициялары ұйымдастырылды. Олардың ортақ мақсаты келімсектерді қазақ жерінен «артық» деп табылған жерлеріне қоныстандыру арқылы патша үкіметінің отарлау саясатын жүзеге асыру болатын. Бұл зерттеу жұмыстарының нәтижесінде қазақтардың жер пайдалануы, шаруашылығы, мал саны, адам саны, егіндік-шабындық жерлері туралы бай статистикалық материалдар жинақталып, олар кітап ретінде жарық көрді. Олардың мәліметтері әлі күнге дейін арнайы, ұлттық тұрғыда деректанулыфқ талдаудан өтпей, тарихи зерттеулерде де көп пайдаланып жүрген жоқ.
Осы тұста біз «Қырғыздардың (қазақтардың.) жер пайдалану материалдары...» (Бұдан былай «Қазақтардың жер пайдалану материалдары...» Т.Н.) атты статистикалық мәліметтерді құнды дерек көзі ретінде пайдалану үшін деректанулық талдаудан өткіземіз.
Кез келген тарихи жазба деректі пайдалану үшін оны сыни тұрғыда бағалау қажет, яғни, оның пайда болуын сынау (қашан, қайда, кім, қандай мақсатта және қандай деректердің негізінде жасалғандығын) анықтау; шынайылығын анықтау (дерек түпнұсқа ма, көшірме ме немесе жасанды бұрмалаған ба); мазмұнын талдау (деректе қандай мәселелер қарастырылған, қандай фактілер кездеседі, олардың шындыққа жақындығы мен интерпретациялау). Осындай деректанулық талдаудан кейін ғана деректің жарамдылығы мен тарихи зерттеулерге пайдалануға болатындығы анықталды. Осы процестердан кейін ғана зерттеуші деректердегі мәліметтерді талдауға, осы мәліметтерде көрініс тапқан фактілер мен құбылыстарды тнориялық жағынан меңгеруге бағыт алады. Енді осы зерттеу схемасын статистикалық деректерге пайдаланып көрейік.
Статистикалық деректерді пайдалануда зерттеуші ең алдымен жарияланған статистикалық жинақтарға көңіл аударады. Бұл ретте «Қазақтардың жер пайдалану материалдары...» дерегін аламыз. Мұндағы статистикалық мәліметтерді арнайы маман-статистиктер өзіндік әділ-тәсілдермен жинақтап, белгілі бір жүйеге келтіріп, өңдеуден өткізіп қойған. Алайда бұл мәліметтердің шынайылығын, ондағы басты концепцияны анықтау үшін – деректің пайда болуын анықтау қажет. Өйткені, деректің пайда болуын анықтау деректің ішкі мазмұына, мақсат-міндетіне әсер еткен факторларды айқындауға көмектеседі. Ал оны тек қана осы статистикалық зерттеуді ұйымдасртыру тарихынан және сол аймақтағы, сол кезеңдегі ғылымның жалпы жағдайын білгенде ғана іске асады.
Статистикалық деректерді зерттеу үшін, ең алдымен ол статистикалық мәліметтерді жинақтау үшін құрастырылған бағдарламамен танысу қажет. Зерттеу бағдарламасы деп бақылау жүргізу кезінде жиынтықтың әрбір бөліктерінен алынуға тиісті, ғылыми негізделген белгілердің тізімін айтамыз. Оның маңызы тіркеуге жататын құбылыстардың тек өзін ғана анықтамай, сонымен бірге тіркенген бірліктерден топтастьыруға қажетті белгілерді анықтауды білдіреді. Бағдарламада көрсетілетін сұрақтар зерттеу обьектісіің түріне және статистикалық мәліметтің қолденылу аясына қарай анықталады. Осы тұста бұл бағдарламаы кім және қандай мақсатта құрастырғанын анықтап алу маңызды. Ал бұл мәліметтер кез келген статистикалық деректердің алғысөзінде немесе бағдарламасында айтылады.
Мәселен, «Қазақтардың жер пайдалану материалдары...» дерегінің 1-томына осы зерттеу жұмысының мақсаты, бағдарламасы, әдіс-тәсілі, зерттеу жұмысы кезінде туындаған қиындықтары туралы мәліметтер сақталған.
4.Ф.А.Щербина, В.Скрыплев, В.Кузнецов, П. Хворостенский басшылығымен жүргізілген экспедициясының алғысөзінде олардың ортақ мақсаты переселендерге қазақ жерін бөліп беру екені айқын көрсетілген. Қазақтың кең байтақ жерін табиғи-географиялық, шаруашылық, ру-тайпалық құрылымын зерттеу арқылы қазақтардың дәстүрлі мал шаруашылығына, көшіп қонуына қажетті жер мөлшерін анықтап, қалған жерлерді қоныс аудару қолдарына аудару болды. Сондықтан бұл экспедициялардың мақсаттары ортақ болды, яғни, Патшалық Ресейдің қазақ жерін отарлау еді.
Экспедиция бағдарламасындағы сұрақтар статистикалық формуляр деп аталатын құжаттарға көшіріледі. Формулярлардың өзі карточка, анкета, есеп беру жіне т.б. әр түрлі болды. ОЛ бағдарламаның мазмұнын және бақылау нәтижесін білдіретін құжат болып табылады. ХIХ ғ-дың соңындағы қазақ жерлерін зерттеу экспедициясы өз бағдарламасын көптеген пікірталастар мен арнайы екі облысқа байқау (пробный) жұмыстарын жүргізгеннен кейін ғана нақтыланады.
Бұл экспедициялардың бағдарламаларына тоқталар болсақ, 1896-1903 ж. Ф. Щербина экспедициясының бағдарламасы жалпы 17 тараудан, 93 кішігірім қарастырылатын мәселелерден тұрады. Негізгі 17 тарауында: Рулық бастама; Шаруашылық ауылдардың тарихы; Жер пайдалану формасы; Мал шаруашылығы; Пішен шабу; Жер өңдеу; Бақшашылық және бау егіп өсіре; Орман және тоғайлы жерлер; Жерді малға беру (аренда); Өнеркәсіп және жалақы; Алым-салық және борышы; Қырғыз отбасының ерекшелігі; Ортақ шаруашылық істер; Сауда; Несие (кредит); Халықтың қажеттілігі; Табиғи-жаратылыс жағдайы қарастырылуы қажет еді. Мұнда экспедиция ең алдымен рулық бастамаға егжей-текжейлі тоқталған. Онда:
-Болыстар бойынша рулар кестесін жасау:
-Қыстаулырдың құрылуы мен оларды өзара бөліп алуға рулық бастаманың ықпалы және оған байланысты ауызша аңыз-әңгімелер сақталған ба соны анықтау;
-Рулық бастаманың бірнеше шаруашылық ауылдардың бір топқа бірігіп, бір жайылымды бір-біріне хабарлап пайдалану, басқа да көшпелілерден өз мүдделерін қорғауға ықпалы бар ма екендігін анықтау;
-Рулық бастаманың некелік қатынастар арқылы дербес шаруашылық құрып немесе дербес үйдің пайда болуына себепші болуына әсерін тигізуі;
-Билеуші болыстарды, билерді, ауылдық старшындарды және т.б. сайлауда рулық қатынастардың ықпалы болды ма? Ру аралық еке алу бар ма?(5), - деген мәселелер қарастырылды.
Бұл сұраулар арнайы карточкалар, сауалнамалар, формулярларға толтырылып, барлық бағдарламадағы мәселелердің сандық көрсеткіштері жинақталды. Жинақталған мәліметтер жүйеленіп, арнайы статист мамандар анқылы есепке алынды. Осыдан кейін ғана маңызды деген мағлұматтар жинақтылып, ықшамдалып «Қазақтардың жер пайдалану материалдарында...» бірінен соң бірі томдықтар болып, баспадан шығып отырды.
Көріп отырғанымыздай, бұл экспедиция қазақ қоғамының бүкіл қырынан құнды да бай мәліметтер береді. Осы дайын бағдарлама қазақ жерін зерттеу экспедицияларына негіз болды. Оның негізінде Ақмола, Семей, Орал-Торғай, Сырдария, Жетісу облыстары зерттелді.
Мәселен, қазақ шаруашылығына қажетті жер фомасын ең алғашқы зерттну экспедицияларының басшысы Ф. А. Щербина былайша есептеп шығарды. ОЛ қазақтардың орташа отбасына біріншіден, қажетті мал басын, екіншіден, әрбір мал басына қажетті әр түрлі жайылымдардағы десятина жердің көлемін анықтап алуда, содан кейін екеуін көбейту арқылы әрбір орташа қазақ отбасына қажетті жер мөлшерін шығаруды ұйғарды.
1 орташа отбасына қажетті жер мөлшері = х*у =z;
Мұндағы х – орташа отбасына қажетті мал саны =24; у=бір бас малға 12 айда қажетті жер көлемі (десятина); Осы шыққан сандарды көбйту анқылы қажетті жер «нормасы» шығарылды.
Бұл мәліметтерді пайдалануға математикалық әдістерді жүзеге асыру қажет. Сонд ағана жүйелі, әрі нақты деректерді алуға болады және де мәліметтердің шынайылық деңгейі анықталады. Қазіргі таңда математикалық әдісті С.А. Жакишева, Г.Ә.Ерменбетова сынды зерттеушілер өз еңбектерінде сәтті қолдануда.
Зерттеуші Т.П.Волкова осы «Қазақтардың жер пайдалану материалдарының...» ақпараттық мүмкіндіктерін қарастыра отырып, бұл дерек мәліметтерінің шынайылығы мен оларды пайдалаеу әдісін жасады. Ол өзінің «Материалы по киргизкому (казакскому) землепользованию, собранные и разработаные по исследованию степных областей» атты диссертациялық жұмысында деректегі статистикалық мәліметтерге корреляциялық талдау жүргізді. Онда екі деректегі коэффициенттерді корреляция арқылы салыстыру жүргізілді. Бұл әдісті ең алғаш рет Д.Н.Иванцов қолданып, деректену ғылымында жақсы жетістіктерге жетті.
Корреляциялық талдау корреляциялық коэффициенттердегі сандық көрсеткіштерді, олардың ішкі байланыстарын айқындауға мүмкіндік береді. Салаластырылып отынған екі деректегі корреляциялық коэффициенттердің көрсеткіштерінің шамасы бір біріне жақын болуы, бұл деректердің алған көрсеткіштерінің жақындығын көрсетеді. Осының негізінде зерттеліп отырған мәліметтердің шынайылық деңгейі анықталады.
Бұл статистикалық мәліметтрге корреляциялық талдау жасау үшін, ең алдымен мәлімет көрсеткіштерінің маңыздылығы айқындалуы қажет. Мәселен, Т.П. Волкова өз зерттнулерінде халықтың әлеуметтік-экономикалық өмірінде маңызды деген мынандай көрсеткіштерді таңдап алған: жер пайдалану және жалпы олардың саны), мал (жылқы, түйе, ірі қара, қой және ешкі саны), ауылдар саны, шаруашылықтар саны. Осы көрсеткіштерді «1893 жылдағы болыстар мен қоныстанған орындар» деп аталатын Ақмола, Семей, Тоағай облыстарына байланысты басылымдарды салыстыру үшін пайдаланған.
Осылайша есептеуіш машинаны пайдалана отырып, корреляцияның матрицасын жасады. Осы анализдің негізінде дерек мәтіметтерін екі топқа бөлуне болады: «толық шынайы емес, яғни күмән келтіретін» және «толық шынайы». Мұндағы күмән мәліметтерге жер пайдалану,әйел саны, жалпы тұрғындар саны, жылқы саны жатқызылады. Ал деректегі шынайы мәліметтерге ерлер саны, түйе саны, ірі қара саны, қой мен ешкі саны, ауыл саны, шаруашылық саны жатқызылады.
Осы тұста сандық жағынан шынайы мәліметтер күмән келтіретін мәліметтерден көп болып тұр. Бұл деректің жалпы тұтастай шынайылығы жоғары деп қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
ХIХ ғ. соңы ХХ ғ. басындағы қазақтың кең байтақ жерін зерттеу экспедицияларының нәтижесінде осындай көп көлемдегі статистикалық деректерді математикалық әдіс арқылы дұрыс есептеу, оның шынайылығын айқындау сол кезеңдегі қазақ қоғамының сан қырынан сапалы да құнды сандық мәліметтер беретіні хақ.
5. Мерзімді басылым және мерзімді басылымды зерттеудің ерекшеліктері
Мерзімді басылымдар – жазба дерек көздерінің маңызды түрі Қазақстан тарихының жазба деректерінің үлкен бір тобын мерзімді басылымдар құрайды. Патша жарлығы мен оның жергілікті әкімшілік органдарының шешімдерін халыққа жеткізіп отыру мақсатында 1870 жылдың 28 сәуірінен бастап, қазақ тілінде шыға бастаған алғашқы «Түркістан уәлаятының газетінен» (1870-1883) бастау алатын қазақ баспасөзі, ХХ ғасырда негізгі ақпарат құралына айналды. 5 жыл өткен соң 1888 жылдан 1 қаңтардан бастап жаңадан құрылған «Дала уәлаятының газеті» (1888-1902) жарыққа шықты.
Нақты мерзімді басылымның ерекшеліктерін жан-жақты көрсету арқылы деректанушы, нақты проблемаларды зерттеуші-тарихгыларға өз уақыттарын дұрыс пайдаланып, басылымынан қажетті мағлұмат ала білуге көмектеседі. Бұл жерде деректанушы тарихшы-зерттеушілерге жол көрсетугі міндетін атқарады, сол арқылы ғана баспасөзден объективті мағлұмат алуға болады.
Мерзімді басылымдарды – газет пен журналдар құрайды.
Газет – жиі шығып тұратын (әдетте күнделікті) мерзімді басылым түрі, оның басты міндеті – болып жатқан оқиғалар ағымы туралы мәліметтер жеткізу және түрлі ақпараттық мазмұнды материалдар жариялау.
Журнал – жиілігі аптасына бір реттен аспайтын (әдетте ай сайын шығатын) мерзімді басылым, ол кітап түрінде әр алуан саяси ғылыми, әдеби материалдармен жарық көрді. Тұңғыш журнал Францияда 1665 ж. шықты. Қазақтың тұңғыш қоғамдық-саяси және әдеби журналы «Айқап», шығарушысы – жазушы М.Сералин болды.
Газеттер мен журналдар әр түрлі белгілеріне қарай бірнеше ұсақ топтарға бөлінеді:
1) мерзіділігіне қарай (күнделікті және апталық газеттер; апталық, айлық немесе тоқсандық журналдар);
2) территориялық белгілеріне қарай (астаналық, орталық, жергілікті);
3) тіліне қарай (қазақ, орыс. Ағылшын т.б.);
4) баспасына қарай (ресми-үкіметтік, ведомстволық, жекеменшік, қоғамдық, ұйымдық т.б.)
5) цензураға қатысына қарай (жария, жасырын);
6) әлеуметтік бағытына қарай (жастар, әйелдер, балалар, студенттер т.б.);
7) мазмұнына қарай (әдеби, қоғамдық, ғылыми, стирадық т.б.).
Мерзімді басылымның ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы дамуы турады айтанда, ондағы жіктелудің жетекші екі тенденциясын байқауға болады:
а) саласына қарай: экономикалық, әкімшіл-саяси және заң, ағарту және мәдениет мәселелері бойынша, тарихи, әдеби-көркем және театралдық-музыкалық, әскери-патриоттық, сықақ және мысқыл, дәни-шіркеулік т.б. басылымдар.
б) топтық және қоғамдық-саяси позицияларына қарай: ұлттық газет және журналдар, продетариаттық-марксистік, әртектілік-демократиялық, либериалдық-буржуазиялық, консервативтік және реакциялық, бейсаясатты бульварлық-көшелік пресса т.б.
Қазан төңкерісіне дейін Ресейде көптеген партиялық, қоғамдық-саяси басылымдар шығып тұрды. Олар қоғамдағы әр түрлі топтардың, әлеуметтік таптардың, саяси ағымдардың ой-пікірлерін әртүрлі партиялардың: октябоистер, кадеттер, меньшевиктер, эсерлер және т.б. газет-журналдары шығып тұрады. 1905 жылдың өзінде большевиктердің жүзге жуық органдары жарық органдары жарық көрген. Қазақстанда ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында «Түркістан уалаятының газеті», «Дала уалаятының газеті» сияқты ресми газеттер, «Айқап» , «Қазақ», «Сарыарқа», «Алаш» саяси ұлттық бағыттағы бейресми басылымдар, «Тіршілік» сияқты топты-таптық позициядағы газет қазақ тілінде жарық көрген.
Сонымен, мерзімді басылымды әртүрлі белгілеріне қарай немесе қоғамдық-саяси бағыттарына қарай сыныптау, зерттеушіні өз жұмысында дұрыс бағдар алуына көмектеметін факторлардың бірі. Алғашқы орыс мерзімдік басылымдар: «Азия жарғысы», «Әскери саяси жинақ», «Орыс мүгедегі».
Мерзімдік баспасөз материалдарына деректанулық талдау жасау.
Деректанулық талдау жасаудың мынандай түрлері белгілі; 1) контекст-талдау; 2) газет немесе журналдың жалпы идеялық-саяси бағытын анықтау; 3) газетті қаржыландырушы көзді анықтау; 4) редакциялық коллегияның құрамын анықтау; 5) оқушының қандай бөлігіне арналған анықтау; 6) ақпарат көздерін анықтау; 7) жекелеген мақалалар мен материалдың авторын анықтау; 8) авторлардың редакция бағытына қатынасын анықтау; 11) газет материалдарының ішкі логикасын талдау.
Осындай талдаулар жасалғаннан кейін газет-журнал материалдарын басқа дерек көздерімен салыстыра талдау жасау қажет. Шынайы ақиқаттылығына көз жеткізілген материал ғана тарих ғылымының айналысына жіберілуі тиіс.
Жеке адамдық құжаттар тарихи дерек ретінде. Естеліктер, күнделіктер, хаттар Қазіргі деректану ғылымында жазба деректерді сыныптауда «жеке аламдық деректер» сияқты ерекше деректер түрін бөліп көрсету және зерттеу кеңінен қалыптасқан. Оған: күнделіктер, естеліктер, жеке жазбалар, өмірбаяндық жазбалар, хаттар, заманхаттар (мемуарлар) жатады. Бұларды қайталанбайтын немесе эпистолярлық (лат. Epistola-хат) ескерткіштер деп те атайды (сан алуан хат түрінде жазылған шығарма).
Өзінің шығу тегі бойынша бір-біне жақы. Еске алу, күнделіктер, хаттар жеке адамның жеректерін құрайды. Өз табиғаты бойынша, сенім сипатында болады. (Алилуева С.И. 20 писем к другу: О.И.В.Сталине и его семье. – М., 1990. – 174 с.; Дхержинский Ф.Э., Ворошилов К.Е. Рассказы о жизни (Воспоминания). – М., 1971; Горбачев М.С. Избранные речи и статьи. Таңдамалы сөздер мен мақалалр). Мемуардың маңыздылығын және ғажайыптылығын алғашқы рет айтып Чечулин И.Д. өткен ғасырда айтып кеткен: «Мемуары, их значение и место в ряду исторических источников. – С. – Петербург, 1891; Ключевский В.О. Характеристики и воспоминания. – М., 1912; Черноморский М.Н.Мемуары как исторический источник. – М., 1959.
Күделіктер – оқиға барысына орай автордың байқағына мен ойы. Ол тек көргені мен ғана шектеледі келешек ұрпаққа автордың өзі туралы мәлімет жеткізу мақсатында жазылады. (Ғ.Мүсрепов күнделігі; Қасымбаев Ж. 1916 жылғы көтеріліс – А.Н. Куропаткиннің күнделіктерінде // Ақиқат. – 1993. - №2.
Естеліктер (еске түсіру) – ол оқиға сол қатысушының қалай есінде қалғанына байланысты. Ол белгілі мерзім өткен соң жазылады.
Еске түсіру – тарихи шығарма, бірақ деректануға ол тарихи дерек бола алмайды (Дзержинский Ф.Э., Ворошилов К.Е. Өмір туралы әңгімелер: Естеліктер. – М., 1971).
Хаттар (хат-хабар) – адамдардың араласу құралы, ол жеке адамға немесе көпшілікке арналуы мүмкін. Хат-хабар өз жанры түрі бойынша күнделікке қарағанда күрделі және әртүрлі (Ә.Әділбаевтың И.Сталинге хаты/ Дайындаған Такенов А.С. // Ақиқат. – 1994. - №4; Тынышпаев М. Министрлер Кабинетінің төрағасы жоғары мәртебелі мырзаға хат// Қазақ тарихы. – 1994. - №3.
3.Заманхаттар (мемуарлар) тарихи дерек көзі ретінде «Мемуар» сөзі французга – «memoires», латыншада - «memoria» - ес деген мағына береді. Мемуар – өмірде болған тарихи оқиғалар, яғни жеке адамдар жайында өзі көрген, не сол кезде өмір сүрген адамның естелігі түрінде жазылған әдеби шығарма. Күнделіктер мен естеліктер, өмірбаяндық жазбалар да мемуарға жатады. Мемуар жазуға автордың өзі көрген білгендері мен тарихи құжаттар, хат, баспасөзде жарияланған материалдар т.б. нақты мағлұмат пайдаланады.
Мемуар тәріздес шығармалар көне дәуірде-ақ мәлім болған. Ксенофонттың «Анабассис» мемуарлық жазбасы жатады немесе Рим императорының Гай Юлий Цезарь (б.д.д. 100-44 жж.) шығармаларында субъективті еңбектері бар («Ғали соғысы туралы жазбалар»).
Мемуар Ресейде алғаш рет ХҮІІ ғасырда туып («Протопоп Аввакумның өмір тіршілігі» т.б.), ХҮІІІ ғасырда әдеби жанр ретінде дамыды.
Қазақ әдебиетінде С,Мұқановтың «Өмір мектебі», Б.Момышұлының «Біздің семьямыз», Ғ.Мустафиннің «Көз көрген», С.Бегалиннің «Замана белестері» т.б. мемуарлық шығармаға жатады.
Мемуардың (заманхаттардың) түрлік ерекшеліктері:
1. Мемуарды (заманхаттың) ұйымдастырушы-құрылымдық принципі ретінде жеке-субъективтілік бастамасы (аса субъективтілігі) – автордың индивидуалдық қабылдау қабілетіне негізделген, өткенді суреттеу шеңбері автордың дүниеге жеке көзқарасымен шектеледі.
2. Ретроспективтілі заманзаттар барлық уақытта онда айтылған уақиғадан кейін пайда болады. Уақыт айырмашылығы, яғни ретроспективтілі көлемі бірнеше аптадан ондаған жылдарға дейін созылуы мүмкін.
3. Жад – заманхаттарда болған уақиғаларды қалпына келтірудің ерекше құралы.
Заманхаттардың тарихи дерек көздері ретіндегі құндылығы:
1. Олардың едәуір фактілік деректер және атор өмірбаянынан кейбір мәліметтер беретіндігінде.
2. Автор куә болған дәуірінің әдет-ғұрып, тұрмыс-салт дәстүрінің психологиясының бейнеленуі.
3. Заманхаттарды, оларды жеке адамдың сипатына қарамастан, объективті әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-саяси қатынастардың тұтас бір қоғамдық топтардың, жіктердің, таптардың мақсат-мүддесу, ой-санасы және іс-әрекеттерінің көрініс табындығында.
Мемуарға деректанулық талдау жасаудың маңызды бөлігі, оның жасалған мерзімді мен жағдайын анықтау. Мемуаршылар өткен уақыттағы өздерін және өзінің көзқарастарын қазіргі кездегі деңгейіндей етіп суреттеуі мүмкін. Оқиған болған мерзімі мен оны автордың жазған мерзімі арасындағы алшақтық мемуарының өткеннің, фактысына баға беруіне өзгерістер енгізуі мүмкін себебі уақыт өтекеле автордың көзқарасы эволюциялық өзгерістерге ұшырауы, немесе түбірлі мен басқа болуы мүмкін. Бұл жағдайда оның куәлігінің құны төмендейді, алайда автордың өзінің деңгейінің қалай өскендігін бағалай үшін қызықты.
Содай-ақ, мемуарының қолында белгілі бір құжаттардың болған-болмағандығын, құжат болса онда қалай пайдаланғаны, яғни құжаттағы материалдарды дұрыс цитаталап отырма, дұрыс түсіндіріп отыр ма. Осыларды анықтау керек. Егер мемуарға келтіріп отырған құжат зерттеушісі – тарихының қолына түссе, өзара салыстыру міндетті түрде жүзеге асырылуы тиіс.
6. Кеңестік кезендегі Қазақстан тарихының дерек көздері
Кеңес Орталық Коммунистік парияның құжаттары (КОКП). ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан тарихы деректері кешеніндегі (комплекс) типологиялық өзгерістер пайда болды, олар: 1) Кеңес Одағы Коммунистік партиясының құжаттар; 2) Кеңес мемлекеті заңды және атқару органдарының актілері; 3) мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар және қоғамдық ұйымдардың іс жүргізу құжаттар (мәдени-ағарту, баспасөз ғылым және ғылыми мекемелер, зауыт, фабрика, одақтар – Қазақстан Лениншіл Коммунистік жастар одағы, түрлі творчестволық одақтар); 5) халық шаруашылығының жоспарлау материалдары; 5) саяси құғын-сүргін құжаттары; 6) кеңестік статистика; 7) кеңестік мерзімді баспасөз (публицистика, листовкалар, үндеулер (обращения)); 8) жеке адамдық құжаттар; 9) халықаралық келісімдер, дипломатиялық хат-хабар. Бұрын тәжірбиеде кездеспеген деректер пайда болды: декрет, конституция, социалистік жарыс туралы келісім, социалистік міндеттеме , коммунистік еңбек бригадасының күнделіктері т.б.
Кеңес кезеңінде Коммунистік партия басқарушы партия болды. Оның жоғарғы органдары – съезд, конференция, пленум шешімдері директивті сипатта болып, кеңес үкіметінің заңдылық негізінде орын алды.
Съезд, Пленум – партияның қоғамдық ұйымның сайданып қойылған басшы органы мүшелерінің толық құрамдағы жиналысы.
Қазақстан Компартиясы съездерінің өткен уақыты: 1 съезд – 1937, маусым; 2 съезд – 1938, шілде; 3 съезд – 1940, наурыз; 4 съезд – 1949, ақпан-наурыз; 5 съезд – 1951, желтоқсан; 6 съезд – 1952 қыркүйек; 7 съезд – 1954ғ ақпан; 8 съезд – 1856; 9 съезд – 1959; 10 съезд – 1960; 11 съезд – 1961; 12 съезд – 1966; 13 съезд – 1971; 14 съезд – 1971; 14 съезд – 1976; 15 съезд – 1981; 16 съезд – 1986.
Партия құжаттары өздерінің шығуы, арнаулы, мазмұны, маңызы түрлері жағынан әр қилы. Партия құжаттарының жіктелуі жағынан:
1. Коммунистік партияның Уставы мен бағдарламасы (негізгі ереже, мақсат мазмұндамасы – жұмыс желісі). Партия Уставы партия ұйымдарының ішкі өмірін реттейтін құжат.
2. Партия съезі мен конференциясының материалдары (конференция – белгілі бір мемлекеттердің, ұйымдық өкілдерінің мәжілісі).
3. Орталық партия органдарының құжаттары.
4. Жергілікті партия ұйымдарының құжаттары.
5. Партиядан тыс мекемелер мен ұйымдардың партия топтарының құжаттары.
6. Орталық партия комитетінің Пленумының стенографиялық есептері (стенография – ерекше шартты белгілермен ауызекі стенография тәсілімен жазып алушы маман).
7. Кеңес Орталық Коммунистік партияның кесемдерінің еңбектері: Ленин шығармалары. 55 томдық (1957 ж. 5 басылым).
2.Заңдар көпқоры мемлекет қызметін зерттейтін басты деректерге жатады.
Заңдылық актілер мемлекет пен кеңес қоғамының құқықтық негізін құрайды.
Заңдар ереже (мөлшерлер) орнатып мемлекеттің мекемелері мен ұжымдары, қоғамдық ұйымдар мен жекелеген адамдардың соңы орындауын талап етеді.
Кеңестік заң актілер. РСФСР, КСРО және Қазақстан конституциялары. Заңдылық актілердің негізгі түрлері – 1) Декрет; 2) Қаулы; 3) резолюция (қарар); 4) Заңдар, Кодекстер; 4) Конституция, 6) Декларация – бұлардың бәрі Кеңес қоғамның әр өркендеу кезеңіне тән. Олардың арнауы мен түрлері бұрынғысынша қалып, ал мазмұнында аздаған өзгеріс болады. Заңдылық актілер 1930 жылдың ортасын шейін әр түрлі болып аталып келді.
1. Декрет (лат.-постановление, қаулы, шешім) – Кеңес үкіметінің алғашқы заңдылық актілері болды. Мысалы: «Қызыл Армияны ұйымдастыру туралы декрет» (15.01.1918), «Қырғыз (Қазақ) Кеңестік Социалистік Авторномиялық Республикасының ұйымдастыру туралы Декрет» (20.08.1920), «Көп әйел алу және қалың малды тоқтату туралы декрет» (1920 ж.).
2. Қаулы – мемлекеттің, өкіметтің жоғары органдарының (елдің парламентінің) актілері.
3. Кодекс (лат.кітап) – адамдардың мінез-құлық ережелері мен қағидаларының жиынтығы. Бірінші кеңес Кодекстері 1918 жылы күзде жасалды: РСФСР ВЦИК заңдар заңдар туралы кодекстер қабылдады, азаматтық ахуалдар жөнінде, неке туралы, семьялық, еңбек туралы заңдар Кодексі (КЗОТ) «Қазақстанда қылмыстық кодексі» (1959), «Жер кодексі» (1969) т.б.
Кеңестік Қазақстан тарихында заңдылық қызметті іске асыратын органдар:
1. Халық комиссариатының Кеңесі (СНК).
2. КСРО Орталық атқару комитеті (ЦИК СССР).
3. Бүкілодақтық атқару комитеттінің президиумы (президиум ВЦИК).
4. Кеңестер съезі.
Конституция латын. – устройство, құрылым) – «мемлекеттік өкімет органдарының, әкімшілік пен соттың ұйымдастыру принциптерін және әрекетін, азаматтардың негізгі құқығын, еркіндігін және міндеттерін белгілейтін, ең жоғары заң күші бар елдің негізгі заңды». «Адам құқығы туралы алғашқы заң» (1776 ж.). Америка штаты Вирджиния Конституциясында кейін 1791 ж. Адам құқығы туралы Билледе қабылданда. Кейінгісі 1781 жылғы Америка Конституциясына он қосымша болып табылады.
1. Кеңес Конституция – РСФСР Конституциясы. Қабылданған Кеңестердің Ү Бүкілресейлік съезінде 1918 жылы 10 шілде.
2 Конституция – 1936 жыл 5 желтоқсанда Кеңестердің ҮІІІ Бүкілодақтық съезі КСРО Жаңа Конституцияны бекітті. Ол 146 баптан, 13 тараудан тұрды. Бұл Конституция КСРО-да социализм негізін біржолата бекітті(окончательно). 1937 ж. Қазақстан КСР Конституциясының қабылдануы.
3 Конституция – 1977 жылы 7 қазанда КСРО жоғары Кеңесінің кезектен тыс шақырылған 7 сессия, тоғызыншы шақырылуы Жаңа Конституцияны бекітті, ол 9 бөлім, 21 тарау, 174 баптан тұрды. Жалпы Кеңестік заңдылық материалдарымен Кеңестік Қазақстанның заңдылық актілері де болды.
Қазақ Советтік Социалисттік Республикасының Конституциясы: Негізгі Заңы 1978 жылғы 20 сәуірде қабылданған.
Республика егемендігін бекіту кезеңі – 1989-1993 жж. 1990 жылы 25 қазанында Қаз. ССР Жоғары кеңесі қабылданған «Қазақ ССР-нің мемлекеттік егендігі туралы Декларация» Декларация – заңды шаралардың түрде мәлімдеу, жариялау, Декларативный – ресми түрде айтылған салтанатты түрде жарияланған.
«ҚР мемлекеттік тәуелсіздегі туралы» Коституциялық заң (16.12.1991 ж. – біртұтас Қазақстан азаматтығы алғаш рет бекітілді.
Ең бірінші егеменді Қазақстанда «Қазақстан Республикасының Конституциясы» 12 сайланған ҚР Жоғарғы Кеңесінің 9 сессиясында 1993 жылғы 28 қаңтарда қабылданды.
1995 ж. 30 тамыз – ҚР Конституциясы. І бөлім. Жалпы Ережелер 9 бабы бар. 2 бөлім Адам және азамат. 29 бабы бар. 3 бөлім. Президент – 8 бап. 4 бөлім – Парламент – 14 бап. Ү бөлім – 6 бап. ҮІ бөлім-Конститциялық Кеңес – 3 бап. ҮІІ бап. Сот – 8 бап. ҮІІІ бөлім. Местное гос. Управление и самоуправление – 4 бап. ІХ бөлім – заключительные и переходный положения – 8 бап. Барлығы – 9 бөілім 98 бап.
Кеңес мемлекетінің заңдары – адамдардың мінез-әрекет, мемлекет органдарының қызметі, лауазымды кісілер, кәсіпорын, мекеме, қоғамдық ұйымдар туралы құқықтық негіз.
Қазақ Советтік Социалистік Республикасы Заң жүйесі: әкімшілік, финанс, бюджет, азаматтық, еңбек туралы, еке және семья туралы заңдар.
Қазақстан Коммунистік партиясының құжаттары осы тарихи кезеңінің Кеңес қоғамының әдістемелік негізінің қажетті дерегі ретінде болады. Бұл құжаттар партия құжаттарының әр түрлі екендігін көруге мүмкіндік береді. Бұл деректер негізінен партияның әлеуметтік-экономикалық саясаты, Кеңес үкіметі және орган жүйелері өзгеру заңдылық қызметті іске асыруды өскенін байқауға болады.
Жалпы Кеңестік заңдылық материалдарымен қатар, Кеңестік Қазақстанның заңдылық актілері де болды.
Заң актілеріне деректанулық талдау жасаудың өте маңызды ерекшелігі – олардың ресми жасалған және ресми жұмысқа арналған дерек екендігінде. Сондықтан, оның басылымының сипатын айқындап, басылымның өзі ресми ме, жоқ па соны анықтап алу керек. Өйткені, ресми құжаттармен ресми басылымы арқылы танысқан дұрыс. Бұл құжаттық шынайылығын, оның мәтінінің сәйкестігін дәлелдейді, зерттеу жұмысы барысында зерттеушіні осы екі күмәнді жағдайды қайта-қайта тексеруден бастады. Заң актісінің мазмұны дұрыс бағалау үшін сол заңның қаншалықта жүзеге асырылғанын білу де маңызды.
Кеңестік мекемелердің іс қағаздары. Мемлекеттік мекмелер мен ұйымдарын іс жүргізу құжаттары (зауыт, фабрика, колхоз, совхоз, комбинат, институт, ауырханалар, министліктер, аудан іске істер бөлімі, баспасөз, радиохабары, ғылыми-зерттеу институттар, жобалау институттар, жоғары оқу орындар т.б.). Проблемалық жағдаят: осы атап өткен типологиясын және жікемесін игеру.
Іс қағаздарының түрлері:
1. Ұйымдастырушылық құжаттар (ереже, жарғы, кесте, мөлшерлер, міндеттеме, келісімдер, шарттар т.б.).
2. Жарлық құжаттар (шешім-резолюция, бұйрықтар, нұсқаулар, циркулярлар, міндеттемелер (предписания), хаттамалар мен стенограммалар, ағымдағы хат-хабарлар (переписка предприятий, учреждений), стенограммалар.
3. Еңбекшілер хаттары, депутаттық сұрау салу.
Жоспарлау құжаттары – бұл көлемді тарихи деректеме. Жоспарлы құжатар әлеуметтік-экномикалық процестерді басқару әдістемесін елдің белгілі өркендеуінің мәліметтері болады. Олар бірнеше түрлерге бөлінеді:
1) Жоспарлаудың директивті құжаттары.
2) Өтпелі.
3) Болашақ жоспарлау материалдары.
4) ТОқсан, жыл т.б. жоспар орындалуының нәтиже құжаттары.
5) Есептеу құжаттары: анкеталар, есеп кітабы мен журналдар, реестрлер, тізбелер, тариф, баланстар, ревизия материалдары, тексеру, қорытынды, қызмет турады анықтама, тіркеу.
Статистикалық жұмыс түрлері: сынақ, зерттеу, өтпелі есептеу мен есеп беру және жекелеген кезеңдері бойынша бағдарлама құрастыру, бланкаларды толтыру, мәліметтерді өңдеу.
6) Статистикалық құжаттары: Жалпы демографиялық статистика 1920, 1923 (қалалық), 1926, 1936, 1959, 1970, 1979 – кеңес үкіметі жылдарында халық санақтары. Ресей халқының жалпы жазу 1897 ж. өткізілді. 2 санақ – 1905 ж. өтті.
Деректану сыны процесі кезінде деректердің 1) нақтылығы; 2) толықтылығы; 3) келбеттілігі (представительность) салыстырылып анықталады. Мұнда бастапқы статистикалық материалдар талданады (анкета, карточка, ведомстволар, сұрақ беру қағаздары) және өңдеу негізіндегі мақалалар.
Санақ (перепись) – статистикалық бақылаудың кең нақтысы ақпарат алудың жетілген түрі.
Кеңестік мерзімді баспасөзі: «Ақ жол», Еңбекші қазақ!, «Социалды Қазақстан», «Социалистік Қазақстан» (1920 ж., 55 мын дана), газеттері, «Қызыл Қазақстан», «Қазақстан большевигі», «Қазақстан коммунисі»
Қазақстан тарихы және кеңестік деректер Кеңес өкіметінің ең саясаттанған сала тарих ғылымы болды. Бұл туралы Л.Троцкий «Сталинская школа фальсификаций» деген кітабында былай деген болатын: «В результате официальная история партии и революции представляет собою сейчас свиток, исписанный во всех направлениях разными писцами, мало заботившимися друг о друге, отчасти - одним и тем же писцом, мало заботившимся о том, что им написано вчера».
Кеңес дәуірінде ұлттық республикалардағы халықтардың тарихы екінші орынға ысырылған болатын. Ұзақ уақыт бойы ХХ ғасырдағы Отан тарихының мәселелері жалпыресейлік революциялық қозғалыстармен , большевизм тарихымен бірігіп қарастырылды, сонымен бірге өлкенің әлеуметтік-экономикалық жағдайы, оның халқының революцияшылдығы идеалдандырылды, метрополия деңгейіне жеткізілді.
Қазақ тарихын жазуға үлес қосқан ағаларымыз 1937-нің ойранында опат болғаннан соң, бұл дербес ғылыми пән ретінде өмір сүруден қалды, оқу орындарында, ол Орта Азиямен араласып КСРО тарихының бір тарауынан аспады. КСРО көлемінде бір-ақ тарих – Ресей мемлекетінің тарихы төңкерісіне дейінгі және төңкерістен кейінгі кезең болып зерттеледі. Оқу орындарында тарих пәні КСРО халықтарының тарихы деп аталса да, кейін КСРО тарихы деп түзілді. Іс жүзінде орыс халқының тарихы зерттелді. Бір тұтас елдің бір тұтас тарихы ғана болу керек деген империялық ұғым орнады. 1920-30 жылдардағы репрессия салдарынан С.Асфендияров,М.Тынышпаев, Т.Шонанов, Қ.Кемеңгеров, кітаптары ғылыми айналымнан шығарылды. Тек ленинградтық ғалым М.П.Вяткиннің «Очерктері» ғана Қазақстанның ХVIII ғасырға дейінгі тарихын қамтитын еңбек болатын. Сол кездегі көзқарастардан тұңғыш тарих ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесін алған Халел Әділгереевті атауға болады. Сөйтіп, кітапханалардың катологтарында «Қазақстан тарихы» деген жәшік тек революцияға дейінгі орыс тарихшыларының шығармаларымен толықтырылатын. Ал, 1943 жыоы шыққан «Қазақстан тарихы» осы тұста кеңес тарихнамасының үлкен жетістігі болғаны анық. Мұнда ерте заманнан Кеңес-Герман соғысына дейінгі аралықтағы біртұтас ел тарихы қамтылды. Осы кітап авторларының арасынан тек Е.Бекмахановты ғана қудалау жергілікті ұлт өкілдеріне қойылған шектеуді білдіру еді.
Бұл туралы белгілі тарихшы М.Қозыбаев былай деді: «Речь идет о научном наследии Бекмаханова, его концепции характера национальных движений в ХХI веке – проблеме, не замыкающейся в узкокраеведческих рамках нашей республики, а имеет, без сомнения, общесоюзное значение, позволяет по-новому взглянуть на ряд проблем истории дореврлюционной России, где пока возвышаются искусственно возведенные утесы догматизма на месте былой россыпи оригинальных идей и суждений, неординараных оценок и научных гипотез. Следовательно, речь пойдет не просто о восстановлении исторической науке, но и повод для размышлений обсуждений актуальных проблем истории народов СССР».
Тарихшы-ғалымдар зерттеу барасында марксистік-лениндік теориялық қағидалар мен методологиялық бұғау бәрінің де басын тұқырып, еркін ой-пікр айтуына бой бермеді. Дегенмен, алдыңғы қатарлы тарихшылар, әсіресе, кеңес дәуіріне дейінгі кезде ғалым болып қалыптасқан мамандар тарихи оқиғаларды, өмір шындығын нақтылы деректерге сүйініп, дәлелді түрде көрсетуге күш салды.
Идеологиялық қудалау кейінгі кездегі қазақ ғалымдарының іс-әрекеттеріне зардабын тигізді. Қазақ интеллегенциясын коньюнктурашылдық, жасқаншақтық, науқаншылдық іспетті нашар әдеттерге үйір қылып, ұлттық санасын төмендетті. Осыған байланысты тарих ғылымы қасақ длгмадан, партияны жөнсіз марапаттаудан аса алмады, көз көріп тұрса да, ұлттық мәселелерден айналып өтуге дағдыландырды.
Жан-жақты зерттелу тұрғысынан кеңес тарихнамасы өте ауқымды болып келеді. Көптеген кәсіби тарихшылардың іргелі еңбектері осы уақытта жарыққа шықты, олар өз маңыздылығын, бірегейлігін жоймақ емес. Осы жерде атап етуіміз керек, қазақ тарихы жаңа көзқараспен қарала бастаған тұста алғаш үн қатқандар алдымен кеңес тарихшылары еді. Туған халқы алдында тарих шындығы айтыпатын сәт туғанын түсініп. олар жаңа көзқараста еңбектер жаза бастады. көптеген деректік материалдар да жариялады.
Тарихшылардың екінші бір легі партия тарихынан, марксизмленинизм теориясынан диссертациялар қорғады, том-том кітаптар жазды, олар алдынғы топпен салыстырғанда. тәуелсіздік алғаннан кейін. тарихшынама ретінде әлсіреп қалды. Жасаған еңбектері жазылған күйінде кітапхана бұрыштарында қалды. Бұл да кеңестік үлгіде саясаттанған тарих ғылымының бір көрінісі болатын.
Деректер қай заманда да өзгермек емес тек қана субъектінің. яғни адамның ойында әр түрлі айтылады, жазылады. Мәселен, бір дерек кеңес идеологиясы бойынша бұрмалануы ықтимал. тіптен, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін де екі тарихшы ой туралы өз еңбектерінде әртүрлі пікірлер айтуы мүмкін Бұған. әрине, уақыт төреші. Бұл жерде Мұстафа Шоқайдың тұжырымдарын тілге тиек етуге болады: Қазақ, орыс, өзбек тілдеріндегі түркістандық газеттер мен журналдардан, кеңестік сипаттағы, деректерді пайдаланатын боламын. Кеңес Мемлекеттік Баспасының басылымдары және партияның конгрестердің хаттамаларынан цигаталар беремін. Мен кеңес баспасөзінде көрінген, ешкім теріске шығара алмайтын мәліметгер туралы айтатын боламын. Оны тек қана қабылдау немесе мойьндау керек.
Автордың сөзінен көріп тұрғандай, дерек сол күйінде қала бермек Кеңес деректеріне Мұстафа Шоқай мен сол кезең тарихшылары екі түрлі қарады. Сондықтан да, тарихшының өзіндік ойы сараптау негізінде анықталады. Осындай жағдайда деректану ғылымы керек. Себебі құжаттарға білікті түрде баға беру-деректану ғылымының үлесінде, Деректанулық әдістер құжаттардан шынайы мәліметтер алып бере алады. Дерек тарихшыға болған оқиға туралы мағлұмат береді, ал алынатын жауап тарихшының шешетін мәселесіне жатады. Сондықтан. артық айтқандық болмас. Кеңес өкіметінің Қазақстандағы сойқан саясатын ұлтымыздан шыққан, ұлтжанды азамат тарихшылар жандүниесімен түсіне алады деп ойлауымыз.
Халық тарихының қасіретті тұсын түсіну, оны шынайы қабылдау үшін, ұлтының психологиясын түсіне алатын ғалым керек. Ал қазақ тарихын жазғандардың көпшілігі отаршылардың көзқарасын білдіретін, олардың кеңінен шығатын адамдар болғаны ақиқат. Соның әсерінен халқымыздың ұзақта көне тарихы жан-жақты зерттелмей, еуроцентристік бағыттағы ғалымдар қазақтың өткені жоқ болса, шолақ деген жалған пікірлерді күштеп танумен болды .
Бір өкініштісі ұлттық тарих ғылымының теориялық-методопогиялық негізін қалайтын деректану ғылымы Қазақстанда дамымай жатыр. Бұл да отарлаудың бір түрі. "Артта қалған" халықтардың тарихи деректері де екінші орынға қойылды.
Кеңес кезінде деректерді өңдеу жұмыстары да жүргізілді. Мәселен, Сәкен Сейфулиннің "Тар жол, тайғақ кешу" кітабын алайық. Оның 1927 жылғы. 1936 жылғы. 1960 жылғы басылымдарында өзгерістер бар Сонымен қатар, Алаш зиялылары мәселесін көтерген барлық кітаптар мұрағат қойнауларына кетті. Шындыққа келсек, алаштықтар туралы нақты деректер Голощекин кітаптарында берілді. Ол қазақ зиялыларын сынай отырып, олар туралы деректерді жариялады. Қазіргі тарихшылар ол деректерді жаңа көзқараспен тарихты жеткізуде кеңінен пайдалануда. Мысалы 1922 жылы С.Сәдуақасовтың Ә.Байділдинге Москвадан жазған хатына былай дейді. " Менің пікірімше, біздің болашақтағы міндетіміз мынадай бопуға тиіс, біз үкіметті қолымызға алу үшін күреспейміз, бұны бірінші орынға қоймаймыз, қойғанның өзінде қазір бұны істетпейді.
Сондықтан, бар күшті қастар тәрбиесіне бағыттау керек". Сондай-ақ, бұл "пікірді Әлихан Бөкейханов та қолдап. Әділовке мына дай директива береді. Жастарды тәрбиелеу қазан баспасөзінде қызмет істеу және өз және өз кітаптарыншығарудан басқа. Алғашқы қызмет ету жолы - біз үшін жабылды. Бұл деректің өзінен қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметі көрініп тұр.
Ресей тарихшысы В, Кабановтың пікірінше, кеңесі дәуір деректеріне сын көзбен, қарау керек. Ол меселені былай түсіндіреді, әртүрлі жылдарда қеңестік тарихшылар кеңес кезеңі құжаттары толы тай шынтуайтты болды деген пікірде болды, бұған көп жағдайда қордаланғам мұрағат құжаттарына рұқсаттың болмауы әсер етті. Әрине. бұл пікірмен келісуге болады, себебі ұзақ жылдар бойы көптеген ұлы зиялыларының халқы үшін қызмет еткен тустары мұрағат қойнауларында қалып келді Дегенмен. кеңес тарихи мектебінің көрнекті өкілдерінің көптеген іргелі еңбектерінде аса құнды деректердің көрініс тәпқанын жоққа шығара алмаймыз.
Ғылыми айналымға жаңа деректерді енгізу мақсатында бұл әдістерді енгізу - біздің тарих ғылымын дамытудағы парызымыз болып табылады. Деректану ғылымы дамып отыруы тиіс. Оған қазақстандық ғалымдар тұгелдей атсалысуы керек. Ресей ғалымдарының кеңестігінің құжаттарына жасап отырған әдіс-тәсілдерін бізге де игеру қажет. Сонда ғана деректерге шынайы көзбен қарауға мүмкіндік ала аламыз.
Бұл мәселеде ресейлік ғалымдардың талпыныстары назар аударуға тұрарлық деп ойлаймыз. Олардың кейбір тарихшылары жаңа жағдайда. тарихи деректерді жіктеудің негізінде. деректің жасалу қағидасы ретінде "адам - қоғам - мемлекет" үштігін ұсынуда. Мұндайда тарихымыздың кеңестік кезеңінің барлық құжаттары төмендегідей үш топқа бөлініп жіктеледі: жеке адамдар жасаған құжаттары; саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар құжаттары; мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар құжаттары.
Енді Қазақстанның XX ғасырдағы тарихына көшелік. Бұл жүзжылдықта Қазақстан екі түркі атпен белгілі болған (Ресей , КСРО) империяның құрамында еді. Сондықтан, Ресей халқының басынан кешкен тарихи оқиғалары бізге де тікелей қатысты болды. Үш революция, екі дүниежүзілік соғыс, азамат соғысы, шетел интервенциясы Қазақстанға да әсер етті. Қазақтар амалсыз Ресейде болып жатқан оқиғаларға араласуға мәжбүр болды. Ал әлеуметтік-экономикалық өзгерістер: Столыпинның аграрлық саясаты, қоныс аударушылар (переселендер), "әскери коммунизм". 1921- 22 жж. жер - су реформасы, жаңа экономикалық саясат, ірі байларды тәркілеу, ұжымдастыру. отырықшыландыру, ет дайындау науқаны. 1921 және 1932 жж. аштық, индустрияландыру (1928-30 жж, 1940-50 жж.). тың және тыңайған жерлерді игеру, жүгері дайындау, "кемелденген социализм" кезеңі, қайта құру кезеңі. КСРО-ның құлауы. т.с.с. Бір ғасырдың ішінде осылайша қазақ халқы ұлы өзгерістердің кезімде өмір сүрді Әрине, осыдан келіп Отан тарихында ең көлемдеп құжаттар жинақталды. Міне. сондықтан да кеңес кезеңі Қазақстан тарихында қызығушылықтар туғызуда.
Деректерге әлемде болып жатқан техникалық прогрестер әсер етпей қоймады. Жаңа технологиялық жетістіктер кино, фото, фоно құжаттарын телефон, радис "электроника комльютерлік мәтіндерді әкелді. Әрине бұл үрдіс дамытуға үлкен әсер етті-ғылыми зерттеу мүмкіндіктерінің көкжиегін кеңейтті Шоно құжаттар деректің ерекше түріне айналды, тас баспаларға жазылып, мұрағаттарда сақталды. Арнайы кинофотофоно мұрағаты құрылып, жұмыс жасай бастады. Бұл құжаттар түрінің отандық тарихта маңызы зор. Әйгілі әншілеріміз Әміре Қашаубаевтың, Күләш Байсейітованың дауыстары, белгілі қоғам қайраткерлерінің, асыл азаматтарымыздың сөйлеген сөздері ерекше құнды құжаттар болып табылады. Бұл құжаттар да деректанулық зерттеу көзі болып табылады. Біздің ойымызша, фотокинофоно құжаттар белгілі бір дәрежеде шынтуайтты болып табылады. Өйткені олар тарихи шындықты дәл сол күйінде көрсетеді. Мәселен. аштық, регрессия мәліметтері фотоқұжаттарда анық көрінеді. Ал деректі фильмдердің дерек ретінде маңызы зор, әртүрлі тарихи оқиғаларға байланысты құрылған кинолар оқиғаның барысын суреттей алады. Олар-тарихи оқиға туралы нақты, кезге көрініп тұрған, дәлелденген құжат. Тіпті, Кеңес өкіметінің саясатын марапаттайтын кинолардың өздері де бізге нақты деректер бере алады. Ал оны сараптап, талдау тікелей тарихшының міндеті. Бірақ, аталған құжаттардың да кемшін тұстары бар. Кеңес кезінде фото құжаттарды саясатқа сай реттеу жұмысы да көрінді.
XX ғасырдағы Қазақстан тарихының ең көлемді деректерінің бірі - іс жүргізу құжаттары. Іс жүргізу құжаттары басқа құжаттармен салыстырғанда жинақты. Оларды жөндеу, есепке алу, сақтау жолдары стандартты түрде болғандықтан, ыңғайлы. Жасалу жолдары да бүкіл Кеңес өкіметі жылдарында өзгерген жоқ (сонау Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы іс жүргізу құжаттарының құрылымы қазіргімен бірдей). Мәселен, 1920 жылдары А.Байтұрсыновтың жазған хаттамасы мен бүгінгі хаттаманың пішіндері бірдей. Іс жүргізу құжаттарының түрлері де өте керек хаттама, баянхат, бұйрық.,баяндамалар, есептер және т.б. Кеңес дәуірінде аталған құжат түрлері толығып, дамып отырды.
Кеңес дәуірінің тағы бір маңызды құжаты - мерзімді басылым материалдары. Кеңес өкіметінің үгіт-насихат құралы - баспасез болды. Әрбір қазақ ауылында. тіпті мал фермаларына дейін "Правда","Искра","Социалистік Қазақстан","Қазақстан коммунистік журналдары тарап отырды. Аталған басылымдар өте көп тарайтын. өйткені, әрбір кеңес саясаты баспасөзбен танысуға міндетті болды. Осылайша, кеңес саясаты бүкіл халықты бір идеологияға бағыттап отырды. Бір өкінштісі. Кеңес өкіметін қалыптастырған осы үрдіс бүгінгі күні жалғасын таппай қалды. Қазіргі қазақ ауылдарына баспасөз құралдары жетпей жатыр). Дерек ретінде бізге олар көп мелімет бере алды, себебі жинақталған материалдар қоғам өмірін дәл сол күйінде ашып беріп отырды
Сонымен қатар, кеңес дәуіріндегі құжат түрі - сиез, конференция, пленум матеркалдары болып табылады. Олар ерекше құжат түрік құрайды Сол үшін де аталған фактілермен кешенді түрде айналысу керек.
Осылайша. соңғы онжылдықтар тарихшыларға зор мүмкіндіктер ашып берді. Қазіргі заман тарихының тарихи деректері ғылыми айналымға енді, зерттеушілер көбейді. Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және сол сияқты жақын шетелдердің мұрағаттарының қаншама материалдары Қазақстан тарихына енгізілді. Сөйтсе де. кеңес тарихы әлі түгелдей ашылған жоқ, өз зерттеушілерін күтіп жатыр.
XX ғасыр тарихы қазақ халқының өміріндеп ала-сапыран, аумалы-төкпелі уақыт болды. Бұл кезеңде әртүрлі деректер өмірге келді. Олардың көпшілігі ғылыми айналымға түспеген. тың деректер қарын құрайдьі Соңғы онжылдықтар тарих ғылымына көп өзгерістер әкелді. Деректер жарияланды, көптеген тың тақырыптар ашылды. 1989 жылдан бастап тарихқа көз жүгіртсек, мынадай үрдісті байқаймыз. Алғашында тарихшылар деректерді дәл сол күйінде жариялай бастады (фактологиялық материал ретінде). Қалың көпшілік, тарихшылар көптеген жаңа деректермен танысып, жаңа көзқарас қалыптаса бастады. Бұл кезеңді отандық тарих ғылымындағы жарылыс (бум) деп атауға болады. Сондықтан да көптеген зерттеу жұмыстары фактологияпық сипатта болды. Бірте-бірте тарихшылар біраз деректерді игерген соң, Қазақстанның қазіргі заман тарихы бойынша теориялық тұрғыда ғылыми жұмыстар пайда бола бастады.
1998 жылды Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың "Ұлттық тарих жылы" деп жариялауы Отан тарихы ғылымының қоғам өміріндегі орнын одан әрі жоғарылатты. Ұлттық рухтың ұлтжандылықтың күшеюі үрдісінде тарихшы ғалымдарымыз алдыңғы шеттен көріне алды. Тарих ғылымы теориялық-методологиялық терең зерттеулермен жарақтана бастады. Кеңес дәуіріне арналған ғылыми еңбектер көбейді.
Жалпы тарихи білімнің тарих ғылымына айналу үдерісін былай көрсетуге болады: дерек-тарих ғылымы-тарихнама. Тарих ғылымы ешқашан тарихи деректерсіз жасалмайды. Сондықтан да дерек-қайнар көз, тұп қазық. тарих ғылымының негізі. Ал тарих ғылымы өзінің шарықтау шегінде тарихнаманы туындатады. Тарихты саралау, зерделеу, ғылыми баға беру - тарихнамашылар арқылы жүзеге аспақ. Тарихнамашылар ғана тарихшылар еңбегін сараптап лайықты баға бермек. Олар тек қана еңбекті сынаумен ғана айналыспайды. сонымен қатар, тарихи оқиғаларға байланысты көзқарастарға баға береді. пікірлерін білдіреді Қазақстан тарихының кеңестік кезеңін алып қарайтын болсақ. бұл мәселеде де тарихшылар өз міндеттерін орындап келеді.
Тарих ғылымының қарқындап өсуі қазақстандық тарихшыларға жаңа талаптарды күшейтуде. Әсіресе. жаңадан ғылыми айналымға енген деректермен жұмыс жасау мәселесі өткір қойылуда. Өйткені. қазіргі тарих ғылымында жаңа деректер тасқыны мол болып тұрған жағдайда, олармен жұмыс істеу тәсілдерін жетілдіру мәселесі де көп туындайды. Дегенмен. Ресей ғалымдарының арасында кең тарап отырған сандық (математикалық), тарихи-әлеуметтанулық әдістердің біздің отандық тарихта қолданылуы баяу жүргізіліп жатқандығын ескерте кетуіміз керек.
7. Қазақстан тарихының дерек көздері (1991-2008жж.)
1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін алды. Алматыда Тәуелсіз Мемлекеттер Достығының құрылуы уақыты (ТМД) 1991-1993 жж. саяси тәуелсіздікт нығайту шаралары жүргізілді. 1992-1995 жж. экономикалық реформалар жүргізілді. Әлеуметтік саланы реформалауға қажетті саяси құқықтық шаралар іске асырылды. Соңғы жылдарды респкбликаның сыртқы сауда айналымының өсуі үстінде. 1996 жылдан басталған макроэкономикалық тұрақтандыру байқалады. Республикада рынок механизмдері процесінің қалыптасуы кезеңі.
Саяси жүйедегі өзгерістер. Мемлекетті президенттік билеу түрінің қалыптасуы Қазақстан әлемдік ұйымның тең құқылы мүшесі. Қазақстанның шетел мемлекеттерімен дипломатиялық қарым-қатынастары. Халықаралық ұйымдардың Қазақстандағы елшіліктері. Қазақстан Республикасының президенті Н.А.Назарбаевтың 2030-шы жылға дейінгі республиканың дамус стратегиясына қатысты жоспарлары. 1997 жылы-саяси қуғын-сүргінді еске түсіру, 1998 ж. – халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы, 1999 ж. ұрпақтар сабақтастығы жылы, 2000 ж. – мәдениетті қорғау жылы, 2003-2005 жж. – ауылды қолдау жылы.
Қазіргі кезде Қазақстан 113 мемлекетпен қарым-қатынаста, соның ішінде 105 мемлекетпен дипломатиялық қарым-қатынас орнаған. Астанада 55 елшілік, халықаралық ұйымдардың өкілдері бар.
Республика 40-тан аса халықаралық конвенцияларға қосылып 400 жуық жан-жақты және 700-ден аса екі жақты келісімдер мен шарттарға қол қойған.
Республиканың Жоғарғы заң шығарушы органы Парламент болып табылады. Ол екі палатадан – Сенат пен Мәжілістен тұрады. Атқарушы билік қызметін Республика Үкімет атқарады. Сот билігін сот органдары атқарады.
Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламенттің, үкіметінің нормативті-құқықтық актілері:
1. Қазақстан Республикасың Конституциясы
2. Президенттің жарлықтары – қазіргі көптеген елдерде мемлекет басшысының акті. Жарлық заңдық мазмұны бойынша нормативтік немесе нормативтік емес болуы мүмкін (мысалы, қызметке тағайындау, орденмен марапаттау және т.б.). (БСЭ, 1977. – Т.26.- С.531).
3. Заң – елдің аумағындағы барлық субъектілердің экономикалық және қоғамдық мәнез-құлқының міндетті ережелері мен нормаларының мемлекет белгіленген жиынтығы( Современный экономический словарь. – М.: Инфра, 1996. – С.109.).
4. Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулылары – 1) Есепті әр жылғы бюджеттің орындалуы,министрлерді тағайындау, Жоғары сот мүшелерін сайлау және т.б. туралы мемлекеттік өкіметтің жоғары органдарының (елдің парламентінің актелері). 2) Парламенттің заңдары мен жарлықтары негізінде және оны орындау мақсатымен мемлекеттік өкіметтің жоғары атқарушы және жарлық беруші – Министрлер Кеңесінің өз билігі шеңберінде шығаратын басқару актілері.
5. Бұйрық – «Министрліктердің және олардың басқарма бөлімдерінің, мекеме, кәсіпорын мен ұйымдардың басшылары шығаратын басқару актілері. Заңдық норма бойынша бұйрық нормативтік акт бола алады (Министрдің, басшының бұйрығы бойынша ереже, нұсқау бекітіледі). Сонымен бірге іске асыру актісі бола алады (қызметке тағайындау, жоспарлы тапсырма белгілеу)» (БСЭ. Т.20. – М., 1975. – С.415.).
6. Нормативтік актілер мен ережелер – «белгілі біртекті қатынастарды реттеуге арналған заңдар нормалар (мысалы, министрліктер туралы ереже, жоғары оқу орындарына қабылдау ережесі және т.б. (БСЭ. Т.1. – М.1969. – С. 363).
7. Білім беруді дамытудың концепциясы – білім беру реформаларын дүзеге асыру кезіндегі іс-әрекеттің стратегиясын анықтайтын негізгі тұжырым.
Қазақстан Республикасының заңдылық актілерінің негізгі басылымдары:
1. Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы: 1938 жылғы 20 қарашадан шыға бастады. Шығарушы – ҚР-сы Парламенті Сенатының Аппараты (Аппарат Сената Парламента РК). Астана қаласы. Тираж – таралымы – 1099.
2. Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы (Собр. актов Президента РК и Правительства РК 1992 жылғы 1 қаңтардан шыға бастады. Жылына орташа есеппен 50 нөмір шығады. 3-4 нөмер бір айда. Шығарушы – ҚР-сының Премьер-Министр Кеңесінің қаржы-шаруашылық бөлімі. Тираж-2586 дана.
3. «Үкімет бюллеті» - «Правительственный бюллетень» - ҚР-ның Президенті мен ҚР-сы Үкіметінің актілер жинағының қосымшасы. Бұл үкіметтік мемлекеттік бағдарламалар, ел президенті мен премьер-министрдің сөйлеген сөздері, басқа ресми материалдар жарияланады. Жылына 6 нөмер шығады.
4. Үкімет жаршысы – Правительственный вестник: ҚР-сы Үкіметінің ақпарат бюллетені, 1996 жылдан бері шығарылады. Тираж – 828. Айына бір рет шығады. Оның «Қазақстан: ХХІ ғасыр» қосымшасы.
Дипломатиялық – елшілік құжаттары тарихи сынау.
Ішкі дипломатиялық хаттар, сыртқы дипломатиялық хаттар.
2. Дипломатиялыұ құжаттарға жататындар: 1) Мемлекет қайраткерлерінің сөздері; 2) ноталар – бір үкіметтің екінші бір үкіметке дипломатиялық үндеуі (нота, алысу, наразылық нотасы), оның түрлері: а) жеке ноталар, б) жинау, тарту ноталары, в) вербалдық ноталар – (ауызша, сөздей, қол қойылмай, ауызша айтылған нота).
Ең көп тараған дипломатиялық құжат – жинау, тарту ноталары. Ол үшінші адамға (жаққа) құрастырылып, оны қарап, шешім шығару үшін сыртқы істер министлігі мен елшіліктер қолданады. Бұл саяси экономикалық, протоколдық мәселелер бойынша хабарлау сипатында болады. Мысалы, сыртқы істер министрлігі бір елге жаңа дипломатиялық қызметкердің келетіні туралы нотамен хабарлау тиіс. Ол нотаға қол қойылмайды, оған мастикалық мөр басылады.
3) Меморандум – қай бір мәселені мұқият қарап, мазмұнында фактісі, талдауы, айғағы болады.
4) Жеке хат – ресми адам жіберсе де, хат жазу ережесін мұқият сақтау талап етілмейді, ол адресатқа байланысты қайсы бір мәселені шешу жөнінде өтініш болады. Бұл жартылай ресми құжат. Оған мысал ретінде, қабылдаудан, концерттен, сыйлықтан т.б. алған ләззатына рахмет айту болуы мүмкін.
Халықаралық дипломатика тәжірбиесінде күнделікті төмендегідей құжаттар формасы қолданылады:
5) Естелік жазбалар. Олар халықаралық хаттама жағдайына сәйкес жалпы қабылданған мазмұнды болады.
6) Халықаралық шарттар.
7) Тең дәрежеде жасалған келісімдердің бірі – конвенция – экономикалық құқықтың жеке сұрақтары жөніндегі келісімдер. Конвенцияның түрлері: кедендік, тазалық сақтауғ өндірістік т.б.
8) Келісім – белгілі мерзімге жасалған салыстырмалы мағынадағы белгілі сұрақтарды шешуге жасалған шарт.
9) Протокол – жеке сұрақтар бойынша жасалған келісімнің қысқаша жазбасы. Бұл жазба негізінен шартұа бекітіледі.
10) Декларация – бұл мемлекеттің ресми баяндамасы. Онда мемлекетаралық келісім, бірге шешім қабылдауы туралы, мемлекеттің белгілі бір мәселе бойынша көзқарасы көрсетіледі. Барлық халықаралық келісім шарт негізгі үш бөлімнен тұрады:
А) преамбула – кіріспе бөлімі;
Б) бабтардың негізгі бөлімі, қаулы;
В) қорытынды.
Халықаралық келісім шарттарды оқып зерттеу үшін олардың дәлдігін анықтау, келісім мазмұның тиянақты оқып үйрену керек, оның мағынасы мен ерекшелігін мемлекеттер арасындағы келісімдердің жалпы жүйесіндегі орнын анықтау.
Дипломатиялық құжаттардың негізгі басылымдары:
1. «Кеңес Одағының Жоғарғы Кеңесінің Ведомосі», «Заңдастыру жинақтары», «Заңдар жинағы», «Декларациялар, ноталар мен келісімдерде жаңа замандағы халықаралық саясат», сериялық құжаттар жинағы: «Халықаралық құқық және халықапалық саясат құжаттарының жинағы».
Үкіметті дипломатиялық басылымдар:
2. «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені» (жылына 12 нөмер шығады). (Бюл.международных договоров РК) 1993 жылдан бастап шығады. – «ҚР-сының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағының» қосымшасы ай сайын жарық көреді.
3. Қазақстан Республикасы Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік-құқықтық актілері бюллетені (ай сайын шығады).
Ақпарат құжатты деректемелер арасынан маңызды орын алатын кинофильмдер, диафильмдер, диапизивтер, грампластинкалар, магниттік фонограмалар, олар бәрі жиылып кинофоноқұжаттар деп аталады.
«Кинофоноқұжаттар» термині ғылыми айналымға 1980 жылдың басында ендірілді. Киноқұжаттардың қалыптасуы 1870 жылға жатады. 1889 жыл тұңғыш дыбысты фильм пайда болды. Бұл кино-фото-фоно-құжаттар адамдар сезіміне комплексті әсер етеді.
Ақпаратты игеруде бес сезім органы: көру 75 %; есіту 13%; сезіну 6%; иіс білу 3%; дәмін білу 3%.
КФФҚ құжаттардың екінші басымдығы эмоционалдық негізді құруға себеп болады.
Кино-фото-фоно-құжаттарды құжатау жолы бойынша 3 түрге бөлінеді:
А) киноқұжаттар: диа-, кино-, видео;
Б) фотоқұжаттар: диапозивтер (слайдтар), фотосуреттер;
В) фоноқұжаттар: грампластинкалар, магниттік фонограмалар, компакт-дискілер.
Кинофильм (грек kineo – жылжытамын, film – пленка) өз функцоналды арнаулы бойынша бөлінетін түрлері:
А) көркемдік;
Б) құжатты (хроникалды, монтаждық);
В) ғылыми-көпшілік (мылқау);
Г) Оқу фильмдері;
Бейнефильм – киноқұжат түрлерінің бірі видеофильм (лат video – көремін, film – пленка) бұл фильм дыбыс, бейнемен магниттік лентаға жазылады.
Бейнефильм (видеофильм) жанрлары: ғылыми-көпшілік, құжатты-публицистикалық, хроникалды, телевизиялық, көркемдік.
Тұңғыш голографиялық кинотүсіруді американдық өнер-тапқыш М.Леман 1966 жылы іске асырды. Біздің елде 1984 жылы пайда болды.
Фотоқұжат – бұл фотографиялар және диапозитивтер. Ең сенімді фотопленкалар құрамында күмісі бар эмульсия. Олар 1000 жылға дейін сақталады. Ақ-қара фотопленкалар басқа эмульсиялармен 10-140 жылға дейін сақталады. Түрлі-түстілер 5-30 жыл сақталады.
Фотосурет (грек. Photos – жарық, grapho – жазамын). Фотосуретті ойлап тапқан француз суретшісі Л.Дагер (1839). Түсті бейнелеу 1861 жылы пайда болды. Дж. Максвелл 1935 жылы «Кодак» фирмасы түсті фотографияны жасады.
Фоноқұжат (фонограмма) (грек. Phone – дыбыс, gramma-қыры, әріп, жазу) – дыбыс жазылған (сөз, музыка) материалды құжат. Алғаш рет 1889 жылы Копенгагенде пайда болды.
Түрлері: лентадағы магниттік фонограммалар: кассетадағы магниттік бейнефонограмалар, дискідегі оптикалық фонограмалар.
Ресми басылымдар, тәуелсіз басылымдар.
Жеке адамдық құжаттар: заманхаттар, естеліктер, хаттар. Ш.Мұртаза мен К.Смаиловтың хаттары. Эпистолярлық әдебиеттер: хаттар, саяси және мемлекеттік қайраткерлердің ресми іскерлік хат-хабар (переписка).
Аудиовизуалды құжаттар – тарихи дерек көзі. Мұрағаттарда шоғарланған құжаттар аудиовизуалды (кинофотодыбыстық) құжаттар айрықша орын алады. Олар ұлттық мұрғат қорының ажырамас бөлігі және Отан тарихы бойынша аса құнды деректер болып табылады. Дәстүрлі (жазба) деректер мен қатар олар ретроспективті ақпаратарды жеткізеді, осы тұрғыдан да шын мәніндегі оқиғаны, құбылысты тануда басты рөл атқарады. Тарихи дерек және әлеуметтік құбылыс ретінде кинофотодыбыстық құжаттар біздің өткенімізді нақтылы бағамдауға, көп қырлы жағдайларды белгілеуге өте ыңғайлы. Кинофотодыбыстық құжаттардың басқа деректерге қарағанда адамға эстетикалық және эмоционалдық тұрғыда әсер ете алатын күшке ие өзіндік ерекшеліктері бар.
Кинофотоқұжаттар ме дыбыстық жазбалардың Орталық мемлекеттік мұрағатта мол қоры бар. Олар тарихи-деректі, тарихи-өмірбаяндық, фильмдер, деректі кинопортрттер мен кино жинақтар, тарихи сипаттағы көркем таспалар. Мұрағаттың анағұрлым көне деректері фотоқұжаттар болып есептеледі.
Республика тарихының фотожылнамасы ХХ ғасырдың аяғынан (қайта өңдеу негізінде ұсынылған фотоқұжаттар), киножылнамасы 1925 жылдан (тұңғыш рет «Қызылордадағы республиканың 5 жылдығын мерекелеу» деректі фильмі) басталды. Хроникалық түсілімдер 1928 жылдан өндіріле бастады, ал 1934 жыл журналдар, очеректер деректі фильмдер шығаратын Алматы кинохроника студиясы ұйымдастырылды. 1951 жылы түрлі – түсті «Кеңестік Қазақстан» атты тұңғыш киножурнал шығарылды. Ол 1952 жылы Сталиндік сыйлықпен марапатталды.
Қазақстанның саяси, экономикалық, қоғамдық және мәдени өмірін бейнелейтін кинофотоқұжаттарды шоғырландыру қажеттілігі Қазақ КСР Халық Комиссиялары Кеңесінің 1943 жылғы 27 қаңтардағы қаулысымен Алматы қаласында дыбыстық және кинофотоқұжаттардың Орталық мемлекеттік мұрағатын құруға алып келді .
Алайда, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1957 жылғы 12 қазандағы шешімімен Қаза төңкерісі мен социалистік құрылым кезеңдеріндегі уақыттарды қамтыған тарихи, дыбыстық және кинофотоқұжаттарды сақтаушы барлық орталық мұрағаттар «Қазақ КСР Орталық мемлекеттік мұрағаты» атты біртұтас мұрағатқа біріктіріледі.
Кинофотодыбыстық құжаттардың тарихи деректер және бұқаралық ақпараттар құралдарының бірі ретіндегі талассыз маңыздылығына, кинофотодыбыстық құжаттар көлемінің өсе түсуіне, оның жұмыс спецификациясы мен ерекшелігіне орай Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1974 жылғы 7 ақпандағы қаулысымен Қазақ КСР Министрлер Кеңесіне қарасты Бас мұрағат басқармасы жүйесінде қайтадан кинофотоқұжаттар мен дыбыстық жазбалар Орталық мемлекеттік мұрағаты құрылды.
Оның негізгі қызметі мұрағат құрамының толықтырылуы, кинофотодыбыстық құжаттар құндылықтарына сараптау, құжаттардың сақталуын қамтамассыз ету мен тіркеу, ғылыми-анықтамалық ақпараттың құрылуы мен дамуы, кинофотодыбыстық құжаттардың қолданылуын ұйымдастыру, ведомостық кинофотодыбыстық мұрағаттар белсенділігі үшін мұрағатқа бақылау және басшылық болған.
Аудиовизуалды құжаттар арасында кең түрде қолданылатын – киноқұжаттар. Мемлекеттік қорда сақталатын киноқұжаттардың (мерзімдік киножурналдар, арнайы шығарылымдар, өзіндік киносюжеттер) арасынан киножуналдар деректік ақпаратың сан қырлығымен және қоғам өмірінің көптеген салаларына қатыстылығымен ерекшеілнеді. Киножурналдар, әдетте, түрлі жағдайлар туралы шұғыл киноақпаратты құрайтын мерзімдік кино шығарылымдарды ұсынады.
Уақыты жөнінен алғаш құрылған киноқұжаттар - республикадық мұрағат қорларында 1944 жылға дейі сақталған «Союзкиножурнал» өндірісінің 1925 жылғы өнімдері. Олар бұрыңғы Кеңестер Одағында болып өткен анағұрлым маңызды оқиғаларды бейнелейтін бірнеше дербес сюжеттерден тұрады.
Журналдың бірінші деректі кадрлары сол кездегі республика астанасының (Қызылорда) құрылыстары хроникасымен, қазақ аулының өмірімен, шикі (қам) кірпіштердің жасалуы, оларды түйемен тасумен, ұлттық ат спорты ойындарымен таныстырылады.
Журналдың келесі шығарылымдары Түркісиб құрылысын (1929-1930 жж.),«Ембімұнай» мұнай өндірісін (1932ж.), Оңтүстік Қазақстан облысының «Мақтаралкеңшары аңыздардағы мақта жинауды (1930ж.), Қарағанды көмір алқабындағы көмір өндіруді (1931ж.) бейнелейді. «Союзкиножурналдың» көп санлы сюжеттері мен арнайы босатылымдары республикалың XV ыжлдық мерейтойына (1935 ж.) осы мерейтойлық салтанатқа БОАК(Бүкіл Одақтық Атқару Комитетінің) төрағасы М.И.Калининнің Алматыға келуі, осы оқиға құрметіне әскери парадпен еңбекшілер діңшеруіне, екпінді-колхозшылардың съезіне, колхозшыларға жерді мәңгі пайдалану актісын беруіне, оларға мал таратуға, Лениногорск полиметаллкомбинаты жұмыскерлердің мерейтой қарсаңындағы еңбегі және т.б. бейнелетін партияның «ұлттық саясаты жеңісін» паш етті.
Мұрағаттың алтын қорын Мәскеу, Ленинград, Алматы кинематографистерінің шығармашылық әріптестері күшімен құрылған, Орталық біріккен киностудия(ОБКС)түсірген екінші жүниежүзілік соғыс тарихын бейнелейтін «Союзкиножурнал» мерзімдік түсірілімдері құрайды.
1936 жылдан мұрағат қорларында «Кеңестік Қазақстан» журналының мерзімдік шығарылымдары сақталады. Олар жекелеген сюжеттерден тұрады және белсенділіктің осы бағыттағы, осы сала шегіндегі нақты ақпараты ретінде және біздің сан қырлы тарихи өткенімізді жеткілікті дәрежеде көрсете алады. Бұл құжаттардың мазмұны түрлі жобада болып келеді және онда партиялық ұйымдардың, экономика, ғылым, техника, денсаулық сақтау, халықтық білім, мәдениет пен өнер, спорт, республика өкілдерінің бұрыңғы Кеңес Одағының түрлі салаларындағы сияқты сол уақыттың киноқұжаты да идеология шеңберінде болған күмәнсіз, ендеше мұрағаттарда сақталған кинохабарлардың жұмысшы – шаруалардың ерен еңбегін паш еткеніне таң қалуға болмас.
Бүкілресейлік «Восточкино» акционерлік қоғамының Алматы өндіріс бөлімінде, көркем және хроникалық фильмдердің Алматы студиясында, кейінірек: «Қазақфильм», «Қазақтелефильм» киностудияларында түсірілген деректі фильмдер едәуір өзгеше сипата. Олар идеологияға бағығаынмен, «табыс пен жетістіктер» шеңберінде қалып қалмайды және олардың танымдық сипаты да басым болып келеді.
Азамат соғысының қатысушыларын, кеңес-герман соғысының батырларын, ғылым мен мәдениеттің белгілі қайраткерлерін, қоғамдық- саяси, мемлекеттік қайраткерлерді және қарапайым еңбек адамдарын бейнлейтін деректі фильмдер-портреттер ерекше назар аударды. Бұл фильмдердің арасында «Тұрар Рысқұлов», «Төңкеріс тудырған», «Қысқа ғұмыр»(Түркістан комсомолын ұйымдастырушылардың бірі Ғани Мұратбаевқа арналған), Сәкен Сейфуллин, «Академик Сәтбаев», «Әл - Фараби»,«Ыбырай Алтынсарин»,«Әлия», «Дана», «Дала бояулары» (мүсінші И.Иткинд шығармашылығы туралы), «Репетиция» (халық артисі, балетмейстер Б.Аюханов туралы) және басқа да көптеген туындылар бар. Республика киножылнамаларындағы алдыңғы орындардың бірі ақын – жазушылардың өмірі мен шығармашылығына аралған фильмдер алады. Олардың арасынан ұлы Абайдың шығармашылығына («Абай даңқы», «Абайдың өмірі мен қайтаркерлерлігі»); ақын Жамбыл Жабаевқа («Ақын», «Ленинградтық өренім», «Домбыра әуені аясында», «Айтыс» және т.б.) арналған фильмдер циклы; «Бейімбет Майлин», «Осылайша ерте батады» (Мұқағали Мақатаев туралы) және басқа да кинотаспалар ерекшеленеді.
Қазақстан аумағындағы желгі өркениет ошақтары туралы сыр шертер тамаша фильмдер қатарына мыналар жатады: Қазақстанның ежелгі мәдениеті, ежелгі көшпенділердің тастағы бедерлері, Пазырық қорғанының жиынтықтары, Қарғалы қазынасы, Маңқышлақтың ежелгі ғибадатханасы, Әл-Фараби, М.Қашқари, Қадырғали Көшімұлы сынды қазақ – түрік ғұламалардың мұралары жөнінде сыр қозғайтын «Тасты жазудан»; қабырғаларында ІХ-Хғғ. Суреттері бар ежелгі ғибадатханалар, жартастағы суреттер сынды аса көп ескерткіштер сақталған Маңғстау түбегі бейнелеу өнерінің тарихынан хабардар ететін «Ашық алақан құпиясы»; Орталық Қазақстандағы Алаша хан, Жошы сауи кесенелері, ХІХ ғасыр ұсталарының туындылары болып табылатын Омар мен Тұра Сүнде кесенелері сынды Х-Х1Х ғғ. Көне сәулет ескетркіштері жайлы ақпарат берер «Тастьар сөйлейді». Осылардың қатарында үй-тұрмыстық заттарды, зергерлік бұйымдарды, кілемдерді, киіздерді, қолданбалы өнер бұйымдарындағы өрнектердің қолданылуы сынды қазақ халқының өзідік өнері туралы сыр шертер «Қазақтардың халықтық қолөнері», «Тарихпен диолог» сияқты кинотаспаларды жатқызуға болады.
Қазақстанның хайуанаттармен өсімдіктер әлемі жөніндегі «Тіршліктанулар жолымен»,«Алтын бор»,«Көгілдір көлдер өлкесі», «Жоңғар кездесулері», «Қоқиғаз-қызғылтарман»,«Үстірт муфлоны»,«Қарақұр» және т.б. деректі фильмдерінің маңызы да ерекше орын алды.
Фотоқұжаттар қорының ақпараттық маңызы да ештеңеден кем соқпайды. Олардың ең көнесі ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы уақыттарға жатады. Бұлар -түрлі әлеуметтік қатпарлардағы ел өмірінің тұрмыстық ахуалын бейнелейтін суреттердің қайта өңделген нұсқасы.Д.П.Багаев, П.Лейин, А.Л.Савин, А.Н.Ионов сынды фототілшілер соңына жанрлық және тұрмыстық, этнографиялық суреттер галереясын қалдырды.
Кеңестік дәуір фотоқұжаттарынан Қазақстанның саяси, экономикалық мәдени өмірі оқиғаларының бейнесі табылады. Олардың арасында Ә.Жангелдиннің, Ә.Әйтиевтің, О.Жандосовтың, В.Виноградовтың, Емелевтің, С.Меңдешевтың,Ғ.Мұратбаевтың,С.Сейфулиннің,А.Оразбаеваныңфотопортреттері, Кеңестік съезі делегаттарының, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитет және үкімет мүшелерінің, КСРО, КазКСР Жоғары кеңесі депуттарының, өндіріс озататрының сурететрі бар.
Фотоқұжаттар Түркісіб құрылысын, Қарағанды көмір шахтларын, Орталық және Оңтүстік Қазақстандағы түсті металл кәсіпорындарын, зауыттарды, фабрикаларды, және т.б. ауыл шаруашлығының дамуын, ұжымшар, кеңшарлар құрылысын, тың игеру барысын бейнелейді.
Республиканың мәдени өміріндегі, түрлі мәдени форумдар(декадалар, гастрольдер) суреттерімен, академиктер-Сәтбаев, Сызғанов, Базонов; халық ақындары мен сазгерлері-Ж.Жабаев, К.Әзірбаев, Д.Нүрпейсова; әдебиет классиктері: С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, М.Әуезов, С.Мұқанов және басқалары; халық артистері:К.Байсейітова, Қ.Қуанышбаев, Ш.Айманов және басқалары сынды ғылым мен мәдениет қайраткерлерінің көп санды портреттерін ұсынды.
Фотоқұжаттардың ерекше тобы Қазақстандық кеңес-герман соғысына қатысуы туралы сыр шертеді. Ресми дыбыстық жазбалар, құжаттық дыбыстық жазбалар қоры соңғы 1930-1940 жылды қамтиды. Олардың ішінде Қазақстан Компартиясы сиезі жұмысының толық жазбалары, мерейтойлық күндерге арналған республика қауымдастығының баяндамалары, Қазан төңкерісі, азамат соғысы, кеңес-герман соғысына қатысушыларының естеліктері, ғылым мен мәдениет қайраткерлерінің баяндамалары мен сөздері бар.
Көркем дыбыстық жазбалар қорында М.Төлебаевтың, «Біржан - Сара», А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай»; халық артистері К.Байсеитова, Е.Серкебаев, Б.Төлгенова және т.б. қатысқан Е.Брусиловскийдің «Дудар - ай» опералары, Қазақ және орыс драма театрлары артистерінің орындауындағы спектакльдер жазбалар бар.
Дыбыстық қорда халық ауыз әдебиетінің классикалық туындылары (күй, желдірме, терме, жырлар, жоқтаулар, аңыздар, сыңсу) ерекше орын алады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері. Алматы,2002.
2. Бичурин Н.Я. Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена. Т.1. М., 1950.
3. Ирмуханов Б.Б.. Прошлое Казахстана в письменных источниках. Алматы, 1999.
4. Казахско-русские отношения XVI - XVIII вв. Алма-Ата, 1961.
5. Казахско-русские отношения в XVIII - XIX вв. Алма-Ата, 1964.
6. Кюнер Н.В. Китайские известия о народах южной Сибири, Центральной Азии и Дальнего Востока. М., 1961.
7. Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности. М.-Л., 1951.
8. Материалы по истории казахских ханств Х^-Х^ІП веков. Алама-Ата, 1969.
9. Материалы по истории Казахской ССР (1785-1828). т. IV. М.-Л.,1940.
10. Материалы по истории Казахской ССР. т. II. ч.2. Алма-Ата, 1948.
11. Прошлое Казахстана в источниках и материалах. Алма-Ата, 1935.
12. Родословное древо тюрков. Сочинение Абдуль-Гази, Хивинского хана. Казань, 1906.
13. Асфендияров С. История Казахстана с древнейших времен. – Алматы: Қазақ университеті, 1993.
14. Вопросы историографии и источниковедения Казахстана.- Алматы, 1998.
15. Вопросы историграфии Казахстана. – Алматы, 1989.
16. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін).Очерктер Алматы., 1994.
17. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). 5 томдық. 1-2 томдар.- Алматы, 1996, 1998.
18. Омарбеков Т.О., Омарбеков Ш.Т. Қазақстан тарихына және тарихнамасына ұлттық көзқарас. – Алматы, 2005
19. Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызмет туралы: ҚР Заңы, 7 наурыз 2002 ж.// Егеменді Қазақстан, 2002, 13 наурыз. – 3 бет.
20. Қоғамдық-саяси терминдер мен атаулардың қазақ тілінде іс-қағаздарын жүргізудің және құжаттарды дұрыс толтырудың анықтама сөздігі. – Алматы: Қазақстан, 1992. – 288 бет.
21. Исиналиев М. Записки дипломата. – Алматы: Ата мұра, 1998. – 212 с. (Известный общ. И гос. Деятель МИД Каз ССР в 1981-89 гг. знакомить с историей становления липломатической службы в Казахстане).
22. Кушнаренко Н.Н. Документоведение: Учебник. – Киев, 2001. – С. 362-384.
23. Тоқаев К. Беласу. Дипломатиялық очерктер. – Алматы: Дәуір, 2003. – 656
Жарияланған-2015-09-08 22:44:53 Қаралды-29362
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Қазақстан тарихы
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Тіл ғылымы, Филология
- Философия
- Физика, Химия
- Кітапханалық іс
- Спорт
- Автоматтандыру
- Аудит
- Ауыл шаруашылығы
- Биотехнология
- Бухгалтерлік есеп
- Журналистика
- Кедендік іс
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару, Метрология және стандарттау
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Туризм
- Халықаралық қатынастар
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- Жаратылыстану
- Медицина