UF

Тақырыбы: ӘЛЕМ  ДІНДЕР  ТАРИХЫ

ДІННІҢ ПАЙДА БОЛУЫ. ДІННІҢ ТАРИХИ ТҮРЛЕРІ.

 

1) Діни ұғымдардың қалыптасуы.

2) Діннің пайда болуы.

3) Діннің тарихи түрлері.

4) Ғалымдардың діннің тарихи түрлерін жіктеуі.

Алғашқы қауымдық құрылыстың бастапқы кезеңдерінде жүздеген мың жылдар бойында адамдардың ойында ешбір діни нанымдар болмаған. Бұл дәуір тарихта "дінсіз дәуір" деген ат аталды. Алғашқы адамдар өздерінің күнделікті тіршілік жағдайымен ғана шұғылданып, табиғат құбылыстарына көңіл бөлмеген. Тек  дамудың  белгілі  бір  сатысында  ғана,  табиғат құбылыстарының сұрапыл, дүлей күштерінің алдындағы өздерінің әлсіздігін сезіне бастады. Міне осы кезден оларға алғашқы діни ұғымдар пайда болып, өріс алды. Ол діни ұғымдар фетишизм, тотемизм, анимизм, магия және шаманизм түрінде адамдардың тұрмыс тіршілігімен, күн көріс тәсілдерімен, дүние танымымен, мәдениет әдет-ғұрпымен, ой - өрісімен тығыз байланыста қалыптасты, дамыды, өзгерді, күрделенді. Бұл діндер ғылымда көп құдайлы діндер /политеизм/ деп аталынды. Сол сияқты қазіргі бір құдайлы діндер /монотеизм/Яһуди, Будда, Христиан, Ислам діндері алғашқы діни ұғымдар негізінде, таптық қоғам тұсында ғана қалыптасты. 1. Дін адаммен бірге пайда болған. Құдай адамға жан бергенде құдайға сенуді бірден ескерткен, олай болса, дін мәңгілік, оған қарсы күресу-жолдан тайғандық деген теологиялық көзқарас бар. Бұл концепция объективтік идеализмнің "әлемдік рух", "абсолюттік идея" сияқты пікірлерімен ұштасып жатыр. Екеуі де табиғаттан тыс күшті мойындайды, соған тәуелді етеді, бір, "құдай" деген түсініктің маңайынан шықпайды. 2. Объективтік идеализм өзінің философиялық негізгі мәселені шешу приціпіне сүйеніп дінді жеке адамның санасынан шығармақ болды. Бұлай айту адамды, бар әлемді құдай жаратты дегенге жай көзбен қарағанда қарсы сияқты, құдайдың өзін адам санасынан шығаратындай болып көрінеді: Шын мәнісінде субъективті идеализмнің "түйсіктер жиынтығы", "түйсіктер қатары" деулері ғылымға жат сипатты, дінге, фидеизмге апаратын жол.

а) Дін атаулының қандайының болса да басты белгісі табиғаттан тыс күшке сену. Ол жан, зат, қимыл-әрекет, қасиет, қатынас, байланыс ретінде көрінуі мүмкін. Табиғаттан тыс күште ешқандай шындық /реалдық/ мазмұн болмайды, объективтік заңдылықтарға бағынбайды. Ескертетін бір жәйт-діншіл адам табиғаттан тыс күшті ақиқат /истина/ деп санайды, ол оның өміріне, іс-әрекеттеріне әсерін тигізеді, деп санайды. Бұдан табиғаттан тыс күшке сенудің негізін жерден, адамдардың шындық /реалдық/ қатынастарынан іздеу керек деген қорытынды туады.

Діни сенімге тән бірнеше белгілер бар. Біріншіден табиғаттан тыс күштің барлығына кәміл сену, діни мифологияның халық ертегілерінен айырмашылығы осы. Екіншіден діни сенімнің табиғаттан тыс күшке эмоциянальды толықтырылып отырылуы. Діни сенім, діни сезімсіз болмайды. Сондықтан да Ф. Энгельс дінді «адамдардың оларға үстемдік жасап тұрған түсініксіз күштерге тікелей эмоцианальды түрде қатысуы» деп атаған болатын.

Теологтар діни сезімді мәңгілік деп жариялап, адам құдайға деген сүйіспеншілігін білдірмей, өмір сүре алмайды дегенді негізге алады. Үшіншіден адам мен табиғаттан тыс күш арасында өзара қатынас болады дегенге сену. Адам ол күшке жалбарынып қана қоймайды, оны өзіне қызмет етеді деп те ойлайды. Діннің шығуы тек танымға ғана емес, сезімге де байланысты. Жағымсыз эмоциялық сезімдер адамды қынжылтады, қайғыртады, жұбаныш іздетеді. Ал бұлар белгілі жағдайларда діни көзқарастың қалыптасуына себеп болады.

Діннің  тарихи  түрлерін  ғалымдар  түрліше  амал-тәсілдермен жіктеуге әрекет еткен. Сондай жіктеуді алғаш жүзеге асырған неміс классикалық философиясының ірі өкілі, дінге тарихи көзқарас идеясының негізін салушылардың бірі Георг Вильгельм Фридрих Гегель болған. Оның ойынша, дін - адам рухының өзін-өзі тану үдеріс деп кажетті кезең және бұл үдеріс діннің дамуының үш: табиғи дін, өнер діні және шегіне жеткізілген дін сатысынан өткен.

Гегельдің идеясын неміс философы Эдуард фон Гартман, голландық діни қызметші және дін тарихшысы Корнелис Петер Тиле және неміс философы, дінтанушы Герман Зибек ары қарай дамытты.

Олардың дінді жіктеуі алғаш рет голландық дін қызметшісі және көрнекті дінтанушы Пьер Даниель Шантепи де ла Соссенің «Дін тарихы бойынша оқулық» деген кітабында сызбанұсқа түрінде берілді.

Осы сызбанұсқаны пайдаланып көрейік.

Гегель:

I. Табиғи дін

1. Тура дін (сиқырлық).

2. Сананың адамның өзінде бөлінуі. Субстанция діндері.

а) Өлшем діні (Қытай).

ә) Қиял діні (брахманизм).

б) «Өз болмысының» діні (буддизм).

3. Азаттық дініне өтіп жатқан табиғи дін. Субъективтілік күресі.

а) Жақсылық пен жарық діні (Парсы елі).
ә) Күйзеліс діні (Сирия).

б) Жұмбақтар діні (Мысыр).

II. Рухани даралану діні.

1. Ұлылық діні (яһудилік - иудаизм).

2. Сұлулық діні (Грекия).

3. Мақсатқа сай және ақыл-парасат діні (Рим).

III. Сөзсіз дара дін (мәсіхшілдік - христианство).
Фон Гатман:

I. Табиғатқа табынушылық (натурализм).

1. Табиғи генотеизм.

2. Антропологиялық (адамтанушылық) және рухтанған генотеизм.

а) Эстетикалық кемелдік (эллинизм).

ә) Пайда күнемдікпен діннен алшақтау (римдік дін).

б) Трагедиялық-этикалық тереңдеушілік (германдықтар).

3. Теологиялық жүйеленген генотеизм.

а) Табиғи монизм. (Мысыр).

ә) Жарым-жартылай табиғатқа табыну - натурализм (Парсы елі).

II. Супранатурализм.

1. Абстрактілі монизм діні немесе идеологиялық құтқарылу діні.

а) Акосмизм (брахманизм).

ә) Сөзсіз дара иллюзионизм (буддизм).

2. Теизм.

а) қарабайыр монотеизм (пайғамбарлар).

ә) Заң діні немесе гетерономиялық дін (мозаизм, яһудилік, оның ішінде ислам бар реформалық дін).

б) Реалистік кұтқарылу діні (мәсіхшілік - христианство).
Тиле:

I. Табиғи діндер.

1. Полизойлық натурализм (гипотетикалық).

2. Жартылай демондық - анимизм (жабайылар діндері) билеген кездердегі магиялық діндер.

3. Табиғи немесе ұйымдасқан магиялық діндер. Хайуандық-адамдық политеизм.

а) Ұйымдаспаған (Жапонияның, дравидтердің, финдіктердің, Ертедегі Италия халықтарының, этрускілердің, ертедегі славяндардың діндері).

ә) Ұйымдасқан (Американың жартылай мәдениетті халықтарының, ертедегі қытайлардың мемлекеттік діні, мысырлықтардың діні).

4. Адам кейпіндегі тірі, бірақ табиғаттан тыс күші бар және жартылай этикалы тіршілік иелерін қастерлеу. Антропо-морфтық көптәңірлік - политеизм (ведалық Үндістан, Ежелгі Парсы, кейінгі Вавилон және Ассирия діндері, семит мәдениетіне жататындардың, кельттердің, германдықтардың, галлдардың, гректер мен римдіктердің діндері).

II. Этикалық діндер (спиритуалистік-этикалық жаңалық діндері).

1. Заң мойындаған ұлттық діни қауымдық бірлік (даосизм, конфуциандық, брахманизм, джайнизм және яһудилік соңғы екеуі енді 2-тармаққа кіретін болды).

2. Әр жақты діни қауымдық бірліктер (буддизм - бұрқандық, христиандық – мәсіхтік және ислам ресми емес және заң мойындаған кұрамдас бөліктерінде бұл жерге тек жартылай ғана енеді).

Зибек:

Табиғи дін, этикалық бағытта емес, әлемдік келісім діні (төменгі мәдениеттер діні).

Салалары мен деңгейлері сан түрлі мораль діні (мексикандықтардың, перуліктердің, аккаддықтардың, қытайлардың, мысырлықтардың, үнділіктердің, парсылардың, германдықтардың, римдіктердің діні, ал бұл жерде ең жоғарғы сатыда гректердің діні тұр).

Мораль дінінің құтқарылу дініне ауысуын яһудиліктер іске асырды.

Құтқарылу діні - құтқарылу дүниеден біржақты бас тарту (буддизм) жолымен қол жететін дін.

Құтқарылудың позитивті діні - христиандық.

Мораль дініне қайта оралу - ислам діні.

Кейіннен көптеген ғалымдар діннің тарихи формаларын жіктеу мәселесін карастырғанмен, барлық жағдайда да оның негізі жоғарыда келтірілген сызбанұсқалар болды.

Ал біз діндерді сипаттағанда, діндердің тарихи формаларын жіктеуді дінтануда қалыптаскан жалпы жіктеуіне сүйенетін боламыз.

 

ДІНИ НАНЫМ-СЕНІМДЕРДІҢ АЛҒАШҚЫ ФОРМАЛАРЫ,  МИФОЛОГИЯ ЖӘНЕ ДІН.

 

1) Мифтер туралы түсінік.

2) Мифологияның пайда болуы.

3) Ежелгі грек, қытай мифтері.

4) Мифология мен діннің айырмашылығы.

 

Мифология - «ананың құрсағы сияқты, діннің ерте формаларының пайда болуының бастау-бұлағы» (Л.Митрохин). Ол дүниеге көзқарастың тарихи алғашқы формасы болып табылады.

«Мифология» сөзі екі сөзден (гр. муіһок – сөз; аңыз, хикая және 1оgоs сөз, ілім) тұрады және мифтердің жиынтығы дегенді білдіреді.

Ежелгі гректердің тілдегі сөздердің әртүрлі реңктеріне сергек қарап, сөздердің әр мағынасына айрықша назар аударатын жақсы қасиеті болғанын атап көрсету артық болмас. Олар «сөз» - «миф»,  «сез» - «эпос» (ероз), «сөз» - «логос» (1оgоs) деген мағыналарда ажыратып қолданатын болған.

Сонымен әдетте «мифология» дейтініміз - ертедегі адам үшін өзі өмір сүріп жатқан дүние туралы, осы дүниені билеп тұрған күштер туралы көзқарасын қорытындылайтын «сөздердің» сараланып жіктелген, әуел бастан ретке келтірілген бірлігі екен.

Бөлшектелмеген, тұтас, яғни мифологиялық деп аталатын болмысты ойша және сезім арқылы қорытындылау әлеуметтік-тарихи өмірдің ежелгі кезеңіне тән, дәлірек айтқанда, қауымдық-рулық немесе алғашқы қауымдық формацияға ауысу...».

Мифтер - әртүрлі халықтардың құдайлар мен батырлар туралы, адам мен ғарыштың, адам мен құдайлардың бірлігі туралы ежелгі аңыз-хикаялары; бүл өмірдің және оның жаратылысының құпияларын ашу жолындагы ізденістер; бұл, ақыр соңында, дүниенің жаратылыс-құрылысы және адамның сол дүниедегі қызмет-міндеттері туралы жұмбақ сұрақтарына жауап табуға әрекет жасау болып табылады.

Біз Гесиодтың «Теогониясы», Гомердің «Илиадасы» мен «Одиссеясы» (Ежелгі Грекияның тамаша туындылары), «Рамаяна» (Ежелгі Индияның керемет дүниесі) және «Калевала» (карелдік-финдік эпос) арқылы таныса алатын мифтер – дәл осындай.

Мифология - қоғамдық сананың формасы және дүниені түсінудің қоғам дамуының ерте сатыларына тән тәсілдері.

Мифтер барлық халықтар өмірінде болған. Мифтерді кең көлемде салыстырмалы тарихи зерттеу - әртүрлі халықтардың мифтерінде, олардың әртүрлілігіне қарамастан, негізгі тақырыптар мен дәлелдердің (мотивтердің) ұқсас және қайталанып отыратынына көз жеткізіп, дәлелдеуге мүмкіндік берді.

Мысалы, Ежелгі Грекия мифінде дүниенің және құдайлардың жаратылуы туралы: «Алғашында тек мәңгі, шексіз, қараңғы, астан-кестең, бейберекет дүние (хаос) тіршілік етті. Өмірдің нәрі сонда еді. Бәрі де - тұтас әлем де, ажалсыз кұдайлар да сол шексіз бейберекеттіктен пайда болды. Жердің билеушісі - құдай-әйел Гея да осы бейберекет дүниеден шықты... Алыстағы жер астында, бізден соншалықты алыста құшаққа сыймайтын ашық аспан, ал өлшеусіз тереңдікте қабағы түксиген Тартар – мәңгі қараңғылыққа батқан, қорқынышты тұңғиық пайда болған. Сол астан-кестеңі шыққан дүниеден бәріне жан бітіретін ұлы күш - Махаббат - Эрос жаратылды. Сөйтіп, әлем құрыла бастады. Шексіз бейберекеттік мәңгі қараңғылық - Эреб пен қараңғы Түн - Нюктаны жаратты. Ал Түннен және Қараңғылықтан мәңгі Жарық - Эфир мен шаттықты жарық күн - Гемера пайда болды. Жарық сәуле бар әлемге таралып, күн мен түн бір-бірін алмастыратын болды», - деген аңызды оқуға болады.

 Осы сияқты сызбанұсқалар әлемдегі басқа халықтардың да мифологиясында кездеседі. Ежелгі яһудилердің (еврейлердің) Ұлы Кітабы Библияны (Көне Өсиет) алып қарайық. Мұсаның (Моисей) Алғашқы кітабы «Болмыстың» басынан мынаны оқимыз: «Құдай алдымен аспан мен жерді жаратты. Жер көзге көрінбейтін және оның үстінде ештеңе жоқ. Тұңғиықтың беті көзге түртсе көргісіз қараңғы, ал Құдай Рухы судың бетінде қалқып жүрді. Құдайдың: «Жарық болады», - дегені сол еді, жердің бетін Жарық нұрландырып жіберді. Жарықтың кереметтігін көрген Құдай жарықты қараңғылықтан ажыратты. Сөйтіп, Құдай жарықты күн деп, ал қараңғылықты түн деп атады. Кеш те, таң да бар, ал күн - жалғыз.

Содан кейін Құдай судың ортасында қатты бір нәрсе болатынын айтты. Қатты нәрсені жасаған соң, Құдай оның үстіндегі суды бөліп тастады. Солай болды да. Құдай қатты нәрсені аспан деп атады. [Құдай солай істегенінің дұрыс болғанын көрді]. Кеш болды және таң да болды: екінші күн...». Осылай кете береді.

Ал енді Ертедегі Қытай аңыздарын оқып көрейік: «Хикаяларға сенсек, ол уақыттарда, жер мен аспан әлі бір-бірінен бөлінбей тұрғанда, ғалам түтас бір бейберекеттіктен, астан-кестеңі шығып жатқан нәрседен тұратын және тауықтың өте үлкен жұмыртқасы сияқты сол астан-кестең дүниеде арғы тегіміз Паньгу пайда болды. Ол сол үлкен жұмыртқаның ішінде өсіп жатты, бірде терең тыныс алып, ұйықтап кетті. Паньгу ұйқысынан оянғанша, он сегіз мың жыл өте шықты. Айналасына қарамақ болып көзін ашса, о, тоба, ештеңе көрмейді. Жан-жағын қарманып, бірдеңе ұстамақ болып еді, жабысқақ нәрсені сезді, ал айналасы соқыр қараңғылық, амал нешік, көңіліне мұң ұялап, ойланып отырып қалады. Мына алып жұмыртқадан шығудың амалын ойлап, бас қатырып отырғанда, қайдан тап болғаны белгісіз, қолына бір балта түсе кетеді. Балтаны ала салып, бар күшімен құлаштап, қарсы алдындағы қараңғылыққа қарай сермеп кеп қалады. Тау жарылғандағыдай, құлақ тұндырарлық бір гүрсіл естіліп, алып жұмыртқа жарылды да кетті. Сондағы жұмсақ және таза нәрселердің барлығы сол сәтте жоғары көтеріліп, аспанға айналды да, ал лас, ауыр нәрселер төменге құлап, жерге айналды. Әуелде астан-кестең, түсініксіз бір бейберекеттік болған аспан мен жер балтаның соққысының арқасында бір-бірінен бөлініп, екі басқа дүние болып шықты».

Сөйтіп, дүниенің, ғаламның жаратылуын баяндайтын үш мифтің үшеуінен де біз ортақ үқсастықтарды тауып отырмыз. Бірақ олардың айырмашылықтары да бар. Осы және басқа мифтерде екі идея ерекшеленіп тұрады, ол - жаратушылық идеясы және даму идеясы. Бір мифологиялық көзқарастар (жаратушылық идеясына негізделген креациялық) бойынша, дүниені әлдебір табиғаттан тыс болмыс -Жаратушы Құдай, Демиург, Ұлы сиқыршы және т.б. жаратқан. Басқа бір пікірлер бойынша, дүние қайдағы бір жабайы, бет-бейнесіз күй астан-кестең бейберекеттіктен, қараңғылықтан немесе су, жұмыртқа және басқадай бір нәрседен жаратылған. Жоғарыда келтірілген мифтердің мәтіндерін салыстыра келіп, оған да көз жеткізуге болады.

Миф - бұл адамның рухани мәдениетінің ең ерте пайда болған формасы. Ол, әдетте, екі: диахрондық (өткендегі туралы әңгіме) және синхрондық (осы шақтағыны және болашақтағыны түсіндіру) аспектіден тұрады. Сонымен мифтердің көмегімен өткен уақыт болашақпен байланысқа түсті, ал ол ұрпақтардың рухани байланысын қамтамасыз етті.

«Дамудың ерте сатыларында мифтер мазмұны жағынан, көп жағдайда, қарабайыр, қысқа, байланыстыратын желісі жоқ, қарапайым болған. Кейін келе, таптық қоғам пайда болғанда, біртіндеп шығу тегі әртүрлі, мазмұны күрделілеу мифтер құрыла бастады, сөйтіп мифологиялық бейнелер мен сарындары астасқан мифтер кең көлемді, маңызы терең жыр-дастандарға айналды, бір-бірімен байланыса нығайып, тұтас бір топтама тудыратын болды. Сөйтіп, әртүрлі халықтардың мифтерін салыстырмалы түрде зерттеу, біріншіден, біршама ұқсас мифтер әр халықта, жер шарының әр түкпірінде де кездесетінін, және, екіншіден, мифтер қозғаған тақырыптар мен арқау-желілер дүниенің, адамның, мәдени игіліктердің, әлеуметтік құрылыстың, дүниеге келу және өлу және т.б. жағдайлар дүниетанымның түбегейлі мәселелерінің кең, «ғаламдық» ауқымын қамтитынын көрсетеді. Мифология біздің көз алдымызда енді ертедегі адамдардың «бейкүнә, аңқау» әңгімелерінің жиынтығы, тіпті жүйесі болып шықты. Бұл ерекше құбылысты тереңірек зерттеу, сөз жоқ, мифологияның не екені туралы сұрақ туғызады. Ал оның жауабы оңай емес. Осы күнге дейін мифологияның мәні мен табиғаты туралы қазіргі заманғы зерттеушілердің көзқарастарының түбегейлі қарама-қайшы болып келгені кездейсоқтық емес. Оған қоса, әтүрлі көзқарастарды зерттей келе, мифологияға дінтанушылар, этнографтар, философтар, әдебиеттанушылар, лингвистер, мәдениет тарихшылары өз беттерінше баға береді; олардың зерттеулері көбінесе бір- бірін толықтырып жатады».

Біз бұл аспектілердің барлығын бірдей қарастырмаймыз, тек дінге қатыстысын бөліп қарасақ та жеткілікті. Бәрінен бұрын, мифтердегі түсінік-ұғымдардың барлығының да әдет-ғұрыптармен астасып кеткенін, сенім-наным тақырыбына айналғанын атап көрсеткен жөн. Алғашқы қоғамда мифология дінмен тығыз байланыста әрекет етті. Бірақ олар ешқашанда бір-бірінен ажыраған жоқ деп  біржақты ұйғарым  жасау дұрыс  болмас  еді.  Мифология крғамдық сананың тәуелсіз формасы ретінде діннен бөлек, жеке-дара өмір сүрген, әлі де солай өмір сүріп келеді. Әйтсе де, қоғам дамуының ең ерте сатыларында мифология мен дін біртұтас дүниенің құрамдас бөлшектері болды. Мазмұны жағынан, яғни дүниеге көзқарас тұрғысынан алып қарасақ, мифология мен дін бір-бірінен бөлінбейді, өйткені бір мифтер «діни» делінетін болса, ал екіншілері «мифологиялық» болып шығады.

Мифология мен діннің айырмашьшығы туралы бұл мәселені зерттеумен көп айналысқан көрнекті зерттеуші, орыс философы А.Ф.Лосев (1893-1988) жиі айтатын. Ол: «Миф дегеніміз діни нышан емес, себебі дін сезімнен тыс дүниеге сенім деген сөз болып шығады және осы сенімге сай белгілі бір мораль, тұрмыс, магия, әдет-ғұрыптар мен салтанат, жалпы культ дегенді білдіреді. Мифте сезімнен тыс ешнәрсе жоқ, ол ешқандай дінді қажетсінбейді. Сенім дінге сенетін адамға да, оның сенетін нәрсесіне де әлдебір қарама-қарсылықты жорамалдайды. Ал мифологиялық сана болса бұл қарама-қарсылыққа дейін-ақ дамыған, сол себепті бұл жерде сенім де емес, білім де емес, жеке сана, өзгелерге ұқсамайтын дара сана туралы сөз болып отыр. Сенім мен білімді бөліп қарауға жете қоймаған ертедегі адамның көзқарасы бойынша, кез келген мифологиялық нысанның нақтылығы және айқындығы соншалықты, бұл жерде әңгіме сенім туралы емес, адамның оны қоршаған ортамен, яғни табиғатпен және қоғаммен теңдесуі жайында болуы керек. Магиялық іс-әрекеттер болмағандықтан да, мифтің ешқандай әдет-ғұрыптық белгісі жоқ. Магия, әдет-ғұрып және миф көбінесе жеке-дара, бірақ бір-бірімен жауласып дамитын әртүрлі теріс құбылыстарды білдіреді».

 

ДІНИ СЕНІМДЕРДІҢ ЕРТЕ ТҮРЛЕРІ.

ЕЖЕЛГІ ҚОСӨЗЕН АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ХАЛЫҚТАРДЫҢ ДІНІ.

 

1) Тигр мен Евфрат өзендерінің аралығы ең алғашқы адамдардың өркениеті.

2) Діндері – жер бетіндегі діндердің ең көнесі.

3) Басты құдайларының типтік бейнелері.

4) Аккад пантеонындағы құдайлар.

 

Екі ұлы Тигр және Евфрат өзендерінің аралығында, тауға жақын ойыс жерде жан-жағынан Кавказ таулары мен Парсы шығанағының, Иранның таулы қыраттары мен Сирия шөлейттерінің қыспағында қалған, Орта Шығыстың қақ ортасында Месопотам ойпаңы жатыр.

Б.з.д. II ғасырда-ақ грек географы Полибий бұл жерді «екі өзеннің аралығы» деген мағына беретін сөзбен Междуречье деп атаған. Ғалымдардың басым көпшілігі адамзат өркениеті Тигр мен Евфрат аралығындағы дәл осы Қосөзен аралығында туғанына сенеді, ал осында пайда болған діндер, шамасы, жер бетіндегі діндердің ең көнелері болар.

Б.з.д. ІУ-ІІІ мыңжылдықтарда Месопотамияның оңтүстік бөлігінде (Тигр мен Евфраттың орта және төменгі ағысында) атауларын Шумер деген жердің атынан алған, ал өздерінше «қарабастылар халқы» аталып кеткен шумерлер немесе шумерліктер өмір сүрген. Бұл тайпалардың шыққан тегі белгісіз. Олар әрқайсысыларының өз құдайлары бар, бөлек-бөлек бытырап кеткен қауымдар болып тіршілік еткен.

Ғалымдардың пікірінше, алғашқы шумерлік қала-мемлекеттердің құрыла бастаған уақытынан бері қарай антроморфтық (адам бейнелі, адамға ұқсастырылған) тәңір туралы түсінік пайда болды. «Тәңірлер - қауымның желеп-жебеушілері, бірінші кезекте, тайпа-қауымның әскери көсемінің жоғарғы абыз қызметімен (алғашында тұрақты емес) қоса атқарылған билігі туралы үғыммен бірігіп кеткен табиғаттың тудырғыш және өндіргіш күштерінің бейнесі болып табылады».

Бірақ өркениет пен мемлекеттіліктің ерте сатыларында-ақ шумерлердің жақындасуы мен бірігуі мүмкіндіктеріне қарай, ортақ пантеон (гр. рап - барлық + йіеоз - кұдай) - ертеден қастерленіп келе жатқан қауым құдайларының, біртіндеп соның ішінде бастылары болып шыға бастаған құдайлардың жиынтығы қалыптасты. Әйтсе де, олар бір-бірімен жылдам ортақ тіл табысып кеткен-ді.

Шумер пантеонында кем дегенде 300-дей құдайлар болды. Абыздардың пікірі бойынша, дүние жаратылған күні әрбір ауылдық жерге «тіркелінген» «жергілікті» тәңірлерден басқа, барлық табиғат кұбылыстары, адам бойындағы барлық қасиеттер жеке құдайдың немесе жеке әйел кұдайдың «ықпал ететін саласына» кірген.

Бірақ басты құдайлар болып, мифологияға сәйкес, аспан кұдайы Аң және жердің әйел-құдайы Ки саналған. Олар ауаның, жауын-шашынның және су тасқындарының кұдіретті кұдайы Энлиляны және су (мұхиттың әміршісі) және кемеңгерлік құдайы Эаны (Эники) дүниеге әкелді. Шумерлерде, бір қызығы, адам балық - Эадан басқа құдайлардың бәрі де іс жүзінде адам кейпінде бейнеленетін болған.

Ең көп тараған типтік бейнелердің бірі - Дамгальнуна, Нинхурсаг, Нинмах (Мах), Нинту, Мама, Мами деген әртүрлі аттармен құрмет керсетіліп, қастерленетін Ана-құдай бейнесі. Шумерлердің түсінігі бойынша, алғашқы адамдарды құдайлар балшықтан жаратқан.Энки және Нинмах туралы аңыздардан осыған байланысты мынандай қызықты мәліметті білуге болады:

Энки мен Нинмах адамды Абзу (жерді қоршап жатқан жерасты тұщы суларының әлемдік мұхиты) балшығынан әзірлемек болып, бұл іске «барлық құдайларды дүниеге әкелген» әйел-құдай Намманы тартады. Адамды жаратудағы мақсат - құдайлар үшін еңбек ету: жер өңдеу, мал бағу, жеміс-жидек жинау, құдайларын құрбандық шалып тамақтандыру болған. Адамды жаратып алғаннан кейін, кұдайлар оларға тиісті тағдыр белгілеп, соның кұрметіне той жасаған. Тойда масайып қалған Энки мен Нинмах қайтадан балшықтан адам илеп жасай бастайды, бірақ олардың жасағандары ұсқынсыз, кемтар адамдар болып шықты: әйелдер бала таба алмайтын, ешқандай жынысқа жатқызуға келмейтін бірдеңе еді (еркек пен әйелдің мас күйдегі қатынасынан дүниеге ауру немесе кемтар бала келетінін адамдар ерте заманда-ақ білген ғой, ал бұл сабақ болатын нәрсе емес пе).

Жалпы, шумерлердің құдайлары зұлым, дөрекі, көбінесе кір-қожалақ болып жүреді, маскүнемдікке салынған, қысқасы, классик айтқандай, «адамға тән нәрселердің барлығы оларға жат емес».

Жерасты патшалыгы туралы түсініктер де қызықсыз емес. Жерасты патшалығы - «барсакелмес елінің» қайда екені туралы шумерлердің анық түсініктері жоқ: ол жерге бару үшін тек төмен түсу жеткіліксіз, «жеті қабат жердің астына түсіп кетесің»; жерасты патшалығының шекарасы бақытсыз бейшараларды жол бастаушы алып өтетін өзен болып саналады; тамұққа түскендер жерасты әлемінің жеті қақпасынан өтіп, өздерін қарсы алған қақпа қарауылшысы Нетидің алдына топ ете қалады, дегенмен кейінгі кезеңдерде пайда болған тозақ идеясының тарихы осыдан басталады-ау, шамасы. Өлгендердің жер астындағыахуалытыммүшкіл:көбінесеоларжуындылармен қоректенеді, шайынды және тұзды су ішеді, жерасты әлемі шаң басқан, қара түнек караңғы, ал оны мекендейтіндер «кұстар секілді, солардың қанаттарын киім етіп киген».

Өлгендерді өмірдегі қылықтарына қарап жазалайтын сот туралы ешқандай мәліметтің жоқтығы сияқты, «перілердің майданы» туралы да қалыптасқан түсінік жоқ. Солай дегенмен де, қайтыс болған кезде жерлеу рәсімі орындалған, құрбандық шалынған, сонымен қатар соғыста қаза тапқан және көпбалалы жандарға біршама қанағаттанарлықтай жағдай (таза ауызсу, тыныштық дегендей) туғызылады. Жерасты патшалығының билеушісі Эрешкигальдың алдында отыратын жерасты патшалығының соттары - ануннактар тек өлім жазасына үкім шығарады. Өлгендердің есімдерін кестеге жерасты патшалығының хатшы әйелі Гештинанна жазады. Өлгендердің жерленбеген жандары жерге қайтарылып, қайғы-қасірет әкеледі, ал жерлеу рәсімінен тиісті дәрежеде өткендер «адамдардан бөліп тұратын» және тірілер әлемі мен өлгендер әлемі арасындағы шекара болып табылатын өзен арқылы өткізіледі. Өзеннен жерасты әлемінің тасымалдаушысы Ур-Шанаби немесе пері Хумут-Табал қайықпен алып өтеді.

Қосөзеннің атағы бәрінен бұрын «Әлемнің ежелгі астанасы» -ұлы қала Вавилонның (бұл қаланың басқаша атауы - Баб Эл - Құдай қақпасы) қос өзеннің дәл осы төменгі сағасында тұрғызылғаны арқылы бар әлемге жария болды.

Төменгі Қосөзенді аккадтықтар - шығыс семиттері мекендейтін. Олар шумерліктермен көрші болғандықтан, олардың бұларға ықпалы күшті еді. Оның үстіне, б.з.д. II мыңжылдықта шумер және аккад халықтарының бірігуі орын алып, аккад (вавилондық-ассирийлік) тілі шумер тілін біртіндеп ығыстыра бастады. Бүл үдеріс семит халықтарының тарихына бастау болды. Аккадтықтардың діни көзқарастары «қосалқы нәрсе» сияқты болғанмен, бірақ олардың да өзіндік қайталанбас ерекшеліктері және дүниені қабылдау әсемдігі баратын.

Вавилонның нақты тарихы мен аңыздар әлі күнге дейін адамдардың ой-қиялын шарлап жүр. Бұл бірегей қала туралы яһудилердің де, христиандардың да басты қасиетті кітабы болып саналатын Библиядан (Көне Өсиет), сонымен қатар ерте грек тарихшысы, «тарихтың әкесі» атанған Геродот (б.з.д. 490 және 480-425 жылдар аралығы) жазбаларынан көп мағлұмат ала аламыз. 1899 жылы немістер экспедициясының құрамында алғаш қазба жұмыстарын бастаған және бірінші болып Вавилон зиккуратының (ғибадатхана мұнарасы) іргетасынтапқанКолдевейархеологтарыныңжәнеағылшындық археолог, Ур қаласында, Вавилон империясының оңтүстігінде Вавилон мұнарасына өте ұқсас зиккурат тапқан Леонард Вулли жазбаларының маңызы ғаламат зор.

Геродот бойынша, Евфраттың екі жағалауы бойында орналасқан Вавилонның формасы орасан үлкен жазықтыққа салынған төртбұрышты немесе шаршыны көзге елестетеді. Қаланың жалпы шеңберінің аумағы 60 ағылшын милін (1 ағылшын милі = 1852 метрге тең) құрайды, ал шаршының әрбір жағында 15 миль бар. Қабырғаларының қалындығы - 86 фут (бір фут = 30,5 см), олай болса олардың бетімен бір қатарда екі аяқты күйме-арбаның алтауы өте алады. Ал қабырғалардың биіктігі 334 футқа жетеді. Қабырғалардың үстіне 250 мұнара орнатылған. Қаланың ішіне мыстан соғылған жүздеген қақпалар арқылы кіруге болады. Қабырғалары қарамай қосылған цементтен құйылған кірпіштерден соғылған. Қала қабырғаларының сыртында қаланы айнала барлық жағынан терең орлар қазылып тасталған. Қаланың өзінде үйлермен, бақтармен қоршалған 676 шаршы алаң болған. Қала ішімен оны екіге бөлгендей болып, Евфрат ағып жатады. Жағалаулар қабырғамен бекіндірілген, ал өзенге көптеген жағажай бойымен келуге болады.

Дүниенің жеті ғажайыбының бірі өзінің жас әйелі - мидий ханшайымына арнап Навуходоносор салдырған аспалы сағаттар болып еді. Оның құрметіне бақтар да «Семирамида бақтары» деп аталатын. Олар төрт сатылы болатын. Сатылардың күмбездері биіктігі бес метрлік үстынға бекітілген. Сатылардың жалпақ тас төсемдерден салынған табаны төменгі сатыға су өтіп кетпеуі үшін үстіне асфальт құйылған және жалпақ қорғасын беттері салынған қамыс қабатымен жабылған. Оның үстіне үлкен ағаштар отырғызуға болатындай етіп, қалың топырақ қабаты төселген. Жоғары көтерілетін шығыңқы сатылар түсті тақталардан кең, көлбеу етіп салынған баспалдақтармен жалғастырылған. Күндіз-түні құлдар Евфриттен тасып, бақтарды суғаратын және бұрқақтарға жіберілетін суды қамтамасыз етіп тұратын болған.

Алайда Вавилон мұнарасының атағы да одан кем емес. Хикаяларға кұлақ түрсек, оның Қосөзен аралығындағы саны көп зиккураттардың ішіндегі ең үлкені болғандығына көз жеткіземіз. Бұл адам қолымен жасалған сәулетті құрылыс ұшар басында кішігірім ғибадатхана салынған жеті сатылы пирамидадан тұрады. Бірінші терраса бір жағы тоқсан метрлік шаршы болған. Оның ұзындығы отыз үш метрге жететін. Екінші қабаттың аумағы біріншісінен кем еместін, бірақ айтарлықтай аласа  бар-жоғы 18-ақ метр болғандықтан, екі алғашқы терраса алыстан тас текшені елестететін. Келесі қабаттары одан да аласа  алты метрден болатын. Ақыр соңында, үстіңгі алаңқайда аккад пантеонындағы басты құдай – Мәрдүктің он бес метрлік ғибадатханасы жайғасқан. Ол алтынмен жалатылып, әшекейленген кірпіштерден қаланған. Мұнараның жалпы биіктігі іргетас жанының ұзындығына, яғни тоқсан метрге тең болған.

Біздің тақырыбымыз үшін бүл жерде қызықты төрт мәселе бар:

1.     Алғашқы өркениеттердің сол кезде-ақ мәдениетінің деңгейі жеткілікті дәрежеде жоғары болған, сол себепті сол уақытта өмір сүрген адамдардың діни көзқарастарын қарабайыр деп қарастыруға болмайды.

2.     Аккадтықтардың аспанға «қол жеткізуге», яғни өте биік құрылыстар салуға болатынына сенімі.

3.     Аккад пантеонында енді басты құдай - құбыжық Тиаматпен күресте барлық басқа құдайларды жеңіп, өзіне алған жауынгер, батыр Мәрдүк шықты. Солай болғандықтан да, оның шартты белгілері айдаһар, найза және қанжар еді. Ежелгі Вавилонда Мәрдүк жай ғана басты құдай емес, дара құдай, ал қалған құдайлар - бар-жоғы оның әртүрлі көріністері мен бейнелері деген түжырым қалыптасқанын айрықша атап айтқан жөн.

Сол себепті, біздің ойымызша, монотеизмге бетбүрыс жасалғанын байқаған ғалымдарымыздың пікірлерімен санасқанымыз жөн.

4.   Вавилон мұнарасына байланысты тілдердің араласып кетуі туралы хикая немесе дүниенің болінуі туралы түсінік. Ол Көне Өсиет кітаптарына, яғни ертедегі яһудилер мен христиандарға өтті.

Бұл туралы Көне Өсиеттің «Болмыс» деген кітабында былай деп жазылған:

-Жер бетінде жалғыз тіл және осы жалғыз тілде сөйлеу болған. Шығыстан жылжи отырып, адамдар Сеннаар елінде бір жазықтық тауып алып, сонда қоныстанған. Содан адамдар: «Балшықтан кірпіш құйып, оны отқа күйдіреміз, сонда ол қатты болады», - деді. Олар сөйтіп тас орнына кірпіштерді, әктің орнына қарамай пайдалана бастады. Содан кейін адамдар: «өзімізге қала және аспанға дейін жететін мұнара салып аламыз да, сонымен атағымызды шығарамыз, ал сонда жер шарына шашырап кетпейміз», - деді.

Құдай қаланы және орасан биік мұнараны көру үшін аспаннан төмендеп түсті де: «Мына адамдардың барлығы бір тілде сөйлейді және осы жұмысты істеу үшін бірікті. Бұл - олардың жұмысының бастамасы ғана; біраз уақыттан кейін олар ойларына келгеннің бәрін істейді. Жерге түсейік те, олардың тілдерін араластырып жіберейік, сонда олар бір-бірлерін түсінбейтін болады», - деді.

Сөйтіп, Құдай адамдарды тым-тырақай қуып, жер шарына ыдыратқан соң, олар қаланың құрылысын салып бітіре алмай қалды. Ол жерде Кұдай енді жер шарының барлық тілдерін араластырып жібергеннен кейін, бұл қала Вавилон (яғни «араластыру» деген сөз) деп аталды. Құдай жоғарыдан барлық адамдарды бүкіл жер шарына шашыратып, ыдыратты.

Ертедегі Вавилонмен бүкіл дүние жүзін топан су басатыны туралы тарихтың да байланысы бар. Оның алғашқы суреттемесі атақты Гильгамаште - мифологиялық эпостың ертедегі ескерткіші туралы эпикалық поэмада берілген.

Гильгамеш - өзі құдай болуы жолында көптеген ерліктер жасаған мифтік-эпикалық батыр тұлға. Сол үшін ол «ажалсыздық гүлін» іздеп, сапарға аттанады. Сапар шегіп жүріп, ол күндердің күнінде құдайлардың еркімен ажалсыздыққа ие болған Ут-Напиштимге келіп жетеді.

 

Шумерлер

Скифтер, ертедегі түркілер мен қазақтар

Көк тәңірі Ану-дингир

Тәңір

Шамаш отына табыну

Алас

Шумерлік Таммуз

Қазақтың Тамызы

Иштар әйел-құдай

Ұмай - құдай шеше

Шумерлік Э-Кур

Түркінің Ыдық-басы

Аңдарға табыну

Андарға табыну

Шумерлік бұғы

Скифтік және түркілік бүғы

Иль-бити - ата-бабаға сиыну

Аруақтарға сиыну немесе ата-баба культі

Шумерлердің киелі ағашы

Ағашқа табыну

Су тәңірлері Ап-Су

Су-ана

Мәрдүк

Ыдық-Ер

Сиырға және сүтке табыну

Сиырға және сүтке табыну

Қасиетті соқа

Қасиетті соқа

 

«Сонымен, - деп қорытындылайды Асан Бақты, - шумерлердің діни көзқарастары ежелгі түркілер мен қазақтардың діни өмірінде бейнеленген. Сан мыңдаған жылдар бойы шумерлердің діни идеялары мен көзқарастары ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, соның арқасында, міне, әлі күнге дейін қазіргі заманғы көшпелі қазақтардың өмірінде орын алып отыр».

Мұның бәрін, әрине, осы күйінде тым тура қабылдауға болмайды, өйткені тарихи үдеріс - сан қырлы, жан-жақты. Дегенмен барлық түркітілдес халықтардың, - оның ішінде қазақтар да бар, Қосөзен аралығындағы жерлерді мекендеген ертедегі халықтармен тарихи байланысы бар екендігі талас тудырмайды.

Бір кездері көрнекті қазақ жазушысы, Шығыс тарихының керемет білгірі Илияс Есенберлиннің әділеттілікпен бағалағанындай, «ғасырлардан өткен жекелеген адамдар өмірі тек құм түиіршіктері сияқты болды, ал дүниені жарық етіп тұрған немесе шамда жарқырап түрған нұр - сөнбейтін нұр, ол өмір бойы біздің ата-бабаларымыздың жолын нұрландырып тұрды. Дала қазақтарының еркі мен даналығын қатаң ауыртпалық басып-жанши алмады... Қазақ халқы Азия далалары көшпенділерінің қолымен жасалған ертедегі өркениетті ары қарай дамыта алды. Біздің ата-бабаларымыз әлемдегі өз орнын анық біле отырып, ешқашанда өткенді ұмытпаған, қазіргіден теріс айналмаған... Шамның жарығы қашанда жанып тұрған».

 

ТӘҢІРІ ДІНІ. ЕРТЕДЕГІ ТҮРКІЛЕРДІҢ ДІНДЕРІ.

 

1. Түркілердің шығу тегі туралы аңыздар.

2. «Көгілдір аспан» мен «қара жер» - ді қастерлеуі.

3. Он екі жылдан тұратын мүшел, күнтізбе мифтері.

4. Табиғат дінінің «Оғызнамада» бейнеленуі.

 

Ерте замандағы түркілердің (түріктердің) кең таралып, мекендеген кеңістігі өте үлкен аумақты: Оңтүстік-Шығыс Европа далаларынан Қытайға дейінгі, Сібірден Гималай таулары мен Гиндукушқа дейінгі, Қара және Каспий теңіздерінен Байқал және Хингань тауларына дейінгі жерлерді алып жатты. Сондықтан ертедегі түркілердің діндері түркі тілдерінде сөйлейтін: түріктер, әзірбайжандар, түрікмендер, қазақтар, қырғыздар, өзбектер, ұйғырлар, ноғайлар, татарлар, қарақалпақтар, құмықтар, қарашайлар, балқарлар, башқұрттар, чуваштар, алтайлықтар, тувалар, шорлықтар, хақастар, якуттар, гагауздар, қарайымдар, қырымшақтар, сары ұйғырлар және басқа халықтардың кейіннен түрлі діни-дүниетанымдық жүйелерінің қалыптасуына негіз болды.

Алғашқы түркілердің шығу тегі туралы өте ертедегі аңыздардың бірінен білуге болады. Ол біздің заманымызға түркілердің сөзімен VI ғасырдың ортасындағы қытай жазулары арқылы жеткен. Негізгі нұсқаға сәйкес, үлкен бір батпақ алқабының шетін ала мекендеген түркілердің ата-бабаларын көрші тайпаның әскерлері қырып тастаған. Жаулар майып қылған он жастағы бір бала ғана аман қалған, ал оны кейіннен соның әйелі болған бір қаншық қасқыр емізіп, асыраған. Ақыр соңында баланы өлтіріп тынған жаулардан қашқан қасқыр Гаочанның солтүстігі жағындағы тауларға жетіп, сол жердегі үңгірде он ұл табады. Қасқырдың ұлдары ержетіп, Гаочан қыздарына үйленіп, өз ру-тайпаларын құрған. Оның ұлдарының бірінің атымен Ашина тайпасы пайда болды. Келе-келе рулардың саны өсіп, Ашина тайпаның көсемі болады. Оның ұрпағы Асянь-шад өз тайпасын үңгірден шығарып, Алтайға қоныстандырады, сөйтіп оның тайпасы түрік деп аталатын болды. Бұл аңыздың келесі бір нұсқасында сол қаншық қасқырдың ұрпағы болып табылатын «ақ аққу» мен қырғыз туралы сөз болады. Ұйғырлардың патшадан тараған яглакар руының рубасы ретінде қасқыр мен хун әйел-патшасы аталынады. Кейіннен берілген ұйғырдың эдиздер тайпасының генеалогиялық аңызы бойынша, ру киелі ағаштардан пайда болған. Ежелгі түркі тайпаларының арғы тегі өгіз бен бұғыдан шыққаны туралы да деректер кездеседі.

Академик Қ.Ш.Шүлембаев жазғандай, «ертедегі түркілердің руханилығы мен діншілдігінің негізінде табиғатты қастерлеу, ата-бабалардың рухтары - аруақтарға сиыну, ақсақалдардың, ата-аналардың және олардың ұрпақтарының табыну-сиынуын білдіретін тәлім-тәрбиесінің сабақтастығы, адамдардың қарым-қатынастарының жоғары мәні жатыр. Ақыл-ойдың мұндай қызметі түріктер ортасында табиғи дін - табиғат дінінің тууына жеткізді».

Ертедегі түркілердің түсініктері бойынша, алғашқыда «көгілдір аспан» мен «қара жер», ал содан кейін олардың арасында «адамзат ұлдары» жаратылған. Ежелгі түркілердің Енисей ескерткіштерінде «көгіЛдір аспан» күн сайын күн мен ай туатын әлемнің үстіндегі «шатыр» деп аталған. Шығып келе жатқан күн ерекше қастерленеді. Сол себепті шатыр тіккен кезде, есіктері шығысқа, яғни күн шығатын жаққа қаратылуы міндетті болған. Жер төрт жағынан шектелген және төрт бұрышы бар кеңістік ретінде ұғынылатын. Жерді, әрине, «адамның түркілерге ұқсайтын ұлдары» мекендейді.

«Аспанға тәңір деп табыну, - деп жазады Н.Ғ.Аюпов, - өте күрделі және көпқырлы сипатта болды: ол Күнге - Күн тәңірі, Айға -Ай тәңірі, Жұлдыздарға - Жұлдыз тәңірі деп сиынуды білдіреді. Ғарыштың бір бөлшегі ретіндегі аспан шексіз жоғарыны, оның алыстығын, қол жетпейтіндігін, өзгермейтіндігін, орасан үлкендігін трансценденттік, ақыл жетпейтін нәрсе, ұлылық және артықшылық деп түсінуге негіз болды... Аспан туралы осындай түсінік тұрмыстық мәдениеттің  киіз  үй,дабыл,қазан  жәнетақиясияқты  заттарын дөңгелек етіп жасауға ықпал етті. Кейіннен киіз үй, дабыл және қазан кастерлеп-қасиеттейтін заттар деп қабылданатын болды».

Көптеген Орталық Азия елдерінде адамның отты қалай алғаны туралы мынандай аңыз ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатыр: Бір күні аң аулауға жиналған шах атына мініп, сапарға шығады. Жолға Түскен бойда шах атына қамшы басады. Бір сәт аты қақ маңдайына біреу қамшымен салып жібергендей кілт тоқтап, ары қарай жүрмей қояды. Атының мазасызданғанына қарап, шахтың да дегбірі қашты. Көңілі қобалжыған шах үзеңгіге аяғын тіреп көтеріліп, алдыңғы жаққа көз салды. Дәл қарсы алдында, жолдың үстіндегі таста жатқан жыланды көрді. Атынан түсіп, қолына бір тасты алған шах жыланды періп кеп қалды. Жылан жылдам жорғалап, көзден ғайып болды, ал шахтың бар күшімен лақтырған тасы жол бойындағы басқа бір тасқа соғылып, ұшқын шығарды. Тастың айналасындағы кұрғақ шөп лап етіп тұтанып, шах жалынның жалаңдаған тілдерін көрді. Содан бастап адамдар отты пайдаланатын болды. От оған жылу берді және тамақ дайындауға мүмкіндік туғызды».

Табиғат дінінің мәні көпшілікке кең танымал ұйғыр эпосы «Оғыз-намеде» толық ашыла бейнеленген. Оның бас қаһарманы Оғыз хан - ертедегі түркілердің түп атасы. Ол анасының құрсағына жарықтың сәулелерінен түсіп, дүниеге батыр болып жаратылып келген. «Анасының сүтінің дәмін татып көріп, ары қарай ембейтін болған. Шикі ет, тамақ, шарап ішкісі келіп... аяқ астынан сөйлеп кеткен. Қырық күн өткенде есейіп, аяғын басып, ойнайтын болған». Оғыз ханның сырт келбеті ертедегі түркілердің тотемдік түсініктерін білдіреді: «оның аяқтары өгіздің аяқтарындай жуан, белі қасқырдың беліндей жіңішке, иықтары бұлғынның иықтарына ұқсаса, ал кеудесі аюдың кеудесіндей кең». Оғыз хан өзіне нұрмен келіп түскен аспан аруымен некелеседі. Ол оған Күн, Ай және Жұлдыз деген үш ұл тауып береді. Ал жер бетінің сұлуы - екінші әйелінен үш кіші: Көк, Тау және Теңіз деген ұлдары дүниеге келеді.

 Табиғат діні б.з.д. II - I мыңжылдықтарда негізіне жыл санаудың он екі жылдық жануарлар циклі - мүшел алынған күнтізбе жасаудың бастауы болды (ресми түрде бұл күнтізбе 1210 жылы Моңғолияда енгізілді). Тіпті әуелі күнтізбелік мифтер делінетін тұтас цикл қалыптасты. М.Қашғари «Түркіше сөйлеу сөздігі» - «Диван лугат ат тюрк» деген еңбегінде төмендегі мифті келтіреді: түркілердің үлы қағаны ертедегі ұрыстардың біреуінің тарихын қалпына келтіруге әрекет еткен шақта, ұрыс болған жылдан шатасып қалады. Сонда ол халқын жинап алып: «Біз тарихымызды білмей шатассақ, ал біз дүниеден өткеннен кейін, ұрпақтарымыз да тарихи күндерді анықтаймыз деп шатасулары мүмкін. Сондықтан он екі аймен қатар, бізден кейін жыл санау осы жылдардың циклдері бойынша жүргізілуі үшін, он екі аспан зодиактары арқылы он екі жылға атау беруіміз керек және осылайша жыл санау біздің салтымызға айналсын және үрім-бұтақтарымыз соны қатаң сақтайтын болсын», дейді. Ұлы қағанның айтқанымен барлық тайпалар келіседі. Бір күні каған аңға шығып, адамдарына жан-жануарларды Іле өзенінің бойына айдап келуді тапсырады. Адамдар жан-жануар атаулыны қаумалап, өзенге қарай қуып тыққанда, он екі жануар өзеннен жүзіп өтіп, жағалауға шығады. Ең алдымен жағаға тышқан, одан кейін сиыр шығады, сөйтіп кезегімен шыққан малдардың атымен мүшел - он екі жыл аталатын болған.

Келесі бір мифологиялық сюжетте мүшел жылдардың атауымен, атап айтқанда, неге он екі жылдық жан-жануарлар циклі тышқаннан басталады дегенмен байланысты. Түйе мен тышқан жыл санаудың басында кім түратыны жөнінде айтысып қалады. Содан екеуі былай деп келіседі: күннің сәулесін кім бұрын көрсе, жылдың басы сол болсын. Сол бойда тышқан байқатпай, түйенің басына шығып алады. Күн көкжиектен аса бергенде, әрине, күннің сәулесін түйенің басына шығып алған тышқан алдымен көреді де, мүшелдің алғашқы жылы соған бұйырады.

Ертедегі түркі күнтізбесінің негізіне алынған он екі жылдық жан-жануарлар циклі - мүшел, қазақтың зерттеуші ғалымы М.Ысқақовтың пікірі бойынша, түркілерде б.з.д. II - I мыңжылдықтарда пайда болған. Атақты еуропалық түркітанушы Э.Шаванни еңбектеріне сүйеніп, ол түркілер жасаған мүшел Қытайға, Қытайдан Римге, кейіннен Мысырға жеткенін жазады. Ертедегі түркі халықтарының он екі жылдық жыл санау циклін пайдаланғанын «Шығыс Азия халықтарының күнтізбелік салт-жоралғылары мен әдет-ғұрыптары» деген монографиясындағы тұжырымдары арқылы растай келе, Н.Л.Жуковская моңғолдардың күнтізбесі туралы айтып, сол ғасырдың маңызды мәдени жаңалықтарының қатарына моңғолдардың жаңа күнтізбе - он екі жылдық жануарлар циклін қабылдауын жатқызуға болатынын және ол күнтізбені, шын мәнінде, олар моңғол империясының алғашқы кезеңдерінде мемлекеттік іс жүргізудің барлық жүйесіне айтарлықтай ықпалы болған ұйғырлардан алғанын айтып өткен. Бұндай тұжырымдар жасауға, әрине, ертедегі түркілердің жазба ескерткіштері де негіз  болғаны белгілі. Сонымен мысал үшін айтсақ, Күл Тегіннің құрметіне орнатылған Үлкен Жазуда оның жерленген және ескерткішінің орнатылған мерзімдері туралы мәліметтер жазылған: «Күл Тегіннің жаны Қой жылының он жетінші күні ұшып кетті (өлді). Тоғызыншы айдың жиырма бірінші күні біз оны жер қойнына тапсырдық. Қабір үстіндегі ғимаратты, жазу жазылған құлпытасты Мешін жылының жетінші айында, жиырма жетінші күні орнаттық».

Мүшел күрделі күнтізбе жүйесі ретінде көптеген табиғат құбылыстарымен, олардың өту циклімен, адамның өз өмірімен байланысты, сондықтан да ол адам мен табиғаттың күрделі ішкі байланыстарын, табиғаттық және рухани бірлігін, ақырында, әлемнің тұтас қүрылысын көрсетеді. Сонымен ежелгі түркілер мүшелді әлемнің алғашқы негіздерімен тығыз байланыстырады. Ертедегі түркілердің философиясында төрт алғашқы элемент: от, су, ауа және жер адамның табиғатпен ажырамас байланысының белгілері бола отырып, барлық нақтылықтың субстратына (ағзаның қоректеніп, тіршілік ететін ортасына) айналды. Жануарлардың атымен аталған әр жыл белгілі бір элементке:

От- Тышқанның 1-жылына, Балықтардың 5-жылына, Мешіннің 9-жылына;

Жер - Сиырдың 2-жылына, Жыланның 6-жылына, Тауықтың 10-жылына;

Ауа - Арыстанның 3-жылына, Жылқының 7-жылына, Иттің 11-жылына;

Су - Қоянның 4-жылына, Қойдың 8-жылына, Доңыздың 12-жылына сәйкес келеді.

Он екі жылдан түратын мүшел «таза мүшел» деп аталған. Жыл қайыру, яғни жыл санау үшін түркілер сонымен қатар 60 жылдық циклді - «дәуір мүшел», 180 жылдық мүшелді - «үлкен мүшел», 2160 жылдық циклді - «кэбирий мүшел» деп пайдаланған. Онымен қоса түркілер тәулікті де он екі бөлікке - «шаққа» бөліп, олардың әрқайсысы тиісінше жануарлардың атымен аталатын болған. Бірінші «шақ» түнгі сағат 23-тен басталады. Өз кезегінде «шақ» сегіз бөлікке -«ширекке» бөлінетін, ал бұл - 15 минутқа тең уақыт. Мүшелден басқа, Үркер шоқжұлдызына және Айдың сол арқылы өтетініне байланысты халық күнтізбесі деген де күнтізбе болған. Соған орай, ғалымдардың пікірлері бойынша, бұл күнтізбе - ең ерте саналатын күнтізбелердің бірі. Ол «Өтүш» немесе «Туғуш» (екіншісі Ай Үркерді «туғызады» деген түсінікке байланысты шыққан) деп аталады.

Күнтізбелердің негізіне жатқызылған түсініктердің қалай пайда болғанын да біз мифтерден табамыз. Солардың бірі бойынша, ертедегі түркілер ауа райын басқарып отырған әлдебір пері мінезді тіршілік иесі бар, сол біресе қар мен аяз, біресе аптап ыстық пен құрғақшылық жіберіп, соның кесірінен жан-жануарлар қырылады дегенге сенеді. Жан-жануарлар жиылып, әлгі жын-періні құртпақ болады. Ойлағандарын іске асыруға атты, түйені және сиырды жібереді. Жібергендердің алғашқысы сиыр болады да, ол періні таптап тастауға әрекет жасайды. Бірақ әлгі пері оның тарбайған құлақтарының арасынан сытылып шығып, аспанға бірақ көтеріледі. Содан ол шоқжүлдызға айналады. Бұл перінің аспанға шығып алып, біресе аяз, біресе аптап ыстық жіберіп жатқанының себебі - сол.

Осы аталған мифтің үлкен тәжірибелік негізі бар және ол ежелгі түркілердің астрономия саласынан хабары болғандығын, білімдерін өздерінің күнделікті тұрмыстарында пайдалана білгендігін көрсетеді. Сөйтіп, осы уақытқа дейін түркі халықтарында ауа райына және Үркер шоқжүлдызының аспандағы орналасу жағдайына қарай «үлкен шілде» және «кіші шілде» деген түсініктер бар. «Үлкен шілде» (қырық күн шілде) желтоқсанның 26-сынан басталады да ақпанның 5-інде аяқталады, ал осы қырық күн қыстың ең суық мерзімі саналады. Бұл мезгілде Үркер түнгі аспанның тас төбесіне шығады. «Кіші шілде» маусымның 26-сында басталып, тамыздың 5-інде бітеді, ал бұл мезгіл жаздың ең аптап ыстық мезгілі болып табылады. Бұл қырық күнде Үркер аспанда көрінбейді.

Күнтізбелік мифтердің бай материалы археологиялық деректермен де расталады. Қазақстан, Орта Азия, Алтай, Жоңғария және Шығыс Түркістан аумағында зерттеушілер көптеген киелі саналатын: діни салт-жоралғылар, ғибадат ету және әлдебір табиғаттан тыс күштерге табынып-сиыну шаралары орындалатын жерлерді ашты. Олар шағын және ірі ғибадатханалар деп бөлінеді. Ғибадатханалардың ірілері бір-бірінен жүздеген шақырым қашық жерлерде орналасқан, ал олардың арасында бірнеше ондаған кіші ғибадатхана орындары бар. Әдетте, мұндай ғибадатханалардың, сондай киелі орындардың әрқайсысы әлемнің бір моделі іспетті. Барлық ғибадатханалардың діни салт-жоралғылар іске асырылған тайпалық және тайпааралық культтік орталықтар болғаны сөзсіз.

Осының бәрі ертедегі түркілердің бай рухани және материалдық өмірін, сонымен қатар олардың халықтық күнтізбе және барлық күнтізбелік мүшел жүйесінің негізіне алынған орасан зор мәдени-тарихи рөл атқарған діни наным-сенімдері мәселелерін терең зерттеп-білуге мүмкіндік береді.

 

ЕЖЕЛГІ МЫСЫР (ЕГИПЕТ) ДІНДЕРІ

 

1. Ертедегі мысырлықтардың жануарларды қастерлеуі.

2. Мысыр мифологиялық хикаялары.

3. Денелерді адам, бастары жануар бейнесіндегі құдайлар.

4. Осирис, Сет, Исида, Гор, Эхнатон т.б. – құдайлары.

 

Ежелгі Мысыр өркениеті шумерлік-вавилондық сияқты, көне өркениет саналады. Өте ерте замандардағы мысырлықтар ұлы Нил өзенінің екі жақ жағалауы бойында шашырап бөлектенген тайпа бірлестіктері -номалар болып өмір сүрген Ежелгі Мысыр діндерінің қандай діндер болғаны туралы біз ерте заманның дереккөздері (үзік-үзік болса да) арқылы біле аламыз, негізінен, бұл пирамидалар мен саркофагтар қабырғаларындағы жазулар, мысалы, «Пирамидалар мәтіндері» (б.з.д. ежелгі патшалық дәуір); «Саркофаг мәтіндері» (б.з.д. орта патшалық дәуір) болатын. Жаңа патшалық дәуірінен біздің заманымызға анағұрлым мол діни шығармалар - «Өлілер кітабы», «Сергектік сағаттары кітабы», «О дүниеде не бары туралы кітап», «Тыныс кітабы» және т.б. жетті. Мысырға б.з.д. V ғасырда сапар шеккен антиктік тарихшылар Геродоттың және ұрпақтарына «Исида және Осирис туралы» егжей-тегжейлі еңбек қалдырған Плутархтың (б.з. І-ІІ ғғ.) еңбектерінің де құндылығы кем саналмайды.

Осы дереккөздерге сәйкес, әрбір номада өз пантеоны және аспан ғибадатханаларында, тастарда, ағаштарда, аң-құстарда т.б. іске асырылған кұдайлар культі болатынды. Ертедегі мысырлықтардың жануарлар дүниесінде (фауна) пір тұтпағаны жоқ: олар сиырларды, қорқау қасқырларды, иттерді, мысықтарды, қолтырауындарды, қоңыздарды, қарлығаштарды және т.б. қастерлеген. «Номның өзі ерекше бір тәңірдің бейнесінде құдайдай пір тұтылатын; мысалы, Гермополь номасының әйел-құдайы болып қоян бейнесінде қастерленетін Унут саналатын. Кейіннен, әдетте, жергілікті тәңірлер номаның жебеушісі құдай-демиург (оның айналасында мифологиялық хикаялар құрылған, мысалы, фиван үштағаны - күн құдайы Амон, оның әйелі Мүт - аспан құдайы және олардың ұлы -Хонсу — ай құдайы; мемфийлік үштаған -Птах, оның әйелі Сехмет - соғыс құдайы, олардың ұлы Нефертум -өсімдіктер құдайы) бастаған үштаған түрінде топтасатын болған. Әйел тәңірлер, әдетте, құдай-аналардың қызметін атқаратын болған (әсіресе Мүт пен Исида). Аспан күмбезі көбінесе денесі жүздыздармен жабылған сиыр бейнесінде көрсетілетін, ал кейде әйел - доғаша иіліп, қолдарының және аяқтарының саусақтарын Жерге тигізетін әйел-құдай Нүт бейнесінде қастерленетін».

«Пирамидалар мәтіндерінен» төмендегі сөздерді оқи аламыз: «Сенің жүрегің құдіретті..., О, аспан болған Тәңірім... Барлық жерді сұлулығыңмен толтырасың. Жер сенің табаныңның астында жатыр -сен оны билеп алдың, қоршап алдың сен жерді... барлығын да құшағыңа баурап алдың».

Бір қызығы, Ежелгі Мысыр таңбасы (герб) кезкұйрықты (көк құдіретінің нышаны), су лалагүлін (гүлдену нышаны), жыланды (молшылық нышаны), араны (мол өнім тудыратын еңбекқорлық нышаны) белгілейтін иероглифтерден тұратын.

Ерте замандардың өзінде-ақ пайда болған және Мысыр тарихының кейінгі кезеңдерінде аса өршіп кеткен жан-жануарлар культі, яғни оларды құдайдай көріп табыну - бұл ежелгі мысырлық діндерге тән сипат. Апис өгізі - бұқа бейнесіндегі молшылық құдайы. Аписті қастерлеу тым ерте дәуірлерде пайда болды, оның орталығы Мемфис болатын. Аписті ба (Мысыр мифологиясындағы адам мәнін құрайтын элементтердің бірі), яғни Мемфис құдайының жаны Птаха деп санады, ал оның өзі алғашқы сегіз құдайды жаратқан, бар әлемді және осы дүниедегі бар нәрселердің барлығын, сонымен қатар күн құдайы Раны жаратқан Демиург саналатын.

Апис тек ақтаңдақ белгілері бар қара бұқа болуға тиіс. Аписті туған сиыр да аса қүрметтелетін. Апис үшін арнайы ғимарат Апейон салынды. Оның өлімі жалпыға ортақ үлкен қайғы болды: оған жоқтау айтып, жүрттың бәрі қайғырып жылады. Апистер бальзамдалып, содан кейін мумияға айналдырылды, олар Мемфистің жанындағы арнайы Серапеум деген сағанаға (склеп) жерленді. Француздардың археологы Ф.О.Мариет Серапеумді қазған кезде, Апистердің 64 мумиясын тапқан.

Ғалымдардың пікірінше, ежелгі замандарда тайпаның көсемін қастерлеуге байланысты шыққан өгіз культі, ерте мысырлық мемлекеттің пайда болуына қарай, перғауындар (ертедегі Мысыр патшаларының лауазымы) культімен жақындаса бастаған. Жерлеу кезінде Апистер ғана бальзамдалмаған. Ғалымдар, мысалы, көптеген бальзамдалған және мумияға айналдырылған қолтырауындарды тапқан. Денелері адам, бірақ бастары жануарлардың бастарымен бейнеленген көптеген құдайлар болған. Мысалы, қуаныш пен шаттық құдайыБаст мысық басты әйел (кейбір суреттерде қолына музыкалық аспап ұстаған) ретінде, ал даналық, есеп-қисап және жазудың құдайы Тот - басы ибистің (аяғы ұзын, басы мен тамағы жалаңаш құс) басымен бейнеленген адам. Анубис (Инпу) кұдайы да - құдай-сот, жерасты патшалығының қүдайы, барлық өлгендердің желеп-жебеушісі  (басықорқауқасқырдыңнемесежабайыитСабтыңбасымен бейнеленген) және т.б. танымал болған.

Мысыр иероглифтері туралы трактат жазған IV ғасырдың мысырлық жазушысы Гораполлон ба дегенді копт тіліне «жан» деп аударган. «Жан» ұғымы мысырлықтардың ба деген түсінігіне сай келмесе де, әлі күнге дейін сол магынасында қолданылады

Ерте мәтіндерде патша «өгіз» деп аталатын. Нармер (Менес?) патшасы бейнеленген мөлдір қағазда (палетка), - б.з.д. 3000 ж., - өгіз бейнесіндегі перғауын жаудың бекінісін қиратып жатыр. «Хебсед» мейрамы кезінде (перғауынның отыз жылдық мерейтойы) патшаның киіміне өгіздің құйрығы ілінген.

Жалпымысырлық басты құдай болып күн құдайы Ра саналатын. Көбінесе ол басы күннің нұры үстіне төгіліп тұрған сұңқардың басы болған адам бейнесінде беріледі. Мысырлықтардың түсінігі бойынша, ол аспанда өмір сүреді, ал аспанға кішкене қайықпен көтеріледі (мүмкін, орыстардың кілем-ұшағының бастауы осында жатқан шығар?).

Ра өзінен де ертерек пайда болған және өзімен теңестірілген гелиопольдық демиург Атумды (Ра-Атум) ығыстырып, құдайлардың эннеадасының басында тұрды. Ол дүниенің және адамдардың (оның көз жасынан жаралған) жаратушысы, құдайлардың әкесі, патшаның әкесі саналып, перғауын лауазымында «са Ра», яғни «Раның ұлы» деп көрсетілетін болды. Ра сонымен қатар Гормен («биіктік», «аспан» деп аударылады, Мысыр мифологиясында сұңқар бейнесіндегі тәңір; кейіннен Раға да ауысқан сұңқардың, сұңқар басты адамның, сондай-ақ қанатты күннің бейнесінде берілетін. Осыдан қанаттары жайылған күн табағының шартты белгісі шыққан) және басқа кұдайлармен де теңестіріліп, сол арқылы олардың барлық жақсы қасиеттерін бойына жинап алған.

Горға байланысты ең қызықты және маңызды мифтердің бірі -Исида және Осирис туралы миф сақталған. Осирис - аспанның әйел-кұдайы, «жұлдыздардың ең үлкен анасы», «құдайларды дүниеге әкелетін» Нұттың ұлы. «Пирамидалар мәтіндерінде» ұлы Нұтқа арналған: «Нұт, сен Төменгі Мысырдың патшайымы сияқты жарқырайсың, құдайларға да күшің жетеді, олардың жаны - сенікі, олардың мұралары сенікі, олардың құрбандары - сенікі, олардың дүние-мүлкі де  сенікі», - деп жазылған сөздер бар. Нұт өлгендерге табынумен байланыстырылатын. Ол, ертедегі мысырлықтардың түсінігі бойынша, өлгендерді аспанға көтереді және оларды мазарлардың ішінде қорғап жүреді. Сондықтан Нұттың мумияға қарап тұрған сияқты берілген бейнесінің саркофаг қақпағының үстіне ауыстырылатын жағдайлары да аз емес.

Осириспен ертедегі мысырлықтар алған білімдерін, атап айтқанда, жерді құрғақшылықтан сақтайтын су құрылыстарын сала білуді байланыстыратын. Осирис - Мысырдың жарық, әділетті бастаманы бейнелейтін даңқты патшасы. Ол мысырлықтарды жабайы өмір сүруден және адам етін жейтін салттан бездірді, оларды дәнді дақылдар  себуге,  жүзімдіктер  отырғызуға,  нан пісіруге,  сыра мен  шарап дайындауға, сонымен қатар мыс және алтын рудаларын тауып, соны өндеуге үйретті. Адамдарды ол дәрігерлік шеберлікке, қалалар салуға баулыды, культ орнатты.Оның кіші інісі Сет, керісінше, зұлым, қатыгез болды. Сет қашанда қорқау қасқырдың басымен және жел үйпа-тұйпасын шығарған ашық сары шашымен бейнеленетін. Осыған қарап, ертедегі мысырлықтардың түсінігінде ол шөл даланың бейнесі болған-ау деп жорамалдауға болады.

Осиристің орнына билік жүргізгісі келген жауыз Сет оны құртудың амалын ойластырды. Кезекті бір жеңісті сапарынан кейін Осирис той ұйымдастырды. Бұл тойға Сет өзінің 72 қаскөйін ертіп келді. Ол сәндендіріліп-безендірілген үлкен бір жәшікті (шамасы, саркофаг болуы керек) кіргізуді бүйырды да, бүл жәшік кімге шақ келсе, соған сыйға тартылатынын айтты. Кезек Осириске келіп, ол арнайы өзінің өлшемімен жасалған жәшікке жата бергенде, қастандық ұйымдастырушылар сарт еткізіп қақпағын жауып, жіктеріне қорғасын балқытып құйып, Нил өзеніне тастайды. Судың ағынымен жәшік жағаға тірелгенде, сол жерде өсіп тұрған арша бұтасы оны бұтақтарымен қармап ұстап қалды.

Әйел-құдай Исида - Осиристің сенімді жары (мифтердің кейбір нұсқаларында ол бір мезгілде оның қарындасы да болған, өйткені олардың аналары бір Нұт еді) күйеуінің қазасына қатты қайғырып, оның денесін іздеп шығады. Бірақ Сет оның жолын кесті. Жәшікті одан бұрын тауып алып, Осиристің денесін он төрт бөлшекке бөліп, кескілеп тастады. Исида күйеуінің быт-шыт болған денесін тапқан кезде, ол таңғажайып тәсілмен оның денесін құрастырып шықты. Ал содан кейін денедегі жасырын күшті тауып шығарып, өлі Осиристен ұл бала көтереді (қазіргі заманғы адамды клондаудың өзіндік идеясы). Осиристің денесін қастерлеп жерлеп, ол Нил өзенінің бір сағасының батпақтарына барып, сол жерде босанып, ұлы Горды тәрбиелейді.

Гор ержетіп, есейген шақта Сетпен айқасқа түсті. Алғашында ол сәэтсіздікке ұшырап, ұрыс кезінде бір көзінен - Гордың сиқырлы көзінен айырылды, бірақ содан кейін жеңіс соның жағында болды. Гор Сетті жеңіп, оны еркектік қабілетінен айырады. Сетті бағындырғанының белгісі ретінде оның басына Осиристің аяқкиімін қояды. Сеттен өзінің шыққан көзін тартып алып, оны өлі әкесіне жұтқыздырады. Содан Осирис тіріледі, бірақ жер бетінде қалғысы келмей, жердегі тағын ұлы Горға қалдырып, өзі о дүниеде патшалық құрып, әділ сот ұйымдастырады.

Бұл мифте біз үшін ең маңыздысы - Гордың Мысыр патшасы болғандығы. Өйткені өздерін жердегі құдайлар санаған ежелгі мысырлық патшалар - перғауындардың барлығының да шыққан тегі дәл осы Гордан бастау алады. Сөйтіп, жердегі және көктегі биліктер бір тұлға - перғауынға бірікті.

Көптеген ғалымдар Исида мен Осирис культін егіншілік культі, ал осы құдайлар туралы тұтас мифті тірі табиғаттың өліп, содан кейін қайтадан тірілуі немесе егіншілік циклінің символы санайды.

Көктемде Мысырда Осиристің қайта тірілуіне арналған мереке атап өтіледі. Бұл мерекенің өткізілетін күні ай күнтізбесі бойынша белгіленеді.

Сол құдайлардың культі ежелгі дүниеге түгел таралып, ақыры, Рим империясына да жетеді.

Ертедегі Мысырда құдайлардың көп болғандығы соншалықты, әр уақыттарда бір құдайлар ұмытылып, ал кейбіреулері алдыңғы қатарға шығарылып жатты. Бұндай жағдай көбінесе перғауындардың өз биліктерін нығайту мақсатында жүргізген реформаларына да байланысты еді. Мысалы, Амон (жасырылған, жұмбақ) деген құдаймен осылай болып шықты. Алдымен оның культінің орталығы Фивалар болды. Бірақ кейіннен Жаңа патшалықтың (б.з.д. ХVІ-ХІV ғғ.) XVIII (Фиван) әулеті дәуірлеп тұрғанда, ол бүкілмысырлық құдайғаайналады, ал оның культі мемлекеттік сипатқа ие болады. Амон күн құдайы Раға (Амон-Ра) теңестіріліп, «барлық құдайлардың патшасы», жер бетіндегінің барлығын жаратушы-құдай ретінде қастерленетін болды. Б.з.д. XV ғасырда перғауын Аменхотеп IV Амонды Атон деп, ал өзін Эхнатон, яғни Атонға лайық деп ауыстырды.

 

Көп ұзамай, ғаламаттар бірінің артынан бірі жоғала бастады. Енді римдік саяхатшы жеті ғаламаттың жетеуін бірдей көре алмайтын еді. Біздің заманымызға, сол жеті ғаламаттың біреуі ғана, о ғажап, ішіндегі ең ертедегісі  Мысыр пирамидалары жетіпті».

Олардың ішіндегі ең үлкені  Хеопса пирамидасы (тек 1889 жылы ол бірінші орынды Париждегі Эйфел мұнарасына беріп, әлемдегі ең биік қүрылыс деп аталуын тоқтатты). Бұл - төртінші мысырлық әулет - Хуфу (Хеопса) және Хафра (Хефрена) перғауындарының алып пирамида мазары. Оның биіктігі 147 метрге жететін, бірақ кейіннен оның ұшар басы кұлап қалып, қазір оның биіктігі 137 метр саналады. Мазар әрбір кесегінің салмағы екі тоннадан асатын, мұқият өңделген 300 мың әктас кесегінен қаланған. Ертедегі тарихшы Геродот дәлелдегендей, пирамида жиырма жыл бойы салынған, бір мезгілде оның кұрылысына әр үш ай сайын ауысып отыратын жүз мың адам қатысқан. Олардың басым көпшілігі пирамида салынып біткенше о дүниеге аттанып та кеткен. Әктастың әр кесегі Нил өзенінің ар жағындағы тас қашайтын орында шабылып, арнайы сыналардың көмегімен өңделетін. Содан кейін кесек тастар өзенге қарай папирустан жасалған төсемелердің үстімен сүйретіліп жеткізілетін де, өзен арқылы күрылыс алаңына тасылатын, ал ол жерде төбенің жазық беткейімен жоғары биіктікке шығарылатын.

Мазарлар мен ғибадатханалар мифологиялық тақырыптардағы бедерлермен және жазулармен өрнектелген. Өлген кісінің мумияландырылған денесі бүлінген немесе жойылған жағдайда, моланың ішіне оның суреті бар мүсін ескерткіші (ба және ка сыятын кең орын болатын мумиямен бірге) қойылады. Мола-мазардың ішіндегі өрнекті жазулар мен бедерлер өлген адам үшін қалыпты жағдай туғызуға тиіс: олар оның үйін, отбасы мүшелерін, той-тамашаларды, қызметшілер мен алқаптағы және шеберханалардағы құлдарды бейнелейтін. Молаларға сонымен қатар әртүрлі ауылшаруашылық жұмыстарымен шұғылданып жүрген жүмыскерлердің мүсін ескерткіштері салынады.

Жаңа патшалық дәуіріндегі мола-мазарларда көп мөлшерде «ушебти» деп аталатын, әдетте, оралған мумия бейнесіндегі ерекше мүсіндер сақталыпты. Ертедегі мысырлықтар қайтыс болған адамның магиялық дуалардың көмегімен оларды тірілтетініне, сосын олар оның орнына ана дүниеде жүмыс істейтініне сенген.

Сөйтіп, сан мындаған жылдар бойы дами отырып, Ертедегі Мысыр діндері түп-түзу дүниетанымдық жүйеге айналып, биік деңгейге жеткен.

 

ИУДАИЗМ ДІНІНІҢ ТАРИХЫ

 

1.Иудаизмдінінің шығуы және таралуы.

2.Иудаизм ағымдары.

3.Иудаизмнің табыну ғұрыптары мен мейрамдары.

4.Иудаизм дінінің әдебиеттері.

 

Иудаизм – еврейлердің діні. Шыққан уақыты б.э.д. ХI ғасыр шамасы. Ертедегі иудей патшалығы территориясында пайда болғандықтан иудаизм деп аталған. Иудей дінінің уағыздары ертедегі еврейлердің әр түрлі жалған наным-сенімдері негізінде қалыптасқан. Көп ғасырлар бойы бұл дін Палестинада, Египет, Ливия, Крит аралы, Рим тұрғындарының, сол сияқты Эфиопия, Қытай халықтары арасында да таралып келді. Иудаизм қазір Израильдің мемлекеттік діні, басқа елдерде тұратын еврейлер арасында да тараған.

  Сонымен иудея діні біздің заманымыздан екі мың жыл бұрын сол кездегі Палестинаның тұрғындары – еврейлердің арасында пайда бола бастайды да, біздің жыл санауымыздан бір мың жыл бұрын біртіндеп бір құдайды уағыздайтын дінге айналады. Ертедегі еврейлердің көшпелі тайпалары ұзақ уақыт бойы ру құрылысы жағдайында өмір сүрді.

  Олардың негізгі әлеуметтік ұясы ру еді. Еврейлер жаратылыстың түрлі құбылыстары мен күштерін құдай деп таныды. Олар тасты, бұлақты, тауды және жаратылыстың дүлей күштерін: отты, найзағайды, желді дәріптеді, адаммен туыстық байланысы бар деп жеке өсімдіктер мен жануарларға табынды. Мұнымен қатар ата-баба жоралары да қалыптасты, өйткені ертедегі еврейлерге рудың негізін салушы ата-бабаны құрметтеу тән еді. Бұл дәуірдегі еврейлердің діни әдет ғұрыптары – құдайға қонақ асы беру, жалбарыну, құрбан шалу, қасиетті жер болды. Малшы еврейлердің арнаулы көктем мейрамы – алғашқы төлден шөл дала жын-шайтандарына қозы, лақ құрбан шалу күні болды. Көшпелі еврейлер бұл құрбандықпен жын-шайтандардың мейірімін түсіре аламыз, содан кейін олар малды өлтірмейтін болды. Төлге зиянын тигізбейді деп сенді. Құрбандық ретінде қозы шалу ғұрпы пасха деп аталады. Бұл алғашқыда малшылардың көктемгі мейрамы болды, кейіннен оны диханшы еврейлер де қабылдады.

  Рулық құрылыстың соңғы дәуірінде еврей дінінің сипаты өзгереді. Қазіргі жыл санауымыздан екі мың жыл бұрын ертедегі Палестина және Сирия территориясы мекендеген Симит тайпасы Ханаан деп аталады. Бірте-бірте ертедегі Ханаан дінінің нанымдары биіктегі хош иіске түтінге /атауға табыну шаралары/. Сирия құдайларындағы күнге, айға, жұлдыздарға және аспан әлемінің барлық құдіретіне табыну әдет ғұрыптарымен ығыстырылады. Ханаан тайпаларының Ягве деген құдайы, моовиттердің Камос деген құдайы, финикияліктердің Дагон деген құдайы болды, Камос, Дагю, Ягвенің әрқайсысы өздеріне қожа, біріне-бірі бағынбайтын хандар сияқты еді. Демек, еврейлер рулық культтерден бірте-бірте көп құдайға табынушылыққа көшеді.

  Біздің заманымызға дейінгі ХI-Х ғасырларда Палестинада рулық құрылыс біртіндеп ыдырап, оның орнына құл иеленуші Израиль және Иудея мемлекеттері пайда болды. Енді жаңа орныға бастаған құл иеленушілік қарым-қатынастар адамдардың рухани өміріне әсерін тигізбей қойған жоқ.

  Құл иеленуші мемлекеттің құрылуына қарай ертедегі рулық-тайпалық құрылысқа байланысты табиғат құбылыстары түріндегі құдайлар мен жеке тайпаларды билеп- төстеуші көп құдайлар біріге келе мемлекет түріндегі бір құдай түрін алды. Осындай көп құдайлардың ішінен Иуда руының құдайы Ягве бас құдайға айналды. Сол кездегі діншілдердің түсінігіне Ягве солтүстік Аравиядағы Синай тауларын мекендеп жүріпті-міс, оның бірнеше әйелі балалары болыпты деп сипатталады. Сөйтіп, Ягве құдайы алғашқы кезде нақтылы адам тәріздес түрде бейнеленеді.

  Ягве құдайының бас құдайға, жалғыз құдайға айналуына объективті себептер болды. Ягве алғаш ауқатты, әлді рудың құдайы болды да, алғашқы патшалар, әулиелер осы рудан шықты. Сондықтан олар өз құдайын уағыздап, дәріптеп, оның басқа бәсекелестеріне қарсы аяусыз күрес жүргізіп отырады.

  Жаңа эраға дейінгі Х ғасырдың басында Давид және Соломон патшалық құрған дәуірде Иудея  мен /ертедегі еврей тайпасы/ бір патшалыққа біріктірілді. Давид Ханаанның ертедегі қаласы Иерусалимді жаулап алып, оны біріккен мемлекеттің және елдің діни орталығына айналдырды. Израиль-Иудея патшалағының гүлденген заманы Соломонның патшалық құрған уақыты еді, Соломон Иерусалимде Ягве құдайының құрметіне храм және қамал салдырды. Мұнымен қатар бір тұтас, бір орталыққа бағындырылған Ягве құдайының жоралғысы белгіленді, бұл Иерусалим храмына өткізілуге тиісті болды. Сөйтіп мемлекетті бір орталыққа біріктіру ісі дінді бір орталыққа біріккен, мемлекеттік дінге айналдыру ісімен бірге жүрді.

  586 ж.б.э.д. Иерусалимді Вавилон жаулап алып храмды қиратты. 538 ж. Персия ханы Кир еврейлерге Иерусалимге қайтуға рұқсат береді. Бұл жерде тағыда храм салынады осы кезде Ягве құдайының күші әсіресе өседі. Бірақ бұл уақыт ұзақ болған жоқ. Израиль патшалығы құлағаннан бері қуғынға ұшыраған князьдар, құрылысшылар, суретшілер, қолөнершілер, әскерлер кезінде Вавилонға жер аударылған адамдардың көпшілігі Вавилонияда, Египетте, Жерорта теңізі жағалауларындағы елдерді мекендеді. Бұл елдердегі ірі қалаларда еврей қоныстары пайда болда. Олар диаспора деп аталды. Абыздар диаспорадағы еврейлерге әсер ете алмайтын болды. өйткені отанынан алыста тұратын еврейлер диаспоралары өздерін басқа діннің әсерінен аулақ ұстап, өз діндерінің тазалығымен әдет-ғұрыптарын сақтай алмады. Ягвенің Иерусалим қаласындағы мүсініне диаспорадағы еврейлердің келіп табынып тұруына мүмкіндік болмады, жер шалғайлық жасады. Сол себепті Иерусалимнен алыс жерлердегі еврейлердің сенімінде Ягве енді адам мүсінін тек адамның ойында, көңілінде ғана сақталатын жалғыз жаратушыға айналды. Басқа санкритикалық діндер сияқты иудаизм дініне де өз дініне басқа діндегілер арасына таратуға тырысушылық яғни прозелитизм тән. Диаспорада еврейлік прозелитизм өседі. Еврейлік диаспора өскен сайын Иерусалим храмында орындалатын ескі культтер диаспорадағы еврейлерді қанағаттандырмайтын болды. Диаспорада жаңа дінге қарымсинагога /жиын орны/ дамиды. Еврейлер діни салттар үшін храмдарға барудың орнына жергілікті синагогаға жиналып, намаз торанын Моисей пайғамбар шығарды деп жүрген кітаптың тұратын жинақ тарауларынан үзінділер оқып отыратын болды. Синагога намаз оқитын жер ғана болмай мұнымен бірге діни ұйымға айналды.

Иудаизм тарихын төрт кезеңге бөлуге 

I.     Көне иудаизм оны Библиялық деп те атайды. Оған алғашқы қауымдық діни сенімдерден политеизмге, содан монотоизмге өту процессі жатады. Еврей абыздары көне иудаизм заманын Ягве өзінің қасиетті ілімін, өсиетін берген сонан ешқашан, еш жағдайда айырылмау керек деген уағыз таратқан. Бұл кезең б.э.д. 2 мың жылдықта басталған б.э.д. 2 ғасырда аяқталды.

           II.     Құл иеленушілік қоғам дағдарысқа ұшырап Палестинада Рим империясы үстемдік жасап тұрғанда, дін идеологтары, ірі құл иеленушілер өз мүдделеріне сай келетін діни ілім бейнесін туғызуды ойластырды. Сөйтіп көне иудаизмнің орнына талмуддық иудаизм келді. Талмаудтың шығуы абыржудың, болашаққа деген сенімнің жойылуы еді. Б.э.д. ХI ғасырдағы абақты «вавилон тұтқындауынан» кейін еврейлерді басқа  жерлерге жіберу осы уақытта болған. Енді бас сауғалаудың басқа жолдарын таппаған соң мессияға /құтқарушыға/ сену пайда болды. Көп елдерге бытырап еврейлер /диаспоралар/ бас бірліктерін жергілікті жерде өз діндеріне сүйеніп сақтағысы келді, синагогалар да жораны оқып түсінік беретін болды. Кейін ол Мишна деп аталды. Мишнаның өзін түсіндіру қажет еді. Толық түсіндірме гемора деген атпен белгілі. Мишна мен пемараның қосындысы Талмудты құрды.

        III.     Иудаистік дін басшылары Тора мен Талмуд жайлы түрлі діни аңыздар айтады; бұл екі шығарма да құдайдан, оның біріншісі Ягве Моисей пайғамбарға еврей халқы Синай тауының басында берген деседі. Ақиқат Тора мен Талмудтың көп ғасырлар бойы жазылып реттелгенін көрсетеді.

        IV.     Давидтік иудаизм-еврейлердің феодалдық қоғамдык қатынастар кезендегі жағдайын дін тұрғысынан түсіндіруге бейімделген дін. Ол 19 ғ. басында буржуазиялық қоғам түсында реформистік иудаизмге көшті. Бүл модернистік иудаизм ескірген талмудтық талаптарды жаңа өмірге икемдеуге негізделген иудаизм болатын, оның ерекшелігі иудаизм мен Христиан діндері арасында тоғысатын мәселелер іздеуі. 20 ғасырдың басында иудаизмде консервативтік бағыт пайда болды. Консервативтік теологтар діни дәстүрлікті қуаттайды және сионизммен біріккенді тілейді. Сионизм - саяси ағым, еврей шовинизмі. Оның идеологиялық діні. Діни аңыздарға сүйеніп сионистер еврейлердің ерекше, сыйлы халық екендігін мойындандар деп даурығады. 20 ғ. 30 жылдар діни сезімнің бәсеңдегені Батысты реконструкционистік бағыттың пайда болуына әсер етті. Реконструкционистер иудаизмді "еврей цивилизациясы" және еврей ұлтының өкілі екенінің көрсеткіші деп түсінді. Батыстағы иудаизм басшылары сионизмді қолдап 1976 ж. Дүние жүзілік сионистік қоғамға бірікті. Израиль мемлекетіндегі иудей дін басшылары сионизмді қызу қуаттайды.

Қоғам өміріндегі өзгерістерге байланысты әлеуметтік топтардың мүддесіне сай жіктелуді иудаизм тарихынан да көреміз Фарисейлер, садцукейлер, эссейлер сияқты иудаистік секталар өзара күресте болған.

Садцукейлер б.э.д. X ғасырда болған Иерусалим храмының дін басы Садоканың атымен атады. Ол иудеяның жоғарғы дін басылары мен күл иеленуші шонжарлар сектасы еді. Садцукейлер Мойсей жазды делініп жүрген Бес кітаптың беделін қорғады, фарисейлердің шығармаларына қарсы болды, Садцукейлер формальді түрде иудеизм дінінде болса да, эллинистік мәдениетке ұмтылған ақ-сүйектердің идеологиясын бейнеледі. Садцукейлер 66-73 жылдардағы Иудея соғысында бұқарасына қарсы шықты. Иерусалим храмы талқандалғаннан кейін /70 ж./ өз артықшылығынан да табысынан да айырылған садцукейлердің қоғамдық саяси өмірдегі ролі.

Б.э.д. I ғасырда Иудеяда ескі әдет ғұрып пен діни тазалықты берік сақтаушылар-фарисейлер-еврейлердің орта тобының сауда және қолөнерімен айналысатындардың идеологиясын бейнеледі. Фарисейлердің бір қатары тілді уағыздаумен қатар, оған түсініктеме берді. Тауратты /көне өсиет негізінде жазылған діни шығармалар жинағын/ құрастырушылар болды. Римляндар үстемдігіне күрес жүргізді. Фарисейлерді шаруалар жақтамады. шаруалардын көпшілігі есейлер сектасында болды.

Есейлер саматтан алыс тұрған жартылай монахтык сипаттағы ұйым еді. Олар қоғамдық өмірден безіп семья құрудан, жеке меншіктіліктен бас тартып, аскеттік өмірге берілді. Есейлер Өлі теңіз жағасын мекендеді, ауыр тұрмыстан құтылу жолын таппаған шаруалар бар дүние мүлкін сектаға беріп монахқа айналды. Осы күні қараим, хасидизм деген екі ағым кездеседі.

Қараим сектасы VIII ғасырда шыкқан талмудқа қарсы секта, көне өсиетке сүйенуді жақтайды. Сонымен бірге қараимдықтар иудей дініне ислам элементтерін енгізуге тырысқан. Қазір қараизм жолындағылар Солтүстік Африкада, Европада кездеседі.

Римдік билеушілер мен Иудей шонжарларына қарсы 66 жылы Иерусалимде көтеріліс басталады. Көтеріліс бүкіл Иудеяға тарайды. Осы сияқты 134-135 жылдарда да римдік билеушілерге қарсы Бар-Кахбы көтерілісі болады. Бұл көтерілістердің бәрін римляндықтар қаталдықпен басып, еврейлерді дербестігінен айырып, бүкіл империяға таратып жіберді. Халық бүқарасының Рим үстемдігіне қарсы стихиялық бытыраңқы көтерілістерінің жеңілумен аяқталуы еврейлер арасында миссияға сенушілікті өрістетті. Мессианизм қанаушы таптық қолындағы рухани құралға айналды.

Римляндарға қарсы күресте иудаизм дін ғұламасы Иоханан бен Заққай деген, еврейлерге опасыздық жасап римляндар жағына шығып кеткен болатын. Ол Рим императорының қолдауымен Жерорта теңізі жағасында Ябне деген жерде діни мектеп ашады. Бұл мектеп кейіннен раввиндердің /оқытушы деген сөз/ тірегіне айналады. Мектепте Тораға ауызша түсінік беріледі. 210 жылы бұл түсініктер Мишна /заңды қайталау/ деп аталған кітапқа жинастырылды. Мишна шетелдік езгіге көнген еврей қауымы билеушілерінің идеологиясы болды, халық бұқарасын құлдыққа бас июге, төзімділікке шақырды. Кейіннен Мишнаға Палестина мен Ирактың вавилондық діни мектептерінде де түсінік берілді. Бұл түсініктер арамей тілінде жазылған Гомера деген жинаққа енеді. Палестиналық Гомера мен Мишнаны III ғасырда Иоханан бар Напах біріктіреді, ол Иерусалим Талмуды деп аталған. Вавилон Гомерасын Мишнамен V ғасырда Рабина мен Аши біріктірген, ол Вавли /Вавилон/ Талмуды деп аталады. Талмудтык әдебиетке Мидраши деп аталатын Көне өсиет кітаптарының өлеңдері кезінде жазылған уағыздар жинағы да жатады. Талмудқа Галах және Ағаз деп аталатын діни әдет ғүрыптар мен салттарға түсінік беретін жинақ та кіреді. Галах діні, азаматтық, семьялық өмірге қатынасы бар зандарды түсіндіреді. Ағад ертедегі миф, аңыздар, афоризм, мысал формасында Галахаға түсінік береді. Галах пен Агад ертедегі еврей тілінде жазылған, бұлар Талмудта бір-бірімен араласып кездеседі.

Талмуд - мыңдаған жылдар бойы құрастырылған, көлемі жағынан өте үлкен еврейлердің әдет-ғұрып зандарының жинағы.

 

БУДДА ДІНІНІҢ ТАРИХЫ

 

1. Будда дінінің пайда болу тарихы.

2. Будда дінінің уағыздары мен культі.

3. Будда дінінің ағымдары.

4. Будда дінінің әлемге таралу тарихы.

 

Будда діні ең көне дұние жүзілік дін. Оның қалыптасқан кезі б.э.д. VI ғасыр б.э. VIII ғасыр аралығы. Осындай ұзақ уақытта әрине будда діні бір қалпында қалған жоқ. Әртүрлі ортаның экономикалық және рухани ерекшелігімен байланысып будда діні көптеген өзгерістерге ұшырап отырды.

Үнді елінің ертедегі діні тотемизмнен, табиғаттағы заттарды "киелі" деп қарайтын және ата-баба дін жораларынан басталады. Үнділердің діни жинағы веда кітабы. Ол кітап құрастырылған заманда /б.э.д. X-V г./ үнділер күнге /сурия/ сиынатын. Аспанды /веруна/, отты /агни/, күннің күркіреуін /индра/ құдай деп білетін.

Қоғам тапқа бөлінбеген, мемлекет әлі шықпаған кездегі табиғатқа сиыну және ата-баба жоралары таптық қоғам мен мемлекет құрылған кезде жаңа діни нанымдармен алмасады. Бұл нанымдардың мақсаты таптық қоғамдық құрылысты негіздеу еді. Ертедегі табиғат түріндегі құдайлар біртіндеп мемлекеттік құдайға айналады. Орталықтанған ірі мемлекеттің кұрылуына байланысты бір құдайға табыну түсінігі пайда болды. Жердегі біртұтас патшаға көкте де бір тұтас құдай болуы тиіс. Сол бір құдайды дүниені де адамды да жаратқан Брахма деп атады.

Ал құдайға жырмен мақтау айтқан, оларды мадақтаған адамдарды брахман деп атады. Бұл кезде Үнді елінде 4 варнаға бөліну кездесетін. Ең жоғарғы варнаға брахмандар /абыздар/ жататын. Бұлардан кейін кшатрийлер /әскери қолбасшылар/ сосын вайшие /егін шаруашылығымен айналысатындар/ ең төменгі варна шудра деп аталатын. Бұлардан басқа ешбір варнаға енбейтін де адамдар тобы болды.

"Қасиетті" салттарды орындауға, діни білім беруге тек брахмандар колбасының адамдарына ғана рұқсат етілді. Каста ішіндегілердің дәрежелері түрліше болды. Шәкірт пен оқытушы қолданатын арнаулы ережелері де болды. Әрбір шәкірт өте қатаң да ұзақ оқудан өтуге тиісті еді. Ол барлық "қасиетті" кітаптарды дұғаларды, құрбандық шалуға брахмандықтың заңдарын оқып үйренуге тиісті болды, тек осындай аса ұзақ оқудан кейін ғана ол абыздық правосын алатын.

Біртіндеп о дүниелік өмірге күдіктену пайда болды. Діни ақиқатқа және абыздардың үйреткен уағыздарына сенімсіздік көрсету, күдіктену нышаны бар діни философиялық ілімдер шыға бастады. Бірте-бірте брахман діні, ал онымен, бірге қасталық система /брахма/ ыдырай бастады.

Біздің дәуірімізге дейінгі VII-VI ғасырларда қоғамдық қатынастардың күрделенуі тап күресінің шиеленісуіне әкеліп соқты. Осы күрестің идеологиялық бейнесінің бір түрі брахманизмді сынау болды.

Брахманизмді сынаушы ағымдардың бірі-будда діні пайда болды.

Алғашқы рет будда діні Үнді елінің солтүстігінде пайда болды. Будда дінінің тууы және Ганг алқабында ірі мемлекеттердің пайда болуы қатар келді. Бұл кезде орталыққа бағыну принципі жеңген болатын. Осы жағдай будда дінінде бейнеленгенін көреміз. Мысалы бұл дін бойынша "адамгершілікті қорғаудың негізі" орталықты биліктің болуы. Сондықтан да бұл ілімді хандар қатты қолдаған.

Әсіресе бұл діни ілімді әскери адамдар /кшатрилер/ қолдады. Себебі жоғарыда біз айтып кеткендей, үнді елінде варнаға бөлінудің болғанын және брахманизмнің айтуы бойынша бір топтан бір топқа өтуге болмайды. Билік тізгіні тек брахмандардың қолында болу керек.

Ал біздің айтып отырған кезде Үнді елінде әлеуметтік жағдай өзгерген болатын. Әсіресе сауда мен қолөнер кәсібінің дамуының арқасында вайшыллар мен шудралар байи бастайды. Олар енді брахмандар мен кшатрийлермен де бәсекелесуді бастайды. Сондықтанда бұларға "Мадждәнхика - никан" сутрасында кездесетін мынандай сөздер "Егер шудра байлығын өсірген болса ол қызметке вайшьяны да, кшатрийді де брахманды да алуына болады". Бірақ мұндай жағдай іс жүзінде сирек кездессе де, теория жағынан осылай істеуге болады, дегеннің өзі әжептәуір өзгерістердің көрсеткіші.

Ал кшатрийлердің мемлекеттегі қызметтері өсе түседі. Әрине бұлар барлық билікті қолдарына алғылары келеді сондықтанда олардың брахмандар мен билік үшін күресі шиеленісе түседі. Міне осындай кезде буддизмде варнаға бөліну туымен байланысты емес, адамның өмірде атқарған қызметімен байланысты, ал туғанда адамдар бәрі тең деген ой-пікірлер кшатрийлердің ой көңілдеріне сәйкес келді.

Будда діні көп ізбасарларын қалалық тұрғындардың арасынан тапты. Неге десеңіздер көптеген өзгерістер қалаларда болып жатты, бұл кезде Ганг алқабында кейбір қалаларды қасиетті қалалар деп есептеген. Әсіресе брахмандарды буддистердің әшкерелегені қарапайым қалалық тұрғындарға ұнайтын. Бірақ буддистер барлық брахмандар осындай адамгершілік жағынан төмендеп кеткен тек қазіргі брахмандар, ал өткен ғасырларда брахмандар шынында да ең жоғарғы сатылы адамдар екенін мақұлдады. Сондықтан өзінді дамытудың арқасында қайтадан бұрынғы қалпына келуге болады деген ой - пікірді уағыздады.

Будда дінінің тез тарауына әсер еткен тағы бір жағдай: олардың өз ілімін екі деңгейден түсінуі және түсіндіруі. Бірі жай қарапайым адамдар үшін /миряне/ және монахтарға. Қарапайым адамдарға өзі ілімін өте қарапайым, түсінікті тілде жеткізіп, олардың қолдарынан келетін іс әрекет тілеген.

Осының барлығы будда дінінің 2-3 ғасырдың арасында кең тарауына әсер етті.

Будда дінінің пайда болуын барлық жазба ескерткіштер Будда туралы аңызбен байланыстырады. Аңыз бойынша будда дінінің негізін салушы Сиддхартх Гаутама. Діннің аңыз бойынша Гаутама Индияның солтүстік - шығысындағы макья тайпасы патшасының баласы, оны Санья Муки депте атайды. Гаутаманың анасы Майя 45 жасқа дейін нәресте көрмеген. Майя түсінде ақ пілдің қабырғасын жарып, ішіне кіргенін көреді, енді сол піл оң қабырғасынан бала - Гаутама түрінде шығады. Бала дүниеге келгенде жер сілкінеді, әр түрлі ғажайыптар болады. Ол 7 күнде жүреді, сөйлей бастайды. Гаутама қүрдастарынан ерекше ақылды, қабілетті жігіт болып өсті. Үйленді, балалы болды. Жастайынан шаттық өмірдің рахатына берілді. 29 жасында патша сарайынан шығып, алғашқы рет денесін ойық жара басып кеткен адамды көреді, одан кейін әбден қартайған жарым жанды шалды көреді, одан кейін жерлеу шеруін кездестіреді, ақырында терең ойға батқан такуа адамды көреді. Сөйтіп өмірде бақытсыздық ауру, өлім барын біліп, өмір тек қана азап шегушілік деп түсінеді. Осы кезден бастап Гаутама кенеп киіп, дүниеден безіп, өмірдің мәнін ойластыру үшін оңаша жер іздеп кетеді. Сөйтіп 7 жыл өтеді. Бір күні Бодха түбінде отырған Гаутамаға "ақыл келеді", ол буддаға айналады /даналық/. Оның көз алдынан өмір акиқаты ашылады.

Будда ақиқаттары көптеген ғасырлар бойы ауызша айтылып отырады тек қана біздің э.д. және б.э. аралығында Цейлонда алғашқы рет 29 томдық /10 мың бетке жуық/ кітапқа жазылады. Ол кітапты "трипитака" /үш кәрзеңке ілім/ деп атайды. Бұл кітап үш бөлімнен тұрады. Виная - питака, Сутта - питака, және Абхитхамма - питака. Егер бірінші екеуінде будда дінінің табыну салты туралы басты талаптары баяндалса, үшіншісінде буддизмнің дүние тану принципі әңгіме етіледі. Будда діні бойынша, қабылданатын дүние адам жасайтын елестеулердің жиынтығы ғана.

Буддизм діни ілімнің өзегі - "азап шегушілік" туралы төрт игілікті ақиқат.

"Өмір сүру - азап шегу". Бұл "ақиқат" бойынша адамның туғаннан бастап өлгенге дейінгі өмірі - азап шегу тізбегі.

"Азап шегудің себебі - құмарлық".

"Азап шегуден құтылу үшін - құмарлықтан құтылу керек деп түсіндіреді.

"Азап шегуден құтылу жолы - Будда ілімінде қолдану. Сонымен адам өмірінің негізгі мақсаты - құмарлықты жойып, дүниеден безіп нирванаға жету. Нирвана - адамның ерекше жайын білдіретін бүтіндей таныштыққа бөленіп, айналаны қоршағандардың бәріне енжар қараушылық. "Нирвана, буддистердің мәлімдемелері бойынша, - бұл бөліксіздік, сабырлылық жағдай және салқын қандылықпен өзін-өзі ұстай білушілік... Жанға жайлы тимейтін әсерленушіліктен құтылу".

Нирванаға жету үшін сегіз сатылы жолды өту керек. Ол жол мынау:

1)   Түзу көзқарас, яғни "игілікті ақиқатқа" негізделген.

2)   Түзу батылдық, яғни ақиқат үшін ерлікке дайын болу.

3)   Түзу сөз, яғни шын, адал, мейірімді сөйлеу.

4)   Түзу жүріс-тұрыс, яғни ешкімге қиянат жасамау.

5)   Түзу тұрмыс қалпы, яғни таза, адал, бейбітшіл.

6)   Түзу күш салу, яғни өзінұүстай білу, өзі-өзін тәрбиелеу.

7)   Түзу ықылас, яғни сапалық жинақталу - белсенді қырағылығы.

8)   Түзу жұмылдыру, яғни ықшамдалу мен пайымдаудың дұрыс әдісі.

Буддизм діни ілімінде, о дүние азабы дегенге де көп көңіл бөлінеді. Сезімдік дүние буддизмде "сансара" деп аталады, яғни өмір сүру, азаптану мен қиыншылық көру. О дүние, жердегі өмірдің көшірмесі сияқты суреттеледі. Онда да: азап, тазалау, күнәлілерді найзамен түйреу, арамен бірнеше бөліп тастап, қайтадан жинау сияқты қорқынышты жазалау түрлері. Байқасақ, о дүние дүниесінде маған ұқсас жоқ. Бұл өмірдегі әулие менмін, менмін, мен оқытушы, мен жалғыз өзім абсолютті Буддамын, делінген. Буддизм "панча - шила" деп аталатын адамгершілік уағыздарға жоғары баға береді. Бес уағыз тек будда дінінде ғана деп, олардың тарихи даму процесінде шыққанын ескермеуге тырысады. Олар: қандай болмасын тіріні өлтірмеу /библияда да өлтірме деген өсиет бар/, ұрлық жасамау, өтірік айтпау, зинахорлық жасамау, ішімдік ішпеу.

Буддизм моралы әйелге ерекше қарайды, оны азап шегуден құтылудағы басты кедергі деп есептейді. Жамандық әйелден, өйткені ол бала көтереді дейді. Қысқасы будда дінінің моралі жеке бастың қамын ойлаушылықты, жақсы өмір үшін безуді мадақтайды.

Будданың табыну ғұрпы жеңіл. Себебі ол бұқара халықтың түсінігіне лайықталған. Ал оның жалбарыну, сиыну кәдесін шіркеудегі ламалар өткізеді де, оған жалпы сырттағы адамдар қатыспайды. Сиыну хормен айтылады. Адамдар арасында діни үгіт тарату мақсатында будда шіркеулері көптеген мейрамдар ойлап шығарған. Мысалы, лама жылына 30-40 мейрамдар өткізуге тиіс. Діни мейрамдар көзінде монахтар мен діндер бірігіп үлкен сиыну - мистерия ұйымдастырады.

Будда дінінде "әулие" жерлерге табыну салты да кең тараған. Әсіресе, жер жүзіндегі будда дініндегілер аңызға айналған гаутаманың өлі деп аталатын ертедегі Капилаваста қаласын, Гаутамаға "ақыл келген" деп есептелетін Оңтүстік бихарадағы жер, Гаутаманың алғаш өз дінін таратқан жері делінетін Бенаресаның шет жағындағы Бхархут және оның өлген жері делінетін ертедегі Кушинагары маңы, сол сияқты Непал мен шекарадағы әр түрлі "әулие" орындар ерекше дәріптеледі.

Сол сияқты еңбекшілердің тұрмысына, шаруашылық өміріне қатысты өткізілетін түрлі діни жоралар да бар. Мысалы, ламалар дінге сенушілер тұрмысының барлық жақтарын басқарып отырады. Бала туғандағы кәделер балаға ат қою, ауру емдеу, өлікті жөнелту кәделері тек ламалардың басшылығымен өтеді. Осының барлығы дін иелерінің беделін нығайта түседі. Будда діні біртұтас діни ілім емес. Алғашқыда бұл екі ағым Хинаяна және Махаянаға бөлінеді. Ертедегі будда діні елдің оңтүстігінде пайда болды және Хинаяна /қүтқарудың тар жолы/ деп аталды. Индияда құлдық мемлекеттің біршама өріс алып келе жатқан кезінде кең етек алып, тек құл иелері мен еріктілердің арасында ғана тарады. Басы байлы құл ол кезде адамдар қатарына саналмады, Хинаяна өзін құтқаруға азап шегуде және одан құтылуда барлық адамдарды тендестірді. Хинаяна уағызшылары тіршілік жаппай азап шегу, ол тек тіршілік жоқ жерде ғана болмайды дегенді айтты.

Лама дінінде монахтар мен монастырлар кең тараған. Буддалық монахтар жүмыс істемейді, олар қайыр садақа есебінен күн кереді. Сондықтан оларды кейде "бхикшу" қайыршы деп тe айтады. Бірақ бұлай деу шындыққа жанаспайды. Әдетте буддалық монастырлардың көбі ірі байлар болды.

Будда дінінің ағымдары мен секталарының кәделері мен монастырлық құрылысы әр түрлі болады. Себебі олар өздері тараған елдердегі жергілікті халықтардың діни нанымдарымен астасады.

Будда діні тараған елдерде монастырлар өте көп болады. Әрбір семья монахтық өмірге кем дегенде бір ұлын жіберуі тиіс. Ал монах әйелдер өте аз. Монахтардың көпшілігі монастырларда, кейбіреулері жалпы адамдар арасында да тұра береді. Монахтар өздерінің монастырлардағы алатын орнына және атқаратын міндеттеріне қарай бірнеше дәрежеге бөлінеді. Убаши - тіл алғыш, елгезек, оқушы, банди-бірінші, гэцуа-екінші, гэлун-үшінші дәрежедегілер, ширетуй - монастырь басқарушылар.

Будда дінінде шіркеулер бір-біріне бағынбайды. Әр елде өзінің шіркеуі болады, ол тек өзінің жоғарғы мәртебелі басшысын ғана мойындайды. Мысалы, Тибетте будда шіркеуінің басшысы далайлама /мәртебелі лама/, оның көмекшісін панчен - лама дейді. Будда дінінде хубилгандарға табыну салты кең тараған. Әдетте өкімет басшылары хубилгандар қатарына қосылып отырған. Соңғы онжылдықта Батыста необуддизм және метабуддизм пайда болды. Қазіргі кезде бірнеше дүниежүзілік буддистік қоғамдар құрылған. Азия елдерінде буддистік қоғамдар әртүрлі роль атқарады.

 

ХРИСТИАН ДІНІНІҢ ТАРИХЫ

 

1. Христиан дінінің пайда болуының әлеуметтік-экономикалық себептері.

2. Христиан діннің ағымдары мен идеялық негіздері.

3. Христиан дінінің мейрамдары мен табыну ғұрыптары.

4. Христиан дінінің әдебиеттері.

 

Христиан діні біздің заманымыздың бірінші ғасырында кұл иеленуші Рим империясында пайда болды. Оның шығу тегін білу үшін христиан дінінің пайда болуы және дамуы кезіндегі Рим империясының экономикалық саяси және идеологиялық жағдайына талдау жасау керек. Рим билеуші топтары жүргізген соғыстар аяқталғаннан кейін, өз үстемдігін баянды ету және нығайту үшін, ел билеудің республикалық формасынан бас тартып, монархиялық формасына көшті. Империяға өту дәуірінде "Жаулап алушы римдіктер өзіне бағындырылған барлық елдерде ең алдымен олардың бұрынғы саяси тәртіптерін, ал соңынан жанама түрде өмірдің қоғамдық ескі жағдайларын да талқандады". Бұл дәстүрлі діни нанымдардың жойылумен қатар жүріп отырды.

Римдіктердің қатал тәртіптері мен аяусыз басып- жаншуына, езушілігіне қарсы шыққан құлдар мен езілуші халықтар көтерілістері үнемі сәтсіздікке ұшырап отырды. Құлдар езушілерге қарсы жүргізілген күрес өздерінің түрмысын жақсартады, деген үміттен айрылды. Енді бостандықты езілген бұқара аспаннан іздейтін болды. Сол кездегі әлеуметтік жағдайды сипаттап, Ф.Энгельс былай деді.: "жеке ұсақ тайпалардың немесе қалалардың дүние жүзілік байтақ Рим державасына істейтін қарсылығының бәрі нәтижесіз болды. Сонда құлдыққа ұшырағандар, езілгендер және қайыршыланғандар үшін құтылу жолы, жан сақтау жолы  бір-біріне жат немесе тіпті бір-біріне қайшы мүдделері бар бұл әр түрлі адмдар топтарының бәріне ортақ құтылу жолы. Бұлардың бәрін бір ұлы революциялық қозғалыстың қамтуы үшін қалайда мұндай жолды табу қажет болды.

Мұндай жол табылды. Бірақ бұл дүниеден табылмады. Ол кездегі жағдайда бұл жол тек дін саласында ғана бола алды... Сонымен келіп, христиан діні пайда болды...".

  Екінші жағынан Рим империясына қарайтын әр түрлі ру, тайпалардың және түрлі тілде сөйлейтін халықтардың басын біріктіретін бір дін керек болды. Міне христиан діні осындай қажеттілік негізінде пайда болды.

Алғашқыда ол құлдар мен еркіне жіберілгендердің, кедейлер мен правосыздардың, Рим бағындырған немесе бытыратып жіберген халықтардың діні ретінде шықты.

Христиан дінінің тез етек алуына кейбір культтік /культ - латынша "культус - табыну/ жаңалықтардың енгізілуі де себеп болды. Сондықтан да христиан дінінде діни қадуымдарды басқарушы - пайғамбарлар мен апостолдардың қатардағы адамдардан айырмашылығы болмады. Бұл кезде христиан дінінде Иисус Христос туралы, оның адам баласын ауыр азаптан құтқару жолында азап шеккені, Христостың қайтадан оралып, жер бетінде жақсы өмір орнататыны "о дүниедегі" рахат өмір туралы аңыздар етек жайған кез еді. Ал осы жағдай, христиандардың құдай алдындағы теңдік идеясы христиан дінінің қалыптасуына сол кездегі халық арасына таралып және қолдау тапқан түрлі идеологиялық ағымдар да ықпал етті. Христиан діні әр түрлі идеалистік философиялық ағымдардың басшылыққа алған идеяларының, шығыстық діни сенімдерден, иудея дінінің уағыздарынан, Римдіктердің де діни ұғымдарынан қажетті деген жерлерін қабылдады. Бұл оның халықтар арасына тарауына тиісті жағдай туғызды.

Христиан дінінің орнығуына әсіресе ертедегі Грецияның реакцияшыл философы Платонның жолын қуған, бірінші ғасырдың басында өмір сүрген Филос Александрийскийдің және Рим стоиктерінің, оның ішінде Сенеканың "ілімдері" елеулі орын алды. Сенека о дүние қызығына шақырды, бақыт пен теңдік тек о дүниеде ғана деп уағыздады. Сенеканың о дүние, құдай туралы айтқандары кейіннен христиан дініне толығынан дерлік енді. Ф.Энгельс Сенеканы, Христиан дінінің ағасы деп атады. Ал Филос адамдарды күнәкар санап өмір бойы құлшылық етуге, жалбарынуға шақырды. Болашақты Логоспен, құдай сөзімен, күнәлі адам мен құдай арасына байланыстырушы, құтқарушы /мессия/ бар дегенмен шектестірді. Филонды Ф.Энгельс "Христиан дінінің әкесі" деп атады.

Христиан дінінде көңіл бөлерлік мәселе - Иисус Христос туралы мифтің қалыптасуы.

  Иисус Христос туралы евангелиеде былай баяндалады. Палестинаның Назарет деген қаласында тұратын Мария деген қызға "Қасиетті рухтың" лебі тиіп, қыз жүкті болады" - мыс. Оның аяғы ауырлап дүниеге ұл келеді, есімін Иисус қояды. Оны отыз жасында Иордан өзенінде Иоанн шоқындырады. Бала түрлі керемет істерді орындап, халыққа өз дінін үйретеді. Кейін ол өзін "құдай баласымын", "Иудей патшасымын" деп жариялайды. Мүны естіген Иерусалимнің дін басылары оны тұтқынға алып, сот үкімімен крестке керіп өлтіреді. Үш күннен кейін Иисус қайтадан тіріліп, өзінің шәкірттеріне келеді, өсиетін айтады да ғайып болып, аспанға ұшып кетеді. Ал Христостың өлімі мен қайтадан тірілуі адамдардың туғаннан бергі күнәларын өтеуі делінеді.

Ғылым Иисус Христостың тарихта болмағанын дәлелдеп отыр. Ертеден қалған деректерде, әдебиеттерде оның аты аталмайды. Философ Сенека, ғалым Плиний Старший, еврей тарихшысы Тиверадалық Юст еңбектерінде Иисус туралы ешбір ескертпелер кездеспейді. Біздің заманымыздың бірінші ғасырында Палестинадағы діни өмірді көп сөз ететін Юст пен филондардың да еңбектерінде Иисус Христостың есімі аталмаған, Христос туралы кейбір ескертпелер тек еврей тарихшысы Иосиф Флавий, Рим тарихшысы Тацит шығармаларында ғана кездеседі. Бірақ бұл ескертпелер жоғарыдағы авторлардікі емес, кейінгі кезде христиан дінін жақтаушылардың Иисус Христостың өмір сүргенін қалайда дәлелдеу мақсатымен кейіннен косқандығы белгілі болды. Қазір Христостың мифологиялық кейіпкер екендігі, оны езілгендердің діни қиялы жасағаны анықталып отыр.

Жоғарыда христиан дінінің езілгендер арасында шыққаны айтылды. Бірақ көп үзамай жаңа дін үстем тап өкілдерін де қызықтыра бастады. Олар бүл діннің идеялық қару болатындығын байқап, II ғасырда діни қауымдарды ірі шонжарлар басқара бастады. Клир /дін иелері/ және миряне /қатардағы діни сенушілер/ болып бөліну шықты. Ендігі уағыздар байлыққа қарсы, үстемдікке қарсы емес, керісінше "құдайдан болмаған билік жоқ", "құлдар өз қожайындарына бағыныңдар" деген сөздер көбірек айтылатын болды.

Клир императормен жақындау жолдарын іздейді. Христиан дінінің түбінде императорлық билікті кұдай атынан қорғаушы болатынын түсінген римдік император Константин болды. Ол 313 жылы христиан дінінің басқа діндермен тендігін мойындап, 325 жылы оны мемлекеттік дін деп, дін иелерінің бүкіл христиандық съезін шақырды. Бір кезде қуғында жүрген дін үстемдік алғаннан кейін басқа діндегілерге қырғидай тиді. Шіркеу иерархиясы қалыптасты Христиан дінінің әлеуметтік мазмұны қанаушы тап мүддесіне сәйкестелді. Сонымен I және II ғасырдың басындағы езілгендер діні болған христиан діні, енді езу мен қысым көрсету атаулының бәрін қолдайтын езушілердің дініне айналды.

395 жылы Рим империясы екіге бөлінеді. Батыстағы бөлімін көп ұзамай герман тайпалары жаулап алады. Ол жерде кейіннен ұсақ-ұсақ феодалдық мемлекеттер құрылады. Ал шығыстағы бөлімі әлі көп уақыт император билігін сақтап қалады.

Рим империясының құлауы христиан дініне әсерін тигізбей қалған жоқ: ол екіге бөлініп, батыстағысы католик шіркеуі, шығыстағысы православие шіркеуі деген атқа ие болды. Бұл бөліну IV ғасырда басталып 1054 жылы толық аяқталды.

ПРАВОСЛАВИЕ Шығыс империяның шіркеуі грек - православие шіркеуі деп аталды. Шығыс шіркеуі алғашқыда төрт патриархтан; Александрия /Египет/, Антиохия /Сирия және Ливан/, Иерусалим /Палестина/, Константинополь /Туркия/ патриархтарынан құрылады. Грек - православие шіркеуінің басшысы Константинополь патриархы болып саналады. Қазірде бір- біріне тәуелсіз 15 православие шіркеуі бар: Константинополь /Туркия/, Алек­сандрия /Египет/, Антиохия /Сирия, Ливан/ Иерусалим, Орыс, Грузия, Сербия /Югославия/, Румын, Болгар, Кипр, Эллада /Греция/, Албан, Поляк, Чехославак және Американдык /соңғы шіркеу 1970 жылы орыс шіркеуінен бөлінді/.

Бұлардан басқа үш автономдық шіркеулер бар /Синай, Финн және жапондық/ бұл шіркеулер жарым жартылай": біріншісі - Иерусалим, екіншісі Константинополь, үшіншісі - Орыс шіркеулеріне бағынады.

Шығыс шіркеуі Византия империясына тәуелді болды. 1054 жылы Византия императоры шіркеу соборын шақырады. Собор шығыс шіркеу жерлерін католик шіркеуіне қосуды талап еткен Рим папасына лағынет айтып, папа мен грек - православие шіркеуінің арасында байланыстың үзілгендігін жариялайды. Сөйтіп, христиан шіркеуінің түпкілікті бөлінуі аякталады. Православие шіркеуінің ілімі Никейде /325 жыл/ және Константинопольде /381 жыл/ тағы басқа жерлерде өткен соборларда қабылданған догмалар негізінде баяндалады. Оның мәні: құдай үшеу де болса — біреу: әке - құдай, бала кұдай, қасиетті рух - құдай, бірақ бұл үшеуі біртұтас қасиетті үштікті /троицаны/ құрады. Құдайдың кереметтігі - үшеуі болса да біреулігінде. Әке құдай ешкімнен ешнәрседен жаралған емес "өмірлік, өзгермейтін, бәрін көріп білетін, әділетті, бәрі қолынан келетін, құдіретті құдай". Ол бізді қоршаған дүниені, соның ішінде о дүниені де жаратты. Бала - құдай, өмір-бақи өмір сүретін құдай. Әке құдайдан туған, қасиетті рух - құдай және бала - құдаймен бірігіп адам өміріне рух берді, ақыл берді, құдайдың құдіретін білдірді, бәрібір ол да - құдай, жалбарына дұға оқу, жасырын ғажайыптар істеу арқылы қасиетті рухпен" байланысуға болады.

Православие дінінде адамдардың күнәсі, жұмақ, тозақ туралы догмалар үлкен орын алады. Ол аскеттік өмірді, мәңгі дүние үшін зардап шегуді көбірек үгіттейді. Дін иелері өздерін алла мен іншілдер арасындағы құдайдың ең бір тандаулы сүйген құлы, яғни "құдай рақымы" тигендеріміз деп санайды.Православие діні гректер, болгарлар, сербтер, македондықтардың арасына кең тараған. Ол Россияға X ғасырда 988 жылы Владимир князінің кезінде таралып, ресми мемлекеттік дінге айналды. Бұл дін орыс, белорус, украин халықтарымен бірге молдаван, карел, коми, мордва, мари, удмурт және Сибирь халықгарының арасына тараған. Кавказда грузиндер, осетиндер мен абхаздардың біразы осы дінді қабыл алды. Православие шіркеуі патша өкіметіне адал қызмет етіп келді. 1712 жылы Петр I патриарх бірлестігін жойып, ерекше діни коллегия - синодты құрды. Синодқа байланысты шіркеу патша өкіметі мен қанаушылардың сойылын соғып бостандық идеяларын тұншыктырып отырды. Мысалы Иван Болотников, Степан Разин, Емельян Пугачев бастаған шаруалар көтерілістерін басуға белсене қатысты. 1825 жылы Петербургте декабристер көтерілісі кезінде митрополит Серафим қолына крест ұстап солдаттарды "қасиетті патшаға" тағзым етуге шақырды. 1905-1907 жылғы революция қарсаңында шіркеу самодержавиені қорғауды құдай ісі деп жариялап, ереуілшілерге қарсы күрес жүргізу үшін арнайы топтар үйымдастырды. 1905 жылғы 9 қаңтардағы қанды жексенбі Гапон поп сияқты шіркеу қызметкерлерінің тікелей қатысуымен болған.

Православие шіркеуі халық көтерілістері мен революциялық толқуларға қарсы шығып қана қойған жоқ, ол жалпы прогресске қарсы болды. М.В.Ломоносов, А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, Л.Н.Толстой, И.И.Мечников сияқты атақты ғалымдар мен жазушыларды қүғындады.

Орыс православие шіркеуі Октябрь социалистік революциясына қарсы шығып, жас Совет мемлекетінің жауларын қолдады, өйткені шіркеу ірі жеке меншік иелерінің бірі еді, 1905 жылғы есеп бойынша орыс шіркеуіне 2611635 десятина жер қарайтын.

Қайта құрылған патриарх бірлестігі, жана патриарх Тихон /Белавин/ Кеңес үкіметінің зандарын, істеп жатқан шараларын мойындамауға шақырды. Ол бастаған орыс шіркеуінің көптеген кызметкерлері азамат соғысы жылдарында ақгвардияшылар жағында болды. "Иисус Христос", "Гавриил періште" деген полктар құрды. 1922 жылы азамат соғысы, аяқталып, интервенттер мен олардың сыбайластары елімізден қуылған соң, ірі дін иелері өздерінің Кеңес үкіметіне деген көзқарасын өзгертуге мәжбүр болды.

Осы күнгі орыс православие шіркеуі бір орталыққа бағынған, өздерінің оқу орындары, арнайы жазба еңбектері, баспа орны бар күрделі шіркеу.

КАТОЛИЦИЗМ.  Христиан дінінің әлемге кең тараған екінші бір ағымы католик діні. Католик шіркеуі бір орталыкқа бағындырылған ұйым, оны Рим папасы басқарады. Оның қолында шексіз өкімет билігі мен байлық бар. Ол басты католиктік иерархтарды - кардиналдарды, епископтарды тағайындайды. Кардиналдар коллегиясы - Конклав өз орталарынан папаны сайлайды. Рим папасының резиденциясы - Ватикан, Ватикан - 44 гектар жері бар папалық мемлекет. Католик шіркеуінің негізгі қағидасы: шіркеуде Римнің діни басшысы - папа негізгі роль атқарады, ол Христостың жер үстіндегі "күнәсіз" өкілі, дін жөнінде онымен ешкім таласа алмайды дейді. Католик шіркеуі "тазартқыш" дегенді ойлап шығарған. Шіркеу ілімі бойынша өлгеннен кейін адамның жаны "тазартқышқа" түседі. Осы кезде жанның жұмак немесе тамұққа бару мәселесі шешіледі, "Тазартқышқа" сенушілік католик шіркеуіне көп пайда келтіреді, өйткені жан "тазартқышта" жатқан кезде өлген адамның жақындары садақа беру арқылы оны күнәларынан қүтқара алады, дегенді уағыздайды.

Католицизм православие сияқты он екі пункті діни сенім негіздерін мойындайды. Бір өзгешілігі - католиктер рух - құдай тек әке - құдайдан емес, бала құдайдан да тарайды, деп үйретеді. Сол арқылы папаның беделін көтермек болады, өйткені ол Иисус Христостың жердегі ісін жүргізуші болып саналады. Католицизм діни ілімінің тағы бір ерекшелігі - кұдай анасы Мария қызды өте көшеметтеуі. 1850 жылы Пий XII папа Мария қыздың аспанға көтерілгенін догма ретінде бекітті. Бұл шара католик дінінің әйелдер арасында беделін көтеруге арналды. Католик діні әсемдікті, өнер шығармаларын /соңғы уақытта тіпті ән-күй, билерді де/ діни қызметте кеңінен пайдаланады.

Православие дегідей католицизм "қасиетті ілімнің екі бұлағын" - Библияны және әулиенің өсиеттер жинағын /священное предание/ - мойындайды. Дін басылары үшін пелибат /үйленбеу/ міңдетті болып табылады.

Католицизм Италияда, Францияда, Германияда, Поргугалияда, Бельгияда, АҚШ-та, Латын-Америкасында, Польшада, Чехославакияда, Венгрияда, Литвада, Латвияда, Украина мен Белоруссияның батыс аудандарында орын алды.

ПРОТЕСТАНТИЗМ. XVI ғасырда Батыс Европа капи­талистік қатынастар тууымен байланысты феодалдық құрылысқа қарсы, католик шіркеуі мен папа шылдыққа қарсы күрес формасында әлеуметтік-саяси реформация деп аталған қозғалыс туды.

Реформацияға байланысты Европа елдерінде христиан дінінің бір ағымы ретінде протестант діні пайда болды.

Барлық протестанттық ағымдар мен шіркеулер ілімі тек "қасиетті жазуды" /свешенное писание/ негіз" етіп алады да, басқадай түрлі діни аңыздарды, Рим папасының беделі сияқты католик дінінің көптеген үйретулерін, уағыздарын қабыл алмайды. Протестантизм католик дінінің иконаға, әулиелерге, Мария кыздың аруағына сиыну сияқты догмаларын мойындамайды. Бұл жағдайлар протестантизмнің феодалдық қоғам тәртіптері мен католик шіркеуіне карсы бағытталғанын көрсетеді.

Христиан шіркеуінің үйретуі бойынша евангелиелерді Иисус Христостың аты аталған шәкірттері жазған. Евангелиелердің мазмұндарын тарихи тұрғыдан қарасақ олардың II ғасырдың екінші ширегінен кейін жазылғанын байқау қиын емес. Олай болса, бірінші ғасырда өмір сүрді делінетін апостолдар мен олардың шәкірттерінің бұл кітаптарды жазуы мүмкін емес. Жаңа өсиетке кіретін кітаптардың III ғасырда толықтырып, өңделіп қайта жазылғанын ғылым дәлелдеп отыр. Ал бұл кітаптарда баяндалатын "адам құдай" - Иисус Христос туралы аңыздар әр түрлі замандағы бір-біріне қайшы таптық көзқарастардың бейнесі деуге болады.

 

ИСЛАМ ДІНІНІҢ  ШЫҒУЫ  ЖӘНЕ  ҚАНАТ  ЖАЮЫ

 

1. Ислам дінінің пайда болуы және дамуындағы тарихи әлеуметтік мәдени, саяси жағдайлары.

2. Пайғамбар Мұхаммед (ғ.с) өмірбаяны.

3. Ислам дінінің әдет-ғұрпы, мейрамдары.

4. Ислам дінінің әлемге қанат жаюы.

 

Басқа да барлық дүниежүзілік діңдер сияқты Ислам дінінің де өзіндік ұзақ тарихы бар. Ол тарих дүние жүзілік әлем тарихымен ұштасып, жұптасып, шымдасып жатады. Бірақ, Ислам дінінің шығу дәуіріне, уақыт талабына, оны ұстанған халықтардың тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрпына байланысты, психологиясына, көңіл күйіне қарай өзіндік ерекшеліктерінің бар екенін аңғарғанымыз жен.

Ислам діні-дүние жүзілік діндердің ішінде ең кеш шыққан жас дін. Ол біздің заманымыздың VII ғасырында Аравия түбегін мекендеген тайпалар алғашқы қауымдық қатынастардан таптық қатынастарға көше бастаған кезде құл иеленушілік идеологиясы ретінде дүниеге келді. Тарихи деректерге, әдеби аңыздарға сүйенсек, Ислам діні Аравиядағы Хиджаз өлкесінің ең ірі қаласы - Меккеде шықты. Аравия елі бірқатар бай елдердің орталығында болды. Олар: Рим, Византия, Египет, Иран және басқа елдер бір-бірімен сауда қатынасын жасаған кезде Аравия жерін басып өтетін. Осыған байланысты Араб феодалдары жер иелері болуымен бірге, құл жұмсаудан, құл сатудан орасан зор табыс түсіріп отырды.

Араб тарихшылары болашақ пайғамбарымыз Мұхаммед (Ғ.С.) Мекке каласының шет жағындағы Каабадан үш жүз метрдей жердегі қара шаңырақта дүниеге келген еді дейді. Бірақ онын кай жылы, қай күні дүниеге келгендігі жөнінде әртүрлі пікірлер бар. Бірі Мұхаммед (Ғ. С.) Миләдидің-Исаның туылуынан басталатын жыл санауы бойынша 570 жылдың 29 тамызы.  Жазба деректерге қарағанда, ол дүйсенбі күні таңертең Рабиғ әл-Әууәл айының тоғызы, бұл 571 жылдың 20 сәуіріне тура келеді. Аңыздарда күн шықпай тұрғанда-ақ жүзіне керемет нұры құйылған, күпірлік, зұлымдық және надандык тәрізді дүниеде кесел-кесірлердің, жамаңдыктардын бәрінен де айықтырушы, арылтушы сәулесі түсіпті. Дәл мұндай құбылыс ешбір нәресте дүниеге келгенде болмаған. Бұл көз қарықтырған нұр Мұхаммед пайғамбарымыздың туылумен адамзат өмірінде жаңа, бақытты дәуірдің ашылғандығын білдірген екен. Сол қара шаңырақ арада 100 жыл өткеннен кейін мешітке айналдырылған. Казіргі кезде Пайғамбарымыздың туған күнін былай қойғанда қай жылы туылғаны жөнінде әртүрлі пікірлер айтылады. Олардың бірі 569 жылы десе, екіншісі 570 жыл, үшіншісі 571 жыл дейді. Сөйтіп қазір Пайғамбарымыздың туған күні 571 жылдың 29 тамызы, рабиал айының он екісінде, дүйсенбі делінеді. Дегенмен қай жылы дегенімізбен, әйтеуір Мұхаммед  (Мекке қаласы дүрілдеп, атақ-даңқы Каабаның арқасында ғана емес, сауда жолыңда жатқаңдығымен де шықты. Кааба айналасындағы өздері табынатын пұттарға құлшылықетушілермен бірге жәрменкеге Мысыр, Шам, Визаиал, Шым қалаларынан әкелінген кездемелер, қытай жібектері мен шыныдан жасалынған түрлі ыдыстар, металдан жасалған әшекей бұйымдар мен түрлі қару-жарақтар, астыктар мен өсімдік майларын алып кетіп сатты. Сауда-саттық дәуірлеп тұрғанда меккелік құрайштар солтүстік жағынан келген керуендерді қаласа өздерімен бәсекелес иемендіктерге жіберіп, қаламаса жолдарын бөгеп, оңтүстікке қарай жүруіне рұқсат етпей тастады. Йемен саудагерлері керуендерін Жерорта тенізінің жағалауына, Сирия мен Персияға өткізе алмай көбінесе катты таршылық көрді. Осының нәтижесінде Мекке қаласында саудагерлер шаш-етектен пайдаға батты.

Расында да Мекке каласы старатегиялық жағынан да, сауда қатынасы жағынан да өте қолайлы жерде жатты. Бұл қала арқылы тек көрші жатқан Йемен - «Оңтүстік жақтағы ел», Шам - «Солтүстік жақтағы ел» (қазіргі Сирия саудагерлері ғана емес, сонымен қатар Мағрибтен («Батыстағы ел») (қазіргі Алжир, Тунис, Марокко) Машриктен («Шығыстағы ел», қазіргі Ирак, Ауғанстан, Пакистан) сауда керуендері де өтетін.

610 жылдын оразасы басталып, Мұхаммед (Ғ. С.) әдеттегіше азық-түлік, ішетін суын алып Аллаға құлшылық етуге Хираға аттанды. Аракідік Меккеге де келіп тұрды. Содан рамазан айының он жетінші түні болғанда кенет үңгір іші жап-жарық болып артынша адам кейпіңдегі бір елес келіп: «Оқы!» - деп әмір етті. Бұл Алла атынан, Алла әмірін алып келіп тұрған төбе періштенің бірі Жәбірейіл (Ғ. С.) болатын. Пайғамбарлық пен елшілік міндетін тапсыру үшін келіп тұр еді." Мұхаммед (Ғ. С.) оқи білмейтінін айтты. Әлгі бейтаныс қағазды мұнын, көкірегіне қойғанда ауыр зіл басқандай болды. Осы құбылыс үш рет қайталанған. Бәрі қолмен уыстап, көзбен көргендей ап-анық... Әуеде көз алдында тоқсан аятты оқыды.

Осыдан көп кешікпей ол адам тағы келіп, кейін Мұхаммед (Ғ. С.) үш-төрт рет аспаннан шыққан дауысты естіді. Бірде әлгі дауыс иесі келіп: «Сен Құдайдың он көзі түскен пайғамбарсын, мен - Жәбірейілмін», - деп ізім-қайым жоқ болған.

Діндер тарихын зерттей қарайтын болсақ, адам баласының адал жолдан таймай өмір сүруі үшін Алла (Т.) жерімізге оқтын-оқтын пайғамбарлар жіберіп тұрғанын білеміз. Алла (Т.) мен адамдар арасыңдағы байланыстырушы аркылы бұл дүние мен ақырет туралы жайлар пенделерге солармен жеткізіліп отырылды. Алла (Т.) ның Мұхаммед (Ғ. С.) ке дейін қанша пайғамбарларды жібергені жөнінде Құран Кәрімде айтылған.

Алла (Т.) тарапынан тапсырыс алған мұндай пайғамбарлардың саны бірде жүз жиырма төрт мың делінсе, бірде екі жүз жиырма төрт мың делінеді. Солардың ішінде Құран Кәрімде жиырма сегізінің аты аталған. Олар: Адам, Ыдырыс, Нұх, Һұд, Салих, Ибраһим, Лұт, Ысмайыл, Ысхақ, Жақып, Жүсіп Аюп, Шұғайып, Мұса, һарун, Дәуіт, Сүлеймен, Ілияс, Әлжаа, Зүлкифа, Жүніс, Закирия, Жақия, Иса, Гүзайір, Лұқман, Зұлқарнайын және Мұхаммед пайғамбарлар".

МұхаммедпайғамбарымызғаҚұранаяттарыүйінде, көшеде, керуенде, бала-шағасы немесе біреулермен араласып жүргенде де түсе беретін. Бұл кісіге түсетін уахиді алғаш рет тексерген адам әйелі — Хадиша ана. Ол кісі Пайғамбарымыздан: «Сізге келетін кісінің келгенін айта аласыз ба?» - деп сұрағанда, ол: «Иә» — деп жауап берген. Бір ретте Мұхаммед (Ғ. С.) Періштенің келгендігін хабарлады. Хадиша анамыз Пайғамбарымызды оң жағына отырғызды. «Сіз оны көресіз бе?» - деді ол. «Иә». Сол жағына отырғызды да: «Көресіз бе?» - деді. «Иә». Тізесіне отырғызды. «Көресіз бе?». «Иә». Хадиша киімін шеше бастап: «Көресіз бе?» - дегенде: Жоқ»,- деп жауап берген Мұхаммед (Ғ. С.)- Соңда Хадиша: «Сіз қуана беріңіз. Бұл жын-сайтан емес. Бұл анық періште», - деп ол кісіні қуаттаған. Ислам дінінің шығуы қарсаңында Арабиядағы тайпалар өмірінде түрлі жайлар болып жатты. Сасанидтік Иранның түбектің оңтүстігіндегі жері шұрайлы, сауда-саттығы өркендеген. Йеменді жаулап алғаннан кейін сауда жоддары күрт өзгерді. Қытайдан, Үндістаннан келетін сауда керуендері ендігі жерде бір кездегідей Арабияның жағалауын айналып жүрмей, Ирак арқылы Жерорта теңізінің жағалауындағы елдерге тіке тартатын болды. Бұл сауда-саттықпен айналысып  одан шаш етектен пайда тауып отырған арабиялық саудагерге қатты соққы болды. Сауда жолдарының Арабия түбегінің теңіз  жағалауымен айналып жүруі қарапайым бәдәуилерге де пайдалы еді. Олар тікелей сауда-саттықпен айналыспағанымен керуенші немесе керуен сақшысы болатын, түйелерін жалға беретін. Енді олар да бұрынғы табыстан айрылды. Осының бәрі араб экономикасының құлдырауына әкеліп сокты, өсімқорлық, оларға кіріптарлық өсіп, араб тайпаларының  арасында барған сайын жіктелу күшейді.

Осындай экономикалық қиындықтан шығу жолын елдің ақсүйектері іздестірді. Бұл дағдарыстан шығудың бірден-бір жолы басқа жерлерді жаулап алу деп түсініп, оның жолын қарастыра бастады. Ол үшін күшті әскер керек еді. Күшті әскерге ие болу үшін ең алдымен бір-бірімен жауласып жатқан араб тайпаларын бір орталыққа біріктірудің қажеттігі көріңді. Бұл бірігу басқа жақтан болған басқыншылыққа тойтарыс беру үшін де керек болды. Әрине бытыраңқы тайпалардың басын қосу үшін күшті идеология қажет еді. Дәл осындай, өзара соғысып, бірін-бірі шауып, берекесі кетіп жатқан тайпаларды біріктірудің қажеттігі туып отырған кезде Арабияда ислам дүниеге келді.

Исламның шығуының екінші бір қажеттігі адамдар арасындағы бір-біріне деген жақсы қарым-қатынас, имандылық, достық орнату үшін де қажет болды. Ол бұған дейінгі барлық адамдар үшін жат салттарды тоқтату үшін де керек еді.

Арабияда алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырап бітуінің нәтижесінде идеологияда да ірі өзгерістер болды. Жаңа діни көзқарастар пайда бола бастады. Мұнда христиан және иудей діңдерінің әсері болып, көп құдайшылдық емес, жалғыз құдайға табыну идеялары шыға бастады.

Сонымен бірге Мекке ерте уақыттан бастап-ақ діни орталық болып саналатын. Меккенің орталығындағы Зәмзәм су көзі, оның жанындағы "Әулиелі қаратас" Қааба Храмы көшпелі бадауиелердің өз құдайына табынатын орны болды. Бұл кезде әрбір рудың өздерінің рулық құдайы болды. Олардың бейнесі Қаабаның маңайына орналасқан болатын. Кейбір мұсылман аңыздарында Кааба мен Зәм­зәм су көзін Ибрагим пайғамбар мен оның ұлы Исмаил салған деген деректі де кездестіреміз.

Меккенің орналасқан жері егін шаруашылығымен де, мал шаруашылығымен де айналысуға қолайсыз болатын. Сондықтан меккеліктер шамаларына, қолдарындағы қаражаттың мөлшеріне қарай Мекке шонжарларына сауда керуендеріне қосылатын. Тез дамыған, сауда алғашқы қауымдық қоғамның ыдырауын тездетіп, тайпалардың тайпалық одакқа бірігуін қажет етті. Оны қуаттайтын көп құдайға сенудің орнына бір құдайға сенуді уағыздайтын діни идеология керек болды. Сол сияқты Аравия жеріндегі алғашқы монотеистік дін - ханифизм батыранқы араб тайпаларын біріктіруде көптеген топтардың идеологиясы түрінде шықты. Ханифтер сол уақытқа дейінгі үстем болып келген политеизмге /көп құдайлық/ пұтқа табынушылыққа қарсы күресті. Тайпалық көп құдайлардың орнына тек бір құдай рахманға жалбарыну керек деп уағыздады. Бірақ ханифистік діни ілім Меккеде де, басқа жерлерде де қолдау таппады. Әлеуметтік-экономикалық тенсіздікке қарсы күреске шыққан араб қоғамының жарлы, кедей көпшілігі ханифизмнен көксеген мақсатын көрмеді. Өйткені бұл діни идеологияның үйретуінше анық өмір, шын бостандық о дүниеде ғана, бұл дүниенін қызығы жоқ, өткінші деп уағыздады.

Кейіннен ислам діні үндістан, Африка елдерінің бірсыпыра жерлеріне таралды. Қазақстанда, Волга бойындағы халықтар арасында бұл дін бейбіт жолмен Миссионерлердің үгіті негізінде жергілікті феодалдардың ислам діни идеологиясынан өз мүддесін қорғай алатын одақтасын іздеу негізінде таралды.

Қазіргі уақытта Ислам діні араб елдерінде, Албанияда Болгарияда, Үндістанда, Түркияда, Югославияда, Африкадағы Мавритания, Тунис, Марокко, Сомали, Ливия, Занзибар, Алжир т.б. елдерінде орын алады. Ислам діні Орта Азия республикаларында, Қазақстанда, Азербайжанда, Башқұрт, Татар, Дағыстан республикарында орын алады.

Сұраққа байланысты түсіндіруді қажет ететін ұғымдар:

1. Ислам - ілім /учение/ бағыну, бас ию, нану /покорность/.

2. Мұсылман алланың нағыз – құлы.

3. Хиджера - жаңаша мұсылманша жыл санауының басы.

4. Алла - күреншит руының жеке құдайы.

5. Күреиш - Мұхаммедтің шыққан руының аты.

6. Политеизм - көп құдайлы дін.

7. Монотеизм - бір құдайлы дін.

Қазіргі кейбір статистикалық әрекеттерге жүгінсек дүние жүзінде мұсылмандардың саны - 1 миллиардтан астам адам екен.

Ислам діні әдет-ғұрыпқа, мейрамдарға толы. Ислам дінінің әдет-ғұрыптары мен мейрамдарының көпшілігі тіпті барлығы десе де болады Ислам дініне дейінгі діндерден алынған, ислам дінінде оларға жаңа әлеуметтік сипат және мән берілген. Құдайға құлшылық ету табыну ислам дінінде екі бөлімнен тұрады. 1. Міндетті түрде орындалуға тиісті шаралар: Бұған бес парыз /иман, бес уақыт намаз, ораза, зекет қажыға бару/ жатады.

 

ИСЛАМ ДІНІНІҢ ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНА КЕЛУІ.

ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІНИ - АХУАЛ

 

1.Қазақ даласына ислам дінінің келуі.

2.Ислам дінінің уағыздары.

3.Жергілікті халықты дінге кіргізудегі миссионерлердің еңбегі.

4.Ресей патша өкіметінің ислам дінін уағыздаудағы саясаты.

 

Ислам дінінің қазақтар арасында тарауы туралы мәселеге әр-түрлі пікірлер бар. Бұл мәселеге олар әрқайсысы өз позициясымен келгендігін аңғарамыз. Кейбір авторлар ислам дінін Қазақстанға араб басқыншыларымен келген деп санаса, екінші бір авторлар, қазақтар көшпелі халық болған, сондықтан ислам дінінің таралу дәрежесін зерттеу өте қиын еді. XVIII-XIX ғасырларда қазақтар арасында болған миссионерлер ислам дінінін қазақтар арасында шын жайын суреттей алмады дейді. Олар үшін ежелгі діни сенімдері - табиғатқа табыну ыңғайлырақ болды десе, академик В.В.Бартольд: "XIII ғасырдың басында Хорезмнің мұсылман басшыларына Сырдария мен Торғай облысындағы мұсылман емес қыпшақтармен соғысуға тура келді" - деп жазады. Дегенмен, ислам дінінің алғашқы көріністері Қазақстан территориясында IX ғасырдың бас кезінде тарай бастағанын білдіретін мәліметтер бар. Бұл кезде араб басқыншылары Сырдария бойына жетіп, түркі тайпаларының малдарын барымталап, кейде бейбіт отырған ауылдардың адамдарын айдап әкетіп отырды, бірақ жерлерін жаулап алуға күштері жетпеді. Сырдария бойындағы қалалар арабтарға 840-845 жылдары ғана бағынып, ислам дінін қабылдады. Бірақ мұнан әрі Сарыарқа даласына ұмтылған кезде араб басқыншылары шегінуге мәжбүр болды. Себебі Иракта құлдар көтерілісі басталды, белгілі араб тарихшысы Ибн-Ал-Әсірдің /1160- 1233/ келтірген мәліметтері бойынша 961 жылы Сыр бойындағы түркілердің 200 мың шатыр /үйтүтін/ мұсылман дініне енген. Ал жайық бойын жайлап, ыстық көл маңын қыстап жүрген түркілер ислам дінін тек 1043 жылы ғана қабылдады. Есіл, Нұра, Тобыл, Ертіс өзендерінің бойында мекендеген түркі тайпалары ХІХ-ХХ ғасырларға дейін ислам дінінен сырт қалды. Қазақ халқының ислам дінін кеш қабылдағандығын Ш.Уәлиханов та атап көрсеткен. "Бұған дейін қазақ арасында бақсылық, бәдік айту, тәңірге табыну, отпен аластау сияқты ежелгі тайпаларының діни жоралғыларының қалдықтары орын алып келді. Ислам дінінің ережелерінде олар жоқ. Қазақтардың жеті атаға жетпей құда болмайтындығы да ислам шариғатынан тыс, ол ежелгі түркілерден қалған ата- баба дәстүрі" - дейді.

Қазақстан жеріндегі ерте салынған мешіттердің бірі - Түркістан қаласындағы Қожа-Ахмет Яссауидың /әзірет- сұлтан/ мешіті. Оны Ақсақ темір /1336-1405/ патша салдырған.

Ислам діні Қазақстан жеріне оңтүстіктен және солтүстік батыстан келді. Оңтүстіктен Иран мен Орта Азия қалаларында оқыған қожа-молдалар келді. Кама өзені бойындағы Бұлғар хандығы, одан соң Алтын орданың батыс бөлігі Ислам дінін Қазақстанның батыс, солтүстік және шығыс облыстарын мекендеген тайпалардан бүрын қабылдаған болатын. Демек, ислам дінін уағыздаушылар бүлғарлардан, кейіннен башқұрттар мен татарлардан келді.

Алтын орданың XV ғасырдағы ханы Өзбек, қыпшақтарға жазған хатында: не ислам дінін қабылдаңдар, не тұратын жерлерінді айғындар" - деп да көрсеткен.

Ислам дінінің қазақ даласына тарауына Россия империясының отаршылдық саясаты үлкен әсер етті. Патша үкіметі қүлдық жүргізгеніне бас имей отырған қазақ халқын бағындыру мақсатымен ислам дінінің қазақ арасында тез тарап, орнығуына ынталы болды. Екатерина II /1770-1772/ жылдары қазына есебінен күран кітабын бастырып, оларды қазақ арасына тегін таратты. Осы мақсатта Петербургтағы шығыс баспасы Қазан қаласына көшірілді. Қазанда "Иман-шарт", "Бадуам", "Тақиғажап", сияқты жеңілдетілген діни кітаптарды басып шығарды.

1802 жылы патша үкіметі құранды 170 мың дана етіп басып қазақ арасына тағы да тегін таратты. Сонымен бірге ауыл-ауылдарда діни мектептер ашып, мешіт салдырып, халықтың "мүддесін" орындау міндетін атқарды. Ислам діні де патша үкіметіне адал қызмет етті. Мүндай беріле қызмет ету патшаға ұнап, ол ислам дінін қамқорлыққа алды. 1788 жылы 22 сентябрьде Орынбор өлкесінің Муфтияты діни рухани мекемесі құрылды. Оның Муфтилығын Гусейнов Мұхаммеджанды тағайындап, оған "Башқұрттардан бос жерлер сатып алуына, өзінің және ұрпақтарының сол жерлерге орналасуына, жаңадан жер алып, және оны сатуына рұқсат етілсін" - деген жарлық берілді.

Муфти де патша губернияларда, уездерде, болыстарда имамдар тағайындалып, діни үйымдар саяси- мемлекеттік үйымға дейін көтеріледі.

Тарихи деректерге жүгінсек, Жәңгір хан жылына зекетке 18 мыңдай қой 800 өгіз, 1000 жылқы, 700 түйе, ал соғымға 800-ден 1000 дейін жинап отырған.

Ислам дінінің қазақ даласына таралуына қазақтың байлары мен шонжарлары да мүдделі болды. Олар сырттан келген молда ишандарды қолдарына үстап, бала оқытқызып отырды. Ислам діні олар үшін пайда табудың көзі болды. Себебі басқа діндер сияқты ислам діні де: байлықта, кедейлік те тек бір алланың қолында, әуел бастан белгіленіп қойылған, кімде-кім өзінің пешенесіне жазылғанды орындап, дін жолымен жүрсе, "О дүниеде" бақытқа кенеледі, ал оған көнбегендер "О дүниеде" тозақ отына жанады, алланың қаһарына ұшырайды деп қорқытады. Бұл идея байларға, шонжарларға, би болыстарға, сұлтандарға өте ұнады да олар ислам дінін жедел қолдады. Мысалы, аға сұлтан Құнанбай, старшина Балғожа, патшадан шен-шекпен киген Шормандар намаз оқымағандарды тізеге соқты, ораза ұстамағандардың тілін қарыды, зекет төлемегендердің малына айып салды. Аспанда алла, жерде патша бір тектес деген шариғат ережесіне сүйеніп, еңбекші бұхара халықтың қанын сорды.

Ислам дінінің Қазақстанда таралуына Ташкент, Түркістан, Бұхара, Хива сияқты мұсылмандық орталықгардың жақындығы әсер етті. Ақмола облысының бастығы патша үкіметі орындарының біріне жазған хатында "Түркістанның жақындығы, әсіресе онымен үздіксіз байланыс мұсылмандықтың жайылуының басты көзі болып табылады", дейді. Бұхара, Хива, Түркістан қожа-молдалары сауда керуендерімен еріп жүріп дінін уағыздаумен болды.

Дегенмен XVIII-XIX ғасырларда Қазақстан жерінде ислам діні толық үстемдік ете алмады. Ш.Уәлиханов өзінің "мұсылман дінінің қазақ даласында таралуы" деген еңбегінде Мұхамедтің атын да білмейтін қазақтардың бар екенін, бұл жағдай ислам дінінің қазақ халқының қанына әлі де жете сіңбегенін мысалдар келтіре отырып дәлелдеді.

Патша үкіметі өзінің 1900 жылы 14 наурыздағы арнаулы бұйрығы бойынша ауылдағы діни мәселелерді, мейрамдарды азаматтық право нормаларын басқаруды молдалардың міндетіне жүктеді. Демек, қазақ арасындағы азаматтық, семьялық мәселелердің барлығын ислам діні өкілдері орындап, атқарғанын көреміз.

Қазақтар арасында ислам дінін таратудағы патша үкіметінің ролі жөнінде Ш.Уәлиханов былай дейді: "Қазақтар орыс мемлекетінің қол астына көшкенге дейін атақ жағынан ғана мұсылман болып, Мұхаммед діні әлемінде оның сүннит деген бір дербес тарауында болып келді.

Ислам дінінің "беделін", арттыру үшін үстем тап халыққа түсінікті, ыңғайлы әдістерді пайдалану жолдарын іздеді. Ол XIX ғасырдың екінші жартысында мұсылмандықты мадақтайтын толып жатқан діни мистикалық поэмалар, аңыздар, мифтік образдардың шығуынан көрді. Тіпті қазақ халқының ауыз әдебиетіндегі эпостық, лироэпостық, жырлардың мазмүнына өзгерістер енгізіп, олардың ән бойына кіндік мән таратты. Діни уағыз, өткен патриархальды өмірді көптеп жырлау, зар заман, ақындарымыз деп аталынған Шортанбай, Дулат және басқалардың шығармаларының өзегі болды. Олар халық ауыз әдебиетінің көркемдік әсерін пайдаланып ислам дінін дәріптеді.

Қазақстанда мұсылман дінінің таралуына XIX ғасырдың ақыры XX ғасырдың басында панисламизм, пантюркизм идеяларының насихатталуы әсер етті. Империалистік Россия мүдделері шеттеу халықтарды қанауды, отаршылдық, саясатты бұрынғыдан бетер күшейтуді қажет етті. Бұл жағдай мұсылман дін иелерінің жаңа халифат құрып, кәпірлерге қарсы соғыс ашайық деген үгітін күшейтті. Панисламистер мен Пантрюркистер қанауға қарсы халықтар наразылығын дін туының, діни идеологияның басшылығына алуды, барлық мұсылмандарды Түркияның маңайына жинауды көкседі.

 

ЕЖЕЛГІ ҮНДІСТАННЫҢ ДІНИ ЖҮЙЕЛЕРІ.

ИНДУИЗМНІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ.

 

1.Индуизм дінінің пайда болуы.

2.Индуизм пайда болған кездегі Үндістан.

3.«Махабхарача», «Рамаяна» эпостары.

4.Индуизмдегі көп құдайлар түсінігі.

 

Индуизм - әлемдегі ірі діндердің бірі. Индуизм б.д. дейінгі бірінші мыңжылдықта пайда болды. Ол адамды рухани құтқарудың үш жолын ұсынды. Олар: қасиеттері істер жолы; таным жолы; адалдық жолы. Индуизмнің тұңғыш қауымы - «адживака» тақуалық жолын тұтып, тән құмарлығымен күресті. Бірақ, Вишнуға табынды. «Адживака» діни идеяларын «бхагаватами» толықтыра түсті. Ол Вишнумен қатар Кришнаға тең дәрежеде құрмет көрсетті. XII ғасырда брахмандар жарты құдай - Рамаға ерекше тұғыр орнатты. XV ғасырда діни ғұрыптар қара халықтың тілі болып саналатын хинди тілінде атқарыла басталды . Осының нәтижесінде Вишнудің көпшілік арасындағы мәртебесі жоғарылай түсті. Шиваға құлшылық жасау да осы құдайды мойындаушы қауымдардың бірлігінің нығаюына қызмет етті. Бірақ көпқұдайлық үнді халықтарының одан әрі қауымдаса түсінуіне кедергі болған жоқ. Керісінше, осы көп құдайлар біртұтас діни түсінік аясында құрметтеліп, индуизм баршаның дініне айналды. Индуизм үшін «Махабхарата» және «Рамаяна» эпостары-Үндістанды арий тайпалары жаулап алуы кезеңіндегі үнділердің қаһармандық күресі туралы әңгімелейтін қасиетті аңыздар жинағы. Поэмада индуизм құдайлары пантеоны туралы әңгімелейтін қасиетті аңыздар жинағы. Поэмада индуизм құдайлары туралы кең әңгімеленеді. «Рамаянада» Раманың және оның жұбайы Ситаның өмірі баяндалады. Индуизмнің діни ескерткіштерінің ішіндс құрылымдық жағынын «Махабхарата» эпосына енетін дүниетанымдық проблемаларға түсініктемелер беретін «Бхагават-Гита» философиялық концептия тұтастығымен ерекшеленді. Концепцияның негізінкүллі болмыстың бастауы ретіндегі пракрит туралы және одан дербес таза рух - пуруша туралы ережелер құрайды. Осылардан шығарма авторларының екі негізді мойындаған дуалистік көзқарасы көрінеді.

Индуизм - Үндістанда пайда болып, қазіргі кезде дамып келе жатқан діни дәстүр. Бұл дінді ұстанушылардың жалпы саны жер бетінде 700 миллионнан асады деген деректер бар. Оңтүстік Азия елдерінде (Үндістан жұртшылығының 83%-ы, Непалда, Шри-Ланкада, Бангладеште индуизмді ұстанады. Оңтүстік-Шығыс Азия (Малайзия, Индонезия, Сингапур) мен Африканың кейбір өңірлерінде де аздап таралған. XX ғасырдан бастап индуизм Еуропа мен Америка елдерінде тамыр жайып, жаңаша ерекшелігімен жұртшылықтың бірден назарын аударды. Бұған осы дінді зерттеуге арналған 18 томдық "Индуизм" атты энциклопедияның дайындалып жаткандығы дәлел десе де болады. Бұл энциклопедияға көптеген елдерден 1250 ғалымның 10000-нан астам ғылыми мақалаларын енгізу көзделіп отыр.

Индуизм термині Синдху өзенінің парсы тіліндегі атауы "Хинду" деген сөзден негіз алған. Кейіннен бұл сөз тек өзен мен, оның жағасындағы Үнді елін ғана білдірмей, сол елдегі халықтың атауына айналған.

Индуизм дінінің ерекшелігі, мұнда құдайлардың саны өте көп, бәріне ортақ бір құдай жоқ. Діннің негізін салушы да, белгілі пайғамбар да жоқ, бірақ көптеген жеке білімдерді таратушы, рухани ұстаздар бар. Бір ортақ қасиетті кітап жоқ оның орнына әр бағыттың негізі болып саналатын жазбалардың беделі өте күшті. Бұл дінде жалпы мойындалатын сенім символдары мен талаптары болмағанымен, индуистердің дүниетанымында ерекше орын алатын ұғымдар (дхарма, карма, сансара, мокша, Брахман, атман, варна, каста т. б.) бар.

Индуизмдегі құдайларды бір атпен атау, бір түрге біріктіру мүмкін емес. Мұнда құдай тұжырымдамасы әр түрлі, себебі индуизм Үндістанда ғасырлар бойы жинақталған жазбалардың барлығын өзінің қасиетті кітаптары ретінде қабылдаған, сондықтан да осы кітаптарда аталған 33 құдайдың (11-і аспандағы, 11-і ауадағы, 11-і жердегі) бәрі индуизмде мойындалады. Брахман - әлемді жаратушы, бастапқы бірліктің барлық тірі және өтпелі шындықтың мәңгілігін жүзеге асырушы. Бірақ Брахманның адам алдындағы еңбегі дәстүрлі индуистік түсінік бойынша көрнекті болмады.

Діни мейрам кездерінде, әсіресе ана құдайға арналған қысқа діни саяхатты индустар жаяу жасайды. Қасиетті қалалар мен әулиелер орналасқан алыс жерлерге ұзақ саяхатқа шығады. Индуизмде Ганг, Ямуна, Синдху (Инд), Сарасвати (жер астында орналасқан), Нармада.

 

ДАОСИЗМНІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ

 

1.Даосизмнің пайда болуы.

2.Даосизм туралы хикаялар, аңыздар.

3.Қаситетті хайуандарға табыну.

4.Ғаламды жаратушы – Дао.

 

Даосизм - б.з.д. ІУ-ІІІ ғасырларда-ақ қалыптасқан Қытай діні. Хикая бойынша, бұл ілімнің құпияларын ерте замандарда аты аңызға айналған Хуан-ди («Сары император», «сары баба») ашқан. Ол Найзағайдың жарқылынан ұрықтанып, дүниеге келген бойда сөйлеп кеткен. Хуандидің бойы ұзын (үш метрге жуық) болған, беті айдаһардікі және күн сәулелі мүйізі, төрт көзі және төрт беті бартын (көптеген ғалымдардың бұл фантастикалық бейнеде Қытай мифологиясына тән дүниенің төрт мүшесінің моделі бейнеленген деп санауы негізсіз емес).

 Балта, келі, садақ пен жебе, көйлектер мен туфлилер Хуан-дидің ойлап тапқандары болып саналады. Ерлер мен әйелдердің киіміндегі айырмашылықтарды да сол белгілеген. Ол адамдарды қоңыраулар мен мосыларды қалыптап құюға, құдық қазуға, арбалар мен қайықтар жасауға үйретті. Күн күркірететін құдайдың терісінен керемет қағыран (барабан) жасаған да сол деп есептеледі. Хуан-ди алғашқы «фар-маколог» Шэнь-нунның («күдайдың рақымы түскен егінші») ісін жалғастырушы да еді. Емшіліктің және медицинаның ғылым ретіндегі бастамасының негізін салды (Ежелгі Қытайдың алғашқы медициналық трактаты «Хуан-ди нэй цзин» - «Ішкі дүние туралы Хуан-ди кітабы» деп аталады). Мифологиялық аңыздарға сәйкес, Хуан-дидің Цан-дзе деген серіктесі иероглифтерді ойлап тапқан, ал Жуан Чэн қытай күнтізбесін жасаған.

Дао хикаялары бойынша, Хуан-ди өлмеген, ол айдаһардың арқасына мініп, аспанға үшып кеткен де, ажалсыздардың біріне айналған.

Тіпті Хуан-дидің өмірі мен істері туралы осы қысқа әңгіменің өзі даосизм бастауларының тамырлары б.з.д. III мыңжылдыққа кететін қытайлардың ежелгі мифологиялық түсініктерінен, соншама бай қытай мәдениетінен шығатынын дәлелдейді.

Дәл осы уақыттарда Қытайда мемлекеттің алдындағы Шан-Инь тайпалық одағы құрылады. Біздің заманымызға жеткен алғашқы жазбаша деректер де сол жерде пайда болған.

Алайда б.з.д. XIII ғасырда бұл одақты Чжоу тайпасы талқандап, өз әулетін құрады. Бұл әулет б.з.д. III мыңжылдыққа дейін өмір сүрді. Чжоу патшалығы дәуірінде алғашқы әдеби ескерткіштер туа бастайды. Олардың бастысы «Чжоу заңдары» болып саналады. Біз бүгінгі күні дәл осы бастаулар бойынша ежелдегі қытайлардың ойлау деңгейін жеткілікті дәрежеде елестете аламыз.

Оларға тән сипат не еді?

Бірінші. Құдайлар мен рухтар хайуандарга, құстарга, балықтарга ұксайды. Олар жартылай адам, жартылай хайуан болды. Әр тайпаның өзінің тотемі (табынатын нәрсесі) бартұғын. Оның бейнеленген суреттері тастардың, бал ашатын сүйектердің бетіне салынатын (мысалы, «Инь» деп аталатын тым үлкен және беделді тайпа қарлығашқа табынатын. Атқа, итке, қойларға сиынатын тайпалар да болған).

Қасиетті хайуандарға табыну қытайлардың ай күнтізбесінде (12 жылдық кезең шеңберінде әр жыл бір жануарға: тышқан, өгіз, жолбарыс, мысық (қоян), айдаһар, жылан, ат, ешкі (қой), мешін, әтеш, ит, доңыз) көрініс тапқан. Алпыс жылда бір рет «отты тышқан», «отты өгіз» деген сияқты жыл, яғни алпыс жылдық кезең атап өтіледі. (Қытайлардың ай күнтізбесі бойынша біздің 60 жылдық кезеңіміз 1984 жылы басталды, ал 2043 жылы бітеді).

Ары қарай ай күнтізбесі айларының атаулары қалыптасты:

 

1

- мерекелік ай;

2

- бүршіктер айы;

3

- қалғу айы;

4

- таушымылдық (пион) айы;

5

- айдаһар айы;

6

- лотос айы;

7

- аш рухтар айы;

8

- егін ору айы;

9

- бақытгүл (хризантема) айы;

10

- ізгілік немесе жомарттық айы

11

- ақ немесе бос ай;

12

- қатал ай.

 

 

Алайда бұл дәстүрдің өзі өте ерте замандардан келіп жеткен. Б.з.д. бірінші мыңжылдықтың әдеби ескерткіші - «Әндер кітабында» («Шицзин») төмендегі өлең шумағын кездестіруге болады:

Шөп гүлдейді төртінші айда, Бесінші айды шилан әнге қоспақ, Сегізінші  айда егін  орсақ, Оныншыда жер бетін жабар жапырақ.

Екінші. Тіршілік атаулының түпнегізін олар әлдебір рухани бастаудан көреді. Олардың ұғымында ол екіге бөлінген:

Ян - нұрлы, белсенді, рухани немесе еркектік.

Инъ - қараңғы, бейжай, заттық немесе әйелдік.

Ал мұндағы даналық олардың өне бойы өзгеріп түратын, бірақ түрақты және біркелкі қозғалысын және солармен бірге қозғалатындығын мойындауда жатыр. Ғаламның бұл жаратушылық ырғағы «Дао» - жол деп аталады.

Мінеки, олар енді дүниені ретке келтіре бастады. Кейіннен Ян аспанды, ал Инъ жерді басқаратын болды. Бірақ бұл Адамның - Панъ-гудың араласуымен іске асты. Ал оған дейін аласапыран бейберекет-сіздік (хаос) - бет-бейнесіз бірдеңе және көзге түртсе көргісіз түнек болатын. Алғашында Ғалам тауықтың жұмыртқасының ішіндегіге үқсайтын әлдебір былжырақты елестететін.

Он сегіз мың жыл бойы Пань-гу күніне үш метрден өсіп отырып, ғаламат биіктеп үлкейіп, ақыры, аспанның жерден басталған қашықтығына (тоқсан мың ли, яғни қырық бес шақырым шамасында) жетті. Түнек қараңғылықты үлкен балтамен құлаштап періп қалған сол болатын, нәтижесінде барлық нұрлы, жеңіл (Ян) нәрселердің бәрі жоғары көтеріліп, аспанға айналды, ал ауыр, лас, қараңғы (Инь) нәрселер төменге шөгіп, содан жер жаратылды. Пань-гудың өлімі және оның өлігінің кейбір бөлшектері ғарыштық құбылыстардың және жер бедері элементтерінің бастауы болды (бұндай түсініктердің негізінде макро және микроғалам бірлігі туралы тұжырымдама жатыр): алыптың тынысы ауа, дауысы - күннің күркіреуі, көздері - күн мен ай болса, дене мүшелері және аяқ-қолдары төрт жағынан жарық түсетін жерді, шаштары мен мұрты өсімдіктерді, ал аққан тері жаңбырды бейнелейтін.

Бір қызығы, қытай мифологиясы бойынша, адамдар Пань-гудың денесінде өмір сүрген паразиттерден жаралған.Ал енді мынау - айрықша қызық нәрсе. Қытайдағы адам өте ерте замандардан-ақ Жер мен Аспанға тең деген ой болған. Содан келіп, олардың түсінігінше, қасиетті бастау көзге көрінбей-ақ, әрбір гүлде, су тамшысында, уақыттың әр сәтінде өмір сүреді, ол дүниеге жайылып кеткен, яғни ол - табиғаттың өзі.

Қысқасы, Құдай - әлдебір нақты Тұлға немесе нақты есім емес, адамды айналада не қоршаса, міне, соның бәрі - Құдай. Сол себепті ғибадатханаға барғанда, адамдар ол жерде қандай да бір нақты Тіршілік иесіне немесе Құдайға емес, айналадағы қоршаған дүниеге бас иген.

Үшінші. Дегенмен айналадағы дүниеден жаратылған біреу басқаруға тиіс болды ғой. Мұндай басқарушы, яғни бастаудың басы, «жоғарғы баба», адамның желеп-жебеушісі ежелгі Қытай пантеонындағы бас тәңір, жоғарғы әмірші Шан-ди болды.

Жекелеген ғалымдардың, атап айтқанда, Дж.М.Мензистің пікірі бойынша, бастапқыда «ди» құрбандық шалу, дәлірек айтсақ, «құрбандықты отқа өртеу», кейін келе, құрбандықты арнап шалатын тәңір дегенді білдірген, тек б.з.д. ХІІІ-ХІ ғасырларда «димен» қатар жоғарғы тәңірді білдіретін «Шан-ди» пайда болды.

Біз үшін маңыздысы «Шан-ди» терминін даостық философия мен діни жолдың үлы бабасы Дао («Хуайнань-цзы», б.з.д. II ғасыр) ретінде қабылдауы еді, ал орта ғасырларда Шан-ди лауазымын император Хуэй-цзун (II ғасырдың басы) даос пантеонының бас әміршісі және Нефрит императоры Юй-диге тағайындаған.

Төртінші. Билік басындағылар культі. Император Шан-дидің ұлы деп санала бастады. Сонымен қатар ата-баба кулъті. Ертедегі қытайлықтардың түсініктері бойынша, өлгендер тірілерді бақылауда үстайды. Тірілердің ата-бабаларының рухтарымен «қатынасы» белгілі бір тәртіп-ережелерге бағынатын. Бірақ жоғарғы дәлдал деп тек император мойындалатын.

Нәтижесінде төмендегідей иерархиялық баспалдақ қалыптасты:

Тян - аспан;

Шан-ди - жоғарғы тәңір (әрі баба);

Ди - аспанның еркін орындаушы тақсыр, билеуші, император.

Фэн-шуймен қатар, дао іліміне негізделген бағыттарды, мысалы, тыныс алу жаттығуына байланысты психо-физиологиялық практика -цигунды, сонымен қатар дәстүрлі үрыс - ушудың кейбір стильдерінің де танымал болып келе жатқанын айтуға болады. Қытайдың Қызыл армиясының шетелге қашуға мәжбүр болған даолық Тянь-шидің резиденциясын 1927 жылы тас-талқан етіп қиратқанына, ал мәдени революция жылдарында даосизмнің қуғын-сүргінге ұшырағанына қарамастан, бүгінгі күні Қытайда даосизмнің жолын қуушылар мыңдап саналады. Алайда XX ғасырдың 80 жылдарынан бастап, даосизмнің ықпалы қалпына келтіріле бастады. Даосизм жолын қуушылардың Бүкілқытайлық қауымдастығы қайтадан жүмыс істеуге құлшына кірісіп кетті. Сөйтіп, даосизм тарихында шарықтап көкке көтерілу де, қүлдилап төмен құлау да орын алды. Оның ықпалының күшейгені соншалықты, енді ол Қытайдағы мемлекеттік ресми дін болу рөліне үміт артты. Бірақ конфуцийлікпен текетіресте жеңіліс тапты. Соның нәтиже-сінде Қытайдағы мемлекеттік дін мәртебесіконфуцийлікке бұйырды.

 

КОНФУЦИЙШІЛДІКТІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ

 

1.Конфуцийшілдіктің пайда болуы, тарихы.

2.Діни ағымдары, идеялық көзқарастары.

3.Конфуцийшілдіктің Қытайда мемлекеттік дінге айналуы.

4.Ұлы Қытай ойшылы – Конфуций.

 

Конфуцийлік туралы әңгімені бастамас бұрын, екі ұлы ойшыл-философ және ғұлама жазушы: француз Вольер (Мари Франсуа Аруэ) және орыс Лев Николаевич Толстойдың ол туралы айтқан ой-тұжырымдарын келтірейік.

Алғашқысы былай деп жазды: «Басқа халықтардың салтында бар ырымшылдықтар мен көзбояушылықтар үшін, қытайлықтар өздерін жазғыра алмайды. Қытай үкіметі төрт мың жылдан астам уақыт бойы адамдарды олардың көмегінсіз-ақ алдап билеуге болатынын көрсетіп келді және әлі де көрсетіп отыр; шындық құдайына өтіріксіз де қызмет етуге болады; ырымшылдықтың дінге пайдасынан гөрі зияны кебірек. Құдайға құлшылық ету ешқашанда дәл Қытайдағыдай таза және қасиетті (құдай ашылғанға дейін) болып көрген жоқ. Мен халықтық секталар туралы айтып отырған жоқпын, әңгіме бұл жерде патшалардың, барлық соттардың және қалың бұқараға жатпайтындардың діні туралы болып отыр. Қытайдағы барлық зиялы, ақсүйек адамдардың сан ғасырлар бойғы дінінің мәні неде? Ал оның мәні, міне, мынада: Көкке табыныңдар және әділетті болыңдар.

Көбінесе Конфуций деген атпен танымал болған Кун-фуцзыны ертедегі заң шығарушылардың, діннің негізін салушылардың қатарына қосады, бірақ бүл - үлкен қателік. Кун-фу-цзы салыстырмалы түрде кейінгі заманға жатады. Ол біздің заманымыздан бар-жоғы 550 жыл бұрын өмір сүрген. Ол ешқашанда ешқандай культтің немесе қандай да бір діннің негізін салған емес; өзін құдайдан рухтанған немесе пайғамбар деп жариялаған емес; ол тек ертедегі адамгершілік ұстанымдарын жинақтап, біріктірумен айналысты. Конфуций адамдарды көрген жәбір-жапаларына кешірімді болуға, тек жақсылық пен ізгілікті істерді ғана естерінде сақтауға; өзін-өзі бақылауда ұстауға және кешегі істеген қателіктерін бүгін түзетуге; құмарлықтарын ауыздықтап және достықты қастерлеуге; біреуге бергенде аста-төк етпей, ал алғанда қорланбай, қажеттіні ғана алуға шақырды.

Ол өзімізге біреудің жасағанын қаламайтынымызды біреуге жасамау керектігін айтқан жоқ: онда бүл тек жамандыққа тосқауыл қою ғана болып шығады; ол одан артық нәрсеге ұмтылды, жақсылық жасауға кеңес берді: «Өзіңе өзгенің қандай жақсылық жасағанын қаласаң, сен соны істе».

Қарапайымдылықпен қатар ол көнбістікке де үйретті, өйткені ол - тек жақсылықтың жағында».

Вольтер. Конфуций туралы.

Ал енді екінші ғүлама былай дейді: «Қытай ілімінің мәні мынада:

Шынайы (ұлы) ілім адамдарды жоғары қайырымдылыққа -олардың жаңаруына және осы күйде болуына үйретеді. Ал енді жоғары ізгілікке жету үшін: 1) халықтың барлығы әл-ауқатты болуы керек. Ал халық әл-ауқатты болуы үшін 2) отбасының жағдайы жақсы болуы керек. Отбасының жағдайы жақсы болуы үшін 3) адамның өзінің хал-ахуалы жақсы болуы керек. Адамның өзінің хал-ахуалы жақсы болуы үшін 4) оның жүрегі таза болуы керек (қазына қайда болса, жүрек те сонда). Жүрек таза болуы үшін 5) шыншылдық, ойдың саналығы керек. Ойдың саналы болуы үшін 6) білім өте жоғары деңгейде болуы керек. Ал білім өте жоғары деңгейде болуы үшін 7) адам өз-өзін зерттеп-білуі керек (бір түсіндірмеші осылай түсіндірген).

Барлық заттардың түп-тамыры және себеп-салдарлары болады; барлық нәрсе бірдеңеден басталып, бірдеңемен аяқталады. Не нәрсенің маңызды екенін, не нәрсенің бастау, ал не нәрсенің соңғы екенін білу,  міне, шынайы ілім осыған үйретеді. Адамның жетілуі - бүл бәрінің де бастау-бұлағы. Егер тамыр жеккөрушілікте жатса, онда одан өсіп шығатын нәрсе де жақсы болып жарытпайды.

Егер адам баласының ұмтылып отырған мақсаты айқын болса, онда басқа түкке тұрғысыз мақсаттарды ысырып қойып, жан тыныштығына ғана қол жеткізіп, үйреншікті ісін атқарып жүре беруіне болады. Ал жан тыныштығына және үйреншікті ісіне қол жеткен соң, енді мақсат еткен нәрсесін әбден ақыл таразысына сала алады. Ойға алғанын әбден ақыл таразысына салып, терең ойластырып алған соң, енді мақсатқа да жетуге болады».

Л.Н. Толстой.

Қытай ілімін баяндау:Ұ лы ғылым}

Конфуцийлік деген сонымен не болды өзі: философиялық мектеп пе, адамгершілік-этикалық ілім бе әлде дін бе? Қысқаша айтқанда, біріншісі де, екіншісі де, үшіншісі де.

Конфуцийліктің негізін қалаған ұлы қытай ойшылы - Конфуций (б.з.д. 551-479 жж.) болып саналады. «Конфуций» деген аттың өзі Кунфу-цзыдан немесе Кун-цзыдан шыққан - «Ұстаз Кун» дегеннің латыншаға айналған түрі. Ол Лу (Қытайдың қазіргі Шаньдун провинциясы) патшалығында дүниеге келіп, сонда қайтыс болған. Кун - Конфуцийдің рулық аты, ал туған кезде, оны Цю деп атаған. Әкесі ерте, Цю бар-жоғы үш жасқа келгенде қайтыс болғандықтан, оны анасы жалғыз асыраған. Олар өте кедей болды. Он бес жасқа толғанда, болашақ Кунфуций ғалым болуға нық шешім қабылдайды. Он тоғыз жасында үйленіп (оның некеден туған бір ұл, екі қызы болған), ерте замандардағы кітаптарды көп оқығаннан және ойдағы тұжырымдары негізінде қалыптасқан мақсат-мұраттарын іске асыруға үміттеніп, ол мемлекеттік қызметке тұрады. Он жыл жұмыс істегеннен кейін мемлекеттік қызметтен кетіп, енді өзінің идеяларын насихаттау жолына түседі. Қасына шәкірттерін ертіп, бөлшектеліп кеткен Қытай билеушілерін өзінің идеяларымен қызықтыру мақсатында ол көп сапар шегіп, саяхаттайды. Кемеңгер ойшылға сый-құрмет көрсете отырып, билік басындағылар оның нақты ұсыныстарынан үзілді-кесілді бас тартады. Өзінің туған патшалығы Луға 70-ге толған шағында қайтып оралып, ол енді қалған өмірін әрқайсысы бірнеше кітаптардан тұратын «Бес қағида» және «Төрт кітап» деген «конфуцийлік қағиданы» жазып шықты.

Күні бүгінге дейін Конфуцийдің өзінің не жазғаны, ал аталған еңбектердің қайсысын шәкірттерінің және жолын қуушылардың жазғаны белгісіз күйде қалып отыр.

Көптеген классикалық шығармаларды Конфуцийдің редакциялағаны туралы айтылып жүргенмен, қазіргі уақытта ғалымдардың бірқатары оның идеясын көрсететін жалғыз еңбектің «Лунь юй» («Сұхбаттар мен ой толғаулары») екені туралы пікірді жақтап отыр. Ол ұстаздың шәкірттері ұқыптылықпен жазып отырған және Конфуций қайтыс болғаннан кейін жеке еңбек болып реттелген ғұламаның ой толғауларынан тұрады.

Конфуцийдің өз басы өзінің жетілу, қалыптасу кезеңдерін «Лунь юйде» былайша сипаттайды:

«Он жасымда мен ой-ниеттеріммен ілімнің бес аспектісіне бой ұрдым;

Отыз жасымда берік ұстанымға тоқтадым;

Қырыққа келгенде ештеңеге күмәнім болмады;

Елу жасымда Аспанның жазмышын танып, мойындадым;

Алпыс жасымда Аспанды ғана тындайтын болдым;

Жетпісімде шектен [табиғилықтың] шықпай, жүрек қалауымен жүрдім».

Көзі тірісінде-ақ Конфуцийдің беделі өте жоғары болды: жұрттың көпшілігі оның жеке басының тартымдылығына, шыншылдығына, Идея мен Ақиқатқа риясыз қызмет ететін адалдығына тәнті болатын. Ол қайтыс болғаннан кейін, оның саны көп шәкірттері (оның шәкірттері үш мыңға жуық еді, олардың ішіндегі жетпістейі кейін белгілі ғалым болды) ұстаз идеяларын бұқара халыққа, әсіресе сол кездегі Қытайдың білімді, зиялы адамдарына жеткізу үшін қолдарынан келгеннің бәрін де істеді. Бұл іске шәкірттердің шәкірттері де өз еріктерімен атсалысты. Біздің заманымызға дейінгі II ғасырда, Ханъ әулетінің императоры У-ди білік еткен тұста, дәл сол шәкірттердің арқасында конфуцийліктің идеялары қағидаға айналдырылып, мемлекеттік идеология деп жарияланды, ал Конфуций анау-мынау емес,«Ұлы кемеңгер-ұстаз» деген атқа ие болды, бұл Конфуцийді құдай деп танудың соңғы қадамы еді: енді оның құрметіне ғибадатханалар салынып, «мүлтіксіз данышпанның» мазары қажылық орнына айналды.

Конфуцийлік біздің заманымыздың IX ғасырында буддизмді түпкілікті жеңсе, ал біздің дәуіріміздің XI ғасырында даосизмді жеңіп, Қытайдың ресми дініне айналды, сөйтіп Жаңа заманға дейін жеңіс тұғырынан түспеді.

«Дін туралы көрнекілік» кітабында конфуцийліктің мемлекеттік идеология (дін) ретінде дамуының негізгі кезеңдері және оның одан ары қарайғы тағдыры жақсы суреттелген.

Конфуциандық

371-289 жж. Конфуциандық философ және «Екінші данышпан», Чжоу мемлекетінде Лу қаласына жақын жерде дүниеге келген Мэн-цзы да аз уақыт Ци патшалығында министр болғанын пайдаланып, билік басындағыларға кеңес беруге әрекет жасайды. «Мэн-цзы» кітабында моральдық тәрбиеге басым назар аударған ізгі адамдар конфуцийлік этиканы нығайта түсті.

· 298-230 жж. шамасы. Конфуцийлік рационалистік философ Цзюн-цзы адамдар дүниеге зұлым болып келеді, ал олардың жақсылыққа бет бұруы ағарту және моральдық тәрбие арқылы іске асады деп сендіреді.

· 213 ж. Император Цинь-Ши-хуандидің бұйрығымен конфуцийліктің («Бес қағида») бес классикалық шығармасының өртелуі.

· Бз.д. 202 ж. - бз. 220 ж. Хань әулеті конфуцийлікті мемлекеттік кулът дәрежесіне көтереді.

· Б.з.д. 140 - 87 жж. У Ди императоры конфуцийліктерден білім алады.

· 124 ж. «Бес қағиданы» оқып-үйрену бойынша алғашқы императорлық университеттің құрылуы және азаматтық қызметшілердің сайлануы (алғашында олардың саны 50 болған, ал б.з. 220 жылына қарай 30000 мыңға жетті).

• Б.з.д. 51 ж. Император Цзюань «Бес қағиданы» ресми түрде бекітеді.
Б.з. 59 жылы. Император Мин қоғамдық мектептерде Конфуцийге құрбандық шалуды міндетті етеді және өзі 72 жылы Конфуцийдің зиратына келіп, құрбандық шалады.
Б.з. 250 жылы шамасында. Неоконфуцийлік «Қаранғы ілім», зияткерлігі жоғары,
буддизмді жақтайтын ілім пайда болды.

• 600 жылдар шамасы. Буддизм. Конфуцийлік Жапонияда тарала бастады.

• 606 ж. Суй әулеті конфуцийлікке негізделген азаматтык қызметке кірудің үш емтиханын белгіледі (1905 ж. дейін).

Ортадағы туралы конфуцийлік ілімді ұлы моралист Л.Н.Толстой көңіл қойып зерттеген. Ол адамның шынайы жолы - өз табиғатының заңымен жүру (Мен өмірдің өзімін, соның жолы да, шындығы да боламын) екенін айтқан. Ортадағы деген ілім дәл осы жолды көрсететін-ді. «Адам саналылыққа жетуге ұмтылуға тиіс. Кімде-кім саналылықты игерсе, ол ненің әділетті екенін ешқандай күш салусыз-ақ біледі, бәрін де ақылын күштеместен білген ол енді ақиқат жолына оңай түседі. Саналылықты игерген адам жақсыны тандайды және таңдағанын берік ұстанады. Саналылыққа жету деген - жақсылықты мұқият зерттеу, сол туралы терең ойлау, оны өзгелерден ажырата білу, тиянақты орындау болып шығады. Адам осының бәрін іске асырсын, егер ол ақымақ болса, енді ақылы толысады, егер ол әлсіз болса, енді бойына күш-қуат жинайды... Ізгілікті адам бір нәрсенің ғана қамын жейді: ол жүрегінде ешкандай жаманшылық орын алмауы үшін, соған үңіледі, соны таза ұстауға тырысады. Ізгілікті адаммен теңесе алмайтын нәрсе - ол басқа адамдар көре білмеген нәрсе. Аспанның іс-әрекеттерінің жарығы да, дыбысы да, иісі де болмайтыны сияқты, ізгілікті адамның да іс-әрекеттері дәл сондай». Конфуций идеяларының Қытайдың рухани өмірінде және келесі тарихтарында маңызы ерекше болды, ол қытай мэдениетінің қанына сіңіп, тәніне айналды. Үндістан үшін ведизмнің маңызы қандай болса, Қытай үшін конфуцийлік дэл сондай мағынаға ие болды.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-09-08 15:44:26     Қаралды-46875

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »