UF

 

 

Тақырыбы: «Шөл және шөлейт аймақтарда жайылымдық өсімдіктерді жерсіндірудегі экологиялық шектеулер»

 

 

Шымкент 2013

 

мазмұны

  бет

 

 

нормативтік сілтемелер............................................................

3

 

белгілер мен қысқартылған сөздер...................................

4

 

Кіріспе...................................................................................................

5

1

әдебиеттерге шолу.......................................................................

8

1.1

Шөл аймақтағы мал азықтық өсімдіктерді өсіру тарихы...................

8

1.2

Өсімдіктерді жерсіндірудің теориялық негіздері...............................

11

2

негізгі бөлім......................................................................................

18

2.1

Зерттеу әдістемелері..............................................................................

18

2.2

Қуаңшылыққа төзімді мал азықтық өсімдіктердің тектік

қорын құру………...................................................................................

21

2.3

Жергілікті табиғи  мал азықтық өсімдіктер 

байлығын анықтау және пайдалану......................................................

22

2.4

Өсімдіктерді әртүрлі аймақтардан және ғылыми-зерттеу мекемелерінен алынған үлгілерін сынау……………..........................

23

2.5

Құрғақ аймақта өсетін мал азықтық өсімдіктердің

экологиялық-биологиялық ерекшеліктері мен шаруашылық

қасиеттері...............................................................................................

23

2.5.1

Жартылай бұталы немесе шалабұта өсімдіктер...................................

23

2.5.2

Изен туысы..............................................................................................

23

2.5.3

Теріскен туысы.......................................................................................

43

2.6

Қуаңшылыққа төзімді мал азықтық өсімдіктерді

жерсіндірудің экологиялық маңыздылығы және        

экономикалық тиімділігі........................................................................

58

 

қорытынды........................................................................................

62

 

 

пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................................

63

 

 

 

Нормативтік сілтемелер

 

Дипломдық жұмысты дайындау кезінде мынадай үлгі-талаптарға сілтемелер жасалды:

 

1. МҮТ 7.32 – 2001 мемлекетаралық үлгі-талап. Ғылыми-зерттеу жұмысы жайындағы есеп. Құрылымы мен рәсімдеу ережелері.

2. МҮТ 7.1 – 84. Ақпарат, кітапхана және баспа істері жөніндегі үлгі талаптар жүйесі. Құжаттың әдеби көрсеткіштер сипаттамасы. Құжат жасаудың жалпы талаптары мен ережелері.  

 

 

 

Белгілер мен Қысқартылған сөздер

 

Бұл дипломдық жұмыста келесі белгілер мен қысқартулар берілген:

 

млн. – миллион

км. – километр

ккал/см2 – килокалория/шаршы сантиметр

рН – топырақ ортасының реакциясы

  • - ескерту

ц/га – 1 гектар жерден центнер есебінен алынған өнім мөлшері

АЭЗ – азотсыз экстрактивті заттар

НСО3 – көмірқышқыл қалдығы

СО3 – карбонат қалдығы

СО2 – карбонат қалдығы

Р2О5 – фосфор тотығы

К2О – калий тотығы

4 – күкірт тотығы

 

Кіріспе

 

Тақырыптың маңыздылығы. Қазақстан Республикасының алдағы тұрған өзекті мәселелерінің бірі ауыл шаруашылығын тұрақты дамыту. Аталған мәселені шешуде мал шаруашылығының алар орны ерекше, ал оның тұрақты дамуы жемшөп қорымен және жайылым шаруашылығының жағдайымен тікелей байланысты.

Қазақстандағы шөл және шөлейт жерлеріндегі табиғи жайылымдардың көлемі мол болғанымен, олардың өнімділігі төмен әр түрлі жылдар мен жылдың маусымында шығымдылығы күрт құбылып отырады. Сондай-ақ бұл жерлердің жазықты болып келетін және ашық жататыны, топырақ алқаптардың көлемділігі, құмақ және құмшауыт топырақты алқаптардың көлемділігі, күшті өкпек желдердің жиі болатыны, ауа райының өте құрғақ екені белгілі. Дегенмен, жайылымдарды игеру барысында бұл ерекшеліктер ескерілмей, оларды жүйесіз пайдалану етек алды, сақтау мен пайдалану арасындағы теңестірілген қатынас сақталмады, соның салдарынан онсызда экологиясы күрделі шөл жайылымдар тозып, өсімдік байлығы сирей бастады.

Сайып келгенде мұның бәрі мал шаруашылығының дамуына кері әсер етіп, ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің тұрмыс-тіршілігінің төмендеуіне, қоршаған ортаның экологиялық дағдарысқа ұшырауына әкеліп соқтырды.

Ғылымның жетістіктері шөл экологиясының жағдайын жақсартудың және жайылым өнімділігін көтерудің тиімді шараларының ең бастысы екпе жайылымдар жасау екенін дәлелденді. Бұл істі іске асыру негізінен табиғи өсімдіктерді жерсіндіру арқылы жүргізіледі.

Зерттеу жұмыстарының жаңалығы. Шөл аймақта мал азықтық өсімдіктерді өсіру өткен ғасырдың 30-40 жылдарынан басталғанымен, оларды жерсіндірудің ғылыми негіздерін зерттеу жұмыстары 80-ші жылдардан бастап ғана қолға алынды.

Жерсіндіру жұмысының Қазақстанның оңтүстік шөлі үшін маңызы ерекше. Себебі мұндағы табиғи жайылымдардың өсімдік жиынтығы толық емес және бағалы  мал азығындық өсімдіктер түрі жүдеп барады. Осыған байланысты жайылымдардың шұрайлығын арттыру мен өсімдік байлығын молайту мақсатында жергілікті шөл жайылымында кездеспейтін, сондай-ақ сиреп бара жатқан өсімдіктер түрін жинап, тектік қорын құру мен жан-жақты зерттеу және оларды жерсіндірудің ерекшеліктерін ғылыми түрде негіздеу өзіндік назар аударуды талап ететін зерттеулердің санатына жатады. Атап өтер жағдай, ол бүгінгі таңда еліміздің өсімдік әлемінің генетикалық байлығын сақтау, зерттеу және тиімді пайдалану мәселелері мемлекеттік басты ұстамдарының қатарына жатқызылып отырғаны белгілі.

Зерттеу жұмыстарының мақсаты мен міндеті. Жайылымды жақсар-тудағы зерттеудің негізгі мақсаты Қазақстанның оңтүстік шөлі аймағында қуаңшылыққа төзімді мал азықтық өсімдіктерінің тектік қорын құру, оларды жерсіндірудің ғылыми негіздерін анықтау және өндіріс  жұмыстары үшін оңды түрлерін іріктеу.

 

Қойылған мақсатты шешу үшін төмендегі міндеттер қаралады:

  • жергілікті және басқа ботаникалық-географиялық аудандарда таралған  мал азықтық өсімдіктерінің тектік қорын құру;
  • құрғақ аймақтың жер бедерінің, климатының және өсімдік жамылғы-сының эволюциялық дамуына байланысты мал азықтық өсімдіктерінің түрлеріне экологиялық-географиялық және экологиялық-тарихи талдау жасау;
  • қуаңшылыққа төзімді мал азықтық өсімдік түрлерінің экологиялық-биологиялық ерекшеліктерін зерттеу;
  • жерсіндіру нәтижесінің өсімдіктердің түрлі ботаникалық-география-лық жағдайда таралуы мен топырақ түріне байланыстылығын анықтау;
  • өндіріске еңгізу жұмыстары үшін бейімді түрлер мен үлгілерді іріктеу;
  • бейімді түрлерді жерсіндірудің экологиялық және экономикалық тиімділігін анықтау.     

Зерттеу жұмыстарының практикалық маңызы. Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары Қазақстанның оңтүстік шөлінде, Орталық Азия мен Россия құрғақ аймағында өсетін мал азықтық өсімдіктердің 7 тұқымдастыққа, 13 туысына жататын 255 түрі мен үлгілерін зерттеді. Ғылыми деректерге сүйене отырып оларға экологиялық-географиялық және экологиялық-тарихи талдау жасалынды.

Тәжірибе жүзінде мал азықтық өсімдіктердің биологиялық және экологиялық қасиеттері зерттеліп, өсіп-даму ерекшеліктері анықталды. Алынған деректер осы бағыттағы ғылыми ізденістерді толықтыра түсті.

Мал азықтық өсімдіктердің түрлі ботаникалық-географиялық аймақтарға таралуына және өсу ортасына байланысты жерсінуге бейімделгіштік қасиетінің біркелкі емес екендігі белгілі болды.

Зерттеудің теориялық құндылығы Қазақстанның оңтүстік шөлінің табиғи жағдайының ерекшеліктері ескеріле отырып мал азықтық өсімдіктерді жерсіндірудің ғылыми негіздерін жетілдіруде болып табылады.

Академик С.Ә.Әбдіраймов, А.Сейткәрімов көпжылдық зерттеулер кезінде анықталған жерсіндірудің жалпы және жеке заңдылықтарын пайдалану, келешекте мал азықтық өсімдіктерді ғылыми негізде өндіріске енгізудің нәти-желі болуына, сөйтіп табиғи жайылымдардың биологиялық алуан түрлерін кө-бейтуге және шұрайлығын арттыруға мүмкіндік береді. Бүгінде Қазақстанның оңтүстік шөлі аймағында қуаңшылық мал азықтық өсімдіктерінің 200-ден астам түрлері мен үлгілерінің тектік қоры құрылды.  Зерттелген өсімдіктер бұта және ағаш тектес 36 түрі мен үлгілері іріктелініп алынды. Олардың ішінде шытыршық, таспа, изен, теріскен, күйреуік, шоған, жүзгін және қара сексеуілдің төзімді үлгілері 14 жаңа сорттар шығаруға негіз болды.

Сонымен қатар қуаңшылыққа төзімді мал азықтық өсімдіктерінің тектік қорын құру мүмкіншілігі, құрғақ аймақта өсетін мал азықтық өсімдіктерінің биологиялық-экологиялық қасиеттерінің қалыптасуы бүгінгі және өткен эко-логиялық жағдайлармен байланыстылығы, олардың түрлі флоралық аудан-дардан алынған түрлердің Қазақстанның оңтүстік шөлі аймағында өсіп-даму ерекшіліктері, Қазақстанның оңтүстік шөлі аймағында мал азықтық өсімдіктер түрлерін жерсіндірудің заңдылықтары, зерттеу жұмысының экологиялық және экономикалық тиімділігі анықталды.

Біз өз жұмысымызда шөл, шөлейт аймақтарында кеңінен таралған изен және теріскен тұқымдас құнарлылығы жағынан жоғары өсімдіктерді жерсін-діруді қарастырамыз.

Жұмыстың көлемі мен құрылымы. Дипломдық жұмыс 65 бетке компьютерлік мәтінмен терілген, 18 кесте, 6 сурет, кіріспеден, зерттеу нәтижелерінен, қорытынды және 41 әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

 

1.1 Шөл аймақтағы мал азықтық өсімдіктерді өсіру тарихы

 

Өткен ғасырдың 50-60 жылдарынан бастап Қазақстанның жайылымдық мал шаруашылығының қарқынды дамуы жемшөпке деген қажеттілікті тудырды. Осыған байланысты бұл мәселені шешу үшін шөл аймақтық жемшөп шаруашылығы дами бастады. Оның жеке сала болып қалыптасуына ботаника, өсімдік тану, егіншілік, т.б. ілімдер негіз болды. Әсіресе ботаниканың басты бағыттарының бірі жерсіндіру (интродукция) ілімінің орны ерекше. Себебі шөл аймақта жайылым шұрайлығын арттыру, екпе жайылымдар жасау бірінші кезекте табиғи өсімдік байлығын пайдалану арқылы жүргізіледі.

З.Ш.Шамсутдинов Өзбекстанның шөл аймағында биологиялық және фитоценотикалық ерекшелі, кеңістік пен орта байлығын толық игеретін ағаш тектес, бұта, жартылай бұталы, шөптесін өсімдіктердің флуктуациялы, мау-сымды, қатарлы, сукцесиялы және функционалды сиымды түрлерден тұратын көптүрлі екпе жайылымдардың экологиялық, шаруашылық маңыздылығының жоғары екенін көрсетті.

Табиғи өсімдік байлығы жерсіндіру жұмысының негізгі қоры болып қала береді. Дегенмен бұлардың ішінен нақты бір экологиялық жағдайға шыдамды немесе шаруашылық қажетке лайық өсімдіктерді іріктеп ала қою қиын. Сондықтан жерсіндіру ғылымының міндетіне керекті өсімдік түрін алдын ала болжап таңдап алу және тәжірибе жүзінде дәлелдеу жатады. Бұл ғылыми ізденісті жүргізудің теориялық негізіне Ч.Дарвиннің түрлердің пайда болу туралы эволюциялық ілімі және осы ілімді мәдени өсімдіктерге қатысты әрі дамытқан Н.И.Вавиловтың мәдени өсімдіктердің шығу тегі және көптүрлілік орталықтары туралы ілімі жатады. Н.И.Вавилов жерсіндіруді түрлердің тарихи, экологиялық-географиялық тұрғыдағы танымынсыз және олардың эволюциясынсыз ойлауға болмайды деп ерекше тоқталған. Ал өсімдіктің жерсіну қабілетін болжауға мүмкіншілік беретін алғашқы материалды білу, олардың шығу тегін және географиялық шоғырлануын анықтау жерсіндіру ілімінің арқауы екенін айтқан.

Өсімдікті жерсіндіру деп адам баласының бір мақсатпен белгілі табиғи-тарихи кеңістікте бұрын кездеспеген өсімдік түрін өсіру немесе жергілікті табиғи жағдайдан екпе өсімдікке айналдыру үшін бағытталған

К.Б.Боранғазиев Қазақстандағы көптеген мал азығындық дақылдардың кең таралуына жерсіндіру ілімінің алар орнын айта келіп, жабайы өсімдіктер байлығын зерттеу жұмыстары жемшөп қорын молайтуға және жайылымды түпкілікті жақсарту мақсатына пайдалануға болатын экологиялық төзімді, жоғары өнімді бағалы түрлер мен үлгілерді іріктеп, оларды екпе дақылға айналдыру, көбейту және шаруашылыққа кеңінен енгізу бағытында жүргізілуі тиіс деп атап көрсетті.

Шөл-шөлейт аймақтың табиғи шөптерін пайдалану XIX ғасырдың соңында басталған. 1895 жылдан бастап Орта Азияда темір жол салу жұмыс-тарының басталуына байланысты сусымалы құм бұйраттарын бекіту мақса-тында орыс ғалымы В.А.Палецкийдің жетекшілігімен Ресейден және Африка-дан алып келген біраз өсімдіктер егіледі. Көпжылдық зерттеулер нәтижесінде үрме құмға тосқауыл ретінде қарабарқын, қандым, қоян сүйек, сексеуіл тиімді екені дәлелденеді және бұл өсімдіктердің алғашқы жасыл желектері Ташкент-Ашхабад теміржолы бойында пайда болады.

Ресейдің оңтүстігінде жалғасын тапқан келесі зерттеулердің дені изен, теріскен, жусан, жүзгін, сексеуіл ағаштарын құмды алқаптарды бекіту мен желден қорғайтын жолақтар және басқа мақсаттарға пайдалану ерекшелік-теріне бағытталды.

1923 жылдан бастап далалы шөл және шөлейт аймақтарда басталған экспедициялық зерттеулер көптеген жабайы өсімдіктердің мал азықтық құнар-лығын анықтап, оларды екпелі жайылым жасау үшін пайдалануға жол ашты.

Бұл бағытта алғашқы жұмыстар Ресейдің Саратов, Астрахань, Волгоград облыстарында, Қалмақ АССР-да жүргізілді. Ұлы Отан соғысына дейін негізінен изенді өсіру басым  болды.

А.Д.Дударь Ставрополь жерінде өсетін изен үлгілерінің жоғары өнімді-лігін айта келіп, сортаң топырақты жерлерде саздақты изенді, ал құмды және құмшауыт жерлерде құмдақты изенді өсіруді ұсынды. Басқа осы сияқты жұмыстар жергілікті түрлердің басымдылығын көрсетті.

Қалмақ Рреспубликасының шығыс аймағында сыналған 100-ден аса өсімдіктер ішінен жергілікті изен, жусандар ерекшеленген. Ал жергілікті жерде кездеспейтін өсімдіктерді жерсіндіру кезінде Өзбекстаннан алынған теріскеннің мүмкіншілігі жоғары екені анықталды. А.А.Гаджиомаров мәліметі бойынша Қара жер жағдайында зерттелген 150 өсімдік түрінен Арал өңірі тәжірибе стансасынан алынған теріскен және қара сексеуіл ғана төзімді келген, сондықтан оларды шаруашылыққа кеңінен пайдалануға ұсынды.

Н.А.Матвеевтің келтірілген деректері Ресейдің оңтүстік-шығысында теріскенмен қатар еркек, құмдақты эспарцет, құмдақты изен түрлерін таза және аралас екпе жайылым жасау үшін пайдалану мүмкіндігін көрсетті. Зерттеулердің негізгі бағыттары көшпелі құмдарды тоқтату, құм жалдарын бекіту, желден қорғайтын және мал азығындық жолақтар жасау, жергілікті жерге бейімделген жаңа сорттарын шығару болды.

Ал, А.М.Ғаббасовтың бақылау бойынша Орталық Қазақстанның сазды шөлінде негізгі 10 түрдің ішінде жергілікті изеннің тастақты түрі жоғары өнім берген.

Бұл жұмыстар жалғасын тауып, изен, жүзгін, таспа шөп түрлері Карнабшөлінің жусанды-раңды жайылымдарын жақсарту үшін пайдалануға ұсынылады.

Соңғы 25-30 жыл көлемінде шөл өсімдіктерін зерттеу Өзбекстанда бірнеше бағытта жүрді. Біріншіден, «Жаңа дақылдар мәселесін сорттан бөлектеуге болмайды» деп Н.И.Вавилов айтқандай, жерсіндіру кезінде іріктел-ген өсімдіктердің бар үлгілерін селекция жұмысына пайдалану, сөйтіп жаңа сорттар шығару болды.

Екіншіден, жерсіндірілген өсімдіктердің үлгілерін одан әрі көбейтумен қатар, жаңа мал азықтық өсімдіктерді енгізу мәселелері көтерілді. Бұл туралы З.Ш.Шамсутдинов және басқалар шөл және шөлейт аймақтың өсімдік байлығын жете тексеріп, пайдалы түрлерін анықтап екпе дақылға айналдыру қажет екендігін атап көрсетті.

Үшіншіден, екпе жайылым түрлерін көбейту мақсатында өсімдіктерді іріктеу жұмысын жалғастыру және жаңа жерлерде белгілі мал азықтық өсімдіктерді өсіру болды. Бұл бағытта Ферғана өңірінде, Оңтүстік-Батыс Қызылқұмда басталған ізденістер өз жалғасын тапты.

В.М.Падунина көп жылдар бойы Оңтүстік- Батыс Қызылқұмда жусанның екі түрін тексеріп, нәтижесінде тұран жусанын жайылымды жақсартуға ұсынды.

Қарақалпақстан Үстіртінде қара сексеуіл, шоған, изен, күйреуік, эверсман теріскенінің өсу  ерекшеліктерін бақылау  кезінде,  изеннің жергілікті  жердің  топырақтарын бірдей жерсінбейтіні анықталды

Соңғы жылдары теріскен, изен, еркек шөпті жерсіндіру және селекцияға қолдану мақсатында олардың популяциясы зерттелудіп оларды жерсіндіру, селекция және табиғи жайылым шығымдылығын көтеру үшін пайдалану мәселелері жөнінде ауқымды жұмыстар жүргізілді.

Шөл мал азықтық өсімдіктерін өсіру жұмыстарына Түркменстан ғалым-дары да елеулі үлес қосты. Қара сексеуіл, жүзгін, тұран жусанын күзгі – қысқы жайылымдарды, ал қоңырбасты – қяқөлеңді жайылымдарды жақсартуға ұсынылды.

Орталық Қарақұмның түрлі құмды жалдарын бекіту және тақырлы жайылымдардың өнімділігін көтеру мақсатында қоянсүйек, ақ және қра сексеуілді, шоғанды, жүзгіннің екі түрін жан-жақты зерттеп, оларды өсірудің тәсілдерін анықтады.

Құмды алқаптарды жақсарту – Оңтүстік-Шығыс Қарақұмда да жүргізілді. Мұнда академик Н.Т.Нечаеваның басшылығымен ақ сексеуіл, Рихтер қабарқыны, жүзгін, шоған, күйреуік, жусан, изен және басқа өсімдіктерден екпе жайылымдар жасау ісі қолға алынды.

Тәжікстанның  шөлейт  аймағының  әр-түрлі жерлерінде жүргізілген зерттеулер қара сексеуілдің, шоғанның, жусанның, күйреуіктің, изеннің тек екпе жайылымдықтар жасауға ғана емес, мал қыстауы айналасында шабын-дықтар жасауға да пайдалы екенін көрсетті.

Жабайы мал азықтық өсімдіктерді өсіруде Қырғызстан ғалымдары да айтарлықтай үлес қосты. Өткен ғасырдың 60-шы жылдарынан басталған ізденістер негізінен изенге бағытталды. Қырғызстанның түрлі топырақ-климат жағдайында жергілікті изен түрлері жақсы өсіп-дамыды, өнімділігі жоғары болды.

Кейінгі жылдардың зерттеу нәтижелері Шығыс Ыстықкөлмаңы даласында Қазақстаннан әкелінген тарлаудың, ал Батыс Ыстықкөлмаңы мен Кеңес-Анархай шөлінде жергілікті сұр теріскен, сұр изен, жусанының жақсы өсіп-дамитынын көрсетті. Осы өсімдіктердің екпе жайылымдары табиғи жайы-лымға қарағанда 3,5-7 есеге дейін жоғары өнім берді.

Қазақстанның шөл және шөлейт аймағында мал азықтық өсімдіктерді өсіруді алғаш рет қолға алған А.Ғаббасов өткен ғасырдың 50-ші жылдарынан бастап, Алматы облысының жайылымдық жерлерінде жалғастырды. Сыналған өсімдіктер ішінен изеннің шығымдылығы жоғары болды. Сондықтан оны  жан-жақты зерттеп, егіп-өсіру тәсілдері анықталды. Осы кезеңде жүргізілген ғылыми жұмыстарды талқылай отырып С.Н.Прянишников Алматы облысының шөлейт аймағында құмды, шөл аймақта – құм еркекті, изен, теріскен, күйреуікті егуді ұсынды. Оның дерегі бойынша Аралмаңы Қарақұмында теріскен жақсы нәтиже берген.

60-шы жылдардың  ортасынан бастап Қазақстанның құрғақ аймағының табиғи мал азығындық өсімдіктерін жинау мен түрлі топырақ-климат жағдайында сынау жұмыстары кеңінен жүргізіле бастады. Қазақстанның оңтүстік-шығыс аумағында теріскен, күйреуік, қараматау, сексеуіл өсімдіктерін изенмен аралас екпе жайылымдық жасау үшін тиімді екенін атап өтті. Шөлейт аймақта сыналған еркек түрлерінің ішінде Тауқұм гибриді, шөл аймақта – изен түрлерінен Сарытауқұмның және Анарқай тауларының тастақты изені жоғары өнімділігімен танылды. Олардың түрлерін егіп-өсірудің тәсілдері ұсынылды.

Оңтүстік Қазақстанның шөл аймағында академик С.Әбдіраимов жетекші-лігімен жүргізілген алғашқы зерттеулер нәтижесі Мойынқүмда өсетін құмдақ-ты изенді, сұр теріскен мен қара сексеуілді өсіруге толық мүмкіндік бар екенін дәлелдеді. Соңғы өсімдіктің табиғи жайылымның шығымдылығын көтеруде маңызды орын алатынын Қызылорда облысында жүргізілген көп жылдық жұмыстар да көрсетті.

Қазақстанда екпе жайылым жасау үшін мал азықтық өсімдіктердің түрлері мен сорттарын іріктеу жұмыстары 5 табиғи-климаттық, яғни Оңтүстік, Солтүстік, Орталық, Батыс және Оңтүстік-Шығыс өңірлерінде жүргізілуі тиіс деген тұжырымды И.О.Байтулин шөл өсімдіктерінің тамыр жүйесін зерттеу нәтижесінде жасады.

Кейінгі 25-30 жыл көлемінде жүргізілген ғылыми жұмыстар мал азығындық өсімдік түрлерін молайтуға және жаңа сорттар шығаруға бағытталды. Бұл орайда Қазақстанның оңтүстік-шығысында изен, жусан, теріскен, күйреуік, еркек, жүзгін үлгілері мол жиналып, сыналды. Күйреуіктің 22 үлгісінен 4 үлгі, теріскеннің 48 үлгісінен 2 үлгісі, ал изеннің 193 үлгісінен  5 үлгі таңдап алынды. Соңғының екі үлгісі Волгоград облысында да өседі. Кейінгі жылғы зерттеулер изеннің Алматы және Ақтөбе облыстарында кезде-сетін құмдық экотиптерінің мүмкіншілігінің жоғары екенін көрсетті.

Маңғыстау түбегіндегі жайылымдардың шұрайлығын арттыру мақсатын-да қара сексеуіл, сұр теріскен, құмдақты және тастақты изен сыналды. Жауын-шашынның тым аз болуына қарамастан олардың өніп-өсуі жаман болған жоқ. Дегенмен изен экотиптері басқа өсімдіктерге қарағанда тәуір нәтиже берді.

 

1.2 Өсімдіктерді жерсіндірудің теориялық негіздері

 

Адамзат ерте заманнан-ақ өз қажеті үшін түрлі өсімдіктерді дақылдануды бастағаны белгілі.

Ф.Ә.Полымбетова, С.Ә.Әбиев, Б.Ә.Сәрсенбаев мәліметтері бойынша бұдан 10-11 мың жыл бұрын Шығыс Жерортатеңіз бен оның айналасындағы елдерде алғаш рет арпаны, бидайды, бұршақты, т.б. дақылдандыру басталған. Тайландта күріш; Америкада жүгері, лобия; Мексикада мақта, темекі, какао; Африкада сорго, тары енгізілген. Сөйтіп өсімдіктерді бірінші рет дақылдандыру негізінен тамаққа деген қажетіктен туындаған.

Бертін келе өнеркәсіптің дамуы азық-түлікке, шикізатқа деген сұранысты күшейтті. Осыған орай өсімдіктер дүниесін игеру жұмыстары да кең етек ала бастады. Әсіресе, соңғы ғасырларда өсімдік байлығын пайдалану жоғары қар-қынмен жүргізілді. И.В.Лариннің дерегіне сүйенсек, 50-ші жылдардың орта-сында дақылдар санына мал азығындық өсімдіктердің 98 түрі енгізілсе, 70 жылдардың басында олардың саны 214-ке жетті.

Соңғы 20-30 жыл көлемінде болған экологиялық дағдарыстар, тиімсіз кәсіптік, шаруашылық әрекеттердің кең етек алуы табиғи өсімдік байлығын қорғау, сақтау, тиімді пайдалану мәселелерін күн тәртібіне қойып отыр. Әсіресе бұл еліміздің шөл жайылым шаруашылығында ерекше назар аударатын жай.

Табиғи жайылымдардың азып-тозуы, бағалы мал азықтық өсімдіктердің   сиреу шөлді алқаптарды жерсіндіру жұмысын ғылыми тұрғыдан шешуді   қажет етеді.

Жерсіндіру жұмысының жемісті болуының басты шарты ол өсімдіктің жаңа ортаға бейімделу мүмкіншілігінде.

Өсімдікті басқа бір жерде өсіру, оның ерекшеліктерінің сол жердің жағдайына сәйкес келуі туралы пікірлер, жерсіндіруге бағытталған алғашқы жұмыстардан бастап-ақ орын алған. Бұл туралы деректерді Н.А.Базилевская, Қ.С.Нұрғалиев еңбектерінде келтірілген.

Өсімдіктердің жерсіндіру ілімінің теориялық негізін қалаушылардың бірі неміс ғалымы Генрих Маир болды. Ол 20 ғасырдың басында климат ұқсасты-ғы теориясын ұсынды. Бұл теория бойынша Европада орман және саябақтарда басқа елдердің ағаш тектес өсімдіктерін пайдалану үшін, әуелі олардың табиғи өсетін жерінің климатын толық анықтап, содан-соң климаты соған ұқсас жерлерге жерсіндіру қажет болды. Осыған байланысты Г.Маир солтүстік жартышардың орманды облыстарына «Климаттық, ландшафтық және дендро-логиялық параллель аймақтар» кестесін жасады. Әр аймақ үшін жылдық орташа температура, бірінші және соңғы аяз күндері, жауын-шашын мөлшері, абсолютті төменгі температура және салыстырмалы ауа ылғалы көрсеткіш-терін келтірген. Сонымен бірге жерсіндіруге жататын ағаш түрлерінің тізімін берген.

Г.Т.Селянинов Қаратеңіз жағалауында субтропикалық өсімдіктерді жер-сіндіру жұмыстарын жүргізу кезінде Г.Маирдың келтірген климаттық көрсеткіштерінің толық еместігін байқады. Сөйтіп ол өзінің агроклимат ұқсас-тығы тәсілін ұсынды. Бұл тәсіл бойынша 100С жоғары температураның қосындысын есептеу, аяздардың қайталануын және ылғал мөлшерін анықтау қажет болды. Ең бастысы климат көрсеткішері түрлі ауылшаруашылық дақылдарына біркелкі әсер етпейтіні анықталды.

Климат ұқсастығына бағыттталған жұмыстарды талқылау мынаны көрсетті: олардың маңыздылығы өсімдіктердің жерсіну себептері мен жол-дарын анықтауда емес, жерсіндіруге қажет түрлерді климат ұқсастығы арқылы қандай жерлерден таңдау болды. Әрине бұл жұмыстар жерсіндіру іліміне алғашқы қадамдар еді. Н.И.Вавилов түрлер мен сорттарды таңдау кезінде олардың таралған жерінің климат жағдайын білу қажет және жаңа енгізілетін жердің климатына жақын болғаны дұрыс деген. Бірақ та, бұл мәселенің күрделі екендігін ескертті. Өйткені көптеген мал азығындық, бақша өсімдік түрлері алуан аймақтарда, кейбір тропикалық және субтропикалық өсімдіктердің Мұзды мұхитқа дейін өсіруге болатынын, ал керісінше Америка мен Канадада кең таралған бидайдың мықты сорты Маркизаның сол кездегі СССР-дің бидай өсетін жерлерін жерсінбегенін және басқа да деректерді келтіре отырып, түрлер мен сорттардың жаңа жерде өсіру мүмкіншілігін тек тікелей жүргізілген тәжірибе ғана анықтайды деп тұжырым жасады.

Дегенде «климат ұқсастығы» теориясы өз орнын бүгінгі зерттеулерде де қолданыс табуда. Т.Н.Встовская Қиыр шығыста өсетін ағаш тектес өсімдік-терді Батыс Сібір жағдайында жерсіндіру үшін климаты ұқсас жерлерді анық-тап, тікелей тәжірибе жүргізді. Ол климат көрсеткіштеріне 100С жоғары температураның жылдық қорытындысын, 100 және 50С жоғары болған күндер санын, аязсыз кезеңнің ұзақтығын, жылдық және жылы кезеңдегі жауын- шашын мөлшерін алған және бұл көрсеткіштердің маңыздылығын келтірген. Зерттеу нәтижесінде 130 түрді көгалдандыру мақсатына ұсынды.

Жалпы, Батыс Сібірде көптеген аймақтардан әкелінген ағаш тектес өсімдіктердің жерсіну мүмкіншілігі олардың реакция деңгейінің жергілікті жердің климат жағдайына қаншалықты сәйкес келуіне байланысты екендігі белгілі болды.

Айта кететін жай, Н.И.Вавиловтың мәдени өсімдіктердің пайда болу мен шоғырлану орталықтары туралы зерттеулері көптеген мәдени өсімдіктердің бағалы үлгілерін жинау орындарын анықтады, осы геноорталықтарда доми-нантты және рецессивті гендердің шоғырланғанын көрсетіп берді. Осылайша өсімдіктерді жерсіндіру және оларды селекция жұмысына пайдалану ғылыми жүйелі ілімге айналып, дами бастады.

В.П.Малеев өсімдіктерді жерсіндіру мәселесін экологиялық тұрғыдан қарады. Ол табиғатта толық ұқсастық болмайтындығын, осыған байланысты түр өзінің таралу аумағында түрлі жағдайда өседі деп есептеді. Сондықтан экологиялық зерттеулерді өсімдіктің жеке өзгергіштігін зерттеу жұмыстары-мен толықтыруды және генетикалық-селекциялық тәсілдерді қолдану қажет деді. В.П.Малеев генетикалық тәсілдердің негізінен біржылдық және көпжыл-дық шөптесін тіршілік түрлеріне қолдану мүмкіндігін айта келіп, ағаш тектес түрлерді жерсіндіруді табиғи жағдайда ерекшеленген үлгілерден бастау керек деп айрықша атап өтті.

Н.А.Аврорин жерсіндірудің ботаникалық-географиялық теориясының негізінде Қиыр Солтүстікте климат ерекшеліктері алуан түрлі облыстардан жиналған пайдалы өсімдіктердің мыңдаған түрін зерттеді. Ұзақ жылдар бойы жүргізілген ғылыми жұмыстардың нәтижесінде жалпы және бірқатар жеке заңдылықтар анықталды.

Экологиялық географиялық заңдылық бойынша жерсіндіру нәтижесі жаңа өсімдік жерсіндірілетін жердің барлық жағдайы сол өсімдік тіршілік еткен жердің жағдайымен неғұрлым сәйкес келсе, соншалықты жоғары болады. Бұл пікір тәжірибе жүзінде К.Д.Постоялков, Б.Н.Головкин, Г.Н.Андреев еңбекте-рінде де жан-жақты зерттеліп, оның маңыздылығы дәлелденді. Алайда, бұл заңдылық кейбір аймақтар мен белдеулер үшін дұрыс келмеді. Мысалы, Қиыр солтүстікте жалпақжапырақты орман аймағы мен белдеулерінде өсетін өсім-діктердің жерсіну мүмкіншілігі оңтүстік облыстарда және төменгі белдеулерде өсетін түрлерден төмен болды. Р.А.Карпиносова дерегі бойынша Москва жағдайында Қырым, Кавказ таулы аудандарынан алынған өсімдіктер аязға ұрынған, ал Орта Азия мен Қиыр Шығыстан алынған түрлер қыстан жақсы шыққан. С.С.Харкевич зерттеулері де Кавказда өсетін кейбір ағаш тектес өсімдіктердің Украинаның қысына төзімсіз келетінін көрсетті. Мұндай ерек-шеліктер жерсіндірудің экологиялық-тарихи заңдылығымен түсіндіріледі.

Кезінде Н.И.Вавилов Дарвиннің эволюциялық ілімінің географиялық идеясының мәнісі ол әрбір түр бастапқы пайда болған күйінде, ал эволюциясы тарихи, сондықтан түрдің түпкі қайнарын, географиялық таралу жолдарын білу тарихи дамуын түсінуге, оның өткен сатыларын меңгеруге, тарихи дамуының қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді деген болатын. Бұл қағида экологиялық-тарихи заңдылығына негіз болған М.В.Культиасовтың жерсін-дірудің экологиялық-тарихи тәсілін тұжырымдауға себеп болды, яғни флора-ның және оны құрайтын өсімдіктердің қалыптасу тарихын білу, сол арқылы жерсіндіруге қажетті түрлерді таңдап алу. Өсімдік өзінің тарихи даму кезінде түрлі экологиялық немесе климаттық өзгерістер әсерін өткізген болса, оның жерсіну мүмкіншілігі жоғары болады. Өйткені «Тірі материя, басқа материя түрлеріне қарағанда өзінің табиғи даму тарихы туралы деректерді өз бойында сақтайды» - деп Л.Полинг айтқандай, өсімдік тобын түрлі экологиялық немесе климаттық өзгерістерге бейімделген генотипі бай тіршілік түрлері құрайды. Сондықтан да болар М.В.Культиасов жерсіндіру көрсеткіштерінің бірі тірші-лік түрі деп атап көрсетті.

К.А.Соболевская экологиялық-тарихи әдістің маңыздылығын айта келіп, жерсіндіру нәтижесі қазіргі нақты материалға байланысты екендігін атап өтті. Осыған орай, жабайы өсімдіктерді дақылдандыру бір-біріне байланысты екі сатыдан тұрады. Біріншісі: қазіргі флораның пайда болуына себеп болған жер бедері мен климат эволюциясының негізгі бағыттарын, жалпы тарихи кезеңде-рін анықтау; екіншісі: өсімдіктің тарихи даму кезеңіндегі сан-алуан экология-лық жағдайда қалыптасқан бейімделгіштік қасиеттерін зерттеу. Әдетте бұл қасиеттер табиғи жағдайда байқала бермейді, ал басқа жерде өсіру өсімдіктің тіршілігінің күрделі екендігін көрсетті. Мұндай өсімдіктің белгілері мен қасиеттері нақты экологиялық жағдайда қалыптасқан түрдің бөлігі экотиптер-де көрінеді. К.А.Соболевская бағалы экотиптерді түрдің қазіргі ареалының шекаралық аймақтарынан іздеуді ұсынды. Бұл тұжырымды Е.В.Тюрина да қолдайды. Алайда, іс жүзінде шекаралық аймақтағы экотиптер барлық кезде оң нәтиже бере бермейді. Н.А.Базилевская пікірі бойынша кең таралған түрлер әдетте екі топқа бөлінеді: бірінші топтағы түрлердің өсімдіктері табиги таралған жерінің дерлік бойында біркелкі немесе экологиялық жағдайға байланысты емес аздаған өзгешеліктері болады; екінші топтағы түрлердің құрамы күрделі, олар географиялық немесе экологиялық топтардан тұрады. Бірінші топтағы өсімдіктерді жерсіндіру нәтижесі олардың қай жерден алынғанына байланысты болмайды; екінші топтағы түрлердің жерсіндіру нәтижесі табиғи өсу жағдайына байланысты анықталады.

Кейінірек Н.А.Базилевская тарихи талдау құнды деректер беретіні рас, бірақ оған да сын көзбен қарау керек дейді. Қазіргі экспедициялық жолмен өсімдік ұрықтарын теруге, олардың табиғи өсу ортасын толық сипаттауға, сонымен қатар жерсіндірілетін өсімдіктердің жаңа жағдайдағы өсіп-дамуын бақылауға және өзгергіштік қасиетін зерттеуге бағытталған ізденістер келешекте дами түсуі керек деп қорытынды жасады.

Бұл тұрғыдан алғанда Ф.И.Русановтың өсімдіктерді жерсіндірудің туыс-тар жиынтығы, З.Ш.Шамсутдинов, Л.А.Назарюк,  В.А.Парамоновтың экотип-тер жиынтығы тәсілдерінің орны ерекше. Туыстар жиынтығы тәсілін қолда-нып Ташкентте, Нукуста түрлі аймақта өсетін, әр-алуан табиғат-климат жағдайында қалыптасқан өзіндік даму тарихы бар бір туысқа жататын түрлер жиналып, барлығына біркелкі жаңа жағдайда сыналды, яғни жаңа жерге деген реакциясы анықталды. Кейбір түрлердің бейімделгіштік қасиеттері будандас-тыру арқылы күшейтіліп, өндіріске ұсынылды.

Экотиптер жиынтығы тәсілі негізінен шөл аймағы өсімдіктерін жерсіндіруде қолданылды. Осы тәсіл бойынша бағалы деген түрлердің түрлі экололгиялық жағдайда қалыптасқан экотиптерін жинап сынау, оңды деген үлгілерін ары қарай селекция жұмысына қолдану немесе өндіріске енгізу болды.

Ф.Н.Русанов астық тұқымдас және басқа өсімдіктерді жерсіндіру кезінде геоботаникалық эдификаторларды, кейіннен өсімдік доминанттарын пайдала-ну тәсілдері туралы тұжырым жасады. Бұл тәсілдер бойынша жерсіндірілетін өсімдіктің табиғатта кең таралуы немесе өсімдік жамылғысын құраушы (эдификатор), не болмаса басымдау түрі (доминант) болуы керек, яғни табиғи жағдайда тіршілік көрсеткіштері жоғары өсімдік түрлері бірінші кезекте пайдалануы тиіс.

Н.А.Аврориннің тағы бір тұжырымдаған заңдылығы жерсіндірудің мор-фологиялық-физиологиялық тәсілдері. Кейін ол бір-бірімен байланысты экологиялық-морфологиялық және экологиялық-физиологиялық тәсілдерге  бөлінді.

Өсімдіктерді жерсіндіру заңдылығының бірі агротехникалық заңдылық, яғни агротехникалық әдістер неғұрлым өсімдік биологиясына сәйкес келсе, соншалықты жерсіндіру нәтижесі жоғары болады.

А.И.Купцов өсімдікті жерсіндірудің нәтижесі оны дұрыс күтіп-баптау деңгейіне де байланыстығын атап өткен.

Л.П.Синьковский жергілікті жабайы өсімдікті тиісті агротехникалық шаралардың арқасында жерсіндірудің нәтижесі басқа географиялық ауданнан алып келген мәдени дақылды өсірудің нәтижесінен көп жағдайда пайдалырақ дейді.

И.П.Петухова Қиыр Шығыста жерсіндірілген өсімдіктердің көктемде ерте көктеуі үшін пленкамен жабу, қыс кезінде қардың аз болуына байланысты тамыр жүйесін қосымша жылы материалдармен бүркеу, ағаш діңгектерін әктеу сияқты агротехникалық әдістерді ұсынған.

З.Ш.Шамсутдинов, С.А.Абдраимов және басқалардың еңбектерінде агро-техникалық шаралардың шөл өсімдіктерінің өсіп-дамуына әсері жан-жақты көрсетілген.

И.О.Байтулин Қазақстанның шөл аймақтарында орналасқан ботаникалық бақтардың көпжылдық тәжірибелерін талдай келіп жерсіндірудің экологиялық негіздерін анықтады.

Ол жер шарында солтүстік шөліне ұқсас бағалы ағаш-бұта өсімдіктері өсетін жерлердің жоқ екенін айтады. Соған қарамастан Қазақстанда әлемнің климаты мүлде өзге аудандарынан өсімдіктер әкелініп жерсіндірілуде дейді. Оның себебі олардың экологиялық негізінде, эволюциялық даму тарихында. Бүгінгі күні өзінің тарихи даму кезеңінің қай сатысында дамып жатқанына байланысты әрбір түрдің ортаға бейімделген тұқым қуалайтын тіршілік қасиеттері қалыптасқан. Ол қасиеттердің қаншалықты ауқымды немесе тар екенін білу үшін түрді тәжірибе үстінде жан-жақты сынау қажет. Түрлі экологиялық жағдайда зерттеу өсімдіктердің жерсіну мүмкіншілігін анықтап береді. Осыған байланысты И.О.Байтулин географиялық тәжірибелерді кеңейту мәселесіне ерекше көңіл бөлді.

Шөл мал азықтық өсімдіктерін жерсіндіру жұмыстарын алғашқылардың бірі болып бастаған К.Б.Боранғазиев пікірі бойынша әрбір өсімдіктің ортаға бейімделген қасиеттері қалыптасқан, бірақ барлық өсімдіктерде бірдей емес. Ол қасиеттерді жетілдіруде адам әрекетінің орны үлкен. Жаңа өсімдікті нақты бір топырақ-климат жағдайында енгізу тікелей тәжірибе арқылы жүргізілуі тиіс, оның экологиялық мүмкіншілігін анықтау және өндіріске тезінен енгізу үшін кең көлемде аймақтық- экологиялық сынақтан өткізілгені жөн дейді.

Соңғы жылдары дамып келе жатқан өсімдіктерді жерсіндірудің генети-калық негіздері Н.А.Бородина, В.И.Некрасов, Н.Д.Тарасенко еңбектерінде келтірілген.

Табиғи өсімдік қауымдастығын талдау негізінде керекті өсімдікті таңдап алу жерсіндірудің фитоценотикалық тәсіліне жатады. Бұл тәсілдің теориялық негізі табиғи өсімдік қауымдастығының қалыптасуына жалғыз ғана климат емес, топырақтың да әсері анықталады. Сонымен қатар түрлердің өсімдік қауымдастығындағы орнына, бір-біріне деген әсеріне, экологиялық біртұтас-тығы себептеріне назар аударылады, экологиялық талғамы ұқсас түрлерді өндіріске ұсыну болып табылады. Жалпы бұл тәсіл өсімдіктердің түрлі тіршілік түрлерінен екпе қауымдастығын жасаудың ландшафты-экологиялық экологиялық-жерсіндірушілік, экологиялық-фитоценоздық негіздерімен үнде-сіп жатқанын айтуымыз керек.

Сонымен шөл және шөлейт аймақтарда мал азықтық өсімдіктерді өсіруге бағытталған ғылыми еңбектерді және өсімдікті жерсіндірудің теориялық негіздерін талдау мынаны көрсетті:

1. Құрғақ аймақта мал азықтық өсімдіктерді өсіру тарихы негізінен Россия, Орта Азия мен Қазақстан ғалымдарының еңбектерінен тұрады.

2. Шөл және шөлейт аймақтардың климат ерекшеліктеріне, өсімдік пен топырақ жамылғысына байланысты екпе жайылым жасауға пайдаланған түрлердің құрамы бірдей емес және негізінен жергілікті өсімдік байлығынан алынған.

3. Басқа экологиялық-географиялық аймақтарда көптеген өсімдік түрлерін жерсіндіру жұмыстарының қаншалықты дамығанына қарамастан шөл және шөлейт аймақтың түрлі экологиялық жағдайында өсетін мал азықтық өсімдіктерді жерсіндірудің ғылыми негіздері жете зерттелмеген.

Қазақстанның шөл және шөлейт жерлерінде мал азықтық өсімдіктерді өсіру күрделі мәселе. Өйткені олардың көлемінің мол болуы мұндағы жер бедерінің, ауа-райының, топырақ және өсімдік жамылғысының әр түрлілігіне әкеліп соғады. Мұның өзі өсімдіктің бір түрін немесе сортын барлық жерде бірдей өсіруге мүмкіндік бере бермейді. Сондықтан еліміздің түрлі топырақ-климат жағдайында табиғи өсімдік қорын тиімді пайдалану, көбейту мен сақтау және оларды жерсіндірудің тәсілдерін анықтау мәселелері ғылыми тұрғыдан зерттеуді қажет етеді. Осыған байланысты біз Қазақстанның оңтүстік шөлі аймағында мал азықтық өсімдіктердің түрлі тіршілік нұсқаларын зерттей отырып оларды жерсіндірудің ғылыми негіздерін анықтауды мақсат етіп қойдық.

 

 

2 негізгі бөлім

 

2.1 Зерттеу әдістемелері

 

Мал азықтық өсімдіктерді жерсіндіру зерттеулері үш кезеңнен тұрады:

Бірінші кезеңде жергілікті жердің топырақ-климат жағдайын зерттеу және өсімдіктің өсіп даму кезеңіндегі негізгі экологиялық себептердің өзгеруін бақылау, бағалы мал азықтық өсімдіктердің түрлерін және экотиптерін, олардың табиғи өсіп тұрған жерлерін анықтау, өсімдіктердің жер бетіндегі және астындағы мүшелерінің өсу-дамуын бақылау, пішен және ұрық өнім-ділігін есептеу, пішен сапасын бағалау, екпе жағдайда зерттеу үшін тұқымын жинау жүргізіледі.

Екінші кезең бір-біріне байланысты екі бөлімнен тұрады: бірінші, майда алаңқайларда оңды үлгілерді іріктеу үшін сынақ жұмысын жүргізу; екінші: үлкен алаңқайларда оңды үлгілермен ауылшаруашылық тәжірибелерді жүргізу тәсілдерін сынау.

Үшінші кезеңде жаңа мал азықтық өсімдіктерді өндірістік сынақтан өткізу және экономикалық тиімділігін анықтау жұмыстары жүргізіледі.

Қазақстанның  оңтүстік шөлінде жерсіндіру жұмыстары құрғақ аймақ мал азықтық өсімдіктерінің қорын құрудан, яғни осы өңірде кездесетін жабайы мал азықтық өсімдіктердің ұрығын теруден басталды. Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары көп жылдар бойы экспедициялар ұйымдастырып Мойынқұм, Қызылқұм, Сырдария маңы алқаптарынан, Қаратау мен Батыс Тянь-Шань бөктерінен изен, теріскен, күйреуік, жусан, сексеуіл, жүзгін, таспашөп және тағы басқалардың ұрығы жиналды. Экспедиция кезінде олардың тараған аймағын, табиғатын, өсімдік қауымдастығын, жиілігін, биіктігін және басқа көрсеткіштерін анықтады.

Жалпы 1911-2012 жылдары академик С.Әбдіраимовтың қызметкерлермен бірге «Бақтыөлең» тәжірибе жайында изеннің 32, теріскеннің 21 үлгілері зерт-телді. Тұқым мөлшеріне байланысты алаңқайлар аумағы 5-30 м2 аралығында болды. Осы көшет жайында іріктелген  үлгілер алаңқайлар аумағы 50-100 м2 болатын алғашқы көбейту және сұрыптау көшетжайында ары қарай тексерілді.

 

1-кесте. Қуаңшылық мал азықтық өсімдіктерінің жерсіндіру көшет-жайындағы зерттеуден өткен үлгілердің саны

 

Қатары

Тұқымдас

Туыс

Үлгі саны, дана

1

тарандар

 (Poligonaceae Vent)

теріскен (Kraschaninnikovia Guldens)

21

2

алабұталар (Chenopodiaceae Vent)

изен (Kochia Roth)

132

 

 

 

 

       
   
  Подпись: 19
 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-сурет. Қазақстанның оңтүстік шөл аймағында мал азықтық өсімдіктерді (изен, теріскен) жерсіндірудің сызбасы (С.Ә.Сейткаримов бойынша)

 

Оңды деген үлгілер жаппай сұрыптаудан өтіп, жартылай өндірістік сынауға берілді.

Біздер дипломдық жұмыста академик С.Әбдіраймов, Ә.Сейткаримовтың өсімдік әлемінің бүгіні мен эволюциялық даму тарихы туралы ғылыми деректерді және бақылауларын пайдаландық.

Ұсынылып отырған еңбектің басты мақсатының бірі сендірілетін өсімдіктердің жаңа жағдайдағы экологиялық-биологиялық ерекшеліктері мен шаруашылық қасиеттерін анықтау болды. Осыған байланысты шөл мал азығындық өсімдіктерін жерсіндіру жұмыстарына арналған әдістемеліктерге сүйене отырып төмендегідей бақылаулар мен есептеулер жүргізілді.

1. Фенологиялық бақылау. Өсімдіктің өскіні көрінгеннен немесе көктемде қайта көктеп шыққанннан бастап ұрығы толық піскенге дейінгі даму кезеңдерінің басталған және толық аяқталған мерзімдері анықталды.

2. Өсімдіктің сақталуы. Өсіп-даму дәуірінің бірінші жылында өскіндер-дің және тірі өсімдіктердің саны көктемде – 2 рет, жазда – 2 рет және күзде  1 рет, ал екінші және кейінгі жылдары көктемде ғана есептелді. Өсімдіктерді санау бүкіл алаңқайда, белгілі бір қатарда жүргізілді. Тірі қалған өсімдіктер санының өскіндер санына қатынасы олардың сақталу деңгейін көрсетеді.

3. Өсімдіктердің биіктігі. Өсіп-даму дәуірінің бірінші – екінші жылда-рында өсімдіктердің биіктігі негізгі өсу кезеңдерінде, ал кейінгі жылдары гүлдеу немесе толық пісу кезеңінде 3-20 түпте анықталды. Сонымен қатар өсімдіктің пішінін білу үшін түптің ені екі бағытта өлшенді, сабақтар саны және олардың ұзындығы анықталды.

4. Ыстыққа – құрғақшылыққа және қысқа төзімділігі. Бұл көрсеткіштер өсімдіктерді бақылау және санау арқылы анықталады.

Өсімдіктің ыстыққа төзімділігін бақылау, шанақтану мен гүлдеу кезең-деріне баллдық әдіспен жүргізілді: 1 балл төзімділігі нашар (жапырақтары қатты сарғайған және түскен); 2 балл төзімділігі орта (жапырақтары қатты сарғайған және түскен); 3 балл – төзімділігі жоғары (жапырақтары аздап сарғайған және түскен). Құрғаққа төзімділігін анықтау үшін өсімдіктердің түп санының көктемде, жазда және күзде сақталу көрсеткіштері қолданылды. Қысқы ауаға төзімділігін анықтау үшін күзде және көктемде тұрақты бір қатардағы немесе алаңқайдағы түп саны есептелінді, содан соң көктемдегі сақталған түп санының күздегі түп санына қатынасы анықталды.

5. Суыққа шыдамдылығы көктемде қайталанатын суыққа шыдамдылығын бақылау баллдық әдіспен жүргізілді:

1 балл – шыдамдылығы нашар (өсімдік түгелдей қарайған); 2 балл –шыдамдылығы орта (өсімдік жартылай қарайған); 3 балл – шыдамдылығы  жоғары (өсімдік жапырақтары аздап қарайған).

6. Аурулар  мен зиянкестерге төзімділігі. Бұл  көрсеткіш  баллдық әдіспен бүкіл өсу мерзімі бойынша анықталды: 1 балл – зақымдануы төмен (өсімдіктің 10-20 пайызы ғана ауырған немесе зақымданған); 2 балл – зақымдануы орта (өсімдіктің 30-40 пайызы ауырған немесе зақымданған); 3 балл – зақымдануы  жоғары (өсімдіктің 50-60 және одан жоғары пайызы ауырған немесе  зақымданған). Қосымша өсімдіктің қандай мүшесі ауырған немесе зақымдан-ғаны, ауру мен зиянкес түрі анықталды.

7. Тамыр жүйесін зерттеу әдістемелерімен траншея қазылып, тамыр жүйесі біртіндеп төменге қарай тазаланып, оның көлденең және тереңге қарай таралған тамырлары қағазға түсірілді, содан соң фотокөшірмесі алынды.

8. Көк балауса және тұқым өнімділігі. Бұл шаруашылық көрсеткіштер гүлдеу және толық пісу кезеңдерінде анықталды. Ағаш және бұта тектес түрлердің өнімділігі 3 үлкен, орта және  кішкене түптерде есептелді, ал жарты-лай бұта мен шөптесін түрлердікі 1-5 шаршы метрден алынды, кейін бір гектарға айналдырылды.

Көк балауса және тұқым өнімділігін анықтар алдында олардың құрылымы анықталды. Көк балаусаны кептіріп, ылғалдылығы 13-15 пайыз болатын пішеннің өнімділігі есептелді.

9. Химиялық құрамы. Бағалы деген түрлердің химиялық құрамы Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ зертханасында жалпы қабылдан-ған әдістемелермен анықталды.

Өндіріске енгізуге және селекция жұмысына пайдалануға деген бейімді үлгілер Н.В.Трулевич әдістемесіне сәйкес анықталды.

Тәжірибе кезінде алынған ғылыми мәліметтер Б.А.Доспехов әдістемесі бойынша өңделді.

 

2.2 Қуаңшылыққа төзімді мал азықтық өсімдіктердің

тектік қорын құру

 

Н.Т.Нечаева, З.Ш.Шамсутдинов, И.И.Алимаев зерттеулерінде Орта Азия мен Қазақстан шөл жайылымдарының өсімдік жиынтығының көп жерде жүдеу екендігі анықталды. Сондықтан мал азықтық өсімдік байлығын зерттеп,  болашағы бар түрлерді іріктеп, жасанды өсімдіктер қауымдастығын, яғни екпе жайылымдар жасау міндеті туды.

Көптеген ғалымдардың зерттеулері Қазақстанның оңтүстік шөлінің табиғи жайылымдарының маусымдылығын ұзарту, сондай-ақ көптүрлілігін арттыру жаз және күзде балауса беретін көпжылдық түрлерді пайдалану керектігін көрсетті.

Сондықтан бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отырған өсімдік байлығының генетикалық қорын сақтау, дамыту және пайдалану жөніндегі ғылми ізденістерге байланысты мал азықтық өсімдік түрлерінің тектік қорын жасау әрі сақтау, оңды деген үлгілерін іріктеп, оларды жерсіндіру мен селекция жұмыстарына кеңінен пайдалану мәселелері құрғақ аймақ жемшөп шаруашылығының басты бағыттарының қатарына жатады.

Ф.Бриггс, П.Ноулз пікірінше жерсіндіру ісіне қамтылатын өсімдік байлы-ғын үш топқа бөлуге болады: 1) жаңа дақылдар; 2) қолданыста жүрген дақыл-дардың жаңа сорттары; 3) қолданыста жүрген дақылдар үшін жаңа қасиеттері бар түрлер.

Осы тұрғыдан қарағанда құрғақ аймақта өсімдіктерді жерсіндіру жұмысы негізінен «жаңа дақылдармен», яғни жабайы түрлермен жүргізілуде. Тектік қор коллекциясын құру тәсілдері негізінен екі бағыттан тұрды: бірінші – экспедициялық ізденістер нәтижесінде отандық, оның ішінде жергілікті табиғи өсімдік әлемін жинау; екіншісі – делектус, яғни алыс – беріс жолымен отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу мекемелерінен ұрықтық материалдар алу.

 

 

2.3 Жергілікті табиғи мал азықтық өсімдіктер байлығын анықтау

және пайдалану

 

Кезінде Н.И.Вавилов алғашқы материалдар үшін жергілікті өсімдік түрлері мен үлгілеріне, соның ішінде жабайы мал азығындық өсімдіктерінің байлығына ерекше назар аударуды атап өткен.

Оңтүстік Қазақстан өсімдік байлығын зерттеу кезінде Н.В.Павлов көптеген бағалы мал азықтық өсімдіктердің өсетінін анықтады.

Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары Оңтүстік Қазақстанның негізгі алқаптары Батыс Тянь-Шань мен қаратау бөктеріндегі жазықтар, Қызылқұмның шығыс бөлігі, Сырдария өзенінің орта ағысында жатқан жазық жерлер, Мойынқұмның оңтүстік жағы тексерілді.

Бағалы мал азықтық өсімдіктердің бірі – изеннің сұр және жасылдау түршелері кездеседі. Сұр изен солтүстік бөлікте Мойынқұмның құм жолда-рында аққабық жүзгін, ақ сексеуіл, боз жусан, сұр теріскен, қылша, құрқашаш, еркекшөппен аралас өседі. Түп саны өте сирек, биіктігі 40-50 см. Сондай-ақ сұр изен Шолаққорған – Созақ автотрассасының 50-ші шақырымының сол бетіндегі сайлы құмшауытты-саздақты жерде кездесті. Мұнда ол астық шөптесін өсімдіктермен, шеңгел, баялышпен аралас өседі. Осы тұста тауға қарай созылған жазықта да аракідік кездесіп отырды. Оның таза немесе бсымдау келген ассоциациялары кездеспеді.

Жасылдау изен (Тянь-Шань изені) тау бөктеріндегі сазды және саздақтау жерлерде өседі. Қаратаудың теріскей бетінде тау шатқалдарынан шыққан кішігірім бұлақтар жағасында беде, сасыр, дірілдеуік (шалфей) тағы басқа шөптермен аралас өседі, ал беткейдегі жазықта мүлде кездеспейді. Қаратаудың оңтүстік беткейінде ол ескі арналарда, Шымкент-Түркістан-Жаңақорған автотрассасының бойында өседі. Батыс Тянь-Шань бөктеріндегі мал тұяғы бара бермейтін жерлерде оның басымдау орын алатынын байқады. Оңтүстік-батыста төменгі таралу шекарасы Сарыағаш ауданында жатқан Әлімтау шоқыларымен аяқталады. Мұнда ол өте сирек кездеседі.

Теріскен популяциясы екі түрлі құрайды: сұр және эверсманн. Қызылқұм-да және Сырдария аңғарындағы құмды аралдарда негізінен эверсманн теріскені өседі. Бір ерекшелігі мұнда ол жақсы дамыған, бойларының биіктігі 80-90 см, доминант. Қаратаудың теріскей бетінде екі түрі де кездеседі. Созақ ауданының орталығы Шолаққорғаннан 20 шақырымдау қашықтықта жатқан Айкене деген жерде сұр теріскеннің қалың алқабы анықталды. Түп саны гектарына 15-20 мыңдай болады. Өсімдік биіктігі 110-130 см. Мойынқұмның біз аралаған бөлігінде эверсманн теріскені ақ баялыш, жүзгін, таспа, жусан, изен, еркек, қылша, т.б. өсімдіктермен аралас өседі. Қаратаудың Күйік асуында сұр теріскеннің жақсы өсіп дамыған популяциясы теріліп алынды. Сұнда ол астық тұқымдас және бұталы өсімдіктермен аралас өскен.

 

 

2.4 Басқа ғылыми-зерттеу мекемелерінен алынған үлгілер

 

Өткен ғасырдың 70 жылдарының басында Қазақ қаракөл қой шаруашы-лығы ғылыми-зерттеу институтының «Бақтыөлең» тәжірибе жайында Өзбекстандағы Бүкілодақтық қаракөл қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтынан алынған изеннің 4 түрінен алғашқы рет тектік қоры жасалады.

1974 жылдан бастап Бүкілодақтық өсімдік шаруашылығы институтының Аралмаңы тәжірибе стансасымен тығыз байланыс орнатылып, бірінші рет сол жылы изеннің 37, теріскеннің 8 үлгісінің тұқымы алынды. 1975-2002 жылдар арасында изеннің 199 үлгісі жинақталды.

 

 

2.5 Құрғақ аймақта өсетін мал азықтық өсімдіктердің экологиялық-биологиялық ерекшеліктері мен шаруашылық қасиеттері

 

2.5.1 Жартылай бұталы немесе шалабұта өсімдіктер

 

Еліміздің құрғақ аймағында табиғи өсетін түрлердің ішінде жартылай бұталы немесе шалабұта өсімдіктердің кең тарағаны белгілі. Солардың арасында аса құнды, шаруашылық мәні бар Алабұта тұқымдасының Изен, Теріскен, Қараматау, Сораң туыстарына және Күрделігүлдер тұқымдасының Жусан туысына жататын түрлердің орны ерекше. Сондықтанда болар көптеген ғылыми еңбектер осы туыстарды зерттеуге бағытталған. Біздің дипломдық жұмыста изен және теріскенді жерсіндіру қаралады.

 

2.5.2 Изен туысы

 

Қазақстанның оңтүстік шөлі аймағында бағалы мал азықтық өсімдіктердің үлгілерін көптеп жинау, тектік қорын жасау және тұрақты зерттеу жұмыстары өткен ғасырдың 70-жылдардың басында жүргізіле бас-тады. Бірінші кезекте изен өсімдігіне баса назар аударылды. Айта кету керек, сұр  – Koshia prostrata subsp.grisea, жасылдау – Koshia prostrata subsp. Prostrata (subsp.viresens).-K. tianshanica Pavl. изен түрлері жерсіндіру заңдылықтарын анықтауда өте қолайлы зерзат болып есептелінеді. Өйткені ол түрлі эколо-гиялық-географиялық аймақтарда тараған және түр болып тарихи  қалыпта-суының өзіндік ерекшеліктері бар. Осыған байланысты изеннің морфоло-гиялық-биологиялық қасиеттерінің сан-алуан екендігін, оның жерсіну мүмкін-шілігінің біркелкі болмайтындығын біздің алғаш рет 5 нұсқамен жүргізген зерттеу нәтижелері көрсеткен болатын. Изен көшетжайын кеңейту жұмысы 2001 және 2003 жылдары қарқынды жүргізілді (2-сурет). Изен нұсқалары 9

 

 

 
 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-сурет. Изен үлгілерінің 2001 жылы егілген көшетжайы

 

флоралық ауданнан алынды. Мұның өзі нұсқаларды бір экологиялық ортада салыстыр-малы түрде сынауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, зерттеу жылдары-ның ауа райы тым қарама-қайшы болғандықтан изеннің қолайсыз ауа райы құбылыстарына төзімділігі анықталды.

Айрықша айтылатын бір ерекшелік, ол зерттеу жүргізген жылдар кезінде изен тұқымдарының бірде –бір рет өскін бермеген жылы болған жоқ. Ал, шыққан өскіндердің өсіп – дамуы және сақталуы көктемнің екінші жартысы мен жаз кезінде қалыптасқан ауа райына, сондай-ақ изен үлгілерінің экологиялық-биологиялық ерекшеліктеріне байланысты екендігі анықталды.

Изен тұқымы, көп жылдық байқаулар көрсеткендей наурыз айында өне бастайды. Кей жылдары одан да ерте өнуі мүмкін.

Ә.Сейткәрімовтың мәліметі бойынша жалпы, ауа райы бір қалыпты жылы өскіндердің сиреуі баяу және төмен, құрғақшылық ерте түскен жылдары керісінше, қатты сирейді. Мысалы, 2011 және 2012 ауылшаруашылық жылдарында жылдық жауын-шашын мөлшері 157-159 мм болды. Егер 201 жылы сәуір айында 71,9 мм, мамыр айында 18,8 мм жауын-шашын түскен болса, 2012 жылы осы айларда ылғал мүлде болмады. Алайда, 1974 жылы мамырдың үшінші онкүндігінде температураның бірден көтерілуі топырақтың жоғары қабатын қатты құрғатты, соның әсерінен Памир – Алай, Тянь-Шань флоралық аудандарының сазды жерлерінде өсетін жасылдау түршесіне жататын нұсқалар тегіс қурап кетті. Қалған үлгілердің өскіндері мамыр айына қарағанда 1,5-10 еседен артық төмендеді (2-кесте). Кестедегі мәліметтерден көрінгендей, кейбір үлгілердің сиреуі бірінші жылдың, өсіп-даму кезеңі аяқталғанша жүреді.

 

2-кесте. Ауа райы қолайсыз жылы изен үлгілерінің тіршілігінің бірінші жы-лында сақталуы (2012 ж.), дана/қума метр

 

Флоралық аудан

Каталог нөмері

Айлар

наурыз

сәуір

мамыр

маусым

қыркүйек

Төменгі-Дон

К-120

80

59

31

5

2

Арал-Каспий

К-101

63

36

11

7

5

Балқашмаңы

К-486

19

17

10

3

3

К-529

27

18

10

4

2

Қызылқұм

К-319

35

19

13

5

2

Памир-Алай

К-203

8

5

3

0

0

Тянь-Шань

Э-1165

21

13

0

0

0

 

Айта кету керек, 2011 жылдың көктем айлары ылғалды келді. Алайда, шілде айында болған аңызақты ыстық жел Төмен-Дон, Арал-Каспий, Балқаш-маңы, Тянь-Шань флоралық аудандардың, соның ішінде Ставрополь өлкесінің, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды облыстарының, Қырғызстан Республикасы-ның, Өзбекстан Республикасының үлгілерінің өсімдіктерін қатты сиретті.

Жаз айлары қолайлы болған 203-2011 жылдары егілген көшетжайларда өскіндердің сиреуі төмен болды. Мәселен, жоғарыда атап өткендей 2010 жыл жауын-шашын мөлшері бойынша 2011 жылмен бірдей, оның үстіне сәуір-мамыр айларында ылғал түспеді. Солай десек те, бұл жылы  өскіндердің сақта-луы жоғары болды (3-кесте). Алынған мәліметтерді талдау барысында Ставро-поль өлкесінің, Қостанай облысының, Ақтөбе облысының және Қызылорда облысының үлгілерінде  бір құма  метрде 6-11 түп сақталғаны анықталды.

 

3-кесте. Ауа райы қолайлы жылы изен үлгілерінің тіршілігінің бірінші жы-лында сақталуы (2012), дана/қума метр

 

Флоралық аудан

Каталог нөмері

Айлар

наурыз

сәуір

мамыр

маусым

қыркүйек

Төменгі-Дон

К-38

5,0

8,6

8,0

8,0

7,3

К-334

0,6

4,6

3,6

3,0

2,8

Төменгі-Еділ

К-15

0,6

4,4

4,2

4,0

3,4

Арал-Каспий

К-3

-

4

4

3,4

3,4

К-269

21,0

17,0

14,0

11,6

10,8

Қызылқұм

К-319

9,4

8,6

7,6

6,8

6,4

Тянь-Шань

БТ-1

2,2

3,0

3,0

2,6

2,4

БТ-4

3,0

2,6

2,2

2,0

2,0

Өсімдіктердің сиреуі тек бірінші жылы ғана емес, тіршілігінің кейінгі жылдары да жүріп жатады. Дегенмен, зерттеулер нәтижесі өсімдіктердің жаппай сиреуі 3-4 жылдары баяулай бастайтынын көрсетті. Жалпы, біздің байқағанымыз, егер бір қума метрде 2-3 түп  қалған жағдайда өсімдіктердің ары қарай сиреуі тоқтайды. Әрине, бұл жағдай өсімдіктердің экологиялық-биологиялық ерекшеліктеріне де байланысты.

Атап өтетін жай изеннің кейбір үлгілерінің сиреуіне зиянкестер де әсер етті. Әсіресе жасылдау түршесіне жататын үлгілерінің тамырлары қатты зақымданды. Соның салдарынан, бұлардың 4-7 жылғы егістері қатты сиреді немесе өліп қалды.

Әр жылдары егілген изен үлгілерінің көшетжайларын зерттеу нәтиже-сінде  Балқашмаңы флоралық ауданының Мойынқұм өңірінде өсетін, Шу-Іле таулары бөктерінің, Ақтөбе облысының, Тянь-Шань флоралық ауданының, Шартақ өңірінің, Қызылқұм флоралық ауданының, Жоңғар – Тарбағатай фло-ралық ауданының нұсқаулары 16-20 жылға дейін  тіршілігін тоқтатқан жоқ. Бұл жерде назар аударатын жағдай соңғы үш нұсқадан басқаларының құмды және тастақты жерлерде өсетіндігі. Изен ареалының батыс, теріскей және таулы флоралық аудандарының 6-13 жылға дейін өмір сүреді. Ставрополь өлкесінің және Волгоград облысының сортаң жерлерінде, сондай-ақ Ақтөбе облысының бұрыңғы Торғай облысының және Жезқазған облысының бар-жоғы 2-4 жыл тіршілік  етті.

Ауа райының түрлі қалыптасуы жалғыз өсімдіктердің жиілігіне ғана емес, олардың өсіп-дамуына да әсер етеді.

Біздің бақылаулар көрсеткендей, 2011, 2012, 2013 жылдары изен үлгілерінің жас өсімдіктері сабақтану кезеңінде қалса, 2011, 2012 жылдары бірінші жылдың өзінде жақсы өсіп-дамып ұрық байлады.

Үлгілердің өсіп-даму кезеңдерінің мезгілі және вегетациялық дәуірінің ұзақтығы олардың табиғи шыққан жеріне байланысты өзгеретіні анықталды.

Бірінші болып гүлдеуге мамыр айының соңында Төменгі-Дон, Төменгі-Еділ және Арал-Каспий флоралық аудандардың үлгілері, сондай-ақ Тянь-Шань флоралық ауданының Орталық Тянь-Шанда өсетін үлгілер жатады. Олардың өсу сәтінен гүлдеу мерзіміне дейін 60-75 күн өтеді.

Көбі маусым айының ортасына қарай гүлдей бастайды, яғни өсу сәтінен гүлдеу мерзіміне дейін 80-90 күн болады. Салыстырмалы түрде алғанда ең кеш гүлдейтін үлгілерге негізінен Тянь-Шань флоралық түрі жатады. Бұлардың өсу сәтінен гүлдеу мерзіміне дейінгі ұзақтығы 90-100 күнге тең.

Т.А. Тұрғанованың мәліметі бойынша Солтүстік Аралмаңы өңірінде изен үлгілерінің өсу-гүлдеу мерзімінің ұзақтығы 100-135 күнге созылады.

Изен үлгілерінің тұқым пісу мерзімі гүлдеу мезгіліне сәйкес бірінде ертелеу, бірінде кештеу келеді. Ерте гүлдеген үлгілердің тұқымы қыркүйек айының соңында піседі. Олардың вегетациялық дәуірінің ұзақтығы 180-195 күнге тең. Дегенмен үлгілердің басым бөлігінің тұқымының пісу қазан айының бірінші онкүндігіне тура келеді және үлгілердің табиғи өсетін жеріндегі пісу мерзімімен сәйкес десек болады. Бұлардың вегетациялық дәуірінің ұзақтығы

 

 

    4-кесте.  Изен үлгілерінің тіршілігінің бірінші және кейінгі жылдардағы сиреуі, дана/қума метр

 

1997 жылы егілген

Флоралық аудан

Каталог нөмері

Тіршілік жылы

бірінші

екінші

үшінші

төртінші

алтын-шы

тоғы-зыншы

он үшінші

он бесінші

он тоғы-зыншы

Төменгі-Дон

К-120

29

7,8

1,8

1,6

1,4

-

-

-

-

К-121

83

14,2

3,4

3,4

0,4

-

-

-

-

Арал-Каспий

БТ-16

92

38

3,4

2,8

1,8

-

-

-

-

К-101

15

8

4

4

2

2

1

0,4

-

К-115

25

13

7

6

4

2

2

0,4

-

Балқашмаңы

К-317

33

24

6

4

4

3

3

1

-

К-323

23

15

4

4

4

3

2

2

2

Қызылқұм

БТ-3

6

2

2

2

2

1

1

1

1

Тянь-Шань

БТ-1

37

20

5

4

4

2

2

1

1

БТ-2

5

3

2

2

2

-

-

-

-

БТ-4

49

15

4

4

3

3

-

-

-

БТ-5

23

13

4

4

4

0,2

0,2

-

-

К-138

117

20

4

3

2

-

-

-

-

К-139

29

14

5

5

2

-

-

-

-

 

 

4-кестенің  жалғасы   

2003 жылы егілген

Флоралық аудан

Каталог нөмері

Тіршілік жылы

бірінші

екінші

үшінші

төртінші

алтыншы

сегізінші

он алтыншы

жиырма-сыншы

көктем

күз

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Төменгі-Дон

К-2372

3,9

2,6

0,8

0,3

0,3

0,3

-

-

-

К-121

8,6

8,2

2,8

0,9

0,8

0,6

0,4

-

-

 

Арал-Каспий

К-99

4,0

3,2

1,5

1,4

1,4

1,4

1,1

-

-

К-114

55,6

28,2

6,4

1,9

1,9

1,9

1,1

-

-

К-4

14,4

4,0

2,6

0,9

0,9

0,7

0,6

-

-

К-284

1,0

0,6

0,5

0,2

0,1

-

-

-

-

К-2340

10,3

7,2

2,8

1,2

1,1

1,1

0,7

-

-

К-2376

11,2

6,6

3,7

1,9

1,9

1,9

1,5

0,1

-

К-408

3,9

1,6

0,8

0,5

0,5

0,5

0,2

-

-

К-2998

15,4

8,9

4,0

2,0

2,0

1,2

1,0

0,1

0,1

К-2332

8,9

8,2

2,0

0,5

0,3

0,3

-

-

-

К-3031

14,3

8,4

2,2

2,1

1,8

0,2

-

-

-

Балқаш-маңы

БТ-6

10,2

6,0

3,0

2,5

1,8

1,8

1,3

-

-

К-431

1,6

2,0

0,7

0,5

0,3

0,3

0,2

-

-

К-510

1,8

0,8

0,1

0,1

0,1

0,1

-

-

-

К-566

15,3

7,2

2,5

0,9

0,9

0,9

0,6

-

-

К-323

10,3

7,4

2,8

1,6

1,2

1,2

0,3

0,3

-

К-494

8,6

4,4

1,0

0,3

0,2

0,2

0,1

-

-

К-403

21,0

8,5

1,8

0,8

0,8

0,8

0,3

-

-

Балқаш-маңы

К-397

3,3

1,8

0,4

0,4

0,1

-

-

-

-

К-515

7,2

3,0

0,4

0,4

0,3

0,1

0,1

-

-

К-503

7,2

2,9

2,8

1,8

1,8

1,8

1,1

-

-

К-486

1,4

1,0

0,6

 

 

0,5

 

0,5

0,5

0,4

-

-

4-кестенің жалғасы

 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Қызылқұм

К-319

5,8

3,0

2,0

0,6

0,6

0,6

0,6

0,5

0,4

Памир-Алай

К-3054

19,0

10,8

4,8

2,9

2,5

2,0

1,2

1,0

-

Тянь-Шань

БТ-1

1,4

0,6

0,4

0,4

0,3

0,3

0,3

0,3

-

БТ-3

2,8

1,8

0,9

0,9

0,8

0,8

0,7

0,1

-

БТ-4

8,0

7,1

0,7

0,7

0,1

-

-

-

-

БТ-5

11,7

1,3

0,7

0,7

0,1

0,1

-

-

-

К-132

18,0

10,7

4,4

1,7

1,4

1,0

0,3

-

-

К-139

15,0

10,3

8,1

2,6

2,6

2,6

1,7

-

-

К-517

4,0

3,7

1,4

1,4

1,4

1,4

0,7

0,1

-

К-321

4,2

2,2

1,7

1,0

1,0

1,0

0,7

0,2

0,1

К-118

12,9

7,0

1,0

0,5

0,4

0,3

-

-

-

К-3028

6,4

5,8

2,3

1,2

1,2

-

-

-

-

К-3029

7,4

3,6

1,5

0,9

0,7

-

-

-

-

К-3042

1,3

0,8

0,5

0,5

0,5

0,4

0,4

-

-

К-3036

5,5

5,0

1,3

1,3

1,0

0,7

0,5

0,3

-

К-3043

7,3

4,4

1,9

1,6

1,2

0,7

0,5

0,3

-

Жоңғар –Тарбағатай

К-494

8,6

4,4

1,0

0,3

0,2

0,2

0,1

-

-

К-497

1,3

1,5

0,8

0,5

0,5

0,5

0,4

-

-

К-510

1,8

0,8

0,1

0,1

0,1

0,1

-

-

-

К-566

15,3

7,2

2,5

0,9

0,9

0,9

0,6

0,2

-

 

 

192-203 күн аралығында. Ең кеш пісетін үлгіге Тянь-Шань флоралық үлгісі вегетациялық дәуірінің ұзақтығы 210-225 күн.

Сонымен изен үлгілерінің өсіп-даму кезеңін зерттеу олардың бүгінгі табиғи өсу ортасына байланысты оңтүстіктің шөлі аймағы жағдайында біркелкі өтпейтінін көрсетті. Гүлдеу мерзіміне түсуіне байланысты үш топқа бөлінеді. Демек, бұл дегеніміз селекция жұмысына, шаруашылық қажетке гүлдеу-пісу мерзімі түрлі үлгілерді іріктеп алуға мүмкіндік бар деген сөз.

Изеннің биологиялық ерекшеліктерінің бірі жылдың ыстық әрі құрғақты кезі жазда өсетіндігі. Осылайша оның өсімдіктері жаз-күз айларында малды құндылығы жоғары көк балаусамен қамтамасыз етеді.

Изен үлгілерінің биіктікке өсуі жергілікті шөлдің жаз айларында қалыптасқан ауа райына байланысты өзгеріп отыратындығы байқалды. Сонымен қатар, барлық үлгілердің морфологиялық-биологиялық ерекшелік-теріне қарай өсуі біркелкі емес.

Изен үлгілерінің сұр түршесіне жататындары табиғи жағдайда жазы жұмсақтау жерлерде өсіп-дамиды. Мұнда ғасырлар бойы табиғи сұрыптау нәтижесінде олардың морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері қалыптасқан. Бұлардың жер бетіндегі мүшелері ылғалды үнемдеп жұмсауға бейімделген, яғни ксерофитті өсімдіктерге тән сабағы тік өсетін, жапырақтары майда және түкті келеді. Бірақ тамыр жүйесінің нашар дамитының байқадық. 19-суретте көрсетілгендей, Арал-Каспий флоралық ауданының Батыс Қазақстан облысынан алынған үлгісі тіршілігінің үшінші жылында негізгі тамырдан бар-жоғы 2, ал Балқашмаңы флоралық ауданының Мойынқұмда өсетін БТ-6 үлгісі 7 жанама тамыр шығарған. Егер бірінші үлгінің тамырлары жан-жаққа таралуы 22 см болса, соңғынікі – 53 см дейін барады. Негізгі тамырдың тереңдеуі екі үлгінікі бірдей дерлік –140 см, бірақ өсімдіктің түбі жағындағы оның жуандығы үлгілерге сәйкес 0,6 және 2 см.

Жасылдау түршенің үлгілері табиғи жағдайда жылдық жауын-шашын мөлшері мол, бірақ жазы құрғақ жерлерде өседі. Олардың тамыр жүйесінің қуатты болатының кезінде анықталынған. Алайда бұл түршеге жататын үлгі- лердің  жер  бетіндегі  мүшелерінің  түгі  аз  болады. Сондықтан, тамыр жүйесі нашар дамыған сұр түршенің және жер бетіндегі мүшелері аз түкті жасылдау түршенің үлгілерінің өсіп-дамуы Оңтүстік Қазақстанның шөл аймағының жазда қалыптасатын ауа райына тұрақты үйлесе бермейді. Ал, ауа райы тым қолайсыз болған жылдары изеннің барлық дерлік үлгілерінің нашар өсіп-дамитыны байқалады. 

Жалпы, байқаулар нәтижесі изен үлгілерінің өсу мүмкіншіліктері жоғары екенін және өздеріне тән өсу ерекшеліктері бар екенін көрсетті.

Қазақстанның оңтүстік шөлі аймағында алшындап биік өсетін үлгілер негізінен Тянь-Шань флоралық ауданында таралған. Ең биік изеннің бойлауы 107-137 см. Бұл үлгілер жалғыз жайылымдық емес, пішендік мақсатқа да пайдалануға болады. Бірақ, жоғарыда айтқанымыздай жаздың аптап ыстықтарында, бұл үлгілердің сабақтары қурап кетуі немесе жапырақтары түсіп, құр сабақтары сидиып жалаңаш қалу жайлары жиі қайталанады, сөйтіп құнарлығы төмендейді.



3-сурет. Балқашмаңы және Арал-Каспий флоралық аудандарының изен үлгілерінің тамыр жүйесі

 

 

5-кесте. Изен үлгілері өсімдіктерінің сабақ саны және көктей салмағы (1994 жылы егілген)

 

Флоралық

аудан

Каталог нөмірі

Түрлі тіршілік жылындағы 

бір түптегі сабақ саны, дана

Түрлі тіршілік жылындағы

бір түптің көктей салмағы, г

2

5

12

2

5

12

Төменгі-Дон

К-120

23

54

-

148

75

-

Арал-Каспий

К-101

13

100

64

61

160

95

Балқаш маңы

К-316

29

100

73

175

128

166

К-323

18

105

102

210

305

206

Қызыл-құм

БТ-3

15

106

131

160

275

236

К-319

23

149

51

230

208

158

Тянь-Шань

БТ-1

9

65

84

280

315

214

БТ-4

12

100

46

104

140

112

К-140

23

114

42

220

183

68

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Жайылымдық мақсатқа арналған изен үлгілері өте бағалы. Себебі бұлардың жапырақтары пішен құрамында салыстырмалы түрде алғанда молдау келеді.  Бұл үлгілердің пішен құрылымының 43,2-44,1% жапырақ пен шанақ құрайды. Мұндай жағдай ауа райы өте қолайлы болған 2007 жылы да байқалды (4-сурет).

 

2003 жылы егілген көшетжайында Арал-Каспий флоралық ауданының Атырау облысы Мақат ауданының сортаң жерінде өсетін, Ақтөбе облысы Шалқар ауданының құмды жерінде тараған, Балқашмаңы флоралық ауданы-ның Мойынқұмынан, Тауқұмнан, Қызылқұм флоралық ауданының Оңтүстік Қазақстан облысы Әлімтау жоталарында кездесетін үлгілері тіршілігінің соңғы жылдарына дейін сабақтануы жоғары деңгейде болды және салмақтары төмендемеді.

Атырау облысынан алынған БТ-16 үлгісінің шығымдылығы гектарына пішен түрінде 1,5-6,9 центнер арасында ауытқыды. Ең жоғары өнім БТ-1 үлгісінен алынды. Оның шығымдылығы гектарына пішен түрінде 7,1-38,0 ц аралығында болды. Осындай көрсеткіш К-323 үлгісінде байқалды – 5,8-25,0 ц/га. Арал-Каспий флоралық ауданының оңды үлгілері көрсеткіштері төмен-дегідей: 1997 жылы егілген көшетжайда К-101-дікі –6,3-14,1 ц/га, К-115-тікі – 8,7-15,5 ц/га, 1998 жылы егілген көшетжайда тиісінше 7,0-12,7 және 6,7 – 19,0 ц/га.

Жалпы жаз кезінде бір центнер изен пішенінде 65,3 азықтық өлшем бо-лады. Бағалы деген изен үлгілері гектарына 4,6-16,5 ц азықтық өлшем, яғни табиғи жайылыммен салыстырғанда 3-6 есе көп береді.

Дегенде, бұл изен үлгілірінің топырақ жағдайына және ауа райына байла-нысты өсіп-дамуы әр түрлі. Мұны оңтүстік шөл аймағының түрлі экологиялық жағдайда егілген құмды жерде өсетін БТ-6 және тастақты өңірден алынған   БТ-1 үлгілердің өсуін байқау нәтижелері айқын көрсетті. Мысалы, Арыс қала-

 

 

К-2372 – Қалмақ Республикасы                                             К-99 - Қызылорда облысы

К-121 – Ставрополь өлкесі                                                     К-403 - Жамбыл облысы

К-2340 – Батыс Қазақстан облысы                                               К-3029 – Ош облысы

К- 01 – Ақтөбе облысы                                                                БТ-1 – Ош облысы

К-2998 – Ақтөбе облысы                                                             БТ- 4 – Оңтүстік Қазақстан облысы

                                                                                                 БТ- 6 – Оңтүстік Қазақстан облысы

 

4-сурет. Изен үлгілерінің пішен құрылымындағы жапырақ мөлшері (2007 жыл)

 

   6-кесте. Изеннің оңды үлгілерінің өсімдіктерінің биіктігі, сабақ саны және мал азықтық өнімділігі

                                                                                                                                            

1998 жылы егілген

Флоралық аудан

Каталог нөмірі

3-жыл

5-жыл

10-жыл

биікті-гі, см

сабақ саны, дана

өнімділігі, ц/га

биікті-гі, см

сабақ саны, дана

өнімділігі, ц/га

биікті-гі, см

сабақ саны, дана

өнімділігі, ц/га

көк балауса

пішен

көк балауса

пішен

көк балауса

пішен

Арал-Каспий

К-101

64,9

97

23,4

12,7

63,4

113

18,7

10,4

74,0

90,0

12,8

7,0

К-115

72,7

150

29,1

16,3

65,6

345

26,6

19,0

76,3

170,0

12,8

6,7

Балқаш маңы

К-316

68,6

71

14,8

7,6

77,9

173

26,5

18,2

-

-

-

-

К-321

71,9

142

19,8

10,3

75,0

123

22,1

15,2

75,7

112

11,9

6,8

К-323

70,1

97

17,5

8,6

78,6

162

26,0

17,6

75,3

129

13,0

7,6

БТ-6

71,6

150

21,3

13,1

72,7

190

26,8

17,1

73,8

107

16,9

9,3

Подпись: 34Қызыл-құм

К-319

79,8

124

19,3

10,2

79,0

247

25,4

18,6

77,1

149

13,6

8,1

БТ-3

85,1

105

25,0

13,6

82,4

155

27,6

19,1

-

-

-

-

Тянь-Шань

БТ-1

91,1

61

30,5

18,1

95,2

94

40,8

24,5

95,3

95

30,3

17,1

БТ-2

90,1

59

21,3

14,9

88,7

44

15,7

13,8

-

-

-

-

БТ-4

88,1

126

25,7

15,6

82,0

299

31,2

23,0

-

-

-

-

БТ-5

79,7

111

23,5

13,6

86,4

216

27,3

20,1

-

-

-

-

   ЕЕА 0,5                                                     3,5                                                       2,1                                                         0,3

 

 

сынан 12 шақырымдай жерде орналасқан «Боғара» мекенжайының топырағы-ашық сұрғылт, механикалық құрамы құмшауыт және саздақ Құмшауыт жерде егілген БТ-6 үлгісінің өсіп-дамуы саздақ жердегіден әлдеқайда жоғары, осыған орай өнімділігі де біршама жоғары. Өсімдік бойларының биіктігі бірінші жағдайда 64,7-98 см, сабақтар саны 78-142 дана, құрғақ өнімділігі гектарына 12,6-16,2 центнерден келсе, екінші жағдайда ол көрсеткіштер тиісінше былай болды: 56,1-70,4 см 38-44 дана және 5,5-7,7 ц.

Мұның өзі БТ-1 үлгісінің топырақ түрін онша талғамайтынын көрсетеді. Оны «Қазақжайылым» жобалау-құрылыс пайдалану бірлестігінде жүргізген жұмыстар нәтижесінен көруге көруге болады.

Қазақстанның оңтүстігіндегі 7 шаруашылықта егілген БТ-1 үлгісінің бірінші  жылғы  өсімдіктерінің  бойы  31,7-53,3  сантиметр, екінші жылы 53,2 –61,2 сантиметр аралығында, сабақ саны бірінші  жылы 3,0-6,1 дана, екінші жылы 7,0-11,1 дана болды. Егістіктің шөп шығымдылығы екінші жылдың өзінде гектарына 9,4-11,3 центнерден құрады. Келтірілген мәліметтерге қарап, бұл изеннің өсуіне топырақ жағдайынан гөрі ауа райының әсері басымдау келетіні байқалды. Мысалы, жауын-шашын мөлшері төмен «Красная звезда» шаруашылығында  изен екпе егістігі үшін бөлінген жердің топырақ жағдайы  нашар болды. Соған қарамастан, ылғалды болған 1991 жылы бірінші жылғы изеннің бойы 45,7 саниметрге жетті.

Алайда, изен үлгілерінің жерсіну мүмкіншілігі агротехникалық шараларға да байланысты екенін біздің ғылыми және өндірістік зерттеулер айқындап берді. Әсіресе изен көшетжайларын күтіп-баптау ерекше орын алады.

 

7-кесте. Сұр изеннің БТ-1 үлгісінің түрлі топырақ құрамы жағдайында дамуы және өнімділігі

 

Топырақ құрамы

Бойы, см

Сабақ саны, дана

Құрғақ масса өнімділігі, ц/га

2010

2011

2012

2010

2011

2013

2010

2011

2012

Саздақ «Боғара»

101,9

92,0

95,8

73

59

77,1

19,0

14,7

17,8

Құмшауыт  «Бақтыөлең»

49,0

90,6

92,2

51

69

56,0

8,1

14,1

16,9

 

Изен өскіндері жер бетіне шыққан соң ең бірінші қолданылатын агротехникалық шара, арам шөптерді ору болып табылады. Себебі изен өскіндері дамуының алғашқы кезеңінде  өте баяу өсетіні жоғарыда айтылады. Арам шөптер керсінше алшындап өседі. Көпжылдық тәжірибелер арам шөптерді сәуірдің ішінде орып тастау изен өскіндерінің жақсы дамуына себеп болатынын көрсетті. Арам шөптерді өз мезгілінде орудың қандай тиімді екенін Оңтүстік Қазақстан облысының бұрынғы «Дарбаза», «Әлімтау» шаруашылық-тарында жүргізілген өндірістік тәжірибе мәліметтерінен анық көруге болады. 2000 жылы изен өскіндері аталған шаруашылықтарда наурыздың бас кезінде көріне бастады. Бір шаршы метрде 3,7-7,6 дана өскіндер болды. Арам шөптер сәуірдің екінші жартысында орылған өскіндердің 86 пайызы сақталса, мамырда орылған егістікте олардың 30 пайыз ғана қалды. Шілде айының басында арам шөпті мезгілінде орған егістікте изен өсімдігінің бойы 28,9 сантиметрге, сабақ саны 4,7 данаға жетсе, арам шөптер кеш орылған егістікте ол көрсеткіштер мынадай болды: 13,8 см және 1,4 дана.

Изен үлгілерінің арасында тұқым байлау көрсеткіші бойынша негізінен Балқашмаңы флоралық ауданының оңтүстік пен оңтүстік-шығыс өңірлерінде, Тянь-Шань флоралық ауданының оңтүстік және батыс аймақтарында, сондай-ақ Қызылқұм мен Сырдария флоралық аудандарында өсетін үлгілер ерекшеленеді. Салыстырмалы түрде БТ-1 үлгісінің тұқым өнімділігі жылдарға байланысты гектарына 0,6-2,5 ц, тұқым байлауы 32-75%, мың дәннің салмағы 1,4-2,1 г аралығында болды. БТ-3, БТ-6, К-316 үлгілерінде бұл көрсеткіштер тиісінше 0,3-1,3 ц/га, 12-60% және 0,8-1,4 г аралығында ауытқиды.

Жасылдау тармағына жататын Тянь-Шань флоралық ауданның БТ-4, БТ-5, К-517 және басқаларының тұқым өнімділігі ауа-райы қалыптасуына байла-нысты тұрақты емес. Тұқым өнімділігі гектарына 0,1-1,5 ц, тұқым байлауы 10-48%,  мың дәннің салмағы 1,2-2,0 г аралығында болды.

Өсіп-даму  ерекшеліктері және шаруашылық маңыздылығы бойынша оңды деген үлгілердің химиялық құрамын анықтау олардың мал азықтық сапасының құнарлы екенін көрсетті. 8-кестедегі келтірілген мәліметтерге қарағанда шанақтану кезінде изеннің барлық үлгілерінде дерлік протеин көрсеткіші жоғары, оның мөлшері 14,3-25,1% аралығында.

Тұқым байлау кезеңінде сабақтардың қатайып, жапырақ мөлшерінің төмендеуі клечатканың одан әрі жоғарылауына әкеп соғады. Бұл кезде кальций мен фосфор мөлшері қайта төмендейді, ал протеин мөлшері тұқым байлау есебінен аздап көбейеді. Бұл заңдылықтар ең бағалы деген Тянь-Шань флора-лық ауданының Шатқал жоталарында тараған БТ-1 үлгісінің пішен құнарлы-ғын анықтау кезінде анық байқалды. Кестеде келтірілгендей, тұқым байлау кезінде БТ-1 үлгісінің пішенінде протеин мөлшері гүлдеу кезеңіне қарағанда 1,8%, ал клетка көлемі 5,1% жоғарылаған. Май мен күл көрсеткіштері анау айтарлықтай өзгермеген. Кальций мен фосфор мөлшері 3 есеге жуық төмендеген.

Жер бетіндегі мүшелері түксіз немесе аз түктілі изеннің жасылдау тармағына жататын Тянь-Шань мен Памир-Алай флоралық аудандарында өсетін үлгілердің жерсіну мүмкіншілігі жоғарыда аталған флоралық аудандарға қарағанда жоғарылау. Бұл үлгілердің тамыр жүйесі қуатты келеді. Өйткені олар табиғи жағдайда жылдық жауын-шашыны мол, бірақ жаз айлары өте құрғақты келетін аймақтарда қалыптасқан. Былайша айтқанда, жаз айларының ауа райы Қазақстанның оңтүстік шөл аймағының жаз айларындағы ауа райына ұқсастау келеді. Сондықтан болар өсімдіктің жаз кезінде қалыпты өсіп-дамуы үшін қуатты тамыр жүйесі қалыптасқан. Дегенмен, оңтүстік шөлі аймағында изеннің жасылдау түршесіне жататын үлгілердің өсіп-дамуына зиянкестер мен жазда болып тұратын оңтүстік бағыттан соғатын ыстық «керімсал» желдер көп кері әсер етеді, сөйтіп жерсіну мүмкіншілігін төмендетеді.

 

   8-кесте. Изен үлгілерінің әр түрлі жылдардағы егілген өсімдіктерінің биіктігі, см

 

1994 жылы егілген

Флоралық

аудан

Каталог нөмері

Тіршілік жылы

екінші

үшінші

төртінші

бесінші

алтыншы

сегізінші

он бірінші

он екінші

он бесінші

Төменгі-Дон

К-120

44,0

61,4

63,2

56,0

62,0

17,0

28,6

68,0

-

К-121

32,6

68,7

68,0

58,0

64,0

44,0

41,6

-

-

Арал-Каспий

К-101

50,2

58,4

58,6

67,5

76,8

46,0

57,0

53,0

-

К-106

45,0

63,0

41,0

50,0

47,0

29,7

61,0

-

-

К-111

62,0

79,8

48,4

61,5

57,0

29,0

52,7

-

-

К-114

67,0

78,0

55,0

69,0

69,0

-

52,7

-

-

К-115

69,4

67,0

56,2

55,0

65,0

36,0

52,4

68,0

-

К-277

49,0

-

-

-

-

-

-

-

-

 

 

 

Балқашмаңы

К-316

81,0

67,5

71,0

75,3

84,6

48,0

57,0

73,8

87,0

К-323

64,3

63,7

69,6

68,6

84,0

42,5

65,8

85,0

56,0

К-486-  Э-1649

62,6

49,5

58,0

60,2

68,7

27,7

52,4

66,3

63,8

К-529     Э-1602

38,3

53,7

42,0

52,0

58,0

25,0

39,0

-

-

Қызылқұм

К-319

89,7

78,3

81,9

78,6

86,0

41,8

59,5

62,8

84,2

БТ-3

69,0

62,0

91,0

101,0

95,0

41,5

-

-

-

Тянь-Шань

БТ-1

59,0

68,7

80,0

93,2

96,0

56,0

81,0

91,0

86,5

БТ-4

60,3

61,8

54,7

68,3

92,5

53,0

65,0

87,0

82,0

БТ-5

89,0

96,0

80,0

85,2

103,6

50,6

73,0

78,5

82,0

К-118

42,0

43,5

38,0

43,1

49,6

27,0

46,6

-

-

К-131

71,0

78,0

62,0

-

-

-

-

-

-

К-124

67,1

83,5

68,0

80,5

99,0

-

-

-

-

К-136

94,0

105,0

107,0

102,0

102,0

63,0

57,7

89,0

101,0

К-139

81,0

120,0

94,0

94,0

110,0

42,0

-

-

-

К-140

94,5

116,0

112,0

113,0

137,0

47,5

72,0

-

-

К-321

64,3

63,7

69,6

 

 

68,6

 

84,0

51,0

65,8

80,0

56,0

8-кестенің жалғасы

1995 жылы егілген

Флоралық

аудан

Каталог нөмері

Тіршілік жылы

бірінші

екінші

төртінші

жетінші

сегізінші

тоғызыншы

он бірінші

он төртінші

Төменгі-Дон

К-38

27,0

38,0

қурап кетті

23,0

50,0

-

-

-

К-334

32,4

44,6

44,0

31,0

68,0

56,5

-

-

Төменгі-Еділ

К-15

36,1

49,7

қурап кетті

33,5

50,0

-

-

-

 

 

 

 

 

 

Арал-Каспий

К-3

32,4

43,8

-

-

-

-

-

-

К-102

38,3

49,1

45,6

50,0

64,0

52,6

55,0

-

К-103

46,4

55,1

55,4

33,0

56,2

49,0

-

-

К-104

54,3

46,0

47,8

34,0

59,0

43,0

42,0

-

К-250

31,9

38,7

қурап кетті

25,0

32,0

36,0

-

-

К-243

22,6

44,2

59,1

34,0

58,5

49,0

51,0

64,0

К-244

42,0

45,5

51,3

37,0

63,3

58,0

55,0

-

К-251

33,0

50,0

47,0

37,0

56,2

55,0

70,0

76,0

К-258

22,5

35,3

54,0

30,4

60,0

60,0

66,0

-

К-265

41,7

54,6

39,1

20,0

35,0

-

-

-

К-269

42,2

40,0

37,6

34,0

45,0

21,4

22,6

-

К-274

46,2

43,8

-

-

-

-

-

-

Балқашмаңы

БТ-6

62,0

81,0

80,0

40,0

59,1

60,0

67,0

81,7

Қызылқұм

К-319

50,6

59,0

71,4

42,0

85,0

63,2

83,0

76,0

Тянь-Шань

БТ-1

65,2

66,8

85,3

50,6

63,7

62,3

89,2

86,5

БТ-4

53,8

63,6

74,2

44,0

77,5

60,0

93,0

69,0

1997 жылы егілген

Флоралық аудан

Каталог нөмері

Тіршілік жылы

екінші

үшінші

бесінші

жетінші

тоғызыншы

он бірінші

он екінші

Төменгі-Дон

К-120

6,3

54,7

58,1

55,5

-

-

-

К-121

15,0

54,0

54,6

40,3

-

-

-

Арал-Каспий

БТ-16

10,1

57,0

34,9

38,8

31,0

-

-

К-101

11,4

54,0

40,7

58,6

65,1

57,0

67,8

К-115

15,0

58,0

 

 

47,7

 

67,1

70,5

63,7

80,1

8-кестенің жалғасы

 

Балқашмаңы

К-317

14,1

58,0

40,5

61,5

56,1

63,5

69,0

К-323

20,9

79,9

56,5

70,0

69,3

73,7

88,5

Тянь-Шань

БТ-1

12,5

60,1

76,6

82,6

84,6

79,8

90,8

БТ-2

22,5

80,0

60,6

70,8

-

-

-

БТ-4

32,3

73,6

54,4

64,6

-

-

-

БТ-5

23,1

70,0

58,6

62,5

47,0

-

-

К-138

11,0

56,0

53,6

54,5

-

-

-

К-139

31,8

62,7

47,6

56,2

-

-

-

2003 жылы егілген

Флоралық

 аудан

Каталог нөмері

Тіршілік жылы

екінші

үшінші

төртінші

бесінші

алтыншы

жетінші

он жетінші

Төменгі-Дон

К-121

48,5

47,0

56,5

28,0

62,1

-

-

К-2372

43,7

39,0

50,3

26,0

60,4

-

-

Арал-Каспий

К-4

45,6

42,0

55,2

33,0

64,0

-

-

К-99

57,0

49,0

52,5

27,0

59,5

55,7

-

К-114

62,4

45,0

60,6

32,0

57,1

64,0

-

К-284

55,0

42,0

39,0

-

-

-

-

К-408

64,1

52,0

61,6

35,0

60,6

-

-

К-2332

41,7

43,0

50,0

қурап кетті

50,0

-

-

К-2998

42,0

67,0

58,2

26,0

65,5

62,0

71,0

К-3031

56,0

48,0

65,0

40,0

48,7

38,0

-

К-2376

55,0

43,0

50,3

36,0

56,1

48,3

55,0

К-2340

50,5

34,0

56,3

37,0

51,8

54,0

-

Балқашмаңы

К-316

74,5

49,0

70,2

34,0

78,5

84,0

81,0

К-323

46,0

45,0

74,0

47,0

93,0

87,9

-

К-397

58,6

32,0

46,0

-

-

-

-

К-403

43,0

38,0

51,3

29,0

71,2

67,0

-

К-431

60,3

46,0

40,0

34,0

50,0

69,0

-

К-408

64,1

52,0

61,0

35,0

60,6

-

-

БТ-6

54,5

 

 

50,0

 

61,6

29,0

78,5

87,2

-

8-кестенің жалғасы

 

 

К-486

48,6

47,0

53,0

31,0

57,3

46,5

-

 

К-515

38,3

50,0

57,0

25,1

78,0

51,0

--

Қызылқұм

К-319

67,5

49,0

71,0

25,0

65,7

74,0

83,8

БТ-3

-

-

-

-

-

71,0

77,0

Памир-Алай

 

К-3054

65,2

58,0

67,5

25,0

87,3

83,0

-

 

 

 

 

 

Тянь-Шань

БТ-1

55,7

65,0

80,9

44,0

94,1

100,5

-

БТ-4

45,7

61,0

69,0

қурап кетті

103,3

63,0

-

БТ-5

50,6

59,0

61,0

32,0

68,5

-

76,0

К-132

55,5

31,7

56,7

26,0

61,0

58,0

-

К-139

67,5

54,6

76,5

37,0

91,1

85,8

-

К-517

63,0

66,0

58,7

34,0

63,2

56,0

70,0

К-321

45,4

53,0

51,0

41,0

78,0

81,0

74,0

К-3028

61,6

56,0

65,4

39,0

71,9

76,6

-

К-3029

46,6

44,0

49,6

43,5

68,7

61,0

-

К-3043

74,5

58,0

91,8

49,0

102,7

92,2

-

К-3042

68,7

59,0

68,3

37,0

87,0

81,0

-

К-3036

60,5

71,0

65,8

-

84,6

84,0

88,0

К-118

49,0

41,0

32,0

25,0

62,0

-

-

Жоңғар-Тарбағатай

К-510

10,0

38,0

42,0

қурап кетті

74,0

-

-

К-566

62,2

42,0

62,4

34,0

68,0

61,0

-

К-497

58,3

48,0

56,0

31,0

46,2

50,7

-

К-503

56,3

53,0

63,4

39,0

70,7

-

-

К-494

46,2

38,0

50,5

20,0

68,0

59,0

-

2008 жылы егілген

Флоралық аудан

Каталог нөмері

Тіршілік жылы

бірінші

екінші

Төменгі-Дон

К-121

54,1

54,1

К-335

48,5

-

Төменгі-Еділ

 

 

К-15

 

35,6

-

8-кестенің жалғасы

 

Арал-Каспий

К-3

50,3

53,0

К-111

48,0

60,3

К-2998

56,0

65,0

К-250

48,0

-

Балқашмаңы

БТ-6

55,2

64,3

К-403

59,5

-

БТ-621

59,7

59,0

Қызылқұм

БТ-3

51,0

58,7

К-319

53,0

62,6

Тянь-Шань

БТ-1

62,0

70,2

К-517

45,2

62,0

К-3036

61,4

64,4

                                                     

 

  9-кесте. Изеннің оңды үлгілерінің химиялық құрамы

 

Флоралық аудан

Каталог нөмірі

Абсолютті – құрғақ затта % есебімен

М г/кг есебімен

күл

протеин

май

клечатка

АЭЗ

Са

Р2О5

28.V1990 (шанақтану)

Төменгі-Еділ

К-120

10,9

18,9

2,1

37,7

30,4

7,5

0,61

К-121

6,8

23,0

1,14

37,5

31,56

4,3

0,64

Арал-Каспий

К-101

13,4

20,6

1,27

37,4

27,33

6,0

0,92

К-115

14,7

20,6

0,97

41,2

22,53

12,9

0,52

Балқашмаңы

К-317

14,0

26,7

1,0

38,3

20,0

7,8

0,67

К-323

14,0

14,3

2,0

36,9

32,8

5,4

0,57

Қызылқұм

БТ-3

11,1

24,7

2,08

35,98

26,14

4,3

0,48

 

Тянь-Шань

БТ-1

14,8

25,1

1,2

30,8

28,1

5,4

0,55

БТ-5

10,8

25,1

0,82

27,1

36,2

5,7

0,85

К-139

11,2

24,2

1,08

39,7

24,9

5,9

0,97

БТ-4

9,1

20,7

0,88

25,4

40,72

9,1

0,44

5.VII. 1997 (гүлдеу)

Балқашмаңы

К-317

8,2

15,3

3,56

35,8

37,14

18,5

1,25

Тянь-Шань

БТ-5

6,2

13,0

4,3

45,5

31,0

12,5

1,25

БТ-1

7,5

11,9

4,9

46,0

29,7

17,5

1,75

13. VII.2008 (гүлдеу)

Тянь-Шань

БТ-1

5,6

10,5

2,5

48,8

32,6

23,5

1,5

5. IX.2008 (тұқым байлау)

 

 

6,1

12,3

2,7

53,9

25,0

7,8

0,45

 

Жер бетіндегі мүшелері түкті, тамыр жүйесі жақсы дамыған изеннің сұр тармағына жататын Балқашмаңы флоралық ауданының оңтүстік пен оңтүстік-шығыс өңірлерінде өсетін, Қызылқұм, Сырдария мен Тянь-Шань флоралық ауданының Оңтүстік Тянь-Шань беткейлерінде тараған үлгілерді жерсіндіру жұмысы нәтижелі болды. Бұл үлгілердің табиғи өсіп-даму кезеңіндегі қалып-тасқан экологиялық жағдайы оңтүстік шөл аймағының экологиялық жағдайына өте ұқсас. Сондықтан олардың өмір сүруі ұзақ, өсіп-дамуы, тұқым байлауы және өздігінен көбеюі тұрақты әрі жоғары. Солардың ішінде, әсіресе БТ-1, К-3036 үлгілерінің жерсіну мүмкіншілігі өте жоғары. Сонымен, изен үлгілерін жерсіндіру жұмыстары негізінен экологиялық-географиялық, экологиялық-морфологиялық, экологиялық-ландшафтық және экологиялық-тарихи заңды-лықтар аясында жүргізілуі тиіс.

 

2.5.3 Теріскен туысы

 

Шаруашылық мәнділігі, өнімінің молдығы мен шөл аймақтың экология-лық жағдайына шыдамдылығы жағынан теріскен өсімдігі ең маңызды дақыл-дардың қатарына жатады. Қазақстанда оның екі түрі: эверсманн (Kraschenin-nikovia ceratoides (L.) Gueldens (Сeratoides ewersmanniana)) және сұр (Kras-cheninnikovia eversmanniana (Stechegl. ex Losinsk. Zrub)) түрі таралған. Соңғы түр тиісінше үш климаттық экотипке: далалық, шөлдік және трагакантты деп бөлінеді.

Оңтүстік шөл аймағының Алқақұм мен Қызылқұм алқабында және Сырдариямаңы жазығының құмды аралдарында негізінен эверсманн теріскені қоянсүйек, қарабарқын, жүзгін, сексеуіл, раң тәріздес шөптермен аралас немесе  таза өседі. Тау етегіндегі жазықтарда мүлдем кездеспейді.    

Теріскен үлгілерінің тектік қоры алғашқы рет 1994 жылы, содан кейін 1999 жылдан бастап 2012 жылдары егілді. Мың дәннің салмағы 3,5 – 4,7 г ара-лығында болды. Тұқым себу мерзімі желтоқсан – ақпан айлары, егу тереңдігі 0,0 – 0,5 см.

Жалпы, егістік жағдайда теріскеннің алғашқы өскіндері наурыздың соңына қарай көрініп, сәуірдің басында толық шығады. Теріскен тұқымының ерекшілігі тез әрі бірдей өнуінде. Зертхана зерттеулері көрсеткендей тұқымы 3-4 күн аралығында 80-85%  дейін өнеді. Сондықтан болар, кей жылдары қыс айларында да өскін береді. Айталық  1996 жылдың қаңтар айы жылы болып келді. Нәтижесінде теріскеннің 19 үлгісінің барлығы өскін берді. Алайда, ақпан мен наурыз айларында болған суықтан қатты сиреді. Сәуірдің басында өскіндерді есептеу кезінде БТ-7, К-327, К-329 және К-332 үлгілерінде ғана өскіндер бар екені анықталды.

Басқа жылдары шыққан өскіндер саны бір қума метрде 2-48 аралығында болды. 10-кестедегі келтірілген мәліметтерден көрінгендей  жас өсімдіктердің сиреуі бірінші жылдары жүреді. Тіршілігінің 4-5 жылдарында олардың саны тұрақтайды. Жалғыз ғана Балқашмаңы флоралық ауданының Балқаш өңірінен алынған сұр теріскеннің К-331 үлгісі тіршілігінің үшінші жылында өліп қалды. Осы жерде ерекше атап өтетін мәселе, ол зерттеу жұмысына қамтылған

 

  10-кесте. Теріскен үлгілері өсімдіктерінің сақталуы, дана/құма метр

 

Түр

Флоралық

 аудан

Каталог нөмірі

Егілген жылы

Тіршілік жылы

бірінші

екінші

бесінші

жетінші

оныншы

жиырма-сыншы

жиырма бесінші

 

 

 

 

Сұр

Арал-Каспий

БТ-17

1997

48

24

1

1

1

0,6

0,4

К-118

2002

8

3

3

3

2

2

-

К-220

1994

13

0,6

0,6

0,6

0,6

0,6

0,2

К-2994

2003

7

4

2,2

2,2

2,2

2,0

-

К-2999

2002

3

3

2

2

2

1,4

-

Балқашмаңы

К-326

1994

13

4

3

3

0,6

0,6

0,6

К-327

1994

37

3

2

1,2

1

-

-

К-330

1994

32

5

4

2

2

1,8

1,8

К-331

1994

10

1

-

-

-

-

-

Сырдария

БТ-8

1994

16

3

2

1,2

1,8

1,8

1,8

Қызылқұм

К-332

1994

10

1,4

1,4

1,2

1

0,2

0,2

Памир-Алай

К-3057

2002

2

2

1,2

1,2

1,2

1

-

Тянь-Шань

К-329

1994

7

1,2

1

1

1

0,8

0,6

 

1997

7

3

2

2

2

2

1,8

Эверсманн

Арал-Каспий

К-114

2002

8

3

3

3

2

2

-

Балқашмаңы

БТ-7

1994

13

1

0,6

0,6

0,6

0,6

0,6

1997

41

14

2

2

1

0,6

0,4

2002

8

4

3

3

3

3

-

К-333

1994

16

1

1

1

1

0,6

0,6

Қызылқұм

БТ-43

2008

31

9

5

2

-

-

-

 

барлық дерлік үлгілердің экологиялық-географиялық ерекшеліктеріне қара-мастан оңтүстік шөлі жағдайында ұзақ тіршілік етуі. Жоғары кестеде келті-рілгендей алдыңғы егілген үлгілердің өсуі 30 жылдан асса, кейінгілері 20-25 жыл өмір сүруде. Бірақ, Арал-Каспий, Памир-Алай флоралық аудандарынан алынған үлгілердің басым бөлігі тұрақты және сапалы ұрық байламайтыны анықталды.

Фенологиялық байқаулар көрсеткендей, теріскен үлгілері тіршілігінің бірінші жылында гүлдеу кезеңіне түсе бермейді. Балқашмаңы, Қызылқұм, Сырдария және Тянь-Шань флоралық аудандарының үлгілері тіршілігінің екінші-үшінші жылынан бастап гүлдеу кезеңіне түсіп, тұқым байлайды. Ауа райы қалыпты жылдары өсімдіктердің шанақтануы маусым айының екінші жартысынан басталады, гүлдеуі шілде – тамыз айларында өтеді, тұқымның пісуі қыркүйектің соңына – қазанның басына тура келеді. Өсіп – даму кезеңінің ұзақтығы 180-190 күн. Бұл көрсеткіш бойынша жерсіндіруге қамтылған үлгілердің айырмашылығы болмады. Есесіне олардың бойлап өсуі флоралық аудандарға, сондай-ақ жергілікті ауа райының қалыптасуына байланысты біркелкі емес екендігі анықталды. Сонымен қатар, топырақ құрамы да біршама әсер ететіні байқалды.

Тіршілігінің бірінші жылында ауа райына байланысты теріскен үлгіле-рінің биіктігі 10-19,2 см-ден (1997 жыл) 30,5 – 40,3 см (2001 жыл) аралығында болды (11-кесте). Зерттеулер теріскен үлгілерінің изен, қараматау өсімдік-теріне қарағанда тез алшындап өсетінін көрсетті. Сондықтан болар, кейбір жылдары жаздың аптап ыстығы ерте түскен жағдайда олардың өсуі  күрт нашарлайды. Мұндай көрініс 2001 және 2006 жылдары байқалды. Төменгі кестедегі келтірілген  мәліметтерден көрінгендей, бұл жылдары теріскен үлгілерінің биіктігі 1994 жылы егілген көшетжайда  32,0-58,3 см, 1997 жылғы көшетжайда 16,0-42,1 және 2002 жылғы көшетжайда – 22,0-32,0 см аралы-ғында қалды. Айта кетерлік жай, жаздың аптап ыстығына Арал-Каспий флора-лық ауданының сұр түріне жататын БТ-17, К-220, К-2994, эверсманн түрінің К-118, сондай-ақ Балқашмаңы флоралық ауданының сұр түріне жататын К-326 үлгісі басқа үлгілерге қарағанда төзімсіздеу келді. Жалпы алғанда, Балқашмаңы, Қызыл-құм, Сырдария, Памир-Алай мен Тянь-Шань флоралық аудандарынан алынған үлгілердің бойы Арал-Каспий флоралық ауданынан алынған үлгілерден биіктеу болды. Әсіресе, Балқашмаңы флоралық ауданының Мойынқұм алқабының оңтүстік бөлігінен терілген БТ-7, Алматы облысы Талғар ауданында өсетін К-333, Тянь-Шань флоралық ауданының Қаратау баурайында кездесетін К-329 үлгілері ерекшеленді. Ауа райы өте қолайлы болған жылдары олардың өсімдіктерінің бойы 75,6 – 107,0 см дейін жетті. Кейінгі жылдары Қызылқұмның шығыс бөлігінен терілген жергілікті БТ-43 үлгісінің де өсіп-дамуы дұрыс, оның үшінші жылғы өсімдіктері 92,1 см-ге биіктеді (5-сурет).  Дегенде, ауа райы өте қолайлы болған жылдары Арал- Каспий флоралық ауданында таралған үлгілердің де алшындап өсетіні байқалды. Мысалы, 1997 жылы егілген көшетжайындағы БТ-17 үлгісінің биік-тігі 2002 жылы 71,5 см, ал БТ-7-105,0, К-329-кі – 96,0 см жетті. Осы жылы БТ-17 үлгісі масақ шығарды, бірақ ұзындығы бар жоғы 3,5 см, тиісінше

 

11-кесте. Теріскеннің биіктігі, см

 

1992 жылы егілген

Түр

Флоралық

аудан

Каталог нөмірі

Тіршілік жылы

екінші

үшінші

бесінші

алтыншы

он үшінші

он жетінші

жиырма бірінші

Сұр

Арал-Каспий

К-118

35,4

57,0

31,7

39,1

58,6

38,6

58,6

К-2994

34,5

40,0

23,5

35,8

48,5

45,0

51,6

К-2999

32,0

52,0

32,0

38,3

45,6

35,4

34,0

Памир-Алай

К-3057

33,3

54,0

31,7

42,0

56,2

45,6

80,0

Эверсманн

Арал-Каспий

К-114

36,5

57,0

22,0

37,0

66,1

49,3

45,0

Балқашмаңы

БТ-7

53,5

54,0

30,8

49,0

49,9

46,5

86,5

1999 жылы егілген

Түр

Флоралық

аудан

Каталог нөмірі

Тіршілік жылы

бірінші

екінші

үшінші

Эверсманн

Балқашмаңы

БТ-7

34,7

69,3

83,4

Сұр

Сырдария

БТ-8

40,3

58,0

72,5

Қызылқұм

БТ-43

30,5

47,0

92,1

                             

 

 

БТ-17-кі 29,0, К-329-кі 21,1 см. Бұл мәліметтер теріскен үлгілерінің өсу мүм-кіншілігінің жоғары екенін көрсетеді.

 

 

 
 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5-сурет. Көшетжайдағы Қызылқұм және Балқашмаңы флоралық аудандарынан алынған теріскен үлгілері маусым айында

 

Дегенде, біздің көпжылдық зерттеулеріміздің нәтижесі теріскен үлгілері-нің топырақ құрамы жеңілдеген сайын өте жақсы өсіп-дамитынын көрсетіп отыр. Оны жеңіл құмдауытты –ашық сұр топырақта 1994 мен 2011 жылдары егілген көшетжайдағы және ауыр құмдауытты ашық сұр топырақта 1997 мен 2002 жылдары егілген көшетжайдағы теріскен үлгілерінің, көрсеткіштерінен көруге болады. Мысалы, БТ-7, К-329 үлгілері тіршіліктің екінші және кейінгі жылдарында жеңіл құмдауытты топырақта 50,0-107,0 см аралығында  ауыр құмдауытты топырақта 46,5- 86,5 см аралығында бойлап өскен. Ал, борпылдақ  құмды бекіту үшін себілген БТ-7 мен БТ-8 өсімдіктерінің биіктігі 150 санти-метрге, ені 160-180 сантиметрге дейін барады. Құмды топырақтың жоғары қабаттарында механикалық құрамы ауыр топырақтарға қарағанда жаздың аптап ыстық кезінің өзінде өсімдіктердің өсіп-дамуы үшін қажетті  ылғалдың болатыны белгілі. Сондықтан да салыстырмалы түрде алғанда теріскен үлгі-лері бір мекенжайда кездесетін құрамы әр түрлі топырақтың ішінде жеңілдеу топырақта жақсы дамиды. Оның себебі тамыр жүйесінің ерекшелігінде деп білеміз. Жалпы теріскеннің тамыр жүйесі қуатты келеді 3,0-5,5, метр тереңге кетеді. Алайда, Н.А.Матвеев Каспиймаңы аймағында саздақты топырақта 80 сантиметрге, құмдауытты топырақта 2 метрге дейін ғана тереңдейді дейді.

2007 жылы ауыр құмдауытты ашық сұр топырақта өсіп жатқан Арал-Каспий флоралық ауданының К-2994 және Балқашмаңы флоралық ауданының

 

 

 

 

 

6-сурет. Теріскен үлгілерінің тамыр жүйесі
 

БТ-7 үлгілерінің 16 жылдық өсімдіктерінің тамыр жүйесі анықталды. 6-суретте көрсетілгендей екі үлгінің де тамыр жүйесі жақсы тереңдеген.

Дегенмен, олардың тамырларының тармақталуы, жуандығы бірдей емес екені байқалады. БТ-7 үлгісінің күре тамыры 154 см, К-2994-тікі 123 см дейін тереңдеген. Оның мойын жағының жуандығы БТ-7 үлгісінде 5 см, К-2994-те –3 см, ал 90 см тереңдікте жуандығы тиісінше 2 және 0,3 см. К-2994 үлгісінің күре тамырының  бірінші  жанама  тамырларға  тармақталуы топырақ  қабаты-ның 4 сантиметрінен, БТ-7-кі 27 сантиметрінен басталған. Бір ерекшелігі ол К-2994 үлгісінің топырақтың 4-37 см қабатындағы жанама тамырлары жан-жаққа 47-69 сантиметрге дейін көлбей жайылып тараған, содан-соң кейбір тамырлары төменге қарай тереңдеп топырақтың 75-87 см қабатына жеткен. Ал, топырақ-тың 60-73 см қабатындағы жанама тамырлар күре тамырдан алыс кетпеген және бір тамырдан басқаларының тереңдеуі 104-123 см қабатта аяқталған. Күре және жанама тамырларды айнала басқан ұсақ тамырлар топырақтың 2-62 см қабатында дамыған. Осылайша, бұл үлгінің тамыр жүйесі топырақтың 0-70 см қабатындағы ылғал мен қоректік заттарды молынан пайдалануға бейімделген. Төменгі 62-123 см қабаттағы тамыр жүйесінің жан-жаққа жақсы өспеуі және онша тереңдемеуі мұндағы ылғал мен қоректік заттарды толық пайдалануға мүмкіндік бере бермейді. Әрине, мұндай тамыр жүйесі жаз мезгілі қолайлылау Арал-Каспий флоралық ауданда тиімділеу, ал қуаңшылығы жиі қайталанып отыратын, топырақтың жоғарғы қабаты тез кебетін, жазы ыстық әрі құрғақ оңтүстік шөлі жағдайына сәйкес келе бермейді. Керісінше, БТ-7 үлгісінің тамыр жүйесі топырақтың төменгі қабаттарында жақсы дамыған. Күре мен жанама тамырлардан өсіп шыққан майда тамырлар топырақтың 3 – 94 см қабатында кездеседі. Демек, бұл үлгінің тамыр жүйесі топырақтың барлық дерлік қабатындағы ылғал мен қоректік заттарды тиімді пайдалануға бейімделген деуге болады. Сондықтан да БТ-7 үлгісі К-2994 үлгісіне қарағанда жергілікті ауа райына төзімділеу және өсіп-дамуы тұрақтылау. Мұны үлгілердің сабақ түзуі мен олардың дамуынан да байқауға болады.

Бірінші жылдары үлгілердің сабақ түзуі онша жоғары емес. Мысалы, 1994 жылы егілген көшетжайдағы Балқашмаңы флоралық ауданының К-326 үлгісі тіршілігінің екінші жылында орта есеппен 16, үшінші жылында 54, бесінші жылында 13, тоғызыншы жылында 27 сабақ түзсе, К-327-кі тиісінше 16, 33, 7, 14, К-330-кі – 15, 44, 39, 27, К-333-кі –9, 64, 27, 21, Тянь-Шань флоралық ауданының К-329-кі – 18, 51, 14, 35, Қызылқұм флоралық ауданының К-332-кі –15, 45, 11, 15 болса, Арал-Каспий флоралық ауданының К-220 үлгісінікі 15, 33, 14, 8 болды. Мұндай көріністі 2002 жылы егілген көшетжайдағы теріскен үлгілерін зерттеу мәліметтерінен де көруге болады (12-кесте). Жалпы теріскен үлгілерінің сабақ түзуі тұрақты емес. Дегенмен тіршілігінің кейінгі жылдарын-да бір құма метрдегі өсімдік санының тұрақтанумен ол  жоғарылай бастайды. Соның өзінде, салыстырмалы түрде алғанда Арал-Каспий флоралық ауданы-ның солтүстік бөлігінде және Памир-Алайда өсетін үлгілердің сабақ түзуі Балқашмаңы, Қызылқұм, Сырдария, Тянь-Шань флоралық ауданында өсетін үлгілердікінен төмен екені белгілі болды. Алайда, Арал-Каспий флоралық ау-

 

 

12-кесте. Теріскен үлгілерінің сабақ саны мен ұзындығы

 

2002 жылы егілген

Түр

Флоралық

аудан

Каталог нөмірі

Тіршілік жылы

екінші

төртінші

алтыншы

он үшінші

жиырма екніші

саны, дана

ұзын, см

саны, дана

ұзын, см

саны, дана

ұзын, см

саны, дана

ұзын, см

саны, дана

ұзын, см

 

 

Сұр

Арал-Каспий

К-118

12

21,3

26

25,7

68

38,3

35

30,3

51

23,0

К-2994

15

23,7

17

24,3

105

27,5

30

22,5

63

21,3

К-2999

12

24,1

29

21,8

64

41,3

23

28,3

90

20,7

Памир-Алай

К-3057

8

20,7

32

25,2

61

26,4

22

26,4

37

27,1

Эверсманн

Арал-Каспий

К-114

10

24,2

31

19,6

70

29,1

29

20,7

73

39,4

Балқашмаңы

БТ-7

16

27,1

22

27,6

120

33,1

27

31,7

71

34,8

 

данының кейбір үлгілері, айталық К-2994 ауа райы өте қолайлы жыл орта есеппен  105 сабақ түзді. Бұл БТ-7 үлгісінен кейінгі көрсеткіш. Оңтүстік аймақта өсетін үлгілердің ішінде К-329, К-337 үлгілері де кей жылдары орта есеппен 105-120 дейін сабақ түзеді. Сабақтардың дамуы әр жылы қалыптасқан ауа райына байланысты біркелкі емес. Сабақтары нашарлау өсетін үлгілерге Арал-Каспий флоралық ауданының БТ-17 және Памир-Алай флоралық ауданының К-3057 жатады. Олардың сабақтарының ұзындығы зерттеу жылдары 12,6- 26,4 см аралығында болды. Сабақтары жақсы дамитын үлгілерге БТ-7, К-327, К-329 жатады. Айта кету керек, Арал-Каспий флоралық ауданының БТ-17, К-118, К-2994 және Памир-Алай флоралық ауданының К-3057 үлгілерінің сабақтары жіңішкелеу, жапырақтары майдалау келеді. Оны 12-кесте мәліметтерінен көруге болады. 2008 жыл теріскен үлгілерінің өсіп-дамуына өте қолайлы жылдардың қатарына жатады. Күшті дамыған өсімдіктердің сабақ және жапырақтарының санын мен салмағын анықтау, бұл көрсеткіштердің біркелкі емес екенін байқатты. Төмендегі кестедегі келтірілген деректер Балқашмаңы мен Тянь-Шань флоралық аудандарының БТ-7 мен К-329 үлгілерінің сабақтары мен жапырақтарының ірі әрі салмақты екенін көрсетеді. Мысалы, 1997 жылы егілген көшетжайдағы БТ-7 үлгісінің сабақ саны мен ұзындығы және жапырағының саны БТ-17 үлгісіне қарағанда  2 еседен артық болса, сабақ салмағы 6, жапырағының салмағы 13 есе артық болды. Ал, К-329 көрсеткіштері бұдан да жоғары екені айтпаса да көрініп тұр.

 

13-кесте. Теріскен үлгілерінің сабақтары мен жапырақтарының көрсеткіші                                                                                                  

 

                   Түр

Флоралық аудан

Каталог нөмірі

Өсімдік биіктігі

Сабағының

Жапырағының

саны, дана

ұзын, см

салма-ғы, г

саны, дана

салма-ғы, г

%

2002 жылы егілген

Сұр

Арал-Каспий

К-118

41,0

87

32,2

17

1148

23

57,5

К-2994

32,6

84

28,0

21

1822

19

47,5

К-2999

38,2

73

23,5

14

1576

7

33,3

Памир-Алай

К-3057

50,6

101

35,0

46

2373

49

51,5

Эверс-манн

Арал-Каспий

К-114

35,2

65

31,3

28

1735

32

53,3

Балқаш маңы

БТ-7

60,0

126

39,6

34

1184

31

52,7

 

2002 жылы егілген көшетжайда жапырағы мол үлгілерге К-114, К-118, К-2294 пен К-3057 жатады. Солай бола тұра, жапырақтарының салмағы аз және БТ-7 үлгісінен көп төмен. Дегенмен, бұл үлгілердің сабақтарының жіңішкелігі әрі жапырақтарының молдығы жайылымдық мақсат үшін бағалы деп есептей-міз. Алайда олардың мал азығындық өнімінің төмен екендігін айтуымыз керек.

Жерсіндіруге қамтылған теріскен үлгілерінің басым бөлігі ауа райы қолайлы жылдары тіршілігінің бірінші жылдарының өзінде әжептеуір өнім береді. 1974 жылы егілген көшетжайдағы теріскен үлгілерінің басым бөлігі тіршілігінің екінші жылында жақсы өсіп-дамып, ұрық байлады. Ең жоғарғы өнім Балқашмаңы флоралық ауданының Мойынқұм өңірінде өсетін К-330 үлгісінде алынды. Оның көк балауса өнімділігі гектарына 12,4 ц, құрғақтайы 8,7, тұқымы 0,8 ц болды. К-329, БТ-7, К-333, БТ-8, К-332 үлгілері гектарына 4,1 –6,8 ц көк балауса,  2,8–4,6 пішен, 0,2- 0,4 ц тұқым берді. Арал-Каспий флоралық ауданының К-220 сұр теріскенінің және Балқашмаңы флоралық ауданының К-326 эверсманн түрінің пішен өнімділігі – 1,0-1,3 ц/га болды. 1997 жылы егілген көшетжайда Арал-Каспий флоралық ауданының БТ-17 үлгісі тіршілігінің үшінші жылында тұқым байламады, құрғақтай өнімділігі 0,8 ц/га аспады. БТ-7, К-329 үлгілерінің өсімдіктері жақсы өсіп құрғақтай өнімділігі 9,1 – 9,6 ц/га құрады. Бірақ БТ-7 үлгісі гектарына 1,1 ц тұқым берсе, К-329 үлгісі бар жоғы 0,1 ц берді. 2002 жылы егілген көшетжайдағы Балқаш-маңы флоралық ауданының сұр түріне жататын К-118, К-2994 үлгілерінің құрғақтай өнімділігі тіршілігінің үшінші жылында 18,1 және 9,4 ц/га, эверсманн түріне жататын К-114 үлгісінікі 7,1 ц/га жетті. Осы ауданның сұр түріне жататын К-2999 және Памир-Алай флоралық ауданының К-3057 үлгілерінің өнімділігі 4,0 –4,1 ц/га аспады. Ең жоғарғы өнімі 9,7 ц/га Балқашмаңы флоралық ауданының БТ-7 үлгісінде байқалды. Ал, 2009 жылы егілген көшетжайдағы БТ-7, БТ-8, БТ-43 үлгілері тіршілігінің алғашқы жылдарында жақсы өсіп-дамыды. Әсіресе, 2010 жылдың ауа райы өте қолайлы келді, сөйтіп тіршілігінің үшінші жылында гектарына 25,0-31,0 көк балауса, 12,5-13,3 ц пішен берді.

15-кестеде теріскен үлгілерінің 2005-2008 жылдарындағы мал азықтық өнімділігі келтірілді. Жоғарыда атап өтілгендей 2006 жылдың жаз мезгілінде қалыптасқан ауа райы теріскен үлгілері үшін қолайсыз келсе, 2005 жыл орта, ал 2007 мен 2008 жылдарда қолайлы болды.

Кестедегі мәліметтерден байқалғандай, үлгілердің табиғи таралуына, зерттелген жылдардағы ауа райының қалыптасуына байланысты өнім шығымды-лығы біркелкі емес. Жалпы алғанда, табиғи жағдайда жеңіл топырақтарда өсетін эверсманн теріскен сұр теріскенге қарағанда өнімділігі аз болатыны анықталды. Сұр теріскеннің К-329 үлгісінің өнімділігі 4,1 – 13,0 ц/га аралығында ауытқыды. Кестеден көрінгендей Арал-Каспий және Памир-Алай флоралық аудандарда таралған екі түрдің  де үлгілерінің өнімділігі төмен. Олардың құрғақтай өнімділігі гектарына 1,3 – 5,7 ц аралығында болды.

Балқашмаңы, Қызылқұм, Тянь-Шань флоралық аудандарында өсетін сұр теріскеннің үлгілері өнімділігі жағынан біршама ерекшеленеді. Дегенде, бұл флоралық аудандарға жататын теріскен үлгілерінің өсіп-дамуының деңгейі ұзақ жылдарға дейін сақталатынын атап өтуіміз керек. Мысалы, 2002 жылы 1994 жылы егілген көшетжайды бақылау нәтижесі мынаны көрсетті: БТ-7 үлгілерінің биіктігі 107 см, сабақ саны 87 дана, масақ ұзындығы 24,9 см, К-326 үлгісінікі тисінше 74,3 см, 68 дана, 16,9 см, К- 329-кі – 69,6 см, 11 дана, 8,1 см,

 

  14-кесте. Теріскен үлгілері өсімдіктерінің биіктігі, см

 

1994 жылы егілген

Түр

Флоралық

аудан

Каталог нөмірі

Тіршілік жылы

екінші

төртінші

бесінші

сегізінші

он бірінші

он үшінші

жиырма бірінші

жиырма тоғызыншы

 

 

 

Сұр

Арал-Каспий

К-220

49,0

40,0

63,0

32,0

48,0

59,7

-

-

Балқашмаңы

К-326

46,9

49,5

46,9

36,6

58,0

51,6

45,6

74,3

К-327

44,0

50,1

47,9

37,0

-

-

-

-

К-330

60,4

70,4

63,7

41,8

58,1

60,8

58,6

61,3

Қызылқұм

К-332

44,8

50,4

60,0

41,6

75,8

92,3

45,0

83,0

Сырдария

БТ-8

53,3

67,0

61,3

58,3

53,8

75,0

58,0

63,0

Тянь-Шань

К-329

60,8

62,6

52,6

47,2

58,2

51,3

50,0

69,6

Эверсманн

Балқашмаңы

БТ-7

74,0

86,3

64,6

47,6

67,2

59,0

66,1

107,0

К-333

64,6

60,8

67,0

51,7

56,2

75,6

56,2

72,5

1997 жылы егілген

Түр

Флоралық

аудан

Каталог нөмірі

Тіршілік жылы

бірінші

үшінші

бесінші

тоғызыншы

оныншы

он екінші

он сегізінші

Сұр

Арал-Каспий

БТ-17

10,0

22,5

20,0

42,0

16,0

24,7

41,0

Тянь-Шань

К-329

19,2

60,6

42,1

71,5

37,5

76,5

72,0

Эверсманн

Балқашмаңы

БТ-7

12,9

59,8

30,2

63,2

30,2

56,0

70,0

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

14-кестенің жалғасы

2002 жылы егілген

Түр

Флоралық

аудан

Каталог нөмірі

Тіршілік жылы

екінші

үшінші

бесінші

алтыншы

он үшінші

он жетінші

жиырма бірінші

Сұр

Арал-Каспий

К-118

35,4

57,0

31,7

39,1

58,6

38,6

58,6

К-2994

34,5

40,0

23,5

35,8

48,5

45,0

51,6

К-2999

32,0

52,0

32,0

38,3

45,6

35,4

34,0

Памир-Алай

К-3057

33,3

54,0

31,7

42,0

56,2

45,6

80,0

Эверсманн

Арал-Каспий

К-114

36,5

57,0

22,0

37,0

66,1

49,3

45,0

Балқашмаңы

БТ-7

53,5

54,0

30,8

49,0

49,9

46,5

86,5

2009 жылы егілген

Түр

Флоралық

аудан

Каталог нөмірі

Тіршілік жылы

бірінші

екінші

үшінші

Эверсманн

Балқашмаңы

БТ-7

34,7

69,3

83,4

Сұр

Сырдария

БТ-8

40,3

58,0

72,5

Қызылқұм

БТ-43

30,5

47,0

92,1

                                                       

 

   15-кесте. Теріскен үлгілерінің өнімділігі, ц/га

 

Түр

Флоралық

 аудан

Каталог нөмірі

Егілген жылы

Тіршілік жылы

2005

2006

2007

2008

көк

балауса

пішен

көк

 балауса

пішен

көк  

балауса

пішен

көк

балауса

пішен

 

 

 

 

Сұр

Арал-Каспий

К-118

2002

5,0

3,3

-

-

3,8

2,1

3,1

1,8

К-220

1994

8,1

5,4

8,3

5,6

9,4

5,7

6,3

3,8

К-2994

2002

3,7

2,1

-

-

4,3

2,6

2,3

1,4

К-2999

2002

4,5

3,0

-

-

4,6

2,7

2,0

1,3

Балқашмаңы

К-326

1994

7,4

5,0

8,5

5,9

10,3

6,0

9,2

5,8

К-330

1994

12,7

7,6

14,0

9,1

16,8

9,7

14,2

9,0

Сырдария

БТ-8

1994

8,7

5,6

5,3

3,8

5,3

3,1

7,1

4,2

Қызылқұм

К-332

1994

11,9

6,7

10,5

7,3

13,8

8,1

10,7

6,5

Памир-Алай

К-3057

2002

3,9

2,4

-

-

4,1

2,3

3,0

1,8

Тянь-Шань

К-329

1994

14,3

8,0

6,0

4,1

8,1

4,5

18,4

11,1

1997

13,0

7,7

14,0

9,0

16,4

9,3

21,0

13,0

Эверс-манн

Арал-Каспий

К-114

2002

5,0

3,1

-

-

3,8

2,0

6,0

3,7

Балқашмаңы

БТ-7

1994

9,4

6,0

11,0

7,2

14,7

8,7

10,9

7,1

1997

11,8

6,8

13,0

8,7

14,7

8,9

13,0

9,6

2002

4,7

2,9

-

-

5,7

3,3

7,3

4,8

К-333

1994

6,3

4,5

7,0

4,8

8,6

4,7

5,7

3,5

                                                   ЕЕА 0,5                              0,5                                0,9                         1,1                            0,7

 

 

К-330-кі – 61,3 см, 43 дана, 6,1 см, К-332-кі – 83см, 51 дана, 31,2 см, К-333-кі 72,5 см, 21 дана, 14,2 см, БТ—8-кі – 63 см, 43 дана, 21,2 см.

Бұл көрсеткіштер осы үлгілердің тіршілігінің 29 жылында да жақсы өсіп-дамығанын байқатады. Соған сәйкес олардың пішен өнімділігі гектарына 8,1 – 14,3 ц, яғни 6,7-11,4 ц азықтық өлшемді құрады.

Зерттеу жылдары кезінде жоғары тұқым байлау мүмкіндігі БТ-7, К-329, К-332 үлгілерінде болды. Әсіресе БТ-7 үлгісінің тұқым байлауы 32-82,5%, өнімділігі 0,6-1,5 ц/га, 1000 дәнінің салмағы 3,7-4,2 г аралығында ауытқыды.

Теріскен түрлерінен алынатын жемшөптің қоректік құндылығы жоғары екені белгілі. Н.А.Матвеев дерегі бойынша Каспиймаңы жағдайында тұқым байлау кезеңіндегі теріскен пішенінде 32,1% дейін протеин, 3,7% май болады екен. Алайда, К.Б.Боранғазиев және басқалардың зерттеулері көрсеткендей теріскен үлгілерінің мал азықтық сапасы бірдей бола бермейтінін көрсетеді. Мәселен, Қазақстанның оңтүстік-шығыс өңірінде протеиннің ең жоғары мөлшері 15,71-16,88% Ақтөбе облысының Ырғыз ауда-нында және Алматы облысының Жамбыл ауданында өсетін үлгілерде анықтал-ған. Оның аз мөлшері кәзіргі Атырау облысының Қызылқоға ауданында өсетін үлгіде байқалған (10,9%).

Біздің зерттеулер де теріскен үлгілерінің химиялық құрамында да айыр-машылықтар бар екенін көрсетіп берді. 16-кестедегі мәліметтерден Балқаш-маңы флоралық ауданының БТ-7 және К-326 үлгілерінің құрғақ масса-сында протеиннің өте жоғары екенін көреміз, оның мөлшері 17,7-24,6% аралы-ғында. Арал-Каспий флоралық ауданының БТ-17 үлгісінде бар-жоғы 10,8% протеин бар, себебі құрғақ массасында жапырақ үлгісінің аз екендігін жоғары-да айтып өткен болатынбыз. Н.Есқараев сабақтану кезеңіндегі  теріскен жапырағында 20,65%, ал сабағында 7,96% протеин болатынын атап өткен.

Сонымен, аса кең таралған әрі өте көне түрлердің бірі теріскен үлгілерінің еліміздің оңтүстік шөл аймағында жерсіну мүмкіншілігінің жоғары екенін айтуымыз керек. Бұл қасиет әсіресе Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс және таулы аудандарында таралған үлгілерде жақсы дамыған. Жаз айлары қолайлы ортада қалыптасқан Арал-Каспий, Памир-Алай флоралық аудандарында өсетін үлгілердің  изен үлгілеріне қарағанда тіршілігі ұзақ, бірақ олардың тұқым байлауы өте нашар және өздігінен көбеюі байқалмайды. Жалпы алғанда, зерттеу мәліметтері теріскен үлгілерін жерсіндіру жұмыстары негізінен экологиялық-географиялық заңдылыққа сүйене жүргізілуі тиіс екенін көрсетеді. Дегенмен, кейбір флоралық аудандарда өсетін үлгілер бұл заңды-лыққа тура келмесе де, тіршілік қабілеті, шаруашылық қасиеті жағынан бағалы деп есептеуге болады. Мысалы, Арал-Каспий флоралық ауданының К-114, К-118, К-2994 үлгілерінің сабақтары жіңішке, жапырақтары майдалау және бойларының тым биік болмауы оларды жайылымдық мақсатқа пайдалануға мүмкіндік береді. Әзірше, басты назар жергілікті БТ-7, К-332 үлгілерін жерсіндіруге бағытталып отыр.

 

 

 

16-кесте. Теріскен үлгілерінің химиялық құрамы

 

 

 

Түр

Флоралық аудан

Каталог нөмірі

Алынған уақыт

Абсолютті – құрғақ затта  % есебімен

Мг/кг есебімен

күл

протеин

май

клет-чатка

АЭВ

Са

Р2О5

Сұр

Арал-Каспий

БТ-17

26.05.2000

13,2

10,8

2,1

35,7

38,2

4,7

0,81

Эверсманн

Балқашмаңы

К-326

21.07.2006

9,4

24,0

5,7

40,6

20,5

17,5

1,8

БТ-7

26.05.2000

14,8

24,6

1,2

25,7

28,3

10,7

0,61

21.07.2006

11,5

17,7

6,1

36,8

27,9

16,5

1,5

 

 

2.6 Қуаңшылықка төзімді мал  азықтық өсімдіктерді жерсіндірудің экологиялық маңыздылығы және экономикалық тиімділігі

 

Қазақстанның оңтүстігі мал шаруашылығы қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі екені белгілі. Оныњ тұрақты дамуының басты негізі – жемшөп  қорының көзі табиғи жайылымдар. Дегенмен, оңтүстік шөлдің экологиялық жағдайы күрделі. Климатына тән құрғақшылық, өкпек жел, жазғы аңызақты ыстық және қысқы аяз бен жылымық күндер, топырақ құнарының төмен, құрамының жеңіл болып келуі, мұнда өзіндік өсімдік қауымдастығын қалыптастырған. Оларды дұрыс пайдаланбау нәтижесі табиғи жайылым-дардың өндірістік тиімділігін төмендетіп, мал шаруашылығының дамуына кері әсер етіп отыр. Мұның өзі осы саламен айналысатын халықтың әлеуметтік жағдайын қиындатып, тіршілік етіп отырған ортасын дағдарысқа ұшыратуға әкеліп соғуда, сонымен қатар мал өсірудің экономикалық тиімділігін төмендетуде. Осындай келеңсіз көріністерді түпкілікті шешудің оңтайлы жолдарының бірі екпе жайылымдар жасау және фитомелирациялық шара-ларды іске асыру болып табылады. Экологиялық, әлеуметтік және шаруа-шылық маңызы зор бұл жұмыстардың өзектілігіне байланысты жергілікті және басқа аудандардың құрғақшылық мал азықтық өсімдіктерін жерсіндірудің маңыздылығы арта түспек.

Біздің зерттеу жұмысымызға қамтылған мал азықтық түрлердің барлығы шаруашылық қасиеті жағынан бағалы болып есептелінеді. Алайда, Қазақстанның оңтүстік шөлі аймағында зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, олардың өсіп-дамуының біркелкі болмайтындығы анықталды. Жергілікті топырақ жағдайына және әр жылдары қалыптасқан ауа райына байланысты сыналған түрлер мен үлгілердің төзімділігі бірдей емес.

Н.В.Трулевич өсімдіктің төзімділігі оның қандайда бір климаттық жағдайда тіршілік ету қабілеті ғана емес, сонымен қатар түрге тән феноритмін, өсіп-даму ерекшеліктерін, тіршілік нышанын, өзіндік онтогенез үрдісін және жаңа ортада көбею қасиеттерін сақтау болып табылады дейді. Төзімділік көрсеткіші бойынша өсімдіктер төзімсіз, нашартөзімді, төзімді және жоғары-төзімді топқа бөлінеді. Соңғы екі топқа кіретін түрлердің жерсіну қасиеттері жоғары деп есептелінеді.

Қазақстанның оңтүстік шөлінің топырақ-климат жағдайында зерттелген өсімдіктердің ішінен төзімді және жоғарытөзімді топтарға бірінші кезекте 36 түрлер мен үлгілер іріктелді. Қалған үлгілерді зерттеу жұмыстары жалғасуда. 17-кестеде көрінгендей іріктелген түрлер мен үлгілердің барлығы дерлік қуаңшылық мал азықтық өсімдіктердің табиғи таралу аймағының оңтүстік, оңтүстік-шығыс бөліктерінде жатқан Қарақұм, Қызылқұм, Сырдария, Балқаш маңының оңтүстік-шығысы, Тянь-Шань мен Памир-Алай флоралық ауданда-рына тура келеді. Батыс және солтүстік бөліктерінде жатқан Арал-Каспий, Балқашмаңы флоралық аудандардан алынған үлгілердің көптігіне қарамастан бейімді деген үлгілерге бірен-сараны ғана жатқызылды. Мысалы, Арал-Каспий флоралық ауданының 52 изен үлгісінен бірде-біреуі кірмей қалды, ал теріскен-нің 7 үлгісінен 2-і төзімді деп табылды. Бірақ бұл үлгілердің тұқым байлау

 

17-кесте. Қазақстанның оңтүстік шөлі аймағында жерсіндіруге ұсынылған изен жән теріскен мал азықтық өсімдіктердің бейімді түрлер мен үлгілерінің биологиялық-экологиялық және шаруашылық сипаттамасы

 

Түр мен үлгілер

Каталог №

Шыққан жері

Тірші-лік ұзақты-ғы

Вегетация-лық кезеңі, күн

Өсімдік биіктігі, см

Жапырақ-тылығы, балл

Ыстық-қа шыдам-дылығы, балл

Төзімділі-гі, балл

Өздігі-нен көбеюі, балл

ауруға

зиянкес-терге

 

 

 

Сұр изен

БТ-1

Ош облысы

18-20

210-225

44-100,5

3

3

3

2

3

БТ-6

Мойынқұм

16-20

192-200

29,0-87,2

3

3

3

2

3

К-319

Қызылқұм, Қызылорда облысы

15-18

205-210

25-85,8

2

2

3

2

3

К-121

Ставрополь өлкесі

9-11

187-205

28-68,7

3

2

3

3

2

БТ-3

Қызылқұм, Бұхара облысы

16-18

208-215

41,5-101

3

3

3

3

3

К-323

Алматы облысы

16-19

190-205

45-93

3

3

3

2

3

К-316

Жамбыл облысы

18-20

192-205

34-84

2

3

3

2

3

БТ-4

Батыс Тянь-Шань

9-12

208-212

44-103,3

2

2

3

1

3

Жасылдау изен

К-139

Өзбекстан

7-8

210-220

37-120

2

2

3

2

2

К-140

Батыс Тянь-Шань

10-11

215-220

47-137

2

2

3

2

2

Сұр теріскен

К-2994

Ақтөбе облысы

24

180-185

23-51,6

2

3

3

3

3

К-326

Жамбыл облысы

30

185-192

36,0-74,3

2

3

3

3

3

Эверсман теріскені

БТ-7

Мойынқұм

32

185-192

60-86,5

3

3

2

2

3

К-114

Ақтөбе облысы

24

180-185

22-66,1

3

2

-

2

1

К-333

Алматы облысы

30

185-192

51,7-75,6

2

3

2

2

3

 

 

қасиеті төмен әрі тұрақты емес, өздігінен көбеюі нашар. Мұндай жағдай Сырдарияның қараматау, Тянь-Шанның жасылдау изені мен Төменгі-Донның сұр изені үлгілеріне де тән. Сондықтан бұл үлгілерді ландшафтық-экология-лық негізде өсіру мәселесі қолға алына бастады.

Бірінші кезекте іріктелген түрлер мен үлгілерді түрлі маусымды екпе жайылымдар, құмды алқаптарды фитомелиорациялау, жайылымды қорғайтын алқаптар жасауға, сондай-ақ селекция жұмыстарына пайдалануға ұсынылып отыр. Бұлардың арасынан изен, теріскен маусымды екпе жайылымдар үшін пайдалану тиімді.

Соңғы жылдары оңды деген изен мен терскеннің түрлері мен үлгілері мәдени дақыл түріне айналдыру, яғни сорт шығару мәселесі қолға алына бастады. Себебі, сорт ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі құралдарының бірі ретінде әлеуметтік жағдайды анықтайтын көрсеткіштердің қатарына жатады.

Н.Д.Тарасенко, О.В.Агафонова, А.В.Агафонов пікірінше, жерсіндіру нәти-жесі жаңа өсімдік генотиптерінің реакция ауқымы нақты бір экологиялық-географиялық аймақтың негізгі экологиялық және климаттық көрсеткіштеріне анағұрлым сәйкес келіп, оның түрлері мен сорттары осы аймақта мемлекеттік сынақтан өтіп аудандастырылуымен аяқталуы тиіс.

Жалпы шөл аймақта мал азықтық өсімдіктердің түрлері мен сорттарын өсіру экономикалық тиімділігі жағынан жоғары екендігі белгілі.

Келтірілген мәліметтер екпе жайылымдарды жасау шығыны 4-7 жылда өтеліп, кейінгі 10-20 жыл бойы таза пайда табуға болатынын көрсетеді. Мысалы, кезінде бүкіл елімізге белгілі болған “Задария” асыл тұқымды қой зауытында бір гектар қоршаулы изен екпе жайылымын жасау үшін 99 сом 70 тиын жұмсалған (1987 жылғы есеппен). Үшінші жылдан бастап бір гектар екпе жайылым 5,04 центнерден азық өлшемін қамтамасыз еткен, ал 1 центнер азық өлшемі 5 сом 71 тиын таза пайда келтірген. Осылайша жұмсалған шығын пайдалана бастаған уақыттан 3 жыл 6 айдан кейін, яғни жетінші жылы толық өтеліп, кейінгі 8-10 жыл көлемінде таза пайда түсірген.

Мұны төмендегі 18-кестеде келтірілген мәліметтерден де көруге болады.

 

18-кесте. Құрғақшылық мал азықтық өсімдіктерді өсірудің экономикалық тиімділігі

 

Экономикалық тиімділіктің құрылымы

сұр изен

Пішен өнімділігі, ц/га

17,1

1 ц пішеннің сату бағасы, теңге

500

1 га пішен өнімділігінің бағасы, теңге

8550

1 ц пішеннің өзіндік құны, теңге

380

Пайдалану мерзімі, жыл

12

1 га екпе егістен түсетін шартты таза пайда, теңге

2052

 

Кестедегі мәліметтерден жерсіндірілуге қамтылған мал азықтық өсімдік-тердің кейбір тіршілік түрлерінің орташа пішен өнімділігі берілген. Соңғы жылдары «АгроИнформ» (2004-2005 жылдары)  журналы келтірген деректер бойынша 1 кг шөп пішенінің сату бағасы еліміз бойынша 4-12 теңге аралығында, орташа есеппен алғанда 8 теңге, ал Оңтүстік Қазақстан облысын-да тиісінше 3-7, 5 теңге болып отыр. Сондықтан Оңтүстік Қазақстан облысы жағдайында 1 га шыққан пішен құны 8550 теңге. Дайындалған 1 ц  пішеннің өзіндік құны орта есеппен 380 теңгені құрайды.  Осылайша 1 га екпе егістен түсетін шартты таза пайда сұр изендікі 2052 теңге болады. 

Сонымен қуаңшылық мал азықтық өсімдіктерін жерсіндіру бағытындағы ізденіс жұмыстары Қазақстанның оңтүстік шөлі аймағының экологиялық ортасына төзімді, әлеуметтік маңызды және экономикалық жағынан тиімді деген оңды түрлер мен үлгілерді іріктеудің ғылыми негіздерін анықтап берді. Олардың экологиялық-биологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, өсіру табиғи жайылымдардың биологиялық алуан түрлілігін көбейтуге мүмкіндік береді. Мұның өзі сайып келгенде осы аймақта тіршілік жасап жатқан халықтың әл-ауқатын көтерудің бірден-бір негізі болады.

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

1. Өсімдіктерді   жерсіндіру   ғылыми   ізденісі   жергілікті   және   басқа
аудандардан    алынған    түрлердің    тектік    қорын    құру,    экологиялық-
биологиялық ерекшеліктерін зерттеу және олардың жаңа ортаға төзімділігін
анықтап, өндіріске және селекция жүмыстарына пайдалану үшін бейімді түрлер мен үлгілерді іріктеуден тұрады. Осыған байланысты Қазақстанның оңтүстік шөл аймағында мал азықтық өсімдіктерді жерсіндіру негіздерінің зерттеу сызбасы жасалынды.

2. Жерсіндіруге мал азықтық өсімдік түрлері изен мен теріскен экологиялық-географиялық және экологиялық талдау жасалынды. Олардың  табиғи таралған Төменгі-Дон, Төменгі-Еділ, Памир-Алай, Қарақұм, Қызылқұм,  Сырдария, Арал-Каспий, Балқаш маңы, Тянь-Шань флоралық   аудандары және бүгінгі өсіп-дамып жатқан ортасы, түр болып тарихи қалыптасуы біркелкі еместігі анықталды.

3. Жерсіндіру жұмысына қамтылған флоралық түрлері оңтүстік шөл аймағының топырақ-климат жағдайына бейімді болуы қажет. Биологиялық ерекшеліктерін зерттеу нәтижесі құрылымдық және функциональдық қасиеттеріне байланысты, яғни экологиялық-морфологиялық және экология-лық-физиологиялық заңдылығымен анықталды.

4. Тарихи қалыптасуы кезінде түрлі табиғи-климаттық өзгерістерді өткізген Памир-Алай және Тянь-Шанның оңтүстік және батыс аудандарында қалыптас-қан изен, теріскен үлгілері оңтүстік шөлдің экологиялық жағдайына бейімді келетінін көрсетті.

5. Қазақстанның оңтүстік шөлі аймағында өндіріске енгізуге және селекция жұмыстары үшін төзімді және жоғары төзімді топтарға жататын 36 түрлер мен үлгілер іріктелді. Олардың маңызды биологиялық-экологиялық және шаруашылық ерекшеліктері төмендегідей:

- изеннің тіршілік ұзақтығы – 9-11 жыл, Қызылқұм, Тянь-Шаньның оңтүстігі мен Балқашмаңы оңтүстік-шығысында таралған сұр изендікі – 15-20 жыл, Тянь-Шанның оңтүстігі мен батыс бөлігінің жасылдау изенінікі – 7-12 жыл;

- өсімдіктердің бойлап өсуі тіршілік жылына және қалыптасқан ауа райына байланысты батыс сұр изенінікі – 28-68 см, оңтүстік сұр изенінікі – 25-101 см, оңтүстік таулы сұр изені – 44-100 см, оңтүстік-батыс таулы жасылдау изені – 37-137 см, солтүстік-батыс сұр теріскенінікі – 23-51 см, оңтүстік сұр теріскенінікі – 36-74 см, солтүстік-батыс эверсманн теріскенінінкі – 22-66 см, оңтүстік эверсманн теріскенінікі – 52-86 см болды;

- тіршілік жылдарына және қалыптасқан ауа райына байланысты теріскен гектарына 6,7-11,4 ц, изен – 10-13 ц азықтық өлшем береді.

6. Іріктелген түрлер мен үлгілердің биологиялық-экологиялық ерекшелік-терін ескере отырып пайдалану топырақ қоры мен күн сәулесін мүмкіндігінше толық пайдалана алатын тіршілік мерзімі ұзақ, мал азықтық сапасы жоғары және шығымдылығы мол екпе жайылымдар жасауға мүмкіндік береді. Оларды егіп-өсіру экономикалық жағынан тиімді. 1 га екпелі алқаптары 1296-2052 теңге шартты таза пайда береді.

әдебиеттер тізімі

 

1. Төреханов А.Ә. Қазақстанның табиғи мал азығына арналған жерлері: проблемалары мен шешімдері //Жаршы. –Алматы, 2005. -№3. –Б.52-54.

2. Шамсутдинов З.Ш. Введение в культуру дикорастущих кормовых растений для улучшения пустынных и полупустынных пастбищ и задачи селекции //Тез.докл. 1 Межресп.конф. –М., 1969. –С.46-53.

3. Борангазиев К.Б., Нурбаев О.Н., Юсупов Б.К., Ажибаев И.т., Слабинская А.И. Сбор и изучение дикорастущих кормовых растений с целью их интродукции и использования в селекции //Сб.науч.статей. –Алма-Ата: Кайнар, 1979. –Вып.3. –С.5-13.

4. Базилевская Н.А. Об основных теории адаптации растений при интродукции //Бюллетень Главного ботанического сада. –М., 1981. –Вып.120. –С.3-9.

5. Ларин И.В., Агабабян Ш.М.и др. Кормовые растения сенокосов и пастбищ СССР. –М.-Л.: Сельхозгиз, 1951. –Т.2. -993 с.

6. Нечаева Н.Т., Приходько С.Я., Башкатова А.Н., Киянова Р.М. Опыт улучшения пустынных пастбищ в Туркменистане. –Ашхабад, 1959. -246 с.

7. Шамсутдинов З.Ш. Проблемы фитомелиорации пустынных пастбищ //Проблемы освоения пустынь. -1986. -№5. –С.34-43.

8. Алимов Е. Полевая всхожесть и выживаемость всходов прутняка в зависимости от сроков сева и глубины заделки //Вестник с.-х. науки. –Алма-Ата, 1970. -№10. –С.34-38.

9. Алимаев И.И. Летне-осенние пастбища из смесей полукустарников в пустыне Южного Прибалхашья. –Алма-Ата: Кайнар, 1975. –С.43-49.

10. Абдраимов С.А., Сеиткаримов А., Омаров К. Генофонд дикорастущих кормовых растений аридной зоны Южного Казахстана //Сб.науч.трудов КазНИИК. –Алматы: Бастау, 2003. –Т.24. –С.200-203.

11 Абдраимов С.А., Сейткаримов А. Интродукция и селекция пастбищных растений в условиях Южного Казахстана. – М., 1979 – С.12-13.

12 Абдраимов С.А., Сеиткаримов А. Обогащение пастбищ новыми видами кормовых растений //Вестник с.-х. Науки Казахстана. –Алматы, 1995. -№11. –С.90-96.

13. Дударь А.К. Кохия. –Ставрополь, 1948. -20 с.

14. Тереножкин И.И. Растительность и кормовая  база Волга-Донского междуречья и пути их улучшения //Вопросы улучшения кормовой базы в степной, полупустынной и пустынной зонах СССР. –М.-Л.: Изд-во АН СССР, 1954. –С.108-121.

15. Лачко О.А., Дорджиев О.Ф., Письменов А.Н., Бамбаев А.Д.   Интро-дукция пустынных кормовых растений в условиях северо-западной части При-каспийской низменности //Вопросы селекции, семеноводства и укрепления кормовой базы каракулеводства: сб.науч.трудов ВНИИК. –Ташкент, 1983. –С.135-141.

16. Дорджиев О.Ф. Эколого-биологическое обоснование введения в  культуры камфоросмы (Camphorosma lessingii litw) в восточных районах Кал-мыцкой АССР //Автореф.... канд.биол.наук: 29.07.85. –Алма-Ата, 1985. -21 с.

17. Гаджиомаров А.А. Засухостойчивые культуры – на пастбища Черных земель //Корма. –М., 1978. -№6. –С.41-42.

18. Касьянов Ф.М., Озолин Г.П., Зюзь Н.С. Выращивание саксаула черно-го на пастбищах и песках. –М.: Лесная промышленность, 1978. -96 с.

19. Зюзь Н.С. Биологические особенности саксаула черного в Северном и Северо-Западном Прикаспии //Бюллетень ВИР. –Л., 1981. -№108. –С.37-38.

20. Сазонова М.А. Опыт возделывания саксаула черного в Калмыкии
//Бюллетень ВИР. –Л., 1981. -№108. –С.38-40.

21. Кузин А.Н. Лесопастбищные угодья в очагах опустынивания Северо-Западного Прикаспия //Природные ресурсы пустынь и их освоение:  тез.докл.  V Всесоюз. науч.конф. –Ашхабад: Ылым, 1986. –С.265-266.

22. Сахаровский В.М., Кондрашова Л.И. Введение в культуру прутняка простертого //Повышение эффективности сельскохозяйственного производст-ва Тувинской АССР. –Новосибирск, 1984. –С.26-30.

23. Матвеев Н.А. Улучшение пастбищ Прикаспия //Природные ресурсы пустынь и их освоение: тез.докл. V Всесоюз.науч.конф. –Ашхабад: Ылым, 1986. –С.270-272.

24. Зевин Т.Н., Лабазников С.Б. Рост и кормовые качества терескена серо-го в мелиоративно-кормовых насаждениях //Эколого-географические аспекты особенностей пустынь: тез.докл. –Ашхабад, 1987. –С.62-63.

25. Матвеев Н.А. Терескен. –М.: Колос, 1992. -188 с.

26. Ножко В.А. Проблемы повышения продуктивности кормовых угодий на Черных землях и Кизлярских пастбищах //Повышение продуктивности пус-тынных и полупустынных  пастбищ  и  рациональное  их  использование: сб.   науч.трудов ВНИИК. –Ташкент: УзНИИЦТИ, 1990. –Т.1. –С.37-41.

27. Зволинский О.В. Биология и опыт введения в культуру терескена в аридных условиях России //Новые и нетрадиционные растения и перспективы их практического использования: тез.докл. II Межд. симпозиума. –Пущино, 1997. –Т.5. –С.662-664.

28. Шамсутдинов Н.З., Шамсутдинов З.Ш. Биогенетические методы и принципы экологической реставрации деградированных пастбищных экосис-тем на основе интродукции ксерофитов //Эколого-популяционный анализ кормовых растений естественной флоры, интродукции и использования. –Сыктыквар, 1999. –С.248-250.

29. Абоян В.Л., Гольдварг Б.А. Состояние и песпективы селекционной работы с аридными кормовыми растениями Калмыкии //Проблемы рациональ-ного природопользования аридной зоны Евразии. –М., 2000. –С.273-274.

30. Серединцев Е.Я., Кулик К.Н. Проблемы земледелия в острозасуш-ливых условиях //Вестник Российской академии с.-х. наук. –М., 2001. -№2. –С.87-88.

31. Ратов Р.А. Биолого-морфологические особенности многолетних пустынных растений. –М.: Наука, 1969. -100 с.

32.Трулевич Н.В. Интродукция высокогорных растений и их устойчи-вость //Проблемы ботаники: экология и биология высокогороных растений. –Новосибирск: Наука, 1979. –Т.ХІҮ.2. –С.129-134.

33. Савкина З.П., Андреева Т.В., Говорима Т.П. Редкие и эндемичные виды флоры Якутина в коллекциях Якутского ботанического сада //Интродук-ция полезных растений в Якутии. –Якутск: изд. Якут. фил. СО АН СССР, 1980. –С.18-28.

34. Рахимбеков Р.У. Из истории изучения природы Средней Азии. – Ташкент: Укитувчи, 1970. -266 с.

35. Романович В.В. К истории интродукции растений и озеленения горо-дов пустынной зоны Средней Азии и Казахстана //Декоративное садоводство   и акклиматизация растений в Казахстане. –Алма-Ата: Наука, 1969. –С.20-39.

36. Райкова И.А. Материалы по культуре растений песков в условиях Ташкента //Бюлл.САГУ. –Ташкент, 1927. -№16. -12 с.

37. Бородин Е.С. Морфобиологические особенности высокогорных рас-тений аридной зоны при интродукции в условиях равнины. –Ташкент: Фан, 1966. -72 с.

38. Белолипов И.В. Материалы по феноэкологии некоторых видов  семей-ства Маревых (Chenopodiaceae) в Ботаническом саду АН УзССР //Интродук-ция и акклиматизация растений. –Ташкент: Фан, 1971. –С.74-89.

39. Айтбаев К. Среднеазиатские виды саксаула //Автореф... канд. биол. наук: 12.11.68. –Ташкент, 1968. -29 с.

40. Кириллова Е.Г. Материалы к биологии роста растений в высокогорьях Памира //Природные условия и реконструкция растительности Памира. –Душанбе: Дониш, 1970. –С.169-219.

41. Иконников С.С. Питомник флоры высокогорий на Памире //Природ-ные условия и реконструкция растительности Памира. –Душанбе: Дониш,   1970. –С.160-168.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-06-16 21:38:41     Қаралды-13817

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »