Кіріспе
Туризм әлем шаруашылығындағы дамыған салалардың бірі болып табылады. Туристік бизнес қазіргі таңда жақсы дамып келе жатқан экономикалық пайда түсіретін салалардың бірі. Кейбір елдер тіпті, осы туризмнен түскен пайдамен күн көріп отыр.
Туризм саласы сонау ежелгі дәуірден ұшқынын көрсетіп, ХІХ ғасырда даму қарқынына бет алды. Туризмнің статистикасына келетін болсақ, келушілер (кетушілер) статистикасы әлемдегі туристік ағымдардың саны өсуде. Егер де соғыстан кейінгі 50-жылда әлемдік халықтың саны екі есе өскен болса, туристердің саны 27,5 есеге көтерілді, 1950 жылы 25,3 миллион болып, 2000 жылы 691,1 миллион адамға дейін, 2001 жылы 692,9 миллионға дейін көтерілді. 2002-2008 жылдар аралығын салыстырмалы түрде алғанда, жыл сайын 700 миллионнан 1 миллиард адамға дейін өсіп отырады
1995 жылғы санақ бойынша туризмен түскен пайда әлем бойынша 372 млрд $ құрады. Бұл корсеткіш туризмнің ынталы дамуын көрсетіп отыр. 1995 жылы халықаралық туризм түскен пайда әлемдік экспорттық тауар көлемінің 80 пайызға құрады. Туризм әлемдік экономикадағы табыс деңгейі бойынша мұнай мен автокөлік өндірістерінен кейінгі 3-ші орынды иеленіп отырған сала. Қазіргі таңда барлық жағынан дамып географиялық жағдайы, қызмет көрсету саласы, транспорт және т.б.) өндірістің алдыңғы қатарына шықты. Халықаралық туризм әлем шаруашылығында ірі капиталдарды және еңбек ресурсының ауқымды бөлігін іске қосқан, әлемдік өнімнің 11 пайызына дейін орын алып отырған ірі әлемдік сала болып табылады. Қазіргі туризм әлемдік экономикалық құлдырауды білмейтін сала болып табылады.
Ал, Қазақстандағы туризм дамуына келсек, туризмнің тарихи алғы шарттары біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ мыңжылдықта қалыптасқан Ұлы Жібек жолының қалыптасуымен байланысты болып отыр. Қазақстанда туризм басқа да экономика салалары сияқты қатаң регламенттелінеді. Қазақстан қазіргі экономикасында турзм рөлі үздіксіз өсуде. Тек соңғы 2006 жылдың өзінде елімізге келген туристер саны 209 143 адам, оның ішінде Оңтүстік Қазақстанда 2204 адам. 2008 жылдың өзінде елімізге келген туристер саны шамамен 317 177 адам болды, оның ішінде Оңтүстік қазақстанға 3 408 адам келді. Шығу туризмі бойынша қызмет көрсетілген туристер саны шамамен 739 605 адам, оның ішінде Оңтүстік Қазақстанда 6 445 адам. Оңтүстік Қазақстанда болған адам осы бір тамаша өлкеден алған әсерлерін мәңгі есте сақтайды.
Қазақстан табиғатқа өте бай мемлекет. Қорықтар, табиғи парктерге де өте бай. Осы жерлерде туризмді кеңінен дамытуға мүмкіндіктер жетерлік. Осылардың ішінен «Сайрам - Өгем» МҰТП-ның, «Өгем» филиалын таңдадық. Себебі, бұл жердің көз тоймайтын керемет табиғаты кез келген адамды қызықтырады және физикалық және психикалық мотивацияға өте қолайлы жер. Бұл мотивациялар қазіргі туризм үшін де, тиімді менеджмент үшін де ерекше қызықтыруды көрсетеді.
«МАҚСАТ» емдік-сауықтыру кешенінің бизнес-жоспары
Аннотация
Фирма аты: «МАҚСАТ» емдік-сауықтыру кешені
Мекен жайы: 16 0000 Оңтүстік Қазақстан облысының шығыс аумағындағы Қазығұрт ауданының аймағында орналасқан.
Байланыс сымтетігі: 8-7252-277777,сот.8-700-5555555, факс: 7252-777777
е-mail: www.Maksat_tur.kz
Бизнес сферасы: Емдік-сауықтыру кешені
Қызметтің негізгі түрлері: Емделуші және демалушы қонақтарға сапалы қызмет көрсету
Басталу мерзімі: 2010 жыл
Бизнес-жоспар қандай мерзімге есептелініп жасалған: 10 жыл
Банктік реквизиттер:
«Альянс» банкі
РНН: 582122207097
р/с 120491777
БИК: 135791357
Заңды статусы. Жарғылық қор
Кәсіпорынның ұйымдық құқықтық формасынан біз Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестік түрін таңдадық. Қазіргі таңда, нарық құрылымында ЖШС формасы ең тиімді форма. ЖШС – заңды және азаматтық тұлғалардың кәсіпорны. Бұл форманың басқа формалардан ерекшелігі, серіктестер өздерінің мүлігі мен салымдарын салып, жауапкершілікті өздерінің салым көрсеткіші бойынша өз мойнына алады. Егер кәсіпорын құрдымға кетсе мүлік те, жауапкершілік те серіктестерге заңды түрде бөлінеді. Мүліктің құрылуының қайнар көзі – құрушылардың салымы. Жалпы жарғылық қор бойынша құрушылардың салым көлемі төмендегі кестеде көрсетілген:
№ |
ФИО |
Салым көлемі $
|
Пайыздық көрсеткіш |
Үлес |
1 |
Есенбеков М.М.
|
500 000 |
50% |
1 |
2 |
Ахатаев Д.С.
|
500 000 |
50% |
1 |
Бәсекелестік ортасы
«Сайрам - Өгем» МҰТП-ның территориясында ешқандай емдік-сауықтыру кешені жоқ. Бірақ, бұл территорияға көптеп туристік объектілер салынуда. Солардың ішінде «Олжа» қонақ үйі, т.б. бар.
Оңтүстік Қазақстан облысындағы емдік-сауықтыру кешендерінің арасындағы бәсекелестік ортасының деңгейі – орташа. Манкент елді-мекеніндегі «Манкент» емдік-сауықтыру кешені, Бүркөлік елді-мекеніндегі «Бүркөлік» емдік-сауықтыру кешені, Сарыағаш қаласындағы «Арман» емдік-сауықтыру кешені, «Сарыағаш» курорты, «Oxi» емдік-сауықтыру кешені және т.б. емдік-сауықтыру кешендері бар. «Арман» емдік-сауықтыру кешені тек қана милиция қызметкерлеріне арналған. «Сарыағаш» курорты көп адамға арналған емдік-сауықтыру кешені. Бұл жердің қызмет көрсетуі орта деңгейде. Мұндағы 10 күндік жолдама 330$ - дан басталады. «Oxi» емдік-сауықтыру кешенің көпшілік нөмірлері люкс болғандықтан мұндағы бағалары да жоғары болып табылады.
Қоғамдық қызметтің мақсаты мен мәні
Емдік-сауықтыру кешенінің негізгі мақсаты тиым салынбаған заң бойынша пайда табу. Қоғамдық қызметтің жұмысы:
- Қазақстан Республикасында ішкі және халықаралық туристерге сапалы қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
- Қазақстанға және шет елге жолдаманы сату;
- Комплексті тамақтандыру;
- Туристерге емдік қызметті жоғарғы деңгейде көрсету;
- Орналастыру және қонақүй түріндегі қызмет көрсету;
- Денсаулыққа пайдалы түрлі спорт түрлерін ұсыну;
- Бос уақытты қызықты етіп ұйымдастыру;
- Туристерге белсенді демалыс түрін ұйымдастыру;
- Танымдық-эстетикалық бағдар беру;
- Қорықтың сан-алуан өсімдіктер әлемімен танысу;
- Қажеттіліктерін қанағаттандыру;
- Күтіп алу және шығарып салу;
- Қонақтарға рухани-эстетикалық бағдар беру мен олардың сапарларын тиімді ұйымдастыру;
- Spa салон;
- Косметология;
Емдік-сауықтыру кешені сонымен қатар ҚР заңына сәйкес тиым салынбаған, заңды түрде басқа да қызмет түрлерін ұсынады. Барлық қызмет түрлері сәйкестік лицензия алғаннан кейін жүзеге асырылатын болады.
Емдік-сауықтыру кешенінің сипаттамасы және жұмысы
«МАҚСАТ» емдік-сауықтыру кешенінің жер көлемі 0.7 га жерді құрайды және 4 қабатты қонақ үйді ұсынады. Бірінші қабатында қызмет көрсету мен офистік бөлмелер, конференц зал, бар, кафе және кішігірім сауда орталықтары орналасады. Екінші қабатында медициналық қызмет көрсету бөлмелері және бильярд залдары орналасады. Ал, үшінші және төртінші қабаттарында 50 орналастыру нөмірлері бар
3-қабатта – эконом класты және аппартамент-нөмірлер орналасқан;
4-қабатта – «люкс» және «жартылай люкс» нөмірлері орналасқан.
«Люкс» (4-қабатта) – 7 нөмір, 1 адамдық, 1 бөлмелі, ауданы - 21м². Италяндық кровать жиһаздарымен жабдықталған, кондиционер, теледидар, телефон, мини-бар, индивидуальды сейф. Әжетхана және душ бөлмелері толық санузелмен жабдықталған.
«Люкс» (4-қабатта) – 7 нөмірлі, 2 адамдық, 2 қонақ бөлмеден тұрады (қонақ жай және жатын), ауданы - 37м². Италяндық жиһаздарымен жабдықталған, кондиционер, мини-бар, теледидар, телефон, индивидуальды сейф. Әжетхана және душ бөлмелері толық санузелмен жабдықталған.
«Жартылай люкс» (4-қабатта) – 8 нөмірлі, 1 адамдық, 1 бөлмелі, ауданы – 19,3м². Ресей жиһаздарымен жабдықталған. Теледидар, кондиционер, телефон, мини-бар, индивидуальды сейф. Әжетхана және душ бөлмелері толық санузелмен жабдықталған.
«Жартылай люкс» (4-қабатта) – 8 нөмірлі, 2 адамдық, 2 бөлмелі, ауданы – 34м². Ресей жиһаздарымен жабдықталған. Теледидар, телефон, кондиционер, тоңазытқыш, индивидуальды сейф. Әжетхана және душ бөлмелері толық санузелмен жабдықталған
«Аппартамент-нөмір» (3-қабатта) – 5 нөмірлі, 3 бөлмелі, отбасылы адамдарға арналған. Ауданы – 50м². Нөмірдің құрамында тұрмыстық техника және қытайлық жиһаздармен жабдықталған. Кондиционер, 2 теледидар, мини-бар, индивидуальды сейф, телефон. Әжетхана және душ бөлмелері толық санузелмен жабдықталған.
«Эконом класс» (3-қабатта) – 15 нөмірлі, 2-3 адамдық, 2 бөлмелі, ауданы – 31м². Қытай жиһаздарымен жабдықталған. Теледидар, телефон, мини-бар, индивидуальды сейф, кондиционер. Әжетхана және душ бөлмелері толық санузелмен жабдықталған.
Тамақтану секторы
Тамақтану түрі - асхана. Тамақтану түріне арнайы мамандандырылған аспазшылар үш мезгілдік тамақ ұсынады
Мәзір: Сусындар – ыстық сусындар: қара және көк шай, сүт, кофе, емдік шөптерден жасалған түрлі шайлар, итальяндық ыстық шоколад, т.б.
салқын сусындар: «Өгем» емдік суы, фанта, минералды су, жеміс-жидек шырындары, т.б.
Сонымен қатар, шұбат, қымыз, айран күнделікті әкелінетін болады.
Салаттар: итальяндық салат, француздық салат түрлері, нежность, қызанақ және қияр салаты, теңіз капустасы, қызылша салаттары, жеміс-жидек салаттары, экзотика, оливье, рафаелло т.б.
Таңғы ас – адам ағзасы үшін міндетті түрде «Өгем» емдік суы, каша түрлері (сұлыдан, бидайдан, тарыдан), тоқаш, сыр, қаймақ, құймақ (ірімшіктен, қаймақтан, сырдан), пирог, қажет жағдайда гамбургер, т.б. дәрумендері көп тағамдар.
Түскі ас – италяндық пицца, сорпа түрлері, қуырдақ, бесбармақ, нарын, қазы-қарта, тауық етінен жасалған ас, адам ағзасы үшін міндетті түрде «Өгем» емдік суы, қуырдақ, бұқтырма, борщ, манты, бифштекс, икра, т.б.
Кешкі ас – сорпа түрлері, палау, пельмень, балық, қой етінен жасалған жеңіл тағамдар, адам ағзасы үшін міндетті түрде «Өгем» емдік суы, т.б. шетел асханаларының тағамдары беріледі.
2 - қабаттағы медициналық орталықта әр түрлі медициналық кабинеттер бар.
Медициналық қызмет көрсету секторы
Ұсынылатын медициналық қызметтердің тізімі:
1. Емдік массаж;
2. Судағы массаж;
3. Дәрілік шөптер және минералды сумен ингаляциялау;
4. Германиядан арнайы алдырылған аппараттар көмегімен ішкі органдары тазалау;
5. «Өгем» минералды суымен жатырды емдеу;
6. «Өгем» минералды суымен тісті емдеу;
7. Ванна қабылдау арқылы емдеу:
- хош иісті ароматы;
- минералды;
- шөптік;
- теңіз тұзы;
8. Ортақ әдіс бойынша балшықпен емдеу, аппликация түрінде, сонымен бірге, стамотологиялық және гинекологиялық аппликация түрінде жүргізіледі;
9. Стамотологиялық қызметтер;
10. Физиотерапия және терапия қызметтері;
11. Кардиологиялық қызмет түрлері;
12. Гинекология және урологиялық қызмет түрлері.
Туристік өнімге сұраныс пайда болған жағдайда клиенттерге мынадай ақпараттар беріледі:
- Туристік өнімнің бағасы;
- Онда тұру жағдайы;
- Емдік-сауықтыру орнының өзіндік ерекшелігі;
- Ұсынылатын комплексті қызметтер мен тамақтану жағдайлары;
- Жеке кеңестер мен ұсыныстар;
- Жарнамалық проспектілер мен буклеттер.
Бұл жұмысты кәсіпорын менеджері жүзеге асырады. Сонымен бірге, менеджер туристерге көрсетілетін қызмет ережелерімен таныстырады.
Туристік фирмалардың директоры мен менеджері өздерінің бағыты бойынша турды брондауға (туристер тізімімен қоса) өндірушілерге өтініш жібереді. Олардың брондау туралы өтінішіне 3 күн ішінде жауап қайтарылады.
Емдік-сауықтыру кешеніне қонақтар тұрақты келуі үшін және туристік жолдаманы сату үшін мынадай туристік агенттіктермен келісім-шартқа отырады: «Gulnar Tour», «In tourist», «Travel tour», «Almaty tour», «Odeon tour», «Отырар», «Шымтурист», «Zhuldiz» және де қонақ үй әкімшіліктерімен де келісімге отырады. Бұл емдік-сауықтыру кешені өз шарттарына сәйкес келетін кез-келген фирмалармен келісім-шартқа отырады.
Негізгі қызмет көрсетуге: нөмірлерлі тазалау, ауланы тазалау, санитарлық қызмет, шашықтар мен төсек жабдықтарын ауыстыру, барлық нөмірлердің жеке гигиеналық заттарын толықтыру, мини-барды толтыру және 3 мезгіл тамақтандыру, жеке гигиеналық қажетті заттарды толықтыру және ең бастысы: емделушілерге, демалушыларға әр түрлі денсаулыққа пайдалы спорт жаттығуларын ұйымдастыру және т.б. емдік-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру
Ал, қосымша қызмет көрсетуге кіретіндер: транспорттық, экскурсиялық, тұрмыстық, сервистік, орналастыру қызметтерін ұсынады. Сонымен қатар, спорт және сауықтыру секторында қызмет көрсету және т.б.жатады.
Түсіндірме сөздігі
Емдік-сауықтыру кешенінің 0.7га жер аумағы 15000$ сатып алынады. Объект жаңадан бой көтеретін болады. Құрылысты қаламыздағы танымал құрылыс компаниясы ««Базис - А» жүргізетін болады. Құрылысқа жалпы қаражат 600 000$ бөлініп, 2 жылдың көлемінде құрылыстың аяқталуы жоспарланып отыр.
Емдік-сауықтыру кешенін құруға қажетті құрал-жабдықтардың шығынын есептеу
№ |
Сатып алынатын құрал-жабдықтар тізімі |
өлшем бірлік |
Саны |
Бағасы $ |
Жалпы суммасы $ |
1 |
Теледидар |
дана |
55 |
150 |
8250 |
2 |
Телефон |
дана |
60 |
35 |
2100 |
3 |
Факс |
|
1 |
200 |
200 |
4 |
Ксерокс |
|
1 |
200 |
200 |
5 |
Сейф |
дана |
50 |
350 |
17500 |
6 |
Итальяндық жиһаз |
комп |
14 |
2000 |
28000 |
7 |
Ресейлік жиһаз |
комп |
16 |
1500 |
24000 |
8 |
Отандық жиһаз |
комп |
27 |
1000 |
27000 |
9 |
Кондиционер |
дана |
57 |
160 |
9120 |
10 |
Фен |
дана |
50 |
20 |
1000 |
11 |
Медициналық приборлар |
комп |
11 |
1000 |
11000 |
12 |
Диван |
комп |
4 |
400 |
1600 |
13 |
Бильярд құралдары |
дана |
3 |
1000 |
3000 |
14 |
Кілем |
дана |
6 |
200 |
1200 |
15 |
Ковралан |
м² |
200 |
10 |
2000 |
16 |
Кілем дорожкалар |
м |
100 |
30 |
3000 |
17 |
Салтанатты люстра |
дана |
5 |
300 |
1500 |
18 |
Жатын бөлме люстралары |
дана |
50 |
100 |
5000 |
19 |
әкімшілік люстра |
дана |
6 |
70 |
420 |
20 |
Бра |
дана |
50 |
20 |
1000 |
21 |
Прожектор |
дана |
2 |
150 |
300 |
22 |
Жатын бөлме перделері |
дана |
50 |
85 |
4250 |
23 |
Салтанатты перделер |
дана |
7 |
100 |
700 |
24 |
Офистік перделер |
дана |
8 |
70 |
560 |
25 |
Жалюздер |
Кв.м |
75 |
20 |
1500 |
26 |
Матрац |
дана |
200 |
25 |
5000 |
27 |
Көрпе |
дана |
60 |
25 |
1500 |
28 |
Жайма төсектер |
комп |
110 |
85 |
9350 |
29 |
Жамылғылар(люкс,жарт.люкс) |
дана |
30 |
90 |
2700 |
30 |
Жамылғылар (экон.класс) |
дана |
20 |
50 |
1000 |
31 |
Ванна халаттары (люкс.жарт.люкс) |
дана |
30 |
40 |
2400 |
32 |
Сүлгілер |
комп |
100 |
20 |
2000 |
33 |
Кофе аппараты |
дана |
5 |
250 |
1250 |
34 |
ыдыс-аяқ 120 персондық |
комп |
15 |
300 |
4500 |
35 |
Асхана ыдыстары |
комп |
15 |
270 |
4050 |
36 |
DVD |
дана |
50 |
90 |
4500 |
37 |
Кинотеатр |
дана |
1 |
400 |
400 |
38 |
Офистік жиһаздар |
комп |
7 |
800 |
5600 |
39 |
Асхана жиһаздары |
комп |
4 |
500 |
2000 |
40 |
Орындықтар |
дана |
120 |
50 |
6000 |
41 |
Столдар |
дана |
50 |
80 |
4000 |
42 |
Скатерттер |
комп |
50 |
30 |
1500 |
43 |
Компьютерлер |
дана |
7 |
650 |
4550 |
44 |
Компьютер столдары |
дана |
7 |
90 |
630 |
45 |
Кір жуатын машина |
дана |
3 |
1000 |
3000 |
46 |
Пылесос |
дана |
10 |
250 |
2500 |
47 |
Униформалар |
дана |
50 |
60 |
3000 |
48 |
Мини-бар |
дана |
50 |
100 |
5000 |
49 |
Газ плиталары |
дана |
3 |
450 |
1350 |
50 |
Әр этаж интерьері |
комп |
4 |
2000 |
8000 |
51 |
Жасылдандыру |
|
|
|
1000 |
|
Жинағы: |
|
|
|
244480 |
Ғимараттың негізгі бөліктері
1-қабат
|
- кіреберіс; - қызметтік офистер; - конференц зал; - әжетхана (қызметкерлерге арналған); - әжетхана (қонақтарға арналған); - асхана; - кино залы;
|
2-қабат |
- медициналық қызмет көрсету бөлмелері - бильярд залдары
|
3-қабат |
- «эконом» класс номерлері; - «аппартамент-нөмір»
|
4-қабат |
- «люкс» номерлері; - «жартылай люкс» номерлері;
|
Еңбек ақы қоры
«МАҚСАТ» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігін құрушы азаматтар сауықтыру кешенінің қызметшілері болып табылады. Олар:
№ |
Аты-жөні |
Қызметі |
Айлық еңбек ақы $ |
Жылдық еңбек ақы $ |
1 |
Есенбеков М.М. |
Президент |
1000 |
12000 |
2 |
Ахатаев Д.С. |
Бас директор |
1000 |
12000 |
3 |
Сарбиев А.Х. |
Администратор |
700 |
8400 |
4 |
Баймұратов С.А |
Бухгалтер |
600 |
7200 |
5 |
Бекбергенов А.Е. |
Массажист |
550 |
6600 |
6 |
Дәуренов А.С. |
Терапевт-невропот. |
600 |
7200 |
7 |
Иманбаева Қ.М. |
Стаматолог |
600 |
7200 |
8 |
Амірханова Г.А. |
Кардиолог |
600 |
7200 |
9 |
Лесбеков А.Б. |
Гинеколог-уролог |
600 |
7200 |
10 |
Баймаханова Қ.А. |
Медбике |
350 |
4200 |
11 |
Ержанова А.Н. |
Медбике |
350 |
4200 |
12 |
Оспанова Н.Ж. |
Медбике |
350 |
4200 |
13 |
Ермұханов Р.А. |
Медаға |
350 |
4200 |
14 |
Бастанов А.Р. |
Бас аспазшы |
650 |
7800 |
15 |
Бердалиева А.Ж. |
Аспазшы |
450 |
5400 |
16 |
Бекмырза Ж.М |
Даяршы |
350 |
4200 |
17 |
Алимбекова С.Т |
Даяршы |
350 |
4200 |
18 |
Құрманова М.Ә. |
Даяршы |
350 |
4200 |
19 |
Базарбай М.Р. |
Бармен |
350 |
4200 |
20 |
Ибрагимова Н.А. |
Кір жуушы |
250 |
3000 |
21 |
Ерболова А.А. |
Техничка |
250 |
3000 |
22 |
Саттарова Д.О. |
Техничка |
250 |
3000 |
23 |
Ринатова Б.Р. |
Техничка |
250 |
3000 |
24 |
Бекбергенов Ж.Е. |
Электрик-сантех. |
300 |
3600 |
25 |
Адилов М.К. |
Күзетші |
370 |
4440 |
26 |
Закаринов А.Т. |
Күзетші |
370 |
4440 |
27 |
Бақыт С.Д. |
Күзетші |
370 |
4440 |
28 |
Манасов А.П. |
Күзетші |
370 |
4440 |
Барлығы |
|
12930 |
155160 |
Персонал
Емдік-сауықтыру кешенін басқарушы басшы білім деңгейі бойынша осы салада жоғары білімі бар, өзінің өткір зейінімен, ұшқыр қиялымен, бизнесті ұйымдастыра білу қабілетімен емдік-сауықтыру кешеніне жақсы жақтарымен әсер етеді. Осы орайда басқа мамандар да арнайы конкурс нәтижесінде қабылданып, оларға кем дегенде үш тілді меңгергендігі, араторлық шеберлігі, компьютерлік сауаты болуы талап етіледі.
Жұмыстың алғашқы бастамасында қонақ үйге 28 персонал қажет. Егер қосымша жұмыс саны өсетін болса, онда қосымша персоналдарды тартуға болады.
Табыс мөлшерінің болжамы
«МАҚСАТ» емдік-сауықтыру кешеніне жолдама (10 күнге):
Орналастыру: «Люкс» (1 адамдық) – 450$;
«Люкс» (2 адамдық) – 500$;
«Жартылай люкс» (1 адамдық) - 400$;
«Жартылай люкс» (2 адамдық) - 450$;
«Аппартамент-нөмір» - 350$;
«Эконом-класс» - 300$.
Жолдамаға кіреді: таңғы, түскі және кешкі ас. Сонымен бірге, медициналық қызметтер.
Емдік-сауықтыру кешенінің шығын бөлігі:
№ |
Шығындар тізімі
|
Айлық шығындар $ |
Жылдық шығындар $ |
1 |
Несие |
9483 |
113796 |
2 |
Еңбек ақы |
12930 |
155160 |
3 |
Азық-түлік |
5000 |
60000 |
4 |
Шаруашылық заттары |
2000 |
24000 |
5 |
Энергия |
300 |
3600 |
6 |
Жылу |
400 |
4800 |
7 |
Телефон және факс |
250 |
3000 |
8 |
Жарнама |
550 |
6600 |
9 |
Канц.тауарлары |
200 |
2400 |
10 |
Су |
150 |
1800 |
|
Барлығы: |
31263 |
375156 |
Жалпы пайда:
Өнімнен түскен пайда: 10 күндік
450$ x 10=3150$
500$ х 10=3500$
400$ x 10=3200$
450$ x 10=3600$
350$ x 10=1750$
300$ x 10=4500$
Жалпы түсім айына: 59400$
Жылдық шығын:
59400 $ - 31263 $ = 28137 $
Салық: 28137_______100%
Х __________12%
Х= 3376$
Сырттан шақырылатын әр алты ай сайын аудиттің шығыны:
6 айға = 100$
Жылдық = 200$
Таза айлық пайданы есептеу:
Шығындар: 31263 $
Жалпы түсім: 59400 $ - 31263 $ = 28137 $
Таза пайда: 28137 $
Айлық таза пайда: 28137 $ – 3376 $ = 24761 $
Бұл таза пайда кәсіпорынның жеке қорында сақталынады, «Казкоммерцбанк» депозитіне салынады.
Несиені қайтару кестесі.
Барлық несие – 1 000 000$
Есенбеков М.М. атынан – 500 000 $, Ахатаев Д.С. атынан – 500 000 $.
Несие 10 жылға алынған.
Банк сый ақысы – 13.8% бір жылға. Айына 138 000 $ несиеге төленіп отырады.
Барлық қайтарым сомасы – 1 138 000$.
Қорытынды
Туризм жыл сайын өріс алып келе жатқан экономиканың ең ірі қызмет көрсету салаларының бірі. Қазіргі таңда әлемдегі әрбір 7 – ші жұмысшы туристік салада жұмыс жасайды. Ол жедел даму үстіндегі ең жас экономикалық сала. Болашақта біздің еліміз әлемдік стандартқа сай туристік қызмет көрсете алатын елдер қатарына қосылады деп сенуге болады. Ол үшін бізде көптеген мүмкіндіктер бар. Атап айтатын болсақ: қолайлы географиялық жағдайы, тарихи – мәдени обьектілер, рекреациялық аудандар, ең маңызды факторлары – саяси тұрақтылық пен бейбітшілік және т.б. Ең бастысы сол құндылықтарды ел жастары тек біздің елде бар ерекше турөніммен жұмыс жасай білуі, табиғатты экономикалық мақсатта тиімді пайдалана білуі тиіс
Бизнес-жоспарды қорытындылай келе, «МАҚСАТ» емдік-сауықтыру кешеніне құрылған бизнес-жоспар Оңтүстік Қазақстандағы туризмнің дамуына үлес қосады. Сонымен бірге, экономикалық жағдайын көтереді, туристердің денсаулығының жақсаруына көмек береді.
«Мақсат» емдік-сауықтыру кешенінің басты мақсаты– туристер мен демалушыларды молырақ тартып, олардың тынығып, демалуына, жоғалған күштерін қалпына келтіруіне, табиғат таңғажайыптарын тамашалауына жағдай жасап, жақсы қызмет көрсетіп, Қазақстанда тұратын адамдармен қоса, шетел туристерін шақырып, оларға комплексті түрде қызмет көрсетіп пайданы максималды деңгейге жеткізу.
Бұл емдік сауықтыру кешенінің ерекшелігі – физикалық күшін қалпына келтіремін деушілердің жақсылап демалуына, денсаулығын қалпына келтіремін деушілердің жақсылап емделу – сауығуына, демалыс уақытында денеге салмақ және жүк түсіруді іздеушілерге керемет табиғат аясында жақсылап спортпен айналысуға әлемдік стандартқа, сай тамаша жағдайлар жасалынған. Күнделікті ортадан кетіп, жаңа бір нәрсені көріп, босаңдап, жағдайының жақсы жаққа өзгеруін қалайтындар үшін де қолайлы жер. Сонымен қатар, таудан ағып тұрған «Өгем» суының денсаулыққа пайдасы өте көп. Қаншама адамдар бұл суға келіп түсіп, ауруларынан сауығып кетіп жатыр.
«МАҚСАТ» емдік-сауықтыру кешені туристерге нарыққа сай өнім ұсынады. Бұл жоба негізінен 2 жылға жоспарланып жасалған. Яғни туристерге 2 жылдан кейін өзінің қызметтерін ұсынады. «МАҚСАТ» емдік-сауықтыру кешені ҚР заңына сәйкес қызмет көрсетеді. Бұл бизнес – жоспарда көрсетілгендей, бұл кәсіпорын ашылып қана қоймай ұзақ өмір сүреді. Бұл жоба Қазақстан халқына керек кәсіпорын.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Сорокина А.В. Организация обслуживания в гостиницах и туристких комплексах. Уч.пособие. – М.: Альфа – М. 2007г.
2. Чудновсий А.Д. Туризм и гостиничное хозяйство. Уч.пособие. Ассоциация авторв и издателей «Тандем». 2007г.
3. Калашников А.Д. Кафе, бары и рестораны: Организация, практика и техника обслуживания. – М.: Издательство Проспект, 2005г.
4. Азар В.И. – «Экономика и организация туризма». 1983г.
5. Гуляев В.Г. Организация туристической деятельностей, М: 1997г.
6. Папириян – «Экономика туризма».
7. Кабушкин – Менеджмент в туризме.
8. Агамирова Е.В. – «Управление персоналом в туризме и в гостинично-ресторанном бизнесе».
9. Грибалев Н.П., Игнатева И.Г., Бизнес-план, С-ПБ. 1999г.
Жарияланған-2014-10-28 22:19:51 Қаралды-6197
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Қазақстан тарихы
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Тіл ғылымы, Филология
- Философия
- Физика, Химия
- Кітапханалық іс
- Спорт
- Автоматтандыру
- Аудит
- Ауыл шаруашылығы
- Биотехнология
- Бухгалтерлік есеп
- Журналистика
- Кедендік іс
- Құқық, Қоғам, Криминалистика
- Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару, Метрология және стандарттау
- Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
- Туризм
- Халықаралық қатынастар
- Экономика, макроэкономика, микроэкономика
- Жаратылыстану
- Медицина