MS ACCESS берілгендер қоры туралы мағлұмат.
Берілгендер қорын басқару жүйелері.
Берілгендер қорын құру терезесімен жұмыс істеу.
Қазіргі кезде, компьютерлік тенхниканы пайдаланбай жұмыс жасайтын сала жоқ деуге болады. Ал, компьютерді пайдалану техналогиясының жұмыс жасауға өзіне тән талаптар қоятыны белгілі. Сондай талаптардың бірі – жұмыс жасауға қажетті берілгендер қорын (БҚ) құру. Күнделікті өмірде біздің кездестіретін нәрселеріміздің барлығы қандай қордың элементтері болып саналады. Берілгендер қорымен жұмыс істеу қазіргі таңда компьютермен жұмыс істеудегі маңызды дағдылардың біріне айналды. өндірісте, ауыл шаруашылығымен оқу орындарында, комерциялық мекемелерде және т.б. салаларда түрлі берілгендерді дайындау, оларды өңдеу, сақтау жиі кездеседі. Ал, мәліметтерді сақтаудың көп тараған әдісі компьютерде берілгендер қоры түрінде сақтау. Берілгендер қоры – құрылымы берілген тәсіл бойынша ұйымдастырылған арнайы форматтағы файл. Көбінесе, БҚ-да сақталатын берілгендер кесте түрінде дайындалады. Яғни, дискілік файл – берілгендер қоры, оған енгізілетін кесте –БҚ құрамында сақталушы объект.
Берілгендер қорын басқару жүйелері.
Берілгендер қорын құру және онымен жұмыс істеуді басқару үшін көптеген программалар дайындалған: DВАSЕ, FОХРRО, FОХВАSЕ, МІСRОSОFТ АССЕSS, т.б. оларды берілгендер қорын басқару жүйелері (БҚБЖ) деп атайды. Яғни, БҚБЖ - берілгендер қорымен жұмыс істсуге арналған программа.
Алғашқы кездерде қолданылып жүрген DВАSЕ- тің түрлі варианттары, FОХРRО, FОХВАSЕ, т.б. жүйелер әрі программалау тілдері, әрі БҚБЖ болатын және олар МS DОS жүйссінде жүмыс істейтін. Программалаудың кіші бизнестік сияқты шағын мекемелерде көп қиындық туғызғаны белгілі. Осы себспті, соңғы жьшдары пайдаланушыдан лрограммалауды қажет ете бермейтін Місгоsоft office (Windows) құрамына кірістірілгсн Ассеss атаулы жан-жақты мүмкіндікті БҚБЖ-ның бірнсшс варианттары жарық көрді: Ассеss95, Ассеss88 97 (Ассеss-кіру, еркін ену). Бүлар жұмыс істеуге жеңіл және анықтамалық жүйелері барынша жетілдірілген күрделі программалар. Ассеss-те файлдар кесте түрінде қүрылады. Ассеss 97, Ехсеі 97, Word 97 сияқты программалар арқылы дайындалған, берілгендер ерекшеліктерінің бірі — олар бірінен екіншісіне жеңіл түрде жіберіле және қабылдана алынады. МS Ассеss-ті пайдаланатындар көбінесе есептеу техникаларымен жүмыс істейтін, бірақ, программалаумен айналыспайтын адамдар. Мұндай қолданушьшарды бүл программаны оқып үйренудің жеңілдігі, көптеген мәселелерді өздері программаламай-ақ шешу мүмкіндігі, сондай-ақ БҚ-дағы қажетті объектілерді жылдам қүруға мүмкіндік жасайтын қүралдары бар болғандығы қызықтырады. Windows жүйесінің элементтерімен таныс ксз-келген қолданушының Мs Ассеss программасын оқып үйренуіне және оны қолданып БҚ-мен жұмыс істеуіне мүмкіндігі бар. Өйткені, Ассеss программасымен жұмыс істеу принциптері Windows жүйесіне негізделген, оның объектілері терезе түрінде ашылады.
МS Ассеss-ті басқарудың әртүрлі тәсілдері бар: мәзір жүйесі саймандар тақтасы, контексті мәзір тышқан көрсеткішін және клавиштер комбинациясын қолдану. Бұлардың көбісі бір команданы қайталауы мүмкін, сондықтан олардың бірдей қолданудың мәні жоқ. Негізінде ең ыңғайлысы — контексті мәзір мен тышқан. Контексті мәзір барлық уақытга қол астында, яғни, оның керек уақытында тышқанның оң жақ түймесін басу арқылы кез-келген объектіге байланысты шығаруға болады. Сондай-ақ контексті мәзірден осы объектіге байланысты қандай операциялар жасауға болатыны да көрінеді.
Ассеss программасының 6 объектісі бар: кестелер, сұраныстар, формалар, есептер, макростар, модульдер. Осы объектілердің әрқайсысына жеке-жеке түсініктеме берейік. Ал, қазір оларды ұғым ретінде анықтайық.
Кестелер — БҚ-ның негізгі объектілері, олар жазбалар мен өрістерден тұрады. Кестелерде берілгендер сақталады.
Сұраныстар ── Берілгендерді бір немесе бірнеше кестелерді қолданушының анықтаған шарты бойынша іріктеп алуға арналған құрал. Сұраныстар көмегімен берілгендерді зерттейді, фильтрлейді, таңдайды, өзгертеді, біріктіреді, яғни, өңдейді.
Формалар ── Кестелер мен сұраныстардағы берілгендерді ыңғайлы экранға бейнелейтін және басқаратын құрал.
Есептер ── Кестелер мен сұраныстардағы берілгендерді ыңғайлы және көрнекі түрде басып шығару құралы. Есеп парақтары түзілгеннен кейін ондағы берілгендерді редакциялауға болмайды.
Макростар - Макрокомандалар жиынтығы. Егер БҚ-да қандайда бір операциялар жиі орындалатын болса, онда олардың командалардың бір макроста жинап, оған клавиштер комбинациясын сәйкес қоюға болады.
Модульдер - Бұл Visual Basic тілінде жазылған программалық процедуралар. Егер Ассеss-тің стандарттық құралдары қажетті талапты қанағаттандыра алмаса, онда, программист процедуралар көмегімен жүйенің мүмкіндігін кеңейте алады.
Ассеss-те 6 объектіден басқа үш командалық түймелері бар: Ашу, Конструктор, Құру. Осылардың көмегімен БҚ - да жұмыс істеу режимі таңдалады.
1. Ашу түймесі таңдалған объектіні ашады, Егер объект кесте болса онда оны көруге, жаңа жазбалар енгізуге немесе бұрынғы информацияны өзгертуге болады.
2. Конструктор түймесі де таңдалған объектінің құрлымын ашуға және оны өзгертуге мүмкіндік жасайды. - Егер объекті кесте болса, онда оған жаңа өрістер енгізуге немесе бар өрістердің қасиеттерін өзгертуге болады. Ал, егер объект форма болса, онда оның басқару элементтерін құруға немесе өзгертуге болады. Демек, бұл режим БҚ-ын құрастырушылар үшін керек.
3. Құру түймесі жаңа объектілерді құру үшін қажет. Бұл да БҚ-ын құрастырушыларға арналған режим.
Access варианттарымен жұмыс істеу тәслдерінің көпшілігі бірдей. Аccess-тің соңғы, жетілдірілген варианты Access 97 – жұмыс істеу тәсілдерін қарастырайық.
Access 97-ні іске қосу үшін Windows жүмыс столы арқылы Іске қосу —> Программалар -> Місrosoft Ассеss 97 командасын береміз. Сонда экран бетіне БҚ құруға өту не ашуға арналған сұхбаттық терезе көрінеді. (1-сурет)
1-сурет. БҚ құруға өту не оны ашу терезесі.
Осы терезенің астынғы қабатында Ассеss-тің. көмескі түрде (белсендірілмеген) өз терезесі көрінеді.
Жаңа БҚ құру үшін 1-суретте бейнеленген терезенің Жаңа БҚ (Новая база данных) ауыстырьш қосқышын орнатып, ОК түймесін басу керек. Экранда Жаңа БҚ файлы (Файл новой база данных) терезесі шығады (2-сурет). Оның "Бума" өрісіне енгізілген тізімнен жаңа БҚ
орналастырылытын буманы таңдау және "Файл аты" өрісіне құрылатын БҚ атауын енгізіп, содан соң
Құру түймесін басу керек. Сол кезде экранда БҚ терезесі көрінеді (3-сурет).
2 – сурет. Жаңа БҚ құру терезесі.
3-сурет. Берілгендер қоры терезесі.
БҚ тсрезесінде БҚ құрамындағы 6 объектімен жұмысты бастауға арналған алты қондырма бет бар.
Берілгендер қорын жабу үшін оның терезесінің "Жабу" түймесін шерту не Файл-Жабу командасын беру жеткілікті. БҚ mdb кеңейтілу бойынша сақталады.
Кесте құру. Олармен жұмыс істеу.
Кестелер — берілгендер қорының негізгі объектілері. БҚ жасау алғашқы кестені құрудан басталады. Ал кестеде оның өрістері және сол өрістердің типтері мен қасиеттері анықталады. Бұл БҚ терезесіндегі Құру түймесін басудан басталады. Сонда 4-суретте көрсетілгендей Жаңа кесте сұхбат терезесі ашылады. Бұл терезеде жаңа кесте құрудың бірнеше тәсілдері көрсетілген.
4 – сурет. Жаңа кесте сұхбат терезесі.
Алғашқы кезде кестені бірінші режим бойынша құрған жөн. Ол кесте құруға машықтандырып, түрлі терминдермен танысуға көмегін тигізеді.
Енді кесте режимі немесе кестені қолдан құру технологиясына тоқталайық.
Кесте құру әдістері (қолдан, шебер арқылы). Кестені сақтау.
«Жаңа кесте» терезесінен "Кесте режимі" қатарда таңдап ОК түймесін басу арқылы 5 суретте көрсетілгендей Кесте 1 атаулы бос терезе көрінеді. "Кесте 1" Ассеss тағайынадаған кестенің уакытша атауы. "Кесте 1" атауын кестеге толтырған мәліметке байланысты өзгертіп сақтауымызға болады Мысалы, "Кітапхана" кестесін құрайық. "Кесте 1" атауын "Кітапхана" атауына өзгертеміз.
5 – сурет. Кесте режимінде ашылған кесте құрылымы.
Жарияланған-2013-05-01 11:15:25 Қаралды-5140
АРА НЕ БЕРЕДІ?
Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.
КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.
АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?
Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.
АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...
- Информатика
- Математика, Геометрия
- Қазақ әдебиеті
- Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
- География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
- Биология, Валеология, Зоология, Анатомия
- Әлеуметтану, Саясаттану
- Астрономия
- Ән, Мәдениет, Өнер
- Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
- Қоршаған ортаны қорғау, Экология
- Мәдениеттану
- ОБЖ
- Психология, Педагогика
- Философия
- Физика, Химия
- Русский язык
- Спорт
- Тарих
- Биотехнология
- Экономика и менеджмент
- Медицина
- Архитектура
- Дінтану