ҚАЗАҚСТАН КЕМЕЛДЕНГЕН СОЦИАЛИЗМ ДӘУІРІНДЕ
60 жылдары Совет Одағы дамудың жаңа кезеңіне жетті. Совет халқының ерлік еңбегінің ең маңызды қорытындысы - біздің елімізде кемелденген социализмді құру болып табылды. Оның экономикасы жоғары дамыған өндіріс күштерімен, қуатты озық индустриямен, жақсы механикаландырылған ауыл шаруашылығымен, социалистік меншіктің бірегей үстемдік құруымен сипатталады. Социализмнің барлық артықшылықтарын барынша толық пайдалану, коммунизм жолымен неғұрлым тез алға басу, оның материалдық-техникалық базасын онан әрі жетілдіру совет халқының материалдық және мәдени қажеттерін толығырақ қанағаттандыру үшін қолайлы жағдайлар жасады.
Партияның 22-съезі (1961 ж. окт.) КПСС жаңа Программасы мен Уставын қабылдады. Коммунизмнің материалдық-техникалық базасын жасау, коммунистік қоғамдық қатынастарды дамыту, жаңа қоғамды жасаушы - совет адамдарын тәрбиелеу тікелей бүгінгі таңда атқарылатын міндетке айналды. Еліміздің еңбекшілері еңбек пен зейнеттің ұлы жоспарларып жүзеге асыруға жігермен кірісті.
Жетіжылдық жоспарды орындау жолындағы күрес кеңінен өрістеді. Коммунистік еңбек екпінділері мен бригадалары қозғалысының маңызы зор болды. «Коммунизмдегіше білім алып, жұмыс істеу және тұрмыс құру» ұраны жаппай сипат алды. Қазақстанда бұл ұранды М. Байдәулетов, Б. Нұрмағамбетов, Ж. Үрістенов, М. Е. Довжик, Ж. Демеев т. б. алғаш бастап қостады. Жетіжылдық аяғында бұл қозғалысқа 1,5 млн-дай адам қатысты. 23 мыңнан аса цехқа, сменаға, учаскеге, бригадаға, 114 кәсіпорынға коммунистік еңбек коллективі деген жоғары атақ берілді.
КПСС ОК-нің Октябрь (1964) пленумы коммунистік құрылыс міндеттерін жүзеге асыруға, партия тұрмысының лениндік нормаларын қалпыпа келтіруге, коммунистер мен барлық еңбекшілердің творчестволық белсенділігі мен инициативасын арттыруға ғылыми тұрғыдан қараудың нағыз үлгісін көрсетті. Пленум шешімдерінде партияның басшылық ролі, оның советтік қоғам өмірінің барлық салаларына бағыт сілтеуші ықпалы барған сайын мықтап арта беретіні ерекше атап көрсетілді. Пленум аса маңызды экономикалық және саяси міндеттерді шешуге субъективті, бір кісінің жеке ырқы тұрғысынан қарауға, маркстік-лениндік теорияны тұрпайы түсінуге қарсы тұрды. Пленумда Л. И. Брежнев КПСС ОК Бірінші секретары болып сайланды. КПСС ОК-нің Ноябрь (1964) пленумы халық шаруашылығына басшылық жасаудың ғылыми дәрежесін арттыру, социализмнің экономикалық заңдарын өндірісті өрге бастыруға жете пайдалану, материалдық және моральдық жағынан ынталандыру принциптеріне баса назар аудару қажет деп тапты. ОК пленумы партия ұйымдары мен олардың басшы органдары құрылымының КПСС Уставында белгіленген территориялық-өндірістік принципін калпына келтіру жөнінде шешім қабылдады.
Жетіжылдық жоспардың (1959-1965) негізгі тапсырмалары ойдағыдай орындалды. Оның қорытындылары партияның 23-съезінде шығарылды (1966 ж. 29 март - 8 апр.). Съезд СССР халық шаруашылығын өркендетудің 8-бесжылдық (1966-1970) жоспары жөніндегі директиваларын бекітті, КПСС Уставына бірқатар өзгерістер енгізді, ОК Саяси Бюросын (Президиум орнына) сайлады. КПСС ОК-нің Бас секретары болып Л. И. Брежнев сайланды.
Қазақстан Компартиясының 12-съезі (1966 ж. 10-12 март) Қазақ ССР халық шаруашылығын өркендетудің жетіжылдық жоспарының орындалу қорытындыларын шығарып, келесі бесжылдыққа арналған жоспарларды бекітті. 8-бесжылдық жоспарды ойдағыдай орындау нәтижесінде республика экономикасы мен мәдениеті күрт өрге басып, онан әрі жетілді, кемелденген социализмнің матерпалдық-техникалық базасын шыңдаудағы Қазақстан ролі бұрынғыдан да арта түсті.
Бүкіл еліміз сияқты Қазақстан қарқынға қарқын қоса отырып, халық шаруашылық мен оның алуан салаларының құрылымын прогресшілдікпен өзгертті, өндірісті индустрияландыру мен ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін енгізу дәрежесін үздіксіз арттырды. Табиғат байлықтары шаруашылық айналымына барған сайын зор көлемде қосыла бастады. Республика экономикасы бұрынғыдан жоғары жаңа сатыға көтерілді. 60-70 жылдары ұлттық табыс 2,4 есе өсіп, 12,8 млрд. сом болды. Өндіріс қорларын жаңарту қарқыны жөнінен Қазақстан елімізде алғашқы орындардың бірін алды. Халық шаруашылығының негізгі өндірістік қорлары 28 млрд. сомға дейін немесе 2,9 есе, оның ішінде өнеркәсіпте - 3,7 есе, құрылыста 3 есе, транспортта - 2,5 есе, ауыл шаруашылығығында - 2,3 есе өсті. Жұмыс салмағының 1/3 бөлігі осы заманғы өндіріс құралдары - машиналар мен транспорт құралдарының үлесіне тиді. 8- бесжылдықта жаңа қорлар өнеркәсіпте 52%-ке, ауыл шаруашылығында (малдан басқасы) 64%-ке жетті.
10 жыл ішінде (1960-1970) халық шаруашылығына жұмсалған күрделі қаржы көлемі 41,4 млрд. сом болды. Мұның өзі республпка құрылғаннан бергі 40 жыл ішінде жұмсалған барлық күрделі қаржыдан 2 еседен аса асып түсті. 1700- ден аса ірі кәсіпорындар мен цехтар салынып, іске қосылды.
Жан басына шаққанда күрделі қаржы жұмсау қарқыны жөнінен Қазақстан жалпы одақтық көрсеткіштерден сол кезде-ақ асып түскен болатын. Мұның өзі республиканың өнеркәсіп қуатын нығайтып, оның экономикасындағы елеулі үйлесімсіздіктерді жойды. Экономикалық даму дәрежесі жағынан Қазақстан негұрлым дамыған басқа республикаларға едәуір жақындай түсті. 1970 жылы Қазақстан өнеркәсібінің жан басына шаққандағы өнімі жалпы одақтық дәреженің 62%-іне жетті, ал ұлттық табысының жан басына шаққандағы мөлшері 1960 жылы 77%-тен 1970 жылы 82%-ке дейін көбейді.
КПСС ОК Сентябрь (1965) пленумынан кейін өнеркәсіп пен құрылысты басқару және жоспарлау дөрежесі артып, өнеркәсіп өндірісі мен ғылыми-техникалық прогресті тездетуге экономикалық жағынан ынталандыру шаралары күшейді. Экономикалық аудандарды халық шаруашылық советтері арқылы басқару жүйесі жарамсыз болып шықты да, ол жүйе таратылды. Өнеркәсіп салалары жөніндегі жалпы одақтық және одақтық-республикалық министрліктер қайта құрылды. Жалпы мемлекеттік бірыңғай жоспарлау мен сала-сала бойынша бір орталықтан басқаруды республикалық және жергілікті орындардың шаруашылық бастамаларын кеңінен қолдаумен, толық шаруашылық есептегі кәсіпорындардың дербестігін кеңейтумен ұштастыру, кәсіпорындардың жұмыс қорытындыларын жақсартуға қызметкерлерді материалдық жағынан ынталандыру принципін кеңінен қолдану, баға, пайда, сыйлық, кредит сияқты құралдардың көмегімен өндірісті экономикалық жағынан көтермелеуді күшейту әдістері өнеркәсіп пен құрылысқа басшылық жасаудың негізіне алынды.
1966 жылы республиканың 11 кәсіпорны жоспарлау мен экономикалық ынталандырудың жаңа жағдайына көшірілді, 1967 жылы 182 кәсіпорын, одан кейінгі 2 жыл ішінде кәсіпорындар жаппай шаруашылықты жүргізудің жаңа жүйесіне көшті. 60 жылдардың аяғында жаңа реформа өнеркәсіп орындары мен құрылыс ұйымдарының 80%-ін, транспорттың барлық түрлерін қамтыды.
КПСС 24-съезінде (1971 ж. 30 март - 9 апр.) 8-бесжылдықтың қорытындылары мен 9-бесжылдық жөніндегі директивалар талқыланды. Қазақ ССР халық шаруашылығын өркендетудің 1966-1970 жылдардағы қорытындылары Қазақстан КП 13-съезінде шығарылды (1971 ж. февр.). Съезд өнеркәсіптің салалық құрылымы мен территориялық орналасуындағы сапа көрсеткіштерінің едәуір жақсарғанын атап көрсетті. Жаңа өнеркәсіп аудандарының қалыптасып даму, пайдалы қазбалар қорларын игеріп, шаруашылық айналымына қосу, өндірістік жаңа қорларды жоспарлы түрде үстемелеп, жаңарту процесі жалғаса берді.
Көмір мен темір кенін шығару, болат пен қара металл прокатын қорыту жөнінде еліміздің халық шаруашылығынан республиканың алатын үлес салмағы едәуір артты. Мұнай шығару мен химия өнеркәсібі жалпы одақтық маңызға ие болды. 8-бесжылдықтан бастап Маңқыстау түбегі еліміздің мұнай шығаратын және оны өңдейтін аудандардың біріне айналды. 1967-19 70 ж. Өзен - Гурьев - Куйбышев аралығында 1500 км-лік бұрын-соңды болмаған ыстық мұнай құбыры салынды. Жалпы Одақ көлемінде мұнай шығарудан республиканың алатын үлес салмағы 3,5 есе артты.
Оңтүстік Қазақстан Совет Одағының сары фосфор мен қоспа тыңайтқыштар шығаратын аса ірі базасына айналды. 1966 ж. мартта ІПымкент фосфор з-ды алғашқы сары фосфор өнімін берді. 8-бесжылдықтың аяғында мұнда электр-термиялық пеш жұмыс істеді. 5 жыл ішінде өнім шығару көлемі 7,5 есе, сары фосфор өндіру 6 есе көбейді. Қазақстан еліміздің фосфор өнеркәсібі орталығына айналды. Жамбылда қос суперфосфат, Ақтөбеде хром қосындыларын өндіретін аса ірі заводтар іске қосылды. Республика елімізде шығатын фосфордың 90%-тейін, хром тұздарының 40%-ін, қысымы төмен полиэтиленнің 20%-ін, күкірт қышқылының 10%-тен артығын шығарды.
Қазақстанда мейлінше дамыған кен өнеркәсібі қалыптасты. Соколов-Сарыбай кен-байыту комбинаты іске қосылып, ол жылына 26,5 млн. т темір кенін беретін болды. Қарағанды металлургия комбинаты (1966), Ермак ферросплав зауыдының алғашқы кезегі пайдалануға берілісімен Қазақстан СССР қара металлургиясының ірі ауданына айналды, оның болат пен прокат қорыту жөніндегі ролі артты, темір және марганец кендерін шығару жөнінде елімізде 3-орынға, хромит кенін өндіруден 1-орынға шықты. Титан, магний, глинозем өндірісі ойдағыдай дамыды. Өскемен титан-магний, Павлодар алюминий з-дтары, Торғай боксит руднигі пайдалануға берілді.
Машиналар мен жабдықтың 300-ден аса жаңа түрлерін шығару игерілді. Қазақстан машина жасаушылары халық шаруашылығына машина, аспап, жабдықтардың 2000-нан аса жаңа үлгілерін берді. Машина жасау ісін ауыл шаруашылығын, кен қазу, химия, мұнай өнеркәсібін қамтуға арнап бейімдеу шаралары жүзеге асырылды. Павлодар трактор зауыды республика трактор өнеркәсібініц негізін қалады. 8-бесжылдықта Жамбыл мемлекеттік аудандық электр ст., Шардара су торабы т. б. салынып, бұлардың энергетикалық қуаты 6 Днепрогэспен тең түсті. 1970 ж. 34,7 млрд. квт. сат электр қуаты өндірілді, мұның өзі 4 ГОЭЛРО жоспарымен тең еді. Бұл бесжылдықта халық тұтынатын заттар өндіруді арттыру жөнінде орасан зор шаралар жүзеге асырылды, соның өзінде өндіріс құралдарын шығаратын өнеркәсіптің басым өркендеуі қамтамасыз етілді: «А» тобындағы өнімдерді ондіру 55%, «Б» тобы - 59% өсті. Жеңіл және тамақ өнеркәсібінің ондаған жаңа кәсіпорындары, оның ішінде Алматы мақта-мата, Жамбыл былғары аяқ киім комбинаттары іске қосылып, өнім бере бастады.
1970 жылы Қазақстан өнеркәсібі 1960 жылғыдан 2,6 есе көп өнім шығарды, ал химия және мұнай өнеркәсібі, қара металлургия, электр энергетикасы, машина жасау салаларыныц өсу қарқыны бұдан жоғары болды. Өнеркәсіпте сапа көрсеткіштері жақсарып, өндірістің техникалық дәрежесі артты. Индустрияда комплексті механикаландыру мен автоматтандыру кеңінен қолданылып, өнеркәсіптің барлық салаларында технологиялық озық әдістерді өндіріске енгізу күшейді. Бесжылдық ішінде республика кәсіпорындары осы заманғы бірқатар жаңа өнімдер шығаруды игерді, машиналардың, құрал-жабдықтар мен аппараттардың, өндірісті автоматтандыру аспаптары мен құралдарының 218 жаңа түрі жасалды.
Бесжылдық кезінде халық шаруашылығына 400-дей озат технологиялық процесс, комплексті механикаландырылған және автоматтандырылған 1180 жүйе, автоматты және жартылай автоматты 1200 желі мен агрегат енгізілді, 28 кәсіпорын, 470 цех пен учаске комплексті механикаландыруға көшті. 70 жылдардың басында республика кәсіпорындарында 3,3 мың механикаландырылған және автоматты ағым желілері (1965 ж. бұлар 1,5 мың еді), 23,4 мыңнан аса автоматтандырылған және жартылай автоматтандырылған жабдықтар (1965 ж. бұлар 7,5 мың еді), 1,9 мың комплексті механикаландырылған учаскелер, цехтар мен кәсіпорындар (1965 жылы бұлар 1 мың еді) жұмыс істеді. Еңбек өнімділігін арттыру қарқыны шапшаңдады, өнімнің өзіндік құнын кеміту, пайданы көбейту жоспарлары ойдағыдай орындалды.
Қазақ ССР-інің жалпы одақтық еңбек бөлісіндегі ролі артты. Коммунизмнің материалдық-техникалық базасын жасауға қосқан үлесі молая түсті. Машиналардың алуан түрлері, химия және мұнай химиясы өнеркәсібінің өнімдері, түсті металдар, шойын мен болат, жеңіл және тамақ өнеркәсібінің бұйымдары еліміздің түкпір-түкпірлеріне жіберіледі. Қазақстан еліміздің түсті металлургия алыбы болып саналады: жалпы Одақ көлеміндегі мыс пен мырыш өндірісінің едәуір бөлігі, қорғасынның жартысынан көбі, глиноземнің біраз бөлігі біздің республикамыздың үлесіне тиеді. Оның елімізде көмір шығарудан алатын үлесі 6,4%-тен 9,0%-ке дейін, мұнайдан - 1,1%-тен 3,7%-ке, темір кенінен - 5,4%-тен 9,3%-ке, электр қуатынан - 3,6%-тен 4,7%-ке, цементтен - 4,8%-тен 5,9%-ке, шойыннан - 0,6%-тен 2,1%-ке, болаттан - 0,5%-тен 1,9%-ке, прокаттан -0,7%-тен 3%-ке, былғары аяқ киімнен - 2,9%-тен 4,1%- ке дейін өсті.
Транспорт техникалық жағынан анағұрлым жоғары жаңа сатыға көтерілді. 1960-1970 жылдар пайдаланудағы темір жолдардың ұзындығы 2,3 мың км артып, барлығы 14 мың км-ге жетті. Тас төселген автомобиль жолдарының ұзындығы 41 мың км-ге дейін көбейді, ал 1960 жылы ол 11 мың км болған еді. Электровоздар мен тепловоздар кеңінен қолданыла бастады. Су және әуе транспорты неғұрлым жетілдірілген жаңа кемелермен және әуе корабльдерімен толықтырылды.
Республика 9-бесжылдықта табыстарға жетті. Оның қорытындыларын Қазақстан КП 14-съезі (1976 ж. февр.) шығарды. КПСС ОК Саяси Бюросының мүшесі, Қазакстан КП ОК бірінші секретары Д. А. Қонаев съезде былай деді: «Бесжылдық ішінде Қазақстанда өндіргіш күштер бұрын ешқашан болып көрмеген дәрежеде өсіп нығайды, мән-мағынасы республпка шеңберінен әлдеқайда асып кететін аса маңызды халық шаруашылығын және әлеуметтік-экономикалық міндеттер шешілді... Мұның өзі бүкіл еліміз сияқты... Қазақстан үшін де ең жақсы бесжылдық бопды деп батыл айтуға болады...». 1971-1975 жылдар 31 млрд. сом мемлекеттік курделі қаржы игерілді. 365 жаңа кәсіпорын мен ірі цех, оның ішінде советтік индустрияның мақтанышы болып табылатын көптеген бірқатар аса күрделі объектілер салынды. 30 млрд. сомның ең жаңа негізгі қорлары іске косылды. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 42% артты.
Өндіргіш кұштерді орналастыру одан әрі жақсара тұсті. 19 облыстың әрқайсысы республиканың бүкіл экономикасымен біте кайнасқан табиғи байланысы бар аса ірі аймаққа айналды. Көпке дейін бос жатқан қиыр шеттегі аудандар өрге басқан өнеркәсіп тораптарына айналды. Қарағанды - Теміртау, Рудный - Алтай, Шымкент - Кентау, Балкаш өңірі мен Алматы. Павлодар - Екібастұз, Қаратау - Жамбыл және Маңқыстау сиякты аса қуатты территориялық-өнеркәсіптік комплекстер қалыптасты: булар КПСС 25-съезінін шешімдері бойынша жасалып жатыр. Республиканың батысында мұнай мен газ өнеркәсібі жедел дамыды. Бұрын бос жатқан Маңқыстау тубегі мунай мен газ өндіру жөнінен еліміздің байырғы аудандарымен теңелді. Мұнай шығару жылына 24 млн. т-та жетті. 1971 жылы Өзен - Құлсары - Куйбышев аралығында .қуатты мунай құбырының іске қосылуы бұл өңірде мұнай өндіруді мыктап өрге бастырудың аса маңызды кезені болды. 1973 ж. Қазақ газ өңдеу зауыды жұмыс істей бастады.
Павлодар - Екібастұз аудандық тез өсті. Аса ірі «Богатырь» көмір разрезі іске қосылды. Екібастұздың орасан зор карьерлерінде ашық әдіспен көмір қазуды жеделдету бул аймақтағы өнеркәсіп - энергетикалық тораптың шапшаң қалыптасуыпа жәрдемдесті. Осының нәтижесінде көмір ендіру бесжылдық ішінде 1,5 есе өсті, яғни Ұлы Отан соғысы алдындағы жылмен салыстырғанда 14 есе көбейді. Көмір шығарудан Қазақстан елімізде 3-орын алып отыр.
Республикада жүздеген мың трактор конвейерден шықты. Қазақстан магниткасын салу аяқталды. Бесжылдық ішінде мұнда шойын мен болат қорыту 2 еседен аса, прокат - 1,6 есе өсті. Қарағандыда жаңа шахталар, резина-техникалық бұйымдар зауыдының 1-кезегі, цемент зауыды іске қосылды. Қостанай даласында 1973 жылы қарсаңында жобалы қуаты жылына 35 млн. шаруашылылық Лисаковск кен-байыту комбинаты іске қосылды, аса ірі Қашар кен-байыту комбинаты салына бастады. Бұл жер еліміздің металлургиясы үшін өте сирек кездесетін қор болды. Қаратау фосфорит бассейні негізінде Шымкент пен Жамбылда орасан зор фосфор зауыдтары жұмыс істеп келеді, Жаңа Жамбыл және Қаратау зауыдтары салынып жатыр.
Бесжылдық ішінде электр қуатын өндіру 1,5 есе өсті. Ермак мемлекеттік аудандық электр станциясы мен Қапшағай СЭС-і салынды, Шульба СЭС-і, Екібастұздың арзан көмірін жағатын бірнеше ірі электр станциялары салынып жатыр. Республика энергетикасының ең жас саласы - атом энергетикасы өсіп келеді. Шевченко қаласында республика атом энергетикасының тұңғышы - шапшаң нейтрондармен жұмыс істейтін дуние жүзіндегі аса ірі реактор салынып, іске кірісті. Қазір Қазақстан жылына 59 млрд. квт. сат. электр қуатын өндіріп, бұл жөнінен елімізде 3-орын алады. Машина жасау өнеркәсібі 2 мыңнан аса әр түрлі машиналар, механизмдер, аспаптар, автоматтар шығарады. Жеңіл және тамақ өнеркәсібінің ірі-ірі 70 жаңа кәсіпорны салынды. Бұл салаларда абсолют өнімнің өсуі 1,5 млрд. сомнан көп болды. 9-бесжылдықтың аяғында республикада ұлттық табыс 15 млрд. сомнан асты, мұның өзі 8-бесжылдықтағыдан 26%, 1960 жылғыдан 3 еседей көп. Барлық өнеркәсіп орындары мен құрылыс ұйымдарын жоспарлау мен экономикалық ынталандырудың жаңа жүйесіне көшіру аяқталды.
Республиканың көптеген кәсіпорындары техникалық жағынан жабдықталуы, өндіріс технологиясы, шикізаттарды комплексті түрде пайдалануы, өнім сапасы жөнінен еліміздегі алдыңғы шептерге шықты. 9-бесжылдық кезінде 1 мыңнан аса цехтар мен учаскелер комплексті түрде механикаландырылып, автоматтандырылды, механикаландырылған 1900 ағынды желілері өндіріске енгізілді. Машина, жабдық, аспаптардың 500-ден аса жаңа тұрін шығару игерілді. 500-ден аса өнім түрлері сапа белгісіне ие болды; бұлардың кейбіреулері дүние жүзілік өндіріс үлгісі болып табылады. Мемлекеттік сапа белгісі соғылып шығарылған буйым саны 1975 ж. 517 болса, 1976 жылы 703-ке жетті. Қазақстанда жасалған өнімдер Экономикалық өзара көмек советіне мүше елдерге және АҚШ-қа, Англияға, Францияға, ГФР-ге, Италияға, Жапонияға сатылады. Қазақстан дүние жүзінің 80 елімен экономикалық байланыс жасайды. 9-бесжылдықта Қазақстанның экспортқа зат шығару көлемі 8-бесжылдықтағыдан 63% артты.
Қазақстаннан жүздеген мамандар жыл сайын дүние жүзінің ондаған елдеріне командировкаға жіберіліп тұрады; олар МХР-дің Азиядағы аса ірі Эрденет кен-байыту комбинатын, Ирактағы Басра - Бағдад мұнай-газ құбырын, Гвинеядағы боксит шығаратын комплексті, Үндістан мен Түркиядағы металлургия комбинаттарын, Вьетнамдағы ирригация жүйелерін, ГДР, Болгария, Кубадағы т. б. елдердегі көптеген құрылыстарды салуға қатысты.
Кемелденген социализм дәуірінде совет халықтарының бір-бірімен тығыз жақындасуы бұрынғыдан да күшейіп, ұлттар арасында материалдық және рухани байлықтарды алмасу неғұрлым жеделдей түсті, әр республиканың коммунпстік құрылыс жолындағы жалпы ісімізге қосқан үлесі үздіксіз өсіп келеді. Өндіргіш күштерді дамыту мен техникалық прогрестің қол жеткен дәрежесі республикалар арасындағы өнім алыс-берісін тереңдетіп, кеңейте түсті, оның көлемі мен түр-түрін көбейтті. Қазақстан әсіресе РСФСР-мен, Орта Азия республикаларымен неғұрлым тығыз және зор жемісті байланыс жасайды. Машина жасау өнеркәсібі онімінің 90%-тейі еліміздің тукпір-түкпірлеріне және шетелдерге, барлығы 200-ден аса адрес бойынша жөнелтіледі.
Қазақстанның ірі құрылыстарын салуға барлық одақтас республикалар тегіс қатысты. Жаңадан салынған Өскемен титан-магний комбинатына керекті жабдық пен материалдар еліміздің 300-ден аса кәсіпорнынан келіп жатты. Ермак ферросплав зауыдын салғанда оған 13 республиканың 250 заводы әр түрлі жабдықтар жіберді. Қарағанды металлургия комбинатының заказдарын еліміздің 1 мыңдай кәсіпорны мен туысқан социалистік елдердің (Болгария, ГДР, Польша) кәсіпорындары орындады.
Қазақ ССР-і басқа республикалардың табиғат байлықтарын игеруге атысады. Түрікмениядағы Қарақұм каналын, Белорусспядағы Солигорск комбинатын. Бұхара - Орал газ құбырын, КамАЗ бен БАМ құрылыстарын салуда республика өкілдері ойдағыдай еңбек етті.
Республикалар, біртектес кәсіпорындар арасындағы социалистік жарыс онан әрі дамыды. Қарағанды, Донбасс, Кузбасс шахтерлерінің, Өскемен, Запорожье, Қарағанды, Өзбекстан металлургтерінің, Павлодар мен Ташкент трактор жасаушыларының, Ембі мен Түмен мұнайшыларының, Теміртау мен Армения химиктерінің т. б. жарысы дәстүрлі іске айналды. Украина мен Қазақстанның атақты болат қорытушылары Е. Проскурин мен А. Дәрібаевтың социалистік жарысы бұл екеуінің творчестволық айнымас достығына айналды. Өзен мұнай құбырының операторы А. Назырымбетов Түменнің әйгілі кен барлаушысы М. Фарраховпен жарысқа түсті.
Елімізде ауыл шаруашылық өндірісін онан әрі өрге бастыруда Қазақстанның ролі мықтап артты. Республика еліміздің шығысындағы аса ірі астықты және мал шаруашылығы дамыған олкеге айналды. 1970 жылдыц басында елімізде өндірілетін барлық дәнді дақылдар өнімінің 1/6 бөлігі, оның ішінде бидайдың 22-25%-і Қазақстанның үлесіне келеді. Мұнда етті мал шаруашылығының 60%-тен артығы шоғырланған. Бүкіл одақтық еңбек бөлісінде республика ет пен жүн өндіретін аса ірі аймақ болып табылады.
1970 жылы Қазақстанда 1625 совхоз бен 461 колхоз болды. Олардың материалдық-техникалық базасы едәуір нығайды. Совхоздар мен колхоздардың қарамағында 184,5 мың трактор, 90 мың астық комбайны, 83 мыңнан аса жүк автомобильдері мен басқа да көптеген озат техникалық бар. Ауыл шаруашылығын техникалық жағынан қайта қаруландыру жөнінде орасан зор жұмыстар істелді. 1960-1970 жылдар совхоздар мен колхоздардың электр қуатын пайдалануы 3,5 есе өсті. Барлық колхоздар мен совхоздар толық электрлендіріліп, олардың 70%-і мемлекеттік энергетикалық жүйесіне қосылды. 1967 жылы Солтүстік Қазақстан республикада бірінші болып жаппай электрлендірілген өлкелердің біріне айналды. 1970 жылы ауыл-селолардың электрмен қарулануы одақтық орташа көрсеткіштерден асып түсті. Ауыл-селода тұратын әрбір еңбеккердің үлесіне совхоздар мен колхоздардың барлық энергетикалық қуаттарының 27 а. к. келеді, ал 1960 жылы бұл көрсеткіш 16,6 а. к. болған еді.
Ауыл шаруашылығын өрге бастырып, колхоздар мен совхоздарды нығайтуға КПСС пен Совет мемлекетінің аграрлық саясатын, КПСС ОК Март (1965) және онан кейінгі пленумдарында белгіленген ауыл шаруашылық өндірісін жеделдету бағытын дәйектілікпен жүзеге асыру нәтижесінде қол жетті. 8-бесжылдық кезінде республика ауыл шаруашылығына 5,5 млрд. сом қаржы жұмсалды. Жалпы егіс көлемі 31 млн. га-ға дейін ұлғайды.
Республикада совхоз өндірісін басым өркендету шаралары жүзеге асырылды. Совхоздардың негізгі қорларының құны 1965 жылғы 5,6 млрд. сомнан 8,3 млрд. сомға дейін көбейді. Совхоздардың жалпы өнім шығарудағы үлес салмағы 77%-ке жетті, республиканың күллі егіс көлемінің дәнді және мал азығындық дақылдардың 3/5 бөлігі, техникалық дақылдардың 3/5 бөлігі солардың үлесіне тиді. 1967-1970 жылдар 586 совхоз жоспарлау мен экономикалық ынталандырудың жаңа жүйесіне, толық шаруашылық есепке көшті.
Республпкада колхоз саны 1960 жылғы 1353-тен 1970 жылы 435-ке дейін азайды (балықшы колхоздарды қоспағанда). Өндіріс көлемі, оның шоғырлану дәрежесі жағынан бүгінгі колхоздар бұрыңғылардан көш ілгері. Колхоздардың негізгі өндірістік қорлары 1965 жылғы 640 млн. сомнан 912 млн. сомға, бөлінбейтін қорлары 990 млн. сомнан 1377 млн. сомға дейін көбейді. Бүкіл колхоз өндірісінің жалпы өнімі 1965 жылғы 566 млн. сомнан 1970 ж. 812 млн. сомға дейін ості. Колхоз өндірісінің тиімділігі 1967 ж. 27% болса, 1970 ж. 46% болды. Шаруашылықтардың ақшалай табыстары 1,8 есе көбейді.
Колхоздардың өміріндегі ірі-ірі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер социалистік өндірістік қатынастарды қоғамдастыру және онан әрі нығайту дәрежесін арттырумен сипатталды; мұның өзі колхозшылардың Бүкіл одақтық 3-съезінде (1969) қабылданған колхоздардың жана Уставында бейнеленді. Колхоздың Үлгі Уставы кемелденген социализм дәуіріндегі колхоз құрылысы дамуының жаца кезеңін заң жүзінде бекітіп берді. Бригадалар мен фермаларда шаруашылық есеп енгізіле бастады, басқарудың демократиялық принциптері нығайды, колхоздарда бригадирлерді сайлап қою тәртібі енді. 1970 жылы аяғында республика колхоздарында егіншілікпен айналысатын 1630 бригада болды. 1966 жылы июльден бастап барлық колхоздарда еңбекке кепілді ақы төлеу енгізілді, мұның өзі колхоздардың еңбек ақыны ақшалай төлеуге көшуін тездетті. Қазақстанда бұл процесс 1968 жылы аяқталды.
9-бесжылдықта ауыл шаруашылық өндірісін өрге бастырудың ұзақ мерзімге арналған программасын жүзеге асыруға 11 млрд. сом күрделі қаржы жұмсалды. Ауа райының қолайсыз жағдайларына (әсіресе 1972, 1975 жылы болған қуаңшылыңқа, егін шықпаған басқа да қиыншылықтарға) қарамастан, ауыл шаруашылық жалпы өнімінің жыл сайынғы орташа көлемі 8-бесжылдықтағыдан 14% өсіп, 6 млрд. сомға жетті. Қазакстан Отан қоймасына 3 млрд. 744 млн. пұт астық кұйды. Астық өндіруді шұғыл арттыру ауыл шаруашылығының барлық салаларыя, ең алдымен мал шаруашылығын өрге бастыруға жағдай жасады. 9-бесжылдықтың аяғында қой саны 35,4 млн-ға, ірі қара мал 8,7 млн-ға жетті.
Ауыл шаруашылық өнімдерін дайындаудың тұжырымды жоспарын тағайындау, мемлекетке өнім сатып алу, соның ішінде жоспардан "тыс өнім дайындау бағасын көтеру ауыл шаруашылық еңбеккерлерінің қоғамдық өндірісті дамытуға материалдық ынтасын арттырды. Өндірісті кеңінен механикаландыру мен техниканы дұрыс пайдалану ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруді табысты мол беретін және тиімді салаға айналдырды, сөйтіп бұл өнімдерді дайындау көлемі ұлғайды.
Ауыл шарушылығында мал семіртетін өнеркәсіп типтес ірі комплекстер, аграрлы-өнеркәсіпті бірлестіктер, мал семіртетін шаруашылық аралық кәсіпорындар мен комплекстер дами бастады. 1974 жылы Қазақстандағы тұңғыш Желаев ауданы (Орал обл.) арнаулы шаруашылық бірлестігі мен Жетіген өнеркәсіп комплексі (Алматы обл.), 1976 ж. 88 аудандық және 24 аудандық аралық мемлекеттік кооперативтік арнаулы бірлестіктер құрылды; бұлар малды сойым сапасына дейін өсіру, қосымша бордақылау және етке дайындау ісімен айналысты. 1977 жылы мұндай арнаулы шаруашылықтар саны 160-қа жетті. Өнеркәсіп комплекстерінде 575 мың ірі қара мал, 418 мың шошқа, 1,7 млн-нан аса қой семіртілді. 9-бесжылдықта совхоздарды жоспарлау мен экономикалық ынталандырудың жаңа жүйесіне көшіру аяқталды.
Мерекелі 1970 жылы - В. И. Леннинің туғанына 100 жыл толуын мерекелеу жылы советтік қоғам тарихындағы аса елеулі оқиға болды. Мейрамға әзірлену және оны өткізу Қазақстан енбекшілерінің саяси және еңбек белсенділігін тасытты. 500 мың жұмысшы мен қызметші, колхозшы мен интеллигенция өкілдері В. И. Лениннің туғанына 100 жыл толуына арналған мерекелік медальмен наградталды. 114 озат коллектив КПСС ОК-нің, СССР Жоғары Советі Президиумынын, СССР Министрлік Советі мен Кәсіподақтардың Бүкіл одақтық Орталық Советінің мерекелік құрмет грамоталарын алды.
9-бесжылдық ССР Одағынын құрылғанына 50 жыл толуымен тұстас келді. Мерекеге әзірлік және оны өткізу еңбекшілер бұқарасының социалистік жарысты жаңа күшпен өрістетуіне ұйтқы болды. Қазақстан магниткасының болат қорытушысы А. Дәрібаев, Целиноград облысы, «Шуйский» совхозы трактор бригадасының бригадирі М. Довжик өнім шығаруды үдету, СССР-дің 50 жылдығын лайықты қарсы алу жолындағы социалистік жарысты бастады. Бүкіл елімізге әйгілі қарт шахтер А. Стаханов Қарағанды шахтерлеріне «Кел, жарысайық, достар!» деген ашық хат жазды. Соколов-Сарыбай кен-байыту комбинатының атақты экскаваторшысы А. Антошкиннің патриоттық бастамасы кеңінен қолдау тапты; ол еңбек өнімділігін арттырудың өзіндік жеке бесжылдық жоспарын жасап, сол үшін күресуге үндеді.
Өткен 50 жыл ішінде Қазақстан экономикасында, мәдениетінде, әлеуметтік өмірінде, сондай-ақ басқа республикаларда және бүкіл елімізде болған өзгерістердің тарихта теңдесі жоқ. 1922-1972 жылдар ішінде өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 600 еседей өсті.
Мереке құрметіне республика Халықтар достығы орденімен наградталған болатын. 1973 жылы 15 августа КПСС ОК Бас секретары Л.И.Брежнев республикаға осы орденді тапсырды.
1974 жылы мартта республикада тың игерудің 20 жылдығы кеңінен атап өтілді. Бұл салтанатқа КПСС ОК Бас секретары Л. И. Брежнев қатысты.
9-бесжылдық кезінде өнеркәсіп, транспорттық құрылыс, байланыс орындарының 80 мыңдай, ауыл шаруашылығының 59 мыңнан аса озат қызметкерлері СССР ордендерімен және медальдарымен наградталды, ал 288 адам Социалистік Еңбек Ері атағын алды. Қазақ темір жол, Қаратау комбинаты, «Карагандауголь» комбинатының Костенко атындағы шахтасы, «Соколоврудстрой», «Целинтранстрой», «Главриссовхозстрой» трестері, Алматы сүт, Семей ұн және қоспа мал азығы комбинаттары Ленин орденімен наградталды.
КПСС 25-съезі (1976 ж. 24 февр. - 5 март) совет халқының революциялық жасампаз қимылдарының кеңінен құлаш жайып, терең тамырлағанын дүние жүзіне паш етті. Съезд 9-бесжылдықтың қорытындыларын шығарып, СССР халық шаруашылығын өркендетудің 1976-1980 жылдарға арналған негізгі бағыттарын бекітті. Кемелденген социалистік қоғам жағдайындағы партияның алдағы бесжылдыққа және онан да әріректегі болашаққа арналған экономикалық саясатының нақтылы нұсқаулары дәлденіп, одан әрі дамытылды. Еліміз экономикалық қуатын онан әрі арттып өндірістік қорларды кеңейтіп, түбірімен жаңарту, партияның жаңа кезенңдегі экономикалық стратегиясының егі б'олып табылады. 10-бесжылдық басты міндеті қоғамдық өндірісті калыпты және пропорциялы түрде дамыту, оның тиімділігін күшейту, ғылыми-техникалық прогресті тездету, еңбек өнімлілігін арттыру, халық шаруашылығының аграрлық буындарында жұмыс сапасын барынша жақсарту негізінде халықтын материалдық әл-ауқат және мәдени-тұрмыс дәрежесін арттыру бағытын дәйектілікпен жүзеге асыру. Осы себепті 10-бесжылдық - тиімділік пен сапа бесжылдығы деп бағаланды. Съезд экономиканы басқару, жоспарлау ісін жетілдіру мәселелеріне көп көңіл бөлді.
10-бесжылдықта Қазақ ССР-інің өндіргіш күштерін зор көлемде дамыту белгіленді. Республика өнеркәсібініц жалпы өнімі 5 жыл ішінде 40-44% артып, халық шаруашылығына 35 млрд. сом күрделі қаржы жұмсалады. Республика еңбекшілерін КПСС 25-съезінің тарихи шешімдері мен Қазақстан КП 14-съезінің карарларын жүзеге асыруға жұмылдыру, әсіресе Ұлы Октябрьлық социалистік революциясының 60 жылдығын тойлауға әзірлік пен оны өткізу, СССР жаңа Конституциясын талқылау мен қабылдау кезінде еңбекшілердің творчестволық және еңбек белсенділігінің тасқынды жігері 10-бесжылдық тапсырмаларын мерзімінен бұрын орыпдау жолындағы социалистік жарысты онан әрі өрістетіп, халқымыздың жасампаздық жігер-қайратын тасытты.
10-бесжылдықтың алғашқы 2 жылы ішінде республика экономикасын дамытуға 14,3 млрд. сом қаржы жұмсалды. 80-нен аса жаңа өнеркәсіп орындары салынды. Өнеркәсіп өндірісінің өсімі 7% болды. Жәйрем кен-байыту комбинатының 1-кезегі пайдалануға берілді. Павлодар - Шымкент мұнай құбырының алғашқы 100 км-і салынды; түбінде оның жалпы ұзындығы 1700 км- ден аспақ. Павлодар және Шымкент мұнай айыру зауыдтарының, Шиелісай кен-байыту руднигінің, Жезкент комбинатының, Қарағанды резина-техникалық бұйымдар комбинатының темір бетон құрылыс жұмыстары басталды.
1977 жылы республиканың индустриялық қуаты революциядан бұрынғы Қазақстан дәрежесінен 227 есе, 1940 жылғыдан - 29 есе, 1950 жылғыдан 12,5 есе асып түсті, 1978 жылы республика өнеркәсіп өнімі революциядан бұрыңғы бүкіл Россиядан 5 есе мол өндірілді. Жалпы өнім көлемі жөнінде Қазақстан одақтас республикалар ішінде, РСФСР мен УССР-інен кейін 3-орын алады.
10-бесжылдықтың төрт жылы ішінде республика Отан қоймасына үш рет млрд. пұттан астам астық құйды. Егер тың жерлерді игеруге дейін Қазақстаи ең тәуір жылдардың озінде мемлекетке 100 млн. пұттан аз-ақ артық астық тапсырған болса, 1976-1978 жылдар астық тапсырудың орташа жылдық мөлшері 907 млн. пұттан асып түсті. Мемлекетке сүт, жүн, жұмыртқа сату жөніндегі 2 жылдық жоспар артық орындалды. Мал саны кобейіп, мал шаруашылығының өнімділігі артты.
Республика партпя ұйымдары ауыл шаруашылық өрге бастырудың КІІСС 25-съезі белгілеп берген жан-жақты программасын жүзеге асыруға баса назар аударды.
Республика халық шаруашылығын тұтас алғанда, оның құрамы елеулі түрде жақсара түсті: халық шаруашылығының қоғамдық жалпы өнімінен өнеркәсіп 52%, ауыл шаруашылық 19%, құрылыс 16%, транспорт пен байланыс 6%, қалған салалар 7% орын алады. Қазақстанның аса бай және біркелкі дамып келе жатқан халық шаруашылық - алып индустриясы, механикаланған ірі ауыл шаруашылық, тарам-тарам транспорты мен байланыс жүйесі т. б. салалары, орасан зор экономикалық қуаты бар.
Қазақстан экономикасы осылайша өсіп, күннен күнге жетіліп келеді, оның коммунизмнің материалдық-техникалық базасын жасауға қосып жатқан үлесі де үздіксіз артып отыр. Мұның өзі совет халқының тұрмыс дәрежесін арттыруда жаңадан ірі қадам жасауға мүмкіндік берді. Ұлттық табыстың тез молаюына байланысты ондағы тұтыну үлесі де өсті. 1960-1975 жылдар халықтың қоғамдық тұтыну қорларынан алған жәрдемдері мен жеңілдіктері 4 есе (жан басына шаққанда - 2,8 есе) артып, 1975 ж. 4,8 млрд. сомнан асты. 8-бесжылдықта халық бұл қорлардан 13,8 млрд. сом, 9-бесжылдықта 20,6 млрд. сом алды. Жұмысшылар мен қызметшілердің ай сайынғы орташа еңбек ақысы 1960 жылы 81,5 сом, 1970 жылы 123,7 сомға дейін, 1975 жылы 147,6 сомнан артық болды; бұған қоғамдық тұтыну қорларынан берілген төлемдер мен жеңілдіктерді қосқанда тиісінше 108 169 және 205 сом еді. Қызметкерлердің ақыны аз алатын тобының еңбек ақысы 60 сомнан 70 сомға дейін көбейтілді.
1967 жылы барлық жұмысшылар мен қызметшілер екі демалысы бар бес күндік жұмыс аптасына көшті, соның өзінде олардың еңбек ақысы кеміген жоқ; мұның үстіне олардың ақылы демалыс (отпуск) мерзімі 15 жүмыс күніне дейін көбейтілді. Бұлар өлшеусіз зор мәні бар әлеуметтік-экономикалық түбегейлі шаралар болып табылады.
Пәтер үй құрылысы кеңінен құлаш жайды: 7- және 8-бесжылдықтарда 7,7 млн., 9-бесжылдықта 3,6 млн. адам турғын үй жағдайын жақсартты. Егер 1960 жылы қалалардың тұрғын үй қоры 36 млн. м2 болса, 1975 ж. 80 млн. м2-ден асты. Су құбырлары мен жылу, канализация жүйелері, автобус маршруттары мен трамвай-троллейбус жолдары едәуір көбейді. 1960-1975 жылдар халыққа көрсетілген тұрмыстық қызметтің көлемі қалаларда 5 есе, ауыл-селолық жерлерде 7 есе артты. Қарағанды мен Шымкентте троллейбус жүре бастады. Республика қалаларында 33 жаңа қонақ үй салынды. Сауда мықтап өрге басты: бөлшек сауда айналымы 2,1 есе өсіп, 1970 ж. 7,3 млрд. сомнан, 1975 ж. 10 млрд. сомнан асты. Халықты медициналық жағынан қамту едәуір жақсарды: дәрігерлер саны 14,4 мың-нан (1960) 1975 жылы 39,2 мыңға дейін көбейді. Егер 1960 жылы еңбекшілердің жинақ кассаларындағы қаржысы 322,7 млн. сом болса, 1975 жылы 3652,4 млн. сомға дейін өсті.
Колхозшылардың әл-ауқат дәрежесі неғұрлым жоғары сатыға көтерілді. 1961-1970 жылдар колхоздардың жалпы табысы мен колхозшылардың жылдық нақты табысы екі есе көбейді. Колхозшыларды қоғамдық өндірісті өркендетуге материалдық жағынан ынталандыру принципін жетілдіру, әсіресе КПСС ОК Март (1965) пленумынан кейін бұл шараларды неғұрлым батыл жүзеге асыру, еңбекке қосымша ақы төлеу жүйесі т. б. колхозшылардың табысын едәуір молайтты. 1970 жылы республика колхозшыларыныц еңбегіне қосымша ақыға 31 млн. сом ақша мен заттай өнімдер төленді.
Қоғамдық шаруашылықтан келетін түсімдер колхозшылар табысының құрамынан негізгі орын алды және ол жылдан-жылға тездете өсіп келеді. Ал оның бер жағында, көмекші және жеке шаруашылықтың алатын үлес салмағы төмендеп барады. 1965 жылдан бастап колхозшыларды кепілді пенсиямен қамтамасыз ету алғаш рет жүзеге асырылды. Республикада пенсия алатын колхозшылар саны 1965 жылы 177 мыңнан 1975 жылы 272 мың адамға дейін көбейді. 1971 жылы жұмысшылар мен қызметшілер үшін тағайындалған пенсия белгілеу шарттары колхозшыларға да қолданылатын болды. Бұл уақыт ішінде қорлардың көлемі 58% артып, жан басына шаққанда 173 сомнан 247 сомға дейін көбейді.
1960 жылдардың ортасынан бастап партия мен үкімет жүзеге асырған ірі шаралар, әсіресе колхозшылардың еңбегіне кепілді ақы төлеуді енгізу, колхозшылардың пенсияға шығатын жасын азайту, колхоз мүшелеріне ауырғанда және еңбекке уақытша жарамсыз болып қалғанда жәрдем тағайындау т. б. 1970 жылы колхозшылардың нақты табыстарын 1965 жылғымен салыстырғанда 38,7% молайтты. Республиканың ауыл-селолық жерлерінде бөлшек сауда айналымы 1,9 есе өсті. Колхозшылардың жинақ кассаларындағы қаржылары едәуір көбейді. Олардың тұрмыс жағдайы мен өмір салты елеулі түрде өзгерді. Колхозды ауыл-селоларда бұрынғы жер кепелер мен шым үйлердің орнына кең ауласы, шынылаған верандасы бар бірнеше бөлмелі коттедждер пайда болды. 1965-1970 жылдар колхоздарда жылына орта есеппен 8,2 мың тұрғын үй салынды. 8- және 9-бесжылдықтар кезінде республика колхоздарында 4324 мың м2 тұрғын үй салынды. Барлық колхоздар электрлендіріліп, көпшілігіне газ берілді. Көптеген ауылдар мен селоларда халықтың тұрмыс-жағдайы қаладағыдан айнымайды деуге болады. Республика ауыл-селоларында халыққа тұрмыстық қызмет көрсететін кәсіпорындар саны 1960 жылғы 3,2 мыңнан 1970 жылы 7,7 мыңға дейін көбейді. 1966-1975 жылдар ауыл-селолық жерлерде жаңадан 3 мыңнан аса қоғамдық тамақтандыру орындары, 2 мыңнан аса жаңа дүкендер, 1046 қосымша жинақ кассалары ашылды; бұлардағы жинақ сомасы 101 млн. сомнан (1960) 41 384 млн. сомға дейін көбейді.
Халық саны мен құрамында аса маңызды өзгерістер болды; ол неғұрлым көп ұлтты сипат алды. Оның жалпы саны 4 млн. адам көбейіп, 1977 ж. 14,5 млн-нан асты. Әлеуметтік-таптық қатынастар жұмысшы табыныц саны көбейіп, басшылық ролінің артуы, таптардың, әлеуметтік жіктер мен топтардың онан әрі интеграциялану процесі, қоғамның әлеуметтік бірлігінің пығаюы, қала мен деревня арасындағы, ой еңбегі мен дене еңбегі арасындағы елеулі айырмашылықтарды бірте-бірте жою бағытында жетілді.
Бұдан бұрынғы кезеңдегідей, индустриялық сала қызметкерлерінің үлес салмағы аграрлық саланың қызметкерлері есебінен артып отырды; мұның өзі еңбекшілердің өндіріс салаларына бөлінуінің негізгі тенденциясы болды. Өнеркәсіпте, құрылыста, транспорт пен байланыста жұмыс істейтіндердің республика халқынан алатын үлес салмағы 1960 жылы 38% болса, 1966 жылы 40%-тен аса көбейді. Осы уақыттың ішінде ауыл шаруашылық мен орман шаруашылығында жұмыс істейтіндердің үлес салмағы 39%-тен 30%-ке дейін азайды. Ауыл шаруашылығымен айналысатын халық сапы 200 мың адам кеміді.
Ауыр өнеркәсіпті дамыту қала тұрғызудың негізгі шартына айналды. Түсті және қара металлургия, көмір, мұнай, химия өнеркәсібінің осы заманғы орталықтары өсіп жетілді. Маңқыстау түбегін өнеркәсіп жағынан игеруге байланысты Жетібай, Ерәлі, Аңшы жұмысшы поселкелері, Шевченко, Жаңаөзен қалалары пайда болып, күннен-күнге өсіп келеді. Маңқыстау түбегінің халқы 120 мың адамға дейін өсті, онда 50-ден аса ұлттың өкілдері тұрады. 1961-1975 жылдар республикада барлығы 37 жаңа қала мен қала типтес 42 поселке салынды. Қала тұрғындарының саны 4,6 млн-нан 7,7 млн-ға жетті. 1975 жылы республика халқының 54%-і қалалар мен қала типтес жұмысшы поселкелерінде тұрды (ал 1960 жылға дейін бұл көрсеткіш 45% болған еді). 1959-1970 жылдар қалада тұратын қазақтар саны 1,6 есе өсті. Республика қалаларының осы заманғы бейнесі жаңарды. Балқаш қ. салыну көркемдігі жағынан СССР Мин. Советінің, Шевченко қ. халықаралық сыйлық алды.
Индустриялық өндіріс пен ауыл шаруашылық арасында қызметкерлер санының қайта бөлінуі өндіріс құралдарына деген жалпы халықтық меншік негізінде еңбек жұмсайтын салалардың онан әрі кеңеюіне жол ашты. Қолөнер кооперациясы жойылып, оның мемлекеттік өнеркәсіппен бірігуіне байланысты қалаларда жұмысшы табының сан жағынан өсуінің экономикалық базасы бұрынғыдан да күшейді. Орасан көп адам индустриялық және ой еңбегіне араласты. Жұмысшылар мен қызметшілер саны 1960 жылғы 3 млн-нан 1975 жылы 5,3 млн. адамға дейін өсті, сөйтіп бұл жөнінен Қазақстан басқа республикалардың ішінде 3-орынға шықты. Әсіресе жұмысшы табының индустриялық тобы тез өсті: өнеркәсіптің түрлі саласындағы жұмысшылардың саны жетінші, сегізінші, тоғызыншы бесжылдықтарда 1,8 есе, құрылысшылар саны 1,4 есе, транспорт қызметкерлерінің саны 1,4 есе, байланысшылар саны 2,5 есе көбейді. Жұмысшы қатарының көбею қарқыны өнеркәсіп салаларына қарай әр түрлі болды.
Қара металлургияда жұмысшылар катары неғұрлым тез көбейді. 1961-1970 жылдар жұмысшы саны мұнда 2,7 есе, химия және мұнай химиясы өнеркәсібінде - 2,6 есе, машина жасау мен металл өңдеуде - 2 есе, жеңіл өнеркәсіпте - 1,9 есе, тамақ өнеркәсібінде - 1,75 есе өсті.
Өндірістің одан әрі шоғырлануы, ірі кәсіпорындар санының көбеюі жұмысшы табының әлеуметтік-саяси дәрежесін жоғары сатыға көтеруге, оның ұйымшылдығын, топтасқандығын, саналылығын, идеялылығын арттыруға, жұмысшылардың қатарында өндірістік-мамандық жағынан түбірлі өзгерістер болуына, мамандықты неғұрлым көп керек ететін күрделі және мазмұнды еңбекпен айналысатын топтардың саны мен үлес салмағының артуына жәрдемдесті.
Ауыл-селода аса маңызды әлеуметтік өзгерістер болды. Жұмысшы табының мұнда тұратын бөлігінің саны 1975 жылы 1060 мың адам болды (ал 1960 жылы 662 мың адам еді). Бұл өсім негізінен республика жұмысшы табының аса үлкен тобы болып табылатын совхоз жұмысшылары қатарының көбеюі есебінен болды. Егер 1960 жылы олардың саны 586 мың болса, 1970 жылы 800 мыңнан асты, ал 1975 жылы 900 мыңға дейін көбейді. Бұлардың ішінде 260 мыңдай адам механизатор болып істейді. Республиканың барлық халқы, сондай-ақ оның еңбекке жарамды бөлігі ішінде колхозшы шаруалардың алатын үлес салмағы кеміп, олардың саны азайды. Егер 1960 жылы барлық колхозшылардың жылдық орташа саны 610,8 мың адам болса, 1970 жылы - 287,1 мың, ал 1975 жылы - 280 мың адам болды. Республика халқының жалпы санынан колхозшы шаруалардың алатын ұлес салмағы 1959 жылғы 20,7%-тен 1970 жылы 7%-ке дейін азайды. Колхоздарда механизаторлар саны тез көбейіп келеді: тек 9-бесжылдықта ғана олардың саны 4200 адамға көбейіп, 56 мың болды; мұның өзі барлық колхозшы шаруалардың 21%-і 10 жыл ішінде (1966-1975) 1-дәрежелі механизаторлардың (Қазақ ССР Ауыл шаруашылық министрлігі жүйесінде) улес салмағы 13,2%-тен 24,2%-ке дейін, 2-дәрежелі механизаторлар - 22,2%-тен 28,8%-ке дейін кобейді, оның есесіне 3-дәрежелі механизаторлардың үлес салмағы 64%-тен 47%-ке дейін кеміді. Ауыл шаруашылық өндірісінің индустриялануы мен арнап бейімделуіне байланысты ауыл-селода жаңа мамандықтар пайда болды - ауыл шаруашылық машиналарын техникалық жағынан диагностикалау шебері, құс өсіруші оператор, малды бордақылап семіртетін оператор, механизатор қойшы, машинамен сиыр сауатын шебер сияқтылар күннен-күнге көбейіп келеді. Республика халқының әлеуметтік құрамындағы озгерістер мына төмендегі кестеде көрсетілген.
Интеллигенция қатарының тез өсуі кемелденген социализм дәуіріне тән процесс болып табылады. 60 жылдар ішінде негізінен ой еңбегімен шұғылданатын адамдар саны 2 еседей көбейіп, 1,5 млн. адамнан асты (еңбек етіп жүрген барлық халықтың 28%-і). 1975 жылы халық шаруашылығында жұмыс істейтін жоғары және орта арнаулы білімі бар мамандар саны 1 млн-нан асты, ал 1960 жылы 340 мың, 1970 ж. 744 мың болған еді. 1960-1975 жылдар маман қазақтар саны 4 есе көбейді. Колхоз председателдері ішінде жоғары және арнаулы орта білімі барлар қазір 95%, совхоз директорлары ішінде - 99%, бөлімше және ферма басқарушылары ішінде - 55%. Әсіресе, инженер-техникалық қызметкерлердің өсу қарқыны ерекше жоғары (2,4 есе); халыққа қызмет көрсетумен байланысты қызметкерлер саны 2,8 есе, механизммен есеп шығаратын қызметкерлер - 10 есе көбейді.
Қазақ ССР халқы таптық құрамының өзгеруі
|
1959 ж. |
1970 ж. |
|
---|---|---|---|
Жұмысшылар мен қызметшілер |
79,2% |
91,6% |
|
68,1% |
|||
оның ішінде жұмысшылар |
59,5 |
||
|
|||
Колхозшы шаруалар мен кооперацияға біріккен қолөнершілер |
20,7% |
8,3% |
|
Кооперацияға бірікпеген қолөнершілер мен шаруалар |
0,1% |
0,2% |
60 жылдардың аяғында республиканың әкімшілік жүйесінде елеулі өзгерістер болды. 1961 жылы таратылған Талдықорған облысы 1967 жылы қайта құрылды. 1970 жылы жаңадан Торғай облысы, 1973 жылы - Маңғышлақ, Жезқазған облыстары ұйымдасты. Қазақ ССР құрамында 19 облыс бар, олардың 17-сі халық шаруашылығын өркендетудегі социалистік құрылыстағы жетістіктері үшін Ленин орденімен наградталған, ал Алматы және Қостанай облыстары бұл наградаға екі рет ие болды. Социалистік революцияның жеңісі жолындағы күреске сіңірген еңбегі, Отанымыздың жауларына қарсы шайқастарда ерлік көпсеткені, коммунистік құрылыстағы табыстары ушін және Қазақ ССР-і мен Казақстан Компартиясының 50 жылдығы құрметіне республика Октябрь Революциясы орденімен наградталды (1970 жылы 27 авг.). Социалистік және коммунистік құрылыстағы ерлік еңбектері үшін казақстандық 1558 адам Социалистік Еңбек Ері атағын алды. Н. Алдабергенов, Ж. Қуанытлбаев, Ы. Жақаев бұл атаққа екі мәрте ие болды. Отан алдындағы, Совет мемлекетінің алдындағы ерен еңбегі үшін КПСС ОК-нің Саяси бюросының мүшесі, Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші секретары Д. А. Қонаев жолдасқа Социалистік Еңбек Ері атағы екі мәрте берілді.
Социалистік мемлекеттік пен социалистік демократизм онан әрі нығайып, дами түсті. 1974 жылы СССР Жоғары Советі сайлауында Қазақ ССР-інен 71 депутат сайланды. Аға шопан С. Ж. Жақсыбаев Ұлттар Советі председателінің орынбасары болып сайланды. 1975 жылы июньде Қазақ ССР Жоғары Советінің сайлауы болды. Барлық сайланған 490 депутаттың тең жартысы жұмысшылар мен колхозшылар, 35%-і әйелдер, 1/3 бөлігінеп көбі партияда жоқтар болды. Республика жергілікті Советтерінің 121 мың депутаты ішінде жұмысшылар мен колхозшылар 84 мың, әйелдер 57 мыңнан артық.
1977 жылы октябрьде СССР жаңа Конституциясының қабылдануы социалистік демократияның үлкен мейрамы болды; оның негізінде 1978 жылы апрельде Қазақ ССР-інің жаңа Конституциясы бірауыздан мақұлданды. Жаңа Конституциялар социалистік қоғамның дамуындағы жаңа кезеңді - кемелденген социализм кезеңін заң жүзінде бекітіп берді.
Кемелденген социализм жағдайында бұқараның мәдени талғамы өлшеусіз өседі, мәдениетсіздіктің, білімсіздіктің сарқыншақтарын, мәдениет пен білім саласындағы әлеуметтік айырмашылықтарды, ескі идеологияның, буржуазиялық ықпалдың қалдықтары мен соқыр сенімдерін жою, жастар мен барлық еңбекшілерді коммунизм рухында тәрбиелеу көкейтесті қажет міндеттер дәрежесіне көтеріледі. «Адамның өзін жан-жақты дамытпайынша, ұлы істі - коммунизм құрылысын алға бастыру мүмкін емес, - деді Л. И. Брежнев ОК-нің КПСС 24-съезіне есепті баяндамасында. Тиісті материалдық-техникалық база болмайынша коммунизмнің болуы мүмкін еместігі сияқты адамдардың мәдениетінің, білімінің, қоғамдық санасының, рухани кемелдігініц дәрежесі жоғары болмайынша да коммунизмнің болуы мүмкін емес».
Бұдан бұрынғы жылдардағыдай, халық ағарту ісін дамыту проблемалары партияның мәдени саясатынын басты буыны деп бағаланды. КІІСС ОК мен Совет укіметі халық ағарту ісін дамыту жөнінде бірқатар аса маңызды қаулылар кабылдады: «Жастарға жаппай орта білім беруге көшуді аяқтау және жалпы білім беретін мектептерді онан әпі дамыту», «Кәсіптік-техникалық білім беру жуйесін онан әрі жетілдіру туралы», «Елімізде жоғары білімді онан әрі жетілдіру шаралары туралы», «Жалпы білім беретін селолық мектептердің жұмысын одан әрі жақсарту шаралары туралы» шешімдер алынды. 8-сайл. СССР Жоғары Советінің 6-сессиясында (1973 жылы июль) «ССР Одағы мен одақтас республикалардың халық ағарту туралы зандарының негіздері» қабылданды. Партияның 25-съезі жастарға политехникалық тәрбие беру, Совет адамдарын рухани және әдептілік жағынан жан-жакты және үйлесімді дамыту міндетін бүгін істелетін нақтылы іс ретінде алға қойды.
Советтік қоғамның рухани өміріндегі бұл өзгерістер Қазақстанда да болды және болып жатыр. 60 жылдардың басында республиканың мектептерін оқу мен тәрбиенің жаңа программа жоспарына көшіру жүзеге асырылды. Осыған сәйкес, республика мектептері ұшін жаңа оқулықтар мен методикалық құралдар шығарылды. 1972 жылы августа Қазақстан КП ОК мен укіметі жалпыға бірдей орта білімге көшу жолындағы күрестің аяктаушы кезеніне өту жөнінде қаулы кабылдады. 1974 жылы 27 декабрьде Қазақ ССР Жоғары Советінің 8-сессиясы Қазақ ССР-інің халық ағарту туралы заңын бекітті. Онда республика еңбекшілерінің мектепке дейінгі мекемелерден бастап жоғары оқу орындарына дейінгі оқу жүйесін дамыту ісіндегі жетістіктері баянды етілді. 9-бесжылдықта республикада халық ағарту ісінің барлық буындары өсіп жетіле берді. Бесжылдықтың басында мектеп оқушыларының саны 300 мың адамнан аса көбейіп, 1974 жылы аяғында 3 млн. 417 мыңнан асты.
Республика мектептерінің барлық турлерінде 3,5 млн. адам оқиды, жалпыға бірдей міндетті орта білім алуды жүзеге асыру үшін барлық жағдайлар жасалған. Тек 1977 жылы ғана 294 мың жігіт пен қыз (оның ішінде 229 мың адам - жалпы білім беретін мектептерде) орта білім алды; мұның өзі 9-бесжылдықтың алғашқы жылындағыдан 1,7 есе көп. 8-класты бітіргендердің 97,5%-і орта мектепке түсті.
Республикада көптеген жаңа техникумдар мен жоғары оқу орындары пайда болды. Олардың ішінде Қарағанды мемлекеттік университеті, Алматының Темір жол транспорты-инженерлері, энергетика, архитектура-құрылыс, театр- көркем сурет институттары, педагогикалық институттар бар. Жоғары оқу орындарының саны 54, арнаулы орта білім беретін оқу орындары 223 болды. Бұлардағы студенттер саны 500 мыңға жетті. Халықтың әрбір 10 мыңына шаққанда қазір бізде 160 студент бар.
9-және 10-бесжылдықтар Қазақстан ғылымында зор табыстарға жеткен кезең болды. Бұл уақыттың ішінде ғылыми қызметкерлер саны едәуір көбейді, яғни 8-бесжылдықпен салыстырғанда 3 мың адамнан аса, ғылыми докторлары мен кандидаттарының саны 2 мың адамға көбейді. Қазақ ССР РА республиканың шын мәнісіндегі ғылыми орталығына айналды; мұнда 1979 жылы ондаған ғылыми мекеме жұмыс істеді, оларда 10 мың адам еңбек етіп жүр, оның ішінде 3800 ғылыми қызметкер, Қазақ ССР РА-ның 53 академигі мен 85 корреспондент-мүшесі, 199 ғылыми докторы, 1,5 мыңнан аса ғылым кандидаты бар. Республика ғалымдары ішінде 7 адам Социалистік Еңбек Ері атағына ие болды, 88 адам Лениндік және СССР Мемлекеттік сыйлықтарының, сол сияқты Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
Республиканың ғылым қызметкерлері іргелі ғылыми зерттеулердің өрісін онан әрі кеңейтіп, тиімділігін арттыру, бар күш пен назарды ғылыми-техникалық прогрестің неғұрлым маңызды және болашағы зор бағыттарына жұмылдыру жөнінде аса жауапты міндеттерді орындап келеді. Бұлардың ішінен мыналарды атап көрсетуге болар еді: автоматты реттеудің желісіз жүйелерін абсолют тұрақтандыру және желісіз жүйелердің абсолют шамаларының дәлдігін айқындау, өсімдік рибосомдарын зерттеу жөніндегі бірқатар жұмыстар т. б. Өсімдік клеткаларында информосом - ішкі бөлшектердің жаңа түрлері бар екенін дүние жүзінде тұңғыш рет М. Айтхожин ашты; бұл үшін ол Лениндік сыйлық алды (1976). Аяқталған қолданбалы жұмыстардың ішінен: Мырғалымсай руднигінің орталық қабаттарын қазу технологиясын, «Карагандауголь» өндірістік бірлестігі шахталарында көмір алаңдарын ашуды мейлінше шапшаң жобалау жүйесін автоматтандыруды өндіріске енгізу әдістерін айтуға болады. Мұның ішінде тек соңғы әдістің озі ғана жылына 4 млн. сомнан аса экономикалық пайда береді.
Қазақстанның металлург ғалымдары тусті металдарды вакуумдеп рафинадтау процесін, қорғасын өндірісінің жартылай өнімдерінен рений алу технологиясын дүние жүзілік практикада бірінші болып жасады. Фосфориттер мен баланстан тыс жоғары кремнийлі кендерді бірлесіп өңдеудің аса тиімді технологиясы, мыс-мырыш қоспаларын кивцеттік әдіспен балқыту (кивцет - оттекті қалқымалы циклонды электротермиялық әдіспен балқыту) жүйелері өндіріске енгізілді. Өнеркәсіптік жолмен галлий өндіру СССР-де алғаш рет ұйымдастырылды. Глинозем алудың аса өнімді технологиясы мен өндіріс жағдайларында бактериялы құрғақ ашытқы алу әдістері жасалып, іс жүзінде қолданылды.
Академия ғалымдары өнеркәсіп орындарымен творчестволық ынтымақты нығайту, ғылыми-техникалық комплексті программалар жасау жөнінде едәуір жұмыстар істеді. Мүдделі кәсіпорындармен және ұйымдармен творчестволық ынтымақ туралы шарттар жасау сияқты өндіріспен байланыс түрлері дамып келеді. Зерттеу нәтижелерінің өндіріске енгізілуі ғалымдар еңбегі тиімділігінің өлшеуіші болып табылады. Мәселен, тау-кен институты жасаған бірқатар қондырғыларға АҚШ-тан, ГФР-ден, Канададан, Бельгиядан т. б. елдерден патент алынды. Бұлардың ішінде шағын диаметрлі шпурлар мен скважиналарды бұрғылайтын өздігінен жүретін қондырғы, соқпалы-айналмалы қимылды гидравликалық машина, соқпалы пневматикалық бұрғылау машинасы, соқпалы қимылды гидравликалық машина, оқжетек тәрізді манипуляторды программалық жолмен басқаруға керекті қондырғы, бұрғылау аспаптарын бұру үшін керекті реверсті храп механизмі т. б. бар.
У. М. Ахмедсафин бастаған гидрогеолог ғалымдар жүргізіп жатқан зерттеулердің біздің республикамыз үшін аса маңызды халық шаруашылық мәні бар. Бұлар жасаған гидрогеологиялық жаңа карта Сібір өзендерінің бірқатар ағын суын Арал теңізі алабына бұруды техникалық-экономикалық жағынан негіздеуге пайдаланылып отыр.
Республика жоғары оқу орындарының ғылыми коллективтері ойдағыдай еңбек етіп келеді, мұнда 20-дан аса проблемалық және 18 салалық лаборатория жұмыс істейді. Олардың көпшілігі халық шаруашылығына елеулі үлес қосып келеді. Тек 1974 жылы ғана Қазақстан жоғары оқу орындарының ғалымдары өндіріске 178 жаңалық енгізді, бұлардың істе сыналған экономикалық тиімділігі 16,7 млн. сом болды. 9-бесжылдықта жалпы алғанда жоғары оқу орындарының ғалымдары барлығы 5 мыңнан аса зерттеулерді аяқтап, өндіріске енгізді, бұлардың экономикалық тиімділігі 74,5 млн. сомға тең.
Республика ғалымдары тек өндіргіш күштерді дамытуға ғана үлес қосып отырған жоқ. Қаз. ССР ҒА мен жоғары оқу орындарында аса іргелі теориялық проблемалар да жемісті түрде зерттеліп келеді, қоғамдық құбылыстарды, мәдениетті, тарихты, осы заманғы әлеуметтік процестерді талдауға көп көңіл бөлінеді. Қазақстан философтарының материалистік диалектика жөніндегі еңбектері бүкіл одақ көлемінде танылды.
Талданып отырған дәуір - Қазақстанның көркем мәдениетін дамытудағы маңызды кезең болды. Бұл жылдары республика әдебиеті мен өнер қайраткерлері анағұрлым толысып, шыныға түсті. Қазақ мәдениетінің қарт қайраткерлері де өз халқына өнерімен жемісті қызмет етіп келеді, еліміздегі коммунистік құрылысқа белсенді ат салысып жүр. Мысалы, қазақ совет әдебиетінің қарт өкілдерінің бірі Ғабит Мүсіреповке Социалистік Еңбек Ері атағының берілуі осының айғағы. Қазақ совет әдебиеті С. Сейфуллин, Б. Майлин, I. Жансүгіров, М. Әуезов, С. Мұқановтардың дәстүрін дамыта отырып, тамаша шығармалармен толысты, онда көркем творчествоның кейбір жаңа жанрлары мен түрлері пайда болды, онан әрі дамыды (фантастика, саяхат, ғылыми-өмірбаяндық жанрлар т. б.). Ә. Нұрпейісов, Ә. Әлімжанов, О. Сүлейменов, Т. Ахтанов, I. Есенберлин, Ә. Тәжібаев, Ж. Молдағалиев, Қ. Мұхамеджанов, С. Мәуленов, Ғ. Мұстафин т. б. романдары мен пьесалары, өлең-жырлары жұртшылықтың жоғары бағасын алды. Ә. Нұрпейісовтың осы жылдары аяқталып, қазақша, орысшамсн қатар бірсыпыра европа тілдеріне аударылған «Қан мен тер» трилогиясы; ақын Ж. Молдағалиевтың тамаша өлеңдері СССР Мемлекеттік сыйлығына ие болды. Талантты қазақ ақыны Олжас Сүлейменов поэмалары мен өлеңдер циклі үшін Ленин комсомолы сыйлығына ие болды; бұлардың ішінде «Адамға табын, Жер, енді» поэмасы, «Қыш кітап» жинағы т. б. жұртшылықтың сүйіп оқитын кітаптары болып табылады. Дж. Неру атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты Әнуар Әлімжанов та бірқатар тарихи романдар мен повестер жазды.
Республика астанасы - Алматыда 1973 жылы Азия мен Африка елдері жазушыларының 5-конференциясы болды, ал 1974 жылы мұнда Совет әдебиетінің күндері зор табыспен өтті.
Қазақ совет өнері бұл жылдары аса құнды жаңа шығармаларымен байып, осы заманғы айқын өнерлі, өзіндік келбеті бар көркемөнер коллективтері шықты. Бұлардың ішінде М. О. Әуезов атындағы Академиялық қазақ драма театры артистерінің жазушылармен бірлескен творчестволық жемісті еңбегін атап көрсетуге болады. Театрдың «Қан мен тер» (Ә. Нұрпейісов) спектаклі, сондай-ақ Қ. Мұхамеджанов пьесалары зор табыспен өтіп жүр. Композиторлар С. Мұхамеджанов, Е. Рахмадиев, Ғ. Жұбанова, Қ. Қожамияров т. б. қазақ мұзыкасын талантты шығармаларымен байытты. Бұл ретте әсіресе Рахмадиевтың, Жұбанованың, Мұхамеджановтың, Қ. Қожамияров пен Гейльфустың «Алпамыс», «Еңлік - Кебек», «Жұмбақ қыз», «Садыр палуан», «Рихард Зорге» сияқты жаңа операларын атап айтқан жөн.
СССР халық артистері Б. Төлегенова, Е. Серкебаев, Р. Жаманова. Р. Бағлянова, Е. Диордиев, X. Бөкеева, X. Харламова, Социалистік Еңбек Ері, Қазақ ССР халық артисі С. Қожамкұлов, Қазақ ССР халық артистері Б. Досымжанов, Қ. Бадыров, К. Қармысов, ЬІ. Ноғайбаев т. б. сахналық өнер саласында аса зор және жемісті жұмыс істеп келеді. Жас таланттар Роза Рымбаева, Әлібек Дінішев, Тимур Мыңбаев, Рамазан Бапов т. б. бүкіл одақтық және дүние жүзілік аренаға шықты.
X. Наурызбаев, Қ. Телжанов, С. Мәмбеев, Е. Сидоркин, А. Ғалымбаева, Г. ЬІсмайылова т. б. кескіндеме мен мүсін онері саласында жемісті еңбек етіп келеді. Қазақстан кино өнерінің дамуында жаңа құбылыстар байқала бастады. Әсіресе қазақ және қырғыз кино студияларының творчестволық ынтымағы жемісті болды, мұның нәтижесінде «Көксерек», «Қараш-қараш» сияқты тамаша фильмдер туды.
Бұл жылдары эстрада, балет, цирк саласында жаңа көркемонер коллективтері пайда болды. «Гүлдер», «Дос-Мұқасан» жас коллективтері мен киноактерлер театр-студиясы т. б. елеулі табыстарға жетті.
Кемелденген социализм - рухани байлықтардың барлық салаларын үздіксіз дамыту жағдайларында мәдени алға басу проблемаларын біркелкі шешіп отыратын қоғам; мұнда мәдениетті тарату, әсіресе, бұқаралық информация мен насихат құралдарын үздіксіз жетілдіріп отыру талап етіледі.
Теледидар программаларының орта тәуліктік колемі 270 сағатқа жетті. Республикада программалық 15 орталық пен соншалықты теледидар студиялары, сол сияқты хабар беретін 111 тараткыш бар, бұлар теледидар программаларын трансляциялаумен және ретранциялаумен шұғылданады. Республикада әрбір 100 семьяның пайдалануында 75 телевизор мен 85 радио қабылдағыш бар (1978). Республикалык 4 және облыстық 19 программа бойынша қазақ, орыс, ұйғыр, корей, неміс, өзбек тілдерінде радио хабарлар беріледі. Жергілікті радио хабарлардың тәуліктік орташа көлемі 70 сағат шамасындай.
9-және 10-бесжылдық кезінде республикада бірсыпыра жаңа баспалар пайда болды (Қазақ совет энциклопедиясының бас редакциясы, «Қайнар», «Жалын», «Өнер». Қазір бізде 8 баспа бар. Оларда қазақ, орыс, ұйғыр, корей тілдерінде жылына 2 мың кітап шығады, тиражы 30 млн. данаға жуық. В. И. Ленин шығармаларының 55 томдық толық жинағы қазақ тілінде ойдағыдай шығып келеді. Республика тарихындағы тұңғыш Қазақ совет энциклопедиясын шығару аяқталды (12 том, 1978). Республикада 426 газет, 60-тан астам журнал мен журнал типті басылымдар шығып тұрады.
Кітапханалар, клубтар, кино жүйесі, лекторийлер, мәдениет үйлері мен сарайлары, музейлер, көрме залдары, сурет галереялары, оқу үйлері мен залдары сияқты мәдени-ағарту мекемелері қаулап өсіп, тез дамыды. Үгіт автобустары мен автоклубтар тәрізді жылжымалы мәдени-ағарту мекемелері ойдағыдай жұмыс істеп келеді. Революциядан бұрынғы көзбен салыстырғанда кітапханалар саны 65 рет, ал олардың кітап қоры - 810 рет өсті. Қазір республикада барлығы 19 мыңнан аса кітапхана бар (19781; олар әр түрлі ведомстволарға қарайды да, алуан түрлі жұмыс жүргізеді Кітапханалардың қызметімен жылына 9 млн. окырман, яғни Қазақстан халқының 70%-тен артығы пайдаланады. Республиканың бірыңғай кітап қорында 160 млн-нан аса кітап бар; бұл әрбір оқырманға 12 кітаптан келеді.
1974 жылы аяғында киноқондырғылар саны 9,5 мың, ал жұрттың киносеанстарға қатысуы жылына 289 млн. болған. Клуб мекемелерінің саны 1970 жылғыдан 400-ге көбейіп, барлығы 7573-ке жетті, оның ішінде ауыл-селолық жерлерде 6736 клуб бар. Халық университеттерінің, халық театрларының, көркемөнер коллективтерінің саны күрт көбейді, мұның өзі бұқараның өнер саласындағы белсеңділігінің шарықтап өскенін көрсетеді. Бұлар буржуазиялық суайттардың: халық бұқаралары қашан да мәдени мұраны пайдаланушы ғана болып келді деген сандырақтарының күлін көкке ұшырды.
Советтік құрылыс пен социалистік тұрмыс салты негұрлым дамыған сайын бұқараның мәдениеттен оқшау тұруын біржолата жойып, адамның барлық таланттары мен қабілеттерін айқын көрсету үшін жағдайлар жасады.
Біздің тәжірибеміз ұлттық мәдениеттер мен ұлттық тілдердің халықтар бір-бірімен біте қайнасып, кеңінен ынтымақ жасаған жағдайда ғана қаулап өрге басатынын және сөйтіп өркендеп келе жатқанын көрсетеді. Мәселен, қазақ тілі тек социализм заманында ғана алуан салалы мемлекеттік тілге айналды; бұл тілде миллиондаған кітаптар шығып жатыр, мектептер мен жоғары оқу орындарында сабақ осы тілде жүргізіледі, дүние жүзілік әдебиет пен ғылыми ой-пікірдің аса көрнекті шығармалары осы тілге аударылып келеді.
Қазақстан мәдениеті бұл күнде дүние жүзінің 97 елімен байланыс жасайды. Әсіресе мәдени және ғылыми байланыстар кеңінен дамып келеді. Қазақстан халықаралық конференциялар мен съездер, семинарлар мен симпозиумдар өтетін жерге айналып отыр. Тек соңғы жылдардың өзінде ғана Қазақ ССР-інде халық ағарту, кітапхана ісі жөнінде халықаралық семинарлар, Экономикалық өзара көмек советі елдерінің конференциялары, көшеде жүру қауіпсіздігі жөніндегі конференция, жалпы және қолданбалы химия жөніндегі бүкіл дүние жүзілік 11-Менделеев съезі, Шығыстың аса ұлы ойшылы Әл-Фарабидің туғанына 1100 жыл толуына арналған халықаралық конференция, Алматыда болған халықаралық Лениндік симпозиум, Азия мен Африка елдері жазушыларының 5-конференциясы, Азия елдерінің 3-музыкалық трибунасы, Бүкіл дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының кезекті конференциясы т. б. өткізілді.
Әдеб.: Ленин В. И. О Средней Азии и Казахстане, Таш., 1960; История Казахской ССР, 3 изд., т. 1-4, А.-А., 1978-1979; Акишев К.А., Кушаев Г.А. Древняя культура саков и усуней долины реки Или. А.-А., 1963; Акишев К. А. Курган Иссык, М., 1978: Зуев Ю. А. К этнической истории усуней, «Тп. Ин-та истории, археологии и этнографии АН КазССР», т. 8, 1960; Бартольд В. В., Очерки истории Семиречья. Усуни. Соч., т. 2, ч. 1, М., 1963; его ж е, Туркестан в эпоху монгольского нашествия, Соч., т. 1, М., 1963; Бернштам А. Н. Социально-экономический строй орхоно-енисейских тюрок VI-VIII вв., Л. 1946; Бичурин Н. Я. Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена. 2 изд., т. 1-3, М.-Л„ 1950-1953; Байпаков К., Ерзакович Л. Древние города Казахстана. А.-А., 1971.
Жарияланған-2023-03-24 17:27:06 Қаралды-909
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану