UF

 

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе 1

І-тарау. ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕП ИНФОРМАТИКА КУРСЫН ОҚЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІ 3

1.1 5-8-сынып  информатика курсын оқытудың мазмұны. 3

1.2 5-8-сынып информатика сабағында қолданылатын жаңа технологиялардың түрлері 6

ІІ-тарау.  7-СЫНЫП ИНФОРМАТИКА КУРСЫН ОҚЫТУДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ 32

2.1  7 сынып информатика курсында  «Windows операциялық жүйесі»  тақырыбын оқытуда жаңа технологияларды пайдалану әдісі 32

2.2. 7-сынып информатика курсының «Графикалық редактор Paint: Үзінділерге амалдар қолдану» тақырыбын оқытуда жаңа технологияларды пайдалану әдістемесі 39

Қорытынды. 43

Пайдаланылған әдебиеттер 44

Кіріспе

 

5-8-сыныптарда информатиканы оқытуда жаңа технологияларды тиімді пайдалану бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр. Өйткені, информацияның қарқындап өсуі мен техниканың соңғы жетістіктері, информатика ғылымның үздіксіз дамуы мен оның жаңа салаларының пайда болуы 5-8-сыныптарда информатиканы оқытуда жаңа технологияларды пайдаланып, сабақ өту әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруды қажет етеді.  Мұнда оқытудың жаңа технологилары мен әдістері, озат педагогикалық іс-тәжірибелерді сабақта тиімді қолдана білу тәсілдері қарастырылады және ол үнемі жаңару, жетілдіру жағдайында жүзеге асырылады. 5-8-сынып информатика курсында жаңа технологияларды пайдалану  мәселесiне  Е.Сарманов, Н.Ермеков сынды әдіскерлердің, Е.Ы.Бидайбеков, Ж.А.Қараев және т.б. педагогтардың еңбектерi арналған.

Ал А.Жанпейісова, Д.Давыдов және т.б.  зерттеулерiнде 5-8-сынып информатика курсында жаңа технологияларды пайдаланудың жаңа педагогикалық аспектiлерi қарастырылып, оны қолданудың дидактикалық және педагогикалық шарттары анықталған. 5-8-сынып информатика курсында жаңа технологияларды пайдаланудың тигізер әсерiнiң психологиялық-педагогикалық негiзi В.М.Монахов, А.Бұзаубақованың және т.б. ғалымдардың еңбектерiнде зерттелiнсе,  5-8-сынып информатика курсында жаңа технологияларды пайдалану  әдiстемесi А.Әмірбеков, А.Ибашова және т.б. әдіскерлердің оқу-әдістемелік құралдары мен оқулықтарында, монографиялары мен ғылыми еңбектерiнде келтiрiлген. Бұл жағдай елiмiзде бiлiмнiң жаңа ақпараттық парадигмасының қалыптасқанын көрсетсе керек.

Келтiрiлген еңбектер, оның iшiнде 5-8-сынып информатика курсында жаңа технологияларды пайдалану әдiстемесi бойынша бiршама жұмыстардың атқарылып отырғандығын көрсетедi. Бұл саладағы еңбектердi

талдау нәтижесiнде 5-8-сынып информатика курсында жаңа технологияларды пайдалану - оқушылардың оқу iс-әрекеттерiн өзбетiнше орындауы жүзеге асатын оқып-үйрену процестерi толық қарастырылмаған. 5-8-сынып информатика курсында жаңа технологияларды пайдалану әлi күнге бiр жүйеге келтiрiлмегендiктен, оның ғылыми тұрғыдағы әдiстемелiк нұсқауларын құрастыру және оқытуға бағытталған бағдарламалық жабдықтың жеткiлiксiздiгi байқалып отыр. Бiз бар зерттеулерге сүйене отырып, дидактикалық тұрғыдан негiзделген оқыту және оқушының  оқу iс-әрекеттерiн ұйымдастыру жұмыстарын 5-8-сынып информатика курсында жаңа технологияларды пайдалану әдістемесін ұсынамыз. Алайда, бұл мүмкiндiктiң бар болуы, бiрақ 5-8-сынып информатика курсында жаңа технологияларды пайдаланудың жеткiлiктi дәрежеде қолданыс таппай отырғандығы, оның дидактикалық және әдiстемелiк жағынан қамтамасыз етiлмеуi арасында қарама-қайшылық пайда болуда. 5-8-сынып информатика курсында жаңа технологияларды пайдалану осы қарама-қайшылықты жою қажеттігін, әрі дипломдық жұмыс тақырыбының көкейкестiлiгiн анықтайды.

Зерттеудің мақсаты: 5-8-сынып информатика курсында жаңа технологияларды пайдаланып оқыту әдістемесін құрастыру, оны қолдану тиімділігін теориялық-практикалық тұрғыда негіздеу.

Зерттеу нысаны: орта мектептердегі  информатика курсын оқыту процесi.

Дипломдық жұмыстың құрылымы мен мазмұны. Дипломдық жұмыс кiрiспеден, екi тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен және қосымшалардан тұрады.

 

 

 

 

І-тарау. ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕП ИНФОРМАТИКА КУРСЫН ОҚЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІ

1.1 5-8-сынып  информатика курсын оқытудың мазмұны

 

Жалпы білім беретін орта мектептерде 5-8-сынып  информатика курсын оқытудың  негізгі түрі – сабақ. Мектепте сабақ сынып – сабақ жүйесі бойынша жүргізіледі. Бұл жүйе чех педагогы Я.А. Коменскийдің (1592-1670) еңбектерінен бастау алады. Оның белгілеріне: 1) оқу топтарының тұрақты құрылымы; 2) әр сыныптың оқу мазмұны; 3) оқу сабақтарының бекітілген кестесі; 4) жеке немесе ұжымдық оқыту; 5) мұғалімнің жетекшілік және ұйымдастырушылық ролі; 6) оқушы білімін жүйелі тексеру және бағалау жатады [1].

Бүгінгі күні сабақ – білім беру мен оқушы іс - әрекетін ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде бірнеше қасиеттерімен ерекшеленеді. Олардың бірі – сабақтың құндылығы. Сабақтың құндылығы оқушыларға білім берудің, тәрбиелеудің және дамытудың ұйымдастырушылық формасы болуымен қатар, мұғалім мен оқушы іс - әрекетін біріктіруге мүмкіндік береді.

Кез – келген сабақ оқытудың дидактикалық міндеттерін шешуіне, оқыту әдістеріне, оқу материалының мазмұнына, оқушылардың іс - әрекетін басқару түрлеріне қарай ұйымдастырылады. Мысалы, бастауыш сыныптарда оқушылардың іс - әрекетін түрлендірііп, ауыстырып отырған тиімді болса, жоғары сыныптарда керісінше, іс - әрекеттің жүйелілігі, олардың қайталау мақсатында ұйымдастырылғаны дұрыс. Бұл оқу сапасына әсер етеді.

Оқу сапасы оқытудың түрлі әдістерін байланыстырып, оларды сабақта тиімді қолдануда көрінеді. Сабақта тиімді әдістерді дұрыс қолдану оқушылардың ақыл – ойының дамуына, шығармашылық ойлауына бағыт береді.

5-8-сынып  информатика курсын оқыту әдістерін қолдануда, а) оқу материалының мазмұны; ә) оқытудың дидактикалық мақсаты; б) оқушылардың білім деңгейі; в) мұғалімнің шеберлігі сияқты психологиялық-педагогикалық факторлар ескеріледі. Аталған факторлар оқыту әдістерін тиімділігіне таңдап алу мен оны іс жүзінде қолданудың ғылыми – теориялық негізін қалайды.

Осы орайда Л.Н. Толстойдың «... мұғалімнің өзі неғұрлым көп оқитын болса, әр сабақта жан – жақты ойластырса және оны оқушының шама – шарқымен салыстыратын болса, оқушының ой - өрісін көбірек қадағалайтын болса, жауаптар мен сұрақтар беруге көбірек шақыратын болса, онда оқушыға оқу соғұрлым жеңіл соғады» - деген пікірі әлі де мәнін жоймағаны байқалы.

Сабақтың басты белгісі – мұғалімнің анықталған мақсаты. Осы бағыттағы зерттеулер сүйене отырып, қазіргі сабақтың кезеңдерін:

  • жаңа материалды оқып үйрену (әңгіме – сабақ, дәріс – сабақ, компьютерлік – сабақ, кино – сабақ);
  • Біліммен іскерлікті жетілдіру сабағы (практикалық – сабақ, лабораториялық – сабақ, семинар – сабақ, өзіндік жұмыстар);
  • Білімді қорыту және жүйелеу сабағы (әңгіме – сабақ, семинар – сабақ);
  • Аралас сабақ (барлық сабақтардың функциялары қолданылатын сабақ);
  • Бақылау сабағы (бақылау жұмысы,  сынақ, емтихан, өзара бақылау, өзін -өзі бақылау), т.б.

Мұғалім оқушының оқу танымдық іс-әрекетін басқаратынына белгілі. Сондықтан 5-8-сынып  информатика курсын оқытуда сабақты жоспарлаған кезде оқу материалының мазмұнын толық қамту, мақсатқа жету мүмкіндіктерін есепке алу ескерілу керек. Осы орайда, белгілі педагог К. Д. Ушинскийдің «...сабақ әдеттегідей басталады: үш, төрт оқушыдан сабақ сұраймыз, оған сабақ уақытының жартысынан көбі кетеді... . Бір оқушы есеп шығарады, басқа отыз немесе қырық оқушы уақытын босқа өткізеді. Мұндай әдіс кейбір «бақытты» оқушының уақытты ойсыз, шұғылданыссыз, тек мектеп тәртібі талап ететін санасыз бос қараспен өткізуіне тура келеді» деген пікірі ойға оралады.  

Бұдан кейін 5-8-сынып  информатика курсын оқытуда  сабақ жоспарын жасау кезінде сабақтың кезеңдерімен оның дидактикалық құрылымының  және сабақтың мақсаты мен оқыту әдістерінің арасындағы байланыстар міндетті түрде ескеріледі.

5-8-сынып  информатика курсын оқытуда  сабақ жоспары – мұғалім үшін міндеті құжаттардың бірі. Оны жасап, сабақ өтуге даярлану мұғалімнен шығармашылық жұмысты талап етеді. Себебі, шығармашылықсыз мұғалімнің шеберлігі  де  болмайды. Олай болса мұғалім сабақты жоспарлағанда, оны жоғарыда аталған дидактикалық мақсаттарына сәйкес тиімді ұйымдастыруды ойластыруы қажет. Қазіргі кезде 5-8-сынып  информатика курсын оқытуда  сабақ дәстүрлі сабақ ретінде түсіндіру, көрсету, баяндау әдістерімен танылады. Сонымен бірге, 5-8-сынып  информатика курсын оқытуда жаңа технологиялар қолданылады.    

5-8-сыныптарда информатика пәнін  оқытуда жаңа технологияларды тиімді пайдалануда  мақсатқа жетуге бағытталған әрекет тәсілдері әдіс ретінде  анықталады. Информатиканы оқыту әдістерін мұғалім мен оқушының оқып – үйрену кезіндегі әрекет айырмашылығына қарай екі түрге бөлуге болады: 1) оқыту әдістері (мұғалім әрекеті) – оқушының әрекеті мен информацияны басқару әдістері; 2) оқу әдістері (оқушы әрекеті) – оқушының оқу материалын танып білу әдістері. Көбінесе екінші топтағы әдістерге баса көңіл бөлінеді. Себебі, бұл әдістер арқылы оқу процесінің мақсаты болып табылатын оқу материалын игеру қамтамасыз етіледі [2].

5-8-сыныптарда информатика пәнін  оқытуда жаңа технологияларды тиімді пайдалану әдістері оқушылардың өздерінің информатика жөнінде белсенді, дербес тану әрекетін іске асыруына бағытталған. Олар ғылыми әдістер және оқу әдістері болып екіге бөлінеді. Біріншісі, информатиканы ғылым ретінде зерттеп білу құралы. Екіншісі, орта мектеп информатикасын оқытуды жетілдіру үшін арнайы жасалған әдістер. Мысалы, эвристикалық әдісі, модельдеу арқылы үйрену әдісі, программалық оқыту әдісі.

Оқушының компьютерде жұмыс істеу барысында мұғаліммен тәуелсіз болуы, өз бетінше білім алуы ешқашан аяқталмайтын құбылыс және ол информатика курсының мақсаттары енеді. Информатикада оқушының танымдық басқару функциясы айқын көрінеді. Копмьютерде жұмыс істеп отырған оқушы өзіне жеке мақсат қойып, өзбетінше жұмыс істейді. Мұғалім оқушыға жағдай жасап, оның әрекетін басқару мақсатында жұмыс жүргізіледі.

5-8-сыныптарда информатика пәнін  оқытуда жаңа технологияларды тиімді пайдалану әдістері мен осы белгілерінің оқыту мазмұнына үйлесімділігі әлі де зерттелуде. Шындығында, барлық оқыту әдістерін үйлесімді қарастыру мүмкін емес. Сондықтан, оқытудың әрбір әдістеріне тән белгілер мен олардың информатиканы оқытудағы маңызды түрлері қарастырылады.

 

1.2 5-8-сынып информатика сабағында қолданылатын жаңа технологиялардың түрлері

 Көп жылғы 5-8-сынып информатика сабағын өту тәжірибесінен оқушылардың білім сапасы  «ескі», әдеттегі тәсілдермен артпайтындығы белгілі болды. Білм беруде неғұрлым жоғары нәтижелерге жету үшін оқытудың пайдалы әсер коэффиценті төмен ескі әдіс тәсілдерін тиймділігі жоғары жаңа технологиялармен алмастыру қажеттігі туып отыр.

Қазақстан Республикасында білім беруді 2005-2010 жыл-дар аралығында дамыту туралы мемлекеттік бағдарламасының «Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері» атты бесінші тарауда білім беру мазмұнын білім үстемдігі деңгейінен нәтижеге бағытталған біліктілік деңгейіне көтерудің маңыздылығына ерекше назар аударылады [3].

Нәтижеге бағытталған оқыту - бұл аяқтаушы нәтижелер (біліктіліктер). Аяқтаушы немесе соңғы нәтижелер мектептен және жоғарғы оқу орнын бітіргеннен кейінгі өмір үшін маңызды білім, шеберліктер және бағдарларды білдіреді. Олардың шартты түрде жүйелеп көрсек, төмендегідей біліктіліктер тізімін құра аламыз:

-      қарым-қатынасқа түсе алу қабілеттіліктері (оқу, жазу, сөйлей алу, тыңдай алу - және санай алу дағдылары);

-      әлеуметтік қарым-қатынастарға бейімділік;

-      талдау жасай алу қабілеттері;

-      проблемаларды шеше алу;

-      кұндылықтар туралы өзіндік пікір білдіріп шешім шығара білу дағдылары;

-      шығармашылық шеберліктерді  игеру және  өзгелердің шығармашылығын қабылдай білу дағдылары;

-      азаматтық жауапкершілік;

-      қоршаған әлем өміріне жауапкершілікпен араласу;

-      рухани, заттық құндылықтарды жасай алу және сақтай білу дағдылары;

-      ілімнің құралы ретіндегі технологияларды қолдана алу дағдылары;

-      өмірі мен карьерасын жоспарлай алу дағдылары.

Нәтижеге бағытталған білім беру моделі тұлғаның әлеуметтену процесіне қоғамды, түрлі қауымдастыктарды тартуды қарастырады. Осы мақсатта аталған проблемамен айналысатын кәсіби қауымдастықгар арасында өзара күш біріктіру үшін қарым-қатынастар орнатып, білім берудің мақсаттары мен нәтижелері турасындағы талқыға бүкіл қоғамды қатыстыру жұмыстары жүргізілуде.

Өткен жылдардың ғылыми зерттеулерінің нәтижелері, сондай-ақ, дүниежүзілік практикадағы білім беру дамуының бағыттарынталдау - білім оеру саласьшың ашық жүйе ретіндегі дамуының қажеттілігін айқындайтын бірнеше әдістемелік бағдарларды бөліп қарастыруға мүмкіндік береді:

•      өзін-өзі танып білу мен өз мүмкіндіктерін іске асыру жолындағы білім алудың жеке тұлғалық мәнін күшейту (үзбей білім алу);

•      білім берудің құндылық мәнін, оның рухани-адамгершілік маңызын көтеру (білім берудщ бейбітшілік пен келі-сім үшін қызмет етуі);

•      білім беру ісінің оқушының тұлғасын ұлттық құндылықтарды игеруші және тасымалдаушы ретінде қалыптастыру тұрғысындағы ролін күшейту (білім беру прогресстің факторы ретінде);

•      білім беру мазмұнында әлемнің тұтастығы мен адамның оның бір бөлігі екендігі туралы туралы ұғымды қалпына келтіру (өмір мен еңбек үшін білім алу);

•      оқушыларды табиғи әлемді сақтауға және аймақтық және жаһандық көлемдегі экологиялық проблемаларды болдырмауға күш салуға бағыттау (білім беру - ғаламдық ойлауды қалыптастырудың құралы және шарты ретінде);

•      барлық адамдар үшін сапалы білім алуға және оган жету жолында тең мүмкіндіктермен қамтамасыз етуге жағдайлар жасау (барлық адамдардың тең білім алуы);

•      білім беру үрдісіне бүкіл қоғамды тарту және білім берудің сапасын жақсартуда әлеуметтік тең қарым-қатынастар орнату (білім беру ісі ашық жүйе ретінде) [4].

Осы тұрғыдан алғанда, білім беру ісіне ашық жүйе түріне көшуге мүмкіндік беретін алдын-алу шаралары қажет. Бұл мәселе екі жақты қарастырылуы тиіс. Бірінші міндет білім берудің тактикалық және стратегиялық міндеттерін шешу ісіне бүкіл қоғамды жұмылдыру, екіншісі  білім беру ісіне қатысушы жақтардың бір-бірі алдындағы өзара міндеттерін айқындауы.

Бірінші міндетке сәйкес, нәтижеге бағытталған мектептік білім беруді дамыту аясында бүкіл қоғам білім берудің ұлттық деңгейдегі мақсаттары тәрізді стратегиялық міндеттерді айқындау ісіне тартылуы тиіс. Білім берудің аталған жаңа моделін енгізу жағдайында ұлттық деңгейдегі мақсаттар болашақ нәтижелер, яғни, түлектердің өзінің азамат, тұлға ретіндегі әлеуметтік ролдерін орындауға деген дайындығын сипаттайтын базалық біліктіліктер түрінде қалыптасуы тиіс. Бұл мәселені шешуде бүкілхалықтық кеңінен талқылау жұмысы қажет. Сонымен бірге, күтілетін нәтижелердің көпдеңгейлік жүйесін жасақтауда білім беру саласының барлық сатыларын (мектепке дейінгі, бастауыш және орта кәсіби, жоғары білім беру) қамту өте маңызды. Мәселенің бұл тұрғыдан шешілуінің мәні - кәсіби қауымның өзара келісуі қорытындысында қабылданған болашақ нәтижелердің көпдеңгейлі жүйесі бүкіл білім беру процесіне қатысушыларға белгіленген мақсаттарға жетуде бағыт-бағдар ретінде қызмет ететіндігінде.

Білім беру саласы, ашық жүйе ретінде қатысушы жақтардың мақсат-міндеттерді жауапкершіліктерді өзара бөлісу негізінде құруын қарастырады. Нәтижеге бағытталған білім беру моделін іске асыру жұмысын ертерек бастап кеткен шет елдердің тәжірибесіне талдау жасау - бұл жауапкершіліктерді төмендегіше бөліп көрсетуге мүмкіндік береді:

•      оқушы өмірде және қоғамда конструктивті роль атқару үшін болашақ нәтижелерге ұмтылуға міндетті;

•      оқытушы оқу ісін ұйымдастыру шарты ретінде оқу процесін шығармашылқ тұрғыда ұйымдастыруға міндетті;

•      ата-ана өз баласның қажетті дәрежеде білім алуына жағдай жасауға міндетті;

•      мектеп әрбір оқушының өз даму траекториясын құруына жағдай жасауға міндетті.

•      мемлекеттік органдар әлемдік білім беру кеңістігіндегі ағымдарды ескере отырып білім беру жүйесінің сапасы мен оқушылардың жетістіктеріне ұлттық мониторинг жасаудың негіздерін айқындауға міндетті;

•      қоғам күтілетін нәтижелердің жетілдірілуіне, білім беру жүйесі жетістіктерінің ашық түрде жарияланып отыруына жауапты.

Демек, болашақ педагогтар болсын, информатика мұғалімдері болсын қазіргі заман педагогикалық технологияларының пайдалану принциптерін, әдіс-тәсілдерін жетік білулері тиіс.

 «Технология» ұғымы соңғы кездері педагогикалық әдебиеттегі ең көп қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Технология ұғымының дидактикалық ұғымдармен байланысы саналуан: оқытудың технологиясы, педагогикалық технология, білім беру технологиясы, тәрбие технологиясы, қарым - қатынас технологиясы, даму технологиясы, қалыптасу технологиясы, модульдік технология, топтық оқыту технологиясы т.б. Бұл технологиялардың қайсы түрі болмасын анықтаманы қажет етеді. Сондықтан да әрбір автор «технология дегеніміз не?» - деген сұраққа немесе тех-нологиямен байланысты жеке ұғымға өз анықтамасын беруге тырысады. Нәтижеде, дәл қазіргі кезде білім беру жүйесінде жүріп жатырған процестердің технологиясын түсіндіретін жалпы анықтама жоқ.

Білім беру жүйесі - басқару органдарынан, түрлі типтегі және деңгейдегі білім беру мекемелерінен, жүйенің жұмыс істеуі және дамуын қамтамасыз ететін қаржы қорлары мен материалдық объектілерден, ғылыми орталықтардан тұратын күрделі құрылым болып табылады. Технологиялық тәсіл білім беру жүйесінің кез - келген саласында (басқару, білім беру, қаржыландыру, мониторинг т.б.) қолданылуы мүмкін. Сондықтан, «білім беру технологиясы» деген сөз тіркесін бірыңғай түсіндіру мүмкін емес. Көптеген авторлар бұл жағдайды интуиция деңгейінде түсінеді де, бұл ұғымды тек қана оқытушы мен оқушы арасындағы арнайы ұйымдастырылған процестерге ғана қатысты қолданады. Егер бұл процесті оқыту процесі деп атайтын болсақ, онда оған технологияның осы салаға арналған жиынтығы жатады. Біздің қарастыратынымыз да технологияның осы түрі [5].

 «Технология» ұғымы грек тілінен енген екі сөзден тұрады: «техно» - өнер, шеберлік және «логос» - білім, оқу, ғылым деген мағыналарды білдіреді. Сондықтан, «технология» терминін қазақ тіліне «өнер туралы ғылым» немесе «шеберлік туралы ғылым» деп аударуға болады. Бұған пәндік саланы сипаттайтын терминді қосамыз да кез - келген нақты технологияның мәнін айқындаймыз.

Технологияның анықтамалары түсіндірме сөздікте былай берілген:

1.     Өндірістің белгілі бір саласындағы өндірістік операциялардың, әдістер мен үрдістердің жиынтығы, сондай-ақ белгілі бір істе немесе шеберлікте қолданылатын тәсілдер.

2.     Белгілі бір өндірістік процесті іске асырудың әдістері, материалдар мен бұйымдарды өңдеудің әдіс - тәсілдері туралы білімдер жиынтығы.

Осы анықтамалардан көрініп тұрғанындай, көпшіліктің санасында технология термині өндіріспен тығыз байланыста қарастырыл ады.

Ал педагогикалық технология дегеніміз не? Бұл сұраққа нақты жауап беру үшін педагогикалық технологияга берілген бірнеше анықгамаларды карастырып көрелік:

Технология дегеніміз - белгілі бір процестерді жүзеге асыру әдістері жайындағы білімдердің жиынтығы.

Технология дегеніміз-оқу процесін жандандыру мақсатында ұйымдастырылған, белгілі бір мақсатқа жұмылдырылған, алдын ала ойластырылған ықпал мен әсер.

Технология дегеніміз - оқу процесін ойдағыдай жүзеге асырудың мазмұнды техникасы.

Технология дегеніміз - білім алудың жоспарланған нәтиже-лерге жету процесінің сипаттамасы.

Технология дегеніміз - тәжірибе жүзінде орындалатын белгілі бір педагогикалық жүйесінің жобасы.

ЮНЕСКО-ның бір құжатында педагогикалық технологияға мынандай анықгама берілген. Педагогикалық технология дегеніміз -бүкіл оқу процесін бағалаудың жүйелі әдісі және білімді адамдық және техникалық ресурстарды ескере отырып игеру және білім берудің ең тиімді әдістеріне жету мақсатындағы олардың өзара ынтымақтастыты.

Соңғы жылдары біздер отандық білім беру кеңістігінің барған сайын жаһандана түсу процесінің куәгері болып отырмыз. Ал бұл процестің, шын мәнісінде, оны орындаушыларды күтпеген тосын жағдайларға тап қылатын өте күрделі процесс екендігі дау тудырмаса керек. Оку орындарының білім беру стандарттары жағдайына көшуі, яғни стандарттау процесі өкінішке орай, қажетті әдістемелік дайындықсыз, педагогикалық технологияның рөлі мен қызметін толық түсінбеушілік жағдайында басталды.

Орын алған дәл осындай келеңсіз жағдайдың нәтижесінде кейбір оқытушылар педагогикалық білімдердің дәл осы саласындағы өзгерістерге дайын болмай шықты, сөйтіп олар әдістеме мен технология арасындағы айырмашылықтарды сезіне де алмай қалды. Егер әдістемені көп жағдайларда оқу процесін ұйымдастырып және өткізуге байланысты ұсыныстардың жиынтығы деп қарастыратын болсак, онда педагогикалық технологияның бойынан екі принципиальдық сәтті аңғаруға болады: 1) технология - ол түпкілікті нәтиженің кепілдемесі; 2) технология - ол болашақ оқу процесінің жобасы. Демек, педагогикалық технология - бір ретке келтірілген білім беру шараларының жүйесі болып табылады. Біздің ойымызша, оның мүлтіксіз орындалуы белгілі бір жоспарланған нәтижеге жетуді қамтамасыз ете алады. Ал біздің тақырыбымыздың аясы тұрғысынан қарастырғанда, бұл - мемлекеттік білім беру стандарты болып табылады.

Сонымен, педагогикалық технология дегеніміз - ұстаздың кәсіби қызметін жан-жақты қамтамасыз ететін және жоспардағы басты міндетті орындаудың басты кепілі бола алатын технологиялық іс шаралар жиьнтығы [6].

АҚШ пен Батыс Европада XX ғасырдың екінші жартысынан бастап оқу процесінің технологиясын жасау бағытындағы ізденістер белсенді түрде жүргізіле бастады. 1940-50- жылдары оқыту үрдісіне техникалық құралдардың енуіне байланысты «білім берудің технологиясы» термині кеңінен қолданыла бастады. Кейінірек, 50-60-шы жылдары түрлі техникалық құралдарды қолдану әдістері жөніндегі еңбектердің ыкпалымен «педагогикалық технология» деп атала бастады. 60-шы жыдардың ортасында технологиялық әдіс шет елдерде баспасөз беттерінде және халықаралық конференцияларда кеңінен талқылана бастады. Бұл істе негізгі екі бағыт көзге түсті. Біріншісі, бұрынғыша технологиялық әдісті техникалық құралдарды қолданумен байланыстырса, екіншісінің көлемінде оқу процесінің өзін ұйымдастырудағы технологиялық әдістер дами бастады да «оқытуцың технологиясы» деген термин пайда болды.

Сондықтан, бұдан әрі қарай «білім беру технологиясы» ұгымын - мұғалімдер мен оқушылардың білім берудің жоспарланған мақсаттарына бағытталып арнайы ұйымдастырылған өзара қарым - қатынас процесі технологиясы ретінде қолданамыз.

Білім берудің технологиясына - оқытудың техникалық құралдары, білім беруде қолданылатын ақпараттық технологиялар, қашықтан оқыту да жатады. Әрбір нақты жағдайда білім беру технологиясының белгілі бір түрі туралы сөз болады, сондықтан, оларды жеке қарастырған кезде түрлік ерекшелігін атап көрсетуге тиіспіз. Бұл ережеден тыс тұрған тек «педагогикалық технология» ұғымы ғана. Бұл бұрын оқу үрдісінің «педагогикалық үрдіс» деп аталуына байланысты. Кей жағдайда бұл екі ұғымды синоним ретінде қолдануға болар еді. Бірақ, әлемдік терминологияның бірегейленуіне байланысты «білім беру технологиясы» ұғымына тоқталуға тиіспіз.

Сырт көзге оқу ұрдісіндегі әдістемелік және технологиялық әдіс-тәсілдерде қарама-қайшылық жоқ. Себебі, «оқытудың әдістемесі» ұғымы «білім беру технологиясы» ұғымынан әлдеқайда кең.

Әдетте, әдістеменің пәні - білім берудің мақсатын, мазмұнын, оқу үрдісін ұйымдастырудың әдістерін, түрлерін, құралдары мен тәсілдерін қамтитын әдістемелік жүйе деп саналады. Дәлірек айтсақ, әдістеме негізгі үш сұраққа жауап беруге тырысады: не үшін, неге және қалай оқыту керек? Ал, технолог болса, мақсат белгілі болып, оған жетудің нақты іс-әрекетін, жолдарын анықтауға келген кезде ғана іске кіріседі. Сондықтан, технология, негізінен, триаданың үшінші сұрағына ғана жауап береді.

Схема түрінде бұл жағдай төмендегіше сипатталар еді:

Бір қарағанда, технологиялық әдіс жеке әдістемелер ішінде де дами алар еді деген ой туады. Бірақ, әдістемелік және технологиялық амалдардың мақсаттық ұстанымдары әртүрлі.

Әдістеме мен технологияда қолданылатын оқу процесін сипат-таитын  тілдік  құрал  (терминология)да әртүрлі. Нәтижеде, көптеген тамаша әдістемелік жүйелер (В.Ф.Шаталов, В.К.Дьяченко т.б.) іске асырылар деңгейге келген кезде қиындықтарға жолықты. Себебі, жаңа жағдайда жүйені жұмыс жасатуда алынған сипаттамалар жеткіліксіз болып отырды.

А.Кушнир: «Технология әдістемеден өзінің нәтижелерінің тұрақтылығымен, тез қайта қалпына келетіндігімен, көптеген «егерлердің» жоқтығымен (егер оқушылар талантты болса; егер оқытушы талантты болса; егер мектеп бай болса... т.б.) ерекшеленеді. Әдістеменің тәжірибені қорытындылаудан білімді үйренудің жаңа әдістері ойлап табылғанда ғана дүниеге келетіні үйреншікті жағдай. Технология болса, ықтимал нәтиже емес, берілген бастапқы нақтылы жағдайларға байланысты жобаланады.

Технология ұғымы тар мағынада - бір нақты объектінің технологиясы ретінде, және кең мағынада - ғылым саласы ретінде қарастырылады. Егер, технологияны педагогикалықғылымдарға қатысты алсақ, онда тікелей дидактиканы қарастырамыз:

1.      Дәстүрлі дидактика - әдістемелік тәсілдерді жинақтауға бағытталған оқытудың теориясын және сондай-ақ, оқушылардың оқу қызметі барысында дағды, білік, білімдерін игеру үрдісін оңтайландыра түсетін оқытудың ұйымдастырылған түрлері мен әдістерін жасауды өзінің басты мақсаты ретінде қояды.

2.      Әдетте, дидактиканың пәні - білім берудің мазмұны және оқыту үрдісін ұйымдастыру деп қысқаша көрсетіледі. Толығырақ дидактиканың пәнін былай сипаттауға болады: бұл - оқытудың мақсаттары, мазмұны, заңдылықтары, әдістері және принциптері.

3.      Дидактиканың міндеттері: а) оқыту үрдісін суреттеп түсіндіре отырып оны іске асыру жолдарын көрсету; б) оқыту үрдісін ұйымдастырудың неғұрлым жетілдірілген модельдерін, жаңа оқыту жүйелері мен технологияларын жасау, ұсыну.

Білім берудің технологиясы педагогикалық пән ретінде дидактикадан кейінгі орынды алады. Оқытудың технологиясын - қолданбалы дидактика десе де болады. Бір сөзбен айтқанда, оқытудың технологиясы - оқыту іс - әрекетінің әдіс - тәсілдері мен құралдарын ұйымдастыру және қолдану теориясы.

Сонымен, технологиялық әдіс дидактикалық немесе жеке әдістемелік әдістерден туындамайды, оқу үрдісін зерттеудің дербес бағыты болып табылады екен.

Технология оқу процесімен  оқытушы мен оқушының іс -әрекеттерімен, яғни, құрылымы, құралдары, әдістері және түрлерімен тығыз байланысты. Сондықтан, педагогикалық технологияның құрылымына:

а) концептуалдық негізі;

ә) оқытудың мазмұндық бөлігі:

•  оқытудың мақсаттары: жалпы және нақты;

•  оқу материалының мазмұны;

б) процессуалдық бөлігі немесе технологиялық үрдіс:

•  оқу үрдісін ұйымдастыру;

•  оқушылардың оқу іс-әрекетінің әдістері мен формалары;

•  оқытушының жұмысының әдістері мен формалары;

оқушылардың   оку   материалын   игеруін   басқарудағы оқытушының іс-әрекеті;

•оқу үрдісін диагностикалау жатады. Технологияның анықтаушы критерийлері:

•      Концептуалдылық. Әрбір педагогикалық технология оқу мақсаттарына жетудің философиялық, психологиялық, дидактикалық және әлеуметтік - педагогикалық негіздері белгіленген нақты ғылыми концепцияга сүйенуі кажет.

•      Жүйелілік. Педагогикалық технология әрбір бөлігі өзара тығыз байланыста болатын үрдістің тұтастық логикасымен қамтамасыз етілуі тиіс.

•      Технология басқарылуы тиіс, яғни, мақсат қою, жоспарлар құру, оқу үрдісін жобалау, әрбір этапқа сай диагностика, нәтижелерді түзету мүмкіндігін беретін әдіс - тәсілдердің көп варианттылығы.

•      Тиімділік. Қазіргі заманғы технологиялар нәтижелілігі жағынан да, оған кететін шығындар жағынан да тиімді болып, белгілі бір оқыту стандарттарына жетуге кепілдік бере алуы қажет.

•      Технологияның қайта қалпына келтірілуі. Бұл критерий белгілі бір технологияның басқа мекемеде, басқа субъектілермен жүргізіле алуы мүмкіндігін меңзейді.

Деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясын оқу процесіне енгізуді пән бойынша күнтізбе жоспарын жаңаша құрудан бастайды. Ол үшін дәстүрлі оқытудағы екі бақылау жұмысының арасында өтетін оқу материалын Модуль деп қарастырып (ол тарау болуы мүмкін) оның құрылымы анықталады:

1-сабақ: §1

2-сабақ. §2

п- сабақ: §п

(n+1) -сабақ: (§1-§#) бойынша 3 деңгейлік қорытынды өздік жұмыс

(n+2) -сабақ: Өздік жұмыстан шыққан қатерлерді түзету сабағы

(n+3) -сабақ: Модуль бойынша Бақылау жұмысы

Модульдің дәстүрлі оқытудағы тараудан негізгі айырмашылығы әр бақылау жұмысының алдында оған дайындық екі сабақ өтіледі. Бірніші (n+1)  - сабақта оқушылардың модуль бойынша түсінбей қалған кемшіліктерін анықтап, оларды екінші (n+2) -сабақта жою мақсаты көзделген. Әр тоқсанның және жылдың соңында алынатын бақылау жұмыстарының да алдын-да осындай екі дайындық сабақтары өтеді.Бұл жағдайда: модульдік бақылау жұмыстарынан - тоқсандық, төрт тоқсандық бақылау жұмыстарынан жылдық бақылау жұмыстары құрылады. «Қосымша» сағаттарды ұқсас материалдарды блокқа біріктіріп оқыту арқылы үнемдеуге болады. (n+1), (n+2) - сабақтарын біріктіріп бір 45 минутта өткізсе де болады.

Әр параграфтың мазмұнын (45 минут немесе 90 минутқа арналуы мүмкін) технологияның талабы бойынша меңгертуді ұйымдастыру үшін оның үш кезеңі анықталған.

Жаңаша оқытудың негізгі түрлері болып, оқытудың дербес және топтық түрлері табылады. Оқытудың бұл түрлеріндегі ең бастысы - оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйене отырып, өз беделі мен қадір-қасиет сезімін дамыту. Оқытудың фронтальды түрі, көбінесе, бағыт беру, талқылау және түзету енгізуде ғана пайдаланылады [7].

Жаңа технологияның жаңа мақсаты бойынша «оқытуды ізгілендіру» қажет деп отырмыз ғой. Ол - оқыту кұраладарына деген көзқарасты да өзгертуді талап етеді. Бұл өзгерістер бойынша оқу құралдары оқушылардың өздігімен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай кұралдар болуы керек. Бұрынғы дәстүрлі оқулықтар мұндай талапты қанағаттандыра алмайды, сондықтан оқушылардың өз бетімен білім алуына аса бейімделген жаңа типтегі оқулықтар қажет. Ол оқулықтардың қандай болу керек екендігі төменде айтылады. Осы жерде компьютерлік техниканың да функционалдық мүмкіндіктерінің мол екендігі төменде айтылады. Осы жерде компьютерлік техниканың да функционалдық мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету қажет, себебі компьютерлік техника  оқушыға, ол ізденіс және зерттеу жұмыстарын жүргізе алатындай, оқытушы орта құруына мүмкіндік береді. Бұл жерде оқу мазмұны мен жаңа мақсат талап ететін жаңа оқулықтарда  оқу материалдарының мазмұны жаңаша баяндалуы қажет.

Оқытудың басты мақсаты өздігімен білім алып дами алатын жеке тұлғаны қаыптастыру болғандықтан, оқулықтағы теориялық материалдардың берілу жолы осы мақсатты қанағаттандыра алатындай болып, оқушылардың өз бетімен білім ала алуына бейімделіп кұрылуы керек. Ол бойынша өнер тапқыштық пен жаңалықтар ашуға жетелейтін баланың жаңа қасиеттерін ашуға болады екен. Технологияның тағы бір психологиялық негізі болып табылатын теория  Л.С. Выготскийдің «оқыту процесінде оқытушының ақыл-ойының дамуы «актуальды даму» аймағынан «жақын арадағы даму» аймағына ауысу» туралы теориясы. Бұл ауысу тапсырмаларды қайталап орындауға ғана арналған бірінші деңгейден өнімді іс-әрекет арқылы жүзеге асады. Осындай төрт іс-әрекет деңгейлердің тапсырмаларын басынан бастап бірінен соң бірін орындау арқылы оқушы оқу материалының әр түрлі деңгейіне көтеріледі.

Ресей ғалымы В.П. Беспалько бұл деңгейлерді:

бірінші деңгей - «міндетті, оқушылық»,

екінші - алгоритмдік,

үшінші - эвристикалық және

төртінші - шығармашылық деңгейлердегі қабылдау деп атайды.

Сондықтан да, оқушылардың білім,білік, дағдыларын жетілдіру үшін, деңгейлеп оқытудың жаңа технологиясы бойынша, дифференциалды және дербес деңгейлік принциптерінің талаптарына сәйкес өткізілетін әртүрлі сабақ түрлеріне арналған жаңа түрпаттағы оқулықтар мен оқу құралдары қажет. Бұлар: әңгімелесуші-оқулықтар және оларға қосымша төрт деңгейдегі тапсырмалары берілген жұмыс дәптерлері.

Әңгімелесуші оқулық бойынша (сабақтың 1,2-кезеңдерінде): оқушылар а) жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеріп: анықтама, ережелерін өзі шығарады. Мұндағы тапсырмалар «сұрақ-жауап» диалогы түрінде келтіріледі; б) жаңа меңгерген теориялық білімін үлгі ретінде қарапайым жаттығу мысалдармен бекітеді. Бұл тапсырмалар оқушылардың өздігімен танымдық іс-әрекетін дамытуға бағытталады.

Жұмыс дәптерлеріндегі (3-кезеңде): төрт деңгейлік тапсырмалар оқушылардың жаңа тақырып бойынша алған теориялық білімдерін дамытып, тереңдетуге арналады. Оларды барлық оқушы бірдей бірінші деңгейден бастап орындауға көшеді де, әркім орындап үлгерген тапсырмаларына сәйкес ұпайларын жинайды.

Аталған екі оқу құралының да мазмұндары кейінгі кезде технология бойынша әр пәннен құрастырылып жүрген оқушылардың арнайы оқу құралдарында, әзірге біртұтас беріліп жүр. Деңгейлік тапсырмаларға, мысалы, арнайы пәннен, төмендегідей талаптар қойылады:

Бірінші деңгейдегі тапсырмаларға:

1.      Жаттап алуға лайықталған болуы керек.

2.      Алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өзін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік беруі тиіс.

3.      Тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты болуы керек.

Жалпы техникалық пәндерде мұндай талаптар жаңа тақырыпты игеру соңында шығарған есептерге ұқсас тапсырмалар құру арқылы орындалады және олар оқушының өзі шығарған ереже, анықтама, заңдарын бекітуге арнала-ды. Мұндай тапсырмаларды құрастырған кезде олардың танымдылығы мен қызықтылықжақтарына ерекше көңіл аударған жөн.

Екінші деңгейдегі тапсырмаларға:

1. Өтіп кеткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге бе-
рілген тапсырмалар. Бұлар өзгертілген жағдайлардағы
тапсырмалар, яғни бұрынғы тапсырмаларға ұқсас,
бірақ оларды орындау үшін алғашқы алған білімдерін
түрлендіріп пайдалану қажет болады.

Мұндай іс-әрекетке келтіретін тапсырмалар: мәтінмен берілген кері есептер; кері байланыс функциясын атқаратын тексеру тапсырмалары, т.с.с.

2. Окушылардың ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тап-
сырмалар [8].

Оларда біздің ұлттық ерекшеліктеріміз ескеріліп, танымдық және үйретімділік маңызы болуы қажет болады. Бұлар: логикалык есептер, ребустар мен сөзжұмбақтар.

Үшінші деңгейдегі тапсырмаларға:

Үшінші эвристикалық деңгейдегі тапсырмалар түрлері мыналар:

-      танымдық іздену (эвристикалық) түрдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін (заңдылықтар шығару, анықтамалар, анықтамалар, формулаларды жаттау, т.с.с.) жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс. Эврика! Мұндай жұмыс - анализ бен синтез және салыстыру арқылы негізін анықтау, қорытындылау сияқты ой жұмыстарын қажет етеді. Мұндай есептерді шешу барысында оқушылар жаңа есептерге тап болады да, проблемалық жағдай туындайды. Оны шешу үшін оқушы жаңа әдістер іздеуі керек.

-      әртүрлі әдіс, тәсілдермен шешілетін есептер құрастыру және оны өздігімен шығару, өмірден алынған мәліметтер негізінде диаграмма, графиктер салу, жергілікті жағдайда өлшеу жұмыстарын жүргізу, көрнекі құралдар дайындауға берілетін тапсырмалар. Ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын тапсырмалар.

Төртінші шығармашылық деңгей тапсырмалары:

Оқушылардың жинаған өмірлік тәжірибесі мен қалыптастырған ұғым, түсініктерінің, қиялы мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дәрежеде олардың жеке басының икемділігін байқататын дүние жасап шығуына негізделген (теорема дәлелдеу, заңдылықтарды оқулыққа сүйенбей мұғалімнің көмегінсіз қорытып шығару).

Сонымен, қорытып айтатын болсақ, бұлар 3 кезеңнің бірінші деңгейі үшін - 1,2 кезеңдерде игерілген теориялық материалды пысықтау мен қайталауға, ережелер мен анықтамаларды, формулаларды жаттауға арналған тапсырмалар және олар сынақ арқылы бағаланады.

Жоғары деңгейлер үшін - алған білімдерін өз бетімен қорыту мен жүйелеуге, оларды тереңдетіп дамытуға және тәжірибеде қолдануға арналған тапсырмалар.

Технология бойынша жүргізілетін оқушылардың өз бетімен білім алу процесі «басқаруға ыңғайсыз» - делініп, сыналып жатады. Сондағы айтатындары: «оқушы осы кезеңде өз білгенін істейді, оның іс-әрекеті көбінесе, қате болады» дейді.

Мүмкін, дәстүрлі оқу процесінде оқушыларды дәстүрлі оқулықтар бойынша өздігімен оқытуға тырысып, өздік жұмыстарын жүргізген кезде солай болса, болған шығар.

Бірақ, оқытудың жаңа технологиясы жағдайында:

-       оқушылардың өздігімен жүргізетін танымдық іс-әрекеті үшін тапсырмалар күрделілігі төрт деңгей бойынша кұрастырылып;

-       оқыту-проблемалық принциптер бойынша жүргізіліп;

-       барлық деңгейдегі тапсырмалар қызғылықты мазмұндалған болса, оқушыларда ынталану пайда болады.

Сондықтан да, жаңа технология бойынша сабақ беруші мұғалімдер, үзіліс кезінде де оқушылардың сабақтан бас алмайтындығын байқаған. Оларға өзара бәсекелесе отырып жұмбақ, сөзжұмбақ, ребус, математикалық басқатырғыштар сияқты әр деңгейдегі тапсырмаларды шешіп, өтіп жатқан тақырыптан барынша көп ұпай алуға тырысқан, себебі, ертең жаңа тақырып басталады. Нәтижесінде «екіліктер» жойылуымен қатар, «үштік» алып жүрудің өзі де ұят саналатын болған.

Осы жерде, «үлгерімі кейіндеп қалып, өз құрбыларын, белгілі бір себептермен, қуып жете алмайтын оқушылармен калай жұмыс істеуіміз қажет?» - деген сұрақ туады. Бұл мәселенің де шешуі қарастырылған.

Мұндай жағдайда, барлық тапсырмаларды мезгілінде орындаған оқушылар үлгермеушілерге көмектеседі;

Сыныптың басқа оқушылары өздігімен жұмыс істеп жатқан кезде мұғалімнің де үлгерімі төмен окушыларға дербес көмек көрсетуіне уақыты табылады. Ол сынып окушыларының өздік жұмыс іс-әрекеттерін тек ұйымдастырып, басқару, жалпы бақылау жасау және балалардың өз-өзін бағалауын бақылау функциясын атқарады.

Бұл қалайша жүзеге асырылады? Бізге үйреншікті бақылау мен бағалауға қарағанда деңгейлеп оқыту барысындағы бақылау мен бағалаудың ерекшелігі неде?

Деңгейлік тапсырмаларды енгізгендегі басты мақсат сынып оқушыларын «қабілетті» және «қабілетсіз» деп жасанды түрді әртүрлі топтарға бөлуді болдырмау. Осы арқылы деңгейлік және дербес оқыту принциптерімен қатар, барлық оқушыға қатысты, ізгілендіру принципі де сақталады.

Деңгейлеп оқыту барысында окушының бірінші деңгейдегі тапсырмаларды дұрыс орындағаны «есепке» алынып отырылады.

Қандай оқушы болмасын, мысалы өзінің жақсы оқитындығына қарамастан, жұмысын «оқушылық», «міндетті», 1-ші деңгейдің, ол үшін жеңіл болса да, тапсырмаларын орындаудан бастайды.

Барлық оқушылар жұмысын бір мезгілде бастап; әрқайсысы білім игерудегі өз қабілетіне қарай, өз билігіне жетедібұл нақты пән бойынша ең нашар үлгіретін оқушыға тірек білімін ғана меңгеріп, үй тапсырмасын орындау барысында тек сүйікті пәні жоғарғы шығармашылық деңгейге дейін көтерілуіне уақыт үнемдеуіне себеп болады. Нақтырақ айтсақ:

Әр оқушының, әр пәннен 100 % үлгеріміне қол жеткізудің кепілі болады және оқу пәнінің барлық тақырыбы бойынша ең болмағанда міндетті бірінші деңгейді игеруін толық жүзеге асырады. Бұл, өз кезегінде, мемлекеттік стандарттардың минималды талаптарының орындалуына кепілдік беріп, Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының талаптарына сай келеді, және дәстүрлі оқытудағы оқушылардың артық жүктеме тарту проблемасын шешеді.

«Есепке алу» (зачеттік) жүйесін жүргізу нәтижесінде үлгерімі нашар оқушылар да, кем дегенде, «оқушылық» деңгейге сәйкес білімді толық меңгеріп алатынын өз тәжірибемізден байқадық. Себебі ол осы деңгейдің тапсырмаларын толық және дұрыс орындап, өткізбегенінше, келесі деңгейге көшпейді. «Міндетті» деңгейді толық меңгергеннен кейін оқушы әрі қарай, ілгері ұмтылады; өзіне өзінің сенімі артады.

Олардың әрқайсысы 1 -деңгейлік тапсырмаларды орындауға міндетті және жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындауға құқылы.

Осылайша әр оқушы, әсіресе өзіне ұнайтын пәндерден, бір деңгейден келесі деңгейге өз білімін біртіндеп толықтыра отырып, өз қабілетін де жетілдіреді. Бұл жагдайда жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындау әр оқушының күнделікті мақсатына айналады. Басқа пәндерден 1-деңгейлік тапсырмаларды толық орындап отырса жеткілікті. Осы уақытқа дейін дайындалған жұмыс дәптерлерінде тапсырмалар үш деңгейде ғана берілген. Төртінші деңгей тапсырмаларын (карточкалар түрінде) бәйгеден озып келген жүйріктерінің жеке қабілетіне сай құрастыру мүмкіншілігін, сабақ беретін әр ұстаздың өз үлесіне қалтырдық.

Әр деңгейдің барлық тапсырмаларын дұрыс орындағаны үшін оқушылар сол деңгейді игергеніне сәйкес ұпай алады: бірінші деңгей үшін - 5 ұпай, екінші деңгей үшін - 10 ұпай, үшінші деңгей үшін - 15 ұпай.

Әр жаңа тақырып бойынша жасалған деңгейлік жұмыстардың үш деңгейге бөлінуі, үй жұмысын жақсы ұйымдастыруға және реттеуге мүмкіндік береді. Себебі, тақырыпты меңгерудегі төрт деңгейлік тапсырмалар үлгерімі өте жақсы оқушыға есептеліп, соған сәйкес құрылғандықтан, бұл жұмыстарды толық, сабақ үстінде орындап бітіруге, барлық оқушылардың мүмкіндігі жете бермейді. Сондықтан да, олар үйде өз бетімен немесе сабақтан тыс уақытта мұғалімнің көмегімен аяқтауға беріледі:

-      бірінші деңгейдің тапсырмаларын орындап үлгерген оқушыларға қалауы бойынша екінші, үшінші.. деңгейлердің тапсырмалары;

-      екінші деңгейдің тапсырмаларын орындаған оқушыларға қалауы бойынша одан да жоғары деңгейлік тапсырмаларды жалғастырып орындай беру;

-      т.с.с. деңгейден деңгейге көтеріле беру тапсырылады.

Ең жоғары деңгейдің шығармашылықты қажет ететін тапсырмаларын, әрине, еңбекқор және нақты осы пән бойынша дарынды оқушы орындай алады.

Осылайша, сыныптан тыс уақытта оқушылардың сүйікті және өзінің қабілеті жететін пәндердің әр тақырыбы бойынша жоғарғы деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы көбірек ұпай жинап, көтеріңкі баға алуына мүмкіншілік туады да, дамыта оқыту принципі орындалады.

Нәтижесінде, оқушылардың табиғи қабілеттері мен дарындылық қасиеттерінің ашылуына және дәстүрлі оқытудағы келесі проблемалардың шешілуіне жақсы жағдай жасайды:

-      әр оқушы барлық бойынша 100 % үлгеруіне кепілдік алады, әр тақырыптың бір деңгейінің тапсырмалары міндетті түрде және дұрыс орындағаны үшін сынақ алуы арқылы жоғарыда аталғандай, артық жүктеме тарту проблемасы шешіледі;

-      оқушының «екі алып қалу», «үлгермей қалу», «үрейінің жойылуы»;

-      әр оқушыға үй тапсырмасын саралап беру проблемасы (төрт деңгейлік тапсырмалардың сыныпта орындап үлгермегендерін үйде жалғастыра орындау мүмкіншілігін алу арқылы, сыныпта жинаған ұпай санын толықтырады, сондықтан жаңа тақырып бойынша қорытынды ұпай саны өседі) шешіледі. Бұл жерде: әр тақырып бойынша оқушы тіпті бір емес, екі қайта бағаланып отырады да журналды «бағамен толтыру жоспары» артығымен орындалады.

-      оқушыны бағалаудағы әділетсіздік проблемасы шешіледі (өте жеңіл тапсырмал армен қатар, күрделі тапсырмалардың жауаптары дұрыс болса болады, жоғары беріле беруі);

-      оқушыға табиғи жолмен кәсіптік бағдар беру және оны қабілеті жететін саласының дарынын ашу проблемалары шешіледі.

Бұл оқушылар арасында, бір-бірінің үлгерім деңгейлерін бақылап отыра алатындықтарынан, өзара жарыс тудырады. Бірақ, оқушылардың өзара көмегіне және мұғалім тарапынан жасалынатын демеп жіберуге рұқсат етіледі. Сондықтан бақылау мен бағалау ішкі бақылау мен ішкі бағалау болып табылады. Сабақ әр оқушының дұрыс орындаған барлық тапсырмаларының ұпайларын шығарумен аяқталады.

Сонымен:

-  технологияның принциптері жағдайында, өздігінен даму
бағдарын анықтап дамитын және өздігінен дұрыс шешім қабылдай алатын, өзі-өзі жетілдіріп өсіруші, өзін-өзі тәрбиелеуші тұлға қалыптастыруға болады. Өздігінен оқытудың осындай мақсаттарын жүзеге асыру үшін, білім беру жүйесінің алдында тұрған басты мақсат  жаңа технологиясының талаптарына сай жаңа оқулықтар буынын жазу болып табылады. Мұндай оқулықтар мен дидактикалық құралдардың бір ерекшелігі - олардың мазмұнын қысқа мерзім ішінде ешқандай бейімдетусіз-ақ компьютерге енгізуге болады. Себебі, бұл құралдардың құрылымы әлектрондық оқулықтардың құрылымына ұқсас.

Педагогикалық технологиялардың белгілері: мақсаттылығы, диагностикалық құралдарының болуы, педагогикалық үрдісті жоспарлауға мүмкіндік беретін оқытушы мен оқушы іс-әрекетін реттейтін заңдылықтар, оқушы мен оқытушы іс-әрекеті мен үрдістерді талдайтын құралдардың болуы

Осыған сәйкес педагогикалық технологияның төмендегідей қасиеттері мен сипаттары болады: біртұтастылық, тиімділік, нәтижелілік, кез-келген мектептің нақты жағдайында қолдануға жарамдылық.

Мақсаттылық белгісі - оқушыны оқытуда, оның жеке тұлғасын дамытуда белгілі бір нақты технологияны қолдана отырып қандай нәтижелерге жетуге болатынын нұсқайды. Технологияның диагностикалық құралдармен қамтамасыз етілуі мұғалімге педагогикалық ықпалдың барысы мен нәтижелерін бақылап отыруға мүмкіндік береді. Талдау кұралдары мұғалімге өз қызметін және оқушының өзін-өзі дамытуы мен тәрбиелеуі және олардың нәтижелерін бағалай алуы үшін қажет.

Педагогикалық технологияның келесі белгілер тобы - оқытушы мен оқушы қызметтерінің өзара қарым-қатынасын реттейтін, бір жүйеге келтіретін заңдылықтар. Көп жағдайда, мұғалім түрлі талаптарды, әдістемелік нұсқауларды есепке алады да оқушылардың қажеттіліктері мен қызығушылықтарын назардан тыс қалдіырады. Мұндай жағдайда мұғалімге өз мақсатына жетуге ешкан дай технология көмектесе алмайды.

Мұғалімнің қызметі (оның мақсаты, қажеттіліктері мен мотиві, іс - қимылдары, олардың құралдары мен іске асу шарттары т.б.) оқушының қызметі мен іс-әрекетіне (оның мақсаттарына, мүмкіндіктеріне, қажеттіліктері мен қызығушылықтарына т.б.) сәйкес келуі шарт. Тек осы негізде ғана мұғалім педагогикалық ықпал кұралдарын таңдап, оларды іске асыра алады. Аталған белгілер педагогикалықтехнологияның қасиеттерін анықтайды.

Технология тұтас болуы қажет - бұл технология барлық аталған белгглерге жауап беруі тиіс деген сөз. Мұғалімдер жасап шығарған авторлық технологиялар тұтастық принципіне сай емес; яғни, мұғалім ойлап тапқан бір ғана жетістікке көңіл бөлінеді де, технологияның басқа белгілері ұмыт қалады.

Педагогиксалық технологияның келесі бір маңызды қасиеті - оптималдылық. «Оптималдылық» термині (латын тілінен аударғанда «оптимал» - «ең жақсы» дегенді білдіреді) - белгілі бір шарттар мен міндеттерге ең сәйкесі, тиімдісі дегенді білдіреді. Ю.К. Бабанский педагогикалық үрдістің тиімділігінің бірнеше критернйлерін бөліп көрсеткен еді. Егер, педагогикалық технология ол критерийлерді қолдана отырып төмендегідей шарттарды орындаса неғұрлым тиімдірек болар еді:

•      егер оның қолданылуы әрбір оқушының ең жақын даму зонасьшда білімділігін, тәрбиелілігін және дамуын қамтаміасыз етсе;

•      егер оның қолданылуы оқушы мен оқытушының ғылыми негізделген уақыт мөлшерінен артпаса, яғни, білім беру стандартымсен және мектеп ережесімен айқындалған уақыт ішінде мүмкін боларлық нәтижелерді бере алса.

Технологияның келесі бір маңызды қасиеттері - нәтижелілігі және қолдануға жарамдылығы.

Бір технолюгияның екіншісінен айырмасы - оны қолданудың нәтижесінде (оқушының дамуында, тәрбиесінде, білім алуында байқалатын жағымды өзгерістер. Нәтижелілік дегеніміз осы.

Кез келген мұғалім кез келген технологияны қолдана алуы мүмкін емес, ол оның жұмыс тәжірибесіне, педагогикалық шеберлігіне, педагогикалық үрдістің әдістемелік және материалдық жабдықталу деңгейіне де байланысты. Сондықтан, нақты технологияны сипаттағанда немесе оқып зерттеген кезде оның басқа мектеп жағдайында жұмыс жасау мүмкіндіктерін, жарамдылығын ескеру қажет.

Сонымен, педагогикалық технология дегеніміз - дидактика да, тәрбие теориясы да немесе оқыту мен тәрбиелеудің әдістемесі де емес. Педагогикалық технологияның ерекшелігі - осы технология негізінде құрылған педагогикалық үрдіс белгіленген мақсатқа жетуді кепілдеуі шарт. Технологияның екінші ерекшелігі - оқытушы мен оқушының өзара қарым-қатынастарының реттілігінде (алгоритмизация). Бұл қасиет дидактикада, тәрбие мен оқыту теорияларында немесе әдістерінде жоқ.

Педагогикалық технологияның негізгі элементтері: педагогикалық қарым-қатынас, бағалау, талап, конфликт және ақпараттық әсер ету

Педагогикалық қарым-қатынас 3 функция атқарады:

-       баланың қарым-қатынаста «ашықтығы» - оған мектепте, сыныпта, сабақта қолайлы жағдайлар туғызу көзделген;

-       педагогикалық қарым-қатынаста балаға деген жанашырлық мұғалімнің баламен тығыз іс-әркеті нәтижесінде туындайды;

-       педагогикалық қарым-қатынаста баланы көтермелеу саясаты (стимул ретінде).

Педагогикалық бағалау дегеніміз - баланың тұтас жеке тұлғасын емес, оның дәл осы сәттегі мінез-құлқын бағалау. Жалпы бағалау дегеніміз, бір нәрсенің деңгейін, қасиетін, дәрежесін белгілеу. Осы принциптерді педагогикалық бағалауда өз жұмысында шеберлікпен қолдана отырып педагог өз шәкірттері бойында кұндылық қарым-қатынастарды қалыптастырады және кемшіліктерді түзетеді.

Педагогикалық бағалау функцияларына - баланың қоршаған дүниеге деген жағымды көзқарасын тәрбиелеу, осы жолдағы ұмтылыстарын қолпаштап отыру т.б. жатады. Бұл істе әр баланың өз алдына қайталанбас ерекше тұлға екенін үнемі есте ұстау қажет. Педагогикалық бағалаудың түрлері - қолпаштау, колдау, қолдамау, мақтау, материалдық қолдау, жазалау, ескерту жасау, сөгу т.б.

Педагогикалық талап - бұл тәрбие үрдіснде баладан әлеуметтік-мәдени қарым-қатынас пен мінез-құлық нормаларын талап ету. Адамның басқаларға, қоршаған ортаға деген қарым-қатынасы субъективті еркін жағдайда, оның өмір тәжірибесі нәтижесінде қалыптасады. Педагогтың міндеті  бала позициясының неғұрлым жағымды жағынан қалыптасуы. Белгілі бір жас кезеңіне сәйкес талаптар қою үшін міндетті түрде әр баланың психикалық ерекшелігін негізге алу қажет.

Дәстүрлі оқыту технологиялары екі негізгі әдісті қолданады:

•  Оқытудың түсіндірмелі - көрнекі әдістері, яғни, мұғалім
оқу материалын көрнекі әдістерді қолдана отырып
түсіндіреді.

Оған лекция, әңгіме, тәжірибелер көрсету, экскурсия т.б. жатады. Оқушының қызметі ақпарат алуға, есте сақтауға бағытталады.

•  Репродуктивтік әдіс (қайта жаңғырту) - оқытушы
студенттердің білімді игеруі және қайталап айтып беруі
үшін тапсырмалар құрастырады. Студент сұрақтарға жау-
ап береді, есеп шығарады т.б.

Бұл екі әдістің де мәні  белгілі білімдерді студенттерге дайындап беру процесі. Дәстүрлі оқытудың көптеген кемшіліктері де бар, мысалы:

•      Материалды оқып-үйренудің орташа, жалпылама темпі;

Осы айтылғандардың салдарынан (жаттау немесе есте сақтау әдістері) студенттер болашақта керек дағдыларды игермей қалулары мүмкін (өзіндік шешім табу үшін керекті материалдарды іздестіру, дербес шешімдер қабылдау т.б.). Осылайша, дәстүрлі оқыту әдістерінде оқу үрдісінде студентке қойылатын талаптар мен нақты кәсіби қызметте қажетті талаптар арасындағы алшақтықтар айқын байқалады.

Бағдарламалап оқыту технологиясы

Дәстүрлі оқытудың кейбір кемшін жақтарын бағдарламалап (жоспарлап) оқыту технологиясы толтырады. Бұл технология ХХғ. 60-шы жылдары педагогика, психология, кибернетика ғылымдарының тоғысында пайда болды. Оның негізіне оқыту туралы үш үғым - 1) оқыту - басқару процесі ретінде; 2) ақпараттық процесс; 3) жекелендірілген процесс ретінде алынған.

Бағдарламалап (жоспарлап) оқыту - оқыту бағдарламасына негізделген. Бұл бағдарламада 1) оқу материалының өзі; 2) оны меңгерудегі оқушының іс-әрекеті; 3) меңгеруді бақылау формасы қатаң жүйеге келтірілген. Оқу материалы бірнеше шағын бөліктерге бөлінеді, әр бөлік логикалық тұрғыдан аяқталған. Студент бір бөлікті меңгергеннен кейін бірнеше вариантта құрастырылған бақылау сұрақтарына жауап береді. Жауап дұрыс берілсе, тапсырманың келесі бөліміне көшіріледі, дұрыс берілмесе материал қайталанып беріледі. Жоспарлап оқытудың негізін салушы АҚШ ғалымы Скиннер бұл технологияның негізін екі талапқа сай құрған:

1.      жай бақылаудан өзін-өзі бақылауға көшу;

педагогикалық жұйені оқушының өз бетімен білім алуына бейімдеу.

Бұл әдіс бір бағытты деп аталады.

Келесі әдістің авторы да - американдық ғалым Краудер. Әдіс  көптармақты деп аталады. Бұл бағдарламада студент қойылған мақсатқа өз жеке басы ерекшеліктеріне сай түрлі жолдармен жетеді. Студент бақылау сұрақтарына берген жауаптарына сәйкес не келесі бөлімге, немесе сол бөлімнің тағы бір тармағына (вариантына) көшеді. Тармақтар бірнешеу болуы мүмкін. Белгілі бір тармақты немесе бұтақты өткеннен соң студент бағдарламаның негізгі діңіне қайтып оралады. Дайындық деңгейіне, табиғи қабілетіне қарай тек қана діңмен жұмыс жасайтын студенттер де болады, ал әлсіздері тармақтарға ауысып отырады. Бірақ барлық жағдайда да нәтиже біреу - студенттер берілген білім көлемін толық меңгеріп шығады.

Үшінші әдіс - бейімдендірілген (адаптациялық) деп аталады. Мұнда студенттің қиынырақ немесе жеңілірек тармақтарға ауысуына мүмкіндіктер қарастырылған. Қай тармаққа көшетіні студенттің алдыңғы жауаптары мен жіберген қателіктеріне байланысты. Студенттің жеке тұлғалық ерекшеліктеріне қарай ақпаратты беру тәсілдері, күрделілік деңгейі, сұрақтардың қасиеттері өзгертіліп отырады.

Жоспарлап оқытудың негізгі принциптері мен жетістік жақтары:

1.     оқу материалының мөлшерленіп берілуі;

2.     өздігінен белсенді жұмыстануы;

3.     материалды   меңгеру   деңгейінің   үнемі бақылауда болуы;

4.     оқыту типінің және оқу материалдары көлемінің жеке бас ерекшеліктеріне сәйкестігі;

5.     оқытудың  автоматтандырылған  техникалық  жүйелерін қолдану мүмкіндігі.

Жоспарлап оқытудың шығуы оқытуда техникалық Құралдарды қолдануға және оларды жетілдіре түсуге жағдай жасады. Жоспарлап оқытудың басты міндеті  автоматтандырылған дағдыларды және мықты білім мен біліктерді қалыптастыру.

 

ІІ-тарау.  7-СЫНЫП ИНФОРМАТИКА КУРСЫН ОҚЫТУДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ

2.1  7 сынып информатика курсында  «Windows операциялық жүйесі»  тақырыбын оқытуда жаңа технологияларды пайдалану әдісі

     Енді мына тақырыпты: 7-сынып информатика курсында «Windows операциялық жүйесі»   тақырыбын  қорытындылау сабағын өткен жағдайды қарастырайық.

Сабақтың түрі: Қорытындылау сабағы

Оқыту әдістері: Сұрақ - жауап.  Тест алуда дидактикалық материалдарды ірілендіру. Деңгейлеп оқыту технологиясын қолдану.

Көрнекілік: Сұрақтар жазылған плакаттар. Тест кеспелері.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру (2 мин). Оқушылардың сабаққа қатысуын, дайындығын тексеру.

Жаңа сабақ: Windows XP -де жұмыс атқарудың бастамасы

             Жүйелік блогының алдыңғы бетінде орналасқан қосу/өшіру батырмасын басу арқылы компьютерді іске қосыңыз. Бұл жағдайда процессор тұрақты жадта сақталып тұрған программалармен қатынасады. Бұл программалар компьютердің негізгі құрылғыларын тексереді.

Windows XP-тің жұмыс орны болып табылады. Оны қарастырайық.

 

 

Жұмыс алаңына Windows-тың обьектілері және басқару элементтері орналасқан. Windows XP – графикалық операциондық жүйе, оның негізгі обьектісі терезе және белгілер болып табылады.

Windows XP обьектілерін әр түрлі құрылғылармен басқаруға болады, оның негізгісі маус. Маус құрылымы және жұмыс атқару міндеті жоғарыда қарастырылған.

Маус көмегімен Windows XP обьектілерінде төмендегідей амалдарды орындауға болады: апарып қою, жылжыту, қосу, жалғастыру, бөліп алу, ашу, жабу және т.б. Бұл амалдарды орындау үшін маусты басқаруды білу керек, яғни маусты кілемше бетінде жылжыта білу, оң және сол жақ батырмаларды тез баса білу.

Маустың сол жақ батырмасы негізгі, ал оң жақ батырмасын көмекші батырма дейді. Маусты кілемше үстімен жылжытқанда, экран бетінде оның көрсеткіші жылжып отырады. Әр түрлі жағдайларға байланысты маус көрсеткіші түрлі пішінде (формада) болады.

Деректердің әртүрлілігі ондағы таңбашаларға байланысты. Егер деректердің өзі обьект болса, онда таңбашалар оның бейнесін көрсетеді. Бір обьектінің көптеген таңбашалары болуы мүмкін және олар кез келген орында орналасуы мүмкін және белгілермен қатынасу үшін қолданылады.

Бірқатар обьектілер қандай да бір ерекшеліктері бойынша топтастырылады, оларды анықтау үшін қапшық түсінігі пайдаланылады.

Қапшық деген – обьектілердің жиынтығы. Қапшықтардың ішінде басқа қапшықтар болуы мүмкін .Қапшық ашық немесе жабық болады. Жабық қапшық белгі түрінде, ал ашық қапшық терезе түрінде көрінеді.

Жұмыс орнында обьект терезелерінен басқа оның басқару элементтері де болады. Оларға жіберу батырмасы, бас меню, меню қатарында орналасқан меню және командалар енеді.

Команда деп командада маус көрсеткішін апарып басқанда орындалатын амалды айтады.

Командалар ұзын немесе қысқа болуы мүмкін.

Қысқа команда деп меню жолынан қажетті белгіні тауып, батырманы басқанда программаны бірден орындауға жіберетін команданы айтады. Яғни ол компьютерге программаны іске қос деген бұйрық береді.

Ұзын команда деп бірнеше жалғасқан, орындағын соң ғана нәтиже беретін команданы айтады.

Бас менюдің негізгі командалары төмендегі кестеде берілген.

Белгісі

Команда

Міндеті

 

Программалар

Барлық программалардың тізімін шығару

 

Құжаттар

Жақында ашылған құжаттардың тізімін шығару

 

Баптау

Баптау арқылы өзгертілетін жүйе қараушыларын шығару

Іздеу

Қапшықтарды, файлдарды, жалпы компьютерді немесе почта хабарын іздеу

Анықтама

Анықтама жүйені шақыру

Орындау

Программаны іске қосуды, қапшықты ашуды немесе MS Dos командаларын орындайды.

Жұмысты аяқтау

Жұмысты аяқтайды немесе компьютерді жүктейді.

 

Windows XP-тен қалай шығу қажет екенін тоқтала кетейік. Бұл өте қажетті нәрсе, себебі, егер жүйеден дұрыс шықпаса, онда жүйеде ыңғайсыз жағдайда болуы мүмкін, тіпті компьютерде сақталып тұрған программалардың бұзылып қалуы да ғажап емес.

Сонымен, жұмысты аяқтау үшін маус көрсеткішін экранның төменгі сол жақ бұрышында орналасқан «Пуск» батырмасына апарады да, оның сол жақ батырмасын басады. Одан «Завершение работы» белгісін таңдап, маустың сол жақ батырмасын басады. Экранда «Завершение работы»  тақтасы шығады.

Сейчас следует выключить компьютер» сұранысына маус көрсеткішін «Да» батырмасын апарып, сол жақ батырмасын басады.

Біраз уақыттан соң экранда «Теперь питание компьютера можно отключить» жазуы шығады.

Содан соң жүйелік блоктың алдыңғы бетіндегі Включение/Выключение батырмасын басады.

 

Жұмысты аяқтау.

 

 

1-ші деңгейлік тапсырма

  1. Маустың көрсеткішін есеп тақтасының бос орнына орналастырып, мауыс батырмасын басып тұрып, есеп тақтасының контурын экранның жоғарғы жағына жылжытып, мас батырмасын босатыңыз. Осы тәсіл бойынша есеп тақтасын оңға, солға, содан соң өз орнына жылжытыңыз.
  2. Маустың көрсеткішін есеп тақтасының жоғарғы шекараларына орналастырылған кезде көрсеткіш қос стрелка түріне ауысады. Маус батырмасын басып тұрып, есеп тақтасын жоғары шекараға жеткенше жылжытыңыз да, батырманы бостыңыз. Одан соң оны бұрынғы орнына апарыңыз. Есеп тақтасын жоғары, төмен, оңға, солға жылжытуға және өлшемін өзгертуге болады. Барлығын бастапқы жағдайына келтіріңіз.
  3. Маустың көрсеткішін есеп тақтасының оң жақ бұрышына орналастырып, оны бірнеше секунд басып тұрыңыз.компьютеріңіз қандай уақыт мерзімін (датаны) көрсетіп тұрғаның байқаңыз.
  4. Маус көрсеткішін сағатқа қойып, оны екі рет шертіңіз. Терезе пайда болады.Өзіңіздің туған күніңізді, айыңызды, жылыңызды таңданыз.
  5. Маус көрсеткішін сағатқа орналастырып, оның сол жақ батырмасын екі рет шертіңіз. Ағымдағы уақытты бұзбау үшін Отмена (алып тастау) батырмасын шертіңіз. Егер сіздің компьютеріңіз қате мерзімді (күнді) бекітіп, ОК батырмасын шертуге болады. Пайда болған терезеде уақыты  06 сағат, 30 минут, 15 секундқа ауыстырыңыз. Ол үшін маус көрсеткішін сағат астында орналасқан жақтауға қойып, стрелка батырмасын маус батырмасын басып тұрып, 06 цифрын теріңіз. Одан соң жоғары әрекеттерді қайталап отырып (сағат орнына секунд басылады). 30 минутты, 15 секундты тереді. Ағымдағы уақытты бұзбау үшін Отмена батырмасын шертіңіз.

2-ші деңгейлік тапсырма

  1. Мой компьютер терезесін ашыңыз, ол үшін маус көрсеткішін Мой компьютер белгішесіне қойып, онда батырманы екі рет шертіңіз.
  2. Егер терезе экранды толық жаппаса, үлкейту (развернуть) батырмасын шертіңіз.
  3. Одан соң Қалпына келтіру (восстановить) батырмасын шертіп, қалпына келтіріңіз.
  4. Терезенің енін өзгертіңіз, ол үшін маус көрсеткішін оң жақ қабырғаға қойып, қос тіл сызық шыққанға шейін күтіп, маусты оңға жылжытып, батырманы босатыңыз.
  5. Осы амалды іске асырған сияқты, бірақ маусты солға жылжытып, орындаңыз.
  6. Терезенің биіктігін маусты жоғары, төмен жылжытып өзгертіңіз және бұрышты созу арқылы өлшемін өзгертіңіз.
  7. Терезені жабу батырмасы (Закрытие окна) пайдаланып, терезені жабыңыз.

3-ші деңгейлік тапсырма

  1. Маус көрсеткішін Мой компьютер белгісіне қойып, маусты екі рет шертіп, оны ашыңыз.
  2. Егер құрал тақтасында батырмалар болмаса, онда маус көрсеткішін Вид командасына қойып, панель инструментов камандасының үстіне маус батырмасын шертіңіз.
  3. Алдымен Мелкие значки, одан соң Список, одан кейін Таблица және Крупные значки командаларының батырмаларын шертіңіз. Осы айтылғандарды бірнеше рет қайталап, қапшықтың белгішелерінің орналасуына көңіл аударыңыз.
  4. Енді осы командаларды менюдегі Вид командалары арқылы орындаңыз. Созылған менюдегі Мелкие значки, Список, Таблица, Крупные значки командаларын рет-ретімен таңдап маусты шертіңіз.

2.Сұрақ жауап арқылы өткенді қайталау (10 мин) 

3. Зертханалық жұмыс (20 мин) Барлығы 6 тапсырма.

-Жаңа сабақты бекіту.

-Оқушылардың білімдерін бағалау.

-Үйге тапсырма беру.

Мозайка және каскад түрінде терезелерді орналастыру.

  1. Бірнеше терезені ашыңыз: Мой компьютер қапшығын, Мой компьтер терезесінде (С:) қапшығын, ал жұмыс орнында Корзина терезесін ашыңыз.
  2. Есеп тақтасының батырмасының бос орнында маустың оң батырмасын шертіңіз. Бұл кезде динамикалық меню ашылады.
  3. Динамикалық менбден төменгі командалардың бірін таңдаңыз: каскадом, сверху вниз (үстінен астына қарай), слева направо (солдан оңға)

Терезенің каскад бойынша орналасуы.

 

Терезенің жоғарыдан төмен орналасуы.

 

2.2. 7-сынып информатика курсының «Графикалық редактор Paint: Үзінділерге амалдар қолдану» тақырыбын оқытуда жаңа технологияларды пайдалану әдістемесі

Тақырыбы:  Графикалық редактор Paint: Үзінділерге амалдар қолдану

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Үзінді, суретті форматтау қызметін меңгерту.

Тәрбиелік: Эстетикалық талғамын қалыптастыру, нәтиже алуға және уақытты үнемдеуге дағдыландыру.

Дамытушылық: Графикалық бейнелеу жұмыстарын орындау арқылы бейнелік ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың типі: аралас

Түрі: теориялық-практикалық

Пәнаралық байланыс: геометрия, бейнелеу өнері.

Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық берілетін теориялық білімнің негізі бойынша анықталады.

Оқушылардың танымдық іс- әрекетін ұйымдастыру тәсілі бойынша: түсіндірме- көрнекі, ізденіс, проблемалық зерттеушілік

Оқыту формалары: жеке, ұжымдық.

Жабдықтау: көрнекі материал (слайд, дайын суреттер), оқу құралдары, проектор, компьютер, деңгейлік тапсырма нәтижесінің тақтасы.

І. Көкейкестілігі: а) негізгі ұғымдар: үзінді, белгілеу, жылжыту, көшіру, өшіру, қою, бұру, қисайту, созу, баспаға басу командалары, бұрыштық, өлшем пайыз, тік, көлденең бағыттары. ә) оқушының қызығушылығын қалыптастыру тәсілдері: компьютерлік графика үлгілерін көрсету арқылы оқушылардың қызығушылығын ояту. б) бақылау формалары: сұрақ-жауап: суретте неше элемент бар? Қандай жолмен жасалады?

ІІ. Жаңа түсініктер мен іс-әрекеттер тәсілін қалыптастыру. а) жаңа ұғымдар: Үзінді, белгілеу, жылжыту, көшіру, өшіру, қою, бұру, қисайту, созу, баспаға басу командалары, бұрыштық, өлшем пайыз, тік, көлденең бағыттары. ә) Жаңа ұғымның негізін қалыптастыру. Үзіндіге анықтама беру, белгілеу, жылжыту, қою, бұру, созу, баспаға басу командаларының орындалу жолымен таныстыру. б) мұғалімнің проблемалық және ақпараттық сұрақтары:

  • көшіру және жылжыту, созу мен қисайту, бұру мен бейнелеу әрекеттерінің айырмашылығы;
  • дайын суреттер арқылы бұру бұрышын, пайыз өлшемін анықтау.

ІІІ. Жаңа түсінікті тексеру. Сұрақтар арқылы командаларды игеру нәтижесін тексеру.

ІV. Қолдану. а) қалыптастырылатын білік- біліктіліктер. Үзіндіні белгілеп алуды көшіру және жылжыту, созу мен қисайту, бұру мен бейнелеу, баспаға басу командаларын пайдалана білу. Білім дағдысын қалыптастыру; ә) кері байланыс алу. Компьютерде оқушылардың тапсырманы орындау нәтижесін бақылау және сұрақ- жауап арқылы. б) өзіндік жұмыстар типтері.

V. Үй тапсырмалары:

- Кітаптан командалардың орындалу қызметін оқу;

- Қағазда және компьютерде сурет салу айырмашылықтарын жазу.

VІ. Сабақты қорытындылау.

Жұмысты бағалау, кемшіліктер мен жетістіктерді көрсетіп айту.

 

 

Деңгейлік тапсырмалар:

  1. деңгей
    1. Paint бағдарламасын жүкте
    2. Төмендегі суретті сал
    3. Көшіру және кері бұру командасы арқылы суретті толықтыр
    4. Суретке аквариум атын беріп сақта

 

  1. деңгей
    1. Paint бағдарламасын жүкте

2.    Төмендегі суретті көшіру және симметрияны қолдана отырып сал

  3.    Өлшемдерін өзгерте отыра суретті көбейт

  4.    Суретке жаз  атын беріп сақта

  1. Деңгей
    1. Paint бағдарламасын жүкте
    2. Төмендегі суретті  симметрияны қолдана отырып сал
    3. Көшіру және бұруды қолданып суретті көбейт
    4. Суретті горизонталь осі бойынша 30С- қа еңкейт
    5. Суретті мамыр деп сақта

 

Тест

1. Paint бағдарламасының қай түріне жатады?

А) Стандартты  Ә) Қолданбалы  Б) Жүйелік

2. Paint-...

А) Графиктік редактор  Ә) Операциялық жүйе  Б) Ойын

3. Paint редакторын іске қосу:

А) Іске қосу- Программалар- Стандартты- Paint

Ә)  Іске қосу- Программалар- Paint

Б) Іске қосу- Программалар- Сілтеуіш- Paint

4. Файл, правка, түр, сурет, палитра, анықтама-...

А) Стандартты панель  Ә) Меню жолы  Б) Құралдар тақтасы

5. Дұрысын тап

А) Төртбұрышты салу  Ә) Қию  Б) бұру

6. Көшіру үшін қандай меню пайдаланамыз?

А) Правка  Ә) Сурет  Б) Файл

7. Фигураларды кері бұру үшін орындалатын әрекеттер...

А) Белгілеу- Сурет- Бейнелеу/Бұру

Ә)  Белгілеу- Правка- Бейнелеу/Бұру

Б) Белгілеу- Сурет- Созу/Қисайту

8. Үзіндіні еңкейту мен созу үшін орындалатын әрекеттер

А) Белгілеу- Рисунок- Созу/Еңкейту...

Ә) Белгілеу- Сурет- Бейнелеу/Бұру

Б) Белгілеу- Правка- Бейнелеу/Бұру

9. Сақтау командасы...

А) Суретке ат беріп сақтау

Ә) Ат берілген суретті сақтау

Б) Суретке жаңадан ат беріп сақтау

10. Пернетақтаның қай батырмасын басып отырып үзіндіні көбейтуге болады.

А) Shift  Ә) Ctrl  Б) Enter

 

 

Қорытынды

Сондықтан 5-8-сынып информатика курсында жаңа технологияларды пайдалану – бұл оқушылардың өз іс - әрекетін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Сөйтіп, оқушылардың ой - өрісін, логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық әрекетін дамытады. Қорытындылап айтқанда жетілдірілген және жаңадан пайда болған жаңа педагогикалық технологиялар жүйесінің дамуының төмендегі өзіндік бағыттарын ерекше атап өтуге болады:

-       Жаңа технологияларды топтастырып жинақтауға және оның жүйесін жасауға (комплектілік принципі) қолайлы жағдайлар туғыза білу;

-       оқушылардың өзіндік жұмыстарымен қатар оқудың түрлі дәрежелері бойынша ғылыми және тәжірибелік жұмыстарына арналған оқу құралдарының комплексін дайындау;

-       оқудың жаңа технологиясын модульдік және интерактивтік принципті енгізуді қамтамасыз ететін арнайы және интеграцияланған практикумдарға арналған модульдік комплектілерді (онымен қоса компьютерлік комплектіні де) жасау.

5-8-сынып информатика курсында жаңа технологияларды пайдалану үшін көрнекі құралдарды, оқудың техникалық және басқа да құралдарын қолданудың кейбір жалпылама жағдайларын бөліп алып қарастыруға болатын болар, өйткені оларды жүзеге асыра білудің нәтижесінде оқу құралдарын оқу процесінде тиімді қолданылуын қамтамасыз ету мен оны дайындауға қойылатын ұсыныстар мен талаптарды қатаң сақтай білу керек.

5-8-сынып информатика курсында қолданылатын көрнекі
құралдар, үйлестірілетін материалдар, мен оқудың басқа
да құралдары жеткілікті болуы керек. Осы орайда сабақта
жаңа технологияларды шамадан тыс пайдалану да зиянды екен-
дігін ескерте кеткіміз келеді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1. А.Бочкин.   Методика   преподавания   информатики.   Минск"
Вышэйшая школа"   1998.

2.Н.Ермеков,     Ж.Қараев,     В.Криворучко, В.Кафтункина
Информатика 5-сыньш, Алматы: Жазушы, 2001.

3.Н.Ермеков,     Ж.Қараев,     В.Криворучко,      В.Кафтункина
Информатика 6-сыньш, Алматы: Жазушы, 2001.

4.Н.Ермеков,     Ж.Қараев,     В.Криворучко,      В.Кафтункина
Информатика 7-сыньш, Алматы: Жазушы, 2001.

5.Н.Ермеков,     Ж.Қараев,     В.Криворучко,      В.Кафтункина
Информатика 8-сыньш, Алматы: Жазушы, 2001.

6. Н.Сафронова. Теория и методика обучения информатики. Москва, 2008.

7. Г.Жақыпбекова. Информатиканы оқытудың жалпы әдістемесі. Шымкент , 2005.

8. «Практически помощь учителю» журналы, №4. 2004, Алматы.

9.Аноприенко Н.В. –  «Практически помощь учителю» -№6, 2004.

10.Т.А. Ильина, - «Педагогика» оқулық.   Алматы. 2008.

11. К.Халықова К. Информатиканы оқыту әдістемесі. Алматы. Білім, 2000.

12. Ә.Бүркіт. Компьютерлік технология негіздері. Шымкент, 1998.

13.Ә.Бүркіт. Информатиканы оқытудың теориялық негіздері мен әдістемесі. Шымкент, 1998.

14.Ә.Бүркіт. Ақпараттану. Шымкент, 2007.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2013-06-04 20:36:14     Қаралды-7258

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »