UF

ҚАЗАҚ ССР САУДАСЫ

Социалистік революциясына дейінгі сауда республикада мешеу дамыды. Қазақстанның тұрмыстың және экономик. ерекшелігіне сәйкес 19 ғ. 2-жартысында сауданың үш түрі: көшпелі аудандарда айырбас немесе қыдырма, жартылай отырықшылыққа көшкен және отырықшылық шаруашылығы басым аудандарда жәрмеңке және стационарлы сауда қалыптасы.

Айырбас немесе қыдырма сауда халыкка қажетті тұтыну товарларының шағын бөлігін артып алып, ауыл-ауылды кезіп журетін саудагерлердің колында болды, олар товарды көптеген ірі қара малға айырбастады. Базарда қалыптасқан бағаларды жергілікті халықтың білмейтіндігін пайдаланып, аса қажетті товарларды олар алыпсатарлық бағамен бірнеше есе қымбатқа сатты. Баюдың жолына түскен көпестер (саудагерлер) мен алыпсатарлар қазақ даласына ағылып келе бастады. 1916 ж. тек Қостанай мен Ақтөбе у-дерінде жүздеген мың сом пайда тауып тұрған саудагерлер мен алыпсатарлар болды.

Россияның мата (негізінен сиса), пленген тері және металл бұйымдары, Орта Азияның шапан, шәлі, бас орамалдары, жұмсақ етіктері, фарфордан, ағаштан жасалған ыдыс-аяқтары, мыс құмыра, шәйнектері, подностары, қытайы жібек, шәйі, мақта маталары қазақ даласындағы сауданың дәстүрлі товарларына айналды.

Шойын қазан, ошақ, мосы, шалғы, орақ, балта, күрек, кетпендер, әтір, сабын, жер майлар т. б. товарлар көптеп әкелінді.

Окт. революциясына дейін Россия империясының артта қалған отары болған Қазақстанда халықтың тұрмыс-салтына қажетті қолөнер товарларының бірсыпырасы жетіспей жатты.

«Түркістан өлкесінің толық географиялық сыпаттамасы» деген кітапта жерінің жарым-жартысы Түркістан өлкесінің территориясында жатқан Қазақстанның үй шаруашылығы жөнінде былай делінген: «Көне заманнан осы күнге дейін Түркістанның бірқатар жерлерінде халық өз тұрмысында үйдегі қолөнер бұйымдарын қанағат тұтады. Көшпелінің тасымалды үйі, жерге төсейтін киіз және мебель орнына жүретін кілемдері мен текеметтері, киімнің көп бөлігі, көшкенде заттарын салатын қаптары, сондай-ақ арқан, жабу, аяқ киімдері, ат әбзелдері т. б. бәрі көшпелілердің өздері баққан малдың жүнінен, терісінен жасалады...»

19 ғ-дың ортасында жәрмеңке саудасы дамыды. Қазақстандағы 1-жәрмеңке 1832 ж. Бөкей ордасының Хан ордасы селосында ашылды. 1852 ж. ең ірі Тайынша (Көкшетау мен Петропавл арасында) жәрмеңкесі жұмыс істей бастады. Аса маңызды керуен жолы мен мал айдайтын шұбырынды жолдың тоғысқан торабында жатқан Тайынша ұзақ уақыт бойы қазақ даласында ең ірі базар болды.

70-90 жылдары жер-жерде жәрмеңкелер ұйымдастырылды, сөйтіп жәрмеңке сауданың қазақ даласындағы басым түріне айналды. Жәрмеңке түріндегі сауда әсіресе Ақмола обл-нда дамыды, мұнда ірі жәрмеңкелермен қатар 50-ге жуық орташа және ұсақ жәрмеңкелер жұмыс істеді. Басқа облыстарда да 10-15 жәрмеңкеде сауда жүріп жатты, олардың ішіндегі ірілері - Қоянды және Шар (Семей обл.), Әулиеата, Орал, Темір (Орал обл.) жәрмеңкелері млн. сомнан аса ақша айналымын жүргізді. Саудаға түскен басты товар - мал, мал өнімдері және Россия фабрикаларының маталары. Бұлар жәрмеңкедегі товарлардың 90%-і дерліктей болды.

Окт. революциясына дейін Қазақстанда жыл сайын 70-ке жуық жәрмеңке ұйымдастырылды. Жәрмеңкелер Россия товарларын даланың түкпір-түкпіріне жеткізетін пунктке айналды.

Алайда жәрмеңкелер товар айырбастаудың үздіксіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ете алмады. Сондықтан 19 ғ. аяғында сауда фирмалары қалаларда стационарлық (тұрақты) сауда пункттерін, көтерме сауда базаларын, магазиндер, елден шикізат, ал сатып алатын пункттер ашты. Мұндай сауда кәсіпорындары аса ірі орыс және шетел сауда фирмаларының товар қоймалары, кеңселері мен өкілдіктері Семейде, Павлодарда, Петропавлда, Ақмолада т. б. пайда болды.

Шағын қалалар (Қазалы, Түркістан, Атбасар, Көкшетау т. б.) мен селоларда сауда орындарының қызметін лавкалар атқарды. 1-дүн. жүз. соғыс алдында бүкіл Қазақстанда тұрақты сауда жүйесінде 22,5 мың сауда орны болды. Алайда магазиндер мен дүкендер тек шеткері жақтарында орналасты. Қазақстанның ішкері аудандарында тұрақты сауда пункттері мен жәрмеңкелер мүлде дерлік болған жоқ. Бұл жерлердің тұрғындары ел аралайтын кезбе көпестердің уысында қалды. Олар товарды несиеге сату арқылы халықты қарыздың астына батырып, аяусыз қанады.

Россия мен Орта Азия арасында темір жол қатынасының ашылуына (1905) байланысты Қазақстанда сауда да өрістей түсті. Егер 1900 ж. қалада бөлшек саудадағы ақша айналымы 15 млн. сом (Жетісу мен Сырдария губ-н қоспағанда) болса, 1914 ж. 80 млн. сомға жетті.

Сауда Қазақстанның мал шаруашылығын өркендетуге, экономик. дамуын көтеруге және оның Россиямен экономик. байланысын кеңейтуге ықпал жасады. Алайда Окт. революциясына дейін Отанымыздың басқа халықтары сияқты, қазақ халқы да екі бірдей қанаудың - Россияның әскери-феод. империализмі мен жергілікті байфеодалдардың қанауында келді. Окт. революциясынан кейін сауданың жаңа - соц. жүйесі құрылды.

1-дүн. жүз. соғыс елдің шаруашылығын күйзеліске ұшыратты. Өнеркәсіп пен транспорттың жұмысы нашарлады, а. ш. құлдырай түсті. Европа мен Россиядан Қазақстанға товарлар әкелу күрт қысқарды.

Совет өкіметі жылдарында сауда дамудың жаңа жолына түсті. Совет өкіметі орнаған алғашқы күндерден бастап өндіріске, азық-түліктерді сатып алу мен сатуға қоғамдық бакылау енгізілді, товарлардың аса маңызды түрлеріне (нан, тұз, мата, былғары т. б.) мемл. монополия жүзеге асырылды, айналым сферасындағы, сондай-ақ дайындау және жабдықтау аппаратындағы командалық биліктер мемлекет қолына көшті, қала мен деревня арасында товар алмасуы ұйымдастырылды, алыпсатарлыққа аяусыз күрес жүргізілді. Жеке меншіктегі ірі сауда орындарына жұмысшы бақылауы қойылды.

Азамат соғысы мен шетел интервенциясы жылдарында (1918-1920) бүкіл елімізде тұтыну заттарын бөлуді орталықтандыру белгіленді. Қамтамасыз етілетін еңбекшілер 3 топқа бөлінді. Азаматтардың әлеуметтік жағдайы мен қоғамдық еңбекке араласуы ескеріліп қала тұрғындарына тұтыну товарлары нақты баға бойынша карточкамен берілді. Жеке меншіктік саудаға тыйым салынды. Еңбек етпейтіндер азық-түлікпен қамтамасыз етілмеді. Қала мен деревня арасындағы товар айырбасы елеулі нәтиже бермеді. Сондықтан 1919 ж. январда азық-түлік салғырты енгізілді. Халықты товарлармен қамтамасыз етуді орталықтандыру, а. ш. өнімдерін дайындауды ұйымдастыру мақсатында ҚАССР-інің 1-Құрылтай съезі (1920 ж. окт.) Азық-түлік халық комиссариатын құру туралы шешім қабылдады. РК(б)П ОК-ның шешіміне сәйкес, Түркістан ОАК 1921 ж. 20 апрельде азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен ауыстыру туралы қаулы алды. Осыған байланысты ақша айналымына шек қою жойылып, жеке шаруашылықтар арасында, мемл. органдар мен жеке адамдар арасында, сондай-ақ соц. сектор ішінде товар-ақша қатынастары орнады. Алғашқы кезде бөлшек товар айналымында жеке меншік сауда басым болды. Бұл кезеңде совет саудасы әлі жетілу сатысында еді. Қазақстан оыногындағы сауданың сылбырлығы 1924 ж. ортасына дейін созылды. Сол жылы Қазақстан экономик. советі жанындағы ішкі сауда комиссиясы ішкі сауда жөніндегі халық комиссариаты болып қайта құрылды. Осы кезден (1924-1925) бастап республикада тұрақты сауда-дайындау жұмысы қалыптасты.

Жаңа экономик. саясатқа көшуге байланысты, әсіресе 1923 ж., ҚАССР- інің жекелеген аудандарында жәрмеңкелер қайтадан бой көрсетті. Бұл жәрмеңкелердегі жалпы товар айналымы 1924 жылғы 6 млн. сомнан 1927 ж. 30 млн. сомға жетті.

Қазақ даласының отырықшылыққа көшуіне, мемл. оған қоса кооперат. сауданың дамуына және оның ауылға жақындай түсуіне, жол қатынастарының жақсаруына байланысты жәрмеңке саудасының ролі төмендей бастады, сөйтіп 1-бесжылдықтың басында совет саудасы берік орын алды. Бұл кезеңде бөлшек саудасы негізінен тұтыну кооперацияларының қолына көшті. Қалаларда мемл. сауданың шағын жүйесі жұмыс істеді. Жеке капит. элементтерді товар айналымы сферасынан ығыстыру интенсивті түрде бір мерзімде жүргізілді. Осы мақсатта мына шаралар жүзеге асырылды: мемл. кәсіпорындар ең алдымен дефецитті, содан кейін басқа да барлық товарларды жеке меншікті сауда жасайтын адамға беруді тоқтатты; жеке меншікпен салыстырғанда мемл. және кооперат. саудада товардың бағасы едәуір төмендетілді; мемл. және кооперат. сауда жүйесі мейлінше кеңейтілді; жеке меншік саудагерлерге көтеріңкі салық салынды. Осы шаралардың нәтижесінде Қазақстанның бөлшек сауда айналымында жеке меншік сауда үлесі 1928 ж. 27,8%, 1930 ж. 10,9%, ал 1931 ж. жойылды. БК(б)П ОК мен СССР Халкомсовының 1935 ж. 29 сентябрьдегі «Тұтыну кооперациясының деревнядағы жұмысы туралы» қаулысы бойынша тұтыну кооперациясының қалалық сауда жүйелері мемл. сауда жүйесіне берілді және селодағы мемл. сауда орындарының барлық жүйесі тұтыну кооперациясы қарамағына көшті. Осы кезеңде құрылған өнеркәсіптің көтерме сауда базасының ролі күшейді, мемл. және кооперат. сауданың және қоғамдық тамақтану орындарының сауда жүйесі, колхоз саудасы кеңейді. ҚАССР-інде 1931 ж. 96 көтерме сауда базасы орнына 1937 жылдың аяғында 163 база жұмыс істеді. Республикада 1931 ж. мемл. сауда жүйесінің 941 сауда орны, 1934 ж. 2861 сауда орны болды. 1940 ж. аяғында Қаз. ССР-інде 12,8 мың магазин мен палата, 2,2 мың қоғамдық тамақтандыру, мемл. және кооперат. сауда орындары болды. Қазақстанның бүкіл бөлшек товар айналымы 1932 ж. 83,0 млн., 1934 ж. 123 млн., 1937 ж. 303 млн., 1940 ж. 411,8 млн. сом болды.

1938-1940 ж. жаңадан 5 обл. тұтынушылар одағы мен 48 ауд. тұтынушылар одағы құрылды. 1941 ж. 1 январда Қазақстанның тұтыну кооперациясы жүйесінде 13 обл., 160 ауд. тұтыну одағы, 26 ауд. және 1103 селолық тұтыну қоғамы (сельпо), 8,7 мың магазин мен дүкен және 769 қоғамдық тамақтандыру орны болды. 1940 ж. Қазақстанның тұтыну кооперацияларының жеке товар айналымы 137 млн. сомға жетті. Қаз. ССР-інің мемл. және кооперат. саудасындағы қоғамдық тамақтандыру орындарының товар айналымы (сол жылдар бағасымен) 1928 ж. 0,6 млн. сомнан 1940 ж. 53,3 млн. сомға; яғни 90 есе дерлік өсті. Елімізде колхоз құрылысының жеңуі және нығаюымен 1932 ж. советтік сауданың жаңа түрі - колхоз саудасы пайда болды және ойдағыдай дамыды. Ұлы Отан соғысы алдында республикада 300-ге жуық колхоз рыногы болды.

Соғыс жылдарында бүкіл СССР-де, оның ішінде Қазақстанда да материалдық игіліктерді үлестіру негізінен карточка бойынша жүргізілді. Осыған байланысты халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуді жақсарту мақсатында рыноктың ролі арта түсті. Ең алдымен халық ш-ның маңызды салаларында Жұмысшы жабдықтау брлімі (ОРС) құрылды. Республиканың товар айналымында ОРС-тың және азық-түлікпен жабдықтау бөлімдерінің өзіндік үлесі 1940 жылғы 20,64%-тен соғыстың аяғында 34%-ке жетті.

Соғыс жылдарында қоғамдық тамақтандыру жүйесі едәуір дамыды. Қоғамдық тамақтандыру орындарының саны 14,5% өсті, сөйтіп республикадағы мемл. және кооперат. бөлшек саудасының товар айналымында қоғамдық тамақтандырудың үлесі 1940 жылғы 13%-тен 1944 ж. 22,4%-ке дейін өсті. Қазақстанда қоғамдық тамақтану жүйесімен пайдаланушылар саны 1 млн. адамға жетті. Соғыс тудырған орасан қиыншылықтарға қарамастан соғыс кезеңінде сауда жүйесі халық пен Сов. Армиясын үздіксіз қамтамасыз етіп тұрды.

1947 ж. ноябрьде карточка жүйесі жойылып, ашық саудаға көшу жүзеге асырылды. 1950 ж. республикада мемл. кооперат. саудасының бөлшек товар айналымы 1133 млн. сом болды. Сауда айпалымы тұтас алғанда 1940 жылмен салыстырғанда (салыстырмалы бағамен) 1950 ж. 148% өсті. 1978 ж. сауда айналымы 11664,3 млн. сом болды.

Біртұтас қоғамдық мақсатты көздейтін советтік сауда әр түрлі әлеуметтік-экономик. формада дамыды. Советтік сауда 3 формада - мемл., кооперат. және колхоз саудасы түрінде өркендеді. Бұл формалардың ортақ қоғамдық міндеті - халықтың сұранымын қанағаттандыру. Саудадағы әр түрлі формалардың болуы қоғамдық меншіктің әртүрлілігінен, сауда орындары қызмет атқаратын сфераның ерекшелігінен, экономик. байланыстардың сипатынан туған.

Мемл. сауда еліміздегі сауданың жетекші формасы болып табылады және негізінен қала тұрғындарын қамтамасыз етеді. Мемл. сауда республиканың бөлшек товар айналымының 61,9%-ін (1978) алады. Мемл. сауда орындары еліміздегі сауда орындарының ішіндегі әрі ең ірісі, әрі тех. жағынан жақсы жабдықталған. Олар мемл.меншік базасы негізінде жұмыс істейді. Сауда орындары мен ұйымдарының шаруа жұмысына мемл. органдар тікелей бағыт беріп отырады, халық ш. жоспарына сәйкес, сауданың ғылыми-тех базасын дамытудың бағытын белгілейді.

Кооперат. сауда соц. меншіктің кооперат. формасы негізінде жұмыс істейді, қызмет етеді. Ол негізінен село тұрғындарын жабдықтайды, республикадағы бөлшек товар айналымының 37%-ін алады. Кооперат. ұйымдардың қаржылары пай төлейтін мүшелердің меншігі болып табылады. Ол қаржы мүшелердің ерікті мүшелік жарнасы мен пайдадан түскен қаржы есебінен құралады. Кооперативке жататын орындар мен ұйымдарды сайланбалы органдар басқарады.

Кала мен село халқының тұрмыс жағдайындағы алшақтықты жою жөніндегі партия мен үкімет жоспарлы түрде ұйымдастырып отырған процесте кооперативтің ролі сан қырлы әрі кең көлемді болып келеді. Кооперат. бөлшек товар айналымының дамуында прогрессшіл өзгерістердің жүріп жатқаны айқын байқалады. Жан басына шаққанда кооператив саудасы саласындағы товар айналымы мемл. сауда саласындағыдан едәуір жедел дамып келеді. Соның арқасында қала мен селолық жердегі тұтыну айырмашылығының алшақтығы азайтылды. Егер 1928 ж. ҚАССР-інің бөлшек товар айналымы ауылдық жерде жан басына шаққанда қаладағыдан 13 есе төмен болса, 1978 ж. айналымның ара қатынасының дәрежесі қала (958 сом) мен селода (572 сом) шамамен 1,66:1 болды.

Тұтыну кооперациялары сонымен бірге комиссиялық сауда жүргізеді. Ол колхоз саудасы базасында дамыды. Тұтыну кооперациясы колхоздар мен колхозшылардың тапсыруы бойынша олардан алған өнімдерді колхозшылардың келісімі бойынша қойылған бағамен қалаларда жэне қ. т. поселкелерде ұйымдастырылған арнаулы сауда жүйесінде сату міндетін мойнына алады.

Колхоз саудасы колхоздар мен кооперативтердің, олардың жеке мүшелерінің меншігіне негізделеді. Мемл. дайындау міндеттемелерін орындағаннан кейін колхоз саудасы арқылы колхоздардың басы артық а. ш. өнімдері, колхозшылардың, жұмысшылардың, қызметшілердің т. б. адамдардың үй жанындағы учаскеден алған өнімдері сатылады. Колхоз саудасы негізінен жергілікті сипатта болады және азық-түлік товарларымен ғана шектеледі. Сауданың бұл түрінің ерекшелігі товарларды өндіруші мен тұтынушы арасында сатып алу-сату процесінің тікелей яғни ешбір келістірушісіз жүргізілуінде. Мемлекет оны жүргізуді де, айналым көлемін ұлғайтуды да, бағасын қоюды да жоспарламайды. Колхоз рыногында баға халықтың сұранысы мен ұсынысы бойынша қойылады. Алайда бөлшек сауда бағасы бойынша мемл. және кооперат. сауда орындары арқылы өткізілетін товарлардың санын көбейту арқылы мемлекет колхоз рыногына экономик. ықпал жасайды. Сонымен бірге ол колхоз саудасының материалдық-тех. базасын, мәдениетін көтеруге қамқорлық көрсетеді, жұмыс тәртібін реттейді, а. ш. өнімдерінің рынокқа көбірек келуіне ықпал етеді. Колхоз рыноктарына күрделі қаржы бөлу мәселесі де шешілген. Жеке адамдардан бір жолғы базар ақысы түрінде алынатын қаржы бұрын Одақтық бюджетке кетіп отырса, 1966 жылдан бері рыноктарды салуға, көркейтуге пайдаланылуда.

1979 жылдың январына Қаз. ССР-інде 265 колхоз рыногы сауда жасады, оның жалпы айналымы 206,3 млн. сом болды. Республикадағы товар айналы- мының 1,8%-і колхоз саудасының (1978) үлесіне тиеді.

Мемл. сауда мен кооперат. сауда жоспарлы түрде жүргізіледі, ал колхоз саудасы жоспарланбайды.

Қазақстан саудасында азық-түлік және өнеркәсіп товарларының арнаулы магазиндері, универмагтары бар; жаңадан тағы да сауда орталықтары салынуда; заман талабына сай ірі қойма шаруашылықтары, тоңазытқыштар, жеміс-көкөніс базалары мен комбинаттары құрылуда. Сауданың прогресшіл әдістері, өзіне-өзі қызмет істеу, алдын ала заказ беру, автоматтар арқылы сату, үйге жеткізіп беру сияқты озат әдістер енгізілуде.

Сауданы одан әрі дамытудың кеңейтілген программасы КПСС ОК мен СССР Мин. Советінің 1972 ж. 7 январдағы «Сауданы және оның техникалық жарақтануын жақсартудың кейбір шаралары туралы» және 1977 ж. 19 июльдегі «Сауданы одан әрі дамыту шаралары туралы» қаулыларында белгіленген. Сауда процестерін механикаландыру және автоматтандыру едәуір дамыды, негізінен ірі универмагтар, универсамдар, сауда орталықтары, бөліп таратушы тоңазытқыштар, көкөніс-картоп қоймалары, жалпы товар қоймалары салынады; фирмалы магазиндер жүйесін құру көзделеді, ал универмагтар мен ірі магазиндерде - өндірістік бірлестіктер мен өнеркәсіп орындарының товарларын сататын арнаулы секциялар мен бөлімдер ашылды.

Арнаулы ірі магазинде, универмагтарда, сауда орталықтарында товарды посылка арқылы және тасымалдап жеткізіп беру, сауда жасау, аяқ киім, мата, мәдени тұрмыс және шаруашылық товарларын сатуды орталықтандыру дами бастады; жартылай фабрикаттар, кулинарлық бұйымдар, диет тамақтары кәсіпорындарының жүйесі дамып келеді. Автошаруашылықтарда товарлар тасымалдайтын арнаулы бөлімшелер құрылды.

Сауданы ұйымдастыру ісін жетілдіруде электронды-есептегіш техникасын пайдалану мәселелерін комплексті шешу көптеген мүмкіндіктер береді.

 

Қазақ Совет энциклопедиясы. Алматы, 1978. -Б. 366-369.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2024-03-30 12:09:09     Қаралды-261

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »