UF

Кіріспе

 

Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіптік Қазақстанның қуаңшылық аймағындағы табиғи жайылымдардың көлемі 122,7 млн. гектарды алып жатыр. Бұл территория өте күрделі эктремиальды және тұрақсыз экологиялық жағдайда орналасқан. Оның әсері малазықтық өнімнің шығымдылығына, жемшөп жетіспеуіне байланысты мал шаруашылығының тиімділігінің төмендеуіне және тәуекелдің қауіптілігіне, жеке және мемлекеттік пайда алу мүмкіншілігінің жоғалтуына, су көздері сапасының нашарлалуына, соған байланысты жергілікті тұрғындардың денсаулығы туралы мәселелердің туындауына әкеп соғады.

Елімізде жыл сайын мал басы көбейіп келеді. Әрине бұл қуантарлық жайт. Дегенмен, жайылымдық мал шаруашылығының тек пайдалану деген көзқарас қалыптасып отыр. Фермерлер мен жекеменшік иелері өндірілген өнімнің сапасына көңіл аудармай, көбіне тек мал басын көбейтуге ынталы. Шөл экожүйесінің ерекшелігі ескерілмейді, ауыспалы жайылым жүйесі пайдаланылмайды, нақты бір пайдаланатын жайылымның табиғи сиымдылығы мен мал басының ара-қатынасы сақталынбайды. Нәтижесінде өсімдік жамылғысының тозуына, сөйтіп жайылымдардың өнімділігі төмен өріске айналуына әкеп соғуда. Бүгінде Қазақстанның оңтүстік облыстарында тозған жайылымдардың көлемі 4,7 млн. гектардан асып отыр. Бұл жайылымдары аулшаруашылық айналымға қамтудың оңтайлы жолы, ол фитомелорациялық іс-шараларды жүргізу болып табылады.

Оңтүстік Қазақстан облысының түрлі табиғи – климаттық жағдайларына байланысты тиісті табиғи жайылым түрлері қалыптасқан. Олардың бәріне бірдей шөп түрлерін пайдалануға болмайды. Дегенмен, кейбір түрлерін барлық жайылымдық алқаптарда өсіруге болады. Осындай шөптердің қатарына изен өсімдігі жатады. Алайда, бұл шөптің өзі табиғи жағдайда кең таралған, соған байланысты белгілі бір жерге бейімделген үлгілері қалыптасқан. Осыған байланысты облыстың түрлі табиғи-климат жағдайына бейімделген үлгілерін анықтап, одан сорт шығару бүгінгі өзекті мәселелердің біріне жатады.

Ареалы және жіктеуі. Изен алабұта тұқымдасының изен туысына жататын көпжылдық жартылай бұта немесе бұташықа жататын өсімдік.

Бұл өсімдіктің таралу ареалы өте кең. Ол Кавказ, Батыс және Шығыс Сібір, Орта Азия, Қазақстан, сонымен қатар Орта Европа, Жерорта, Шығыс Қытай, Тибет, Монғолияда кездеседі. Изен өсімдігін алғашқы болып өндіріске еңгізген Россия ғалымы Н. П. Бегучев Оңтүстік және Солтүстік шекарадағы изен ареалының қатынасын көрсете келе, изеннің оңтүстікке таралуы қардың түсуіне жақын келетінін айтты. Автор бұл жағдайды изен ұрығының ылғалды көп керек ететін биологиялық ерекшеліктерімен түсіндіреді.

Г. А. Балянның айтуынша Қырғызстанның қар аз түсетін кейбір аудандарында изен шөбі табиғи ценоздың ролін атқарады. Солтүстікте  жарықтың жетіспеуі изеннің өсуіне кедергі келтіреді дейді. Өзінің кең тараған ареалының арқасында изен өсімдігі жердің ботаникалық-географиялық ерекшеліктеріне бейімделе өсіп өзінің полиморфты өсімдік екенін көрсетеді. Н. П. Бегучев [3] бұл өсімдік түрін алдымен екіге, содан соң үш жеке түрлерге бөлді: саздақты изен, тастақты изен, құмдақ изен.

1) Kochia prostrata zupestris mihi sp. Nov.

2) Kochia prostrata sabulosa mihi sp. Nov.

3) Kochia prostrata argilosa mihi sp. Nov.

А. К. Дударь изеннің үш түрін атады: құмдық, саздақты және соржерлік.

Қазақстанда белгілі бір топырақ жағдайына қарай өсетін изеннің бес түршелері бар дейді. Өзбекстан жеріндегі изендерді зерттей келе оларды:

- қалың түкті ақ изен,

- орташа түкті – көкшіл сары изен 3 топқа бөледі,

- сұрғылт топырақты жерлерде түксіз қызыл изен өседі.

Изендердің белгілі бір экологиялық жағдайларға қарай морфологиялық ерекшеліктерін ескере келіп изенді 3 экотипке бөледі: құмдақ изен (құмды және батпақсыз), тасты изен (құмдақта, батпақта) және саздақты изен (тау етектерінде, шөлейттерде), ал үш экологиялық түрге бөледі: құмды, тасты, батпақты изен. Қаз.Ғыл. зерттеу Қаракөл институтының мал азығы өндірісі және жайылым бөлімінде изенмен интродукциялық жұмыс кезінде табиғат жағдайына байланысты вегетациялық уақытта өсімдікте өзгерістер болатынын байқады.

Ауа райы ыстық болғанға дейін изеннің түрі көк болып тұрған, ал енді гүлдеген кезде біреуі көк сабақты болса, басқа біреуі қызыл түсті, енді біреуі көкшіл-сары болған. Осындай белгілеріне  қарап изенді қызыл сабақты, аралық  және көкшіл сабақты деп бөледі. Изендердің бұл сияқты ерекшеліктері экологиялық факторларға байланысты. Құрғақшылдық болған жағдайда изен сабақтары қызыл болып келеді, ал қолайлы жылдарда аралас және көк сабақты болады.

Изенді өсіру тарихы. Орта Азия мен Қазақстанда изен шөбімен айналысу 30 – жылдардың ортасынан басталды. Изенді мәдени түрге айналдыру бірінші рет 1935 жылы И. С. Амелиннің зерттеуінен басталды. Ол Өзбекстанның жусанды – эфемерлі аймақтарында ғылыми жұмыстар жүргізді. З. Ш. Шамсутдиновтың зерттеуінше фитомелиоративтік шаралар үшін  шаруашылыққа тиімді түрлерін алу керек. Экотиптерді зерттеу ғалымдарға изен өсімдігінің морфологиялық түрлерін, шаруашылыққа қажеттілігін биологиялық және эколого – физиологиялық түрлерін анықтауға мүмкіншілік берді.

Изеннің толық түсініктемесі: ареалының таралуы, биологиялық ерекшеліктері, химиялық құрамы тағыда басқа қасиеттері Қырғызстан аймағы жағдайында Г. А. Балянның еңбегінде жақсы көрсетілген (1970 – 1972). Ол еңбектерде изеннің мәдени түрінің жабайы түріне қарағанда түсімінің мол екендігі және түрінің де әдемі болып, көп жылдық өсуімен және тұқымының көптігімен ерекшеленетіндігі жазылған. Бұл авторлардың еңбектерінде Қырғызстанның шөл және шөлейт далаларындағы изен өсімдігі жоғары түсімімен, шөлге төзімділігімен және малға өте бағалы да құнарлы екендігімен құнды. Изен өсімдігі арқылы көп жылдық тұрақты мал жайылымдарын жасауға болатынын дәлелдеді. Аймақтық интродукцияға бейімдеп изеннің сол жерге лайық экотипін егуді ұсынды. Орталық Қазақстанның батпақты шөлдерінде 30-шы жылдардың аяғына таман изенді алғашқы зерттеу жұмыстары басталды. Ғалым И. В. Лариннің зерттеуіне қарағанда азықтық өсімдіктердің ішіндегі ең жақсысы биіктігі 35 – 40 см, 10 – 15 сабақтан тұратын изен шөбі болған. Изен шөбінің өсімділігі, түсімі, сол жерде өсетін табиғи сұржусаннан 2,5 есе көп болған, әр гектарға шаққанда 10 центнер пішен артық жиналған. Осындай табиғат жағдайында изеннің өзге түрлері де сыналып көрілген. Бұл жерлердің табиғат жағдайына тасты жерде өсетін изеннің шыдамдылығы байқалған. Оның өнімділігі әр гектарға 27,9 центнер болған, ал сұржусанның өнімі 16 ц/га құрғақ шөп берген. Құмдақ изен шөбі сынақтың бірінші жылынан-ақ жайылымды көмкеріп қалған. 1939 жылы Алматы облысының шөлейт далаларында изен шөбін егу тәжірибесі жасалған. 1959 жылы Қазақстанның Оңтүстік Шығысының құмшауыт, жартылай шөлейт далаларында  изенді тереңірек әрі жан – жақты зерттейді. Ғалымның айтуынша, Алматы облысының жусанды – эфемерлік жайылымдарында изен шөбі, сол жерде өсетін басқа табиғи өсімдіктермен (жоңыршқа, житняк) салыстырғанда көп мөлшерде артық құрғақ пішен берді. Әр гектарға шаққанда 17-24 ц/га. болды. Табиғи жайылымның орташа түсімділігі 1,5 ц/га. мал шаруашылығына пайдалы азықтық шөптерді зерттеу Қазақстанда қолға алына басталғанына көп бола қойған жоқ. Жайылымды тұрақтылыққа айналдыруға изен шөбінің пайдалылығын ғалымдар енді ғана мойындап, дәлелдеп отыр.

Оңтүстік Қазақстанда 1967 жылдан бастап изен шөбін жайылымдарда мәдени түрде егіп өсіруге бет бұрды. Ғалым С. А. Әбдірайымов, В. В. Сафонов жылдары Мойынқұм құмдарында изен өсімдігін егіп байқаған тәжірибелері қуантарлық жетістік берді. Изен шөбінің әр гектарынын 8 ден 12 г дейін ц/га құрғақ шөп берді. Табиғи жайылымның түсімділігі 2,5-3,0 ц/га. еді. Жақын күндерде изен шөбі Қазақстанның мал шаруашылығын дамытуға құнарлы мал азығы ретінде маңызды шөп қоры болмақшы. Сонымен изен шөбін зерттеген ғалымдар мынандай пікірге келді: изен шөбі табиғаттың қатал жағдайына төзімді, көп жылдық жақсы жайылым, құнарлы мал азығы, шаруашылыққа өте тиімді шөп. Бұл қорытынды изен шөбінің тек төзімді ғана емес оның өте бағалы азықтық шөп екендігін көрсетеді.

Изен – нағыз құнарлы азықтық шөп. Изен шөбі жазғы-күзгі кезеңдерде малдарға тек жайылымдық шөп болып қана қоймайды, мал организмін протейнмен және басқа да құнарлы заттармен толықтырады. Изеннің азықтық құнарлылығы мал шаруашылығын өркендетуге зор үлесін қосуда. Изеннің әр органында қандай пайдалы заттардың бар екендігі тәжірибе мақсатында зерттелді. С. Г. Головченко, Серманызов С.С. тәжірибелері изеннің жапырағы мен гүлінің өте құнарлы заттарға бай екендігін көрсетті. Бұл жерлерде протейн мен майлылығы сабағына қарағанда 3-6 есе көп екендігі дәлелденді. Изенді зерттеудегі әдебиеттерді шолу біздерге изен шөбін өндіріске мәдени түрде тұрақты енгізуге бағыт береді. Бұл шөпті Оңтүстік Қазақстанның шөл және шөлейт далаларындағы мал жайылымдарында егу өте тиімді болмақ. Дегенмен, изеннің экотиптерін оңтүстік табиғат жағдайына, биологиялық ерекшеліктеріне, экологиялық ерекшеліктеріне, шаруашылық пайдалылығына, өңдеу технологиясына бейімділігіне баса назар аударып тереңірек зерттеу алдағы күн жұмысы.

Эдафикалық жағдайлардың әртүрлі болуы, қуаңшылық аймақтағы климат өзгерістері өсімдіктердің де әр түрлі формада болуына әкеледі. Өсімдіктер жамылғысының бірсыдырғы болып өсуі үшін аз жұмыс жасалған жоқ. Қазақстанның аридтық жағдайларындағы өсімдік жамылғысының заңдылығы туралы жазылған Е. П. Коровиннің «Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азия өсімдіктері» еңбегінде жақсы зерттелген. М.Г. Поповтың  «Қазақстандағы өсімдік жамылғысы; т.б. орталық аймақтағы өсімдік жамылғылары көбінесе эфемерлік, жусанды – эфемерлік болып келеді. Тәжірибе танабының ландшафты құмдақтан балшықты қатпарларға ауыса келе әр түрлі шөл батпақты жер өсімдіктерінің өсуіне жағдай жасайды. Ол жерде, ферула, таспашөп,  жусан, жұлдызшөп, т.б. өседі.

Дегенмен тәжірибе танабының негізгі өсімдік жамылғысы – эфемерлер. Бұл өсімдіктер көктемде түсетін ылғалдың аздығына байланысты вегетациялық мерзімінің көктемнің аяғында, кейде жаздың басында аяқталғанына төзімді және соған бейімделген. Жиі кездесетін өсімдіктер түйе тікен (lapula spinocarpis), қалталы ебелек (Ceratocarpus arenarins), шөл бурачогі (Alyssum desertorum), павлин қызғалтағы (Papaver рroceum), шығыс мортығы (Eremopyrum orientall), түркістан шатыры    (Malkolmia turkostanica), қоңырбас (Bromus), киікоты (Ziziphora clinopodioides), жеке жапырақты таспашөп (Astragalus filicaulis), қасқыржем (Diarthron vesuculosum) т.б. көктемде – жазда өсіп-дамитын өсімдіктер. Тағы да хрозофора (Chrozopora), сораң (Horaninovia ulicina), саған (Qirgensohnia opostiflora) және басқа да бір жылдық өсімдіктер. Құрғақшылық болған жылдарда вегетациясы ұзаққа созылатын бір жылдық мақта тәріздес киіз жапырақ пайда болды. Өсімдіктер жамылғысын жасауда көпжылдық шөптесін өсімдіктер орасан зор роль атқарады. Ол өсімдіктердің вегетация мерзімі де  биоморфологиялық құрылымы да бір-біріне ұқсамайды. Олардың арасындағы негізгілері эфемеройдтар.

Негізгілеріне  жататындар: пиязшықты қоңырбас (Poa bulbosa), раң (Careх), қазпияз (Zagea stipitata), жіңішке жапырқаты шырыш (Eremurus stenophullus), сарғалдақтар (Ranunculus), қызғалтақтар (Tupula), құртқашаш (Iris soncorica), көбеңқұйрық (Cousinia), боз (Stipa lessingiana) т.б. Сабақтары жуан сасық сасырлар, кеурек кездеседі. (Ferulla foltida) және татар рауғаш (Rhlum tatarski). Көпжылдық өсімдіктерден вегетациялық мерзімі ұзақ таспашөптер бар. (Astragalus). Ақ және сұр жусандар төбешік етектерінде кейде тұтас, кей жерлерде сирек болып өседі. Тәжірибе танабынан сәл алыстау жерде нығыздалған құм төбешіктерде жүзген шөбі өседі және (Callogonum), теріскен (Kraschinikovia ceratoides), шоған (Aеllinia subaphulla). Көп жылдық тұрақты өсімдіктермен қатар танапта бір жылдық арам шөптер де көптеп кездеседі. Оларға жататындар: Паульсен сораңы (Salsola Paulseni), бүрген (Artemisia scoparia), адыраспан (Reganum harmala), есекмия (Zaebelia alopecuroides), аққурай (Heliatropium argusiodes) т.б. Зерттеліп жатқан территорияда тек қана әр түрлі өсімдік түрлері ғана емес, өсімдік топтары да бар. Олар өз алдына жайылым бедерін айқындайды, жайылымның құнарлы азықтық дәрежесін көтереді. Қазақстанның тау етектеріндегі жазықтарында көбінесе эфемерлі, жусанды – эфемерлі жайылымдар кездеседі. Көктемде көптеп өсіп шығатын өсімдіктер дүниесі бұл жайылымды көктемнен бастап күзге дейінгі аралықта қалыпты жағдайда ұстап тұра алады. Бірақ олардың жылдық өнімділігі төмен 1,5-3,0 ц/га. Бұл жайылымдардың басқалардан айырмашылығы азықтық өсімдіктерге кедей, бұталы және жартылай бұтақты өсімдіктердің аз болуы бұл жердің флорасының толық емес екендігін көрсетеді. Бұл жердегі қоршаған ортадағы табиғат ресурстары өсімдіктердің өсуі үшін толық игерілмеген деген қорытынды жасауға болады.

Осы мәселеге орай жайылымды мерзімдік емес тұрақты ету үшін, жайылымдағы өсімдік жамылғысының түрін көбейту, көп жылдық құнарлы азықтық өсімдіктерді егіп табиғи ресурстарды пайдалану қажет.

Қазақстанныњ шөл және шөлейт аймағында жайылымдардың көлемі мол бола тұрса да, олардың шығымдылығының төмендігі және жылма -  жыл өзгеруі, мал шаруашылығын дамытуда көп қиындықтар тууда. Осыған орай екпе жайылымдықтар жасау – жемшөп қорын жасаудың негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

Еліміздің азық – түлік қауіпсіздігін нығайту, халық шаруашылығының көптеген салаларын шикізатпен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін және ұқсататын еңбеккерлердің әл – ауқатын жақсарту мен тұрмысын көтеру бүгінгі күннің өзекті мәселелері болып отыр. Оларды шешуде мал шаруашылығының алар орны ерекше.

Мал шаруашылығы Оңтүстік Қазақстан шаруашылығының жетекші бөлігі. Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстары осы саламен айналысады. Негізгі азықтық базасы табиғи жайылымдар болады. Олар шөл және жартылай шөлейт далалардың 29,0 млн. га жерін алып жатыр. Бұл жайылымдарда жыл сайын 3,3-3,4 млн. бас мал жайылады. Бірақ, табиғи жайылымдардың түсімі әр жыл сайын әр түрлі болып келеді де, мал шаруашылығына қажетті құнарлы шөпті өз дәрежесінде бере алмайды. Кейінгі жылдары шөл және шөлейт далаларға азықтық шөптерді мәдени түрде егу қолға алына бастаған. Шөл өсімдіктерінің ішіндегі азықтық құнары жоғары әрі табиғаттың қолайсыз  жағдайларына төзімдісі изен (Kochia prostrata (L) Schrad). Бірақ бұл шөпті Оңтүстік Қазақстанның шөл далаларында егу әлі де болса жеткілікті түрде жүргізіліп жатқан жоқ.

 Бұл өсімдіктің көп түрлерінің ішінен, Мойынқұм құмдарында өсетін құм  шыбықтары ғана мәдени түрге енгізілген. Оңтүстік Қазақстанның таулы беткейлерінде изенді егіп тәжірибе жасалып жатыр. Бірақ, бұл өсімдіктің түрлі аймақта таралған үлгілерінің эколого-биологиялық және шаруашылыққа бағалы азықтық жағдайы әлі де болса толық зерттелмей жатқаны мәлім.

Оңтүстік Қазақстанның шөл аймағының табиғат жағдайлары мен географиялық орналасуы

Оңтүстік Қазақстан облысы республиканың оңтүстік аймағында Сырдария өзенінің ортаңғы ағысында орналасқан. Географиялық координаты –40035/ с.е. және 69068/-71016/ ш.ұ. Облыс аумағы солтүстіктен оңтүстікке қарай 600 км созылып жатыр. Бұл территорияда ендіктің заңдылығына қарай Иран-Тұрандық шөл облыстары көрініп тұрады. Жаңа схема бойынша ботаника-географиялық аудандары (Қазақстан мен Орта Азияның өсімдік картасында) облыс территориясы 4 провинция-мен шектеседі: Жоңғар-Солтүстік-Тұран, Оңтүстік Тұран, Атбашы-Қырғыз және Алай-Түркістан (Қызылқұмның оңтүстік бөлігі).

Оңтүстік Қазақстан облысы физика-географиялық жағынан былайша жайғасқан: Оңтүстік-батыс бөлігі құмды шөл Қызылқұм, Сырдария өзенінің орта ағыс жазығы, Солтүстік бөлігі Мойынқұм құмы, Шу өзенінің төменгі ағыс жазығы және Бетпақ Дала үстірті, Қаратау жоталары және Оңтүстік Шығыс бөлігі, Батыс Тян-Шань тауының жоталары болып келеді.

Қазақстан мен Орта Азияның шекарасында орналасқан соң Оңтүстік Қазақстан табиғаты мен шаруашылығы жағынан «солтүстік тұран» мен «оңтүстік тұранға» үйлесімді болады, басқа облыстардан ерекшелігі де осында.

Оңтүстік Қазақстан климаты континентальды болып келеді. Мұнда климат тәулікте және жыл бойында өзгеріп тұруымен, бірден ыстық және суық болуымен, ылғалдың көп түсуімен және құрғақшылық болуыменен ерекшелінеді. Күн қызу ұзақтығы 3000 сағ. дейін болады. Қыста және жазда ауаны қалың бұлт жауып тұрмайды. Оңтүстік Қазақстан облысының климаты мұхит пен теңіздерден алыс орналасуына байланысты құрғақ және ыстық болып келеді. Оңтүстік Қазақстан облысының климаты зерттеуші ғалымдардың еңбегінде толық көрсетілген.

Жел тәртібі (режим): Оңтүстік Қазақстанның шөл далаларында және Орта Азияның  шөл далаларындағы өсімдіктерге жел кәдімгі экологиялық фактор ретінде күшті әсер етеді. Жел әсерінен қысқы қарлар ұшады, жылы уақытта булану процесі жүріп жердің беті құлазып, жел эрозиясына ұшырайды. М.И.Рубенштейннің мәліметіне сүйенсек Оңтүстік Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан (фен) және оңтүстік-батыс бағыттарда соғады (гармсиль).

Оңтүстік Қазақстан облысында желдің соғатын күндері Шардара метеостанциясының мәліметі бойынша қарашада - 8, ақпанда 12-16 күн, мамырда - 9 күн, тамызда - 8 күн. Желдің жылдық орташа жылдамдығы 12 м/сек.

Зерттеу әдістемелері. Изенді зерттеудегі негізгі тәжірибе жұмыстары ОБМӨШҒЗИ – ның «Ақпан» және физиологиялық кешендегі   тәжірибе танабында жүргізілген.  Бұл жерлердің табиғат жағдайлары – климаты, топырағы, өсімдіктері оңтүстік қазақстанның үйреншікті мал жайылымдары еді. Оңтүстік Қазақстан облысының шөл аймақтарына Бетпақ дала, Қызылқұм, Мойынқұм, Сырдария өзенінің төменгі ойпаттары жатады. Ол жерлердің топырақ қабаттары, рельефі, вегетация кезеңіндегі табиғи ыстық климаты, өсімдік жабындары үш түрлі аймаққа бөлінеді: Қаратау, Қызылқұм және орталық аймақ. Қызылқұм мен орталық аймақ шөлдің оңтүстік бөлігін құрайды. Бұл жердең толығырақ түсініктемесі З.Д. Клыков еңбегінде жақсы  жазылған.

Батыста Қызылқұмның құм жоталары орналасқан, Оңтүстік шығысы Қаратау сілемдеріне барып тіреледі, Солтүстігі Қаратаудың тау етектеріне жалғасады.

Азықтық пайдалы өсімдіктердің тұқымдарының шығымдылығы арнаулы зертханаларда анықталады. Бұл көрсеткіштерді анықтау үшін арнаулы «Техникалық жағдай» (ТЖ 46-809-72) пайдаланылады. Ол Бүкілодақтық Ғылыми Зерттеу институтында жасалынған.

Алабұта тұқымдастарына жататын өсімдіктердің систематикалық жүйесін төмендегі әдебиеттермен құрдық. 

Алабұта тұқымдастарына жататын өсімдіктердің шығымы дала жағдайында пайыз есебімен онша үлкен шаманы бермейді. 5-30%.

Оның мөлшері тұқымның егілу тереңдігіне байланысты. Тұқымның егілу тереңдігін зерттегенде, таяздау жерге егілген тұқымның шығымдылығы жақсы екендігі дәлелденді. – 0,5 – 1,0 см изен өсімдігін еккен кезде, себілген тұқымды тырмалау арқылы жерге сіңдіреді, ал сұр теріскен мен кеуректі және қара сексеуілді егіп болған соң тырмалайды. Қыс кезеңінде егілген тұқымды міндетті түрде доңғалақпен тегістеп тастау керек.

Изен өсімдігінің мәдени түрінің жайылым жағдайына толығымен енгізілмей отыруы, (ОҚО облысының шөлейт далаларында) бұл ең алдымен изеннің биологиялық және экологиялық жағдайының толық зерттелмеуінен және егу әдісін жете білмеуден. Осыған байланысты зерттеу бағдарламасына биология, экология және агротехника қосылды. Бұл изеннің өндіріске пайдалы түрлерін таңдап егуге көмектеседі. Тәжірибе жұмысына изеннің түрлі үлгілерінің егістіктері алынды үлгілерді зерттеу жұмысы тиісті әдістемелерге сәйкес жүргізілді.

Изен экотиптерінің сипаттамасы. Изен -  алабұталар тұқымдасына жатады.

Қазақстанда изеннің бұл туысқа жататын 8 түрі өседі, оның жетеуі бір жылдық та, жатаған изен көп жылдық.

Изен өсімдігінің жіктелуі жөнінде пікірлер көп. Оған оның кең таралуы себеп болып отыр. Ғылыми деректер көрсеткендей изен Россияның европалық бөлігінде (Ставрополь өлкесінде, Волгоград, Саратов облыстарында, Дағыстанда, Қалмақстанда ж.б), Кавказда, Батыс және Шығыс Сібірді, Орта Азияда, Батыс, Орта және Оңтүстік Европада, Кіші  Азияда, Иранда, Ауғанстанда, Гималайда, Монғолияда, Тибетте және Қытайда кездеседі.

Изеннің Тибет тауларының теңіз деңгейінен 5000 м биіктігінде теріскенмен бірге өсетіні белгілі.

Бұл өсімдік Қазақстанның құмайт шөл шөлейт жерлеріне, қуаңшылық, далалық аймақтарында, тау бөктерлерінде өседі.

Біздің ғалымдардың байқаулары көрсеткеніндей изен Оңтүстік Қазақстанның Мойынқұм алқабында, Сырдария өзенінің төменгі сағасындағы құмайт жерлерде, Қаратау және Тянь-Шань бөктерлерінде өседі. Бір қызығы, Қызылқұм алқабының көп жерінде, әсіресе Оңтүстік Шығыс бөлігінде изен өсімдігін кездестіре алмаған.

У. Пратов изеннің табиғатта таралған барлық үлгілерін талдап, олардың морфологиялық ерекшеліктерін ескере  келіп, оны жасылдау және сұр деп екі тармаққа бөлді.

Жасылдау тармағы негізінен адырларда және тау бөктерлерінде өседі. Бұл тармақты түр ретінде сипаттап, Тянь-Шань изені деп атаған. Алайда ол жалғыз Тянь-Шань тау жүйесінде ғана емес, Алтай тауларында да кездеседі. Мысалы, Семей облысы Үржар ауданынан алынған К-503 үлгісінің жасылдау тармағына жататынын байқадық.

Бұл жерде изен түрлерінің таралуы жөніндегі деректерінің біразы дәлелдеуді керек ететінін келтірген. Мысалы авторлар Оңтүстік Қазақстан облысының Бөген ауданынан алынған изеннің  К-517 үлгісінің оның сұр тармағына жатқызған. Ал біздің ғалымдардың зерттеулері бұл түрдің жасылдау тармағына жататынын көрсетті. Ал Орал облысында өсетін К-14, К-15, Ставрополь өлкесінен К-38, Торғай облысынан К-280, К-281 ж.б. үлгілер жасылдау тармағына емес сұр тармаққа жататынын байқаған. Сондай-ақ, Талдықорған облысының К-494, К-497 үлгілері де сұр тармаққа жататынын, изеннің сұр тармағы ол тараған аймақтың барлығында, яғни түрлі экологиялық жағдайда өседі. Олардың морфологиялық ерекшеліктерін топтап, қалың түпті және боз жалбырлы деп екі шағын түрге бөлуге болады.

Сыртқы жағдайларға байланысты изеннің морфологиясы өзгергіш келетіндігін негізге ала отырып З. Ш. Шамсутдинов оны үш экологиялық топқа (саздақ, құмдақ, тастақ) жатқызады.

Кейінгі кезде Ю. Д. Сосков бұл экологиялық топтарды географиялық орналасуына байланысты Аралдың, Тянь-Шанның, Жоңғардың саздақ, Аралдың, Оңтүстік Қазақстанның, Қалмақтың құмдақ, Ферғананың және теріскей Туранның тастақ, сондай-ақ Аралдың сортаң топтарына бөлуге болады.

Дегенмен, изеннің экотиптері туралы толықтай мәліметтер Ғ.К.Кенжеғалиев келтірілген деректерде көрсетілген.

Өндіріске жарату мүмкіндігі тұрғысынан алып қарағанда оның құрылымының бай болуы және кең таралуы бұл өсімдіктің экологиялық қасиетінің жақсы екенін танытады. Мысалы, изенді дақыл ретінде өсіру мақсатында 100-ге жуық үлгісін зерттелген. Жүргізілген зерттеулер Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш, Ордабасы аудандарының сазды жерлерінде өсетін Тянь-Шанның саздық экологиялық тобына жататын үлгінің (саздақ изені), Мойынқұм құмында өсетін Оңтүстік Қазақстанның құмдық экологиялық тобына жататын үлгінің (құмдық изені) және Оңтүстік Қырғызстанның Шатқал жоталарында өсетін, Ферғананың тастақты экологиялық тобына жататын үлгінің (тастақ изені) үлкен өсу бейімділігін көрсеткен.

Изеннің экологиялық тобының морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері

Морфологиялық ерекшеліктері. Мойынқұмның құмдақ экологиялық тобына жататын құмдақ изені – изеннің ашық жасылдау тармағына кіреді. Бұл күзге қарай сарғыш қызыл реңге енетін жасыл сары түсті, шоқ түбінің биіктігі 90-100 см. дейін жететін өсімдік. Жапырақтары жіңішкелеу, ұзынша 1,0-2,5см., көлденеңі 0,1-0,15 см.

Гүл шоғыры-шашақгүл, сабақтың 1/3 бөлігін алады. Гүлдері 4-5 тен шоғырланып тұрады. Жемісінің көлемі үлкен емес 0,005-0,2см. Құрғақшылық жылдарында қысқалау, ылғалды жағымды жылдарда әр шашақта қанатшалы жемістері өседі. Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл  облыстарының құмдағы жайылымдарында өседі (Қызылқұм, Созақ, Мойынқұм т.б. аудан). Қырғызстанның құмды шөлдерінде өсетін құмдақ изеннің түрі сұрғылт болып, бұтақтары сирек, сабақтары жіңішке, жазға қарай қызғылт түске енеді, сұрғылт түктермен жабылған, жапырақтары жасыл-сұр, қысқа, ұзындығы 1,0-1,5 см. көлденеңі 0,1-0,15 см. Гүл шоғыры масақ тәріздес, жұмсақ, сабақтың 1/4 -1/5 бөлігін алады. Жемісі майда 0,12-0,13см., арқа жағында дөңгелек немесе үш бұрышты томпақтары болады.

Ал, Тянь-Шанның саздық экологиялық тобына жататын саздақ изені – изеннің жасылдау тармағына кіреді. Бұл күзге қарай сарғыш қызыл реңге енетін жасыл сары түсті, шоқ түбінің биіктігі 90-100 см. дейін жететін өсімдік. Бұтақтары түзу өседі, сабақтарын сирек түк басқан, күзге  қарай қатқыл келеді. Жапырақтары жіңішкелеу ұзынша (0,8-2,5см ), түгі аз, жұмсақтау, жасыл түсті. Гүл шоғыры – шашақгүл. Гүлдеген шаашқтарында 2-3 тен қанатшалы жемістері бар. Олар түксіз, сусымалдығы жақсы. Мың дәнінің салмағы 1,2-1,8 г.

 

Изеннің экологиялық тобының морфологиясы

 

Экотиптер

Биіктігі,см

Жапырақ ұзындығы,см

1000 дәнінің салмағы, гр.

Мойынқұм құмдақ изені

70-800

0,8-1,5

1,0-1,3

Тянь-Шянь саздақ изені

90-100

0,8-2,5

1,2-1,8

Ферғананың тастақты изені

100-110

2-3

1,4-1,9

 

Гүл шоғыры – шашақгүл немесе масақгүл. Жемістері түкті келеді. Сусымалдығы нашар. Мың дәнінің салмағы 0,8-1,4г.

Ферғананың тастақты экологиялық тобына жататын үлгі изеннің сұр тармағының  қалың түкті түршесіне кіреді. Изеннің бұл түрі қоңыр сұр дағы бар жасыл түсті. Сабақтары жуан, қалың түк басқан тік өседі. Шоғының биіктігі 100см. дейін жетеді. Ұрық байлаған кезде жайылып тұрады.. Жапырақтары ірі, түкті, ланцетті, ұзындығы 2-3 см.

Гүл шоғыры – шашақгүл. Жемістері түкті. Алайда, сусымалдығы дұрыстау. Мың дәнінің салмағы 1,4-1,9 г.

Шөл аймақтарындағы жайылымның өнімділігін арттыруда қара оттың ішінен изенді сұрыптаудың және оның тұқымын өндірудің маңызы ерекше.

Изен ұзақ өсіп – жетілетін бұтақты, тұзды сорға, құрғақшылыққа төзімді, белокқа бай, марева тұқымына жататын құнды, малдың қай түрі болса да жыл бойы жей беретін өсімдік. Ол Орта Азия  республикалары мен Қазақстанның түрлі топырақты, құбылмалы ауа райы жағдайларында өседі. Кейде тіпті бірқатар морфологиялық белгілері бойынша белгілі бір жерде өседі десе де болады. Оттық сапасы жоғары, табиғи ортаның ыстық суығына төзімді.

Экологиялық-биологиялық шаруашылық қасеттеріне және төңірекке бейімділігіне байланысты осы жартылай бұталы өсімдікті сұрыптау жұмысы кеңінен жүргізілуде.

Қазіргі міндет экологиялық, биологиялық тәжірибелер жүргізе отырып, осы өсімдіктің шөлге төзімді типтерін іріктеу мен изеннің жоғары өнімді жаңа типтерін шығару.

Осы бағытта жусанды – эфемерлі шөл аймақта орналасқан ОБМӨШҒЗИ-ның «Бақтөлен» тәжірибе бөлімшесінде эксперименттік жұмыстар жүргізілді. Бақтөленнің ауа райы құбылмалы, жазы аса құрғақ, қысы суық. Жауын – шашын көбіне ерте көктемде, қыстың алдына таман болады.

Биологиялық ерекшеліктері. Изеннің биологиялық ерекшеліктерін және сыртқы жағдайларға қоятын талаптарын білу жолымен «Жайылым» бөлімінің тұқым шаруашылығы және селекция» лабораториясының белгілі ғалымдары оны жақсы өсіруге және агротехникалық шаралырды ғылыми негізде реттеп, дұрыс  шешуге болады екен.

Изен ұрығы ұрыққап ішінде орналасқан, бес желекпен көмкеріліп жабылған. Ұрықтың өзін өте жұқа жамылғы жауып тұрады. Ол тамыршадан, жасыл түсті тұқым жарнағының қалтасынан, қос жарнақтан және жарнақ арасында орналасқан бүршіктерден тұрады.

Изен ұрығына  биологиялық жағынан жетіліп, пісу қасиеті тән. Себебі изеннің гүлдеуі және дән байлауы әр өсімдіктің бойында ғана емес, бір сабақтың бойында да бір мезгілде өтпейді. Сондықтан да тұқым жинау кезінде дәннің пісуі әр түрлі дәрежеде болады. Осыған орай терілген дәннің өнгіштігі бар – жоғы 3-8 процент құрайды. Қамбада жатқан дәннің өнгіштігі 2-3 айдан соң  60 – 80 процентке дейін жетеді, ал 7-9 айдан кейін өнгіштігі күрт төмендейді немесе мүлдем өнбейді.

Изен тұқымы ерте көктемде 4-5 градус жылулықта өне бастайды. Зерттеулер көрсеткендей, тұқымның жақсы көктеп шығуы үшін топырақ ылғалдылығы құмда 7-9  процент, сазды жерде 11 -15%, сондай-ақ жер бетіне жақын ауаның ылғалдылығы 70-80 % болуы керек.

Тұқым өніп келе жатқанда бірінші болып жер бетінде ұзындығы 6 – 8 миллиметр, көлденеңі 2-3 миллиметр келетін екі жарнағы көрінеді. Олардың тіршілік ететін уақыты шамамен 20–40 күнге дейін созылады. Жарнақтар алғашқы жапырақтар пайда болғанша тамырлары қоректік заттармен қамтамасыз етеді. Өскіндердің бастапқы даму кезеңінде тамыр жүйесі тез дамыса, керісінше сабақтардың өсуі өте баяу. Мұны 7 - кестеде келтірілген мәліметтерден көруге болады.

 

Құмдақ изенінің сабағы мен тамырларының жетілуі

 

Анықталған мезгілі

Сабағының биіктігі, см

Тамырының ұзындығы, см

Тамыр ұзындығының сабақ биіктігіне ара қатынасы

1-ші жыл

2-ші жыл

1-ші жыл

2-ші жыл

1-ші жыл

2-ші жыл

7,04

2,0

1,7

8,1

7,2

4,0

4,2

24,04

3,1

2,3

11,8

8,4

3,8

3.6

25,05

9,8

3,9

37,0

16,2

3,7

4,1

16,06

21,0

9,9

76,0

52,3

3,6

5,2

27,07

52,7

-

91,1

-

1,7

-

 

2014 жылы ауа райы изен өсімдігінің жетілуіне қолайлы болған. Өскіннің бастапқы өсуі кезінде тамыр жүйесі тез жетілген. Сондықтан тамыр ұзындығының сабақ биіктігіне ара қатынасы 3,6 тең болып шықты.

Мамырдың соңғы онкүндігінен бастап өсімдіктің жер бетіндегі мүшелері, яғни сабақтары тез жетіле бастайды. Шілде айында тамыр ұзындығының сабақ биіктігіне ара қатынасы 1,7-ге дейін төмендейді.

Мысалы, ғалымдардың зерттеу нәтижесінде 2003 жылы жауын- шашын аз болып, оның үстіне мамырдың екінші он күндігінен күн қатты ыси бастаған. Осыған байланысты өсімдіктің жер бетіндегі сабақтарының жетілуі күрт нашарлаған. Сондықтан тамыр ұзындығының сабақ биіктіліне ара қатынасы бұл жылы жоғары күйінде қалған.

Екі жылғы бақылау өскіндердің бастапқы жетілуі кезінде тамыр жүйесінің тез өсетінін көрсеткті. Бұл ерекшелікті өсімдіктің құрғақ аймақтың қатал жағдайына бейімделгендігі деп дәлелдейді. Себебі, күн ыси бастасымен топырақтың үстіңгі қабатындағы ылғал тез азая бастайды. Ал, зерттеулердің көрсеткеніндей, топырақтың төменгі қабаттарында (100 – 120  см) тұрақты конденсациялық ылғал бар екені белгілі. Сондықтан, жаздың аптап ыстығы басталғанша, тамыр жүйесінің осы ылғалды қабатқа жетіп үлгеруі керек.

Ылғалды жылдарда бірінші жылғы өсімдіктер жетілудің барлық кезеңдерінен өтіп, тұқым байлайды.

Гүлдеу кезеңінде бірінші болып мамыр айының басында құмдақ изені үлгереді. Саздақ және тастақ изеніне  қарағанда  15 – 20 күн кейін гүлдейді. Құмдақ изені жемісінің пісу қыркүйектің аяғы – қазаның басына тура келсе, кейінгі екі экологиялық тобынікі қазан айының екінші онкүндігінде байқалады. Өсіп-өну ұзақтығы құмдақ изенінікі 185 – 204 күн, ал саздақ және тастақ изенінікі – 214 – 225 күн.

Ғалымдардың төменде  жыл бойына жасаған тәжірибелерінен метеорологиялық анықтамалар, жауын-шашынның түсімі, температураның көрсеткішін, ауаның ылғалдылығын, изен өсімдігінің  фенологиялық спектрін көріп отырмыз (8-кесте).

 

Изен өсімдіктерінің феноспектрлері

Экологиялық тобы

Күндері

Жер бетіне көрінуі

Түйіндеуі

Гүлдеуі

Тұқымның пісуі

Мойынқұмның құмдық изені

10-15/3

15-25/6

20-22/7

23-30/9

Батыс Тянь-Шань және Қырғызстанның саздақ изені

10-15/3

25/6 - 5/7

20/7 – 5/8

14 -20/10

Қырғызстанның тастақ изені

10 – 15/3

25/6 – 5 /7

20/7 – 5/8

14 -20 /10

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жалпы айтқанда, изен өсімдігі құрғақшылыққа және суыққа төзімді келеді. Топырақтың құрғақтығына, ауа ылғалының тапшылығына төзімділігін көрсететін маңызды физиологиялық ерекшеліктері оның клеткасының жоғары дәрежеге жететін осмостық қысым болуында . Әсіресе шілде – тамыз айларында бұл көрсеткіш 23 – 49 атмосфералық қысымға тең. Сонымен қатар изеннің булануға кететін ылғалды үнемдеп жұмсайтын қасиетін және өсімдіктегі фотосинтез процесінің едәуір интенсивті жүретінін атап өту керек.

Дегенмен, изеннің экологиялық топтарының құрғақшылыққа, суыққа төзімділігі әр түрлі. Мысалы, көктем айларындағы үсікке құмдақ изені шыдамсыз. Ал жаздың аптап ыстығы саздақ  изенінің жетілуіне көп жағдайда кері әсер  етеді. Себебі бұл изеннің сабағында және жапырақтарында түктер аз, леп саңылауы көп.

А.А. Сайдов мәліметтері бойынша қалың түкті изен (құмдақ) жапырағының 1 шаршы миллиметрінде 30-50 түк болса, аз түкті изеннің (саздақ) жапырақтарында 10-17 ақ түк болады. Леп саңылаулар санына келсек керісінше қалың түкті изеннің жапырағының үстіңгі бетінде 70-100, астыңғы бетінде 60 – 70 саңылау, ал аз түкті изеннің жапырағының үстіңгі бетінде 120 -170, астыңғы бетінде 70 – 100 саңылау болады. Түктерінің аз, леп саңылауларының көп болуы саздақ изенінің ылғалды көп буландыруына әкеліп соғады. Ылғалды үнемдеу мақсатында бұл изен жаздың аптап ыстығы басталысымен жапырақтарын түсіре бастайды.

Тамыр жүйесі. Өсімдіктің тамыр жүйесі – негізгі органға жатады, ол тек өсімдікті топырақпен байланыстырып қана қоймайды, өсімдікті сумен және  минералды заттармен қамтамасыз ете отырып органикалық заттардың синтезделуіне және өсімдіктің жалпы жақсы өсуіне ықпал жасайды.

Тамыр жүйесінің жақсы дамуы тек өсімдіктің өсуіне ғана емес оның өнімінің де жақсы болуына көмектеседі. Е.М. Лавренко айтуынша құм жағдайында өсімдіктің фитоценозы жер бетінде ашық жатады, сондықтан өсімдік өсуі тек топырақ ішінде болады, бұл кезеңде тамырдың ролі өте зор.

Изеннің құрғақшылыққа төзімді болуына тамыр жүйесі де есебін тигізеді. Оңтүстік Қазақстанның құмшауыт топырағында құмдақ изенінің тамыры тіршілігінің алғашқы жылында 110 – 138 сантиметр, саздақ және тастақ изенінікі 168 – 178 сантиметр тереңдікке дейін енеді. Қосалқы тамырлары құмдақ изенінікі 60 сантиметрге, саздақ изенінікі 98 сантиметрге, тастақ изенінікі 103 сантиметрге дейін жайылып тарайды.

Изен тамырларының жетіліп өсуі топырақтың көктемде  сіңірген ылғалдылығына  және топырақтың сыртқы бетінің ылғалдылығына қарайды. Егер ылғал мол болса тамыр да жақсы дамиды, бүйірлік тамырлар да ұзаққа жайылып қомданады, егер құрғақшылық болса, тек негізгі тамыр ғана өсіп, жанама тамырлар майда әрі қысқа күйінде қалып кетеді. Тамырдың жақсы өсіп дамуы өсімдіктің биік әрі мықты болып өсуіне және мол өнім беруіне негіз болады. Изен шөбінің барлық экологиялық топтарында тамыр мойны мен жанама тамырлардың жақсы жетілуі өсімдіктің биік әрі бұталарының мол болып өсуіне жағдай жасайды. Өсімдік биіктігі мен тамыр мойнының диаметрі және жанама тамырлардың жайылғыштығы мынандай  коэффициентпен көрсетуге болады. Тастақты изенде - + 0,82  - + 0,060, саздақ изенде - + 0,87, - + 0,045, құмдақ изенде - + 0,83 - + 0,057.

Сондықтан, шөл жағдайында күшті дамыған тамыр жүйесі ғана өсімдіктің өсіп, жетіліп жақсы азық, құнарлы шөп болуына жағдай жасайды. Қазіргі кезде изеннің тамыр жүйесінің табиғи жағдайда да мәдени жағдайда да қалай өсетіндігін зерттеген ғалымдар еңбегі көптеп саналады.Изеннің желі түрінде тамыр жүйесі тереңдеуге тез бет алады [44]. Өскіннің бастапқы өсуі кезінде тамыр жүйесі тез жетіледі. Сондықтан тамыр ұзындығының сабақ биіктігіне ара қатынасы 3,6 тең болып шықты.Тамыр тереңдігінің ұзындығына қатынасы құмдақ изенде: ірісі – 138 см, орташасында-126 см, майдасында – 110 см тастақты изенде: ірісі – 168 см, кішісі – 172 см; сыздақ изенде ірісі – 178 см кішісі – 169;  Тамыр мойыны ірі бұталарда жуан болып жақсы жетілген: құмдақ изенде – 1,0-1,2 см. Тастақ изенде – 1,8 см, саздақ изенде 2,1 см.Топырақта тереңдеген сайын негізі тамыр жіңішкеріп, жан – жаққа атпа тамырлар жайылып кетеді: Тамыр жүйесінің жетілуі оның тіршілігінің соңғы жылдарында да тоқтамайды. Кәрі изен тамыры 3-4 метрге дейін бойлайды.

Изеннің биологиялық ерекшеліктерінің бірі-жаз бойы өсуінде. Өсімдік маусым-шілде айларында қарқынды өседі. Кей жылдары құмдақ изенінің жас өсімдіктерінің биіктігі 41-71 сантиметрге дейін, саздақ изені мен тастақ изенінікі 50-89 сантиметрге, кәрі өсімдіктерінің биіктігі 75-94 сантиметрге дейін барады.

Өсімдіктің жылдық тіршілік циклы біткен соң қыс айларында сабақтың көп бөлігі өліп қалады. Біздің байқауларымыздың көрсеткеніндей сабақтың түп жағынан ұзындығы  12-20 см болатын бөлігі ғана тірі қалады. Келесі жылғы сабақтар осы бөлігінде орналасқан бүршіктерден тарайды.

Өсімдіктің тіршілік циклы 20-22 жылға созылатынын білдік. Сол жылдардың 10-15 жылында қанағаттандырарлық өнім бере алады.

Оңтүстік Қазақстанның шөлейт далаларындағы өсімдіктердің бойы мен өсу динамикасын жете білу үшін ең алдымен олардың өзіндік өсу ерекшеліетерін білу керек. Изеннің экологиялық топтарының бәрі де бірінші жылы баяу өседі, ол вегетативтік мерзімнің бірінші жартысы болып саналады. Бұл кезеңде тамыр жүйесі тез дамиды.

 

Мойынқұмның құмдақ изенінің тамыры мен сабағының өсу жылдамдығы

 

Анықтау мерзгілі.

Негізгі тамыр ұзындығы

Сабақтың биіктігі

Негізгі тамыр ұзындығының сабақ биіктігіне қатынасы

1-ші жыл

2-ші

жыл

1-ші жыл

2-ші жыл

1-ші жыл

2-ші жыл

Сәуірдің басында

8,1

7,2

2,0

1,7

4,05

4,2

Сәуірдің аяғында

11,8

8,4

3,1

2,3

3,8

3,6

Мамырдың аяғында

37,0

16,2

9,8

3,9

3,7

4,1

Маусымның ортасында

76,0

52,0

21,0

9,9

3,6

5.2

Маусымның аяғында

91,1

-

52,7

-

1,7

-

 

Изеннің бірінші жылдағы вегетация кезеңіндегі баяу өсуі өсімдіктің көп жылуды қажет етуінен болады. «Жайылым» бөлімінің ғалымдарының тәжірибелерінің нәтижесінде дәл осы вегетация кезеңінде Қырғызстанның және Батыс Тянь-Шанның экотиптерінің (суық жақтікі) өсуі -11,0-14,0 см, ал Мойынқұмның құмдақ изенінің өсуі 7,0-9,0 см. Вегетативтік мерзімнің екінші жартысынан бастап температуралық режимнің реттеуіне байланысты изен өсімдігі қаулап өсе бастайды немесе керісінше баяу өседі. Өсімдіктің өсу белсенділігін тереңірей зерттей келе, жылдың ыстық мезгілдерінде өсу жылдамдылығының артатынын байқаған. Осыған қарап Мойынқұмның құмдақ изені, Қырғыздың, Батыс Тянь-Шань изендеріне қарағанда жылулықты көп қажет ететінін байқаған. Бұл өсімдіктің онтогенез кезінде қайталанып отырытын филогенетикалық тарихына байланысты жағдай. Бұл тәжірибеден изен шөбінің Қырғызстан мен Батыс Тянь-Шаннан әкелінген экотиптерінің онтогенез кезінде суық температураға төзімді болып қалыптасқандығын байқаған. Жылдам өсетін изеннің тез арада жайылымды көгертіп пайдаға асатыны белгілі. Сондықтан изеннің саздақ экотипі ерте пайдалануға жарамды жайылым жасауға болады деп, ғалымдардың назарын өзіне алдарып отыр.

Кейбір кезеңдерде қоршаған ортаның мынандай факторлары, Қырғызстаннан әкелінген изеннің экотипіне қарсы әсер етуі мүмкін: топырақтың жоғары ылғалдылығы, температура мен ауаның ылғалдылығы изеннің биологиялық талаптарына сай болмауы мүмкін. Бұндай жағдайда изен шөбі метеорологиялық күйзеліске ұшырайды.

Изеннің өнімділігі. Изен шаруашылықтың маңыздылығымен шаруа қауымға жақсы танылған өсімдік. Қазірше қуаң аймақ жағдайында бұған тең келер дақыл жоқ десе де болады. Себебі, жаз-күз айларында мал сүйсініп жейтін көк балаусамен қамтамасыз ететін бірден – бір өсімдік. Оңтүстік Қазақстан облысының шөлейт далаларында ең жоғарғы өнім беретін изеннің экотипі, Қырғызстанның оңтүстігінен әкелінген изен шөбі. 9 кестеден көрсетілгендей бұл экотип 3 жылдың көлемінде орта есеппен 15,4 ц/га құрғақ азықтық шөп берген, оның ішінде сабақтары – 10,3, жапырақьары мен генетативтік органдары – 5,1 ц/га. Табиғи шөптердің түсімі бұл  мезгілдерде орта есеппен 2,6 ц/га болды. Қырғызстаннан әкелінген саздақ экотип, тастақ экотипке қарағанда түсімді екі есе аз берді – 7,8 ц/га, оның ішінде жапырақтары мен генеративтік органдары 1,5 ц/га немесе 18,4%.

Құмдақ экотиптердің арасынан ең өнімдісі Мойынқұмнан әкелінген изен болды. Оның орташа түсімі 8,0 ц/га құрғақ пішен берді. Жапырақтары мен генеративтік органдарын қосқанда 33% немесе 2,7 ц/га. Ең төменгі өнімділік Қырғызстаннан әкелінген құмдақ экотиптер болды. – 5,2 ц/га. 3- ші жылдық егісінде де осындай көрсеткіштер болды. Бұл жерде Қырғызстаннан әкелінген тастақ изенінің экотипі жоғары көрсеткішке жетті. Мойынқұмның құмдақ экотипі мен Батыс Тянь-Шанның саздақ изені бірдей көрсеткіш ие болды: 21,8,  13,5 және 18,2 ц/га. құрғақ пішендеме берді. Тұқымның өнімділігі де вегетациялық кезеңдегі метеорологиялық жағдайларға байланысты болады. Тұқымдар мөлшері бірдей экотиптің өзінде де әр жылды әр түрлі болды.

3-ші жылдық тек қана Қырғызстаннан әкелінген изеннің тастақ экотипі ғана өнім берді – 0,28 ц/га және Мойынқұмнан әкелінген құмдақ изеннің кейбір өскіндері ғана. 4 – ші жылғы ауа райының қолайлы болуы экотиптердің жақсы өнім беруіне жол ашты. Бұл жылы Мойынқұмның құмдақ изені – 0,76 ц-га, Қырғызстанның құмдақ изені – 0,15 ц/га, саздақ изені – 0,17 ц/га, тастақ изені – 0,82 ц/га таза тұқым берді.

Изен үлгілерін сынау. Бүгінде изеннің экотиптік түрлеріне жататын үлгілерді жинап, оларды сорт шығарудың алғы материалдары ретінде зерттеу жұмыстары кеңінен атқарылуда. Мысалы, В.Н. Старшинова Солтүстік – Батыс Каспиймаңының ашық қызғылт топырағында жүргізілген тәжірибесінде изеннің Қырғыстан, Өзбекстан, Қазақстан, Қалмақ, Ставроноев өлкесінен алынған 24 үлгі жүргізілген. 2 жылдық үлгілердің өнімділігі гектарына 0,55- 1,02 тонна, үшінші жылғылардікі – 1,05 тен 1,37 тонна болған. Бағалы деген үлгілерге К-73, К-76, К-79 жатқызылған. Бұл үлгілердің 1000 дәнінің салмағы 2,0 – 2,12 жеткен.  Осыған орай Оңтүстік Қазақстанның түрлі топырақ-климат жағдайында осы бағыттағы жұмыстар жүргізілуде. Біздің зерттеу жұмысымыз «Ақпан» тұқымдық егістігі жайында және тау бөктерінде орналасқан Физологиялық кешенде салыстырмалы түрде 2-3 жылға өсімдіктермен жүргізілді. Қазақстанның оңтүстігінде ақпан-наурыз айларында ауаның жоғары температурасының жиі құбылмалылығы байқалады. Ол қуаңшылық өсімдіктерінің өскіндерінің шығуын реттеп және топырақтағы өсіп-жетілуін реттейді. Бірақ, уақытынан бұрын суықтың түсуі өскіндердің шығуы мен өсімдіктердің өсуіне зиян келтіреді. Мысалы 2015 жылы салыстырмалы түрде қыс мезгілі жылы болды. Қаңтар мен ақпан айлары жауын-шашынды болды. Ауаның температурасы жеке күндері 8-10 0С-ге жейін жетті. Қар 2-5 күн аралығында жатты. Қуаңшылық өсімдіктерді егу қаңтар айының соңғы жартысында жүргізілді. Ақпан айының соңғы жартысында теріскен өсімдігінің өскіндері, ал наурызда изен өскіндерінің шығуы біліне бастады. 28-ші наурыз күні ауа температурасы жылы болды, бірақ 29-ші наурыз күні қар жауды. 30-шы наурыз күні өткінші қар жауды. Тау маңы аймағындағы ауа температурасы-9-110С-ға дейін, ал жазықтықта – 5 0С-ге дейін төмендеді. Осының нәтижесінде барлық стационардағы изен өскіндерін суық ұрды. Тау маңындағы изен мен жазықтағы жүзгіннің бірен-саран бүршіктері зақымдалды. 

Шілде айындағы ауаның қолайсыз температурасы (45-490С.) жазықтықтағы изен өсімдігінің дамуына күшті әсер етті.

«Ақпан» тұқымдық егістігі жайында изен үлгілерінің 2-3 жылғы өсімдіктерін зерттеу нәтижесі олардың өсімдіктерінің ойдағыдай дамып өскендігін көрсетті. Көшетжайда мұнда 9 флоралық аймақтардан, атап айтқанда Ресейден, Орта Азиядан және Қазақстанның аудандарынан алып келінген изен өсімдігі түрлері кездеседі. Олар аталған түрден жаңа сорт жасаудың негізгі көзі болып табылады. Соның ішінде изеннің 3 жаңа сорты шығарылып, 2-і МСС-қа жіберілді. Қазіргі таңдағы біздің жұмысымыздың бағыты – Қазақстанның оңтүстігіндегі тау маңы аймағында генетикалық ресурстардың базаларына сүйене отырып, жайылым пайдаланымы үшін жаңа сорттар түрлерін шығару пайдаланатын үлгілерді анықтау.

 

Изен үлгісінің сипаттамасы (2013 жылғы егістік)

 

р/с

Жүргізетін орын

Үлгілер

Өсімдік биіктігі, см

Бұтақтар саны, дана/өсімдік.

Егіннің шығымдылығы г/м2

Жапырақ үлесі, %

жасыл

ауалы-құрғақ

 

1

 

 

 «Ақпан» тұқымдық егістігі

БТ-1-(st)

85,8

28

320

170

36

К-321

82,2

13

270

130

35

К-335

62,5

30

180

85

59

БТ-6-(st)

54,0

29

160

80

40

К-120

53,5

39

200

95

50

К-319

86,2

21

280

135

36

К-211

53,4

34

190

90

52

 

2

 

 

 

 

Физиологиялық кешен

БТ-1-(st)

112

17

390

205

41

К-321

98,1

23

340

180

38

К-335

73,4

25

290

140

56

БТ-6-(st)

94

18

320

120

42

БТ-1-12

111,8

13

360

190

32

К-636

90,4

20

310

150

40

К-120

89,1

31

290

140

53

К-319

91,5

21

340

150

40

К-211

87,4

28

310

140

56

    

Кестедегі көрсеткіштерде, «Ақпан» жеріндегі жайындағы изен өсімдігінің азықтық салмағының өнімділігі Физиологиялық кешендегіге қарағанда төмен екендігі байқалады.  1974-2004 жылдардағы «Бақтыөлең» тәжірибе жайындағы зерттеулердің көрсетуінше, Ресей мен Қазақстанның батыс өңірінен алып келінген изен өсімдігі түрлерінің Қазақстанның оңтүстігі жазық шөліндегі тіршілігі мен өнімділігі төмен болды. Айта кететін жайт, сәйкесінше тау маңы аймағында тіршілігі ұзақ және өнімді болды. Қазіргі таңда, жинақтамада (коллекция) 13-15 жылдық үлгілердің дамуы мен өсуі қалыпты. Бұл үлгілер жапырақтылығымен, жұмсақ сабақтарымен және жақсы балауса бұтақ түзушілігімен ерекшеленеді. Бұл тұрғыда жоғары бағалылықты Ресейдің оңтүстік өңірінен алып келінген К-120, К-209, К-211 және К-335 түрлері көрсетті.

Генетикалық ресурстарды пайдаланудағы жаңа сорттарды жасауда, ең алдымен жұмысты жеке шаруашылық-бағалы белгілері бойынша синтетикалық сорттарды жасаудан бастау қажет.  Бақылаулардың көрсетуінше, көшетжайдағы изеннің бос тозаңдануы нәтижесінде гибридтер байқалады, олар белгілі бір ерекшеліктермен ерекшеленеді. Мысалы, Физиологиялық кешенде биіктіктігі өте жоғары изен өсімдігі өсіп-дамып жатыр. Оның биіктігі 180-220 см-ге дейін, ал жылдық бұтақтарының ұзындығы – 120-180 см құрайды.

Биылғы жылдың наурыз айындағы ауа температурасының кенеттен салқындауы, және шілдедегі аптап ыстық Ақпандағы изен өсімдігінің өсіуіне айтарлықтай әсер ете қоймады.

Тамыз айының басындағы изеннің Оңтүстік Қырғызстанның БТ-1 түрінің биіктігі 73,5-76,8 см-ді, РФ Волгоград облысының К-335 түрінің биіктігі 58,9-60,8, Солтүстік Қырғызстанның К-118-45,8-48,0, Ақтөбе облысының К-96-45,8-48,0, Қызылорда облысының К-319- 67,9-68,5, РФ Калмык Республикасының К-120-52,9-55,2, Ақтөбе облысының К-805-53,2, Қарағанды облысының К-433-45,4-50,2, РФ Волгоград облысының К-209-55,3-57,0, ОҚО-ның БТ-5-51,5-53,9, РФ Ставрополь өлкесінің К-825-55,6-56,9, Ақтөбе облысының П-56-54,4 болды. Алынған міліметтерден, оңтүстік өңірі үлгілерінің өсімділігі жоғары екендігін байқаймыз. Қазан айында гибридизациялық көшетжайдағы тұқымдарды жинау бсталды. Ал, келесі жылы үш тәжірибе жайында өсімдік тұқымдарын егу жүргізіледі.

Қуаңшылық өсімдіктері сорттарының тұқымдарын егу «Ақпан» тұқым жайында жалғасты. Бұл жердегі изеннің өсуі өте жақсы.

Изен өсімдігінің егу технологиясы. Топырақты өңдеу. Мол да тұрақты өнім алу үшін изен егуде оның әр түрлі экологиялық түрлерін қуаң аймақтың жағдайына сәйкес іріктеу шешуші орын алады.                                                  

Қуаңшылық аймақтардың топырақ  қабаттар сол жердің физикалық-географиялық жағдайларына байланысты әр алуан болып келеді. Шөл даланың топырақ қабаттарының құрамы пайда болуы жақсы зерттелген, ол Е. В. Лобова еңбегінде жазылған. Зерттеліп отырған аймақ негізінен сұртопырақты зонаға жатады. Топырақтар тау жазықтарына гипс тәріздес және жіпше тәріздес жолақша батпақ іздері болып орналасқан. Оларда тұз қабаттары анық көрінеді. Топырақтың түрлерінің әрқайсысының құрамы әр түрлі болады, тұздылығы, топырақ түзетін породалардың характеріне қарай бөлінеді. Ашық түсті сұр топырақ, топырақ түзетін породасына және су режиміне қарай мынандай түрлерге бөлінеді: қалыпты жағдай (түйіршікті-ірілеу), қатты тұзды, сұр топырақ, тақыр жердегі сор топырақ.

Тәжірибе танабының негізгі бөлігі оңтүстіктің ақшыл түсті сұр топырағы. Ылғалдың аз болуы себебінен бұл жерде жауын құрттары көп кездеспейді. Сол себепті топырақ формасы түйіршік емес басқа да формада бола береді.

Екпе изеннен мол және тұрақты өнім алуға бағытталған агротехникалық шаралар жүйесіне оның экологиялық түрлерін таңдаумен қатар топырақты мезгілінде және сапалы әзірлеудің маңызы зор.

Сонымен шөл және шөлейт аймақтарда топырақ өңдеудегі негізгі мақсат – ылғал жинап, оны сақтау, арам шөптерді құрту, топырақтың жыртылған қабатын ұсақтап, оның бетін тегістеу және айдалған өңірді жел эрозиясына ұшыратпау.

Ылғал жинаудың бірден – бір жолы топырақты терең өңдеу. Бұл үшін құмды және құмдақ  жерлер культивациямен 14 – 16 см тереңдікте қопсытылса, механикалық құрамы жеңілдеу ашық сұр топырақтарды 18 – 22 см тереңдікте қайырмалы соқамен жырту ұсынылады. Ауыр топырақты учаскелер 20 – 24 см тереңдікте жыртылады.

Ғалымдардың көп жылдық зерттеуінен мынаны көруге болады: сәуір айының бас кезінде терең жыртылған топырақтың  0 – 20 см қабатында өңделмеген жерге қарағанда  7 – 16 см ылғал артық жиналады екен, ал шілде айында  20 – 80 см тереңдіктегі ылғал қоры 6,8 -39,3 мм артық болады.  Бұл саз топырақты өңдеу ісіне немқұрайды қарауға болмайтындығын дәлелдеген.

Топырақ өңдеудің қолайлы мерзімі қыркүйек – қазан айлары. Тұқымның біркелкі жатуы үшін буылтық катокпен тегістеледі. Бұл агротәсілдер жеңіл топырақтарда бір мезгілде жүргізіледі. Ауыр топырақтарды жыртылған жер әуелі дискіленеді, содан соң буылтық катокпен тапталады.

Жер эрозиясынан сақталу үшін жер өкпек жел бағытына кесе көлденең және өңірлеп айдалуы керек. Өңір ені топырақтың механикалық құрамына және тұқым себетін агрегаттардың ауқымына қарай әр түрлі. Соңғы жылдары изен тұқымын себу үшін НРУ – 0,5 агрегаты пайдаланылуда. Бұл агрегаттың дән шашу ауқымдылығы  6 – 7 метрге тең. Осыған байланысты жеңіл топырақты жерлерде айдалған өңірдің ені  6 – 12 метр, ал отраша және ауыр топырақта 18 – 20 метр болғаны дұрыс.  Айдалмайтын өңірдің ені де жоғарыдағыдай. Осы жүйені сақтау топырақты жел эрозиясынан қорғап қана қоймайды, сондай-ақ жайылымның табиғи азықтық қасиетін де сақтайды. Бірақ ескертетін бір мәселе – айдалған өңірге жанындағы  тың өңірдегі табиғи шөптер тұқымы түседі. Сондықтан топырақ өңдеу кезінде осы ерекшелікті ескеріп, күздің айларында немесе алғашқы қар түскенше танапты тырмалау қажет. Көп жағдайда бұл тәсілге көңіл бөлінбейді. Алынған деректер бұл тәсілдің айдалған өңірдегі арам шөптер санын 1,8 есеге дейін азайтатынын көрсетіп берді. Тәсіл тиімділігі ебелек, бүрген (шашақты жусан), түйеқарын сияқты арам шөптер басқан алқаптарды игерген кезде арта түседі. Себебі бұл өсімдіктер тұқымының пісуі ұзаққа созылатындықтан сүдігер жыртқан кезде айдалмаған өңірдегі олардың тұқымы аңызға толық төгіле қоймауы мүмкін. Сөйтіп жыртылған жерге өңделмеген өңірден тұқымдардың желмен келіп түсуі алғашқы қар түскенше жалғаса береді. Соған байланысты танапты тармалау кейінгі түскен  арам шөптер ұрықтарын тереңге сіңіруге себеп болады.

Изеннің жер бетіне біркелкі көктеп шығуы себу мерзіміне байланысты. Бұл агротәсілді анықтау кезінде мыналарды еске алған жөн: біріншіден, изен тұқымы жинап алынғаннан кейін 1 – 6 айдың ішінде толық пісіп жетіледі. Тұқымды бұдан әрі сақтау оның шығымдылығының төмендеуіне немесе мүлдем шықпай қалуына әкеліп соғады. Сондықтан бүкіл егіс материалы оны дайындаған  жылы себілуге тиіс. Екіншіден, тұқымның өнуі кезінде топырақтың ылғалы мол және ауаның салыстырмалы ылғалы жоғары болуы керек. П. П. Бегучевтің пікірінше мұндай жағдай қыс аяғында немесе көктем басында, қар еріген кезде ғана болуы мүмкін. Үшіншіден, изен тұқымы табиғи жағдайдағыдай қыс мезгілінде сертификациядан өтуі қажет. Себебі изеннің гүлдеуі және дән байлауы әр өсімдіктің бойында ғана емес, бір сабақтың бойында да бір мезгілде өтпейді. Сондықтан тұқым жинау кезінде дәннің пісуі  әр түрлі дәрежеде болады. Біздің тәжірибелеріміз көрсеткендей изеннің жаңа жиналған тұқымының лабораториялық өнгіштігі төмен болады. Егер сол изен тұқымын қыстың күні топырақ бетінде бір айдай немесе тоңазытқышта төменгі температурада 30 – 40 күндей сақтаса, оның лабораториялық өнгіштігі 80 процентке дейін жоғарылайды.

Қыс кезінде ауа райы құбылмалы келеді. Сондықтан тұқым себу өте қиынға түседі және сапасы да нашар болады.

Изенді қыс алдында себудің қаншалықты тиімді екенін «Ақпан» жүргізген зерттеулер анық көрсеткен. Себудің үш мерзімі зерттелді; олар: 1) қарашаның аяғы – желтоқсанның басы; 2) қаңтар айының ортасы; 3) ақпанның соңы – наурыздың басы. Осы тәжірибе кезінде тұқымның егістегі енгіштігі бірінші мерзімде 21,3 – 24,2 процент, екінші мерзімде бар-жоғы 6,9 – 7,7 процент, ал үшінші мерзімде бірен-саран өскіндер болады (8 сурет). Сөйтіп, бір гектардағы  өсімдік саны бірінші мерзімде көп (434,6 – 646,8 мың), екінші мерзімде бұдан 290 – 400,0 мың өсімдік кем шықты.

Сонымен, тұқым себуді көктемге қарай қалдыруға болмайды. Олай дейтініміз, біріншіден, сақталу мерзіміне байланысты дән өзінің өнгіштігін төмендетеді, екіншіден, олардың өнуі үшін, жоғарыда атап өткеніміздей мол ылғал керек. Әдетте, тұқым өте майда болғандықтан топыраққа небары 0,0 -  0,5 сантиметр тереңдікке сіңіріледі, яғни тұқымды нақтылы жер бетіне түсіріп, шамалы ғана бетін жасыру деген сөз. Аңызақты шөл және шөлейт аймақта көктем кезінде ылғалдың топырақ  бетінде ұзақ сақталуы мүмкін емес. Сондықтан бұл кезде себілген тұқым ылғалдың жетіспеуі салдарынан өнбей қалған.

Тұқым  себу мөлшері  мен әдісі.  Изен өсімдігі топырақ бетінде біркелкі орналасқан жағдай да ғана жақсы жетіледі. Мұндай шарттың орындалуы тұқым себу мөлшеріне көп байланысты. Тұқым себу мөлшері экологиялық тобына, агротехника дәрежесіне, тұқымның сапасына, себу әдістеріне байланысты әр түрлі болуы мүмкін.

Изен тұқымы өте майда, оның мың тұқымының салмағы 0,8 -1,4 грамм. Сондықтан оны біздің көп жылдық зерттеулеріміз көрсеткеніндей тереңге себуге болмайды. Тұқым түскен топырақ қабаты тез құрғап кетіп, соның салдарынан оның бірсыпырасы ылғалдың жетіспеуіне байланысты өнбей қалады.  Сондай-ақ топырақ бетінің ойдағыдай тегіс болмауы салдарынан қажетті мөлшерден тереңге себілген дән де өніп кете алмайды. Мысалы, 0,0 – 0,5 см тереңдікке себілген құмдақ изені тұқымының өнгіштігі 14 – 30,6 процент болса, ал 1 – 2 см тереңдікке түскен тұқымның бар-жоғы 4,0 – 6,9 проценті ғана өнген. Бұдан қосымша, қыс кезінде қар бетіне себілген тұқымның біразы желмен ұшып кетуі мүмкін.

 Міне, осы айтылған себептер салдарынан себілген тұқымның небары 15 – 70 проценті ғана өскін берген.

Оның үстіне шыққан өскіндердің бәрі бірдей нақты өсімдікке айнала бермейді. Ауа райына байланысты сондай-ақ зиянды жәндіктердің зақымдауынан және арам шөп әсерінен олардың шамамен 20 -60 процентінен басқалары семіп қалады.

Зерттеулердің көрсеткеніндей, құмдақ изенінің ең мол өнімі гектарына 2,5 – 3,0 миллион дән, саздақ және  тастақ изенінікі 2,0 – 2,5 миллион дән сепкенде алынады. Мысалы құмдақ изенінен гектарына 10,1 – 12,9 центнер өнім түсірген. Демек тұқымды келтірілген мөлшермен сепкенде танаптың белгілі бір  өлшемінде өсіп тұратын өсімдік тығыздығы қолайлы мөлшерде болады да, топырақта жиналған ылғал мен қоректік заттар қорын өсімдік тиімді түрде пайдаланады. Тұқым себу мөлшерін тым кем немесе көп егу өсімдік өсуінің алғашқы кезеңінде топырақтағы ылғалдың тиімді пайдаланылмауына әкеліп соғады.

Оңтүстік Қазақстанның с±рқай топырағы жағдайында құмдақ, изенінің өсуінің алғашқы жылдарында бір гектардағы саны 30 – 40 мыңнан, саздақ және тастақ изенінікі 20 – 30 мыңнан кем болмауы шарт. Бұл көрсеткіштер екпе жайылымның сапасын және өнімділігін арттырады.

Тұқымды егудің тереңдігі мен әдістері. Азықтық өсімдіктерден өнімді жақсы алу үшін оларды егудің әдістерін дұрыс білу керек. Көптеген ғалымдар изен шөбінің тұқымы тереңдетіп егуді қаламайтынын айтады. Егер тұқымды жердің бетіне сепсек,құстар,зиянкес құрттар жейді немесе жел ұшырып әкетеді де соның салдарынан өсімдіктің өнуі төмендейді. 2007 жылғы изен егісін тереңдетпей егудің нәтижесінде бақылағандай өсімдік жер бетіне өте жақсы өсіп шыққан, 2007 жылғы 0,5 см. тереңдікке егілген мойынқұмның құмдақты изені 14,5-30% дейін жер бетіне шыққан. Тәжірибенің басқа варианттарында изен өсімдігінің шығымы нашар болған. Бұл тәжірибеден  тереңдетіп еккен сайын тұқымның өніп шығуы үшін белгілі бір энергия қажет. Лаборатория жағдайында бұл энергия жеткілікті болғанымен, табиғат жағдайында ол жетімсіз болады дағы тұқымның семіп қалуына әкеліп соғады. Сондықтан тереңге егілген тұқымның сыртқа өсіп шығуы, тұқым құрамындағы қоректік заттардың жеткілікті болуына байланысты. 

 

Құмдақ изеннің егілу тереңдігіне байланысты өсуі

 

Егілу тереңдігі, см

Тұқымның 1 метрге егілу саны, дана

2014 ж.

2015 ж.

Өсімдік саны

Шыққан саны

дана

%

дана

%

б

350

107

30,6

51

14,5

0,5

350

26

7,4

59

16,9

1,0

350

21

6,0

24

6,9

2,0

350

14

4,0

20

5,7

3,0

350

10

3,0

16

4,6

 

Лабораториялық зерттеулер көрсеткендей изеннің экотиптерінің ішіндегі ең шығымы жақсысы саздақ және тастақ изендері екендігін көрсетті.Наурыз және сәуір айларында саздақ изеннің экотипі үшінші-төртінші күндері шыға бастайды.30-39%, тастақ изен-12-14%, ал құмдақ изеннің небәрі 3% тұқымы ғана өніп шығады.Құмдақ изеннің өсіп шығуына тұқымды жерге сіңіру маңызды роль атқарады.Бұл тәжірибелерге қарай отырып, изен шөбінің қалың болып шығуы, топыраққа дұрыс дәрежеде сіңіре егуінде екендігін саралаймыз.

Егістікті күтіп баптау.  Изен екпе егісін күтіп-баптау негізінен мынандай жұмыстардан тұрады: арам шөп отау, егісті дискілеу, зиянкестермен күресу және тиімді пайдалану.

Изен өскіндері жер бетіне шыққан соң ең бірінші қолданылатын агротехникалық шара арам шөп отау болып табылады. Себебі изен өскіндері жетілуінің алғашқы кезеңінде өте баяу өсетіні жоғарыда айтылды. Ал арам шөп керісінше тез өседі. Көп жылдық тәжірибелер арам шөпті сәуірдің ішінде отап тастау изен өскіндерінің жақсы жетілуіне  себеп болатынын көрсетті. Арам шөпті дер кезінде отаудың тиімділігінің қандай екенін  Оңтүстік Қазақстан облысының «Бақтыөлең» шаруашылықтарында жүргізілген өндірістік тәжірибе мәліметтерінен анық көруге болады. 2007 жылы изен өскіндері аталған шаруашылықтарда наурыздың бас кезінде көріне бастады. Бір шаршы метрде  3,7 – 7,6 дана өскін болды. Арам шөп сәуірдің екінші жартысында орылғанда өскіндердің 86 проценті сақталса, мамырда орылған егістікте олардың 30 проценті ғана қалды. Шілде айының басында арам шөпті мезгілінде отаған егістікте изен өсімдігінің бойы 28,9 сантиметр, сабақ саны 4,7 дана болды. Арам шөп кеш оталған егістікте ол көрсеткіштер мынандай болған: 13,8 см, 1,4 дана.

Осы ретте кейбір шаруашылықтарда арам шөп отауды өте кешіктіріп алудың немесе мүлдем отамаудың салдарынан жөнді нәтиже шықпай жүргені туралы деректер аз емес.

Бірнеше жыл пайдаланғаннан кейін егістікті арам шөп басады., ал сабақ қалдықтары жайылым сапасын төмендетеді. Бұл ретте Қазақ шабындық- жайылым шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ұсынысы: егістікті ерте көктемде бір немесе екі ізбен (15 – 20 бұрышпен) дискілеу өсімдіктердің «жасаңғырап» қайтадан жақсы жетілуіне әсер етеді. Дискілеу нәтижесінде арам шөп жойылады, сабақ қалдықтары кесіледі, топырағы қопсытылады.

Арам шөбі, әсіресе ебелекті құрту үшін ерте көктемде 1 гектарға 2 кг мөлшерінде пирамин және хлорозон гербицидтерін пайдаланады.

Күтіп – баптау жұмыстарының ішінде түрлі зиянекестермен күресу әзірше кең өріс ала қойған жоқ. Дегенмен, біздің көп жылдық байқауларымыз изен өсімдігінің дұрыс жетіліп өсуіне мүмкіндік бермейтін зиянкестердің көп екенін көрсетті. Мысалы, құмдақ және саздақ изендерінің өскіндерін және кәрі өсімдіктерінің тамырын қара қоңыз личинкалары 15 – 20 сантиметр тереңдікте қиып тастайды. Осының салдарынан олардың егістігі қатты сирейді.

Жоғарыда аталған зиянкестермен күресу үшін түрлі шаралар қолданылады. Олар көбейіп кеткен жағдайда сәуір және мамыр айларында изен егістігіне серии немесе хлорофос препараттарының 0,3 – 0,5 проценттік ерітіндісін шашқан өте тиімді. Егер бұл препараттар болмаған жағдайда 1 гектарға 25 кг мөлшерінде 12 проценттік ГХЦТ дустымен өңдеген дұрыс.

Сондай – ақ, егістік шетіндегі шырыш өсімдіктерімен күрес те кеміргіш қоңыз – көбелектердің санын азайтуға себеп болады.

Изен егістігінің ұзақ жылдар бойы өнімді болуы оны дұрыстап пайдалануға байланысты. Бірінші жылы екпе жайылымда мал бағуға қатты тыйым салынады. Сондай-ақ иесіз малды да жіберуге болмайды. Екінші-үшінші жылдары күз – қыс айларында аздап мал жаюға болады. Кейінгі жылдары егістік өрістерге бөлініп, оларды маусымдарға сәйкес рет – ретпен пайдаланған дұрыс деген қорытындыға келдік.

Жалпы, изенді егіп - өсірудің технологиясы төмендегі жұмыс түрлерінен және оны орындайтын агрегат түрлерінен тұрады .

Тұқымды жинау. Қазіргі кезде тұқым жинайтын арнаулы машиналардың болмауына байланысты, шөл жерлердегі өсетін азықтық өсімдік тұқымдарын қайта жабдықталған астық комбаиндарымен және басқа да ауыл-шаруашылық машиналарымен жиналады. Машинамен жинаудың негізгі тәсілі – тікелей комбайнды егіске салу. Тұқым пісу уақыты ұзаққа созылатын өсімдіктерді, мысалға изенді бөлекше әдіспен жинау ұсынылған. Бұл әдісте ЖВН-6 жаткасы қолданылады. Кептірілген изен сабақтары дәндерімен бірге қайта жабдықталған СК-4 комбайнынан өткізіледі. Қайта жабдықталған комбайн барабаны минутына 650 р. айналады. Барабан мен дека арасындағы ашық жер 30-40 мм. шығар бетінде 25-30 мм.

 

Мал азығындық шөл дақылдарын өсірудің үлгі ретіндегі    технологиялық картасы

 

Әр жылда жүргізілетін жұмыс түрі және оның орындалу технологиясы

Айы
Бескүндік

Агрегат

Топырақты дайындау және тұқым себу

Топырақты 20-22 тереңдікте жырту

Егіс алдында топырақты тегістеу

Тұқымды агрегатқа тасып әкелу

Егу

 

Себуден кейінгі нығыздау

X

XI

XI

XII
XI
XII

XI
XII

1-3

3-4

5-6

2-3

5-6

2-3

5-6

2-3

Т-150+ПН-4-35+3ККш-6

ДТ-75+-ПН-4-35+3ККШ-6

ДТ-75+-РВК-3

МТЗ-80+РВК-3

«Газель» немесе МТЗ-80+2ПТС

МТЗ-80+НРУ-0,5

МТЗ-80+ККН-2,8

Мал азығындық шөл дақылдары тіршілігінің бірінші жылы

Өскіндерді анықтау

Арам шөпті отау

Егістікке мал жібермеу

IV
IV

Жыл бойы

2-3

4-5

-

 

МТЗ-80+-КПД-4

Мал азығындық шөл дақылдары тіршілігінің екінші және келесі жылдары

Арам шөпті отау

Күзде немесе қыста аздап мал жаю (екінші жылы)

Үшінші жылдан бастап малды ауыспалы жайылым тәртібімен жаю

IV

X-II

4-5

-

МТЗ-80+КПД-4

 

Жоғарғы решетаның ашылуы 2/3, төменгісі-1/3; желдеткіштің заслоны жабық жағдайда. Жинау әдісінің тура және әркелкі түрін ұсынақты түрде ұйымдастыру қажет. Бөліктеп жинаған кезде орылған өсімдік массасын токқа алып келіп кептіреді, содан соң тазалайтын ОВ-10 машинасынан, тұқым тазалайтын-СУ 0,1, ОС-4,5А, ОПС-2 т.б. машиналарда тазаланады. Тазаланған тұқымның ылғалдылығы 12-13% аспауы керек. Осындай тұқымды сақтауға қоюға болады.

Жайылымдарды изен өсімдігімен игерудін шаруашылыққа экономикалық тиімділігі. Изен өсімдігі шаруашылықтың пайдалылығымен ғана емес экономикалық тиімділігімен де ерекшеленеді. Жоғарыда айтқанымыздай изен өсімдігі 20 жылға дейін пайдаға асады. Осы жылдардын ішінде өнімсіз жылдары да болуы мүмкін. Бірақ жалпы алғанда 12 – 14 жыл мал жаюға болады. Изен өсімдігінің ұзақ жылдар бойы оны дұрыстап пайдалануға байланысты. Бірінші жылы екпе жайылымдарға мал бағуға қатты тыйым салынады.

Мал өнімдерін алуға жұмсалатын шығындардыњ жалпы сомасындағы жем – шөпке кететін шығындардың көлемі мал төлігін бағып – күтудін сипатына және табиғи – экономикалық жағдайларға байланысты. Оңтүстік өңірінде мал жыл бойы жайылымда болған жағдайда, жем – шөпке барлық шығыннын 11 – 14 проценті жұмсалса, осы төліктін жаңа тұқымдарын өсіргенде немесе малды жартылай қолда ұстағанда, 22 проценттен 25 процентке дейін, толық қолда баққанда 45-42 проценті жұмсалады. Шөл және шөлейт аймақтарда малды далада ерте көктемнен (эфемерлер мен ерте өнетін тағы басқа шөптерде) қоңыр күзге дейін (тіпті жылдың салқын кездерінде де өзінің қоректік қасиетін сақтайтын жусанды – ащылы өсімдіктерге) жою мүмкіндігі кеңінен пайдаланылады.

Мысалы, кейбір шаруашылықтардыњ бірқатарыныњ деректері бойынша, бір отар қой көктемгі – күзгі жайып – бағу кезењінде 10 тоннаға дейін салмақ қосады екен. Жартылай қолда болған жағдайда, мұның өзі қой етінің, елтірінің және қозының өзіндік құнының төмен болуына ықпал етеді. Алайда қыста азықтық жетіспеуі жайып – бағудан келетін бір пайданы мүлде жоққа шығаруы ықтимал.

Сондықтан қысқа жем – шөптін жеткілікті қорын жасау түліктін өткен жайып – бағу кезіндегі құндылығын қосқан салмағын сақтауына, сөйтіп келесі кµктемнен күзге дейін одан әрі алуына жағдай жасайды. Осыған байланысты мал жаятын жерлердін өнімділігін жемшөптін қорын қысқы маусым үшін де мол жасауға мүмкіндік беретіндей дәрежеге дейін арттыру жайылымдағы мал шаруашылығы үшін де мол жасауға мүмкіндік беретіндей дәрежеге дейін арттыру жайылымдағы мал шаруашылығын жан – жақты және мейлінше тиімді µркендетудін ең маңызды шарты болып табылады.

Жайылымдар мен шабындықтардың сипатына жєне жағдайына, шаруашылықты интенсивтендіру дєрежесіне қарай жайылымдарды жақсартудыњ әр түрлі тиімді єдістері бар. Біз бұрынғы қазақтың Қаракөл шаруашылығы институтының ғылыми деректері бойынша, құмды және топырақты жайылымдарды жақсартуға сегіз жылда жұмсалған іс жүзіндегі тікелей шығындарды тұжырымдағанда, жайылымдарды түбегейлі жақсарту мақсатында көп жылдық шөптер – изенді – гектарына есеппен 12 – 14 центнер және теріскенді – гектарына орта есеппен 8 – 10 центнерден пішендер алынып, соларды еккен дұрыс екендігін анықталынды. Мұндай жайылымдарды пайдаланудың мерзімі ұзартылса, мал азығы тіпті арзандайды. Мұның өзі алдыңғы қатарлы шаруашылықтарға, түлікке жұмсалатын барлық шығынның 20 проценттен 30 процентке дейінін пайдалан отырып жоғары өнімді мал өсіруге мүмкіндік береді.

Бір жерде оң жылдан оң бес жылға дейін өсетін әрі қуаншылыққа аса төзімді изенді, теріскенді қолдан егу тәжірибесі егер біл өсімдіктердін өнуіне қолайлы жағдай жасалса, әр гектарда 40 мыңнан 80 мыңға дейін өсімдік өсіруге болатындығын көрсетіп берді. Бұл табиғи жайылымдардағыдан үш-төрт есе көп. Сонымен бірге, аталған шөптерді белгілі маусымдарда, мысалы көктем мен күзде пайдаланылатын жайылымдарға ексе, саулықтар мен төлді жайып – бағуға пайдалы азығы мол жайылым болады. Мұндай жағдай табиғи жайылымдарды белгілі мерзімдерде пайдаланылатын жайылымдарға және шабындықтарға айналдыру мүмкіндігін туғызады. Жалпы мал шаруашылығымен айналысатын аймақтарда жайылымды жақсарту жүйелі түрде жетілдіруге, өнеркәсіптік әдіске негізделген мал шаруашылығы комплекстерінің жұмысын одан әрі жақсартуға және озық технологияларын (шөп онын жасау, пішендеме салу, пішен дайындау) өндіріске ендіруі қажет.

 

 Жалпы дайындық жұмыстарға кеткен шығындар

Көрсеткіштер

Соммасы, теңге

үлесі

1.

Топырақты дайындау жєне тұқым себу

97297,5

65,0

2.

Мал азығын шөл дақылдары тіршілігіне дайындау

37387,5

25,0

3.

Басқа да шығындар

14865

10,0

4.

Барлығы

149550

100,0

Агротехникалық құралдарға кеткен шығындар

Агротехника құралдарының аталуы

Са-ны

Бірлігі-нін бағасы

Тасымалдау-ға кеткен шыѓындар

Жалпы смета-лық құны

Амортизациялық бөліну

%

теңге

%

теңге

1. ССТ-3 сеялкасы

2. МТ352 трактор

3. Т30А трактор

1

1

1

120000

1584000

2112000

30,0

30,0

30,0

475200

36000

633600

2059200

156000

2745600

10,0

15,0

10,0

20592

2340

27456

Жалпы

 

 

 

 

4960800

503880

Ескерілмеген құрал жабдықтар

 

 

 

 

496080

5038,8

Инструмент және инвентарь

 

 

 

 

49608

503,8

Барлығы

 

 

 

 

5506488

55930,7

                   

 

Әлгінде айтқанымыздай изен екпе егістігі 20 жылға дейін пайдаға асады. Осы жылдардың ішінде өнімсіз жылдары да болуы мүмкін. Бірақ жалпы алғанда 12 – 14 жылында мал жаюға болады. Бұрынғы “Задарья” асыл тұқымды қой зауытының есебі бойынша (2003 ж.) бір гектар қоршаулы изен екпе егістігін жасау үшін 9,9 теңге 70 тиын жұмсалѓан. үшінші жылдан бастап бір гектар егістік 5,04 центнерден азық өлшемін берген. 1 центнер азық өлшемі 5,0 мың 71 тиыннан таза пайда келтіріп отырған. Сонда жұмсалған шығын бастаған уақыттан 3 жыл 6 айдан кейін, яғни егістіктін жетінші жылында толық өтелген.

Ендігі мәселе изен егістігін кеңінен енгізу. Алайда, жоғарыда атап өткеніміздей қазіргі түрлі меншік ұжымдарының өз күшімен изен жайылымын жасауға мүмкіндіктері жоқ. Сондықтан бұл істі мемлекет өз қолына алғаны дұрыс болар еді. Кезінде жайылымды кешенді игеру жөнінде “Қазақжайылымы” бірлестігінін жұмыстары өз нәтижелерін бере бастағанды. Амал не қаржы тапшылығынан бір игі бастама тоқтап қалды. Ендігі жерде қалыптасып келе жатқан немесе болашақ фермерлер үшін әр түрлі топырақ – климат жағдайында көлемі 1 мың гектардан 5 мың гектарға дейін болатын кешенді жайылым құрылыстарын бастау керек. Бұл кешенді жайылымдардың 200 – 500 гектары изен жєне басқа өсімдіктер егілген екпе жайылымдар болуы шарт, сонымен қатар жел эрозиясынан қорғау үшін сексеуілді белдеулер егілуі керек. Бұл жұмысты атқару үшін малды аудандар жағдайында машина – технологиялық стансалардыњ құрылғаны жөн. Олардың міндетіне жаңа типті үйлер, қора – қопсылар салу, жарық жєне су жүйелерін жүргізу, екпе жайылымдар жасау жєне оларды қоршау жұмыстары кіреді. Кешенді жайылым құрылысы біткен соњ, ол конкурстық негізде фермерлерге ұзаќ мерзімге жалға беріліп, құны толық өтелген соң жекешелендірілуі тиіс.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

1. Оңтүстік Қазақстанның шөлдегі жайылымдары, республиканың Оњтүстік облыстарындағы мал шаруашылығын дамытудағы бірден – бір азықтық қоры болып табылады. Бұл жайылымдар, қатал табиғат жағдайымен, топырағының құнарсыз болуымен, вегетация мерзімініњ ұзаққа созылып, түсімінің аздығымен ерекшеленеді. Сондықтан бұл жайылымдарды мәдени түрге айналдыру, табиғи шөптерді тұрақтандыру кезек күттірмейтін мәселе. Бұл тұрғыдан изен өсімдігіне тең келетін шөлге төзімді өсімдік жоқ.

2. Изен – полиморфтый түр. Бұл өсімдіктін түрлерін таңдауға және кез – келген климат жағдайларына қарай бейімдеп µсіруге мүмкіндік береді. Изен экотиптерінін ішіндегі Оңтүстік Қазақстанның табиғат жағдайына тиімдісі – кеш пісетін экотип – Қырғыстаннан әкелінген тастақты изен. Бұл изеннің бойы (50 – 78 см). Азықтық құнарлылығы өте жоғары, түсімі (15,4 – 21,8 ц/га). Өсімдік мүшелеріндегі протеин мөлшері 8,6 – 23,2%, құрғақшылыққа, зиянкестерге төзімді; Орташа пісетін экотип – мойынқұмның құмдақ изені – бұл изеннің бұтақтары нәзік болып келеді, протеин мөлшері 10,9 – 12,6%;

Кеш пісетін экотип – Батыс Тянь – Шань тау етектерінен әкелінген саздақ изен өзінің бойшаңдығымен ерекшеленеді (55 – 88 см). Жылдам өседі, қалыњ болып жапырақ салады, сабақтарындағы протеин мөлшері (12,1%) жапырағында (18,2%). Бұл вегетация мерзімінің бірінші жартысындағы көрсеткіші.

3. Оңтүстік Қазақстанның құмшауыт, ашық сұр топырақты тау етектеріндегі жазықтарында өсетін мойынқұмнан єкелінген құмдақ изенді ең дұрысы желтоқсан айында егіп тастау.

4. Мойынқұмның құмдақ изенінің тұқым себудегі оптимальдық шамасы (10,0 – 12,8 ц/га) бұл 2,5 млн/дана әр гектарға.

5. Мойынқұмның құмдақ изенін тереңдетіп егуге болмайды. Ең жақсы терендік 0,0 – 0,5 см.

6. Мойынқұмның құмдақ изенін зерттеген уақытта мынадай өсімдік пайда болды; сабақтары әртүрлі, вегетация мерзімі де әртүрлі, өсімдік биіктігі, жапырағының қалыңдығы, бұтақтылығы және химиялық құрамы да өзгеше. Бұл селекция – тұқым шаруашылығында зерттеуді қажет етеді.

7. Изен үлгілерін сынау кезінде оңтүстіктің БТ-1, БТ-6, К-319 үлгілерін. Солтүстік-батыс үлгілерін К-120, К-211, К-335. Қарағанда өсімдіктері биік, өнімділігі жоғары келеді. Бұл үлгілерді селекция жұмысына пайдалану ұсынылады. Кейінгі үлгілердің сабақтануы жоғары, жапырағы мол. Сондықтан бұл үлгілерді жайылымдық сорттар шығаруға пайдалану ұсынылады.

8. Оңтүстік Қазақстанның тау етектеріндегі шөлейт жайылымдарда изен шөбін мәдени түрде егу бір гектар жайылымға 0,88 – 1,45 бас малды жаюға болады. Бұл – мәдени жайылымныњ 1 гектарынан 5,93 – 9,77 теңге пайда келтіреді, ал табиғи жайылымнан небәрі 2,98 теңге болады. (2007 жыл есебі бойынша).

                          

Шаруашылыққа тәжрибелік ұсыныс

 

1. Оңтүстік Қазақстанның тау етектеріндегі табиғи жайылымдардың түсімін арттыру мақсатында Оңтүстік Қазақстан әкелінген тастақ изенді егуді ұсынамыз. Бұл изенді егу жаздық, қыстық, күздік эфемерлі жєне жусанды – эфемерлі жайылымдарды ұстап тұруға негіз болады. Батыс Тянь – Шанның тау етектерінде өсетін саздақ изеннің экотипін, багарлық, саздақты топырақтарда, жусанды – эфемерлік және эфемерлік шөл жайылымдарда егу тиімді болмақ.

2. Құмдақты және саздақты изен шөбінің тұқымын бірінші кезекте жинап алу, олардыњ табиғи өскіндерінен жиналады. Бұл изендер Ќызылқұм, Мойынқұм аймақтарында және Батыс Тянь – Шань тау етектерінде және Қаратауда болады.

3. Мойынқұмнан єкелінген құмдақ изенді желтоқсан айына егу керек. Себу шамасы тұқым мөлшері 2,5 млн. штра, болып 0,0 – 0,5 см тереңдікке егіледі. Тұқымды жерге сіңіру әдісі – құрғақ топыраққа – кольцевыми загорчатами, ылғал топыраққа ьцевой катокпен ендіріледі.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2023-12-16 14:41:21     Қаралды-550

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »