UF

ҚАЗАҚ ССР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ЕҢБЕК ҚОРЛАРЫ

 

Адамзат қоғамының дамуы адамдардың еңбек әрекетінt тікелей байланысты. «Еңбек, - деп атап көрсетті Ф. Энгельс, - байлық атаулының бастауы... Ол - бүкіл адамзат өмірінің бірінші негізгі шарты, оның үстіне осындай дәрежеде, біз белгілі мағынада былай деуіміз керек: адамның өзін еңбек жасады» (Маркс К. и Энгельс Ф., Соч., т. 20, с. 486).

Еңбектің сипаты мен ерекшелігі. Еңбек - адамның материалдық және мәдени игіліктерді жасауға бағытталған мақсатты қоғамдық пайдалы әрекеті. СССР-де еңбекті соц. жолмен ұйымдастырудың мейлінше мәнді белгілері: еңбектің жалпыға бірдейлігі, еріктілігі, саналылығы, жоспарлылығы және оның ғылыми негізде ұйымдастырылатындығы. Өндіріс құрал-жабдығына қоғамдық меншіктің орнауы және осы негізде жеке еңбектің тікелей қоғамдық еңбекке айналуы соц. қоғам енбекшілерінің қоғамдық еңбекке қатысуға бірдей міндетті екендігін ғана білдіріп қоймайды, сонымен бірге олардың еңбек етуге бірдей праволы екенін де көрсетеді.

Республиканың әрбір еңбекке жарамды халқының еңбек ету правосы СССР Конституциясы мен Қаз. ССР Конституциясында баянды етілген. СССР Конституциясында адам тұрмысының барлық негіздерін қамтитын әлеуметтік-экономик. праволардың комплексін жүэеге асыру көзделген.

Еңбекті бірінші тұрмыс қажетіне айналдыру еңбекке коммунистік көзқарасты тәрбиелеумен тікелей байланысты. Адал еңбек, еңбек пен өндіріс тәртібін қатал сақтау, қоғамдық меншікті, Совет Одағының қуаты мен беделін нығайту жөнінде қамқорлық жасау абыройлы іс.

Еңбек ресурстары. Шаруашылықтың соц. жүйесі еліміздің еңбек потенциалын неғұрлым толық әрі ұтымды пайдалануға қажетті жағдай жасайды. Совет өкіметі жылдарында еңбекте түбірлі өзгерістер іске асырылды, жаңа соц. тұрмыс салты орын тепті. Елімізде қанау, таптық антагонизм, ұлт араздығы деген атымен жоғалды. Халық ш-ғын жоспарлы түрде дамытудың негізінде жұмыссыздық толық жойылып, еңбектің міндеттілігі мен жалпыға бірдейлігі баянды стілді. Қысқа мерзім ішінде орасан көп кәпігі жұмысшылар мен мамандардың армиясы әзірленіп, соц. интеллигенция өсті, елдің аудандары мен салалардың арасында жұмыс күшін жоспарлы түрде қайта бөлу ұйымдастырылды. Республиканың еңбек ресурстарын толықтырудың негізгі көзі - халықтың табиғи өсіп-өнуі, сондай-ақ еліміздің өзге аудандарынан маман кадрлардың келіп қосылуы. Республикада еңбек ресурстарын ұтымды пайдалану жөнінде тұрақты жұмыс жүргізіліп келеді. Еңбек өнімділігін арттыру, өндірісті дұрыс орналастыру, республика ішінде еңбек ресурстарын территориялық жағынан қайта бөлу және еңбекке жарамды бос халықты қоғамдық өндіріске тарту жөнінде көптеген шаралар жүзеге асырылды. Халықтың мех. түрде өсуі үнемі қысқарып келеді:

8-бесжылдық кезінде (1966-1970) бұл өсім 56 мың адам болды, ал 7-бесжылдықта ол 223 мың адам болатын.

9-бесжылдық кезінде (1971-1975) өзге одақтас республикадан келген жұмыс күшінің саны күрт кеміді, ал 1977 ж. тек бірнеше мың адам ғана болды. Еңбек ресурстарын ұтымды пайдалану шараларының бірі кадрлардың тұрақтамаушылығын қысқарту жөніндегі жұмыс болып табылады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 9-бесжылдықта жұмысшы кадрларына қосымша қажеттілік 30 мың адамға кеміді.

Республикада Совет өкіметі жылдары еңбек ресурстарының жоспарлы түрде өсуі мен пайдаланылуы, халық ш. қажеті мен еңбекшілердің барлық категориясының мүдделерін ескере отырып, халықты жұмыспен ұтымды түрде қамтамасыз ету саласында зор тәжірибе жинақталды.

Соц. индустрияландыру, а. ш-н коллективтендіру, мәдени революцияны жүзеге асыру және күрделі құрылысты зор көлемде ұлғайту нәтижесінде республикада халықтың еңбекпен қамтамасыз етілуі жоғары дәрежеге жетті. 1970 жылғы санақ деректері бойынша жұмыс істейтіндердің бүкіл халықтың жалпы санындағы үлес салмағы 42,4% болды, олардың ішінде еңбекке жарамды жастагылары 84,7%.

Жұмыспен қамтамасыз ету дәрежесінің артуы негізінен үй шаруасы мен жеке қосалқы шаруашылықта жұмыс істейтін еңбекке жарамды халықты қоғамдық өндіріске тарту есебінен жүзеге асырылды. Тек 1961-1970 жылдардың өзінде ғана 400 мыңнан астам адам қоғамдық өндіріске тартылды. Еңбекке жарамды халықты жұмыспен қамтамасыз етудің былайша артуы республика экономикасы ның зор жетістіктері, жана кәсіпорындар мен өндірістерді ұтымды пайдалану және орналстыру, сондай-ақ елеулі соц. прогресс арқылы жүзеге асырылды.

Жұмысшылар мен қызметкерлер. Республикада жұмысшылар мен қызметкерлер саны ұдайы өсіп келеді. Бұл өсу онеркәсіп пен а. ш. өндірісінің жоғары қарқынмен дамуына байланысты. Бұған сонымен бірге тың және тыңайған жерлерді игеру де септігін тигізді.

1926 ж. ҚАССР халық ш-нда 178 мың жұмысшы мен қызметкер ғана болса, 1940 жылдың өзінде-ақ олардың саны 908 мыңға жетті.

Қазақстанның халық ш. саласында істейтін жұмысшылар мен қызметкерлердің орташа жылдық саны 1976 ж. бірнеше млн. адам болды, мұның ішінде олардың шамамен алғанда 22%-і өнеркәсіп салаларында, 20%-і а. ш-нда, 11%-і құрылыста, 12%-і транспорт пен байланыста жұмыс істеді.

Өндірістік емес сфера салаларындағы жұмысшылар мен қызметшілердің саны үздіксіз көбейіп келеді: 1960 ж. бүкіл республика халық ш-нда жұмыс істейтіндердің 17,8%-і осы салада қызмет атқарса, 1970 ж. олардың үлес салмағы 25,0%-ке, ал 1975 ж. 26,6%-ке дейін өсті. Жұмысшылар мен қызметшілердің жалпы санындағы әйелдердің үлес салмағы 1960 жылғы 38%-тен 1975 ж. 48%-ке дейін өсті. Әйелдерге еңбек ету, еңбек ақы алу, демалу және әлеуметтік қамсыздандыру жөнінде еркектермен бірдей право берілген.

Халықты жұмыспен қамтамасыз ету дәрежесінің артуына байланысты еңбек ресурстарының сапалық сипаттамасы да елеулі өзгерістерге ие болды. Бұған ең алдымен халыққа жалпыға бірдей білім беру дәрежесі мен маман кадрларды әзірлеуді арттырудағы ірі табыстар септігін тигізді.

1897 ж. Қазақстанда халық арасында 9-49 жастағы сауаттылар 8% қана болса, 1939 жылдың өзінде олар 84%-ке жетті. 1941 ж. 1 январьда Қазақстан халық ш-нда 52,3 мың жоғары білімді маман адам жұмыс істеді, ал 1975 жылдың аяғында олардың саны 1039 мың адамға жетті, олардың ішінде жоғары білімділер саны 412 мың, арнаулы орта білімділер саны 627 мың.

Совет өкіметі жылдары ұлттық интеллигенция кадрлары қалыптасты. 1960 ж. бүкіл жергілікті ұлт мамандарының саны 19,2% болса, 1975 ж. олардың саны 25,7%-ке өсті.

Ғылыми қызметкерлер санының өсуі республика еңбекшілерінің интеллектуалдық потенциалының артқандығын көрсетеді: 1940 ж. ғылыми қызметкерлер саны 1,7 мың адам болса 1974 ж. олар 30,5 мың адамға жетті, яғни 1940 жылмен салы тырғапде 18 есе өсті.

Ғылыми кадрлардың құрылымында да ғылым докторлары мен кандидат тары санының өсуі есебінен маңызды сапалық өзгерістер болды.

Еңбек өнімділігі. Кемелденген социализм жағдайында еңбек өнімділігі мәселесі ерекше маңызға ие болады. Тек еңбек өнімділігін үздіксіз өсіру нәтижесінде ғана экономиканың серпінді әрі пропорционалды дамуы қамтамасыз етіледі. Еңбек өнімділігі - өндіріс саласында істейтін қызметкерлердің еңбек шығындарының нәтижелілігі. Ол белгілі еңбек уақыты өлшемі ішінде өндірілген өнім мөлшерімен немесе белгілі өнім өлшемін жасауға жұмсалған жұмыс уақытымен анықталады. В.И.Ленин өз еңбектерінде еңбек өнімділігінің экономик. мәнін және саяси маңызын терең әрі жан-жақты ашып көрсетті. Ол еңбек өнімділігі өсуінің жоғары қарқынын қамтамасыз ету шарттарын анықтап берді. Еңбек өнімділігін жан-жақты өсіру қажеттілігі жөніндегі лениндік қағидалар КПСС-тің экономик. саясатында, партияның XXV съезінде онан әрі дамытылды.

Республиканың халық ш-нда еңбек өнімділігін өсіруді тездету бүкіл қоғамдық өндірістің тиімділігін арттырудың маңызды шартына айналды. Жоспарлау жүйесінің барлық буынында еңбек өнімділігін арттырудың мынадай бірыңғай сараланған факторлары қолданылады: өндірістің тех. дәрежесін арттыру (өндіріс процестерінде прогрестік технологияны, механикаландыру мен автоматтандыруды енгізу); өндіріс пен еңбекті басқару, ұйымдастыру істерін жетілдіру; өндіріс көлемі мен құрылымын өзгертіп отыру; салалық факторлар.

9-бесжылдық кезінде еңбек өнімділігі Қаз. ССР өнеркәсібінде 29,4%-ке, құрылыста 24,9%-ке, а. ш-нда 12,5%-ке және көпшілік пайдаланатын автомоб. транспортында 36,5%-ке өсті, мұның өзі өнеркәсіп өндірісінің көлемі 76%-ке, автомоб. транспортындағы жүк тасымалының 82%-ке, а. ш. өндірісі мен құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі түгелдей өсуін қамтамасыз етті.

Республикада әлеуметтік және экономик. міндеттерді шешу көп ретте еңбек өнімділігін арттыру жөніндегі шараларға және еңбек ресурстарын ұтымды пайдалануға байланысты. 10-бесжылдықта осыған байланысты материалдың өндіріс салаларында еңбек шығындарын 1 млн-нан астам адамға үнемдеуді қамтамасыз ету қажет, мұнда бұл үнемдеудің 40%-не жуығы өнеркәсіп саласында жүзеге асуы керек.

Еңбекті ғылыми негізде ұйымдастыру. Еңбекті ғылыми негізде ұйымдастыру өндіріс тиімділігін арттыруды, еңбек өнімділігін онан әрі өсіруді қамтамасыз ету үшін кең мүмкіндіктер ашады. Біздің елімізде халық ш-ның барлық салаларының кәсіпорындарында еңбекті ұйымдастыру жөнінде үлкен жұмыстар жасалып келеді. Еңбекті ғылыми ұйымдастыруға байланысты шараларды енгізу есебінен өнеркәсіпте еңбекті үнемдеу 1971 жылғы 315,9 мың адамнан 1975 ж. 683 мың адамға, яғни 2,2 есе өсті. 1975 ж. тек еңбекті ғылми ұйымдастыруға байланысты шараларды  енгізу  нәтижесінде 900 млн. сомға - үнем алынды.

Республикада еңбекті ғылыми негізде ұйымдастыру мәселеленінң көп көніл бөлініп келеді. 1971 жылдан бастап мпи-ліктер мен ведомстволар өздеріне карасты кәсіпорындарға еңбекті ғылыми негізде ұйымдастыру шаралар жөнінде жоспарлар бекітіп беріп отырады. Осының пәтижесінде 1976 жылдың өзінде ғана республика өнеркәсібінде еңбек шығындары 10 мың адамға кеміп, жиыны 26 млн. сомның экономик. тиімділігі алынды.

Еңбекті ғылыми негізде ұйымдастыруды талдап, енгізу ісімен 1977 ж. мың жұмысшы мен қызметші - өндіріс озаттары шұғылданды.

Еңбек өнімділігін арттыру жолындағы осы бір маңызды шараға Қазақстан КП ОК мен республика Мин. Советі зор көңіл бөліп келеді. Олардың басшылығымен 1977 ж. июньде Рудный к-нда өнеркәсіпте еңбекті ғылыми негізде ұйымдастыруды жетілдіру жөиінде респ. кеңес өткізілді, кеңесте осы жұмысты жақсартуға бағытталған ұсыныстар кабылданды.

Кадрлар даярлау. Республиканың әлеуметтік-экономик. дамуындағы маңызды проблемалардың бірі - халық ш-н кәнігі маман жұмысшылармен камтамасыз ету. Кәнігі маман жұмысшылардың жалпы жұмысшылар санындағы үлес салмағы 1975 ж. 72,4% болды. 1961-1975 ж. ішінде халық ш. үшін 5,8 млн-нан астам кәнігі маман жұмысшы даярланды.

Жұмысшы кадрларын даярлаудың мейлінше сапалы және тех. прогрестің өскелең талаптарыпа жауап бере алатын формасы - оларды кәсіптік-тех. білім беретін оқу орындарында даярлау. 1977 жылдың басында республикада 414 кәсіптік-тех. уч-ще болды, оларда 348 кәсіп пен мамандық бойынша 210 мыңнан астам оқушы оқыды. Республика халық ш. үшін жұмысшы кадрларын даярлауда кәсіптік-тех. білім берудін үлес салмағы 1976 ж. 30% болды. 10-бесжылдықта бул жүйеде 683 мың жұмысшы даярланатын болады. Оның үстіне орта білімді жұмысшылар даярлау 2,5 есе артады. Мұның өзі елімізде ой еңбегі мен дене еңбегі адамдарының білім және мәдени дәрежесін жақындата түсүдің тағы бір бағытын дәлелдейді.

Казіргі кезде халык ш-ның кәнігі жұмысшыларға деген жалпы қажетсінуінің 40%-і оларды тікелей өндірісте және министрліктер мен ведомстволарға қарасты оқу орындарында, оқыту комбинаттарында, мектептер мен курстарда даярлау есебінен қамтамасыз етіледі.

Жұмысшы табының лайықты ұрпағын тәрбиелеу мен даярлаудың тиімлі жолы мирасқорлық болып отыр. 90 мыннан астам жұмысшы кадры мен өндіріс озаты жас жұмысшыларға өз тәжірибеленіп үйретіп, оларды кәсіптік шеберлікке баулып келеді.

Социалистік жарыс. Өндіріс құрал-жабдығына соц. меншік объективті туғызған соц. жарыс социализмнің өндірістік қатынастарының сипатты бір белгісі болып табылады. Соц. жарыс өндіріс коллективінің әрбір мүшесіне өз қабілетін жете ашуына, инициативасын кеңінен өрістетуіне неғұрлым қолайлы жағдайлар жасайды. Соц. жарыс - жаңа адамды тәрбиелеудің пәрменді бір тәсілі, соц. еңбектің коммунистік еңбекке біртіндеп ұласу, бірінші өмірлік қажетке айналу жолы. Сайып келгенде, соц. жарыс қоғамдық өндірісті дамыту мен жетілдірудің, еңбек өнімділігін арттырудың қуатты құралы ғана емес, сондай-ақ жаңа қоғам адамын дамытудың, соц. тұрмыс салтының қалыптасуының аса маңызды тәсілі. Республика экономикасы мен мәдениетін дамытудың барлық кезеңінде соц. жарысты дұрыс ұйымдастыру бұқараның күш-жігерін жоспарлы тапсырмаларды орындауға және асыра орындауға жұмылдыруға, жаңа адамды тәрбиелеуге жәрдемін тигізді. 1977 ж. республикада 1260 мың еңбекші, 483 кәсіпорын, 17,4 мың цех пен учаске және 44,6 мың бригада коммунистік еңбек екпінділері мен коллективтері жоғары атағын жеңіп алды. Соц. жарыстың жаңа формасы үстеме жоспар қабылдау жолындағы қозғалыс болып отыр.

Еңбек жағдайын жақсарту туралы қамқорлық жаңа Конституцияда баянды етілді. 9-бесжылдық кезінде республикада еңбекті корғауға 401535,4 мың сом жұмсалды. Еңбек жағдайын одан әрі жақсарта түсу үшін 882 цех пен учаске комплексті түрде механикаландырылып, автоматтандырылды. 1796 механикаландырылған түйдекті және автоматты линия енгізілді, 70 есептеу орталығы жасалды, жаңа техника мен технологияны өндіру жөнінде бірқатар шаралар жүзеге асырылды. Осының нәтижесінде қол еңбегіи пайдаланатын учаскеленде 100 мың-нан астам адам қол еңбегінен құтылды.

Еңбекті қорғау жағдайларын жақсарту және санитарлық-сауықтыру шараларының нәтижесінде 9-бесжылдықта өндірістік жарақат алушылық және кәсіптік ауруға шалдығушылық азайды. Республикада еңбекшілердін демалуы үшін демалыс мекемелері жүйесі кенейтіле түсті. 1977 жылдың басында 324 санаторий мен басқа да демалыс мекемелері жұмыс істеп тұрды; бұларда 1976 ж. 341 мың адам өз денсаулығын жақсартып шықты: ал пионер лагерьлерінде жұмысшылар мен кызметшілердің 543 мың баласы демалды.

Жұмысшылар мен қызметшілерге еңбекке уақытша жарамай қалғанда берілетін жәрдем мөлшері жұмыс стажы 8 жылдан жоғары болған жағдайда жалақысының 100%-іне, ал 5-жылдан 8 жылға дейінгі жұмыс стажы жағдайында 80%-іне дейін арттыру, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшілердің еңбек демалысын 12 жұмыс күнінен 15 жұмыс күніне дейін ұзарту (1968 жылдан) еңбекшілердің денсаулығы жөніндегі қалтқысыз қамқорлықтың айғағы болып отыр. Қазіргі кезде республика халық ш-нда жұмыс істейтін жұмысшылар мен қызметшілердің ақы төленетін демалысының орташа ұзақтығы 3 аптадан асып түседі (21,5 жұмыс күні).

Зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін жұмысшылар мен қызметшілерге, жұмыс күнін нормалауға келмейтін қызметкерлерге, сондай-ақ кейбір салаларда бір кәсіпорындағы үздіксіз жұмыс стажы үшін қосымша демалыс беріледі.

Үстеме жұмыс істеуге тек ерекше жағдайда кәсіподақ комитеттерінің келісім беруімен ғана рұқсат етіледі, үстеме жұмыс уақыты әрбір жұмысшы не қызметші үшін қатарынан екі күннің ішінде 4 сағ-тан, ал жыл бойына 120 сағ-тан аспауы керек.

Жұмыс күні және жұмыс аптасы. Жұмыс күні мен аптасының ұзақтығын қысқарту - еңбекшілердің әл-ауқатын арттырудың маңызды көрсеткіші - 1956 ж. басталған барлық жұмысшылар мен қызметшілерді қысқартылған 7 сағаттық жұмыс күніне көшіру 1960 ж. аяқталып бітті.

СССР Конституциясы бойынша (41-ст.) еңбек аптасыныц ұзақтығы іс жүзінде 41 сағ-тан аспау керек болды. Қазір республика өнеркәсібінің жұмысшылары үшін жұмыс аптасының ұзақтығы 40,3 сағ болып отыр, ал халық ш-нда жұмыс істейтін барлық жұмысшылар мен қызметшілер үшін 39,9 сағ-тан сәл ғана асып түседі. 11955 жылмен салыстырғанда жұмыс аптасы өнеркәсіпте 7 сағ-қа қысқартылды.

КПСС ОК-нің, СССР Мин. Советінің және ВЦСПС-тің қаулысына сәйкес 1968 жылдан аптасына белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығын сақтай отырып жұмысшылар мен қызметшілерді 5 күндік жұмыс аптасына (5 жұмыс күні және екі демалыс күпі) көшіру жүзеге асырылды. Мұның өзі еңбекшілердің еңбек жағдайып жеңілдетуді, олардың өз мамандықтары мен мәдени дәрежесін одан әрі арттыра түсуді, сондай-ақ өндірісті неғұрлым ұтымды ұйымдастыруды және еңбек өнімділігін одан әрі арттыруды қамтамасыз ететін маңызды әлеуметтік-саяси шара болды.

Қазақ Совет энциклопедиясы. Алматы, 1978. -Б. 379-381.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2024-03-30 16:22:58     Қаралды-189

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »