Тақырыбы: Әлем мәдениет тарихы
КІРІСПЕ
1. Мақсаты және міндеті
2. Мәдениет ұғымы
3. Мәдениет түрлері және оның басқа өмір салаларымен байланысы
1. Әлем мәдениет тарихы әлемдік мәдениетке үлес қосқан елдер мен халықтардың мәдени жетістіктері, пайда болу тарихы, адамзат үшін маңызы туралы баяндайды. Мәдени құндылықтарды жинақтау және жеткізу процесі алғашқы қоғамдық дәуірде басталған болатын. Ұрпақтан ұрпаққа берілген мәдени құндылықтар адамзатты бүгінгі күнгі прогресске жеткізіп отыр. Сондықтан бұл курстың маңызы ерекше.
Әлем мәдениет тарихы негізгі мақсаты мен міндеті ол, әлем мәдениетінің тарихы туралы біртұтас ұғым қалыптастыру, әлем мәдениет тарихы курсы нақты материалдардың негізінде дүниежүзілік адамзат қоғамының қалыптасу процессі мен дамуын ашу, мәдениет ұғымының мәнін және маңызын ашу, әлемдік мәдениеттер туралы білім беру, әлем мәдениеттерінің пайда болуы және даму тарихын көрсету болып табылады. Жалпы мәдениет ұғымын мәдениеттану ілімі зерттейді.
Мәдениеттану XIX ғасырдың соңғы үшінші ширегінде өзіндік пән ретінде гуманитарлық білімдерде табиғат және мәдениет, әлеуметтілік және табиғилық, жаратылыстылық және мәдениеттілік сияқты қарама қайшылықтардың айқындалуы қалыптасқан кезеңде пайда болды. Мәдениеттанудың білім жүйесі, жалпы мәселелері «философия тарихында», «философия мәдениетінде» қашанда елеулі орын алып, қарастырылып келеді. Мәдениетті зерттеудің бұл терең философиялық дәстүрі басқа да гуманитарлық ғылымдар өкілдерінің назарынан тыс қалған жоқ. Мәдениеттануда осы уақытқа дейін антропология, социология, психология, тарих, тіл білімі, семиотика сияқты әр түрлі пәндер өз үлестерін қосып келеді. Мұның өзі мәдениет туралы ғылымның ер тектілігін туындатып отыр.
Мәдениеттану - гуманитарлық пән, ешкім де оған шүбә келтіре қоймайды. Дегенмен біртұтас, бірыңғай мәдениеттану теориясы әзірге толық қалыптасқан жоқ, сол себептен осы уақытқа дейін мәдениет туралы теория жеке концепциялар түрінде, не сол мәдениеттану
мамандарының белгілі бір жүйеге ыңғайланған құрылымдары тұрғысында көрінуде. Мұның өзі мәдениеттану ғылымының елеулі ерекшелігін көрсетеді.
Бүгінгі таңда мәдениеттану өзінің пәні мен тәсілін анықтап, екі аяғынан қаз тұру дәуірін басынан кешіруде. Оның әлі ғылыми пән ретінде теориялық кәмелетке жеткен бейнесі толығынан көріне қойған жоқ. Кәзіргі ізденістер мәдениеттанудың философиямен тығыз байланыстылығының дәлелі және сол философияның «қамқорлық» шеңберінен босанып, өзіндік қырынан білімнің жаңа саласына айнала бастауының айғағы, Мәдениеттанудың өзіндік ерекше білімдер жүйесі тұрғысынан көрсететін дәлелдер аз емес. Оған мысал ретінде кәзіргі заман мәдениетіндегі құбылыстарды алуға болады:
Әлем өзінің 2000-шы жылдықтарында техника мен мәдениет туындататын орасан зор әлеуметтік өзгерістерге толы жаңалықтар қарсаңында тұр. Микроэлектроника, есептеу техникасы және ақпарат индустриясы бүгінгі күні дамудың орасан зор катализаторына айналды. Жалпы, технология бүкіл қоғамдық өзгерістердің және кәзіргі заманның даму күшінің маңызды факторы болып отыр. Бұл құбылыстарға байланысты техника мен мәдениет арасынан мына мәселелер туындайды: Техника жетістіктерінің адамдар болмысына деген ықпалы қандай және олар адам өміріне қандай өзгерістер әкелуі мүмкін? Ақпараттың ақыры не болмақ? Мәдениет пен компьютерлендіру өркениеттілігінің ара-қатынасы қандай болмақ? Әрине бұл мәселелерді белгілі бір гуманитарлық пәндер тұрғысынан қарастыру мүмкін емес.
XX ғасырдың соңында дін мәселесі мәдениет өмірінде соншалықты елеулі орын алады деп ешкім де ойлаған жоқ. Қайта, өткен ғасырдың ғалымдары, философтары діни көзқарасты арнайы сынға алуды артықшылық деп санады. Өйткені болмыстың бастапқы құпия көзін ғылымның өзі-ақ
ашады деп тұжырымдады. Бірақ оның осылай біржақты шешілмейтініне қазір адамзаттың көзі жетіп отыр.
Оған қоса адамзат мәдениетінде, мәдениеттің болмыстылығына байланысты туындайтын мәселелер бар. Оларға мыналар жатады: Мәдениет феноменін қалай тануға болады? Өркениеттілік пен мәдениеттің арасында қандай байланыс бар?
Осы келтірілген жағдайлардан туындайтын мәселелердің түсінілуі, танылуы, жеке ғылым, діни сенім, философия, не басқа да гуманитарлық білімдер негізінде мүмкін емес екендігі белгілі. Олар кәзіргі уақытта әмбебап білімдер арқылы жүргізілуде. Көпшілік жағдайда бұл әмбебап қасиет мәдениентану ғылымына тән. Бұл арада мәдениеттанудың бастапқы мақсаты мәдениеттің тарихи дамуын және әлеуметтік қызметін зерттеу, ал нетижесі мәдениет туралы жүйеленген білім.
2. Ал енді мәдениеттің мәнін белгілі бір тұрғыда қарастырсақ, оның басқалардан гөрі айрықша екі жолын көруге болады: зайырлы және діни мәдениеттер. Діни ілімнің түсініктерінін шеңберінде «мәдениет» ұғымы (ғибадат),жоғарғы иенің беретін сенімі, дәстүрі, болмыстың жоғарғы мәні жатады. Мәдениеттің түп-тамыры байырғы заманға барып тіреледі. Оның діни көзқарастардан нәр алатындығы даусыз. Оларға адамдар арасындағы салт-сана, дәстүр, жоғарғы бір күшке табыну, жаратқанның құдіретіне сену сияқты т.б, табынудың түрлерін жатқызуға болады. Діни қарекеттер, діни тәжірибелер - алғашқы адамдардын табиғи жағдайдан шығуы, адам болмысының пайда бола бастауы. Сол себептен «гибадат» (кулът) және «мәдениет» ұғымдарының бір-біріне концептуальдық жағынан жақындасуының өзі әділетті.
Алғаш рет әдебиетте «культура» термині Римнің атақты философы әрі шешені Цицеронның (б.д.д. 45 ж.) «Тускул кеңесі» атты еңбегінде кездеседі. Оның этимологиялық негізі «өңдеу», «тазалау» деген сөздерден шығады. Алғашқыда агротехникалық термин (жерді өңдеу) ретінде қолданылды. Ал, Цицерон болса алғаш рет оны ауыспалы мағынада «адам ақыл-есіне ықлал жасау» үшін қолданды. Цицерон философияның адам өміріне ықпал жасау әдістерді қарастыруды мақұл көрді. Тек осымен антикалық азаматтарды дайындау, ессіз баладан ер адамдық деңгейге дейін қалыптасу жағдайлары сипатталады. Гректер бүл жағдайды «пайдейя» (жас бала) түсінігімен белгіледі.
Гректердің - «пайдейя» термині екі мағынада: біріншісі тікелей тәрбиелеу, үйрену, ал екіншісі білімді, білімділікті ағартушылықты, мәдениетті анықтайды. Олар адамдарды белгілі кәсіби емес, керісінше тұлға етіп айқындалған құндылықты қалыптастырды. Сөз жоқ, бұл адамға қарай бағытталғандықтан өзі мәдениет түсінігінің антикалық ауыспайтын гуманистік маңызын құрайды және негізінде мәдени жағдайлардың мақсатын шығаратын адам идеалы бар.
Мәдениеттің мақсаты мынада болды: адамның ойлау қабілетін, эстетикалық сезімнің әдемілігін дамытып, адамның іс әрекетінде сезімділік өлшемі мен әділеттілікті қарастыруға жол ашу. Бұл жағдайда антикалық адам табиғатпен біртұтас екендігін жоғалтқан жоқ. Табиғат өзі қанатының астына құдайлар мен адамдарды ала отырып ғарыштың айрылмас негізгі бөлігі болып қала береді.
Мәдениетке дәл осылай келу оның аса терең мағыналы екендігін, сонымен қатар оның әлеуметтік бойына даруын, қоғамның өмірімен біте қайнасуы, оның тек ғана адам баласының тегіне тән екендігін көрсетеді.
Сонымен, мәдениет - бұл адамның ақылы, таланты, еңбек таңбалары бар бізді қоршаған заттар мен құбылыстар әлемі. Бұл - өзінен өзін туындататын табиғаттан айырмашылығы бар адамдар әлемі. Оның әртүрлі анықтамалары мәдениеттің түрлі сферасын сипаттайды. Қорыта айтқанда мәдениет – бұл адамзаттың жасаған дүниесі.
3. Өндірістің негізгі екі түріне қарай материалдық және рухани мәдениет деп бөлеміз. Материалдық мәдениет адамның бүкіл материалдық еңбегі мен оның жемісін қамтиды (еңбек құралдары, күнделікті тұрмыс заттары, киім, баспана, көлік т.б.). Рухани мәдениет адам санасының, рухани еңбегінің аумағын қамтиды (тәрбие, білім, ғылым, өнер, әдебиет, аңызнама, дін т.б.). Рухани мәдениет пен материалдық мәдениет бір-бірімен тығыз байланысты.
Тарихта мәдени өзгерістің ықпалына ең бірінші табиғат түсті. Адам, табиғатты «өз үйіне», өзінің өмір сүру ортасына айналдыра бастаған кезде, өзін табиғаттан алшақтатын алғашқы қадамын жасаған еді. Адам эволюциясына табиғат ортасы тар болып, ол табиғаттан тыс шынайылық дүниесіне шықты, ол артефактар дүниесін жасады, яғни мәдениет пен әлеуметтің дүниесі. Кейде табиғат пен мәдениет үлеспейді деген пікірлер айтылып жатады. Дегенмен табиғаттан тыс мәдениеттің болуы мүмкін емес, мәдениет тек табиғаттың бергенін өзгертеді, өңдейді, яғни мәдениет – ол адам қайта өңдеген табиғат.
Мәдениеттің дамуы адам мен табиғат тұтастығының төмендеуіне әкеліп отыр. Табиғат адамның инстиктивті өмір сүру ортасы, одан тыс ол биологиялық тип ретінде өмір сүре алмайды. Алайда адамның одан еш маңызы төмен емес өмір сүру ортасы мәдениет болып отыр, ол инстикттен жоғары, саналық тәртіп жүйесін жасап отыр.
Ежелгі Шығыс мәдениеті. Ежелгі Египет мәдениеті
1. Ежелгі Шығыстағы мемлекеттік құрылымның пайда болу ерекшеліктері
2. Ніл аңғарының табиғаттық жағдайы, халқы және өркениеттің қалыптасуы
3. Ежелгі Египеттің мемлекеттік құрылымының ерекшеліктері және діни сенімдері
4. Ежелгі Египеттіктердің өнер саласындағы жетістіктері
5. Ежелгі Египеттіктердің ғылым мен білім саласындағы жетістіктері
1. Ескі дүние өзінің көркемөнерімен, сәулет өнерімен, әдебиетімен, дінімен, философиясымен күні бүгінге дейін таң қалдырып келеді. Сондықтан болар, солар арқылы өзімізге өзіміз тізе отырып осы заманның мәдениетінің ерекшелігін, мәнін байқаймыз, аңғарамыз. Кәзіргі уақытта бізден тарихи уақыт пен кеңістілікті артқа тастаған ерте дүние мәдениетінің әралуандылығын және бірегейлігін танып білу аса маңызды мәселелердің бірі. Әдетте мұны іске асыру үшін, сол шығыс және батыс мемлекеттерінің жеке тұлғаға, оның еркіндігіне катынастарын және сол мемлекеттердің пайда болу тәсілдерін бірімен-бірін салыстыру арқылы жүргізген жөн.
Байырғы Шығыс, адамзатты алғашқы қауым мифтерінен тербеп шығарған, ұлы мәдениеттің отаны болғанды. Алайда, Шығыс алғашқы қауымдастықты артқа тастағанымен адамның дүниеге қатынасының мифтік тәсілінен құтыла алмады. Өйткені табиғаттың дүлей күші түгіл, адамдардың ырқынан жоғары тұрған қатал әкімшілдікке негізделген мемлекетке де бас иіп, құдайдай көрді. Мәңгілік табиғаттың көне құдайлары, енді мемлекеттің алғашқы құрылысшылары мен қамқоршылары кейпінде алға шықты, оларды құдай орнатқан жоғарғы тәртіптіліктің жалғасы деп есептеді.
Көне шығыстың бұл ерекшелігі көбінесе адамдардың ұжымдық жолмен біріге отырып тірі қалуы, сол дәуірдегі қолайсыз географиялық жағдайдағы бірден бір жол еді. Аман қалудың алғы шарты қатаң, өміршіл мемлекеттің болуыын қажет етсе, ол байырғы адамдардың мәдениеті мен дүние түйсігі арқылы дәлелденіп отырылды.
Батыс тарихында жеке тұлғалардың дараланып шығуы олардың билік пен жеке меншікке құштарлығының салдарынан мемлекет пайда болды. Нәтижесінде қоғамға үстемдік жасайтын өкіметтің қажет екендігі айқындала бастады. Өкімет жаңа қалыптаса бастаған тәртіптілікті қорғаштады.
Біріншіден оқшауланып бөліне бастаған топтың артықшылығын сақтауға мүмкіндік туғызса, екіншіден адамдар мен топтардың арасындағы кейбір қақтығыстарды жұмсарта отырып, адамдардың қоғамдық келісімнін кешуге бағыттады. Былайша айтқанда, варварлық жүгенсіздік жағдайында пайда болған адам еркіндігінің көбі батыста мемлекеттердің пайда болуына әкеп соқты. Батыста мұндай типті мемлекеттердің пайда болуының мәні еркінді іске асуының әлеуметтік түрі еді.
Шығыс елдерінің тарихында еркіндіктің жеке тұлғалыққа, бейімділікке қарағанда мемлекетке құштарлық ерте басталды. Өйткені Шығыста қалт-құлт өмір сүрудің басты амалы суармалы жерлерді пайдалана отырып астықтың
коғамдық қорын жасай білуде болды. Өйткені, табиғаттың дүлей
күші соны талап етті. Осының барлығы қордалана келіп табыс
қорының қомақты және жоспарлы шығындалуын, әкімшілік жолымен басқарылуын және көптеген жеке ауылшаруашылық қауымдарды топтастыруды талап етті. Шығыс мемлекеттерінің негізінде жеке адамның өзіндігін және еркіндікті жоққа шығаратын абсолюттік біртұтастық идеалы жатты. Шығыс деспотиясының рухани мәні осында.
Мұндай мемлекеттіліктің типтік сипаттары Шумер,Үнді, Египет, Қытай сияқты Ежелгі Шығыс елдеріне тән нәрсе болды.
2. Ежелгі Египет адамзат тарихындағы алғашқы мемлекет және дүниені басып алуға алғаш әрекет жасаған империя. Ежелгі Қосөзеннің тарихы сияқты ертедегі Египеттің тарихы да бір жүйеге келтіріліп, терең зерттеле басталғаны ХІХ ғасыр болды.
Бұған дейін библия деректерінің және грек пен латын авторлары шығармаларының кейбір үзінділерін пайдалануға тура келді, бұлардың Египеттің жазба документтерін пайдалануға мүмкіншілігі болмады және өзге халықтың тарихын ауыз әдебиеті бойынша баяндады.
Вавилон – ассирия тарихына қарағанда, бізге белгілі болып отырған Египет өткендегісін суреттеген Герадот «Тарихы» әлдеқайда толығырақ, бірақ бір жүйеге келтірілмеген.
«Тарихтың атасы» Нілдің бойымен Египеттің солтүстігінен оңтүстігіне дейін саяхат шегіп, көне ескерткіштері қарап, шайқас болған жерлерді аралап, грек тілін білетін египеттіктерден бұл халықтың әдеп – ғұрыпын мен өткендегі тарихын сұрап білді. Әңгімелескен адамдардың бұл мәліметтері үзінді түрінде еді, кейде бұрмаланған да болды, оны тексеруге Геродоттың мүмкіндігі болмады.
Кейде египеттік саяхатшыға әңгімелескен адамдары өз ата – бабаларының әскери ерліктерін әсерлеп айтып, оны әдейі шатастырды. Олар Геродотты фараондарының Сесострис деп аталатын біреуі Қара теңіздің солтүстік жалғасына өтіп, скифтерді бағындырды деп сендірді. Ал шынында Египет фараондарының әсері Қара теңізге ешқашан жеткен емес. Сонымен қатар Геродот жинаған мәліметтің көбі, әсіресе көзіммен көрдім дегендері дұрыс.
Египет тарихымен антик заманның басқа да жазушылары айналысты, бірақ олардың бәрі де, Геродот пен Плутарх сияқты, египеттіктермен ауызекі әңгімеге сүйенді, егер олар Египет жазуын көрген болғанда да оны оқи алмас еді.
Б.э.дейінгі 332 жылы Александр Македонский Египетті жаулап алғанда, ол жерге көптеген гректер барып қоныстанып, оның өтендегі тарихымен айналысушылар көбейді және Египет абызы Манефон грек тілінде «Египет тарихын» жазды. Ол хронологиялық схема жасады және Египет тарихындағы бірқатар оқиғаларды дұрыс фактілерді аңызда айтылғандармен қоса баяндап берді.
Египет мемлекеті Африканың солтүстік – шығысында пайда болды. Оның негізгі бөлігі Ніл аңғарының, бірінші шоңғалдарынан Жерорта теңізіне дейін алып жатқан жерлер болды, бұған қоса шығысында Аравия таулы өлкесі, батысында Ливия үстіртінің біраз бөлігі де қарады.
Египеттіктедің өздері «Қызыл жерге», яғни шөл далаға қарағанда бұл жердің топырағын құнарлығын көрсетпек ниетпен өз елін «Қара жер» де атаған. «Египет» деген атау оның ежелгі астанасы – Хэкау – Птахты, яғни «Птах рухының қорғанын» - Мемфисті – гректердің бұрмалап, поэтикалық әсерлеп айтуынан алынған.
Египеттің Қосөзеннен айырмасы – мұнда халық ежелгі тас ғасыры кезінде – ақ мекендеген. Бірақ ол кездегі тұрғындар негізінен Нілдің батқапақты аңғарлары қоршап тұрған үстіртті жерді мекендеген аң аулап кезіп жүрген тайпалар еді. Олар ұлы өзеннің жалалауына анда – санда бір түсетін. Ол заманда Европаның едәуір бөлігін мұз басып жатты, ал Жерорта теңізізінің солтүстік жағалауында тундра жазылып жатты. Сонықтан да Солтүстік Африканың климаты қазіргідей ысық және құрақ болмауы табиғи құбылыс еді. Жаңбырда жиі жауды. Африканың кең – байтақ даласын қалың шөп пен бұлт басып жатты. Бұл жерде көптеген жабайы жануарлар, пілдер мен жирафтар да құстар да өсіп - өнді.
Кейінрек, Европаның мұздықтары бүтіндей ерігенде бұдан шамасы 12 – 15 мың жыл бұрын Солтүстік Африканың климаты өзгере бастады, бұрынғы көк майса дала біртіндеп шөл далаға айналды.
Алғашқы тұрмыстық аңшылар олжа таба алмағандықтан Ніл аңғарына ойысып, шағын территорияға топталып, шаруашылықтың прогресті түрі – егіншілік және мал шаруашылығымен айналысты. Нілдің тар аңғары тек солтүстіктегі шетінде жақындағанда, Жерорта теңізіне құяр сағасынада ғана тарамдалып атырау құрды. Сонымен Египет екі бүйіріне шөл көмкерген үлкен оазиске айналды.
Атмосфералық жауын – шашын барған сайын азая берді, іс жүзінде шаруашылық үшін мұның пәлендей маңызы бола қоймайды. Адамның өмір сүру мүмкіндігі өзен суымен байлайысты болды, гректердің Египет – Ніл сыйы деуі бекерге айтылмаған.
Тропикте үнемі болып тұратын нөсерлі жаңбыр соншалықты үлкен өзенді жыл сайын арнасынан асырып, тастытты. Табиғи дөңестер мен арнайы биіктетілген жерлерде орналасқан қалалар мен селениелерден басқа жердің бәрі су астында қалды. Ноябрьде Нілдің суы тартылып, егістік жерде құнарлы тұнба қабаттарын қалдырады.
Тасқынның соңынан іле – шала төрт айлық екінші маусым, одан кейін үшінші, соңғы маусым – астық оратын кезең басталады. Бұл кезде ыссылық жоғарғы шегіне жетеді де маусымның соңынан ғана бәсеңдеп, жалап бара жатқан оңтүстік желінің орнына, египет ақындары жыр еткен солтүстіктің самал желі есе бастайды және Нилдің суы барған сайын толықсып, таситын кезең де таянады.
Ніл аңғарындағы топырақ Қосөзеннен өнімді кем берген жоқ. Алайда, Египеттің ежелгі дүниенің сарқылмас астық қарына айналуы үшін егіншілікпен айналсатын халықтың көптеген ұрпағының орасан зор еңбегі қажет болғаның ұмытпауымыз керек. Египеттіктер семит – хамит тобына жататынбір тілде сөйлеген біртұтас халық болды.
Сыртқы түрлері жағынан олар сымбатты дене бітімдерімен, қараторы түстерімен ерекшеленеді. Египет суретшілері әйелдерді неғұрлым ашық өңді етіп бейнелейді. Азиялық семиттердің қалың бекенбардылары мен сақалдарына қарағанда жасанды екені аңғарылыап тұрады. Барлық египеттік ер адамдар да әйелдер де тегісінен қара шашты және қара көзді болып бейнеленеді.
Египеттің негізгі этникалық тұрғындарына бөтен ел халықтары да араласып кетіп тұрды. Оңтүстіктен мұнда кушиттер немесе нубилықтар қоныс аударды. Олар египеттіктермен туыстас еді, бірақ ішінара негрлермен араласып, солардың антропологиялық сипаттарын қабылдағандары да кездесетін. Жекелеген жағдайларда Египетке Орталық Африканың ержегейлі тайпаларының өкілдері келуі де кездесетін.
Египетке батыстан дене түстері ақ, көздері көк ливиялықтар да сан рет басып кірді.
Алайда бұл қоныс аударушылардың бәрі де аз уақытта – ақ ассимиляцияға ұшырап, жергілікті египеттіктермен араласып, солардың тілі мен әдет – ғұрыптарын қабылдап отырған және египеттіктердің антропологиялық типіне елеулі ықпал жасамаған.
Египеттіктердің батпақты Ніл аңғарын тұрақты игеру негізен б.э.дейінгі V мың жылдықта, жаңа тас ғасырынан басталды да б.э.дейінгі IV мың жылдық шамасында, мыс – тас ғасырында жалғаса түседі.
Бірнеше кварталдарға бөлінген ең ірі неолиттік мекен – жай қазіргі Меримде – Бенисалам іргесінде, атыраудың батыс жақ шегінде болыпты. Оның тұрғындарының шаруашылығында өзен аңдарын аулау мен балық аулау елеулі орын алған. Алайда, ешқандай күмән, туғызбайтын берік отырықшылық оларға теселі егіншілікпен қызу айналысуға мүмкіндік берді. Мал шаруашылығы да дамыды. Тас құралдар тамаша даму дәрежесіне жетті.
Алғашқы мыс бұйымдар келесі дәуірдегі Жоғарғы Египеттен табылып отыр. Бұл жердің тұрғындары аңшылық пен терімшіліктен егіншілік пен мал шаруашылығына көшкен.
Династияға дейінгі бірінші және екінші кезең деп екіге бөлінетін келесі сатыда, - мыс құралдар барған сайын жиірек ұшырай бастайды. Алайда тас құралдар әлі де басым еді, олар бұл кезде техникалық тұрғыданбарынша жетілдіріле түсті. Көршілес далаларды басып өтетін ағын сулар барған сайын азайып тартыла беріп, ақырында арналары мезгіл – мезгіл құрғап қалатынды шығарды. Мұның өзі Ніл аңғарын неғұрлым жүйелі түрде игеруге көшуге және қолдан суару үшін алғашқы талпыныстар жасауға алып келді.
Б.э.дейінгі IV мың жылдықтың аяғына таман аңшылық бірте – бірте алғашқы мәнінен айырылып, бұдан кейінгі уақытта шаруашылықтың күн көріс түрінен гөрі едәуір мөлшерде көңіл көтерер сейілге айала бастады.
Қолөнершілік қызмет саласында елеулі табыстарға қол жетті. Қолөнешілер жасаған бұйымдардан, әсіресе, аса шеберлікпен әшекейлкеп жасаған керамика мен ғажайып тас ыдыстарды ерекше атап айтуға болады. Фаянсты ойлап табу – алға басудағы үлкен қадам болды және бұл тұңғыш рет Египетте жүзеге асты.
Ніл аңғарынан обсидианың, бірнеше аралық елдер арқылы алыстағы Памирден әкеінген лазуриттің, Куштан жеткізілген қара ағаш пен басқа да бөтен елдерден әкелінген шикізаттың бірқатар түрлерінің кездесуі өзге елдермен байланыстың болғандығын дәлел бола алады. Қатынас құралдарының бұл кезде едәуір дамығаны байқалады.
Египеттегі негізгі қатынас құралы болған өзен транспортының елеулі түрде дамығанын біз саз балшықтан жасалған ыдыстардағы суреттерден көріп, аңғарамыз.
3. Египетте ежелгі кезеңнен бастап патша билігі күшейе түсіп, деспоттық сипатқа ие болады. «Патша» деген сөөздің өзі қастерлі саналатыны соншалық, оны өте бір сирек жағдайда болмаса, дауыстап айтуға ешкімнің де қақысы болмаған, әмірші туралы айтқанда тұспалдап қана сөйлеп, «фараон» деген сөзді қолданатын болған. Документтерде фараон ресми түрде «қайрымды құдай», «Раның ұлы» Гора деп т.с.с. аталатын болған.
Қол астындағы адамдар, патшаның алдына келгенде, оның алдына етпеттен «қарындарымен» жата қап, өз әмірішісінің аяғының астындағы жерді сүюге міндетті болған.
Фараонның осындай құдретті болуы оның қолындағы аса зор байлыққа негізделген еді. Өңделетін жердің бәрі соның меншігі болып есептелетін. Шын мәнінде ол, әрине, патша поместьтесін ұйымдастыру үшін және отбасы мүшелеріне, туыстары мен бегзадаларға бөліп беру үшін ол жерлердің белгілі бөлігін ғана меншіктенетін.
Көне табиғат құдайлары патша әмірін мемлекетті қорғайтын құдайларға айналды. Соньщ ішінде кең жайылыс алған Осирис құдайына табыну болды. Ежелгі Египеттіктер дүниетанымының басты белгісі «Өлімге деген наразылық». Қор әлем бұл дүние мен о дүниеден тұрады, күн (Ра) өзінің екі дүниеге де бірдей шашады. Тіршіліктің мәңгілігін Египетте
ағзаны сол күйінде сақтаумен байланыстырды (бальзамдау, яғни мумия жасау өнері осыдан барып шықты). Яғни египеттікттер өлім ол өмірдің аяқталуы емес, адам жаны белгісіз бір уақыттан кейін денесіне қайтып келеді, ол үшін денені сақтау қажет деген сенген. Осирис патшалығында адам, егер мәңгі және шаттық тіршілікте болғысы келсе тәжім етті, Көне дәуір патшалығында, Египет аса үлкен орталықтандырылған мемлекет болып тұрған кезде де, фараонның билеп төстеуі ешқандай шектелмеген. Фараонның өз басы, табиғат пен о дүниені қамтитын жалпы әлемге, универсумға аса маңызды болды. Бұл туралы айқын түсінікті пирамидалардан көруге болады. Бұлар Египеттіктердің ел билеушіні (фараонды) құдайға теңейтіндігінің, жер бетіндегі ғұмырға қарағанда о дүниелік ғұмырды артық көретіндігінің айғақтары.
Жер бетіндегі әділ өмір туралы этикалық ойлар мен о
дүниедегі шаттық ғұмырды бір дүниетанымдылық жеке деп есептеді («Түңілген адамның жанымен сұхбаты»). Жер бетіндегі ғұмыр қатігездік пен әділетсіздікке толы болса, ал ажалды адамдардың ешқайсысы о дүние туралы қаннен қаперсіз болды. Күмәндану этикалық рефлексияның қажеттігінің айғағы. Бірақ, қалыптағы әлемдік тәртіптіліктің кепілі бұл дүниеде де болмай, сиқырлық арқылы әсер етуге болатын о дүниелік күште болды.
О дүниелік ғғмыр туралы күмәнділік пен сенбеушіліктің нышанын аталмыш шығармадағы мына жолдарынан сезуге болады: «Егер дүниеден қайтқаннан кейін сені шығарып зиратта жерлейтінін есіңе алсаң көзден жас келеді, қайғы
касіреттің құшағына енесің. Күн көзін көру үшін, ешқашан да
шықпайсың. Мәр-мәрдан сарай тұрғызғандар да өздерінің бос, құр әурешілік екендігін көрді. Олар да артына із, ұрпақ қалдырмай ғайып болды. Шыжыған күн мен жағадағы балықтар олармен сұхбаттасады».
Шығарманың бұл жолдарынан өлім байды да, кедейді де жермен жексен ететіндігін, барлығын бір-ақ тағдырдың күтіп тұрғандығын айғақтайтын сенімнің мықты екендігін аңғаруға болады.
4. «Өлімге деген наразылық» сенімінің негізінде Ежелгі Египет патшалық фараондары орасан үлкен тас мазарлар салдырушылар бетінде өз аттарын қалдырды. Себебі адам денесі барынша мықты мазар ішінде сақталуы қажет. Бұлар төрт мыңнан аса жыл өтсе де әлі күнге өзгермеген күйінде дерлік сақталып тұр.
Бұл аса ірі құрылыстар оларды жарлық берген әміршілердің қаншалықты құдретті болғанын көрсетеді. Египеттіктер өлген адамның денесін мумиялап, өте алыстағы және қол жетпейтін «мәңгілік мекеніне» дейін шірітпей сақтаса, оның жаны өлмейді дегенге берік сенетін.
Сондықтан да Египет патшалары мен бегзадалары өздерінің салтанатпен көмілуіне тірі кезінің өзінде – ақ дайындық жасайтын және көп қаржы жұмсайтын. Патшалардың тас мазарларының сыртқы түрі өзінің қарапайым ұлылығымен жұрттың енсесін басып, қол астындағы адамдарға патша әмірінің бұлжымас екендігін ұққызғысы келгендей әсер етеді.
Джоссер салғызған тұңғыш пирамида баспалдақ іспетті биік құрылыс болатын. Кейінрек патша мазарлары геометриядағы пирамидалық формамен дәлме – дәл келетін сипат алды. Ең үлкен пирамида IV династия фараоны Хуфурдың салғызған пирамидасы. Оның биіктігі 146 метр болған. Оны салу үшін құрылыс орнына екі млн.нан астам аса ірі известняк тастары жеткізілген. Ол тастар тегістеле қоршалып, асқан дәлдікпен қаланып отырған. Егер грек тарихшысы Геродотқа сенер болсақ, Хеопс пирамидасы 30 жыл бойы салынған және оны салуға патша чиновниктері 100 000 адамды айдап әкелген. Қара жұмысқа ішінара шетелдік құлдармен толықтырылып отырған тұрақты отрядтармен бірге міндетткерліктерді атқарушы көптеген адамдар да пайдаланылды. IV династияның тағы бір фараоны Хафраның пирамидасы әлде қайда аласа болғанымен бастан – аяқ қызыл гранит плиталармен қапталып жасалған.
Египет бізге ежелгі Шығыс мәдениетінің қалыптасуының жарқын мысалын бере алады. Тәжірибе жүзіндегі жетістік пен рационалдылыққа бағытталған, дамушылықтың нәтижесінде алғашқы қауымдық мифтен қалған сезімділік пен образ үйлесіп жатады. Бұл жерде біз, жоғарғы өркениеттілікті
білдіретін дүниені қабылдаудың күрделі түрлерінің, алғащқы
кауымдықпен сиқырлы үйлесімділігін көреміз. Сыртқы жаушылықтың себебінен толық үлгірмесе де адамдардың рухтың мәнінің қалыптасуының алғашқы импульстары байқалады. Біздің дәуірімізге дейінгі IV ғасырда Египет эллин мәдениетінің ықпалына енді.
Аталмыш даму сатысы тек қана Египетке тән нәрсе емес, бұл бүкіл ежелгі мәдениеттің қалыптасуына тән міндетті саты болды. Мұның мәнін Гегель былай сипаттайды: «Сфинксті Етапя рухының символы деп айтуға болады: Табиғаттың үстінен, Хауа ананың денесінен шығып, алға ұмтылып тұрған адамның басы бір рухты бейнелейді. Бірақ қанша аспанға мойнын созып, жан жағына қарағанымен өзінің әлі еркін еместігін сезінеді. Рухының
маңдайы темір шынжырмен құрсауланса да, ол өзінің сана сезімінің мәніне еркін жете қоймаса да, сол сезімді өзіне тән мақсат деп біледі».
Былайша айтқанда Сфинкс, алғашқы мұңдылықтың оянған және сөз мәдениетін іс жүзіне асыруға жаңа бағыт іздеген адам рухының жалпылама рәмізі. Дегенмен, өмір сүрудің күрделі жағдайы Шығыс адамына өзінің жеке еркіндік деңгейінің көтерілуіне мұрша бермеді. Сонда бұл мәселелер Шығысқа жеткізсіз болса да, адамнық өзін өзі ізденуі, өзінің мәнін табу
жолдарын толассыз жүріп жатты. Түрлі бейне-символдар қолдана білген Шығыс өнері, жалпылама әлеуметтік мәдениет астарынан көркемдік өрісті бөліп алуға ұмтылыс жасамады.
5. Күнкөрістің қажеттілігі, суармалы жерге негізделген егін шаруашылығының дамуы, сауда алмасуы, табиғатты бақылау және т.б. нәтижесінде ғылыми білімнің нышаны байқала бастады. Шар бетін бежілейтін ежелгі математикалық терминдер, белгісіз сан (икс) және санды квадратқа дәрежелеу пайда болды. Ежелгі егапеттіктер, шамамен «пи» (3,14) санын және бір белгісізі бар теңеуді шеше білген.
Адамдардын ағза кеселдерін жеңілдету мен малдарды емдеу қажеттігінен медицина мен ветеринария пайда болды. Көптеген медициналык жазбаларда кейбір кеселдерді емдейтін рецептің тізімі берілді.
Көне Шығыс мәдениетіндегі эстетикалық құбылысы көбінесе басқа мәселелермен қиылысып жатты. Мысалы египеттіктер өзінің ойын жазба түрде иероглифтер суреттерде қалдыруды даналықтын ең жоғарғы қасиеті есептеді. Египет жазуы әр сөзі алфавиттік, буындык және сурет-бейнелерден құрастырылған белгілерден тұрды. Жию өнерінің былайша айтқанда, даналар мен тіл әдебиетшілерінен айырмашылығы жоқтың қасы болды. Египет, Қытай басқа шығыс мәдениеттерінде өздерінің шығармаларына халық біртұтастық беру үшін иероглифтермен көмкерді. Бұл жерде танқалатын ешнәрсе жоқ, өйткені көне египеттік иероглифтер суреттен пайда болды, ал пиктографиялық элементтер - (сурет жазу) әлі күнге дейін олардын мәтіндерінен көруге болады. Көне дәуірдегі египеттіктер әсемдік бейнелеуді, жігер туғызатын күш-куат, белгі-бейне деп қабылдады. Заттардын бейнеленген белгілерін жасау - тіршілікті сақтау және мәнллікке бет бүру деп есептеді. Сонымен қатар, иероглифиялық қолтаңбанын да, сол сияқты қасиеті бар, белгі болды. Жазу да, өнер сияқты діннің бір бөлігі болды да, абыздардың үлесіне жатты.
Жаңа заман тарихшыларының мұндай деректерді пайдаланбасына болмады. Әрине Египеттің жерінде көптеген есерткіштер сақталып қалды, бұлардың бетіне жазылған таңбалар да бар, бірақ мұны оқып, түсіну ұзақ жылдар бойы нәтижесіз болып келді. 1822 жылы ғана француз ғалымы Ф. Шампольон Египет иероглифтерін оқудың жолын тапты.
Бұған негіз болған генерал Бонапарттың Египетке 1799 жылы жасаған жорығы кезінде табылған Розет тасындағы екі тілдегі (грек - египет) жазу еді. Бұл жазуда Македоннан шыққан Птолемей есімді патшаның қол астындағы халыққа екі тілде декрет жазып таратқаны туралы айтылды.
Птолемейдің есімі өрнектеліп қоршалған, оны әріптерге ажыратуға мүмкіндік болды. Бұл алғашқы қадам ғана еді. Қалған сөздер дауыссыз әріптерден тұрды, дауысссыз әріптер буындық таңбалар мен логограммалардың арасында жазылды.
Ф. Шампольон бірқатар таңбаларды анықтады. Оның шәкірттері бұл жұмысты аяқтап шықты. Ең әуелі тасқа жазылғандарды ажыратумен қара, қызыл сиялармен жазылған жазулар оқылды.
Бұл жазбалардың көпшілігі тез жазумен кейінрек демотикамен жазылған; демотика қазіргі стенографияға ұқсайды. Папирус жазуларының ішінен төмендегілерді атап өтуге болады: Лейдендік № 344 Туриндықтардың бірі т.б бірнеше қолжазбалар, бұлар Эрмитажда және А. С. Пушкин атындағы бейнелеу өнерінің музейінде сақтаулы.
Орта ғасырлық Европа мәдениеті
1. Феодалдық Батыс Европадағы католик шіркеуінің гегемониясы және оның мәдениеттің дамуына әсері
2. Орта ғасырлық Европадағы білім беру жүйесі
3. Орта ғасырлық Европа халқының әдебиеті және өнері
1. Тарихи әдебиетте ұзақ уақыт бойына батыс Европадағы орта ғасырларға «қараңғы кезең» деген көзқарас орнап келген еді. Дегенмен Батыс Европа мәдениет тарихы ондай біржақты емес болатын. Бұл жерде бір мәселе анық, осы кезеңдегі Европа қоғамының бүкіл мәдени өмірінің негізі христиандықпен, атап айтсақ ктолик шіркеуімен анықталды. Христиан ілім-сенімінң негізі Христостың тіріліп келуі, Қасиетті үштікке сену болды.
Қасиетті үштік ұғымы құдай барлық үш тұлғасы бойынша біртұтас деп түсіндірді, яғни Әке-құдай, дүниені жаратушы, Бала-құдай, күнәдан арылтушы және Қасиетті Рух, олар шексіз бірге және мәңгілік.
Христиан ілімі, адам табиғатынан әлсіз-күнәһәр болып табылады және шіркеудің көмегінсіз өзін құтқара алмайды, деп үйреткен.
Батыс және Шығыс шіркеулерінің арасында бұрыннан да болған қарама-қайшылықтар уақыт өте тереңдей берді. Мысалы, ІХ ғ. ортасында Қасиетті Рух тек Әке-құдайдан (Шығыс шіркеуі) немесе Әке және Бала-құдайдан (Батыс шіркеуі) шыққан деген дау болған. 1054 жылы Батыс және Шығыс шіркеулері бір-бірінен толық тәуелсіздігін ашық түрде жариялады. Осыдан кейін екі шіркеу Әлемдік шіркеу рөліне таласты.
Ерте орта ғғ. еретиктік (грек тілінен аударғанда – ерекше ілім, сенім) қозғалыстар пайда болды. Мысалы несториандар Иисус Христостың құдайлық негізін мойындамады. Несториандар Иисус Христос пен Дева Мария адам болған және ешқашан да қайта тіріліп, аспанға ұшпаған деп айтқан.
Монофизиттер, керісінше, Иисус тек қана құдай болған, ол ешқашанда адам болмаған деп түсіндірген, яғни Исаның бойында адам табиғатының болғандығынан бас тартқан.
Папалық қызмет барлық уақытта еретиктік қозғалыстармен белсенді күрес жүргізіп отырған. Ол күрес қаруының негізі инквизиция (латын тілінен аударғанда – іздеу) болды және ол тұрақты шіркеу соты ретінде жұмыс жасаған. Еретиктермен қатар еркін ойшылдар, сиқыршылар, емшілер, көріпкелдер т.б. жазаланған. Оларды шіркеу жаман күштермен байланыс жасайды деп айыптаған. Шіркеу, сайтан адамдар бойына және бірінші кезекте әйел адамның бойына еніп, зұлым істер жасай бастайды деп үйреткен. Инквизиция жазасы негізінен отқа өртеу болған. Мысалы тек Испанияда ғана 30 мыңнан аса адам инквизиция оттарында өрттелген.
Батыс және шығыс Европада монахтық үлкен рөл атқарған. Монахтар өздеріне «осы дүниеден безу», үйленбеу және мүліктен бас тарту т.б. міндеттерін алған. Дегенмен VI ғ. өзінде монастырьлар күшті және өте бай орталықтарға айналған, сонымен қатар олар білім мен мәдениет орталықтары болды.
ХІІ-ХІІІ ғғ. Католик шіркеуінің ықпал жасау аумағы әлде қайда кеңіді. Рим-католик шіркеуі мемлекеттердің арасындағы дауларды шешуге араласқан. Әлемнің қаржы орталығы болды, белсенді түрде коммерциялық, қоғамдық-экономикалық жұмыспен айналысты. Оның мысалы ретінде индульгенцияларды (латын тілінен аударғанда – қайыр), яғни күнәні кешіретін грамоталарды сату кең етек алғанын айтуға болады және оларды жасалынған күнәләрмен қатар, әлі жасалынбаған күнәләрға да алуға болатын еді. Оның бағасы күнәнің ауырлығымен анықталды.
2. V-ІХ ғғ. Батыс Европа елдеріндегі барлық мектептер шіркеудің қолында еді. Шіркеу оқу бағдарламасын құрастырды, шәкірттерді өзі таңдады. Шіркеу мектептерінде антикадан қалған пәндер жүргізілді: грамматика, риторика, диалектика логика элементтерімен, арифметика, геометрия, астрономия және музыка. Бірақ сонымен қатар антикалық мәтіндер жиі жойылып отырған, ал қымбат пергамент монастырь жазбалары үшін қолданылды.
ІХ ғ. екінші жартысында англияда азаматтық мектептер ашыла бастады. Бірақ VІІІ-ІХ ғғ. Мәдени өмірдегі өсу Х-ХІ ғғ. тоқтады. Шіркеу, дін иелерінің сауатсыздығы, надандық кеңінен тарады.
Шіркеу, монастырь жанындағы шеберхана скрипторийлер де құлдырай бастады. Ол жерде қолжазбалар және шіркеу-монастырь кітапханалары қайта көшіріліп отырған. Кітаптар аз және өте қымбат болған. Бірақ Европаның кейбір елдерінде оқытудың жоғары деңгейі сақталды. Х-ХІ ғғ. Испанияның жоғары мектептерінде философия, математика, физика, астрономия, медицина, құқық және мұсылмандық дін ілімі оқытылды.
1088 жылы Италияда Болон құқықтық мектептің негізінде алғашқы университет ашылды. Англияда бірінші университет 1167 жылы Оксфордта, ал кейін 1209 жылы Кембриджде ашылды. Францияның ең ірі және бірінші университеті 1160 жылы Парижде ашылды. Онда төрт факультет болды: жалпы білімдік, медицина, құқық және дін ілімі. Оқыту бүкіл Батыс европадағыдай латын тілінде жүргізілді.
XV ғасырда Еуропада 65 унивеситет болды да, онда дін ілімнен басқа, заң, медицина, өнер, бертін келе жаратылыстану ғылымдары да оқытылды. Университет, арнайы мамандандырылған ұжым ретінде, ортағасырда ойлап табылған ең ұлы жаңалық деп айтуға болады.
Ерте орта ғғ. Византияда да білім беру саласында шіркеу позицияларының күшеюі тән болды. Антикалық философия қудаланды. VI ғ. Платон негізін қалаған әйгілі Афин мектебі жабылды, ол мың жыл өмір сүрген екен. Антикалық философияны дін ілімі ауыстырды.
Дегенмен ІХ ғ. ортасында Константинопольде жоғары мектеп ашылды, онда оқыту процесі антика үлгісі бойынша жүрді. Осы кезеңде Византия мәдениетінің көрнекті өкілі патриарх Фотий (810-820 – 890 жж.) болған, ол антика авторларының 280 шығармасына пікірлер және өзінің діни шығармаларының жинағы «Мириобиблион» еңбегінің авторы болып табылады.
ІХ-Х ғғ. жаратылыстану білімдер саласында даму байқалған. Византия қоғамы және көрші елдер туралы көптеген мәліметтерден тұратын түрлі білім салалары бойынша энциклопедиялар құрастырылды. Математика бойынша оқулықтар, хирургия бойынша нұсқаулар жазылды. Бірақ дәл ғылымдармен қатар алхимия, астрология, магия сияқты ғылымдар да кең етек алды.
3. Орта ғғ. Европа мәдениетінің маңызды саласы әдебиет болды. Ерте орта ғғ. ауыз әдебиеті, поэзия, эпос кең танымал болды. Ол негізінен англия мен Скандинавия елдеріне қатысты болды.
Ағылшын-сакс батырлық эпосының үлкен шығармасы «Беовульф» поэмасы болатын, ол 700 жылы жазылған. Скандинавия поэтикалық жырларының маңызды шығармасы «Үлкен Эдда», ол ежелгі норвегиялық және исландиялық құдайлар мен батырлар туралы өлеңдер жинағы болып табылады. Скандинавия халықтарының әдебиетінде Исландия сагаларының орны ерекше, оның ішінде ең атақтысы «Ыржық Сары Эрик туралы сага». Ол исландиялықтардың Гренландия мен Солтүстік Американы ашқаны туралы жырлайды.
Осы дәуірде рыцарьлық әдебиет пайда болды. Ең атақты шығармалардың бірі «Роланд туралы өлеңдер» атты француз батырлық эпосы болып табылады, онда граф Роландтың батырлық ерліктері және Испанияға жасаған жорығында қайтыс болғаны туралы айтылады.
ХІІ ғ. рыцарьлық романдар шықты. Атақты романдардың қатарында өлеңмен жазылған «Британ королі Артур туралы» шығарма болатын.
Батыс Европа елдерінде рыцарьлық лирикалық поэзия дамыды. Германияда оның өкілдері өз шығармаларын өздері жырлайтын миннезингерлер (жоғары маһаббаттың жыршылары) болса, Францияда трубадурлар сарай маңындағы жыршылар болды. Олар шынайы маһаббатты және өзі сүйген әйел үшін түрлі қауіпті жағдайларға бас ұрғаны туралы жырлаған. Осы саладағы атақты авторлардың қатарында Бертран де Борн, Джауфре Рюдель, Арно Даниэль т.б. болған.
ХІІ-ХІІІ ғғ. Франция әдебиетінің маңызды құбылысы ваганттар және олардың поэзиясы болды. Ваганттар жаяу ақындар болған.
ХІІІ ғ. ағылшын әдебиетінің маңызды ескерткіші «Робин Гуд туралы балладалар» болып табылады. Бұл шығарма әлі күнге шейін әлем әдебиетінің ең белгілі шығармаларының бірі болып отыр.
Бұл кезеңдегі италиан әдебиеті негізінен лирикалық поэзиядан тұрған - өлеңдер, балладалар, сонеттер. ХІІІ ғ. ортасында Италия әдебиетінде жаңа «тәтті стиль» пайда болды, ол әйелге деген махаббатты жырлады. Ол стильдің негізін қалаушы Болон ақыны Гвидо Гвиницелли (1230-1276 жж.), ал ең көрнекті өкілдері Брунетто Латини мен Гвидо Кавальканти болған.
Осы дәуірде Италияда қалалық әдебиет дамыды. Оған күнделікті қалалық тұрмысты шынайы суреттеу тән болды. Оның көрнекті өкілдері Чекко Анджольери, Гвидо Орланди т.б. болды.
Қалалық әдебиеттің дамуы европалық қоғамда жаңа мәдени құбылыс – қалалық мәдениеттің пайда болуына әкелді. Ол жалпы Батыс мәдениеті мен өркениетінің қалыптасуына зор әсер етті. Қалалық мәдениеттің мәні адамзат тұрмысының барлық саласында зайырлы, азаматтық белгілердің үнемі көбейіп отыруына негізделді.
Францияда қалалық мәдениет ХІ-ХІІ ғғ. қалыптасты. Бұл кезеңде ол жонглерлар шығармашылығымен көрініс тапты, олар қалалық алаңдарда актер, акробат, музыкант, әнші, жануарларды қорықтаушы ретінде өнер көрсетті. ХІІ ғ. ортасынан бастап театрлық көріністер латын тілінде емес, француз тілінде және шіркеуде емес қалалық алаңдарда қойыла бастады.
Театр өнері Англияда да дамыды, ХІІІ ғ. бастап қойылымдар ағылшын тілінде өте бастады. Осы кезде моралитте атты ерекше драмалық жанр кең етек алды, онда жақсылық пен жамандық адам жаны үшін күрес жүргізеді. Ал кейіпкерлер адам сезімдері мен қасиеттері болған – Махаббат, Шыдамдылық, Сараңдық, Кек, Сабырлық т.б.
Қалалық мәдениетінің даму процессіндегі жаңа және маңызды құбылыс, қалаларда шіркеулік емес мектептердің пайда болуы. Ол мектептердің ұстаздары шәкірттер төлеген қаржысы есебінен өміп сүрді. Осы кезден бастап қала халқының арасында сауаттылық тез тарай бастады.
Шіркеудің күшті ықпалы сәулет, мүсін және сурет өнерлеріне де қатты әсер етті.
Византия сәулет өнерінде крестік-күмбездік храмның түрі кеңінен тарады, оның қабырғалары мозайкамен безендірілген. Византия архитектурасының тамаша үлгісі Константинопольдағы Қасиетті София храмы болған, оның қабырғалары түрлі-түсті мозайкамен безендіріліп, үстін үлкен күмбез жапқан.
V ғ. Батыс Европа үшін сәулет пен бейнелеу өнерінде шынайылықтан ауытқу тән болған. Ұлы Карлдың (742-814) тұсында Францияда зәулім құрылыстар жүргізілген. Бірақ ағаштан салынған көптеген құрылыстар біздің заманымызға жетпеген. Феодалдық замлктар мен шіркеу соборларының құрылыстары тоқтаусыз жүрген.
Ақыр заманның келуі туралы шіркеу оқуына байланысты 1000 жыл тұсында шіркеу құрылысы дамыды. Осы уақыттан бастап Батыс Европа құрылыстарында тас кеңінен қолданыла бастады. Тас бастырманы тек шағын терезелері бар қалың, мықты қабырғалар ғана көтере алатын еді. Бұл роман стилі деген атқа ие болды. Роман архитектурасына Францияда Пуатьедегі Нотр-Дам, Тулуза, Орсивале, Велеза, Арледегі, Англияда Оксфордт, Винчестер, Норинчтегі, Норвегияда Стангерадағы, Швецияда Лунадағы соборлар жатады.
Роман стиліндегі мүсіндер үшін табиғат пен адам денесін суреттеуде шынайылықтан бас тарту тән болған. Қабырғадағы суреттер мазмұны жағынан шіркеулік болған, фигураларды бейнелеуде көлем мен перспективадан бас тартқан. Әулие бейнелер корольдан, ал король бейнесі вассалдар мен қызметшілер бейнесінен ірі болған.
ХІІ ғ. Солтүстік Францияда жаңа архитектуралық готика стилі пайда болды. Готикалық собордың негізі биік, түзу колонналар болған. Бұл ғимараттарда қабырғаға күш түспегендіктен, олар жұқара берген, үлкен терезелер пайда болған және олар түрлі-түсті әйнектермен – витраждармен безендірілген. Готика ғимараттарына тән нәрсе олардың ьиік болуы.
Францияның Париждегі, Шатре, Бурже, Бове, Реймстегі готикалық соборлары тамаша болған. Аглияның готикалық соборларына (Сомбери, Йорктағы, Кентерберидегі) ендік ұзын және биік емес болуы тән. Готикалық стильдің шедеврі Лондондағы Вестминстерлік абаттық болып табылады.
Германияда архитектурасында готикаға өту Франция мен Англияға қарағанда баяу жүрген. Любектегі собор кірпіш готикасының бастамасы болып, кейін ол Солтүстік Европа елдерінде кеңінен тараған.
Батыс Европаның барлық қалаларындағы готикалық соборлар әдемі архитектуралық құрылыстар болған, ал оның авторлары үлкен құрметке ие болған. XIV ғ. готикалық стиль одан әрі дамыды. Готикалық архитектураның дамуымен мүсін, сурет өнері де өзгеріске ұшырады. Адам фигуралары шынайырақ бейнеленіп, бояулар түрлері көбейді. Антикалық мұраның белгілері көріне бастады. Ол Қайта Өрлеу мәдениетінің қалыптасуының алғы шарты еді.
Ағарту дәуірінің мәдениеті
1. XVІІІ ғасыр сана мен ағартудың ғасыры
2. Британия ағартудың отаны. Неміс ағартуы
3. Ұлы Француз ағартушыларының қызметі
4. ХVІІІ ғасырдағы мәдениеттің дамуындағы өзгерістер
Реформация қайраткерлерінің алдыңғы қатарлы идеялары мен Ұлы
географиялық ашулар Ағарту идеяларының қалыптасуына үлкен әсерін тигізді. Егер Антика философтары үшін өмірлік принципі «мен танып жатырмын», ал орта ғасырлық теологтар үшін «мен сеніп жатырмын» болса, ағарту дәуірінің философтары үшін «мен біліп жатырмын» болған.
Ағарту дәуірі XVII ғасырда Англия жерінде бастау алып XVІІІ ғасырда Францияда өзінің шарықтау шегіне жетті, ал кейінірек оның идеялары бүкіл өркениетті әлемге тарай бастады.
Ағартушылар (осы дәуірдің идеологтары) әлеуметтік мәселелерге қатты мән берген. Осы дәуірде космополитизм пайда болып, ғылыми революцияның келесі кезеңі басталды. Негізгі мәселелердің біріне қалың бұқараны «ағарту» жатты, ол феодализмді жоюға кедергі келтіріп жатқан адамдар санасындағы бұрынғы нанымдардан тазалау үшін қажет болды. Сондықтан Ағарту дәуірінің қажетті элементі атеизм болды. Ал дінге қарсы тек материалистік тұрғыдан күрес жүргізу мүмкін болғандықтан, ағартушылар арасында материализм кеңінен дамыды.
Осы кезеңде Библияны сынға алу өсті, себебі ол жерде адам логикасына салса көптеген қисынға келмейтін нәрселер шыққан. Көп ағартушылар құдайды дүниені жаратушы ретінде мойындап, дүние құрылымын түсіндіру үшін қолданған.
Француз ағартушыларын энциклопедистер деп жиі атаған, негізінен оны «Энциклопедия немесе ғылымдардың, өердің және қолөнердің түсіндірме сөздігі» еңбегі бойынша атады. «Энциклопедия...» Ағарту дәуірі идеяларын кең танымал ету үшін тамаша құрал болған. «Энциклопедияның» авторлық ұжымын Д.Дидро және Жан Д Аламбер (1717-1783) басқарды. 1751 жылдан 1772 жыл арасында 17 том және 2 том иллюстрациялары (гравюралар), ал кейін 1780 жылға дейін тағы 7 том қосымшалар мен нұсқаулар жарық көрді. «Энциклопедияға» сол кездегі ең мықты ғалымдар шақырылды. Оның мақалаларын шіркеу қатты сынға алды, бірнеше рет үкімет оның басылымын тоқтатып отырды. Ағартушылар жаңа әлеуметтік қауымды құрды, яғни ой еңбегімен айналысатын білімді элитаны. Олар мемлекеттің пайда болуы және функциялары, адамдар арасындағы теңсіздіктің пайда болу уақыты мен себептері, қоғамдық прогресс туралы мәселелерді талқылады.
2. Ағылшын философы Джон Локк (1632-1704) қарапайым құқық пен қоғамдық келісім теорияларымен шықты. Адамның қарапайым құқықтарына, оларды ешкімнің тартып алуына болмайтын, мыналарды жатқызған: өмір сүруге, бостандыққа, меншікке деген құқықтар. Қоғамдық келісім теориясының мәні, халық пен билеушінің арасында нақты бір келісімшарт болу қажет, ол бойынша халық өз құқықтарының бір бөлігін, мемлекет дұрыс қызмет ету үшін, билеушіге береді. Бірақ билеуші билігін дұрыс пайдаланбаса (халық берген), онда халық билікті тартып алуы қажет.
Локк И.Ньютонның жолдасы болғандықтан ол ашқан ғылыми заңдар туралы хабардар болатын. Бүкіл әлемдік тартылыс заңын негізге ала отырып, ол қоғамда бірін-бірі теңеп тұратын күштер болуы қажет, сонда мемлекет тұрақты өмір сүреді деп есептеген. Локк билікті бөлу теориясын шығарған. Заң шығарушы, атқарушы және сот билігі тек монархтың қолында болмауы тиіс, бұл жағдай мемлекеттегі қоғамдық қатынастардың тұрақсыздығына алып келеді деген. Бұл идеялар Ағылшын революциясы дәуірінде (1640-1689) іс-жүзінде іске аса бастады.
Шотланд экономисті және философы Адам Смит (1723-1790) меншікке байланысты көзқарастарын білдіріп кеткен. Ол меншік адам қызметінің басты стимулы деген, ол адамды әрі қоғамды байытады деген. өзінің «Халықтар байлығы» атты кітабында ол, адам өзінің жеке экономикалық қызығушылықтарын ойлай отырып және бұл салада жетістікке жете отырып, өз елінің және жалпы өркениеттің дамуына септігін тигізеді дегенді дәлелдеген. Ол нарықтық қатынастардың негізгі принциптерін анықтап берген.
Неміс философы Иммануил Кант (1724-1804) өзінің «Ағарту дегеніміз не» атты мақаласында (1824) былай айтқан: «Ағарту дәуірі бұл адамзаттың кәмелет жасына толмаған жағдайынан шығуы, осы кезде ол өз ақылын пайдалана алады».
3. Қоғам мен мемлекеттің дамуымен байланысты басты дискуссиялық мәселе меншік туралы мәселе болатын. Ағартушылар ішінде радикалдарды бөліп шығаруға болады. Оларға Жан Мелье (1664-1729) атты француз ағартушысы жатады. Францияның төменгі топтарының өмірімен таныс ол, өзінің жалғыз «Өсиет» атты кітабында тек Франциядағы феодалдық қатынастарды ғана емес, жалпы таптық қоғамның негіздерін өткір сынға алды: «Барлық билеушілер тирандар болып табылады, олар алдау мен зомбылықтың құбыжықты жүйесінің арқасында халықты қайыршылық жағдайына түсірді. Азаматтық және діни билік өкілдері қалталы-ұрылар сияқты бірін-бірі қолдайды». Мелье жеке меншікке де қарсы шыққан, оны барлық әлеуметтік зұлымдықтардың басы деп есептеген. Ол идеалды құрылымды суретттеп берген: қоғамдық меншік және барлығына міндетті еңбек. Бірақ оның ойынша, революцияны жасап және жаңа қоғам құру үшін, халықты ағарту жеткілікті. Мелье материалист және атеист болған.
Әлеуметтік және мүлік теңдігі үшін күрес жүргізген, нағыз күрескер Жан Жак Руссо (1712-1778) болған. Ол, «Ғылым мен өнердің қайта өрлеуі әдептіліктің өсуіне әсер етті ме?» деген тақырып бойынша өткен Дижон академиясы конкурсының жеңімпазы ретінде танылды. Осы тақырыпқа жазылған оның рефераты ең жақсы деп танылды. Руссо бірінші болып ғылыми-техникалық прогресс пен әдептілік арасындағы алшақтық туралы айта бастады. Оның ойынша, мәдениет табиғатқа қарсы тұрып отыр. Ол өз заманындағы қоғамды алғашқы қауымдық қоғамға қарсы қойды, оны ол «нағыз» қоғам деп атаған, онда барлығы тең болған. Ғылым мен техниканың дамуы, еңбек бөлінісіне және адамдардың бір-біріне тәуелділігіне алып келеді. Теңсіздікті жою үшін, өркениеттен бас тарту керек деп жазған. Руссо коммунистік емес бірінші жеке меншік сыншысы болып табылады. Нағыз құқықтардың идеясын дамыта отырып, Руссо меншікті олардың қатарына қосудан бас тартқан және қоғамдық идеалды онымен байланыстырмаған. Руссоның пікірі бойынша идеалды өмірге тек мемлекеттің күшіне сүйеніп қана қайтып келуге болады. Ондай мемлекет тек республика бола алады, ол Бостандық, Теңдік, Ағайындылық принциптеріне негізделеді.
Руссо деист болған. Деистер бойынша Құдай физикалық заңдардың жұмысына араласпайды (ол механик іспеттес Әлемді қозғалысқа келтірген, одан кейін кетіп қалған). Демек Құдай жеке адамның тағдырына араласу сияқты «майда» жұмысқа болса да араласпайды. Осылайша, деистердің әлем картинасында космос ғана емес, адам да автономды. Былайша айтқанда, адам өз таңдауында еркін болып табылады.
Руссоны барлық құбылыстар мен мәселелерге плебейлік-демократиялық көзқараспен қарауы ерекшелендіреді. Ол өмірде де демократ болған, ешқашан алтын әшекейлер тақпаған, қымбат киім кимеген. Вольтер Руссоның «Адамдар арасындағы теңсіздіктің пайда болуы туралы» атты еңбегін оқып шығып оған былай деп жазған екен: «Мен Сіздің адамзат қауымына қарсы бағытталған жаңа кітабыңызды алып, Сізге рахмет айтамын. Адамзатзат қоғамының құбыжықтығын бұдан күшті бояулармен суреттеу болмайды, біз одан білместігімізден көп жақсы нәрсе күттік. Бізді қайтадан жануарға айналуға мойындататын осыншама ақыл ешқашанда жұмсалған емес, Сіздің кітабыңызды оқыған кезде, қайтадан төрт аяқтап жүріп кеткің келеді».
Ағартушылардың ұстанымды қанатының өкілі Шарль Луи Монтескье (1689-1755) болған. Аристократиялық отбасыдан шыққан, бір кездері Бордодағы парламентті басқарған ол, шексіз монархияның зияны туралы талқылап, феодализмге қарсы шыққан. Ол осы идеяларын «Парсы жазбалары» және «Заңдардың рухы туралы» еңбектерінде ашып көрсеткен. Монтескье, идеал ретінде Англияны таңдап, шектелген монархияның артықшылықтары туралы жазады. Бірақ сонымен қатар оған республикалық көзқарастар да жақын болған. Монтескье биліктің үш тармағы туралы ілімді дамытқан. Ол мемлекеттің территориялық-әкімшілік құрылымы аясында ең тиімдісі федерация деп есептеген. Монтескье заң алдындағы азаматтардың теңдігі, жалпыға сайлау құқығы, сөз, басылым, ар-ождан бостандығы, шіркеуді мемлекеттен бөлу, азаптау мен қатаң айыптаудан бас тарту сияқты мәселердің қолдаушысы болған. Монтескье халықаралық қақтығыстардың бейбіт түрде шешілуінің жақтаушысы болған. Сонымен қатар соғысу әдістерін гуманизациялау туралы тұжырымдары да бар. Монтескье әлеуметтануда «географиялық бағыттың» негізін қалаушы болып табылады. Оның ойынша, климат адамдар мінезіне және қоғамдық-мемлекеттік құрылымға әсер етеді. Мысалы, ыстық климат еріншектік пен мансапты тудырады, деспотиялық басқарудың себебі болып табылады.
Вольтер (Франсуа Мари Аруэ) (1694-1778) – француз ағартушыларының ұстанымды қанатының ең көрнекті өкілі болып табылады. Тарихи процестің негізгі мазмұны сана мен надандықтың күресі деп түсінген, сондықтан прогресс ісінде ағартуға шешуші рөлді берген. Вольтер бай нотариустың отбасында дүниеге келген. Мәртебелі оқу орны Ұлы Людовиктің иезуиттік колледжінде оқыған. Еркін ойы үшін екі рет Бастилияға түскен, кейін үш жылға Аглияға жер аударылған.
Әдебиеттер:
1. Алтаев Ж., Ғабитов Т. «Философия және мәдениеттану». Алматы, 1998.
2. Ғабитов Т. «Мәдениеттануға кіріспе». Алматы, 1996.
3. Төкенов Ө.С. «Мәдениеттану негіздері». Оқу құралы. Алматы, 2000.
4. Төкенов Ө.С., Жаңақұлов Т.Ж. « Мәдениеттаным». Тараз, 1997.
5. Ғабитов Т. «Мәдениеттану». Алматы, 1997.
6. Введение в культурологию. Под ред. Е.В.Попова. Москва, 1995.
7. Культурология. Под ред. А.А.Радугина. Москва, 1998.
8. Культурология под ред. Г.В.Драч. Учебник. Ростов на Дону, 1995.
9. Скворцова Е.М. «Теория и история культуры». Москва, 1999.
10. Васильев Л.С. «История Востока». В 2-х томах. Москва, 1994.
11. Матье М.Э. «Искусство Древнего Египта». Москва, 1970.
12. Аверинцев С.С. «Христианство и культура в Европе». Москва, 1992.
13. История мировой культуры. Спаровочник. Москва, 1997.
14. Краткая филосовская энциклопедия. Москва, 1994.
15. Кулаков А.Е. «Религии мира». Москва, 1996.
16. Философский энциклопедический словарь. Москва, 1991.
17. Жертман Л.Е. «История культуры стран Европы и Америки». Москва,1986.
Жарияланған-2015-09-08 16:11:00 Қаралды-22266
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Қазақстан тарихы
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Тіл ғылымы, Филология
- Философия
- Физика, Химия
- Кітапханалық іс
- Спорт
- Автоматтандыру
- Аудит
- Ауыл шаруашылығы
- Биотехнология
- Бухгалтерлік есеп
- Журналистика
- Кедендік іс
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару, Метрология және стандарттау
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Туризм
- Халықаралық қатынастар
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- Жаратылыстану
- Медицина