UF

 

 

мазмұны

       бет

 

 

Нормативтік сілтемелер...............................................................

3

 

Анықтамалар......................................................................................

4

 

Белгіленулер мен қысқартулар................................................

5

 

Кіріспе......................................................................................................

6

1

әдебиеттік шолу................................................................................

8

1.1

Бройлер өсіру технологиясы.....................................................................

8

1.2

Етті бағыттағы бройлер тұқымдары.........................................................

9

1.3

Құс (тауық) етін өндірудегі селекциялық және

технологиялық жұмыстар..........................................................................

11

1.4

Құс азықтандыру мөлшері мен мерзімдік азық үлестері.......................

12

1.5

Етті бағыттағы тауықтарды бағып-күту әдістері................................

15

2

негізгі бөлім.....................................................................................

20

2.1

Зерттеу нысаны мен әдістері.....................................................................

20

2.2

Құс қораларының экологиялық жағдайы................................................

20

2.3

Құс қораларындағы микроклимат............................................................

21

2.4

Тауықтар гигенасы.................................................................................

23

2.5

Балапандарды өсіру....................................................................................

26

2.6

Тауықтардың жұмыртқа өнімділігі..........................................................

27

2.7

Балапандардың жынысын және жасын анқтау.......................................

28

2.8

Тауықтың ет өнімділігі, сапасы................................................................

29

2.9

Тауықтарды күту және азықтандыру.......................................................

36

2.10

Бройлерді сою.............................................................................................

45

2.11

Құс етін өңдеу технологиясы....................................................................

49

3

Тіршілік қауіпсіздігі, қоршаған ортаны және

еңбекті қорғау....................................................................................

55

3.1

Өндірістік санитария.................................................................................

55

3.2

Құс саңғырығын залалсыздандыру, сақтау және пайдалану.................

56

3.3

Өрт қауіпсіздігін сақтау.............................................................................

56

3.4

Қоршаған ортаны қорғау...........................................................................

57

4

Құс етін өндірудің экономикалық тиімділігі..................

58

 

қорытынды............................................................................................

59

 

пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........................................

60

 

 

 

Нормативтік сілтемелер

 

МемСт 18447-91. Құс етінің өнімдері. Терминдер мен анықтамалар.

ССТ 10-02-01-04-84. Сіңірінен ажыратылған еттер мен субөнімдеріне қатырылған блоктар. Техникалық шарттар.

МемСТ 37 39-89. Буып-түйілген ет. Техникалық шарттар.

МемСТ 4814-57. Қатырылған ет блоктары. Техникалық шарттар.

МемСТ 9493-74. Ет өнімдері. Ылғалдылықты анықтау әдісі.

МемСТ 7702.2.2-93. Құс еті, субөнімдер және құс етінің жартылай фабрикаты. Бактерия тобының ішек таяқшаларын (колиформалы бактерия туысы) анықтау әдісі.

МемСТ 7702.2.3-93. Құс еті, субөнімдер және құс етінің жартылай фабрикаты. Сальмонеллаларды анықтау әдісі.

МемСТ 7702.2.4-93. Құс еті, субөнімдер және құс етінің жартылай фабрикаты. Мөлшерін анықтау әдісі.

МемСТ 7702.2.5-93. Құс еті, субөнімдер және құс етінің жартылай фабрикаты. Листереллдар мөлшерін анықтау әдісі.

МемСТ 7702.2.6-93. Құс еті, субөнімдер және құс етінің жартылай фабрикаты. Сульфитредуцирлейтін клостридий мөлшерін анықтау әдісі.

 

 

 

Анықтамалар

 

Бройлер – етті немесе ет жұмыртқа бағытындағы, тұқымдардың аталық іздерімен, олардың 7-8 апталық мерзіміне дейінгі етке арнайы өсірілген буданының балапаны.

Мекиен – ұрғашы тауық.

Әтеш – аталық тауық.

«Хайсекс» кроссы – Голландияның етті-жұмыртқалағыш тұқымы.

«Родонит» кроссы – жұмыртқа бағытындағы тауық тұқымы.

Инкубатор – бір немесе бірнеше камерадан тұратын жұмыртқадан балапан шығаратын агрегат.

«Универсал 45» - 37440 жұмыртқа сиятын инкубатор түрі.

Саңғырық – тауықтың қиы.

ҚБУ – клеткалы батария түрі (орысша қысқартылымы).

Мамық – тауықтың терісін жауып тұратын майда түк.

Жарық режимі – құстың өсіп-жетілуіне, өнімділігі мен оның сапасына әсер ететін сыртқы ортаның маңызды факторларының бірі.

Кокцидиостатиктер – дәрі-дәректік препарат.

Кросс – будан тауық тұқымының түрі.

 

Белгіленулер мен қысқартулар

 

1. кг – килограмм

2. г – грамм

3. мг – миллиграмм

4. см – сантиметр

5. м – метр

6. сағ – сағат

7. 0С – Цельсий градус

8. % - пайыз

9. тг – тенге

10. ИБ – интеграционалдық бірлік

11. КБН – клеткалы батарея түрі (орысша қысқартылуы)

12. ЦКБ – жуу қондырғысы

13. БФУ-30 – дезинфекциялауға қолданатын лампа түрі

14. СПК – жұмыртқаны жару құралы

15. л – литр

16. Даймонж – автоматтандырылған клеткалы батарея

17. М-4 – жуғыш машиналары

18. Э – қосымша негізгі өнім бағасы (теңге)

19. Р-15 – ата-аналық клеткалы батарея

20. БГО – клеткалық батарея

21. КБУ – клеткалық батарея

22. КБМ – клеткалық батария

23. МемСТ – мемлекеттік стандарт

24. Тж – төтенше жағдай

25. ТӘҚ – тіршілік әрекеттерінің қауіпсіздігі

26. ВЭС – ветеринарлық санитариялық сараптау

27. рН – қышқылдық-сілтілі көрсеткіш.

 

 

 

Кіріспе

 

Тақырыптың өзектілігі. Өндірістік құс шаруашылығы нарық сұраныстарын жеңіл диетикалық тағамдармен қамтамасыз етуге өзінің сүбелі үлесін қосатын, аграрлық кешеннің әрі үдемелі, әрі жедел өзгеріп, тез дамитын саласы болып табылады.

Келешекте жұмыртқа және құс етін өндіру технологияларын жетілдіру, құс фабрикаларының әр шаршы метр жерінен өнім шығымын көбейтіп, оның өзіндік құнын төмендетуді көздейді. Осыған байланысты негізгі  мақсат және міндет құсты дұрыс және тиімді пайдалануға бағытталған қоршаған ортаның экологиялық нормативтерін, құстың тұқымдық ерекшеліктерін, азықтандыру мөлшерін түгел қамтитын экологияландырылған технологиялық процестің адамға қажет таза өнімдер (жұмыртқа, ет, мамық) алуға арналған тақырыптың өзектілігі арта түседі.

Зерттеу жұмыстарының мақсаты мен міндеті. Алға қойылған мақсатқа жету үшін, ең алдымын мынандай мәселелерді шешу қажет: құс фабрикалары мен фермаларын мамандыру, озық технологияны пайдалану, құсты инфекциялық аурулардан қорғау, құсқаналар мен қоршаған ортаның экологиясын сақтау.

Тақырыптың жаңалығы. Құс шаруашылығында бройлер етін өндіру, гибрид құстарды өндірістік технология жағдайында толықтай азықтандыру негізінде орындалады. Үлкен экономикалық жетістікке ірі шаруашылықтар, құс фабрикалары жетеді. Бройлерлерді еденде, торша клеткада өсіргенде шығындалған азықтық өлшемінің 1 кг-на 2,4-2,6 кг өнім беретін, балапан-дардың 7-8 апталық мерзімінде 1,6-1,7 кг салмақ тартатын технологиясын жасау.

Практикалық маңызы. Бройлерді өнеркәсіптік өндіру, балапандарды еденде немесе клеткада жыл бойынша қарқынды жүйемен өсіруге бағытталған технологияны ендіруге негізделген. Бройлерді қалың төсеніште өсірген кезде отырғызу тығыздығын арттыра түсу тенденциясы қолдануда. Бұл бройлердің 49 күндік мерзімде сойылуына байланысты болып отыр. Отырғызу тығыздығын арттыру қораның алаңын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Клеткада өсірілген балапандардың тәуліктік салмақ қосуы еденде өсірілген балапандарға қарағанда 9-13 пайызға артық, ал өсіру мерзімі 10-14 күнге қысқарады, азық мөлшері 20 пайызға кем жұмсалады. Ал өзіндік құны - 13-18 пайызға қысқарып, сонымен қатар бір шаршы метр алаңға 1,5-2 есе құсты артық орналастыруға болады.

Өндірістік шаруашылықтарда аналық түрлерді жыл сайын жаңартып отыру керек. Себебі әр түрге жататын аналық тауықтарды будандастыру арқылы жаңа балапандарын, одан әрі жақсы қасиеттермен қамту болып табылады.

Міне, осы айтылған көптеген мәселелерді дер кезінде орындап, оларды жітілдіру жұмыстарының мерзімдерін қысқарту құс шаруашылықтарының тиімділігін арттыра түседі.

Жұмыстың көлемі және құрылымы. Дипломдық жұмыс 61 бетке компьютерлік мәтінмен терілген, 24 кесте, 4 сурет, кіріспеден, зерттеу нәтижелерінен, қорытынды және 24 әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

1 Әдебиеттік шолу

 

1.1 Бройлер өсіру технологиясы

 

Бройлер өндірісінде етті балапандарды өсіруде негізінен үш технология-лық жүйені қолданады. Оған бройлерді еденде, клеткалы батареяда, торша еденде өсіру жатады [1, 2, 3, 4].

Бройлер шаруашылықтарында бройлер етті балапландарын бір күндігінен бастап сойғанға дейін үлкен көлемдегі құс қораларында орналастырады. Азықтаныруды, суаруды, саңғырық жинауды механикаландыру бройлер өндірісінде экологиялық проблемаларды жақсарту мүмкіндігі.

Клеткада өсіру кезіндегі жұмсалатын энергия шығымының төмен және өсу қарқынының жоғары болуына байланысты азықтандыру мерзімі қысқарады.

Клеткада өсіру әдісі экологиялық жағдайды жақсартуға, аурудың таралуын төмендетуге, механизациялық деңгейін жоғарылатуға, еденге жұмсалатын шығымды азайтуға, сонымен қатар 1 м2 ауданнан 2,2-2,5 кг ет алуға мүмкіндік береді [5, 6, 7, 8].

Бройлер өндірісінде соңғы жылдары бройлерлерді жоғары тығыздықпен қоршауда отырғызып, кейін қоршаулар алынып, балапандарды қораның бүкіл алаңына жайып жіберу технологиясы қолдануда.

ВНИТИП-та бройлерді жоғары тығыздықпен отырғызудың түрлі өсіру әдісіне зерттеулер жүргізілген. Ең жоғары көрсеткішке бройлерлерге құс қораның ауданына балапандарды үш апталығында 1 м2 алаңға 40 бас балапан отырғызғанда тиімді екендігі дәлелденген.

Дж.Лудас [19] және т.б. зерттеулер бойынша үш апталық бройлер балапандары құс қораның жылу жүйесімен қамтылған жарты бөлігінде өсіреді де, ал қалған қораның жарты бөлігі 21 күндік балапандарды отырғызу үшін жылытылады. Нәтижесіне өсірудің соңында 16 мың бастың тірі салмағы: қораздар – 1960 г, тауықтар – 1673 г, өсімнің 1 кг салмағына 2,28-2,35 кг жем жұмсалады. Жылу беру жүйесіндегі шығым 50 пайызға қысқарды. Ағылшын зерттеушілері бройлер балапандарын өсіру кезеңінің алғашқы төрт апталығында 1 м2 алаңға 43 бас балапан отырғызып, қалған аптасында 1 м2 алаңға 18-22 бастан отырғызуды ұсынады.

Өзге де мәліметтер бойынша қораны үш бөлікке бөліп қолдануға болады. Бір бөлігінде балапандарды 2,5-3 апталығына дейін өсіреді, сосын балапанды қораның екінші бөлігінде 240С температурада бес апталығына дейін ұстайды. Соңынан қораны толықтай пайдаланады. Нәтижесінде жарық жүйесі 60 пайызға үнемделініп, жем барынша аз қолданылады [9, 10].

Бройлер балапандарын өсіру кезеңінің алғашқы үш апталығында клетка еденінің 1 м2 алаңына 90 ұрғашы балапан, 70 әтеш балапан отырғызылады. Ал кейінірек еденнің 1 м2 алаңына 41 ұрғашы балапан және 28 әтеш балапан отырғызылады. Бройлерлер өсірудің технологиялық басқаша түрін Рязан құс фабрикасында қолданады. Бройлерлерді 10 күндігіне дейін еденде өсіріп, кейін КБУ-3 клеткалық батареясына ауыстырады [11, 12, 13].

1-кесте. Әртүрлі жолмен өсіргендегі бройлердің өнімдік көрсеткіштері

 

Көрсеткіштер

Құстың жасы, апта

тірі салмағы, г

1 кг өсіміне жұмсалатын азық, кг

өлім-жітім, %

тірі салмағы, г

1 кг өсіміне жұмсалатын азық, кг

өлім-жітім, %

Клеткадан 3 апта-лығында еденге ауыстыру

368

1,30

1,6

1707

1,96

1,3

Еденде орын ауыстырмай

409

1,30

1,0

1780

2,16

1,9

 

Құстар орын ауыстыру кезінде стреске шалдығады. Стреске шалдыққан құс ауруға шалдыққыш келеді де, ұшасының сапасы төмен болады.

Алайда құс шаруашылығында көп уақыттан бері жүргізіліп келе жатқан зерттеулер стресті басуға болатындығын көрсетеді. Егер де белгілі бір себептермен стресті күйді баса алмаса, онда стреске қарсы дәрі егіледі.

Тәжірибеде    стреске    қарсы    транквилизаторлар,    антибиотиктер, витаминдер және басқа да заттар қолданылады.

Құсты ұстап алу кезінде айқай шу болмауы керек. Құсты ұстауды негізінен жарық төмен жерде жүргізу керек. Жоғарыда жүргізілген әдебиетке шолу нәтижесінде бройлерлерді өсірудің ең қолайлы әдісі оларды жасына байланысты орналастырып өсіру. Ол еденнің 1 м2 алаңынан алынатын еттің көлемін арттыруға жарық пен жылу жүйесінің шығымын қысқартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар өндірісте бройлерлерді өсіруде орын ауыстырудың технологиялық түрі қолданылады.

 

 

1.2 Етті бағыттағы бройлер тұқымдары

 

Қазақстанда бройлер етін өндіруде «Бройлер-6», «Гибро», «Смена», «Ыртыш», «Бройлер-Компакт-8» кросстарын қолданады. Шаруашылықтардың 90 пайызы осы кросстарды өсіреді. Орыс ғалымдары В.И.Фисинин, Т.А.Столляр [18] мәліметтері бойынша бұл кросстар өте жылдам өседі, бір күнде 40 г салмақ қосады. «Смена» кроссының балапандарының еті жоғары қасиеттерімен сипатталады.

«Бройлер-6» кроссы өндірістік технология жағдайларына жақсы үйренген. Ол аутосексті кросс болып табылады. Бұл кросстардың аталықтары жылдам өседі де, аналықтары жоғары еттік қасиеттерге ие. Төрт тізбектік гибридтің 7 апталығында салмағы 2 кг болады. 1 кг өсіміне 2,2-2,5 кг азық жұмсалады [14, 15, 16].

«Бройлер Компакт-8» кроссы жоғары генетикалық потенциалды кросс. «Бройлер-6» кроссына 6, 7, 9 және 10 тізбекті плимутрок тұқымының аталық, аналық түрлері кіреді. Селекция нәтижесінде ата-аналық табында толықтыруға арналған жеңіл салмақты тауықтар шығарылды. Дене бітімінің ерекшелігіне қарай аналық түрдің тірі салмағы аталығынан 10 пайыз төмен. «Бройлер Компакт-8» кроссының тірі салмағы «Бройлер-6» кроссынан біршама төмен. 7 апталығында олардың салмағы 1,6-1,65 кг болады.

«Гибро-6» кроссы 1982 жылы Нидерландыдан әкелінген. «Бройлер-6» кроссынан өсу жылдамыдығымен етті қасиеті жағынан бірнеше төмен келеді. 7 апталығындағы орташа салмағы 1,84 кг.

Т.А.Столляр [16] мәліметі бойынша төрт тізбекті Бройлер кроссы аутосексті кросс. Бұл кросстың балапандары өте жылдам өседі. 8 апталығында 1900 грамм салмақ тартады. 1 кг өсіміне 2,1-2,3 кг азық жұмсалады.

Төрт тізбекті «Бройлер-Компакт 8» кроссының балапандарының аяқтары қысқа, денесі кішкентай болып келеді. 7 апталығында 1600 грамм салмақ тартады. 1 кг өсіміне 2,3-2,5 кг азық жұмсалады. Бұл кросстың бройлерлері клеткада өсіру технологиясына жақсы бейімделген. Құс шаруашылығында 7 апталағында 2,1-2,2 кг салмақ тартатын жаңа етті бағыттағы бройлерлерді шығару қаралып отыр. Ол 1 кг өсіміне 2,1-2,3 кг азық жұмсайды.

Д.А.Ковинько, Ю.Г.Агулярний [7] айтуы бойынша бройлер жоғары етті жетілгіш, өсу жылдамдығы қарқынды, яғни 60 күнде салмағы 1,4-1,6 кг болады, еті мен терісі жұмсақ, еттік қасиеті жақсы гибридті етті балапан дейді.

Бройлер балапандарын 1 м2 алаңына тығыз орналастыру тірі салмағына, жем өтеміне тікелей әсер етеді. Сондай-ақ өсіру әдісіне, климатқа және экономикалық жағдайына тікелей байланысты. Балапандарды клеткада немесе еденде өсіру кезінде отырғызу тығыздығы біркелкі болмайды. Бройлер балапандары еденде отырғызу тығыздығына қатысты айтылған нұсқаулар әртүлі болып отыр.

В.Б.Хон, В.А.Пепелина [22] айтуы бойынша 1 м2 еден алаңына 15,5 бас бройлер балапанын отырғызуға болады. Авторлардың ұсынған отырғызу тығыздығы балапандардың тірі салмағына, тіршілік қабілеттілігіне ешқандай кері әсер етпейді.

Қазіргі кезде дамыған құс фабрикаларында бройлерлерді өсіру үшін механикаландырылған клеткалық батареяларды пайдаланады. Сондықтан отырғызу мен еденде өсіру мәселелерін жедел түрде қарастыру қажеттілігі туып отыр.

А.А.Арьков [16, 17] бройлер балапандарын КБУ-3 клеткалық батареялар-да жынысына қарай бөліп өсіру жолын дұрыс деп есептейді. Сонымен қатар отырғызу тығыздығын 1м2 алаңға 35 басқа дейін көбейтсе, экономикалық жағдайды жақсарта түсер еді.

М.П.Силаеваның [22] ойынша Бройлер-6 кроссты балапандарын КБН-У клет-калық батареяға отырғызу тығыздығы әтештерді 22-ден 28 басқа дейін өсіріп, ал мекиендерді – 34 басқа басқа дейін өсіру керек. Соның нәтижесінде 1 м2 клетка алаңынан 30 пайызға дейін ет артық өндіруге болады.

Л.Самойловтың [21] жүргізілген зертеулерінде бройлерлерді бөлек өсіру әдісі барысында әтештердің салмағы 7,2 пайыз, ал мекиендердікі 11,4 пайызға артты. Жынысына қарай балапандарды бөлек өсіру әдісі экономикалык жағынан тиімді деп есептейді.

Т.А.Столляр [16] бройлер балапандарын КБУ-3 клеткалық баареяларда 1 күндігінен 8 апта еш қоршаусыз өсіріледі. Бройлерлерді клеткалық батареяда өсіруге кез-келген шарушылықтағы көлемі 18x24x3,2м болатын мекемені қолдану болады дейді. отырғызу тығыздығы бройлерлерді өсіру мерзіміне, олардың сойыс кезіндегі салмағына, сондай-ақ клеткалардың конструкциясы мен азықтандырғыштардың орналасуына байланысты болады. Бройлерлерді 49 күндігіне дейін өсіргенде бір балапанға клетка еденінен 245 см2 алаң бөлінеді. Клетка еденінің 1 м алаңына 28 балапан әтеш немесе 37-38 ұрғашы балапан отырғызылады.

 

 

1.3 Құс (тауық) етін өндірудегі селекциялық және технологиялық жұмыстар

 

Ет өнімділігі бағытындағы тауықтар негізінен бройлер өндіру үшін өсіріледі, аталық түр ретінде корниш тұқымы, аналық түр ретінде ақ плимутрок пайдаланылады. Корниш тұқымынан аталық тізбек құрған кезде мынадай көрсеткіштерге назар аударады: еттің тез пісіп жетілуіне, бұлшық еттерінің әсіресе сан еттерінің жақсы жетілуіне, тез қауырсындануына, қауырсыны мен терісінің ақ немесе сарғыштығына, әтештерінің ұрықтандыру қабілетінің жоғары болуына. Аталық тізбекті селекциялағанда инкубациядан жұмыртқа шығымына, тіршілік қабілетіне, ет сапасына, ересек мекиендердің тірі салмағына 1 кг өсіміне, кұрама жем шығынына басты назар аудару керек. Селекциялық жұмыстар жүргізу үшін тізбек құру барысында құстың жеке басының қасиеттеріне баға беріп, келесі белгілеріне қарайды. Стандартқа сәйкес тізбек құру үшін 8 апталық мерзімінде тірі салмағына қарай сұрыптау жұмыстары жүргізіледі. Қатаң тәртіп бойынша тірі салмағы төмен құстарды бракқа шығарады.

Жас балапандардың салмағын арттырудағы селекциялық жұмыстар ересек құстардың салмақ қосуына әкеледі. Сондықтан селекцияны жүргізген кезде ересек тауықтардың салмағы мен 8-апталық кезеңдегі жас балапандар салмағының арақатынасына ескерген жөн.

К.В.Заевская, Э.Э.Пенионжкевич, Л.В.Махнова [23] балапандардың тез қауырсындануы маңызды мәселе дейді. Оны балапандардың 7, 10 және 56 күндігінде бағалайды. Баяу қауырсынданған корниш балапандарын тез арада бракқа шығарады. Сонымен қатар балапандар жынысын анықтауда тез қауырсындануы мен баяу қауырсындануына қарайды. 8 апталық балапандарды бағалау үшін кеуде кеңдігіне, сирақтарының ұзындығына, сан және кеуде бұлшық еттерінің жетілуіне қарайды. Селекциялық жұмыстарды жүргізу үшін кеуделі құстар қалдырылады. Кеудесінің кеңдігін 5 балдық жүйемен бағалайды [24].

 А.Астратова зеттерулері бойынша бройлер балапандарының жоғары қарқынмен және жақсы жетілуі көп мөлшерде құрама жемді пайдаланып, тез сіңіруіне негізделген.

Ғылыми тәжірибелік құс шаруашылықтарында негізгі мақсат құс етін өндіру технологиясын жетідіру. Әр шаршы метр жердер өнім шығымын көбейтіп, оның өзіндік құнын төмендету. Бүкіл шығынды барынша азайту болып табылады. Сонымен қатар құрама жемнің биологиялық құндылығын жақсартып, рационды толықтыру құс шаруашылығының ең өзекті мәселелері-нің бірі болып отыр.

 

 

1.4 Құс азықтандыру мөлшері мен мерзімдік азық үлестері

 

Құстың тәуліктік азығындағы қоректік зат пен оның қуаттылығына қажеттілігі өз тіршілігіне және өнім беру қабілетіне байланысты.

Жалпы, аталған заттардың мөлшері құстың генетикалық ерекшелігіне, жасына, тірілей салмағына және жақсы азықтандырып, күтіп-бағуына тікелей қатысты.

Әрине, құс азықтандырғанда, оларды керек заттармен толық қанағаттан-дыру үшін дайындалған жемнің негізгі құрамына және оның қоректілік қабілетіне өте қатты кеңіл бөліну керек.

Құсқа дайындалған жемді негізінен екі түрге бөлуге болады. Біріншісіне – жем құрамында мал өнімдерінің қалдықтары көбірегін (яғни 4-5%), ал, екіншісіне – аздауын (2%) жатқызады.

Негізінде, бұл мал өнімдері қалдықтары ретінде, сүйек пен еттен дайындалған ұлпаларды (ұн) қолданады. Бірінші рецепте жем құрамына дәнді дақылдар ретінде жүгері, бидай немесе арпа кіреді. Жүгері – бұршақ құрама жемінің 30-40% жүгеріден, 10-15% бұршақ күнжарасынан тұрады.

Бидайлық кұрама жемнің 40% бидай және 10%-дан артығы жүгері болып келеді.

Протеині көп жем ретінде күнбағыс күнжарасы мен ет-сүйек-қауырсын ұлпасы көбірек колданылады.

Арпа құрама жемінің 30%-дан көбі арпа, ал 10% кейде жүгері болады, кейде болмайды.

Протеин көзі ретінде әлгінде аталған күнжара мен ұлпа пайдаланылады. Мал өнімдері қалдықтары жоқ немесе өте аз (2 түрлі құрама жемге жүгері, бидай және арпа пайдаланылады).

Құрамдары әртүрлі, бірақ жалпы қоректік заты мен қуат көлемі бірдей құрама жем құс өнімділігіне әрқалай әсер етеді. Оның үстіне 1 өлшем өндіруге қоректік зат шығыны да бірдей болмайды. Себебі жемнің қоректік заттарының қорытылуы мен сіңімділігі де әртүрлі. Сондықтан нашар қорытылатын қоспалары бар жем құрамына биологиялық белсенді зат қосу керек.

Егер де өндіріс жағдайында құстың жем жеуі төмендесе, онда тәуліктік азық құрамының қоректілігін күшейту керек.

«Құс жетпеген коректік заттын жемді неғұрлым көп жесе, соғұрлым жақсы толықтырады» - деген ұғым – теріс ұғым.

Оның үстіне тәуліктік жем мөлшерін 10%-дан артық көбейткен, өзін-өзі ақтамай, өнімнің өзіндік құнын арттырады.

Құстың салмағы, жұмыртқалағыштығы, жем жеуі қаншалықты жақсы қадағаланса, соншалықты дер кезінде құрама жем қоректілігіне өзгеріс енгізіп отыруға мүмкіндік туады.

Бірінші және екінші айналымдағы (күрігін басқаннан кейін) жұмыртқа-лауында жемнің қоректік зат мөлшері бірдей болады және олардың тәуліктік жем мөлшері тірілей салмақтарына және өнімділіктеріне қарай белгіленеді.

Жан-жақты теңестірілген толық тәуліктік азық үлесінде (рационында) құрама жеммен барлық құс түрін азықтандырудың әр басқа грамм есебімен жобалап алған мөлшерлері 2-кестеде берілген.

 

2-кесте. Толық тәуліктік  азық үлесінің құрама жемімен құс азықтандырудың жобалап алынған мөлшері, г/тәу.

 

Құс шамасы, апта

Етті тауық

Етті тауықтар «кіші»

Бройлер балапаны

жерде*

торда*

1

14

13

12

24

2

30

22

20

44

3

45

33

28

80

4

50

45

36

107

5

55

45

44

140

6

58

60

49

150

7

60

55

52

170

8

62

55

55

190

9

64

60

57

-

10

66

60

59

-

11

68

65

60

-

12

70

65

61

-

13

70

70

62

-

14

70

70

63

-

15

75

75

64

-

16

75

75

66

-

17

80

75

68

-

18

85

80

70

-

19

90

85

75

-

20

105

90

80

-

21

110

100

85

-

22

120

110

92

-

23

130

120

99

-

24

140

130

105

-

25

145

135

110

-

26

150

140

115

-

27-29

155-160

145-150

120-125

-

30-42

160

150

130

-

43-54

155

150

128-125

-

55 және одан да жоғары

150

145

120

-

Ескерту: *1 – мөлшерлеп азықтандыру;

               *2 – еркек және ұрғашыларына

Құрама жем өндіру оның құрамының (рецептісінің) есебінен басталады.

Құс фабрикаларында азық қорын жасаудың үш түрлі жолы бар:

1. Толық тәуліктік азық үлесін дайындау үшін құрама жемді жем өндіруші зауыттан қажетінше әкеліп, қажет болса өз күшімен керегінше толықтыру;

2. Толық тәуліктік азық үлесі үшін құрама жем дайындау;

3. Толық тәуліктік азық үлесі үшін құрама жемді-протеинді-витаминді-минералды құнарлы азық – АВМЖ негізінде өз күшімен дайындау.

Рецепт есебін жасауға керек көрсеткіштер:

- құрама жемнің қоректілігіне қойылатын талаптар;

- құрама жем дайындауға пайдаланылатын шикізаттың тізімі мен саны;

- шикізаттың сапалық көрсеткіштері;

- құстың жасына қарай дайындалатын жемнің құрамына кіретін шикізат түрлерінің мөлшері;

- дайындалатын құрама жем көлемі.

Сонымен қатар, рецепт құрамының, есебін дайындағанда шикізаттың сол кездегі қоректілігі мен химиялық құрамы есепке алынады.

Пайдаланылатын шикізат сапасын өте мұқият тексеріп отыруды естен шығармау керек. Сондықтан, рецепт есебін жасаған кезде үнемі зертханалық зерттеулер нәтижесін пайдаланып отырған жөн.

Егер ондай мүмкіншілік болмаса кестеде берілген дайын көрсеткіштерді пайдалануға болады. Кестелік көрсеткіштер орташа статистика ретінде, әсіресе балық және ет-сүйек ұндарын салыстырмалы бағалаған кезде қажет.

Витаминдер мен микроэлементтерді қоспа жемнің (премикстің) рецептісіне қосу жолымен оның керсеткіштерінің үстіне (шикі протеин, амин қышқылы, кальций, фосфор, ауыспалы қуат) құрама жемнің жалпы қоректілік қасиетін құс қажетіне сай мөлшерлік деңгейге жеткізеді.

Премикстің сапасына сатушылар жауап береді, негізінде биологиялық белсенді заттар (0,25 мен 2,0) толық тәуліктік азық үлесінің аралығында болады.

Құсты дұрыс азықтандыру үшін және жем мөлшерін есептегенде оның қоректілік қуатына қарау керек. Негізгі қуат көзі – дәнді дақылдар мен майлар.

Жем кұрамының қуаттылығын жеткілікті деңгейге апару үшін жоғары калориялық азықтар (май, фосфат) пайдаланылады.

Жем құрамындағы қоректі заттар арқылы құс өз ағзасына қажет күш-қуат ала алатын болуы керек. Ол құс ағзасының сіңіру қабілетіне және қоректік қуат беретін заттардың мөлшеріне байланысты болып келеді.

Жемнің қуаттылығы Джоульмен (Дж) өлшенеді. Бір термохимиялық калория 4,184 Дж-ға тең.

Біздің тәжірибемізде жемнің қуаттылық мөлшері және құсқа алмасу қуатының қажеттілігі килоджоуль (КДж) мен килокалорияда (ккал) беріліп отыр. Құстың қуатқа деген жалпы кажеттілік мөлшері, оның тіршілігіне, қозғалысына, өнім беруіне шығындалатын қуаттырдың қосындысынан шығады.

Құстың қуатқа қажеттілігін оның 1 кг тірілей салмағына есептеп шығару қабылданған.

Теориялық және тәжірибелік есептерді құстың тірілей салмағын (ТС) 0,75 дәреже санына (кг 0,75) көбейтіп, зат алмасу шамасын табу арқылы шығарады. Барлық жылы қанды жануарлардың өз тіршілігіне қажет қуат мөлшері 1 кг зат алмасу шамасына орта есеппен 293 КДж (70 ккал) жұмсалатындығы дәлелденген.

Оны таза қуатқа (энергияға) жатқызып, мына формуламен анықтайды:

ТЭ=293 КДж х ТС (кг 0,75)

мұндағы: ТЭ – таза энергия;

                 ТС – тірілей салмағы.

Құс денесінде зат алмасу процесі тез жүретіндігіне және дене қызуының сүтқоректілерге қарағанда жоғары екендігіне байланысты, олар тек тіршілік етуінің өзіне алмасатын қуатты (энергияны) көбірек керек етеді.

Таза қуатқа карағанда алмасатын қуат құсқа 18% артығырақ керек, яғни таза қуат алмасатын қуаттың 82%-ын құрайды. Алмасатын қуаттың көлемі 1 кг тірілей салмағына шаққанда құс жасына байланысты. Мысалы тауық балапанында ол 30-35 КДж-ге (7-8 ккал) тең, ал сақаларында 6-12 КДж-ден (1,5-3,0 ккал) аспайды. 1 дана жұмыртқаға мекиен 360 КДж (86 ккал) жұмсайды.

Құс тіршілігіне қажет алмасатын қуатты Скот формуласымен есептеп шығарады:

ТЭ=347 КДж х ТС (кг 0,75)

мұндағы: ТЭ – таза энергия;

                ТС – тірілей салмағы.

Мысалы тірілей салмағы 1,75 кг (ауыспалы салмағы 1,52 кг) тауықтың таза энергияға қажеттілігін қамтамасыз ету үшін 527 КДж (347 КДж х 1,52) немесе 126 ккал/күн керек.

Таза энергия алмасатын қуаттың 82%-ын құрайтын болғандықтан алмасатын қуаттың өзі 644 КДж (527:0,82) немесе 154 ккал/күн болады.

Тауықтың қозғалу мүмкіндігіне қарай торда бағылатынына алмасатын қуатты 37%, ал жерде (еденде) бағылатынына – 50% өсіреді. Сондықтан торда ұстайтын тауықтарға 882 КДж (221 ккал) жалпы алмасатын қуат, ал еденде бағылатындарына – 996 КДж (230 ккал) керек.

Ал олардан өнім өндіру үшін тағы да қосымша қуат көзі керек болады. 1 дана жұмыртқа өндіру үшін тауыққа 360 КДж (86 ккал) қажет.

Қорыта айтқанда тауық тіршілігіне, жүріс-тұрысына және жұмыртқа өндіруіне торда ұстаған тауықтың әр басына тәулігіне 1242 КДж (296 ккал), ал еденде бағылғандарына – 1326 КДж (315 ккал) алмасатын қуат жұмсалады.

 

 

1.5 Етті бағыттағы тауықтарды бағып-күту әдістері

 

Қазіргі уақытта құс өнімдерін алуда, ірі мамандандырылған құс шаруа-шылығының, құс фабрикасының және де жеке құс шаруашылықтарының маңызы өте зор. Құстарды күтіп-бағумен, азықтандырудың әдістерін және жаңа техника дамыған жетістіктерін пайдалану жағдайында бір шаруашылықта құс саны көп мөлшерде ұстауға (бірнеше мың), әрбір мекиен тауықтан жылына 280-290 дана жұмыртқа, 50-60 күндік еттік балапандардың салмағы 1800-2000 г мөлшерде алуға мүмкндік туады. Немесе жақсы күтіп-бағу нәтижесінде қаз балапандарының 60-70 күндегі салмағы 3,5-4,5 кг дейін болуына толық жағдай бар.

2010-2015 жылдарға арналған республикалық Агроазық-түлік бағдарлама-да 2009 жылдың басында жұмыртқа өндіру көлемін 2140 млн. данаға жеткізу көзделіп отыр. Ал тек «Алматы құс» компаниясы құс фабрикаларын түбегейлі түрде өндіруді 500 млн. данаға жеткізбекші. Аталған межелерге жету үшін құстарды күтіп-бағудың озық тәсілдерін енгізу, құс шаруашылық өндірістерінің құрылыс жағдайын, өндіріс жабдықтарын түбегейлі өзгерту және т.б. жұмыстар жүргізу қажет.

Жоғарыдағы келтірілген мәселелерді дұрыс шешу үшін құс шаруашылығында түрлі экологиялық, малдәрігерлік-санитариялық жұмыстарды жақсарту аталынған шараларды дер кезінде өткізу, құс фермаларында тұрақты микроклимат жағдайын туғызу, дұрыс азықтандыру, нысандарды дұрыс жобалау, құрылыс және қайта құру кезіндегі зоогигиеналық талаптарды орындау және де құстардың биологиялық ерекшеліктерін ескеру қажет. Құстардың биологиялық ерекшеліктері олардың:

-күтіп-бағу мен азықтану жағдайына өте сезімталдығы;

-зат алмасу қабілетінің жоғарылығы;

-өсімталдығының жоғарылығы (құстардың негізгі өнімдік қасиеті – олардың жұмыртқалағыштығы);

-тез жетілуі (7-8 апталық балапандардың салмағы 1,6-1,7 кг жетеді);

-ішкі анатомиялық құрылыстарының ерекшеліктері, яғни тістерінің болмауынан түскен азық олардың жемсауында қорытылады;

-ең маңызды ерекшелігі – аналық организмнен тыс дамуы, яғни жұмыртқадан пайда болуы;

-көру қабілеті нашар, ал керісінше есту қабілеті жақсы жетілген;

Құс қораларын жобалау, салыну кезінде осы айтылған ерешеліктерін ескеру қажет.

Ересек құстар мен балапандардың барлық түрлерін қора еденінде бағып-күтеді, оның серуендететін орны болады. Тауықтарды шарбақтардың ішінде бағып-күтеді, балапандарды топтастырылған, емесе жекелеген шарбақта бағып-күтеді. Ересек құстарды және балапандардың барлық түрлерін лагерьде күтеді.

Құстың түріне, жасына және жергілікті жағдайға байланысты бағып-күту тәсілін біріктіре жүргізуге де болады. Ересек құстардың барлық түрлерінің мекиендерін еркін серуен жағдайда бағып-күтеді.

  Интенсивтендірілген құс шаруашылығында негізінен ересек құстарды және балапандардың барлық түрлерін қора еденінде бағып-күтеді. Еден жағдайында күтіп-бағу тәсілінің екі түрі бар:

1.     Қалың ауыстырылмайтын төсеніште.

2.     Жұқа тақтайшадан жасалған еденде немесе торлы еденде. Еден жағдайында күтіп-баққанда құстардың санына қарай арнаулы типті құс қоралары салынады.

Құс қораларының едені тақтайдан салынады (түгелдей тақтайдан немесе жұқа тақтайшадан) немесе асфальтталады, болмаса тор көзді болады. Ересек құстарды торлы немесе жұқа тақтайшалы не еденде ұстағанда олар негізгі еденнен 40-80 см биіктікке орналастырылады. Балапандар қорасына бұл биіктік 20-25 см, тор көздің мөлшері туғанына 20 күн болған тауық балапандары үшін 12 х 12 мм, ал 45 күн толған балапандар үшін 15 х 15 мм.

Құс қораларда жылжымалы тұрақты жем берілетін астаумен су құйылатын науа болады. Бұлардың саны балапандардың азықтану кезінде алатын орын мөлшеріне қарай белгіленеді.

Құс қоралары тұрақты жинап алатын, немесе бөлшектеп алатын етіп құс қонақтайтын ағашпен жабдықталады. Тұрақты құс қонақтайтын ағаштың астынан қорап түрінде немесе терең траншея қазып, саңғырық жинағыш жасалады. Ересек құстар қонақтайтын ағаштың биіктігі еденнен 60-80 см, балапандар үшін 50 см аспауы керек.

Тері паразиттері (қауырсын және мамық жеушілер) жабыспау үшін жәшік түрінде күл-құм ваннасы қолданылады. Оның көлемі ересек құстар үшін 0,7 х 0,2 х 1 м болады, әрі 180-200 құсқа бір ваннадан келеді. Құс қорада құс жұмыртқалайтын ұялар салу көзделіп, олар 10-12 тауыққа бір ұядан есептеліп салынады. Тауықтар ұяны еденнен 0,5-0,7 м биіктікте салынады. Бұл ұялар гигиена ережесіне сай таза ұсталынуы қажет.

Қазіргі уақытта өнеркәсіп құс қораға арнап жасалған механикалан-дырылған жабдықтардың (Ресейлік немесе шетелдік) комплектісі бар. Бұл комплектіде жемді шөпті таратыпберетін құрал. Науалы суат, түбі көтермелі ұя және механизм күшімен жұмыртқа жинағыш аспап, құс қонақтайтын сырғауылдар, ұяларды және құс өтетін жолдары ашып жабатын механикалан-дырылған қондырғылар, құс саңғырығын жинайтын механизмдер, өндірістік процестерді автоматты жолмен басқаратын станция бар. Құс қораларға жабдықтарды орналастыру жобасы қора құрылысының конструкциясына байланысты болып, құстарды еден жағдайына қолайлы орналастыру тығыздығы белгіленген. Етті бағыттағы ересек тауықтарды 1 м2-қа 4-5; ал балапанын 18 бастан орналастырады.

Құстардың денсаулығы мен өнімділігі көп жағдайда төсеніштің құрамы мен экологиялық жағдайына байланысты. Төсеніш ретінде ағаш үгінділері, майдаланбаған сабан, тағы басқа материалдар пайдаланылады.

Төсеніш қора ішінде экологиялық-гигиеналық жағдайды жақсартады, құстың астынан сыз өткізбей, тері ауруынан және жарақаттандырудан сақтандырады. Төсеніш ылғалды, зиянды газдарды бойына тартып алып, құс қауырсынын ластамайды, жұмсақ болады. Төсеніш материалдары зоогигиеналық жағдайларға сай, құрғақ, шаңсыз, ластанбаған құрамында түрлі улы өсімдіктер болмай және түрлі микробиологиялық процестерге ыңғайлы болып, соңынан тыңайтқыш ретінде пайдалануға жарамды болуы қажет.

Қора ішіндегі ауаның ылғалдылығы мен температура көрсеткіштері тікелей төсеніш жағдайына байланысты. Мысалы: дымқыл, көгерген төсеніштер құстардың аспергиллез, түрлі тыныс жолдары ауруларына себепкер болып, гельминт жұмыртқалары мен балапан құрттардың өсуіне қолайлы.

Төсеніш ылғалдылығын қалыпты жағдайда сақтау үшін қораның микроклимат көрсеткіштерін бірқалыпты ұстау қажет. Қалың төсеніштерді құстардың кезекті тобымен ауыстырып, оларды құс қоймаларында биотермиялық өңдеуден өткізеді. Құстарды еден жағдайында күтіп-бағу әдістері негізінен ыстық және ылғалды аймақтарда пайдаланылады.

Құстарды торда бағып-күту гигиенасы. Балапандар ме ересек құстарды торда ұстайтын қораларда өсіру жер алаңын неғұрлым тиімді пайдалануға, өндірістік қоралардың қажеттігін 3-3,5 кемітуге, ауыр жұмыстарды механикаландыруға, балапандарды өсірудің маусымдылығын болдырмауға, оларды ауруға ұшыратпауға, су құбырының, канализацияның, электр жүйесінің ұзындығын едәуір кемітуге мүмкіндік береді. Мұның бәрі құрылысқа жұмсалатын қаржыны кемітеді және ұс шаруашылық тауарлылығын арттырады, экологияны жақсартады.

Құстарды торда бағып-күтуге арналған қораның жеке залдары және қосалқы қора бөліктері болады. Топтасқан және жеке-жеке торларға бөлінген залдар арнаулы стандартты батареялармен жабдықталады.

Жұмыртқалайтын мекиендерді торда бағып-күту үшін өнеркәсіп орны арнайы батарея комплексін әзірлеп шығарады. Бұл батареялардың көлем мөлшері торлардың типі мен конструкциясына байланысты. Торлы батареялардың құрамында жем берілетін арнаулы оттық, жем-шөп таратқыш, мөлшерлегіш, науа, жұмыртқаларды түсіретін лотоктар және жұмыртқа жинайтын қол арбалар, тордағы құс саңғырығын жинайтын тасымалдау қондырғысы бар. Торлар қабат-қабат орналастырылады. Торлы батареялар ұзыннан-ұзақ немесе қосарлап, жарыстыра орналастырылады. Бұларды арасынан жүріп өтетін жолдың ені 0,8 м-ден кем болмайды. Әр жастағы балапандар тобы бір-бірінен оңаша торлы батареяларда бағып күтіледі. Торлы батареяларға азық бункер, азық таратқыштар, минералды азық берілетін астаулар, аспалы науалар, саңғырық салынатын қорап және құс саңғырығын жинап шығаратын штангалы транспортерлер кіреді. Жабдықтарды басқару ісі автоматтандырылған.

Етке арнап өсірілетін 1 күннен 70 күнге дейінгі балапандарды батареялы торларда 20 балапаннан, яғни еденнің 1 м2 көлеміне 12 балапан орналастыру есебімен, серуенге шығатын алаңы жоқ қорада бағып күтеді. Секцияларды жем салатын оттықпен, су беретін науамен жеткілікті етіп жабдықтайды. Сонымен қатар мұндай балапандарды еденге төсеніш пайдаланып өсіру тиімді деп танылуда.

Құс қоралары пешпен немесе бір орталықтан келетін ыстық сумен, ыстық бумен, ауамен және электр қуатымен жылытылады. Жергілікті жылытқыш ретінде қалқанды құрылғылар, жылытқыштар қосымша қолданылады, ал соңғы уақытта инфрақызыл сәулелі қондырғылар қолданылады. Балапандарды торларда бағып-күтетін қораларда механикаландырылған ағында желдеткіш-термен ұштастырылған ауамен жылыту жолын қолданған тиімді болады.

Құс қораларында таза ауаны механикалық жолмен беріп тұратын табиғи және жасанды желдеткіш болу алдын ала көзделеді. Желдеткіш арқылы келетін ауаны мөлшері құстың тірілей салмағының 1 кг-на балапандар үшін 1,2-1,5 м3 болуы тиіс, ал ересек құстарға – 1 м3, ет үшін бордақыланатын балапандарға – 5 м3 жазда, қыста – 1,5-2 м3 көлемде болуы керек. Құс қоралары табиғи түрде терезе арқылы желдетіледі, яғни терезе жақтауына кере тартылған матадан ауа кіріп тұрады, мұнда өтпе жел болмауы тиіс. Жылытылатын құс қораларында от жағылатын қондырғылардың дұрыс-бұрыстығын бақылап, балапандарды уландыратын иісті газды болдырмайтын желдеткіш жүйесінің жұмысты жақсы атқару жағын бақылап отырған жөн. Механикалық желдеткіш балапандарды торда бағып-күтетін қораларға, инкубаторлардағы құс соятын цехтарға,сондай-ақ құс еденде бағып-күтілетін қораларға орнатылады.

Барлық жастағы құстарды бағып-күтетін қораларда және олардың бағытына қарай (бройлерді қоспағанда) табиғи жарық болуы тиіс. Терезелерді қораның алдыңғы жағынан шығарып, еденнен 30-40 см жоғары орнату керек. Терезе орнының кеңдігі сол қорада еденге жарықты толық түсіріп тұратындай болуы шарт. Мүмкіндігінше терезеге металдан жасалған тор құрылуы тиіс. Құс бордақылайтын және сойылатын цехтарда канализация жүргізіледі. Сондай-ақ құстарды торларда бағып-күтетін қораларда үнемі су үзілмей ағып науадан суды және еденді, жабдықтар мен торларды жуғанда ағатын жуынды суды басқа жаққа бұрып кететін канализация жүргізіледі. Су ағып тұратын науасы жоқ, құс қораларда канализация болмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 негізгі бөлім

               

2.1 Зерттеу нысаны мен әдістері

 

Ғылыми-зерттеу жұмыстары Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданындағы етті бағыттағы «Бөген құс» фабрикасында жүргізілді.

Зерттеу нысандары және объектілеріне етті бағыттағы кросстар (гибрид-тер), құс қоралардың экологиялық жағдайы, атап айтқанда, құс қораларының микроклиматы, санитарлық-гигиеналық жағдайы, балапандарды өсіру технологиясы қамтылып, олар экологиялық және зооинженерлік әдістемелерге негізделді.

 

 

2.2 Құс қораларының экологиялық жағдайы

 

Құс шаруашылығында қора-жайдың дұрыс бағытпен салынуының санитариялық-гигиеналық жағынан үлкен маңызы бар.

Құсты өсіру және бағып-күті үшін инкубаторларды, құс қораларды, клеткада бағып күтетін цехтар және лагерьлік құрылыстар салу алдын ала ескеріледі.

Құс өсірілетін қораларды арнаулы типтік жоба бойынша салады. Құстарды бағып-күту тәсіліне байланысты қоралар мынадай типтермен салынуы мүмкін: балапандардың есеюіне қарай еденде еркін жүріп-тұруы үшін секцияларға бөлінген құс қоралар, құстарды клеткаларда бағып-күтетін цех, жаз айларында бағып-күту үшін жылжымалы немесе тұрақты үйшіктер және балапандарды күннің суық кезінде өсіру үшін ауа-райына шынықтыратын лагерь типіндегі құрылыстар.

Құс қораларының жобаларында құсқа қажетті микроклимат жасау, еңбекті көп керек ететін процестерді механикаландыру көзделеді. Жұмыс көлемінің жобалануы, оларды жүзеге асыру прогресті әрі тиімді жүргізілуі керек. Белгілі бір фермаға арналған жобаны таңдауда олардың жергілікті жердің жағдайына сай келу жағын ескеру керек.

Балапан өсірілетін құс қоралардың типі климат  жағдайына, жергілікті құрылыс материлардың түрлеріне, құстарды орналастыру мөлшеріне қарай белгіленеді. Қораларды секцияларға бөледі, бұларға қанша құс орналасуы өсірілетін құстардың түрі мен жасына байланысты болады.

Құстың серуендеуі үшін құс қораның ұзына бойына күн шуақ немесе қоршаулы алаң жасалады. Кішігірім шаруашылықтарда еденде бағып күтілетін тауықтар үшін күн шуақтың алаңы құс қора еденінің 50-100 пайызына дейін болады. Асыл тұқымды тауық өсіретін шаруашылықтарда туғанына 45-60 күн болған балапандарға күн шуақ емесе серуен алаңы 0,5 м2 есебімен жасалады, ал туғанына 25 күн болған балапандарына 0,2 м2 есебімен, ересек тауықтарға 2 м2 есебімен жасалады. Құстардың серуен алаңына көлеңке болатын жаппа жасайды, бұған ағаш бұта немесе арнауы қалдықтарды пайдаланады. Тауықтарға арналған алаңдар торлы қоршаумен қоршалады, оның биіктігі 1,6-2,2 м болады олардың балапандары үшін 0,8-1 м етіп жасалады. Күн шуақтағы қоршаулы алаңдарды секцияларға бөледі, олардың құс қора секцияларына сәйкес қатыс жолдары болады.

Құс фермалары салынатын жерлерді таңдап алудың зор маңызы бар. Учаскенің мал жайылатын жерге, елді мекенге, жол бойына, тазалық жағынан қолайсыз жерлерге (қоқыс төгілетін жерге, мал қораларына, изоляторларға және басқаларға) алысырақ орналасуына – құстың тазалығы, күтімі құс шаруашылығының өркендеуі тікелей байланысты болады.

Инкубатордың ұзына бойы, солтүстіктен оңтүстікке қарай бағытталады, балапандар үшін салынатын құрылыстардың алдыңғы жағы есігі оңтүстікке немесе оңтүстік-шығысқа қаратылады. Құс өсіретін қора жайлардың лайықты түрін құсты бағып-күтуге қабылданған жерге байланысты, шаруашылықтың көлемімен бағытына қарай, сондай-ақ климат және жергілікті жердің жағдайларына қарай таңдап алынады.

 

 

2.3 Құс қораларындағы микроклимат

 

Қорадағы микроклиматтың құс организміне әсері температураның, ауаның ылғалдылығы мен оның қозғалу жылдамдығының, сондай-ақ ондағы техникалық құралдар арқылы байқалады. Жабық қораларда ауа күрт нашарлап кетуі мүмкін, бұл құстың өнімділігі мен өсімталдығын төмендетеді, еңбек шығыны көбейіп, мал өнімдерінің өзіндік құны қымбаттап, сапасы кемиді (3-кесте).

 

3-кесте. Құс қораларының микроклимат көрсеткіштерінің құс өнімділігі мен сапасына әсері

 

Бағу әдістері

Ауа темпера-турасы, 0С

Салыс-тырмалы ылғал-дылығы, пайыз

Зиянды газ-дардың ауа-да болуы, мг/м3

1 басқа шаққан-дағы жұмыртқа беруі

Өлім-жітім, пайыз

Жұмырт-қа сынығы, пайыз

NH3

шаң

Қалың төсеніште

16

72

35

8

240

14

8

Бір ярусты бата-реяларда (АПЛ)

17

70

8

4

260

6

2,2

 

Құс қораларында қолайлы климат болуы үшін, оларда ауа температурасының, оның ылғалдылығының, қозғалу шапшаңдығының, ауа құрамының зоогигиеналық нормативке сай келуінің, сондай-ақ қораларды құстың түріне, жасына, бағу технологиясына сәйкес жобалаудың, техникалық нормаларда көзделген басқада жағдайлардың болуын қамтамасыз ету керек.

Құс қораларындағы микроклимат жағдайы сыртқы ауа-райына, азықтандыру тәсілдеріне, қоршаулардың түрлеріне, желдеткіш және канализация жүйелерінің жұмысына құс саңғырығының дер кезінде тазаланып тұруына байланысты.

Құстардың жылу алмасу процесінің нашар дамуы себебінен ол сыртқы ортаның өзгеруіне тез бейімделе алмайды. Мысалы, төмен температура жағдайында құстар азықты шамадан тыс мөлшерде қабылдап, организмде өтетін жылу алмасу процесін нашарлатып, организмнің салқындауына себепші болып, түрлі ауруларға шалдықтырады. Олар жоғары температура жағдайына да сезімтал (құстардың суды көп мөлшерде пайдалануы құс саңғырығы арқылы бөлінетін амииак мөлшерінің көбейюі).

Ауадағы жоғарғы ылғалдылық организмнің зат алмасу құбылысын нашарлатып, тотығу-тотықсыздану процесін тежейді. Мның өзі құстың тәбетін төмендетіп, азықтың сіңімділігін нашарлатып, түрлі ауруларға шалдықтыруы мүмкін, әрі ауа қозғалысының жылдамдығы жылу бөлу қабілетіне әсерін тигізеді, сондықтан да оның мөлшері гигиеналық жағдайға сай болуы керек.

Микроклиматтың тағы бір көрсеткіші ретінде құс организміне жарықтың маңызы зор (4-кесте). Құс қораларына табиғи жарықпен бірге жасанды жарықты пайдалану қажет, ал терезелері жоқ қораларда тек күндізгі жарық беретін люминесцентті немесе қызу беретін лампалар қолданылады.

 

4-кесте. Құс қораларындағы жарықтылық нормасы

 

Қоралар

Табиғи жарықтылық нормасы

Құстарды орналастыру зона-сындағы жасанды жарықты-лық, лк

табиғи жарықты-лық коэффициенті (КЕО), пайыз

жарықтылық коэффициенті (ЖК)

газозарядты лампалар кезінде

қыздырылатын лампалар кезінде

Ересек құстар үшін

 

 

 

 

Еденде ұстағанда (еден деңгейі бойынша)

0,7

1:10-1:12

75

30

Торда ұстап бақ-қанда (азықтанды-ру бойынша)

0,7

1:10

70

30

Бройлерді баққан-да (еденде және торда)

0,35

1:20

20

75

Балапандарды бағу үшін

1,0

1:8-1:10

диапазонда

 

Инкубаторлық залдар

0,8-1,0

1:15-1:20

75

30

 

Жасанды жарықтың көзі қораның ішіне бірқалыпты мол жарық түсіріп тұруы қажет. Құстарды еденде баққанда оның жарықтылығы шамамен 15-20 лк болуы керек, бұл қызулы шамдардың қуаттылығы бір шаршы метр көлемге дегенде 4-5 Вт есебімен алынады.

Құс қораларының ауа тазылығының көрсеткішін көмірқышқыл газының көлемімен бағалайды. Құс қорада бұл газдың көп болу себебінен құстардың тыныс алу жиілігі артпай, керісінше құстарда тыныс алу жиілігі кеміп, кейбір жағдайда тоқтауға әкеліп соғады.

Құс организміне аммиак пен күкіртсутек әсерінен құс денесіндегі оттегінің құлдырауына әкеп соғады. Сондықтан да олардың мөлшері белгіленген қалыптан аспауы керек (5-кесте).

Ірі құс шаруашылықтарында құс санының көп болу себебінен және құрғақ азықпен азықтандырылуы салдарынан ауада механикалық, бактериялық қоспалар болуы мүмкін. Мысалы: 720-1000 мың басқа арналған құс фермаларында желдеткіш жүйесі арқылы 1 сағат ішінде сыртқы ортаға 13 кг аммиак, 1490 м2 СО2, 40 кг шаң-тозаң, 174,8 млрд микроорганизмдер шығарылады. Мұның өзі құс арасында түрлі өкпе, көз ауруларының себепкері болады.

Микроклиматты жетілдіру мақсатында ауаның физико-химиялық көрсеткіштерін реттеумен қатар оның биологиялық белсенділігін жоғарылату керек. Ал құстың төзімділігін арттыру үшін жүйелі түрде ауаны тазалау және зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізу орынды.

Қазіргі кезде ауадағы шаңды азайту мақсатында және зарарсыздандыру үшін әрі оның биологиялық белсенділігін арттыратын тиімді тәсілдер бар. Олар, атап айтсақ: ауа сүзгіштерін қолдану, ионизациялау, қысқа толқынды УК-радиацияны қолдану, зарарсыздандыру (құстың барында). Ауаны зарарсыздандыру үшін (аэрозольды тәсілмен) қолданатын препараттар: резорцин, триэтиленгликоль, сүт және янтарлық қышқылдар. Осы мақсатта құс қораларында бактерицидтік шамды да (ДБ-30) қолданған тиімді (0,5-0,6 ВТ/м2).

 

 

2.4 Тауықтар гигиенасы

 

Тауықтардың денсаулығы және олардан алынатын жұмыртқаның сапасы көп жағдайда қора-жайдың микроклиматына, азықтандыру жағдайына, орна-ластыру тығыздығына және басқа да экологиялық факторларға байланысты болады.

Тауықтарды ұстаудың негізгі екі әдісі қолданылады: еденде және торда. Климаттық және экономикалық жағдайға, шаруашылықтың жүйесіне және өндірістің мамандандырылуына байланысты жоғарыда айтылған екі әдістің бірі таңдалады.

Қазіргі кезде жұмыртқаның негізгі массасын тауықтарды торда ұстау арқылы алады. Дегенмен тауықтарды торда ұстағанда жұмыртқаның жарылуы және шытынауы (пайыз) жоғарылайды, ал еденде ұстау барысында жұмыртқа қабығының ластануы 40-50 пайызға дейін жетеді.

Тауық қораларында қолайлы микроклимат жасау керек. Жылдың суық мезгілінде құс қорасының ауа температурасы 16-180С, салыстырмалы ылғалдылығы 60-70 пайыз болуы керек. Бұл кезеңде құс қорасының ауа температурасы 40С-тан төмен болмауы керек, ал жазда ысып кетпеу керек.

 

 

 

  5-кесте. Құс қораларындағы қолайлы микроклимат көрсеткіштері

 

Құс түрі, жыныстық топтары, инкубаторлық жайлары

 

Ауа температурасы, 0С

Салыс-тырмалы ылғал-дылығы, %

Жылдың суық кезе-ңінде ауа қозғалысы, м/с

Ауаның шаңдауы-ның шекті мөлшері, мг/м3

Газдардың шекті мөлшері

еденде ұстағанда

торда ұстағанда

көмір-қышқыл газы, пайыз

аммиак, м/м3

күкіртті-сутегі, м/м3

еденде

локалды жылыту орындары

Тауық балапандары жасы аптамен

                      14

28-24

35-22

33-24

60-70

0,2-0,5

2-5

0,2

10

5

5-11

18-16

-

18

60-70

0,2-0,5

2-5

0,2

10

5

12-22 (26)

16

-

16

60-70

0,2-0,5

2-5

0,2

10

5

Бройлер-балапандар аптамен

Подпись: 24                      1

28-26

35-30

35-30

65-70

0,3-0,6

2-5

0,2

10

5

2-3

22

29-26

29-26

65-70

0,3-0,6

2-5

0,2

10

5

4-6

20

-

-

65-70

0,3-0,6

2-5

0,2

10

5

7-9

18

-

-

65-70

0,3-0,6

2-5

0,2

10

5

 

 

6-кесте. Температураның тауық өсімталдығына әсері

 

Көрсеткіш

Ауа температурасы, 0С

4,4

15,6

21,1

27

38

Ішілген судың желінген азыққа қатынасы

4,4

1,8

2,0

2,8

4,5

Пайдаланылған азық пен судың бөлінген қиға қатынасы

1,9

2,0

2,1

2,2

2,3

Қидың ылғалдылығы, пайыз

74

75

77

79

81

 

Тауық қораларының жарықтандырылуы да тауықтардың өнімділігіне айтарлықтай әсер етеді. Тауық өнімділігі үшін қызыл сәулелі жарықты қолдану тиімді, сонымен қатар ол тауықтардың бірін-бірі шұқып тастауын болдырмайды. Ал көк жарық қойғанда тауықтар қараңғыда жүргендей болады, сондықтан ла оны тауықтарды ұстау үшін қолданады.

Тауық қораларындағы төсеніштің жағдайын үнемі қадағалап отыру керек. Ол үшін құрғақ ағаш үгінділері қолданылады. Зеңденген, мұздаған, ылғал, шіріген төсенішті қолдануға болмайды.

Тауықтарды торда ұстаудың артықшылықтары:

- қалың төсеніште ұстаумен салыстырғанда (5-6 бас/м2), орналастыру тығыздығы жоғары болады – 30 бас/м2;

- тауықтарды аздан орналастыру және саңғырығының бөлек түсуі санитариялық-гигиеналық жағдайды жақсартады;

- еденде ұстаумен салыстырғанда азық 10 пайызға үнемделеді;

- еңбек өнімділігінің жоғарылауы.

Бұл әдістің кемшіліктері:

- санитариялық-гигиеналық және технологиялық қондырғылардың қымбатшылығы және мамандандырылған техникалық қызметтің қажеттігі;

- тығыз орналасудың салдарынан созылмалы стрестің дамуы және қозғалыстың шектелуінен әртүрлі технологиялық аурулардың пайда болуы.

Тауықтарды торда ұстау тиімділігі көп жағдайда торлы батареялардың түріне байланысты болады, олар көптеген функцияларды орындайды (азықтандыру, суару, жұмыртқа жинау, саңғырықты тазалау).

Зоогигиеналық тұрғыдан барлық торлы батареялар үш топқа бөлінеді:

- вертикальді түрі, ярустары сатылы түрі, тігінен орналастырады;

- сатылы немесе жартылай сатылы түрі, ярустары баспалдақ тәрізді орналасады;

- көлденең түрі, бір және екі ярусты болады.

Асыл тұқымды және өнеркәсіптік тауықтардың толыққұнды азықтануы, белгілі кезеңдерде жас мөлшерінің зооинженерлік көрсеткіштерге сәйкес келумен бақыланады.

Тауық рационында жұмыртқа жасауға керекті белоктың жетіспеушілігі-нен олар өз денесіндегі белоктан толықтырады, мұндай кезде тауықтардың салмағы азаяды және арықтайды. Сонымен қатар белокты шамадан тыс беруге де болмайды.

Тауықтар жұқпалы, паразитті және жұқпалы емес аурулардан таза болуы керек. Инфекциялық ауру қоздырғыштары жұмыртқаны қалыптасу кезінде, сондай-ақ жатырдан, қынаптан және клоакадан өткенде сырттай зақымдайды. Мұндай жұмыртқалар үшін қауіпті және олар инкубацияға жарамайды.

Тауықтарды құнарлы азықпен азықтандыру – олардың жақсы өсіп жетілуінің, өнімділігінің арта беруінің басты шарты.

Құс азығының сапасына малдәрігерлік-санитариялық бақылауды азық қорын сырттай қарап көру немесе кез-келген малдәрігерлік зертханада санитариялық-гигиеналық және химико-токсикологиялық зерттеу жолымен жүзеге асырады. Тауықтарды азықтандыру оның жасына, өнімділігіне, тұқымына және ерекшеліктеріне байланысты.

Оларға берілетін азықтың 60-70 пайызы астық тұқымдастар, дәнді дақылдар болуы тиіс. Тауықтар белгілі бір уақытпен азықтандырылып, оларға берілген азық сапасы гигиеналық талапқа сай болуы керек. Бұл ережені сақтамау салдарынан, құс арасында түрлі аурулар болуы мүмкін. Мысалы: мақта шротының құрамындағы госсипол улы затымен немесе құрама жемдегі шамадан тыс тұз мөлшері құстарды уландыруы мүмкін.

Қоректі азықпен тиімді аықтандырумен қатар дер кезінде және қандыра сауру құстың өнімділігін арттыра берудің қажетті шарты. Құстарға арналған су жарамды, мөлдір, иіссіз болуы және оның құрамында түрлі механикалық жәе бактериялық қоспалар болмауы тиіс.

 

 

2.5 Балапандарды өсіру

 

Жас балапандарды дұрыс күтіп-бағудың өзі келешекте ересек құстардың өнімділігін арттыруда маңызы зор, сондықтан да құс балапандарын жасына жақсы азықтандырып, күтіп-бағу қажет.

Балапандарды күтіп-бағудың ең жауапты кезеңі алғашқы 3 апта уақыты. Жоғарыда көрсетілгендей балапандарды күтіп-бағу жүйелері әртүрлі болады. Соңғы уақытта ірі құс шаруашылықтарында балапандарды торда ұстау әдісі қолданылады. Бұл жағдайда тор батареясының жоғарғы қабаттарында әлсіз балапандарды, ал төменгі қабаттарында тіршілікке бейімдеу балапандар орналастырылады. Балапандар үшін микроклиматтың ерекшелігі оның негізгі көрсеткіштерінің жоғары деңгейде болуында. Атап айтқанда, ылғадылық 60-70 пайыз, ал жарықтылықтың ұзақтығы 17-24 сағат аралығынла ауытқу керек. Балапандарды өсіруге арналған қораларда арнайы жабдықтар (брудер) арқылы олар орналасқан шектеулі жерді жылытып, алғашқы күндері температура 33+370С аралығында ұсталып, микрокиматтың басқа көрсеткіштерін реттеп отыру үшін қора ауасы жиі желдетіліп тұруы қажет. Мысалы: тәуліктік балапандарға қажетті ең төменгі температура 29+300С, ал 6 күннен кейін температура көрсеткіші 260С-қа төмендетіліп және әр апта сайын 30С-қа төмендетіліп, ақырында айдың аяғында оның көрсеткіші 180С болуы тиіс.

 

 

 

 


 

Технологиялық жобалауға байланысты балапандарды торда ұстағанда олардың жастарына байланысты орналасу тығыздығы, азықтандыру және суару фронттары нормативке сәйкес болуы маңызды.

 

7-кесте. Әртүрлі жастағы балапандарды өсіру кезіндегі зоогигиеналық және технологиялық нормативтер (күн, торда)

 

Көрсеткіш

1...30

31...60

61...119

1...119

Тор еденнің ауданы 1 басқа, см2

14,5

270

300

300

Азықтандыру ауданы, см

2,5

5

8

8

Тордың биіктігі, см

22

28

34

34

Кіретін есік шыбықтарының арақашықтығы, см

21

32

42

21...42

 

 

2.6 Тауықтардың жұмыртқа өнімділігі

 

Құстың жұмыртқа өнімділігі оның түріне, тұқымына, жынысына, жасына, сондай-ақ азықтандыру мен күтім жағдайларына, сақа құстарды пайдалану және балапан өсіруді жеделдетуге байланысты.

Жұмыртқалау құстың ең маңызды өнімділік қасиеті, ол оның физиология-лық жағдайын және көбею органдары жүйесі қызметін бейнелейді.

Құстың жеделдете жұмыртқалауы ұрғашысының жыныс жолдарында жұмыртқа түзілуіге қажетті уақытқа байланысты. Жұмыртқа қалыптастыруға уақытты неғұрлым көбірек шығындаса, белгілі бір кезеңде құс жұмыртқаны соғұрлым азырақ табады. Егер жұмыртқа 24 сағатта немесе одан да қысқалау мерзімде қалыптасса, онда тауық күнде жұмыртқалайды; егер жұмыртқа түзуге уақыт көбірек жұмсалса, онда жұмыртқа салуда үзіліс байқалады. Мысалы, 24 сағатта жұмыртқасы қалыптасатын тауық одан кейінгі күндерде 8, 12, 16 сағаттардан кейін жұмыртқалайды да, одан кейін үзіліс жасайды. Бір немесе 2-күндік үзілістен кейін тауық қайтадан бірнеше күн қатарынан жұмыртқалай бастайды. Құстың қатарынан үзіліссіз белгілі бір санды жұмыртқа тапқан кезеңін жұмыртқалау циклі деп атайды. Цикл ұзақ болуы да (10-15 күн және одан да ұзағырақ), қысқа болуы да (2-4 күн) ықтимал. Құс жұмыртқаламаған циклдер аралығындағы күндерді интервалдар деп атайды.

Жақсы мекиендер жұмыртқалаудың ұзағырақ циклмен, ал нашарлары – қысқа циклмен және ұзағырақ интервалдармен сипатталады. Жұмыртқалау циклдарының қайталануын ырғақтылық деп атайды. Ол да құсты азықтандыру мен күту жағдайларына байланысты. Азықтандыру деңгейі төмендегенде немесе стрестік факторлар пайда болғанда ырғақтылықтың бұрмалануы да мүмкін.

Егер тауық жылына 280-300 жұмыртқа берсе, онда оның тұрақты жұмыртқалайтындығы. Мұндай тауық жұмыртқалауының циклдары ұзағырақ, интервалдары қысқа келеді, ол кештеу түлеп, жұмыртқа басуын тоқтатпайды. Жұмыртқа басатын (күрік) тауықтардың жұмыртқалауы тұрақсыз. Балапан басқан кезінде де, түлеу кезінде де құс жұмыртқаламайды.

Ұрықтанған құс жұмыртқасы – бұл болашақ балапанның ұрпақ жалғасы.

Алдын ала тексеруден өткен жұмыртқалар инкубациялауға жіберіледі.

 

8-кесте. Бройлерлер фабрикаларына арналған инкубацияның үлгі режимі

 

Инкубациялау күні

Инкубатордағы ауаның температурасы, 0С

Инкубатордағы ауаның ылғалдылығы, пайыз

1-4-ші

33,2

63-64

5-8-ші

37,7

56-58

9-13-ші

37,5

49-51

14-18-ші

37,2

49-50

Балапан шығаратын шкафтарда

37-37,5

57-58

 

Инкубаторда тәуліктік балапандардың жарамдылары мен жарамайтындары сұрыпталады. Жарамды балапандардың тұмсығының ұшын, кейде қанатының ұшын қырқады, ал ата-аналық табынды толықтыруға арналған балапан әтештердің топшысы мен ішкі саусақтарының тырнақтары күйдіріледі. Жарамсыз балапандар жем үгіндісіне қосылып өңделеді.

 

 

2.7 Балапандардың жынысын және жасын анықтау

 

Етті бағыттағы құс шаруашылығында балапандардың жынысын анықтауға үлкен мән береді. Өйткені жыныстарына қарай балапандардың өсіп-дамуы әр түрлі болады

Сақа құстардың жыныстық айырмашылықтары бірден аңғарылады: еркегі ұрғашысынан едәуір салмақтырақ, денелі келеді, басы үлкендеу, апайтөс, бөксесі жүдеу болады. Әтештер, мекиендер тауықтармен салыстырғанда аяқтары анағұрлым биіктеу. Қауырсыны түрлі-түсті еркектері ұрғашыларынан гөрі айқын бояулы келеді. Әтештің құйрығында бұрымы, желкесінде жалы болады.

Құс балапанының жынысын бірқатар белгілері бойынша анықтайды.

Балапан жынысын жұмыртқадан шыққан соң 10-12 сағаттан кейін-ақ анықтауға болады. Балапанды сол жақ алақанға ұстап, аяқтарын сұқ саусақпен ортаңғы саусақтың арасына қыстырып қояды, ал мойнын аты жоқ және шынашақ арасына қыстырады. Сол қолдың бас бармағымен еппен қатпаршақ-ты ашады. Еркегінде рудиментті көпіршік пен тарамданған екі қабат кішкен-тай белдеулер көрінеді. Қатпаршақты тексерген кезде балапандардың жыны-сын анықтау үшін арнайы стол, үш жәшіктің (ұрғашы, еркек балапандар мен жарамсыз үшін) және жарықпен жақсы қамтамасыз ету қажет. Тәжірибелі    маман бір сағатта 900-1000 балапанды байқаудан өткізе алады.

Жұмыртқадан шыққанына бір тәулік болған балапандардың жынысын Чиктестер құралы көмегімен де айырады. Оның бір жағында окуляр, екінші жағына – ұшы үшкір емес шыны ине орналастырылған тубусы бар. Тубустың ішінде электр лампасы мен линзалар және жарықты инеге бағыштайтын айнасы болады. Инені балапанның қатпаршағына  кіргізеді:  окуляр  арқылы  балапанның жынысына байланысты аналық немесе аталық бездері айқын көрінеді. Бір сағатта 600-800 балапанды қарайды.

Ет бағытындағы да, жұмыртқа бағытындағы да асыл тұқымды шаруашы-лықтар мен құс фабрикаларында балапан әтештер мен тауықтарды алғашқы күннен бөлек өсіру үшін балапандарды бір тәулігінде сұрыптаудың өте мәні зор.

Құстың жасын жұмыртқадан шыққан күннің жазылуымен, аяқ сақинала-рындағы немесе қанат белгілерімен белгілейді, және шамамен интерьері бойынша, мысалы топшының ұзындығы бойынша анықтайды. Шапшаң жетілетін тұқымды әтештердің топшысы алты айлығында шамалы шодырайып шығып тұрады, ал бір жасқа толғанда топшының ұзындығы 1 см-ге жетеді; бір жылда ол құстың тұқымдық ерекшеліктеріне байланысты 1-2 см-ге ұзарады. Жас тауықтарды жылтыраған тығыз мамық жүні мен нәзік терісі бойынша сақа тауықтардан жеңіл ажыратып алуға бодады.

Балапандардың жасын мамық жүнінің жетілуі бойьшша анықтайды. Тез жетілетін тұқымдары 8-күндігінде қанатының қауырсындары құйрығына дейін жетеді. Төртінші аптасының соңы мен бесінші аптасының бас кезінде ювенальды түлеу басталады. Ескі жүні түсіп, жаңа жүн біртіндеп өседі. Қанатының сыртқы ең шеткі қауырсыны бірінші болып түседі, келесі қауырсындары әрбір 7-8 күннен кейін түседі. Кеш жетілетін тұқымды балапандардың тулеуі кешірек басталып, ұзаққа созылады, алғашқы қауырсыны 6-апталығында түседі, келесілері кезекпен әрбір 10-12 күннен түседі.

 

2.8 Тауықтың ет өнімділігі, сапасы

 

Ет өнімділігі – сойыс жасына жеткендегі құстың тірілей салмағымен және сапасымен, сондай-ақ тағамға лайықтылығымен сипатталады. Құстың ет өнім-ділігінің деңгейі мен экономикалық тиімділігі балапандардың өсу қарқыны-мен, құстың азықты пайдалану кабілетімен (салмақтың өсуі мен азық төлемі), балапандар мен сақа құстардың тіршілік кабілетімен, тауықтардың жұмыртқа-лауымен анықталады. Балапандардың өсу қарқыны олардың қауырсындану шапшаңдығына байланысты. Тауықтардың кейбір тұқымдарын тек етке ғана өсіреді. Табынды жаңалау балапаны мен жұмыртқалауын тоқтата бастаған тауықтарды өсірген кезде артық әтештер етке өткізіледі. Құс етін өндіру үшін, сөйтіп балапандарды (бройлерлерді), жеделдете өсіретін арнайы фабрикалар мен фермалар ұйымдастырылады. Ет өнімділігі дегенде құс салмағының өсімі мен азық қайтарымын жақсы өтей бастаған шақтағы оның жас кезіндегі анағұрлым ширақ бұлшық еттерін қалыптастыру қабілетін ұғынамыз. Құстардың барлық түрінің осы қабілеті дене құрылысының тегіне, экстерьері мен конституциясына тығыз байланысты. Олардың ерекшелігі өнімділік бағытын туғызып, еттің шапшаң жетілуіне байланысты болады.

Тұқымды асылдандыру мақсатына арналған тауықтарды іріктеп, жинау кезінде ет өнімділігі белгілері бойынша оларды кешенді бағалау жүргізу ұсынылады: 49-күндігіндегі тірілей салмағы; тәуліктік және сойыстық жасындағы қауырсындану шапшаңдығы: 49 күндігінде төс етінің жетілуі мен экстерьері; азық қайтарымын тірілей салмағының өсуімен өтеуі; балапандар мен аналық табындағы тауықтардың аман сақталуы.

Тауықтарды сойғаннан кейін еттің формалары мен ұшасының сыртқы түрі, май басқан жері, сойғаннан кейінгі салмағы, ұшаның желінетін және желінбейтін бөліктерінің арақатынасы, төс пен жілік бұлшық еттерінің ұша салмағына салыстырмалы салмағы, химиялық құрамы мен биологаялық құндылығы, бұлшық еттерінің тканьдарының (ет талшықтарының жуандығы) гистоморфологиялық құрамы, еттің нәзіктігі, нәрлілігі мен дәмділік сапалары бойынша бағалайды.

Адам-тұтынуға арналған ет пен басқадай тағамдық өнімдерінің құнды-лығы олардың сапаларымен анықталады. Ет сапасы дегенде адамның қоректік заттарға деген белгілі бір талаптарына сәйкес оны тудырып отыратын биологиялық құндылық пен органолептикалық көрсеткіштердің жиынтығын ұғынамыз. Құс еті өзінің қоректік және дәмдік лайықтылығы, биологиялық құндылығы мен диеталық қасиеттері, сондай-ақ адам организімінің сіңіру дәрежесі бойынша бағалы тағамдық өнім болып табылады.

Ет сапасы құс түріне, өнімділік бағытына, тұқымы мен жасына, сондай-ақ сыртқы ортаның факторларына (азықтандыруға, күтім жағдайларына және т.т.) байланысты. Ет сапасына рациондағы протеин, алмасу энергиясы, витаминдер мен минералды заттар деңгейінің үлкен әсер ететіндігі анықталды. Азықтағы амин кышқылы салдарынан организмдегі заттар алмасуының интенсивтілігі мен липидтер түзілуінің өзара тәуелділігі де дәлелденді. Еттің сапасына, әсіресе оның май қышқылының құрамына, сондай-ақ құс рационындағы өсімдік және жануарлар майларының қосымшалары да әсер етеді.

Клеткаларда өсірілген бройлерлердің еті далада жайылып күтілген балапандардың етіне қарағанда әлдеқайда майлы келеді. Балапандарды ультра-күлгін сәулелермен жарықтандыру ет тканьдерінде липидтер мен құрғақ зат мөлшерінің артуына ықпал етеді, мұның өзі еттің сапасы мен оның жұғымдылығын жақсартады. Еттің химиялық құрамы - оның жұғымдылығы-ның объективті көрсеткіштерінің бірі – әр түрлі қүста әр түрлі болады.

Желінетін бөліктерге – бұлшық еттері, тері астындағы және іш майы, бауыр, өкпе, жүрек, бүйрек, асқазан еті, желінбейтіндерге – сүйек, кеңірдек, көмей, көкбауыр және басқадай органдар жатады.

 

9-кесте. Құс етінің химиялық құрамы, %

 

Құстар

Мөлшері

Желінетін бөлігі

су

май

белок

күл

Тауық

66,3

13,7

19,0

1,0

52

Балапан

67,5

11,5

19,8

1,2

46

 

Тауық еті жұғымды келеді: бұл кұс түрлерінің балапаны, белоктардың мөлшері және олардың маймен ара-қатынасы бойынша ең жақсы көрсеткіш-терге ие болады. Тауық етінің төс және қанат еттерінің түсі ақ, жілік және қаңқа еті қоңырқай келеді. Құс етінің биологиялық құндылығы алмастырыл-майтын аминқышқылдармен: метионин, треонин, валин, лейцин, изолейцин, триптофан, фенилаланин, лизин, гистидин және тағы сол сияқты алмастырылмайтын амин қышқылдары мөлшерімен және арақатынасымен анықталады.

Оны өнімдегі треонин мен триптофан амин қышқылының формуласы бойынша анықтап, бүкіл дүниежүзілік ұйымы (БДҰ) ұсынған қолайлы формулаларымен салыстырылады.

Триптофан – адам рационындағы тым тапшы амин қышкылы. Сондықтан оның мөлшерін бір өлшемге тең етіп алады да, барлық қалған амин қышқыл-дарын сол бойынша есептейді.

 

10-кесте. Құс етінің амин қышқылды құрамы (белоктың 100 грамына, %)

 

Амин қышқылы

Балапандар

туралған

ақ етте

қызыл етте

Триптофан

1,20

1,40

1,20

Треонин

4,30

4,41

4,84

Изолейцин

5,28

3,79

3,80

Лейцин

7,28

6,73

7,48

Лизин

8,79

11,27

9,11

Метионин

2,61

2,92

2,57

Фенилаланин

3,94

3,85

3,33

Валин

4,91

4,01

4,18

Гистидин

2,89

4,16

3,33

 

11-кесте. Балапан-бройлердің ақ және қызыл етіндегі алмастырылмайтын амин қышқылының ара қатынасы

 

Көрсеткіш

Трип-

тофан

Трео-

нин

Изо-

лейцин

Лей-

цин

Ли-

зин

Метио-нин

Фенил-аланин

Валин

Триптофан формулалары бойынша

Ақ ет

9,0

3,0

2,7

4,8

8,0

2,0

2,8

3,0

Қызыл ет

1,0

2,0

4,0

6,0

7,8

2,0

2,8

3,2

Треонин формулалары бойынша

Ақ ет

0,3

1,0

0,8

1,5

2,7

0,5

0,8

0,9

Қызыл ет

0,2

1,0

0,8

1,5

1,9

0,5

0,7

0,9

 

Ақ еттің тағамдық және дәмдік сапалары құс түріне, оның жасына, азықтандыру деңгейіне, тұқымына, селекциялық бағыты мен күтім-жағдай-ларына байланысты. Мәселен, клеткаларда өсірілген бройлердің еті қалың төсеніш үстінде күтілген балапан етінен әлдеқайда шығымды келеді.

Құс етінің тағамдық құндылығы белоктың қоректілігімен және береке-лілігімен, май мөлшерімен, май қышқылдары ара қатынасымен анықталады. Ол тауық балапаны етінде 4%-тен аспайды. Сондықтан оны диеталық тағамға пайдаланады.

Балапан етіндегі липидтердің ерекшеліктері адамға қажетті алмастырылмайтын май қышқылдары – линол мен линоленге бай келеді. Құстың жасы ұлғайған сайын бұл қышқылдардың мөлшері азая береді. Сондықтан құс балапанының майы сақа құс майынан биологиялық жағынан анағұрлым бағалылырақ.

Құс етінде минералды заттардың едәуір мөлшері, сондай-ақ Е (5-6 пайыз) және В тобындағы витаминдер болады.

Құс етінің өзіне тән иісі мен дәмі ондағы экстрабелсенді заттардың жоғары мөлшеріне байланысты (шикі етте 1,5-2,5 пайыз), ет «піскен» кезде олардың мөлшері арта түседі. Органикалық қосылыстардың бұл тобы етті пісірген кезде сорпаға шығып, адамның ас қорыту органдарындағы бездердің секторлы қызметіне игі әсер етеді.

Құс етінің аса дәмділік сапалары бұлшық ет талшықтарының морфоло-гиялық ерекшеліктеріне және оның физикалық қасиеттеріне – нәзіктігіне және шырымдылығына байланысты.

Құс етінің нәзіктігі бұлшық ет талшықтарының гистоморфологиялық ерекшеліктеріне байланысты және анағұрлым маңызды сапалық керсеткіште-рінің бірі болып табылады. Балапанның ақ еті қызыл етінен нәзіктеу келеді, мұның өзі бұлшық ет талшықтарының неғұрлым нәзік құрылымынан және жалғастырғыш талшық мөлшерінің аздығынан. Еттің шығымдылығы дегенде аспаздық және технологиялық өңдеу кезіндегі бұлшық ет талшықтарының биологиялық байланысқан ылғалды (ет шырынын) ұстай алатын қабілетін ұғынамыз. Қызыл ет ақ етпен салыстырғанда шырынды келеді. Зерттеулер еттің нәзіктігі мен шырымдылығы құстың түріне, жасына, жынысына, тұкымдық ерекшеліктеріне, сондай-ақ оны азықтандыру мен күтім шарттарына байланысты екендігін дәлелдеді.

Құс фермасында толықтыруға арналған балапандардың өсуін бақылау топтық әдіспен: оны апта немесе ай сайын өлшеу жолымен жүргізіледі. Бір балапанның орташа салмағын жалпы салмақты өлшенген құстардың санына бөлу арқылы табады. Азықтандыру мен күтімнің бірқалып жағдайларында, түрі мен тұқымы әр түрлі құстың жақсы дамыған балапаны 5-кестеде келтірілген тірілей салмаққа ие болуы тиіс.

Балапан шығарудың есебі инкубация цехында жүргізіледі. Онда тәуліктік балапандардың әр тобына сәйкес форма толтырылады. Бір жас тобынан екінші жас тобына құсты ауыстыру, қабылдау – тапсыру актілері аркылы жүргізіледі.

Ферма немесе цех есепшісі құстың қозғалысын қадағалап, қабылдау және жөнелту документтерінің негізінде оны күн сайын құс басының қозғалысы журналына тіркеп қояды. Ай аяғында құрама есеп жүргізіліп, ол бухгалтерияға жөнелтіледі.

 

12-кесте. Балапандарды өсіру кезіндегі тірілей салмақтың бағдарлау көрсеткіші, г

 

Жасы, аптасы

Тауықтар

жұмыртқалық

еттік

тауықтар

әтештер

тауықтар

әтештер

1

55

56

-

-

2

-

-

-

-

3

-

-

-

-

4

215

260

500

500

5

-

-

-

-

6

-

-

-

-

7

-

-

1250

1400

8

560

630

1450

1650

10

1550

1750

-

-

12

-

-

1700

2200

13

920

1100

-

-

17

1200

1450

-

-

18

-

-

2100

3000

20

-

-

2300

3350

22

1400

1900

-

-

26

-

-

2800

3800

30

-

-

-

-

 

Еттік тізбектердегі тауықтарды селекциялаған кезде табынды негізінен алғаш жұмыртқалаған жылғы құстардан жинақтайды. Сөйтіп 10-15 пайызын ұрпағының сапасы бойынша тексергенде жоғары бағалар алған кұстар құрайды. Тауықтар мен әтештерді іріктегенде селекциялық ұяларға семьялар санын мүмкіндігінше көбірек пайдалану кажет. Селекциялық ұяларға 3-4 ағайынды әтеш ғана сұрыпталады, тіпті олар ең жақсы семьядан шыға тұрса да, осыдан артық сұрыпталмайды.

Ұрпағының сапасы бойынша өндірушілерді бағалау үшін тізбекаралық будандастыру кезінде әр тауықтан кем дегенде алты, ал әтештен – кем дегенде 50 балапан, тізбекішінаралық жұптау кезіне сәйкес 15 және 100 балапан алынады. Барлық балапан 7-8 апталығында таразыланады. Одан әрі өсіруге сұрыпталған балапан әтештердің тірілей салмағы орташа көрсеткіштен 10-15 пайыз жоғары, ал ұрғашы балапандардың тірілей салмағы шамамен орташа және ортадан жоғары көрсеткіштің көлемінде болуы тиіс. Сұрыпталған бала-панның кеудесі кең, төс және бөксе еттері жақсы жетілуі тиіс. 20 апталық ұрғашы балапандарды өнімділіктің дербес есебіне қояды да, 34 апталығында жұмыртқалағыштығы жөнінен семьяға алғашқы алдын-ала бағалау жасайды.

Шығарылған балапандар жынысы бойынша сұрыпталып, әлсіздері жарамсыздыққа шығарылады.

Шаруашылық-репродукторларда балапандар өсу кезеңінде екі рет сұрыпталып бағаланады. Құсты бірінші және негізгі сұрыптау 7 апталығында жүргізіледі. Шалажансар құстардың бәрі жарамсыздыққа шығарылады. Әтештер төсінің еттенуі мен тұяғының ширауына қарай іріктелінеді. Төстің еттенуін төс сүйегін алақанмен ұстап керу арқылы анықтайды. Осы белгі бойынша әтештер үш топқа бөлінеді: 1 – жақсы еттенген, 2 – орташа және 3 – нашар еттенген. Әсіресе 2 және 3-топтар көп жағдайда жарамсыздыққа шығарылады. Бірінші топта төс сүйегінің килі, төстің бұлшық еттері жақсы жетілуінің арқасында қолға білінбей кетеді.

Осы мерзімінде құстар қауырсындану шапшаңдығы бойынша да бағаланады. Бүйірлері мен арқасы нашар қауырсынданған барлық балапандар табыннан аластатылады. Барлық кұс, әсіресе экстерьерлік кемшіліктері бар (төс сүйегінің, саусақтарының немесе тұмсығының майысуы, аяқ пигмент-терінің әлсіреуі, кауырсынданудағы ақау) әтештер жарамсыздыққа шығары-лады.

Балапандар 17-18 апталығьшда екінші рет сұрыпталады (ересек кұстарға арналған құс қораларына оларды жеткізер кездегі), жетілмеген, арық және экстерьері ақаулы құс жарамсыздыққа шығарылады.

Шаруашылық репродукторларда балапандарды өсіріп, ересек құстарды күтуге арналған құс қоралары ішіне кем дегенде 1000 балапан мен 500 ересек құс сиятындай ұзын коридорлармен және секциялармен жабдықталуы тиіс. Құс қорасында ересек құстар үшін ұядағы жұмыртқаларды коридор жағынан жинап алу үшін қамтамасыз ететін 4-5 тауыққа арналған бір ұядан келетіндей етіп, ұялар орнатылады. Олар жерден кем дегенде 50 см биіктікте орнатылады. Дербес ұялардың өлшемі 30x30x40 см.

Ет бағытындағы тауықтар былай бағаланады:

- тірілей салмағы бойынша 34 апталық мерзіміне дейін төс еттенуі бойынша 7 апталық мерзімінде, балапандардың аман сақталуы 7 апталығына дейін және 7 апталығынан 18 апталығына дейін, 34 немесе 60 апталық тіршілі-гіндегі аналарының өнімділік көрсеткіштері (жұмыртқалауы, балапан шығару пайызы) бойынша;

- тірілей салмағы бойынша 34 апталық және одан ұзағырақ мерзімде, төсі-нің еттенуі бойынша 7 апталығында, аман сақталуы бойынша 7 апталығына дейін, 34 немесе 60 апталығындағы жұмыртқалауы, бағаланатын құстың бала-пан шығару пайызы бойынша.

Тәуліктік балапандарды бағалау. Сұрыпталғаннан кейін, 10-12 сағаттан кешіктірмей, оларды көптеген көрсеткіштер арқылы бағалай отырып, балапан-дарды (тірі салмағына, белсенділігіне, мамықтануына, аяқтарының жағдайына, тұмсығына, қарын мөлшеріне) ауа температурасы 26°-24°С және салыстыр-малы ылғалдылығы 60-65 пайыз жылы, құрғақ және жарық қораларға өсіруге жіберіледі. Тәуліктік балапандардың сапаларына қойылатын талаптар 6-кестеде келтірілген. Балапандарды бағалаудың нәтижесіне қарай оларды екі топқа бөледі: өсіруге жарайтындар және жарамсыздар.

Өсіруге жарайтын балапандар ширақ, дыбысқа сезімтал, іші жұмсақ, тартылған, кіндігі жабык, қан аққан ізі жоқ, қызғылт түсті таза, жұмсақ, бірқалыпты, жарқыраған мамық жүнді, аяқтары мен тұмсығы мықты, көздері ашық және жарқыраған, басы жалпақ, тұмсығы қысқа, жуан, қанаттары денесіне тығыз жабысқан, құс төсі ұзын және серпімді келеді.

Қарыны қабысыңқы, кіндік тұсындағы құрғаған қан ұйындысының өлшемі диаметрде 2 мм-ден аспаған, сирақтары мен тұмсығы болмашы ғана пигменттелген балапандар одан әрі өсірілуге жіберіледі.

Әлсіз, жарымжан балапандар одан әрі өсіруге жарамайды. Әлсіз балапандар жөнді қимылдай алмайды, аяғын баса алмайды, дыбысқа селт етпейді, олардың қарындары өті сорылмағандықтан салбырап тұрады, көздері күңгірттеніп, қабақтары түйіліп, қанаттары салбырап тұрады.

 

13-кесте. Тауықтардың тәуліктік балапанының сапасына қойылатын талаптар (жұмыртқаны жарып шыққаннан кейін бағалау жасы 12-18 сағат)

 

Көрсеткіштер

Жұмыртқалық

Еттік

Балапан салмағы, г

33-43

34-47

Жұмыртқаның бастапқы салмағына балапан салмағының қатынасы, пайыз

66-67

68-69

Дене салмағына қалдық сары уыздың қатынасы, пайыз

15-18

16-22

Дене салмағына Фабрицев қалташасының қатынасы, пайыз

0,14

0,13

Дене салмағына өт қалтасының қатынасы, пайыз

0,22

0,20

Дене салмағына жүректің қатынасы, пайыз

0,68-0,80

0,65-0,75

Тазартылған өт қалтасындағы шама, мкг 1 кг:

А витамині

25-70

25-70

В2 витамині

2,4-4,5

2,4-4,5

Каратиноидтар

60-140

60-140

Бауырдағы А витаминінің мөлшері, мкг 1 кг

15-40

15-40

 

 

14-кесте. Әр түрлі топтардағы балапандар мен ересек тауықтарға арналған құрама жемдердегі азықтардың үлгілік арақатынасы (%)

 

Азық

Балапандардың жасы, күндер

Ересек тауықтарды күту

1-30

31-150

еденде

клеткада

Тұтас дән (кем дегенде екі түрлі)

-

15-20

30-35

20-25

Ұнтақталган дән   (2-3 түр)

45-50

4045

20-25

30-35

Дәнді бұршақты

10-15

10-15

5-7

5-6

Күнжара, шроттар

10-14

12-14

4-7

4-5

Жануар тектес  құрғақ жем

10-12

5-7

5-6

7-10

Минералды азықтар

2-3

2-3

3-4

5-6

Басқадай азықтар (кұрғақ ашытқылар және басқа)

13-14

7-8

12-15

13-14

2.9 Тауықтарды күту және азықтандыру

 

Клеткада күткен кезде құстың қимылы шектеледі. Мұның өзі азықпен қоректенуіне, әсіресе рационның қуат бөлігіне әсер етеді. Сондықтан клеткада күтілетін құстарға арналған жем қоспасындағы қоректік заттардың жалпы көлемін арттыру рационның қуаттық бөлігін жойып жібереді. Құсты микро-элементтер және витаминдермен толық қамтамасыз ету үшін құстың түрі мен жасын ескере отырып, аптасына бір рет қиыршық тастарды рационға қосу керек немесе жекелеген азықтандырғыштарда беру керек.

Құсты клеткада күткен кезде әлбетте азықтандырудың тек құрғақ әдісі ғана қолданылады.

Азықтарды әзірлеу. Азықтарды әзірлеу қоректік заттарды неғұрлым толығырақ сініруге ықпал етіп, азықтың дәмін жақсарта түседі, ал кейде бір жағдайларда ауруларға шалдығудың алдын алуға мүмкіндік береді. Азықты әзірлеу әдісі құстың түрі мен жасына байланысты болады.

Толықтырғыш балапанды өсіру цехы. Толықтырғыш балапандар тауықтардың ата-аналық табынын алмастыруға арналады; оны көбіне төсеніші қалың кең көлемді құс қораларында өсіреді. Толықтырушы балапандар тәуліктік мерзімде жынысы бойынша сұрыпталады да, 140 күндігіне дейін ұрғашы балапандар мен балапан әтештер бөлек өсіріледі. Ата-аналық табын-дағы бір тауықты ауыстыруға 2,3-2,4 тәуліктік ұрғашы балапан, ал асыл тұқымды әтешті ауыстыруға 6-8 тәуліктік балапан әтештер қалдырылады.

Толықтырушы балапанды 1 күндігінен 63 күндігіне дейін қалың төсеніш-те күткен кезде отырғызу тығыздығы еден алаңының 1 шаршы метріне 8-9 балапаннан келеді. 63 күндік мерзімнен кейін отырғызу тығыздығы бес бала-панға дейін азайтылады. Толықтырушы балапанды еденде өсірген кезде қора-лар «Бройлер-20» технологаялық жүйелерімен жабдықталады.

Балапандар алғашқы күндері жан-жағы қосымша дуалдармен қоршалған брудерлердің ішінде бағылады. Балапандар науа азықтандырғыштан қорек-тенеді, олар балапандар жемді шашып тастамас үшін металл тормен жабы-лады. Бұл азықтандырғыштар металл тор керілген жақтауға қойылады. Мұның өзі төсеніш матералдармен жемнің ластанбауына мүмкіндік береді. Балапан-дарды суару үшін вакуумды суарғыштарды пайдалану тиімді, оларды балапан-дарды отырғызғанға дейін 1-2 сағаттың ішінде суға толтырып қояды. Вакумды суарғыштардағы су тәулігіне 3-4 рет ауыстырылады.Өсірудің бесінші күні науа азықтандырғыштар металл тормен жабылған К-1 маркалы азықтандыр-ғышпен ауыстырылады. 7-күні брудерлі дуал алынады да, суарғыштарға су жіберіледі. Сонымен бірге балапандар суды тездете тауып алуы үшін вакуум- ды суарғыштар суағарға жақынырақ қойылады. Балапандар «Бройлер-20» технологиялық жүйесінің азықтандырғыштарына бірден үйрене бастайды. Балапандар 5-7 күнде жаңа азықтандырғыштарға үйренеді, бірақ оларды төмен жағдайға түсіргенде ғана пайдалануға болады. Құстың толықтырушы балапандарын азықтандыру мен суару өрісі 17-кестеде келтірілген.

 

15-кесте. Өсірудің алғашқы айындағы балапандарға арналған құрама жемнің үлгілік рецепті, %

 

Азық

Пайыздық арақатынас

Үгітілген жүгері*

45

Үгітілген басқадай дән (2-3 түрі)

5

Үгітілген дәнді бүршақтар

10

Күнжара, күнбағыс шроты

6

Күнжара, бұршақ шроты

8

Ет-сүйек ұны

5

Балық ұны

5

Құрғақ, көк сүт

4

Техникалық май

3

Балық майы (витаминделген)

1

Шөп ұны

2

Құрғақ ашытқылар

3

Ұлу, бор

2

Сүйек ұны

0,9

Тұз

0,1

Барлығы

100,0

* Жүгеріні бидаймен (75 пайыз) және арпамен (25 пайыз) алмастыруға болады

 

16-кесте. Құсқа арналған азықтардағы қоректік заттардың мөлшері, азықтың 100 г-дағы пайызы

 

Азық

Энергиялық

құндылық, кДж

Шикі протеин

Шикі май

Шикі клечатка

Минералды заттар

кальций

фосфор

натрий

Ақ жүгері

1367

8,9

4,3

2,2

30

310

30

Сары жүгері

1396

10,0

2,2

10

260

30

Мол лизинді жүгері

1396

10,1

7,1

2,0

15

420

20

Сұлы

1071

11,0

4,8

10,3

120

350

170

Сұлы  ұны (еленген)

1229

12,6

6,6

7,5

110

430

170

 

17-кесте. Толықтырушы балапанды азықтандыру мен суару өрісі

 

Балапандардың жасы, күндер

Азықтандыру өрісі, см

Суару өрісі, см

1-14

2,5

1,0

15-28

5,0

1,5

29-63

8,0

2,0

64-140

10,0

2,5

140-тан ары қарай

15,0

5,0

Толықтырушы балапандардың бірқалыпты өсіп-жетілуі үшін белгілі бір микроклимат жасалуы қажет. Оттегінің тапшылығы балапанның жемге зауқын және қоректік заттарды сіңіруін төмендетеді, ал зиянды газдардың жиналуы өсу қарқынын бәсеңдетіп, улануға ұрындырады. Құс қорасындағы ылғалдың тапшылығы мен шамадан тыс болуы да балапандардың жағдайына кері әсер етеді. Микроклиматтың негізгі факторларының параметрлері ересек тауықтар-ға қандай болса, толықтырушы балапандарға сол дәрежеде болады. Алайда толықтырғыш балапан үшін қорадағы ауа температурасы мен жарық режимі-нің өзіндік ерекшеліктері бар және олар құстың жасына карай өзгеріп отырады.

Жарық берудің жеделдігі 25-30 лк. Қорада жартылай қара көлеңке болу үшін түнгі уақытта тек бақылау жасыл немесе қызыл лампалар жанып тұрады (18-кесте).

 

18-кесте. Толықтырушы балапанға арналған қорадағы ауа температурасы мен жарық режимінің өзгеруі

 

Балапандардың жасы, күндер

Жарық күн ұзақтығы, сағ.

Жарықты іске қосу уақыты, сағ.

Жарықты сөндіру уақыты, сағ

Ауа температурасы, 0С

құс қорасында

брудерде

1-2

24

-

-

24-23

32-31

3-7

16

4

20

24-23

32-31

8-14

12

6

18

22-21

31-30

15-21

10

7

17

21-20

29-25

22-28

8

8

16

21-20

25-22

29-42

8

8

16

20-19

-

43-140

8

8

16

16-13

-

 

Толықтырушы балапандарды өсіруді негізінен екі кезеңге бөлуге болады: 1-56 және 56-150 күн. Алғашқы кезеңнің негізгі мақсаты - өсірудің 56 күнінде балапандардың ең жоғарғы тірілей салмаққа жетуі. Осы кезеңде барлық қоректік заттары бойынша теңестірілген рационда ең сапалы азықтар пайдаланылады. Балапандар емін-еркін азықтандырылады. Апта сайын құстар бақылау өлшемінен өткізіледі, нормадан ауытқыған жағдайда өсірудің бәсең-деу себептерін жою жедел шаралары қолданылады. Өсірудің 56-шы күнінде балапандар өлшенеді, жалпы дамуы, қауырсындануы, аяқтарының, тұмсығы мен айдарының пигментациясы анықталады. Одан әрі өсіруге салмағы кем дегенде 1500 г ұрғашы балапан, 1800 г балапан әтеш қалдырылады.

Толықтырушы балапандарды өсірудің екінші кезеңінде ұрғашы балапан-дардың тым ертерек жұмыртқалап, семіріп кетпеуі қадағаланады. Сондықтан да олар жарық беру мен азықтандырудың шектеулі жағдайында өсіріледі. Құстың өсу дәрежесі оны аптасына бір рет өлшеу арқылы анықталады. Егер жекелеген жас кезеңдерінде 19-кестеде көрсетілген салмаққа жетсе ғана ұрғашы балапандардын өсуі бірқалыпты деп есептелінеді.

 

19-кесте. Толықтырушы балапандардың тірілей салмағы мен жекелеген жас кезеңіне арналған азық мөлшері

 

Ұрғашы балапандардың жас мерзімі, апта

Ұрғашы балапандардың орташа салмағы, г

Азықпен қоректенуі, г

Ұрғашы балапандардың жас мерзімі

Ұрғашы балапанның орташа салмағы, г

Азықпен қоректенуі, г

-

-

емін-еркін

11

1650

80

1

100

-//-

12

1750

80

2

240

-//-

13

1800

80

3

380

-//-

14

1850

75

4

540

-//-

15

1950

75

5

715

-//-

16

2000

75

6

900

-//-

17

2100

75

7

1090

-//-

18

2200

75

8

1300

-//-

19

2350

75

9

1510

-//-

20

2400

80

10

1600

-//-

-

-

-

 

140-150 күндік толықтырушы балапандар 400-500 күнге дейін өсірілетін ата-аналық табынға көшіріледі. Тірілей салмағы кем дегенде 2,4 кг-ға жеткен ұрғашы балапандар, 3,8-4 кг-ға жеткен балапан әтештер ата-аналық табынға іріктелініп алынады да, еден алаңының I шаршы метріне 3,4 бастан келетіндей есеппен ересек құстарға арналған құс қорасына орналастырылады. Олардың жыныстық қатынасы 1:9. Құс қорасы секцияларға бөлінген, олардың әрқайсы-сына 700-1000 тауық және 80-100 әтеш сияды. Азықтандыруды нормалағанда, жарық беруді теңестіріп, микроклимат реттелген кезде толықтырғыш ұрғашы балапандар 165-175 күндік мерзімінде жұмыртқалай бастайды; 178-180 күн-дігінде олардың 10 пайызы жұмыртқалайды, ал 210 күндігінде көпшілік тауықтар жұмыртқа сала бастайды.

 Бройлерлер өсіретін цех. Бройлерлерді өнеркәсіптік өндіру балапандарды еденде немесе клеткаларда жыл бойына үздіксіз қарқынды жүйемен өсіруге негізделген. Өсірудің кез келген әдісінде будан құстың генетикалық потенциалын толық пайдалану үшін азықтандару мен күтімнің қолайлы жағдайларын жасау қажет. Бройлерлер технологиялық процестерді механикаландырылған, автоматтандырылған жабық қораларда көптеп топтастырыла күтіледі.

Бройлерлерді өсіруге арналған құс қоралары 10,15 және 20 мың балапан бірге орналастырылатын типтік жобалар бойынша салынады. Бройлерлерді қалың төсеніште күткен кезде әдетте бір этажды, ал клеткаларда күткен кезде жақсы термоизоляцияны қамтамасыз ететін материалдардан көп этажды қора-лар салынады. Құс қоралары механикамен тазалауға және дезинфекциялауға ыңғайлы болуы тиіс. Оларға тәуліктік балапандар бір күнде толтырылады да, өсірудің ақырында сойыс цехының өткізу қабілетіне байланысты қора 1-2 күнде босатылады. Бройлерлерді стандартты емес, бірақ арнайы жабдықталған қораларда да өсіруге болады. Мысалы, Германияда («Биндроф» шаруашылы-ғында) жер астындағы бұрынғы тұз шахталарында жыл сайын 1 миллионға жуық бройлерлер өсіріледі. Осының өзінде бұл құрылысқа жұмсалған шығын жер үстіне салынған құс қораларына жұмсалған шығыннан 10 есе аз.

Бройлерлерге   арналған   қораларда   оларды   күту   әдісі   мен құрылыс-тың орналасу орнына карамастан белгілі бір микроклимат сақталады (20-кесте). Бройлерлер қораларына жарық беру қыздыру немесе күн сәулесі түсті жарық беретін лампалардың жәрдемімен жүзеге асырылады. Кейде бройлер-лердің қаныпезерлігін болдырмау үшін қызыл жарық беріледі. Қызыл түсті жарық берудің жеделдігі мен ұзақтығы жалпы қабылданған жарық режиміне сәйкес келеді. Жарықты үзіліспен іске қосып немесе оны сөндіріп тұрғаннан гөрі 24 сағат тұрақты жарық берген кезде күндіз және түнгі мезгілде жарық-тың жеделдігін тәулік бойына ауыстырып отырудың артық екендігі дәлелден-ді. Жем тербелмелі, тізбекті, ленталы-тросты транспортерлермен немесе  трубалармен таратылады. Балапандар су ағып тұратын ашық немесе ниппелді суарғыштармен суарылады.

 

20-кесте. Бройлерлерді өсірген кездегі микроклимат параметрлері

 

Балапандардың жас мерзімі, күн

Температура, 0С

Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, %

қорада

брудерде

Қалың төсеніште өсірген кезде

1-7

28-26

35-30

65-70

8-21

24-22

29-26

65-70

22-42

20-19

-

65-70

43 және оданда ары қарай

18-17

-

65-70

Тор төселген еденде күткен кезде

1-7

28-26

35-33

65-70

8-14

25-24

32-30

65-70

15-21

23-21

29-25

65

22-28

20-19

25-22

65

29 және одан әрі қарай

18-17

-

60

Клеткаларда күтілген кезде

1-7

30-28

32-30*

-

8-21

25-24

28-26*

-

22-42

20-18

22-20*

-

43-56

18-16

20-18*

-

* Бройлерлер тұрған клетка

 

Бройлерлерді еденде өсіру. Еденде өсірілген кезде стандартты бройлерлер қорасы «Бройлер-10» немесе «Бройлер-20» комплектілерімен жабдықталады. Бірінші комплект 10 мың балапан, ал екіншісі етке арналған 20 мың балапан сиятын құс қораларын жабдықтауға арналған. Бұл жабдық құрғақтай азықтан-дырған кезде өндірістің негізгі процестерін механикаладырып, автоматтан-дыруға мүмкіндік береді.

Тәуліктік будан балапандар жақсы тазартылып, дезинфекцияланған құс қорасына көбірек топтастырыла орналастырылады. Бройлерлерді қалың төсе-ніште өсірген кезде отырғызу тығыздығы алаңның әр шаршы метріне 12-14 құстан келеді. Соңғы уақытта отырғызу тығыздығын арттыра түсу тенденциясы байқалуда. Бұл бройлерлердің 49 күндік мерзімінде сойылуына байланысты болып отыр. Сонымен бірге отырғызу тығыздығын арттыру қораның алаңын тиімдірек пайдалануға мүмкіндік береді. Құс фабрикаларында бройлерлерді өндірудің әр түрлі технологиясы қолданып, союға тірілей салма-ғы жеткен балапандар алынады. Осыған орай әр шаршы метріне келетін балапандар саны емес, өсірудің соңғы кезеңінде бройлерлердің орташа салмағы, яғни алаңның әр шаршы метріне тірілей салмақ есебімен өндірілген еттің мөлшері есепке алынады. Озат бройлерлер фабрикаларында пайдалы алаң еденінің әр шаршы метрінен 49 күнде 22-26 кг, жыл ішінде 100-120 кг-нан ет өндіріледі. Тәуліктік мерзімінен өсірудің аяқталу кезеңіне дейін балапандар орын ауыстырмайды.

Балапандарды орналастырар алдында еденге құрғақ сөндірілгеи әктелген-мамық жүн себіледі де (1 шаршы метрге 0,5-1 кг есебімен), содан соң қалыңдығын 10-15 см етіп, төсеніш төселеді. Төсеніш ретінде ағаш жаңқалары, жүгері собығының үгінділері, талшықты шым тезек, күнбағыс қауызы, сабан қиындылары, ал ересек тартқан кезде – ағаш ұнтақтары пайдаланылады. Төселетін материал құрғақ (ылғалдылығы 22-24 пайыздан жоғары болмауы тиіс), әрі таза болуы қажет. Балапандарды қабылдауға дейінгі 1-2 күнде, қорадағы ауа температурасы 24-250С, брудердегі температура 33-350С болуы үшін бүкіл жылыту жүйесі іске қосылады. Алғашқы 2-3 аптада қорада балапандардың физиологиялық талаптарына сай келетін ауа температурасын сақтаудың өте зор маңызы бар. Өйткені осы кезеңде олардың температураны реттеу жүйесі толық жетіле қоймайды. Температура төмендеген кезде балапандар өзара ұйысып, біріне бірі жабыса түседі, жоғарылаған кезде жемге зауқы соқпай, суды іше береді, олардың өсіп жетілуі тежеледі. Балапандардың қораның ішінде жүгіріп жүрмеуі үшін брудерлерді қоршап қояды. Қоршау-ларға құстарға арналған азықтандырғыштар мен суарғыштар орналастыры-лады.

Өсірудің 10-шы күні қоршаулар алынады, сөйтіп балапандар қораның бүкіл алаңына жайылады. 14-16 күндерінен бастап олар автосуарғыштарды, 18-20 күндерінен бастап автоазықтандырғыштарды пайдаланады. Бройлерлер-дің тез өсуіне, бұлшық еттерінің жетіліп, жоғары сапалы ет түзеуіне әсер ететін арнайы құрама жеммен еркін азықтандырады.

 

 

 

 

 

Бройлерлерді өсірген кезде ет және ет-жұмыртқа бағытындағы жүйелер-дің толықтырғыш балапандарын өсіру кезінде сақталатын таза ауа мен жарық беру режимі қолданылады. Автоматтандыру мен механикаландырудың жоғары деңгейі қызметшілердің жұмыс көлемін арттыра түседі. Қазіргі бройлерлер фабрикаларында бір оператордың өзі 3-4 құс қорасында еңбек етеді (60-30 мың балапан). Жұмыс көлемі көбейген кезде барлық технологиялық талап-тарды орындау үшін күн тәртібін қатаң сақтау қажет (21-кесте).

 

21-кесте. Құс фабрикасында бройлерлер өсірген кездегі күн тәртібі, сағат- минут

 

Жұмыс атаулары

Жас мерзімі,

1-20 күн  

Жас мерзімі, 21 күн және одан ары қарай

1-смена

2-смена

1-смена

2-смена

Сменаны қабылдау

8-00

20-00

8-00

20-00

Желдеткіш қондырғы-сын тексеру

8-30

20-15

8-10

20-10

Балапандарды азықтандыру

8-30

10-30

-

8-10

10-00

20-10

22-00

Суарғыштарды жуып

оған су толтыру

10-30

11-50

20-15

22-00

10-00

11-50

22-00

23-00

Түскі үзіліс

11-50

12-50

22-00

1-00

11-50

12-50

23-00

1-00

Желдеткіш жүйесіне күтім

 

1-00 1-30

 

 

Балапандарды азықтандыру

12-50

16-00

1-30

4-00

12-50

14-30

1-00

3-00

Суарғыштарға су толтыру

16-00

18-00

4-00

6-00

14-30

16-00

3-00

5-00

Балапандарды азықтандыру

18-00

19-30

6-00

7-00

16-00

1-00

5-00

7-00

Жұмыс орнын күту

19-30

7-00

19-00

7-00

Смена ауыстыру

20-00

8-00

20-00

8-00

 

Бройлерлерді клеткаларда өсіру. Бройлерлерді еденде өсірумен салыстыр-ғанда клеткада өсіру сол бір алаңның өзіне құсты 2-4 есе артық орналастыруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге клеткаларда құстарға қолайлы мал дәрігерлік -санитарлық және зооинженерлік жағдайлар жасау әлдеқайда оңай. Бройлер-лерді клеткаларда өсірудің жағымсыз жағы, төс сүйегі килінің алғы шет жағындағы тері астындағы эксудаттың жиналуының салдарынан ұшаның тауарлық сапасының төмендеп кетуі болып табылады. Алайда, қазіргі уақытта бройлерлерді өсіру мерзімі 49 күнге қысқартылып отырған кезде жоғарыда аталған дертке құс шалдықпайды екен.

Бройлерлер қалың төсеніштен гөрі клеткаларда тез өседі; еті (әсіресе төс еті) шикі протеиннің көп мөлшерімен, ылғал үлесінің аздығымен ерекшеле-неді: кокцидоз және саңғырық арқылы жұғатын басқадай ауруларға шалдығу қаупі азая түседі. Сонымен бірге төсеніш материалдары қажет болмайды, топтардағы кұс саны азаяды. Мұның өзі зооинженерлік және мал дәрігерлік қызмет көрсетуді жеңілдете түседі. Бройлерлерді клеткаларда өсірген кезде энергия шығындары азаяды, соның әсерінен өнімнің 1-кг-на жұмсалатын азық   шығыны да төмендейді. Клеткалы контейнерлерде күткен кезде жұмыскерлер құсты сояр алдында ұстау, қораларда тазалау және басқадай еңбекті көп керек   ететін процестерден құтылады. Бройлерлер көбінесе қайтадан жабдықталған   КБМ-2, КБУ-3, 2Б-3, БГО-140 және Р-15 клеткалы батареяларында, каскадты  екі немесе үш қабатты батареяларда немесе батарея-контейнерлерде күтіледі.

Бройлерлер клеткалы батареялардың таңдалған түрін орнатуға болатын кез келген қораларда өсіріледі. Құс қорасының еденінде ағып кететін ылдыйы болуы керек. Құс қорасында желдету мен қорадағы ауаның жылуы бойынша климат сактау қажет. Клеткалы батареялардың барлық қатарлары мен қабат-тарында бірдей температура режимі жасау үшін батарея жанындағы дәлізді бойлай еденнен 10-15 см биіктікте ауа беретін құбыр таратылады.

КБУ-3 типіндегі клеткаларда балапандарды өсірудің алғашқы күндері олар астындағы торға аяқтарын жарақаттамауы үшін жалпақ резинадан немесе полиэтиленнен жасалған төсеніш төсеу керек. Төсеніш 10-15 күн пайдала-нылады, содан соң олар клеткалардан алынып, жуылады, дезинфекцяланып, балапандардың келесі тобы үшін сақталып тұрады.

Резина тесеніштердің орнына тығыз қағаздарды да пайдалануға болады, оларды пайдаланғаннан кейін өртеп жібереді. Клеткалы батареяларда өсірудің алғашқы күндерінде оларға науа сияқты немесе өздігінен тазаланатын деңгейі тұрақты тостаған тәрізді мөлтек суарғыштар қойылады. Өйткені бұл мерзімде балапандар батареяға жабдықталған ниппелді суарғыштарды таба алмайды.

Алғашқы күндері жем салғыштарға арнайы бөлгіштер қойылады, соның арқасында балапандардың жем жеуі жеңілдейді. Балапандар өздерін жақсы сезінуі үшін батареялардың барлық қабаттарында қолайлы микроклимат жасалады. Өйткені клеткалардағы құсқа қажетті температура бар аймаққа бірдей таралу мүмкіндігі болмайды. Сондықтан клеткалардың барлық кабат-тарында жас мерзіміне қарай теңестірілген температура режимін сақтауды өте қатаң қадағалау керек (22-кесте).

 

22-кесте. Бройлерлерді клеткаларда және қорада өсірген кездегі температура режимі

 

Балапандардың жас мерзімі, күндер

Ауаның температурасы, 0С

клеткада

қорада

1-7

32-30

30-28

8-14

30-28

27-25

15-21

27-25

22-20

22-28

24-22

20-18

29-42

21-20

18-16

43-49

20-18

15-14

50-56

18-16

14-13

Бройлерлер күтілетін құс қораларында ауаның салыстырмалы ылғал-дылығы 60-70 пайыз шамасында сақталады. Ылғалдылығы артып (80 пайыздан асқанда), температура көтерілген кезде балапандардың тыныс алуы қиындай түседі. Олардың құты қашып, жемге зауқы соқпайды, ал ылғалдылығы азайған кезде қауырсын құрғақ тартып, сына береді, балапандардың жем жеуі нашарлап, суды көбірек ішеді.

Бройлерлерді клеткаларда өсірген кезде құс қорасындағы ауа алмасуын ерекше қадағалаудың зор мәні бар. Өйткені кұсты тым шоғырландырылып жіберген сәтте зиянды газдар көбірек бөлініп шығады да, оттегіне деген кажеттілік арта түседі. Қорадағы ауаның 1 литріндегі аммиактың шоғырлануы көлемі бойынша 0,01 мл-ден, күкірттегі - 0,001 мл-ден, көміртегі тотығы 0,2 пайыздан артық болмауы тиіс. Ауа режимінің сақталуы тек тасқындата – соратын желдеткішті пайдаланған жағдайда ғана мүмкін болада. Ауаның бір-қалыпты алмасуына бройлерлердің 1 кг тірілей салмағына таза ауаның мына-дай мөлшерін бергенде ғана қол жеткізуге болады: м3/с: қыста 1,8-2,5, жазда 7-10, көктем мен күзде 3-6.

Бройлерлерді клеткаларда күткен кезде жарық сөндірілмейді. Алғашқы екі аптада азықтандырғыштар мен суарғыштар деңгейінде жарық беру жедел-дігі 25 лк, содан соң өсірудің ақырына дейін 5-7 лк.

Отырғызу тығыздығы бройлерлерді өсіру мерзіміне, олардың сойыс кезін-дегі салмағына, сондай-ақ клеткалардың конструкциясы мен азықтандырғыш-тардың орналасуына байланысты болады. Бройлерлерді 49 күндігіне дейін өсіргенде бір балапанға клетка еденінен 245 см2 алаң бөлінеді. Клетка еденінің 1м2 алаңына 28 балапан әтеш немесе 37-38 ұрғашы балапан отырғызылады.

«Дон» құс комплексінде (Ростов облысы) бройлерлер етін өндірудің жаңа технологиясы жасалынған. Еттік балапандар клеткалы-контейнерлерде өсіріледі. Мұның өзі кешенді бүкіл технологиялық процестерді механикалан-дыруға тұңғыш рет мүмкіндік беріп отыр. Бірегей технологиялық жүйеде азықтандару, суару, микроклиматты автоматты түрде реттеу, саңырықты тазарту сияқты мәселелер шешіледі. Тәуліктік балапандар инкубатордағы клетка-контейнерге тиеледі де, жер астындағы галерея бойынша итермелі конвейерлердің жәрдемімен бройлер-қораларына жөнелтіледі. Көлбеу конвейерлер клеткалы - контейнерлерді жоғарғы этаждарға көтереді; құс қора-сының тоғыз этажының әрқайсысына клеткалы-контейнерлерді тасымал-дайтын итермелі конвейерлер монтаждалған.

Құсты азықтандыру, суару және олардың жағдайларын бақылау үшін клетка-контейнерлер тәулігіне 20-30 минут жем мен судың автоматты дозаторларының қасынан өтеді: саңырық клеткалардың астындағы табандыққа жиналады. Бройлерлерді өсіру кезеңі аяқталғаннан кейін клеткалы-контейнерлер қора этажынан жер астындағы конвейерлерге өтеді де, сою цехына қарай бұрылады: табандықтарды қотаратын арнаулы пункт бар, клеткалы-контейнер оның қасынан өте бере өз жақтауымен төңкеріледі, сөйтіп табандықтардағы саңырық қабылдайтын құрылғыға түсіп қалады, ал табан-дықтар одан әрі жуылуға және дезинфекцияға өтеді.

Сою цехында клеткалы-конвейерді 900 бұрғаннан кейін стационарлық тіреулер есіктерді ашады да, бройлерлер қабылдау транспортерінің лентасына түсіріледі. Құстан босатылғаннан кейін клеткалы конвейерлер жуу және дезинфекция жасау ушін стационарлық жуу машиналарына беріледі де, ыстық ауамен құрғатылады.

 

 

2.10 Бройлерлерді сою

 

Құс фабрикалары мен құс комбинаттарында құсты сою мен өңдеу негізі-нен механикаландырылған жүйелерде жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта біздің елімізде құс фабрикалары мен құс комбинаттары үшін тауықтар мен балапандарды өңдеуге арналған бірыңғай жартылай автоматты жүйелер, бройлерлерді өңдейтін жүйелер, ішек-қарындарды жаруға және ұшаны салқындатуға арналған жабдықты қоса есептегенде құстың барлық түрін өңдеуге арналған универсалды жүйелер орнатылады. Бройлерлерді өңдеудің тасқынды-механикаландырылған жүйесі, союдан ұшаны тоңазытуға дейінгі бірегей толассыз технологаялық процесті қамтамасыз етеді.

Сою жүйелері бір сменада 10-12 мың балапанды өңдеуге есептелген. Бройлерлерді сойысқа 10 мың балапан тұратын бройлер қорасын түгелдей босатуға немесе 20 мың қүсқа арналғанды жартылай босатуға сәйкес келетіндей топпен дайындайды. 20 мың балапан сиятын құс қорасын кешкі уақытта бройлерлерді сояр алдында брезентпен ұзынынан шымылдықтап, қоршап қояды. Құстарды сою цехына жөнелтуден 5-6 сағат бұрын азықтанды-руды тоқтатады. Бройлерлер союға жөнелткенге дейін су іше береді. Бройлер-лер қорасының екінші жартысы келесі күні босатылады. Сөйтіп 20 мыңдық бройлер қорасы екі күнде тазартылады. Содан соң оны тазартып, дезинфекция-лайды, балапандардың жаңа тобын қабылдауға әзірлейді. Балапандардың жаңа тобын құс қорасын босатқаннан кейін 14 күн өткен соң ғана қабылдайды. Бұл  санитарлық қажетті аралық.

Балапандарды төсеніште өсірілген кезде құс қорасын арнайы кішігірім секцияларға бөліп, қоршайды да, оларды жеке бригада қолмен ұстайды. Бройлерлер сою цехына арнаулы транспорт құралдарымен жеткізіледі. Егер  балапандар клеткаларда күтілсе, онда оларды сою цехына ленталы транспор-термен жөнелтеді, ал клеткалы контейнерлерде өсірілсе онда солардың өзімен жеткізеді. Балапандарды ұстаған кезле жарақаттап алмау керек, өйткені қанаттарын, сирақтарын майыстыру, денесін жарақаттау ұшаның тауарлық түрін бұзып, сорттылығын төмендетеді. Ұстау мен тасымалдау құсқа кері әсер етпеуі үшін оны беймазалатпайтын дәрі-дәрмек - транквилизатормен қоректендіру қажет.

Бройлер балапаннын сояр алдында ас қорыту трактасын тазалау үшін ол сояр алдындағы төзімділіктен өткізіледі. Бұл кезде оған тек қана су мен әлсіреткіш зат 2 пайыз глаубер тұзының ерітіндісі беріледі. Соймастан бұрынғы ашықтыру етті неғұрлым ұзағырақ сақтауға ықпал етеді.

 

Құстың толық ішін жарған кезде сояр алдындағы төзімділік азая түседі. Балапандарды сояр алдындағы ашықтыру ұзақтығы 8-12 сағат созылады. Сояр алдындағы ашықтыру кезінде бройлер балапандарын суаруға шек қойылмайды.

Союға арналған бройлерлер қолмен ұсталынады, таңертең ерте, қораның жарығын сөндіріп тастап, немесе шам жарығымен түнде ұстаған жақсы. Еден-де ұстағанда торлар пайдалынады. Бройлер балапандарын клеткаларда күткен кезде оларды клеткалардан суырып алып, транспортер лентасына отырғызады, содан соң жәшіктерге немесе құс тасымалдайтын контейнерлерге отырғызы-лады.

Өлшемі 920 х 430 х 370 мм жәшікке: салқын кезде 20 бройлер, жылы кезде 15 бройлер отырғызылады. Контейнерлер әрқайсысында төрт-төрттен клеткалары бар бес қабатты металл кострукциядан тұрады. Клетканың едені жылжытылады, сөйтіп бройлерлер ленталы транспортерге келіп, контейнерге асатын жерге жеткізіледі. Бройлерлер автокөлікпен және тіркемелі дөңгелекті трактормен тасымалданады.

Бүкілресейлік құс шаруашылығы ғылыми-зерттеу және технология институтында тор көзді еденде күтілетін бройлерді түсіру үшін механикалан-дыру белгіленген құс қораға көлденең ленталы транспортер орнатылады. Көтергіш қалқанның жәрдемімен бройлер қозғалмалы транспортерлерге қамалады да, ол бройлерді автомашинаға немесе трактор арбасына бағыттайды.

Бройлерлерді тасымалдау кезінде дене салмағының бір бөлігі жойылады. Сондықтан оны 40-50 км қашықтыққа 5 сағаттай мерзімде транспорт клетка-лармен тасымалдау ұсынылады. Өңдеуге жеткізілген құстар ыдыспен қоса өлшенеді, ыдыстың салмағы – қабылдау кезінде келген құс болса оны тран-спорт ыдысымен бірге өлшеп, өлген құсты өңдеуші кәсіпорынның мал дәрігеріне тапсырады.

Құсты конвейер ілгішегіне асып қояды. Содан соң конвейер бойынша құс жанын шығаратын аппаратқа (құсты анестезирацияға) береді. Құстың жанын шығару конвейер бойынша құс қозғалысы кезінде кернеуі күші мен жиілігі әр түрлі электр тогі арқылы жүзеге асырылады. Бройлер балапандарын жанын шығару үшін «РЗ –ФЗО» аппараты пайдаланылады. Аппарат кернеуі 220 вольт айнымалы тоқтың тізбегіне қосылады. Байланысатын ортаның жұмыс кернеуі балапандар үшін 90-110 вольт. Жанын шығару ұзақтығы үшін 3-6 секунд. Электр тогімен құстың жанын шығарған кезде жүрек соғуы тоқталмайды, мұның өзі құстың қансырауын толық тоқтатып, ұшаның тауарлы түрін жақсарта түседі. Жанын шығарғаннан кейін сою мен қансырауы орнына жөнелтіледі.

Құсты сою – ішкі және сыртқы екі түрлі әдіспен жүргізіледі. Құсты іштен сою әдісі неғүрлым көбірек тараған. Оның мәні мынада: балапанның көзі мен құлағының екі ортасынан сол қолымен басынан ұстайды да, тұмсығын өзіне қарай бұрады, ортаңғы және шынашақ саусақтармен аузын ашады, оң қолмен қайшыны немесе пышақты ауыз қуысына тығып, тандайдың көмей жағын-дағы, күре тамыр мен көлденең тамырдың жалғасқан жеріндегі қан тамыр-ларын кеседі, содан соң қайшының ұшымен таңдай қуысы арқылы мидың алдыңғы бөлігіне укол жасайды. Сыртқы тәсілмен сойған кезде құстың айдары мен басынан ұстап, сол қолдың бас бармағымен оның сол жақ құлағын бітеп тұрады. Балапан басын сол жағына бұрып, өзіне қарай сәл-пәл қыса түседі. Сөйтіп құлақ тесігі тұсынан 15-20 мм төменірек пышақпен фасциясын, күре тамырын, ұйқы тамырын және шінара мойын етін тіледі. Тілу ұзындығы бройлер балапандарында 10-15 мм. Бройлерлерді союдың сыртқы әдісінің екінші түрі де колданылады. Бұл жағдайда сол қолмен басынан ұстап, құлақ сырғалығынан 10 мм төменірек теріге пышақты түйреп, оң жақ және сол жақ ұйқы тамырын, күре тамырдың бір жағын, содан соң оның екінші жағын тіледі, түйреу ұзындығы 15 мм -ден аспауы тиіс.

 

 

2.11 Құс етін өңдеу технологиясы

 

Қауырсынды жұлу – құсты өңдеу мен қайта өңдеу кезіндегі маңызды да еңбекті көп керек ететін операциялардың бірі. Қауырсын мен мамық жүнді өңдеуден кейінгі құс етімен өнімінің сапасы көп ретте қауырсынды жұлу сапасына байланысты болады. Қауырсын жұлуды жақсартып, тездету үшін құс ұшасын жылумен өңделеді. Осы мақсатқа орай құс ұшасын жылумен өңдеудің төменгі аппараттары: сағатына 3000 құс өңдейтін «К7-Ф1ДП-6/5-ОГ», сағатына 1500 құс өңдейтін «К7-ФЦЛ -6/5-02» пайдалынады.

Бройлер балапандардың қанаттарын, бастары мен мойындарын өңдеу үшін жидіту жүргізіледі. Құсты жылумен өңдеу аппараттарындағы су температурасы автоматты түрде реттеледі.

Жылумен өңделгеннен кейін ұшалар жүнін жұлу үшін «К7-ФЦЛ» машинасына жеткізіледі. Ұшаның жүнін резинкалы бұдырлы саусақтар жұлады. Конвейер ілгешектеріне бекітілген ұшалар дискілердің жұмыс қата-рын бойлай ілгері қозғалады. Айналмалы саусақтар ұшаның үстіңгі бетіндегі жүннің бәрін сыдырып тастайды да, оған жылы су бүркіледі. Жұлынған жүн сумен бірге гидралатауға келіп түседі. Қанаттарды, бастарды, мойындарды жуған сәтте, оларды үйкеліс күшін күшейту үшін жұмыс органдарын сығым-дап, қыса түседі.

Құс ұшаларының ішін жару. Ұшалардың іші жартылай және толығымаи жарылуы мүмкін. Ішін жарған сәтте ішек-қарыны бөлек алынады, ұшаны конвейерден түсірместен арнаулы столда қатпаршағынан кесіп алынады. Ішін толық жарған сәттер (операциялардың көпшілігі қолмен атқарылады) ішкі органдары, мойын омыртқа мен басы, табан буындары мен аяқтары, негізгі мойын алынады. Ең алдымен арнаулы аппаратпен аяқтары кесіледі. Содан соң ұша астауға келіп түседі де, ішек қарыны жарылатын жүйеге бағытталады. Табан буындарынан арқасы жұмысшыға қаратылады да ілінеді. Ішек қарынды жару, субөнімдер мен ішек-арын қалдықтарына арналған астауларда жүргізі-леді. Су астаудың жақтауларын бойлай ағып, субөнімдерді жуып шаяды.

 

Әрбір келесі операция жүзі өткір арнайы пышақпен орындалады. Ұшалардың ішін жару мынандай ретпен жүргізідеді: әуелі қатпаршақтың айналасын қоршай кеседі. Ұшаны сол қолдың бас бармағымен және ортаңғы саусағымен құйымшағынан қыса ұстап, пышақ пен теріні құйымшақ тұсынан тіледі. Сол қолдың саусағымен көтеншектің үстінен басып тұрып, қатпаршақ-тың айналасын қоршай тілуді аяқтайды. Содан соң қатпаршақты көтеншектің кесек етімен бірге ұшадан суырып алады. Тіліктің диаметрі 30 мм. Қайшымен немесе пышақпен (жүзін жоғары қарата) қарынды ішкі жағынан қатпаршақтан төс сүйекке дейін кесіп, тілікті сәл-пәл солға қарай ойыстырады. Ішкі органдарды сылып тастау үшін ұшаны сол қолмен ұстап, алақанмен жауырынды сығымдайды да, оны көлбей кеудесінен жоғары көтереді. Содан соң кескен жерден оң жақ қолын оңай сұғып, өзінің оң жағына қарай жоғары-рақ ішек-қарынды іштен суырып алады да, оны ілулі тұрған ұшаның сол жағына қалдырады. Сол қолымен ұшаның басын салпыншақтың қиылысқан жеріне іліп қояды. Содан соң ұша мал дәрігерлік-санитарлық сынақтың жұмыс орнына келеді. Сапасы жақсы ұшалар контейнермен ішкі органдарды сылып тастайтын жұмыс орындарына келіп түседі. Ең алдымен сол қолмен жүректі қалған органдардан бөлек алып, оны жүрек жанындағы қалтаудан босатады. Содан соң тағы сол қолымен бауырды еттен ажыратып, басқа органдардан да бөлек алады. Егер майы болса, оны ішектен сыдырып алып, арнаулы күбіге тастайды. Қалған ішкі органдарды сол қолымен қапсыра ұстап, асқазаннан бөлмей сәл-пәл соза түседі, содан соң оларды кесіп алып қалдықтарға арналған науаға лақтырып тастайды.

Бұлшық етті асқазанды пышақпен немесе машинамен кесіп, оның ішінде-гілерін бөлек алады да, сумен жуады және кутикуласын алып тастайды. Содан кейін автоматпен немесе пышақпен баста екінші мойын омыртқадан кеседі. Содан соң жемсаумен кеңірдекті суырады. Ол үшін ұшаның арқасын өзіне қаратып мойын мен жауырынның жалғасқан жерінен шамамен 3-5 см жоғарырақ көлденең кеседі. Одан әрі ваккумды құралмен ұшадан өкпе мен бауыр алынады. Содан соң дискі пышағымен немесе қолмен мойын ұшаның буынынан алынып, ұша сығып – жуу машинасына беріледі. Осы машинадан ұшалар 8-120С температурадағы құбыр суы мен 10С мұзды суы бар салқындату жүйесіне келіп түседі.

Бройлер балапандарының салқындатылған ұшасының салмағы -жартылай ішін жарғанда, кем дегенде 640 г, тұтастай жарғанда кем дегенде 500 г болады.

Ұшалар жартылай жарылған және өкпе-бауыр, мойыны бар толық жарыл-ған, сондай-ақ сұрыпталған (ұша етінің ішкі температурасы 250С-ден төменірек), салқындатылған (0 - ден 40С-ге дейін) және тоңазытылған (-80С-ден төмен) сияқты түрлерге бөлінеді.

Қоңдылығы және өңдеу сапасы жөнінен ұшаның барлық түрлері I және II категорияларға бөлінеді. Пакеттерге оралғаннан бір жақ санына электр таңба соғылады. I категориялы ұшаға қызыл түсті қағаз жапсырылса, II категориялы ұшаға тілерсегінен жоғарырақ жасыл түсті этикетка жапсырылады.

Ұшалар ағаш жәшіктерге, қыртысты картон кораптарға немесе тот баспайтын қаңылтырдан, бройлерлерге арналған полимер материалдарынан жасалған ыдыстарға салынады. Ыдыс берік, құрғақ әрі таза, бөгде иістен аман болуы тиіс. Оның түбі мен қабырғаларына қағаз төселеді.

Балапаңдардың іші жартылай жарылған ұшалары арқасы жоғары қайыры-лып екі қатардан бір қабатқа жоғары қаратылып, бір қатарға салынады.

Жәшіктерге шартты белгілері бар этикеткалар жапсырылады: Б-балапан, ББ - балапан бройлерлер, Е - іші жартылай жарылғандар, ЕЕ – іші жарылған-дар, Р - өкпе-бауыры ішінде қалдырылып жарылғандар. Ұшалары пакетке оралған жәшіктерге шартты белгілерден кейін Е әрпі, өнеркәсіптік өңдеуден өткен еті бар жәшіктерге П әрпі қосымша жазылады.

Балапандардың ұшаларын жартылай сәйкес салмақтарымен жартылай және ширек ұшаларға бөледі. Әр үлес қанаты мойнының бір - екі қосымша салмағымен толықтырылады. Ет үлестері ағаш, металл немесе полиэтилен жәшіктеріне салынады. Жәшіктердің түптері мен кабырғаларына артықтау шығып тұрған жиектері өнімді жауып тұратындай етіп қағаз төселеді. Температура 60С төмендеу болған кезде оралған етті сақтау мен өткізу мерзімі дайылдалған сәтінен бастап 36 сағаттан аспауы керек. Сақтаудың кепілді мерзімі температура - 50С-ден аспаған кезде 6 тәулік болуы тиіс.

Ұшалар ауа, жанасу немесе құрамдастыру әдістерімен салқындатылады. Ауамен салқындатылған кезде ұша температурасы төмен камераларға орналас-тырылады. Оларға жылу ауамен келеді. Іші жартылай жарылған ұшалар 60С - 10С және салыстырмалы ылғалдылығы 95 пайыз болған кезде мұздатқыш камераларда, температура – 4-50С және ауа козғалысының жылдамдығы 3-4 м/с болған кезде туннель типтегі камераларда тоңазытылады. Жәшіктер штебель рейкаларда шахмат тәртібімен қойылады. Жәшіктердегі ұшалар -24 сағат, арбадағы ұшалар 8 сағат салқындатылады. Ауа тәсілімен ұшаларды салқындатқан кезде олар 0,3-тен 1 пайызға дейін құрғайды.

Жанастыру тәсілі кезінде ұшалар мұз қосындыларына немесе мұзды суға қойылады (салқындаудың анағұрлым тиімдірек әдісі). Судың температурасы 20С-дан жоғары болмауы, ал салқындату уақыты 30 минуттан 2 сағатқа созы-лады. Салқындату танкаларда, ванналарда немесе айналмалы барабандарда жүргізіледі. Ұшалар әуелі 10-15 минут алдын-ала салкындаудан өткізілетін құбыр суы (10-150С) бар ванналарға орналастырылады. Бұл кезде ұша бұлшық еттерінің температурасы 20-220С-ге дейін төмендейді. Ұшалардың 0-40С-ге дейін түпкілікті салқындауы су температурасы 0-20С болған кезде жүзеге асырылады. Бройлер балапандарының ұшалары 25 минут салқындатылады. Салқындатылғаннан кейін ұшалар суы сорғалауы үшін 15 минут конвейерде қалдырылады. Суда салқындатылған кезде ұшалар 3-4 пайыздай ылғал сіңіреді.

Салқындатудың құрамдастырылған тәсілі кезінде ұшалар әуелі мұзды -20С суға салынады, ал содан соң - 30С температурада ауамен салқындатылады.

Ұзақ мерзімде сақтау немесе шалғай қашықтыққа тасымалдау үшін құс еті ауа орталығында, сұйықтықта немесе ауалы орталықтағы сұйытылған газдарда - 180С-ге дейін кем дегенде 48-72 сағат тоңазытылады. Тоңазыту процесінің ұзақтығы құс салмағына, камера ішіндегі температураға және ауа қозғалысының жылдамдығына байланысты. Температура 23-260С салыстыр-малы ылғалдылық 95-98 пайыз және ауа қозғаласының жылдамдығы 1-1,5 м/с болған кезде бройлер балапандарынның үшалары 18-20 сағат тоңызытылады. Құс ұшалары салқындатылғаннан кейін іле тоңазытылады.

Туннель типіндегі жедел тоңазытқыш аппараттардағы тоңазыту ұзақтығы 4, 5, 10 сағатқа, ал салқындатқыш сұйықтарда 25-45 минутқа дейін созылады. Салқындатқыш сұйық ретінде хлорлы натрий, хлорлы кальций, этиленгликоль мен пропиленгликоль ерітінділері пайдаланылады. Субөнімдері бар ұшалар-дың тоңазыту ұзақтығы 1,5-2,0 есе ұзартылады. Ұшаларды сұйытылған газдарда тоңазыту мейлінше тез өтеді. Мәселен, температураны +40 градустан -200С-ге дейін төмендету 4-5 минутта өтеді. Салқындатылғаннан немесе тоңазытылғаннан кейін ұшалар сақтау камерасына жеткізіледі. Жәшіктер штабелдерге қойылады, ара қашықтықтары 10 см, қабырғадан қашықтығы 30 см. Камераның орта тұсынан 1,25 - 1,50 м өтпе жол салынады.

Салқындатылған ет 0 - 20С, 80-85 пайыз ылғалдылықта өңделген күнінен бастап тәуліктей ғана сақталады. 00С-дегі ұшаларды 13 тәулікке дейін сақтауға болады. Құстың түріне және салқындатылған құрғақ еттің сақталу мерзіміне байланысты 5 күндік сақталу 0,3 - 0,4 пайыз болады.

Тоңазытылған кұс - 120С мен 85-95 пайыз салыстырмалы ылғалдылық кезінде тоңазытқыш камераларда сақталады. Сақтау мерзімі камерадағы температура мен құс түріне байланысты, -120С кезінде 3-8 айға дейін, -150С кезінде - 4 айдан 10 айға дейін, 180С кезінде -6 айдан 12 айға дейін, -250С кезінде - 11 айдан 12 айға дейін сақталады. Өндірістік жағдайларда қүсты 15 тәулікке дейін сақтау ұсынылады. Осы кезеңде салмақтың ысырабы балапандарда 0,3 пайыз, құстың басқа түрлерінде 0,2 пайыз болады.

Салқындатылған және тоңазытылған ет жақын жерлерге авторефрижатор-лармен, ал шалғай жерлерге тұзды-тұзды салқындатқышы (вагон - мұздатқыштары) бар рефрижатор вагондармен тасымалданады.

Қауырсын мамық жүн шикізаттарын өңдеу. Денені қаптап тұратын қауырсын құстардың түрлері бойынша барлық түрінің қанат жүні мен қалдықтар секілді түрлерге бөлінеді. Шикізат сепараторларда сорғытылып, жылы сумен шайылады. Содан соң центрифугаларда 45-50 пайыз ьлғалдылық-қа дейін суы сығылып, 700С кезінде 12 пайызға дейін көтеріледі. Кептіру ұзақтығы 12-40 минут. Құстарды автоматтандырылған жүйелерде өңдеген кезде қауырсын-мамық жүн шикізаты қабылдау кабинасына ауа өткізгіштердің жәрдемімен ұша қауырсындарын жұлу жөніндегі жұмыс орнында жиналады.

Құс етінен жасалған шұжық – кулинарлық бұйымдар, жартылай фабрикаттар мен консервілер. Құс етінен мыналар дайындалады: қуырылған және буға пісірілген құс еті, дәмді балапан еті, құс етінен дайындалған жиынтық, тауық етінен сорпаға арнайы дайындалған жиынтық, тауықтың жұмсартылған етінен дайындалған котлеттер және тауық етінен қуырылған котлеттер.

Қалдықтарды қайтадан өңдеу кәсіпорындарында қайта өңдеу өңделетін еттің жалпы мөлшерінің 20-25 пайызын құрайды. Оларға қан, қауырсын, ішек-қарын, жұмыртқа жатыры, бастар, аяқ сүйектері, өңеш, асқазан, өкпе, бауыр және басқалар жатады. Бұған сондай-ақ өлген немесе тағамдық мақсатқа жарамайтын құстың ұлпалары, инкубация қалдықтары – қаншығаршақ  үйгендер мен өлгендер, әлсіздер, мергіккендер, тәуліктік балапан әтештер, жұмыртқа қабыршақтары жатады. Қауырсын ұнтағы жаңа қауырсындардан немесе фабрикалардың қалдықтарынан дайындалады. Ет – қауырсын ұнтағы қауырсындар мен ішкі органдардан дайындалады. Оған тиелген шикізат салмағының 15 пайызына дейін ұшаларға қосуға болады. Ет - сүйек үгіндісі –ішкі органдардан, бастардан, ішін жарудың нәтижесінде алынған қалдықтар-дан, аяқ сүйектерінен дайындалады.

Қауырсын, ет-қауырсын, ет және ет-сүйек үгіндісін әр түрлі пісіру қазан-дарында дайындайды. Қалдықтар транспортерлердің немесе үрлемелі бактер-дың жәрдемімен қазандарға тиеледі. Қауырсын үгіндісін дайындаған кезде кератинді гидролиздеу үшін дымқыл қауырсындарға су қосылады (қазан сиымдылығының 1/5 есебімен). Кератинді сіңімді белокқа айналдыру үшін жоғары қысымды су буымен гиролиз жүргізіледі. Ет және ет-сүйек үгіндісін дайындаған кезде шикізат алдын-ала 40-50 пайызға дейін кептіріледі.

Ваккумды көлбеу қазандарда шикізатты қайтадан өңдеу режимі үш кезеңнен тұрады: бірінші кезең – шикізатты зиянсыздандыру (өңдеу ұзақтығы 1 сағат - 1 сағат 45 минут); екінші кезең шикізатты стерилизациялау (өңдеу ұзақтығы 1,5-2 сағат); үшінші кезең – үгіндіні кептіру (өңдеу ұзақтығы қазандағы температура 70-800С болған кезде 2,5-3,5 сағатка созылады). Егер шикізат майлы болса онда, оны тұндырып құйып алады.

Шикізатты қайта өңдеудің жалпы ұзақтығы 4-5 сағат. Масса 6-8 сағатта салқындайды, содан соң оны елеп, магнитті сепараторларда тазалайды, сөйтіп орап, өлшейді де, қоймаларға жөнелтеді.

 

 

3 тіршілік қауіпсіздігі, қоршаған ортаны

және еңбекті қорғау

 

Құс фабрикасындағы тіршілік және еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңдарына және нормативтік құқықтық актілеріне негізделеді.

 

 

3.1 Өндірістік санитария

 

Бройлер балапандарына арналған қораларында таза ауаны механикалық жолмен беріп тұратын табиғи және жасанды желдеткіш болу алдын ала көзделеді. Желдеткіш арқылы келетін ауаның мөлшері құстың тірілей салмағының 1 кг-на балапандар үшін 1,2-1,5 м болуы тиіс, ал ересек құстарға – 5 м, ет үшін бордақыланатын құстарға - 5 м жазда, қыста - 1,5-2 м көлемде болуы керек. Құс қоралары табиғи түрде терезе арқылы желдетіледі, яғни терезе жақтауына кере тартылған матадан ауа кіріп тұрады, мұнда өкпек жел болмауы тиіс.

Бройлерлердің денсаулығы мен өнімділігі көп жағдайда төсеніштің құрамы мен гигиеналық жағдайына байланысты. Төсеніш ретінде ағаш үгінді-лері, майдаланбаған сабан тағы басқа материалдар пайдаланылады. Төсеніш қора ішінде санитарлық гигиеналық жағдайды жақсартады, балапанның астынан сыз өткізбейді. Тері ауруынан және жарақаттандырудан сақтандыра-ды. Төсеніш ылғалды, зиянды газдарды бойына тартып алып, құс қауырсынын ластамайды, жұмсақ болады. Қора ішіндегі ауа ылғалдылығы мен температура төсеніш жағдайына байланысты. Техникалық қауіпсіздік және өндірістік-санитариялық шаралар жиынтығы зооантропонозды аурулардан сақтауды, еңбек өнімділігін жоғарылатуды, және жоғарғы сапалы өнім алуды камтама-сыз ету керек.

Қорадағы микроклиматтың бройлер балапандарының организміне әсері температураның, ауаның ылғалдылығымен оның қозғалу жылдамдығының, сондай-ақ ондағы техникалық қоспалардың ықпалы арқылы байқалады.Жабық қораларда ауа күрт нашарлап кетуі мүмкін, бұл балапандардың өнімділігі мен өсімталдығын төмендетеді. Бройлерлерге арналған қораларда қолайлы климат болу үшін, оларда ауа температурасының, оның ылғалдылығының, қозғалу шапшаңдығының, ауа құрамының зоогигиеналық нормативке сай келуінің, сондай-ақ қораларды, жасына, бағу технологиясына сәйкес жобалаудың, техникалық нормаларда көзделген басқа да жағдайлардың болуын қамтамасыз ету керек. Бройлер балапандарының қораларында ауаның температурасы 16-180С салыстырмалы ылғалдылығы 60-70 пайыз болуы керек. Қазіргі кезде ауадағы шаңды азайту мақсатында және зарарсыздандыру үшін әрі оның био-логиялық белсенділігін арттыратын тиімді тәсілдер қолда-нылады. Олар: ауа сүзгіштерін қолдану, ионизациялау, қысқа толқынды УК радиацияны қолдану, химиялық зарарсыздандыру. Ауаны зарарсыздандыру үшін (аэразольді тәсіл-мен) қолданылатын препараттар: резерцин, тиатилен-гликоль сүт және янтар-лық қышқылдар.

Құс фермаларында сонымен қатар бройлерлердің азығының сапасына мал дәрігерінің санитариялық бақылауды азық қорын сырттай қарап көру немесе кез-келген мал дәрігерлік лабораторияда санитариялық-гигиеналық және химико-таксопологиялық зерттеу жолымен жүзеге асырылады. Құс шаруашы-лығындағы жұмысшылар арнайы санитариялық киімдермен қамтамасыз етіледі. Арнайы киім бұл жұмысшыларды физикалық, химиялық, биологиялық факторлардың әсерінен қорғайтын құрал. Арнайы киімге кеудеше комбинезон, алжапқыш, қолғап, етік резеңке шұлықтар жатады. Құс фермасындағы бройлер отырғызу арналған еден санитарлық гигиеналық талаптарға сай таза ұсталынуы қажет. Құс қораларының ауа тазалығының көрсеткішін көмір қышқыл газының көлемімен бағаланылады. Сол себепті санитариялық ереже-лерге сай құс қораларының ауасы таза болуын қамтамасыз ету керек.

 

 

3.2 Құс саңғырығын залалсыздандыру, сақтау және пайдалану

 

Құс өсіретін ірі шаруашылықтарда жыл сайынғы саңғырық қоры 150 мың тоннадан асып, ылғалдылығы 70-75% жетеді. Мұның өзі оны тек қорадан шығару проблемасы ғана емес, сонымен бірге ауа басейніне, су қоймаларын, жарамды жерлерді, жалпы табиғатты ластаудан қорғау пробламасы туындайды. Құс саңғырығы молынан шоғырландырылатын және шапшаң әрекет ететін тыңайтқыш. Оның химиялық құрамы төмендегідей пайыз: кұрғақ заттар 34,5-48,3, күл 14-40, шикі май 2,9-4,5, шикі клечатка 14-25, АЭЗ 46-48%. Жұмыртқалайтын тауық орта есеппен тәулігіне 175-189 г саңғырық, етті тауықтар 246-300 г, 1-4 апталық тауық балапандары – 24 г, 5-9 апталық балапандар – 97 г, 10-22 апталық мерзімдегілер 176 г саңғырық бөліп шығарады.

Құс фабрикаларында қорадағы саңғырық транспортермен, тиегіші бар трактор, автомобильге артылып, көң сақтау қоймаларына жеткізіледі. Саңғырық сыйымдылығы 750-5000 тонналық жартылай бетондалған шұңқыр-ларда залалсыздандырылып, бір жылдай сақталады да, сонан тыңайтқыш ретінде пайдаланады.

 

 

3.3 Өрт қауіпсіздігін сақтау

 

Тауыққаналарда Қазақстан Республикасының «Өрт қауіпсіздігі» туралы заңында (1996 ж.) меншіктің иесіне қарамастан өртке қарсы қауіпсіздікті барлық аймақтарында заңды түрде іске асырылуын қамтамасыз етілсін делінген.

Өрт қауіпсіздігі адам өмірінің және қоршаған ортаны қорғаудағы өте қатал принципті мәселелерге жатады. Сондықтан да тауыққаналар СНиП 20.1.02-86 сәйкес «Д» категориясына сәйкес салынады. «Д» категориясында жататын құрылыс ғимарттары өртке төзімділік дәрежесі бойынша II топқа жатады. Нормаға сәйкес металл конструкциялары пайдаланылған өндірісті ғимараттардың өртке қарсы аралық нормалары қашықтықтары нормаланған қажетті жағдайларды адамдарды өндірістік бөлмелерден эвакуациялауға ыңғайлы болуы тиіс.

 

 

3.4 Қоршаған ортаны қорғау

 

Тауыққаналарда атмосфералық ауа, су сапасы, құрамы, ғимарат микро-климаты, санитарлық-гигиеналық көрсеткіштер белгіленген шамадан артық болмауы тиіс.

2007 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасының экологяиялық кодексі» мына принциптерге негізеледі.

1. Халықтың денсаулығына, өміріне, еңбегі мен демалысына қолайлы түрде қоршаған табиғи ортаны сақтау мен қалпына келтіру;

2. Қазіргі және болашақ ұрпақтардың салауатты өмір сүруіне қажетті қоршаған ортаны сақтау үшін әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешіп отыру;

3 . Экологиялық  аймақтарда  экологиялық  қауіпіздікті  қамтамасыз  ету шараларын  кеңінен  қолданумен  қатар,  бұзылған  табиғи  жүйелерді қалпына келтіру;

4. Табиғи ресурстарды толық тиімді түрде пайдалану және молықтыру;

5. Қоршаған ортаны қорғауға экономикалық жағынан ынталандыру және табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін ақы төлеуді енгізу;

6. Биологиялық алуан түрлілікті, ғылыми және мәдени маңызы бар сирек объектілерді, ерекше құнды табиғи аймақтарды сақтауды қамтамасыз ету;

7. Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды реттеп, олардың орында-луына мемлекеттік тұрғыдан бақылау орнату;

8 . Табиғатқа нүқсан келтіруге жол бермеу;

9. Халықаралықтық, қоғамдық ұйымдардың, бірлестіктер мен жергілікті басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласына белсенді түрде және демократиялық жолмен қатысу.

10.5 Халықаралық құқық негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық принциперін сақтау негізінде жүзеге асыру.

 

 

4 құс етін өндірудің экономикалық тиімділігі

 

Аталған дипломдық жұмыста етті бағыттағы балапандарды өсіру «Бөген құс» ЖШС тағамдық жұмыртқа және ет өндіретін шаруашылықтың тәжірибесі негізге алынды.

Қазіргі таңда кәсіпорында 20 жылғы мәлімет бойынша, ет өнімділігі барлық табыстың 26,0 пайызын құрып отыр

 

23-кесте. Нақты өндіретін өнім мөлшері,

 

Көрсеткіш

Жылдар

2010

2011

2012

Барлық өнім мөлшері,

100

100

100

Оның ішінде ет өнімі

27,16

26,09

26,00

 

Кестеде көрсетілгендей «Бөген құс» ЖШС өндірісіндегі құс етінен түсетін пайданың төрттен бірі балапандардан түседі. Қазіргі уақытта құс фабрикасында бройлер етін өндіру 270 мың тоннаға жетті.

Басты экономикалық көрсеткіштерге шаруашылықтағы өнімнің өзіндік құны екені баршаға мәлім. Осыдан өндірістің экономикалық тиімділігі де өзгере түседі. Бұл кұс фабрикасының маңызды бір элементі боолып табылады. Өнімнің мөлшері көтеріліп, оның шығымы өтелген сайын, оны өндіру де тиімді әрі рентабілді бола бастайды. Ал шаруашылықта өндіріс көрсеткішінің өз құндылығы төмен болса, онда жұмыстың тиімсіз әрі ұтымсыз болғаны.

 

24-кесте. «Бөген құс» ЖШС өндірісінің технико-экономикалық көрсеткіштері

 

Көрсеткіші

Өлшем

Жылдар

2010

2011

2012

Сатылған жалпы өнім құны

мың/тг

1177

1695

1950

Ет сатудан түскен ақша

мың/тг

625

945

1140

Фабрика өндірісінің шығын мөлшері

мың/тг

2114,7

2338,3

2538,5

Өндірістен түскен таза пайда

мың/тг

1075,5

1119,1

2961,7

Рентабльділігі

%

38,5

47,8

50,4

 

Соңғы жылдары 100 кг еттің өзіндік құны 35 000 теңге көлемінде болып табылады. Жұмыртқаның сатылған бағасы болса 250 теңгеден 350 теңгеге көтерілді.

Азыққа кеткен шығын мөлшері төмендесе 100 кг еттің өз құндылығы да төмендей түседі. Өндіріске кеткен еңбек өнім бірлігі бүтіндей шаруашылыққа әлде қайда жоғары болып отыр. Себебі азыққа кеткен шығын мөлшері жоғары, ал еңбек өнімділігі, эсіресе қол күші жоғары болып отыр. Бүл құс фабрикасы-ның экономикалық көрсеткіштеріне мейлінше өз әсерін тигізбей тұрмайды.

Фабрикадағы кіріс көлемі мен өндірістің рентабльділігі 2010-2012 жылдар аралығында 38,5 пайыздан 50,4 пайызға дейін жоғарылап отыр.

 

Қорытынды

 

1. Өндірістің құс шаруашылығы, оның ішінде диетикалық тауық етін өндіру нарық сұраныстарын жедел қатамасыз ететін және экономикалық жағынан тиімді сала болып табылады.

«Бөген құс» фабрикасында жылына 270 мың тонна бройлер етін өндіріп, таза пайда 2961,7 мың теңге болып, рентабельділігі 50,4 пайызға дейін артып отыр.

2. Етті бағыттағы тауық және оның балапандары тек олардың өздеріне ғана тән морфологиялық және физиологиялық қасиеттерімен ерекшеленеді. Құстардың бұл қасиеттері оларды күтіп-бағуда, азықтандыруда, селекциялық жұмыстарды жүргізуде, инкубациялық жұмыртқа, ет, мамық өндіруде, балапан өсіруде ескерілуі қажет.

3. Етті бағыттағы тауықтың биологиялық ерекшеліктері: дене бітімі, конституциясы, жынысы, жасы, өнімділігі, балапандардың өсіп-жетілуі, етінің сапасы оларды күтіп-бағуына, тауыққанадағы экологиялық, санитарлық-гигиеналық көрсеткіштерге, микроклиматқа, азықтандыруына байланысты.

4. Бройлер етін өндіру, гибрид тауықтарды өндірістік технология талабына сай күтіп-баққанда 7-8 апталық бройлер шөжелер 1,7 кг дейін салмақ тартып, бір килограмм азық өлшеміне 2,6 кг дейін салмақ қосады.

5. Бройлер балапандарына арналған тауыққаналарда жазғы айларда ауаның температурасы 16-180С, ал салыстырмалы ылғалдылығы 70% аспау үшін желдеткіштер, салқындатқыштар орнату керек. Балапандар-дың тығыздығы 1 шаршы метрге 34 бастан аспауы тиіс.

6. Тауыққаналарда тіршілік қауіпсіздігі, қоршаған ортаны және еңбекті қорғау Қазақстан Республикасының тіршілік қауіпсіздігі заңдарына, ҚР-ның экология кодексына, өрт қауіпсіздігі заңына және санитарлық-гигиеналық нормативті актілеріне негізделініп жүргізілуі қажет.

 

 

 

 

Пайдаланылған Әдебиеттер тізімі

 

1. Таңатаров А.Б, Әлпейісов Ш.Ә, Дабжанова С.Т. Құс шаруашылығы.           –Алматы, 2005.

2. Төреханов А.Ә., Жазылбеков Н.Ә., Кинеев М.А. Қазақстанда мал мен құс азықтандыру және азық дайындау технологиясы. –Алматы, 2006.

3. Кочиш И.И., Петраш М.Г., Смирнов С.Б. Птицеводство. –М.: Колос, 2004.

4. Кочиш И.И. Куры. –М.: Колос, 1992. -16 с.

5. Агеев В.Н., Квиткин Ю.П., Поньков П.Н. Кормление сельско-хозяйственной птицы. –М.: Россельхозиздат, 1982.

6. Пигарев Н.В. Клеточное содержания птицы. –М., 1990.

7. Ковинько   Д.А. Научные основы птицеводства в Казахстане. -Том 1.
-Алматы, 1996.

8. Кавченко В.Ф. Влияние добавок витаминов А1, В2, Д3, Е на
продуктивность кур и инкубационные качества яиц //Витаминное питание
сельскохозяйственных животных. –М.осква: Колос, 1973.

9. Шипилов В., Переслегина И. Новое в кормлении птицы //Птицеводство. –М., 1999.

10. Кошкин С. Витаминные смеси готовим тщательно //Птицеводство.             –М., 2001.

11. Кузнецов С., Кузнецов А. Соединения микроэлементов в кормлении
птицы //Птицеводство. –М., 2001.

12. Борискин А.А. Связь отдельных показателей качества яиц с индексом
выводимостью. –Загорск, 1986.

13. Божко П.Е. Птицеводство яиц и мясо птицы на промышленной основе. –М., 1990.

14. Штель А.Л. Качество яиц и пути его повышения //Труды ВНИИТИП.      –М., 1987.

15. Штель А.Л. Повышение качества продуктов птицеводства. –М.: Россельхозиздат, 1979. – 189 с.

16. Сметнев  А.М. Учебное  пособие  по  птицеводству. –М.: Колос, 1988.

17. Богданов М.О. О направлениях повышения эффективности и качества работы в птицеводстве //Птицеводство. –М., 1986.

18. Сергеева А.М. Контроль качества яиц. –М., 1988.

19. Рекомендации по кормлению сельскохозяйственной птицы. –Сергиев  Посад, 2000. - 67 с.

20. Вальдман А.Р., Ионов И.А, Сахатский Н.И.  Витамины в питании животных. –Харьков, 1993. -432 с.

21. Елизаров  Е.С.,  Егорова А.В.,  Шаханова Л.В. Племенная работа с мясными курами. –Сергиев Посад, 2000. -192 с.

22. Орлов М.В., Силин Е.К. Разведение кур. –М.: Колос, 1981. -268 с.

23. Сметнев С.И. Птицеводсто. –М.: Колос, 1978. -304 с.

24. Марков Ю.Я. Российские конкурсные испытания бройлеров //Птицеводство. –М., 1994.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2015-06-02 20:15:03     Қаралды-7923

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »