UF

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ

 

Әдебиет, яғни көркем сөз өнері - халықтың қашаннан бірге жасасып келе жатқан жан жолдасы. Сондықтан онда халықтың талай заман бастан кешкен өмір жолы, тарихи тағдыры, арман-мұраты, мұң-мүддесі сыр түйген. Мәдени дамуда кешеуілдеп қалған, сауаты жоқ еңбекші халық бойындағы барлық рухани күш-жігерін, талантын, жазу-сызуы болмағандықтан ауыз әдебиетіне салған. Қазақта ауыз әдебиетінің - фольклордың ала-бөтен бай болуының бір себебі осында. Мұны дүние жүзі ғалымдарының да мойындағаны мәлім. Бастапқы авторлары белгісіз, бірақ халық қазанында қорытылып, шыңдалып шыққап аңыз-ертегілер, мақал, мәтелдер, шешендік сөздер, тұрмыс-салт жырлары, оте бай эпос және беріректе (18-19 ғ.) авторы мәлім бола бастаған тарихи жырлар, арнау, толғау, өлендер, айтыстар т. б. осының барлығы - қазақ халық творчествосының баға жетпес бай қазынасын құраған көркем үлгілер.

Әрине, таптық қоғам болған соң, үстем тап өкілдері әр заман әдебиетіне өз идеологиясын сіңіруге әрекетжасап баққан. Әйтсе де фольклор мен ауыз әдебиеті негізінде халықтық қасиетін сақтап, жалпы еңбекші бұқараның мұрат-мүддесін көздеп отырған.

19 ғасырдың 2-жартысында қазақ жазба әдебиетінің негізін салған ұлы ақын Абай Құнанбаев пен Ыбырай Алтынсариннен бұрыңғы аты әйгілі Бұхар жырау, Махамбет, Шернияз, Сүйінбайдың тағы басқа да белгілі ақындардың (Дулат, Шортанбай, Мұрат т. б.) және әнші ақындардың, өлең-жырлары фольклордан жазба әдебиетіне ойыса бастаған дәуірде шыққан атышулы дара ақындардың шығармалары болатын. Абай туған халқының өзіне дейінгі осындай қат-қабат мол мұрасын еркін игеріп, оның ең озығын, ең асылын дәстүр тұта отырып, мұны жаңа прогресшіл реалистік жазба әдебиетінің игілігіне жұмсады. Ал 20 ғасырдың басында Абай дәстүрін жалғастырған талантты жазба ақындар Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәбит Дөнентаев, Спандияр Көбеев т. б. қазақ фольклоры мен ауыз әдебиетінің және Абай мен Ыбырайдың творчестволық мұрасын 1917 жылы Ұлы социалистік революциясы туғызған совет әдебиетімен ұштастырды.

Сөйтіп, революционер ақын Сәкен Сейфуллин бастап негізін салған жаңа совет әдебиеті әуел бастан-ақ халық бостандығын, халыққа бостандық әперген социалистік революцияны, Коммунистік партияны, ұлы көсем В. И. Ленинді мадақтап, жалынды жырға бөледі, шындықты айтты, шын ризалығын білдірді. Өскелең революциялық дәуір совет әдебиетінің алдына іріміндеттер қойып, оның қауырт дамуына тамаша жағдай жасады. Бұл ретте жас қазақ әдебиеті ұлы орыс әдебиетін, әсіресе оның М. Горький, В. Маяковский ту етіп ұстаған социалистік реализм әдісінің Ленин нұсқаған партиялық және халықтық принциптерін үлгі тұтты. Өткелдегі әдеби, мәдени мұраға да лениндік принципті қолданып, тек прогресшіл, демократиялық дәстүрлерін ғана творчестволық жолмен бойға сіңіруді критерий етіп ұстады. Бірақ бұл оп-оңай шешіле қойған жоқ. Ескі мұраға осқыра қараған пролеткульт теориясы мен РАПП-тың, ҚазАПП-тың тұрпайы социологизм тәжірибесі едәуір кедергі жасап көрді. Партияның Орталық Комитеті кезінде қағидасына сүйеніп, тиісті қаулылар шығарып басшылық етуінің арқасында социалистік реализм әдебиеті дұрыс бағытта өсіп, кең өріс ала берді.

Заман талабына сай алдыңғы қатарлы профессионал әдебиет дәрежесіне жету үшін қазақ совет әдебиетшілері қысқа мерзімнің ішінде шарқ ұрып ізденіп, еңбектеніп, сан алуан сала мен жанрға барды, талай тамаша табысқа жетті, талай тақырыпты игеріп, талай проблеманы шешу арқылы жаңа әдебиеттің идеялық, эстетикалық деңгейін көңілдегідей котерді, бүгінде қазақ әдебиеті Совет Одағының көп ұлтты әдебиетінің қатарынан лайықты орнын алды. Мұхтар Әуезовтің Лениндік сыйлыққа және СССР Мемлекеттік сыйлығына ие болған «Абай жолы» эпопеясы, Әбдіжәміл Нұрпейісовтің СССР Мемлекеттік сыйлығына ие болған «Қан мен тер» трилогиясы, Жұбан Молдағалиевтың поэмалары, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығына ие болған 17 жазушының проза, поэзия, сын және драматургиялық туындылары - осының айғағы. КПСС Орталық Комитеті Саяси Бюросының мүшесі, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші секретары Д. А. Қонаев 1977 жылы 11 октябрьде «Правда» газетінде жариялаған мақаласында: «Жалпы советтік және дүние жүзілік мәдениеттің қазынасына қазақ совет әдебиеті лайықты үлес қосуда» деп жазды.

300-ден астам жазушылары бар, бұдан былай жаңа қарқынмен шарықтап өсуге барлық жағдайы бар қазақ совет әдебиеті бүкіл одақтық совет әдебиеті құрамында мезгеген міндеттерді жүзеге асыра отырып, қазіргі ғылыми-техникалық революция кезеңі мен кемелденген социализм дәуіріне лайық жаңа, тамаша табыстарға жете бермек.

Қазақ әдебиетінің ертедегі нұсқалары. Қазақ әдебиетінің ертедегі нұсқаларына қазақ халқынан басқа да түркі ру-тайпалары мен ұлыстарына ортақ әдеби мұралар, Орта Азия және қазіргі Қазақстан жерін мекендеген түркі тілдес елдердің бәріне қатысты туындылар жатады. Бұл әдебиет, негізінен, қазақ, өзбек, ұйғыр халықтарының орта ғасырлық әдеби ескерткіштерінен құралған, яғни аталмыш халықтардың бір одақта өмір сүрген кезеңдерін бейнелейтін (12-15 ғ. аралығы), мазмұны жағынан алуан түрлі шығармаларды қамтиды.

Қазақ әдебиетінің ертедегі нұсқаларында тайпалық одақ тұтастығын қорғаған ерлік күрес қаһармандығы жырланады. Кейінгі ұрпаққа батырлар өнегесі үлгі етіледі. Көне әдеби ескерткіштердегі бұл ерлік күрес идеясы ең коне түркі жазба ескерткіштерінде де жиі ұшырасады. Мыс., бұған көне дәуір шындығын корсететін Орхон, Талас жазба ескерткіштері толық айғақ. Шынында да, көне әдебиет сырын ашуда Орхон, Енисей, Талас өзендері алқабындағы ескі қоныс орындарында сақталып, бүгіңгі дәуірге жеткен Күлтегін, Білгі қаған, Тоныкөкке арналған ескерткіш жазбалардың маңызы зор. Бұл ескерткіштерде заманында қолбасы, ел ағасы болған беделді, белді адамдардың ел-жұртын қорғауда сіңірген еңбектері, ерлік істері ардақталады. Аталмыш жазба ескерткіштер - тек түркі халықтары тарихында ғана емес, бүкіл адам баласы мәдениетінің тарихында да елеулі орын алатын санаулы әдеби мұралардың бірі. 8-9 ғасырларда туған әдеби ескерткіштер ішінде «Оғызнама», «Қорқыт ата кітабы» («Китаб дәдәм Қорқұд») т. б. шығармалар ертедегі қазақ ұлыстарының өмір шындығын бейнелеумен көзге түседі.

«Қорқыт ата кітабы» («Китаб дәдәм Қорқұд») - оғыз-қыпшақ одағы үстемдік құрып тұрған кезде (9 ғ.) пайда болған көркем жазба ескерткіш. Жазба нұсқасы 11 ғасырларға жатады. Қорқыт - тарихта болған, белгілі дәуір перзенті. Қазақ жұрты Қорқытты атам заманнан аңыз етіп, оны ерекше ардақтағап. Атақты өнер иесі ретінде құрмет тұтқан. Қобыз өнерінің атасы және ұзақ жасап, өлімге қарсы күресіп өткен қайраткер деп білген. Қорқыт қазақ жерінде, Сыр бойында ғұмырын өткізіп, қазіргі Сырдария жағасында жерленген. Қазақ фольклорисі Ә. Диваев 20 ғасырдың басында Қорқыт моласын өз көзімей коріп, суретке түсірген. Ол жайлы еңбек жазғап. Қорқыт өрен қобызшы, күйші, ақын, жырау болған. Жұрт Қорқыттың асқан өнерін құдірет тұтып, ол туралы талай аңыздар шығарған. Қорқыт айтты дейтін әңгіме сюжеттерінің кең тарауы да осыдан.

«Китаб дәдәм Қорқұд» шығармасы 12 жырдан тұрады. Айтылмыш 12 жырдың желісі қазіргі қазақ жырларына өте жақын. Батырлар жыры, лиро-эпос және ақындар толғаулары сарындарымен өзектес. Осыған қарағанда бұл шығармалар халық арасында кең тарағап ескі жырлар сюжеттерін пайдалана отырып, кейін жырланған туынды болғаны байқалады. Әрине, Оғыз-қыпшақтар ұрпағы тек қазақгар емес, өзбек, қарақалпақ, азербайжандар және басқа да түркі тектес нәсілдер болғаны белгілі. Түйіндеп айтқанда, «Китаб дәдәм Қорқұд» - орта ғасырлық көне түркілік көркем туынды. Қазақтың көне әдебиеті тарихынан тиісті орын алатын ескерткіш, бүкіл әлем мәдениетінде бағалы саналатып көне түркілік әдеби мұра.

Қазақстан мен Орта Азия түріктерінің 10-13 ғасырлардағы мәдениетіне араб мәдениетінің ықпалы күшейді. Тарихи дәуірдің бұл тұсында Араб халифаты үстемдік етіп, ислам діні кең тарады. Араб мәдениеті, оқуы, жазуы өрістеді. Мектеп, медресе, мешіт кобейді, шәкірт, мүрит, молда, ишан т. б. тобы пайда болды. Оқыған ғұламалар шықты. Сөйтіп, Орта Азияда түркі мәдениетінің дәуірлеу кезеңі басталды. Араб тілінде бұрын-соңды болып көрмеген мәдениет жасалды. Астрономдар, математиктер, философтар, ақын-жазушылардың т. б. еңбектері жарық көрді. Шығыстың атақты жеті жұлдызы атанған ұлы ұстаздар даңқы жер жарды. Олардың көбі еңбектерін араб тілінде жазса да, шыққан тегі Орта-азиялық түріктер болатын. Фирдауси, Низами, Хафиз, Сағди, Әбу Сина, Әл-Фараби, Қашғари, Баласағұни т. б. еңбектері Қазақстан, Орта Азия және Азербайжан өңіріне кеңінен тарады. Бұлардың дәстүрін ілгері дамытқан Науаи, Бируни, Туси, Ұлықбек т. б. ғұламалар болды. Араб мәдениетінің дәуірлеген осы бір кезеңінде қазақ топырағынан шыққан, көне қазақ ру тайпаларының перзенттері саналған даналар да өмір сүрді. Олардың ішінде Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашғари, Қожа Ахмед Яссауи, Ахмед Югнаки, Бақырғани, Хорезми, Рабғузи т. б. бар. Бұлар орта ғасырдағы түркі елдерінің көркем әдебиетін жасаушылар, қазақ және басқа түркі халықтарының көне әдебиетінің белді өкілдері атанды.

Осы топтағы Жүсіп Баласағұни (1018-1069) - өзінің «Құтадғу біліг» атты дидактикалық дастанымен әйгілі ақын. Махмұд Қашғари (11 ғ.) «Диуани лұғат ат-түрк» («Түркі сөздерінің жипағы») атты үш томдық колемді филологиялық тамаша еңбегімен мәлім. Махмұдтың аталмыш еңбегі тек сөздік қана емес, әдебиеттік мәні зор көркем шығарма қатарында да саналады. Онда қазақ және басқа түркі ұлыстарының мақал-мәтелдері, шешендік сөздері, эпостық туындылары, аңыз-әңгімелері т. б. халық ауыз әдебиеті үлгілері жинақталған. Ал Мұхаммед Хорезми (14 ғ.) қалдырған «Мұхаббатнама» дастанының маңызы да атап өтерлік. Ол - әдебиетіміз тарихынан елеулі орын алатын көркем туынды, лирикалық поэма үлгісінде туған жазба нұсқа.

Жүсіп Баласағүнидің «Құтадғу білік» кітабының сыртқы мұқабасы. С.-Петербург. 1880 ж.

Махмуд Қашғари. «Диуани лұғат ат-түрк» кітабының мұқабасы.

 

Біздің көне әдебиетіміздің ертедегі нұсқалары - қазіргі дамыған әдебиетіміздің түп негізі. Бұл көркем шығармалар қазақ әдебиетінің тарихы әріден басталатынын, қазақ аталып келген халық жасаған көркем сөз өрнектерінің ерте заманнан мәлім болғанын танытады.

Монгол шапқыншылығына дейінгі Қазақстан жерінде дамыған мәдениетті кейін қазақ және Орта Азия елдерінің құрамына кірген көптеген тайпалар жасаған. Олардың ішінде қазақ қауымының негізін құраған Үйсіп, Қаңлы, Қыпшақ, Керей, Алшын, Арғын, Найман т. б. ежелгі тайпалар да бар.

Түркі ұлыстарының тұңғыш оқымысты ғалымдары өздері қай рудан, қай ұлыстан шыққанына қарамастан шығармаларын сол кездің ортақ әдеби тілінде, барлық түркі елдері тайпасы қолданған тілде, көне таңба үлгілерінде жазған. Орта Азия мен Қазақстан халықтары бұл сияқты көне мұра деректерін бірдей меншіктеп меңгеруге тең праволы. Сөйтсе де орта ғасырларда жасаған кейбір оқымыстылар мен ақындардың туған жеріне, шыққан тайпасына, көркем туындыларының сипатына қарап, олардың әдеби мұралары қазіргі Орта Азия мен Қазақстан халықтарының біріне етене жақынырақ екенін байқауға болады. Мыс., Әл-Фараби, әл- Қыпшақи, әл-Бируни, әл-Сығанақи, әл-Түркістани, Бақырғани, Баласағұни, Қашғари, Хорезми, Дулати, Жалайри т. б. Қазақстан топырағында туып өскен адамдар. Ал олардың еңбектерінің көбі араб тілінде жазылған.

Ежелгі тарихшылардың баяндауынша, 6 ғасырда қазіргі Қазақстанның көп жерінде түрік қағандығы атты алғашқы феодалдық қауым құрылып, оның орталығы Жетісу өлкесінің Шу өзенінің бойында Суяб қаласына орналасқан. Түрік қағандығы кезінде Қазақстанның оңтүстігінде бірнеше үлкен қалалар сәулет құрған. Олардың ішіндегі ірілері - Суяб, Тараз, Мерке, Құлан, Сайрам, Отырар болған. Бұл қалалардың көбі Қырымнан Шығыс Түркістанға баратын «Ұлы Жібек жолының» үстінде тұрған. 6 ғасырда Түрік қағандығында болған Византия елшісі Земарх Талас (Тараз) қаласында бірнеше күн тоқтағанын, оның үлкен қала екенін жазды. Кейінгі кезде осы қаланың орнын қазғанда шын мағынасында мәдениеттің нағыз орталығы болғанын айғақтайтын көптеген деректер табылды. Бертінде Түркеш қағандығы үстемдік құрған кезде (7 ғ.) Суяб пен Тараз қалалары әкімшілік пен мәдениеттің, сауданың нағыз орталығына айналды. Бұл кезде елдің мәдениеті ілгерілеу жолында болған. Бірақ шапқыншы басқыншылардың тегеурініне төтеп бере алмай, 8 ғасырда Түркеш қағандығы құлады.

Қазақстанның оңтүстік-шыгысында 8-10 ғасырлар арасында Қыпшақ, Қарлұқ одақтары құрылды, онымен бірге қала мәдениеті одан әрі өсті. Талас, Шу өзендері бойында Сүткен, Қасырабас, Іле өңірінде Қойлық, Ілебалық, Екі-өгіз қалалары пайда болды. Жетісу өлкесінде Қойлық (Талдықорған) әкімшіліктің жаңа орталығына айналды. Қолөнері, егіншілік, сауда, мал шаруашылығы өркендеді, феодалдық қатынас дамыды.

10-12 ғасырларда Қазақстан мен Орта Азияны мекендеген тайпалар, бұрынғы Қарлұқ пен Яғмалар бірігіп, өз алдына мемлекет құрды. Олар бірнеше қаланы өздерінің астанасы еткен. Мәселен, Шығыс Түркістанда - Қашғар, Жетісуда - Талас қ., Алатауда - Баласағұн, Мауараннахрда - Самарқан. Бұл кезде қала тұрмысы, сауда ісі бұрынғыдан анағұрлым ілгері басты. Онымен бірге рухани мәдениет те өсіп, атақты «Құтадғу білік» хикаясы туды, Махмұд Қашғари, Баласағұни сияқты әрі ғалым, әрі жазушылар дүниеге келді.

Орта Азияның түркі тайпалары алғашқыда, руна, ұйғыр алфавиті негізіндегі таңбаны, ескі жазбаларды қолданды, кейінірек араб алфавитіне көшті. Қазақ жеріне ислам дінінің келуіне байланысты араб жазуы өріс алды. Бұл діннің Орта Азия мен Қазақстанға енуі ұзақ жылдар бойына созылды. Ол әуелі Оңтүстік Қазақстанның кейбір тайпаларына 8 ғасырда, Жетісу, ОрталықҚазақстанға 10-11 ғасырларда еніп, кейін Қазақстанның басқа да аудандарына қанат жайды. Талас, Сайрам, Түркістан өлкелерінде 10-11 ғасырларда мешіт, медреселер салына бастады. Бұл кезде араб мәдениетінің Орта Азия халықтарына әсері мол болды.

Демек, Түрік қағандығының кезінен сақталып келген әр түрлі жазба ескергкіштердің Орта Азия мен Қазақстан халықтарының тіл тарихы мен әдебиет тарихы үшін маңызы үлкен. Жазба ескерткіштерді оқу, аудару, жариялау, зерттеу ісімен шұғылданған В. Томсон, В. В. Радлов, П. М. Мелиоранский, С. Е. Малов сияқты ғалымдар түрік тектес халықтардың мәдениеті тарихында бұл жазбалардың құндылығын атап көрсетті. Әсіресе жоғарыда сөз болған, «Күлтегін», «Оғызнама», «Қорқыт ата кітабы», «Құтадғу біліг», «Кодекс Куманикус», «Диуани лұгат-ат-түрк» т. б. шығармалардың ролін жоғары бағалады. Бұлар - қазіргі көп халықтарға (өзбек, қазақ, ұйғыр, түрікмен т. б.) ортақ ескерткіштер.

Тіл тарихы да бұл шығармалардан өзіне қажет деректерді табады. Ал, осы, туындылардың әдебиетке қатысты жері де аз емес. Әсіресе, МахмұдҚашгаридың «Диуани лұғат ат-түркінде» кездесетін мақал-мәтелдердің бүгінгі қазақ мақалдарына ұқсастығы, көптеген өлең-жыр жолдарының төркіндестігі анық байқалады.

Аталған ескерткіштерде ауыз әдебиетінің ескі үлгілері көп ұшырайды. Тіпті ертедегі өлең-жыр, ертегі, аңыздар, жоқтау, мақал, мәтел, жұмбақ т. б. нұсқалары Орхон жазуларының өзінде де мол кездеседі. Ауыз әдебиеті нұсқаларынын, ертедегі жазба ескерткіштерден орын алуының өзі бір жағынан сол ескерткіштердің әдебиет тарихы үшін қажеттігін ескертсе, екінші жағынан әдебиеттің халық өміріне байланысы тым әріде жатқанын аңғарғады. Күлтегін ескерткіші (7-8 ғасырларда) - түркі елінің бір кездегі тарихын танытарлық құнды мұра болуымен бірге, халық ауыз әдебиеті үлгісінен де мәлімет беретін керкем туынды. Ғалымдар арасында оны жазған Йоллығ Тегін болуы мүмкін деген болжаулар бар. Олай болса Йоллығ Тегін - көне түркі әдебиетінің есімі мәлім болған алғашқы өкілдерінің бірі.

Орхон - Енисей, Талас тас жазуларында сақталған түркі жазуынан кейін Орта Азияда арамей жазуы негізінде тағы бір жаңа шрифт пайда болған. Оны 9-10 ғасырларда Орта Азия түріктеріне Сириядан келген соғдылар таратқан. Қарахан мемлекеті осы жаңа жазуды араб алфавитімен толықтырып пайдаланған. Бұл көне түркілердің орта ғасырда қолданған ортақ жазбасы - түркі әдеби тіліне негіз болған жазу. Оны қазіргі ұйғырлардың ғана ескі жазу үлгісі деп түсіну - бір жақты теріс ұғым. Себебі «Ұйғыр алфавиті», «Ұйғыр жазуы» деген сөздің өзі - бертінде Батыс тюркологтарының шартты түрде қолданған атаулары. Басқа жазулармен шатастырмау мақсатында жаңа жазуға олар өздерінше ат қойып, айдар таққан. Махмұд Қашғари сөздігін, «Оғызнама», «Мұхаббатнама» ескерткіштерін, Жүсіп Баласағұни дастанын тек бір халыққа (ұйғырларға) телу жөн емес.

10-12 ғасырларда әдебиет пен өнер, білім әр түрлі салада өркендеді. Осы кезде әдебиет, тіл, астрономия, арифметика, философия, тарих және басқа салаларда көптеген туындылар болғаны бұған айғақ. Мыс., орта ғасырларда Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми, Әбу Наср әл-Фараби, Әбу ибн Сина, Әбу Райхан Бируни т. б. жан-жақты білімді ғалымдар шықты. «Китаб - улмаариф», «Китаб үш-Шеһр» атты еңбектерімен есімі мәлім болған Абдулла ибн Муселим Марвази, «Зайнул ахбарымен» даңқы шыққан Әбу Саид, көп томды кітап авторы Әбу-л-Фазыл Байхаки, «Бұхара тарихын» жазған Наршахи, Түркістан мемлекетінің тарихын баяндаған Мажиддин Мұхаммед сияқты тарихшылардың туындылары осы тұста кеңінен тараған.

Қазақ мәдениеті тарихы үшін, әсіресе, Әбу Наср әл-Фарабидің орыны бөлек. Ол қазактың ескі қаласы Отырарда туып өскен. Қыпшақ ұлысынан шыққан, заманының жан-жақты білімді адамы, аты бүкіл жер жүзіне белгілі, даңқты ғалым-философ, математик, музыка зерттеушісі, әдебиетші, астроном, ақын болған. Оны кейінгі жұрт асқан ақыл иесі, екінші Аристотель деп атаған.

Халық өмірінде болған тарихи, қоғамдық оқиғалар мен фактілерге сәйкес жоғарыда аталған түркі халықтарының ертедегі әдебиетінің негізі туыстас. Әсіресе, оның ежелгі дәуірінде ескі әдеби түркі тілде жасалған шығармалары - сол түркілердің бәріне бірдей ортақ мәдениет үлгісі.

Сонымен ежелгі қазақ әдебиетінің тарихын әуелі екі үлкен салаға бөлуге болады. Олар:

1) Ертедегі әдебиет (8-14 ғасырлар арасы). Қазақ ру-тайпаларының ежелгі ру, ұлыс дәуірлеріндегі әдебиеті; сол замандардағы түркі тайпаларымен бірге жасасқан ортақ адебиет. 2) Қазақтың өзіндік қолтума адебиеті (15 ғасырдың бер жағы).

Ертедегі әдебиет санатына түркі текті халықтардың, соның ішінде қазақ ру-тайпаларының 8-14 ғасырлар арасындағы әдебиеті жатады. Осы кезеңдегі әдебиетті өзара мынадай үш дәуірге бөліп, жүйелеген жөн:

Бірінші – 8-9 ғасырлардағы әдебиет ескерткіштері немесе Оғыз-қышпақ ұлыс-одақтары кезіндегі көркем туындылар. Олар: «Қорқыт ата кітабы», «Оғызнама» дастаны т. б. шығармалар.

Екінші–10-12 ғасырлар әдебиеті. Бұл дәуірге мынадай туындылар жатады: көбінше, дидактикалық сарындағы адамгершілік поэзия (Жүсіп Баласағұнидың «Құтадғу білік» дастаны, Махмұд Қашғаридың «Диуани лұғат ат-түркіндегі» көркем туындылар, Ахмед Югнакидің «Шындық сыйы» т. б.) және діни сарындағы поэзия өкілдерінің шығармалары - Қожа Ахмед Яссауидің «Диуани хикматы», оның шәкірті Сүлеймен Бақырғани (Хакім ата) кітаптары.

Үшінші – 13-14 ғасырлар әдеби туындылары. Бұл Қазақстан мен Орта Азия түркі ұлыстарының Алтын Орда мемлекеті қарамағында жүріп жасаған ортақ әдеби үлгілері:

а) көркем әдеби туындылары - «Қыпшақ кітабы», Хорезмидің «Мұхаббатнама» дастаны, Насретдин Рабғузидің «Қыссас Рабғузиі»;

ә) аударма әдебиет - Махмуд ибн Әлидің «Нахж уль-фарадис», Дүрбектің «Жүсіп - Зылиха», Саиф Сараийдің «Гүлстан биг-түрк», Атайи, Сакаки, Лутфи лирикаларының аудармалары;

б) шежіре, тарихнамалар - Әбілғазының «Шежіре-и-түрік», Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тауарих-и Рашиди», Қадырғали Қосынұлы Жалайридің «Жамп ат-тауарих» шежірелері және «Шыңғыснама» немесе «Алтын топшы», «Темірнама», «Бабырнама» кітаптары.

Жоғарыда көрсетілген коне дәуір әдебиетінің жүйелері байырғы қазақ тайпа-ұлыстарының тарихи өсу кезеңдеріне сай келеді. Өткен дәуірлердегі қоғамдық құрылыстарын, тайпалық мемлекет одақтарының құрамдарын еске салады. Сол дәуір-кезеңдердің туындылары есепті шығармалар - қазіргі көптеген түркі тілді халықтардың ата-бабасы жасаған ортақ мүлік. Орта ғасырлық аталмыш мұралар бір кездерде қолданылған мемлекеттік немесе тайпа-ұлыстық әдеби тілде жасалған, көне жазу үлгілерінде сақталған.

Совет түркологтары бұл мәселеге жете назар аударып, советтік түркі халықтарының көне мұраларын тануға, игеруге мүмкіндік жасады. Өзбек, қазақ, азербайжан зерттеушілері 1966 жылдардан бері бұл салада жемісті еңбек етіп келеді. Ескі текстерді қазіргі түркі тіліне аударып бастыруда өзбек ғалымдарының істеген еңбектері ерекше. Олар Қашғари сөздігін бастырып, Жүсіп Баласағұни дастанын. Югнаки кітабын қазіргі транскрипцияда жариялап, өзбек тіліне аударды. Азербайжан зерттеушілері «Китаб дәдәм Қорқұд» шығармасын аударып, өз тілдерінде шығарды. Қазақ зерттеушілері де біраз жұмыс атқарды. Әл-Фараби еңбектерін орыс, қазақ тілдерінде жариялады. Б. Кенжебаев, X. Сүйіншәлиев, М. Мағауин, М. Жолдасбеков т. б. ғалымдар ертедегі қазақ әдебиеті нұсқаларын зерттеу ісін қолға алды. «Көне әдебиет хрестоматиясы» (1967), «Қазақ әдебиетінін қалыптасу кезеңдері» (1967), «Орта ғасыр әдебиет ескерткіштері», «IX-XIV ғасырлардағы әдебиет», «XV-XVII ғасырлар әдебиеті» т. б. кітаптар жарық көрді.

15-18 ғасырлардағы қазақ әдебиеті. 15 ғасырдың орта шенінде тілі, діні, әдет-ғұрпы ортақ, туыстас рулар өздерінің байырғы ата мекен жерінде жаңа бір ұлыс құрамында қауымдасып, тарих сахнасына қазақ атымен шығуына орай, жалпытүркілік, ортақ арнадан бөлініп, қазақ халқылың дербес әдебиеті қалыптасты. Қазақ әдебиеті - қазіргі Қазақстан жерін мекендеген тайпалар туғызған бай рухани қазынаның заңды иесі. Бұл әдебиет өзіне дейін ғасырлар бойы жасалған мол мұрадан нәр алды, озық дәстүрді игеру, оны одан ары дамыту нәтижесінде кемелденді.

Ислам дінінің тарауына байланысты бұл кезеңде көне түркі жазуы мүлде ұмытылған еді. Оның орнын араб жазуы басты. Енді қазақтар өздерінің балаларын мектеп, медреселерде оқытатын болды. Халық арасынан сауатты, өз заманы үшін білімдар адамдар шықты. Жазба әдебиет нұсқасы деп танылуға лайық шежіре жинақтары, тарихи үлгідегі шытармалар жазылды. Бірақ бұл кезепде туған еңбектердің көпшілігі жоғалған. Біздің заманымызға жеткен тарихи прозалық шығарманың үлгісі - Қадырғали Жалаиридың «Жами ат-тауарих» («Шежірелер жинағы») атты еңбегі (1602). Шежіре түркі тайпаларының көне тарихына шолу жасай келіп, 15-16 ғасырлардағы Қазақстан тарихына арнайы тоқталады, сахарадағы саяси-әлеуметтік жағдай, қазақ елінің ішкі-сыртқы халі, көрші жұрттармен арақатынасы,хазақ хандарының генеалогиясы туралы құнды деректер береді. Автор әз еңбегін дәстүр бойынша, орта ғасырлардағы әдеби түркі тілінде жазғанымен, қазақ тілінің байлығын, оралымды, бейнелі тіркестерін кеңінен колданған. Қазақ халқының мақал- мәтелдері, нақыл-ғақлия сөздері көптеп келтіріледі. Жинақтың шешендік өз үлгісімен жазылған тұстарынан орта гасырларда қазақ арасында дәстүрлі тарихи проза үлгісі қалыптасқандығы аңғарылады.

Бұл кезеңде поэзия айрықша өркендеді. Қазақ поэзиясының алғашқы өкілдері - Қолан тайшы, Сыпыра жырау, Асан Қайғы, Қазтуған жырау творчествосынан қазақ хандығының құрылуы, қазақ халқының құралуы дәуіріндегі елеулі тарихи оқиғалар көрініс тапқан. Қодан тайшының (шамамен 1370-1460 ж.) атына қатысты деректер өзбек-қазақ ұлысындағы бүліншілік, Керей, Жәнібек хандардың өзін жақтаған рулармен Шу бойына ауа көшуі туралы оқиғалар негізінде туған. Онда Қодан тайшының қазақ болып бөлінген рулардың жоқшысы, жаңаның насихатшысы болғаны айтылады.

Кейінгі ұрпақ әулие санап, аңыз кейіпкеріне айналдырған, ал Шоқан Уәлиханов «көшпенділер философы» атаған Асан Қайғы өз заманының үлкен ойшылы болған. Ол - көптеген нақыл сөздердің, афористік, философиялық толғаулардың авторы. Керей, Жәнібек хандардың акылшы биі болған Асан Кайғы қазақ руларының орда көтеруін жактады. Қазақ елінің іргесі берік, ауыз бірлігі күшті болуын үндеді. Ол өлең, толғауларында хандық өкіметті нығайту, елдің корғаныс қабілетін арттыру қажетін насихаттады. Жәнібек ханды мастанбауға, елдің түбегейлі болашағын ойлауға шақырды («Жәнібекке айтқаны»). Феодалдық қоғамдағы мораль, этика мәселелерін жырлады («Бұл заманда не ғарып», «Көлде жүрген қоныр қаз»), Асан Қайғы өзінің ақындық дарынын туыстас руларды бір орталыққа бағынған күшті мемлекет етіп ұйымдастыру жолына арнады. Біздің заманымызға жеткен толғауларынан оның қильт кезең табиғатын жыға танығаны, тіпті, Алтын Орданың орнында пайда болған хандықтардың бәрінің құрып бітетініне дейін болжай алғаны байқалады.

Сахара эпосын тудырушылардың бірі - ірі эпик, ерлік жырларын шығарушы жорық жырауы әрі нәзік лирик болған Қазтуған өз артына өмір туралы, атамекен, туған ел жайлы және әскери тақырыптағы сан алуан мазмұнды туындылардан құралған мол мұра қалдырды. Бұлардың дені сакталмаған. Қазтуғанның біздің дәуірімізге жеткен жырлары табиғат аясындағы көшпелі қазақ халқының дүние танымын көрсетеді, оның болмыс, тірршілік,өзін қоршаған орта туралы түсінігін бейнелейді. Жырау қиялының байлығы, суреттеу тәсілдерінің кемелдігі мен әсемдігі көне дәуірдегі поэзиямыздың жоғары дәрежеде әрі өзіндік сипатқа толы болғандығын танытады. Қазтуғанның ұлттық бояуы қанық, афоризмдерге, көркем тіркестерге бай, әр рухты толғаулары («Мадақ жыры», «Туған жер» т. б.) көне қазақ поэзиясының таңдаулы үлгілері қатарына жатады

Орта ғасырлардағы қазақ поэзиясында жыраулар жетекші роль атқарған. Жырау шығармалары әдетте нақыл, қанатты сөздерден құралған философиялық толғаулар түрінде келеді. Толғауларда жырау өзінің замана жайында түйгендерін, мораль, этика хақындағы ойларын баяндады, елеулі қоғамдық мәселелер көтерді. Сол сияқты әлем, болмыс, тіршілікте, табиғатта жүріп жататын өзгерістер, оның мән-мағынасы жөніндегі түсініктерін де білдіріп отырған. Жаугершілік заманда жорықтарға қатысып, кейде, тіпті, батыр, қолбасы да болған жыраулар әскери тұрмысқа арналған сан алуан жырлар туғызған. Жыраулар қолданған көркемдік тәсілдер жырау поэзиясының ішкі мазмұнына орайлас.

Жыраулар поэзиясының дамып, өркендеуіне Доспамбет пен Шалкиіз творчестволары айрықша әсер етті. Жорық жыршысы болған Доспамбет жырау (1523 жылы өлген) шығармаларынан орта ғасырлық жауынгер-көшпендінің мұрат-мақсаты көрінеді, моральдық қағидалары, дүниеге көзқарасы аңғарылады. Ойлы да сыйлы Доспамбет толғаулары такырыбы, мазмұны ғана емес, көркемдік ерекшеліктері түрғысынан алғанда да соны сипат танытады.

Көне дәуірдегі қазак әдебиетінің ең көрнекті өкілі - Шалкиіз жырау Тіленшіұлы (шамамен 1465-1560 ж). Өзінің ұзақ өмірінде Дешті Қыпшақтың торт бұрышын түгел шарлаған, заманының өнегелі ақыны ретінде танылып, үлкен даңққа бөленген жырау бүкіл өмірін күрес үстінде өткізді. Өз тұсындағы әміршілердің ешқайсысының да шашбауын көтермеді, турашылдығынан танбады. Жырау туындылары көңіл күйін доп басар әсерлілігімен, тиген жерін тіліп түсер өткірлігімен, аз сөзге көп мағына сыйғызған нақтылығымен, сұлу сазды көркемдігі, аскақ әуенді қуатымен ерекшеленеді. Шалкиіз творчествосынан ортағасырлық қарапайым көшпендінің өмір туралы философиясы, болмыс туралы нанымы, моральдық, этикалық түсініктері көрініс тапқан («Асқар, асқар, асқар тау...», «Қоғалы көлдер...», «Арғымақ ару аттар...», «Жапалақ ұшпас жасыл тач...». «Жауынды күні көп жүрме...». «Би Темірге толғаулар», «Ор, ор коян, ор қоян...» т. б. Жырау дуниеде мәңгі, тұрақты ештене жок деп біледі, әлем бір қалыпта турмайды. Сол сиякты адам да тіршілікте басынан талай қилы кезеңдерді өткермек. Басы жұмыр пенденің бәрі өз жолын өліммен аяқтамақ. Жырау өмір құбылыстарыншыншылдықпен бейнеледі. Ол ислам дінінің қағидаларын жақсы білгенімен де, ата-баба дінін жоғары тұтқан сияқты; алла атынан гөрі тәңірі атына көбірек ден қояды. Жыраудың пайымдауынша, адамның адамдық қасиеті оның ата тегінде емес, жеке басының сипатында. Досқа адал, дұшпанға айбар, ағайынға мейірлі, ел-жұртына қайыры тиер жігіт қана азамат аталуға тиіс. Адам үшін ең қымбат нәрсе - туған елі. Жырау творчествосынан ерлік рухқа, асқақ романтикаға толы жырлар да өзекті орын алған («Алаштан байтақ озбаса...», «Жапырағы жасыл бәйтерек...», «Ер Шобан» т т.). Жорықшы жырау ғана емес, батыр жауынгер де болған Шалкиіздің бұл тараптағы шығармаларының дені майдан даласында туғанға ұқсайды. Жырау сарбаздарды дұшпаннан именбеуге, қанды ұрысқа тайсалмай кіруге шақырады, ерлікке үндейді. Шалкиіздің бұл мазмұндас толғаулары қазақ жорықшы жырауларының творчествосын мейлінше айқын сипаттайды. Шалкиіз қазақ поэзиясын өлең өрнегі саласында да айрықша байытты. Жырау творчествосынан көрініс тапқан: өлеңнің дыбыстық құрылымына ерекше мән беру, өлең тармақтарының буынға ғана емес, екпінге де негізделіп құрылуы, ырғақтың жаңа сипат алып, үлкен жүк арқалауы сияқты қасиеттер қазақ поэзиясын сапалық жаңа биікке көтерді. Негізі қадім замандарда қалыптаса бастағанмен, Шалкиіз және Доспамбет творчестволары аркылы белгілі жүйеге түскен жыраулық өлен өлшемі көне ақындар шығармаларында және батырлар жырында 3 ғасырдан астам уақыт кеңінен қолданылды.

17 ғасырда жасаған қазақ ақын, жырауларынан біздің заманымызға шығармалары жеткені - Жиембет, Марғасқа жыраулар. Екеуінің де аты 17 ғасырдың алғашқы жартысында, Есім хан тұсында болған тарихи оқиғалармен байланысты айтылады. Жорық жыршысы Марғасқа жырау Есім ханның бір орталыққа бағынған күшті феодалдық мемлекет құру туралы идеяларының ұраншысы қызметін атқарса, ел билеуші ірі шонжарлар әулетінен шыққан Жиембет жырау хан үкіметіне қарсы топта болады. Бұлардың екеуі де сөз өнерін жете меңгерген импровизатор жыраулар еді. Алайда, Марғаска мен Жиембеттің көп шығармалары біздің заманымызға жетпей ұмытылған.

18 ғасырда әдеби өмір қайта жандана түскені мәлім. Осы ғасырдың алғашқы ширегінде болған жоңғар шапқыншылығы және «Ақтабан шұбырынды...», аласапыран кезең, қырғын соғыстар мен жеңісті жорықтар, саяси және қоғамдық өмірдегі өзгерістер бұл кездегі қазақ поэзиясының бағыт-бағдарына, тақырып аясына айрықша ықпал етті. Ел өміріндегі елеулі оқиғалардың барлығы да ақын-жыраулар творчествосында өзінің көркемдік шешімін тапқан. Жоңғар басқыншыларына қарсы күрес сарыны әсіресе Ақтамберді жырау (1675-1768) творчествосында шебер бейнеленеді. Ақтамберді өз толғауларында жау қолында қалған жерлерді азат етер күнді аңсайды, иісі қазақ болып атқа қонуды, жоңғарларға күйрете соққы беруді армандады. «Балпаң, балпаң кім баспас...», «Күлдір-күлдір кісінетіп..,», «От басар орны отаудай...» т. б. жырларында жұртшылықты ерлікке үндеді, жауға қарсы күресуге жігерлендірді. Ақтамберді творчествосындағы отаншылдық, патриоттық сарындар 18 ғасырдағы қазақ поэзиясының бағыт-бағдарын, өзекті ойларын айқын танытады.

Осы кезеңде өмір сүрген тағы бір талантты жырау Үмбетей Тілеуұлы (1706-1778) творчествосындағы жетекші тақырып - сырт жауларға қарсы күресте көзге түскен ел қорғаны батырларды мадақтау. Әсіресе жыраудың Бөгембай батыр атына қатысты жырлары («Бөгембай өліміне», «Бөгембай өлімін Абылай ханға естірту») халық арасына кең тарады. Бұл шығармаларында Үмбетей Бөгембайдың жеке басының ерлігін, қолбасшылық қызметін, адамгершілік қасиеттерін негізге ала отырып, халық бақыты жолындағы күрескер, Отанын сүйген азаматтың типтік бейнесін жасады, қазақ қоғамы үшін мәнді әлеуметтік мәселелер көтерді. Сонымен қатар Үмбетей творчествосында әр түрлі тақырыптағы тұрмыстық өлеңдер үлкөн орын алады. Жырау қазақ поэзиясындағы сықақ жанрын дамытуға да елеулі үлес қосты.

Үмбетейдің замандасы, жорық жыршысы болған Тәтіқара өзінің Қазақстан шегіне басып кіргеп басқыншылар әскеріне қарсы күрес күндерінде туған жырларымен аты шықты. Қазақ халқының басқыншыларға қарсы ерлік күресіне қолына қару алып қатысқан Тәтіқараның ұрыс-соғыстар үстінде, от-жалында туған патриоттық мазмұндағы жырлары өз кезінде жұртты тәуелсіздік жолындағы күреске жұмылдыруда игілікті қызмет атқарды.

18 ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең көрнекті өкілі - Бұхар жырау Қалқаманұлы (1668-1781). Арқалы жырау ғана емес, қабырғалы би де болған Бұхар жырау өз тұсындағы қазақ хандығының бас идеологы болды. Ісімен де, жырымен де Абылай хан саясатын мейлінше қолдады. Хандықтың нығаюы, хан үкіметінің берік болуы жолында күресті. Ол шығармаларында Абылайды сырт жауларға қарсы күресте айрықша қайрат көрсеткен қайтпас батыр, ел қамын жеген дана көсем ретінде бейнеледі. Алайда, ханға орынсыз бас ұрудан ада жырау Абылай ру басы ірі феодалдардың тілегіне қайшы әрекеттер жасамақ болғанда оны сынау, шенеуге дейін барды. Бұхар өзінің таңдаулы шығармаларында қазақ қауымы үшін мәні зор әлеуметтік мәселелерді көтерді. Бұлардың ең бастысы - ел бірлігін ту ету, ішкі, сыртқы жаулардың қандайымен болса да бітіспес күреске үндеу. Бұхар Абылайға арнаған және халық атына арналып айтылған толғауларында шетел басқыншыларының саясаты - қазақ даласын жалмап жеу екенін ашып көрсетеді. Ел шетіне енген дұшпан әскерлеріне қарсы ымырасыз күресті насихаттады, шетел басқыншыларының осының алдында ғана еңбектеген баласынан еңкейген кәрісіне дейін тегіс қырып, жоңғар мемлекетін жер бетінен қалай жойғанын мысалға келтірді. Жау саясатшыларының алдамшы сөзіне сенбеуге, тәуелсіздік үшін ақырына дейін шайқасуға шақырды. «Шүршіт келсе жарамас, Ай-түйіңе қарамас» - дейді жырау. Сонымен қатар жырау өз шығармаларында Россиямен жауласпау, онымен тату көршілік сақтау керегін насихаттады. Бұхар қазақ халқының өмірлік мүддесі үшін оның орыс халқымен достық қатынаста болуы қажетін түсінген. Бұхар шығармаларынан жырау өмір сүрген қилы заман келбеті айқын танылады. Бұхар өзі бастан кешірген тарихи кезеңге оншама ризашылық білдіре қоймайды. Әйткенмен, жырау заманның аумалы-төкпелі болып келуін заңды құбылыс деп санады; дүниеде тұрақты мәңгілік ештеңе де жоқ, мұндай өзгерістер тұрмыста ғана емес, адамды қоршаған орта - табиғатта да жүріп жатпақ дейді. Бұхар шығармалары ғақлия толғаныстар, нақыл афоризмдер түрінде келеді. Дәстүрлі жыраулық поэзияның көркемдік тәсілдерін жете меңгерген Бұхар туындылары образдылығымен, ұлттық колоритімен ерекшеленеді. Міне, осының бәрі Бұхар жырауды көне қазақ поэзиясының ең көрнекті өкілдерінің бірі етті. Бұхар творчествосы әлденеше ғасырлық тарихы бар жыраулар поэзиясының қорытынды түйіні іспеттес болды. Бұдан былай қазақ поэзиясындағы жетекші роль ақындардың үлесіне көшті.

18 ғасырдағы ақындар поэзиясының ең көрнекті өкілдері - Көтеш, Қобылан мен Шал ақындар. Жарлы ортадан шыққан, өмір бойы жоқшылық көріп өткен Көтеш (1745-1818) шығармаларындағы негізгі сарын кедейшілік тақсіретін жыр ету, тағдырдың әділетсіздігіне наразылық. Ал Шал ақынның (1748-1819) біздің заманымызға жеткен мұрасы тақырыптық жағынан алғанда біршама бай. Бұлар: дін, этика, мораль мәселелері, байлық пен кедейлік, о дүние мен бұл дүние жайы сөз етілетін философиялық-дидактикалық үлгідегі туындылар, көшпенділердің күнделікті өміріне, шаруасына қатысты тұрмыстық өлеңдер, жеке адамдарға арналған эпиграммалар, арнау жырлар мен әр түрлі жағдайда туған экспромттар. Жан-жақтылығы, өмірге жақындығы, елгезектігі, жыраулар поэзиясында қамтылмаған жаңа тақырыптарға баруы Шал шығармаларының қазақ қауымының барлық саласына кеңінен тарауына ғана себеп болған жоқ, қазақ поэзиясының өрісін кеңейтті, қазақ топырағында жаңа реалистік дәстүрдің өркен жаюына септесер алғы шарттар жасады.

Қорыта айтқанда, 15-18 ғасырларда қазақ халқының өзіндік үні, өзіндік бояу-нақышы, айқын ұлттық сппаты бар тол әдебиеті қалыптасты. Негізінде поэзия жанрында дамыған бұл әдебиет қашанда ел өміріндегі күрделі тарихи оқиғаларға үн қосып, өз заманының көкейтесті мәселелерін көтеріп отырды. Үнемі халық жағынан табылып, елдің бүгіні ғана емес, болашағы үшін, ұрпақ үшін де мәңгі идеялардың ұраншысы қызметін атқарды.

19 ғасырдағы қазақ әдебиеті. 19 ғасыр - қазақ әдебиетінің дамуындағы айрықша кезең. Халық ауыз әдебиетінің бай ақындық дәстүрі негізінде дамыған әдеби процесс қоғамдық өмірге белсене араласа бастады. Ірі айтыс ақындары мен эпик ақындардың шоғыры да осы кезде айқын көрінді. Суырып салма (импровизация) ақындық өнер қазақ поэзиясына тән сипат ретінде кеңінен қанат жайды. Жанақ Сағындықұлы (1770-1856), Шөже Қаржаубайұлы (1808-1895) т. б. ақындар өздерінің тамаша төл туындыларымен қатар көптеген эпикалық жырларды кейінгі ұрпаққа сақтап жеткізуде көп еңбек сіңірді.

Осы тұста Қазақстанның Россияға қосылуына орай рухани-мәдени өмірде жаңа кезең басталды. Жаңа тарихи шындықты, яғни патша самодержавиесінің отарлау саясатын әшкерелей отырьш, қазақ халқын орыстың озық мәдениеті мен экономикасына жақындастыру жолын жақтаған белгілі ақындар шықты. Бұқарашыл ақындар Махамбет Өтемісұлы, Шернияз Жарылғасұлы, Сүйінбай Аронұлы т. б. жаңа тарихи жағдайға байланысты прогрессивті бағыт ұстап, байлар мен билердің, патша жандайшаптарының феодалдық-отаршылдық қанауларына қарсы өлең-жырлар шығарды. Халық азаттық күресі идеясын ту еткен бұл ақындардың сатиралық-публицистикалық, саяси-әлеуметтік шығармалары қазақ әдебиетіндегі азаматтық поэзияның негізін қалады. 19 ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихи қалыптасу процесіне өзге бағыт ұстаған ақындар творчествосының да әр қилы әсері болмай қалған жоқ. Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы т. б. ақындар, бір жағынап, тарихи прогреске кертартпалық тұрғыдан қарай тұра, екіншіден, отаршылдық пен сауда капиталының өрескелдіктерін әжуалап, шындықтың кейбір жақтарын реалистікпен бейнеледі.

Қазақ халқының қоғамдық ой-санасы мен мәдениетінің өсе түсуіне 19 ғасырдың 2-жартысында өмір сүрген қазақтың ұлы ағартушылары - әйгілі ғалым, этнограф әрі публицист Шоқан Шыңғыс ұлы Уәлихановтың, тұңғыш педагог және жазушы Ыбырай Алтынсариннің, ұлы демократ ақын Абай Құнанбаевтың ықпалы зор болды. Олар орыс мәдениетін насихаттап, қазақтың жазба әдебиетінің қалыптасуына теңдесі жоқ үлес қосты.

19 ғасырдың 1-жартысында казақ даласында хандық дәуір жойылып, ел басқару ісін аға сұлтандар колға алды. Патша өкіметініқ отаршылдық саясаты мейлінше күшейіп, қалың еңбекші бұқара ішкі-тысқы қанаудан қатты әлсіреді. Ел ішіндегі аға сұлтандар мен болыс, билерге сүйеніен патша өкіметі бекініс-қорғандар мен форпостар салуды көбейтіп, елдің шұрайлы жерін, жақсы қоныстарын тартып алуды үдете түсті. Патша ұлықтарына арқа сүйеген үстем тап өкілдерінің ел ішіндегі қысымы мен әділетсіздіктері шектен асты. Осы кезде өмір сүрген акын Дулат Бабатайұлы (1802-1874) өзінің толғау-жырларында сол ел басына түскен ауыртпалық пен заманның әр алуан ұсқынсыз көріністерін бейнеледі. Алайда, ол мұны күні өтіп кеткен феодалдық-рушылдық дәуірдегі дәстүр мен хандық тәртіптің ережелерін көксеу тұрғысынан суреттеді. Дулат творчествосын негізінен 3 салаға бөлуге болады. Бірінші салаға жататын шығармаларында ол өз дәуіріндегі әлеуметтік мәселелерді, атап айтқанда, ел басқару ісіндегі аға сұлтан, билердің әр алуан озбырлық-әділетсіздіктерін, казақ халқының патша өкіметіне бағынуының нәтижесінде ата мекенінен, жер-суынан айрылуын сөз етеді («Тегімді менің сурасаң», «Асқар таудың сәні жоқ», «Ата қоныс Арқадан» т. б.). Екінші салаға жеке кісілерге арнаған толғау өлеңдері жатады («Сүлейменге», «Баракка», «Ел аралаған ишанға». «Еспенбет» т. б.). Бұларда акын, ең алдымен, басынан бақ-дәулеті танған ру басы феодалдар мен хан тұқымдарының сән-салтанатын аспанға көтере дәріптесе, екінші жағынан, патша ұлыктарының ұнамсыз сиқын аяусыз сынап мысқылдады. Үшінші салаға мысал үлгісіндегі шығармаларын («Сары шымшық», «Қара карға жем іздеп», «Бір патшаның бір кезде» т. б.) қосуға болады. Дулат шығармаларының тілі көркем де шешен. Ақын өзінен бұрыңғы жыраулар дәстүрін дамыта білді. Көптеген шығармаларында ескішіл идея мен кертартпа көзқарастар кездессе де, Дулат творчествосы 19 ғасырдағы қазақ әдебиет тарихында елеулі орын алады.

Жас кезінде диканшылықпен айналысқан, Қарнақ медресесінде оқыған, бертінде, 19 ғасырдың орта шенінде Сарыарқаға қоныс аударып, Жамантай, Құсбек секілді төрелерді паналаған ақын Шортанбай Қананұлы (1818-1881) әуелі солардың жыршысы болды. Ол өмірінің соңғы кезінде дін жолына беріліп, Жанғұтты биді сағалады. Шортанбай әрі жазып, әрі суырып салып айтатын ақын болған. Оныңшығармалары ел ішіне кеңінен тараған. Кейін баспасөз арқылы да танылды. Ақын шығармаларында қазақ даласындағы өмір бір сыдырғы шындықпен бейнеленген. Ол бірқатар жырларында («Бір тәңірге аянды». «Бір насихат айтайын», «Қалықтағап сұңқар ем» т. б.) еңбекші бұқараның азапты ауыр тұрмысын, би-болыс, патша ұлықтарының зұлымдығы мен парақорлығын әшкереледі. Ел билеушілерді аяусыз шенеп, олардын ұнамсыз жиынтық бейнелерін жасаса да, әлеуметтік өзгерістерді көре алмаған Шортанбай торығуға салынды («Мынау заман қай заман, Азулыға бар заман, Азусызға тар заман» т. б.). Сондықтан да, көп шығармалары ескіні аңсап, жаңалықтан үркуден туған. Мыс., «Зар заман» поэмасы - күні өткен заманды аңсаған кертартпа толғау. Мұнда заман азды, заң тозды, бұрынғы зорлар қор болып, қорлар зор болды, ата-ананы бала тыңдаудан қалды деп торығады. Әлеуметтік мәселені сөз етіп, ел билеушілердің парақорлық т. б. міндерін сынағанда да халық мұддесі тұрғысынан емес, ескі салт-жора, шариғат жолымен кінәлап, бұрынғы өткен билердің іс-әрекетін аңсайды. Жаңалық біткенді танығысы келмейді, оған үрке қарайды («Мініп түсер күші жоқ, Сауып ішер сүті жоқ, Ақша деген мал шықты» т. б.).

Шортанбай шығармалары баспа бетінде талай мәрте шықты. «Бала зары» жинағы бірнеше рет (Қазан, 1888, 1890, 1894, 1911, 1916) басылды. «Зар заман». «Заман акыр» атты шығармалары В. В. Радлов (Петербург, 1870). Лютш (Таш. 1883) жинақтарында, «Ерден батырға» яшры ЬІ. Алтынсарин хрестоматиясында (1879) жарияланды. Бірқатар толғаулары мен айтыстары С. Сейфуллиннің «Ескі әдебиет нұсқалары» кітабында (1931), С. Мұқанов пен Қ. Бекхожин құрастырған «Қазақ әдебиеті» хрестоматиясында (1942) және «Айтыс» жинағында (1965) жарық көрді. Ал баспа бетін көрмеген шығармалары Қаз. ССР РА-ның Орталық ғылыми кітапханасының қорында сақтаулы.

19 ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең көрнекті өкілінің бірі - Махамбет Өтемісұлы (1804-1846). Ол шаруасы шағын, кедей ортада өскен. Әкесі Өтеміс те, атасы Құлмәлі де ел билеуші ақсүйектер тобына қарсы болады. Кейін Махамбеттің аға-інілері де хан-сұлтандармен келісе алмайды. Жәңгір ханға қарсы көтеріліске қатысады, кейбірі Сібірге айдалады. Махамбет те қиянатқа көнбейтін ер де өр мінезді және еліне беделді, парасатты адам болды. Халыққа сөзі өтімді Махамбетті өзіне қаратпақ болып хан Жәңгір Бөкеев біраз жыл сарай маңында ұстады, оқуға барған баласына ерткізіп Орынборға жіберді. Онда Махамбет орысша сауатын ашты, тіл үйренді. Ол сарай маңында жүргенде төре, сұлтандардың момындарға, әлсіздерге істеп отырған зорлық-зомбылықтарына әбден көзі жетті. Ел билеушілермен іштей өштігі өсті, олармен ұстасып калып отырды. Осындай жақпас мінезі үшін 1829-1831 жылдар түрмеде отырып шықты. Кейін хан-сұлтандарға қарсы Исатай Тайманов бастаған шаруалардың көтерілісіне (1835-1836) қатысты, көтерілісті ұйымдастырушылардың және жетекшілерінің бірі болды. Суырып салма, дарынды ақын жалынды да жігерлі жырларымен халықты үстем тапқа қарсы күреске үндеді. Көтеріліс жеңілгеннен кейін Махамбет өзгелермен бірге қатты қуғындалып, ел-жұрт, үй ішінен жырақта қашып жүрді. Жергілікті елдің және тілектестерінің көмегімен ізіне түскен жазалаушы әскери топтан аман құтылып отырды. Аңдушылар 1841 жылы Махамбетті қолға түсіріп әскери сотқа берді. Сот елге сүйікті адамды жазалаудан қаймығып, ақынға енді ереуіл жасамауын, шекарадан аулақ болуын қатаң ескертіп босатып жіберді. Махамбет ұстем тапқа қарсы іс-қимылынан танбады. Жергілікті әкімдер Махамбеттің басына көп бәйгі тігеді, соған сатылған ЬІқылас Төлеев деген ақынды қапыда қолға түсіріп, шауып өлтірді.

Махамбет артына елеулі әдеби мұра қалдырды. Оның творчествосының басты тақырыбы - халық, ел. Ақынның халық қамын ойлап толғанудан туған патриоттық идеялары әсіресе «Баймағамбет сұлтанға» деген өлеңінен айқын көрінеді. Ақын осы өлеңінде мекен-суынан айрылып, зар илегеп елге қоныс-жайларын қайтарып алып беріп, «жағалай жатқан сол елге мал толтыруды», «Қара қазан, сары бала қамы үшін» қолға қару алып күреске шығып, «Қара қазақ баласын хан улына теңгеруді» мақсат ететінін тебірене толғана жырлайды («Ереуіл атқа ер салмай», «Мен, мен едім, мен едім» т. б.).

Махамбет Өтемісұлы. М. Хисамединов салған сурет. 1968.

 

Махамбет - құрғақ қиял мен жалаң арман ақыны емес, алдына үлкен нақты мақсат қойып, сол үшін белін бекем байлаған күрескер ақын. Ол –Ұлы Социалистік революциясына дейінгі қазақ әдебиеті тарихында халықты қанаушыларға қарсы қарулы күреске алғаш шақырған патриот ақын. Исатай Тайманов бастаған шаруалар көтерілісіне тікелей қатысуымен қабат Махамбет жалынды жырларымен көтерілісшілерге күш, жігер беріп, рухтандырып, оларға ұйтқы болды. «Толғау», «Борай да борай қар жауса», «Мұңайма» т. б. өлеңдерінде хан, сұлтандар езгісі мен қысымына қарсы күрескен айбынды ерлердің азаттық жолындағы қаһарлы күресін, табанды ерліктерін шабытпен бейнеледі. Ол бірқатар жырларында қалың бұқара ортасынан шыққан халық қамқоры үлкен күрескер Исатай бейнесін жарқын етіп сомдады. Ақын Исатайды көп батырдың бірі емес, «астана жұртын айналған», «қабырғасын сөксе де, қанын судай токсе де» шыдайтын, елі үшін туған батыр етіп бейнеледі («Тарланым», «Тайманның ұлы Исатай», «Мінкен ер» т. б.). Махамбет бір топ өлеңінде («Жәңгір ханға», «Баймағамбет сұлтанға», «Хан емессің қасқырсың» т. б.) ел билеушілердің, әкім-төрелердің, хан тұқымының момындарға, қара халыққа істеген қиянат, зорлық-зұлымдық әрекеттерін батыл әшкереледі, әлеуметтік қайшылықтардың бетін ашты. Қоғамдық кұбылыстарды қалың бұқара мүддесі тұрғысынан сипаттады. Ақынның бұл тектес өлеңдері қайнаған кек пен ызаға толы.

Махамбеттің өршіл, өжет жырлары қазақ әдебиетіне біраз жаңалықтар әкелді, жаңа әдеби түр, жанрлар енгізді. Ол көтерген сол заманның көкейтесті әлеуметтік мәселелері әдебиеттің мазмұн, тақырып шеңберін кеңейтті. Үстем тап қысымына қолға қару алып қарсыласу қажеттігін түсіндірген, халықты көтеріліске үндеген үгіт өлеңдері әдебиетті күрес идеяларымен байытты, оның азаттық ұнін, патриоттық рухын күшейтті. Қазақ әдебиеті тарихында саяси лирика Махамбет творчествосынан басталады. Махамбет поэзиясында, негізінен үміт, сенімге толы оптимистік сипаттағы отты, өжет жырлар басым. Сонымен бірге Махамбет шалғайда ұзақ қуғында жүргенде ел-жұртын, қаза тапқан достарын сағынған, мұңайып толғанған кездерінде элегиялық сипатты өлеңдер шығарды. Бұл түп де қазақ әдебиеті үшін жаңалық еді. Махамбет өлеңдерінің тілі ажарлы, бейнелі. Ақын халық адебиетіндегі дәстүрлі көркемдік тәсілдерді орынды пайдалана отырып, өзінің тосын сөз өрнектерін туғызды. Оның көп өлеңдері жыр, қара өлең ұйқасына және ерікті аралас шұбыртпалы ұйкастарға құрылған. Буын саны көбіне 7-8, кейде 11 буын немесе аралас буын ( 7, 8, 10) болып отырады.

Осы кезде өмір сүрген ақындардың бірі - Шернияз Жярылғасұлы (1817-18 81). Ол Исатай Таймановтың серігі және досы болды. Шернияздың біраз өмірі Исатай жанында өтеді, батыр бастаған көтеріліске белсене қатысты, көтерілісшілерге жырымен қызмет етті. Исатай өлгеннен кейін Шернияз хан, сұлтандар қудалауынан қашып жүрді, кейін амалсыздан еліне оралды. Баймағамбет сұлтан оны сарай ақыны етпек болды, бірақ Шернияз бұрынғы бағытынан таймайды. Исатаймен достығын сатпады.

Шернияз - қазақ әдебиеті тарихында суырып салма және сатиралық өлеңдерге шебер ақындардың бірі. «Баймағамбет сұлтанға» деген әйгілі өлеңінде Баймағамбет сұлтанның небір сорақы қылықтарын, момын мен әлсіздерге істеген зорлық әрекеттерін, патша әкімшілігі алдындағы жағымпаз жарамсақтығын келекелей суреттеу арқылы бүкіл хан, сұлтандардын елге істеген қиянатын әшкере етеді. Исатай сияқты халық ұлын өлтірткен, көтеріліске қатысушыларды канға бояған қанішер ел билеушілерді айыптайды. Шернияз «Ай, Қазы би, Қазы би» деген термесінде зорлықшыл қазақ билері мен феодалдарының кұлқыны мен бас пайдасы үшін ру мен ру арасына өрт салып, қырқыстырып ел берекесін кетіретінін көрсетеді. Ақын өзінің өлең-жырларында халықтың көне поэтикалық үлгілерін шебер пайдалана отырып, қазақ әдебиетінде сатиралық жанрдың дамуына үлес қосты. Ол бір топ өлеңдерін халық батыры Исатай Таймановқа арнады, оның адамгершілігі мен ерлігін жырлады («Исатай ел еркесі, ел серкесі» т. б.).

Махамбет Өтемісұлының жерлесі болған ақын Алмажан Азаматқызының (1823 - ө. ж. белгісіз) шығармалары да назар аударарлық. Оның әкесі Азамат деген кісі Исатай Тайманов бастаған шаруалар көтерілісіне катысып жүріп майданда қаза тапқан. Алмажан өлеңмен ерте әуестенді. Бірақ ақын қыздың туындылары сақталмаған. Оның бізге жеткен бірден-бір шығармасы - «Жетім қыз» поэмасы. Алмажан бұл поэмасында шаруалар көтерілісі күшпен басылғаннан кейінгі ішкі Бөкей еліндегі елдің тұрмыс-күйін, хан, сұлтандардың қаһарына ұшырап зар жылаған қалын бұқараның қайғы-мұңын бейнеледі, көтеріліске қатысушыларды және оларға тілектестерді түрмеге қамап, Сібірге айдап қатаң да аяусыз жазалаған патша жендеттерінің, би мен феодалдарының зұлымдық әрекеттерін батыл әшкереледі.

Сүйінбай Аронұлы. Суретін салған Ә. Қастеев. 1972 ж.

 

Айтыс өнерінің өрен жүйрігі Сүйінбай Аронұлы (1815-1898) кедей семьяда туған. Балалық, жастық шағында жоқшылық көріп өсті. Есейген кезінде де тапшылык, кедейшіліктен құтылмады. Сүйінбай алғашқы қадамын ауыл-үй арасында өлең айтудан, халық жырларын жаттаудан бастады. Кейін өзі де айтыстарға қатысып, жүйрік ақын атанды. Ол Майлықожа, Жантай, Тәтіқыз, Қаңтарбай, Қатаған т. б. акындармен айтысқан жырларында өз заманының келелі мәселелерін көтерді. Оның шығармаларында қазақ жерін Қоқан хандары мен қырғыз манаптарының басқыншылығынан қорғау тақырыбы кең орын алды. Ақын ру басшылары мен ірі феодалдардың әлсіздерге күш көрсетуін сынады. Сұраншы, Саурық батыр сияқты халық қорғандарын мақтан етеді. Сүйінбай Жетісудың ұлығы Тезек төремен айтысында және басқа өлеңдерінде жебір, парақор екі жүзді сұлтан бейнесін шенеп көрсетті. Жеке адамдарға және кейбір уақиғаларға арналған бірқатар терме жырларында («Батыр- бекке», «Дәуітке» т. б.) патриархалдық-феодалдық қоғамдағы парақорлық, барымта сияқты кеселді құбылыстарды сынады. «Шіркін кәрілік келдің бе?», «Сарыбайға» т. б. лирикалық шығармаларында Сүйінбай адам өмірі, жастық, кәрілік шақтары туралы сыр шертті. Сүйінбай эпикалық шығармаға да шебер. Оның «Жабай батыр» поэмасында алыс ноғайлы заманындағы батырдың ел қорғаудағы ерлігі, ал «Сұраншы батыр» поэмасында Сұраншы сияқты халық ұлдарының өнегелі істері мен қаһармандығы жырланады. Сүйінбай айтыс өнерінің айтулы шебері болды. Одан айтыс өнерін үйренген шәкірттері аз емес. Ол жыр алыбы Жамбылға ұстаздық етті, ақындық үлкен өнер жолына баулыды. «Менің пірім Сүйінбай, Сөз сөйлемен сиынбай» деп Жамбыл оны өзіне зор бедел тұтты. Сүйінбай шығармалары алғаш жеке кітап болып (құрастырған I. Жансүгіров) 1935 ж., екінші рет 1976 ж. («Ақиық») шықты. Э. Қастеев оның портретін салды (1972).

Қазақ халқының мәдениет тарихында ғалым, ағартушы-демократ Шоқан Шыңғыс ұлы Уәлихановтың (1835-1865) атқарған ролі аса зор. Оның ағартушы ғалым боп қалыптасуына орыстың мәдениет пен ғылым саласындағы озыққайраткерлері көп көмегін тигізді. Ш. Уәлиханов Шығысты зерттеуші Г. Н. Потанин, И. Н. Березин, А. В. Васильев, А. Н. Бекетов т. б. ғалымдармен, Ф. М. Достоевский, петрашевшіл С. Ф. Дуров т. б. жазушылармен достық жақын қарым-қатынаста болды. П. П. Семенов-Тян-Шанский тәрізді, белгілі ғалымдар оның еңбектеріне көңіл бөліп отырды. Уәлиханов Орта Азия және Шығыстың тарихы мен мәдениетіне арналған еңбектерімен қатар, қазақ халқының әдебиеті мен мәдениетіне байланысты зерттеулер жазды. «Қырғыздардың (қазақтардың) ата-тегі туралы». «Қырғыздарда (қазақтарда) шаман дінінің қалдығы хақында», «Қырғыздардың (қазақтардың) көші-қоны туралы». «Қырғыздар турапы» т. б. күрделі еңбектерін туғызды. Мұнда ол қазақтың тарихы менэтнографиясы, тұрмысы мен әдет-салттары, мәдениеті жайындағы орасан көп материалдың алғаш басын қосып, жинақтап ғылыми тиянақты баға берді. Қазақтың ауыз әдебиетін жинау мен зерттеуге байланысты көп жұмыстар жүргізді. Шоқан өз еңбектерінде патшалық самодержавиенің кертартпалық сиқын, дін иелерінің екі жүзділігі мен сұрқиялығын, қазақ феодалдарының қаталдығы мен сорақы қылықтарын өткір әшкерелеп отырды, кедей шаруаның мұң-мүддесін ашық қорғауға әрекет жасады, қазақ халқын отырықшылық пен жер кәсібіне, өмір салтының жаңа түрлеріне шақырды. Уәлиханов қазақтар «Отан жағынан орыстарды өзіне туыс санайды, сол себепті де орыс мемлекетіне өз еркімен қосылды...» деп жазды. Ол қазақ, орыс халқының мәдени-экономикалық байланысы мен өзара тығыз ынтымақтастығы үшін күресе жүріп, өз халқының мәдениеті мен тұрмысын, жалпы өмірі жайын орыс қауымына танытуда мейлінше көп қызмет атқарды. Қазақстанда орыстың озық мәдениетін уағыздап насихаттау ісіне орасан зор маңыз берді, осы арқылы қазақ халқын мәдени-экономикалық мешеуліктен құтқаруды көздеді. В. Г. Белинский, Н. Г. Чернышевский және Н. А. Добролюбов тәрізді орыстың ұлы революционер демократтарының қоғамдық идеялары негізінде тәрбиеленген Шоқан Россияда әлеуметтік құрылысты өзгерту жолындағы орыс қоғамының озық революцияшыл күшіне үміт арта қарады. Қазақ қоғамының өсіп өркендеуін ол тек бүкіл россиялық дамудың шеңберінде таныды.

Уәлихановтың әдебиет мәселелері жөніндегі құнды ой-пікірлері бүгінге дейін ғылыми мәнін жойған жоқ. Ол қазақ ауыз әдебиеті шығармаларынан халық өмірінің өткендегі көрініс белгілерін таба білді, «қазіргі әдет-ғұрыптары мен салт-санасы, өмір салты» аңғарылатынын, тұтас алғанда халықтың ақындық творчествосы «халықтың тарихи және рухани өмірі жайында толық түсінік» бере алатынын айрықша атап көрсетті.

Ағартушы-ғалымның қазақ өлеңінің құрылысы, түрлері, ақындық өнердің импровизациялық (суырып салма) ерекшелігі туралы тұжырымданы әлі күйге дейін мейлінше бағалы. Ол өзі тұстас қазақ ақындары, жыраулары жөнінде аса құнды деректер қалдырды. Халықтың ең сүйікті эпикалық жырларының бірі - «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» поэмасын қағаз бетіне түсірді. Сонымен қатар ол қырғыздың әйгілі эпосы «Манастың» негізгі бір бөлігін жазып алып, орыс тіліне аударды, сөйтіп оны орыс қауымына, сол арқылы жалпы дүние жүзі ғылымына танымал етті. Орыс халқы мен қазақ халқының ауыз әдебиеті арасындағы өзара жаңындықты нақтылы көрсетіп берді. Өзінің баға жетпес еңбектерімен қазақ, орыс халықтарының өзара достығын нығайта түсті, Қазақстанның Россиямен мәдени байланысын күшейте түсуіне жол ашты.

Қазақ халқының аса көрнекті ағартушы, жаңашыл педагог, жазушы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) қазақ әдебиетінің дамуына үлкен үлес қосты. Орыс-қазақ мектебінде білім алғаннан кейін ол біраз уақыт Орынбор облыстық басқармасында тілмаш болып қызмет істеді. Көп кешікпей Торғайда жаңадан ашылған мектепке мұғалім болып ауысты. Осы сүйікті іске - ұстаздық жұмысқа Алтынсарин бүкіл өмірін қалтқысыз арнады. Ұзақ уақыт бойы халық ағарту ісінің облыстық инспекторы бола жүріп, қазақ балалары үшін бірнеше орыс мектебін ашты. Педагогтық еңбектер жазумен шұғылданды, қазақ мектептері үшін оқулық пен оқу кұралдарын жасау ісімен айналысты. 1879 жылы осы саладағы көп жылғы ізденуі мен еңбегінің нәтижесі - «Кырғыз хрестоматиясы», «Қазақтарға орыс тілін оқытудың бастауыш құралы» оқу құралдарын бастырып шығарды. Әлгі аталған хрестоматия - Алтынсариннің педагогтық еңбегі ғана емес, әдеби еңбектерінің де жинағы. Онда ағартушы-жазушының көптеген әңгімелері мен өлеңдері тұңғыш рет баспа бетін көрді. Алтынсариннің әдеби еңбегі оның педагогтық қызметімен тікелей байланысты. Өлеңдері мен әңгімелерін ағартушы-жазушы ең алдымен қазақ жастарына арнады, таза тәлім-тәрбиелік мақсатта жазды. Алтынсарин көркем туындыларында өнер-білім мен адал еңбектің, шаруашылық пен жер кәсібінің, егіншіліктің пайдасын, озық сипаттарын өмірдің нақты мысалдары арқылы дәлелдеді, адамның еңбеккерлік, әділдік, қайырымдылық, достық, жолдастық тәрізді парасат-касиеттерін жоғары бағалады. «Кел, балалар, оқылық», «Өнер-білім бар жұрттар» атты әйгілі өлеңдерінде ол қазақ жастарын үлкен өнерге шақырды, ғылым мен техниканың қоғамдық өмірді дамытудағы айрықша мәнін айқындап, мәдениеті меп өнері озық елдердің ғылым-білім саласындағы жетістіктерін насихаттады.

Ол көптеген шығармаларында фанатизмді батыл әшкерелей отырып, молдалар мен өзге дін иелерінің, ел билеушілердің өрескел кылықтарын елтіре сынады («Надандық», «Зұлым төреге» т. б.). Оның еңбекші бұқараға ұсынары- жер кәсібі, егін шаруашылығымен шұғылдану, қоғамдық пайдалы еңбекпен айналысу («Қыпшақ Сейіткұл», «Киіз үй мен ағаш үй» т. б.). Еңбекші қауым өкілінің еңбекке бейімділігін, адамгершілігін, ақылы мен тапқырлығын ерекше сүйіспеншілікпен суреттеді («Бай баласы мен жарлы баласы» т. б.). Тепкіні көп көрген қазақ әйелдерінің ауыр тұрмысы да Алтынсарин шығармаларынан көркем көрінісін тапты. «Жаз», «Өзен» т. б. өлеңдерінде ол дала табиғатының тамаша суреттерін жасады. Көшпелі қазақ өмірінің өзіндік ерекшеліктерін жарқын бейнеледі.

Орыс-қазақ мектептері үшін құрастырған хрестоматиясына Алтынсарин төл әңгіме, өлеңдерімен бірге, орыс тіліндегі оқу кітаптарынан (К. Д. Ушинский, Л. Н. Толстой, И. И. Паульсон) өзі қазақ тіліне аударған шығармаларды да енгізді. Қазақтың ауыз әдебиеті нұсқаларын жинау мен жариялау саласында да Алтынсариннің еңбегі ерекше салмақты. Ол жазып алып, жариялаған «Қара батыр», «Алтын Айдар», «Тазша бала» ертегілерінің, «Жиренше шешен» аңызының, «Қобыланды батыр» дастанынан үзіндінің, өзге де көптеген шығармалардың құндылығы даусыз.

Абай Құнанбаев (1845-1904) творчествосы - қазақ әдебиетінің асқар шыңы. Ұлы ойшыл, сөз зергері, халықтар достығының жалынды күрескері Абай - ұлы ақын болумен бірге Қазақстанның өткен ғасырдағы қоғамдық және әдеби өміріндегі аса көрнекті тұлға. Әділдік пен адамгершілік үшін, өнер мен білім үшін күрес, халықты қоғамдық пайдалы еңбекке үндеу, баянды еңбек етуді мадақтау, әйелдің қадір-қасиетін қастерлеу, поэзия мен жалпы көркем-өнердің қоғамдық-әлеуметтік мәнін жоғары бағалау, Абай творчествосындағы осы өзекті идеялар бүкіл сол дәуірдің озық талап-тілектерін айқын танытады. Абай қазақ қоғамына бүкілроссиялық капиталистік дамудың әсері күшейген, сөйтіп оған тән патриархалдық-феодалдық өмір қайшылықтары мейлінше шиеленіскен дәуірде өмір сүрді. Өз дәуірінің ең озық ой-пікірлерін көркем бейнелеген Абай творчествосының қоғамдық бағыт-бағдары нақты да айқын, сыншылдық сипаттары мол, ақынның идеялық-көркемдік ізденістері айрықша маңызды. Абай поэзиясындағы сыншылдық өмірдегі бүкіл ескілік пен езгілік атаулыға қарсылықтан, ізгілік пен жаңалықты жақтаудан туған. Ағартушы ақынның көз алдында үнемі жарқын болашақ тұрады, ол халықты еңбекке, өнерге шақырғанда, ұлы адамгершілік идеяларын насихаттағанда қазақ қоғамының прогресшіл даму мүмкіндігіне айрықша сеніммен қарайды.

Абай және балалары Акылбай (сол жақта), Тұрағұл (он жақта).

 

Абай 13 жасында Семейде мұсылманша медреседе оқыды. Талапты жасқа діни оқу жөнді ештеңе бермеді. Алайда ол араб, парсы, шағатай тілдерін жедел меңгеріп, шәкірт кезінің өзінде Шығыстың Науаи, Низами, Физули, Сағди, Фирдауси, Сайхали т. б. ұлы классиктерінің шығармаларымен танысты. Қосымша орыс мектебінде білім алды. Әкесі Құнанбай ел билеу ісіне жастайынан дайындау мақсатымен оны оқудан ерте босатып алды. Осы тұста Абай дала өміріндегі әлеуметтік теңсіздік пен тартысты көріп, танып біле бастады. Ірі феодалдар арасындағы билік үшін талас, жер дауы, жесір дауы, болыстыққа таласу тәрізді бүкіл қазақ даласында кеңінен қанат жайған неше алуан дау-жанжалды, талас-тартысты, болашақ ақын өз көзімен көріп біледі, әр түрлі әлеуметтік орта өкілдерінің мінез-құлқын, іс-әрекетін, бір-бірімен қарым-қатынасын, әлеуметтік топтардың тіршілігін тереңірек байқап, тануға мүмкіндік алды. Дала әкімдерінің, ру басыларының қоғамдық мәселелерді шешуге кабілеті мен құлқынының жоқ екенін көрді. Өзі де азғана уақыт болыс болғанда, әкімшілік тізгінін ұстай отырып еңбекші бұқараға көмектесудің де, әділдік жолын ұстаудың да мүмкін еместігіне көзі жетті. Бұл үшін ақылдың да, дала тартысының табиғатын терең білудің де, жез таңдай шешендік өнердің де дәрменсіздігін түсінді.

Абайдың әділдік, шындық үшін, еңбекші қауымның мүддесі үшін жасаған әрекеті әкімдер мен феодалдардың наразылығын күшейте түседі. Ақын дала өміріндегі бүкіл ел билеу жүйесінің патша өкіметі мен бай-феодалдар тобына кызмет ететінін айқын таныды. Кейінірек жазған «Мәз болады болысың» өлеңінде уезд бастығының алдында құрдай жорғалаған болыстың жиіркенішті бейнесін жасады. Өмірдің сан алуан түрлі қиындықтары мен қайшылықтары Абайды бірте-бірте поэзия жолына әкелді. Ақындық өнеріне ойыстырды. Ендігі жерде ол еңбекші халық мүддесін жақтаудың бірден-бір ұтымды жолы әдебиет, поэзия деп түсінді. Осы тұста Семей кітапханасында айлап отырып оқу, іздену ақынның қоғамдық-әлеуметтік, ғылыми-әдеби эстетикалық көзқарастары мен білімін тереңдете түседі. Абай Шығыстың ақындары, ойшылдарымен бірге, Европа елдерінің кейінгі дәуірдегі, әсіресе француз, ағылшын, неміс ағартушыларының шығармаларын көптеп оқиды. Оның ұлы ақын және қоғам қайраткері боп қалыптасуына орыстың озық әдебиеті мен мәдениетінің тигізген әсері мол. Абай орыс әдебиетінің бай тәжірибесін үлгі тұта отырып, ұлттық поэзия дәстүрлерін жаңаша дамыта білді. Семейде қазақ даласына жер ауып келген Е. П. Михаэлис, Н. И. Долгополов, С. С. Гросс тәрізді орыс мәдениетінің өкілдерімен танысты. Олар ақынның орыс мәдениеті мен қоғамдық ой-пікірлер тарихын жан-жақты танып білуіне едәуір жәрдемін тигізді. Осы жылдарда орыс революционер демократтарының шығармаларын оқып үйренуге назар аударды, ізденді. Абайдың өмірі мен ақындық қызметін алғаш зерттеген Кәкітай Құнанбаевтың айтуына қарағанда, Абай ұлы демократ Н. Г. Чернышевский тағдырын жақсы біліп, оның «Современник» журналын қадағалап оқыған. Абайдың ақындық талантының қалыптасып кемелденуіне игі әсерін тигізген әдебиет қайраткерлерін сөз еткенде алдымен А. С . Пушкин, М. Ю. Лермонтов, И. А. Крылов, В. Б. Белинский, Н. Г. Чернышевский, И. С. Тургенев, М. Е. Салтыков-Щедрин, Л. Н. Толстой есімдерін атаған жөн. Абай классиктермен қатар Я. М. Полонский, Н. А. Бунин т. б. тәрізді өзіне замандас ақындардың да шығармаларын оқыды. Абай 80 жылдардың ортасынан бастап ақындық өнермен шындап айналысты. Оның осы тұстағы өлеңдері - сол кезге дейінгі өмірінің қорытындысы есепті, идеялық, көркемдігі жағынан да мейлінше кемелденген туындылар. Ақынның заман мен адамның қоғамдық жағдайы туралы ойларының тереңінде суреткерлік тапқырлық пен көрегендік аңғарылады. Абай өз шығармаларында қоғамдық өмірдің аса мәнді де маңызды проблемаларын көтерді. Дәуір тынысын терең сезіну, халық тағдырына байланысты әлеуметтік, қоғамдық-тарихи маңызы зор мәселелерді көтере білу ақынның «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Сегізаяқ» тәрізді үздік шығармаларының ғана үлесі емес, бүкіл творчествосына тәп сипат. «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңінде халық өмірінің бүкіл қайғы-қасіретін жанымен ұғынған адамның сезім күйзелісі бейнеленді. Ақын қоғамдық қайшылықтар негізінде ауыр тұрмысқа душар болған халықтың аянышты өмірін жан-жақты, терең көре де, көрсете де білді. Қазақ қоғамын жегідей жеген ру таласы, феодалдық топтар арасындағы шиеленіс-тартыс шебер суреттеледі. Осындай ауыртпалықтың түптеп келгенде халыққа, еңбекші қауымға түсетінін ақын күйіне, күйзеле сөз етеді. «Қартайдық, кайғы ойладық, ұйқы сергек», «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман», «Көңілім қайтты достан да, дұшпаппан да» т. б. өлеңдерінде ақын қоғамдық өмірдегі әлеуметтік әр түрлі топтардың өкілдерін барша болмысымен суреттеу арқылы жалпы патриархалдық-феодалдық қоғамның кесапат сырларын әшкереледі.

Ескі залалды нәрселердің қайсысына да қарсы шыға отырып, Абай жаңалықтың жаршысы бола білді. Ақынның нақты сынға құрылған шығармаларының өзінде де өмірдің аса ділгер мәселелеріне жауап беру талабы аңғарылады. Олардағы сын ағартушы ақынның абзал мұраттарымен ұштасып жатады. Абай өлеңдерінің көпшілігі жастарға арналған, «Көкірегі сезімді, тілі орамды» жастарға ақын әркез жарқын үміт артумен бірге, оларға жақсы ой салып, жарастықты істерге бастауды өз міндетіндей санайды. Жастарды әсіресе еңбекке тәрбиелеу, ғылым-білімге тарту, алдына қойған тілек-мақсатына қалайда жетуге баулу - Абай творчествосының негізгі бір идеялық арқауы. Ағарту-оқу, білім тақырыбы Абай поэзиясында аса зор әлеуметтік сипатқа ие болды. Ол халыққа білім беру арқылы қоғамдық өмір кемшіліктерін түзету мүмкін деп санады («Тұзетпек ем заманды» т. б.). Алайда ақынның бұл мақсаттағы үміт-тілектері барған сайын әлсірей түсті. Сол кездегі қоғамдық өмір жағдайында Абапдың озі таратқан жаңа идеялар мен ойлардың қаулап өсіп кете алмай, ескілік пен надандықтың көлеңкесінде қала беруі ақынның көңілінде өкініш сезімін туғызды.

Данышпан ақынның суреткерлік шеберлігі «Сегіз аяқ» өлеңінде айрықша көрінді. Мұнда сол заманғы өмір мен өнер алдында түрған ең өзекті мәселелер - ғылым-білімді насихаттау, пайдалы, адал еңбекті мадақтау, әділдікті уағыздау, ру арасындағы дау-жанжалды, надандық пен қараңғылықты, әкімшілікке таласуды сынау т. б. мәселелер өзгеше идеялық-көркемдік шешімін тапты. Абайдың табиғат лирикасы, әсіресе жылдың төрт мезгіліне арналған өлеңдері - көркемдік бояулары жағынан поэзиямызда мүлдем жаңа құбылыс. Туған ел табиғатының тамаша көріністерін ақын әлеуметтік, қоғамдық өмірмен шебер байланыстыра, табиғат, қоғам, адамды өзара бірлікте жырлады. Абай поэзияны дәуірдің озық идеяларымен қанаттандырып, өмірді нағыз шыпшылдықпен терең суреттеу үшін қажымай күресті. «Өлең - сөздіц патшасы, сөз сарасы» өлеңінде ақын қазақ қоғамындағы бұрын болып көрмеген жаңа сапалы, зор тәрбиелік мәні бар поэзия туралы ой қозғады («Сөз түзелді, тыңдаушы сен де түзел» т. б.).

Абайдың өлеңдері кезінде ел ортасында ауызша, жазбаша, біреуден-біреу өстумен, жазып алумен тарады, әндері тез жатталып, алыс жерлерге жетіп жатты, «Татьянаның хаты» тәрізді өлеңдері қазақтың байырғы, төләңдеріндей тез сіңісіп, халық арасына кең жайылды. Орыс әдебиетін терең сүйе, бағалай білген ол Пушкин, Лермонтов, Крылов т. б. ақындар туындыларынан 50-ге тарта шығарма аударды.

Абай өмір көріністерін баяндай айтуға да, бейнелі суреттер арқылы елестетуге де шебер. Адамның психологиялық сезім-сырларын, құбылыстарын ақын аса зор білгірлікпен, тапқырлықпен сипаттады. Әйтсе де ақын творчествосының салмақты саласы оны ойшыл ретінде танытады. Абайдың көптеген туындылары заманның ең өзекті проблемалары жөнінде лирикалық ойлар, толғаныстар іспетті. Ақынның лирикалық туындыларындағы әлеуметтік, қоғамдық ойлар, халық тағдырына байланысты саясат, мораль, этика мәселелері поэмаларында да өзекті орын алды. «Масғұт» поэмасында әділдік, ізгілік туралы ойлар ақынның жалпы адамгершілік идеяларымен шебер қабысады. «Ескендір» поэмасында да ақынның негізгі ойлары шығарма сюжетімен шынайы жарастық табады. Абай өзінің сүйікті ақындары Фирдауси, Низами, Науаи жырлаған тақырыпты өзінше өрістетті, шапқыншы қолбасшының жауыздық әрекеттерін сынап, оған ақыл-ой мен адамдық қасиетті қарсы қояды. Абай прозалық шығармалары - қара сөздерінде поэзиялық шығармаларындағы түбегейлі ойларын онан әрі жалғастыра түсті. Оқушысымен сырласу, кеңесу түріндегі шағын әңгімелерінде ақынның қоғам өмірі, адам тағдыры жөніндегі ізгі идеялары қарапайым, тартымды баяндалған. Ол прозалық шығармаларында да қазақ халқын экономикалық және мәдени мешеулікке қарсы күреске, прогреске, отырықшылыққа, шаруашылық пен мәдениетті жан-жақты дамытуға, халықты ағартуға, білімге шақырды. Қазақ елін алға бастыруда орыс халқынан үлгі алып, оның мәдениетін, білімін, гылымын үйренудің қажеттігін атап көрсетті. Мәселен, «Жиырма бесінші» қара сөзіндегі «Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да - бәрі де орыста зор. Залалынап қашық болу, пайдасына ортақ болуға, тілін, оқуын, ғылымын білмек керек... Сен оның тілін білсең, көкірек көзің ашылады... Орыстың ғылымы - дүниенің кілті оны білгенге дүние арзанырақ түседі» - деп жазды. Осындай ұлағатты ойлар, соны пікірлер Абайдың басқа қара сөздерінде де молынан кездеседі. Әр түрлі тақырыпты, әр түрлі мәселелерді терең толғап айтқанымен назар аударады. Ағартушы ойшыл Абайдың қоғамдық-саяси көзкарастарындағы қайшылықтар, дінге қатысты жаңылыс пікірлері әсіресе қара сөздерінде көрінгенімен, ақын прозасының негізгі бағыты - демократияшыл ағартушылық бағыт.

Абай есімі дарынды композитор ретінде де кеңінен мәлім. Ол өзі ән шығарумен бірге қазақтың ән-күй творчествосын ерекше бағалаған. Бірақ ән атаулының бәрін қабылдамай, оның да «естісі мен есері барын» айтып, «құлақтан кіріп бойды алар, жақсы ән мен тәтті күйді» ғана ұнатқан. Бүкіл Шығыстың, орыстың, қазақтың халықтық әдебиетін терең зерттегеніндей, Абай қазақтың халық ән-күйлерін жете білген. Абай көптеген ән шығарды. Оның ән творчествосы казақтың халық музыкасының тарихында ерекше орын алады. «Сегіз аяқ», «Қор болды жаным», «Айттым сәлем, қаламқас», «Сұрғылт тұман», «Желсіз түгнде жарық ай», «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын», «Қараңғы тұнде тау қалғып», «Амал жоқ, қайттым білдірмей» («Татьяна хаты») т. б. әндері арқылы Абай халықтың ән творчествосын сан жағынан байытып қана қойған жоқ, сондай-ақ қазақ поэзиясында жаңа өлшем, жаңа түр тапқаны сияқты, қазақ әніне де жаңа әуен-ырғақ, жаңа үн, өлшем мен түр ала келген жаңашыл композитор болды. Абай орыстың музыкалық мәдениетіне де көңіл бөлді. Орыстың кейбір романстарын (М.И. Глинка, А. Г. Рубинштейн шығармаларын) қазақ тіліне еркін аударды.

Абай қазақтың реалистік бағыттағы жаңа әдебиетінің негізін салды. Әдеби тілді өзгеше биік сатыға көтерген жаңашыл ақын. Оның ақындық дәстүрі советтік дәуірде онан әрі дами түсуде. Ақынның творчестволық мұрасы халқымыздың ұлттық мақтанышына айналып, социялистік ұлттар мәдениетінің асыл қорына қосылып отыр. Абай шығармалары советтік дәуірде орыс және басқа туысқан совет халықтары тілдерінде, сондай-ақ шетелдерде әлденеше рет басылып шықты.

20 ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті. 20 ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті, негізінен, 1900-1917 жылдар арасындағы кезеңді қамтиды. 20 ғасырдың бас кезі қазақ халқының басынан кешірген үлкен асулы кезеңі - қиян-кескі күрес-көтерілістер, сұрапыл соғыстар, ұлы революциялар дәуірі екені мәлім.

Капитализмнің өркендеуі, оның жоғары сатыға көтеріліп, империализмге ұласуы, капиталистік қайшылықтардың шиеленісуі, революцияшыл топтардың кебеюі, ұлт-азаттық қозғалыстың күшеюі, бұл оқиғалардың революцияларға келіп жалғасуы нәтижесінде 20 ғасырдың басынан бастап қазақ елі арасында оку, ағарту жұмыстары ұдеді, қазақ интеллигенциясы құрала бастады. Қазақ тілінде кітап бастыру, газет, журнал шығару күшейді, бұқара халықтың сана-сезімі оянды, тап тартысы өрістеді, қазақ әдебиеті өркендей түсті.

19 ғасырда қазақ тілінде тек бір ғана газет - «Дала уәлаятының газеті» болса, 20 ғасырдың алғашқы 17 жылы ішінде қазақ тілінде 6 газет, бір журнал шықты. Сондай-ақ, 19 ғасырда қазақ тілінде пе бары 70-ке жуық кітап басылып шыққан болса, 20 ғасырдың басында (1900-1917) 200-ден астам кітап жарық көрді. Бұл кітаптардың ішінде 65-70 шақты кітап қазақтың сол кездегі ақын-жазушыларының өздері бастан кешкен заман тақырыбына арнап жазған өлеңдері мен әңгімелерінен, романдарынан - төл шығармаларынан құралған. Тек осы фактінің өзі-ақ, қазақ әдебиетінің 20 ғ. басында ілгері дамығанын көрсетеді.

Бекет Өтетілеуовтың «Жиған-терген» кітабының сыртқы мұқабасы. Орынбор. 1914 ж.

 

20 ғасырдың басында қазақ ақын-жазушыларының қатары едәуір көбейе түсті. 19 ғасырда қазақ ақын-жазушыларыныңарасында кітап бастырып шығарғандарының саны некен-саяқ еді. Оның өзінде де солардың көбісі татар, башқұрт молдалары болатын. Ал 20 ғасырдың басындағы ақын-жазушылардың көпшілігі қазақтың жаңа құрала бастаған жас интеллигенциясының арасынан шыққандар. Сонымен, бұл кезде қазақтың жазба әдебиет стилінде тол шығармалар жазатын қаламгерлер қатары көбейді. Бұған дейінгі қазақ әдебиетінің жанрлық өсуін алғанда тек өлең-жыр үстем болып келсе, 20 ғасырдың бас кезінде жаңа әдеби жанрларда шығармалар жазыла бастады. Бірді-екілі болса да повесть, роман және драмалық шығармалар т. б. көрінді.

17 ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті өзінің дарын иелерінің саны жағынан да, жанры жағынан да едәуір өсіп, профессионалдық әдебиетке айнала бастады. Бірақ 20 ғасырдың басындағы қазақ ақын-жазушылары өз заманының ең күрделі және түйінді мәселелерін жан-жақты суреттей алған жоқ. Жалпы алғанда 20 ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің тақырыбы, идеясы жағынан өрісі тар, өресі аласа болды, ондағы ақын-жазушылардың көбі заманының өскелең деңгейіне көтеріле алмады, өмір қайшылығын терең түсінбеді, халық өмірінің, қоғамдық құбылыстардың, үлкен оқиғалардың сырына жете бойламады.

Қазақстанның, қазақ халқының жалпы тарихи, саяси және шаруашылық-мәдени жақтан артта қалғандығына байланысты. 20 ғасырдың басындағы қазақ ақын-жазушыларының басым көпшілігі ескі, діни мектептер мен медреселерде оқып, тәрбиеленді, діни тәлім-тәрбие алды. Мұның өзі олардың діни ұғымдагы қапшылықты көзқараста болуына әсер етпей қойған жоқ.

Әйткенмен, 20 ғасырдың басындағы қазақ ақын-жазушыларының бірқатары жаңаша, орысша оқыды, бірақ олар орта дәрежелі білім алудан аспады. Саяси түсініктері, мәдени дәрежелері, білімдік эрудициялары шағын да, төмен болды. Міне, осының әсерінен 20 ғасырдың басындағы қазақ жазба әдебиетінде сол замандағы революциялық идея биігіне көтерілген, революциялық жолға түскен, революцияны жақтап жырлаған ақын-жазушылар шыға қойған жоқ. Бұл дәуірдегі қазақ әдебиетшілері ағартушылық бағытта, ағартушылық-демократиялық көзқараста болды.

20 ғасырдың басында өлеңдер жазып, кітаптар бастырып, атағы шыққан, шығармаларында ағартушылық бағыт ұстанған қазақ ақын-жазушылары - Әбубәкір Шоқанұлы (1858-1912), Мақыш Қалтаев (1865-1918), Нұржан Наушабаев (1859-1919), Мәшһүр Жүсіп Көпеев (1858-1931), Шәді Жәңгіров (1855-1933) т. б. болды. Бұлар Россияда, оның шет аймағы Қазақстанда, капиталистік қарым-қатынастың өркендеуі нәтижесінде өрістеген прогресшіл күштердің әсерімен оянып, әдебиет майданына араласты. Олар діни қараңғылыққа-надандыққа, феодалдық ескілікке, ескі оқуға-хадімге қарсы шықты, халықты оқытуды арман етті, жаңа оқуды жақтады, оны ел арасына жайды. Яғни бұл қаламгерлер өздерінен бұрынғыларға, өздерінің кей оқыған замандастарына қарағанда игі қөзқараста болды, жаңаны, жаңа идеяны - оянушылықты, ағартушылықты жақтады, жаңалық үшін күресті. Әсіресе, алғашқы кезде прогресшіл болған жаңа оқуды - «усулы-жәдитті» жақтады, ел арасында соны барынша дамытуға әрекет етті, жаңа кітаптар шығарып, таратты, яғни шын мағынасында ағартушы болды. Бұл ақындар Шығыстың ертедегі үлгілі әдебиетінен нәр-азық, тәрбие-үлгі алды. Өздерінің шығармаларын соның дәстүрі бойынша қисса, дастан, мысал, назым етіп жазды. Жалпы ізгілікті, адамгершілікті насихаттады.

Қазақ халқының революциядан бұрынғы 19 ғасырдағы және 20 ғасырдың басындағы ақын-жазушыларын екі түрлі идеялық әдеби бағыттағы топтағылар - ағартушы ақын-жазушылар, ағартушы-демократ ақын-жазушылар деп жіктеген жөн. Бірқатар ғалымдар өздерінің еңбектерінде қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы әдебиетін екі бағыт, екі топқа: а) кітаби ақындар; б) ағартушы-демократ ақындар деп боледі. Шындығында бұл дұрыс емес.

20 ғасырдың басында кітаптар шығарып, газет-журналдарға өлеңдер мен әңгімелер, мақалалар жазып кеңінен танылған, сөйтіп, ағартушылық-демократиялық бағытта болған қазақ ақын жазушылары ретінде Мұхамеджан Сералин (1872-1929), Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920), Әріп Тәңірбергенов (1856-1924), Спандияр Көбеев (1878-1956), Сәбит Дөнентаев (1894-1933), Бернияз Күлеев (1899-1923), Бекет Өтетілеуов (1883-1949), Әкірам Ғалимов (1891-1913) т. б. атауға болады.

Бұл ақын-жазушылар қазақша-жаңаша, орысша оқыды. Қазақтың, Орта Азия халықтарының, татардың және орыс халқының үлгілі әдебиеті мен мәдениетінен нәр алды, солардың жақсы дәстүрінде тәрбиеленді. Әдебиет майданында әлеумет қайраткері ретінде 1905-1907 жылдардағы буржуазиялық- демократиялық революцияның және одан кейінгі болған саяси-әлеуметтік оқиғалардың ықпалымен қалыптасты. Сөйтіп олар қазақ арасындағы барлық ескілік қалдығын, дінді, теңсіздікті, патша өкіметінің отаршылдық саясатын, бектік-феодалдық, капиталистік қанауды сынады, халықты оянуға, саяси, мәдени, шаруашылық жақтан жетілуге, еңбекке, өнеркәсіпке, оқуға үндеді, ұлы орыс халқының мәдениетін, өнер-ғылымын үйренуге, отырықшылыққа, қалалы ел болуға үгіттеді, халықтың бостандығын, бақытты өмірін, әйелдердің бас бостандығын, теңдігін аңсады және сол жолда қызмет етті.

Сондықтан да, 19 ғасырда басыбайлылықты жойып, Россия тұрмысын барлық жағынан европаландыру қандай керек болса, сол жолда қызмет ету қандай прогресшілдік, ағартушылық-демократиялық делінсе, 20 ғасрдың басында қазақ арасында бектік-феодалдық құрылыстың қалдығын жойып, ел тұрмысын барлық жағынан европаландыру, орыс халқының тұрмысынша құру сондай қажет жұмыс болып саналды. Бұл жолда қызмет ету үлкен прогресшілдік, ағартушылық, демократиялық мәнге ие болды.

1917 жылғы февральдағы буржуазиялық революция мен сол жылғы Ұлы социалистік революциясы кезінде әлгі ағартушы-демократ ақын-жазушылардың кейбірі саяси-идеялық жақтан едәуір толқыды, тура жолдан жаңылысты, көп уақыт буржуазия-ұлтшылдар ықпалында жүрді. Бұл Қазақстанның саяси-әлеуметтік жақтан кенже қалғандығынан, онда демократиялық идеялардың жетілмегендігінен болды. Содан да, аталмыш ақын-жазушылар ақпандық революциясын қанау атаулыны жоятын, қоғамдық мәселенің бәрін шешетін, шын бостандық әкелген революция деп ұқты. Социалистік революциясыпың терең мәнін, тарихтық маңызын бірден аңғара алмады.

Дегенмен 20 ғасырдың басындағы ағартушы-демократиялық қазақ ақын-жазушылары өздерінің ұлы өзгерістер дәуіріндегі ең тәуір шығармаларында қазақ халқының сол замандағы әлеуметтік өміріндегі күрделі мәселелерді қозғады, оны еңбекші бұқараның мүддесі тұрғысынан сөз етті, халықтың арман-мұңын, үміт-мақсатын жырлады.

20 ғасырдың басындағы қазақ демократ ақын-жазушылары да Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин сиякты, орыс халқының классикалық әдебиетінен үйренді, одан бірқатар шығармаларды қазақ тіліне аударды (мыс.: «Үлгілі тәржіме», «Капитан қызы», «Жиған-терген», «Шилон тұтқыны» т. б.). Сонымен қатар, олар өздерінің шығармаларында Абай және Ыбырай үлгісін ұстанды. Яғни, 20 ғасырдың басындағы қазақ демократ ақын-жазушылары өздерінің революциядан бұрынғы шығармаларын сыншыл реализм әдісімен жазды: шындық өмірді көрсетті; оның жақсысын, жаңасын, өршіліп дәріптеп, жаманын, ескісін, кертартпасын сынады. Бектік, феодалдық қоғам қалдықтарын, капиталистік қоғамдағы теңсіздікті, зұлымдық, қанауды даттады, оқуды, өнерді, еңбекті мадақтады, еркіндікті, бақытты өмірді аңсады.

Бұл ақын-жазушылардың біразы шығармаларының тақырыптық-идеялық өрісін кеңейтті, әдебиетке бектік-феодалдық капиталистік, отарлық қанауда езіліп, еңсесі түсіп жүрген қазақ кедейі, жалшысы, жұмысшысы, әйелі туралы тақырыпты енгізді, солардың тұрмысын, ой-сезімін, мұң-арманын жырлады, солар үшін шындық, әділдік іздеді. Революция жылдарында 20 ғасырдың басындағы қазақтың бірқатар ақын-жазушылары қаналушылар - кедейлер мен жұмысшылар тұрмысын, олардың ой-сезімін, мұң-арманын жырлау арқылы ескілік, қанаушылық дүниесін күйретіп, қоғамдық тұрмысты қайта құруға, жақсы әділетті қоғам орнатуға болады деген идеялық тоқтамға келді.

Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне қатысқан, соны көзімен көріп жырлаған ақындар мен жазушылар еңбекші бұқараның қанаушы, билеп-төстеуші топқа, барлық қанаудың, тәртіпсіздік пен әділетсіздіктің негізі болған патша өкіметіне қарсы күресін, ескі тәртіпті өзгерту жолыпдағы, өзінің еркі, бостандығы, бақыты жолындағы күресін жырлады.

Орыс халқының 19 ғасырдағы сыншыл реалист жазушылары, революцияшыл-демократтары сияқты, 20 ғасырдың басындағы қазақ демократ ақын-жазушыларының бірқатары жазушылық өнерді әлеуметтік қызмет деп санады, әдебиет халықтың өмірін бейнелеуге, өмірге үкімші болуға, халыққа жол сілтеуге, тәрбиеші болуға тиіс деп білді.

Абай меп Ыбырай орыстың класси- калық әдебиетінің үлгісі бойынша ли- рикалық өлеңдермен қатар прозалық шығармалар да жазғаны, қазақ әдебиетіндегі проза жанрының мысал, нақыл, өсиет, ғақлия секілді түрлерінің негізін салғаны мәлім. 20 ғасырдың басындағы қазақ демократ ақын-жазушылары осы игі бастамаларды, суреткерлік үлгілерді өздерінше едәуір алға дамытты. Бұл кезеңдегі қазақ әдебиетінде әлі әлсіз болса да көркемпроза, оның роман, повесть түрі орнықты, публицистика өрістеді, бірен-саран драмалық шығармалар да пайда болды. Бұған мысалға С. Торайғыровтың, М. Сералиннің, С.Көбеевтің т.б. әдебиетшілердің публицистикалық шығармаларын, поэзиялық, прозалық туындыларын келтіруге болады. Осы кезеңде «Қалың мал», «Қамар сұлу», «Гүлқашима» т.б. секілді көлемді шығармалар жазылды.

Сонымен бірге, 20 ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінде қазақ кедейі, оқыған жаңашыл жастары туралы реалистік, романтикалық және лирикалық-философиялық поэмалар жарияланды, халықтың, жеке адамдардың 1916 жылғы көтеріліс және революциялар дәуіріндегі ерлік істері туралы батырлық, қаһармандық жырлар, дастандар туды, өлеңмен жазылған роман түрі пайда болды.

20 ғасырдың басындағы демократ ақын-жазушылар Абайдың поэзиядағы озат үлгісін қабыл алып, оны нағыз мирасқорлықпен ілгері дамытты. Алдымен, олар өлең-жырдың мәні мен маңызын Абайша түсініп, Абайша бағалады. Абай поэзия ролін «Өлең - сездің патшасы, сөз сарасы» деп қастерлесе, С. Торайғыров: «Көңілді түзейтін машина - өлең, жыр» деп суреттеді. «Абайды оқы, таңырқан, басың шайқа, Ақындық күш-қуаты есіңді алып, Бас алмастан оқырсың қайта-қайта», - деп бейнеледі ол бір шығармасында. Сонымен қатар аталмыш демократ ақын-жазушылар өздерінің поэзиялық шығармаларында Абай өлеңдерінің үлгілерін кеңінен қолданды, жазған жырларын Абай өлеңдерінің әсерімен өрнектеді. Соның негізінде жаңа өлең үлгілерін жасады. Мыс., С. Торайғыров,Б, С. Дөнентаев 2-3 өлеңдік түр үлгісін енгізді.

20 ғасырдың басындағы қазақ ақын-жазушылары өздері жырлаған жаңа тақырыптар, жаңа ой-пікір, идеялар негізінде жаңа сөздер, тың сөз тіркестері, оңды теңеулер мен эпитеттер, тапқыр салыстырулар мен шендестірулер, көркем кестелер мен бояулар тапты, назар аударарлық образдар жасады. Сойтіп, қазақтың ақындық мәдениетін байыта түсті.

Ұлы Социалистік революциясынан бұрын қазақ арасында қазақ халқының көп замандардаи бері дамып келе жатқан өз әдеби тілімен қатар араб, парсы, шағатай тілдері негізінде жасалған диалекті, жаргондар кездесетін. Бұл көбіне діни кітапшалардан енген, молдалар мен сарай ақындары қолданған, соның әсерімен жазба әдебиетке, ресми кеңсе тіліне кіре бастаған үстем тап өкілдерінің диалекті, ишандар мен молдалар жаргоны болатын.

20 ғасырдың басындағы ағартушы-демократ ақын-жазушылар шығармаларын қазақтың Абай ұстартқан, дамытқан таза, нағыз әдеби тілінде жазды. Олар қазақтың әдеби тілін заманына лайық, саяси, шаруашылық, мәдени оқиғаларға, өнер, ғылым, техника жаңалықтарына сәйкес байытты, ілгері дамытты. Қай жанрда жазса да өзіндік қолтаңбаларын таныта білді. Шығыстың және орыстың классикалық әдебиеттерінің жақсы үлгі-өнегелерінен үйреніп, әдеби сүрлеуге түсті. Өзіндік тақырыбы, ой-пікірі, стилі бар, талантты ақын-жазушылар атанды.

Қорыта айтқанда, 20 ғасырдың басындағы қазақ ақын-жазушылары өздерінің таңдаулы шығармаларында қазақ халқының бұрынғы және өз тұсындағы әдебиетінің жақсы үлгі, дәстүрлерін ілгері дамытты. Оны бүгінгі барынша озат, терең идеялы, көп жанрлы, барынша көркем қазақ совет әдебиетіне, социалистік реализм әдебиетіне әкеліп ұштастырды.

20 ғасырдың басында қазақтың жазба әдебиетімен бірге қазақ ауыз әдебиеті де өрістеп дамыды. Қазіргі халық ақындары сияқты, сол кездегі ел ішіндегі жыршы-жыраулардың, ақындардың ауызша шығарған өлең-жырлары, қисса-дастаңдары, айтыс өлеңдері көптеп саналады.

20 ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінде жоғарыда сөз етілген ағартушылық және демократиялық бағытта қызмет еткен қаламгерлерден өзге керітартпа бағыттағы ақын-жазушылар да шықты. Бұл кезеңде буржуазиялық-ұлтшылдық бағыт ұстаған ақын-жазушылар да (А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев т. б.) болды. Олар сол кездегі «Қазақ» (1913) газетіне теріс бағыт беріп, баспасөз құралын өз мақсаттарына пайдаланды, шығармаларында дәурені өткен феодалдық қоғамдық құрылысты көкседі.

1917-1929 жылдардағы қазақ совет әдебиеті. Қазақ совет әдебиетінің идеялық-көркемдік бағытын анықтап берген негізгі фактор - Ұлы социалистік революциясының жеңісі. Революция жылдары жазушылар топтарының жаңа әдебиетке келу жолдары бірдей болған жоқ. Жаңа заман түрлі идеялық бағыт-бағдардағы қазақ жазушыларының алдына «Революцияны жақтайсың ба, жоқ, әлде оған қарсысың ба?» деген сұрақ қойып, оның жауабын іс жүзінде талап етті.

Көп ұлтты совет әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі С. Сейфуллин Ұлы революциясын қолындағы қаруымен қорғап, қаламымен үн қоса жырлады. Оның 1917-1920 жылдар арасында революция тағдыры сын таразысына түскен шақтағы олеңдерінің маңызы ерекше болды. Жаңа өмір үшіп күреске үндейтін өлеңдер революцияның алғашқы жылдарында-ақ туа бастады. Б. Ізтөлин, С. Шарипов те өлеңдерімен революция ісіне белсене араласты. Революцияға тікелей араласқан жазушылар творчествосы қазақ совет әдебиетінің ірге тасын қалап, оның қалыптасуына жетекші роль атқарды.

20 ғасырдың бас кезіндегі ағартушы-демократиялық дәстүрлі берік ұстаған С. Торайғыров, М. Сералин, С. Көбеев, Б. Өтетілеуов, С. Дөнентаев, Т. Жомартбаевтар, олардың ізін баса шыққан Б. Майлин, I. Жансүгіров, М. Әуезов, С. Мұқанов сияқты жас талантты ақын-жазушылар өздерінің творчестволарында кейбір қайшылықты қателер жібергендерімен, идеялық бағытын анықтап, шығармаларында жаңа мән-мағынаға ие болар сапа іздестіре бастады. Ш. Бөкеев, Ә. Тәңірбергенов, Мәшһүр Жүсіп Копеев, Н. Орманбетов, М. Көшімов, Ы. Сандыбаевтар ағартушылық бағытта қалып қойса, Ы. Шөреков, Т. Ізтілеуов, Р. Малабаев сияқты бұқарашыл ақындар оз творчестволық беттерін толық таныта алмады. Ал Ә. Бокейханов. А. Байтұрсынов. М. Дулатов, М. Жұмабаевтар буржуазияшыл-ұлтшылдық бағытты ұстады.

Жас талапкерлер әдебиет майданына әр жылдары әр түрлі жолдармен келіп араласа бастады. М. Дәулетбаев, К. Кемеңгерев, Н. Құлжанова, С. Нұржанов, Ж. Тілепбергенов, Е. Бекенов, Ш. Иманбаева, А. Тоқмағамбетов, Ғ. Малдыбаев, Ж. Сыздықов, Ө. Тұрманжанов, Қ. Әбдіқадыров, С. Бегалин т. б. ақын-жазушылар әр түрлі әлеуметтік қызметтерге араласып, әдебиетке келсе, Жамбыл Жабаев, Н. Байғанин, Тайжан Қалмағамбетов, О. Шипин, Н. Бекежанов, К. Әзірбаев, И. Байзақов, Н. Баймұратов, Қ. Баймағамбетов сияқты ауыз әдебиеті дәстүрін берік сақтаған, суырып жыр айтатын дарындар легі де әдебиетке белсене араласты. 20 жылдардың 2-жартысында Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин, Ә. Тәжібаев, Т. Жароков, Ғ. Орманов т. б. жас таланттар бой көрсетті. Ірге тасы жаңа қалана бастаған жас қазақ совет әдебиетінің осындай әдебикүштермен толыса түсуі жаңа көркем әдебиеттің қалыптасу процесін жылдамдата түсті.

М. Әуезовтің «Бәйбіше-тоқал» пьесасының мукаба беті. Ташкент. 1923 ж.

 

Қазақ халқына мәдени құрылыс ісін барлық салада тыңнан бастауына тура келді. Қазақтың автономиялық Советтік Социалистік Республикасын құрғап Советтердің Құрылтай съезі (1920) халык, ағарту ісі жөнінде алғап қаулысында көркемөнердің барлық түрлерін өркендету, театрларды репертуармен қамтамасыз ету, мәдени-ағарту үйірмелерін ұйымдастыру, халық өлеңдері мен музыкасын жазып алып өңдеу, ескі мұраларды сақтау, кітапхана, клуб, музей ашу, мемлекеттік баспа орнын құру мәселелерін көтерді.

Қазақ баспасөзінің өркендеуі қазақ совет әдебиетінің айрықша қарқынмен дамуына жағдай жасады. Республиканың бар аймақтарында газет-журналдар шығарыла бастады да, әдебиет қазақ журналистикасы, публицистикасымеи қатар дамыды. Сонымен бірге қазақ совет әдебиеті орыс, татар, өзбек, т. б. халықтар әдебиетінің даму процестерімен іштей байланысты болды.

Әдеби күштерді топтастыру, жаңа әдебиеттің идеялық, творчестволық бетін айқындау, әдеби жанрларды қалыптастыру негізгі мәселелердің бірі еді. 20 жылдардың алғашқы жартысының өзінде-ақ әдебиет майданында үлкен идеялық тартыс, алуан стильдегі көркем сөз шеберлерінің творчестволық бәсекесі қызу жүріп жатты.

БК(б)П Орталық Комитеті 1925 жылы 18 июньде «Партияның көркем адебиет саласындағы саясаты туралы» қаулысының совет әдебиетінің қалыптасу жолындағы негізгі бағыт-бағдарын айқындай түсуде маңызы өте зор болды.

Қазақстанда жазушылар ұйымы бүкіл одақтық ұйымдардың (ВОАПП, РАПП) үлгісімен Қазақстан пролетарлық жазушыларының ассоциациясы (ҚазАПП) болып құрылды. Осы кезеңдегі басты мақсат, біріншіден, еңбекші таптың мүддесін қорғайтын ақын-жазушыларды және сол езілген таптан шыққан дарындарды ұйымдастырып, пролетарлық бағытындағы ұлт әдебиетін қалыптастырып, дамыту, екіншіден, әдебиет пен мәдениет саласындағы буржуазияшыл-ұлтшылдықпен күресу еді. 1929-1932 жылдар бұл ұйым басшылары «ұлтшылдықтың қалдығымен» күресуді сылтау етіп, озара мардымсыз айтыстарға ден қойды, жікшілдік, тұрпайы социологиялық сындарға жол берді. Жалған жаңашылдықтан поэзияның көркемдік сапасының төмендеуіне әкеліп соқтырды. ҚазАПП-тың ісінде осындай қате-кемшіліктер болғанына қарамастан, ол пролетарлық әдебиетінің үстемдігі үшін күрескен творчестволық ұйым болды.

Революцияны және оның жеңістерін қастерлеу, жаңаны, жақсыны көре білу, оны ілгері дамыту, халықтың революциялық сана-сезімін тәрбиелеу 20 жылдардағы қазақ совет әдебиетінің негізгі мақсатына айналды. Октябрьлық революциясы әкелген жаңалықтар бар жанрдың өзекті тақырыбына айнала бастады. Халықтың өткен тарихи өмірі мен аңыз сюжеттеріне жазылған поэзиялық, драмалық шығармаларда да романтикалық пафос, реалистік өзек, ең алдымен, жаңа адамның тілек-мүдделеріне іштей қабысыпжатты. Б. Майлиннің «Сексен сом», «Күлпаш», С. Сейфуллиннің «Аштардың рухтары», Ж. Тілепбергеновтың «Қайран елім-ай», М. Дәулетбаевтың «Жүн жайғанда», М. Әуезовтің «Оқыған азамат», «Жуандық» шығармалары сыншыл реализм әдісінде жазылды. Бұл адіс бірте-бірте социалистік реализмге ойысып, ұласа берді. Сөйтіп, социалистік реализм әдіінің негізгішарттары бой таныта бастады. Өмірдің сан-салалы құбылыстарын мүмкін қадарынша жан-жақты, кеңірек қамту тілегі күшті болса да, ол мақсат әдебиеттің бар жанрларының мүмкіндігінен келе бермеді. Көне дәстүрі бар поэзия жанры тез қалыптасса, проза, әсіресе драматургия мен әдеби сынның қалыптасуында біраз творчестволық қиындықтар болды.

Бұл қиындық жоғарыда аталған жанрлардың ішкі сипаттарын айқындауда ғана емес, тақырыптардың көркемдік шешімін табуда, дәстүрді меңгеру, жаңашылдьгқ тудырып, оны тұрақтандыруда да сезіліп отырды. Алайда бұл жаңа әдебиеттің туып, қалыптасу жолында кездесетін заңды құбылыс еді. Сонымен қазақ совет әдебиеті буржуазияшыл, кертартпашыл бағыттарға қарсы күрес жүргізе отырып, социалистік реализм әдісінің басты принциптерін жүзеге асыра бастаған жаңа мазмұнды әдебиет ретінде қалыптасу процесін бастан кешірді.

Жаңа өмірді құруға құлшынған, жаңалықты қуана қарсы алған, халықтың сана-сезімін тәрбиелеуде шындықты ашық айтатын романтикалық пафосы мол, реалистік шығармаларды заманның өзі талап етті. С. Сейфуллиннің «Жолдастар», В. Майлиннің «Кедей», «Ұмытқам жоқ», I. Жансүгіровтың «Арыным», «Кедей тойы», С. Мұқановтың «Бостандық», «Кедей баласы» сияқты өлеңдерінде Ұлы революңиясының жеңісін, теңдікке, өнер-білімге, халықты коллективтік меншікке, ұйымдасқан еңбекке үгіттеген, ескіліктің қандайын болса да сынау сарыны айқын корінді. Дүние жүзі пролетариатының ұлы косемі В. И. Ленин образы қазақ поэзиясының өзекті тақырыптарының бірі болды. Көсем қазасына арналған өлеңдердің көбі қазақ әдебиетінде бұрыннан бар дәстүрлі үлгіні: естірту, жоқтау, қоштасу, көңіл айту, жұбату т. б. сақтай жазылды.

Әлемді қайран қалдырған ерлік оқиғалар бірден реалистік өрнек тауып кете алған жоқ. Ол ең алдымен романтикалық рухта, ел аузындағы ұшқыр қиялды аңызға ұқсата, халық ұғымына жақындата жырлау елеулі орын алды. С. Сейфуллин революция жаңалығын асау тұлпар, сұңқар құс, найзағайлы дауыл бейнесінде жаңашыл рухта жырлады («Асау тұлпар». «Домбыра», «Қызыл сұнқарлар»). Ақынның Маржан, Сәуле сияқты еңбек адамдарының жиынтық образын жасау ниеті де құптарлық еді. «Еңбек жемістері» (Ж. Сыздықов), «Жалшы» (Қ. Әбдіқадыров), «Еңбек жыры» (А. Тоқмағамбетов), «Кешегі жалшы мен бүгінгі жалшы» (С. Мұқанов), «Қошан кедей» (Ө. Тұрманжанов) т. б. көптеген өлеңдерде жаңаша өмір сүре бастаған адамдардың іс-әрекеті, тағдыры, жағымды мінез- құлқы көріне бастады.

Лирикалық поэзиядағы кейіпкерлер уақыт озған сайын кемелдену процесін бастан кешіре берді. Жаңа адам образы жаңа детальдармен көріне бастады. Өлең-жыр, тақпақ, толғау, баллада, көңіл күйі, табиғат, азаматтық әуен, марш өлеңдері, өлең-очерк, мысқыл сияқты лириканың ішкі жанрлары туа бастады. Сюжеттік лирика, өлең-очерк, баллада үлгісіндегі сюжеттік өлең жазу дәстүрі пайда болды.

Қазақ поэзиясында поэма жанрын қалыптастыру да күрделі творчестволық мәселенің бірі болды. Революцияға дейінгі қазақ әдебиетіндеуі поэмалар негізінде шығыстық дастан, халықтық эпос үлгілерінде туды. Поэманың орыс әдебиеті дәстүрінде жаңа үлгісін жазуға батыл адым жасалды. С. Торайғыровтың революциялық дәуірінің идеялық әсерімен жазылған «Кедей», «Адасқан өмір» сияқты лиро-эпикалық, философиялық поэмалары қазақ әдебиетінде поэма жанрының жаңа кезеңін тудырды. Совет ақындарының поэманы игеру жолындағы алғашқы қадамдарында сюжетті өлеңдер, баллада, толғаулар туып, оның көбі өршіл романтика үлгісінде жазылды. Ал М. Жұмабаев өз поэмаларында керісінше реакциялық романтизм рухын танытты.

20 жылдардағы поэмалардың тақырыбы тарихи, революциялық өмір, қазақ жалшыларының бостандық жолындағы күресі, ауылдағы таптық тартыс, тіпті, аңыз-ертегі сюжеттері болып келді. Поэма жазбаған ақындар кемде-кем. Солардың ішінде ел аңызы, тарихи тақырыпқа жазылған С. Сейфуллиннің «Көкшетау», С. Мұқановтың «Сұлушаш», Ж. Сыздықовтың «Майкөл тамы», И. Байзақовтың «Құтілай сұлу» сюжеттік поэмалары -көркемдік сапа жағынан әдебиет тарихында өз орны бар шығармалар. С. Сейфуллиннің «Лашынның әңгіме», «Аққудың айырылысуы», I. Жансұгіровтың «Күй» поэмалары сыршылдақ, романтикалық суреттеу тәсілінде берілген. Ал Б. Майлин, С. Мұқанов, Ж. Сыздықов, Ғ. Малдыбаевтың советтік өмірді бейнелейтін біраз поэмалары туды. С. Сейфуллиннің «Советстаны», I. Жансүгіровтың, «Даласы» лиро-эпикалық поэманың жаңа бет алысын танытқан, елеулі шығармалар болды. Әйтсе де советтік шындыққа арналған поэмалардың өмір шындығын терең де көркем суреттеу, сюжеттік, композияциялық кұрылыс, портреттік бейнелеу жақтарынан елеулі кемшіліктері болды. Схематизм, натурализм элементтері бой корсетті.

Б. Майлиннің «Ел мектебі» пьесасының мұқаба беті. Қызылорда. 1926 ж.

 

Сонымен қатар М. Жұмабаевтың көптеген өлеңдері мен «Батыр Баян», «Қорқыт», «Ертек», «Жүсіпхан» поэмалары тарих сахнасынан ығыстырыла бастаған үстем таптың мүддесін көксейтін шығармалар санатына қосылды. Бір жағынан, бұл орыс әдебиетіндегі кертартпашыл ағым-декаденттікпен де байланысып жатты.

Халық ақындары жазба ақындарымен үндес болды. Жамбыл Жабаев «Заман ағымы» толғау-поэмасын шығарды. Халық ақындарының творчествосы совет поэзиясының мазмұн, жанр, түр-ерекшеліктерін байыта түсті.

Жаңа дәуір, жаңа заман жаңалықтары қазақ поэзиясында соны да тың образдардың, сөз тіркестерінің тууына мүмкіндік берді. С. Сейфуллиннің «Надандықты трактормен айғызда», I. Жансүгіровтың «Кең даланы кесіп, пішіп келді жол» деген сияқты сөз тіркестері, тың эпитет, метафоралар пайда болды. Тракторды темір атқа, тұлпарға, қанаушы таптар өкілін қара қарға, шаян, улы жыланға, адамды адам қанау заманын қараңгы түп, тұманды күп, ызғарлы қысқа, бостандықта атқан таң, шыққан күп, маужыраған көктемге теңей бастады. Мұның өзі белгілі бір дәрежеде халықтың эстетикалық ұғымынан туса, совет ақындары оларға жаңа мән-мағына беріп отырды. Поэзия тілінің сөздік құрамы да байи түсті. Әсіресе өндіріс, техника, мәдениет, ғылымның т. б. дамуына байланысты туған сөздер көбірек ене бастады («Экспресс», «Альбатрос», «Советстан», «Совстан» т. б.)

Қазақ өлеңдерінің ішкі құрылысында да біраз жаңалықтар пайда болды. С. Сейфуллиннің поэзиясында өлең жолдарының бұрынғы дәстүрлі өлшемдерден өсіп, жаңаша үлгілер тудырған мысалдары көп. Орыс поэзиясының кейбір үлгілерінің (В. Маяковский, Д. Бедный т. б. шығармалары) әсері болды. Қазақ ақындары орыс поэзиясын оқып қана қойған жоқ, оларды (И. Уткин, М. Голодный, Д. Бедный т. б.) ана тіліне аударды. Алайда, орыс поэзиясының, әсіресе Маяковский поэзиясының ерекшеліктерін творчестволық жолмен игеру бұл кезеңде әлі толық шешімін таппады.

Ауыз әдебиеті, ұлы Абай дәстүрінің игі әсерін ең алдымен солкездегі өлең үлгісінен іздеген жөн. Казақ поэзиясының осы кездегі жаңа поэтикалық теңеулері мен сөз тіркестері, жаңа бейнелеулер жаңа шындықтың маңызын ұғу, түсіндіру талабынан туды. Ақындар жаңа мазмұнның сырып анық аңғара алатын халықтың тілегін дәл бейнелейтін өрнекті нақыштарды тауып, оны байыта түсуге талаптанды. Осы талап жаңа мазмұнға жаңа түр табу керектігін танытты. Алайда, ауыз әдебиетінің өресінен аса алмай жадағайлыққа, қара дүрсіндікке салынып, өлең мәдениетін төмендетіп алған жайлар да болды. Осы сәтті пайдаланып байшыл-ұлтшылдар пролетарлық бағытындағы ақындардың «айғайы» басым, өлеңдерінде поэзиялық сипат аз деп, жаңа өмір орнату үшін күрес идеясын ашық қолдаған саяси лирикаға шабуыл жасады. Өйткені бұл салада бұрын болмаған жаңа творчестволық принциптің нышаны айқын көріне бастағанды. Ұлтшылдардың үгіт өлеңге қарсы күресі жаңа әдебиеттің реализміне, өршіл романтикасына қарсы күрес еді. Жаңа мазмұнға жаңа түр табуда біраз ізденістер, табыстар болғанымен, алынбаған асулар да аз еместі. Бұл - қазак поэзиясының қалыптасу дәуіріне тәп құбылыс еді.

20 жылдары проза жанры да қалыптасу процесінен өтті. Б. Майлин, М. Әуезов. С. Сейфуллин, I. Жансүгіров, С. Мұқанов, С. Шарипов. Ж. Тілепбергенов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин, Ө. Тұрманжанов, Е. Бекенов, тағы басқа да жазушылар әңгіме, очерк, повесть, роман жазды. Олардың прозалық шығармаларының идеялық, көркемдік дәрежелері әр алуан. С. Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» мемуарлық романы - Ұлы революциясының Қазақстанда қалай іске асқандығын нақтылы көрсете білген көркем шығарма. Бұл романның әдебиет тарихындағы орны өзгеше еді. Б. Майлиннің қысқа очерк, әңгімелерінде қазақ аулындағы советтік құрылыс, мәдени революцияның жеңістері мен жемістері, қазақ кедейлерінің әлеумет ісіне араласуындағы қиындықтар, психологиялық процестер көркем бейнеленді. Өмір шындығын типтендіру, жаңа кейіпкер бейнесін жасауда жазушының табыстары айрықша («Зейнептің серті», «Күлтай болыс», «Раушан коммунист» т. б.)

Қазақ әдебиетінде реалистік проза жанрының қалыптасу процесіне М. Әуезовтің қосқан үлесі де айрықша. Жазушының іздену жолы бір тегіс болған жоқ. «Қорғансыздың күні», «Ескілік көлеңкесінде», «Қаралы сұлу», «Қыр әңгімелері», «Жетім», «Үйлену» т. б. - қазақ өмірінің шындығын идеялық-көркемдік жағынан шебер бейнеленген әңгімелер. «Қараш-қараш оқиғасы», «Текшенің бауырында», «Көксерек» т. б. әңгіме, повестерінде қазақ аулындағы таптық тартысты анық танытты. Жалпы жазушының бұл шығармалары қазақ әдебиетіндегі проза жанрының профессионалдық биік дәрежеге көтеріле алғанын танытқан анық көркем туындылар еді. Бұл шығармалар қазақ прозасының қалыптасып келе жатқандығының бірден-бір белгісі болды.

Революцияға дейін қазақ ауылына енген жаңа салт-санапың орын ала бастауын бейнелеген С. Мұқановтың «Адасқандар» романы ескі мен жаңаның күресін шынайы таныта алды. Әлеуметтік өмір шындығы кейбір жағдайларда үстірт, біржақты суреттелгені болмаса, роман проза жанрының жалпы беталысын танытарлық құбылыс болды.

С. Сейфуллин, Б. Майлин, М. Әуезов, С. Мұқанов сияқты жазушылар прозалық шығармаларында адам образын жасауда нақты реалистік өрнек тауып, идеялық-көркемдік биік сатыға көтерілді. Әйтсе де прозаның кейбір творчестволық мәселелері тұгел қалыптасып үлгірген жок. Әсіресе, кіші жанрлардың (әңгіме, повесть, очерк, публицистика) жіктері толық ашылмай, араласып жатты. Психологиялық суреттемелердің орнын үстірт баяндаған сипаттамалар басып, композициялық құрылысында да олпы-солпылық бой көрсеткен шығармалар бұл кезеңде аз болған жоқ. Бұған Е. Бекенов, Ө. Тұрманжанов, Ж. Тілепбергенов, С. Мұқановтардың бірқатар әңгімелері дәлел бола алады. Бұл кейбір жазушылардың тәжірибелерінің аздығын көрсетті. Әдебиеттің сатира, фельетон жанры поэзия мен проза саласында бірдей өріс ала бастады. С. Дөнентаев, I. Жансүгіров, Б. Майлин т. б. жазушылар бұл жанрдың белсенді қаламгерлері еді.

Бұл кезеңде баспасөз жедел өсіп, советтік публицистиканың негізі берік қалана бастады. А. Асылбеков, А. Сегізбаев, Е. Алдоңғаров, М. Жолдыбаев, С. Тоқжігітов, Н.Арықова, Н. Құлжанова, С. Есова, А. Айсарин, X. Жүсіпбеков т. б. әңгіме, очеркпен қатар публицистика жанрының тұрақты өкілдеріне айналып, ел өмірінің алуан түрлі салаларына үн қосып жатты.

Қазақ әдебиетінде жаңа эстетикалық норма жасау тенденциясына ойысқан көркем проза әдеби тілдің жаңа жүйелерінің қалыптаса бастауына мүмкіндік берді.

Қазақ совет прозасы 20 жылдары әдебиеттің жетекші жанрына айнала қоймағанмен өзінің іштей дамуында қалыптасу процесіне ойысып, жаңа көркемдік дәстүр тудыра бастады.

Идеялық тартыс күшейіп тұрған кезде партиялық позиция үшін, әдеби шығарманың көркемдік, эстетикалық сапасының артуы үшін күресте әдеби сын өзінің жауынгерлігін көрсетуге міндетті болды. Өйткені, идеялық-творчестволық мәселелер төңірегіндегі әр алуан айтыстар совет жазушылары мен байшыл-ұлтшыл жазушылар арасында ғана емес, тіпті пролетарлық бағыттағы әдебиетшілердің өз араларында да қызу болды. Көркем сынның әлі балаңдығына қарамай, әдебиет сыншылары қазақ әдебиетінің келелі мәселелеріне назар аудара білді.

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Толық шығармалар жинағы» (мұқаба беті). 1933 ж.

 

Революцияның алғашқы күндерінде-ақ Қазақстан қалаларында, ауылдарында ойын-сауық үйірмелері, театр труппалары ұйымдастырыла бастады. Бірақ репертуар мұқтаждығы айқын сезілді. Пьесасыз театр болмаса, драматургия жанрын тудыру, қалыптастыру қажеттілігі танылды. Алғашқы кезде С. Сейфуллиннің «Бақыт жолына», «Қызыл сұңқарлар», Б. Майлиннің «Неке қияр», «Ел мектебі», М. Әуезовтің «Еңлік - Кебек» т. б. пьесалары жазылды. Кейінірек М. Әуезовтің «Бәйбіше-тоқал», «Қаракөз» Б. Майлиннің «Шаншар молда», «Ауыл мектебі», Ж. Тілепбергеновтің «Тілші», «Перизат - Рамазан», С. Абылановтың «Он алтыншы жыл», Ж. Шаниннің «Арқалық батыр», «Торсықбай», «Айдарбек», А. Тоқмағамбетовтың «Екі заң» т. б. пьесалары туды. Трагедия саласы ғана емес, жалпы драматургия жанрының профессионалдық өресін көтеруде М. Әуезов пьесаларының көркемдік үлгісінің орны өзгеше болды. Драматургияның ішкі жанрлық ерекшелігін сақтап, өмір шындығын түйіп бере білуде Ж. Шанин пьесалары да табысты бола алды.

Б. Майлиннің бір актілі комедиялық пьесалары санадағы сарқыпшақтарды әр қырынан алып, ащы күлкі, әжуамазаққа айналдыруда, композициялық құрылысында, кейіпкерлер характерлерінің психологиясын ашуда шеберлік таныта алды. Ж. Шаниннің комедияларының да жетістіктері аз емес.

Әйтсе де профессионалды драматургтердің аздығы салдарынан әлі пісіп жетілмеген пьесалар да сахнаға шығып жатты.

Жаңа өмірді бейнелеу, әйел теңдігінің әлеуметтік мәнін ашуда сәтті туған пьесаларда образдар жүйесі жаңа идеялық-көркемдік тұрғыдан бүгінгі күннің талап-тілегіне жауап беріп жатты. Әсіресе тарихи аңыз сюжетінен жазылған пьесалар жемісті болды.

Үнамды образ жасау драматургия үшін де басты мәселенің бірі еді. М. Әуезов, Б. Майлин пьесаларында диалог, монологты беруде жетістік болса, бүгінгі күн тақырыбына жазылған пьесаларда кейіпкер тілінің даралық сипаты көріне бепмеді. Кезінде сәтті деп танылған пьесалардың өзіне драматургтер (М. Әуезов, Ж. Шанин, С. Сейфуллин) қайта оралып, тиісті жөндеулер енгізіп отырды. Сонымен бұл жылдары көркемдік сапасында біраз сөлкеуліктер байқалғанмен, негізінен алғанда драматургия жанры туып, қалыптасу жолында алғашқы сәтті қадамдар жасай бастады.

Сонымен басқа туысқан халықтар әдебиеті сияқты қазақ совет әдебиеті де 20 жылдары револтоцияның ұлы идеясын жырлап, бұқара халықты жаңа дүние жасауға жұмылдыруда Коммунистік партияға көмекші бола білді.

Қазақ совет әдебиеті революция жылдары туып, түрлі кертартпа бағыттарға қарсы күресе отырып, нағыз таптық, партиялық әдебиет ретінде қалыптаса бастады. Қазақ әдебиеті қалың бұқарамен тығыз байланыста болды, нағыз демократияшыл, халықтық әдебиет екенін көрсетті.

Қазақ совет әдебиеті ағартушы-демократтардың озық мұраларын игере, дамыта отырып, жаңа дәуірде жаңа мазмұн тапты. Жаңа мазмұнға лайықты көркем түр іздестіре бастады. С. Сейфуллин, Б. Майлин, I. Жансүгіров, С. Мұқанов, М. Әуезов, т. б. жазушылардың творчестволары жаңа дәуір әдебиетінің идеялық-көркемдік нысанасын айқындады.

Қазақ совет әдебиетінің кадрларқ жыл санап өсе берді. Революциянын алғашқы жылдары толкуда, тоқырауда болған жазушылар совет бағытына біржола бет бұрды. Ел ішінен жас таланттар легі келіп қосылды. Сейтіп совет жазушылары өз алдына творчестволық ұйым құру дәрежесіне жетті. Жазушылардың творчестволық белсенділігі артты, шеберліктері шыңдала түсті.

20 жылдары әдебиеттің бар жанрлары туып, жедел қалыптасу жолына түсті. Қазақ әдебиеті творчестволық қиындықтарға кезіккеніне қарамастан, жаңа адам образын жасау проблемасын батыл қолға алып, тақырыптардып көркемдік шешімдерінің кілтін таба бастады. Бұл социалистік реализм әдісі принциптерінің қазақ әдебиетіндегі көрінісі еді.

Әдеби мұраны, Абай поэзиясының озық дәстүрін игеруде, туысқан халықтар әдебиетінің, әсіресе орыс әдебиетінің жетістіктерін пайдалануда ірі қадамдар жасалды. Қазақ совет әдебиеті социологиялық тұрғыдан ғана емес, эстетикалық тұрғыдан да өзінің өнерпаздық арнасын анықтап алды.

30 жылдардағы қазақ совет әдебиеті (1930-1941). Елімізде болып өткен ұлы өзгерістер әдебиетіміз бен мәдениетіміздің де өркендеп өсуіне зор ықпалын тигізді. Қазақстандағы атам заманнан келе жатқан керуен жолын темір жол алмастырды. 1931 жылы Қарағанды мен Ақмола арасы, Сібір мен Түркістан өлкесі темір жол арқылы байланысты. Шымкент қорғасын з-ды, Балқаш мыс қорыту комбинаты, Қарағанды көмір бассейні, Зайсан мен Балқашта, Арал мен Каспийде балық з-дтары, Алматы, Семей т. б. облыс орталықтарында ет-сүт комбинаттары ашылды. Мұндай экономикалық өрлеу оқу- ағарту, мәдени өмірге де Қозғау салды. Қазақтың мемлекеттік университетінің (1934), Қазақтың ауыл шаруашылығының институтыныц ашылуы (1934), театр санының жиырмадан асуы, техникумдардың жүз жиырмаға жетуі, СССР ҒА-ның Қазақ филиалы құрылып, ғылыми-зерттеу институттарының ұйымдастырылуы Қазақстан өміріндегі елеулі уақиға болды.

Әдебиетіміздің буыны бекіп, бұғанасының қатуына түрлі ұйымдастыру жұмыстарының да әсері зор болды. Мыс., 30 жылдары шығып тұрған 140-қа тарта қазақ тіліндегі газеттерге қоса, 1934 жылы кітап баспасы ашылды. Нақ осы жылы 10 январьдан бастап «Қазақ әдебиеті» газеті жарық көре бастады. Орыс тілінде «Литературный Казахстан» (кейінгі аты «Литература и искусство Казахстана», бүгінгі «Простор» журналы) альманахы оқырман қолына тиді.

1932 жыды 23 апрельде БК(б)П Орталық Комитетінің «Әдебиет және көркемөнер ұйымдарын қайта құру турады «қаулысы бүкіл совет әдебиетінде каңа кезеңді бастады. Қаулыда атап көрсетілгеніндей советтік суреткерлерді түгел қамтитын ұйым, яғни овет Жазушыларының одағы қажет болды. ВОАПП, РАПП, РАПМ ұйымдарының жұмыстарында елеулі кемшіліктер жіберілді де, біртұтас ұйымның қажеттігін өмірдің өзі талап етті.

БК(б)П Орталық Комитетінің қаулысына сәйкес Қазақстан өлкелік партия комитеті «Көркемөнер мен әдебиет ұйымдарын қайта құру туралы» 1932 жылы 9 майда арнайы қаулы қабылдап, Қазақстанда совет Жазушылары одағын ұйымдастыру комитетінің құрамын белгіледі.

Көркем әдебиеттің алдына қойылар шарттар мен талаптар айқындала түсті. Бұл мәселеде, әсіресе, совет жазушылары бірінші съезінің (1934) атқарған ролі зор еді. Съезде М. Горький программалық баяндама жасады. Съезде С. Сейфуллип, I. Жансүгіров қазақ әдебиетінің өркендеу жайы жөнінде сөз сөйледі.

Съезде Совет Жазушылары одағы уставы қабылданып, социалистік реализм әдісі - әдебиетіміздің негізгі көркемдік әдісі ретінде бекітілді. Социалистік реализм - шындықты ешқандай бұрмалаусыз, тарихи нақтылық тұрғысынан және революциялық даму барысында көрсететін бірден бір тәсіл деп танылды.

1934 жылы июльде өткізілген Қазақстан жазушыларының съезі де жаңа әдебиеттің принциптерін сөз етіп, поэзия, проза, драматургия мен әдеби сынның алдында тұрған міндеттерін айқындады. Бұл съезд қазақ совет әдебиетінің Ұлы революциясынан бері қарайғы жетістіктерін қорытындылаған, сондай-ақ, олқы тұстарын атап көрсетіп, одан арылу жолдарын да нұсқаған Қазақстан жазушыларының тұңғыш съезі болды.

1936 жылы 17-27 мамырда Москвада өткен қазақ әдебиеті мен көркемөнерінің онкүндігі де революциядан кейінгі мәдени-әдеби табыстарымызды қорытындылап, жетістіктерімізді талғампаз астана жұртшылығының назарына ұсынды. Қазақ суреткерлері мен музыка қайраткерлері бұл үлкен сыннан сүрінбей өтіп, өздерінің табыстарымен Москва мамандарын таң қалдырды. «Правда» газеті (1936 ж. 27 май) Совет өнерінің мамандары «... осыншама қысқа мерзімде осының бәрі қалай жасалды деп таң қалуда» - деп жазды. Осы онкүндікке қатысқан өнер өкілдерінің ішінде ақын-жазушылардан Жамбыл Жабаев, Сәкен Сейфуллин, I. Жансүгіров, Б. Майлин, М. Әуезов, С. Мұқанов, Г. Мүсірепов, А. Тоқмағамбетов, Ғ. Тоғжановтар бар еді. Онкұндік қорытындысында Ж. Жабаев, С. Сейфуллин, Т. Жүргеновтар Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталды.

30 жылдар әдебиет тарихында қазақ совет әдебиетінің қалыптасқан, жан- жақты толыса түскен кезеңі ретінде белгілі. Бұл дәуірде қазақ әдебиеті көп жанрлы, терең мазмұнды, социалистік реализм шарттары мен талаптарын меңгерген әдебиетке айналды.

Дәуірлік құбылыстарға болсын, күнделікті маңызды оқиғаларға болсын жедел үн қосып, насихаттап отыратын поэзия екені қашаннан мәлім. Сондықтан да С. Сейфуллин, Б. Майлин, I. Жансүгіров, С. Мұқанов сияқты қаламгерлер өз творчестволарында проза, драматургиямен бірге поэзияны қатар өрбітті. Олардың жазушылық онерді поэзиядан бастау себебі де уақыттың, заманның аяқ алысына ілесіп, үн қосып отыруды абыройлы борыш санауынан еді.

Ақындар республика өміріндегі өзгерістерге қуанышын өлең, дастандар арқылы білдірді. Оқырман сезімін ояту, озатты насихаттау, нашарды әшкерелеу, дер кезінде қоғамдық пікір айту поэзияның алғырлығын, жылдамдығын қажет ететін жайлар. Мұны жақсы түсінген ақындар 30 жылдары қаламдарын ұштап, үкімет пен партияға көмекке келді.

30 жылдар поэзиясы бұрынғыдай махаббат, ақыл-нақыл поэзиясы емес, бұл жылдары енді саяси-әлеуметтік, публицистикалық лирикалар мен еңбек, отан сүйгіштік, гуманистік қасиеттерді жырлаған көлемді поэмалар көріне бастады. Табиғат, махаббат лирикалары жаңа өң-реңге ие болды. Заман ілгері шығарған тақырыптармен замандас бейнесін көрсетуге ақындар жаппай жұмылды.

Ақындар I. Жансүгіров, С. Мұқанов, А. Тоқмағамбетов, Ә. Тәжібаев, Т. Жароков, Ө. Тұрманжанов, Ғ. Орманов, Қ. Әбдіқадыровтар поэзия тобын бастап, жаңа тұрмысты жырлайтын жаңа өлеңнің үлгілерін жасады. Поэзия өлкесіне келген әр бір жаңа түр, жаңа өрнек, өзіндік қолтаңбамен келуі керек деген принцип ақындар алдына қатаң талап қойды. Ә. Сәрсенбаев, Қ. Аманжолов, Ж. Саин, Қ. Бекхожин, Ң. Сатыбалдин, А. Жұмағалиевтар сол талапқа сай, еңбек етіп, поэзияның түпкілікті кадры ретінде қалатындықтарын танытты.

Аталған дәуірде ең мол жырланғап тақырып қайсы дегенде алдымен жаңа еңбек зейнеті, социалистік құрылыстың жемісі, жаңарған адам бейнесі дер едік. Көш басындағы С. Сейфуллин болып, соңы жаңа қосылып жатқан жас ақындарға дейін социалистік еңбекті жырламағаны жоқ. «Қалаушылар жыры» (1930), «Жазғы егіске», «Колхозда», «Егін жайда» (1931) сияқты өлеңдерін С. Сейфуллин осы дәуірде жазған еді. I. Жансүгіров еңбек тақырыбын өндіре жазды десек, оған «Комбайн». «Алтын қазан» (1930), «Экскаватор», «Элеватор», «Тракторшыға» (1931) т. б. өлеңдерін мысалға келтірген болар едік. Көріп отырғанымыздай бұл туындылар ауыл тынысын, социалистік ауыл келбетін көрсетті. Б. Майлиннің «Коллективтің жырын айт» (1930), С. Мұқановтың «Малшының жыры» (1934), Ә. Тәжібаевтың «Айнабұлақ» (1930 А. Тоқмағамбетовтың «Түрксіб түйіскенде» (1930), Ғ. Ормановтың «Темірат» (1930), «Біздің ауыл» (1930), Ө. Тұрманжановтың «Байғыз» (1933) сияқты өлеңдерінің бірінде коллективтік еңбектің жемісі, колхоз дұшпандарымен күрес, ауыл тұрмысы жырланса, екінші біреулерінде өндіріс, қала тұрмысы, жаңа құрылыс суреттеледі.

Жаңа дәуір әкелген жаңалық 30 жылдары көлемді поэмалардың да арқауы болды. Ұлы өзгерістерді мол қамтып, жан-жақты суреттеу ұшін көлемді, кең алқымды поэма қажеттігін түсінген ақындар шағын лирикамен үн қоса жүріп бірнеше поэмаларды ұсынды. С. Сейфуллиннің «Альбатрос» (1933), «Қызыл ат» (1934), «Социалистан» (1935), I. Жансүгіровтің «Жаңа туған» (1933), С. Мұқановтың «Колхозды ауыл осындай» (1937), А. Тоқмағамбетовтың «Күзетте» (1934), Т. Жароковтың «Балабас» (1934), «Тасқын» (1936), Қ. Әбдіқадыровтың «Күласал» (1939) поэмалары аталмыш дәуірде ғана емес, бүгінде де маңызын жоғалтпаған шығармалар.

Тынымсыз ізденіс, батыл барлаулар, жалпы жаңашылдық сипаты жөнінен де 30 жылдар поэзиясы ерекше көзге түседі. Тақырып жаналығына қоса, түр, мазмұн, теңеулер жаңалығы, көне сөзді жаңа мазмұн беру үшін жаңарта пайдалану, тіл-стиль, ырғақ пен ұйқас, жалпы поэзиялық элементтердің жаңаруы женінен 30 жыл поэзиясындағы ерекшелік мол еді.

30 жылдар поэзиясындағы жаңашылдықтың озық үлгісін, әсіресе,Г. С. Сейфуллин, I. Жансүгіров, Б. Майлин, С. Мұқанов, өлеңдерінен айқын көруге болады. Сейфуллин қазақтың «тер сіңді» қара өлеңін жаңа сөз, жаңа теңеумен байытып, жаңа заман екпінін жаңа түр, жаңа леппен жазды. Бұл сөздің айғағы йетінде тек бір ғана «Советстанды» айтуға болар еді. С. Сейфуллин революциялық тақырыпты, патриоттық өлеңдерді марш түрінде жазды. «Жас қазақ марсельезасы». «Жолдастар», «Кызыл әскер маршы» сияқты өлендері бүгін де марш екпінімен әнге қосып айтылып та жүр.

Поэзиядағы жаңашылдық жөнінде сөз болғанда туысқан республикалар әдебиеттерінің өзара ықпалы, әсіресе, орыс әдебиетінің әсері үнемі ескерілуге тиіс. С. Сейфуллин жаңашылдығына орай әдебиетшілер В. В. Маяковский әсеріне көз тоқтатады. Қазақ ақыны орыс ақынының сөз айшығынан үйрене отырып, озі де кейінгіге жаңашыл дәстүр қалдырып, өнеге болғанын айту лазым.

I. Жансүгіров поэма жанрында жаңашылдығын мол танытты. «Оның эпикалық оқиғаны жырлай отырып, өзінің лирикалық үнін де қосымшалай естірте білгендігі - новаторлығы екенін айта кетпеске болмайды. Ал ақынның лирикаға эпикалық оқиғаларды фон ете білгіштігін айрықша бағалау қажет. Ол  қазақ поэзиясында новаторлық тың үлгілер жасап, қазақ совет әдебиетіне үлкен олжа салды» (М. Қаратаев, Ілияс Жансүгіров, А., 1959).

Ақын Б. Майлиннің жаңашылдығы бір қарағанда «қарусыз көзге» көріне қоймауы да ықтимал. Өйткені бұл оның шығармаларының қарапайымдығынан деп білсек, сол қарапайымдылықтың өзі көркем туындыға таптырмайтын қасиет. Екіншіден, Б. Майлин поэзияға диалогты тиімді қолданудың тамаша үлгісін жасады. Сол арқылы ол шатын лирикаға көлемді поэманың жүгін сиғызып, сұрақ-жауап, әңгімелесу, кеңесу түрінде келетін диалогтарды поэзияға батыл еңгізді. Үшіншіден, ол өзінің Мырқымбайы арқылы лирикада жиынтық бейне жасаудың үлгісін көрсетті. «Бейімбеттің осындай жатық та жүйрік өлеңдерінен де оның суретшілік лирикасы анағұрлым артық. Біздіңше, қазақ поэзиясында нағыз ауыл қазағын, қарапайым халықтың шынайы өмірін бар күйінде айнытпай бірінші көрсеткен Бейімбет Майлин» (Ә. Тәжібаев, Өмір және поэзия, А.,1960, 102-103-б.).

С. Мұқанов саяси-әлеуметтік лириканы дамытуға күш салды. «Поэзияда түр жаңалығын әкелуді көздеп, Сәбит Мұқанов осы салада көп ізденді. Ол тиімді түр тауып, поэзия тынысын кеңейту арқылы әлеуметтік лириканы биік белеске көтерді» («Қазақ әдебиетінің тарихы», 3-т., 1-кіт., А., 1967, 514-б).

Қазақ поэзиясының 30 жылдардағы елеулі табыстарының бірі тарихи тақырыпты игеру еді. Тарихи тақырып, әсіресе, поэма жанрында сәтті жазылып жүрді. Өйткені өткендегі сүреңсіз, әділетсіз өмір, қанау атаулының зардабы мен бүгінгі азат өмірді, жарқын болашақты, әділет пен бостандық заманды салыстыра көрсетіп, жаңа дәуірдің артықшылығын айқын суреттеу үшін поэма жанры мүмкіндігінің молдығын ақындар әбден түсінді. Қ. Әбдіқадыровтың «Бодық сопысы» (1936) мен «Дін сыры» (1940) ілгеріде айтылғандай ниеттен туған болатын. Ақын дін шырмауын, діннің апиындығын әшкере етті. Ал Қ. Сатыбалдин «Асан Қайғы - Жамбыл» (1937) поэмасында Асан таппаған жерұйықты Жамбыл тапты деген идеяны айтты. Бұл Совет үкіметінің арқасы деп, жаңа заманды насихаттады. Мұндай салыстыра жырлаудың оқырманға әсері күшті болатыны мәлім. Енді бір топ ақындар қазақ халқының өткендегісін көркем бейнелеп, елдің, ұлттың жақсы дәстүрлерін көрсетуге ден қойды. Жамбылдың «Өтеген батыр» (1937), «Сұраншы батыр» (1938), Ғ. Малдыбаевтың «Қырым қызы» (1933), Д. Әбілевтіц «Шалқыма» (1938), Ә. Сәрсенбаевтың «Ақмаралдың жүрегі» (1938) т. б. поэмалары ердің ерлігін, елдің елдігін, таптар мен топтар арасындағы күресті, бас бостандығы, махаббат еркіндігі үшін алысқан қыз тағдырын суреттеді. Сөйтіп өткен замандағы қатігез тағдырды, оқырманның көз алдына елестетті.

Өз алдына бөлек сөз етуге лайық қазақ поэзиясының ең озық үлгілері - I. Жансүгіровтің «Дала» (1930), «Күйші» (1935), «Құлагер» (1936), Ә. Тәжібаевтың «Оркестр» (1935), «Абыл» (1940), Қ. Бекхожиннің «Ақсақ құлан» (1939, үзінділері жарияланған), И. Байзақовтың «Алтай аясында» (1925 ж. бастап отызыншы жылдары аяқтаған), «Ақбөпе» (1940), Ж. Саиннің «Күләнда» поэмалары.

I. Жансүгіровтің «Күйші» мен «Құлагер» поэмаларын М. Әуезовтен артық бағалау мүмкін емес. Ол «Бұл шығармалар біздегі поэзия мәдениеті Абайдан соңғы дәуірде, революциялық тәрбие нәтижесінде биік сатыға шыққанын дәлелдейді» - деп жазды (М. Әуезов, «Әр жылдар ойлары», А., 1959, 386-б.). Ал Ә. Тәжібаев поэмалары ойдың айқындығы, идеяның тереңдігі, поэтикалық тіл жөнінен шоқтықты шығарма ретінде қабылданды.

30 жылдардың поэмалары ақындарымыздың эпикалық құлашының кеңдігін, образды ойлау, халық тарихы мен бүгінгі заман келбетін өрнекті сөз кестесімен жеткізе суреттеу шеберлігінің арта түскенін дәлелдеді. Көркем бейнелеу жолындағы ізденістеп кен өріс таба бастады.

Ұлы Отан соғысына дейінгі қазақ поэзиясын көркейтуге екі түрлі күш ат салысты десек, бірі ілгеріде творчестволарына тоқталып өткен ақындар тобы да, екіншісі - Жамбыл. Нұрпейістер бастаған халық ақындары еді.

Халықпен бірге жасасып келе жатқан фольклор дәстүрі бұл кезеңде жаңа сипатқа ие болды. Фольклордың тақырыбы жаңарды. Бейнелейтін нысанасы өзгерді. Бұрыннан демократиялық бағыт ұстанған халық ақындары ент өз ойларын айқын айтуға мүмкіндік алды. Олар тұтас ел тағдырын, ед сүйген ерді, революция әкелген бостандық пен теңдікті, еркін еңбек жырлады.

Жамбыл Жабаев (1846-1945), Нұрпейіс Байғанин (1860-1945), Иса Байзақов (1900-1946), Нартай Бекежан(1890-1954) секілді дарын иелері көне фольклорлық теңеулерді жаңаша сөйлетін, жаңа заманды бейнелеуге пайдаланды. Әрине, халық ақындарының бәрі бірдей осы дарындардай советті дәуір артықшылығын, жарқын болашақты бірден түсініп жырлап кете қойған жоқ. Мұнда ең алдымен білім тапшылығы басты кедергі болғанын айту керек. Осы тапшылықты дер кезінде сезген үкімет пен партия халык ақындарының сауатын көтеріп, дәуір жаңалығын түсіндіру қажеттігін нұсқады. 20 жылдары қолға алынған біраз шаралар іске асырылып, 30 жылдары тағы да жаңа істер атқарылды.

СССР жазушыларының 1-съезінен кейін халық таланттарына ерекше ықылас ауды. Оған М. Горький қорытынды сөзіндегі халық таланттарын сақтаңдар деген кеңесі зор себепкер болған еді. Халық арасынан шыққан дарындарға деген құрметті 1936 жылы майда Москвада өткен әдебиетіміз бен өнеріміздің онкүндігіне Жамбыл, Кенен, Тайжан сияқты халық ақындарының қатыстырылуынан аңғаруға болар еді және олардың кейбіреулеріне ордендер мен медальдар берілуін айтсақ та жеткілікті. 1938 жылы Халық творчествосы үйінің ашылуы да халық ақындарына қамқорлық еді. Ең бастысы 30 жылдары халық ақындарын сауаттандыру, саяси-мәдени білім беру курстары мен семинарларынын жүргізілуі еді. Осындай бір семинар 1937 ж. Қазақстан Жазушылар одағының ұйымдастыруымен өткізілді. Оған республиканың түкпір-түкпірінен 40-қа тарта халық ақындары мен жас ақындар қатысты. Қазақ совет әдебиетінің аға буын өкілдері М. Әуезов, С. Мұқанов, М. Қаратаев, Т. Жароковтар сухбат өткізіп, Октябрь революциясы, Коммунистік партия, республика тарихы, дүние жүзілік ұлт-азатық қозғалыстар жөнінең мәлімет беріп отырды. Әдебиет мәселелері, арнайы сөз болып, классикалық үлгілер таныстырылды. Мұндай семинарлар үш жыл бойы дүркін-дүркін өткізіліп тұрды.

Халық ақындарын ел өмірімен жақын таныстыруды, өмірмен байланыстыруды көздеген өндіріс орындары мен колхоздарға командировкалар ұйымдастырылды. Жамбылдың «Жаз қыры», «Одақ» (1937), Нұрпейістің  «Ғажайып көрме» (1939), Исаның «Он бір күн, он бір түн» (1938) дастаны осындай ел өмірімен жаксы танысуы нәтижесінде дүниеге келді және соның нәтижесінде ғұмырлы шығармаға айналды.

Жоғарыда аталған шаралардың негізінде фольклордың айтыс жанры да өзгеше сипат, өзгеше мазмұнға ие болды. Енді ру, ру басыларды мадақтау емес, облысты, колхозды, өндіріс орнын, жалпы республпка, Одақ көлеміндегі өзгерісті мақтан етіп, әр ақын өз көзімен көрген жаңалықтарды жырға қосып, айтыс мазмұнын жаңаша жырлады.

30 жылдары жазба әдебиеттің өкілдері болсын, ауыз әдебиетінің өкілдері болсын, бірлесе отырып Окт. революциясы әкелген дәуір өзгерісін, Коммунистік партияның сара басшылығын жырлады. Бұл дәуірдегі ең басты кейіпкер пролетариаттың ұлы көсемі В. И. Ленин еді. Октябрьлық революциясынан басталған қазақтың ақындық ленинианасының көркемдік сапасы толыға, молыға түсті. 20 жылдардағы Ленин қазасына байланысты туған аза тұту сарыны 30 жылдары Лениннің жанды бейнесін жасау ниетіне ұласты. Халық ақындарының ақсақалы Жамбылдан бастап, ауыз әдебиеті өкілдері де, С. Сейфуллин бастаған профессионал ақындар мен жеткіншек ақындарға дейін бұл дәуірде Ленинді, лениндік партияны жырламағаны жоқ еді. Сондықтан да қазақ ленинианасы ауыз әдебиеті үлгісінде де, жазба әдебиеті үлгісінде де қатар өріс алды.

Бұл кезеңде ақындардың ішінеп Жамбыл Жабаев пен Иса Байзақов ерекше көзге түсті. Жамбылдың Одақ көлеміне, одан әрі прогресшіл елдерге тапылуына 1937 ж. «Правданың» 7 май күнгі санында «Туған елім» дастанының жариялануы себеп болды. Бұл түптеп келгенде, біріншіден, Жамбылдың ақындық талантын таныту болса, екіншіден, екі дәуірді де бастан кешірген халық ақынына үкімет пен партияның көрсеткен қамқорлығы, әрі құрметі еді.

Иса Байзақов қысқа өлеңдерімен қатар халық әндеріне лайық текст шығару шеберлігімен ерекше танылды. Халық мелодиясымен айтылып журген «Назқоңыр», «Ақ Дариға», «Қанат талды» тағы басқа ондаған ән текстерін шығарған Иса екенін бүгінгі әншілердің де, ән әуесқойларының бәрі білуге тиіс дәлелденген шындық.

Иса дарыны, әсіресе, эпикалық жанрда айқын көрінді. Қағазға жазбай, табан астында дастан шығару және «Құралай сұлу», «Ақбөпе», «Қырмызы - Жанай», «Кавказ», «Ұлы құрылыс», «Алтай аясында», «Он бір күн, он бір түн» сияқты көркем шығарма тудыру тек Исаның ғана талантына тәп еді. Исаның өзгеше бір қасиеті импровизатор, төкпе ақындығы болса, екінші қасиеті ешбір поэмаларында уақиға қайталау, ұйқас қайталау кездеспейді. Ақынның поэтикалық эволюциясын бақылағанда 30 жылдардағы шығармаларында жазба әдебиетке бет бұрғанын байқауға болады. Мыс., 1927 жылғы «Ұлы Октябрь» толғауы мен 1939 жылғы «Кавказ» дастанын салыстырсақ, соңғысында көне ауыз әдебиеттілік теңеулердің азайғанын, жазба стиліне ойысқанын аңғару қиын емес. Асылы ақын 30 жылдары жазба әдебиет мәнеріне көшуге ипет еткен болса керек. Бұл пікірімізді 20 жылдары шығарған «Алтай аясында» (1925) сияқты тағы басқа туындыларына 30 жылдары көп өзгеріс енгізіп, жаңа нұсқасын жасауы бір дәлелдесе, екі нұсқаны текстологиялық салыстыру да ап-айқын көрсетіп берер еді. Сонымен Иса ауыз әдебиетінің де, жазба әдебиетінің де дәстүрлерін сәтті ұластырып, 30 жылдар поэзиясына елеулі үлес қосты.

Жалпы Жамбыл мен Иса ғана емес, халық ақындарының қай-қайсысының да бұл дәуір әдебиетіне қосқан үлесі аз емес екені бүгін де дәлелденген шындық.

Революцияға дейін, тіпті 20 жылдардың өзінде, поэзия саласының салмағы басым келсе, аталмыш он-жылдықта проза кең етек жайды. С. Сейфуллин, Б. Майлин, I. Жансүгіров сынды ақындар өздерін шебер прозаик ретінде де танытты. I. Жансүгіровтің «Жолдастар» (1933) атты аяқталмаған романы, Б. Майлиннің новеллалары мен «Азамат Азаматыч» (1934) романы, С. Сейфуллиннің «Жемістер» (1935) повесі проза жанрының шоқтығын көтере түсті.

Прозаның дамып, ілгері шығуы, сөз жоқ, жазушылар қатарына жаңа күштердің келіп қосылуымен байланысты еді. Р. Мұстафин, С. Ерубаев, Д. Әбілев, Ғ. Сланов, Ә. Әбішев, С. Камалов, С. Омаровтар бұл дәуірде құнарлы шығармаларын ала келді.

Ұлы Отан соғысына дейінгі он жылда дүниеге келген Б. Майлиннің «Азамат Азаматыч», С. Мұқановтың «Жұмбақ жалау», С. Ерубаевтың «Менің құрдастарым», Ғ. Мұстафиннің «Өлім не өмір» атты романдары кейбір сюжет желісіндегі селкеулігі, композициялық олқылығы бола тұра, қазақ совет романистикасының сол кездегі үлгілері ретінде танылған құнды шығармалар еді.

С. Сейфуллии бастаған мемуар жанры С. Мұқановтың «Менің мектептерім» романымен жалғасын тапты.

Советтік жаңа өмір әдебиетке жаңа тақырып, жаңа кейіпкер әкелді. Бесжылдықтың екпінді майданың социалистік жаңа қоғамның артықшылығын жаңаша насихаттау қажеттігі туды. Ол үшін жаңа түр, жаңа тіл, жаңа стиль жолындағы ізденістер қажет болды. Оған қаламгерлер жұмыла кірісті. Нәтижеде бірнеше көлемді роман, мазмұнды повестер туды, шағын әңгіме, новеллалар дүниеге келді. Революцияға дейінгі әдебиетте көріне бермеген очерк жанры пайда болып қана қойған жоқ, көркемдік деңгейге көтерілді, ал ішінара бой корсетіп келген сатира өз алдына жанр ретінде қалыптасты.

Бұл дәуірде қазақ совет әдебиетінің тақырыптық ауқымы артты. 20 жылдары жазушы-ақындар түгел дерлік ден қойған коллективтендіру, қазақ аулындағы колхоз құрылысы тақырыптары 30 жылдары көркемдік деңгейде жазылып, әдебиетте өзіне лайық шешімін тапты. Бұл салада, әсіресе, Б. Майлин еңбегі ерекше тоқтап өтерлік. Ауыл өмірі, ауыл адамының бейнесі оның әр шығармасында әр қырынан көрінеді. Мыс., «Қара шелекте» колхозға бірігу мәселесі әңгіме болса, «Ұлбосында» ауыл белсенділері әшкереленді. «Даудың басы - Дайрабайдың көк сиыры», «Арыстанбайдың Мұқышы», «Колхоз қорасында» (1930), «Қызыл әскердің үйі» (1931), «Әміржанның әңгімесі» (1932), «Он бес үй» (1933), «Берен» (1935), «Қырманда» (1936) әңгімелері мен повестерінде, «Азамат Азаматыч» романында Б. Майлин ауыл өміріндегі, колхоз тұрмысындағы пайдалы да зиянды іс-әрекеттерді шынайы суреттеді. Майлиннің кейіпкерлері ауыл адамдары, әсіресе, тең праволы, ауыл әйелдері болып келеді. Ескілік шырмауынан босанған, мемлекеттік іске араласқан әйелдер образын жасау арқылы жазушы жаңа қоғамды насихаттаудың сәтті формасын тапты. Сонымен қатар ол қазақтың реалистік прозасының өркендеуіне айтарлықтай еңбек сіңірді.

Аталмыш дәуірде проза жанрының, әсіресе, көркем әңгіменің қанат жаюына еңбек сіңірген екі жазушы ерекше назар аударады. Соның бірі - М. Әуезов. Бұл кезеңдегі Әуезов творчествосының да негізгі арқауы - колхоз тұрмысы, жаңа тұрмысты орнатушы еңбек адамы. «Іздер» (1932), «Құм мен Асқар» (1934), «Қасеннің құбылыстары» (1934), «Шатқалақ» (1935), «Бүркітші» (1937) әңгімелері замана бейнесін, замандас бейнесін көрсетумен қатар, социалистік құрылысқа қарсы жасалған зиянды әрекеттерді, жау элементтерді де әшкере етеді. Қатардағы шопан адал жанды Несіпбай, колхоз бастығы, көпшілік қамын ойлайтын Құлжатай («Іздер»), колхозға қарсы астыртын әрекеттерді ашқап ферма бастығы, ақылды Самат т. б. бейнесі шынайы бейнеленді. Сондай- ақ М. Әуезов бұл шығармалары арқылы совет әдебиетіндегі жаңа адам проблемасын шешуге ат салысты.

Социалистік құрылыс, коллективтік еңбек, жаңа қоғамның ынталы еңбеккерлері Р. Мүсірепов творчествосының да жібек желісіне айналды. «Бір адым кейін, екі адым ілгері», «Шұғыла», «Күсен», «Талпақ танау» әңгімелері сол кездің көріністерін шынайы суреттейді. Алайда көркем әңгімеден гөрі очерктік элементі басым келетін шығармалары да жоқ еместі. Мыс., «Шұғыла» оқырмандарына елеулі әсер қалдырды. Ал «Талпақ танау» (1933) әңгімесі жаңа өмірден ойып алғандай жинақы, көркем әңгіме үлгісін танытты. Мұндағы Сәден мен Есен характерлері жазушының психологиялық сәттерді байқағыштығып, қалыптасқан стилін аңғартты. Ең бастысы - әдемі юмор Мүсірепов творчествосының негізгі сипатына айпала бастады. Мүсірепов-новеллистке тән екінші бір ерекшелік - романтикалық сарын еді. 30 жылдары жазған ана туралы циклдерінде ол ана образын романтикалық пафоспен, көтеріңкі леппен суреттеді.

Көптеген зерттеулерде Мүсірепов ана туралы циклдерінде М. Горький- ге еліктеді деген пікір айтылады. Алайда, ол еліктеді, үйренді деген- мен, қазақ топырағынан жаралған, ұлттық сипаты мол аналар бейнесін жасағанын да атай өту абзал. Айталық «Ашынған анадағы» (1933) Қапия ұлттық бояуы қанық бейне. 1916 жылғы дүрбелеңде Қапия жасы ұлғайтылып солдатқа жіберілгелі тұрған баласына араша түспек болады. Болысты өлтіріп қамауға алынады да ол ақыры революциядан кейін босайды. Ал «Ананың арашасында» қызыл әскерді аман алып қалып, өз басын қатерге тіккен Нағима суреттеледі. «Ананың анасында» жау қолына түскен жас қызды босатып алып қайтқан ана образын көреміз. Осылардың қай қайсысында да аналар қазақ әйеліне тән мінездерімен бейнеленген.

Әңгіме жанрының толысуына М. Дәулетбаев, С. Ерубаев, Ж. Тілепбергенов т. б. айтарлықтай ат салысты. М. Дәулетбаевтың «Теңіз оқиғасы» (1930), Ж. Тілепбергеновтың «Сарайдағы сауда», С. Ерубаевтың «Бақыт» новелласы мен «Өмір көркемдігі», «Мәңгілік өмір», «Келесі соғыс туралы» т. б. новелла-әңгімелерінде публицистикалық және лирикалық прозалардың тамаша үлгілері жасалды.

Бесжылдықтар дәуірінде қазақ прозасының жаңа бір түрі дүниеге келді. Б. Майлин, Ғ. Мүсіреповтер қазақ юмористикасын дамытса, I. Жансүгіров, Қ. Тайшықов, А. Тоқмағамбетов, Д. Еркінбеков, С. Төлешевтер сатиралық прозаны қолға алды. I. Жансүгіровтің сатиралық шығармалары «Құқ» (1935) деген атпен бөлек жинақ етіп шығарылды. Қадыр Тайшықов (1900-1938) сатираларын «Күлмеске не?» (1936) деген жинағы арқылы өз оқырмандарына ұсынды. Ал Д. Еркінбековтың «Шаншу» аталған жинағы (1936) көпшілік арасына кеңінен тарады.

30 жылдар қазақ повестерінің сан жағынан да, сапа жағынан да өскен кезеңі болды. Қазақ әдебиетіндегі жанрлық ізденістердің тамаша нәтижесі - повестердің көркемдік сапасының артуы еді. Жазушылардың тақырып талғамы артты, социалистік реализм принциптерін меңгере түскені байқалды. С. Сейфуллиннің «Жемістері» (1935), Б. Майлиннің «Он бес үй» (1933), С. Мұқановтың «Балуан Шолағы» (1939), С. Шариповтың «Рузи Ираны» (1935) мен «Ләйла» (1936), «Бекболаты» (1937), Ә. Әбішевтің «Завалы» (1936) мен «Армансыздары» (1937), Ғ. Слановтың «Арман ағысы» (1937), Ж. Тілепбергеновтің «Таңбалылары» (1930), О. Бековтың «Советбике» (1930), С. Камаловтың «Ұшқыннан өрті» (1931) қазақ прозасына байсалды повестердің келгенін хабарлағандай еді.

Азамат соғысы кезіндегі аласапыран, ақтардың халыққа көрсеткен азабы, қызыл әскердің әкелген азаттығы С. Сейфуллин шығармасының басты нысанасы. «Жемістерде» сіңірі шыққан кедей қызы Ғани Совет өкіметінің арқасында оқып адам болады Жалпы С. Сейфуллин шығармалары на тән қасиет – революциялық леп. Сейфуллин кейіпкерлері «Құдай салды, мен көн дімнің» адамдары емес, азаттық үшін алыса білетін, бейбітшілік үшін бел десе түсетін күрес адамдары.

С. Сейфуллин сияқты қоғам жұмысы мен жазушылық жұмысты бірдей жүргізген қаламгер С. Шарипов әдебиет тарихында бірнеше әңгімелерімен қатар «Рузи Иран», «Ләйлә», «Бекболат» повестерімен әйгілі.

Сабыр Шарипов творчествосы негізінен шетел өмірінен жазылған повестерімен танымал десек артық етпейді. Оның «Рузи Ираны» мен «Ләйләсі» Иран елінің мүшкіл тағдырын сөз етеді. Бұл шығармаларда жазушының коммунистік позициясы айқын, идеясы терең.

30 жылдардағы повестердің бәрі дерлік сәтті шықты деп сыдыртып өте шығу ағаттық болар еді. Бұл кезеңнің туындыларынан әлі де болса повесть жанрын жазудағы тәжірибенің аздығы кейбір идеялық олқылыққа, композициялық, стильдік ақаулықтарға соқтырғанын да айта өту қажет. Айталық С. Мұқановтың «Балуан Шолағы» материалының көпшілікке таныс, сюжеттік желісінің қызғылықтығымен жұрт назарын аударғаныменидеялық әлсіздіктен де ада емес еді. Ә. Әбішевтің «Армансыздарында» образдар даралылығы жетіспей жатса, Ғ. Слановтың «Арман ағысы» кезінде өте тәуір болғанымен, стилистикалық ала-құлалықтан аулақ еместін. Дегенмен, тұтастай алғанда жоғарыда қысқаша тоқталып өткен шығармалар қазақ прозасының белгілі бір деңгейге көтерілгеніне айғақ болғаны шүбәсіз.

Қазақ прозасында роман жанрының да профессионалдық деңгейінің көтерілген кезі - осы 30 жылдар еді. «Қазақ әдебиетінің өткен тарихында романның мұндай шарықтап ескен, жанрлық мүмкіндіктері мол жарыққа шыққан кезеңі болған емес» («Қазақ әдебиетінің тарихы», III т., 1-кіт., 1967, 175-б). Қазақ романдары бұл дәуірде түрлі тақырыпқа барлау жасады. Тап тартысы, коллективтендіру жолындағы астыртын кастандықтармен күрес, Қазақстанда жаңа өріс алып келе жатқан өндіріс проблемасы, тарихи, революциялық тақырып т. б. қазақ романының кеңінен сөз еткен тақырыптары болатын. Мыс., ұлы төңкеріс, екі тап арасындағы кескілескен күресті С. Мұқановтың «Жұмбақ жалауы» (кейінгі аты «Ботагөз»), I. Жансүгіровтің «Жолдастары», М. Дәулетбаевтың «Қызылжары» негізгі арқау етсе, төңкерістен кейінгі ауыл өмірін С. Мұқановтың «Теміртас» (1935), Б. Майлиннің «Азамат Азаматыч», ал өндіріс тақырыбын С. Ерубаевтың «Менің құрдастарым», Ғ. Мұстафиннің «Өмір не өлім» романдары шынайы бейнеледі.

Бұл дәуірде бірнеше романдар алғаш журналдық нұсқада жарық көріп, оқырман қолына жеткен болатын. Олардың ішінен С. Мұқановтың «Өмір мектебінің» алғашқы бөлімдерін, Б. Майлиннің «Қызыл жалау» романының үзінділерін, М. Әуезовтің «Абай» романының жекелеген тарауларын ауызға алуға болады.

30 жылдардағы қазақ романдары Атымтай, Балта, Қылыш, Громов («Қызылжар»), Қали, Нұрәділ, Сатап, Мәмет, Мардан («Жолдастар»), Азамат Азаматыч («Азамат Азаматыч»), Теміртас («Теміртас»), Асқар, Ботагөз, Амантай, Кузнецов («Жұмбақ жалау»), Таңат, Ниетқабыл, Сақи, Керей («Дөң асқан»), Рахмет, Лиза, Ықылас, Мырзаш, Қали («Менің құрдастарым»), Бораш, Сейтқали («Өлім не өмір») тағы басқа ондаған ұнамды кейіпкерлер галереясын жасады.

Тұтастай алғанда бұл дәуірдегі романдар қаламгерлеріміздің жазушылық мәдениетінің артқанын, проза саласындағы шеберліктерінің жетіле түскенін танытты. Ең басты мәселе ретінде өмірлік материалды көркемдік сатыға көтере жазудың тәуір үлгілерінің жасала бастағанын айтуымыз керек. Рас, оқиға қуалаушылық, құрғақ баяндауға бой алдыру, кей жазушылардың жанр сырын терең меңгере алмауы сияқты олқылықтар болды. Алайда бұл бүкіл әдебиетімізге тән емес, жекелеген шығармаларда ғана ұшырасатын ақаулар еді.

Соғысқа дейінгі дәуірде бір тақырыпқа бірнеше романдар жазылды. Уақиға кезеңі де, жазушы өмір сүріп отырған кез де бір, бірақ қолтаңба, стиль басқа, шеберлік деңгейі әр түрлі. Социалистік реализм принципіндегі түрлі стильдердің өріс алуына жағдай жасау мәселесі өзін өзі растады. Түрлі таланттар турліше қырынан танылды.

Әдебиетіміздің күре тамырлы мәселесі - жаңа адам, ұнамды кейіпкерлер проблемаларын көтеріп, роман жанрына өзек өтуде озық үлгі көрсеткен Бейімбет Майлин, Саттар Ерубаев, Сәбит Мұқановтар кейінгілерге ерекше дәстүр қалдырды. Бұл қаламгерлердің роман-повестері өзінше бір стильдік мектеп іспетті болды.

30 жылдардағы қазақ романдары көркем прозамыз саласында көтерілген биігіміздің, қол жеткен табысымыздың олқы емес екендігін дәлелдеді.

Қазақ драматургиясының туу, даму, қалыптасу кезеңдерін жалпы әдеби процестен бөлек қарастыруға болмас еді. Өйткені драматургияның да жанр ретінде туып, қалыптасуына көркем әдебиеттің өркендеуіне әсер еткен жайлар тікелей ықпалын тигізген болатын. Айталық 1932 ж. 23 апрельдегі БҚ(б)П Орталық Комитетінің «Әдебиет және көркемөнер ұйымдарын қайта құру туралы» қаулысы да, 1934 жылғы Совет Жазушыларының І-съезі де драматургияның дамуына әсер етпей қойған жоқ. Алайда, үкімет пен партияның көркем-өнердің, театрдың дамуына жағдай жасаған шаралары мен қаулы-қарарларының тигізген әсері ерекше болды. Өйткені драматургиясыз театр, театрсыз драматургия езіп әлсіз сезінген болар еді.

1929 жылыжелтоқсанда Қазақстан Өлкелік партия комитеті өткізген пленумда қазақ театрының репертуары мен драматургпя мәселесі арнайы сөз болды. Социалистік шындықты көрсететін, жаңа дәуірді уағыздайтын пьесалар жиікөрсетілу қажеттігі атап етілді. Бұл мәселе қаламгерлерге де, театр қайраткерлеріне де зор міндет жүктеді. Театр мен драматург бірлесе отырып, жаңа заман тақырыбына жазылған бірнеше пьесаны сахнаға шығарды. Мыс., Б. Майлиннің «Майдан», I. Жансүгіровтің «Кек», Қ. Байсейітов пен Ж. Шаниннің «Тартыс» атты пьесалары қойыла бастады.

1931 жылы 1 ноябрьде Қазақстан Өлкелік партия комитеті «Қазақ драма театрының хал-жайы мен оның міндеттері туралы» қаулы қабылдады. Мұнда өнер мамандарын көбейту, ірі-ірі елді мекендерде қазақтың ұлттық театрларын құру міндеттері жүктелуімен қатар драматургияға да қатысы бар, спектакльдердің идеясы терең, көркемдік сапасы жоғары болу мәселесі көтерілді.

БҚ(б)П Орталық Комитетінің 1932 жылғы 23 апрельдегі қаулысынан кейін Қазақтың Халық ағарту комиссариаты театрдың кезек күттірмес мәселелері жөнінде коллегия шақырып шешім қабылдады (1932, 9 дек.). Онда театр білгір мамандармен толықтырылғанша жаңа пьеса қойылмай, бұрынғы репертуары ғана көрсетілсін дегенді атап көрсетті.

Қазақстан Өлкелік партия комитетінің 1933 ж. 8 сентябрьдегі «Ұлт өнерін дамыту шаралары туралы», Халық ағарту комиссариатының 9 және 20 сентябрьдегі қаулылары нәтижесінде облыс орталықтарында қазақ театрлары ашылды. Алматыда музыка студиясы ашылып, ол 1934 жылы 13 январьда өз сахнасын «Айман-Шолпан» музыкалы комедиясымен ашқан болатын. Сонымен Семейде (1934), Орал мен Шымкентте (1938) театрлар жұмыс істей бастады. Жалпы алғанда 1937 жылы республикада 20 театр көрермен қауымға қызмет етті. М. Әуезовтің «Еңлік-Кебек», «Айман-Шолпаны», «Түнгі сарыны», Ғ. Мүсіреповтің «Қыз Жібегі» сахнада көрсетіле бастады.

Республикада театрлардың көбеюі, сөз жоқ, драматургияны жедел өркендетуге әсерін тигізді. Проза, поэзиямен айналысып жүрген қаламгерлер пьеса жазумен де шұғылдана бастады. 1920 жылы жазылған С. Сейфуллиннің «Қызыл сұңқарлары» қайта өңделіп, 1936 жылы сахнаға шықты. Бұл қазақ драматургиясындағы тұңғыш тарихи революциялық пьеса еді.

Драматургтер өз пьесаларында өмірдің көкейтесті мәселелеріне назар аударды. Проза мен поэзиядағы жазғандарын қайталамай, тың сюжет, татымды тартыс желісін құруға күіп салды. Бұл жолдағы ізденістер мен барлаулар жеміссіз болған жоқ. Б. Майлиннің «Майдан», «Талтаңбайдың тәртібі», I. Жансүгіровтің «Түрксіб» пен «Мін де шап», «Кек» пьесалары, Ж. Шаниннің «Шахтасы», М. Әуезовтің «Тас түлектер», «Алма бағында», «Шекарада», Ш. Хұсайыновтың «Марабайы» дүниеге келді.

Аға драматургтер қатарына жас күштердің келіп қосылуы драматургиялық репертуарды әрі молайтты, әрі жаңа леп, жаңа стильдермен толықтырды. Ғ. Мүсірепов, Ә. Тәжібаев, Ә. Әбішев, Ш. Хұсайынов, М. Ақынжановтар төл шығармаларын әкелді. Бұлардың әр қайсысы өз шығармалары, өз үн-әуендерімен, өзіндік тақырып талғамынан туған ерекшеліктерімен келді. Ғ. Мүсірепов «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш - Баян сұлуын», Б. Майлинмен бірлесіп жазған «Аманкелдісін», Ә. Тәжібаев М. Әуезовпен бірлесіп жазған «Ақ қайыңын», Ә. Әбішев «Жолдастары» мен «Отан үшін» пьесаларын, Ш. Хұсайынов «Боранын» ұсынды.

30 жылдары қазақ драматургиясының қалыптасуына тікелей еңбек сіңірген Б. Майлин болды. Ол күре тамырлы тақырыптардың қай-қайсысына да қалам жұмсап, маңызды шығармалар бере білді. «Біздің жігіттерде» тап қайшылықтарын айқын көрсете алса, «Жалбырда» және «Аманкелдіде» болған уақиғалар негізінде азаттық үшін қол жиып, күреске аттанған ел ұлдарының бейнесін шынайы көрсетті. Прозаик, ақын Майлиннің «меншікті» тақырыбы іспетті болған әйел теңдігі, махаббат еркіндігімәселесін «Шұғада» (1934), коллективтендіру кезіндегі іс-әрекеттерді «Майдан» (1933), «Талтаңбайдың тәртібі» (1934) шығармаларында нанымды жазды. «Шұға» пьесасы туралы «Социалистік Қазақстан» газетінің бас мақаласында айрықша мән беріліп, зор бағаланды. Мұнда «қазір «Шұғаға» кеңес жұртшылығы риза болып жұр, бұл пьесаның өзі социалистік ұлт көркемөнері құрылысындағы елеулі оқиғаның бірі болып отыр» - деп жазылды («Социалистік Қазақстан», 1934 ж. 10 июнь). Ал «Майдан» пьесасы жөнінде Қазақстан жазушыларының бірінші съезінде (1934) М. Әуезов «Бүгінгі заманның ірі серпінінің басы - «Майдан», - деп бағалады. Рас, бұл пікірдің авторы Майлин пьесаларының олқы тұстарын көрмей қалғап жоқ, сол 30 жылдар әдебиеті деңгейінен автордың драматургиямызды өркендетуге қосқан үлесі тұрғысынан бағалады. Уақиғаның нанымды баяндалуы және өмірде болған жайлардан алынуы, әр кейіпкердің өзіне лайық диалог құру, халыққа ұғыныңқы жатық тілмен жазу шеберлігі күні бүгін де өз маңызын жойған жоқ.

30 жылдары драматургиямызды өркендетуге М. Әуезов әр салада еңбектеніп, орасан зор үлес қосты фольклорлық негізде «Айман-Шолпан», «Бекет», революциялық тақырыпқа «Түнгі сарын», «Ақ қайың», жаңа заман келбетін көрсететін «Тас түлек», «Тартыс», «Шекарада», «Алма бағында», тарихи тақырыпқа қазақ драматургиясының шоқтықты туындысы «Абай» пьесаларын жазып драматург ретінде үлес қосса, драматургия сыны мен театр сынына мақала-зерттеулерімен еңбек сіңірді. Л. Соболевпен бірлесіп жазған «Абай» (1939) трагедиясы драматургиямыздың ғана емес, театр оперіміздің мақтанышына айналды. 1940 жылы 30 октябрьде қойылған бұл трагедия күні бүгінге дейін сахнадан түскен жоқ. Драматург мұнда Абай өмір сүрген замандағы арылмас індеттерді көрсетудің кілтін таба алды. Айдар мен Ажар махаббаты желісін тарта отырып, Абайдың азаматтық, ел қамқоры болған, әділеттікті қорғаған гуманистік қасиеттерін көрсете білді. «Абай» трагедиясы келешекте дүниеге келетін Абай туралы эпопеяның бастамасы да, жазушы ойында, толғатуда жүрген Абай бейнесінің қорытындысы да деуге лайық туынды болып шықты.

Ілгеріде айтылғандай М. Әуезовтің драматургия, театр тану жөніндегі еңбегі - әлі толық зерттеліп болмаған сала. Оның «Жақсы пьеса - сапалы әдебиет белгісі» («Әдебиет майданы», 1934, № 5), «Қазақ сахнасындағы аударма пьесалары» («Қазақ әдебиеті», 1937, 6 март), «Ревизордың» аудармасы туралы» («Қазақ әдебиеті», 1936, 2 октябрь), «Драматургияның бүгінгі жайы мен алдағы міндеттері» («Қазақ әдебиеті», 1934, 7 июль) т. б. сан алуан мақалалары драматургияның теориялық және шеберлік мәселелерін көтеріп, ілгері басуыпа қолғабыс етті.

Фольклорлық мұраны негіз өте отырып, заман талабына сай пьеса жазудың «Еңлік-Кебектен» басталған дәстүрі 30 жылдары одан әрі жалғасты. Оның мысалын М.Әуезовтің «Айман-Шолпан», С.Камаловтың «Ер Тарғынынан», Ғ. Мұсіреповтің «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш-Баян сұлуынан» көруге болады.

«Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» трагедиялары театр өнеріміздің де, драматургиямыздың да алтын қорына қосылды. Бұл шығармалардағы ұтымдылық, ең алдымеп, материалдың фольклорлығын, кейіпкерлердің дастаннан келгендігін ұмыттырып жіберетін оқиғаны көзімен көріп келгендей шынайы жазылған шеберлігінде. М. Әуезовтің «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» трагедиясын «Қазақ драматургиясының ғана емес, бар қазақ әдебиетінің көркем шығарма туғызу жолындағы биік белеңінің бірі» - деп («Реалистік драма жолында», «Әдебиет пен пскусство», 1954, № 11,) бағалауы да сондықтан болса керек. Халық мұрасын сахнаға шығарып қайта түрлендіру, әрине, асқан шеберлікті қажет етеді. Сондайлық шебер екендігін Мүсірепов «Ақан сері - Ақтоқты» трагедиясын жазуда да көрсетті. Бұл шығарманың да негізі халық арасына аңыз болып таралған Ақан сері өмірінен алынған. Өткен ғасырдың соңында өмір сүрген ақын, композитор Ақанды халқы еркелетіп, сері атап кеткені ежелден мәлім. Ақан серінің бір басына жетерлік қайғы-қасіреті болғаны да аян. Драматург соның ең негізін алып, жан тебірентерліктей сипаттаған.

Пьесаның басты нысанасы - Ақан өмірінің бір сәті арқылы сол кездегі әлеуметтік теңсіздікті көрсету. Драматург Ақанды мойымаған оптимист етіп бейнелеген. Ондағы автор мақсатын түсіну қиын емес. Ақан серінің оптимизмі халқының шеккен азабын өз басына түскен қасірет арқылы терең сезінген қаһарманның кек қайыру, ел жұртының мүддесі үшін ашық айтысқа шығу сияқты батыл шешімімен ұласады.

Прозаик Мұсіреповке тән жеңіл юмор, өрнекті стиль драматург Мүсіреповке де жат емес.

Бесжылдықтар дәуіріндегі елеулі шығарманың бірі ретінде I. Жансүгіровтің «Кек» пьесасы кезінде ауызға жиі алынып жүрді. Тіпті дәуір ұсынған тақырыпты игеру ниетіндегі алғашқы адымын Семей театрының осы пьесадан бастауы да тегін еместі (1934 ж. июль). I. Жансүгіровтің «Түрксіб», «Колхоз тойында», «Мін де шап», «Мектеп», «Исатай – Махамбет» пьесалары халық тарихының әр кезеңдерін қамтыған, көркем шежірелеріміз іспетті роль атқарды. Әсіресе оның социалистік ұлы өзгерістерді көрсеткен бүгіңгі күн тақырыбын қозғаған пьесалары жоғары бағаланды. «Қазақ әдебиеті» газеті «Түрксіб» пьесасы туралы «Түрксіб» 1-бесжылдықтың тұңғыш табысы», - деп жазды («Қазақ әдебиеті», 1935, 1 Май). I. Жансүгіров ақын, прозаик, публицист, сатирик қана емес, драматург ретінде әдебиетімізге зор үлес қосты. Қазақтың 30 жылдардағы драматургиясының дамуы жолында ол театр сыншысы, сахна өнерінің жан ашыры ретінде де маңызды істер атқарды. Оның «Театр туралы» («Еңбекші қазақ», 1929, 30 сент.), «Ән, әншілер жайында» («Еңбекші қазақ» 1930, 24, 25 янв., 1931, 24, 25 янв.), «Қазақ театр өнері» (Ғ. Тоғжановпеп бірлесіп жазған, «Еңбекші қазақ», 1931, 22 окт.). «Театрдың ойнауы» (Бұл да Ғ. Тоғжановпеп бірлесіп жазылған, «Еңбекші қазақ», 1931, 24 окт.), «Риддердегі қазақ жұмысшыларының театры («Социалистік Қазақстан», 1932, 18 май) т. б. мақалалары және Ғ. Тоғжановпен бірлесіп жазған «Қазак театр өнері туралы» (1933) кітабы театр мен драматургияның аса маңызды мәселелерін қозғап, драматургтер мен режиссер, актерлерге кеңес қосып отырғанымен бағалы.

Соғысқа дейінгі драматургиямыздың өркен жаюына орыс және дүние жузі классиктерінің де ықпалы болмай қалған жоқ. Қазақ қаламгерлері У. Шекспир, Ж. Мольер, К. Гольдони, А. С. Пушкин, Н. В. Гоголь, А. Н. Островский, Н. Ф. Погодин, В. М. Киршон, Д. А. Фурманов, К. А. Тренев пьесаларын аудару арқылы қазак драматургиясының репертуарын молайтты, сонымен қатар өздері де үйрену мектебінен өтті. Бұл авторларды «қазақша сөйлету», түптеп келгенде, драматургия ғана емес, жалпы жаңа жанрдың, аударма жанрының да қалыптасуына зор ықпал етті.

Сонымен, қорыта айтқанда, қазақ әдебиеті 30 жылдары қандай табыстармен тарихта қалды, қандай басты-басты ерекшеліктерімен дараланбақ деген сауал өз өзінен туындайды. Бұл сұрақтарға алдыңғы беттерде тоқталып өткен шығармалар жауап берер еді. Алайда қысқаша қорытқанда мына төмендегі жайларды екшеп айту абзал; қазақ совет әдебиеті символистік, пессимистік сарыннан біртіндеп арылды; романтизм, сыншыл реализм негізгі бағыт болудан қалып, бірыңғай социалистік реализм әдебиеті қалыптасты; әдебиетіміздің тақырыбы молайып, ауқымы кеңейді; бұрын бірде-бір әдебиетте болып көрмеген халықтар достығы тақырыбы негізгі нысанаға айналды; жаңа өмір жаңа адамды тудырды; жаңа қоғамдағы саналы адамды, коммунистік идеалды көрсету абройлы борыш деп саналды;коммунпстік идеал ең әуелі коммунист бейнесі ретінде көрінді. 30 жылдарда еңбекші халықтың саналы отряды коммунист бейнесін жасауда С. Сейфуллин, Б. Майлин, С. Ерубаев, С. Мұқанов, М. Әуезов т. б. елеулі еңбек етіп, өшпес мұра қалдырды; революцияға дейінгі әдебиетімізде сөз болмаған өндіріс тақырыбы мен жаңа туған социалистік шаруашылық өзекті тақырыптар деңгейіне көтерілді.

Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ совет әдебиеті. 1941-1945 жылдарғы Ұлы Отан соғысы халықтың рухани байлығы көркем әдебиет үшін де үлкен сын болды. Көп ұлтты бүкіл совет әдебиетінің үлкен бір саласы - қазақ әдебиеті сол ұлы сыннан мүдірмей өтті. Ол қаһарлы жылдардағы халық өмірінің батырлық шежіресін жасауға лайықты үлес қосқан жауынгер әдебиеттердің алдыңғы сапында бола білді.

Ұлы Отан соғысы тұсында қазақ әдебиетінің барлық жанрлары да өсіп өркендеп, кемелдену шағын бастап келді. Идеялық мазмұны байып, көркемдігі шыңдалып, әдебиет жаңа белестерге шықты.

Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ әдебиетінің басты ерекшелігі әдебиеттің мүлде жаңа тақырыпқа шұғыл бет бұруында және оны жедел меңгеріп, әкетуінде. Рас, жауынгерлік салт, батырлық дәстүр совет әдебиетіне ежелден тән. Бірақ, бұл тақырып нақ соғыс тұсындағыдай кең де, терец де жырланған емес. Отты жылдары әдебиет тек қана Отан қорғау, майдап мүддесіне қызмет етті.

Ұлы Отан соғысы кезінде ізгілігі, көркемдігі биік шыңға көтерілген әдебиеттің нәр алған бұлақтары көп. Сұрапыл соғыс тек екі қарсы жақтың, қаптаған қару-жарақ пен сан мың қолдың айқасуы емес, екі түрлі сананың, екі түрлі философияның белдесуі, әділдік, азаттық, шындық сияқты ұғымдардың не аяққа басылып жойылуының немесе қара күшті, айуандықты жеңіп, ілгері дами беруінің соғысы екені терең ұғылды. Әділет үшін күрескен совет халқының фашист басқыншыларын жеңіп шығатынына сенімі мол болды. Интернациоиалдық негіздің мықтылығы, совет еліндегі халықтар достығының мызғымас беріктігі, тұтастығы зор роль атқарды. Коммунистік партия тәрбиелеген совет адамдарының бұл қасиеттері әдебиетте көркем суреттік бояуын тауып көрінді.

Соғыс жылдары әдебиет туған халқына қызмет етті, соның мұнын мұңдап, жырын жырлады. Отаншылдық сезім, ел, туған жер алдындағы борыш деген - қай халықтың болса да ежелден қанына сіңген қасиетті ұғымдар, жеңіске рухтандырудың ең пәрлі бұлағы. Ал, Совет өкіметі жылдарында бұл ұғымның онан әрі тереңдеп, социалистік қоғамдық сананың бір түріне айналғаны мәлім. Соғыс кезіндегі әдебиеттің заманға сай шұғыл бет-бұрыс жасап, қоғамдық идеялық сапа жағынан мықтап баюына жол ашқан осындай басты-басты себептер болды. Осы жай бүкіл социалистік ұлттар әдебиетіне, сол сияқты қазақ әдебиетіне де тән.

Қазақ әдебиетінің Ұлы Отан соғысы дәуіріндегі ерекшелігі, ең алдымен, поэзиядан толық көрінеді. Бұның себептерін түйіп айтсақ - қазақ поэзиясының ежелден бар мол дәстүрі, кадрының көптігі, әрі ауызша, әрі жазбаша поэзияның қоян-қолтық келіп, бір үлкен мақсатқа жұмсалуы. Бір тілекті, көп ұлтты совет халықтарының қаһарлы кезеңдегі, тарихи сын үстіндегі рухани келбетіп танытуда поэзияның атқарған ролі үлкен. Бұл тұста қазақ ақындары өз шығармаларымен әдебиетке елеулі үлес қосты. Жамбыл Жабаевтың «Ленинградтық өренім», Ә. Тәжібаевтың «Ленинград», Ж. Саинның партизан жырлары, Ә.Сәрсенбаевтың Балқан, Балатон, Вена жырлары, Қ. Аманжоловтың «Байқал» атты өлеңі мен «Ақыл өлімі туралы аңыз» атты поэмасы - қазақ әдебиеті ғана емес, сол кезеңдегі бүкіл совет әдебиетінен орын алған көркем туындылар.

Ж. Жабаев, Ә. Тәжібаев, Т. Жароков, Қ. Аманжолов, Ғ. Орманов, А. Тоқмағамбетов, Ә. Сәрсенбаев, Қ. Әбдіқадыров, Ж. Саин, Д. Әбілев, Қ. Бекхожин сияқты ақындардың творчествосы үшін бұл жылдар жаңа өрлеу кезеңі болды. Соғыс жылдары қазақ ақындарының қатары өсіп, поэзияға тың күштер қосылды.

Ұлы Отан соғысы жылдары жазба поэзиямен қатар қазақтың халық поэзиясы да жарыса дамыды. Жамбыл Жабаев, Нұрпейіс Байғанин, Иса Байзақов, Кенен Әзірбаев, Әбдіғали Сариев, Орынбай Тайманов, Омар Шипин, Шашубай Қошқарбаев, Ілияс Манкин, Доскей Әлімбаев, Нартай Бекежанов, Төлеу Көбдіков, Қайып Айнабеков, Үмбетәлі Кәрібаев, Қалқа Жапсарбаев, Нұрхан Ахметбеков, Жақсыбай Жантөбетов, Нұрлыбек Баймұратов т. б. ақындар өздерінің отаншылдық рухта суарылғап шығармаларымен халық поэзиясын жаңа белеске шығарды.

Қазақ поэзиясының дәстүрлі жанры - ақындар айтысы қайтадан жаңғырып, жандана тусті. 1943 жылы Қарағанды ақындары бастаған айтыс партия-совет органдарының қолдауымен ілезде кең өріс алды. 1943-1945 жылдары Қазақстанның облыстарында, аудандарында, колхоз, совхоздарында бірнеше рет ақындар айтысы өтті. 1943 жылы декабрьде Алматыда Жамбыл Жабаевтың бастауымен өткен республикалық ақындар айтысы ұлттық мәдени өмірдегі елеулі бір құбылыс еді. Бұл айтысқа халық поэзиясының кәрі тарландары Ш. Қошқарбаев, К. Әзірбаев, О. Тайманов, Н. Баймұратов, Н. Бекежанов, Қ. Терібаев т. б. қатысты. Ақындар айтысының негізгі тақырыбы майдандағы және тылдағы совет адамдарының өнегелі ерліктері, отаншылдығы еді. Жауды талқандауға халықты жұмылдыру мақсатын көздеген ақындар айтысының саяси-үгіттік мәні биік болды. Бұл ретте айтыс - поэзиядағы жауынгерлік жанрдың бірі болғаны анық.

Қаһарлы жылдары қазақ поэзиясының халық өмірімен байланысы күшейе түсті. Ақындар туған Отанын басқыншы жаудан қарумен де, қаламмен де қорғады. Бұған жаумен майдан үстінде арналысқан жауынгер ақындардың жан-жүрегінен жарып шыққан ақындық лебіздері айғақ. Сондай-ақ тылдағы ақын-жазушыпар да өздерінің патриоттық шығармаларын жазды. Әсіресе, халық ақындарының колхоз, совхоз далаларын, фабрика, завод, өндіріс орындарын тікелей аралай жүріп, қолма-қол ауызекі шығарған жалынды жыр, толғаулары пәрменді үгіт құралына айналды. Майдандағы қызыл жауынгерлерді фашист басқыншыларын қиратуға үндеген өлеңдермен қатар, тылдағы еңбекші бұқараны жеңісті шыңдау үшін еңбек етуге жігер беріп үгіттеген саяси өлеңдер де көп.

Соғыс жылдарындағы поэзияда қазақ ақындары совет халқының алып күшін, рухани дүниесінің байлығын, құдіреттілігін жинақтай суреттеумен қатар, жаумен күресте ерлік көрсеткен майдан жауынгерлерінің нақты бейнесін жасауға да көп еңбек сіңірді. Ә. Тәжібаевтың «Жас қазақ», Қ. Аманжоловтың «Сәбитке», «Ғабдолға», Ә. Сәрсенбаевтың «Дауыл», С. Мәуленовтің «Есіңе ал», Д. Әбілевтің «Жұлдызды жігіт», Ғ. Ормановтың «Ер арманы» т. б. өлеңдерде совет жауынгерлерінің ерлік істері айқын суреттелді. Оларда бейнеленген совет жауынгерлері - батыл да батыр, өр де өжет. Олар - кектескен жауға найзағайдай атылған қаһармандар. Сөйтіп, ақындар поэзиядағы көркемдік тәсілдерді кеңінен қолдана отырып, шағынөлең шумақтармен жауынгердің алып мүсініп, сүйкімді кескінін жасады.

Соғыс жылдарындағы поэзиядан қазақ ақындарының майдан жауынгерінің өмірін жан-жақты қамтып, әр қырынан алып суреттегені көрінеді. Осымен байланысты поэзияның тақырыптық арнасы кеңейіп, мазмұны байыды. Сондай тың тақырыптардың бірі - партизандар өмірі. Партизан өмірін жырлауда айрықша көзге түскен ақын - Ж. Саин. Ол партизан өміріне арнап бірнеше өлеңдер шоғырын жазды. Бұлар ақынның «Жорық жырлары» (1944) жинағына енген. Жинаққа енген өлең-жырлар жаумен жан аямай майдандасқан совет партизандарының қатал да сұсты өмірінің шынайы шындығын танытады.

Бұл жылдарғы қазақ поэзиясындағы бірсыпыра шығармалар тылда жеңіс үшін жанқиярлықпен еңбек еткен отандастарымыздың патриоттық өміріне арналды (Ж. Жабаев - «Темір тұлпар мінген қыз», А. Тоқмағамбетов - «Мұнай бер», Ә. Тәжібаев - «Қарағанды шахтерлеріне», Ғ. Орманов - «Жылқышы» т. б.). Оларда тылдағы еңбек батырларының жарқын бейнесі биік шабытпен жырланған.

Ұлы Отан соғысының үлкен сынынан мүдірмей өткен совет халқы өзінің моральдық қасиетінің асылдығын, рухани күшінің мықтылығын бұрынғыдан бетер айқындай түсті. Ақындар өздерінің көптеген өлеңдерінде Отан, халықтар достығы, интернационализм тақырыбын кеңінен жырлау арқылы совет адамдарының сын-сағатта шыңдала түскен жоғары саналылығын зор мақтанышпен сипаттап берді. Бұл аса маңызды тақырыпқа соғыс жылдары өлең жазбаған бірде-бір қазақ ақыны жоқ.

Соғыс жылдары қазақ поэзиясының интернационалдық сипаты күшейді. Орыстың, Украинаның, Молдавия мен Белоруссияның, Латвия, Литва, Эстонияның әйгілі жерлеріне, өзендеріне, көлдеріне арналған патриоттық өлеңдер қазақ поэзиясында көп (Ә. Сәрсенбаев - «Днестр жиегінде», «Ой, Днепро, Днепро», Д. Әбілев - «Дон», «Кубань», «Неман», Қ. Бекхожин - «Днепрде» т. б.). Туысқан халықтардың жерлерін өз туған өлкесіндей сүйіп, ол үшін жан-тәнімен беріле соғысқан қазақ жауынгерлерінің биік адамгершілігін ақындар зор шабытпен жырлады.

Туған Отанның барлық жерін басқыншы жаудан тазартқан советтік армия Шығыс Европа елдерін фашистерден азат етті. Дұшпанды өз жерінде біржолата талқандап, Берлинге жеңіс туын тікті. Совет жауынгерлерінің осы даңқты тарихи жолдары да қазақ поэзиясында өшпес із қалдырды. Өлеңнің «географиясы» кеңіді, шетел жырлары туды. Ә. Сәрсенбаевтың Балқан, Балатон, Вена жырлары, Қ. Аманжоловтың «Германия», «Жылқайдар», Д. Әбілевтің «Россияға қайтқанда», Ж. Молдағалиевтің «Шығыста туған елім бар», «Қайран менің өз елім», Қ. Бекхожиннің «Кәдімгі біздің Қошқарбай», «Тым асығып келемін», X. Ерғалиевтің «Дунай» сияқты өлеңдері қазақ поэзиясына жаңа тақырып, тың сарын қосты. Оларда фашистерді талқандап, даңқты жеңіске жеткен совет жауынгерлерінің батырлық тұлғасып ақындар зор шабытпен жырлады.

Соғыс жылдары лиро-эпикалық поэзия даму үстінде болды. Толғау, өлең- очерк, сюжетті өлеңмен қатар бұл жылдары баллада кең қанат жайды. Совет адамдарының патриоттық тұлғасын суреттеген Ә. Тәжібаевтың («Қан тамырлары»), Ғ. Ормановтың («Қаһарман»), Д. Әбілевтің («Сол күн үшін»), Қ. Бекхожиниің («Партизан анасы»), Ж. Молдағалиевтің («Батыр туралы баллада»), Қ. Жармағанбетовтың («Кекті бала», «Барлаушылар туралы баллада») балладалары жазылды.

Ұлы Отан соғысы жылдары поэма жанры да өріс алды. Бұл тұста жиырмаға тарта поэма жарық көрді. Ақындардың поэманы кезең талабына жауап беруге бағыттағаны корінеді. Қай поэманың болмасын идеялық мазмұндық арқауы - халықтың жаумен шайқастағы ерлігін мадақтап, әлемге паш ету болды. Ақындар өмірде болған шын деректерге сүйене отырып, тарихи оқиғаларды, тарихи кейіпкерлерді жырлады. Ұлы Отан соғысының даңқты батырларының бейнесін кең тынысты жанрмен толық та айқын бейнелеуге талап жасады. Қ. Бекхожиннің «Жиырма сегіз», Қ. Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз», Ә. Сәрсенбаевтың «Шие ағашы», Т. Жароковтың «Зоя туралы жыр», Д. Әбілевтің «Москва түбінде» сияқты поэмаларында дауылды жылдардағы халық өмірінің эпикалық суреттері берілді. Аталған поэмаларда Москваны қорғауда теңдесі жоқ ерлік көрсетіп, атағы бүкіл әлемге жайылған жиырма сегіз панфиловшы-гвардияшылардың, ер жүрек партизанка Зоя Космодемьянскаяның, жаумен ақтық демі біткенше алысқан қазақ ақыны Абдолла Жұмағалиевтің қаһармандықтары жырланған. Халықтың жауға деген ыза-ашуы, социалистік Отанды қорғаудағы жаппай ерлігі, патриоттық қозғалысы көрсетілген.

Соғыс жылдарындағы қазақ поэмаларының ішінде идеялық-көркемдік қуатымен дараланып көзге түскен шығарма -Қ. Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» атты поэмасы. Ұлы Отан соғысында асқан ерлік көрсетіп, майданда қаза тапқан ақын Абдолла Жұмағалиев - поэманың бас геройы. Геройдың басынан кешкен ғаламат оқиғаны ақын шап-шағын эпизодқа сыйғызып айта білген.

Орыс халқының атақты ақыны Н. Тихонов бұл шығарманы «Қазақ поэзиясының інжу-маржаны» деп бағалады. Г. Мүсірепов: «Поэма майданда ерлік көрсетіп, ел үшін қаза тапқан ақын жайында ақын Қасым жанының бар толғануын, кек үнін, сезім тереңдігін бере алған. Жалынды сөзбен жауға аттандырар, жан сөзімен тас тамшылатар ақын сөзі, өзегін өртеп, жүрегін тербеп шыққан» - деп жазды.

Соғыс жылдары қазақ ақындарының өлең-жырларында қаһармандық пен күнделікті тіршілік, романтикалық шарықтау мен өмірді байсалды түрде жырлау, пафос пен қарапайымдылық бірімен-бірі табиғи ұштасып, бірін-бірі толықтырып отырды. Публицистикалық қасиетінің, жауынгерлік, патриоттық рухының күшейе, зорая түсуі - осы кездегі қазақ совет поэзиясының басты ерекшелігі. Отанға берілгендік, социалистік гуманизм сияқты басты-басты тақырыптар лирикалық өлеңдер мен поэмаларда көп жырланды. Бұл жылдары поэзия, бір жағынан, халықтың жауға қарсы ұлы күресінің көркем шежіресіне айналса, екінші жағынан, қазақ ақындарының дабылды өлең-жырлары сол даңқты күрестегі халқымыздың кұдіретті идеологиялық құралының да қызметін атқарды.

Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақ прозасы өсу үстінде болды, мазмұндық, көркемдік жақтарынан шыңдала түсті. 1942 жылы М. Әуезовтің «Абай» романының 1-кітабы басылып шықты. Онда қазақ халқының 19 ғасырдағы әлеуметтік, мәдени-тұрмыс халі көрсетілді. Ұлы ағартушы, демократ ақын Абайдың образы жасалды. Романның соңғы кітаптары Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда жазылып бітіп, бүкіл көп ұлтты совет әдебиетін байытқан үлкен шығарма дәрежесіне жеткені мәлім.

Отан соғысы жылдарында майдан мен тыл өмірі, жауынгерлер мен еңбек батырлары жайында, жалпы совет адамдарының неміс фашистеріне қарсы жанқиярлық күресі хақында көптеген әңгіме, очерктер, публицистикалық шығармалар жазылды. Прозаның кіші жанрындағы шығармалар соғыс жағдайы тудырған күнделікті оқиғалар негізінде жазылып, халық арасына тез тарап отырды да, соғыс қойған талаптар тұрғысынан қарағанда бұл нағыз жауынгер жанр болды. Республикалық газет-журналдар мен облыстық және майдандық газеттерге басылған шағын жанрдағы туындыларда майдан мен тылдағы совет адамдарының жауға қарсы айбынды күресі баяндалды. Майдандағы жауынгерлердің ерлікгері, олардың ой-қиялы, жауға деген ыза-кегі көптегеп очерк, әңгімелерде суреттелді.

Майдан мен тыл өмірінен жазған бірсыпыра очерк, әңгімелерінде М. Әуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин, Ә. Әбішев, Ғ. Сланов, Ә. Сәрсенбаев және басқалары совет адамдарының моральдың күшін, ізгі қасиеттерін ашып көрсетуге ұмтылды.

Майданда қаза тапқан белгілі патриот жазушы Б. Бұлқышевтің очерктерінде майданөмірі, ондағы совет жауынгерлерінің хал-ахуалы, алдарыпа ңойған ұлы мақсаты әңгімеленді. Бар жастық күшін, творчостволық талантын тек бірақ міндетке - жауды жерімізден ысырып шығып, Отанға тонгенқауіпті жоюға бағыттаған совет жастарының жалынды, қаһарман бейнесі Б. Бұлқышевтің публицистикалық очерктерінде айқын көрінді. Жас жазушының шығармалары оқушысына ой салып, отаншылдық сезім тудыратын дәрежеге көтерілді. Б. Бұлқышевтің «Заман біздікі», «Жауыздық пен махаббат», «Өмір мен өлім туралы», «Мен өмір сүргім келеді», «Шығыс ұлына хат», «Тыңда, Кавказ» деген публицистикалық шығармаларында бүкіл совет жастарына тән табандылық, жауға деген ыза-кек, өшпенділік сезімдері терең суреттелді.

Тылдағы совет адамдарының жанқиярлың еңбегі Отан соғысы тұсында жазылған көптеген очерк, әңгімелерде көрінді. М. Әуезов «Отан ұран салғанда», Ғ. Мүсірепов «Ер ана», «Ақлима», «Ту да, намыс та біздің қолда», «Қарағанды қыраны», С. Мұқанов «Малшы Мәди», А. Тоқмағамбетов «Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел ақтар» деген әңгіме, очерктерінде майдан мен тылдағы совет адамдарының ісін, ой-қиялын, үміт-мақсатып тартымды баяндады.

Ұлы Отан соғысы дәуірінде соғыс тақырыбына арналған ірі прозалық шығармалар да жазылды. Ғ. Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романында совет жауынгерлерінің майдандағы асқан ерліктері мадақталып, қаһармандық образы берілді. Бұл роман негізінен болған оқиғаға сүйеніліп жазылды. Романның бас кейіпкері Қайрош Сарталиевтің образы Ұлы Отан соғысында айрықша ерлік көрсеткен Совет Одағының Батыры Қайырғали Смағұловтан алынған. Ғ. Мүсірепов романда азаттық соғыс үстінде патриоттық қасиеттерімен ерекше көзге түскен совет адамының типтік образын үлкен шеберлікпен суреттеп берді.

«Қазақ солдаты» романындағы Қайрош Сарталиев - қарапайым совет адамдарының бірі. Оның мінез-құлқы мен жауынгерлік қабілетінде басқалардан ерекше, жаратылысынан батыр болуға ықтимал еді деп айтарлықтай өзгешелік те жоқ. Жазушы Қайроштың батыр болуының әлеуметтік сырын дұрыс ашып берді. Жазушының суреттеуінше, Сарталиевті батыр еткен басқа да мыңдаған жауынгерлерге тән отаншылдық қасиет. Отанға төнген қауіпті толық сезініп, еліміздің тәуелсіздігі мен бостандығы үшін неміс фашистеріне қарсы бойдағы бар қуат, ар-намысты, кекті жұмсай соғысу қажет екенін ұғыну, бір сөзбен айтқанда, еліміздің адамдарында Коммунистік партия тәрбиелеп дамытқан жақсы қасиеттердің көрінуі орталық кейіпкердің басты ерекшелігін байқатады. Жазушы совет азаматтарының туысқан халықтар семьясында тәрбиеленіп өскен ой өрісін, мінез-құлқын, күрескер бейнесін жасаған.

Соғыс кезіңде жазылған кейбір шығармаларда жазушылар тылдағы патриоттық еңбекті, оның екпінді ерлерін көрсетті. Бұл тұстағы тыл өмірінбейнелеген ірі шығарма Ғ. Мұстафиннің «Шығанақ» атты романы еді. Жазушы бұл романын соғыс жылдарында тарыдан мол өнім алып, дүние жүзілік рекордқа ие болған Шығанақ Берсиевтің творчестволық ісін, еңбек қуанышына толы қызғылықты өмірін көрсетуге, сөйтіп белгілі Социалистік Еңбек Ерінің көркем образын жасауға арнады.

Романда Шығанақтың өмірі елімізде коллективтендіру жүрген кезден бастап баяндалады. Он жылдан астам уақытты қамтитын шығармада жалғыз Шығанақтың ғана емес, колхоз құрылысының бүкіл өткен жолын көруге болады. Атақты тарышының серігі Олжабектің басынан кешкендері де коллективтендірудің жеңімпаз күшін дәлелдейді. Ол әуелде колхоздан қашып, оның шаруалар үшін ең пайдалы ұйым екенін түсінбесе, кейін колхозды жанындай сүйіп, адал еңбек етеді, екпінді болады.

«Шығанақ» романы - тылдағы совет шаруаларының Отан соғысы кезіндегі майдан үшіп қажырлы еңбегін терең корсете алған тәрбиелік маңызы бар көркем шығарма.

Ұлы Отан соғысы кезінде жазылған прозалық шығармалардың қатарынан Ә. Әбішевтің «Жас түлектер», Ғ. Слановтың «Жанар тау» романдары да тиісті орын алады.

Ұлы Отан соғысы басталған кезден-ақ қазақ драматургтері соғыс тақырыбына қалам тартып, үн қосты, халықтың патриоттық өмірін елестететін пьесалар жазды. Олар республиканың колхоз-совхоз театрларында, облыстық театрларда көрсетілді. Бұл пьесаларда (Ә. Әбішев - «Найзағай», Ш. Хұсайынов - «Жұртын сүйген жүрек» т. б.) совет адамдарының жауға өшпенділігі, Отан қорғауға жұмылған патриоттық істері, азаматтардың қолға қару алып, өз еркімен майданға аттануы бейнеленген. Драматургтер осы шағын пьесаларымен үлкен тақырыпқа барлау жасап, қалам күштерін байқап, тәжірибелерін молайтты. Бұдан соң коп актылы пьесалар жазыла бастады.

Совет халқының қаһарлы өмірін бейнелеуге М. Әуезовтің «Сын сағатта», С. Мұқанов пен М. Пинчевскийдің «Жеңіс жыры», М. Әуезов пен Ә. Әбішевтің «Намыс гвардиясы», М. Әуезов пен Ғ. Мүсіреповтың «Кынаптан қылыш», Ә. Тәжібаев пен Ш. Хұсайыновтың «Мәншүк» атты пьесалары мен С. Мұқановтың «Гвардия, алға» атты либреттосы арналды. Ұлы Отан соғысымен байланысты туған жаңа, өткір конфликтілер бұл пьесалардың негізгі арқауы болды. Драматургтер екі системапың, екі дүниенің, екі идеологияның бітіспес күресін көрсетуге талаптанды.

М. Әуезовтің, Ә. Әбішевтің, Ғ. Мүсіреповтің, С. Мұқановтың, Ә. Тәжібаевтың, III. Хұсайыновтың пьесаларында қазақ халқының Ұлы Отан соғысы тұсындағы ерлік тұлғасы, батырлық рухы, жауынгерлігі нақтылы кейіпкерлердің өмір бейнесі арқылы көрініп отырды.

Ұлы Отан соғысының майдан оқиғаларын бейнелеген қазақ пьесаларының идеялың-көркемдік дәрежесі тұрғысынан елеулісі - М. Әуезов пен Ә. Әбішевтің «Намыс гвардиясы» атты пьесасы. «Намыс гвардиясында» даңқты ген. И. В. Панфилов басқарған қазақстандық 316-атқыштар дивизиясының 1941 жылғы октябрь-ноябрьлық айларында Отанымыздың астанасы Москваны қорғаудағы қаһармандық істері суреттелген. Соғыстың қызу кезінде театр сахнасында көрсетілген бұл пьеса (спектакль Қазақтың академиялық драма театрында 1942 ж. 15 ноябрьде қойылды) сол шақта тәрбиелік, үгіттік қызмет атқарды. Командирлер мен жауынгерлердің қарым-қатынасы, қатардағы солдаттарды сапалы ерлікке, әскери, азаматтық борышты мүлтіксіз орындауға тәрбиелеу сияқты маңызды мәселелер пьесаның сюжеттік мазмұның айқындай түскен. Пьеса кейіпкерлерінің ішінен айрықша көзге түсетіні дивизия командирі Иван Васильевич Папфиловтың ұнамды бейнесі. «Намыс гвардиясында» командирлерден, саяси қызметкерлерден дараланып айқын суреттелгендері: батальон командирі Бақытжан Намысұлы меп рота командирі Сабыр Жанбозов.

Бірсыпыра пьесалар тылдағы совет адамдарының жеңіс жолындағы қаһармандық істеріне арналды (М. Әуезов - «Сын сағатта», Ә. Әбішев - «Қырағылық», Ш. Хұсайынов - «Жеңісті көктем», Ә. Тәжібаев - «Жастар» т. б.).

Ұлы Отан соғысы жылдары М. Әуезовтің «Қарақыпшақ Қобыланды», С. Мұқановтың «Шоқан Уәлиханов», Ш. Хұсайыновтың «Аманкелді», Ә. Тәжібаев пен Г. Рошальдің «Жомарттың кілемі». Ш. Хұсайынов пен М. Пинчевскийдің «Алдар көсе» сияқты фольклорлық, тарихи тақырыпқа арналған пьесалары жарық көрді. ДраматургҒ. Мұсіреповтің «Ақан сері - Ақтоқты» драмасы соғыс жылдары қазақ театрларында қойыла бастады. Идеялық-көркемдік дәрежесі әр алуан бұл пьесалар сол тұстың талап мүддесімен байланысты туған.

Соғыс жылдары қазақ драматургиясы аударма шығармалармен де молықты. Ф. Вольфтің «Профессор Мамлюк», А. Кронның «Флот офицері», В. Шекспирдің «Асауға тұсау» т. б. пьесалары қазақ тіліне аударылып, театрларда қойыла бастады. Әсіресе, М. Әуезовтің үлкен шеберлікпен аударған «Асауға тұсау» пьесасы республиканың мәдени өміріндегі үлкен құбылыс еді.

Ұлы Отан соғысы кезінде әдебиет сыны мен әдебиет танудан жаңа еңбектер жарық көрді. Бұл тұста қазақ әдебиеті мен фольклорының бірқатар мәселелері зерттеле бастады. Соғыс жылдары Қазақстанға келген орыс ғалымдары жергілікті қазақ әдебиетші кадрларының ғылыми-зерттеу жұмысына көп көмек көрсетті. Акад. А. С. Орловтың, тюрколог С. Е. Маловтың, қазақ адебиетшісі Ә. Марғұланның қазақтың батырлық жырлары, әдебиет туралы көлемді зерттеулері Отан соғысы кезінде жүргізілді. Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 100 жыл толу юбилейіне байланысты М. Әуезовтің, С. Мұқановтың, М. С. Сильченконың, Б. Кенжебаевтың, Е. Ысмайыловтың, Қ.Жұмалиевтың, Ә. Тәжібаевтың, Б. Шалабаевтың, Ә. Мәметованың және басқалардың мақалалары басылды.

Соғыс жылдары қазақ орта мектебіне арналған әдебиет оқулықтары мен хрестоматпялары шығарылды. С. Мұқановтың 18-19 ғасырлардағы қазақ әдебиеті туралы зерттеу еңбектері баспа беттерінде жарық көрді. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелерін дәуір, жанр ретімен зерттеу ісі де қолға алынды.

Жалпы совет армиясының, соның ішінде қазакстандық жауынгерлердің Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерлік, батырлық істері тек қазақ жазушыларының ғана емес, сонымен бірге орыс ақын-жазушыларының шығармаларында да суреттелді. Жамбылдың «Ленинградтық оренім» өлеңімен берге, Н.Тихоновтың «28 гвардияшылар туралы сөз» (1942) поэмасы жарық көрді. А.Сурков Совет Одағының Батыры Ізғұтты Айтықов туралы өлеңін, М. Светлов панфиловшы 28 батырдың бірі Мұсабек Сеңгірбаевтың ерлігі туралы «Жиырма сегіз» (1943) атты поэмасын жазды. Жазушы А. Бек «Панфиловшылар алдыңғы шепте» (1944), «Волоколам тас жолы» (1945) повестерінде айбынды 8-гвардия дивизиясының жауынгерлері мен командирлерінің жаудың басым күшімен жекпе-жек айқасқан эпизодтарын, сондағы қазақ жауынгерлерінің, әсіресе батальон командирі Бауыржан Момышұлының табандылық, қаһармандық істерін суреттеп көрсетті. Мұндағы суреттелген оқиғалар - майданда шын болған, бастап кешкен оқиғалар.

Қолына қару алып, майданда болған жауынгер ақын-жазушылардың өмірі мен творчествосы соғыс кезіндегі әдебиетке ерекше әр, мазмұн берді. Майдангер ақын-жазушылар С. Омаров, Ә. Сәрсенбаев, Қ. Бекхожин, Д. Әбілев, Ж. Саин, Қ. Аманжолов, А. Жұмағалиев, С. Мәуленов, Ж. Молдағалиев, С. Сейітов, Қ. Әбдіқадыров, X. Ерғалиев, Д. Снегин, В. Чугунов, П. Кузнецов көптеген шығармаларын соғыс өміріне арнады. Бұлардың арасынан Абдолла Жұмағалиев, Баубек Бұлқышев, Владимир Чугунов ерлікпен қаза тапты.

Соғыс жылдарында қазақ әдебиетінің СССР-дегі туысқан халықтар әдебиетімен қарым-қатынасы да күшейе түсті. Қазақ ақын-жазушыларының шығармалары СССР халықтарының, әсіресе орыс тіліне аударылуымен қатар, совет жазушыларының, жер жүзі классиктерінің шығармалары да қазақ тіліне аударылып шығып тұрды. М. Шолохов, А. Толстой, К. Симонов, В. Катаев, Д. Бедный, В. Василевская, Б. Горбатовтың майдан өмірінен жазылған көркем шығармалары қазақ тіліне аударылып, мерзімді баспасөзде жариялануымен қатар, «Қызыл әскер кітапханасы» деген сериямен шығып тұрды. П. Гоголь, А. Чехов, Л. Толстой, М. Лермонтов, И. Крылов, М. Горький, В. Маяковский, тағы басқа классиктердің шығармалары да қазақ тіліне аударылып шықты. Бұл аудармалар қазақ әдебиетінің қазынасын молайтып, ұлттық мәдениеттің өрісін кеңейтуде едәуір роль атқарды. М. Әуезов аударған У. Шекспирдің «Асауға тұсау» комедиясы, Ғ. Мүсірепов аударғап М. Шолоховтың «Олар Отан үшін алысты» романынан үзінді, Т. Нұртазин аударған П. Гогольдың «Тарас Бульба» повесі - бұл жылдардағы қазақ әдебиетіндегі ел-еулі табыс.

Ұлы Отан соғысы жылдарында әдебиет халықтар арасындағы туысқандық идеяны, басқыншы жауды Отан жерінен бүкіл СССР халықтарының бірлесіп, ыптымақтасқан күші-мен шапшаң қуып шығу идеясын уағыздады, гитлершіл фашистердің жауыздық, айуандық әрекеттерін аяусыз түйреп отырды. Соғыс жылдарында совет әдебиеті, оның ішінде қазақ әдебиеті, халық пен партия жүктеген үлкен міндетті ойдағыдай орындады. Өзінің идеялық-тәрбиелік, эстетикалық функциясын дұрыс атқарып, үздіксіз даму жолында ілгері басты.

Қазіргі қазақ әдебиеті. 1945-1955 жылдары. Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталуы, совет елінің неміс фашизмі мен жапоп милитаризмін талқандауы социалистік құрылыстың өміршеңдігін көрсетіп, оның жеңімпаз күшін дуние жүзі халықтарының алдында айқындады. Совет адамы ұзақ соғыстың ауыртпалығын көтерді. Ол соғыстан тіпті есейіп, кемелденіп шықты. Тарихи өзгеріске сапалы және белсенді түрде қатысу арқылы совет адамы оз ісінің оң екеніне, өзінің өмір сүріп отырған қоғамының буржуазиялық құрылыстан артықшылығына әбден көзі жетті. Ендігі жерде дүние жүзілік проблемалардың қай-қайсы болса да совет адамының қатын-асуынсыз шешілмейтіні айқын еді.

Соғыс тоқтасымен-ақ совет елі бейбіт құрылыс ісіне кірісті. Соғыс бұзып, талқандап кеткен халық шаруашылығын қалпына келтіру біздің еліміздің алдына үлкен экономикалық міндеттер қойды. 1946-1950 жылдарға арналған төртінші бесжылдық жоспар қабылданды.

Міне осындай ұлы міндеттердің де кезекті салмағы совет адамының мойнына тускен еді. Сондықтан да совет әдебиеті екі қоғамдық тартыстың дүние жүзілік күресінде жеңіп шығып, бейбіт еңбекке араласқан, әлемге бейбітшілік орнатудың қамын ойлап, жаңа соғыс өртін тұтатушыларға қарсы күрес-кен совет адамының өмірі мен еңбегін көркем бейнелеуді өзінін басты міндеті етіп қойды. Жеңімпаз жаңа адамның ішкі сыры мен қалыптасу жолы да күрделі еді. Әлемге жеңіс туып тіккенмен, оның бойында да, ойында да соғыс салған жарақаттың зардабы аз еместі. Ол соғыста құрбан болған жас тағдырлар мен жетім-жесір қалған жандардың, қираған қала мен селоның қайғысын қоса арқалады. Мұның бәрі соғыстың қиыншылығын бастан кешкен совет адамының ішкі сезім дүниесін байытты, оны өмірдің үлкен мектебінен өткізді. Өмір мен геройдың арасындағы осындай күрделі қарым-қатынасты терең зерттеу жазушылардан әлеуметтік және философиялық көрегендікті, ой-пікірдің батылдығы мен суреткердің нәзік сезімталдығын талап етті. Ол тай-таласқан екі дүниенің таласы совет адамының пайдасына шешілгенін, оның соғыстан рухани байып шыққан жан дүниесін терең ашуға тиіс болды.

1946-1948 жылдар арасында қабылданған БК(б)П ОК-нің идеология жөніндегі қаулылары («Звезда» және «Ленинград» журналдары туралы» - 1946 ж. 14 авг.; «Драма -театрларының репертуары және оны жақсарту шаралары туралы» - 1946 жылы 26 авг.; «Ұлы өмір» кинофильмі туралы» - 1946 ж. 4 сент.; «В. Мураделидің «Ұлы достық» операсы туралы» - 1948 ж. 10 февр.) негізінен, әдебиет пен өнерді дәуірдің осы тәрізді күрделі міндеттерін шешуге жұмылдыру мақсатын көздеген еді. Бұл қаулылар жазушылар мен композиторларды, театр және кино қызметкерлерін өздерінің қоғам алдындағы саяси міндеттерін терең түсінуге, творчестволық мүмкіндіктерін өз дәуірінің басты проблемаларын шешуге жұмсауға міндеттеді. Партиямыздың ОК халықтың творчестволық еңбегіне белсенді араласу, социалистік реализм, әдебиет пен өнердің коммунистік партиялылығы мен халықтығы, орыс әдебиетінің демократиялық дәстүрінің принциптеріне берік болу совет әдебиеті мен өнерінің негізгі міндеті екенін атап көрсетті. Көркем әдебиеттегі идеясыздық пен саясаттан тыс болу принципін айыптады. Жеке ақын-жазушылардың творчествосында орын алған идеясыздықтың көріністерін қатты сынға алды.

Қазақ әдебиеті мен оны зерттеу ісінде кездескен осы тектес қателіктер (ескі мәдени мұраға сын көзімен қараудың жетімсіздігі; бүгінгі заман тақырыбына жазылған шығармалардың аздығы, қазақ тарихының фактілерін бұрмалау) Қазақстан Компартиясы ОК-нің 1947 жылдың басындақабылдаған «Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтының жұмысындағы саяси өрескел қателіктер туралы» қаулысында ашып көрсетілді.

Бұл қаулылардың біздің еліміздегі әдебиет пен өнердің дамуында үлкен тарихи маңызы болды. Олар соғыстан кейін бірсыпыра империалистік мемлекеттер Совет Одағына және социализм жолына тускен басқа елдерге қарсы «Қырғи қабақ соғыс» саясатын жүргізе бастаған кезде, буржуазиялық идеологияның социалистік идеологияға екілене шабуыл жасаған кезінде қабылданды. Мұндай жағдайда партиямыздың ОК идеологиялық жұмыстың дәрежесін арттыруды шұғыл міндет етіп қойды. Бұл істе совет әдебиеті мен өнерінің коммунистік қоғам орнату мен еңбекшілерді интернационалдық рухта тәрбиелеу саласындағы қызметіне ерекше мән берді. Әдебиет пен өнердің партиялылығы мен халықтық принциптерін берік сақтау, творчество адамдарының бетін бүгінгі заман шындығын терең жырлауға бұру міндеттері атап айтылды. Шығармалардың көркемдік сапасын көтеруге жоғары талаптар қойылды. Идеясыздықты, қарадүрсіндікті, көріксіздікті айыптай отырып, партия -совет суреткерлерін көркемдік шеберліктің биік шыңдарына жетуге шақырды.

Сонымен қатар бұл қаулыларда жеке адамға табынушылық кезінде орын алған кейбір асыра сілтеушіліктің салқыны да байқалған еді. Оларда творчестволық жолында кейбір қателіктерге жол берген жазушыларды совет жазушысы емес деп саяси айыптау, олардың өткен-кеткен тарихын, шығармаларының кем-кетігін қазбалау (А. Ахматова, М. Зощенко), соның нәтижесінде белсенді қызмет етіп жүрген өнер адамдарының творчестволық сәтсіздіктерін өсіріп көрсетіп, олардың ізденістерін жоққа шығару (В. Мурадели, Д. Шостакович, А. Хачатурян сияқты композиторлар) фактілері кездесті. Мұндай жайлар Қазақстан Компартиясы ОК-нің жоғарыда аталған қаулысында да орын алды.

1946-1948 жылдар арасында партияның идеология саласындағы қаулыларында байқалған кейбір осы тәрізді жаңсақтықтарды жөндеу мақсатымен КПСС ОК 1958 ж. 28 майда «Ұлы достық», «Богдан Хмельницкий» және «Шын жүректеи» операларын бағалауда жіберілген қателерді түзету туралы» қаулы қабылдады. Онда В. Мураделидің «Ұлы достық» операсы туралы Орталық Комитеттің 1948 жылғы 10 февральдағы қаулысы, тұтасынан алғанда, совет музыкалық искусствосын дамытуда жақсы роль атқарды. Бұл қаулыда социалистік реализм принциптері негізінде музыкалық искусствоны дамыту міндеттері белгіленді, искусствоның совет халқының өмірімен, музыкалық классиканың және халық творчествосының демократиялық таңдаулы дәстүрлерімен байланысының маңызы атап көрсетілді. Музыкадағы формалистік тенденциялар, искусствоны халықтан қашықтататып және оны эстеттік гурмандардың шағын тобының игілігіне айналдыратын жалған «жаңашылдық» әділ сыналды. Совет музыкасының кейінгі жылдардағы дамуы партияның бұл нұсқауларының дұрыстығын және уақтылы болғандығын дәлелдеп берді» делінген. Сонымен қатар қаулы жекелеген композиторлардың творчествосына берілген бағалардың бірқатар жағдайда әділетсіз, дәлелсіз болғанын атап көрсетті.

Совет әдебиеті біздің әдеби дамуымыздағы ОК көрсеткен қате-кемшіліктерден бірте-бірте арылып, көркемдік ізденістің жаңа жолына түсті. Партия шақыруына жауап беруге ақын-жазушылардың бар ұрпағы белсенді ат салысты. Осы бір тұстағы қазақ әдебиетінде Ұлы Отан соғысының тәжірибесін қорытуға, соғыс кезіндегі және соғыстан кейінгі бейбіт еңбекті жырлауға, халқымыздың өткен тарихи жолын терең талдап көрсетуге арналған ірі-ірі шығармалар жазылды. М. Әуезовтің «Абай» романының екінші кітабы (1947), С. Мұқановтың «Сырдария» (1948), Ғ. Мүсіреповтің «Қазақ батыры» (1945, кейін «Қазақ солдаты» болып өзгертілген, 1949), Ғ. Мұстафиннің «Миллионер» (1948), Ғ, Слановтың «Кең өріс» (кейінгі аты «Шалқар», 1948), Ә. Нұрпейісовтің «Курляндия» (1947, кейінгі аты «Күткен күн», 1950), романдары, Қ. Бекхожиннің «Мариям Жагор қызы» (1949), Қ. Аманжоловтың «Біздің дастан» (1947), X. Ерғалиевтің «Біздің ауылдың қызы» (1950) поэмалары, Ж. Саиннің соғыс тақырыбына жазған өлеңдері, Ә. Әбішевтің «Достық пен махаббат» пьесасы қазақ совет әдебиетін жаңа биікке көтерумен бірге оның табыстарын одақтық көлемде әйгіледі. 1948 ж. декабрь айында болған СССР Жазушылар одағының 12-пленумы қазақ әдебиеті жөнінде арнаулы мәселе қарап (баяндама жасаған сол кездегі Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының председателі С. Мұқанов, қосымша баяндамашы СССР Жазушылар одағы басқармасының секретары Н. Б. Горбатов), оның біздің замандастарымыздың образын жасаудағы жәнс тарихи тақырыпты игерудегі үздік табыстарын атап көрсетті. СССР Жазушылар одағы басқармасының Бас секретары А. А. Фадеев қорытынды сөзінде қазақ әдебиетін «профессионалды үлкен әдебиет болып, бүкіл одақтық әдебиеттің дәрежесіне көтерілген және сол арқылы дүние жүзілік аренаға шыққан әдебиет» деп бағалады. 1949 ж. март айында А. А. Фадеев Парижде СССР - Франция мәдени қоғамының жиналысында сөйлеген сөзінде совет әдебиетінің бүгінгі табыстарын айта келіп, оған мысалды қазақ әдебиетінің дамуынан келтірді, революциядан бұрын екі проценттейі ғана сауатты болған елде аз жылдың ішінде керемет өзгерістер жасалып, мәдени революция өріс алғанын, соның нәтижесінде М. Әуезовтің «Абай», Ғ. Мұстафиннің «Миллионер» атты романдары тәрізді шығармалар туғанын мақтаныш етті. С. Мұқановтың «Сырдария» романын оқыған А. Фадеев: «Романды Мұқановтың және бүкіл қазақ совет әдебиетінің үлкен табысы деп санауға болады. Роман - Қазақстанның таңдаулы жазушыларының бүгінгі күн тақырыбына бет бұрғанының белгісі» - деп жазды.

Осы дәуірде туып, бүгінгі заман тақырыбын жырлауға арналған шығармалар ішінде Ғ. Мұстафиннін «Миллионері» елеулі орын алды. Жазушы онда біздің қоғамдық дамуымыздың өзекті мәселелерін көре білді.

Ал Ғабдол Сланов «Шалқар» романында мал шаруашылығын өркендету саласында еңбек етіп жүрген колхоздың жаңа адамдарының тәп-тәуір образдарын жасады. Зоотехник қыз Баршагүл бейнесі арқылы Ғ. Сланов дәуірдің жаңашыл сипаттарын бойына жинаған замандасымыздың образын көрсетеді.

Соғыс тәжірибесін жинақтауда, халық жасаған ерліктің рухани мазмұны және оның қайнар көзін ашуда, Отаны үшін күрескен совет адамдарының батырлық бейнесін танытуда соғыстан кейінгі дәуірде де осы тақырыпқа арналған шығармалар едәуір маңызды қызмет атқарды. Эпикалық прозада Ғ. Мүсірепов қаламынан жаңарын туған «Қазақ солдаты» романы мен майдангер жас жазушы Ә. Нұрпейісовтің «Курляндия» романы жарық корді. Соғыстың ауыртпалығын көрген қазақ жазушылары майдан тақырыбына қайта оралып, Отан намысын қорғап қалған ерлердің тағдыры жайлы толғаныстарға барды.

Ғ. Мүсіреповтің аталмыш романы алғашқы күйінде «Қазақ батыры» повесі болып, соғыстың артын ала жазылған еді. Шығарманың бастапқы нұсқасына бірсыпыра сын айтылды. Ол пікірлерді ескере отырып, жазушы оны соғыстан соң роман етіп толықтырды. Оның басты кейіпкері - Қайрош Сарталиев - Ұлы Отан соғысына қатысып, Совет Одағының Батыры атағын алған Қайырғали Смағұловтың прообразы. Жазушы Қайырғали өмірінің мәліметтеріне сүйене отырып, өмірде бар геройдың басынан кешкендерімен шектеліп қалмаған, сол арқылы совет заманында тәрбиеленіп, өз Отанының патриоты болып шыққан қазақ солдатының образын жан-жақты бейнеледі.

Романда суреттелетін екінші бір басты тақырып - халықтар достығы. Қайроштың әскери ортасын суреттеу арқылы жазушы көп ұлтты совет халқы өкілдерінің бірсыпыра жарқынобразын (Ревякин, Мирошник, Толстов, Абдуллаев т. б.) жасаған, осы негізде достыққа негізделген қоғамдық құрылыстың күшін әсерлі бейнелеген.

Ә. Нұрпейісовтің «Курляндия» атты тұңғыш романы бұрын әдебиетте көрінбеген жас жазушының эпиктік талантын танытты. «Курляндия» - эпикалық, кең тынысты туынды. Шығарма геройларының әр қилы тағдырын, іс-әрекетін көркем бейнелеуде жазушы өзінің психологиялық суретке шеберлігін байқатты. Романдағы өмірлік құбылыстар мен фактілердің ішіне үңілу, сол арқылы уақыт рухын таныту кесек образдар арқылы бейнеленеді. Өмір мен өлімнің арпалысқан шағындағы адам сезімінің алуан сырын автор нанымды ашады. Романның геройлары - маршал Говоровтан бастап, латыш шалы Пийге дейін өз елін шын сүйе де, корғай да білетін патриот адамдар. Әр қилы, алуан тағдырлы осы геройлар ішінен автор жас жауынгер Есейді, оның серіктестері Петр Денисовты, Скориковты ерекше даралайды. Есейдің соғыста есеюі, қиын күндердегі ғажап ерлігі, Денисовтың ақ жарқын көңілді мінезі, Скориковтың нағыз батырға тән кесек характері романда шынайы суреттеледі.

Соғыстан кейінгі қазақ әдебиетінің негізгі бет алысын айқындаған бүгінгі күн тақырыбы болғанмен, оның идеялық-көркемдік табыстарын танытуда тарихи тақырыпқа жазылған шығармалар үлкен роль атқарады. М. Әуезовтің атақты «Абай» романының табыстары бұған айғақ. Бұл кітап үшін 1949 ж. жазушы бірінші дәрежелі Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. М. Әуезов ұлы ақын туралы тарихи романында Абай өмірін негізге ала отырып, қазақ қоғамының 19 ғасырдың 2-жартысындағы дамуы жағдайларын, халық өмірінің терең жасалған көркем суретін берді. Халықтың игі арман-тілегін ол Абай бейнесінде жинақтап көрсетті.

Романдағы өмір шындығының жан-жақты терең көрінісін, адамдар қарым-қатынасының күрделілігін, қоғамдық дамудың заңды жолының шебер жасалуын көрсете келіп, роман туралы алғашқы пікір айтқан орыс жазушысы Вс. Иванов: «Жалпы алғанда керемет бір мәдени құбылысқа кездесіп отырмыз. Оны мен ұлы шығарма деп атауға қорықпас едім» - деп жазды («Литературная газета», 10. 11. 48).

«Абай» романы М. Әуезовтің әдеби шеберлігін әлемге паш етті. Орыстың классикалық әдебиеті дәстүрін терең меңгере отырып, жазушы өзінің үлкен талантын жетілдірді.

«Әуезовтің «Абай» романының жеңісі неде деп ойлайсыздар? - деді А. Фадеев 1949 жылы «Әдебиеттің кемшіліктері мен әдебиет сыны жайында» атты мақаласында. - Ол М. Әуезовтің орыстың алдыңғы қатарлы реалистік дәстүрінен үйренуге батыл бара білгендігінде. М. Әуезов шеберлігінің қалай шарықтап кеткенін енді жұрттың бәрі көріп отыр. Екінші жағынан, бұл үйрену Әуезов талантының ұлттық өзгешелігін жоққа шығармай, қайта оның жаңа қырларын танытуға себеп болғанын да көріп отырмыз».

Ел өміріндегі әрбір тарихи кезең, дәуір әрқашап халықтың рухани өміріне жаңа күш, жаңа леп әкелетіні белгілі. Соғыстан кейінгі дәуірде қазақ әдебиетінде осы шығармалар арқылы көрінген ізденіс мұны анық байқатты. 1949 ж. Москвада өткен қазақ әдебиетінің онкүндігі ұлттық әдебиетіміздің табыстарын Одақ көлемінде мойындатты. Әдебиетіміздің бұдан кейінгі дамуы да қол жеткен осы табыстарды орнықтыра түсті.

50 жылдардың бас кезінде қазақ әдебиетінде өндіріс тақырыбына арналған көлемді романдар туды. Ғ. Мұстафиннің «Қарағанды» (1952), Ғ. Мүсіреповтің «Оянған өлке» (1953), Ә. Сәрсенбаевтың «Толқында туғандар» (1953) романдары қазақ даласында капиталистік қарым-қатынастардың алғашқы дами бастауынан бергі ұзақ процестің - ұлттық жұмысшы кадрлардың туып қалыптасуының көркем шежіресін жасады. Алғашқы екі роман Қарағанды жұмысшыларының революциядан бұрынғы және соңғы оміріне құрылса, соңғы роман Каспий теңізі балықшылары тіршілігіндегі 1-империалистік соғыс пен революция қарсаңындағы дауылды өзгерісті суреттейді.

«Қарағанды» - советтік дәуірде Қазақстанда өсіп шыққан өндіріс ошағы және оның жаңа адамдары туралы роман. Жаңа Қарағандының жасалу жолып автор Коммунистік партияның жасампаздық еңбегімен, ұйымдастырушылық қызметімен байланыстыра қарайды. Сондықтан да романда алдыңғы кезекте партия ұйымдастырушысы Мейрамның образы жасалды. Донбасс жұмысшыларының Қарағандыға келуі, олардың қазақ даласындағы жаңа өндірістің дамуына көмегі Шербаков бейнесі арқылы жинақталып көрсетіледі. Осы ұзақ процесте өсіп жетілген, жаңа техниканы игерген интеллигенция өкілдері Ермек, Жанәбіл т. б. бейнелері де Ғабиденнің творчестволық табысына қосылады. «Қарағанды» арқылы жазушы советтік құрылыстың жеңімпаз құдіретін, соның арқасында аз жыл ішінде Қазақстанда жұмысшы табы қалыптасып, өндіріс ошақтары ашылуының заңдылығып көркем бейнеледі.

Ғ. Мүсіреповтің «Оянған өлке» романы - қазақ әдебиетіндегі идеялық-көркемдік, эстетикалық биік тұрғыдағы шығарма. Мұнда Қазақстанда жұмысшы табының туа бастауы, өндіріс орындары ашылуының ілгерірек кезеңі сөз болады. Уақиға 19 ғасырдың 2-жартысында Қарағанды жерінде өтеді. Шығарманың атынан көрініп тұрғандай, автор сол негізде қазақ өлкесінің оянуын, оған келген жаңа идеялар мен онда өсіп жетіле бастаған жаңа адамдарды көрсетеді. Қазақ жеріндегі феодалдық қарым-қатынастар мен жаңа туып келе жатқан капиталистік дүниенің қақтығысын терең бейнелейді. Өмір шындығының жан-жақты жасалған кең суреттерімен, образдар шындығымен, көркем образға бай, философиялық кең толғамды мазмұнымен, қысқасы, байсалды, алымды реализмімен «Оянған өлке» осы дәуірдегі қазақ әдебиетінің өскелең бетін танытты.

Ә. Сәрсенбаев романының негізгі идеялық-көркемдік нысанасы - теңіз жағасындағы жұмысшылардың орыс пролетариатының әсерімен саяси оянуын және революциялық күреске бет алуын көрсету.

Совет адамдарының бүгінгі өмірге жету жолындағы күресі мен рухани есебін көрсетуде 50 жылдар ішінде тарихи және өткен заман тақырыбына арналып жазылған шығармалардың да елеулі үлесі бар. Бұл кезде М. Әуезов Абай туралы роман-эпопеясының 3-кітабын жариялады, Сәбит Мұқанов 30 жылдардан жаза бастаған «Өмір мектебі» атты мемуарлық кітабының 2 томын аяқтады. Қазақ халқының революңиядан бұрынғы феодалдық-патриархалдық тіршілігін кең суреттеп, оның бойында біртіндеп оянып келе жатқан прогресс ұғымын нанымды бейнелеуде бұл шығармалар әдебиет тарихында дәуірлік қызмет атқарды. С Мұқанов совет әдебиетінде М. Горький негізін салған мемуарлық әдебиеттің дәстүрін дамыта отырып, халық өмірінің революция алдындағы және революция жылдарындағы жаңаруын өз көзімен көрген материалдарына сүйене әңгімеледі. Қазақ аулының біртіндеп әлеуметтік қозғалыстың құшағына кіруі, сөйтіп революциялық жолға түсуі, кейінгі жаңа өмір үшін күресі кітаптың негізгі мазмұнын құрайды.

Тарихи проза дәстүрін жалғастыру және орнықтыру жолында Қ. Жармағамбетовтің әнші Әміре Қашаубаев туралы жазылған «Әнші - азамат» (1951), С. Бақбергеновтің «Талғат» (1950, екі мәрте Совет Одағының Батыры атағын алған Талғат Бигелдиновтің ерлік істері туралы) және «Дина» (1951, Дина Нұрпейісова жайлы») повестері де едәуір пайдалы қызмет атқарды.

Интеллигенция өкілдерінің туу, қалыптасуы жолын, бүгінгі өмірін көрсетуге арналған С. Шәймерденовтің «Болашаққа жол» (1953, кейін «Инеш» болып өзгертілген) романы мен М. Иманжановтың «Алғашқы айлар» (1950), З. Қабдоловтың «Өмір ұшқыны» (1955) повестері де әдебиетімізге өз жаңалығымен келді.

Бұл айтылғандар соғыстан кейінгі дәуірде көркем проза, әсіресе роман елеулі белеске көтеріліп, әдебиет жанрларының алдыңғы шебіне шыққанын дәлелдейді. Қазақ әдебиетінің одақтық, дүние жүзілік табысып да осы жанр белгіледі.

Қазақ әдебиетінің басқа жанрларында да жақсы туындылар жасалды. Әсіресе, соғыстан кейінгі бейбіт еңбекті жырлауда, совет адамының қайрат-жігері туралы кеңірек ойласуда, бейбітшілік ісін қорғау үшін күресте қазақ поэзиясы ұшқыр қызмет көрсетті. 1954 жылдың көктемінен бастап Қазақстан жерінде басталған тың және тыңайғап жерлерді игеру, Қазақстанда өндіріс орындарының кеңеюі мен республика еңбекшілерінің соғыстан кейінгі жаңа өмірі қазақ поэзиясын шынайы шығармалармен байытты.

Лирикалық шығармалардың тақырыптық ой-өрісін кеңейтуде, көркемдік ізденістерде жаңа табыстарға жетуге аға буын ақындар елеулі үлес қосты. Ғ. Ормановтың («Таңдамалы шығармалары» - 1950), Ә. Тәжібаевтің («Өлеңдері мен поэмалары» - 1949, «Шын жүректен» - 1951), Қ. Аманжоловтың («Дауыл» - 1948), Ж. Саинның («Айғақ» - 1948, «Жылдар» - 1954), Д. Әбілевтің («Тұлға» -1948), Қ. Бекхожиннің («Көктем» - 1947) тағы басқа қазақ ақындарының жаңа кітаптары басылды.

Тың және тыңайған жерлерді игеру қазақ даласын адам пайдасына жаратудың жаңа бір ерекшелік жолы еді. Осы тақырыпқа арналып жазылған елеулі шығармалар ішінде Ә. Сәрсенбаевтың «Миллиардтың ізімен» атты өлеңдер кітабы, Ж. Саин, Д. Әбілев, С. Мәуленов, Ж. Молдағалиев, Қ. Бекхожиннің лирикалық жырлары елеулі орын алады. Бұл шығармаларда тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде шыңдала түскеп туысқан халықтар достығы, совет адамдарының қаһармандық ісі жырланды.

Ұлы Отан соғысының жеңісі мен одан кейінгі бейбіт еңбекті ұйымдастырушы Коммунистік партияны жырлау да қазақ лирикасының осы кездегі туындыларында мол орын алады. Қазақ және басқа халықтар әдебиетінің бұл тақырыпты үзбей жырлап келе жатқан дәстүріне сүйене отырып, қазақ ақындары партияның даналық басшылығын суреттеу арқылы оған деген халық ықыласын, махаббатын білдірді (С. Мұқанов - «Коммунистік партия», Ж. Саин - «Партия», Қ. Аманжолов - «Коммунист», Т. Жароков - «Партия туралы жыр», Ж. Молдағалиев - «Бастаушымыз партия» т. б.).

Партия бастап, халықты жұмылдырып отырған бейбіт еңбектің тағы бір саласы - өндіріс өмірі, ондағы жаңа адамдар бейнесі де лирика назарынан тыс қалған жоқ (С. Мәуленов «Магниттаудың оттары», 1950; М. Әлімбаев - «Қарағанды жырлары», 1952; Қ. Бекхожин - «Жезқазған жырлары» - 1952 т. б.).

Ұлы Отан соғысы уақиғаларын қайта еске ала толғану лирикада Қ. Аманжоловтың «Дариғасы», Ж. Саинның «Есімде Айдар өзені» сияқты әдемі лирикалық жырлар туғызды.

Қазақ әдебиетінде бейбітшілік үшін күрес тақырыбының кеңеюі де соғыста өткен кездің қиындығын еске алумен байланысты туған еді. Бүкіл совет халқы сияқты әдебиет те әлем алдындағы жауапкершілігін сезінді. Өлең- жырларда жаңа соғыс өртін тұтандырушылар әрекеттері әшкереленіп отырды. Дүние жүзіндегі әділетті адамдарды бейбітшілік үшін күреске шақырған жалынды пафосқа толы публицистикалық өлеңдер туды. Қазақ ақындарының бұл тақырыптағы тәуір шығармалары «Бейбітшілік даусы» (1951), «Бейбітшілік берік қолда, (1952), «Бейбітшілік жасасын» (1953) атты жинақтарға кірді.

Осы жылдар қазақ поэмасы аса бір белсенділікпен дамыды. Поэманың тақырыптық шеңбері кеңейді, көркемдік ізденістері молайды.

Ұлы Отан соғысынан кейінгі дәуірде соғыс бүлдірген халық шаруашылығын қалпына келтіру және еркендетудің негізгі шараларының бірі есебінде табиғаты: өзгерту, қуаңшылыққа қарсы күресу, шөл далаларда қолдан өзен, көл орнату, жасыл орман алқаптарын жасау мәселелері қолға алынған еді. Волга - Дон каналының жасалуы, Волга - Орал, Амудария өзендерінің суын жаңа арнаға бұру жұмыстары осы игі істің бастамасы болатын. Орал өзен бойында жаңа орман алқабы егілді. Мұнын бәрі құмды да шөлейт даланы жайқалған орманның, құлпырған егін мен жер қайысқан малдың таусылмас ырыс-байлығына айналдырудың қамы болатын. Соғыстан соңғы бейбіт еңбекті жырлауға жұмылған ақындар өміріміздегі осы жаңалықтарды тез көріп, көркем бейнелеуге тырысты. Т. Жароковтың «Жапанды орман жаңғыртты» (1949) поэмасы осы тектес шығармалардың беташары болды. Т. Жароков бұл шығармасында революциядан бұрынғы қазақ жерінің қуаң табиғаты мен бүгінгі орман алқабына бөленген бейнесін салыстырмалы суреттер жасау арқылы көрсетті. Даланы жаңартуға еңбек сіңірген жаңа адамдар образын жасады. Бұл тұрғыда орманшы қыз Майраның сәтті жасалған бейнесін айтуға болады. Ақын Сидор Семенович пен Сарманның қарым-қатынастарын суреттеу арқылы халықтар туысқандығының жылы сезімін ұтымды бейнеледі. Еңбек адамдарының іс-әрекеті мен табиғаттың жаңарған бейнесін танытуда автор көркемдік суреттеу құралдарының тың түрлерін табады. Бұл тақырыпты Т. Жароковқа ілесе X. Ерғалиев тереңдете жырлады.

X. Ерғалиев -Ұлы Отан соғысының майданын кешіп келген қазақ ақындары жаңа ұрпағының өкілі еді. Оның алғашқы шығармасын («Әке сыры» поэмасы - 1947) соғыс тақырыбына арнауы да осыдан болса керек. Ал соғыстан кейінгі бейбіт еңбек жылдарында X. Ерғалиев эпикалық поэзияда белсенді еңбек етті. «Үлкен жолдың үстіңде» (1949), «Біздің ауылдың қызы» (1950), «Сенің өзенің» (1953) атты поэмалар жазды.

Ол «Үлкен жолдың үстінде» поэмасын Мойынты - Шу темір жолы құрылысының еңбеккерлеріне арнады. Поэманың бас геройы Есболат образы арқылы ақын Ұлы Отан соғысын жеңіспен аяқтап, еңбек майданына қайта оралған совет адамының жаңа бейнесін жасады. Геройдың күнделікті тіршілігі, еңбек үстіндегі көңіл күйінің әржақты суреттері поэмада тартымды беріледі. Партия ұйымдастырушысы Попов образы, оның кішіпейілділігі, көппен қарым-қатынасы жарқын суреттеледі. Совет адамдарының соғыстан кейінгі бейбіт еңбегінің нәтижесінде ғасырлар бойы міз бақпай жатқан Бетпақдалаға жан кіруін, оның төсіне темір жол салынып, паровоз үні шығуын ақын адамның қатал табиғатты жеңуінің жаңа салтанаты ретінде бейнелейді.

Ал «Біздің ауылдың қызында» табиғатты өзгерту тақырыбы күрескер адам (Гүлжан) және оның нақты еңбегін суреттеу арқылы ашылады. Поэманың сюжеттік желісі де адам еңбегін, оның өсу жолын, ізденістерін, өскен ортасымен қарым-қатынасын, байланысын көрсетуге ыңғайлас құрылған. Поэма дәуір талап еткен маңызды тақырыпқа арналуымен ғана емес, идеялық-көркемдік жетістіктерімен X. Ерғалиевтің ақындық беталысын айқындады, автордың қазақ поэзиясындағы орнын белгіледі.

Тың игерушілердің өмірінен жазылған Ә. Тәжібаевтың «Комсомол сөйлейді» (1954), өндіріс тақырыбына арналған Т. Жароковтың «Қырда туған құрыш» (1955), Д. Әбілевтің «Алтай жүрегі» (1954) поэмалары қазақ поэмасын жаңа сапалармен байытты. Ә. Тәжібаев комсомол ұрпағының ерлік жолын пафосты өлең өрнегіне түсіре жырлады. Т. Жароков Теміртау болатшылары өмірін жырлау арқылы кешегі қойшы қазақтың ұрпағы құрыш құюды ұйренгенін қазақ жерінде туған Алтынбек Дәрібаев бейнесі арқылы көрсетсе, Д. Әбілев Риддер кенін ашу мен игерудегі партияның басшылық кызметін, Ұлы Лениннің ролін, өндірісте өскен жаңа адамдар еңбегін жырлады. Бұл саладағы шығармалардың қай-қайсысы болсын өндірістегі адамдардың жаңаша қарым- қатынасын, еңбек ерлері бойындағы халықтық сипатты бейнелеуге тырысты. Өмірдің жалғасып, жаңара түсуіндегі өндіріс күшінің рухани үлесін нақты детальдармен суреттеу талабы мол ұшырасады.

Ұлы Отан соғысы уақиғаларына орала отырып, ол туралы жаңаша толғану - X. Ерғалиевтің «Әке сыры», Ә. Сәрсенбаевтың «Ұлым туралы ой», Т. Бердияровтың «Мен өмір сүремін» атты поэмаларына тән сипаттар. Бұл поэманың үшеуі де соғыстың ауыртпалығын басынан кешкен солдаттың монологы түрінде жазылған. «Әке сыры» бастан-аяқ жауынгер әкенің баласына шерткен сырын лирикалық тебіреніс арқылы ашуға құрылса, «Ұлым туралы ой» поэмасында бас геройдың іс-әрекеті оның ішкі жан дүниесімен сабақтаса беріледі. Ұлының қайтыс болғанын естіген солдаттың психологиялық сезім күйін терең суреттей отырып, ақын қайғының бәрін соғысқа артады, соған лағнет айтады. Ал Т. Бердияровтың поэмасы соғыста аяғынан айрылған солдаттың публицистикалық ой-толғанысына толы. Бұл поэмалардың геройлары өз басының жайы туралы ғана ойлап қоймайды, адам баласына соғыс әкелген қырғын туралы, дүние тағдыры жайлы ойланады, ондай соғыстың енді қайтып келмеуі үшін батыл күреске бекінеді. Патриоттық, гуманистік идеяның жарқындығы - бұл поэмалардың бәріне ортақ белгілер еді. Соғыстан кейінгі дәуір ішіндегі қазақ поэзиясының табысына бұл аталғандармен қатар Қ. Бекхожиннің «Мариям Жагор қызы» атты тарихи поэмасын қосуға болады. Орыс, қазақ халықтарының ұзақ жылдар қалыптасқан көне достығындеректілікпен жырлауда және көркем бейнелеуде бұл поэманың ерекше маңызы бар. Поэма халық ішіне кең тараған «Дударай» әнінің туу тарихына, Мариям мен Дүйсеннің махаббаты тарихына арналады. Жастар сүйіспеншілігін автор орыс, қазақ халықтарының тарихи байланысты өмірінің суреттерімен байытады, әлеуметтік күреске ұластырады. Ақын пейзажға кең орын береді және оны адам сезімімен терең байланыста көрсетеді.

Поэзияның жанрлық баюын біз ондағы сатиралық шығармалардың тәуір улгілерінен де көреміз. Әсіресе, А. Тоқмағамбетовтың соғыстан кейінгі дәуірдегі мысал, сықақ өлеңдері ұлттық поэзиямызға үлес болып қосылды. 1955 жылдан шыға бастаған «Ара» сатиралық журналы бұл жанрда қызмет істеп жүрген қазақ ақын-жазушыларының творчествосына кең жол ашты.

Соғыстан кейінгі дәуір қазақ драматургиясына жаңа өзгерістер әкелді. Совет халқының Ұлы Отан соғысы кезіндегі жанқиярлық еңбегі мен соғыстан кейінгі бейбіт еңбек тақырыбы бұл жанрдағы шығармалардың да негізгі лейтмотивіне айналды. Бұл мәселелер Ә. Әбішевтің «Достық пен махаббат» (1947), «Бір семья» (1950), Ғ. Мұстафиннің «Миллионер» (1949), Ә. Тәжібаевтың «Гүлден, дала» (1949), Ш. Хұсайыновтың «Көктем желі» (1950) пьесаларында көтерілді.

«Достық пен махаббат» - тек Ә. Әбішевтің ғана емес, соғыстан кейінгі дәуірдегі қазақ драматургиясының тәуір үлгісіне жатады. Пьеса реалистік драма жолындағы өзіндік ізденістерімен, нанымды жасалған образдарымен, геройлар қақтығысын дәл бейнелеген драмалық тартысының ширақтығымен ерекше көзге түсті. Қазақстан жазушыларының 3-съезінде (1954) М. Әуезов оны «Совет тақырыбына жазылған қазақ пьесаларының ең тәуірі, ең тұрақты көркемдік сипатқа ие болып шыққаны» деп бағалады.

Аталған пьесалардың көбі колхоз тақырыбына арналды. Онда ауыл шаруашылығын ұйымдастыруды жаңа биікке көтеру, оған батыл жаңалықтар енгізу шаралары кең сөз болады.

Ә. Тәжібаевтың «Дубай Шубаевич» (1953), М. Иманжановтың «Менің махаббатым» (1953) пьесаларында интеллигенция өкілдерінің өмірі суреттеледі, ғылыми ой-пікірдің өрістеуі жолындағы қақтығыстар арқылы жаңа характерлер жасалады. «Дубай Шубаевич» сатиралық комедия үлгісінде жазылды.

Тарихи тақырыпқа арналған драма улгілері дамыды. Бұл салада Ғ. Мүсіреповтің «Аманкелді» (1949), М. Ақынжановтың «Ыбырай Алтынсарин» (1953), С. Мұқановтың «Шоқан Уәлиханов» (1954) пьесалары туды. Бұл пьесалардың негізіне халықтың жақсы қасиеттерін бойына сіңірген, халық арманы үшін күрескен тарихи бейнелердің өмірі мен ісі алынды.

Ұлы орыс әдебиеті мен дүние жүзі әдебиетінің озық үлгілерін қазақ тіліне аудару саласында да бұл дәуірде қыруар жұмыстар жасалды. А. С. Пушкин шығармаларының бір томдығы (1949), М. Ю. Лермонтовтың өлең-поэмалары (1954), Н. Некрасовтың таңдамалы шығармалары (1947), Т. Шевченко шығармалары (1950), Ә. Науаидың таңдамалы туындылары (1948), «Мың бір түн» хикаялары (1947-1955), А. Чехов шығармаларының үш томдығы (1955) аударылып басылды. Жеке туындылардан Г. Низамидың «Ләйлі - Мәжнүн» (1947) поэмасы, Л. Толстойдың «Анна Каренина» (1953), «Арылу» (1955), А. Толстойдың «Петр I» (1950-1952), «Азапты сапарда» (1953-1956), И. Тургеневтің «Әкелер мен балалар» (1953), О. Бальзактың «Горио атай», «Шегірен былғары» (1954), Н. Чернышевскийдің «Не істеу керек?», А. Фадеевтің «Жас гвардия» (1955), Б. Полевойдың «Нағыз адам туралы аңыз» (1951), романдары, А. Твардовскийдің «Василий Теркин» (1948) поэмасы т. б. кітаптар қазақ тіліне аударылды. Көркем аударма біздің әдебиетімізді молықтырып, оқырмандарымызды рухани байытуға қызмет жасады, қазақ ақын-жазушыларының көркемдік шеберлікке жетілуіне көмектесті.

Қазақ жазушылары осы мезгілдің аяқ кезіне таман (1954 жылы сентябрь) өткен өздерінің 3-съезіне, негізінен, осындай табыстармен келген еді. Съезд 1939-1954 жылдар арасындағы ұлттық әдебиетіміздің даму жолын, көркемдік жетістіктерін қорытындылады. Съезден кейін (1955 жылдың январынан бастап) Ұлы Отан соғысы кезінде тоқтап қалған «Қазақ әдебиеті» газеті қайтадан шыға бастады.

1954 жылдың декабрь айында СССР жазушылары өздерінің бүкіл одақтық 2-съезін өткізді. Бұл съезд совет жазушыларының 1-съезінен (1934) бергі дәуірдегі 20 жылдық әдебиеттің өсуі тәжірибесін жинақтады. Совет әдебиетінің қазіргі күйі мен міндеттері, ондағы жанрлардың дамуы жайындағы баяндамалар (А. Сурков, К. Симонов, С. Вургун, А. Корнейчук, Б. Полевой, Н. Тихонов т. б.) мен жарыс сөздер әдеби дамуымыздың маңызды проблемаларын талқылады. Совет әдебиетінің творчестволық әдісі, оны тереңдете түсу мен жетілдіре беру, әдебиет мазмұны мен формасының байланысы мәселелеріне көңіл аударды.

Съезд совет әдебиетінің көп ұлттық сипатын бекіте түсті, әдебиеттер байланысының заңдылығын нақтылады.

Съезд совет жазушыларының алдында тұрған негізгі міндеттерді тұжырымдады. КПСС ОК съезге жолдаған құттықтау хатында: жазушыларды «өмірдің нағыз шындығын барлық жағынан тұтас және толық көруге, қазіргі халықаралық жағдайда, империализм лагерінің және социализм мен демократия лагерінің арасында өрістетіліп отырған күрес жағдайында өмірдің қалай құрылып жатқанын көруге, біздің елімізде болып жатқан және Коммунистік партия басшылық етіп отырған даму процестерін түсінуге, біздің қоғамның өсу заңдары мен перспективаларын түсінуге, өмірдегі қайшылықтар мен тартыстарды ашық отыруға мүмкіндік беретін марксизм-ленинизмді творчестволықпен меңгеру негізінде өмір шындығын терең зерттеп білуге» шақырды.

Совет жазушыларының 2-съезі біздін еліміз бен әдеби дамуымызда соғыстан кейінгі дәуір ерекшеліктері туғызған жаңалықтарды мақұлдап, КПСС ОК-нің шақыруына іспен жауап беруге дайындығын мәлімдеді.

1956-1975 жылдары. Қазак совет әдебиетінің одан әрі өркендеп дамуында және социалистік реализмнің идеялық-эстетикалық принциптері негізінде шындықты көркем бейнелеу шеберлігін игеруінде шолу жасалып отырған мезгіл жаңа кезең болып табылады. Бұл кезең негізінен біздің еліміздің өмірінде КПСС-тің 20 съезінен кейін болған процестер мен өзгерістерді қамтиды. Социалистік құрылыстағы халықтың саяси және еңбек өрлеуі, партиялық өмірдің лениндік нормаларының қалпына келтірілуі, кемелденген социализмнің артықшылығы арқасында ғылыми-техникалық прогрестің тиімділікпен дамуы, тың және тыңайған жерлердің игерілуі, космосқа ұшу, Совет Одағы мен бүкіл социалистік лагерьдің халықаралық беделінің өсуі - міне, бұлар осы кездегі әдеби-көркемдік дамудың басты міндеттерін айқындаған негізгі әлеуметтік факторлар.

Бұл ретте КПСС 20-25-съездерінің тарихи шешімдері, 22-съезде қабылданған партияның жаңа Программасы және сонымен бірге өткен жиырма жыл уақыт ішінде сөз суреткерлерінің назарын көп ұлтты совет әдебиетінің актуальды мәселелеріне аударған бүкіл одақтық және республикалық жазушылар съездері маңызды бағыттаушы роль атқарды. Қазіргі дәуір тақырыбын меңгеру, замандастар бейнесін жасау, олардың характерлерінің жаңа моральдық сапаларын ашу және рухани дүниесін жарқырата көрсету қазақ әдебиетінің де һәм барша одақтық көп ұлтты совет әдебиетінің де басты өзекті міндетіне айналды. Көркемдік шеберлік мәселелері үлкен мәнге ие болды.

Осы мәселелердің барлығын күн тәртібіпе қойып, жүзеге асыруда ұлы орыс әдебиеті жетекші роль атқарып, сара жол көрсетіп отырды, социалистік реализм әдісін жан-жақты игеруде тұңғыш сүрлеу салып, балауса ұлт әдебиеттерінің жанрлық және тақырыптық өрісін кеңейтуде үнемі үлгі беріп келеді. Айталық, 1958 ж. Москвада өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің он күндігі советтік 40 жыл ішінде қазақ әдебиетінің шарықтан өрлеуінің жарқын көрінісі болып табылады. Он күндік мәдени өмірдін, барлық саласы бір-бірімен тығыз байланыста дамитынын дәлелдеді. Осы он күндікті 1936 жылы өткен он күндікпен салыстыра келіп, Мұхтар Әуезов былай деп жазды: «Қазақ өнері мен әдебиетінің екі он күндігі - 1936 жылғысы мен қазіргісі - біздің ұлттық тарихымызда, біздің рухани мәдениетіміздің тарихында маңызды кезең болып саналады. Бірінші он күндік - игі қадам бастамасы, соның өзінде де біршама асудан астық. Ал екінші он күндік - биік шарықтауымыз, қазақ халқы әдебиеті мен өнерінің қарыштап дамуы, бұрыңғы қай кездегімізбен салыстыруға болмайтын бүгінгі біздің жетістігіміздің шыңы. Қазіргі он күндікте ерекше назар аударған әдебиет пен өнер майданының өрісі кең де және көрнекті де. Бұл жағдай біздің халқымыз, біздің мәдениетіміз өзінің алтын ғасырын бастан кешіруде деп айтуымызға толық мүмкіндік береді». (М. Ауэзов. Заряд вдохновения. В кн.: «Десять незабываемых дней». А.-А., 1961, стр. 225).

М. О. Әуезовтің өзінің осы кезеңде қазақ және орыс тілдерінде жарияланып, 1959 жылы Лениндік сыйлық алған төрт томдық «Абай жолы» роман-эпопеясы әдеби жетістігіміздің биік шыңы екені даусыз. Бұл жылдары съездермен, пленумдармен бірге әдеби жылдың қорытындыларын және әдеби процестің даму проблемаларын талқылайтын творчестволық конференциялар өткізіле бастады. Мұның өзі көркемдік мәдениеттің дәрежесі жоғары болуына, жадағай баяндаушылықтап, схематизмнен, натурализмнен, түрлі жалған теориясымақтардан арылуға ықпал еткені даусыз.

Коммунистік партия жүктеген ұлы міндеттерді орындауда халық өмірімен байланысты нығайтуда, бүгінгі дәуір тақырыбын меңгеруде және қазіргі заман кейіпкерлерінің бейнесін сомдауда қазақ жазушылары өздерінің әріптестері - орыс, ұйғыр, корей, неміс жазушыларымен жұп жазбай творчестволық белсенділік көрсетті, көзқарастарының бір екенін танытты. Социалистік Қазақстанның көп тілді профессионалдық әдебиетінің идеялық-эстетикалық, жанрлық, тақырыптық ауқымы едәуір кеңейді, онда сапалық өзгерістер көбейе түсті, әдебиет жаңа жас күштермен толығып, түрлі ұлт өкілдері мен әр қилы мамандық еңбеккерлерін бейнелейтін әдеби кейіпкерлер галереясымен молықты. Қаламгерлер өздерінің кейіпкерлерінің, ягни коммунистік қоғамның белсенді құрылысшыларының ісі мен ойы арқылы жасампаз совет халқының өмірі мен еңбектегі ерлігін, совет адамдарының арманы мен мұратын бейнелеуге күш салды. Олар әуелгі кездегі суреткерлік үрдісін нысана ете отырып, өздерінің күш-жігерін өткендегі күрделі оқиғалардың - азамат соғысының, алғашқы бесжылдықтардың, Ұлы Отан соғысының қаһарлы жылдарының және соғыстан кейінгі шаруашылықты қалпына келтіру бесжылдықтарының шындығын көрсетуге жұмылдыра білді. Бұған мысал ретінде революция мен азамат соғысы тақырыбына арналған көптеген өлеңдер мен поэмалардан басқа Ғ. Мұстафиннің «Дауылдан кейін», С. Мұқановтың «Өмір мектептері» мен «Есею жылдары», X. Есенжановтың «Ақ Жайық» және «Көп жыл өткен соң», З. Шашкиннің «Тоқаш Бокин», М. Қаратаевтың «Даладағы дабыл», М. Жұмағұловтың «Қыран қазасы қияда», А. Тоқмағамбетовтың «Әке мен бала», А. Нұрмановтың «Құланның ажалы», Қ. Исабаевтың «Айқыз», Ә. Нұрпейісовтың СССР Мемлекеттік сыйлығын алған «Қан мен тер» романдары сияқты күрделі шығармалардың жарық көргенін айтуға болады. Революция күрескерлері мен жаңа өмір құрылысы қаһармандарының образдық галереясы Ғ. Мұстафиннің «Дауылдан кейініндегі» Аман, С. Мұқановтың «Есею жылдарындағы» Сәкен, X. Есенжановтың романындағы Хакім, З. Шашкиннің шығармасындағы Тоқаш Бокин, Ә. Нұрпейісовтың трилогиясындағы Еламан, М. Жұмағұловтың романындағы Аманкелді бейнелерімен едәуір молыға түсті. Бұл образдар көп жағынан өзара ұқсас және ең алдымен белсенді күрескерлігімен, халыққа шын берілген қасиетімен төркіндес. Қазақ, орыс тілдерінде, сонымен бірге туысқан республикалар тілдерінде және шетелдерде жарияланып, кеңінен танымал болған Ә. Нұрпейісовтың «Қан мен тер» трилогиясы тек автордың ғана емес, бүкіл совет әдебиетінің жетістігі болып саналады. Трилогияға СССР Мемлекеттік сыйлығы берілуі осының айғағы. Автор шығармасында халықтың революцияға келген қиын әрі күрделі жолын жатық та жан-жақты керсете отырып, адам характерлерінің жарқын сипаттарын аша білді. Бұл ретте басты кейіпкер Еламан образы характердің диалектикалық қалыптасуының тар жол, тайғақ кешуі арқылы типтендіріле суреттелгенін айтқан жөн.

X. Есенжановтың «Ақ Жайық» трилогиясында азамат соғысы кезінде және Совет өкіметінің алғашқы жылдарында халық өмірінде болған өзгерістер баяндалады. Революция туын биік көтерген большевиктер Әйтиев, Дмитриев, ағартушы-демократ Бақытжан Қаратаев образдарында және ағайынды Жүнісовтердің қылықтары мен әрекеттерінде сол дүрбелең жылдарда ғұмыр кешкен адамдардың ой-сезімі, талабы, көңіл күйі бейнеленген. Мұнда революцияға келу жолы, коммунистік сенімге көз жеткізуі, дүниетаным мен характерінің тым баяу қалыптасу кезеңдері арқылы бейнеленетін жас Хакім Жүнісовтің образы, Ә. Нүрпейісовтың «Қан мен тер» трилогиясындағы Еламан образы сияқты елеулі ерекшелігімен көрінеді. Айырмашылығы - Еламан кедей семьясынан да, Хакім Жүнісов қажы әулетінен шыққан.

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы совет халқының қаһармандығы тақырыбына арналған Ә. Нұрпейісовтың «Күткен күн», Т. Ахтановтың «Қаһарлы күндер», Б. Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейді», С. Бақбергеновтың «Қардағы қан», Ө. Қанахиннің «Дәмелі», К. Қазыбаевтың «Ызғар», Қ. Исабаевтың «Бетпе-бет» романдары, Б. Момышұлының «Бір түннің оқиғасы», «Артымызда Москва», «Генерал Панфилов», Ә. Шәріповтың «Партизан қызы», «Шолақ тон», Қ. Қайсеновтың «Жау тылындағы бала», Ж. Тілековтың «Шалғай шепте», Н. Ғабдуллиннің «Қымбатсың маған, өмір», Ж. Жұмахановтың «Солдат жолы», «Әлия Молдағұлова» т. б. повестері жарияланды. Т. Ахтановтың «Қаһарлы күндері» - оқырман қауымға кеңінен танылған шығарма. Роман орыс және неміс тілдеріне аударылып басылды. Соғыс көріністері молырақ суреттелетін бұл шығарма қоғамдық мәселелерді көтеруімен, адам характерлерінің нанымды сипатталуымен, жазушының шеберлік тәсілімен назар аударады.

Б. Момышұлының әскери повестерінің басты кейіпкерлері генерал Панфиловтың, капитан Лысенконың, политрук Клочковтың образдары совет адамдарының қаһармандығын, қайсарлығын паш етеді. Ә. Шәріповтың «Партизан қызы» повесінде Ақәділовтар семьясының өмірі нанымды әрі тартымды суреттелген. Ұлы Отан соғысы кезінің оқиғалары туралы жазылған басқа туындылар да документальдығымен, нақтылығымен қызғылықты және танымдық тәлімі мол.

Тарихи роман жанрына бет бұруға түрткі болған М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясынан кейін тарихтағы белгілі тұлғалар - Сұлтанмахмұт Торайғыров (Д. Әбілевтің «Ақын арманы»), Дина Нұрпейісова (С. Бақбергеновтың «Динасы»), Махамбет Өтемісов (Ә. Әлімжановтың «Махамбеттің жебесі») туралы романдар жарық көрді. Сондай-ақ, атақты Ақан сері, Жаяу Мұса, Шоқан Уәлиханов, Тұрар Рысқұлов жөнінде романдар, ЬІбырай Алтынсарин, Құрманғазы, Әліби Жанкелдин, Сәкен Сейфуллин, Сібір Омар, Күләш Байсейітова, Жамбыл, Аманкелді Иманов жайлы поэмалар жазылды.

Осы орайда Ленин тақырыбы лирикалық өлеңдерде ғана емес, «Ильич» (М. Мақатаев), «Данышпан» (Қ. Мырзалиев) поэмалары сияқты көлемді поэзиялық шығармаларда да елеулі құбылыс ретінде көрінгенін ерекше атап өткен жөн. Ақындар ұлы көсем бейнесін мүсіндеуге құлшына кірісіп, лениндік идеяның өркен жайып, салтанат құрғанын жырға қосты, оның халықаралық, интернационалдық маңызын ашып көрсетті.

Әдебиеттің өркендеп өскенін, оның сапалық өзгеріс тапқанын тек жаңа тақырыптарды көбірек қамтуы ғана емес, жанрларының байи түскені де айғақтайды. Лирикалық және публицистикалық поэмалар, балладалар, философиялық лирикалар, публицистикалық очерктер өріс алды, повестер мен романдарда лирикалық толғаныстар көбейді.

Балаларға арналған шығармалардың өрісі кеңейе түсті. Балалар әдебиетін дамытуда «Балдырған» журналының, «Жалын» баспасының және осы аттас альманахтың үлкен роль атқарып келе жатқанын айтуға болады.

Драматургия, сатира және юмор жанрлары да қанат жайды. Халықтық поэзия, әсіресе оның ішінде айтыс жанры кең өрістеді.

Тақырыптар мен жанрлардың байлығы мен әр алуандығы әдебиетте кемелденіп есейгендігінің көрсеткіш екені даусыз. Бірақ, оның қоғамдық маңыздылығының шешуші криттерийі - маркстік-лениндік дүниетаның социалистік реализм әдісіне негізделген жоғары эстетикалық мәдениет. Социалистік реализм әдісін меңгеру, оның партиялық және халықтық принциптерін игеру - халыққа шыншыл көркем шығарма беру, өнерді одан әрі дамытуға бағытталған дәстүр мен жаңашылдықтың табиғи байланысын табу деген сөз.

Суреткердің теориялық білім дәрежесін арттыруда, социалистік реализм әдісін игеруде және профессионалдық шеберлігін жетілдіруде ең сенімді құрал әдебиет сыны мен әдебиет тану ғылымы екені мәлім. 1957 жылы Қазақстан Коммунистік партиясының ОК қазақ халқының әдебиет пен музыкалық мұрасы және оны ғылыми-зерттеу туралы қаулы қабылдады. 1959 жылы осы мәселеге арналған Каз. ССР ГА-сының ғылыми конференциясы болды. Халық творчествосының үлгілері мен өткен замандағы прогресшіл ақындардың туындылары жариялана бастады. Казақ совет әдебиетінің негізін салушылар Сәкен Сейфуллиннің, Бейімбет Майлиннін, Ілияс Жансүгіровтың шығармалары көптеп жарық көрді. Олардың туындыларының идеялық және көркемдік сапасын талдау 1957 жылы шыққан «Қазақ совет әдебиеті тарихының очерктерінде» едәуір орын алды. Сонымен бірге аталған жазушылардың өмірі мен творчествосына арналған монографиялық зерттеулер де шықты.

Алпысыншы жылдары қазақ және орыс тілдерінде «Қазақ әдебиеті тарихының» алты кітаптан тұратын үш томдығы жарық көрді. Сыншылар мен әдебиет зерттеушілерінің монографиялық еңбектері мен очерктері, әдеби-сын мақалалар жинақтары жариялана бастады.

Әдебиет сынының маңызын көтеруде КПСС 25-съезінің шешімдері мен КПСС Орталық Комитетінің «Әдеби-көркем сын туралы» арнаулы қаулысы (1972) аса үлкен роль атқарды. Әдебиет сынына жанашыр қамқорлықтан туған партиялық қаулы көркемдік дамудың идеялық-эстетикалық дәрежесін арттырудың өткір құралына айналды.

С. Сейфуллин, Б. Майлин, I. Жансүгіров, С. Мұқанов, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, Р. Мұстафин, С. Ерубаев, С. Шарипов повестері мен романдарының арқасында әдеби процесте 30 жылдардың өзінде жетекші орынға ие болған қазақ прозасы бұл үрдісінен кейінгі жиырма жылдықта да жаңылған жоқ.

Жазушылардың творчестволық белсенділігі мен азаматтық жауапкершілігінің артуын жазған шығармаларының санынан ғана емес, олардың өмір құбылыстарының мәніне терең үңілген талабынан да тануға болады. Бұл жөнінде елеулі сапалық өзгеріс барынбайқау қиын емес. Қазақ Қаламгерлері орыс әдебиетінің реалистік дәстүрінің бай мүмкіндіктерін жедел игеруге, өздерінің ұлттық және басқа туысқан әдебиеттердің тәжірибелерін үйренуге, социалистік реализм аясында жаңа түрлер табуға белсене кірісті. Бұл орайда алғаш батыл қадам жасалып, қазіргі заманның ең қажетті тақырыбына арналған шығармаларды атап өткен жөн. Оған М. Әуезовтің «Өскен өркен», З. Шашкиннің «Теміртау», «Доктор Дарханов», «Сенім», Т. Әлімқұловтың «Ақбоз ат», Т. Ахтановтың «Боран», С. Жүнісовтың «Жапандағы жалғыз үй», I. Есенберлиннің «Айқас», А. Байтанаевтың «Жаңғырды дала», К. Оразалинның «Ақ алқап», Р. Тоқтаровтың «Бақыт», Ж. Молдағалиевтың «Торғай толқындары» романдарын қосуға болады. Бұл шығармаларда адам тағдырына, Отан тағдырына баса көңіл бөлінген. Мұнда тек адамның қоғам алдындағы парызы мен міндеттері туралы ғана емес, оның жеке басына және азаматтық құқына құрметпен қараушылық жөнінде де сөз қозғалады. Тарихты жасайтын халық өмірін терең және жан-жақты суреттеу, оның тағдырын айқындайтын проблемаларды талдау - қазіргі заман шығармаларының көпшілігінің негізгі пафосы. Мыс., М. Әуезовтің «Өскен өркен» романының басты кейіпкерлері (Карпов, Әсия т. б.) шопандар тұрмысын жақсартуға қамқорлық жасайды, Қазақстан жағдайында табиғат апаттарымен күрес жүргізу құралдарын іздестіреді. М. Әуезов осы проблемалардың бүкіл халықтық мәнін ашып көрсетті. Ол көркем суреттеу құралдарының күшімен жұт кезінде қоғамдық мал басын аман сақтау жолында жан аямай күрескен малшылардың қысқы аяз бен боранда көретін қиыншылықтарын әсерлі бейнеледі. Романда мемлекет алдындағы, қоғам алдындағы өздерінің борышын терең сезінген қарапайым еңбек адамдарының адамгершілік қасиеттері шеберлікпен суреттелген. Жазушының мол өмірлік және әдеби тәжірибесі ең негізгі құбылыстар мен фактілерді таңдап алып, оны тарихи-әлеуметтік биік сапаға көтеруге мүмкіндік берген. Бұл шығармада жұт, тұрмыстағы келеңсіздік сияқты мәселелер қоғамдық үлкен мәні бар тұрғыда көрсетілген.

Т. Әлімқұловтың «Ақбоз ат» романында да малшылар өмірі шынайы суреттелген. Мұнда Отан игілігі жолында қажырлылықпен еңбек еткен адал ниетті қарапайым адамдардың ұнамды бейнелері жасалған.

Қазақ жазушылары өздерінің шығармаларында адам өмірінің жекелеген көріністерін суреттеумен шектелген жоқ, олар уақытпен және тарихпен байланысты адамдардың өзара қарым-қатынасын ашып көрсетуге ұмтылды. Қоғамдық үлкен мәнге толы, кесек характерлерді сомдаған, шындықты бар болмысымен бейнелеген шығармалар әдебиетте оңайлықпен және жйі туа бермейтіні мәлім. Мұндай туындыларды жасау үшін реалист суреткердің сөзімтал түйсігі мен көрегендігі, мол білімдарлығы, іздеуден жалықпайтын табандылығы керек. Осындай жазушының тобына З. Шашкин қосылады. Ол өмірінің соңғы он шақты жылы ішінде қазіргі уақыттың ең маңызды мәселелерін көтеретін алты роман мен бір повесті («Тоқаш Бокин», «Темірқазық», «Теміртау», «Доктор Дарханов», «Өмір тынысы», «Сенім», «Ақбота») жазды. Мәселен,«Теміртауда» қазақ техникалық интеллигенциясының өмірі суреттелген, өндірістік прогресс жолында күрес жүргізген озат адамдардың образдары жасалған. Ал «Доктор Дарханов» романында партиялық өмірдің лениндік нормалары бұзылған кезең туралы сөз етілген. Жазушының соңғы шығармасы «Сенім» романы да өмір материалдарының молдығымен, адам характерлерінің қызғылықтығымен назар аударарлық. Отанға, халыққа деген сүйіспеншілік, туған ел алдындағы парыз, азаматтық жауапкершілік сияқты аса мәнді мәселелер роман пафосына айналған.

Шығарманың қоғамдық маңыздылығы, тәрбиелік күші онда басты идеялық жүк арқалаған адамдардың образдары қаншалықты шыншыл суреттелгенімен өлшенетіні белгілі. Мыс., М. Әуезов «Өскен өркен» романында Карпов образы арқылы партия басшысының көп қырлы характерін ашуды ниет еткен. Өкінішке орай, роман аяқталмай қалды және ондағы Карпов образы бар болмысымен көріне алмады. Дегенмен, кейіпкер характерінің негізгі белгілері айқын мүсінделгенін байқау қиын емес. Карпов бейнесінен нағыз коммунистке тән көптеген биік қасиеттерді табуға болады. Сондықтан да Карповты қазіргі қазақ прозасының интеллектуалды кейіпкері деп батыл атаған жөн.

Т. Әлімқұловтың «Ақбоз ат» романында басты кейіпкер ретінде Гүлнаш образы суреттеледі. Мұнда автор қазақ әйелдерінің бастан кешкен ауыр тағдырын типтендіріп көрсеткен. Гүлнаш қиыншылықтың қандайынан болсын мойымайды, қайта ысылып шыныға түседі. Оның бейнесінде қоғамға жанқиярлықпен қызмет етудің қуанышын таныған күрескер характері қалыптасқан. Сондай-ақ дәл осы сияқты бүгінгі күннің үлкен қоғамдық және адамгершілік мәселелерін өзек еткен Т. Ахтановтың «Боран», романында өмірдің небір ауыртпалығын өткерген табанды адал адам Қоспан шопанның тағдыры да боямасыз суреттелген. Қоспан қаншама бір тағдыр тауқыметін тартса да адамдық ар-намысынан айрылмайды, оны әр кезде адал еңбегі мен әділдікке деген сенімі қорғап қалады. Сонымен қатарбір ауданның дүрдей басшы қызметкері болғанмен қарақан басының қамын ойлаудан аспайтын, кісі тағдырына немқұрайды қарайтын Қасболаттың ббразы да қызғылықты және нанымды шыққан. Шынайы да тартымды бейнеленген бұл екі образды қазақ совет әдебиетінің табысы саналатын көркемдігі жоғары образдарының тобына қосуға болады.

З. Шашкин сияқты бұл кезеңде жазушы I. Есенберлин де жемісті еңбек етті. Ол тарихи тақырыпқа жазылған үш романына («Қаһар», «Алмас қылыш», «Жанталас») қоса совет шындығына арналған «Айқас», «Қатерлі өткел», «Ғашықтар», «Алтын құс» романдарын жариялады. Жазушы «Айқас» романында адал еңбеккер мен мансапқор адамның арасында шиеленіскен тартысты көрсетсе, «Қатерлі өткелде» алғашқыда ұлтшылдық шылауына оралып, кейіннен совет шындығының шапағатымен заманның озат ойлы адамына айналған қазақ интеллигентінің өсу жолын бейнелеген. Ал, «Ғашықтар» романында жаңа адамгершілік мәселелері сөз етілген.

С. Жүнісовтың «Жапандағы жалғыз үй» романында кейіпкер характерлерінің психологиялық ерекшеліктері мен қалыптасу жолдары көрсетілген.

Адамның өнегелі мінез-құлқын жетілдіру проблемалары қазақ прозасының сюжеттік-композициялық шешімі мен құрылымы әрқалай басқа да көптеген шығармаларының басты лейтмотиві ретінде көрінеді. Мыс., Р. Тоқтаровтың «Бақыт» романында жас адамдардың бақыты ескілік қалдығының ықпалынан азат таза сүйіспеншілікке негізделуі тиіс деген идея ерекше аталған, Қ. Исабаевтың «Бетпе-бет» романында жалақорлар мен есекшілерге өткір сын айтылған, ал А. Байтапаевтың «Жаңғырды даласында» пайдакүнем және өзімшіл ұсақ буржуазиялық психология айыпталған.

Белгілі қазақ жазушысы Ғ. Мұстафин 1963 жылы жариялаған «Көз көрген» атты мемуарлық романында өзінің жасынан бастан кешкен өмір жолындағы көргені мен сезгенін баян еткен. Құнарлы да кестелі тілмен жазылған бұл романда қазақ аулының тұрмысы мен өмірі, күні өткен ескіліктің күйрегені көрсетілген. Аса көрнекті прозаик және драматург Социалистік Еңбек Ері Ғ. Мүсірепов кейінгі он жыл ішінде кемел суреткердің шебер қолтаңбасымен мүсінделіп шыққан бірқатар әңгімелер мен миниатюралық шығармалар жазды. Оның үлкен талантынан туған шығармалардың ішінде 1970 ж. Қазақ ССР-інің Мемлекеттік сыйлығын алған «Кездеспей кеткен бір бейне» атты лирикалық-философиялық повесі айрықша көзге түседі. Шығарма ерекше әсерлі қызулықпен, терең сезімді мәнермен, өзгеше айшықты тілмен жазылған. Повестің басты кейіпкері Еркебұланның прототипі - даңқты қазақ ақыны большевик Сәкен Сейфуллин. Ғ. Мүсірепов кейін жариялаған «Ұлпан» атты тарихи тақырыпта жазылған жаңа повесінің басты кейіпкері етіп патриархалдық-феодалдық қоғамның моралына қарсы шыққан қайсар характерлі, қайратты да жігерлі қазақ әйелін суреттеген.

Социалистік реализм әдебиеті үшін басты кейіпкер проблемасы - өзекті мәселе. Жазушы өзінің идеялық-эстетикалық мұратын ең алдымен ұнамды кейіпкер бейнесі арқылы жақсы көрсете алады. Жарқын бейнелі кейіпкерлердің сом тұлғасын жасау - суреткердің қастерлі міндеті. Алайда, жоғарыда аталған шығармалардың бәрінен бірдей ұнамды кейіпкердің тартымды жасалған тұлғасын кездестіре бермейміз. Мұның өзі белгілі дәрежеде шығарманың танымдық және тәрбиелік әсерін әлсірететіні шүбәсыз. Соңғы жылдары жарияланған бірқатар романдардың көркемдік дәрежесі көңілдегідей емес, мұнда кейіпкерлер тобы шамадан тыс көп, шығарма сюжетіне тікелей қатысы жоқ оқиғалар шұбалаң баяндалады. Сұрыптап іріктеудің жоқтығы, ұсақ-түйекті тізе берушілік жазушыны басты нысана - қорытып талдау мен түйіндеп суреттеуден ауытқытады, оқпға желісін және мағынасын күңгірттетеді.

Соңғы 20 жылда прозада романдармен бірге повестер көрнекті орын алады. Олардың көпшілігін жазған - орта және кейінгі буындағы қаламгерлер. Шолу жасалып отырған кезеңдегі әдеби қозғалыстың елеулі ерекшелігінің бірі - прозаиктер қатарына жас таланттардың үлкен тобының келіп қосылуы. Атап айтарлық бір жайт, бұлардың әрқайсысының әдебиетке өздерінің тақырыбымен, өзіндік жазу мәнерімен келуінде деуге болады. С. Мұратбеков, М. Сүндетов, А. Нұрманов, Қ. Ысқақов, Ә. Кекілбаев, Ж. Молдағалиев, Ш. Мұртазаев, Ә. Тарази, Қ. Найманбаев, О. Бөкеев, Ж. Нәжімеденов, С. Санбаев, Қ. Тұрсынқұлов, Қ. Жұмаділов, Д. Досжанов, Д. Исабеков, К. Ахметбеков, Ш. Әлімбаев, А. Жақсыбаев, С. Досанов т. б. есімдері қазір кеңінен танымал. Әрине бұлардың бәрі бірдей қаламгерлік арынын бірден күрт көтеріп кете қоймағанмен, көбінің жазған туындылары әдебиетке социалистік реализмнің көп қырлы прозасын тереңдете түсіп, одан әрі дамыта алатын жаңа күштер келіп қосылғанын айғақтайды.

Шолу жасалып отырған кезеңде туған повестер мен новеллаларда негізінен 20 ғасырдағы жас адамның өмірі негізгі тақырып етіп алынған. Балалық және жастық шағы соғыс кезінде және соғыстан кейінгі жылдарда өткен кейіпкерлердің түрлі қиыншылықтармен, өмірдің келеңсіз құбылыстарымен күресте шынығып, характерлерінің қалыптасуы, қиын да қилы жолды өткеріп, көздеген мақсатына жету процестері көрсетілген. Ә. Нұршайықовтың «Махаббат жыры». М. Сүндетовтың «Күтем сені, Дидар». Н. Ғабдуллиннің «Кестелі орамал». М. Дүйсеновтың «Қалыңдық», С. Бақбергеновтың «Қардағы қан», С. Шаймерденовтың «Мезгіл», Қ. Найманбаевтың «Бастау», О. Бөкеевтін «Құлыным, менің», Ә. Кекілбаевтың «Шыңырау», Д. Досжановтың «Тұлпардың ізімен» т. б. повестердегі кейіпкерлер осы тұрғыда суреттелген.

КПСС Орталық Комитетінің 25-съезіне жасаған Есепті баяндамасында Л. И. Брежнев жолдас партиянын 24-және 25-съездері арасында социалистік реализм арнасымен өркендеген бүкіл одақтық әдебиеттің негізгі бағытын сипаттай келіп, Ұлы Отан соғысы тақырыбына және «өндірістік тақырып» деп аталатын, яғни жұмысшы табы тақырыбына, сонымен бірге «мораль, адамгершілік талаптары» тақырыбына жазылған бүгінгі күн шығармаларының тәрбие ісіндегі маңызын атап корсетті. Осында айтылғаң мәселелердің бәрі де белгілі дәрежеде қазақ әдебиетіне де қатысты деуге болады. Жоғарыда аталған тақырыптарға жазылып жатқан шығармалар аз емес. Олардың табысты туынды саналатындары да бар. Мәселен, Ұлы Отан соғысы кезінде майдан мен тылдың шындығын суреттеуге арналған шығармалар тобына жататын К. Қазыбаевтың «Ызғар», Қ. Ысқақовтың «Тұйық», Б. Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейді», С. Бақбергеновтың «Жанғожин» атты повестерінде, олардың осы тақырыптағы бұрынғы туындыларына қарағанда қиын тағдырлы кейіпкерлер характерлерінің кескіндері терең де нәзік суреттелген. Бірақ Ж. Нәжімеденовтың екі романы («Ақ шағыл», «Кішкентай») туралы бұлай деуге тіпті болмайды. Асығыстықпен үстірт жазылған бұл сүреңсіз романдарда моральдық бейнесі әрсіз, жан дүниесі жүдеу, ойы таяз, ұсқынсыз бейнелер суреттелген. Автордың әдеби талғамсыздығынан туған шығарма кейіпкерлерінің тағдыры жадағай әрі нанымсыз баяндалған.

Жұмысшы табы тақырыбы қазақ әдебиетіне соңғы кезеңде де батыл енді, бұған Ғ. Мүсірепов, С. Ерубаев, Ғ. Мұстафин т. басқадан соң жұмысшы бейнесін көркем суреттеген Қ. Исабаевтың «Өткел», Ж. Жұмахановтың «Мен - жұмысшымын», Ш. Мұртазаевтың Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығын алған «Қара маржан», А. Жақсыбаевтың «Егес» романдары мен повестерін жатқызуға болады. Алайда аса күрделі бұл тақырып өзінің мүмкіндігін әлі ойдағыдай жеткілікті аша алған жоқ. Бұл ғана ма, Ж. Жұмахановтың «Мен- жұмысшымын» романында жұмысшы бейнесінде суреттелген кейіпкер өндіріске ешбір қатысы жоқ адам болып шыққан. Ал С. Бақбергенов «Кентау» романында жұмысшы табы өкілінің ұнамды бейнесін жасаудың орнына басты кейіпкері - бригадирді адам өлтірген қылмыскер ретінде көрсеткен. Осы орайда Қазақстан Компартиясының 14-съезінде жасаған баяндамасында Д. А. Қонаев жолдастың бізде әлі де болса өте сүреңсіз шығармалар жиі жарық көріп келеді деп айтқан сөзі еске түседі. Сондықтан да, мұндай туындылардың тақырыптық-образдық мазмұны бүгінгі күн проблематикасын өз дәрежесінде толымды етіп көрсете алмайды, терең даярлықсыз, мағлұматсыз, ысылған шеберліксіз толық қанды шығармалар тумайтыны аян.

Моральдық-адамгершілік проблемаларына көбірек көңіл аудару соңғы жылдардагы қазақ әдебиетіндегі елеулі құбылыс болып табылды. Мұның барлық жанрлар мен тақырыптарға қатысы бар. Бұл орайда тарихи және қазіргі заман тақырыптарына жазылған Ә. Кекілбаевтың «Шыңырау», Д. Досжановтың «Тұлпардың ізімен», Ғ. Мүсіреповтің «Ұлпан», жас прозаиктер Д. Исабековтің «Тіршілік», О. Бөкеевтің «Мұзарт тау» т. б. повестерін елеулі табыс ретінде бөліп айтуға болады. Партияның 25-съезінде Л. И. Брежнев жолдастың: «Біздің жазушыларымыздың, суреткерлеріміздің еңбегі сонда - олар адамның ең жақсы қасиеттерін - оның принциптілігін, адалдығын, сезім тереңдігін көрсетуге талпынады, мұнда олар біздің коммунистік адамгершілігіміздің мызғымайтын принциптерін негізге алады» деген аталы сөзі жоғарыда аталған жазушылар еңбегіне де қатысты айтылған. Сонымен бірге моральдық-этикалық мәселелерді түйіндеп бейнелеуде олқылықтар да жоқ емес. Мәселен, бірқатар повестерде (С. Шаймерденовтың «Қайтқан құстары», С. Санбаевтың «Көпажалы», Д. Досжановтың «Қиын қадамы») ескіліктің тұрмыстық әдет-ғұрып негіздерін дәріптеушілік және оны қала емірінің бүгінгі бейнесіне, ғылыми-техникалық прогресс өзгерістеріне қарама-қарсы қоюшылық нышаны бой көрсетеді, ауыл тіршілігінің көнерген салттары жөнсіз әсіреленіп сипатталады.

Бұл кезеңдегі қазақ поэзиясының табыстары да айтарлықтай деуге болады. Шындық болмысты философиялық тұрғыдан ұғынуға ұмтылу, азаматтық,интернационалдық пафос, ойдың нақтылығы мен тереңдігі, сезімнің табиғилығы, түрдің саралылығы мен айқындығы - міне, бұлар соңғы жылдарда қазақ поэзиясы табандылықпен бойға сіңірген негізгі сапалар. Бұл өзгеріс нышандары А. Тоқмағамбетов, Ә. Тәжібаев, Ғ. Орманов, Қ. Бекхожин, X. Ерғалиев, С. Мәуленов, Ж. Молдағалиев, Ә. Сәрсенбаев, М. Әлімбаев, С. Жиенбаев, Ғ. Қайырбеков, М. Хакімжанова, А. Шамкенов, Т. Әбдірахманова сияқты аға және орта буын ақындардың творчествосына ғана емес, кейінгі ұрпақтың көптеген өкілдерінің өлеңдеріне де тән. Мұнда әсіресе ақындар О. Сүлейменов, Т. Молдағалиев, М. Мақатаев, Қ. Мырзалиев, Ж. Нәжімеденов, Т. Есімжанов т. б. өздерінің жарқын таланттарымен және батыл ізденістерімен ерекше көзге түседі. Қазақ поэзиясының талассыз табысына Ленинге арналған жырларды жатқызуға болады. Бұл өлеңдер шынайылығымен, әсерлілігімен ұлы көсем бейнесінің жаңа қырын аша түседі.

А. Тоқмағамбетов, Қ. Мырзалиевтің соңғы жинақтарындағы нақыл өлеңдер өзіндік моральдық-философиялық пікір айқындығымен ерекшеленсе, Ә. Тәжібаев, М. Мақатаев, Т. Айбергеновтың лирикалық-философиялық толғаныстары көтеріңкі патриоттық пафосымен дараланады. Ал О. Сүлейменовтың ежелгі бабалар тарихына терең үңіліп, оны 20 ғасыр бағдарынан («Қыш кітап») суреттеуге ұмтылған талабы батылдығымен және ерекшелігімен назар аударады. Сондай-ақ, Ғ. Орманов, С. Мәуленов, Ж. Нәжімеденов, Т. Молдағалиевтың лирикалық өлеңдері, X. Ерғалиев, Ғ. Қайырбеков және Қ. Бекхожиннің бүгінгі күн тақырыбына жазылған жаңа поэмалары сезімге әсерлілігімен, бояуының қанықтығымен тартымды. Қазақ ақындары өмір құбылыстарын терең зерттей отырып, шындық болмысты танытып қана қоймай, еңбекте және күресте дем беретін, гуманистік сезімге, демократизмге тәрбиелейтін, халықтар арасындағы туысқандықты уағыздайтын және бейбітшілікке үндейтін терең ойға, асқақ сезімге құрылғап поэзия үрдісін дамыта түсті. Дәуірдің аса маңызды оскелең талабын қазақ поэзиясында жүйелі бейнелеуде Ә. Тәжібаев пен О. Сүлейменов нәтижелі еңбек етіп келеді. Олар өздеріңің творчествосында мезгіл сабақтастығына, ұрпақтар сабақтастығына үнемі назар аударып отыруда алғырлық танытты.

Партиялық принцип барлық әдеби процесті дамытудың жалпы бір тұтас заңы ретінде өзінің игілікті ықпалын үздік шығармаларда жүзеге асырып келеді. Содан да поэзия, драматургияның ең тәуір туындыларына бүгінгі заманның өршіл серпіні тән. Мұнда біздің өміріміздің әлеуметтік және эстетикалық проблемалары көркемдік шешімін табады. Сөз шеберлері өмір фактілері мен қарама-қайшылықтарының мәніне терең үңіліп, өздерінің шығармаларында характерлердің психологиялық нанымды жасалуына жете көңіл бөле бастады. Мұның өзі қоғамның ең түбегейлі, ең маңызды міндеттеріне үн қосқандық, партиямыздың 23-25 съездерінде белгіленген проблемалар мен өмір талаптарына жауап бергендік болып табылады.

Қазақ поэзиясында жарты ғасыр бойы қалам тербеген ақын Ғ. Ормановтың «Таңдамалысы» және жаңа өлеңдер жинағы 1972 жылы басылып шықты. Бұл кітаптарда ақынның әр қилы тебіреністері мен толғаныстары, коңілге түйгендері мен алған әсерлері көрініс тапқан, халық өмірінің сан-салалы кезеңдері, қуанышты сәті де, қайғылы мезеті де - баршасы ұтымды бейнеленген. Халық тіршілігінің қалың қатпарына терең үңіліп, одан өз поэзиясына үзілмес өзек тартқан ақын творчествосында тұтастық бар, жылылық бар, содан да жұрт оның лирикаларын тұшынып оқиды. Мәселен, ақынның Москваға, В. И. Ленин мавзолейіне барғанда алған әсерінен туған терең сезімді толғаныстары - осыған айғақ. Бұл өлеңдерде ұлы көсемге арналған халық сүйіспеншілігі тартымды суреттелген.

Қазақ поэзиясының эпикалық саласын дамытуда ақын Жұбан Молдағалиевтің қосқан үлесі мол. Оның «Мен - қазақпын» деп аталатын поэма-монологы поэтикалық ерекшелігімен, биік пафосымен жұртшылықтан ұнамды бағасын алды. Ақын соңғы он бес жыл ауқымында «Кіші Түрксіб», «Айттым сәлем», «Сел», «Қыран дала» т. б. эпикалық туындыларын жариялады. Күрделі де көлемді поэмалары арқылы Ж. Молдағалиев есімі эпик-ақын ретінде қалың қауымға кеңінен танылды. Бірақ оның творчествосындағы эпикалық туындыларды лирикалық өлеңдерінен бөле қарауға болмайды, бір-бірімен тығыз сабақтас. Ақын бір поэмадан екінші поэмадан екінші поэмаға көшкен сайын лирикалық шегіністер желісін тереңдете түскен. «Айттым сәлем» поэмасында автор тарихи шындықты зор шабытпен жырлай отырып, өзімен замандас ұрпақтардың сом тұлғасын жасады, Ұлы Отан соғысының каһарлы жылдарында Октябрь революциясының жеңісін әр кеудесімен қорғап калған қаһармандар ерлігін мадақтады. Шынында да, кешегі қанды майдан ұрыс даласында құтырған фашист қорқауларына асқан табандылықпен соққы берген батырлардың көзсіз ерлігі көркем шығармаға үлкен серпін беретін ерен жайт. Ж. Молдағалиевтің соңғы жылдардағы табысы ретінде «Сел» поэмасын ерекше атаған жөн.

Ақын осы шығармасы және «Қыран дала» поэмасы үшін СССР Мемлекеттік сыйлығын (1978) алды.

Кейінгі онжылдық ішіндегі қазақ поэзиясының жетістігінің тобына Ә. Тәжібаевтың «Жартас» және «Көне қоңырау» атты жаңа жинақтарын жатқызуға болады. Бұл шығармалар 1974 жылы Қазақ ССР-інің Мемлекеттік сыйлығымен наградталды. Осы туындылармен ақын өзінің тынымсыз ізденіс үстінде екенін, творчествосын кемелдендіре түскенін, өнерпаздық шеберлігін жан-жақты жетілдіргенін айқын танытты. Ол мұның алдында жарияланған екі жинағымен де («Аралдар», «Кешеден бүгінге») қазақ поэзиясына үлкен үлес қосқанды. Ал лирик ақын жаңа кітаптарында өмір құбылыстарын кең ауқымда түйіндей суреттеп, философиялық терең толғаныстарға барған, шын ақындық шабыт тауып, творчестволық зор мүмкіндігін танытқан. Жаңа өлеңдік түр табуда, поэзия мазмұндылығын тереңдетуде қазақ поэзиясының үздік дәстүрін одан әрі дамыта түскен. Тәжібаев аталған жаңа шығармаларымен қазақтың классикалық поэзиясының өркендеу өрісі кең екендігін, әлі ашылмай жатқан поэтикалық мүмкіндігі молдығын, орыс поэзиясында А. С. Пушкин, А. А. Блок, С. А. Есенин, А. Т. Твардовский шығармаларында кездесетін өлең сапалығы қазақ ақындарының туындыларында да молынан қанат жайғанын дәлелдеді.

Поэтикалық образдардың жарқын сипат алуына жету, бейнелеу құралдарын жетілдіруде өткендегі оңды үлгілер мен бүгінгі биік ақындық ізденістерді сабақтастыра қорыту - Ә. Тәжібаевтың творчестволық айнымас негізгі принципі. Ақын творчествосында берік қалыптасқан ерекшелік ретінде оның шығармаларының терең эмоционалдығын, оқырманға түсініктілігін, көркем образдарының айқын бояулығын айтуға болады. Тәжібаев творчествосының жаңашылдығы мынада - ол бүгінгі заман шындығын көтеріңкі леппен бейнелей отырып, мазмұн бірлігі мен өлең түрінің әсем жарасымдылығын таба білді. Бұл - орыс поэзиясында Исаковскийде де, Луконинде де, Вера Инберде де және Егор Исаев шығармаларында да кең өріс алған өршіл дәстүр. Тәжібаев поэзиясында қазақ өлеңінің классикалық түрі еш уақытта көнелік сипат алған емес. Ол өзінің ойға бай, сезімге әсерлі терең тынысты туындыларымен қазіргі қазақ ақындарының кейінгі буындарының лұғатты ұстаздарының біріне айналып отыр.

Тәжібаевтың философиялық лирика мен поэтикалық драматургия саласында көпшілікке көптен танымал творчестволық жегістігінің синтезді үлгісі ретінде оның «Монологтар» атты драмалық поэмасын атауға болады. Мұнда поэма кейіпкерлерінің есімі елімізге белгілі даңқты адамдардың терең толғанысты монологтары арқылы халқымыздың басынан өткен қилы кезең шындығы бейнеленген, республикамызга жаңа өмір құру жолында кездескен саз алуан қиыншылықтар мен кедергіле: және совет халқының коммунистіт жарқын мұрат жолындағы ерлік күресі, еңбектегі қажымас қаһармандығы суреттелген. Ақын шиеленіске өткір оқиғалар желісін романтикалых көтеріңкі әуенмен бейнелей отырыт адамдар тағдырының трагедиясың шыншылдықпен ашып көрсетеді. Шығармада совет адамдарының мызғым рухани күшінің беріктігі, совет әдебиетінің өмір орнықтырғыш оптимистік лебізі айқын танылады.

Осы орайда көрнекті қазақ лиригі Сырбай Мәуленовтың КПСС 24-съезі қарсаңында Москвада орыс тілінде басылып шаққан «Жапырақтар жанады» атты жаңа өлеңдер кітабы туралк айта кеткен жөн. 1970 жылы Қазақ ССР-інің Мемлекеттік сыйлығын алған Мәуленов творчествосының түрлі кезеңдерін айқын танытатын шығармалардан құралған бұл кітапқа ақынның соңғы жылдар ішінде жемісті де табысты еңбек еткенін көрсететін өлеңдері енген. Басқа да көптеген ақындар сияқты бұл жылдардағы Мәуленов творчествосының қызыл жіппен әдіптелген лейтмотиві лениндік тақырып болып табылады. Осы кезеңдегі қазақ поэзиясында В. И. Лениннің туғанына 100 жыл толған юбилейі мен Советтік Қазақстанның 50 жылдық мерекесіне байланысты лениндік ұлт саясатының салтанат құрған идеясы басты орын алады.

С. Мәуленов творчествосына, әсіресе лениндік тақырыпқа арналған лирикалар цикліне құрғақ шешендік, дидактикалық жадағайлық, бос көпірмелік жат. Оның Ленин туралы өлеңдері шынайылығымен, сезімге әсерлілігімен баурап алады, қайсыбір лирикаларында ақын ерен тапқырлық көрсетіп отырады, елеусіз жай оқиға көрінісінен ұлкен мағына тудырады, көсем өмірінің кей фактілері арқылы халықтың Ильичке деген шексіз сүйіспеншілігіп бейнелейді, яғни Горькийдің «Үлкен әріппен басталатын Адам» деп бейнелеп айтқанындай, адамдардың адамының нұр-шұғылалы бейнесінің жаңа қырын ашып көрсетеді.

Талантты ақын О. Сүлейменов поэзиясы Қазақстаннан тыс жерлерде, Одақ көлемінде және шетелдерде белгілі болып отыр. Ол 1961 жылы шыққан «Арғымақтар» атты тұңғыш өлеңдер жинағымен танылды. Сол жылы оның «Адамға табын, Жер, енді» поэмасы жарияланды. Одан кейінгі жылдарда «Нұрлы түндер», «Париж түні», «Шапағатты шақ», «Мешін жылы», «Қыш кітап» т. б. кітаптары жарық көрді. Жекелеген өлеңдері мен поэмалары Москва баспаларында басылды, «Правда» газетінде, «Дружба народов», «Смена» т. б. журналдар мен газеттерде жарияланды.

Алғашқы жинағымен-ақ О. Сүлейменов қазақ ақындарының алдыңғы легіне келіп қосылды. Өзінің ерекше ақындық дарынын, азаматтық арынын, қызу темпераментін, көркемдік бай нақысын танытты, сөйтіп ол бірден оқырмандар сүйіспеншілігіне бөленді. Ақын шығармалары оқушысын бейжай қалдырмайды, қызу құштарлық сезімін, пікір таластарын тудырады, оның туындылары туралы газеттер мен журналдарда ғана емес, әдеби жиналыстарда, кітапханаларда, студенттер аудиториясында талқылаулар болып тұрады.

Оның асқақ әуенге, азаматтық пафосқа толы, мазмұндық ауқымы кең «Адамға табын, Жер, енді» поэмасын оқырмандар айрықша жылы қабылдады. Поэма адамзат тарихында алғаш ғарышқа самғап ұшқан Юрий Гагариннің теңдессіз ерлігіне арналған және бұл поэма осы тақырыпқа жазылған тұңғыш көлемді туынды екенін айтқан жөн. Олжас Сүлейменовтің жетінші жинағы - күрделі де көп салалы «Қыш кітабымен» таныса келе, ақынның қолы жеткен табысқа тоқмейілсімегеніне, жаңа творчестволық ізденістерге табандылықпен бой ұрғанына, шеберлігін ұштап, дүние танымын кеңейте түскеніне көз жетеді. Әрине, ақынның бұл жинағында көңілді алаңдататын тенденңиялар жоқ емес. Оны екі жағдайға байланысты атап айтуға болады. Біріншіден, мұндағы кей шығармалардың образдық жүйесі ұғынуға күрделі жеке жолдар мен шумақтар қайталап оқуды қажет етіп тұрады, оны түсініп оқу үшін сөздік пен көмекші әдебиет қажет. Екіншіден, натуралистік көріністерге көбірек әуес. Осылай десек те, қалың оқырман қауым О. Сүлейменовтің соны поэтикалық жаңалықтар аша алатын ақындық алғырлығы мен арынына сеніммен қарайды.

Көркем әдебиеттің даму деңгейі, ең алдымен, халық мәдениетінің жалпы дәрежесіне тікелей байланысты болса, екінші жағынан, әдебиеттің өзі белгілі бір мөлшерде халық мәдениетінің биік сатыға көтерілуіне ықпал жасап отырады. Осы тұрғыдан алғанда әдеби сынның атқаратын ролі аса үлкен.

Көркем әдеби сын барлық елде қай уақытта да сөз өнерін жетілдірудің бұлжымас заңы мен ерекше белгісі ретінде есептелініп келе жатқаны мәлім. Содан да Совет өкіметі жылдарында қазақ әдебиетінде әдеби сын мейлінше өрістеді, оның әдеби процеске ықпалы артты. Қазіргі қазақ әдебй сыны өзінің алғашқы қалыптасу кезеңінде орын алған көптеген кемшіліктерінен, атап айтқанда, бір жақты социологиялық солақайлықтан, үстірт бағалаушылықтан, дәлелсіз қаралаушылықтан, көркем әдебиеттің ерекшелігін бұрмалаушылықтан арылды. Қазіргі сын - нағыз ғылыми сын. Октябрьлық революциясының 50 жылдық юбилейіне орай қазақ әдебиеті тарихының алты кітаптан тұратын үш томдығы басылып шықты, аса көрнекті жазушылар творчествосы туралы монографпялық еңбектер, социалистік реализм мәселелері жөнінде зерттеулер жарияланды. Әдеби сынға және әдебиет тану ғылымына, арналған ондаған кітаптар жарық көрді. Мұның бәрі - қазақ әдебиеті сыны мен ғылымының өркендеп өсуінің айғағы.

Бұдан біраз уақыт бұрын қазақ әдебиетшілерінің әдеби сын мақалалары москвалық баспасөзде жариялануы сирек құбылыс саналатын. Қазір қазақ сыншыларының сыни еңбектері астаналық басылымдарда - «Литературная газета», «Новый мир», «Вопросы литературы», «Дружба народов», «Литературное обозрение» т. б. газет-журналдарда жарық көруі әдеттегі іске айналды. Бұған қуанбасқа болмайды, оның үстіне москвалық сыншылар қазақ қаламгерлерінің шығармаларына пікір айтуды жиілете түсті.

Қазақстан жазушыларының съездерінде және республика Жазушылар одағы басқармасының пленумдарында әдеби сын барған сайын салмақтырақ орын ала бастады. Бұдан сынның қазақ әдебиетінің дамып, одан әрі өрлей түсуіне белсенді ықпал жасап отырғанын байқау қиын емес.

Көркем әдебиет және оның сыны, сонымен бірге әдебиет тану ғылымы - осы әдебиетті зерттеп танытатын ғылым екені, әрі бір арнада һәм бір заңдылықпен дамитыны жалпыға мәлім. Әдеби сауаты аз, ғылыми мағлұматы кем адамдар ғана бұл құбылысты бір-бірінен екі айырып, бөле қарайды. Оның үстіне олар (өкінішке қарай, бұл бізде аракідік кездеседі) сын мен әдебиет тану ғылымының әдебиет табысына ешбір қатысы жоқ, тек оның қателіктері мен кемшіліктерін көрумен шектеледі және көбіне-көп міндеті сол ғана деп санайды. Әрине, әдеби процестегі сын мен әдебиет тану ғылымының ролін бұлай шала түсінушілік оның сан салалы нақты істегі маңызы мен мәнін әсте де білдіре алмайды.

КПСС 24-съезі көркем әдебиеттің сапасы, оның табыстары мен кемшіліктері әдеби-көркем сынның дәрежесіне тікелей байланысты екенін айқын да анық етіп көрсетіп берді. «Егерде біздің әдеби көркем сынымыз партияның сара бағытын неғұрлым белсендірек жүргізіп, үлкен принциптілік көрсетіп отырса, талап қоюшылықты өнегелілікпен ұштастырып, көркем қазынаны жасаушыларға қамқорлықпен қарай білсе, - деді, Л. И. Брежнев жолдас 24-съезде, - сөз жоқ, онда совет әдебиеті мен өнерінің табыстары бұдан да елеулірек болатыны, ал кемшіліктерден тезірек арылатыны шүбәсіз».

Қазіргі кезде Мемлекеттік сыйлықтарға ұсынылатын көркем әдебиет жанрларының «толық хақылы» шығармаларының қатарында сыни және әдебиет зерттеу еңбектерінің тұру фактісінің өзі-ақ, бұрынырақ уақытта өз дәрежесінде өрісін таппай келген әдеби сынның лайықты бағаланып отырғанып дәлелдейді.

КПСС ОК-нің «Әдеби-көркем сын туралы» қаулысынан кейін қазақ әдебиеті сынында едәуір ілгерілеушілік байқалып отырғаны көзге түседі. Сөйткенмен, қазақ сыншыларының бұдан да жемістірек жұмыс істеуіне, жазған әр мақаласының терең мағыналы да ықпалды болуына мүмкіндігі мол. Бұл тұрғыдан алғанда, олардың орыс әдебиетінің көрнекті сыншыларынан белсенді еңбектенуде, мақалалардың идеялық-көркемдік сапасын жақсартуда үйренетін тағлымы көп-ақ.

Қазақ драматургиясы әдебиеттің басқа жанрларына қарағанда кеш дамыды. Бұдан жарты ғасыр бұрын Мұхтар Әуезов «Еңлік - Кебек» пьесасын жазды, кейінірек оның «Бәйбіше-тоқал» комедиясы жарық көрді. Қазақ драматургтерінің алғашқыларының бірі С. Сейфуллин «Бақыт жолына», «Қызыл сұңқарлар» драмаларын, ал Бейімбет Майлин «Неке қияр» пьесасын жазды. Бұл пьесалардың дүниеге келуі қазақтың ұлттық театрының сахнасын ашты. Содан бергі елу жыл ішінде қазақ драматургтері көптеген драмалар, трагедиялар жазды, республикалық, облыстық және аудандық халық театрларының репертуарына қомақты үлес қосты. Бұл жағдай драматургияның мүшкіл халін жақсартып, оны халықтың жалпы мәдени өсуінде үлкен маңызы бар әдебиеттің іргелі саласының біріне айналдырды. Сөйтіп, қазақ драматургиясы қысқа мерзімнің ішінде өрлеу жолына түсіп, әдебиеттің басқа жанрларымен және түрлерімен қатар теңесті.

Айқын бір жайт, поэзия мен прозаға қарағанда, драматургияның тез қалыптасуына қазақ фольклорының поэтикалық асыл мұрасы қатты ықпал жасады. Көптеген пьесалар, опералардың либреттолары мен киносценарийлер фольклорлық шығармалардың негізінде жазылды, тіпті, кейде фольклор туындылары драматургияның тікелей сахналық тіліне көшірілді.

Қазақ драматургиясын қалыптастырып, оны биік белеске көтеруде Мұхтар Әуезов пен Ғабит Мүсірепов, Сәкен Сейфуллин мен Сәбит Мұқанов, Бейімбет Майлин мен Әбділдә Тәжібаев сияқты аса көрнекті ақын-жазушылардың табанды да жемісті еңбек еткенін ілтипатпен айтуға болады. Қазақ драматургиясының классиктері жазған «Қыз Жібек», «Ер Тарғын» секілді алғашқы қазақ опералары кейінірек Москва театрларының сахнасында қойылып, үлкен табысқа ие болды.

Қазақ драматургиясының буынын бекітіп, бұғанасын қатайтуда орыс және әлемдік әдебиеттің классикалық пьесаларының қазақ тіліне аударылып, театр сахнасында қойылуы көп роль атқарды. Бұл жөнінде Мұхтар Әуезов өте жемісті еңбек етті, ол Шекспир, Гоголь, Тренев, Погодин, Крон пьесаларын қазақ тіліне шебер аударды.

Қазақ драматургиясына қатысты мәселелерді сөз еткенде, оның негізгі пафосы бүгінгі дәуір шындығын сахнадан көрсетуге арналғанын, көптеген драматургтер біздің замандастарымыздың асыл мұраты мен ісін, ойы мен сезімін толымды бейнелеуге ұмтылғанын байқауға болады. Бұған С. Жүнісовтың «Ажар мен ажал», С. Мұқановтың «Сәкен Сейфуллин», Ш. Хұсайыновтың «Қиын тағдырлар», Т. Ахтановтың «Күтпеген кездесу», Ә. Тәжібаевтың «Монологтар» т. б. драмалық шығармалары дәлел. Қаламгерлер драматургияның барлық жанрларында жаңа шығармалар тудыруға құлшынып, өмірді зерттеп, білуге, адам жанының иірімдеріне терең бойлауға, шындықтың қалың қатпарын ашуға, характерлер қақтығысының сырын қапысыз тануға күш салды. Сөйтіп, дәуір шындығын бар болмысымен суреттеп, бүгінгі жаңа адамның толыққанды бейнесін жасауды мұрат тұтты.

С. Жүнісовтің бұл жөніндегі алғашқы талпынысы назар аударарлық. Оның қазақ совет әдебиетінің негізін салушылар Б. Майлин, М. Әуезов, Г. Мүсірепов шығармаларының желісі негізінде жазған «Ажар мен ажал» пьесасының өзіндік ерекшелігі бар. Мұнда, осы автордың «Жапандағы жалғыз үй» романында суреттелгендей, революцияға дейінгі қазақ аулындағы таптық күрес және 20-30 жылдардағы коллективтендіру кезіндегі қым-қуыт қайшылықтар бейнеленген. Жас драматург драмалық жағдайды шым-шытырық детективті сюжетке құрып, шиеленіскен оқиға өрбуін адам өліміне дейін апарған. Мұндағы басты кейіпкердің характерінде С. Торайғыров, С. Сейфуллин, С. Мұқанов, Б. Майлиннің әр кезде жазған шығармаларының кейіпкерлері -Қамар, Айша, Ботакөз, Раушан сынды әйел бейнелерінің ең ұнамды белгілері жинақталып көрсетілген. Осы жиынтық бейне тағдырдың қатал сынақтарында, даму процесінде суреттелетін кейіпкер Ажардың өзіндік ерекшелігі мен сонылығын біраз төмендеткен. Сөйтсе де, бұрын әбден езгі көрген қорғансыз әйел енді қоғам өмірінде белсенді, күрескер бейнесінде қалыптасқан.

Ал Ш. Хұсайыновтың «Қиын тағдырлар» пьесасының басты кейіпкері - Рауештің өмірдегі күрделі даму жолы біршама басқа жағдайда көрсетілген. Байдың қызы әрі нағыз буржуазияшыл ұлтшылдың жұбайы болған тағдыры қилы, өзі оқыған Рауеш совет кезінде: «Қалай ету керек?» деген сұрақ қабырғасынан қойылған өте қиын жағдайға кезігеді. Жалғызсыратып шеттеткен жат ортадан құтылып шығу, сөйтіп халық тобына қосылатын бірден-бір дұрыс жолға түсу оған ауыр азапқа түсті. Рауеш қаншама қиындық көрсе де, өз тағдырының алдағы шырғалаң беталысын дұрыс аңдады, халыққа адал қызмет етудің сенімді жолын таңдады.

Т. Ахтановтың «Күтпеген кездесу» атты жаңа пьесасы басты кейіпкері Ғайни характерінің тұтастығымен және күштілігімен қызғылықты. Майданда қаза тапқан делінетін офицер Естемесовтың әйелі болған Ғайни еріне деген адал махаббаты мен беріктігін сақтай біледі, ол осы ізгі сезіммен қызын да өлген әке аруағын қасиет тұтуға үйретеді. Ғайни қаншалық қасірет шексе де күйеуін сарыла күтеді. Күйеуім оралар-ау деген ешбір үміт болмаса да жеңсік құмарлыққа берілмейді, өзі мұрат тұтқан адал қалпында қалады, мұқалмас серік рухын танытады. Сөйтіп, драматург Ғайни бейнесін табиғи кескінімен шынайы етіп сомдаған. Бұған қарағанда офицер Естемесов бейнесі солғын шыққан. Оның соншалық күткен сүйікті әйеліне оралмай қалу себептері нанымсыздау.

Тахауи Ахтанов бұдан кейін «Ант» атты тарихи драмалық поэмасын (оны ақын Наум Гребнев орыс тіліне сәтті аударғанын айта кеткен жөн) жазды. Поэма оқиғасының күрделілігімен, психологиялық дәлелдерінің нәзіктігімен көңіл аударады.

Қазақ әдебиетінің көп жағдайда есейіп кемелденген әр түрлі жанрлығын сөз еткенде, оның өсуі мен дамуының біркелкілігі жөнінде айтпай кетуге болмайды. Мәселен, балалар әдебиетін алайық. Горький үйреткендей, бұл әр халықтың үлкен әдебиетінің ең маңызды саласының бірі. Әрине қазақ балалар әдебиеті өркен жайып отыр, оның сапалы әдеби өнімдері жоқ деуге болмайды. Есімдері бүкіл Совет Одағына кеңінен танымал көптеген бағалы кітаптар жазған С. Бегалин, Ө. Тұрманжанов, Б. Соқпақбаев, С. Омаров, М. Зверев, Л. Макеев сияқты балалар жазушыларын жұртшылық жақсы біледі. Сондай-ақ, Қ. Ыдырысов, М. Әлімбаев, С. Сарғасқаев, Ә. Дүйсенбиев, А. Белянинов, М. Гумеров, Н. Сералиев, Ә. Табылдиев т. б. ақын-жазушылар балалар әдебиеті саласында жемісті еңбек етіп келеді. Балаларға арналған қазақ ауыз әдебиетінің оңды үлгілері жиі басылуда. Жастар мен балалар үшін кітаптар басып шығаратын «Жалын» баспасының және балалар газеті мен журналдарының атқарған жұмысы аз емес.

Дегенмен, бүкіл одақтық әдебиет, атап айтқанда, орыс әдебиеті балалардың барлық жастағыларына не бір тамаша туындылар беріп отырғанын көріп, қазақ балалар әдебиетінің қазіргі қоңылтақ жағдайына көңіл толмайтынын айту керек. Қазақ балалар кітаптарының бүкіл одақтық аренада биік дәрежеде көріне алмай келе жатқаны да құпия емес.

Мәселен, оқырман қауым өте зәру қажетсінетін көркем жанр - фантастикалық, қызық оқиғалы шығармаларды алайық. Бұл саладағы табысы өте мардымсыз, қазақ әдебиеті тек орыс әдебиетінен ғана емес, бірқатар туысқан республикалардың әдебиеттерінен едәуір кейін қалып келеді. Ал шындығында ғажайып құрылыстар жүріп жатқан, мемлекеттік шекарасының шегі ұшы-қиырсыз, шетелдерден келетін қонақтарының саны жылдан-жылға көбейе түскен, халқының құрамы көп ұлтты, біздің сәулетті Қазақстанда өткір сюжетті, мазмұндылығы айрықша ғылыми-фантастикалық және қызық оқиғалы шығармалар тудыруға өріс кең, мүмкіндік мол.

Соңғы онжылдықтар кезіндегі қазақ әдебиетінің туындыларына жасалған осы қысқаша шолудан оның даму процесінің аясы кеңейіп, идеялық-эстетикалық жағынан және жанрлық түрлерінің тереңдей түскенін көруге болады. Әсіресе, бұл повестьжәне новелла жанрының өнімді дамуынан көбірек байқалады, сондай-ақ прозада тарихи роман, поэзияда лирикалық-философиялық және публицистикалық поэмалар, драматургияда психологиялық драма салаларының өскелеңдігі байқалады.

Қазіргі кезде қазақ әдебиетінің проза саласы жетекші жанрға айналып, алдыңғы орынға шыққаны аян. Оны прозалық шығармалардың басты кейіпкерлерінің портреттік галереясы көрінісінен де, тақырыптық-жанрлық айырмашылықтарынан да айқын табуға болады. Осы салыстырудың өзінен-ақ қазақ әдебиетінде жасалған адам характерлерінің сан алуандығы бірден көзге түседі. Онда заңды түрде адамгершілік проблематикасы - адам тану мәселесі бірінші орынға қойылған. Кемелденген социализм қоғамының барша жетістігін, жеке адамның рухани жан дүниесін көрсету міндеті суреткерлер назарын ерекше аударып келеді.

Қазақ прозасында көп уақытқа дейін тарихи тақырыптың өрісі 19 ғасырдың 2-жартысындағы тарихи шындық пен тарихи жеке адамдарды, яғни М. Әуезовтің атақты «Абай жолы» тетралогиясында асқан шеберлікпен қамтылған кезеңнен әрман бара алмай келгені мәлім. Мұның басты себебі - оның алдындағы кезеңдердің тарихын анықтау мен зерттеу ісінің жеткіліксіздігінен, тарихи оқиғалар өрісін танып білудің тапшылығынан. Сонымен бірге, бұған соңғы кезге дейін Қазақстанның Россияға қосылуының терең тарихи мәнін пайымдауда бір жақты теріс түсініктің орын алып келгенінің де әсері болмай қойған жоқ. Бұл тарихи құбылысты кейбір тарихшылар отаршылдықтың үстемдік құруы тұрғысынан үстірт, жаңсақ ұғындырып келді. Ал шындығында Қазақстанның Россияға қосылуының прогрессивтік зор маңызы болғаны (мұны кезінде Абай, Ыбырай және Шоқан жақсы ұғынған) мәлім. Осындай тарихи процестің диалектикалық күрделі қиындығын танып білуден жүрексінген қазақ қаламгерлері соңғы уақытқа дейін аталмыш тарихи тақырыптарға барудан бой тартып келді. Ұлы суреткер Мұхтар Әуезов осы қиындық тыңына тұңғыш соқпақ салып, ондаған жылдар бойы сарылып отырып, мәңгі өлмес «Абай жолы» эпопеясын жазып шықты. Сөйтсе де эпопеяның басты кейіпкері Абай Құнанбаев жөнінде ұнамды лебіз білдіруге кейбір тарихшылардың батылдары жетпеді, қайта оны бай-феодалдардың идеологы болған, ұлтшыл болған дегенсің беталды қаралауға тырысты. Алайда М. Әуезов туған халқының кемеңгер ұлы Абайды шын жүрегімен сүйіп, оның адамгершілік адалдығы мен көреген даналығына қалтқысыз сенді. Содан да, өзі қалаған тақырып өрісінен жаңылған жоқ, не бір тарихи бұлдырлықтап адасқан жоқ. Ол тарихи шындық төркіні таудай талаппен, табанды еңбекпен, батыл ізденіспен айқындалатынын жақсы түсінді, халық өмірінің қалтарыстарын жете танып білуте зор пайымдылықпен қарау керек екендігін терең ұғынды.

Соңғы он бес жыл ауқымында осы аса маңызды әлеуметтік-эстетикалық проблеманы көркем әдебиетте орнықтырып бейнелеуде С. Мұқанов пен I. Есенберлин батыл қадамдар жасады. Екеуі де 19 ғасырдың 1-жартысында қазақ даласында болған өмір картиналарына ден қойды. Олардың сапына қазақ қаламгерлерінің досы, орыс жазушысы С. Н. Марков қосылды. Ол Шоқан Уәлиханов жайлы шығарма жазды. Ал С. Мұқанов өзінің аяқталмай қалған Ш. Уәлиханов жөніндегі трилогиясының алғашқы екі кітабында болашақ оқымыстының балалық және жастық шағы өткен саяси-әлеуметтік ортаның ықпалын кең көлемде суреттеді, үздік дарын ретіндегі Шоқанның қалыптасу кезеңдеріне ерекше көңіл бөлді. Жазушы шығармасына тарихи документтік фактілерді пайдаланумен бірге халықтық аңыз-әңгімелерді де енгізген. С. Мұқановқа тән шебер әңгімешілдік тәсілмен қисынын тауып баяндалған әлгі факгілер мен аңыз әңгімелер шығарма арқауынатерең жымдасып, қалың оқырман назарын аударды, танымдық ерекше бағалылығын танытты. Кесек шығарманың олпы-солпы жерлері де жоқ емес. Әйткенмен, шыншылдықпен жазылғанына ешкім таласа алмайды, оның үстіне трилогия аяқталмаған. Басты кейіпкер Шоқан Уәлихановтың барлық түр-тұлғасымен көріне алмай қалуы да біраз жайтты аңғартса керек.

Ал I. Есенберлин романына келсек, бұл шығарма өткен ғасырдың 30-40 жылдарында Кенесары Қасымов бастаған көтеріліс барысын баяндауға арналған. Бұл кезең де өз дәрежесінде толық зерттелінбегендіктен әдеби шығармаларда айқын көрінісін таппай келді.

Міне, сондықтан да, жазушы он жылға созылған көтерілістің басталу, өршу және жеңілу процестерін нанымды бейнелеумен бірге осы үлкен оқиғаның негізгі кезеңдерін, шиеленіскеп тартыстарын және қайшылықтарын, көтеріліске қатысушылардың әр қилы тағдырларын және қиын кезде соңына ерген халықты сатып кеткен көтеріліс басшысы Кенесары ханның қаталдығы мен екіжүзділігін шыншылдықпен көрсетуі тиіс. I. Есенберлин еңбегі бұл жөнінде жаңсақ ойға орын қалдырмайды - оның романында хан - ханша, кедей-кедейше әрекет етеді. Автор документтік ақиқаттарды барынша пайдалана отырып, оны ой елегінен екшеп өткізген, сол кездің тарихи шындығын біршама дұрыс көрсеткен. Әрине, өнердің биік талабы тұрғысынан қарағанда, бұл шығарманың стилі мен көркемдік шеберлігі, шындықты қаншалықты терең көрсеткені және кейіпкерлер бейнесінің типтілігі мен нанымдылығы жөнінен бірсыпыра кемшіліктері бары даусыз. Дегенмен, Есенберлин Кенесары Қасымов бастаған көтеріліске баға бергенде дұрыс бағыт ұстағаны байқалып тұрады.

Жазушы Есенберлиннің көтеріліс жөніндегі тұжырымының негізі совет тарихшы ғалымдарының ұзақ жылдар бойы зерттеу, талқылау жұмыстарының нәтижелері арқылы ортақ мәмлеге келген қорытындыларымен желілес. Бұл қорытындыларда «Орта Азия мен Қазақстанның Россияға қосылуы, бір жағынан, отаршылдық сипат алды, екінші жағынан, осы қосылудың прогрессивтік мәні зор болды» деп тұжырымдалған.

Әнуар Әлімжановтың «Махамбеттің жебесі» повесі туралы да осыны айтуға болады. Мұнда да 19 ғасырдың 1-жартысында Батыс Қазақстан жерінде болған Исатай мен Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілісіне қатысты оқиғалар суреттелген. «Феодалдық-рулық қоғамның негізін қозғамаған» (М. В. Вяткин) Кенесары көтерілісінен Исатай мен Махамбет бастаған көтерілістің өзгешелігі мынада - бұл котерілісті патша өкіметінің қолдауына сүйеніп, хандық тағын қайтаданқалпына келтіруді көксеген хан немесе сұлтан басқармайды, керісінше, феодалдық үстемділікті құлату жолында қаһармандықпен күрескен қалың бұқараның нағыз жетекшілері, еңіреген ерлер басқарады. Әлімжанов шығармасын ерекшелендіретін тағы бір өзгешелік, онда Исатай мен Махамбет көтерілісі Россияның азаттық қозғалысымен байланыстырыла суреттелген. Бұл повестің тарихи нанымдылығын күшейтіп, өрісін кеңейте түскен. Көтеріліс басшыларының бірі Махамбет Өтемісов повесте басты кейіпкер ретінде алынған. Шығармада оның бейнесі халық жадында сақталған ұғымға сәйкес ерекше кескінделіп, жарқын бояулы болып шыққан. Сондай-ақ, дәйекті суреттелген оқиғалар мен фактілер желісі халық көтерілісі кезеңдерінің суретін көзге елестетіп, тарихи шындықтың негізінен туындаған.

С. Мұқанов, I. Есенберлин, Ә. Әлімжанов және С. Марковтың қазақ халқының өткен замандағы тарихи асу белестеріне батыл барып, шығарма жазуы - алда атқарылатын қыруар жұмыстың бастамасы дерлік. Өйткені, көркем әдебиет өмір шындығын көрсеткенде тарих ғылымының сұрыпталған айқын тұжырымдарына сүйенгенде ғана өнікті жеміс береді. Ал бұл жағдай қазақ халқының тарихи кезеңдерін көркем шығармада шынайы бейнелеу үшін ауа мен судай қажет.

Қазір Қазақстанда жүзден астам ұлттың өкілдері тұрады. Сондықтан да өзінің екінші «ана тілі» орыс тілі деп санайтын осы түрлі ұлт адамдарының өзара қарым-қатынасы проблемасы әдебиет алдындағы бірінші дәрежелі мәселе екені белгілі. Халық поэзиясының алыбы Жамбыл творчествосының өзекті тақырыбының бірі - лениндік халықтар достығы тақырыбы болғаны жайдан-жай емес.

Лениндік халықтар достығын еліміздің туысқан халықтарының өзара байланысы мен өзара қарым-қатынасын, мұраты бір, тілегі бір көп ұлтты жаңа тарихи қауым - совет халқының қаһармандық күресін терең және көркем етіп бейнелеу кезек күттірмейтін аса күрделі міндет. Қазақ әдебиеті бірқатар даусыз жетістіктері бола тұрса да, халықтың ерлік күресі мен ерен еңбегін бар болмысыменбейнелеуде әлі де көп қарызда: «Абай жолын» дүниеге келтірге: Мұхтар Әуезовтің әдеби жеңісіне кейін қазақ әдебиетінде оған пара-пар шығарма әзір туа қойған жоқ. Егер қазақ әдебиетіне осы тұрғыдан көз жіберсек, біздің кемшіліктеріміз бен олқылықтарымыздың әлі де өте аз емес екендігін көру қиын емес. Бұі ең алдымен, тақырып «географиясының» аясы тым тарлығына қатысты жайт. Қазақ әдебиетінің картасына әлі де коммунистік құрылыстың көптеген маңызды объектілері, біздің өміріміздің таңғажайып көріністер бедерлі белгісін салмай келеді. Мыс., кеншілер, проходчиктер, транспортшылар, құрылысшылар т. б. мамандық адамдары жөнінде ауыз тұшырлық шығармалар жазылған жоқ. Тың тақырыбы да жан-жақты терен шешімін тапты деу қиын. Ал Манғышлақ өзгерісі ше? Әлемдегі әсем қаланың бірі - Алматының әдебиеттегі әдемі сипаты қайда? Үлкен Жезқазғандағы, Қаратау қойнауындағы керемет құрылыстар ше? Міне, тізе берсек, қазақ эдебиеті атқарар міндет ұланғайыр екенін көреміз.

КПСС 25-съезінде КПСС ОК-інің Бас секретары Л. И. Брежнев жолдас әдебиет пен өнер қайраткерлерінің еңбегіне жоғары баға берді, олардың игілікті міндеттерін атай келіп, сөзінің соңында былай деді: «Мәдениет қайраткерлерінің - партия мүшелері мен партияда жоқтардың - біздің тарихымызға, біздің бүгінгіміз бен болашағымызға, біздің партиямыз бен халқымызға, біздің ұлы Отанымызға лайықты жаңа шығармалар жасауына тілектестік білдірейік». Бұл терең мағыналы сөздің шұғыласы Қазақстанның әдеби өмірін нұрландырып, маңызды творчестволық проблемаларды шешуде табысқа жетуге жұмылдыратыны сөзсіз.

Ұлы Октябрьдің 60 жылдығы мерекесі қарсаңында өткен Қазақстан Компартиясының 14-съезінде жасаған өзінің баяндамасында Д. А. Қонаев жолдас қазақ әдебиетінің соңғы бесжылдық кезінде қолы жеткен даусыз табысын атай келіп, оның орын алып отырған кемшіліктеріне де тоқталды: «Бірақ, әдебиетіміз бен өнеріміздін толып жатқан табыстарын тиісінше бағалай отырып, бізде прозада, поэзияда және драматургияда өте әлсіз шығармалардың жиі көрініп жүргенің атап айтқан жөн. Олардың образдық, тақырыптық мазмұны қазіргі заманның проблематикасын толымды етіп бейнелей алмайды. Өкінішке қарай, Қазақстан әдебиетінде қазіргі заманды бейнелеу тарихи тақырыптан олқы түсіп жүр. Ал тарихи тақырыптың өзіне де көбінесе терең даярлықсыз, мағлұматсыз және профессионалдық шеберліксіз кірісетіндер бар».

Қазақ әдебиетінің қазіргі жағдайы мен алдағы міндеттерін барынша айқын да қысқа тұжырымдаған бұл сөзге басқа ештеңе қосып айтудың қажеті шамалы.

Қазақ әдебиетінің басқа әдебиеттермен байланысы. Қазақ халқының әлемнің көптеген басқа халықтарымен мәдени және әдеби байланысының бастау бұлағы тым әріден, ерте кезден басталады. Мәселен, қазақтың халық поэзиясы ертедегі Шығыс классиктерінің үлгілі дәстүрінен, араб, үнді, парсы халықтарының эпостық өнегесінен нәр алып дамыды, солардың сюжеттік желісімен нәзиралық дастандар туды. Әрине, патриархалдық-феодалдық қоғамдық құрылыс жағдайында болған бұл әдеби байланыс стихиялық түрде өрістеді.

19 ғасырда өмір сүрген қазақтың ұлы ағартушы-демократтары Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев қазақ халқының мәдениетін орыстың прогресшіл демократиялық әдебиетінің игі ықпалымен құнарландыруда, екі халықтың туысқандық байланысын нығайтып дамытуда өлшеусіз еңбек етті. Абай аударған орыстың және Батыс Европа классиктерінің шығармалары қазақ әдебиетінің реализмін нығайтты. Ш. Уәлихановтың ұлы жазушы Ф. М. Достоевскиймен достығы және орыс мәдениеті мен ғылымының басқа да көптеген қайраткерлерімен жақсы қарым-қатынаста болуы екі әдебиеттің байланысының берік нығая түсуіне зор ықпал жасады.

19 ғасырдың бас кезінен орыс және шетел жазушыларының қазақ елінің еміріней жазған шығармалары жариялана бастады. В. А. Ушаковтың, В. И. Дальдың повестері, А. С. Пушкиннің «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» дастанының сюжетінен алған жазбасы, итальян ақыны Дж. Леопардидің 1829 жылы жарық керген «Азияны мекендеген бақташы жыры» атты өлеңі, қазақ даласында айдауда болған поляктің революционер ақыны Г. Зелинскийдің «Қазақ» поэмасы (1842) т. б. шығармалар туды. Қазақ еліне жер аударылған украинның ұлы революционер ақыны Т. Г. Шевченко өзінің өлеңдерімен және қазақ тұрмысынан салған суреттерімен қазақ және украин әдебиеттерінің туысқандық байланысының негізін қалады. Сондай-ақ, 19 ғасырдың 2-жартысында және 20 ғасырдың бас кезінде жасаған бір топ «кітаби ақындар» Шығыс халықтары әдебиетінен бірқатар шығармаларды қазақ тіліне аударып, кітап етіп бастырды. Шығыстық кейбір сюжеттік нұсқаларды өздерінше жырлап, жарыққа шығарды. Ал 20 ғасырдың бас кезінде С. Торайғыров, М. Сералин, С. Көбеев, С. Дөнентаев секілді қазақтың демократ ақын-жазушыларының творчестволары орыс әдебиетінің реалистік дәстүрінің әсерімен құнарлана түсті.

Ұлы Октябрьлық революциясы жеңісінің, лениндік ұлт саясатының салтанат құруының арқасында, Қазақ ССР-інің құрылып, халықтар достығының кемелдене өрістеуінің нәтижесінде қазақ әдебиетінің СССР халықтары әдебиетімен және шетел әдебиетімен байланысы берік негізге түсіп, жаңа ірнамен дамыды. Совет Одағындағыкөп ұлтты туысқан басқа әдебиеттермен бірге қазақ әдебиетінің де достық байланысының өрісі кеңіді, ақын- жазушылардың өзара творчестволық ынтымағы күшейді, олардың шеберлік ұстарту өнері жетіле түсті, идеялық-тақырыптық шеңбері кеңейді, жалпы аударма ісі творчестволық жоғары сатыға көтерілді. Осындай қолайлы жағдайдың арқасында қазақ әдебиеті бүкіл одақтық және дүние жүзілік аренада кеңінен таныла бастады. Қазақ жазушылары дүние жүзілік форумдарға белсене қатысып, әлемдік әдеби процеске ықпал жасап келеді. Олардың творчествосында интернационалдық негіз бекіп, басқа туысқан әдебиет өкілдерімен қарым-қатынасы күшейе түсті.

20 жылдары орыс әдебиеті қаламгерлерінің түркі тілдес халықтар әдебиеті жазушыларымен байланысы ерекше өріс алғаны мәлім. Бұл байланысты қалыптастыруда Ленинград және Ташкент қалалары үлкен роль атқарды, мұнда көптеген қазақ жазушылары білім алды, шығармаларын бастырып, танылды. Ал Вс. Иванов, Дм. Фурманов, Ғ. Ибрагимов, П. Бажов, С. Марков т. б. жазушылар творчествосында қазақ тақырыбы көбірек көріне бастады. 20-30 жылдары совет жазушыларына М. Горький және В. Маяковский творчествосының ықпалы арта түсті. Совет жазушыларының бүкіл одақтық бірінші съезінде (1934) М. Горькийдің, С. Сейфуллиннің, I. Жансүгіровтің сөйлеген сөздері әдебиеттер байланысының жаңа өрісін ашуға көп септігін тигізді. 1935 жылы Қазақстанға ленинградтық жазушылар бригадасы (Л. Соболев, Вс. Рождественский, П. Лукницкий т. б.) келіп, қазақ әдебиетіпің бүкіл одақтық аренада кеңінен танылуына зор көмек көрсетті (Абай шығармаларын орыс тіліне аудару, қазақ поэзиясының антологиясын шығару, қазақ әдебиетінің жетістіктерін насихаттау т. б. жұмыстар қолға алынды). 1936 жылы Москвада қазақ әдебиеті мен өнерінің бірінші он күндігі табыспен өтті. Туысқан халықтардың интернационалдық ынтымағын шабыттана жырлаған Жамбыл Жабаев поэзиясының даңқы әлемге тарады. Л. Соболев қазақстандық әріптесі М. Әуезовтің «Абай» романының алғашқы тарауларын, К. Алтайский, А. Алдан-Семенов, П. Кузнецов поэзия алыбы Жамбыл жырларын орыс тіліне аударды. Қазақ ақын-жазушылары орыстың және батыстың классикалық әдебиетінің озық туындыларын аударуға батыл ден қойды. М. Әуезов ұлы драматург У. Шекспирдің «Отелло», «Асауға тұсау», Н. В. Гогольдің «Ревизор», I. Жансүгіров данышпан ақын А. С. Пушкиннің «Евгений Онегин» романын аударды. 1937 ж. Қазақстанда А. С. Пушкиннің қайтыс болуының 100 жылдығы атап өтілді. Орыс және қазақ жазушыларының өзара творчестволық достығының жаңа көріністері өрістеді. М. Әуезов пен Л. Соболев бірлесіп «Абай» трагедиясын жазды, қазақ әдебиеті мен фольклоры тарихы жөніндегі еңбектерін жариялады. Ақындар С. Мұқанов, Қ. Әбдіқадыров, Ж. Сыздықов, Т. Жароков, Ә. Тәжібаев, А. Тоқмағамбетовтуысқан елдер поэзиясын аудару ісіне үлес қосты. СССР халықтары әдебиетінің классиктерінің юбилейлерін атап өту мерекелік дәстүрге айналды. Мәселен, Жамбыл Жабаевтың творчестволық қызметінің 75 жылдығы зор табыспеп өтті. Қазақ халқы өкілдерінің образдары басқа туыс халыктар әдебиетінде көріне бастады (мыс., украин жазушысы О. Десняктың «Торғай сұңқары» повесі т. б.).Ұлы Отан соғысы жылдарында әдеби байланыс жаңа сатыға көтерілді. Көптеген шығармаларда совет халықтарының ортақ жауға қарсы қаһармандық күрестегі бірлігі мен патриотизмі жарқын көрініс тапты (мәселен, Ғ. Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романы, Б. Бұлқышевтің публицистикасы, Ж. Саинның, Ә. Сәрсенбаевтың майдандық жырлары т. б.). Жамбылдың «Ленинградтық өрендерім» атты өлеңі (орыс тіліне ауд. М. Тарловский) совет адамдарының рухын көтеруде зор роль атқарды. 28 гвардияшы панфиловшы батырлардың ғаламат ерлігі көптеген ақындар шығармаларында мадақталып, СССР халықтарының мызғымас бірлігінің символына айналды.

Соғыстан кейінгі жылдарда және қазіргі кезеңде әдебиеттер байланысы жан-жақты дамыды. Қазақстанда совет әдебиетінің он күндіктерін өткізу дәстүрге айналды. Орыс, украин, өзбек, түрікмен, қырғыз, татар, қарақалпақ, армян, башқұрт әдебиеттерінің он күндіктері және Ленинград ақын-жазушыларының апталықтары өткізілді. 1949 және 1958 ж. Москвада қазақ әдебиетінің он күндігі болды. Қазақ әдебиетінің айтулы табыстарын М. Шолохов, А. Фадеев, Н. Тихонов, Л. Леонов, К. Федин, К. Симонов, Вс. Иванов, М. Ибрагимов, А. Айбек, М. Турсун-Заде, Б. Кербабаев, Ш. Айтматов, Л. Арагон, А. Стиль, Н. Хикмет, А. Зегерс, Фаиз Ахмед Фаизи, А. Курелла т. б. аса көрнекті ақын-жазушылар жоғары бағалап, жылы лебіздерін білдірді. М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы, Абай және Жамбыл поэзиясы, қазақ ертегілері мен эпостық дастандары, Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен тер» трилогиясы, С. Мұқановтың, Ғ. Мүсіреповтің, Ғ. Мүстафиннің, Т. Ахтановтың, Ә. Әлімжановтың, I. Есенберлиннің романдары, Ә. Тәжібаевтың, Ж. Молдағалиевтің, О. Сүлейменовтің, Ә. Кекілбаевтің т. б. шығармалары СССР халықтарының және көптеген шетел тілдеріне аударылды. Әлем әдебиетінің классиктері Низами, Науаи, Ш. Руставели, Т. Г. Шевченко, А. С. Пушкин, М. Горький, А.П. Чехов, Ғ. Тоқай, С. Айни, М. Жәлел, Л. Н. Толстой, М. А. Шолохов, В. Гете, Т. Драйзер, О. Бальзак, Д. Г. Байрон т. б. шығармалары қазақ тілінде жарық көрді. М. Әуезов творчествосының өнегесі туысқан халықтар әдебиетіне (мыс., Ш. Айтматов творчествосы т. б.) ықпал етуде.

Қазақстанда тың және тыңайған жерді игеру, Байқоңыр космодромынан космос корабльдерінің ғарышқа самғауы Совет Одағындағы барлық халықтар әдебиетінің интернационалдық тақырыбына айналды. Соңғы жылдарда әдебиеттердің халықаралық байланысы күшейіп, қазақ қаламгерлерінің дүние жүзілік әдеби форумдарға қатысудағы белсенділігі артты. Олар Азия елдері жазушыларының Делидегі (1956) алғашқы кездесуіне, Азия және Африка елдері жазушыларының Ташкенттегі (1958) 1-конференциясына және одан кейінгі жылдарда Каирде (1962), Бейрутта (1967), Делиде (1970) өткен конференцияларына белсене қатысты. Ал 1973 ж. сентябрьде Алматыда өткен әдебиетшілердің халықаралық форумы үлкен оқиғаға айналды, осы Азия және Африка елдері жазушыларының 5-конференциясына 69 елдің жазушылары қатысып, ынтымақтастық білдірді.

Қазақ жазушылары М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, Ә. Шәріпов, Ә. Әлімжанов, О. Сүлейменов халықаралық форумдар мен жиындарда сөйлеп, бейбітшілік пен әлем халықтары ынтымағына үлес қосты. Ә. Әлімжанов Джавахарлал Неру атындағы сыйлықпен наградталды. Қазақ жазушыларының шығармалары халықаралық «Лотос» журналында жариялана бастады.

Прогресшіл шетел әдебиетшілерінің қазақ әдебиеті жайлы жылы пікірлерінің мәні ерекше. Венгр академигі Имре Тренчени-Вальдакфель ұлы Жамбыл творчествосы туралы үлкен еңбек жазды. Француз жазушысы А. Стиль қазақ әдебиетінің классигі М. Әуезовтің романдары мен повестерін талдап, мақала жариялады. Ал М. Әуезов «Индия очерктері», Ғ. Мүсірепов «Италияға саяхат», Т. Ахтанов «Үндістан хикаясы» туындыларын шығарды, Ә. Шәріпов, О. Сүлейменов, Ж. Молдағалиев, Ә. Әлімжанов шетелдерді аралаған сапарлары туралы шығармаларын бастырды. Азия және Африка елдерінің 50-ден астам ақын-жазушыларының шығармалары қазақ тілінде жарық көрді. Қазақ қаламгерлерінің бірқатар туындылары дүние жүзінің көптеген елдерінде (ағылшын, неміс, чех, француз, араб, хинди, венгр, болгар, поляк т. б. тілдерінде) басылды.

Сөйтіп, қазақ әдебиетінің басқа халықтар әдебиетімен байланысы жылдан-жылға кеңейіп, интернационалдық сипат алып отыр.

Қазақ совет балалар әдебиеті. Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларға лайықты жазылған қазақ әдебиетінің бұл саласы өзінің бастауын қазақ ауыз әдебиетінен алған. Қазақ балалар әдебиетінің алғашқы үлгілерін 19 ғасырда қазақ халқының атақты ағартушысы Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) жасады. Ол И. А. Крыловтың («Қарға мен түлкі», «Егіннің бастары»), Л. Н. Толстойдың («Полкан деген ит», «Силишпі») т. б. орыс ақын-жазушыларының бір-қатар шығармаларын қазақ тіліне аударумен қатар, өзі де балаларды өнер-білімге тәрбиелейтін («Кел, балалар, оқылық»), еңбекке баулитын («Бай баласы мен жарлы баласы»), эстетикалық-адамгершілік тәрбие беретін («Ананың сүюі», «Өзен») түйінді, әсерлі өлеңдер және шағын әңгімелер жазды. Педагог ақын көшпенді халықтың балаларына отырықшылық тұрмыстың артықшылығын («Қыпшақ Сейітқұл»), еңбектің маңызын («Таза бұлақ») уағыздады. Балалардың өмір тірлігіне сәйкес жазылған әңгімелерін ол «Қырғыз (қазақ) хрестоматиясы» атты кітабына (1879) кіргізді. Орыс әдебиетінен үлгі ала отырып, қазақ балаларының ойына, психологиясына, табиғатына лайықтап өлең жазуды тұңғыш рет қолға алған атақты педагог қазақ балалар әдебиетінің алғашқы көркем үлгілерін жасап берді. Оның «Кел, балалар, оқылық», «Ананың сүюі» өлеңдерін балалар әрқашанда жатқа айтады. Ыбырай Алтынсарин балалардың тіліне үйірілетін, ойына қонымды өлеңдер және қызықты әңгімелер жазып, қазақ балалар көркем әдебиетінің негізін қалады.

Ұлы ақын Абай Құнанбаев (1845-1904) «Ғылым таппай мақтанба» (1880), «Интернатта оқып жүр» (1886), «Әсемпаз болма әрнеге» (1896) деген өлеңдері мен ғақлия сөздері арқылы жастарды білім алуға, орыс мәдениетінен үйренуге үндеді. Ақын Қ. Шаһмарданұлы «Кел, балалар, оқылық» (1898) атты жинағындағы өлеңдерінде қазақ балаларын өнерлі, білімді болуға, халқына адал еңбек ететін азамат болып өсуге шақырды. Күрескер ақын Махамбет Өтемісұлының (1804-1846) «Ерулі атқа ер салмай», «Қызғыш құс» т. б. біраз өлеңдерінің жас ұрпақ үшін тәрбиелік мәні зор.

20 ғасырдың басында қазақ жерінде орыс-қазақ мектептерінің саны молая бастады. Қазақ балаларына арнап мектеп ашу, оларға оқулық жазу, балаларға лайықты шығармалар жинағын шығару ісі өрістеді. Бұл кезде Ыбырай Алтынсариннің шәкірті педагог-жазушы Спандияр Көбеев (1878-1956) қазақ балалар әдебиетінің дамуына айтарлықтай еңбек сіңірді. Ол 1910 жылы орыс ақын-жазушыларының көптеген мысалдарын (соның ішінде Крыловтан 37 мысал) қазақ тіліне аударып, оған өзінің шығармаларын қосып, «Үлгілі тәржіме» атты кітабын шығарды. Оның «Үлгілі бала» (1912) оқулығына енген «Жетімнің өлеңі» т. б. шығармаларда Окт. революциясына дейінгі қазақ балаларының ауыр тұрмысы, теңсіздік өмірі шынайы суреттелді.

Қазақ балалар әдебиетінің өркендеуіне орыс әдебиетінің балаларға арналған таңдаулы үлгілері ықпалын тигізе бастады. М. Кәшімовтың «Әдеп» (1907), «Ақыл» (1908) атты жинақтарындағы ертегі, сықақ түрінде жазылған ғибрат әңгімелер, М. Нұрбаевтың «Көргенді бала - үлгілі ана» (1908), Ғ. Мәжитовтың «Қазақ шәкірттеріне ақыл» (1910), М. Дибердиевтің «Қазақ балаларына қирағат кітабы» (1910) т. б. жинақтарға балаларды білімге, өнерге, еңбекке шақыратын шығармалар енді. Бұл жинақтардан И. Д. Ушинский мен Л. Н. Толстойдың ықпалы байқалады. Сол уақытта шыққаи балалар кітаптарының ішінен Т. Жомартбаевтың (1884-1937) «Балаларға жеміс» (1912) атты өлеңдер жинағын ерекше атауға болады. Ақыпның өнер, білім, еңбек, ата-ананы құрметтеу, замана ағымы тақырыбына жазылған «Мектепке шақыру», «Балаларға насихат», «Жалқау бала», «Жетім баланың мұңы», «Рақымды жолдас» т. б. өлеңдері балалар ұғымына қонымды жазылған. Ол кезде шыққан кітаптардағы шығармалар көбінесе өнеге, өсиет ретінде дидактикалық сарында жазылды.

Ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Шәкірт ойы» (1915) деген өлеңі балалар поэзиясының әсерлі көркем нұсқасы болды. Ол «Оқып жүрген жастарға», «Шығамын тірі болсам адам болып», «Оқу» деген өлеңдерінде оқуға зейін қою, қиындықпен күресе білу жастардың негізгі борышы деп көрсетті. С. Торайғыров балалар поэзиясымен тікелей шұғылданбаса да, жастар тәрбиесіне әсер егетін өлеңдер, поэмалар және «Қамар сұлу» романын жазды. Ақын Сәбит Дөнентаев (1897-1933) «Көзі тоймаған ит», «Екі теке» сияқты қызық сюжетке құрылған өлеңдер жазып, қазақ балалар поэзиясының мысал жанрын дамыта түсті. Оның тұжырымды юморлық өлеңдерінің эмоциялық әсері мол болды.

Ұлы Окт. революциясы қазақ балалар әдебиетінің өркендеуіне кең жол ашты. Атақты жазушы М. Горький балалар әдебиетінің тәрбиелік мәнін жоғары бағалап, балаларға арналған көркем әдеби шығармалардың басылымдарын ұйымдастырды. В. В. Маяковский, К. Чуковский, С. Я. Маршак, А. Барто т. б. ақын-жазушылар орыс совет балалар әдебиетінің негізін қалап, Совет Одағындағы басқа ұлттардың, соның ішінде қазақ балалар әдебиетінің өркендеуіне зор ықпал жасады. Қазақ балаларына арналып шыға бастаған алғашқы «Лениншіл жас» (1924-1926), «Пионер» (1925-1960) газет-журналдарында балалардың ой-сезіміне лайықты өлеңдер мен әңгімелер жиі басылып, қазақ совет балалар әдебиетінің тұңғыш үлгілері жасалды.

20 жылдары Сәкен Сейфуллин (1894-1938), Ілияс Жансүгіров (1894-1938), Бейімбет Майлин (1894-1938), Шолпан Иманбаева (1904-1926), Асқар Тоқмағамбетов (1905 ж. т.), Өтебай Тұрманжанов (1905-1978) т. б. ақын-жазушылар орыс балалар әдебиетінің классиктерінен үлгі ала отырып, қазақ балаларына арнап жаңа тақырыпта өлеңдер, ән текстерін, қысқа әңгімелер жазды, ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілерін жинап, орыс әдебиетінен жаңа шығармаларды аударып, баспадан шығарды. Ақын Ш. Иманбаева «Жолаушы мен жұмыскер» (1923), «Пионер», «Жас ініме» (1925) деген өлеңдерінде жаңа заманды, оның жарқын болашағын мақтаныш етіп, пионерлердің алдында үлкен мақсаттар тұрғанын жазды. Сәкен Сейфуллин «Балалар» (1925), «Ананың хаты» (1925), «Маузер» (1929), «Октябрь күні» (1929) т. б. өлеңдерінде табиғат тамашаларын, Октябрь жемістерін жырлады. Ілияс Жансүгіров балаларды баурайтын көптеген өлең жазып, «Малта» (1929) «Шәутеннің шәркейі» (1929), «Жұмбақ», «Одақ» (1930) т. б. суретті кітапшаларын көпшілікке ұсынды. Қазақ ауыз әдебиетінің үлгілерінен құрастырып, «Балаларға тарту» (1926), «Өтірік» (1927) атты жинақтарды бастырып шығарды. Көркемсөздің шебері жазушы Бейімбет Майлин «Тәй-тәй, қаз-қаз» (1923) деген өлеңі арқылы ауыз әдебиетінің үлгісімен қазақ совет балалар поэзиясының тұсау кесу жанрын бастады. Ол «Жас қыран түлектер» (1922), «Өтірікке бәйге» (1922) т. б. өлеңдері арқылы балалар поэзиясының жаңа үлгілерін туғызды. Оның «Байшұбар» (1923) т. б. ертегі-өлеңдері қазақ совет балалар поэзиясындағы өлең-ертегілер жанрының бастапқы үлгісін көрсетті. Сол жылдары Асқар Тоқмағамбетовтың «Біздің әскер» (1927), «Аман бол» (1928), «Тап қорғаны», «Сәуле» (1928) атты өлеңдерін балалар әнге қосып, жатқа айтып жүрді. Қазақ совет балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Өтебай Тұрманжановтың «Ленинизм - мәңгі шам» (1924), «Жас қайрат» (1926) т. б. өлеңдері оқушылардың жаттап алуына лайықты жазылды. Ол жылдары балалар әдебиетінің қарқынды дамуына Коммунистік партия мен совет үкіметінің тұрі ұлттық, мазмұны социалистік әдебиетті жасау жөніндегі саясатының зор ырпалы болды. БК(б)П Орталық Комитетінің 1928 жылы 23 июньдегі қаулысында жастар мен балалар баспасөзінің негізгі міндеті жұмысшы және шаруа жастарына коммунистік тәрбие беру, жастар арасына большевиктік партияның жауынгерлік дәстүрін енгізу деп көрсетті. Осы саясатқа байланысты оқулықтарға, жеке жинақтарға енген қазақ совет балалар әдебиеті туындыларының көркемдігімен қатар идеялылығына да көп көңіл бөлінді.

30 жылдары қазақ совет балалар әдебиетінде колхоз құрылысы тақырыбына арналған шығармалар басым болды. «Екпінді жас» (1931), «Вожатый» (1939) журналдары, «Октябрь балалары» (1930 жылдан, қазіргі «Қазақстан пионері») газеті шығып, онда балалар әдебиетінің таңдаулы үлгілері басылып тұрды. М. Әуезовтің (1897-1961) «Көксерек», «Бүркітші», «Шатқалақ» әңгімелерінде, Қ. Әбдіқадыровтың (1903-1964) «Өміртайдың ауылы», «Тәтті қауын» атты суретті кітапшаларындағы шығармаларда колхоз құрылысына, жаңа заманға байланысты оқиғалар суреттелінді. А. Тоқмағамбетовтың «Түрксіб түйіскенде», Т. Жароковтың «Миллион қолдар» деген өлеңдері қазақ совет балалар поэзиясындағы өндірістік тақырыптың бастамасы болды. Ж. Саинның «Лагерь жыры» сияқты ән текстері, Ғ. Ормановтың тақпақ өлеңдері. I. Жансүгіровтің «Көк», «Мектеп», Әлібек Қоңыратбаевтың (1907-1937) «Жас қырандар» пьесалары жарияланып, қазақ совет балалар әдебиетінде алғашқы сахналық шығармалар пайда болды. А. Тоқмағамбетов «Бір, екі, үш» (1934), «Берлин көшесінде» (1932), «Алыптар туралы ертегі» (1937) т. б. өлеңдері мен өлең ертегілері арқылы балалар әдебиетін дамытуға елеулі еңбек сіңірді.

40 жылдары қазақ совет балалар әдебиетінде Ә. Тәжібаевтың («Бес түлік туралы жыр», «Костер әні» т. б. өлеңдері мен «Толағай» атты ертегі - поэмасы), Қ. Аманжоловтың («Есім бала», «Балабек» т. б. өлеңдері), М. Хакімжанованың («Аяз ата», «Алақай» т. б.) поэзиялық шығармалары көбірек көзге түседі. Ә. Көшімовтың «Қарт мерген» (1948), «Аңшының әңгімесі» (1949) кітаптары шықты. Поэзия алыбы Жамбыл Жабаев (1846-1945) балаларға арналған өлеңдері арқылы бұл салаға үлкен үлес қосты. Ақын «Сәлем саған, комсомол», «Шәкірт балаларға», «Бесік жыры», «Ленин», «Ленин мавзолейіне» т. б. өлеңдерінде совет балаларының бақытын, ұлы көсемді жырлады.

Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақ совет балалар әдебиетінің негізгі тақырыбы ерлік және пролетарлық интернационализм болды. Жамбыл Жабаевтың «Ленинградтық өрендерім», «Балама хат» деген өлеңдері, Н. Байғаниннің (1860-1945) «Ер туралы жыр», «Жиырма бес» (1945) поэмалары, Қ. Әбдіқадыровтың «Жетім құлын», Ғ. Ормановтың «Бөбек жүрегі», Ә. Сәрсенбаевтың «Ақша бұлт», «Украина-анама» өлеңдері, Қ. Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз», поэмасы, М. Хакімжанованың өлеңдері және Ғ. Мүсіреповтің «Ақлима», «Ер ана», Б. Бұлқышевтың «Махаббат пен зұлымдық», «Мен өмір сүргім келеді», М. Иманжановтың «Адам туралы аңыз», «Жыртық дәптер», Ә. Әбішевтың «Саржан», «Төлеген Тоқтаров» т. б. әңгімелері балаларды ерлікке үндеп, оларды патриоттық сезімге тәрбиеледі. Қазақ совет балалар әдебиетін өркендетушілердің бірі С. Бегалиннің «Сәтжан» (1947), «Көксегеннің көргендері» (1948) повестерінде табиғаттың тамашалары, аңшылық туралы жазылды. Бұл повестер оқырман балаларды табиғатты сүюге тәрбилеп, қиялын дамытады. М. Иманжановтың «Жастық» (1948) жинағындағы әңгімелерде көбінесе Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ауыл балаларының ерлік еңбегі мен Отан сүйгіштік іс-әрекеттері суреттелінді. 1945 жылы тұңғыш рет қазақ балаларына арналған жасөспірімдер театры ашылды. Ш. Хұсайыновтың «Нұрлы тас» (1946), С. Омаровтың «Портрет» (1946), Т. Ахтановтың «Өшпес даңқ» (1947), Ш. Ахметовтың «Қолқанат» (1947) пьесалары баспадан шығып, қазақ балалар драматургиясы өрісін жайды. Ш. Хұсайыновтың «Есірткен ерке», М. Ақынжановтың «Алтын сақа» (Ш. Хұсайыновпен бірге) пьесалары жас өспірімдер театрының сахнасынан орын алды.

50 жылдары қазақ совет балалар әдебиеті барлық жанрда қарқындап дамыды, балаларға арналған шығармалардың өрісі кеңейе түсті. 1950 ж. СССР Жазушылар одағы басқармасының 13 пленумында «Балалар әдебиетінің жайы, оны өркендету туралы» арнаулы мәселе қаралып, шаралар белгіленді. «Ұлы держава» деп М. Горький жоғары бағалаған балалар әдебиетін жасаушы ақын мен жазушы бала жанын терең түсінетін, баланың тілі мен ойын, психологиясын жан-жақты суреттей алатын, осы салаға өзін біржола бағыштаған дарын иесі болу керек екені атап көрсетілді. Осыны ескерген қазақ ақын-жазушылары жаңа талапқа сәйкес бейбітшілік, өндіріс, жаңа құрылыс және адамгершілік тақырыбына арналған шығармалар жазды. Одақтағы ұлттық балалар әдебиеттері, соның ішінде қазақ совет балалар әдебиеті өзінің идеясы мен көркемдігі жағынан биіктеп, жанры молайып, толыса түсті. Балалар әдебиетінде мектептің идеялық тәрбие жұмысы, оқушы балалардың оқу мен практиканы ұштастырған қажырлы еңбектері, мұғалімнің, комсомол, пионер ұйымдарының өмірі суреттелінді. Оқу-тәрбие ісінің қажетін өтейтін орман шаруашылығына байланысты жазылған X. Ерғалиевтың «Бақташы бала, Оспантай» (1955), Ә. Сәрсенбаевтың «Торғай көтерген бала» (1951) деген ұғымға жеңіл әрі тартымды поэмаларынан табиғат көркемдігіне құштарлық, балалар еңбегі арқылы еңбекке баулу идеясы танылады. Ө. Тұрманжановтың «Сұңқар түлектер» (1959), М. Әлімбаевтың «Биікке-биікке» (1956), Ә. Дүйсенбиевтің «Ақ тайлақ» (1959), К Ыдырысовтың «Саяхатта» (1958), К Мырзалиевтың «Көктем» (1958), Ж Смақовтың «Сәбилерге сөлемдеме (1959), А. Шамкеновтың «Сағат» (1958), М. Жаманбалиновтың «Айш оұлақ» (1956), Б. Ысқақовтың «Сенін Отаның» (1959) атты поэзиялық жинақтарында жаңа адамдардың адамгершілік сезімдерін арттырып, оларды еңбекке тәрбиелеу, бірлік пен достықтың жеңімпаздығын дәріптеу идеялары насихатталған. Бұл ақындар қысқа-қысқа сюжетті өлеңдермен қатар жаңаша жұмбақтар, жаңылтпаштар, өлең-ертегілер жазып, күнделікті оқу-тәрбие ісіне өз шығармаларымен белсене үн қосты. С. Бегалиннің «Ермектің алмасы» (1950), «Жас бұтақ» (1953), Б. Соқпақбаевтың «Он алты жасар чемпион» (1953), «Менін атым - Қожа» (1957), Ә. Көшімовтын «Екі бүркіт» (1951), М. Гумеровтын «Шешесі мен ұлы» (1958), С. Сарғасқаевтың «Сәуленің жаңа достары» (1954), А. Байтанаевтың «Болат» (1954), Н. Сералиевтың «Намыс» (1959), Қ. Қайсеновтың «Илько-Витряк» (1957), «Ажал аузында» (1959) атты әңгіме Жинақтары мен повестерінде Октябрь жеңістері, бал дәуренді балалық, Отан мен табиғат, совет адамдарының ерлік өнегесі, бақытты заман, мектеп өмірі бейнеленді. Бұл шығармаларды оқырмандар балалар әдебиетінің жаңа улгілері ретінде жақсы қабылдады. Әсіресе, С. Бегалиннің «Ермектің алмасы», Б. Соқпақбаевтың «Менің атым - Қожа» повестері көркемдігімен көзге түсіп, балалар жазушыларының творчестволық үлкен мүмкіндіктерін танытты. Тың игеру тақырыбы бейнеленген М. Иманжановтың «Тыңдағылар» (1956) жинағының, Қ. Бекхожинның «Ата мен атан» (1958), Қ. Ыдырысовтың «Миллиард деген немене?» (1959), Ә. Ахметовтың «Нан туралы сөз» (1957) кітаптарының көркемдік дәрежесі жоғары, тәрбиелік мәні зор болды. Б. Ысқақовтың «Кішкене театр» (1954) атты пьесалар мен инсценировкалар жинағы мектеп сахнасына арналған шығармалардың молаюына тізгін болды. «Мектеп сахнасы» атты (1960-1965) сериялы жинақтарда, республикалық газет-журналдарда С. Омаров, Н. Ғабдуллин, М. Гумеров, Ш. Ахметов, Б. Тәжібаев, С. Жүнісов т. б. жазушылардың мектеп сахнасына арналған шығармалары басылып шықты. Мектеп сахнасына арналған тақпақтар, инсценировкалар, пьесалар саны молайып, сахналық шығармалардың көркемдік сапасы жақсара түсті. Мектептердегі мерекелік кештерге, тәрбие сағаттарына мұғалімдер балалар әдебиетінен қажетін тауып алатын мүмкіндікке жетті. «Мектептің өмірмен байланысын нығайту және СССР-де халық ағарту жүйесін одан ары дамыту туралы заңнан» (1958) соң қазақ совет балалар әдебиетіндегі шығармалардың такырыбы кеңейіп, мамандыққа баулу, еңбек тақырыбына арналған шығармалар көбейді. Шығармаларда моральдық, адамгершілік проблемалары ерекше орын алды.

60 жылдары М. Әлімбаев, Ә. Табылдиев, Ә. Дүйсембиев, Қ. Мырзалиев, Қ, Ыдырысов, Ж. Смақов т. б. ақындардың әрқайсысы бірнеше жинақтан шығарды. Бұл ақындар балалар әдебиетін өскелең өмірге сәйкес тақпақ, жұмбақ, жаңылтпаш, мысал, ойын өлеңдер, ертегілер, сатиралық жаңаша шығармалармен толықтырып, өзіндік жазу мәнерімен қазақ балалар поэзиясының көрнекті өкілдері ретінде танылды. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының арнайы пленумында (1961 ж. апр.) балалар әдебиеті туралы шаралар белгіленді. Қазақ совет балалар әдебиетінің тақырып өрісі кеңейді, жанры молайды. Прозада ерлікті (С. Бақбергенов «Талғат», Қ. Қайсенов «Жас партизандар», М. Етекбаев «Болатбек»), еңбекті (М. Сүндетов «Балық аулай барғанда» т. б.), спортты (С. Бердіқұлов «Жұмыр жерде теңбіл доп»), оқу мен тәрбиені (М. Иманжанов «Алғашқы айлар»), ар-намысты, адамгершілікті (М. Гумеров «Әкемнің әкесі»), тарихи дәстүрді (Т. Дәуренбеков «Біз әлі кездесеміз») бейнелейтін қысқа да тұжырымды жазылған, қызық оқиғалы көркем повестер шықты. Балалар поэзиясындағы лирикалық өлеңдердің тіл дамыту, дүние таным, бала қиялын өрістету, Отан сүйгіштік сезімге баулу дәрежесі артты. Балаларға арналған ғана емес, олардың төл шығармаларын жасау талабы күшейді. Космосты игеру, космосқа тұңғыш рет космос кемесінің Қазақстан жерінен ұшуы қазақ совет балалар әдебиетінің тақырыбы мен идеясының кеңейе түсуіне үлкен әсер етті. «Айдың арғы бетінде» (М. Әлімбаев), «Мен космонавт боламын» (О. Әубәкіров), «Үш алып», «Космонавтар маршы», «Техник», «Ракета» (Б. Ысқақов) т. б. өлеңдер шықты. М. Сәрсекеевтің «Көрінбестің көлеңкесі» (1960), Т. Сұлтанбековтың «Көшпелі алтын» (1964), М. Әлімбаевтың «Данышпандық альфасы» (1967), А. Мархабаевтың «Галактика қымызы» (1968). деген фантастикалық повестері т. б. шығармалар арқылы қазақ совет балалар әдебиеті фантастика жанрының негізі қаланды. Поэзияда өлең-ертегілер (Ө. Тұрманжанов «Құмырсқа мен аралар, қиыспас дос құдалар», 1960), сатира (О. Әубәкіров «Бытпылдық», 1962, Ш. Смаханұлы «Шимайбек пен Шыңқетпе», 1960), поэма (С. Қалиев «Қасиетті тақия», 1972, М. Жаманбалинов, «Батыр ұстаз», 1973), прозалық мысал (М. Етекбаев «Қисық бұтақ», 1963, Б. Тұрсынбаев «Не Қымбат?», 1960) жанры дамыды. Ақындар жұмбақ, санамақ, мысал, сықақ, мазақтама т. б. өлең түрлерін өркендеген социализм дәуіріндегі өмір процесіне сәйкес жаңаша сипат беріп, соны үйлесім тауып жазды. Қ. Мұқышев, Ф. Дінисламов, Ш. Мұхамеджанов, Қ. Боранбаев, Ж. Өмірбеков, Т. Шопашев, Т. Молдағалиев, Н. Әлімқұлов, С. Сейітов, Ә. Асылбеков, Ж. Кәрбозин т. б. ақындардың балаларға арналған өлеңдері балалар әдебиеті сөресінен лайықты орын алды. Алайда балалар поэзиясындағы көптеген өлеңдер терең дайындықсыз жазылғандығын көрсетті.

70 жылдардың басында бүкіл дүние жүзіндегі демократияшыл адамзат баласы ұлы көсеміміз В. И. Лениннің 100 жылдығын тойлады. Күн көсем туралы қазақ совет балалар әдебиетінде жүздеген шығарма жазылды. Солардың ішінен М. Мақатаевтың «Ленин ата», Ә. Дүйсенбиевтің «Кездесу», Т. Молдағалиевтің «Ленин жақсы көреді», Қ. Баянбаевтың «Ильич пен аңшы», Б. Қозыкеевтің «Қолғап», Ә. Асылбековтың «Кремльге хат» деген өлеңдерін ерекше атауға болады. КПСС Орталық Комитеті мен СССР Мин. Советінің «Совет балалар әдебиетін одан әрі өркендету шаралары туралы» қаулысы (1969) бойынша, басқа ұлттар әдебиеті сияқты, қазақ совет балалар әдебиетін дамытуға ерекше көңіл бөлінді, балалар әдебиетінің жанрлық, тақырыптық ауқымы кеңейді, сапалық өсу дәрежесі байқалды. Қазақ совет балалар әдебиетінің ленинианасына қосылған таңдаулы поэзиялық шығармалар топтастырылып, «Біздің Ильич» атты жинақ (1977) шығарылды. Бұл жылдары қазақ совет балалар әдебиетін жасаушылардың қатарына С. Қалиев («Кішкентай косманавтар», «Қасиетті тақия»), Ж. Әбдірәшев («Саяхат»), Е. Елубаев («Кемпірқосақ», «Баламысың деген»), Қ. Толыбаев («Дән»), Ж. Қашқынов («Ленин ата»), Е. Өтетілеуов («Жалауша»), Ф. Оңғарсынова («Көгершіндерім»), Ә. Әленов («Айна»), С. Әлімқұлов («Күн көсем») т. б. ақындар қосылды. Бұл ақындардың шығармалары қазақ балалар әдебиетінің соңғы жетістіктерінің тобына жатады. Балалар поэзиясы жетекші жанр ретінде, өзінің сапалық дәрежесін танытты. Прозада М. Мағауиннің «Бір атаның балалары» повесі жақсы бағаланың интернационалдық тәрбие беруде мәні зор екені мерзімді баспасөзде атап көрсетілді. Т. Дәуренбековтың «Кездескен деген осы» (1974) романында алғашқы бесжылдықтар мен коллективтендіру кезіндегі балалар өмірі, тап күресі бейнеленген. Т. Нұрмағамбетов «Қош бол, ата» (1971), «Қарлығаштың ұясы» (1975) повестерінде қазіргі балалардың қызықты өмірін, еңбек пен білімнің байланысын суреттеп жазды. Ж. Өмірбековтың «Қызыл су» (1976) повесінде ауыл мұғалімдерінің ізгі еңбектері, Н. Ғабдуллиннің «Кейінгі толқын» (1976) кітабында қазіргі жастар өмірі бейнеленген. Бұл шығармалардың жасөспірімдерді еңбекке, ерлікке және адал достыққа тәрбиелеуде үлкен әсері бар. Қ. Ыдырысовтың «Ойлап тап» (1973) атты мектеп сахнасына арналған жинақтарындағы шығармалар ғылым мен техниканың өркендеуін бейнелеп, қдзіргі заман оқушыларының ой-сезімій, білімін дамытады. Қазақ балалар әдебиетінде драмалық поэзия өрістей бастады. Бұл шығармаларды мектептердегі драма үйірмелері, қуыршақ театрлары кеңінен пайдаланды. Бір топ ақын-жазушылардың шығармаларынан құрастырылған «Әрқашан күн сөнбесін» (1977) атты жинақ драмалық поэзияның таңдаулы туындыларынан құралған. Жинақта Окт. революциясының жеңістеріне, еңбек даңқына, оқу мен тәрбиеге, ұлы көсемге, ғылыми-техникалық прогреске байланысты жазылған шығармалар - әдеби монтаждар, сценарийлер, скетчтер, пьесалар берілген. Бұл жинақтағы шығармалар балалар бақшасы мен мектеп сахнасынан елеулі орын алды. Балаларға арналған пьесалар республикалық жас өспірімдер және балалар театрында (Ш. Хұсайынов, «Біздің Ғани», 1970, Ш. Айманов «Жас Абай», 1971), қуыршақ театрында (О. Әубәкіров, «Чемпион Қожанасыр», 1969; С. Омаров «Ақымақ Арыстан», 1971, Ә. Табылдиев, «Алыптардың алыбы», 1974, «Бәрекелді, кірпі» 1978) қойылды, телевизия, радио арқылы берілді, мектеп сахналарында көрсетілді. Дегенмен қазақ балалар драматургиясы өзінің олқылықтарынан арыла алмай келеді. Қазақ балалар прозасы баяу дамуда.

С. Бегалиннің «Жеткіншек» (1960), М. Әлімбаевтың «Бал дәурен шіркін, балалық» (1973), Қ. ЬІдырысовтың «Аршында, балақай» 1968), Қ. Мырзалиевтің «Күміс қоңырау» (1971), Б. Ыскақовтың «Сенің Отаның» (1974), Қ. Баянбаевтыц «Әсем әлем» (1976), М. Жаманбалиновтың «Балғын гүлдей балақан» (1974), М. Гумеровтың «Тоғыз тосқауыл» (1977) атты таңдамалы жинақтарының, Ө. Турманжанов шығармалары 2 томдығының жарыққа шығуы қазақ совет балалар әдебиетінің өскендігін көрсетеді. «Қазақ балалар поэзиясының антологиясы» (1977) шығып, онда ауыз әдебиетінің ертедегі үлгілерінен бастап, осы уақытқа дейінгі балалар поэзиясының таңдаулы үлгілері оқырмандарға ұсынылды. Бұл жинақтан қазақ балалар поэзиясының даму сатылары айқын танылады. Қазақ балалар әдебиетін зерттеу ісімен көп жылдар бойы шұғылданған ғалым Ш. Ахметовтың «Қазақ балалар әдебиеті» (1975), «Қазақ совет балалар әдебиеті» (1976) атты кітаптарында қазақ балалар әдебиетінің өсу жолы, оның ұлттық ерекшеліктері жан-жақты баяндалған. Мерзімді баспасөзде Ә. Тәжібаев, С. Қирабаев, З. Серікқалиев т. б. сыншылардың балалар әдебиеті туралы сын, зерттеу еңбектері жиі көрінді. Бірақ қазақ балалар әдебиетінің сыны биік дәрежеге көтерілген жоқ.

Қазақ балалары С. Я. Маршак, В. В. Маяковский, А. Барто, К. Чуковский, С. Михалков, Б. Берестов, Я. Яким, О.Дриз, Мустай Карим, Қ. Тәңірқұлиев, Р. Ғамзатов, Қ. Құлиев т. б. Одаққа және дүние жүзіне атағы жайылған ақын-жазушылардың шығармаларын өз ана тілінде оқиды. Дүние жүзі әдебиетінен В. Гюго, Д. Депо, Жюли Верн, Луи Арагон т. б. классиктердің балаларға арналған таңдаулы шығармалары қазақ тіліне аударылды. Қазақ балалары әдебиетінен М. Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі, С. Бегалиннің «Сәтжан», «Көксегеннің көргендері», «Бала мерген» повестері, Б. Соқпақбаевтың «Менің атым - Қожа» повесі т. б. шығармалар шетел тілдеріне аударылып, қазақ совет балалар әдебиетінің таңдаулы үлгілері дүние жүзіне белгілі бола бастады.

Ауыз әдебиетінде Алдар Көсе, Қожанасыр, Тазша бала, Тоңқылдақ, Шіңкілдек т. б., жазба әдебиетінде Қожа, Шимайбек т. б. юморлық кейіпкерлері бар өресі өскен қазақ балалар әдебиетін дамытуға көптеген ақын-жазушылар қатысты. Бірақ олардың ішінен ғұмырын біржола балалар әдебиетіне арнағандары сирек.

1975 ж. «Жалын» баспасы ашылып, қазақ балалар әдебиетінің одан әрі өркендеуіне жағдай жасалынды. «Пионер» (1925-1960; 1978 жылдан), «Балдырған» (1959 жылдан) журналдары, «Жалып» альманахы (1969 жылдан), «Білім және еңбек» журналы (1960 жылдан), «Қазақстан пионері» газеті (1930 жылдан) қазақ совет балалар әдебиетінің дамуына үлкен әсер етіп келеді. 1965 жылдан бері жыл сайын «Жыл он екі ай» атты календарьлық жинақ шығады, онда балалар әдебиетінің күнделікті оқу-тәрбие ісіне лайықты ең таңдаулы үлгілері басылады. Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларға, балалар бақшасы мен мектеп программасына сәйкес жазылған шығармалардан «Біздің кітап» (1967, 1976), «Бөбектерге тарту» (1961), «Алтын күн аясында» (1963), «Балдырғанның базарлығы» (1965, 1977), «Ән шырқайық, балалар» (1972) т. б. жинақтар шығып, қазақ балалар әдебиетінің жанрлық, тақырыптық ауқымы едәуір кеңейді, көркемдік дәрежесінің өскендігін танытты. Қазақ совет балалар әдебиеті барлық жанрында жан-жақты дамып, өркендеген іргелі әдебиетке айналды.

Қазақстандағы орыс әдебиеті. Қазақстанда орыс жазушыларының творчестволық үлкен тобы бар. Олардың 70-ке жуығы СССР Жазушылар одағының мүшесі. Бұлар қазақ совет әдебиетінің өкілдерімен туысқандық бір сапта еңбек етіп келеді. Қазақстандық орыс жазушылары республика еңбекшілерінің өмірі мен жасампаз еңбегін, қазақ жерінің байлығы мен көркін, кешегісі мен бүгінін өз шығармаларында жүйелі суреттеуде. Қазақ халқы мен орыс халқының, басқа да халықтардың арасындағы мызғымас со достық тақырыбы олардың творчествосында берік орын алып отыр.

20 жылдары Қазақстанда тұрған орыс әдебиетшілері мен журналистері қазақ елінің өмір шындығын суреттеп, бірқатар шығармалар жазды. Олардың қатарында Д. А. Фурманов (1891-1926), Л. Н. Мартынов (1905 ж. т.), Н. И. Анов (лақап аты; шын фам. - Иванов, 1891 ж. т.), Вс. Иванов (1895-1963), А. С. Сорокип (1884-1928), П. Н. Васильев (1910-1937), И. П. Шухов (1906-77) т. б. жазушылар болды. Қазақстандық орыс совет жазушылары жедел даму жолына түскен қазақ әдебиетінің өкілдерімен тығыз творчестволық байланыс жасай отырып, социалистік өмір шындығын жарқын суреттеуге ден қойды, туысқан халықтардың көркем сөз зергерлерінен үйрене жүріп, өнерпаздық шеберліктерін жетілдіре түсті.

30 жылдардың бас кезінде-ақ дарынды жазушы И. Шухов «Қасірет белдеуі» романын (1931, қазақ тілінде 1972, ауд. Ғ. Оспанов) жазды, онда сібір казак-орыс шаруалары мен қазақ кедейлерінің арасындағы достық байланысты көрсетіп, олардың саяси сана-сезімінің өсуін тартымды суреттеді. Ал «Өшпенділік» романында (1934, қазақ тіліне алғаш 1935 ж., ауд. X. Есенжанов, Қ. Тоғызақов) Қазақстанның солтүстік облыстарында жүзеге асырылған коллективтендіру процесінің өзгешеліктерін шыншылдықпен бейнеледі. Сол кездегі совет әдебиетінің ең тәуір шығармаларының санатына қосылған бұл романды ұлы жазушы М. Горький жоғары бағалады. Бұдан кейінгі жылдарда И. Шухов «Өлілер қастандығы», «Көмескі от» пьесаларын, «Отан» (1935), «Майдандағы армия» (1940) романдарын жазды.

Революцияға дейінгі кезеңде большевиктік баспасөзде шығармаларын жариялап танылған жазушы Н. Анов келе-келе өзінің творчестволық тағдырын Қазақстан өмірімен тығыз байланыстырды, 20 жылдарда және одан кейінгі кездерде қазақ елі өмірінің тақырыбына арнап шығармалар жазды. «Айығу», «Серкенің оралуы» пьесаларын, «Жоғалған інім» романын (1941, қазақ тілінде, 1963, ауд. Б. Алиманов) жариялады. 1948 ж. «Ақмешіт» романын (қазақ тілінде, 1960, ауд. Ғ. Ахметов) жарыққа шығарып, онда Қазақстанның Россияға қосылуының прогрессивтік мәнін көрсетті, қазақ даласына жер аударылған ақын-петрашевшіл А. Плещеевтің тартымды образын жасады. Ал «Ән қанаты» романында (1956) қазақ совет көркем өнерінің қалыптасу кезеңін және оның көрнекті өкілдері Әміре Қашаубаев, Иса Байзақов сынды майталман дарындардың творчестволық өсу жолын суреттеді.

30 жылдарда прозаиктер Г. Ф. Дружинин (1893 ж. т.), А. А. Дубовицкий (1899 ж. т.), Ғ. Шарипова (1901-1969), Л. В. Макеев (1911 ж. т.), ақындар В. М. Чугунов (1911-1943), И. Ф. Калашников (1915 ж. т.), Н. И. Титов (1906-1960), П. Н. Кузнецов (1909-1967; оның есімі Жамбыл шығармаларын аударумен кеңінен мәлім және ұлы ақын туралы «Бақытын тапқан адам» романын жазған) жаңа шығармаларымен көрінді. Қазақстан топырағында туып өскен Д. Ф. Снегин (лақап аты шын фам. - Поцелуев, 1912 ж. т.) алғаш ақын ретінде танылып. «Шығыстан соққан жел», «Жетісу». «Менің қалам» атты өлең жинақтарын шығарды. 20 жылдардың аяқ кезінде және 30 жылдардың 1-жартысында талантты ақын Павел Васильев есімі кеңінен танымал болды, көптеген лирикалық және эпикалық туындыларын («Казак әскерлерінің қазасы туралы жыр», «Тұзды бүлік», «Өмірбаяндық тараулар», «Қулақтар» поэмалары т. б.) жариялады. П. Васильев аталмыш шығармаларында революциялық өзгерістер кезеңіндегі Сібір қазақ-орыстарының және қазақ еңбекші бұқарасының өміріндегі әлеуметтік мәселелерді суреттеді, Қазақстандағы социалистік қайта жаңғыруларды және индустрияландыру дәуіріндегі алғашқы жеңістерді жырлады. Соғыстан кейін А. Дубовицкийдің «Отан ұмытпайды» повесі жарияланды.

Соғыс кезінде және соғыстан кейінгі жылдарда қазақстандық майдангер ақын-жазушылар Дм. Снегин, П. Кузнецов, В. Чугунов (1943 ж. майданда қаза тапты), Л. В. Макеев, П. Ф. Богданов (1917 ж. т.), Вас. Антонов (1923 ж. т.), Ф. И. Егоров (1913-1977), Л. Д. Кривощеков (1922 ж. т.), В. Е. Скоробогатов (1921 ж. т.) т. б. көптеген шығармалар тудырды. Дм. Снегин «Алыс шетте», «Шабуылда», «Рейхстагтан шыққан елші», А. А. Ананьев (1925 ж. т.) «Танкілер сап түзеп келеді», Б. Момышұлы (1910 ж. т.) «Артымызда Москва», «Генерал Панфилов», В. Ф. Ванюшпн (1916-1974) «Өмірімен қарыздар», «Шабуыл», С. Н. Мартьянов (1918-1967) «Жастық шаққа тағзым ет», «Алғашқы атыстар» т. б. романдары мен повестерін жариялады.

Соғыстан кейінгі уақытта қаламгерлер совет адамдарының жарқын болашақ жолындағы жасампаз ерлігін шынайы бейнелеп көрсетуге баса назар аударды. Прозаиктер Н. А. Пичугин (1890 ж. т.) «Қала үстіндегі шапақ», В. М. Буренков (1938 ж. т.) «Махаббат күші», «Кішкене қаланың құштары» атты прозалық шығармаларында, ақындар Н. И. Титов, А. К. Елков (1926 ж. т.) поэзиялық туындыларында жұмысшы табы туралы жазды. Село еңбеккерлеріне арналған А. Ананьевтің «Даңқ диірмені», Н. П. Кузьминнің (1929 ж. т.) «Қия жар қасында», «Асуда», Н. Ф. Корсуновтың (1927 ж. т.) «Байшешек», «Бұршақ шырмалған жерде», Ф. Е. Чирваның (1918 ж. т.) «Намыс», «Мезгіл талқысы», Ғ. Шарипованың «Біздің заманның адамы», «Ғафурдың семьясы» т. б. романдары мен повестері шықты. Тыңды игерушілер өмірінен жазылған Дм. Снегиннің «Ерліктің туы», И. Шуховтың «Тың игерушілер», «Алғын шыңырау», Г. В. Черноголовинаның (1929 ж. т.) «Жауынсыз өткен июнь», Н. Аповтың «Жүрек әмірімен» Я. С. Штейнмен бірігіп жазған), Мұрагерлер» т. б. шығармалары жарияланды.

Сондай-ақ, қаламгерлер А. Ф. Дубицкйй (1915 ж. т.), Д. Ф. Черепанов (1907 ж. т.), З. М. Танхимович (1908-1976), А. С. Белянинов (1924 ж. т.), А. П. Сергеев (1915 ж. т.), Энгельс Іаббасов (1937 ж. т.), Бақытжан Момышұлы (1941 ж.т.) өздерінің повестері мен әңгімелерінде, публицистикалық шығармаларында бүгінгі заман тақырыбың замандастар өмірін көрсетуге баса көңіл бөлді. Адамгершілік-этикалық мәселелерді өткір де қызғылықты суреттеген Сәтімжан Сатбаевтың (1939 ж. т.) «Ақ аруана» повесі, П. П. Щеголихиннің (1927 ж. т.) «Бір институтта», «Үрінді қар» т. б. шығармалары назар аударарлық. Бұдан жас жазушылардың творчестволық өсуін аңғарамыз.

Суреткерлер назарынан тарихи және тарихи-революциялық тақырыптар да тыс қалған жоқ. П. Апов «Менің жастық шағым», «Выборг жағы» (Қаз. ССР-і- нің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығын алған, 1970), «Кашир аңызы» кітаптарында революция кезінің және Азамат соғысы жылдарының оқиғаларын суреттеді, В. И. Ленин образын кескіндеді. Дм. Снегин «Верный қаласында» трилогиясында (қазақ тілінде «Бұрынғы Алматыда», 1974, ауд. Ә. Ахметов пен I. Мәмбетов) және «Таңсәрі және тал түске екі қадам» романында Қазақстанда совет өкіметін орнату жолында күрескен революционерлер өмірін суреттеп, көптеген тарихи адамдар бейнелерінің галереясын жасады. Сондай-ақ М. Д. Симашко (лақап аты, шын фам. - Шамис, 1924 ж. т.), Әнуар Әлімжанов (1930 ж. т.), А. Б. Никольская (1899-1979), Макан Жұмағұлов (1924 ж. т.) тарихи тақырыпта жазылған роман, повестерін жариялады. П. П. Косенконың өмірбаяндық-беллетристикалық жанрда жазылған «Павел Васильев», «Селт етпес жүрек» (Ф. Достоевский туралы), «Дон Кихоттың шырағы» (Антон Сорокин туралы) атты кітаптары жарыққа шықты. Н. Ановтың «Әдеби жол айырықта» кітабы басылды. П. Шуховтың «Преснов күнделіктері» атты өмірбаяндық шығармасы жарияланды. Оның бірқатар шығармалары француз, неміс, испан, жапон тілдеріне аударылды. Ол үздік шығармалары үшін 1977 ж. Қаз. ССР-інің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығын алды. Н. А. Раевский «Портреттер сөйлейді» (А. С. Пушкин туралы) кітабын шығарды. Атап өтетін жайт, бірқатар қазақ қаламгерлері (Бауыржан Момышұлы, Ә. Әлімжанов, О. Сүлейменов, М. Жұмағұлов, С. Сапбаев, Бақытжан Момышұлы, А. Жағанова, Ш. Әлімбаев т. б.) шығармаларын орыс тілінде жазды. Ал акын Н. А. Лушникова (1940 ж. т.) өлеңдерін қазақ тілінде, прозаик Герольд Бельгер (1934 ж. т.) шығармаларын неміс, орыс, қазақ тілдерінде еркін жазып, өнерпаздық жүйріктігін көрсетіп келеді.

Поэзия саласында да соңғы жылдарда туған тартымды шығармалар аз емес. Орыс тілінде жазатын белгілі ақып О. Сүлеймепов «Нұрлы түндер», «Шапағагты шақ», «Мешін жылы», «Қыш кітап» т. б. кітаптарын шығарды. Валерий Аптоновтың (1933 ж. т.) «Туған күн», «Жол торабы», Л. Кривощековтың «Шын жүрекпен», «Қайтқан құстар», «Көгілдір апрель», Н. Титовтың «Застава», «Күз белгілері», «Із», Ф. А. Моргунның (1910 ж. т.) «Даладағы шұғыла», «Асу», А. Лембергтің (1919 ж. т.) «Талтүс», «Байқоңырдағы кездесу», Р. К. Трофимовтың (1912 ж. т.) «Жаңа жолмен» т. б. өлеңдер жинақтары жарық көрді. Сол сияқты Д. Е. Рябуха (1922-1973), В. А. Смириов (1926 ж. т.), А. В. Скворцов (1929-1976), Р. М. Тамарина (1921 ж. т.), Л. В. Скалковский (1924 ж. т.), С. Д. Киселев (1935-1977), И. В. Потахина (1938 ж. т.) т. б. ақындар поэзиялық жаңа шығармаларымен көрінді.

Очерк және публицистика жанрында А. Брагин, О. В. Мацкевич, В. П. Ларин, А. Т. Кияница т. б. қаламгерлер жемісті еңбек етіп келеді. Бұл ретте И. Шуховтың «Бүгінгі күн бейнесі», «Алтын шыңырау», «Отан және жат жер» атты кітаптарып айрықша айтуға болады. Балаларға және ересектерге арнап тәлімдік мәні зор шығармалар жазған жазушы-натуралист әрі ғалым М. Д. Зверев (1896 ж. т.) пен П. И. Мариковскийдің (1912 ж. т.) есімдері оқырман қауымға кеңінен мәлім. М. Д.Зверев «Орман алауы жаныпда» кітабы үшін Қаз. ССР-інің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығын алды (1953). Л. Г. Дружинпна, (1918 ж. т.), Г. Черноголовина т. б. жазушылар балаларға арнап тартымды шығармалар жазды. И. Шуховпен қатар М. Д. Зверев, М. Д. Симашко т. б. жазушылардың шығармалары шетел тілдеріне аударылды.

Әдеби сын және әдебиет тану ғылымы саласында М. Баталов, М. И. Фегисов, М. С. Сильченко, М. Қ. Қаратаев, Е. В. Лизунова, П. С. Смирнова, Д. Н. Николич, И. Ғабдиров, К. Канафиева-Кереева, П. С. Ровенский, В. В. Владимиров, П. П. Косенко, К. С. Курова, А. А. Устинов, Е. Букетов т. б. сыншылар көптеген сүбелі еңбектер жазды. Қазақ суреткерлерінің таңдаулы туындыларын орыс тіліне аудару ісінде қазақстандық орыс ақып-жазушыларының атқарған жұмыстары аз емес.

Қазақ қаламгерлерінің республикадан тыс жерлерде тұратын орыс әдебиетшілерімен творчестволық байланысы жылдан жылға нығая түсіп келеді. Олардың көбі қазақ жазушыларының туындыларын орыс тіліне аударумен бірге, Қазақстан тақырыбына шығармалар жазып, игілікті еңбек етіп жүр. Бұл ретте Л. С. Соболев, В. А. Рождественский, К. Н. Алтайский, С. Қ. Марков, И. Л. Сельвинский, М. К. Луконин, Ю. П. Казаков, Я. В. Смеляков, С. П. Злобин, А. И. Семенов (Алдан-Семенов), М. Д. Львов, А. Н. Пантиелев, Ю. О. Домбровский т. б. еңбектерін, З. С. Кедринаның әдеби-сыни шығармаларын ілтипатпен атаған жөн. Соңғы жылдарда жарияланған С. П. Марковтың «Шыңға шығушылар», Л. С. Соболевтің «Достықтың онжылдықтары», З. С. Кедринаның «Құнарлы бастаудан» кітаптары қалың оқырмандар назарын аударды.

Орыс және қазақ ақын-жазушыларының творчестволық достық байланысы жылдан-жылға нығая түсіп келеді. Көптеген қазақ қаламгерлерінің шығармалары орыс ақын-жазушыларының аударуымен бүкіл одақтық оқырмандарға кеңінен танылды, дүние жүзінің көптеген тілдерінде аударылып басылды. Мәселен, М. Әуезовтің «Абай жолы» (ауд. А. Б. Никольская, Л. С. Соболев, Н. И. Анов, З. С. Кедрина); «Қараш-қараш оқиғасы», «Қилы заман», «Өскен өркен» (бәрін ауд. А. Пантиелев), Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен тер» (ауд. Ю. Казаков), Абай поэзиясы (ауд. В. Рождественский және басқалары), Ғ. Мүсіреповтің «Ұлпан» (ауд. А. Белянинов), I. Есенберлиннің «Көшпенділер» (ауд. М. Симашко) т. б. шығармаларды мысалға келтіруге болады. Сондай-ақ М. Әуезов пен Л. С. Соболев бірігіп жазған «Абай» трагедиясы, М. Қаратаев пен К. Алтайский бірігіп жазған «Даладағы дабыл» романы т. б. - творчестволық берік достықтыц құнарлы жемісі.

Қазақстандағы ұйғыр әдебиеті. Ұйғыр халқының бай ауыз әдебиеті және ерте қалыптасқан жазба әдебиеті бар. Халық ауыз әдебиетінің үлгілері көп жанрлы болып келеді: лирикалық халық жырлары (қошақ, пахша, бәйіт), эпикалық аңыз-әңгімелер, дастандар, ертегілер, юморлық шығармалар (ләтипалар), мақалдар, мәтелдер т. б.

Осылардың ішінде халық арасында ең көп тарағаны - лирикалық халық жырлары мен ертегілер. Бұлар тақырыптары мен мазмұндарына қарай тарихи, еңбек, әдет-ғұрып өлеңдері және бесік жырлары болып бөлінеді. Онда халық өмірінің алуан кезеңі бейнеленген. Сонымен бірге юморлық шығармалардың да (ләтипалар) халық тұрмысын бейнелеудегі ролі зор болды. Оның көрнекті өкілдері Салай Чаққанның, Молла Зайдиннің, Мати Халпитимнің, Омар Бақидың т. б. ләтипалары осы уақытқа дейін халық арасында айтылып келеді.

Үйғыр жазба әдебиетінің алғашқы ескерткіштері 7-8 ғасырларда туған. Бұған ұйғыр қағандығы кезінде жазылған руникалық ескерткін ер жатады. 1910 жылы акад. С. Е. Малов 10 ғасырда хатқа түскен Будда нимбаларының ұйғырша аудармаларын тапты. Бірақұйғыр жазба әдебиетінің нағыз бастауы 11 ғасырдан басталады. Бұл ретте Юсуп Хас Хаджиптің есімі алдымен аталады. Юсуп Хас Хаджип немесе Жүсіп Баласағұни (1021 ж. ш. т. - ө. ж. белгісіз) атақты «Құтадғу біліг» атты шығарманың (11 ғ.) авторы. Бұл дастан - түркі тілдес халықтардың көпшілігіне ортақ әдеби мұра. Бұған ертедегі орта ғасырда туған тағы бір ескерткіш «Һибатул-Хақаиқ» үндес келеді. Мұның авторы - Ахмед Югнаки (12 ғ.). Осы кезеңде өмір сүріп, «Диуани луғат ат-түрк» атты шығармасын жазған Махмұд Қашғаридің (11 ғ.) есімі түркі тілдес халықтардың мәдениет тарихында ерекше орын алады. Баға жетпес бұл құнды еңбек, шын мәнінде, тіл, тарих, этнографиялық мәселелері жайында энциклопедиялық мәліметтердің жиынтығы болып саналады.

Ұйғыр әдебиетінің даму тарихында Хирқати, Зелилий, Новбати т. б. ақындардың ықпалы зор болды. Мұхаммед Имин Хирқати (1634-1724) Қашғардан шыққан. Оның есімі «Махаббат пен еңбек» атты дастанымен әйгілі болды. Ол бұл шығармасында аллегориялық бейнелеу тәсілімен бұлбұл мен қызыл гүл образы арқылы махаббат құдіретін суреттеді, адамгершілікті мадақтады. Жаркенттік Зелилий (1674-1723) және хотандық Новбати (өмір сүрген жылдары белгісіз) өздерінің лирикаларында халық тіршілігінің қилы кезеңін бейнеледі. Бұлардың жырлары ғазал, рубаи, мухаммас, бәйіт т. б. өлеңдік үлгілерде жазылған.

Ұйғыр әдебиеті 18 ғасырдың аяғы мен 19 ғасырда мейлінше дами түсті. Бұл орайда Абдураим Низари (1770 - ө. ж. белгісіз) және оның ақын серіктері Тұрди Ғарбия мен Норузахун Зияи есімдері алдымен аталады. Бұлар «Махаббат дастаны» атты поэмалар топтамасын бірігіп жазды. Оған 50 мың жолдан асатын оннан астам дастандар енгізілген. Бұлардың көбі шығыс сюжеттері негізінде жазылған. Ал «Рабиға Саидин» поэмасында әлеуметтік теңсіздік көріністері суреттеледі. Осы кезеңде ғұмыр кешкен Шаир Ахун, Арши, Сидиқ Мұхаммед Қашғари т. б. ақын-жазушылар еңбектерінің мәні аз болған жоқ.

19 ғасырдың 2-жартысында қытай-маньчжур шапқыншыларының езгісіне қарсы ұйғыр халқының азаттық күресі өріс алды. Халық күрескерлерінің қатарында ақындар да азаматтық тұлғасын көрсетті, олар өздерінің шығармаларында халықтың азаттық жолындағы күресін бейнеледі. Бұған Садыр Палуан, Билал Назым, Сейт Мұхаммед Каши, Молла Шакир т. б. шығармалары айғақ.

Аса көрнекті ақын Билал Назым (1824-1899) шығармаларында ұйғыр халқының бостандық жолындағы қажырлы күресіи, азаттыққа ұмтылған арман-мұратын зор реалистік суреткерлікпен көрсетті. Ол ғазалдер жинағын шығарды, «Назугум» повесін, «Алдауыш Юсупхан» т. б. поэмаларын жазды.

Ұйғыр халық ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетіндегі осы игі дәстүрлер ұйғыр совет әдебиетінде одан әрі кең өріс тапты. Оның Совет өкіметі жылдарындағы табыстарына ең алдымен орыс әдебиетінің және басқа да туысқан халықтар әдебиеттерінің ықпалы зор болды. Ұлы Окт. революциясынан кейін Совет Одағында тұратын ұйғыр халқы қайта өрлеу жолына түсті, олардың экономикалық және мәдени дамуына барлық жағдайлар жасалды. Сөйтіп, Совет елінің басқа да туысқан халықтары сияқты ұйғыр халқы да рухани өркендеу мүмкіндігін алды. Соның нәтижесінде жас ұйғыр совет әдебиетінде жаңа қоғам құрылысының өзгерістері, жасампаз еңбек адамдарының ерлік істері Абдулһай Мұхаммади (1900-1938), Омар Мұхаммади (1906-1931), Нур Исраилов (1910- 1953), Изим Искандеров (1906-1970), Тұрди Хасанов (1909-1933), Момун Хамраев (1907-1957), Исмаил Саттаров (1924-1944) т. б. ақын-жазушылар шығармаларында жарқын суреттеле бастады. Үйғыр совет әдебиетінің барлық жанрларында ұлы Окт. революциясының жемістері, ұлы көсем В. И. Ленин образы, елдегі социалистік құрылыс өзгерістері негізгі тақырыпқа айналды.

Ұйғыр совет әдебиеті Совет өкіметі жылдарында әдеби шығармалардың сапасын арттырып қана қойған жоқ, озық дәстүрлерді игерумен бірге әдеби жанрлардың бар саласында шығармалар туғызды. Драматургия жанрын игерді, роман, повесть, новеллалар өрістеді. Осы тұрғыдан алғанда ұйғыр жазушыларынан бірінші болып реалистік әңгімелер жазған О. Мұхаммадидің сіңірген еңбегі үлкен. Роман, повесть жазудың алғашқы тәжірибесін Н. Исраилов, Т. Хасанов, М. Хамраев т. б. жалғастырды. Ұлттық драмалық шығарма тудыруда тұңғыш сәтті қадамдар жасалды. Ж. Ғаниев пен Н. Абдусаматовтың «Назугум» (1925), З. Баширидің «Садыр Хаңруқ» (1922) пьесалары сахнаға қойылды.

30 жылдардың 2-жартысында И. Искандеровтың «Ұйғыр қызы», «Хан- Тәңірі», Н. Исраиловтың «Ризвангүл», И. Саттаровтың «Гүл бақ қызы», «Құрбан» поэмалары, А. Садыров пен Ж. Асимовтың «Апархан» және И. Саттаровтың «Ғариб пен Сәнәм» пьесалары туды. Ұйғыр совет әдебиетінің жоғары идеялық-көркемдік дәрежеде жазылған әлгі шығармалары ұйғыр жазушыларының социалистік реализм әдісіне ойдағыдай игергендігін айқын танытты.

30 жылдары мерзімді баспасөз әдеби-сын мақалалар шыға бастады Балалар әдебиеті саласында да жана шығармалар көрінді. Ұлы Отан соғысы жылдары патриотизм және соғыс халықтарының мызғымас достық тақырыбын жырлаған И. Саттаров, I. Хасанов (1912-1976) т. б. ақын-жазушылардың өлеңдері мен поэмалары және пьесалары, прозалық туындылары жарық көрді.

Ұйғыр совет әдебиеті Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары үлкен творчестволық биікке көтерілді. Қазақстан Жазушылар одағының жанынан ұйғыр совет әдебиеті секциясы құрылды. «Жазушы» баспасының жанынан ұйғыр редакциясы жұмыс істей бастады. «Коммунизм туғи», «Йеңи һаят» атты республикааралық газетке шықты. X. Абдуллиннің «Гүлстан, (1954), «Әңгімелер» (1956), Ж. Босқовтың «Халық жаршысы», И. һезимовтың «Жастық жырлары» (1955). Р. Қадиридің «Ұшқын» (1956) т. б. кітаптары жарық көрді. «Алғашқы қадам» (1955), «Ұйғыр жырлары». «Өлеңдер» (1957), «Жігер ұшқындары» (1958), «Күрес жырлары» (1960) т. б. коллективтік жинақтар басылды Бұл жылдары белгілі ұйғыр ақындары И. Искандеров «Бейбітшілік жыры» (1956), «Көк құлын» (1957), «Таңдамалылар» (1958), Қ. Хасанов «Таң шапағы» (1946), «Кенже» (1949), «Ұйғыр әуендері» (1950) атты жаңа кітаптарын шығарды.

Ұлы Отан соғысынан кейінгі кезеңде Қазақстандағы ұйғыр әдебиеті барлық жанрларда дамыды. Өлеңдер және поэмалармен қатар әңгімелер, повестер көптеп көріне бастады. Ұйғыр театрының сахналарында ұйғыр авторларының жаңа пьесалары қойылды. Осы кезеңде И. Искандеров, Қ. Хасанов сияқты белгілі ақындарға ілесе X. Хамраев, И. Бахтия, Һ. Бахниязов, Р. Қадири сияқты жас ақындар өз үндерін айқын тапытты. X. Абдуллин, М. Зұлпықаров т. б. прозаиктер әдебиетке келді.

60 жылдардың ортасынан бастап ұйғыр совет әдебиетінде проза жанры жетекші салаға айналды. X. Абдуллип, З. Сәмәди, Ж. Босақов, М. Зұлпықаров секілді тәжірибелі прозаиктермен бірге Қ. Тоқтамов, А. Аширов, М. Бақиев, П. Сабитова, К. Хасамдинов, Ю. Илияс, Т. Тоқтамов сияқты жас жазушылар да жемісті еңбек етті.

Соғыстан кейінгі ұйғыр әдебиетінде бүгінгі замандастар өмірін көрсетумен бірге тарихи тақырыптарға арналған шығармалар саны да көбейе түсті. Бұл мәселелерге арналып X. Абдуллиннің «Тұрфан аясында» (1962), «Ауылдастар» (1966), «Тағдыр» (1970), «Аққан жұлдыз» (1968) романдары мен повестері, З. Сәмәдидің «Майымхан» (1965), «Жылдар сыры» (1-2- кіт., 1967-1972) атты романдары және «Бір папирос» (1971), «Өрік гүлдегенде» (1977) повестері, Ж. Босақовтың «Су пірімі» (1964-1966) дилогиясы, «Мұғалім» (1973) романы, «Халық жыршысы» (1959), «Таңғы самал», (1969), «Жалын» (1976) повестері, М. Зұлпықаровтың «Лутфулла Муталлип» (1969), М. Рузиевтің «Күн мен түн» (1973) романдары, X. Хамраевтің, Р. Қадиридің, И. Бахтияның, И. Бахнизовтың, И. Изимовтың поэмалары, Қ. Тоқтамовтың, Ж. Мусаевтың, М. Бақиевтің, Ю. Илиястың, Ю. Мухлисовтың т. б. повестері жазылды.

Соңғы жылдары ұйғыр әдебиетіне жас ақындар мен жазушылардың және драматургтердің үлкен тобы келіп қосылды. А. Аширов, И. Азаматов, Т. Тоқтамов, Учкун, Ш. Шаваев, А. Кутлуков, М. Хамраев, А. Изимов, С. Маматкулов, Я. Таиров, С. Сетішев сияқты жас дарындар өздерінің алғашқы туындыларымен жұрт назарын аударды.

Бұл уақыт ішінде прозалық туындылармен бірге драмалық шығармалар да жиі жарық көргенін айта кеткен жөн. З. Сәмәдидің «Лашмап» (1969), Ж. Босақовтың «Су йірімі» (1970), А. Ашировтың «Өлмес болып туылғандар» (1973), С. Хасановтың «Азанмен демалыңыздар» (1975), Ш. Шаваевтың «Сенің қара көздерің» (1976) т. б. пьесалары ұйғыр театр сахнасына шықты.

Балалар әдебиеті дербес жанр ретінде қалыптасып келеді. Көптеген ақын-жазушылар балаларға арнан шығармалар жазуды дәстүрге айналдырды. Жас оқырмандарға арналған П. Сабитованың «Менің кішкентай достарым» (1967), «Біздің кластың балалары» (1969), З. Қаһаровтың «Тау гүлдері» (1969), «Нұрлы жұлдыздар» (1972), Д. Тұрахмәтовтың «Кішкентай батыр» (1970), Әгфәм Садировтың «Темір қанаттылар» т. б. кітапшалары ұйғыр оқырмандарына кеңінен мәлім.

Очерк, публицистика, фельетон, әдебиет сыны саласында да жаңа таланттар көрініп, шығармалар туа бастады.

Қазақстандағы неміс әдебиеті. Қазақстандағы неміс әдебиеті - көп ұлтты совет әдебиетінің бұтағы болып саналатын неміс совет әдебиетінің бір бөлігі. Республйкада неміс совет әдебиеті өкілдерінің үлкен бір тобы еңбек етеді. Бұлардың ішінде Қазақстандағы неміс әдебиетін дамытуға айрықша үлес қосқан қаламгерлер - Д. Левен (1888 ж. т.), Г. Кемпф (1908 ж. т.), Р. Жакмьен (1908 ж. т.), Г. Генке (1913 ж. т.), Э Кончак (1903 ж. т), А. Реймген (1916 ж. т.), К. Вельц (1917 ж. т.), Р. Франк (1918 ж. т.), Н. Ваккер (1919 ж. т.), И. Варкентин (1920 ж. т.), И. Кунц (1920 ж.т.) т. б. бар. Соңғы жылдары неміс әдебиетшілерінің қатары Г. Бельгер, Л. Вайдман, Э. Ульмер, Р. Пфлуг, Р. Лейс секілді дарынды жастармен толықты.

Қазақстандағы неміс әдебиеті аз уақыт ішінде-ақ елеулі табыстарға жетті. Ондаған ақын-жазушылардың өлеңдері, прозалық туындылары «Нойес лебен», «Роте Фаане», «Фройндшафт» газеттерінде, «Прогресс» (Москва) баспасы арқылы жарық көрген альманахтарда, жинақтарда үзбей басылып тұрады. 1960 және 1965 жылдары шыққан «һанд ип һанд» (Москва) атты екі томдыққа енген шығарма авторларының көпшілігі - Қазақстандағы неміс әдебиетінің өкілдері. Осы баспадан шыққан «Тынымсыз еңбек» атты жинақ (1967) түгелдей қазақстандық ақын-жазушылар Р. Жакмьен, В. Клейн, А. Реймген, И. Варкентиннің шығармаларынан құрастырылды. 1966 жылдан бастап Қазақстанда «Фройндшафт» (Целиноград қаласында) газетінің шығуы және «Қазақстан» баспасы жанынан неміс редакциясы (1966) мен Қазақстан Жазушылар одағы жанынан неміс әдебиеті секциясының құрылуы (1967) Қазақстандағы неміс әдебиетінің дами түсуіне үлкен әсер етті.

Қазақстандағы неміс әдебиеті барлық жанрда да дамыған. 50-60 жылдары поэзия ерекше өркендеді. «Қазақстан» баспасынан И. Варкентиннің «Халқың үшін өмір сүр» (1966), Р. Жакмьеннің «Өмір, сені жырлаймын» (1968), К. Вельцтің «Туған өлкем» (1969), Н. Ваккердің «Құрдастарыма» (1969), Г. Генкенің «Жасыл жапырақ» (1970), Д. Левенніц «Өмір аккорды» (1971), Р. Франктың «Тың жер аспанының астында» (1971), Н. Пфеффердің «Отардың саяхаты» (1972) т. б. өлеңдер жинақтары шықты. Қазақстандық неміс ақындары шығармаларында социалистік Отанды, Октябрь, Ленинді, халықтар достығын, жасампаз ерлікті жырлады. Олардың соңғы жылдары Ленинге арнап жазған жырларының ең таңдаулылары «Ленин мәңгі тірі» («Қазақстан» баспасы, 1969) және «Ол әр халықтың жүрегінде» («Прогресс» баспасы, 1970) жинақтарына енді. Мұнда көсемнің ұлылығын, оның идеясының өміршеңдігін паш еткен 26 ақынның жырлары Ленинианаға қосылған елеулі үлес болды. А. Реймгеннің «Ленин ескерткіші алдында» поэмасы мазмұн тереңдігі мен көркемдік ерекшелігі жағынан неміс-совет әдебиетінде жаңалық әкелді.

Совет халықтарының лениндік достығын жырға қосқан көптеген (жаңа шығармалар туды. И. Варкентиннің «Неміс әйелі», В Клейннің «Дала шаруасы» - осы тақырыпқа жазылған таңдаулы шығармалар. Қазақстандық неміс ақындары халықаралық тақырыпты жырлауға да өзіндік үн қосты. Р. Жакмьен, Н. Ваккер, К. Вельц т. б. Вьетнам халқының ерлік күресін, ұлт-азаттық қозғалысын сипаттаса, И. Бек, Р. Франк, Э. Ульмер Р. Вебер сияқты ақындар бейбітшілік тағдырын суреттеді. Соғыс пен бейбітшілік тақырыбы «Жастар даусы» («Қазақстан» баспасы, 1971) атты жинаққа енген өлеңдерге өзек болды.

Совет Немістерінің біразы қазір Қазақстанда тұрады. Ондаған жылдар бойы кең пейіл қазақ жері оларға құтты қоныс болды. Қазақ елінің өмірі совет немістерінің ақын-жазушылары үшін іргелі тақырыптың біріне айналды. Қазақстан туралы неміс тілінде көптеген жырлар, прозалық көркем шығармалар туды. А. Бретман, К. Вельц, Д. Иост т. б. ақындар гүлденген Қазақстан жайлы шабытты жырлар жазды. И. Варкентин, Д. Гольман, Г. Генке, А. Реймген Қазақстан жерінің кеңдігін, астық толған даласын, еңбеккер адамын жырлады, жасампаз өмірдің жарқын көрінісін бейнеледі. Р. Вебердің «Қазақстан дәптері» атты өлеңдер циклі оқырман қауымның көңілінен шыққан сәтті шығарма болды.

Қазақстандағы неміс әдебиетінің проза жанры бай да әр алуан. Әңгіме, новелла, очерк, эссе т. б. ұсақ жанрдағы шығармалар көптеп жазыла бастады. Соңғы жылдары неміс прозасы жаңа бір белеске көтерілді. А. Дебольскийдің «Тұман» романы мен «Алты ай жаз» повесі, А. Реймгеннің «Жел жүйткіген жапанда», «Бір адым да шегінбейміз» повестері, Э. Кончактың, Г. Бельгердің әңгімелер жинақтары, Э. Ульмердің «Шешім» повесі, Л. Байдманның очерктер мен публицистикалық мақалалар жинақтары соның айғағы. Үлкен дарын иесі А. Реймген проза мен поэзия саласында бірдей еңбек етеді. Оның өлеңдері мен поэмалары, повестері мен әңгімелері, новеллалары мен эсселері газет, журнал беттерінде үзбей жарияланып келеді. Жазушының «Күн туады» (1967), «Біздің елдің адамдары» (1971), «Жел жүйткіген жапанда» (1971), «Бір адым да шегінбейміз» (1971) т. б. кітаптары бар. А. Реймгеннің повестері мен әңгімелерінің өзекті тақырыбы - жасампаз еңбек ерлерінің өмірі. Жазушы шығармаларына шөл даланы игеріп, ел дәулетін молайтып жатқан Бетпақдаланы игерушілердің, құрылысшылардың, мақташылардың, малшылардың өмірін арқау етті. А. Дебольскийдің «Тұман» романы неміс совет әдебиетіндегі ерекше құбылыс болды. Бұл - соғыстан кейінгі дәуірдегі тұңғыш неміс совет романы. Шығарманың сюжеті шымыр, ұтымды детальдары мол, тілі шұрайлы. Кейіпкердің психологиясы терең ашылған. Жазушының «Алты ай жаз» повесі де оқырмандардың көңілінен шыққан сәтті туынды. Жалпы А. Дебольскийдің романдары мен повестері өзінің түр жағынан ізденістерге толылығымен, суреттеу машығының айқындығымен ерекшеленеді.

Қазақстандағы неміс әдебиетінің балаларға арналған саласын дамытуда Э. Катценштейн, Н. Пфеффер, Н. Ваккер т. б. ақын-жазушылар жемісті еңбек етіп келеді. Олардың шығармалары - тазалықты, тәртіпті, достықты, бауырмалдықты дәріптейді. Тәлім-тәрбиелік, дүниетанымдық сипаты мол. Тілі ойнақы, оқиғасы қызықты болып келеді.

Әдебиет зерттеу және әдеби сын саласында да елеулі зерттеулер туды. Д. Вагнер «Франц Бах» атты зерттеуінде неміс совет әдебиетінің негізін қалаушы Ф. Бахтың өмірі мен творчестволық жолын көрсетті. «Бәйтеректің бір бұтағы» («Қазақстан» баспасы, 1974) атты әдеби сын мақалалар жинағы қазіргі кездегі неміс совет әдебиетінің даму тенденциясын ашып көрсетуге бағытталған. Г. Бельгер, Р. Жакмьен, А. Хеннинг, А. Дебольский, Э. Кончак, Д. Вагнер т. б. әдебиетшілер өздерінің сыни шолуларында қазіргі әдеби процестің даму заңдылықтары тұрғысынан неміс совет әдебиетінің барлық салаларындағы (проза, поэзия, драматургия, балалар әдебиеті) жетістіктер мен толғағы жеткен мәселелерді талдады.

Неміс совет ақын-жазушыларының аудармашылық ісі де жемісті. И. Варкентин, Р. Жакмьен, Г. Генке, И. Кунц, Н. Пфеффер, Э. Гюнтер, Р. Пфлугтың сәтті аудармалары арқылы неміс совет оқырмандары өзге ұлт ақындарының, әсіресе, қазақ қаламгерлерінің творчествосымен етене танысты. «Нойес Лебен», «Фройндшафт» газеттері туысқан халықтар әдебиеттерін, оның ішінде қазақ әдебиетін үзбей насихаттап отырады. Неміс совет әдебиетшілерінің қазақ қаламгерлерінің творчествосына тұрақты әрі байсалды көңіл бөліп отыратындығының бір айғағы - «Дала ырғақтары» деген атпен «Қазақстан» баспасы неміс тілінде шығарғап қазақ поэзиясының антологиясы. Оған 30 қазақ ақынының таңдаулы өлеңдері енген. Бұл өлеңдерді неміс тіліне аударғандардың ішінде Г. Генке, Н. Ваккер, Н. Пфеффер, Р. Жакмьен, Р. Пфлуг т. б. сықылды Қазақстандағы неміс әдебиеті өкілдерінің бір тобы бар.

Қазақстандағы корей әдебиеті. Советтік Қазақстанда басқа туысқан халықтармен бірге корей халқы да жемісті еңбек етіп, коммунистік қоғам құрылысына үлес қосып келеді. Қазақстан жерінде тұратын корейлердің өркендеген әдебиеті бар. Советтік корей ақын-жазушыларының шығармалары Қазақстан баспаларында кітап болып шығуда, республика аралық «Ленин кичи» газетінде жариялануда. Ал корей жазушылары жазған драмалық шығармалар Алматыда жұмыс істейтін музыкалы драма театрында қойылады. Қазақстандық корей ақын-жазушыларының бірқатар туындылары орыс және қазақ тілдерінде аударылып, мерзімді баспасөзде жарияланып келеді. Қазір Қазақстан Жазушылар одағының жанында корей әдебиетінің секциясы жұмыс істейді. Республикада тұратын 7 корей ақын-жазушысы СССР Жазушылар одағының мүшесі.

Советтік корей ақын-жазушылары өздерінің творчествосында социалистік реализм әдебиетінің бай тәжірибесіне сүйене отырып, ежелгі ұлттық әдебиет дәстүрін жаңғырта өркендетіп келеді. Олардың шығармаларында бүгінгі заманның сан алуан оқиғалары бейнеленген. Корей ақындарының, прозаиктерінің, драматургтерінің назар аударарлық туындыларының басты тақырыбы - советтік дәуірдің жарқын шындығы мен совет адамдарының жасампаз еңбегі. Олардың бірқатар шығармаларында бүгінгі замандастарымыздың ойы мен ісі, үміті мен арманы тартымды көрсетілген.

Қазақстандағы корей совет әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі - ақын әрі романист Ким Дюн (1900 ж. т.). Ол Қазақ Советтік Социалистік Республикасының 50 жылдық юбилейіне арнап «Әлия» атты поэма жазды. Ақын онда лениндік ұлт саясатының арқасында өркені өскен совет халықтарының мызғымас берік достығын жырға қосты. Ким Дюнның 1964 ж. Алматыда корей тілінде «Жүз елу мың вонның ісі» атты романы басылып шықты. Автордың бұл туындысы корей патриоттарының революциялық күресін бейнелеуге арналған. 1971 жылы бұл роман Москвада «Советский писатель» баспасынан «Корей қарағайы» деген атпен жарық көрді. Ким Дюн - белгілі аудармашы. Ол А. Фадеевтің «Тасталқан» романын, Б. Полевойдың «Нағыз адам туралы аңыз» повесін т. б. корей тіліне аударып, бастырып шығарды.

Корей совет әдебиетінде көрнекті драматург әрі аудармашы Цай Еннің (1906 ж. т.) творчествосы елеулі орын алады. Цай Ен корей совет әдебиетінде драматургия саласын өркендетуде елеулі еңбек сіңірген қаламгер. Ол сонымен бірге Қазақстандағы корей музыкалы драма театрының жұмысын жолға қойып, творчестволық қадамын қалыптастыруда жемісті еңбек етті. Жиырма жылға жуық осы театрдың бас режиссері болып жұмыс істеді. Творчестволық жемісті еңбегі үшін Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері құрметті атағын алды, «Құрмет Белгісі» орденімен, медальдармен және Қазақ ССР Жоғары Советінің Құрмет грамотасымен наградталды.

Цай Еннің жазушылық қызметі 30 жылдары басталды. Оның алғашқы драмалық шығармасы - «Маньчжур шаруасы» атты пьесасы 1933 жылы жазылды. Содан бергі уақыт ішінде Цай Ен оннан астам пьеса жазып, жариялады. Оның «Достық» (1944), «Шат өмір» (1949), «Қатал әке» (1960), «Таң сәрі» (1962), «Ұмытылмас күндер» (1963), «Кемпірқосақ» (1964) т. б. драмалық шығармалары корей музыкалы драма театрының тұрақты репертуарына айналды. Цай Ен корей тіліне аударған У. Шекспирдің «Отеллосы», Н. В. Гогольдің «Ревизоры», А. П. Островскийдің «Найзағайы», М. Горькийдің «Дұшпандары», В. Гусевтің «Даңқы» т. б. пьесалары корей театрының сахнасында қойылды.

Корей совет драматургтерінің бірі Ен Сен Нен (1909 ж. т.) алғашқы творчестволық қадамын өлең жазудан бастады. Оның «Дауылдан кейін», «Отқа оранған Корея», «Чан Гок», «Қызыл майка», «Хон Лан» т. б. пьесалары корей театрында қойылды.

Корей совет әдебиетінде поэзия жанрын дамытуда ақын Тэн Дон Хе (1910 ж. т.) көп еңбек сіңірді. Ол Ұлы Отан соғысына қатысты. Педагогикалық және дипломатиялық жұмыста болды. Республика аралық «Ленин кпчи» газетінде жауапты қызмет атқарды. Алғашқы «Көктем» атты өлеңі 1928 ж. жарық көрді. Содан бері Тэн Дон Хектің бірқатар өлеңдер жинақтары шықты, поэмалары басылды. Пьесалары жарияланды. Оның аударуымен А.Афиногеневтің «Машенька», Ұйғынның «Қыранның самғауы», Л. Леоновтың «Алыстағы жаңғырық» пьесалары корей театрының сахнасында қойылды.

Ақын және аудармашы Ким Кван Хеп (1919 ж. т.) творчествосы да назар аударарлық. Оның 1956 жылы жарияланған «Ок Нан» атты поэмасында Ұлы Отан соғысы кезінде совет пионерлерінің майданда көрсеткен ерлігі нанымды бейнеленген. Ким Кван Хеннің «Жұмысқа барардағы ойлар» (1964), «Өркендер» (1966) т. б. поэмасында бүгінгі өмір шындығы суреттеліп, еңбек адамдарының жасампаз ісі көрсетілген. Ол аударма саласында да жемісті еңбек етті. А. Твардовскийдін «Ленин және печші», Жамбыл Жабаевтың «Ленин» т. б. шығармаларын корей тіліне аударды. Ким Кван Хеннің аударуымен В. Катаевтың «Көк орамал», Қ. Байсейітов пен Қ. Шаңғытбаевтың «Беу, қыздар-ай» пьесалары корей музыкалық драма театрында қойылып келеді.

Қазақстандағы корей ақын-жазушыларының тәуір шығармалары коллективтік жинақ түрінде де талай рет жарық көрді. Мысалы, олардың туындыларынан құрастырылып, «Жазушы» баспасынан «Корей өлеңдері» (1958), «Октябрь күні астында» (1971), «Дала гүлдері» (1973) т. б. жинақтар корей тілінде басылып шықты. Қазақстанда тұратып корей ақындарының, прозаиктерінің бірқатар шығармалары орыс тіліне аударылып, бүкіл одақ оқырмандарының игілігіне айналды.

Шығ.; Алтынсарин Ы. Мактубат, Казан, 1896, 1899; сонікі, Қазақ хрестоматиясы, Орынбор, 1900; сонікі, Өлеңдер жин., А., 1935, 1955; Бекмұхамедов М. Жаңсы үгіт. Казан, 1908: Кұнанбаев Абай.Қазақ ақыны Ибраһим Кұнанбайұлының өлеңдері. СПБ, 1909; сонікі, Таңд. өлеңдері, Таш., 1922; сонікі, Толык жин., Кызылорда, 1933; сонікі, Шығыс толық жин.,1961; сонікі. Шығыс толық жин. 1-2-т., А., 1978; Мұштақ Ғабдолла, Шайыр, Орынбор, 1910: сонікі, Көксілдер, Орынбор, 1912; Берқалыұғлы А. Ақын, Казан, 1912; Радлов А.В. Образцы народной литературы тюркских племен, т. 3, СПБ, 1870; «Записки Оренбургского отдела Императорского Русского географического общества», Казань - Оренбург. 1875, в. 3 (тексты ипер.); Образцы киргизской поэзии в песнях эпического и лирического содержания, Оренбург, 1885.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2023-02-28 15:54:21     Қаралды-1119

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »