Қазақстан Республикасы жер қатынастарын құқықтық реттеу тарихы.
Қазақстан Республикасы аумағындағы жер қатынастарының ежелгі тарихы. Қазіргі кездегі Қазақстанның аумағындағы жер қатынастарының ежелгі тарихы — бұл өте күрделі әрі қызықты да тақырып. Аталған мәселе іс жүзінде әлі де толығымен зерттелмеген. Алайда, бұл тақырып көптеген ғалымдарды,саясаткерлерді, тарихшыларды және заңгерлердің ғылыми қызығушылығын тудырады. Бұған дәлел ретінде бірқатар жазбаша қайнар көздерді, археология мен тарихтың мәліметтерін атауға болады.
Қазақстандағы жер қатынастарының тарихы Шығыстың түркі халықтарының қоғамы мен мемлекеттілігінің ерекшеліктерін, қоғамның өндірістік күштерінің сипатын ескере отырып, жүйелі тұрғыдан зерттеуді қажет етеді.
Жер тайпаның, халықтың, мемлекеттің тіршілігінің негізі және олардың шаруашылық қызметінің материалдық базасы болды. Ол мал және басқа да мүлік сияқты адам өмірінде аса маңызды мәнге ие болды. Кейбір жағдайларда жер мал менмүлікке қарағанда құндырақ болатын. Тайпалар, халықтар, мемлекеттер арасындағы соғыстардың басым көпшілігінің белгілі бір жердегі, аумақтағы билік үшін болуы да бекер емес. Аумақ ретінде пайдаланылатын жерді «туған ел» деп, алшаруашылық қызмет үшін пайдаланылатын жерді шаруашылықтың бір бөлігі деп санаған. Жерге меншік құқығы оны пайдалану құқығы ретінде қарастырылған. Кейбір ғалымдар бұл құқықты әдет құқығы деп санайды. Өз мазмұны бойынша жер пайдалану құқығы жерге меншік құқығымен бірдей болған. Жер пайдаланудың бірнеше нысандары орын алған: бірлескен немесе ұжымдық жер пайдалану, жеке-отбасылық жер пайдалану, ауылдық және ауыларалық жер пайдалану және т.б. Оларды қазіргі кездегі жер пайдаланудың шарттарымен, алқаптарды, аумақтарды бірлескен пайдаланумен, ортақ-бірлескен пайдаланумен салыстыруға болады. Жер учаскелерін пайдаланушылардың келісімінсіз олучаскелерді басқа тұлғалардың пайдалануына жол берілмейтін.
Жер кеңістікте шектелген ежелгі мемлекеттің қызметінің негізі болған. Аумақсыз ешбір халық, ешбір мемлекет өмір сүре алмайтын.
Үлкен аумақтарды біздің заманымызға дейінгі бірқатар мемлекеттер — қазіргі ата-бабалары — сақтардың, қаңлылардың, үйсіндердің және ғұндардың мемлекеттері иеленген.
Неолит дәуірінде тайпалар аңшылықпен және балық аулаумен, мал шаруашылығымен және жер өңдеумен айналысты.
Қола дәуірінде, б.з.д. ІІ-мыңжылдықта шаруашылық жүргізудің мал шаруашылық және жер өңдеу түрлері қалыптасты, жақсы дамыған металлургия да болды.
Б.з.д. ІІ-мыңжылдықтың басында Еділ жағалауындағы, Арал маңындағы, Қазақстандағы және Алтайдағы далалық тайпаларда кешенді мал шаруашылығы және жер өңдеу шаруашылықтары қалыптасты. Бұл кезеңде олар бұрынғы көшпенді өмірден бір жерде тұрақты қоныстауға ауыса бастады. Андронов мәдениеті,қаңлылардың, үйсіндердің, сақтардың, Алтайдың, Жетісудың және т.б. мәдениеттері пайда болды.
Орта Азия және оның ішінде қазіргі кездегі Қазақстанның аумағы туралы алғашқы мәліметтерді Қытайға осы елдің елшісі Чжан-Цяню немесе Чан-Чуню жеткізді. Ол б.з.д. 138 жылы Орта Азияға келіп, 126 жылы Қытайға қайтқан. Оның қол жазбаларында Орта Азия мен Қазақстанның аумағында төрт тайпа — үйсіндердің, қаңлылардың, яцайлардың және яццылардың мекендегендігі туралы жазылған.
Үйсіндер мен қаңлылар туралы көбірек мәліметтер келтірілген. Нақты айтқанда, қаңлылардың бес кіші князьдықтары болған. Бұл мемлекет б.з.д. І мыңжылдықтың соңы — б.з. І мыңжылдықтың басында Оңтүстік Қазақстанның кең аумағында пайда болды. Ол Шығыстың аса ірі мемлекеттерінің бірі болған. Қаңлылар мемлекетінің билігі шығыста Талас пен Ферғанадан солтүстік-батыста Оңтүстік Аралға дейін, солтүстікте Орталық Қазақстанның далаларынан оңтүстікте Орта Азияға дейін таралған. Ғалымдардың зерттеулері көрсеткендей, бұл мемлекеттің аумағында жер өңдеуші-мал шаруашылығы мәдениеті болған. Адамдар ауылдар мен қалашықтарда өмір сүрген. 1
Үйсіндердің патшасы Гунмо Чилу қаласында (Шу өзенінің жоғарғы тұстарында) өмір сүрген. Үйсін халқы жер өңдеумен айналыспаған, олар малмен көшіп-қонған. Күнделікті өмірде ғұндарға ұқсас өмір салтын ұстанған. Үйсіндер иелігінде көптеген жылқылар болған; байларында 4 мыңнан 5 мыңға дейін жылқы басы болған.
Су-Е (Шу) өзенінің жағалауында Тоқмақ қаласы болған, оның аумағы алтыдан жетіге дейін ли құраған; бұл қала әртүрлі патшалықтардан келетін саудагерлердің кездесу орны болған. Су-Е өзенінен батыста онға жуық қалалар орналасқан, оларды бір-біріне тәуелсіз, алайда ту-киюға (түркілерге) бағынатын бастықтар басқарған.
Су-Е өзенің жағалауындағы қала мен Кио-Шанг-На (Касанпа) патшалығының арасындағы кеңістікте орын алған мемлекет Су-ли деп аталған, оның халқы да, жазбасы да, тілі де осы атауды («су-ли») иеленген.Негізгі жазбалық белгілер азболған; олардың жалпы саны 32 әріпке теңелген, бұл әріптер тоб біртіндеп көптеген сөздердің пайда болуына алыа келген.
Халықтың бір бөлігі жер өңдеумен, ал екінші бөлігі саудамен айналысқан. Су-Е өзенінен батысқа қарай төрт жүздей ли жүрген елші Мынг-Булакка (Мың бұлақ) жеткен. Оңтүстікте ол қарлы таулармен, ал үш жағынан біртектес далалы аймақпен қоршалған. Жері аса құнарлы, сулы, ал орман өсімдіктері аса керемет екен. Түркілердің Ту-Киу ханы әр жыл сайын осы жерге жаздың ыстығынан демалуға келеді екен.
«Мың бұлақтан Таласқа келдім, оның аумағы 8 ден 9 лиға дейінді құрайды екен. Бұл жерде Конг-Ю қаласы бар, оның аумағы 5-6 лиді құрайды, бұл аймақтың жері құнарлы, ормандар мен бау-бақшалары аса көп.
Пе-Шун немесе «Ақ су» қаласына келдім, одан кейін Ну-Чу-Киен патшалығына бардым. Бұл патшалықтың аумағы 1000-ға жуық лиді құрайды. Жері аса құнарлы және жақсы өнім береді; өсімдіктері қалың өскен; гүлдер мен жемістердің алуан түрі бар. Аса құнды деп саналатын жүзімді де көп жинайды. Бұл патшалықта жүзге жуық қала бар, олардың әрқайсысы ерекше басшының басқаруында. Бұл басшылар толық билікке ие және бір-бірінен тәуелсіз. Бұл иеліктер нақты шектелгенмен, олардың барлығы Ну-Чу-Киен-Ку деген атпен бірігеді». Бұл қаладан шыққан соң елші Чан-Чаню батысқа қарай екі жүз ли жүріп, қаңлылардың иелігіндегі Че-Ши (Чаш) немесе Ташкент патшалығына келген.1
Бұл сипаттамалардан көрініп тұрғандай, Қазақстанның оңтүстігінде өмір сүрген халық сол кезде жер өңдеумен және мал шаруашылығымен айналысқан, сонымен қатар, жайылымдық алқаптарға, елді мекен жерлеріне, бау-бақшаларға, жүзімдіктерге, дәнді дақылдарды егуге арналған егістіктерге ие болған. Жердегі шаруашылық жүргізудің сипаты мен оны нысаналы пайдаланудың түрлері жер учаскелерінің нақты меншік иелері мен жер пайдаланушылары болғандығын дәлелдейді. Қалалар мен елді мекендердегі жерлер «әдет құқығының» негізінде пайдаланылмайтын, олардың нақты меншік иелері мен жер пайдаланушылары болған, сонымен қатар, кейбір жер учаскелері жалға берілетін.
Алматы облысы Кеген ауданының Ақтас ауылындағы қыстаудың қазбалардан табылған заттар үйсіндер мемлекетінде жер өңдеудің болғанын дәлелдейді. Бұл жерлерден жерді өңдеу құралдары (тас құралдар) және бидайды өңдеу құралдары табылған. Бұл қыстаудың айналасын зерттеу кезінде жалпы көлемі 10 х 15 метр шаршыны құраған учаскені өңдеудің іздері және суғару арықтарының қалдықтары табылған.
Мұндай қарапайым суғару жүйелерінің іздері Жоңғар Алатауының етегінен, Іле мен Таластың алқаптарынан да табылған. Дәнді дақылдарды егу туралы мәліметтер де бар.
Үйсіндер мен қаңлыларда тұрақты қоныстану мен жер өңдеу б.з.д. І-ғасырлардан б.з. ІІІ-ІV-ғасырларына дейін сақталды және бақшалық, жеміс-жидектік жер өңдеу түрінде одан әрі дамыды.
Жер өңдеу оларда басты салаға айналды. Жер өңдеумен тек ауыл адамдары ғана емес, қалалықтар да айналысты. Олардың қала сыртында жер учаскелері болған.
Шу және Іле алқаптарында көптеген суармалы ағаштардың, егілетін жер дақылдарының, арық жүйесі арқылы жасанды суғарудың болғандығы жөніндегі археологиялық мәліметтер және жазбаша қайнар көздер бар.
Жер суғару Сырдария, Арысу, Шу және Іле өзендерінің алқаптарында жақсы дамыды.
Жазбаша, археологиялық мәліметтерге көз жүгіртсек, жай азаматтардың, бектердің, байлардың, қағандардың, жабғұлардың және хандардың және хан ордасындағы адамдардың жер пайдалануы мен меншігінің түрлі нысандары болған. Хандар мен хан ордасының адамдары жер пайдалану мен меншігінде ғана емес, жер байлығын басқаруда да артықшылық құқықтарды иеленген. Жайылымдық учаскелердің иелері болып табылмайтын тұлғаларға малды жаю үшін белгілі бір жайылымдарды пайдалануға тыйым салынған.
Жер қатынастарын реттеуде әдет құқығы қолданылды. Оның нормаларына сәйкес, тайпаның, отбасының жер пайдалану құқығы мен жерге меншік құқығының объектісі тек пайдалану объектісі ғана емес, мұрагерлік объектісі ретінде де танылған.
Жер құқығының хандық мемлекет кезеңінен патшалық Ресейдің үстемдік еткен жылдарына дейінгі тарихы. Тарихта бұл кезең феодализм кезеңімен сәйкес келеді. Феодалдық жер қатынастарының дамуын көптеген қазақстандық және шетел ғалымдары зерттеген.1
Ғалымдардың жер қатынастарының тарихына қатысты көзқарастары алуан түрлі. Олардың меншіктің түрлері және нысандары, жерге жеке меншік құқығы және жер қатынастарының басқа да мәселелері туралы ойлары түрліше.
Бұл кезеңдегі өндірістік қатынастардың сипаты қазақ ауылдарында аумақтың топырақтық-климаттық жағдайларына байланысты жер пайдалану мен жерге меншіктің түрлі нысандары болғандығын көрсетеді. Осы жағдайлардың нәтижесінде көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы басты рөлді иеленді.
Мұндай аймақтарда жеке меншікті халықтың аз ғана бөлігі иеленді. Бұл жерлерде басты меншік нысаны болып жерге қауымдық меншік танылды.
Оңтүстік облыстарда халықтың негізгі бөлігінің жер пайдалану және жеке меншігінің барлық нысандары болды, сонымен қатар, бұл аймақтарда мемлекеттің биліктік құрылымдарының өкілдерінің (хандар, билер және т.б.) де жерге жеке меншік құқығы танылды.
Қауымдық және рулық меншіктен басқа халықтың, ірі байлардың, феодалдардың жайылымдарға, егістіктерге, жайлауларға қатысты отбасылық меншігі де болды.
Кейбір ғалымдар көшпенді халықтарда жерге феодалдық меншік болмады деп тұжырымдап, К.Маркстың «бұл жерлерде жерге емес, тек малға ғана иелік орнайды, бірақ, әрбір тоқтаған жерлерінде олар тұрғылықты жерді бірлесе пайдаланған»1 деген
1 Маркс К. Формы, предшествующие капиталистическому производству. С, 24.
сөзіне сілтеу жасайды. Алайда, тарих басқаны дәлелдейді. Жерді құқық объектісі ретінде бөлу туралы тарихшы Әбілғазы айтқан, ол Бату ханның жауланған жерлерді өз ұлдарының арасында бөліп беретіндігі туралы жазған.2
Берке ханның ұлы хан атағын алған соң, барлығына сыйлық таратып, Бату-хан берген жерлерді өзінің ағалары мен бауырларына бөліп берді. Нәтижесінде, ханның ұлдары, Шыңғыс ханның ұрпақтары, ұлы мемлекеттерді, «гүлденген жайылымдарды» иеленді.3
Ақсақ Темір Тоқтамысқа қамқор болып, оған Сауран мен Сығанақтың (Оңтүстік Қазақстан) бүкіл жерін жеке меншікке берді. Ал кейін ол екеуі өзара жауласқан кезде Ақсақ Темір Тоқтамысқа қарсы ақсүйектерге жер тарту етті. Мысалы, Темір Джалал-Бахадурға Тоқтамыстың әскерлерімен соғыстағы ержүректігі үшін Лен аймағының басым көпшілік жерін сыйға тартты.4
Жәңгір ханның билігі тұсында хандықтың аумағын құраған жеті миллион ондықтың төрт жарым миллион ондығы жиырма отбасының айрықша билігіне берілді.5
Хандардың жерге жеке меншік құқығының ерекшелігі болып олардың сол аумақтағы жоғарғы иеленуші екендігі және өздеріне бағынысты аумақтың шегіндегі жер учаскелерін тарату функциялары табылды.
Ру ақсүйектерінің өкілдері өз иелігі шегінде жайылымдардың меншік иесі болды.
Жер туралы руаралық даулар екі тараптың өздерімен шешіле алмаған жағдайда, олар ханға жолданатын. Ханның шешімі шағымдануға жатпайтын.
Қатардағы шаруалардың жер иелігі қауымдық негіздерде жүзеге асырылды. Шаруалар жерді жеке-жеке емес, салыстырмалы түрде шағын ұжымдарға — ауылдық қауымдарғаіріге отырып пайдаланды.1 Әрбір ауылдық қауым белгілі біржайылымдарды тұрақты немесе мезгілдік пайдалану құқығын иеленді, бұл жайылымдарды басқа жер пайдалану субъектілерінің пайдалануына тыйым салынатын.
Кейбір ғалымдар жерге меншік құқығының болғанын жоққа шығармайды. Мысалы, Г. Гвардевский былай дейді: «Халықтың әрбір бөлігі көшпенді жерлерді өздерінің тікелей меншігіне алады. Қырғыздар “бұл жерлерде біздің ата-бабаларымыз өмір сүрген” деп айтады».2
Кейбір ғалымдардың тұжырымдауынша, қазақтар жер өңдеумен айналысты, алайда, хандықтың аумағының әр аймақтарында жер өңдеудің дамуы түрліше болған: көптеген аймақтарда жер өңдеу шаруашылығы әлсіз дамыды, кейбір жерлерде тіпті болмады да. Алайда, кейбір аудандарда жер өңдеудің шаруашылық маңызы зор болды, мұндай аудандардың қатарынан ежелден жер өңдеу мәдениеті қалыптасқан Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның аймақтарын атауға болады.
Ал тұрақты жер өңдеумен ежелден жер өңдеу шаруашылығын меңгерген адамдар айналысты.3
Орыс үкіметінің ХVІІ ғасырдың 90-жылдарындағы елшісі қазақ ханы Тәукенің жерінде нан, оның ішінде, бидай, сұлы көп екен деп жазған.
М.П. Вяткин Сырдарияның алқабында жер өңдеуші-егіншілердің тұрақты шаруашылақтары болған деп атап өткен. Алайда, бұл жағдайда да жер өңдеу мал шаруашылығымен бірлесе дамыған. ХVІІІ ғасырда байлар жер өңдеугенемқұрайдылықпен қараған. Олардың шаруашылықтары тек ХІХ ғасырдың екінші жартысында ғана сауда және өнеркәсіптік мақсаттарда жер өңдеуге кең көлемде ауысты.4
Әдебиеттер:
1. Бичурин Н.Я. Собрание сведений о народах обитавших в
Средней Азии в древние времена. М, Л., 1950, Т. 11.С.150.
2. Прошлое Казахстан в источниках и материалах. Алматы,
Казахстан, 1997, С.21-28.
3. Казахская Советская Социалистическая Республика.
Әнциклопедический справочник. Алма-Ата, 1981, С.136-166.
4. Абілғазы. Түрік шежіресі. Алматы. Ана тілі, 1992.
5. Еренов А.Е. Очерки истории феодальных земельных
отношений у казахов. Алма-Ата, 1961.
6. Еренов А.Е. Возникновение и развитие социалистических
земельных правоотношений в Казахской ССР. Алма-Ата, “Наука”.
1963.
7. Зиманов С.З. Общественный строй казахов в первой половине ХІХ. Алма-Ата, 1958.
8. Зиманов С.З. Политический строй Казахстана ХVІІІ — первой половины ХІХ в.в. Алма-Ата, 1960.
Жарияланған-2015-09-05 17:55:19 Қаралды-6340
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Қазақстан тарихы
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Тіл ғылымы, Филология
- Философия
- Физика, Химия
- Кітапханалық іс
- Спорт
- Автоматтандыру
- Аудит
- Ауыл шаруашылығы
- Биотехнология
- Бухгалтерлік есеп
- Журналистика
- Кедендік іс
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару, Метрология және стандарттау
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Туризм
- Халықаралық қатынастар
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- Жаратылыстану
- Медицина