UF

 

Тақырыбы: «Оңтүстік Қазақстанның таулы аймақтарында өсірілетін меринос қойларының өнімділігіне әсер ететін экологиялық факторлар»

 

 

 

Кіріспе......................................................................................................

 

1

Әдебиеттік шолу...............................................................................

 

1.1

Қойды жайылымда күтіп-бағу технологиясы....................................

 

1.2

Қой өсіру технологиясының экологиялық негіздері..............................

 

1.2.1

Қой қораларға қойылатын экологиялық-санитарлық талаптар.......

 

1.2.2

Қой топтарын күтіп-бағудың ерекшеліктері......................................

 

1.2.3

Қойларды қырқу гигиенасы...............................................................

 

1.2.4

Саулықтарды төлдету және қозы өсіру экологиясы..............................

 

1.2.5

Қойларды жайып-семірту және бордақылау экологиясы......................

 

2

Негізгі бөлім.........................................................................................

 

2.1

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының әдістемелері.......................................

 

2.2

Оңтүстік-қазақ меринос қойының сүттілігіне қоршаған орта факторларының тигізетін әсері................................................................

 

2.2.1

Қой сүтінің физикалық қасиеті мен химиялық құрамы.........................

 

3

қоршаған орта факторларының меринос жүнінің шығымына және сапасына тигізетін әсері....................

 

3.1

Жүннің эмбриональді кезеңде пайда болып, қалыптасуы....................

 

3.2

Жүн талшықтарының гистологиялық және морфологиялық құрылымы...................................................................................................

 

3.3

Жүн талшықтары түрлерінің физикалық және химиялық қасиеттері..................................................................................................

 

4

Қой терісінің құрсақта қалыптасуына, дамуына, морфологиялық және гистологиялық ерекшеліктеріне тигізетін әсері...............................................

 

5

Сыртқы орта факторларының қойдың өсіп-жетілу, қой етінің морфологиялық және химиялық құрамына тигізетін әсері............................................................

 

 

қорытынды...........................................................................................

 

 

пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........................................

 


Кіріспе

 

Тақырыптың өзектілігі. Оңтүстік Қазақстанның табиғи-климаттық жағдайы қойларды жыл бойы жайылымда ұстап, оларды қысқа жинаған жемшөп қорымен үстеп азықтандыруға негізделген. Сондықтан қойлардың интенсивті өсіп-даму процесіне, жоғарғы өнімділігіне әсерін тигізетін қоршаған ортаның абиотикалық факторларымен бірге жайылымды пайдалану және үстеп толыққұнды азықтандыру маңызды роль атқарады. Малды нашар азықтандырғанда жануарлар эмбрионализм, инфактилизм және неотения сияқты жетілмей қалушылықтың формаларына душар болады. Оның үстіне қазіргі техногенез дәуірінде алыстағы жайылымның өзі қысқа дайындалған жем-шөп химиялық агенттермен ластанып, қазба байлықтарды өндіру (уран, көмір, фосфор, т.б.) және мал шаруашылығын жекешелендіру барысында жайылымды пайдаланудың технологиясы бұзылып, қоршаған ортаға түсетін ауыртпалық атып отыр. Осы жағдайларға байланысты біздің ғылыми-зерттеу жұмыстарымыздың мақсаттары мен міндеттерінің өзектілігі арта түседі деп айта аламыз.

Жануарларға нақты әсер ететін факторлардың негізгілер деп ауыз су сапасы, ауа райы, қора-қопсы және басқа өндірістік орындардың экологиялық жағдайын қосатын болсақ біздің ғылыми-зерттеу жұмыстарымыздың маңыздылығы арта түседі деп сенеміз.

Ғылыми-зерттеу жұмыстардың мақсаты – қоршаған ортада қалыптасқан экологиялық факторлардың қой шаруашылығы өнімділігіне және оның сапасына тигізетін әсеріне баға беру болып табылады.

Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей мәселелерді шешу қажет етеді:

  • қойды жайылымда күтіп-бағу технологиясы;
  • қой өсіру технологиясының экологиялық негіздері;
  • табиғи климаттық факторлардың, қой қораларының микроклиматының қойдың өнімділігіне тигізетін әсері;
  • су көздерін ластаушыларды анықтау;
  • жайылым өсімдіктерінің, жем-шөп қорының сапасының қой өнімдеріне тигізетін әсері.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының жаңалығы. Қой шаруашылығы жекешелендірілгеннен кейін пайда болған майда фермерлік шаруашылық-тардың көшіп-қонуы шектеліп, жалға алған жер көлемінде қысы-жазы тұрақтап, су көзі және қора маңының табиғи жайылымның өнімділігі күрт төмендеп және көңге батып нашарлаған кезінде қоршаған ортаның компоненттерінің жиынтығының қой өнімділігіне тигізетін әсерін зерттеу болып табылады.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының маңызы. Жайылымға түскен ауыртпалық, су көздерінің ластануы, қой қора микроклиматы, тұрғын үй маңының санитарлық-гигиеналық жағдайы туралы мәліметтер қойды күтіп-бағудың жаңа технологиясын жасауға негіз болып, жайылымды түбегейлі жақсартып, қой шаруашылығының өнімділігін арттырады.

 

Дипломдық жұмыстың көлемі және құрылымы. Дипломдық жұмыс   бетке компьютерлік мәтінмен терілген. Жұмыс мазмұны кіріспеден, әдебиетке шолудан, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Оның ішінде   кесте,    сурет бар.

 

 

1 Әдебиеттік шолу

 

Оңтүстік-қазақ меринос – биязы жүнді және етті қойы 1946-1966 жылдары жергілікті қазақы қылшық жүнді саулықтарды кавказдық, ставропольдық, грозныйлық, австралиялық биязы жүнді қошқарларымен шағылыстырылып шығарылды. Бұл жұмыс Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданындағы «Күйік», Жданов атындағы кеңшарларында жүргізілді. Климаты, оты, суы басқа жерден әкелінген қошқарларды оңтүстік өңіріне жерсіндірі, күрделі жұптаулардың арқасында ОҚО-ның климатына төзімді, төлдегіштігі, жүнінің сапасы жоғары меринос қойы жыл бойына жайылымға бейім таулы аймақтарды жақсы пайдаланатын жергілікті жерге қолайлы қой тұқымы. Бірақ жекешелендірулерге байланысты мал басы тым азайып қалды. Меринос биязы жүнге дүние жүзінің жеңіл өнеркәсіп орындарынан, қашан да болса, сұраныс көп болғандықтан, баяғы жұмысты 5-6 фермерлік шаруашылықта жандандыра бастады. Біздер солардың бірі «Алтын төбе» фермерлік шаруашылығында 2011-2013 жылдары Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шауашылығы ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлерімен бірлесе тәжірибе жүргіздік.

 

 

1.1 Қойды жайылымда күтіп-бағу технологиясы

 

Оңтүстік Қазақстанның табиғи-климаттық жағдайында, кейбір жылдары қойларды жыл бойы жайылымда ұстайды да оларды қыс мезгілінде тек үстеп азықтандырады. Сондықтан бұл өңірде азық қорының 75% жайылымнан алынады. Алайда жайылымдар негізінен шөлейт, жартылай шөлейт жерлерге орналасқандықтан олардың өнімділігі мардымсыз (1,5-2,5 ц/га). Бұл жайылымдар жыл мезгіліне байланысты алмасып пайдаланады. Шамамен барлық жайылымдардың 32 пайызы жаздық, 44 пайызы көктемгі-күздік, 12 пайызы қыстық деп белгіленсе, ал қалған 12 пайызы жыл бойы пайдаланатын жайылымдар. Басты мақсат осы әр түрлі жайылымдарды дұрыс пайдалана білу шаруашылық, экономикалық және экологиялық жағынан өте пайдалы [4, 11, 14, 16, 18, 23, 25, 29].

Малды жайылымда ұстаудың экологиялық маңызы өте жоғары. Жайылым шөбінде қырдан дайындалған пішенмен салыстырғанда қоректік заттар 1,5 есе артық. Өйткені шөпті кептіру барысында ондағы қоректік заттардың біразы жоғалып, олардың мал организміне сіңімділігі (15-20%) нашарлайды. Көк шөптің құрамында мал организмінің қажеттілігін қанағаттандыратын әртүрлі витаминдер бар. Көк шөптің құрамында пішенмен салыстырғанда каротин мөлшері 10 есе жоғары болатыны белгілі. Жайылымдық кезеңді малды толыққұнды азықтандыру оның өнімділігін жоғарылатады [11, 14, 16, 20, 23].

Жүрек-қантамыр, тыныс алу, ас қорыту, эндокриндік және жүйке жүйесінің қызметін және зат алмасуды жақсартатын моцион (серуен), кн сәулесі және қолайлы ауа ортасы жайылымдық кезеңнің маңызды экологиялық факторлары болып табылады.

Жайылымдық кезеңде мал өнімдерінің (сүт, ет, жүн) көлемі артады және өзіндік құны төмендейді. Көптеген аймақтарда жайылымдық шөптің азық бірлігінің өзіндік құны басқа азықтармен салыстырғанда 1,5-3 есе төмен.

Дегенмен, малды жайылымда ұстау тиімділігі жайылымның өнімділігіне, оның рациональды пайдаланылуына және экологиялық-санитариялық тәртіпке байланысты (зиянкес жәндіктермен және кенелермен күресу).

Малдың жаздық бағым-күтімі, әсіресе өрісте (жайылымда) ұстаған кезде арзан жем-шөптің есебінен ең мол өнім алуға болатын қолайлы маусым болып саналады. Жаз маусымын түліктің сақайып, сауығатын, толығып, денсаулығы қалыпқа келетін кезең деуге тұрады.

Жаздық бағым-күтімнің профилактикалық маңызы өте жоғары. Жазда қойды өрісте бағудың шынықтырушы, сақайып-сауықтыратын маңыздылығы-ның мәні организмге сыртқы ортаның қолайлы да, оңтайлы да құрамдағы экологиялық факторларының әсер етуінің нәтижесі деп саналады. Ондай қолайлы факторларға – аэроиондарға бай таза ауа, күн сәулесінің қызуы, температураның, ылғалдылықтық, ауа қозғалысы жылдамдығының белгіленген шекке дейін көбейіп құлдырауы, үйлесімді моцион, жас әрі құнарлы жем-шөп жатады. Әрі жаз айларында мал организмінің табиғи төзімділігін төмендетумен қатар зат алмасу процесінің бұзылуына, жем-шөпке зауқы (тәбет) соқпау және де қан-тамыр, тыныс алу жүйелерінің қызметін бұзатын факторлар мал қорада баққанда кездесетін ортаның жағымсыз, кері әсерлері (дымқылдық, улы газдар, күн сәулесінің жетіспеушілігі, қозғалыстың шектелуі, яғни гиподинамия, құнарсыз азықтандыру, т.б.) жойылады. Аталмыш құбылыстар жем-шөптің құнын толық өтемеу, қысыр қалу, ацидоз, остеодистрофия, өкпе сырқаттарының төлде жиі өршуінің басты себепкері болып табылады [5, 7, 9, 12, 14, 16, 23, 28, 29].

Әрбір, әсіресе шалғайдағы жайылымдар ерте көктемде мамандар тарапынан тексеріліп, мал өлекселері мен жемтік сүйектерінен, минералды тыңайтқыштар қалдықтарынан, өсімдік шірінділері, көң, тас, шөпшек қалдығы, ағаш үйінділерінен тазалануы қажет. Бұршақ тұқымдастар өскен жайылымға және қатқақ шықты күндері малды аса сақтықпен жаю талап етіледі. Өйткені, ондайда малдың жем қорыту қызметі бұзылып (тышқақтау, іш кебу) іш тастайды, суықтан болатын аурулар өршиді [4, 9, 11, 16, 23, 31].

Кей өлкелерде фермадан шалғай жайылымға шыққанда отарлап бағу тәсілін пайдаланады. Отардағы (отгондағы) жайылымға төл, бойдақ мал және семіртетін қойларды шығарады. Малды шалғайда бағуға арналған шаралар жүргізіледі. Олар мал жайлауға келерден бұрын алдын-ала дайындалуы тиіс.

Өрісті дұрыс әрі тиімді пайдаланудың тетігі – жайлауға малды дұрыс айдап не тасымалдап жеткізу.

Егер жаздық жайылым тауда болса (3 км-ден биікке көтерілерден бұрын) алдын-ала түлікті көндіктіріп, биіктікке бейімдеу процесі бірте-бірте көтерілу арқылы жүргізіледі.

Жайылым (өріс) топырақ қыртысының сипатына, жер рельефіне (бедеріне), шөптілігі мен оның ботаникалық құрамына, шаруашылықтан қашықтығына байланысты әр түліктің түрлі топтарына бірдей үйлесе бермейді [4, 9, 10, 16, 23.

Қойлар үшін құрғақ тозаңсыз қою аласа шөптер өскен жайылым қолайлы. Ормандағы жайылым ішінен қойға үлкен алаңқайлар ғана жарамды. Қой тау, жазық жайылымы жақсы, керісінше батпақты шалғындар мүлдем жарамсыз. Ондайда қойда тұяқтың бөлінуі, бақайқұрт және бауырқұрт (фасциолез), диктиокаулез инвазиялары жиі кездеседі. Сондай-ақ тікенекті селеу шөп өскен жайылымда жаю, әсіресе масақтану мен пісіп жетілуі кезеңінде (маусымның алғашқы жартысында) қойды жаю өте қауіпті. Жетілген селеу масағы қой жүніне ілініп, терісін жарақаттай, тері астындағы клетчатка (қоң) қабатына енеді, одан әрі ішкі ағзаларға өтіп жарақаттайды. Тіптен көп ретте өлім қаупіне ұшырайды. Арам шөп кездеспейтін екпе жайылымдағы қой жүні таза әрі жарақатсыз келеді [5, 9, 14, 24, 25, 31].

Шаруашылықта жайылымда бағылатын түлікті дайындау, жоспарлау тәртібі қатаң сақталуы тиіс. Қой шаруашылықтарында түлікті бірнеше отарға бөледі. Олар қозыларын енесінен айырға (бөлінген) және айырмаған саулық қой тобы, семіретін қойлар, ісек еркек қойлар отары.

Жаздық жайылымның тиімділігі – жайылымды дайындауға, көшіруге, айдауға және әртүрлі топ пен түлікке сәйкес өрісті үйлесімді пайдалануға байланысты болады.

Малды жайылымда ұстауға ауыстырар алдында шаруашылықтың ветеринариялық шараларының жсопары бойынша малды тексереді және экологиялық-санитариялық шаралар жүргізіледі: әлсіз, ауру және ауруға күдікті малды анықтайды; сәйкесінше ем тағайындайды; созылмалы індеттерді (туберкулез, бруцеллез) анықтау үшін арнайы диагностикалық зерттеулер (туберкулинизация және т.б.) жүргізіледі.

Індетті ауру малды оқшаулайды және шаруашылықтарда ветеринариялық заңдылыққа сәйкес шараларды іске асырады. Ішқұрт ауруларын анықтау үшін гельминтологиялық зерттеуер жүргізеді. Ауру малдар және қарауыл иттерді дегельминтизациялайды.

Жайылымға шығар алдында малға топырақ індеттерінің (топалаң, қарасан және т.б.) алдын алу үшін дуалық вакцина егеді.

Жайылымда ұстауға дайындық барысында топтарды құру үшін қойдың сырғасының нөмірін тексереді, тірілей салмағын анықтайды және жынысына, жасына, өнімділігіне және денсаулығының жағдайына қарай топтайды.

Малды жайылымда ұстауға ауыстырар кезінде мал организмін азықтандыру жағдайының өзгеруіне дайындаудың маңызы зор. Балауса көк шөпті малға бірден тойдыра жегізуге болмайды, себебі көп жағдайда диарея, тимпания және өнімдліктің төмендеуімен сипатталатын ас қорытудың бұзылуы байқалады, ал кейбір жағдайларда ол іш тастаумен, жайылымдық тетаниямен және басқа да асқынулармен сипатталады. Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін 7-10 тәулік ішінде азықтық рационды өзгертеді, яғни шырынды көк шөптің мөлшерін біртіндеп көтеріп, сәйкесінше құрғақ азықтың мөлшерін төмендетеді. Осы мақсатта жайылымға шығар алдында малды құрғақ азықпен азықтандырады, яғни мал көк шөпке қатты тойып кетпес үшін.

Жайылымдық ұстаудың басында малды 2-3 сағатқа жаяды және 7-10 күн ішінде малды көк шөпке толық үйрету үшін біртіндеп жаю уақытын ұзартады [4, 11, 14, 16, 23].

Таулы жайылымға шыққанда мал иірілетін түнеме немесе тұрақ жасау үшін алаң таңдалып алынады. Топырағы нығыз, қатты су сіңіргіш, тегіс немесе оңтүстікке қарай еңістеу жер өте қолайлы. Әлбетте батпақты жерден қашық, жолдан алыс, бірақ пішендік, шабындыққа және суару көздеріне жақын  орналасуы жөн, сонымен қатар мал айдап өтуге, жем-шөп тасымалдауға қолайлы болғаны дұрыс.

Егер суару табиғи су көздерінен (өзен, көл, тоған, құдық, т.б.) жүргізілетін болса, мына талаптарды орындау қажет: судың гигиеналық анализі және экологиялық тексеріс; су тұтыну мөлшері, қажет болған жағдайда су тазарту; құдықты жөндеу және жағалауды бекіту және ашық су жағалауын қоршау; суға түсетін жол, соқпақ салу, суару алаңын көркейтіп жабдықтау; су ішетін науа орнату және түліктің тобына, жасына сәйкес суару кезегін ұйымдастырумен қатар суару алаңымен науа тазалығын сақтау, т.б.

Өріске суаруға мал жүретін жолдар мейлінше кең де еркін жүруге қолайлы (14-25 м) әрі жолдан алыс болғаны жөн [11, 18, 19, 20].

Шаруашылықтар үшін ең дұрысы – табиғи жайылымдарды дұрыс пайдалану, оларды дер кезінде ауыстырып отыру. Ал, істен шыққан жайылымдарға жасанды шөптер егу олардың өнімділігін арттырудың ең тиімді жолы.

Шаруашылықтарда жайылымды пайдаланудың келесі жүйелерін қолданады: айдамалық (тұрақты) және лагерьлік (алым-жайылымды).

Жайылым мал фермасына жақын болған жағдайда (1,5-2 км) айдамалы жүйе қолданылады. Бұл кезде қойды түнетуге тұрақты мал қораларына айдап алып келеді. Айдамалы жүйе аз қолданылады, себебі алыстағы жайылымдарды қолдануға мүмкіндік бермейді.

Лагерьлік жүйеде малды барлық жайылымды уақыт бойына қыстық қора-жайлардан жайылымға ауыстырады, онда уақытша және тұрақты орындар ұйымдастырылады. Лагерьде ұстау тек малдың денсаулығын жақсартып қана қоймайды, сонымен қатар ол мал фермаларында жөндеу жұмстарын және санитариялық-гигиеналық шаралар жүргізуге де мүмкіндік береді.

Шөлді, жартылай шөлді және кейбір далалы аймақтарда малды уақытша алыс жайылымдарда бағып-ұстау кеңінен қолданылады: көктемгі, жазғы, күзгі және қысқы.

Малды лагерьлік жағдайда ұстауды ұйымдастыру барысында жайылым қондырғыларына және дайындыққа үлкен көңіл бөлінеді.

Малды алыс жайылымдықтарда ұстаудың ерекшелігі – үлкен табиғи жайылымдарды пайдалануда, оларда малды тек көктемде немесе жазда, күзде немесе қыста және жыл бойына жаяды. Құрғақ аудандарда (шөл, жартылай шөл және құрғақ дала) табиғи шөптің өсімділігі тек көктемде, яғни ылғал мол кезде ғана артады, сондықтан бұл жерлерде көктемгі өсімдік – эфемердің көбеюіне байланысты көктемгі жайылым пайдаланылады. Жазғы кезде шөбі жай құрғайтын және ылғалы тамырында ұзақ сақталатын жайылымдар қолданылады. Шөлді және жартылай шөлді жайылымдарда күзгі жаңбыр және суықтан кейін мал жусанды жақсы жейді, себебі бұл кезде оның ащылығы мен иісі кетеді [4, 5, 14, 16, 21, 23].

Аэрокосмотық зерттеулерге сүйенсек, қазіргі уақытта республикада 103-60 млн.га аралығындағы жерлер (оның ішінде жайылымдар) құрғақшылыққа ұшырауда. Оның негізгі себебі жайылымдардың толассыз қолданылуы әрі 1 га жайылымға малдардың шамадан тыс жайылуы. Мысалы, ОҚО бір бас қойға керекті 2-3 га жафылым орнына бар жоғы 0,8 га келуі. Мұндай жағдай жайылымның құнарлығын төмендетіп, оның келешегіне үлкен зиян келіруде. Жайлаудың тығыздығы мен дұрыс қолданбауы жеуге келмейтін улы шөптердің өсуіне жол беріп отыр.

Жайылымдарды дұрыс пайдалану олардың өнімділігін 2-3 есе арттырады.

Жайылымды пайдаланудың 2 түрлі әдісін ажыратады: еркін (жүйесіз) және загонды (жүйелі) [4, 11, 14, 16].

Еркін немесе жүйесіз жаю әдісі жайылым топырағын және өсімдік жабынын жүдетуге әкеп соғады.  Бұл әдісте жайылымдағы өнімділігі төмен және мал жемейтін шөптердің көбею есебінен құнды азықтық өсімдіктер (дәнді-бұршақты) ығыстырып, олардың саны азаяды. Нәтижесінде жайылымдық кезеңнің екінші жартысында малда азықтық жетіспеушілік байқалады және олар сапасы төмен шөпті жеуге мәжбүр болады. Жаюдық зиянды салдарын жою үшін, оны дұрыс ұйымдастыру керек. Осы мақсатта загонды әдіс  кеңінен қолданылады [4, 11, 14, 16].

Загонды әдісте жайылым бөліктерін загондарға бөледі, олардың шөбін мал белгілі жүйе арқылы жейді. Алдымен малды бірінші загонда, содан кейін екіншісіне жаяды. Малды жаюдың екінші циклын 25-30 тәуліктен кейін бастайды, себебі бұл уақытта шөп жеткілікті жағдайда өседі. Загонды әдіспен жаю барысында жайылымның өнімдлігі жоғарылайды және оның санитариялық жағдайы жақсарады.

Загонды әдісте жүйесіз жаюмен салыстырғанда қойдың салмағы 25-30 пайызға, шөпті толық пайдалану 20-40 пайызға және жайылымның тиімділігі 25-30 пайызға артады.

Загонды жаюды ұйымдастыруда жаю ұзақтығының маңызы зор. Малдың загонда болу ұзақтығы 5-6 тәуліктен аспауы керек, себебі ұзақ жаю гельминтозды аурулардың тарауына әкеп соғады. Тек шөлді және жартылай шөлді аймақта ыстық кезде, яғни ауа температурасы +400С-қа жеткенде ғана, малды загонда 6 тәуліктен жоғары ұстауға болады, себебі мұндай жағдайда гельминттердің жұмыртқалары мен балаң құрттары өліп қалады.

Загондарды дұрыс пайдаланудың негізі бір-екі күнді жаю болып табылады, бұл аз-порциялы жаюды ұйымдастыру арқылы іске асады.

Жайылымды порциялық түрде пайдалану загонмен салыстырғанда жайылымның өнімділігі 10-15 пайызға артады.

Қысқаша қорытыды. Алды жайылымда ұстаудың экологиялық маңызы тек құрамында қоректік заттары барынша мол көк балауса шөптермен қамтамасыз етілумен қатар, жаңа түлікті әсіресе бағудың шынықтырушы, сақайтып-сауықтыратын шара деп те түсінуге болады. Сондықтан жайылымды, күннің жылы шуақ кезеңін барлық малдар үшін қолайлы пайдалану экологиялық жағынан да әрі шаруашылық жағынан да тиімді.

 

 

1.2 Қой өсіру технологиясының экологиялық негіздері

 

Еліміздің экономикасын көтеру мен халықтың әл-әуқатын күшейтуде қой шаруашылығының алатын орны ерекше. Себебі Қазақстан жағдайында бұл саланы өркендету үшін толық мүмкіншілік бар: табиғи жайылым молдығы, халқымыздың осы малды өсіруде жинаған тәжірибесі және т.б. Қазіргі кезде қой басын көбейту мен оның тұқымын асылдандыру бағытында елімізде көптеген жұмыстар жүріп жатыр. Қой шаруашылығы жекешеленген жағдайда бүгінгі күнде бұл салада көңіл аударарлық мәселелер жеткілікті: қойды өз деңгейінде күтіп-бағуды ұйымдастыру, дұрыс жайып азықтандыру, жылы да әрі жайлы қоралармен қамтамасыз ету, гигиеналық, экологиялық талаптарды сақтау және т.б. [3, 4, 7, 10, 14, 16]

Қой шаруашылықтарында қойды күтіп-бағудың мынадай жүйелері қалыптасқан: қолда – жайылымға шығарып бағу, жайылымда – қолда және жайылымда бағу.

Мал басын қолда-жайылымда күтіп-бағу әдісін ОҚО шығыс аудандарындағы шаруашылықтардың басы көпшілігі қолданады. Қыста қойды қорада ұстау ақылы құнарлы азықпен азықтандырса, ал жазында – жайылымдық жердің өріс отын иімді пайдаануға күш салады. Өріске шығарып – қолда бағу әдісін жазғы және қысқы жайылымдықтары бар аймақтарда қолданады. Бұл жүйеде шаруашылықтарда саулықтар төлдейтін кезде беретін немесе қыс пен ерте көктемде қойды азықтандыратын қажетті жем-шөп қоры болады.

Қойды жайылымда күтіп-бағу жүйесі – жазда да, қыста да жайылымдық жерлері жеткілікті ірі мал азығы мен құрама жем қоры бар, көбінесе оңтүстік аудандарда қолданылады.

Қой шаруашылығында жасы мен жыныстық құрамына қарай (малды күтіп-бағудың қабылданған технологиясына сәйкес) мынандай топтарға бөлінеді: қошқар мен  жастан жоғары сынаққа түсетін қошқар, қозысы бар бөлінгеннен кейін ұрықтандырылмаған бойдақ саулық, буазданудың бірінші және екінші жартысындағы саулықтар, қозысын бөлгенге дейін емізіп жүрген саулықтар, туғаннан бөлгенге дейінгі қозылар, тоқтылар мен тұсақтар етке  ткізілетін ісектер, бордақыға қойылған қойлар [7, 12, 13].

 

 

1.2.1 Қой қоралар қойылатын экологиялық-санитариялық талаптар

 

Меринос қойын өсіру қора-жайлардың болуын талап етеді. Оларда қыста және ерте көктемде төлдейтін саулықтарға арналған жылы күркесі бар бөліктер (төлдеу бөлмесі), асыл тұқымды қошқарларға арналған бөлік, жынысы мен жасына қарай әртүрлі қой қоралары болады.

Қой фермаларының құрылыстары негізгі (қой қора, жылы күрке, бастырма-база, карантин мен санитариялық бөлме) және қосалқы (қойды тоғытатын орын, изолятор, мал азығын сақтайтын орын мен басқа да малды орналастыруға тікелей байланысы жоқ объектілер) болып бөлінеді.

Қой қорасын салуға аз жылу өткізетін материалдарды пайдаланады. Олардың жылу сақтау коэффициенті ең кемі 2-2,5 Вт/м2 0К/ болуы тиіс.

Кеңес үкіметі заманында жобалау ұйымдары тарапынан қой шаруашы-лығы практикасына көптеген жобалар жасалып, енгізілген. Ал енді қазіргі кезде қой басының азаюына және олардың шағын жекеменшік шаруашылық иелігінде болуына байланысты шағын әрі жергілікті құрылыс материал-дарынан салынған қора-жайлар қолдануда.

Қой қораларының басым көпшілігінің еденіне тығыздалған саз топырақ пен қиыршық тастар пайдаланылады.

Қой қораларындағы еденге жылына 1-2 мәрте ауыстырып отыратын сабан төсеніш төселеді [3, 9, 11, 23, 24, 29].

 Әртүрлі жобадағы қораларда қойлардың әр басына мынадай оптимальды алаң мөлшері белгіленген: жабық қораларда көктемде төлдейтін сауықтарға 1-1,2 м2, топтастырылып ұсталатын қошқарларға 1,8-2 м2; ал жеке ұсталатын-дарына 3-4 м2; 1 жасқа дейінгі төлдерге – 0,7-0,8 м2. Бастырмалы базада ересек қойға 0,5 м2 дейін, бір жасқа дейінгі төлге – 0,3-0,4 м2. Тұрақты қозы күрке-лердегі алаң (суық аудандарда) 2-2,5 м2.

Төлдейтін саулықтарға орынды қой қорасының ең жылы жерін бөледі. Мал төлдету науқаны кезінде оларды жиналмалы қалқандары бар торлармен қосымша жабдықтап, астаулар, суаттар, қозыларды жылытатын термосәулелер орнатады.

Ашық базадағы алаң қой қорадағыдан гөрі 2,5 есе үлкен болуы тиіс. Оны ауа райы қолайлы болған күндері (жаңбырсыз, борансыз, аязы жоқта) күн ұзақта сыртта серуендеп, азықтануы және су ішуі үшін пайдаланылады. Қойға арналған ашық база алаңына бетон асфальт немесе қиыршық тас пен топырақ төселуі тиіс [11, 12, 13].

Ауа температурасы -200С төмен Төлеби, Қазығұрт, Түлкібас, Сайрам аудандарында құйрықты және етті малды күтіп-ұстау үшін жеңілдетілген жобадағы-төбесі бір жағына еңкіс үш қабырғалы бастырмалар пайдаланылады. Жабық қораларда тіпті қатты аяздың өзінде ондағы ауаны температурасы (қойлардың арасында) +2+70С болады. Жалпы микроклиматты қалыпты ұстау қой жүнінің өсуі мен сапасына игі ықпалын тигізеді [5, 8, 11, 22, 24, 25, 32].

 

 

1. Қой қораларындағы қолайлы микроклимат көрсеткіштері

 

Қоралар

Ауа темпе-ратурасы, 0С

Салыс-тырмалы ылғал-дылығы, пайыз

Ауа қозғалыс жылдам-дығы, м/с

Зиянды газдардың концентрациясы

опт.

мин.

СО2, пайыз

NH3, г/м3

H2S, мг/м3

Қошқарларды және 20 күннен үлкен қозылары бар саулықтар үшін

6

4

75

0,3...0,5

0,25

20

10

20 күнге дейінгі қозылар үшін

12

8

75

0,2

0,25

10

10

Қоздау кезінде

16

10

75

0,2

0,25

10

10

Қозыларды қолдан өсіру кезінде жасы:

45 күнге дейінгі

45 күннен артық

16

12

12

6

70

75

0,2

0,2

0,25

0,25

10

10

10

10

Қошқарлар манежінде

18

6

70

0,3...0,5

0,25

20

10

Қозысыз жас төлдер, бордақы малдар манежінде

нормаланбайды

Ескерту:   Ауаның қозғалыс жылдамдығы жылдың жылы мезгілінде 1 м/с дейін

 

 

1.2.2 Қой топтарын күтіп-бағудың ерекшеліктері

 

Қошқарлардың гигиенасы. Саулықтардың ұрықтануы және алынатын қозылар саны асыл тұқымды қошқарлардың денсаулық жағдайына және олардан алынатын ұық сапасына байланысты болады.

Ұрыққа түсетін қошқарларды және сыналатын қошқарларды уақытында індетті ауруларға, әсіресе жыныс жолы арқылы таралатын (бруцеллез, инфекциялық эптдемит, вирустық түсік және т.б.) ауруларға тексеріледі. Сырттан әкелінген асыл тұқымды қошқарларды 30 тәулікке, ал шетелден әкелінген қошқарларды 60 тәулікке карантинге қояды. Карантин кезінде малды диагностикалық тексеруден өткізеді. Жұқпалы ауру анықталған жағдайда ауру қошқарларды оқшаулап, ветеринариялық нұсқауға сәйкес шаралар қолданылады.

Ұрықтануға қошқарларды 12-15 айлық жасынан (тез өсетін тұқым) және 1,5-2,5 жасында (кеш өсетін тұқым) пайдалана бастайды. Қолдан шағылыстыру кезінде 1 қошқар 50-70 саулықты, ал қолдан ұрықтандыру кезінде 700 саулықты ұрықтандыра алады.

Жыныстық белсенділік кезінде қошқар рационында протеин, минералды заттар және витамин мөлшері жоғары болуы керек. Ұрық сапасына протеиннің мөлшері және құрамы, фосфор мен каротиннің жеткілікті болуы айтарлықтай әсер етеді. Қошқарларды интенсивті пайдалану барысында рационға жануар тектес азық қосу қажет (көк сүт, балық ұны, жұмыртқа және т.б.) [11, 14, 16, 23].

Аналық қойлар гигиенасы. Толық құрамды азықтандыру – жақсы қоңдылықта ұстаудың, қойдың төлдегіштігі мен сүттілігін, жүнділігін арттырудың биологиялық негізі болып табылады. Қойлар  әртүрлі мал азығын: жоңышқаны, бедені, әртүрлі шөпті, сабанды, топанды, қант қызылшасын, күнжараны, бұрышты, ұрпақты және басқа да азықты сүйсіне жейді. Қоңдылығы орташа қой төлдегіштік пен өнімділік жөнінен жақсы көрсеткішке қол жеткізеді. Оңтүстік қазақ меринос тұқымды саулықтар, қоңдылығы ортадан төмен болғанда қысыр қалуы 9 пайыз болса, қоңдылықтағы саулықта 2,8 пайыз ғана болады. Қоңды саулықтың қозысы неғұрлым ірі болып келеді. Оның үстіне қоңдылығы төмен саулықтармен салыстырғанда сүттілігінің жоғарылығымен ерекшеленеді.

Малды шағылысуға 1,5-2 ай қалғанда жармаланған арпамен, сұлы ұнымен, жүгерімен және басқа да биологиялық құнарлы азықтармен азықтандырса төлдегіштігі 10-30 пайызға дейін артады. Буаз саулықтар минералдық азықты көп мөлшерде қажет етеді, оның үстіне төлдейтін уақыт жақындағанда кальций мен фосфорға тәуліктік қажеттілігі он есеге дейін артады. Рационға кальций, фосфор, кобальт, йод, мыс, темір, марганец, А, Д, Е витаминтері жетіспесе әлжуаз, тіршілікке бейімі аз төлді туып, саулықтың сүттілігі төмендейді.

Саулықтарды сүрлеммен азықтандырғанда сүттілігі 15-22 пайызға, қырқылатын жүннің мөлшері 20 пайызға артатыны белгілі.

Саулықтардың рационына жұғымдылығына қарай 30 пайыз құрама жем енгізу керек. Түйіршіктелген азықты саулықтың буаздануының екінші жартысынан бастап пайдаланған жөн. Жай азықтармен салыстырғанда олар ішкі орган, әсіресе ішек, бауыр, көпенің ұлғаюына ықпал етеді. Мұндай кезде мал күйіске аз уақыт жұмсап, көбірек демалады. Қозы жақсы дамып жетілуі үшін оларды ұысында түйіршік жеммен азықтандыру мен жазғы жайылымдықты пайдалануды ұштастыра жүргізу керек [16, 23].

Қойдың азығында протеин жетіспесе қырқылатын жүннің мөлшері 20-25 пайызға төмендейді. Жұпыны азықтандыру барысында жүн талшықтарының көлденең кесігі шамамен 20, ал ұзындығы 10 пайызға азаяды екен. Рационад көмірсутегі жетіспесе, қойдың организміндегі көмірсутегі мен май алмасуының бұзылуына әкеп соғып, ацидоз, бауырдың майлануы пайда болады.

Қойға берілетін азықтың бәрі сапалы әрі дұрыс өңделуі тиіс. Сапасы төмен азықтан қой ауруға шалдығады. Қойды азықтандыру барысында қылқанды дақыл топанын пайдалану асқазан-ішек жолының қабынуына әкеліп соғатынын есте сақтаған жөн. Сусымалы тозаңды азықты (ұрпақ, құрама жем) қойға тамыр жемісті немесе күнжарамен қосып беру керек. Соңғысы алдын-ала майдаланып, барлық азықтық қоспа жеңіл түрде ылғалдандырылады. Мес қарынның қабынуынан сақтану үшін қара бидай дәні мен ұрпағын қой рационына енгізбеген жөн. Зат алмасу бұзылмас үшін және уланбау үшін ересек қойдың рационындағы ас тұзының тәуліктік мөлшері 10-15 г, ал төлдердің рационында 5-8 г болып белгіленуі тиіс.

Қойларды азықтандыру үшін бір мезгіл сырттағы азықтық алаңды да пайдаланған жөн. Оған бір-бірінен ара қашықтығы 3 метр болатын астауларды орналастырады. Бұл малдың еркін азықтануына мүмкіндік береді. Алаңдағы ауаның температурасы – 200С төмен болса қойға тек ірі азық береді, ал қалғаны қора ішінде азықтандырылады.

Ірі және құрама жем үшін арнаулы және құрастырмалы астауларды пайдаланады. Түйіршіктелген азықты бункерлі астауға 5-10 күнде бір рет салады [11, 16, 23].

Қой шаруашылығының технологиясында астаулардың әр басқа мынадай ұзындықтары белгіленген (м): қошқарлар мен сынаққа түсетіндерге 0,4-0,5; саулықтарға – 0,3-0,4; жасанды күтімге алынған 45 күнгі қозыларға – 0,15, одан жоғары жастағыға – 0,2, өсімділік төлге – 0,2-0,3; бордақылаудағы мал басына: ересектерге – 0,3, төлдерге – 0,2, ісектерге – 0,3. Ересек қойға астаудың биіктігі жерден 0,4, төлдерге – 0,25 м. Астаудың кеңдігі 0,3 және 0,2 м. Тереңдігі – ең кемі 0,2 және 0,1.

Қойлар ауыз сумен жеткілікті қамтамасыз етілуі тиіс. Жазында қойды екі мезгіл – ертеңгілік өрістен кейін және кешкісін өріске шығар алдында, ал қысында бір мәрте – мал қораға тынығға қайтқан кезде суару керек. Әдетте жылдың суық түскен мезгілінде қойды шөппен азықтандырғаннан кейін суару керек.

Шағын шаруашылықтарда ағаш немесе жиналмалы металл астауларды қолданады. Іш тастау немесе асқазан ішек жолдарының ауруына жол бермеу үшін буаз саулықтарды көп жатып көгерген, мұздаған, былғаныш немесе шіри бастаған азықпен азықтандырмаған жөн.

Ірі қой өсіруші шаруашылықтарда саулықтарды циклді ұрықтандыру әдісі кеңінен қолданылады. Ол үшін саулық отарын екі бөлікке бөледі: бірінші топтағы малды (бірінші цикл) 4 күннің ішінде, ал кейіннен 15 күннен кейін – екінші топты ұрықтандырады. Мұндай үзіліс бірінші топтағы саулықтардың төлдеуінен кейін қораны тазалап, дезинфекциялауға және оған екінші топтағы саулықтарды көшіруге мүмкіндік береді [3,11].

Қойдың жақсы күтілуіне жағдай жасау жүн сапасының жоғары болуына, оның былғанбауына ықпалын тигізеді. Қорадағы төсеніш жұқа болып, қойдың жатуына қолайсыз болса оның жүні садыраға малынып, сарғыш түске тап болады. Жүні тез сынып, босаң тартады, оның басқа да технологиялық сапасы нашарлайды. Жаз ацларында шаң-тозаңмен былғанған жайылымды пайдалану кезінде де жүннің сапасы төмендейді. Жүннің көп былғанатын кезі жаз айының екінші жартысы.

Жүнді сұрыптаушылар әртүрлі өсімдіктің қиқымдары қосылған былғаныш (шөп, сабан, түйе жапырақ дәні) жүнді бірден ажыратады. Оңтүстік аудандаода жүнге жабысқақ қылқанды бетеге шөп өрісте көп болады. Малшылар қылқанды бетегені қойдың тажалы дейді. Оның қылқанды тұқымы, жапырақтары жүнге оралып, қой қимылдаған сайын ол тереңдей кіріп, тіпті етке қадалады. Қойдың мойны мен шоқтығы зақымданғанда олар еңкейіп шөп жеуге шамасы келмейді, арықтап өледі. Бау-бақшада өсетін түйешоған еліміздің орталық және солтүстік аймақтарында егістік пен жайылымдықтарға кеңінен тарап, шөпке немесе сүрлемге түсіп, малды қолда ұстап бағу кезінде қойдың жүнін былғайды.

Қой жүнінің таза болуы үшін белгілі бір шараларды сақтау қажет. Қой малына бетегемен, түйе тікенекпен былғанған шөпті бермеген жөн. Қойларды маяларға, шөп шөмелелеріне, биік астаулардың жанына жібермеу керек. Сабаннан және шөптен база жасау дұрыс емес. Қойды ұсақталған сабан ұнтағымен азықтандырмау керек. Отарды шағы бұрқылдаған жолмен айдамаған жөн. Көпжылдық дәнді дақылдарды жиілікпен сеуіп, шымды мал өрісін жасауға болады. Былғанышы көп өсімдіктерді тұқым шашпай тұрғанда шапқан жөн. Қылқанды бетеге шөпті жою үшін белгілі мөлшерде химиялық препараттарды пайдалану ерек [4, 14, 16, 23].

Жылына ең кемі үш мәрте тұяқтарының сыртын тазалау қажет. Әсіресе едені қатты қорада ұсталған жағдайда. Өйткені тұяқ өте тез өседі. Буаз саулықтарды серуендете жаю кезінде қарлы немесе сыз жерлерге жатып қалуына жол бермеу қажет. Су ішетін және азықтанатын астаулардың төңірегіндегі қатып қалған мұзды кетіріп, айнала-төңірек құм шашқан жөн. Биязы және жартылай биязы жүнді қойлардың көздерінің төңірегіндегі жүнді қырқып алады. Қойды тоғыту үшін негізінде тұрақты қондырғыларды пайдаланған жөн.

Қойларды жайылымдықта күтіп-бағу гигиенасы. Қойларды жазғы және қысқы жайылымдыққа күтіп-бағуға мынадай міндеттер қойылады: табиғи және жасанды азықты жайылымды тиісінше тиімді пайдалану, мал басының жақсы қоңдылығына, оның жоғары төлдегіштігі мен жүн өнімділігіне қол жеткізу.

Республикамызда қой ұстайтын жайылымдық жерлер көлемі көптеп саналады. Өріс оты мол құрғақ жоталар учаскелері қойды жайып бағуға өте қолайлы. Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында көпжылдық жоңышқа, бетеге, қоңырбас, еркекшөп, әртүрлі жусандар кездеседі. Жусан өсімдігі қойдың асқазан-ішек жолдарының гельминттен арылуына ықпал етеді. Оның үстіне ащы жусанның бойында мыс, кобальт, марганец, магний, фосфор, кальций және басқа да организмнің қалыпты қызметіне қажетті минералды элементтер бар. Жайылымдық оты жұпыны, құрғақ далалы аудандарда қойға арнап пішеннен сүрлем дайындау болады. Жұғымдылығы нашар шөптер өсетін ойпатты, батпақты учаскелерде малдың ауруға шалдығуына себеп болатын түрлі шөптер өседі. Мұндай өріс қой жаюға жарамайды.

Қойларды жайылымда күтіп-бағуға шығарар алдында тұяқтарының өскен жерлерін зияды, көздері мен кұйрығының төңірегіндегі жүнді қырқады. Өріске айдар алдында қойларды ірі азықпен азықтандырады, ас тұзын беріп, суарады. Бұл іш өтудің алдын алу үшін қажет, өйткені оның ұзаққа созылуынан қозылар мен еркек қойлардың тірілей салмағы азайып, жүні былғанады.

Қыстық жайылымдықтарда саулықтарды, тұқымдық қошқарларды, қозыларды орналастыру үшін қой қорасын салып, оларды жылы күркелермен жабдықтайды. Жазғы жайылымдықтарда қойшыларды орналастыру үшін уақытша үйлер, көлеңке бастырмалар, ашық базалар салып, оларға астаулар мен суаттар орнатады. Суаттың төңірегін қоршап, қиыршық тас, плиталық тастар, топырақ төсеп тығыздайды. Жайылымдықтарға бетондалған бассейні бар артезина немесе шахталы құдықтар салады [5, 11, 18, 19, 20].

Мәдени ұзақ жылдық жайылымдықты қоршау үшін ағаш немесе бетон бағаналарды пайдаланады. Бағаналарды 1 метр тереңдікке дейін қазады да орнатады. Қоршаудың ұзындығын әрбір 10-20 метр сайын аралық тірек бағаналарын қою арқылы 200 метрге жеткізу керек. Бағаналардың араларын диаметрі 2,5-3,5 мм сымтемірмен (жеті қатардан) бекітеді. Жерден бағаналардың ұшына дейінгі қашықтық 10-12-12-12-15-17-20 см. Қоршаудың үстіңгі жағынан екі қатар тікенек сымтемырлер тартылады.

Жазда қойларды жеңілдетілген жобамен салынған шаруашылық орталығынан, елді мекендерден едәуір қашық қораларға орналастырады [8, 11, 25, 32].

Қысқы жайылымдағы қойларды ауа райының қолайсыз күндері азықтандыру үшін ірі мал азығының қоры жасалады. Қысқы жайылым кезінде мал біртіндеп қоңдылығын жоғалта бастаса дереу ірі азықпен немесе құрама жеммен азықтандыру керек. Күзде қойларды қыста қар үріп тастайтын сай-салаға бағу керек. Бұдан соң малды одан жоғары жоталарға, шамалы қар жататын жерлерге жаяды.

Жазда қатайып кеткен өсімдіктер шықтан жұмсарған мезгілде қойды өріске шығарып жаю керек, оны мал сүйсіне жейді. Ал күзінде керісінше, шық біртіндеп күн көзінен жылынып немесе шөптен буланып ұшып кеткенде өріске шығару керек. Қойды көкке дұрыс жаю үшін оны аяқасты етуден қорғау керек. Мал гельминтоз ауруына шалдықпау үшін жайылымдытарды танаптарға бөледі [4, 11, 16, 25, 29, 31].

Ауа мен топырақ біршама жылынған соң алғашында ересек, ал кейіннен кіші сақман шығарылады. Таңертеңгі және кешкі жайылымнан оралған соң малға ұзақ демалыс беріледі. Қысқы жайылымдықта өріске жаюды төлдеу басталғанға дейін екі апта қалғанда тоқтатып, ол аяқталғаннан кейін де осындай мерзімде қайта жалғастырады.

Жаздың екінші жартысында қойлардың шөбі шабылған және астығы жиналған аңызға жаюға болады. Күндіз өріс шөбіне тойынбаса, түнге жаюды да ұйымдастыру керек.

Қойларды екі мәрте суарады: өріске шығар алдында және одан кешкісін оралғанда. Қойлардың өрісте жайылу мерзімі жазда 12-14 сағат, ал күзде 8-9 сағат. Қойды жаю үшін күн шығар алдында бастап сағат 10-11-ге дейін, сағат 11-ден 17-ге дейін мал күндіз демалады, сағат 17-ден 18-ге дейін суарып, 18-ден 22-ге деін кешкі жаю өтеді.

Күзбен көктемде қойларды өріске кешірек шығарып, қораға ертерек оралтады. Күн көзінің ұзақтығына қарай ауа да, өріс оты да тиісінше жылынады.

Жазғы аптаған ыстықта мал нашар жайылады. Сондықтан сағат 10-11-ден 16-17-ге дейін бастырма астында немесе көгеріс қалқасында тынығуға тиіс. Жайылымдық жағдайында ветеринариялық байқаудан немесе өңдеуден өткізу үшін отардан жекелеген немесе бір тобын бөліп алуға тура келеді. Ол үшін бөлгіштер пайдаланылады. Екі қалқан қойлар үшін кірме загонға айналып, олар ұзындығы 6-7 м және кеңдігі 0,4 м коридормен өтіп, қайта загонға кіреді. Оған қойлар қайта серіппелі есікпен барады.

Таулы жағдайда қойларды сатылы әдіспен жаяды. Мал көктемнен көк шөптің шығымына қарай жазық даладан тау басындағы жайылымдыққа біртіндеп өрлеп отырады. Күзге қарай қыстау үшін жазыққа баяу қайта түсе бастайды [4, 11, 16, 23].

 

 

1.2.3 Қойларды қырқу гигиенасы

 

Қой қырқу – шаруашылықтық шара ғана емес, физиологиялық тұрғыдан негізделген шараның бірі. Аптап ыстықта қырқылмаған қойлар нашар жайылады, арықтайды, өзінің сүттілік өнімділігін төмендетеді.

Әрбір шаруашылықта көктемде қой қырқу – жауапты жұмыс. Қырқу мерзімін климат жағдайына, төлдеу уақытына, тау етегі мен жоталардағы жайылымдықтарды пайдалану маусымына қарай белгілейді. Оңтүстік аудандарда қойды көктемнің аяғында, жаздың басында қырқа бастайды. Бұл арада ыстық түсердің алдындағы мезгілді пайдаланады. Биязы жүнді қойларды  мәрте қырқады.

Меринос қойларды электрмен қырыққан дұрыс. Қойды ені 1,2-1,4 м, биіктігі 0,4-0,6 м және ұзындығы 1 метрге дейінгі арнаулы үстелдерде (сөрелерде) қырқады. Қолмен қырқу ауыр әрі өнімділігі төмен. Қырқу кезінде белгілі бір кезек жасалады. Алдымен тоқтылар, ересек қой мен саулықтар қырқылады. Бұл орайда алғаш ересек, келесіде кіші сақмандағы саулықтарды алады. Олардың қозыларын 3-4 сағат бұрын бөліп тастайды. Қотыры бар қойларды ең соңында қырқады. Олардың жүнін бөлек қанарлап, жеке сақтайды.

Қырқынға 2-3 күн қалғанда қой топтарын жаңбырдан қалқалайды, өйткені су тиген жүн көпке дейін кеппей, қырқынды қиындатады. Қой жаңбырдың астында ұзақ тұрып қалса, жаңбыр суы 1,5-4 см дейін қабатына сіңеді. Жүні қатты былғанған қойларды қырқуға 4-7 күн қалғанда тоғытады. Қырқынға 24 сағат қалғанда қойларды азықтандырады, 12 сағат қалғанда суармайды.

Қырқын кезінде белгілі ережелерін қатаң сақтау керек. Қойды жұлқылай тартып, қырқын столына қалай болса солай белін бүгіп жатқызғанда, құрсағын қатты соққанда қарынның көк еті зақымданып, мал жарақаттануы мүмкін.

Қойды қырқу кезінде қидалап қырқуға жол бермеген жөн, бұл жүннің тауарлы сапасын төмендетеді. Қырқын кезінде де денесіне қайшы оқыс тиіп қанатса тез арада 0,5 пайыз йод тұнбасымен өңдеп, шыбын жоламауы үшін арнайы препараттар сеуіп тастайды.

Қырқын аяқталысымен қырқын өткен бөмелерді механикалық тазалау жүргізіліп, оны мұқият дезинфекциялайды. Қой қырқыннан өткен соң қойларды 5-7 күн бойына суық тиюден, күнге күюден сақтайды [5, 11, 23, 27, 31].

1.2.4 Саулықтарды төлдету және қозы өсіру технологиясы

 

 

Тәжірибелі қой өсірушілер қысқы және ерте көктемде төлдетуді артық көреді. Өйткені қозылар ерте марқайып, жазғы жайылымды ерте пайдаланып, күзге қарай жақсы өседі. Сонымен қатар төлдердің шығдауы азайып, суық тиюден, асқазан-ішек ауруларымен ауру тыйылады. Қысқы және ерте көктемде төлдетуді қолданып жүрген шаруашылықтар тәжірибесі саулықтардың төдегіштігі 20-25 пайыз және жүн өнімділігі 30-35 пайыз артатынын, әр жүз аналықтан алынатын төл басының көбейткендіін дәлелдеп отыр. Осыған орай климаты бірқалыпты аудандар үшін саулықтарды ұрықтандырудың ең қоайлы кезеңі тамыз-қыркүйек, ал құрғақшылық аудандарда – қыркүйек-қазан айлары болып белгіленіп отыр.

Төлдеуге 20-30 күн қалғанда қораны қидан тазалап, жылылайды, дезинфекциялайды, клеткаларды, көшпелі қалқандарды, астауларды және басқа да қажетті құрал-саймандарды ретке келтіреді. Төлдетуге 3-5 күн қалғанда саулықтардың рационында – ірі жемшөптің үесі азайтылып, одан сүрлемді алып тастайды және құрама жемнің мөлшерін көбейтеді. Бұл асқазан қорыту органдарын көлемді азықтан қоңылтақсыту үшін және төлдеуді жеңілдетумен саулықтардың желін сауға шалдықпайы үшін қажет.

Туар алындағы белгілер байқалысымен саулықты жылы күркеге немесе басқадай жабдықталған бөлмеге көшіреді. Оны үш бөлімшеге бөледі: туғанға дейін бірнеше сағат қалғанда саулықты қабылдайтын орын; туатын бөлме; төлмен бірге тұратын саулықтар үшін 3-5 басқа арналған бөлім. Мал төлдейтін бөлмедегі клетканың алаңы 2-2,5 м2 және ағаш қоршаудың биіктігі 50-60 см болуы тиіс [5, 8, 11, 31, 32].

Саулық төлдегеннен кейін оны қозысымен бірге шағындау топтық клеткаларға (3-5 ересек қойға арналған) көшіреді. Мазасыз, жаңа туған қозысын алмай үрке қарайтын жас саулықтарды алаңы 1,4-1,5 м2 жеке клеткаға орналастырады. Әр 100 саулыққа осындай 9-12 клетка бөледі. Саулық 2-3 күн тұрған соң бір немесе 2 қозысы болса бір-біріне үйренеді. Осыдан кейін саулық қозыларымен қайта топтық клеткаға көшіріледі. Мұндай шағын топта қозылар енесін тез тауып, еме бастайды.

Малшылар саулықтардың желіндерін үнемі қадағалап, емшек үрпісі мен бойында сүт тығыздалып тұрып қалмауы үшін мезгіл-мезгіл сауып тұрғаны жөн.

Қозылардың туғаннан кейінгі екі-үш апта бойына қоректенетін азығы ене сүті болып табылады. Жас төлдің тірілей салмағының 1 килограмға өсімі үшін ең кемі 5 килограмм сүт қажет. Жаңа туған қозыларды саулықтарға әрбір 2-3 сағатта жіберіп емізген жөн. Түнге қарай қозылардың емуі үшін саулықтарды жатын орнынан тұрғызады. Әлсіз немесе сүті аз саулықтардан туған қозыларды бес күн өтісімен сиыр сүтімен азықтандырады. Алғашында бөтелке кигізілген резиналы емізікпен емізеді. Оны күніне екі мәрте сода ерітіндісіне қайнатады. Қозыларды 2-3 сағаттан ененсін емуге жіберіп отыру саулықтың жеінін суық тиюден сақтайды.

Екі аптаның ішінде тез өсе бастаған қозыларды енесінің бір ғана сүті қанағаттандырмайды. Сол себепті қозыларды 10 күндігінен бастап ірі, жұғымды және құрама жем жеуге үйрете бастайды.

Азықтандыру үшін мынадай азық түрлерін пайдаланады: шөп ұны, пішен, бұтақты азық, сәбіз, күнжара, ұрпақ, ас тұзы, бор, сүйек ұны және басқалар. Қозыларды саулықтардан бөлек азықтандырады. Өйткені соңғысы қозыны астаудан ығыстыруы мүмкін. Қозыларды өздігінен азықтандыратын астаулардың ені 12 см болуы тиіс. Топтық клеткалардың арасында саулықтар мен қозыларға бос клеткалар қалдырады (асханалар). Мұнда қозылар кеңдігі 25 және биіктігі 35-45 см саңылаудан өтеді. Қозыларды қосымша азықтандыру үшін сиыр сүтімен қатар сүт орнына жүретін жасанды сүтті де пайдаланады. Оның құрамында 66 пайыз көк сүт, 30 пайыз аралас мал мен өсімдік майы, 1 пайыз лецитин, 3 пайыз минералдық заттар мен витаминдер болады [16, 23].

Қозылардың көп камералы асқазанының дамуы негізінен үш айлығында аяқталады. Тек екі-үш айлық жасынан бастап қозылар ересек малдар сияқты өсімдікті азыөтардың жұғымды заттарын сіңіруге қабілетті халге жетеді. Сондықтан тіршілік етуінің алғашқы аптасында-ақ әртүрлі азыққа үйрету – қозылардың ас қорыту органдары мен жалпы физиологиялық жағдайының жақсы дамуы үшін қажетті шара болып табылады. Еміп жүрген қозыардың (3-9 апталық) рационында толық құнды витаминдер мен минералдық заттар жетіспесе жүн жеп ұлтабарында жүн шары пайда болады. Фитобезоарлар (өсімдік талшықтарынан пайда болған шарлар) қозыларды сүттен кейін өсімдікті азыққа көшіруден қалыптасуы мүмкін.

Енесінен ажырап дара қалған жетім қозыларды өсіру үшін арнайы бөлгіштер (ағаш қалқандардан дасалған коридорлар) пайдаланылады. Оған 4-6 саулықтан орналастырады. Бөлгіштердің төменгі бойынан екі жағынан бірдей жерден малдың қарнына дейін бос кеңістік қалдырады [7, 12, 13].

Жылдың жылы мерзімінде саулықтар сақманын қозыларымен бірге жайылымдыққа шығарады. Қыста туған қозыларды екі-үш аптадан кейін тыныш, қар жаумаған, боран соқпаған күндері, ауаның температурасы тұрақтанғанда серуенге шығарып отырған жөн. Ал көктемде туған қозылар серуенге 3-5 күннен кейін шығарылады. Алғаш серуеннің ұзақтығы 10-15 минуттан басталып, кейіннен 2-4 сағатқа жеткізіледі.

Еліміздің көп аудандарында қозыларды өсірудің қоралық-базалық әдісін кеңінен қолданады. Ол қозыларды суық тиіп ауруын, топырақ жеп, гельминттермен зақымданып өлуін шектеуге мүмкіндік береді. Бұл әдісте  20  күндікке дейінгі қозыларды қорада немесе ашық базада қалдыру белгіленген. Олардың енелері өрісте қаперсіз жайылып, әрбір 2-3 сағатта қозыларын емізу үшін қораларға келеді. Бұлайша күтіп бағу саулықтардың сүттілігін арттырып, қозылардың жақсы жетілуіне ықпал етеді.

Қозыларды енесінен 3-3,5 айлығында, ал өсуі кешеуілдегендерін 4 айлығында бөледі. Бөлгеннен кейін еркек тоқтылар мен ұрғашыларын бөлек ұстайды. Әлсіз қозылардан бөлек топ құрып, оларды қосымша азықтандырады. Жазында қозыларды жайылымдықта ұстаса, қысында оларға пішен, бұтақты азық, сүрлем, құрама жем береді.

Бөлінген қозылар енесін іздеп мазасызданбауы үшін оларды қашықтау өріске айдайды. Қозылар жақсы жайылуы үшін әрбір отарға бір немесе бірнеше кәрі қойларды жібереді [7, 12, 13].

 

 

1.2.5 Қойларды жайып семірту және бордақылау экологиясы

 

Малды бордақылаудағы көздеген мақсат көк балаусаны, жұғымды азық пен белгілі мөлшерде құрама жемді пайдалана отырып, қысқа мерзімнің ішінде дене салмағының жоғары да арзан өсіміне қол жеткізу. Жақсы семіртілсе әрбір қойдың етке сойыс салмағы 55 пайызға, нашар семіртілсе – 30 пайызға артады.

Қой басын табиғи жайылымдықта бағып семірту 100 күнге дейін созылуы мүмкін, ал жасанды жайылымдықта ол 60-90 күнге қысқарады. Бордақылау мен семіртуге бракқа шығарылған саулықтар қозысы бөлінгеннен кейін қойылады, тоқтылар мен сол жылы туылған және тірілей салмағы ең кемі 25-27 килограмм болатын төл де қойылады. Мал семіртуді ұйымдастыру көктемде қолға алынады. Ол үшін бракқа шығарылғар саулықтарды (кәрі, желінсаумен ауыратын, тұқым бермейтін), қыс пен көктемде туған төлдер, ал асыл тұқымды шаруашылықтарда барлық бракқа шығарылған ұрғашы тоқтылар мен піштірілген еркек тоқтыларды іріктеп алады. Қойды қолдан бордақылау 60-90 күнге созылады. Бордақылаудың  алғашқы жартысында рационда ірі, жұғымды және тамыржемісті азық түрлері мол боуы тиіс. Бордақылаудың аяққы кезінде оның мөлшерін азайтып, құрама жемді көбейтеді. Бордақылау кезінде толық құнды түйіршік азық – мақта күнжарасы мен шрот (күніне 200 г дейін), сүрлемнің әр түрі, пішендеме сабан, пішен, арпа, сұлы, жүгері сабағы, азықтық бұршақ, ұрпақ, тәтті сірне, барда қолданылады. Минералды азықтарды брикет (сықпа) түрінде, ал ас тұзын жалау үшін кзеектей береді. Ұнтақ азық негізінен ірілетіп жармаланған дәннен даярланады [4, 16, 23].

Қозыларды интенсивті азықтандыру 5-6 айлық жасында, салмағы 40-46 килограмға дейін, ал қалыпты бордақылау 8-11 айлық жасында және массасы 50-55 кг жеткенге дейін жүргізіледі. Төлдер рационына бұршақты шөп, тамыр жемістілер, жүгері және жүгері-бұршақтық сүрлем енгізіледі. Қойлардың рационында сапалы пішен болуы тиіс. Нашар азық малдың асқорыту органын бұзады.

Бордақыдағы малды қалың сабан төсеніші бар, ауа температурасы 3-50С, оның салыстырмалы ығалдылығы 80 пайыз болатын құрғақ қораға орналастырады. Малдың қимылын азайтады [4, 11, 16, 23].

Қойға арналған жабық мал бордақылау қорасынан гөрі ашық алаңдарда микроклиматтың ең қолайлысы жасалады, ауада артық ылғал жинамайды, қатты шаңданбайды. Қалыпты күн радиациясы, бордақылау алаңындағы микроаймақта ауа алмасуының жеткілікті болуы малдың физиологиялық күйіне жақсы әсер етіп, олардың мал азығын неғұрлым тиімді пайдалануына ықпал тигізеді.

Қойды табиғи және жасанды жайылымдықта дұрыс бордақылап, күтіп бақса салмағы 30-50 пайызға дейін артады. Қажет болған жағдайда малға  2-3 кг шөп және 200-300 г концентрат береді. Жақсы даылдың, бұршақтың оты бар жайылымдықта қойларды семірту үшін жаю мерзімі жайылымдық мерзімі ішінде 12-14 сағатқа созылады. Ауру және әлсіздерін өзінше топқа бөліп, демалатын және суат көзінен ең кемі 1-1,5 км қашықтықта өріске жаяды. Бұл топтағы қойға үстеме азық беріледі.

Мал семіртудің алғашқы кезеңінде қорадан неғұрлым қашық, ал соңынан жақын жайылымдықтарды пайдаланады. Жайылымдық пен суат қашық болып, мал тәулік бойы жол жүрсе салмағы төмендеп кетеді. Өріс шөбін мал сүйсіне жеуі үшін оны жиі ауыстыруы немесе тәулігіне екі мәрте суару және ас тұзын беру қажет. Таңертеңгі және кешкі жайылудан соң малға ұзақ уақыт демалыс беріледі [14, 16, 23].

Қысқаша қорытынды. Қой шаруашылығында ет пен жүннің сапасы мен санын көбейту оларды негізінде жақсы күтіп-бағуға байланысты екені ежелден айқын. Шаруашылық тәжірибелеріне сүйенетін болсақ, қойды дұрыс күтіп бағу бұл салада жақсы көрсеткіштерге жету. Қазақ даласында қой асырауда қалыптасқан дәстүрлі жайылым пайдаланудағы тәжірибелерге сүйене отырып, әртүрлі топтарға сай қора-жайлармен қамтамасыз етумен қатар, экологиялық-санитариялық ережелерді іс жүзінде енгізу болып табылады.

 

 

2 Негізгі бөлім

 

 2.1 Ғылыми-зерттеу жұмыстарының әдістемелері

 

Біз дипломдық жұмыста Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдарының 201-2013 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданындағы «Алтын төбе» кешенінде жүргізген М.Ә.Есқараның тәжірибелеріне қатысып, негізінен ғылыми мәліметтеріне сүйендік.

Зерттеу жұмыстарын жүргізгенде топтардағы қойдың жасы, салмағы деңгейлес, әрі азықтандырылуы мен күтім жағдайлары бірдей болды. Олардың қоздаған мерзімі, төлдерінің салмағы, өсу ерекшеліктері, шағылысқа түскен (ұрықтанған) күндері есепке алынды. Сонымен қатар шаруашылықтағы барлық мал азығы түрлері сараптамадан өткізіліп, сапасы анықталды.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының сызбасы 1-суретте көрсетіледі.

 

 

 
 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-сурет. Зерттеу жұмыстарының жалпы сызбасы

 

 

 

 

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының әдістемелері төмендегідей болды:

1. Қоршаған ортаның абиотикалық факторларының мәліметтері «ОҚО Қазығұрт аудандық табиғи ортаны бақылау және гидрометеорология станциясынан» алынды.

2. Мал азығының химиялық құрамы сүттің, майдың және еттің сапасы Е.М.Журавлева (1963), Г.Я.Ринькис (1963) әдістерімен жүргізілді.

3. Су сынамаларын алу және оның физика-химиялық көрсеткіштері МЕМСТ 18164-72 әдістерімен анықталды.

4. Малдың салмағы мал қора басындағы таразыда өлшенді.

5. Меринос қойының сүттілігіА.В.Литовченконың жүргізілді.

6. Қозылардың өсіп-жетілуі, олардың дене-пішіні және индекстері белгілі зоотехникалық әдістермен жүргізілді.

7. Қойдың интерьерлік көрсеткіштері: -қанның құрамы Горяев камерасында, гемоглобин Сали әдісі бойынша, резервтік сілтілігі Ван-Слайк әдісі бойынша жүргізілді.

Жайылым шөбінің өнімділігі мен химиялық құрамының климаттық факторларға қарай өзгеруі.

 

2-кесте. «Алтын төбе» кеңшарының орташа жылдық климаттық көрсеткіштері

 

Абиотикалық факторлар

Жылдар

2011

2012

2013

Жауын-шашын, мм

219,0

198,0

68,1

Ауа температурасы, °С

12,5

13,1

+6,1

Максималды жел жылдамдығы, м/сек

14

15

16,2

Ескерту: 2013 жылғы мәліметтер қаңтар мен мамыр аралығындағы орташа көрсеткіштер

 

 

2-кестеде көрсетілгендей 2011 жылы жауын-шашынның мөлшері 219 мм болса, 2012 жылы 198 мм немесе 21 мм-ге кем болды. Ал 2013 жылдың қыс және көктем жауын-шашынды болып, бұл маусымдарда 68,1 мм-ге жетті. Осыған байланысты жайылымның өнімділігі де өзгеріп отырды (3-кесте).

 

3-кесте. Жауын-шашынның мөлшеріне қарай жайылымның өнімділігінің өзгергіштігі (құрғақ затқа, ц/га)

 

Маусым

Жылдар

2011

2012

2013

Көктем

3,27

2,06

4,80

Жаз

2,10

1,36

-

Күз

1,90

1,23

-

Қыс

1,36

0,83

1,01

Жылдық

2,14

1,37

-

3-кестеде көрсетілгендей, 2012 жылы жауын-шашынның аз болып және оның өсімдік өсудің мезгілінде кем жауғандық маусымдық жайылымның өнімділігі 2011 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда анағұрлым төмен болды да, орташа жылдық шығымы 0,77 ц/га азайды. Бұл жағдай мал азығының химиялық құрамы мен құнарлығына біршама әсер етті.

 

4-кесте. Жайылым шөбінің химиялық құрамы (табиғи ылғалдылық күйіне)

 

Жыл

Маусым

Жайылым шөбінің химиялық құрамы

ылғалдылық, %

протеин, %

май, %

клетчатка, %

АЭЗ, %

күл, %

кальций, г/кг

фосфор, г/кг

каротин, мг/кг

2011

көктем

72,1

3,8

1,0

8,4

11,5

3,2

2,45

0,62

48

жаз

43,7

5,4

2,3

18,1

24,0

6,5

6,57

1,66

21

күз

47,2

5,2

2,4

18,1

20,8

6,3

6,12

1,27

21

қыс

46,1

3,2

1,3

19,3

23,3

6,8

6,87

0,81

9

2012

көктем

64,1

3,0

0,9

12,4

14,0

5,6

2,32

0,67

19

жаз

37,4

4,5

2,6

24,2

23,8

7,5

4,73

1,18

8

күз

41,6

4,6

2,0

21,4

23,6

6,8

5,33

1,22

5

қыс

42,0

2,2

1,4

23,4

23,0

8,0

6,31

0,86

-

2013

қыс

40,5

2,0

1,3

25,0

23,0

8,2

6,08

0,90

-

көктем

72,8

3,9

1,4

7,9

11,7

3,3

2,28

0,74

49

 

4-кестеде жайылым шөбінің химиялық құрамы жауын-шашынның мөлшеріне және маусымға қарай өзгеріп отыратындығы көрсетілген. Мысалы, аса бағалы қоректік заттың (протеиннің) мөлшері  2012 құрғақшылық жылы көктемде 3,0% болса, ол 2011 жылы 3,8%-ке жетті. Ал қиын қорытылатын клетчатка керісінше аталған маусымда 4,0% артты.

 

 

2.2 Оңтүстік қазақ мериносы қойының сүттілігіне қоршаған орта факторларының тигізетін әсері

 

Жаңа туған қозылар 20 күнге дейін тек қана анасының сүтімен қоректеніп, сонан соң біртіндеп отыға бастайды. Сондықтанда қозылы саулықтардың сүттілігін, оның химиялық құрамын анықтауға зор көңіл бөлінеді. Саулықтардың сүттілігі 20-25 күнге дейін жоғарылап, сонан соң біртіндеп бәсейе бастайды.

О.Е.Есалиевтің [7] мәліметі бойынша оңтүстік қазақ мериносының сүттілігі 115-131 кг шамасында болады.

Қозылардың 1 кг салмақ қосуына алғашқы күндері 5,2 кг сүт жұмсалса, кейінгі 10 күндігінде 8,3 кг , 20-25 күндігінде 7,7 кг болады.

 

2.2.1 Қой сүтінің физикалық қасиеті мен химиялық құрамы

 

Қой сүттінің физикалық қасиеті мен химиялық құрамы қойдың тұқымына, жасына, жайылым өнімділігіне, маусымға және т.б. күтіп-бағу жұмыстарына байланысты.

Мысалы сүттің тығыздығы орта есеппен 1,035-1,038 болса, ол бірінші күні 1,044 болады. Себебі уызда құрғақ заттың мөлшері сүтке қарағанда анағұрлым көп.

Қой сүтінің орташа қышқылдығы 280Т болса, уызда одан әлдеқайда жоғары (50,40Т).

Уыздың белогі үш күн өткенде күрт төмендеп, сонан соң ол сүтте бірқалыптанады. Саулық қоздағаннан соң 2 күннен кейін уыздың құрамында 11,9% белок болса, 5-ші күні 6,8-8,0% дейін төмендейді.

Уыз құрамындағы белоктың мөлшері негізінен альбуминге байланысты. Саулықтың сүттілігі мен физика-химиялық қасиеттері қозыардың өсіп-дамуына тікелей әсер етеді.

 

5-кесте. Саулықтың сүт өнімділігі мен қозының өсіп-дамуы

 

Көрсеткіштер

Жасы (күн)

10-15

20-25

31-36

66-71

94-99

124-129

Анықталған күні

28-29.ІІ

9-10.ІІІ

20-21.ІІІ

24-24.IV

22-23.V

21-22.VI

Саулықтың тәу-ліктік сүттілігі, кг

1,13

1,42

1,06

1,05

1,09

0,81

Қозының тәулік-тік салмақ қосуы, г

216

171

134

72

100

194

 

 

Бертін келе ол салыстырмалы түрде азайып белоктың глобулин фракциясы жоғарлай бастайды. Бұл жағдай глобулиннің, қан құрамында да азайып, иммундік денелердің кемігенін көрсетеді. Альфа және гамма глобулиндер алғашқы күндері қозылар организмініне бірден даритын болса олардың сүттегі мөлшері кейінгі күндері қозы мәндірінде биохимиялық өзгерістерге ұшырап аминқышқылдар күйінде әзім болады.

 

6-кесте. Оңтүстік қазақ мериносы уызының құрамы, %

 

Сауылған күні

X±mx

Ауытқуы

1

2

3

Белок

1

17,09±0,25

15,4-18,0

2

11,89±0,32

10,9-13,3

3

9,55±0,25

8,43-10,3

4

6,71±0,25

7,9-9,6

5

7,29±0,22

6,8-8,52

Альбуминдер, глобулиндер

1

11,25±0,15

10,17-11,82

2

7,09±0,15

6,48-7,81

6-кестенің жалғасы

1

2

3

3

4,55±0,09

4,05-4,94

4

3,54±0,09

3,28-3,96

5

2,78±0,08

2,60-3,25

Сүт қанты

1

7,03±0,87

5,57-9,5

2

6,37±0,52

5,10-7,8

3

5,6±0,27

5,0-6,2

4

5,24±0,29

4,50-5,4

5

4,99±0,21

4,30-5,6

Май

1

11,08±0,68

9,6-13,2

2

10,46±0,24

9,0-12,6

3

9,84±0,98

7,2-12,8

4

8,00±0,46

7,0-9,6

5

6,92±0,44

5,6-8,2

Күл

1

0,97±0,04

0,9-1,00

2

0,86±0,02

0,83-0,93

3

0,84±0,04

0,76-1,01

4

0,73±0,005

0,72-0,74

5

0,68±0,03

0,60-0,77

Кальций

1

0,238±0,12

0,219-0,274

2

0,225±0,11

0,201-0,256

3

0,227±0,008

0,214-0,258

4

0,226±0,008

0,211-0,248

5

0,233±0,01

0,199-0,253

 

Сүттің құрамындағы негізгі белок-казеиннің мөлшері уыз бен сүтте бір денгейде болады. Уыздың және сүттің құрамындағы жалпы қант мөлшері де анау айтқан өзгеріске ұшырамайды. Бірақ лактозаның мөлшері уызда сүтпен салыстырғанда 2 есе көп екендігі байқалады. Уыз және сүт құрамындағы минералдық заттар көп өзгеріске ұшырамайды.

Оңтүстік қазақ мериносы уызының құрамындағы белоктың жоғарылығы қойдың бұл тұқымының тегінде жергілікті ірі қылшықты қойлардың болған-дығын көрсетеді.

Сүт құрамындағы белоктың мөлшері көктемнен жаздың соңына дейін артып отыратыны байқалады. Осындай заңдылықпен альбумин және глобулин фракциялары өзгеріп отырады.

Казеиннің альбуминге және глобулинге қатынасы 77 және 23% шамасында.

Қой сүтінде майдың мөлшері 6,5% шамасында. Күн өте келе жайылымға шыққан саулық сүттінің майлылығы екі аптаның ішінде 6,8-8,2% -ке дейін жоғарылайды.

7-кесте. Оңтүстік қазақ мериносы сүтінің құрамы, %

 

 

Сауылған күні

X±mx

Ауытқуы

Сv, %

Сүт белогі

10

6,96±0,20

6,24-8,1

 

15

6,35±0,19

5,8-7,68

 

30

6,18±0,29

5,71-7,9

 

45

6,34±0,26

5,65-8,0

 

60

5,38±0,30

4,8-6,1

 

75

6,10±0,27

5,18-6,95

 

90

5,39±0,09

4,9-5,8

 

105

6,21±0,10

5,76-6,72

 

120

8,14±0,21

6,52-9,02

 

Орташа

6,33

 

 

Казеин

10

4,77±0,17

4,17-5,97

10,9

15

4,74±0,18

4,28-6,06

11,1

30

4,92±0,23

4,53-6,31

12,6

45

5,07±0,13

4,52-6,4

7,57

60

4,46±0,17

3,93-5,17

10,8

75

4,68±0,19

4,02-5,30

10,6

90

4,31±0,10

3,92-5,00

7,03

105

5,04±0,09

4,69-5,56

5,5

120

6,37±0,05

5,13-7,09

9,2

Орташа

4,93

 

 

Альбуминдер, глобулиндер

10

2,25±0,04

2,06-2,56

5,88

15

1,61±0,02

1,50-1,70

3,11

30

1,26±0,06

1,17-1,60

12,55

45

1,26±0,10

1,12-1,61

15,8

60

1,14±0,11

0,92-1,9

27,7

75

1,27±0,12

1,16-1,38

25,15

90

1,06±0,07

0,85-1,40

19,33

105

1,24±0,13

0,90-1,68

12,5

120

1,76±0,06

1,37-2,10

11,05

Орташа

1,42

 

 

Май

10-15

6,71±0,34

4,6-8,2

16,0

20-21

6,09±0,30

4,8-7,8

15,7

31-36

6,66±0,34

4,8-8,2

16,0

66-71

6,37±0,26

5,0-7,6

12,8

94-90

6,64±0,28

5,2-8,0

13,6

124-129

6,99±0,39

4,3-8,6

18,0

 

Күтіп – бағу жағдайы сүт құрамындағы көмірсулардың өзгеріп отыруына әсер етеді. Мысалы қозылағаннан кейінгі екі ай ішінде лактозаның мөлшері соңғы айларға қарағанда 2 есе көп болады.

8-кесте. Оңтүстік қазақ мериносы сүтінің минералдық құрамы, %

 

Сауылған күні

Күл

Кальций

X±mx

ауытқуы

X±mx

ауытқуы

10-15

0,66±0,07

0,56-0,75

0,256±0,013

0,194-0,358

20-21

0,68±0,02

0,55-0,75

0,324±0,024

0,267-0,419

31-36

0,72±0,02

0,61-0,78

0,284±0,045

0,205-0,364

66-71

0,85±0,01

0,78-0,91

0,307±0,022

0,234-0,458

94-99

0,87±0,01

0,80-0,97

0,306±0,014

0,239-0,363

124-129

0,75±0,02

0,70-0,81

0,287±0,09

0,192-0,271

 

Қорыта келгенде Оңтүстік қазақ меринос қойларының сүтінің құндылығы жоғары екенін көрсетіп, табиғаты қатаң Оңтүстік өңірінде қозыларды өсіруге бейім екендігі анықталды.

Сүт құрамындағы аминқышқылдардың маңызы. Сүттің құндылығы негізінен оның құрамындағы аминқышқылдарымен бағаланады. Өйткені олардың төлдің өсіп-жетілуіне және олар жүн құрамында болатындықтан оның шығымына, сапасына әсер етеді.Қозылы саулықтардың жүнінің  өсуінің  қарқыны  көктем-жаз  айларында  ерекше  қоюланып  екінші реттегі фолликулардың жетілуі жеделдейді. Бұл саулық қозылаған соң 10-25 күндік кезеңіне тура келеді. Осы уақытта саулықтың сүттілігінің де арта түсетіні белгілі. Ол көк майса эфемерлік өсімдіктердің әсерінен болады.

 

9-кесте. Оңтүстік қазақ мериносы сүтінің құрамындағы аминқышқылдар, г/100 мл

 

Қышқылдар

Сауылған күні

1

2

3

5

Лизин

1,165±0,06

0,889±0,06

0,584±0,04

0,502±0,02

Гистидин

0,416±0,02

0,289±0,02

0,210±0,09

0,161±0,009

Аргинин

0,546±0,05

0,396±0,03

0,246±0,03

0,154±0,01

Аспарагинді

1,252±0,10

0,909±0,06

0,657±0,05

0,495±0,02

Треонин

0,965±0,1

0,638±0,06

0,377±0,03

0,263±0,01

Серин

1,099±0,1

0,823±0,06

0,491±0,06

0,314±0,01

Глютаминді

2,682±0,17

1,991±0,14

1,603±0,11

1,199±0,04

Пролин

1,260±0,08

0,958±0,07

0,612±0,07

0,603±0,02

Глицин

0,446±0,06

0,305±0,03

0,173±0,02

0,122±0,06

Аланин

0,632±0,07

0,467±0,03

0,329±0,03

0,234±0,008

Цистин

0,215±0,03

0,153±0,03

0,052±0,004

0,022±0,003

Валин

0,813±0,09

0,585±0,04

0,427±0,03

0313±0,01

Метионин

0,270±003

0,205±0,01

0,152±0,006

0,128±0,005

Изолейцин

0,555±0,05

0,411±0,008

0,300±0,03

0,244±0,009

Лейцин

1,414±0,09

1,235±0,1

0,659±0,08

0,551±0,04

Тирозин

0,700±0,06

0,591±0,03

0,341±0,03

0,254±0,01

Фенилаланин

0,575±0,06

0,475±0,05

0,337±0,02

0,269±0,01

Барлығы

15,045

11326

7,550

5,828

Алмастырылмайтын

6,759

5,120

3,292

2,585

Алмастырылатын

8,286

6,206

4,258

3,243

Қатынасы

1,22

1,21

1,29

1,25

А.А.Метлицский [12, 13] зерттеулері бойынша саулық қозылаған алғашқы бес-күндікте аминқышқылдарының жалпы мөлшері көп болатыны анықталды. Бұл алмастыруға жатпайтын және жататын аминқышқылдарының ара қатынасы тұрақтылығын көрсетеді. Ал бұл қатынас күн өткен сайын өзгеріп бірінші аминқышқылдар көбейіп отырады. Ол малдың көк балауса қыр шөбіне тойынуына байланысты болатыны дәлелденді.

 

10-кесте. Оңтүстік қазақ мериносы сүтінің алмастырылмайтын аминқышқылдар динамикасы, г/100 мл

 

Қышқылдар

Сауылған күні

10-15

31-36

66-71

94-95

124-129

Лизин

0,414±0,02

0,450±0,03

0,572±0,02

0,622±0,01

0,671±0,007

Гистидин

0,128±0,0035

0,152±0,01

0,210±0,01

0,321±0,02

0,239±0,008

Аргинин

0,155±0,007

0,188±0,02

0,196±0,012

0,195±0,01

0,225±0,015

Треонин

0,218±0,025

0,229±0,013

0,303±0,01

0,324±0,05

0,450±0,007

Валин

0,285±0,02

0,281±0,015

0,346±0,015

0,360±0,015

0,396±0,008

Метионин

0,140±0,006

0,131±0,009

0,166±0,007

0,188±0,008

0,193±0,009

Лейцин

0,490±0,02

0,472±0,003

0,628±0,02

0,679±0,03

0,651±0,03

Изолейцин

0,182±0,015

0,193±0,01

0,249±0,03

0,272±0,01

0,314±0,008

Фенилаланин

0,247±0,006

0,256±0,02

0,283±0,015

0,341±0,02

0,341±0,009

Барлығы

2,260

2,374

2,946

3,213

3,312

%

100

105

130

142

146

Қатынасы

1,01

1,29

1,14

1,22

1,24

 

11-кесте. Алмастырылатын аминқышқылдардың динамикасы, г/100 мл

 

Қышқылдар

Сауылған күні

10-15

31-36

61-66

94-99

124-129

Аспарагинді

0,475±0,03

0,481±0,08

0,486±0,025

0,745±0,07

0,598±0,008

Серин

0,219±0,015

0,290±0,014

0,342±0,015

0,368±0,02

0,391±0,015

Глютаминді

0,974±0,051

1,115±0,08

1,248±0,04

1,496±0,045

1,478±0,05

Пролин

-

0,511±0,04

0,608±0,03

0,868±0,04

0,908±0,04

Глицин

-

0,105±0,05

0,134±0,003

0,142±0,006

0,145±0,004

Аланин

0,382±0,015

0,206±0,05

0,258±0,009

0,277±0,007

0,260±0,009

Тирозин

0,252±001

0,332±0,015

0,287±0,01

0,306±0,01

0,343±0,01

Барлығы

2,302

3,040

3,363

3,932

4,123

%

100

132

146

170

179

 

Аминқышқылдар жалпы мөлшері уызда сүтке қарағанда 5-10есеге көп болып күн өткен сайын азайып отырады. Егер 1-ші күні уызда 0,215% болса 5-ші күні 0,02%-ке төмендейді.

Цистин аминқышқылының мөлшері әр саулық сүтінде өзгешеленіп тұрады. Биязы жүнді саулықтың 100 мл уызының 1-ші күні 1,07 г цистин болса, 7-ші күні ол 0,444 г төмендеп кейінгі уақытта 0,248-0,382 г аралығында болады, ал цистиннің мөлшері 1 л сүтте 60-100 г аралығында болады.

Метионин аминқышқылы мөлшері бірқалыпты тұрақты. 1-күні оның мөлшері 0,270%, ал 5-күні – 0,128%.Метиониннің жалпы мөлшері қозы бөлімге дейін жоғарылайды.

 

12-кесте. Сүттегі күкіртті аминқышқылдардың динамикасы, г/100 мл

 

Сауылған күні

Цистин

Метионин

Барлығы

X±mx

C, %

X±mx

C, %

1

0,215±0,03

41,8

0,270±0,03

38,7

0,485

2

0,153±0,03

44,4

0,205±0,01

13,65

0,358

3

0,052±0,044

19,23

0,152±0,006

11,18

0,204

4

0,029±0,004

48,27

0,136±0,006

16,17

0,165

5

0,022±0,004

25,00

0,128±0,005

10,93

0,150

31-36

0,040±0,010

70,0

0,131±0,009

21,5

0,171

66-71

0,0168±0,003

47,6

0,166±0,007

10,2

0,182

94-95

0,025±0,006

52,0

0,188±0,008

13,6

0,213

124-129

0,025±0,003

28,0

0,193±0,009

14,7

0,218

 

Аминкарбон қышқылының мөлшері 1-ші күнгі сауымнан 5-күнге қарай азая бастайды. Оның жоғарғы көрсеткіші 2-ші айдан бастап сауу мерзімінің аяғына дейін артып отырады. Изолейцин аминқышқылы да тап осындай өзгеріске ұшырайды.

Моноамин- және диаминокорбен қышқылдары алғашқы күндері тұрақты болып, 15-ші күні ең төменгі көрсеткішке ие болады да, сонан соң сауым аяғына дейін жоғарылай береді. Бірақ олар статистикалық дәлдікті сипаттай алмайды. Олар лизин және глютамин қышқылға тән екендігі анықталды.

Қозылардың организіміне түсетін аминқышқылдарды есептегенде олар-дың алмастырылмайтын фракциялары 3-ші айда жоғары болды. Қозы ажырату алдында сүттің азаюына байланысты олардың аминқышқылдарына қажеттілігі арта түседі. Осы уақытта саулыққа және жас малға синтетикалық аминқыш-қылдарын үстеп беру арқылы қойлардың салмақ қосуын, жүн өнімділігін арттыруға болатыны анықталды.

Қозылы саулықтың сүттілігіне әсер ететін факторлар.Оңтүстік қазақ меринос қойы салыстырмалы сүттілігімен ерекшеленеді.

Шаруашылыққа қолайлы жылдары олардың тәуліктік сүт өнімділігі 2 кг болып, олар орта есеппен 4 айда 115 кг сүт бөледі. Бірақ бұл көрсеткіш табиғи-климаттық факторларға тікелей байланысты.

Негізінде төл алу науқанын ерте көктемге сәйкестендіреді. Бұл мезгілде көк шөптің өсіп-жетілуіне байланысты қозылы саулықтарды үстеп жемдемесе де болады. Ал оларды алғашқы 20 күнде құнарлы азықпен қамтамасыз етсе саулықтың сүттілігіне, жас төлдің өсіп-жетілуіне ойдағыдай әсер етеді.

Жоғарыда айтылғандай саулықтың сүттілігіне ауа райы, жайылым отының құнарлығы мен өнімділігі тікелей әсер етеді. Ауа-райы құрғақ жылдары 4 ай ішінде саулықтың сүттілігі небары 41,2 кг болса, орташа жылдары 90,0 кг, жақсы жылдары 108,9 кг дейін жоғарылайды. Соңғылары алғашқы көрсеткішке қарағанда 2,2 және 2,6 есе артық.

 

 

 

 

 

 

  13-кесте. Қозылы саулықтардың сүт өнімділігі

 

 

 

Сауылған күндері

5

20

35

65

85

105

120

Тәуліктік сүттілігі, г

құрғақ

320

960

710

280

190

55

30

орта

860

1770

1230

725

363

150

110

жақсы

950

2050

1535

900

500

195

150

Подпись: 31Көрсетілген күндердегі сүттілігі, г

құрғақ

1,6

12,6

23,9

35,5

39,8

40,7

41,2

орта

4,3

28,3

48,6

74,6

85,8

88,8

90,0

жақсы

4,7

32,7

57,9

89,3

102,7

106,6

108,9

Құрғақ жылмен салыстырғанда, %

құрғақ

100

100

100

100

100

100

100

орта

269

225

203

210

216

218

219

жақсы

294

260

242

251

258

262

264

Жалпы сүттілігінің үлесі, %

құрғақ

3,9

30,6

58,0

86,2

96,6

98,8

100

орта

4,8

31,4

54,0

82,9

95,3

98,7

100

жақсы

4,3

30,0

53,2

82,0

94,3

97,9

100

  14-кесте. Сүттің химиялық құрамы мен қуаттылығы

 

Қоректік заттар, %

10 күндік

75 күндік

120 күндік

құрғақ

орта

жақсы

құрғақ

орта

жақсы

құрғақ

орта

жақсы

Белок

4,12

5,41

5,82

5,13

5,74

5,88

4,67

5,82

5,86

Май

4,43

6,07

6,65

5,70

6,46

7,30

6,12

7,76

8,25

Сүт қанты

5,06

5,13

5,24

5,02

4,98

5,30

4,71

4,58

4,62

Күл

0,79

0,84

0,87

0,82

0,91

0,95

0,7

0,93

1,04

Құрғақ зат

14,40

17,5

18,6

16,7

18,09

19,4

16,37

19,1

19,8

Қуаттылығы, МДж

3,58

4,57

4,9

4,32

4,77

5,18

4,39

5,24

5,26

 

 

14-кестеде көрсетілгендей саулықтың сүттілігі 20 күнге дейін жоғарылай-ды, содан соң біртіндеп төмендей бастайды. Қозылар 65 күндігінде жалпы сүт мөлшерінің 82,9-86,2% еміп, қалған мөлшерін соңғы екі айда қабылдайды. Сондықтан да қозыларды анасынан 2,0-2,5 айда ажыратуға мүмкіндік туады.

Қой сүтінің химиялық құрамы да жыл жағдайына және сауылған күндерге байланысты. Шаруашылыққа қолайлы жылдары 1-ші айда сүт құрамында 5,82% белок, 6,05% май, 5,24% сүт қанты болып, оның қуаттылығы 4,9 МДж жетеді.

Саулықтардың сүт бөлуі азайған сайын оның майлылығы 7,30 – 8,25%-ке жоғарылайды.

 

15-кесте. Қозылардың ана сүті мен жайылым шөбінен алатын қоректік заттар үлесі

 

Көрсеткіштер

Қозының жасы, күн

55-60

60-65

65-70

Күндік емген сүті

0,80

0,72

0,74

Азық өлшемі, кг

0,34

0,31

0,32

Қорытылған протеин, г

41,3

37,3

38,1

Желінген шөп, кг

1,36

1,33

1,59

Азық өлшемі, кг

0,26

0,25

0,30

Қорытылған протеин, г

31,9

31,3

37,4

Сүттің үлесінде, %

56,9

54,8

51,6

Азық өлшемі, кг

56,4

54,3

50,5

Қорытылған протеин, г

43,1

45,2

48,4

Шөптің үлесінде, %

43,6

45,7

49,5

 

Жыл жағдайына қарай саулықтардың сүттілігіне байланысты қозылардың өсіп-жетілуі де әртүрлі болып келеді. Мысалы құрғақ жылдары қозылар тәу-лігіне 115 г салмақ қосса, орташа жылы 320 г, ал жақсы жылдары 350 г салмақ қосады. Бірінші жыл жағдайында 1 кг қозылар салмақ қосу үшін 28,9 МДж қажет болса, екінші жылы 20,2 МДж, үшінші жылы 22,7 МДж қуаттылығы бар сүт жұмсайды. Құрғақшылық жылдары қозы ажырату маусымда жас төлдің салмағы 20 кг жақын болса, орташа жылдары 29,2, ал жақсы жылдары 32,8 кг жетеді.

 

       
    PICT0174
 
  PICT0211

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3  қоршаған орта факторларының Меринос жүнінің шығымына және сапасына тигізетін әсері

 

Қой шаруашылығынан алынатын аса бағалы өнімнің бірі жүн.. Одан кездеме, кілем, алаша, техникалық шұға, киіз бұйымдары жасалады, сондықтан да ол халық шаруашылығы үшін өте маңызды, тоқыма өнеркәсібі үшін құнды шикізат болып табылады.

Әртүрлі мата тоқылатын басқа шикізаттарға қарағанда қой жүнінің толып жатқан артықшылықтары бар. Мәселен:

- жүн жылуды жақсы сақтайды, сондықтан да одан тоқылған киім жылы келеді;

- жіңішкелігі мен көлемі бірдей басқа талшықтармен салыстырғанда жүннің салмағы жеңіл;

- жүн талшығы басқаларға карағанда жұмсақ, созылғыш, серпімді келеді;

- киіз басуға тек қой жүні ғана жарайды;

- жүн ылғалды тоқыма талшықтардын басқа түрлеріне қарағанда жақсы сіңіреді және оны көп уақытқа дейін бойында сақтайды;

- жүннің өзі жылу шығара алады, әсіресе оның бұл қасиеті ылғалданған кезде байқалады;

- жүңнің сондай-ақ күн көзінің ультракүлгін сәулесін өткізетін ерекшелігі бар, ал оның өзі денсаулыққа пайдалы әрі организмді нығайтуға септігін тигізеді, басқа тоқыма талшықтарына қарағанда жүн дымқылдықтан көп бүлінбейді;

- жүнге бояу жақсы сіңеді, әрі басқа талшықтардай көп оңбайды;

- жүннің әр түрлі шуды және тербелісті төмендетіп азайтатын қасиеті бар;

- жүннен тоқылған киім қыртыстанбайды, әрі қонымды келеді.

Жүннен жасалған бұйымдар гигиеналық тазалығымен, сыртқы түрінің әдемілігімен тартымды болып қеледі, сондықтан да оларды халық көп тұтынады.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                     

 

3.1 Жүннің эмбриональді кезеңде пайда болып, қалыптасуы

 

Жүн төлдің эмбрионалдық кезінде-ақ қалыптаса бастайды. Әдетте 60-70 күндік эмбрионның терісінде жүн талшықтарының фолликула деп аталатын бастамасы пайда болады. Оны бірінші реттік және екінші реттік фолликулалар деп бөледі. Жүннің сапасы көбінесе осы фолликулалар құрылымының ерекшеліктеріне байланысты.

Қылшық жүнді қойдың фолликулаларының құрылымында биязы жүнділерге қарағанда айтарлықтай айырмашылық бар. Оларда бірінші реттік фолликулалар қыл тәрізді жүн талшықтарын, ал екінші, соңғы фолликулалар түбіт талшықтарын құрауға бейімделген. Биязы жүнді қойдың бірінші және екінші фолликулаларының құрылымында мұндай ерекшелік байқалмайды, олардан – неғұрлым қалың түбіт өсіп жетіледі.

Қой жүнінің қалың, тығыз болып келуі, осы жүн талшықтары пайда болатын фолликулалардың санына байланысты. Фолликулалар санының аз немесе көп болуы малдың тұқымына, түқым қуалаушылық ерекшеліктеріне, сондай-ақ саулықтарды буаз кезінде азықтандыру жағдайларына байланысты. Фолликулалардың келешектегі дамуына азықтандыру сапасы да үлкен әсер етеді. Қозы қолайсыз жағдайларға тап болғанда, оның терісінде түзілетін фолликулалар толық жетіле алмайды да жүн талшықтарының саны азаяды. Демек буаз саулықтарды құнарлы азықпен азықтандыру және төлдерді (қозыларды) күтіп-бағудың жақсы жағдайларын туғызу арқылы фолликулалар-дың көбейіп жетілуіне ықпал жасауға және осы арқылы қойдың жүн өнімділігін арттыруға болады.

Фолликулалардың саны әр түрлі тұқымда, тіпті бір тұқымның өз ішінде де қойдың дербес ерекшеліктеріне байланысты әр қилы болып келеді, әрі тұқым қуалаушылық қасиетіне сәйкес ұрпақтан ұрпаққа ауысып отырады. Мұның өзі қой жүнінің тығыздығын жоғарылата түсу мақсатымен фолликулалары көп қошқарларды алдын ала таңдап, сұрыптап алып, оларды кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді.

Эмбрионның болашақ жүн талшығы шығатын орнында, негізгі терінің мальпигиев қабатымен ұштасқан жерінде, қоздырғыш (түршіктіргіш) нүкте пайда болады да, оған қанның ағуы көбейіп, жылдамдайды, ал мұның өз мальпигиев қабатына жақын жатқан клеткалардың неғұрлым жақсы қоректе-нуіне жағдай туғызады. Сондықтан да бұл клеткалар тез көбейеді де, кішкентай ғана бүршіктер пайда болады. Осы бүршіктер күн сайын ақырындап өсіп, астындағы тері үрпілерімен қатарласа отырып тері астындағы клетчатка-ға дейін жетеді. Осылайша терінің бүкіл қалыңдығы бойына, ортасы мальпи-гиев қабатының клеткаларымен толықтырылған ұзын түтік пайда болады. Тері үрпілерінің үстінде орналасқан мальпигиев қабатының клеткалары қоректік заттарды мол қабылдауының нәтижесінде тез есіп, көбейе береді. Кейіннен пайда болған клеткалар бұрынғы клеткаларды ығыстырады, яғнн жүн талшы-ғы бірте-бірте жоғарылап өсіп, терінің эпидермиялық қабатын тесіп өтіп, оның сыртына шығады. Сыртқа шыққанда да оның өсуі, тері үрпілерінің үстіндегі клеткаларының қарқындап көбеюіне байланысты тоқтамайды. Алғашқы рет қырқуға дейін қозылардың жүн талшықтарының ұшы үшкір, ал қырқылғаннан кейін доғалдау болып келеді.

Бірінші реттік фолликулалар эмбрионның денесінде (ең алдымен басында) саулықтардың буаздығының 50-70-ші күн аралығында пайда болады. Осы бірінші фолликулалардан құралған алғашқы жүн талшықтары дененің сыртына эмбрионның жасы шамамен 100 күнге толған кезде біртіндеп шыға бастайды.

Эмбрион жасынын, 70-80 күндігінен 110 күнге дейінгі аралығында эпидермисте екінші фолликулалар құралып, олардан пайда болған жүн талшықтары дене сыртына шамамен 115-ші күннен бастап шыға бастайды. Бұл процесс қозы туғаннан кейін де тоқталмайды, яғни эмбриональдық кезеңде пайдаланылмаған фолликулалардан жаңа жүн талшықтары шыға береді. Мысалы, М.И.Лущихиннің, қырғыздың биязы жүнді қозыларымен жүргізген зерттеулерінің нәтижелері бойынша терідегі фолликулалардан сыртқа шыққан жүн талшықтарының проценті: туған кезеңде – 30,0-44,0; 7 күндігінде – 43,7-47,0; 15 күндігінде – 55,8-64,0; 30 күндігінде – 75,4-82,6; төрт айлығында -95,9-96,7 болған.

Туғаннан кейін қозы терісіндегі фолликулалардың саны өзгермейді, жүн-нің қалыңдығы фолликулалардың өсіп-жетілуіне байланысты алғашқы кезде сиректеу болып келеді. Әдетте жаңадан туған биязы жүнді қозының терісіндегі барлық фолликулалардың 3/1-нен, ал қылшық жүнділерде 3/2-нен ғана жүн талшықтары шығады. Жақсы азықтандырылып, бағып-күтілген қозылар фолликулаларының өсіп-жетілуі бесінші айда негізінен аяқталады.

Сонымен жүннің қалыптасу процесі, әсіресе ұрықтың эмбриондық дамуының екінші жартысында және қозы туғаннан кейінгі бірінші жылы күшті жүреді. Бірақ бұл кейін малдың жасына, азықтандыру дәрежесіне байланысты жүн түсімі өзгермейді деген сөз емес.

Жоғарыда айтылғандай аналық басты жақсы азықтандырудың жаңа туған қозының терісіндегі түк фолликулаларының санына тигізетін әсері күшті. Осы гипотезаны анықтау мақсатымен Н.А.Диомидова (1953) арнайы тәжірибе жүргізді. Тәжірибеде совет меринос тұқымының аналық бастарынан құралған екі топ болды. Тәжірибе тобының саулыктары байқау тобына қарағанда жақсы азықтандырылды, соның нәтижесінде төмендегідей көрсеткіш алынды (16-кесте).

 

16-кесте. Анасының қоректену дәрежесіне қарай эмбриондағы түк фолликулаларының саны

 

Тәжірибе тобы

Бақылау тобы

эмбрионның жасы, күн

анасының салмағы, кг

эмбрионның салмағы, г

1 мм2 терідегі фолликула саны

анасының салмағы, кг

эмбрионның салмағы, г

1 мм2 терідегі фолликула саны

92

58,1

729

220

52,0

734

175

707

202

99

60,9

781

236

45,9

844

221

739

257

129

65,2

2932

642

59,2

2945

539

2662

661

132

73,2

2756

598

53,2

3641

409

 

Саулықтарды жақсы азықтандырудың нәтижесінде жүн фолликула-ларының саны тәжірибе тобында едәуір жоғары болды, әсіресе эмбрион жасының 129-132 күндік аралығында олардың саны байқау тобына қарағанда 100-200-ге жуық көп.

Жүн фолликулаларының қалыптасуына азықтандырудың мөлшерімен катар азық рационының сапасы да әсер етеді.

Бұл тәжірибенің мәліметі бойынша буаз қойдың рационындағы қорыты-латын протеиннің мөлшері көбейген сайын, олардан туған қозылардың терісін-дегі жүн фолликулаларының саны да арта түседі. Бұл түсінікті де, себебі жемшөппен қой организміне түскен қоректік заттар қорытылып, қан арқылы бойға тарап, эмбрионды да қамтамасыз етіп, оның болашақ өнімділігіне әсерін тигізеді. Сондықтан да күнделікті рациондағы қоректік заттардың мөлшері мен малдың кажетсінуін канағаттандыру дәрежесі басты мәселе болып саналады.

Әрине жүн талшықтарының фолликулаларын тек азықтандыру арқылы ғана шексіз көбейте беру мүмкін емес. Сондай-ақ мұның өзі қойдың тұқымдық қасиетіне, генетикалық мүмкіндігіне де байланысты болып келеді. Сондықтан да осы ерекшеліктерді жақсы түсініп, азықтандыруды дұрыс ұйымдастыра отырып, қойдың жүн өнімділігін мүмкіндігінше молайту мал мамандарының төл ісі.

 

 

3.2 Жүн талшықтарының гистологиялық және морфологиялық құрылымы

 

Қойдың жабағысы жеке-жеке жүн талшық тарынан тұрады. Жүн талшықтары терінің мүйізденген ерекше құрандылары болып саналады. Олар   тері эпидермисінің туындылары және терінің дамуымен бірге қалыптасады.

Әрбір жүн талшығынан төменгі бөліктерін сабағы, тамыры және буылдығы деп белуге болады.

Сабағы деп жүн талшығының сыртқы, яғни тері үстіндегі бөлігін айтады.

Тамыры деп терідегі жүн талшығының төменгі бөлігін айтады.

Буылдыры деп тері ішіндегі жүн талшығының ең төменгі бөлігін, ұя тәрізді кеңістікті айтады. Буылдық жүн талшығының тікелей жалғасы, ол үрпікті қоршап жатады. Осы буылдықтағы клеткалардың көбеюі (клеткалар бөліну жолымен кебейеді) арқылы жүн талшықтары өседі.

Жүн талшығының үрпігі – талшықтың негізгі қоректенетін органы. Оның өзі дәнекер торшадан құралады, онда қоректік заттар жеткізіп тұратын толып жатқан тамыр капиллярлары бар; осы капиллярлардан қанмен келген қоректік заттар жүн талшығының буылдығына ауысып, сондағы клеткалардың, жүн талшығының қоректенуін, өсіп-жетілуін қамтамасыз етеді.

Жүн талшығының қынабы. Жүн талшығының тамыры тері ішінде бірнеше қабатты эпидермиялық клеткадан тұратын түтікпен қоршалған. Осы түтікті жүн талшығының қынабы деп атайды..

Май безі. Тері ішіндегі қыл қынабының сыртқы жақтарында орналасқан екі немесе үш май бездері болады, олардын. майы арнаулы жолдар арқылы қыл қынабының ішіне енеді. Осы май жүн талшықтарын майлап, оларды сыртқы әсердің әр түрлі ұнамсыз ықпалынан қорғайды. Май бездерінің майы тер бездерінен шыққан термен араласып шайыр құрайды. Жүндегі шайырдың мөлшері қой тұқымына, жынысына, дербес ерекшелігіне байланысты әр түрлі

 

 

       
  PICT0205
 
    PICT0249

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

болып келеді. Шайырдың ең көбі биязы жүнді, ал ең азы қылшық жүнді қойларда болады.

Тер бездері – терінің ішкі жағында орналасқан, бірақ олардың өнімі арнаулы жолдар арқылы терінің үстіне шығарылады. Тер бездерінің физиоло-гиялық екі түрлі маңызы бар: біріншіден мал организміндегі жылуды реттеуге көмектеседі; екіншіден – зат алмасудан пайда болған, организмге жағымсыз заттарды термен бірге сыртқа шығарады.

Микроскоппен қарағанда, жүн талшығының үш қабаттан тұратыны байқалады. Оның біріншісін – эпидермис, яғни қабыршақты қабат; екіншісін – ортаңғы қыртысты қабат; үшіншісін – өзек деп атайды.

Эпидермис, яғни қабыршақты қабат – бір қабатты эпителий клеткалары-нан құрылған. Осы қабаттың сырт көрінісі балықтың қабыршағына ұқсас болғандыктан кейінгі кезде бұл қабат қабыршақты, ал жеке клеткалар – қабыршақ деп аталып жүр. Қабыршақ клеткалардың формасы әр түрлі: сопақша, көп қырлы, шиыршық т.б. болып келеді. Олардың көлемі де әр қилы, кейбір кабыршақтар үлкен болса, кейбіреуі өте ұсақтанып кетеді. Жүн талшығының сапасына қарай ондағы қабыршақ саны әр түрлі болатыны анықталған. Мысалы, қылшық жүн түбітінің бір миллиметрінде 65-тен 80-ге дейін, ал қылында 45-тен 60-қа дейін қабыршақ болатыны байқалған.

Биязы жүнді қойдың жүн талшықтарында шиыршық формалы қабыршақ көп кездеседі. Шиыршық деп сыртқы пішіні сақина тәрізді болып келген қабыршақтарды айтады. Сақина тәрізді қабыршақтар ең жіңішке жүн талшықтарының, атап айтқанда, биязы жүн мен түбіттің сыртқы қабатын құрайды. Кабықшаның өзі қабат талшықтарын сыртқы әрекеттерден   қорғайды, әрі жүнді иіріп, ұршыққа төккен кезде оның зор маңызы бар. Сақина тәрізді қабыршақтар  біріне-бірі қабыса бітеді,  яғни бір қабыршақтың шетін екінші кабыршақ басып жатады. Талшық сыртының осылай кетікше, бұжырлау болып келуінен жүн тез ұйысады, мұның өзі киіз басуға ыңғайлы келеді. Осындай ретпен орналасқан қабыршақтар өздеріне түскен күн сәулесін  жүн талшығының көлемді аумағына шашырата таратады, сондықтан да мұндай жүннің  жылтырлығы, ажары төмендеп,  күңгірттеу болып  көрінеді. Керісінше, қабыршақтары бір жазықтықта орналасқан, сапасы төмен (жуандау келген) жүн талшықтары талшық бетінің бір бөлігіне шаққанда күн сәулесін мол шағылыстырады, сондықтан да олардық түсі ашаң, жылтырауық сияқты болып көрінеді.

Ортаңғы қыртысты қабат. Қабықша қабаттың астында жүн талшығы-ның негізі – қыртысты қабат жатады. Бұл қабат бір-біріне тығыз жанаса бітіп, жүн талшығын бойлай орналасқан ұршық тәрізді қабығы қатты клеткалардан құралады.

Жүн талшығына қажетті негізгі заттардың басым көпшілігі осы қабатта жинақталған, сондықтан да бұл қабат жүннің негізгі сапасына (беріктігі, созылғыштығы, ширатылғыштығы, серпінділігі, т.б.) мейлінше әсерін тигізеді. Жүннін түсіне ықпал ететін бояғыштық қасиеті бар пигмент те осы қабаттың клеткаларында орналасқан.

Өзек қабат – жүн талшығының нақ ортасынан орын алып, өн бойына созылып жатады. Өзек қабат жүн талшықтарының барлық түрінде кездесе бермейді. Мәселен, биязы жүн мен қылшық жүнді қойдың түбітінде өзек болмайды. Аралық жүн талшықтарында өзек болады, бірақ ол біркелкі емес, үзілмелі келеді, яғни бір жерінде болса, екінші жерінде болмайды.

Өзек, өзара бос байланыскан клеткалар мен ауа түйіршіктерінен тұрады. Уақыт өткен сайын өзектегі клеткалар кеуіп, бүкіл каналға едәуір мөлшерде ауа толады. Жүн талшығында өзектің ойдағыдай жетілуі биологиялық жағынан маңызды құбылыс, өзегі жақсы жетіліп, ауамен толған жүн  талшықтары, біріншіден мал организмінен жылудың бөлінуін азайтады, себебі ауамен қабықты заттар жылуды нашар өткізеді. Екіншіден, жаздың қайнаған ыстық кезінде мұндай жүн талшықтары мал организмін қатты қызудан сақтайды. Республикамыздың кең байтақ даласында өсірілетін әр түрлі қазақы қойлардың қылшық жүнінде міне осындай қасиет бар. Бірақ өзектің тым жетілуі жүннің физикалық-техникалық қасиетіне кері әсер ететін кездері де болады. Өзек жетілген сайын жүн талшығының беріктілігі төмендеп морт сынғыш келеді және жүннің иірілгіш сапасы және созылғыштығы кемиді. Керісінше, ортаңғы қабаттың мейлінше жетіліп, ал өзектің азаюы жүн талшығының беріктілігін арттыра түседі.

 

 

3.3 Жүн талшықтарының түрлерінің физикалық және химиялық қасиеттері

 

Қой жүні сапасы жағынан бір қалыпты болып келмейді. Бұл айырмашы-лық жүн талшықтарының ұзындығы мен жіңішкелігіне, бұйралығы мен серпімділігіне, гистологиялық құрылысы мен мал денесінде орналасу ретіне, т.б. байланысты. Осындай айырмашылықтарға сүйене отырып ғылыми тұрғыдан жүн талшықтарының көптеген түрлері анықталған. Біз солардың көп тараған негізгі түрлеріне тоқталып, сипаттап өтейік.

Қой жүнінде негізінен төрт түрлі жүн талшықтары болады: 1) қылқан тәріздес қысқа жүн талшықтары; 2) қылшық; 3) аралық қылшық; 4) түбіт.

Қылқан тәріздес қысқа жүн талшықтары қой басы мен сирақтарында өседі. Олардың әрдайым жақсы жетілген өзегі болады, ортаңғы қабат бір-біріне тығыз түрде жабыса біткен клеткалардың қалың қабатынан тұрады.

Қылқан тәріздес қысқа жүннің ұзындығы 1-2,5 сантиметрден аспайды, сондықтан да ол тоқыма маталар дайындауға мүлдем жарамсыз, өнеркәсіптік маңызы жоқ.

Қылшық – ирегі аз, толқынданып келетін, кебінесе түзу, тік өсетін, түбітке қарағанда жуан, ірі, беріктігі мен серпінділігі нашар жүн талшығы. Қылшық әр уақытта үш қабаттан – қабыршақты, ортаңғы қабат және өзектен тұрады; өзегі жақсы жетілген. Ұзындығы жағынан қылшық түбіттен әрдайым артық түседі. Жүн талшықтарының жіңішкелігі микронмен (миллиметрдің мыңнан бір бөлігімен) өлшенеді. Қылшықтың жіңішкелігі 40-тан 150 микрон аралығында, тіпті одан да жоғары болып келеді. Ол әр түрлі текті ұяң және қылшық жүннің құрамына кіреді.

Қылшық жүнді койдың жүні азды-көпті мөлшерде осы қылшықтан тұрады. Технологиялық қасиеті жағынан қылшық түбіттен әлдеқайда төмен бағаланады. Қылшық жүн дөрекілеу келген төменгі сапалы маталар тоқуға және киіз басуға жұмсалады.

Қылшықтың кейбір аса жуан түрлерін – «құрғақ» қылшық, «өлі» қылшық деп атайды.

«Құрғақ» қылшық – қылшық жүнді койларда кездеседі, биязы жүнділерде болмайды. Жаңбыр мен қардың әсерінен кейбір кездері қылшықты жүннің жоғарғы жартысындағы (белігіндегі) шайыр шайылып, жуылып кетеді. Шайырынан айырылған қылшықтың сыртқы әсерлерге төзімділігі нашарлап, күн мен желдің әсерінен кеуіп құрғайды. «Құрғақ» қылшық қарапайым, қалыпты қылшыққа қарағанда қатты, морт сынғыш, жылтырлығы солғын, беріктігі босаңдау болып келеді.

«Құрғақ» қылшық өндіріс үшін керексіз зат, сондықтан да оның көп мөлшерде болуы жүннің бағасын төмендетіп жібереді.

«Өлі» қылшық – тым өрескел ірілігімен, қаттылығымен және морт сынғыштығымен, жылтырлығының бәсеңдеу болып келуімен және боялмай-тындығымен сипатталады. Сырт қарағанда ол толқыны жоқ, түзу болып келеді. Гистологиялық құрылысы жағынан алып қарағанда өзегі жақсы жетілген, ортаңғы қабаты нашар байқалады. Технологиялық қасиеті жағынан «өлі» қылшық төмен бағаланады, мата тоқуға жарамайды. Оның өзі жүннің құндылығын кемітеді және төменгі сорт ретінде саналады. Кейде қылшыққа қозы жүні де жатқызылады. Қозы жүн дегеніміз – биязы жүнді қойдың бір жасқа дейінгі қозыларының жүнінде кездесетін талшықтар. Қозы жүні де өзінің. ұзындығымен, талшықтарының жуандығы-мен және бұйрасының аздығымен көзге түседі. Жүнді бірінші рет қырқудан кейін мұндай талшықтар, әдетте, түседі де, оның орнына биязы жүнді қойларға тән талшықтар өсіп шығады.

Аралық қылшық. Аты айтып тұрғанындай бұл сапасы жағынан, яғни жуандығы, иректілігі және жұмсақтығына қарай қыл мен түбіттің аралығынан орын алған, бойында қылдың да, түбіттің де белгілері бар жүн талшығы. Ол -  түбіттен жуан, қылшықтан жіңішке, түбіттен ұзын, көбінесе қылшықтан қысқа, ал ирегінің саны түбіттен кем, қылшықтан артықтау болып келеді.

Гистологиялық кұрылысы жағынан сипаттайтын болсақ, аралық талшы-ғының жіңішке келген өзегі болады, бұл өзек кебінесе буылтық-буылтық үзілмелі келеді; кейбір кездері аралық қылшықта өзек болмайды, мұндай жағдайда ол ірілеу келген түбітке ұқсас. Шикізаттық сапасы жағынан аралық қылшық түбітке көбірек жақындайды.

Ағылшынның – линкольн, бордер-лейстер, ромни-марш тұқымдас қой-ларының жүні тек қана аралық қылшықтан тұрады.

Түбіт. Бұл қой жүнінің ең жіңішке талшығы болып есептеледі, оның жуандығы 10-30 микрон, ұзындығы 5-15 см аралығында болады. Түбітте еш уақытта өзек болмайды. Эпидермис клеткаларының черепица тәріздес болып орналасуына байланысты түбіттің сырты микроскоппен қарағанда біртегіс болмай бұжырланып. кетікше болып келеді. Осы ерекшелігінен болуы керек, түбіт басқа жүн талшықтарына қарағанда бір-бірімен жымдаса, жақсы байланысады, сондықтан да ол жүннен түрлі бұйым, мата жасап шығаратын (тоқитын) өндірісте жоғары бағаланады.

Түбіттің жүн ішіндегі мөлшері қойдың тұқымына байланысты кейде аз, кейде көп болады. Мысалы, меринос тұқымдас қойлардың жүні түгелімен түбіттен тұрады, қылшық жүнді койлардың жүнінің құрамында да түбіт кездеседі, бірақ ол қысқа, қылшықты жүннің төменгі жартысынан аспайды.

Биологиялық жағынан алып қарағанда, түбіт жылылықты жақсы сақтай-тын жүн талшығы болып есептеледі, сондықтан да ол суық кездері мал организмінен жылудың шығуын реттейді. Күн жылынған кезде түбіт түлеп, суық бола бастағанда қайта шығады.

Жүннің түрлері. Жүннің мынадай түрлері болады: биязы, биязылау, ұяң және қылшық жүн.

Биязы жүн диаметрі 25 микроннан аспайтын түбіттен тұрады. Ол өзінің ұсақ бұйраларының болуымен, мықтылығымен, созылғыштығымен және басқа да жақсы қасиеттерімен көзге түседі.

Ол биязы жүнді қойлардан, сондай-ақ қылшық жүнді қойлар мен биязы жүнді қойлардың қошқарынын, жоғары қанды буданынан алынады. Ең жақсы биязы жүн меринос жүні деп аталады.

Жүннің физикалық қасиеттері. Жүннің физикалық қасиеттеріне оның талшығының жіңішкелігін, бұйралығын, мықтылығын, иілгіштігі мен созылғыштығын, серпінділігін, еңінің жылтырлығы мен түсін жатқызады. Қойларды бонитировкалау мен жүнді кластарға бөлу кезінде осы қасиеттерге қарай отырып, жүннің құндылығын анықтайды.

Жүн талшығының жіңішкелігі – жүннің технологиялық бағалылығын анықтайтын ең басты қасиеттерінің бірі. Оны қылшықтың; көлденең қимасы-ның диаметрін өлшеу арқылы анықтайды. Ең жуан деген қылшық жіңішкелігі-нің өзін линейкамен өлшеп, жай көзбен анықтауға болмайды. Оны арнаулы микроскоп арқылы ажыратып, миллиметрдің мыңнан бір бөлігі (0,001) – микронмен өлшеп белгілейді. Практикада жүннің жуан-жіңішкелігі көзбен анықталып, шамалап сезіммен бағаланады. Ол үшін тексеруші адамның тәжірибесі мол және дағдыланған болуы керек. Мұндай жағдайда арнайы дайындалған эталондарды (үлгілерді) пайдалану қажет.

Қойдың бүкіл денесінде өсетін жүннің жуан-жіңішкелігі бірдей бола бермейді. Өйткені қойдың әр жерінің терісінің қалыңдығы әр түрлі. Биязы жүнді қойдың ең жіңішке жүні бүйірінде, жауырыны мен жотасында, ең жуаны – санында, басында, сирақтарында өседі. Сондықтан да ескеретін бір жайт – жеке жүн талшығының жіңішкелігі мен жалпы жүннің жіңішкелігін айыра білу керек. Талшықтардың жіңішкелігі деп, олардың нақтылы жіқішке-лігін айтса, жүннің жіңішкелігі – деп сол зерттеудегі жалпы жүннің әр жерінен алынып тексерілген талшықтардың орта есеппен шығарылған жіңішкелігін айтады. Жалпы жүннің құрамына кіретін талшықтар неғұрлым біркелкі болса, соғұрлым жеке талшықтардың жіңішкелігі сол жүннің орта есеппен алынған жіңішкелігіне жақындай түседі. Біркелкі жүнде, айталық биязы жүнде, әр талшықтың жіңішкелігінің, жүннің жалпы жінішкелігінен айырмашылығы аз. Мұндай жүнді жіңішкелігі жағынан біркелкі немесе біртекті деп атайды. Ал егер жалпы жүн мен жеке жүн талшықтарының жіңішкелігінің арасында айтарлықтай ауытқу байқалса, ондай жүнді жіңішкелігі жағынан аралас немесе әртекті жүн деп атайды. Мысалы, қылшықты қой жүнінің құрамында жіңішке-лігі әр түрлі жүн талшықтары болуы мүмкін: түбіт жіңішкелігі 20 мкм, аралық қылшық – 40 және ірі қылшық – 70 мкм, сондықтан да мұндай жүн біркелкі емес. Біркелкі жүн биязы және биязылау жүнді қойлардан қырқылады. Жүн барлық талшығының жіңішкелігі жағынан неғұрлым біркелкі болып келсе, соғұрлым оны технологиялық құндылығы арта түседі және одан тоқылған жіптердің де сапасы жоғары болады.

Қазіргі уақытта біздің елімізде барлық біртекті жүннің (биязы және биязылау) жіңішкелігін анықтау үшін жүнді кластарға бөлудің бірыңғай системасы (жүйесі) жасалған. Бұл жүйе бойынша (17-кесте) біртекті жүннің 13 негізгі класы белгіленген, оларды сапа деп атайды, 80, 70, 64, 60, 58, 56, 50, 48, 46, 44, 40, 36 және 32 цифрларымен белгілейді. Көрсетілген әрбір сапаға жүннің белгілі бір жіңішкелігі сай келеді. Сапа жүннің биязылығы мен иірілу қасиетінің арасындары байланысын көрсетеді. Жүн неғұрлым биязы болса, оның сапасын керсететін шартты  цифр саны соғұрлым көп болады, оның иірі-лу қасиеті де соғұрлым жоғары келеді. Мысалы, жуылған 1 кг биязы жүннен (талшықтарының орташа диаметрі 20-25 микрон) 3,4 м2, ал 1 кг қылшық жүннен (45-55 микрон) бар боланы 1 м2 шамасында мата жасап шығаруға болады.

 

17-кесте. Біркелкі жүнді жіңішкелігі жағынан класқа айыру және 1 см талшықта болатын иректердің саны

 

Жүннің сапасы

Жүн талшықтарының жіңішкелігі, мкм

Шамамен 1 санти-метр талшықта болатын иректердің саны

Жүннің сапасы

Жүн талшықтарының жіңішкелігі, мкм

Шамамен 1 санти-метр талшықта болатын иректердің саны

80

14,5-18,0

9

50

29,1-31,0

3

70

18,1-20,5

8

43

31,1-34,0

2

64

20,6-23 0

7

45

34,1-36,0

1

60

23,1-25,0

7

44

37,1-40,0

1

58

25,1-27,0

5

40

40,1-43,0

1

56

27,1-29,0

4

36

43,1-55,0

-

 

 

 

32

55,1-67,0

-

                                             

Талшықтарының жіңішкелігіне қарай жүн әр түрлі маталар тоқуға жұмсалады. Мысалы, сапасы жағынан жіңішкелігі 30-50 микронға дейінгі жүннен ең құнды кездемелер – бостон, коверкот, драп, габардин, шевиот, т. б. тоқылады, ал сапасы осыдан жоғары жүн талшықтары калың маталар тоқуға пайдаланылады.

 

18-кесте. Аралас жүнді класқа айыру

 

Сорттар

Орта есеппен алынған жіңішкелігі, мкм

Жоғарғы сорт (экстра)

24,1-29,0

І

29,1-34,0

ІІ

34,1-38,0

ІІІ

38,1-45,0

IV

45,1 және жоғары

 

Жүн талшықтары неғұрлым жіңішке болса, одан иірілген жіптің де ұзындығы соғұрлым жоғары. Мысалы, практикалық лабораториялық мәлімет-тер бойынша жуылған, жіңішкелігі 15-18 мкм, салмағы 453 г (бір ағылшын фунты) жүннен әрқайсысының ұзындығы 512 м 80 бөлек оралған жіп алынған; ал талшықтарының жіңішкелігі 20-23 мкм болғанда – 64; 25-27 мкм болғанда – небәрі 58 дана ғана оралған жіп алынған.

Жүннің жіңішкелігі жағынан әр түрлі болып келуі ең алдымен қойдың тұқымына және дербес ерекшеліктеріне байланысты. Жүннің жіңішкелігіне малдың жасы мен жынысы да әсер етеді. Мысалы, қылшық жүнді қой козысы-ның жүні ересек қойға қарағанда жіңішке. Саулықтың жүні жасы асқан сайын жіңішкере түседі. Қошқардың жүні саулықтардыкіне қарағанда жуандау келеді.

16 және 17-кестелердің мәліметтерінен көрініп отырғанындай барлық қой жүні жіңішкелігі жағынан екіге бөлінеді – біркелкі және аралас. Біркелкі (бір текті) жүнге биязы, биязылау жүндер жатады. Ал аралас (әр текті) жүнге – ұяң біркелкі емес және қылшықты біркелкі емес, аралас жүндер жатады. Жүннің бұл түрлерін осы бағыттағы қой тұқымдарынан алады.

Жүн иректілігі. Қой жүнінің өзіне тән ерекшелігінің бірі оның тура өспей, азды-көпті болса да иректеліп, толқынданып келуі. Жүн ирегінің саны мен көлемі көбінесе қой тұқымына, әрқайсысының дербес ерекшелігіне, азықтан-дырып, күтіп-бағу жағдайына, жүндегі шайырға байланысты келеді. Егер жүнде шайыр аз немесе жоқ болса, жүннің иректілігі бұзыла бастайды. Ал жүннің иректілігі оның ең басты техникалық қасиеттерінің бірі болып саналады. Жүннің иректілігін жеке жүн талшығынан емес, тікелей койдың жалпы жүнінен алынған ешқандай механикалық әсерге ұшырамаған табиғи қалпындағы жүн бөліктерінен анықтайды. Оның мәні мынада: егер биязы жүнді қойдың жүнінің бір талшығын жұлып алып қара кағаздың бетіне салып қарағанда, оның иректілігі анық байқалады, бірақ сол иректіліктің формасы мен келемі бірдей болмайды. Сондықтан біздің елімізде биязы жүнді қойларды жылына бір рет қырқады.

Жүн талшығы ұзындығының қысқаруы көбінесе қойды қырыққан кезде болады. Жүнді теріге тақап қырықпаудан оның ұзындығы кемиді де, соның салдарынан оның класы кем бағаланады.

Жүн талшықтарының ұзындығы оның жіңішкелігімен көбінесе кері қатынаста болады, неғұрлым жіңішкелеу келетін, бір текті жүн неғұрлым жуандау келетін жүн талшықтарынан көп жағдайда қысқалау келеді. Алайда мал тұқымын асылдандыру жұмысын іскерлікпен жүргізе білу арқылы жүн талшықтарының ұзындығы оның қажетті жіңішкелігіне сай келетін қой отарларын құруға болады.

Жүнніқ беріктігі деп оны үзетін салмақ күшіне төзімділік дәрежесін айтады. Жүннің беріктігі абсолюттік және салыстырмалы болып екіге бөлінеді. Жүн талшығының абсолюттік беріктігі граммен (жүн талшығының салмаққа үзілуі) есептеледі. Салыстырмалы беріктігі – талшықтың жіңішкелі-гін есепке ала отырып, килограммен (жүн талшығының көлденең қиындысы-ның бір өлшеміне) есептеледі. Үзетін салмақ үзілетін талшықтың көлденең қиындысының аумағына белінеді де, кг-мм2 өлшенеді. Жүн талшығының көлденең қиындысы артқан сайын, оның абсолюттік беріктігі ұлғая түседі де, салыстырмалы беріктігі азаяды. Мысалы, жуан қылшықпен салыстырғанда түбіт аз салмақ күшімен үзіледі. Ал егер бірнеше түбітті біріктіріп, олардың көлденең қиындысының жалпы аумағын әлгі жуан қылшықтың көлденең қиындысының аумағымен теңестіріп тартса, оларды үзу үшін жалғыз қылшық-ты үзумен салыстырғанда әлдеқайда көп күш жұмсалады. Жүн талшықтары-ның абсолюттік беріктігі 3,0-65 г, ал салыстырмалы беріктігі – шамамен 8-30 кг-мм2.

Жүн талшығының беріктігіне оның гистологиялық құрылысы да едәуір дәрежеде әсер етеді. Өзегі бар қылшықтардың, әсіресе «құрғақ» және «өлі» қылшықтардың беріктігі нашар келеді. Осымен қатар жүннің беріктігіне қойды бағып-күту, азықтандыру жағдайы, оның физиологиялық күйі және басқа факторлар да әсер етеді. Егер жүн ылғалды болып келсе, оның беріктігі кемиді. Бұл ұнамсыз жағдайдың әсері – қырқылған жүн кір, әрі ылғалы мол болып, атмосфераның температурасы жоғарылаған сайын ұлғая түседі. Мұндай жағдайда ашу (қызу) процесі басталып, жүн шіриді де беріктігінен айырылады. Мұндай жүн төмен бағамен қабылданады, әрі өнеркәсіп үшін құнсыз деп саналады. Себебі өңдеу процесінде жүн жуатын, түтетін, тарайтын, иіретін машиналардан өтеді. Осы кезде үзілмеуі үшін жүн талшықтары ұзына бойы біркелкі берік болуы керек. Ал әлсіз талшықтар машиналармен өңдеген кезде ортасынан не шетінен үзіліп, бір ұзын талшықтан (мысалы, 8 см) қысқа екі-үш талшық пайда болады. Егер қысқа талшықтардың құнды мата тоқуға жарамсыздығын ескерсек, жүннің сықты, берік келуінің зор практикалық маңызы бар еенін түсіну қиын емес.

Жүннің беріктігі қой тұқымына тән көрсеткіш, оны Бүкілодақтық мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының төмендегі келтірілген мәліметтерінен байқауға болады.

Практикада жүннің беріктігін былай анықтайды: жалпы жүннен жуандығы 0,5-0,6 см келетін бір шоқ жүнді алады да, екі шетінен тартып ұстап тұрады да, жанынан оң қолдың ортаңғы саусағымен серпиді. Осылай еткенде үзілмесе, жүннің беріктігі жақсы деп есептеледі. Лаборатория жағдайында жүннің беріктігін арнаулы аспап - ДШЗ-3 динамометрі арқылы анықтайды.

Жүннің созылғыштығы дегеніміз оның талшығының созған кезде өзінің табиғи ұзындығынан ұзара алу және созуды тоқтатқан соң бастапқы қалпына келу қасиеті. Жүн талшықтары тарту күшінің әсерінен бірден үзіліп кетпейді. Ең алдымен талшықтың иректері жазылып, содан кейін толқындары созылып ұзарады (ұзару шегі әр түрлі талшықтар үшін әр қилы), ақырында тарту күшінің (салмақтың) әсерімен үзіледі. Міне осы ұзаруды талшықтың үзілер алдындағы ұзындығы деп атайды. Талшықтың ұзаруын оның байырғы ұзын-дығынан процент бойынша есептеп шығарады.

Егер талшықтың байырғы ұзындығы 60 мм болып, үзілер алдында 75 мм дейін созылып, яғни 15 мм ұзарса, онда оның созылғыштығы 25% болғаны:

Жүннің  созылғыштығы динамометрде беріктітігін тексергенде бірге анықталады. Қалыпты ылғалдығы бар жүн талшықтарының жалпы ұзару шегі 20-69 процент шамасында болып келеді. Басқа жүнге қарағанда биязы жүннің созылғыштығы басымырақ болады.

А.И.Николаевтың мәліметтеріне қарағанда жүннің созылғыштығы талшықтың жуан-жіңішкелігіне байланысты жоғарыдағыдай болып келеді.

Жүн талшығының созылып, ұзару қасиетінің жіп иіріп, мата тоқуда маңызы өте зор. Құнды мата тоқылатын жіңішке, мықты жіптерді құрамында созылғыштығы нашар талшықтары бар жүннен дайындау мүмкін емес. Биязы жүн талшықтарының созылғыштығы нәтижесінде олардан тігілген киім ұзақ уақыт бойы өңін өзгертпейді. Тоқылған матаның төзімділігі жүннің беріктігі мен созылғыштығын көрсетеді.

Жүннің серпінділігі дегеніміз жүннің қандай да болмасын физикалық күштің әсерінен бұзылған бастапқы пішінін қалпына келтіру қасиеті. Жүннің алғашқы қалпына келу жылдамдығын оның оралымдылығы деп атайды. Әдетте, қылшықты жүн, түбітпен салыстырғанда алғашқы қалпына тез оралуға бейім, бірақ биязы жүн оған қарағанда қалпына толық келеді, формасын жоғалтпайды. Серпінді жүннің техникалық құндылығы мынада: одан түкті маталар (шұға, драп) жасағанда матаның түктері әдемі болып шығады, ал жүннен жасалған киім өзінің пішінін жақсы сақтайды.

Жүннің түсі. Қой жүнінің табиғи түсі  әр түрлі. Таза тұқымды биязы және биязылау жүнді қойдың жүні әрдайым ақ болады. Бұл оларды ұзақ жыл бойы осы бағытта сұрыптаудың нәтижесі болып табылады. Ақ жүн жоғары бағаланады, оған бояу жақсы  сіңеді, сондықтан әр түсті кездеме тоқуға да қолайлы.

Биязы және биязылау тұқымды қойлардың ақ жүнінің өзі дұрыс күтіп бақпаудың салдарынан бүлініп кетеді. Мысалы, лас, тазаланбаған қорада ұстағанда қойлардың жүніне нәжіс, кір сіңіп сарғайып кетеді, ондай жүнді тек қана қараға бояйды. Мұндай жүннің сапасы төмен болатындығы белгілі.

Жүннің жылтырлығы (ажары) деп жүн талшықтарының өзіне түскен азды-көпті күн сәулесін тойтару қасиетін айтады. Бұл қасиет көбінесе талшық-тағы қабыршақты қабаттың формасына және орналасу күйіне байланысты. Жүннің жылтырлығы одан тоқылған матаға әдемі көрік, түрлі мәнер береді, сондықтан да ол өнеркәсіпте жоғары бағаланады.

Жүннің ылғалдылығын ондағы судың мөлшеріне қарай анықтайды. Мұнда жүннің химиялық құрамына кіретін су емес, онымен байланысқан су мөлшері ескеріледі. Жүннің ылғалдылығын (процент бойынша), ондағы судың мөлшерін сол жүннің абсолюттік құрғақ салмағына бөлу арқылы былай анықтайды: 200 г жүн алынады да, оны құрғату аппаратына 105-1100 температурада құрғатады. Құрғату процесінде оны әлсін-әлі өлшеп тұрады, соңғы екі өлшеудің көрсеткіші бойынша жүн салмағының арасындағы айырмашылық 0,1 грамнан аспаса құрғату тоқтатылады. Жүннің бұл салмағы тұрақты деп есептеледі. Осы жүннің тұрақты салмағын 170 г деп алсақ, ондағы судың мөлшері төмендегідей болып шығады:

 

200 – 170 = 30 г.

 

Бұл жағдайда жүннің нақтылы ылғалдылығы (Н) төмендегідей:

 

Жүн ылғалданғыш келеді, ол ауадағы ылғалды оңай тартып алады. Жүн жақсы сақталғанның өзінде ондағы судың мөлшері 15 процентке дейін жетеді және одан да артады. Жүннің ылғалдылығы ауаның ылғалдылығына, темпера-тураға, жүнді буып-түйгенде нығыздалу дәрежесіне т.б. байланысты. Қыста жүннің ылғалдылығы жаздағыға қарағанда жоғары болады. Шайырынан тазартылмаған кір жүн, жуылған жүнге қарағанда ылғалды аз тартады. Биязы жүннің ылғал тартқыштығы мен ылғал жинағыштығы қылшық жүндікінен артық. Сондай-ақ бос жүн қапқа салып нығыздалған жүнге қарағанда ылғалды көп тартады. Әсіресе жуылмаған жүннің шектен тыс ылғалданып кетуі, жүнді шірітетін жағымсыз микроорганизмдердің өсіп-көбеюіне қолайлы жағдай ту-ғызады. Сондықтан мұндай жүнді ұзақ уақыт сақтағанда ол бүлініп, бұзылады.

Сонымен жүн ылғал тартқыш болғандықтан, айналадары ауа ылғалы мен температураға байланысты салмағы бірқалыпты болмай, өзгеріп отырады, сондықтан жүнді дұрыс бағалап, есептеу үшін ылғалдылықтың белгілі бір нормасы енгізілген. Жуылған биязы жүн үшін ылғалдылықтың қалыпты нормасы 17%. Жуылмаған кір жүн үшін ылғалдылық нормасы әлі белгіленбеген. Қабылдау пункттерінде жуылмаған жүннің ылғалдылығын қолмен сипап, қысып анықтайды. Егер ылғалдылығы жоғарылау болса, күн көзінде кептіріп, содан кейін ғана қабылдайды, ылғал-дылығы үшін деп жүннің салмағына ешқандай жеңілдік жасамайды. Жүннің сыбағалы салмағы орта есеппен 1,3.

Жүннің химиялық құрамы мен қасиеті. Жүн талшықтары тұтасынан дерлік белоктың кератин тобынан тұрады, сондықтан да онда басқа белокты заттарға қарағанда күкірт едәуір көп. Жүннің химиялық құрамы шамамен мынадай: көміртегі – 50, оттегі 21-24, азот – 15-21, сутегі – 6-7, күкірт 2-ден 5 процентке дейін. Күлді заттардың үлесіне 1-3 процент тиеді. Малдың белогі амин қышқылдарынан құралады. Жүн белогі кератиннің аминқышқылдық құрамы төмендегідей (19-кесте).

 

19-кесте. Жүннің химиялық құрамы,%

 

Цистин

- 13,1

Аланин

- 4,4

Глютамин қышқылы

- 12,9

Серин

- 2,9

Лейцин

- 11,5

Лизин

- 2,8

Аргинин

- 10,2

Валин

- 2,8

Гистидин

- 6,9

Аспарагин

- 2,3

Тирозин

- 4,8

Триптофан

- 1,8

Пролин

- 4,4

Глицин

- 0,6

 

Әр түрлі жүн талшықтарында жеке аминқышқылдарының мөлшері бірдей емес, тіпті бір типті талшықтардың гистологиялы әр қабатының өзінде түрліше, мысалы, ортаңғы қабат пен өзектің кератинінде тирозин болады да, қабыршақты қабаттың кератинінде болмайды. Жеке жүн талшықтары күкірттің мөлшері жағынан бір-бірінен өзгеше келеді: басқа қабаттарға қара-ғанда өзекте күкірт аз. Осыған байланысты түбітте, ірі қылшық пен «өлі» қылшыққа қарағанда күкірт көп. Құрғақ биязы жүнде шамамен 4 процент күкірт болса, қылшық жүнде – 3,3 проценттей. Жүндегі күкірттің мөлшері көбейген сайын жүннің иірілу қасиеті де жақсара түседі.

Сілтілер мен қышқылдар жүннің құрамындағы заттармен бірге химиялық қосындылар құрап, жүннің физикалық касиетін, кейде структурасын да өзгер-теді. Күйдіргіш сілтілердің жүнге тигізетін әсері қышқылдарға қарағанда   анағұрлым жоғары. Жүннен бұйым жасап шығаратын кәсіпорындардың деректеріне қарағанда күйдіргіш натрдың күші шамалы (0,01%) ерітіндісінің өзі 600 температурада жүннің беріктігін 45 процентке кемітіп жіберген. Ал жүнді күйдіргіш натрдың 0,05 проценттік ерітіндісімен өңдегенде ол одан әрі пайдалануға жарамсыз күйге келген. Күйдіргіш натрдың немесе калийдің 3 проценттік ерітіндісін қайнатып, оған жүн тастағанда 2-3 минуттың ішінде еріп кетеді. Ал енді күкірт қышқылының бір проценттік ерітіндісі жүннің беріктігіне әсер етпейді. 10 проценттік ерітіндісі жүннің беріктігін 30% шама-сы кемітеді. Жүнді өсімдік қалдықтарынан химиялық жолмен тазарту үшін қолданылатын 7 проценттік күкірт қышқылы жүн талшықтарының сапасына онша әсер етпейді. Суық су, сондай-ақ 100-1050 шамасындағы ыстық су да жүннің беріктігіне, созылғыштығына  және ажарына кері әсерін тигізбейді. Ал 120 градустан жоғары температура жүннің сапасын бірсыдырғы кемітіп жібереді.

Жабағы жүн (руно) және оның элементтері мен құрылымы. Зоотехника-лық түсінікте жабағы деп жүн талшықтарының топтарынан құралған, бір-бірімен өзара тығыз байланысқан бір қойдың тұтас жүнін айтады. Товаровед-тік мағынада жабағы жүн дегеніміз қойдан көктемде қырқылып алынған, төменгі сорттары бөлінбеген біртұтас жамылғы жүн. Жүннің төменгі сорттарына – ластанған, былғанған несеп пен нәжіс араласып бүлінген және қысқа жүн топтары мен жабағы шетінен бөлініп түскен бөлшек жүндер жатады.

Қойдың жабағысы құрамындағы талшықтарының түрі мен олардың ара қатынасына қарай біртекті және әртекті жүн болып екіге белінеді.

Біртекті жүн – жіңішкелігі, ұзындығы, бұйралығы, жұмсақтығы, майыс-қақтығы, серпінділігі жағынан біркелкі жүн талшықтарынан тұрады. Біртекті жүн тек биязы және биязылау жүнді қой тұқымдарынан алынады.

Әр текті жүннің құрамына қылшықтың әр алуан түрі кіреді, сондықтан мұны аралас жүн деп атайды. Әр текті жүн қылшық және ұяң жүнді қой тұқымдарынан алынады.

Біртекті биязы жүннің айрықша бір ерекшелігі – қойдың жабағысы (тұтас жүні) штапель тәрізденіп келген бөлшектерден кұралады. Штапель екі түрге белінеді: сыртқы, көрінетін жағы және ішкі көрінбейтін немесе қолмен ажыратып ашып көруге болатын жағы. Штапельді сыртқы көрінісі, яғни формасы жағынан екі топқа бөлуге болады: ашық және жабық. Штапельдің ашық, бір-бірінен ажыраңқы болып келуі, жүннің сиректігін және талшық-тарының бір-бірімен нашар байланысқандығын көрсетеді. Әдетте бұндай жабағыға сырттан бөтен заттар (құм, топырақ, т.б.) оңай енеді де, жүннің сапасын едәуір төмендетеді.

Штапельдің жабық формасы тығыз жүнді жабағыға тән, ондағы жүн талшықтары бір-бірімен жақсы байланысқан, сондықтан да бұндай формалы жабағының ішіне бөтен заттар кіре алмайды да, жүн сапасын, технологиялық қасиетін жақсы сақтайды.

Штапельдегі жүндердің тығыз болып келуі қойдың тұқымына байланыс-ты. Терінің бір квадратты миллиметріндегі жүн талшықтарының саны әр түрлі қойларда шамамен төмендегідей:

- тығыз жүнді мериностарда – 73-тен 190-ға дейін;

- жүнді, етті мериностар тұқымында – 46-дан 87-ге дейін;

Жуылмаған кір жүн және оның құрамы. Табиғи жағдайда өсіп, қалыптас-қан қой жүнін «кір жүн» деп атайды. Кір меринос жүнінің 100 бөлігінде салмағы жағынан алғанда төмендегідей заттар болады (20-кесте).

 

20-кесте. Кір жүннің құрамы,%

 

Көрсеткіші

Мәліметтер

Академик М.Ф.Ивановтікі

Хеврелдікі

Меринос койының таза жүні

31,0

31,2;

Суық суда еритін шайыр мөлшері (термен байланысты қосындылар басым)

32,7

32,7

Суық суда ерімейтін шайыр мөлшері (маймен байланысты қосындылар басым)

8,6

8,57

Бөтен қосындылар (минералды заттар)

27,7

27,46

 

Жүнді жуғанда бөлінетін заттардың басым көпшілігі май мен тердің үлесіне жатады.

 

Жүннің шайыры. Жоғарыда айтылғандай, теріде май мен тер бездері болады. Осы май мен тер бездерінің шырындары тері үстінде бір-бірімен араласып жүннің шайырын құрайды. Шайыр жүн талшықтарын тығыз шүйке-лендіріп жабыстырып тұрады, тері мен жүнді сыртқы ортаның әсерінен қорғайды. Шайыры жоқ немесе аз жүн қатайып, ажары солғын тартады, ондай жүнді құрғақ жүн деп атайды. Мұндай жүндер көбінесе қойдың арқасында болады. Жүн шайырының аз-көптігі қой тұқымына, жынысына, дербес ерек-шелігіне байланысты келеді. Мысалы, шайырдың ең көп мөлшері биязы және биязылау жүнді қойда болса, аз мөлшері қылшық жүнді қойда кездеседі. Сол сияқты қошқар жүнінің шайыры да, сол тұқымның саулықтарымен салыстыр-ғанда 3-5% жоғары болады. Шайырдың тым көп болуы да жағымсыз, себебі, біріншіден жүннің таза түсімі кемиді, екіншіде ондай қой конституциясы мен еттілігі жағынан тиісті талапқа сай келмейді. Ондай қой нәзік, сүйегі де жақсы жетілмейді,  ет өнімі төмен болады, ауруға шалдыққыш,  азықты да көп  керек етеді. Шайырдың аз-көптігін практикада жүнді бұрап, қысу арқылы, ал лабора-торияда соколет аппаратының көмегімен анықтайды. Аз көп болуының ғана емес, оның түсі мен сапасының да маңызы бар.

Шайырдың ақ немесе бозғылт қоңыр болғаны өте қолайлы. Шайырдың жасыл және сарғылт түсті болғаны ұнамды емес. Шайырдың химиялық құрамы мен физикалық қасиеті әр малда әр түрлі және бір малдың өзінде де организмнің күйі мен азықтандыру жағдайына байланысты бір қалыпты болмайды. Практикада шайырдың түрлері сабынды суға еру жылдамдығына  қарай тез еритін және ұзақ еритін болып екіге белінеді. Түсі ақ немесе бозғылт қоңыр шайырлы жүн сабынды суда жуғанда қосымша заттардың көмегінсіз-ақ тез ашылады да сапасын жоғалтпайды. Сарғылт түсті ұзақ еритін шайырды жүннен кетіру үшін түрлі еріткіш заттар (сода, т.б.) пайдаланылады, мұның өзі жүн жууды кымбаттатып, кейде жүн талшықтарының сапасын да төмендетіп жіберуі мүмкін. Сондықтан жүн өңдейтін өнеркәсіп тез еритін шайыры бар жүнді артық санайды. Ал қой өсірушілер болса, қойды жыл бойы жайылымда далада жайған уақытта оның шайыры қиын еритін болып келуін қалайды, себебі ол жаңбыр, қар суымен шайылып, еріп, желмен құрғап кетпейді. Дегенмен ескере кететін бір жәйт, шайыр неғұрлым көп бөлінген сайын, соғұрлым оның құралуы үшін азықтың қоректік заттары көп жұмсалады. Сондықтан да шайырды тым асыра бағалап, оны шектен тыс көбейтуге ұмтылмаған жөн. Әдетте шайырдың құрамында жүннің өз ішінен пайда болатын май мен тер бездерінің шырындарынан басқа сырттан араласатын шаң-тозаң, құм, қи-қорда, шөп-шалам, т.б. болады. Бұндай қоспалардың аз-көп болуы қойды бағып-күту жағдайларына және жайылым күйіне байланысты. Егер қой шаң-тозаңды жайылымда жайылса, онда таза жүн аз алынады. Қойды бағып-күту жұмысының жолға қойылуына қарай, жүнін таза сақтауға да, сол жүнді топыраққа, шаңға, құмға, өсімдік бүршіктеріне, көңге т.б. былғап, бүкіл жүнді бүлдіріп алуға да болады. Бұл шопанның тәжірибелігіне, ұқыптылығына байланысты.

 

 

4  экологиялық факторлардың Қой терісінің құрсақта қалыптасуына, дамуына, морфологиялық және гистологиялық ерекшеліктеріне тигізетін әсері

 

Жүн талшықтарының өсуі, олардың саны мен сапасы малдың терісіне тығыз байланысты болып келеді. Сондықтан да қой терісінің морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін білу, даму заңдылықтарымен танысу, оның өсіп-жетілуін жете түсініп, қажетті бағытта басқару, жүн өнімділігін молайтуға, терінің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Сол себепті осы мәселелерге тоқтала отырып, терінің құрылымы мен жүн талшықтарының арасындағы байланыстылықты қысқаша сипаттай өткеніміз жөн.

Тері – мал денесінің маңызды, әрі күрделі қызмет атқаратын ерекше органы. Ол ең алдымен мал организмін сыртқы қолайсыз жағдайлардан: зақым тиюден, ылғалдан, ыстық-суықтан, организмге енетін зиянды микробтардан және басқа да заттардан қорғайды.

Терінің ішінде орналасқан көптеген қан тамырлары, тер бездері мен тесіктері арқылы тері денедегі жылулықты және зат алмасуын (газ, су, минералды заттардың алмасуы) реттеуге қатынасады.

Күн суықта терідегі қан капиллярлары тарылып, денедегі жылулық сақта-лады да, ыстық кезде қан тамырлары кеңейіп, артық жылулық сыртқа шығары-лады, соның нәтижесінде организмнің температурасы бірқалыпты болып, көп өзгермейді.

Терідегі май бездері тері мен жүн талшықтарын майлайтын секрет бөліп шығарады. Соның әсерінен тері құрғамайды, жарылмайды, жүн талшықтары да жұмсарып, олардың иілгіштігі, серпімділігі, тағы басқа қасиеттері жақсы сақталады. Тер мен май бездері секреттерінің қосылуынан пайда болған шайыр қойдың жүн талшықтарын бір-біріне жабыстырып, оны шаңнан, ылғалдан, сыртқы ортадағы және басқа да әсерлерден қорғайды.

Теріде түрлі тітіркеністерді (механикалық, ыстық-суық әсері, ауыртатын және т. б,.) қабылдайтын сезімтал нерв ұштары өте көп болады. Сондықтан да тері маңызды сезім органы болып та есептеледі. Сондай-ақ тері секрециялық (шайыр), экскреториялық (минералдық тұздар мен зат алмасу өнімдерін бөліп шығару) және ішкі секрециялық (қан айналыс системасына бөліп шығару) қызмет атқарады.

Жүн талшықтарының өсуін қамтамасыз ететін орган ретінде де терінің зор маңызы бар. Терінің жүн өсіру қабілеті әсіресе қойда айқын байқалады, сондықтан қой терісіне айрықша назар аудару қажет.

Терінің гистологиялық құрылымы. Басқа малдарға қарағанда қой терісі қалың болмайды, тұқымына байланысты оның орташа қалыңдығы 1630-3700  микрон шамасында болып келеді. Әдетте қылшық жүнді қойдың терісі қалың және жұмсақ, бос келеді, сондықтан да онда жуан, әрі ұзын жүн талшықтары өседі, ал, биязы жүнді қойдың терісі жұқа әрі тығыз болып келгендіктен қысқа және жіңішке жүн талшықтары өседі. Ал енді биязы жүнді ставрополь қойын алатын болсақ – терісінің қалыңдығы 2592,1 микрон, жүнінің ұзындығы – 12,17 см, жүн талшығының жіңішкелігі – 20,92 микрон.

Тері мен жүн талшықтарының сапасын арттыруға арналған шараларды дұрыс белгілеу үшін, терідегі жеке элементтердің құрылысын, қасиетін және олардың бір-бірімен өзара қарым-қатынасын білу керек.

Ғылыми тұрғыдан қарағанда қой терісі де басқа малдардың терісі сияқты үш қабаттан құралады: сыртқы қабат – эпидермис; ортаңғы – қабат терінің негізі, дерма; ішкі қабат – тері астындағы клетчатка (шел қабық).

Әр қабат белгілі бір биологиялық қызмет атқарады және олардың өздеріне тән ерекшеліктері болады, сондықтан да олардың тері мен жүннің пайда болып, өсіп-жетілуінде атқаратын спецификалық ролі ерекше.

Эпидермис – мал терісінің ең үстіңгі қабаты, ол біріне-бірі тығыз байла-нысқан көп қабатты эпителийден құралады. Бұл клеткалардың сыртқы жақта орналасқандары негізінен жайпақ және қасаңданған қатаң келеді. Осы клеткалар мен негізгі тері (дерма) ортасындағы тері үрпілерінің аралықтарын толықтыратын жұмсақ сопақша клеткалар қабаты мальпигиев қабаты деп аталады.

Эпидермистің сыртқы бетіндегі клеткаларға қан тамырлары бармайды, ал олардың астындағы тері үрпілері қан мен лимфа тамырларына бай келеді, сондықтан да жоғарғы қабаттың клеткалары тері үрпілерінің нәрлі шырыны-мен қоректенеді. Әсіресе, мальпигиев қабатының клеткалары тері үрпілеріне тым жақын жатқандықтан, тез өсіп, көбейеді де эпидермистің өндіргіш бөлігіне айналады.

Эпидермистің қалыңдығы қойдың тұқымына, жынысына, жыл маусы-мына, азықтандыруға және басқа жағдайларға байланысты болып келеді, жүн неғұрлым қалың болса, эпидермис солғұрлым жұқа.

Қой терісінің эпидермисі әдетте жұқа келеді, небары – 18-30 мкм (яғни терінің 0,8-1,2 процентіндей). Қошқар терісінің эпидермисі саулықтікіне қарағанда біршама қалың.  Эпидермистің қалыңдығы бір тұқымдас қойлардың арасында да олардың физиологиялық күйіне байланысты әр түрлі.

Д. Жангисиннің мәліметі боынша арқар-меринос тұқымы қошқарының эпидермисі 23,1 микрон, саулығынікі – 18 мкм, бір жасар тоқты қошқарынікі – 18,8 мкм, ұрғашы тоқтысынікі – 25,2 мкм, ставрополь тұқымының қошқарыні-кі – 18,5 мкм, ставрополь мен арқар меринос қойының буданынікі – 16,7 мкм.

Прекос пен қазақтын, биязы жүнді қойының эпидермисі (А.Шағыров, В.И.Карповалардың мәліметі бойынша) 18-25 мкм.

Эпидермис терінің тұтас қабаты емес, онда толып жатқан саңылау тесік-тер бар. Солар арқылы тері бетіне жүн талшықтарының сабағы және тері бездерінің өзегі шығып жатады. Эпидермис бүлінсе, оның астыңғы қабаттары босаңси түседі және жүн талшықтары түбінің тері тканімен байланысы нашарлайды, яғни жүні жидіп, теңбіл жарғақ пайда болады.

Дерма – тері тканінің негізі. Оның эпидермистен айырмашылығы сол, ол дәнекер ткань элементтерінен құралған.

Былайша айтқанда дерма негізінен шоғырланған коллаген талшықтары-нан тұратын дәнекер ткань. Бұлардан басқа онда түрлі клеткалық құрылысты түзінділер (бездер, жүн талшықтарының түбі және т.б.) көп болады. Мұнда қан және лимфа жүйелерімен қатар нерв тамырлары жетілген. Негізгі терінің қалыңдығы бір малдың өзінде де бірқалыпты емес: арқасында қарнына қарағанда, аяқтарының сырт жағындағы терісі ішкісіне қарағанда қалыңдау келеді, ал жас малдың негізгі терісі ересек малдікіне қарағанда жұқа.

Қой жүнінің салмағы (саны мен сапасына), тері шикізатының товарлық қасиетіне мейлінше көп әсер ететін осы дерма қабатының құрылысы мен функциясы. Құрылыс ерекшелігіне, атқаратын қызметіне қарай дерманы мынадай екі қабатқа бөледі: емізікті, яғни пилярлы және торлы, яғни ретикулярлы. Өздерінің  орналасуына қарай бірінші қабат эпидермиске, екін-шісі – шел қабыққа жақын. Дерманы емізікті және торлы қабаттарға бөлу тек шартты ұғым, өйткені олардың арасында айқын шек жоқ. Дегенмен бұл қабат-тардың гистологиялық құрылымы мен қасиеттерінде бірқатар ерекшеліктер бар, осы ерекшеліктер тері тканінің технологиялық және товарлық қасиеттерін анықтайды.

Эпидермис қабатымен ұштасқан жерде негізгі тері, тері үрпілері деп аталатын шашақ тәріздес үстірт құрайды. Бұл үрпілер терінің нәзік және қанға бай, күшті дамыған пилярлық қабатына жатады. Бұл қабатта көптеген жүн түбірлері, май және тер бездері орналасқан.

Д.Жангисиннің мәліметі бойынша пилярлық қабаттың қалыңдығы жалпы тері калыңдығының 58 (қаракөл, гиссар), 72,3 (арқар-қойы) процентіндей болады. Бұл қабатта әсіресе эпидермис астында клетка элементтері көп, сирек орналасқан жіңішке эластин, коллаген талшықтары бар және жүн талшық-тарын (түктерді) қозғалтатын бұлшық еттері мен тамырлары орналасқан.

Май бездері осы қабатта тер бездерінің тер түзетін бөлімі түк баданасы-ның тұсында немесе оның астында орналасқан. Май бездерінің өзегі түк қабына, тер бездерінің өзегі тері үстіне ашылады.

Торлы (ретикулярлы) қабат пилярлы қабаттың астында жайласқан. Бұл қабат басқа малдарға қарағанда қойда нашар дамыған. Бұл қабаттың коллаген талшықтары биязы жүнді қойларда жінішке болады да көбінесе көлбеу толқынға ұқсас сирек орналасады, әлсіз типке тән өрнектер құрады. Қылшық жүнді қойлардың (қаракөл, романов) коллаген талшықтары жуандау, тығызы-рақ орналасқан, өрнекті күрделірек болып келеді, ромба және тұзақ тәрізді фигуралар көбірек кездеседі. Сондықтан да мұндай терілер берік болады.

Торлы қабат пен ондағы коллаген талшықтары нашар дамығандықтан, биязы жүнді қой терілері әлсіз болады. Теріні созғандағы беріктік шегі 0,85-0,96 кг/мм2, ал стандарт бойынша оның ең төменгі көрсеткіші 1,0 болуы керек. Биязылау жүнді қой терілерінің (Куйбышев қой тұқымы) бұл көрсеткіштері жоғары – 1,09-1,79 кг шаршы миллиметрге тең.

Пилярлы қабат пен торлы қабаттың арасында май клеткалары жиі кездеседі. Терінің мықтылығы осы майдың мөлшеріне тығыз байланысты келеді. Мысалы, орыстың арық құйрықты қойының шикі терісін белбеу ғып созғандағы беріктігі 27,3-28,4, ал қазақы қойдікі 15,5-17,9 кг. Мұның себебі, орыс қойларының терісінде май аз болып, дерманың берік, торлы қабаты жақсы дамыған. Коллаген талшыктары тұзақ тәріздес күрделі өрінділер құрып жатады. Далалық қой терілерінің торлы қабаты мен пилярлы кабатының аралығы майға толы, коллаген талшықтары қарапайым, көлбеу бағытта орналасқан, сондықтан да мұның товарлық қасиеттері біршама төмен.

Тері астындағы клетчатка (шел қабық) – мал денесі мен дерма арасын байланыстырып тұрады және дерма үшін ол өзінше бір «тірек» болып табылады, көбінесе коллаген талшықтарынан құралған, бірақ олар нашар дамыған, бос өрілген борпылдақ күйде орналасқан. Осы қабаттың жылпылдақ болып келуіне байланысты тері жылжымалы, қозғалғыш келеді. Тері астын-дағы клетчаткаға шел майы жиналуы мүмкін. Оның мөлшері малды азық-тандыру мен бағып-күтуге байланысты. Шел майы малды суықтан жақсы сақтайды.

Терінің құрсақта қалыптасуы және дамуы. Тері мен жүн талшықтары-ның пайда болып, өсіп-жетілу заңдылықтарын зерттеуге кейінгі жылдары көптен-көп көңіл белінуде. Бұл зерттеулер нәтиже-лерін қой өнімділігін кажетті бағытта өзгертуге болатындай практикалық маңызымен қатар, жүн талшықтарының пайда болу процесі жайындағы теорияны одан әрі өркендету үшін де маңызы зор.

Н.А.Диомидованың (1953) зерттеулері бойынша қозы терісінің құрсақ дәуірінде пайда болып, өсіп-жетілу процесі төрт кезеңге бөлінеді.

Бірінші кезеңде – құрсақтағы 2-2,5 айлық (65-72 күндік) қозының (эмбрионның) бүйір жағындағы терісі өсіп-дамиды, осы уақыттан бастап онда клеткалық элементтердің (эпителиалды және дәнекер, жалғастырып тұратын қабаттарға жататын) дифференцировкасы (бөлшектену, ерекшелену) басталып, қалыптаса түседі. Бұл уақытта эпидермисте клетка қабаттары көбейіп, олар-дың үстіңгі жақтарындағы клеткаларында қабыршақтану белгілері сезіледі.

Екінші кезең – құрсақтағы 86-90 күндік эмбрион терісінің даму дәрежесі. Бұл жаста дифференцировка процесі одан әрі жалғасып, эпидермистің қалыңдауы өсе түседі, эпидермистің өндіргіш (өсу) қабатында екінші фоллику-лалардың негізі қаланады. Бірінші фолликулалардың эпителиалдық қынабы мен түк буылдығы қалыптасады. Қан жүретін капиллярлар жүйесі дамып, кориум қабаттары айқындала бастағаны байқалады.

Үшінші кезең – құрсақтағы 100-105 күндік эмбрион терісінің даму дәрежесі. Бұл уақытта эпидермис клеткалары деформацияланып (формалары өзгеріп), қабыршақтанған үстіңгі жағы жеке бөліне бастайды, дегенмен бұл қабаттың жалпы қалыңдығы әлі де болса жоғары болады. Бірінші фолликула-лардан өнген жүн талшықтары дене сыртына шыға бастайды. Ал екінші фолликулаларда түк буылдығы пайда болады. Формаға келтіруші процестер-дің жүруі нәтижесінде коллаген шоғырлары мен эластикалық (майысқақ, иілімді) талшықтардың торы құралады. Қориум қабаттары толық қалып-тасады.

Төртінші кезең – құрсақтағы 115-118 күндік эмбрионның терісі мен жүн фолликулаларының даму дәрежесі. Бұл кезеңде теріде эпидермистің қалың-дығы күрт жұқарып, қабаттары азаяды. Бірінші фолликулалардың дамуы толық аяқталып, солар өндірген жүн талшықтары сыртқа шығады. Сыртқа екінші фолликулалардан да жүн талшықтары шыға бастайды.

Қойлардың тер және май бездері эмбриондық дамудың үшінші айының ортасында пайда болады. Төрт айлық эмбрионның терісінде барлық клетка-лардың қалыптасқанын байқауға болады, әсіресе эпидермис, пилярлы және торлы қабаттар айқындала түседі. Дифференцировканың негізгі процестері аяқталғаннан кейін тері едәуір қалыңдай түседі.

Әр түрлі тұқымның тері дамуында ауытқушылық кездеседі. Совет мериносына қарағанда гиссар қойларының терісі ертерек дамып, үшінші айда-ақ коллаген талшық шоқтары қалыптасады.

Қозы терісінің қалыптасуы. Қозы терісінің даму процесі туғаннан кейін де тоқталмай малдың жасы асқан сайын белгілі бір өзгерістерге ұшырап тұрады, ал мұның өзі терінің товарлық қасиетіне әсерін тигізбей қоймайды.

А.Н.Машковтың мәліметі бойынша әр түрлі тұқымдардан алынған терілердің қой жасына байланысты өзгеруі бірдей емес: аскания қойының терісінде емізікті қабаттың қалыңдығы дерма қалыңдығына қарағанда 4 айлығында 59,4 процент, ал 9 айлығында – 4-61,7 процент. Ал орташа есеппен алғанда, ставрополь-аскания, сальск Х аскания, грозный Х аскания, прекос Х аскания қойларының будандарында бұл керсеткіш мынадай болды: 4 айлық қозы терісінде – 60,0 процент, 9 айлығында – 61,4 процент.

Бір тұқымға жататын әр түрлі жастағы (4 және 9 айлық) биязы жүнді қой терісінің гистологиялық кесіндісін салыстырғанда ересек төл терісінде (9 айлық) май тамшысы түрінде, кейде емізікті қабат пен торлы қабат аралығында шөл түрінде орналасқан бірқатар май болады. Осы айырмашылы-ғына байланысты 4 айлық қозы терісі тканінің, 9 айлық марқа қозы, терісіне қарағанда беріктігі жоғары болады 4 айлық қозы терісінің керіп созғандағы беріктік шегі 35 процент, ал беткі қабатының шытынап жарылу кәрсеткіші 17,5 процент жоғары болған.

Жалпы алғанда дерма құрамында май тамшылары мен тер бездерінің болуы қой терісінің, басқа малдардікіне қарағанда, тығыз және бос болуына әсерін тигізеді.

Терінің қалыптасуы бір тұқым қойының ішіндегі әр түрлі бағыттағы конституциональді типте де бірдей болып келмейді. Терісінің катпарлылығы әр типті болып келген қойлардың терісіндегі жеке қабаттарының құрылыс ерекшелігі бар екендігі байқалады. Олардың тәжірибесінде оңтүстік қазақ мериносының саулықтарың бесқарағай мериносының қошқарларымен сіңіре будандастыру-дың нәтижесінде алынған әр түрлі конституциялық типтегі (терісі қатпарсыз, қатпарлылығы орташа, қатпарлылығы көп болып келген) ұрғашы тоқтылар терісінің өсіп-даму ерекшелігі туғаннан бастап 18 айлығына дейін тексерілді. Жасының барлық кезеңдерінде қатпарсыз типті малдың эпидермисінің қалыңдығы басқа екі типке қарағанда жоғары болды. Бұл көрсеткіш, әсіресе көп қатпарлы типте төмен. Терінің пилярлы қабатының дамуы да бірқалыпты өтпеген. Қозының 4 және 12 айлығында оның жұқаруы байқалған, тек 18 айлығында бұл қабат өзінің даму қарқынының жоғарғы деңгейіне жеткен. Бір жарым жылдың ішінде оның қалыңдығы, қатпарлылығы орташа типті ұрғашы тоқтыларда 12,2 процентке, ал қатпарсыз типтегілерде – 12,9 процент жоғарылаған. Пилярлы қабаттың жақсы дамуы, барлық тіршілік кезеңдерінде, қатпарсыз тоқтыларда анық байқалған. Терідегі без аппараттары бездің, екі типінен құралған: май және тер бездері.

Терінің горизонталды кесіндісін зерттегенде, оның 1 мм2 түк фолликула-ларының саны көп қатпарлы қозыларда қатпарлылығы орташа типтегілерден 21,4 процент,  ал  қатпарсыздардан – 20,7 процентке жоғары болған.

Қатпарлылығы орташа қозыларда май бездері жақсы дамыған. Тер бездері жас асқан сайын өзгеріп, ақырындап төмендей береді де жалпылама без қабатын құрайды.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                              

Жас асқан сайын терінің бір көлеміндегі фолликулалардың жалпы қалыңдығы төмендеп сирейді. Мұны терінің өсіп-дамуымен байланысты деп түсінуге болады.

Терінің бір көлеміне шыққан жүн талшықтарының саны 18 айлық көп қатпарлы типті тоқтыларда, қатпарсызға қарағанда 17,1, қатпарлылығы орташа малдарға қарағанда 8,1 процентке жоғары болған. Бұл тоқтыларды 12 айлығында қырыққанда, көп қатпарлылардан жүн көбірек алынғанмен (16-кесте), жүнінің ұзындығы соңғы екі типке қарағанда қысқа болғандықтан, жүн өнімділігі жағынан олардан басым болмай шыққан.

21-кестеден қой терісінің қатпарлылығы мен жүн өнімділігінің арасында белгілі бір байланыс бары байқалады: қатпарлылығы өскен сайын, түк фолли-кулаларының қалыңдығы көбейіп, терінің бір көлеміне шыққан жүн талшық-тарының саны молаяды, бірақ жүнінің ұзындығы қысқа келеді.

 

21-кесте. Терісінің қатпарлығы әр типті 12 айоық ұрғашы тоқтылардың тірі салмағы және жүнінің ұзындығы мен түсімі

 

Катпар-лылық типі

Мал саны

Салмағы, кг

Жүннің ұзындығы, см

Жүннің салмағы, кг

Таза жүн шығымы, %

кір жүн  

таза жүн

с+

10

34,5

6,8

4,86

2,15

44,2

с

10

37,5

7,6

4,52

2,33

51,3 1

С-

10

37,7

7,8

4,14

2,20

53,1 |

 

Сайып келгенде, салыстырылып отырған барлық козылардың терісіндегі пилярлы және эпидермалы қабаттарының, 18 айлығына қарай қалыңдағаны, ал торлы қабаттың жұқарғаны байқалады. Бұл жаста ең қалың тері (2021,6 мкм) қатпарсыз қозыларда болды, бұл көрсеткіші жағынан олар көп қатпарлылардан 6,4 процентке басым келді. Терісінің жалпы қалыңдығы жағынан қатпарлы-лығы орташа қозылар қатпарсыздармен тең түсті, бірақ олардың торлы қабаты жақсы дамып, көп қатпарлылармен салыстырғанда 107,7 мкм, қатпарсыз-дардан – 154,7 мкм басым түсті.

Терінің химиялық құрамы. Тері құрамында: су, белок, май, минерал заттары және ферменттер болады. Қой терісінде орта есеппен 71,6% су болады. Жас қой терісінде, ересек (кәрі) қой терісіне қарағанда ылғал кем.

Белок – терінің негізгі бөлімі. Мүлдем құрғақ дерманың құрамында 98,5 процентке жуық белок болады. Тері белогының химиялық құрамы әр түрлі малдарда болмашы ғана өзгереді. Терінің басты белоктық бөлімі – дерма коллагені (95%) негізінде көміртегінен (50%), оттегінен (25%), азоттан (17%), сутегінен (6%) және аз мөлшерде күкірттен құралады.

Коллаген – талшықты белокқа жатады және негізінде дерма мен шел қабаттың талшықты құрылысын құрауға қатысады.

Эластин – терінің созылғыш талшықтары құрамындағы негізгі белок.

Альбумин мен глобулиннің мөлшері, қасиеті жөнінде өздеріне ұқсас белоктарды қоса алғанда 5-6% болады, олар талшық аралық және клетка аралық заттарда және мальпиги қабатында кездеседі

Ретикулин дерманың ретикулинді талшығының негізін құрайды.

Муциндер мен мукоидтар – тері дәнекер тканінің талшық аралық заттары-ның құрамына кіретін күрделі белоктар тобына жатады.

Кератин – тері ткані клеткалық элементтерінің құрамына және негізінде жүн талшықтары мен эпидермис құрамына кіреді.

Май және май тәрізді заттардың терідегі мөлшері қойдың тұқымына, жынысына, жасына және қоңдылығына байланысты ауытқып отырады. А.И.Машковтың мәліметтеріне қарағанда, ересек будан қой терісінің тканінде май мөлшері 11 проценттен 17 процентке дейін, ал биязы жүнді қой терісінің тері тканінде 27-30 процент болады. Бір қалыпты және қоңды қойлардың терісінде май шел қабыққа көп жиналады. Май жолақтары емізікті қабат пен торлы қабат аралығында да жиі кездеседі.

Минералдық заттар тері тканінде аз мөлшерде кездеседі. Мысалы, жас терінің дермасында 0,5-1,0%. Олар – хлор, темір, күкірт, алюминий, кремний тұздары, кальций фосфаты түрінде болады.

Ферменттер бірқатар химиялық процестерді реттеуге белсене қатысады. Терінің негізгі ферменттері: белоктарды ыдырататын протеолит, майларды ыдырататын липаза, тағы басқалар. Айта кететін бір жәй тері ферменттерінің химиялық құрамы, түзілуі, маңызы және атқаратын қызметі әлі нашар зерттелген.

 

 

5 сыртқы орта факторларының қойдың өсіп-жетілу,  қой етінің морфологиялық және химиялық құрамына тигізетін әсері

 

Елімізде өндірілетін еттің 30 процеттен астамы қой етінің үлесіне тиеді.

Қой өсірудегі негізгі мақсат жайылымды пайдалан отырып арзан өнім алу, өндірілетін өнім мөлшерін жылдан-жылға арттыра түсу болып табылады. Бұл тұрғыдан қарағанда қой етін өндіру әлі де болса алға қойған мақсатқа сай келмей отыр. Қой етін өндіру мөлшерінің кейінгі жылдары төмендеп кеткенін аңғаруға болады.

Қой етін молайтуда етке өткізілетін малдың қоңыдылы,ы мен салмағы маңызды орын алады. Етке өткізілген қойдың жоғары қоңдысы 70%, тірілей салмағы, орта есеппен 48 кг болуы керек.

Қойлардың өсіп-жетілу заңдылықтары. Қой етін өндіру технологиясы оның төлінің өсіп-жетілуін қамтамасыз ететін биологиялық процестерге негізделген. Төлдің есеюі, өсіп-жетілуі деген ұғым ет түзу деген ұғыммен тікелей байланысты, өйткені оның массасы негізінен бұлшық ет тканьдерінің өсуі арқылы арта түседі.

Төл организмінің қалыпты жетілу көрсеткіштерінің бірі – тірілей салмағы, ал тиісті кезеңдерде дененің жалпы массасының өсу процесін нақты көрсетеді. Төл салмағының өсу қарқыны көптеген факторларға, атап айтқанда, азықтандыруға байланысты болатыны мәлім. Тірілей салмақ пен уақыт факторының арасында организмнің сан және сапа жағынан қайта құрылуына әкеліп соқтыратын байланыс болатындығы белгілі, осыған қарамастан, әр түрлі азықтандырған жағдайда малдың тірілей салмағының өзгеруі оның көптеген органдарының өзгеруімен өзара байланысты. Демек, төлдің салмағының өсу көрсеткіші уақыттың өзгеруіне белгілі бір дәрежеде сай келуі тиіс. Мал организмінің сан және сапа жағынан өзгеруі - тіршілігінің нақтылы кезеңдері-не жатқызылатын заңды процестер.

Төлдің өсуінің екі – пренаталды (құрсақта өсуі) және постнатальды (туғаннан кейінгі) кезеңі болады.

Малдың дене құрылысының типін және соған байланысты өнімін оларды  ерекше азықтандыру арқылы малдың дене құрылысын, сыртқы формасын және өнімін өзгертуге болады. Мал азықтандырғанда малдың өсуі жеделдейді, мұның өзі оның жетілгіштігін арттыруға септігін тигізеді, ал жеткіліксіз азықтандырылса, мал баяу өседі. Қосымша азықтандырылған буаз саулықтан алынған төлдің салмағы ауырлау келеді және ондай қозылар туғаннан кейін де жақсы өсіп жетіледі.

Буаз кезінде азықтандыру жағдайы нашар болған саулықтардың қозы-ларының салмағы кемірек, аяқтары қысқалау және органдары толық жетіл-меген, әлжуаз болып келеді. Келешекте де азықтандыру жағдайы жақсартыл-ған саулықтардың қозыларына қарағанда, мұндай қозылар баяу өседі.

Постнатальді (туғаннан кейінгі) өсіп-жетілудің үш кезеңі болады. Бірінші кезең – туған сәтінен жыныстық жетілу сәтіне дейін созылады. Бұл кезде оның тұрқы ұзарып, бойы өседі, бұлшық еттері толысып, қаңқа сүйектері ірілене түседі. Екінші кезең – жынысының нақтылы жетілу кезеңі. Бұлшық етінің толысуы бәсеңдейді, малдың жуандауы және тұрқының ұзаруы шектеледі, дене бітімі әбден кемеліне келеді. Дұрыс азықтандырған жағдайда май қорлары жинала бастайды. Үшінші кезең – қартаю кезеңі, мұнда организмнің әр түрлі жүйесінің қызметі бұзылады, ең алдымен жыныстық қызметі тоқталады.

Практика үшін алдыңғы екі кезеңнің маңызы зор, өйткені мал шаруашы-лығының рентабельділігінің айқындайтын ет түзудің интенсивті процесі мен жоғары репродукциялық қабілеттілік осы кезеңде өтеді.

Туғаннан кейінгі алғашқы айларда төлдің дене құрылысы ересек малға қарағанда біршама ерекшелеу келеді. Қозылардың аяғы ұзындау, денесі жинақтылау әрі ұзындық өлшемдері қысқалау болып келеді.

Салмағының өсу карқынының коэффициенті төлдің туғаннан кейінгі алғашқы айында арта түседі, одан кейін бірте-бірте төмендейді. Қозылар туған шағынан бастап 30 күндігіне дейін қозының өсу қарқынының коэффициенті – 4,56, екі айға жуығында және төртінші айдың аяғында бұл коэффициент шығымы 1,21-1,39 болады. Одан кейінгі айларда қозының жетілу қарқыны баяулайды.

Қозының жекелеген мүшелері де бірқалыпты өсіп-жетідмейді. Мәселен, шоқтығының биіктігі, денесінің қиғасынан өлшегендеші тұрқы, жіліншік орамының өсу коэффициенті қозы жасының барлық кезеңінде щамамен бірдей болып келеді де өсуі 1,6-1,7 еседен аспайды. Ал, көкірегінің кеңдігі, жалпақтығы; кеуде орамы, сербектерінің ені сияқты өлшемдер қозы жасының 8 айлық қарсаңында 2,2-2,4 есе өседі. Қозының тірілей салмағы 4 айлығына дейін қарқындап өсіп, саулық қой салмағының 45-50 процентіндей болады. Қозы салмағы жасының 4 айдан 6 айға дейінгі аралығында айтарлықтай өзгермейді.

Туғаннан кейінгі алғашқы айында қозының ішек-қарны мен қан түзеу органдарының өсу қарөыны тым жоғары болады. Мысалы, қозы қарнының таза салмағы, жаңа туған кездегіге қарағанда, бір айлығында – 3,6 есе, екі айлығында – 8,7 есе өседі екен. Сол сияқты қозының төрт айлық шамасында – ішегінің салмағы 11,9 есе, ұзындығы – 3,9 есе артады. Қозы жасының 4-тен 8 айлық арасында ішек-қарнының салмағы айтарлықтай өзгермейді.

Төлдің алғашқы төрт айлығында ішкі органдарының салмағы, әсіресе бауыры мен көк бауыры тым қауырт өседі.

Қозы қаңқасы туған кезде едәуір жетілген боп келеді де оның салмағы тірілей салмағының 26,3 процентіндей болады. Қаңқаның өсу жылдамдығы алғашқы айында едәуір тежеледі де, оның сыбағалы салмағы 16-17 процентке дейін кемиді. Бұдан кейінгі кезеңдерінде қаңқа бірқалыпты өседі.

Қозының жасы асқан сайын тұтас етінің морфологиялық құрамы да өзгеріске ұшырайды – бұлшық еттерінің салмағы көбейіп, сүйегінің салмағы азаяды (22-кесте).

Қозының жасына қарай тұтас еттің сапалық құрамы да едәуір өзгеріске ұшырайды – аса бағалы ет бөлшектерінің өсуі (бірінші және екінші сорт)

22-кесте. Ұрғашы тоқтылардың тұтас етінің (ұшасының) морфологиялық және сорттық құрамы (тұтас еттің салмағына қарай, %)

 

Жасы, ай

Ет

Сіңір, тарамыс

Сүйек

Ет бөліктерінің шығыны

бірінші сортты

екінші сортты

үшінші сортты

0

50,70

2,00

47,30

66,10

14,30

19,60

1

59,85

2,31

37,87

71,66

17,08

11,26

2

71,46

1,93

26,61

73,06

17,40

9,54

3

70,29

1,29

28,42

73,26

17,55

10,09

4

71,46

1,18

27,36

73,95

17,82

8,23

5

72,79

1,33

25,88

74,35

16,75

8,90

6

71,48

2,16

26,36

74,58

16,28

9,14

7

75,25

1,36

23,29

73,88

17,23

8,89

8

75,25

1,36

23,29

73,88

17,23

8,89

 

артып, үшінші сортты ет бөліктерінің өсуі кемиді. Бұл дене құрылымындағы жекелеген бөліктерінің бірқалыпты өспейтіндігін көрсетеді.

Қозының өсіп-жетілу процесінде етінің химиялық құрамы да өзгеріске ұшырайды (23-кесте), ондағы ылғалдың мөлшері кеміп, майдың мөлшері жоғарлайды. Ал протеин мен жалпы азоттың мөлшері айтарлықтай өзгеріске ұшырамайды.

 

23-кесте. Ұрғашы тоқты етінің химиялық құрамы, %

 

Жасы, ай

Ылғал

Май

Шикі протеин

Жалпы азот

Туған кезде

81,84

1,12

16,04

2,567

1

74,27

7,48

17,26

2,759

2

67,23

14,86

16,71

2,705

3

70,85

10,25

17,89

2,859

5

68,61

11,31

19,81

3,069

6

71,93

9,01

19,58

3,133

7

67,89

14,22

16,38

2,620

 

Әдетте, халық арасында қалыптасқан жалпы ұғым бойынша, ересек малға қарағанда жас малдың еті нәзік, жұмсақ әрі биологиялық құндылығы жағынан  жоғары бағаланады.

Сонымен, қозы өсіп жетілген сайын етінің тағамдық құндылығын жақсарта  түсетін  елеулі  морфологиялық  және химиялық өзгерістер болатын-

дығын көреміз. Атап айтқанда – бұлшық еттердің және аса бағалы ет бөлшектерінің аумағы артып, сүйектің мөлшері кемиді, сондай-ақ еттің калориясының көтерілетіндігін байқадық.

Биологиялық құндылығы жағынан қозы етінің ең бағалы кезі оның 4,0-4,5 және 8-9 айлығында болатындығы анықталды.

Енді осы айтылғандарды басшылыққа ала отырып, төлдің өсіп-жетілуін қажетті бір бағытқа бейімдеп жүргізуге болатындығын, бұның өзі – мол, әрі сапалы ет алудың бірден-бір көзі екенін атап айтқанымыз жөн.

Ет өнімділігінің көрсеткіштері. Қойдың ет өнімділігінің негізгі көрсет-кіштері мыналар: сояр алдындағы тірілей салмағы, сойыс салмағы және сойыс шығыны, ұшаның сорттық және морфологиялық құрамы, еттің химиялық құрамы, калориялығы және тағамдық (биологиялық) құндылығы, қойдың және еттің қоңдылық категориясы және т. б.

 

24-кесте. Еркек тоқтылардың жасына қарай етінің сапалық көрсеткіштерінің өзгеруі

 

Көрсеткіштер

Жасы, ай

2

4,0-4,5

8-9

30

Тұтас оттегі (ұшадағы) мөлшері, %

протеин

17,6

15,7

15,5

14,9

май

15,8

24,3

24,9

27,8

азотты экстрактивті заттар

-

11,7

11,8

14,4

Белоктық сапа көрсеткіші

-

4,1

4,2

3,7

Арқасының аса ұзын бұлшық еттеріндегі мөлшері, %

протеин

21,1

20,7

20,4

20,0

азотты экстрактивті заттар

11,4

13,4

13,9

13,4

Аса ұзын бұлшық еттің белоктық сапа көрсеткіші

5,6

8,2

8,5

7,3

Еттің нәзіктігі, жұмсақтығы

(В.И.Соловьевтің методикасы бойынша)

311

307

301

250

 

Қойдың сояр алдындағы тірілей салмағы оның еттілігін анықтаудың негізгі көрсеткіштерінің бірі. Малдың тірі салмағы неғұрлым ауыр болса одан алынатын ет өнімі де соғұрлым жоғары болмақ. Бірақ, малдың ет өнімділігін тек тірі салмағына қарай анықтау жеткіліксіз, себебі ол еттің тағамдық мөлшері  (шығымы)  жайында  жанама  ғана  мағлұмат  береді.  Сояр  алдында

мөлшері (шығымы) жайында жанама ғана мағлұмат береді. Сояр алдында малға 24 сағат бойы жемшөп бермейді. Соның нәтижесінде оның тірі салмағы, ас қорыту системасының толықтығына байланысты, 3-тен 5 процентке дейін кемиді. Аш ұстаған уақытта, қоңдылығы жоғары қойлар қоңдылығы төмендеріне қарағанда салмағын едәуір аз жоғалтады. Қойдың аш ұстағаннан кейінгі тірі салмағы ет өнімділігінің басқа көрсеткіштерін (сойыс шығымы; ет, май, сүйек салмағы, т.б.) есептеп анықтауға басты негіз болып саналады.

Ұшаның салмағы. Ұша деп ішкі органдары алынған, басы мен құйрығы жоқ мал денесін айтады. Ұшадан малдың сирақтары бөлініп алынады: алдыңғылары тізеден, артқылары – тілерсектен. Әдетте, малдың тұқымына, жынысына, жасына және қоңдылығына қарай ересек қойдың ұшасы 18-30 кг тартады. Тоқтылардың ұшасы 15-20 кг, қозылардыкі – 10-17 кг шамасында болып келеді. Ұшасының салмағы екі түрде анықталады: - жаңа сойған жас ұшаның салмағы және сойылғаннан кейін 24 сағат сақталып, суыған ұшаның салмағы. Суыған ұшаның салмағы жас ұшаға қарағанда біршама төмен келеді.

Сойыс салмағына – ұшаның салмағы мен іш майларының салмағы жатады, бұған сыртқы органдардың, бастың, құйрықтың және сирақтың салмақтары кірмейді.

Сойыс шығымы деп малдың сойылар алдындағы тірілей салмағының процентіне шаққандағы ұшасы мен іш майының салмағы айтылады.

Елімізде, қой қоңдылырына байланысты, әр республикаға арналып сойыс шығымының минимальды (ең төменгі) нормасы белгіленген. Біздің республи-камызда сойыс шығымы, қой қоңдылығына қарай төмендегідей: жоғары қоңдылық үшін 42,8%, орта қоңдылыққа – 41, ортадан төменге – 38,8 және арық малдар үшін – 36,7%.

Ет шығымы малдың ет өнімінің ең негізгі көрсеткіші болып табылады. Товар ретінде алып қарағанда ет дегеніміз ұшаның тағамға пайдаланылатын барлық бөліктері, яғни қаңқа сүйектеріне жабысқан бұлшық еттер, тарамыс-тар, май, қан тамырлары, лимфа түйіндері, сондай-ақ жеуге келетін барлық ішкі органдар: тіл, ми, диафрагма, ішек-қарын т. б.

Ет және техникалық шикізат шығымы процентпен көрсетіліп, қойдың сойылар алдындағы тірідей салмағынын қатынасы бойынша анықталады. Еттің шығымдылығы қойдың тұқымына, жынысы мен жасына, олардың сойылғанға дейінгі бағып-күту дәрежесіне, қабылдау пунктіне әкеліну жағдайына, малды сою, етті өткізу технологиясына және басқа себептерге байланысты болады. Мысалы, жынысы бір және бір жастағы қойлардың тұқымы өзгеше болғандықтан олардың сойыс салмағы мен сойыс шығымы да әр түрлі болып келеді. Бұл жөнінен жоғары керсеткіш етті-жүнді және етті-майлы тұқымдарда кездеседі. Еттің шығымына әсіресе малдың өсу дәуірінде азықтандырылуы және бағып-күтілуі әсер етеді. Малдың өсу қарқынының тежелуі оның өнімділігінің тмлендеп кетуіне әкеліп соқтырады. Осыдан кейін бұл малды жақсы азықтандырғанның өзінде де етінің сапасы толық қалпына келмейді, өйткені малдың жасы ұлғайған сайын өсу қарқыны төмендей береді.

Малды сойғанда ет және майға қоса ішек-қарын (субпродуктылар) өнім-дері де алынады. Олардың тағамдық құндылығы да әр түрлі. Қайсыбіреулері химиялық құрамы жағынан еттен кем түспейді, ал құрамындағы витаминдер (бауыр), минерал тұздар, белок, углевод және майы жағынан асып түседі.

Тағамдық құндылығы және өнеркәсіптік өнделуіне байланысты ішек-қарын өнімдері төрт категорияга бөлінеді. Қойларда бірінші категорияға тіл, бауыр, бүйрек, жүрек, ми, желін, диафрагма және ұша етінің кесінділері; екінші категорияға – өкпе және қарын; үшінші категорияға – кеңірдек пен талақ жатады. Төртінші категорияға қойдың бас-сирағы, құлағы, ерні және қатпаршағы кіреді.

Қой мен ешкіден алынатын ішек-қарын өнімдерінің шығымы орта есеп-пен 8,9 процент болады. Малдың ет өнімділігі оны сойғанда алынған өнімнің мөлшеріне қарай ғана емес, сонымен қатар өнімнің сапасына қарай да анықталады.

Еттің сапасы жақсы болған жағдайда ұша жинақы, қабырғалары мен сауырының бұлшық еттері жетілген, саны жұмыр, сирақтары қысқа келеді, сондай-ақ қыртыс майының сапасы жоғары болады.

Етінің сапасы мен дәмділігі қойдың тұқымына, жасы мек қоңдылығына байланысты. Жас малдың ұшасына қарағанда сақа малдың ұшасына төменірек баға беріледі. Жас мал етінің түсі сақа малдыкіне қарағанда ақшылдау келеді, ол жіңішке талшықтардан құралады, майы ақшыл сары түсті. Сақа және кәрі малдың еті қаттырак. және құрғақтау, ал жас мал еті хош иісті, жұмсақ, нәрлі келеді.

Қойдың қоңдылығын анықтау. Малдың қоңдылығы оның ет өнімділігіне күшті әсер етеді. Еттің сапасы, шығымы және тағамдық құндылығы міне осыған байланысты. Қойдың қоңдылығын – шоқтығындағы, арқасындағы, беліндегі, құйрық түбіндегі және қабырғаларындағы бұлшық ет тканьдарының даму дәрежесіне қарай анықтайды. Май кұйрықты қойлардың құйрық түбіндегі майы немесе құйрықтарының толысу шамасы анықталады.

Бұлшық ет тканьдарының жетілу дәрежесі - малдың сырт көрінісінің жұмырлығы, сипап көргендегі бұлшық еттерінің тығыздығы, онымен бірге денелерінің жекелеген мүшелерінің толықтығы бойынша анықталады.

Майдың аз-көптігін құйрықтың түбінен, арқа тұсынан, қабырағасының орта шенінен сипап байқайды. Қабырғаларының майлануы біртегіс май басқанын көрсетеді. Майдың организмде жиналу дәрежесі, қойдың тұқымы, жасы, жынысы және тағы басқа факторларға байланысты болып келеді. Етті-жүнді қой тұқымдары майды негізінен бұлшық ет талшықтарының арасына, етті-майлы құйрықты тұқымдар құйрығына, жүндес қой бүкіл денесіне жинауға бейім.

Жас малдың өсіп келе жатқан организмінде белок көп кұралатындықтан, олардың май жинауға бейімділігі төмендеу болады.

Қой қоңдылығына қарай жоғары, орташа және ортадан төмен категория-ларға бөлінеді. Қоңдылығы жөнінен орташадан төменгі категорияның талаптарына сай келмейтін малды арық мал деп санайды. Бұндай малдың дене бітімі сүйірлеу, сүйектері шығыңқы келеді. Қой қоңдылығының категориясын анықтау шарттары 25-кестеде келтірілген.

Қойдың қоңдылығы тірі кезінде органолептикалық баға бойынша анықталғандықтан едәуір дәрежеде анықтаушының квалификациясына байла-нысты болып келеді, кейбір кездері тәжірибесіз мамандардың қателесіп кетуі де мүмкін. Сондықтан малға объективті баға беру үшін, оның қоңдылығын сойғаннан кейін ұшасының сапасына карай анықтаған дұрыс.

Қойларды етке тапсырғанда олардың қоңдылығын бақылау сойысы жолымен де анықтайды. Бұл тәсілде ұшаның категориясын бұлшық ет тканінің дамуына және майдың жинақталу дәрежесіне қарай анықтайды.

Ет комбинаттарында қойдың ұшасын екі категорияға беледі. Жоғары және орташа қоңдылықтағы малдың ұшасын І категорияға, орташадан төменгі қоңдылықтағы малдың ұшасын II категорияға жатқызады. Ет комбинаттары

үшін малдың қоңдылығына қарай қой ұшасын мүшелеу мен сылуда алынатын өнімінің бақылау мөлшері белгіленген (26-кесте).

 

 

25-кесте. Қойдың қоңдылық категориясын анықтау (5111-55 мемлекеттік стандартынан көшірме)

 

Қоңдылық категориясы

Қойылатын талаптар (төменгі шегі)

Малдың сырт пішініне қарап баға бергенде

Жоғары

Ұстап карағанда арқасы мен белінің бұлшық еттерінің жақсы жетілгендігі байқалады. Арқа және бел омыртқаларының сыртқа қараған сабағы білінбейді, шоқтығының білініп тұруы мүмкін; беліндегі май қолмен ұстағанда білініп тұрады, арқадағы және бүйірдегі майдың қалыңдығы орташа болады. Құйрықты, сондай-ақ салпы кұйрықты қойлардың құйрығында едәуір мөлшерде май болады; кұйрығы жақсы толысқан.

Орташа

Ұстап карағанда арқасы мен белінің бұлшық еттері орташа жетілгендігі байқалады; сербек және бел омыртқаның сабақтары едәуір білініп тұрады, белдеме майдың шамалы екені байқалады. Құйрықты және салпы кұйрықты койдың кұйрығында едәуір май болады; құйрық жақсы толысқан.

Ортадан төмен

Ұстап қарағанда бұлшық еттері нашар жетілгені байқалады; арқа омыртқа және бел омыртқалардың сабағы сәл шығыңқы, қолмен байқалады, шоқтығы білініп тұрады, ұстап қарағанда қыртыс май белдемеде және бүйірде байқалады. Құйрықты және салпы құйрыкты қойдың құйрығында сәл ғана май болады.

 

26-кесте. Қой ұшасын мүшелеу мен сылудан алынатын өнімнің бақылау мөлшері

 

Ұша катего-риясы

Алыну (сүйегінеи ажыра-тылмаған еттің процеиті)

сылынған ет және май

сүйек

сіңір, шеміршек,

ет қалдығы

I

73,5

24,8

1,7

II

65,5

32,3

2,2

Арық

56,5

40,5

3,0

 

Қойдың қоңдылығының артуына қарай ұшаның (еттің) бағалы бөлігінің мөлшері артып, сүйек, сіңір және шеміршектін, мөлшері кемиді.

Қойдың қоңдылығы еттің құрамына қарай әсер ететіндігін 26-кестеден көруге болады.

Қондылығы нашар қой құрамында судың мөлшері көп, ал майдың мөлшері аз болады, сондықтан мұндай  еттің калориясы да едәуір кемиді.

Қойдың ұшасын сорттық құрамы бойынша сегіз бөлікке беледі: арқа-жауырын бөлігі, бөксе бөлігі, мойын (бауыздау етін есептемегенде), көк ет, (27-кесте).

Бауыздау еті, алдыңғы және артқы жіліншік. Сауда орындарында ұша үш сортқа бөлінеді. Қойдың арқа-жауырын және бөксе бөлігінің етін (ұша салмағының шамамен 75 проценті) 1 сортқа жатқызады; мойын, төс және көк етті - II сортқа (ұша салмағының шамамен 17 проценті); бауыздау еті, алдыңғы және артқы жіліншікті – III сортқа (ұша салмағының шамамен 8 проценті)  

27-кесте. Малдың қондылығына қарай оның ұшасының жұмсақ ет бөлігінің химиялық құрамы, %

 

Ұшанық қоңдылығы

Су  

Белок

Май

1 кг еттің калориялығы (Ккал)

Жорары

58,5

17,7

23,0

2865

Орташа

68,3

20,0

10,7

1815

Орташадан төмен

70,0

21,0

8,7

1674

 

жатқызады. Еттің бірінші сорты тағамдық жағынан ең бағалы ет болып саналады.

Қой етінің морфологиялық құрамы. Құрамына қарай етті бұлшық етке, майға, сүйектер мен дәнекер тканіне бөледі. Бұлшық ет және май ткані ұшаның негізгі жеуге пайдаланылатын бөлігі болып саналады. Қойдың әр түрлі тұқымдарының ұшасында майдың таралып орналасуы бірдей емес. Қойдың кейбір тұқымдарында май шел қабатына және құрсақ қуысына шоғырланады, екіншілерінде – құйрығына, ал етті тұқымының қойларында, әдетте, бұлшық еттің аралығына және олардың ішіне жиналады. Майдың бұлайша жиналуы етке ақшыл өң беріп, оның дәмдік және қоректік құндылығын арттыра түседі. Дәнекер тканьдер (сіңірлер, шеміршектер) ұшаның шамалы ғана бөлігін (1,7-3%) құрайды. Алайда қойдың жасы артқан сайын оның қоңдылығының төмендеуіне қарай мұндай тканьнің мөлшері (салыстырмалы түрде алғанда) артуы мүмкін, бұл еттің дәмділік сапасын нашарлатады. Мұндай ет сүйкімсіз және қатты болады.

Еттің морфологиялық құрамын (ұшаның жеуге жарамды және жарамсыз бөліктерінің ара қатынасы) етті сүйектен сылып бөлу арқылы анықтайды.

Қой етінің химиялық құрамы. Еттің химиялық құрамын біле отырып оның сапасын дәл анықтауға болады.

Қой еті құрамындағы белоктардың мөлшері жоғары болып, май мен калориялығы, холестерин – 29 мг процент болады. Осыдан болу керек, қой етін көп пайдаланатын халықтар арасында атеросклерозбен ауыратын адамдар аз кездеседі.

Еттің биологиялық, тағамдық құндылығының ең жоғарғы объективті көрсеткіші – белоктағы алмастыруға болатын және болмайтын амин қышқыл-дарының арақатынасымен анықталады (28-кесте).

28-кестеден қой еті амин қышқылдық кұрамы жағынан басқа малдың еттерінен қалыспайтынын байқаймыз. Еттегі минералды заттардың мөлшері жағынан қой еті шошқа етінен қалыспайды, ал калориялылығы мен В тобындағы витаминдердің мөлшері жағынан сиыр етінен басым түседі.

Қойдың майында стеарин қышқылы көп те, пальмитин мен олеин қышқылдары аз болады. Кұрамында қаныққан майлы қышқылдардың көптігі, ал керісінше қанықпаған қышқылдардың  аздығы нәтижесінде қой етінің майы консистенциялы болып келеді.

Әр жастағы кой етін салыстырғанда, қозы етінің сапасы белоктық көрсеткіші жағынан сақа қойға қарағанда жоғары болған.

28-кесте. Еттің аминқышқылдық құрамы

 

 Алмастыруға болмайтын амин

қышқылдары

Жалпы белоктан ал-

ғандағы мөлшері, %

 Алмастыруға болатын амин қышқылдары

Жалпы белоктан алғандағы мөлшері,%

сиыр еті

шошқа еті

қой еті

сиыр еті

шошқа еті

қой еті

Аргинин

6,6

6,4

6,9

Аланин

6,4

6,3

6,3;

Валин

5,7

5,0

5,0

Аспарагин

қышкылы

8,8

8,9

8,5

Гистидин

2,9

3,2

2,7

Изолейцин

5,1

4,9

4,8

Глицин

7,1

6,1

6,7

Лейцин

8,4

7,5

7,4

Глутамин

қышқылы

14,4

14,5

14,45

Лизин

8,4

7,8

7,6

Мерианин

2,3

2,5

2,3

Пролин

5,4

4,6

4,1

Треонин

4,0

5,1

4,9

Серин

3,8

4,0

3,9

Фенилаланин

4,0

4,1

3,9

Тирозин

3,2

3,0

3,2

Триптофан

1,1

1,4

1,3

Цистин

1,4

1,3

1.1

 

Қозы етінің кулинарлық құрамы өте жақсы. Олардың етінен әзірленген сорпада сақа қой етінен әзірленген сорпаға қарағанда белок пен азотты экстрактивті заттар бір жарым есе көп.

Еттің калориясы. Еттің калориясы оның бағалы қасиеттерінің бірі. Еттің калориясы белоктың, майдың және көмірсутектердің жылу шығару қабілетіне қарай есептеп шығарылады. Организмде 1 г май ыдырағанда 9,3 килокалория-ның, 1 г белок ажырағанда – 4,1 килокалорияның, 1 г көміртегі ыдырағанда – 4,2 килокалорияның бөлінетіні анықталды. Еттің калориясы негізінен организмдегі майдың мөлшеріне, яғни малдың қоңдылығына байланысты болады. Дұрыс баққанда, малдың жасы ұлғайған сайын оның етінің калориялылығы арта түседі.

Қойдың ет өнімділігіне әсер ететін факторлар. Қой етін өндіруді онан әрі арттырудың негізгі жолы – қойды жайып семірту және бордақылау жұмысын дұрыс ұйымдастыру, сондай-ақ тез өсіп жетілетін етті-жүнді, етті-майлы қой шаруашылығын дамыту болып табылады. Қойды жайып семіртуді мәдени жайылымдарда, ал бордақылауды – толық құнды азық қоспалары мен түйіршіктелген азықтар пайдаланылатын шаруашылықтың өзінде немесе шаруашылық аралық бордақылау алаңдарында жүргізу тиімді; азық тарату жұмыстары түгелдей механикаландырылуы тиіс. Арнаулы шаруашылықтарда қозыларды енесінен айырып, оларды сүт алмастырғыштар аркылы және азық қоспаларын пайдалана отырып азықтандыру әдісін қолдану керек, бұл әдіс малдың өсіп-жетілуін едәуір жеделдетеді. Қозыларды енесінен ерте айыру саулықтарды пайдалану ісін жылдамдатуға мүмкіндік береді.

Биязы жүнді қой шаруашылырында малдың ет өнімділігін арттыру үшін аз өнімді саулықтарды майлы-етті, етті-жүнді қой тұқымдарының қошқар-ларымен шағылыстырады. Алынған будан төлді сол төлдеген жылында-ақ етке тапсырады. Қозыларды 4-8 айлық кезінде етке тапсырудың нерұрлым тиімді екендігі іс жүзінде дәлелденіп отыр. Дұрыс күтіп-баққанда мұндай қозылар-дың тірілей салмағы олардың 8 айлығы кезінде сақа қойлардың тірілей салмағының 70-80 процентіне жетеді, мұның үстіне жас төл өзінің қосымша салмағын арттыруға жұмсалған азықты әлдеқайда жақсы өтейді. Мысалы, қозылар 1 кг қосымша салмақ қосуға 5-6 азық өлшемін, ал сақа қойлар бұл үшін 10-12 азық өлшем жұмсайды. Сонымен қатар қозы еті ересек койлардың етіне қарағанда құнды болады.

 

 

 

 

Қорытынды

 

1. Оңтүстік қазақ мериносы жергілікті қылшық жүнді қойларды кавказ ставрополь, алтай, грознен тұқымды қошқарлармен будандастыру арқылы шығарылған. Бұл қой тұқымының жүні біркелкі, Оңтүстік өңірінің шөл және шөлейт аймақтарының континентальді климатына төзімді, жайылымда жақсы пайдаланып әр бастан: саулықтардан – 3,5-4,0 кг, қошқарлардан – 8-12 кг жүн қырқылады. Таза жүннің шығымдылығы 45-53%; саулықтардың тірі салмағы 50-55 кг, қошқарлардікі – 100-110 кг.

2. Жауын-шашынның мөлшері 2011 жылы 219 мм, 2012 жылы – 198 мм болғанда жайылымның өнімділігі маусым бойынша өзгеріп отырып, екінші жылы жылдық өнімділігі 0,77 ц/га кем болды. Бұл жағдай мал азығының химиялық құрамы мен құнарлығына кері әсер етті.

3. Оңтүстік қазақ мериносының орташа сүттілігі 115-131 кг. Ол жыл жағдайына қарай өзгеріп отырады. Қозылар 20-25 күнге дейін тек сүтпен қоректеніп, сонан соң отыға бастайды. Олар 1 кг салмақ  қосуына алғашқы күндері 5,2 кг сүт жұмсалса, 10 күнділігінде 8,3 кг, 20-25 күнділігінде 7,7 кгсүт жұмсалады.

Қойдың сүтінің химиялық құрамы, оның биологиялық жағынан құндылығы жоғары – белок, аминқышқылдары, май, сүт қанты, витаминдер, минералдық заттар қозыларға қажетті қоректік заттармен толық қамтамасыз ете алады. Атап айтқанда уыздың құрамында 10,9% белок болса, сүтте 6,8-8,0% белок болады. Белок құрамында алмастырылмайтын аминқышқылдары-ның барлық түрі кездеседі. Қой сүтінің майлылығы 6,5% шамасында, қант мөлшері 5,0-7,3% аралығында, күл 1% жақын, кальций 0,2-0,3%.

4. Құрғақ жылы (2012 ж.) жылы қозыларды анасынан 4 айлығында ажыратқанда 29,2 кг болса, ал жауын-шашынды жылы 32,8 кг жетіп 1 кг салмақ қосуына 20,2 МДж энергия жұмсады.

5. Меринос жүннің сапасы, қалыңдығы, тығыздығы, жылтырлығы, жіңішкелігі, иректігі, беріктігі, созылғыштығы, серпінділігі, шайыры буаз саулықтарды күтіп-бағуға, азықтандыруға тікелей байланысты. Буаз саулықты толыққанды азықтандыру эмбрионалды және постнатальді кезеңдерге фолликулалардың қалыптасуына жақсы әсер етеді.

6. Жүн талшықтарының өсуі, олардың саны мен сапасы малдың терісінің қасиеттеріне тығыз байланысты. Тері газ, су, минералды заттардың алмасуын реттеуге қатысады, терідегі май бездері тері мен жүн талшықтарын майлайтын секрет бөліп, жүннің сапасына әсер етеді. Теріде орналасқан қан тамырлары, сезімтал нерв ұштары, бездері және жүн жамылғыларының қызметі арқасында оңтүстік өңірінің континентальді климаты жағдайында организмнің температурасы бірқалыпты болып тұрады.

7. Оңтүстік қазақ мериносы етті-жүнді бағытта болғандықтан олардан сапалы, дәмді ет өндіру де тиімді. Биологиялық құндылығы жағынан 4,0-4,5 және 8-9 айлығындағы жас қойдың еті өте жоғары бағаланады. Қойдың жасына, қоңдылығына қарай ересек қойдың ұшасы 20-30 кг, тоқтылардікі 15-20 кг, қозылардікі 17-19 кг шамасында болады.

8. Майда фермерлік қой шаруалардың көшіп-қонуының шектелуінен жайылым азғындап, су көздерінің мал қора жайларының жалпы экологиялық көрсеткіштері нашарлап, олар меринос қойының өнімділігіне және оның сапасына кері әсер етті.

 

 

 

пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1. Акимова Т.А., Хаскин В.В., Экология. –М., 1998.

2. Богдановский Г.А. Химическая экология. –М., 1994.

3. Бегімбеков Қ.Н., Төреханов А.Ә., Байжұманов Ә.Б. Мал өсіру және селекция. – Алматы, 2006. – 598 б.

4. Бекмухамбетов Э.А., Рисимбетов Т.К. Кормовые ресурсы Казахстана. – Шымкент, 2010. -379 с.

5. Волков Г.К., Репин В.Ш. Зоогигиенические нормативы для животноводческих объектов. –М., 1986.

6. Евстропов Н.А. Экологическая оценка качества молочной продукции и технологических процессов //Методические рекомендации. –М., 2001. -26 с.

7. Есалиев О.Е. Оңтүстік меринос қойының жүндік-еттік қасиеттері //Ж. Овцеводство. –М., 1977. -№7.

8. Кондратьева М.И. и др. Микроклимат на животноводческих фермах и комплексах. –Алматы, 1983.

9. Кузнецов А. Гигиена кормления сельскохозяйственных животных. –М., 1991.

10. Каримов Ж.К. және басқ. Ірі қара шаруашылығы сүт және ет өндіру технологиясы. –Алматы, 2005. -274 б.

11. Мырзабеков Ш., Ибрагимов П. Ветеринариялық гигиена. –Алматы, 2005. -431б.

12. Метлицский А.В. Генетические возможности южно-казахского мериноса //Ж.Вестник с.-х. науки Казахстана. –Алма-Ата, 1990. -№7.

13. Метлицский А.В. Мясные качества южно-казахского мериноса //Ж.Вестник с.-х. науки Казахстана. –Алма-Ата, 1965. -№11.

14. Нормы и рационы кормления сельскохозяйственных животных (под ред. А.П. Калашникова, Н.И. Клейменова). –М., 1986. -352 с.

15. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология. –Алматы, 2002.

16. Омаркожаев Н. Малды азықтандыру.

17. Одум Ю. Основы экологии. –М., 1987.

18. Рисимбетов Т.К. Зоогигиенические показатели водных источников в каракулеводческих совхозов Юга Казахстана //Сб.науч.трудов КазНИИЖиК. –Алма-Ата, 1974. –Т.2.

19. Рисимбетов Т.К., Реактивность каракульских овец на питьевую воду с разной минерализацией //Совершенствования технологии производства каракуля и улучшения его качества //Сб.науч.трудов КазНИИЖиК. –Т.13. – Алма-Ата, 1975.

20. Рисимбетов Т.К. Оценка пустынных пастбищ по качеству водоисточников //Материалы научно-практ. конференции. Проблемы научного обеспечения сельского хозяйства Республики Казахстан, Сибира и Монголии. –Алматы, 2001. –С.234-235.

21. Рисимбетов Т.К. Влияние климатических условий года на урожайность, химический состав и питательность кормовых растений пустынных пастбищ //Материалы Международной научно-производственной конференции. –Шымкент, 2000. –С.107-112.

22. Рисимбетов Т.К. Краткий курс экологии. –Алматы, 2008. -205 с.

23. Рисимбетов Т.К. Нормы кормления каракульских овец. –Алма-Ата, 1984. -25 с.

24. Реймерс Н.Ф. Экология. –М., 1994.

25. Турарбеков А.Т. Жалпы экология. –Астана, 2009. -697 б.

26. Фомичев Ю.П. Исследования по зоотехнической микробиологии, экологии и иммуногенетик. –М., 1998. -98 с.

27. Хмелевский Б.Н. и др. Профилактика микотоксикозов животных. –М., 1985.

28. Шпаков Л.И. Водоснабжение, канализация и вентиляция на животноводческих фермах. –М., 1987.

29. Шеглов В.В. и др. Корма (справочник) – приготовление, хранение, использование. –М., 1990. -255 с.

30. Шоқанов Н. Микробиология. –Алматы, 1997.

31. Черников В.А. Агроэкология. –М., 2000.

32. Юрков В.М. Микроклимат животноводческих ферм и комплексов. –М., 1985.

 

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2014-02-24 20:10:02     Қаралды-8612

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »