Мазмұны
Кіріспе ..........................................................................................................................8
1 Мемлекеттік басқарудағы индикативтік жоспарлаудың теориялық негіздері ...9
- Индикативті жоспарлаудың негізгі мақсаттары.
- Индикативті жоспарлау жүйесі принциптері мен әдістері.
- Индикативті орта мерзімді жоспарлауды ұйымдастыру.
2 Мемлекеттік басқарудағы индикативтік жоспарлаудың тиімділігін жолдарын талдау
2.1 Қ.Р – ның әлеуметтік экономикалық дамуын жоспарларын негізгі бағыт
тарын талдау
- Қазақстандағы индикативтік орта мерзімді жоспарлау үрдісін талдау.
3 Қ.Р –ның әлеуметтік экономикалық дамуының 2009 – 2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарын жетілдіру бағыттары.
Кіріспе
Иңдикативтік жоспарлау — жалпы экономикалық дамуды алдын ала болжау яғни сол үшін тікелей бағыттарды анықтау деген сөз. Олар шаруашылық субъектілері үшін бұрынғы социализм кезіндегідей директивті (міндетті) емес. Онда мемлекет тарапынан шағын (азғантай) ғана міндетті тапсырмалар көрсетіледі және олардың орындалуын қамтамасыз ету үшін экономикалық механизм белгіленеді. Бұл механизмге арнайы жасалтан заңдар жүйесі мен экономикалық реттеуші тетіктер (рычаги) жатады. Оның құрамына бюджет, қаржы-қаражат, салық, кеден, несие, баға мен табыс, сыртқы экономикалық саясат, орталықтандырылған мемлекеттік инвестициялар, мемлекеттік тапсырыс жүйесі және т. б. кіреді.
Индивигаттық жоспарлаудың негізгі мақсаттары:
-Ішкі және әлемдік (дүниежүзілік) нарық конъюнктурасы, инвестиция не басқа шаралардың қожалық етуші субъектілердің экономикалық тетігіне әсер етуі, бюджеттік ассигаованиенің мемлекет ұсынған бағттары туралы ақпарат жүйесін қалыптастыру;
-мемлекеттік (ұлттық) бағдарламалар негізін құрайтын көрсеткіштеріді нарық субъектілеріне ұсыну. Бұл көрсеткіштер субъектілерге өз шаруашылық әрекеттерін іске асырғанда қажет болуы мүмкін;
-тауар өндірушілерді жаңа техника мен технологияны дамыту, басқа да ғылыми-техникалық прогресс табыстарын пайдалану мәсслелеріне бейімдеу (бағдар беру).
Индикативтік жоспарды қалыптастыру кері байланыс принциптерін жүзге асады: үкімет экономикалық саясаттың бас стратегаясы мен негізгі бағыптарын жасайды, макроэкономикалық көрсеткіштер түрінде индикаторлар құрамын (экономика тетіктерін) нақтылайды, олар келешекте субъектілердің шаруашылық әрекеттерін дамытуда есепке алынады; өз кезегінде шаруашылық субъектілерінің талап-тілектері мен көрсеткіштері республиканың (облыс, аудан) әлеуметтік-экономикалық, дамуының индикативтік жоспарын жасауда ескеріледі.
Елімізде орта мерзімді жоспарлау процесін ұйымдастырушы мемлекеттік оргон Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау минстрлігі басшылықты және заңнамада көзделген шекте қызмет атқарады. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын әзірлеуді салааралық үйлестіруді, Қазақстан Республикасының экономикалық жоспарларын және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарларын, мемлекеттік қаржыны, лицензиялау жүйесін басқаруды, орта мерзімді кезеңге арналған мемлекеттік бюджеттің болжамды көрсеткіштерін және тиісті қаржы жылына арналған убликалық бюджеттің жобасын қалыптастыруды жүзеге асыратын орталық басқарушы орган болып табылады.
1 Мемлекеттік басқарудың индикативтік жоспарлаудың теориялық негіздері
1.1 Индикативтік жоспарлаудың негізгі мақсаттары
Қатаң директивтік жоспарлаудан бас тартын, нарықтық қатынастарға өту халық шаруашылығының бүкіл механизмінін әрекеттерін үйлестірудің жаңа нысандарын талап етеді. Мұнда мемлекеттік экономиканы басқарудағы шаралар, жеке бизнеспен, қожалық етуші субъектілермен өзара қарым-қатынас демократиялық принциптер негізінде индикативтік, ұсыным түріндегі жоспарлау арқылы құрылады.
Индикативтік (нұсқаулы, реттеуші) жоспарлау үрдісінде мемлекет бүкіл халықтың, ұлттың және елдің барлық аймақтарының сұранысын ескере отырып, экономикалық даму туралы әр түрлі бағдарламалар, жоспарлар жасайды. Онда шаруашылықтың ресурстармен толық қамтылған негізгі бағыттары мен көрсеткіштері нақтылы анықталады және солар арқылы барлық кәсіпкерлердің мүдделерін ескере отырып, олардың қоғамның стратегиялық даму жоспарларын орындауға ынталылығын арттыру көзделеді.
Индикативтік жоспарлау дегеніміз — мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық саясатына сәйкес ел экономикасының болашақ белгілі бір мерзімге бейімделіп жасалған параметрлер (көрсеткіш индикаторлар) жүйесінің қалыптасуы және соны жүзеге асыру үшін мемлекеттің әлеуметтік, экономикалық үрдістерге әсер ететін шаралар жиынтығы.
Иңдикативтік жоспарлау — жалпы экономикалық дамуды алдын ала болжау яғни сол үшін тікелей бағыттарды анықтау деген сөз. Олар шаруашылық субъектілері үшін бұрынғы социализм кезіндегідей директивті (міндетті) емес. Онда мемлекет тарапынан шағын (азғантай) ғана міндетті тапсырмалар көрсетіледі және олардың орындалуын қамтамасыз ету үшін экономикалық механизм белгіленеді. Бұл механизмге арнайы жасалтан заңдар жүйесі мен экономикалық реттеуші тетіктер (рычаги) жатады. Оның құрамына бюджет, қаржы-қаражат, салық, кеден, несие, баға мен табыс, сыртқы экономикалық саясат, орталықтандырылған мемлекеттік инвестициялар, мемлекеттік тапсырыс жүйесі және т. б. кіреді.
Индивигаттық жоспарлаудың негізгі мақсаттары:
-Ішкі және әлемдік (дүниежүзілік) нарық конъюнктурасы, инвестиция не басқа шаралардың қожалық етуші субъектілердің экономикалық тетігіне әсер етуі, бюджеттік ассигаованиенің мемлекет ұсынған бағттары туралы ақпарат жүйесін қалыптастыру;
-мемлекеттік (ұлттық) бағдарламалар негізін құрайтын көрсеткіштеріді нарық субъектілеріне ұсыну. Бұл көрсеткіштер субъектілерге өз шаруашылық әрекеттерін іске асырғанда қажет болуы мүмкін;
-тауар өндірушілерді жаңа техника мен технологияны дамыту, басқа да ғылыми-техникалық прогресс табыстарын пайдалану мәсслелеріне бейімдеу (бағдар беру).
- Индикативті жоспарлау жүйесі принциптері мен әдістері.
Индикативтік жоспарды қалыптастыру кері байланыс принциптерін жүзге асады: үкімет экономикалық саясаттың бас стратегаясы мен негізгі бағыптарын жасайды, макроэкономикалық көрсеткіштер түрінде индикаторлар құрамын (экономика тетіктерін) нақтылайды, олар келешекте субъектілердің шаруашылық әрекеттерін дамытуда есепке алынады; өз кезегінде шаруашылық субъектілерінің талап-тілектері мен көрсеткіштері республиканың (облыс, аудан) әлеуметтік-экономикалық, дамуының индикативтік жоспарын жасауда ескеріледі.
Қазақстан Республикасыңда индикативтік жоспар алғаш рет экономиканы тұрақтандыру, дағдарысқа қарсы жедел шаралар қолдану мен әлеумеітік-экономикалық реформаларды тереңдету Бағдарламасына сәйкес жасалды (1994—І996 жж.). Бұған дейінгі қолданылып келген директивтік жоспарлаудан индикативтік жоспарлаудың басты ерекшелігі - оның нұсқау беруші, бағаттаушы сипатында.
Индикативтік жоспардың макрокөрсеткішттері бұрынғыдай, орталықтан жіберілген директивтік жоспардағыдай орындаушыларға үлестірле салынбайды, алайда қожалық етуші субъектілердің өздері бұл жоспарларды іске асыруға қатысуға ынталы, өйткені ол шаруашылықтың мақсаттары үшін жауап береді, болашақта дамудың жолын көрсетеді.
Әлеуметтік экономикалық даму процесінің бірлігі мен мақсаттылығын қолдау үшін жоспарлаудың жаңа жүйесі мына негізгі талаптарды қанағаттандыруы керек:
-экономиканы басқаруда шаруашылық салалары мен секторларын мүмкіндігінше толық қамтамасыз ету, оларды қойған мақсаттарға жетуге бағалау,
-нарық механизімін негізге ала отырып, шаруашылықтың өз қарекетін күнделікті реттеп отыруын жоғары дәрежеде қамтамасыз ету;
-шаруашылық салаларының экономикалық бастамаларын көрсетуге қажетті мүмкіндіктер беру;
-нарық механизмін баса пайдалануды үнемелі өндіріс процесіне саналы әсер етумен бірге қолдану, әрине, мұнда экономиканың жалпы тепе-теңдігі (сбалансированность) бұзылмауы керек;
-реттеу әсерлерінің (әрекеттерінің) өдістерін әр түрлі жағдайларға бейімдеу, яғни басқару нысанының сипатын меншік түріне және өндірістік маңызына қарай таңдап ала білу.
Дамудың индикативтік жоспары мына негізгі принциптерге сүйенеді:
-жоспардың стратегиялық мақсат пен ағамдағы даму міндеттерін жүзеге асыруға бағытталуы;
-жоспардың үздіксіздігі, яғни ағымдағы, орта мерзімдегі және ұзақ мерзімді жоспарлардың өз мезгілінде жасалуы;
-макроэкономикалық тепе-теңдікті қамтамасыз ету, жоспардың өндірістегі шығындарды азайтуға бағынышталуы;
-жоспар шешімдерін қабылдауға кешенді сипат беру;
-жоспарлаудың икемділігі және ыңғайлылығы, ол үдемелі, ұдайы өндіріс жағдайларының өзгеруін уақытыңда реттеп асыруға мүмкіндік береді;
-халық шаруашылығының басты, басым салаларын бақылауды қамтамасыз ету;
-қабылданған шешімдердің (көрсеткіштердің) ғылыми негізде дұрыстығын ескеру.
Әлеуметтік- экономикалық дамудың әр түрлі бағыттары бойынша стратегиялық мәні бар және мемлекеттің қуатын әсерін талап ететін жоспарлар жасағанда, оны қалыптастыруда және орындауда қатаң талаптар жоққа шығарылмайды. Олар әсіресе ұлттық бағдарламалар арқылы жүзеге асырылады. Осыған байланысты, кез келген индивкаттық жоспар мына бөліктерді қамтиды: тұжырымдамалық бөлім (әлеуметтік – экономикалық даму тұжырымдамасы), болжау бөлімі (әлеуметтік-экономикалық даму болжамы) және жоспарлы реттеуші бөлім (экономикалық реттеушілер жүйесі мен мемлекеттік мақсатты кешенді бағдарламалар). Мұнда алғашқы екеуі ұсыныс сипатында, ал үшіншісі -міндетті талап болып табылады.
Индивикативтік жоспарлар жүйесіне стратегиялық (ұзақ мерзімді), тактикалық (орта мерзімді) және ағымдық (бір жылға дейінгі) жоспарлар кіреді.
Стратегиялық жоспар 10-15 жылға арналып жасалады және экономикада құрылымдық қайта құруды жүзеге асырудың кезеңдерін, стратегиясын, мақсатын, артықшылықтарын анықтайды. Барлық елдердің тәжірибелері көрсетіп отырғандай, елдің дамуы, оның жетістіктері ғылыми түрде дұрыс жасалған стратегаялық жоспарларға, әсіресе олардың мезгілімен орындалуына байланыста болады. Стратегаялық жоспар мына тараулардан тұрады;
1,Әлеуметтік-экономикалық жағдайларды талдау.
2,Әлеуметтік-экономикалық дамудың тұжырымдамасы.
3,Негізгі махроэкономикалық көрсеткіштер.
4,Ұлттық бағдарламалар.
Әлеуметтік-экономикалық жағдайды талдау өндіріс қуатынын жағдайын, экономика дамуының ішкі және сыртқы тенденцияларын, мемлекеттік реттеушілер жүйесі жұмысының нәтижелілігі мен әрекеттілігін, өндіргіш күштердің сапалылығы мен оның дамуын, сонымен бірге осыларға әсер етуші процестерді айқындап, оны әлемдік экономиканың дамуымен салыстыра көрсетуі қажет.
Әлеуметтік-экономикалық дамудың тұжырымдамасы әлеуметтік-экономикалық саясатың стратегиялық мақсаты мен міндеттерін, басым бағыттарын сондай-ақ оларға жету жолындағы ұлтық бағдарламалар тізбесін анықтайды.
Шаруашылықты дамуынының ұзақ мерзімді басым бағыттарын тандау экономикалық саясатының басты және айқын кезеңі болып табылады. Дамыған елдер тежірибесі көрсетіп шығарғандай, артықшылықпен пайдаланатын бағыттар экономиканың дағдарысқа ұшырау кезеңінде шектеулі болуы тиіс.
Макроэкономиканың негізгі керсеткіштері арқылы экономикалық өсудің қарқыны, қоғамдық өндірістік құрылымы, халық шаруашылығның негізгі тепе-теңдіктері, мемлекетің, кесіпорының және халықтың қаржылық мүмкіндігі бағаланып, болжанады.
Стратегиялық жоспар ағымдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайларды талдауға, жобалау есептері мен сараптау бағаларына (даму тенденцияларынан тұратын) негізделеді, ол мыналарды анықтайды:
-дамудың мақсаты және перспективті (болашақ) мүдделерінің жүйесі;
Стратегаялық жоспар
1 сурет.Стратегаялық жоспар
халық шаруашылығының басты, басым бағыттары ; және оны жүзеге асыру кезеңдері;
-экономикалық өсудің мүмкін қарқыны және макроэкономикалық үйлесімділіктер;
-экономикадағы құрымдылық өзгерістер;
-ресурс потекциялы, оны қолданған бағыттары мен тиімділігі;
-ішкі және сыртқы экономикалық саясатың негзгі бағыттары:
-шаруашылық жүйесіндегі негізгі ұсынылып отырған әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясының негізінде халық шаруашылығының басым бағыттары бойынша арнайы мемлекеттік инвестициялық және ұлттық даму бағдардамалары жүзеге асырылады.
Ұлттық бағдарламалар әлеуметтік-экономикалық стратегияны және оның дамуын жүзеге асыруда мемлекеттік реттеуді ұлттық мақсат пен міндеттерге сәйкес жүргізуге көмектеседі. Директивті және иңдикативті әдістің қосыңдысы ретінде ұлттық бағдарламалар кешенді шаралар жүргізетін жоспарлы құжат болып табылады. Онда ресурстар, орындаушылар және орындалу мерзімі, түрлі салалар мен қожалық етуші субъектілер меншіктің түріне қарай бір-біріне сәйкестендіріліп, байланыста қарастырылады. Ұлттық бағдарламалар ірі әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық, экологиялық және басқа да көкейкесті проблемаларды шешу арқылы тиімділігі жоғары ұлттық экономиканы қалыптастыруға бағытталады. Олар алға қойған мақсатқа толық жетуге қажетті мерзімді қамтиды.
Орта мерзімді және жылдық жоспарларды қалыптастырғанда ұлттық бағдарлама бөлек тарауға — индикативтік жоспардың Экономикалық реттеушілер деген тарауына енгізіледі, сонымен бірге өндіріс өнімдерінің салалық жоспарларында, қызмет көрсетуде және мемлекет қажетін қамтамасыз етуге арналған бюджеттік сұраныстарда көрініс табады.
Қазақстан Республикасының болашақ он жылдыққа (2001-2010 жж.) арналған ұзақ мерзімді стратегиялық жоспары жасалып, әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық бағыттары бойынша нақтылы міндеттер мен басымдықтар анықталған.
Атап айтқанда, 2010 жылға дейін әлеуметтік-экономикалық саланы дамуда мынандай негізгі мақсаттар алға қойылады:
-жекелеген секторларда орнықты әрі басқалармен бәсекелесе алатындай экономика қалыптастыруды жалтастыру;
-жалпы ішкі өнімнің (ЖӨ) көлемін кем дегенде екі есеге көбейту;
-экономиканың аса маңызды салаларында ұлттық капиталдың үлесін артыруға қол жеткізу;
-халықтың әл-ауқатын анағұрлым арттару.
Бұл міндеттерді орындау шартты түрде үш кезеңде жүзеге асырылады.
Бірінші кезеңде ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттар — экономиканың жоғары қарқынмен дамуын қамтамасыз ету және еліміздегі халықтың тұрмыс деңгейін арттыру көзделеді.
Екінші кезең ұзақ мерзімді мақсаттарға — экономика мен халықтың тұрмыс деңгейін құрылымдарына сапалық өзгерістер енгізуге бағытталады.
Үшінші кезеңде әлеуметтік-экономикалық мақсаттар — елімізде экономиканың, әлеуметтік саланың және экологиялық жағдайдың тұрақты дамуға көшуге белгіленеді.
Ұзақ мерзімді стратегиялық жоспар бойынша елімізде бәсекелестігі зор экономика құру, соның негізінде қазақстандық үлгі (модель) қалыпттастыру көзделеді. Онда мемлекет экономикалық дамуға белсенді араласып, оның "локомотиві" ролін атқаруы тиіс. Соның нәтижесінде: ірі-ірі жүйелі құрылымды компаниялар, өнеркөсіптік-қаржылық топтар құрылып, олар аймақтық, мүмкін болса, дүниежүзілік деңгейге көтеріледі;
-орталық және жергілікті басқару органдарының функциалары толық бөлініп анықталады;
-отандық кәсіпорындар бәсекелестік мүмкіндігін арттырып, шетел компанияларымен ішкі және сыртқы рыноктарға еркін араласады. Әсіресе импорт алмастыру мен экспорттақ жағдайларда белсенділік көрсету маңызды.
Стратегиялық жоспарда қойылған мақсаттар жан-жақты сараланып, оған әр түрлі бағыттар бойынша жету жолдары көрсетілген. Онда саяси-әлеуметтік (демографиялық даму, білім және денсаулық реформалары, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау), өнеркәсіптік технологиялық және агроиндустриалдық санаттар, көлік инфрақұрылымы, табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны қорғау, ақша-несие, салық-бюджет және инвестициялық саясаттар, мемлекеттік меншікті басқару, саяси және әкімшілдік басқару жүйесін реформалау, жергілікті басқару органдарын жетілдіру мәселелері қамтыған.
Қазақстан Республикасының дамуының 2010 жылға дейінгі стратегиялық жоспары еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының преспективалық бағыттарын анықтау арқылы оның бәсеклестік мүмкіндіктерін арттырады. Сонымен қатар ол әрбір министрліктер мен ведометволардың, ұлттық компаниялардың, облыстардың, Алматы және Астана қалаларының стратегиялық жоспарларының базасы болып саналады.
Орта мерзімді (5 жылға дейінгі) индикативтік жоспарлар Қазақстан Республикасы әлеуметтік – экономикалық дамуының индикативтік жоспары тұжырымдамасына сәйкес жасалады. Онда мемлекеттік экономикалық саясаттың негізгі тактикалық мақсаттары мен бағыттары және оларға жетуде мемлекеттік ықпал ету жолдары көрсетіледі. Сонымен бірге мемлекеттің, кәсіпорындардың және халықтың жоспарланған мерзімге шамамен бөлінетін ресурс мүмкіндіктері анықталады. Мысалы, 1996-2000 жылдарға арналған экономикалық дамудың негізгі мақсаты экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету және осы тұрғыда халықтың әл-ауқатын көтеру болып табылады. Бірінші кезеңде — 1996 - 1998 жылдары республикада өндірістің құлдырау процесін тоқтату және оны тұрақтандыру мүмкіндіктері, екінші кезеңде — 1999—2000 жылдары өндірістің тұрақты өсуін және халықтың тұрмыс дәрежесін қалпына келтіру көзделеді. Орта мерзімге арналған жоспар ұзақ мерзімге арналған жоспарлардағы параметрлерді нақтылап, берілген уақыт кезеңінің мақсаты мен міндетіне жету шараларын анықтайды. Ол кең көлемдегі көрсеткіштер деңгейінде жасалып, шаруашылық салаларына (эвеноларына) бағдар мен ұсыныс ретіңде қызмет етеді.
Орта мерзімді жоспар жасау барысында әлеуметтік-экономикалық дамудың өз кезеңіне сай, стратегиялық-тактикалық мақсат-мүддені іске асыруға бағытталған экономикалық реттеушілер жүйесі анықталады.
Орта мерзімді жоспар мына тараулардан тұрады:
1.Әлеуметтік-экономикалық жағдайды талдау.
2.Экономикалық саясатың негізгі бағыттары.
3.Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері.
4.Экономикалық реттеуіштер.
1.Әлеуметтік-экономикалық дамуды талдау барысында дұниежүзілік экономикалық даму үрдістері мен Қазақстан экономикасының жай-күйі анықталады.
Қазіргі уақытта дүниежүзілік экономикада оң үрдістер (процестер) нығаюда, ал Азиядағы, Латын Америкасындағы және Ресейдегі қаржы дағдарыстарымен байланысты 1997-1998 жылдардағы құлдыраудың салдары толығымен жойылды. 2000 жылы жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) өсу дәрежесі 1999 жылмен салыстырғанда дүниежүзілік экономикада 4,7 пайызға, АҚШ-та 5,2 пайызға, Еуроаймақта 3,5 пайызға, дамушы елдерде 5,4 пайызға жетті. Алайда, болжам бойынша, шикізат бағасының өсуі, рынок дамуының әлемдік сипаты әсерінен алдан уақытта (2004 ж.) бұл қарқын Америка және Еуроаймақ бойынша аздап төмендеуі мумкін (3,0—2,5 пайыз), бірақ Жапонияда және дамушы елдерде бұл көрсеткіш 0,8-1,0 пайызға дейін артады деп жобалануда. Тұтасымен алғанда, онтүстік-азиялық аймақ бойынша құлдыраудың ізінше шұғыл жанданудан кейін, бұл елдер экономикасының жай-күйі жетілу деңгейде орнықты болып қала береді.
Қытай бұрынғы қарқынын бәсеңдететін емес, оның ЖІӨ-і 2000 жылы 7,0 пайызға артады деп күтілуде.
Ресейдің 2010 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық жобасында ЖІӨ-нің өсу қарқынын он жыл мерзім ішінде жылына орта есеппен кем дегенде 5-6 пайызға жеткізу көзделген.
Қазақстан экономикасының жай-күйі де түзеліп келеді. 1991— 1995 жылдары ЖІӨ мөлшері жылына орта есеппен 6,7 пайызға қысқарып отырса, 1996-2000 жылдары оның орташа жылдық өсімі 1,4 пайызды құрады. Осы жылдар ішінде экономиканың барлық нақты салаларында өндіріс көлемі үдемелі түрде ұлғаюда.
Сонымен қатар дүниежүзілік экономикада соңғы екі жылда жаңа және ерекше қауіпті күштер пайда болды, мұны көптеген елдер өз бастарынан өткізді. Бұл дүниежүзілік қаржы рыногына ғылыми сипат беру және американдық экономиканы күйретуге қабілетті орасан мол ақша қаражатының бақылаусыз ауысуы болып табылады. Мысалы, бірқатар мамандар қазір дүниежүзілік қаржы жүйесінде 300 трлн доллар мөлшеріндегі капитал еркін қозғалыста деп есептейді. Ол икемді және тиімді, көбінесе жалдаптық, қаржылық жұмсалымдарды іздейді.
Экономикалық саясаттың басты мақсаты - жедел экономикалық дамуды қамтамасыз ету. Ол үшін экономикалық ілімнің талаптары бойынша тауарға немесе өндірілетін өнімге жаңа қасиеттер беру, озық және жаңа технологиялар мен өндіріс әдістерін енгізу, жаңа энергия мен шикізат көздерін игеру, өндірісті ұйымдастыруда монополиялық элементтердің әсерін азайту немесе жою жолдарын табу қажет. Сонда ғана шетелдік компаниялармен бәсекеге түсе алатын өнім өндіруге болады.
Осыған сәйкес еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2001-2005 жылдарға арналған индикативтік жоспарында мынадай мақсаттар мен басымдықтар көрсетілген. Олар: макроэкономикадағы тұрақтылық, өңдірісті интенсивтендіру және бәсекеліктікті артыру, ғылым жеткіліктері мен жаңа технологияларды, соның ішіңде инцустриялық-ақпаратты технологияларды өндіріске енгізу, кедейлік деңгейін қысқарту және адами ресурстарды дамыту, адамдардың қалыпты тіршілігін қамтамасыз ету, тұрмыс деңгейін жоғарылату, моральдық және әдептілік сапаларын тәрбиелеу, аймақтардың дамуын теңестіру. Экономикалық саясатын негізгі бағыттары әлеуметтік-экономикалық дамудың стратегаялық жоспарының, ұлттық бағдарламаның, жоспарлау мерзімінің басында қалыптасқан экономикалық және саяси жағдайды ескере отырып, негізгі мақсат-мүддені мерзімдік тұрғыда нақтылауды көздейді, сонымен қатар дамудың ең тиімді жолын таңдап алуға мүмкіңдік береді.
Қазақстан Республикасы әлтеуметтік-экономикалық дамуының 2001 -2005 жылдарға арналған индикативтік жоспарының негізгі бағыттары мен көрсеткіштері 17 тараудан тұрады. Онда макроэкономиканың жай-күйі мен перспективалары, мемлекеттік мүлікті басқару және жекешелендіру, бағалы қағаздар рыноган, өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, ғылым мен технологаяларды, шағын кәсіпкерлікті дамыту, кедейлікпен күрес және халықты әлеуметтік қорғау, тұрғын халық демографиясы, жұмыспен қамту, еңбек ресурстарын дамыту, әйелдердің экономиканы дамытуға қатысуы, білім беру, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды басқару, мәдениетті, туризм мен спортты, инфрақұрылмыды дамытудағы мемлекеттік және салалық бағдарламалар қамтылған.
Қазақстан Республикасының 2001-2005 жылдардағы әлеуметтік- экономикалық дамуы индикативтік жоспарының негізгі бағыттары мен көрсеткіштерінің сипаттамасы
Макроэкономикалық болжамда ақша-несие саясаты, банк жүйесін және несиелік қатынастарды дамыту, қаржы рыногын жетілдіру, салық-бюджет саясаты, инвестициялық және сыртқы экономикалық, баға және монополияға қарсы саясаттар анықталады.
2001—2005 жылдардағы ақша-несие саясатының негізгі мақсаты -инфляцияны төмен деңгейде ұстап тұру, банк жүйесін дамыту және жетілдіру. Қаржы рыноганың тұрақтылығын сақтау халықтың сенімін арттырудың және оның жинақтарын қаржы секторына тартуды жандандырудың ажырамас шарты болып саналады. Салық-бюджет саясатының мақсаты мемлекеттің өзіне жүктеген функциялары мен қойған міндеттерінің іске асырылуын қаржылық тұрғыда
көрсеткіштері өзара сәйкестікте алынады. Нарық жағдайында жоспарлау жүйесі өзара байланысты қамтамасыз ету болып табылады.
1.3 Индивикатты орта мерзімді жоспарлауды ұйымдастыру
Елімізде орта мерзімді жоспарлау процесін ұйымдастырушы мемлекеттік оргон Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау минстрлігі басшылықты және заңнамада көзделген шекте қызмет атқарады. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын әзірлеуді салааралық үйлестіруді, Қазақстан Республикасының экономикалық жоспарларын және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарларын, мемлекеттік қаржыны, лицензиялау жүйесін басқаруды, орта мерзімді кезеңге арналған мемлекеттік бюджеттің болжамды көрсеткіштерін және тиісті қаржы жылына арналған убликалық бюджеттің жобасын қалыптастыруды жүзеге асыратын орталық басқарушы орган болып табылады.
Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы-Үкіметінің келісімдеріне, өзгеде нормативтік құқықтық кесімдерге, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің ережесіне сәйкес жүзеге асырады. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тулға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланклері, сондай-ақ заңнамға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы минстрлігінің Қазынашылық органдарында және банктерде шоттары болады. Министрлік он төрт департаменттен тұрады. Олардың ішінде тікелей орта мерзімді жоспарларды дайындау қызметін Экономикалық саясат және қамдау департаменті атқарады. Департаменттің негізгі міндеттері болып мыналар табылады:
1) ҚР Үкіметінің мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағыттары бойынша ұсыныстарды дайындау;
2) шешімдер, бағдарламалар, заңнамалық құжаттардың жобаларына юмикалық талдау жасау;
3) ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуын болжамдау, экономикалық талдау жасау және реформалардың жүзеге асырылуын бағалау;
4) Министрліктің бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысын қамтамасыз ету.
Департамент бекітілген заңдылықтарға сай келесі қызметтерді атқарады:
1) ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарын дайындау мен жүзеге асыруды методологиялық және ұйымдастырушылық тұрғыда қамтамассыз ету;
2)экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын қосатын орта мерзімді парларды орталық және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен дайындау;
3)экономикалық зерттеулер саласында ведомствоға қарасты ұйымдардың жұмыстарын үйлестіру;
4)елдін әлеуметтік-экономикалық дамуына мониторинг жургізу;
5)ұлттық есептер мен болжамданған баланстар жүйесін үйлестіру мен дайындауды жүзеге асыру;
Облыстардың орта мерзімді жоспарларын әзірлеудің және бекітудің тәртібі. Облыстардың орта мерзімді жоспарларын әзірлеу екі кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде жергілікті уәкілетті органдар:
-алынған материалдар мен экономикалық жоспарлау жөніндегі аудандық және қалалық бөлімдердің ұсыныстары негізінде экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде Облыстардың орта мерзімді жоспарларының ірілендірілген параметрлерін әзірлейді және жоспарланатынның алдындағы жылдын 20 ақпанына дейін бюджет комиссиясына ұсынылатын Республикалық орта мерзімді жоспардың жобасына енгізу үшін Министрлікке ұсынады;
-жоспарланатынның алдындағы жылдың 10 наурызына дейін жергілікті уәкілетті органдар облыстардың орта мерзімді жоспарларының жобаларын тиісті жергілікті бюджет комиссиясының қарауына жібереді;
-жоспарланатынның алдындағы жылдың 1 мамырына дейін жергілікт уәкілетті органдар облыстардың орта мерзімді жоспарларының жобалары Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлар министрінің бұйрығымен бекітілген кестеге сәйкес Министрлікпен және басқа мүдделі орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдармен келісуді жүзеге асырады;
-жоспарланатынның алдындағы жылдың 15 маусымына дейін облыстың (қаланың) әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары және облыстың (қаланың) орта мерзімді кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының аса маңызды көрсеткіштерінің болжамы жергілікті атқарушы органның бекітуіне енгізіледі.
-Екінші кезеңде қолданыстағы және әзірленетін өңірлік бағдарламаларды тізбелерін, басым жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларда (бағдарламаларды) қалыптастыру және өңірді дамытудың болжамда бағалауды нақтылау, Облыстың орта мерзімді жоспарының бөлімдерін түзету жүргізіледі:
1) жоспарланатынның алдындағы жылдың шілдесінде жергілікті уәкілетті органдар Облыстардың орта мерзімді жоспарларын пысықтауды жүзеге асырады және оларды облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдіктерінің қарауына енгізеді;
2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, Астананың әкімдіктері 15 қазанға дейін мүдделі орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдармен келісілген облыстардың орта мерзімді жоспарларын алдағы қаржы жылына арналған тиісті жергілікті бюджеттердің жобаларымен бір мезгілде тиісті мәслихаттардың бекітуіне ұсынады.
Ұлттық компаниялардың даму жоспарларын әзірлеудің және бекітудің құрылымы, тәртібі. Ұлттық компаниялар өздерінің даму жоспарларын жылжымалы негізде жыл сайын үш жыл мерзімге әзірлейді (Ұлттық компаниялардың жоспарлары).
Ұлттық компаниялардың жоспарлары мынадай бөлімдерді қамтиды:
1) ұлттық компанияны (даму институтын) дамытудың жай-күйі туралы баяндама;
2) ұлттық компанияның инвестициялық бағдарламасы;
3) дамудың аса маңызды көрсеткіштерінің болжамы.
2 сурет. Ұлттық компаниялардың жоспарлары
Ұлттық компаниялар жоспарлары бөлімдерінің құрылымы, нысандары көрсеткіштерінің тізбесі Министрліктің бұйрығымен бекітіледі.
Ұлттық компаниялардың жоспарларын әзірлеу және бекіту мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) Министрлік бекіткен Ұлттық компания жоспарының нысандары, көрсеткіштер тізбесі және құрылымы негізінде жоспарланатынның алдындағы жылдың қаңтарында ұлттық компаниялар акцияларының мемлекеттік пакеттерін иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын мемлекеттік оргондар ұлттық компания жоспары жобасының әзірленуін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
2) салалық мемлекеттік органда қаралғаннан кейін Ұлттық компанияларының жобасы жоспарланатынның алдындағы жылдың 1 мамырынан кешіктірмей Министрлікке тапсырылады;
3) жоспарланатынның алдындағы жылдың мамыр-тамызында Ұлттық компаниялар жоспарларының жобалары бюджет комиссияның шешімдерін және Экономиканы дамытудың жоспарланатын кезеңге арналған аса маңызды көрсеткіштерінің болжамын ескере отырып нақтыланады;
4) жоспарланатынның алдындағы жылдың тамызында Ұлттық компаниялар жоспарларының жобалары заңнамада белгіленген тәртіппен мүдделі мемлекеттік органдармен, соның ішінде Қазақстан Республикасының қаржы министрлігімен, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігімен (табиғи монополиялардың субъектілері болып табылатын және Қазақстан нарығында басымдық жағдайға ие ұйымдар үшін) келісіледі;
5) жоспарланатынның алдындағы жылдың төртінші тоқсанында үлттық компаниялар акцияларының мемлекеттік пакеттерін иеленуді және пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар Ұлттық компаниялардың жоспарлары жобаларын Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекіту (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітуге ұсыну) үшін енгізуді қамтамасыз етеді.
Орта мерзімді жоспарларды әзірлеуді әдіснамалық және ақпараттық қамтамасыз ету.
Орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ өзге мемлекеттік органдардың орта мерзімді жоспарларды әзірлеу кезіндегі жұмыстарына әдіснамалық басшылықты және оларды үйлестіруді Министрлік жүзеге асырады.
Министрлік өзінің шешімдерімен бағалар дамуының және тауарлар мен қызмет көрсетулер өндірісі серпінінің болжамдық көрсеткіштерін анықтауды қоса алғанда, орта мерзімді жоспардың тиісті бөлімдерін қалыптастыру жөнінде әдістемелік ұсыныстар әзірлейді және бекітеді.
2 Мемлекеттік басқарудағы индикативтік жоспарлаудың тиімділігін жолдарын талдау
2.1 Жоспарлау жүйесі, принциптері мен әдістері
Жоспарлау жүйесі қоғамда экономикалық заң талаптарын жүзеге асыру негізінде қолданылатын ұйымдастыру формалары мен әдістерін жиынтығы болып табылады. Оның құрамына бір-бірімен өзара байланысты әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық деңгейдегі болашақ және ағымдағы жоспарлары кіреді. Бұл жоспарлардың мақсаты, оларды жасау әдістері және екі бағытты қамтиды.
2 сурет. Жоспарлар жүйесі
Біріншісі - республикалық және аймақтық дәрежедегі мемлекеттік индикативтік жоспарлау. Оған тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілерге жөн сілтеуге бағытталған ғылыми болжаулар, бағдарламалар, басқа да жоспарлы құжаттар жатады. Индикативтік жоспарлау мемлекеттің әлеуметті экономикалық дамуының мақсаттары мен басымдықтарын, оларға сәйкес келетін параметрлер (индикаторлар) жүйесін және оған жетудің жолдары көрсетеді.
Екінші бағыты - шаруашылық (фирмалық) жоспарлау. Жоспардың бұл түрі әрбір қожалық етуші субъектінің және оның өнімдері мен қызметтері пайдаланушылардың мүдделерін қарастырады. Бұл жоспарлар мемлекет бағдарламалар мен жобалауды ескере отырып жасалады.
Қазақстан Республикасында экономикалық жоспарлау жүйесі ұзақ мерзімді "Қазақстан-2030" стратегиясына негізделген. Осыған сәйкес Үкімет стратегиялық жоспарлау агенттігімен бірлесе отырып, 15 жылға арналған өндіргіш күштерді дамыту және орналастыру үлгісін жасайды.
Теория жүзіңде және өмірлік тәжірибеде мазмұнына, мерзіміне және басқа да ерекшеліктеріне қарай жоспардың бірнеше түрі кездеседі
1. Мазмұнына қарай, экономикалық саясат пен кәсіпкерлік әрекетін байланысты жоспарлар мынадай түрлерге бөлінеді:
-стратегиялық жоспарлау, мұнда елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жүзеге асыру бағыттары мен әдістері, қожалық етуші субъектілердің мақсаты мен міндеттері көрсетіледі.
Олардың даму жолдары, түрлендіру мен қайта құру әрекетері ұзақ мерзімге есептеледі. Ол жаңа шешімдер мен мүмкіндіктер іздестіруге итермелейді:
-тактикалық жоспарлау, бұл нарықтың өзгеру жағдайын ескере отырып орта мерзімді стратегиялық мақсаттардың шешілуін көздейді;
-қауырт (оперативті) жоспарлау, мұнда қолда бар мүмкіндіктер өте
қысқа мерзімде (жыл, маусым, ай, он күн) жүзеге асырылады.
2. Жоспарлар қамту келеміне қарай темендегідей болып бөлінеді:
-қойылған мәселеге қатыстыстылардың бәрін қамтитын жоспарлау (кеше немесе халық шаруашылығы байынша);
-тек белгілі мәселені не мөлшерді, жеке теориторияны қамтитын бөлшектік жоспарлау;
2 Мемлекеттік басқарудағы индикативтік жоспарлаудың тиімділігін жолдарын талдау
Қазақстан Республикасының әлеуметтік экономикалық дамуын жоспарлаудың негізгі бағыттарын талдау
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарларын әзірлеудің ережесіне сәйкес әзірленді.
Жоспарда сыртқы және ішкі факторларға қарай 2008-2010 жылдарға арналған экономиканы дамытудың қарқындары негізделеді және орталық және жергілікті мемлекеттік басқару органдарының экономиканың жеке және мемлекеттік секторларын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау саласындағы іс-қимылы айқындалады және даму көрсеткіштері көрсетіледі.
Стратегиялық жоспарларда, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауларында және Қазакстан Республикасы Үкіметінің арналған бағдарламасында айқындалған мақсаттарға қол жеткізу және басымдықтарды іске асыру үшін экономика салаларын дамыту саласындағы 2008-2010 жылдарға арналған міндеттер және оларды шешу жолдары Жоспарда айқындалады.
2000 жылмен салыстырғанда 2010 жылға қарай ЖІӨ-ні екі еселеу жөніндегі стратегиялық міндет шамамен екі жыл бұрын орындалады және Қазақстанның экономикалық еселенуіне 2008 жылы қол жеткізіледі.
2010 жылға қарай жан басына шаққанда 5800 АҚШ доллары, ал 2015 жылға қарай шамамен 9000 АҚШ доллары болатын ЖІӨ-ге қол жеткізу қажет.
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Қазақстан Республикасы Статистика көрінісі.
Орта мерзімді жоспар мен фискалдық саясат Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін адами капиталды дамыту үшін жағдай Институттар мен инфрақұрылымды қамтиды.
Шартты кезеңде экономикалық саясат 2010 жылға дейінгі кезеңге шривті стратегиялық жоспарға сәйкес «Қазақстан - 2030» даму стратегиясында айқындалған міндеттерді шешуден тұрады.
2000 жылмен салыстырғанда ЖІӨ-нің еселенуімен қатар бізге халыктың жанбасына шаққанда 5000 АҚШ доллары болатын ЖІӨ-ге 2010 жылға қарай емес 2008 жылға жету үшін жағдай жасау қажет.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы экономикалық дамуының негізгі нәтижелері:
2005 жылдың қаңтар-желтоқсанында Қазақстанның өнеркәсіп кәсіпорындары (шағын, қосалқы кәсіпорындарды, үй шаруашылықтары
секторын қоса) қолданыстағы бағада 5124,1 млрд. теңгенің өнімін өндірді.
Бұл 2004 жылғы қаңтар-желтоқсандағы деңгейге 104,6% құрады. Өндіріс көлемінің өсуі республиканың барлық өңірлерінде байқалды, тек Қызылорда
(85,7%), Қарағанды (91,1%) және Қостанай (95,2%) облыстарынан басқа Кең
өндіру өнеркәсібінде 2005 жылдың қаңтар-желтоқсанында 3003,7млрд.; теңгенің өнімі өндірілді, бұл 2004 жылдан қаңтар-желтоқсанынан 3,2%-ға жоғары. Осы кезеңде көлемнің өсуі негізінен табиғи газ (25%-ға); газі
коиденсатын (21%-ға); лигнит (14,5%-ға); мыс (11%-ға), хром (8,9%-ға),
біріктірілмеген темір (8,6%-ға) және қорғасын-мырыш (4,3%-ға) кендерін;
шикі мұнай (1,1%-ға) өндіруді арттыру есебінен қамтамасыз етілді. Сонымен;
қатар, құрамында алтыны бар (51,5%), біріктірілген темір (91,8%) және мыс-
мырыш (99,9%) кендерін; теміркенді шекемтастар (79,3%); тас көмір (98,7%)
өндіру төмендеді.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі, ауыл шаруашылығы саласындағы қызметтерді қоса 2005 жылдың қаңтар-желтоқсанында тұтастай республика бойынша (алдын ала деректер бойынша) ағымдағы бағада 764,8 млрд. теңгені құрады, бұл 2004 жылдың тиісті кезеңіндегіден 6,7%-ға көп, соның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімдері - 408,8 млрд. теңге, мал шаруашылығы өнімдері - 356,0 млрд. теңге.
2006 жылдың 1 қаңтарына статистикалық тіркелім деректері бойынша республикада 157,6 мыңға жуық шағын бизнес кәсіпорындары тіркелді, бұл 2005 жылдың 1 желтоқсанымен салыстырғанда 0,7%-ға жоғары. Тіркелген кәсіпорындардың 73,1% жұмыс істеп тұрған болып табылды, яғни экономикалық қызметті жүзеге асырған немесе жүзеге асыруға мүмкіндігі барлар. 2005 жылдың желтоқсанында 50,6 мың кәсіпорын (жұмыс істеп тұрғандар санының 44%) белсенді жұмыс істеген болатын. Шағын бизнестің белсенді кәсіпорындары арасынан 66,2% саны 6 адамнан (КМС 105) кем субъектілерге келеді.
Қ.Р Қаржы министрлігінің жедел деректеріне сәйкес 2005 жылдың 1 желтоқсанына табыс көлемі 1818,7 млрд. теңгені құрады (2004 жылдың 1 желтоқсанына - 1180,5 млрд. теңге), шығындар - 1589,1 млрд. теңгені (2004 жылдың 1 желтоқсанына 1165,9 млрд. теңге), операциялық сальдо - 229,6 млрд. теңгені құрады. Бюджеттік таза кредит беруге - 6,5 млрд. теңгеден, ал қаржы активтерінің операция бойынша сальдосына - 86,8 млрд. теңгеден келді. Бюджет профициті 136,3 млрд. теңге деңгейінде анықталды. 2004 жылдың тиісті кезең көрсеткіштерімен салыстырғанда табыс көлемі бойынша деректер -54,1%-ға, ал шығындар - 36,3%-ға өсті.
2005 жылғы қарашада бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 36495 теңгені құрады және 2004 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 26,4%, нақты қадағалануда - 17,6% өсті, қаңтар-қарашада, тиісінше, 32957 теңге, 19,2% және 10,8%. Жалдамалы қызметкерлердің еңбек ақысының өсуі экономикалық кызметтің барлық түрлерінде байқалады. Ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлерінің жалақысы 2005 жылғы қарашада 2004 жылғы тиісті
яғни қатысты 34,1%, денсаулық сақтауда - 31,5%, мемлекеттік басқаруда - 29%, білім беру саласында - 26,7%, саудада - 23,7%, өнеркәсіпте - 23,3%.
2005 жылдың желтоқсанында сауалдамаға жауап берген кәсіпорындардың іскерлік белсенділігін сипаттайтын кәсіпкерліктің сенімділік индексі аймен салыстырғанда 2 пайыздық пунктке азайды және маусымдық фактордың есебімен (+8)%-ды құрады. Жақын арадағы 2-3 айдың көлемінде 2ОО6ж.(қаңтар-наурыз) өнеркәсіп кәсіпорындарында іскерлік белсенділіктің өсуі күтілуде.
Кәсіпкерліктің сенімділік индексі 2005 жылғы желтоқсанымен салыстырғанда 5 пайыздық пунктке өсіп, (+13)%-ды құрайды.
Қазақстан Республикасының статистика Агентігінің пайымдауынша, 2005 жылдың қаңтар-ақпан айларындағы ЖІӨ өндірісі 2004 жылдың дәл сол мерзімімен салыстырғанда 9,4%-ға өсті.
Соңғы жылдары Қазақстан экономикасына сыртқы және ішкі нарықтар тарапынан тауар мен қызмет көрсету салаларына деген сұраныстың артуы тән. Тұтынушылық және мемлекеттік шығындар, инвестициялар өсу тенденциясына ие.
2005 жылы негізгі капиталға инвестицилар көлемі 2205,2 млрд. теңгені құрап (бұл республика үшін өте жоғары көрсеткіш), 2004 жылмен салыстырғанда 22,1%-ға өсті. Таукен өндірісі саласына инвестициялар 2005 жылы 816,5 млрд. теңгені құрап, 2004 жылғымен салыстырғанда 43,7 %-ға өсті, қайтаөңдеу саласы 229,3 млрд. теңгеге жетті және бұл 2004 жылғымен салыстырғанда 18,3 %-ға өсті.
Сыртқы және ішкі нарықтар сұранысының, таукен өнеркәсібі көлемінің 3,2 %-ға артуы мен қайта өңдеу өнеркәсібінің 6%-ға өсімі арқасында 2005 жылы өнеркәсіп өнімінің өсімі 104,6%-ды қаралады. Электроэнергия, газ және су өндірісі мен үйлестірілуі 2,2%-ға өсті, соның ішінде электроэнергия ендірісі 67,8 млрд.квт.сағ. құрады.
Мұнай өндірісі (газ конденсатын қоса алғанда) 2004 жылмен салыстырғанда 2005 жьлы 4,1%-ға өсті және 61,9 млн.т. құрады - 2004 жылға 2,5 млн.т.-ға артты. Табиғи газ өндірісі 13,9%-ға артты және 25,2 млрд.куб.м. құрады.
Экспортқа бейімделген салалар өнеркәсіптерінде өндірістің өсуіне орай тұтынушылық және өндірістік мақсатқа негізделген соңғы тұтынушы тауарларына сұраныстың артуы байқалды және де бір өндіріс өсімінің факторы болып табылады. 2005 жылы азық-түлік өнімдерін қайта өңдеу өнеркәсібі, сусындарды қосқанда 14,4%-ға артты, мата және тігін өнеркәсібі өсімі 9,4 %-ды құрады, май өнімдері өндірісі 18,1%-ға артты, машина жасауда 20,1% өсім байқалды.
Ауылшаруашылығы өнімдерін өндірудің өсімі 2004 жылғымен салыстырғанда, жеміс-жидек өсіру өндірісі көлемінің 8,4% өсуі мен мал шаруашылығының 4,5%-ға өсуі арқасында 106,7% - ды құрады.
2005 жылы ішкі сұраныстың арқасында құрылыс жұмыстарының өсімі 2004 жылғыдан 34,1 %-ға артты.
2005 жылдың қаңтар-ақпан айларындағы тұрғын үй құ-рылысына 241млрд. теңге инвестиция құрылды және ол 2004 жылғымен салыстырғанда 1,6 есе көп.
Теміржол көлігі арқылы тасымалдау көлемінің 5%-ға артуы, автомобиль көлігі арқылы 4,6 %-ға, әуе көлігі арқылы 14,7 %-ға артуының арқасында жүк тасымалдау көлемі 4,8%-ға өсті.
Байланыс қызметі көлемінің өсу қарқыны 2004 жылғмен салыстырғанда 127,7%-ға артты, бұның ішінде жүздік байланыс (сотовая связь) қызметінің көлемі 65,3%-ға артты.
Кеден статистикасы берілгендері бойынша, 2005 жылы жоғары экспорт бағалары мен сыртқы сұраныс көлемінің айтарлықтай артуының арқасында, экспорт 38,6%-ға өсіп, 27,8 млрд. АҚШ долл. құрады. Импорт, тұрақты ішкі сұраныс нәтижесінде 35,8%-ға өсіп, 17,4 млрд. АҚШ долл. құрады.
Соңғы жылдары Үкімет пен Ұлттық Банк инфляциямен күрес жолдарын жүзеге асырды. 2005 жылы инфляция бірқалыптандырылып, 2004 жылғымен салыстырғанда 7,6 %-ды құрады, ал 2004 жылы жылдық орташа инфляция деңгейі 6,9%-ды құраған болатын.
Теңгенің орташа айырбасталым курсы 2005 жылы 1 АҚШ долл. шаққанда 132,94 теңгені құрады. Биржалық курс кезең соңында 1 АҚШ долл. шаққанда 133,77теңгені құрады. 1 жылға теңге номиналды сипатта долларға 2,9 %-ға сипаттандырылды.
Еліміздің халықаралық резервтері толығымен, Ұлттық Банк ақшаларын қоса алғанда, 2005 жылы 4,7 %-ға өсіп, 15084,4 млн. АҚШ долл. құрады.
2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда халық санының артуы байқалды. 2005 жылдың 1-желтоқсанындағы есеп бойынша республика халқының саны 15205,1 мың адамды құрап, 2005 жыл басымен салыстырғанда 130,3 мың адамға немесе 0,9%-ға өсті.
Кәсіби белсенділіктің жандануы нәтижесінде 2005 жылы экономикамен айналысатындардың саны 7883,5 мың адамға дейін артты, ал жұмыссыздардың саны 2004 жылғы 658,8 мың адамнан 6393 мың адамға дейін азайды. 2005 жылдың төртінші тоқсанында жұмыссыздық деңгейі бағалау бойынша 8,1 %-ды құрады (2004 жылы төртінші тоқсанда - 8,4%).
Экономиканың жоғары қарқынмен өсуі 2005 жылы 1-шілдеде зейнетақы мен әлеуметтік жалақының минималды және орташа деңгейін өсіруге мүмкіндік берді. Зейнетақы төлемдерінің орташа көлемі 2005 жылғы негізгі зейнетақыны қоса алғанда 10461 теңге. 2005 жылы 1-желтоқсанда 3000 теңге көлеміндегі мемлекеттік негізгі зейнетақы төлемін 1668,1.
Минималды зейнетақы төлемінің көлемі жыл ортасындағы төлемін қоса есептегенде 9200 теңгені құрады (2005 жылы - 6200 теңге). 2005 жылдың қаңтар-қараша айларында әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 6722 теңгені құрады, онын ішінде мүгедектігі бойынша - 6903 теңге, асыраушысын жоғалтуыға байланысты - 6631 тенге, жасына байланысты - 2942 теңге.
2005 жылғы тұрғындардың нақты ақшалай табысы, бағалау бойынша, 11,6%-ға артты. Негізгі табыстардың артуы негізінен 2005 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы жалақының 110,9%-ға өсуі есебінен болды. Бір жұмысшының орташа айлық номиналды жалақы деңгейі 2005 жылдың каңтар- желтоқсан айларында 33807 теңгені құрады.2005 жылы минималды жалақы деңгейі 7000 теңгеден 9200 теңгеге дейін өсті.
Табыс өсімі тұрғындардын жинақтарының өсіміне әсерін тигізді. 2005 жылы 1-желтоқсанда салымдардың жалпы көлемін 34% немесе 550,4 млрд. теңге халық салымдары құрады, 2004 жылдың 1-желтоқсанымен салыстырғандағы өсім 32,9%-ды құрады. Мұның ішінде жалпы көлемдегі үлкен үлес халықтың ұлттық валютадағы салымдарына тиесілі - 54%( 297,4 млрд. теңге).
Соңғы жылдардағы экономикадағы жағымды тенденциялар өндірістің өнеркәсіптік-шаруашылық саласында байқалды. Өндірістің инвестистициялық белсенділігі артты. 2005 жылы қарашада өндіріс рентабельділігі 32,8%-ға өсті (2004 жылдың қарашасында - 29%).
2005 жылы инвестициялық қаржыландырудың басты көзі болып екінші деңгейлі банктердін несиелері табылды, соның нәтижесінде олардың тұрақты өсу динамикасы байқалды. ҚР Ұлттық Банкі берілгендері бойынша, экономика саласындағы екінші деңгейлі банктердің салымдары, 2005 ж. 1-желтоқсанында 2326,2 млрд. теңгені құрап, 2004ж. 1-желтоқсанымен салыстырғанда 62,9%-дық өсімді құрады. Екінші деңгейлі банктердің несиелері көлеміндегі ұзақ мерзімді кредиттер үлесі қысқа мерзімді несиелер үлесінен артып, алдыңғы 31,3% - ға қарағанда 68,7%-ды құрады (тиісінше 727,4 млрд. теңге және 1598,8 млрд. теңге).
Несиелердің жалпы көлеміндегі үлкен үлесі: саудада - 24,8%, өнеркәсіпте - 16,8%, құрылыста - 11,8%, ауыл шаруашылығында - 6,4% құрады.
2005ж. 1-желтоқсанында айналым құралдарын сатып алуға 885,3 млрд. теңге бөлінді, негізгі қорларды сатып алуға - 250,2 млрд. теңге, олар жалпы несиелік салымдар үлесінде тиісінше 38% және 10,7%.
2005ж. 1-желтоқсанда екінші деңгейлі банктердің шағын кәіпкерлікке берілген несие деңгейі жалпы несие салымдары деңгейінің 19,6% (455,2 млрд. теңге) құрады. Оның ішінде негізгі бөлігі Алматыда 52,2 % (237,5 млрд. теңге), одан ұзақ мерзімді несиелері -156,1 млрд. теңге.
Экономиканы несиелендіру өсімі қаржы секторының өсу динамикасымен байланысты. 2006 ж. 1-қаңтарына банктердің өзіндік капиталы қоры 2005ж. 1-қаңтарымен салыстырғанда 69,2%-ға өсіп 586,9 млрд. теңгені құрады.
2.2 Қазақстандағы индикативті орта мерзімді жоспарлау үрдісін талдау
Қазақстан Республикасының, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарларын (бұдан әрі - орта мерзімді жоспарлар), ұлттық компаниялардың даму жоспарларын әзірлеу ұғымын және әдіснамалык негіздерін, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың оларды қалыптастыру жөніндегі өзара іс - қимылының тетігін белгілейді.
Әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспары - Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе мәслихат бекітетін, республиканың немесе өңірдін әлеуметтік-экономикалық дамуының үш жылдық кезеңге арналған негізгі көрсеткіштері мен бағыттарын және оларды іске асыру жөніндегі шараларды айқындайтын құжат.
Орта мерзімді жоспар:
Ел экономикасының сыртқы және ішкі факторларға байланысты атаудағы үш жылдағы даму қарқынын негіздейтін және индикативті сипаты бар;
Орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдардың экономиканың жеке меншік және мемлекеттік секторларын дамыту және Қазақстан Республикасының стратегиялық даму вакторларына, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Бағдарламасына сәйкес жоспарланатын кезеңде Қазақстан халқының әл-ауқатының өсуі Үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі іс-қимылдарын айқындайтын;
Әлеуметтік-экономикалық дамудың мемлекеттік реттеуіштерінің көрсеткіштері (индикаторлары) мен тізбесін қамтитын құжат болып табылады.
Орта мерзімді жоспардың мақсатты параметрлері ретінде экономиканың серпінін, құрылымын және тиімділігін сипаттайтын әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері (индикаторлары) пайдаланылады.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісім бойынша уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің (индикаторларының) нақты тізбесін белгілейді.
Белгіленген мақсаттарға жету үшін шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық қызметіне ықпал етуді реттейтін негізгі құралдар құқықтық регламенттеу және экономикалық тұтқалар жүйесі болып табылады.
Экономикалық реттеу тұтқаларының тізбесі және іс-әрекетінің бағыттылығы, нақты сандық мәндер орта мерзімді жоспарлау процесінде айқындалады.
Орта мерзімді жоспарлау - Үкімет пен облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің жоспарланатын кезеңде Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарларында, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазакстан халқына жолдауында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Бағдарламасында белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған шаралар кешенін әзірлеу процесі Орта мерзімді жоспарлау жүйесі шешілетін міндеттердің маңыздылығына қарай орта мерзімді жоспарлар республикалық және аймақтық деңгейлерде әзірленеді.
Республикалық деңгейде әзірленетін, экономиканың аясы мен салаларындағы мемлекеттік реттеу шараларын қамтитын орта мерзімді жоспар деп аталады. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспары деп аталады.
4 сурет. Орта мерзімді жоспарлау
Республикалық орта мерзімді жоспарды Министрлік Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдарының қатысуымен әзірлейді.
Аймақтық деңгейде әзірленетін, облыстарды, Астана және Алматы қалаларын тиімді дамытуға бағытталған экономикалық және әлеуметтік шаралар кешенін қамтитын орта мерзімді жоспар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспары (облыстың орта мерзімді жоспары) деп аталады.
Облыстардың орта мерзімді жоспарларының әзірлеушілері экономикалық жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар (жергілікті уәкілетті органдар) болып табылады.
Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ өзге мемлекеттік органдары Республикалық орта мерзімді жоспардың және облыстардың орта мерзімді жоспарларының басты құралдары және құрамдас бөлігі болып табылатын мемлекеттік, салалық (секторлық) және аймақтық бағдарламаларды әзірлейді. Мемлекеттік, салалық (секторлык) және аймақтық бағдарламалардың жоспарлы кезенде жүзеге асыруға белгіленген негізгі іс-шаралары Республикалық орта мерзімді жоспардың және облыстардың орта мерзімді жоспарларының істі бөлімдерінде баяндалады.
Ұлттық компанияны тиімді дамытуға бағытталған экономикалық және инвестициялық шаралардың бүкіл кешенін қамтитын орта мерзімді даму жоспары Ұлттық компанияның даму жоспары деп аталады.
Ұлттық компаниялар акцияларының мемлекеттік пакеттерін иелену және құқықтарын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен ұлттық әр компаниялардың даму жоспарларын әзірлеушілер болып табылады.
Орта мерзімді жоспарлар жыл сайын жоспарланатын кезеңнің бір жылға ұзартылуын көздейтін жылжымалы негізде үш жыл мерзімге әзірленеді.
Республикалық орта мерзімді жоспарды Облыстардың орта мерзімді жоспарын және Ұлттық компаниялардың даму жоспарларын өздерінің құзыры негізінде орталық және жергілікті атқарушы, сондай-ақ өзге мемлекеттік қорғандар іске асырады.
Орта мерзімді жоспарлардың құрылымы Республикалық орта мерзімді жоспар мынадай бөлімдерден тұрады:
1) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары);
2) әлеуметтік-экономикалық дамудың мемлекеттік реттеуіштері - табиғи монополиялардың өнімдері мен көрсететін қызметтері тарифтерінің жалақының, зейнетақылардың, мемлекеттік жәрдемақылардың ең төменгі мөлшерлері, күнкөрістің ең төмен деңгейі, тауарлар мен көрсетілетін қызметтер импортына кедендік тарифтердің өзгеруі; жұмыс күшінің импортына квоталар; өнімдер (тауарлар, көрсетілетін қызметтер) өндірісінің стандарттары;
3) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының аса маңызды көрсеткіштерінің болжамы;
4) қолданыстағы әрі әзірленетін мемлекеттік және салалық [секторалдық) бағдарламалардың тізбесі;
5) қолданыстағы әрі әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісіндегі басым бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі;
6) ұлттық компанияларды дамытудың негізгі бағыттары мен негізгі көрсеткіштерінің болжамы.
Облыстың орта мерзімді жоспары мынадай бөлімдерден тұрады:
1) облыстың (қаланың) әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары;
2) облыстың (қаланың) әлеуметтік-экономикалық дамуының аса маңызды көрсеткіштерінің болжамы;
3) қолданыстағы және әзірленетін аймақтық бағдарламалардын тізбесі;
4) қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік, салалық (секторлық) және өңірлік бағдарламалар бөлінісінде басым жергілікті бюджеттік инвестицялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі.
Орта мерзімді жоспардың құрылымы, нысандары және көрсеткіштерінің тізбесі Министрліктің бұйрығымен бекітіледі.
Республикалық орта мерзімді жоспарды әзірлеудің және бекітудің тәртібі Республикалық орта мерзімді жоспарды әзірлеу екі кезеңде жүзеге
асырылады.
3 Қазақстан Республикасының әлеуметгік-экономикалық дамуының 2009-2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарын жетілдіру бағыттары
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне, әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарларын жасаудың ережелеріне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 14 маусымдағы № 647 қаулысына негізделген әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспары - бұл үш жылға республиканың немесе аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен негізгі бағыттарын анықтайтын құжат.
Қазақстан Республикасының әлеуметгік-экономикалық дамуының 2009-2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарының жобасын уақтылы және сапалы әзірлеу мақсатында ұсыныс жасаймын:
1.Министрліктің департаменттері бөлімдерді бөлуге және жауаптыларды бекітуге сәйкес Орта мерзімді жоспарды қалыптастыру жөніндегі жұмыстардың белгіленген мерзімде орындалуын қамтамасыз етілуі қажет.
2.Экономикалық саясат және индикативтік жоспарлау департаменті
министрліктің департаменттерімен бірлесіп:
Орталық, жергілікті атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялар, даму институттары өкілдерінің, ғылыми және іскер топтардың қатысуымен Орта мерзімді жоспарды әзірлеу жөнінде республикалық кеңес еткізуді қамтамасыз етуі керек, өйткені олардың өз ұсыныстарын нақтылауға және талқылауға мүмкіндіктері туады; министрліктерді, ведомстволарды, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдіктерін баяндаманың құрылымымен, Орта мерзімді жоспарды әзірлеу үшін жоспарланған кезеңге арналған аса маңызды макроэкономикалық көрсеткіштерінің нысандарымен және болжамымен қамтамасыз етілуі тиіс.
3.Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті ұлттық компаниялардың мемлекеттік акциялар пакетін иеленуді және пайдалануды жүзеге асыратын мемлекетгік органдарды ұлтық компаниялардың 2009-2010 жылдарға арналған даму жоспарларын уактылы әзірлеу мен бекіту мақсатында оларды жоспар құрылымымен және керсеткіштерінің нысандарымен уақытылы қамтамассыз етілуі керек.
4.Ақпараттандыру және инновациялар саласындағы шығыстарды жоспарлау департаменті Ақпараттандыру және байланыс агнттігімен бірлесе отырып «Қазақстан Республикасының элеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспары» акпараттық-талдамалық жүйесінің (АТЖ) үзіліссіз жұмыс істеуін жане оны техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етуі тиіс.
5.Өңірлік саясат және бюджетаралық қатынастар департаменті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әлеуметтік-экономикалық дамуының 2009-2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспаларының жобаларын мүдделі министрліктермен және Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің құрылымдық бөлімшелерімен келісуді ұйымдастыруы.
6.Министрлік департаменттері облыстардың республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әлеуметгік-экономикалык дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарлары жобаларының
болжамды көрсеткіштерін келісуді және қорытуды қамтамасыз етуі керек.
Өңірлік саясат және бюджетаралық қатынастар департаментіне өңірлік бөліністегі жиынтық мәліметтерді ұсыну:
1)Стратегиялық талдау және жоспарлау департаментіне-өнеркәсіпті дамыту және өңірлік бағдарламалардың тізбесі;
2)Салалық органдардың шығыстарын жоспарлау департаментіне - ауыл шаруашылығын дамыту
3)Инвестициялық саясат жэне жоспарлау департаментіне инвестиция- лық сала;
4)Халықаралык қатынастар департаментіне — сыртқы экономикалық қызмет мәселелері бойынша жүзеге асырылуы экономиканың интенсивті даму құралдарының бірі болып табылады.
5)Экономикалык қызмет жэне элеуметтік қорғау түрлері бойынша . білім беру, денсаулық сақтау, мэдениет, спорт, халықты жұмыспен қамту мэселелері жөніндегі көрсеткіштерді жинақтауды. Өңірлік саясат және бюджетаралық катынастар департаменті Әлеуметтік сала шығыстарын жоспарлау департаментімен бірлесіп жүзеге асыруы керек.
6)Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әлеуметтік- экономикалық дамуының 2009-2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарларының жобаларын келісудін қорытындыларын орта мерзімді жоспарлардың тиісті бөлімдеріне ескертулері бар министрліктердің және экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің құрылымдық бөлімшелері өкілдерінің қатысуымен осы процестің жетекшісі қарауы керек.
7)Ішкі әкімшілік департаменті өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарларын келісу кезеңінде өңір өкілдерін телефондық байланыс және компьютерлік техникасы бар үй-жаймен қамтамасыз етілуі керек.
10.Министрліктің департаменттері белгіленген мерзімдерде орта мерзімді жоспардың тиісті өлімдерін жүйелеуді (орталық және жергілікті атқарушы органдардан алынған материалдар негізінде) және экономикалық саясат және индикативтік жоспарлау департаментіне
-орта мерзімді жоспарды АТЖ жүйесінде қалыптастыруды қамтамасыз етуі қажет. Орта мерзімді міндеттерді шешу саласында 2007 - 2009 жылдары әлеуметгік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттары Президенттің «Қазақстанның әлемдегі 50 дамыған елдердін қатарына кіруі» атты Қазақстан халқына Жолдауында, стратегиялық жоспарларда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Бағдарламасында, Индустриалық-инновациялық даму стратегиясында айқындалған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес болады.
Инновациялық экономика және экономиканың ішкі заттық емес секторын дамыту жөніндегі белсенді және экономиканың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға ықпал етуі тиіс.
Жоспарланып отырған кезеңде бәсекеге қабілетті экономика негіздерін мынадай міндеттерді шешу:
2007 - 2009 жылдары ЖІӨ-нің орта есеппен 8,2 %-ға орташа жылдық өсу қарқынын қамтамасыз ету;
инфляцияның орташа жылдық деңгейін 5-7 %-дық дәлізде қамтамасыз ету;
бағалы қағаздар рыногын және жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамыту;
кәсіпкерлік органың бастамаларын іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау;
металлургая, тоқыма салаларында, тамақ өнеркәсібінде, мұнай-газ машина жасауда, индустриясында, туризмде, көлік-логикалық қызметтерде кластерлерді және дамыту;
ауыл шаруашылығы шикізатын өндіру және өңдеу саласында кластерлік бастамаларды іске асыру арқылы аграрлық өндірісті индустрияландыру, болашақтың жоғары технологиялы және ғылымды қажете ететін өндірістері үшін кадрлық әлеуметтік қалыптастыру;
халықтың әлеуметтік қорғалмаған жіктерінің өмірін лайықты қамтамасыз ету;
тұрғын үй проблемасын жеделдете шешу;
белсенді, жан-жақты және теңестірілген сыртқы экономикалық саясатты жүргізу;
Алматы қаласында өңірлік қаржы орталығын құру тұжырымдамасын одан әрі іске асыру ұйғарылып отыр.
Әлеуметтік-экономикалық дамудын, 2007-2009 жылдарға арналған басымдықтары болып мыналар айқындалды:
ел экономикасының Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын одан әрі іске асыру, жеке сектормен ынтымақтастықты тереңдету;
ғылымды, білім беруді және халықтың кәсіби біліктілігін дамытудың қазіргі заманғы және тиімді жүйесін кұру;
-тұрғын үй құрылысын дамыту;
-денсаулық сақтау жүйесін одан әрі жетілдіру,
-шағын кәсіпкерлікті дамытуды қамтамасыз ететін іс-шаралар кешені;
-халық зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыруды одан әрі арттыру.
-Берілген бағдарламаны жүзеге асыру арқылы кеден қызметінде келесі –
-жағдайлар туындайды:
-қызметтің айқындылығы;
-бизнес қызметкерлері мен азаматтармен қатынаста бюрократизм деңгейінің төмендеуі;
-кедендік бақылауға автоматтандыруды енгізу;
-кедендік тексеру процесін жылдамдату және жеңілдету;
-республиканың транзиттік потенциалын өсіру;
-коррупцияны азайту және т.б. мәдениетті дамыту саласында:
-халыққа мәдениет саласында жүйелі түрде қызмет көрсететін және әрдайым даму үстінде болатын жуйе құрылады;
-2006 жылы Қытай Ұлттық кітапханасында Қазақстнның Мәдениет орталығы ұйымдастырылды;
-Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығында мұражайлардың электрондык базасы кұрылды;
-Бағдарламаның жоспарын жүзеге асыруда бұл салада мәдениет объектілерін жөндеу жұмыстары жүреді, 157 мұражайдың 200 экспонаты қайта реставрацияланады, мемлекеттік мұражайлармен 700 өнер туындылары сатып алынады және т.б.
5 сурет. Кеден қызметі
Әлеуметтік сала бойынша халықтың өсуіне әсер ететін елімізге келетін оралмандардың санының артуы, экономиканың жетекші салаларының талаптарына жауап беретін жоғары квалификацияландырылған шетелдік мамандарды тарту т.б. мәселелер.
Орта мерзімді перспективаға ауыл аймақтарындағы негізгі мақсат - ауыл мен қала тұрғындарының тұрмыс деңгейіндегі айырмашылығын қысқарту.
Ауыл аймақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған
Мемлекеттік бағдарламасы жалғасын табады: ; экономиканы кластерлі жолмен дамытудағы аймақтық өнеркәсіптік мамандану;
-миграциялық ағымдарды тиімді бақылау механизмін дайындау;- ипотекалық және тұтынушылық несиелеуді, ауыл шаруашылығына 1 қатысы жоқ бизнесті несиелендіру, микронесиелеу жүйелерін дамыту 1 арқылы ауыл тұрғындарының несие ресурстарына қол жетімділігін арттыру; Мемлекеттік Бағдарламаны жүзеге асыру ауылдық аймақтардың әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуды инвестициялау, миграциялық ағымды тиімді басқару т.б. мәселелерін шешеді. Мұның барлығы ауыл мен қала халқының тұрмыс деңгейі мен табыс деңгейі дифференциациясын қоюға көмектеседі. Қоршаған ортаны қорғау саласында:
-қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Кодекс қабылданды;
-экологиялық менеджмент пен өнім сапасының халықаралық стандарттарын енгізу;
- экологиялық бақылаудың европалық модельдеріне көшу;
-экологиялык аудит пен экологиялық сақтандыруды енгізу және т.б. Медицина саласьшдағы кейбір бағытгар:
-республикалық медициналық ақпараттық-талдамалық орталықтың қолданылуы; |
-2007 жылдан бастап электрондық қызмет көрсетулер жүзеге асырылды;
-2008 жылы денсаулық сақтаудың Бірыңғай ақпараттық жүйес жобасының интеграциясы жөнінде жиындар басталды;
-медициналық қызметшілер студент кезінен-ақ ақпараттық жүйемек жұмыс істеуге қабілетті болады және т.б.
Осы көрсетілген салалардағы прогрессивтік өсулер жүйелі түрде еліміздің әлеуметтік-экономикалық саласының 2009-2010 жылдарғы орта
мерзімді жоспарлаудың жүзеге асырылуы арқасында орындалады. Сол себептен де жоспар жасалу үстінде, ал оның орындалуы сіз бен біздің еңбегіміздің болашақ жемісі. Орта мерзімді жоспарлау:
1) әлемдік және отандық экономиканы, сыртқы, ішкі тауар және қаржы рыноктарын дамытуды экономикалық талдау мен болжауға негізделеді;
2) елдің және оның өңірлерінің экономикасын серпінді дамыту үшін шарттарды айқындайды;
3) жоспарланатын кезенде Қазакстан Республикасы дамуының әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешу кезінде кешенді көзқарасты қамтамасыз етеді;
4) аймақаралық ықпалдастықты дамытуға және халық кірістерінің артуына ықпал етеді;
5) нарықтық тетіктердің іс-әрекеті негізінде экономиканың өздігінен реттелуінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Қортынды
Қазақстан Республикасының, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарларын (бұдан әрі - орта мерзімді жоспарлар), ұлттық компаниялардың даму жоспарларын әзірлеу ұғымын және әдіснамалык негіздерін, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың оларды қалыптастыру жөніндегі өзара іс - қимылының тетігін белгілейді.
Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы-Үкіметінің келісімдеріне, өзгеде нормативтік құқықтық кесімдерге, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің ережесіне сәйкес жүзеге асырады. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тулға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланклері, сондай-ақ заңнамға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы минстрлігінің Қазынашылық органдарында және банктерде шоттары болады. Министрлік он төрт департаменттен тұрады. Олардың ішінде тікелей орта мерзімді жоспарларды дайындау қызметін Экономикалық саясат және қамдау департаменті атқарады.
Жарияланған-2013-06-25 21:35:44 Қаралды-8817
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Қазақстан тарихы
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Тіл ғылымы, Филология
- Философия
- Физика, Химия
- Кітапханалық іс
- Спорт
- Автоматтандыру
- Аудит
- Ауыл шаруашылығы
- Биотехнология
- Бухгалтерлік есеп
- Журналистика
- Кедендік іс
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару, Метрология және стандарттау
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Туризм
- Халықаралық қатынастар
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- Жаратылыстану
- Медицина