UF

 

 

«ШЫМКЕНТҚҰС» ФАБРИКАСЫНДА ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-ГИГИЕНАЛЫҚ ЖАҒДАЙДЫ ЖАҚСАРТУДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІН ЖАСАУ

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

 

АНЫҚТАМАЛАР, ҚЫСҚАРТЫЛҒАН АТАУЛАР.....................

3

 

КІРІСПЕ............................................................................................

4

1

ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ.......................................................................

6

1.1

Сыртқы орта экологиялық факторларының жұмыртқалағыш тауық организміне, өніміне және оның сапасына тигізетін әсері (жалпы мәлімет)......................................................................

6

1.2

Тауықханаларға қойылатын экологиялық талаптар (құрылыс типтері, сиымдылығы, құрал-жабдықтары, микроклиматы, саңғырығы, т.б.)...............................................................................

8

1.3

Құс азығын, рациондарды экологиялық бағалау..........................

13

1.4

Су сапасын экологиялық бағалау...................................................

22

1.5

Инкубациялайтын жұмыртқаларға қойылатын  экологиялық талаптар.............................................................................................

26

1.6

Құсханаларды саңғырықтан тазарту..............................................

27

2

НЕГІЗГІ БӨЛІМ.......................................................................

29

2.1

ЖШС «Шымкентқұс» фабрикасының қысқаша мәліметі............

29

2.2

Ғылыми-зерттеу нысандары мен әдістемелері..............................

33

2.3

Құсханалардың микроклиматының балапандардың өсіп-жетілуіне және мекиендердің өнімділігіне тигізетін әсері..........

35

2.4

Құс азығының сапасын бағалау нәтижелері. Рациондардың энергетикалық және қоректік деңгейінің тауық өнімділігі мен сапасына тигізетін әсерін анықтау нәтижелері.............................

44

2.5

Су сапасын жақсарту әдістері........................................................

57

2.6

Инкубациялық жұмыртқаларға қойылатын талаптар мен балапан шығару режимдері.............................................................

58

2.7

Балапандарды өсіру және тауықтарды күтіп-бағу технологиясы....................................................................................

70

2.8

Экологиялық таза тауық өнімдерін арттыру жолдары.................

72

2.9

Тауықханаларды саңғырықтан тазарту, өңдеу және тыңайтқыщ ретінде пайдалану.......................................................

75

2.10

Экологиялық жағдайды жақсартудың экономикалық тиімділігі...........................................................................................

76

 

ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................

78

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................

80

 

 

 

 

АНЫҚТАМАЛАР, ҚЫСҚАРТЫЛҒАН АТАУЛАР

 

Анықтамалар

 

Судың бактериялық ластануының жанама көрсеткіштері:

- микроб саны – 370С 1 мл суды ет – пептон агары бар табақшада 24 сағатта өскен барлық микробтар саны;

- коли-титр – 1 л суда бір ішек таяқшасы бар су мөлшері

- коли-индекс – 1 л судағы табылған ішек таяқшаларының саны.

Азық өлшемі (а.ө.) – жануарларды 1 кг сұлымен азықтандырғанда оның организмінде 150 г май түзілетінін анықтап, оның қоректігі шартты түрде, 1 азық өлшемі етіп қабылданған.

Жемнің алмасу энергиясы (АЭ) – құстар үшінАЭқұс = Жэс, мұнда Жэ – жемнің жалпы энергиясы; Эс – саңғырықтың энергиясы. Алмасу энергиясы жемнің химиялық құрамын және қорытылатын қоректік заттарды анықтаған соң төмендегі формуламен шығаруға болады:

АЭқұс = 17,84қП + 39,78қМ + 17,71қЖ + 17,71қАЭЗ,

мұнда, қП – қорытылатын протиен, қМ – қорытылатын май, қЖ – құрытыла-тын жасұнық, қАЭЗ – қорытылатын азотсыз экстрактивті заттар.

 

Қысқартылған атаулар

 

ЖШС         – жауапкершілігі шектеулі серіктестік

ОНТП        – общесоюзные нормы технологического проектирования

СНиП         – санитарные нормативы проектирования

ВИЖ          – Всесоюзный институт животноводства

КБУ-3        – клеточная батарея трехъярусная

БКМ-3        – батарея клеточная модернизированная, трехъярусная

КБР-2        – клеточная батарея двухъярусная с раздатчиком кормов

КБН-1         – клеточная двухрядная четырехъярусная батарея с навесным бункерным кормораздатчиком

АЭЗ            – азотсыз экстрактивті заттар

ГОСТ                  – Государственный стандарт        

МемСт      – Мемлекеттік стандарт

Ккал           – килокалория   

мДж          –мегаджоуль

ЛК              – люкс (жарық қуаттылығы)

ПЛМ-1       – передвижная лаборатория микроклимата

Р                – Ресей желдеткіші

Қ                – Қытай желдеткіші

МЕ             – Международная единица

УОВ-5Н     – Ультрафиолетовый облучатель воды

ОВУ-6П     – Облучатель воды ультрафиолетовая, передвижная

 

 

КІРІСПЕ

 

Тақырыптың өзектілігі. Құс шаруашылығының дамуы негізінен үш факторға негізделеді. Олар: құстың тұқымдық қасиеттері (генотипі), оған әсер ететін сыртқы ортаның экологиялық факторлары және бағып-күту жағдайлары (паратиптік). Қазақстан Республикасында құс өсіру жоғары мамандандырыл-ған кешендерде (құс фабрикаларында) автоматтандырылған басқару жүйесіне негізделген. Ауыл шаруашылығын жекешелендіру барысында орын алған келеңсіз жағдайлар құс шаруашылығының әрі қарай дамуына біршама кері әсерін тигізді. Дегенмен, соңғы уақытта құс шаруашылығы қайтадан жандана бастады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында әр бір тауық мекиенінен 250-280 жұмыртқа алып, 1000 жұмыртқаға небары 1,5-1,7 ц азық өлшемі жұмсалуда. Диетикалық құс етін 70000 тоннаға жеткізу көзделініп отыр. Егін шаруашылығы дамыған республикамызда құс шаруашылығының азықтық қорын жасауға, құс санын көбейтуге мүмкіншіліктер жеткілікті.

Құстарды күтіп-бағу ерекшеліктеріне қарай, құс фабрикаларында озат технологиялық құрал-жабдықтар орнатылған типтік құсханалармен қатар, әлі де болса экологиялық, ветеринарлық-санитарлық талаптарға сай келмейтін ескі ғимараттар және құрал жабдықтар пайдаланылып келеді. Мұндай жағдайда құс басын жедел арттырып, сапалы өнім өндіру қиындай түсетіні белгілі. Осыларға байланысты біздің ғылыми жұмысымыз сыртқы орта экологиялық факторлардың жұмыртқалағыш тауық организміне, өніміне, оның сапасына тигізетін әсерін зерттеуге бағытталады. Оның ішінде әртүрлі типті құсханалардың микроклиматын, атап айтқанда, ауаның температурасы, ылғалдылығы, қозғалысы, газдық құрамы, құрал-жабдықтар, желдеткіштер әсерін зерттеуге баса көңіл бөлінеді.

Құс азығындағы, судағы экологиялық зиянды заттарды анықтап, толық-қанды рациондар түзу, тауықтарды жасына, жынысына қарай күтіп-бағудың механикаландырылған технологиясы негізінде жүргізіліп, экологиялық таза сапалы өнім алуға бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстарымыздың теориялық және тәжірибелік маңызын айқындау тақырыптың өзектілігін көрсетеді деп сенеміз.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының мақсаты мен міндеті. ЖШС «Шымкентқұс» фабрикасында қалыптасқан экологиялық жағдайды бағалап, жұмыртқалағыш тауықтарға сыртқы ортаның зиянды әсерлерін төмендету, олардың өнімділігін арттыру, экологиялық таза жұмыртқа, ет және қосалқы өнімдерді (мамық, саңғырық) пайдаға асыру болып табылады.

Осы мақсатты орындау үшін төмендегідей міндеттер қойылады:

1. Ересек тауықтар мен балапандарды күтіп-бағатын құсханалардың типтерін анықтап, жұмыртқа өндіру технологиясын зерттеу.

2. Тауықханалардың микроклиматын: ауа температурасы, ылғалдылығы, қозғалысы; зиянды газдардың (көмірқышқыл газы, аммиак, күкіртті сутегі) концентрациясының құс организміне, өніміне, оның сапасына тигізетін әсерін зерттеу.

3. Жыл мезгілдерінде өзгерісте болатын табиғи ортаның температурасы, жарықтылығы, жасанды жарықтандырудың режимі, тауықтарды толықрацион-ды құрама жеммен қоректендіру, таза сумен қамтамасыз етудегі әдістердің құс организміне, өнімдеріне тигізетін әсерлерін зерттеу.

4. Тауықханалардың микроклиматын жақсарту үшін орнатылған әртүрлі қондырғылар мен желдеткіштердің мүмкіншіліктерін анықтау.

5. Тауықханаларды саңғырықтан тазарту, жинау, биотермиялық өңдеуден соң тыңайтқыш ретінде пайдалану.

6. Ғыыми-зерттеу жұмыстары нәтижелерінің экономикалық тиімділігін анықтау.

Ғылыми жаңалығы. Жан-жақты жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстар-дың нәтижесінде ЖШС «Шымкентқұс» фабрикасының экологиялық жағдайы анықталды;

  • тауықханалардың микроклиматына әсер етуші ластаушы көздері анықталды;
  • Оңтүстік Қазақстан өңірінің табиғи-климаттық жағдайына сәйкес зиянды заттардың шекті мөлшері анықталды;
  • Оңтүстік Қазақстан облысында өндірілетін дәнді дақылдардың химиялық құрамын, қоректілігін ескере отырып түзілген рецептпен дайындалған құрама жемнің балапандардың өсіп-жетілуіне, ересек тауықтардың жұмыртқалағыштығына тигізетін әсері зерттелді;
  • ЖШС «Шымкентқұс» фабрикасының негізгі бағыты тағамдық жұмыртқа болғанымен, ауыстырып отырылатын мекиендерден өндірілген тауық етінің сапасы анықталды. Сонымен қатар қосалқы өнімдердің (мамық, саңғырық) пайдаланудың технологиясы анықталды;
  • түрлі құрал-жабдықтардың, желдеткіштердің тауықханалардың зиянды газдардан тазартудағы техникалық мүмкіншіліктері анықталды.

Практикалық маңызы. Тәжірибе нәтижелерін өндіріске ендірген жағдайда тауықтардың жұмыртқалағыштығы 7,1%, 1000 жұмыртқаның салмағы 2 кг-ға артып, олардан жасалынған меланж, жұмыртқа ұнтағының сапасы 10% жоғарылайды.

Балапандарды толыққанды азықтандыру нәтижесінде олардың өсімтал-дығы жоғарылап, өлім-жітім азаяды. Ауыстырылып отыратын жұмыртқала-ғыш мекиендердің етінің сапасы жоғарылайды.

Биотермиялық өңдеуден өткен саңғырықтың қоректік заттары басқа малдың көңімен салыстырғанда анағұрлым жоғары болуы оның құнарлы органикалық тыңайтқыш болатындығын көрсетеді.

ЖШС «Шымкентқұс» фабрикасында экологияландырылған технологияны ендірген жағдайда құс шаруашылығының рентабельділігі 8%-ға дейін артады.

Диссертацияняң құрылымы. Диссертация мәтіні компьютермен терілген 83 беттен тұрады. Диссертация кіріспе, әдебиетке шолу, ЖШС «Шымкентқұс» факбрикасы туралы жалпы мәлімет, әдістеме және ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері бөлімдерінен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Диссертацияда 46 кесте келтіріліп, 29 фотосуреттермен безендірілген. Пайдаланылған әдебиеттер саны – 91.

Диссертация тақырыбы бойынша екі мақала жарық көрді.

 

 

1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

 

1.1 Сыртқы орта экологиялық факторларының жұмыртқалағыш тауық организміне, өніміне және оның сапасына тигізетін әсері (жалпы мәлімет)

 

Жануарлар сыртқы ортаның компоненттерімен (атмосфералық ауа, су, азық, топырақ, технологиялық құрал-саймандар, қора-жай, т.б.) тығыз қарым-қатынаста тіршілік етеді. Олар жануарларға тәкелей немесе жанама әсер етеді. Организмнің тіршілік әсеріне қарай сыртқы ортаның әсер ету шамасы минимум, максимум және оптимальді болып келеді [1, 2, 3, 4, 5, 6]. Соңғы жағдайда малдың, құстың денсаулығы  жақсы болып, қоршаған орта мен организм арасындағы үйлесімділік сақталады. Жануарлардың өсіп-дамуының және өнімдерінің төмендеуі олардың денсаулығының нашарлағанын көрсетеді [7, 8, 9, 10, 11, 12]. Оптимальды жағдайда организмнің физиологиялық константтары (дене температурасы, артериялық қысым, тыныс алу, қанның құрамы, т.б.) қалыпты жағдайдан ауытқымай, құстардың өсіп-дамуы жедел өтіп, ересек кезінде мол өнім береді. Ауру жануарлардың организмі физиоло-гиялық және морфологиялық өзгерістерге ұшырап, қоршаған ортадан патогенді вирус, бактерия, ұсақ саңырауқұлақ, гельминттердің енуіне жол беріледі [14, 15, 16].

Құсханалардың ауасындағы зиянды газдар (аммиак, күкіртті сутегі, көмірқышқыл газы, т.б.) шектеу концентрациясынан артқан жағдайда құстар ринит, ларинготрахаит, бронхит, өкпенің қабынуы сияқты ауруларға душар болады [17, 18, 19].

Құстардың азық рационында макро- және минералды заттар жетіспеген жағдайда (кальций, фосфор, кобальт, йод, мыс, мырыш, т.б.) олардың өнімділігі төмендеп, сапасы нашарлайды [20, 21]. Тауықтардың қанат қағуынан, қимылдарынан болатын шаң-тозаңдар олардың тыныс органдарына жағымсыз әсер етеді.

Биологиялық ластаушылар ауа, су, топырақ және жануарлардан құс организміне түсіп, оларды түрлі ауруларға (сібір жарасы, туберкулез, бруцеллез, сальмонеллез, аусыл, туляремия, т.б.) шалдықтырады [23, 24 ,25].

Жалпы айтқанда, жануарлардың денсаулығының төмендеуінің басты себептері – сыртқы орта әсерінен болатындығы байқалады. Жануарлардың сыртқы ортаның зиянды факторларына қарсы тұру (резистенттілігі) қасиеті мал мен құстың түріне, иммундік жүйесіне байланысты. Белгілі жағдайларда олар сыртқы ортаның бөгде заттарына қарсы тұрып, төзімділік көрсетеді. Бірақ олар жануарлар организміне әсер етпей қоймайды. Соның салдарынан жас шөжелердің өсіп-жетілуі нашарлап, ересектерінің өнімділігі төмендейді. Жоғарыда айтылған көрсеткіштер жануарлар денсаулығының қалыпты жағдайдан ауытқуын көрсететін индикатор ретінде пайдаланылады [26, 27, 28].

Шымкент қаласының аумағының кеңеюіне байланысты құс фабрикасы қазір қала шеңбері ішінде қалып қойған. Оңтүстік Қазақстан облысының бас қаласында үлкен өндірістік зауыт, фабрикалар бар екендігі белгілі. Құс фабрикасы Қорғасын зауытының іргесінде орналасқандықтан ауыр металдар-дың зиянды зардабын шегуде.

700 мыңға жақын халқы бар қалада 250 мыңнан астам автокөлік тіркелген. Сондықтан да қалада, зиянды және улы өндірістік, тұрмыстық қалдықтармен қатар қоршаған ортаның диоксидпен ластануы шекті мөлшерден әлдеқайда жоғары.

«Шымкентқұс» фабрикасы бықсып жатқан қоқыстың ығында орналасқан-дықтан қоршаған ортаның ластануы жоғарғы дәрежеде болып отыр.

Құс фабрикасы қала шеңберінде орналасқандықтан өнеркәсіптік кешен-дердің, автокөліктердің шуымен қатар, құсханалардағы техникалық құрал-жабдықтар және тауықтардың өздерінің дауыстарын қосқанда, жалпы акустикалық деңгейі жоғары болатындығы белгілі. Оның үстіне темір жол торабы мен аэропорт небары 2-4 км қашықтықта орналасқанын ескерсек, тауықтар физикалық экологиялық ластаушылардан кенде емес [29, 30, 31].

Қорыта келе құстардың денсаулығы, өнімі мен оның сапасының деңгейі қоршаған ортаның әсеріне байланысты деп тұжырымдауға болады.

Төменде сыртқы ортаның негізгі компонентері болатын – құсханалардыңмикроклиматын, азықты, суды және саңғырықты экологиялық тұрғыдан бағалау – таза, сапалы тауық өнімдерін өндіруге арналған әдебиеттік шолулар жеке тақырыпшалармен беріледі.

 

1.2 Тауықханаларға қойылатын экологиялық талаптар (құрылыс типтері, сиымдылығы, құрал-жабдықтары, микроклиматы, саңғырығы, т.б.)

 

Алғашқы жұмыртқа бағытындағы құс фабрикаларын салғанда негізінен ОНТП 4-79, 82 технологиялық нормативтері басшылыққа алынды. Олар өндірістік бағыттарына қарай товарлы (өндірістік), асыл тұқымды болып бөлінеді. Әрқайсысында инкубаторлық стансия қарастырылған.

Жұмыртқа өндіретін құс фабрикаларының ғимараттарының сиымдылығы 300; 400; 500; 600; 1000 мыңдық тауық мекиендеріне арналып салынған. Мұндағы қосалқы өнімдер ет, мамық, көң [33, 34].

 

Ветеринариялық-санитарлық, экологиялық талаптар.

Құрылысты бастар алдында территорияда инфекциялық аурулардың ошақтарының жоқтығы зерттеледі. Құс фабрикасы елді мекеннен кем дегенде 1000-1200 м қашықтықта салынуы тиіс. Ірі құс фабрикаларының инкубатор-лық стансасы қарастырылған. Өндірістік ғимараттар жекеленген аймақтық зоналарға бөлініп, оның бір-бірінен қашықтығы 60 м болуы тиіс [35, 36].

Тауықтарды құсханаларға орналастырғанда олардың жасы, жынысы ескеріледі. Бұл кезде шөжелердің жас айырмашылығы 5 күннен, ал мекиендердікі 15 күннен аспауы тиіс.

Құс фабрикасының әкімшілік, шаруашылық (гараж, қойма, т.б.) ғимарат-тары құсханалардан 300 м қашықтықта болуы тиіс. Сонымен қатар құстарды сою, құрама жем дайындайтын цехтар, жем және еденге төсегіш заттар қоймасын оқшауланған (300-500 м) жерде орналасқаны дұрыс. Құс саңғырығын залалсыздандыратын орын 300 м-ден кем болмауы тиіс.

Тауықтардан босаған ғимараттарды дезинфекциялағаннан кейін, есік, терезелерін 4 күндей жабық ұстау керек. Жаңадан толтыру алдындағы үзіліс жасына қарай 2-4 аптаға созылады.

Әр өндірістік аймақта жұмысшылар үшін міндетті түрде санитарлық бөлмелер болуы керек.

Көліктерге дезобарьерлер жасалынады.

Жұмыртқаларды инкубациялау алдында оларды тексерістен өткізеді. Саңғырық пен ластанған жұмыртқаларды инкубациялауға болмайды.

Бір күндік балапандарды өлшемдері 30х30 см, биіктігі 18 см дезинфекция-ланған қораптарға салып тасымалдайды. Дені сау, жақсы жетілген балапан-дарды өсіруге қалдырады [37, 38].

 

Тауықханалардың номенклатурасы. Өндірістік бөлмеде құс өсірудің технологиялық нормативтері.

Жұмыртқа өндіретін құс факбрикаларының ғимараттарының номенклатурасы 1-кестеде көрсетіледі.

 

1-кесте. Өндірістік ғимараттардың сиымдылығы

 

Өндірістік тауықханалар

Сиымдылығы, мың бас

Торда ұстағанда:

Жұмыртқалағыш тауықтар

 

150

Асылтұқымды тауықтар

16

Асылтұқымды тауықтарды еденде ұстағанда

10

Толықтырғыш шөжелерді өсіру:

        торда

 

200

        еденде

20

 

Жұмыртқалағыш тауықтарды және шөжелерді тауықханаларда орналастыру технологиялық нормативтер арқылы жүргізіледі. Мұнда ересек және шөжелердің саны барлық тауықтардың жылдық орташа басына пайызбен есептелінеді (2-кесте) [39, 40].

 

2-кесте. Тауықтарды құсханаларда күтіп-бағу

 

Толықтырғыш шөжелер

Ересек тауықтар

Жасы (апта)

алатын орны, %

жасы (апта)

алатын орны, %

1-9

35,19

10-72

150,8

1-10

41,58

11-72

148,5

1-13

49,21

14-74

140,6

1-17

61,51

18-74

131,8

2-кестенің мәліметтері бойынша ересек мекиендердің үлес салмағы жоғары 150,8% болса, 1-9 апталық шөжелердікі 35,19% шамасында болатынын көрсетеді.

Әтештердің мекиендерге қатынасы еденде ұстағанда 1:10, ал торда 1:9 болғаны дұрыс.

ОНТП 4-79, 82 нормативтері бойынша негізгі аналық мекиендерді шөжелермен толықтырып отыру мақсаты көзделеді [41] (3-кесте).

 

3-кесте. Аналық бастың толықтырғыш балапандарға қатынасы

 

Өнім бағыты

Өндірістік мекиендер

Аналық мекиендер

Текті мекиендер

ұрғашы шөже

жас әтеш

орташа-сы

ұрғашы шөже

жас әтеш

орташа-сы

Жұмыртқа

1,4

1,5

4

1,7

1,5

4

1,7

Ет

-

1,7

5

2,0

2,0

6,

2,4

 

3-кестеде көрсетілгендей, құс фабрикасында тауықтардың санын бір деңгей-де ұстап тұру үшін бір жұмыртқалағыш мекиенге 1,5 ұрғашы шөже және 4 жас әтеш өсіру керек, ал етті бағыттағы кешендерде бұл көрсеткіш 1,7-2,0, 2,0-2,4 болуы керек. Егер құс санын өсіру керек болған жағдайда толықтырғыш балапандардың басы артып отырады.

 

Құс фабрикасының ғимараттарына қойылатын технологиялық талаптар.

Бекітілген жоба бойынша барлық құс фабрикаларында қосалқы (құрама жем дайындайтын цех, сумен, жылумен, жарықпен қамтамасыз ететін ғимараттар, таразы және құрал-жабдықтарды жөндейтін шеберханалар, гараж, көліктер тұратын жабық алаң, өртке қарсы жабдықталған бекет болуы тиіс.

СНиП нормативтері бойынша құс фабрикаларында экологияны, ветеринариялық гигиенаны жақсарту үшін құсханаларды саңғырықтан, шайынды судан тазарту, қалдықтарды жинау, сақтау және залалсыздандыруға қажетті техникалар, қоймалар болуы қаралады [41, 42].

Құс фабрикаларында оқшауланған территорияда әкімшілік және шаруашылық ғимараттары, асхана, медициналық және жұмысшылар демалатын орын болуы тиіс.

Өндірістік ғимараттарды салуда жергілікті ауданның табиғи-климаттық жағдайы ескеріледі. Мысалы, елді-мекенге құс фабрикасының жағымсыз исі келмес үшін фабрика желдің ығында болғаны дұрыс.

Тұжырымдап айтқанда, құс факбрикаларының ғимараттары технология-лық талаптарға сай келіп, оның ішіндегі құрал-жабдықтар құсханалардың микроклиматын, жарықтылығын жақсарту керек.

Құстарды торлы еденде ұстаған жағдайда оның биіктігі жерден 0,4 м болғаны дұрыс. Бұл көрсеткіш тауықтарды күтіп-бағу ұзақтығына байланысты болады да, қордаланған саңғырықтан тазартуды жеңілдетеді.

Барлық өндірістік құсханалардың, өрт қауіпсіздігін сақтау үшін кем дегенде екі эвакуациялық дарбазалары болуы керек.

Тауықтардың санын бірқалыпты ұстап отыру және де балапандарды сату үшін құс фабрикасында бір немесе екі инкубатор болады [43].

Өндірістік құсханалардың биіктігі 3 м-ден кем болмауы тиіс. Өйткені саңғырықты тазалайтын, жем тасымалдайтын және тарататын, төсеніш салатын механизмдер кедергісіз жұмыс істеп тұруы керек [44].

Өндірістік ғимараттардың, икубатордың жұмыртқа қоймаларының ішкі қабырғалары және төбесі тұтас келіп, оларды ылғалдылыққа төзімді, ақ түске сырлануы керек.

Құстарды сою цехының қабырғасы керамикалық кафельдермен қалануға тиіс [45].

 

Тауықтарды құсханаларда күтіп-бағу нормативтері.

Құсханалар бөлімдерінде өндірістік жұмыртқалағыш тауықтарды 1000-1500, толықтырғыш балапандарды 1000-2500, бройлерлерді 10 000 бастан орналастырады.

Тауықтарды еденде күтіп-бағу технологиясын қолданғанда қоршалған серуендеу алаңы қарастырылады. Оның ауданы құсханалардың жартысындай болуы керек [46, 47] (4-кесте).

 

4-кесте. Құсхананың 1 м2 алаңына орналастыратын тауықтың саны

 

Тауықтардың жасы (күн)

1 м2 тауықтың саны

қалың төсенішті еденде

торлы еденде

Жұмыртқалағыш ересек мекиен:

аналық топ

өндірістік топ

 

 

3,5-4,0

5

 

 

3,5-4,0

5

Толықтырғыш балапандар (күн)

1-30

31-60

1-60

61-140-150

141-151-18

 

 

25

16

17

9

4,0-4,5

 

 

-

-

17

9

4,0-4,5

Бройлерлер (күн)

1-75

 

16

 

16

 

4-кестеде көрсетілгендей, тауықтарды күтіп-бағудың екі түрінің айырмашылығы тек қана 1-60 күндік толықтырғыш балапандардың басына байланыстылығымен ерекшеленеді.

Технологиялық құрал-жабдықтар мен өндірістік процестерді механикаландыру

Құс фабрикаларындағы өндірістік процестерді (азық тасымалдау және жемдеу, суару, жұмыртқа жинау, саңғырықты тазалау, т.б.) механикалан-дыруда түрлі машиналар, агрегаттар жүйесі қолданылады. Олар тауықтардың өндірістік бағытына, жасына, азықтандыру, суару технологиясына, кешендер-дің аймақтық ерекшеліктеріне байланысты болады. Мысалы, балапанды өсіретін КБЭ-1, КБЭ-1А, КБМ-2, мекиендерге арналған 3-4 қабаттық КБН батериялары жиі кездеседі [48].

Тауықтарды еденде күтіп-бағу үшін азықтандыратын және суаратын дөңгелек автоматты жабдықтар (дөңгелек науалар) қойылады және жұмыртқа-лайтын ұялар салынады. Олардың өлшемдері 0,3х0,4х0,3-0,4 м болып, еденнен 0,5-0,6 м биіктікте орнатылады.

ОНТП 4-79, 82 нормативі бойынша төсеніштің қалыңдығы 30 см болғанда ол бір мекиендерге 8 кг жұмсалса, 1-26 апталық балапандарға 1,5 кг қажет болады.

Жалпы су шығыны бір ересек тауыққа тәулігіне 0,46 л болса, 1-22 апталық шөжелерге 0,25 л [49].

 

Өндірістік тауықханалардың микроклиматы.

Стандарт бойынша тауықхананың температурасы 16-180С, ал ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 60-70% шамасында болуы тиіс. Бұл көрсеткіш 1-4 апталық балапандар үшін 28-240С, 5-11 апталықтағыларға – 18-160С, 12-26 апталықтардіке 160С жоғары болмауы тиіс.

Өтпелі көктемгі және күзгі мезгілдері тауықханының ауасының ылғалды-ғы 85%-ке артуы мүмкін. Қыстың күндері бұл көрсеткіш 40-50%-ке төмендей-ді. Жазғы айларда сыртқы ортаның температурасы 100С жоғары болғанда, тауықхана ауасының температурасындағы айырмашылық 50С шамасында болуы керек. Сыртқы ауаның температурасы 330С шамасында болғанда, 1-10 күндік балапандар үшін 280С, есейген шөжелер үшін 260С болуы тиіс.

Атмосфералық ауаның температурасы 330С асқан жағдайда (ОҚО жиі байқалады) желдеткіштерді, салқындатқыштарды қосып, тауықханалардың температуасын төмендету керек болады.

Салқын күндері құсханалардағы ауа алмасуды көмірқышқыл немесе су буының үлесімен анықтайды, ал жазғытұрым шамадан тыс жылудың мөлшерімен анықталады (5-кесте).

 

5-кесте. Құсханадағы ауа қозғалысының жылдамдығы, м/сек

 

Тауықхана-лардағы құстар

Жыл мезгілі

салқын

жылы

минимал-ды

оптимал-ды

макси-малды

минимал-ды

оптимал-ды

макси-малды

Тауық

0,2

0,3

0,6

0,3

0,6

1,0

Балапан

0,1

0,2

0,5

0,2

0,4

0,6

Оңтүстік Қазақстан облысы климаты үшін тауықтардың жасы 9 аптадан кейін ауа қозғалысының жылдамдығы 1,5 м/сек аспауы керек [50, 51] (6-кесте).

 

6-кесте. Жұмыртқалағыш тауықханалардың микроклиматтық көрсеткіштері

 

Құстар

Тауықтың массасы, кг

Көмір-қышқылы, л

Бос жылу, кДж

Су буы, г

Ересек мекиен

1,7

1,54

24,6

4,50

Толықтырғыш балапан, апта:

1

2-4

5-8

9-17

10-22

 

 

0,06

0,25

0,60

1,14

0,145

 

 

2,70

2,20

1,53

1,26

1,02

 

 

63,8

51,2

30,1

27,9

26,4

 

 

11,85

5,55

3,30

3,12

3,00

 

6-кестедегі балапандардың салмағы жасының соңғы кезеңдеріне сәйкес келеді.

Түндегі құс организмінен бөлінетін заттардың мөлшері 6-кестенің 60%-ын құрайды.

30 күндік балапандардың көрсеткіші ғимарат ішіндегі 240С температурада өлшенсе, ересектеу шөжелерден бөлінген заттарды – 16-180С анықтайды [49] (7-кесте).

 

7-кесте. Тауықханалардың микроклиматтық көрсеткіштері

 

Көрсеткіштер

Ересек тауық

Балапан

(1-30 күндік)

Температура, 0С

16

24-22

Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, %

60-70

60-70

Ауа қозғалысы, м/сек

0,3

0,2-0,3

СО2 концентрациясы, %

0,18-0,2

0,18-0,2

NH3 концентрациясы, %

0,002-0,01

0,01

Тауықтың 1 кг салмағына ауа алмасуы:

қыста

жазда

 

1,3-1,8

4,7-5,0

 

1,1

9,0-9,2

 

 

1.3 Құс азығын, рациондарды экологиялық бағалау

 

Құстың дене жылуы (40-420С) басқа үй шаруашылығы малдарынан жоғары болғандықтан олардың тыныс алуы мен қан айналымы жиі болып, зат алмасуы жедел жүріп, организмдегі тотығу үрдісіне оттегі көп жұмсалады. Сондықтан басқа жануарларға қарағанда құстардың организмі энергетикалық және қоректік заттарға қажеттілігі басым болады [52, 53]. Құс өнімділігіне желінген азық энергиялық қуаттылығының 40-50% жұмсалады.

Рациондағы протеиннің энергетикалық қуаттылығы құс өнімділігінің 20-25% шамасында жұмсалса, жасұнақтіке – 5-15% аралығында болады.

Құс азығының құрамында болатын май және көмірсулардың организмде ыдырауынан пайда болған энергиялар қорытылған протеинді дене мен жұмыртқа, т.б. түзілуіне жұмсалып, белгілі мөлшерде құс денесінде май биосинтезделеді.

Азықтың энергетикалық және протеиндік құндылығымен қоса құстың өсіп-жетілуіне макро-, микроминералдық және витаминдік қоректілік пен құнарлылық өзіндік ықпал етеді. Құстың желінген азығындағы протеиннің 20-25% жұмыртқа белогына конверсияланатындықтан жемнің биологиялық құн-дылығына аса көңіл бөлінеді, әсіресе алмастыруға болмайтын аминқышқыл-дың құрамы жоғары болуы тиіс [54].

Мал азығының құрамы биосферадағы химиялық элементтерден тұрады. Жануарлар мал азығындағы элементтерді және күрделі қосындыларды қоректік заттар ретінде пайдалануда бірегей физиологиялық қызмет атқаратын топтарға жатқызылады. Азық құрамындағы қоректік, минералдық және биологиялық әсерлі заттар топтары оның химиялық құрамы ретінде алынады (1-сурет).

 

1-сурет. Мал азығының құрамы

 

Қоректік заттардың аталуындағы «шикі» деген сөз тазартылмаған деген мағынаны білдіреді.

Жемшөптегі су көлемі өсімдіктердің вегетациялық кезеңі мен дайындау әдісіне байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, көк жоңышқаның ылғалдылығы 75-80% болса, одан жасалған шөп ұнында 15-17% су болады. Пісіп жетілген дәнді дақылдардың ылғалдылығы да соңғы шамада.

Энергия бөлетін органикалық заттардың құрамында қоректік зат және зат алмасу процесін реттейтін биологиялық әсерлі қосындылар (ферменттер, гормондар) кіреді. Олардың құрылымы С, Н, О, N сияқты элементтерден тұрады.

Азық күлін биогенді макро- және микроэлементтер құрайды. Биогенді макроэлементтерген Са, Р, К, Na, Mg, S, Cl, микроэлементтерге Fe, Cu, Co, I, Mn, Zn жатады.

Азықтағы органикалық заттар азотты және азотсыз заттардан тұрады. Барлық азотты қосындылар «шикі» протеин деп аталады. Пептидтік қосындыларға енбеген жекелеген аминқышқылдарын, аммоний тұздары мен нитрат, нитриттерді «амидтер» тобына жатқызады.

Азотсыз заттарға «шикі» май мен көмірсулар жатады. Олардың организде ыдырағыштылығына қарай қиын ыдыратылатын «шикі» жасұнық және жеңіл ыдырайтын АЭЗ тобына бөледі.

Азық органикалық затының құрамында ферменттер, гормондар, витаминдер сияқты биологиялық әсерлі заттар мен алколоидтар, глюкозидтер, токсиндер сияқты зиянды қосындылар да кездеседі [52].

Жоғарыда көрсетілген қоректік заттар мен биогенді элементтер құс организміне қажетті мөлшерде түскен жағдайда ғана оның денсаулығы, өнімділігі мен өнім сапасына тікелей жағымды әсер ететін сыртқы ортаның маңызды факторлары болып табылады.

Қоректік немесе биогендік заттар организмге қажетті мөлшерден кем немесе артық болғанда, яғни тепе-теңдік бұзылған жағдайда, құстар әртүрлі ауруға душар болуы мүмкін. Мұндай аурулар алиментарлық деп аталады [55].

Қоректік заттардың тапшылығына, әсіресе жас балапандар, өнімділігі жоғары мекиендер төзімсіз келеді.

Азықтағы белок жетіспеген жағдайда оның организмдегі синтезі нашарлап, ұлпаларды қалыпқа келтіру процестері тежеледі және олардың қорғаныш қызметі әлсірейді.

Организм белокты шамадан артық қабылдағанда А дәруменінің сіңірілуі нашарлайды. Белок қосындыларының артық мөлшерде ыдырауы күкірт және басқа қышқылдарының көптеп түзілуіне әкеліп, жануарлар ацидоз ауруына шалдығады.

Рационда май көп болып, белок аз болған жағдайда бүйрек бездерінің қызметі бұзылды [55].

Макроминералды заттар организмдегі зат алмасу процесіне қатысып, жануарлардың өсуі мен жетілуіне қолайлы әсер етеді. Олардың рационда жетіспеуі остеомаляция, остепороз, құныс, т.б. ауруларға әкеліп соғады.

Мал организмінде микроэлементтер қан, бауыр, бұлшық ет, ми эндокринді бездерінде жинақталып, өте маңызды қызмет атқарады. Мысалы, темір оттегімен байланысып, оксигемоглобин түзеді. Ол жетіспеген жағдайда тауық анемия ауруына шалдығады [55].

Жануарлар организмінде дәрумендер жетіспесе авитаминоз өршиді. Витаминдердің организмде зат алмасудағы ролі өте зор. Рационда каротиннің (А провитамині) жетіспеуі жас балапандардың өсіп-жетілуіне кері әсерін тигізеді.

Кальций, фосфор алмасуына Д витамині белсене қатысады. Сол сияқты организмде Е, К, С, В витаминдер тобы жануарлардың көбеюіне, қанның ұюына, гемоглобин және эритроциттерді ұлғайтып, малдың денсаулығына, өнімділігіне жағымды әсер етеді [55].

 

Азық сапасын бағалау.

Азық сапасын жан-жақты бағалау оның жоғарыда көрсетілген қоректілігін, зиянды ластаушылардың қауіпсіздігін, биологиялық құндылығын анықтау арқылы жүргізіледі.

Жануарларды толыққанды қоректендіру олардың потенциалдық, өнімділігін арттыруда, денсаулығын жақсартуда үлкен роль атқарады.

Азықтың зияндылығы мен улылығы организмде зат алмасуының бұзылуына, токсикоинфекциялық, аллергиялық аурулардың пайда болуына әкеліп соғады.

Минералды тыңайтқыштарды, пестицилтерді сақтау және пайдалану ережелері бұзылған жағдайда олар қоршаған ортадан мал организміне түсіп, улануға, тіпті өлім-жітімге алып келеді.

Алуан түрлі өсімдіктер арасында улы шөптер кездесіп отыратыны белгілі. Олар құстарға беретін дәнді дақылдардың ішінен де табылады. Мысалы, арпа, бидай қаранүктелері, сасық қурай, қара шытыр, меңдуана улы болып келеді. Ал зиянды бактериялар барлық жемшөпте кездеседі. Ылғалдылығы жоғары (25-30%) мал азығында ұсақ саңырауқұлақтар өсіп, олардан бөлінетін метаболиттік улар жануарларды актиномикоз ауруына шалдықтырады. Олар құстардың ұрықтандырылған жұмыртқаларын жарамсыз етіп, эмбриотоксин-дік немесе теротогендік кемістіктерге алып келеді.

Жоғарғы активті химиялық, физикалық, биологиялық факторлар тұқым қуалаушылық өзгерістер тудыруы мүмкін [56, 57].

Азықтың сапалығын анықтау МемСТ-та көрсетілген (әртүрлі азықтар үшін) талаптар бойынша анықталады. Азық сапасын зерттеу органолепти-калық, физико-механикалық, химиялық, биологиялық әдістермен жүргізіледі.

Органолептикалық әдіспен азықтың исін, түсін, түрлік құрамын анықтаса, физико-механикалық әдіспен олардың ылғалдылығын, бөгде заттың болуын (тас, топырақ, метал, т.б.) тексереді. Азық құнарлығын, биологиялық құнды-лығын, зиянды және улы заттармен ластағанын тексеруде химиялық әдіс қолданылады. Биологиялық тәсілмен азықтағы микробиологиялық, микология-лық, гельминтологиялық, паразитологиялық тексерістен өткізеді.

Құсты азықтандыру барысында жемшөппен асқазан-ішек жолын зақымдайтын бөгде заттардың болмауы керек. Аязда тоңазыған, қатып қалған азықпен жемдегенде ас қорыту қызметі бұзылып, рефлекстік реакциясы және басқа қызметтері тежеледі.

Кейбір жағдайда суармалы егістікте тыңайтқышты шамадан артық қолданғанда дәнді дақылдардың сапасын органолептикалық әдіспен анықтауға мүмкін болмайды. Сондықтан оларды химиялық әдіспен анықтауға тура келеді. Тауыққа беретін дәнді дақылдарда оның мөлшері 1 кг жемде 1,0 г аспау керек. Технкикалық өндірістен шыққан жемдік зығыр және мақта күнжарасы, сорго, қара тары құрамында циангендік глюкозидтер болады. Оның құрамын-дағы көгергіш қышқыл, гассипол тыныс алуды нашарлатып, организмнің ұлпасына, нерв жүйесіне қауіп төндіреді. Сондықтан тауық тәлтіректеп, құрысып, ентігеді де жүрек қызметі нашарлайды.

Гассипол қан тамырын, бауырды, жүйкені уландырады. Гассиполды зарарсыздандыру үшін оны қыздырып, 1 кг күнжараға 0,5 г күкірт қышқылды мырыш ерітіндісін қосып, басқа жемге араластырып береді [60].

Пестицидтер азыққа топырақтан, судан, өсімдіктен және дезинфекция-ланған малдан да түсуі мүмкін. Аса қауіпті улы заттарға фтор, мышьяк, мыс, қорғасын, молибден, барий, минералдық  тыңайтқыштар, минералды қышқыл-дар, негіздер және цианидтер жатады. Құстың улануы аталған химикаттарды тасымалдағанда, қоймада сақтағанда және пайдалану кезінде болуы мүмкін. Сондықтан химикаттарды сақтайтын қоймаларды міндетті түрде оқшау орналастыру керек. Пестицидтерді дайындау және пайдалану кезіндегі барлық құрал-жабдықтарды бөлек сақтап, тазартып, жабық бөлмеде құлыптап ұстау керек [61].

 

8-кесте. Құс азығындағы кейбір пестицидтердің рұқсат етілген максимальды деңгейі, мг/кг

 

Пестицидтер

мг/кг

Бутафос

3,0

ДДТ

0,05

Карбофос

2,0

Күкіртті сутегі

10,0

Трихлорметафос-3

2,0

Фосфамид

2,0

Фталофос

1,0

Хлорофос

1,0

 

Қамба зиянкерімен, бактериялармен, ұсақ саңырауқұлақтармен зақымданған азықтар.

Қамба зиянкестерімен (ұзынтұмсық, қанатты қоңыздар, кене, көбелек, тышқан) дәнді азықтардың қоректілігін 10% дейін төмендетеді. Сонымен қатар азықтың құнарлы заттарында қауіпті метаболиттер пайда болады. Қамба зиянкестерінің экскрименттері азықтың құрамына кері әсерін тигумен бірге әртүрлі микроорганизмдердің көбеюіне себеп болады [62].

Жаңадан орылған дәнді дақылдарда Bac.mesentericus, Bac.myсoides, Bac. рroteusсияқты бацилдерді кездестіруге болады. Егер дәнді дақылдар топы-рақпен ластанса Bac.mesentericus,Bac.subtilisқоймадағы азықтарда көптеп өсіп-өнеді.

Құрама жем құрамында ет-сутек, балық, шрот, күнжара болғанда азықта сальмонелла тез өсіп-жетіледі.

Дәнді дақылдардың ылғалындағы жоғарылағанда азықтың қызуы баста-лып, зиянды микроорганизмдер (көгергіш қышқыл, саңырауқұлақ, актиноми-цит, т.б.) қарқынды өсіп-өнеді.

Ұсақ микроскопиялық саңырауқұлақтардың тіршілігінің нәтижесінде азықтың исі жағымсыз, түсі зеңденіп, токсиндер пайда болады. Керек болса Fusarium және Dendrodochium туыстығына жататын саңырауқұлақтармен зақымданған шөпті төсеніш ретінде пайдалануға болмайды. Улы және зиянды ұсақ саңырауқұлақтар микоз және микротоксикоз ауруларына душар етеді [62].

Құс азығының экологиялық сапасын жақсарту үшін жемшөпті дер кезінде жинап алып, бірінші кезекте оларды бұзылмайтын ылғалдылықта қоймада сақтау керек. Мысалы, дәнді дақылдардың, жоңышқа ұнының ылғалдылығы 15-170С аспауы тиіс.

ЖШС «Шымкентқұс» фабрикасында құрама жем жасайтын цех бар. Азықты тасымалдайтын, астауға салатын машина-механизмдер жеткілікті.

Фабриканың азықтың сапасын зерттейтін жақсы жабдықталған лаборато-риясында жүргізіледі. Мұнда жоғарыда көрсетілген химиялық, механикалық және биологиялық зерттеулер жүргізілуге толық мүмкіншіліктер бар.

Ауыл шаруашылық құстарын азықтандыру мөлшері организмге қоректік және биологиялық әсерлі заттардың, алмасу энергияның қажеттілігінен туындайды.

Құс азығында энергияның жетіспеушілігінен, көп жағдайда, тауықтардың өнімділігі төмендейді. Ол аминқышқылдар, витаминдер және макро- микро-элементтердің кем немесе артық болуынан да болады.

Организмге түскен энергия тауықтардың өнімділігінің 40-50% қамтама-сыз етеді. Рациондағы энергияның негізгі көзі дәнді дақылдар және азықтық майлар болып табылады [52].

Құстардың организмін протеинмен толық қамтамасыз етудің зор маңызы бар. Өйткені протеиннің қажеттілігінің 40-45% алмастыруға болмайтын аминқышқылдарының есебінен толықтырылса, 55-60% алмастыруға болатын аминқышқылдардың үлесіне тиеді. Сондықтан құстардың рационындағы протеинді қажетті мөлшерде беру, азықтың аз жұмсалуының кепілі болады [52, 53]. Толықрационды жемдегі аминқышқылдардың деңгейі 9-кестедегідей болуы керек.

 

9-кесте. Толықрационды құрама жемнің құрамындағы аминқышқылдар деңгейі, %

 

Протеиндегі аминқышқылдар, %

Мекиен

Қораз

Балапан, апта

асыл тұқымды

өндірістік апта

22-47

48<

1-8

9-21

«Шикі» протеин

17,0

17,0

16,0

16,0

20,0

14,0

Лизин

0,75

0,75

0,70

0,70

1,00

0,70

Метионин

0,32

0,32

0,30

0,30

0,45

0,32

Метионин+цистин

0,60

0,60

0,57

0,57

0,75

0,53

Триптофан

0,17

0,17

0,16

0,16

0,20

0,14

Аргинин

0,90

0,90

0,85

0,85

1,10

0,77

Гистидин

0,34

0,34

0,32

0,32

0,35

0,25

Лейцин

1,30

1,30

1,28

1,28

1,40

0,98

Изолейцин

0,66

0,66

0,62

0,62

0,70

0,49

Фенилаланин

0,54

0,54

0,51

0,51

0,63

0,44

Фенилаланин+тирозин

0,94

0,94

0,88

0,88

1,20

0,84

Треонин

0,45

0,45

0,43

0,43

0,70

0,49

Валин

0,64

0,64

0,60

0,60

0,80

0,56

Глицин

0,79

0,79

0,74

0,74

1,00

0,70

 

Жұмыртқалағыш тауықтардың алмасу энергиясына және протеиннің және басқа қоректік заттардың нормалары 10-кестеде келтіріледі.

 

10-кесте. Жұмыртқалағыш тауықтарға арналған құрама жемдегі қоректік заттар мен алмасу энергиясының мөлшері, %

 

Тауықтар

100 г жемнің алмасу энергиясы

«Шикі» протеин

«Шикі» жасұнық

Каль-ций

Фос-фор

Нат-рий

ккал

мДж

Асыл тұқымды мекиен

270

1,13

17

5,0

3,1

0,7

0,3

Өндірістік мекиен, апта

22-47

270

1,13

17

5,5

3,1

0,7

0,3

48-ден жоғары

260

1,09

16

6,0

3,1

0,7

0,3

Қораздар

280

1,17

18

5,0

1,3

0,8

0,4

Балапан 1-8 апта

290

1,21

20

5,0

1,1

0,8

0,3

Балапан 9-21 апта

260

1,07

14

7,0

1,2

0,7

0,3

 

Құстардың аминқышқылдарға сұранысын толық қанағаттандыруда, олардың организмдегі витаминдер, микроэлементтер және алмасу энергияның мөлшеріне байланысты болатынын ескеру керек. Мысалы, құрама жемде никотин қышқылы жетіспегенде құстардың триптофан аминқышқылына қажеттілігі жоғарылайды. Лизин мен Д витамин екеуінің минералдық заттардың алмасуын оңтайлағаны тәжірибелер арқылы дәлелденген [53]. Рациондағы А, В, В1, В6 витаминдері жетіспегенде аминқышқылдардың сіңімділігі нашарлайды.

Құс рациондары кальций, фосфор, натрий сияқты макроэлементтерді және микроэлементтерді (кобальт, мыс, йод, т.б.) тауықтардың мұқтаждығын толық өтейтіндей мөлшерде беру керек. Құрама жемде кальций жетіспеген жағдайда бор, әк, ал фосфор қажетті болса үшкальцийфосфат, фторсызданған фосфат, т.б. толықтырылады [63, 64].

Тауықтарды, негізінен, құрама және толықрационды жеммен азықтан-дырады. Соңғысының қоректілігі 11-кестеде келтіріледі.

 

11-кесте. Тауықтарға арналған толық рационды құрама жемнің алмасу энергиясы мен қоректік заттары

 

Энергия және қоректік заттар

Мекиен

Балапандар

1-4 апта

5-тен жоғары

100 г азықтағы алмасу энергия

МДж

1,26

1,30

1,34

Ккал

300

310

320

«Шикі» протеин

19

23

21

«Шикі» жасұнық

5,0

4,0

4,0

Кальций

3,3

1,0

0,9

Фосфор

0,9

0,9

0,8

Натрий

0,4

0,4

0,4

Линолен қышқылы

1,2

1,4

1,3

Лизин

0,9

1,15

1,1

Метионин+цистеин

0,7

0,82

0,7

 

Тауықтың натрий микроэлементтіне мұқтаждығы ас тұзы арқылы қанағаттандырылады.

Құрама жемде көп жағдайда 12-кестеде көрсетілген микроэлементтер жетіспейді. Олардың қажеттілігі микроэлементтері және витаминдері бар премиксті құрама жемге қосу арқылы қанағаттандырылады.

 

12-кесте. Құрама жемге қосатын микроэлементтердің мөлшері, г/т

 

Микроэлементтер

Мөлшері

Микроэлементтер

Мөлшері

Марганец

50

Мыс

2,5

Мырыш

50

Кобальт

1,0

Темір

10

Йод

0,7

 

Премикстің құрама жемдегі үлесі 1% шамасында болуы керек. Құстардың микроэлементтерге қажеттілігі олардың тұздарын премикске қосу арқылы жүргізіледі.

Құстардың организміне өте қажетті биологиялық белсенді заттарға витаминдер жатады. Олар жетіспеген жағдайда организмдегі зат алмасу процесі бұзылып, құстардың өсіп-дамуы тежеледі. Сонымен қатар жұмыртқа-ның және еттің сапасы нашарлайды. Сондықтан құрама жемге міндетті түрде витаминдер 13-кестеде көрсетілген мөлшерде берілуі тиіс.

 

13-кесте. Құрама жемге қосатын витаминдердің мөлшері (m/ME; т/г)

 

Витаминдер

Мекиен

Қораз

Балапан, апта

 

асыл тұқымды

өндірістік

 

1-8

9-21

 

А – ретинол, млн МЕ

10

7

15

10

7

 

Д – холекальциферол, млн.МС

2,0

1,5

2,0

1,5

1,5

 

Е – токоферол, г

10

5

20

10

5

 

К – менадион, г

2

1

2

2

1

 

В – тиамин, г

2

-

2

1,5

-

 

В2 – рибофлобин, г

5

3

5

3

2

 

В3 – понтотен қышқылы, г

20

20

20

10

10

 

В4 – холинхлорид, г

500

250

500

500

250

 

В5 (РР) – никотин қышқылы, г

20

20

20

20

20

 

В6 – пиридоксин, г

4

4

4

2

1

 

Вс – фолий қышқылы, г

1

-

1,0

0,5

-

 

В12 – кобаламин, г

0,025

0,025

0,025

0,025

0,25

 

Н – биотин, г

0,15

0,1

0,1

0,1

-

 

С – аскорбин қышқылы, г

50

-

50

50

-

 

 

Тауықтарға берілетін құрама жемнің нормасы олардың өнімділік бағытына, жасына қарай есептелінеді (14-кесте).

 

14-кесте. Жұмыртқалағыш тауықтарға беретін құрама жемнің тәуліктік мөлшері, г/бас

 

Тауықтар

 

Торда ұстаналатын мекиендер

115

Еденде күтіп-бағатын мекиендер

120

Ұрғашы балапандар,   1-10 апталық

7-64

11-20 апталық

67-90

21-30 апталық

93-95

Еркек балапандар,   1-10 апталық

8-70

11-20 апталық

73-100

21-30 апталық

102-105

 

Жұмыртқалағыш тауықтардың алмасу энергияға және қоректік заттарға мұқаждығы 15-кестеде келтірілген.

15-кесте. Жұмыртқалағыш тауықтың энергия және қоректік заттарға қажеттілігі (бір басқа тәулікте)

 

Тауықтар

Алмасу энергиясы

«Шикі» протеин

Каль-ций

Фосфор

Натрий

МДж

Ккал

Асыл тұқымды мекиен

1,36

324

20,4

3,72

0,84

0,35

Жұмыртқалағыш мекиен

1,28

305

19,2

3,50

0,79

0,34

48 апталық

1,27

304

18,7

3,63

0,82

0,35

Жас қораз

1,41

336

21,6

1,56

0,96

0,48

Балапандар, 1-10 апта

0,08-0,67

20-166

1,4-    8,9

0,08-0,77

0,06-0,45

0,02-0,19

11-22 апта

0,73-1,03

174-247

9,4-   13,3

0,80-1,14

0,47-0,67

0,20-0,29

 

 

1.4 Су сапасын экологиялық бағалау

 

Судың құрамында тіршілікке қажетті 60-қа жуық химиялық элементтер кездеседі.

Организмдегі зат алмасу процесі сусыз жүрмейді. Тірі организмдегі судың құрамы олардың тегіне, түріне, жасына, жынысына қарай 60-90% аралығында өзгеріп отырады. Судың үлес салмағы ұлпаның типіне байланысты. Мысалы, сүйекте ол 20% шамасында болса, бұлшық еттерде 70-80%, қанда - 90%-ке жақын. Су өсімдік пен жануарлардың организміндегі жасушалар протоплазмасының негізін құрайды және оның массасының 80%-ке жуығы судан тұрады.

Сыртқы ортадан көптеген қоректік заттар жасушаға судағы ерітінді күйінде түсуімен қатар, қажетсіз өнімдер сыртқа шығарылады [65, 66].

Құстардың суға қажеттілігі олардың тұқымына, массасына, климаттық факторларға, қоралардың микроклиматына, суару режиміне тікелей байла-нысты. Сондықтан су құс өніміндерін арттырудың басты факторы болмақ [66, 67, 68].

Құстар судың тапшылығына шыдамсыз келеді. Организмдегі су 20% кемісе олар өледі. Себебі жедел ыдыраған белоктар интоксикацияға алып келеді.

Организмдегі судың артықшылығынан электролиттер және қоректік заттар нашар сіңіріліп, жануарлардың өнімділігі төмендейді [66].

Су өсімдік пен жануарларға қажеттілігінен басқа, шаруашылықта, экологиялық-санитарлық және технологиялық процестерді жүргізу үшін керек. Биологиялық ластанған су көптеген инфекциялық және инвазиялық аурулардың туындауына себеп болады. Ішетін судың тазалығы адам және жануарлар денсаулығына тікелей әсер ететін экологиялық фактор. Сондықтан республикамызда елді мекендерді экологиялық таза сумен қамтамасыз ету мақсатында «Ақ бұлақ» бағдарламасы қабылданған [67, 68].

Су тегіне қарай атмосфералық, жер үсті және жер асты болып бөлінеді. Алғашқы екі су көздері ішуге және бірден пайдалануға жарамайды. Тоғандар, өзен-көлдер, теңіздер әртүрлі аймақта болғандықтан ластаушы заттар мен оның концентрациясында үлкен айырмашылықтар бар. Олардың суын алғашқы өңдеусіз ішуге жарамайды.

Жер асты сулары атмосфералық жауын-шашын суларының топырақтың төменгі қабатына өтіп, жер асты су ағындары немесе су қоймасы ретінде жиналады. Жер бетіне жақын жатқан тайыз сулар атмосфералық судан таза болғанымен көп жағдайда оны бірден ішуге болмайды.

Жер астындағы терең сулар 7-2000 м тереңдікте, алғашқы су өткізбейтін қабаттың астында жатады. Бұл сулар адамдарды ауыз сумен қамтамасыз етудегі ең басты су көзі болып табылады [69, 70, 71, 72].

Табиғи сулардың барлығы дерлік тау-кен, өнеркәсіп, шаруашылық орны мен кешендерінің ықпалының әсерінен ластанып, оның дәрежесі әртүрлі болады. Ластанған табиғи суды ішуге, шомылуға, техникалық қажеттілікке пайдалануға болмайды. Мысалы, судың 1 литрінде 0,1 мг мұнай араласса, балық етіндегі иісті кетіру мүмкін емес. Өнеркәсіптік кешендерден шығатын шайынды сулар негізінен фенол, синтетикалық заттар, ауыр металдармен, т.б. ластанады.

Минералды тыңайтқыштарды қолдану су құрамындағы азот және фос-фордың көбеюіне, нитраттардың жоғарылауына әкеп соғып, адам және жануарлар денсаулығына зиянды әсер етеді.

Мал және құс кешендерінен шығатын сарқынды суларды өңдеу өте күрделі. Оларды алдымен қатты және сұйық фракцияларға бөліп, қатты бөлігінен 18-20% қоюлықтағы компост дайындап, сұйық бөлігін сүзгіден өткізіп, қара-шірінді дайындайды. Органикалық ыдыраудың барысында пайда болған метан, көмірқышқыл газы, күкіртті сутегі жылу мен энергия алуға пайдалануға болады.

Мал және құс шаруашылығы маңындағы су көздеріне санитарлы белдеулер ұйымдастырылады [73]. Сарқынды су қоймаларында әртүрлі микроорганизмдер, індетті ауру қоздырғыштар және гельминт құрт жұмыртқаларының негізгі ошағы болып табылады. Дегенмен, шайында судың физикалық және химиялық қасиеттерін біршама жақсартуға болады [70].

Лас суды механикалық әдіспен тазалағанда арнайы сүзгіден, құм ұстағыштардан өткізіп, тұндырушыларды пайдалану арқылы іске асырады. Биологиялық тазалауда, тотықтырғыштарды пайдаланғанда, органикалық заттар минералданған соң шлак, уақ тас салынған сүзгіден өткізеді. Механи-калық, биологиялық тазартудан өткен соң лас суды физикалық, химиялық және биологиялық залалсыздандырып, су қоймаларына жіберіледі. Толық тазартылған суда шірінділер немесе басқа улы тұнбалар және қоспалар болмауы керек [68].

 

 

Суға қойылатын экологиялық-гигиеналық талаптар.

Құсты сапалы сумен қамтамасыз етуде оның физикалық, химиялық, газдық және биологиялық қасиеттерін зерттеп отыру керек. Егер жоғарғы көрсеткіштер ветеринариялық-гигеналық талаптарға сай болмаған жағдайда құстарды денсаулығы нашарлап, өнімділігі төмендейді. Суды гигиеналық тұрғыдан бағалау су көзін санитарлық зерттеулермен толықтырып, эпизоотиялық, топографиялық, техникалық жағдайы анықталады [55]. Осы кезде тегі мен типі, көлемі, тереңдігі, топырақ пен жер қыртысының сипаты көрсетілген экологиялық-санитарлық паспорт жасалынады.

 

 

       
 

 

 

 

 

 

 

1-сурет. Су сапасын бағалау сызбасы

 

Судың сапасына әсер ететін ауыр металдардың, радиоактивті элемент-тердің және басқалай зиянды және улы заттардың тұздары бар деген күдік болса қосымша зерттеулер жүргізіледі.

Судың органикалық және басқа қалдықтармен, бөгде заттармен ластануының алдын алу мақсатымен әр маусымда лабораториялық бақылауды мал ауруларының таралуымен байланыстырып жүргізіледі.

Судың антропогендік ластану көрсеткіштеріне судың тотығуы, аммоний тұздары мен альбумоидты азоттың, сондай-ақ нитриттер мен нитраттар азотының, полифосфаттың, т.б. шоғырлауы жатады.

2-суретте көрсеткен судың физикалық қасиеттері анықтаудың зор маңызы бар. Мысалы, жануарлар суық суды ішкенде дене температурасын реттеуге азықтың желінуі артады. Осыған байланысты ересек тауықтар үшін судың температурасы 12-150С, ал жас балапандар үшін 20-250С арасында болуы керек [68].

Су иіссіз болу керек. Бөгде иістің болуы ластаушылардың тегіне байланысты болады да, ал дәмі, кермектілігі  суда еріген минералды қосылыстарға байланысты әртүрлі болып келеді. Таза су мөлдір, әсіресе, органикалық заттар болмауға тиіс. Құбырындағы судың мөлдірлігі 1,5 мг/л аспауы керек. Судағы ауыр металдардың және пестицидтердің артықшылығы жануарларды уландырып, өлім-жітімге дейін алып келеді [55, 72].

Судың сапасын тексеруде оның санитарлық-биологиялық көрсеткіш-теріне ерекше мән береді. Су арқылы кейбір індетті, вирустың және инвазиялық аурулар таралады.

Суда патогендік микроорганизмдер ұзақ мерзімге дейін өмір сүре алады. Сондықтан ауру ошағы болған су көздерін әркез тексеріп отыру керек [55].

 

16-кесте. Патогенді микроорганизмдердің суда тіршілік ету мерзімі (тәулік)

 

Микроорганизмдер

Су көздері

құбыр

көл

құдық

Coli тобы

2-262

21-183

-

Salmonella typhisuis

4-9

4-183

5-107

Salmonella paratyphi B

27-37

-

-

Лестоспироз қоздырғышы

-

150-ге дейін

7-78

Туляремия қоздырғышы

92 дейін

7-31

12-60

Бруцеллалар

5-85

-

4-45

Пуллороз қоздырғышы

-

200-ге дейін

-

Туберкулез микобактериясы

-

150-ге дейін

-

Лестериоз қоздырғышы

-

710-ге дейін

-

 

Микроорганизмдердің судағы өмір сүру қабілеттілігі су температура-сына, ондағы органикалық заттарға және еріген компонеттердің құрамына байланысты.

Судағы микроорганизмдерді анықтау күрделі болғандықтан, оның эпиде-миялық және эпизоотиялық қауіпсіздігін білдіретін бактериялық ластанудың жанама көрсеткіштері – микробтар саны, коли-титр, коли-индексті анықтайды. Мұндағы микробтар саны 370С температурадағы 1 мл суды ет-пептон агары бар табақшада 24 сағатта өскен барлық микробтар саны алынады.

Коли-титр – 1 литр суда бір ішек таяқшасы бар су мөлшері.

Коли-индекс – 1 литр судағы табылған ішек таяқшаларының саны. Таза суда 2-3 ғана таяқша болады.

Су инвазиялық және паразиттік аурулар қоздырушыларының аралық тіршілік ортасы болуы да мүмкін. Елді мекенді, мал шаруашылығын сумен қамтамасыз ететін жергілікті жерлерде Мемлекеттік стандарт жүйелерінен басқа зиянды және улы көрсеткіштермен толықтырылады. Мысалы, фтордың мөлшері – 1,5 мг/л, нитрат – 10 мг/л, нитрит – 0,002 мг/л, тотықтануы – 4 мг/л, микробтар саны 1 мл 300-400, коли-титр – 100 л, коли-индекс, 10 ішек таяқшасынан аспауы керек.

 

1.5 Инкубациялайтын жұмыртқаларға қойылатынталаптар

 

Инкубациялық цех құс фабрикасының негізгі цехтарының бірі. Ол экологиялық, санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келетін арнайы жобамен салынып, құрал-саймандар, инкубаторлармен жабдықталады.

Инкубатордың жұмыртқаны асылтұқымды ата-аналық табындардан жинақтайды. Инкубаторлық цехтың жұмыс істеу графигі құс фабрикасының өндірістік технологиясына байланысты болады. Егер жұмыртқа өндіретін жылына 50 мың тауық болса, онда «Универсал-50»-ден екі, 3000 мың болса – 5; 500 мыңдық фабрикаларда – 7 инкубатор пайдаланылады. Бір «Универсал-50» инкубаторына 50784 жұмыртқа сияды [77, 78].

Инкубациялық жұмыртқа ырғақты өндіру үшін ата-аналық (асылтұқым-ды) тауықтардан жылына 4 рет жаңа топтар құрады. Инкубацияланатын жұмыртқаларды 4 айлық мекиендерден әрбір екі сағатттан кейін жинайды. Жұмыртқаларды сараптап, іріктелгендеріне фармальдегид немесе озомен алғашқы дезинфекция жасалынады да, 8-120С температурадағы қоймаларда 7 күнге дейін сақталынады. Инкубациялайтын жұмыртқаны ұзақ уақыт сақтау үшін туылғанына 2-4 күн болған жұмыртқаларды 5 сағат бойы 37,50С темпера-турада 70%-тік ылғалдықпен жылытады. Мұндай жұмыртқаларды 15 күнге дейін сақтауға болады. Дұрыс сақталмаған жұмыртқалардың шығымы 30% дейін кемиді.

Жұмыртқаларды сыртқы пішініне қарай, өлшеу, жарық түсіріп көру арқылы, қажет болған кезде жарып бағалайды. Инкубацияға ұсақ, қос сарыуызды, сопақ немесе домалақ жұмыртқалар жарамайды. Қабығы жарылған, сарысуы шайқалған, қанды, етті дағы бар, көгерген үшкір басында ауа камерасы бар жұмыртқалар инкубацияланбайды.

Сараптамадан өткен жұмыртқалар «Универсал» инкубаторына үш схема бойынша салынады [77, 78].

1. Жұмыртқалар тобы үш шкафтың әрқайсысына 17 қайықшадан салынады. Әр шкаф 6 топқа есептелінген. Әрбір келесі топты 3 күннен кейін салады. 7-топты – төрт күннен кейін, бір топтың жұмыртқа салынған қайықшалары инкубатор барабандарында екі қатардан кейін орналастырады.

2. 52 қайықшадан тұратын жұмыртқалар тобын кезекпен әрбір инкубатор шкафына араларына 3 күн салып орналастыру керек. Мұндай үлгі бойынша толық тиегенде әрбір шкафта 2 топтан жұмыртқа болады. Бір топтың қайықшалары бір ярустан кейін орналастырады. Жұмыртқа салудың арасы 9 тәулік.

3. Бір топтағы жұмыртқаларды (12,5-13 мың жұмыртқадан 104 қайықша) бір мезгілде бір шкафқа салады. Бұл топтың шығымына бос шкаф болғаны жөн. Инкубация барысында белгіленген жұмыртқаларды салу кестесін бұзуға және жұмыртқаларды салу аралықтарын қысқартуға болмайды.

 

Инкубациялау тәртібі.

Ұрықтың бірқалыпты дамуы үшін қайықшаларды екі жағына ауық-ауық 450С-ка аударып отырады. Өйткені ұрық дамуының әр кезеңдерінде сыртқы орта факторлары өзгеріп отырады.

Температура. Инкубациялаудың алғашқы күндері жоғары температура (37-380С) ұрықтың өсіп-дамуын жеделдетеді. Инкубатордағы температураның автоматты түрде реттелуіне қарамастан қайықшалар арасы мен жұмыртқалар төңірегіндегі температура біршама жоғары болуы мүмкін [77, 78].

Ауаның ылғалдылығы. Ауа ылғалдылығының шамадан тыс артық немесе кем болуынан құстың эмбрионалдық дамуы бұрмалануы мүмкін. Инкубация-лауда қолайлы ылғалдылық 50-60%; оны шығару кезінде 37,50С – 60-70% дейін көтереді.

Ауа алмасу. Инкубация кезінде жұмыртқалар оттегіні көп сіңіреді де, көмірқышқыл газын көптеп бөліп шығарады. Көмірқышқыл газы 1% артық болғанда ұрықтың өсуі тежеліп, оның жойылуы арта түседі. Инкубатор ауасында оттегі 21%; көмірқышқыл газы 0,2-0,3% ғана болу керек [77 ,78].

 

 

1.6 Құсханаларды саңғырықтан тазарту

 

Құсханалардың және қоршаған ортаның экологиялық жағдайына жағым-сыз әсер ететін факторларының бірі – құс саңғырығы. Орташа деңгейдегі құс фабрикаларынан күніне 60 тоннадай саңғырық шығады. Оларды тазалау, бір жағынан оңайға түспейді, ал екіншіден құсханалардың ылғалдылығын жоғарылатып, аммиак, метан, күкірттісутегі сияқты зиянды газдардың концентрациясын шамадан тыс көбейтіп жібереді. Саңғырықты дер кезінде залалсыздандырып отырмаған жағдайда ол инвазиялық және инфекциялық аурулардың көзіне айналады. Саңғырықтың жағымсыз исі тек құсхана төңірегінде ғана сезілмей, қоршаған ортаның ауасын бүлдіреді. Экологиялық жағдайдың нашарлауы балапандардың өсіп-жетілуіне кері әсерін тигізіп, ересек тауықтардың өнімділігін және оның сапасын төмендетеді [77, 79, 80].

Құс фабрикаларында саңғырықты тазарту, тауықтарды күтіп-бағу әдістеріне қарай әртүрлі әдіспен жүргізіледі.

Құстарды торда ұстаған жағдайда көлденең транспортермен 15-20 м жердегі контейнерге жинап, тасымалдаушы трактор немесе автомобильдермен көң сақтау қоймаларына апарып төгіледі. Саңғырықтың ылғалыдылығы алғашқыда 62-65% болса, тасымалдаушы көліктерді шайып-жуғаннан кейін ол 85-90% артады. Сұйық саңғырықты автокөліктерге ФГ-450, НЖП-200, ПНЖ-250 сорғыштармен артады. Көң қоймасына жиналған саңғырықты өңдеп, зарарсыздандырып, органикалық тыңайтқыш ретінде егістік алқаптардың топырағының құнарлылығын жоғарылату үшін пайдаланылады.

Құс саңғырығын биотермиялық, биологиялық, химиялық, гидравликалық әдістермен өңдейді [77].

Биотермиялық әдіспен өңдеу үшін ылғалыдылығы 60-65% саңғырықты гидроизоляцияланған шұңқырға толтырып, үстін жапқан соң 20-25 тәуліктен кейін саңғырықтың температурасы 600С дейін көтеріледі. Микроорганизм-дердің қатысуымен ыдырау процесі 30-40 күнге дейін созылады. Осы уақытта көптеген ауру қоздырғыш микробтар өледі, иіссізденген саңғырықтан колпост жасалынады да егістікке шашылады.

Биологиялық әдіспен бактериялар мен ферменттердің әсерімен өңделген саңғырықтың құрамындағы қоректік элементер жоғарылап, иіссізденген масса басқа үй жануарларына жем ретінде пайдалануға болады [77].

Химиялық әдіспен саңғырықты қайта өңдеуден кейін патогенді микробтар толығымен жойылып, иіссізденеді. Бұл процесте негізінен ұнтақталған әк, магнезия, т.б. қолданылады. Құс жемі негізінен дәнді дақылдандан және жо-ғарғы белокты қоспалардан тұратын болғандықтан құс саңғырығының құнарлылығы басқа малдардікімен салыстырған жоғары болады. Оның % есебімен химиялық құрамы; құрғақ зат – 84, протеин – 37, жасұнық – 11, май – 1,5, АЭЗ – 22%, күл – 12,5% болады.

Құсханаларды саңғырықтан тазарту микроклиматтың және қоршаған ортаның экологиялық жағдайын жақсартумен қатар, оны қайта өңдеу тыңайтқыш ретінде пайданалу ауыл шаруашылық дақылдарының өнімдерін жоғарылатады.

Жоғарыда келтірілген мәліметтерге қарағанда жұмыртқалағыш тауықтар-дың өнімділігі және оның сапасы табиғи климаттық факторлармен бірге құсханалардың микроклиматы, сиымдылығы, құстарды орналастыру тығыздығы, күтіп-бағу технологиясы саңғырықтың шығымына және оны дер тазартып тұруға байланысты болып келетіні айқындалды

 

2 НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 

2.1 ЖШС «Шымкентқұс» фабрикасының қысқаша мәліметі

 

ЖШС «Шымкентқұс» фабрикасы жұмыртқа өндіруге бағытталған құс шаруашылығы. Жұмыс істеу тарихы 1962 жылдан бастау алады. Ол кезінде Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданына қарасты «ХХІ – партсъезд» атындағы кеңшардың шағын құс фермасы болатын. Жұмыртқа өндіру қарапайым түрде – тауықтар құсханаларда жерде жүретін.

10 құсхананың әрқайсысында 5-6 мың бас қана жұмыртқалағыш тауықтан жылына 8-10 млн. дана жұмыртқа өндірілетін де, 5 құсханада жас балапан өсірілетін.

Қазіргі кезде ЖШС «Шымкентқұс» фабрикасында 17 типтік жобамен салынған құсханада бір мезетте 575-580 мың бас құсты күтіп-бағып, күніне 440-450 мың жұмыртқа өндіріледі. Құс өсірудің технологиялық ерекшелігіне байланысты жылдық орташа құс басы 465-480 мың бас құрап, күніне 370-380 мың, ал жылына 135000 – 138800 мың жұмыртқа өндіруге толық мүмкіндігі бар.

Жұмыртқа жинау, құсқа жем беру, саңғырықты тазалау, су беру, т.б. автоматты – механикалық жүйемен жұмыс істейді. Бір құсханадағы 35-40 мың құс басына қарап, барлық технологиялық процестерді 2 жұмысшы атқарады.

Фабрикада жұмыртқа өндіру цехынан басқа, номенклатура бойынша төмендегідей цехтар бар:

1. Жас балапан өсіру цехы – 7 құсхана

2. Инкубациялық цех

3. Жем дайындау цехы

4. Жұмыртқа жинау, реттеп, сұрыптап,  тұтынушыға жеткізу цехы

5. Шағын құс сою цехы

6. Құрылыс цехы

7. Зоотехникалық – ветеринарлық цехы

8. Ветеринариялық бөлім

9. Санитариялық – технологиялық үзіліс кезінде құсхананы жуып, дезинфекциялап, торлы батареяларды жөндеу цехы.

ЖШС «Шымкентқұс» фабрикасы жұмыртқа өндіретін шаруашылық болғандықтан, тауықтың жұмыртқалағыш тұқымының «Хайсекс-Браун» кросын өсіреді. Оның ата-аналық фермасын Ресейдегі ЖШС «Свердловск» асыл тұқымды құс зауытынан әкелінген жұмыртқаларды инкубациялап, балапандарды өсіріп, 4 аталық гибрид формасын шығарды. Бұл тауықтың финалды гибридтік (АВСД) формасы 68 апталық өмірінде орташа басқа есептегенде 331 жұмыртқа береді.

Хайсекс – Браун құс әртүрлі ауруларға, стрестерге төзімді болып келеді.

2013 жылдың аяғында ЖШС «Шымкентқұс» фабрикасында 495 мың бас тауықтың мекиені 385 мың бас болып, 110 мың жас балапандар өсірілуде.

Мекиен тауықтардың, 2013 жылы орташа жұмыртқалағыштығы, әр мекиеннен 285 жұмыртқа болып, жалпы жылдық өнім 138 млн. дана болды.

 

2.2 Ғылыми-зерттеу нысандары мен әдістемелері

 

Ғылыми-зерттеу жұмыстары 2012-2014 жж. Шымкент қаласына 9 км қашықтықта орналасқан ЖШС «Шымкентқұс» фабрикасында жүргізілді.

Зерттеу нысандары: жұмыртқалағыш «Хайсекс-Браун» асылтұқымды тауық, тауықханалар мен инкубатордың микроклиматы және құрал-жабдықтары, құрама жем дайындайтын және тауық соятын цехтар, саңғырықты тазарту және өңдеу.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары төмендегі әдістемелермен орындалды:

1. Құс фабрикасының жұмыртқа өндіру және әлеуметтік-экономикалық жағдайы технологиялық карта мен экономикалық көрсеткіштерін сараптау арқылы анықталды.

2. Тауықханалардың, инкубатордың микроклиматы және қоршаған ортаның ластануы «Жылжымалы микроклимат анықтағыш – ПЛМ-1- лабораториясы»-мен анықталды [Юрков В.М., 82].

3. Құрама жемнің, рациондардың, жұмыртқаның, еттің, саңғырықтың химиялық құрамы Е.М.Журавлева [83], Г.Я.Ринькас [84], Н.А.Лунащик, В.А.Тащилин [85], Е.А.Петухова [86], А.А. Егеубаев [87], Н. Омар-Қожаұлы [88] әдістемелерімен жүргізілді.

4. Құрама жемнің жалпы қоректілігі мен қуаттылығы:

 

АЭқұс= 17,84қП + 39,78қМ + 17,71қЖ + 17,71қАЭЗ

 

формуласымен, ВИЖ [89] әдістемесімен анықталды.

 

мұндағы,   АЭ – ауыспалы энергия

қП – қорытылатын протеин

қМ – қорытылатын май

қЖ – қорытылатын жасұнық

қАЭЗ – қорытылатын экстрактивті заттар

 

5. Судың кермектілігі – ГОСТ-72, хлоридтер – ГОСТ 4245-72, сульфаттар – ГОСТ 4389-71, құрғақ қалдық – ГОСТ 18164-72 бойынша анықталды. Судың физикалық-химиялық, санитарлық-гигиеналық көрсеткіштері И.М. Голосов, т.б. [90] әдістемесі бойынша анықталды.

6. Тауықтардың жұмыртқалағыштығы И.И. Кочиш, т.б. [77], еттің шығымы, сапасы В.И. Фисинин, Л.В. Антипов [92] әдістемесімен анықталды.

7. Қанның морфологиялық қасиеттері (эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер) Горяев камерасында, ал минералдық құрамы Т.Несіпбаев[91] әдістемесімен анықталды.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының жалпы сызбасы төменде көрсетіледі (3-сурет).

 

 

           

 

 


3-сурет. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының жалпы сызбасы

2.3 Құсханалардың микроклиматының балапандардың өсіп-жетілуіне және мекиендердің өнімділігіне тигізетін әсері

 

Жұмыртқа өндіруді ұйымдастырудың технологиялық принциптері. Құс шаруашылығындағы қарқынды технология тауықтардың өнімділігін барынша арттырып, жұмыртқалардың жыл бойы  бірқалыпты түсіп отыруын қамтамасыз етуі тиіс. Ол үшін төмендегі принциптерді сақтау қажет болады:

- өнімділігі жоғары кросстарды пайдалану;

- жыл бойы жұмыртқа өндіру;

- тауық табындарын бірнеше рет жаңарту;

- жұмыстарды ашық немесе жабық циклдармен ұйымдастыру;

- ресурсүнемдеуші технологияны енгізу.

Жоғарыда, әдеьиеттер шолу бөлімінде жазылғандай, тауық өнімділігіне әсер ететін факторларға жататындар: жарық, ауаның ылғалдылығы мен қозғалысы, температурасы, тауықтарды орналастыру тығыздығы, азықтандыру және суару параметрлері, топтағы құстардың саны, т.б.

Жарықтық фактор құс организміне айрықша әсер етеді. Организмдегі газ алмасу, қанның, витаминдердің түзілуі, қандағы кальций мен фосфордың деңгейін ұстап тұру, эндокриндік бездердің қызметін реттеу, т.б. табиғи және электр жарығының ұзақтығына және қуаттылығына байланысты. Жарықтың балапан өсіру және жұмыртқалағыш мекиендер үшін нормативтері әдебиет-терге шолу бөлімінде толық келтірілген.

ЖШС «Шымкентқұс» фабрикасында тауықтарды көп жылдан бері И.И. Кочиштің технологиясымен күтіп-бағу қалыптасқан. Жарық нормативінің параметрлері 17-кестеде көрсетілген. Біздің тәжірибемізде сол нормативтер басшылыққа алынды.

 

17-кесте. Толықтырғыш балапандарды өсірудегі жарық режимі, сағ. – мин.

 

Балапан-дардың жасы, күн

Жарық-ты қосу

Жарық-ты өшіру

Жарық-ты қосу

Жарық-ты өшіру

Жарық-тандыру ұзақтығы

Жарық қуатты-лығы, лк

1-2

-

-

-

-

24

20-30

3-4

24-00

-

-

23-00

23

20-30

5-7

2-00

-

-

22-00

20

20-30

8-14

5-00

-

-

21-00

16

15

15-21

6-00

-

-

20-00

14

5-10

22-28

6-00

-

-

18-00

12

5-10

29-35

6-00

-

-

17-00

11

5

36-42

6-30

-

-

17-00

10

5

43-49

7-00

-

-

17-00

9,5

5

50-56

7-30

-

-

17-00

9,5

5

57-63

8-00

-

-

17-00

9

5

64-70

8-00

12-00

12-30

17-00

8,5

5

71-126

8-00

12-00

13-00

17-00

8

5

Жарық режимінің балапандардың өсіп-жетілуін бақылау үшін батареяның әр қатарының басы, ортасы және соңынан бір-бірден бақылау торын таңдап, балапандардың салмағын апта сайын өлшеп отырылды.

Біздің тәжірибеміздегі әр кезеңдегі балапандардың салмақ қосуы 18-кестеде көрсетіледі.

Балапандарды азықтандыру жоғарыда 10, 11-кестелерде көрсетілген қоректік заттарға қажеттілігі бойынша іске асырылды. Төмендегі 18-кестеде балапандардың салмақ қосуының жарық режиміне байланыстылығы көрсетіледі.

 

18-кесте. Балапандардың әр кезеңдегі өсіп-жетілуі

 

Жасы, апта

Өлшенген балапан-дардың саны

Стандарт-тық сал-мағы, г

Стандарттан ауытқу

Біркел-кілігі, %

төмен

жоғары

орта-ша, %

саны

%

саны

%

1

100

55

9

16,3

6

10,9

27,2

72,8

4

100

215

8

3,8

7

3,3

7,1

92,9

8

100

560

7

1,3

8

1,4

2,7

97,3

12

100

1050

7

0,7

7

0,7

1,4

98,6

Барлығы

-

-

31

4,0

28

4,1

8,1

91,9

 

Шөжелердің алғашқы аптада өсу көрсеткішінің біркелкілігі 72,8% болса, ол төртінші аптадан кейін 92,9-98,6% аралығына дейін жоғарылады. Балапандардың 4-12 апталығында орташа өсіп-жетілуі 91,9% болды. Бұл жоғарыда көрсетілген әдебиеттерде балапандардың есею кезеңдерінде біркелкілік 85% болғанның өзін жоғарғы көрсеткішке жатқызады.

Балапан өсіретін құсханалардағы температура, ылғалдылық және ауа қозғалыс режимдерін И.И. Кочиштің нормативтеріне сәйкестердіріп ұстап тұрылды. 19-кестеде көрсетілген нормативтер балапандардың өсіп-жетілуін қалыпты жағдайдан ауытқымай, 22 апталық ересек балапандардың салмағы 1420 г-ға жетті.

Тауықханаларды тиімді пайдалану балапандарды отырғызу тығызды-ғына, ондағы қондырылған құрал-жабдықтарға байланысты (20-кесте).

ЖШС «Шымкентқұс» фабрикасы ОНТП-82 жобасымен салынған. Құсханадағы құрал-жабдықтар осы жобаға лайықтап орнатылған. Мысалы, балапандарды бір күндігінен 120 күндігіне дейін КБУ-3 үш қатарлы торлы клеткаларда өсіріледі. Мұнда аспалы жем таратқыш, автоматты суарғыш пен саңғырық тасымалдағыш траспортерлар іске қосылған.

21-кестеде көрсетілген зиянды газдардың ауадағы шекті мөлшері: көмірқышқыл газы – 0,2%, аммиак – 10 мг/м3, күкіртті сутегі – 5 мг/м3 аспауы тиіс. Ресей желдеткіші* жоғарғы нормативті қамтамасыз ете алмай балапандар

 

ЖШС «Шымкентқұс» мамандары Ресей және Қытай желдеткіштерінің типтерін және техникалық сипаттамаларын жарияламауды ұсынды.

 

19-кесте. Толықтырғыш балапандарды өсіретін құсханалардың микроклиматы (температура, ылғалдылық, ауа қозғалысы)

 

Балапандардың жасы, күн

Ауа темпе-ратурасы, 0С

Ылғалды-лығы, %

Құсхананы желдету

м3 1 кг салмағына

Ауа қозғалысы, м/сек

салқын

жылы

салқын

жылы

1-2

33-35

75-80

0,1-0,2

0,1-0,2

0,1

0,1

3-4

31

75-80

0,1-0,2

0,1-0,2

0,1

0,1

Подпись: 375-7

30

60-70

0,1-0,2

0,1-0,2

0,1

0,1

8-14

29

60-70

0,8-1,0

0,8-1,0

0,1

0,1

15-21

27

60-70

0,8-1,0

5,0

0,1-0,5

0,2-0,6

22-28

23

60-70

0,8-1,0

5,0

0,1-0,5

0,2-0,6

29-35

20

60-70

0,8-1,0

5,0

0,1-0,5

0,2-0,6

36-120

19-20

60-70

0,8-1,0

5,0

0,1-0,5

0,2-0,6

121-ден жоғары

16-20

60-70

0,8-1,0

5,0

0,2-0,6

0,3-1,0

 

20-кесте. Толықтырғыш балапандарды өсірудің технологиялық параметрлері

 

Көрсеткіштер

Балапандардың жасы, апта

0-4

5-16

17-ден жоғары

Торда өсіру

Торда өсіру тығыздығы, см2/бас

200-300

350-450

650-750

Азықтандыру жазықтығы, см/бас

2,5

4,5

9

Суару жазықтығы, см/бас

1

2

3

Еденде өсіру

Еденде өсіру, тығыздығы, см2/бас

12-14

8-10

6-8

Суару жазықтығы:

            дөңгелек, ұзын астаулар, см/бас

1

2

3

        нипельді, кіші табақша, 1 астау/бас

8-9

7-8

4-6

Азықтандыру жазықтығы, см/бас:

            дөңгелеу астау

2,5

4

6,5

            ұзын астау

5

8

10-12

 

21-кесте. Құсханаларды Ресей және Қытай желдеткіштерімен тазартылғандағы зиянды газдардың мөлшері

 

Тауықтар

Көмірқышқыл газы, %

Аммиак, мг/м3

Күкіртті сутегі, мг/м3

шекті мөлшер

желдеткіш типі

шекті мөлшер

желдеткіш типі

шекті мөлшер

желдеткіш типі

Р.

Қ.

Р.

Қ.

Р.

Қ.

Ересек тауық

0,15-0,20

0,26

0,20

10

14

10

5

7

5

Балапан-дар:

1-4

0,20

0,023

0,17

10

12

9

5

6

4

5-11

0,20

0,23

0,17

10

12

9

5

6

4

12-22

0,20

0,23

0,17

10

12

9

5

6

4

 

өсірілетін құсханада СО2 – 0,23%, ал ересек тауықтар құсханасында 0,26% деңгейінде болса, аммиактың концентрациясы – 12 мг/м3-ден 14 мг/м3 дейін жоғарылайды. Сол сияқты күкіртті сутегінің мөлшері ересек тауықтар құсханасында 7 мг/м3, балапандар өсіретін бөлімдерде 6 мг/м3дейін көтерілді. Ал Қытай желдеткіші құсханалар ауаны жақсы тазартып, СО2 мөлшерін 0,17%; NH3 – 9 мг/м3, H2S – 4 мг/м3 дейін төмендетті. Олар өз кезегінде балапан-дардың өсіп-жетілуіне, ересек тауықтардың жұмыртқалағыштығына оң әсерін тигізді (22-кесте).

 

22-кесте. Зиянды газдардың концентрациясының балапанның өсіп-жетілуіне және тауықтардың жұмыртқалағыштығына тигізетін әсері

 

Тауықтар

Тәжірибе топтары

Айырмасы

І – Р.

ІІ – Қ.

Тауықтардан алынған жұмыртқа саны

2430

2520

90

Балапанның орташа салмағы, г

1230

1410

180

 

Зиянды газдардың тауықтарға тигізетін әсерін бақылау үшін екі типті желдеткіш орнатылған құсханаларда 3 ай бойы тәжірибе жүргізілді. Тәжірибедегі құстың саны 30 бас.

Зиянды газдардың мекиендердің жұмыртқалағыштығына әсерлерін құсханаларда орнатылған екі типті желдеткіштерді сынау барысында жүргізілді. Ол үшін бір тордағы 30 бас тауықтардың жасы 50 күндігінен үш ай бойы олардың шығыны және жұмыртқалағышы есептеліп отырылды.

Тауықтардың жұмыртқалағыштығына жарықтың әсерін ескере отырып, тәжірибеде И.И. Кочиштің нормативтері басшылыққа алынды (23-кесте).

 

23-кесте. Жұмыртқалағыш мекиендердің жарық режимі, сағ.-мин.

 

Балапан-дардың жасы, апта

Жарық-ты қосу

Жарық-ты өшіру

Жарық-ты қосу

Жарық-ты өшіру

Жарық-тың ұзақ-тығы, сағ.

Жарық-тылық, лк

19

8-00

12-00

13-00

17-00

8

10

20

7-00

12-00

13-00

17-00

9

15

21

6-30

12-00

13-00

17-00

9,5

15

22

6-00

12-00

13-00

17-00

10

15

23

5-30

12-00

13-00

17-00

10,5

15

24

5-00

12-00

13-00

17-00

11

15

25

5-00

12-00

13-00

17-30

11,5

15

26

5-00

12-00

13-00

18-00

12

15

27

5-00

12-00

13-00

18-30

12,5

15

28

5-00

12-00

13-00

19-00

13

15

29

5-00

12-00

13-00

19-30

13,5

15

30

5-00

12-00

13-00

20-00

14

15

31

5-00

12-00

13-00

20-30

14,5

15

32-ден жоғары

5-00

12-00

13-00

21-00

15

15

 

Тауықханаларда әр типті желдеткіштерді қондырғанда тауықханалардың ішіндегі микроклиматтарында айырмашылық байқалатындығы көрсетілгенді. Осы айырмашылықтар мекиендердің өніміне (жұмыртқа) және оның сапасына әсер ететіндігі 24-кестеде көрсетіледі. Мұнда зиянды газдардың шекті мөлшерден артық болуының салдарынан мекиендердің тірі салмағы бір айда 110 граммға кеміді.

24-кесте. Зиянды газдердың концентрациясына байланысты мекиендердің өнімдерінің өзгеруі

 

Көрсеткіштер

Желдеткіштер типі

Р.

Қ.

Мекиендердің жасы, апта

44

48

44

48

Мекиендердің салмағы, кг

1,89

1,75

1,96

2,00

Әр кездерде бір мекиеннен алынған жұмыртқа саны

 

21

 

23

Мекиендердің жұмыртқалағыштығы, %

 

75,0

 

82,1

Жұмыртқаның салмағы, г

 

56

 

58

Қауызының салмағы, г

 

6,27

 

6,12

%

 

11,2

 

10,6

Ақуыздың салмағы, г

 

31,58

 

32,9

%

 

56,4

 

56,8

Сары уыздың салмағы, г

 

18,14

 

18,9

%

 

32,4

 

32,6

 

Құсханаларға жетілдірілген желдеткіш орнатқан кезде ол зиянды газдар-дың концентрациясын шекті мөлшерден азайтып, мекиендердің жұмыртқа-лағыштығына 7,1% көбейтеді. Сонымен қатар осы құсханадағы мекиендерден алынған әр жұмыртқаның салмағы 2 г артады. Егер бір тауықханада 50000 мекиен ұстайтын болсақ, онда бір күннің өзінде алынған жұмыртқалардыңсалмағы 100 кг артар еді. Осыған орай айта кететі жағдай, дамыған елдерде жұмыртқа өнімділігі килограммен өлшенеді. Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына өткен соң, мүмкін, біздер де фунтпен немесе килограммен өлшейтін болармыз.

 

25-кесте. Зиянды газдардың концентрациясына байланысты жұмыртқаның сапасының өзгеруі, %

 

Қоректік заттар

Желдеткіштер типі

Р.

Қ.

Су

72,3

71,1

Құрғақ зат

27,7

28,9

Ақуыз (белок)

13,5

13,8

Липидтер

12,4

13,1

Көмірсулар

0,8

0,8

Минералды заттар

1,0

1,2

100 г жұмыртқаның қуаттылығы, ккал

157

163

                                                       кДж

658

683

 

Зиянды газдар мекиендердің тек тірі салмағы немесе жұмыртқаның массасының азайтып қана қоймай, олардың сапасына да (химиялық құрамына) кері әсерін тигізіп отырады. Атап айтқанда, зиянды газдардың шекті мөлшерін төмендете алмайтын жабдықтар орнатылған құсханаларда бағып-күтілетін мекиендерден алынған жұмыртқаның құрамында ақуыз бен сарыуыз және минералды заттар төмен болып, жұмыртқаның 100 грамының энергетикалық қуаттылығы 658 кДж болса, жетілдірілген желдеткіштер арқасында бұл көрсеткіш 683 кДж артты.

Келесі ғылыми-зерттеу жұмыстарда тауықтарды күтіп-бағудағы (азықтандыру, суару, орналастыру тығыздығы, т.б.) технологиялық процестер бірдей болып, өзгерістер тек зиянды газдардың құрамында болғанда олар мекиендердің ішкі құрылысына да кері әсерін тигізгендігі 26-кестеде көрсетіледі.

 

26-кесте. Зиянды газдардың концентрациясының қанның морфологиялық құрамына тигізетін әсері

 

Көрсеткіштер

Желдеткіш типі

Р.

Қ.

Эритроциттің саны, млн/мм3

3,3

3,6

Гемоглобин, Сали, %

68

75

Лейкоциттер саны, мың/мм3

23

21

Лейкоцит түрлері, %:

                  - базофилдер

                - эозинофильдер

10

10

12

10

Нейтрофильдер:

      оның ішінде: - миэлоциттер

               - таяқша ядролы

               - сегмент ядролы

2,4

-

41

2,5

0,7

36

Лимфоциттер

 

 

Моноциттер

4,3

5,2

Тромбоциттер, мың/мм3

75

77

 

26-кестеде қанның құрамындағы эритроциттердің, гемоглобиннің, базофильдердің, моноциттердің жоғары болуы қанның қоректік заттарды тасымалдау қызметі, фагоцитарлық белсенділігі артқандығын көрсетсе, сегмент ядролы эозинофильдердің жалпы санының кем болуы мекиендердің ден саулығы қалыпты жағдайда болып, иммундық жүйелерінің ауруларға қарсы тұруын жоғарылайтындығын білдіреді.

Құсханалардың микроклиматының тауықтардың организміне, өнімділігі-не, оның сапасына әсерін сараптай келіп, құс қоралардағы зиянды газдардың концентрациясы, ауа температурасы, ылғалдылығы, қозғалысы, жарық, т.б. балапандардың өсіп-жетілуіне және мекиендердің жұмыртқалағыштығына тікелей әсер етеді деп қорытындылауға болады.

 

2.4 Құс азығының сапасын бағалау нәтижелері. Рациондардың энергетикалық және қоректік деңгейінің тауық өнімділігі мен сапасына тигізетін әсерін анықтау нәтижелері

 

Жануарлар өзінің тіршілік әрекетінде сыртқы ортамен, энергиямен және қоректік заттармен әрдайым алмасып отырады.

Сыртқы ортаның және абиотикалық, биотикалық, экологиялық факторларының өзгеріп тұруының жануарлар организмінде зат және энергия алмасу, тыныс алу, қан айналу, ас қорыту процестері бірге күшейтіледі немесе әлсірейді. Демек, тіршілік ортасының әсерлеріне организм өзінің физиологиялық функцияларын өзгерту негізінде бейімделеді де сыртқы ортамен үйлесімділік қалыптасады. Мысалы, балапандардың өсіп-жетліуі, ересектерінің өнімділігі (жұмыртқалағыштығы, салмақ қосуы, т.б.) зат алмасу процесі ауытқығандықтан ауруларға (ацидоз, кетоз, т.б.) шалдығады.

Азықтың (жемнің) протеиндік құндылығымен қоса, құстың өсіп-жеті-луіне, энергия, май, көмірсулар, витаминдерді организм қажетті мөлшерден кем немесе артық қабылдаған жағдайда жоғарыда көрсетілгендей жағдайларға душар болады.

Тауықтарды толыққанды азықтандыруда жемнің химиялық құрамына, зиянды және улы қоспалардың болмауына ерекше көңіл бөлінеді. Соңғылары тауық организміне шамалы түскеннің өзінде зат алмасуының бұзылуына, өлім-жітімге алып келеді. Өсімдік шаруашылығында жиі қолданатын пестицидтер, тыңайтқыштар, улы өсімдіктер, саңырауқұлақтар ылғалдылығы жоғары болғандықтан бұзылған жемшөп немесе қамба бітелері, кеміргіштердің құс организміне токсикологиялық әсер ететіндіктен тауыққа берілетін азықтарды әрдайым лабораториялық тексеруден, міндетті түрде, өткізіп тұруды талап етеді.

Біздер ғылыми-зерттеулеріміздегі пайдаланған жемшөптер сарапталынып, экологиялық таза рациондар түзілді.

Құстардың басқа үй шаруашылығы малдарына қарағанда организміндегі зат алмасуы жедел жүретіндіктен энергияны көп жұмсайды. Сондықтан тауықтардың рационы қуаттылығы жағынан жоғары, негізінен, дәнді дақылдардан тұрады. Сонымен қатар организмдегі энергия көзі болатын май, балық, еттің қалдықтарынан жасалынған ұн беріледі. Тауық рациондарында олардың дене құрылымына қажетті протеинді – бидай, арпа,бұршақты дақылдармен толықтырып, макро- және микроэлементтермен байытылады.

Азық рационына кіретін жемдердің сапасын бағалау үшін бірінші кезекте оларды химиялық құрамы мен энергиялық қуаттылығын тексереді (27-кесте).

27-кесте көрсетілгендей, энергетикалық қуаттылығымен ерекшеленетін азықтық жемдерге тоңымай (3262 МДж), ет-қауырсын ұны (1004 МДж), ет-сүйек ұны (879 МДж), соя (1297 МДж) және арпа, бидай, жүгерінің (1117-1381 МДж) жармалары жатады. Жоғарыда көрсетілген кестеде протеинге бай жемдерге: соя (26,6%), мақта шроты (37,0%), азықтық ашытқы (42,3%), ет-сүйек және ет-қауырсын ұндары жатады.

 

 

27-кесте. Азықтың құрамындағы энергия мен қоректік заттар, %

 

Азық түрі

Алмасу энергиясы, 100 г жемде

«Шикі» протеин, %

«Шикі» жасұнық, %

Кальций, %

Фосфор, %

Натрий, %

Линолен қышқылы

ккал

кДж

жалпы

сіңімді

Жүгері

330

1381

9,0

2,2

0,03

0,25

0,07

0,03

1,80

Бидай

295

1234

11,15

2,7

0,04

0,30

0,09

0,02

0,50

Арпа

267

1117

11,0

5,5

0,06

0,34

0,10

0,04

0,78

Тары

280

1171

10,7

9,0

0,07

0,30

0,09

0,03

1,35

Соя

310

1297

26,6

9,5

0,22

0,65

0,19

0,03

6,97

Ноқат

250

1046

20,4

5,4

0,14

0,37

0,11

0,03

-

Бидай кебегі

172

720

15,0

9,0

0,14

1,00

0,30

0,04

1,70

Ет-сүйек ұны

210

879

38,0

2,0

9,05

4,80

4,32

1,55

0,51

Ет-қауырсын ұны

240

1004

50,0

1,1

7,36

3,97

3,57

1,36

1,85

Подпись: 45Азықтық ашытқы

220

920

42,3

1,5

0,67

1,40

1,26

0,16

0,05

Мақта күнжарасы

243

1017

37,0

11,3

0,36

0,95

0,47

0,06

3,55

Жоңышқа ұны

82

343

15,9

24,0

1,01

0,21

0,10

0,07

0,47

Сәбіз

36

151

1,1

0,9

0,06

0,05

0,03

0,05

-

Көк жоңышқа

34

142

5,0

3,6

0,46

0,07

0,03

0,02

-

Тоңы май

780

3262

-

-

-

-

-

-

-

Монокальцийфосфат

-

-

-

-

16,4

23,0

23,0

-

-

Үшкальций фосфат

-

-

-

-

32,0

14,0

12,04

-

-

Бор

-

-

-

-

36

-

-

-

-

Ас тұзы

-

-

-

-

-

-

-

37,2

-

 

Ас қорыту процесінде жасұнықтың маңызы зор. Ол біріншіден алмасу энергиясының көзі болса, екіншіден ас қорыту органдарында болатын микро-организмдердің өсіп-өнуіне септігін тигізіп, ас қорыту процесін жеделдетеді.

Сүйек ұлпасы 90% кальцийден, 8% фосфордан тұрады. Бұл элементтер жұмыртқа қауырсынанда көп. Біріншісі жануарлар тектес қоспаларда 7,4-9,0% болса, ол дәнді дақылдарда аз мөлшерде кездеседі. Сондықтан тауық рацион-дары міндетті түрде минералды заттармен (монокальцийфосфат, үшкальций-фосфат, бор, т.б.) байытылады. Олардың құрамындағы кальций мөлшері 16,4; 32,0; 36,0%.

Фосфор организмде негізінен сүйек түзетін элементке жатумен қатар, ол ферменттердің, гормондардың құрамында кездесіп, көптеген физиологиялық қызметке белсене қатысады. Құрамында фосфорға бай жемдер: ет-сүйек, ет-қауырсын, азықтық ашытқы, бидай кебегі.

Натрийдің көп мөлшері фосфорға бай жемдерде кездеседі.

Азық рациондарында майдың немесе оның қышқылдарының болуы олардың ас қорыту жолдарында ыдырауынан пайда болған энергиялар мен қорытылған протеинді дене мен жұмыртқа, т.б. түзілуіне жұмсап, белгілі мөлшерде, тауық денесінде май биосинтезделеді.

27-кестенің мәліметтері бойынша линолен қышқылы жүргеріде (1,8%), тарыда (1,35%), бидай кебегінде (1,70%) ет-қауырсын ұнында және мақта күнжарасында (3,55%) көп болады.

Жануарлар азықтарының биологиялық құндылығы азық құрамында кезде-сетін амин қышқылдарына байланысты. Амин қышқылдары алмастырылатын (организмде синтезделетін) және алмастырылмайтын (организмде синтездел-мейтін) болып бөлінетіні белгілі. Осы жерде құстар үшін глицин мен глутамин қышқылдары алмастырылмайтын болып келетінін айта кеткен жөн.

Рацион құрамында алмастырылмайтын амин қышқылы жетіспесе организмде белоктің түзілуі бұзылып, жануарлардың өсуі баяулап, салмағын жоғалтады. Әр аминқышқылының өзіндік физиологиялық маңызы бар. Мысалы, триптофан қышқылы ұрықтану процесі үшін қажет және нерв жүйесінің қызметін жақсартады. Сондықтан азықтың биологиялық құндылы-ғын бағалауда аминқышқылдарды анықтаудың маңызы өте зор.

28-кесте көрсетілген құс азықтарындағы алмастыруға болмайтын амин қышқылдарының мөлшеріне сараптама жасайтын болсақ, соя, азықтық ашытқы, мақта күнжарасы, ет-сүйек және ет-қауырсын ұндарының  биологиялық құндылығы жоғарылығына көз жеткіземіз.

Қазіргі уақытта үй құстарын негізінен құрама және толық рационды жеммен азықтандыратыны баршаға белгілі. Сондықтан біздер Оңтүстік өңірінде кеңінен таралған дақылдардың химиялық құрамын, энергетикалық құндылығын, тауықтардың энергия, қоректік заттар, т.б. биологиялық белсенді элементтердің қажеттілігіне сәйкестендіріп жасалған рецептін түзіп, ЖШС «Шымкентқұс» фабрикасының цехында құрама жем дайындадық. Оның құрамы мен қоректілігі 29-кестеде көрсетіледі.

 

28-кесте. Азық құрамындағы амин қышқылдар, %

 

Азық түрі

Лизин

Метионин

Цистин

Триптофан

Аргинин

Гистидин

Лейцин

Изометцин

Фенилаланин

Тирозин

Трионин

Фалин

глицин

Жүгері

0,28

0,16

0,11

0,08

0,42

0,26

1,20

0,36

0,45

0,37

0,32

0,46

0,36

Бидай

0,30

0,16

0,18

0,15

0,55

0,23

0,75

0,42

0,50

0,35

0,30

0,47

0,43

Арпа

0,40

0,18

0,21

0,13

0,52

0,23

0,74

0,46

0,53

0,32

0,47

0,56

0,43

Тары

0,23

0,18

0,12

0,15

0,34

0,23

1,05

0,43

0,52

0,38

0,32

0,52

0,29

Соя

2,10

0,48

0,50

0,36

2,63

0,90

2,70

1,70

1,74

1,02

1,40

1,60

1,50

Подпись: 49Ноқат

1,40

0,19

0,16

0,16

034

0,67

0,97

0,96

0,89

0,49

0,76

0,96

0,77

Бидай кебегі

0,55

0,16

0,21

0,20

0,87

0,37

0,92

0,63

0,50

0,38

0,33

0,75

0,73

Ет-сүйек ұны

2,00

0,52

0,29

0,34

2,50

0,60

2,20

1,25

1,36

1,25

1,25

1,82

2,77

Ет-қауырсын ұны

1,57

0,42

3,58

0,40

6,40

0,35

7,08

4,60

4,00

2,00

3,92

7,41

6,60

Азықтық ашытқы

2,85

0,42

0,35

0,55

2,04

0,75

2,82

2,07

1,70

1,30

2,06

2,30

1,81

Мақта күнжарасы

1,40

0,48

0,61

0,44

3,34

0,79

1,99

1,12

1,67

0,84

1,08

1,55

1,30

Жоңышқа ұны

0,68

0,17

0,15

0,24

0,72

0,29

1,06

0,66

0,68

0,55

0,67

0,76

0,74

Сәбіз

0,04

0,02

0,02

0,03

0,03

0,02

0,08

0,05

0,09

0,05

0,03

0,05

0,04

Көк жоңышқа

0,24

0,07

0,06

0,13

0,26

0,11

0,36

0,21

0,21

0,09

0,22

0,28

0,19

 

29-кесте. Толықрационды құрама жемнің рецепті, %

 

Құрамы

Жасы, апта

балапандар

Мекиен

1-8

9-21

22-47

48 аптадан жоғары

Жүгері

37

-

35,3

20

Бидай

30

48

30

40

Арпа

-

30

-

9,2

Мақта күнжарасы

17,7

2

13

10

Азықтық ашытқы

3

3

3

3

Бидай кебегі

-

5

-

-

Балық ұны

6,5

-

5

4

Жоңышқа ұны

3

6

4

4

Ет-қауырсын ұны

-

2

-

-

Сүйек ұны

-

1,4

0,6

0,8

Бор

1,8

1,2

3,0

3,0

Әк

-

-

4,7

4,6

Тұз

-

0,4

0,4

0,4

Премикс

1

1

1

1

Барлығы

100

100

100

100

100 г жемнің құрамында, %

алмасу энергиясы, ккал,

МДж

291

1,22

361

1,09

271

1,13

263

1,11

«шикі» протеин

20

14,1

17,2

16,3

«шикі» май

3,0

2,4

2,8

2,5

«шикі» жасұнық

5,0

5,1

4,5

4,5

Кальций

1,1

1,2

3,1

3,1

Фосфор

0,8

0,7

0,7

0,7

Натрий

0,2

0,2

0,3

0,3

Лизин

0,83

0,51

0,71

0,65

Метеонин+цистин

0,69

0,41

0,58

0,54

 

Рецептер тауықтардың және желінетің жемнің мөлшеріне қарай құстар-дың энергия және қоректік заттарға қажеттілігін толық өтеледі деп болжамдаймыз. Бірақ құс организміне өте қажетті аминқышқылдарды (лизин мен триптофан) үстеп қосып, құрама жемнің биологиялық құндылығының дәрежесін жоғаралатып отырдық. Сонымен қатар тәжірибе мен өндірістік жағдайда жемнің желінуінің айырмашылықтарын ескере отырып үш топ жұмыртқалағыш мекиендерге тәжірибе жасадық. Бұл кезде дәнді дақылдар, тоңымай микроэлементтер және витаминдермен 30-кестеде көрсетілген И.И. Кочиштің нормасымен байытылды.

Ересек мекиендерге жасалынған тәжірибе топтарының әрқайсысында тірі салмағы бірдей 30 тауықтан болып, эксперименттің ұзақтығы 30 күнге созыл-ды. Бірінші топтағы мекиендердің бір басына орта есеппен, тәулігіне – 120 г, екінші топтағыларға – 105 г, ал үшінші топтағыларға – 135 г құрама жем беріліп отырылды.

 

31-кесте. Тәжірибедегі бір мекиенге берілген жемнің тәуліктік мөлшері мен қоректілігі

 

Рационның құнарлылығы

Тәжірибе топтары

І

ІІ

ІІІ

1 күнде желінген жем

120

105

135

Энергетикалық қуаттылығы:

ккал

МДж

315,6

1,33

276,1

1,16

355,0

1,50

«Шикі» протеин

19,5

17,1

22,0

«Шикі» май

3,0

2,6

3,4

«Шикі» жасұнық

5,4

4,7

6,0

Кальций

3,7

3,2

4,2

Фосфор

0,84

0,73

0,94

Натрий

0,36

0,31

0,40

Лизин

0,78

0,68

0,87

Метионин+цистин

0,65

0,57

0,73

Триптофан

0,23

0,20

0,27

1 т құрама жемге қосылған (г)

                     Лизин

500

500

500

Триптофан

300

300

300

Ескерту: * И.И. Кочиштің нормасы бойынша 1 тонна құрама жемге А вита-мин – 12 млнМЕ, Д3 – 3 млнМЕ, Е – 20 мың МЕ; келесі витамин-дер (граммен): К – 2, В1 – 2, В2 – 2, В3 – 20, В4 – 500, В5(РР) – 20, В6 – 4, В – 1, Н – 0,15.

** И.И. Кочиштің нормасы бойынша 1 тонна жемге микроэлемент-тер (г/т): Mn – 100, Zn – 70, Fe – 25, Cu – 2,5, Co – 1,0, I – 0,7, Sc – 0,2.

 

Тәжірибе топтарындағы жемнің желінуіне байланысты рациондардың энергиясы және қоректік заттардың мөлшері әртүрлі болады. Соның салдарынан әр топтағы тауықтардың өнімділігі өзгеріп отырды. І топтағы бір мекиеннен 25 жұмыртқа алынса, ІІ топтан алғашқысынан 2 жұмыртқа аз, ал ІІІ топтан – 2 жұмыртқа артық алынды. Жұмыртқаның орташа салмағы ІІ топта 51 г, ал ІІІ топта 8 г ауыр тартты (32-кесте).

І топтағы тауықтардың тірі салмағы 30 күнде бірқалыпты болғаны ра-ционның энергетикалық, қоректік заттармен оптимальды мөлшерде қанағат-танғандығын көрсетеді. ІІ топтағы мекиендер жұмыртқалағыштығының төмен болуымен қатар, тірі салмағының 0,16 кг азаюы бұл рациондағы қоректік зат-тар тауықтардың қажеттілігін толық өтей алмағандығын көрсетеді. ІІІ топтағы тауықтар І және ІІ топтағылардан тәулігіне 15 және 30 грамға артық жемдел-

 

32-кесте. Тәжірибе топтарындағы мекиендердің көрсеткіштері

 

Көрсеткіштер

Тәжірибе топтары

І

ІІ

ІІІ

Мекиеннің саны

30

30

30

Мекиендердің жасы, апта

42

42

42

Мекиендердің бастапқы салмағы, кг

1,89

1,86

1,92

Тәжірибе мерзімі, күн

30

30

30

Алынған жұмыртқа саны, дана

750

690

810

Бір мекиенге шаққанда

25

23

27

Жұмыртқалағыштығы, %

83,3

76,6

90

Жұмыртқаның салмағы, г

56

51

59

Мекиендердің тәжірибе соңындағы салмағы, кг

1,82

1,70

2,01

 

ген жағдайда олардың жұмыртқалағыштығы жоғарыдағы топтарға сійкес 6,7 және 13,4% артық болғандығы жұмсалған жемнің өтелгендігін көрсетеді. Бұл мекиендердің энергияға қажеттілігі 133,2 – 149,8 МДж, «шикі» протеиннің мөлшері – 19,5-22,0 г аралығында деп есептеуге болады. Ол 33-кестенің мәліметтерінен де көрініп тұр.

 

33-кесте. Тәжірибе жасалынған тауықтардың жұмыртқаларының физикалық-химиялық қасиетттері мен қуаттылығы

 

Көрсеткіштер

Тәжірибе топтары

І

ІІ

ІІІ

Су, %

72,9

73,4

72,6

Құрғақ зат, %

27,1

26,6

27,4

Ақуыз (белок), %

13,2

12,5

13,4

Липидтер, %

11,9

11,9

12,1

Көмірсулар, %

0,9

1,2

1,0

Минералды заттар, %

1,1

1,0

0,9

Жұмыртқаның салмағы, г

56

51

59

Қауызының салмағы, г

%

6,10

11,0

5,11

10,5

6,67

11,3

Ақуыздың салмағы, г

%

31,36

56,0

28,71

56,3

32,45

55,0

Сарыуыздың салмағы, г

%

18,48

33,0

16,93

33,2

19,88

33,7

100 г жұмыртқаның қуаттылығы:                     

                                        ккал

                                        кДж

158

663

151

633

164

688

 

Мұнда ІІІ топтағы мекиендерден алынған жұмыртқаның құрғақ заты, оның құрамындағы ақуыздың және сарыуыздың үлес саалмағы І және ІІ топта-ғылармен салыстырғанда біршама артық. Сонымен қатар ІІІ топтың жұмырт-қаларының қуаттылығы, салыстырып отырған топтарға сәйкес, 25 және 55 МДж артық. Бұл көрсеткіштерде мекиендердің энергияға қажеттілігі кестеде келтірілген диапазонда болатынын көрсетеді.

Жоғарғы сатыдағы жануарлар сыртқы ортамен қан арқылы байланысады. Осы жағдайда мал азығы және азықтандыру сыртқы ортаның негізгі фактор-ларының бірі болып есептелінеді. Қан арқылы азықтың қоректік заттары жасу-шалар мен ұлпаларға жеткізіліп, зат алмасу негізінде пайда болған қажетсіз ыдырау өнімдері сыртқа шығарылып отырылады. Тасымалданған амин қышқылдары, глюкоза, май қышқылдары, минералды заттар, витаминдер энергия көзі болып, организмнің құрамын түзеді. Бұл процесс жануарлардың қоректену деңгейіне тікелей байланысты болады.

Қанның құрамы салыстырмалы тұрақты деп есептегенмен, сыртқы орта факторларының әсерінен өзгеріске ұшырап тұрады. Осыған байланысты әртүр-лі қоректендіру деңгейінің қанның морфологиялық құрамына тигізетін әсері-нің нәтижелері 34-кесте көрсетіледі. Соның ішінде эритроциттердің негізгі қызметі қанмен оттегі мен көмірқышқыл газын тасымалдайтын болғандықтан оның санының тұрақтылық диапазонының максимум жағында болғаны организмдегі зат алмасу процесінің интенсивті түрде жүріп отыратынын көрсетеді. Біздің тәжірибемізде бұл айқын байқалады. Мысалы, ІІ тәжірибе тобындағы мекиендер рационмен тәулігіне 276 МДж энергия, 17 г протеин қабылдағанда эритроциттердің саны 3,2 млн/мм3 болса, ІІІ тәжірибелі топта бұл көрсеткіштер 355, 22, 3,6 –ға жоғарылады.

 

34-кесте. Тауық рациондарының құнарлылығының қанның морфологиялық құрамына тигізетін әсері

 

Көрсеткіштер

Тәжірибе топтары

І

ІІ

ІІІ

Эритроциттің саны, млн/мм3

3,4

3,2

3,6

Гемоглобин, Сали, %

72

66

74

Лейкоциттер саны, млн/мм3

20

25

20

Лейкоцит түрлері, %

- базафильдер

- эозинофильдер

12

9

10

11

13

11

Нейтрофильдер:

- миэлациттер

- таяқша ядролы

- сегмент ядролы

- лимфоциттер

- моноциттер, тромбоциттер, мың/мм3

-

0,7

42

30,9

5,4

78

2,4

-

40

32,5

4,1

77

2,5

0,7

35

32,6

5,2

7,2

 

Эритроциттер қоректік заттарды тасымалдаушы қызметін гемоглобиннің арқасында атқаратындықтан, оның қанның құрамындағы мөлшерін анықтау-дың зор маңызы бар. 34-кестеде көрсетілгендей ІІ тәжірибе тобындағы тауық-тардың рационнының қуаттылығын ІІІ топтағылармен салыстырғанда жоғары болғандықтан мекиендердің өнімділігі мен жұмыртқаның сапасы жоғары болды.

Лейкоциттердің саны әр түрлі факторлардың әсерінен өзгеріп отырады. Олардың санының көбеюі (лейкоцитоз) органдардың қабыну кезінде байқа-лады. Лейкопения (лейкоциттердің азаюы) ас қорытупроцестерінің қалыпты жағдайдан ауытқығанда болады.

Лейкоциттер организмде қорғағыш (фагоцитоз) қызметін атқарады. Олар екі топқа бөлінеді (гранулициттер, агронулициттер). Біріншісіне базофильдер, эозинофильдер және нейтрофильдер жатады.

Базафильдер қанды ұйытпайтын қасиетке ие болумен қатар қоректік заттарды тасымалдаушы қызметін де атқарады. Біздің анықтауымызда ІІІ топ тауықтарынын құрамында (13%) басқа топтардан жоғары болуы (10%) тәжірибе рационының толыққандылығын көрсетеді.

Нейтрофильдер фагоцитарлық қызмет ететіндіктен олардың саны жануар-лардың физиологиялық жағдайына байланысты өзгеріп тұрады. Егер олар ауруға шадықса көбейіп, сауықса азаяды.

ІІІ тәжірибелі топтағы тауықтардың қанында нейтрофильдердің жалпы саны 37,2%, ал І және ІІ топтағыларда – 42,4; 42,7% болды, яғни мекиен алғашқы көрсеткішін толыққанды азықтандырылған тауықтарға тән деп айта аламыз.

Лейкоциттер жануарлар организмінде иммундық жүйенің қызметін атқа-рып, моноциттер қабынған ұлпалар төңірегінде аса көбейіп, ауру қоздырушы микроорганизмді жоюға (фагоцитоз) қатысады. Біздің тәжірибеде алынған мәліметтеріміз лимфоциттер мен моноциттердің саны дені сау, өнімділігі жоғары мекиендердің көрсеткіштеріне сәйкес келеді. Барлық тәжірибе топтарынғы тауықтардың қанында тромбоциттердің саны физиология-лық тұрақтылықтан ауытқымады.

Құс азығын және рациондарын сыртқы орта факторы ретінде қарастырып, жүргізген тәжірибенің нәтижелеріне сүйене отырып жасалынған қорытындыға келсек, ол тірі организмнің тіршілігін қамтамасыз етіп, сапалы өнім өндіруге қажетті энергия мен қоректік зат жеткізу жолдарын қарастыру болып табылады. Басқаша айтқанда, құсқа берілетін жемдердің қайсысы тіршілік пен өнімдік қажеттігін толығырақ өтесе, сол азық жоғары болып есептелінеді.

Практикада көзге көрініп тұрған малды зиянды, улы жемшөппен өоректендірмейді. Бірақ, қазіргі техногенез дәуірінде олардың құрамындағы органолептикалық әдіспен анықтауға болмайтын экологиялық ластаушы агенттерді тек лаборатриялық жолмен анықтауға болады. Экологиялық ластаушылар жемшөптің табиғи жағдайдағы өнімділігіне ғана кері әсерін тигізіп қана қоймай, химиялық құрамын да өзгертеді. Соның салдарынан жемдегі қоректік заттар организмде нашар қорытылып, зат алмасу процестері физиологиялық нормадан анағұрлым ауытқиды. Осы жағдайды реттеуде ластаушы заттардың шектеулі концентрациясын анықтап, құрама және толық-рационды жемдердің рецептері түзіледі. Біздің тәжірибемізде осы жағдайлар ескеріліп, оңтүстік өңіріндегі жұмыртқалағыш тауықтардың энергия және қоректік заттарға қажеттілігі анықталды.

2.5 Су сапасын жақсарту әдістері

 

Табиғи суды жақсарту және зарарсыздандыру оның органолептикалық, физикалық химиялық және биологиялық қасиеттерін оңтайландыру арқылы жүргізіледі. Суды тазарту коагуляциялау, тұндыру, сүзу жолымен бірге мөлдірлендіру мен түссіздендіру жатады. Жоғары көрсетілген әдістер арнайы жабдықтармен жүргізіледі. Материалдар және уақыт жағынан олар қымбатқа түседі. Сондықтан ауыл шаруашылығында ең ыңғайлы және экономикалық тиімдісі электродиализбен гиперфильтрациялау [75, 76].

Суды зарарсыздандыруға хлорлы әктің 1-2% ерітіндісін пайдаланады (1 л суға 1-3 мг ерітінді). Суды озонмен зарарсыздандыру ең тиімді әдіске жатады. Озондау зиянды микробтарды жоюмен қатар судың органолептикалық қасиеттерін жақсартады.

Ауыл шаруашылығында суды ультракүлгін, бактерицидтік сәулелермен зарарсыздандыру үшін ОВУ-6П және УОВ-5Н қондырғыларын пайдаланады.

Судың химиялық құрамы құстар денсаулығына зиянсыз болып, ондағы тұздардың мөлшері тауықтың өнімділігіне кері әсер етпеуі тиіс. Суды ішуге жерамсыз ететін токсикологиялық және органикалық зиянды немесе улы заттар.Тұщы суда минералданудың шегі 1 литріне 1 грамнан аспауы тиіс. Судың минералды құрамында негізінен хлоридтер мен сульфаттар кездеседі. Суда хлоридтердің мөлшері 1 литрде 350 мг, ал сульфаттар 500 мг/л болғанда оның кермектілігі біліне бастайды [81].

 

36-кесте. МеМСТ 2874-82 бойынша су сапасының нормалары

 

Көрсеткіштер

Мөлшері

Иісі

1 баллға дейін

Дәмі

2

Түсі

20

Лайлығы, л/мг

1,5

рН

6,0-9,0

Құрғақ қалдық, л/мг

1000

Хлоридтер, л/мг

350

Сульфаттар, л/мг

500

Жалпы темір

0,5

Марганец, л/мг

0,1

Мырыш, л/мг

0,5

Мыс, л/мг

5,0

Алюминий, л/мг

0,5

Полифосфаттар, л/мг

3,5

Жалпы кермектілік, мг.экв/л

7,0

 

Судың кермектілігі негізінен кальций мен магний қосылыстарының және бор, кадмий, калий натрий, т.б. әсерінен болады. Егістік алқаптардан түсетін тыңайтқыштар шайындыларында нитриттар мен нитраттар құс организміне зиянды әсер етеді.

ЖШС «Шымкентқұс» фабрикасына қалалық «Тассай» таза ауызсу су көзінен таратылған құбырларды пайдаланады. Судың сапасы Мемлекеттік стандартқа сәйкес келгендіктен, біз тек тауықтардың әр түрлі суару жабдықтарынан ішу мөлшерін ғана анықтадық. Салқын мерзімде нипельді суарғыштардан тауықтар күніне 0,175 л, науадан – 0,14 л, табақшадан – 0,15 л ішеді. Жаздың ыстық күндері жоғарыдағы көрсеткіштер 2,0-2,2 есеге артады.

Фабрикада барлық шаруашылық жұмыстарына, тауық басына есептеген-де, 1 литрдей су қажет.

 

 

2.6 Инкубациялық жұмыртқаларға қойылатын талаптар мен балапан шығару режимдері

 

Балапан шығаруға таңдап алынған жұмыртқаларды инкубациялағанда уақытша дамуы тоқтаған ұрықтың дамуы қайта басталады. Ұрық жылдам өсіп, 2-ші күннен 20 күнге дейін оның массасы 3500 есеге артады. Осындай қысқа мерзімде ұрық дискісінен балапанның күрделі организмі қалыптасып, жұмыртқадан шыққан балапан өз бетімен өсіп-жетіледі.

 

37-кесте. Инкубациялайтын жұмыртқаларға қойылатын талаптар

 

Көрсеткіштер

Жұмыртқаның қасиеттері

Жұмыртқаның салмағы, г

52-62

Ауа камерасының диаметрі, с

1,8

Сарыуыздың 1:

Витамин А, мг

Витамин В2, мг

Каротин, мг

6

4

18

Ақ және сары уыз қатынасы

2,1

Серпінді кедерлігі, мкм

22

Қауыз қалыңдығы, см

0,35

Жұмыртқаның ұрықтануы, %

78

Балапандардың шығуы, %

78

 

Инкубацияланған жұмыртқаларды овоскофта 6, 11, 19 күндері тексеріп отырады. Осы кезде жұмыртқалардың құрғап кетпеуіне, жанданған эмбрион-дарға патологиялық, анатомиялық зерттеулер жүргізеді. Инкубатордың микроклиматы әрқашанда бақылауда болады [77, 78].

20-27 суреттер И.И. Кочиш, М.Г. Петраш, С.Б.Смирновтың. –Птицевод-ство. –Москва: Колос, 2007. -415 с. оқулығынан түсірілді.

Жұмыртқа, әдебиетке шолуда көрсетілген 3-схема бойынша, инкубация-ланғанда 38-кестедегі режим қабылданады.

 

38-кесте. Үшінші схема бойынша тауық жұмыртқаларын инкубациялау режимі

 

Инкубация күні

Температура, 0С

Ылғалдылығы, %

Жапқыштың ашылу шамасы, мм

1-11

37,8-38,0

64-68

15-20

12-17

37,2-37,4

52-55

25-30

18-19

37,2-37,4

46-48

30-35

20-21

36,9-37,1

64-68

25-30

            

Инкубациялау барысында температураны өлшеген кезде оның сынап шаригі жұмыртқаның беткі қабатына жанасып, ауа камерасынан біршама төмен болуы тиіс. Жұмыртқаның температурасы қабықшаның орта тұсындағы жоғарғы және ортаңғы қатарларында өлшенеді.

 

39-кесте. Жетілдірілген «Универсал» инкубаторын тауық жұмыртқаларымен толық тиеген кездеші режимі

 

Көрсеткіштер

Инкубациялау кезеңі

инкубация-лық шкаф

шығару шкафы

Температура, 0С. Қыздырғышты тоқтатқан кезде

37,6

36,9

Сумен салқындатқышты қосқан кезде

37,8

37,9

Ауамен салқындатқышты қосқан кезде

38,0

37,4

Психрометрдегі дымқылдатқыш жұмысын тоқтатқан кезде

29,0

29,0

Құрғақ термометрдің жұмысын тоқтатқан кезде

37,6-37,8

37,0-37,2

Дымқыл термометрдің жұмысын тоқтатқан кезде

28,5-29,5

28,5-29,5

Желдеткіш жапсары тесіктерінің кеңдігі, мм

15-20

10-15

 

Жұмыртқаларды инкубациялау кезеңінде тәулігіне екі рет есіктерін ашып, ауа кіргізіп, салқындатады. Салқындатар алдында бөлменің терезелерін 25-60 минутқа ашып тастайды. Сонан соң температураны 30-60 минутта нормаға келтіреді. Жұмыртқа 28-320С дейін салқындатылады. Осы кезде қайықшалы барабан екі рет бұралады: әуелі желдеткіш жағына, сонан соң есік жағына. Жұмыртқаны салқындату үшін 0,3% марганецқышқылкалий немесе 1,0% хлорамин араластырылған салқын су бүркеді. Басқа топтағы жұмыртқалар тым қызып кетпеу үшін шкафтардағы жұмыртқа жарып шыққанға дейін балапан шығару шкафына ауыстыралады. Балапан шығару шкафына ауыстыру 18 күннен басталып негізгі іріктеу 21 күнде аяқталады.

Қорыта келгенде, жұмыртқаны инкубациялаудағы тәртіп экологиялық микроклиматтық талаптарға сай келгенде 21-күні дені сау, ширақ балапандар жарып шығады.

 

 

2.7 Балапандарды өсіру және тауықтарды күтіп-бағу технологиясы

 

Толықтырғыш балапандарды өсіру. «Шымкентқұс» фабрикасында толықтырғыш балапандарды КБУ-3, БКМ-3 және т.б. торша батареяларында бір күндігінен 120 күндігіне дейін өсіреді. Торшаларда азықтандыру, суғару және саңғырық шығару механикаландырылған. КБУ батареяларының есіктерін құстың жасына қарай өзгертіп отырады.

Алғашқы 3-5 күн балапандардың астына бес қабаттық төсеніш төселеді. Оған жем шашып балапандардың тез жемге үйретіп, әлденіп кетуіне жағдай жасалынады. Күнде төсеніштің бір қабатын алып тастап отырады.

Балапандарды алғашқы күндері глюкоза мен аскорбин қышқылы қосылған вакуумдық ыдыспен суарады [79, 80].

 

40-кесте. Балапан өсіру кезіндегі температураның, ылғалдылық және таза ауа беру мөлшері

 

Балапан-дардың жасы, апта

Ауа-ның t0C

Ауаның ылғалды-лығы, %

Балапанның 1 кг салмағына берілетін ауа, м3

Ауа қозғалысы, м/сек

суық

кезде

жылы кезде

суық кезде

жылы кезде

1

33

70-75

0,3

0,3

0,1

0,1

2

30

70-75

0,3

0,3

0,1

0,1

3

27

70-75

0,7

5

0,1-0,5

0,7

4

24

70-75

0,7

5

0,1-0,5

0,7

5-17

20

70-75

0,7

5

0,1-0,5

0,7

 

41-кесте. Балапандардың жарық режимі

 

Балапандар-дың жасы

Жарықтың қосылуы, сағ.

Жарықтың өшуі, сағ.

Жарықтың ұзақтығы, сағ.

Жарықтың қуаттылығы, люкс

1-2 күн

тәулік бойы

тәулік бойы

24

25

3-7 күн

5.00

22.00

17

20

2-апта

6.00

18.00

12

15

3-17 апта

9.00

18.00

9

15

 

Балапандарды бір күндігінен 120 күндігіне дейін еркек, ұрғашысына қарай бөлек өсіріледі.

 

Ата-аналық (асылтұқымды) тауықтарды күтіп-бағу. Асыл тұқымды тауықтарды күтіп-бағудың негізгі мақсаты инкубациялық жұмыртқа өндіруге бағытталады. Ата-аналық тауықтардың саны өндірістік құстардың басына байланысты ұсталады. Оларды КБР-2 батареясында және еденде ұстайды. Азықтандыру, суару саңғырықты тазалау механикаландырылған. Әрбір торша-ға 30 мекиен және 4 әтештен отырғызылады. Құстарды торда орналастыру еденде күту әдісіне қарағанда жұмыртқаны 3 еседей көп алуға мүмкіндік береді. Өйткені тордың 1 м2 алаңына 20 мекиен, ал еденде небары 7 басқа дейін орналастырады.

«Шымкентқұс» тауық фабрикасында әр мекиеннен жылына 280 жұмырт-қа алынып, 10 жұмыртқаға 1,5 кг азық өлшемі жұмсалады [77 ,78, 79, 80].

Торда күтіп-бағу әдісі операторлардың еңбек өнімділігін 2-3 есе арттырып, бір оператор 30-50 мыңға дейін жұмыртқалайтын мекиендерді күтіп-бағуына болады. Күтімнің торшалық әдісі құстардың жағдайын қадаға-лауды жеңілдетеді. Әлсіз, өнімділігі төмен, ауру мекиендерді дер кезінде бөліп алуға болады. Мұнда төсеніш материалды тасымалдау, оны құс қорасынан шығару сияқты жұмыстарға кететін шығындарды үнемдеуге болатын артық-шылықтарымен сипатталады.

Жоғарғы асыл тұқымды кросстарды алу үшін қораз және мекиендерді еденде қалың төсеніштер күтіп бағады. Мұндай жағдайда еңбек өнімділігі төмендейді, азық көп жұмсалады, құсқоралардың микроклиматы қойылған талаптарға сай келе бермейлі, шаң-тозаң, зиянды газдар, дымқыл құстарды пуллароз, кокцидоз, аскаридоз ауруларына шалдықтырады. Дегенмен экологиялық тәртіпті қатаң сақтап, асылтұқымды жұптардан инкубациялық жұмыртқа өндіріліп отырады.

Жарық режимі құстың өсіп-жетілуіне, өнімділігі мен оның сапасына оң әсер ететін маңызды экологиялық факторлардың бірі болып табылады. Асылтұқымды ата-аналық тауықтардың жарық режимі 42-кестеде көрсетіледі.

 

42-кесте. Ата-аналық (асылтұқымды) тауықтардың жарық режимі

 

Тауықтың жасы, апта

Жарықтың қосылуы, сағ./мин.

Жарықтың өшуі, сағ./мин.

Жарықтың қосылуы, сағ./мин.

Жарықтың өшуі, сағ./мин.

Жарықтың ұзақтығы, сағ./мин.

Жарықтың қуаттылығы, люкс

19

8.00

12.30

14.30

17.00

7

25

20

7.00

12.30

14.30

17.00

8

20

21

6.30

12.30

14.30

17.00

8,5

15

22

6.00

12.30

14.30

17.00

9

15

23

5.30

12.30

14.30

17.00

9,5

15

24

5.00

12.30

14.30

17.00

10

15

25

5.00

12.30

14.30

17.30

10,5

15

26

5.00

12.30

14.30

18.00

11

15

27

5.00

12.30

14.30

18.30

11,5

15

28

5.00

12.30

14.30

19.00

12

15

29

5.00

12.30

14.30

19.30

12,5

15

30

5.00

12.30

14.30

20.00

13

15

31

5.00

12.30

14.30

20.30

13,5

15

32 аптадан жоғары

5.00

12.30

14.30

21.00

14,0

15

42-кестеде көрсетілгендей жарықты үзіліспен беруге болады. Тауықтардың жасына қарай жарық берудің ұзақтығы 19-32 апталық аралығында 7-14 сағатқа дейін созылады.

 

Тауықтарды өндірістік бөлімде күтіп-бағу. Жұмыртқа өндіру өнер-кәсіптік технологиясы жеделдетілген жүйемен жүргізіліп, төмендегілерді қарастырады:

- жоғарғы өнім беретін кростарды пайдалану;

- тауықтарды қораздарды торлы батареяларда күтіп-бағу әдісімен еңбек өнімділігін арттыру;

- құстардың генетикалық мүмкіншілігін мейлінше пайдалану үшін оларды толықрационды құрама жеммен азықтандыру;

- құсханаларда қолайлы микроклимат жасау;

- құс ауруларының алдын алу иммунизациясын жасау;

- құсханаларды жастары бірдей тауықтармен бір мезгілде толтыру және оларды босату;

- өндірістік механизмдерді дұрыс пайдаланып, электр қуатын үнемдеу, т.б. [77, 78, 79, 80].

Құс шаруашылығының экономикалық шығындарының 20% жарықтың үлесіне тиеді. Өйткені 1 кв.м. 15 Вт жарықталуы керек. Бір электр шамы 3 кв.м алаңды жарықтандыра алады. Осы жағдайды ескере отырып күн сәулесінің жарығын мейлінше пайдалану құс өнімінің өзіндік құнын төмендетуге айтар-лықтай пайдасын тигізеді. Осы мәселе құсханалардың жобасында қарасты-рылуы керек.

Жұмыртқа өндіретін бөлімде мекиендерді табиғи жарықты мейлінше пайдалану және микроклиматты жақсарту үшін терезесіз құсхааларда ұстайды.

Таза ауаны құсхананың төбесіндегі тесіктерден желдеткішпен береді. Суық мезгілде жылы ауа калорифер арқылы беріліп, ластанған ауа құсхананың төменгі жағынан шығарылады.

Құстар Ресейлік КБУ-3 және шетелдік батареяларында ұсталынады. Азықтандыру, суғару және сағырықтан тазарту толық механикаландырылған. Құстың өнімділігін – жұмыртқа, салмақ қосуы ай сайын есептелінеді. Жұм-салған жемнің мөлшері, еріксіз сойылған құстың басын және басқа шығындар есепке кіреді.

Жұмыртқаны жыл бойы өндіру, тауықтарды өсіруде прогрессивті норма-тивтерді пайдаланып, технологиялық карта-график жасалынады [77].

43-кестеде 1000 бас мекиенге есептелінген жұмыртқа өндірудің есебі көрсетіледі.

 

 

2.8 Экологиялық таза тауық өнімдерін арттыру жолдары

 

«Шымкентқұс» фабрикасында тауықтарды сою мен өңдеу механикалан-дырылған. Жартылай автоматтандырылған жүйелерде құстың ұшасы, өңдей-тін, ішек-қарынды жаратын және басқа мүшелерін жекелейтін технологиялық

 

43-кесте. Тауарлы жұмыртқа өндіру есебі

 

Құстың жасы

Бастапқы құс басы

Мезгілсіз сойылғаны

Құстың шығыны

Соңғы құс басы

Құстың орта басы

72 аптада алын-ған жұмыртқа

Барлық жұмыртқа саны

апта

күн

басы

%

басы

%

ортаща

бастап-қыға есеп-тегенде

22

154

 

 

 

 

 

1000

 

 

 

 

22-26

182

1000

1

0,1

3

0,3

996

998

18

18,0

17964

30

210

996

3

0,3

3

0,3

990

993

22

21,0

21846

34

238

990

3

0,3

4

0,4

983

986

25

24,6

24650

38

266

983

4

0,4

4

0,4

975

979

24

23,5

23496

42

294

975

6

0,6

4

0,4

965

970

23

22,3

22310

46

322

965

9

0,9

4

0,4

952

958

23

22,3

22034

Подпись: 7350

350

952

11

1,1

4

0,4

937

945

22

22,0

20790

54

378

937

13

1,3

4

0,4

920

928

22

20,4

20416

58

496

920

16

1,5

4

0,4

901

911

20

18,2

18220

62

434

901

17

1,7

4

0,4

880

890

20

17,8

17800

66

462

880

20

2,0

4

0,4

856

868

19

16,3

16492

70

490

856

25

2,5

4

0,4

827

841

18

15,1

15138

74

518

827

27

2,7

4

0,4

796

812

17

13,8

13804

Барлығы

-

-

154

15,4

5

5,0

-

930

275

255

254960

 

процестерді қамтамасыз етеді. Бұл жүйелер бір сменада 10-12 мың тауықты өңдеп, осы сиымдылықтағы құсқораны түгелдей босатуға мүмкіндік береді. Құстарды сояр алдында 5-6 сағат бұрын азықтандыруды тоқтатып, суды сою цехына жібергенге дейін ішкізеді [77, 78, 79, 80].

Босаған құсханаларды тазалап, дезинфекциялап, 14 күннен кейін оларды жаңа балапандармен толықтырады.

Балапандарды күтіп-баққанда жарақаттап алмауға көңіл бөледі. Тауықтарды ұстау және тасымалдау кезінде оларды беймазалатпайтын транквилизаторлармен жемдейді.

Құстарды торлы батареяларды ұстағанда олардың өзімен транспортерлерге беріліп контейнерді асатын жерге дейін жеткізіледі.

Құсты ілгекке асқан соң электрлік анастизаторлармен (РЗ-ФЗО) жансыздандырады. Бұл кезде құстың жүрек соғысы тоқтамағандықтан тауық толық қансырайды [79, 80].

Құсты бауыздаған соң қауырсынды жұлу үшін ыстық сумен жуылады. Бұл өте жауапты процесс. Өйткені құс ұшасының сапасы, мамығынан, қуырсыннан тазалауға байланысты. Бұл процесті сағатына 1500 құс өңдейтін «К7-ФЦЛ» аппаратпен атқарады.

Құс ұшасының ішін жару жартылай немесе толығымен жаруы мүмкін. Бұл операцияда ішек қарны бөлек алынады. Операция толығымен қолмен атқарылады. Осы кезде мойынмен басы, аяқтары алынады. Олар аппаратпен орындалады. Жүрек, өкпе, бауыр, майдан, жемсаудан, кеңірдектен тазартылған ұшаны ветеринарлық-санитарлық сараптамадан өткізіп, мұздатқыштарға салады [77, 78, 79, 80].

Құс етінен түрлі диетикалық тағамдар дайындалады.

Мамық өңдеуде алып тастап аспараторда ыстық сумен шайылып, центрифугада 45-50% ылғалдығында дейін суы шығарған соң кептіргіштік 700С кептіргіште 40 минутқа, ылғалдылығы 12% дейін төмендегенше құрғатылады. Өңделген мамық ауа сорғышпен қабылдау бөлмеге айдалады [79, 80].

Еттің қалдықтары (25-25%) қан, қауырсын, ішек-қарын, жұмыртқа жатыры, бас, аяқ сүйектері, өңеш, асқазан, өкпе, бауыр қайтадан өңделеді. Олардан дайындалған ет-қауырсын, ет-сүйек үгіндісі үш кезеңнен тұрады: ішкі затты залалсыздандыру, стерилизациялау, кептіру. Кептірілген үгінділерді тауықтарға берілетін құрама жемге қосуға болады.

 

Тауықтарды сою және өңдеу. Тауықтардың жұмыртқалағыштығы төмендеген соң, мекиендерді союға дайындайды.

Тауықтарды сою және өңдеу технологисы төмендегі операциялардан тұ-рады: тауықтарды ұстау, соятын цехқа тасымалдау, сою, қауырсын мен мамы-ғын жұлу, жартылай және толық мүшелеу, салқындату, сараптау, белгі соғу, таразыға тарту, буып-түю, салқындату, мұздату, сақтау, сауда орындарына жіберу.

Тауықтарды ұстау кезінде денесіне зақым келтірмеу керек. Өйткені ет қанталап, тауарлы сапасы төмендеп кетеді.

Тауықтарды сояр алдында 8 сағаттай жемдеместен су береді.

Тауықтарды жасына қарай бөліп, торларды контейнерлерге салып, сою цехында ілгектерде бауыздап, қауырсынын алудан бастап, буып-түйетін операцияларға дейін жүргізіледі.

Салқындатылған етті 0-20С температурада 5 тәулікке дейін сақтауға болады. Тауық еті – 180С мұздатылады.

 

44-кесте. Тауық етінің химиялық құрамы мен қоректілігі

 

Химиялық құрамы, %

100 г еттің қуаттылығы, ккал

балапан

ересек тауық

Су

71,4

67,1

Белок

21,5

19,0

Май

6,8

13,1

Күл

0,9

1,0

Қуаттылығы, ккал

152

200

 

44-кестеде көрсетілгендей балапандардың ұшасында судың мөлшері 4,3%, белок 2,5% артық болса, ересек тауықтардың ұшасында май 6,3% жоғары болады. Соның есебінен тауықтардың етінің қуаттылығы балапандарға қарағанда 48 ккал артық.

 

 

2.9 Тауықханаларды саңғырықтан тазарту, өңдеу және тыңайтқыш ретінде пайдалану

 

Тауықханаларды және қоршаған ортаның экологиялық жағдайына жағымыз әсер ететін факторлардың бірі құс саңғырығы. Оны тазарту, бір жағынан қиын, екіншіден құсханалардың микроклиматының нашарлауына күшті әсер етеді. Саңғырық ғимарататтың ылғалдылығының жоғарылауымен қатар, зиянды газдардың (аммиак, күкіртқышқыл газы, күкіртті газ, метан, т.б.) конентрациясын жоғарылатып жібереді.

Саңғырықтың жағымсыз исі қоршаған ортаның ауасын бүлдіреді.

 

45-кесте. Жұмыртқалағыш тауықтың саңғырығының шығымы мен химиялық құрамы

 

 

Күндік салмағы, г

Химиялық құрамы, %

су

азот

фосфор

калий

Балапандар (1-140 күндік)

100

66

1,65

1,0

0,62

Ересек тауықтар

155

73

1,31

0,68

0,59

 

45-кестенің мәліметтеріне сүйенсек 50 мыңдық тауықханадан бір күнде 5000-7500 кг саңғырық шығаруға тура келеді.

Жоғарғы ылғалдылықта саңғырықтың өзіндегі 1,31-1,65% азотты протеинге айналдытарын болсақ, ол 21,8-27,5% болады. Бұл көрсеткіш басқа малдардың көңімен салыстырғанда 4-5 есе көп. Керек десеңіз кейбір дәнді дақылдардың да протеиндік құндылығынан жоғары. Өйткені тауықтардың құрама жемінде белокқа ай соя, азықтық ашытқа, шрот, жмых, ет-сүйек, ет-қауырсын сияқты азықтар кіреді. Саңғырыққа фосфор мен калийдің көп болуын жоғарыдағымен түсіндіруге болады. Сондықтан да тауықтың саңғырығы шапшаң әрекет ететін тыңайтқыштар қатарына жатады. Ал Францияда өңдеуден өткен саңғырықтан ірі қара малға жем дайындайды.

Тауықзаналарда экологиялық жағдайдың нашарлауы балапандардың өсіп-жетілуіне кері әсерін тигізіп, ересек құстардың өнімділігін төмендетеді. Сонымен қатар, инфекциялық, паразитарлық, инвазиялық аурулардың көзі болып, тауықтарды өлім-жітімге алып келеді. Тауықтарды торда ұстаған кезде саңғырықты көлденеі транспортермен, тауыққананың сыртындағы контейнерлерге немесе арнайы бетондалған шұңқырларға жинайды.

ЖШС «Шымкентқұс» фабрикасында саңғырықты негізінен биотермиялық әдспен өңдейді. Ол үшін ылғалдылығы 60-65% саңғырықты гидролизация-ланған шұңқырға толтырып, үстін жапқан соң 20-25 тәуліктен кейін саңғырықтың температурасы 600С дейін көтеріледі. Осы уақытта көптеген зиянды микробтар өліп, иіссізденеді. Саңғырықтың ыдырау процесі біткен соң комопсталған тыңайтқышты егістікке шашады.

 

 

2.10 Экологиялық жағдайды жақсартудың экономикалық тиімділігі

 

ЖШС «Шымкентқұс» мамандарының ұсыныстары бойынша (коммерция-лық құпияға байланыстары) экономикалық талдау толық өндірістік циклға жасалынбай, тек 2013 жылдың 7 айлық ағымды көрсеткіштеріне жасалынып отыр (46-кесте). Осы кестеде көрсетілгендей, шілде айында фабрикада 483,2 мың бас құс болса, оның мекиені 360,7 мың. Жыл басынан есептегенде әр мекиеннен 192,8 дана жұмыртқа алынып, барлығы 72659,0 мың жұмыртқа өндірілген. Осы уақыт ішінде инкубаторға 621,9 мың жұмыртқа салынып, 436,2 мың бас балапан шығарылған (70,14%). Оның 210,5 мың басы өсіруге қалдырылып, жарамсыздарынан (23,1 мың) ет өндіріп, басқасы тірілей сатыл-ған. 7 айдағы барлық жұмсалған жемнің (12370,3 тонна) 10995,5 тоннасы жұмыртқа өндіруге жаратылса, 1374,8 тонна салмақ қосуға кеткен. Сонда әр 10 жұмыртқаға 1,52 кг, ал 1 кг ет өндіру үшін 4 кг азық өлшемі жасалған.

1 жұмыртқаның өзіндік бағасы 9,85 теңге, жыл басынан өндірілген жұмыртқадан түскен жалпы табысы 97396 мың теңгеге жеткен. Бұл көрсеткіштер ЖШС «Шымкентқұс» фабрикасын республикадағы алдыңғы қатардағы құс шаруашылығына жатқызуға болатындығын айқындайды.

 

 

 

 

46-кесте. ЖШС «Шымкентқұс» фабрикасының 2013 жылғы 7 айының экономикалық көрсеткіштері

 

Көрсеткіштер

Бірлік өлшемі

2013 ж (шілде)

2013 жыл басынан

Құс басы, барлығы

                  мекиендер

мың бас

483,2

360,7

485,7

393,2

1 мекиеннің жұмыртқалағышы

дана

24,1

192,8

Тәуліктік салмақ қосуы

грамм

6,39

9,44

Жалпы жұмыртқа

мың

8825,6

72659,0

Қосымша салмақ

цн

245

3439

Инкубацияланған жұмыртқа

мың дана

-

621,9

Шығарылған балапан

мың бас

-

436,2

Балапан шығымы

%

-

70,14

Өсіруге қалдырылғаны

мың бас

-

210,5

Зоотехникалық жарамсызы

мың бас

2,1

23,1

Өлген құс, барлығы

оның ішінде:  балапан

                        ересек құс

бас

422,0

-

422,0

8072

2529

5543

Жұмсалған жем

жұмыртқаға салмақ қосуға

азық өлшемі

1,64

5,5

1,52

4,0

Барлық жұмсалған жем:

жұмыртқаға

салмақ қосуға

тн

1427,0

1427,5

134,8

12370,3

10995,5

1374,8

1 кг жемнің бағасы: мекиендерге

                                  жас балапандарға

теңге

43,04

42,32

43,28

36,3

Сатылған жұмыртқа, барлығы

оның ішінде: 1 сорттары

% есебімен

мың

мың

%

8753,6

8456,2

96,6

71988,3

68768,8

95,5

Жалпы табыс

млн.теңге

114,3

924,6

Жұмыртқаның өзіндік бағасы

теңге

10,07

9,85

Қосымша салмақ бағасы

теңге

452,81

377,00

Сату бағасы:  жұмыртқа

                        ет

                        тірі құс

теңге

13,03

95,20

-

12,13

60,08

238,03

Қаржылық нәтиже: жалпы табыс

мың теңге

29431,0

97396,0

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

«Шымкентқұс» ЖШС фабрикасында жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыс-тардың нәтижелерінен төмендегідей қорытынды шығарылады:

1. Балапандардың өсіп-жетілуіне және ересек мекиендердің өнімділігіне жарық режимі орасан зор әсер етеді.

Балапандар үшін – олардың 1-2 күндігінен 71-126 күндігіне дейін жарықтандыру ұзақтығын 24 сағаттан 8 сағатқа дейін төмендетіліп отыру керек. Төмендету интервалы 7-28 күн аралығында 3-2 сағ., 29-42 күнде – 1 сағ., 43-70 күнде – 0,5 сағ., 71-126 күннен бастап 8 сағ. тұрақтайды.

Жарықтылықтың (люкс – лк) күштілігі бір апта бойы 20-30 лк, 2-4 апталығында 15-10, 5 аптадан – 5 лк дейін төмендетіледі. Жоғарыдағы көрсетілген жарық режимін сақтаған жағдайда балапандардың орташа өсу біркелкілігін 91,9% жеткізуге болады.

Ересек мекиендерге, керісінше жарық 19-32 жас аралығында 8 сағаттан 15 сағатқа дейін ұзартылады. Жарық күші 15 лк бірқалыпты ұстайды.

2. Оңтүстік өңірінің табиғи-климаттық жағдайында ОНТП-82 жобасында көрсетілген микроклиматтық нормативтерін Ресей Федерациясы желдеткіші қамтамасыз ете алмайды.

Жетілдірілген Қытай Халық Республикасы желдеткіші зиянды көмірқыш-қылгаздың концентрациясын – 0,06%, аммиактың 3-4 мг/м3, күкіртті сутектің – 2 мг/м3 төмендетіп, тәжірибедегі 30 балапанның салмағын 1 айда 180 г жоғарылатса, осы уақытта мекиендердіңжұмыртқалағыштығы 7,1% артады. Сонымен қатар жұмыртқаның салмағы мен сапасының жақсаратыны байқалды.

3. Тауықханаларда зиянды газдардың төмендеуі мекиендердің организ-міне жағымды әсер етіп, қанның құрамындағы эритроциттердің, гемоглобин-нің, базофильді және моноциттердің жоғарылауы қанның қоректік заттарды тасымалдау және фагоцитарлық белсенділігінің артқандығын көрсетсе, лейкоциттер мен сегмент ядролы эозинофильдердің жалпы санының төмендеуі мекиендердің денсаулығы қалыпты жағдайда болып, иммундық жүйелердің ауруларға қарсы тұруының жоғарылауын көрсетеді.

Салыстырылған РФ және ҚХР желдеткіштері тауықханалардың ауа температурасы, ылғалдылығы, ауа қозғалысына әсерлері оптималды нормативтерден айтарлықтай өзгерте алмады.

4. Құрама жемнің қомпоненттері болып келетін дәнді дақылдар, қосымша берілетін сәбіз, көк жоңышқа т.б. химиялық құрамы, қоректілігі мен қуатты-лығы анықталып, арнайы рецептпен жасалынған толықрационды жем балапан-дардың өсіп-жетілуіне, мекиендердің жұмыртқалағыштығына жағымды әсерін тигізді. Макро- және микроминералды, витаминді және алмастыруға болмайтын аминқышқылдармен байыту оның биологиялық толыққандылығын арттырады.

100 г құрама жемнің протеиндік қоректілігі 1-8 апталық балапандар үшін – 20 г, 9-21 апталығы – 14,1 г, 22-47 апталығы – 17,2 г болса, ересек мекиендер үшін – 16,3 г болуы керек. Жемнің энергетикалық қуаттылығы жоғарыдағыларға сәйкес – 291, 261, 271, 263 ккал (1,22; 1,09; 1,13; 1,11 мДж) болғаны дұрыс.

5. Оңтүстік өңіріне бейімделген тауықтардың организмінің қоректік зат-тарға оптималды қажеттілігін анықтау жұмыстарының  нәтижелері бойынша күндік рационның энергетикалық қуаттылығы, экономикалық тиімділігі жағы-нан, 355 ккал немесе 1,5 мДж, ал «шикі» протеиннің деңгейі 22,0% болуы тиіс. Бұрынғы қабылданған нормативтен бір тауыққа 15 г жем артық жұмсалғаны олардың жұмыртқалағыштығының 6,9%, ал жұмыртқаның салмағының 3 г артық болуымен өтеледі.

Оптималды рацион тауықтардың организміне жағымды әсер етіп қанның морфологиялық құрамын жақсартқандықтан өлім-жітім азаяды.

6. «Шымкент құс» ЖШС фабрикасында тауықтарды сапасы МемСТ 2874-82 сәйкес келетін таза суды пайдаланады. Тауық бір күнде 0,175 мл су ішеді. Жаздың ыстық күндері ол екі есеге дейін артуы мүмкін.

7. ЖШС «Шымкентқұс» фабрикасында жұмыртқаларды инкубациялау, балапанды өсіру, асылтұқымды тауықтарды күтіп-бағу, тауықтарды сою құс шаруашылығында қалыптасқан технологиямен іске асырылады.

8. Тауықтар саңғырығы құсханалардың микроклиматына, қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін ластаушының негізгі көзі болып табылады. Сондықтан оны дер кезінде тазартып, өңдеу керек. ЖШС «Шымкентқұс» фабрикасында саңғырық биотермиялық әдіспен өңделеді. Арнайы изоляция-ланған шұңқырда жинақталған саңғырыққа сабан қосып ылғалдылығын төмендеткен соң 20-25 күнде температурасы 600С жетіп, көптеген патогенді микробтар жойылады.  Тауықтың жемі негізінен протеинге бай дәнді дақылдардан тұратын болғандықтан компосталған саңғырықта азоттың мөлшері жоғары болып, өсімдіктерге шапшаң әсер ететін тыңайтқышқа айналады.

9. Қазіргі техногенез дәуірінде, қарқынды технологияны мүмкіншілігі бойынша тлық ендіру үшін, құс фабрикаларын жетілдірілген қондырғылармен қайта жабдықтап, құсханалардың микроклиматын және қоршаған ортаның экологиялық жағдайын жақсартып, шаруашылықтың өнімділігін арттыруға болатындығы дәлелденді. Оған біздің тәжірибеміздегі әр 10 жұмыртқаға небары 1,52 кг азық өлшемі жұмсалып, әр жұмыртқаның өзіндік құны 9,85 теңге болғаны мысал бола алады. 2013 жылдың 7 айында жалпы табыстың 97,4 млн теңгеге жеткені, кез-келген агрошаруашылыққа үдемелі инновациялық технологияны ендірудің қажеттілігін көрсетеді.

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология. –Алматы, 2002. -404 б.

2. Черников В.А., Чекерес А.И. Агроэкология. –Москва, 2002. -535 с.

3. Турарбеков А.Т. Жалпы экология. –Астана, 2009. -710 б.

4. Коробкин В.И., Передельский Л.В. Экология. –Ростов-на-Дону, 2009. -602 с.

5. Акимова Т.А., Хаскин В.В. Экология. –Москва, 2000. -506 с.

6. Фисинин В.И. Мясное птицеводство. –Москва, 2007. -404 с.

7. Гершун В.И., Муслимов Б.Б. Ветеринарная гигиена. –Алматы, 1994. -340 с.

8. Кузнецов А.Ф. Гигиена содержания животных. –Санкт-Петербург, 2004.

9. Лаптев А.П., Полиевский С.А. Гигиена. –Москва, 1990.

10. Мамышев М.М. Сельскохозяйственная экология. –Алматы: Агроуни-верситет, 1997.

11. Онегов А.П., Дудыров Ю.И., Хабибулов М.А. Справочник по гигиене сельскохозяйственных животных. –Москва, 1975. -286 с.

12. Третьяков А.Д. Организация ветеринарного контроля в промышлен-ном животноводстве. –Москва, 1982.

13. Ветеринарно-санитарные правила для птицеводческих хозяйств (ферм) и требования при их проектировании. –Ленинград, 1982.

14. Данилова А.К., Найденский М.С. Гигиена промышленного производ-ства яиц. –Москва, 1987.

15. Мырзабеков Ж., Ибрагимов П. Ветеринарная гигиена. –Алматы, 2005. -431 б.

16. Турарбеков А.Т. Влияние экологических факторов на генетические ресурсы животных и растений //Проблемы эффективного использования гено-фонда растений, животных и микроорганизмов в Казахстане. –Вестник с.-х науки Казахстана: Бастау, -Алматы, 2000. -№7. –С.56-59.

17. Базанова Н.У., Голиков А.Н., Кожебеков З.К. Физиология сельско-хозяйственных животных. –Москва, 1980. -480 с.

18. Бессарабов Б.Ф. Незаразные болезни птиц. –Москва, 2007.

19. Альпеисов Ш.А. Птицеводство. –Алматы, 2001.

20. Рисимбетов Т.К. Нормы и рационы сельскохозяйственных животных. –Москва, 1985. –С.223-260.

21. Рекомендации по кормлению сельскохозяйственной птицы. –Сергиев Посад, 2001. -43 с.

22. Кочиш И.И. Куры. –Москва, 1992. -16 с.

23. Волков Г.К., Режин В.М., Большаков В.И. Зоогигиенические нормативы для животноводческих объектов. –Москва, 1966. -303 с.

24. Зоотехнические нормативы для животноводческих объектов. –Москва, 1966. -303 с.

25. Волков Г.К. Зоогигиена и ветеринарная санитария в промышленном животноводстве. –Москва, 1982.

26. Онегов А.П. и др. Справочник по гигиене сельсохозяйственных животных. –Москва, 1975.

27. Совершенствование зоогигиенических мероприятий для повышения резистентности и продуктивности животных. –Москва, 2002.

28. Сабденов Қ.С. Төрт түлік мал. –Алматы: Агроуниверситет, 2002.

29. Әлмұханова Х.Т., Қазыбаева А.Т. Экология. –Шымкент: Академия-лық инновациялық университет, 2010. -78 б.

30. Рисимбетов Т.К. и др. Краткий курс экологии. –Шымкент, 200?. –С.?

31. Жылысбаева А.Н. Қазақстан Республикасы экологиясы. –Шымкент: Академиялық инновациялық университет, 2010. –    б.

32. Камалов Р.А. Птицеводческие предприятия: типы, размеры и номен-клатура предприятий, основные нормативы, ветеринарно-санитарные требова-ния //Зоогигиенические нормативы для животноводчеких объектов. –Москва, 1986. –С.222-250.

33. Танатаров А.Б., Әлпеисов Ш.Ә., Досжанова С.Т. Құс шаруашылығы. –Алматы, 2005. -311 б.

34. Дәуренбеков Х.Т. Құс шаруашылығы. –Шымкент, 2010. -327 б.

35. Хабибулов М.А. Гигиена содержания сельскохозяйственной птицы //Справочник по гигиене сельскохозяйственных животных. –Москва, 1975. –С.217-233.

36. Общесоюзные нормы технологического проектирования ветеринар-ных объектов для животноводческих, звероводческих и птицеводческих предприятий (ОНТП-8-82). –Москва, 1983.

37. Писарев Н.В. и др. Технология производства продуктов птицеводства и их переработка. –Москва, 1991. -343 с.

38. Кочиш И.И. и др. Птицеводство. –Москва, 2007. -411 с.

39. Алексеев Ф.Ф. Промышленное птицеводство. –Москва, 1991. -544 с.

40. Фисинин В.И. Птицеводство на рубеже нового столетия //Птице-водство. –Москва, 1999. -183 с.

41. Общесоюзные нормы технологического проектирования птицевод-ческих предприятий (ОНТП-4-79).–Москва, 1980.

42. Хабибулов М.А. Технологическое оборудование птичников и механи-зация производственных процессов //Справочник по гигиене сельскохозяйст-венных животных. –Москва, 1975. –С.228-233.

43. Отрыганьев Г.К. Справочник по инкубации. –Москва, 1983.

44. Третьяков Н.П. Инкубация с основами эмбриологии. –Москва, 1990. -192 с.

45. Совершенствование технологии производства мясо бройлеров //Сб.науч.трудов РГАЗУ. –Москва, 2000. –С.178-179.

46. Танатаров А.Б., т.б. Құс шаруашылығы. –Алматы, 2005. -311 б.

47. Дауренбеков Х.Т. Құс шаруашылығы. Шымкент, 2010. -327 б.

48. Алексеев Ф.Ф. и др. Промышленное птицеводство. – Москва, 1991. -554  с.

49. Тучемский Л.И. и др. Опыт работы бройлерной производственной системы «Смена». –Сергиев Посад, 2000.

50. Кочиш И.И. Птицеводство. –Москва, 2007. -411 с.

51. Кондратьева М.И. Микроклимат на животноводческих фермах и комплексах. –Алматы, 1983.

52. Омарқожаұлы Н. Мал азығын бағалау және малды азықтандыру. –Алматы, 2005. -286 б.

53. Калашников А.П., Клейменов Н.И. Нормы и рационы сельскохозяйственных животных. – Москва, 1985. -350 с.

54. Рекомендации по кормлению сельскохозяйственной птицы. –Сергиев Посад, 2003. -142 с.

55. Мырзабеков Ж., Ибрагимов П. Ветеринариялық гигиена. –Алматы, 2005. -431 б.

56. Алтунин Д.А. Ядовитые растения кормов на кормовых участках. –Москва, 1989.

56. Вильнер А.М. Кормовые отравления. –Москва, 1974.

58. Дмитроченко А.П., Пшеничный П.Д. Кормление сельскохозяйствен-ных животных. –Ленинград, 1964. -527 с.

59. Омарқожаев Н. Малды құнарлы азықтандыру. –Алматы, 1993.

60. Кузнецов А.Ф. и др. Гигиена кормления сельскохозяйственных животных. –Москва, 1991.

61. Методические указания по санитарно-химическому и токсикологи-ческому контролю. –Москва: ВАСХНИИЛ, 1983.

62. Мырзабеков Ж., Ибрагимов П. Ветеринариялық гигиена. –Алматы, 2005. 431 б.

63. Танатаров А.Б. т.б. Құс шаруашылығы. –Алматы, 2005. -311 б.

64. Дауренбеков Х.Т. Құс шаруашылығы. –Шымкент, 2010. -327 б.

65. Базанова Н.У., Голиков А.Н., Кожебеков З.К. Физиология сельско-хозяйственных животных. –Москва, 1980. -480 с.

66. Несіпбаев Т. Жануарлар физиологиясы. –Алматы, 1995. -352 б.

67. Справочник по зоогигиеническим нормативам для животноводческих объектов //Под редакцией Г.К.Волкова. –Москва, 1966. -303 с.

68. Галосов И.М. и др. Санитарная оценка воды в животноводстве. –Ленинград, 1967. -127 с.

69. Батмангхелидж Ф. Вода и Здоровье //Перевод с англ. О.Г.Болошеева. -2004. -288 с.

70. Зарубеев Н.В. Охрана водных ресурсов. –Москва, 1979.

71. Черников В.А. и др. Определене экотоксикантов в воде, воздухе, почве, растениях. –Москва, 1975.

72. Оспанова Г.С., Бозшатаева. Экология. –Алматы, 2002. -405 б.

73. Онегов А.П. и др. Справочник по гигиене сельскохозяйственных животных. –Москва, 1975. -285 с.

74. Хирсанов А.И. Биогенное загрязнение вод в условиях интенсификации аграрного производства. –Москва, 1993.

77. Дауренбеков Х.Т. Құс шаруашылығы. –Шымкент, 2010. -327 б.

78. Танатаров А.Б., т.б. Құс шаруашылығы. –Алматы, 2005. -311 б.

79. Кочиш И.И. и др. Птицеводство. –Москва, 2004.

80. Кочиш И.И., Петраш М.Г., Смирнов С.Б. Птицеводство. –Москва, 2007. -411 с.

81. МемСТ 2874-82 «Ауыз судың сапасы». –Алматы, 1995.

82. Юрков В.М. Микроклимат животноводческих ферм и комплексов. –Москва, 1985.

83. Журавлев Е.М. Руководство по зоотехническому анализу кормов. –Москва, 1963. -295 с.

84. Ринькис Г.Я. Методы ускоренного калорометрического определения микроэлементов в биологических объектах. –Рига, 1983. -82 с.

85. Лукащик Н.А., Тащилин В.А. Зоотехнический анализ кормов. –Москва, 1965. -223 с.

86. Петухова Е.А. и др. Зоотехнический анализ кормов. –Москва, 1981. -255 с.

87. Егеубаев А.А. Зоотехнический анализ кормов. –Алматы, 1995.

88. Омарқожаев А. Мал азығын бағалау және азықтандыру. –Алматы, 2005. -286 б.

89. Методические рекомендации по изучению состава и питательных кормов СССР. –Дубровицы, 1975. -45 с.

90. Голосов И.М. Санитарная оценка воды в животноводстве. –Ленинград, 1967. -128 с.

91. Несіпбаев Т. Жануарлар физиологиясы. –Алматы, 2010.

92 Фисинин В.И. Производство мяса птицы. –Москва, 2002. -340 с.

 

 

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2014-02-25 20:19:19     Қаралды-6825

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »