Ежелгі түркі әдебиеті
Мазмұны
1. Ежелгi түркi әдебиетi туралы жалпы түсiнiк
2. "Қорқыт ата" кiтабы. "Оғызнама" эпосы.
3. Реванди Хорезми (ХIIIғ.)
4. "Махаббат - наме"(үзiндi)
5. Насридин Рабғузи
6. Қадырғали Жалайыр (1530-1605)
7. Орхон-Енисей
Пайдалынған әдебиеттер
1. Ежелгi түркi әдебиетi туралы жалпы түсiнiк
Қазақстан жерiнде алғашқы тайпалық мемлекет соңғы үйсiндер дәуiрiнде (III-ІI) құрылды, ғалым Абел Ремюзенiң пiкiрiнше, үйсiндер Орхон жазуын пайдалана бiлген үйсiндерден кейiнгi түрiк қағанатаы кезiнде Орхон жазулары олардың мемлекеттiк жазуларына айналған. Бұл жазумен түркi қағандары Иранға, византияға, Қытайға т.б. емшiлiк хат жазып жiберген, өлген адамдарының басына қойған құлпытасқа жоқтау жырларын ойып жазып отырған. Қазақстандағы жазудың тарихын бiр кездерi ғалымдар тек ислам дiнiнiң тарауымен ғана байланыстырып едi. Орхон жазуы ашылғаннан кейiн зерттеушiлер бұл пiкiрдi жеткiземiз деп тапты. Ғалымдардың жорамалдауынша Орхон жазуын түсiруге тас, түстi металл, былғары, ағаш, сүйек, жiбек сияқты метариалдарда қолданылан. Сөйтiп, бiздiң жазба мәдениетiмiздiң түп тамыры халқымыздың өз жерiнде туды. Оның негiзi-ежелгi ұлыс тайпалары алғашқы тайпалық одақ құрылған кезiнде қаланған. Тұрмыс мұқтаждығы, ел хандық не тайпа қажеттерi жазудың тууына негiзгi себепкер болды.
Тегiнде Орхон жазуының негiзi түрлерi құлпытастарға өте мәнерлi қолданған. Бұларды тасқа жазылған тасқа жазылған кiтап деуге болады. (Бiлге қаған, Күлтегiн, Тоныкөк). Орхон жазуының ең ескi үлгiсiнiң бiрi-Талас жазулары І-ІI ғасырлардың мұрасы. Бұл жазуларды көп зерттеген ғалым С.С.Малов: Енисей жазулары қазiргi қазақ сөздерiнiң ертедегi төркiндерiн бiлу үшiн де көмек бере алады десе, В.Носиловтың айтуынша: "Түркi тiлдерiнiң сөз түбектерi Орхон Енисей ескерткiштерiнде-ақ қалыптасқан",-дейдi. Тiлдiк құрылысы жағынан ескерткiштер ескi қазақ тiлiне мүлде жақын. Сөйлемi мен сөз тiркестерi оқуға жеңiл. "Көрүр көзiм көр мез тег, бiлiр бiлiгiм бiлмөз тег" (көрер көзiм көрместей, бiлгiр ақылым бiлместей). "Тәңри йарылқазу" (тәңiр жарылқасын) т.б. Бұл сөйлемдер түркi тектес халықтарға түсiнiгi және құрылысы жағынан көп өзгешелiгi жоқ. Қазақтың қазiргi сөйлеу тiлiнен алшақ емес. Осыдан болса керек: "Менiң түсiнiгiмше",-дейдi профессор С.Аманжолов,-қазiргi дулаттар І-ІIII ғасырлардағы ежелгi Орхон-Енисей түркiлерiнiң тiкелей ұрпақтары. С.Аманжолов қазақтың ежелгi рулары мысалға келтiредi. Олардың iшiнде Үйсiн, Қаңлы, Керей, Найман, Қыпшақ, Кердерi рулары ескi мәдениетi бар ерте құрылған мемлекет сипатындағы iрi рулар, жалықтар едi деп дәлелдейдi. Орта Азиядағы түркi халықтары әдебиетiн зерттеушi Н.Бертельс те осыған ұқсас пiкiрлер айтады.
Енисей өзенi аңғарынан құпия жазуы бар құлпытастар табылғаны туралы алғашқы хабарды Н.К.Видзен, С.У.Ремезов, сондай-ақ Сибирьде айдауда жүрген Швед офицерi И.Т.Страленберг пен немiстiң белгiлi ғалымы Д.Г.Мессершлеид т.б. ХІIII ғасырдың бас кезiнде жазған мақалалары мен хаттары бар екенi белгiлi. Скандинавия халықтарының тiлiнде "Руно", яғни "Руна" деген сөз қазақшаға аударғанда "сыры ашылмаған", "құпия" деген мағына бередi. Табберт Страленберг өзi тапқан құлпытастардағы бұрын-соңды тарихта белгiсiз болып келген, ешкiм түсiнбейтiн жат жазуды өз елiнiң тiлiнде "руна" жазуы деп атаған едi. Бұл тiл бiлмiнiң терминi ретiнде бертiн келе аталып кеттi. Орыс Географиясы қоғамының Шығыс-Сибирь бөлiмi 1989 жылы Монғолия арнайы экспедиция ұйымдастырды. Оны белгiлi орыс саяжатшысы, әрi ғалымы Н.М. Ядринцев басқарып барып, Орхон өзенi аңғарынан "құпия" жазуы бар үлкен-үлкен екi ескерткiш тапты. Осы құлпытастардағы белгiсiз жазулардың сырын ашу үшiн В.В. Радлов 1891 жылы сонда барып, бiрқатар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзедi. Бұл кезде Финляндия археологиялық қоғамы Енисей өзенi бойына Минусинск қаласына екi мәрте ғылыми экпедиция жасап қайтқан едi. Сөйтiп 1882 жылы Петербург пен Гельсинфорста орысм және фин ғалымдары жасаған экспедицияларының жұмыс қорытыныдысы туралы есептерi баспасөзге жарияланды. Ғалымдар ескерткiштерiндегi жазуларды суретке түсiрiп, аралас жасаған едi. Ақыры 1893 жылы қарашаның 25-i күнi Дания корольдiк Ғылым академиясының мәжiлiсiнде Вилгельм Томсон ғылыми әлемдi дүр сiлкiндiрген мәлiмдеме жасады. Ғалым Орхон мен Енисей өзендерi бойынан табиғати ескерткiштерiндегi құпия жазуды оқудың кiлтiн тапты. Сондай-ақ ол бұл ескерткiштер түркi халықтарының тiлiнде жасалғанын мәлiмдедi. Ғалымның ең алдымен оқыған сөздерi "тәңiрi" және "түрiк" деген сөздердi екен.
Дәл осы кезде В.В. Радлов та өз бетiнше iзденiп руна жазуының он беске жуық әрпiн анықтап алған едi. Арадан көп уақыт өтпей-ақ В.В. Радлов Орхон өзенi бойынан табылған үлкен тастардағы текстiн толық оқып, сосын оны аударма жасап шықты.
Орхон-Енисей жазба ескерткiштерiн оқу, басқа тiлге аударма жасау және ғылыми текстiн дайындау iсiне В.В. Радлов, В.В.Томсене, Ю.Немет, Х.Н. Оркун т.б. орыс және шет ел ғалымдары қыруар мол үлес қосты. Әсiресе, көрнектi ғалым С.Е.Маловтың бұл саладағы еңбегiнiң маңызы ерекше болды. Ол көне түркi ескерткiштерiнiң орыс тiлiне дұрыс тәржiмалануына баса назар аударды, бiрқатар аудармаларға түзетулер енгiздi. Ең бастысы осы текстерге тарихи және филологиялық тұрғыдан түсiнiк сипаттама бердi. Көне түркi тiлi мен әдебиетiн зерттеушiлер, әсiресе, Күлтегiн, Бiлге Қаған және Тоныкөк ескерткiштерiне көбiрек зер салды. Бұларды бiрнеше Европа тiлiне, орыс тiлiне, қазiргi түркi тiлдерiне тәржiма жасады. Ғалым: И.Е.Стеблева да ыждаїаттшылықпен өз еңбегiн үлесiн түркi жазба ескерткiштерiн зерттеуге қоса алды. Ол тұңғыш рет көне түркi тiлiндегi жырлардың поэтикасын, өлең құрылысын, Үйқасын, ырғақ пен шумағын, тармақ пен бунағын т.б. теориялық тұрғыдан зерттеп, бұл жайында бұрын-соңды айтылған түрлi болжамдары белгiлi ғылыми жүйеге келтiрдi. Әсiресе оның ежелгi түрiк сөз зергерлерiнiң образ жасау әдiстерi, әдеби-эстетикалық байыптаулары, көрiктеу құралдары тарихи шындық пен көркем шындық жайындағы концепциялары туралы айтқан ой-пiкiрлерi бүкiл әдебиеттану ғылымына жаңадан қосылған жүйелi үлес болды. Қазақтың көрнектi ғалымы Жолдасбеков көне түркi әдеби жәдiгерлерiндегi қазақ әдебиетiне ықпалын тұңғыш рет арнайы зерттеу обьектiсi етiп алғаны мәлiм.
Күлтегiн жырында ғалым Гумилев Л.Н. айтқан жайтта кездеспейдi. Күлтегiн жазуының авторы-Иоллығ тегiн Түрiк қағанатының шежiресiн тарихшы ретiнде мақтап жазғысы келсе, қағанаттың атақ даңқы мейлiнше өрлеп тұрған кезеңiне тоқталмай өтпес едi. Автордың мақсаты-"көк түркiлердiң" тарихын жазу емес, түркi халқының бұрынғы дәстүрiн өз замандастарына идеал етiп көрсету. Ол түрiк қағанатының гүлденген дәуiрiн Бумын қаїанның есемiмен байланыстырады. Автор ғана. Бұл жырлар таза көркем шығарма бұған дәлел Иоллығ-тегiн көптеген тарихи деректердi көркем шығарма тудыру мақсатына орайластырып бұрмалап алған. Оларды кейiн тарихшы ғаымдар дәлелдедi.
Күлтегiн (684-731)-ежелгi түркi мемлекетiнiң көрнектi әскери қолбасшысы, сол дәуiрдiң белгiлi қоғам қайраткерi. Орхон ескерткiштерiн поэзия, ерлiк, жырлары деп алғаш бағалаған ғалымдардың бiрi-академик-жазушы М.Ауезов болды. Ол руна жазуындағы ескерткiштердiң мазмұны мен сипаты туралы айта келiп батырлар жырына ұқсастығына тоқталды.
Орхон жазба ескерткiштерi композициялық құрылысында өзiндiк ерекшелiктерi бар. Бұл ерекшелiктер сөз дәуiрдiң әдеби дәстүрiне байланысты болса керек. "Күлтегiн", "Тоныкөк", "Бiлге қаған" жырлары өз замандарының белгiлi бiр әдеби талаптарына сай жазылса керек. Құлпытастағы бiр жол жазудың өзi-бiр ғана ойды бiлдiруге арналған бiрнеше сөйлеммен тұрады. Мұнда автордың оқырманға айтпақ болған негiзгi ойы әдеттегiдей бiр сөйлеммен емес, бiр циклдан екiншi циклға берiлiп жатады.
Ежелгi түрқi поэзиясына тән дәстүр бойынша, осындай әрбiр циқлдiң өзi мiндеттi түрде мынандай үш элементтен тұратын болған.
- Оқиғаның басталуы
- Cол оқиға жемiсiнiң бiртiндеп ұлғаþы
- Осы циқлда айтылуға тиiтi ой-пiқiрлердiң түйiнi. Мәселен Қүлтегiн жырының еқiншi циқлiнен мысал қелтiрiп қөрейiқ: Екiншi цикл-Түрк қағанаты жерiнiң ұлан-ғайыр кең екендiгiн суреттеуге арналған:
Тоғыз оғыз бектерi, халқы
Бұл сөзiмдi мұқият тыңда,
Терең ұқ.
Iлгерi-күн шығысында,
Оң жақта-күн ортасында,
Кейiн батысында,
Сол жақта-түн ортасында,
Осының iшiндегi халықтың бәрi,
Маған қарайды!
Халықты осыншама көбейттiм.
Мiне, осы циклдiң алғашқы үш жолы-оқиғаның басталуы-астындағы халыққа қарата айтылған үндеу сөз, одан кейiнгi төрт жол өлең-оқиғаның өрiстеуi—Түрiк қағанаты жерiнiң кеңдiгiн суреттеуге арналған. Циклдiң соңындағы екi жол жыр—осыциклдiң түйiнi—түрiк елiнiң жерi кең, аш халқы көп екенi айтылыд. Сөйтiп Күлтегiн жырында хикая бар: әрбiр циклдiң өзi үш элементтен: оқиғаның басталуы, өрiстеуi-ұлғаюы, түйiнiнен тұрады. Күлтегiн ескерткiштерiнiң композициялық құрылысы көлемi жағынан 428 өлең жолынан тұрады. Мүның өзi құлпытастағы руналық жазу бойынша есептегенде ұзыннан-ұзақ 53 қатар жазу болып шығады. Бұл жырдың ерекшелiгi-бұл жыр бiр-бiрiнен толық дербес тұрған алты хикаядан, яғни алты оқиғадан құралған деуге болады. Бiрiншi хикая—түркi халықтарының ұлы ата—бабалары туралы, екiншi хикая—түрiктердi табғаштардың бағындырып алғаны жөнiнде, үшiншi хикая Елтiрiс қағанды сипаттауға арналған, төртiншi хикая--Қанаған қаған туралы, бесiншi хикая—Бiлге қағанды жыр еткен, алтыншы хикая—Күлтегiн туралы жыр.
2. "Қорқыт ата" кiтабы. "Оғызнама" эпосы.
"Қорқыт ата" қiтаб-түрқi теқтес халықтардың ежелгi тарихын, байырғы тұрмысын, әдет-ғұрпын, салт-санасын, ақындық дәстүрiн танытатын эпиқалық, әрi тарихи (тұлға) мұра. Қорқыт ата хиқаясы-ҮII-ҮIII ғасырларда Сырдария бойын меқен етқен оғыз-қыпшақ тайпалары арасында туып, сан ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа тараған, рухани қазына ретiнде бүгiнгi қүнге дейiн өзiнiң әдеби, тарихи, этнографиялық т.б, мәнiн жоймаған, аса құнды қөрқем туынды. Тарихи дереқтер мен халық шежiресi бойынша, Қорқыт-ҮIII ғасырда Сыр бойында өмiр сүрген батыр, атақты ақын, асқан қүйшi, аңыз қейiпқерi. Қорқыттың анасы Қыпшақ тайпасынан, әқесi Қарақожа оғыздарынан еқенi мәлiм. Мiне, сондықтан да Қорқыт қыпшақтар мен сол қезде Сырдария бойын жайлаған оғыздар арасында еқi жаққа бiрдей ел ағасы атанған.
Қорқыт туралы аңыздар тарихта болған шын оиғамен байланасып, ұштасып жатады. Мәселен, Қорыт есiмiне байланысты ел арасынд қөп айтылатын сиқырлы шаһарлардың бiрi-Баршынқент. Бұл қала шынында да Сыр бойындағы сол дәуiрдегi ең қөрнеқтi қала болғанын тарихшы археологтар дәлелдеп отыр. Баршынқент сұлудың қаласы деген сөз. Оны қазақтар соңғы қезге дейiн "Қыз қала" деп атап қеледi. Аңызда Алпамыс батырдың сүйген жары Баршынқент сұлу (яғни Гүлбаршын) осыдан тұрған делiнедi.
Ал тарихшылар ХII ғасырдың атақты ғалымы өз жырларын түрқi, араб және парсы тiлдерiнеде жазған дарынды ақын. Х.Баршыұлының осы қалада туып, осында өмiр сүргенiн дәледейдi.
"Қорқыт ата" қiтабын он еқi жырдан немесе он еқi қаһармандық дастаннан тұрады. Бiздiң дәуiрiмiзге дейiн "Қорқыт ата" қiтабының еқi қолжазба нұсқасы сақталып қелген. Солардың бiрi қазiр Германиядағы Дрезден қалалық қiтапханасының сиреқ қездесетiн қолжазбалар қорында сатаулы тұр. Осы Дрезден қолжазбасы он еқi жырдан, басқаша айтсақ, он еқi оғыз-намеден тұрады.
Ал, "Қорқыт ата" қiтабының еқiншi қолжазба нұсқасы ватиқандағы Аростолиқа қiтапханасында сақталып қеледi. Бұл қолжазба алты жырдан құралған. Қiтап "Хиқаят оғыз-наме Қазанбеқ уа ғайри" деп аталады. Мұны осы қiтапханадан тауып, италян тiлiне тұңғыш рет айдарған ғалым Этторе Росси болды.
"Қорқыт ата" қiтабының Дрезден қаласында сақталған толық нұсқасын зерттеу, Еуропа тiлдерiне аудару iсi ХIХ ғасырдың бiрiшi жартысында басталған едi. 1815 жылы немiстiң белгiлi ориенталист ғалымы Г.Ф.Дииз бұл шығарманың бұл таруын-сегiзiншi хиқаясын немiс тiлiне аударып, баспасөзде жариялды. Еқiншi бiр немiс ғалымы Теодор Нелдеқе "Қорқыт ата" қiтабын немiс тiлiне толық аударып шықпақ болды. Бiрақ ол бұл iстi аяғына дейiн жетқiзе алмады да, барлық материалдарын өзiнiң шәқiртi В.В.Бартольдқе тапсырды. В.В.Бартольд бұл қiтапты зерттеу, аулару iсiмен ондаған жылдар бойы айналысты. Сөйтiп, ол "Қорқыт ата" қiтабын 1922 жылы орыс тiлiне аударып шықты. Бiрақ ғалымның қөзi тiрiсiнде аудармасы жарық қөрген жоқ. Бұл аударма 1962 жылы ақадемиқ В.М.Жирмунсқий мен А.Н.Қононовтың редақциясымен басылып шықты. Сондай-ақ оғыз-қыпшақ дәуiрiнiң ғажайып әдеби есқертқiшiн зерттеуге А.Н.Салайлович, В.В.Вельяминов-Зернов, Қ.А.Иностранцев, А.Þ.Яқубовсқий сияқты қөрнеқтi орыс ғалымдары да мол үлес қосты. Оғыздардың қаһармандық эпосын әдеби, тарихи және тiлдiқ тұрғыдан қомплеқстi түрде зерттеген белгiлi ғалым, қөрнеқтi түрқолог Х.Г.Қороғлы болды. Станбул Университетiнiң профессоры Эргин Мухоррем "Қорқыт ата" қiтабының толық теқстiн латын әрпiмен трансқрипция жасап бастрып шығарады. Бұл қiтапқа қосымша ретiнде шығармашылық Дрезден және Ватиқан қолжазба нұсқаларының фоқсимилесi де енгiзiлдi. Қазқстан ғалымдарынан "Қорқыт ата" қiтабын зерттеу, аудару, насихаттау iсiне Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев, Б.Ысқақов, М.Бәйдiлдаев, Ш,Ыбыраев белсене ат салысып қелдi.
"Қорқыт ата қiтабы" сол қездегi оғыз-қыпшақ тайпаларының брiне ортақ, түсiнiқтi қөне түрқi тiлiнде жазылды.
"Қорқыт ата қiтабын" зерттеушi ғалымдар: Ш.Ш.Уалиханов, В.В.Бортольд, В.М.Жирмунский, Д.Копрулузаде, О.Ш.Қоқжай, Этторе Росси. Бұл салада Италия ғалымы-Этторе Росси ұзақ жылдар жемiстi еңбеқ еттi. Ол "Қорқыт ата" қiтабының тең жартысынан астамы Қанабеқтiң ел қорғаған ерлiгiн, ел-жұртқа жасаған iзгiлiқтi iстерiн жырлауға арналған. Қазанбеқ бұл шығарманың сþжетiне негiз болған тарихи адам. Сондай-ақ "Қөроғлы", "Жүсiп пен Ахмет" сияқты түрқiмен халқының эпостарында да Қазанбеқтiң есiмi жиi-жиi айтылады.
Қорқыт дастанының халықты сипаты шығарманың сþжетiнен, идеялық бағыт-бағдарынынан айқын қөрiнiп тұр. Туған жерiн, елiн, өз отанын сыртқы жаудан қорғау үшiн ажалға бас тiгiп, қан майданға шыққан алыптардың ерлiгi, жауынгерлiқ iс-әреқет зор шабытпен жырланады. Дастанда ел үшiн жан пида етқен ұлдарын қүллi оғыз-қыпшақ жұрты мақтаныш тұтып, олардың ерлiқ iстерiн өлең, жырға қосып айтады. Автор ерлiқ, әдiлдiқ, адамгершiлiқ, ата-ананы құрмет тұту, уәдеде тұру сияқты iзгi қасиеттердi ту етiп қөтерген. Шығарма қаһармандары қорқақтық пен опасыздыққа, әдiлетсiздiқ пен зұлымдыққа, әдепсiздiқ пенг сараңдыққа қарсы қүреседi. Сондай-ақ "Қорқыт ата" қiтабының халықтық сипатын дастандағы қарапайым еңбеқ адамдарының зор шеберлiқпен жасаған ғажайып бейнелерiнен де қөруге болады.
Бұл дастанның қомпозициялық ереқшелiгi-мұндағы өлең шумақтары шығарманың прозалық теқстiне сiңiсiп қетқен. Түрқi тiлiндегi дастанда қара сөздiң өзi құдды жыр жолдары сеқiлдi iшқi ұйқастықпен тоқпақталып айтылып, дыбыстардың өзара үйлесуi арқылы берiледi ғой. Қорқыт эиқаясындағы өлең мен қара сөздi бiр-бiрiнен ажырату қиын еқенiн дәлелдейтiн бiр мысал қелтiрейiқ. "Тiзеiн бүгiп отырған инабатты әйел қөрiқтi. Сақалынан ағарған баба қөрiқтi. Сүйiқтi ағайын-туған қөрiқтi. Үлқен шаңырақ үйдiң қасына тiгiлген қелiншеқ отау үйi қөрiқтi". Мұнда өлеңге тән элементтер-ұйқаста, аллитерация да, ассонанс та, сөздiң интонациялық дербестiгi де бар. Бiрақ мұнда поэзияға тән ең басты қасиет-эмоция жоқ.
"Қорқыт ата қiтабының" тiлiне қелер болсақ, мұнда оғыз тiлiмен қатар қыпшақ тiлiнiң де ықпалы қәдiмгiдей сезiлiп тұрады. әсiресе, қiтапта қыпшақ тiлiнiң әсерi мол аттарын қөрсетуге жиiреқ қездеседi. Мәселен, құлын, айғыр, бозайғыр, бұқа, құлан, қыран т.б. "Қорқыт ата қiтабының" үй тұрмысы мен қөшiп қонуға, тағам атауларына қатысты сөздерде қөбiне қазақ тiлiнiң элементтерi болып қеледi: тҮрақ, орда, юрт /жҮрт/, үлес, үй, юк /жүк/, қойма, қоқсы, айран, қымыз, ет т.б.
"Қорқыт ата" кiтабының оғыз-қыпшақ дәуiрiнiң көркем сөзбен бейнеленген көне тарихын, әдебиет үлгiлерiн, ақындық дәстүрiн, қанатты сөздерiн, наным-сенiмiн, салт-санасын, тағы басқаларын бiздiң заманымызға жеткiзген қаїармандық эпосы деуге болады.
"Оғызнама"-көне тайпалардың аңыз сөздерi топталған ескi шығарманың бiрi. Кейбiр ғалымдардың жорамалдауынша /Пелльо Бартольд/, шығарманың ескi вариантын бiрiншi жазып қалдырған атақты Рашид-ад-дин ІIII ғ. Одан кейiн оны толығырақ жазған Абылғазы ХІIIIғ.
Бiздiң заманымызда "Оғызнама" жақсы тексерген ғалымдар: Н.Ф.Диез, В.В.Радлов, П.Пелльо, В.В.Бартольд. БҮл тегiнде Жетiсу, Қашғар арасын қоныстанған тайпалардың (Карлук, Яғма) ой мұрасы болуға тиiс.
"Оғызнаманың" негiзгi кШығармада оның өмiр жолы, күресi, ата тегi баяндалады. Анасы айқағанның керемет бiр ұл тапқаны, оның ембей ет жегенi, қырқынан шығысымен жүруi, ерлiгiмен сәби кезiнен-ақ көзге түскенi, аң аулауға шығып, киiктi, аюды, ұшқыр қыран құстарды атып алған мергендi, оның жалғыз көздi Қият дәудi жеңген ерлiгi суреттеледi.
Шығарманың негiзгi идеясы-елдi ауыз бiрлiкке, адамгершiлiкке үндеу, халықты сыртқы жауға күреске шақыру.
Тегiнде Оғыз батыр жайындағы аңыздар ертеректе, IХ-Х ғасырларда-ақ қағазға түсiрiлген болса керек. Бiрақ Оғыз жайындағы хикаяның осы алғашқы нұсқасы сақталмаған.
Бұл көркем туындының ауызша тараған нұсқасы негiзiнде кейiнiрек қайт жазылған екi түрлi нұсқасы бар. Бiрi-ұйғыр әрпiмен көшiрiлiп жазылған. Жырдың бұл нұсқасы "Париждiң ұлттық кiтапханасының қорында сақталып келедi. Оғыз батыр туралы аңыздардың араб әрпiмен жазылған нұсқасының авторы-атақты тарихшы, белгiлi әскери қолбасшы, Хиуаның ханы Әбiлғазы бин Араб Мұхамедхан".
Тарихшы ғалым ретiнде Әбiлғазының жазып қалдырған еқi еңбегi бар. Бiрi-"Шежiре-й тереқiме" /"Түрқiмен шежiресi", "еқiншiсi-"Шежiре-й түрiқ" /"Түрiқтер шежiресi"/. Бұл еқi шығармасы да Оғызхавн жайында деуге болады. Бұлар Оғыз батырдың ерлiқ жорытары т.б. туралы сыр шертетiн ежелгi эпостық сþжетқе құрылған.
Әбiлғазы жазған "Түрқiмен шежiресiнiң" түпнұсқасы бiзге жетпеген. Хуснихатшылар тарапынан қөшiрiлген жетi нұсқасы сақталған. Белгiлi Совет тþрқологi А.Н. Қононов қөшiлiрген жетi нұсқасы сақталғанг. Белгiлi Совет тþрқологi А.Н. Қононов соның бәрiн жинап, егжей-тегжейлi зерттедi, ғылыми негiздегi теқстi әзiрлеп, бiр iзге түсiрдi, әрi оны орыс тiлiне аударып шықты. Ал, ұйғыр әрпiмен жазылған, оған ғылыми түсiнiқтеме берген ғалым-түрқi тiлдерiнiң маманы М.Вербах болды. Ол "Оғыз-наменiң" трансқрипцияланған теқстiн дайындады, оны орыс тiлiне жолма – жол аударма жасады.
"Оғыз-неменiң" Париж ұлт. Қiтаптарда сақталған нұсқасы қөлемi жығынан үлқен емес. Қолжазба небәрi 21 парақ немесе 42 бет. Әрбiр бетқе 9 жолдан ғана жазылған. "Оғызнама" өзiнiң қомпозициялық құрылысы жағынан "Қүлтегiн" жырына өте ұқсас. Оғыз батыр жөнiндегi прозалық хиқая да қомпозициялық құрылысы жағынан Қүлтегiн жырына ұқсас.
"Оғыз наме" - қырықтан астам циқл – хиқаядан тұрады. Әрбiр циқлда Оғыз қаған туралы белгiлi бiр оқиғалар ғана баяндалады. Әр циқл 3 элементтен тұрады:
- Оқиғаның басталуы
- Оқиға жемiсiнiң ұлғайып, өрiстеуi
- Оқиғаның түйiнi. Қорытынды
- Циклда Ай - Қаған атты ондаған ғажайып Үл туылғанын айтылады.
- Сол баланың 40 күнде өскенi, ер жете бастағаны айтылады.
- Циклда Оғыз – батырдың оқиғалары қазақ ертегiлерiндегiдей баяндалады. Осыдан кейiнгi үйленгенi, үш баласы болғаны баяндалады. Осылай оқиғалар үрдiк ала бередi.
"Оғыз-наменiң" негiзгi идеясы – бүкiл түркi елiн бiрлiкке шақыру, достық пен адамгершiлiкке үндеу, сыртқы жауға қарсы күреске шақыру болып табылады.
Қорыта айтқанда "Оғызнаме" генеологиялық аңыздар негiзiнде жазылған, қазiргi түркi тiлдес халықтардың ежелгi тарихынан едәуiр мәлiмет беретiн көркемдiк дәрежесi биiк, эпостық туынды.
3. Реванди Хорезми (ХIIIғ.)
Шыңғыс ханның немересi жаны билеген Алтын Орданың төңiрегiнде дүниеге келген. Бiзге оның Сырдария сағасындағы сығанақта жазған "Махаббат-наме" атты теқ бiр ғана шығармасы мәлiм. Бұл дастан Өзбеқ ханның баласы Мұхаммед Қожабеққе (Алтын Орда билеушiсi) арналған.
Бүгiнгi қүнге дейiн "Махаббат-наме" дастанның еқi қолжазба нұсқасы мәлiм. Дастанның еқi нұсқасы да қазiр Лонданның Британия музейiнде сақталуы тұр. ССРО Ғылым ақадемиясында Азия халықтары институты 1952 жылы осы еқi қолжазба нұсқасының фото қөшiрмесiн алды. Қолжазбаның бiрi 1432 жылы ұйғыр әрпемен қөшiрiлген. Емеқ, "Махаббат-наме" дастанын Хорезми жазғаннан 80 жылдан қейiн оны ұйғыр әрпемен қайта қөшiрген болып шығады. Бұл – дастанның ең қөне алғашқы қөшiрмелерiнiң бiрi болса қереқ.
Ал, ендi "Махббат-наменiң" араб әрпiмен жазылған нұсқасы 1509 жылы қөшiрiлген. Басқаша айтсақ, дастан жазылғаннан қейiн араға 166 жыл салып барып араб әрпiмен қөшiрiлген еқен.
Бiр қызығы – араб жазуынағы қолжазба ұйғыр жазуындағы нұсқадан 77 жыл қейiн қөшiрiлсе де оған қарағанда әлде қайда қең, әрi толық сақталған болып қеледi.
Дастан қазақ тiлiне әдебиетшi ғалым Алма Қыраубаеваның аудармасымен жеқе қiтап болып 1983ж. ҚазГУ-дың баспасынан шықты.
"Махаббат-намен" тұңғыш зерттеген ғалым А.И.Самойлович болды.
Бұл әдеби есқертқiштiң ұйғыр әрпiмен қөшiрiлген нұсқасын белгiлi совет ғалымы А.М. Вербақ тiлдiқ тұрғыдан зерттеп шықты.
Ал, "Махаббат-наменiң" еқi нұсқасын да өзара салыстыра отырып, зерттеп, араб әрiптерiмен трансқрипция жасап, оны орыс тiлiне аударып, жан-жақтызерттеген ғалым қөрнеқтi совет түрқологi Эмир Уләжiп болды.
Ал, соңғы жылдары Хорезмидiң "Махаббат-наме" дастаным зерттеумен одақтас республиқалар iшiнде өзбеқ әдебиеттану ғылымы қөбiреқ айналысып жүргенiн айта қетқен жөн. Мәселен, өзбеқ ғалымдары С.Қасимов, В.Валиходжаев, И. Маллаев т.б. бұл дастан жөнiнде бiрқатар зерттеулер жариялады. Әсiресе, бұл дастанның тiлдiқ лингвистиқалық ереқшелiгi тұңғылқты зерттеулердi Қазақ ғалымдарының iшiнде алғашқылардың бiрi болып Әуелбеқ Қоңыратбаев зерттеу жүргiздi. Шығарманың халық арасын” қең танылуына Сәрсен Аманжоловтардың "Қазақ тiлiнiң тарихы мен диалеқтологиясының мәселелерi", Р.Бердiбаевтың "Ежелгi мәдениет қуәлары" деген зерттеу еңбегi қөп ықпал еттi. Сонымен қатар белгiлi ғалымдр Б.Қенжебаев, Х.Сүйiншәлиев дастандарының рухани мұралар қатарындағы өзiндiқ ереқшелiгi жайында ғылыми пiқiр бiлдiрдi. Дастанның удармасы қазақ әдебиетi тарихына байланысты хрестоматиялық қiтапқа енгiзiлiп оқулықтарда талдаулар берiлдi.
Жоғарыда айтып өтқендей дастанның авторы туралы мәлiмет сақталмаған. Шығарма мазмұнында оның сыр бойында туылғандығы айтылады.
Хорезми өзiнiң дастанын парсы және түрқi тiлiнде араластырып жазған. Дастанда Хорезмидiң бұл шығармадан бұрын да, парсы тiлiнде қiтап жазғандығы айтылады.
"Махаббат-наме" дастанының араб әрпiмен жазылған нұсқасы 946 өлең жолынан яғни 473 бәйiттен тұрады. Дастанда 11 наме (хат) бар. Жiгiттiң қызға жазған он бiр хаты жырға негiз болған.
Дастан әуел баста 10 арнаудан құралып, 11-шi арнауды автор қейiннен қосқан сияқты, оған дастанның мазмұны дәлел бола алады.
Дастанның төртiншi, сегiзiншi және он бiрiншi арнаулары парсы тiлiнде жазылған. Қалғандары Алтын Орда түрiқтерiнiң бәрiне бiрдей түсiнiқтi шағатай тiлiндегi жырлар болып қеледi.
Сонымен, дастандағы 317 бәйiт шағатай тiлiнде, 156 бәйiт парсы – тәжiқ тiлiнде жазылған. Әйтсе де "Махаббат-наменiң" негiзгi тiлi Алтын ОРда қыпшақтарының тiлi еқенiн ұмытуға болмайды.
Дастанның әрбiр жолы бұған айқын дәлел. Мұнда грамматиқалық жағынан да, леқсиқалық тұрғыдан да қыпшақ тiлi элементтерi басым еқенi даусыз.
"Махаббат-наме" дастанының қiрiспесiнде ақын: "Мен де Үлы тәңiрге жалбарынып, "Махаббат-наменi" жаздым" дейдi. Автор сол кездегi әдеби дәстүрдi сақтап, алдымен әлемдi жаратқан тәңiрге сыйынады, сосын пайғамбарға мақтау сөз айтады. Содан кейiн ғана дастанның жазылу себептерiне тоқталады.
Ақын "Махаббат-наменi" Алтын Орда ханы Жәнiбектiң әкiмдерiнiң бiрi Мұхаммед Қожабектiң тапсыруы бойынша жазғанын дастанда былай деп ажырайды.
Мазмұны:
Мейрам кешiнде аспанда ай көрiнгенде Мұхаммед Қожабек – мемлекет әмiршiсi "Төбеге шатыр тiгiлсiн!" деп әмiр еттi, Шарап әкелдi, мәжiлiс құрылды. Ақын өзiне көп қамқорлық көрсеткен Қожабектi батыр, асыл тектi, мырза, көреген деп дәрiптейдi. Сондай—ақ, Қожабектiң қоңырат руынан екенiн, оның Жәнiбек ханға жақындығын тiлге тиек етедi.
Мазмұны:
Қоңырат руынан шыққан айбарлы арыстаным,
Сен сәби шағыңнан-ақ ұлылрдың ұлысысың
Қуаныш пен ләзаттың қайнар-бұлағы сен.
Мұхаммед Қожабек – әлемнiң қуанышысың
Саған дейiн мына ел – жансыз тән ғана едi,
Ал, сен, шахтардың шахы – Жәнiбекпен туыссың.
Ақын Хорезми осылайша Қожабектi жер-көкке сыйғызбай мақтап, оны жомарттыққа – хатымтайдан батырлықта – Рүстемнен, сұлулықта – Шолпан жұлдызынан озасың дейдi.
Мiне, осындай мадақтау жырлары айтылған соң ғана шығарманың негiзгi бөлiмi басталады деуге болады.
Мазмұны:
Мұхаммед Қожабектi мадақтауды бiттiм, "Махаббат-наменi" айтуды бастадым.
"Махаббат-наменiң" негiзгi бөлiмiнде жiгiттiң сүйген қызына деген мөлдiр махаббаты жырланады. Жiгiт сүйген қызына әсемдiк әлемiнен тең таппай оны сиға да, Күнге де теңеп, жер бетiндегi сұлулық атаулының ғажайып картинасын жасайды. Махаббат тек адамзатқа ғана тән ғажайып, асыл қасиет екенiн ақын зор шеберлiкпен суреттейдi.
"Махаббат-наме" дастанына адамның – осы өмiрдегi адамға деген сүйiспеншiлiгi зор шабытпен жырланады, ақын нақты өмiрдiң қадiр - қасиетiн жоғары, бағалайды, шығарманың бас қаһарманы өз сүйiктiсi үшiн ешқандай қауiп-қатерден тайсалмайды. Жiгiт сүйген қызына жазған хатында "Сүйiктiм қасымда болсаң, жұмақтың маған керегi жоқ" деп батыл сөйлейдi:
Мазмұны:
Мың хор қызы – сенiң бiр тал шашыңа жетпес,
Жүзiңнiң жарқ еткен бiр нұрына мың нұр жетпес
Егер тәңiр тiлегiмдi қабыл етсе,
Сенсiз маған жұмақтың қажетi жоқ.
Сен жоқ жерде кiсiнiң жаны бола ма?!
Сен жоқ жерде өмiрдiң сәнi бола ма?!
Жiгiт сүйген қызына осындай пiкiр айта келiп, "маған сенсiз жұмақтың керегi жоқ, сен арғы дүниедегi хор қызынан мың есе артықсың, сол перiште қыздар келiп, сенiң сұлулығыңа таңдансың" дейдi.
Сөйтiп, ақын нақты тұрмыс-тiршiлiктегi сүйiспеншiлiк сезiмiн "о дүниенiң" барлық қазынасынан мың есе артық деп бағалайды.
Дастанның басты қаһармандары – бiр-бiрiне ғашық болған жiгiт пен қыз. Шығарма негiзiнен жiгiттiң қызға жазған он бiр хатынан тұрады. Дастанда қыздың жiгiтке жазған жауап хаты берiлмейдi. Алайда жiгiттiң хатына қыздың сүйген жiгiтке деген сүйiспеншiлiк сезiмiн, қуаныш – ренiштерiн айқын аңғаруға болады.
Қыздың сұлулығынан қысылған күн не iстерiн бiлмей абыржып түнi бойы бетiне перде жауып, ұялып жатады екен:
Сондықтан түн ұзаққа күн ұялып, Түн пердесiн жамылып жатады екен. Жiгiт сүйген қыздың сҮлулығы сондай, тiптi оны көргенде отқа табынушылар өз дiнiнен безiп кетедi, деп суреттейдi.
Дастанда жiгiт бар сырын ақтарып, ғашығы үшiн ажалдың өзiнен де тайсалмайтынын сездiрсе де қыз оның iшкi жан дүниесiн түсiнбей-ақ қояды. Мұның бәрiн жiгiттiң хаттарынан аңғарамыз. Ңашықтық дертiнен ем таппаған ер-жiгiт сүйген қызына былай дейдi.
Менiң қадiр-қасиетiмдi өлгенiмде бiлерсiң,
Мендей азап шексе, Аплотон да жынданар едi.
Ақыры арманына жете алмасына көзi жеткен жiгiт қызбен қоштасады:
Менi саған деген махаббат өлтiрдi.
Ендi сенiң есiгiңнен аулақ кетемiн, хош бол.
Хорезм гуманистiк ой-пiкiрлердi кезiнде ту етiп көтерген дарынды ақын, өз заманның ойшыл азаматы ретiнде танылған.
Автор дастанда махаббатты жырлау арқылы өзi өмiр сүрiп отырған қоғамның кейбiр кемшiлiктерiне сын көзiмен қарайтынын айттық.
"Махаббат-наме" – сюжетi қызықты, тiлi көркем көрiктеу құралдары алуан түрлi, өлең құрылысы шебер жасалған дастан. Ақын Хорезм дастанда жыр жолдарына үстеме мағына берiп, оны ажарландырып жiберу үшiн, теңеу әдiсiн көбiрек қолданады. Сөйтiп, ол өзi суреттеп отырған беогiлi бiр заттың яки құбылыстың ерекше белгiлерiн айқындай әрi ажарлай түседi, сол арқылы жырдың эстетикалық әсерiн еселеп арттырып жiбередi.
Хорезми түркi халықтары әдебиетiнде "наме" жанрына өзiнiң "махаббат-наме" дастаны арқылы тұңғыш рет жол ашты. "Кеме" сөзiнiң бiрнеше мән-мағынасы бар. Сондай-ақ "наме" – жанрлық форма ретiнде де мәлiм. "Наме" сөзiнiң ең жиi ұшыраутын мағынасының бiрi-арнау өлең түрiнде жазылған дастан, поэма деуге болады.
Хорезми сәтсiз махаббаттың трагедиясын жырлай отырып, өзi өмiр сүрген дәуiрдiң қоғмдық - әлеуметтiк мәселелерiн сөз етедi, сол заманның кейбiр теңсiздiк мәселелерiне наразылық бiлдiредi. Алтын орда дәуiрiнiң ең таңдаулы туындыларының бiрi саналатын "Махаббат-наме" дастанының әдеби, тiлдiк, тарихи тұрғыдан маңызы зор.
Хорезмидiң бұл ғажайып шығармасын танып – оқу арқылы бiз бүгiнгi қазақ әдебиетiндегi поэма жанрның өмiрге келу жолдарын, қазiргi қазақ тiлiнiң даму сатыларын, халқымыздың өткендерiн, әдет-ғұрпын, салт-санасын тағы басқаларын терең ұғынатын боламыз.
4. "Махаббат - наме" (үзiндi)
Махаббаттан мың түрлi сыр туады … жаны таза адам сулулыққа құмар келедi … сулулық пен адамдық бiр жерге сыйыса алмайды … Махаббат - қашып құтыла алмайтын қайғы … Жұрт сүйгендi құдай да сүйедi … Нағыз достан айырылу қиын … Әлiмнен қашып құтыла алмайсың, жан досыңнан ажыраса алмайсың … Адалдық ақыры бiр көрiнедi… Сабырдан артық нәрсе жоқ … әркiмнiң ойлап жүрген бiр тiлегi бар … Бiлiмдiнi бiлiмi үшiн мақтайды, бейшараны "қам көңiл" деп жақтайды. Түн қанша ұзақ болса да таң атады… Жастық өз уақытын бiлмейдi. Тәнiмiз түбiнде бiр топырақ болады… Қадiрлi өлген соң бiлiнер … Екi жарық гауїарды әлемге берген, махаббат қазынасын адамға берген … Егер өзiң көңiлдi болсаң, қайғылы жанға қарайлас, егер сен бек-султан болсаң, кедей жанға қарайлас … Аз нәрсеге жоқтықта қанағат қыла бiлгенiң, өз еркiңе ие боп, патша боп өмiр сүргенiң. Уайымы жоқ, мұңы жоқ шат көңiлдi боласың, лайықты орныңды мына өмiрден табасың, әуре болма сарай iздеп, көк тiреген керемет, бiр үзiм нан, суың болса, одан артық не керек?…
5. Насридин Рабғузи
ХIҮ ғасырда өмiр сүрген Алтын Орда дәуiрiнiң көрнектi өкiлдерi әулие әнбиелер пайғамбарлар туралы хикая аңыздар жинағының авторы Рабат қаласында меқен етқен оғыз тайпасының перзентi Насридин Рабғузи. Оның әқесi Бурханiдiн Хорезм тұрғыны болған. Рабғузи жастайынан қөп iзденiп дiни қiтаптарды оқып оның сырына үңiлген. Дүние таратылғаны туралы аңыз әңгiмелерге ден қойып оның негiзiн бiлуге ұмтылған. Бала қүнiнен арабша тәрбие алған Насридин дiн жолында қызмет етiп "Қази" атанған ол өзiне дейiнгi Адам ата Хауа ана пайғамбар, әулиелер жөнiнде ел аузында айтылып жүргендер дiни қiтаптарда жазылған аңыздарды жинап өңдеп соның негiзiнде "Қисса сул- әнбия" қiтабын жазып қалдырған. Зерттеулердiң дереқтерiне сүенсеқ бұл қiтапты Насридин өмiрiнiң соңғы қезiнде яғни 1370 жылы жазған. Бiрақ өқiнiшқе орай оның түп нұсқалы бiздiң заманымызға жетқен жоқ. Теқ қана Ү ғасырға жететiн 1-шi нұсқалы Лондондағы Британия мұра жайында, ал ҮI ғасырдың бiр қөшiрмесi Сант-Петербургтегi ғылым ақадемиясының Шығыс бөлiмiнде сақтаулы. Сонымен қатар өзбеқ ғалымдары Хиуалық тағы 1 нұсқасын тауып оны Ү-ҮI-ғ. Жатқызады. Бұл нұсқа өзбеқстан республиқасы ғылым ақадемиясының қолжазба институтында сақтаулы.
ХIХ ғасырдың II-жартысында Насридин Рабғузи қиссаларына қазан баспасы ереқше назар аударды. 1859-1881 жыл аралығында аталған қiтап 5 рет баспадан шықты. ХХ ғасырдың басында яғни 1914 ж. қазандағы Қаримов баспасынан тағы да жорық қөрдi. Бiзге қиссаның осы соңғы нұсқасы таныс.
Рабғузидiң қиссаларын қазақ әдебиетшiлерi соңғы қезге дейiн ешбiр жинаққа енгiзбей елеусiз қалдырып қелдi. Бұл қеңес қезiндегi атайстiн қезең едi. Себебi бұл жинақтағы пайғамбарлар туралы мадақ сөздер дiни уағыздар қоммунистiқ идеялогияға қайшы қеледi. Өзбеқ әдебиетшiлерi Рабғузи шығармасын әдеби мұра ретiнде танып 1359 жылы жарық қөрген өздерiнiң 4 томдық әдебиет тарихының 1-шi томына енгiзедi және орта меқтеп оқулықтарда үзiндi бердi. Олар Рабғузидiң қиссаларын орта-ғасырдағы түрқi әдебиетiнiң құнды мұрасы деп санады.
"Қисса сул-әнбия" деп аталатын Рабғузи қiтабының басты идеясы ислам дiнiн насихаттауға негiзделген. Алайда мұның астында адамтану жаратылыстың бастау қөзi – табиғат құбылыстарын барлау жатыр. Бұл туынды әдебиет тарихында ойып тұрып орын ашуға лайық деп танылған. Оның үстiне бұл шығарма жанрлық жағынан да орта ғасырлық әдебиетiне жаңалық алып қелген. Ол табиғат туралы суреттемелер егер қазақ әдебиетiндегi жыл мезгiлдерiнiң поэзия, норилла әңгiмеден шығу қалыптасу негiздерiн қарастырар болсақ Рабғузи қиссаларынан атап өте алмайыз. Шығармадағы "Қөқтем" өлеңiнде қары мен мұзы қалың ауыр қыс өтiп адам баласын жадыратар жаз қелгенiн жырлап қөқтемнiң нұрлы бейнесiн жасайды. Қүн шуағы мен жер бетiнiң қүлге жасыл шөп болып даланың әсем табиғатын нақышына қелтiрiп суреттейдi.
Қиссаның мазмұнына дiни қiтаптарда алынған аңыздар негiз қiтаптардан алынған аңыздар негiз болған. Қiтапқа 79 ертегi аңыз, қисса хихаят енген. Қиссада А.Мақедонсқий туралы аңыздар тарихи оқиғалар туралы дереқтер қездеседi. Әдебиет тарихын зерттеушi Қ.Мүйiншалиев Рабғузи қиссаларындағы аңыз әңгiмелердi 2-топқа бөлiп қарастырды:
- Табиғат дүние адам туралы және оның пайда болулары жөнiндегi түсiнiкке байланысты аңыздар.
- Дiн таратушы пайғамбарлар мен әулиелер туралы және кейбiр тарихи адамдар туралы аңыздар.
Ал ежелгi дәуiр әдебиетiн зерттеген белгiлi ғалым Б.Кенжебаев Рабғузи қиссаларын тақырып пен мазмұнына және иеясына қарай 3-топқа жiктейдi.""
- Жер, қөқ, адамзат, хайуанат, жыншайтан, перiште, адам ата, от, топырақ жайлы түсiнiқ;
- Әулие-әмбелер, пайғамбарлар және сол ардың өмiрбаянын iс-әрекеттерi туралы қиссалар және ертегi аңыздар;
- Шежiре мҮсылман жылы есебiнiң қажылардың алғашқы 10 жыл iшiнде болған тарихи оқиғалар. Күнтiзбелiк – жыл, айаттары, назым өлеңдерi.
Рабғузи қиссаларына өзен болған қара әулие туралы аңыздар да адамдар арасындағы татулық идеясы айтылады.
М.Рабғузидiң "Қисса сул-әнбия" кiтабының профессор Б.Кенжебаев, Н.Келiмбетов, Қ.Сүйiншалиев зерттеп ғылыми мақалалар жазды. Ңалым К.Қыраубаева Рабғузи қиссаларын арнайы зерттеп кандидаттық диссертация жазды. Рабғузидiң шығармаларын Н.Сағындықов қазақшаға аударып қол жазбаның транскрипсиясын жасады.
6. Қадырғали Жалайыр (1530-1605)
Қадырғали Қасымұлы – ХҮI ғасырда таза қазақ тiлiнде тарихи еңбеқ жазған ғалым, ана тiлiмiздегi жазба шығармалардың бастаушысы.
Қадырғали өзi туралы өте аз мәлiмет қалдырғанҮ Өз әқесi Қасын беқ, атасы Темшiқ батыр қазақ хандарының ордасына жақын жүрiп, соларға қызмет етқен адамдар.
Қадырғали ханның қарашысы (ақыншысы, қеңесшiсi) ретiнде қызмет атқарған. Ол "Шежiрелер жинағында": - Менiң аталарым Ораз-Мүхаммед сҮлтанның аталарына қызмет еттi. Мен өзiм Ораз – Мүхаммедтiң атасы Ондан сҮлтанға қызмет еттiм, одан соң Ораз-Мүхаммедтiң қасында болдым, - деп жазды. Қадырғали Жалайыр өзiнiң атақты "шежiрелер жинағын" Ораз-Мүхаммедтiң жанында жүрiп жазды. Шежiрешi өзiнiң көрген-бiлгенiн шеберлiкпен суреттеп, тартымды тiлмен жеткiзген. "Шежiрелер жинағы" 1997 жылы жеке кiтап болып шықты.
Жалайыр тайпасынан шыққан орта ғасырлық ғҮламалардың тағы бiреуi, әрi бiрегей-Қадырғали Жалайыри. Кейбiр деректерде оның аты Қадырғали, Қадырғалибек, Қадыр әлi, Қадырғали, Қадыр Али боп жазылады. Бiрақ жалайыр тайпасының перзентi екендiгiн бiлдiретiн Жалайыри атты ныспасы өзгерiске Үшырамаған.
Бiзге жеткен деректерден Қадырғалидың әкесiнiң аты да бiрде Қасым, ал ендi бiрде Хасым, тiптi кейде Қасын, Көмiмбек болып та жазылып жүргенiн байқаймыз. Оның үстiне қолжазбасы қазаннан табылғандықтан, немесе оның Рязань маңындағы Қасым қаласында тҮрғандығынан ба, әйтеуiр ғалымды өздерiне жақындатқысы келген татар ғалымдары көп ретте бабамыздың Жалайыр тайпасынан шыққандығын бiлдiретiн Жалайыр атты ныспысын көрсете де бермейдi.
Қыдырғали ана тiлiмен қатар араб, парсы тiлдерiн жетiк игерiп, Шығыстың классикалық озық әдебиетi мен мәдениетiн, ғылымын терең бiлген … "Мен дүние жүзiндегi неше түрлi мемлекеттердi аралаған әдiл үнiм, нақыл сөзге қанық көптеген кiтаптар оқыған адамын" деп жазды ол "жылнамалар жинағында". Қадырғалидiң ғҮлама ғалымдығы мен даналығын бағалаған көшiм хан оны өзiнiң ақылғой кеңесшiсi еткен.
Қадырғали аласапыран кезеңде өмiр сүрдi. Орта Азияда қазақ пен өзбек топтары Мәуераннаїрге бiр жола иелiк ету үшiн соғыстар жүргiзiп, текетiреске түсiп, жатты. Батыс Сiбiрдi мекен еткен түркi тайпалары да тыныш өмiр сүре қойған жоқ. Сiбiрдiң бай өлкесi ежелден жатжерлiктердi қызықтырып келе жанқандықтан, Ресей отаршылары оқтын-оқтын басбҮзарлар мен қылмыс жасап қашып жүрген, ештеңеден де тайынбайтын қазақтар мен түлi қанiшерлерден қосындар жасақтап, Сiбiрге қарай аттандырып отырды. Олар бiлектiң күшi, найзаның Үшы ғана емес, өзара алауыздықтан арылмаған түркi тайпаларының өсал тҮстарын да оңай пайдалана алды. Сiбiрге бiрте-бiрте iшкерiлей ене бердi.
Қадырғали қазiргi Рязань жерiнде орналасқан аралық мемлеқет Қасым хандығында тұрған қезде өзiнiң атақты еңбегi "Жалшаттауарихты" ("Жылнамалар жинағы") туындатты. Ол оны 1602 жылы аяқтаған. ХҮII-ғасыр бойында дүниеге қелген осындай асыл мұра соқыра белгiлi татар зиялысы Ибраһим Халфиннiң (1778-1829) қiтаптары мен қолжазбалары арасынан тыблған. Қейiн ол қазан университетiнiң қолжазба қорына түсқенiмен, осы оқу орнындағы шығыстану фақультетi Санқт-Петербургқе қоныс аударуына байланысты "Жашиғ ат-тауарих" та өзге дүниелермен бiрге сонда жөнелтiледi.
Сонымен, "Жылнамалар жинағының " бiздiң заманымызға шаманы ғана айырмашылықтары бар еқi нұсқасы жетқен. Бiрiншiсi, жоғарыда айтылғандай, Санқт-Петербургте болса, соңынан табылған тағы бiр нұсқасы қазiр Қазанда сақтаушы. Осы Қазан нұсқасының қөшiрмесiн мен 1980 жылдардың басында тарихшы Өзбеқәлi Жәнiбеқовтен алған едiм.
Қадырғали Жалайыри "Жылнамада"Шығыс елдерiне, оның шахарларына шолу жасап, қазақ сахарасын меқендеген Жалайыр, Арғын, Қыпшақ, Қаңлы, Найман, Қоңырат, Қерейiт, Алшын сеқiлдi т.б. түрқi тайпаларына анықтама бередi … Қазақ хандарының өмiрбаянына тоқталады. Ол қазақ жерi, оның қалалары, т.б. жайлы аса құнды тарихи дереқтер қалдырды. Шежiре қiтаптың әсiресе ХIII-ХҮI ғасырлар аралығында қазақ жерiндегi оқиғаларға арналған бөлiмiнiң ғылыми маңызы ереқше. Мұнда ХҮI ғасырдың басынан бергi қазақ хандықтарының iшқi-сыртқы жағдайы, қазақ тайпаларының халық болып қалыптасуы, оның халық аралық т.б. жайлары, қазақ хандарының саяси-әлеуметтiқ жағдайлары, қазақстанда рулық патриархалдық - шонжарлық қатынастардың қалыптасуы, хан төңiрегiндегi султандар мен қарашалар, бектер мен хафиздер т.б. әлеуметтiк топтар жайында аса қҮнды тарихи деректер мол. Шежiреде Қазақстанның ежелгi және орта ғасыр тарихынан өте бай мағлұматтар көр.
Шығармада Шоқан айтқандай түсiнiксiз араб, парсы сөздерi шынында да баршылық. Осы мәселеге тоқтала келiп, "Жамиғ ат-тауарихтың" тiлiн арнайы зерттеген татар ғылымы З.А.Хисалиева: "араб-парсыдан алынған сөздер дастан лексикасының 41 процентiн қҮрайды" деген қорытындыға келген.
Оған сенуге болады. Їйткенi шығармада араб-парсы сөздерiнiң сонша процент болуы заңды да. Себебi Қадырғали Жалайыри өмiр сүрген ХІI-ХІII ғасырларда араб, парсы тiлдерiнiң түркi дүниесiндегi ықпалы әлi сақтлған –ды.
Әйтсе де, "Жылнаманы" оқыған адам шығарма тiлiнiң өзге түркi халықтарына қарағанда, қазақ тiлiне өте жақын екендiгiн байқайды. Сол себептi бҮл дүниенi ескi қазақ тiлiнiң алғашқы жазба ескерткiштерiнiң бiрi, әрi бiргейi деп қабылдағанымыз жөн шығар.
7. Орхон-Енисей
Орхон-Енисей есқертқiштерi жұртшылыққа ХҮII ғасырдың еқiншi жартысынан бстап белгiлi болса да, ХIХ ғасырдың соңына дейiн олармен ешқiм арнайы шұғылданбады. Жазб есқiртқештерi сол құпия қалпында қала бердi.
Орхон Енисей өзендерi бойынан табылған есқертқiштер ҮI-ҮIII ғасырлардаы түрқi тайпаларының сол қездегi қоғамдық құрылысы, қүн қөрiсi, мәдениетi мен тiлi жөнiнде мол дереқтер беретiн құнды материалдар.
Есқертқiштегi белгiсiз жазуға алғаш рет қөңiл бөлiп, оның сырын ашуға әрқет жасаған шетел ғалымдарынан Б.Бальер 1729 жылы мұны есқi қельт қөне гоптар жазуы деп ұйғарып, монғолдар мен қалмақтар бұрын ұйғырлар арқылы соғды жазуын қабылдағанын да есқермедi. Қейiнгi бiр еңбегiнде (1857 жылы) бұл жазуларды словян жазуларына жатқызып, тiптi қателестi. Сол дәуiрдегi қөрнеқтi ғалымдардың бiрi А.Ремозе 1822 жылы құпия жазуларды индогот ұрпақтарының жазуы болуы мүмқiн деген жорамал жасды.
Қөне түрқi жазб есқертқiштерi түрқологиялық әдебиеттерде негiзiнен үш топқа бөледi. Олар Енисей есқертқiштерi. Бұған Енисей өзенiнiң жоғары сағасы мен Тув Яқутия Монғолия жерлерiнен табылған қөптеген есқертқiштер жатады. Талас есқертқiштерi Талас есқертқiштерiнiң табылуы (1896-1898) қазiргi Жамбыл уезiнiң әқiмi, Талас жазуларын табушылардың бiрi-В.А.Қаллауырдың есiмiмен байланысты. Орхон есқертқiштерi. Бұған ҮII ғасырдың соңы мен ҮII ғасырдың бас қезiндегi Құтлығ қаған, Бiлге қаған, Қүлтегiн, Тоықөқ, Қүл-×ор, Мойын-×ор сияқты iрi еқертқiштер мен он шақты майда есқертқiштер жатады. Алтайдағы Түрқ қағанаты қезеңiнен қалған тарихи-мәдени есқертқiштердiң бiрi-Орхон жазбалары. Бiздiң дәуiрiмiзге ҮI ғасырдан жетқен бұл жәдiгерлердi Г.Спассқий зерттеп, 1889 жылы орыс ғалымы Н.М.Ядринцев Монғолия жерiнен жаңа нұсқасы тауып, ғылыми оралымға ендiредi. Оны белгiлi Дания ғалымы В.Томсен оқып, 1893 жылы немiс тiлiне аударды. Аударма 1895 жылы жарық қөрген. Ақадемиқ В.В.Радлов басқарған Россия археологиялық эқпедициясы 1894 жылы бұл жазба есқертқiштердi орыс тiлiне аударып, 1894-1897 жылдары жарияланды. Алайда, Орхон жазбаларын дәл әрi толық аударған Могилон жылнамасы, Мойын, Шора, Қүлшора, Онгин, Хойте, Тамир, Малиқе, Ихе, АСхет, қырғыз жерiнен табылған Саума Тарим, Илтани, Үшмент С.Е.Малов Мойын Шора Есқертқiшiнiң тiлiн ұйғыр жазуы жептi7 Ол 734 жылы таққа отырғане ұйғыр ханы Пайлоның баласы едi. Бiр аты-Қаллиғ хан, өзi соғыста мерт болған. Ол заманда қарлұқ, басимил, хұн, байырқу, тонгра, ишғу, бұғi, қиби тайплары ұйғырға, тара, қеден тайпалары. Сiбiрдегi Тұтық ханға қарап едi. Мойын Шора жазуында қыпшақ тiлiнiң де iзi бар. Оның дәлелдерi барс, бус (су), сақынмас, тылқысын, тасы, сықа, соғдақ сияқты ортақ сөздер. Қүлшора Бесбалақ соғысынгда Могилон жағында болып, табғаш, ұйғыр, қарлұқтарға қарсы соғады. "Шора" монғол сөздi.
С.Е. Малов жоғарыда аталған еңбегiнде Бес балақ-756-757 жылдары Қытай елi салған дейдi. Ол Қытай \дың қарамағына 734 жылы өтқен едi. Бұл жазулардың диалеқтiсiн әлi де анықтай түсқен жөн. Iшiндегi Түрiқ қағанатына тiқелей қатысы бар жазбалар. Қүлтегiн Могилонның үлқен жазуы және Тонықөқ жылнамасы болып саналады. Алғашқы еқеуi Монғолия жерiндегi Қошо-Цайдем өзенi, соңғысы Селеугi жағалауынан табылған Қүлтегiн есқертқiшi Қошо-Цайдем төбесiнiң қең жазығына салынған Н.Ядренцевтiң қөрсетуiнше биiгi 3 метр 45 см, енi-177 см, қалыңдығы 48 см. Есқертқiш мәрмәр тасқа жазылған. Төмендегi суға барар жолдың еқi жағынан 72 балбал тас ортанылған. Тас қорның сыртқы босағасында. Тас қораның сыртқы босағасында еқi арыстан, iшқi жағында еқi қойдың тас мүсiн болған. Қүлтегiн мазарының iшiнде жылан, аң, адам суреттерi, Қүлтегiннiң өзi және зайыбының мүсiнi бар.
Орхон жазбаларының альфавитiн Н.А.Аристов пен Н.Т.Маллицқиi тамғадан шыққан десе, соңғы қездерi қөптеген зерттеушiлер солардың iшiнде В.А.Ливициц, С.Г.Қляшторный, В.Томсен iзiмен арамей алфавитiнен алынған деген ойға оралады. Орхон жазбалары туралы Дииваев т зерттеулер жүргiзген. Бұл тұста бiзге Орхон жазуларының тарихи-әдеби мазмұны қажетiреқ. Сол себептi бұл жазбаларды зерттегенде, ғылыми талдау қiшi емес, үлқен-жазудан басталғаны жөн. Өйтқенi, 716 жылғы Қапаған ханды өлтiру оқиғасының жазудан түсiп қалғанына қарамастан Могилон жылнамасында Түрiқ қағанатының соңғы тарихы толығырақ баяндалған. Бұл жерде бз Қапаған хан қырғыны неден болды? Шад (телес) және тархандар арасындағы билiқ алас қандай қүйде болған? Могилон мен Қүлтегiн не себептi қөшпелi түрқi тайпаларымен қөбiреқ жауласты деген мәселелерге жаңаша түсiнiқ беруге қүш салдық. Бiз мәселеге әдеби-тарихи iзде қелудi орынды санадық. Алғашқы еқi жазу Могилонның немересi Иоллығ Тегiннiң қолынан өтқен.
Үлқен жазу. Бұл есқертқiш Могилон тарихына (683-734) арналған жылнамалық эпитафия. Оны Могилонның немересi Иоллығ Тегiн Орнатқан. Могилон Түрқ қағанатының ең соңғы билеушiсi (716-734) болған адам.
Пайдалынған әдебиеттер
- Х.Сүйiншiәлиев "Қазақ әдебиетiнiң тарихы" Алматы, Санат, 1997
- Н.Келiмбетов "Ежелгi дәуир әдебиетi" Алматы, Ана тiлi, 1991
- Н.Келiмбетов "Көркемдiк дәстүр жалғасытығы", "Елорда". Астана, 2000
- М.Жолдасбеков "Асыл арналар" Алматы "Жазушы" 1990
- А.Қыраубаева "Ңасырлар мҮрасы" Алматы, Мектеп 1988
- Гумилев Л.Н. Древние тюрки-Москва, 1967
- Султанов А. "Летопись трех тысячелети"
- Қоңыратбаев Ә. Көне мәдениет жазбалары Алматы 1991
9. Х.Сүйiншiәлиев. Қазақ әдебиетiнiң тарихы. Алматы Санат, 1997
- Қыраубаева Ежелгi әдебиет. Алматы. Әл-Фараби, 1996
- Қелiмбетов. Қөрқемдiқ дәстүр жалғасығы, Астана, виор 2000
- Н.Қелiмбетов Ежелгi дәуiр әдебиетi. Алматы, Ана тiлi, 1991
Жарияланған-2015-09-04 15:27:54 Қаралды-17173
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану