UF

ҚАЗАҚ ССР-ДІҢ ФИНАНС ЖӘНЕ КРЕДИТ ЖҮЙЕСІ

 

Финанс-кредит жүйесі. Ұлы соц. революциясына дейін Қазақстан Россия империясының отары және оның өнеркәсіп орталығы үшін агр.-шикізат базасы, сонымен бірге мемл. кірістерінің елеулі кезі болды. Патша өкіметі тонаушылық саясат жүргізді, салық үздіксіз өсіп отырды. Егер 1868 жылғы реформаға дейін өлкенің село халқынан алынатын алым 643,5 мың сом болып есептелсе, 1913 ж. ол 4070,7 мың сомға жетіп, 6 еседен астам өсті. Әр үйге салынатын алым-салықтың жалпы сомасы жылына 10 сом болды. 1-дүн. жүз. соғыс кезінде - соғыс салығы, басқа да төтенше алымдар мен контрибуциялар енгізілді. Үздіксіз ауыр салықтарға, патша чиновниктерінің парақорлығына қоса ат төбеліндей бай-феодалдардың бұқараны қанауы күшейе түсті.

Жиналған қаржы негізінен әскери-полициялық аппаратты ұстауға жұмсалды. Мыс., Жетісу мен Сырдария облыстарында 1868 жылдан 1872 жылға дейін бюджеттің жартысынан астамы осы мақсатқа жұмсалған. Бұл шығындардың жалпы сомасы 1-дүн. жүз. соғыс кезінде Түркістан ген.-губернаторлығында 1913 жылғы 23,2 млн. сомнаң 1917 ж. 99 млн. сомға дейін, яғни 4 еседен астам өсті. Бұған керісінше денсаулық сақтау мен халық ағарту ісіне мардымсыз ғана мөлшерде қаржы жұмсалды. 20 ғасырдың бас кезінде мемл. бюджеттің халық ағарту қажетіне жұмсалған шығыны өлкенің әрбір гұрғынына жылына орта есеппен 2-3 тиын ғана болды. Ал Қазақстанның түрлі облысындағы 1000 тұрғынға 1-7 оқушыдан келді, яғни бұл еліміздің орт. аудандарындағыдан 8-10 есе кем деген сөз.

Қазақстан территориясында құрылған кредит-банк жүйесінің бүкіл қызметі Қазақстанды метрополияның шикізат базасына және өткізу рыногына айналдыру саясатына бағындырылды. Кредиттің капитализмнен бұрынғы формаларының (өсімқорлық) кең таралуымен қатар капит. формалары да айтарлықтай жедел дами бастады. Россия империясының неғұрлым дамыған аудандарына қараганда Қазақстанда өнеркәсіптің төменгі дәрежеде дамуы, оның отарлық сипаты, сауда-өнеркәсіп орталықтарының арасындағы экономик. қатынастардың нашар болуы және ауылда қанаудың капитализмге дейінгі формаларының үстемдік етуі 19 ғ-дың бас кезіне дейін кредит жүйесінің дамуына кедергі жасады. Қазақстанда кредит жүйесі мен оның операциялары тек өнеркәсіптік өрлеу жылдарында (1909-1913) ғана елеулі өсті, ал 1917 жылдың бас кезіне қарай әр түрлі аудандарда Мемл. банкінің 6 бөлімшесі, акционерлік банклердің 18 филиалы, 12 өзара кредит қоғамы, 8 қалалық қоғамдық банк, сондай-ақ 345 кредит және несие-жинақ кассалары серіктігі жұмыс істеді. Неғұрлым ірі сауда өнеркәсіп клиентурасына біршама кредит беріп тұрған банк филиалдары өлкенің ұлан-байтақ аудандарының орталықтарында (Орал, Омбы, Петропавл, Семей, Верный т. б.) орналасты. Мемл. банк бөлімшелері болмаған аудандарда қарапайым операцияларды жүргізу ісі казначейліктерге жүктелді. Ал казначейліктер Омбы, Орынбор және Түркістан қазына палаталарына бағындырылды. Демек, өлкенің ішкі шалғай аудандары түгелдей өсімқорларға кіріптарлыққа түсті.

Қазақстандағы сауда-өнеркәсіп клиентурасына кредит беру ісін аса ірі Петербург банк монополиялары да жүзеге асырып отырды, олардың филиалдарының саны 6 есе өсті: 1910 жылғы 3 бөлімшеден 1917 ж. 19 бөлімшеге жетті. Сауда-өнеркәсіп айналымына кредит берумен қатар Россияның банк монополиясы шетел финанстық-капит. топтарымен тығыз байлапыста әрекет ете отырып, өлке өнеркәсібінің аса маңызды салаларына ене түсті. Қазақстанда 1917 жылғы деректер бойынша, орыс және шетел банк монополиялары қатысқан 9 аса ірі акционерлік қоғамның акционерлік капиталы 71 млн. сомдай болды.

Соғыс алдындағы өнеркәсіптік өрлеу жылдарында сауда және өнеркәсіп орындарына кредит беруді жергілікті кредит мекемелері - қарыз-кредит қоғамдары мен қалалық қоғамдық банкілер жүзеге асырды. Олар кредит жүйесінің орта буыны ретінде көбінесе орта және ұсақ буржуазияға қызмет көрсетті. Өз қызметінің сипаты жөнінен қарыз-кредит қоғамдарының коммерциялық банкілерден айырмашылығы болмады. Олар аманат ақшалар қабылдады, ағымдағы счеттарды ашты, вексельдерді есептеп, оларды кепілдікке алды, несиелер беріп отырды, товар операцияларын жүргізді. Қалалық қоғамдық банкілердің өзінің ұйымдық құрылымы жағынан қарыз-кредит банкілерінен айырмашылығы болды. Олар қала басқармаларының басқаруында болып, қала думаларының бақылауымен жұмыс істеді. Іс жүзінде бұл банкілер толық билікті қожайындарының, жергілікті сауда өнеркәсіп буржуазиясы мен ірі қора-жай иелерінің билеп-төстеуінен шыға алмады. Қарыз-кредит қоғамдары мен қалалық қоғамдық банкілердің дамуы, олар атқаратын операциялар көлемінің өсуі өлкенің сауда-өнеркәсіп айналымының орта және төменгі буындарына капит. кредит формаларының барған сайын тереңірек ене бастағанын дәлелдейді.

Капит. қатынастардың орыс деревнясы мен қазақ аулына енуіне қарай банк кредитіне ұсақ товар өндірушілердің, селолық буржуазияның онша қолы жете бермейтін болғандықтан дереу кредит және несие-жинақ кассалары серіктіктері формасындағы ұсақ кредит мекемелерінің әр түрлі типтері құрыла бастады. Кредит кооперациялары негізінен орыс деревняларындағы шаруаларға, қазақтарға және қоныс аударушы шаруаларға қызмет көрсетті. Отырықшы қазақ халқының кредит кооперацияларындағы үлес салмағы мардымсыз еді (0,2%-тен 37%-ке дейін ауытқып отырды). Бұл мекемелердің көшпелі халықты қамту проценті өлкенің барлық облыстарында да төмен болды.

Кейбір кооперативтермен қатар сословиелік ұсақ кредит мекемелері де - селолық банкілер мен несие жинақ кассалары да жұмыс істеп тұрды. Алайда олар шамалы ғана роль атқарды. Қазақстанда «қырғыз несие кассалары» деп аталатын өзгеше ұсақ кредит мекемелері болды, олар дала уәлаятында 19 ғасырдың 70 жылдарында жұмыс істей бастады. Бұл кассалардың қаржыларын негізінен жергілікті халықтың ауқатты топтары пайдаланып отырды немесе кассаларының көп қаржысы өсімқор операцияларға жұмсалды.

20 ғасырдың бас кезінде, әсіресе соғыс алдындағы жылдары Қазақстан территориясында жинақ кассалары едәуір дамыды. 1917 жылдың 1 январында 173 касса, бұлардың ішінде 39 орталық, 96 почта-телеграф, 38 болыстық кассалар жұмыс істеді. 15 жылдың ішінде жинақ кассаларының саны 2 еседен, ал аманат ақша салушылардың саны 4 еседен астам өсті. Бірақ тұрғындар санына шаққанда бұл көрсеткіш тым аз еді. Россия империясында 1000 тұрғынға 50 аманат ақша салушыдан келген кезде, Қазақстанның әр түрлі аудандарында тек 5-8 аманат ақша салушылардан ғана келді, яғни елдің өзге аудандарындағыдан 7-10 есе кем болды. Мұның да көпшілігі ат төбеліндей байлардың ақшасы еді. Топқа бөлгенде: төменгі топтағылардың орташа аманат ақша мөлшері 6,5 сомнан ғана келеді, ал жоғары топтағылардың орташа үлесі бұдан 122 есе көп болды.

Жалпы росс. кредит жүйесінің бір бөлігі ретінде Қазақстан территориясында кредит-банк жүйесінің құрылуы және кредит операцияларының ұлғайтылуы өсімқорлықты жоя алмады, тек белгілі дәрежеде ғана оның бұрынғы монополиялық жағдайын шектеп отырды. Оның үстіне сауда-өнеркәсіп буржуазиясы мен ұсақ кредит мекемелерінің кулактық-ауқатты тобы банкілерден алған кредиттерін өсімқорлық операцияларға көбірек пайдаланды. Революциядан бұрынғы Қазақстан экономикасында кредиттің даму процесі іштей қайшылықта болды: бір жағынан банк капиталының сауда-өсімқорлық капиталмен жанасуы капитализмге дейінгі формаларды сақтап отырса, екінші жағынан оларды қожыратып, қанаудың капит. формаларының таралуына әкеп соқтырды.

Қазақстандағы соц. финанс-кредит жүйесі - бүкіл еліміздегі сияқты соц. ұлғаймалы ұдайы өндіріс негізінде дамып, нығайды. Ұлттық табыстың өсуі республикапың финанс-кредит ресурстарының үздіксіз көбеюін, олардың тұрақтылығы мен беріктігін қамтамасыз етті. Сонымен бірге финанс-кредит ресурстарының ұдайы өсіп отырған мөлшері ақша қаржыларының экономика мен мәдениетті өркендетуге; қоғам мен оның мүшелерінің қажетін қанағаттандыруға барған сайын көптеп жұмсап отыруға мүмкіндік береді.

Елімізді индустрияландыру және а. ш-н коллективтендіру негізінде халық ш-н соц. жолмен қайта құру, республикада әлеуметтік мәдени құрылыстың кең құлаш жаюы орасан зор мемл. күрделі қаржы жұмсауды талап етті. Осыған орай барған сайын еселеген көлемді қаржыландыру түптеп келгенде мемл. бюджет арқылы, ең алдымен одаңтық бюджет арқылы іске асырылады. Бұл көбінесе ішкі ақша қорларының есебінен қамтамасыз етілді, қазір де қамтамасыз етіліп келеді.

Қаз. ССР-інің, өзге одақтас республикалар сияқты, өз мемл. бюджеті, шаруашылық пен әлеуметтік-мәдени құрылысты дамыту ісін жоспарлау саласында кең праволары бар, мұның өзі СССР және Қаз. ССР Констптуцияларында айқын бейнеленген.

Советтік Қазақстанның экономикасын дамытуда банк кредиті айрықша маңызды роль атқарады. Банк кредитінсіз өндірістік қорлардың ауыспалы айналымы және кәсіпорындар мен бірлестіктердің жұмыс істеуі мүмкін емес. Сондықтан да Совет мемлекеті кредит жүйесі арқылы барған сайын көп мөлшерде халық ш-н дамытуға орасан мол ақша қаржыларын жұмсап отырады. Осының арқасында Қаз. ССР халық ш-на жұмсалған кредит қаржыларының көлемі олардың қалдықтары бойынша есептегенде, еліміз бойынша тұтас алғандағыдан неғұрлым жоғары қарқынмен өсіп отырды, Сөйтіп, СССР Мемл. банкісінің Қазақ респ. кеңсесінің мәліметтеріне қарағанда кредит қаржыларының көлемі 1940 жылдың аяқ кезіндегі 0,4 млрд сомның орнына 1977 жылдың 1 январында 11,5 млрд сом болды, мұның өзі республика бюджетінің жыл сайынғы барлық көлемінен едәуір асып түседі.

Бюджет пен кредит қаржылары көлемінің жоғары қарқынмен өсуі соц. экономиканың даму заңдылықтарын және оның Қазақстандағы өзіндік ерекшеліктерін айқын көрсетеді. Бұлар республиканың өлшеусіз табиғат байлықтарын өндіргіш күштерді жедел дамыту және халықтың әл-ауқатын одан әрі көтеру мақсатына кеңінен пайдалану қажеттілігімен байланысты болып отыр.

Қазақстанда финанс-кредит жүйесінің сан тармақты торабы жұмыс істейді. Финанс-кредит жүйесін бір орталықтан басқарудың арқасында жоғары өкімет органдары мен басқармалар, одақтық финанс және кредит органдары (СССР Финанс мин-лігі, СССР Мемл. банкісі мен СССР Құрылыс банкісі) тарапынан одақтас республикаларға да, атап айтқанда, Қаз. ССР-іне де үлкен праволар берген. Қазір Қаз. ССР Мин. Советіне бағынатын финанс мин-лігі, 320 финанс органы, оның ішінде финанс мин-ліктері мен бірге тиісті жергілікті халық депутаттары Советіне бағынатын 19 облыстық, 82 қалалық және 218 ауд. финанс бөлімдері бар, Финанс органдарының екі жақты бағынуы бүкіл финанс жұмысына жоғарыдан төменгі органдарға дейін бірыңғай басшылық орнатуды қамтамасыз етеді. Олар бюджеттің орындалуына, кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің шаруашылық қызметіне, олардың халық ш. жоспары тапсырмаларын, бюджет төлемдері бойынша мемлекет алдындағы міндеттерін орындап шығуына, қаражатты жұмсауда үнем тәртібінің сақталуына финанстық бақылау жасап отыруды көздейді.

Қазақстандағы кредитті басқару жүйесі барлық кредит мекемелерінің жиынтығы ретінде Мемл. банк мекемелерінен, мемлекеттік еңбек жинақ кассаларының, күрделі қаржыны финансылаудың Бүкіл одақтық банкісінің (құрылыс банкісі) жүйесінен және ломбардтан құралады: ол ұдайы өндіріс процесінде маңызды роль атқарады.

Мемл. банк - бірыңғай эмиссиялық орган, қысқа мерзімді кредит орталығы, бірыңғай есеп айыру және кассалық орталық, 1959 жылдан бері оған а. ш-ның мемл. кәсіпорындарын күрделі қаржымен финансылау, колхоздарға, кооперацияға және ауылдық жерлердегі жеке тұрғын үй құрылысына ұзақ мерзімді кредит беру міндеттері де жүктелді. Республикада Мемл. банкінің 1922 ж. 4 мекемесі ғана болса, қазіргі кезде 310 мекемесі жұмыс істейді.

Құрылыс банкі - мемл. кәсіпорындар мен ұйымдарды күрделі қаржымен финансылайтын негізгі банк; барлық облыс орталықтарында және күрделі құрылыс барынша көп шоғырланған қалалардың бәрінде өз филиалдары бар; негізгі қорлардың ұдайы өндірісін қаржыландыруда, республикада күрделі қаржы тиімділігін арттыруда маңызды роль атқарады.

Кезінде Қазақстанда 4415 мемл. еңбек жинақ кассасы жұмыс істейді, оларға аманат ақша салушылардың жалпы саны 4,5 млн-нан асып түседі. Мемл. еңбек жинақ кассалары халықтың жинаған ақшаларын сақтау жөніндегі операцияларды екі формада жүзеге асырады, олар аманатқа салу және 3%-тік мемл. ұтыс заемын, ақшалай-заттай лотерея билеттерін өткізу жолы; коммуналдық және тұрмыстық қызмет көрсету үшін есеп айыру жолы. Ломбардтар еңбекшілерге заттай кепілдікке несие беру, халықтан үй тұрмысына қажетті және жеке пайдаланатын дүние-мүлікті сақтауға қабылдау жұмыстарын атқарады.

Қазақстандағы бүкіл кредит мекемелерінің қызметі тұтас алғанда бүкіл еліміздегі сияқты мемл. монополия принципіне негізделіп құрылған. Олардың барлығы да мемлекет меншігінде, оларға өзінің жоғары өкімет және басқару органдары арқылы ССР Одағы басшылық етеді.

Мемлекеттік бюджет. Финанс қоғамдық ұдайы өндірістің дамуы мен оның экономик. тиімділігінің артуына белсенді түрде әсер етеді. Сондықтан совет финансының барлық жүйесінде СССР-дің Мемл. бюджеті жетекші орын алады. Ол одақтық бюджетпен қоса одақтас республикалардың бюджетін де біріктіреді. Қазақстанның мемл. бюджеті көлемі жөнінен СССР-де 3-орынға ие болып отыр (РСФСР мен Украина бюджетінен кейін).

Қазақстандағы шаруашылық пен мәдени құрылыс саласында Коммунистік партия мен Совет үкіметі алға қойып отырған үлкен міндеттерді шешуде мемл. бюджет барған сайын өскелең роль атқарып келеді.

Қаз. ССР-інің басқа да одақтас республикалар сияқты СССР Конституциясы бойынша өз бюджеті, шаруашылық пен әлеуметтік-мәдени құрылысты жоспарлау саласында үлкен праволары бар. Кіріс пен шығыстың шеңберін дәйектілікпен ұлғайтудың, оларды СССР-дегі бюджет жүйесінің жекелеген буындары мен бюджет түрлерінің арасында ұтымды бөлудің бюджеттік праволар негізінде жүзеге асырылып отырғандығы мәлім. 1959 жылға дейін олардың «Жергілікті финанстар туралы» (1976 ж. 25 апр.), «ССР Одағы мен одақтас республикалардың бюджеттік праволары туралы» (1927 ж. 25 май) ережелері СССР ОАН пен Халкомсовының «Республикалық және жергілікті бюджеттер туралы» қаулысы (1931 ж. 21 дек.) бойынша анықталып келді.

Совет өкіметінің алғашқы күндерінен бастап Қазақстан бюджеті қарқынды даму жолына түсті, мұның өзі бұрыңғы патшалық Россияның шет аймақтарындағы халықтардың экономик. және мәдени артта қалушылығын жедел жою жөніндегі партияның директиваларына сәйкес жүзеге асырылды. Өлкеде жоспарлы бюджет шығындарын өтей аларлықтай өз ақша қаражаты болмағаны мәлім, мұның өзі оның өткен замандағы экономик. артта қалушылығынан туған жағдай еді. Сондықтан өлкаге РСФСР бюджетінен тікелей финанстық көмек көрсетілді. Бұл Бүкіл росс. ОАК пен РСФСР Халкомсовының 1920 ж. 26 августа В. И. Ленин мен М. И. Калинин қол қойған Қаз. АССР-ін құру туралы декретінде тұжырымдалды. «Барлық қажетті финанстық және техникалық қаржымен, - делінген декретте, - Автономиялы Қырғыз (Қазақ) ССР-і РСФСР қаржысынан жабдықталады».

Осымен қатар Коммунистік партия мен Совет үкіметі одақтық бюджет есебінен де республикаға зор көмек көрсетті, одақтық бюджет қаржысы соц. ауыр индустрияны жасауға, Түркістан - Сібір т. ж-н салуға, совхоздарды, колхоздарды, МТС-терді, жалпы білім беретін мектептерді, ауруханаларды, жоғары және арнаулы орта оқу орындарын, халық шаруашылығы мен мәдениеттің басқа салаларын дамытуға орасан зор мемл. күрделі қаржы бөлудің шешуші көзі болды.

Еліміздің экономикасында болып өткен түбегейлі өзгерістер, Коммунистік партияның одақтас республпкалар мен жергілікті Советтердің праволарын кеңейту жөнінде жүзеге асырған шаралары жоғарыда келтірілген «Бюджеттік праволар туралы» қағидаларға елеулі өзгерістер енгізуді қажет етті. Осыған байланысты СССР Жоғ. Советі 1959 ж. 30 октябрьде жаңадан СССР меп Одақтас республикалардың бюджеттік праволары туралы заң, ал Қаз. ССР Жоғ. Советі 1961 ж. республиканың және жергілікті Советтердің бюджеттік праволары туралы заң қабылдады. Бұл заңдар республикалардың бюджеттік праволарын одан әрі ұлғайтудың айқын көрінісі болды. Қаз. ССР мемл. бюджеті жалпы сома бойынша СССР Мемл. бюджетіне енді. Респ. және жергілікті бюджеттер арасындағы кірістер мен шығыстарды бөлу ісі республика компетенциясына жатқызылды. Енді оның бюджеті алдын ала белгіленіп қана қоятын болды. Оны Қаз. ССР Жоғарғы Советі бекітеді.

Қаз. ССР мемл. бюджеті екі буыннан - респ. және жергілікті бюджеттерден құралады. Мұндай құрылымның шаруашылық және әлеуметтік-мәдени құрылысты бағыныштылығы бойынша бірқалыпты жоспарлы территориялық дамыту мақсатымен ақшалай қаржыларды ішкі респ. бөлумен қайта бөлудегі мәні зор. Мұның өзі бюджеттің барлық түрлерінің демокр. централизм принциптері негізінде құрылатындығын көрсетеді.

1980 жылға Советтік Қазақстанның бюджеті 8,6 млрд. сом мөлшерінде бекітілді (1940 ж. 164,6 млн. сом болатын). Оның табысының 92%-інен астамы соц. шаруашылықтан түскен қор есебінен құралады, ал бюджет шығынының 97%-інен астамы өндірістік және өндірістік емес сфералар салаларын қаржыландыруға жұмсалады. Республика бюджеті кәсіпорындардың, бірлестіктердің, мин-ліктердің ведомстволардың өндірістік-финанстық жоспарлар жасау, зерттеу, бекіту және олардың орындалу процесінде белсенді роль атқарады. Осы арқылы ол республика халық ш-н дамыту жоспарының нақты құндық көрсеткіштерін әзірлеуге, оның ойдағыдай орындалуына, шаруашылық есептің нығаюына, материалдық, еңбек және финанс ресурстарын жұмсауда, үнемдеу тәртібін сақтауға елеулі ықпал етеді.

Қаз. ССР бюджеті жоғары қарқынмен өсуі сарқылмас табиғат байлықтарын кеңінен пайдалану негізінде республика соц. экономикасының даму заңдылықтары мен ерекшеліктерін бейнелейді. Мұның өзі бір жағынан бюджет есебінен күрделі қаржыландыруға жұмсалатын ақшалай шығынның төтеннен шұғыл өсуін белгілейді, екінші жағынан қоғамдық ұдайы өндіріс жөніндегі шараларды бюджет есебінен біршама өтеусіз қаржыландыруға объективті жағдай жасайды. Осымен бірге күрделі шығындарға қаржы бөлуде кредиттік әдістер қолданылатын болса да, елеулі дәрежеде өнеркәсіптің аса маңызды жаңа объектілерін салуға жұмсалатын күрделі қаржының зор көлеміне, өндірісті неғұрлым бірқалыпты, ұтымды орналастыру, тың жерлерді одан әрі игеру, республикада а. ш. дақылдарының шығымдылығы мен қоғамдық мал шаруашылығының өнімділігін арттыру қажеттілігіне байланысты қаржыландырудың бюджеттік әдісі едеуір дәрежеде басым бола береді.

Басқа республикалардағы сияқты Советтік Қазақстанда да қоғамдық ұдайы өндірісті қаржыландырудың тәжірибесі совет халықтарының кең көлемдегі финанстық көмегі мен өзара көмегі олардың түбегейлі мүдделеріне жауап беретіндігінің, бүкіл елдің соц. экономикасы мен мәдениеті жоғары қарқынмен дамуына көмектесетіндігі және ұлттық мәселелерді лениндік жолмен шешу болып табылатындығының кәміл айғағы болып отыр.

Сонымен, Қаз. ССР мемл. Бюджеті - республиканың ақшалай ресурстарының орталықтандырылған негізгі қорлары құралуының және оларды пайдаланудың жетекші финанстық жоспары. Ол одақтық бюджетпен біте қайнасып, республиканың, СССР Конституциясында көрсетілгендей, суверенді мемлекет ретінде дербес шаруашылық және мәдени дамуын қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік сақтандыру. СССР Конституциясына сәйкес Совет Одағында мемл. сақтандыру ісін СССР Мин. Советі ұйымдастырады. Сақтандыру ісіне жалпы басшылық жасау СССР Финанс мин-лігіне жүктелген. Оның жанында шаруашылық есеп негізінде одақтық-респ. орган - Мемл. сақтандыру бас басқармасы жұмыс істейді. Сыртқы сауда рыногындағы сақтандыру операцияларын атқару үшін акционерлік негізде Шетелдік мемл. сақтандыру бас басқармасы құрылған.

Қаз. ССР-інде республиканың мемл. сақтандыру бас басқармасы және облыстар мен аудандарда, қалаларда, оған бағынатын басқармалар мен инспекциялар жұмыс істейді. 1977 жылдың аяғында республикада 20 басқарма (оның ішінде Алматы қалалық басқармасы да бар), 200 негізгі (басты) аудандық мемл. сақтандыру инспекциясы болды.

Қазақстанда мемл. сақтандыру ісі 1921 жылдан дами бастады. Халкомсовтың 1921 ж. 6 октябрьде В. И. Ленин қол қойған мүлікті мемл. сақтандыру туралы декретіне сәйкес және Финанс халық Комиссариаты жүйесінде Мемл. сақтандыру бас басқармасының құрылуына байланысты РСФСР Финанс халық комиссариатының Россия мемл. сақтандыру бас басқармасының Қырғыз (Қазақ) АССР бойынша өкілетті басқармасы құрылды.

Оақтандыру ісін ұлғайту мақсатымен 1925 ж. 3 декабрьде Қаз. АССР-і бойынша біріккен мемл. сақтандыру кеңсесі құрылды. Ол Россия мемл. сақтандыру бас басқармасының қарамағында болды.

Республика сақтандыру органдарының жұмысын жақсарту мақсатымен 1928 ж. августа Мемл. сақтандырудың Қазақ өлкелік кеңсесі (Қазақ өлкелік мемл. сақтандыру) құрылды. 1931 ж. ол таратылды. Құрылысты, а. ш-н, малды, егісті міндетті кесімді сақтандыру, кооператив және қоғамдық ұйымдарды міндетті сақтандыру, сондай-ақ азаматтардың үй мүлкін ерікті сақтандыру жөніндегі барлық операция Қаз. АССР Финанс халкоматының көпшілік төлемдері секторына берілді.

БК(б)П ОК-інің 1933 жылғы 8 марттағы шешіміне сәйкес сақтандыру аппараты бүкіл елде қайта құрылды. Осыған байланысты 1938 ж. апрельде Мемл. сақтандырудың қазақ басқармасы (Қазақ мемл. сақтандыру) құрылып, ол 1949 ж. Қаз. ССР-і бойынша мемл. сақтандыру басқармасы болып қайта аталды.

СССР Мин. Советінің 1958 жылғы 17 апрельдегі қаулысымен СССР Мемл. сақтандырудың жергілікті органдары одақтас республикалардың қарамағына берілді. Қаз. ССР Мин. Советінің 1958 жылғы 20 декабрьдегі қаулысымен «Қазақ ССР-ндегі мемлекеттік сақтандыру органдары туралы ереже» бекітілді. Осыған орай республикада Мемл. сақтандыру бас басқармасы құрылды.

Қазақстанда 1940 ж. мемл. сақтандырудың барлық түрі бойынша 8,6 млн. сом төлем түссе, 1960 ж. 37,7 млн. сом, ал 1970 ж. 99,9 млн. сом, 1978 ж. 333,5 млн. сом төлем түсті. Сонымен 37 жылда түсім 38,8 есе өсті.

Республикада мемл. сақтандыру колхоздардың экономикасы мен финанстарын нығайту және халықтың материалдық әл-ауқатын арттыру ісінде барған сайын елеулі роль атқарып отыр.

1968-1978 жылдар өлім-жітімнің және зиян шеккен мүліктің орнын толтыру үшін республика колхоздарына 468,7 млн. сом мөлшерінде сақтандыру төлемдері төленді.

1979 жылдың басында республикада жеке басты өрікті сақтандыру- жөнінде 3,4 млн. сомға шарт жасалды. Жеке басты ерікті сақтандырудың барлық түрі бойынша сақтандыру төлемдерінің жалпы көл. 252,1 млн. сом болды (1940 ж. 0,6 млн. сом, 1970 ж. 39,3 млн. сом). 1979 ж. совхоз мүлкін сақтандыру енгізілді, бұл а. ш. өндірісінің одан әрі өркендеуіне және нығая түсуіне жағдай жасайды.

Қазақ совет энциклопедиясы. Алматы, 1975. -Б.321-324.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2024-03-07 15:16:47     Қаралды-218

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »