UF

ҚАЗАҚ ТЕАТРЫ

 

1917 дылға дейінгі қазақ театры. Ұлттық театр өнерініц элементтері халықтың ежелден келе жатқан әдет-ғұрпы мен тұрмыс-салтына (бет ашар, бәдік, жар-жар, жоқтау, қоштасу, қыз кәде, шілдехана), ойын-сауығы (алты бақан, кімді қалайсың, қыз ойнақ,қынаменде, ортеке, судыр-судыр) мен халық қуларының өнеріне (Алдар Көсе, Шаншарлар). ақындар айтысы мен шешендік онерге саяды. Ажуа, мысқыл, шымшыма сияқты неше алуан қызықты әңгімелерді жаныпан шығарып әрі оны бар бояуымен құлпыртып орындайтын күлдіргі халық өнерпаздары әдетте қу немесе қуақылар деп аталды. Қу - қиыннан қисын табар тапқыр, ой-қиялы жүйрік, ділмар адамның жиынтық бейнесі. Бұлар қазақ халқының қоғамдық өмірі мен тұрмыс-салтына байланысты пайда болды. Мыс., аты аңызға айналған Алдар Көсе, Жиренше шөшен, Қожанасыр мен Тазша бала есіміне байланысты күлдіргі әңгімелер ел арасында ертеден белгілі. Қулар өз өнерін дәстүрлі мереке-жиындарда, той-тамашаларда, шілдехана мен жәрмеңкелерде, халық думандарында көрсетіп отырған. Әділетсіздікке, ескі кертартпа әдет-ғұрыпқа, зұлымдыққа қарсы шығып, күншілдік, қызғаншақтық, қараңғылық, сараңдық сияқты жат мінездерді күлкі, мысқыл етіп аяусыз ажуалады. Олардың өнері әдетте шапшаң қимыл-қозғалысқа, басқа бейнелерге айналып, күтпеген жерден кұлкі тудыратын әрекеттер жасауға құрылып отырды. Белгілі халық қулары Айдар- бек, Битан-Шитан, Зәрубай, Күндебай, Қонтай-Тонтай, Мауқай, Текебай, Торсықбай т. б. болды. Қулардың өнері туралы Ш. Хұсапынов пен Қ. Қуанышбаев («Шаншарлар»), Ж. Т. Шанин («Айдарбек», «Торсықбай») т. б. драматургтар пьесалар жазды. Қуанышбаев, Е. Өмірзақов т. б. актерлер өз ойындарында халық қуларының өнерін мол пайдаланды. Әсіресе 18 және 19 ғасырларда өз бойындағы табиғи қызғылықты іс-әрекеттерімен, өткір сықақ- келемеждерімен және шанышпа ажуа-қалжыңдарымен халық арасында кең танылған -Қаракесек руынан шыққан күлдіргі өнершілер әулеті шаншарлар болды. Олардың өнері негізінен уытты әзіл-сөздерге, қолма-қол тапқырлыққа, неше алуан қулық іс-әрекеттер мен күлдіргі айтыс-өлеңдерге толы болды. Адам бойындағы көзі тоймас қомағайлық, іші тар қызғаншақтық пен күншілдік сияқты мін-мінездер де шаншарлардыц күлкі отына ұшырады. Сондай-ақ олар өздерінің айлалы әрекеттерімен және маңызды күлдіргі сөздерімен қарапайым халықтың адал еңбегін қанаған үстем тап өкілдерін өткір сыңға алып отырды. Шаншарлар да өз өнерлерін көбіне халықтың той-жиындарында паш етті.

19 ғасырдың 2-жартысынан бастап Оралда (1859), Орынбор (1869) мен Омбыда (1875) орыстың профессионалды театрлары ашылып, қазақ сахна өнерінің тууына ықпал жасады. Бұл театрлардың сахнасында гастрольдік сапармен келген В. А. Андреев-Бурлак, А. Л. Вишневский, М. Т. Иванов-Козельский, В. Ф. Комиссаржевская, П. А. Стрепетова, Г. Н. Федотова сынды белгілі актерлер өнер толғады. 1860 жылы Әулиеата (Жамбыл) қалалық әскери команда солдаттарының күшімен бірнеше спектакль көрсетілді. 1890 жылы Семейде «Музыка мен драмалық өнер әуесқойларының қоғамы» ұйымдасты. 1905-1907 жылдар Қызылжар (Петропавл), Орал, Орынбор мен Семейде татардың көшпелі труппалары ойын-сауық кештерін өткізді. Г. Гребенщиков «Жақсы жігіт» пьесасының (1907) сюжетін қазақ тұрмысына құрса, ал Н. П. Анненкова-Бернар 1908жылы ұлттық дастан негізінде «Бекет» атты драма жазып, кейін оны сахнаға қойдырды. Спектакльді кезінде Орынбор қазақтары тамашалаған. 1909 жылы Әулиеатада драмалық қоғам қайта құрылып, жұмыс істей бастады; ол М. Горькийдің «Шыңырау түбінде» атты драмасын қойған. 1910 жылы Шымкентте әуесқойлардың алғашқы спектаклі жарық көрді. Осылардың игі әсерімен 1911-1912 жылдар Ақмешіт (Қызылорда), Ақмола (Целиноград), Қостанай, Қызылжар, Орал мен Семейде т. б. жерлерде ойын-сауық үйірмелері ұйымдаса бастады. 1913-1914 жылдар Семейде қазақ, татар мұғалімдері мен оқушы жастар бірлесіп, «шығыскеші» деген атпен ойын-сауық кештерін ұйымдастырды. Осыған сәйкес ойын-сауық программасы мәдени-ағарту тақырыбындағы баяндамалардан, шағын пьесалардан, тұрмыс-салттық ойындардан, ән-билерден және күйлерден құралды. Көрермендерді қазақ халқының тұрмыс-салтымен, жалпы алеуметтік-рухани өмірімен таныстырып отыру осы секілді кештердің негізгі мақсатына айналды. Ұлттық театр өнері тарихында мәні зор ойын-сауықтар: Абайдың қайтыс болғанына он жыл толуына арналған әдеби, этнографиялық-музыкалық кеш (1914), «Біржан мен Сара айтысы» (1915, екеуіде Семейде) және «Қазақша қыз ұзатудың» (1915, Атбасарда) сахнаға лайықталған нұсқасы. Алғашқы екі кеште Қ. Бекбергенов, Ә. Қапсаламов, Т. Қозыбағарова, Н. С. Құлжанова, К. И. Сәтбаев т. б. өнерпаздар халықтын ән-күйлерін орындап, Абай Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, И. А. Крыловтың өлеңдерін оқыды. Мұғалім Б. Серкебаев («Бақсы», «Газиза» т. б.) пен И. Меңдіханов («Малдыбай», 1912) діни, ескі көзқарасты ажуалап пьесалар жазды. 1914 жылы А. И. Лихановтың «Манап» драмасы («Айқапта»), 1915 жылы К. Тоғысовтың «Надандық құрбаны» (Уфада) тұңғыш рет баспа бетін көрді. С. Сейфуллиннің «Манап» туралы сын мақаласы «Айқапта» (1914) жарияланды. 1917 жылы Ойқұдық жайлауында (қазіргі Семей обл., Абай ауд.) М. О. Әуезовтің «Еңлік - Кебек» трагедиясы тұңғыш рет қойылып, автордың өзі суфлерлік роль атқарды. Бірақ осындай игі талпыныстарға қарамастан феодалдық құрылыс пен патша үкіметінің отаршылдық саясаты қазақ театрының дамуына көп кедергі келтірді.

Совет дәуіріндегі қазақ театры. Ұлы Социал революциясынан кейін ұлттық театр өнерінің жан-жақты дамып, өркен жаюына толық мүмкіндік туды. 1918 жылы Ақмолада Сейфуллиннің «Бақыт жолына» деген пьесасы қойылды. Сол жылы Алматыда, Қызылжар мен Семейде совет орыс театрлары ашылып, спектакльдер (Н. В. Гоголь, Горький, А. Н. Островский, А. П. Чехов пен Л. Н. Толстойдың пьесалары бойынша) қоя бастады. 1918-1924 жылдар Ақмола, Әулиеата, Көкшетау, Орынбор (Қазақтың халық ағарту институтының жанынан), Ташкент, Түркістан мен Шымкентте қазақтың драмалық труппалары құрылды. Олардың репертуарынан Әуезовтің, Е. Ерданаевтың, Б. Майлиннің, Қ. Кемеңгеровтің, Серкебаевтың, Ә. Сұлтановтың т. б. пьесалары орын алды. Қазақ театр өнерінің алғашқы даму кезінде 1918 жылы Қостанайда құрылған «Қызыл керуен» драмалық труппасының мәні зор болды. Труппаны қаладағы орыс мектептерінде оқитын қазақтың оқушы-жастары, уездік саяси ағарту бөлімі мен әр түрлі мекемелерде істейтін қызметкерлер ұйымдастырған. Бұлар жұмысшы-солдат депутаттарының жиналыстарынан кейін және әскери бөлімдер арасында концерт қойды. Труппаның құрамында Е. Алдоңғаров, Р. Алдоңғарова, О. Аяқбаев, Ә. Еленова, Ж. Еленов, М. X. Фаризов, А. Сегізбаев т. б. болды. Қазақ театр өнерінің шеберлері С. Қожамқұлов, Өмірзақов пен Қ. О. Бадыров сахналық жолын осы труппадан бастады. Алғашқыда репертуардан ән-күй, әдеби монтаж, инсценировка мен шағын пьесалар орын алды. 1922-1923 жылдар мұнда Әуезовтің «Еңлік-Кебек», «Бәйбіше - тоқал», Меңдіхановтың «Малдыбай» т. б. пьесалары қойылды. Кейін көшпелі труппаға айналған соң елді мекендерде (Торғай, Троицк т. б.) ойын-сауық қойып, үгіт-насихат жұмысын жүргізді. Сонымен қатар 1920 жылы Семейде «Ес-аймақ» деген атпен драмалық труппа, құрылды. Мұны қаладағы қызметкерлер, мұғалімдер, педтехникумның жоғары курсында оқитын студент-жастар ұйымдастырған. Труппаның арғы арнасы революциядан бұрынғы сауық-кештерден басталады. Ол сахнаға бейім дарынды жастардың, әншілердің, күйшілердің басын қосып, театр өнерін дамытуда белгілі роль атқарды. Кезінде оған Республикалық саяси-ағарту бас комитетінің театр бөлімшесі басшылық жасады. «Ес-аймақ» ресми түрде «Қазақтың мәдени-ағарту үйірмесі» деп аталды. Труппаны ұйымдастырушы әрі оның көркемдік жетекшісі С. Тоқымбаев, мүшелері У. Тұрлыбеков, Қ. Құлғарин, Ж. Сәлменов, А. Жаулықбаев т. б. өнерпаздар болған. Тоқымбаевтан кейін труппаны Г. Төребаев басқарды. Қазақ өнерінің шеберлері Ә. Қашаубаев, И. Байзақов, Шанин, Қ. Байжанов, Ж. Елебеков, М. Ержанов алғашқы өнер сапарларын осы труппадан бастаған. Мұның сахнасына сол уақытта жарық көрген пьесалар (1922-1924, Әуезовтің «Еңлік-Кебегі» мен «Қаракөзі», Сейфуллиннің «Қызыл сұңқарлары») қойылған. Әсіресе Әуезовтің шығармалары репертуардан берік орын алды. Жас автордың өзі де спектакльдің қойылу жұмыстарына қызу араласып, көмектесіп отырған. «Қызыл көруен» мен «Ес-аймақ» труппасы 1924 жылға дейін жұмыс істеді. 20 жылдары А. Абдуллин, З. Атабаева, Қ. Бейісов, Қ. Жандарбеков, Қуанышбаев, Зәрубай Құлсейітов, Қара Омар, М. Шамова, Майра Шамсутдинова т. б. өнерпаздар өрнекті өнерімен кеңінен таныла бастады. 1926 жылы бұлардың көпшілігі Қазақ драма театрын (Қызылордада) ұйымдастыруға ат салысты.

Тұңғыш театрдың шымылдығы 1926 жылы 13 қаңтарда Әуезовтің «Еңлік - Кебек» трагедиясымен Қызылордада ашылды. Мұнда өткен дәуірдегі феодалдық рулық қоғамның кертартпа күштері, күні өткен ескі салт-саналары әшкереленді. Сахнадан түнек заманда дәурен сүрген азулы билердің адамгершіліктен құр алақан бейнесі шынайы көрсетілді. 1926-1930 жылдар Әуезовтің «Бәйбіше - тоқал», «Қаракөз», Майлиннің «Шаншар молда», «Неке қияр», Шаниннің «Арқалық батыр», «Баян батыр», С. Аблановтың «Күндеспейтін қатындар», «1916 жыл», Ерданаевтың «Малқамбай», А. Тоқмағамбетовтың «Екі заң», Р. Малабаевтың «Үй тұтқындары» мен «Ғұрып күңі» пьесасы бойынша қойылған спектакльдерде қазақ халқының әр дәуірдегі өмір-тұрмысы, тағдыры көрсетіліп, әйел теңсіздігі мен ескіліктің кертартпа қылықтары өткір сыналды. Бұл шығармалар көркемдік және идеялық жағынан азды-көпті кемшіліктері болмаса, кезінде көрөрмен көңілінен шыққан шығармалар болып есептеледі әрі оған қоса олар сахнада ойнауға жеңілдеу де болды. Әсіресе эпостық тақырыпта немесе тарихи оқиғалар негізінде жазылған драмалық шығармаларда актерлер еркінірек ойнады. Өйткені мұндай туындылардағы оқиғалар оларға бала жастан таныс еді. Оның үстіне орындаушылар жергілікті сауық үйірмелерінде ертеректе ойнап, ысылғандықтан мұндай шығармалардағы тұрмыс-салттық өмір көрінісін барынша шынайы беруте ұмтылды. Эпостық тақырыптағы драмалық шығармалар бойынша қойылған спектакльдерде, әсіресе ақындық пен шешендік сайыстарындағы диалогтар, оның мәні мен мазмұнын ашу, қимыл-қозғалыс, қарым-қатынас, психологиялық толғану сәттері, тіпті тартысқа тускен екі жақтың жарыла отырып, бар зейін-ықыласымен беріліп өздерінің көңіл күйін білдіруі, сөз нышанын әркімнің өзінше сезінуі, бағалауы т. б. сол сияқты, сахналық өнердің образ жасаудағы әдіс-тәсілдеріне алғашқы қазақ актерлері жетік болатын. Себебі актерлердің ескі ел өмірін, тіршілік-тынысын, тұрмыс-салтын жақсы білуі әрі олардың көпшілігі табиғи дарын иесі болуы да айтылмыш тақырыптарды толық меңгеріп кетуіне қолайлы жағдай туғызды. Өмірзақов, Қожамқұлов, Шанин, Жандарбеков, Қуанышбаев, Байзақов, Қашаубаев секілді өнер иелерінің шеберліктері сол уақыттың өзінде-ақ жоғары бағаланып, көрермен қауымның сүйіспеншілігіне бөленуі де тікелей соған байланысты. Ал алғашқы актрисалардан Атабаева, Ш. Байзақова, Ж. Шанина, Шамова және Ш. Әлібекова драмалық өнерге деген табиғи дарынының устіне төгілтіп салған әсем әндерімен де ерекше көзге түсті. Қазақ театр өнерінің алғашқы қалыптасып даму кезеңі спектакльдерде этнографиялық-тұрмыс тық бояудың қатаң сақталуымен, халық әндерін мол пайдалануымен ерекшеленді. Мұның өзі бір жағынан театр мен көрушілер арасындағы қарым-қатынасты күшейтуге мүмкіндік туғызса, екінші жағынан актерлердің синтездік өнерді меңгеруіне жол салды.

Алғашқы құрылған кезден бастап Қазақ драма театры ұлттық драматургиямен ғана шектеліп қалмай, классикалық шығармаларға да ден қойып, труппадағы өнерпаздар өздерінің актерлік және режиссерлік шеберліктерін жетілдіріп отырды. Бұл жонінен осы театрда жемісті қызмет еткен Шаниннің (1892-1938) сол уақыттағы творчестволық еңбегі ересен болды. Кедей жұмысшы семьясында туған ол алғашында ауыл молдасынан оқып, хат таныды. Жас кезінен өмір теперішін көп көрсе де Шанин ұлттық ойын-сауықтар мен ән-күйлерге ынтық болып өсті. Әсіресе Қоянды жәрмеңкесіне барып, халық думанын тамашалау - оның ой-қиялын қозғап, өнерге деген ынта-ықыласын арттырды. Туған нағашысы Алтыбайдан ән салып, домбыра тартуды үйренді. 1913 жылы Омбыға келіп, күн көріс қамымен біраз уақыт заводта жұмыс істеді. Мұнда Сейфуллинмен, П. Нұрмақовпен және Серкебаевпеп танысады әрі өз бетінше оқып білімін жетілдіреді. 1915-1916 жылдар бухгалтер курсында оқыды. Мұны бітіргеннен кейін заводта бухгалтердің көмекшісі болып қызмет етеді. Осы жылдары алғаш рет қалалық театр спектакльдерін көреді. Бірақ көп ұзамай-ақ Шанин майдан жұмысына тартылады; одан туған аулына 1917 жылыоралды. Сол жылдан бастап ол біраз уақыт жауапты орындарда қызмет етті. Саяси-әлеуметтік және қоғамдық істерге белсене қатысу Шаниннің ой-өрісін кеңейтіп, кейінгі режиссерлік әрі жазушылық кызметіне игі ықпал жасады. 20 жылдары Семейде «Ес-аймақ» труппасын басқарды. Режиссерлік жолын осы труппадан бастаған Шанин халық жыры негізінде жазылған өзінің «Арқалық батыры» мен Сейфуллиннің «Қызыл сұңқарларын» (1922) қойды; сонымен қатар өзі осы аталмыш спектакльдерде Арқалық батырдың және Еркебұланның ролін орындады. Бір бөлімді «Торсықбай» комедиясы 1925 жылы Семейдің «Таң» журналында жарияланды. Сол жылы құрылған Қазақ драма театрының директоры болумен қатар оның көркемдік жағын басқарды. Шанин Қазақстандағы тұңғыш ұлт театрының негізін салып, оны ұйымдастыруда, сондай-ақ профессионалдық тұрғыда қалыптастырып, творчестволық өсу жолында зор еңбек сіңірді. Алғашқы творчестволық ұйымдастырушылық қызметінен бастап ІПанин актерлер мәдениетін көтеруге, театр жұмысын белгілі бір жоспар бойынша жүргізуге, репертуардан тәрбиелік һәм идеялық-көркемдік сапасы жоғары драмалық шығармалардың орын алуына ерекше көңіл бөлді. Бұл мәселелер «Қазақтың мемлекеттік театры», «Мемлекет театрының артистері», «Қазақстан мемлекет театры», «Театр тарихынан», «Сахнада шындықты тану» атты әр жылдары баспасөз беттерінде жарияланған мақалаларында жан-жақты қамтылды. Қазақ драма театрында ұлттық драматургиядан Сейфуллиннің «Қызыл сұңқарларын», Аблановтың «Күндеспейтін қатындар» мен «1916 жылын», А. Т. Шаниннің «Болатын», I. Жансүгіровтің «Көгі» мен «Түрксібін», Майлиннің «Майданын», Әуезовтің «Октябрь үшін» және классикалық туындылардан А. С. Пушкиннің «Тас мейманы» мен «Сараң серісін», У. Шекспирдің «Гамлетін», сонымен бірге өзі жазған «Торсықбай», «Арқалық батыр», «Айдарбек», «Баян батыр», «Өлімнен үмітке» («Шахта») т. б. шығармаларды қойды. Ұлттық төл туындыларды қоюда ән-күйлер мен тұрмыс-салттық, этнографиялық бояуды мол қолданды. Драмалық шығармадағы белгілі бір дәуір тынысы мен оқиға орнын, оғап қатысатын кейіпкерлердің мінез табиғатын айқындап ашуда пайдаланатын әр түрлі сахналық реквизитке, декорация мен костюмге ерекше деп қойды. 1934 жылы ашылған музыкалық театрды (қазіргі Қазақтың опера және балет театры) ұйымдастыруға қатысып, Жандарбековпен бірге Е. Г. Брусиловскийдің «Жалбыр», «Қыз Жібек» пен «Ер Тарғынын» сахнаға шығарды. Осы музыкалық спектакльдер Москвада өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің он күндігі кезінде жоғары бағаланды. 1936 жылға дейін осы театрдың көркемдік жағын басқарған Шанин алғашқы музыкалық театр өнерінің қалыптасып, дамуына да мол үлес қосты. Ол бірқатар пьесалар жазып, ұлттық драматургияны дамытуда да жемісті еңбек етті. ІПанин қаламынан туған күрделі «Арқалық батыр» мен «ІІІахта» пьесасы 30 жылдары жаңа ұйымдаса бастаған көптеген облыстық қазақ театрларының репертуарынан орын алды. Кезінде Шанин творчествосын Әуезов, Сәтбаев, Ғ. М. Мүсірепов т. б. жазушы-ғалымдар жоғары бағалады.

Осы кезде қазақ ауылындағы ескіліктің қалдықтарын әшкерелейтін, сондай-ақ қоюға жеңіл, тілі өткір комедиялық шағын пьесалар театр репертуарынан көбірек көріне бастады. Қазақ совет әдебиетінің негізін салушылардың бірі Майлиннің жоғарыдағы аталған пьесаларынан басқа «Анша», «Сәлде», «Көзілдірік», Ж. Тілепбергеновтің «Перизат - Рамазан», Ө. Оспанов пен Е. Өтеулиннің «Зарлық» секілді көбіне әйел теңдігін сөз ететін пьесалары қойылды. Театрдың алғашқы кезеңіндегі режиссура жұмысына Жандарбеков пен Қожамқұлов та жиі араласып, бірнеше спектакльдер қойды. Арасында бірлі-жарым пьесаларды Қуанышбаев, Өмірзақов, Абдуллин де сахнаға шығарып отырды. Бұл аталған спектакльдердің барлығы бірдей көркемдік дәрежесіне көтеріле бермегенімен, театрдың дамуына септігін тигізгені даусыз. Бұлардың кейбіреулері Шаннинің режиссурасынан туып, ұлттық режиссура өнерінің негізін қалауда игі қадам болды. Сонымен қатар актерлердің халық творчествосының сарқылмас қазынасына сүйеніп, сахналық образ жасауда ысылып қалғанын көрсетті. Мыс., «Арқалық батырдағы» Қуанышбаевтың, Қожамқұловтың, Абдуллиннің ойынын кезінде баспасөз бетінде Әуезов жоғары бағалады. Әсіресе жасынан ән-күй мен ойын-сауыққа, той-тамашаға жаны құмар, думаншыл Қуанышбаев (1893-1968) халықтың сөз өнерін терең ұғып өсті. Ол ел арасындағы сопы-молдалардың, атқа-мінерлер мен жебір болыстардың, қаныпезер сұрқиялардың неше түрлі сұмдық істері мен оғаш қылықтарын сынап-мінеуде халықтың өткір сықағы мен ажуасын молынан пайдаланды. Жалғыз өзі бірнеше адамның кейпіне түсіп, бір отырыста-ақ «екеудің таласын, үшеудің керісін, бесеудің жанжалын» (Әуезов М., Шығ., 11-т., А., 1969, 254-6.) орындап, тыңдаушы көпшілікті қыран күлкіге кенелтті. Оның есімі халық арасына кеңінен тарады. Ауылдан ұзап шығып, қалада (Қарқаралы) өнер көрсетті. Халықты күлдіре жүріп, көп жайларға көңіл аударды. Ауылда ғана емес, басқа жерлерде де әлеуметтік теңсіздіктің бар екеніне көзі жеткен Қуанышбаев көңіліне түйген күлкілі істерді қолма-қол орындап, халыққа дер кезінде көрсетіп отырды. Халық өнерпаздары Мұхаметәлі, Мауқай мен Абақты ұстаз тұтып, олардан өнер сырын үйренді. Патша үкіметінің 1916 жылдың 25 июніндегі жарлығы бойынша өзі секілді кедей-кепшіктермен бірге Қуанышбаев та окоп қазу (Белоруссияға) жұмысына жіберілді. Одан туған ауылына 1917 жылы оралды. Күн көріс қамымен Омбыға барып, былғары зауыдына орналасады, кейіннен ат айдаушы - көшір болады. Мұнда балуан Қажымұқанмен танысып, тұңғыш рет гастрольге келген профессионалдық циркті тамашалайды. 1920 жылы елге қайтады. Ол енді ойын-сауықты еріккеннің ермегіне айналдырмауды, көрермендерді жат қылықтан жирендіріп жақсы істерге жетелейтін өнердің тәрбиелік ролі мен қоғамдық мәні туралы толғанды. Осыған орай «Қыз ұзату», «Қой күзету» және «Өгіз сату» секілді өмірден алған қысқа, күлдіргі әңгімелерін шығарып, оны өзі той-жиындарда бар бояуын келістіріп, орындап жүрді. Ел ішінде ауылдық Советті басқарып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан Қуанышбаев өзінің репертуарлық қорын жаңа туындылармен молайтып, өнерден бір сәт те қол үзбеді. Жаңа өмірді жатсынған арамза қулар мен еңбекке қыры жоқ жатып ішер жалқауларды, ескі көзқарастан арылмаған теріс пиғылды би-молдалар мен байларды өткір сынға алып ажуалады. 1922-1925 жылдар Ғ. Айтбаев, Байзақов, Зәрубай Құлсейітов, Қажымұқан Мұңайтпасов, Қара Омар және Майра Шамсутдинова сынды жәрмеңке думаншылары ұйымдастырған ойын-сауыққа Қуанышбаевта қатысып, өнер көрсетті. Қызылордада ірге көтерген Қазақ драма театрын ұйымдастыруға қызу ат салысты. Ол Әуезовтің «Еңлік - Кебек» трагедиясындағы Қараменде бидің бейнесінен бастап, осы спектакльдегі тілге жүйрік, қиыннан қисын табатын майда мінезді, жасамыс қарт Көбей би, жас жүректің алаулаған махаббатын ту етіп көтерген еркін ойлы, ел батыры Кебек пен ел мен елдің жарасты татулығын көксеген көне көз, ақылы дария, халық қамқоры қарт жырау Нысан Абыз сияқты басты рольдерді түгел дерлік орындап шықты. Бір-біріне ұқсамайтын осындай характерлерді мүсіндеу актерге онша қиынға соқпайды. Себебі, бұлар оның өмірде кездестірген, естіп көрген, ой-арманы мен бітім-тұлғасы таныс жандар еді. Көргені көп, көңілге тоқығаны мол Қуанышбаев әрбір рольді ойнағанда өмір материалына нағыз суреткер көзімен қарап, творчестволықпен пайдаланды. Ол Қазақ драма театрының тарихынан үлкен орын алатын кезеңдік спектакльдердің бірі - Әуезовтің «Түнгі сарынынан» өмірдің тепкісін көп көрген, азаттықты аңсап, халық бақыты жолында күрес жүргізген көтерілісшілер басшысы Тәнеке бейнесін шынайы тұлғалады. 1936 жылы Москвада өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің он күндігінде Брусиловскийдің «Қыз Жібек» музыкалық драмасынан Базарбайдың ролі мен өзінің атақты «Қыз ұзатуын» орындап, синтездік өнердің талантты шебері екендігін байқатты. Қуанышбаев негізінен болмыс-бітімі, ұлттық мінезі бір-бірінен шалғай жатқан, қарама-қарсы рольдерді орындады. Гогольдің «Ревизорындағы» ойы таяз, дөкір, сұмпайы әрі айлакер Дуанбасы, Әуезов пен Л. С. Соболевтің «Абай» трагедиясындағы ұлы ақын, халық данасы, ойшыл Абай, Шекспирдің «Асауға тұсау» комедиясындағы момын жанды Баптиста мен қадалған жерінен қан алатын, жалғыз көзді Құнанбай (Әуезовтің «Абай» романы бойынша) - актер ойынында көркем сахналық шешімін тапқан сом тұлғалар. Актерлік шөберліктің негізгі бір саласы - сөз өнерін Қуапышбаев терең ұққан, сахналық диапазоны кең зергер актер. Әрбір рольдің өзіне тән қайталанбас қимыл-қозғалысын, ой-мінезі мен сезім табиғатын, үн бояуы мен ішкі-сыртқы жан құбылыстарын дәл тауып ойнаушылық - Қуанышбаев творчествосының негізгі бір ерекшелігі. Өнерді өмірінің мақсаты тұтқан актер өмір шындығын сахналық шындықпен шебер шендестірді. Б. Ф. Чирсковтың «Жеңімпаздарындағы» әскери басшы Виноградов, Ә. Тәжібаевтың «Гүлден, даласындағы» қарт ұста Жанас пен Шекспирдің «Отеллосындағы» бұйығы Брабанцио, Мүсіреповтің «Ақын трагедиясы» мен «Қозы Көрпеш - Баян сұлуындағы» бір сөзі жоқ, өмірі аянышты мылқау Балуан және қарт ақын Жарқын ролі де Қуанышбаевтың тұлғалауында өте әсерлі, бояуы қанық һәм шынайы болып шықты. Халықтың тұрмыс-салтын, жол-жорасын, әдет-ғұрпын жақсы білетін Қуанышбаев тарихи-эпостық тақырыптағы драмаларда еркін, көсіле ойнады әрі Әуезовтің «Абай» мен «Еңлік - Көбек» трагедиясын сахналауда режиссерлерге (А. Тоқпанов т. б.) көп көмектесті. Қуанышбаев - сахналық өнерге ұлттық сипат, халықтық қасиет әкелген реалист суреткер. Радио, эстрадалық өнерге арнап шағын, күлдіргі әңгіме-пьесалар мен өлең-сықақтар, тақпақ-қағытпалар да жазды. Олар 1936 жылы «Түйрегіш», 1962 жылы «Шаншарлар» дегенатпен жарық көрді. 1937 жылдан көптеген көркем фильмдерге қатысып, қазақтың кино өнерін дамытуға да мол үлесін қосты.

Қазақстанда Совет өкіметін орнату мен Азамат соғысының бір көрінісін бейнелейтін Сейфуллиннің «Қызыл сұңқарлары» Қазақ драма театрының революциялық қозғалыс жайындағы тұңғыш спектаклі. Бұл шығарманың сахнаға сәтті шығуы Шаниннің табиғи дарындылығын, профессионалды режиссурадан хабардар екенін тапытты. Мұндағы Жандарбеков жасаған Еркебұлан партия мен халық алдындағы азаматтық борышын терең түсінген, алдына қойған саяси мақсатына жетуге ешбір қиындықтан тайынбайтын батыр тұлғалы, ақын жанды адамның бейнесі болып көрінген. Бұл театр труппасының революция жырын жырлаудағы белді спектакльдер қатарынан орын алған туынды болды.

Кедей шаруа семьясында туған Қожамқұлов (1896-1979) әкесінен 6 жасында жетім қалып, шешесі Айкүннің қолында тәрбиеленді. Оның өнерге деген құштарлығын алғаш оятқандар - туған жездесі Жүсіп Темірбеков пен жазушы-драматург Майлин. Жасынан өмірдің небір қиыншылықтарын көріп өскен Қожамқұлов 1913-1916 жылдар Троицкінің «Уазифа» мектебінде, 1920-1922 жылы Орынбордағы татардың халық ағарту институтында оқып білім алды. Ол 1919 жылдан қызметке араласып, алдымен Қостанайда Ә. Жанкелдин басқарған партизандар отрядының қатардағы қызыл жауынгері, кейіннен сот мекемелерінде халык - тергеушісі болды. 20 жылдары «Қызыл керуен» труппасының жұмысына белсене қатысып, өзінің сахналық өнерге деген қабілет-талантын байқатты. Бұдан кейін Орынборда оқып жүрген кезінде де көркемөнерпаздар үйірмесінен қол үзген жоқ. Осы қалада қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері Сейфуллин, С. Мұқанов, Мүсірепов және сахна шебері Бадыровпен танысып, олармен творчестволық қарым-қатынаста болады. 1922 жылы Орынборда Әуезовтің «Еңлік - Кебек» трагедиясы қойылғанда, оған Мұқановпен (Көбей ролінде) бірге Қожамқұлов та қатысып, Еспембет ролін (бұл кейін актердің ең таңдаулы ролінің біріне айналды) тұңғыш рет ойнады. 1925 жылы Қызылордада профессионалды Қазақ драма театры ұйымдасқанда бұған арнайы шақырылған Қожамқұлов осы театрдың негізін салушылардың бірі болумен бірге тұңғыш режиссері болып тағайындалды. Мұнда 1926-1932 жылдар Әуезовтің «Бөйбіше - тоқал», Майлиннің «Шаншар молда», «Ел мектебі» мен «Қалпе», Оспановтың «Сеңсең бөрік» пен «Зарлық» (Өтеулинмен бірге) және Гогольдің «Үйлену» пьесаларын қойып, сахнада тұрмыс-салт, әдет-ғұрып пен ескі өмір көріністерінің нанымды, табиғи болуына, кейіпкерлер сөзінің шынайы шығуына көп көңіл қойды. 30 жылдары ойнаған Бейсенбай, Қыдыш, Арпабай (Әуезовтің «Бәйбіше - тоқал», «Түнгі сарын» мен «Тас түлегінде»), Қарашешен (Шанпннің «Арқалық батырында»), Өкендау (Жансүгіровтің «Кегінде»), Кедебай (Майлиннің «Майданында») т. б. - актер өнерінің мол мүмкіндігі мен табиғи талантының сан алуан қырын жарқырата ашқан рольдері. Қожамқұлов - әрбір рольдің болмыс-бітіміне сай өзіндік мінезі мен дауыс ырғағын, сахналық қимыл-әрекеті мен сөз мәнерін дәл тауып ойнайтын өнерпаз. Әсіресе, оның актерлік шеберлігі комедиялық рольдерде айқындала, шыңдала түсті. Қожамқұлов орындауында Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш - Баян сұлуындағы» жалғыз қызынан малын артық санаған сараң, пасық Қарабайдың бейнесі өткір сатиралық жүйеде шешім тапса, «Ақан сері - Ақтоқтыдағы» дәрменсіз, момын Қоңқай ролі арқылы актер «кішкене адамның» трагедиялық жан дүниесін үлкен суреткерге тән шеберлікпен жарқырата ашып көрсетті.

Қызылорда кезеңі - қазақ театрының творчестволық жағынан әлі қалыптаспаған, бірақ профессионалды сахна өнерін меңгеруге қадам басқан шағы. Осы жолда Қазақ драма театры әуесқойлар труппасы мен көркемөнерпаздар үйірмелерінің азды-көпті тәжірибесіне, халық творчествосының бай мұрасына сүйенді; сөйтіп олардың жақсы қасиеттерін өз бойына жинақтады. Бұлар бірін-бірі қайталамай, керісінше бір-бірін толықтыра түсті әрі бүқара халыққа бұрын-соңды бейтаныс болып келген профессионалды сахналық өнергө жол салды. Бұған сол кездегі театр репертуарындағы пьесалардың көркем-идеялық мазмұны, актерлік және режиссерлік өнер ерекшелігі, жас театр коллективінің алғашқы творчестволық жолы толық дәлел сияқты. 1927 жылы Москвада өткен этнографиялық концертке Айтбаев, Байжанов, Байзақов, Жандарбеков, Қашаубаев, Қожамқұлов, Қуанышбаев, Д. Оңғарбаева, Өмірзақов, Жанбике мен Жұмат Шаниндер сияқты сахна шеберлері қатысып, өнер толғады. Қазақ драма театрын алғаш ұйымдастырушылар қатарында болған Өмірзақовтың (1899-1974) шешесі ертерек қайтыс болып, ол әкесінің қолында тәрбиеленді. Кедей әкеге көмектесу мақсатымен ол еңбек майданына да ерте араласты. Болашақ актер талантының ұшқынын алғаш танып ұштаған әрі оны оқу-сызуға үйреткен – солкездері ауыл ұстазы болған, жазушы- драматург Майлин. Ауыл сахнасында Майлиннің өзі ұйымдастырып қойған «Қаламқас» спектаклінде ару Қаламқастың да, одан кейін соны сағынған жас жігіт Шапайдың да ролін қоса қабат орындап, жергілікті көрермендердің көңілінен шықты. Ауыл арасында сыршыл-сықақшыл, күлдіргі ән-жырымен танылған Өмірзақов сол кездегі репертуарын халық дастандарының інжу-маржан үлгілерімен толықтырып отырды. 1919 жылы «Қызыл керуен» труппасының жұмысына белсене қатысады. 20 жылдары ауылда кіші милиционер қызметін атқарып жүріп те өнерден қол үзбейді; өзі бас болып көркемөнерпаздар үйірмесін құрады. Оның актерлік өнерімен көрермендерге кеңірек танылуы - Орынборда оқып жүрген кезі. 1923-1924 жылдар осындағы Я. М. Свердлов атындағы клуб жанынан ұйымдастырылған әуесқойлар труппасы Әуезовтің «Еңлік - Кебегі» мен Ерданаевтың «Малқамбайын» қала тұрғындарына арнап сахнаға қойды. Өмірзақов аталмыш спектакльдерде Абыз бен Малқамбай ролінде ойнады. Әсіресе соңғысы актердің сахналық өнерге бүтіндей бет бұруына үлкен әсер етіп, болашақ өмірінө бағыт сілтеген ролі болды. Тапқыр, ақылына айласы сай жалшы Малқамбайдың арсыз билер тобы мен жемқор қожасын жалғыз өзі-ақ тақырға отырғызып, келемеж етуі аса күлкілі жай мен айыз қандырар жылы юморға толы еді. Әуесқойлар труппасындағы сахналас серіктерімен бірге Өмірзақов та алғашқы ұлт театрының ірге тасын қалап, оның өркен жаюына мол үлес қосты. Алғашқы жылдары Өмірзақов осы театрда орындаған момын шаруа Әліш (Майлиннің «Майданында»), қойшы Жапал (Әуезовтің «Еңлік - Кебегінде»), жалшы Рамазан (Тілепбергеновтің «Перизат - Рамазанында») мен Қожақ (Қ. Байсейітов пен А. Т. Шаниннің «Зәуресінде») - әр қилы мінез-кейіптер. Актер ойынында бұлардың әлеуметтік- тұрмыстық бояуы қанық, аса шынайы болып шықты. 1931 жылы Ж. Т. Шанинмен қатар Өмірзақов Қазақ драма театрының 5 жылдық мерекесіне байланысты республиканың тұңғыш халық артисі атағына ие болды. 1931-1940 жылдар тек қана драма театрында ойнап қоймайды, ол радио мен филармонияға, эстрадалық концерттер мен кино өнерінің дамуына қызу ат салысып, табиғи талантының әр қырынан танылды. Халық өнерінің қайнар көзінен нәр алған Өмірзақов әйгілі халық батыры Аманкелдінің (әуелі Майлин мен Мүсіреповтің осы аттас спектаклінде, одан кейін осы аттас фильмде), кедей-кепшіктердің өкілі Жантас пен Дәркембайдың (Әуезовтің «Түнгі сарыны» мен «Абайында») бейнесін зор шеберлікпен мүсіндеді. Ол - қазақ сахнасында В. И. Лениннің сахналық тұлғасын тұңғыш рет жасаған актер. Өмірзақов - қызу шабыт пен көл-көсір ыстық сезімнің актері. Актерлік өнерінің ерекшелігі - сөзінен гөрі сахналық қимыл-қозғалысы мен мимикасынын тым шешендітінде. Әрбір кейіпкердің мінез-табиғатын ішкі сезім дүниесіне лайықтап, өзінің бүкіл дене бітімін құбылтып, құлпыртып ойнауға өте шебер сахна суреткері.

1928 жылыҚазақ драма театры республиканың жаңа астанасы Алматыға көшіп келді. Мұнда бұрынғыға қарағанда творчестволық жұмыс жүргізуге айтарлықтай жағдай жасалып, театрға арнайы үй берілді. Костюм, декорациялық бұйымдар жасайтын цехтар ұйымдастырылып, дарынды жастармен театр труппасы толықтырылды. Олардың ішінде тамаша әншілігі мен драмалық таланты қатар дамыған К. Ж. Байсейітова, актерлік жұмыспен бірге драматургиямен айналысып, бірнеше пьеса жазған Байсейітов, сонымен қатар биші Ш. Жиенқұлова, әншілер Елобеков, Ержанов, Ү.Тұрдықұлова мен Ә. Т. Шанин т. б. өнерпаздар болды. Бұл кезеңдегі театр сахнасына қойылған драмалық шығармалардың дені - қазақ ауылындағы тап тартысын бейнелейтін, ескіліктің сарқыншағын әшкерелейтін пьесалар. Байсейітов пен Шаниннің «Зәуре», «Тартыс», Шаниннің «Шахта» (екінші нұсқасы), Т. Жароковтың «Қанды таяқ» пьесалары театрдың өсу жолындағы елеулі орны бар спектакльдер болды. «Зәуре» қомақты актерлік табыстарымен бірге, сахналық көркемдеу, режиссерлік шешім (реж. Байсейітов) жағынан да театрдың ансамбльдікке бой ұрған спектаклінің бірі. Осы Қазақ драма театрының қалыптасып даму жолында ересен еңбек еткен сахна шеберлерінің бірі Бадыров (1904 ж. т.) болды. Кедей шаруа семьясында туған ол алдымен ауылдық мектепте, ал 1922-1925 жылдар Орынбордағы Қазақтыңхалық ағарту институтында оқыды. Тұңғыш профессионалды ұлт театрын ұйымдастырушылардың қатарында болған Бадыров шамалы үзілістен кейін, яғни 1931 жылдан бастап оның Қазақ драма театрында тұрақты актерлік қызметі басталды. М. Я. Тригердің «Сүңгуір қайығындағы» Оленин - Бадыровтың осы театрда алғаш ойнаған ролі. Негізінен спектакльдерде драмалық және трагедиялық басты рольдерде ойнаған актер өнері шынайы психологиялық бояу молдығымен ерекшеленді. Сапа, Қобыланды, Абай (Әуезовтің «Түнгі сарын», «Қара қыпшақ Қобыланды» мен «Абай» инсценировкасында), Яровой (К. А. Треневтін «Любовь Яроваясында»), Отелло (Шекспирдің осы аттас трагедиясында) т. б. рольдер осы бағытта шешім тапты. 30 жылдардың ішінде Майлиннің «Талтаңбайдың тәртібі», «Майдан» және Жансүгіровтің «Кек», «Түрксіб» пен «Біздің жігіттерінің» сахнаға қойылуы - Қазақ драма театрының жаңа тақырыпты игеруіне шұғыл бет бұрғанын айқындай түсті. Бұл спектакльдерде қазақ жеріндегі социалистік құрылыстың барысы, коллективтендіру кезеңіндегі шиеленіскен тап тартысының көріністері сахналық көркем шешімін тапты. Қазақ ауылындағы революциялық тартыстың қым-қиғаш көріністері («Кек»), бұрынғы бытыраған кедеп шаруалардың басын қосып, социалистік жаңа өмірдің үлгісі - колхозға ұйымдастыру кезеңіндегі тап тартысы («Майдан») және жаңа ұйымдасқан колхоз жұмысында көріне бастаған төрешілдік, тоғышарлық, өзімшілдік сияқты т. б. ескінің қалдықтарын шенеу, жаңаның өскелең өміршеңдігі («Талтаңбайдың тәртібі») - көрермендердің көз алдынан өтіп жатқан, әлі ізі суымаған сол көзеңнің актуалды оқиғалары. Бұлардың сахналық көрінісі кезінде көрермен қауымға үлкен әсер етті. Осы спектакльдерді қойған Шаниннің пьесалардағы суреттелген өмірді жете білуі, режиссерлік онерінің өсуі жалпы сахналық шығарманың дұрыс шешім табуына қолайлы жағдай жасады. Сахнада жаңа өмір картинасы өзінің көркем де жинақты көрінісін тапты. Сол сияқты спектакльде ойнаған актерлердің де ауыл өмірін жете білуі және жасайтын бейнелеріне сахналық даярлық-ізденістерімен келуі - өз рольдерін толық меңгеруге ұйтқы болды. «Майдан» да - Қазақ драма театрының көркемдік жағынан шоқтығы биік спектакльдерінің бірі. Мұндағы барлық кейіпкерлердің іс-әрекеті, характері шиеленіскен саяси-әлеуметтік оқиғаның дамуына, ширауына қарай өрбиді. Тұтас алғанда бұл спектакль театрдың мүмкіншілігін танытып, оның болашағына, дамуына демеу болумен қатар, коллективтің сол уақыттағы ұлы дүбірге үн қосып, республикалық өміріндегі ең маңызды мәселелерді көтеріп, тың тақырыпты меңгерудегі сәтті қадамы болды. Театрдың өсу жолына Әуезов, Сейфуллин сынды жазушылармен бірге, негізінен Майлин мен Жансүгіровтің де драматургиясы игі ықпал жасады. Жастайынан жетім қалған К. Қармысов (1912 ж. т.) 1927 жылы Алматыдағы интернатқа орналасып, осы жылдан бастап сауда қызметкерлері клубының драмалық үйірмесіне белсене қатысады. 1929 жылы Ташкенттегі Орта Азия университетінің экономикалық факультетіне түсіп оқыды. Қазақстан Өлкелік комсомол комитеті оның сахналық өнерге деген бейімділігін байқап, 1930 жылы Риддердегі Жұмысшы жастар театрын ұйымдастыруға жіберді. 1931 жылы Қазақ драма театрының құрамына қабылданған Қармысов сахналық жолын сол жылы Жароковтың «Қанды таяқ» пьесасынан ұрының ролін ойнаудан бастады. Бұл театрда төл туындылардан Әуезов пен Соболевтің «Абайында» Керім, Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш - Баян сұлуы» мен «Ақан сері - Ақтоқтысында» Жантық пен Сердәлі, Мұқановтың «Шоқан Уәлихановында» Гасфорд, Тәжібаевтың «Майрасында» Дүрбіт, классикалық драматургиядан Гогольдің «Ревизорында» Хлестаков, Шекспирдің «Отеллосында» Яго, Ж. Б. Мольердің «Сараңында» Гарпогон рольдерін орындаумен өзінің өткір мінезді, сатиралық рольдердің шебері екенін байқатты.

Алматыда (1927-1928), Риддерде (1930-1933) және Қарағандыда (1932-1934) Жұмысшы жастар театры құрылды. Бұларды ұйымдастыруға актерлер Қармысов, С. П. Телғараев, Бадыров көп еңбек сіңірді. Жұмысшы жастар театрлары Әуезовтің «Қаракөзін», Тоқмағамбетовтің «Екі заңын», Гогольдің «Үйленуін», Майлиннің «Талтаңбайдың тәртібі» мен «Майданын». Шаниннің «Арқалық батырын» т. басқалардың шығармаларын қойды. Байсейітова, Ә. Үмбетбаев, О. Жұмағұлов, Ж. О. Өгізбаев, Р. Р. Қойшыбаева, М. Сүртібаев, Ж. Н. Шашкина, С. Жүнісов, З. Көшкімбаев, Ә. Шәймерденов секілді белгілі сахна шеберлері өздерінің творчестволық жолын осы театрларда ойнаудан бастаған. Ал әке-шешеден ерте айрылған С. Майқанова (1914 ж. т.) әуелі Қызылордадағы интернатта тәрбиеленді. Кейін Алматыға келіп, қаладағы кооператтивтік техникумда оқыды. 1932 жылы Қазақ драма театрының құрамына қабылданған Майқанованыц осыдан былайғы творчествосы осы театрдың тарихымен, өсу жолымен тығыз байланысты. Тұңғыш ойнаған ролі - Майлиннің «Майдан» драмасындағы Алтынай. Осыдан кейін ол қыз-келіншектер мен замандас құрбыларының сахналық тұлғасын жасады. Актерлік өнері қызу қандылығымен, қарапайымдылығымен әрі тұрмыстық бояуының қанықтығымен ерекшеленді. Рольдің сыртқы кескін-келбетіне лайықты қимыл-қозғалыс іздестіретін жарқын мінезді актриса Әуезовтің «Абайында» (инсценировка бойынша) Ұлжан, Мұқановтың «Шоқан Уәлихановында» Зейнеп, Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш - Баян сұлуында» Мақпал, Ш. Т. Айтматовтың «Ана - Жер-анасында» Толғанай сияқты аяулы аналардың образын нанымды, табиғи қалпында мүсіндеді. Майқановамен қатар сахналық жолын 1932 жылы Қарағандының Жұмысшы жастар театрынан (қазіргі Қарағандының С. Сейфуллин атындағы қазақ драма театры) бастаған Қойшыбаева (1916-1963) мұнда 1937 жылға дейін қызмет етті. 1938 жылы Қазақ драма театрының құрамына қабылданды. Өмірінің соңына дейін осы театрда ойнаған Қойшыбаеваның актерлік онері эмоциялық бояуының молдығымен, жарқын халықтық юморымен, шынайылығымен ерекшеленді. Ол көбіне драмалық әрі комедиялық рольдерде ойнады және осыған қоса оның есімі кезінде халық әндерінің шебер орындаушысы ретінде де белгілі болды. Шаруа семьясында туған Телғараев (1910-1975) алғашында Ташкенттегі балалар үйінде тәрбиеленді. 1931 жылы Москвадағы Жұмысшы жастар театрына режиссерлер даярлайтын курсты бітіргеннен кейін Телғараев 1932 жылы Қазақстан Өлкелік комсомол комитетінің жолдамасымен Қарағанды да Жұмысшы жастар театрын ұйымдастырып, оның көркемдік жағын басқарды. Сол жылы Қазақ драма театрының труппасына қайта оралған ол өмірінің соңына дейін осында жемісті қызмет етті. Мұндағы алғашқы ойнаған рольдерінің бірі - Жансүгіровтің «Кек» драмасындағы Тастабан. Негізінен комедиялық рольдерде ойнаған актер өнері көрермендерді баурап алар табиғи ойынының және ақ жарқын, нұрлы, жайма-шуақ юморының молдығымен ерекшеленді. Жапал мен Қараман (Әуезовтің «Еңлік - Кебегі» мен «Қара қыпшақ Қобыландысында»), Тымақбай (Мүсіреповтің «Аманкелдісінде»), Дауылбай (Қ. Мұхамеджановтың «Құдағи келіптісінде»), Құдайберген мен Маңғаз (Т. Ахтановтың «Сәулесі» мен «Күтпеген кездесуінде»), Бобчинский (Гогольхн «Ревизорында») Телғараев орындауында есте қалар қызғылықты сахналық бояу-өрнегін тапты. Қазақ драма театрына Телғараевпен қатар келген Қ. Ш. Әділшінов (1913 ж. т.) актерлік өнер жолын Әуезовтің «Еңлік-Кебек» трагедиясында (алғашқы қойылымы) Ақан ролін ойнаудан бастады. Бұдан басқа Мольердің «Скапеннің айласында» Скапен, Мүсіреповтің «Ақан сері - Ақтоқтысы» мен «Қозы Көрпеш - Баян сұлуында» Науан хазірет пен Жантық, Әуезов пен Соболевтің «Абайында» Тәкежан мен Михайлов, Тәжібаевтың «Той боларда» комедиясында Айдар секілді әр алуан сахналық бейнелерді жасаумен ол ойнайтын ролінің мінез-кейпін әсірелеп көрсететін өткір мінезді актер екенін байқатты. Бұлардан бір жыл кейін театр құрамына қабылданған Ш. К. Айманов (1914-1970) өзінің сахналық өнер жолын Семейдің педтехникумында оқып жүргенкезінде бастады. Осы Қазақ драма театрында 20 жыл жемісті еңбек еткен Айманов көбіне басты рольдерде ойнап, өзінің табиғи дарын-қабілетімен, сындарлы ойынымен көрермендер құрметіне бөленді. Ол ойнаған рольдердің қатарында Жансүгіровтің «Исатай-Махамбетінен» Исатай, Әуезов пен Соболевтің «Абайында» Керім, Мүсіреповтің «Ақан сері-Ақтоқтысы» мен «Қозы Көрпеш-Баян сұлуынан» Ақан сері, Қодар, Әуезовтің «Түнгі сарыны» мен «Қара қыпшақ Қобыландысынан» Казанцев пен Қобыландыны, сондай-ақ классикалық туындылардан Хлестаков (Гогольдің «Ревизорында»), Сатин (Горькийдің «Шыңырау түбінде»), Кассио, Отелло мен Петруччионы (Шекспирдің «Отеллосы» мен «Асауға тұсауында») айрықша атауға болады. Айманов режиссурамен де шұғылданып, бірқатар спектакльдер қойды. Алдыңғы аға буын актерлердің сахналық өнер дәстүрін өз творчествосымен ілгері дамытқан Айманов - әсіресе кейіпкер сөзінің мән-мазмұныи тереңірек ашуға әрі оның әуезді болуына ден қойған кең тынысты сахна шебері.

1932 жылы Алматыда өнер мамандарын даярлайтын Қазақ театр студиясы ашылды. 1933 жылы Семейде орыс драма театры ұйымдасып, көп кешікпей ол Алматыға қоныс аударды. Театр шымылдығы тұңғыш рет 1934 жылы 13 қаңтарда Треневтің «Любовь Яроваясымен» ашылды. Бұл алғашында «Алматы қалалық Советінің орыс драма театры» деп аталды, ал 1938 жылы ол республикалық орыс драма театрына айналды. Театр труппасында реж. Ю. Л. Рутковский, актерлер С. П. Ассуиров, М. А. Аркадьев, Б. Ф. Дельвин, В. И. Дьяков, А. Я. Закк, П. О. Капров, Е. Б. Кручинина-Рутковская, Л. Я. Майзель, З. И. Морская, С. Н. Сериков, В. Б. Харламова т. б. қызмет етті. 1934-1937 жылдар А. Н. Островскийдің «Найзағай», Д. А. Фурмановтың «Бүліншілік», П. Ф. Погодиннің «Меніғ досым», А. Н. Афиногеновтың «Қорқыныш», В. М. Гусевтің «Даңқ» пьесаларымен қатар Әуезовтің «Түнгі сарыны» да қойылды. Сахналық енер жолын 1933 жылы бастаған Сүртібаев (1917 ж. т.) Қарағанды драма театры жанындағы студияны бітіргеннеп кейін осы театрдың негізгі құрамына қабылданды. Мұнда 1956 жылға дейін ойнап, Төлеген (Брусиловскийдің «Қыз Жібегінде»), Абай (Әуезов пен Соболевтің осы аттас трагедиясында), Алдар Көсе (Хұсайыновтың осы аттас комедиясында), Труффальдино (К. Гольдонидың «Екі мырзаға бір қызметкерінде») т. б. әр алуан рольдерді орындады. 1957 жылдан Қазақ драма театрының құрамында актер. Осыдан былай қарай актер өнерінің өрлеу, творчествосының табысқа толы жаңа кезеңі басталды. Психологиялық сезім шындығына құрылған көптеген рольдерді ойнап, өзінің көп қырлы сахна шебері екенін танытты. 1970 жылы В. И. Лениннің сахналық тұлғасын (А. Я. Каплердің «Ленин 1918 жылында») жасады. Бұл рольді Сүртібаев творчествосының белесті биігі ретінде ерекше атауға болады. Буффонада мен эксцентрикаға бейім актер онері үздік сахналық әрекетімен, пластикалық қимыл-қозғалысымен, бай мимикасымен ерекшеленді.

1934 жылы Алматыда музыкалық театр (қазіргі Қазақтың опера және балет театры), Ақтөбе, Қарағанды, Петропавл, Орал, Семей және Шымкентте облыстық қазақ театрлары ашылып, халыққа мәдени қызмет көрсетті. Бұл жылдары Шанин, И. Г. Боров, М. Г. Насонов, М. А. Соколов, М. В. Соколовский, Я. П. Танеев, Тоқпанов т. б. режиссерлер мен А. Абдуллина, Айманов, Н. Атаханов, Ассуиров, Г. Әбдірахманова, Әділшінов, Байсейітова, Байсейітов, X. Байырманов, М. Бектенов, Көшкімбаев, Қармысов, Қойшыбаева, И. Құлатаев, З. Құрманбаева, С. Қыдыралин, Майқанова, Өгізбаев, Р. Сәлменов, Г. Сыздықова, Телғараев, Ғ. Хайруллина т. б. актерлер театр өнерін ілгері дамытуда мол еңбек сіңірді. Алдыңғы қатарлы орыс театр өнерінен үйрену әрі озық ұлттық дәстүрмен шебер шендестірудің нәтижесінде актерлік шеберлік пен спектакль мәдениеті артып, биік дәрежеге көтерілді. Ауыл мектебінде оқып, хат танығаннан кейін Сәлменов (1900-1970) рудникте т. б. жерлерде істеді. 1935 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақ драма театрында қызмет етті. Ол - өз ойынымен ұлттық мінезді терең ашуға ден қойған сахна суреткері. Бұған Көкбай, Көбей, Есен, Жарылғап (Әуезовтің «Абай», «Еңлік - Кебегі» мен «Қаракөзінде»), Қарабай (Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш - Баян сұлуында»), Жаппасбай (Ахтановтың «Боранында») т. б. рольдерін атауға болады.

1934 жылы өткен Қазақстан жазушыларының 1-съезінде ұлттық әдебиет мәселелерімен бірге драматургия мен театр жайы да кеңінен сөз болып, арнайы баяндамалар тыңдалды. Театр репертуарын көркемдік және идеялық жағынан сапалы шығармалармен толықтыруда осы съездің ықпалы өте зор болды. Осы жылы Алматыда Ж. Асимов пен А. Садыровтың «Анархан» драмасымен ұйғыр музыкалы драма театры (қазіргі музыкалы комедия театры), ал 1937 ж. Қызылордада корей музыкалы драма театры (1968 жылдан Алматыда) ашылып, еңбекшілерге мәдени қызмет көрсете бастады. 30 жылдары қазақ театрының дамуына профессионалдық дайындығы бар орыс режиссерлері де көп көмектесті. Олар қазақ актерлерін орыс совет театрының бай тәжірибесімеп таныстырып, профессионалды сахна өнеріне шыңдады. Алғашында арнайы студия ұйымдастырылып, актер шеберлігі мен сахна сөзінен сабақтар жұргізілді. К. С. Станиславский жүйесімен алғашқы таныстық та осы кезде басталды; режиссерлер қазақ актерлеріне сахналық образ жасаудың логикалық жолдарын, орындаушылық өнердің әдіс-тәсілдерін үйретті. Олар бұл творчестволық жұмыстарын теориялық сабақтар барысында ғана емес, репетиция кезінде, әсіресе орыс совет пьесаларының озық үлгілерін сахнаға қою арқылы жүзеге асырып отырды. Осыған орай театрларда Гогольдің «Ревизоры», В. М. Киршонның «Астығы», Погодиннің «Менің досым», «Ақсүйектер» мен «Мылтықты адамы», Треневтің «Любовь Яроваясы» сияқты аударма пьесалар қойылды. Реж. Насонов «Астық» спектаклі (1933) арқылы саяси-әлеуметтік тап тартысындағы, әсіресе астық дайындау науқанындағы партиялық басшылықты көрсете отырып, «Кек» пен «Майдандағы» тап тартысы тақырыбын одан әрі жалғастырды. Сахнада еліміздің басынан кешірген қиын кезеңнің бір көрінісі, тап тартысының қат-қабат оқиғалары, кейіпкерлердің саяси-әлеуметтік көзқарасы дұрыс шешім тапты. Режиссурадағы мәдениеттілік пен ұтымдылықты, актерлер ойынындағы шынайы шеберлікті, сонымен қатар толық қанды сахналық бейнелерді «Менің досым» (1933, реж. Насонов) және «Ақсүйектер» (1936, реж. Боров) спектаклінен де айқын аңғаруға болады. «Ревизор» да (1936, реж. Боров) - Қазақ драма театрының классикалық шығармаларды қоюдағы алғашқы бір биігі. Гогольдің комедиясы негізінде қойылған осы спөктакльде патшалық Россияның іріп-шіріген қоғамдық-әлеуметтік құрылысының көп сырының беті ашылды. Патша үкіметі аппаратындағы чиновниктердің пасық, мешеу өмірі, небір сұрқиялық іс-әрекеттері мен жарамсақтық, мақтаншақтық, парақорлық сияқты адам бойына жат мінездер әшкереленді. Әуезовтің тамаша аудармасымен бұл комедияның сахнаға қойылуы жалғыз Қазақ драма театрында ғана емес, жалпы қазақ театры тарихында үлкен творчестволық оқиға болды. Режиссер жұмысындағы кейбіркемшіліктерді (би, музыка т. б.) сөз етпегенде, қазақ актерлері негізінен дүние жүзілік классикалық комедияны игеруде творчестволық мол мүмкіндігін байқатты. Әсіресе Қуанышбаев (Дуанбасы), Қармысов (Хлестаков), Өмірзақов (Осип), Қожамқұлов (Земляника); Телгараев (Добчинский), Б. Әмірқамзин (Бобчинский), Шамова (Анна Андреевна) т. б. актерлер ойыны шынайылығымен, сатиралық бояуының молдығымен өз көрермендерін баурап алды. Бұдан кейін «Ревизор» Қазақ драма театрымен (1940, реж. Соколовский; 1946, реж. Рутковский) қатар Гурьев (реж. Н. В. Молчапов), Қарағанды (1948, реж. Л. Э. Лурье), Шымкент (1951, реж. Хайруллина), Семей (1958, реж. Б. У. Омаров), Жамбыл (1962, реж. Г. Ерғалиев) т. б. театрларда қойылды. Мұның өзі түптеп келгенде қазақ актерлерінің дүниетанымдық шеңберін кеңейтіп, актерлік шеберлігін әрі сахналық мәдениетін, оған қоса жалпы қазақ театр өнерінің профессионалды дәрежесін арттырды.

Қазақ драма театрының буынын бекітіп, қалыптасуына ересен еңбек сіңіргендердің бірі - заманымыздың ұлы суреткері Әуезов. Әуезовтің есімі, әсіресе оның көп қырлы творчествосының ең құнарлы бір саласы ұлттық профессионалды театр өнерінің туып қалыптасу, нығайып өсу, өркендеп даму жолымен тығыз байланысты. Ол өзінің алғашқы жазушылық қадамын драматургиялық жанрдан, атап айтқанда, әйгілі «Еңлік - Кебек» трагедиясынан бастағаны, оны өзі бас болып сахара сахнасына тұңғыш рет қойғаны һәм осымен орай «Пьеса және оны сахнаға шығарудың маңызы» деген тақырыпта қазақ жастарының алдында лекция оқығаны барша қауымға белгілі. Осыдан кейін іле-шала «Бәйбіше - тоқал» мен «Ел ағасы» пьесаларын жазған. Аталмыш драмалық шығармалар Окт. революциясынан кейінгі жылдары жер-жерлерде кең қанат жайған түрлі көркемөнерпаздар үйірмелерінің репертуарынан орын алып, Қазақстанда сахна өнерінің туып өріс алуына ұйтқы болды. Театр өнеріне деген ынта-ықыласы жастайынан оянған Әуезов ең алдымен қазақ сахнасының репертуарлық қорын жасау Жолында үзіліссіз ұзақжылдар бойы өте жемісті еңбек етті. Оған жазушы қаламынан туған әр түрлі жанрдағы драмалық шығармалары толық дәлел. Әуезов «Қаракөз», «Түнгі сарын», «Айман - Шолпан», «Абай», «Қара қыпшақ Қобыланды» сияқты күрделі драмалық шығармаларымен қатар музыкалық театрға (алғашқы опера мен балет либреттосын) және көркем фильмдерге арнайы сценарийлер жазып, жалпы қазақ драматургиясының көкжиегін кеқейтті. Ол бұған қоса классикалық шетел мен орыс және совет драматургиясының озық туындыларын қазақ тіліне зор шеберлікпен аударып, театр репертуарының қорын байытты. Драматургияның әр алуан жанрында байыпты еңбек еткен Әуезов өз замандастарымен бірге кейінгі өнер өкілдеріне де өшпес, үнемі үлгі тұтарлық творчестволық із-өнеге қалдырды. Қазақ топырағында туған профессионалды ұлт театрының әдебиет бөлімін басқарған кездерінде (1932-1937) ол театр репертуарының идеялық-көркемдік дәрежесі жоғары туындылардан құралуына үлкен жауапкершілікпен қарады. Ол өз қаламынан туған пьесаларының алғашқы сахналық қойылымынан бастап орындаушыларға және қоюшы-режиссерлерге ақыл-кеңестерін бүкпесіз, ашық айтып отырды. Облыс орталықтарында шаңырақ көтерген қазақ драма театрлары өз репертуарын Әуезов драматургиясынан бастады әрі актерлік пен режиссерлік өнер саласында жеткен биігін де осымен межеледі. Сайып келгенде, оның драматургиялық мұрасы қазақ театрлары репертуарларының алтын қорына айналды. Қорыта айтқанда, мұның барлығы Әуезов творчествосының театрмен практикалық баянды байланысын айқындай түсетін жайлар. Сонымен қатар жазушы-драматург творчествосының театрмен тығыз байланысын айқындайтын ендігі бір жай оның Окт. революциясынан бұрын пьеса мен сахна жайында тұңғыш оқыған лекциясынан бастап, одан кейінгі 1920-1950 жылдар баспасөз беттерінде жалпы театр мен драматургия табиғаты туралы жазған әр түрлі зерттеу-мақалалары мен баяндамалары және соларда тұжырымдалған пікір-топшылаулары, нақтылап айтқанда, Әуезовтің театрлық-эстетикалық ой көзқарастары. Әуезов - қазақ қаламгерлерінің арасынан театр онеріне ерекше ден қойған және оның теориялық мәселелерін алғаш рет тыңғылықты сөз еткен үлкен жазушы. «Жалпы театр өнері мен қазақ театры», «Қазақстан мемлекет театры», «Театр, музыка кадры», «Қазақстан мемлекет театрының жеті жылдығы және алдағы міндеттері» (соңғысы О. Бековпен бірге жазғап), тіпті «Айтыс өлеңдері» мақалаларында театр өнері туралы жүйелі сөз етеді. Ол сонымен қатар «Жақсы пьеса - сапалы әдебиет белгісі», «Драматургияның бүгінгі жайы мен алдағы міндеттері», «Қазақ сахнасындағы аударма пьесалар», «Драматургия заңы туралы ойлар» атты мақалалары мен Қазақстан жазушыларының III съезінде жасаған «Реалистік драма жолында» деген баяндамасында да драма жанрын сахна өнерімен сабақтастыра отырып, теориялық ой-топшылауларын одан әрі өрбітеді. Әсіресе Әуезовтің театрлық ой-көзқарастары жеке спектакльдерге және сахна шеберлеріне арналған мақалаларынан да айқындала түседі. Бұл мақалаларында ұлттық театр өнерінің қазақ актерлерінің әрқайсысына тән ерекшелік сипаттарын дәл танып бағалаумен қатар, қазақ театр тануында алғаш рет сахналық өнер терминдеріне назар аударады. Оның бүкіл прозалық және драмалық шығармаларынан, театр, драматургия, жеке спектакльдер мен актерлер туралы мақалаларынан театрлық ой-көзқарастарының жүйесін аңғаруға болады. Сондықтан да қазақ театры тарихында реалистік эстетиканың негізін алғаш қалаушылардың алдыңғы қатарында Әуезов есімінің аталуы өте дұрыс. Сонымен актерлік өнер, режиссура жайы, репертуар, жалпы театр жайында Әуезов жазғаж мақалалар ұлттық театр танудың профессионалды бастамасы болды.

«Еңлік - Кебек» (1933) Пасоновтың Қазақ драма театрында қойған тұңғыш спектаклі. Пьесаға енгізілген алғашқы өңдеулер де осы кезде жүргізілген. Ол ескі ауыл өміріне қанық, әрі халық творчествосының бай мұрасымен қаруланған талантты қазақ актерлерінің көмегіне сүйеніп, олардың өздерінше ізденуіне, шынайы бейнелер жасауына мүмкіндік берді. Және алғашқы спектакльдерге қатысқан Қожамқұлов (Еспембет), Қуанышбаев (Көбей) т. б. актерлердің рольдерін қайтадан өздеріне жүктеуден режиссер көп ұтқан. Бұл жолы Кебекті Байсейітов, Еңлікті Байсейітова мен Р. Есімжанова, ал бір маусымнан кейін Өгізбаев пен Абдуллина, Есенді Жандарбеков, Жапалды Елебеков, Абызды Өмірзақов ойнады. Композитор Д. Д. Мацуцин спектакльдің музыкасын жазып, пьесаның көркемдік ерекшелігіне қарай, халық әндерін пайдаланды. Осы кезде құрылған шағын шекті аспаптар оркестрі Л. А. Хамиди мен С. И. Шабельскийдің басқаруымен спектакльдің музыкалық сүйемелдеуін нағыз профессионалды дәрежеге көтерді. Осы спектакльден бастап көптеген орындаушылардың әншілік қабілеті танылып, ұлттық музыкалық мәдениетінің дамуына да игі әсерін тигізді. Қазіргі Қазақтың опера және балет театрының өнер шеберлері алғашқы актерлік, режиссерлік өнерді меңгерумен қатар әншілік шеберліктерін шыңдауды, сондай-ақ алдыңғы буын композиторлар да алғашқы музыкалық шығармаларын жазуды Қазақ драма театрынан бастады. Спектакльдердің декорациялық жасау-жиһаздарын жасауда С. С. Столяров, А. В. Зверев, А. И. Ненашев және Э. Г. Чарномскиймен бірге Қ. Қ. Қожықов та өз өнерін 30 жылдары бастап, жемісті еңбек етті. Сонымен қатар «Еңлік-Кебек» трагедиясы Семей драма театрында (1935, реж. Беков) және Шымкент драма театрында (1939, реж. X. Шәженов) қойылды. Қазақ драма театрының кезеңдік спектакльдерінің бірі - 1935 жылы қойылған Әуезовтің «Түнгі сарын» драмасы. Мұнда 1916 жылғы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы баяндалады. Сахнада қазақ сахарасының революцияға дейінгі өмір тұрмысы жинақталып берілуімен қатар ұлт-азаттық көтерілісінің таптық сыр-сипаты да терең ашылды. Реж. Рутковский драматург ойын дәл басып, шығарманың көркемдік-идеялық мазмұнын тереңірек аша түсуге ұмтылды. Драматург қаламынан сомдап құйылған кейіпкерлердің де сахнада шынайы шешім тауып, актерлер ойынын қанаттандырды. Спектакльдің сәтті қойылуы ең алдымен режиссер мен актерлердің творчестволық еңбегімен қатар Әуезов драмасының жоғары көркем-идеялық мазмұнына тікелей байланысты. Бұл жазушының ғана емес, 30 жылдардағы қазақ әдебиетінің, оның ішінде драматургияның шоқтығы биік туындысы. Бір жылдан кейін пьесаның Республикалық орыс драма театрының сахнасына қойылуы оның осы жоғары көркемдік ерекшелігін тағы да айқындай түсті. Бұдан кейін «Түнгі сарын» драмасы Гурьев, Жамбыл, Қарағанды, Семей және Шымкент драма театрының (1938) репертуарынан да орын алды. 1937 жылы Қазақ драма театры Майлин мен Мүсіреповтің «Аманкелді» драмасын қоюмен «Түнгі сарын» тақырыбын одан әрі дамытты. Бұл спектакльде де Аманкелді Иманов басқарған халық көтерілісі мен Қазақстандағы Азамат соғысының көріністері бейнеленген. Драматургтар үлкен тарихи оқиғаны тұтас қамтымай, Аманкелді өмірінің соңғы жылдардағы революциялық қызметін бейнеледі. Басты рольді орындаушы Өмірзақов батырдың туып өскен елінде әрі оның котеріліс ашқан жерінде болып, Аманкелдіні көзі тірісінде көрген-білген адамдармен кездеседі; сөйтіп қаһарман тұлғасын жасауға мол дайындықпен кіріседі. Осындай игі ізденіс пен еңбектің нәтижесінде актер нағыз ер жүрек, алдына қойған мақсатына жетпей тынбайтын, халықты қанаушы тапқа қарсы күреске ұйымдастырған әрі жауынан тайын-байтын батырдың сахналық тұлғасын нанымды жасады. Сонымен Әуезовтің «Түнгі сарыны» және Майлин мен Мүсіреповтің «Аманкелдісі» қазақ театры шежіресінде үлкен тарихи-әлеуметтік мәні бар кезеңдік спектакльге айналды. Азамат соғысының оқиғасын бейнелейтін шығармалардан Әуезовтің аудармасы бойынша қойылған Треневтің «Любовь Яровая» спектаклі де (1937) театрдың кезеңдік табыстарының бірі. Спектакльді қойған реж. Боров пен театрдың көркемдік жетекшілігіне қайта оралған Насонов. Пьесада революцияның жеңіп, салтанат құруы, еңбекші қауымның революциялық сана-сезімінің оянып өсуі суреттеледі. Бұл идея жеке кейіпкерлермен бірге, жалпы сахналық атмосфера, көпшілік қатысатын көріністер, штрих-детальдар арқылы ашылған. Спектакльдің алғашқы көрінісінен бастап аяғына дейін Азамат соғысының тынысы, Совет өкіметі үшін күрестің қиян-көскі оқиғалары сахнада шынайы көркемдік шешім тапты. Спектакльдің орталық кейіпкері Любовь Яровая ролін X. Дәрібаева мен Майқанова орындады.

1935 жылы 1 шілдеде Қазах АССР үкіметі Қазақстанда «Колхоз-совхоз театрларын құру туралы» арнайы қаулы қабылдады. Соның нәтижесінде 30 жылдардың 2-жартысында көркемөнерпаздар үйірмелері нөгізінде пайда болған аудандық және колхоз-совхоз театрлары кең қанат жайды. Бұл театрлар шалғай ауылдарда спектакльдер көрсетумен қатар мәдени, ағарту жұмысын жүргізді. Алғашқы кезеңде театрлар труппасы халық творчествосының шеберлерінен құралды. Кейінірек олардың қатарында арнаулы театр мектебін бітірушілер де болды. Театр репертуары концерттік нөмірлерден (ән-күй, күлдіргі би мен сықақ әңгімелер, тақпақтар т. б.) аспады. Кейбір колхоз-совхоз театрлары концерт қоюмен қатар драмалық спектакльдерді де қойды. Кезінде Еңбекшіқазақ (Алматы обл.), Жамбыл (кейіннен Жамбыл драма театры), Қаратал (Талдықорған обл.), Ойыл (Ақтөбе обл.), Теңіз (Гурьев обл.) т. б. колхоз-совхоз театрлары көрермендердің сүйіспеншілігіне бөленді. Театрлар саны 1937 жылы 8 болса, 1940 жылы 14-ке жетті. Қазақстан еңбекшілерінің мәдени талап-тілегін өтеуде олардың еңбегі ересен болды. Москвада өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің тұңғыш он күндігінен кейін Боров пен Қожамқұлов Қазақ ССР халық артисі деген құрметті атаққа ие болды. Ал алғашқы сахналық қадамын көркемөнерпаздар үйірмесінен бастаған X. Бөкеева (1917 ж. т.) 1938 жылы Ленинградтың мемлекеттік сахна өнері техникумының (қазіргі театр, музыка және кинематографиялық институты) қазақ студиясын бітірген соң Шымкент драма театрының құрамында актриса болды. 1942 жылы Қазақ драма театрына ауысты. Таңдаулы рольдерінің ішінде - Қарлыға (Әуезовтің «Қара қыпшақ Қобыландысында»), Сәуле (Ә. Әбішевтің «Достық пен махаббатында»), Мехмене Бану (Назым Хикметтің «Махаббат жайлы аңызында»), Катерина (А. Н. Островскийдің «Найзағайында»), Сәуле (Ахтановтың «Сәулесінде») т. б. бар. Бөкеева - қазақ сахнасында қойылған Шекспирдің «Асауға тұсауынан» Катарина ролін алғаш ойнаған актриса. Ол - драмалық, комедиялық және трагедиялық рольдерде бірдей өнер толғаған әр қырлы, диапазоны кең суреткер. Өзі ойнайтын кейіпкерлерінің ішкі сезім дүниесін, қайшылыққа толы күрделі ой-мінезін терең ашып көрсетумен қатар оның сахналық бояуын әсерлі етіп бейнелеушілік - Бөкеева творчествосының ерекшелігі.

40 жылдардың басында Қазақ драма театрының труппасына Москваның Мемлекеттік театр өнері институттының актерлік факультетін бітірген бір топ жастар (Г. Ғалиева, Ж. Жалмұхамедова, Т. Есенгелдин, С. Өгізбаева, М. Сыздықов, X. Хайруллина, Н. Н. Шәукенбаева т. б.) келіп қосылды. Осы жылдары келген Ә. Ысмайылов, Н. Бейсеков. Тоқпанов сияқты жоғары білімді тұңғыш қазақ режиссерлері де осы институттың түлектері еді. Бұл уақытта театр сахпасына Тоқмағамбетовтің «Әзірет-сұлтан», Әуезовтің «Шекарада» (1938) және оның Соболев пен бірігіп жазған «Абай» (1940), М. А. Ақынжановтың «Исатай - Махамбет» (1938), Мұқановтың «Күрес күндерінде», Тәжібаев пен Әуезовтің «Ақ қайың» (1939), Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», Әбішевтің «Отан үшін» (1940), аударма пьесалардан Мольердің «Скапеннің айласы» (1938), Шекспирдің «Отелло» (1939), Погодиннің «Мылтықты адам» (1940) т. б. пьесалары қойылды. Қазақтың ұлы демократ ағартушы-ақыны Абай өміріне арналған спектакль - режиссер Тоқпановтың ірі творчестволық табысы. Қуанышбаев Абайдың сахналық бейнесін жан-жақты ашып бейнелеуде нағыз суреткерге тән шеберлік танытты. Ол ең алдымен ұлы Абайдың ақындығын, гуманистік ойларын өз ойынына өзек етті. Оның салмақты қимыл-қозғалысынан, сұлу пластикасынан, асқан сөйлеу шеберлігінен, көз жанарынан болашаққа көз тіккен даналық иесі - халық қамқоры ұлы ақын тұлғасы барлық қырынан жарқырай ашылды. Абай бейнесі - Қуанышбаевтың актерлік творчествосының асқар шыңы. Абай әндерін мол қолданып, спектакльдің музыкасын жазған композитор А. Қ. Жұбанов драмалық шиғарманың ерекшелігін ашуға көп үлес қосты. Композитордың осы бір сәтті қадамы кейінірек Хамидимеи бірлесіп «Абай» операсын жазуға негіз болды. 1940 жылдан Қазақ драма театрының құрамында қызмет етіп келе жатқан Б. Римова (1923 ж. т.) көбіне замандастар ролінде ойнады. Сөйтіп ол қазақ сахнасында замандастар образын жасауға өлеулі үлес қосты. Римова - ойнайтын ролінің өзіне тән ой-мінезін, тағдыр талқысын терең ашып, даралық сипат беруді мақсат тұтатын өткір мінезді актриса. Актерлік өнерінің енді бір ерекшелігі сөз қадірін жете түсінуінде; әрбір сөздің бояу сөлін, астарын ашуға тырысады.

Погодиннің «Мылтықты адам» спектаклі Қазақ драма театрының түбегейлі жетістігіне айналды. Сахнада Окт. революциясының дауылды жылдарындағы пролетариат күресінің көріністері бейнеленумен қатар саяси-әлеуметтік топтардың таптық мүдде-мақсаттары да айқын ашылды. Осы спектакль арқылы пролетариаттың ұлы көсемі В. И. Лениннің сахналық тұлғасын қазақ театрында тұңғыш жасаған Өмірзақов болды. Сонымен бірге Аймановтың Иван Шадрині, Өгізбаевтың Чибисовы да ірі сахналық бейнелер қатарынан орын алды. Осы кезеңде қазақ драматургиясында Мұқановтың, Тәжібаевтың, Хұсайыновтың, Әбішевтің қиын жанрға қалам тартып, пьесалар жазуы - театрлар репертуарын жаңа шығармалармен толықтыра түсті. 1940 ж. Қазақ драма театрында Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» трагедиясы қойылды. Драматург халық аузындағы әйгілі дастанның негізгі оқиғаларын алып, үлкен шеберлікпен тың драмалық туынды жасады. Шынайы адамгершілік пен асыл махаббат осы шығарманың негізгі өзекті желісіне айналды. Трагедияның биік көркем-идеялық ерекшелігі оның сахналық өмірінің ұзақ болуына кепіл болды және ол қазақ драматургиясының алтын қорына қосылды. «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» трагедиясы қазақ театрларымен бірге жергілікті орыс драма театрының (Павлодар драма театры, Петропавл драма театры т. б.), ұйғыр және корей музыкалы драма театрының репертуарынан да орын алды. 1941 жылдан Қазақ драма театрында қызмет етіп келе жатқан Ш. И. Жандарбекова (1923 ж.т.) Ақтоқты, Баян (Мүсіреповтің «Ақан сері - Ақтоқтысы» мен «Қозы Көрпеш - Баян сұлуында»), Еңлік, Құртқа (Әуезовтің «Еңлік - Кебегі» мен «Қара қыпшақ Қобыландысында») секілді ұлттық драматургиядан басты рольдерді ойнап мүсінді, ажарлы арулар галереясын жасады. Ол аталмыш рольдер арқылы өзінің терең нәзік сезімді әрі парасатты лирикалық бағыттағы үздік сахна санаткері екенін танытты. Сонымен қатар Марфуға (Мұхамеджановтың «Бөлтірік бөрік астында» мен «Құдағи келіптісінде»), Ажар (С. Н. Жүнісовтің «Ажар мен ажалында»), Рәуәш (Хұсайыновтың «Қилы-қилы тағдырларында») сияқты замандастарының әр алуан мінез-кейпін, болмыс-бітімін тұлғалады. Аударма пьесалардан Мольердің «Сараңында» Марианна, Шекспирдің «Отеллосында» Дездемона, Назым Хикметтің «Фархад - Шырынында» Шырып, Я. А. Галанның «Таң алдындағы махаббатында» Параська т. б. рольде ойнады. 1937 жылы он жыл толу мерекесіне орай Қазақ драма театрына академиялық, сондай-ақ көптеген актерлерге республиканың халық артисі және еңбек сіңіргеп артисі деген құрметті атақ берілді. Ұлы Отан соғысына дейінгі театр өткен жолдар дамып есеюдің, профессионалды сахна өнерін игеру жолдары, актерлік шеберлікті ұштау жылдары болды. Театр ұлттық төл шығармалармен бірге, советтік драматургияның озық үлгілері мен дүние жүзілік классиканы меңгеру дәрежесіне жетті.

Ұлы Отан соғысы жылдары театрлар репертуарынап бұрыннан қойылып келе жатқан пьесалармен қатар, әскери тақырыпқа арпалған Әуезовтің «Сын сағатта» (Қазақ драма театры, Қарағанды драма театры, Семей драма театры, Шымкепт драма театры, 1941), Әуезов пен Әбішевтің «Намыс гвардиясы» (Қазақ драма театры, Жамбыл драма төатры, Қарағанды драма театры, Шымкент драма театры, 1943), Мұқановтың «Жеңіс жыры» (Қазақ драма театры, Жамбыл драма театры, Шымкент драма театры, 1942), Ф. Вольфтің «Профессор Мамлок» және Әбішевтің «Найзағай» (Қарағанды драма театры) мен «Қырағылық» (Қазақ драма театры, 1941) атты драм, шығармалары орын алды. Бұл уақыттағы Қазақ драма театрының актерлік өнерімен қатар режиссура саласында да біршама тәжірибе жинақтағаны байқалды. Оған дәлел осы театрда қойылған «Профессор Мамлок» спектаклі. Бұл кездері театрда кобіне актерлердің роль үстінде жұмыс істеуіне, сахна сырын меңгеруге, орындаушылық шеберлігінің жетілуіне баса назар аударылды. Осы жылдары қойылған спектакльдер айқын театрлық һәм жоғары мәдениеттілігімен, қызғылықты режиссерлік шешімімен, сахналық жинақтылығымен ерекшеленді. Тікелей әскери тақырыпты қозғайтын Әуезовтің «Сын сағатта» спектаклін режиссер Тоқпанов сахнаға Шығарды. Бұл қазақ драматургиясындағы отты жылдар кезеңіне байланысты үн котерген алғашқы пьеса. Жазушы ауыр күндердегі адам жанының ішкі дүниесіне барлау жасады. Совет адамдарының достық, туыстық, саналы бірлігін өз шығармасына негізгі өзек етіп алды. Ұлы шайқас кезіндегі совет адамдарының патриоттық сөзімінің артуы, Отан алдындағы азаматтық борышын терең сезінуі спектакль режиссурасының негізгі ой-тұжырымына айналды. Спектакльде еңбек пен соғыс майданындағы совет адамдарының ұлы ерлігі өзіндік әсерлі шешімін тапты. Ұлы Отан соғысының нақты тарихи оқиғасын суреттейтін «Намыс гвардиясы» спектаклі де Қазақ драма театрының елеулі табысы болды. Москва түбіндегі әйгілі шайқаста қаһармандық көрсеткен ген. И. В. Панфилов бастаған 28-гвардияшылардың жойқын қаһармандығы сахнада жан-жақты көрініс тапты. «Намыс гвардиясы» режиссерлік шешімі, актерлік ойындары, декорациялық көркемделуі жағынан қаһармандық үнге толы спектакль болды. 1941 жылдан Республикалық орыс драма төатрының коллективі Қазақ драма театрымен бірлесіп істеді. Сол жылдың аяғында ол Шымкентке уақытша көшті де, 1943 жылы Алматыға қайта оралды. Ұлы Отан соғысы жылдары совет адамдарының қаһармандық іс-әрекетін бейнелейтін А. Е. Корнейчуктың «Майдан», К. М. Симоновтын«Орыс адамдары» мен «Біздің қаланың жігіті», Л. М. Леоновтың «ІІІапқыншылық» пьесалары қойылып, ол спектакльдерге Киевтің Л. Украинка атындағы орыс драма театрының актерлері (эвакуациямен келген) Д. М. Голубинский, П. И. Киянский, О. В. Смирнова т. б. қатысты. Театр труппасы 1942-1945 жылдар әскери бөлімшелер мен госпитальдарда, шақыру пункттерінде болып, 1441 концерт қойды. 1945 жылы театр жанынан актерлер даярлайтын студия ашылды. А. Н. Толстойдың «Азапты сапарда», И. Ф. Попов пен А. Н. Степановтың «Порт-Артур», П. Г. Маляревскийдің «Найзағай қарсаңында», В. В. Вишневскийдің «Ұмытылмас 1919 жыл» сияқты қаһармандық-романтикалық спектакльдер жарық көрді. Бірқатар спектакльдерге (А. Н. Толстойдың «Иван Грозный», Д. Гоу мен А. Д’Юссоның «Терең тамырлары») қазақ актерлері Айманов, Бөкеева, Ә. Жолымбетов т. б. қатысып ойнады. Профессионалды сахналық қызметін 1933 жылы Горькийдің орыс драма театрынан бастаған Харламова (1911 ж. т.) кейін Йошкар-Ола, Муром т. б. қалалардағы орыс драма театрларының труппасында қызмет етті. 1937 жылдан Қазақстандағы Республикалық орыс драма театрында актриса. Мұнда Раневская, Анна Петровна (Чеховтың «Шиелі бағы» мен «Платоновында»), Жүзтайлақ, Қарлыға (Әуезовтің «Түнгі сарыны» мен «Қара қыпшақ Қобыландысында») т. б. рольдерді орындап, Республикалық орыс драма театрының өсіп өркендеуіне зор үлес қосты.

Қазақ театрларының сахнасында совет адамдарының қаһарлы жылдардағы ерлік өмірін, патриоттық сезімдерін, қажырлы еңбектерін көрсететін спектакльдермен қатар, халқымыздың асыл ойы мен арман-тілегін бейнелейтін тарихи-эпостық тақырыпқа жазылған пьесалар да қойылып отырды. Театрлар сахнасына «Еңлік - Кебектің» өңделген жаңа нұсқасы мен Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Ақан сері - Ақтоқты» трагедиялары (Қазақ драма театры, ІПымкент драма театры), Хұсайыновтың «Алдар Көсе» комедиясы (Қазақ драма театры, Жамбыл драма театры, Қарағанды драма театры) қойылды. Бұл спектакльдерде халқымыздың басынан кещкен өмірі, азаттық, адамгершілік, асыл махаббат жолындағы күресі бейнеленді. Театрлар репертуарынан берік орын алып, ұзақ жылдар сахнадан түспей келе жатқан Мүсіреповтің «Ақан сері - Ақтоқты» трагедиясы қазақ совет драматургиясының шоқтығы биік туындысы. Трагедияға өзек болған негізгі оқиға халқымыздың асыл азаматы, серілігімен есімі елге мәшһүр болған әнші Ақан тағдырымен тығыз байланысты. Трагедияда Ақан бастаған топ озбыр күш иелері, тозып бара жатқан феодалдық идеология өкілі Науан хазірет, Жалмұқан секілділермен бітіспес қанды күрес жүргізеді. Ақан бастаған топтың күрестәсіліп меңгеруде нағыз сахналық мектептен өтті. Адамның жап сұлулығын жырлайтын «Асауға тұсау» спектаклі Қазақ драма театрының табысы және оның репертуарынан берік орын алды.

1944 жылы Алматыда Қазақтың балалар мен жас өспірімдер театрының құрылуы республиканың мәдени өмірінде аса елеулі оқиғаға айналды. Театрды алғаш ұйымдастырушылар реж. Н. И. Сац пен драматург В. С. Розов болды. Театр екі труппадан (қазақ және орыс труппасы) құрылды. Орыс труппасы 1945 жылы 7 ноябрьде күндіз Е. Л. Шварцтың «Қызыл телпек» (реж. Сац), ал кешке И. В. Штоктың «Лейденді тору» пьесасымен (реж. Розов) тұңғыш рет шымылдық ашты. Қазақ труппасы сахналық жолын 1947 жылы 2 февральда А. Н. Островскийдің «Мысыққа күнде той бола бермес» пьесасын (реж. Сац) қоюмен бастады. Орыс және қазақ труппалары алғашқыда мектеп программасына сәйкес пьесалар мен аңыз-ертегілер инсценировкаларып қойды. Олардың қатарында А. С. Грибоедовтың «Ақыл азабы», Д. И. Фонвизиннің «Жетесіз жеткіншек», Чеховтың «Шиелі бақ», Шварцтың «Қарлы ханым» (орыс труппасы), А. Н. Толстойдың «Алтын кілт», Ақынжанов пен Бадыровтың «Алтын сақа», Хұсайыновтың «Алдар Көсе», Ң. Сатыбалдинның «Аягөз ару» (қазақ труппасы) т. б. шығармалары бар. Мұнда В. Г. Гронский, Б. И. Добронравов, Г. М. Жезмер, М. Қосыбаев, А. Л. Мадиевский, Е. Г. Маркова, Мен Дон Ук, Б. И. Пучкин, Тоқпанов, Хайруллина сынды режиссерлермен қатар В. В. Теляковский, Ф. И. Ткаченко, С. Үмекенов т. б. театр суретшілері жемісті еңбек етті. Театр труппалары комсомол мен пионер ұйымының игілікті дәстүрлері, мектеп пен семьяның байланысы, жастардың жауынгерлік және еңбектегі ерлігі, достық қарым-қатысы, алғашқы арман-махаббаты жайлы тәлім-тәрбиелік мәні зор драмалық шығармаларды сахнаға шығарды: Ш. Байжановтың «Әлия Молдагұловасы», Б. Л. Горбатовтың «Әкелердің жастық шағы», М. Иманжановтың «Жас өмірі», Хұсайыновтың «Асыл тастар», «Есірткен ерке» мен «Көктем желі» (қазақ труппасы), А. Н. Арбузовтың «Кезбешілік жылдары», Афиногеиовтың «Машенькасы», В. П. Катаевтың «Полк баласы», Розовтың «Сәт сағат» пен «Өмір беттері», А. А. Фадеевтің «Жас гвардиясы» (орыс труппасы) т. б.

Осы жылдары Әуезов уақыт талабына орай қазақ халқының тарихи өмір-тұрмысы мен ерлікке толы күрес жолдарын бейнелейтін «Қара қыпшақ Қобыланды» атты қаһармандық драма-дастанын жазды. Бұл шығарма өзінің сахналық өмірін алғаш рет Жамбыл драма театрынан (1944) бастады. Бұдан кейін Қарағанды драма театрында (1945, реж. Лурье), Қазақ драма театрында (1946, реж. Я. С. Штейн мен Бадыров) және Республикалық орыс драма театрыпда да («Махаббат пен намыс» деген атпеп; 1947, реж. Штейн) қойылды. Спектакльді қоюшылар мен суретшілер өздерінің режиссерлік шешімдерімеи және сахналық көркемдеулерімен шығарманың отаншылдыққа үндейтін патриоттық ой-идеясын, қаһармандық пафосы мен көркемдік табиғатын дұрыс түсінді. Олар қыпшақтардың әділдікті, бостандықты сүйетін ізгі тілектері мен жауға қарсы ерлік күрестерін көрсететін сахналарда жарқын бояуды, ал қызылбастардыц ел тыныштығын бұзған зұлымдығын, қанқұмар қиянат қылықтарын баса көрсету мақсатымен сахналық әсірелеу тәсілін мол қолданды. Режиссерлер театр труппасыпың барлық мүмкіншілігін пайдалана отырып, соғыс жылдарындағы әскери тақырыңқа үндес, саяси-әлеуметтік мәні үлкен спектакль жасады. Р. Т. Бағланова, Байсейітова, Бокеева, Жиенқұлова, Ж. Омарова, Өмірзақов, Тұрдықұлова т. б. қазақтың өнер шеберлері Ұлы Отан соғысы майданының шептерінде болып, түрлі концерттерге қатысты. Әділшінов, Әмірхамзин, Ә. Есенбаев, Жұмағұлов, Ә. Сабырбаев (Қазақ драма театры), М. Өтемісов, О. Садақбаев, М. Шалқаров (Семей драма театры), Қ. Қарсақбаев, Т. Мәдіходжаев, К. Сыздықов, Шәженов (Шымкент драма театры), В. П. Крохолев (Петропавл драма театры) т. б. өнер шеберлері театр сахнасынан тікелей майдан сахнасына аттанып, Отан-ананы жаудан азат ету жолында ерлікпен күресті. Олардың көпшілігі туған театр труппасына оралмады. Дегенмен қазақ театрлары Ұлы Отан соғысы жылдарының қиындықтарына қарамастан кезеңдік творчестволық табыстарға жетті. Театр тарихының өсу жолы мен жарқын бетін айқындайтын әрі уақыт тынысына лайықты қаһармандық тақырыпқа бірнеше спектакльдер қойылды. Сондай-ақ осы жылдары Белоруссиядан, Украинадан және РСФСР-ден көптеген белгілі театр коллективтері эвакуациямен көшіп келді. Москваның Моссовет атындағы театры әуелі Шымкентте, одан кейін Алматыда, Белорус Мемлекеттік 2-драма театры Ақтөбеде, Украинның И. Франко атындағы драма театры Семейде, ал Л. Украинка атындағы орыс драма театры Қарағандыда т. б. театр труппалары Қазақстанның басқа қалаларында жұмыс істеді. П. И. Герага, Ю. А. Завадский, В. П. Марецкая, Н. Д. Мордвинов, Розов, Сац, Н. М. Ужвий, Г. П. Юра т. б. көрнекті театр қайраткерлері қазақ спектакльдерін көріп, пікір алысып отырды. Бұл театрлардың қойған спектакльдеріне қазақ актерлері де үзбей барып, көріп жүрді. Осы секілді творчестволық пікір алмасулар мен достық байланыстар қазақ театрларының, сондай-ақ режиссерлік өнерінің қалыптасып өсуіне, актерлер шеберлігініц кемелденуіне, жалпы рухани мәдениетінің дамуына игі әсерін тигізді.

Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін еліміздің алдында соғыстан күйреп-күйзелген шаруашылықты қалпына келтіру міндеті тұрды. Осындай игі істермен бірге үкімет пен партия пдеология, оның ішінде театр онері мәселесіне де баса көңіл аударды. Бұл тұста БК(б)П ОК-нің 1946 жылғы 126 августағы «Драма театрларының репертуары және оны жақсарту шаралары туралы» және ҚК(б)П ОК-нің 1949 жылғы 18 октябрьдегі «Республика театр өнерінің жайы мен оны одан әрі өркендету міндеттері» қаулысының тарихи мәні зор болды. Аталмыш қаулы-қарарларда театр өнеріндегі идеясыздықпен күресу, адам санасындағы ескінің қалдықтарын әшкерелеп сынайтын, сонымен қатар совет халқының Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қаһармаядығы мен рухани күшін бейнелейтін көркем, идеялық-ой мазмұны жоғары драмалық шығармалармен театрлар репертуарын толықтырып отыруын талап етті. Осыған орай қазақ театрлары да өз репертуарын қайта қарап, уақыт талабына сай құнды, тың туындылармен жаңарта бастады. Осы жылдары театрлар сахнасына қойылып, көпшілікке көрсетілгендер - негізінен Әбішевтіц «Достық пен махаббат» (Қазақ драма театры, Семей драма театры, Шымкент драма театры, 1947; Гурьев драма театры, Жамбыл драма театры, Қарағанды драма театры, 1948) және «Бір семья» (Жамбыл драма театры, Қазақ драма театры, Семей драма театры, 1949; Шымкент драма театры, 1950; Ғ. Мұстафиннің «Миллионер» (Қазақ драма театры, Семей драма театры, 1950; Шымкент драма театры, 1951; Иманжановтың «Менің махаббатым» (Қазақ драма театры, Шымкент драма театры, 1953) сияқты халқымыздың бүгінгі өмір-тұрмысын, арман-тілегін, озық ізгі қасиеттерін бейнелейтін спектакльдер. Бұлардың қатарынан замандастар тұлғасын жасауда «Достық пен махаббат» спектаклін алдымен атауға болады. Мұнда кешегі сұрапыл соғыс кезіндегі совет адамдарының тылдағы ерлік еңбектері, Қарағанды шахтерлерінің көмір үшін күрестерінің тамаша үлгілері, жаумен арналысқан ер жұрек партизандардың отаншылдық, батырлық қимылдары суреттеледі. Сахнада майдан мен тылдағы жүрегі бірге соққан қажырлы совет адамдарының ұлы жеңіске жетуіне ұйтқы болған халықтар достығымен қатар, бақытты жастардың айнымас, асыл махаббатының үлгілері көрсетілді. «Достық пен махаббат» - замандастар характерін жасаудағы қазақ театрының сәтті бастамасы. Совет режиссерлері Бибиков, Пыжова, Сац, Г. Л. Рошаль, Г. А. Товстоногов, Штейн тағы басқалар спектакльдер қойып, қазақ театрында режиссуралық мектептің үлгісін жасады. Г. Батырғалиева, Бөкеева, Е. Я. Диордиев, Жандарбекова, Б. Қалтаев, Ф. М. Нұрымова, Өгізбаев, Римова, Ш. Қ. Сәкиев, К. С. Сәкиева, Сүртібаев, М. Табапов, Қ. Толеков, Шашкина т. б. актерлер сахналық өнерге тың күш болып қосылды. 1946 жылы Қазақ драма театры өзінің 20 жылдық мерекесін тойлады. Осы жылы Қазақ драма театры Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталды. Сонымен бірге сахна шеберлерінің бір тобы ордендермен, медальдармен, грамоталармен наградталып және құрметті атаққа ие болды. Мұныңөзі ұлттық театр өнерін дамытудағы партия мен үкіметтің зор қамқорлығын көрсетті.

Театрлар сахнасында ұлттық драмалық шығармалармен қатар аударма пьесалар да кеңінен қойылып отырды. Атап айтқанда, Погодиннің «Мылтықты адамы» (1947), Д. Гоу мен А. Д’Юссоның «Терең тамырлары» (Қазақ драма театры, 1948), Леоновтың «Шапқыншылығы» (Жамбыл драма театры, Қарағанды драма театры), Симоновтың «Орыс мәселесі» (Гурьев драма театры, Қарағанды драма театры), А. В. Софроновтың «Москва салты» (Жамбыл драма театры, Шымкент драма театры, 1949), классикалық драматургиядан Гогольдің «Үйленуі» (Семей драма театры, 1946) мен «Ревизоры» (Қазақ драма театры, 1946; Гурьев драма театры, Қарағанды драма театры, 1948; Шымкент драма театры, 1951), А. Н. Островскийдің «Таланттар мен табынушылар» (Қазақ драма театры, 1949) һәм «Жазықсыздан жапа шеккендері» (Қарағанды драма театры, Шымкент драма театры, 1950, 1956) мен «Жарлылық ұят емесі» (Семей драма театры, 1950), Горькийдің «Шыңырау түбінде» (1946) және Гогольдың «Қонақ үйдің қожасы» (Қазақ драма театры, 1947) сияқты пьесалары да театрлар репертуарынан орын алады. Қазақ драма театрында Чирсковтың «Жеңімпаздар» драмасын қойған белгілі реж. Товстоногов сахнада кешегі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы фашизмді жеңген совет халқының тарихта теңдесі жоқ қаһармандық жеңісін бейнелі түрде жинақтап көрсетуді басты мақсат етті. Әсіресе осы спектакльге қатысқан Айманов, Бадыров пен Қуанышбаев өз рольдерінің сахналық кескін-кейпін жасауда нағыз суреткерге тән шеберлік танытты. Бұлардың ойындары характерлер қақтығысынан туған сезім шынайылығымеп әрі психологиялық бояуының нанымдылығымен ерекшеленді. 1949 жылы Бүкіл одақтық замани тақырыпқа арналған спектакльдер байқауы өткізілді. Бұл байқауға Қазақ драма театры А. П. Штейннің «Намыс соты» мен Н. Баймұхамедовтің «Асыл тастар» снектаклін қоюмен қатысты. Ұлы Отан соғысынан кейінгі қазақ совет драматургиясы бүгінгі өмірімізді шынайы суреттеп, замандас бейнесін жинақты да жан-жақты жасаған шын мәніндегі жоғары көркемдік дәрежеге көтерілген пьесаларға оте тапшы еді. Сондықтан бұл кезеңдегі ұлттық театрлардың ірі табыстары негізінен тарихи және аударма шығармалардың қойылымдарымен тікелей байланысты. Бұған 50 жылдары қойылған Әуезовтің «Абай» (роман бойынша; инсценировкасын жасағандар - Айманов пен Штейн), А. Н. Островскийдің «Найзағай», Мольердің «Сараң» спектакльдері дәлел. «Абай» спектаклінің (Қазақ драма театры, 1949) режиссурасын жүргізген Айманов Әуезовтің зор творчестволық көмегі нәтижесінде қазақтың ұлы ақыны жайындағы эпопеяның мән-мағынасын терең ұқты. Шығарманың көркемдік ерекшелігін, идеялық-ой бағытын дұрыс түсініп, шынайы ашқан режиссер көп эпизодты роман оқиғалары мен кейіпкерлерін шеберлікпен жинақтап, сахналық тұтастыққа жетті. Қазақ халқының тарихи өмірі, оның ізгі ойы мен арманы, табанды тартысы ұлы ақынның рухани-әлеуметтік күресімен тығыз байланыста дамыды. Мұндай көркем сахналық жинақтылыққа, театрлық табысқа жетуге авторлық баяндауларын жүргізген Айманов пен Бөкееваның сахналық сөз шеберліктеріне де тікелей байланысты. «Абай» спектаклі Гурьевтің, Шымкенттің (1950), Қарағандының (1951) және Семей драма театрының (1952) сахнасында да қойылды. Қазақ драма театрында қойылған «Абай» спектаклі 1951 ж. СССР Мемлекеттік сыйлығына ие болды. Ал осы спектакльге қатысқан бір топ өнер шеберлері - Айманов, Қуанышбаев, Өмірзақов, Бадыров, Қойшыбаева, Бөкеева және суретші В. В. Голубович СССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Сондай-ақ қазақ театр өнерініңөсуіне классикалық шығармалар бойынша қойылған спектакльдердің де ықпалы күшті болды. Қазақ актерлері күрделі кейіпкерлерді меңгеру жолында дүние жүзілік театрлар тәжірибесіне сүйеніп, өздерінің сахналық шеберліктерін ұштай түсті. Классикалық шығармаларды игерудегі Қазақ драма театрының ірі табысы Островскийдің «Найзағай» спектаклінде (1950, реж. Маркова) орыс халқының өткен ғасырдағы жан түршігерлік ауыр халі, мешеу өмірі бейнеленді. «Қараңғылық патшалығының» қиянат істері, адам баласына деген зорлық-зомбылықтары әшкереленді. Спектакльдің өте сәтті шығып, қазақ театр тарихынан көрнекті орын алуы жеке рольдердің барынша көркем шығуына байланысты. «Қараңғылық патшалығының» жарық сәулесі болған Катеринаның сахналық тұлғасын Бөкеева шебер жасады. Оның Катеринасы әділдікті, ащы шындықты, бас бостандығы мен бақытты сүйетін және сол үшін күресе білетін өршіл жан кейпінде бейнеленді. Катерина Бокеева творчествосының биігі болып қалды. Спектакльде озбыр, дөрекі қылығымен аты шыққан алпауыт Кабаниханың ұмытылмас бейнесін Майқанова мүсіндеді. Орындаушы оның бойындағы адам айтқысыз қаталдықты, соқыр ессіздікті үлкен шеберлікпен көрсетті. Сахналық шешімін тамаша тапқан Айманов ойнаған Тихон ролі. Актер Тихонның ішкі жан дүниесінің ауыр кұйзелісін, оның соңғы сәттегі ашу сәулесін келісті бейнеледі. Қазақ театр көрермендері дүние жүзілік драматургияның классикалық туындыларымен алғаш рет сонау 20 жылдардың аяқ шенінен бастап таныса бастады. Сол уақыттан былай қарай театр репертуарынан әр жылдары орын алған Шекспир, Гольдони, Лопе де Вега, О. Бальзак, Пушкин, Гоголь, А. П. Островский сынды жазушы-драматургтардың пьесалары қазақ актерлерінің ой-өрісін кеңейтуде, әсіресе творчестволық шеберліктін құпия сырын үйреніп меңгеру жолында нағыз сахналық мектепке айналды. Қазақ театры тарихында осындай игілікті іс атқаруда француз халқының мақтан тұтар асыл перзенті - ұлы комедиограф Мольердің есімі де үлкен ілтипатпен аталады. Үстем тан өкілдері мен қарапайым халық арасындағы талас-тартысқа құрылған Мольер драматургиясы негізінен жазушының өзі өмір сүрген қоғамдағы ақсүйектер тобының аярлығын, мешеулігін, мейрампаз дарақылығын, дүниеқор сараңдығын өткір сынға алуымен, сондай-ақ билеуші топқа қарсы күрес жүргізген қарапайым жандардың кемел ақыл-ойын, тапқырлығы мен рухани жан дүниесін паш етуімен қымбат та құнды. Мольер қаламынан туған «Скапеннің айласы» атты комедиясы Тәжібаевтың аудармасы бойынша 1938 жылы алдымен Қазақ драма театрында, одан кейін Гурьев драма театрында қойылады. Әсіресе Мүсірепов аударған «Сараң» комедиясының 1952 жылы Қазақ драма театрында қойылуы республикамыздың мәдени өмірінде елеулі оқиға болды. Осы спектакльге қатысқан Қармысов, Майқанова, Жандарбекова, Әділшінов, Сәлменов, Телғараев секілді актерлер қызғылықты мінез-кейіптер жасап, сахналық шеберлігімен ерекше көзге түсті. Өткір сатиралық бағыт, бір-біріне ұқсамайтын шынайы жасалған сан алуан мінез-кейіптер, толассыз күлкі мен жылдамдыққа құрылған оқиға-әрекет сияқты Мольер комедияларына тән жайлар қазақ корермендерінің ой-көңілінен шықты. Кезінде көрнекті мольертанушы проф. Г. Н. Бояджиев (в его кн.: «Мольер на советской сцене», М., 1971, с. 39) қазақ сахнасында қойылған «Сараң» спектаклін совет театрларындаты сәтті қойылымдар қатарында атап өтті.

50 жылдары театрлар труппасының әр түрлі арнаулы орта және жоғары оқу орындарын бітірген жас актерлермен толықтырылуы - оның творчестволық мүмкіншілігін кеңейте түсті. Алматы театр училищесін бітірген М. Абдуллина, А. И. Ружева, М. Ә. Салықов, К. Д. Сексенбаева, З. Н. Шәріпова-Досанова, Ташкенттің театр-көркемсурет институтын бітірген Н. Жантөрин, Ғ. Сүлейменов, Ж. Шүлембаев, Москваның Мемлекеттік театр өпері институттының түлектері М. И. Байзақова, С. И. Дарбасов, Т. Жайлыбеков, М. Қамбаров, Р. М. Қапыбаева, Қ. Қуандықов, А. И. Құланбаев, Б. Маусынбаев, ЬІ. Ноғайбаев т. б. жас актерлер театрлар труппасының құрамын толықтырды. Солардың бірі Ташкенттегі театр-көркөмсурет институтының актерлік факультетін бітірген Жантөрин (1928 ж. т.) 1952-19 67 жылдар Қазақ драма театрының труппасында қызмет етіп, ол мұнда Мұқановтың «Шоқан Уәлихановында» Шоқанның, Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш - Баян сұлуында» Қодардың (осы шығармалар бойынша қойылған фильмде де ойнаған), Әуезовтің «Еңлік - Кебегі» мен «Қаракөзінде» Кебек пен Сырымның, Назым Хикметтің «Елеусіз қалған есіл ерінде» Доктордың, Моримото Каорудың «Шығыстағы бір бейбағында» Синтароның т. б. ролін орындады. Классикалық туындылардан Пушкиннің «Шағын трагедияларында» Сальери, Барон және Дон Жуанның, ІІІекспирдің «Отелло» және «Макбетінде» Яго мен Макбеттің ролінде ойнады. Ол - ойнайтын ролінің сыртқы кескін-келбетін ішкі жан дүниесімен шебер қабыстыра білетін, актерлік бояуы мол суреткер. Жантөриннен бір жыл кейін театр труппасына келген Шәріпова-Досанова (1931 ж. т.) әуелі «Қазақфильм» студиясында және Қазақ радиосында қызмет етті. Ақтоқты (Мүсіреповтің «Ақан сері - Ақтоқтысында»), Айман, Қаракөз (Әуезовтің «Айман - Шолпаны» мен «Қара-көзінде»), Дездемона (Шекспирдің «Отеллосында») сияқты арулар бейнесіп жасап, лирикалық бояуы мол актриса екенін танытты. Әуезов пен Соболевтің «Абайында» Қарлығаш, Майлиннің «Майданында» Пүліш, Каплердің «Ленин 1918 жылында» Каплан т. б. өткір мінезді рольдерде де ойнады.

50 жылдары аударма пьесалар мен тарихи-фольклорлық тақырыпқа жазылған драмалық шығармалар ұлттық театрлар репертуарынан мол орын алып отырды. Осы жылдары театрлар сахнасында Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» (Қазақ драма театры) мен «Ақан сері - Ақтоқты» (Семей драма театры) және Әуезовтің «Еңлік - Кебек» трагедиясы (Қазақ драма театры, Семей драма театры) қайта жарық корді. Сондай-ақ театрлар коллективі Б. А. Лавреневтің «Америка даусын» (Қазақ драма театры, 1950; Шымкент драма театры, 1951), Корнейчуктың «Бүргенді тоғайын» (Қазақ драма театры, 1951; Шымкент драма театры, 1952), А. Қаһардың «Жібек сюзанесін» (Қазақ драма театры, 1953) және «Ауру тістерін» (Шымкент драма театры, 1957), Галанның «Таң алдындагы махаббатын» (Қазақ драма театры, 1954), Назым Хикметтің «Фархад пен Шырынын» (Семей драма театры, 1955), Гольдонидың «Екі мырзаға бір қызметкерін» (Жамбыл драма театры, Қарағанды драма театры, Шымкент драма театры, 1957; Семей драма театры, 1959) т. б. пьесаларды қояды. Бұл спектакльдердің негізгі рольдерін театрларға кейін келіп қосылған жас актерлер орындады. Қазақ драма театрының режиссурасы «Фархад пен Шырынның» (1955) философиялық ой-мазмұнын, көркемдік-идеялық ерекшелігін толық ашып, спектакльді романтикалық сарында шешті. Спектакльдің әсерлі болып, көркем шығуына Жандарбекова (Шырын), Ноғайбаев (Фархад), Бөкеева (Мехмене Бану), Бадыров (Бас уәзір) т. б. актерлер мол үлес қосты. Ең соңында Фархад пен Шырын арасындағы сұлу махаббат, соған жету жолындағы екі жастың күресі спектакльдің негізгі идеялық ой-мақсатына айналды. 1954 жылы Москваның Мемлекеттік театр өнері институты жанындағы қазақ студиясын бітіргеннен кейін Ноғайбаев (1931 ж. т.) Қазақ драма театрының құрамында қызмет етеді. Сахналық дебютін Горький драмасы бойынша қойылған спектакльдерде Тетерев пен Егор Булычов («Тоғышарлар» мен «Егор Булычов және басқалары») ролін ойнаудан бастады. Горький қаһармапдарының тағдырымен байланысты өзінің актерлік творчествосының өң бойынан өтетін өзекті бір тақырыпты ашты. Ол - қоғамдық ауыр тұрмыстан ғұмырлық ой- мұраты мен бақытын таппай, өмірдің тұйық тұңғиығынан биік тұғырға ұмтылған ерелі жандар тағдыры; жалғыздықтан қайғылы өмірге тап болған жандардың шиыршық атқан ой арпалысы. Осы тақырыпта сахналық бояуын тапқан кейіпкерлер қатарында Әуезовтің «Еңлік - Кебегіндегі» Есенді, Мүсіреповтің «Ақын трагедиясындағы» Мылқауды (Балуанды), Э. Раннеттің «Адасқан ұлындағы» Март Туйскіні, Мұхамеджановтың «Жат елдесіндегі» Құрбанды, Ә. К. Нұрпейісов пен Ә. М. Мәмбетовтің «Қан мен теріндегі» Кәленді т. б. рольдерді атауға болады. Бұдан басқа актер ойынында сахналық шешімі күрделі характерлер болып шыққан - Абай, Қобыланды (Әуезов пен Соболевтің «Абай» трагедиясы мен «Қара қыпшақ Қобыландысында»), Қарабай (Мүсіреповтің «Қозы Корпеш - Баян сұлуында»), Отелло, Петруччио (Шекспирдің осы аттас трагедиясы мен «Асауға тұсауында»), Теодоро (Лопе де Веганың «Қызғаныштан махаббатында»), Агабо (О. Ш. Иоселианидің «Арбаң аман болсынында») өзара мүлдем ұқсамайтын, өскен ортасы мен туған топырағы бір-бірінен тым шалғай жатқан қилы-қилы тағдырлар. Осындай адам бойындағы қым-қиғаш сезім иірімдері мен күрделі ой-толғаныстарын көрермеидерге терең ашып жеткізу - оның актерлік өнеріне тән қасиет.

Еңбекшіқазақ пен Қаратал колхоз-совхоз театрының негізінде Талдықорған драма театры ұйымдасып, ол 1955 жылы 25 ноябрьде Мүсіреповтің «Ақан сері - Ақтоқты» трагедиясымен тұңғыш рет шымылдық ашты. Қазақ ССР Мәдениет министрлігінің 1960 жылғы марттағы қаулысы бойынша осы театр Қызылордаға қоныс аударды да ол осыдан былай Қызылорда драма театры деп аталды. Алғашқы жылдары театр құрамында Ш. Бәкірова, Қ. және К. Көпбаевтар, А. Манасбаев, Ш. Мәрденов, Қ. Саурықов, Р. Тәжібаева т. б. өнерпаздар ойнады; театрдың көркемдік жағын актер Ж. Әбілтаев басқарды. Сондай-ақ 1955 жылы қазіргі Целиноградта орыс драма театры ұйымдасты. Бұл алғашқыда Ақмола елкелік драма театры деген атпен құрылып, сол жылы 22 декабрьде тұңғыш рет театр шымылдығы Гусевтің «Иван Рыбаков» атты драмасымен ашылды. Алғашында жаңа ашылған театр труппасына МХАТ, Кіші театр, Москваның Сатира және Ленин комсомолы атындағы театрлары қамқорлық жасады. Реж. Е. Е. Орёл, А. В. Смеляков, актерлер В. Т. Архипенков, А. А. Боженко, И. М. Быстрицкая, Н. М. Миловидов, Н. Г. Назарковская, Г. А. Пономарев, Р. И. Светинская, Д. Ф. Терептюк тағы басқалар қызмет етіп, театр труппасының қалыптасып дамуына елеулі үлес қосты. Сопдай-ақ 1942-1958 ж. Бадыров, Завадский, Кручинница-Рутковская, Марецкая, Ю. М. Мизецкий, А. И. Соломарский, В. В. Козьмин-Караваев, Қойшыбаева, М. Т. Семятопа, Ассуиров, Каиров, Қыдыралин, Майзель, Сүртібаев, Я. Я. Муратов, П. П. Рогальский, Қармысов пен Телғараев Қаз. ССР халық артисі атанды.

Бұл жылдары театрлар труппасы қазақ халқының ардагер ұл-қыздары жайлы Мүсіреповтің «Аманкелді» (Гурьев драма театры, 1951; Қазақ драма театры, Семей драма театры, Шымкент драма театры, 1952), Ақынжановтың «ЬІбырай Алтынсарин» (Гурьев драма театры, Қазақтың балалар мен жас өспірімдер театры, Шымкент драма театры, 1951; Семей драма театры, 1952), Мұқановтың «Шоқан Уәлиханов» (Шымкент драма театры, 1955, 1958), Тәжібаевтың «Майра» (Қазақ драма театры, Қарағанды драма театры, Семей драма театры, 1957), З. Ж. Шашкиннің «Тоқаш Бокин» (Жамбыл драма театры, 1957) атты тарихи-ғұмырнамалық драмалармен қатар бүгінгі өмір-тұрмысымызды әр қырынан көрсететін Хұсайыновтың «Есірткен ерке» (Жамбыл драма театры, Қазақтың балалар мен жас өспірімдер театры, Семей драма театры, 1954), «Кеше мен бүгін» (Қазақ драма театры, Жамбыл драма театры, Семей драма театры, 1955), Әбішевтің «Кім менің әкем?» (Қазақ драма театры, 1957) және «Күншілдік» сияқты пьесаларын сахнаға шығарды. «Шоқан Уәлиханов» - тарихи деректерге негізделіп жазылған трагедия. Қазақ драма театрының коллективі шын мәнінде көркем, тарихи-әлеуметтік мәні зор спектакль (1956) жасады. Шоқанның сахналық тұлғасын жасауда актер Жантөрин көп ізденді, Шоқанның портреттік кескінін іздестіріп, содан барып оның ішкі дуниесін, психологиялық толғаныстарып шынайы ашып жеткізді. Қазіргі өмірімізді бейнелейтін спектакльдер қатарынан орын алғандардың бірі Әбішевтің «Күншілдігі» (Қазақ драма театры, 1957). Мұнда ортамызда кездесетін екі жүзділік пен жағымпаздық, өмірдегі жаңалық пен жақсылықты көре алмайтын күншілдік сияқты ескіліктің сарқыншақтары сыналады. Бұл жағдай осы спектакльге қатысқан Қармысов (Келиман) пен Жандарбекованың (Салқия) ойындарынан айқын байқалды. Тәжібаевтың «Гүлден, дала» пьесасының қайта өңделген нұсқасы «Жалғыз ағаш орман емесін» репертуарға енгізу қазақ драма театрларының (Жамбыл драма театры, Қазақ драма театры, Семей драма театры, 1958) қазіргі замандас бейнесін жасаудағы игі қадамын одан әрі жалғастыра түсетін жай. «Жалғыз ағаш орман емес» - бүгінгі өмірімізді, әсіресе ауыл өмірін, сонда еңбек етіп жатқан түрлі мамандық иелерінің қажырлы еңбегін, олардың жарқын бейнесін жасаудағы аса елеулі спектакльдің бірі. Осы жылдары С. Естемесова, А. Ибрагимов, Қосыбаев, Мен Дон Ук, Б. У. Омаров сияқты арнаулы оқу орнын бітіріп келген жас режиссерлер қатарынан Мәмбетов (1932 ж. т.) есімі ерекше аталады. Ол алдымен Алматы хореографиялық училищесінде, одан кейін Москвадағы Мемлекеттік театр өнері институтының режиссерлік факультетінде оқып, профессор Н. М. Горчаков пен А. А. Гончаровтан сабақ алды. Оқып жүрген кезінде-ақ киноға түсіп, спектакльдер қойған. 1957 жылы Хұсайыновтың «Ертіс жағасында» пьесасын қоюмен Қазақ драма театрындағы режиссерлік өнер жолын бастады. Ол мұнда Әуезовтің, Мұхамеджановтың, Байсейітов пен Қ. Т. Шаңғытбаевтың, Лопе де Веганың және М. Фриштің пьесаларын қою А. П. Чеховтың арқылы комедиялық дарын-табиғатын айқындап, ұштай түсті. Бұдан басқа Тәжібаевтың «Жалғыз ағаш орман емесін», Раннеттің «Адасқан ұлын», Әбішевтің «Мансап пен ұжданын» сахнаға шығарып, жарқын, эмоциялық бояуға толы спектакльдер жасады. Осы аталмыш сахналық туындыларда оның суреткерлік қолтаңбасы айқындалды. Ал Әуезов пен Соболевтің «Абай», Айтматовтың «Ана - Жерана», Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» сияқты трагедиялары Мәмбетов трактовкасы бойынша оптимистік рухта шешім тапты. Ұлттық төл туындылардан Әуезовтің «Қара қыпшақ Қобыландысы» мен Нұрпейісовтіц «Қан мен терін» (инсценировкасын өзі жасаған), аударма пьесалардан И. П. Куприяновтың «Вьетнам жұлдызы» мен Каплердің «Ленин 1918 жылын» және Айтматов пен Мұхамеджановтың «Көктөбедегі кездесуін» қойып, сахналық шарттылық пен батыл эксперименттерге ден қоятын ізденімпаз суреткер екенін танытты. Жалпы Мәмбетовтің қойған спектакльдері жоғары идеялық-коркемдік мазмұнымен, дәуір мен уақыт тынысын тап басқан азаматтық әуенімен, динамикалық қуатымеп, айшықты, ұтқыр да ұтымды мизансценаларымен, жаңашыл ізденістерімен әрі бейнелі сахналық шешімдерімен ерекшеленді.

1957-1958 жылдар Алматыда «Театр көктемі» деген атпен облыстық театрлар байқауы болды. Байқауда Гурьев, Семей мен Шымкент драма театры озып шығып, жүлдегер атанды. 1958 жылы Москвада өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің он күндігіне Қазақ драма театры мен Республикалық орыс драма театрының коллективі, облыс театрлардың үздік сахна шеберлері қатысты. 2 театр труппасы москвалық көрермендердің назарына 9 спектакль ұсынды. Бұл спектакльдер астананың талғампаз көрермендерінен үлкен баға алып қайтты. Жалпы он күндікте көрсетілген спектакльдер туралы орталық баспасөз беттерінде арнайы мақалалар жарияланды. Ол мақалаларда қазақ театр өнерінің жеткен биігі мен табысы жан-жақты сөз болып, актерлердің творчестволық еңбегі жоғары бағаланды. Он күндікпен орай Қазақ драма театрының актерлері Айманов, Қуанышбаев және Харламова СССР халық артисі, сондай-ақ А. Абдуллина, Атаханов, Жандарбекова, Сәкиева мен Ғ. Хайруллина Қаз. ССР халық артпсі деген құрметті атаққа ие болды. Ал Бөкеева, Қожамқұлов, Өмірзақов Ленин орденімен наградталды. Бұл үкімет пен партиямыздың қазақ сахна шеберлерінің үздік еңбегін жоғары бағалаудың айқын белгісі еді. Осы он күндіктен кейін қазақ драма театрлары өзінің творчестволық бағыт-бағдарына, репертуарына, труппа құрамын дарынды жастармен толықтыру мәселесіне баса назар аударды. Театрлар труппасына арнаулы оқу орындарын бітірген көптеген жас актерлер келіп қосылды. Олардың қатарында А. Әшімов, Е. Б. Жайсаңбаев, Ә. А. Молдабеков, Н. Мышбаева, С. Қ. Оразбаев, Р. Н. Сейтметов, Т. Тасыбекова, Ф. Шәріпова (Қазақ драма театры), Р. Әшірбекова, М. Бақтыгереев, М. Жақсымбетова, Қ. Ә. Жәкібаев, М. И. Құланбаев (Қазақтың балалар мен жас өспірімдер театры), К. Ө. Иманғалиева (Гурьев драма театры), О. Әбділманов (Жамбыл драма театры), Ә. Б. Абылаева, Ө. Асылбеков, Қ. Әлімбаева, Қ. Н. Сатаев (Қарағанды драма театры), Т. Айнақұлов, О. Әбдімомынов, Ж. Е. Бағысова (Қызылорда драма театры), Ә. Жаңбырбаев, Г. Иісова, Б. А. Мұхамеджанова (Семей драма театры), А. Қалмырзаев, М. Найманбаев (Шымкент драма театры) т. б. секілді актерлерді атауға болады. Шәріпова (1936 ж. т.) Алматы Мемлекеттік өнер институтының актерлік факультетін бітіргеннен кейін (1959) Қазақ драма театрының труппасына қабылданды. Шәріпованың осыдан былайғы сахналық өнер жолы осы театр қызметімен тығыз байланысты. Ол мұнда бір-біріне мүлдем ұқсамайтын алуан түрлі рольдерді шебер орындауымен өзінің актерлік өнер ауқымының мол мүмкіндігін байқатты. Актриса ойнайтын әрбір кейіпкерінің асқақ арман-мұраты мен тіршілік-тынысын, ішкі жан тебіренісі мен сезім иірімдерін лирикалық сыршылдықпен ашып, әсерлі де шынайы бейнеледі. Әсіресе замандастар тұлғасын жасауда нағыз сахна санаткеріне тән шымыр шеберлік танытты. Сахналық кейіпкерлерінің мінез табиғатын тереңірек ашуға, олардың кескін-келбетін ажарлы етіп бейнелеуге және сөздің эмоциялық әсерін әлсіретпей, қайта күшейте түсуге ден қою - оның актерлік өнеріне тән қасиет. Ол Айтматовтың «Ана - Жер-анасында» Толғанай, Моримото Каорудың «Шығыстағы бір бейбағында» Кей, Шекспирдің «Асауға тұсауы» мен «Ричард ІІІ-сінде» Катарина мен леди Анна, Нұрпейісов пен Мәмбетовтің «Қан мен терінде» Ақбала, А. Б. Вальехоның «Бүгін мейрам, бүгін тойында» Пилар секілді жан дүниесі қат-қабат, күрделі мінез-кейіптерді үздік орыпдаумен қазақтың актерлік өнерінің дамуына мол үлес қосты. Сондай-ақ Шәріпова өткір мінезді рольдерді ойнаумен де ерекше көзге түсті.

Қазақ драма театрларының 60 жылдардағы репертуарлық қоры мазмұндылығымен әрі оған енген шығармалардың әр алуандығымен ерекшеленді. Театрлар репертуарынан Горькийдің «Зыковтары» (Гурьев драма театры, 1958; Республикалық орыс драма театры, 1962) мен «Соңғылары», Әуезовтің «Түнгі сарын» (Республикалық орыс драма театры, 1960) мен «Еңлік - Кебегі» (Республикалық корей музыкалы драма театры, 1961), Арбузовтың «Иркутск хикаясы» (1960) мен «Танясы» (Қазақтың балалар мен жас өспірімдер театрының орыс труппасы), Симоновтың «Келер кезегі» (Семей драма театрының орыс труппасы, 1961; Қазақ драма театры, 1962) мен «Орыс адамдары» (Республикалық орыс драма театры, 1963), Мұқановтың «Мөлдір махаббаты» (инсценировка бойынша; Қазақтың балалар мен жас өспірімдер театры, 1961), Лопе де Веганың «Қызғаныштан махаббаты» (Қазақ драма театры, 1962), В. В. Маяковскийдің «Қандаласы» (Жамбыл драма театры), Б. Шоудың «Пигмалионы» (Қостанай драма театры), Б. Жәкиевтің «Әке тағдыры» (Қазақтың балалар мен жас өспірімдер театры), М. Ф. Шатровтың «Глеб Космачевы» (Павлодар драма театры, 1963), жергілікті авторлар Ә. Ордабаев пен Қ. Ә. Шаниннің «Сенім күші» (Шымкент драма театры, 1957), Ж. Сәрсеков пен З. Жақыповтың «Зәуреш» (1959) және «Бажалар мен балдыздары» (Қарағанды драма театры, 1963), Қ. Мұқаметхановтың «Комиссар Ғаббасовы» (Семей драма театры, 1961), Б. Қорқытовтың «Асыл жандары» (Гурьев драма театры), М. Зұлпұхаров пен С. Хасановтың «Дәрігер қажет пе екені» (Республикалық ұйғыр музыкалы драма театры, 1963), сондай-ақ Ахтаповтың, Мұхамеджановтың, Шаңғытбаев пен Байсейітовтің, Сатыбалдиннің, З. Ақышевтің, Жүнісовтің, Ә. Ү. Таразидің драмалық шығармалары да орын алды. Мұның өзі театрлардың әр түрлі жанрдағы пьесаларды қойып, үнемі іздену жолында келе жатқанын көрсетеді. Көрермендердің эстетикалық талап-талғамын өтейтін спектакльдердің, сонымен бірге көркемдік сапасын үнемі арттырып отыру театрлар коллективінің басты мақсатына айналды. Алматы Мемлекеттік өнер институттының актерлік факультетін бітірген соң Оразбаев (1936 ж. т.) Қазақ драма театрында актер болып, комедиялық рольдерді орындаумен ерекше көзге түсті. Сонымен қатар Мағауия (Әуезов пен Соболевтің «Абайында»), Мұса (Ақышевтің «Жаяу Мұсасында»), Ескендір (М. Т. Байджиевтің «Жекпе-жегінде»), Сүйеу (Нұрпейісов пен Мәмбетовтің «Қан мен терінде»), Исабек (Айтматов пен Мұхамеджановтың «Көктөбедегі кездесуінде») т. б. рольдерді орындап, өзінің өткір мінезді актер екенін танытты. Ол көрермендерге ойнайтын кейіпкерінің психологиялық-әлеуметтік жағын баса көрсетуге ұмтылатын, сахналық бояуы мол өнерпаз ретінде танылды.

Драматург Мұхамеджановтың «Бөлтірік бөрік астында» және осы комедиядағы оқиғаны одан әрі жалғастыратын «Құдағи келіпті» пьесалары қазақ театрларының көпшілігінде қойылды. Қазақ драма театрында осы комедияны (1959) қойған реж. Мәмбетов драмалық шығарманың көркемдік-идеялық мазмұнын ашып, жүйелі ой-тұжырымын, тапқырлығын, қиял жүйріктігін танытты. Сонымен қатар спектакльдің декорациялық, музыкалық көркемдеулері де комедия табиғатына лайықты болды. Қазақ театрларының репертуарындағы комедиялық бағытты одан әрі жалғастырып, ұзақ уақыт театрлар сахнасынан түспей келе жатқан Шаңғытбаев пен Байсейітовтің «Беу, қыздар-ай!» комедиясы. Реж. Мәмбетов осы шығарманың водевильдік рухына сай шешім тауып, кұлкілі көріністерге толы спектакль (Қазақ драма театры, 1960) жасады.

1960 жылы Орал драма театры 100 жылдық мерекесін атап өтіп, осыған орай А. Н. Островскийдің «Найзағай» трагедиясын (пеж. Н. И. Лукин) сахнаға шығарды. Бүгіңгі өмірімізді суреттеп, замандас бейнесін жасауда Қ. Ә. Нұрмақанов жасаған инсценировка бойынша қазақ театрларында қойылған «Жәмила» спектаклінің өзіндік табысы бар. Мұның өзі түптеп келгенде Айтматов шығармаларының осыдан былай қарай қазақ театрлары сахнасынан тұрақты орын алуына кең жол ашты. Адам жанының сұлулығы мен кіршіксіз махаббатын жырлайтын Айтматов шығармасының поэзиялық күш-қуаты қазақ көрермендерін баурап алды. Ұлттық театрлар қазіргі өмірімізді суреттеп, замандастарымыздың бейнесін жасауда тынбай ізденіп, айтарлықтай творчестволық табыстарға жетті. Әсіресе Қазақ драма театрының осы бағыттағы аса елеулі еңбегінің бірі - Ахтановтың драмасы негізінде қойылған «Сәуле» (1961) спектаклі. Бөкеева жасаған Сәуле бейнесі психологиялық жоспарда шешім тапты. Театр сахнасына қойылған «Сәуле» спектаклі еліміздің өмірінде болып жатқан үлкен өзгерістерді, замандастарымыздың жарқын бейнесін жасаудағы сәтті творчестволық қадам болды. Спектакльді қойған реж. Жандарбеков пен Мадиевский пьесаның өзекті ой-идеясын, яғни қоғам өміріндегі жаңа батыл көзқарасты, халық мүддесі үшін күрескен азаматтық үнді беруге ұмтылды.

1962 жылы Алматыда ерікті творчестволық ұйым -Қазақ театр қоғамы ұйымдасты. Профессионалды театрлар мен көркемөнерпаздар үйірмелерінің жан-жақты өсіп өркендеуіне творчестволық көмек көрсету осы ұйымның негізгі міндеті болып табылады. Ол актерлер, режиссерлер, театр сыншылары мен суретшілері, халық театрлары, әлеуметтік-тұрмыстық және сахна ардагерлері жөніндегі секцияларды біріктірді. Қазақ театр қоғамының театрға қажетті киім-кешектер, бутафория мен жарнамалар жасап шығаратын комбинаты, облыс орталықтарында бөлімшелері, баспасөз органы («Хабаршы» әр тоқсанда шығып тұрады) бар. 1962, 1966, 1970 және 1974 жылыҚазақ театр қоғамының съездері болып өтті. 1961-1965 жылдар Ю. Б. Померанцев, Ким Дин, Ли Хам Дек, Орел, Шашкина, К. А. Струнина, З. I. Сүлейменова. Төлеков пен Әбдірахманова Қаз. ССР халық артисі, ал Бөкеева СССР халық артисі деген құрметті атаққа ие болды.

Қазақ драма театрының 60 жылдардың басындағы күрделі жұмысының бірі - Әуезов пен Соболевтің трагедиясы бойынша қойылған «Абай» постановкасы. Реж. Мәмбетов тұрмыс-салттық элементтерден, этнографиялық дәлдіктерден мүлдем бас тартып, трагедияны ұтымды табылған тұтас сахналық әдіс арқылы шартты түрде шешті. Мұндай режиссерлік шешім көп көріністі трагедия оқиғасының үзіліссіз әрі жинақты дамуына, кейіпкерлер тағдырынын шиеленіскеп тартыс үстінде ашылуына қолайлы жағдай туғызды. Осыған қоса айналмалы сахна алаңын және сахна төріндегі шымылдықты, жарықты сәтті пайдаланудан режиссура спектакль ауқымын кеңейте түсті. Сонымен бірге ақынның өз өлеңдері мен әндерін өте орынды пайдалану арқылы режиссура шын мәніндегі көркемдік жинақтылыққа, сахналық айқындыққа, философиялық топшылауға көтерілді. Режиссер «Абай» трагедиясының қазақ сахнасында бұрыннан келе жатқан дәстүрлі басталуының орнына ақынның төрт жол өлеңін экспозиция есебінде пайдаланды. «Татьяна» әнінің әуенімен шымылдық жайлап ашылған соң - «Жүрегімнің түбіне терең бойла...» деген өлең жолдарынан кейін Абай сахнаның төріндегі биік алаңнан авансценаға дейін тартылған жол арқылы халықпен араласып кетуі және сол жолмен күреске қайта шығуы трагедия мазмұнын терең ұғудан туған режиссерлік шешім болды. Спектакльдің музыкалық және декорациялық көркемделуі де режиссерлік ой-тұжырымға сай туды. Бұл жолы Абай ролінде Ноғайбаев ойнады. Оның орындауындағы Абай кесек тұлға болып шықты. Актер замана тағдырын, ел өмірінің ауыртпалығын арқалаған халық ұлын бейнеледі; сөйтіп халқы мен елі үшіп күрескен ұлы ақынның жинақты тұлғасын жасады. Ноғайбаев аға буын актерлердің өнер жолы мен дәстүрін, сахналық тәжірибесін өзінің актерлік шеберлігімен ұштастыра білді. Сондықтан да ол жасаған Абай бейнесінен қалың көрермендер үлкен күрескер, ойлы ақын, ағартушы-философ, жалпы ұлы адам характерінің көп сырларыи таныды. Спектакльде көптеген ұмытылмас сахналық образдар галереясы жасалды. Олардың қатарында Қожамқулов пен Сәлменовтің Баймағамбет, Сыздықовтың Долгов, Қармысовтың Керім, Әділшіновтің Тәкежан, Жандарбекованың Ажар Бөкееваның Әйгерім, Римованың Зейнеп, Сейтметовтің Әбдірахмап, Оразбаевтың Мағауия, Тасыбекованың Мағыш рольдерін атауға болады. Мадиевский режиссурасымен осы «Абай» трагедиясы Республикалық орыс драма театрында да (1968) койылып, оған Ю. Б. Померанцев (Абай), Харламова (Еркежан), Диордиев (Тәкежан) т. б. актерлер қатысып ойнады. Он күндіктен кейін Қазақ драма театрының труппасы алғаш рет гастрольдік сапармен Москвада (1962) болып, Кремль театры сахнасынан Әуезов пен Соболевтің «Абай», Ахтановтың «Сәуле» және Лопе де Веганың «Қызғаныштан махаббат» спектаклін көрсетті.

Театрлар репертуарынан өз орнын ала алмай келген Әуезовтің «Айман - Шолпан», «Қаракөз» (1960) және «Қара қыпшақ Қобыландысы» (Қазақ драма театры, 1967), Майлиннің «Шұға» (Семей драма театры, 1960), «Майдан» (1965) және «Неке қияры» (1971), Тәжібаевтың «Халқым туралы аңызы» (1965) мен «Майрасы» (Қазақ драма театры, 1969), Мүсіреповтің «Аманкелдісі» (Қарағанды драма театры, 1966). Шаннинің «Айдарбек» пен «Торсықбайы» (Қазақ драма театры, 1971), Сейфуллиннін «Қызыл сұңқарлары» (Қазақтың балалар мен жас өспірімдер театры, 1976) сияқты драмалық шығармалардың біраз жылдарды артқа салып барып қайта оралуы ұлттық театр өнері тарихында елеулі оқиға болды. Семей драма театрында «Қаракөз» трагедиясын қойған (1959) реж. Омаров драмалық шығарманың поэзиялық сипатын, көбіне ұлттық бояуын айқынырақ ашуға ден қойса, реж. Мен Дон Ук өз спектаклін бейнелі коріністерге (Жамбыл драма театры, 1960; Қызылорда драма театры, 1962) құрды. Ал реж. Мадиевский (Қазақ драма театры, 1963) мен И. Ф. Ким (Республикалық корей музыкалы драма театры, 1968) негізінен трагедияның әлеуметтік-күрескерлік идеясын ашуды мақсат етті. Сонымен «Қаракөз» трагедиясын қоюда әрбір режиссер өзіндік сахналық тың шешімдер табуға ұмтылды. Бұлар қойған спектакльдерге Иісова, Бағысова, Шәріпова-Досанова, М. Пак (Қаракөз), Жаңбырбаев, С. Рақышев, Жантөрин мен Ш. Ә. Мусин, Э. Тен (Сырым), Саурықов, Сүртібаев пен Сүлейменов, В. Ким (Нарша), Майқанова, Цой Бон До (Мөржан) т. б. сахна шеберлері қатысып, кызғылықты мінез-кейіптер жасадьт. Мәмбетовтің режиссурасымен қойылған «Айман - Шолпан» шын мәнінде комедиялық шешім тауып, Қазақ драма театрындағы табысты спектакльдер қатарына қосылды. Режиссер жеке рольдермен қатар, көпшілік қатысатын көріністерге де көп көңіл бөлді. Мыс., осы спектакльде халықтың ойын-сауығы (қыз қуу) орынды пайдаланылды. Бұдан кейінгі жылдары қойылған Тәжібаевтың «Көңілдестер» (Гурьев драма театры,Шымкент драма театры) мен «Той болардасы» (Семей драма театры, 1963), Ахтановтың «Бораны» (1966) мен «Күтпеген кездесуі» (1970), З. Қабдоловтың «Сөнбейтін оты», Таразидің «Күлмейтінкомедиясы» (1967) мен «Жолы болғыш жігіті» (Қазақ драма театры, 1973) театрлар коллективінің бүгінгі өмірімізді бейнелейтін спектакльдер қою жолындағы творчестволық ізденістерін байқатты.

Қазақ драма театрының 60 жылдардағы зор жетістігіне Айтматовтың «Құс жолы» повесі негізінде (сахналық жүйесін жасаған реж. Б. А. Львов-Анохин) қойылған «Ана - Жер-ана» спектаклі жатады. Әсіресе реж. Мәмбетов инсценировка қиындықтарын жеңіп, өзіпдік сахналық шешім, терең де қызықты режиссерлік ой жүйесін жүзеге асыратын ұтымды түр, бейнелеу тәсілдеріп улкен суреткерге тән шеберлікпен таба білді. Повесть оқиғалары сахнада драмалық әрекетке құрылып, логикалық тұрғыда дамыды. Сахнадағы өмір көріністері пегізінен спектакльдің орталық кейіпкері Толғанай мен Жер-ана арасындағы философиялық ойға толы диалогтарға құрылды. Режиссер сонымен бірге спектакльдің көп көріністерін контрасты шешімдерге құрумен оқиға желісін, драмалық тартысын шиеленістіріп, кейіпкерлердің әрекет-қимылын, жалпы спектакль драматизмін күшейте түсті. Толғанай омірінен сыр шертетін күрделі де трагедиялық оқиғалардың сахнада аса қою берілуі бүкіл спектакльдің драмалық бояуын арттырып, адам характерлеріпің сыр-сипатының толық ашылуына әрі жипақты болып шығуына игі әсер етті. Майқанова мен Шәріпова жасаған Толғанай шытырман өмірдің адам айтқысыз небір қиындықтарына мойымай, бүкіл дүниеге адам құдіретін паш еткен қайсар жанпың сом тұлғасына айналды. Олар өздеріне тән актерлік ерекшелігіне қарай әрқайсысы өзіндік сахналық тұлға жасады. Майқанова Толғанайдың басынан кешіретін өмір ауыртпалығын, трагедиялық толғаныстарын, тіпті аналық қуанышы мен сүйінішін де ірі жоспарда алып, айқын көрсететін болса, Шәріпованың Толғанайы осының барлығын ішкі сезім дүниесімен қабылдайды. Сондай-ақ Римова (Жер-ана), Ноғайбаев пен М. Мұраталиев (Сұбанқұл), Мышбаева мен Тасыбекова (Әлиман) тағы басқалар ойнады. «Ана - Жер-ана» режиссердің, актерлердің, суретшінің (Ненашев) және композитордың (Ғ. А. Жұбанова) өзара нағыз творчестволық ой бірлігінен туған, көркемдік тұтастыққа жеткен спектакль болды. 1966 жылыҚазақ драма театрының труппасы Москвада болып, «Ана - Жер-ана» спектаклін Кремль театрында қойды. «Ана - Жер-ана» спектакліне қатысушылардың бір тобы (реж. Мәмбетов, суретші Ненашев және орындаушылар Майқанова, Шәріпова, Римова) 1967 жылыҚазақ ССР Мемлекеттік сыйлығына ие болды. Актерлік өнер жолын оқып жүрген кезінен бастаған Әшімов (1937 ж. т.) 1961-1963 жылдар «Қазақфильм» студиясында киноактер болып, бірқатар фильмдерге қатысып ойнады. 1964 жылдан Қазақ драма театрының құрамында қызмет етіп келе жатқан Әшімов Әуезовтің «Еңлік - Кебегі» мен «Қара қыпшақ Қобыландысында» Кебек пен Шуақ, Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш - Баян сұлуында» Қозы менҚодар, Фриштің «Дон Жуанның думанында» Дон Жуан, Мұхамеджановтың «Жат елдесінде» Асан, Нұрпейісов пен Мәмбетовтің «Қан мен терінде» Еламан, Айтматов пен Мұхамеджановтың «Көктобедегі кездесуінде» Өсіпбай сияқты әр алуан сахналық мінез-кейіптерді жасап, өзінің өткір мінезді рольдерге, пластикалық қимыл-қозғалысқа ден қоятын, қызу қанды сахна суреткері екенін байқатты.

Ағылшын халқының ұлы драматургы Шекспирдің туғанына 400 жыл толу мерекесімен орай 1964 жылыҚазақстан театрларында оның «Отелло» (Қазақ драма театры, Қостанай драма театры), «Король Лир» (Республикалық орыс драма театры мен Қарағанды драма театры), «Ромео мен Джульетта» (Павлодар драма театры) трагедиялары және «Асауға тұсау» комедиясы (Шымкент драма театры) қойылды. Қазақ драма театрында қойылған «Отелло» спектаклінде (реж. Мадиевский) Айманов пен Ноғайбаев Отелло, Жандарбекова мен Шәріпова-Досанова Дездемона, Жантөрин Яго ролін орындады. Осы жылы СССР халық артисі Айманов Лондонда өткен Шекспирдің туғанына 400 жыл толуына арналған мерекелік жиынға қатысты. А. П. Штейннің «Толас» спектаклін (реж. Б. Н. Виноградов) қоюмен 1965 ж. Ақтөбеде орыс драма театры жұмыс істей бастады. Сондай-ақ осы жылдың жазында Москваның Көркем академиялық театрының труппасы гастрольдік сапармен Алматыда болып, таңдаулы спектальдерін көрсетті. Қазақ театр студиясын бітіргеннен кейін Молдабеков (1938 ж. т.) алғашында Қарағанды драма театрында, ал 1965 жылдан Қазақ драма театрында қызмет етіп, Әуезовтің «Қара қыпшақ Қобыландысында» Кобыланды, Әуезов пен Соболевтің «Абайында» Керім, Нұрпейісов пен Мәмбетовтің «Қан мен терінде» Тәңірберген, Айтматов пен Мұхамеджановтың «Көктөбедегі кездесуінде» Мәмбет және Ричард III (Шекспирдің осы аттас трагедиясында) секілді күрделі сахналық мінез-кейіптер жасады. Отты қызулық, айқындық - оның актерлік өнеріне тән қасиет.

Ленин комсомолының лайықты мүшесі, ардагер азамат Ғани Мұратбаевтың өнегелі өмірін драматург Хұсайынов «Алғашқы ұшқындар» атты драмалық шығармасына арқау етті. Ғанидың жаңа қоғам жауларымен бітіспес күресі осы тарихи-ғұмырнамалық драманың өзекті ой-идеясына айналды. Бұл ой Қазақтың балалар мен жас өспірімдер театрында Мен Дон Ук режиссурасымен қойылған «Алғашқы ұшқындар» спектаклінің де өн бойынан отеді. Режиссер драма кейіпкерлері арасындағы тартысты кең мағынада, яғни айтканда таптар таптысы деп дұрыс түсінді. Осыған орай драмадағы оқиға көріністеріп бейнелейтін шартты сахналық тәсілдерді молынан қолдана отырып, режиссура спектакльді жастар маршы түрінде шешті. Суретші Д. Т. Сүлеев пен композитор М. Қойшыбаевтың декорациялық-музыкалық көркемдеулері де режиссер ойымен толық үндестік тапты. Театр коллективі өз атына лайық спектакль жасады Кешегі дауылды жылдардағы аштықты, жоқшылықты бастан өткерген жастардың қиын өмірін көрсету арқылы театр бүгінгі жас көрермендерге ой тастады. Сол бір жастарды бірлікке, білімге, күреске шақырған Ғанидың сахналық тұлғасын жас актер А. Кенжеков жасады. 1966 жылы осы «Алғашқы ұшқындар» спектакліне Қазақстаң ЛКСМ атындағы сыйлық берілді.

Шашкиннің «Ақын жүрегі» спектаклінде (Қазақ драма театры, 1965) реж. В. С. Пұсырманов адамның борыш пен сезім арасындағы қат-қабат күресін ашуды көздеді. Мұның өзі адамның ішкі он арпалысы, сезім таласы, күмәндануы арқылы шешіледі. Осындай психологиялық жоспардағы спектакльге суретші Сүлеев жасаған декорациялық жасау-жиһаздар да сай келді. Режиссер мен суретші көрермендерді ең алдымен жалаң эффектіге құрылған сахналық жасауларға емес, адамның ішкі жан дүниесіне, шытырман ой тартысына көңіл аударту жағын қарастырды. Сонымен қатар Қазақ драма театрында реж. Пұсырманов қойғап Назым Хикметтің «Елеусіз қалған есіл ер» спектаклін (1965) көрермендер кезінде жылы қабылдады. Драманың көркем-идеялық мазмұнын тереңірек ашып жеткізуде режиссердің қолданған әдіс-тәсілдері (сахнада жылжымалы станоктарды пайдалану) мен ұтымды мизансценалары спектакль табиғатына үйлесімді болды. Буржуазиялық мораль мен психология устемдік құрған қоғам өмірі сахнада шынайы копініс тапты. Қазақ драма театрында 1966 жылы Мен Дон Ук режиссурасымен жапон халкының прогресшіл қаламгері Моримото Каорудың тұрмыстық, лирика-философиялық сарында жазылған «Шығыстағы бір бейбақ» атты психологиялық драмасы қойылды. Аталмыш драмадағы негізгі тартыс бір семья адамдарының өмірге деген әр қилы көзқарасы мен өмірлік мұраттары арасындағы келіспеушілікке саяды. Бірақ режиссер «Шығыстағы бір бейбақты» жай семьялық мелодрама ретінде емес, оны әлеуметтік-философиялық мәні үлкен спектакль етіп қоя білді. Режиссер спектакльде Цуцуми сауда сарайының кақпасын ашып жабудың өзінде мәні бар шартты штрихтар қолданды. Тіпті, ол өз тұсынан драмада жоқ режиссерлік ой-қиялдан, туған кезбе әншінің бейнесіп енгізді. Мұның өзі спектакльдің әлеуметтік ой-мазмұнын ашып өткірлей түсті. Семья басы - жесір әйел Цуцуми сауда сарайыпың қожасы Сидзе ханымның рөлін Бокеева және Римова орындады. Алғашқы орындаушының ойынында аналық сезімді ақтау басым болса, кейінгі орындаушы Сидзені ұстамды, шын мәнінде тәкаппар ханым, ыстық сезімнің емес, керісінше қаталдық пен іскер ақылдылықтың иесі етіп бейнеледі. Спектакльдің негізгі тоғысар ой-тамыры Нунобике Кей бейнесімен тығыз байланысты. Спектакльдегі барлық оқиға, басты тартыс осы Кей төңірегінде өрбіп дамиды. Осындай сахналық міндеті күрделі Кей бейнесін жасауда Жандарбекова мен Шәріпова актерлік шеберлігімен ерекше көзге түсті. Кей бойындағы қым-қиғаш сезім сәттерін шебер ойынымен жарқырата ашқан Жандарбекова өз қаһарманын алғыр, қайсар әрі іскер жан кейпінде кескіндеді. Ал Шәріпова капиталистік қоғамның негізінде туған үрей мен қаталдықты өмір серігі еткен Кейдің азапты жан тебіренісін, трагедиялық тағдырын көпшілік-көрерменге нанымды, шебер жеткізді. Сондай-ақ режиссер енгізген кезбе әншінің сахналық кейпін актер Оразбаев та әдемі, көңілге қонымды етіп ойнады. Халықтың арман-мұңын, ой-мұратын арқалаған кезбе әншінің әрбір көрініс оқиғасына сай жүріс-тұрысы, әрекет-қимылы меп жапон тілінде айтатын ән-монологы спектакль рухына лайықты атмосфера тудырып отырды. «Шығыстағы бір бейбак» спектаклі Қазақ драма театрының аударма пьесаларды игерудегі зор табысын айқындады. Осы жылы тұңғыш рет Қазақ драма театрының жанынан қазақ театр музейі (Орталық музейдің филиалы) ұйымдастырылды. Мұнда осы театрдың туып қалыптасу, өсіп өркендеу жолдарып, актерлер мен режиссерлердің, театр суретшілерінің творчествосы, сахна өнері тарихында өшпес із қалдырған спектакльдер көрінісін бейнелейтін әр түрлі экспонаттар (спектакль программасы мен жарнамалар, макеттер, театр шежіресіне байланысты документтер мен іс қағаздары, суреттер мен бутафориялық заттар, белгілі сахна шеберлері пайдаланған киім-кешектер, спектальдер жайлы баспасөзде жарияланған мақала-рецензиялар т. б.) сақталады. Осы секілді музей Республикалық орыс драма театрының (1972), сонымен қатар облыстық театрлар (Гурьев, Жамбыл т. б.) жанынан да құрылды.

Алматыда (Қазақ драма театры мен Республикалық орыс драма театры), Гурьевте, Жамбылда, Қарағандыда, Петропавлда, Шымкентте драма театрларының жаңа ғимараттары тұрғызылды. Қостанай, Павлодар, Орал мен Целиноград драма театрларының бұрыңғы үйлері кеңейтіліп жаңаланды; жалпы театрлардың материалдық-техникалық базасы нығайды. Қазақстан театрлары Ташкент, Фрунзе, Ленинград, Қазан, Уфа, Нүкіс, Душанбе, Барнаул, Кемерово, Кузнецк т. б. қалаларда гастрольде болып, өнер көрсетті. 1962 жылдан Қазақстанда өзбек, татар, түріқмен, орыс, украин, армян, тәжік, қарақалпақ әдебиеті мен өнерінің апталықтары өтті.

Бұл жылдары облыс драма театрлары да актерлік және режиссерлік өнер шеберлігіне, репертуарлық қорын саяси-әлеуметтік ой-мазмұны жоғары әрі күрделі, тың туындылармен молайтып отыру мәселесіне ерекше ден қойды. Солардың қатарынап, әсіресе, Қызылорда драма театрында Вишневскийдің «Оптимистік трагедиясының» алғаш рет қойылып (1966), қазақ көрермендерінің назарына ұсынылуы өте қуанарлық, айтарлықтай жай болды. Осы спектакльде өзінің бүкіл өмір-тағдырын, қуат-жігерін еңбекші халықтың жарқып келешегі жолында сарп еткен Комиссардың сахналық тұлғасын Бәкірова мүсіндеді. Актерлер коллективі және спектакльді қойған реж. М. Байсеркенов трагедияның көркем-иеялық мазмұнын шама-шарқына қарай сәтті атпа білді. Спектакль режиссурасы ұстанған бағыт көтеріңкі романтикалық саз болды. Мұның өзі актерлер ойынынан да, сондай-ақ спектакльдің сахналық жасауларынан да анық байқалды. Окт. революциясының 60 жылдығына айналып қойылғап осы спектакль 1967 жылы Қазақстан ВЛКСМ атындағы сыйлыққа ие болды. 60 жылдардың ортасында идеялық және көркемдік дәрежесі әр алуан спектакльдер қоюмен Павлодар драма театры да сахна өнеріндегі өзіндік ұстанған бағыт-бағдары айқын, ізденіс-талпынысы бар, болашағынан көп үміт күттіреп серпіні мол қабілетті коллективтің бірі екенін байкатты. Бұған Арбузовтың «Таң шапағындағы шаһар» мен «Иркутск хиқаясы», Ф. М. Достоевскийдің «Ағайынды Карамазовтары» секілді спектакльдері, олардың батыл да өткір режиссерлік шешім табудағы амал-тәсілдері мен әрбір кейіпкердің жүрек пернесін дөп басқан актерлік трактовканың мөлдір сыр төгуі толық дәлел. Театр труппасы Павлодар қаласынын шеңберінде шектеліп қалмай тың өлкелеріп де аралап онер көрсетті. Театр репертуарындағы құнды туындылардың бірі - «Ағайынды Карамазовтар» романының инсценировкасы бойынша реж. В. Н. Кузенков қойған спектакль. Режиссер жазушының діни көзқарастарынан гөрі, оның тұнық, сұлу арманға толы философиялық ой-толғамдарын терең, түбегейлі ашуға деп қойды. Осыған орай режиссерлік екеін ағайынды Карамазовтардың қайғылы тағдырына емес, негізінен олардың қоғамдық орта, запыран өмір-тұрмыс жайлы ой қозғалысына, ең бастысы жазықсыз жапа шеккен Дмитрий Карамазов пен Грушенька арасында кеш оянған махаббаттық сезімге ойысады. Осыдан барып режиссерлік түпкі ой жеке қаһармандар тағдыры мен қалың халықтың ащы, азалы өмір-тіршілігін беруді мақсат тұтты. Спектакльді қоюшы Кузенков осы мақсатын және әрбір қаһарманның болмыс-мінезін, ішкі шиыршық атқан ой толғаныстарып, жан сезімін көрермендерге жарқырата ашып жеткізу үшін сахналық көрініс сайын бір дірілмен жүрек қылын шертер орыс халқының аса мұңды ән-сазын мол пайдаланды. Республикалық театр өнері шежіресінде «Ағайынды Карамазовтар» режиссер мен суретшінің (Л. С. Столярова) және актерлер коллективінің творчестволық іздену, өсу жолын айқындаған көркем сахналық туынды болып қалды. Театр спектакльдерін 1967 жылы Москва, ал 1968 жылы Алматы корермендері тамашалады.

1966 жылы Қазақ драма театрының 40 жылдық және Қазақтың балалар мен жас өспірімдер театрының 20 жылдық творчествосын кеңінен атап өту республиканың мәдени өмірінде елеулі оқиғалардың біріне айналды. Үкімет пен партия социалистік реализм принциптерін басшылыққа ала отырып, өз сахнасында көрермендер көңілінен шыққан құнды спектакльдер қойған театр коллективтерінің еңбегін аса жоғары бағалады. Осыған орай Жанторин, Мусин, Ноғайбаев, Римова, Шәріпова-Досанова, Ә. Е. Өмірзақова,O.А. Решетниченко сынды осы театрлардың жетекші актерлерімен қатарP.С. Тілахунова, Л. П. Кюп, Сәкиев Қазақ ССР халық артисі деген құрметті атаққа пе болды. 60-70 жылдары Москвадағы Мемлекеттік театр өнері институтының (Қамбаров, С. Елеусізов, Е. Қ. Тәпенов), Ташкент театр-көркемсурет институтының (Р. М. Шарафутдинова, Ж. Есенбеков) және Алматы өнер (қазіргі Алматы театр көркемсуретты) институтының (Байсеркенов, Е. П. Обаев, Қ. Р. Жетпісбаев, Ж. Омаров, Т. Өтебаев, Пұсырманов, Д. А. Садырова, Ә. Құлданов, С. Е. Асылханов, Ш. Шабаев т. б.) режиссерлік акультетін бітірген маман режиссерлер келіп қосылды.

Әуезов, Майлин, Мүсірепов новеллаларының негізінде жазылған Жүнісовтің «Ажар мен ажал» атты драмасы реж. Жетпісбаевтың қоюымен 1967 жылы Қазақ драма театрының репертуарынан бой көрсетті. Режиссер пьесаны сахнаға қоюда көп ізденіп, өзінше сахналық тың шешім табуға тырысты. Революциядан бұрынғы зорлыққа, мазаққа ұшыраған Ажар секілді қазақ қызының еріксіз, тауқыметі мол бұралаң өмір жолы және еңбекші халыққа азаттық таңы атқаннан кейінгі жаңа өмірден оның өз бақытын тауып, биік белеске көтерілуі осы спектакльдің негізгі оқиға желісін құрайды. Спектакльде Ажар тұлғасы Жандарбекова мен Шәріпова-Досанова орындауында басқа кейіпкерлерден әлдеқайда биік те, күрделі болып шықты. Орындаушылар Ажардың сахналық бейнесін өз шеберліктерінің мүмкіндіктеріне қарай шешті. Жандарбекова Ажар өміріндегі драмалық жайларды баса көрсетуге ден қойса, Шәріпова-Досанова ойынында әйелге тән нәзіктік, ішкі жан сезімінің иірімдерін лирикалық бояуда беруге ұмтылушылық басым болды. Бұл драма сонымен бірге Қарағанды (1968), Шымкент (1969) және Қостанай (1970) т. б. жергілікті драма театрларында да қойылды. Тарихи-революциялық тақырыпты одан әрі өрістетіп отырып, театрлар Шатровтың «Алтыншы июлі» (1965) мен «Большевиктерін» (Республикалық орыс драма театры, 1969), Мүсіреповтің «Аманкелдісін» (1966) және Мұстафин мен К. Әлімбековтің «Асудан асқандасын» (Қарағанды драма театры, 1969), Треневтің «Любовь Яроваясын» (Қостанай драма театры, 1967) т. б. спектакльдерді сахнаға шығарды. 1967 жылы «Алтыншы июль» спектакліне (реж. Мадиевский, суретші В. А. Семиозоров және орындаушылар П. А. Дубовцев, Померанцев, Л. М. Ярошенко) Қазақ ССР Мемлекттік сыйлығы берілді.

Қазақ драма театрында Мұхамеджановтың психологиялық драмасы негізінде қойылған «Жат елде» спектаклінің (1968) оқиғасы кешегі соғыста туған Отан-анасын сатқан Құрбан, Асан, Жұман, Кәрім, Бекмырза секілді опасыз жандардың жау арасында өткізген екінші өмір-тағдырларын, берекесіз іс-әрекеті мен мүшкіл халін көрсетуге құрылды. Олардың өз отаны алдындағы зор қылмысып, шет жерде кешкен күйкі, сергелдең өмір-тіршілігін көрермендерге бейнелі сахналық тілмен ашып жеткізуде осы спектакльді қоюға Москвадан арнайы шақырылған реж. М. М. Новохижинның мен суретші Б. И. Волковтың еңбегі айрықша болды. Режиссер ұлттық бояуларды (күй сарыны, кісінеген жылқы үш т. б.) орынды пайдалану арқылы драманың көркем-идеялық мазмұнын тереңірек ашуға ұмтылды; сөйтіп ол туған жері мен елін сүюге тәрбиелейтін саяси-әлеуметтік мәні үлкен, нағыз патриоттық рухтағы спектакль етіп қоя білді. Әсіресе осы спектакльде Ноғайбаев Құрбанның опасыздығымен қоса ірі қайрат песі екендігін, Әшімов Асанның ішкі жан азабы мен рухани күйреуін, Қармысов Уәли Хасанның белгілі бір жағдайға қарай құбылып отыруын психологиялық тұрғыда нанымды бейнелеумен күрделі сахналық мінез-кейіптер жасады. Отаншылдық пен патриоттық рухқа үндейтіп «Жат елде» спектаклінің ой-тақырыбымен тамырласып жатқан сахналық туындылар қатарынан Тәжібаевтың «Қыз бен солдатын» (Қазақтың балалар мен жас өспірімдер театры, 1967) және Куприяновтың «Вьетнам жұлдызын» ерекше атауға болады. Қысылтаяқ кезеңде қолына орақ пен мылтықты қатар ұстап, Отанын, қасиетті туған топырағын жаудан қорғаған вьетнам халқының ер жүрек ұл-қыздарының патриоттық күрес жолып баяндайтып «Вьетнам жұлдызы» Мәмбетов режиссурасымен 1968 ж. Қазақ драма театрында қойылды. Мәмбетов вьетнам халқының өзіне тәп тұрмыс тіршілігін, олардың бейбіт еңбек пен ерлікке толы өмір ортасы мен табиғатын және әрбір кейіпкерлердің болмыс бітімін, мінез ерекшелігін даралап көрсетуде режиссерлік ой-қиялының байлығын байқатты. Шәріпова соғыс апатына ұшыраған елімен, туған әке-шешесімен бірге азапты өмір кешкен вьетнам қызы Хиеннің мінез табиғатындағы адамгершілік, адалдық, ерлік, тапқырлық сияқты асыл қасиеттерді өрнекті сахналық ойынымен жарқырата ашып корсетті. Актрисаның шебер ойыны нәтижесінде Хиен шын мәнінде спектакльдің орталық қаһарманына айналды. Қазақ драма театрының труппасы 1969 жылы Москваға барған гастрольдік сапарында Әуезовтің «Қара қыпшақ Қобыланды», Мұхамеджановтың «Жат елде», Куприяновтың «Вьетнам жұлдызы» мен Фрицтің «Дон Жуанның думаны» спектаклін көрсетіп, астаналық көрермендердің ілтипатына бөленді.

Қазақтың балалар мен жас өспірімдер театрының труппасы Б. Брехттің «Әйдік апай және оның балалары» атты драмасын қоюда (1968) үлкен творчестволық батылдық көрсетті. Жан дүниесі қайшылыққа толы Әйдік апайдың сахналық тұлғасын жасауда С. Е. Саттарова мен Өмірзақова жан-жакты ізденіп, көп еңбектенді. Саттарова өз ойынын аналық жүрек пен ашкөз пайдакүнемдіктің іштей тартысына құрды. Оның орындауында Әйдік апай ер тұлғалы, өжет мінезді әйел болып шықты. Ал Өмірзақованың Әйдік апайы соғыста олжа табуды емес, балаларының қамын көбірек ойлайтын, ең соңында аңыраған ана, балаларынан қапыда айырылған жан кейпінде өз бейнесін тапты. Спектакльде сахналық шешімін тапқан кейіпкердің бірі - тағдыр мазағына ұшыраған, өмірі аса қайғылы мылқау, мүсәпір қыз Катрин. Ешқандай сөзі жоқ, сахналық бояуы күрделі, мүгедек жайның ішкі сезім дүниесін, күйініш-арпалысын, сондай-ақ балғын жастың батырлыққа дейінгі эволюциялық өсуін К. X. Мұраталиева әсерлі бейнеледі. Совет театрының озық дәстүрлі режиссурасына сүйенген Мен Дон Ук спектальде психологиялық бояу-өрнекті молынан қолданды. Режиссура бұл драманың басқа театрларда қойылған сахналық шешімін қайталамауға тырысты. Осыған орай драмадағы негізгі оқиға-әрекетке, оның тез өріліп, дамуына қатысы шамалы деген кейбір жеңіл коріністерді ықшамдай отырып, режиссура бас-аяғы жинақты, тұжырымды спектакль жасауға ұмтылды. Шымылдық орнына пайдаланған ауыр, орта ғасырлық қақпаның екі жауынгер күшімен ақырын ашылып-жабылуының өзі осы ойды анықтай түсті.

Ұлы пролетариат жазушысы Горькийдің туғанына жүз жыл толуына арнап Қазақ драма театрының творчестволық коллективі 1968 жылы оның аса күрделі «Күннен туғандар» атты пьесасын сахнаға шығарды. Қазақ театрлары бұдан бұрын өз сахнасында жазылғаның «Васса Железнова» (1938), «Шыңырау түбінде» (1946, 1976), «Тоғышарлап». «Егор Булычов және басқалар» (1954) мен «Зыковтар» (1958) атты көпшілікке кеңінен танымал драмалық шығармаларын қойған болатын. Режиссерлік пен актерлік шешімдері әр қилы дәрежеде болғанымен, осы пьесалар негізінде қойылған спектакльдер қазақ актерлерінің шеберлік мүмкіндіктерін ашып шыңдауда нағыз онер мектебі болғаны даусыз. «Күннен туғандар» пьесасы- 1905 жылғы «қанды жексенбі» оқиғасынан кейінгі жазған шығармасы. Горький интеллигенцияның халықтан қол үзұін осы пьесаның негізгі тақырыбы етумен қатар, жазұшы олардың қоғамдық ортада өтіп жатқан тарихи-әлеуметтік қозғалыстарды көрмей, жалған иллюзиялық тіршілікті аңсаған арманшыл, сарыуайымшыл, харакетсіз философиясын шенеді. Реж. А. К. Өтегенов осы ойды негізге ала отырып, «Күннен туғандар» спектаклінде әлеуметтік, философиялық және этикалық мәселелерді барынша тепең ашуға ұмтылды. Осыған орай ол шығарманың негізгі ойын жеткізуде үнсіз үзілістерді көбірек қолданды. Пьесаның бас қаһарманы химик-ғалым Павел Протасов ролінде Сүртібаев ойнады. Ол Протасовты интеллигенттық арасынан шыққан жаны таза, ғылым жолына бүкіл жан-тәнімен берілген сәби мінезді адам кейпінде бейнелей отырып, оның қиял сағымдарын да әшкереледі. Республикалық орыс драма театры Горькийдің «Егор Булычов және басқалары» драмасын (реж. Диордиев) қойды. Гастрольдік сапармен осы жылы Қазақстанда Ленинград Комедия театры, Москвадағы «Ромэн» цыган театры мен Орынбордың музыкалы комедия театры, ал Москвада Республикалық орыс драма театры өнер көрсетті.

Шымкент облысының Жетісай қаласындағы халық театрының негізінде (1968) құрылған музыкалы драма театры 1969 жылы 18 қаңтарда Майлиннің «Жалбырымен» тұңғыш рет шымылдық ашты. Алғашқыда театр труппасына реж. Қ. Ә. Шанин жетекшілік етті, ал 1969 жылдан театрдың бас реж. А. Оңалбаев болды. Бұл 1971 жылдан Жетісай қазақ музыкалы драма театры деген атпен белгілі. Театрда Байсейітов пен Шаңғытбаевтың «Бөу, қыздар-айы» мен «Ақсақал аң-таң», Ақышевтің «Жаяу Мұсасы», С. Адамбековтің «Аюбайдың ажалы», Б. Соқпақбаевтың «Менің атым Қожасы», Жүнісовтің «Жаралы гүлдері», С. Шаймерденовтің «Әнім сен едің» және Қ. Тұрсынқұловтың «Кәпірзада оқиғасы» т. б. жазушылардың драмалық шығармалары қойылды. 60 жылдардың 2-жартысынан бастап Москваның, Ленинградтың алдыңғы қатарлы театрларымен қатар туысқан республикалардың танымал театр коллективтерінің Қазақстанға келіп, өнер көрсетуі игі дәстүрге айналды. Бұлардың санатынан Ленинградтың Үлкен драма театры (1970,1979), А.С.Пушкин атындағы академиялық драма театры (1971), В. Ф. Комиссаржевская атындағы драма театры (1976), Москваның Кіші театры (1969), «Современник» театры (1970), В. В. Маяковский атындағы драма театры (1971), А. С. Пушкин атындағы драма театры, Моссовет атындағы театры (1972), Таганканың драма және комедия театры, Совет Армиясының Орталық театры, Сатира театры (1973), өзбек пен кырғыздың музыкалы драма театры (1972-1973),Татар драма театры (1972, 1979) мен Башқұрт драма театры (1978) секілді т. б. театр коллективтерін айрықша атауға болады. Сонымен қатар гастрольдік сапар бойынша Қазақ драма театры Москвада (1973), ал Республикалық орыс драма театры Фрунзеде (1973) және Москвада (1974) өнер толған, корермендердің зор ілтипатына бөленді.

Тарихи және тарихи-ғумырнамалық тақырыпты қозғағап бірқатар жаңа драмалық туындылар өмірге келді. Бұл шығармаларда қазақ халқының тарихи-әлеуметтік күреске толы өмір жолы әр қырынан өз көрінісін тауып, ардагер ұлдары мен қыздарының жарқын тұлғалары жасалды. Осы тақырыпта қойылған спектакльдер қатарында Мұқановтың «Сәкен Сейфуллині» (Қазақ драма театры, 1967), Әуезов пен Аймановтың «Жас Абайы» (1969), Хұсайынов пен О. Бодықовтың «Әл Фарабиі» (Қазақтың балалар мен жас өспірімдер театры, 1970), Тәжібаевтың «Майрасы» (1969), Қ. Мұқашевтің «Дала дастаны», Бодықовтың «Дала тұтқыпы» (Қазақ драма театры, 1971), Б. С. Аманшиннің «Жақиясы» (Гурьев драма театры, Қызылорда драма театры, 1971), Қ. Н. Бекхожиннің «Ұлан асуы» (Қазақ драма театры, 1973; Торғай музыкалы драма театры, 1975), Мұқанов пен Т. Дүйсебаевтың «Балуан Шолағы» (Жамбыл драма театры) және X. Ерғалиев пен М. Ысқақовтың «Құрманғазысы» (Гурьев драма театры, 1977) т. б. бар. Қазақ ССР-інің 50 жылдық торқалы тойына арнайы қойылған сәтті сахналық туындылардың бірі Тәжібаевтың «Майра» спектаклі (Қазақ драма театры). Кезінде қапалы журектің мұңзарын әнмен өрнектеген Майраның сахналық тұлғасын көрермендерге аса нанымды да әсерлі етіп жеткізуде Мышбаева мен Р. Әуезбаева нағыз шеберлік биігінен танылды. Бұрыннан халық ұғымында қалыптасқан өзі әнші, өзі сұлу Майра тулғасы екі орындаушының да құлаққа жатымды даусы мен келісті көрік келбетінен жарасымды сипат тапты. Әсіресе Тәжібаев драмасының бас қаһарманы Майраны үлкен өнер иесі ретінде бейнелеуде орындаушылардың әншілік қабілетінің мәні зор болды. Мышбаева Майра айтатып әндердің драмалық бояу сазын, оған қоса оның жеке басындағы шерлі жайларды да улкен тебіреніспен орындады. Актриса тұлғалауында Майра ажарлы да асқак, өнерлі де өжет, от мінезді адам кейпінде өзінін кескін-келбетін тапты. Әуезбаева болса, ол Майраны қимыл-қозғалысы еркін, биязы, салқын мінезді жан ретінде бейнеледі. Сөйтіп, Мышбаева мен Әуезбаева өздерінің творчестволық ерекшелігіне қарай Майраның есте қаларлық сяхналық тұлғасын жасады. Адам ойын қас пен кабақтан ұғатын Айбаршаның ролін Тасыбекова мен Р. Машурова ойнады. Арман қуған албырттығын, жасқа тән өткірлігін, балауса сезім күйлерін өз мөлшерінде ашып жеткізе білген орындаушылар Айбаршаның өмірге деген көзқарасының қалыптасу, өсу сатыларын да шынайы айқындай түсті. Өмірдің небір қиыншылығын бастан откерген, жайы жайсаң өткір тілді Бақтиярдың ролін Жайсанбаев жастық жігермен орындады. Спектакльдегі ішкі жан дуниесіде күрделі кейіпкерлердің бірі Дүрбіт - Оразбаев орындауында бар кырынан жан-жақты айтылды. Акылдылық пен айлакерлік, жомарттық пен қызғаншактык, серілік пен жауыздық секілді Дүрбіт бойындағы кереғар жайларды өз ойынында шебер шендестіре отырып, актер осының байлығы, сайын келгенде, жасанды мінез екеніп өткір сынға алды. Бұлармен қатар халықтың бостандығы, жарқын болашағы жолындағы күреске бүкіл өмірін арпаған Мұратты Мусин және адуын да озбыр Тайманды Р. Телеубаев, ойы бұлдыр, мінезі жеңілтек Ақаевты Сейтметов, жанын шуберекке туйген қарақшы Батталды Ж. Медетбаев шебер орындап, спектакль табысына мол үлес қосты. Спектакльді қоюшы реж. Б. У. Омаров қараңғылық бұғауынан құтылуға құлаш сермеген халықтың сүйікті әнші-қызы Майраның драмалық куйге толы өмірі мен өнерін, оның халықпен тығыз байланысы мен күресін революцияның отты жылдарындағы азаттықты, еркіндікті аңсаған қазақ даласының тыныс-тіршілігін сахналық көркем тілмен терең аша білді. Әсіресе жүрек тебірентерлік сағынышқа толы әндерін бас бостандығы, творчество еркіндігі жолындағы күресінің туы еткен Майра тұлғасын кемелдендіре түсуде композитор Н. А. Тілендиевтің осы спектакльге жазған музыкасы да көрермендер көңілінен берік орын алды.

70 жылдардың басында Қазақ драма театрының репертуарынан ақын Мұқашевтың қазақ совет поэзиясының көрнекті өкілі Ілиястың жастық шағы, туып өскен ортасы мен жаңа өмірге деген көзқарасының бірте-бірте қалыптасуы туралы сыр шертетін «Дала дастаны» атты тарихи-ғұмырнамалық драмасы орын алды. Драмалық шығарманың кейбір кемшіліктеріне қарамастан реж. Жетпісбаев пен суретші П. М. Әлібеков тұрмыстық-әлеуметтік бояу-сазы қанық, сахналық шешімі әсерлі спектакль етіп қоя білді. Спектакльдің орталық қаһарманы Ілиястың адал сезімі мен албырттығын, өткірлігі мен өршілдігін актер Ә. Боранбаев жасқа тән қуатпен, отты сезіммен әдемі кестеледі. Осы сахналық шығармада Ілиястың мінез ерекшелігін көрермендерге терең, жан-жақты ашып жеткізуде үлкен септігін тигізген Суртібаевтың орындауындағы Жансүгір ролі болды. Актер өмірдің мән-мағынасы еңбекте деп ұққан өр мінезді, өжет, ой-парасаты биік, намысшыл жанның тұлғасын шебер ойынымен шынайы мүсін деді.

Дүние жузінің еңбекшілері 1970 жылы пролетариаттың ұлы көсемі, Совет мемлекетінің іргесін қалаушы В. И. Лениннің туғанына жүз жыл толуын кеңінен атап өтті. Бүкіл совет халқымен бірге республикалық театрлардың шеберлері де өз тұсынан ұлы көсемнің мүшелді тойына арнап тартулар әзірледі. Олар советтік театрда қалыптасқан игі дәстүрге сүйене отырып, сахна өнеріндегі Ленин тақырыбын ілгері дамытуға куш салды. Осындай творчестволық еңбектің нәтижесінде театрлар репертуарынан Шатровтың «Большевиктері» (Республикалық орыс драма театры, 1969), Погодиннің «Кремль куранттары» (Жамбыл драма театры, Петропавл драма театры, Республикалық корей музыкалы драма театры) мен «Үшінші шабыты» (Республикалық ұйғыр музыкалы драма театры), Каплердің «Ленин 1918 жылы» (Қазақ драма театры), Штейннің «Толасы» (Семей драма театры, 1976; Торғай музыкалы драма театры, 1977) және Қ. Мырзалиевтың «Данышпан» (Қазақ драма театры, 1975) сияқты туындылар орын алды. Осымен байланысты Каплердің «Ленин 1918 жылы» атты киносценарийінің қазақша сахналық нұсқасын әзірлеуде драматург Мұхамеджанов пен Қазақ драма театрында спектакльді қойған реж. Мәмбетов тың қадам жасады. Ұлттық сахнада қойылған бұл спектакль көркем публицистикалық мәнерде шешім тапты. Осыған орай екі сағатқа таяу үзіліссіз жүретін спектакльдегі оқиға-әрекеттің дамуы да жылдам, шиыршық атқан темпераментке құрылды. Режиссура шығарманың көркем-идеялық мазмұнын, революциялық пафосын, ең бастысы В. И. Лениннің ұлы өмірін, оның мақсат-мұратын, көрегендігі мен терең ой ағымын көрермендер алдында жарқырата ашып жеткізуге умтылды. Қазақ сахнасында дүние жүзіндегі тұңғыш социалистік мемлекеттің іргесін қалаушы, халықаралық жұмысшы табының ұлы көсемі В. И. Лениннің ұмытылмас монументті тұлғасын мүсіндеуде спектакльді қоюшы Мәмбетов те, сондай-ақ көсем ролін алма-кезек орындаған сахна шеберлері Сүртібаев пен Жаңбырбаев та өз мүмкіншіліктерінің жаңа бір қырынан танылды. Лениннің сахналық тұлғасын жасауда екі актер өздерінежүктелген көркем әрі саяси талап-міндетті терең түсінді және режиссер де өз тұсынан екі сахна шеберінің табиғи ерекшелігін жіті сөзіне отырып, әрқайсысының мүмкіндігіне қарай дұрыс бағыт сілтеді. Сүртібаев көсемнің мінез табиғатына тән ұлылық пен қарапайымдылықты бөлежара қарамай, оны характер тұтастығы етіп бейнелеуге ұмтылды. Сүртібаев трактовкасының бірден-бір өзгешелігі - оның қимыл-әрекетінің шапшаңдығы, қызу қандылығы болса, Жаңбырбаев ойынында сабырлы байсалдылық, ғалымға тән ойлылық, қарапайымдылық пен жылылық сияқты сахналық бояулар мол болды. Спектакльде бұлардан басқа Оразбаев (Свердлов), Мусин (Дзержинский), Ноғайбаев (Горький), Қожамқұлов (Коробов), Әшімов (Василий), Молдабеков (Матвеев) т. б. актерлер ойнады. Ал 1970 ж. осы спектакльге катысқан орындаушы-актерлер Сүртібаев пен Қожамқұлов Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығына ие болды.

1972 жылы Арқалықта Торғай облыс қазақ музыкалы драма театры ұйымдасып, сол жылы 24 декабрьде Әуезовтің «Айман - Шолпан» атты комедиясымен тұңғыш рет театр шымылдығы ашылды. Театр труппасы Москвадағы М.С.Щепкин атындағы театр училищесін бітірушілерден (Ш. Айтқожанова, Р. Әлқұлова, Д. Жанботаев, М. С. Манапов т. б.) құрылды. Театр труппасы 1974 жылы Алматыда болып, Әуезовтің «Айман - Шолпаны» мен «Қара қыпшақ Қобыландысын», Жүнісовтің «Қызым, саған айтамынын», Қ. Ысқақов пен Таразидің «Апа, апатайын», М. С. Каримнің «Ай тұтылған түнін», Ф. Эрвенің «Түлкі бикешін» көрсетті. Осы театр труппасы қойған Н. А. Островскийдің «Құрыш қалай шынықты» спектаклі (реж. Тәпенов) 1978 жылы Қазақстан ЛКСМ атындағы сыйлыққа ие болды.

СССР халықтары драматургиясының озық туындыларын көрермендерге таныстырып отыруды игі дәстүрге айналдырған республикалық театрлары Байджиевтің «Жекпе-жек» (1968), А. И. Абдуллиннің «Күт мені, күнім» (1970), Д. Файзидың «Башмағым», Иоселианидің «Арбақ аман болсын» (1972), Софроновтың «Әкімдік» (1975), С. Ахмадтың «Келіндер көтерілісі» (Қазақ драма театры, 1978), Жәкиевтің «Әке тағдыры» (1963). Айтматовтың «Арманым, Әселім» (Қазақтың балалар мен жас өспірімдер театры, 1967; Талдықорған драма театры, 1976), «Алғашқы мұғалім» (Қарағанды драма театры, 1968) және «Бетпе-бет» (Жамбыл драма төатры, 1975), Каримнің «Ай тұтылған түн» (Қазақтың бялалар мен жас өспірімдер театры, 1969; Қарағанды драма театры, 1972) мен «Айгүл елінде» (Қызылорда драма театры, 1975), Л. Васильевтің «Мұнда таң қандай тып-тыныш...» (Қарағанды орыс драма театры, 1971; Торғай музыкалы драма театры, 1976), А. Е. Макаеноктың «Үкім» (Қазақтың балалар мен жас өспірімдер театры, Өскемен драма театры, Павлодар драма театры), Г. Хухашвилидің «Өмір жолы» (Қызылорда драма театры, 1973), В. М. Шукшиннің «Өлермендер» (Республикалық орыс драма театры, 1974; Қызылорда драма театры, 1975), Д. Альдің «Алғашқы тарау» (1971), Н. В. Думбадзенің «Алаң болма, апатайым!» (Республикалық орыс драма театры, Қостанай драма театры, 1972), Ж. Босақовтың «Иірім» (1971), К. Яшеннің «Нұрхан» (Республикалық үйғыр музыкалы драма театры, 1972), Н. И. Мирошниченконың «Ақ құсыңды аяла» (Целиноград драма театры, 1975) мен «Айтыс» (Қазақ драма театры, 1977), А. И. Гельманның «Бір мәжілістің протоколы» (Ақтөбе драма театры, 1976) т. б. жазушылардың пьесаларын сахнаға шығарды. Сонымен Қазақстан театрлары социалистік реализм әдісін игере отырып, республикалық мәдениетін дамытуға үлкен үлес қосты.

Қазақ драма театрының 70 жылдардың басындағы қомақты табыстарының бірі - «Қан мен тер» спектаклі. Қалың оқырман қауымға кеңінен таныс Нурпейісов трилогиясының алғашқы бөлімінен сахнаға қоюға қолайлы етіп, ұтымды инсценировка жасаған Мәмбетовтің еңбегі ерекше болды. Өзі жасаған осы инсценировка бойынша қойған спектаклі революциядан бұрынғы Арал балықшыларының мехнатқа толы өмір-тұрмысы мен олардың өзара қарым-қатынасын, адамгершілік, азаттық жолындағы күрес жолы мен өрелі өмірге деген ұмтылысын жан-жақты ашып көрсетуге құрылды. Бұл спектакльдегі басты рольдерді орындаған Әшімов (Еламан), Шәріпова (Ақбала) және Ноғайбаев (Кәлен) сынды актердің оймышты ойынымен әрбір кейіпкердің сахналық бейнесі тереңдей түскен. Әшімов Еламанның өмір жолын біртіндеп ширығу, толысу, өсу үстінде көрсетеді. Оның Еламаны - қарапайым, момын мінезді адамнан тұйыққа тірелген кедей-кепшіктерге жөн сілтеп, ақыл айтатын дәрежеге дейін көтерілген жан. Актер өз қаһарманының ішкі жан дүниесін, ой-сезімін терең ашады. Ал Шәріпова болса Ақбаланың екі ұдай сезім устіндегі күрделі мінез-күйін, оның қуанышы мен арманын, адасуы мен алдануын, трагедиялык өмір болмысын өте иланымды, әсерлі де әдемі бейнеледі. Ақбала бойындағы қат-қабат сырды жарқырата ашқан Шәріпова ойыны - шын шеберліктің озық үлгісі. Кәлен бойындағы табиғи кұш-қуатты, ірі серпінді актер Ноғайбаев романтикалық сазда береді. Спектакльдегі будан басқа рольдерде ойнаған Оразбаевтын Сүйеуі, Молдабековтің Тәңірбергені, Телғараевтың Судыр Ахметі, Бядыровтың Мөңкесі суреткерлік куатпен жасалған мінез-кейіптер болды. «Кан мен тер» - Окт. революциясы карсаңындағы қазақ даласында өткен өмір қозғалысын, оның даму диалектиксын сахналық көркем тілмен бейнелеген спектакль. Ол көрермен қауымнан жоғары баға алды. 1974 жылы осы спектакль СССР Мемлекеттік сыйлығына (реж. Мәмбетов, суретші А. С. Кривошеин және орындаушылар Әшімов, Ноғайбаев, Шәріпова) ие болды. Бұл Қазақ драма театрының өсу-өркендеу жолын, кемеліне келген ірі творчестволық коллектив екенін айқындай түсті. 1970-1975 жылдар СССР халық артисі Диордиев пен Майқановаға, Қазақ ССР халық артисі Жаңбырбаев, А. Шәмиев, М. Қ. Бақиев, В. И. Ермаков, Жолымбетов, Ж. Серікбаева мен Тоқпановқа берілді. 1975 жылы Талдықорған облыс қазақ драма театры ұйымдастырылып, 4 ноябрьде Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» трагедиясымен алғаш рет шымылдық ашты. Театрдың труппасы Қазақтың Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясының актерлік факультетін және Қазақ драма театрының студиясын бітірушілерден құралып, оған реж. Қамбаров жетекшілік етті. Театрда Р. Ш. Сейсенбаев пен Обаевтың «Өзіңді тап», Т. Қалилахановтың «Алтын бесік», Қ. Баяндиннің «Жаңғырық», А. В. Вампиловтың «Тұңғыш ұл» («Сүйінші, табылды, табылды...» деген атпен), В. И. Ежовтың «Бұлбұлдар түні» секілді пьесалар қойылды. 1977 жылы осы театрдың орыс труппасы және Көкшетауда орыс драма театры құрылып, жұмыс істеп тастады.

Интеллигенция өкілдері, қарапайым еңбек адамдары мен қазіргі жастар өмірі, олардың ізгі ой-сезімі, адамгершілік пен моральдық қасиеті, болашақ өмір жолындағы ерен еңбегі мен мақсат-мұраты, рухани жан дүниесі мен қоғам, семья алдындағы жауапкершілігі секілді түйінді мәселелерді қозғайтын Хұсайновтың «Қилы-қилы тағдырлар», Ахтановтың «Күтпеген кездесу» (Қазақ драма театры, 1970; Гурьев драма театры, 1971), «Махаббат мұңы» (Қазақтың балалар мен жас өспірімдер театры, 1971; Ақтөбе драма театры, 1975; Торғай музыкалы драма театры, 1977) және «Әке мен бала» (Талдықорған драма театры, 1976; Қазақтың балалар мен жас өспірімдер театры, 1977), Мұхамеджановтың «Бөлтірік берік астында» (Қазақ драма театры, 1972), Әбішевтің «Мансап пен ұждан», О. Бөкеевтің «Құлыным, менің» мен «Төкетірес» (Қазақ драма театры, 1975,1979), Мұқашевтың «Парторг» (Қазақ драма театры, Қарағанды драма театры, 1975), Жүнісовтің «Қос анар» (1975), Н. М. Оразалиннің «Шырақ жанған түн» (Қазақтың балалар мен жас оспірімдер театры,1977), Б. Тоғысбаевтың «Тасқын», Д. Исабековтің «Әпке» (Қазақ драма театры, Торғай музыкалы драма театры, 1978; Жамбыл драма театры, 1979) пьесалары бойынша қойылған спектакльдер негізінен қазіргі заман тақырыбына арналды. Қазақ драма театрының 1975 жылы керермендерге ұсынған спектаклі - Айтматов пен Мұхамеджаповтың «Көктөбедегі кездесуі». Әрбір адамның өз ары алдында жауапты екендігі жөнінде іргелі сөз қозғайтын осы спектакльде сахналық бояуы қанық болып шыққан образдар қатарында Әшімовтің Өсірбайы, Жандарбекованың Алмагүлі, Ноғайбаевтың Досбергені, Шәріпованың Гүлжаны, Бөкееваның Айша апайы, Молдабековтің Мәмбеті, Оразбаевтың Исабегі есте қалар бейнелер болды. Реж. Мәмбетов пьесаның драматургиялық көркемдік ерекшелігіне қарай оның ұтымды сахналық бейнелеу түрін тапты. Суретші Семиозоров пен композитор М. Сағатов та спектакльдің сәтті шығуына мол еңбек сіңірді. Спектакль қазіргі замандастарымыздың арман-мақсаты, тіршілік- тынысы, ең бастысы олардың адамгершілік, парасаттылық туралы ой-толғаныстары төңірегінде келелі сөз қозғады. Бұл спектакль театр коллективінің елеулі еңбегі болып табылады.

Театрларда ұлттық, орыс және дүние жүзілік классикалық туындылардан Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» (1971), А. Н. Островскийдің «Жазықсыз жапа шеккендер» (1973), Шекспирдің «Ричард III» (Қазақ драма театры, 1976) және «Макбет» (Қарағанды драма театры, 1978), Достоевскийдің «Степанчиково селосы» (Республикалық орыс драма театры) және «Қорланғандар мен қор болғандар» (Қазақтың балалар мен жас өспірімдер театрының орыс труппасы, 1971), Лопе де Веганың «Қызғаныштан махаббат» (Орал драма театры, 1971; Республикалық орыс драма театры, 1976), Софоклдың «Эдип патша» (1974) және Чеховтың «Шағаласы» (Республикалық орыс драма театры, 1977) қойылып, көрермендердің эстетикалық талғамын қалыптастыруда үлкен жұмыстар жүргізілді. Столяров, И. Г. Бальхозин, Голубович, Непашев, С. И. Гуськов (гример-суретші), М. Ержанов, Г. М. ЬІсмайылова, Қожықов, Сүлеев, Чарномский, И. А. Афанасьева, Семиозоров, Кривошеин сынды театр суретшілері жемісті еңбек етті. 1975 жылы Республикалық орыс драма театры академиялық театр атағын алды.

Қазақ оқушылары М. А. Шолохов шығармаларымен жақсы таныс. Бірақ 70 жылдарға дейін жазушы шығармасының бірде-бірі қазақ театрында қойылған емес. Осы тұрғыдан алып қарағанда Жамбыл драма театрының творчестволық коллективі қойған екі бөлімді «Тынық Дон» (роман бойынша; инсценировка жасағандар - И. И. Зарубин, Н. П. Охлопков пен Ю. Б. Лукин) спектаклі ұлттық театр тарихында үрдіс, үлкен жаңалық болды. Торт кітаптан тұратып «Тынық Доп» эпопеясын қазақ театрлары арасынан бірінші болып сахнаға қойған осы театрдың труппасы да, режиссурасы да батыл қадам жасады. Бұл спектакльде реж. Байсеркенов пен суретші Үмекеновтің және орындаушы актерлердің ой-мақсаты, творчестволық күші өзара тоғысып, бір арнадан шықты. Режиссер мен суретші осы спектакльді қоюда сахна кеңістігін творчестволық жүйрік қиялмен ұтымды пайдалана білді. Терең режиссерлік ойдан туған бейнелі шешім казактардың халық әні мен Дон өзенінің суреті болды. Мұның өзі түптеп келгенде жалпы спектакль образына айналды. Әбділманов (Пантелей Мелехов), Қ. Сатқанбаев (Григорий Мелехов), Г. Өскенбаева (Аксинья), М. Рахымжанова (Наталья) өз рольдерін жете меңгере отырып, спектакльдің жалпы табысына зор үлес қосты. Эпикалық жоспарда қойылған динамикасы күшті, толғанысқа толы «Тынық Дон» спектаклі 70 жылдардың ортасында ұлттық театр өнерінің айтулы туындыларының қатарына қосылды.

Халықтар достығының тамыры - жыл озған сайын терең тартып келе жатқандығы көпшілікке аян. Түрлі елдер арасындағы әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынастармен қатар мәдени өмір саласында да творчестволық байланыстар кең қанат жайып келеді. Соның айқын бір көрінісі ретінде Қазақ драма театры труппасының 1973 жылы Иранның көне шаһары Ширазда өнер көрсетуін айрықша атауға болады. Осыдан үш жыл кейін осы бір игі дәстүр өзінің тағы бір көрінісін тапты. Бұл жолы Чехословакияның байырғы театрларының бірі - Прагадағы Ұлттық театр сахнасында спектакль қою үшін қазақтың талантты реж. Мәмбетов арнайы шақырылды. Чех сахнасына қоюға жазушы Нұрпейісовтің трилогиясы бойынша жасалған «Қан мен тер» инсценировкасы таңдалды. Инсценировканы чех тіліне белгілі аудармашы Л. Гребечек тәржімалады. Актерлер Л. Мунзар Еламанның, Я. Главачева Ақбаланың, И. Микса Кәленнің сахналық тұлғасын жасады. Спектакльдің декорациясын суретші О. Шимачек көркемдеді. Чех театрында спектакль «Түннен кейін күн келеді» деген атпен қойылды. Қатал заманның қаһарына ұшыраған қаһармандардың қайғылы тағдыры, олардың өмірлік мақсат-мұраты мен опыныс-күйініші, ең соңында нұрлы өмірге бет алып, бақытты болашақ жолындағы күреске толы қат-қабат оқиғалар өрісі чех көрермендерін де толғандырмай қойған жоқ. Чехословакия баспасөзі спектакльді қойған Мәмбетов режиссурасын жоғары бағалады. Бұл спектакль қазақ пен чех театрларының нағыз достық думанына айналды. Айтулы театр коллективтері мен көрнекті сахна шеберлерінің творчестволық өнер алмасулары олардың бірін-бірі байытып, бір-біріне өзара ықпал етуіне әрі туысқан халықтар арасындағы достық пен бірлікті бұрынғыдан да нығайтып тереңдете түсуге кең жол ашты. 50 жылдығымен байланысты Қазақ драма театры 1976 жылы Халықтар достығы орденімен наградталды. Осы жылы ұлттық театрдың негізін салушылардың бірі Қожамқұлов Социалистік Еңбек Ері атанды, ал реж. Мәмбетовке СССР халық артисі, Әшімов, Молдабеков, Оразбаев, Ружева және Шәріповаға Қазақ ССР халық артисі деген құрметті атақ берілді.

Окт. революциясының 60 жылдығымен байланысты республикалық театрлар репертуарынан тарихи-революциялық тақырыптағы драмалықшығармалар мол орын алды. Осы тақырыпта қойылған спектакльдер қатарына жаңа туындылардан Қ. Ысқақовтың «Таңғы жаңғырығы» (Әуезовтің шығармасы бойынша; Қазақ драма театры), Ә. Т. Әлімжанов пен М. Д. Симашконың «Тотенше комиссары» (Республикалық орыс драма театры,Целиноград драма театры), Сейфуллиннің «Қызыл сұңқарлары» (Қазақтың балалар мен жас өспірімдер театры), X. Абдуллиннің «Шапқыны» (Республикалық ұйғыр музыкалы драма театры), Л. Сонның «Көктем желі» (Республикалық корей музыкалы драма театры, 1977) қосылып, олар кезінде көрермендердің коңілінен шықты. Бұл спектакльдерде еңбекші халықтың революцияға дейінгі және Совет өкіметінің алғашқы дауылды жылдарындағы өмірі, тарихи-әлеуметтік оқиғалар көркем сахналық көрінісін тапты. Театрлар бұл жылдары тақырыптық-жанрлық аясы кең, сезімге әсер етер қуаты мол спектакльдер қоюдың сахналық жаңа тәсілдерін қарастырды. Театрдың алғашқы ұйымдасып, қалыптасу кезеңінде натуралистік, тұрмыстық-дәстүрлі бояуға ден қойылса, енді спектакльдерде шарттылық әдістері бой көрсете бастады. Ұлттық театрлар дүние жүзілік және совет өнерінің жоғары сахналық мәдениетін халық творчествосының ізгі дәстүрлерімен ұштастыруға, жағымды қаһармандардың мінез-кейпін тереңірек ашып, халық өмірін шынайы, жан-жақты бейнелеуге ұмтылды. Сахналық өнердің синтездік табиғатына берік болған алғашқы актерлердің игі дәстүрін кейінгі буын актерлер өз өперлерімен ілгері дамытуда. 1978 жылдан бастап сахна мамандарын даярлайтын Алматының театр-көркемсурет институты жұмыс істей бастады.    

 

Қазақ совет энциклопедиясы. –Алматы, 1979. –Б.256-312.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2023-01-31 14:00:44     Қаралды-2438

АДАМ ОТТЫ ҚАЛАЙ "БАҒЫНДЫРДЫ"?

...

Ежелгі адам көп нәрседен қорқады: ...

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЖҰМЫРТҚА НЕГЕ СОПАҚ ПІШІНДЕ?

...

Сопақ пішіні жұмыртқалар үшін ең оңтайлы болып табылады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АРА НЕ БЕРЕДІ?

...

Аралар - біздің әлемде маңызды рөл атқаратын кішкентай, бірақ өте маңызды жәндіктер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН КЕМПІРҚОСАҚ ДОҒА ТӘРІЗДІ?

...

Адамдар бұл сұрақты көптен бері қойып келеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КЕМПРҚОСАҚ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

Адамдар бұл ең әдемі табиғат құбылысының табиғаты туралы бұрыннан қызықтырды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АЮЛАР НЕГЕ ҚЫСТАЙДЫ?

...

Ұйықта қысқы ұйқы аюларға қыстың аш маусымынан аман өтуіне көмектеседі.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

МАҚТАДАН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

...

Мақта – тамаша талшық беретін өте бағалы өсімдік.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕГЕ АНТАРКТИКА ЕҢ СУЫҚ КҮНТИНЕНТ?

...

Жер шарындағы ең суық аймақтар – полюстер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АНТИБӨЛШЕКТЕР ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

...

«Анти» сөзінің мағынасын елестету үшін қағаз парағын алып...

ТОЛЫҒЫРАҚ »