UF

ОҚО ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЖОҢЫШҚА ЗИЯНКЕСТЕРІМЕН КҮРЕСУ ШАРАЛАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУҒА БИОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕ

КІРІСПЕ

Ауылшаруашылық өндірісін әртараптандырудың басты принциптерінің бірі егіншілік мәдениетін көтеру, жаңа тиімді агротехнологияларды қолдана отырып өндірілетін өнімнің өнімділігімен бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Сонымен бірге өндірілетін өзіндік құнын барынша төмендету – ең маңызды шаралар болып таныладыБiздiң оңтүстiгiмiзде мақта, жүгері сияқты дақылдардың дәстүрлi және негiзгi алғы дақылы ауыспалы егiстегi өсiмдiк - ол жоңышқа.

Отандық ауылшаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда, Қазақстанның оңтүстігінің топырақ құнарлылығы төмен, жоғары сорланған, ағын су жетіспеушілігі жағдайларында атқарылған осы инновациялық іс-шаралар үлкен маңыздылыққа ие болатынын айқындап отыр. Осы біздің атқарылып келе жатқан ғылыми-зерттеу бағыттарының аясында жетілдірілген отандық технологиялар мен бәсекеге қабілетті отандық ауылшаруашылық өнімдері, ауылшаруашылығының бәсекелестігін арттыру бағытындағы табыстың жаңа белестерінің көзі болып табылады.

Қазақстанның оңтүстік өңірінде жоңышқа негізгі мал азығындық дақылдың бірі. Аймақтағы суармалы  және тәлімі егіншілікте астық және мал азықтық, мақта, көкөніс дақылдарының ауыспалы егісінде өсіріледі. Жоңышқаның ауыспалы егістегі маңызы ерекше, ол бірден-бір топырақ құнарлылығын қалпына келтіріп, физикалық қасиетін жақсартатын өсімдік. Өкінішке орай, соңғы жылдары бұл бағалы мал азығындық дақылдың облыс бойынша егіс көлемі 150 мың гектарға азайып кетті.

Кеңес Одағы кезінде біздің өлкемізде мал азығын дайындау мақсатында өсірілетін жоңышқа егіс көлемі 350-400 мың гектар жерді құраса, тұқымдыққа себілетін егістік 40-41 мың гектар, әр жылы себілетін егістік 80-85 мың гектарды қамтитын.

Алайда бұрынғы Кеңес Одағының ыдырап, еліміз егемендікке жеткен кезеңде ауыл шаруашылығы өндірісі айтарлықтай дағдарысқа ұшырағаны баршамызга аян. Әсіресе, жекешелендіру кезінде аймақтық және экономикалық жағдайларына байланысты арнайы мамандандырылған шаруашылығытардың мезгілсіз таратылып, кішігірім ауыл шаруашылығы құрылымдарына айналуы жылдар бойы калыптасқан материалдық - техникалық базаның құлдырап, егіс кұрылымындағы дақылдардың үлес салмағы меп ауыспалы егістердің бүзылуына себебші болды. Осындай келеңсіз құбылыстың салдарынан көптеген дакылдардың егіс көлемі амалсыз қысқарып, өнімділігі әлдеқайда төмендеп кетті [1].

Дегенмен, бертін келе шағын құрылымдардың өндірістік кооперативтер мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге және акционерлік қоғамдарға қайтадан бірігуі ауыл шаруашылығы ондірісінің қайтадан жанданып, тұрақтану кезеңіне біршама тезірек өтуіне мүмкіндік жасады.

Қазіргі таңда Қазақстанның оңтүстігінде қалыптасқан жағдайда, жоңышқаның негізгі зиянкесі фитономус немесе жапырақ бізтұмсығы биологиясымен танысып, оның дамуы дәрежесі мен көбеюін анықтап, күресудің ұтымды жолдарын қарастыру өзекті мәселе. Ауыспалы егіс жүйесінде орналасқан жоңышқаның екінші және үшінші жылдардағы егістік танаптарында жапырақ бізтұмсығы көбейіп зияндылық шегінен шығып, жапырақтарды зақымдап жоңышқаны мал азығы ретінде пайдалануға түбегейлі жарамсыз етеді. Бұл мәселенің шешімін табу үшін жапырақ бізтұмсығының таралу аумағын анықтап онымен кешенді күресудің жоспарын қалыптастырып, яғни Оңтүстік Қазақстан облысында жоңышқа егіс көлемін қарай қажетті іс шараларды ұйымдастырып, зиянды жәндіктің дамуының фенокеалендар түзіп, жаппай көбею мерзімінде, яғни жапырақ бізтұмсығы зияндылық шегіне жеткенде улы химикаттарға дұрыс таңдау жасап,  химиялық күресу тәсілін пайдалануды ұйымдастыру қажет. Әрбір аймақ үшін тәлімі және суармалы егіншілікте ғылыми тұрғыда дәлелденген ауыспалы егісте жоңышқа өсіруді қалыптастыру және оның негізгі зиянкестерімен күресу жолдарын жетілдірубүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр.

Шағын және орта шаруа қожалықтарындағы қаржы және техникалық жағдайы жоңышқа өсіруді қолға алуға мүмкіндік бермейді, сонымен қатар жоңышқа тұқымының сапасыз немесе тым қымбат болуы шаруалардың бұл дақылды өсіруіне кері әсерін тигізуде.

Аймақта өнімінің салыстырмалы түрде төмен болуы шаруа қожалықтарының ауыспалы егісті қолданбай, тиімді агротехникалық іс-шараларды сапалы және өз уақытында жүргізбеуі себеп болуда.   

Сонымен бірге облыс аумағындағы егіс көлемінің структурасын есепке ала отырып, ғылыми тұрғыдан негізделген аймақтық егіншілік жүйені әзірлеу және әртараптандыру, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруді интенсификациялау арқылы барлық өсірілетін дақылдардан мол өнім алуға қол жеткізіледі.

Зерттеу мақсаты – Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам  ауданы жағдайындағы жоңышқа зиянкестердің түрлік құрамы, биологиялық ерекшеліктері және зиянкес түрлеріне күресу шараларын ұйымдастыруға биологиялық негіздеме жұмысын жүргізу.облыс көлемінде таралған жоңышқа зиянкестеріне күресу шараларын жүргізе отырып, олардың зияндылығын төмендету.

Зерттеу міндеттері:

-  ауыспалы  жүйесінде жоңышқаның алатын орны;

- қазақстанның оңтүстік өңіріндегі жоңышқа өсірілетін аудандарда жапырақ бізтұмсығының таралуы;

- жоңышқа жапырағы бiзтұмсығының  даму және көбею ерекшелігін зерттеу;

- жапырақ бізтұмсығының  биологиясын ескере отырып, улы химиякаттарды таңдап, себу мерзімі мен мөлшерін анықтау;

- жоңышқаның  зиянкестері мен химиялық күресудің    экономикалық тиімділігін анықтау.

Қорғауға ұсынылатын негізгі мәселелер:

  • жапырақ бізтұмсығына қарсы химиялық күрес жүргізуге байланысты дақылдың тұрақты өнім қалыптастыру ерекшеліктері;
  • жоңышқа өсіруде зиянкеске қарсы химиялық  іс-шараны пайдалануға байланысты өнім құрылымы мен оның сапалылық көрсеткіштері.

Зерттеу жаңалығы. Оңтүстік Қазақстан облысында жоңышқа егісінде  кездесетін негізгі зиянды жәндіктердің дамуына бақылау жүргізіп, зияндылық шегіне жеткенде улы химикаттарға дұрыс таңдау жасап,  химиялық күресу тәсілін пайдалану алғаш рет жүргізілуде.

 

1 Аналитикалық бөлім

 

  1. Жоңышқаның ауыл шаруашылығындағы маңызы

Республикамызда мал шаруашылығының берік жем - шөп қорын жасауда көп жылдық екпе шөптер, соның ішінде жоңышқа маңызды роль атқарады. Бұлардың ішінде әсіресе белокты азықтардың маңызы зо

Қазір еліміздің көптеген малды аудандарында мал - азығы құрамындағы белоктың жетіспеуіне байланысты жемшөп шамадан тыс көп жұмсаладыЖоңышқа (Medicago sativa)– бұршақ тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Еуропа, Азия және Африкада өсетін 100-ге жуық түрі бар. Кәдімгі жоңышқа (M. satіva), сарбас жоңышқа (M. falcata), көк жоңышқа (M. caerulea), т.б. кең таралған. Қазақстанда 18 түрі өседі. Сабағы тарамданған, бұтақты түп құрады, биіктігі 40 – 80 см. Жапырағы үш құлақты, ұзынша келген. Гүлшоғыры – көп гүлді шашақ. Жемісі – көп тұқымды бұршақ. Жоңышқа – республикамызда көп өсірілетін мал азықтық дақыл. Малға пішен, балғын көк майса, кептіріліп ұнтақталған, сүрлем күйінде беріледі. Жоңышқада (құрғақ затқа шаққанда) 15,5% протеин, 43,9% азотсыз заттар, 29,4% клетчатка, 3,1% май болады. Кәдімгі Жоңышқаның 100 кг жасыл массасында 21,7 азық өлшемі, 4,1 кг қорытылатын протеин, ал 100 кг пішенінде 50,2 азық өлшемі және 13,7 кг қорытылатын протеин бар. Қазақстанда аудандастырылған жоңышқа сорттары: ертіс жоңышқасы, қарабалық жоңышқасы, т.б. Жоңышқа – ылғал және жылу сүйгіш дақыл. Егіндік және мал азықтық ауыспалы егістікте егеді. Жоңышқаны гүлдей бастағанда орады. Жоңышқаны екінші орған кезде мол өнім алуға болады. Жоңышқа зиянкестері – жоңышқа сұр көбелегі, жоңышқа жапырағының бізтұмсығы, жоңышқа қандаласы, т.б; аурулары – ақұнтақ, тат кеселі.

Жоңышқаның 300-ге жуық түрі белгілі. Дәрілік мақсатта жоңышқаның гүлі мен жоғарғы жапырақтарын қолданады. Жаз бойы гүлдейді. Жоңышқаның емдік қасиеті өте жоғары, оны суық тигенде, өкпе ауруына, қан тазалауға, қан аздыққа, безгек ауруларына қарсы қолданады. Аудан көлемінде негізгі дақыл күріш болғандықтан, күріш ауыспалы егісі айналымында жоңышқа дақылы маңызды орын алады.Бірақ осы жоңышқа дақылын егу, күтіп баптау жұмыстарының салғырттығынан есепте бар жоңышқа көлемін оның негізгі зиянкесі-жоңышқа бізтұмсығының (фитономус)құрттары жейді. Бұл дақыл жоғары өнімділігімен және құнды мал азығындық қасиеттерімен ерекшеленеді, 1 кг жоңышқа шөбінде 0,21 азықтық бірлік, 41 гр сіңірілетін протейн көптеген минералды заттар мен аминокислоттар бар.

Ауылшаруашылығы дақылдарының зиянкестер, аурулармен залалдануы және арам шөптермен ластануы негізінен ауыспалы егіс айналымын сақтамау және агротехникалық шаралардың бұзылуынан болып отыр.Соңғы жылдары тегістелген жерлерде гидротехникалық құрылыстарға жөндеу, су жүретін каналдар мен қашыртқыларды тазалау жұмыстары қолға алынып,соның салдарынан күріштің су режимі дұрысталып келеді. Биылғы жылы ауа райының қолайлы болуынан егілген ауылшаруашылығы дақылдарының шығымы жоғары болды.

Ауыл шаруашылығында құнарлы мал азығы болып табылатын жоңышқаны өсірудің өзіндік ерекшеліктері туралы көптеген ғалымдар бағалы еңбектер жазды. Олар өз еңбектерінде жоңышқа тұқымын себудің нормалары, мерзімі мен тәсіліне, жоңышқаны түрлі аурулардан, зиянкестер мен арамшөптерден қорғау мәселесіне ерекше тоқталады

Жоңышқа топырақтың әр гектарында 250-300 килограмға дейін азот жинайды. Міне осындай мал азықтық бағалылығы мен агротехникалық құндылығына қарамастанжоңышқа мал азықтық және агротехникалық жағынан шын мәнісінде бағалы. Жоңышқаны дискілі сеялкамен, ылғалы жеткілікті топыраққа себеді.

Жоңышқа дақылы тек мал азығы ғана емес оның бұдан басқа да маңызды қасиеті баршылық. Ол топырақты басқа дақылдар үшін қажетті элементтермен (азот, кальций) байытады; топырақ түйіршіктерін түзіп, топырақтың механикалық құрамын жақсартады; жоңышқаның тамыр жүйесі қуаңшылық жылдары топырақтың жоғары қабатының әбден кеуіп, құрғап, жарылып кетуін болғызбайды. Себебі, жоңышқа дақылы өсіп тұрған танаптар үстіндегі ауаның 140С температурасы басқа дақылдар есіп тұрған танаптар үстіндегі ауа температурасымен салыстырғанда 7-12% төмен, ал ауаның ылғалдылығы 18-24%-ға дейін жоғары болып, топырақты аптаптың салдарынан сақтайды. Өкінішке орай, осындай пайдалы жақтары көп жоңышқа дақылы тиісінше бағаланбай, назардан тыс қала бастауда, оның егіс келемі күрт төмендеп кетті. Бұл - дұрыс емес, жоңышқаның егіншілікке, оның ішінде топырақ экологиясына тигізетін оңды әсерін тиісінше ескермеуге болмайды. Жоңышқа - жарықты сүйетін, қүрғақшылыққа төзімді, топырақ ылғалдылығы артқан сайын өнімділігі де арта түсетін, оңтүстік өңірде ыстық-суықтан жұтап көрмеген дақыл. Оның дәні 4060 С өне бастайды, ал ең қолайлы температура 100150 С жылылық болып табылады. Жас өркендері 5-80 С қара суыққа төзеді. Осы себепті жоңышқаны ерте көктемде егуге болады. Бұл мерзім-оңтүстік аудандар үшін ақпан айы, ал солтүстік аудандар үшін - наурыз айы.

Себу мерзімін анықтаудың басқа бір жағдайға байланысты себебі де бар: жоңышқаның дәні өте ұсақ, майда болады (1000 дәнінің салмағы небәрі 2 г ғана тартады), ол топыраққа өте таяз сіңіріледі; егер топырақ беті қатқақтаса, онда дәнді де, дәннен өсіп шыққан жас өркенді де тұншықтырып тастайды; сондықтан, жоңышқа дәнін себудің еңбір қолайлы мерзімі - суармалы жер де болсын, тәлімі жер де болсын топырақ бетінде қатқақ пайда болу қаупі азайған кез - ерте көктем. Жоңышқаның тамыры діңгектеніп, топыраққа 2 м тереңдікке дейін бойлайды, 5-6 см тереңдіктен бастап діңгек тамырдан көлбеу тамырлар таралады. Тамырлардың, басым бөлігі топырақтың 30-40 см қабатында жатады. Демек, жоңышқа егу үшін жер жыртқанда тереңдік кемінде 30 см деңгейінде болуы тиіс. Сүдігер жырту күзде - жауын-ылғал топыраққа бойлап сіңіп, аңыздағы өсімдік дәндері өніп, өскін бере бастаған кезде жүргізілсе: - топырақты аудару жеңіл атқарылады, жанар май шығыны аз болады, жыртылған жер беті бір тегіс түседі, арамшөптер мен алғы дақыл өскіндері түгел дерлік жойылады. Кейінгі кезге дейін жыртылған жердің беті ойлы-қырлы, ірі кесекті болса, онда оған қыс айларында қар мол, қалың тоқталады. ал ірі кесектер өз-өзінен майдаланып кетеді, оны ұсақтап. майдалау үшін арнайы трактор жүргізіп, мала салып жатудың қажеті жоқ деген пікір басым болды. Жыртылған жердің бетін тегістеу жұмысы кектемге - тұқым себу қарсаңына қалдырылмай, сүдігер айдаумен іле-шала жүргізілген .

Жоңышқа жаздың соңы мен күздің бас кезінде де егіле беріледі. Бұл үшін алдымен танап қандыра суарылуы, жер жыртқанда топырақ есіліп тұратын, құрт кесек пайда болмайтын болуы тиіс: жыртылған жер тездете тегістеліп. нығыздалады; суарылатын жүйектер тартылады. Тұқым 2см тереңдікке сіңіріледі. Топырақ беті қатқақтамайтындай, аз-аздаған мөлшерде 3-4 күн сайын суарылады. Тұқым өнгенсін суаруды қысқартуға болады. Күздік жоңышқаны егуді бастау алдында мынадай жағдай ескерілуі тиіс - жоңышқа өркендерінің топырақ бетіне өніп шығуы мен қара суық басталғанға дейінгі екі аралықта 70 күндей уақыт өтсе, онда жас жоңышқа осы уақыт ішінде тәуір бой алып, қуаттанып. қысқы суыққа жақсы төтеп беретін болады. Жоңышқа қатараралықпен себіледі, - әрине, ол жер жағдайына байланысты болады. Қатаралықтың кеңдігі тәлімі жер жағдайында 30-45 см(ылғал, жауын шашын мөлшері кеміген сайын қатараралық кеңие түсіп, 45 см дейін жетеді, тұқым себу нормасы 1 - 6 кг дейін азайтылады; ал ылғал жеткілікті аймақта керісінше болады - қатараралық 30 см. себу нормасы -8 кг/га), суармалы жер жағдайында қатаралық 13-15 см.

Жоңышқаның тамыр жүйесі ауадағы - топырақтағы азотты бойына жинап алатын түйнек түзгіш бактериямен бірлесіп азотты тыңайтқыш түзеді. Өсімдік бұл тыңайтқышты өзіне пайдаланады, артығын топыраққа сіңіреді. Жоңышқаға азот тыңайтқыштарын қолдан беру қажет емес деп саналады. Дегенмен, бірқатар зерттеу жұмысы өсімдіктің алғашқы даму - өсу кезеңінде оған азоттың қажеттігін көрсетті. Жоңышқа азот тыңайтқышымен үстеп қоректендірілгенде тәлімі жерде көк балауса өнімділігі 10-15%, суармалы жерде 30%-ға дейін артқан. Алайда, тыңайтқыштың осы түрін жыл сайын жоғары мөлшерде 16 үстемелеп берген жағдайда, жоңышқа егінінің мерзімнен бұрын сиреп, жұтайтыны байқалуда. Жоңышқаның тамыр жүйесі топырақтан кальций элементін де бөліп алып, оны кейінгі дақылға да сіңімді түрде қалдыра алады. Оңтүстіктің топырақ құрамында калий жеткілікті мөлшерде бар. Жоңышқаға фосфор қажет. Үш-төрт жылда бір рет күзгі жер жырту кезінде әрбір гектарға әсер ететін зат өлшемімен 60-90 кг фосфор тыңайтқышын енгізуге болады (4.0-6,0 ц/га). Жоңышқалыққа бүркеме дақыл егу: жоңышқаның топырақ бетіне өсіп шыққан өркені алғашқы 40-50 күнде өте баяу өседі, небәрі бір тал сабақ түзеді, күннің сәулесіне мұқтаж болады. Осы кезде егер бүркеме дақыл тез өсіп жоңышқа өскінін басып, бүркеп қалса, онда бұдан жоңышқа өскіні үлкен зардап шегеді. Тіпті тұншығып, өспей де қалуы ықтимал. Бір кемшілігі. орылғаннан кейін бірнеше сағаттан соң-ақ жапырағы сыпырылып түсе бастайды, кейін пішені сояулы болып шығады. Бұған ұрынбас үшін, орылған пішенді дереу ұсақтап, кептіру немесе пішендемеге салу керек. Отандық ауылшаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда, Қазақстанның оңтүстігінің топырақ құнарлылығы төмен, жоғары сорланған, ағын су жетіспеушілігі жағдайларында атқарылған осы инновациялық іс-шаралар үлкен маңыздылыққа ие болатынын айқындап отыр. Осы біздің атқарылып келе жатқан ғылыми-зерттеу бағыттарының аясында жетілдірілген отандық технологиялар мен бәсекеге қабілетті отандық ауылшаруашылық өнімдері, ауылшаруашылығының бәсекелестігін арттыру бағытындағы табыстың жаңа белестерінің көзі болып табылады. Жоңышқадан мол өнім алу үшін минерал тыңайтқыштарды қолдану керек.

Жоңышқа аса бағалы да мол өнімді мал азығы болумен қатар топырақ құнарлығының жақсартуға да игі әсер етеді. Топырақ құнарлығын арттыруда жоңышқаның маңызы зор екендігін көптеген ғалымдар тәжірибесінде зерттеліп, іс жүзінде дәлелденді. Мұнымен қатар, жоңышқа суармалы жерлерде топырақтың сортаңдануын тежейді, сортаң жерледі игеру де пайдаланылады .

Жоңышқа сорттарының мал азықтық өнімділігінің негізгі құрамдас белгісі өсімдіктердің гүлдей бастаған кезеңдегі биіктігі болып табылады. Біздің тәжірибемізде өсімдіктердің биіктігі сорттардың экологиялық, биологиялық және генетикалық ерекшеліктеріне байланысты 58-66 см шамасында ауытқыды. Бұл екі орым өлшемдерінің орташа дерегі болғандықтан суарылмайтын егістік үшін нағыз қанағаттанарлық көрсеткіш болып табылады.

Жоңышқа өсімдігінің жапырақтылық деңгейі өнімнің сапалы болатындығын білдіреді. Бұл белгі пішендегі протеин мөлшеріне көп ықпал етеді. Біздің бірқатар сорттардың жапырақтылық дәрежесі бақылаумен салыстырғанда 2-4% жоғары болды. Олардың ішінде табиғи жағдайда келтірілген пішенде жапырақтың көптігімен Апаран 40, Береке, Прогресс, Омбылық алабудан, Алтупа сорттары ерекшеленді.

Жоңышқа сорттарының өнімділігін зерттеу кезінде оның тек пішеніне ғана емес, сонымен қатар, көк майса қалыңдығына да назар аудару қажет [2]. Ол да мал азықтық өнімділікке үлкен әсер етеді. Шөбі қалың өскен сорттардың мал азықтық өнімділігі де жоғары болды. Тежірибеде көкмайса қалыңдығы жөнінен бақылаумен салыстырғанда жоғары нәтиже көрсеткен сорттар Апаран 40, Береке, Перуандық жергілікті биіктаулық, Омбылық алабудан, Фестиваль 85, Саратов сарыжоңышқасы болып шықты.

Тау бөктерінің далалы аймақтарындағы жоңышқа сорттарының қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына төзімділігінің шаруашылық үшін зор манызы бар.

Өсімдіктің қысқа төзімділігі - табиғи экологиялық жагдайлармен, өсу және даму кезеңінің ішкі жағдайларымен және суық түскенге дейінгі даму кезеңінің жайлылығымен анықталады.

Жоңышқа сорттарының қысқа төзімділігін байқау үшін күзде қыс түсер алдында және қар ерігеннен кейін біршама тәжірибе жұмыстары жүргізілді. Ауа мен топырақ температурасының төмендеуіне байланысты күзгі шынықтыру жұмыстары тұрақты суық түсуден 20-30 күн бұрын жүргізілсе, жоңышқа өсімдігі жақсы қыстап шығады және аз сирейді, бұл іс жүзінде дәлелденген. Ал осы кезең қысқа және жайсыз болса, жоңышқаның қысқа төзімділігі де төмендейді. Сібір және Орталық Қазақстан аудаңдарының қатал климатына бейімделіп шығарылған сорттар біздің тәжірибеде кысқа ерекше төзімділігімен сипатталады.

Зерттеу нәтижесінде сорттардың құрғақшылыққа төзімділігі де әр түрлі екендігі анықталды. Орталық Қазақстан, Сібір, Еділ бойы, Өзбекстан және кейбір алыс шетелдерден алынған сорттар құрғақшылыққа айтарлықтай төзімділігімен ерекшеленді.

Жоңышқа ауруларға көп шалдығады,  әсіресе оның сабағы, тамыры және тұқымы зақымданғыш келеді, ауру сабақтар, гүлдер және жапырақтар қурап түсіп қалады. Зақымдайтын аурулар жоңышқаның тек өнімі ғана емес, сонымен қатар оның сапасын да төмендетеді [3].

Біздің жағдайда жоңышқа сорттары әр түрлі мөлшерде ақұнтақ және тамыр шірігі ауруларына шалдықты. Кейбір сорттар екі жыл қатарынан төзімділігінің жоғарылығын көрсетті. Негізінен бұл ауруларға өсімдіктер орта есеппен 0,1-0,5 балл шамасында шалдықты. Аз мөлшерде немесе бүтіндей зақымданбаған өсімдіктер Қытайлық жергілікті, Перуандык, Абакан 1, Прогресс сорттарының мөлдектеріңде басым екені анықталды.

Жоңышқаның құрамындағы химиялық заттардың түзілуіне метеорологиялық жағдайлар, өсімдіктердің минералдық элементтермен қоректенуі,  жапырақ-тылығы  және  тағы   басқа жағдайлар елеулі әсер етеді.

Жоңышқа протеинді бүкіл шөп атаулының бәрінен де көп береді [4]. Біздің жүргізген тәжірибеміздің беріліп отырған нәтижелері зерттелген жоңышқа сорттарының пішен сапалылығы туралы көп жәйтті аңғартады. Мәселен, екі жылдық деректердің орташа деңгейі бойынша өсу кезеңінде протеин мөлшері 18,50-23,19% аралығында болған: Берекеде 23,19%, Қытайлық жергілікті - 23,19%, сарыжоңышқа - 18,62%, Перуандық - 20,12%, Прогресс - 20,12%, Камалин 530 - 21,87%, Фестиваль 85 - 18,50%, Варриор - 18,81%, Канауто - 18,81%. Бұл бақылаудағы 0,97 проценттен 5,25 процентке дейін жоғары. Ал қалған сорттар өсімдік құрамындағы протеин мөлшері бойынша бақылаумен деңгейлес болды.

Жоңышқа егістігінің қалындығы мал азығын өндіретін құрылымдар үшін өте маңызды көрсеткіш болып табылады. Біріншіден, жоңышқа неғұрлым қалың болса, өнім де соғұрлым мол болады. Әсіресе, мұның тәлімі жер үшін алатын орны ерекше. Екіншіден, шөп бітік шықса өндірілетін өнім сапасы да жоғары деңгейде болып, ақзат шығымы және қоректілігі артады. Осыған байланысты Қапшағай 80 сорты егістігінің қалындығын анықтау үшін әр жылы және орым сайын бақылау алаңдарындағы жоңышқа сабақтары тұрақты саналып тұрды. Алынған деректер пайдалану жылдары мен орымдар бойынша орташа шамаға есептеліп беріліп отыр.

Бірінші орымда жоңышқа сабағының саны бойынша нұсқалар арасындағы айтарлықтай айырмашылық болмады (691-709 дана/ м2).

Нұсқалар ерекшелігі екінші орымда айқын көрініп, алдыңғы орымда пішенге шабылғандар (1,2,4,5) бәріненде бітік өсті. Бұлардағы өсімдік 348-438 дана/м2 сабақ болды. Бірінші орымда балаусаға шабылған 6, 7, 8,   10-нұсқалардағы жоңышқа сабағы 309-370 дана/м2, ал жайылымға 1 пайдаланылған 3, 9, 11-нұсқаларда 301-331 дана/м2 ғана болып шықты. Пайдалану тәсілдерінің Қапшағай 80 жоңышқасы егістігінің қалыңдығына әсері үшінші орымда тереңдей түсті. Екінші орымда пішенге шабылған 1, 3, 8-нұсқалардың көрсеткіштері шамалас (258-268 дана/м2),ал балаусаға орылған 4, 6, 9, 10-нұсқалардағы сабақтар саны шашыраңқы (247-326 дана/м2) болды. Сол орымда мал жайылған 2, 7, 11-нұсқалардың өсімдігі сиректеу (210-215 дана/ м2) шықты. Бұдан алдыңғы орымда шөпке шабу жоңышқаның келесі орымда бітік өсуіне жақсы-жағдай жасайтыны, балаусаға ору орта деңгейде, ал мал жаю егістікті сиретіп жіберстіндігі байқалады.

Үш орымның орташа көрсеткіштері бойынша жоңышқаның әрбір орымда бітік өсуі үшін лайықты пайдалану тәсілдерін анықтауға мүмкіндік бар. Бірақ қайталаулар мен жылдар деректерінің орташа шамасы 469 дана/м2 болған жоңышқаны әуелі пішенге орып, сонан соң балауса алып, онан кейінгі шыққан алшынкөкті жайылымға пайдалану нұсқасы ең пайдалы тәсіл болып шықты. Онын орташа қалыңдығы 7,6 пайыздан астам. 2 рет балаусаға орып, алшынкөкке мал жаю да тиімділік танытты. Әуелі балаусаға, кейін жайылымға немесе бастан аяқ мал жаюға пайдаланылған нұсқалардағы жоңышқа сабағының саны бәрінен төмен болып, бақылаудан 5,7- 8,0% кем түсті. Қалған нұсқалар бақылаумен шамалас болды [5,6,7].

Жоңышқа егістігінде арамшөп өсуі оның қалыңдығымен тығыз байланысты. Біздің тәжірибелерде арамшөпті жоқтың қасы деуге болады. Алғаш себілген жылы жоңышқадан басқа өсімдіктің өсуіне жол берілген жоқ.

Мұндай агротехникалық шаралар өндірісте әлі де кеңінен қолданылмай келеді. Жоңышқа бірінші жылы арамшөптен осылай қорғалса, келссі жылдары 95-98% таза болатыны анықталды.

Екінші және үшінші жылдары тәжірибеде әр түрлі тәсіл пайдаланылатын болғандықтан (оның ішінде мал жаю) және егістік тазалығы 97-98 % екені ескерілді.

Осы  деректерге    қарағанда   біз    пайдаланып жүрген Жетісулық жергілікті сортының өнімділігі, әр түрлі жағдайларға төзімділігі және өнімінің сапасы жөнінен кемшілігі көп.

 

1.2 Ауыспалы егіс жүйесінде жоңышқаның маңызы

 

Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру жөніндегі республиканың аса ірі экономикалық аймақтарының бірі болып саналады. Бұл облыста мақта егісі түгелдей шоғырланған. Ол облыстың мақта егетін аудандарындағы табыстың басты көзі болып табылады.

Жергілікті табиғи және экологиялық жағдайларын ескере отырып жеке фермерлер мен кәсіпорындардың жерді барынша тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін агротехникалық және ұйымдастырушылық шараларының жиынтық кешені – ол егіншілік жүйесі.

Егіншілік жүйесі арнайы ауыспалы егіс танаптарын, топырақ өңдеудің дұрыс жүйесін, егін суарудың өте тиімді деген әдістерін, топырақ эрозиясын болдырмау және өндірістің қажетті деңге йін қамтамасыз етумен айнала қоршаған ортаны барынша қорғауды біріктіріп, жинақтайды. Бүгінгі күні мақта шаруашылығында егіншілік жүйесінің көптеген шаралары дұрыс ескеріліп, іске аспауда. Бұл өз кезегінде өндіріс деңгейін едәуір төмендетуде. Бұрындары әрбір шаруашылықта ауылдағы елді мекендердің, мал фермаларының даму жоспарын, жолдарын, ауыспалы егіс жүйелерін қамтитын жер пайдаланудың шаруашылықтық ішкі жоспарлары болатын. Сонымен қатар, шаруашылықтар алдағы 20 жылға арналған шаруашылық-ұйымдастыру жоспарларын да жасайтын. Шаруашылықтарды жекешелендіргеннен соң олардың бұрынғы жер пайдалану құрылымдары жойылды. Енді бұрын 10-15 шаруашылығы бар аудандардың көлемінде 10 мың және одан да көп жер пайдаланушылар дүниеге келді. Сөйтіп әрбір жер пайдаланушы, әрбір елді мекен үшін аймақтық және жерге орналастыру шараларын алуға тура келіп отыр.

Облыста суармалы жерлерді пайдалану көп жағдайда жер мен су ресурстарын ескере ала отырып, топыраққа құнар жинау, оны сақтау және де егін шаруашылығы алдында тұрған негізгі міндеттері егіншілік өнімдерін едәуір арттырып, интенсивті түрде жүргізілуін талап етеді. Бұл ресурстарды тиімді пайдалану үшін  мақта өсіретін облыстың әртүрлі аймақтарының ерекшеліктеріне, табиғи-климат жағдайларына сай ауыспалы егіс тәртібін орнатуды мұқият ескеру керек.

Ауыл шаруашылығында егіншілікті жүргізу жүйесі дұрыс ауыспалы егістіктерге негізделуі тиіс. Ауыспалы егістер, ең алдымен шаруашылықта белгілі бір тәртіп орнатуға мүмкіндік береді. Олар топырақтың құнарлылығын неғұрлым жақсартып, ауыл шаруашылық дақылдарынан мол және тұрақты өнім алуды қамтамасыз етеді және де мал шаруашылығы үшін берік жемшөп базасын жасауға мүмкіндік туғызады.

Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының көп жылдық тәжірибе жұмыстары, ауыспалы егістіктерді игермейінше егіншіліктің ғылыми тұрғыдан негізделген жүйесін жүргізу мүмкін емес екендігін дәлелдеп келеді.

Қазіргі таңда шаруа қожалықтарында ауыспалы егістіктерді енгізу және игеру ісінің жолға қойылуы өте нашар, яғни айтқанда ауыспалы егіс танаптарының шекаралары, жер бөлінгеннен кейін тіпті шатысып кеткен. Сондықтан да ауыл шаруашылығын өркендету барысында мол өнім алу үшін ауыспалы егістіктерді енгізіп, игеру ісін шындап қолға алуды керек етеді.

Мақтаға ең қолайлы алғы дақыл – жоңышқа. Топырақты органикалық заттармен, азотпен байытумен қатар ол сортаң жердің жақсы мелиораторы. Топырақты екінші рет сортанданудан сақтандырады, сонымен бірге оның үстіңгі қабатындағы судың буға айналуы біржола тоқталады.

Кетебай шаруашылығында мақта егісінің қосалқы алғы дақылы ретінде беде (жоңышқа) және дәнді дақылдардың айрықша маңызы бар екенін көп жылдық тәжірибе жұмыстары көрсетіп отыр.

Ауыспалы егіс топырақтың құнарлығын сақтап, өнімділігін арттыруға әсерін тигізеді. Белгілі бір жер көлемінен еңбек және материалдық шығынды өте аз жұмсап, мол өнім алуды егіншілік жүйесінде ауыспалы егістің қамтамасыз ететіні белгілі.

Ауыспалы егістікте жоңышқа болған уақыттың ішінде топырақтың ылғалдық-физикалық қасиеті анағұрлым жақсарып, органикалық заттары көбейеді және де топырақтың агрегаттық құрамы тұрақталуын қамтамасыз етеді. Жоңышқаның арқасында топырақ құрамында қарашіріндінің, азоттың және де басқа қоректік микроэлементтердің мөлшері едәуір көбейеді. Жоңышқадан кейін мақта егісіндегі солдырма, мақта тамырларының шіру аурулары бәсеңдеп, суармалы жерлердегі топырақтың физикалық-химиялық және мелиорациялық қасиетінің маңыздылығы да артады. Жоғары агротехникалық дәрежеде өсірілген жоңышқалық топырақтың жыртылатын қабатында жыл сайын 100 келідей азоттық қорек жиналады. Жоңышқа үш жыл ішінде бір гектар жерде азоттың мөлшерін 300-400 келіге дейін көбейтеді және қарашірінді құрамын 2 пайызға дейін көтереді.

Сайрам аудунының ашық топырақты жерлерінде кәдімгі сұр топырақты жерлерге қарағанда органикалық заттың минералдануы тезірек өтетіні ғылыми тұрғыда анықталып, топырақта органикалық заттардың неғұрлым көп жиналуын қажет ететіні байқалады. Сонымен бірге жоңышқа ауыспалы егістерде азоттың қоректік жиналатын өзінің ірі және ұсақ тамырлардан тұратын тобын топырақ қабатында қалдырып отырады. Үш жылдық шөп қоспасы топырақтың жыртылатын қабатында гектарына 16 тоннаға дейін құрғақ тамырлар тобын қалдырады, олардың 45-48 пайызы астық тұқымдас шөптердің жіңішке шашақты тамырларынан құралады. Ал жоңышқаның бір ғана өзін еккенде гектарына 10,2 тоннаға дейін құрғақ тамырлар тобын жинайды. Әр жылдық жоңышқаның ұсақ тамырларындағы азот пен фофордың пайызбен алғандағы қоректік мөлшері олардың ірі тамырларындағы мөлшерімен салыстырғанда әлдеқайда жоғары болып келеді. Жоңышқаның жасы ұлғайған сайын, әсіресе үш жылдық жоңышқада, олардың тамырларындағы азоттың мөлшері де арта түсетіні анықталған.

 

1.3 Топырақ құнарлылығын арттыруда жоңышқаның маңызы

 

Өсімдіктің өсіп-өнуіне қажетті факторлар (ауа, жылу, физико-химиялық орта, су, қоректік элементтер мен т.б. жағдайлар) және оларды қалыптасты-ратын топырақ қасиеттерін – құнарлылық дейді. Адамзат топырақтың құнарлылығына ежелден көңіл аударғанымен, бұл түсініктің теориялық негізі бірден салынған жоқ. Топырақ құнарлылығы түгелімен қарашіріндіге байланысты, суды есептемегенде, қарашірінді -өсімдік үшін басты қоректік зат, сондықтан көң төгу, ауыспалы егіс енгізу, тыңайтқыш беру жұмыстары топырақтағы қарашірінді мөлшерін көбейтуге арналуы керек [9].

Жыртылатын қабаттың құнарлылығы бойынша дифференциялануы –аймақтық ерекшелік емес, топырақтың барлық түрлеріне тән жалпы биологиялық заңдылық.И.П. Копытин,, К. Нуркасымов [10] еңбектерінде қоректік заттардың кездесуіне байланысты жыртылатын қабаттың дифферен-цияланатыны анықталды. Жоғарғы (0-7 см) қабатта микроорганизмдердің тіршілігіне қолайлы жағдай жасалып, құнарлылыққа байланысты жыртылатын қабаттың әр түрлі сапалығы болады дейді. Микробиологтардың көптеген зерттеулері көрсеткендей, биологиялық процестер топырақтың ең жоғарғы қабатында жақсы жүреді. К.С. Нұрғалиев.,  К.Нұрқасымов К [11-12] ауыл шаруашылығы өсімдіктерін қалыңдығы 0-7см топырағы бар ыдыста өсіріп, 14-21см қалыңдықтағы топырақпен салыстырғанда өнім екі-үш есе жоғары болатынын дәлелдеген. Бұдан жасайтын қорытынды, жыртылатын қабаттың құнарлылығының тиімділігі бойынша әр түрлі сапалы бөлімдерге бөлінеді. Топырақтың биологиялық белсенділігі жыртылатын қабаттың жоғарғы және төменгі қабаттарын араластыру нәтижесінде болады.

К.С. Нұрғалиев.,  К.Нұрқасымов К [13] топырақ құнарлылығын 2 түрге бөлді: потенциалды және тиімді. Топырақта өсімдікке керекті элементтер көп болуы мүмкін, дегенмен ол көп өнім алуға кепілдік бола алмайды. Өсімдікке керекті элемент топырақта тиімсіз түрде болып, жиналатын дақылдың өсуін тежейді. Бұл жағдайда топырақтың құнарлылығы «потенциалды» болып келіп, оны өңдеген кезде ол «тиімді құнарлы» топыраққа айналады, ал бұндай топырақтан көп өнім алуға болады. Қара топырақ сияқты бай, тың жерді зерттеген кезде, өңделмеген топырақтан аз өнім алынған.

К.Нұрқасымов К[15] бақылауларынан оңтүстік қара топырақтағы 0-10 см тереңдіктің қарашіріндісі аудара және терең сыдыра өңдегенде 0,39-0,45 пайызға азайды деген пікір туындаған. Сондай-ақ А.А.Зайцеваның  келтірген деректеріне қарасақ, оңтүстік карбонатты қара топырақты он үш жыл бойы қарқынды түрде өңдегенде 0-20 см қабатындағы қарашірінді 10 пайызға, ал отыз жылдық өңдеуде 20 пайызға азайғанын көрсетеді.

Э.Л.Бекмухамедов К.С. Нұрғалиев.,  К.Нұрқасымов К[16] пікірінше сүрі танап топырағының жыртылу тереңдігін 28-30 см-ден 10-12 см-ге азайту және топырақ бетін сабанмен бүркемелеу есебінен негізгі өңдеуді жеңілдету тәлімі жерлердегі күздік бидай егістіктерінің ылғалмен қамтамасыз етілуіне, бидай өнімділігінің артуына ықпалын тигізеді.

Топырақ құнарын жерді сыдыра жырту арқылы қолдау теориясын ұсынған С.Мальцев идеясын басшылыққа ала отырып, А.И.Бараевтың басшылығымен Солтүстік Қазақстанда алғашқы зерттеулер тың игерген жылдары жүргізілді.

Топырақ қорғау егіншілігінің негізін қалау жұмыстарының келесі кезеңі 1956 жылы А.И.Бараев Канада елінің егіншілік жүйесімен танысып қайтқаннан кейін қолға алынды. Топырақты өңдеу идеясына түбегейлі өзгерістер еніп, жаңа технологиялар бағыты қолға алына бастады. Канада елінен жаңа техникасын алып Қазақстан жағдайында сынап – бақылап көрді, нәтижесінде қазіргі нольдік технология жабдықтары Канадалық техниканың көшірмелері болып табылады [17].Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру технологиясында топырақты механикалық өңдеу жаңалық емес. Ресейдің көптеген ғылыми-зерттеу институттарында өңдемей тікелей себу тәсілі жеке элементтер түрінде зерттелді. Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруде көп жағдайда аландар дәстүрлі технологиямен топырақты өңдеуде 20-30% өңдемей тікелей себу тәсілімен қамтылу әлемдегі егіншілік талдау тәжірибесінде көрсетілді. Өңдемей тікелей себу тәсілінің тиімділігін айта келе, бәрінің тұрақты жағдайларын балап олардың жақсы және кері әсерін зерттеп жерге байланысты уақытша ауа-райы және басқа факторларды қолдану. Біздің ойымызша, топырақты өңдемей тікелей себу тәсілі және минималды өңдеуде танаптың ластануының төмендеуі көп жағдайда аңыздық қалдықтарды топырақтың бетін жапқан түрінде қолданғанда байқалады [18,19,20].

Татарыстанның орманды сүр топырағында гербицид қолданғанда топырақты негізгі жеңіл өңдеуге болады, сыдыра жыртуды аудара жыртумен және сыдыра өңдеуді сыдыра қопсытумен алмастыруға болады. Ылғалды жылдары топырақты негізгі терең өңдеудің жоғарғы қабатын өңдеу немесе нөлдік тәсілмен алмастыруға болады. Негізгі жеңіл өңдеу жағдайында гербицидті міндетті түрде қолдану қажеттілігі туындайды.

Мезгілімен жүйелі қолданылған органикалық және минералды тыңайтқыштар топырақ кескінінің біртіндеп фосформен баюын камтамасыз ететіні белгілі. Қазіргі кезде енгізілген фосфор тыңайтқыштарының негізінде жүретін топырақтағы процестер жан-жақты зерттеліп, фосфорды өзгергіштігіне әсер ететін факторлар мен тыңайтқыш фосфорының байланыстағы ауыспалы түрлері жақсы анықталған [21,22].

Топырақтың жоғарғы және төменгі қабаттары бірдей деңгейде осы факторлардың әсеріне ұшырайды.

Ш.Ш.Асанова, К,Нуркасымов [23,24] келтірген деректерге қарағанда оңтүстік карбонатты қара топырақты жыл сайын аудара жыртқанда топырақтың құнарлылығы жоғарғы және төменгі қабаттарында теңеледі де, сүдіре жыртқанда жоғарғы қабатында артып, төменгіде азаяды. Топырақтағы биохимиялық процестердің қарқындылығының сандық көрсеткіші, оның құнарлығын көрсететін биологиялық белсенділік болып табылады. Бұл белсенділіктің өлшемі, олар: биогендік, аммонификация, нитрификация немесе целлюлоза ыдырауы процестерінің қарқындылығы, топырақтың тыныс алуы, азоттың минерализациясының жылдамдығы жатады.

Көптеген мәліметтер жыртылатын қабаттың бөлшектенгенінің биологиялық белсенділікке әсерін, құнарлығы бойынша сапасы әр түрлі болғандығын сипаттайды. Топырақтың жыртылған жоғарғы қабаттарында өсімдіктің тамырларының, қалдықтарының ыдырауы, органикалық қалдықтардың минералдануы анағұрлым белсенді жүреді делінген [25-29].

Жыртылатын қабаттың құнарлылығы бойынша дифференциялануы – аймақтық ерекшелік емес, топырақтың барлық түрлеріне тән жалпы биологиялық заңдылық. Г.Ф.Раскин[30] еңбектерінен қоректік заттардың кездесуіне байланысты жыртылатын қабаттың дифференциялана-тыны анықталды. Жоғарғы (0-7 см) қабатта микроорганизмдердің тіршілігіне қолайлы жағдай жасалып, құнарлылыққа байланысты жыртылатын қабаттың әр түрлі сапалығы болады дейді.

Микробиологтардың көптеген зерттеулері көрсеткендей, биологиялық процестер топырақтың ең жоғарғы қабатында жақсы жүреді. А.В.Попов,М.И.Семенова[31], А.А.Пузырева[32] мәліметтері бойынша, ауыл шаруашылығы өсімдіктерін қалыңдығы 0-7 см топырағы бар ыдыста өсіру, 14-21 см қалыңдықты топырақпен салыстырғанда өнім екі-үш есе жоғары болғаны анықталды. Бұдан жасайтын қорытынды жыртылатын қабаттың құнарлылығының тиімділігі бойынша әр түрлі сапалы бөлімдерге бөлінеді. Топырақтың биологиялық белсенділігі жыртылатын қабаттың жоғарғы және төменгі қабаттарын араластыру нәтижесінде болады.

Қазіргі таңда ауыл шаруашылығында пайдаланылатын егіс алқаптарында топырақтың өңделетін қабатының құнарлығы көптеген факторға байланысты өзгеріске ұшырайды. Атап айтқанда, жерді пайдалану жағдайы мен ауыспалы егістіктегі дақылдардың орналасуына және топырақтың өңдеу тәсілдеріне қарай  өзгереді. Соңғы жылдары ауыл шаруашылығында ауыспалы егіссіз монодақыл ретінде бір ғана дақыл егіліп, бізге дейін енгізілген органикалық және минералды тыңайтқыштардың қоры таусылуға айналды.

Қазіргі уақытта егістікке қажетті тыңайтқыштар дер кезінде енгізілмейді. Соның салдарынан топырақтың құнарлы қабатының азаюына және жарамсыз жердердің көбеюіне әкеледі. Соңғы жылдары ауыл шаруашылығында қолданылатын егіс алқаптары жел және су эрозиясына ұшырап немесе техногенді ластану, яғни топырақтың тығыздалуы мен тұздануы байқалуда. Деректерге сүйенсек қара топырақты көптеген жылдар аудара жырту нәтижесінде топырақтағы қарашірік мөлшері бастапқы қалыптан 20-24% азайған, ал сұр топырақтарда 17-20 % қарашірік жоғалтқан.

Егіс алқапты ұдайы аудара жырту топырақтың агрофизикалық қасиетінің нашарлауына, макро, микро элементтерінің азаюына және топырақ құрылысының бұзылуына әкеледі. Топырақты аудара жыртудағы қолданылатын техникалар мен агрегаттар өңделетін қабаттың көлем салмағының тығыздығына ықпал етіп, нәтижесінде құнарлық төмендеп ауылшаруашылығынан алынатын өнімділік 5-50 пайызға азаяды.

Ауыл шаруашылығында қолданылатын техника мен машиналар топырақты өңдеуде оның тығыздалуы мен жоғарғы қабаттың шаң –тозаңға айналуына әкеледі. Қазіргі таңда топырақтың құнарлы қабатын сақтау және арттыру негізгі міндет болып табылады.

Сондықтан да ауыл шаруалышығында пайдалынылатын  егіс алқаптардың жарамсыз болудан сақтандыру жолдарын қарастырып, топырақты өңдеу тәсілдерінің жаңа түрлерін пайдаланып жоғарғы қабатқа өсімдік қалдықтарын көбірек қалдыру, яғни органикалық қалдықтарды молайтып топырақтағы қарашірік мөлшерін арттыруға болады.

Әрбір аймақтың топырақ-климат жағдайына байланысты топырақ құнарлығын қалыпқа келтіру және арттырудың бірнеше жүйелі тәсілдері бар. Олардың бірі егіншіліктегі биологизация жүйесі. Бұл жүйені қолдану арқылы экологиялық таза өнім алуға қол жеткізіледі. Жүйенің негізгі бағыты егіншіліктегі ауыспалы егісті дұрыс жолға қою қарастырылады.

Айта кететін жағдай ауыспалы егісте жоңышқа өсіру, егістікке өсімдік қалдықтарын қалдыра отырып, топырақ құнарлығын арттыру болып табылады. Тәлімі егіншіліктегі ауыспалы егісте көпжылдық шөптесін өсімдіктерді егу арқылы топырақ құнарлығын бес жылда қалыпқа келтіруге, яғни тәлімі егіншілік жағдайындағы сұр топырақта бір гектарға алты тонна органикалық зат жиналады.

 

1.4 Жоңышқа егістігінде кездесетін зиянкестер және олармен күресу жолдары

 

Жалпы Қазақстанда жоңышқа, беде, сиыржоңышқа, эспарцет сияқты бұршақ тұқымдас дақылдарды 200 асмтам зиянды жәндіктер зақымдайды. Олардың ішінде көп қоректі күздік көбелек, шегіртке, шыртылдақ қоңыздар, жоңышқа көбелегі, түйнек бізтұмсықтары, жоңышқа жапырағының бізтұмсығы немесе фитономус, жоңышқа қандаласы және т.б. Зерттеуші ғалым В.В. Яхонтованың мәліметі бойынша егер де жоңышқаның әр сабағында бір фитономус болса, бір гектардағы   шөптің жасыл балауса өнімділігі 20 ц/га төмендейді. Жемшөптік дақылдар әр  түрлі табиғи жағдайларда, яғни мал қыстауларына таяу тау етектеріндегі суармалы және тәлімі жерлерде далалық және шөлейт аймақтарда өсіріледі. Осыған байланысты бұл дақылдардың егістік танаптарында алуан түрлі зиянкес жәндіктерді кездестіруге болады. Дегенмен де жоңышқа егістігіндегі зиянды жәндіктер өте аз зерттелген.  Төменде солардың ішінде негізгісі фитономусқа ғана тоқталамыз. Ауылшаруашылық зиянкестерімен  химиялық және биологиялық күресу, сондай-ақ басқа да мелиоративтік жэне агротехникалық жұмыстар ауыспалы алқаптардың аймақтық ерекшеліктерін, топырақ құнарлылығын, егіс жағдайын, жоңышқаның жоспарланған өнімділігін есепке ала  отырып уақтылы және сапалы жүргізілуі  керек.

Егістіктегі жоңышқаның зиянкесіне қарсы химиялық күресуде Карбофос 0,5-0,7 л/га; Вертимек, 018 к.э. 0,3 л/га қолданған тиімді деп тұжырымдайды К,НуркасымовТ. [15]. жоңышқаның зиянкесіне қарсы зияндылық шегі төмен жағдайда, энтомофагтарды афидимизаның жабайы галлицаларын  жіберу тиімдіКөп жылдық бұршақ тұқымдас дақылдар өсірілген барлық алқаптарда өсімдік қалдықтарын тазарту, артынан терең сүдігер жырту негізгі агротехникалық шара деп тұжырымдайды Ш.Ш.Асанова, К,Нуркасымов [24]. жоңышқа өсірілген алқаптың айналасындагы 100 м радиустағы аумақты арамшөптерден тазарту қажет деп есептейді. Зиянкестерге қарсы күресу тиімділігінің негізгі шарты. Ауыспалы егісті алып баруға ерекше назар аударылады. Ауыспалы егісте бакша дакылдарын алдыңғы өсіріп бапталған алқапқа кемінде бес жылдан кейін қайта оралуға болады. Ауыстырмай бір дақыл егіле берген алкаптарда өсімдіктер көптеген зиянкестермен және аурулармен зақымдалады, ең алдымен фитономус зақымдайды.Жоңышқа егісіне ауыр сазды топырақты жерлерді пайдалану ұсынылмайды, өйткені мұндай жерлерде өсімдіктер фузариозды солу, жасыл дақтылық жэне вирустық ауруларына жиі шалдығады. Зиянкестерге карсы күресу тиімді шараларының бірі терең сүдігер жырту (35-37 см) болып табылады. Терең сүдігер жырту топырақтын, үстіңгі қабатында жайласкан зиянкестер мен ауру қоздырғыштардың жойылуына жағдай жасайдыЕгістегі өсімдіктердің өсіп дамуын күшейтуде ұқыптап күтіп баптаудың, ең алдымен арамшөптерді жоюдың маңызы зор. Арамшөптер ылғалдың және топырақтағы қоректік заттардың қорын азайтады, топырақ кабаттарындагы ауа алмасуды қиындатады. Ылғал мол болған жылдары суармалы бақша өсірілетін аудандардың арамшөптермен ластануы антракноз ауруының дамуына жағдай жасайды.

Топырақтың шектен тыс жоғары ылғалдылығы сымкұрттардың, тамыр шірігінін, фузариоздың ж.т.б. зиянды әсерін күшейте түседі.

 

Сурет 1. Жоңышқа қандаласы жапырақты зақымдауы.

Қандалалардың түсі қоңыр, сары - жасыл түспен боялған. Алдыңғы жақтарында екі қара дақтары бар. Олардың пішіндері сопақша, аяқтары және мұртшалары ұзын. Қандалалар өте жылдам, әсіресе ыстық күндері жақсы ұшады және тез жүкіреді. Дернәсілдері- қоңыр жасыл,және жасыл, ересек қандалаларға ұқсайды,бірақ қанаттары жоқ.Жұмыртқалары өсімдік өркендерінің ішінде және жоңышқада қыстайды.Ересек қандалалары және дернәсілдері зияндайды. Кейде қандалалар жоңышқа егістігіндегі тұқымдардың гүлдерін және түйнегін толығымен жояды

Жоңышқаның зиянкестері мен ауруларына қарсы күресудің химиялық әдістері тұқымды дәрілеуден басталады, оны егістен 1-2 ай бұрын жүргізеді. Күздік жэне егістік көбелегімен қарсы күресу үшін вегетация кезеңінде Шерпа, 25% к.э. препаратымен бүрку керек (бүрку мөлшері — 0,24-0,32 л/га). Жиын-терімнен 20 күн бұрын бір бүрку жүргізіледі. Көбелектерге қарсы сондай-ак Децис, 2,5% к.э. (бүрку мөлшері -- 0,25-0,5 л/га) препараты да қолданылады. Бұл препаратпен өсімдіктерді өскін алу кезеңіндебүрку керек. Қауын өсімдіктерінің ақұнтақ ауруына шалдығуна қарсы Байлетон, 25% с.п. препаратымен өндеу ұсынылады (қолдану мөлшері — 0,3-0,4 кг/га, 0,05%-дық ерітінді). Бүрку үш рет жүргізіледі, ең соңғысы өнім жиын-терімінен 20 күн бұрын жүргізіледі. Қарбыз жэне кауын егісінің ак ұнтақ ауруына қарсы Каратан ФМ 57, 18,25% с.п. препараты да колданылады (0,1%-дық ерітінді, қолдану мелшері — 0,8-1 кг/га).Бүрку үш рет жүргізіледі, ең соңғысы өнім жиын-терімінен 20 күн бұрын жүргізіледі[1].

Жоңышқа өсіруде зиянкестермен күресу мақсатында инсектицидтерді қолдануды жан-жақты, терең зерттеулерді К.С.Бенетский. жүргізді Сынақ үшін олар негізінен Россия өндіретін улы химикаттарды қолданды және олардың көпшілігі қазіргі уақытта өндірістен шығып қалған. Көп салалы, көпжылдық экспериментальды мәліметтер Қазақ ҒЗИ ғалымдарының егістіктердегі көп жылдық бұршақ тұқымдыстар және басқа ауылшаруашылық дақылдарын қорғауға, арамшөптермен күресуінде кездеседі

Әдебиетке шолу барысында көптеген ғылыми зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып әр аймақтың топырақ-климаттық ерекшеліктеріне байланысты ауыспалы егіс жүйесін қалыптастыруда, егісті зиянкестерден қорғаудың маңыздылығы ескерілуі тиіс, егістегі жоңышқаның жапырақ бізтұмсығының биологиялық өзгешелігін ескере отырып, тиімді химиялық және агротехникалық шараларды пайдалану бүгінгі нарықтық бәсекелестік жағдайда басым бағытқа ие екенін байқадық. Демек, Оңтүстік Қазақстан облысы жағдайындағының суармалы жерлерінде  жоңышқаның зиянкестерінен егісті қорғаудың химиялық тәсілін қолданудың тиімді үлгісін жасау осы дипломдық жұмыстың басты мақсаты болып табылады.

 

2 Технологиялық бөлім

 

2.1 Оңтүстік Қазақстан облысының ауа-райы ерекшеліктері

 

Оңтүстік Қазақстан облысынының топырақ –климаттық жағдайы алуан түрлі бедерлігімен ерекшеленеді. Талас Алатауы мен Тянь-Шань тауының батыс тау сілемдерімен облыстың солтүстік –батыс жағы құмды шөлейт Бетпақ дала жазығымен жалғасып жатады. Оңтүстік –Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының тәжірибе егіс алқабы шамамен теңіз деңгейінен 650-800 м биіктікте орналасқан.

Оңтүстік Қазақстан облысының климаты ерекше мінезімен тез құбылмалығымен, күн сәулесінің радиациясы және жылылығымен ерекшеленеді. Орташа суықсыз кезеңі 245-265 күнге созылып, яғни 00 жоғары температура 8-10 айды құрайды. 2014-2016 жылдары қыс айларында агрометрологиялық жағдай температураның күрт төмендегенімен қардың көп көлемде түсуімен ерекшеленді.

Алғашқы қар жамылғысы зерттеу жүргізілген 2014-2016 жылдары қараша айының II декадасының соңғы күндері түсіп, ал 2015 жылы желтоқсан айының II декадасында  жауған қар ақпан айының соңғы декадасына дейін сақталып наурыз айына дейін жатты. Ең жоғарғы қар жамылығысының биіктігі қараша-қаңтар айларында 23-45см жетіп, зерттеу жүргізген жылдары топырақ қабатында тоң қату болған жоқ, сондықтан күздік бидай қар жамылғысының астында қолайлы жағдай қалыптасқандықтан одан әрі даму процестері жүріп жатқандығы белгілі болды.

Көп жылдық көрсеткіштермен салыстыра қарағанда 2014-2016жылдары сәуір-мамыр айларындағы түскен жауын-шашын мөлшері біркелкі болып, күздік бидайдың бас шығару және сүттеніп пісу кезеңдерінде ылғал жеткілікті болып, өнімнің де жоғары болуына септігін тигізді. Ал, 2014 жылғы көктем айларында құрғақшылық болып, түскен жауын-шашын мөлшері күздік дақылдарға нағыз ылғал қажет кезінде 22,0-58,3 мм құрады, бұл көрсеткіш орташа көпжылдыққа қарағанда 1,5-2,0 есе аз болғанын көрсетеді (1,2-кесте).

Демек, егіншілік жүйесінде күз айларында жүргізілетін агротехникалық шараға барынша шығынды аз жұмсау бағытын қалыптастыру керектігі өндірістің бүгінгі талабы екені аян.2014 жылы қазан айының екінші онкүндігінде 17,7 мм, ал үшінші онкүндігінде 36,3 мм жауын жауып жердің беткі тұқым орналасатын қабатында (0-10 см) 25,2 мм ылғал қоры жинақталып далалық егіс жұмыстарын жүргізуге өте ыңғайлы болды. Бұл жылы күздік бидайды себу мерзімі қараша айының 6 жұлдызына туракелді. Топырақ ылғалдылығының жеткіліктілігі және тәліктік орташа температураның жоғарылығы (16,00С) нәтижесінде бидай өскінінің жер бетіне 8 күнде шығуы, толық шығымы 10-12 күнде қалыптасты (қарашаның II онкүндіктегі тәуліктік орташа температура 8,60С болды). Келесі 2015 жылдың жаз және күз айлары өте құрғақ болып (қыркүйек - 0,0 мм, қазан – 8,0 мм, қараша айының бірінші онкүндігінде – 17,2 мм жауын болды) далалық егіс жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бермеді, нәтижесінде күздік бидайды топырақты өңдемей тікелей егу қараша айының 30 жұлдызында жүргізілді (қарашаның үшінші онкүндігінде 65,7 мм жауын болды). Осы жылы күздік бидайдың алғашқы өскіні желтоқсан айының басында көрінді, толық өскін инелік дәуірінде қар астында қалды. 2014 жылы алғашқы қар 13-16 желтоқсанда жауып жер бетінде 5 см тереңдікте топырақ қатқақтанып ең төменгі температура 0,50С төңірегінде болды. Ал тұрақты қар түсімі желтоқсан айының 19 жұлдызынан басталып, осы айдың үшінші онкүндігінде қар қалыңдығы 27 см болды, ал қаңтар айының алғашқы күндері биіктігі 36 см жетті. Қар қалыңдығының ең жоғарғы көрсеткіші 58 см ақпан айының 15-16 жұлдызында анықталды. Аязды кезеңнің ұзақтығы орташа 165 тәулік. Соңғы суықтар сәуір айының басында тоқтайды және қазан айының соңында қайта басталады. Күз және қыс кезеңінде түсетін (жаңбыр, қар түрінде) ылғал жылдық жауын-шашынның 40-50, көктемгі- 30-35, жазғы – 15-25 пайызын құрайды.

Шілде, тамыз, қыркүйек айларында түсетін жауын- шашынның аз болуы топырақ ылғалына айтарлықтай әсер етпейді.

Жаз кезеңіндегі ауаның шамадан тыс құрғақшылығы мен жауын-шашынның өте аз болуы топырақтың көп құрғауына және оның ылғалының ең төменгі шегіне жетуіне себепші болады. Сондықтан да ылғалды көп талап ететін ауылшаруашылық дақылдарын суармалы танаптарда орналастырған дұрыс. Зерттеу жылының соңғы 2014 жылы ақпан айының бірінші онкүндігі – 8,70С, ал екінші онкүндігінде – 1,9 0С температура қалыптасты) ақпан айының соңғы күндеріне дейін созылуы қыс айларының созылуы еріген қар суы танаптың су эрозиясына ұшырауына қолайсыз болғандығын айқындайды. Дегенмен, қардың қалың түсуі және бірқалыпты деңгейде ұзақ жатуы ылғалдың мол жинақталуына септігін тигізеді. Егістікте ылғал жоғарылығынан танаптың төменгі рельефінің бетіне шалшық су жинақталып жылғалар пайда болады, топырақ дегдісімен дақылды тікелей себу мүмкіндігі туындайды.

 

Кесте 1 Зерттеу жүргізілген 2015-2016 жылдардағы «Шымкент» АгроМетеостанциясының мәліметтері бойынша жауын-шашынның орташа мөлшері. мм

 

Жылдар

 

 

Айлар

Жыл бойы

 

 

Өсіп-даму

кезеңінде

I

II

III

ІҮ

Ү

ҮІ

ҮІІ

ҮШ

IX

X

XI

XII

2013

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

20,3

13,1

58,2

74,3

165.9

 

2014

65,9

111,6

71,9

73,5

92,1

30,8

19,1

 

3,8

14,4

31,7

31,4

21.4

567.6

223.4

2015

40,0

156

80,3

27,0

47,2

34,2

-

0.4

4.4

42.0

160.3

44.8

636.6

126.6

2016

48,2

54,6

108,3

49,1

20,8

18,7

8,7

0,3

9,6

25,1

35,7

42,5

421.6

117.1

Орташа көпжылдық

62

66

92

81

44

  19

8

5

9

44

56

66

552

530

Ауытқуы

-10,2/ -19,9

32,4/6,5

-16,4/ 46,8

7,3/

-20,5

2,2/

-21,7

-11,7/ -19

-6,2/

-0,4

-3,6/

-5

-9/ 1,8

-33,7/ 12,8

32,5/ 22,2

62/ 2,7

45,6/

-87,3

54,1/

-83,7

 

Кесте 2 Зерттеу жүргізілген жылдардағы салыстырмалы жылы кезеңдердегі  ауаның тауліктік температурасы,°С

 

Жыл

 

 

Айлар

Жыл бойы

 

 

Өсіп-даму

кезеңіңде

I

II

III

ІҮ

Ү

ҮІ

ҮІІ

ҮІІІ

IX

X

XI

XII

2015

-1,0

2,3

6,2

15,3

18,2

24,0

25,9

25,6

19,7

10,6

7,8

-1,5

12,7

15,3

2016

-10,4

-3,6

11,7

14,2

20,1

25,8

27,6

26,2

18,8

12,2

5,6

-0,5

12,3

14,7

Орташа көпжылдық

-3,6

-1,3

4,4

11,8

17,8

22,3

25,2

23,6

18,4

10,9

3,9

0,0

11,3

13,4

Ауытқуы

-2,8/

-6,8

-1,3/

+1,0

-5,9/

7,7

1,1/

2,4

0,4/

1,9

-1,8/

3,5

0,7/

2,4

2,0/

2,6

1,3/

0,4

-0,3/

1,3

3,9/

1,7

-1,5/

-0,5

1,4/

1,0

1,5/

1,3

 

2.2 Топырақ және жер бедері өзгешеліктері

 

Жер биіктеген сайын топырақ айырмашалығы, жалпы алғанда аймақтық түрін сақтай отырып, бірте-бірте өзгере береді: әдеттегі сұр топырақ, қара сұр топырақ, қоңыр, қара топырақ және ақырында шалғынды топырақ. Зерттеу аймағының топырағы сазды тегіс жазықтардың үстіңгі беті алуан түрлі кәдімгі сұр топырақ. Осы факторларға қарай ауыл шаруашылығын өркендету жағдайлары да өзгереді. Тау бөктерлеріндегі табиғат жағдайы – суармалы егіншілік үшін, жоғары жақ тәлімі егіншілік үшін ерекше қолайлы келеді. Ылғалды белдеуден кейін, бір саты төмен тау бөктерлерінде әжептеуір айқын бедерлі, ылғалы орташа ғана тәлімі жер белдеуі орналасқан. Мұндағы беткі қабатта таулы далалық топырақ егіншілік үшін ерекше қолайлы келеді. Зерттеу жүргізілген аймақта таулы дала - топырағы, ашық түсті және әдеттегі сұр топырақ жатыр.

Топырақты өңдегенде құрылымы төмендеген беткі қабаттың орнына органикалық қалдықтарға бай, қоректік заттар қоры анағұрлым көп төменгі қабат ауысып түседі. Мерзімінде егілген және жоғары сапада өңделген топырақ майлы  дақыл-дардан мол өнім алудың бірден-бір дұрыс жолы тікелей себу технологиясын ерте көктемде жүргізу. Мұндай жағдайда аэробты микроорганизмдердің белсенділігі артып, органикалық заттардың минералдануы күшейеді. Сонымен топырақты өңдеу арқылы жоғарғы қабаттарына ылғал, ауа және қажетті қоректік заттардың қорын молайтуға болады.

Өңдеу жұмысы ең алдымен топырақта өтетін физикалық, химиялық және биологиялық үдерістердің жоғары қарқынды жүруі әсер етеді, олардың топырақтағы өзгерістері екпе дақылдар үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Яғни су және қоректік заттар өсімдікке тікелей топырақ арқылы бірігіп әсер етеді. Өңдеудің көмегімен ылғалы мол аудандардағы артық ылғалды жинауға болады.

Морфологиялық құрылысы топырақтың қарашірік қабатында орташа қалыңдығымен сипатталады (А+В=50-60см оның ішінде А=20см). Қара шірік қабатының түсі қуаң ашық сұрғылт.

Құрылымы бойынша көбіне кесекті қабатты. Қарашірік қабаты төмендеген сайын дәнді немесе кесекті дәнді және тесік (жауын құрттар мен жәндіктер жүргендіктен) құрылысты болады.

Карбонатты- иллювиальді қабатының құрылымы бойынша жаңғақты. НСl - да қайнауы жоғары. Өнделетін топырақ қабаты кесекті немесе сазды кесекті құрылымымен, ал жыртылмайтын қабат тығыз құрылымымен ерекшеленеді. Топырақ кескінін жүйелеп баяндау төменде келтірілген:

А1 0- 10см. Сұр, кұрғақ, тығыз, түбіршекті, жоғары қабаты (5см-ге дейін)
қабатты-созымды, төменірек-үйінділі, ауыр саздақты.                                   

А- 10-20 см. Құба дақты ашық сұр, құрғақ, тығыз, әлсіз түбіршікті,

кесекті, дәнді, ауыр саздақты.

В1 - 20-40 см. Карбонатты көгерген құба ашық сұр, құрғақ, тығыз, әлсіз кесекті, дәнді, ауыр саздақты.

В - 40-65 см. Карбонатты дақтары бар ашық құба сұр, құрғақ, тығыз, дәнді, жаңғақты, ауыр саздақты.

С -65-120 см. Ашық сары карбонатты дақтары бар, құрғақ, тығыз, ұсақ дәнді, ауыр саздақты.

В қабаты А қабатына қарағанда ашықтау. Карбонаттар 25-65 смқабаттан кейін білінеді, ал 65 см-ден төмен қабатта гипс таралған.

Топырақтың беткі қабаты ( А1=5-6 см) эфемерлі-эфемероидты өсімдік қауымдасты және борпылдақ шымға ұқсас болып келеді. Құрылымы бойынша көбіне кесекті қабатты. Сіңірілген натрий мөлшері шамалы. Сондықган топырақтың сілтілі  реакциясына қарамастан (рН-8,2-8,5) топырақ тұзданбаған. Агрономиялық шама бойынша, бұл топырақ екінші топқа жатады, яғни жоғары бағаланады. Бірақ ауылшаруашылық дақылдарынан мол өнім алу үшін азот және фосфор немесе органо-минералды тыңайтқыштармен тыңайту керек. Бұл суармалы танаптар үшін өте маңызды болып табылады (кесте 2). Топырақтың механикалық құрамы бойынша орташа саздақты, көбіне ірі тозанды және сазды фракциядан тұрады.

                                                                                                                            

Кесте 2

Тәжірибе жүргізілген танап топырағының химиялық-физикалық құрамы, 2015-2016 жж.

 

Топырақ қабаты

 

 

Жалпы құрамы

Сулы суспен зиялық, рН

 

 

Жылжымалы           форма мөлшері, мг/ЮОг

Қара шірік, %

Азот,%

СО2, %

СаСО3, %

Гидро

лизді

азот

Р2О5

К2О

0-10

1,3

0,08

4,8

10,8

8,2

13,3

2,7

40,6

10-20

1,2

0,07

4,9

11,0

8,2

10,8

2,7

43,9

20-35

0,5

0,05

6,9

15,8

8,3

6,5

1,6

30,8

35-50

0,3

0,05

8,7

19,7

8,5

-

1,4

32,0

50-100

-

-

9,0

20,5

8,5

-

-

-

 

Жыртылатын қабат орташа есеппен алғанда 30см-ге дейін жетеді. Кәдімгі оңтүстік сұр топырақтың жыртылатын қабатында қарашірік 1,2-1,3% және жалпы азот 0,07-0,08%, бұл көрсеткіш топырақ қабаты төмендеген сайын азаятындығын көрсетеді. Карбонат мөлшері топырақ қабаты төмендеген сайын арта түседі. Сіңіру жиынтығы негізінен 10-14 мг/экв 100 г аралығында ауытқиды. Сіңіру жүйесі кальциидің мөлшері көп болуымен сипатталады.

Танаптың жоғары қабатында су өткізгіш агрегаттар мөлшері топырақ салмағының 35-40 пайызын құрайды, суармалы танаптарда бұл көрсеткіш төменірек. Топырақтың жыртылатын қабатының көлемдік салмағы орташа 1,3 г/см2. Жылжымалы қоректік заттармен қамтамасыз етілуі мынадай: азотпен-орташа, фосформен- әлсіз, калиймен - жақсы.

 

2.3 Топырақ өңдеу тәсілдерінің құнарлыққа әсерін анықтау

 

Топырақты аудара жыртудағы қолданылатын техникалар мен агрегаттар өңделетін қабаттың көлем салмағының тығыздығына ықпал етіп қана қоймайды, жоғарғы қабаттың шаңданып жел және су эрозиясына ұшырауына ықпалын тигізеді, нәтижесінде құнарлық төмендеп ауыл шаруашылығынан алынатын өнімділік 50 пайызға дейін азаяды.

Қазіргі таңда ауыл шаруашылығында пайдаланылатын егіс алқаптарында топырақтың өңделетін қабатының құнарлығы көптеген факторға байланысты өзгеріске ұшырайды. Атап айтқанда, жерді пайдалану жағдайы мен ауыспалы егістіктегі дақылдардың орналасуына және топырақтың өңдеу тәсілдеріне қарай  өзгереді. Соңғы жылдары ауыл шаруашылығында ауыспалы егіссіз монодақыл ретінде бір ғана дақыл егіліп, бізге дейін енгізілген органикалық және минералды тыңайтқыштардың қоры таусылуға айналды. Қазіргі уақытта егістікке қажетті тыңайтқыштар дер кезінде енгізілмейді. Соның салдарынан топырақтың құнарлы қабатының азаюына және жарамсыз жердердің көбеюіне әкеледі.

Соңғы жылдары ауыл шаруашылығында қолданылатын егіс алқаптары жел және су эрозиясына ұшырап немесе техногенді ластану, яғни топырақтың тығыздалуы мен тұздануы байқалуда. Деректерге сүйенсек қара топырақты көптеген жылдар аудара жырту нәтижесінде топырақтағы қарашірік мөлшері бастапқы қалыптан 20-24% азайған, ал сұр топырақтарда 17-20 % қарашірік жоғалтқан. Егіс алқапты ұдайы аудара жырту топырақтың агрофизикалық қасиетінің нашарлауына, макро, микро элементтерінің азаюына және топырақ құрылысының бұзылуына әкеледі.

Ауыл шаруашылығында қолданылатын техника мен машиналар топырақты өңдеуде оның тығыздалуы мен жоғарғы қабаттың шаң –тозаңға айналуына әкеледі. Қазіргі таңда топырақтың құнарлы қабатын сақтау және арттыру негізгі міндет болып табылады. Сондықтан да ауыл шаруалышығында пайдалынылатын  егіс алқаптардың жарамсыз болудан сақтандыру жолдарын қарастырып, топырақты өңдеу тәсілдерінің жаңа түрлерін пайдаланып жоғарғы қабатқа өсімдік қалдықтарын көбірек қалдыру, яғни органикалық қалдықтарды молайтып топырақтағы қарашірік мөлшерін арттыруға болады.

Әрбір аймақтың топырақ-климат жағдайына байланысты топырақ құнарлығын қалыпқа келтіру және арттырудың бірнеше жүйелі тәсілдері бар. Олардың бірі егіншіліктегі биологизация жүйесі. Бұл жүйені қолдану арқылы экологиялық таза өнім алуға қол жеткізіледі. Жүйенің негізгі бағыты егіншіліктегі ауыспалы егісті дұрыс жолға қою қарастырылады. Айта кететін жағдай егістікке өсімдік қалдықтарын қалдыра отырып, топырақ құнарлығын арттыру болып табылады. Топырақ қорғау егіншілігіндегі ауыспалы егісте көпжылдық шөптесін өсімдіктерді егу арқылы топырақ құнарлығын бес жылда қалыпқа келтіруге, яғни тәлімі егіншілік жағдайындағы сұр топырақта бір гектарға алты тонна органикалық зат жиналады.

Топырақ қорғау егіншілігіндегі топырақты сыдыра өңдеу немесе өсімдік сабақтарын қалдырып тікелей себу тәсілдерінде аудара жыртуға қарағанда қарашірік мөлшері мол жинақталып, топырақ құнарлығы артады. Ауа –райы қуаңшылық жылдары топырақты үнемді технологиямен өңдеу, өңделетін қабатта ылғал қоры жақсы жинақталып нәтижесінде дақылдың өнімділігі артады.

Топырақты үнемді және нолдік технологиямен өңдеудің артықшылығы техникалық өңдеу операциялары қысқартылады; егіс алқаптарында өсімдік қалдықтары, яғни аңыз сақталады.

 

2.4 Топырақ және рельеф өзгешеліктері

 

Оңтүстік Қазақстан облысы солтүстіктен оңтүстікке қарай 650 километр және шығыстан батысқа қарай 550 километр жерді алып жатыр. Оның жер көлемі – 117,4 мың шаршы километр.

Облыстың территориясы негізінен алғанда солтүстік шөл аймақта орналасқан және алуан түрлі рельефімен көзге түседі. Рельефіне қарай ол айқын айырмалы төрт бөлікке бөлінген: солтүстік, оңтүстік-батыс жазықтық, жазықтық-оңтүстік және оңтүстік-шығыс таулы бөліктерге бөлінеді. Географиялық жағынан облысқа Қызылқұм шөл даласының оңтүстік-шығыс бөлігі, Сырдария өзенінің орта ағысындағы аңғары, Мойынқұмның батыс шеті, Шу өзенінің төменгі ағысындағы алқап, Бетпақдала шөлінің сазды батыс бөлігі, Қаратау жотасының көпшілік бөлігі және Батыс Тянь-Шань бірқатар жоталары қосылады. Қаратау жотасы оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай облысты екіге – солтүстік және оңтүстік бөліктерге бөліп жатыр.

 

2.5 Өсімдіктер дүниесі

 

Оңтүстік Қазақстан облысы тау бөктері мен жазық далалы, шөл-шөлейтті жерге орналасқан. Бұл өңірдің өсімдіктер дүниесінде жер жағдайына байланысты алуан түрлі өсімдіктер кездеседі. Ерте көктемде эфемерлердің басымдылығы байқалып, соңынан жусанды және шымды астық тұқымдастар тобы пайда болады. Оңтүстік Қазақстанның жазы ыстық әрі құрғақ болып келетіндіктен құрғақшылыққа төзімді көпжылдық тамыр жүйесі жақсы жетілген өсімдіктер көптеп кездеседі. Табиғи шөп жамылғысында эфемерлер мен эфемероидтар: шөл шытыры (Alyssum desertorum Stapf), қызғалтақ түрлері (Papaver rhoeas L.), пияшықты қоңырбас (Poa bulbosa G.), іле пиязы(Allium iliense Rgl.) және тағы басқа көптеген майда шөптер кездеседі. Құрғақшылыққа төзімді көпжылдық өсімдіктерден жантақ (Alhagi camelorum), қызғылт у кекіре (Acroptilon repens), ажырық (Cynodon dactylon), тағы басқа түрлері кездеседі. Көктемгі жауын-шашын әсерінен бұл аймақтың топырақ жамылғысының беткі қабатында көптеген эфемерлі өсімдіктер қаптап шығып, жаз айлары басталар кезінде қурап кетеді.

 

2.6  Тәжірибе жүргізудің бағдарламасы, жағдайы және әдістемесі

 

Оңтүстік  Қазақстан облысы, Сайрам ауданының кәдімгі сұр топырақты суармалы егістік жерлеріне  жоңышқаның зиянкесімен күресу жолын зерттеу екі үш жылдық жоңышқа танабында үш мерзімде әр он күнде кейін жүргізілді.Оңтүстік Қазақстан облысында жоңышқа егісінде  кездесетін негізгі зиянды жәндік жапырақ бізтұмсығының дамуына бақылау жүргізіп, зияндылық шегіне жеткенде улы химикаттарға дұрыс таңдау жасап,  химиялық күресу тәсілін пайдаланудың тиімділігін анықтау көзделді. Шымкент қаласының шығыс жағында орналасқан Оңтүстік –Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Тассай тірек бекетінің тәжірибе танабында жүргізілді. Зерттеуге жоңышқаның удандастырылған «Красноводоподская поливная» сорты алынды. Зерттеу жұмыстары қысқа ротациялы бес танапты ауыспалы егіс жүйесіндегі жерде жүргізілді.

«Красноводопадская поливная» - Қызылсарқырама селекциялық тәжірибе станциясы 1997 жылы шығарған. Сорт көптеген будандарды күрделі синтездеу негізінде алынған.

Ботаникалық сипаттамасы. Азиялық жоңышқа сорттық типіне, Түркістандық түр тармағына жатады. Сабағы жартылай жатып өсуге бейім, түптену аймағы топырақтың 4-5 см тереңдігінде орналасқан. Сабағы жіңішке, домалақ пішінді, жуандығы 1,5-2,0 мм. Түптену деңгейі басқа сорттарға қарағанда 2-5 сабаққа жоғары. Бірінші орымдағы орташа сабақ биіктігі 75 см, басқа түрлерінен 15-20 см кіші, сондықтан сабақтары тік қалпында тұрады. Өсімдік ұзын, көп бұталы.

Жапырақшалары жіңішке, эллипс пішінді, жапырақтануы 49-52%.

Гүл сабағы қысқа - цилиндр пішінді, тығыз.

Күлте жапырақшаларының түсі қара, сия көк.

Бұршаққындары 2,5-3,0 бөлікті орташа ірі, қара түсті, тұқымы бүйрек пішінді, сары түсті, қоңыр жолақты.

Шаруашылықтық бағалы белгілері. Ерте пісетін сорт. Бірінші орымындағы гүлдеу кезеңі басқа сорттарға қарағанда 15-20 күн ерте пісетіні байқалады. Зиянкестерге төзімділігімен ерекшеленеді, кейде фитономус зақымдағанымен шыдамдылық танытады. Төменгі температура бұршақтарын байлайтынымен ерекшеленеді. Жоғары температурада бұршаққындары жарылмайды. Бұл сорттың тұқым шаруашылығын дамытуда жоңышқа өсірілетін барлық аймақта жүргізуге болады. Оңтүстік Қазақстан облысы, Келес сорттық танабында жасыл балауса өнімділігі 600-800 ц/га, тәлімі жерде тұқым өнімділігі 2 ц/га, ал суармалы егіншілікте 4 ц/га. Суармалы жағдайда 4-5 және 6 орым алынады.

Зерттеу жұмысында егіс көлемінің ауданы 1 га. Тәжірибенің әрбір нұсқасы 700 шаршы метр болып, қайталану төрт рет, мөлдектерінің ауданы 175 шаршы метрді құрады.

 

Кесте 4 Жоңышқа фитономусына қарсы химиялық күресудің  тәжірибе үлгісі

 

Тәжірибе нұсқасы

Улы химкаттармен өңдеу мөлшері, л\га

Өңдеу мерзімі

Бақылау (инсектицидсіз)

              -

             -

Каратэ, 0,50% э.к.

            1,0

  1. эзш асқанда

Децис 2,5% э.к.

            1,0

  1. эзш асқанда

 

Алға қойған мақсаттарды шешуде жапырақ бізтұмсығының биологиясы, даму ерекшеліктері, таралуы анықталды.

- егіс алқабындағы зиянды жәндіктердің сандық құрамына жүйелі есеп жүргізу;

- жоңышқа егістігіндегі зақымдалған жапрақтраға  ұдайы  есеп жүргізу;

- 10 өсімдікке орналасқан жапырақ бізтұмсығының дернәсілінің санын есептеп 5 % зиянды жәндік анықталғанда химиялық өңдеу жүргізіледі;

- химиялық өңдеуден алдын зиянды жәндіктер санын анықтап, эзш анықтау;

- өңдеуден кейінгі 3, 7 және 14 күндері есеп жүргізу;

- зерттеу нәтижелерін математикалық өңдеу Б.А.Доспеховтың дисперсиялық талдау әдісімен анықталып, есептеулер жүргізілді[33].

- жапырақ бізтұмсығының қарсы улы химикаттармен өңдеудің экономикалық тиімділігі В.А.Захаренко әдістемелігіне сүйене отырып есептелінген.

Танаптағы жоңыiқа өсімдігі толық көктеу және алғашқы жапырақтану кезеңдерінен кейінгі, гүлдердің түзілуі кезеңдерінде зиянкестерді жою бағдарламаға сәйкес жүргізілді. Сонымен қатар тәжірибе жұмысының нұсқаларына байланысты үстеме қорек және суару әдістемесіне сай оңтайлы мерзімдерде сапалы атқарылды.

 

2.7 Жоңышқа бізтұмсықтарының биологиясы

 

Түйнек бізтұмсықтары – ситондар. Қатты қанаттылар отрядының бізтұмсықтылар тұқымдасына жататын қоңыздар. Қазақстанда ситондардың 10 түрі кездеседі. Олар дене құрылысы және тіршілік әрекеті жағынан бір-біріне өте ұқсас.

Қоңыздардың бас түстігі жуан және қысқа, мұртшалары түйреуіш басты бүгілмелі, денелерінің ұзындығы 3-4,5 мм, түстері қоңыр, бірақ денесін қаптап тұратын қабыршақтарына байланысты көбінесе сұр түсті болып көрінеді. Қанаттарының үстінде ақ, сұр және қоңыр түсті қабыршақтардан тұратын дақтар  немесе  жолақтар болады. Қылшықты бізтұмсықтың үстіңгі қанаттарында ақшыл үрпиген қылшықтары бар. Жұмыртқалары сопақша, ұзындығы 0,2 мм, алғашында ақшыл-сары соңынан қараяды. Личинкаларының басы қара, денесінің қалған бөлігі ақ, аяқтары болмайды, денесі аздап доғаша иілген, ұзындығы 5 мм жетеді.

Қуыршықтары ашық, ақшыл-сары түсті, ұзындығы 4-6 мм. Түйнек  бізтұмсықтылары жылына бір   генерация беріп өсіп-өнеді. Ересек қоңыз фазасында топырақ арасында немесе жер бетіндегі өсімдік қалдықтарының астында қыстап шығады. Тек тамыр бізтұмсығы деп аталатын бір түрі ғана личинка фазасында топырақ арасында тамырға жақын жерде қыстайды.

Қоңыздар ерте көктемде  ауаның орташа температурасы 3-50 С болғанда қысқы ұйқыдан оянып шыға бастайды ал, температура 7-90С жеткенде қоректенуге кіріседі. Ерте көктемде олар жаңадан көктеп келе жатқан жоңышқаның және басқа да бұршақ тұқымдас өсіміктердің  жас жапырақтарын шетінен кеміріп жарты шеңбер тәрізді ойық жасап жейді. Әсіресе ауа райы құрғақ және ыстық болған кезде қатты зиян келтіреді. Зақымданған өсімдіктердің өнімі едәуір азаяды. Қоңыздар жұмыртқаларын топырақтың үстіне және өсімдік   жапырақтарына бір-біреуден шашыратып орналастырады. Өсімталдығы өте жоғары, әрбір ұрғашы қоңыз 3600 жұмыртқаға дейін салады. Эмбрионалдық даму мерзімі ауа райына байланысты 8 күннен 20 күнге жейін созылады. Личинкалар жұмыртқадан шыққанан соң көп кешікпей топырақ арасына еніп, жоңышқаның тамыр жүйесінің айналасына шоғырланады да, азот жинағыш түйнектермен және тамыр түтіктермен қоректенеді. Нәтижесінде өсімдік әлсіреп, өсуі  напшарлайды да өнімі азаяды. Лицинкалардың әрқайсысы орта есеппен түйнектердің  алтауын жеп құртады. Осының салдарынан жоңышқаның тамыры топырақты азотпен  байытудың орнына оны өзі тұтынушы болып, негізгі қасиетінен айырылады.

Жоңышқа жапырағының бізтұмсығы немесе фитономус – Phytonomus varabilis Hbst.  Бұл зиянкес те қатты қанаттылар отрядының бізтұмсықтылар тұқымдасына жатады. Қазақстанның оңтүстік бөлігінде жоңышқа өсірілетін аудандардың барлығында кең таралған. Бірінші орылатын жоңышқа егісінің негізгі зиянкесі. Бас түтсігі едәуір ұзын, алдыңғы арқа бөлімінің ұзындығына тең, сарғылт-сұр немесе сұр  түсті қоңыз. Ұзындығы 4-6 мм, алдыңғы арқасында ақ сызықшамен екіге бөлінген қара-қоңыр түсті жолақ бар. Үстіңгі қанаттарының  ортасында ұзын баспалдақты қара-қоңыр түсті таңба орналасқан. Жұмыртқалары сопақша, жылтыр сарғылт түсті, жоғарғы жастағы личинкасының ұзындығы 10мм жетеді, жалпы түсі сарғылт-жасыл, басы қара-қоңыр, арқасында ақ долағы бар, аяқтары болмайды, құрсақ сегменттерінің бүйір жақтарында орналасқан емшек тәрізді бұдырмақтардың көмегімен қозғалады. Дамуы аяқталған личинка  ұзындығы 6-8 мм жібек тәрізді піллә ішінде қуыршаққа айналады. Қуыршағы алғашында сарғылт болады да, кейіннен жасыл түске көшеді. Фитономус жылына бір игенерация беріп дамиды. Қоңыздар жоңышқа егістігінде топырақтың ең үстіңгі қабатында немесе оның айналасындағы өсімдіктердің тамырға таяу түбінде қыстап, көктемде ауаның орташа температурасы 120С болғанда шыға бастайды. Олар жаңадан өсіп келе жатқан жоңышқаның жапырағымен қоректеніп, көп кешікпей-ақ өсіп-өніп көбеюге кіріседі.  Ұрғашы қоңыз жоңышқаның сабағын кеміріп 10-12 см биіктікте кішкене қуыс жасайды да, жұмыртқаларын 10-30 дейін топтап, сонда орналастырады., Фитономустың өсімталдығы өте жоғары, әрбір ұрғашы қоңыз 360-25000 дейін жұмыртқа салады.   Жұмыртқадан шыққан личинкалар сабақтың ұшына қарай көтеріледі де жапырақ бүршіктерінің ішіне еніп, жасырын қоректенеді. Екі рет түлеген соң олар төбе бүршіктен шығып, ашық түрде қоректенуге кіріседі: жапырақтың жұмсақ тканін түгелдеу жеп, жүйкелерін ғана қалдырады.

Қазақстанның оңтүстік бөлігінде жоңышқа өсірілетін аудандардың барлығында кең таралған. Әсіресе бірінші орылатын жоңышқа егісінің негізгі зиянкесі. Бас түтігі едәуір ұзын, алдыңғы арқа бөлімінің ұзындығы тең, сарғыш сұр түсті қоңыз. Үстіндегі қанаттардың ортасында ұзын баспалдақты қара-қоңыр түсті дағы болады (1-сурет). Жұмыртқалары сопақша, жылтыр, сарғыш түсті, дернәсілдері сарғыш-жасыл, басы қара-қоңыр, аяқтары болмайды, құрсақ бунақтарының бүйір жақтарында орналасқан емшек тәрізді бұдырмақтардың көмегімен қозғалады. Дернәсілдердің ұзындығы 10 мм-ге жетеді. Қуыршағы жасыл, сарғылт түсті. Фитономус жылына бір ұрпақ береді. Қоңыз күйінде жоңышқа егістігінде топырақтың үстіңгі бетінде, өсімдік тамырына таяу түбінде қыстайды. Көктемде қыстап шыққан ұрғашы бізтұмсық жұмыртқаларын жоңышқаның сабағы 10–12 см биіктікте кішкене қуыс жасайды да, онда 19–30-ға дейін топтап орналастырылады. Әр ұрғаш фитономус 360-тан 2500-ге дейін жұмыртқа салады. Жұмыртқадан шыққан дернәсілдер сабақтың ұшына қарай көтеріледі де жапырақ бүршіктерінің ішіне еніп, жасырын қоректенеді де кейін ашық түрде жапырақтың жұмсақ ұлпасын түгелдей жеп, жүйкелерін ғана қалдырады. Дамуы аяқталып, қоректенуін тоқтатқан дернәсілдер жапырақ бетінде піллә жасап, соның ішінде қуыршаққа айналады.  Жаңа ұрпақ қоңыздары күзге қарай қоректенуін тоқтатып, қыстауға кетеді. Бір сабаққа төрт дернәсілдер келген жағдайда жоңышқаның жемшөптік массасы 80 пайызға дейін азаяды.

 

 

2 сурет -Жоңышқа жапырағының бiзтұмсығы

Дамуы аяқталып, қоректенуін тоқтатқан личинкалар (ІҮ-жаста) жапырақ бетінде піллә жасап, соның ішінде қуыршаққа   айналады. Жаңа генерацияның  жас қоңыздары жаздың бас кезінде біраз уақыт жоңышқаның  жапырақтарымен қоректенеді. Одан соң ыстық кезең басталысымен олар топырақтың үстіңгі қабатына еніп, жазғы ұйқыға кетеді. Ал қысқы ұйқыға кетер алдында қоңыздар жер бетіне тағы көтеріліп, тізар уақыт қоректенеді.

Фитономус негізінен екінші және үшінші жылғы жоңышқалықтың  бірінші орымнан зақымдайды. Әсіресе олардың личинкалары қатты  зиян келтіреді. Егер өсімдік сабағының әрқайсысына бір личинкадан келсе, онда жоңышқа  көгінің  массасы 17 ц/га шамасына дейін кемиді. Ал бір сабаққа 4 личинкадан келген жағдайда жоңышқаның жемшөптік массасы 80% дейін азаяды.

Күрес шаралары. Жемөптік және тұқымдық жоңышқ өсірілетін шаруашылықтар жаңа жоңышқалықты жоспарлауда зиянкестер ескі егістіктен жаңа егістікке көше алмайтындай етіп орналастыруды қарастыру керек.

Жоңышқаның тұқымын ұқыпты түрде тазалап, себуден бір жарым ай бұрын нафталинмен дәрілейді. Себу алдында тұқымды қаныққан ас тұзының ерітіндісінде (10 л суға 2,5 кг) флотациялайды. Одан соң ерітіндінің бетіндегі зақымданған жарамсыз  тұқымдарды бөліп алады да, сауларын кептіріп ТМТД-ның 80%     с.д. мен (3-4 кг/т) дәрілейді.

Ерте көктемде өткен жылдарда егілген жоңышқаларда 1 шары метрдегі жерге келетін фитономустың саны 3-5, ал ситондардың саны 5-8 шамасынан артса базудиннің 10%  түйір препаратын шашады.

Екінші рет химиялық күрес зиянкестердің клмплексіне қарсы фитономустың личинкалары жаппай ашық қоректенуге шыққан кезде, жоңышқаның гүлдену фазасы басталмай тұрғанда жүргізіледі. Бұл долы мына препараттардың біреуі қолданылады: фосфамид 40 % к.э. (0,5-1,0 кг/га), фозалон 35% к.э. (1,4-2,8 л/га), базудин 60% к.э. (2-3 л/га). Препараттарды ерітуге жұмсалатын судың мөлшері жер үстілік бүркуде 200-600 л/га, ал самолетпен бүркуде 50 л/га шамасындай болады.

Егер тұқымдыққа екінші орым қалдырылатын болса, онда жоңышқаны гүлденбей тұрғынанда орып, мерзімінен бұрын жинап алады. Одан соң тырмалап аңызды өсімдік қалдықтарынан тазартады.

Жоңышқаның  генеративті мүшелерін  қандалалардың, тихиустың, брухофагустың, құмығының және басқа зиянкестердің зақымдауынан қорғау үшін тұқымдыққа қалдырылған жоңышқалықты жоғарыда ұсынылған препараттардың біреуімен баптайды.

Жоңышқа егістігінде кездесетін негізгі зиянды жәндіктер: жоңышқа бізтұмсығы немесе фитономус, жоңышқа қандаласы, жоңышқа шіркейі және жоңышқа көбелегі. Ескі жоңышқа танаптары зиянкестермен көп зақымдалады. Сондықтан да жаңадан себілетін алқаптарды ескі жоңышқадан алыс орналастыру қажет. Жоңышқа зиянкестеріне қарсы химиялық күресті бір шаршы алаңдағы зиянкес саны 1-2 жәндіктен асқанда, сондай-ақ жоңышқа сабағының биіктігі 12 см түзілгенде Каратэ, 0,50 э.к. – 0,2 л/га, Децис 2,5% э.к. – 0,25-0,3 л/га мөлшерде инсектицидтермен өңдеу тиімді. Қазақстанның оңтүстік аймағындағы жоңышқа егісінің фитосанитарлық жағдайын жақсарту үшін улы химикаттарды уақтылы қолдану қажет (кесте 5).

Біздің жүргізген зерттеулеріміздең нәтижесі бойынша жоңышқа үш рет орылып, әр орымнан 85-90ц/га құрғақ шөп өнімі жиналса, жалпы 270ц/га өнімі жиналып  көзделген мақсатқа қол жеткізілді.

Жоңышқаны алғашқы гүлдеу кезеңінде ору тиімді. Егер бұл мерзімнен кешіккен жағдайда өнімділік және өнім сапасы төмендеп, жоңышқа сабақтары жуандайды және жапырақтары түсіп қалады. Жоңышқаны тұқымдыққа жинау жемістерінің бұршақтары 80-85% қарайған мезгілде комбайнмен тікелей жинау қажет.Жоңышқа егістігіндегі арамшөптерге қарсы жаңа жүйелі Пивот, 10% с.д.т. гербицидін 0,8 л/га мөлшерде, ал астық тұқымдас және қосжарнақты арамшөптерге Фюзилад супер гербицидін 1,0 л/га мөлшерде қолдану тиімді.

шара. Жоңышқа егістігіндегі зиянкес фитономусқа қарсы Децис 2,5 % э.к. инсектицидін 1,0 л/га мөлшерде өңдеу зиянды жәндіктердің мүлде жойылуына әкеледі.

 

Кесте 5

Жоңышқаны зиянкестерден  және арам  шөптерденқорғауға  ұсынылған  улы химикаттар

 

Пестицидтер

Зиянды  организмдер

Нормасы л/га,  кг/га,  кг/т

Күту мерзімі (күн)

ТМТД, 8 0%д.ү.

Аскохитоз, фузариоз,  шіріктер, антрокноз, бактериоз, тұқымның  зеңденуіне  қарсы

3,0-4,0

 

Базарган, 48% с.е.

Бір жылдық  қосжарнақты арамшөптер

1,0-2,0

 

Пивот, 10% с.к. (имазетапир)

Бір жылдық және көп жылдық астық тұқымдас шөптер мен сары шырмауыққа қарсы

0,5-0,8

15

Алирокос, 80% э.к.

Бір жылдық және көп жылдық астық тұқымдас шөптер

5,0—7,0

 

2 М -4ХП, 50% c.о.

-//-

4,5-5,0

 

Базудин, 60% э.к.

Жапырақты, түйнекті біз тұмсықтар, шөпқоректі қандалар, тихиус, брухофаргус,  жуан сирақ,  гүл  шыбындары  биттер, жоңышқа, беде сүр түн  көбелектері, жоңышқа тіллә қоңызы

2,0

20

БИ -58,40% э.к.

-//-

0,5-1,0

30

Золон ,35% э.к

-ІІ-

1,4-2,8

45

Золон, 30% д.ү.

-ІІ-

1,6-2,3

45

Каратэ, 0,50% э.к.

-//-

1,0

30

Децис 2,5% э.к.

-//-

1,0

30

Рипкорд, 40%э.к.

-//-

0,15

20

Фестак, 10% э.к.

-//-

0,15-0,20

40

Лепидоцид, титр 100 млрд, спор

Жоңышқа, беде  сұр түн  көбелектерінің жұлдыз  құрттары

1,0-1,3

 

Бензофосфат, 30% э.к.

-//-

2,3

 

 

2.8 Қазақстанның оңтүстігіндегі жоңышқа егісінде фитономустың таралуы

 

Жоңышқаның көк гүлді түрі суармалы егіншілік аймағында кеңінен тараған. Өйткені көк гүлді жоңышқа қалған екі түрмен (сарыбас және будан) салыстырғанда жылу мен ылғалды көбірек қажет етеді.

Жоңышқа құнды дақыл. Оның үш пайдалы жағы бар:

1. Топырақты сортаңдаудан сақтайды.

2. Бір жылда бірнеше рет өнім береді – көп жылдық.

3. Ауыспалы егісте алғы егісі болып табылады.

Көк гүлді жоңышқаға қарағанда сарыбас гүлді жоңышқа қуаңшылықпен суыққа төзімсіз келеді. Бірақ, жапырағы аз және ұсақ болғандықтан оның құнарлығы сапасыз және өнімі төмен болады.

Оңтүстік Қазақстанда жоңышқаның жергілікті және жақсартылған төмендегі сорттары аудандастырылған: Красноводопад-8, Ташкенттік-1.

Жоңышқаның биіктігі 80-100 см, кейде 1,5 метрге жетеді, сабақтары 10-20 буыннан тұрады, буын аралығы 5-7 сантиметрдей.

В.В.Пыльнев және басқалардың [52] келтірген мәліметі бойынша жоңышқаның суыққа төзімділігін арттыру үшін тамыр басы жер бетінен 7-10 см төмен орналастырылады. Жоңышқа тамыры сабақтың өсуімен салыстырғанда ерте көктемде егілгенде 14-15%, жазда 49-50% шапшаң өседі.

Жоңышқа – мал азықтық құндылығы өте жоғары саналатын көпжылдық бұршақ тұқымдас дақыл. Ылғал сүйгіш және қауңшылық пен жоғары температураға төзімсіз келеді. Ол топырақты да талғағыш, қышқыл топырақ ол үшін қолайлы емес. Оның көк шөбінде және пішенінде көптеген қорытылатын белок, минералдық заттар және витаминдер болады.

Жердің құнарын арттыратын бұл көпжылдық өсімдіктердің шөлейттене бастаған алқаптарды қалпына келтіретін қасиеті бар, сонымен қатар төрт түлік малдың өнімділігі мен малға қажетті қысқы жемшөп қорын арттыруға да зор мүмкіндік береді.

Мал азықтарының ішінде жоңышқа суармалы жағдайда дұрыс күтіп баптағанда гектарына 250 центрнерге дейін шөп бере алады. Көк балаусасы мен пішенінде бір жылдық шөптерге қарағанда протеин 2-2,5 есе көп болады [36]. Сонымен қатар жоңышқа тек қана малды жоғары жемшөппен қамтамасыз етіп қана қоймай, белоктың жетімсіздігінің орнын да толтырады.

Жоңышқаның 60 түрі болатын болса, біздің Қазақстанда соның 36-сын кездестіруге болады [37]. Қазақстан жерінің басым көпшілігі ылғал жетіспейтін қуаң, шөлейт болғандықтан, тек суарау мелорациясы қолданылады. Суармалы жерде 40% мал азығындық дақылдар, 22% дәнді дақылдар өсіріледі және олардан тұрақты мол өнім алынады.

Жоңышқа – ұзақ тұратын 5 жылға дейін және одан көп жоғарғы өнімді дақыл, қара топырақты аймақта Орта Азияның суармалы жерлерінде кеңінен тараған. Оның егістігі қара топырақсыз аймақта көп немесе егістік жоңышқа мейлінше көп алқаптарға себілуде. Ол жылына 2-3 рет суармалы жерлерде 5-6 рет шабылып, құрамында белоктың молдығымен ерекшеленеді (1 азықтық өлшемге 230 ц), 100-150 цн өнім береді.

Жоңышқа топыраққа талғамсыз, ол мол қышқылдықты нашар көтереді, тұздарға қарсылығы шамалы және топырақтың сортаңдауына әсер етеді.

Көп жылдық азықтық шөптердің ішінде ең бағалысы көп жылдық бұршақ тұқымдастар олардың бойында ақуыз өте көп.

Бір килограмм азықтық 2-3 кг дәнді фураждардағы жетіспеушіліктердің орнын толтырады, жүгері сүрлемін және тамыржемістілер Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институтының зерттеулері бойынша жабайы жоңышқаның гүлдену кезеңінде ақуыз жапырақ және гүлдерінде 30,6% және 29,4%, ал сабағында 12,8% болады. Жоңышқаның құрғақтылығы 10 кг шөбінде 4,8 азық өлшемі, 870 г қорытылатын ақуыз бар. Басқа бұршақ тұқымдастар сияқты бұның бір құнды қасиеті түйнекті өсімдік тұқымдастарының түбіндегі бактериялары сияқты ауадағы азотты сіңіреді. Сол себепті де жоңышқаның тамырында, сабақтарында және жапырақтарында 2 есе ақуыз астық тұқымдастарға қарағанда көп. Пішен және көк балауса шөптері де ақуызға бай, одан бөлек жердің құнарлығын көтереді.

Малдарды азықтандыру туғаннан кейін барлық малдардың азықтандыру дұрыс ұйымдастырылып шешілмесе малдардан өндірілетін ет, сүт, жүн өнімдері дұрыс алынуы қамтамасыз етілмейді және жоғары сапалы асыл тұқымды мал өсіру мүмкіндігі кемиді. Сол себепті де мал азғындық шөптерді дайындау барысында барлық технологиясын сақтау қажет. Сонда ғана дайындалған шөптердің сапасы артып, құрамындағы қажетті биологиялық химиялық заттар құрамы сақталады.

Зерттеу жылдары Қазақстанның оңтүстігіндегі жоңышқа егілген егіс алқаптар мен далада өскен жабайы жоңышқа тектес шөптер бақылауға алынып тексерілді (сурет 2,3). Зерттеу жұмысы сәуір және мамыр айының басында Фитосанитарлық, диагностикалық және болжамдар әдістемелік орталығы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы қызметкерлерімен бірге жүргізілді. Әдістемелікк нұсқауға  сүйене отырып, егер де 1 шары метрдегі жерге келетін фитономустың саны 3-5 экономикалық зияндылық шегінен асқаны, ал шаршы алаңдағы зиянкестер саны 1-2 дана орташа, бір данаға жетпесе төмен екенін  анықтадық. Анықталған алқаптарды зерттеудің нәтижесі бойынша  жоңышқаның  жапырақ бізтұмсығы зиянкесінің дамуын анықтауға 651 971 гектар жерге тексеру жүргізілді (кесте 6).

 

Кесте 6 ОҚО  бойынша  жоңышқа  жапырақ бізтұмсығы зиянкесінзерттеудің  нәтижесі,2014 - 2016 жж.

 

р/с

Аудандар

Жер көлемі, га

Соның  ішінде

ЭЗШ асқаны, га

Дәріленгені, га

Анықтал-ғаны

орналасуы

Төмен

Орта

жоғары

1

Қазығұрт

3705

3013

1030

700

1283

1283

383

2

Сарыағаш

2510

1040

340

700

-

-

-

3

Мақтаарал

14576

7540

2540

1800

3200

3200

2460

4

Сайрам

12300

4200

2320

1350

1880

1880

1465

5

Түлкібас

6200

4100

1700

1400

2400

2400

186

6

Төлеби

5400

1310

720

470

590

590

-

7

Ордабасы

3450

2000

1200

400

800

800

-

8

Арыс

2550

1050

650

350

250

250

-

9

Отырар

2650

1300

650

500

300

300

-

10

Түркістан

4400

1700

700

750

700

700

-

11

Бәйдібек

1500

500

200

300

-

-

 

12

Облыс бойынша

651971

27093

7030

8720

11403

11403

4494

 

Жоңышқаның жапырақ бізтұмсығы 27 093 мың гектар жерге орналасқан, яғни осынша гектардың шөбін зақымдап жатқаны анықталды.  Соның ішінде төменгі  дәрежеде зақымдау немесе орналасуы 7030 мың гектар жер болса, орташа дәрежедегі орналасу 8720 мың гектар жер, ал ең жоғары, яғни ЭЗШ асқан жер көлемі 11403 гектар жерді зақымдағаны байқалды. Алайда зиянкеске қарсы өңделген алқап небәрі 4494 мың гектар жер, яғни 40 пайызын құрады. Бұл зиянкестің келесі жылдағы жаппай көбеюіне толық жағдай жасайды.

 

2.9  Жапырақ бізтұмсығының даму ерекшелігі, фенокалендарын түзу 

 

Қазақстанның оңтүстік өңірінде жоңышқа негізгі мал азығындық дақылдың бірі. Аймақтағы суармалы  және тәлімі егіншілікте астық мал азықтық, мақта, көкөніс дақылдарының ауыспалы егісінде өсіріледі. Жоңышқаның ауыспалы егістегі маңызы ерекше, ол бірден-бір топырақ құнарлылығын қалпына келтіріп, физикалық қасиетін жақсартатын өсімдік. Өкінішке орай, соңғы жылдары бұл бағалы мал азығындық дақылдың облыс бойынша егіс көлемі 130 мың гектарға азайып кетті.

Кеңес Одағы кезінде біздің өлкемізде мал азығын дайындау мақсатында өсірілетін жоңышқа егіс көлемі 350-400 мың гектар жерді құраса, тұқымдыққа себілетін егістік 40-41 мың гектар, әр жылы себілетін егістік 80-85 мың гектарды қамтитын.Қазіргі таңда Қазақстанның оңтүстігінде қалыптасқан жағдайда, егіншіліктегі ұсынылған ауыспалы егіс жүйесі түбегейлі бұзылған. Көптеген дақылдар жылда бір танапқа монодақыл ретінде өсіріледі. Нәтижесінде топырақ құнарлылығы төмендеп, жарамсыз жерлердің көбеюіне септігін тигізуде.

Сурет 3.Сары тихиус тұқымжегіш денернәсілі.

 

Шағын және орта шаруа қожалықтарындағы қаржы және техникалық жағдайда жоңышқаның екінші және үшінші жылдары фитономус сапалы өнім алуға мүмкіндік бермейді, сонымен қатар жоңышқа шөбінің сапасыз болуына шаруалардың бұл дақылды өсіруіне кері әсерін тигізуде.

Бірақ Қазақстанның оңтүстік өңірінде бұл бағыттағы зерттеу жұмыстары қолға алынбаған. Сол себепті жоңышқаның фитосанитарлық жағдайына  зерттеу жұмыстарын жүргізу аграрлық ғылымда өзекті мәселе болып табылады. және жоғарғы оқу орындарына студенттеріне ұсынып отыр.

Зерттеу аймағының топырағы кәдімгі сұр, қалың саздақ қабатты жоғары қабаттың механикалық құрамы орташа сазды. Өңделетін қабаттағы қара шірік мөлшері 1,26%, жылжымалы фосфор -19,9 мг/кг, нитраты азот – 19,1 мг/кг, ауыспалы калий - 278 мг/кг.

Суармалы егіншілік жағдайында танаптың макроэлементтермен қамтамасыз етілу дәрежесі фосформен орташа, калиймен жоғары мөлшерде қамтылған.

Зерттеу аймағының топырағы сазды тегіс жазықтардың үстіңгі беті алуан түрлі кәдімгі сұр топырақ. Жер биіктеген сайын топырақ айырмашалығы, жалпы алғанда аймақтық түрін сақтай отырып, бірте-бірте өзгере береді: әдеттегі сұр топырақ, қара сұр топырақ, қоңыр, қара топырақ және шалғынды топырақ. Осы факторларға қарай ауыл шаруашылығын өркендету жағдайлары да өзгереді. Тау бөктерлеріндегі табиғат жағдайы – суармалы егіншілік үшін, жоғары жақ тәлімі егіншілік үшін ерекше қолайлы келеді. Ылғалды белдеуден кейін, бір саты төмен тау бөктерлерінде әжептеуір айқын бедерлі, ылғалы орташа ғана тәлімі жер белдеуі орналасқан. Мұндағы беткі қабатта таулы далалық топырақ егіншілік үшін ерекше қолайлы келеді. Зерттеу жүргізілген аймақта таулы дала - топырағы, ашық түсті және әдеттегі сұр топырақ жатыр.

Зерттеу обектісі жоңышқа жапырағының бізтұмсығы немесе фитономус – Phytonomus varabilis Hbst.  Бұл зиянкес қатты қанаттылар отрядының бізтұмсықтылар тұқымдасына жатады. Қазақстанның оңтүстік бөлігінде жоңышқа өсірілетін аудандардың барлығында кең таралған. Бірінші орылатын жоңышқа егісінің негізгі зиянкесі (кесте-7). Бас түтсігі едәуір ұзын, алдыңғы арқа бөлімінің ұзындығына тең, сарғылт-сұр немесе сұр  түсті қоңыз. Ұзындығы 4-6 мм, алдыңғы арқасында ақ сызықшамен екіге бөлінген қара-қоңыр түсті жолақ бар. Үстіңгі қанаттарының  ортасында ұзын баспалдақты қара-қоңыр түсті таңба орналасқан. Жұмыртқалары сопақша, жылтыр сарғылт түсті, жоғарғы жастағы личинкасының ұзындығы 10мм жетеді, жалпы түсі сарғылт-жасыл, басы қара-қоңыр, арқасында ақ долағы бар, аяқтары болмайды, құрсақ сегменттерінің бүйір жақтарында орналасқан емшек тәрізді бұдырмақтардың көмегімен қозғалады. Дамуы аяқталған личинка  ұзындығы 6-8 мм жібек тәрізді піллә ішінде қуыршаққа айналады. Қуыршағы алғашында сарғылт болады да, кейіннен жасыл түске көшеді. Фитономус жылына бір игенерация беріп дамиды. Қоңыздар жоңышқа егістігінде топырақтың ең үстіңгі қабатында немесе оның айналасындағы өсімдіктердің тамырға таяу түбінде қыстап, көктемде ауаның орташа температурасы 120С болғанда шыға бастайды. Олар жаңадан өсіп келе жатқан жоңышқаның жапырағымен қоректеніп, көп кешікпей-ақ өсіп-өніп көбеюге кіріседі.  Ұрғашы қоңыз жоңышқаның сабағын кеміріп 10-12 см биіктікте кішкене қуыс жасайды да, жұмыртқаларын 10-30 дейін топтап, сонда орналастырады., Фитономустың өсімталдығы өте жоғары, әрбір ұрғашы қоңыз 360-25000 дейін жұмыртқа салады.   Жұмыртқадан шыққан личинкалар сабақтың ұшына қарай көтеріледі де жапырақ бүршіктерінің ішіне еніп, жасырын қоректенеді. Екі рет түлеген соң олар төбе бүршіктен шығып, ашық түрде қоректенуге кіріседі: жапырақтың жұмсақ тканін түгелдеу жеп, жүйкелерін ғана қалдырады. Дамуы аяқталып, қоректенуін тоқтатқан личинкалар (ІҮ-жаста) жапырақ бетінде піллә жасап, соның ішінде қуыршаққа   айналады. Жаңа генерацияның  жас қоңыздары жаздың бас кезінде біраз уақыт жоңышқаның  жапырақтарымен қоректенеді. Одан соң ыстық кезең басталысымен олар топырақтың үстіңгі қабатына еніп, жазғы ұйқыға кетеді. Ал қысқы ұйқыға кетер алдында қоңыздар жер бетіне тағы көтеріліп, тізар уақыт қоректенеді. Фитономус негізінен екінші және үшінші жылғы жоңышқалықтың  бірінші орымнан зақымдайды. Әсіресе олардың личинкалары қатты  зиян келтіреді. Егер өсімдік сабағының әрқайсысына бір личинкадан келсе, онда жоңышқа  көгінің  массасы 17 ц/га шамасына дейін кемиді. Ал бір сабаққа 4 личинкадан келген жағдайда жоңышқаның жемшөптік массасы 80% дейін азаяды. Ерте көктемде өткен жылдарда егілген жоңышқаларда 1 шары метрге жерге келетін фитономустың саны  3-5 дана  ал дернәсілдердің саны 5-8 шамасынан артса зияндылық шегі байсталады. Осы уақытта улы химикаттарды дер кезінде пайдалану тиімді нәтиже береді, химиялық күресуде зиянкеске қарсы фитономустың ересегі мен дернәсілдері жаппай ашық қоректенуге шыққан кезде, жоңышқаның гүлдену фазасы басталмай тұрғанда жүргізіледі.

 

Кесте 7 

Жоңышқаның фитономус немесе  жапырағы бізтұмсығының  фенокалендары  ОҚО 2016ж.

 

Ақпан

Наурыз

Сәуір

Мамыр

Маусым

Шілде

Тамыз

Қыркүйек

1

2

3

1

2

3

1

2

3

1

2

3

1

2

3

1

2

3

1

2

3

1

2

3

(+)

(+)

(+)

(+)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

+

4.03

+

+

+

+

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

#

23.03

#

#

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

*

3.04.

*

*

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-10.04

-

-

-

-

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

0

11.05.

0

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

+

1.06

+

+

+

+

+

+

+

+

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

(+)

7.09

(+)

(+)

 

(+) – қоңыз қыстауда; + қоңыз  тамақтануда, #- шағылысуда, * - тұқым қою, - дернәсілі, 0 қуыршақ

 

2.9.1 Жоңышқа фитономусына қарсы қолданылған улы химикаттардың биологиялық және шаруашылықтық тиімділігі

 

Тәжірибе жүргізілген егістік алқапты бақылау нәтижесінде сәуір айының екінші он күнінде жоңышқа фитономустың ересегі мен дернәсілі шығу  уақыты мен жұмыртқалау кезеңі есепке алынып, бір өсімдіктегі жұмыртқа саны анықталды. Жұмыртқа кезеңі 3-7 күнге созылып алғашқы дернәсілдері пайда болған мезгілде химиялық өңдеу жүргізілді (кесте 8).

 

Кесте 8

Жоңышқа фитономусына қарсы қолданылған инсектицидтердің биологиялық тиімділігі (зиянкестің санына байланысты)

 

Тәжірибе нұсқалары

Бір шаршы алаңдағы ересегі мен дернәсіл саны, дана

Есеп күні санының төмендеуі %

Өңдеуге дейін

Есептеу күндері

3

7

14

3

7

14

Өңдеусіз (бақылау)

12,3

14,6

19,3

21,4

-

-

-

Каратэ, 0,50% э.к. -1,0  л/га

11,7

7,2

3,7

4,6

50,6

80,8

78,5

Децис 2,5% э.к.-1,0л/га

13,04

6, 3

1,7

1,4

56,8

91,1

94,7

 

Жапырақ бізтұмсығына қарсы қолданылғанДецис 2,5% э.к. инсектицидін 1,0 л/га мөлшерде қолданып, салыстырмалы түрде  Каратэ, 0,50% к.э.-1,0 л/га пайдаланылды.  Жоңышқаның жапырақтану кезеңінде бір өсімдіктегі жұлдызқұртар саны бастапқы өңдеуге дейін бақылау нұсқасында 12,3дана болса, ал өңделетін алқапта орташа 12,4 дананы құрады.

Улы химикаттармен өңдеуден кейінгі 3 күні Каратэ, 0,50% к.э к.э.инсектицидімен  1,0 л/га мөлшерде қолданған нұсқада 7,2 дана болып, бұл бақылаудан 50,6 пайызға жұлдызұүрттар азайды, Децис 2,5% э.к.инсектицидін.-1,0 л/га мөлшерде пайдаланған нұсқада 6,3 данаға азайды. Жоңышқаның жапырақ бізтұмсығымен ұрпағымен күресудің ең жоғарғы көрсеткіші есеп жүргізудің 7 күні байқалды. Децис 2,5% э.к.инсектицидін.-1,0 л/га мөлшерде өңдеуде бір шаршы алаңдағыдернәсіл саны, 1,7 данаға кеміген, бұл бақылаумен салыстырғанда 91,1% азайады. Ал есеп алудың 14 күні егіс алқаптағы зиянкес саны 1,4 данаға азайды, яғни 94,7 пайызды көрсетті. Бұл зиянкеске қарсы химиялық күресудің қажет екенін аңғартады.

Егіс алқаптағы жапырақ бізтұмсығына ұрпағына қарсы күресу фенологиялық бақылау нәтижесіне сүйене отырып,сәуір айының үшінші он күнінде жоңышқа гүлінің түзілу кезеңінде өңделсе (кесте-9).

 

Кесте 9

Жоңышқа фитономусына ұрпағына қарсы қолданылған инсектицидтердің қолданудың  биологиялық тиімділігі (зиянкестің санына байланысты) 2014-2016 жж.

 

Тәжірибе нұсқалары

Бір шаршы алаңдағы ересегі мен дернәсіл саны, дана

Есеп күні санының төмендеуі %

Өңдеуге дейін

Есеп күндері

3

7

14

3

7

14

Өңдеусіз (бақылау)

23,7

34,4

49,1

54,6

-

-

-

Каратэ, 0,50% э.к. -1,0  л/га

7,8

4,6

2,4

5,6

86,6

95,1

89,7

Децис 2,5% э.к.-1,0л/га

5,6

3,5

1,2

2,2

89,8

97,5

95,9

                 

 

Жоңышқа фитономусына қарсы химиялық өңделген нұқалардағы зиянкес саны бақылау нұсқасына қарағанда 3-4 есеге дейін аз. Бұл көрсеткіш пайдаланаған инсектицидтердің биологиялық тиімді екенін аңғартады. Бақылаумен салыстырғанда ең жоғарғы көрсеткішДецис 2,5% э.к.-1,0 л/га улы химикатын қолданған нұсқада 7 күні байқалды, білгіленен өсімдіктердегі жұлдызқұрт саны  1,2 дана болып,зиянкес санының 97,5 % азайды. Дегенмен де есеп жүргізілген 3,7 және 14 күндері екі нұсқада да 86,6 - 97,5  % төңірегінде ауытқыды.

Дақылдың гүлдеу кезеңінде өңдеудің үшінші мерзіміне тура келді. Ересек аналық бізтұмсықтар жұмыртқасын түйнек бетіне салады. Жұмыртқадан алғашқы дернәсілдері шыға бастаған мезгілде өңделіп, 3,7 және 14 күндері есеп  жүргізілді ( кесте 10).

 

Кесте 10

Жоңышқа фитономусына қарсы химиялық өңдеуді  кешігуде инсектицид қолданудың биологиялық тиімділігі (зиянкестің санына байланысты)

 

Тәжірибе нұсқалары

Бір шаршы алаңдағы ересегі мен дернәсіл саны, дана

Есеп күні санының төмендеуі %

Өңдеуге дейін

Есеп күндері

3

7

14

3

7

14

Өңдеусіз (бақылау)

41,3

46,5

47,2

50,3

-

-

-

Каратэ, 0,50% э.к. -1,0  л/га

6,1

4,1

2,6

3,4

90,0

94,4

93,2

Децис 2,5% э.к.-1,0л/га

4,2

3, 3

0,8

1,4

93,0

98,3

97,2

 

Қолданылған улы химикаттардың биологиялық тиімділігі 90,0-98,3 %  аралығында ауытқыды. Бұл өте жақсы көрсекіш болғанымен жоңышқа дақылының өнімділігіне елеулі әсер етті.

Қолданылған улы химикаттардың шаруашылық тиімділігі дақылдың өнімділігіне байланысты анықталды. Бақылау нұсқасындағы жоңышқа пішенінің өнімі жарамсыз болып  тасталды (кесте-11).

 

Кесте 11Жоңышқа фитономусына қарсы қолданылған инсектицидтердің шаруашылық тиімділігі, ц/га

 

Тәжірибе нұсқалары

Өнімділік, ц/га

Бақылаудан ауытқуы

Өңдеу мерзімі

04.15.14

04.25.14

05.05.14

04.15.14

04.25.14

05.05.14

Өңдеусіз (бақылау)

47,2

32,6

26,4

-

-

-

Каратэ, 0,50% э.к. -1,0  л/га

95,4

74,8

56,4

48,2

42,2

30,0

Децис 2,5% э.к.-1,0л/га

98,2

77,7

61,5

51,0

45,1

35,1

 

Жоңышқа фитономусына қарсы қолданылған улы химикаттармен өңдеу мерзіміне байланысты өнімділікті өңделмеген бақылау нұсқасын салыстырғанда 42,2 ц/га ден  26,4 ц/га яғни 15,8 ц/га пішен аз болса, Каратэ, 0,50% э.к. -1,0  л/га мөлшерде өңделген нұсқада бұл көрсеткіш 95,4 ц/га үшінші өңдеуде өнім 56,4 ц/га болып 39,0 ц/га төменді құрады.Ал ең жоғарғы өнім алынған нұсқада Децис 2,5% э.к. инсектицидін -1,0л/га мөлшерде қолданғанда бірінші өңдеудегі өнім 98,2 ц/га үшінші өңдеуде 61,5 ц/га болды, 36,7 ц/га азайды.

Оңтүстік Қазақстан облысы жағдайында жоңышқа фитономусына қарсы Децис 2,5% э.к.инсектицидін  .-1,0л/гамөлшерде қолдану зиянкестің көзін жойып өнім құрылымын арттыратыны анықталды.

Оңтүстік Қазақстан облысы жағдайында жоңышқа өсірудің технологиялық картасы жасалып дақылды себу мерзімінен жинауға дейінгі барлық іс шаралар қамтылды.

 

2.9.2 Жоңышқаның  агротехникалық  ерекшелігі  және  технологиялық шаралары.

 

Жоңышқа өсімдігі  бір жерде бірнеше  жыл өскендіктен,  топыраққа қоректік  затты  мол  жинайды. Тамырындағы түйнек  бактериялары  қызметінің  арқасында   топырақта қосымша  азот  жиналады.  Сондықтан  басқа өсімдіктерге ауыспалы  егісте  таптырмайтын  алғы  дақыл болып  табылады.  Бірақ  жоңышқа  өсімдігіне  арам  шөптерден таза,  құнарлы топырақ қажет және  суарылмайтын жерлерде  топырақ  ылғалының жеткілікті  болғаны  дұрыс. Арам шөбі  көп  жерлерде  жоңышқадан  мол  өнім  алынбайды.

Өсімдік  шаруашылығын  интенсивтендіру  кезеңінде өсімдіктерді алмастырып  егу,  оның  ішінде  жоңышқаны   бірнеше  жылдан  кейін  ауыстырып  отырудың  маңызы  зор.

Шаруашылықтың бағытына  қарай  жоңышқаның  ауыспалы  егістегі  орны  да әр түрлі  болады.  Дегенмен  мал азығындық  ауыспалы егісте  жоңышқа  оның  басым  көпшілігін  қамтып жатады. Бұл мал ызығындық ауыспалы   егіс товарлы сүт  фермалары  мен мал  бордақылау  комплектері  бар шаруашылықтар  төңірегінде  орналасады.  Сөйтіп  мал жаз  бойы  көк  балаусамен  қамтамасыз  етіледі. Соынмен  қатар жоңышқа   суармалы  жерлерде  сүт фермаларына жақын  орналастырылып, көк  шөп  конвейеріне  қосылады.

Мал азығындық  ауыспалы   егіс дақылдарының  үлес  салмағы,  әсіресе   жоңышқа  үлесі  шаруашылықтағы   мал саны  мен олардың  жасына  тығыз байланысты.  Сонымен қатар  ол ауыспалы   егіске дәнді дақылдарды,  дәнді  бұршақтарды, отамалы   дақылдарды, тамыр-жемістілерді,  пішенге   және  көк азыққа  арналған   бір жылдық  және көпжылдық шөптерді,  әсіресе  жоңышқа өсімдігін  енгізуге  болады. Жайылымдық  пен шабындықты  қолдан  жасау  үшін  жоңышқа  басқа  астық  тұқымдас  өсімдіктермен араластырып  себіледі.

Алматы  зооинженерлік-мал  дәрігерлік  институтының  агрономия  кафедрасының  ғалымдары мен осы институттың  «Ақсай» оқу-тәжірибе  шаруашылығының  агрономдары ынтымағының  арқасында соңғы  жылдары  мал азығындық  сегіз танапты  ауыспалы  егіске   зор көңіл  бөлінуде.  Ауыспалы  егіс дегеніміз – шаруашылықтағы  егіс көлемінің  құрамына  сәйкес  жасалған   агротехникалық  және  еңбек  ұйымдастырудың  белгілі  жүйелері  негізінде  дақылдарды  жоспарлы  түрде   егіп,  жыл сайын  алмастырып   отыру  жұмыстары.  Сонымен мысалға  сегіз танапты  ауыспалы  егісті  алайық:

1-3-танап – жоңышқа, 4-5 танап – жүгері, 6-танап – жүгері, тамыр-жемістер  және соя, 7-танап –күздік  бидай,  қара  бидай  және  аңызға  қайталап  себілген жүгері, 8-танап-арпамен  бүркемелеп  жоңышқа  себіледі.

Осы  сегіз танапты  ауыспалы  егістің  енгізу  нәтижесінде  «Ақсай» оқу-тәжірибе   шаруашылығында жоңышқа  өнімін  молайтып  қана   қоймай,  барлық  өсірілген  дақылдардан да  мол өнім  алынды.

Республикамыздың  солтүстік облыстарында,  мал  шаруашылығы  да,  егін  шаруашылығы  да қатар  дамыған  совхоздарға  жоңышқа  көп танапты  ауыспалы   егісін  енгізген  орынды. Жоңышқаны   бір жерде  қатарынан 3-4 жыл  өсіріп,  ол жерден  шөпті  мол жинауға  болады.  Мұндай  жоңышқаға  алғы  өсімдік  жаздық бидай  болып саналады.  Жоңышқа-дәнді  дақылдар  ауыспалы  егісінде  себіліп  қоймай,  басқа  да күріш, мақта, қызылша,  жемшөп  өндіру  ауыспалы  егістерінде жақсы  орын алады.  Жоңышқа  өскен  жерге  қызылша,  мақта,  күріш, т.б.  жақсы  өсіп, мол өнім  алынады. Ауыспалы  егісте  жоңышқаға  да жақсы  алғы  дақыл  керек.  Бүкілодақтын астық шаруашылығы  ғылыми-зерттеу  институтының  тәжірибе шаруашылығында жүргізілген жұмыстардан  жоңышқаны парға екінші  дақыл етіп  орналастырғанда,  оның  түсімі   екінші  жылғы  өсу  кезеңінде  гектарынан 30-35 центнер  болған.

Сонымен жоңышқаны танапта  жақсы  алғы  дақылдан  соң  егу  нәтижесінде  шөпті   әр гектардан 5-15 центнер  артық  жинауға болады. Ал оны  үш жыл пайдалансақ осы  көрсеткіш 12-40 центнерге  дейін  жетеді.  Экономикалық  тиімділік  дегеніміз, міне  осы.

Бірақ көп жағдайда Қазақстанның  солтүстік  облыстарында  кейінгі  жылдары  жоңышқаны  соңғы танапқа орналастырады. Әрине  мұнда  қоректік зат қоры аз, ылғал  мөлшері  жоқтың қасында. Соның  өзінде  арам шөп  қаулап кетеді. Жоңышқа  дақылы  бірінші  жылы ылғал  мен қоректік  заттар аз болғандықтан,  жақсы  өсіп-жетіле  алмайды  және арам  шөп  каптап кеткендіктен  сирек  өседі.  Осының  салдарынан  бөлінген  танаптан 4 немесе 7 жыл бойы  жоңышқадан  ойдағыдай  пішен  жиналмайды.  Сондықтан дәнді дақылдар ауыспалы  егісінде  жоңышқаға көңіл бөліп,  оны пардан кейін 2-3 жылы  орналастыру  қажет. Сонда  жоңышқадан да, одан кейін  өсірілетін  дақылдардан да мол  өнім  жиналады.

Қорыта  келгенде  суармалы  жерде  және  тәлімі  егістікте  жоңышқадан мол пішен жиналу  үшін оның  биологиялық  ерекшеліктерін ауа райын  жер жағдайын  ескере отырып,  ауыспалы  егіске  дұрыс  енгізу барлық агротехникалық  шараларды егістіктегі  арамшөпті  жоюға, топырақтың  су және  қоректік  заттар режимін  сақтауға  бағыттау  керек.

Топырақ өңдеу. Топырақ өңдеу  жүйесі  ауыспалы  егістің  танабына,  яғни  алғы  өсімдікке  тығыз байланысты. Тек топырақты  дұрыс  өңдеудің  нәтижесінде  ғана  оның  физикалық  және  биологиялық қасиеттерін  жақсартуға  болады.  Арам шөп  жойылады, жоңышқа тұқымының өніп-өсуіне қолайлы  жағдай  туады.  Жоңышқа  топыраққа , оның  өңделуіне  талғампаз келеді.  Өйткені  топырақты  негізгі  және тұқым  себер алдында  өңдеу  4-5  жылда бір-ақ рет жүргізіледі ғой. Сондықтан  жерді мұқият жырту керек, жыртылмай қалған  бірде-бір жолақ  болмайға  тиіс.  Ол жердегі   арам шөптер суару кезінде  де, ору  үстінде  де кедергі  жасайды.  Жалпы  егістің  қалың  өсуіне және  жоңышқа   егісінің  ұзақ  жылдар өнім  беруіне  әсерін тигізеді.  Сондай-ақ  жоңышқа  тамыры 3-5 метр тереңдікте  сіңеді, ал тамырдағы  сору  тамыршалары  жерден 40-50 см  тереңдікте жатады.  Жоңышқа тұқымының  өте ұқсас  болатынын ескерсек, топырақтың  беткі  қабаты  тегіс,  шамадщан тыс  қопсып тұрмауы  қажет.  Жоңышқа  алғашқы  өсу  кезеңінде  арам шөптен қатты  зиян  шегеді.  Сондықтан  арам шөп  шығармау  шараларын ойластыру  керек.

Топырақты  өңдеу  топырақтың түріне,  ауа райына  және ауыспалы  ешгістің  реттілігіне  сәйкес  жүргізіледі.

Егер жоңышқа  дақылын дәнді  дақылдардан кейін егу  керек  болса,  олардың  аңыздағы сабанын  тез жинап  алып,  аңызды  дискілі  сыдыра  жыртқышпен 8-10  см тереңдікте  сыдырта жыртады.  Бұл кезде  топырақтың  беткі  жағындағы  арам шөп  тұқымдары  сыдыра   жырту  нәтижесінде  ылғалы  мол астыңғы  қабатқа  түсіп,  көктей бастайды.  Соған орай  шамамен 20-30 күн  өткен соң 28-30 см  тереңдікте  сүдігер  көтеріледі.

Сыдыра  жырту тереңдігі  және оны  өңдеу  аңыздағы  арам шөп  түріне  сәйкес  жүргізіледі.  Арам шөп  көпжылдыұ  тамыр-сабақты  немесе  тамыр-бунақты  болса  өңдеу  жұмысы  бірнеше  кезеңге бөлінеді.  Бірінші рет 6-7 см,  екінші рет 10-12  см тереңдікте  дискіленеді. Бір  жылдық  арам шөп басымырақ  болса, бір рет6-7 см  тереңдікте  сыдыра  жыртады.

Аңызды  сыдыра  жырту  шаралары  арам шөптен 30 процент арылтуға  және сүдігер  көтеру  алдында  топырақтағы  қоректік затты,  әсіресе   азотты  үш  есе  арттыруға  болады.

Қызылорда облысының  жағдайында,  күзде  сыдыра  жыртылған  жерлерде 20-30 күн  өткен соң  түренді  соқамен 25-27 сантиметр  тереңдікте  сүдігер  көтеріледі.  Терең  жыртылған  жерде ылғал мол  жиналып,  ұзақ  сақталады. Арам шөптердің  тамыры  қырқылып,  топырақта  қоректік  заттарды  көбейтеді.

Суармалы  жерде  орналасқан  Жамбыл тәжірибе  станциясының  мәліметінен 15-18  см  тереңдікте  көтерілген сүдігерге  егілген жоңышқаның  әр гектарынан 60,9 центнер пішен, 0,8 тұқым алынса, 22-25 см  тереңдікте  жыртылған  жердің гектарынан тиісінше  88,4  центнер пішен және 1,4 ц тұқым өңдеу жұмыстары агрономиялық  ережелерге  сай жүргізілгені орынды деген  қорытынды  шығады.

Қуаң далалы  аймақта орналасқан шаруашылықтарда жоңышқаға  арналған  танапты  күзде  қайырмасыз қопсытқыш құралмен  30-35 см тереңдікте,  ал құмды және құмдық  жері көп, ауа райы  қуаң да континентальды Қазақстанның  жер ресурстарын  мүмкіндігінше  тиімді  пайдалану  үшін,  жел эрозиясына жол  бермеу  шараларының бірі – жерді  қайырымасыз қопсытқышпен  16-20 см  тереңдікте  жырту керек.

Солтүстік Қазақстанның қара топырақты, кәдімгі  тәлімі  егіншілік аймағында, Батыс  және Орталық  Қазақстанның  қара топырақты,  қуаң далалы  аймағында  қыс айларында 2-3 рет қар тоқтатылады. Оңтүстік, оңтүстік  шығыс  облыстарда  суармалы  егіншілікке  арналған  жерлерге  қыс түскенше  су жіберіліп ылғал  қоры  жиналады.  Қыс айында көпжылдық  егісті  суару Алматы  зооинженерлік-мал дәрігерлік  институтының Ақсай  оқу-тәжірибе шаруашылығында  жыл сайын  ойдағыдай  іске  асырылып келеді. Бұл  жұмыс  жоңышқамен бүркемелеп  себілген  арпа  дақылынан  мол өнім  алуға  себебін тигізіп жүр.

Жоңышқа  дақылы  күзде  жерді  кеш босататын отамалы  жүгері,  қант қызылшасы, күнбағыс, картоп  дақылдарынан соң  егілсе,  жер  егіс жиналысымен  терең етіп 28-30 см  жыртылып  тасталады.  Сөйтіп жерге  ылғал  және өсімдік  қоректенетін минералды  заттардың  жиналуы  қамтамасыз  етіледі. Сүдігер көтеру  егістегі  микробиологиялық  процестердің  жүруіне  қолайлы  жағдайлар  туғызады. Арам шөптер,  зиянды  жәндіктер  личинкалары  және  жұлдызқұрттары,  қоңыздары  жойылады. Сонымен  қатар өсімдік  ауруларының  грибок  спораларының  ошағы  жойылып,  ауру  таралуы  азаяды.

Барлық  жерлерде  ерте  көктемде  топырақ  бетіндегі  ылғалдың  буланып  ұшып кетпеуі үшін,  ылғалды  сақтап  қалу  мақсатында  тырмалау  жұмысы  жүргізіледі.  Тырмалау  кезінде  топырақ капилярлары  бұзылып,  қабыршақтанған үстіңгі  қабат қопсиды.  Бұл  кезде  топырақтың  ірі  кесектері  ұсақталады. Бір жағынан  жер беті  тегістеледі.  Жоңышқа егілетін  жер ауыр, саз топырақты  болса  немесе   нығыздалып  қалған жағдайда  культиваторланған  дұрыс.

Жерді  қайырмалы  плугпен  жыртқанда,  көктемде  «зиг-заг» тырмасымен тырмаланады. Ал қайырмай,  терең  қопсытқанда БИГ-3 немесе  жалпақ дискілі  сыдыра  жыртқышпен  қосымша  дөңбектеледі.

Суармалы  жерде  жоңышқа  егісі  нәтижелі  суару мақсатымен  күзде  арнаулы  тегістегіш  құралмен  өңделеді. Кейде  бұл жұмыс  көктемде де жүргізіледі, мұнда , біріншіден,  жер тегістеледі, екіншіден, жоңышқаны  суару  және ору  жұмыстары  жеңілдейді.

Қорыта  келгенде, жоңышқаға арналған  жерді  өңдеудің негізгі  шарты – үстіңгі  қабаты  қопсыған,  микробиологиялық  процестерді  күшейту нәтижесінде  топыраққа  сіңімді  қоректік  заттарды  жинау, топырақтағы  микроорганизмдерді   ауамен  қамтамасыз ету.

Тыңайтқыш  енгізу.  Жоңышқа  өсімдігі жақсы  өсіп-жетілу үшін тамыры  арқылы  бойына  топырақ  ерітіндісін өзіне қажетті  қоректік  заттарды сіңіреді.  Өсімдікке  қажетті  қоректік  заттарға  азот,  фосфор  калий, кальций және аздаған  магний, күкірт, бор, молибден, марганец цинк,  темір,  мырыш  жатады.  Жоңышқа  өсімдігі  тамырының  терең кетуінің  арқасында  фосфорлы, калийлі  және   кальцийлі қоректік заттарды   жердің  астыңғы  қабатынан  алады.  Жоңышқа  тамырының  бір ерекшелігі – осы  тұздарды  күрделі  қоспалардан  бөлек  ерітіп алады. Оның  жер бетіндегі  сабағын  жаз бойы  бірнеше  орып алатындықтан,   қайтадан сабақ және  жапырақ  түзеу үшін топырақтан өте көп  мөлшерде  қоректік заттар жиналуына  тура  келеді. Топырақта  көпшілік  жағдайда  қоректік  заттар жетіспейді. Сондықтан  дайын  тыңайтқыштар енгізуге  тура  келеді.

Республика шаруашылықтары  жоңышқаның  әр гектарынан 35-50 ц  пішен  жинайды.  Көпшілік  жағдайда  оны  өсіруде  экстенсивті  әдіс қолданылып  келеді.  Сол себепті  көптеген  шаруашылықта жоңышқаға  тыңайтқыш енгізбей өсіруге  болады  деген  жалған  тұжырым  жасалуда.  Барлық дақылдар өсіру технологиясының  интенсивті  әдісінде  тыңайтқыштардың   алатын орны  ерекше.

Жоңышқаны  жаз бойы  3-4  орып,  интенсивті  әдіспен өсірген  кезде жыл сайын  әр гектар егістікте 350-500 кг азот, 60-120 кг  фосфор, 330-430 кг,  калий 330-460 кг  кальций  жинайды. (Маморова).

Бұл дақылдан  мол өнім  алу  жолы – тыңайтқыштар енгізгенде  топырақ түрін, агрохимиялық  картограммалар  бойынша  жылжымалы  қоректік  заттар  мөлшерін, жоңышқа  сорттарының биологиялық  ерекшеліктерін ескеру.

Жоңышқа  дақылына  органикалық, минералды және бактериялық тыңайтқыштар  енгізуге болады.  Органикалық  тыңайтқыштардың құрамына  азот,  фосфор, калий, кальций, және көптеген  органикалық  заттар енеді  де, олар  топырақтың физикалық , микробиологиялық  және  микроэлменттер  тиімділігін  арттырады. Органикалық тыңайтқышқа  көң,  садыра  т.б.  жатады.  Көң  енгізген   жоңышқа  егісінің  әр гектарынан орта есеппен  10-27  центнер өнім  артық алынады.  Суармалы  жерде  одан да  мол өнім алуға  болады.  Бетпақдала  тәжірилбе  станциясы  көң  енгізілмеген  жоңышқаның әр гектарынан 75 центнер, 15 тонна  көң төгілген  егістіктің  әр гектарынан 102 центнер шөп жинады.

Қазақ  күріш  ғылыми-зерттеу институтының Қарауылтөбе  тәжірибе  учаскесінде бес  жыл бойы  жүргізген  жұмысы  күріш ауыспалы егісінде жоңышқаға  көңді  таза енгізгеннен  гөрі  60 кг  фосфор қосып  енгізген  тиімді  екенін көрсетті. Бұл  жағдай жоңышқаның пішендік  өнімін (бірінші  жылы) тыңайтқыш  енгізілмеген  тәсілге қарағанда 58,1  екінші  жылы  25,4 процент  арттырса,  бір  гектарға  15 тонна  таза көң   енгізілгендегі  өнім тиісінше 40,7 және 18,8 процент қана  артқан.

Органикалық  тыңайтөыш  жоңышқа  түсімін  арттырып қоймай,  оның пішен  сапасын  арттырады.

Жоңышқа дақылына  минералды  тыңайтқыш, әсіресе  фосфор  және калий  тыңайтқышын  енгізгенде бір гектардан алынатын  өнім мөлшері  артады.  Азот тыңайтқышын  жоңышқа  дақылы  айтарлықтай  қажет ете  қоймайды. Өйткені  бұл дақылдың тамырында топтасып орналасқан  түйнек бактериясы  бос  азот  қабылдап, өсімдікті толық  қамтамасыз етеді.

Жоңышқаның  пішен түсімін тек  фосфор тыңайтқышы  ғана  арттыра  алады. Үш жыл  бойы  жүргізілген  тәжірибеде  45 кг фосфор енгізгенде -11,5-13,8 ц және  фосфор  мен азотты  қосып  енгізген  жағдайда (азот-30 кг,  фосфор 90 кг) 16,0 -17,4 ц болды.

Қызылорда  облысы  күріш ауыспалы  егісі  жағдайында  енгізгі  және себер алдында  берілетін тыңайтқыштармен қатар ескі жоңышқаны   суперфосфатпен үстеп  қоректендіру үшін  оның өнімділігін 17,4  процентке  дейін арттырады.  Сонымен қатар жоңышқаны күзде  суперфосфатпен үстеп қоректендіру  тиімділігі  де дәлелденді.

Нұрымовтың мәліметіне  қарағанда  фосфор тыңайтқышымен ерте  көктемде  үстеп  қоректендірген  жағдайда  (гектарына  50 және  90 кг) жоңышқа  пішеннің  өнімі  12,2-15,1 процентке  артса,  фосфор  тыңайтқышын   осы  мөлшерде  күзде  енгізгенде  бұл көрсеткіш 14,5-17,4 процент  болды.  Өйткені  суперфосфат  күзде  енгізілген  өсімдіктің  суық ауа райына  төзімділігін арттырады  және көктемде жоңышқа  дақылы   егісінің  сиреуін  азайтады.

Жоңышқа  егілетін  көпшілік  аудандарда  фосфор  тыңайтқышын  жыл сайын  енгізудің  қажеті жоқ.  Өйткені  бұл тыңайтқыш  азот  тыңайтқышына   қарағанда  суда өте  баяу  ериді.  Сол себепті бір  рет,  негізгі  жер жырту кезеңіндще  ғана енгізілгеннің  өзінде  жоңышқаның  бүкіл  өсу  жылдарына  жетеді.  Тыңайтқыш  енгізудің  бұл әдісі  экономикалық  жағынан  тиімді  саналады.

Жоңышқа  өсімдігінің  пішен  түсіміне  калий  тыңайтқышы  да айтарлықтай  әсер етеді. Республикамыздың  көпшілік   топырақ түрлерінде  калий  жеткілікті болғандықтан, енгізілген  калий тыңайтқыштарының жоңышқа  дақылына  тікелей  әсерін анықтау  оңайға  түспейді.  Суармалы  аудандарда  калийдің  топырақтан  шайлыып  кету  қаупі  бар.  Сондықтан  екі  жылда  бір рет жоңышқа  дақылының   гектарына 30-40 кг калий  енгізуге  болады.

Қорыта  келгенде  жоңышқа  дақылына  түрлі  тыңайтқыштар  енгізу   мәселесін  агрохимиялық  картограмма  көрсеткішіне  және  жоспарланған  пішен  өніміне  тығыз  байланыстырып  отыру  қажет.

Жоңышқа  тұқымын  себуге  әзірлеу. Жоңышқа  дақылынан  мол  өнім алу  үшін оның  тұқымының  өте сапалы  тазалығының 98  проценттен, өнгіштігінің 90 проценттен  кем болмағаны  дұрыс.  Тұқымның сапалы  екендігін  оның  түсінен-ақ  айыруға  болады.  Тұқым  жалтырап,  сарғыш  тартып тұрса,  басқа  қолайсыз  иісі болмаса,  оның сапасының  жоғары  болғаны.  Жоңышқа  тұқымының арам шөп  дәнінен  таза болғаны   жақсы.  Бірақ кейбір   шаруашылықтарда  жоңышқа  тұқымын  арам шөп  дәндерінен  ажыратуға, ғалымдар ұсынысына  салғырттықпен қарайды.  Өйткені  кейінгі  жылдары  жоңышқа егісінде   сары шырмауық  және қызғылт  кекіре секілді арам шөп көп таралып жүр. Жоңышқа   тұқымындағы  сары  шымауық дәнін  ажырату үшін 1-3 кг  темір ұнатығ  керек.  Одан қызғылт  кекіре   дәндерін  бөліп алу  керек  болса,  жоңышқа  тұқымын  дымқылдап алу  қажет.  Сөйтіп  1  центнер  тұқымға  шөп  дәні  оңай  ажыратылады.

Көпшілік  тұқым шаруашылықтарында, тұқым  жинау  үшін қалдырылған  жоңышқа  егісінде  арам шөп  көп  болғандықтан,  оны бірнеше  қайтара  тұқым  тазалағыш машинадан  өткізуге  тура келеді. Сол себепті  біраз тұқым зақымдалып,  өнгіштік  қасиетін жоғалтады. Сөйтіп жоңышқа  себер   алдында,  тұқымның  лабораториялық  өнгіштігін  тексеріп  алу  керек.

Тұқым себер алдында оны  әртүрлі  грибок  ауруларына   қарсы  дәрілеу – мол  өнімнің  кепілі.  Жоңышқа  тұқымының 1 центнерін  200 грамм ТМТД  және  гептохлормен  немесе  ТМТД –ның гамма изомері  ГХцТ-мен дәрілейді.

Жоңышқаның, сондай-ақ  басқа да  дақылдар тұқымының  арасында  ылғал мен  ауа өткізбейтін қатты  қабықты  дәндер  көптеп  кездеседі.  Өсімдік тұқымының  бұл қасиеті  табиғатта түрлің  сақталып,  қалыптасуына  әсер етеді.  Дәннің қаттылығынан тұқым  көп жылдар  бойы  топырақта  өнбей  жатып қалады.  Бірақ  дәннің  өнгіштік қасиеті  жоғалмайды.

Егін  шаруашылығында  мұндай  қатты  дәндердің жоңышқа  тұқымында  да болуы, тұқым себу  нормасын  шамадан  тыс көбейтуге  апарып  соғады.  Егін  біркелкі  болып өспейді,  өсімдік  қатараралықтары  ашық болғандықтан  арам шөптер  бой  көтереді.

Жоңышқа  тұқымын  себер алдында  молибден  микроэлементтермен өңдеу нәтижесінде оның өнгіштік  қасиетін  және өсу  қарқынын  арттырып,  мол пішен жинауға  болатындығын  ескеру  керек. Топыраққа  молибден  енгізудің  ең бір тиімді  әдісі – тұқымды тұз  ерітіндісімен  өңдеу  болып саналады.  Бұл үшін натрий  молибдат тұзы қолданылады.  Ондағы  молибден  мөлшері  шамамен  25 процент . Топырақ  түріне  байланысты бір гектарға 100-200 грамм  молибден  енгізуге болады.

Сонымен  молибден микроэлементі жоңышқаның  пішен  өнімін  молайтып  қоймай,  оның химиялық   құрамын  және протеин  мөлшерін байытады.

Бұл әдіс  мал азығындық  жоңышқаның  құрамындағы белок  мөлшерін арттырудың  бірден-бір пайдаланбай  жатқан  мүмкіндігі  болып табылады.

Себу  мерзімі. Жоңышқа  тұқымы  ерте  көктемде  себіледі.  Оның  дәні 1-20С жылылықта өне алады.  Бірақ топырақ  жылуы  көтерілген  сайын (5-200С) оның  көктеп  шығуы  19 күннен  5 күнге  дейін кмиді.  Сонымен топырақ  бір градусқа  жылынса,  өсу жылдамдығы бір күнге кемиді. Жоңышқаның  суармалы  жерлерде  жаз  айларында  да себуге  болады. Оңтүстік  облыстарда  жоңышқаны  август айының  аяғында  немесе  сентябрьдің  басында  күздік  бидаймен  бірге  себу  тәжірибесін  қолданып келеді.

Ерте көктемде себілген  жоңышқа  топырақтың беткі  қабатындағы  ылғалды жақсы  пайдаланады, тұқым сіңіру  тереңдігі  орташа болып, өсімдік  жақсы  көктеп шығады.

Бұл  мерзімнен 8-10 күн  кешігіп  себілген  жоңышқа  өнімі 31,7 процентке  дейін  төмендейді. Өйткені  көктемде  кептіріліп себілген жоңышқа  тұқымы  ылғалсыз топыраққа  түседі де,  сирек  көктейді.

Республикамыздың  оңтүстік шығыс  облыстарында жүргізілген  тәжірибелерден ерте  көктемде  себілген  жоңышқа  тұқымы  топырақтың  ылғалды  қабатына  түсіп,  жақсы  көктеп  шығады, ал себу  мерзімі  шамалы  ғана  кешіккен  жағдайда, топырақтың беткі  қабаты  тез құрғап қалады.

Себу әдісі. Жоңышқаны  бір жылдық  астық  тұқымдас  дақылдармен  біүркемелеп  егудің  нәтижесі  жақсы болуда. Оның  пішен  өнімділігін  арттыруда және құнарлы, белогы  мол шөп  жинауда  бүркемелі дақылдарды  таңдап алудың  маңызы  өте зор. Алматы  облысы  жағдайында  жүргізілген  ғылыми  тәжірибе  жоңышқаны судан  шөбі,  сорго, могра және тары  дақылдарымен  араластырып  сепкенде  бірінші  жылдың  өзінде  мол пішен  алуға  болатынын көрсетті.

Сорго,  могар,  судан  шөбі  және тары  дақылдарының өсу  кезеңінің  бірінші  жартысы  немесе  сабақтану  кезеңі 30-40 күн баяу  өтеді. Осы уақыттың ішінде  бүркемелеп  себілген  жоңышқа  жақсы   тамырланып,  сабақтанып, жетіліп  алады. Соның нәтижесінде  бүркемелі  өсімдіктердің өсуі,  жоңышқаның  жетілуіне  айтарлықтай  әсер етпейді.

Жоңышқаны  бүркемелі  дәнді  дақылдармен, жаздық  және  күздік бидайлармен, арпа  және сұлымен араластырып  себу  әдістері  бірінші  жылы  жоңышқаның пішен  өніміне  қатты  әсер етеді. Мысалы,  жоңышқаны  бірінші  жылы тек 22,4 центнер ғана пішен  жиналған. Мұнда  бірінші топқа  енетін  дәнді дақылдардың  биологиялық ерекшеліктерін ескеру  керек.  Өйткені  бірінші  топқа жататын  дақылдар  түптенуден  сабақтану  кезеңіне  өте  жылдам өтіп,  фотосинтез қуатын  азайтады. Алғашқы жетілуін  нашарлатып,  жоңышқа өсімдігінің  сирек,  кей жылдары  түгел шықпай  қалуына  әкеп  соғады.  Сондықтан  кейбір  шаруашылықта  бүркемелеп  себу кезінде, жоңышқаны  себу  нормасын шамамен  тыс  артық  жұмсауға  тура келеді. Бұл жоңышқаның өзіндік  құнын қымбаттатып жібереді.

Дегенмен суармалы  жерлерде  және ылғалы  мол аудандарда  бүркемелеп себу әдісі  қолданылады. Мұнда  жоңышқаны  арпаның,  сұлының,  күздік және жаздық  бидайлардың, қара бидайдың көлеңкесіне  себу  әдістері  жақсы  шығуына  жеңілдік, ал арам  шөптің  қаптап  кетуіне  кедергі  жасайды. Оның үстіне  бірінші  жылы бүркемелеп егілген  жоңышқадан  мол өнім  алынады.  Бүркемелі  әдістің  кемшілігі  де бар. Құрғақшылық  жылдары  бүркемелі дақылдар барлық ылғалды  өзіне  тартып алып, жоңышқа  көгін  сиретеді,  зиянды жәндіктермен, аурулармен  және арам  шөптермен  күресу  мүмкіндігін  ауырлатады.  Соған қарамастан   бұл әдіс  республикамыздың көпшілік  аудандарында  кеңінен  пайдаланылады.

Жоңышқаны астық дақылдарымен (бидай, арпа, сұлы) бүркемелеп егу үшін арнаулы СЗТ-3,6 астық-шөп сеялкасы қолданылады. Бұл сеялкада екі бөлік бар. Оның біріне астық тұқымын,  ал екіншісіне жоңышқа тұқымын салуға болады. Сонда әр гектарға 15-18 килограмм жоңышқа тұқымы себіледі. Мұнда  бүркемелі дақылдардың тұқымы, жоңышқа тұқымындай ұсақ  болса, оларды араластырып себуге де болады. Ал арнаулы сеялка болмаған жағдайда алдымепн бүркемелі дақылдар себіліп, артынан, оның қатарына көлденең жоңышқа тұқымы себіледі. Бұл кезде жоңышқа тұқымын суперфосфат тыңайтқышымен араластырып себуге болады. Оны алдын ала елеуішпен елеп, әр түйірінің  диаметрі 3-4мм суперфосфатты жоңышқа тұқымымен араластырғанда, сеялка 30-50 кг себу нормасына қойылады. Сеялканы 40 кг себу нормасына қойғанда 15 кг  жоңышқа  тұқымына 25 кг суперфосфат қосылады. Оларды себу кезінде ауық-ауық араластырып тұру керек. Суперфосфат тыңайтқышы жоңышқа тұқымын әр гектарға тең етіп себуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар жоңышқа көгіне бірінші кезеңде қоректік зат болады.

Суармалы жердің тиімділігін жыл сайын арттыру үшін жоңышқаны жүгері, сорго және судан шөбімен аралас ету әдістері кейінгі  кезде шаруашылықтарда кеңінен өріс алуда. Бұларды аралас себудің  нәтижесінде бірінші жылдың өзінде гектар өнімін екі-үш есе арттырады. Бірақ бұл әдісті жете білмегендіктен, агротехникасы тәжірибе жүзінде барлық жер жағдайында жан-жақты зерттелмегендіктен кеңінен таралмай келеді. Көпшілік шаруашылықтар бұларды арам шөбі көп, құнары өте төмен жерлерге егін, мол өнім ала алмай келеді.

Әлгі аталған дақылдардан: жүгері, сорго, судан шөбі және жоңышқадан мол өнім алудың негізгі көзі – оларды құнарлы, тыңайтқыш енгізілген, арам шөбі аз танаптарға орналастыру.

Күзде сүдігер көтеру кезінде,картрграммаға сәйкес көң немесе жеке-жеке фосфор,калий тыңайтқышын енгізу керек.Ерте көктемде сүдігерді тырмалап,тұқым себер алдында сыдыра жыртқышпен 20-25 см тереңдікте қопсытылады.Топырақ жылуы 10-12 болғанда әр гектарға 15-20 кг сорго,12-15 кг судан шөбі,30-40 кг жүгері тұқымы жұмсалады.Осы егіске көлденең бағытта әр гектарға 18-20 кг жоңышқа тұқым себіледі.Күріш ауыспалы егісінде жүгерінің  себу нормасы, арам шөптің мөлшері мен олардың түріне қарай анықтау қажет.Арам шөбі аз жерде жоңышқа араластырып егілген жүгері тұқымының себу  мөлшері 25-30 килограмнан аспағаны  дұрыс, ал арам шөбі қалың, әсіресе  шиін мен қамыс өскен учаскелерде бұл көрсеткішті 35-40 килограмға дейін көбейткенде нәтижесі жақсы болады. Мысалы, гектарына 20 кг жүгері тұқымы себілгенде бұл  қоспаның көк балауса өнімі 230ц, 30 кг мөлшерінде -250 ц, ал 40 кг есебінде себілгенде -280 ц болды.

Судан шөбінің тұқымы гектарынан 12-15 кг, жоңышқа тұқымы -18кг, райграс 2 кг есебімен араластырылып себіледі. Бірінші орымға дейін жаңбырлатып суғарған пайдалы. Судан шөбі шашақ тартқанда 10-12см биіктікте орып алынады. Кейін тағы да суару нәтижесінде 2-3 рет орылады.

Сонымен бүркемелі дақылдар жоңышқаға қолайлы болу үшін, олардың себу нормасын 25-50 процентке азайтып, ал жоңышқаның себу нормасын керісінше 15-20 процентке азайтып, ал жоңышқаның себу нормасын керісінше 15-20 процентке   көбейту керек. Тұқым себу, күту  шаралары және ору, аурулармен,  зиянкестермен күресу жұмыстары уақытында өткізілуі тиіс. Тағы  бір ескеретін жай- бүркемелі дақылдар жығылмай  тік өсуге тиіс.

Себу мөлшері. Жоңышқадан тұрақты мол өнім алу оның қатар аралығының кеңдігіне тығыз байланысты. Егер қатар аралығы кең болған жағдайда пішен түсімі кемиді. Сондықтан пішенге арналған жоңышқа СЗТ-3,6 астық шөп сеялкасымен себіледі. Бірақ бір өсімдікте келетін қоректік жер көлемі қазірге дейін жете  тексерілмеген. Дегенмен оны бір гектарға кететін тұқым себу  нормасымен тығыз байланыстыруға болады. Жоңышқадан мол пішен алудың бір шаршы метр жердегі өсімдік санына тікелей қатысы барлығын көреміз. Жоңышқадан мол өнім алу үшін бір шаршы метр жерде 800-1000 сабақ болуы шарт. Егер орта есеппен бір дәннен 2-3 сабақ шыққанда бірінші жылы 1м2  жерде шамамен 400-500 өсімдік, екінші және үшінші жылдары 250-300 өсімдік болуы керек. Мұндай жиілікті 1м2 есеппен алғанда 500-600 өнетін тұқым қамтамасыз етеді. Олай болса бір  гектарға кететін тұқым салмағын тауып алуға болады. Жоңышқа тұқымының 1000 дәнінің  салмағы 2 грамм, сонда бір гектарға себілетін тұқым салмағы 10-12 кг деген сөз.

Тұқым себу тереңдігі. Жоңышқа тұқымы ұсақ. Сондықтан дәнде қоректік зат мөлшері аз болғандықтан жердің қалың қабатын жарып бетіне шыға алмайды. Сонымен  жоңышқа тұқымының сіңіру тереңдігі топырақтың механикалық құрамына, беткі қабатының ылғалдылығына байланысты.

Жоңышқа тұқымын тайыз 2-3см тереңдікте сіңіру керек. Ерте көктемде ауыр топырақты жерге егілген жоңышқа тұқымын 2-2,5 см тереңдікке, механикалық құрамы орташа топыраққа  2,5-3,5 см, ал неғұрлым кешірек және жердің   беткі қабаты кебіңкіреп кеткен жағдайда 3-4 см тереңдікке сіңіре сепкен орындады.

Егіс күтімі. Жоңышқа өскіндерінің  жер бетіне өсіп  шығуын   жеңілдету үшін көпжылдық шөп тұқымы өнгенне дейін, тұқым өнген соң тамыры жайылғанға дейін  жеңіл тісті ЗОР -0,7 немесе ЗБП -0,6А тырмасымен тырмаланады. Кейде топырақ беті қабыршақтана бастаған кезде егіс жұмысы аяқталысымен топырақ шығыршықты дөңбектермен немесе   айналмалы қалақшалы  машиналармен тапталады. Топырақтың қабыршақтануын ол кеберси бастаған сәтте жойған жөн. Бұл жұмыстар таңертеңгі сәтте  ертерек атқарылады, өйткені түн асып, жұмсарған топырақ оңай  қопсытылады. Ал күн шығып, топырақ қатайып кеткен кезде қопсытылса, әлсіз  өсімдік өскіндері көп сынып, қиылып  қалады. Егер топырақ қабыршағын қопсытудың қолайлы уақытын өткізіуп алсаң, ол өзі суармалы жер болса, гектарына 150-200 текше метр су келетіндей етіп жаңбырлатып суару керек.

Жамылғысыз егістіктерде, әсіресе жоңышқа егістігінде арам шөптерге қарсы күрес шараларына ерекше көңіл айдарылады. Мұндайда арам шөптер КС-2,1 және ҚРН -2,1 шөп машиналарымен шабылып тасталады. Арам шөптер   жоңышқаның сабағы 20-25 сантиметрге жетер –жетпес кезінде  оталады. Сөйткен жағдайда ғана арам шөп көбірек құртылып, бір жылдық  жоңышқа сабақтарына ешқандай зиян келмейді.  Арам шөптерге қарсы күрес шараларының құрамында жоңышқа егістігіне гербицидтер де қолданылады. Бірақ жоңышқа өсімдігі улы дәрілердің көп түріне сезімтал келетіндіктен бұл әдіс республика көлемінде көп қолдау  таппай жүр.

Бір жылдық және көпжылдық арам шөптерді егістіктен құрту үшін жамылғылы дақылдар мен жамылғы астындағы көпжылдық шөптерге гербицидтер қолданылады. Егер дәнге егілген тұқымдық жоңышқа болса бір жылдық және кейбір көпжылдық арам шөптерге қарсы 80 проценті 2,4 ДМ дәруін қолданған жөн.  Улы дәрулермен тозаңдатып өңдеу жұмыстары жоңышқа 1-4 жапырақ салған кезде, ал дәнді дақылдар дән  байлай бастаған кезде жүргізіледі. Гербицидтердің қай түрін таңдап алу керек екені егісте арам шөптің қандай түрінің көптігіне қарай анықталады. Мәселен, жоңышқа егісіндегі бір жылдық, қос жарнақты арам  шөптерге қарсы 5-5 дәрулік өлшеммен, 75 процентті  эрадикан қолданылады. Ол, әдетте, топыраққа дән себілгенге дейін бірден енгізілуі тиіс.

Арам шөптерге қарсы күресу жүйелі түрде, түбегейлі мақсатпен жүргізу керек, жоңышқа не дәнді дақылдардан, не отамалы дақылдардан кейін егілетіндей  тұрақты ауыспалы егісті пайдаланған жөн. Бұл дақылдар арам шөптерге қарсы жазда, күзде, ерте көктемде қолданылатын әр   түрлі шараларды жақсы өткізуге, сол арқылы арам шөп тұқымдарының өнуін тежеуге,  өз тұқымдарын жан-жақты шашып, тамыр жаюын, тамырының егіске зиянды заттар жинақтауын болдырмауға қолайлы жағдай туғызады.

Арам шырмауықты  құрту үшін контактылы гербицидтер қолданылады. Жоңышқаның, жер бетіндегі сабағына зиян келтірмеу үшін гербицидпен ол орылып алынған соң 2-36 күннен кейін, яғни жоңышқа тамырындағы жаңаша өну процесі бастала  қоймаған, ал сабақтың бой салып өсе бастамаған кезінде ғана өңделеді. Өйткені бұл кезде арам шырмауық сабақтары жоңышқаның орма қалдықтарына оралып, жалаңаш жатады да,  гербицидтен тез өледі. Жалпы, жоңышқа  гектарына 14-20 килограмм өлшеммен 40 процентті ерігіш ұнтақ ДНОК дәруімен өңделеді. Бұл дәрулердің қайсысын қолданған  кез   болсын, диқанның  тыныс жолдарын қорғайтын қорғаныш құралдарын пайдаланғаны жөн. Өйткені ДНОК дәруі адам үшін де, мал үшін де өте улы препарат. Кейде  арам шырмауық көбейіп кеткен жерлерді ол   гүлденіп үлгергенше шауып тастауға да болады.

Жоңышқа алғаш рет жамылғы астына егілген жылы дақылды уақтылы жинап алуға   ерекше көңіл бөлу керек. Дәндік арпа мен бидайды тасқынды-топты әдіспен тікелей комбайнмен орып, бастырған  жөн. Ал жамылғылы дақылдарды бөлшектеп ору әдісімен жинаған жағдайда дестені егістік жерге 3-4 күннен артық жатқызуға болмайды. Сол сияқты сабан үйінділерін, комбайнмен орып, бастырылған жағдайда, көп жатқызған сайын құндылығы азаяды немесе мүлде кәдеге жарамай қалуы мүмкін негізінен жамылғылы дәнді дақылдар сабанын престі жинағышпен жинаған дұрыс.

Бір жылдық судан шөбімен могардың және жүгерінің қысқы азықтық көп балаусасы АЕ-281, КСК-100 маркалы сүрлем салғыш транспорттарына тиеледі. Жамылғысы дақылдар сабағының  бойы 8-10 сантиметрге жеткенде орылса егістік жердегі орма қалдықтар әрі аласа, әрі біртегіс болады да, көктемде орма қалдықтары жинаудың қажеттігі болмайды. Бір жылдық шөптердің КИР-1,5 машинасымен орылмағаны жақсы. Өйткені бұл машина шалғысы жоңышқаны қатты зақымдайды да ол көпке дейін келеге келмейді.

Жамылғылы дақылдар қатты өсіп, 25-30 сантиметрге жетеді де, жоңышқаның өніп-өсу кезеңі аяқталуға 3-4 апта қалғанда олар 10-12 сантиметр биіктікте Е-281, КСК-100, КПКУ-75, КПЧ-2,4 сүрлем жинағыш комбайндарымен орылып, жиналады. Бұл жұмысты өсімдіктің өніп-өсу дәуірі аяқталған соң да, күн бірыңғай салқындаған кезде де жүргізуге болады. Бірінші жылы  егілген жоңышқа егісінің аңызына мал жаюға болмайды.

Республиканың  оңтүстігі мен оңтсүтік-шығысындағы суармалы жерлерде  жамылғылы дақылдар орылып алынған кезде суарылады, қалған суарымдар қажетті кезінде, әрбір орақ аралығында кем дегенде екі рет жүргізіледі.

Орма егістік жоңышқаның  өніп-өсу дәуірінің алғашқы жылында өте қысқа болады. Топырақтың беткі қабаты кеуіп бара  жатқан жағдайда жоңышқа өскінінің жер бетіне өсіп шығуын тездету үшін егістік жаңбырлатқыш агрегатпен суарылады. Мұндай суару нормасы – гектарына 150 текше метр су. Ал Оңтүстік Қазақстанда суды өз бойына тез сіңіретін жаңа жыртылған жер атыз-атызымен суарылады. Бірақ мұндай суару әдісі өте бір қажет болған жағдайда ғана жүргізіледі. Өйткені жоңышқа  өскіндері топырақ пен тамырын судың қатты шайып кетуінен зардап шегіп қалады. Осыған байланысты алғашқы рет  жер бетіне өскін өсіп шыққаннан кейін 20-25 күн өткен соң ғана суарылғаны жөн. Бұл кезге дейін жоңышқа өсімдігі  6-8 жапырақ салып, жақсы бекіп үлгереді.

Екінші жылдан бастап, келесі жылдардың   көктемінде жоңышқа егістігіне минералды тыңайтқыштар енгізіліп, ерте көктемде БИГ-3 маркалы майда тісті немесе ауыр тісті тырмалармен тырмаланады.

Жоңышқа егістігін күтіп-баптаудың маңызды шараларының бірі – жоңышқалы орын алған сайын егістік топырағын қопсыту болып табылады. Алматы облысы жағдайында жамылғысыз егілген жоңышқа орымнан кейін тырмаланбаған жағдайда екі рет орылған жоңышқалықтың әр гектарынан 44 центнерден, ал тырмалаған жағдайда -51,7 центнерден, яғни 7,5 центнер артық пішендеме алынып жүр.

Көктемгі жамылғысыз егістік пен жазғы орма аңыздық егістіктер,  өсімдіктері нашар дамыған жағдайда, жеңіл немесе орташа тырмалармен кесе-көлденең және бір ізбен тырмаланады.

Тәлімі жерлердегі  жамылғысыз жоңышқа егістері алғаш егілген жылы бір рет орылады, ал оны мол пішен алу мақсатымен тырмалаудың пайдасы шамалы. Оның есебіне шөбі орылған егістікті тырмалағанда, орма қалдықтардың  жақсы жетіліп, күзде өсуі жақсарады екен.  Тәжірибеде бірінші орымнан кейін  тырмаланған   жердегі орма қалдықтар тармағының көлденең қимасы 18,7 сантиметрге  жетсе, тырмаланбаған жерде ол 14,2 сантиметрден аспады.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, тырмаланған жердегі жоңышқа тармағының көлденең қимасы, тырмаланбаған жердегіге қарағанда жуанырақ, жапырағы көбірек болады және қыстан шығуға жақсы бейімделеді. Мұндай нәтижелер суармалы жерлерден де алынып жүр.

Солтүстік  Қазақстанда қыс кезінде жоңышқа егістігіне қар тоқтатқанр жөн. Қар тоқтату жұмыстары, абзалы, қар жауып, борап тұрған кезде және қары ысырғыштармен ашылып қалған аңыздар күн суытқан кезде қар жамылғысынсыз қалмайтындай етіп жүргізілуі керек. Өйтпеген жағдайда жалаңаш аңыздардағы өсімдіктер үсіп, қліп қаларсы сөзсіз. Жалпы, ашық далалы егістікте қарды неғұрлым көбірек тоқтатып, нығыздап таптап тастаса, оның нәтижесі де соғұрлым жақсырақ болады.

Суармалы егістік жағдайында қар тоқтатудың пәлендеу мән маңызы жоқ. Өйткені, күз бен көктемде суырылатын жерлерде су мол болады да қосымша қар ылғалынсыз-ақ тиімді нәтиже бере алады. Ал тәлімі жерлер егісі үшін қар тоқтатудың пайдасы көп. Мұндай жерлерден қар тоқтатылмаған жерлермен салыстырғанда гектарынан 17,6-23,5 процентке дейін қосымша пішен алынады. Әсіресе, тоқтатылған қарды тегіс және шығыршықты дөңбектермен таптау пішендік жоңышқа өнімділігін арттыруға елеулі септігін тигізеді. Қар біркелкі жайылып, нығыздалып тасталған жерлерде жоңышқаны ешқашан үсік шалған емес. Мұның екінші  бір тиімділігі: көктемде күн  жылыған кезде қар біркелкі ериді, ал жоңышқа егісі де өніпөсу дәуірінде барлық тұста бірдей өледі.

Егістік топырағының беткі қабатын мұз қаьыршағы басқанда, өсімдік тамырына ауаның жақсы жетуін қамтамасыз ету үшін 2К-КН-2,8Н және шығыршықты-қалақшалы ЗККШ-6 дөңбектерін пайдалану керек немесе мұз қабыршағына қарсы топыраққа күл, калий тыңайтқыштарын т.б. енгізген жөн.

Жоңышқа өсімдігіне жарық жақсы түсіп, олардың дұрыс өсуі, зиянкестерінің құртылуы үшін, сондай-ақ шөптің азықтық сапасы жақсаруы үшін көктемде өсімдік сабақтары сындырылып, дестелер егістік алқаптың сыртынан шығарылып тасталады. Сабақтар БЗСС-1,0 немесе БЗТС-1,0 тырмаларының теріс жағымен сындырылып, ГПП-6,0, ГП-14,0 маркалы тырмалармен және ПК-1,6 жинауыштарымен тырмаланып, жиналады.

Топырақты  дискілі құралмен, серіппелі культиватормен өңдеу,  қайырымсыз плугпен 18-22 сантиметр тереңдікте жыртып, тамыр жүйесін қиып, қопару бұрыннан келе жатқан жоңышқа егістігінің жылдық құнарлылығын арттырады. Әдетте, ескі жоңышқалықтар екі ізді ауыр тырмалармен көлденең қопсытылады немесе топырақтың үстіңгі қабатын жақсы қопсытып, шөп өскінің жақсарту үшін дискеленеді. Дискелеу ЛДГ-10 маркалы қыршуыш диска арқылы, екі қабатта жүргізіліп, ізінше тапталып тасталады. Арам шөбі көп топырағы өте тығыз егістіктерді қыршып қопсыту үшін БДТ-3, БДТ-7 дискілі тырмалар қолданылады.

Егістіктің әсіресе бұрыннан  жоңышқа көп егіліп келе жатқан жерлердің өнімділігін арттыру үшін тығыз топыраққа су мен ауаның еркін өтуін қопсытып саңылаулау  арқылы жақсартуға болады. Бұл жұмыс қара күзе жүргізіледі. Соның нәтижесінде  көктемгі егіс кезінде 80-90 процентке жететін ойлы-қырлы суағар шұқырлар 25-30 процентке дейін азаяды.

Саңылаулап қопсыту суармалы жерлер үшін аса қолайлы. Ол суару алдында  жүргізіледі де топырақтың су сіңіргіштік қасиетін 1,5-2 есе арттырады. Саңылаулар тереңдігі 35-40 сантиметр ұзындығы 1,4-2,1 метрден сериялы плуттерге ілінген аспалы  саңылау жасағыштармен жасалады. Жоңышқаның тамыр жүйесін зақымдамау үшін саңылаулағыш алдына дискілі  пышақ  орнатылады. Ақсай оқу-тәжірибе шаруашылығында жоңышқа егісі қыс қарсаңында суарылады  да бұл суды барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Жоңышқа егісіне жасалатын күтім шараларының ішінде, әсіресе, суармалы егіншілікпен айналысатын аудандарда, оның бірінші жылында да, келесі өніп-өсу жылдарында да уақтылы суарудың маңызы ерекше. Ал суару уақыты   уақыты мен су мөлшері, суару нормасы топырақтың ылғалдылығына, суды сіңіру қабілетіне және механикалық құрамына, тұз қабатының, жерасты суларының тереңдігіне және тағы басқа  факторларға байланысты белгіленеді.

Жоңышқаны суару. Жоңышқа – ылғалды көп тілейтін өсімдік. Сондықтан да ол ылғалмен қамтамасыз етілген және суармалы жерлерде жақсы өсіп, мол өнім алынады. Мәселен, ол бойына құрғақ заттар жинақтау үшін суды көп мөлшерде пайдаланады. Басқа дақылдармен   салыстырғанда жоңышқаның транспирациялық коэффициенті (өсуіне қажетті су өлшемі) елеулі дәрежеде жоғары келеді.   Жоңышқадан 1 грамм азықтық қатты зат алу үшін 900-1570 грамм су жұмсалады екен. Бірақ фосфор мен калий тыңайтқыштары мол енгізілген жағдайда жоңышқаның 1 грамм қатты затына шаққандағы су өлшемі 620-880 грамнан аспайды. Жоңышқа екінші, үшінші егіс  жылдарында өзінің толық өніп, өсу күшіне еніп, суды үнемді пайдаланатын дәрежеге жетеді де оған қажетті су өлшемі тыңайтқышсыз-ақ 1000 грамм, ал қоректік заттармен және суман ойдағыдай  қамтамасыз етілгенде 350-600 грамм ғана болады. Әр гектардан 100-200 центнерден  көк пішен алу үшін топырағы мен ауа райы әр түрлі аймақтарда егілген жоңышқаға қажетті су мөлшері гектарына 4200-7000 текше метр аралығында болады. Ал мұны қамтамасыз ету үшін, әр түрлі жағдай ескеріліп, суару нормасы  гектарына 900-7000 шаршы метрден келетіндей болуы керек. Жоңышқаның  жақсы өсуіне ең қолайлы жағдай – оның өніп-өсуі кезеңінде бір метр топырақтың ылғалдылығы 75 проценттен төмен, 80 проценттен жоғары болмауы керек. Суару кезінде енгізілген тыңайтқыштардың   тиімділігі арта түседі.  Жоңышқаны суару – одан мол да тұрақты өнім алуды қамтамасыз ететін агротехникалық тәсіл болып табылады. Жоңышқаның орым саны сол аудан жазының жылылығы деңгейіне, әсіресе, топырақ ылғалының қолайлы мөлшерде болуына тікелей байланысты. Жауын-шашын ылғалы жетіспеген жағдайда жоңышқа қолдан суарылып отырса, оның орым саны көбейіп, тұрақты мол өнім алуға мүмкіндік береді. Жоңышқаның бірінші жылғы егісін суарудың  табиғаты мен климаты әр түрлі барлық аймаққа тән сыры мынадай:

Алғаш рет жоңышқа  6-8 үш құлақ жапырақтар салып, өсімдік бойы 10-15 сантиметрге жеткенде суарылады. Бірақ  мұндайда су ағысы жас өсімдіктерді шайып кетпейтіндей етіп, өте мұқият  суару керек.Егістікті аяғынан немесе жаңбырлатып суарудың түріне   қарай суарым техникаларын үш топқа бөлуге болады. Бірінші топқа- шектелген көлемде, аяғынан суарылатын егістіктерде пайдаланылатын суару техникалары жатады. Әдетте,  аяғынан суарғанда егістікті су басып кетіп, су көп шығын  болады, суарым сапасы да жақсы болмайды, еңбек өнімділігі төмен, суарым тиімділігі нашар болып келеді. Екінші топқа- жаңбырлатып суару техникалары жатады. Бұларды жинақталған жағдайларға (ауыспалы егістегі дақылдар кезегіне, егістіктің түрі мен көлеміне) қарай, жоңышқа суаруға  да пайдалану керек. Бұл техникаларды пайдаланғанда суарым сапасы жақсы, егіс өнімділігі жоғары болады. Бірақ мұндай жағдайда суарудың тиімділігі  жоғары  технологиясына қол жеткізу қиын. Соның салдарынан суару жұмысының  еңбек шығыны көбейіп, өнімінің өзіндік құны қымбатқа түседі. Көптеген  жағдайда – жұмысшы күшінің жетіспеушілігіне байланысты суару ісі кейінге  қалдырылады да бір суарым мен екінші суарым арасы ұзап, техника да жетпей жатады. Жоңышқаны  жаңбырлатып суаруға «Волжанка» қондырғысы қолайлы. Мұнда су құбырын бір жерден екінші жерге көшіру және өз орнына қайта әкеліп қою тәрізді негізгі технологиялық процестер механикаландырылған. Ал бұл қол еңбегі шығынын азайтып, еңбек өнімділігі мен суарым сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Аса ыңғайлы аппараттармен жабдықталған «Волжанка» қондырғысы майда бүркіп, жай қысыммен жаңбырлата алатындықтан қайтара егілген жас жоңышқаны суаруға өте қолайлы. Егіс егілген жердің  табиғи-климат жағдайына қарай      жоңышқаны суарудың мынадай ережелері ұсынылады. Қара топырақты аймақтардың  тәлімі жерлеріне гектарына берілетін су мөлшері 450-600 текше метр, ал суармалы жерлерде -3000-4000 текше метр. Суарым саны 4-6 рет, ал атыз жолақтары бойынша аяғынан суарылғанда суарым саны -3-4-ке, су мөлшері 800-1000 текше метрге дейін кемітіледі. Құрғақшылық аудандардың сары-қоңыр және ақшыл-қоңыр топырақты жерлерінде қатты құрғақшылық жылдары жоңышқа бірінші орымында  2-3 рет суарылады. Мұндай жылдары суару нормасы гектарына 6000-7000 текше метр суға дейін жетеді. Осындай құрғақшылық аудандарда аңыз жолақтарын аяғынан суарған жағдайда гектарлық суару нормасы 1000-12000 текше метрге жетіп, суарым саны, жаңбырлатып суаруға қарағанда 5-7 ретке дейін кемиді. Ылғалдылығы орташа  жылдары жоңышқаның әрбір орымы кезінде бір суарымға үш норма, яғни  900-1100 текше метрдей су беріледі. Жоңышқаның бір орымы кезінде өсімдіктің жақсы өсуін ғана ойлап, су шамадан тыс көп берілсе немесе сол суарымдардың өзі дұрыс жүргізілмесе өсімдік ала-ғұла өсіп, өнімі нашарлап кетеді. Әсіресе, жоңышқаның көп жылдар бойы ұзақ өсіп, өнім беруіне шамадан тыс көп берілген ылғал   өте қатты кері әсер етеді. Жоңышқа өнімі бірінші орымнан соңғы орымға қарай азая түседі. Олай болса, әрбір орым жылдық жалпы өнім мөлшерінде өзінше әсер етеді екен. Қазақстанның барлық аудандарының диқандары топырақ ылғалдылығы қалыпты болған жағдайда әрбір орымның жалпы өнімнің  қанша процентін қамтамасыз ететінін нақты білуы  керек. Мұның өзі жоңышқа  суарымын қандай орымға қаншалықты қысқартуға  болатынын білуді жеңілдете түседі. Қазақстан мен Сибирдің  қуаңшылық аймақтарын суландырған жағдайда жоңышқалықтың әр гектарынан кем дегенде 70-120 цент нерден пішен, 40-70 центнерден азық өлшемін алуға болады. Сонымен қатар әр  гектардан түсетін протеин мөлшері 10-18% асады. Ал топыраққа Р 60-120, N 60-90 мөлшерінде тыңайтқыш енгізілген жерден енгізілмеген жерге қарағанда, өнім 1,5-2 есе артық алынады. Суландырудың  экономикалық тиімділігі жоғары: оны дұрыс мөлшермен және  қолайлы агротехникалық дәрежеде жүргізген  Ақмол ауыл шаруашылығы институтының оқу-тәжірибе  учаскесінде 1 центнер азық өлшемінің өзіндік құны 0,9-1,5 сомнан асқан жоқ. Ал бұл – суландырылмаған жерлерде 3,5-6 сомға жетеді. Сөйтіп, суландырылған жердің әр гектарынан алынған мал азғындық өнімдерден түскен шартты таза түсім 250 сомнан асып кетті.  Сонымен, қорытып айтқанда, жоңышқа өсімін елеулі түрде жақсарта отырып, оны егіп-өсірдің әр-алуан тәсілдерін қолданумен қатар, дұрыс суару, сондай-ақ егіс өскінін белгілі бір жиілікте ұстау арқылы да оның өнімділігін арттыруға болады.

Жоңышқа жинау. Жоңышқадан протеин өндіруді арттыруда азықтық шөпті  дайындау мен сақтаудың прогрессивті тәсілдерінің мән-маңызы зор. Жоңышқадан сапалы пішен, ұнын, көк балауса дайындау – республикамызда  мал азығын мол өндірудің маңызв резерві болып табылады. Ғылым мен практика азық құрамындағы протеинді 85-95 процентке  дейін сақтауға мүмкіндік  беретін азық дайындау әдістерін жетілдіреді. Пішендік  жоңышқаны орып, жинаған кезде, оның қоректік жұғымды заттары – жапырақшалары  мен гүлдері елеулі дәрежеде жоғалады. Өйткені олар тез кеуіп кетеді де  дестеге түсірілге, шөмеленген кезде тез шашылып қалады. Ал жапырақтағы  құнды заттар сабақтардағыдан әлдеқайда көбірек. Бұлардың құрамында  80% жуық протеин мен коротин  және үштің екі бөлігіндей бағалы минералды элементтер олады. Сондай-ақ сабаққа қарағанда өзінің  қорытылғыштық қасиетімен де бағалы. Олардың азықтық құндылығы өніп-өсу кезеңінде көп өзгеріске ұшырамайды. Жоңышқа сабағы кеуіп кетуін   кешеуілдететін  қалың балауызда қабығы бар. Оруға қолайлы кезеңде жоңышқа көк балаусасының ылғалдылығы    жоғары,  протеині калийі мен кальцийі өте көп  болады, бірақ  сүрлем салуға қолайсыздау  жері –қанттылығы төмен.  Содан соң жоңышқада протеин мен болғанымен, қоспасының қуаты  аздықтан ол сүтті бағыттағы сиырлар үшін құнарлы азық бола  алмайды. Оны ірі азық ретінде пайдалану бағалы белоктік азықты шамадан тыс шығындауға  әкеп соқтырады. Республика  жағдайында жоңышқа мен жүгері көк балаусаның, жүгері сүрлемінің қоспасын жасаудың мәні зор. Жоңышқаны  жинау мерзімі жалпы азықтық өндіріске, олардың жұғымдылығы мен  қорытылғыштығына үлкен әсер етеді. Жоңышқа неғұрлым кеш жиналса, яғни гүлдену дәуірінің аяғында – бұршақ байлау кезеңінің басында жиналса, саңырауқұлақ аурулармен, зиянкестермен зақымданған жапырақтар көбейіп кетеді де олар тез кейіп, қурап, шашылып қалғыш келеді. Осыдан көріп отырғанымыздай, жоңышқаны жинау кешіктірілген жағдайда оның жапырағы кеміп қана қоймай, жалпы өнім мөлшері азайып, сапасы нашарлап кетеді. Орып, жинау мерзімі көк жоңышқаның бойындағы амин қышқылы құрамына да, одан алынатын сүрленген азық сапасына да әсер етеді. Өніп-өсу кезеңі барысында өсімдік бойындағы протеин мен амин қышқылы да азая түседі. Амин қышқылы, протеин процентімен салыстырғанда, өніп-өсу кезеңінде тепе-тең мөлшерде қалады. Амин қышқылының мол сақталуына жоңышқа бойындағы метонин өз септігін тигізеді. Соңғы деректерге қарағанда жоңышқаның бірінші орымын өсімдік бүршігі қауыз жарған және гүлдене бастаған кезде жинағанда 1 кг шөп ұны құрамында 0,62 азық өлшемі, 248 мг каротин, 23,3 г протеин, 182 процент клетчатка, 0,16 процент фосфор, 1,63 процент кальций және 4,81 процент май болады екен. Ал жоңышқа толық гүлденіп, жеміс байлай  бастаған кезде орылса, онда 1 кг ұнда 0,53 азық өлшемі, 183 мг каротин, 28,6 г протеин, 28,7 процент клетчатка, 0,14 процент фосфор, 1,48 процент кальций және 1,08 процент май болған. Мал азығы сапасына қойылатын зоотехникалық талаптар тұрғысынан бұршақты шөптерді олардың бүршігі қауыз жарған кезде жинаған жөн деген тұжырым жаалды.  Уақытынан осылайша бірама ерте ору жоңышқаның негізгі өнімін қысқа мерзімде, азықтық өсімдік сапасы неғұрлым жақсы кезде жинап алуға мүмкіндік береді. Жемшөп өндірісін интенсивтендіру азық мөлшерін көбейтуді ғана емес, оның сапасын едәуір жақсартуды, ысырапты барынша азайтуды көздейді. Бұл жерде белоктар мен  каротиндердің, витаминдердің сақталуына басты назар аударылады. Азықтық жоңышқа орып, жинаудағы орым саны өсімдіктің өніп-өсу кезеңінің ұзақтығына, яғни бой салып өсе бастаған шақтан пісіп-жетіліп, оруға келгенге дейінгі кезіне, сондай-ақ өсімдіктің ылғалдылығы мен қоректік затқа қаншалықты байлығына байланысты. Жоңышқаны дер кезінде және дұрыс жинап алу белгілігі бір егістің биологиялық потенциалын толық пайдалуға да мүмкіндік береді. Өндірістік шығцн мен оның өтелу мөлшері де тікелей соған байланысты. Жинау технологиясы ғылыми-техникалық  жетістіктері, жоңышқа биологиясын және азықты сүрлеу тәсілдері мен пайдалану жолдарын ескеруі қажет. Жинау тәсілдерін таңдау кезінде, сондай-ақ арам шөптер мөлшерін, жоңышқа аурулары мен зиянкестерінің шамасын, ал суармалы жағдайда суару тәртібін де есте ұстаған жөн.  Орып, жинау жұмыстары егістік жерлерді тегістеп, оны тастар мен көқртышқан індерінен, темір – терсектерден және қурағыш шөп қалдығынан тазартудан басталады. Шөп өнімділігі, егістіктің ұзақ мерзімге жарамдылығы, жоңышқаның бүкіл өніп-өсу кезеңіндегі жалпы өнімділігі оны қандай биіктікте оруға байланысты. Жоңышқа пішенін орудың ең қолайлы биіктігі 4-7 см болып табылады. Бұл жерде бірінші орымда жоңышқа сабағын 4-5 сантиметрден төмен, ал қыс қарсаңындағы соңғы орымдарда 7 сантиметрден жоғары орған жөн. Өйткені, бұл өсімдіктің қыс пен көктем ай маусымдарында көп  қидаланбауына мүмкіндік береді.

 

Зиянкестермен  күресу шараларының  экономикалық тиімділігі

 

Жоңышқаның өнімділігі бақылауда 15 т/га, эталонда 16 т/га және диазинон 60 % - 2 л/га -18 т/га.1 ц жоңышқаның бағасы 9000 теңге. Алынған жоңышқа өнімін 1 ц бағасына көбейткенде оның бағасы болады бақылауда - 135000 теңге, эталонда - 144000 теңге қосымша өнімде 9000 т және тәжірибеде - 162000 теңге қосымша өнімде 270000 т. Жоңышқаға кеткен шығындар бақылауда 50000 т, эталонда 55400 т, қосымша шығындар 5400т, тәжірибе жүргізгенде 56250 т қосымша шығында 6250 т.

Таза табыс - бұл алынған өнімнің бағасынан осы жылы жоңышқа дақылына кеткен шығынды алып тастау. Таза табыс бақылауда - 85000 теңге, эталонда - 88600 теңге және тәжірибеде - 105750 теңгені құрады (кесте 5).

кесте 5

Жоңышқа фитономусына қарсы қолданылған Диазинон 60% к.э инсектицидтінің экономикалық тиімділігі 3л/га, 10 га есептегенде, 2016)

Экономикалық көрсеткіш

Бақылау (инсектицид қолданбаған)

Эталон-липидоцид

50%

Тәжірибе Диазинон 60%

1

Алынған жоңышқа өнімі, ц/га, оның ішінде қосымша өнім

15

16

18

2

1ц жоңышқаның бағасы,т/га

9000

9000

9000

3

Алынған жоңышқаның бағасы, теңге, оның ішіндегі қосымша өнім, теңге

135000

144000

9000

162000

27000

4

Осы жылы жоңышқаға кеткен шығындар, теңге, оның ішіндегі қосымша шығындар, теңге

50000

55400

5400

56250

6250

5

Таза табыс, теңге, оның ішіндегі қосымша табыс,теңге

85000

88600

3600

105750

20750

6

Рентабельділік деңгейі, %

58,0

62,5

73,1

7

Қосымша шығындардың қайтарымы, есе

 

1,5

3,0

Рентабельділік - ең маңызды экономикалық категория, ол барлық өндіріске тиесілі, әсіресе шаруашылық есеппен жұмыс істейтін өндіріс орындары үшін. Ол өндірістің құндылығын, өнімділігін көрсетеді. Өнімділік құндылығы жалпы өндірілген өнімнің бір бөлігі, яғни өндіріс өніміне кеткен шығыннан кейінгі қалған көрсеткіш.

Рентабельдік деңгейі бақылауда 58,0 %, эталонда - 62,5% және тәжірибеде 73,1% болды. Қосымша шығын қайтарымы тең болады қосымша таза табыс бөлінген қосымша шығынға, ол көрсеткіш эталонда - 1,5 және тәжірибе бақылауда 3,0 % есе болып шықты.

Жоңышқа фитономусымен күресу шаралары нәтижелі болу үшін зиянкестің даму сатылары мен өңдеу мерзімін дұрыс таңдау маңызы. Сонымен қатар, инсектицидтердің мөлшері мен қолдану мерзімі, олардың биологиялық, шаруашылық және экономикалық тиімділігін анықтауда маңызды.Жоңышқа фитономусына қарсы күресу үшін сыналатын химиялық препараттардың танаптық тәжірибе сүлбесіне төмендегі нұсқалар енді(кесте 6).

         

Жоңышқа фитономусының I-II жастағыларға қарсы қолданылатын инсектицидтерінің биологиялық тиімділігі ( ОҚО облысы, Сайрам ауданы, ОБМжӨШҒЗИ Тассай тірек пункті 2016 ж.)

 

 

Варианты

 

 

қайталануы

Өңдеуге алынған қоңыздардың токсикалық әсері.

 

Токсикалық әсері %

 

өңдеуге дейін

есепті күндер

3

7

14

 

 

Базудин,60%к.э - 3л/га;

3

200

120

50

30

100

 

Би - 58, 60% - 0,5 л/га;

3

200

90

70

40

100

 

Диазинон, 60% к.э - 3л/га;

3

200

140

60

-

100

 

Бақылау өңделмеген

3

100

-

-

-

-

 

Лепидоцид

3

100

50

20

20

90

 

                 
 

Кесте мәлеметтері көрсеткендей, өңдеуге алынған I-II жастағы жоңышқа фитономусының орташа саны 100 ден 200 ге дейін ауытқыды.

Инсектицидтер қолданғаннан кейін 3,7,14 күндері Базудин,60 %к.э - 3л/га - 120, 50, 30. Токсикалық әсері барлығында 100 % әсер етті. Лепидоцид бактериалды препаратын қолданғанда 90 % әсер етті. Қорыта келгенде Диазинон, 60% к.э - 3л/га препараты жоңышқа фитономусымен күресуде өте тиімді болды (кесте 7).

кесте 7

Жоңышқа фитономусының III-IV жастағыларға қарсы қолданылатын инсектицидтерінің биологиялық тиімділігі

 

 

Варианттар

 

 

Қайталануы

Өңдеуге алынған қоңыздардың токсикалық әсері.

 

Токсика-лық әсері %

өңдеуге дейін

есепті күндер

3

7

14

 

Базудин,60%к.э - 3л/га;

3

200

90

40

70

100

Би - 58, 60% - 0,5 л/га;

3

200

100

50

50

99

Диазинон, 60% к.э - 3л/га;

3

200

110

60

30

80

Бақылау өңделмеген

3

100

-

-

-

-

Лепидоцид

3

100

30

25

20

75

 

 

Алынған III - IV жастағы жоңышқа фитономусының орташа саны 100 ден 200 ге дейін ауытқыды.Инсектицидтер қолданғаннан кейін 3, 7, 14 күндері Базудин 60%к.э - 3л/га - 90, 40, 70,100 %6 Би - 5860% - 0,5 л/га - 3,7,14 -100,50,50, Диазинон, 60% к.э - 3л/га- 3,7,14 күндері110, 60,30 қоңыз өлтірілді.

Сондықтан тәжірибеде алынған I - II жастағы дернәсілдердің жоғарыда аталған препараттардың III - IV жастағы дернәсілдердің өліміне қарағанда 100 % көрсеткіші жоғары болды. Тәжірибеде алынған эталон лепидоцидтің I - II жастағы дернәсілдердің көрсеткіштері айтарлықтай 90 %, ал осы өлім көрсеткіші III - IV жастағы дернәсілдердің өлімі дерлік 75 % көрсеткіші болды.

Мейлінше, тәжірибеде алынған Диазинонның 60%к.э эталон лепидоцидке алынған препараттың өлімінен жоғары, сондықтан зиянкестерге қарсы қолданған химиялық препарат биологиялық препаратқа қарағанда ерекшелігін көрсетті.

 

3  Тіршілік қауіпсіздігі және еңбек қорғау

 

Тіршілік кауіпсіздігі - бұл адамды өндірісте, өндіріс ортасындағы кауіптен сақтар шаралары жиынтығы яғни, ол өндірістік процессте қалыптасқан адам өміріне денсаулығына әсер етуші өндірістік қауіптің төнуі, енбек қызметінің жағдайы.

Әсіресе адамның қауіпсіздігі жөніндегі мәселе өнеркәсіп ортасында көрінеді, бұл қызметкерлердің еңбек орнында қалыптасқан әртүрлі қауіпті зиянды әсерлер өндірістің барлық ортасын ластайды. (Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорау саласында ҚР нормативтік құқықтық актілерін әзірленген.33-тарау, 306-баптың бірінші тармағы, Жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігі ммемлекеттік стандарттарға, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ереже талаптарға сәйкес болуы тиіс 34 тарау, 311- баптың 1 тармағы 22.05. 2007жыл)  

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі ұйымның қызметі тоқтаған жағдайда ғана таратылады.

2) Қызметкерлер саны елу адамға дейін болатын ұйымдарда
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі маманның лауазымен енгізу
туралы шешімді жұмыс беруші осы ұйымның қызмет ерекшелігін ескере
отырып кабылдайды немесе еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі
міндеттер қосып атқару үшін басқа маманға жүктеледі делінген.

Осы бапқа сәйкес "Микробиологиялық" еңбекті қорғауды басқарудың жүйесінде. Еңбек қауіпсіздігі жағдайын бақылау тарауы жасалып қабылданған. Осы тарауда:

1) Бригадада жұмыстардың жүргізілуінің кауіпсіздігін бақылау барлық жұмыс уақытында (смена) бригадирлермен, мастерлермен, енбекті қорғау бойынша қоғамдық инспекторлармен және жұмысшылар мен қызметкерлердің өздерімен жүргізіледі.

Барлық жұмысшылар - бригада мүшесі басқа жұмысшылармен қауіпті жұмысты қолдануды және  еңбекті қорғау бойынша инспекциясын ескерте отырып жұмысты қауіпсіз жүргізуді өзара бақылау жүргізуге міндетті.

Ғалым М.И.Семенованың «Оңтүстік Қазақстанның агроклиматтың
анықтамасы» деген еңбегінде жазылған [31]                                                    

3) Жұмысшы жұмыстың басталар алдында күн сайын жұмыс орнын еңбекті қорғауды өзіндік бақылауды қамтамасыз етуге міндетті: қондырғылардың, құрал - саймандардың, жұмыс орнын қауіпсіздік жағдайын және іске жарамдылығын тексеру және жеке бас қорғанысы құралының іске жарамдылығын тексеру.

4.Жоғарыда көрсетілген "Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау" туралы заңы, "Микробиология" құжаттары еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Жұмыс беруші жағынан жұмысшыға залал келген жағдайда төлем ақы төлеу, еңбек шартына сай қамтамасыз етілмесе, соңы жұмысшының жарақат алуына толықтырады, сонымен қатар жұмысшы жағымен жұмыс берушіге ол дегеніміз өндірістік инструкция, техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтамастан жабықтар мен шешімдерге зиянын келтіреді.

Жекетапсырма.Жасанды жарық табиғи жарық жетіспеген кезде жұмысқа комфорттық жағдай жасау үшін, тәуліктің түнгі уақытында, сонымен қатар табиғи жарық жоқ ғимараттарда қолданылады.

Жасанды жарық функционалды белгілеумен жұмыстық және авариялық болып бөлінеді. Қажет болғанда әйтеуір бір жарықтың шырақтарының бөлігі кезекші жарықты қамтамасыз ету үшін пайдаланады.

Жұмыс жарығы - барлық ғимараттар мен үйлерді қамтиды сонымен қатар жұмысқа арналған ашық учаскелерді, адамдардың жүретін жерлерінде транспорт жолдарын қамтиды.

Авариялық жарық - жұмыс орнының авариялық өшіргенде жұмысты жалғастыру үшін арналады.

Эвакуациялық жарық ғимараттардағы жұмыс жарығы авариялық
өшірілгенде адамдарды сол жақтан эвакуациялау үшін қолданылатын
жарық. Адамдардың жүруі үшін қауіпті жерлері ескеріледі, қайда бір
мезгілде адам саны бола алады.

3. Индивидуалды қорғау құралдары. Ауылшаруашылығындағы жұмыс орындарындары атмосфераға газ, пар,   шаң түрінде денсаулыққа қауіпті зиянды заттар бөледі.

Жалпы және жергілікті аспирацияны қолдану әрқашан ауа ортаны толықтай тазарта алмайды. Тыныс алуға қауіпті рұқсат етілген нормадан асатын концентрациялар бөлшектеніп зиянды заттар анықталынып жатады. Бұл жағдайда жеңіл фильтрлеуші корғау құралы респираторды қолдануға ұсынады.

Өзінің тағайындауы бойынша респираторлар үш негізгі топқа бөлінеді: олар шаңға қарсы, газға қарсы және әмбебапты (әмбебапты бұл бір мезгілде аэрозолдан және басқада газдардан қорғайды).

Қазіргі уақытта ФГШ - 15 қолдану тапты. Бұл мата емес материалдар арнайы технология бойынша жоғарғы полимерлі шайыр негізінде алынған заттан тұрады. Бұл талшықтар электростатикалық зарядқа ие, бұл бірдей аэрозолды фильтрлеуге үнемділікті жоғарылатады.

Шаңға қарсы респираторға келесілер жатады: ШБ - 1 "Лепесток" моделді респиратор, бұл модельден үш түрлі респиратор шығарылады: Атаудағы цифрлар 200 есе рұқсат етілген шектен асатын концентрация кезінде 1мкм кем емес диаметрлі бөлшектермен жоғары дисперциялық аэрозолдан қорғайтын респиратор екенін көрсетеді. Дөрекі өндірістік шаңнан қорғану үшін бұл респиратордың қай -қайсысы болсын қолдануға болады, бірақ 200 еседен көп рұқсат етілгіш шекті концентрациядан аспайтын шаңдануда. "Лепесток респираторы эксплуатациялық қасиет пен жоғары қорғанысқа ие оларға шаңдану кезінде жайлап үдеуі және тыныстың үлкен емес қарсыласы тән.Олар әр түрлі дәрежедегі жұмыста шаңнан қорғануға ұсынылады.

Көзді қорғау құралдары. Өндірісте көздің зақымдануы және оның салдары әр түрлі   болады- индиферентті шаңмен ластануынан және жеңіл әсер етуші соринкадан айтарлықтай зақымдануға жеке немесе толыктай көруден айыруға әкеледі. Көздің механикалық зақымдануы әдетте қатты бөлшектерден болады (жаңқадан, үккіш шаңынан, шьны сынықтарынан). Механикалық зақымдану қатарына сондай-ақ балқыған металл шашырандысынан көздің күйіп қалуы, жоғарғы температуралы қыздырылған сұйық, ыстық бумен, газбен күйіп қалу жатады.      

Өндірісте көздің жоғарыда көрсетілген және басқа да көптеген зақымдану түрі, шүбәсіз индивидуалды корғаныс профилактикалық шара қабылдау және еңбек шартын жаппай сауықтыру жолын ескертуге болады. Көздің индивидуалды қорғаныс құралына бірінші кезекте көзқорғайтын ашық және жабық типті көзілдірік, жартылай маска, орбиталар және бет бөлігін жабушы, қолды және баскиімдік қалқан, арнайы тағайындалған маскалар[35].

Қоғамымыздың басты мақсаты - еңбекті адамның бірінші кезектегі өмірлік қажеттілігіне айналдыру. Ал, тиімді еңбек ету үшін еңбекшілерге қажетті жағдай жасау, олардың денсаулығын сақтау, еңбек жағдайының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәсіби сырқатты және өндірісте зақымдануды болдырмау қажет. Еңбек қорғау ғылымы осы мәселелермен, яғни еңбектің зиянсыз, қауіпсіз жағдайларын жасаудың проблемаларымен айналысады.    

Қысқасы еңбек қорғау дегеніміз - тиісті заң және нормативтік актілердің негізінде еңбек процесінде адамның қауіпсіздігін, денсаулығымен жұмыс қабілетін сақтауды қамтамасыз ететін, әлеуметтік - экономикалық, ұйымдастыру, техникалық, гигиеналық және емдеу алдын алу шараларын білдіреді. Еңбекті қорғау еңбек қорғаудың заңдылықтарын, өндірістік санитарияны, қауіпсіздік техникасын және өрт қауіпсіздігін қамтиды.

Еңбек қорғаудың зандылықтарын: Қазақстан Республикасының заңдары мен басқа да мемлекеттік актілері, кәсіподақ ұйымдарымен келісілген министрліктердің нұсқаулары мен ережелері, сондай-ақ ішкі тәртіп ережесінде көрсетілген еңбек қорғаудың нормалары жатады.

Өндірістік санитария дегеніміз - еңбекшіге зиянды өндірістік факторлардың әсерін болдырмауды ұйымдастыру, гигиеналық және санитарлық - техникалық шаралармен құралдардың жүйесі.

Өрт қауіпсіздігі дегеніміз - өрттің алдын-алудың, өрт шығу себептерін жоюдың, өрттің жайылуына жол бермеудің, адамдарды, жануарларды және материалдық құндылықтарды жедел көшіруді ұйымдастырудың және өртті сөндіру шараларының жүйесі [36].

 

3.1 Жобаланатын өндірісті қауіп-қатерлерін талдау

 

Адам еңбек ету кезінде түрлі еңбек құралдарымен, машиналармен, сондай-ақ басқа адамдармен қарым-қатынаста болады. Сондай-ақ жұмыс кезінде адамға ауаның температурасы, ылғалдылығы, шу, діріл, түрлі жарықтық, т.б. түрлі өндірістік жағдайларда әсер етеді. Осының бәрі белгілі бір өндірістік жағдайды қалыптастырады және адамның денсаулығы мен жұмысқа қабілеті және оның жұмысының өнімділігі осы жағдайларға байланысты болады. Жоғарыдағы жағдайлар нашар ұйымдастырылған болса, еңбеккерлердің жарақаттануы мен науқастануына басты себеп болады.

Сонымен, еңбек жағдайы дегеніміз - еңбек ету кезінде адамның денсаулығы мен еңбекке қабілетіне әсер ететін өндірістік факторлардың жиынтығы.

Ауыл шаруашылығының ең басты саласының бірі - егін шаруашылығында, еңбек қорғаудың өз ерекшелігі бар. Егін егу мен жинау науқандары негізінен далалық қоста механизаторлармен жұмысшы звенолары қону арқылы атқарылады. Далалық қостың санитарлық-гигиеналық жағдайы қатаң нормативтерге сай болуы тиіс. Әсіресе механизммен жұмыс істейтін механизаторлар мен көмекшілеріне ерекше енбекті қорғауды ұйымдастыру және қауіпсіздікті сақтау жағдайын талқылау.

Қазіргі заман өндірістік шаруашылықтары үздіксіз жаңа және күрделі машина, техника, агрегаттар құралдармен жабдықталып тұрады. Олар қауіпсіздікті қорғау талабына сай ғимараттармен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ шаруашылықта электр энергиясынан пайдалану жұмыстарды, қызметшілерді электр қауіпсіздігі және техника қауіпсіздігімен танысу міндетті болады.

Шаруашылықты химиялндыру ауылшаруашылығы қызметкерлерін улы заттар және тыңайтқыштар жұмыс атқару тәсілдерін терең үйренуді талап етеді. Себебі аталған заттармен білімсіз жұмыс атқару тек улануға емес тіпті жарылыс және өрткеде алып келеді.

Еңбекті қорғау ауыл шаруашылығында жұмысшылардың еңбек жасау жағдайын жақсартуда қорғауда санитарлық-гигиеналық техникалық жұмыстарды жүргізуде заңмен қадағаланады.

Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі жұмыс атқарудың күрделігі ауыл шаруашылығы өсімдіктері және жануарлардың үздіксіз өсіп-өніп өркендеп баруы және олардың өнімін асыруда өз уақытында алдын-ала шараларды қолдану болып табылады.

Түрлі табиғи және кездейсоқ жағдайларға байланысты жоспарланған жұмыстар өз уақытында атқарылмай қалып кейде жұмыс уақытынан кейін түнде жұмыс атқаруға тура келеді. Солай етіп жұмыстың жүру реті бұзылады. Бұл жағдайда шешуші ролді шаруашылық басшыларының жұмысшылар еңбегін дұрыс ұйымдастыру қабілеті қажет.

Техникалық қауіпсіздік бойынша қазіргі заман талабына сай барлық өзі жүретін техникалар конструкциясы бойынша таратылады. Ауыл шаруашылығы машиналар, тракторлар айдаушылар травма қауіпсіздігі үшін алынатын, ығыстырылатын, көшірілетін жабдықтармен қамтамасыз етіледі.

Жоғарыдағы аталған қауіпсіздік талаптарына жауап беретін (механизм болмауы, жабдықталмаған жұмыс орны, жөнделмеген тежегіштер, дыбысты белгілері болмаған, алғашқы жәрдем дәрі-дәрмек құтысы және температураны түсіретін дәрмек болмаған техникалар) жұмыс атқаруға жіберілмейді.

 

3.2 Минералды   тыңайтқыштар,   жеке   химикаттармен   жұмыс атқаруда еңбек қауіпсіздігі

 

Минералды тыңайтқыштар химикаттармен жұмыс атқару агроөндіріс, ауыл шаруашылығын химияландыру басқармасының кепілдемелерімен ауыл шаруашылығы кәсіп союзы (профсоюз) келісімімен қамтамасыз етілу қажет. Минерал тыңайтқыштар және химикаттар тарату арнайы складтардан пайдаланады.

Минералды тыңайтқыштар, химикаттарды сақтау жағдайы, олардың физика-химиялық қасиеттеріне, арнайьшығына байланысты болғаны үшін склдтар жалпы және арнайы болып бөлінеді.

Көбінесе сұйық химикаттарды сақтауда үлкен қауіп туылады, сол үшін оларды сақтауда және тасымалдауда крандардың толық жабылуына, тесік жарық болмауына, монометр жағдайына, сұйықтың көлеміне, тағы басқа қауіпсіздік шараларға үлкен назар аударылуы қажет.                           

Химиялық өсімдіктерді қорғау препараттардан пайдалануда, үлкен сергектік сакталуымен бір қатарда жеке қорғаныс заттарынан дұрыс және өз уақытында пйдалану қажет [38.39.40].                                                            

Химиялық препараттармен жұмыс атқаруда тек дені сау медициналық көріктен өткен және химиялық препараттар қасиеттерін әсерін жақсы білетін олармен дұрыс жұмыс істей алатын адамдарға рұқсат беріледі. Химиялық заттармен жұмыс атқару тәулікте 6-сағаттан артпауы қажет. Әр бір шаруашылықта химиялық улы заттарды ауыл шаруашылығы өсімдіктеріне зиянкестерге қарсы жұмсалуы қатаң есепке алынуы керек.

Химиялық қауіпті заттармен жұмыс алып барғанда жұмысты бастаудан алдын сол аймаққа жақын тұрғандар және медициналық пункт қызметкерлері құлақтандырылуы қажет. Уақытшалық қауіпті аудандарда қорғаныс, түсті маталар, жалаулар, белгілер қойылады.

Өндірістік санитария мен еңбек гигиенасы.Дипломдық жобада санитарлы-техникалы гигиеналық шартта мына факторларды ескерген жөн, яғни қызметкерлердің денсаулығы мен еңбек өнімділігіне әсер ететін факторлар.

Өндірістік санитария мынадай санитарлық жұмыстарды мерзімді түрде жүргізіп отыруды талап етеді, яғни күнделікті жұмыс орнында ылғалды тазалау жүргізіп отыру, ал эстетикасы жұмыс орнын көру рецепторларының реакциясын есепке ала отырып дайындауды талап етеді, себебі жұмыс қалай болғанда да технологиялық процеспен байланысты болғандықтан организмнің жүйесіне зиянды әсер етеді.

Өндірістік санитария жұмыс алаңдарында зиянды өндірістік факторлардың әсерін тоқтататын ұйымдық, гигиеналық және санитарлы-техникалық іс шаралар мен құралдар жүйесін береді.

Автоматтандырылған жұмыс орындары орнатылған жұмыс жайларында олардың өлшемі (ауданы, көлемі) ең алдымен оларда орнатылған және жұмыс істейтін аппараттық құралдар комплектісінің санына сәйкес келукерек. Оларда ауа температурасының, жарықтанудың, ауа тазалығының сәйкес параметрлері қарастырылады, өндірістік шудан оқшаулауды қамтамасыз етеді және т.с.с.

Еңбектің қалыпты жағдайын қамтамасыз ету үшін санитарлық нормаларды бір жұмысшыға орнатады, жұмыс аумағының көлемі 15 м кем емес. Қабырға көтерілген немесе тұйық қоршаулармен салынған алаң жасанды жарықтанумен және жалпы алмастырғыш желдеткішпен қамтылғандықтан ауданы 4,5 м3 кем емес. Машиналар залы мен магнитті тасығыштар сақтайтын орындарға арнайы сұраныстар қойылған. Машина залының ауданы жабдықтардың берілген типінің зауыттағы техникалық шарттарына сәйкес келуі керек.

Көлеңке жақта орналасқан, яғни жарық аз түсетін жайларда жасанды жарық немесе араласқан жарықты қолданады. Сонымен қоса қосымша жасанды жарықтану тек қараңғы кезде ғана емес тәуліктің жарық кезінде де қолданылады. Жұмыс орнының рационалды түрде түстік дайындалуы еңбектің санитарлы-гигиеналық шартын жақсартуға, оның өнімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

Жұмыс орнының бояу түсі адамның жүйке жүйесіне, оның көңіл күйі мен соңғы есепте еңбек өнімділігіне тікелей әсер етеді.

Негізгі өндірістік жұмыс аумақтарын мақсатты түрде техникалық құралдардың түсіне сәйкес бояу керек. Жұмыс аумағы мен жабдықтың жарықталуы жұмсақ, жылтырсыз болуы қажет.

Жұмыс орындарындағы метеорологиялық шарттар. Дипломдық жобада метеорологиялық шартта мына факторларды ескерген жөн, яғни қызметкерлердің денсаулығы мен еңбек өнімділігіне әсер ететін факторлар.

Өндірістік ортадағы метеорологиялық шарттар — температура, ылғалдылық және ауа қозғалысының жылдамдығы адам организмінің жылу алмасуын анықтайды және организмнің түрлі жүйелерінің функцияналдық жағдайына, қалыпты жағдайына, жұмыс істеу қарқындылығы мен денсаулығына айтарлықтай әсер етеді. Одан қоймай, жылу алмасудың бұзылуынан (салқындап кетуі немесе ысып кетуі) адамға зиянды заттардың, вибрациялар мен басқа да өндірістік факторлардың әсер етуі күшейеді.

Метеорологиялық факторлар жеке дара да немесе олардың бір-бірімен үйлесімі адамның функциялдық іс әрекетіне, қалыпты жағдайы мен денсаулығына үлкен әсерін тигізеді.

Мемлекеттік стандарттармен оптималды микроклиматтық жағдайлар орнатылған. Олар жылулық комфорт пен жоғары жұмыс қабілеттілігі үшін жайлы жағдайлар қамтамасыз етеді. Температураның рұқсат етілген нормасы - 18 ден 250C, қатысты ылғалдылық - 75% шамасында, ауа қозғалысының жылдамдығы — 0,5 м/с, қысым 760-765 мм. рт. ст.

Жұмыс алаңында қысқы және өтпелі жыл кезеңінде ылғалдыққа, ауа қозғалысының жылдамдығына қатысты температураның оптималды және рұқсат етілген нормалары келесі таблицада көрсетілген.

1-жұмыстар, отырып, тұрып жасайтын немесе жүрумен байланысты, бірақ ауыр заттарды көтеріп, жылжытуды, физикалық күшті қажет ететін жұмыстар.

2-жұмыстар, жүріп істеумен байланысты, бірақ ауыр заттарды жылжытумен байланысты емес.

3-жұмыстар, жүйелі түрде физикалық күш жұмсауды талап ететін жұмыстар (10 кг асатын ауыр заттарды үнемі көтеріп, жылжыту).

Электр қауіпсіздігі. Қазіргі уақытта қандай да болсын өнеркәсіпті электр энергияны қолданусыз жұмыс істеуінің өзін елестету қиын. Еліміздегі халық  шаруашылығының қарқынды дамуы, өндріске жана техника, автоматизация ендіру технологиялық процесс механизациясы электр энергиясын тұтынуға үлкен қажеттілік тудырады.

Бұндай болмауы үшін, электр қондырғышының ток жүрмейтін металл
бөлігінен жерлендіру қорғанысы жүргізіледі.                                                 

Электр қондырғышының апатсыз жұмыс істеуі, сондай - ақ электр жарақат жағдайы көбінесе басшылықтың квалификациясы мен қызмет етуші қызметкерлер және электр желісі, электр қондырғыда жұмысты ұйымдастыруға тәуелді. Осы мақсаттар өнеркәсіпте арнайы дайындалған электротехникалық қызметкерлер қатарынан өнеркәсіп электр шарушьшығының жалпы эксплуатациялық күйіне жауап беруші тұлға тағайындалуы тиіс.

 

3.3 Шаруашылықта өрт қауіпсіздігі жағдайына сипаттама

 

Жану процесі күрделі физика-химиялық процесс болып саналады, жанатын заттармен оксидтеушілер, қышқылдар арасында жылу және жалын бөлумен жүреді.                                                                                                

Өрт пайда болуына жану процесі көзі, жанатын заттар және 14% көбірек ауада оттегі болуы керек.

Өрт дегенде арнайы жану көзі болмаған жерлерде басқарылмайтын және материалдық шығындарға алып келетін жалын көзін айтамыз. Өрттің себептері түрліше, көбінесе өрт адам әсерінде пайда болады. Кейбір жағдайларда электрленген найзағай әсеріненде болуы мүмкін.

Өндірістік ғимараттар, құрылыстың барлық А. категориясы сондай-ак, тыңайтқыш складтары, химиялық препараттар, өсімдіктерді қорғау үшін қолданылатын химиялық заттар складтары, тұрғындар жасайтын ауданнан бөлек, ашық және техникалар еркін жүре алатын жерлерге құрылысы қажет. Ауылдық өңір шаруашылық басқармасы жұмыс орындарында өрттен сақтау және құтқару бойынша өрттен қорғау қарауылдық штаттар немесе өз еркімен өрт дружинасын түзеді. Ал үлкен өндіріс орындары, мал шаруашылығы фермаларында өрттен қорғау бөлімшелері қызмет атқарады.

Өртті өшіру жабдықтарына: су, химиялық қосылыстағы көбікті жанбайтын сұйықтық, булы сұйықтық, көмір қышқыл газы механикалық жолмен өрттен қорғауға барлық топырақ түрі, киіз, жабуға жарайтын жабынғыштар кіреді. Жоғарылардан басқа оттегінің төмендетілген концентрациясы инертті газ - азот қолданады. Өрт сөндіруде өртті сөндіргіш балон және порошоктарды пайдаланамыз. Өрттің алдын алу шаралары. Өрт себептері. Сөндіргіш құралдар мен өрт сөндіру ұйымдары.

Өрт сөндіру құралы ретінде келесілер қолданылады: сұйық және булы күйдегі су, құм, химиялық және механикалық заттарды қосу нәтижесінде алынатын көбік, көмірқышқыл газы, грунттың барлық түрлері. Барлық өрт сөндіргіштердің ішінде ең тиімдісі - өртсөндіргіштер. Оның 2 түрі бар: көбікті және көмірқышқылды.

Көбікті өртсөндіргішті ОХП – 10 кішкене өрттерді сөндіруде қолданылады.

Көмірқышқылды өртсөндіргіштерді ОУ – 2, ОУ – 5 және ОУ – 8 мекемелерді, тоқ астындағы және жанып жатқан құралдарды сөндіруде қолданады. 30 мың адам жасайтын ауылдық жайлы және поселкаларда судың бір ғимаратқа жұмсалуы (15 л/с) дұрыс келеді. Ауылдық құс фермасы, жалпы ғимараттар үшін 2,5- 5 л/с ағатын су дұрыс келетін. Ауылдық жерлерде сумен қамтамасыздандыру көзі болып (өзен, көл, тоғандар немесе жасанды өрт сөндіру бассейндері ) есептеледі. Сыртқы және ішкі өрт өшіру су жұмсалу нормасын төмендегідей формуламен есептеуге болады:

Qп = 3,6 х 1х  3 х 2500 = 28600         (1)

мұнда: q – ішкі және сыртқы өрт өшіруге кететін су сығым нормасы

Тn - өрт уақыты.

Пn – бірдей басталған өрт, өрт бассейні жұмсалмайтын су қоры м3.

Wп = 28600 +2400 + 0,5х 2000= 31000        (2)

мұнда: Qт – техникалық бағытта жұмсалған су м3/сағ.

Qх – шаруашылық бағытына жұмсалатын су м3/сағ.

Өрт өшіруде су құндағынан ағатын су жылдамдығы төмендегі формуламен анықтайды:

V0 = √ 2 х1х9,8 = 9,6                        (3)

мұндағы: Н – құдықтағы су сығымы м.

g = 9,8 м2/с.

Ауа қарсылығын есепке алмағанда судың атқылауының теориялық қашықтығы, теңдеуге қарасақ:

         9,6

L  = ----------- 35 =  336                     (4)

              1

мұндағы:α = 350

Бір құндақтағы су жұмсалуын төмендегі формуламен анықтауға болады.  

Qқұн. = 0,5х 32 х  √2х 9,8х36 =  120                 (5)

мұнда: М – жұмсалу коэффициенті, ол атқылау диаметрі (0,5) есебінде.

S – құндақ тесігі көлемі мм2.

Өндірістік және мәдени қызмет ғимараттарында өрт сөндіруде негізгі мақсат және атқарылатын қызмет адамдарды эвакуациялау және бағалы нәрселерді тасымалдып құтқарып алу болып есептеледі.

Эвакуациялауға кететін уақыт адамдар жағдайының жоғары критикалық көрсеткішіне байланысты. Оларға: температура 600 С жоғары, бөлмедегі ауада оттегінің мөлшері нормадан (20%) төмендеуі, түтін нәтежесінде көру қашықтығы кемиді.Ауада улы заттардың пайда болуы кіреді.

Төтенше жағдайлар және тіршілік қауіпсіздігі Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы" туралы заңы қабылданды, осы Заң Қазақстан Республикасындағы еңбекті қорғау саласындағы қоғамдық өзара қарым - қатынастарын реттейді және еңбек қызметі кезінде, процесінде енбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қызметкерлердің, жұмысшылардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған, сондай - ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті корғау саласындағы мемлекеттің саясатының ең негізгі принциптері мен бағыттарын белгілейді және бекітеді. Қызметкерлерді зиянды және өнірістік қауіпті факторлардан қорғауға арналған арнайы киімдермен қамт

Осы Заңның 5 - ші тарауының (Еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды ұйымдастыру) 21 - бабында (Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметте):

1) Қызметкерлер саны елуден асатын өндірістік ұйымдарында еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау талаптарының сақталуын қамтамасызету мақсатында жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау қызметін кұруға міндетті. Еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау қызметі өзінің мәртебесі жағынан негізгі өндірістік қызметтерге теңестіріледі.

Төтенше жағдай - бұл авариялық табиғи қауіпті құбылыстан, апаттан, стихиялық және басқа да қауіпті және зиянды факторлардан пайда болатын белгілі бір аймақтағы, сонымен қатар өмір жағдайын бұзатын және материялдық шығын әкеліп соқтыратын апат жері.

Төтенше жағдай ошақ көзінің мінездемесімен және масштабымен классификацияланады.

Ошақ көзінің мінездемесі бойынша төтенше жағдай екіге бөлінеді:

Техногендік және табиғи.

Техногендік сипаттағы төтенше жағдай тыныштық жағдайда болуы мүмкін. Бұл қауіпті уландыратын химиялық заттардың қалдықтарынан пайда болады, өндірістік авариялар, өрт және жарылыс қаупі, көліктік авариялар: темір жолдағы, машиналық, теңіздегі және өзіндік, сонымен қатар метрополитендегі қауіпті жағдайлар.

Масштабы бойынша төтенше жағдай аварияларға бөлінеді. Бұл жағдайда техникалық жүйенің құрылыстың, көлік құралдарының бұзылуы байқалады. Ал апат жағдайларға материалдық құндылықтардың бұзылуы ғана емес, сонымен қатар адам өлімі деп байқалады.

Барлық апат түрлеріне, олардың аумағына тәуелді емес келесі критериялар қолданылады:

  • апат кезіндегі өлім саны;
  • жарақат алғандардың саны (жарақаттан қайтыс болғандар, мүгедекке
    ұшырағандар);
  • жекелік және қауымдық жағдай;
  • физикалық және психологиялық жағдай;
  • материалдық шығын.

Өндірістің барлық сферасында пайда болатын апаттар саны күннен күнге дейін өсуде. Бұл жағдайлар жаңа техникалық және материалдарды, ауылдық тұрмыстарды қолдану және т.б. факторлармен байланысты болып келеді.

Авариялардың болу себептері:

- жобалау  кезіндегі қателіктер  және  құрылыстардың  қауіпсіздігін
қорғаудың кемшіліктері;

  • сапалы емес құрылыс,
  • өндірістің дұрыс орналыстырмауы;
  • жеткіліксіз  дайындықтан     техникалық     процесс     талаптарының
    бұзылуы;

-өндірістің түрлеріне байланысты организациялық объектілердегі авариялар мен апаттар және көліктегі апаттар келесі сипатта кездесуі мүмкін. Олар: жарылыс, радиоактивті заттардың қалдықтары, өрттің пайда болуы және т.б.

 

4  Қоршаған ортаны қорғау

 

Табиғат ресурстары – адамзаттың жасауы үшін табиғат қойнынан алып пайдаланатын түрлі заттар. Оларға: топырақ құнарлығы, өсімдіктер түрлері, су, кен, орман, көмір, мұнай, адамзат техникаларға энергия көзі болған түрлі  жанатын заттар, жабайы өсімдік және жануарлар, адамзатқа қосымша қоректік болған т.б. кіреді. Солай етіп табиғи ресурстар адамзат қауымының материалдық базасын жарататын бір бүтін дене болып есептеледі. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану, егістік жерлердің физикалық тозудан және химиялық ластанудан қорғау экологиялық қолайсыздық  дәрежесінің көрсеткіштерне негізделген. (ҚР экологиялық кодексі 31 тарау, 209 баптың екінші тармағы) [41. 42.43].

Табиғи ресурстардан пайдалану классификациясында ресурстар сарқылуына қарай пайдаланылады. Соған қарай табиғат ресурстары сарқылатын және сарқылмайтын болып бөлінеді. Ол өз ретінде қайта тіктелетін және қайта тіктелмейтін болып бөлінеді.

Сарқылмайтын табиғат ресурстарына климаттық факторлар: күн радиациясы, жауын шашын, энергия, жел жатады. Су байлықтары дүние жүзіндегі көлемімен сарқылмайтын ресурстарға жатқанмен кейбір жерлерде өте қажетті және дефицитті болып есептеледі, соның үшін суды үнемдеу керек. Тиімді пайдалану заман талабына сай келеді.

Сарқылатын табиғи ресурстар қайта тіктелетін және қайта тіктелмейтін болып бөлінеді. Қайта тіктелмейтін ресурстарға қазылма байлықтар кіріп, олардан немқұрайлы пайдалану бұл ресурстардың сарылуына келіп соғады.

Қазақстан Республикасының 272,2 млн. гектар жалпы аумағының 185,2 млн.га мал азығының жайылымдары, оның ішінде 75% шөл және шөлейт аймақтарда жатыр.

Қоршаған ортаны қорғау туралы БҰҰ-ның Бағдарламасы және Конвенциялық қаржы жасалуымен 1996 жылы Қазақстан Республикасының бүлінген жерлеріне қарсы күресу туралы Ұлттық Бағдарлама түзілді (ҰБӘ). Конвенцияда Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының стратегиялық мақсаты, адамзатқа қолайлы тіршілік ортаны ыңғайлы өндірістермен дамытуға және табиғат ресурстарын адамзат игілігіне дұрыс пайдалануды ұсынылды.[ 44].

Республика бойынша шөлді және шөлейтті жайылымдар 122,6 млн. гектарды құрайды. Сонымен қатар мал өрістеріне пайдаланылатын жайылымдық жерлердегі азық сыйымдылығы жылдан-жылға нашарлауда. Жайылымның шамамен 21 млн.гектары толығымен тозуы салдарынан шаруашылықта пайдаланудан қалып, миллиондаған гектарын желінбейтін улы және арамшөп өсімдіктер басып кетуде.

Бірінші кезекте су қорларының маңы, қой қоралары, ауылдар мен жеке жайлар маңайындағы жайылымдық учаскелердің оты нашарлап ауыл шаруашылық егістік жерлерінің топырақ құнарлылығы жылдан –жылға төмендеп барады. Онымен күресудің бірден бір жолы ауыспалы егісті пайдалану, үстеп қоректендіру және эрозияға қарсы шаралар ұйымдастыру. Көптеген жақсы жабдықталған отырықшы жерлер айналасындағы тозған жайылымдар радиусы кұрғақ аймақтың бірқатар аудандарында 5-7 шақырымға дейін және одан да көбірек ұлғаюда. Жайылымдардың тозуын тоқтату мәселесі мен оларды қалпына келтіру – бүгінгі таңдағы кезек күттірмейтін мәселе. Себебі өрістің тозуымен Қазақстанның дәстүрлі мал шаруашылығы салалары – экологиялық таза және арзан өнім беретін қой шаруашылығы, еттік ірі қара шаруашылығы, табындық жылқы шаруашылығы қоса жойылуда. Бұл үшін жалғыз ғана жол – жайылымның өнімін арттырып, мал шаруашылығын қарқындату. Сондықтан бүгінгі күннің талабына сай өндірісті өркендетіп, әлеуметтік және технологиялық жағдайлар жасалуы қажет.

Жайылым өсімдіктерін қорғау және оларды пайдалану, биогеоценоздарды сақтау, қазіргі кездің ең негізгі мәселесі, ол арқылы негізгі азықтық қорды нығайту Қазақстан Республикасының әрбір регионында жайылым өсімдіктерін терең зерттеуді талап етеді. Қазіргі кезеңде жайылымдық ресурстарды қорғау және пайдалану мәселесін шешу ең алдымен табиғи жайылымдардың жан-жақты ландшафтарының динамикалық компоненттерін зерттеуді керек етеді.

Мал шаруашылығына қажетті азықтың үштен екісін беріп отырған табиғи жайылымдары бар Оңтүстік Қазақстан республикадағы ірі региондардың бірі. Бұл жердегі табиғи жайылымдар өсімдіктер құрамына және топырақ жерлеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Олар негізінен Қаратау жоталары мен Батыс Тянь-Шань бөктерінің жазықтарында жатқан раңды және жусанды раңды, Сырдария мен Шу аңғарында сортаңды, Бетпақдала үстіртінде жартылай бұталы, Мойынқұм мен Қызылқұм алқаптарындағы шөптесін бұталы жайылымдар. Бұл жайылымдардың әр қайсысы өзінің макро және микро жағдайларына байланысты экологиялық ерекшеліктерімен көрінеді.

Қазіргі жағдайда, халық шаруашылығы сферасында, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану жөнінде үлкен шаралар жүргізіліп жатқан кезде өсімдіктер трансформациясының әр түрлі факторлардан өзгеруін зерттеу туралы хабардар болуға болады. Бұл жұмыстың негізі - шөл жайылымының құрамы мен құрылымын экологиямен ұштастырып, кеңістіктің ерекшеліктерін, аумақтағы өсімдіктердің өзгеру себептерін зерттеу.

Қазақстанда қоғамдық және барлық санаттардағы мал үшін жемшөп базасын нығайту мал өнімдерін молайтуда шешуші роль атрақатыны сөзсіз. Соңғы жылдары нарықтық экономика жағдайына көшуіне байланысты малдар жеке қожалықтарға беріліп, мемлекетте колхоз бен совхоздар жойылды. Мал шаруашылығын интенсивтендіру және бұл саланы өндірістік негізге көшіру, өсіру технологиялары жойылып асыл тұқымды малдар қолдан-қолға өтіп, мал мен құс бұрын-соңды болмаған дәрежеде өспей отыр. Соның салдарынан бірқатар шаруашылықтарда мал санын өсіру, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру мен дайындау қарқыны талап, деңгейде емес.

Кез-келген өсімдіктің тіршілік ортасында бір мезгілде климаттық, эдофиттік және биотикалық факторлар әсер етеді.

Өсімдіктің дамуына үздіксіз әсер ететін негізгі факторлардың бірі – ылғалдылық. Осыған байланысты Оңтүстік Қазақстан облысының климаттық ерекшелігіне байланысты өсімдіктердің ылғалдылық факторына бейімделе отырып, морфологиялық және анатомиялық құрылысындағы өзгерістерді анықтау өзекті мәселелерді қамтиды.

Соңғы 20-30 жыл көлемінде болған экологиялық дағдарыстар, тиімсіз кәсіптік, шаруашылық әрекеттердің кең етек алуы табиғи өсімдік байлығын қорғау, сақтау, тиімді пайдалану мәселелерін күн тәртібіне қойып отыр. Әсіресе бұл еліміздің шөл жайылым шаруашылығында ерекше назар аударатын жай.

Табиғи жайылымдардың азып-тозуы, бағалы мал азықтық өсімдіктердің сиреу шөлді алқаптарды жерсіндіру жұмысын ғылыми тұрғыдан шешуді қажет етеді. Жерсіндіру жұмысының жемісті болуының басты шарты ол өсімдіктің жаңа ортаға бейімделу мүмкіншілігінде.

Өсімдікті басқа бір жерде өсіру, оның ерекшеліктерінің сол жердің жағдайына сәйкес келуі туралы пікірлер, жерсіндіруге бағытталған алғашқы жұмыстардан бастап-ақ орын алған.

Қазақстанның оңтүстік өңірінде жоңышқа негізгі мал азығындық дақылдың бірі. Аймақтағы суармалы  және тәлімі егіншілікте астық мал азықтық, мақта, көкөніс дақылдарының ауыспалы егісінде өсіріледі. Жоңышқаның ауыспалы егістегі маңызы ерекше, ол бірден-бір топырақ құнарлылығын қалпына келтіріп, физикалық қасиетін жақсартатын өсімдік. Өкінішке орай, соңғы жылдары бұл бағалы мал азығындық дақылдың облыс бойынша егіс көлемі 150 мың гектарға азайып кетті.

Кеңес Одағы кезінде біздің өлкемізде мал азығын дайындау мақсатында өсірілетін жоңышқа егіс көлемі 350-400 мың гектар жерді құраса, тұқымдыққа себілетін егістік 40-41 мың гектар, әр жылы себілетін егістік 80-85 мың гектарды қамтитын.

 

4.1 Топырақ қорғау егіншілігінде ауыспалы егіс жүйесінің  маңызы

 

Қазіргі таңда Қазақстанның оңтүстігінде қалыптасқан жағдайда, егіншіліктегі ұсынылған ауыспалы егіс жүйесі түбегейлі бұзылған. Көптеген дақылдар жылда бір танапқа монодақыл ретінде өсіріледі. Нәтижесінде топырақ құнарлылығы төмендеп, жарамсыз жерлердің көбеюіне септігін тигізуде. Жоғарыда айтып өткеніміздей, жоңышқа дақылы Қазақстанның оңтүстік өңірінде өсірілетін барлық дақылдарға негізгі алғы дақыл болып табылады.

Жоңышқа дақылы тек мал азығы ғана емес, оның басқа да маңыздылығы бар: біріншіден топырақты басқа дақылдар үшін қажет заттар мен (азот, кальций) байытады: топырақтың механикалық қасиетін жақсартады (топырақ түйіршіктерін түзеді), қуаңшылық жылдары бұл өсімдіктің тамыр жүйесі топырақтың жоғары қабатының жарылуына кедергі жасайды.

Тәлімі жерде тұқымдыққа өсірілетін жоңышқа танабы тегіс, арамшөптерден таза, ылғалмен қамтамасыз етілген егістік болуы тиіс. Ал суармалы егіншілік жағдайында танап топырағының сапалы дайындалуы, тегістігі және арамшөптерден тазалығы ескерілуі тиіс.

Өсімдіктердің қалыпты дамуына жер асты суларының және топырақтағы ылғалдылық қоры тікелей әсер етеді. Ортаның, жердің рельефі, топырақтың құрылымы өсімдіктердің тіршілік әрекетіне айтарлықтай әсер етіп, өсімдіктердің тамыр жүйесінің құрылысы топырақтың аэрациясына, құрылымына, құрамына, гидрометриялық жағдайына байланысты келеді.

Көптеген дала өсімдіктерінің тамырлары өзгеше болып, суды өте терең қабаттан сора алады, ал беткі гумус қабатындағы тамырлар жерден минералды элементтерді қабылдайды. Ылғалдылықты бойына сіңірген өсімдіктерде сулы ерітінділер түрінде әртүрлі заттар қозғалады. Олар қоршаған ортадан түседі.

Ылғалды немесе суды қабылдау және оны ағзадан буландыру арқылы өсімдікте ағыс жолы пайда болады, олар денесін қызып кетуден сақтап, барлық биохимиялық және физиологиялық процестердің қалыпты өтуіне мүмкіндік жасайды.

Ылғалдылық – тіршілік ортасының ең маңызды экологиялық факторы. Жер бетіндегі ылғалдылықтың мөлшері әртүрлі және үнемі өзгеріп отырады. Өсімдіктерде осыған байланысты ағзасында түрлі бейімделулер осы жағдайға қалыптасады. Өсімдік атаулысының ағзасындағы өзгерістер тек ылғалдылықтың сақталуы мен оны пайдалану нәтижесінде жүріп отырған.

Төменгі сатыдағы өсімдіктер ылғалдан субстраттан талломдары арқылы алып отырған, ал жаңбыр мен тұманның ылғалын бүкіл денесімен сіңірген. Қыналар ісінген кезде денесіндегі судың мөлшері құрғақ кездегіден 2-3 есе көп болады.

Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің ішінен мүктер суды ризоидтары арқылы сорады. Осыған байланысты олардың тамыры жасушаларында сору күші бар. Құрғақ аудандардың өсімдіктерінде тамыр сору күші 60 атм дейін жетеді.

Су режиміне байланысты өсімдіктерде түрлі экологиялық топтар пайда болады.

1. Гидатофиттер – (hudatos-су) – денесі суға толық батып тұратын су өсімдіктері.

2. Аэрогидатофиттер – (аэр-ауа) денесі суға түгелге дерлік батып тұратын, жапырақтарының бір бөлігі судың бетінде болатын өсімдіктер.

3. Гидрофиттер (hydatos-су) – денелері суға әртүрлі дрежеде жартылай батып тұратын су өсімдіктері.

4. Гигрофиттер (hydras-ылғал) – ылғалды топырақпен ылғалы мол ауада өсетін өсімдіктер. Олардың ішінде күн сүйгіштер мен көлеңке сүйгіштер кездеседі.

5. Мезофиттер (mesos-аралық) – орта ылғалдықты, жылы климатты жерлерде, қоректі заттары мол топырақта өседі.

6. Ксерофиттер – (xoros- құрғақ) – ылғалы аз жерлерде өсетін, осыған байланысты суды аз буландырып, бойында сақтайтын өсімдіктер. Олар су алмасуын жақсы реттейді, сондықтан құрғақшылық кезінде де өздерінің белсенді тіршілігін жалғастырады. Бұл шөлдің құрғақ даланың, құмды жерлердің өсімдіктері.

Ылғалдылық – құрғақта тіршілік ететін ағзалар үшін негізгі фактор. Сусыз ағзада үздіксіз жүріп жатқан процестер, биохимиялық реакциялар, ыдырау мен қалыптасу, зат және газ алмасу процестері жүруі мүмкін емес. Су ағза үшін өте қажет әрі ағзаның жалпы массасының көп бөлігін алады, мысалы өсімдік жапырағының 83-86% алады.

Мезофиттер – ылғалдылығы қалыпты ортаның өсімдіктері, әрі кең тараған экологиялық тобы. Олар бір-бірінен сумен қамтамасыз етілуі мен тіршілік ортасының су режиміне қарай, шығу тегі, құрылысы мен тіршілік формасы жөнінен ажыратылады.

Олардың біреуі су өсімдіктеріне жақын болса, екіншісі құрғақ жерде өсетін өсімдіктерге ұқсас, ал үшіншісі кәдімгі мезофиттер. Негізінде мезофиттер күн сүйгіш болып келеді, арасында көлеңкеге төзімді түрлері де кездеседі. Олар әдетте минералды элементтерге бай топырақта өседі. Барлық мезофиттерге тән ерекшелік, олар топырақта ылғалдылықтың қалыпты болуын қалайды, ыстыққа, құрғақшылыққа төзбейді.

 

4.2 Бұл диплом жұмысында ауыспалы егісте жоңышқаның маңыздылығы нақты дәлелденген

 

Тәлімі егіншіліктегі ауыспалы егісте көп жылдық шөптесін өсімдіктерді егу жолымен топырақ құнарлылығын 5 жылда қалыпқа келтіруге, яғни тәлімі егіншілік жағдайында сұр топырақтарда 1 гектарға 6 тонна органикалық қалдықтар жиналады.

Ғалымдардың тұжырымдары бойынша жоңышқа өсіру төмендегідей негізгі іс-шаралардан құралады:

а) бір және бірнеше орудан арамшөптердің саны азаяды;

б) тамыры топыраққа терең енеді, басқа өсімдіктер сіңіре алмайтын фосфаттарды сіңімді күйге куелтіреді;

в) өнім жинаудан кейін өсімдік  тамырларының  қалуы эрозиялардан қорғайды.

Әлемдік тәжірибелердің көрсеткеніндей жоңышқа өсіру қолданғанда мынандай нәтиже алуға болады:

- жауын-шашын көлемі аз аймақтар мен құрғақшылық әсері тән аудандарда топырақты механикалық өңдеу ылғалдың буланып, топырақтың құрғауына әкеп соқтырудан сақтайды:

- жауын-шашын бірден қатты нөсерлетіп жауатын аймақтарда топырақтағы су эрозияларынан сақтайды;

- топырағының құрылымы нашар аймақтарда механикалық өңдеу кезінде құрғақ ауа райында тез тозса, ылғал көп мезгілде топырақ кесектеніп кететіндіктен қорғайды;

- егіс жұмыстарын ерте бастауға және механикалық өңдеу жұмыстарына ауа райы кедергі келтіретін аймақтарда қолдануға ұтымды.

Қазақстанның тәлімі егіншілік жерлерінде, су және жел эрозиясына ұшыраған аймақтарында жоңышқа өсіру технологиясының атқаратын рөлінің болашағы зор.

Жоңышқа өсіру жүйесінің шағын агроқұрылымдарға (фермерлерге) беретін негізгі артықшылықтары:

- топырақ эрозиясы төмендейді және жарамсыздануы тоқтайды;

- өнімнің өзіндік құны азаяды;

- дақылдың еккеннен өнім жинарға дейінгі арақашықтығы барынша кемиді, бұл бір жерден екі өнім алу үшін маңызды;

- жерді пайдалану тиімділігі артады;

- өсімдіктердің су мен ылғалды пайдалануы жақсарады;

- топырақтың физикалық, химиялық және биологиялық сипаттары жақсара отырып, топырақ құнары қалпына келеді, соның нәтижесінде өсімдік  өнімділігі жоғарылайды;

- аймақта экологиялық жағдай жақсарады.

Сондықтан Қазақстанның оңтүстігіндегі тәлімі аймақта егістік танапты жоңышқаны сеуіп өсірудің ғылыми негізделген жүйелі жиынтығын жасау өзіндік құны төмен мал азығын өзімізде өсірілетін көлемін арттырары сөзсіз.

 

4.3 Шаруашылықта табиғатты қорғау шаралары

 

Шаруашылықта топырақты қорғауда негізгі атқарылатын жұмыстар жел және су эрозиясынан қорғау шаралары болып есептеледі. Жел эрозиясы қалаған өсімдіктер сирек алқаптарда болуы мүмкін. Сонымен бірге қатарда ауыл шаруашылығы егіндері енді пайда болған алқаптарда жел эрозиясы қауіпті болып саналады.

Жел эрозиясына қарсы бірінші шаралардың бірі алқаптарды желден қорғау. Екіншіден топырақтың ылғалдығын сақтау. Бұл мәселелерді шешуде орман жолақтарын құру, жоғары қалың сабақты өсімдіктер (жүгері,күнбағыс) егіп топырақты сақтау және басқада орман мелиоратив жұмыстары атқарылды.

Су эрозиясында табиғи  жағдайға қарап көп кездеседі. Су эрозиясының бір түрі ирригациялық эрозия болып ол суғаруда көп су нормасынан пайдаланудан келіп шығады. Эрозияның бұл түріне қарсы суландыру нормасын реттеу, отвалсыз терең аудару, бұл шарада топырақ суды көбірек сіңіру көбірек ұсталды. Және бір ең жай және оңай шаралардың бірі ауыл шаруашылығы егіндерін еніне егу, ол судың ағымын іркеді. Сондай-ақ шаруашылықта агротехникалық, орман мелиорация және гидротехникалық шараларда қолданылды.

Су көздерін қорғау

Су суармалы жерлерде өнімділікті асыру факторының бірі. Суды үлкеннен – кіші барлығымыз қорғауымыз тиістіміз. Сондай-ақ судан тиімді пайдаланып өзен су қоймаларын таза ұстап ластанудан сақтау қажет.

Ауыл шаруашылығында су резервтерінен үнемді пайдалану ауыл шаруашылығы өнімдерін кепілі соның үшін өсімдік талабына қарай суғару және техникалық суғаруға  үлкен назар аударылады.

Ауыл шаруашылығында инсектицидтерді және гербицидтерді білімсіз пайдалану олардың суға түсуіне себепші болады. Ол канал  өзен суларының сапасының бұзылуына алып келеді. Ауыл тұрғындары пайдаланатын су сапасы өте  жақсы болуы қажет. Ластанған сулар адам және  жануарларға үлкен зиянын тигізеді. Соның үшін пайдаланатын сулар қорғауды талап етеді. Ішімдік және ағынды сулардың биологиялық және бактериялық жағдайы барлық уақыт қадағалау қорғау жұмыстары жақсы қойылды.

Атмосфера ауаны қорғау.

Ауыл шаруашылығы өсімдіктері, орман, қала және қала сырты көгалдандыру үлкен зиянын тигізетін нәрсе өндірістік шығындылар есептеледі. Ауаны ластандыруда көбірек таралған және  өте улы зат бірі күкіртті газ. Сондай-ақ фтор, көмірхлорид т.б Олардың өсімдіктерге зияны төмендеуге көптеген  ғылыми мәліметтер бар.

Ауыл шаруашылығында тракторлар, комбайн және дизельді двигательдер атмосфераға зиянды компонентерді тастайды. Атмосфера ауасы тазалағын сақтау үшін ормандарды көбейту олардың өнімділігін арттыру, ормандарды өрттен сақтау, өсімдіктерді түрлі зиянкестер аурулардан қорғау жұмыстары атқарылуы қажет.

Табиғатта жануарлар және өсімдіктер өте тығыз байланыста болады. Жануарлар өсімдіктермен қоректенеді, ауаға көмірқышқыл газын шығарады, сонымен бірге топырақты құнарландырады. Соның үшін жануарлар  және өсімдіктерді пайдалануда тиімді жұмысқа асыру ауаны қорғаудың бір түрі. Соның үшін жануарлардан тек сүт, ет, жүн терісі үшін емес табиғатты қорғау үшінде мал шаруашылығын өркендету керек.

Табиғатты қорғаудағы шаралар.

  1. Қауыпты шығындылар көзінен пайдалануда зиянды заттарды кемітетін жаңа технологиялардан пайдалану.
  2. Жанармайлардың құрамын жақсылау, аппараттардан техникалардан атмосфера және суларға түсетін зиянды заттардың алдын алу.
  3. Зиянды шығындыларды ауаға тастайтын өндірістік зоналарды орман, көгалдандыру жолымен түрлі шығындылардан сақтау.
  4. Ормандардан тиімді пайдалану олардың аралық өнімдерін өңдеуде жаңа технологиядан пайдаланып орман өнімін арттырумен орманды қорғау.
  5. Өсімдік және жануарлардың өнімділігін асыру және оларды тиімді пайдаланумен олардың санын сапасын жақсарту.

Жоңышқа өсіру оның экономикалық және энергетикалық тұрғыдан тиімділігінде, топыраққа техниканың әсер ету мүмкіндігінің мейлінше азаюы нәтижесінде топырақ қабатының тығызданбауы, топырақты эрозиядан сақтауы және оның құнарлылығын арттыруы, топыраққа өнімді ылғал қорын тиімді жинауы және сақтауы, т.б.сол сияқты ұтымды жақтарын атап өтуге болады.

Жоңышқа егіс алқабындағы арамшөптерге қарсы қолданылған гербицидтердің қоршаған орта мен адам ағзасына және ыстық қанды жануарларға кері әсерін, сондай-ақ экологиялық тұрғыдан таза өнім өндіруге дәйектілігін анықтау мақсатында тәжірибе танабындағы пестицидтерді пайдаланған нұсқаларымыздан топырақ үлгісі, жоңышқа сабағы және тұқымын ОБМжӨШҒЗ институтының зертханасында тексерілді. Зерттеу нәтижелерін талдай отырып тұжырымдайтын болсақ, қолданылған пестицидтердің ішінде ыстық қанды жануарлар мен адам ағзасына кері әсер ететін зиянды токсикологиялық қалдықтар Пивот, 10% с.к. гербицидтерін қолданылған танаптардың топырағында, өсімдік сабағында және тұқымында қалдық қалмағанын мәлімдейді.

Қоршаған ортаны қорғау  бөлімін қортындылай келе ОҚО ауыл шаруашылық мақсатындағы егістік алқаптарға ауыспалы егісте жоңышқа дақылын себу топырақты эрозиялардан қорғайды, физика- химиялық қасиеттерін жақсартын ерекше маңызы бар екені анықталды. Табиғатты ластайтын улы ластамалардың тасталуынан келтірілетін салыстырмалы экономикалық зардаптардың мөлшерін анықталып, ол 0,,21 көрсеткішті құрады.

 

4.4 Топырақты қорғауда қолданылатын іс шаралар

 

1. Егістік алқаптағы топырақ құнарлылығын эрозиялардан қорғаудың негізгі жолдары көп жылдық шөптерді егу;

2. Жоңышқа тамыры топыраққа терең енеді, басқа өсімдіктер сіңіре алмайтын фосфаттарды сіңімді күйге куелтіреді топырақтың құнарлылығын арттырады.;

3. Ықтырма дақыл ретінде жауын-шашын көлемі аз аймақтар мен құрғақшылық әсері тән аудандарда топырақты механикалық өңдеу ылғалдың буланып, топырақтың құрғауына әкеп соқтырудан сақтайды;

4. Топырақтың физикалық және химиялық қасиетін жақсартады;

5. Ауыспалы егісте көптеген дақылдарға алғы дақыл болып, егістегі арамшөптер, аурулар және зиянкестердің таралуын тежейді;

 

5 Экономикалық бөлім

 

5.1 Жобаланатын нысанды бағалау және оның экономикалық тиімділігі

 

Қазіргі таңда ауылшаруашылық өнімдері өндірісін арттырудың негізгі қоры мәдени дақылдары шығымдылығының өсуі болып саналады. Осы мақсатта агротехникалық іс-шаралар әзірлеп, жүргізеді. Сондықтан олардың экономикалық тиімділігін дұрыс анықтау, алынған нәтижелерді ағымдық және күрделі шығындармен салыстыру өте маңызды болып саналады.

Өсімдік шаруашылығында егістік алқаптардың әртүрлі құрылымының, ауылшаруашылық дақылдарының жаңа сорттарының, озық технологиялардың және жеке агротехникалық іс-шаралардың (топырақты, егістікті өңдеу, өнімді жинау, тыңайтқышқтарды енгізу және т.б. тәсілдері) тиімділігін бағалайды.

Осы саланың тиімділігі көптеген жағдайларда қандай да бір еңбек процестерін жүргізу уақытына, олардың сапалы орындалуына байланысты болатындығы оның ерекшелігі болып саналады.

 

5.2 Өнімдер мен қызметтердің өзіндік құнын есептеу. Шикізат, материалдар, жанармай және қуаттың жылдық қажеттілік құнын анықтау

 

Жұмыстың технологиялық бөлімінде анықталатын материалдық және энергетикалық ресурстар шығындарының прогрессивтік нормалары, көтерме бағалары, көтерме бағалар мен тарифтер есептеудің негізі болып саналады. Нақты нысанның бөлімшесіндегі материалдық және энергетикалық ресурстар болса, онда нысанның ішкі бағалары қолданылады.

 

Кесте 11

Материалдар мен энергетикалық ресурстардың жылдық қажеттілік құнын анықтау Егіс көлемі 10 га

 

Аталуы

Өлшем бірлігі

Шығын мөлшері, кг/га, л/га

Жылдық жалпы шығын,

кг/га

Бірлік бағасы,

Теңге

Жалпы құны,

теңге

1

2

3

4

5

6

Шикізат, материалдар, ұрық, тыңайтқыштар

шикізат пен негізгі материалдар

 

  1. Ұрық

кг/га

18

180

1500

270000

  1. Фосфор

кг/га

30

300

50

15000

  1. азот

кг/га

60

600

55

33000

  1. пивот 10%

л/га

0,8

8

3800

30400

11 кестенің жалғасы

1

2

3

4

5

6

Жалпы: қалдықтарды есептемегенде шикізаттардың, материалдардың және тыңайтқышқтардың құны

 

 

 

 

348400

2.Технологиялық қажеттіліктерге жанармай

1. Трактор МТЗ-80

2. комбайн

 

 

л/га

л/га

 

 

15

10

 

 

150

100

 

 

102

102

 

 

15300

10200

Жалпы технологиялық қажеттіліктерге қуат

 

 

 

 

25500

 

Кесте 12

Жұмысшылардың еңбекақы қорын есептеу

                                        

п/п

 

 

 

 

 

 

 

Мамандықтардың аталуы

 

Тарифтік разряды

Тізімдік саны, адам

Ттиім сағат

Сағаттық, тарифтік ставка, теңге

Еңбекақының тарифтік қоры, теңге

Негізгі қорға қосымша төлемдер,  30% теңге

Негізгі еңбекақы қорының барлығы, тенге

Қосымша еңбекақы, 10% тенге

Әлеуметтік төлемдер 11%

Жалпы жылдық еңбекақы қоры, тенге

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

 

Негізгі өндірістік жұмысшылар:

 

 

1960

145

 

 

 

 

 

 

1

Агроном

І

1

1960

145

70000

21000

91000

9100

11 011

1001000

2

Тракторшы

І

1

1960

145

45000

13500

58500

5850

7078,5

643500

3

Жүк тасушы жұмысшылар

ІІ

1

1960

145

25000

7500

32500

3250

3932,5

357500

4

Комбайыншы1

І

1

1960

145

50000

15000

65000

6500

7865

715000

5

механик

І

1

1960

145

60000

18000

78000

7800

9438

858000

 

Жалпы

5

1960

145

250000

75000

325000

32500

39 325

3 575 000

 

 

Жұмысшылардың еңбекақы қорын есептеу бойынша түсініктемелер

4 бағана – жұмысшылардың тізімдік саны 6 кестенің есептеулерінен алынады.                         

5 бағана – жұмыс уақытының тиімді қоры (Ттиімді) – жұмыс уақыты балансына сәйкес алынады

6 бағана -  сағаттық тарифтік ставка – жұмысшылардың біліктілігіен сәйкес базалық кәсіпорынның мәліметтерінен алынады.

7 бағана – еңбекақының тарифтік қоры – тізімдік санын жұмыс уақытының тиімді қоры және сағаттық тарифтік ставкасының көбейтіндісіне тең.

8 бағана – негізгі қорға қосымша төлемдер – еңбекақының тарифтік қорынан 30-40% көлемінде алынады.

9 бағана – еңбекақының негізгі қоры – еңбекақының тарифтік қоры мен қосымша төлемдердің  сомасына тең..

10 бағана – қосымша еңбекақы – негізгі еңбекақы қорынан 10% көлемінде алынады.

11  бағана – жалпы еңбекақы қоры - негізгі  еңбекақы қоры мен қосымша еңбекақының қосындысына тең.

 

Кесте 13

Шикізат пен материалдарға кететін шығындарды есептеу, Егіс көлемі 10 га

 

Шикізаттың, материалдардың атауы

Өлшем бірлігі

Шығын мөлшері, кг/га, л/га

1кг, дана құны, теңге

Соммасы, теңге

Көліктік шығындар

Жалпы сомма, теңге

10%

теңге

Ұрық

кг/га

18

1500

270000

27000

27000

272700

Азот

кг/га

60

55

33000

3300

3300

36300

фосфор

кг/га

30

50

15000

1500

1500

16500

Пивот 10% в.д.г.

л/га

0,8

3800

30400

3040

3040

33440

МТЗ-80

л/га

15

102

15300

1530

1530

16830

Комбайн

л/га

10

102

10200

1020

1020

11220

Барлығы

 

 

 

 

 

 

386990

 

2.Жобаланған объектінің құрылысына капиталды шығындарын есептеу

 

Кететін қүрделі шығындар келесілерден құралады:

  1. Ғимараттар мен құрылғылардың құрылысына кеткен шығындар;
  2. Құрал-жабдықтарды және автоматтандыру құралдарын сатып алуға кеткен шығындар,  сонымен қатар бұл жерге монтаждау материалдарының құны,  үстеме шығындар, тасымалдау мен сатып алуға байланысты шығындар кіреді.
  3. Қымбат инвентарь мен инструменттерге кеткен шығындар.

Ғимараттар мен құрылғылар құрылысына кеткен күрделі шығындар  құрылыс-монтаждау, электротехникалық және санитарлы-техникалық жұмыстардың құнын ескере отырып анықталады.  Құрылысқа кеткен күрделі шығындар  есебі кестедегі үлгісі  бойынша жүргізіледі.

 

Кесте 14

Ғимараттар мен құрылғылардың құрылысына кеткен күрделі шығындарды есептеу

 

Ғимараттар мен құрылғылардың аталуы

Құрылыстың көлемі, м³

Құрылыстың құны

Санитарлы- техникалық және электро-техникалық жұмыстардың құны

Сметалық құны, мың. теңге

Амортизацялық бөлінулер

1 м³,

мың. теңге

Жалпы,

мың теңге

25 %

мың. тенге

Аммортизация нормасы 8%

сомасы ,

мың. тенге

1.

Негізгі қойма

158

5000

790000

197500

197500

987500

79000

79000

2.

Барлығы

158

5000

790000

197500

197500

987500

79000

79000

 

Ғимараттар мен құрылғылар құрылысына кететін күрделі шығындарды есептеу бойынша түсініктемелер

– құрылыс көлемі – орындалған сызбаларға сүйеніп жасалынады, яғни ғимараттың ұзындығы, биіктігі мен кеңдігін көбейту арқылы есептеледі.

– 1 шаршы метр құрылыстың құны  – жетекшімемен келісіледі.

– құрылыстың жалпы құны - құрылыс көлемі мен құрылыс жұмыстарының 1м3  құнына көбейтенге  тең.

– электротехникалық және санитарлы-техникалық жұмыстарының  құны – құрылыс құнының 20-40 % көлемінде алынады.

- сметалық құны - құрылыстың құны мен электротехникалық және санитарлы-техникалық жұмыстары  құнының қосындысынан табылады.

– амортизация нормасы – қазіргі нормативтер бойынша (қосымшаны қара) немесе кәсіпорынның мәліметтерге сәйкес алынады.

– амортизациялық шығарындардың сомасы – сметалық құнға пайыздық қатынасы арқылы анықталады. (амортизация нормасына сәйкес).

Құрал-жабдықтардың сметалық құны диплом жобасының технологиялық бөлімінде таңдалынып алынған құрал-жабдықтар негізінде анықталады.

 

Кесте 15

Құрал-жабдықтар мен приборларға кететін

күрделі шығындарды есептеу, егіс көлемі 1 га

Құрал -жабдықтардың

аталуы

Саны, дана

Құны

Монтаждау мен жеткізу шығыны

Сметалық құны, теңге

Амортизацялық бөлінулер

1дана, теңге

Жалпы,

Теңге

%

тенге

аморти

зация норма

сы  %

Сомасы, тенге

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1.

Ұрық

18

1500

27000

40

10800

37800

10

3780

2.

Азот

60

55

3300

40

1320

4620

10

462

3.

фосфор

30

50

1500

40

600

2100

10

210

4.

Пивот 10% в.д.г.

0,8

3800

3040

40

1216

4256

10

425,6

5.

МТЗ-80

15

102

1530

40

612

2142

10

214,2

6.

Комбайн

10

102

1020

40

408

1428

10

142,8

 

 

БАРЛЫҒЫ

-

-

37390

40

14956

52346

10

5234,6

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құрал-жабдықтарға кететін күрделі  шығындарын есептеу бойынша түсініктемелер

-  диплом жобасының алдындағы бөлімдерінде келтілірген  есептеулерден алынады;

– құрал-жабдық бірлігінің құны - кәсіпорынның бухгалтерлік мәліметтері немесе қазіргі таңдағы бағалар бойынша алынады;

– жалпы құны – құрал-жабдықтың құны  мен оның санына көбейткенге тең;

- монтаждаумен жеткізіп беруге кеткен шығындар – құрал-жабдықты сатып алу жеріне байланысты (жергілікті, ұлттық немесе шет елдік нарықта) сатып алу құнының 20-60% дейін алынады;

– сметалық құны – монтаждау мен жеткізіп беруге кеткен шығындары мен сатып алу шығындарының қосындысына тең;

– амортизация нормасы – нормаға сәйкес (қосымшаға қара) немесе кәсіпорынның мәләметтері бойынша алынадды;

– амортизациялық бөлінулердің сомасы – сметалық құнына пайыздық қатынасы ретінде алынады (амортизация нормасына сәйкес)

Жалпы зауыттық немесе жанама цехтардағы құрал-жабдықтардың   құнын базалық кәсіпорынның мәліметтері бойынша немесе кеңесші көмегімен алуға болады.

Ғимараттар,  құрылғылар және құрал-жабдықтардың сметалық құның есептеу бойынша берілгендер күрделі салымдардың сметасының құруға пайдаланады. Оның есебі 3 кестедегі үлгі бойынша жүргізіледі.

Кесте 16

Күрделі салымдар сметасы

 

Сметалық баптардың аталуы

Күрделі салымдар

Сомасы, мың.теңге

үлес салмағы

 (жалпы  сомадағы %)

1.

Негізгі өндіріске қажетті объектілер:

 

 

 

А) ғимараттар мен құрылғылар

987500

19,5

 

Б) құрал-жабдықтар

523460

10,3

 

Жалпы 2-ші бап бойынша

3 575 000

70,2

2.

Сыртқы коммуникациялар

-

 

3.

Жанама объектілер бойынша:

             -

 

4.

Барлығы

  5 085 960

100

 

 

Жобалананатын объектінің сметалық құнын анықтап болғаннан кейін үлестік күрделі салымдарды анықтау керек, ол сметалық күрделі шығындар сомасының объектінің жобалық қуатының мөлшерінің  қатынасына тең болады.

 

3.Еңбек ақы мен еңбекті ұйымдастыру мәселелері

 

Кәсіпорынның жұмыс режимі жұмыс аптасының үздікті немесе үздіксіздігіне байланысты болады, сонымен қатар тәулігіндегі ауысым санына және жұмыс ауысымның ұзақтығына байланысты болады.

Үздікті өндірістерде жұмыс 3,2 немесе  1 ауысыммен жүргізіледі.

Кәсіпорынның жұмыс режимін үздіксіз жағдайында 8 сағаттық жұмыс күні бойынша бір жылдық жұмыс сағатын есептеу үшін:

365-(106+14)*8=1960 сағат

Бір айда: сағат

Бір айдың орташа күнтізбектік ұзақтығы:

30 күн * 8 сағат = 240 сағат

Сонда қажетті бригада саны

Диплом жобасындағы таңдалынып алынған  жұмыс режиміне қарай бір жұмысшының жұмыс уақыты балансын жасауға болады.

 

Кесте 17

Бір жұмысшының жұмыс уақыты баланысының үлесі (күндермен)

 

Баланс элементтері

Үздікті өндіріс

Бір жылдағыкүндер саны (Т күн)

365

Демалыс күндері

106

Мейрам күндері

14

Бір жылдағы жұмыс күндері (Тном)

245

Шықпаған күндер

-

А)кезекті және қосымша демалыс

24

Б) ауырғанға байланыстыістемеу

7

В) декреттік демалыстар

2

Г) мемлекеттік және қоғамдық міндеттемелерді орындау

1

Жалпы шықпаған күндер

34

1 жұмысшының жұмыс жасаған күндері (Ттиімді)

211

 

Кесте18

Жұмысшылар санын есептеу

 

Мамандардың аталуы

Тізбектер саны

 

Негізгі өндірістік жұмысшылар

 

1

Агроном

1

2

Тракторшы

1

3

Жүк тасушы жұмысшылар

1

4

Комбайыншы1

1

5

механик

1

6.

Жалпы

5

 

Басшылардың, мамандардың және қызметкерлердің саны мен еңбекақы қорын есептеу

 

Кесте 19

Басқару персоналының  саны мен еңбекақы қорын есептеу

 

Қызмет пен категорияның аталуы

Штаттық бірліктер-дің саны, адам

Айлық еңбек ақы, тенге

Премия(сыйақы)

 (20-40%), тенге

Әлеуметтік төлемдер

11%

Жылдық  еңбекақы қоры, тенге

1

2

3

4

5

6

7

1.

Агроном

1

70000

21000

11 011

1001000

 

19 кестенің жалғасы

1

2

3

4

5

6

7

2.

Тракторшы

1

45000

13500

7078,5

643500

3.

Жүк тасушы жұмысшылар

1

25000

7500

3932,5

357500

4.

Комбайыншы

1

50000

15000

7865

715000

5.

механик

1

60000

18000

9438

858000

6.

Барлығы

5

250000

75000

39 325

3 575 000

 

Кесте 20

Еңбек пен еңбекақының  жалпы сметасы

 

Көрсеткіштер

Жобаның берілгендері

1.Жалпы саны, 5 адам

оның ішінде:

- жұмысшылар 3 адам

- қызметкерлер  2адам басшылар, мамандар, қызметкерлер)

5

3

2

2. Жалпы жылдық еңбекақы қоры,3 575 000 тенге

оның ішінде:

- жұмысшылар 1716000 теңге

- қызметкерлер  1859000 теңге (басшылар, мамандар, қызметкерлер)

 

3 575 000 тенге

3.Орташа айлық еңбекақы, тенге:

оның ішінде:

- жұмысшылар 40000 теңге

- қызметкерлер  65000 теңге (басшылар, мамандар, қызметкерлер)

40000

65000

4. Еңбек өнімділігі

105000

 

Ескерту:   еңбек өнімділігін анықтау үшін кәсіпорынның өндірістік қуатын    жұмысшылардын санына бөлу арқылы анықтайды.

 

4. Өнімнің өзіндік құнын есептеу

 

Материалды-энергетикалық ресурстардың қажеттілік есебі шығындардың нормасы, өндірістің жылдық көлемі мен ресурстардың бағасына байланысты жүргізіледі.

Отын-энергия мен материалды ресурстардың шығындар нормасы диплом жобасының технологиялық бөлімінде құрылған материалды  баланс арқылы анықталады.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

1.  Оңтүстік Қазақстан облысындағы  жалпы егіншіліктің ауыспалы егіс жүйесінде жоңышқаның  алатын орны ерекше маңызды екеніне толықтай көз жеткізілді. Облыс аумағында өсірілетін барлық негізгі дақылдарға жақсы алғы дақыл болатыныны анықталды.

2. Топырақтың физикалық қасиеті мен құнарлылығын жақсарта отырып, егіс алқаптағы  зиянды жәндіктер мен аурулар және арамшөптердің санын төмендетеді.

3. Жоңышқаның жапырақ бізтұмсығы 27 093 мың гектар жерге орналасқан, яғни осынша гектардың шөбін зақымдап жатқаны анықталды.  Соның ішінде төменгі  дәрежеде зақымдау немесе орналасуы 7030 мың гектар жер болса, орташа дәрежедегі орналасу 8720 мың гектар жер, ал ең жоғары, яғни ЭЗШ асқан жер көлемі  11403 гектар жерді зақымдағаны байқалды. Алайда зиянкеске қарсы өңделген алқап небәрі 4494 мың гектар жер, яғни 40 пайызын құрады. Бұл зиянкестің келесі жылдағы жаппай көбеюіне толық жағдай жасайды.

4. Жоңышқа фитономусына қарсы химиялық өңделген нұқалардағы зиянкес саны бақылау нұсқасына қарағанда 3-4 есеге дейін аз. Бұл көрсеткіш пайдаланаған инсектицидтердің биологиялық тиімді екенін аңғартады. Бақылаумен салыстырғанда ең жоғарғы көрсеткіш Децис 2,5% э.к.-1,0 л/га улы химикатын қолданған нұсқада 7 күні байқалды, білгіленен өсімдіктердегі жұлдызқұрт саны  1,2 дана болып,зиянкес санының 97,5 % азайды.

5. Жоңышқа фитономусына қарсы қолданылған улы химикаттармен өңдеу мерзіміне байланысты өнімділікті өңделмеген бақылау нұсқасын салыстырғанда 42,2 ц/га ден  26,4 ц/га яғни 15,8 ц/га пішен аз болса, Каратэ, 0,50% э.к. -1,0  л/га мөлшерде өңделген нұсқада бұл көрсеткіш 95,4 ц/га үшінші өңдеуде өнім 56,4 ц/га болып 39,0 ц/га төменді құрады.Ал ең жоғарғы өнім алынған нұсқада Децис 2,5% э.к. инсектицидін -1,0л/га мөлшерде қолданғанда бірінші өңдеудегі өнім 98,2 ц/га үшінші өңдеуде 61,5 ц/га болды, 36,7 ц/га азайды.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1 Садвакасов С.С. оценка  общей комбинационной способности (ОКС) люцерны посевной поликросс-методом// Тр.по прик. бот. ген. и сел.-Л.1981., -с 136-137

2 Бенетский К.С. Влияние высоты скашивания на урожай// кормопроизводство.-1986. -№ 8,-29с

3 Исагулов Ж.М. Продуктивность многолетних трав при многоукосном использовании их в предгорной пустынно-степпной зоне Зайлийского Алатау; автореф;канд.с-х.наук- Алма-Ата. -1985.-32

4 Ларин И.В., Бегучев П.П. и.др. Луговодство и пастбищное хозяйство. М. Колос. 1975. С 319-324

5 Сыдық Д.А., Кашкенов Н.Қ., Тұрсынбаев С.Б. Оңтүстік Қазақстанның суармалы жерлерінде мал азықтық дақылдарын өсіру технологиясының ұсынылатын жүйесі // Шымкент, 2003ж.

6 Копытин И.П., Нургалиев К.С., Нуркасымов К.. Летнее содержание мо-лочного скота в крестьянских хозяйствах в орошаемых условиях пустынно-степной зоны Алматинской области // Вестник. №62000г. ст. 19-21

7 Нургалиев К.С., Копытин И.П., Нуркасымов К.Приемы обработки посе-вов старовозрастной люцерны в условиях орошения пустынно-степной зоны Алматинской области // Вестник. №7-2001 г. ст. 21-22

8 Нұрғалиев К.С., Нұрқасымов К. Алматы облысы аймағындағы жоңышқаның ескі егістерін суармалы жағдайда өңдеу әдістері // Жаршы.№12-2001 ж. -51-52 б.

9 Нуркасымов К. Эффективность подсева люцерны к старовозрастному травостою ее в орашаемых юго-востока казакстана // Вестник. №5 2002 г. ст. 35-36

10 Копытин И.П., Нуркасымов К. Зимостойкость люцерны «Семиречен-ская мясная» в пустынно-степной зоне Алматинской области // Вестник. №8 2002 г. ст. 23-24

11 Нұрғалиев К.С., Нұрқасымов К.. Жоңышқаның ескі егістерін суармалы жағдайда Алматы облысы шөл-далалы аймағында күтіп-баптау тәсілдері // Конференций научно-практической СевКазНИИ Ж         №6-2002 г. ст. 20-21

12 Нұрғалиев К.С., Нұрқасымов К.. Алматы облысының шөл-далалы  ай-мағында жоңышқаның ескі егістерін суармалы жағдайда өңдеу әдістерінің эканомикалық тиімділігі // Аграрный университет. Материалы международной научно-практической конференции. №12-2002 г. ст. 56-59

13 Нургалиев К.С., Нуркасымов К.. Приемы обработки за посевами старо-возрастной люцерны в условиях орошения пустынно-степной зоны Алматинской области // Материалы международной научно-практической конференции. Астана, №6-2001 г. ст.19-21

14 Нуркасымов К..   Зимостойкость люцерны  в пустынно-степной зоне Алматинской области // Вестник, №6-2002 г. ст. 21-22

15 Нұрқасымов К.. Жоңышқаның ескі егістерін күтіп-баптау тәсілдері // Жаршы, №10-2002 ж. 54-56 б.

16 Бекмухамедов Э.Л., Нургалиев К.С., Нуркасымов К.. Приемы обработки за посевами старовозрастной люцерны в условиях орошения пустынно-степной зоны Алматинской области // Вестник. №12-2002 г. ст. 56-57

17 Сейткәрімов Ә., Әбдрірайымов С., Сүрімбаева К.  Қуаншылық аймақтың малазығындық өсімдіктері // Жаршы.№1-2002 ж.

18 Сейітов И.С. және басқалар. Пар және органикалық тыңайтқыш // Алматы,   Қайнар, 1992ж.

19 Тоқтамысов Ә.М., Бегалиев Қ.Б., Раисов Б.О. Ауылшаруашылық негіздері // Қызылорда, 2005ж.

20 Агроклиматический справочник по Южно-Казахстанской области. –Л.: Гидрометеоиздат, 1961. -152 с.

21 Создание простых травосмесей для сельского использования. Вестник. №4-2005 г. ст.10

22 Омбаев Ә.М., Алдабергенов К.И., Әбішев И.Ә., Әлібаев Н.Н., Сыдық Д.Ә. Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы өдірісін өркендету жүйесі // Алматы, «Издательство»  «Бастау»  ЖШС 2006 ж.

23 Асанова Ш.Ш., Нұрқасымов К.. Жоңышқаның ескі егістерін суармалы жағдайда, Алматы облысы шөл-далалы аймағында, суармалы жоңышқаның егістерін өңдеу әдістерінің эканомикалық тиімділігі // Жаршы, №11-2005 ж. 51-52 бет.

24 Асанова Ш.Ш., Нұрқасымов К. Ескі егістерін суармалы жағдайда, жо-ңышқаға қосымша тұқым себу арқылы, шөл-далалы аймақта мол өнім алуға болады // Жаршы, №3-2006 ж. 55-56 бет.

25 Абуғалиев И.А. Справочник агронома // Алма-Ата, Кайнар, 1995

26 Бадина Г.Б., Королев А.В., Королева Р.О.Основы агрономии // Л., Агро-промиздат, 1988

27 Нұрғалиев К.С., Нұрқасымов К. Алматы облысы аймағындағы жоңыш-қаның ескі егістерін суармалы жағдайда өңдеу әдістері // Жаршы.№1-2002 ж. 51-52 б.

28 Құспанов М.. Топырақ. Өсімдік. Тыңайтқыш //Алматы, Қайнар, 1996ж.

29 Доспехов Б.А. Методика полевого опыта. –М., 1985. –216 с

30 Раскин Г.Ф.Экономика орошаемого земледелия//Москва,Колос,1997г.

31 Попов А.В., Семенова М.И. Общие физико-географические условия //Агроклиматический справочник по Южно-Казахстанской области. –Л.: Гидрометеоиздат, 1961. –С. 6-17.

32 Пузырева А.А. Климатические районирование Южного Казахстана.  –Алма-Ата: Наука, 1975. -225 с. 

33. Доспехов Б.А.Методика полевого опыта.-М.1985-216с

34 Ерлепесов М.Н., Амантаев Е.А. Суармалы егіншілік //Алматы, Қай-нар, 1995г.

35 Еңбек қауіпсіздігі туралы // Алматы, Казахстан, 23. 02. 04.

36 Өрт сөндіру қауіпсіздігі туралы // Алматы, Казахстан, 23. 03. 98.

37 Кушелев В.Л..    Основы    техники    безопасности    на    предпри-ятиях хим.Промышленности // М. Химия, 1997г. 232с.

38 Иванов Е.Н. Технические средства тушения пожара на хим. предприятиях // М.Химия, 1996г. 136с.

39 Эльтерман В.М.Вентиляция хим. производств//М.Химия,1999г. 540с.

40 Сафонов Н.А.Спецодежда и спецобувь - М. Химия, 1976 - 152с;

41 Қоршаған ортаны қорғау туралы  // Алматы, Казахстан 15. 06. 97.

42 Сахаев В.Г., Щербицкий Б.В. Справочник по охране окружающей среды // Киев, Бидивельник 1996г. 35-42с.

43 Концепция экологической безопасности республики Казахстан//Казах-станская правда от 10.12.2007г. 7-8с.

44 Жұмаев Ж.Ж. Ауыл шаруашылығының кешенді дамуына жаңа бағыт // Алматы №11 2002г. 3-7с.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2023-12-19 20:43:03     Қаралды-499

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »